Ою – өрнек түрлері және дайындау реттілігі

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХКТУ
Өнер факультеті Бейнелеу
Өнері кафедрасының 3 курс студенті
№209 Ә. Әбутәліпов атындағы орта мектептің
технология пәнінен машықтанушы
Қасқырбаева Ақсымбат
Ашық сабақ
Тақырыбы: Ою - өрнек түрлері және
дайындау реттілігі
Сабақтың тақырыбы: Ою - өрнек түрлері және дайындау реттілігі
Мақсаты:
- Ою - өрнектің түрлерімен таныстырып, оның бүктеу және қию әдістерін үйрету;
- Оқушыларды халқымыздың салт - дәстүріне, қолөнеріне терең үңілдіріп, ой-өрісін дамыту;
- Оқушыларға ою - өрнектер өнерін үйрету үстінде эстетикалық талғамдары мен өнерге деген шеберлік ынта, қабілетін арттырып, көркемдікпен, әсемдікпен жасалғанына көздерін жеткізе отырып тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас, сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, өрмекші әдісі, проблемалық әдіс, түсіндіру, сарамандық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, геометрия, тарих, әдебиет.
Көрнекілігі: ою-өрнек түрлерінен жасалған буклет, слайд, видео роликтер, оюлардың үлгілері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып бойынша өрмекші әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
- Ең көне ою - Қошқар мүйіз
- Бұл оюға қарасақ қазақтың кең даласы елестейді - сұлама
- Магиялық ою - Тұмарша
- Түйе баласына қатысты ою - Ботагөз
- Өте кең тараған ою - Сыңар мүйіз
- Аспан әлеміне қатысты ою - Жұлдыз
- Тұскиізге салынатын өсімдік тектес ою - Қызғалдақ
- Аққу оюы нені бейнелейді - Махаббатты, адалдықты
- Қос дөңгелек оюы нені білдіреді - Әділеттіліктің бейнесі
- Тасбақа оюы нені білдіреді - Мәңгі өмір
Ою-өрнектер туралы видео роликке назар аударыңдар (слайд - ою ролик көрсету)
ІІІ. Жаңа сабақ
Проблемалық сұрақтар
- Ою дегеніміз не? (Ою дегеніміз - бұйымға түсірілген өрнекті кесу арқылы өңдеу)
- Композиция дегеніміз не? (Композиция дегеніміз - өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру, жүйелеу)
- Ритм дегеніміз не? (Ою - өрнекте бір элемент қайталанып келсе, мұны ритм дейміз)
- Орнамент дегеніміз не? (Қазақтың ою және өрнек қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді, мағынасы - сәндеу, әсемдеу, әшекейлеу)
- Симметрия дегеніміз не? (Симметрия дегеніміз - ою-өрнектің екі жағының тең болуы)
- Колорит деген не? (Бұйымға салынатын ою - өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы - колорит деп аталады)
Жайлаудың шырынды шөптерінің арасында, тау етегінде ауыл сұлап жатты. Алау түтіні, қойлардың маңырағаны, иттердің үрі, балалар күлкісі - осының бәрі ауылға жақындағанда естіледі. Міне, киіз үйлерде тұр. Қазақ халқы көшпенді ел болып, жаз - жайлауда, қыс - қыстауда заман ағымына сәйкес киіз үйде тұрмыс құрып өмір сүрген. Сол ата - бабаларымыздан қалған асыл мұра - қазақтың киіз үйі.
Бүгін көп қызықты заттар көріп, ою - өрнек туралы білуіміз үшін және шығармашылық жасау үшін киіз үйге кіріп - шығуға шақырамыз.
а) - Қане, бірінші киіз үйге кіріп көрейік.
«Өнер - таусылмас азық, жоғалмас байлық», - дейді халық даналығы. Халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы - ою - өрнектер.
Ою - өрнек не үшін қолданылады? (Ою - өрнек тұрмыста, бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш, өрнек) Халқымыз оюмен нені әшекейлеп безендірген? (Ою - өрнек әр түрлі үлгіде дамыған. Оның негізгі элементі мүйіз тектес болып халқымыздың жиі пайдаланатын заттарында - өру, тігу, құрау, қию арқылы үй жиһаздарына, зергерлік бұйымдарға, кілем, сырмақ, текемет, қоржын, ыдыс-аяқтарға, киім - кешектерге безендіріліп салынған) Кезенде өнертанушы В. Чепелев «қазақтар тек ою - өрнек әлемінде өмір сүрген сияқты», - деп атап көрсеткен.
Ежелден қолөнерді қастерлей білген халқымыздан мұра болып келе жатқан тұрмысқа оюланған қажетті бұйымдар өте көп.
ә) - Ал, енді білейік, қандай ою түрлері бар. Ою - өрнектің атауы мен түрлері өте көп. Ғалымдар бүгінге дейін 200-дей түрін анықтаған.
«Ою - өрнекті қайдан, кімнен үйрендің ?» - деген сауалға атақты суретші Әбілхан Қастеев:
Таудың бұлағынан,
ойдың құлағынан
Апамның киізінен
Ешкінің мүйізінен, - деген өлең жолдары жоғарыда айтылғандардың дәлелі.
б) Әр түрлі өрнек үлгілерін жасаушы, қазақ ою - өрнегінің шебері - оюшы.
- Балалар, әжелеріміз ою үлгісін жасауды, оюды кімдерден үйренген? Оларды өз әжелерінен, аналарынан, әпкелерінен үйренген. Осылай ұрпақтан ұрпаққа ауысып, бүгінге жеткен. Бізде ою ойып көрейік.
Мына оюлардың қию нұсқасына назар аударыңдар (слайд - қағазды бір бүктеу әдісінтерін көрсету)
IV. Сарамандық жұмыс
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz