Орта Азия халықтарының музыкасы: ұлттық аспаптар мен жанрлар

Cабақтың тақырыбы: Орта Азия халықтарының музыкасы.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың білімін кеңейту.

2. Музыкалық дүниетанымын дамыту.

3. Білікті оқушыны анықтау.

Пайданылған көрнекіліктер: түркмен, тәжік, қырғыз халықтарының

аспаптары, ионика аспабы, тест сұрақтары.

Сабақтың барысы: Өткенді қайталау, пысықтау. Орта Азия халық-

тарының музыкасы қазақ халық музыкасына ұқсас келеді. Орта Азия халықтарына қандай ұлт өкілдері жатады деп ойлайсыңдар?

Сынып 2 топқа бөлінген: 1 топ- «Кепшік» тобы, 2 топ- «Шыңдауыл»

тобы. Орта Азияда тұратын қырғыз, өзбек, түрікмен, тәжік халықтарының тілдері, діни наным-сенімдері, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары бір-біріне өте жақын болып келеді. Ол елдердің музыкасы мен музыкалық аспаптарында көптеген ұқсастық бар. Сендердің Орта

Азия халықтарының музыкасын, аспаптарын қалай ажырататыңыз-

ды ойын арқылы тексеремін.

«Қай елдің аспабы екенін тауып ал және оны ата» атты ойын жүргізіледі. Оқушылардан « әділқазылар алқасы» сайланады. Ортаға

Мұхамедали, Ербол, Лаура шығып, білімді оқушыны анықтайды. Сары жалауша- дұрыс жауап болып есептеледі, жасыл жалауша - жауабы дұрыс емес. Дұрыс жауап -10 ұпай, жауабы дұрыс емес- 0 ұпай.

Тақтада көрсетіледі: 1. Өзбек халқының аспабы- сурнай

2. Түркмен халқының аспабы- гиджак

3. Қырғыздың халық аспабы - қомуз

4. Тәжік халқының аспабы - дутар

5. Тәжік халқының аспабы- рубаб

6. Қырғыздың халық аспабы- темір қомыз, шоор.

7. Түркмен халқының аспабы - тюйдук

8. Өзбек халқының аспабы- сибизик

Тест сұрақтарымен жұмыстану.

1 топ- «Кепшік» тобы

1. Тәжік халқының музыкалық аспабын ата:

а) рубаб

ә) цимбала

б) тюйдук

в) балабан

2. Өзбек халқының музыкалық аспабын тап:

а) қомуз

ә) сырнай

б) гиджак

в) цинцили

3. Қай халықта тақырыптық ән жанры дамыған?

а) қырғыз

ә) тәжік

б) башқұрт

в) татар

4. Түркмен халық музыкасында қандай музыкалық жанр дамыған?

а) балет

ә) опера

б) вокалды би жанры

в) хор

5. Тәжік музыкасында көп тараған қандай жанр?

а) махаббат тақырыбындағы лирикалық әндер

ә) тұрмыстық әндер

б) тарихи әндер

в) әпикалық әндер

  1. топ- « Шыңдауыл» тобы
  1. Өзбек халқының фольклорында ауызша дәстүрлі өнер қалай

аталады?

а) газель

ә) макомдар

б) айтыс

в) жыр

2. Тәжік халқының музыкалық аспабын ата:

а) таблак

ә) дойра

б) гопуз

в) нагара

3. Түрікмен халқының би үлгісі қалай аталады?

а) павана

ә) пулитдепме

б) чардаш

в) әкосез

4. Қырғыз халқының музыкалық аспабын ата:

а) қыл қияқ

ә) кошнай

б) сетор

в) пангар

5. Қырғыздың халық аспаптары қанша дауысты болып келеді?

а) 2-3

ә) 3-4

б) 1

в) 4-5

Вокалды жаттығу орындалады « Нота үйренеміз».

«Құт қонған Қарағия» әні үйретіледі. «Қазақстан» әні орындалады.

Түгел сыныппен ойын жүргізіледі: Қай елдің музыкасы екенін тап?

Музыкалық сауат: 2 октаваның ноталарын жазып көрсету.

Сабақты қорытындылау. Білікті оқушыны анықтау. Үй тапсырмасы

беріледі. Қырғыздың «Жылкычи» әні орындалады.

Мемлекеттік мекеме Маңғыстау облысы

Құрық гимназиясы Қарақия ауданы

Ашық сабақ музыка пәні бойынша

5 сынып «Орта Азия халықтарының музыкасы»

28 қазан 2010ж


Ұқсас жұмыстар
Кавказ халықтарының музыкасы: әзірбайжан, грузин және армян дәстүрлері, ұлттық аспаптар және Арам Хачатурян
Музыка - әлемнің рухани елшісі: Орта Азия халықтарының музыкалық мәдениеті мен аспаптары
Орта Азия халықтарының грек-македондық басқыншыларға қарсы күресі және Спитаменнің жетекшілігі
Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениетінің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі
5-сынып музыка сабағы: Солтүстік Америка халықтарының музыкасы және Е. Хасанғалиевтің Анаға сәлем әнін оқыту
Қазақстан халықтарының мейрамдары: ұлттық дәстүрлер мен толеранттылық
5-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Құдіретті музыка - жанрдар мен ұлттық аспаптар
Ұлттық ойындар форматындағы халық музыкасы мен салт-дәстүрлерін қайталау сайыс сабағы
Ашық сабақ: Сазды аспаптар сыры - қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Бастауыш сыныпта өткізуге арналған тәрбие сағаты: Ұлттық аспаптар (домбыра) тарихы мен тәрбиелік мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz