Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Анаға сыйлық

Тақырыбы: Анаға сыйлық
Мақсаты: Тіршілікті жалғастырушы аналардың өмірі,олардың
қасиеті,құдіретілігім неде екенін оқушыларға түсіндіру. Ананы сыйлай және
құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
«Анаға тілек» әр оқушы өз тілектерін білдіру.
Мұғалім
-Ана !Ана ! Не деген мейірлі шапағатты сөз еді.Осынау үш әріптен құралған
қасиетті сөздің түп –төркінінде қанша ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен
қасиетті ,бар махаббат пен шапағатты сидырып тұрған ана сезімін
қадірлемейтін жан бар ма екен?! Жақсылық атаулының бәрі ана сүтінен
таралған.
Ақбота:
Анашым қымбатсың ғой сен маған,
Қарыздармын ақ сүтіңе жан анам.
Сен менің тілегімсің,
Мен сенің тірегіңмін.
Анашым, анашым.
Сен менің жүрегімсің.
Зарина:
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген- бәйтерегі өмірдің
Ана деген- алтын қазық, алтын бақ.
Исламбек:
Ана деген –асыл жандар болаттай
Ана деген-мөлдір жандар бұлақтай
О, адамадар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл-ойды тоқтатпай.

Көрініс:
Ару ... Ана бүкіл әлемнің , бар тіршіліктің мәні осы екі ұғыммен
өзектесе жатады екен. Ару деген сөз адалдық, арлылық, асқақтық атты
қасиеттермен қабысып жатса,
Ана сөзінің аясында асыл, аяулы ,ардақты ,құдіретті сезімдермен тоғысып
жатады.

Қазірет пайғамбарға бір адам келіп;
-Мен бір күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?- деп сұрайды.
Сонда пайғамбар:
-Анаң бар ма-деп сұрайды.
-Бар, -деп жауап берді әлгі адам.
-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар.

Айбол:
Кешегі еркелерің ержетеді
Ұмытпас бесік жырын, тербеткенді.
Арман не-өтей алсақ ғұмыр бойы
Біз үшін Ана төккен еңбектерді

Нұрдәулет:
Анашым бесігіңді тербеткенсің
Нәр алып ақ сүтінен ержеткенмін
Мен сенің бала гүлің,
Сен менің ана жырым.
Анашым, анашым,

1.Ойын:
«анама» өлең құрау
...... жасырып
.... асырып
.... анашым
... ұқсағым

«Жақсы бала» өлең құрау
Сабақта мен.....
Жаман бала....
Жақсылармен....
Айтқан серттен...
Үлкендерді....
Айтқандарын.....
Көмектесем....
Көрдіңдер ме, мен ... !
Тапсырма: «Анаға сыйлық» әр оқушы өз анасына сыйлық сурет салу
Қортындылау : «Менің анам» тақырыбында эссе жадыру және оқыту
Ана –бала , бала –ана бір ұғым
Бір бірінсіз жоқ олардың бақтары
Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын
Екеуінің өтсін бірге уақытты.

Қостанай облысы,
Жангелдин ауданы, Ақшығанақ ауылы
Қ.Топаев орта мектебінің 8-сынып жетекшісі:
Өсеров Асылхан Берікұлы

Ұқсас жұмыстар
Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, Анаға қарап қыз өсер
Ана - өмірдің шуағы жайлы
Анаға сыйлаймыз
Айналайын,ақ анам!
Құрметті аналар
«анашым деп мақтанам»
Кәусар бұлақ тұнығынан
Қыз бала одан
Өмірге риза болып, алғыс айт
"жігіттер аруларды құттықтайды" атты тәрбие сағаты, 6 сынып
Пәндер