Ана тілі 1-сынып: Бәйшешек пен Жауқазын - 89-91 жаттығуларға арналған сабақ жоспары

Ана тілі Бекітілді:

Сыныбы: 1

Пән мұғалімі:Шөкенова Жамила Мұратбекқызы

Тақырыбы: Бәйшешек. Жауқазын. 89-91 жаттығу

Мақсаты : 1. Өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіре оқуға үйрету. Кім? Кімдер?-сұрақтарына жауап беретін сөздерді нақтылай түсіндіру.

2. Оқушыларды дұрыс оқуға, сауатты жазуға машықтандыру. Өз ойын жетік түсіндіре білуге дағдыландыру.

3. Оқушыларды табиғатты қорғай білуге, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, көкек пен сауысқанның суреті

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сауысқан мен көкек ” Мәтінін мәнерлеп оқу, талдау.

Білімді тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу.

- Сауысқанның көкекке ұя салуға ұсыныс жасау себебі неліктен?

- Көкектің қандай ойы болды?

- Сауысқан ұяны қалай салды?

- Көкек қандай құс екен ?

- Сауысқанның ұя салу әдісін мәтіннен тауып оқы.

Сергіту сәті

2. Қорытындылау

III. Жаңа сабақ:

Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау. ”Бәйшешек. Жауқазын. 89-91 жаттығу ” .

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Есте сақта!

-Кім? кімдер? деген сұрақтар адамға байланысты қойылады: аға, ата, ұшқыш, аналар.

-Не? нелер? деген сұрақтар заттар мен жануарларға байланысты қойылады:

тоқылдақ, қайың, машиналар.

Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау.

-Өздерің білетін гүлдердің атын атаңдар.

Сергіту сәті

Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту, іштей, дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту

IV. Жаңа сабақ:

Бекіту кезеңі: Дәптермен жұмыс. “Заттың атын білдіретін сөздер” тақырыбын

қайталау.

Көркем жазу минуты. Ыы \сөздер жазу\.

89-жаттығу. \өздік жұмысы\ 1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

Машинаны кім жүргізді?- Жүргізуші.

Көмірді кім қазды?- Шахтер.

Электрді кім жөндейді?- Монтер.

90-жаттығу. Заттың атын білдіретін сөздерді атаңдар( ауызша)

Оқушы, оқушылар, ұшқыш, ұшқыштар, дәптер, дәптерлер, қарындаш, қарындаштар.

-Балалар сендер қандай гүлдерді білесіңдер?

-Раушан, сарғалдақ, бәйшешек, жауқазын т. б

Бүгін біз сол гүлдер туралы өлең оқимыз.

Бәйшешек Жауқазын

Бәйшешектен білеміз Алғаш рет күркіреп,

Көктем келіп қалғаыны. Ағыл-тегіл жауса күн,

Мәз боламыз, күлеміз, Қарға шығар дүркіреп,

Көрсек гүлін жарғанын. Көктем басы- жауқазын.

Қараторғай келіпті, Ызғар әлі кеткен жоқ,

Үйшік жасап берейін. Қырлар әлі кепкен жоқ.

Алғашқы гүл көрікті- Жауқазындар көкпеңбек,

Бәйшешекті терейін. Көбейе бер көктем боп.

-Балалар, осы көктем мезгілімен қатар келетін қандай мейрамдарды білесіңдер?

-8-наурыз, 22-наурыз7-мамыр, 9-мамыр

-Неге біз қызрады гүлге теңейміз?(ойларын тыңдау)

V. Үйге тапсырма беру кезеңі:

1. Өлеңді оқу, мазмұндау.

91-жаттығу. Сөздерді көшіріңдер.

Көп нүктенің орнына Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді жазыңдар.

Кітап- . . . үй- . . .

Машина- . . . оқушы- . . .

Бала- . . . орындық- . . .

ҮІ. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып отырған баларды бағалау.


Ұқсас жұмыстар
2-сынып қазақ тілі: В дыбысы бойынша 88-91 жаттығуларға арналған сабақ жоспары
1-сынып Ана тілі сабағы: Бәйшешек және заттың қимылын білдіретін сөздер
1-сыныпқа арналған сауат ашу сабағы: заттың атын білдіретін сөздер - бәйшешек және жауқазын
Ана тілі: Тұрлаусыз мүшелер - 176-179 жаттығуларға арналған сабақ жоспары
1-сынып ана тілі бойынша дыбыс пен әріпті ажыратуға арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
1-сынып Ана тілі бойынша Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш мәтініне арналған ашық сабақ жоспары
Сөйлем мүшелері: теориялық түсінік пен практикалық жаттығуларға арналған сабақ жоспары
4-сынып: Сан есім тақырыбы бойынша 1-6 жаттығуларға арналған сабақ жоспары
1-сынып ана тілі: Біздің ту тақырыбындағы сабақ жоспары
Акробатикалық жаттығуларға арналған дене шынықтыру сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz