Арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтіндік түрде жазу ережелері

ОҚО Сарыағаш ауданы
№127 Т. Бердияров орта мектебі.
информатика пәні мұғалимасы: Бориханова Мадина
.
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық және алгебралық өрнектерді
мәтіндік түрде жазу ережелері. Стандартты
функциялар. Калькулятор қолданбасын оқуға дайындау.
Бағдарламалық-дидак
тикалық қамсыздандыру : Интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың мақсаты: Арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтіндік
түрде жазу ережелерімен танысу. Стандартты
функциялармен танысу. Калькулятор қолданбасында
жұмысқа дағдылану.
Сабақтың типі: Практикум элементтері бар, көрсете түсіндіру.
Білім мен біліктілікке Оқушылар білуі тиіс:
Қойылатын талаптар : - арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтін
түрінде жазу ережелерін;
-негізгі стандартты функцияларды;
-калькулятордың арналуын;
-калькулятордың қандай режимдері бар екенін;
-қажетті анықтамалық ақпаратты алуды;
-мәтін түрінде терілген арифметикалық өрнектерді калькуляторға қалай тасымалдауға және нәтиже алуға болатынын.
Оқушылар үйренуі тиіс:
-арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтіндік түрде жазуды;
-калькуляторды іске қосуды;
-калькулятор түрлерін ауыстырып қосуды;
-сандарды теріп, олармен есептеулер жүргізуді;
-калькулятор жадын пайдалануды;
-алмасу буферін пайдаланып, күрделі есептеулер жүргізуді.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Оқушыларды, түгелдеу, өткен сабақты сұрап бағалау;
3. Жаңа сабақ.
4. Тесттік сұрақ-жауап.
5. Қорыту, бағалау, үйге тапсырма беру.
Математикада арифметикалық және алгебралық өрнектерге бөлінеді.
Арифметикалық өрнек- бұл арифметикалық операциялар белгілерімен біріктірілген сандар.
Алгебралық өрнек - бұл арифметикалық операциялардың белгілерімен біріктірілген сандар мен айнымалылар. Информатикада алгебралық өрнек деген түсінік жоқ, ал ариметикалық өрнек өзіне арифметикалық операциялардың белгілерімен біріктірілген сандар мен айнымалыларды кіргізеді.
Егер сандар мен айнымалылар арифметикалық және логикалық операциялардың белгілерімен біріктірілсе, мұндай өрнек логикалық деп аталады.
Информатикада арифметикалық өрнектерді жазу үшін қолданылатын арифметикалық операциялар келесі белгілермен белгіленеді:
- «+» - қосу
- «-»-алу
- «*»- көбейту
- «/» - бөлу
- «^»- дәрежесін табу.
Информатикада логикалық операцияларға мыналар жатады:
- тең «=»
- артық - «>»
- кем - «<»
- тең емес - « < >»
Информатикада арифметикалық та, логикалық та операциялар бір жолға жазылады, яғни бөлшекті жазу үшін алымы мен бөлімін жақшаның ішіне қойып, олардың арасына «/» бөлу белгісін қою керек.
Өрнектің математикалық жазуында көбейту белгісі қойылмайды, ал арифметикалық өрнекте ол міндетті түрде болуы керек. Тағы да математикалық жазудан тағы бір айырмашылық бар- ондық бөлшекті жазғанда, үтір емес нүкте қойылады. Оңайлық үшін пернетақтада жай әшейін нүкте тұрады.
Мысал: Математикалық жазу
Мәтін түріндегі арифметикалық өрнек: (2*А+С) /(А+3, 5) +Д;
Стандартты калькулятор бағдарламасы- бұл кәдімгі калькулятордың компьютерлік аналогі, ол әр түрлі есептеулерді: сандарда бір санау жүйесінен басқасына ауыстыруға және логикалық арифметика командаларының амалдарын жүргізуге арналған.
Сандық ақпараттартармен жұмыс істеуге, есептеулерді жедел орындауға, есептеулер нәтижелерін Windows-тың басқа бағдарламаларына жіберуге, сандарды бір санау жүйесінен басқасына ауыстыруға, дәл есептеулер жүргізуге арналған.
Калькулятордың екі түрі бар: қарапайым, инженерлік.
Іске қосу: Пуск⇨Программы⇨Стандартные⇨Калькулятор.
Калькулятор терезесінің өлшемі бекітілген тақырып жолынан басқа оның менюі (түзету, түр, анықтама), терілген сандарды көруге және нәтиже беруге арналған енгізу өрісі, есептеуге арналған батырмалары бар аумағы болады. Калькулятордың жұмысы оның тақтасында маусты басу арқылы басқарылады. Операторлар мен сандарды пернетақтадан да енгізуге болады. Сандық пернетақтадан енгізу үшін NumLock пернесін басу қажет.
Калькулятор (лат. calculator - есептеуіш) - шағын есептеуіш құрылғы. К. адамның араласуы арқылы цифрлар мен командаларды қолдан енгізу жолымен қарапайым арифмет. амалдарды және кейбір матем. функцияларды есептеуге арналған.
Калькулятормен жұмыс істеудің кейбір әдістері
Пайызды есептеу:
- Процент есептелетін санды теру
- «х»белгісін басу.
- Процент - санды теру.
- «%» белгісін басу
- Санды берілген дәрежеге шығару:
Санды теру, «х^y» батырмасын басу, дәреже - санын теру, «=» белгісін теру.
Оқушыларды плактқа жазылған калькулятордың негізгі батырмалары мен жалаушаларының тізімімен таныстырып, есептер шешуге өтемін.
№1 Тапсырма «Қызықты бет»
123456789 1=
12345678 21=
1234567 321=
123456 4321=
12345 54321=
- 654321=
- 7654321=
- 87654321=
1 987654321=
Жауабы: Екі бағанадағы да сандардың қосу нәтижесі бірдей:
1083676269.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz