Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Білім әлеміне саяхат

Тақырыбы: «Білім әлеміне саяхат»

Жармухамбетова Арухан Зейновна

М.Маметова атындағы № 27 физика-математика
бағытындағы мектеп-лицейдің география пәні мұғалімі

Мақсаты:

Білімділігі - туған елдің табиғатын біліп, таулардың өзіндік
ерекшеліктеріне, өсімдігі мен жануарлар дүниесіне тоқталып, пайдалы
қазбалары туралы білімдерін кеңейтіп, жан - жақты болуға баулу.

Дамытушылығы: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттырып, жылдам
ойлап, ойын нақты жеткізуге жауапкершілікке тәрбиелеу,

Тәрбиелілігі: табиғатты аялап, туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Типі: саяхат – семинар сабақ

Түрі: дәстүрлі емес

Пәнаралық байланыс: география, биология, химия

Көрнекілігі: Карта, глобус, өсімдіктер жиынтығы, реактивтер, құрал –
жабдықтар, геологиялық минералдар, буклеттер.

Әдісі: Тауларға саяхат жасау арқылы жаңа мәліметтерді меңгеру.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен, көрермендермен, ұстаздармен сәлемдесу.

Мәжіліс залдың тазалығын қадағалау.

Оқушылардың зейінін саяхатқа аудару.

Мақсат қою кезеңі:

Саяхат сабағының негізгі мақсатымен таныстыру.

1 – жүргізуші:

Армысыздар! Құрметті ұстаздар мен оқушылар, мемлекеттіліктің негізі
болып саналатын мектеп – лицей білім ошағында өткелі отырған «Білім әлеміне
саяхат» - атты сыныптан тыс шараны ашуға рұқсат етіңіздер.

2 – жүргізуші:

Бүгінгі саяхатымызды бастамас бұрын алдымызда кездесетін бекеттермен
таныс болайық.

1.Маңғыстаудағы Қаратау бекеті

2.Мұғалжар тауы бекеті

3.Көкшетау бекеті

4.Сарыарқа тауы бекеті

1 – жүргізуші :

4.Алтай тауы бекеті

5.Жоңғар Алатауы бекеті

6.Тянь – Шань тауы бекеті

1 – жүргізуші:

2 – жүргізуші:

Ендеше жолаушылар саяхатқа аттанайық.

О, менің Маңғыстауым, Маңғыстауым!
Марқайып мақтанарым, алға ұстарым.
Өзіңде бар махаббат, бар құштарым,
 Жыр болып құйылады алғыстарым.
О, менің Маңғыстауым, Маңғыстауым,
Есімің естілсе де қай жағымнан,
Кім болсын селк етеді айбарыңнан.
Аппақ бір нұр құйылып маңдайыңнан,

Жел есіп тұр ғой қазір айдарыңнан,

Алғашқы бекет: Маңғыстаудағы Қаратау бекеті.
Маңғыстаудың қандай кереметімен таңқалдырасыз! (Сұрақ ағылшын тілінде
қойылады, ағылшын тілінде жауап беріледі).

1 – жүргізуші:

Ал екінші бекет: Мұғалжар бекеті

Алғашқы бекет сұрақ қояды: Орал тауының етегі Мұғалжар тауында қандай
пайдалы қазбалар кездеседі және кен орындарын атап берсеңіз.

Екінші бекет жауап береді.

2 – жүргізуші:

Үшінші бекетке екінші бекет сұрақ қояды: Көкшенің баурайында қандай
құпиялар жасырылып жатыр бөлісе отырсаңыз. Өсімдіктер дүниесіне не айтасыз,
ерекшеліктері неде?

Оқушы жауап береді және Көкшетау жайлы өлен шумақтарын айтады.

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы, 
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын. 
Жин-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп, 
Жүреді біліп кетіп есен-сауын. 
  
Сексен көл Көкшетаудың саясында, 
Әрқайсысы алтын кесе аясында. 
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі, 
Көкірек қанша жұтсаң, тоясың ба? 
  
Ырғалған көкке бойлап қарағайы, 
Қасында көк желекті әппақ қайың. 
Жібектей желмен шарпып төңіректі, 
Балқытып мас қылады иіс майың. 
  
Көкпеңбек құз басынан мұнар кетпес, 
Басына атсаң-дағы оғың жетпес. 
Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан, 
Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес.

1 – жүргізуші:

Осы ретпен Сарыарқа бекетінеде келіп қалыппыз, осы өңірмен танысу
мақсатында слайдқа назар аударсақ әрі қарай тамаша әнмен ұластырсақ. (Ән:
Сарыарқа, орындайтын 5 сынып оқушысы)

2 – жүргізуші:

Кәрі Алтайдың жонынан кен атады,
Дабылымен еңбекті оятады,
Алтын атқан Алтайдың өрі – қыры,
Жігерімді масатпен қайнатады.
Алтын, күміс жерінен жентектеліп
Алып күшпен боратады.
Сауық-сайран кеш болса
Еңбек әнін қосылып шырқатады.
Бүгін Алтай, Жаңғырғандай,
Ұйқысынан оянып, Шаттанғандай.

Ендігі бекетіміз Алтай таулары бекеті.

Кенді алтай туралы оқушы баяндап, Д.И.Менделеевтің өміріндегі қызықты
оқиғаларына тоқталып, металдар жайлы өлең жолдарымен жалғайды.

1 – жүргізуші:

Тау гүліндей өңің сенің шырайлы 
Көрген жанға ә дегенде-ақ ұнайды 
Тау бұлағы бұрымыңдай өзіңнің 
Тау басынан төмен қарай құлайды 

Жоңғардың етегіне де келіп жеттік.

Жоңғар Алатауының баурайында Алакөл көлі орналасақан және ол тұзды көл
деседі, одағы судың химиялық құрамын тәжірибе ретінде көрсетсеңіз.

Оқушылар судың химиялық құрамын тәжірибе жүзінде көрсетеді.

Енді қазір тәжірибеге кезек берейік.

2 – жүргізуші:

Соңғы бекетіміз Тянь – Шань тауы бекеті

1 – жүргізуші:

Бүгінгі саяхатымызда еліміздің таулы өңірлері туралы көп
мағлұмат алдық деп ойлаймыз.
Қазақстанды Азия барысына айналдырып, алдыңғы қатарлы 30 елдің
қатарына қосар білімді шәкірттеріміз көп болсын!
2 – жүргізуші:

Қазақстан – ғажапстан жәннатым
Көшіп кеткен басымыздан қара түн
Отым сенсің жанарымда жанатын
Сенсің менің ұшар жалғыз қанатым
Сенсің менің сүйенетін тірегім
Жазығыңда жалпақ басып жүремін
Сенсің менің аласармас асқарым
Сенсің менің соғар жалғыз жүрегім - дей келе бүгінгі білім
саяхатымызды назарда ұстаған ұстаздарға және қатысқан оқушылармызға
алғыс білдіре отырып саяхатымыз өз мәресіне жетті демекпіз.
Келгендеріңізге рахмет, сау болыңыздар.

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

Ұқсас жұмыстар
Жарық толқындарының қасиетін қайталау
Тақырып Ертегілер әлеміне саяхат
Сөздер аралы
Тақырып Сандар әлеміне саяхат
Литерлік шамаларға қолданылатын операциялар әлеміне саяхат
Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі
Аспан әлемі
Логикалық фокустар
Үшінші сайысымыз
География әлеміне саяхат
Пәндер