Файл қосу

Көп дауысты хорларға түсініктеме

Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi

Семей қаласының Шәкәрiм атындағы  Мемлекеттiк университетi | |
|3 деңгейлі СМЖ құжат               |ПОӘК        |                       |
|                                   |            |ПОӘК                   |
|                                   |            |042-18.1.32/01-2013    |
|ПОӘК                               |№1 баспа    |                       |
|«Хор орындау негіздері, құрамды хор|            |                       |
|және хор сыныбы                    |            |                       |
|» пәнінен оқу жұмыс бағдарламасы   |            |                       |

                 050106 «Музыкалық білім» мамандығы бойынша
                   оқитын 1, 4 курс студенттеріне арналған
             Хор орындау негіздері, құрамды хор және хор сыныбы
                      пәндерінен оқу-әдістемелік жинағы

                             Семей 2013 оқу жыл

Алғы сөз

    1   Құрастырған  Уразова  Ж.А.,  Шәкәрiм  атындағы  Семей   Мемлекеттiк
университетiнiң «Музыкалық білім» кафедрасының аға оқытушысы
                                                  «28» «08»2013 ж.

    2  Талқыланды
    2.1  Шәкәрiм  атындағы  Семей  Мемлекеттiк  университетiнiң  «Музыкалық
білім» кафедрасында
    Хаттама     «29» «08» 2013 жыл, № 1.

    Кафедра жетекшiсi ___________ Б.К.Бодауова

    2.2 Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде
    Хаттама «05» «09» 2013 жыл,  № 1.

    Төрағасы ______________ Т.Ш.Ахметова

    3  Бекiтiлдi
    Университеттiң оқу-әдiстемелiк кеңесiнiң  мәжiлiсiнде мақұлданды
    Хаттама  «18» «09» 2013 жыл, № 1.

    ОӘК төрағасы _____________ Искакова Г.К.

                                  Мазмұны.
    1. Кіріспе.-------------------------------------------------------------
         4
    2. Глоссарий.---------------------------------------------------------
       6
    3. 1- курс 1,2 - семестр практикалық сабақтың тақырыптары- 8
    4. 4- курс 7,8 - семестр практикалық сабақтың тақырыптары-42
    5. Курс аралық емтихан талаптары--------------------------------77
    6. Студенттердің оқытушымен бірге өздік жұмыстарының тақырыптары.-------
       -----------------------------------------------77
    7.  Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары---------78
    8. Қолданылатын әдебиеттер тізімі------------------------------- 79

                                Пәнге кіріспе.

    Хор - ұжымдық сипаттағы орындаушылықтың негізгі түрі. Ол оқушылардың ән
айту мәдениетін жетілдіріп, олардың музыкалық жағынан ғана  емес,  жан-жақты
дамуына жағдай  жасап,  рухани  дүниесіне  әсер  етіп,  жеке  тұлға  ретінде
қалыптасуына негіз болатын өнер түрі деп сипаттайды
“хор” деп – шығармаларды  көркем  тілмен  бірнеше  дауыстың  үндескен  әуені
арқылы идеялық мазмұнын бұзбай, нақтылы  түрде  тыңдаушыға  жеткізетін  және
хор айтудың техникалық орындау шеберлігін  игерген,  әсемдеу  жағынан  толық
мағлұматы бар ұжым.
      Пәннің  мақсаты:  Студенттердің  хорда  ән   салу   шеберліктері   мен
дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ хормен  жұмыс  істеу  әдістерін  меңгеру,
дидактикалық  принциптер  мен  ән  айту  кезінде  адам  организімде  жүретін
психофизиологиялық поцесті байқай отырып, жаттығу. Студенттердің өз  бетінше
хордағы вокалдық дағдыларды  үйрену  және  музыкалық  жағынан  жетілу,оларды
дирижерлық хор білімі дағдаларын іс-тәжірибеде қолдану.
      Пәннің міндеттері:
           - студенттерде шығармаларды жоғары кәсіби деңгейде көркем орындау
             дағдыларын  және  хор  ұжымымен  жұмыс  істеуге  қажетті   есту
             қабілеттерін, вокалдық-хор дағдылырын дамыту;
           -   студенттерді   шетел    және    қазақ    сазгерлерінің    хор
             шығармашылығының озық үлгілерімен, сондай-ақ халық  әндері  мен
             халық сазгерлерінің шығармашылығымен таныстыру;
           - 1 және  4  курс  студенттері  үшін  хор  мен  жұмыс  істеу  іс-
             тәжірибесін ұйымдастыру;
           - хормен ойдағыдай іс-тәжірибелік  жұмыс  жасау  үшін  студенттер
             жаттауға   арналған   шығарманы   жан-жақты   талдау    жасауға
             машықтандыру;
           - музыка  мен  мәтін  авторларының  өмірбаяны  жайлы  мәліметтер,
             шығарманың  шыққан  кезеңімен,  оның   мазмұнымен,   шығарманың
             идеялар мен көркемдік ерекшіліктерін білу, танысу;
           - музыкалық –  теориялық  жағынан  сараптай  білу  дағдысы,  оның
             барысында  форма  ладотынальдік  жоспар  әуенінің  сипаты   мен
             метроырғақты құрылым, гармония, айтылу  фактурасы,  интервалика
             сияқты музыкалық мәнерлік құралдарын аша білуге дағдылану;
           - вокалды- хор талдауы:  хордың  типі  мен  түрі,  партиялар  мен
             олардың   диапазоны,   тесситурасы,   интонациялық,   мақымдық-
             ырғақтық және басқа  киындықтар,  тыныс  алуды  анықтау,  бөлу,
             жоғарғы интонациялық дыбыс деңгейін қалыптастыруды үйрену;
           - вокалды хор дағдылары: ән айту қалпы, тыныс алу,  дыбыс  шығару
             тәсілдері, дыбыстың шығу түрлерімен   (қатаң  және  ұяң  атака)
             танысу;
           - вокалды-  хор  техникасын  меңгеру:  дыбысталу  түрлері,  тыныс
             алудың түрлері, дикция, артикуляция, фразировка, динамика  және
             нюанстарды меңгеру;
           - хордың дыбысталу сапасы: ансамбль,  дыбысталу  қатары  (строй),
             дыбыс бояуы (тембр), дыбысталу күші сияқты әдістерді меңгеру;
           -  хормен  орындаудағы  стильдік   бағыттар:   музыкалық   стиль,
             орындаушылық стильдерді ажырата білуге дағдылану;
           -  хормен  шығарманы   орындау   сапасы:   шығарманың   мәтінімен
             байланысы, аспаптық сүйемелдің  ерекшелігі,  ұжымдық  сезімінің
             қалыптасуы, дирижердың алатын орны жайлы мәлімет алу.

                                 Глоссарий.

Хор – шығармаларды көркем тілмен  бірнеше  дауыстың  үндескен  әуені  арқылы
идеялық мазмұнын  бұзбай,  нақтылы  түрде  тыңдаушыға  жеткізетін  және  хор
айтудың  техникалық  орындау  шеберлігін  игерген,  әсемдеу  жағынан   толық
мағлұматы бар ұжым
Хор партиялары – хорды құраушы дауыстар: сопранолар  (1;2);  альттер  (1;2);
тенорлар (1;2); бастар (1;2) және кей хорларда сирек кездесетін октавистер.
Хордағы дивизия – хордағы партиялардың уақытша екіге бөлінуі.
Ансамбль – тұтас  орындаушылықтың  өзара  байланысқан  түрін  және  стройдың
тұрақтылығын қамтамасыз ету, интонациялаудың дәлдігі, дыбыс бояуы мен  дыбыс
күші жағынан үйлесімділік.
Дыбыс қатары (строй) – хордағы дыбысталудың сапасы, яғни ходың  құлақ  күйін
келтіру, интонациялық жағынан таза, нақты айтуды айтымыз.
Артикуляция   –   сөйлеу   дыбыстарын   шығарудағы,   жасаудағы   дыбыстаушы
мүшелерінің  қызметін  атқаратын  вокалды   -   хор   техникасының   маңызды
құраушысы.
Дикция – вокалдық хор дикциясы әрбір даусты және  дауыссыз  дыбыстарды  анық
айтып, сөз  бен  сөйлемдерге  дауыс  екпінін  дұрыс  қоя  білуді  музыкадағы
мәнерліліктің көркемдік құралдарын пайдалана отырып, оның мазмұның,  идеясын
тыңдаушыға жеткізе білуді, сезімге әсер ету дағдысын айтамыз.

Бірыңғай хорлар – бірыңғай дауыстан тұратын хорларды айтамыз. Олар  бірыңғай
ерлер және әйелдер хоры.
Аралас хор – көп дауысты ерлер мен әйелдер партияларынан тұратын хор  ұжымын
айтамыз.
Динамика – көркем шығарманың өзіндік сипаты, құрылысы, көркемдік  техникалық
өзгешелігі, дыбыс күшінің құбылу жолдарының сипаттамасын айтамыз.
Музыкалық екпін – латын  тілінен  аударғанда  “темп”  уақыт  деген  мағынаны
білдіреді.
Резонатор – дыбыстарды  қалыптастырып,  оның  сыртқа  шығуына  ықпал  ететін
мүшелер жиынын айтамыз.
Регистр – тембрлік  қасиетке байланысты біріккен дыбыстар жиыны.
Сопрано  –  жоғары  әйелдер  дауысының  сипаттамасы  және  хордағы  партияны
айтамыз.
Альт – төменгі әйелдер дауысының сипаттамасы және хордағы партияны айтамыз.
Тенор – жоғары ерлер дауысының сипаттамасы және хордағы партияны айтамыз.
Бас – төменгі ерлер дауысының сипаттамасы және хордағы партияны айтамыз.
Тональдік  –  берілген  шығармадағы  негізгі  тон,   немесе   ладтың   дыбыс
биіктігінің сипаттамасы.
Унисондық дыбысталу  –  дауыстардың  мінсіз  біртұтастылыған  көздейді,  хор
партиялары өзара біріккен кезде дыбыс күші, бояуы, интонация және сан  алуан
штрихтарды қолдану жағынан  біркелкі орындауды қарастырады.
Тесситура  –  дауыс  диапазонына  қатысты  әуен  дыбыстарының  биіктік  ара-
қатынасы.
Интонациялық  тазалық  –  әуеннің  немесе  музыкалық  шығарманың  әр  дыбысы
биіктігі жағынан таза, нақты және көркем орындалуын қарастырады.
Фраза  –  шығармадағы  белгілі  бір  ойды  білдіретін,  аяқталған   үзіндіні
айтамыз.
Фактура  –  музыкалық  немесе  хор  шығармаларының  құрылысы  мен   сипатына
байланысты  бөлінуі   және   көркемдік   бейнелілігі   жағынан,   техникалық
ерекшелігі жағынан өзгешелігін айтамыз.
Партитура – шығарманың толық ноталық үлгісін айтамыз.

                                 І - семестр
1,2 - тақырып: Хорға арналған арнайы жаттығулар.
Жаттығулар, көп дауыстылық
Жоспар:
    1. Унисондық  дыбыс шығаруға арналған жаттығулар.
    2. Октавалық унисонның ерекшеліктері.
    3. Күрделі жаттығуларды меңгеру.
            Жаттығулар- хор сабағының  құрамдас,  ажырамас  бөлігі.  Тікелей
жаттығулар арқылы хордағы вокалдық дыбысталу жүйесі  қалыптастырылады.  Олар
белгілі  бір  жүйеде  құрылып,   оқушылардың   әншілік   дағдылырының   даму
екекшелігіне сәйкес қолданылады.

          Хорындағы дауыс  қыздыру  жаттығулары  20-30  минуттай  жүргізілуі
тиіс. Сонымен қатар жаттығулардың барлығын тік тұрып орындау қажет.  Олардың
әрқайсысы белгілі бір мақсатты қөздеуі шарт. Және де оларды әр  сабақ  сайын
ауыстырып жаңартудың қажеті жоқ, - дейді К. Никольская-Береговская.  Өйткені
балалар өзіне таныс  әрбір  жаттығудың  мақсатын,  талаптарын  біле  отырып,
оларды  одан  әрі  сапалы,  дұрыс  орындауға  тырысады.  Сөйтіп   жаттығудың
орындалу   деңгейі   жоғарылай   түседі.   Жаттығулар   жиынтығы   музыкалық
сауаттылықпен тікелей  байланысты  болуы  қажет.  Сонымен  қатар  жаттығулар
берілген шығармаға байланысты таңдалады,  көп  жағдайда  хор  жетекшісі  сол
шығарманың қиын деген жерлерін жаттығу ретінде қолданады.

      Жаттығу дегеніміз мақсаттың өзі емес, ол  хор  дағдыларын  жетілдіруші
басты құрал екендігін естен шығармау қажет.  Осыған қатысты белгілі дирижер-
педагог А.В. Свешников өзінің іс-тәжірибесімен бөлісе отырып, мынадай  кеңес
береді: “ хорымен жұмыс  жасау  кезінде  ешбір  сүйемелдеусіз,  дауысты  “а”
дыбысын әндету қажет. Өйткені адам өз  табиғаты  бойынша  ешбір  кедергісіз,
табиғи ашық әндетеді, ал “а” дыбысы әндетуге ең қолайлы,  жағымды  естілетін
дыбыс                            болып                            табылады”.
                    Ансамблмен  жұмыс  жасаудың  алғашқы  сабақтарынан   хор
жетекшісі  вокалдық техникасы жағынан жаттықтыру үшін,  көп  жағдайда,   3-4
тактіден  құралатын  музыкалық  үзінділерді  таңдайды   немесе   өз   ойынан
құрастырады (кіріспе, динамика, агогика, түрлі штрихтар). Осындай  музыкалық
мысалдар міндетті түрде белгілі бір мақсат көздейді, мысалы,  таза  унисонды
қалыптастыру немесе дикцияны дамыту. Осыған  сәйкес  қойылатын  талаптар  да
өзгеріп жатады.  Музыкалық  мысалдарды  хор  мүшелері  бір  не  екі  дауыста
орындауы мүмкін. Бірақ хор сабағында бірізділік принципіне сәйкес  қарапайым
жаттығуларынан бастап, біртіндеп күрделендіру қажет. Мысалы, алғашқыда  “ми”
және “соль” дыбыстарын жеке-жеке унисонмен айтқызу, содан кейін екі  дыбысты
қосып, терциялық интервалды жасатуға болады.

    Жаттығу кезінде музыкалық дыбыстын бірқалыпты шығуына,  тыныстын  дұрыс
алынуына   және  жуан  дауысты  дыбыстардың  еркін  созылып,   ал   дауыссыз
дыбыстардың анық қысқа айтып орындалуына үнемі мән беріп отырған жөн.  Әрбір
буындағы  дауысты  дыбыстың  дұрыс  айтылуын   қадағалау   керек.   Дикцияны
жаттықтыру үшін әртүрлі буындарды (ди, да, ри, ра, мо, му т.б.) ақырын  және
жылдам айтқызу өте -мөте пайдалы. Интонацийның  таза  болуына  ерекше  көңіл
аударған жөн.
    Хор басқарушы бұларды, ен алдымен, қысқа және жеңіл әрі  жай  айтылатын
жаттығулардан бастағаны дұрыс. Себебі, баяу  созып  айту  әншінін  өзін  бос
ұстап, дауыстың еркін шығуына мүмкіндік  жасайды.  Жаттығуларды  бірте-бірте
күрделендіріп, әншілердің дауыс аппаратын  бір  жүйеге  келтіру  жағынан  да
унемі қадағалап отыру қажет.
    Хорға қатысушы әншілердін, жеке дауыстары  жақсы  болғанымен,  ән  айту
кезінде  тынысты дұрыс ала білмесе хор өзінің мүмкіндіктерін  толық  көрсете
алмайды. Әншінің тынысты дұрыс ала білуі  оның  әнді  орындағанда,  қиналмай
еркін айтуына көмектеседі, ән  айтқанда  иықты  көтермей  демді  ішті  ұстап
тұрып, аз кідіріп барып тыныс алғаннан кейін бірден бастап кету керек.
    Мұндай кідіріс әншілердің демін реттеуге және  әнді  дережердың  қолына
қарап, бір мезгілде бастауға мүмкіндік береді.  Ән  айтқанда  демді  үнемдеп
пайдалану керек. Демді дұрыс алудың  тәсілін  хор  жетекшісінің  іс  жүзінде
көрсеткені дұрыс.
    Хорға  бірінші рет кірген жас әншінің дауыс диапазоны дәл өзінің  дауыс
партияларына  сәйкес  үлеспей   қалады.   Мұның   себебі   әншілік   бағытта
жаттықпағаннан болады. сондықтан үйірме бастығы әншілердің  дауыстарын  жеке
байқап дауыс партияларына сәйкес үлестіру жағынан өте сақ болуы керек.  Егер
де  әншілердің  дауысы  өзінің  диапазонына   қарай   бөлінбесе   әншілердің
дауыстарын  тез  бұзып  алуы  мүмкін.  Сондықтан   ең   алдымен   әншілердің
дайыстарымен танысып байқап алған жөн. Хорға  кірген  әншілердің  дауыстарын
дұрыс айыру үшін үйірме  бастығы  мүмкіншілігіне  әншілермен  алдымен  біраз
жаттығу жұмыстарын жүргізеді.
    Алғашқы жаттығу жұмыстарын бүтін, жарты, ширектік ноталарды дыбыстарды,
әндетіп айтудан бастау керек. Бұл жаттығу жұмыстары түрліше болуы мүмкін.
    Мысалы, дыбыстарды бүтін ноталармен айту, дыбыстарды  квинта   маңында,
гамма бағытымен  төменнен  жоғары,  жоғарыдан  төмен  қарай  айтып  жаттығу.
Мұнымен қатар дыбыстарды кіші арпеджиомен де айтып жаттығуы  керек.  Қысқасы
үйірме бастығы өзі де ән сала білуі және әншілердің дауыстарын жақсы  біліп,
оларды өз дауыстарына қарай дауыс партияларына бөле білуі  керек.  Жаттығуға
мынандай мысалдар келтіреміз.

Сұрақтар.
    1) Жаттығу дегеніміз не?
    2) Арнайы және қыздыру жаттығуларына мысал келтіріңіз?
    3) Көп дауысты ән айтуға машықтану.
Қолданылған әдебиеттер:
    1. Димитривский Г.А. Хор және оны басқару. А.1988
    2. Әбеуова К. Хор жүргізу. А. 1993
    3. Хроведение В.И.Красношеков. М. 1969

3 - тақырып: Ән айту қалпы, тыныс алу түрлері
Жоспар:
    1. Ән айту қалпы.
    2. Әншілік тыныс алу.
    3. Тыныс алу түрлеріне сипаттама.
    4. Дыбыстық қалыптастырумен байланысты қабілеттері.
    Ән айту қалпы  дегеніміз  -  Әншінің  мойын  мен  бас  аумағының  дұрыс
орналасуы, ол  әншінің жақсы  ән айтуына көмектеседі.
    1- ші тоқталатын сұрақ, бұл,  әнші  ән айтқан кезде  қалай  орналасады:
әнді тұрып айта ма, әлде отырып айта ма соған байланысты.
    Ән айтудың ең кең таралған түрі «тұрып айту».  Хордың  қатысушылары  да
концертке дәл  осындай  қалыпта  шығады.  Бұл  жағдай  сонымен  қатар  дұрыс
әншілік қабілеттің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Ән айтушы кеудесін  көтеріп
түзу тұру керек. Тұратын қалып қалыпты болуы қажет. Басты артқа не  қисайтып
ұстамай түзу ұстап тұру керек. Бастың түзу болуы гортанның толық  еркіндігін
және мойынның бұлшық етін қатайтып, дұрыс дыбыс  шығаруға  әсерін  тигізеді.
Жалпы алғанда, мұндай жағдайға  жету  үшін  барлық  бұлшық  еттер  бос  болу
қажет.
    Хормейстерлердің айтуы бойынша, хор сабағын «тұрып» жүргізу керек.
    Бұл жұмыс күнінен кейін келген қатысушылар үшін өте қиын. Сондықтан да,
тәжірибеде хормен ән айту оқытулары  отырып  жүргізіледі.  Бұл  жағдайда  да
мойын мен бастың орналасуы тұрған  кездегідей  болуы  керек.  Басшы  әншілер
аяқтарын алдында тұрған  орындыққа  салмауын,  іштің  бұлшық  еттерін  еркін
қозғалтуын    қадағалау    керек.    Әншілердің    аяқтары    еденде     нық
орналасуы керек.
    II  Әншілік  тыныс алу.
    Демалу  ән айту кезінде маңызды мәнге ие  болады.  Ол  дыбыстың  қайнар
көзі, және  ән айту сапасын вокальды  - техникалық  және  көркемдік  жағынан
жақсартуға көмектеседі.
    Әншілік демалу қарапайым белгіден өзгешеленеді. Солайша демді ішке  алу
және дем шығару біздің еркімізден тәуелсіз болады. Ал  әншілік  демалуда  ол
реттеліп  отырады.  Ішкі  демалу  көлемі  бойынша  әншілік  демалудың  ауасы
қалыпты түрде жай орындайды.
    Әншілік демалу  кеуделік  клетка  және  ішпен  шығып  отырады.  Әншілік
демалудың негізгі түрлері кеуделік және   кеудебрюшорлық  кеуделік  демалуда
орта және төменгі аумағында кеуделік  клеткалар  кенейеді.  Кеуде  брюшорлық
демалуда кеуделік клетка алдыға көтеріліп, іштін алдынғы бөлігі қозғалады.
    Кеуде мүшелері ән айту мақсаты үшін  үздік  болып  табылады.  Ол  жақсы
сапалы дыбыс шығару үшін қолданылады. Жеке тұлғалық хорда кеуде  клеткасының
жоғарғы бөлігі және тікті иықты жоғары көтерілетінің айтады.  Мұндай   тыныс
алу түрлері өз еркіменен болмайды, сондықтан жоғары  кеуде   клеткасына  күш
түсіреді. Әншінің дауысын тез жоғалтады және дыбыс сапасына әсер етеді.
    Ән айту кезінде ауа қалай жұту керек, ауыз және танау арқылы  гегеналық
көзқарас бойынша танаумен тыныс  алу  дұрыс  болып  табылады.  Мұндай  тыныс
алуда танаудың  жұқа қабатынан  өткен  ауа  оны  жұмсартады,  ауызбен  тыныс
алғанда ауыздың сілекей қабатшасы және  гортаны  тамақта  прешение  тудырады
және жөтел пайда болады. Ән айтуда танаумен демалу барлық кезде мүмкін  бола
бермейді, ол біршама  уақытты  талап  етеді,  оны  қолдану  тек  ән  айтудың
алдында ғана және баяу темпті  шығармаларды  айтқан  кездегі  үзілісте  ғана
мүмкін болады. тәрбиешінің көрсетуі бойынша  әншілік  мақсаты  үшін  ауызбен
танаудан бір мезгілде  қолайлы  болмақ.  Демді  ішке  тартуға  кеткен  уақыт
шығарманың темпіне байланысты.  Баяу  темпті  шығарманы  орындағанда  жылдам
темпіден қарағанда көп уақыт  кетеді.  Демді  ішке  тартудың  бұл  принципті
барлық хордың тату және бірмезгілдік қойылымын қамтамасыз етеді.  Бейнелеген
қабылдау хор толық  тактімен  айта  бастағанда  болады  демді  ішке  тартуға
бірінші дыбыс қанша созылса, сонша уақыт кетеді. Демді  ішке  тарту  қалыпты
және баяу  типті  шығарманы  орындау  кезінде  толық  болса,  жылдам  темпті
шығарманы орындағанда қысқа және толқыныс болады. жеке тұлғалық хорда  демді
ішке тарту шумен жиі бақыланады. Демді ішке алу   қысқа  болса  шу  қаттырақ
болады. бұл әншінің нағыз қабілетінің жоқтығын білдіреді. өзінің қор  ұжымын
шусыз талғамға сәйкес тендіру қажет. Әншілік тыныс алу кәдімгі тынас  алудан
көп өзгешілікке ие әнші көп ауа  жұтса  өзіне  көп  күш  түсіреді  және  бұл
дыбыстың сапасына әсер етеді және қате интонацияға әкеліп  соғады.  Жұтылған
ауаның көлемі әр жеке оқиғада өзгеше болуы  керек.  Жиналған  ауа  музыкалық
фразаның ұзақтығына әсер етеді, музыкалық фраза ұзақ болған  сайын  көп  ауа
жұту керек. Хорда музыкалық фразада бір рет демалу   жетпей  қалатын  кездер
болады. Музыкалық фразаның  ұзақтығына  әсер  етеді.  Музыкалық  фраза  ұзақ
болған сайын көп ауа жұту керек. Музыкалық фразадан бір  рет  демалу  жетпей
қалатын кезде болады. музыкалық фразаны жоғары регистерде  орындай  демалуға
байланысты. Егер хор партиясының барлық әншісі бір уақытта  дем  алса,  олар
кезек – кезек тыныс алу керек. Тәжірибеде мұндай  дем  алу  кезектік  немесе
септік деп аталады. Әнші өзінің партиясына абай болу  керек  және  ол  жалпы
дыбысталуды бұзбау  керек  әншінің  демалысы  барлық  кезде  белсенді  болуы
қажет. Солғын дыбыс алу болдырмау керек, ол дыбыс  сапасын  нашарлатады,  ән
айту үшін тыныс алудың және демді ішке тартудың құрылымы маңызды.
    Сапалы әншілік дыбысты қалыптастыру үшін тыныс алудың біркелкілігі және
оны үнемді түрде шығару  болып  табылады.  Ауаны  өкпеден  шығарып  және  ол
үздіксіз болуы қажет, бұл міндетті шешудің жақсы жолы ол демді ішкі  тартқан
кездегі, мұны тыныс алу кезіндегідей сақтап қалу керек.
    III Дыбысты қалаптастыру мен байланысты қабілеттер.
    Хордың  басшысының  ұжым  мүшелерімен   вокальдық   жұмысында   бірінші
кезектегі міндеті әншілердің әнді  ешқандай  айғай-шусыз  айтуын  қадағалау.
Айғай-шуды ән деп есептейтіндер өте қатты  қателеседі.  Айғай  мен  ән  айту
дауыстың табиғи тембрін бұзып, хордың екпіндік дыбысталуына және  орындаудың
мәнерлілігіне кері әсерін тигізеді. Одан өзге, ол әншілердің даусына  зиянын
тигізеді. Хор басшысы әншілердің форсировкасыз ән  айтуын  қадағалау  керек.
Дауыстарды  дұрыс  құрастыру  вокальдық   мәдениетті   қалыптастырады   және
дауыстылардың дұрыс құрылмауының себебі хордың  дыбысталуының  кейіпсіздігі.
Дауыстылардың  сапасы  ауыздың  ашылуы  және   тілдің   ауызда   орналасуына
байланысты. Хор басшысы өз әншілеріне ауыздың қозғалысын жақсарту  қабілетін
үйрету қажет. Ән айтушының тілі аузында төменгі тістің  алдыңғы  түбірлеріне
жабысып, ауызда тегіс түрде орналасу керек. Ол жұмсақ болу керек  және  оған
ешқандай  күш  түспеуі  қажет.  Тілдің  мұндай  жағдайы  әншінің  гортаннына
қолайлы жағдай тудырады.
    Ән айтудағы дауыстылар тіпті сөзде де қалыптасу керек. Ән айтуда оларды
жасырын  негізде  қалыптастыру  қажет.  Дыбыстың  жасырынуы,  оның    кейбір
айналымына  байланысты.   Ол   бастық  резонаторда  пайдалануды  бағыттайды.
Дыбыстың аймағы және дауыстылардың бірдей талғамы  әр  хор  партиясының  бір
тембрлік дыбыстауында дауыстарды қамтамасыз етеді. Хордың әншісі жүзулік  ән
айту  қабілетіне  ие  болу  керек.  Дауыстың  дірілі-  бұл  үлкен  вокальдық
кемшілік, тремоляция өзіндік бөлек дауыс. Жаңа  бастап  жүрген  жас  әншілер
көп жағдайдағы тремолияция нашар орындауында.
    Хордың мүшелерінің  дыбысты  дұрыс  ести  білуіне  үлкен  мән  берілді.
Олардың дыбыс  сапасының  қабілеттігін  дамыту  керек.  Мұндай  қабілеттілік
«вокальды есту» деп аталады. Вокальдық музыкалық  қабілет  әнші  үшін  үлкен
мәнге ие.  Дамытушылық  вокальдық  музыкалық  қабілет  хор  әншісінің  нашар
дыбыстан жақсы дыбысты айыруға мүмкіндік береді, бұл вокальді мәдениетке  ие
болудың  шарты.  Сондықтан  да  хор  басшысы  ұжым   мүшелерінің   музыкалық
қабілетін жақсарту керек. Егер хор басшысы жақсы қабілетке ие болса,  ол  өз
дауысы мен сол фразаны не дыбысты көрсету керек.
    Әншілік қабілет дыбыс  қалыптасуға,  дикцияға  байланысты.  Дикция  бұл
вокалды  техникалық  қабілет  ол  хор  әншілеріне  сөзді  түсінікті   айтып,
тыңдармандарға орындалатын шығарманың әдеби текстін жеткізу үшін қажет.
Ән     айту     дауысты     дыбыста     негізгі     болып     табылады.
Сұрақтары:
          1. Ән айту қалпы дегеніміз не?
          2. Әншілік  тыныс алуға сипаттама беріңіз?
          3. Дыбысты қалыптастырумен байланысты  қабілеттер  жайлы  мағлұмат
             беріңіз?
Қолданылған әдебиеттер:
1. Музыка әлемі 2008 №1
2. Әсембекова Хорға арналған шығармалардың кейбір ерекшеліктері.
3. Дмитриевский Г.А. Хор және оны басқару. А.1998.
4. Әбеуова Хор және оны басқару. А. 1997

    4,5,6,7-тақырыптар: Дауыс аппараттарын қыздыру жаттығулары.
Legato, non  legatoлық  жаттығулар.  Стаккаттолық,  моркатталық  жаттығулар.
Гармониялық жаттығулар аккордтары.
Жоспар:
          1. Дауыс аппараттарын қыздыру жаттығулары.
          2. Legato, non legatoлық жаттығулар.
3.    Стаккаттолық, моркатталық жаттығулар.
4.    Гармониялық жаттығулар аккордтары.
      Жаттығу-дайындық жұмысының ең бастапқы бөлімі болып  саналады.  Оларды
атқару қызметіне байланысты үш топқа бөліп қарастырамыз:
1) дауыс шымылдығын қыздыру;
2) түрлі вокалдық дағдыларды игеру және шеберлкті шыңдау;
3) жатталатын шығармадағы қиындақтардың алдын алу және қателіктерді түзеу;
      Солардың  ішіндегі  дауыс   шымылдығын   қыздыру   түрі   қарапайымнан
күрделендіре түсу  принципіне  негізделеді,  яғни  жаттығудың  оңай  түрінен
бастап, біртіндеп  күрделендіріп,  көлемін  ұлғайтып,  дыбыс  күшін  өсіріп,
түрлі нюанстерді еңгіземіз. Сонымен қатар жаттығулардың  көмегімен  дауыстың
жылдамдығын,  жүрдектілігін  арттыру  арқылы  дыбыс   қатарларын   тегістеп,
жоғарғы резанаторларды пайдалану әдісін меңгеруге жағдай жасалынады.
      Ал орындалатын шығармаға байланысты  жаттығулар  әуендік,  гармониялық
ырғақтық деп ажыратылады. Осы тұрғыда  хор  жетекшесінің  дұрыс  бағыт  бере
отырып, жүйелі жүргізген жаттығулар  оқушыларға  музыкалық  теория  мен  хор
үнділігінің элемент  терін  меңгеруге, кәсіби дәрежесін  өсіруге  бірден-бір
ықпалын тигізеді.

       К.Никольская-Береговская  “Начальный  этап  обучения  пению  в   хоре
старшеклассников”  атты  мақаласында  тікелей  хор  сабағында   қолданылатын
вокалдық жаттығуларға қатысты  қойылатын талаптарды жан-жақты қарастырады:

     1)  жаттығуларды  қарастыратын  шығармаға  сәйкес  таңдау  қажет,  яғни
жаттығулар вокалдық- хор міндеттерін көздеуі шарт.Сонымен қатар  арнайы  хор
дағдыларын дамытуға, таза интонациялауға негізделген  (  унисонды,  терцияны
әндету) жаттығуларды міндетті түрде қолдану қажет.

    2) жаттығулар оқушылардың  вокалдық хор дағдыларын одан  әрі   жетілдіре
алатындай, талап- міндеттерді күрделендіре түсетіндей дәрежеде болуы  қажет,
яғни бірізділік принципіне сәйкес құрылады.

   3) жаттығулар оқушылардың мүмкіндігіне, дайындық дәрежесіне сәйкес  келуі
қажет.

   4) жаттығуларды оқушыларға ыңғайлы  примарлық  (еркін  сөйлеудің  аумағы)
зонада айтқызу қажет. Бірақ оқушылардың   диапазонын  ұлғайту  үшін  жаттығу
диапазонын біртіндеп кеңейтеміз.

   5) жаттығуларды сүйемелдеусіз орындатуға тырысу қажет.

   6)  жаттығуларды  таңдау  кезінде  “қарама-  қайшылық”  принципін  ескеру
қажет. Мысалы, қарама- қарсы нюанстерді салыстыруға  негізделген  жаттығулар
       ( легато мен стаккато)  немесе  гамманы  төменнен  жоғары,  жоғарыдан
төмен әндету.

     Вокалдық жаттығуларды таңдаудың өзі екі принципке негізделеді:

    1) дауыс  аппаратын  психологиялық  және  физиологиялық  тұрғыдан  жұмыс
үрдісіне даярлау, біртіндеп қыздыру;

    2) вокалдық хор  дағдыларын  дамыту,  мәдениетті  және  көркем  дыбыстау
мәнерін қалыптастыру.

Дауысты жатықтыру кезінде үн  диапазондарының  орталық  тұстарынан  бастаған
жөн. Жоғары немесе төмен ноталардан  аулақ  болған  абзал.  Өйткені  төменгі
және жоғарғы регистрлер дауысты қажытады, қысым  түсіреді.  Алғашқы  кезеңде
өтпелі ноталарды талап етпейтін жаттығулардан, яғни орта  регистрден  бастау
қажет. Мысалы, жоғары және  төмен  бағытта  хроматизмді  ,  яғни  жарты  тон
бойынша жылжуды ұсынуға болады.
        Ән айтудың негізін дауысты дыбыстар құрайды.  Оларды  хорда  орындау
оқушылар үшін  қиындық  келтіреді,  өйткені  хор  өнері  дауысты  дыбыстарды
“академиялық”  мәнерінде,  яғни  көмкеру  арқылы  әдемі,   мәдениетті   етіп
орындауды талап етеді. Сондықтан да  хор  жетекшісі  дауыс  қыздыру  кезінде
дауысты дыбыстарға байланысты арнайы  жаттығуларды  жасатуы  қажет.  Жаттығу
кезінде дауыстыларды дауыссыздармен біріктіріп, буын түрінде немесе  өздерін
жалаң айтып дағдыландыруға болады. Әрбір жаттығуға нақтылы  мақсат  қойылып,
ол қандай да болмасын белгілі бір кемшілікті  жоюға  негізделуі  керек,  тек
сонда ғана олардың пайдасы тиеді.

   Вокалды хор дикциясында кейбір езулік дыбыстар “ашық” деп аталады. Оларға
“а”, “ә”, “е”, “и”, “і”, “я” жатады. Бұл дыбыстарды  әнде  жабыңқырап,  яғни
ерінді шеңберлей жинақылап айтуы  тиіс.  Ол  үшін  ашық  дыбыстарды  еріндік
дауысты дыбыстарына жуықтап айту қажет.  Осылайша  хор  шығармасында  барлық
дауысты дыбыстарды бірыңғай желіні  сақтап  орындау-  ерінді  көбіне  жинақы
ұстап,   олардың   формасын   бей-берекет   өзгерте   бермеуін   қадағалауға
байланысты. Бұл әрине, көп жаттығудың нәтижесінде пайда болатын дағды.

         Әртүрлі дауысты дыбыстарды бірыңғай  вокалдық  желіні  сақтап  айту
үшін қолданылатын  жаттығудың  бірі:  ма-ме-ми-мо-му  немесе  да-де-ди-до-ду
буындарын  бір  нота  биіктігінде  әндету.   Мақсаты:   вокалдық   позицияны
қалыптастыра отырып, унисондық дыбысталуды дамыту.

Мұндай  жаттығуларды  әннен  де  келтіруге  болады,  яғни   шығарманың   бір
үзіндісін жаттығу ретінде қолдану. Хор жетекшісі ұзақ ноталарды  әндеткенде,
сол ноталарға тура келіп тұрған  дауысты  дыбыстарды  аяғына  дейін,  өзінің
негізгі  үн  сапасын  жоймай,  басқа  дыбысқа  өңін  айналдырып   жібермеуін
қадағалаған жөн. Ол үшін сол дауыстыларға тән  ерін  формасын  аяғына  дейін
сақтау қажет.

     Кенеттен жасалынатын нюанстер (subito forte, subito piano)  бір  үлеске
ертерек көрсетіледі. Ал legato-ны (дыбыстарды  өзара  байланыстырушы  белгі)
көрсетуде білезік буындары маңызды рөл атқарады.

Жалпы легато мен стаккато қимылдары технологиясының  едәуір  айырмашылықтары
бар, яғни легатода негізгі ролді ішкі үлестік қозғалыс алады және  нүктелері
жұмсартылған, ал стакккатода керісінше,  ішкі  үлестік  қимыл  қысқартылған,
нүктелері өте белсенді, серпінді болып келеді.

        Осылайша  стаккатоны жүргізу барысында  легатоға  қарағанда  басқаша
қол қимылдар қолданылады: бұл штрих өте қысқа дем алғанды, белсендірек,  өте
өткір нүктені және азғантай қол қозғалысының  көлемін  талап  етеді.  Осыдан
барып қолдардың позициясы да дирижерлаудың әдеттегі  қол  қимылының  орнынан
сәл жоғарырақ болуы мүмкін, ал қол қоспасына аздап түсірілген шынашақ  тірек
болады. Қол қоспасы білекпен бірге қысқа екпіндер  тастауға  мүмкіндік  бере
сәл  көтеріледі.  Стаккато   мен   легато   штрихтарын   орындау   барысында
“дирижерлық нүктелер” екі  жағдай  да  саусақтың  ұшымен  немесе  бүкіл  қол
қоспасымен орындалса да, олар сапасы жағынан әр түрлі сипатта  беріледі  (ал
легатода сонымен қатар барлық қолмен беріледі).  Бірақ  легатоның  нүктелері
жұмсақ, жабысқақ болады.
Сұрақтар:
1. Жаттығулар неше топқа бөлінеді?
2.      Штрихқа байланысты жасалатын жаттығуларды ата?
3.      Гармониялық жаттығулардың хорда алатын орны жайлы айтып бер?
Қолданылған әдебиеттер:
     1. Димитривский Г.А. Хор және оны басқару. А.1988
     2.      Әбеуова К. Хор жүргізу. А. 1993
     3. Хроведение В.И.Красношеков. М. 1969

8 - тақырып: Көп дауысты хорларға түсініктеме. Шығармамен танысу.
    Жоспар
 1. Көп дауысты хорларға түсініктеме.
 2. Шығармамен танысу.
    Көп дауысты хорлар шығармасы 2-3-4 және  көп  дауысты  болып  бөлінеді.
Әрбір хор ұжымы дауыс ерекшелігіне диапазонына дайындау деңгейіне қарай  көп
дауысты шығармаларды репертуарына еңгізеді.
    Жаңадан ұйымдасқан хор алғашқы  баспалдақ  кезіңде  унисондық  дыбыстар
шығармаларды  меңгеруі  қажет.  Унисондық   немесе   бір   дауысты   алынған
шығарманың әуенінің тазалығын әр арақашықтың еркін орындалуын,  интонациялық
тазалыққа және ырғақтық дикциялық  акапелалық  тағы  сол  сияқты  ансамбльге
баса назар аудару қажет. Өсу деңгейіне қарай келесі баспалдағы екі  дауыстты
немесе конондық ән  айтуды  енгізуге  болады.  Ал,  екі  дауысты  шығармалар
терция, секста аралығында жеңіл қабылдайды. Бұл  ретте  теция  арақашықтығын
сексталық арақашықтықтан таза орындалуын қадағалауымыз керек.
    Студенттер тобы өзінің сипатына қарай дауыстарды жеңіл қабылдағандықтан
музыкалық  естуі  жоғары  хор  болғандықтан  оларға   2-   3   дауыста   хор
шығармаларын алуға болады.  көп  дауысты  шығармалардың  лерикалық  әндерден
бастағаны жөн. Лерикалық әндердің ырғақтары баяу болғандықтан  оларды  жақсы
айтады. Лерикалық әндердің ыңғайлылығы әрбір дауысты анық естуге  дауыстарды
үлгеріп айтуға  және  тыныс  алуды  қадағалайға  жақсы  жағдай  қосады.  Көп
дауысты шығармалар музыкалық жағынан  өсуіне ішкі есту  қабілетінің  дамуына
жағдай септігін  тигізеді.  Ішкі  есту  даму  қабілеті  бір  дауысты  екінші
дауысты айту деген сөз.  Студенттер  хоры  көп  дауысты  шығармаларды  еркін
меңгерген есту қабілеті дамыған ішкі есту сезімінде көп  дикциялық  үні  бар
ұжым болғандықтан хорда екі дауыстан көп дауысқа  дейін  шығармаларда  соның
ішінде   жылдам,   баяу   орындағандықтан   гормониясы   бойынша    қиынырақ
шығармаларда репертуарға алуға болады. Көп дауысты хор  шығармалары   хордың
өсуіне сауаттылыққа жауапкершілікке дағдыланған, сондықтан  хор  шығармалары
қарапайым екі дауыстан емес, сауатты жазылған көп дауысты болған жөн.
Сұрақтар:
          1. Көп дауысты хорға түсініктеме беріңіз?
          2. Шығармаларды таңдау шарттарын ата?
          3. Репертуар таңдауда нені есте ұстаған жөн?
Қолданылған әдебиеттер:
 1. Музыка әлемі 2008 №1
 2. Әсембекова Хорға арналған шығармалардың кейбір ерекшеліктері.
 3. Дмитриевский Г.А. Хор және оны басқару. А.1998.
 4. Әбеуова Хор және оны басқару. А. 1997

9 - тақырып: Унисондық дыбыс шығаруға жаттығу.
Жоспар:
   1. Унисон ұғымына түсініктеме.
   2. Унисондық дыбыс шығаруға жаттығу.
      Унисондық дыбысталу –  дауыстардың  мінсіз  біртұтастылыған  көздейді,
хор партиялары өзара біріккен кезде дыбыс күші, бояуы,  интонация  және  сан
алуан штрихтарды қолдану жағынан  біркелкі орындауды қарастырады.
    П.П.Пигровтың айтуынша ансамбльдің ең басты ерекшелігі: интонациялаудың
дәлдігі, дыбыс бояуы  мен  дыбыс  күші  жағынан  үйлесімділігі.  Нәтижесінде
партиялар арасында “унисондық  дыбысталу”  қалыптасады.  Сол  арқылы  хордың
гармониялық дыбысталуының  іргетасы  қалыптастырылады.  Осы  тұрғыда  Пигров
ансамбльдің басты элементі деп “ансамбльдік дыбысты”  жеке қарастырып,  оның
екі түрін ажыратқан: унисондық және гармониялық.
    Унисондық ансамбльге қажетті элементтер: әншілер арасында  дыбыс  бояуы
мен күшінің бірдей  болуы,  ыңғайлы  тесситура,  дауысты  дыбыстардың  дұрыс
айтылуы, нюансировка мен вокалдық мәдениетінің бірдей дәрежеде сақталынуы.
    Ал   гармониялық   ансамбль   дегеніміз   бірнеше   әншілердің   немесе
партиялардың  аккорд  дыбыстарын   бір-біріне  үйлестіре  әндетуі.  Ол  үшін
дауыстар арасында салмақтылық күйі қажет және  аккорд  тондарының  біртұтас,
үйлесімді жүйеге біріккені шарт. Ол  үшін  мынадай  талаптар  қойылады:  хор
мүшелерінің  сан  жағынан  бірдей  болуы,  аккордтардың  ыңғайлы   регистрде
орналасуы,  тесситура,  нюансировка,  жылдамдық,  хор   әншілерінің   табиғи
дарындылығы, қабілеті секілді маңызды элементтер ескерілуі тиіс.
    Г.А.Дмитриевский ансамбльді  технологиялық  және  көркемдік  тұрғысынан
қарастырады. Ансамбльдің  технологиялық  сапасын  музыкалық  орындаушылықтың
тәжірибесіне  байланысты  қолданады.  Ол  дегеніміз   музыкалық   шығарманың
дыбысталу формасы, сапасы және техникасы. Ансамбль технологиялық  мағынасына
сәйкес төмендегі элементтерді білдіреді:
    -  интонация-горизонтальды (көлденең);
    -  строй-вертикальды (тігінен);
    -  тембр, яғни дыбыс бояуы;
    -  динамика- дыбыс күшін білдіреді;
    -  ырғақ-дыбыс ұзақтықтарының алмасуы;
    -  агогика- қимыл- қозғалыстың бірдей болуы;
    -  дикция- орфоэпия заңдылықтарын сақтау;
    Жоғарыда айтылған мәліметтерді негізге  ала  отырып,  Г.А.Дмитриевскийй
ансамбльге қатысты мынадай қорытынды жасайды: “Ансамбль  бұл-  интонациялық,
үн құрылымдық, тембрлік, динамикалық, метроритмикалық,  агогикалық,  дикция-
орфоэпиялық,  тесситуралық,  фактуралық  деп  ажыратылатын   жеке   ансамбль
түрлерінің жиынтығынан құралады.
    Ансамбль мәселесін жете зерттеген П.Г.Чесноков  ансамбльдің  екі  түрін
ажыратқан: 1) механикалық ансамбль дегеніміз- әншілерді  дұрыс  таңдау,  хор
партиялары  мен  тұтас  хорды  ұйымдастыру  шараларына  байланысты   мақсат-
міндеттерді  көздейді;  2)  көркемдік-органикалық  ансамбль   түрі   тікелей
дирижердың өзіне, оның дарындылығына және хор  мүшелерінің  көркемдік-рухани
жағынан жетілу деңгейіне байланысты.
    Ал көпке танымал хормейстр, дирижер А.А.Егоров хор ансамблін құруда екі
негізгі қажетті элементтерді көрсетеді: сыртқы- яғни  орындалатын  шығарманы
есту, көру, сезіну арқылы санамызда қалыптасатын түрлі әсерлердің  жиынтығы,
бірлігі және ішкі  фактор  дегеніміз-  өзара  сан  алуан  дыбысталатын  жеке
элементтердің  біртұтас  жүйесіне  енуі.  Дирижер  бұл   екі   элементтердің
синтезін  қамтамасыз  етіп,  жүзеге  асырады.  Осылайша   Егоровтың   бұндай
тұжырымдамасы хор орындаушылығын эстетикалық тұрғысынан ашып бере  алды./26/

    Сонымен  қатар  П.Г.Чесноков  “Хор  и  управление  им”  атты  еңбегінде
ансамбль құру үшін төмендегі талаптар тізімін ұсынады:
    -  хордағы әрбір әнші басқаларымен дыбыс күші мен тембр жағынан үйлесуі
үшін берілген әуенге құлақ салып, терең сезіне білуі  тиіс.  Бұл  дағдыны  “
жеке ансамбль” қалыптастырады.
    -  әрбір партия өз ішінде теңесіп, бір күйге түсіп, үйлескеннен соң, ол
хордың  толық  дыбысталу  тепе-теңдігін  бұзып  алмау  мақсатында  өзге   де
партияларға құлақ салуы қажет.Бұл дағды “жалпы ансамбль” арқылы іске асады.
    -  хордағы әрбір орындаушы партия ішінде ансамбль құруда дыбыс биіктігі
жағынан  таза унисонды құрай алуы қажет. “Жеке  строй”  ұғымы  бұл  мақсатты
көздейді.
    - жеке және жалпы ансамбль түрлерін  өзара  құрай  алған,  интонациялау
жағынан үндескен әрбір партия өзге де партияларға құлақ  салу  арқылы   бір-
бірімен үйлесе алуы қажет. Бұл мақсатты “жалпы строй” ұғымы көздейді.
    -  хордағы  әрбір  орындаушының  дирижермен  арасындағы  қарым-қатынасы
тыйылмауы қажет, яғни оның әрбір қол-қимылын, мимикасын байқай отырып,  мән-
мағынасын түсіне білуі тиіс.
    -   дыбыс  бояуы  жағынан  берілген  партиядан   ерекшеленетін,   жалпы
ансамбльге  үйлеспейтін  әншілерді  хорға  қабылдамау  қажет,  өйткені  олар
ансамбльді, яғни үйлесімді дыбысталуды бұзады. Сонымен қатар вибрациясы  аса
күшті, яғни дірілі көп дауыстардан сақ  болу  қажет,  себебі  вибрация  жеке
ансамбльге нұқсан келтіреді.
    Осылайша хорда ансамбльді құру мәселесі аса өзектілердің бірі.  Өйткені
хордағы ансамбль вокалдық ән айту мәдениетін аңықтайтын басты көрсеткіш.
Сұрақтар:
   1. Унисон ұғымына түсініктеме бер?
   2. Унисондық дыбыс шығаруға жаттығу неден басталады?
   3. Унисондық дыбысталуда ансамбльдің алатын орны?

10 - тақырып: A cappellaлық шығарманы талдау.
Жоспар:
   1. A cappellaлық шығарма ұғымына түсініктеме.
   2. Шығарманы талдау әдісі.
   3. Хордағы партиялармен жұмыс.

      A cappellaлық шығарманы, яғни сүйемелдеусіз  әнді  орындауды  еңгізуді
ерекше хор сыныбында басты орын алады. “Қазіргі  уақытқа  дейін  акапеллалақ
шығармаларды  орындау  тек  кәсіби  дәрежедегі  ұжымдарға  ғана  тән   деген
көзқарас  көпшілігінде   қалыптасып   кеткен.   Бірақ   бұндай   көзқарастың
терістілігін, бұрыстылығын іс-тәжірибе дәлелдеп отыр, яғни акапелланы  оқушы
хорына орындатудың көп  пайдасы  бар.  Ең  біріншіден,  кез-келген  аспаптық
сүйемелдеу өзіне тән таза, ашық,  жұмсақ,  табиғи  дыбысталу  нақышын  бұзып
бұрмаламайды. Екіншіден, сүйемелдеусіз шығармаларды орындау  кезінде  хордың
дайындық дәрежесі, шеберлігі, ансамбль,  строй,  нюансировка  секілді  басты
хор элементтері бірден айқындала түседі. Үшіншіден, акапелла  таза  унисонды
қалыптастыруға негіз болады.”
     Акапеллалық шығармаларды репертуарға  хордың алғаш  сабағынан  еңгізуге
болады.  Шығарма  жатталып,  ансамбль  жағынан  үйлескен  кезде  акакпелланы
сүйемелдеумен орындауға болады. Оқыту үрдісінде сүйемелдеу  мен  акапелланың
кезектесіп  қолдану  пайдасы  зор.  Бұндай  кезекті  тізбек  музыкалық  есту
қабілетінің  қарқынды  түрде  дамуына  жәрдемдеседі  және  де  айта  кететін
маңызды жайттардың бірі ерте кезеңнен  орындалатын  сүйемелдесіз  шығармалар
кейінгі уақытта репертуардың күрделене түсуінің кепілі. Және де,  керісінше,
акапелла шығармалардың орындауға дағдыланбаған  хор  ұжымы  кәсіби  деңгейде
өсе  алмай,  мүмкіндігі  шектеліп  қалады.  Өйткені  аспаптық   сүйемелдеуге
машықтанған олар таза интонациялауға мән бермей, фальшпен орындайды.
   Акапелланы әндетудің  өзіне  тән  артықшылығы  –  шығарманың  тональдігін
өзгертуге қолайлы болуы,  яғни  шығарманың  тональдігін   диапазонына  қарай
жарты тонға немесе бір тонға дейін  көтеріп  төмендетуге  болады.  Тональдік
қандай  мақсатпен  өзгертіледі?-  деген  сұрақ  туындауы  мүмкін.   Көптеген
шығармалар ыңғайсыз  тональдікте  жазылғандықтан  орындауға  қолайсыз  болып
келеді. Және де екі түрлі  тональдікте  жазылған  хор  шығармасы  екі  түрлі
дыбысталады. Мысалы, оқушылар хоры до мажор тональдігінде  шығарманы  сәтсіз
орындаса,   до  диез  тональдігінде  керемет  болып  шығады.  Бұл   берілген
шығармадағы   интервалдардың   акустикалық   ерекшелігімен    түсіндіріледі.
Сондықтан да хор жетекшісі осы жағдайды  ескеруі  қажет.  Репетиция  кезінде
хор  ұжымын  ыңғайсыз  тональдікте  айтқызу  бір   жағынан   пайдалы   дейді
дирижердың көпшілігі. Көп жағдайда төмен тональдікте  айтқызу  өте  пайдалы.
Өйткені төмен  тесситураға  байланысты   туындаған  қолайсыз  жағдайды  жене
отырып, еріксіз түрде стройды белгілі дәрежеде  теңестіреді.  Осындай  тепе-
теңдік  күйі  алғашқы  тональдікке   көшкенде   де   сақталынады.   Осылайша
акапеллалық  шығармаларды  орындау  хор  мүшелерінің  шығармашылық,   кәсіби
дәрежеде өсуіне зор ықпалын тигізеді.
Сұрақтар:
   1. A cappella ұғымына түсініктеме бер?
   2. A cappellaлық шығарманың тиімділігін жіктеп айт?
   3. Репертуарға енгізу неше дауыстан басталғаны жөн?

11,12 - тақырыптар: Сопрано, альт партияларына бөлу.  Әр  партиялармен  жеке
жұмыс жүргізу.
Жоспар:
1. Сопрано, альт партияларының диапазоны.
2. Сопрананың түрлері.
3. Альт партиясына сипаттама беріңіз.
    Альт партиясы скрипка кілтінде, кіші  октаваның  (Соль)  Ля  нотасынан,
екінші октаваның Фа ноталары көлемінде жазылады. Ал, орташа  көлемі  бірінші
октаваның До нотасынан, екінші октаваның До нотасына шейін болады.
    Әйелдер хорының сопрано, альт дауыстары:
    Сопрано  партиясы  скрипка  кілтінде,  (кіші  октаваның   Ля)   бірінші
октаваның До нотасынан, үшінші октаваның До нотасы көлемінде жазылады.
    Орташа көлемі бірінші октаваның Фа,Соль нотасынан, екінші октаваның Фа,
Соль нотасына шейін болады, мысал үшін А. Давыденконың «На  десятой  версте»
атты хоры болуы мүмкін.
    Мұнда сопрано партиялары кіші октаваның Сибемоль нотасына шейін айтатын
болады.
    Өте жоғары регистрде айтуға  мысал  ретінде  Бородиннің  «Князь  Игорь»
операсындағы прологтың соңғы  хоры  болуы  мүмкін.  Мұнда  сопрано  партиясы
үшінші октаваның До нотасына шейін айтатын болады.
    Сопрано партияларына кіретіндер:
    Колоратуралық сопрано, бұл дауыстардың жоғары регистрі (дыбыстары)  өте
жетілген болады, ал дыбыстарды  үшінші  октаваның  До  нотасынан  да  жоғары
дыбыс ноталарын ала беретін болады.
    Колоратуралық сопранода төменгі дыбыстардың жаттығуы  нашарлау  болады.
Бұл  колоратуралық  сопраноның  дыбыс  бояуы   ерекше   және   өте   жіңішке
болғандықтан, колоратуралық сопраноның дауыстары жоғары сопрано  партияларын
атқаруға  жарамайды,  өйткені  коларатуралық  сопраноның  дауыстары  хордағы
басқа сопрано партияларының дауыстарымен үйлесіп кете алмайды.
    Лирико-коларатуралық сопрано, бұл дауыстардың жоғары дыбыстары жетілген
болады, ал үн  шығу  сыйпаты  колоратуралық  сопраноға  ұқсас;  бұл  лирико-
колоратуралық сопрано хорға қосылып айтуға жарамды.
    Лирикалық сопрано,  бұл  дауыстың  жоғары  дыбыстары  және  хорда  орта
дыбыстары өте жақсы  жетілген  болады,  хор  партияларына  өте  лайықты,  ал
дивизияларға бөлгенде  бұл  лирикалық  сопрано  бірінші  дауысты  орындайтын
болады.
    Лирико-драмалық сопрано, бұл дауыстың жоғары дыбыстары өте  күшті  және
жетілген, ал орта дыбыстары жақсы, төменгі дыбыстары недәуір  күшті  болады,
дауыстары хорға өте қажет.
    Драмалық  сопрано,  бұл  дауыстың  жоғары  дыбыстары  өте  күшті,  орта
дыбыстары жақсы, төменгі дыбыстары да күшті болып  келеді,  дауыстары  хорға
жарамды.  Альт  партиялары,  скрипка  кілтінде,  кіші  октаваның   Фа   Солъ
ноталарынан,  екінші  октаваның  Соль  ноталары  көмегінде   жазылады.   Ал,
күнделікті  қолданылатын  орташа  көлемі  бірінші  октаваның  До  нотасынан,
екінші октаваның До нотасына шейін болады.
    Альт партияларының өте төменгі регистерде айтуға мысал ретінде Римиский-
Корсаковытың «Татар полондарының» хорын алуға болады. Мұндай  альт  партиясы
кіші октаваның Соль нотасына шейін айтатын болады.
    Өте жоғары  регистрде  айтуға  мысал  ретінде  Глинканың  «Руслан  және
Людмила» операсынан «мир и  блаженство,  чета  молодая»  атты  хоры  болады.
Мұнда альт партиялары екінші октаваның Соль-бемоль  нотасына  шейін  айтатын
болады.
    Альт  партияларына  кіретіндер:  Меццо-сопрано,  бұл  дауыстың   жоғары
дыбыстары жетілген, орта дыбыстары жақсы, төменгі дыбыстары  жеңіл  алынатын
болады.  Дауыстар  дивизияға  бөлінгенде  бұл  меццо-сопрано  бірінші   альт
партияларын орындауға лайықты.
    Контральто, бұл дауыстардың төменгі дыбыстары  өте  күшті,  ал  жоғарғы
дыбыстары  біркелкі  ауыр  алынады.  Дивизияға  бөлінгенде  бұл   контральто
дауыстары екінші альт партияларын орындауға лайықты.
Сұрақтары:
    1) Сопраноның түрлері атаңыз?
    2) Сопрананың диапазоны?
    3) Альт партиясына сипаттама беріңіз?
Қолданылған әдебиеттер:
    1. Б.Жакеева Хор үйірмесімен жұмыс. Алматы. 1998
    2. Әбеуова К. Хор жүргізу. Алматы. 1993
    3. Работа с хором. Соколов В. М. 1967

13,14  -  тақырыптар:  Диапазондық  жаттығуларды  меңгеру.  Шығарманың  қиын
фразаларымен жұмыс.
Жоспар:
   1. Диапазондық жаттығуларды меңгеру.
   2. Шығарманың қиын фразаларымен жұмыс.
   3. Шығарманы техникалық жағынан меңгерудегі 3 фаза.
    Көп дауысты хор шығармаларын орындату кезінде оларды әрбір дауысты анық
естуге, дыбыстарды үлгеріп айтуға және тыныс алуды қадағалауға назар  аудару
керектігін ескертіп отыру қажет. Көп дауысты шығармалар  студенттердің  ішкі
есту  қабілетін  дамуына  жағдай  септігін  тигізеді  және  де  сауаттылыққа
жауапкершілікке дағдыландырады.
    Дирижер шығармалармен толық танысудан бастайды.  Ауызша  түсіндіргеннен
кейін аспапта ойнап  көрсетіп  және  әр  партиямен  жеке-жеке   жұмыс  жасау
керек. Хорды екі бөлікке бөледі. Әр  партияларынан  жұмыс  істеу  сольфетжио
мен  басталады.  Сольфетжиосы  автоматты  орындау  тәсілмен  көшкенге  дейін
шығарманың  бастапқы  уақытынан  бастап,  тыныс  алу  динамика   фразеровка,
ансамбль, строй тағы сол сияқты элементтерді жасап алу қажет.  Сольфеджиомен
айтқаннан кейін  сөзімен  үйрену  кезеңімен  жалғасады.   Шығарманы  сөзімен
дайындау кезінде жоғары айтылған  элементтермен  қоса  дикция,  артекуляция,
кульминация тағы  сол  сияқты  элементтер  қамтылады.  Шығарманың  көркемдік
бейнесін ашу ең негізгілері болып саналады. Дирижер автордың  айтайын  деген
ойын  жеткізуге  шығармалардың  мазмұнын  ашуына  көп  көңіл   бөлуі  қажет.
Шығармалардың қиын бөліктерімен жұмыс қосымша уақыт  немесе  жіктелу  арқылы
жасалады.
  Жаңа материалмен жұмыс жасау күрделі, көп  сатылы  үрдіс  болып  табылады.
Оны 3 кезеңге  бөліп  қарастырамыз:  техникалық,  көркемдік  және  қорытынды
кезең. Әрқайсыларының өзіндік мақсат-міндеттері, спецификалық  ерекшеліктері
бар.

1) Бірінші, яғни техникалық кезең өз ішінде үш фазаны біріктіреді.  Оның  ең
алғашқысы шығарманы талдауға негізделеді. Ол  дегеніміз  берілген  шығарманы
бірнеше бөлімдерге  жіктей  отырып,  әрбір  партиямен   жекелей  және  тұтас
хормен жұмыс жасау. Осы жөнінде П.Г.Чесноков мынадай ескерту  жасайды:  “Бір
партиямен   ұзақ  уақыт  бойы  жұмыс  жасау  дұрыс  емес,   өйткені   қалған
партиялардағы оқушылардың зейіні аутқып, шашарап кетуі мүмкін. Сондықтан  да
дирижер бір  қысқа  үзіндіні  бір  партиямен  жаттаған  соң,  бірден  екінші
партиямен  қосып,  осылайша  хордың  белсенді  іс-әрекетін  қамтамасыз  етуі
қажет”,- дейді.

    Шығарманы талдау кезінде оны фортепиано аспабында басынан аяғына  дейін,
барлық нюанстерді сақтай отырып оқушыларға  алдын-ала  орындап  беру  қажет-
деген  көзқарас  баршылығында  қалыптасып  кеткен.  Бірақ  П.Г.Чесноков  бұл
пікірді қолдамайды, оның айтуынша хордың жаңа  шығармаен  алдын-ала  танысуы
нәтижесінде жаңа материалға деген қызығушылық сезімі жоғалып  кетуі  мүмкін.
Бұны театрдағы  жаңа  спектаклмен  салыстыруға  болады,  яғни  көрермендерді
спектаклде қызықтыратыны- сюжет жиілісінің біртіндеп өрбуі,осылайша  белгілі
бір кульминацияға жетуі.  Ал  сюжетті  алдын-ала  біліп  барсақ,  қызығы  да
болмас еді. Сондықтан да хор мүшелеріне  жаңа  шығармамен  таныстыру-  үлкен
қателік деп есептейді П.Г.Чесноков.

      Бірінші кезең мозайка принципіне сүйенеді, яғни жеке-жеке  бөлшектерді
құрастыра отырып, үлкен бір  затты  жасау.  Ал  біздің  жағдайда,  жеке  хор
элементтерін біртұтас жүйеге біріктіру. Осылайша бірінші фазаның мақсаты  да
осы болып табылады.

       Екінші  фазаның  мақсаты-  стройды  қалыптастыру.  Сондықтан  да  хор
жетекшісі  ең  алдымен  строй  жөнінде  жалпы  мағлұмат  береді,  оның   хор
ансамблін құру кезіндегі маңыздылығын түсіндіріп кетуі қажет.

      Стройға қатысты П.Г.Чесноков шартты белгілер жүйесін ұсынды, бұл:

            - жоғарылату белгісі;

      - төмендету белгісі;

      - дыбыс тұрақтылығын білдіретін белгі;

      -минорлық ладты көрсететін белгі.(қосышада бар)

    Осы шартты белгілерді үлкен плакатқа жазып, алдына іліп қою өте  тиімді
және нәтижелі. Бірақ бұндай көрнекілік тәсілінің  тиімділігін  арттыру  үшін
шартты белгілерінің мән-мағынасын түсіндіру қажет. Сөйтіп  шығармамен  жұмыс
жасау кезінде еркін қолдана аламыз.

    Стройға  байланысты  хор  жетекшісі  мынадай  маңызды  жайтты  ұғындыру
қажет: дыбыс интонациясын  жоғарылату  дегеніміз  дыбысты  күшейту,  қатайту
емес, және осы сияқты дыбыс интонациясын төмендету дыбыс күшін азайту  деген
сөз емес./17/

    Сонымен  қатар  строймен  жұмыс  жасаудың  бастапқы  кезінде  музыкалық
шығарманы  пиано динамикасына сәйкес ақырын айтқызу қажет.  Мақсаты:  бірін-
бірі естуіне жағдай жасау, унисонды теңестіруге және  тұтас  аккордты  құрай
алуға дағдыландыру. Осы тұрғыда  строймен  жұмыс  жасау  үрдісіне  қойылатын
басты талап- аспапты қолданбау. Өйткені  табиғи  стройды  аспапқа  ғана  тән
темперированный   стройымен   сәйкестендіріп,    салыстыруға,    теңестіруге
болмайды.Ал аспапты тек алғашқы кезеңнің бірінші фазасында  қолануға  рұқсат
етіледі. Бірақ сонда да  ол  шектеулі  дәрежеде  қолданылуы  қажет.  Өйткені
аспап   хорды   жетектеуші   емес,   керісінше   толықтырушы,   көркемдеуші,
сүйемелдеуші құрал.

    Үшінші фаза қажетті нюанстерді қалыптастыруды  көздейді.  Бұл  кезеңнің
алғашқы сатысында  нюанс, дикция, тыныс алу жөнінде жалпы  мағлұмат  берілуі
қажет.  Содан  кейін  хор  жетекшісі  қарастырып  жүрген  шығарманың  ішінен
кездесетін нюанстерді таңдау арқылы әрқайсыларының мән-мағынасын  түсіндіруі
тиіс. Осы кезеңде П.Г.Чесноков қарама-қайшылық принципін қолдануды  ұсынады,
яғни хор шығармасын алғашқыда пиано белгісімен, одан кейін фортеге  орындау.
Бұндай  ауысым  бір-біріне  қарама-қайшы  болғандықтан  хор  жетекшісі  үшін
тиімді және пайдалы болып саналады. Өйткені пиано мен форте  арасындағы  жер
мен көктей айырмашылығын бірден сезініп, өзара ажырыта алады.

    Сөйтіп  ансамблді  құру  үрдісі  хор  жетекшісінен  кәсіби  білім   мен
ансамблмен жұмыс жасауға арналған арнайы  білік-дағдыларды,  әдіс-тәсілдерді
меңгеруін, шығармашылық  жұмыстың  жүйелі,  бірізді,  нәтижелі  өтуін  талап
етеді.

             Жұмыстың жемісті болуы,  сонымен  қатар  студенттер  тарапынан
шығарманы  ұнату  немесе  ұнатпауына  байланысты.  Мысалы,  терең  мазмұнды,
ұлттық  нақышы   бар,   күрделі,   әсерлі   шығармалар   студенттер   бірден
ынталандырып,   дайындық   кезінде   олардың   жинақылығын,   белсенділігін,
жауапкершілік сезімін арттырады.
Сұрақтары:
    1. Диапазон ұғымы нені білдіреді?
    2. Шығарманы техникалық жағынан меңгерудің 3 фазасына түсініктеме бер.
    3.  Шығармадағы  қиын  фразалармен  жұмыс  істеудің  әдістері   жайында
       мағлұмат беріңіз?
Қолданылған әдебиеттер:
1. Музыка әлемі 2008 №1
2. Әсембекова Хорға арналған шығармалардың кейбір ерекшеліктері.
3. Дмитриевский Г.А. Хор және оны басқару. А.1998.
4. Әбеуова Хор және оны басқару. А. 1997

15 - тақырып: Партиялардың интонациясымен жұмыс
Жоспар:
    1. Партиялардың интонациясына сипаттама.
    2. Партитурадағы  ырғақтармен жұмыс.
    3. Шығарманың көркемдік бейнесін ашу.
      Интонациялық ансамбль хордың жалпы және жеке стройына (үн  құрылымына)
тікелей байланысты. Сондықтан да  хор жетекшісі оқушыларға екі бағытта  әсер
етеді: біріншісі- дыбыс  биіктігін  жоғарылату,  екіншісі-  дыбыс  биіктігін
төмендету. Осыған байланысты П.Г.Чесноков “Хор и управление” атты  еңбегінде
дыбысты басқарудың 4 тәсілін жүйелеп көрсетеді:

жеке әнші үшін жоғарылату тәсілі;
хор партиясына қатысты жоғарылату тәсілі;
жеке әнші үшін төмендету тәсілі;
хор партиясына қатысты төмендету тәсілі;
     Егер  де   хор  мүшелерінің  бірі  өзінің  партиясымен  дыбыс  биіктігі
жағынан  үйлеспесе,  яғни  унисонды  құрай  алмай  “интонация  жағынан   сәл
төмендетсе”, дирижер сол қолымен “жоғарылату” белгісін қысқа  етіп  көрсетуі
қажет. Осындай қол қимылының көрінісін П.Г.Чесноков  былай  суреттейді:  хор
жетекшісінің қол- қимылы “төмен”  әндетіп  тұрған  әншіге  бағытталуы  тиіс.
Сонымен қатар бет-әлпетімен  қосымша  белгі  беру  қажет,  бұл:  басты  тұзу
қалпында ұстап, қасты сәл ғана көтеру, не болмаса сол қолдың  алақанын  ашық
ұстап, саусақтарды көмкеріп, қысым түсіре отырып, сәл ғана  төмен  бағыттау.
Іс-тәжірибе кезінде бұл және басқа да тәсілдердің тиімділігін  арттыру  үшін
хор жетекшісі әрқайсыларының мән-мағынасын оқушыларға  түсіндіріп,  дайындық
кезеңдерінде жүйелі түрде қолданып жүруі тиіс.

     Жеке әнші  дыбыс  биіктігін  төмендете  отырып,  партия  ішіндегі  жеке
стройды бұзса, тиісті дыбыс биіктігінен  аутқыған  тұтас  бір  партия  бүкіл
стройды бұзады. Бұл жағдайда, яғни тұтас бір партияға қатысты   қолданылатын
қол-қимылдың сипаты жоғарыдағыдай болады. Тек көз қарастың сипаты  өзгереді:
сәл ғана қасты түйіп, стройды бұзған  партияға  қатал  көз  қараспен  қарау.
Осыдан  басқа   қолданылатын    дирижерлық   жест:   сол   қолды   біртіндеп
жоғарылатқаннан соң, оң қолды жоғары қарай бағыттау немесе сол  қолға  қысым
түсіре отырып, сәл ғана төмен қарай бағыттау және басты еңкейту.

      Хор  партиялары  ішінде  және  арасында  стройды   теңестіре   отырып,
интонациялық ансамблді реттеу мақсатында К.А.Ольхов өзінің  “Вопросы  теории
дирижерской  техники  и  обучения  хоровых  дирижеров”  еңбегінде  төмендегі
тәсілдерді ұсынады:

1) қол білезігін көтеру арқылы  сұқ  саусағымен  ескерту  белгісін  көрсету,
мақсаты: интонация жағынан дұрыс  орындалмаған  дыбысты  немесе  дыбыстардың
гармониялық тізбегін, яғни аккордты интонациялауға қатысты жоғарылату;

2) дирижердың сұқ саусағы төмен қарай бағытталса, ол қате  орындалған  дыбыс
пен аккордты интонациялау жағынан төмендетуді білдіреді./37/

       В.Р.Соколов  өз  кезегінде  стройды  басқару   мақсатында   төмендегі
ережелердің орындалуын талап етеді:

1)  дирижер  хор  әндеткенде  фальштік,  яғни  интонациялау  жағынан   бұрыс
дыбысталуын болдырмау қажет. Интонациялық ансамблге қатысты  аутқуларды  хор
жетекшісі жедел аңықтап, оқушылар қауымына ескерту жасай  отырып,  түсіндіру
қажет. Өйткені “фальш” хордың көркем дыбысталуын бірден-бір бұзушы фактор.

2) хор шығармасымен жұмыс жасау  кезінде  хор  жетекшісі  интонация  жағынан
әндетуге қиындық келтіретін  жерлерді  алдын-  ала  өз  үшін  белгілеп,  сол
бөлімдерімен  жеке  жұмыс  жасауы  қажет.  Мысалы,  дауыс  қыздырған   кезде
шығармада кездесетін интервалдық секірістерге байланысты алдын-  ала  арнайы
жаттығулар жасату.

3) строй  және  интонациялау  жағынан  қарастырғанда  шығарманың  аса  қиын,
қауіпті бөлімдерінде дирижер арнайы қол- қимыл арқылы оқушыларға белгі  бере
отырып, қателіктің алдын алады. Атап айтқанда, интонация жағынан  жоғарылату
белгісін көрсету үшін тура созылған  қол  білезікті  төменнен  жоғары  қарай
асықпай көтеру қажет, ал интонация жағынан төмендетуді талап ететін  белгіні
сол қолымыз арқылы жоғарыдан- төмен бағытты біртіндеп көрсету арқылы  жүзеге
асырылады. Дыбыстың тұрақтылығын көрсету үшін алдыға  қарай  созылған  қолды
көлдеңен сызығы байынша баяу  және  күш  түсіре  отырып,  біртіндеп  жылжыту
қажет.

5)  дирижер  шығарма  ішіндегі  аккордтардың   құрылымын,   өзара   байланыс
заңдылықтарын, үйлесімділігін жете зерттеп, іс- тәжірибеде шығарманың  дұрыс
орындалуын реттеп басқару үшін тиісті жест түрлерін таңдай алу қажет.

Сұрақтары:
   1. Интонациялық тазалық дегеніміз не?
   2. Дыбыс қатары(строй)  мен  интонациялық  дыбысталудың  байланысы  жайлы
      әңгімеле.
   3. Хорда дирижердың интонациясымен жұмысы.
Қолданылған әдебиеттер:
    1. Димитривский Г.А. Хор және оны басқару. А.1988
2. Әбеуова К. Хор жүргізу. А. 1993
    3. Хроведение В.И.Красношеков. М. 1969

                                ІІ – семестр

1,2 - тақырып:  Студенттерге  шығармаларды  жоғары  кәсіби  деңгейде  көркем
орындау дағдыларын және хор ұжымымен жұмыс істеуге  қажетті  есту  қабілетін
дамыту
Жоспар:
   1. Музыкалық қабілет жайлы түсініктеме
   2. Музыкалық қабілеттің түрлері
   3. Музыкалық іс - әрекет ұғымы
    Музыкалық мәдениеттің жеке көрсеткіші  ретінде  музыкалық  қабілет  пен
музыкалық іс-әрекетті қарастыру қажет.
         Музыкалық  қабілет  деп-  жеке  тұлғаның   даралық,   психологиялық
ерекшеліктерін айтамыз.Оған сөз және музыкалық дыбыстарға  талдау  жасайтын,
еңбек және әлеуметтік қарым-катынас барысында дамитын, эмоцианалдық  реакция
формасында көрінетін есту қабілетінің сезімталдылығы жатады.
Музыкалық қабілеттердің құрылымы: жалпы және  арнайы.  Б.М.Теплов  музыкалық
қабілеттердің негізгі түріне мыналарды жатқызады:
    Ладты сезіну- алуан түрлі дыбыстар аралық өзара байланысының  мазмұнын,
мәнін сезіне білу.
Музыканы есту арқылы  көз  алдына  елестету  дегеніміз-  естіген  әуенді  ой
санамызда  қорытып,соның  нәтижесінде  туындаған   бейне-көріністер   арқылы
толықтырып жаңғырту.  Осындай  шығармашылық  үрдіс  музыкалық  елестің,  ой-
өрісінің, қиялдың одан әрі дамуына негіз болады.

    Музыкалық ырғақты сезіну- жаңа ырғақ  тіркестерін  қабылдай  білу,іштей
сезіне алу және дәлме-дәл орындай алу қабілеті.
    Музыкалық қабілеттің жалпы түріне төмендегі ұғымдар енеді:
    Музыканы есте  сақтау-  тәжірибеге  тікелей  байланысты  жүзеге  асатын
күрделі психологиялық процесс. Бұл  қабілет  орындаушы,  тыңдаушы,композитор
мен ұстаз үшін сөзсіз қажет.
    Музыканттың  психо-моторлы  қабілеті  дегеніміз   музыкалық   шығарманы
орындау  барысында  мазмұндық  мағынасын   толық   дәрежеде   жеткізе   білу
мүмкіндігі.
    Неғұрлым студент музыка дыбыстарының дыбысталу ерекшеліктерін,  өзіндік
нақышын ажырататын болса, соғұрлым ол музыкаға  бейім,  қабілетті  деп  айта
аламыз.
    Іс-әрекет дегеніміз қоғамдағы  тәжірибені  және  жетістіктерді  игеруге
бағытталған шығармашылық үрдіс.
    Адам баласы бүкіл  өмірінің  барысында  сан  алуан  іс-әрекет  түрлерін
меңгереді. Нәтижесінде оның бойында қандай да бір психикалық  қасиеттер  мен
жеке тұлғалық нышандар қалыптасады, солардың ішіндегі  кейбіреулері  басыңқы
ролге иемденіп,  адамның  іс-әрекетінде  көрініс  табады.  Осылайша  адамның
белгілі іс-әрекетке деген ерекше қызығушылығы мен бейімділігі пайда болады.
    Музыка және басқа да іс-әрекет түрлері жеке тұлғаның дамуына әсер етеді
және олардың әрқайсыларының өзіне тән ерекшеліктері бар.
    Музыкалық іс әрекет дегеніміз- музыкалық өнер  арқылы  қоршаған  ортаны
және өз-өзін тану  кезінде  сан  алуан  тәсілдер  мен  құралдарды  қолдануды
айтамыз. Нәтижесінде музыкалық  бағытта  және  жан-жақты  дамиды.  Музыканың
эмоцияналдық-образдық  мазмұнын  түсіну  арқылы   берілген  шығарманы  терең
қабылдайды. Осыған  орай  орындаушылық  және  шығармашылық  іс-әрекеті  жаңа
мәнге ие болады. Бұл өзгерістер баланың сыртқы іс-әрекетінде және ішкі  жан-
дүниесінде көрініс табады.
    Музыкалық  тәрбие  берудің   негізгі   іс-әрекет   түрлері:   қабылдау,
орындаушылық, шығармашылық, білімділік  және  тәрбиелік  іс-әрекет.  Олардың
әрқайсыларының өзіндік ерекшелігі бар   және  олар  өз  алдына  дербес  бола
отырып, басқаларына үлкен септігін тигізеді. Мысалы, қабылдау жеке дара  іс-
әрекет  болса  да,  басқаларының  негізін  құрайды.  Ал   орындаушылық   пен
шығармашылық ән айту үрдісінде аса қажет.
    Сөйтіп  музыкалық  іс-әрекеттің  әрбір   түрі   студенттің   мәдениетін
дамытуға, рухани дүниесін байытуға бағытталады.
Сұрақтары:
   1. Музыкалық қабілет жайлы түсініктеме бер.
   2. Музыкалық қабілеттің түрлерін ата.
   3. Музыкалық іс - әрекет дегеніміз не?
Қолданылған әдебиеттер:
 1. Соколов В.Г. Работа с хором. М., “МузГиз”, 1963.
 2. Струве Г.А. Школьный хор: Книга для учителя. М.,1981.
 3. Стулова Г.П. Теория и практика работы с детским хором. М.,2002.
 4. Тевлина Б.Г. Работа в хоре. Методика, опыт. М., Профиздат, 1977.
 5. Уколова Л.И. Дирижирование. М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003.
 6. Чесноков П.Г. Хор и управление им. М., 1952.

3,4  -  тақырып:  Студенттерді   қазақ   және   шетел   сазгерлерінің   озық
шығармаларымен  сондай  –  ақ   халық   әндері   мен   халық   сазгерлерінің
шығармаларымен таныстыру
Жоспар:
   1. Қазақ халық әндерінің ерекшелігі
   2. Қазақ сазгерлерінің хор жанрындағы шығармаларына тоқталу
   3. Халық әндерінің тақырыптық мазмұны.
Кез- келген халық музыкасының  фактуралық  мазмұнын таңдай білу  және  халық
әндерінің  үн ерекшелігін  сақтап келтірудің  мәнісі   зор.            Қазақ
халқы өмірінде ән өнері  халық  тұрмысында  кеңінен  пайдаланылған,  сонымен
қатар, рухани айнымас серігі болып келеді. Мәселен, халқымыз жиын-  тойларда
қосылып ән салуға селқос қарамаған. Өзіндік тұрмыс- салт дәстүрлеріне, әдет-
 ғұрыптарына байланысты халық әндерінің көптеген жанрлары бар:  бесік  жыры,
тойбастар, жоқтау, беташар, сыңсу, жарапазан т. б. Бұл қарапайым әндер  жеке
дауыста ғана емес, музыкалық жанрлардың  күрделі  формасында   да  өз  орнын
тапқаны бәрімізге  мәлім.  Олардың  алғашқы  бастамасын  қалаған  халқымызға
еңбегі сіңген белгілі сазгерлер Е.  Брусиловский,  Л.  Хамиди,  А.  Жұбанов,
Б.Байқадамов, М. Төлебаев т.б жасады.

             Қазақ  сазгерлерінің  шығармашылығында  операда  халық  әндерін
қолдану XIX ғ. орта шенінде етек  жайған.  Оның  маңызына  тоқталар  болсақ,
ұлтымыздың музыкалық өнеріне тән дәстүрлі жанрларына жазылған  халық  әндері
операға жаңа идеялық-эстетикалық мазмұн берген туындылар.  Сондықтан  болар,
хорға өңделген ән жаңа бір бояуға ие болады, маңызды орын алады.
      Опера   өзінің  драматургиясы  бойынша  лиро-  эпикалық   шығармаларға
жатады. Музыкалық-сахналық дамуының негізгі өзегінде лирикалық драма  жатыр.
Ал эпикалық бастамасы, ертеде өткен оқиға ретінде драманы  көмкеріп  тұрады.
Операдағы хорлар үлгісі көбінесе халықтың ырқын,  оның  мінез-  құлқын  және
көпшіліктің қалауларын суреттейді.
            Халық әндерін өңдеу сазгерлер  үшін  өте  үлкен  іздену,  үйрену
мектебі болғаны  сөзсіз.  Қазақтың  профессионалдық  музыка  өнері  1926  ж.
тұңғыш  драма театры ұйымдасуынан басталады. Көп дауысты хор  коллективі  де
алғаш осы театрда  ұйымдасты.  Халықтың  бай  музыка  қорын  шығармашылықпен
меңгеріп,  профессионалдық   музыкаға  арқау  ету  –   ешбір   шектелмейтін,
тоқталмайтын  процесс.  Республика  сазгерлері  халық  әндері  мен  күйлерін
өңдеудің небір тамаша үлгілерін жасады.  Олардың  кейбіреулерінде  сазгерлік
еркін өңдеудің ең біржоғары түріне ден қойып,  тілін,  тұлғасын,  күрделеніп
жазылу  және  айтылу  стилін  аспаптық   шығармаларға   теңейді.    Мәселен,
«Харарау», «  Майра»,  «Айттым  сәлем  Қаламқас»  т.б  сияқты  ежелден  жеке
дауыспен айтылып келген көптеген әндер кезінде  жаңа  бір  реңге  ие  болды.
Кейде  сазгерлер  әндердің   жалпы  стилін   мұқият   сақтауларымен   қатар,
кейбір   айырықша,   интонациялық   ұтымды   жерлерін  түрлі  хор  нюанстары
арқылы  ерекше көрсетеді. Сазгерлер  әнді   өңдеген   кезде   түрлі   ұлттық
дәстүрден   туатын   шағын    әуез,    қайталау,   кейде    саздық    бөлшек
буындарынан  тарайтын  әуендік  ерекшеліктеріне де назар  аударады./1/
       Отызыншы  жылдар басында  аспаптық  (фортепиано)  сүйемелге  жазылған
халықтық     ән    өңдеулері    арасынан     кәсіби      деңгейі     жоғары,
шынайылығымен  ерекшеленетін  полифониялық құрылымдағы  төрт   дауыстылықпен
кейін   енгізіліп  ,  қазақ   әндерінің   жақсы   үйлесетіндігін   көрсетті.
Тәжірибе полифониялық  формадағы  әдістің  тиімділігін  сол  кездің   өзінде
   дәлелдеді.    Полифониялық    тәсілдердің    кең    түрде     негізделген
көпдауыстылыққа  арналған  өңдеу  кезеңдері   отызыншы   жылдардан   бастап,
күні  бүгінге  дейін  жалғасын  табуда.
        Халық   әндерін   өңдеуді   сазгерлер   мен   хор   жетекшілері   еш
уақытта  тоқтатқан  емес. Қазіргі  кездің   өзінде   халық   әндерін   өңдеу
барысында  шығарманың  жалпы  стилін,  характерін  мұқият   сақтай   отырып,
көркемдік  мәнерліліктің қажетті  құралдарының  бірі- екпін, ырғақ,  ағымға,
 әуендік,  саз  күшіне  көңіл  бөледі./3/
              Халық   әндерін    аса    сәтті    өңдеп,    хор    үнділігіне
айтарлықтай   жаңалық   енгізуде   сазгерлер    тынымсыз    еңбек    жасады.
Мәселен,   белгілі   сазгер   Б.  Байқадамовтың    шығармашылығында    хорға
арналған  музыка   маңызды   орын   алады.  Ол   бейнелеудің   нақтылығымен,
тартымдылығымен,  мәнерлеу  мүмкіндігімен  композиторды  еліктіреді.  Барлық
 хор  жанрларының  ішінде  Б. Байқадамов аспаптық   сүйемелсіз   орындалатын
хорларға   көбірек   назар   аударды.  Әсіресе,  қазақтың   халық    әндерін
негізіне  ала  отырып  шығарған  сюиталарыөте  қызыкты.Мысалы:«Той  базар»,«
Майраның  әні»,« Жариям-айдай»,  «16 қыз»,    «  Жеңеше-  ай»,     «  Ахау»,
« Семей», « Құдаша- ай  »,  «Егигай»   әндері.  Халық  әндері  хорға   өңдеу
арқылы  әсерлі  әуезділігін  күшейтеді.
             «Жариямайдай»   әнінің   әуені   сопранода   берілген,    басқа
дауыстары   оны   әсерлеп,   байыта   түскен.   әсіресе,  ең   төменгі   бас
партиясы   жүрдек   келеді,  ал   тенор   сопраноның   әуендік   фразаларына
еліктейді. Б.Байқадамов  хорға  өңдеген   көптеген   халық   әндерінде   көп
дауыстың  әр  қырлы   мүмкіндіктерін   орынды   пайдалана   білді.   Өңдеген
әндері  халық  арасына  кеңінен  тарады./2/
            Осы  ретте  Қазақстан  опера  өнерінің   көрнекті   тұлғаларының
бірі  М. Төлебаевтың  операсы музыка  мәдениетінің  алтын  қорына   кірді.М.
Төлебаевтың  «Біжан- Сара»  операсындағы   халық  әндерінің   мәні   ерекше.
Онда  «Харарау»,  «Гүлдер-ай»,  «Шұбар   ағаш,  ой   жайлау»,  «Сұрша  қыз»,
«Гаухар  қыз»,  «Сапар»,  т.б.  халық   әндері   кейіпкерлерді   бейнелеумен
қатар,  шығарманың  негізгі  идеясын  айқындай  түседі.  Ән   үнінің   дамуы
арқылы  музыкалық  көріністердің  өзгеру  процесін  көрсетеді.
      I ші  көріністегі  Біржан партиясындағы «Харарау»  әнін  кейіннен   IV
ші  көріністе  Естайдың  партиясы   естіледі.  Естай-  нағыз   халық   әнші-
ақынының   кейіпкері.  Мұндай   сарынды   байланыс    Біржан    мен    халық
бейнелерін   бірлестіріп   тұрады.  Ал   басқа   жағдайда   керісінше:  Жаяу
Мұсаның   «Құлбай»  әні   халықтан   Біржанға  ауысып,    жақын   бейнелерді
бірлестіруге  көмектеседі. III-ші  көріністе  тұрмыстық  жанрды   байқататын
 халық  әндерінің  тікелей  мәнісі  зор. «Біржан-  Сара»  операсындағы   ән,
музыкалық  материал   есебінде   кейіпкерлерді  бейнелеп,  олардың    қарым-
қатынасын  нығайтады  десек  те қателеспейміз.   Кейбір  әндер   лейтмотивті
тақырыпқа   айналып,   драматургиялық   жағдайды    ашады.   Халық    әндері
композитордың  түпкі  ойының  негізгі  элементі. Сондықтан,  «Біржан-  Сара»
операсын – опера-ән  ретінде сипаттайды.
            Опера  өнеріне  айтарлықтай  үлес  қосқан,  белгілі   сазгер  Ғ.
Жұбанованың  «Еңлік- Кебек» операсында да халық  әндерінің   маңызы   үлкен.
Бірінші көріністе Еңліктің  әуенімен  ұштасқан  халық   әні  «  Туған   жер»
махаббат   әуенімен   жақындасады.  Төртінші    суретте   халықтың    ырқын,
сезімін  білдіретін   қасіретті   хор  үні   естіледі.  Еңліктің   лирикалық
бейнесі  халық сарынына  жақын  және  халық  әндеріне  негізделген   әуендер
  арқылы   суреттеледі.  Хордың   ерекше   драматургиялық    рөлі   халықтың
жоқтауында,  реквиемінде   анық   көрсетіледі.   Жоқтау    фугато    ретінде
құрылған.
             Халық   әндерін   хорға   өңдеуде  зор   еңбек   жасаған,   әрі
дирижерлық  қызмет  еткен   өнер   қайраткері  –Д.  Мацуцин.  Тамаша,  сәтті
шыққан  өңдеулерінің  бірі « Сұржелеңге»  халық   әні   аспақтық  сүйемелмен
айтылатын   аралас   дауысты  хор   шығармаларына   айналуы.   Сазгер    бұл
шығармада   тұрақты  фактуралы   гармониялық   аккорд    негізімен    әуенді
ерекшелеп  көрсетуді  мақсат  етеді. 1933 ж.  Д.  Мацуцин  М.  О.  Әуезовтың
 «Еңлік –Кебек»  пьесасына  оннан астам халық әндерін  өңдеп  жазады.  Бұдан
басқа   да  «Дудар-ай»,  «Майраға»  т.с.  с.  шығармалары   қазіргі   күннің
өзінде  сахана  төрінен  түскен  емес./5/
      Халық  әндерін  өңдеуде  Б.  Ерзакович   есімін   де  айта  кеткеніміз
жөн. 1933-1934  жылдары   екі   дауысты   әйелдер   хорына   арналған   «Кең
сарай»    және  «Уридай»  халық   әндерін   өңдеді.   Автродың   өңдеуіндегі
«Ақбақай», «Бір  бала»,  «Қара   торғай»,  «Шапибай-ау»  әндері  де   тамаша
өңдеуден өткен.
           Белгілі   сазгер  С.  Мұхамеджановтың  хорға   лайықтап   өңдеген
халық  әндері  халық  әндерін  өңдеуде  зор   мәнге   ие.  Мәселен,  «Жұмбақ
қыз» операсындағы   «Тартыңдар,   садақты   тура   көздеп!»,  сонымен  қатар
«Тұтқындар  зары»  т.б әндері тамаша  өңдеулерден  өткен.
            Қазақ   халық   әндерін   хорға   лайықтап   өңдеуде   Қазақстан
сазгерлерімен  қатар  басқа да  ұлт  өкілдерінің   сазгерлері  ат   салысты.
Полифониялық   тәсілді   кең   ауқымда   қолданған  сазгер    Л.   Хамидидің
«Харарау» әніне  жасаған  қысқаша   музыкалық   талдауынан-  ақ   шығарманың
күрделі  екені  байқалады. Оның      «Сәулем-ай»,  «Айнамкөз»,  «Шіркін-ай»,
«Ахау», т.б.  халық  әндерін  өңдеуі  шеберлік  пен  мәнерліліктің   белгісі
іспеттес.
             Е.Брусиловскийдің өңдеген «Баянжан»,  «Ақтамақ»,  «Қараторғай»,
«Бипыл» әндерінде  қазақтың   халық  музыкасының   ән-әуен,  ырғақ  оралымды
творчестволықпен  пайдаланып, кәсіби  музыкаға  тән  даму  әдістері  кеңінен
қолданылған. Халық әндерін хорға  лайықтап  өңдеуде  Тен  Чу   есімінің   де
маңызы  ерекше.
               А.В.Затаевичтың   бүкіл   шығармашылық   жолы   қазақ   халық
музыкасымен тығыз байланысты. Орыс музыкасындағы хор  өнерінің   қайраткері,
сол    кездегі    Ленинград   (қазіргі    Санкт-   Петербург)    мемлекеттік
консерваториясының   профессоры  А.А.  Егоров    отызыншы   жылдардың    бас
кезінде  А. В. Затаевичтің «Қазақ халқының  1000 әні»жинағынан  «Гүлзейнеп»,
«Ардақ», «Әншіге», «Махаббат» әндерін әйелдер  және аралас  хорға   лайықтап
 өңдеді. Сазгер  қазақ  әуенінің сырын терең түсініп, олардың ұлттық   бояуы
  мен   түрлі   әуез   ерекшеліктерін  сақтай   білді.   1925-1930   жылдары
«Миниатура  формасында  өңделген  қазақ  әндері»,   1932  жылы  «  Қазақстан
әндері» атты  жиырма пьса  енген  жинақтары  басылып  шықты.  Жаңа   жанрлық
өзгерістерде  қазақ  музыкасы өзіне  ғана тән құрымын  бұзбай   полифониялық
және  саздық ерекшеліктерді  кең  пайдаланды.
           Операға   енгізілген   музыкалы-   поэтикалық    жанрлар-   халық
айтысы, жоқтау, бесік  жыры,  той  бастар,  жар-жар  т.б.ерекше   поэтикалық
шабыт  туғызады.
Сұрақтары:
   1. Қазақ халық әндерінің ерекшелігі неде?
   2. Қазақ сазгерлерінің шығармаларына талдау жасау?
   3. Халық әндерінің тақырыптық мазмұнын әңгімеле.
Пайдаланылған  әдебиеттер:
1. Ахметова М. М. Ән өнері және уақыт
2. Ахметова М. М. Қазақ  әндері
3. Әсембекова К.А.Хорға арналған  шығармалардың  кейбір ерекшеліктері
4. Ерзакович В.Г. Қазақ халқының мәдениеті
5. Жұмақова І. Т, Китегенова А.Ж. Қазақ музыка әдебиеті
6. Бодауова Б.Қ. Қазақ халық әндерінің  хорға  арналған  өңдеулері

5,6  -  тақырып:  3  –  курс  студенттері  үшін  хормен  жұмыс  істеу  іс  –
тәжірибесін енгізу
Жоспар:
   1. Хормен жұмыс істеудің техникалық кезеңі
   2. Хорды жұмыс істеуге дайындау
   3. Хордағы дыбыс қатарымен (строймен) жұмыс жүргізу
   4. Шығарманың нюансымен жұмыс
 Бірінші, яғни техникалық кезең өз ішінде үш  фазаны  біріктіреді.  Оның  ең
алғашқысы шығарманы талдауға негізделеді. Ол  дегеніміз  берілген  шығарманы
бірнеше бөлімдерге  жіктей  отырып,  әрбір  партиямен   жекелей  және  тұтас
хормен жұмыс жасау. Осы жөнінде П.Г.Чесноков мынадай ескерту  жасайды:  “Бір
партиямен   ұзақ  уақыт  бойы  жұмыс  жасау  дұрыс  емес,   өйткені   қалған
партиялардағы оқушылардың зейіні аутқып, шашарап кетуі мүмкін. Сондықтан  да
дирижер бір  қысқа  үзіндіні  бір  партиямен  жаттаған  соң,  бірден  екінші
партиямен  қосып,  осылайша  хордың  белсенді  іс-әрекетін  қамтамасыз  етуі
қажет”,- дейді.

    Шығарманы талдау кезінде оны фортепиано аспабында басынан аяғына  дейін,
барлық нюанстерді сақтай отырып оқушыларға  алдын-ала  орындап  беру  қажет-
деген  көзқарас  баршылығында  қалыптасып  кеткен.  Бірақ  П.Г.Чесноков  бұл
пікірді қолдамайды, оның айтуынша хордың жаңа  шығармаен  алдын-ала  танысуы
нәтижесінде жаңа материалға деген қызығушылық сезімі жоғалып  кетуі  мүмкін.
Бұны театрдағы  жаңа  спектаклмен  салыстыруға  болады,  яғни  көрермендерді
спектаклде қызықтыратыны- сюжет жиілісінің біртіндеп өрбуі,осылайша  белгілі
бір кульминацияға жетуі.  Ал  сюжетті  алдын-ала  біліп  барсақ,  қызығы  да
болмас еді. Сондықтан да хор мүшелеріне  жаңа  шығармамен  таныстыру-  үлкен
қателік деп есептейді П.Г.Чесноков.

      Бірінші кезең мозайка принципіне сүйенеді, яғни жеке-жеке  бөлшектерді
құрастыра отырып, үлкен бір  затты  жасау.  Ал  біздің  жағдайда,  жеке  хор
элементтерін біртұтас жүйеге біріктіру. Осылайша бірінші фазаның мақсаты  да
осы болып табылады.

       Екінші  фазаның  мақсаты-  стройды  қалыптастыру.  Сондықтан  да  хор
жетекшісі оқушыларға ең алдымен строй жөнінде жалпы  мағлұмат  береді,  оның
хор ансамблін құру кезіндегі маңыздылығын түсіндіріп кетуі қажет.

      Стройға қатысты П.Г.Чесноков шартты белгілер жүйесін ұсынды, бұл:

- жоғарылату белгісі;

- төмендету белгісі;

- дыбыс тұрақтылығын білдіретін белгі;

-минорлық ладты көрсететін белгі.(қосышада бар)

    Осы шартты белгілерді үлкен плакатқа жазып, оқушылардың алдына іліп қою
өте тиімді және нәтижелі.  Бірақ  бұндай  көрнекілік  тәсілінің  тиімділігін
арттыру үшін  шартты  белгілерінің  мән-мағынасын  түсіндіру  қажет.  Сөйтіп
шығармамен жұмыс жасау кезінде еркін қолдана аламыз.

    Стройға байланысты хор  жетекшісі  мынадай  маңызды  жайтты  оқушыларға
ұғындыру  қажет: дыбыс интонациясын жоғарылату  дегеніміз  дыбысты  күшейту,
қатайту емес, және осы  сияқты  дыбыс  интонациясын  төмендету  дыбыс  күшін
азайту деген сөз емес.

    Сонымен  қатар  строймен  жұмыс  жасаудың  бастапқы  кезінде  музыкалық
шығарманы   пиано  динамикасына  сәйкес  ақырын  айтқызу   қажет.   Мақсаты:
оқушылардың бірін-бірі  естуіне  жағдай  жасау,  унисонды  теңестіруге  және
тұтас аккордты құрай алуға дағдыландыру. Осы тұрғыда  строймен  жұмыс  жасау
үрдісіне қойылатын басты талап- аспапты қолданбау.  Өйткені  табиғи  стройды
аспапқа ғана  тән  темперированный  стройымен  сәйкестендіріп,  салыстыруға,
теңестіруге болмайды.Ал  аспапты  тек  алғашқы  кезеңнің  бірінші  фазасында
қолануға рұқсат етіледі. Бірақ сонда  да  ол  шектеулі  дәрежеде  қолданылуы
қажет.  Өйткені  аспап  хорды  жетектеуші   емес,   керісінше   толықтырушы,
көркемдеуші, сүйемелдеуші құрал.

    Үшінші фаза қажетті нюанстерді қалыптастыруды  көздейді.  Бұл  кезеңнің
алғашқы  сатысында  оқушыларға  нюанс,  дикция,  тыныс  алу  жөнінде   жалпы
мағлұмат  берілуі  қажет.Содан  кейін  хор   жетекшісі   қарастырып   жүрген
шығарманың ішінен кездесетін нюанстерді таңдау  арқылы  әрқайсыларының  мән-
мағынасын   түсіндіруі   тиіс.   Осы   кезеңдеП.Г.Чесноков   қарама-қайшылық
принципін  қолдануды  ұсынады,   яғни   хор   шығармасын   алғашқыда   пиано
белгісімен, одан кейін фортеге орындау.  Бұндай  ауысым  бір-біріне  қарама-
қайшы болғандықтан хор жетекшісі үшін тиімді және  пайдалы  болып  саналады.
Өйткені оқушылар пиано мен форте арасындағы  жер  мен  көктей  айырмашылығын
бірден сезініп, өзара ажырыта алады.

    Сөйтіп  ансамблді  құру  үрдісі  хор  жетекшісінен  кәсіби  білім   мен
ансамблмен жұмыс жасауға арналған арнайы  білік-дағдыларды,  әдіс-тәсілдерді
меңгеруін, шығармашылық  жұмыстың  жүйелі,  бірізді,  нәтижелі  өтуін  талап
етеді.

         Жұмыстың жемісті болуы, сонымен қатар оқушылар тарапынан  шығарманы
ұнату немесе ұнатпауына байланысты. Мысалы, терең  мазмұнды,  ұлттық  нақышы
бар, күрделі, әсерлі шығармалар  оқушаларды  бірден  ынталандырып,  дайындық
кезінде   олардың   жинақылығын,   белсенділігін,   жауапкершілік    сезімін
арттырады.
Сұрақтары:
1. Хормен жұмыс істеуді неше кезеңге бөлуге болады?
2. Әр кезеңге сипаттама бер.
3. Шешуші, негізгі кезең қай кезең болып саналады?
Қолданылған әдебиеттер:
1. Соколов В.Г. Работа с хором. М., “МузГиз”, 1963.
2. Струве Г.А. Школьный хор: Книга для учителя. М.,1981.
3. Стулова Г.П. Теория и практика работы с детским хором. М.,2002.
4. Тевлина Б.Г. Работа в хоре. Методика, опыт. М., Профиздат, 1977.
5. Уколова Л.И. Дирижирование. М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003.
6. Чесноков П.Г. Хор и управление им. М., 1952.

7,8,9 -  тақырыптар:  Орындаушылық  дағдылар:  орындаушылық  стиль,  орындау
қарқын мәнері, штрихтар мен нюанстарды қалыптастыру әрекеті
Жоспар:
1. Орындаушылық стиль, орындау карқын мәнері
2. Штрихтар мен нюанстарды қалыптастыру әрекеті
      Динамикалық ансамбль жасауда музыкалық  нюанстерді  көрсете  білу  аса
маңызды.  Бұл  музыканың  көркем,  мәнерлі,  әсерлі  болып   шығуының  басты
кепілі. Сондықтан да хор жетекшісі динамикалық ансамбль  жасауда  нюанстерге
көп көңіл бөлуі қажет.

       Нюанстерді  көрсететін  қол-қимыл  белгілері  басқа   да   дирижерлау
техникасының элементтері секілді қандай да бір шектеулі  жүйеге  бағынбайды,
яғни әрбір дирижер өзіне ыңғайлы деген,  хор  мүшелеріне  түсінікті  болатын
қол-қимылдарын таңдайды немесе  өзі  ойдан  ойлап  шығара  алады.  Дегенмен,
музыкалық  нюанстерді  көрсететін  қол-қимылдарының  жалпы  ортақ  белгілері
бар: мысалы forte-ні,  яғни   қатты  дыбыс  күшін  көрсету  үшін  дирижердың
корпусы  және  қол  білезігі  дыбыстың  қатты  шығуын  бейнелеу  үшін   ауыр
салмақпен,  кең  амплитуда  көрсетілсе,  piano   (өте   ақырын)   белгісінде
амплитуда көлемі екі есе кішірейіп, қол-қимыл жұмсақ,  әрі  нәзік  орындалуы
тиіс. Пианоны көрсету  үшін  іс-тәжірибеде  кеңінен  қолданылатын  қол-қимыл
түрі: сол қолдың алақанын тұтас хорға немесе белгілі бір партияға қарату.

     Крещендоны  (дыбыс  күшінің  біртіндеп  ұлғайтылуы)  көрсеткен  уақытта
бүкіл  дирижерлық  аппаратқа  (қол,  бас(беті,  көзі)),   дене   кеуде   аяқ
бөлімдері, иық, кеуде) қысым түсіру арқылы біртіндеп қол-қимыл  амплитудасын
ұлғайтамыз, ал диминуэндоны  (дыбыс  күшінің  біртіндеп  азайтылуы)  көрсету
үшін қысым күшін әлсіретіп, қол-қимыл амплитудасын біртіндеп кішірейтеміз.

     Жалпы дирижер  жестінің  дәлдігі  хор  мүшелерінің  белгілі  бір  нюанс
жасауда және шығарманың сипатын көрсетуде үлкен  орын  алады.  Мысалы,  қол-
қимылдың кенеттен  жасалған  жүрдек  серпілісі  форте  динамикасына,  жылдам
екпініне тән, ал  кең  тынысты,  баяу  қол-қимылы  пиано  атты   динамикалық
белгісін, орташа екпінді білдіреді.

     Кенеттен жасалынатын нюанстер (subito forte, subito piano)  бір  үлеске
ертерек көрсетіледі. Ал legato-ны (дыбыстарды  өзара  байланыстырушы  белгі)
көрсетуде білезік буындары маңызды рөл атқарады.

Жалпы легато мен стаккато қимылдары технологиясының  едәуір  айырмашылықтары
бар, яғни легатода негізгі ролді ішкі үлестік қозғалыс алады және  нүктелері
жұмсартылған, ал стакккатода керісінше,  ішкі  үлестік  қимыл  қысқартылған,
нүктелері өте белсенді, серпінді болып келеді.

         Осылайша  стаккатоны жүргізу барысында легатоға қарағанда  басқаша
қол қимылдар қолданылады: бұл штрих өте қысқа дем алғанды, белсендірек,  өте
өткір нүктені және азғантай қол қозғалысының  көлемін  талап  етеді.  Осыдан
барып қолдардың позициясы да дирижерлаудың әдеттегі  қол  қимылының  орнынан
сәл жоғарырақ болуы мүмкін, ал қол қоспасына аздап түсірілген шынашақ  тірек
болады. Қол қоспасы білекпен бірге қысқа екпіндер  тастауға  мүмкіндік  бере
сәл  көтеріледі.  Стаккато   мен   легато   штрихтарын   орындау   барысында
“дирижерлық нүктелер” екі  жағдай  да  саусақтың  ұшымен  немесе  бүкіл  қол
қоспасымен орындалса да, олар сапасы жағынан әр түрлі сипатта  беріледі  (ал
легатода сонымен қатар барлық қолмен беріледі).  Бірақ  легатоның  нүктелері
жұмсақ, жабысқақ болады, барлық қол  иықтан  төмен  дыбысты  нүктеге  апарар
кезінде қол қоспасының қимылына ереді.

    |                    |Қозғалыс            |Қол қимыл           |
|нюанстер түрі       |серпілісінің көлемі |қозғалысының биіктік|
|                    |                    |деңгейі             |
|                    |                    |                    |
|ақырын              |кіші                |кеуде тұсында       |
|пиано p             |                    |                    |
|                    |                    |                    |
|орташа қатты        |орташа              |иық тұсында         |
|меццо пиано mp      |                    |                    |
|                    |                    |                    |
|қатты               |үлкен               |көз тұсында         |
|форте f             |                    |                    |
|                    |                    |                    |
|өте қатты фортиссимо|өте ауқымды         |бастың тұсында      |
|ff                  |                    |                    |
|                    |                    |                    |
|өте ақырын          |сәл ғана байқалатын |бел тұсында         |
|пианиссимо pp       |                    |                    |
|                    |                    |                    |
|біртіндеп           |біртіндеп кеңейту   |бастан төмен қарай  |
|күшейту             |                    |                    |
|крещендо            |                    |                    |
|                    |                    |                    |
|біртіндеп ақырындату|біртіндеп қысқарту  |бел тұсынан төмен   |
|диминуэндо          |                    |                    |

Сұрақтары:
 1. Хормен жұмыс істеуде орындаушылық  дағдыларды  қалыптастыру  тәсілдерін
    білесің бе?
 2. Мәнер мен стиль ұғымдарының айырмашылығын ата.
 3. Шығармалардағы штрихтар мен нюанстарды жасау әдіс –  тәсілдерін  жіктеп
    айт?

10,11,12 - тақырыптар: Көркемдік бейнені беру үшін  музыкалық  мәнерліліктің
барлық құралдарын пайдалануға дағдылану
Жоспар:
1. Көркемдік кезеңнің мақсаты.
2. Қорытынды кезеңде жасалатын іс шаралар.
3. Әдеби мәтінмен жұмыс істеудеқолданылытын

      Көркемдік кезеңнің мақсаты- берілген шығарманы өзерту,  көркемдеу.  Ол
екі фазадан құралады, әрқайсысы өзіндік міндеттерін көздейді.

Бірінші фазаның міндеттері:

-  мәтінді  әуенсіз  жаттату,  бұл  дегеніміз  шығарма   мәтінін   музыкадан
ажыратып, жеке  туынды  ретінде  қарастыру.  Мәтінмен  жұмыс  жасау  кезінде
дикцияға көп көңіл бөлу қажет. Дирижер мәтін сөздерін  жаттатудың  әдістерін
өз еркімен таңдай алады,  бірақ  ең  тиімдісі  мозайкалық  әдіс,  яғни  өлең
жолдарын бірінен кейін бірін екі жол бойынша жаттату;

- мәтіндегі көркем бейнелердің,  сюжет  жиілісінің  мән-мағынасын  түсіндіре
отырып, студенттердің өлеңге деген көзқарасын аңықтау, пікірін білу;

-  өлеңнің  басты  мәселесін,  негізгі   ойын   білдіретін   сөздерді,   сөз
тіркестерін  топшалау.

Екінші фазаның міндеттері:

- музыка мен мәтін сөздерінің үйлесімділігін аңықтау, егер де қандай да  бір
сәйкес келмеушілікті байқалынса, оның  себептерін,  сипатын  аңықтай  отырып
тұсіндіру;

шығарманы  әндету  кезінде  мәтін  сөздері  мен  әуенді  көркемдік  дәрежеде
үйлестіру.
3)  Қорытынды  кезеңнің  мақсаты-  алғашқы  кезеңдерде   жасалған   жұмыстың
нәтижелерін біртұтас  жүйеге  біріктіру.  Қорытынды  кезеңнің  мерзімін  хор
жетекшісі жұмыс жасау қарқындылығына,  белсенділігіне,  көрсеткіш  деңгейіне
байланысты өзі белгілейді.

   Әдеби мәтінмен жұмыс жасау кезінде тілдегі ассимиляцияға қатысты  мынадай
жағдайларды  ескерген дұрыс: а) ассимиляция сөйлеу  процесінде  толық  түрде
ұшырайды, яғни бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп  толық  еліктіреді.
Сол сияқты “з-ш” немесе  “с-ш”  түрінде  екі  дауыссыз  қатар  тұрса,  “ш-ш”
түрінде естіледі.  Мысалы,  бесжылдық  (жазылуы)-  бешшылдық  (айтылуы);  ә)
жартылай түрде, яғни дыбыстарды бір жақты еліктіреді. Бұл дегеніміз  алғашқы
буын қатаң дыбыстарға аяқталғанда келесі буыннан басталатын “б”,  “г”,  “ғ”,
“ж” дыбыстары айтуда қатаңдап  “п”,  “к”,  “қ”,  “ш”  дыбыстарына  айналады.
Мысалы, тұңғыш балаң (жазылуы)- тұңғышпалан (айтылуы);  б)  ”қ”,  “к”,  “ғ”,
“г” дыбыстарының алдынан келген “н” дыбысы “ң”  дыбысына  айналады.  Мысалы,
сен  қайдағы (айтылуы сең қайдағы); в) “б”  және  “п”  дыбыстарының  алдынан
келген “н”  дыбысы  “м”-ға  айналады,  мысалы,  сен  бердің  (  айтылуы  сем
бердің); г) “р”, “л”, “ш” дыбыстары сөздің басында  келсе,  олардың  айтылуы
ыңғайлы   болуы   үшін   алдынан    “ы”,   “і”,   “ұ”,    “ү”    дауыстылары
қосылады.Мысалы, рас (ырас), лайық (ылайық).

   Осы айтылған ескертулерді хор  жетекшісі  дикциялық-орфоэпиялық  ансамбль
құру кезінде міндетті түрде орындай  отырып,  оқушыларға  түсіндіруі  қажет.
Мақсаты: оқушылар жаттанды түрде емес, саналы түрде түсіне отырып  орындауға
дағдыландыру.

    Вокалдық хор жанры интерпритациялау  мен  қатар,  музыкалық  және  әдеби
мәтінді дұрыс айта білу дағдысын қажет етеді. Өйткені хор шығармасы сөз  бен
әуеннің синтезінен құрылған туынды болып табылады.  Көрермендерге  әсер  ету
дәрежесіне  байланысты  хор  жанры  бірқатар  жетістіктерге  ие  болғанымен,
орындаушылар үшін әдеби мәтінді музыкамен үйлестіре   білу  жағынан  біршама
қиындық келтіреді.Осы тұрғыда  хор  жетекшісі  төмендегі  талаптарды  ескеру
қажет:

1) мазмұндылық, яғни музыкалық көркем бейненің мәтін сөздерімен
үйлесімділігі;

2) әдеби және музыкалық композицияның өзара байланысы;

   3)  көркемдеуші құралдардың бірлігі: бұл дегеніміз вокалдық декломация,
музыкалық және сөйлеу интонациясының өзара сәкес келуі, музыкалық үлес пен
әдеби синтаксисінің уақыт ара- қатынасына сәйкес үлесімен тепе-теңдігі және
сөз бен әуен акцентуациясы мен фразировканың байланысы.

       Хор жетекшісі шығарма мәтіннің өзіндік айтылу ерекшеліктеріне де  көп
көңіл бөлу қажет. Мысалы, марш  екпініндегі  ерлік,  батырлық  тақырыбындағы
немесе патриоттық мазмұндағы шығармалар кең тынысты,  салтанатты  орындалып,
дауыссыз дыбыстарды нық, ад  дауыстыларды  іріленіп,  қомақталынып  айтылуын
қажет етсе, лирикалық әндер керісінше дауыссыз  дыбыстардың  жұмсақтау,  әрі
қысқа, ал дауыстылардың барынша созылыңқырап айтылуын  талап   етеді.Сонымен
қатар  әдеби  мәтіннің  айтылу  ерекшелігі  хор  фактурасының   стиліне   де
байланысты. Мысалы:  музыкалық  дамуда  қосымша  дауыс  немесе  полифониялық
әдіспен жазылған шығармаларда бірнеше дауыс өз алдына воекалдық желі  құрып,
дербес дамып отыратындықтан  ән  сөздері  барлық  партияларда  бір  мезгілде
айтылмайды.

          Қорытындылай  келсек,  вокалды  хор  шығармасының  әдеби  мәтініне
байланысты  мәселелердің  бірі-  әдеби  тілдің   орфоэпиялық   заңдылықтарын
сақтап,  мәтінді  жазылуы  бойынша  емес,  айтылуы  бойынша  орындай   білу.
Орфоэпияның негізін  тіліміздегі  үндестік  заңдары:  ассимиляция  (дауыссыз
дыбыстарына  қатысты  байланыс)   және  сингармонизм   (дауыстылардың   бір-
бірімен үндесуі) құрайды. Яғни, сөз аралығында және сөз ішінде қатар  тұрған
екі дауыссыз дыбыс бір- біріне ықал ету арқылы өзгеріске  ұшырайды.  Сондай-
ақ, дауыссыздарға дауыстылар да әсерін  тигізеді.  Дауыстылардың  бір-біріне
ықпал етуі де заңды құбылыс. Мектеп әндерінен алынған сөз тіркестерін  дәлел
ретінде келтірейік:

   а) Көмкерді көк жиекті (айтылуы «көгжиекті»);

   ә) Қолқанат құс сен едің (айтылуы « қолғанат»);

   б) Талдан таяқ жас бала ( айтылуы «таяғ»);

   в) Әлемге ортақ көңілдің ( айтылуы « әлемгортақ»);

   г) Жүрсек те аспан төрінде (айтылуы «жүрсектаспан»);

   д) Толқиды ой (айтылуы «толқидой»);

        Осыған сәйкес жасайтын  қорытындымыз:  үндестік  заңдылығына  сәйкес
бұрын тұрған дыбыс өзінен кейінгі  дыбысқа,  кейінгі  дыбыс  өзінен  алдыңғы
дыбысқа, қатар тұрған екі дауысты бір-біріне әсер ету нәтижесінде қандай  да
бір  дауыссыз  дыбысты  басқа  дыбыспен  алмастырады  немесе   екі   дауысты
қосарланып бір дыбысты ғана береді.

        Ән айту орфоэпиясы мен тілдік орфоэпия үнемі сәйкес  келе  бермейді.
Орыс тілінің орфоэпиясы  дауысты  дыбыстарға  дауыс  екпіні  түспеген  кезде
олардың көмескі естілуімен ерекшеленеді. Ал  қазақ  тілінде  екпін  түспеген
дауысты дыбыстар қандай дыбыстардың қоршауында  келсе  де,  өздерінің  үндік
сапасын өзгертпейді. Демек олар партитурада қалай жазылса, айтуда  да  солай
аңық көмескіленбей орындалады.

       Дауыс екпіні бір сөз бен екінші сөзді, кейде бір сөз тобы мен  екінші
сөз тобының жігін ажыратып тұрады және де тыныс алу, жеке  дыбыстарды  дұрыс
оқу, сөздің айтылу қалпын сақтауға жәрдемдеседі. Сондықтан да хор  жетекшісі
дауыс екпініне көп көңіл бөлуі қажет.

   Хорда вокалдық-хор  дағдыларын  дамыту  мақсатында  өткен  заманның  және
қазіргі таңдағы прогрессивті, нәтижелі және іс-тәжірибемен дәлелденген әдіс-
тәсілдерді қолдану  қажет.  Соның  ішінде  қазіргі  уақытта  кең  қолданылып
жүрген артикуляцияға және  тыныс  алуға  байланысты  жаттығу  түрлерін  атап
өтсек:

а) бірінші дыбысты әндетпей тұра,  оны  алдын-ала  санамызда  елестетіп,  өз
ішімізден әндету арқылы жаңғыртуымыз қажет (психологиялық дайындық);

ә)  шығарманың  әуенін  дауысты  «у»  дыбысына  вокализ   түрінде   стаккато
штрихымен  әндету.  Мақсаты:  дыбысты  дұрыс  атакалау  және  интонациялауды
тазарту, форсировканы жою.

б)  берілген  музыкалық  шығарманы  «лю»  буынына  вокализациялау,  мақсаты:
дауыстардың  боялық  реңін  өзара  теңестіру,   кантеленаға   қол   жеткізу,
фразировканы жетілдіру;

в) әншілер даусын тәрбиелеудің негізгі  көрсеткші  болып  есептелетін  пиано
динамикасын жаттығулардың көпшілігінде қолдану;

г) жоғары қарай бағытталған интервалды әндеткенде  жоғарғы  дыбысты  төменгі
позицияда,  ал  төмен  бағытталған  интервалдың  төменгі   дыбысын   жоғарғы
позицияда әндету қажет;

д) тыныс алу аппаратының белдсенді қызметін жүзеге  асыру  мақсатында  мәтін
сөздерін жақсы артикуляциямен сыбырлау немесе дауыстап айту қажет;

е) мәтін сөздерін сөйлеу диапазонына  қарағанда  бірдей  биіктікте,  жоғарғы
регистрде әндету;

ж) сөйлеу декламациясына көп көңіл аудару, өйткені оқушылар  мәтін  сөздерін
мәнерлеп оқыған кезде  шығарма  мазмұнын  жете  түсініп,  көркем  образдарды
айқын елестетіп,   мән-мағынасын ұғады.

з) мәтіндегі жеке фразалардан  мағына  жағынан  үйлесетін  сөз  тіркестерін,
жеке сөздерді топшалау  және  берілген  шығарманың  әрбір  шумағының  өзекті
тақырын аңықтау;

Сұрақтар:
1. Хорда көркемдік бейнені ашу үшін қажетті вокалдық дағдыларды ата.
2. Көремдік бейнені жасауда қолайлы әдіс – тәсілдерді ажырата аласың ба?
3. Шығарманың көркемдік бейнесін ашуда әдеби мәтіннің ролін анықтап бер.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Г.А.Дмитрискийдің. Хор және оны басқару.
2. В.А.Самарин. «Хроведение и  хоровая аранжировка».
3. Әсембекова К. «Хорға арналған шығармалардың кейбір ерекшеліктері»

13,14,15 –  тақырыптар:  Шығарманың  жанрлық  және  стильдік  ерекшеліктерін
ескере отырып, көркемдік жағын ашатын дағдыларды жетілдіру
Жоспар:
1. Шығарманың жанрлық мазмұнын ашуда ансамбльдің алатын орны.
2. Стильдік ерекшеліктерді хор дағдыларын меңгере отырып түрлендіру.
3. Шығарманың көркемдік жағын сазгерлер берген нұсқаға жақындату мақсаты.
          Ансамбль  құру-  күрделі  үрдіс.   Өйткені   шығарманың   сипатын,
нюанстерін, жеке фразалардың  айтылу  ерекшелігін  әркім  әрқалайша  сезініп
түсінеді.  Ал  ансамбль  өзара  “үндестікті”,  “үйлесімділікті”,  “бірлікті”
талап етеді. Хор мүшелері өз тарапынан бұны, яғни өзіндік  ән  айту  мәнерін
басқа біреудің әндету мәнеріне сәйкестендіруді, әртіс еркіндігін шектеу  деп
қате  ұғынуы  мүмкін.  Бірақ  оқушылар  бірте-бірте   осы  тұжырымның   қате
екендігін мойындайды. Шынайы  ансамбль  басқа  біреудің  даралық  еркіндігін
шектеу, қандай да бір қысым көрсетуді  мақсат  етпейді,  керісінше  ансамбль
мүшелері  арасында  сыйластық,  достық,  сенімділік,   түсінушілік   секілді
қасиеттерін талап етеді.

Хор ішінде жеке ансамбль орнату үшін ең алдымен  белгілі  бір  дыбысты  жеке
бір партияға ғана айтқызу, одан кейін осы дыбысты бір уақытта екі  партиямен
қатар, одан кейін үшінші партияны қосып  орындату  қажет.  Сөйтіп  унисондық
дыбысталу  өзара   теңестіріледі.  Нәтижесінде  барлық   патиялар   арасында
унисондық үйлесімділік, яғни ансамлдің басты элементі қалыптасады.

    Жалпы балалар хорымен жұмыс жасауда “унисондық дыбысталу” маңызды  орын
алады.  Өйткені   таза  унисон  балалар  хорына   тән   интервал   және   ол
көпдауыстылықтың негізін қалайды.
    Унисондық дыбысталуды жасау үшін келесі жаттығу түрін  қолдану  тиімді:
“лю” және”ле” буындарын бір дыбыс  биіктігінде  әндету  немесе  белгілі  бір
әуен үзінділерін бір дауыста орындату. Осы аталған  жаттығулардың  көздейтін
басты мақсаты- таза унисонды қалыптастыру, дамыту болып табылады.
    Сонымен қатар унисондық  дыбысталу  түрін  жетілдіруде  барлық  дауысты
дыбыстар ішінен “у” дауыстысын таңдау  маңызды.  Бұл  “у”  дыбысының  жасалу
жолының ерекшелігіне байланысты. Еске сала кетейік “у” дауысты  дыбысы  ауыз
қуысының кеңдеу ашылып,  тілдің  артқа  тартылуы  және  еріннің  шеңберленуі
арқылы жасалады. Сонымен қатар дауысты “у” дыбысы арқылы көмкеріп  айту  өте
ыңғайлы және жеңіл.  Осылайша  хор  мүшелері   ән  айтудың  бірдей  мәнеріне
дағдыланады.
    Унисондық дыбысталумен жұмыс жасау кезінде жабық ауызбен  әндету  түрін
кең қолдану қажет. Өйткені бұл тәсіл оқушылардың  есту  қабілетін  күшейтіп,
жоғарғы вокалдық  позицияны  сезініп,  ұғынуға  тікелей  септігін  тигізеді.
Бірақ оқушылар үшін “у” дыбысына қатысты құрылған жаттығулар  әлі  де  болса
қиындық келтіреді, сондықтан да оны жиі қолдануға болмайды.
      Сонымен  қатар  жеке  ансамблмен  жұмыс  жасау   барысында   оқушылар
техникалық тәсілдерді қолдану жағынан  да,  түрлі  нюанстерді  орындауда  да
бірдей болу қажет.
     Ансамблді қалыптастыру үрдісінде әрбір дауыспен жеке жұмыс жасау қажет,
яғни берілген шығарманың әрбір партиясын әрқайсыларына басынан аяғына  дейін
жеке жаттату қажет, сонан соң ғана басқа партияларды қосуға болады. Бұл  аса
қиындық келтірмейтін үрдіс, өйткені  басқа  партиялар  жекелей  жұмыс  жасау
нәтижесінде  өз  дауыстарын  жетік  меңгеріп  алған  болады.  Осылайша  жеке
партиялармен жұмыс жасау негізінде жүргізілетін хор сабақтары  аса  нәтижелі
және сапалы болады.
   Сонымен  қатар  хор  ішінде  ансамбльді  орнату  дирижердың,   яғни   хор
жетекшісінің  дарындылығына,  шеберлігіне,  педагогикалық   әдіс-тәсілдерді,
жұмыс жасау формасын дұрыс таңдай алу қабілетіне байланысты.  Әсіресе   жеке
партиялар мен топ арасындағы сан және сапа жағынан тепе-теңдікті сақтау  аса
маңызды шарттардың бірі. Егер де белгілі  партия  немесе  топ  ішінде  дауыс
санының  жетіспеушілігі  туындаса  немесе  дыбыс  сапасы  қажетті   деңгейде
болмаса, ансамбль  құру  қиындайды.  Өйткені  хор  ұжымында  бірдей  әншілік
мәнерін,  бірдей  вокалдық  тәсілдер  мен  дағдыларды,  бірдей   эстетикалық
талаптарды қалыптастырмайынша  хор  мүшелерінің  дауыстарын  бояу  және  күш
жағынан теңестіру мүмкін емес.
   Хор партиялары вокалдық дыбысты қалыптастыру  үшін  арнайы  тәсілдер  мен
дағдылардың бірдей түрін қолданса ғана жалпы хордың ансамблін  жасай  алады.
Ескерту: мұрынға салып айту немесе вибрациямен орындауға тыйым салынады.
   Оқушылар хорына қажетті ансамбль түрі – ырғақтық ансамбль.  Бұл  ансамбль
түрінде ең бастысы- дұрыс тыныс  алу,  яғни  автордың  ойластырған  екпініне
сәйкес алынуы қажет. Шығарма ішінде екпін ауысқан  жағдайда  немесе  қарама-
қайшы музыкалық қозғалыс түрлерін салыстырғанда, алғашқы екпінді  қысқартуға
немесе ұзартуға болмайды. Хор жетекшісі бұл жағдайда  оқушылырдан  музыкалық
фразаны “аяғына дейін тыңдап”, “соңына дейін әндетіп”  жаңа  екпінге  көшуді
талап етуі қажет. Дұрыс ырғақтан  сәл  ғана  аутқу  әдеби  мәтінді  мәнерлеп
айтудан туындайды,  бұл  жағдайда  екі  сегіздік  ноталар  нүктелі  сегіздік
ұзақтығында айтылуы мүмкін.
         Динамикалық ансамбль жасауда музыкалық  нюанстерді көрсете білу аса
маңызды.  Бұл  музыканың  көркем,  мәнерлі,  әсерлі  болып   шығуының  басты
кепілі. Сондықтан да хор жетекшісі динамикалық ансамбль  жасауда  нюанстерге
көп көңіл бөлуі қажет.
      Интонациялық ансамбльдің деңгейі оқушылардың есту қабілетіне,  стройды
тұрақты ұстап тұру, дұрыс тыныс алу, дыбысты  өз  нақышына  салып,  вокалдық
позицияда  орындау  сияқты  дағдыларына  тікелей  байланысты.   Интонациялық
ансамблді  дамытудың  алғашқы  сатысы-  унисондық  дыбысталудан   басталады.
Өйткені таза унисон –  дұрыс  интонациялаудың  және  көпдауыстылықтың  басты
көрсеткіші болып табылады.

      Ансамбльдің метроритмикалық түрі  ырғақты  терең  сезіне  білу,  өзара
ажырата  алу, ырғақ өзгерісіне тез арада икемделе  алу,  бірдей  етіп  тыныс
алу, мәтін сөздерін бір уақытта бастап-аяқтау, шығарманың қатты  және  әлсіз
үлестерін ажырата алу, дыбысты  біркелкі  атакалау  секілді  қабілеттер  мен
дағдыларына негізделеді.

      Осындай ансамблге қажетті дағдылар мен қабілеттерді  тікелей  вокалдық
жаттығулар арқылы қалыптастыруға болады.

      Орта  буын  хорына  жаттығу  таңдау  кезінде  микстовті   және   кеуде
регистрлерін қамту қажеттілігін ескеру қажет. Кеуде  регистрлеріне  арналған
жаттығулар төменгі дыбыстардан басталып, әуен жиілісі жоғары қарай өрбиді.

      Көп жағдайда, дауысты  жаттықтыру  үшін  белгілі  бір  әуен  үзіндісін
немесе келешекте орындалатын  репертуардың  кейбір  бөлімдерін  қолдану  аса
тиімді. Бұл жағдайда  жаттығу  қандайда  бір  буынға  немесе  жабық  ауызбен
әндетіледі.  Кез  келген   буынды   таңдау   кезінде   дауысты   дыбыстардың
ерекшелігін ескеру қажет. Мысалы,  “е”,  “ю”,  “я”  секілді  дауыстылар  бас
регистріне арналады, ал  “и”  дауысты  дыбысы  өте  ашық  дыбысталады.  Ауыз
қуысын еркін  ашып  жаттықтыру  үшін  “бай”  және  “дай”  буындарын  айтқызу
тиімді. Артикуляциялық аппараттың артқы бөлімдерін жетілдіру мақсатында  “о”
және “у” дауысты дыбыстарын айтқызу қажет, ал жұмсақ  таңдайды  дамыту  үшін
жабық ауызбен біртіндеп “ма”, “на” буындарына көшу қажет. Бұндай  көпдауысты
жаттығулар орташа екпінде, белсенді  тыныс  алу  арқылы  легатоға  орындалуы
шарт.

      Ансамбль бұл-  интонациялық,  үн  құрылымдық,  тембрлік,  динамикалық,
метроритмикалық, агогикалық,  дикция-орфоэпиялық,  тесситуралық,  фактуралық
деп  ажыратылатын  жеке  ансамбль  түрлерінің  жиынтығынан   құралады.   Осы
тұжырымды ескере отырып, зерттеу іс тәжірибесінде төмендегі нәтижелерге  қол
жеткіздік:
    -  хордағы әрбір әншіні  басқаларымен  дыбыс  күші  мен  тембр  жағынан
үйлестіру үшін “жеке ансамбль” түрін қолдандық.
    -  әрбір партия өз ішінде теңесіп, бір күйге  түсіп,  үйлескеннен  соң,
хордың  толық  дыбысталу  тепе-теңдігін   қалыптастыру   мақсатында   “жалпы
ансамбль” түрін қолдандық.
    -  хордағы әрбір әнші партия  ішінде  ансамбль  құруда  дыбыс  биіктігі
жағынан  таза унисонды құрай алуы қажет.  Сондықтан  да  бұл  дағдыны  “жеке
стройдың” әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы қалыптастыруды көздедік .
    - жеке және жалпы ансамбль түрлерін  өзара  құрай  алған,  интонациялау
жағынан үндескен әрбір партия өзге де партияларға құлақ  салу  арқылы   бір-
бірімен үйлесуі үшін хор ішінде “жалпы стройды”  қалыптастырдық.
      Қорытындылай келе,  хорда  ансамблді  құру  кезінде  тембр,  динамика,
ырғақ,  дикция,  артикуляция,  агогика,  интонацияға   байланысты   ансамбль
түрлерінің әрқайсысына көп  көңіл  бөлу  қажет,  өйткені  хордың  үйлесімді,
көркем болып шығуы ансамбль түрлерінің сабақтастығынан туындайды.

      Сұрақтары:

1. Жанрлық жағын ашуда ансамбльдің алатын орны.

2. Шығарманың стильдік құрылымы немен анықталады?

3. Көркем бейнесімен жұмыс барысында сазгер  көрсеткен  ескертулерді  жіктеу
  әдісін түсіндір?

 Қолданылған әдебиеттер:

1. Ермаш Г.Л. Искусство как творчество. М., Искусство, 1972.
2. Живов В.Исполнительский анализ хорового произведения. М., 19867
3. Живов В.Л. Хоровое исполнительство: Теория (методика). М.: Гуманит.  изд.
 Центр ВЛАДОС, 2003.
4. Жирмунский В.М. Введение в метрику. Л., 1925.
5. Зимняя И.А. Педагогикалық  психология:  Жоғары  оқу  орындарына  арналған
 оқулық. Екінші рет толықт.,  түзет.  және  қайта  өңд.  бас./орыс  тілінен
 аударған Құсаинова М.А. М.: Логос, Алматы: ТSТ-company, 2005.

                                ҮІІ - семестр
1,2 - тақырып: Хорға арналған арнайы жаттығулар.
Жаттығулар, көп дауыстылық
Жоспар:
       1. Унисондық  дыбыс шығаруға арналған жаттығулар.
       2. Октавалық унисонның ерекшеліктері.
       3. Күрделі жаттығуларды меңгеру.
            Жаттығулар- хор сабағының  құрамдас,  ажырамас  бөлігі.  Тікелей
жаттығулар арқылы хордағы вокалдық дыбысталу жүйесі  қалыптастырылады.  Олар
белгілі  бір  жүйеде  құрылып,   оқушылардың   әншілік   дағдылырының   даму
екекшелігіне сәйкес қолданылады.

          Хорындағы дауыс  қыздыру  жаттығулары  20-30  минуттай  жүргізілуі
тиіс. Сонымен қатар жаттығулардың барлығын тік тұрып орындау қажет.  Олардың
әрқайсысы белгілі бір мақсатты қөздеуі шарт. Және де оларды әр  сабақ  сайын
ауыстырып жаңартудың қажеті жоқ, - дейді К. Никольская-Береговская.  Өйткені
балалар өзіне таныс  әрбір  жаттығудың  мақсатын,  талаптарын  біле  отырып,
оларды  одан  әрі  сапалы,  дұрыс  орындауға  тырысады.  Сөйтіп   жаттығудың
орындалу   деңгейі   жоғарылай   түседі.   Жаттығулар   жиынтығы   музыкалық
сауаттылықпен тікелей  байланысты  болуы  қажет.  Сонымен  қатар  жаттығулар
берілген шығармаға байланысты таңдалады,  көп  жағдайда  хор  жетекшісі  сол
шығарманың қиын деген жерлерін жаттығу ретінде қолданады.

      Жаттығу дегеніміз мақсаттың өзі емес, ол  хор  дағдыларын  жетілдіруші
басты құрал екендігін естен шығармау қажет.  Осыған қатысты белгілі дирижер-
педагог А.В. Свешников өзінің іс-тәжірибесімен бөлісе отырып, мынадай  кеңес
береді: “ хорымен жұмыс  жасау  кезінде  ешбір  сүйемелдеусіз,  дауысты  “а”
дыбысын әндету қажет. Өйткені адам өз  табиғаты  бойынша  ешбір  кедергісіз,
табиғи ашық әндетеді, ал “а” дыбысы әндетуге ең қолайлы,  жағымды  естілетін
дыбыс                            болып                            табылады”.
                    Ансамблмен  жұмыс  жасаудың  алғашқы  сабақтарынан   хор
жетекшісі  вокалдық техникасы жағынан жаттықтыру үшін,  көп  жағдайда,   3-4
тактіден  құралатын  музыкалық  үзінділерді  таңдайды   немесе   өз   ойынан
құрастырады (кіріспе, динамика, агогика, түрлі штрихтар). Осындай  музыкалық
мысалдар міндетті түрде белгілі бір мақсат көздейді, мысалы,  таза  унисонды
қалыптастыру немесе дикцияны дамыту. Осыған  сәйкес  қойылатын  талаптар  да
өзгеріп жатады.  Музыкалық  мысалдарды  хор  мүшелері  бір  не  екі  дауыста
орындауы мүмкін. Бірақ хор сабағында бірізділік принципіне сәйкес  қарапайым
жаттығуларынан бастап, біртіндеп күрделендіру қажет. Мысалы, алғашқыда  “ми”
және “соль” дыбыстарын жеке-жеке унисонмен айтқызу, содан кейін екі  дыбысты
қосып, терциялық интервалды жасатуға болады.

    Жаттығу кезінде музыкалық дыбыстын бірқалыпты шығуына,  тыныстын  дұрыс
алынуына   және  жуан  дауысты  дыбыстардың  еркін  созылып,   ал   дауыссыз
дыбыстардың анық қысқа айтып орындалуына үнемі мән беріп отырған жөн.  Әрбір
буындағы  дауысты  дыбыстың  дұрыс  айтылуын   қадағалау   керек.   Дикцияны
жаттықтыру үшін әртүрлі буындарды (ди, да, ри, ра, мо, му т.б.) ақырын  және
жылдам айтқызу өте -мөте пайдалы. Интонацийның  таза  болуына  ерекше  көңіл
аударған жөн.
    Хор басқарушы бұларды, ен алдымен, қысқа және жеңіл әрі  жай  айтылатын
жаттығулардан бастағаны дұрыс. Себебі, баяу  созып  айту  әншінін  өзін  бос
ұстап, дауыстың еркін шығуына мүмкіндік  жасайды.  Жаттығуларды  бірте-бірте
күрделендіріп, әншілердің дауыс аппаратын  бір  жүйеге  келтіру  жағынан  да
унемі қадағалап отыру қажет.
    Хорға қатысушы әншілердін, жеке дауыстары  жақсы  болғанымен,  ән  айту
кезінде  тынысты дұрыс ала білмесе хор өзінің мүмкіндіктерін  толық  көрсете
алмайды. Әншінің тынысты дұрыс ала білуі  оның  әнді  орындағанда,  қиналмай
еркін айтуына көмектеседі, ән  айтқанда  иықты  көтермей  демді  ішті  ұстап
тұрып, аз кідіріп барып тыныс алғаннан кейін бірден бастап кету керек.
    Мұндай кідіріс әншілердің демін реттеуге және  әнді  дережердың  қолына
қарап, бір мезгілде бастауға мүмкіндік береді.  Ән  айтқанда  демді  үнемдеп
пайдалану керек. Демді дұрыс алудың  тәсілін  хор  жетекшісінің  іс  жүзінде
көрсеткені дұрыс.
    Хорға  бірінші рет кірген жас әншінің дауыс диапазоны дәл өзінің  дауыс
партияларына  сәйкес  үлеспей   қалады.   Мұның   себебі   әншілік   бағытта
жаттықпағаннан болады. сондықтан үйірме бастығы әншілердің  дауыстарын  жеке
байқап дауыс партияларына сәйкес үлестіру жағынан өте сақ болуы керек.  Егер
де  әншілердің  дауысы  өзінің  диапазонына   қарай   бөлінбесе   әншілердің
дауыстарын  тез  бұзып  алуы  мүмкін.  Сондықтан   ең   алдымен   әншілердің
дайыстарымен танысып байқап алған жөн. Хорға  кірген  әншілердің  дауыстарын
дұрыс айыру үшін үйірме  бастығы  мүмкіншілігіне  әншілермен  алдымен  біраз
жаттығу жұмыстарын жүргізеді.
    Алғашқы жаттығу жұмыстарын бүтін, жарты, ширектік ноталарды дыбыстарды,
әндетіп айтудан бастау керек. Бұл жаттығу жұмыстары түрліше болуы мүмкін.
    Мысалы, дыбыстарды бүтін ноталармен айту, дыбыстарды  квинта   маңында,
гамма бағытымен  төменнен  жоғары,  жоғарыдан  төмен  қарай  айтып  жаттығу.
Мұнымен қатар дыбыстарды кіші арпеджиомен де айтып жаттығуы  керек.  Қысқасы
үйірме бастығы өзі де ән сала білуі және әншілердің дауыстарын жақсы  біліп,
оларды өз дауыстарына қарай дауыс партияларына бөле білуі  керек.  Жаттығуға
мынандай мысалдар келтіреміз.
    дұрыс айыру үшін үйірме бастығы мүмкіншілігіне әншілермен алдымен біраз
жаттығу жұмыстарын жүргізеді.
    Алғашқы жаттығу жұмыстарын бүтін, жарты, ширектік ноталарды дыбыстарды,
әндетіп айтудан бастау керек. Бұл жаттығу жұмыстары түрліше болуы мүмкін.
Сұрақтар.
       1. Жаттығу дегеніміз не?
       2. Арнайы және қыздыру жаттығуларына мысал келтіріңіз?
       3. Көп дауысты ән айтуға машықтану.
Қолданылған әдебиеттер:
       1. Димитривский Г.А. Хор және оны басқару. А.1988
       2. Әбеуова К. Хор жүргізу. А. 1993
       3. Хроведение В.И.Красношеков. М. 1969

3 - тақырып: Ән айту қалпы, тыныс алу түрлері
Жоспар:
       1. Ән айту қалпы.
       2. Әншілік тыныс алу.
       3. Тыныс алу түрлеріне сипаттама.
       4. Дыбыстық қалыптастырумен байланысты қабілеттері.
    Ән айту қалпы  дегеніміз  -  Әншінің  мойын  мен  бас  аумағының  дұрыс
орналасуы, ол  әншінің жақсы  ән айтуына көмектеседі.
    1- ші тоқталатын сұрақ, бұл,  әнші  ән айтқан кезде  қалай  орналасады:
әнді тұрып айта ма, әлде отырып айта ма соған байланысты.
    Ән айтудың ең кең таралған түрі «тұрып айту».  Хордың  қатысушылары  да
концертке дәл  осындай  қалыпта  шығады.  Бұл  жағдай  сонымен  қатар  дұрыс
әншілік қабілеттің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Ән айтушы кеудесін  көтеріп
түзу тұру керек. Тұратын қалып қалыпты болуы қажет. Басты артқа не  қисайтып
ұстамай түзу ұстап тұру керек. Бастың түзу болуы гортанның толық  еркіндігін
және мойынның бұлшық етін қатайтып, дұрыс дыбыс  шығаруға  әсерін  тигізеді.
Жалпы алғанда, мұндай жағдайға  жету  үшін  барлық  бұлшық  еттер  бос  болу
қажет.
    Хормейстерлердің айтуы бойынша, хор сабағын «тұрып» жүргізу керек.
    Бұл жұмыс күнінен кейін келген қатысушылар үшін өте қиын. Сондықтан да,
тәжірибеде хормен ән айту оқытулары  отырып  жүргізіледі.  Бұл  жағдайда  да
мойын мен бастың орналасуы тұрған  кездегідей  болуы  керек.  Басшы  әншілер
аяқтарын алдында тұрған  орындыққа  салмауын,  іштің  бұлшық  еттерін  еркін
қозғалтуын    қадағалау    керек.    Әншілердің    аяқтары    еденде     нық
орналасуы керек.
    II  Әншілік  тыныс алу.
    Демалу  ән айту кезінде маңызды мәнге ие  болады.  Ол  дыбыстың  қайнар
көзі, және  ән айту сапасын вокальды  - техникалық  және  көркемдік  жағынан
жақсартуға көмектеседі.
    Әншілік демалу қарапайым белгіден өзгешеленеді. Солайша демді ішке  алу
және дем шығару біздің еркімізден тәуелсіз болады. Ал  әншілік  демалуда  ол
реттеліп  отырады.  Ішкі  демалу  көлемі  бойынша  әншілік  демалудың  ауасы
қалыпты түрде жай орындайды.
    Әншілік демалу  кеуделік  клетка  және  ішпен  шығып  отырады.  Әншілік
демалудың негізгі түрлері кеуделік және   кеудебрюшорлық  кеуделік  демалуда
орта және төменгі аумағында кеуделік  клеткалар  кенейеді.  Кеуде  брюшорлық
демалуда кеуделік клетка алдыға көтеріліп, іштін алдынғы бөлігі қозғалады.
    Кеуде мүшелері ән айту мақсаты үшін  үздік  болып  табылады.  Ол  жақсы
сапалы дыбыс шығару үшін қолданылады. Жеке тұлғалық хорда кеуде  клеткасының
жоғарғы бөлігі және тікті иықты жоғары көтерілетінің айтады.  Мұндай   тыныс
алу түрлері өз еркіменен болмайды, сондықтан жоғары  кеуде   клеткасына  күш
түсіреді. Әншінің дауысын тез жоғалтады және дыбыс сапасына әсер етеді.
    Ән айту кезінде ауа қалай жұту керек, ауыз және танау арқылы  гегеналық
көзқарас бойынша танаумен тыныс  алу  дұрыс  болып  табылады.  Мұндай  тыныс
алуда танаудың  жұқа қабатынан  өткен  ауа  оны  жұмсартады,  ауызбен  тыныс
алғанда ауыздың сілекей қабатшасы және  гортаны  тамақта  прешение  тудырады
және жөтел пайда болады. Ән айтуда танаумен демалу барлық кезде мүмкін  бола
бермейді, ол біршама  уақытты  талап  етеді,  оны  қолдану  тек  ән  айтудың
алдында ғана және баяу темпті  шығармаларды  айтқан  кездегі  үзілісте  ғана
мүмкін болады. тәрбиешінің көрсетуі бойынша  әншілік  мақсаты  үшін  ауызбен
танаудан бір мезгілде  қолайлы  болмақ.  Демді  ішке  тартуға  кеткен  уақыт
шығарманың темпіне байланысты.  Баяу  темпті  шығарманы  орындағанда  жылдам
темпіден қарағанда көп уақыт  кетеді.  Демді  ішке  тартудың  бұл  принципті
барлық хордың тату және бірмезгілдік қойылымын қамтамасыз етеді.  Бейнелеген
қабылдау хор толық  тактімен  айта  бастағанда  болады  демді  ішке  тартуға
бірінші дыбыс қанша созылса, сонша уақыт кетеді. Демді  ішке  тарту  қалыпты
және баяу  типті  шығарманы  орындау  кезінде  толық  болса,  жылдам  темпті
шығарманы орындағанда қысқа және толқыныс болады. жеке тұлғалық хорда  демді
ішке тарту шумен жиі бақыланады. Демді ішке алу   қысқа  болса  шу  қаттырақ
болады. бұл әншінің нағыз қабілетінің жоқтығын білдіреді. өзінің қор  ұжымын
шусыз талғамға сәйкес тендіру қажет. Әншілік тыныс алу кәдімгі тынас  алудан
көп өзгешілікке ие әнші көп ауа  жұтса  өзіне  көп  күш  түсіреді  және  бұл
дыбыстың сапасына әсер етеді және қате интонацияға әкеліп  соғады.  Жұтылған
ауаның көлемі әр жеке оқиғада өзгеше болуы  керек.  Жиналған  ауа  музыкалық
фразаның ұзақтығына әсер етеді, музыкалық фраза ұзақ болған  сайын  көп  ауа
жұту керек. Хорда музыкалық фразада бір рет демалу   жетпей  қалатын  кездер
болады. Музыкалық фразаның  ұзақтығына  әсер  етеді.  Музыкалық  фраза  ұзақ
болған сайын көп ауа жұту керек. Музыкалық фразадан бір  рет  демалу  жетпей
қалатын кезде болады. музыкалық фразаны жоғары регистерде  орындай  демалуға
байланысты. Егер хор партиясының барлық әншісі бір уақытта  дем  алса,  олар
кезек – кезек тыныс алу керек. Тәжірибеде мұндай  дем  алу  кезектік  немесе
септік деп аталады. Әнші өзінің партиясына абай болу  керек  және  ол  жалпы
дыбысталуды бұзбау  керек  әншінің  демалысы  барлық  кезде  белсенді  болуы
қажет. Солғын дыбыс алу болдырмау керек, ол дыбыс  сапасын  нашарлатады,  ән
айту үшін тыныс алудың және демді ішке тартудың құрылымы маңызды.
    Сапалы әншілік дыбысты қалыптастыру үшін тыныс алудың біркелкілігі және
оны үнемді түрде шығару  болып  табылады.  Ауаны  өкпеден  шығарып  және  ол
үздіксіз болуы қажет, бұл міндетті шешудің жақсы жолы ол демді ішкі  тартқан
кездегі, мұны тыныс алу кезіндегідей сақтап қалу керек.
    III Дыбысты қалаптастыру мен байланысты қабілеттер.
    Хордың  басшысының  ұжым  мүшелерімен   вокальдық   жұмысында   бірінші
кезектегі міндеті әншілердің әнді  ешқандай  айғай-шусыз  айтуын  қадағалау.
Айғай-шуды ән деп есептейтіндер өте қатты  қателеседі.  Айғай  мен  ән  айту
дауыстың табиғи тембрін бұзып, хордың екпіндік дыбысталуына және  орындаудың
мәнерлілігіне кері әсерін тигізеді. Одан өзге, ол әншілердің даусына  зиянын
тигізеді. Хор басшысы әншілердің форсировкасыз ән  айтуын  қадағалау  керек.
Дауыстарды  дұрыс  құрастыру  вокальдық   мәдениетті   қалыптастырады   және
дауыстылардың дұрыс құрылмауының себебі хордың  дыбысталуының  кейіпсіздігі.
Дауыстылардың  сапасы  ауыздың  ашылуы  және   тілдің   ауызда   орналасуына
байланысты. Хор басшысы өз әншілеріне ауыздың қозғалысын жақсарту  қабілетін
үйрету қажет. Ән айтушының тілі аузында төменгі тістің  алдыңғы  түбірлеріне
жабысып, ауызда тегіс түрде орналасу керек. Ол жұмсақ болу керек  және  оған
ешқандай  күш  түспеуі  қажет.  Тілдің  мұндай  жағдайы  әншінің  гортаннына
қолайлы жағдай тудырады.
    Ән айтудағы дауыстылар тіпті сөзде де қалыптасу керек. Ән айтуда оларды
жасырын  негізде  қалыптастыру  қажет.  Дыбыстың  жасырынуы,  оның    кейбір
айналымына  байланысты.   Ол   бастық  резонаторда  пайдалануды  бағыттайды.
Дыбыстың аймағы және дауыстылардың бірдей талғамы  әр  хор  партиясының  бір
тембрлік дыбыстауында дауыстарды қамтамасыз етеді. Хордың әншісі жүзулік  ән
айту  қабілетіне  ие  болу  керек.  Дауыстың  дірілі-  бұл  үлкен  вокальдық
кемшілік, тремоляция өзіндік бөлек дауыс. Жаңа  бастап  жүрген  жас  әншілер
көп жағдайдағы тремолияция нашар орындауында.
    Хордың мүшелерінің  дыбысты  дұрыс  ести  білуіне  үлкен  мән  берілді.
Олардың дыбыс  сапасының  қабілеттігін  дамыту  керек.  Мұндай  қабілеттілік
«вокальды есту» деп аталады. Вокальдық музыкалық  қабілет  әнші  үшін  үлкен
мәнге ие.  Дамытушылық  вокальдық  музыкалық  қабілет  хор  әншісінің  нашар
дыбыстан жақсы дыбысты айыруға мүмкіндік береді, бұл вокальді мәдениетке  ие
болудың  шарты.  Сондықтан  да  хор  басшысы  ұжым   мүшелерінің   музыкалық
қабілетін жақсарту керек. Егер хор басшысы жақсы қабілетке ие болса,  ол  өз
дауысы мен сол фразаны не дыбысты көрсету керек.
    Әншілік қабілет дыбыс  қалыптасуға,  дикцияға  байланысты.  Дикция  бұл
вокалды  техникалық  қабілет  ол  хор  әншілеріне  сөзді  түсінікті   айтып,
тыңдармандарға орындалатын шығарманың әдеби текстін жеткізу үшін қажет.
Ән     айту     дауысты     дыбыста     негізгі     болып     табылады.
Сұрақтары:
             1. Ән айту қалпы дегеніміз не?
             2. Әншілік  тыныс алуға сипаттама беріңіз?
             3. Дыбысты қалыптастырумен байланысты қабілеттер жайлы мағлұмат
                беріңіз?
Қолданылған әдебиеттер:
                 1. Музыка әлемі 2008 №1
                 2.   Әсембекова   Хорға   арналған   шығармалардың   кейбір
                    ерекшеліктері.
                 3. Дмитриевский Г.А. Хор және оны басқару. А.1998.
                 4. Әбеуова Хор және оны басқару. А. 1997

    4,5,6,7-тақырыптар: Дауыс аппараттарын қыздыру жаттығулары.
Legato, non  legatoлық  жаттығулар.  Стаккаттолық,  моркатталық  жаттығулар.
Гармониялық жаттығулар аккордтары.
Жоспар:
   1. Дауыс аппараттарын қыздыру жаттығулары.
   2. Legato, non legatoлық жаттығулар.
   3. Стаккаттолық, моркатталық жаттығулар.
   4. Гармониялық жаттығулар аккордтары.
      Жаттығу-дайындық жұмысының ең бастапқы бөлімі болып  саналады.  Оларды
атқару қызметіне байланысты үш топқа бөліп қарастырамыз:
- дауыс шымылдығын қыздыру;
- түрлі вокалдық дағдыларды игеру және шеберлкті шыңдау;
- жатталатын шығармадағы қиындақтардың алдын алу және қателіктерді түзеу;
      Солардың  ішіндегі  дауыс   шымылдығын   қыздыру   түрі   қарапайымнан
күрделендіре түсу  принципіне  негізделеді,  яғни  жаттығудың  оңай  түрінен
бастап, біртіндеп  күрделендіріп,  көлемін  ұлғайтып,  дыбыс  күшін  өсіріп,
түрлі нюанстерді еңгіземіз. Сонымен қатар жаттығулардың  көмегімен  дауыстың
жылдамдығын,  жүрдектілігін  арттыру  арқылы  дыбыс   қатарларын   тегістеп,
жоғарғы резанаторларды пайдалану әдісін меңгеруге жағдай жасалынады.
      Ал орындалатын шығармаға байланысты  жаттығулар  әуендік,  гармониялық
ырғақтық деп ажыратылады. Осы тұрғыда  хор  жетекшесінің  дұрыс  бағыт  бере
отырып, жүйелі жүргізген жаттығулар  оқушыларға  музыкалық  теория  мен  хор
үнділігінің элемент  терін  меңгеруге, кәсіби дәрежесін  өсіруге  бірден-бір
ықпалын тигізеді.

       К.Никольская-Береговская  “Начальный  этап  обучения  пению  в   хоре
старшеклассников”  атты  мақаласында  тікелей  хор  сабағында   қолданылатын
вокалдық жаттығуларға қатысты  қойылатын талаптарды жан-жақты қарастырады:

     1)  жаттығуларды  қарастыратын  шығармаға  сәйкес  таңдау  қажет,  яғни
жаттығулар вокалдық- хор міндеттерін көздеуі шарт.Сонымен қатар  арнайы  хор
дағдыларын дамытуға, таза интонациялауға негізделген  (  унисонды,  терцияны
әндету) жаттығуларды міндетті түрде қолдану қажет.

    2) жаттығулар оқушылардың  вокалдық хор дағдыларын одан  әрі   жетілдіре
алатындай, талап- міндеттерді күрделендіре түсетіндей дәрежеде болуы  қажет,
яғни бірізділік принципіне сәйкес құрылады.

   3) жаттығулар оқушылардың мүмкіндігіне, дайындық дәрежесіне сәйкес  келуі
қажет.

   4) жаттығуларды оқушыларға ыңғайлы  примарлық  (еркін  сөйлеудің  аумағы)
зонада айтқызу қажет. Бірақ оқушылардың   диапазонын  ұлғайту  үшін  жаттығу
диапазонын біртіндеп кеңейтеміз.

   5) жаттығуларды сүйемелдеусіз орындатуға тырысу қажет.

   6)  жаттығуларды  таңдау  кезінде  “қарама-  қайшылық”  принципін  ескеру
қажет. Мысалы, қарама- қарсы нюанстерді салыстыруға  негізделген  жаттығулар
       ( легато мен стаккато)  немесе  гамманы  төменнен  жоғары,  жоғарыдан
төмен әндету.

     Вокалдық жаттығуларды таңдаудың өзі екі принципке негізделеді:

    1) дауыс  аппаратын  психологиялық  және  физиологиялық  тұрғыдан  жұмыс
үрдісіне даярлау, біртіндеп қыздыру;

    2) вокалдық хор  дағдыларын  дамыту,  мәдениетті  және  көркем  дыбыстау
мәнерін қалыптастыру.

Дауысты жатықтыру кезінде үн  диапазондарының  орталық  тұстарынан  бастаған
жөн. Жоғары немесе төмен ноталардан  аулақ  болған  абзал.  Өйткені  төменгі
және жоғарғы регистрлер дауысты қажытады, қысым  түсіреді.  Алғашқы  кезеңде
өтпелі ноталарды талап етпейтін жаттығулардан, яғни орта  регистрден  бастау
қажет. Мысалы, жоғары және  төмен  бағытта  хроматизмді  ,  яғни  жарты  тон
бойынша жылжуды ұсынуға болады.
        Ән айтудың негізін дауысты дыбыстар құрайды.  Оларды  хорда  орындау
оқушылар үшін  қиындық  келтіреді,  өйткені  хор  өнері  дауысты  дыбыстарды
“академиялық”  мәнерінде,  яғни  көмкеру  арқылы  әдемі,   мәдениетті   етіп
орындауды талап етеді. Сондықтан да  хор  жетекшісі  дауыс  қыздыру  кезінде
дауысты дыбыстарға байланысты арнайы  жаттығуларды  жасатуы  қажет.  Жаттығу
кезінде дауыстыларды дауыссыздармен біріктіріп, буын түрінде немесе  өздерін
жалаң айтып дағдыландыруға болады. Әрбір жаттығуға нақтылы  мақсат  қойылып,
ол қандай да болмасын белгілі бір кемшілікті  жоюға  негізделуі  керек,  тек
сонда ғана олардың пайдасы тиеді.

   Вокалды хор дикциясында кейбір езулік дыбыстар “ашық” деп аталады. Оларға
“а”, “ә”, “е”, “и”, “і”, “я” жатады. Бұл дыбыстарды  әнде  жабыңқырап,  яғни
ерінді шеңберлей жинақылап айтуы  тиіс.  Ол  үшін  ашық  дыбыстарды  еріндік
дауысты дыбыстарына жуықтап айту қажет.  Осылайша  хор  шығармасында  барлық
дауысты дыбыстарды бірыңғай желіні  сақтап  орындау-  ерінді  көбіне  жинақы
ұстап,   олардың   формасын   бей-берекет   өзгерте   бермеуін   қадағалауға
байланысты. Бұл әрине, көп жаттығудың нәтижесінде пайда болатын дағды.

         Әртүрлі дауысты дыбыстарды бірыңғай  вокалдық  желіні  сақтап  айту
үшін қолданылатын  жаттығудың  бірі:  ма-ме-ми-мо-му  немесе  да-де-ди-до-ду
буындарын  бір  нота  биіктігінде  әндету.   Мақсаты:   вокалдық   позицияны
қалыптастыра отырып, унисондық дыбысталуды дамыту.

Мұндай  жаттығуларды  әннен  де  келтіруге  болады,  яғни   шығарманың   бір
үзіндісін жаттығу ретінде қолдану. Хор жетекшісі ұзақ ноталарды  әндеткенде,
сол ноталарға тура келіп тұрған  дауысты  дыбыстарды  аяғына  дейін,  өзінің
негізгі  үн  сапасын  жоймай,  басқа  дыбысқа  өңін  айналдырып   жібермеуін
қадағалаған жөн. Ол үшін сол дауыстыларға тән  ерін  формасын  аяғына  дейін
сақтау қажет.

     Кенеттен жасалынатын нюанстер (subito forte, subito piano)  бір  үлеске
ертерек көрсетіледі. Ал legato-ны (дыбыстарды  өзара  байланыстырушы  белгі)
көрсетуде білезік буындары маңызды рөл атқарады.

Жалпы легато мен стаккато қимылдары технологиясының  едәуір  айырмашылықтары
бар, яғни легатода негізгі ролді ішкі үлестік қозғалыс алады және  нүктелері
жұмсартылған, ал стакккатода керісінше,  ішкі  үлестік  қимыл  қысқартылған,
нүктелері өте белсенді, серпінді болып келеді.

        Осылайша  стаккатоны жүргізу барысында  легатоға  қарағанда  басқаша
қол қимылдар қолданылады: бұл штрих өте қысқа дем алғанды, белсендірек,  өте
өткір нүктені және азғантай қол қозғалысының  көлемін  талап  етеді.  Осыдан
барып қолдардың позициясы да дирижерлаудың әдеттегі  қол  қимылының  орнынан
сәл жоғарырақ болуы мүмкін, ал қол қоспасына аздап түсірілген шынашақ  тірек
болады. Қол қоспасы білекпен бірге қысқа екпіндер  тастауға  мүмкіндік  бере
сәл  көтеріледі.  Стаккато   мен   легато   штрихтарын   орындау   барысында
“дирижерлық нүктелер” екі  жағдай  да  саусақтың  ұшымен  немесе  бүкіл  қол
қоспасымен орындалса да, олар сапасы жағынан әр түрлі сипатта  беріледі  (ал
легатода сонымен қатар барлық қолмен беріледі).  Бірақ  легатоның  нүктелері
жұмсақ, жабысқақ болады.
Сұрақтар:
   1. Жаттығулар неше топқа бөлінеді?
   2. Штрихқа байланысты жасалатын жаттығуларды ата?
   3. Гармониялық жаттығулардың хорда алатын орны жайлы айтып бер?
Қолданылған әдебиеттер:
        1. Димитривский Г.А. Хор және оны басқару. А.1988
        2. Әбеуова К. Хор жүргізу. А. 1993
        3. Хроведение В.И.Красношеков. М. 1969

8 - тақырып: Көп дауысты хорларға түсініктеме. Шығармамен танысу.
    Жоспар
    1. Көп дауысты хорларға түсініктеме.
    2. Шығармамен танысу.
    Көп дауысты хорлар шығармасы 2-3-4 және  көп  дауысты  болып  бөлінеді.
Әрбір хор ұжымы дауыс ерекшелігіне диапазонына дайындау деңгейіне қарай  көп
дауысты шығармаларды репертуарына еңгізеді.
    Жаңадан ұйымдасқан хор алғашқы  баспалдақ  кезіңде  унисондық  дыбыстар
шығармаларды  меңгеруі  қажет.  Унисондық   немесе   бір   дауысты   алынған
шығарманың әуенінің тазалығын әр арақашықтың еркін орындалуын,  интонациялық
тазалыққа және ырғақтық дикциялық  акапелалық  тағы  сол  сияқты  ансамбльге
баса назар аудару қажет. Өсу деңгейіне қарай келесі баспалдағы екі  дауыстты
немесе конондық ән  айтуды  енгізуге  болады.  Ал,  екі  дауысты  шығармалар
терция, секста аралығында жеңіл қабылдайды. Бұл  ретте  теция  арақашықтығын
сексталық арақашықтықтан таза орындалуын қадағалауымыз керек.
    Студенттер тобы өзінің сипатына қарай дауыстарды жеңіл қабылдағандықтан
музыкалық  естуі  жоғары  хор  болғандықтан  оларға   2-   3   дауыста   хор
шығармаларын алуға болады.  көп  дауысты  шығармалардың  лерикалық  әндерден
бастағаны жөн. Лерикалық әндердің ырғақтары баяу болғандықтан  оларды  жақсы
айтады. Лерикалық әндердің ыңғайлылығы әрбір дауысты анық естуге  дауыстарды
үлгеріп айтуға  және  тыныс  алуды  қадағалайға  жақсы  жағдай  қосады.  Көп
дауысты шығармалар музыкалық жағынан  өсуіне ішкі есту  қабілетінің  дамуына
жағдай септігін  тигізеді.  Ішкі  есту  даму  қабілеті  бір  дауысты  екінші
дауысты айту деген сөз.  Студенттер  хоры  көп  дауысты  шығармаларды  еркін
меңгерген есту қабілеті дамыған ішкі есту сезімінде көп  дикциялық  үні  бар
ұжым болғандықтан хорда екі дауыстан көп дауысқа  дейін  шығармаларда  соның
ішінде   жылдам,   баяу   орындағандықтан   гормониясы   бойынша    қиынырақ
шығармаларда репертуарға алуға болады. Көп дауысты хор  шығармалары   хордың
өсуіне сауаттылыққа жауапкершілікке дағдыланған, сондықтан  хор  шығармалары
қарапайым екі дауыстан емес, сауатты жазылған көп дауысты болған жөн.
Сұрақтар:
             1. Көп дауысты хорға түсініктеме беріңіз?
             2. Шығармаларды таңдау шарттарын ата?
             3. Репертуар таңдауда нені есте ұстаған жөн?
Қолданылған әдебиеттер:
               1. Музыка әлемі 2008 №1
               2.   Әсембекова   Хорға   арналған   шығармалардың    кейбір
                  ерекшеліктері.
               3. Дмитриевский Г.А. Хор және оны басқару. А.1998.
               4. Әбеуова Хор және оны басқару. А. 1997

9 - тақырып: Унисондық дыбыс шығаруға жаттығу.
Жоспар:
     1. Унисон ұғымына түсініктеме.
     2. Унисондық дыбыс шығаруға жаттығу.
      Унисондық дыбысталу –  дауыстардың  мінсіз  біртұтастылыған  көздейді,
хор партиялары өзара біріккен кезде дыбыс күші, бояуы,  интонация  және  сан
алуан штрихтарды қолдану жағынан  біркелкі орындауды қарастырады.
    П.П.Пигровтың айтуынша ансамбльдің ең басты ерекшелігі: интонациялаудың
дәлдігі, дыбыс бояуы  мен  дыбыс  күші  жағынан  үйлесімділігі.  Нәтижесінде
партиялар арасында “унисондық  дыбысталу”  қалыптасады.  Сол  арқылы  хордың
гармониялық дыбысталуының  іргетасы  қалыптастырылады.  Осы  тұрғыда  Пигров
ансамбльдің басты элементі деп “ансамбльдік дыбысты”  жеке қарастырып,  оның
екі түрін ажыратқан: унисондық және гармониялық.
    Унисондық ансамбльге қажетті элементтер: әншілер арасында  дыбыс  бояуы
мен күшінің бірдей  болуы,  ыңғайлы  тесситура,  дауысты  дыбыстардың  дұрыс
айтылуы, нюансировка мен вокалдық мәдениетінің бірдей дәрежеде сақталынуы.
    Ал   гармониялық   ансамбль   дегеніміз   бірнеше   әншілердің   немесе
партиялардың  аккорд  дыбыстарын   бір-біріне  үйлестіре  әндетуі.  Ол  үшін
дауыстар арасында салмақтылық күйі қажет және  аккорд  тондарының  біртұтас,
үйлесімді жүйеге біріккені шарт. Ол  үшін  мынадай  талаптар  қойылады:  хор
мүшелерінің  сан  жағынан  бірдей  болуы,  аккордтардың  ыңғайлы   регистрде
орналасуы,  тесситура,  нюансировка,  жылдамдық,  хор   әншілерінің   табиғи
дарындылығы, қабілеті секілді маңызды элементтер ескерілуі тиіс.
    Г.А.Дмитриевский ансамбльді  технологиялық  және  көркемдік  тұрғысынан
қарастырады. Ансамбльдің  технологиялық  сапасын  музыкалық  орындаушылықтың
тәжірибесіне  байланысты  қолданады.  Ол  дегеніміз   музыкалық   шығарманың
дыбысталу формасы, сапасы және техникасы. Ансамбль технологиялық  мағынасына
сәйкес төмендегі элементтерді білдіреді:
    -  интонация-горизонтальды (көлденең);
    -  строй-вертикальды (тігінен);
    -  тембр, яғни дыбыс бояуы;
    -  динамика- дыбыс күшін білдіреді;
    -  ырғақ-дыбыс ұзақтықтарының алмасуы;
    -  агогика- қимыл- қозғалыстың бірдей болуы;
    -  дикция- орфоэпия заңдылықтарын сақтау;
    Жоғарыда айтылған мәліметтерді негізге  ала  отырып,  Г.А.Дмитриевскийй
ансамбльге қатысты мынадай қорытынды жасайды: “Ансамбль  бұл-  интонациялық,
үн құрылымдық, тембрлік, динамикалық, метроритмикалық,  агогикалық,  дикция-
орфоэпиялық,  тесситуралық,  фактуралық  деп  ажыратылатын   жеке   ансамбль
түрлерінің жиынтығынан құралады.
    Ансамбль мәселесін жете зерттеген П.Г.Чесноков  ансамбльдің  екі  түрін
ажыратқан: 1) механикалық ансамбль дегеніміз- әншілерді  дұрыс  таңдау,  хор
партиялары  мен  тұтас  хорды  ұйымдастыру  шараларына  байланысты   мақсат-
міндеттерді  көздейді;  2)  көркемдік-органикалық  ансамбль   түрі   тікелей
дирижердың өзіне, оның дарындылығына және хор  мүшелерінің  көркемдік-рухани
жағынан жетілу деңгейіне байланысты.
    Ал көпке танымал хормейстр, дирижер А.А.Егоров хор ансамблін құруда екі
негізгі қажетті элементтерді көрсетеді: сыртқы- яғни  орындалатын  шығарманы
есту, көру, сезіну арқылы санамызда қалыптасатын түрлі әсерлердің  жиынтығы,
бірлігі және ішкі  фактор  дегеніміз-  өзара  сан  алуан  дыбысталатын  жеке
элементтердің  біртұтас  жүйесіне  енуі.  Дирижер  бұл   екі   элементтердің
синтезін  қамтамасыз  етіп,  жүзеге  асырады.  Осылайша   Егоровтың   бұндай
тұжырымдамасы хор орындаушылығын эстетикалық тұрғысынан ашып бере  алды./26/

    Сонымен  қатар  П.Г.Чесноков  “Хор  и  управление  им”  атты  еңбегінде
ансамбль құру үшін төмендегі талаптар тізімін ұсынады:
    -  хордағы әрбір әнші басқаларымен дыбыс күші мен тембр жағынан үйлесуі
үшін берілген әуенге құлақ салып, терең сезіне білуі  тиіс.  Бұл  дағдыны  “
жеке ансамбль” қалыптастырады.
    -  әрбір партия өз ішінде теңесіп, бір күйге түсіп, үйлескеннен соң, ол
хордың  толық  дыбысталу  тепе-теңдігін  бұзып  алмау  мақсатында  өзге   де
партияларға құлақ салуы қажет.Бұл дағды “жалпы ансамбль” арқылы іске асады.
    -  хордағы әрбір орындаушы партия ішінде ансамбль құруда дыбыс биіктігі
жағынан  таза унисонды құрай алуы қажет. “Жеке  строй”  ұғымы  бұл  мақсатты
көздейді.
    - жеке және жалпы ансамбль түрлерін  өзара  құрай  алған,  интонациялау
жағынан үндескен әрбір партия өзге де партияларға құлақ  салу  арқылы   бір-
бірімен үйлесе алуы қажет. Бұл мақсатты “жалпы строй” ұғымы көздейді.
    -  хордағы  әрбір  орындаушының  дирижермен  арасындағы  қарым-қатынасы
тыйылмауы қажет, яғни оның әрбір қол-қимылын, мимикасын байқай отырып,  мән-
мағынасын түсіне білуі тиіс.
    -   дыбыс  бояуы  жағынан  берілген  партиядан   ерекшеленетін,   жалпы
ансамбльге  үйлеспейтін  әншілерді  хорға  қабылдамау  қажет,  өйткені  олар
ансамбльді, яғни үйлесімді дыбысталуды бұзады. Сонымен қатар вибрациясы  аса
күшті, яғни дірілі көп дауыстардан сақ  болу  қажет,  себебі  вибрация  жеке
ансамбльге нұқсан келтіреді.
    Осылайша хорда ансамбльді құру мәселесі аса өзектілердің бірі.  Өйткені
хордағы ансамбль вокалдық ән айту мәдениетін аңықтайтын басты көрсеткіш.
Сұрақтар:
     1. Унисон ұғымына түсініктеме бер?
     2. Унисондық дыбыс шығаруға жаттығу неден басталады?
     3. Унисондық дыбысталуда ансамбльдің алатын орны?
Қолданылған әдебиеттер:
             1. Музыка әлемі 2008 №1
             2.   Әсембекова    Хорға    арналған    шығармалардың    кейбір
                ерекшеліктері.
             3. Дмитриевский Г.А. Хор және оны басқару. А.1998.
             4. Әбеуова Хор және оны басқару. А. 1997

10 - тақырып: A cappellaлық шығарманы талдау.
Жоспар:
     1. A cappellaлық шығарма ұғымына түсініктеме.
     2. Шығарманы талдау әдісі.
     3. Хордағы партиялармен жұмыс.

      A cappellaлық шығарманы, яғни сүйемелдеусіз  әнді  орындауды  еңгізуді
ерекше хор сыныбында басты орын алады. “Қазіргі  уақытқа  дейін  акапеллалақ
шығармаларды  орындау  тек  кәсіби  дәрежедегі  ұжымдарға  ғана  тән   деген
көзқарас  көпшілігінде   қалыптасып   кеткен.   Бірақ   бұндай   көзқарастың
терістілігін, бұрыстылығын іс-тәжірибе дәлелдеп отыр, яғни акапелланы  оқушы
хорына орындатудың көп  пайдасы  бар.  Ең  біріншіден,  кез-келген  аспаптық
сүйемелдеу өзіне тән таза, ашық,  жұмсақ,  табиғи  дыбысталу  нақышын  бұзып
бұрмаламайды. Екіншіден, сүйемелдеусіз шығармаларды орындау  кезінде  хордың
дайындық дәрежесі, шеберлігі, ансамбль,  строй,  нюансировка  секілді  басты
хор элементтері бірден айқындала түседі. Үшіншіден, акапелла  таза  унисонды
қалыптастыруға негіз болады.”
     Акапеллалық шығармаларды репертуарға  хордың алғаш  сабағынан  еңгізуге
болады.  Шығарма  жатталып,  ансамбль  жағынан  үйлескен  кезде  акакпелланы
сүйемелдеумен орындауға болады. Оқыту үрдісінде сүйемелдеу  мен  акапелланың
кезектесіп  қолдану  пайдасы  зор.  Бұндай  кезекті  тізбек  музыкалық  есту
қабілетінің  қарқынды  түрде  дамуына  жәрдемдеседі  және  де  айта  кететін
маңызды жайттардың бірі ерте кезеңнен  орындалатын  сүйемелдесіз  шығармалар
кейінгі уақытта репертуардың күрделене түсуінің кепілі. Және де,  керісінше,
акапелла шығармалардың орындауға дағдыланбаған  хор  ұжымы  кәсіби  деңгейде
өсе  алмай,  мүмкіндігі  шектеліп  қалады.  Өйткені  аспаптық   сүйемелдеуге
машықтанған олар таза интонациялауға мән бермей, фальшпен орындайды.
   Акапелланы әндетудің  өзіне  тән  артықшылығы  –  шығарманың  тональдігін
өзгертуге қолайлы болуы,  яғни  шығарманың  тональдігін   диапазонына  қарай
жарты тонға немесе бір тонға дейін  көтеріп  төмендетуге  болады.  Тональдік
қандай  мақсатпен  өзгертіледі?-  деген  сұрақ  туындауы  мүмкін.   Көптеген
шығармалар ыңғайсыз  тональдікте  жазылғандықтан  орындауға  қолайсыз  болып
келеді. Және де екі түрлі  тональдікте  жазылған  хор  шығармасы  екі  түрлі
дыбысталады. Мысалы, оқушылар хоры до мажор тональдігінде  шығарманы  сәтсіз
орындаса,   до  диез  тональдігінде  керемет  болып  шығады.  Бұл   берілген
шығармадағы   интервалдардың   акустикалық   ерекшелігімен    түсіндіріледі.
Сондықтан да хор жетекшісі осы жағдайды  ескеруі  қажет.  Репетиция  кезінде
хор  ұжымын  ыңғайсыз  тональдікте  айтқызу  бір   жағынан   пайдалы   дейді
дирижердың көпшілігі. Көп жағдайда төмен тональдікте  айтқызу  өте  пайдалы.
Өйткені төмен  тесситураға  байланысты   туындаған  қолайсыз  жағдайды  жене
отырып, еріксіз түрде стройды белгілі дәрежеде  теңестіреді.  Осындай  тепе-
теңдік  күйі  алғашқы  тональдікке   көшкенде   де   сақталынады.   Осылайша
акапеллалық  шығармаларды  орындау  хор  мүшелерінің  шығармашылық,   кәсіби
дәрежеде өсуіне зор ықпалын тигізеді.
Сұрақтар:
     1. A cappella ұғымына түсініктеме бер?
     2. A cappellaлық шығарманың тиімділігін жіктеп айт?
     3. Репертуарға енгізу неше дауыстан басталғаны жөн?
 Қолданылған әдебиеттер:
             1. Музыка әлемі 2008 №1
             2.   Әсембекова    Хорға    арналған    шығармалардың    кейбір
                ерекшеліктері.
             3. Дмитриевский Г.А. Хор және оны басқару. А.1998.
             4. Әбеуова Хор және оны басқару. А. 1997

11,12 - тақырыптар: Сопрано, альт партияларына бөлу.  Әр  партиялармен  жеке
жұмыс жүргізу.
Жоспар:
   1. Сопрано, альт партияларының диапазоны.
   2. Сопрананың түрлері.
   3. Альт партиясына сипаттама беріңіз.
    Альт партиясы скрипка кілтінде, кіші  октаваның  (Соль)  Ля  нотасынан,
екінші октаваның Фа ноталары көлемінде жазылады. Ал, орташа  көлемі  бірінші
октаваның До нотасынан, екінші октаваның До нотасына шейін болады.
    Әйелдер хорының сопрано, альт дауыстары:
    Сопрано  партиясы  скрипка  кілтінде,  (кіші  октаваның   Ля)   бірінші
октаваның До нотасынан, үшінші октаваның До нотасы көлемінде жазылады.
    Орташа көлемі бірінші октаваның Фа,Соль нотасынан, екінші октаваның Фа,
Соль нотасына шейін болады, мысал үшін А. Давыденконың «На  десятой  версте»
атты хоры болуы мүмкін.
    Мұнда сопрано партиялары кіші октаваның Сибемоль нотасына шейін айтатын
болады.
    Өте жоғары регистрде айтуға  мысал  ретінде  Бородиннің  «Князь  Игорь»
операсындағы прологтың соңғы  хоры  болуы  мүмкін.  Мұнда  сопрано  партиясы
үшінші октаваның До нотасына шейін айтатын болады.
    Сопрано партияларына кіретіндер:
    Колоратуралық сопрано, бұл дауыстардың жоғары регистрі (дыбыстары)  өте
жетілген болады, ал дыбыстарды  үшінші  октаваның  До  нотасынан  да  жоғары
дыбыс ноталарын ала беретін болады.
    Колоратуралық сопранода төменгі дыбыстардың жаттығуы  нашарлау  болады.
Бұл  колоратуралық  сопраноның  дыбыс  бояуы   ерекше   және   өте   жіңішке
болғандықтан, колоратуралық сопраноның дауыстары жоғары сопрано  партияларын
атқаруға  жарамайды,  өйткені  коларатуралық  сопраноның  дауыстары  хордағы
басқа сопрано партияларының дауыстарымен үйлесіп кете алмайды.
    Лирико-коларатуралық сопрано, бұл дауыстардың жоғары дыбыстары жетілген
болады, ал үн  шығу  сыйпаты  колоратуралық  сопраноға  ұқсас;  бұл  лирико-
колоратуралық сопрано хорға қосылып айтуға жарамды.
    Лирикалық сопрано,  бұл  дауыстың  жоғары  дыбыстары  және  хорда  орта
дыбыстары өте жақсы  жетілген  болады,  хор  партияларына  өте  лайықты,  ал
дивизияларға бөлгенде  бұл  лирикалық  сопрано  бірінші  дауысты  орындайтын
болады.
    Лирико-драмалық сопрано, бұл дауыстың жоғары дыбыстары өте  күшті  және
жетілген, ал орта дыбыстары жақсы, төменгі дыбыстары недәуір  күшті  болады,
дауыстары хорға өте қажет.
    Драмалық  сопрано,  бұл  дауыстың  жоғары  дыбыстары  өте  күшті,  орта
дыбыстары жақсы, төменгі дыбыстары да күшті болып  келеді,  дауыстары  хорға
жарамды.  Альт  партиялары,  скрипка  кілтінде,  кіші  октаваның   Фа   Солъ
ноталарынан,  екінші  октаваның  Соль  ноталары  көмегінде   жазылады.   Ал,
күнделікті  қолданылатын  орташа  көлемі  бірінші  октаваның  До  нотасынан,
екінші октаваның До нотасына шейін болады.
    Альт партияларының өте төменгі регистерде айтуға мысал ретінде Римиский-
Корсаковытың «Татар полондарының» хорын алуға болады. Мұндай  альт  партиясы
кіші октаваның Соль нотасына шейін айтатын болады.
    Өте жоғары  регистрде  айтуға  мысал  ретінде  Глинканың  «Руслан  және
Людмила» операсынан «мир и  блаженство,  чета  молодая»  атты  хоры  болады.
Мұнда альт партиялары екінші октаваның Соль-бемоль  нотасына  шейін  айтатын
болады.
    Альт  партияларына  кіретіндер:  Меццо-сопрано,  бұл  дауыстың   жоғары
дыбыстары жетілген, орта дыбыстары жақсы, төменгі дыбыстары  жеңіл  алынатын
болады.  Дауыстар  дивизияға  бөлінгенде  бұл  меццо-сопрано  бірінші   альт
партияларын орындауға лайықты.
    Контральто, бұл дауыстардың төменгі дыбыстары  өте  күшті,  ал  жоғарғы
дыбыстары  біркелкі  ауыр  алынады.  Дивизияға  бөлінгенде  бұл   контральто
дауыстары екінші альт партияларын орындауға лайықты.
Сұрақтары:
       1. Сопраноның түрлері атаңыз?
       2. Сопрананың диапазоны?
       3. Альт партиясына сипаттама беріңіз?
Қолданылған әдебиеттер:
       1. Б.Жакеева Хор үйірмесімен жұмыс. Алматы. 1998
       2. Әбеуова К. Хор жүргізу. Алматы. 1993
       3. Работа с хором. Соколов В. М. 1967

13,14  -  тақырыптар:  Диапазондық  жаттығуларды  меңгеру.  Шығарманың  қиын
фразаларымен жұмыс.
Жоспар:
     1. Диапазондық жаттығуларды меңгеру.
     2. Шығарманың қиын фразаларымен жұмыс.
     3. Шығарманы техникалық жағынан меңгерудегі 3 фаза.
    Көп дауысты хор шығармаларын орындату кезінде оларды әрбір дауысты анық
естуге, дыбыстарды үлгеріп айтуға және тыныс алуды қадағалауға назар  аудару
керектігін ескертіп отыру қажет. Көп дауысты шығармалар  студенттердің  ішкі
есту  қабілетін  дамуына  жағдай  септігін  тигізеді  және  де  сауаттылыққа
жауапкершілікке дағдыландырады.
    Дирижер шығармалармен толық танысудан бастайды.  Ауызша  түсіндіргеннен
кейін аспапта ойнап  көрсетіп  және  әр  партиямен  жеке-жеке   жұмыс  жасау
керек. Хорды екі бөлікке бөледі. Әр  партияларынан  жұмыс  істеу  сольфетжио
мен  басталады.  Сольфетжиосы  автоматты  орындау  тәсілмен  көшкенге  дейін
шығарманың  бастапқы  уақытынан  бастап,  тыныс  алу  динамика   фразеровка,
ансамбль, строй тағы сол сияқты элементтерді жасап алу қажет.  Сольфеджиомен
айтқаннан кейін  сөзімен  үйрену  кезеңімен  жалғасады.   Шығарманы  сөзімен
дайындау кезінде жоғары айтылған  элементтермен  қоса  дикция,  артекуляция,
кульминация тағы  сол  сияқты  элементтер  қамтылады.  Шығарманың  көркемдік
бейнесін ашу ең негізгілері болып саналады. Дирижер автордың  айтайын  деген
ойын  жеткізуге  шығармалардың  мазмұнын  ашуына  көп  көңіл   бөлуі  қажет.
Шығармалардың қиын бөліктерімен жұмыс қосымша уақыт  немесе  жіктелу  арқылы
жасалады.
  Жаңа материалмен жұмыс жасау күрделі, көп  сатылы  үрдіс  болып  табылады.
Оны 3 кезеңге  бөліп  қарастырамыз:  техникалық,  көркемдік  және  қорытынды
кезең. Әрқайсыларының өзіндік мақсат-міндеттері, спецификалық  ерекшеліктері
бар.

1) Бірінші, яғни техникалық кезең өз ішінде үш фазаны біріктіреді.  Оның  ең
алғашқысы шығарманы талдауға негізделеді. Ол  дегеніміз  берілген  шығарманы
бірнеше бөлімдерге  жіктей  отырып,  әрбір  партиямен   жекелей  және  тұтас
хормен жұмыс жасау. Осы жөнінде П.Г.Чесноков мынадай ескерту  жасайды:  “Бір
партиямен   ұзақ  уақыт  бойы  жұмыс  жасау  дұрыс  емес,   өйткені   қалған
партиялардағы оқушылардың зейіні аутқып, шашарап кетуі мүмкін. Сондықтан  да
дирижер бір  қысқа  үзіндіні  бір  партиямен  жаттаған  соң,  бірден  екінші
партиямен  қосып,  осылайша  хордың  белсенді  іс-әрекетін  қамтамасыз  етуі
қажет”,- дейді.

    Шығарманы талдау кезінде оны фортепиано аспабында басынан аяғына  дейін,
барлық нюанстерді сақтай отырып оқушыларға  алдын-ала  орындап  беру  қажет-
деген  көзқарас  баршылығында  қалыптасып  кеткен.  Бірақ  П.Г.Чесноков  бұл
пікірді қолдамайды, оның айтуынша хордың жаңа  шығармаен  алдын-ала  танысуы
нәтижесінде жаңа материалға деген қызығушылық сезімі жоғалып  кетуі  мүмкін.
Бұны театрдағы  жаңа  спектаклмен  салыстыруға  болады,  яғни  көрермендерді
спектаклде қызықтыратыны- сюжет жиілісінің біртіндеп өрбуі,осылайша  белгілі
бір кульминацияға жетуі.  Ал  сюжетті  алдын-ала  біліп  барсақ,  қызығы  да
болмас еді. Сондықтан да хор мүшелеріне  жаңа  шығармамен  таныстыру-  үлкен
қателік деп есептейді П.Г.Чесноков.

      Бірінші кезең мозайка принципіне сүйенеді, яғни жеке-жеке  бөлшектерді
құрастыра отырып, үлкен бір  затты  жасау.  Ал  біздің  жағдайда,  жеке  хор
элементтерін біртұтас жүйеге біріктіру. Осылайша бірінші фазаның мақсаты  да
осы болып табылады.

       Екінші  фазаның  мақсаты-  стройды  қалыптастыру.  Сондықтан  да  хор
жетекшісі  ең  алдымен  строй  жөнінде  жалпы  мағлұмат  береді,  оның   хор
ансамблін құру кезіндегі маңыздылығын түсіндіріп кетуі қажет.

      Стройға қатысты П.Г.Чесноков шартты белгілер жүйесін ұсынды, бұл:

            - жоғарылату белгісі;

      - төмендету белгісі;

      - дыбыс тұрақтылығын білдіретін белгі;

      -минорлық ладты көрсететін белгі.(қосышада бар)

    Осы шартты белгілерді үлкен плакатқа жазып, алдына іліп қою өте  тиімді
және нәтижелі. Бірақ бұндай көрнекілік тәсілінің  тиімділігін  арттыру  үшін
шартты белгілерінің мән-мағынасын түсіндіру қажет. Сөйтіп  шығармамен  жұмыс
жасау кезінде еркін қолдана аламыз.

    Стройға  байланысты  хор  жетекшісі  мынадай  маңызды  жайтты  ұғындыру
қажет: дыбыс интонациясын  жоғарылату  дегеніміз  дыбысты  күшейту,  қатайту
емес, және осы сияқты дыбыс интонациясын төмендету дыбыс күшін азайту  деген
сөз емес./17/

    Сонымен  қатар  строймен  жұмыс  жасаудың  бастапқы  кезінде  музыкалық
шығарманы  пиано динамикасына сәйкес ақырын айтқызу қажет.  Мақсаты:  бірін-
бірі естуіне жағдай жасау, унисонды теңестіруге және  тұтас  аккордты  құрай
алуға дағдыландыру. Осы тұрғыда  строймен  жұмыс  жасау  үрдісіне  қойылатын
басты талап- аспапты қолданбау. Өйткені  табиғи  стройды  аспапқа  ғана  тән
темперированный   стройымен   сәйкестендіріп,    салыстыруға,    теңестіруге
болмайды.Ал аспапты тек алғашқы кезеңнің бірінші фазасында  қолануға  рұқсат
етіледі. Бірақ сонда да  ол  шектеулі  дәрежеде  қолданылуы  қажет.  Өйткені
аспап   хорды   жетектеуші   емес,   керісінше   толықтырушы,   көркемдеуші,
сүйемелдеуші құрал.

    Үшінші фаза қажетті нюанстерді қалыптастыруды  көздейді.  Бұл  кезеңнің
алғашқы сатысында  нюанс, дикция, тыныс алу жөнінде жалпы  мағлұмат  берілуі
қажет.  Содан  кейін  хор  жетекшісі  қарастырып  жүрген  шығарманың  ішінен
кездесетін нюанстерді таңдау арқылы әрқайсыларының мән-мағынасын  түсіндіруі
тиіс. Осы кезеңде П.Г.Чесноков қарама-қайшылық принципін қолдануды  ұсынады,
яғни хор шығармасын алғашқыда пиано белгісімен, одан кейін фортеге  орындау.
Бұндай  ауысым  бір-біріне  қарама-қайшы  болғандықтан  хор  жетекшісі  үшін
тиімді және пайдалы болып саналады. Өйткені пиано мен форте  арасындағы  жер
мен көктей айырмашылығын бірден сезініп, өзара ажырыта алады.

    Сөйтіп  ансамблді  құру  үрдісі  хор  жетекшісінен  кәсіби  білім   мен
ансамблмен жұмыс жасауға арналған арнайы  білік-дағдыларды,  әдіс-тәсілдерді
меңгеруін, шығармашылық  жұмыстың  жүйелі,  бірізді,  нәтижелі  өтуін  талап
етеді.

             Жұмыстың жемісті болуы,  сонымен  қатар  студенттер  тарапынан
шығарманы  ұнату  немесе  ұнатпауына  байланысты.  Мысалы,  терең  мазмұнды,
ұлттық  нақышы   бар,   күрделі,   әсерлі   шығармалар   студенттер   бірден
ынталандырып,   дайындық   кезінде   олардың   жинақылығын,   белсенділігін,
жауапкершілік сезімін арттырады.
Сұрақтары:
       1. Диапазон ұғымы нені білдіреді?
       2. Шығарманы техникалық жағынан меңгерудің  3  фазасына  түсініктеме
          бер.
       3. Шығармадағы қиын  фразалармен  жұмыс  істеудің  әдістері  жайында
          мағлұмат беріңіз?
Қолданылған әдебиеттер:
   1. Музыка әлемі 2008 №1
   2. Әсембекова Хорға арналған шығармалардың кейбір ерекшеліктері.
   3. Дмитриевский Г.А. Хор және оны басқару. А.1998.
   4. Әбеуова Хор және оны басқару. А. 1997

15 - тақырып: Партиялардың интонациясымен жұмыс
Жоспар:
       1. Партиялардың интонациясына сипаттама.
       2. Партитурадағы  ырғақтармен жұмыс.
       3. Шығарманың көркемдік бейнесін ашу.
      Интонациялық ансамбль хордың жалпы және жеке стройына (үн  құрылымына)
тікелей байланысты. Сондықтан да  хор жетекшісі оқушыларға екі бағытта  әсер
етеді: біріншісі- дыбыс  биіктігін  жоғарылату,  екіншісі-  дыбыс  биіктігін
төмендету. Осыған байланысты П.Г.Чесноков “Хор и управление” атты  еңбегінде
дыбысты басқарудың 4 тәсілін жүйелеп көрсетеді:

1. жеке әнші үшін жоғарылату тәсілі;
2. хор партиясына қатысты жоғарылату тәсілі;
3. жеке әнші үшін төмендету тәсілі;
4. хор партиясына қатысты төмендету тәсілі;
     Егер  де   хор  мүшелерінің  бірі  өзінің  партиясымен  дыбыс  биіктігі
жағынан  үйлеспесе,  яғни  унисонды  құрай  алмай  “интонация  жағынан   сәл
төмендетсе”, дирижер сол қолымен “жоғарылату” белгісін қысқа  етіп  көрсетуі
қажет. Осындай қол қимылының көрінісін П.Г.Чесноков  былай  суреттейді:  хор
жетекшісінің қол- қимылы “төмен”  әндетіп  тұрған  әншіге  бағытталуы  тиіс.
Сонымен қатар бет-әлпетімен  қосымша  белгі  беру  қажет,  бұл:  басты  тұзу
қалпында ұстап, қасты сәл ғана көтеру, не болмаса сол қолдың  алақанын  ашық
ұстап, саусақтарды көмкеріп, қысым түсіре отырып, сәл ғана  төмен  бағыттау.
Іс-тәжірибе кезінде бұл және басқа да тәсілдердің тиімділігін  арттыру  үшін
хор жетекшісі әрқайсыларының мән-мағынасын оқушыларға  түсіндіріп,  дайындық
кезеңдерінде жүйелі түрде қолданып жүруі тиіс.

     Жеке әнші  дыбыс  биіктігін  төмендете  отырып,  партия  ішіндегі  жеке
стройды бұзса, тиісті дыбыс биіктігінен  аутқыған  тұтас  бір  партия  бүкіл
стройды бұзады. Бұл жағдайда, яғни тұтас бір партияға қатысты   қолданылатын
қол-қимылдың сипаты жоғарыдағыдай болады. Тек көз қарастың сипаты  өзгереді:
сәл ғана қасты түйіп, стройды бұзған  партияға  қатал  көз  қараспен  қарау.
Осыдан  басқа   қолданылатын    дирижерлық   жест:   сол   қолды   біртіндеп
жоғарылатқаннан соң, оң қолды жоғары қарай бағыттау немесе сол  қолға  қысым
түсіре отырып, сәл ғана төмен қарай бағыттау және басты еңкейту.

      Хор  партиялары  ішінде  және  арасында  стройды   теңестіре   отырып,
интонациялық ансамблді реттеу мақсатында К.А.Ольхов өзінің  “Вопросы  теории
дирижерской  техники  и  обучения  хоровых  дирижеров”  еңбегінде  төмендегі
тәсілдерді ұсынады:

1) қол білезігін көтеру арқылы  сұқ  саусағымен  ескерту  белгісін  көрсету,
мақсаты: интонация жағынан дұрыс  орындалмаған  дыбысты  немесе  дыбыстардың
гармониялық тізбегін, яғни аккордты интонациялауға қатысты жоғарылату;

2) дирижердың сұқ саусағы төмен қарай бағытталса, ол қате  орындалған  дыбыс
пен аккордты интонациялау жағынан төмендетуді білдіреді./37/

       В.Р.Соколов  өз  кезегінде  стройды  басқару   мақсатында   төмендегі
ережелердің орындалуын талап етеді:

1)  дирижер  хор  әндеткенде  фальштік,  яғни  интонациялау  жағынан   бұрыс
дыбысталуын болдырмау қажет. Интонациялық ансамблге қатысты  аутқуларды  хор
жетекшісі жедел аңықтап, оқушылар қауымына ескерту жасай  отырып,  түсіндіру
қажет. Өйткені “фальш” хордың көркем дыбысталуын бірден-бір бұзушы фактор.

2) хор шығармасымен жұмыс жасау  кезінде  хор  жетекшісі  интонация  жағынан
әндетуге қиындық келтіретін  жерлерді  алдын-  ала  өз  үшін  белгілеп,  сол
бөлімдерімен  жеке  жұмыс  жасауы  қажет.  Мысалы,  дауыс  қыздырған   кезде
шығармада кездесетін интервалдық секірістерге байланысты алдын-  ала  арнайы
жаттығулар жасату.

3) строй  және  интонациялау  жағынан  қарастырғанда  шығарманың  аса  қиын,
қауіпті бөлімдерінде дирижер арнайы қол- қимыл арқылы оқушыларға белгі  бере
отырып, қателіктің алдын алады. Атап айтқанда, интонация жағынан  жоғарылату
белгісін көрсету үшін тура созылған  қол  білезікті  төменнен  жоғары  қарай
асықпай көтеру қажет, ал интонация жағынан төмендетуді талап ететін  белгіні
сол қолымыз арқылы жоғарыдан- төмен бағытты біртіндеп көрсету арқылы  жүзеге
асырылады. Дыбыстың тұрақтылығын көрсету үшін алдыға  қарай  созылған  қолды
көлдеңен сызығы байынша баяу  және  күш  түсіре  отырып,  біртіндеп  жылжыту
қажет.

5)  дирижер  шығарма  ішіндегі  аккордтардың   құрылымын,   өзара   байланыс
заңдылықтарын, үйлесімділігін жете зерттеп, іс- тәжірибеде шығарманың  дұрыс
орындалуын реттеп басқару үшін тиісті жест түрлерін таңдай алу қажет.

Сұрақтары:
     1. Интонациялық тазалық дегеніміз не?
     2. Дыбыс қатары(строй) мен интонациялық дыбысталудың  байланысы  жайлы
        әңгімеле.
     3. Хорда дирижердың интонациясымен жұмысы.
Қолданылған әдебиеттер:
       1. Димитривский Г.А. Хор және оны басқару. А.1988
       2. Әбеуова К. Хор жүргізу. А. 1993
       3. Хроведение В.И.Красношеков. М. 1969

                               ҮІІІ – семестр
1,2 - тақырып:  Студенттерге  шығармаларды  жоғары  кәсіби  деңгейде  көркем
орындау дағдыларын және хор ұжымымен жұмыс істеуге  қажетті  есту  қабілетін
дамыту
Жоспар:
     1. Музыкалық қабілет жайлы түсініктеме
     2. Музыкалық қабілеттің түрлері
     3. Музыкалық іс - әрекет ұғымы
    Музыкалық мәдениеттің жеке көрсеткіші  ретінде  музыкалық  қабілет  пен
музыкалық іс-әрекетті қарастыру қажет.
         Музыкалық  қабілет  деп-  жеке  тұлғаның   даралық,   психологиялық
ерекшеліктерін айтамыз.Оған сөз және музыкалық дыбыстарға  талдау  жасайтын,
еңбек және әлеуметтік қарым-катынас барысында дамитын, эмоцианалдық  реакция
формасында көрінетін есту қабілетінің сезімталдылығы жатады.
Музыкалық қабілеттердің құрылымы: жалпы және  арнайы.  Б.М.Теплов  музыкалық
қабілеттердің негізгі түріне мыналарды жатқызады:
    Ладты сезіну- алуан түрлі дыбыстар аралық өзара байланысының  мазмұнын,
мәнін сезіне білу.
Музыканы есту арқылы  көз  алдына  елестету  дегеніміз-  естіген  әуенді  ой
санамызда  қорытып,соның  нәтижесінде  туындаған   бейне-көріністер   арқылы
толықтырып жаңғырту.  Осындай  шығармашылық  үрдіс  музыкалық  елестің,  ой-
өрісінің, қиялдың одан әрі дамуына негіз болады.

    Музыкалық ырғақты сезіну- жаңа ырғақ  тіркестерін  қабылдай  білу,іштей
сезіне алу және дәлме-дәл орындай алу қабілеті.
    Музыкалық қабілеттің жалпы түріне төмендегі ұғымдар енеді:
    Музыканы есте  сақтау-  тәжірибеге  тікелей  байланысты  жүзеге  асатын
күрделі психологиялық процесс. Бұл  қабілет  орындаушы,  тыңдаушы,композитор
мен ұстаз үшін сөзсіз қажет.
    Музыканттың  психо-моторлы  қабілеті  дегеніміз   музыкалық   шығарманы
орындау  барысында  мазмұндық  мағынасын   толық   дәрежеде   жеткізе   білу
мүмкіндігі.
    Неғұрлым студент музыка дыбыстарының дыбысталу ерекшеліктерін,  өзіндік
нақышын ажырататын болса, соғұрлым ол музыкаға  бейім,  қабілетті  деп  айта
аламыз.
    Іс-әрекет дегеніміз қоғамдағы  тәжірибені  және  жетістіктерді  игеруге
бағытталған шығармашылық үрдіс.
    Адам баласы бүкіл  өмірінің  барысында  сан  алуан  іс-әрекет  түрлерін
меңгереді. Нәтижесінде оның бойында қандай да бір психикалық  қасиеттер  мен
жеке тұлғалық нышандар қалыптасады, солардың ішіндегі  кейбіреулері  басыңқы
ролге иемденіп,  адамның  іс-әрекетінде  көрініс  табады.  Осылайша  адамның
белгілі іс-әрекетке деген ерекше қызығушылығы мен бейімділігі пайда болады.
    Музыка және басқа да іс-әрекет түрлері жеке тұлғаның дамуына әсер етеді
және олардың әрқайсыларының өзіне тән ерекшеліктері бар.
    Музыкалық іс әрекет дегеніміз- музыкалық өнер  арқылы  қоршаған  ортаны
және өз-өзін тану  кезінде  сан  алуан  тәсілдер  мен  құралдарды  қолдануды
айтамыз. Нәтижесінде музыкалық  бағытта  және  жан-жақты  дамиды.  Музыканың
эмоцияналдық-образдық  мазмұнын  түсіну  арқылы   берілген  шығарманы  терең
қабылдайды. Осыған  орай  орындаушылық  және  шығармашылық  іс-әрекеті  жаңа
мәнге ие болады. Бұл өзгерістер баланың сыртқы іс-әрекетінде және ішкі  жан-
дүниесінде көрініс табады.
    Музыкалық  тәрбие  берудің   негізгі   іс-әрекет   түрлері:   қабылдау,
орындаушылық, шығармашылық, білімділік  және  тәрбиелік  іс-әрекет.  Олардың
әрқайсыларының өзіндік ерекшелігі бар   және  олар  өз  алдына  дербес  бола
отырып, басқаларына үлкен септігін тигізеді. Мысалы, қабылдау жеке дара  іс-
әрекет  болса  да,  басқаларының  негізін  құрайды.  Ал   орындаушылық   пен
шығармашылық ән айту үрдісінде аса қажет.
    Сөйтіп  музыкалық  іс-әрекеттің  әрбір   түрі   студенттің   мәдениетін
дамытуға, рухани дүниесін байытуға бағытталады.
Сұрақтары:
   1. Музыкалық қабілет жайлы түсініктеме бер.
   2. Музыкалық қабілеттің түрлерін ата.
   3. Музыкалық іс - әрекет дегеніміз не?
Қолданылған әдебиеттер:
    1. Соколов В.Г. Работа с хором. М., “МузГиз”, 1963.
    2. Струве Г.А. Школьный хор: Книга для учителя. М.,1981.
    3. Стулова Г.П. Теория и практика работы с детским хором. М.,2002.
    4. Тевлина Б.Г. Работа в хоре. Методика, опыт. М., Профиздат, 1977.
    5. Уколова Л.И. Дирижирование. М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003.
    6. Чесноков П.Г. Хор и управление им. М., 1952.

3,4  -  тақырып:  Студенттерді   қазақ   және   шетел   сазгерлерінің   озық
шығармаларымен  сондай  –  ақ   халық   әндері   мен   халық   сазгерлерінің
шығармаларымен таныстыру
Жоспар:
     1. Қазақ халық әндерінің ерекшелігі
     2. Қазақ сазгерлерінің хор жанрындағы шығармаларына тоқталу
     3. Халық әндерінің тақырыптық мазмұны.
Кез- келген халық музыкасының  фактуралық  мазмұнын таңдай білу  және  халық
әндерінің  үн ерекшелігін  сақтап келтірудің  мәнісі   зор.            Қазақ
халқы өмірінде ән өнері  халық  тұрмысында  кеңінен  пайдаланылған,  сонымен
қатар, рухани айнымас серігі болып келеді. Мәселен, халқымыз жиын-  тойларда
қосылып ән салуға селқос қарамаған. Өзіндік тұрмыс- салт дәстүрлеріне, әдет-
 ғұрыптарына байланысты халық әндерінің көптеген жанрлары бар:  бесік  жыры,
тойбастар, жоқтау, беташар, сыңсу, жарапазан т. б. Бұл қарапайым әндер  жеке
дауыста ғана емес, музыкалық жанрлардың  күрделі  формасында   да  өз  орнын
тапқаны бәрімізге  мәлім.  Олардың  алғашқы  бастамасын  қалаған  халқымызға
еңбегі сіңген белгілі сазгерлер Е.  Брусиловский,  Л.  Хамиди,  А.  Жұбанов,
Б.Байқадамов, М. Төлебаев т.б жасады.

             Қазақ  сазгерлерінің  шығармашылығында  операда  халық  әндерін
қолдану XIX ғ. орта шенінде етек  жайған.  Оның  маңызына  тоқталар  болсақ,
ұлтымыздың музыкалық өнеріне тән дәстүрлі жанрларына жазылған  халық  әндері
операға жаңа идеялық-эстетикалық мазмұн берген туындылар.  Сондықтан  болар,
хорға өңделген ән жаңа бір бояуға ие болады, маңызды орын алады.
      Опера   өзінің  драматургиясы  бойынша  лиро-  эпикалық   шығармаларға
жатады. Музыкалық-сахналық дамуының негізгі өзегінде лирикалық драма  жатыр.
Ал эпикалық бастамасы, ертеде өткен оқиға ретінде драманы  көмкеріп  тұрады.
Операдағы хорлар үлгісі көбінесе халықтың ырқын,  оның  мінез-  құлқын  және
көпшіліктің қалауларын суреттейді.
            Халық әндерін өңдеу сазгерлер  үшін  өте  үлкен  іздену,  үйрену
мектебі болғаны  сөзсіз.  Қазақтың  профессионалдық  музыка  өнері  1926  ж.
тұңғыш  драма театры ұйымдасуынан басталады. Көп дауысты хор  коллективі  де
алғаш осы театрда  ұйымдасты.  Халықтың  бай  музыка  қорын  шығармашылықпен
меңгеріп,  профессионалдық   музыкаға  арқау  ету  –   ешбір   шектелмейтін,
тоқталмайтын  процесс.  Республика  сазгерлері  халық  әндері  мен  күйлерін
өңдеудің небір тамаша үлгілерін жасады.  Олардың  кейбіреулерінде  сазгерлік
еркін өңдеудің ең біржоғары түріне ден қойып,  тілін,  тұлғасын,  күрделеніп
жазылу  және  айтылу  стилін  аспаптық   шығармаларға   теңейді.    Мәселен,
«Харарау», «  Майра»,  «Айттым  сәлем  Қаламқас»  т.б  сияқты  ежелден  жеке
дауыспен айтылып келген көптеген әндер кезінде  жаңа  бір  реңге  ие  болды.
Кейде  сазгерлер  әндердің   жалпы  стилін   мұқият   сақтауларымен   қатар,
кейбір   айырықша,   интонациялық   ұтымды   жерлерін  түрлі  хор  нюанстары
арқылы  ерекше көрсетеді. Сазгерлер  әнді   өңдеген   кезде   түрлі   ұлттық
дәстүрден   туатын   шағын    әуез,    қайталау,   кейде    саздық    бөлшек
буындарынан  тарайтын  әуендік  ерекшеліктеріне де назар  аударады./1/
       Отызыншы  жылдар басында  аспаптық  (фортепиано)  сүйемелге  жазылған
халықтық     ән    өңдеулері    арасынан     кәсіби      деңгейі     жоғары,
шынайылығымен  ерекшеленетін  полифониялық құрылымдағы  төрт   дауыстылықпен
кейін   енгізіліп  ,  қазақ   әндерінің   жақсы   үйлесетіндігін   көрсетті.
Тәжірибе полифониялық  формадағы  әдістің  тиімділігін  сол  кездің   өзінде
   дәлелдеді.    Полифониялық    тәсілдердің    кең    түрде     негізделген
көпдауыстылыққа  арналған  өңдеу  кезеңдері   отызыншы   жылдардан   бастап,
күні  бүгінге  дейін  жалғасын  табуда.
        Халық   әндерін   өңдеуді   сазгерлер   мен   хор   жетекшілері   еш
уақытта  тоқтатқан  емес. Қазіргі  кездің   өзінде   халық   әндерін   өңдеу
барысында  шығарманың  жалпы  стилін,  характерін  мұқият   сақтай   отырып,
көркемдік  мәнерліліктің қажетті  құралдарының  бірі- екпін, ырғақ,  ағымға,
 әуендік,  саз  күшіне  көңіл  бөледі./3/
              Халық   әндерін    аса    сәтті    өңдеп,    хор    үнділігіне
айтарлықтай   жаңалық   енгізуде   сазгерлер    тынымсыз    еңбек    жасады.
Мәселен,   белгілі   сазгер   Б.  Байқадамовтың    шығармашылығында    хорға
арналған  музыка   маңызды   орын   алады.  Ол   бейнелеудің   нақтылығымен,
тартымдылығымен,  мәнерлеу  мүмкіндігімен  композиторды  еліктіреді.  Барлық
 хор  жанрларының  ішінде  Б. Байқадамов аспаптық   сүйемелсіз   орындалатын
хорларға   көбірек   назар   аударды.  Әсіресе,  қазақтың   халық    әндерін
негізіне  ала  отырып  шығарған  сюиталарыөте  қызыкты.Мысалы:«Той  базар»,«
Майраның  әні»,« Жариям-айдай»,  «16 қыз»,    «  Жеңеше-  ай»,     «  Ахау»,
« Семей», « Құдаша- ай  »,  «Егигай»   әндері.  Халық  әндері  хорға   өңдеу
арқылы  әсерлі  әуезділігін  күшейтеді.
             «Жариямайдай»   әнінің   әуені   сопранода   берілген,    басқа
дауыстары   оны   әсерлеп,   байыта   түскен.   әсіресе,  ең   төменгі   бас
партиясы   жүрдек   келеді,  ал   тенор   сопраноның   әуендік   фразаларына
еліктейді. Б.Байқадамов  хорға  өңдеген   көптеген   халық   әндерінде   көп
дауыстың  әр  қырлы   мүмкіндіктерін   орынды   пайдалана   білді.   Өңдеген
әндері  халық  арасына  кеңінен  тарады./2/
            Осы  ретте  Қазақстан  опера  өнерінің   көрнекті   тұлғаларының
бірі  М. Төлебаевтың  операсы музыка  мәдениетінің  алтын  қорына   кірді.М.
Төлебаевтың  «Біжан- Сара»  операсындағы   халық  әндерінің   мәні   ерекше.
Онда  «Харарау»,  «Гүлдер-ай»,  «Шұбар   ағаш,  ой   жайлау»,  «Сұрша  қыз»,
«Гаухар  қыз»,  «Сапар»,  т.б.  халық   әндері   кейіпкерлерді   бейнелеумен
қатар,  шығарманың  негізгі  идеясын  айқындай  түседі.  Ән   үнінің   дамуы
арқылы  музыкалық  көріністердің  өзгеру  процесін  көрсетеді.
      I ші  көріністегі  Біржан партиясындағы «Харарау»  әнін  кейіннен   IV
ші  көріністе  Естайдың  партиясы   естіледі.  Естай-  нағыз   халық   әнші-
ақынының   кейіпкері.  Мұндай   сарынды   байланыс    Біржан    мен    халық
бейнелерін   бірлестіріп   тұрады.  Ал   басқа   жағдайда   керісінше:  Жаяу
Мұсаның   «Құлбай»  әні   халықтан   Біржанға  ауысып,    жақын   бейнелерді
бірлестіруге  көмектеседі. III-ші  көріністе  тұрмыстық  жанрды   байқататын
 халық  әндерінің  тікелей  мәнісі  зор. «Біржан-  Сара»  операсындағы   ән,
музыкалық  материал   есебінде   кейіпкерлерді  бейнелеп,  олардың    қарым-
қатынасын  нығайтады  десек  те қателеспейміз.   Кейбір  әндер   лейтмотивті
тақырыпқа   айналып,   драматургиялық   жағдайды    ашады.   Халық    әндері
композитордың  түпкі  ойының  негізгі  элементі. Сондықтан,  «Біржан-  Сара»
операсын – опера-ән  ретінде сипаттайды.
            Опера  өнеріне  айтарлықтай  үлес  қосқан,  белгілі   сазгер  Ғ.
Жұбанованың  «Еңлік- Кебек» операсында да халық  әндерінің   маңызы   үлкен.
Бірінші көріністе Еңліктің  әуенімен  ұштасқан  халық   әні  «  Туған   жер»
махаббат   әуенімен   жақындасады.  Төртінші    суретте   халықтың    ырқын,
сезімін  білдіретін   қасіретті   хор  үні   естіледі.  Еңліктің   лирикалық
бейнесі  халық сарынына  жақын  және  халық  әндеріне  негізделген   әуендер
  арқылы   суреттеледі.  Хордың   ерекше   драматургиялық    рөлі   халықтың
жоқтауында,  реквиемінде   анық   көрсетіледі.   Жоқтау    фугато    ретінде
құрылған.
             Халық   әндерін   хорға   өңдеуде  зор   еңбек   жасаған,   әрі
дирижерлық  қызмет  еткен   өнер   қайраткері  –Д.  Мацуцин.  Тамаша,  сәтті
шыққан  өңдеулерінің  бірі « Сұржелеңге»  халық   әні   аспақтық  сүйемелмен
айтылатын   аралас   дауысты  хор   шығармаларына   айналуы.   Сазгер    бұл
шығармада   тұрақты  фактуралы   гармониялық   аккорд    негізімен    әуенді
ерекшелеп  көрсетуді  мақсат  етеді. 1933 ж.  Д.  Мацуцин  М.  О.  Әуезовтың
 «Еңлік –Кебек»  пьесасына  оннан астам халық әндерін  өңдеп  жазады.  Бұдан
басқа   да  «Дудар-ай»,  «Майраға»  т.с.  с.  шығармалары   қазіргі   күннің
өзінде  сахана  төрінен  түскен  емес./5/
      Халық  әндерін  өңдеуде  Б.  Ерзакович   есімін   де  айта  кеткеніміз
жөн. 1933-1934  жылдары   екі   дауысты   әйелдер   хорына   арналған   «Кең
сарай»    және  «Уридай»  халық   әндерін   өңдеді.   Автродың   өңдеуіндегі
«Ақбақай», «Бір  бала»,  «Қара   торғай»,  «Шапибай-ау»  әндері  де   тамаша
өңдеуден өткен.
           Белгілі   сазгер  С.  Мұхамеджановтың  хорға   лайықтап   өңдеген
халық  әндері  халық  әндерін  өңдеуде  зор   мәнге   ие.  Мәселен,  «Жұмбақ
қыз» операсындағы   «Тартыңдар,   садақты   тура   көздеп!»,  сонымен  қатар
«Тұтқындар  зары»  т.б әндері тамаша  өңдеулерден  өткен.
            Қазақ   халық   әндерін   хорға   лайықтап   өңдеуде   Қазақстан
сазгерлерімен  қатар  басқа да  ұлт  өкілдерінің   сазгерлері  ат   салысты.
Полифониялық   тәсілді   кең   ауқымда   қолданған  сазгер    Л.   Хамидидің
«Харарау» әніне  жасаған  қысқаша   музыкалық   талдауынан-  ақ   шығарманың
күрделі  екені  байқалады. Оның      «Сәулем-ай»,  «Айнамкөз»,  «Шіркін-ай»,
«Ахау», т.б.  халық  әндерін  өңдеуі  шеберлік  пен  мәнерліліктің   белгісі
іспеттес.
             Е.Брусиловскийдің өңдеген «Баянжан»,  «Ақтамақ»,  «Қараторғай»,
«Бипыл» әндерінде  қазақтың   халық  музыкасының   ән-әуен,  ырғақ  оралымды
творчестволықпен  пайдаланып, кәсіби  музыкаға  тән  даму  әдістері  кеңінен
қолданылған. Халық әндерін хорға  лайықтап  өңдеуде  Тен  Чу   есімінің   де
маңызы  ерекше.
               А.В.Затаевичтың   бүкіл   шығармашылық   жолы   қазақ   халық
музыкасымен тығыз байланысты. Орыс музыкасындағы хор  өнерінің   қайраткері,
сол    кездегі    Ленинград   (қазіргі    Санкт-   Петербург)    мемлекеттік
консерваториясының   профессоры  А.А.  Егоров    отызыншы   жылдардың    бас
кезінде  А. В. Затаевичтің «Қазақ халқының  1000 әні»жинағынан  «Гүлзейнеп»,
«Ардақ», «Әншіге», «Махаббат» әндерін әйелдер  және аралас  хорға   лайықтап
 өңдеді. Сазгер  қазақ  әуенінің сырын терең түсініп, олардың ұлттық   бояуы
  мен   түрлі   әуез   ерекшеліктерін  сақтай   білді.   1925-1930   жылдары
«Миниатура  формасында  өңделген  қазақ  әндері»,   1932  жылы  «  Қазақстан
әндері» атты  жиырма пьса  енген  жинақтары  басылып  шықты.  Жаңа   жанрлық
өзгерістерде  қазақ  музыкасы өзіне  ғана тән құрымын  бұзбай   полифониялық
және  саздық ерекшеліктерді  кең  пайдаланды.
           Операға   енгізілген   музыкалы-   поэтикалық    жанрлар-   халық
айтысы, жоқтау, бесік  жыры,  той  бастар,  жар-жар  т.б.ерекше   поэтикалық
шабыт  туғызады.
Сұрақтары:
     1. Қазақ халық әндерінің ерекшелігі неде?
     2. Қазақ сазгерлерінің шығармаларына талдау жасау?
     3. Халық әндерінің тақырыптық мазмұнын әңгімеле.
Пайдаланылған  әдебиеттер:
     1. Ахметова М. М. Ән өнері және уақыт
     2. Ахметова М. М. Қазақ  әндері
     3. Әсембекова К.А.Хорға арналған  шығармалардың  кейбір ерекшеліктері
     4. Ерзакович В.Г. Қазақ халқының мәдениеті
     5. Жұмақова І. Т, Китегенова А.Ж. Қазақ музыка әдебиеті
   Бодауова Б.Қ. Қазақ халық әндерінің  хорға  арналған  өңдеулері

5,6  -  тақырып:  3  –  курс  студенттері  үшін  хормен  жұмыс  істеу  іс  –
тәжірибесін енгізу
Жоспар:
     1. Хормен жұмыс істеудің техникалық кезеңі
     2. Хорды жұмыс істеуге дайындау
     3. Хордағы дыбыс қатарымен (строймен) жұмыс жүргізу
     4. Шығарманың нюансымен жұмыс
 Бірінші, яғни техникалық кезең өз ішінде үш  фазаны  біріктіреді.  Оның  ең
алғашқысы шығарманы талдауға негізделеді. Ол  дегеніміз  берілген  шығарманы
бірнеше бөлімдерге  жіктей  отырып,  әрбір  партиямен   жекелей  және  тұтас
хормен жұмыс жасау. Осы жөнінде П.Г.Чесноков мынадай ескерту  жасайды:  “Бір
партиямен   ұзақ  уақыт  бойы  жұмыс  жасау  дұрыс  емес,   өйткені   қалған
партиялардағы оқушылардың зейіні аутқып, шашарап кетуі мүмкін. Сондықтан  да
дирижер бір  қысқа  үзіндіні  бір  партиямен  жаттаған  соң,  бірден  екінші
партиямен  қосып,  осылайша  хордың  белсенді  іс-әрекетін  қамтамасыз  етуі
қажет”,- дейді.

    Шығарманы талдау кезінде оны фортепиано аспабында басынан аяғына  дейін,
барлық нюанстерді сақтай отырып оқушыларға  алдын-ала  орындап  беру  қажет-
деген  көзқарас  баршылығында  қалыптасып  кеткен.  Бірақ  П.Г.Чесноков  бұл
пікірді қолдамайды, оның айтуынша хордың жаңа  шығармаен  алдын-ала  танысуы
нәтижесінде жаңа материалға деген қызығушылық сезімі жоғалып  кетуі  мүмкін.
Бұны театрдағы  жаңа  спектаклмен  салыстыруға  болады,  яғни  көрермендерді
спектаклде қызықтыратыны- сюжет жиілісінің біртіндеп өрбуі,осылайша  белгілі
бір кульминацияға жетуі.  Ал  сюжетті  алдын-ала  біліп  барсақ,  қызығы  да
болмас еді. Сондықтан да хор мүшелеріне  жаңа  шығармамен  таныстыру-  үлкен
қателік деп есептейді П.Г.Чесноков.

      Бірінші кезең мозайка принципіне сүйенеді, яғни жеке-жеке  бөлшектерді
құрастыра отырып, үлкен бір  затты  жасау.  Ал  біздің  жағдайда,  жеке  хор
элементтерін біртұтас жүйеге біріктіру. Осылайша бірінші фазаның мақсаты  да
осы болып табылады.

       Екінші  фазаның  мақсаты-  стройды  қалыптастыру.  Сондықтан  да  хор
жетекшісі оқушыларға ең алдымен строй жөнінде жалпы  мағлұмат  береді,  оның
хор ансамблін құру кезіндегі маңыздылығын түсіндіріп кетуі қажет.

      Стройға қатысты П.Г.Чесноков шартты белгілер жүйесін ұсынды, бұл:

- жоғарылату белгісі;

- төмендету белгісі;

- дыбыс тұрақтылығын білдіретін белгі;

-минорлық ладты көрсететін белгі.(қосышада бар)

    Осы шартты белгілерді үлкен плакатқа жазып, оқушылардың алдына іліп қою
өте тиімді және нәтижелі.  Бірақ  бұндай  көрнекілік  тәсілінің  тиімділігін
арттыру үшін  шартты  белгілерінің  мән-мағынасын  түсіндіру  қажет.  Сөйтіп
шығармамен жұмыс жасау кезінде еркін қолдана аламыз.

    Стройға байланысты хор  жетекшісі  мынадай  маңызды  жайтты  оқушыларға
ұғындыру  қажет: дыбыс интонациясын жоғарылату  дегеніміз  дыбысты  күшейту,
қатайту емес, және осы  сияқты  дыбыс  интонациясын  төмендету  дыбыс  күшін
азайту деген сөз емес.

    Сонымен  қатар  строймен  жұмыс  жасаудың  бастапқы  кезінде  музыкалық
шығарманы   пиано  динамикасына  сәйкес  ақырын  айтқызу   қажет.   Мақсаты:
оқушылардың бірін-бірі  естуіне  жағдай  жасау,  унисонды  теңестіруге  және
тұтас аккордты құрай алуға дағдыландыру. Осы тұрғыда  строймен  жұмыс  жасау
үрдісіне қойылатын басты талап- аспапты қолданбау.  Өйткені  табиғи  стройды
аспапқа ғана  тән  темперированный  стройымен  сәйкестендіріп,  салыстыруға,
теңестіруге болмайды.Ал  аспапты  тек  алғашқы  кезеңнің  бірінші  фазасында
қолануға рұқсат етіледі. Бірақ сонда  да  ол  шектеулі  дәрежеде  қолданылуы
қажет.  Өйткені  аспап  хорды  жетектеуші   емес,   керісінше   толықтырушы,
көркемдеуші, сүйемелдеуші құрал.

    Үшінші фаза қажетті нюанстерді қалыптастыруды  көздейді.  Бұл  кезеңнің
алғашқы  сатысында  оқушыларға  нюанс,  дикция,  тыныс  алу  жөнінде   жалпы
мағлұмат  берілуі  қажет.Содан  кейін  хор   жетекшісі   қарастырып   жүрген
шығарманың ішінен кездесетін нюанстерді таңдау  арқылы  әрқайсыларының  мән-
мағынасын   түсіндіруі   тиіс.   Осы   кезеңдеП.Г.Чесноков   қарама-қайшылық
принципін  қолдануды  ұсынады,   яғни   хор   шығармасын   алғашқыда   пиано
белгісімен, одан кейін фортеге орындау.  Бұндай  ауысым  бір-біріне  қарама-
қайшы болғандықтан хор жетекшісі үшін тиімді және  пайдалы  болып  саналады.
Өйткені оқушылар пиано мен форте арасындағы  жер  мен  көктей  айырмашылығын
бірден сезініп, өзара ажырыта алады.

    Сөйтіп  ансамблді  құру  үрдісі  хор  жетекшісінен  кәсіби  білім   мен
ансамблмен жұмыс жасауға арналған арнайы  білік-дағдыларды,  әдіс-тәсілдерді
меңгеруін, шығармашылық  жұмыстың  жүйелі,  бірізді,  нәтижелі  өтуін  талап
етеді.

         Жұмыстың жемісті болуы, сонымен қатар оқушылар тарапынан  шығарманы
ұнату немесе ұнатпауына байланысты. Мысалы, терең  мазмұнды,  ұлттық  нақышы
бар, күрделі, әсерлі шығармалар  оқушаларды  бірден  ынталандырып,  дайындық
кезінде   олардың   жинақылығын,   белсенділігін,   жауапкершілік    сезімін
арттырады.
Сұрақтары:
   1. Хормен жұмыс істеуді неше кезеңге бөлуге болады?
   2. Әр кезеңге сипаттама бер.
   3. Шешуші, негізгі кезең қай кезең болып саналады?
Қолданылған әдебиеттер:
   1. Соколов В.Г. Работа с хором. М., “МузГиз”, 1963.
   2. Струве Г.А. Школьный хор: Книга для учителя. М.,1981.
   3. Стулова Г.П. Теория и практика работы с детским хором. М.,2002.
   4. Тевлина Б.Г. Работа в хоре. Методика, опыт. М., Профиздат, 1977.
   5. Уколова Л.И. Дирижирование. М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003.
   6. Чесноков П.Г. Хор и управление им. М., 1952.

7,8,9 -  тақырыптар:  Орындаушылық  дағдылар:  орындаушылық  стиль,  орындау
қарқын мәнері, штрихтар мен нюанстарды қалыптастыру әрекеті
Жоспар:
   1. Орындаушылық стиль, орындау карқын мәнері
   2. Штрихтар мен нюанстарды қалыптастыру әрекеті
      Динамикалық ансамбль жасауда музыкалық  нюанстерді  көрсете  білу  аса
маңызды.  Бұл  музыканың  көркем,  мәнерлі,  әсерлі  болып   шығуының  басты
кепілі. Сондықтан да хор жетекшісі динамикалық ансамбль  жасауда  нюанстерге
көп көңіл бөлуі қажет.

       Нюанстерді  көрсететін  қол-қимыл  белгілері  басқа   да   дирижерлау
техникасының элементтері секілді қандай да бір шектеулі  жүйеге  бағынбайды,
яғни әрбір дирижер өзіне ыңғайлы деген,  хор  мүшелеріне  түсінікті  болатын
қол-қимылдарын таңдайды немесе  өзі  ойдан  ойлап  шығара  алады.  Дегенмен,
музыкалық  нюанстерді  көрсететін  қол-қимылдарының  жалпы  ортақ  белгілері
бар: мысалы forte-ні,  яғни   қатты  дыбыс  күшін  көрсету  үшін  дирижердың
корпусы  және  қол  білезігі  дыбыстың  қатты  шығуын  бейнелеу  үшін   ауыр
салмақпен,  кең  амплитуда  көрсетілсе,  piano   (өте   ақырын)   белгісінде
амплитуда көлемі екі есе кішірейіп, қол-қимыл жұмсақ,  әрі  нәзік  орындалуы
тиіс. Пианоны көрсету  үшін  іс-тәжірибеде  кеңінен  қолданылатын  қол-қимыл
түрі: сол қолдың алақанын тұтас хорға немесе белгілі бір партияға қарату.

     Крещендоны  (дыбыс  күшінің  біртіндеп  ұлғайтылуы)  көрсеткен  уақытта
бүкіл  дирижерлық  аппаратқа  (қол,  бас(беті,  көзі)),   дене   кеуде   аяқ
бөлімдері, иық, кеуде) қысым түсіру арқылы біртіндеп қол-қимыл  амплитудасын
ұлғайтамыз, ал диминуэндоны  (дыбыс  күшінің  біртіндеп  азайтылуы)  көрсету
үшін қысым күшін әлсіретіп, қол-қимыл амплитудасын біртіндеп кішірейтеміз.

     Жалпы дирижер  жестінің  дәлдігі  хор  мүшелерінің  белгілі  бір  нюанс
жасауда және шығарманың сипатын көрсетуде үлкен  орын  алады.  Мысалы,  қол-
қимылдың кенеттен  жасалған  жүрдек  серпілісі  форте  динамикасына,  жылдам
екпініне тән, ал  кең  тынысты,  баяу  қол-қимылы  пиано  атты   динамикалық
белгісін, орташа екпінді білдіреді.

     Кенеттен жасалынатын нюанстер (subito forte, subito piano)  бір  үлеске
ертерек көрсетіледі. Ал legato-ны (дыбыстарды  өзара  байланыстырушы  белгі)
көрсетуде білезік буындары маңызды рөл атқарады.

Жалпы легато мен стаккато қимылдары технологиясының  едәуір  айырмашылықтары
бар, яғни легатода негізгі ролді ішкі үлестік қозғалыс алады және  нүктелері
жұмсартылған, ал стакккатода керісінше,  ішкі  үлестік  қимыл  қысқартылған,
нүктелері өте белсенді, серпінді болып келеді.

         Осылайша  стаккатоны жүргізу барысында легатоға қарағанда  басқаша
қол қимылдар қолданылады: бұл штрих өте қысқа дем алғанды, белсендірек,  өте
өткір нүктені және азғантай қол қозғалысының  көлемін  талап  етеді.  Осыдан
барып қолдардың позициясы да дирижерлаудың әдеттегі  қол  қимылының  орнынан
сәл жоғарырақ болуы мүмкін, ал қол қоспасына аздап түсірілген шынашақ  тірек
болады. Қол қоспасы білекпен бірге қысқа екпіндер  тастауға  мүмкіндік  бере
сәл  көтеріледі.  Стаккато   мен   легато   штрихтарын   орындау   барысында
“дирижерлық нүктелер” екі  жағдай  да  саусақтың  ұшымен  немесе  бүкіл  қол
қоспасымен орындалса да, олар сапасы жағынан әр түрлі сипатта  беріледі  (ал
легатода сонымен қатар барлық қолмен беріледі).  Бірақ  легатоның  нүктелері
жұмсақ, жабысқақ болады, барлық қол  иықтан  төмен  дыбысты  нүктеге  апарар
кезінде қол қоспасының қимылына ереді.

    |                    |Қозғалыс            |Қол қимыл           |
|нюанстер түрі       |серпілісінің көлемі |қозғалысының биіктік|
|                    |                    |деңгейі             |
|                    |                    |                    |
|ақырын              |кіші                |кеуде тұсында       |
|пиано p             |                    |                    |
|                    |                    |                    |
|орташа қатты        |орташа              |иық тұсында         |
|меццо пиано mp      |                    |                    |
|                    |                    |                    |
|қатты               |үлкен               |көз тұсында         |
|форте f             |                    |                    |
|                    |                    |                    |
|өте қатты фортиссимо|өте ауқымды         |бастың тұсында      |
|ff                  |                    |                    |
|                    |                    |                    |
|өте ақырын          |сәл ғана байқалатын |бел тұсында         |
|пианиссимо pp       |                    |                    |
|                    |                    |                    |
|біртіндеп           |біртіндеп кеңейту   |бастан төмен қарай  |
|күшейту             |                    |                    |
|крещендо            |                    |                    |
|                    |                    |                    |
|біртіндеп ақырындату|біртіндеп қысқарту  |бел тұсынан төмен   |
|диминуэндо          |                    |                    |

Сұрақтары:
    1. Хормен жұмыс істеуде орындаушылық дағдыларды қалыптастыру  тәсілдерін
       білесің бе?
    2. Мәнер мен стиль ұғымдарының айырмашылығын ата.
    3. Шығармалардағы штрихтар мен нюанстарды жасау әдіс – тәсілдерін жіктеп
       айт?
Қолданылған әдебиеттер:
   1. Соколов В.Г. Работа с хором. М., “МузГиз”, 1963.
   2. Струве Г.А. Школьный хор: Книга для учителя. М.,1981.
   3. Стулова Г.П. Теория и практика работы с детским хором. М.,2002.
   4. Тевлина Б.Г. Работа в хоре. Методика, опыт. М., Профиздат, 1977.
   5. Уколова Л.И. Дирижирование. М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003.
   6. Чесноков П.Г. Хор и управление им. М., 1952.

10,11,12 - тақырыптар: Көркемдік бейнені беру үшін  музыкалық  мәнерліліктің
барлық құралдарын пайдалануға дағдылану
Жоспар:
   1. Көркемдік кезеңнің мақсаты.
   2. Қорытынды кезеңде жасалатын іс шаралар.
   3. Әдеби мәтінмен жұмыс істеуде қолданылытын
      Көркемдік кезеңнің мақсаты- берілген шығарманы өзерту,  көркемдеу.  Ол
екі фазадан құралады, әрқайсысы өзіндік міндеттерін көздейді.

Бірінші фазаның міндеттері:

-  мәтінді  әуенсіз  жаттату,  бұл  дегеніміз  шығарма   мәтінін   музыкадан
ажыратып, жеке  туынды  ретінде  қарастыру.  Мәтінмен  жұмыс  жасау  кезінде
дикцияға көп көңіл бөлу қажет. Дирижер мәтін сөздерін  жаттатудың  әдістерін
өз еркімен таңдай алады,  бірақ  ең  тиімдісі  мозайкалық  әдіс,  яғни  өлең
жолдарын бірінен кейін бірін екі жол бойынша жаттату;

- мәтіндегі көркем бейнелердің,  сюжет  жиілісінің  мән-мағынасын  түсіндіре
отырып, студенттердің өлеңге деген көзқарасын аңықтау, пікірін білу;

-  өлеңнің  басты  мәселесін,  негізгі   ойын   білдіретін   сөздерді,   сөз
тіркестерін  топшалау.

Екінші фазаның міндеттері:

- музыка мен мәтін сөздерінің үйлесімділігін аңықтау, егер де қандай да  бір
сәйкес келмеушілікті байқалынса, оның  себептерін,  сипатын  аңықтай  отырып
тұсіндіру;

шығарманы  әндету  кезінде  мәтін  сөздері  мен  әуенді  көркемдік  дәрежеде
үйлестіру.
3)  Қорытынды  кезеңнің  мақсаты-  алғашқы  кезеңдерде   жасалған   жұмыстың
нәтижелерін біртұтас  жүйеге  біріктіру.  Қорытынды  кезеңнің  мерзімін  хор
жетекшісі жұмыс жасау қарқындылығына,  белсенділігіне,  көрсеткіш  деңгейіне
байланысты өзі белгілейді.

   Әдеби мәтінмен жұмыс жасау кезінде тілдегі ассимиляцияға қатысты  мынадай
жағдайларды  ескерген дұрыс: а) ассимиляция сөйлеу  процесінде  толық  түрде
ұшырайды, яғни бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп  толық  еліктіреді.
Сол сияқты “з-ш” немесе  “с-ш”  түрінде  екі  дауыссыз  қатар  тұрса,  “ш-ш”
түрінде естіледі.  Мысалы,  бесжылдық  (жазылуы)-  бешшылдық  (айтылуы);  ә)
жартылай түрде, яғни дыбыстарды бір жақты еліктіреді. Бұл дегеніміз  алғашқы
буын қатаң дыбыстарға аяқталғанда келесі буыннан басталатын “б”,  “г”,  “ғ”,
“ж” дыбыстары айтуда қатаңдап  “п”,  “к”,  “қ”,  “ш”  дыбыстарына  айналады.
Мысалы, тұңғыш балаң (жазылуы)- тұңғышпалан (айтылуы);  б)  ”қ”,  “к”,  “ғ”,
“г” дыбыстарының алдынан келген “н” дыбысы “ң”  дыбысына  айналады.  Мысалы,
сен  қайдағы (айтылуы сең қайдағы); в) “б”  және  “п”  дыбыстарының  алдынан
келген “н”  дыбысы  “м”-ға  айналады,  мысалы,  сен  бердің  (  айтылуы  сем
бердің); г) “р”, “л”, “ш” дыбыстары сөздің басында  келсе,  олардың  айтылуы
ыңғайлы   болуы   үшін   алдынан    “ы”,   “і”,   “ұ”,    “ү”    дауыстылары
қосылады.Мысалы, рас (ырас), лайық (ылайық).

   Осы айтылған ескертулерді хор  жетекшісі  дикциялық-орфоэпиялық  ансамбль
құру кезінде міндетті түрде орындай  отырып,  оқушыларға  түсіндіруі  қажет.
Мақсаты: оқушылар жаттанды түрде емес, саналы түрде түсіне отырып  орындауға
дағдыландыру.

    Вокалдық хор жанры интерпритациялау  мен  қатар,  музыкалық  және  әдеби
мәтінді дұрыс айта білу дағдысын қажет етеді. Өйткені хор шығармасы сөз  бен
әуеннің синтезінен құрылған туынды болып табылады.  Көрермендерге  әсер  ету
дәрежесіне  байланысты  хор  жанры  бірқатар  жетістіктерге  ие  болғанымен,
орындаушылар үшін әдеби мәтінді музыкамен үйлестіре   білу  жағынан  біршама
қиындық келтіреді.Осы тұрғыда  хор  жетекшісі  төмендегі  талаптарды  ескеру
қажет:

1) мазмұндылық, яғни музыкалық көркем бейненің мәтін сөздерімен
үйлесімділігі;

2) әдеби және музыкалық композицияның өзара байланысы;

   3)  көркемдеуші құралдардың бірлігі: бұл дегеніміз вокалдық декломация,
музыкалық және сөйлеу интонациясының өзара сәкес келуі, музыкалық үлес пен
әдеби синтаксисінің уақыт ара- қатынасына сәйкес үлесімен тепе-теңдігі және
сөз бен әуен акцентуациясы мен фразировканың байланысы.

       Хор жетекшісі шығарма мәтіннің өзіндік айтылу ерекшеліктеріне де  көп
көңіл бөлу қажет. Мысалы, марш  екпініндегі  ерлік,  батырлық  тақырыбындағы
немесе патриоттық мазмұндағы шығармалар кең тынысты,  салтанатты  орындалып,
дауыссыз дыбыстарды нық, ад  дауыстыларды  іріленіп,  қомақталынып  айтылуын
қажет етсе, лирикалық әндер керісінше дауыссыз  дыбыстардың  жұмсақтау,  әрі
қысқа, ал дауыстылардың барынша созылыңқырап айтылуын  талап   етеді.Сонымен
қатар  әдеби  мәтіннің  айтылу  ерекшелігі  хор  фактурасының   стиліне   де
байланысты. Мысалы:  музыкалық  дамуда  қосымша  дауыс  немесе  полифониялық
әдіспен жазылған шығармаларда бірнеше дауыс өз алдына воекалдық желі  құрып,
дербес дамып отыратындықтан  ән  сөздері  барлық  партияларда  бір  мезгілде
айтылмайды.

          Қорытындылай  келсек,  вокалды  хор  шығармасының  әдеби  мәтініне
байланысты  мәселелердің  бірі-  әдеби  тілдің   орфоэпиялық   заңдылықтарын
сақтап,  мәтінді  жазылуы  бойынша  емес,  айтылуы  бойынша  орындай   білу.
Орфоэпияның негізін  тіліміздегі  үндестік  заңдары:  ассимиляция  (дауыссыз
дыбыстарына  қатысты  байланыс)   және  сингармонизм   (дауыстылардың   бір-
бірімен үндесуі) құрайды. Яғни, сөз аралығында және сөз ішінде қатар  тұрған
екі дауыссыз дыбыс бір- біріне ықал ету арқылы өзгеріске  ұшырайды.  Сондай-
ақ, дауыссыздарға дауыстылар да әсерін  тигізеді.  Дауыстылардың  бір-біріне
ықпал етуі де заңды құбылыс. Мектеп әндерінен алынған сөз тіркестерін  дәлел
ретінде келтірейік:

   а) Көмкерді көк жиекті (айтылуы «көгжиекті»);

   ә) Қолқанат құс сен едің (айтылуы « қолғанат»);

   б) Талдан таяқ жас бала ( айтылуы «таяғ»);

   в) Әлемге ортақ көңілдің ( айтылуы « әлемгортақ»);

   г) Жүрсек те аспан төрінде (айтылуы «жүрсектаспан»);

   д) Толқиды ой (айтылуы «толқидой»);

        Осыған сәйкес жасайтын  қорытындымыз:  үндестік  заңдылығына  сәйкес
бұрын тұрған дыбыс өзінен кейінгі  дыбысқа,  кейінгі  дыбыс  өзінен  алдыңғы
дыбысқа, қатар тұрған екі дауысты бір-біріне әсер ету нәтижесінде қандай  да
бір  дауыссыз  дыбысты  басқа  дыбыспен  алмастырады  немесе   екі   дауысты
қосарланып бір дыбысты ғана береді.

        Ән айту орфоэпиясы мен тілдік орфоэпия үнемі сәйкес  келе  бермейді.
Орыс тілінің орфоэпиясы  дауысты  дыбыстарға  дауыс  екпіні  түспеген  кезде
олардың көмескі естілуімен ерекшеленеді. Ал  қазақ  тілінде  екпін  түспеген
дауысты дыбыстар қандай дыбыстардың қоршауында  келсе  де,  өздерінің  үндік
сапасын өзгертпейді. Демек олар партитурада қалай жазылса, айтуда  да  солай
аңық көмескіленбей орындалады.

       Дауыс екпіні бір сөз бен екінші сөзді, кейде бір сөз тобы мен  екінші
сөз тобының жігін ажыратып тұрады және де тыныс алу, жеке  дыбыстарды  дұрыс
оқу, сөздің айтылу қалпын сақтауға жәрдемдеседі. Сондықтан да хор  жетекшісі
дауыс екпініне көп көңіл бөлуі қажет.

   Хорда вокалдық-хор  дағдыларын  дамыту  мақсатында  өткен  заманның  және
қазіргі таңдағы прогрессивті, нәтижелі және іс-тәжірибемен дәлелденген әдіс-
тәсілдерді қолдану  қажет.  Соның  ішінде  қазіргі  уақытта  кең  қолданылып
жүрген артикуляцияға және  тыныс  алуға  байланысты  жаттығу  түрлерін  атап
өтсек:

а) бірінші дыбысты әндетпей тұра,  оны  алдын-ала  санамызда  елестетіп,  өз
ішімізден әндету арқылы жаңғыртуымыз қажет (психологиялық дайындық);

ә)  шығарманың  әуенін  дауысты  «у»  дыбысына  вокализ   түрінде   стаккато
штрихымен  әндету.  Мақсаты:  дыбысты  дұрыс  атакалау  және  интонациялауды
тазарту, форсировканы жою.

б)  берілген  музыкалық  шығарманы  «лю»  буынына  вокализациялау,  мақсаты:
дауыстардың  боялық  реңін  өзара  теңестіру,   кантеленаға   қол   жеткізу,
фразировканы жетілдіру;

в) әншілер даусын тәрбиелеудің негізгі  көрсеткші  болып  есептелетін  пиано
динамикасын жаттығулардың көпшілігінде қолдану;

г) жоғары қарай бағытталған интервалды әндеткенде  жоғарғы  дыбысты  төменгі
позицияда,  ал  төмен  бағытталған  интервалдың  төменгі   дыбысын   жоғарғы
позицияда әндету қажет;

д) тыныс алу аппаратының белдсенді қызметін жүзеге  асыру  мақсатында  мәтін
сөздерін жақсы артикуляциямен сыбырлау немесе дауыстап айту қажет;

е) мәтін сөздерін сөйлеу диапазонына  қарағанда  бірдей  биіктікте,  жоғарғы
регистрде әндету;

ж) сөйлеу декламациясына көп көңіл аудару, өйткені оқушылар  мәтін  сөздерін
мәнерлеп оқыған кезде  шығарма  мазмұнын  жете  түсініп,  көркем  образдарды
айқын елестетіп,   мән-мағынасын ұғады.

з) мәтіндегі жеке фразалардан  мағына  жағынан  үйлесетін  сөз  тіркестерін,
жеке сөздерді топшалау  және  берілген  шығарманың  әрбір  шумағының  өзекті
тақырын аңықтау;

Сұрақтар:
   1. Хорда көркемдік бейнені ашу үшін қажетті вокалдық дағдыларды ата.
   2. Көремдік бейнені жасауда қолайлы әдіс – тәсілдерді ажырата аласың ба?
   3. Шығарманың көркемдік бейнесін ашуда әдеби мәтіннің ролін анықтап бер.
Қолданылған әдебиеттер:
   1. Г.А.Дмитрискийдің. Хор және оны басқару.
   2. В.А.Самарин. «Хроведение и  хоровая аранжировка».
   3. Әсембекова К. «Хорға арналған шығармалардың кейбір ерекшеліктері»

13,14,15 –  тақырыптар:  Шығарманың  жанрлық  және  стильдік  ерекшеліктерін
ескере отырып, көркемдік жағын ашатын дағдыларды жетілдіру
Жоспар:
   1. Шығарманың жанрлық мазмұнын ашуда ансамбльдің алатын орны.
   2. Стильдік ерекшеліктерді хор дағдыларын меңгере отырып түрлендіру.
   3. Шығарманың көркемдік жағын сазгерлер берген нұсқаға жақындату мақсаты.

          Ансамбль  құру-  күрделі  үрдіс.   Өйткені   шығарманың   сипатын,
нюанстерін, жеке фразалардың  айтылу  ерекшелігін  әркім  әрқалайша  сезініп
түсінеді.  Ал  ансамбль  өзара  “үндестікті”,  “үйлесімділікті”,  “бірлікті”
талап етеді. Хор мүшелері өз тарапынан бұны, яғни өзіндік  ән  айту  мәнерін
басқа біреудің әндету мәнеріне сәйкестендіруді, әртіс еркіндігін шектеу  деп
қате  ұғынуы  мүмкін.  Бірақ  оқушылар  бірте-бірте   осы  тұжырымның   қате
екендігін мойындайды. Шынайы  ансамбль  басқа  біреудің  даралық  еркіндігін
шектеу, қандай да бір қысым көрсетуді  мақсат  етпейді,  керісінше  ансамбль
мүшелері  арасында  сыйластық,  достық,  сенімділік,   түсінушілік   секілді
қасиеттерін талап етеді.

Хор ішінде жеке ансамбль орнату үшін ең алдымен  белгілі  бір  дыбысты  жеке
бір партияға ғана айтқызу, одан кейін осы дыбысты бір уақытта екі  партиямен
қатар, одан кейін үшінші партияны қосып  орындату  қажет.  Сөйтіп  унисондық
дыбысталу  өзара   теңестіріледі.  Нәтижесінде  барлық   патиялар   арасында
унисондық үйлесімділік, яғни ансамлдің басты элементі қалыптасады.

    Жалпы балалар хорымен жұмыс жасауда “унисондық дыбысталу” маңызды  орын
алады.  Өйткені   таза  унисон  балалар  хорына   тән   интервал   және   ол
көпдауыстылықтың негізін қалайды.
    Унисондық дыбысталуды жасау үшін келесі жаттығу түрін  қолдану  тиімді:
“лю” және”ле” буындарын бір дыбыс  биіктігінде  әндету  немесе  белгілі  бір
әуен үзінділерін бір дауыста орындату. Осы аталған  жаттығулардың  көздейтін
басты мақсаты- таза унисонды қалыптастыру, дамыту болып табылады.
    Сонымен қатар унисондық  дыбысталу  түрін  жетілдіруде  барлық  дауысты
дыбыстар ішінен “у” дауыстысын таңдау  маңызды.  Бұл  “у”  дыбысының  жасалу
жолының ерекшелігіне байланысты. Еске сала кетейік “у” дауысты  дыбысы  ауыз
қуысының кеңдеу ашылып,  тілдің  артқа  тартылуы  және  еріннің  шеңберленуі
арқылы жасалады. Сонымен қатар дауысты “у” дыбысы арқылы көмкеріп  айту  өте
ыңғайлы және жеңіл.  Осылайша  хор  мүшелері   ән  айтудың  бірдей  мәнеріне
дағдыланады.
    Унисондық дыбысталумен жұмыс жасау кезінде жабық ауызбен  әндету  түрін
кең қолдану қажет. Өйткені бұл тәсіл оқушылардың  есту  қабілетін  күшейтіп,
жоғарғы вокалдық  позицияны  сезініп,  ұғынуға  тікелей  септігін  тигізеді.
Бірақ оқушылар үшін “у” дыбысына қатысты құрылған жаттығулар  әлі  де  болса
қиындық келтіреді, сондықтан да оны жиі қолдануға болмайды.
      Сонымен  қатар  жеке  ансамблмен  жұмыс  жасау   барысында   оқушылар
техникалық тәсілдерді қолдану жағынан  да,  түрлі  нюанстерді  орындауда  да
бірдей болу қажет.
     Ансамблді қалыптастыру үрдісінде әрбір дауыспен жеке жұмыс жасау қажет,
яғни берілген шығарманың әрбір партиясын әрқайсыларына басынан аяғына  дейін
жеке жаттату қажет, сонан соң ғана басқа партияларды қосуға болады. Бұл  аса
қиындық келтірмейтін үрдіс, өйткені  басқа  партиялар  жекелей  жұмыс  жасау
нәтижесінде  өз  дауыстарын  жетік  меңгеріп  алған  болады.  Осылайша  жеке
партиялармен жұмыс жасау негізінде жүргізілетін хор сабақтары  аса  нәтижелі
және сапалы болады.
   Сонымен  қатар  хор  ішінде  ансамбльді  орнату  дирижердың,   яғни   хор
жетекшісінің  дарындылығына,  шеберлігіне,  педагогикалық   әдіс-тәсілдерді,
жұмыс жасау формасын дұрыс таңдай алу қабілетіне байланысты.  Әсіресе   жеке
партиялар мен топ арасындағы сан және сапа жағынан тепе-теңдікті сақтау  аса
маңызды шарттардың бірі. Егер де белгілі  партия  немесе  топ  ішінде  дауыс
санының  жетіспеушілігі  туындаса  немесе  дыбыс  сапасы  қажетті   деңгейде
болмаса, ансамбль  құру  қиындайды.  Өйткені  хор  ұжымында  бірдей  әншілік
мәнерін,  бірдей  вокалдық  тәсілдер  мен  дағдыларды,  бірдей   эстетикалық
талаптарды қалыптастырмайынша  хор  мүшелерінің  дауыстарын  бояу  және  күш
жағынан теңестіру мүмкін емес.
   Хор партиялары вокалдық дыбысты қалыптастыру  үшін  арнайы  тәсілдер  мен
дағдылардың бірдей түрін қолданса ғана жалпы хордың ансамблін  жасай  алады.
Ескерту: мұрынға салып айту немесе вибрациямен орындауға тыйым салынады.
   Оқушылар хорына қажетті ансамбль түрі – ырғақтық ансамбль.  Бұл  ансамбль
түрінде ең бастысы- дұрыс тыныс  алу,  яғни  автордың  ойластырған  екпініне
сәйкес алынуы қажет. Шығарма ішінде екпін ауысқан  жағдайда  немесе  қарама-
қайшы музыкалық қозғалыс түрлерін салыстырғанда, алғашқы екпінді  қысқартуға
немесе ұзартуға болмайды. Хор жетекшісі бұл жағдайда  оқушылырдан  музыкалық
фразаны “аяғына дейін тыңдап”, “соңына дейін әндетіп”  жаңа  екпінге  көшуді
талап етуі қажет. Дұрыс ырғақтан  сәл  ғана  аутқу  әдеби  мәтінді  мәнерлеп
айтудан туындайды,  бұл  жағдайда  екі  сегіздік  ноталар  нүктелі  сегіздік
ұзақтығында айтылуы мүмкін.
         Динамикалық ансамбль жасауда музыкалық  нюанстерді көрсете білу аса
маңызды.  Бұл  музыканың  көркем,  мәнерлі,  әсерлі  болып   шығуының  басты
кепілі. Сондықтан да хор жетекшісі динамикалық ансамбль  жасауда  нюанстерге
көп көңіл бөлуі қажет.
      Интонациялық ансамбльдің деңгейі оқушылардың есту қабілетіне,  стройды
тұрақты ұстап тұру, дұрыс тыныс алу, дыбысты  өз  нақышына  салып,  вокалдық
позицияда  орындау  сияқты  дағдыларына  тікелей  байланысты.   Интонациялық
ансамблді  дамытудың  алғашқы  сатысы-  унисондық  дыбысталудан   басталады.
Өйткені таза унисон –  дұрыс  интонациялаудың  және  көпдауыстылықтың  басты
көрсеткіші болып табылады.

      Ансамбльдің метроритмикалық түрі  ырғақты  терең  сезіне  білу,  өзара
ажырата  алу, ырғақ өзгерісіне тез арада икемделе  алу,  бірдей  етіп  тыныс
алу, мәтін сөздерін бір уақытта бастап-аяқтау, шығарманың қатты  және  әлсіз
үлестерін ажырата алу, дыбысты  біркелкі  атакалау  секілді  қабілеттер  мен
дағдыларына негізделеді.

      Осындай ансамблге қажетті дағдылар мен қабілеттерді  тікелей  вокалдық
жаттығулар арқылы қалыптастыруға болады.

      Орта  буын  хорына  жаттығу  таңдау  кезінде  микстовті   және   кеуде
регистрлерін қамту қажеттілігін ескеру қажет. Кеуде  регистрлеріне  арналған
жаттығулар төменгі дыбыстардан басталып, әуен жиілісі жоғары қарай өрбиді.

      Көп жағдайда, дауысты  жаттықтыру  үшін  белгілі  бір  әуен  үзіндісін
немесе келешекте орындалатын  репертуардың  кейбір  бөлімдерін  қолдану  аса
тиімді. Бұл жағдайда  жаттығу  қандайда  бір  буынға  немесе  жабық  ауызбен
әндетіледі.  Кез  келген   буынды   таңдау   кезінде   дауысты   дыбыстардың
ерекшелігін ескеру қажет. Мысалы,  “е”,  “ю”,  “я”  секілді  дауыстылар  бас
регистріне арналады, ал  “и”  дауысты  дыбысы  өте  ашық  дыбысталады.  Ауыз
қуысын еркін  ашып  жаттықтыру  үшін  “бай”  және  “дай”  буындарын  айтқызу
тиімді. Артикуляциялық аппараттың артқы бөлімдерін жетілдіру мақсатында  “о”
және “у” дауысты дыбыстарын айтқызу қажет, ал жұмсақ  таңдайды  дамыту  үшін
жабық ауызбен біртіндеп “ма”, “на” буындарына көшу қажет. Бұндай  көпдауысты
жаттығулар орташа екпінде, белсенді  тыныс  алу  арқылы  легатоға  орындалуы
шарт.

      Ансамбль бұл-  интонациялық,  үн  құрылымдық,  тембрлік,  динамикалық,
метроритмикалық, агогикалық,  дикция-орфоэпиялық,  тесситуралық,  фактуралық
деп  ажыратылатын  жеке  ансамбль  түрлерінің  жиынтығынан   құралады.   Осы
тұжырымды ескере отырып, зерттеу іс тәжірибесінде төмендегі нәтижелерге  қол
жеткіздік:
    -  хордағы әрбір әншіні  басқаларымен  дыбыс  күші  мен  тембр  жағынан
үйлестіру үшін “жеке ансамбль” түрін қолдандық.
    -  әрбір партия өз ішінде теңесіп, бір күйге  түсіп,  үйлескеннен  соң,
хордың  толық  дыбысталу  тепе-теңдігін   қалыптастыру   мақсатында   “жалпы
ансамбль” түрін қолдандық.
    -  хордағы әрбір әнші партия  ішінде  ансамбль  құруда  дыбыс  биіктігі
жағынан  таза унисонды құрай алуы қажет.  Сондықтан  да  бұл  дағдыны  “жеке
стройдың” әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы қалыптастыруды көздедік .
    - жеке және жалпы ансамбль түрлерін  өзара  құрай  алған,  интонациялау
жағынан үндескен әрбір партия өзге де партияларға құлақ  салу  арқылы   бір-
бірімен үйлесуі үшін хор ішінде “жалпы стройды”  қалыптастырдық.
      Қорытындылай келе,  хорда  ансамблді  құру  кезінде  тембр,  динамика,
ырғақ,  дикция,  артикуляция,  агогика,  интонацияға   байланысты   ансамбль
түрлерінің әрқайсысына көп  көңіл  бөлу  қажет,  өйткені  хордың  үйлесімді,
көркем болып шығуы ансамбль түрлерінің сабақтастығынан туындайды.

      Сұрақтары:

1. Жанрлық жағын ашуда ансамбльдің алатын орны.

2. Шығарманың стильдік құрылымы немен анықталады?

3. Көркем бейнесімен жұмыс барысында сазгер  көрсеткен  ескертулерді  жіктеу
  әдісін түсіндір?

 Қолданылған әдебиеттер:

 1. Ермаш Г.Л. Искусство как творчество. М., Искусство, 1972.
 2. Живов В.Исполнительский анализ хорового произведения. М., 19867
 3. Живов В.Л. Хоровое исполнительство:  Теория  (методика).  М.:  Гуманит.
    изд. Центр ВЛАДОС, 2003.
 4. Жирмунский В.М. Введение в метрику. Л., 1925.
 5. Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Жоғары  оқу  орындарына  арналған
    оқулық. Екінші рет толықт., түзет. және қайта  өңд.  бас./орыс  тілінен
    аударған Құсаинова М.А. М.: Логос, Алматы: ТSТ-company, 2005.

Бағдарлама талаптары:
Партияларды тапсыру.(І- аттестация)
1.  а  сарреІІа  - лық шығармалардың партияларын  сольфеджиолау.
2. дауыс қыздыруға арналған  екі жаттығуды  кез-келген  тональдікте  аспапта
ойнау.
    Партияларды тапсыру.(ІІ- аттестация)
1. а  сарреІІа  - лық және сүйемелмен орындалатын шығармалардың  партияларын
нотаға қарап сөзімен мәнерлі орындау.
2.  Шығармаларға ауызша аннотация
     Емтихан талаптары.
1. а  сарреІІа  - лық және сүйемелмен орындалатын шығармалардың  партияларын
нотаға қарап сөзімен мәнерлі орындау.
2. дауыс қыздыруға арналған  екі жаттығуды  кез-келген  тональдікте  аспапта
ойнау.
3.  Шығармаларға ауызша аннотация.

«Хор сыныбы» пәнінен емтихан ауызша түрде өткізіледі. Емтиханға арналған
тапсырмалар алдын- ала беріліп, жатқа ойналады. Бұл студенттердің пәнді
толық меңгеруі мен шығармашылықпен жұмыс жасауына  жағдай жасайды.

Мұғалімнің жол көрсету аясында атқарылатын студенттердің өздік жұмыстарының
сабақ жоспары.
   1,2. Хорға арналған жаттығуларды қайталау.
   3,4. Партияларды аспапта ойнап, айту.
   5,6. Партияларды айтуда интонациялық тазалық.
   7,8. Шығармадағы сөздерді мәнерлеп оқу.
   9,10. Шығарманың авторына аннотация.
   11,12. Дикциялық жаттығулар жасау.
   13,14. Партияны жатқа орындау.
   15,16. Динамикалық белгілерін сақтап айту.
   17,18. Партитураны сольфеджио түрінде тапсыру.
   19,20. Партияны сөзімен орындау.
   21,22. Сөздегі көркемдік бейнені табу.
   23,24. Шығарманың шарықтау шегін табу.
   25,26. Партияны мәнерлеп орындау.
   27,28. Көркемдік бейнесін ашу.
   29,30. Партияны жатқа орындау.

Курс бойынша ауызша үй жұмыстарының тақырыбы.
   1,2,3,4. Партияларды аспапта ойнау.
   5,6,7,8. Хор партиясын сольфеджиялау.
   9,10,11,12,13. Авторлар туралы мағлұмат дайындау.
   14,15,16,17. Хор партиясын мәнерлеп айту.
   18,19,20,21. Шығарманың өлшемін дирижерлау.
   22,23,24,25. Партитураны талдау.
   26,27,28,29,30. Шығармаға арнап жаттығулар таңдау.
   31,32,33,34. Хорға арналған жаттығуларды қайталау.
   35,36,37,38. Партияларды аспапта ойнап, айту.
   39,40,41,42. Партияларды айтуда интонациялық тазалық.
   43,44,45,46. Шығармадағы сөздерді мәнерлеп оқу.
   47,48,49,50. Шығарманың авторына аннотация.
   51,52,53,54. Дикциялық жаттығулар жасау.
   55,56,57,58. Партияны жатқа орындау.
   59,60,61,62. Динамикалық белгілерін сақтап айту.
   63,64,65,66. Партитураны сольфеджио түрінде тапсыру.
   67,68,69,70. Партияны сөзімен орындау.
   71,72,73,74. Сөздегі көркемдік бейнені табу.
   75,76,77,78. Шығарманың шарықтау шегін табу.
   79,80,81,82. Партияны мәнерлеп орындау.
   83,84,85,86. Көркемдік бейнесін ашу.
   87,88,89,90.  Партияны жатқа орындау.

                       Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

   1.   Абдибекова   О.,   Мангбаева   Р.    Дирижирование    как    процесс
      управления коллективным исполнением. //В мире музыки. 2006 №4,   с 10-
      11.
   2. Ақхожин С. Балалар хорымен жұмыс істеу ерекшеліктері. //Тәрбие құралы.
      2006 №2, с 54-55.
   3. Әбішева Б. Музыкалық тәрбие туралы. //Музыка әлемінде. 2004 №6, с 22
   4. Бобровская О. Музыкальное воспитание. //В мире музыки. 2006 №4,  с 20-
      25.
   5. Қыдырбаева К. Орындаушылық топпен жұмыс. //Қазақстан мектебі. 2005 №3,
      с 31-33.
   6. Қыдырбаева К. Хор ұжымындағы дауыс жаттығулары.  //Қазақстан  мектебі.
      2004 №7, с40-43.
   7. Мұхтаров  М.  Музыкалық  ағарту  және  тәрбие  тәлімдері.  //Қазақстан
      мектебі. 2006 №7, с76-77.
   8. Үсербаева А. Қосымга  және  бастауыш  музыкалық  білім  беру  мазмұнын
      модернизациялаудың теориялық негіздері. //Музыка әлемінде. 2006 №5,
   9. с 25-27.
  10. Андреева Л., Бондарь  М.,  Локтев  В.,  Птица  К.  Искусство  хорового
      пения. М., 1963.
  11. Анисимов А.И. Дирижер-хормейстр. Творческо-методические  записки.  Л.,
      1967.
  12. Асафьев Б.В. О хоровом искусстве. Л.: «Музыка», 1980.
  13. Әбенбаев С.Ш., Құдиярова А.М., Әбиев Ж.Ә. Педагогика. Астана: Фолиант,
      2003.
  14. Әбуова К. Хор жүргізу. А., 1992.
  15. Әсембекова К. Хорға арналған шығармалардың кейбір  ерекшеліктері.  А.:
      “Жалын”, 1979.
  16. Багадуров  В.,  Орлова  Н.,  Сергеева  А.  Начальные  приемы  развития
      детского голоса. М., 1954.
  17. Безбородова Л.А. Дирижирование. М., «Просвещение», 1985.
  18. Виноградов К.П. Работа над дикцией в хоре. М., 1967.
  19. Глушакова Т. Некоторые особенности  вокального  воспитания  в  детском
      хоре. М., 1979.
  20. Дмитриевский Г.А. Вопросы хороведения. М., 1969.
  21. Досанов О. Ән айту кезіндегі  дауыс  аппаратының  жұмысы.  //Қазақстан
      мектебі. 2006 №6, с 46-48.
  22. Ермаш Г.Л. Искусство как творчество. М., Искусство, 1972.
  23. Живов В.Исполнительский анализ хорового произведения. М., 19867
  24. Живов В.Л. Хоровое исполнительство: Теория  (методика).  М.:  Гуманит.
      изд. Центр ВЛАДОС, 2003.
  25. Жирмунский В.М. Введение в метрику. Л., 1925.
  26. Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Жоғары оқу  орындарына  арналған
      оқулық. Екінші рет толықт., түзет. және қайта өңд.  бас./орыс  тілінен
      аударған Құсаинова М.А. М.: Логос, Алматы: ТSТ-company, 2005.
  27. Иванов-Радкевич А.П. О воспитании дирижера. М., 1969.
  28. Казачков С. Дирижерский аппарат и его постановка. М.,1967.
  29. Краснощеков В.И. Вопросы хороведения. М., 1969.
  30. Қыдырбаева К. Дирижерлық шеберлік. А., 2001.
  31. Морозова В.П. Вокальный слух и голос. М., 1965.
  32. Музыка оқыту әдістемесі. 5 сынып. А.,Атамұра, 2001.
  33. Музыка оқыту әдістемесі. 6 сынып. А.,Атамұра, 2002.
  34. Музыкальное воспитание в школе. {сб. статей} Cост. Апраксина  О.  Вып.
      9. М., «Музыка», 1966.
  35. Музыкальное воспитание в школе. {сб. статей} Cост. Апраксина  О.  Вып.
      11. М., «Музыка», 1974.
  36. Мукашева А.Б. Развитие  музыкального  образования  в  Казахстане.  А.,
      2002.
  37. Огороднов Д.  Музыкально-певческое  воспитание  в  общеобразовательной
      школе. Л., 1972.
  38. Ольхов К.А. Вопросы теории  дирижерской  техники  и  обучения  хоровых
      дирижеров. Л., 1979.
  39. Ольхов К.А. О дирижировании хором. Л., 1961.
  40. Орлова Н.Д. Развитие голоса девочек. М.,1960.
  41. Осеннева М.С., Самарин В.А., Уколова Л.И. Методика  работы  с  детским
      вокальным коллективом. М., 1999.
  42. Пазовский А.М. Записки дирижера. М., 1966.
  43. Пигров К.К. Руководство хором. М., 1964.
  44. Пономарьков И.П. Хороведение. М., 1971.
  45. Птица К. Хоровое искусство- основа музыкальной культуры. М., 1986.
  46. Работа с детским хором:  {cб.  статей}/  под  ред.  В.Г.Соколова.  М.:
      «Музыка», 1981.
  47. Самарин  В.А.  Хороведение  и  хоровая  аранжировка.  М.:  Изд.  центр
      “Академия”, 2002.
  48. Соколов В.Г. Работа с хором. М., “МузГиз”, 1963.
  49. Струве Г.А. Школьный хор: Книга для учителя. М.,1981.
  50. Стулова Г.П. Теория и практика работы с детским хором. М.,2002.
  51. Тевлина Б.Г. Работа в хоре. Методика, опыт. М., Профиздат, 1977.
  52. Уколова Л.И. Дирижирование. М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003.
  53. Чесноков П.Г. Хор и управление им. М., 1952.

Пәндер