Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Рахмет саған, бастауыш
Ақтөбе облысы Қандыағаш қалалық №5орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі:Жубаниязова Гульжан Жолдасқызы
Тақырыбы: Рахмет саған, бастауыш.
Мақсаттары: Оқушыларға қолдарын тұңғыш ұстаған әліппе оқулығы жайлы
білімдерін пысықтау. Ана тілі оқулығымен таныстыру.
2.Оқушылардың ой-өрісін одан әрі дамыту,кеңейту.
3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, кітапты бағалауға, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар, шарлар, сөздер.
Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар,ұстаздар! Шәкірттердің қолдарына
тұңғыш рет ұстап,бетін ашқан оқулығы Әліппе. Барлық ғылымның атасы,
болашағымыздың негізі- әліппемен қоштасу тойына хош келіпсіздер
деп,ертеңгілігімізді бастайық.
Еркеназ:Армысыздар,мұғалімдер әз жандар
Білім іздеп,инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.
Ернұр: Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Хош келіпсіз,ұстаздар,ата-аналар
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мұғалім: Өсті міне бойларың
Өсті міне ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың.
Балалар іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: Болашаққа жол бастар,
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім: Олай болса, бәріміз қымбат дос Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе!
Әліппе:Армысыздар, жас достар!
Армысыздар ата-ана.
Болашаққа жол бастар
Әліппе келді ортаға.
Білім деген ғажйыптың
Әліпбиін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Балалар сендердің алған білімдеріңді тексеру үшін сұрақ қояйын?
-Балалар әліппені алғаш жазған кім? /Ахмет Б./
-Балалар,сендерге Ыбырай аталарың қандай өсиет қалдырды?/мектеп
ашып,білімге, құштар болыңдар деді/
-Қазақ тілінде неше әріп бар?
-Неше дыбыс бар?
Мұғалім: Құрметті Әліппе ,сіз шаршаған шығарсыз келіңіз тойымыздың төріне
шығыңыз, балалардың сізге айтары көп отырып тыңдаңыз.
Мөлдір: Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым ағасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Карим: Іші толған әріпке
Жақсы кітап Әліппе.
Барлық білім-ілімнің
Ағасы осы Әліппе.
Фатима: КЕлгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертек те,
Үйреткен оны әліппе.
Дамир: Әліппе деген даңғыл жол
Тырысып бақ намысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
Еркежан: Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзі Әліппе.
Том-том қалың кітаптың
Басы болар Әліппе.
Еркеназ: Анам менің, әкем де,
Атам менен апам да.
Шопан,ұшқыш,ғалым да,
Небір мықты дарын да,
Тіл сындырған әріпке
Ашқан алғаш әліппе-деп келесі кезекте ӘН «Әліппе»
Мұғалім: әр жігіттің үш жұрты бар демекші, осы әліппенің де балалар үш
жұрты бар екен.
Әліппенің өз жұрты қызыл галстук тағып келіпті кәне, балалар олар кімдер
екенін сұрайық?
Балалар: А О Ө Е
Бұлар қандай дыбыс шығарып жатыр?
Балалар: Дауысты дыбыстар.
Екінші жұрты нағашы жұрты көк галстук тағып келіпті олардан сұрайық кім
екенін?
Балалар: т,п,Қ,с.н
Балалар :Дауыссыз дыбыстар.
Балалар үшінші қайын жұрты: Жуандық және жіңішкелік белгілері екен.
Балалар осы әріптер бір-бірінсіз буын бола ала ма?
Сөз құрай ала ма:
Сол үшін балалар бұлар бір-бірімен дос екен.
Ернұр:Ендеше келесі кезекті «Дос болайық бәріміз »әні.
Ақнұр:Суреттермен сөйлеткен,
Әріптерді үйреткен.
Баспа жазба әріптер
Дауысты мен дауыссыз
Айтыңдаршы балалар
Қай оқулық үйреткен?
Балалар хормен: Әліппе.
Еркеназ: Кәне, бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық.
Әріптермен танысу ,
Тақпақтарын бастайық.
Б- Гаухар Бейбітшілік бар адам жүрегінде,
Бейбітшілік бар адам тілегінде.
Иба,әдеп, ақыл,ой
Имандылық бас ғой.
Иісі қазақ баласын
Инабатты дейді ғой.
Сыйламаған аз досын
Сыйлай алмас өз басын.
Футбол деген ойынға
Барлық бала құмар –ақ
Бірақ жолдың бойына
Доп теппеңдер қуалап.
Ыдысты саздан жасаған
Ықылас біздің жақсы адам.
Аянат: Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақтайды қолдайды.
Еркеназ: Сырлы әріптер сыр түйіп,
Сабырмен саған қарайды.
Сырларын білсең бас иіп,
Керегіңе жарайды-деп ортаға әріптерді шақырамыз.
Жігер: Оспан да өлең жаттады,
Олжаста өлең жаттады.
Мына менен басталған,
Екеуінің аттары.
Муслима: Торғай торғай торғайсың
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязғатоңбайсын.
Нурбол: Астана-Астанам,
Астана-бас қалам.
Ардақтап атыңды,
Аузыңнан тастамаймын.
Исламбек: Ас біткеннің атасы,
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталып
Аяқталғанын қарашы.
Бекболат:Ә-деген әріп мен болам
Әділдікке шақырам.
Әдепті бол әрқашанда
Қасында болам сонда мен.
Б-Аяжан Б әрпінен бастап ұстазың,
Бүлдіршін дейді сүйкімді.
Қуанып сен үшін ата-анаң
Балапаным дейді сүйкімді.
Мұғалім: Балалар енді осы Әліппе сөзінің әр әрпін саралап айтайық.
Ә-әлемді
Л-легімен
І-ізгілік
П-парасатпен
П-паш
Е-етеміз.
Ернұр: Жақсы білім көрімдік
Болсын сізге лайық.
Не үйреніп не білдік
Қане, ортаға салайық.
Мұғалім: Балалар енді екі топқа бөлініп қазір сөздерден мақал құрастырамыз.
Балалар математика-ғылымдардың атасы деген. Ендеше ,математика пәнінен де
білімімізді көрсетіп санамақтарға сөз берейік.
Санамақ Бекболат: бір –дегенім-білім
Білім жарық күнің.
Ақжол: екі дегенім-еңбек
Еңбек бәрін жеңбек.
Ұлжанай: Үш дегенім-үміт
Үмітсіз жоқ жігіт.
Дарын:Төрт дегенім-талап
Талмайтұғын-қанат.
Молдір:Бес дегенім-бірлік
Бірліксіз жоқ тірлік.
Аянат: алты дегенім-арман
Атар таңын алдан.
Гаухар: Жеті дегенің –Жігер
Жеңр жолын білер.
Карим: Сегіз дегенің- сенім
Сүйенішің сенің
Молдір Тоғыз дегенім-тоқтау
Елдің жоғын жоқтау.
Несібелі: Он дегенім-Отан
Қорға соны ботам.
ЕРкеназ: Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Балаларды құттықтап
Би билейміз бәріміз-деп кыздарды тентегім биімен ортаға
шақырамыз.
Муслима Аружан,Асылай,Медина ортаға.
Әліппе: Ал, балалар бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын
Ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі: Туған елдің тілімін
Ақылымен танымал
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Ана тілі ұраным
Ана тілі болмаса
Мықты болмас тұрағым.
Мұғалім: ал, балалар Әліппеміз асығып тұр, басқа мектептерде сендер
сияқты бірінші сынып оқушылары Әліппемен қоштасып жатыр,солардың
мерекелерін көрмекші.Ендеше, Әліппемізді шығарып салайық.
