Жайықтың ақ шағаласы атты ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш

«Жайықтың ақ шағаласы » атты ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш

Түрі: Поэзия кеші.

Көрнекілігі: ақын суреті, слайд, кітаптары.

1-жүргізуші: Қайырлы күн кұрметті көрермендер!

2-жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!

1-жүргізуші: «Жайықтың ақ шағаласы » атты поэзия кешіне қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Бүгінгі кешімізді өткізуге себепкер болып отырған халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушылар Одағының мүшесі, жерлес ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 70 жылдық мерейтойы. Осыған байланысты ақынның өмір жолына қысқаша шолу жасайық:

1944 жылы 28 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Ақжайық ауылында туған. 1961 жылы Орал қаласындағы С. Сейфуллин атындағы №11 орта мектепті бітірген.

1-жүргізуші: 1961-1966 ж аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультетінде оқып, жоғары білім алған.

1966-1971 ж Талдықорған облыстық «Октябрь туы», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер болып қызмет еткен.

1971-1972 жылдар аралығында «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып еңбек еткен.

2-жүргізуші:

1972-1975 жылдары «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер.

1975-1981 жылдар аралығында «Жазушы» баспасының аударма редакциясында редактор болған.

А. Бақтыгереева 1969 жылдан бері Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.

1-жүргізуші:

2007 жылы Қазақстан Жазушылар Одағы Батыс Қазақстан облысы филиалының төрайымы, «Қаламгер» әдеби бірлестігінің жетекшісі болып тағайындалды.

2005 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

2008 жылы «Астанаға - 10 жыл» медалімен марапатталды және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанды.

2 жүргізуші.

«Ақын да да ақын бар айталатын» демекші, Ақұштап жырларында туған жерге деген махаббаты поэзиямен қауыштырар ерлік пен өрліктің көрінісіндей.

Жайық десе ойда Нарын өлеңі,

Сағынғанда еске аларым көп еді.

Жайық - Анам, Жайық - елім, Отаным,

Құшақтағым, аймалағым келеді, - деп перзенттік махаббатын айдай әлемге жария қылған, Ақұштап жырларының бастауы - күміс тасқыны Ақ Жайық.

1- жүргізуші:

Ақылдың ақылы Абай, ақыннның ақыны Мағжан бастаған қазақ поэзиясының көші терең де арналы Ақ Жайықтай болса, сол дарияға қырдан шапқылап келіп қосылған ақ бұлақ - Ақұштап өлең дариясына өз ағысымен, өз иірімімен келіп қосылады. Қазақ поэзиясына жүректен шыққан нәзік лиризм мен сананы сілкіндірер шыншыл сезім әкеп ажарландырған, көктемгі ақ жауындай түрлендірген де осы - Ақұштап Бақтыгереева. Жалғыз Отан - мекенім, - деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл-өсиет. Бұл ғақлияны әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса да артық етпейді. Отанды сүюдің, оған құлай берілудің - асқақ үлгісі бұл.

2-жүргізуші: Ендеше ақынның Отанына, туған жері Ақжайыққа, қазақ еліне арнаған өлеңдеріне кезек берелік.

1-жүргізуші: Ән: . . .

2-жүргізуші:

Ақұштап - азамат ақын. Ол өзі өмір сүріп жатқан қоғамның өткені мен бүгініне көз жібереді. Азаматтық лирикасында әлеуметтік өмірдің кем-кетігін, тұрмыс-тауқыметін, жалпы қазақтың мұң-шерін жырлап, жоғын жоқтайды. Мәселен:

Енді мен ерлеріңмен теңдеспін,

Тисе деп шырылдаймын елге себім,

Ортайған теңізің мен өзеніңді

Ұлыңдай жоқтасамын мен де сенің.

Тағы да жақын етем алысыңды,

Тағы да жырға қосам табысыңды.

Сен мені қызым деме, туған дала,

Қорғауға жарамасам намысыңды, - деген сияқты өлең жолдары - ақынның өмірлік кредосы.

1-жүргізуші: Ендігі кезекте поэзия әлеміне саяхат жасасақ.

1.

2.

3.

2-жүргізуші:

Өзінің балапан жырларын мектеп қабырғасында ұшырған Ақұштап ақын - бүкіл саналы өмірін поэзияға арнаған адам. Әдетте ақын творчествосы белгілі бір тақырыпқа бағышталады. Оның өлеңдерін бірнеше тақырыпқа бөлуге болады. Соның ішінде шоқтығы биік тұратыны - ана тақырыбы.

1-жүргізуші:

Ақынның 2001 жылы жарық көрген «Ақшағала» жыр кітабындағы «Аналар» топтамасының алғысөзі болып саналатын:

Үстелде жетімсіреп жатқан аз күн

Бетіне көз жасы тамған ақ қағаздың,

Тірілер құпаған соң сырымды, апа,

Бағыштап рухыңа хатқа жаздым, - деп басталатын жолдары анасын сағынған оқырманның мұңлы жүрегін жұбатар, сабырға салар, тәубеге келтірер сөздеріне балауға болады. Асылы, бұл тақырыпқа қалам тартпаған ақын кем де кем. Алайда Ақұштаптың ана тақырыбына жазған өлеңдері мүлде тың сипатта. Ақынның о дүниелік болған анасымен сырласу, сұхбаттасуы ерекше әсерлі.

