Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Асық ойыны-ұлттық ойын
Баршақұм орта мектебі
[pic]
Дайындаған: Сенбаева Жаннұр
2015-2016 оқу жылы
Күні:14.03.16ж
Сыныбы:5кл
Сабақ тақырыбы: Асық ойыны-ұлттық ойын!
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту,
бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту.
Дамытушылық: Асық ойнату арқылы оқушыларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке
жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ
халқының брендттерін сақтап әлемдік денгейдегі спорттық ойындар қатарына
қостыруға ой туғызу.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
I. Психологиялық тренинг.
Қазір сендер мына қобдишаны бір-бірленіңіздің қолдарыңа
бересіңдер.Қобдишаның ішіндегі зат суреттеуіміз керек. Ішінде не бар екенін
табамыз. Ойымыздың жинақтап болсақ сабақты бастайық.
II. Суретпен жұмыс
Ұлттық ойындарды атаулары қажет суреттен қарап. Теңге алу, Көкпар,
Алтыбақан, Курес және Арқан тарту.
III. Сандармен сырласу
| |2 |5 |7 |9 |
|3 |А |Қ |Й |Л |
|4 |Ы |Н |Л |Т |
|6 |О |Ұ |С |* |
6,42,8,15,12,21,8,20,8,27,30,28,36,36,8,15,12,21,8,20.
Жауап: Асық ойыны-ұлттық ойын
IV. Ой қозғау:
Мұғалім:
- Асық туралы не білеміз?
Оқушылар:
- Асық - қазақ халқының ұлттық ойыны
- Асық қазақ халқының, ырымдарында қадірлі сүйектің бірі.
- Баласының ермегі, ойыншығы, сүйікті ойыны болған
Мұғалім:
Асық ойыны неше жастан бастап ойнадыңыздар?
Оқушылар:
-Кішкентай кезімізден.
Мұғалім:
- Асық ойынын не себептен спорттық - олимпиада ойындарының қатарына қоспай
отыр?
Оқушы:- Себебі, асық ойыны ұмытылып, асылын айтқан себептермен ойын ретінде
шеттетілді,
V. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына,
шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық
ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Әсіресе, қойды көп
өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді.
Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан
көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке
жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді
Асық ойыны, баланың күн ұзақ қимылына тигізер әсері мол. –
Ойын барысында: • жүгіру • жүру • иілу • секіру • сақа иіру • көздеп
тигізу • лақтыру, ату т. б, жатады
VI.Асықтың түрлері:
Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңның санының орта тұсында орналасқан асық
жіліктен алынады. Оның түрлері көп. Атап айтқанда:
Сақа – асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық жеткен еркек қойдан
(серкеден) немесе қошқар-текеден алынады.
Кеней – көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар.
Шүкейт – жас малдың асығы.
Қойлық – қойдың асығы.
Ешкімек – ешкінің асығы.
Құлжа – құлжаның асығы.
Көктабан – қорғасын құйылған салмақты сақа асық.
Топай – сиырдың асығы.
Жабай – ірі асықты айтады.
Қолқар – арқардың асығы
Асықтың оңқай не солақай екенін ажырату
[pic]
Асықтың құрылысы
[pic]
VII. Асықтың тұрысының атаулары:
Алшы – асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы.
Тәйке – асықтың алшыға қарама-қарсы жағы.
Бүге – асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі.
Шіге – асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі.
Омпы – асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып
қалуы.
Шоңқай – асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі.
VIII.Асық ойын түрлері
Хан талапай
Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі — «Ханталапай». Балалар бұл ойынды
үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек
қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады.
Ойын жүргізуші қолындағы асықты «ханталапай» деп ортаға қарай шашып
жібереді. Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол
жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты — балалардың жылдамдығын
жеделдету, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін
жетілдіру.
Омпа
Асық ойынының бір түрін «Омпа» деп атайды. Бұл ойынды көбінесе бозбалалар
ойнайды. Оны таза ауада алаңда, не үлкен бөлмелерде ойнауға болады.
Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынның мақсаты — асық ұту. Ойнаушылар
арасы 20 қадам екі көн сызады да біріншісіне төрт бұрыш жасайды (оның
көлемі өзара келісіледі) дәл ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы өздерінің
асықтарын тігеді. Тігілген асықтардың ортасына бір асық мұртынан «Омпа»
тұрғызады. Ойнаушылар екінші белгіленген жерден бірінің артына бірі тұрып
әркімнің өз кезектері бойынша, қолдарыңдағы сақаларымен «омпаны» ата
бастайды. Егер кімде-кім омпаға тигізсе және оны төрт бұрыштың шетіне
шығарса, онда көндегі асықты түгел алады. Ал омпаға тимей, жанындағы
асықтарға тисе, оны да төрт бұрыштың шетіне шығара алса, онда сол атқан
асығын ғана алады. Асық таусылған сайын, көнге асық қайтадан тігіліп
отырылады. Ойын жалғаса береді.
Тас қала
Асық ойынының ендігі бір түрі —«Тас қала» деп аталады. Ойынға
қатынасушыларға шек қойылмайды. Олар тегіс жерді таңдап алып шеңбер сызады
да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды. Сонан
соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн
белгіленеді. Оның қашықтығы 7—8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып
бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы
түссе ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады
Хан
Асықпен ойнайтын ойынның бір түрі—«Хан» ойыны. Ойынға қатынасушыларға шек
қойылмайды. Ойынға қатынасушылар көнге қаншадан асық шығаратынын алдын ала
келісіп алады. Көнге жиналған асықтарды бір жерге басын қосып біріктіреді.
Сонан кейін көп асықтың ішінен бір белгілі асықты «хан» сайлайды. Екінші
ойыншылар көнге жиналған (әр ойыншы не бес, не он асықтан қосуға тиіс)
асықты иіретін ойын жүргізуші тағайындап алады. Ол жиналған асықты ортаға
екі қолдап иіріп тастай береді. Барлық асықтарды иіріп болған кезде «хан»
көп асықтың арасында көрінбей қалуы мүмкін.
Құмар
Асықпен ойнайтын ойынның тағы бір түрі — «Құмар». Бұл ойынды үлкен - кіші
демей ойнай береді. Ойынға қатынасушылардың саны 5 — 6 адамнан аспауы
керек. «Құмар»— үйде, аулада, тақыр, тегіс жерде отырып ойнайтын ойын.
Ойынға төрт асық қажет. Олар мұқият тазартылып, түрлі - түсті бояуға
боялады. Ойынды кімнің бірінші болып бастайтынын асық иіру арқылы шешеді.
IX.Бейнебаян
Асық ойынының негізгі ережелері
Сергіту сәті: Ойын ережелерін түсіндіру.Дене тәрбиесінің мұғалімін
ортамызға шақырып балдарға асық ойнату
Асыққа байланысты ырымдар:
А. Келінінің аяғы ауырлап босануға тақағанда, енесі не атасы ырымдап асық
жинап жүреді. Атаның құдай ұл берсе деп тілегені. Оны жасырып оңаша келінге
сездірмеуі мүмкін. Ондағы ойлары көз тимесін, келін аман - есен, босанса
екен деп тілек тілеуінің бір тәсілі.
Ә. Ер баланың бесігіне қасқырдың асығын, тырнағын тағуы мүмкін, ауырмасын -
көз тимесін және айбатты, қайтпас қайсар, болсын дегені. Қыз баланың
бесігіне - еліктің асығын, әдемі сұлу ел қызығар көркі болсын дегені.
Асық ескерткіші
Алматыда асық ескерткіші 1999 жылы тұрғызылған екен.Авторы – Сәкен Нарынов.
Ескерткіштің биіктігі – 2,5 метр, ұзындығы – 4 метр
Қазіргі таңдағы ұлттық спорт түрі асық ойыны.
Қазіргі таңда ұлттық спорт түрлерінің жаңа серпін алып, қайта жаңарып,
қолға алынып күн сайын дамып келе жатқаны байқалады.
Асық ойыны Ұлттық спорт Федерациясының Президенті: Мұрат ӘБЕНОВ басшылық
жасап жур.2005жылдан бастап жыл сайын турнир өткізіліп келеді дәстүрлі
түрде.
Бейнебаян
Қазіргі заманғы асық ойыны
Ой қозғау
Бейнебаян арқылы ой қозғау компьютер ойынымен асық ойынының пайдасымен
зияннын жазу.Компьютер ойындары баланы ашушаң, қатігез, мейрімсіз етеді Көз
жанарын бұзады. Қазір екі баланың бірі көзілдірік киеді, ал Асық ойыны
бұрын батырларымызды мергендікке тәрбиелеген.
Рефлексия:Сабақтан қандай әсер алғандарын жазу.Кері байланыс.
Қорытынды: Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата –
бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр,
қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек,
бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны
қалыптастырады. ұлттық ойынымыздың бірі- асық ойынымен тереңірек танысып,
ойнадыңыздар. Келешекте осы ойынды одан әрі дамытып, ұмыт қалдырмай,
өздеріңнен кейінгілерге де жеткізесіздер деп сенемін. Асықтарыңыз алшысынан
туссін -дегім келеді барлықтарыныздың.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz