Тіл дамыту сабағы: Жабайы аңдар тақырыбы бойынша жаңа сабақ жоспары

Пәннің аты :Тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы :Жабайы аңдар

Сабақтың мақсаты : Оқушыларға жабайы жануарлардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру мекені, қоректенуі туралы түсінік беру. Жан-жануарларды қорғау оларға қамқор болуға, неліктен жабайы деп аталатынын түсіндіру. Сұраққа толық сөйлем құрап, жауап беруге үйрету. Оқушыларды жан-жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі : слайд

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері : түсіндіру, баяндау, іздендіру.

Сабақтың технологиясы : ойын технологиясы

Сабақтың барысы

І . Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен амандасу!

-Оқушылардың оқу-құралдарын сабаққа әзірлеу;

-Оқушылар назарын сабаққа аудару;

ІІ. Психологиялық сәт

Мен ақылдымын,

Қиындықтан қорықпаймын.

Мен жаспын, қандай әдемімін,

Мен ұзақ сүремін.

Менің қолымнан көптеген жақсылық келеді.

Мен халқыма қызмет етемін

Айға ұшамын, жерег түсемін.

Халқыма тыныштық силаймын.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі «Кім тапқыр?»

  • Өткен сабақ бойынша білімдерін тиянақтау;
  • Үй берілген тапсырма «Үй жануарлары» әңгімлеп келу;
  • Үй тапсырмасын «Кім тапқыр?» ойыны арқылы тексеру;
  • Оқушыларға үй жануарлар төрт түлік суреттері беріледі, төрт түліктің төлдерін атайды;

Қойдың төлі - қошақан

Ешкінің төлі - лақ

Жылқының төлі - құлын

Сиырдың төлі - бұзау

Түйе төлі- құлын

ІІІ. Жаңа сабақ «Жабайы аңдар»

  • Оқушылар, жабайы аңдарға нелер жатады?
  • Неліктен жабайы аңдар дейміз?
  • Мына суреттерден не көріп отырсыңдар?

  • Енді осы суреттерге байланысты әңгіме құрастырыңдар;

Жабайы аңдар -орманда, тауда, далада мекен етеді. Біздің елімізде жабайы аңдардың 178 ден астамы өмір сүреді. Жабайы жануарлар сирек кездсетіндіктен оларды қазақстанның қызыл кітабына тіркеген. Жабай жануарлар жыл мезгілеріне қарай өздерінің түстерінде өзгертеді.

ІҮ. Сергіту сәті

  • Жабайы аңдарға байланысты жұмбақ шешіп көрейік;
  1. Аузы бейне, шалғы орақ,

Шөп емес, бірақ малды орады,

( Қасқыр)

  1. Өзіне болған қорған-орман,

Ішінде бар, бір аң қорбаң-қорбаң.

(Аю)

  1. Өзі қу, әрі айлакер,

Жүрген жері айқай да шу.

(Түлкі)

  1. Көлеңкесінен қорқып безектейді,

Ал, оның баласын көжек -дейді

(Қоян)

Ү. Дидактикалық ойын «Зообаққа орналастыр» ойынын ойнайық.

Мақсаты: Балаларға антоним сөздер туралы түсінік қалыптастыру. Заттың көлеміне қарап, салыстырып талдап жасауға үйрету. Жабайы аңдардың дене бітіміне қарап, зообаққа орналдастыру. Оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Зообаққа әкелінген аңдарды торларға орналастыру қажет. Балалар пілді үлкен торға, бала неліктен олай орналастырғанын яғни піл үлкен, қоян кіші, сондықтан үлкен торға пілді, қоянды кіші торға орналастырғанын айтады.

ҮІ. Жаңа сабақты қортындылау

  • Жаңа сабақты сұрақтар арқылы қорытыныдлау;
  • Жабай аңдар қайда өмір сүреді?
  • Жабайы аңдарды атаңдар?
  • Жабайы жануарлар біздің елімізде бар ма?

ҮІІ. Үйге тапсырма беру.

  • «Жабайы аңдар» тақырыбын әңгімелеу, сурет салу;
  • Оқушыларды бағалау;

Ұқсас жұмыстар
Жабайы аңдар тақырыбындағы сабақ жоспары
Жабайы аңдар тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Мектепалды даярлық тобына арналған тіл дамыту сабағы: Жабайы аңдар (№3 Қарауылкелді орта мектебі, 2013-2014 оқу жылы)
4-сынып қазақ тілі сабағы - Аңдар тақырыбы: етістіктер бойынша сабақ жоспары
Мектепалды даярлық тобына арналған Жабайы аңдар тақырыбындағы сабақ жоспары
Жабайы аңдар тақырыбындағы әдебиет сабағының мақсаты мен сабақ жоспары
Мектепке дейінгі балаларға жабайы аңдар мен үй жануарларын таныстырудың әдістемелік сабақ жоспары
Ашық сабақ жоспары: 6-сынып қазақ тілі - Жабайы аңдар және сын есімнің шырайлары
Жабайы аңдар: бала-бақшадағы оқу-танымдық іс-әрекет
5-сыныпқа арналған Брейн-ринг сабағы: үй жануарлары, құстар және жабайы аңдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz