Сабақ жоспары :: Информатика
Файл қосу
Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
Сабақ жоспары
Күні:
Пәні: Информатика
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және
жіктелуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін
арттыру.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,
пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, слайд-шоу, кітап,
дәптер
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Үй тапсырмасын тексеру
3) Жаңа сабақ
4) Бекіту
5) Үй тапсырмасын беру
6) Бағалау
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1. Қандай принцип бойынша жад ішкі және сыртқы болып бөлінеді?
2. Жедел жадтың тұрақтыдан айырмашылығы қандай?
3. Тұрақты жад не үшін қызмет етеді?
4. Компьютер өшірілген соң қандай жад тазартылады?
5. Жедел жад пен процессордың жұмысын сипаттаңдар?
6. Ақпаратты тасымалдауыштар жадтың қандай түріне жатады?
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру
Бағдарламалық қамтамасыздандыру дегеніміз не?
Қазіргі уақыттағы ДК-дің мүмкіндіктері жоғарылағаны соншалықты, оны өзінің
жұмысына, оқуына, тұрмысына қолданатын адамдардың саны күннен-күнге өсуде.
Заманауи компьютердің маңызды қасиеті-оның қолданушыға деген «достығы».
Адамға компьютермен жұмыс істеу оңай, көрнекі, түсінікті болды.
Компьютердің өзі қолданушыға түрлі жағдайларда не істеу керектігін айтып
отырады, түсінбеген қиын жерлерден шығуға көмектеседі. Мұның барлығы
компьютердің бағдарламалық қамтамасыздандыруының арқасында жүзеге асады.
Бағдарламалық қамтамасыздандыру (БҚ) компьютердің барлық құрылғыларының
жадында ұзақ уақытта сақталынған бағдарламалардың жиынтығы.
Компьютердің бағдарламалық қамтамасыздандыруы үнемі толықтырылып, дамып,
жаңарып отырады. Бірінші күндегі дербес компьютерде орнатылған
бағдарламалар құны оның техникалық құрылғыларының құнынан арта түседі.
Заманауи БҚ әзірлеу бағдарлама жасаушылардан өте жоғары біліктілігті талап
етеді.
Бағдарламалық қамтамасыздандыру түрлері
Компьютердің бағдарламалық қаматамасыздандыруында, ол жоқ болса,
компьютерде ештеңе істей алмайтындай қажетті бөлігі бар. Ол жүйелік БҚ деп
аталады. БҚ негізгі элементі операциялық жүйе болып табылады. Сатып алушы
компьютердің жұмысына жад немесе процессорға қарағанда қажеттілігі кем
емес жүйелік бағдарламамен қаматамасыздандырылған компьютер сатып алады.
Жүйелік БҚ-дан басқа компьютердің бағдарламалық қаматамасыздандыруына
қолданбалы бағдарламалар және бағдарламалау жүйесі кіреді.
Компьютердің бағдарламалық қаматамсыздандыруы мынадайтоптарға бөлінеді:
• Жүйелік БҚ
• Қолданбалы БҚ
• Бағдарламалау жүйесі
Жүйелік БҚ мен бағдарламалау жүйесі туралы кейін қарастырамыз. Ал қазір
қолданбалы БҚ-мен танысайық.
Қолданбалы бағдарламалық қаматамсыздандыру құрамы
Қолданушы өзінің ақпараттық мақсаттарын бағдарламалауға сүйенбей-ақ шеше
алатн бағдарламаларды қолданбалы бағдарламалар деп атайды.
Әдетте операциялық жүйемен қатар жалпы мақсаттағы қолданбалы
бағдарламалардың жиынтығы бірге жүреді. Windows-та мұндай бағдарламалардың
тобына «Стандартные» деп аталатын бағдарламалар пакеті(қарапайым мәтіндік
және графикалық редакторлар, калькулятор және т.б) және интернет-браузер
жатады. Жалпы мақстаттағы бағдарламалар қатарына, сондай-ақ офистік,
мультмедиялық және ойын-сауық бағдарламаларын жатқызуға болады. Linux
операциялық жүйесінде мұндай бағдарламалар аттарына сәйкес топтарға
бөлінген.
Офистік бағдарламалар. Әдетте қолданушы компьютерді сатып алған соң оған
офистік бағдарламалардың пакетін орнатады. Мұндай бағдарламаларға:
- мәтіндік процессорлар – мәтіндік құжаттармен жұмыс істеуге арналған;
- кестелік процессорлар, тәжірбиеде жиі кездесетін кестелік есептерді
орындауға мүмкіндік береді;
- презентациялар жасауға арналған бағдарламалар- көпшілік алдында
демонстрациялау үшін суреттер мен бейне қатарын көрсетуге
қолданылатын;
- күрделі емес мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар
жатады.
Мультимедиялық бағдарламалар. Бұл жалпы мақсаттағы бағдарламалар бейнемен
және дыбыспен жұмыс істеуге арналған. Оларға фотомонтаж жасайтын,
фотосуреттерді өңдейтін, сурет салуға мүмкіндік беретін графикалық
редакторлар жатады. Дыбыс және суретті ашып-көрсететін бағдарламалар
экраннан суретті көруге, жазылған дыбысты естуге, бейнефильмдер көруге
мүмкіндік береді. Компьютерде дыбысты өңдеумен кәсіби мамандар айналысады,
олар арнайы бағдарламаларды қолданады.
Ойын-сауық бағдарламалары. Көптеген қолданушылар компьютерлік ойындар
арқылы компьютермен таныса бастайды.
Білім беруде қолданылатын бағдарламалар. Бұл да арнайы мақсаттағы
бағдарламалар. Білім беру бағдарламаларына электрондық оқулықтар, жаттығу
құралдары жатады. Білім беруде ойын түрі жиі қолданылып тұрады. Әсіресе бұл
кіші жастағы балалар үшін өте тиімді.
IV Бектіті сұрақтары:
1) ЭЕМ бағдарламалық қамтамасыздандыру дегеніміз не?
2) Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру қандай есептерді шешеді?
3) Жалпыға тағайындалған қолданбалы бағдарламалардың негізгі түрлерін
атаңыз.
4) Арнайы тағаындалған қолданбалы бағдарламалар дегеніміз не?
V Үйге тапсырма

оқу
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және оның атқарушылар. Алгоритмді жазу
пішімі. Блог-схемалар
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында
білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа
тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін
біріктіріп,
пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, презентация.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты
бастаймын.
Жаңа сабақты түсіндіру
Алгоритм, программа ұғымдары
«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар
қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед
ибн Мұса әл-Хорезми ( 763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми)
болып жазылуына шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен
арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды
мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен
құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.
Әл-Хорезмидің ұсынған тәсілін жатқаушыларды алгоритмдіктер деп,
ал «алгоритм» ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі деп атаған.
Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен ғана
шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын-ала
берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді.
Алгоритм дегеніміз – іс әрекеттің рет-ретімен орындалуы. Кез-келген есепті
қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритімді
компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.
Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады. Осы
командалар тізбе орындау соңында есептің нәтижесі шығады. Командалар
тізбегін – программа қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды
орындау үшін берілген бұйрық ретінде қабылданады. Командалар: арифметикалық
немесе логикалық амал; ақпарат тасымалдау командасы; берілген сандарды
салыстыру командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; нәтижені
экранға, қағаз басып шығару командасы; келесі командаға көшу тәртібін
орындау; т.б. болып бөлінеді.
Алгоритмнің орындалу
Күнделікті тұрмыстан алгоритмге бір мысал келтірейік. Студент болу үшін
алгоритм мынадай
қадамдарын орындау керек:
1. Мектепті тәмамдау.
2. Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту.
3. Керекті құжаттарды, аттестаттың түпнұсқасын емтихан
қорытыдысымен белгілі бір мамандықты көрсетіп, конкурсқа
тапсыру.
4. Конкурстан өту.
5. Таңдаған мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орнын анықтау.
Бұл пункттердің орнын ауыстыруға бомайды. Олар көрсетілген ретпен кезегі
орындалуы тиіс. Сонда ғана көздеген нәтижеге қолымыз жетеді.
Алгоритм – информатика мен есептеу техникасының іргелі
ұғымдарының бірі.
Техникалық құрылғылдары дұрыс пайдалана алу үшін есеп шешу
жолы, яғни орындалатын іс-әрекеттердің тізбегі әрі түсінікті, әрі нақты
болуы қажет.
Алгоритм қасиеттері
Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген барлық
әрекеттердің мағынасы айқын, нықты анықталған болу керек. Онда қандай қадам
көрсетілсе тек солар ғана орындалуы қажет. Есеп шығаруға керектің бәрі
анықталуы және орындаушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс.
1. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі,
яғни алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу мүмкін болу
керек. Бұл қасиеті бойынша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше
ықшам бөліктерге, ал олар одан кіші қадамдарға бөлінеді, яғни мәселені
шешу процесінің тізбегі жеке-жеке әрекеттер жіктеледі. Сондықтан
алгоритмді, екі-үш бқлікке бөліп, оларды жеке қабылдай алатын дәрежеде
жұмыс істелінуі қажет.
2. Алгоритмнің нәтижелік қасиеті. Кез-келген алгоритмнің нәтижесі болу
керек. Әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір уақытта
қорытынды нәтиже алуымыз қажет.
3. Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм құрғанда
белгілі бір жеке проблемаға қарсы ғана арналмай, осы тәріздес
мәселелер шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы
қажет.
4. Алгоритмнің формальды орындалуы. Алгоритмді орындағанда орындаушы
оныәр командасының мағынасын түсінуі де, түсінбеуі де мүмкін. Бірақ
алгоритмнің әр командасы орындаушының нақты бір әрекетті орындауын
талап етеді.
Алгоритм жазу жолдары
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын-ала жазып алу
керек. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:
1) табиғи тілдегі жазылуы;
2) белгілі бір түйінді сөздер – терминдер арқылы қысқаша тізбекті
түрде жазу;
3) графиктік жолмен жазу;
4) программалау тілдеріндегі жазылуы.
Бірақ табиғи тілде жазылған алгоритм компьютерде орындалмайды,
өйткені бұл жағдайда дәлдік, нақтылық сақталмайды. Алгоритмдерді графиктік
жолмен жазу, кейіннен осы программалау тіліндегі программаға айналдыру
жұмысы мемлекеттік стандартпен бекітіліп, ақпарат өндеу жұмысында кеңінен
қолданылады.
Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі
Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі – кең таралған әдіс.
Бұл – жазудың түсінікті, анық, көрнекі түрі болып табылады. Алгоритмдерді
графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты анықталған. Онда кез-келген
амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Олар фигуралар немесе
блоктар, амалдар немесе операциялар символы деп те аталады. Блоктар
бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі ретімен орналысады.
Ақпарат өңдеудің әрбір буыны немесе орындалатын операциялар реті алгоритм
схемасымен айқындалады. Алгоритм схемасын оның блок схемасы деп аталады.
Алгоритм блоктарының ішінде орындалатын іс-әрекеттің мазмұны жазылады. Блок
схемада пайдаланатын фигуралар оның блоктары, ал оларды бір-бірімен қосатын
сызықтар байланыс сызықтары деп аталады.
|№ |Блоктар кескіндемесі |Блоктар қызметі |
|1 | |Алгоритм басы |
| | | |
|2 | |Алгоритм соңы |
| | | |
|3 | |Есептеуіш әрекет |
| | | |
|4 | |Мәліметтерді |
| | |енгізу, |
| | |мәліметтерді |
| | |шығару |
|5 | | |
| |жоқ иә |Шартты тексеру |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
|6 | |Циклдың басы |
| | | |
| | | |
|7 | |Көмекші алгоритмді|
| | |шақыру |
|8 | |Байланыс бағытын |
| | |көрсету |
Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы
Алгоритмдік тіл деп – орындалатын әрекеттерді, амалдарды
бірыңғай және дәл жазуға арналған, өз тіліміздің кейбір сөздерімен
пайдаланатын белгілер мен ережелер жүйесін айтады. Алгоритмдік тіл бір
жағынан табиғи тілге жақын, сондықтан оны қарапайым мәтін түрінде жазады
және оқиды. Алгоритмдік тіл – математикалық белгілер сандар, шамалар мен
функция атаулары, арифметикалық белгілері, жақша және басқа да символдармен
қатар белгілі бір қызмет атқаратын терминдер қамтиды. Алгоритмдік тілде
мәтін құруға пайдаланылатын қарапайым белгілер – тілдің символдары деп, ал
ондай символдар жиынын – оның алфавиті деп атайды.
Алгоритмдерді жәні алгоритмдік тілде құрылған амалдар
тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған
жасанды тілдерді программалау тілдері деп атайды. Паскаль, Си, Дельфи,
Бейсик, Фортран тәрізді программалау тілдері – ағылшын тіліндегі кейбір
сөздерді алгоритм құруда кеңінен пайдаланады. Ол сөздердің саны онша көп
емес, оларды түйінді сөздер деп атайды. Әр компьютердің өзінің машиналық
тілі болады, ол командалар тілі немесе кодтар тілі деп аталады. Алгоритмдік
тілде және программалау тілінде программа жазу – ыңғайлы болып табылады.
Оларды белгілі бір машинада орындау үшін сол программалау тілін машина
тіліне автоматты түрде аударатын түрлендіргіш программалар болуы керек,
оларды транслятор деп атайды. Трансляторлар үш түрге бөлінеді:
интерпретатор, компилятор және ассемблер.
Интерпретатор – берілген прогамманың әрбір жолын (командасын)
жеке-жеке аударып отырып орындайтын транслятор түрі.
Компилятор – бірден барлық программа мәтінін толық аударып
машина тіліндегі бір модуль түріне келтіреді де, сонан соң сол модульді
компьютер жадына қайта жазып алып, оны кейін тек біздің алауымыз бойынша
орындайды.
Сабақты бекіту сұрақтары
• Алгоритм дегеніміз не?
• Алгоритмнің негізгі қасиеттерін ата?
• Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?
• Блок-схема дегеніміз не? Негізгі блоктарға және көмекші блоктарға нелер
жатады?
• Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не? Түйінді сөздерге нелер
жатады?
• Интерпретатор, компилятор және ассемблердің айырмашылықтары қандай?
Үйге тапсырма: тақырыпты оқу
Сабақ жоспары
Күні:
Пәні: Информатика
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері(сызықтық, тармақталу және циклдік
алгоритмдер)

7) Ұйымдастыру кезеңі
8) Үй тапсырмасын тексеру
9) Жаңа сабақ
10) Бекіту
11) Үй тапсырмасын беру
12) Бағалау

1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритм орындаушысына анықтама беріңдер.
3. «Ағаш отырғызу» алгоритмін құрыңдар
4. Блог-сызбаның элементтерін сипаттаңдар.
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру
Алгоритмнің 3 түрі болады. Олар сызықтық, тармақталған және циклдік.
Егер алгоритмнің N қадамы болса және олардың барлығы басынан аяғына дейін
бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын орындалатын болса, онда ондай
алгоритмді сызықтық алгоритм деп атаймыз. Сызықтық алгоритмде барлық
бұйрықтар алгоритмде көрсетілгендей тізбектей орындалады. Мысалы: екі санды
қосу, робот портреті, үй тапсырмасын орындау, жұмыртқа қуыру т.б сызықтық
алгоритм болып табылады.
Егер алгоритм қадамдарының тізбектеле орындалуы қандай да бір шартқа
тәуелді өзгеретін болса, онда мұндай алгоритмді тармақталған алгоритм
дейміз. Шартты тексеру блогын блок-сызбада ромбымен таңбалаймыз. Егер шарт
дұрыс болса, онда есепті шешу үн «ия» тармағы пайдаланылады, ал оған кері
жағдайда – «жоқ» тармағы пайдаланылады. Тармақталу алгоритмі сөзбен
берілгенде «егер», «онда» кілттік сөздері қолданылады. Жазу барысында
«әйтпесе» сөзін қолдануға болады.
Есептерді шығару кезінде әрекеттерді анықтайтын параметрлердің әртүрлі
мәндерінде біртипті әрекеттерді бірнеше рет қайталау қажеттілігі туындайды.
Осындай әрекеттерді жүзеге асыратын алгоритмдер циклдік деп, ал бірнеше рет
қайталанатын әрекеттер тізбегі циклдер деп аталады. Алгоритмнің бірнеше
рет қайталануын циклдік алгоритм деп атайды. Блог-сызбада циклдік
алгоритмнің шарты алтыбұрышты фигураға жазылады.
IV Бектіті сұрақтары:
1. Алгоритм түрлерін атаңдар
2. Тармақталу және сызықтық алгоритмге анықтама беріңдер
3. Тармақталған алгоритмнің толық емес формасына мысал келтіріңдер.
4. «Егер сағат кешкі 11 болса, онда ұйықтау керек, әйтпесе кітап оқу
керек» Қандай алгоритм?
V Үйге тапсырма
Алгоритм типтері(сызықтық, тармақталу және циклдік
алгоритмдер)
-----------------------
шарт

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz