Денелердің ауырлық күші әрекетінен қозғалуы

Алматы облысы

Ұйғыр ауданы

Долайты ауылы

«Долайты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Физика пәні мұғалімі:Хавайдуллаева Хуршидям Исадуллаевна

Пәні
Физика 9 сынып
Пәні: Сабақтың тақырыбы
Физика 9 сынып: Денелердің ауырлық күші әрекетінен қозғалуы
Пәні: Жалпы мақсат
Физика 9 сынып: Ауырлық күші, денелердің еркін түсу үдеуі және денеге әрекет ететін ауырлық күші бойынша түсінік беру, оқушылардың білім дағдыларын жинақтау, деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту, есеп шығару барысында Бүкіләлемдік тартылыс заңының мәнін ұға отырып, өз қорытындысы мен ұсынысын қолдана алуға жағдай туғызу, танымның ғылыми әдістерін меңгеруге, іскерлікке, шапшаңдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Пәні: Қарастырылған модуль
Физика 9 сынып:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер

1. Диалог

2. Сыни тұрғыдан ойлануға үйрету

3. АКТ

4. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

5. Бағалау

Пәні: Оқыту нәтижелері
Физика 9 сынып: Теорияны тәжірибеде үйлестіре алады, салыстырады, сараптайды, білімдерін жинақтайды, жұппен және жеке жұмыс істеуді біледі, топ ережесі сақталады, уақытты тиімді пайдаланады, тапсырма орындауда шеберлік танытады
Пәні: Түйінді идеялар
Физика 9 сынып: Топпен және жеке жұмыс істей алады, өз алдына ізденеді, өзін-өзі реттейді, бірін-бірі бағалай алады,
Пәні: Ұйымдастыру кезеңі
Пәні: Үй тапсырмасы
Физика 9 сынып:
  1. Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдаңдар.
  2. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашу барысында И. Ньютон қандай болжам ұсынды?
  3. Г. Кавендиш гравитациялық тұрақтыны қалай анықтады?
  4. Гравитациялық тұрақты нені сипаттайды?
  5. Неліктен барлық денелер үшін өзара тартылыс байқала бермейді?
Пәні: Сабақ мақсатымен танысу: ауырлық күші, денелердің еркін түсу үдеуі және денеге әрекет ететін ауырлық күші
Пәні: Жаңа сабақ
Физика 9 сынып:

Г. Галилей өзінің жүргізген тәжірибелерімен барлық еркін денелер, өздерінің массаларына тәуелсіз жерге бірдей үдеумен түсетінін тағайындады. Ал Ньютон тұжырымдаған қозғалыс заңдары мен бүкіләлемдік тартылыс заңы еркін түсудің, яғни денелердің ауырлық күші әрекетінен қозғалуының негізіг ерекшеліктерін түсіндіруге мүмкіндік берді.

Бүкіләлемдік тартылыс күші көрінісінің бірі - денелердің Жерге тартылу күші. Бұл күшті ауырлық күші деп атайтынын білесіңдер.

Бүкіләлемдік тартылыс заңына сәйкес денелердің Жерге тартылу күші

F=G 𝐦 𝐌 ж ( 𝐑 + 𝐡 ) 𝟐 \frac{\mathbf{m}\mathbf{M}_{\mathbf{ж}}}{{\mathbf{(}\mathbf{R}\mathbf{+}\mathbf{h}\mathbf{) }}^{\mathbf{2}}} 𝐦 𝐌 ж ( 𝐑 + 𝐡 ) 𝟐 \frac{\mathbf{m}\mathbf{M}_{\mathbf{ж}}}{{\mathbf{(}\mathbf{R}\mathbf{+}\mathbf{h}\mathbf{) }}^{\mathbf{2}}} (1)

m - дененің массасы, M ж - Жердің массасы, R - Жердің радиусы, h - дененің Жер бетінен биіктігі.

Ауырлық күші денеге еркін түсу үдеуін тудырады. Ньютонның екінші заңына сәйкес:

g= 𝐅 𝐚 𝐦 \frac{\mathbf{F}_{\mathbf{a}}}{\mathbf{m}} 𝐅 𝐚 𝐦 \frac{\mathbf{F}_{\mathbf{a}}}{\mathbf{m}}

  1. Формуланы ескере отырып, Жер бетінен һ биіктіктегі еркін түсу үдеунің модулі үшін:

g h = G 𝐌 ж ( 𝐑 + 𝐡 ) 𝟐 \frac{\mathbf{M}_{\mathbf{ж}}}{{\mathbf{(}\mathbf{R}\mathbf{+}\mathbf{h}\mathbf{) }}^{\mathbf{2}}} 𝐌 ж ( 𝐑 + 𝐡 ) 𝟐 \frac{\mathbf{M}_{\mathbf{ж}}}{{\mathbf{(}\mathbf{R}\mathbf{+}\mathbf{h}\mathbf{) }}^{\mathbf{2}}} (2)

өрнегін аламыз, ал Жер бетінде (һ=0)

g=G 𝐌 ж 𝐑 𝟐 \frac{\mathbf{M}_{\mathbf{ж}}}{\mathbf{R}^{\mathbf{2}}} 𝐌 ж 𝐑 𝟐 \frac{\mathbf{M}_{\mathbf{ж}}}{\mathbf{R}^{\mathbf{2}}} болады.

(2) формуладан еркін түсу үдеунің дененің m массасына тәуелсіздігі, ал оның шамасының дене Жер бетінен көтерілген сайын азая беретіні байқалады. Алайда, егер дененің Жер бетінен көтерілу биіктігі 100 км-ден аспаса, онда Жер радиусымен салыстырғанда, бұл биіктікті ескермеуге болады. 100 км -ге дейінгі биіктікте еркін түсу үдеуін шамамен 9, 8 м/с 2 -қа тең деп есептеуге болады.

Пәні: Тапсырма
Физика 9 сынып: Тақырыпқа байланысты қосымша есептер шығару
Пәні: Қорытынды сұрақтар
Физика 9 сынып:
  1. Ауырлық күші деп қандай күшті айтады?
  2. Еркін түсу үдеуі қандай шамаларға тәуелді?
  3. Денелердің еркін түсуі қандай қозғалыс түріне жатады?
  4. Еркін түсу үдеуінің дене массасына тәуелді еместігін қалай дәлелдеуге болады?
  5. Полюсте және экваторда бір денеге әрекет ететін ауырлық күшінің мәндері бірдей бола ма?
Пәні: Бағалау
Физика 9 сынып: Формативті бағалау
Пәні: Үйге тапсырма беру: § 16-17 оқып келу, 14 жат

Ұқсас жұмыстар
Денелердің ауырлық күші әрекетінен қозғалуы туралы
Динамика тарауы. омж. физика. 9-сынып
Күш формуласы
Дененің ауырлық күші әсерінен қозғалысы
Инерциялық санақ жүйелері
Динамика негіздері тарауына есептер шығару
Тартылыс құбылысы
Механикадағы күштер
Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы
Үйкеліс күшінің пайда болу себептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz