Жалқау немере

Батыс Қазақстан облысы,

Қаратөбе ауданы,

Алакөл негізгі орта мектебінің

І санатты бастауыш сынып мұғалімі

Тулегенова Тансулу Калиевна

Шағын жинақты мектепте ұйымдастырлатын

сабақтың өзіндік ерекшеліктері

Қазіргі таңда қазақстандық білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі - шағын жинақты мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыру. Себебі, республикамызда шағын жинақты мектептердің саны соңғы 15 жылда екі есеге артып, мектептердің 54, 8%-ын құрап отыр.

Оқушылардың терең білім алуға ынта-ықыласын арттыру, өзіндік білім алу және алған білімін күнделікті өмірде тиімді пайдалану қабілеттері мен дағдыларын қалыптасыру - қазіргі шағын жинақты мектеп қызметінің басты міндеттерінің бірі.

Шағын жинақты мектептердің жалпы білім беретін орта мектептерден айырмашылығы - мұғалімнің әртүрлі жастағы балаларға бір мезгілде сабақ өткізуі. Қосарланған сыныптардағы оқушылардың бағдарлама материалын сапалы меңгеруі олардың өзіндік жұмыстарды орындауымен тағыз байланысты. Мұндай жағдайда мұғалім оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын, оған жұмсалатын уақыт пен мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін жұмыстардың көлемін анықтап алуға тиіс. Шағын жинақты мектептегі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары басым болады да, мұғалім оларға бағыт-бағдар сілтеуші рөлін атқарады.

Шағын жинақты мектеп ұйымдастырылатын сабақтың өзіндік ерекшелігі - оқу үдересін бір мезгілде екі сыныпта бірге ұйымдастыру. Бұл - мұғалімді әр сыныпқа сабақ уақытының жартысын ғана жұмсауына мәжбүр етеді. Көбінесе, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, дүниетану пәндері тақырыптарының мазмұны мен көлеміне байланысты қиындықтар туындайтындықтан. Біріктіліген сыныптарда сабақты ұйымдастыруды жаңаша құру көзделеді. Осыған орай білім берудің формалары мен сабақтың түрлерін өзгертін отыру тиімді.

Жаңа сабаққа байланысты жаттығулар мен тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай әрбір сыныптың білім деңгейіне лайықтап, саралап бере отырып, оқушылардың әрқайсысына жеке орындату негізінде дамыта оқыту көзделеді.

Дамыта оқыту технологиясы арқылы ұйымдастырылған сабақтың құрылымы 3 бөлімнен, 3 кезеңнен тұрады:

І. Кіріктірілген бөлім. Бағдарлау-мотивациялық кезең.

Бұл кезеңде мұғалім оқушылардың қызғушылығын арттыру мақсатында екі сыныптың оқушыларына ортақ тапсырма орындатады, жаңа тақырыптың міндеттерін түсіндіреді. Мұғалім тарапынан оқушылардың білім теңестіру мақсатында өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыратындай проблемалық жағдаяттар тудырып, өзіндік жұмыстар беріледі. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындау арқылы ойтүйін жасап, жаңа сабаққа байланысты өзіндік пікірлерін айтуға және оны дәлелдеуге үйренеді.

ІІ. Сараланған бөлім. Операциялық-орындаулық кезең.

Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың жеке тұлғаны дамыту мен тәрбиелеуде, білім берудің басымдығын түбегейлі өзгертуде, оқушының жалпы психологиялық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізуге маңызы өте зор. Сондықтан бұл кезеңде тапсырмалар сыныптағы әр оқушыға жеке беріліп, олардың өзіндік жұмыс жасауына негізделеді. Оқушылар өзіндік жұмыстар орындау барысында шығармашылық деңгейіне көтеріледі. Әр сынып оқушылары өз оқулықтарындағы тапсырларды орындайты, сонымен қатар бұл кезеңде оқулықтан тыс қосымша тапсырмалар беріледі. Олар сабақтың негізгі мазмұнын және проблемалық жағдаяттарды шешуге жол ашады.

ІІІ. Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

Бұл кезеңде біріктірілген сыныптарға ортақ тапсырмалар беріледі. Тапсырмалар тақырыпты бекітуге бағытталған рефлексиялық ойын, түрлі жаттығулар, тестілерден тұрады. Әр тапсырманың жауабы тексеріліп, жиналған ұпай санына байланысты оқушы өзін-өзі бағалайды. Сабақта өзін-өзі бағалай жүйесін енгізу нәтижесінде әр оқушы өз білімін бағалауға үйренеді. Сол арқылы алған білімдерін өмірде қолдану және өз ой-пікірлерін дәлелдеуге үйренеді. Бірнеше сыныпты қатар оқыту барысында мұғалімнің уақыты үнемделіп, білім мазмұнын жүйелеу арқылы оқушылардың берілген білімді тиянақты меңгеруіне және оның нәтижелі болуына жағдай туғызылады.

Сабақтың тақырыбы: «Жалқау немере» 2-сынып

Ө. Ақыпбекұлы «Мен таңдайтын мамандық» 4-сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға шығармалардың мазмұнын таныстыра отырып, өмірмен байланыстыра түсіндіру.

Дамытушылық: Шығармаларды оқыта отырып, оқушылардың сөздік, тілдік қорын байытып, байланыстыра сөйлеуін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды жалқаулық тәрізді жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Өз мамандықтарын таңдай білуге бағыт-бағдар беру.

Қолданылатын әдістер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, кубизм, эссе, топтастыру, т. б.

Түрі: Кіріктірілген сабақ

Көрнекілік: Тақырыптық суреттер, автор портреттері, мамандық түрі, Күләш Байсейітова, Әміре Қашаубаев, А. Винакуров, Қаныш Сәтбаев, Тоқтар Әубакіров, Ж. Түймебаев, ауыл кәсіпкерлерінің суреттері.

Сабақтың барысы

І. Кіріктірілген бөлім: Бағдарлау - мотевациялық кезең

Оқушылардың қызуғушылығын ояту.

«Бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтып мадақтау»

Балалар дөңгеленіп отырады. Жүргізуші «сиқырлы таяқшаны» отырғандардың біріне ұсынады. Ол жанындағы баланың жақсы жақтарын айтып, мадақтайды да, таяқшаны оған береді. Ол таяқшаны осы тәртіппен келесі балаға ұсынады. Ойын осылай жалғаса береді. Ондағы айтылған жағымды сөздер мынандай болуы мүмкін: Айгүл, сенің даусың қандай керемет! Гүлнұр, сенің жүзің сондай мейірімді көрінеді! Марат, маған сенің ақкөңілділігің ұнайды т. б.

Балалар бір-біріне рахмет айтып тарасады.

Бүгінгі сабағымызда адам бойында кездесетін еңбекқорлық сияқты жақсы қасиеттермен қатар, жаман қасиет жалқаулық және өзіміз таңдайтын мамандықтар туралы әңгімелейміз.

ІІ. Сараланған бөлім. Операциялық-орындаушылық кезең


Ұқсас жұмыстар
Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында бір пәндік сабақтарды ұйымдастырудың әдіс – тәсілдері өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы және өткізу әдістемесі
Шәкәрім Құдайбердіұлы Еріншек
Жалқау немере , Мен таңдайтын мамандық
"асыл сөз" бағдарламасы бойынша тіл дамытуға, шығармашылық жұмыстарға арналған тапсырмалар. 3-класс
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Ата аналар жиналысы "мәдениеттілік"
Оқушының пікірі
Сабақтың тақырыбы. Сабақты қорыту
Ата-ананың парызын, өтеу - сенің қарызың
Құрметті балалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz