Тақырып Өнегелі отбасы

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы
Саттар Ерубаев атындағы жалпы орта мектебі
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: « Өнегелі отбасы »
9 «а» - сынып
Дайындаған: Ж. Зиядаева
Боралдай 2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: Өнегелі отбасы
Мақсаты:
-Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қатысуына, ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
-Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
-. Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер «Бала тәрбиесі - бесіктен»,
«Ата - бәйтерек, бала - жапырағы», карточкалар, слайдтарды қолдану.
Ұйымдастыру кезеңі:
ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мұғалім сөзі: “ Өнегелі отбасы”.
- “ Есімдер ” жаттығуы.
- “Сәлем хат” жаттығуы.
- “ Теңеу ” тренингі.
- “ Қызықты сұрақтар”.
- “ Ия, жоқ” ойыны.
- «Тіл өнері» мақал-мәтел сайысы
- «Ой жинақтау»
- Бейнежазба көрсету
- “Тілек гүлі” жаттығуы.
Қорытындылау :
Мұғалім сөзі:
Құрметті ата-аналар, оқушылар! Бүгін біз « Өнегелі отбасы » тақырыбындағы тренинг сабағымызды бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты - балада» деген екен. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек.
Адамның адамшылығы-ақыл, білім, жақсы ата-анадан, жақсы ұстаз, жақсы құрбыдан болады. Абай
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам дейді. Біреуі - білсем, не көрсе соған талпынып, “ол не?”, “бұл немене?”, “неге олай?” - деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық бөрмейді. Мұның бәрі - білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені. Жетінші сөз.
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата - ана алдында нәзік те қиын, қыр - сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінен, ата - анадан артық тәрбиеші жоқ. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу - отбасы мен мектептен алған үлгі - өнеге жиынтығының жемісі. Ендеше, бүгінгі сабағымызды бастайық.
І бөлім «Есімдер жаттығуы».
- Ата-аналар өз балаларын тереңірек таныстару.
- Ата-аналар өз балаларына қойылған аттарды (есімдерді) қорғайды, яғни балаларының атын қою тарихын, кім қойғанын, не үшін, кімнің құрметіне қойылғанын түсіндіріп айтып шығады.
ІІ бөлім. «Сәлем хат» жаттығуы
«Сәлем хат» жаттығуында оқушылар ата-аналарына арнап хатты үйден орындап келеді. Ата - аналары балаларының хаттырына жауап хат жазады. «Менің сүйікті балама. . . », «Менің сүйікті ата-анама. . . »
ІІІ бөлім . «Теңеу тренингі»
- Ата - анаңды неге теңейсің?
- Ата - анаңның өзіңе ұнайтын ерекше қасиеттерін ата.
ІҮ бөлім. «Қызықты сұрақтар »
1. Балаңыздың туылған күні қашан?
2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ-киім киеді?
4. Балаңыздың парталас көршісі кім?
5. Бүгін сабақтан қандай баға алды?
6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8. Қай спорт түрімен шұғылданады?
9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
10. Балаңызға неше рет ренжідіңіз?
V бөлім. «Ия, жоқ» ойыны
Ия - десеңіз қолдарыңызды шапалақтайсыздар
Жоқ - десеңіз аяқтарыңызды тарсылдатасыздар
1. Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана
бірдей ықпал жасайды ма?
- “Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін
құлыңдай қина, он үштен ары қарай сырласыңдай сыйла” деген мақалмен
келісесіз бе?
- Балалар 11-сыныпты бітірген соң бостандық деп қуанады.
- “Ісін өндіре алмаған қырсық бала, қырсығын әкесінен іздейді”.
- Адамның негізгі құқығы ата-анаға байланысты.
- Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.
Жағдаяттық сауалдарды оқушыларға беру.
- Сенің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?
- Ұзақ тоқсан, досың сабақ оқуын азайтып, сабақ үлгерімі төмендеп кетті, ал сен не істейсің?
- Сенің сабақ үлгерімің орташа. Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттерінді көре білмейді. Сен не істейсің?
- Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды. Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?
- Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?
VІ бөлім
«Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz