Қош бол, сүйікті Әліппем

Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты: 1) Оқушылардың алған білімдерін «Әліппемен қоштасу» кешінде бекіту;
2) өз өнерлерін ата-аналарға көрсету;
3) адамгершілікке, ұқыптылыққа, ертеңгілік барысында өздерін дұрыс ұстай білуге баулу.
Қөрнекілігі: нақыл сөздер, оқушылардың басында «әріптер», ертегі кейіпкерлер бетпердесі, «Әліппе», «Ана тілі», шар, гүлдер.
Барысы:
Мұғалім:
- Қымбатты аталар мен ақжаулықты аналар! Бүгін 1-сынып оқушылары өздерінің сүйікті әліппелерімен қоштасқалы отыр. Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі- Әліппені бітіріп отырмыз. Бүгін біз шексіз қуаныштымыз. Олай болса, сүйікті Әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай іні-сіңлілерімізге табыс ету- міндетіміз. Сондықтан қазір осы уақытқа дейінгі алған білімдерімізді ортаға салайық.
1-жүргізуші: Қайырлы күн, халайық!
2-жүргізуші: Армысыздар, аталар мен аналар, ұстаздар! Әліппемен қоштасу тойы құтты болсын!
1-жүргізуші: Армысыздар мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!
2-жүргізуші: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Мұғалім: Балалар, мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер соған жауап беріңдер.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті Әліппе!
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
Әліппе: Армысыңдар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппен келді ортаңа.
Менің атым-Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Балалар, сендер мені оқыдыңдар, менен не үйрендіңдер?
Оқушылар: Жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, өлең, ән үйрендік. Сонымен қатар жазуды, оқуды да меңгердік. Мен өзімен жұмбақтар алып келдім, шешіп көріңдер:
- Ақыл ойдың шырағы,
Зәулім көктей шынары.
Биігіне бойлаған
Қанбайды адам құмары. (Кітап)
- Қабат-қабат қаптаған
Асыл сөзбен апталған
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін. (Кітап)
- Бойлаған сайын тереңге,
Шығасын биік беленге. (Білім)
- Жылжытады алға бізді,
Жылжымайды бірақ өзі. (Сынып)
- Алты қырлы, түсі бар
Суретпенен ісі бар. (Қарындаш)
- Күміс алмұрт тілі бар,
Сыңғырлаған үні бар,
Шақыратын білімге,
Сағаты бар, күні бар. (Қоңырау)
- Жарайсыңдар! Ал, енді маған айтындаршы әріп, дыбыс деген не?Оқушылардың жауаптары
- Дыбыстар қандай болады? Ойын ойнайықшы, дауысты және дауыссыз дыбыстарға бөлінейік. Өздерінің әріптерінен басталатын сөз ойлап айтындар, оны буынға дұрыс бөліңдер. Жақсы!
1-оқушы: Армысыңдар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға.
Бүгін үлкен салтанат,
Басқа оқулық достаспақ,
Әліппемен қоштассақ.
Өсті білім, бойымыз
Хормен: Құтты болсын тойымыз!
2-оқушы: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді.
3-оқушы: «А»-ны алғаш айтқанда дауысым дірілдеді,
Ұстазым көз алдымда күлімдеді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын айырып буынды енді.
4- оқушы: Жүгеріні орады,
Жинап оны баулайды.
Атамның қол орағы
«С» әрпінен аумайды.
5-оқушы: Әліпбидің «А» тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде, түсінші.
6-оқушы: «А» деген ол- аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол- әкелер ғой салмақты.
«Б» деген ол- балалар ғой әдемі.
Алшақ кетпей сандықтан да расында,
Тұрады олар әліпбидің басында.
7-оқушы: Іші толған әріпке
Мынау-әйбәт Әліппе.
Барлық ілім-білімнің
әжесі осы-Әліппе.
Біз «Ә» дыбысын өткенде тамылжыта ән салуды үйрендік.
Ән: «Отан»
8-оқушы: «Ө» дыбысын өткенде бабалардың өнегелі, өсиетті сөздерімен таныстық.
Өтірік айтпа, ұрлық жасама.
Әдептілік, ар-ұят-
Адамдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез, тағы-жат-
Надандықтың белгісі.
Үйрен жақсы әдеттен,
Жирен жаман әдеттен!
9-оқушы: Қолыма нық ұстаған
Шеге ұратын балғаның
«Т» әрпіне ұқсаған
Түрін көріп таң қалдым.
10- оқушы: Көбелекке кәдімгі
Қарасаңыз анықтап,
Жаны бар «Ж» ұшып жүр,
Жапырақша қалықтап.
«Е» дыбысын өткенде таңғажайып ертегілер еліне саяхат жасадық.
Ертегіден үзінді көрсетіледі
Әліппе: бәрекелді, сендер менен көп нәрсе үйренген екенсіңдер. Енді маған мәтін оқып беріңдерші.
(Оқушылар мәтін оқиды)
Мұғалім: Балалар, Әліппе сендерге оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарына не айту кере?
Хор: «Рахмет саған, әліппе!»
Әліппе: Рахмет, құрметті оқушылар, мен сендерге өте ризамын. Мені жақсы меңгердіңдер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz