Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сулы ерітінділер, ерітіндінің концентрациясы

Тақырыбы: Сулы ерітінділер, ерітіндінің концентрациясы.

Мақсаты:

Білімділік: Сулы ерітінділер, олардың түрлері, тіршіліктегі маңызын
игерту.

Дамытушылық: Ерітіндіге байланысты әр түрлі тапсырмаларды орындату арқылы,
логикалық ойлау қабілеттерін өрбіту.

Тәрбиелік: Ерітінділердің тұрмыстағы қолданылуын мысалға ала отырып,
ұқыптылыққа, жауапкершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Сұрақ-жауап, жазбаша, топтық жұмыс, Веер әдісі, логикалық тапсырма,
сандық есептер.

Көрнекіліктер: сызба , қышқылдардың, негіздердің және тұздардың судағы
ерігіштік кестесі, тұз ерітіндісі.

I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу, дайындық, геометриялық
фигуралар арқылы оқушыларды 3 топқа ( еріген зат, еріткіш, еірітінді )
бөлу. Топ басшыларына бағалау парақшалары беріледі.

Оқушылар бір-біріне ізгі тілек тілеу арқылы сабағымызды бастаймыз.

II Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

1. Тотығу-тотықсыздану реакциясы дегеніміз не?

2. Тотығу дәрежесіне анықтама бер?

3. Термохимиялық теңдеулер дегеніміз не?

4. Химиялық формуланы қалай құрады?

5. Зат құрамының тұрақтылық заңы мен зат массасының сақталу заңының
айырмашылығ?

6. Газдардың көлемдік қатынасына түсінік бер?

7. Кез-келген газдың (қ.ж) алатын көлемі?

8. HNO3 молярлық массасы қанша ?

9. H2SO4 қышқылындағы күкірттің тотығу дәрежесі нешеге тең?

10. Химия пәні нені зерттейді?

III Жаңа сабақ /Мағынаны ашу/

Жарты стакан суға бір ас қасық тұз салып, оның ерітінді екенін
көрсетіп, оқушыларға еріген зат пен еріткішті ажыратқызу.

Ерітінді дегеніміз - еріткіш пен еріген зат бөлшектерінен тұратын
біртекті жүйе.

Ерітінді ерігіштігіне байланысты

Қаныққан Қанықпаған

болып бөлінеді.

Қанықан ерітінді-берілген температурада одан әрі ерімейді.

Ал, егер зат берілген температурада шексіз еритін болса, онда ол ерітінді
қанықпаған деп аталады.

Бір заттың екіншісімен салыстырғандағы қаншалықты еритінін көрсету
үшін ерігіштік ұғымы қолданылады.

Ерігіштіктің сандық мөлшері ерігіштік немесе еру коэффиценті
арқылы анықталады. Ол белгілі бір температурада қаныққан ерітінді түзген
зат массасының еріткіштің көлеміне қатынасына тең.Өлшем бірлігі г/см3,
кг/м3, г/мл, г/л.

Заттың ерігіштігіне байланысты

100г суда-10г-нан артық ( жақсы ериді)

100г суда-10г-нан 0,001г дейін ( аз ериді)

100г суда -0,001г-нан аз ( ерімейді) болып бөлінеді.

Заттардың агрегаттық күйлеріне байланысты ерігіштігі

Қатты заттардың ерігіштігі температураға тәуелді. Оны графикалық түрде
белгілеуге болады. Үлгісі интербелсенді тақтамен көрсетіледі.

Сұйық және газдардың суда ерігіштігі. Сұйықтардың еруі газдардың еруі
сияқты әртүрлі. Мысалы: Спирт, глицерин суда шексіз ериді. Бензин, өсімдік
майы т.б. аз ериді.

Газдардың суда ерігіштігі температура төмендегенде және қысым
жоғарылағанда артады. Әр газ суда әртүрлі ериді. Газдардың осы қасиетін
пайдаланып газдалған сусынды алады. Мысалы: сутек, оттек, азот, салғырт
газдар ( аргон, неон, криптон ) суда өте аз ериді. Керісінше, хлорсутек
HCL, аммиак NH3 өте жақсы ерид.

Еріген зат пен еріткіштің арасындағы сандық қатынасты анықтау үшін
ерітіндінің концентрациясы деген ұғым еңгізілген.

Ерітіндінің концентрациясы еріген зат массасының жалпы ерітінді
массасына қатынасымен анықталады.

Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі еріген зат массасының
ерітінді массасына қатынасы болып саналады.

Еріген заттың массалық массалық үлесін мына формула мен анықтайды.

[pic]

Массалық үлесі белгілі ерітінді даярлау мына формула арқылы
анықталады.

[pic]

Бекіту.

1. Веер әдісі арқылы 3 топ бір-біріне бүгінгі сабақ бойынша 4-5 сұрақ
жолдайды.

2. " Жүйрік болсаң өзып көр" әр топқа сандық есептен беріледі.

1 топ" Еріген зат"

80г суға 15г қант ерітілді. Осы ерітіндін массалық үлесін есепте
(%).

2 топ " Ерітінді"

2л суға 50г ағартқыш құйылды. Ертінің массалық үлесін есепте (%).

3 топ " Ерітінді "

1л суға 20г тұз салынды. Ертінің массалық үлесін есепте (%).

Тапсырманы бірінші орындаған топ келесі топтың тапсырмасын орындау
арқылы өздерінің балдарын жоғарылатыды.

3. "Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар" логикалық есеп.

Әр оқушы өзінің ішетін бір стакан шайға қанша грамм шекер салатынын
ойша есептеп, ерітіндінің массалық үлесін анықтап, еріткіш, еріген зат,
ерітіндіні ажыратып айтып берсін.

IV Рефлексия. Қима қағаздар таратылады.

1. Мен бүгінгі сабақта ..... білдім.

2. Мен ............. білгім келеді?

3. Мен бүгінгі сабақта ........ білмедім?

V. Үйге тапсырма: §37 4-31

VI. Бағалау: Бағалау парақшасы

| | Оқушының | Үй | Веер|" |"Білекті | Жалпы| |
|№ |аты-жөні |тапсы|әдісі|Жүйрік|бірді |балы |Қорытын|
| | |рмасы| |болсаң|жығар, | |ды баға|
| | | | |өзып |білімді | | |
| | | | |көр" |мыңды | | |
| | | | | |жығар" | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |

Ұқсас жұмыстар
Молярлы концентрация
Еріген зат диссоциацияланып еріген
"су. ерітінділер. негіздер" тарауы бойынша білім сайысы
Қоспа ерітіндісінің неше проценті тұз
Судың құрамы
Ерітіндінің концентрациясы
Ерітінділер тақырыбына арналған типтік есептерді шығару әдістемесі
Пайда болған ерітіндінің концентрациясын анықта
Химиялық реакциялар
Оқушы саны. Сабақтың мақсаты
Пәндер