Ернұр: Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ боп
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Гаухар: Таныстырып қырық екі әріппен
Қош бол менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи жаза білгенің
Сауатты адам қатарына кіргенім.
Хормен: Қош бол, құтты Әліппем!
Еркеназ: Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы әрқашан мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін,еңбекқор мықты болсын.
Ана Тілі: Білімнің бетін жарық ет,
Ұл-қызымды білімді ет,
Келесі оқу жылына,
Аман-есен түгел жет!
Бестік болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз
Өнер білім көп тоқып
Өсе берсін санаңыз.
Ақжол: Ана тілі-арың бұл
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Аружан: Ана тілі ұраным
Ақылы көп желікпес
Ана тілін сүймеген
Халқын сүйіп жарытпас.
Исламбек:Ақыл ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
Медина: Ана тілім-елдігім,
Ана тілі-ерлігім.
Ана тілім болмаса
Бүтінделмес кемдігім.
Ернұр: Анаңдай аяулы
Мәпелеп өсірген
Кім, атын атай ғой?
Хормен: Мұғалім апай ғой.
Еркеназ: Үйретіп санауды
Көп еңбек сіңірген
Кім атын атай ғой?
Хормен: мұғалім апай ғой.
Нұрбол: Ата-анадан кейінгі
Жарқыным сенсің
Ержеткенге дейінгі
Ақылым сенсің мектебім.
Несібелі: Біліміңді аяма
Ата-анадай аяла
Мектеп ана болмаса
Бала құшақ жая ма?
Еркеназ: Күнімдеген,күлімдеген
Қамқор болған ұстазым
Жаны жайсаң жайдарлы
Ұғындырған сөз сырын деп--- оқу ісінің орынбасары-Толебаева
Лиман Жақсылыққызына сөз береміз.
Ернұр:Әліппені бітірді балалар
Әліппеден нәр алған даналар
Өзі жазып оқитын халге жетті-
Құтты болсын балалардың қадамдары деп-ата-аналарға сөз береміз.
Бастауыш сынып мұғалімі:Жубаниязова Гульжан Жолдасқызы
Тақырыбы: Рахмет саған, бастауыш.
Мақсаттары: Оқушыларға қолдарын тұңғыш ұстаған әліппе оқулығы жайлы
білімдерін пысықтау. Ана тілі оқулығымен таныстыру.
2.Оқушылардың ой-өрісін одан әрі дамыту,кеңейту.
3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, кітапты бағалауға, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар, шарлар, сөздер.
Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар,ұстаздар! Шәкірттердің қолдарына
тұңғыш рет ұстап,бетін ашқан оқулығы Әліппе. Барлық ғылымның атасы,
болашағымыздың негізі- әліппемен қоштасу тойына хош келіпсіздер
деп,ертеңгілігімізді бастайық.
Еркеназ:Армысыздар,мұғалімдер әз жандар
Білім іздеп,инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.
Ернұр: Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Хош келіпсіз,ұстаздар,ата-аналар
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мұғалім: Өсті міне бойларың
Өсті міне ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың.
Балалар іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: Болашаққа жол бастар,
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім: Олай болса, бәріміз қымбат дос Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе!
Әліппе:Армысыздар, жас достар!
Армысыздар ата-ана.
Болашаққа жол бастар
Әліппе келді ортаға.
Білім деген ғажйыптың
Әліпбиін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Балалар сендердің алған білімдеріңді тексеру үшін сұрақ қояйын?
-Балалар әліппені алғаш жазған кім? /Ахмет Б./
-Балалар,сендерге Ыбырай аталарың қандай өсиет қалдырды?/мектеп
ашып,білімге, құштар болыңдар деді/
-Қазақ тілінде неше әріп бар?
-Неше дыбыс бар?
Мұғалім: Құрметті Әліппе ,сіз шаршаған шығарсыз келіңіз тойымыздың төріне
шығыңыз, балалардың сізге айтары көп отырып тыңдаңыз.
Мөлдір: Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым ағасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Карим: Іші толған әріпке
Жақсы кітап Әліппе.
Барлық білім-ілімнің
Ағасы осы Әліппе.
Фатима: КЕлгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертек те,
Үйреткен оны әліппе.
Дамир: Әліппе деген даңғыл жол
Тырысып бақ намысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
Еркежан: Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзі Әліппе.
Том-том қалың кітаптың
Басы болар Әліппе.
Еркеназ: Анам менің, әкем де,
Атам менен апам да.
Шопан,ұшқыш,ғалым да,
Небір мықты дарын да,
Тіл сындырған әріпке
Ашқан алғаш әліппе-деп келесі кезекте ӘН «Әліппе»
Мұғалім: әр жігіттің үш жұрты бар демекші, осы әліппенің де балалар үш
жұрты бар екен.
Әліппенің өз жұрты қызыл галстук тағып келіпті кәне, балалар олар кімдер
екенін сұрайық?
Балалар: А О Ө Е
Бұлар қандай дыбыс шығарып жатыр?
Балалар: Дауысты дыбыстар.
Екінші жұрты нағашы жұрты көк галстук тағып келіпті олардан сұрайық кім
екенін?
Балалар: т,п,Қ,с.н
Балалар :Дауыссыз дыбыстар.
Балалар үшінші қайын жұрты: Жуандық және жіңішкелік белгілері екен.
Балалар осы әріптер бір-бірінсіз буын бола ала ма?
Сөз құрай ала ма:
Сол үшін балалар бұлар бір-бірімен дос екен.
Ернұр:Ендеше келесі кезекті «Дос болайық бәріміз »әні.
Ақнұр:Суреттермен сөйлеткен,
Әріптерді үйреткен.
Баспа жазба әріптер
Дауысты мен дауыссыз
Айтыңдаршы балалар
Қай оқулық үйреткен?
Балалар хормен: Әліппе.
Еркеназ: Кәне, бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық.
Әріптермен танысу ,
Тақпақтарын бастайық.
Б- Гаухар Бейбітшілік бар адам жүрегінде,
Бейбітшілік бар адам тілегінде.
Иба,әдеп, ақыл,ой
Имандылық бас ғой.
Иісі қазақ баласын
Инабатты дейді ғой.
Сыйламаған аз досын
Сыйлай алмас өз басын.
Футбол деген ойынға
Барлық бала құмар –ақ
Бірақ жолдың бойына
Доп теппеңдер қуалап.
Ыдысты саздан жасаған
Ықылас біздің жақсы адам.
Аянат: Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақтайды қолдайды.
Еркеназ: Сырлы әріптер сыр түйіп,
Сабырмен саған қарайды.
Сырларын білсең бас иіп,
Керегіңе жарайды-деп ортаға әріптерді шақырамыз.
Жігер: Оспан да өлең жаттады,
Олжаста өлең жаттады.
Мына менен басталған,
Екеуінің аттары.
Муслима: Торғай торғай торғайсың
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязғатоңбайсын.
Нурбол: Астана-Астанам,
Астана-бас қалам.
Ардақтап атыңды,
Аузыңнан тастамаймын.
Исламбек: Ас біткеннің атасы,
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталып
Аяқталғанын қарашы.
Бекболат:Ә-деген әріп мен болам
Әділдікке шақырам.
Әдепті бол әрқашанда
Қасында болам сонда мен.
Б-Аяжан Б әрпінен бастап ұстазың,
Бүлдіршін дейді сүйкімді.
Қуанып сен үшін ата-анаң
Балапаным дейді сүйкімді.
Мұғалім: Балалар енді осы Әліппе сөзінің әр әрпін саралап айтайық.
Ә-әлемді
Л-легімен
І-ізгілік
П-парасатпен
П-паш
Е-етеміз.
Ернұр: Жақсы білім көрімдік
Болсын сізге лайық.
Не үйреніп не білдік
Қане, ортаға салайық.
Мұғалім: Балалар енді екі топқа бөлініп қазір сөздерден мақал құрастырамыз.
Балалар математика-ғылымдардың атасы деген. Ендеше ,математика пәнінен де
білімімізді көрсетіп санамақтарға сөз берейік.
Санамақ Бекболат: бір –дегенім-білім
Білім жарық күнің.
Ақжол: екі дегенім-еңбек
Еңбек бәрін жеңбек.
Ұлжанай: Үш дегенім-үміт
Үмітсіз жоқ жігіт.
Дарын:Төрт дегенім-талап
Талмайтұғын-қанат.
Молдір:Бес дегенім-бірлік
Бірліксіз жоқ тірлік.
Аянат: алты дегенім-арман
Атар таңын алдан.
Гаухар: Жеті дегенің –Жігер
Жеңр жолын білер.
Карим: Сегіз дегенің- сенім
Сүйенішің сенің
Молдір Тоғыз дегенім-тоқтау
Елдің жоғын жоқтау.
Несібелі: Он дегенім-Отан
Қорға соны ботам.
ЕРкеназ: Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Балаларды құттықтап
Би билейміз бәріміз-деп кыздарды тентегім биімен ортаға
шақырамыз.
Муслима Аружан,Асылай,Медина ортаға.
Әліппе: Ал, балалар бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын
Ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі: Туған елдің тілімін
Ақылымен танымал
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Ана тілі ұраным
Ана тілі болмаса
Мықты болмас тұрағым.
Мұғалім: ал, балалар Әліппеміз асығып тұр, басқа мектептерде сендер
сияқты бірінші сынып оқушылары Әліппемен қоштасып жатыр,солардың
мерекелерін көрмекші.Ендеше, Әліппемізді шығарып салайық.
Ернұр: Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ боп
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Гаухар: Таныстырып қырық екі әріппен
Қош бол менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи жаза білгенің
Сауатты адам қатарына кіргенім.
Хормен: Қош бол, құтты Әліппем!
Еркеназ: Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы әрқашан мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін,еңбекқор мықты болсын.
Ана Тілі: Білімнің бетін жарық ет,
Ұл-қызымды білімді ет,
Келесі оқу жылына,
Аман-есен түгел жет!
Бестік болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз
Өнер білім көп тоқып
Өсе берсін санаңыз.
Ақжол: Ана тілі-арың бұл
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Аружан: Ана тілі ұраным
Ақылы көп желікпес
Ана тілін сүймеген
Халқын сүйіп жарытпас.
Исламбек:Ақыл ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
Медина: Ана тілім-елдігім,
Ана тілі-ерлігім.
Ана тілім болмаса
Бүтінделмес кемдігім.
Ернұр: Анаңдай аяулы
Мәпелеп өсірген
Кім, атын атай ғой?
Хормен: Мұғалім апай ғой.
Еркеназ: Үйретіп санауды
Көп еңбек сіңірген
Кім атын атай ғой?
Хормен: мұғалім апай ғой.
Нұрбол: Ата-анадан кейінгі
Жарқыным сенсің
Ержеткенге дейінгі
Ақылым сенсің мектебім.
Несібелі: Біліміңді аяма
Ата-анадай аяла
Мектеп ана болмаса
Бала құшақ жая ма?
Еркеназ: Күнімдеген,күлімдеген
Қамқор болған ұстазым
Жаны жайсаң жайдарлы
Ұғындырған сөз сырын деп--- оқу ісінің орынбасары-Толебаева
Лиман Жақсылыққызына сөз береміз.
Ернұр:Әліппені бітірді балалар
Әліппеден нәр алған даналар
Өзі жазып оқитын халге жетті-
Құтты болсын балалардың қадамдары деп-ата-аналарға сөз береміз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz