Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті
Файл қосу
Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Назгүл Сейпатталқызы Умарова
Сабақтың тақырыбы: «Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: сөз зергері, ұлттық сөз өнері тарихындағы зор тұлға- Ғабит
Мүсіреповтың жасаған игі істерін зерттей, оның шығармаларын оқушыларға өз
беттерімен оқыта отырып, тірек сызбалар арқылы бағыт-бағдар беру,
шығармаларының идеялық тақырыбын жан-жақты ашу.
ә) дамытушылық: Ғабит Мүсірепов әңгімелеріндегі заман сипатын, әділдік пен
адамдық үшін күрескен аналар бейнесін тарих пен әдебиеттің үндесетінін табу
арқылы таныту, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту, іздемпаздық ой-өрісін
дамыту, сөздік қорын бағалау.
б) тәрбиелік: жазушының өнегелі өмірін, қайратын үлгі ете отырып,
оқушыларды туған халқы үшін аянбай еңбек етуге, ерлікке, мейірімділікке,
елін сүюге баулу
Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, сұрақ-жауап, жинақтау, топтастыру.
Сабақтың түрі: пікір айту, ойталқы, шығармашылық сабақ.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың барысын, мақсатын түсіндіру.
Жаңа сабақ. Кіріспе бөлімді слайдта Ғ. Мүсіреповтың фото суреттерін,
мұражайдың суреттерін көрсетіп отырып әңгімелеймін.
Сабақ З. Қабдоловтың мына сөздерімен (эпиграф ретінде алынған) басталады:
«Ғабит Мүсірепов – ардақты ат! Мүсірепов туралы мың сөзден «Мүсірепов»
деген сөздің мағынасы әлдеқайда терең, мазмұны әлдеқайда бай. Демек,
Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ, Мүсіреповпен мақтану керек».
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов – ұлттық сөз өнерінің тарихында мәңгі қалатын өз
мектебі, қайталанбас өрнегі, өшпес ізі бар, сөзі сара, ойы терең зор
тұлға.
Өзін қазақпын деп есептейтін, ана тілінің қадір-қасиетін біліп өскен әрбір
азамат өз өмірінде Ғ. Мүсіреповтың қаламынан шыққан қайталанбас дара да,
әсерлі шығармаларын сүйсіне оқи отырып, олардан тәлім-тәрбие алғаны даусыз.
Керемет дарындылығымен, ізденгіштігінің арқасында Ғ. Мүсірепов қазақ
әдебиетінің алдыңғы шебіндегі маңдай алды қаламгерлерінің бірі болып қалды.
Көркем сөзді түсіне білетін, өз Отанын, ана тілін қадірлейтін қазақ
оқырманының жүрегіне ол өзінің әңгімелерімен, «Қазақ солдаты», «Оянған
өлке», «Ұлпан» секілді кесек туындыларымен, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Қыз
Жібек», сияқты шығармаларымен ұялап, олардың сый сияпатына,
сүйіспеншілігіне бөленді. Бүгінгі сабағымызда атамыз жайлы сыр шертісіп, ой
бөлісеміз.
Негізгі бөлім. Сабақ кезеңдер бойынша өтеді.
1 кезең. Дарынды жазушы. (Эссе жазу)
2 кезең. Кластер жасау.
[pic]
3 кезең. Сөз зергері.
-Балалар, «Ана» тақырыбы – үлкен де ауқымды тақырып, оны әр адам өзінше
түсінеді, өзінше қағазға түсіреді, өзінше жырлап, бейнелейді. Атамыз Ғабит
те өзінше суреттеген, ал сіздер «Ана» деген осынау қасиетті сөзді қалай
түсінесіңдер? Тақтаға шығып, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін мына тірек
сызба арқылы топтастырыңыздар.
4 кезең. Драматург – Ғабит Мүсірепов.
Пьесаларды кесте арқылы талдау.
|Пьесаның аты |Тақырыбы |Не туралы? |Басты |Олардың |
| | | |кейіпкерлер |күресетін |
| | | |мен олардың |жаулары. |
| | | |қасиеті. | |
| | | | | |
Өздерің мектептен білетін «Қозы Көрпеш –Баян Сұлу» пьесасынан үзінді
көрініс көрсетіңдер.
5 кезең. Венн диаграммасы.
«Қыз Жібек» киносы мен «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» пьесасының қандай
айырмашылығы бар екенін түсіндіріңдер.
[pic]
6 кезең. Деңгейлік тапсырмалар
1 деңгей.
1. Өз өмірі жайлы қай әңгімесінде сипаттаған? (Автобиографиялық әңгімесі).
2. Ғабиттің қара сөзбен жазған поэмасы қалай аталады? («Кездеспей кеткен
бір бейне»)
2 деңгей.
1. Кімнің шығармаларын қазақшаға аударды? (М. Горькийдің)
2. Қай жылы қайда туған?
3. Қай жылы қайтыс болған?
3 деңгей.
1. 1923 жылы кімнің жетелеуімен Орынбор қаласындағы рабфакқа оқуға түседі?
(С.Мұқанов)
2. 1916 жыл ұлт-азаттық қозғалысы мен Азамат соғысының көрінісін, ауыл
тіршілігі мен әйелдер тағдырын суреттеген әңгімесі қалай аталады?
(«Тулаған толқындар»)
7 кезең. Үй жұмысы: Ғ. Мүсіреповке хат жолда.
Сабақты қорыту. Ой қозғау. (Бүгінгі сабақ туралы оқушылар өз ойларын
ортаға салады.)
Бағалау.
-----------------------
«Қыз Жібек»
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»
ұқсастығы
Ананың көңілі –балада,
Баланың көңілі-далада
Ананың қолы-жұмсақ,
Баланың – тілі жұмсақ.
Ананың сүті – тәтті,
Баланың тілі – тәтті
Ана - өмірдің нұры
Ана – қасиетті адам
Ана –ардақта ат
А
Н

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz