Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Іс-тәжірибелік сабақ 3. Модуль CRT

САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән: Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері
Оқытушы: Тасбулатова Алия Алтайқызы
Сабақтың тақырыбы: Іс-тәжірибелік сабақ №3. Модуль CRT.
Сабақтың түрі: Іс-тәжірибелік сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: CRT модулінің процедуралы мен функцияларын бағдарлама құру
барысында қолдануды меңгеру.
Дамытушылық: Студенттердің сабаққа деген және өз мамандықтарына деген
қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Студенттерді колледж мүлкіне ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Өзара сыйластыққа және өзін-өзі құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Smart тақта, ДК, Іс-тәжірибелік сабаққа әдістемелік
нұсқау, Пән бойынша интерактивті-электронды оқулық.
Пән аралық байланыс: Микропроцессорлық техника негіздері, Объектілі
бағытталған бағдарламалау негіздері, Сандық әдістер, Жоғарғы математика
негіздері.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
1. Үйымдастыру сәті ( 2 мин.). Аудиторияны сабаққа дайындау.
Сдуденттердің назарын сабаққа жұмылдыру.
2. Алынған білімнің актуалдығы ( 15 мин.). Іс-тәжірибелік жұмысты
өткізуге жеңілдік алу. Өткен сабақты қайталау мақсаты бойынша электронды
оқулық көмегімен бақылау. Тапсырманы орындауға бір студент тақтаға шығады,
ал қалғандары өз компьютерлерінде отырып орындайды.
Электронды оқулықтың басты мәзірінен «Интерактивті жаттығулар»
пунктін таңдаймыз. Студенттер «Экранды пернетақта» жаттығуында пернелер
көмегімен берілген сұраққа жауап береді. Жаттығу 6 сұрақтан тұрады:
1. Экранды тазалау функциясы – CLRSCR
2. Курсордың тұрған жерін анықтау үшін қолданылатын функция – WHERE

3. Динамикті өшіру функциясы – NOSOUND
4. Курсорды у қатардың х бағанына жылжыту функциясы – GOTOXY
5. Мәтін түсін орнату функциясы – TEXTCOLOR
6. Төбелері (5,5) және (55,15) болатын терезе салу функциясы –
WINDOW(5,5,55,15)

[pic] [pic]
Жаттығуды орындап болған соң студентке орындалған жаттығудың нәтижесі
ретінде баға қойылады.
Келесі ороындайтын жаттығуымыз «Қатені табыңыз». «Қатені табыңыз»
жаттығуында студенттер операторлардың жазылуында кеткен қателіктерді
түзейді. Жаттығу 7 сұрақтан тұрады:
1. CLRSQR – CLRSCR
2. WINDOWS – WINDOW
3. TEXKOLOR(X) – TEXTCOLOR(X)
4. COUND(X) – SOUND(X)
5. DALAY(X) – DELAY(X)
6. KEYPRESED – KEYPRESSED
7. RAEDCEY – READKEY
[pic][pic]
Жаттығуды орындап болған соң студентке орындалған жаттығудың нәтижесі
ретінде баға қойылады.
3. Іс-тәжірибелік жұмысты орындау (40 мин.). Тақырып бойынша мысалдар
қарастыру және индивидуалды тапсырманы орындау.
Әдістемелік нұсқау
GoToXY(x,y) – процедурасы курсорды экран бетінде у қатардың х бағанына
жылжытады.
TextColor(color) – тексттің түсін орнатады.
TextBackground (color) – экран бетінің түсін (фон) орнатады.
ClrScr – экранды тазартып, курсорды экранның жоғарғы сол жақ бұрышына
апарады.
Window(x1,y1,x2,y2) – экран бетіне тіктөртбұрышты терезе сызады.
(x1,y1) және (x2,y2) нүктелері тіктөртбұрыштың диагоналінің сол жақ жоғарғы
және оң жақ төменгі төбелері. Ескерту: Window процедурасы іске қосылған
болса, онда барлық процедуралар тек таңдалған терезеде ғана жүреді.
Delline – курсор тұрған қатарды алып тастайды.
HighVideo – терілуші таңба анықтығын анықтайды.
LowVideo – терілген таңбаның анықтығын төмендетеді.
InsLine – курсор орналасқан жерге бір қатар қосады.
ReadKey – клавиатурадан басылған клавиша коды арқылы символды
анықтайды.
KeyPressed – клавиатурадан перненің басылуын күтеді. Перне басылғанда
True мәнін қабылдайды.
Sound(i) – динамиктен і жиілікпен дыбыс шығарады.
Nosound – динамикті өшіру.
Delay(i) – программаның орындалуын і миллисекундқа кідіреді.

Мысалдар қарастыру.
Терезенің төменгі жағында бағдарлама үзінділері кездейсоқ әдіспен
араласып тұр. Ұсынылған блок-схема бойынша бағдарлама үзінділерін дұрыс
ретпен орналастыру қажет. Әр үзіндінің өз орны бар.
Мысал №1. Берілген блок-схема бойынша жүгіртпе жол бағдарламасын құру.

program esep2;
uses crt;
var i:integer;
begin
for i:=1 to 30 do begin
gotoxy(1+i,10); write('181');
delay(30000);
clrscr;
end;
end.

Мысал №2. Кездейсоқ түспен боялған терезе ішінде терезе салу бағдарламасын
құру.

program esep1;
uses crt;
var i:integer;
begin
for i:=1 to 10 do begin
textbackground(random(15));
window(1+(10+i),1+(2+i),80-(10+i), 25-(2+i));
delay(50000);
clrscr;
end;
end.
Программаның орындалуы:
[pic]

Нұсқа бойынша бекітілген тапсырмаларды орындап, нәтижесін алу.
Іс-тәжірибелік жұмыс тапсырмалары:

Тапсырма №1. Мәтіндік файл мазмұнын экран бетіне Enter пернесін басу
арқылы 18 қатардан тұратын үзінділермен шығару.
[pic]

Тапсырма №2. Дүкен бағдарламанын құру.

program jjj; uses crt;
const a1=350; g1=250; m1=500;
var a,g,m,s:real;
begin
textbackground(12);
clrscr;
window(5,5,15,6); textbackground(2); clrscr; write('alma');
window(40,5,50,6); textbackground(2); clrscr; read(a);
window(5,8,15,9); textbackground(2); clrscr; write('grusha');
window(40,8,50,9); textbackground(2); clrscr; read(g);
window(5,11,15,12); textbackground(2); clrscr; write('mandarin');
window(40,11,50,12); textbackground(2); clrscr; read(m);
window(10,15,45,16); textbackground(2); clrscr;
s:=a*a1+g*g1+m*m1;
write('summa=',s:8:2,' tenge');
readkey;
end.
Программаның орындалуы:
[pic]

Тапсырма №3. Тест сұрақтарын енгізу.

program wod_test;
uses crt;
LABEL 3;
type ts=record
vop:string;
otb:array[1..3] of string;
pn:integer;
end;
var t:ts; f:file of ts;
PAROL:INTEGER;
jp,i,s:integer;
begin
assign(f,'ts.dat');
rewrite(f);
for s:=1 to 5 do begin
textbackground (2);
clrscr;textbackground(14);
window(5,5,25,6);clrscr;textcolor(yellow);
writeln('сурак ');
window(30,5,75,6);clrscr;window(5,8,25,9);
clrscr;writeln('1- жауап ');
window(30,8,75,9);clrscr;window(5,11,25,12);
clrscr;writeln('2- жауап ');
window(30,11,75,12);clrscr;window(5,14,25,15);
clrscr;write('3-жауап ');
window(30,14,75,15);clrscr;window(5,17,25,18);
clrscr;writeln('дурыс жауап');window(30,17,75,18);clrscr;
window(30,5,75,6);readln(t.vop);
window(30,8,75,9);readln(t.otb[1]);
window(30,11,75,12);readln(t.otb[2]);
window(30,14,75,15);readln(t.otb[3]);
window(30,17,75,18);readln(t.pn);
write(f,t);textbackground(blue);
window(1,1,80,25);clrscr; end;
repeat until keypressed;
end.
Программаның орындалуы:
[pic]

Тапсырма №4. Тестілеу бағдарламасы

program testiley;
uses crt;
label 2;
type ts=record
vop:string;
otb:array[1..3] of string;
pn:integer;
end;
var t:ts; f:file of ts; k,n,i,j,ball,kol:integer;
x:real;c:char;
begin
textcolor(white); clrscr;
assign(f,'ts.dat'); reset(f);
ball:=0; i:=1; kol:=0;
while not eof(f) do begin read(f,t);
clrscr;
gotoxy(25,1);
write(' С У Р А К ');
gotoxy(2,2);
write(i,' ',t.vop);
gotoxy(35,4);
write(' Ж А У А Б Ы ');
k:=1;
for j:=1 to 3 do
begin gotoxy(2,5+k);
writeln(j,' ',t.otb[j]);
k:=k+2;
end;
gotoxy(25,24);
writeln('дурыс жауаптын номірін енгіз');
gotoxy(25,22);
readln(n);
if n=t.pn then begin
gotoxy(35,22);
writeln(' Д У Р Ы С ');
ball:=ball+1;
end;
i:=i+1;
end;
clrscr;
x:=ball*100/i;
gotoxy(40,8);
writeln(' СІЗДІН АЛГАН БАГАНЫЗ ');GOTOXY(40,10);
if x<30 then writeln(' 2 (КАНАГ-СЫЗ) ')
else if x<45 then writeln('3 (КАНАГ.)')
else if x<75 then writeln('4 (ЖАКСЫ)')
else writeln('5 (ОТЕ ЖАКСЫ)');
IF x<45 then begin GOTOXY(10,12);
writeln('СІЗ PRAKTIKALIK ЖУМЫСТЫ ОРЫНДАУГА ДАЙЫН ЕМЕССІЗ');
gotoxy(10,14);
WRITELN('ОКЫ, ОКЫ, ТАГЫ ДА ОКЫ ');END;
if x>75 then begin gotoxy(10,12);
writeln('KUTTUKTAYMIN!!! ');END;
2: c:=readkey; if c<>#13
Then begin write(#7); goto 2;
end;
end.
Программаның орындалуы:
[pic]

4. Іс-тәжірибелік жұмыс бойынша есеп тапсыру ( 15 мин.) Орындалған
жұмыс нәтижелерін тексеру және бағалау. Кеткен қателіктерді ескерту және
келешекте қайталанбауын қадағалау.
Оқулықтың тест сұрақтарына жауап беру.
[pic][pic]
Тест тапсырмаларын орындап болған соң студентке орындалған тесттің
нәтижесі ретінде баға қойылады.

5. Үй тапсырмасы ( 3 мин.) Паскаль тілінде CRT модулінің
мүмкіндіктерін пайдаланып тарих пәнінен және психологиялық тестілеу
бағдарламасын ұйымдастыру

6.Сабақты қорытындылау ( 5 мин). Бағалау және оны жариялау.

Оқытушы Тасбулатова А.А.

Ұқсас жұмыстар
Графикалық процедуралар мен функциялар
Екі өлшемді жиымдарды қолдану алгоритмі
Процедуралар мен функциялар (1 сағ)
Тақырыптық күнтізбелік жоспар. Алгоритмдеу негіздері
Программа орындалуын тоқтату
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Оқушыларды топ ережесімен таныстыру
Тармақталу алгоритмдерін программалау
Сызықтық алгоритмді программалау тақырыбына практикалық жұмыс
Шамалармен жұмыс жасау алгоритмі
Пәндер