1.

2.

3.

2-жүргізуші: Өлең дегенміз - адамдармен сырласудың құралы. Егер өлең адамды асқақ сезімге бөлемесе, жан дүниесін нұрландырып байытпаса, өмірді көріктендіріп ғашық қылмаса - өлең емес. Ақұштап өлеңдерімен әрбір оқырман өзіне қажетті сыр, тылсым ой түйіндеп жатады.

1-жүргізуші: Десек те біздер жастықтың сырын аз ұқтық.

Өмірдің жолы болмайды тегіс жазықтық.

Ісіңнен кейін есіңе сақта, жарқыным,

Жеңілмес мықты қаруың сенің - нәзіктік. - деп түйіндеп, нәзіктіктің әйел адамның бір асыл қасиеті екенін көрсете отырып, тәлім-тәрбие береді. Ақын жүрегі нәзік, танымы терең, қиялы ұшқыр.

1.

2.

2-жүргізуші:

Махаббат, тағы саған қайта оралам,

Сен болшы тақырыбым қайталаған.

Өмір жоқ махаббатсыз, бақыт та жоқ,

Басқадай әңгімем жоқ айтар оған.

Ақ таңды сүю керек, нұрын күннің,

Ұната білу керек түрін гүлдің.

Қыздары ғашықтықтан өліп кеткен,

Аңызын оқу керек бұрынғының.

Жазғанмен махаббатты бұдан бұрын,

Қорғауға соны тағы шығам бүгін.

Жарын сүйе білмейтін жасықтардың

Елін сүйетіндігіне күмәндімін.

"Қыздары ғашықтықтан өліп кеткен!"

1-жүргізуші:

Екінің бірінің аузына түсе бермес, қаламына орала бермес бейнелі жол. Мұнда қасірет те бар шығар, бірақ ол қалтарыста қалған. Қазақ қызына, оның махаббатына деген құрмет осындай-ақ болар. Айтқан серттен айнымас арда сезімге, ұлттың кешегі ұлы махаббатына жыр жолымен қойылған ескерткіш секілді. Қазақы әдет-ғұрып пен өнегенің аясында тәрбие алған қыздың өзі сүйген жігіттің алтын басын ардақтап, бағалай білуі бүгінгі феминистік заманда тосын естіледі. Махаббат лирикасына арналған жырларын тыңдасақ.

1.

2.

2-жүргізуші:

Қазынам бар.

Қисапсыз шектеледі.

Қызғанады біреулер, жек көреді.

Бермеймін де, сатпаймын, көрсетпеймін!

Алам десең,

Алдымен зертте мені.

Ендеше кезекті ақынның жанына жақын болған, үлгі тұтқан, аға - апаларына арнаған өлеңдеріне кезек берсек.

1.

2.

3.

1-жүргізуші:

Ақұштап Бақтыгереева жайлы ақ жарылып ақ тілек айтқан, көптеген ақын-жазушыларымыз бар. Олар ағыл-тегіл ақтарылып, ақ шаңқан шабытқа мініп, толқып -шалқып алады. Олардың Ақұштапқа арнаған өлеңдерінен айдын шалқар көлдің жанға жайлы салқын самалы, көл құшағында қалқыған аққу қанатының жылы -жұмсақ сусылы, асыл жағалауда жарасым тапқан тал -қайыңдардың жапырақ сыбдыры сыршыл жүректің әсем әуенімен үн қатады.

2-жүргізуші: Рас, ақынның таңдамалылары да, ол туралы естеліктер де жарияланып жатыр. Келесі кезекте Ақұштап шығармашылығын зерттеп, пікір білдірген зиялы өкілдер тобына берсек.

Қазақтың ғажап ақыны Төлеген Айбергенов Ақұштапқа қалай тәнті болған?! Аққудың көгілдіріндей көркем қызды көрген ақын өз деміне өзі булығып, шабытына мініп, шалқып -тасып шыға келеді. Ақындық сезімін ақтарып салып, ақ тілегін қосады. «Деміме мынау алқынған, сен енді тоқтарсың ба, оралып ұшқан алдымнан, Оралдан шыққан көк қаршыға!» -деп тұлпар ақын бір орнында тыпыршып тұра алмай ауыздығын қарш-қарш шайнайды.

1-жүргізуші:


Ұқсас жұмыстар
Ақұштап Бақтыгерееваның Сіңіліге сыр өлеңі
Әке үміті
«ақұштап поэзиясын тану» қолданбалы курсы
Әнге сөз жазған-сәттерде
М.мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-сазды кештің сценарийі
Көкірегімде төрт сәуле бар төрт бақыттан тұратын...
Жырлайды жүрек
Туған жер - киесі, Дархан дарын - иесі
Жыр-менің жалғыз тарланым жайлы ақпарат
Күнделіктерінің беттерінен шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz