Файл қосу
Географияны оқыту
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМК құжаты |ПОӘК | | | | |ПОӘК 042-18-34.1.52 | | | |/02-2013 | |ПОӘК | | | |« Географияны оқыту |№ 1 басылым | | |технологиясы » пәнінің |18.09.2013 ж. | | |оқу-әдістемелік | | | |материалдары | | | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Географияны оқыту технологиясы» 5В011600 – «География»мамандығы үшін ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ Семей 2013 Мазмұны |1 |Глоссарий |3 | |2 |Дәрістер |4 | |3 |Практикалық сабақтар |52 | |4 |Студенттердің өздік жұмыстары |53 | ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕННІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ТІЗІМІ 1. Глоссарий 1. Оқыту технологиялары - жоспарлау, жүйелеу әдісі. 2. Саралап, деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясында алынған нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады 3. Дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқыту 4. Мұғалім – тікелей оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне жаңалықты енгізуші, студентпен бірлесе жұмыс істейтін белсенді әрекет иесі. 5. Кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен студенттің оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде оқыту. 6. Инновациялық тәсіл оқу процесіне – тіршілік және әрекет етудің даму динамикасы ерекшелігіне, дистанциялық оқудың өзгешелігіне және жеке тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің талаптары мен әлеуметтік пайдалы білім алуына, сеніміне, мінез-құлықтың сапасы мен өзгешелігіне, тәлім тәжірибесі мен қатынасына негізделген жаңалық енгізуге бағыттайды. 7. Интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады. 8. Қашықтан оқыту – бұл әдеттегі күндіз немесе сырттай оқудан көп айырмашылығы мен артықшылығы бар оқытудың жаңа, арнайы формасы 2.Дәріс сабағының тезистері №1 дәріс Оқыту технологиялары - жоспарлау, жүйелеу әдісі. Оқытудың тиімді формаларына жету үшін адамдық және техникалық ресурстарды меңгеру керек және олардың өзара байланысын ескере отырып білімді процесте қолдана білу қажет. Оқыту технологиялары – оқыту мақсаттары тиімді іске асуын қамтамасыз етуі керек; әрбір педагог кез келген білім беру мекемесінде пайдалана алатындай болу керек; оқытудың жаңа технологияларының психологиялық мәні – оқыту үрдісін жоспарлау керек немесе оқыту психологиялық бағытталған болуы қажет. Оқу процесінде қолданылатын ең тиімді технологиялардың бірі – оқу жүйесі арқылы іске асатын педагогкалық технологиялар болып табылады. Бұл жағдайда оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ өзгереді. Оның өзгеруі мектептің білім беру тұжырымдамасының згерімен байланысты. Сабақтың басты мақсаты – ұстаз оқушыларға білім беру кекрек болатын, ал мұнда оқушыларды өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге жүйелі түрде баулу болады. Қазіргі сабақтардың ерекшеліктері бірлесе жұмыс істеу атмосферасы, оқушылармен қарым-қатынастыағы өзгеріс, оларды оқуға, ұстаз еңбегіне араластыру. Сондықтан да ұстаз сабақ барысында күшін оқушылардың танымдық әрекетін өздігінен ұйымдастыруды үйретуге жұмсайды. Егер де сабақты шығармашылық бағытта өткізсе, сабақ біркелкі, күнделікті, жалықтыратындай болмайды. Ол әрекеттің әр түрлі формаларын қамтуы керек, сондықтан сарамандық сабақты саяхат-сабақ, конференция –сабақ түрлерінде өткізуге болады. Осылайша, сабақты өзгертудің бір бағыты – сабақтың негізгі дидактикалық бағыттарының ерекшеліктері бойынша ғана емес, оның өткізу тәсілдеріне де байланысты. Соңғы кезде сарамандық сабақтарды ойын түрінде өткізілетін сабақтар көп қолданылуда. Географияны оқыту әдістемесінде дидактикалық танымдық ойындар бұрыннан белгілі, бірақ бүкіл сабақта қолданылмады (тек психологиялық, физикалық шаршағанды басу үшін эпизодтық түрде қолданылды). Сарамандық сабақтардағы ойын әрекеттері танымдық әрекеттермен қатар оқу үрдісініңнегізі бола алады. Оқыту барысында ойындар әрқашан оқу материалдарымен байланыста болады, әрі оқушыларды қызықтыратын жағдай туғызады. Ол оқушыларға оқу мәліметтерін тез әрі жеңіл қабылдауға көмектеседі. Дидактикада оқыту әдістемесі деп – мұғалімнің басшылығымен оқушылардың білім, білік, дағды, дүниетануы, танымдық қабілеттерін дамытуды айтамыз. Қазақстан Республикасы «Білім беру» туралы заңы бойынша вариативтілік ұстанымды бекітілген. Педагогтерге, ұстаздарға оқытудың тиімді әдістерін пайдалануға, оқу процесін кез келген модель бойынша (авторлықты қоса) құруға мүмкіншіліктер жасалған. Психологиялық- педагогикалық әдебиеттерде оқу-тәрбие жұмыстарының теориясы мен практикасында қолданылатын технологиялар мен оқыту жүйесінің төрт түрі ерекшеленеді: 1. дәстүрлі, негізінде ассоциативті-рефлекторлы таным теориясының тұжырымдамасы жатыр.; 2. тұлғалық-бағытталған, демократиялық және ізгіліктік принциптеріне негізделген; 3.коммуникативті, бұл педагогикалық бірлесе жұмыс істеудің негізін қалайды; 4. ойындық, оқыту мен тәрбиелеудің жеке және ұжымдық формаларымен үйлесетін танымдық әрекеттерді белсендіру принципі негізге алынған. Ең жақсысы – көрсетілген оқыту жүйелерінің барлығы үйлесімді болуы керек. Бірақ қазір қоғамға ерекше, денсаулығы мықты, қызықты, ойшыл, тәуелсіз тұлғалар қажет. Осылайша, жаңа технологиялар оқыту процесін радикалды өзгертуі мүмкін. Оның мақсаты – оқушыларды оқу барысында қуанышқа бөлеу, жүректерінде өздерін бағалай білетін сезім тудыру болып табылады. «Педагогикалық технология» түсінігі ғылыми күнделікті қолдануға терең енгенімен, мағанасы әр түрлі талқыланады. Сонымен бірге барлық түсіндірмелердің түпкі тамыры біреу екнін байқауға болады. Ол мына дефинициядан байқалады: «Педагогикалық технология дегеніміз – бұл білім беру мақсаттарымен біріктірілген пән мен әдістемелердің күрделі және ашық жүйелері; оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру әдістемелері мен міндеттері өзара байланысты.». Географияны оқыту барысында тақырыпты меңгеру деңгейі мына жағдайларда жоғарлайды: - ойындар өткізу әдістемесінің теориялық негізін жасауда география курсының сызықтық-сатылық логикасы ескеріледі; - ойындар мектеп курсындағы негізгі экономикалық және экономикалық-географиялық түсініктерді Ашу және қалыптастыру үшін өткізіледі; - ойынды өткізу процесінде оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыратын әдістер мен құралдар қолданылады; - берілген иммитациялық ситуацияда шешем қабылдау ұстанымдары ашылады. Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының мазмұны. Оқыту технологиясын пайдалану – оқушы ынтасын басатын, объективті емес, жіберген қателіктері үшін жазалауға бағытталған бағалау тәсілін өзгертуді талап етеді.Таным процесі үстінде кез келген тұлғаның белсендік көрсетуге, әлде бір себептермен қате жіберіп алған жағдайда оны өзі түзетуге құқығы бар болуы тиісті. Саралап, деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясында алынған нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады. Бұл жағдай : а) оқушының оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі; ә) алынған нәтижені өлшеуге болатындығы; б) оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы; в) бағалаудың жетелеушілік қасиеті; г) дамыта оқытудың әдіс – тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағдайлар жасалуы, т.б. себептерге байланысты оқушының оқу материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етеді. Деңгейлік саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының ерекшілігі: - жеке құрылымдарға бағдар беру; - білім мазмұнының сипаты мен көлемі, оқу жоспарының, материалының, баяндау түрлерінің дидактикалық құрылымы. Оқушылар бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулық бойынша оқи отырып, материалды әртүрлі деңгейде игере алуы деңгейлік саралау деп аталады. Сондықтан міндетті дайындық деңгейі анықтаушы шарт болып табылады. Міндетті дайындық деңгейіне жету оқушының мазмұнды игеруге қойылатын ең аз қажетті талаптарды орындағанын сипаттайды. Осының негізінде материалды игерудің жоғарырақ деңгейлері қалыптасады. Бұл деңгейлердің тапсырмаларына төмендегідей талаптар қойылады: I – деңгейдегі тапсырмаларға: 1) жаттап алуға лайықталған болуы керек; 2) алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс; 3) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек; II – деңгейдегі тапсырмаларға : 1) өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет. 2) оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар : логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар. III – деңгейдегі тапсырмаларға : 1) танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп , тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс; 2) әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер; 3) өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергіліктіжағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекті құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар. IV – шығармашылық деңгей тапсырмалары: 1) оқушылардың жинаған өмірлік тәжірбиесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін бомаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген. 2) олимпиадалық есептер; 3) берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, докладтар дайындау. Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Дамыта оқыту технологиясы «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты студент психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, студентің дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды. 1.Студент дамуының жақын аймағы – студенттің тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері. 2.Студент дамуының қол жеткен аймағы – студенттің үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері. Дамыта оқытуды ұйымдастыру, студентке ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту – сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен студенттердің арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана студент интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы студентің психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – ізденушіні оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді. Модульдік оқыту технологиясы. Дәстүрлі оқыту технологиясының білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы студенттердің білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрініс табуда. Осыған орай оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің қазіргі технологияларын жетілдіріп, ЖОО-да сабақ беруде қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға болатындығына басым бағыт берілуде. Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі – мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіншілік береді. Қазіргі ғаламдану және техниканың қарқынды даму кезінде оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біздің басты мақсатымыз – білім сапасы. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Мұғалім – тікелей оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне жаңалықты енгізуші, студентпен бірлесе жұмыс істейтін белсенді әрекет иесі. Сондықтан да, ол ЖОО-да жаңалық енгізуде шешуші рөл атқарады. Жоғарғы оқу орындарында оқу жұмысының сапасы мұғалімнің студенттердің оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне байланысты болады. Студенттер әрекетінің ең басты және жетекші түрі – оқу. Білім беру саласында атқарылып жатқан игі істермен қатар түбегейлі шешімін күтіп жатқан проблемалар да көп. Оның бірсыпырасы алда шешімін табар деп үміттенеміз. Дана бабамыз Ж.Баласағұн: «Елдің өзегі білік, кілті – тіл, қадір-қасиеті – кісілік» деген екен. Ойлап отырсақ, осы тұжырымдар тұтастай дерлік жастардың санасына, өн бойына сапалы біліммен, өрешіл рухты сіңіретін, әлемдік өркениет асуында, ел тәуелсіз туын берік ұстауға мұқалмайтындай жастарды тәрбиелейтін біздерге, педагогтарға арнап айтқандай сезіледі. Қазіргі нарықтық экономиканың сұраныстарын қанағаттандыруға және экономиканың, өндіріс салаларының дамуына сай жастарға компетентті тұлға ретінде қалыптастыру үшін мұғалімдер оқытудың қазіргі технологияларын пайдаланып, оны одан әрі заман талабына сай жетілдіруі қажет. Осылай студенттердің білім жетістіктерінің деңгейін көтеруге болады. Студенттердің шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен студент арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады. Мұғалім – бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана студент интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Кредиттік оқыту технологиясы. Кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен студенттің оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде оқыту. Білім берудің оқу бағдарламаларының мазмұны тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленеді және оқу жоспарлары мен бағдарламалары арқылы іске асырылады. Кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың басты міндеттері: 1) білім көлемін біріздендіру; 2) оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу; 3) білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту; 4) білім алушының оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері негізінде анықтау болып табылады. Интерактивті оқыту технологиясы. Инновациялық оқу жұмысы оқу процесіне нәтижелі білім алуға бейімдейтін, жаңа технологияларды орынды енгізумен тұжырымдалады. Бұлар – кабельдік және спутниктік теледидарлар, бейнеконференциялар, телефорумдар, телемарафондар, партфолио сияқты инновациялық технологиялар, оқудағы және тәрбиелеудегі, өмірлік дағдыларды қалыптастыру жөніндегі тренингтер, соның ішінде әлеуметтік тәлімдегі және жеке-дара жетістіктер. Инновациялық тәсіл оқу процесіне – тіршілік және әрекет етудің даму динамикасы ерекшелігіне, дистанциялық оқудың өзгешелігіне және жеке тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің талаптары мен әлеуметтік пайдалы білім алуына, сеніміне, мінез-құлықтың сапасы мен өзгешелігіне, тәлім тәжірибесі мен қатынасына негізделген жаңалық енгізуге бағыттайды. Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму процесін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Ал бұл, педагог жұмысындағы артықшылық жанама педагогикалық ықпал жасауға берілетіндігін білдіреді: тікелей жасалатын әдістерден, лозунгтардан және үндеулерден бас тартылады, артық дидактизмнен, ғибаратты сарыннан тежелуді; оның есесіне бірінші орынға қарым-қатынас жасаудың сұхбаттық әдістерін, шындықты бірлесіп іздеуді, сан алуан шығармашылық әрекетті тәрбиелеуші шарттарды жасау арқылы дамытуды білдіреді. Негізгі әдістемелік инновациялар бүгінгі таңда оқытудың интерактивті әдістерін қолданумен байланысты. «Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter» – бұл «өзара», «act» – әрекет ету дегенді білдіреді. Интерактивті сөзі – өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режимінде болады. Демек, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады. Интерактивті оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде оқушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады, оны қызметтестік пен кооперацияның әлдеқайда жоғары нысандарына ауыстырады. Интерактивті әдістерді пайдалану кезінде оқушылар түсіну процесіне толық қанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ оқушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интерактивті оқытуда оқытушы мен оқушының өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі оқушының белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың бастамашылдығы үшін жағдай жасаушы болады. Педагог өзі арқылы оқу ақпаратын жіберетін, өзіне тән фильтр рөлінен бас тартады, және жұмыста ақпарат көздерінің біреуінен көмекші рөлін атқарады. Бұл әдістерді игеру және қолдану үшін, оқытушыға топтық өзара әрекеттердің әр түрлі әдістемелерін білу қажет. Интерактивті оқыту өзара түсінікті, өзара әрекеттестікті, өзара байытуды қамтамасыз етеді. Интерактивті әдістер ешқандай жағдайда да дәрістік материалдардың орнын ауыстырмайды, бірақ оны жақсы меңгеруге септігін тигізеді, және ең маңыздысы: пікірді, қатынастарды, мінез-құлық машығын қалыптастырады. Қашықтықтан оқыту технологиясы. Түрлі көзқарастарды салыстыра отырып, қашықтан оқыту – бұл әдеттегі күндіз немесе сырттай оқудан көп айырмашылығы мен артықшылығы бар оқытудың жаңа, арнайы формасы. Ол оқушы мен мұғалімнің, оқушылардың өзара қарым-қатынынасының өзгеше формасын, өзгеше оқу құралы мен әдістемені, оқытудың ұйымдастыру өзгеше түрін ұыснады. Сонымен қатар оның құрамы кез-келген оқыту формасында, кез-келген оқыту жүйесінде бар компоненттерден; оқытудың барлық түрінде, әлеуметтік қажеттілікті өтейтін мақсаттардан; оқу орнының түріне қарай қолданыстағы бағдарламаларды қамтитын мазмұннан; әдістемелерден, ұйымдастыру формасынан, оқу құралдарынан тұрады. Қашықтан оқыту формасының соңғы үш компоненті қолданыстағы технологиялық негіздерге (мысалы, тек компьютерлік телекоммуникацияға, баспа құралымен, компакт-дискімен, кейс-технологиямен жабдықталған компьютерлік телекоммуникацияға) қарай айрықшаланған. Сырттай оқу мен қашықтан оқуды шатастырмау керек. Олардың басты айырмашылығы сонда, қашықтан оқытуда жүйелі, әрі әсерлі интерактивтік оқыту қамтамасыз етіледі. Қашықтан оқытуды оқудың жаңа бір формасы деп, тиісінше қашықтан білім беруді (оқыту нәтижесі сияқты, жүйені де, процестің өзін де) білім берудің жаңа формасы деп қарастыру керек. Әрине, оны басқа оқу жүйелеренің жетілдірілген түрі деп қарауға болмас. Қашықтан оқыту да күндізгі оқытудағыдай мазмұн мен мақсаттар негізінде құрылады. Бірақ, материалды беру түрі мен мұғалім – оқушы, оқушының өзара қатынастары басқаша болады. Қашықтан оқытудың дидактикалық принциптері де (ғылымилық, жүйелік және жүйелілік, белсенділік принциптері, дамыта оқыту, көрнекілік, оқытудың дифференциалдығы мен жекелей оқыту принциптері, т.с.с) күндізгі оқуындағыдай. Бірақ, Интернеттің ақпараттық ортасының және оның қызметінің мүмкіндіктеріне байланысты, қашықтан білім беруді жүзеге асыру ерекше болады. Осылайша, бір жағынан қашықтан оқытуды жалпы білім беру арасында (үздіксіз білім беру жүйесінде), оның кейбір жақтарының ерекшеліктерін ескере отырып қарастыру керек. Басқаша жағынан, қашықтан оқуды жүйе және процесс ретінде айыра білу керек. Қашықтан оқыту – процесс. Қашықтықтан оқу – жүйе. Басқа да оқыту формалары сияқты, қашықтықтан оқыту да педагогикалық жобалаудың кезеңдерін, оның мазмұндық және педагогикалық құрамын (педагогикалық технология жоспарындағы әдістеме, оқыту формаларын) теориялық тұрғыда мағыналы етуді ұсынады. Бұдан шығатыны, педагогикалық жобалау кезеңінің міндеттері мыналар: электрондық курстар, электрондық оқулықтар, оқу құралдарының кешендерін құрастыру, желіде оқыту процесін ұйымдастырудың педагогикалық технологиясын жасау [10]. Ғылыми жұмыс авторлары қашықтан оқуға тән бірқатар сипаттамаларды бөліп көрсетеді. Қашықтан оқыту курсы оқушы әрекетінің тиянақты және дәл жоспарлануын, ұйымдастырылуын, оқыту мақсаты мен міндетінің айқын қойылуын, оқушы мен оқытушының арасындағы интерактивтілікті қамтамасыз ететін қажетті оқу материалдарының жеткізілуін, оқушы мен оқу материалы арасында кері байланыс болуын талап етеді, топтық оқытуға жағдай жасайды. Әсерлі кері байланыстың болуы оқушының білімсіздіктен білімділікке қарай қозғалысының дұрыстығы туралы ақпарат алып отыруға мүмкіндік береді. Мотивация да – кез- келген қашықтықтан оқыту курсының маңызды бір бөлігі. Оның көтермелеу үшін әртүрлі әдістер мен құралдарды қолдану маңызды. Қашықтықтан оқыту курстарын ұйымдастырғанда қосалқы компоненттерді (инвариантты) де қарастыру керек. Орындалған талдаулар негізінде қашықтан оқытудың кең тараған түрлері мыналарға негізделген: 1) интерактивтік теледидар; 2) компьютерлік телекоммуникациялық желі (аймақтық, ғаламдық), қолданыстағы конфигурацияның (мәтіндік файлдар, мультимедиялық технология, видеоконференция, телекөпір, онлайн-сабақ) әртүрлі дидактикалық мүмкіндіктеріне қарай; 3) интернет желісі мен компакт-диск бірлігі технологиясы. Интерактивті теледидар арқылы жүргізілетін оқытудың артықшылығы, ондағы оқытушыдан әртүрлі қашықтықтағы аудиториямен тікелей бейнелік жанасу мүмкіндігінде. Оның кемшілігі сонда, осылай оқытқанда кәдімгі сабақ па, әлде қазіргі заманғы педагогикалық технология қолданылған ба, оған қарамастан сабақтың тиражы көбейтіле береді. Мұғалімдер мен оқушылар жаңа білім игерудің, өзіне қажет әдістердің, жаңа ақпараттық технологияның куәгері немесе қатысушысы боларда, дискуссияға қатысарда, тамаша бір әдістеме немесе лабораториялық жұмыс көрерде осы интерактивтік теледидардың пайдасы зор. Қашықтан оқытудың осы формасы интерактивті және маман дайындау мен квалификациясын көтеруде болашағы зор. Бірақ, қазіргі мезетте бұл өте қымбат технология болып отыр. Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың келесі тәсілі компьютерлік телекоммуникацияны электрондық почта, телеконференция, аймақтық пен интернет желісінің ақпараттық қорлары тәртібінде пайдалануды ұсынады. Бұл – қашықтан оқытудың кең тараған және арзан түрі. Оны ұйымдастыруда телекоммуникациялық технологияның жаңа құралдарын қолдану қарастырылған.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz