8 наурыз - Ана мерекесіне арналған тәрбие сағаты мен мерекелік сценарийі

Ана - өмірдің шуағы

Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Қонақтардың алдына үлкен вазаларда жанды гүлдер қойылған.

Таспада С. Мұхамеджановтың «Көктем вальсінің» ырғағымен екі - екіден қол ұстасқан бір ұл, бір қыз бала келіп орындарына отырады.

Мұғалім: Қымбатты балалар, сүйікті аналар, апалар! Бүгін біз көктемнің алғашқы күні «8 - наурыз» аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз, мерекелеріңіз құтты болсын!

Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған,

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған;

Аялы қолда талпынтқан

Қаймақты сүттей қалқытқан:

Суық болса жөргегі,

Қорғасындай балқытқан,

Айналасына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан,

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан,

Бұл кім?

Балалар: Ана! Ана! Ана!

Мұғалім: Құрметті аналар, келген қадамдарыңызға гүл бітсін, Сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз!

Зияш:

Құтты болсын, аналардың мейрамы!

Жарқыраңдар, жаз күніңдей жайдары!

Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,

Бақыт берсін әр көктемнің айлары

Батырхан:

Құшағына кіргенде,

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де.

Анар:

Ананың біз гүліміз,
Ана - біздің күніміз,
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!

Али:

Айналайын анашым - әлемдегі жан асыл,
Болса маған не керек, бәрін іздеп табасың,
Айналайын анашым - асқар таудай панасың,
Күн көзіндей күлімдеп, құшағыңа аласың.

Айнұр:

Бал бөбегін баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын ақ мамам!
Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам!

Серік:

Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Аналарды ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Жақсы көрем күлкіңді,
Айналайын ақ анам.

З. Аяулым:

Менің анам сүйкімді,
Бәрінен де жақсы адам.

Өмірдің қызығы,
Өзіңсіз өтпейді.
Мен үшін анама,
Ешкім де жетпейді.

Рамазан:

Мейрамыңыз бүгінгі,
Құтты болсын анажан!
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсаң шаттанған.
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам.

Аяжан:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген - бәйтерегі өмірдің
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.

Ернат:

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!

Хор: Мамочка милая

Мұғалім: 8- наурыз - аналар мерекесі, көктемнің сахнасы. Жылы нұрын төгіп көктем келді, шуағына адамзатты баурап, табиғат құлпырып бір әдемі әлемге бізді апарады.

Алау:

Көлде аққу, көкте қаз,

Орманда бұлбұл сайраған.

Көптен күткен көктем кеп,

Құлпырып дала жайнаған

Танат:

Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Даланы гүлдер басады.

Сұлу көктем есігін ашып

Шуағын бізге шашады

К. Аяулым:

Шомылып нұрға атырап,

Ағаштар жайды жапырақ.

Далаға бірден таралды,

Гүлдерден жұпар шашырап.

Би: Гүлдер вальсі (қыздар тобы)

Мұғалім: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп халқымыз тек айтпаған ғой.

Асыл:

Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын ән, беретін гүлім дайын.

«Әжетай, сені жақсы көремін» деп,

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

Әділ:

Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді,

Барған сайын бір жаққа,

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені өйткені,

Өте жақсы көреді.

Раяна:

Өскенде мен ал, енді,

Аралаймын әлемді.

Сыйлық әкеп әжеме,

Таңқалдырам бар елді.

Мәди:

Әжем менің, ақ әжем,

Ақыл беріп үйреткен

Аппақ әжем, пәк әжем,

Мейіріммен тербеткен

С. Аяулым:

Асыл әжем, мақтанышым менің де
Қонақ болып отыр міне төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен
Ән салатын кезім келді менің де.

Жандос:

Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман - есен жүр әжем.

Айзере:

Ақ жаулықты әжемді
Ай - нұрына теңедім
Әр ісінен үлгі алып
Еркін өсіп келемін

Әлижан:

Ақыл құйған санама,
Күннен де артық расында.
Күн алыста, ал әжем,
Ылғи менің қасымда.

Хор: Әжемнің шәйі

Мұғалім: Балалар, көңіл аударыңдаршы, бүгін біздің қыздарымызда да гүлдей жайнап құлпырып тұр.

Ерасыл:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам

Жанары жаны жаздай жайраңдаған

Қыз өссе - елдің көркі деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам

Сұлтанбек:

Кетті қысқы ызғар,

Еріп жатыр мұздар

Мерекеңіз бүгін

Қызғалдақтай қыздар

(Қыздарға сыйлық сыйлау)

Вальс

Сайыс: Қандай жылы сөздерді анасы мен баласы бірі - біріне арнайды. (Үш ата - ана баласымен бірге бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді. Жеңімпазды ду қол шапалақпен анықтайтын боламыз. )

Хор: Ақ мамам.

Аналарға сыйлық тарату. (балалардың өз қолдарымен жасаған гүл шоқтары)


Ұқсас жұмыстар
5-сыныпқа арналған 8 наурыз - Ана өмірдің гүлі мерекелік сынып сағаты сценарийі
Тәрбие сағаты: Анашым деп мақтанам (8 наурыз - аналар мерекесіне арналған)
Ана - өмірдің шуағы: балабақшадағы 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
Ана - өмірдің шуағы: балабақша мен мектепке арналған 8 наурыз мерекелік ертеңгілігінің сценарийі
Ана - өмірдің шуағы: 8-наурыз аналар мерекесіне арналған бағдарлама
Тәрбие сағаты: Ана - өмірдің шуағы (8 наурыз: аналарды құрметтеу мен тәрбие)
Наурыз мерекесіне арналған ашық тәрбие сағаты: ұлттық салт-дәстүрлер мен тәрбиелік шаралар
Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағаты: салт-дәстүрлер, ойындар және сценарий
Ана құдіреті мен мейіріміне арналған мерекелік тәрбие сағаты
8 Наурыз: аналарға арналған мектептік мерекелік іс-шара сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz