Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Күз ханзадасы мен ханшайымы
«Күз ханзадасы мен ханшайымы»
Мақсаты: Балаларға күзгі табиғаттың ерекшелігін білдіру. Оқушылардың
білімін, тапқырлығын, іскерлігін бақылау.Ұйымшылдығын, өз ойларын,
өнерлерін ортаға салып, көрсете білуге тәрбиелеу.Табиғатты, қоршаған
ортаны, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Күзге байланысты суреттер, шарлар, слайд
Жүргізуші: Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селдіретіп
Тойға бөлеп елімді күзім келді.
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Құрметті ұстаздар , ата-аналар, оқушылар табиғатымыздың бізге берер
байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз келді.
Алтын күз мерекесі құтты болсын. Жылдың қай мезгілін алсақта табиғатты
сүйіп,оны аялап күту әрбір адамның міндеті,өйткені бізді қоршаған табиғат,
орта, таза ауа. Сондай көңіл күймен бүгін мекемемізде «Күз ханзадасы
мен ханшайымы» атты сайыс оздырылғалы отыр. Бүгінгі сайысқа қош
келдіңіздер.
Олай болса сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
-Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін, қазылар алқасымен таныстырайын.
Әділ-қазылар алқасы
1. ППТК Насенова Светлана Бахтығалиқызы
2.ППТК әлеуметтік педагог Бахтиярова Асель Лұқпанқызы
3.ППТК оқушысы Арыстангалиева Гүлсезім
Жүргізуші
Кірпігі ине болып қадалды да,
Ұшқындап көрермендер жанарында,
Балбұл жанып сайыскерлер шықты ортаға,
Қол ұрмай қалған сірә,адам бар ма?-дей отырып сайысқа қатысушыларымызды
шақырамыз.
1. Нұрлыхан мен Диана
2. Жәңгір мен Аяжан
3. Нұрдаулет пен Айман
4. Алихан мен Алина
-Күзгі бал сайысындағы сайыскерлерімізге қойылатын шарттармен таныстырсақ
1. Таныстыру
2. Мерекелік дастархан мәзірі (Салат дайындау)
3. Өнер сайысы (Ән айту, би билеу)
4. Үй тапсырмасы (Өз шығармашылықтары бойынша жасалған қолөнер бұйымдарын
дайындау)
5. Сән үлгісі (Өз шығармашылықтары)
Жүргізуші:Сайыскерлер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан ортамызға келіп жетті
Әдеппен,ізетпенен танысуға
-дей отырып сайысымыздың 1 -кезеңін бастаймыз.
I –кезең Таныстыру
Әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде,сайысымыздың бірінші бөліміне баға
берсеңіздер.
«Би» Флешмоб
Жүргізуші: Көрсетер өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Балдарымыз бармақтары майысып.
Келес бөліміміз «Мерекелік дастархан мәзірі» деп аталады. (Әр үміткер
дайындаған салаттарымен таныстырады.)
Әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде,сайысымыздың екінші бөліміне баға
берсеңіздер.
Жүргізуші: Жапқандай жапырағымен іздерді
Қуантып байлығымен ізгі елді
Бір тойдырып қайту үшін елімді,
Сабырлы сары алтын күз келді.- дей келе
сайыскерлеріміз үшінші кезеңге дайын болғанша балалардың «Алтын күзге»
деген тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Исатай: Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін,
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін
Алтынжан:Көбейді құт-береке
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.
Аман: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді
Кел,жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Мұхаммед: Күздің қазан айында
Алма,алмұрт піседі,
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
Саят: Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел,жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
Туған жер әрі де
Күзбенен сәулетті.
Жүргізуші: Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалып айтпас,
Әрқашан да нанымды.
Сол шындықты күнделікті
Көріп жүрміз өмірден.
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден.
3 бөліміміз «Өнер сайысы» деп аталады. Ханшайыммен мен ханзаданың өнерлерін
тамашалайық.(Сайыскерлер өнерлерін көрсетеді.)
Сайыскерлеріміз келесі кезеңге дайындалғанша балалардыің «Алтын күзге»
деген тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Нұрай: Астық,жеміс жиналды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды
Дарын: Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен,
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Алихан: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Нұрлыхан: Алақай күз келді.
Қарық қып жеміске,
Сарғайды түз белде
Толқысын егіс те.
Айша: Күз сыны бәрі де,
Табиғат дәулеті.
Туған жер әрі де
Күзбенен сәулетті.
Жүргізуші: Шақырған сайыстарға бірін – бірі
Өнерпаздар – дарындар.
Көрейік тамашалап, көрермендер,
Көрсетсін сайыскерлер өздері дайындаған қолөнерін.
Бұл бөлім «Үй тапсырмасы» деп аталады.(Сайыскерлер өз шығармашылықтары
бойынша жасалған қолөнер бұйымдарымен таныстырады.)
Әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде, сайысымыздың 4 бөліміне баға
берсеңіздер.
Ән: « Жарығым-ай» орындайтын Оңайалиев Ерқанат
Жүргізуші:Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз тәнімен.
Өз қолынан шығарған киім үлгісін
Сіздерге көрсетеді өз сәнімен, - дей келе келесі
кезекте сән үлгісі.
Ән: « Күзгі бақ» Орындайтын Мұстаев Жанәбіл Құрманғазыұлы
Жүргізуші: Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. Әділқазылар алқасына сөз береміз.
(Жеңімпаздар марапатталады.)
Жүргізуші: Білім – теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдебі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен күнге,
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар, - дей отырып
бүгінгі
«Күз ханзадасы мен ханшайымы »атты сайысымызды аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz