Көмей. Кеңірдек. Бронхтар

Астана қаласы
Медициналық колледж
Жалпықәсіптік циклінің оқытушысы
Салпенова М. О.
Сабақтың тақырыбы: Көмей. Кеңірдек. Бронхтар.
Сабақтың мақсаттары:
Білімдік мақсаты: 1. Көмейдің топографиясын және құрылысын көрсетіп
түсіндіру.
2. Кеңірдектің орналасуын және құрылысын көрсетіп
түсіндіру.
3. Бронхтардың орналасуын, құрылысын және
тармақталуын көрсетіп түсіндіру.
4. Үй тапсырмасын тексеру.
Дамытушылық мақсаты: 1. Алған білімдерін өмірде және клиникалық пәндерде
қолдана білуге үйрету.
2. Білімдерін жан-жақты медициналық әдебиеттердегі
жаңалықтарды оқу арқылы толықтырып отыру.
3. Оқушылардың білімін, логикалық ойлау
қабілеттерін тереңдету.
Тәрбиелік мақсаты: : 1. Анатомия пәніне деген сүйспеншіліктерін және
қызығушылықтарын дамыту.
2. Этика деонтологиялық және эстетикалық тәрбиелеу.
3. Өз ойларын толық жеткізуге, дұрыс сөйлеуге
көңіл аудару.
4. Оқушыны байыптылыққа, дағдарыстан шыға білу
жолдарын дұрыс таба білуге үйрету.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың берілген уақыты: 90минут
Сабақтың өтетін жері: интерактивті тақта класы
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі - 3-5мин
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі - 20-25мин
3. Білім алушыларды жаңа білімді игеруге дайындау кезеңі - 2мин
4. Жаңа білімді түсіндіру кезеңі - 40мин
5. Жаңа білімді игергендігін тексеру кезеңі - 2-5мин
6. Жаңа білімді бекіту кезеңі - 15мин
7. Қорытындылау кезеңі - 5мин
8. Үй тапсырмасын беру кезеңі - 3-5мин
Сабаққа қажетті құрал жабдықтар: интерактивті тақта, компьютер, кестелер, суреттер,
слайдтар, жұмыс бағдарламасы, дәріс.
Пәнішілік байланыс:
1. Сүйек жүйесі.
2. Бұлшықет жүйесі.
3. Асқорыту жүйесі.
4. Жүрек-қантамыр жүйесі.
5. Нерв жүйесі.
Пәнаралық байланыс:
1. Ішкі аурулар пропедевтикасы мен терапиядағы мейірбике ісі пәні: «Тыныс алу ауруларының
тексеру тәсілдері», «Тыныс алу жолдарының аурулары».
2. ЛОР-аурулары «Көмей аурулары».
3. Физиология пәні: «Тыныс алу жүйесінің физиологиясы».
4. Гистология пәні: «Ұлпалар».
5. Патологиялық анатомия пәні: «Созылмалы бронхит».
6. Латын тілі пәні.
7. Орыс тілі пәні.
8. Дене шыңықтыру пәні.
9. Экология пәні.
Қолданылған әдебиеттер:
Негізгі:
Күзенбаева Ә.
«Адам анатомиясы»
128-133б
Қосымша:
Рақышев А.
«Адам анатомиясы»
І ІI том, 10-22б
Күзенбаева Ә.
«Адам анатомиясының атласы»
Привес М. Г.
«Анатомия человека»
381-392б
1. білім алушылардың сабаққа қатысуын, сырт пішіндерін, көңіл-күйлерін, дайындықтарын тексеру, бақылау.
2. сабақтың жоспарымен, мақсатымен таныстыру.
1. «миға шабуыл»
2. тест бақылау, 1сұраққа - 1, 5мин
20-25мин
5-7мин. қосымша 1
15мин. қосымша 2
2мин
қосымша 3
40мин
қосымша 4, 5
15мин
қосымша 6
«Көмей. Кеңірдек. Бронхтар. »
Сұрақтар (тақырыпқа байланысты)
Негізгі әдебиеттер:
Күзенбаева Ә.
«Адам анатомиясы»
128-133б
Қосымша әдебиеттер:
Рақышев А.
«Адам анатомиясы»
І I том, 10-22б
3-5мин
қосымша 7
Қосымша 1
Миға шабуыл
1. Тыныс алу жүйесі қандай екі бөліктен тұрады?
Тыныс алу жолы және газ алмасу мүшесі.
2. Тыныс алу жолына қандай мүшелер жатады?
Мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, бронхтар.
3. Газ алмасатын мүше?
Өкпе.
4. Жоғарғы тыныс алу жолдарына қандай мүшелер жатады?
Мұрын қуысы, көмей.
5. Төменгі тыныс алу жолдарына қандай мүшелер жатады?
Кеңірдек, бронхтар.
6. Тыныс алу жолдарының ерекшелігі?
Қабырғасы қатты ұлпадан тұрады.
7. Мұрын қуысының құрылысына қандай сүйектер қатысады?
Торлы, сынатәрізді, жоғарғы жақ, маңдай, мұрын, көзжас, таңдай сүйектері.
8. Мұрын қуысының орысша, латынша және грекше аттары.
Полость носа, cavitas nasi, rhinos.
9. Мұрын қуысының қай бөлігінде иіс сезу рецепторлары орналасқан?
Мұрын қуысының жоғарғы бөлігінде.
10. Мұрын қуысының ішкі шырышты қабаты қандай эпителиймен қапталған?
Кірпікшелі эпителиймен.
11. Төменгі мұрын жолына не ашылады?
Көзжас өзегі.
12. Жоғарғы жақ сүйектің ауа қуысының өзегі қайда ашылады?
Ортаңғы мұрын жолына.
13. Мұрын қуысы мен жұтқыншақтың арасындағы тесік қалай аталады?
Хоаналар.
14. Тыныс алу мен асқорыту жолы қай мүшеде айқасады?
Жұтқыншақта.
15. Мұрын қуысы мен ауыз құысын не бөліп тұрады?
Қатты және жұмсақ таңдай.
Қосымша 2
І - нұсқа
1. Тыныс алу жүйесінің негізгі қызметі:
а) артерия қан қысымының тұрақтылығын сақтайды
ә) сір сұйықтығын бөледі
б) гормон бөледі
в) денені оттегімен қамтамасыз етеді
г) денедегі жылу алмасуын реттейді
2. Мұрын қуысының латынша аты:
а) cavitas nasi
ә) cavitas oris
б) vesica urinaria
в) thorax
г) pulmones
3. Жоғарғы мұрын жолына қайсы сүйектің ауа қуысының өзегі ашылады?
а) жоғарғы жақ сүйектің
ә) маңдай сүйектің
б) сынатәрізді сүйектің
в) көз жас өзегінің
г) шеке сүйектің
4. Мұрын қуысы жұтқыншақпен қалай жалғасады?
а) хоаналар арқылы
ә) танау арқылы
б) есту түтігінің тесігі арқылы
в) зев арқылы
г) жауап жоқ
5. Төменгі мұрын раковиналары қандай сандармен көрсетілген?
а) 16
ә) 14
б) 12
в) 15
г) 13
6. Тыныс алу дегеніміз қандай құбылыс?
а) сыртқы тітіркендіргішке дененің жауап әсері
ә) дене мен сыртқы орта арасындағы газ алмасу (өкпедегі газ алмасу)
б) ішкі орта тұрақтылығы
в) артерия қан қысымының тұрақтылығы
г) альвеоладағы қан қысымының тұрақтылығы
7. Ортаңғы мұрын жолына қайсы сүйектің ауа қуысының өзегі ашылады?
а) maxilla
ә) mandibula
б) os parietale
в) os temporale
г) os sphenoidale
8. Тыныс алу жүйесінің латынша аты:
а) systema digestorium
ә) systema lymphaticum
б) systema respiratorium
в) systema urogenitale
г) systema centralе
9. Сыртқы мұрынның шеміршектері:
а) бүйір шеміршектері
ә) мұрын канатының шеміршектері
б) мұрын қалқасының шеміршегі
в) барлық жоғарыда көрсетілген
г) дұрыс жауап жоқ
10. Мұрын қуысын құрайтын сүйектер:
а) торлы сүйек
ә) төменгі жақ сүйек
б) шеке сүйегі
в) шүйде сүйегі
г) дұрыс жауап жоқ
ІІ-нұсқа
1. Тыныс алу жолдарының құрылысында қандай ерекшеліктер бар?
а) қатты тіндерден құралған
ә) түлейтін көпқабатты эпителиймен қапталған
б) бірыңғай салалы бұлшық еттерден тұрады
в) нерв ұлпадан тұрады
г) сір сұйықтығын бөледі
2. Иіс сезу аймағы қайда орналасқан?
а) жоғарғы мұрын кеңсірігінің (раковина) шырышты қабатында
ә) ортадағы мұрын кеңсірігінің шырышты қабатында
б) төменгі мұрын кеңсірігінің шырышты қабатында
в) мұрын айналасындағы қуыстардың шырышты қабатында
г) мұрын қуысының кеңсірігінде
3. Мұрын қуысының шырышты қабаты қандай эпителиймен қапталған?
а) бір қабатты жазық эпителиймен
ә) көп қабатты түлемейтін эпителиймен
б) көшпелі эпителиймен
в) бір қабатты кірпікшелі эпителиймен
г) бір қабатты көпше эпителиймен
4. Төменгі тыныс алу жолына қайсы мүшелер жатады?
а) кеңірдек, бронхтар
ә) бронхтар, өкпе
б) мұрын қуысы, көмей
в) көмей, кеңірдек
г) бронх талы
5. Мұрын қуысынан тыныс алудың қандай артықшылығы бар?
а) ауа мұрын жолдарында жылынады
ә) ауа мұрын жолдарында тазарады
б) ауа мұрын жолдарында ылғалданады
в) ауа мұрын жолдарында әртүрлі шаң- тозаңнан тазарады
г) барлық жауап дұрыс
6. Суретте мұрын қуысында 14, 16 сандарымен не көрсетілген?
а) жоғарғы, ортаңғы мұрын жолдары
ә) ортаңғы, төменгі мұрын жолдары
б) иіс сезу аймағы
в) мұрын айналасындағы қойнаулардың тесігі
г) төменгі және ортаңғы кеңсірік
7. Тыныс алуға қатысатын бұлшықеттер:
а) дельтатәрізді бұлшық еті
ә) екі басты бұлшық еті
б) трапеция тәрізді бұлшық еті
в) көк еті, қабырға аралық бұлшық еттер
г) ромбы тәрізді бұлшық еті
8. Тыныс алу мен асқорыту жолы қай мүшеде айқасады?
а) rhinos
ә) cavitas oris
б) cavitas nasi
в) thorax
г) pharynx
9. Мұрын қуысының грекше аты:
а) rhinos
ә) cavitas oris
б) vesica urinaria
в) thorax
г) pulmones
10. Мұрын қуысы мен ауыз қуысын бөліп тұратын сүйек:
а) тіласты сүйек
ә) төменгі жақ сүйек
б) шеке сүйегі
в) шүйде сүйегі
г) жоғарғы жақ сүйегі
Жауаптары
І-нұсқа
1. в
2. а
3. б
4. а
5. в
6. ә
7. а
8. б
9. в
10. а
ІІ-нұсқа
1. а
2. а
3. в
4. а
5. г
6. б
7. в
8. г
9. а
10. г
0 - «5»
1-2 - «4»
›2 - «3»
›3 - «2»
Қосымша 3
Тақырыптың өзектілігі
Статистика бойынша тыныс алу мүшелерінің аурулары бірінші орында тұрады. Ларингит, трахеит, бронхит аурулары жиі кездеседі. Себебі ластанған сыртқы орта, экология мәселелері, иммунитеттің төмендеуі және адамдардың физикалық дайындылығының аздығы. Соның ішінде ларингит, бронх астмасы жиі кездесетінін өздерің білесіңдер. Бұл ауру кезінде көмейде, бронхтарда қабыну үрдісі нәтижесінде сөл бөліну, бронхтардың тарылуы байқалады. Нәтижесінде тыныс алу қиындап, оларға сендер жедел көмек көрсетулерің керек болады. Сондықтан осы мүшелердің құрылысын, топографиясын, қызметін терең зерттеп, білулерің керек.
Қосымша 4
Көмей. Кеңірдек. Бронхтар.
Жоспар
1. Көмейдің орналасуы, құрылысы. Көмейдің жұп және тақ шеміршектері. Көмейдің бұлшықеттері. Көмей қуысы.
2. Кеңірдектің орналасуы, топографиясы. Кеңірдектің құрылысы.
3. Бронхтардың орналасуы, тармақталуы.
1. Көмейдің орналасуы, құрылысы. Көмейдің жұп және тақ шеміршектері. Көмейдің бұлшықеттері. Көмей қуысы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz