Файл қосу
ЭКОЛОГИЯ - тірі ағзалардың қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым
ГЛОССАРИЙ АБИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР – тірі ағзаның дамуы мен таралуына әсер ететін бейорганикалық орта факторларының жиыны (температура, жарық, қысым, ылғал т.б.); АВТОТРОФТАР – Күн энергиясын пайдаланып бейорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездейтін ағзалар, қоректік тізбекте продуценттер болып табылады, оларға фотосинтез процесі өтетін барлық жасыл өсімдіктер және хемосинтездік бактериялар жатады; АМЕНСАЛИЗМ – антибиоз формасы, мұнда бір территорияда өмір сүретіндердің біреуі екіншісінің өмір сүруіне зиян келтіреді, ал өзіне зардап шегушіден еш қандай пайда да зиян да болмайды, мысалы, жарық сүйгіш өсімдіктер шыршаның түбінде өсіп, жарықтың жетпеуінен зардап шегеді, алайда өздері шыршаға ешқандай әсер етпейді; АНТИБИОЗ – биотикалық өзара байланыстың бір түрі, мұнда өзара әсер етуші екі популяция бір біріне кері әсерін тигізеді; АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАР – адам әрекетінен туындаған факторлар, олар қоршаған ортаға оң немесе теріс әсерін тигізулері мүмкін; АЭРОЗОЛЬ – құрамында қатты немесе сұйық жүзгін бөлшектері бар газ тәрізді орта, аэрозольдерге түтін, тұман жатады; БИОТА – білгілі бір ірі және оқшауланған территорияда өмір сүретін тірі ағзалардың тарихи қалыптасқан кешені; БИОЦЕНОЗ (биоталық бірлестік) – бір бірімен байланысқан және бірге тіршілік етуші түрлердің кешені; БИОГЕОЦЕНОЗ – жер бетінің белгілі бір аймағын (биотопты) алып жатқан өзара байланысқан ағзалар (биоценоздар) және абиотикалық ортадан құралған табиғи жүйе; БИОТОП – біртекті абиотикалық жағдайлары бар және биоценоз орналасқан кеңістік; ГЕТЕРОТРОФТАР – қорек ретінде тек дайын органикалық заттарды пайдаланатын ағзаларды айтады; ГОМЕОСТАЗ – күрделі бейімделу реакцияларының арқасында іске асатын табиғи жүйенің тепе-теңдік күйі; ЛАСТАНУ – табиғи ортаға химиялық, физикалық ақпараттық және биологиялық агенттердің түсуі және олардың мөлшерінің өсуін айтады; ҚОРЫҚ – табиғат эталондарын сақтау мақсатында адамның өндірістік және туристік әрекетінен шығарылған, жануарлар мен өсімдіктер әлемі қорғауға алынған, табиғи күйі өзгермеген немесе аздап қана өзгерген табиғат кешендері; БИОСФЕРАЛЫҚ ҚОРЫҚ – адам әсерімен өзгермеген табиғи территориялы кешендерді, халықаралық маңызы бар қорықтарды айтады; ТОПЫРАҚТЫҢ СОРТАҢДАНУЫ – топырақ құрамында еритін тұзадрың мөлшерінің артуын айтады, көбінесе беттік және грунттық сулар әсерінен (біріншілік сортаңдану) болады немесе суаруды рационалды емес (екіншілік сортаңдану) жүргізуден пайда болады ; ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫН-ШАШЫНДАР – қышқылдық деңгейі әдеттегі мөлшерден жоғары болатын барлық метеорологиялық жауын-шашын түрлерін, яғни тұман, қарды айтады; КОНСУМЕНТ – органикалық заттармен қоректенетін ағзалар. Оларды біріншілік- шөппен қоректенушілер, екіншілік- жыртқыштар және үшіншілік- жыртқыштармен қоректенетін жыртқыштар деп жіктейді. Консументтер гетеротрофтарға жатады; КОНЦЕПЦИЯ – түсінудің белгілі бір түрі, кей бір құбылыстар түсініктемесі; МЕТАБОЛИЗМ – ағзадағы зат алмасу процесі; МОНИТОРИНГ – өткенді, қазіргі уақытты және болашақты болжауға арналған қоршаған орта туралы ақпарат беретін белгілі бір кеңістікте және уақытта ұзақ уақытты бақылаулардың ретті жүйесі; МУТУАЛИЗМ – симбиоз түрі, мұнда екі түрдің біреуінің қатысуы міндетті болатын, және екі түр бір бірінсіз өмір сүре алмайтын мүраралық қарым- қатынас түрі; ҰЛТТЫҚ САЯБАҚ – табиғатты қорғау адамдардың демалуымен бірге іске асырылатын үлкен территорияларды айтады, Ұлттық саябақтардың өзінің әкімшілік басқармасы бар және жерді пайдалану ерекшеліктері болады; НЕЙТРАЛИЗМ – бірге бір территорияда өмір сүретін түрлердің бір біріне әсері болмайтын биотикалық түраралық қатынас түрі; НООСФЕРА – сана сферасы, сферада өркениеттің пайда болуымен байланысты, мұнда адамның саналы іс-әрекеті биосфера дамуының анықтаушы факторы болып табылады; ОЗОН ТЕСІКТЕРІ – озоносферадағы озон мөлшерінің азайған (50%) елеулі кеңістіктері, табиғи және антропогендік әсерден болады деген жорамалдар бар; ОЗОН ЭКРАНЫ (ОЗОНОСФЕРА) – озонның жоғары концентрациясы бар және күннің ультракүлгін сәулесін өткізбейтін қасиеті бар атмосфера қабаты, шамамен 20-25 км биіктікте орналасқан; ШӨЛЕЙТТЕНУ – өздігінен қайта жаңараалмайтын, құнарлы беткі қабатынан айрылған жерді айтады. Табиғи және антропогендік себептерден іске асуы мүмкін. ПАРАЗИТИЗМ – антибиоз формасы, бір түрдің өкілдері келесі бүр өкілдерінің ұлпаларын қорек ретінде, ал денелерін мекен ету ортасы ретінде пайдаланатын ағзаларды айтады; ЖЫЛУЛЫҚ ЭФФЕКТ – атмосферада көмірқышқыл және басқада жылулық құбылыс тудыратын газдардың жиналу нәтижесінде планетадағы климаттың біртіндеп жылынуын айтады, бұл газдар жиыны көшетханадағы жабын сияқты космостан жылуды жер бетіне өткізіп ал жер бетінен космосқа инфрақызыл жылулық сәулеленуге кедергі келтіретін қасиеттері бар; ПЕСТИЦИД – өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық қосылыс; ШЕКТЕУЛІ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН МӨЛШЕР (ПДК) – экологиялық норматив – адам денсаулығына және оның ұрпағына белгілі бір уақыт аралығында нұқсан келтірмейтін зиянды заттың максималды концентрациясы; ТАБИҒИ РЕСУРСТАР – адамның сапалы өмір сүруін жоғарылататын, материалдық байлық жасауға болатын және тұтынуға пайдаланылатын табиғи объектілер; ПОПУЛЯЦИЯ – белгілі бір территорияны мекендейтін және ұзақ уақыт бойы көбею арқылы тіршілігін сақтап қала алатын бір түр дараларының жиынын айтады; ТАБИҒИ ОРТА – қоршаған ортаның бір бөлігі табиғаттың құраушысы; ПРОДУЦЕНТТЕР – автотрофтар, бейорганикалық заттардан органикалық заттарды жасаушылар, өнім өндірушілер; ПРОТОКООПЕРАЦИЯ – симбиоз формасы, екі түрдің бірге селбесіп өмір сүруі екі жаққа да пайдалы, бірақ міндетті емес; РЕДУЦЕНТТЕР (ДЕСТРУКТОРЛАР) – органикалық заттарды бейорганикалық заттарға айналдыратын ағзаларды айтады, оларға грибоктар мен микроағзалар жатады; СМОГ – ауаның аэрозольді қабатын, түтінді, тұманды ластануы кезінде пайдаланылатын термин, бұл кезде атмосфераға шаң, өнеркәсіптік түтін мен газдар қоспасы және басқа да ластаушы заттар түседі; АҒЫНДЫ СУЛАР – өнеркәсіпте, тұрмыста, ауылшаруашылығында пайдаланылатын және әр түрлі зиянды заттар қоспасына тұратын суларды айтады; СИМБИОЗ – биотикалық қарым-қатынас түріне жатады, бір бірімен байланысқан түрдің екеуінеде немесе біреуіне осы қарым-қатынас пайда әкеледі; СУКЦЕССИЯ – белгілі бір территорияда табиғи және антропогенді факторлардың әсерінен немесе өзара байланысынан биоценоздардың біртіндеп алмасуын айтады; ТОЛЕРАНТТЫҚ – ағза әсер ететін қоршаған орта факторларының оптимумнан ауытқуына төзімділігін айтады; ШЕКТЕУШІ ФАКТОР – кез келген экологиялық фактордың сандық және сапалық көрсеткіштері кез келген бір ағзалардың дамуын шектейді; ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОР – ағзаға әсерін тигізетін ортаның кез келген қасиеті несесе компонентін айтады; ФОТОСИНТЕЗ – жасыл өсімдіктерде Күн жарығының әсерінен және пигменттердің көмегімен жүретін химиялық процес, мұнда көмір қышқыл газынан және судан глюкоза пайда болады және ауаға оттегі бөлінеді; ФРЕОНДАР – (хладондар)жоғарыұшқыш, жердің беткі бөлігінде химиялық инертті болатын, өнеркәсіпте суытқышагенттер ретінде (тоңазытқыштарда, рефрижераторларда, кондиционерлерде) кеңінен пайдаланылатын заттар; ЖЫРТҚЫШТЫҚ – антибиоз түрі, мұнда бір түрдің өкілдері басқа бір түр өкілдерімен қоректенеді; ЭКОЛОГИЯ – тірі ағзалардың қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым; ЭКОЖҮЙЕ – тірі ағзалармен және олардың мекен ететін ортасымен түзілген табиғи кешен, мұнда биотикалық және абиотикалық компонеттер өзара зат және энергия алмасумен байланысқан. Дәріс №1 Тақырып -1 КІРІСПЕ. ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ, ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ. Мақсаты: Алған білімдерін жадында сақтауға және оны өмірде көргендерімен салыстыра білу арқылы білімдер арттыру. Жоспар: 1.Биологиялық экологияның қалыптасу тарихы және қазіргі кездегі күйі. 2. Экологиялық зерттеулердің мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері. "Экология" гректің оіkos - үй (тұрақ, түрғылыкты жер, баспана) ,1оgоs - ғылым деген сөздерінің қосындысынан құралған. Бұл сөздердің дәлме-дәл мағынасы экология - "өз үйіңдегі" организмдер туралы ғылым дегенді білдіреді, яғни "организмдер мен қоршаган орта арасындағы жиынтықты" немесе олардың бір-бірімен байланысыньң синаттамасына ерекше баса назар аударатын ғылым екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер экология - ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып-үйрететін немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, бір-бірімен өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп санайды. Қоршаған ортаны танып-білуге деген кұштарлық сонау адамзат дамуының ақ таңы атқан кезден басталды деуге болады. Алғашқы қауымдастық қоғамының өзінде-ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан кейбір аңдардың қарсылығына тап келгені белгілі. Оларды адамдар жеке-жеке емессні белгілі. Оларды адамдар жсс, бірлесіп, қауымдасып күрескеңце ғана жеңе алатындығына, сөйтіп өздсріне азык етуіне болатындығына көздсрі жетті. Осылай қай аңды қай кезде, қандай жерде, қандай қару қолданғанда қолдарына түсіре алатындығын сезіне бастады. Олардың бұл әрекеттерін біз бүгінде таныс, тас бетіне түсірген суреттерінен және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан, ағаштан т. б. жасаған қаруларын табу арқылы көзімізді жеткізіп отырмыз. Сондай-ақ мұндай деректер ежелгі египет, үнді, тибет, тағы басқа да мәдениет ескерткіштерінде сақталғаны мәлім. Экологияның элементтері сонымен қатар келе жатқан халықтардың этикалық шығармаларында да кездеседі. Қазір елімізде халық шаруашылығының әр салаларының тез дамуы нәтижесінде табиғатқа орны толмас зиян келіп отырғанда, жас-тарды экологиялық жағынан тәрбиелеудің зор маңызы бар. Себебі, табиғатты ластаудың шегі бар деп айтуға болмайды. Ауа да, су да мол мөлшерде ластануда. Ал олар бұдан былай да осы дәрежеде ластана беретін болса, болашақ ұрпақтардың өмір сүруіне үлкен нұқсан келетіні сөзсіэ. Сондықтан да, табиғатты корғау жастардың тек міндеті ғана емес, абыройлы борышы. Табиғат қорғау жөніндеп білімдерін жетілдіру кәсіптік-техннкалық оқу орындарында үшін басты міндеттің бірі. Себебі бұл оқу орнының түлектері ауыл шаруашылығын құрылыстарда, жаңа кен байлықтарын игеруде т. б. экологиялык ортаны өзгертуге байланысты жұмыстармен шұғылданатын болады. Осындай халық шаруашылығын дамытуға керекті жұмыстарды жүргізе отырып, экологиялық жағдайды сақтауды ұмытпаулары керек. Тек осы жағдайда ғана еліміз-дің табиғатын және табиғат байлығын сақтап қала аламыз. Бұл жерде тағы бір айта кететін жәй: табиғат корғау мәселесін тар көлемде бір республика, немесе ел тұрғысынан қарауға болмайды. Егерде бір елдің (судың, ауаның т. б.) экологиялык жагдайы өзгерсе, оның зиянды әсері баска елдерге де жететін болады, оларға көптеген шығын келтіреді. Дәлірек айтканда табиғат байлығының бір елде, немесе бір континентте зардап шегуі, барлық жер жүзіне әсер етеді. Сол себепті табиғат қорғау мәселесі комплексті каралып, әрбір мекемеде, мектепте, орта және жоғары оқу орнында калыптасуы тиіс. Тәрбие мен білім беру жүйесінің, мәдениет пен өнердің барлық мекемелерінің, кәсіподак т. б. коғамдык ұйымдардың қызметі табиғат қоргау жұмысына бейімделгені жөн. Экология – ағзалардың тіршілік ету жағдайларын және ағзалардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарын зерттейтін биологиялық ғылымның бір бөлімі (биоэкология). Ең алғаш бұл терминді 1866 жылы неміс зоологы Эрнст Геккель ұсынған (ойкос – үй, тұрақ, мекен; логос – білім, ғылым; яғни өзімнің тұратын мекенімді, жерімді зерттеп танимын деген мағынаны білдіреді). Кез келген ғылым сияқты экология да зерттелетін процестердің жүру заңдылықтарын айқындап, оларды шағын логикалық және тәжірибе жүзінде тексеріп ережелер-заңдар түрінде қалыптастырады. Экологияның басты зерттейтіні – экологиялық жүйелер. Экологиялық жүйе – қоректік байланыстар мен энергияны алу тәсілдерінің негізінде бір тұтастықты құрайтын тіршілік ету орталары мен тірі ағзалардың қауымдастығы. Бұл терминді ең алғаш 1935 жылы ағылшын ғалымы Э.Тэнсли енгізген. Экологияда зерттелетін тірі заттардың дене құрылысының деңгейіне сәйкес аутэкология, дэмэкология және синэкология сияқты тараулар бөлінеді. Бұл тараулар жалпы экологияны құрайды. Аутэкология – жеке ағзаның тіршілік ету ортасымен өзара қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі. Аутэкологияның (грек. autos- өзім) мақсатты – даралардың тіршілік етуінің шегін және физико-химиялық факторлардың ағза олардың мағынасының барлық көлемінен таңдап алатын шектеулерін нақтылау болып табылады. Орта факторларының әсеріне ағзалардың реакциясын зерттеу осы шектеулерді ғана емес, берілген түрлерге тән физиологиялық, сондай-ақ морфологиялық өзгерістерді шығаруға мүмкіндік береді. Демэкология (популяциялар экологиясы) – бір тектес даралардың табиғи топтамаларын, яғни популяциялардың зерттейтін экология бөлімі (популяциялар, ішкі популяциялық топтар мен олардың өзара қатынасы қалыптасатын жағдайларды, популяция санының динамикасын, дене құрылысын). Синэкология (бірлестіктер экологиясы) - өсімдіктердің, жануарлардың, микро-ағзалардың қауымдастықтарын және олардың мекен ету ортасымен қатынасын зерттейтін экология бөлімі. - Биосфера немесе түраралық деңгейін бағалау әдісімен теориясын жасау; - популяциялық экология, биоталық бірлестіктер экологиясы, табиғаттағы биотүрлілікті сақтау сияқты проблемаларды зерттеу, биотаның сыртқы ортаға әсер етуін реттейді; - табиғат және антропогендік факторлар әсерінен биосферада болатын өзгерістерді болжау және зерттеу, осы өзгерістердің салдарын бағалау; - табиғат ресурстарының күйі мен динамикасын бағалау және оларды пайдаланудың экологиялық салдары; - қоршаған орта сапасын басқару әдістерін жасау және жетілдіру; - адамдарда биосфералық ойлау және экологиялық сананы қалыптастыру, экологиялық этика мен мораль нормаларын жасау; - экономикалық, әлеуметтік және т.б. қоғам мен мемлекет қауіпсіздігін және тұрақты дамуын қамтитын шешімдерді оптимизациялау. Негізгі әдебиеттер: 1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003 2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001. 3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003. 4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002. БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ Дәріс №2 Тақырып -1 КІРІСПЕ. ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ, ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ. Мақсаты: Алған білімдерін жадында сақтауға және оны өмірде көргендерімен салыстыра білу арқылы білімдер арттыру. Жоспар: 1. Экологияның ғылым ретінде даму тарихы 2. Экология – кең ауқымды, өзіне көптеген шешілмеген мәселелерді қамтитын мағыналы түсінік Экологияның ғылым ретінде даму тарихы «Тірі ағзаны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортаға қатынасы» жөніндегі білімнің қажеттілігі. Аристотельдің еңбектерінде көрініс алған. Содан бері экологиялық білімнің дамуын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Олар: Бірінші кезең: ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарына дейінгі кезең. Экологияның пайда болуы және ғылым ретінде қалыптасуы. Тірі ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы жөніндегі мәліметтердің жиналуы мен сипатталады. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда экологиялық мәліметтер биологиялық сипаттамалардың недәуір бөлімін қамтиды. Осы кезде Ламарк және Мальтус адамзатты адамның қоршаған ортаға тигізетін кері әсері туралы ескерткен. Екініші кезең: ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан ХХ ғасырдың 50-ші жылдарына дейінгі аралықты қамтиды. Экологияның жеке ғылым ретінде бөлініп дамуы. Бұл кезеңнің басында орыстың Н.А.Северцев, В.В.Докучаев сияқты атақты ғалымдарының еңбектері жарық көрумен сипатталады. ХХ ғасырдың бас кезінде В.И.Вернадскийдің биосфера туралы фундаментальды ілімінің негізі қаланады. Үшінші кезең: ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан қазіргі кезге дейін. Экологияның кешенді ғылымға айналу кезеңі. Бұл кешенге география, химия, физика, геология, мәдениеттану теориясы және қоршаған ортаны қорғау сияқты ғылымдар кіреді. Адам басқа тіршілік иелерімен салыстырғанда, сыртқы ортамен өзі жасаған мәдениет арқылы қарым-қатынасқа түседі, яғни адамзат тұтасымен даму барысында мәдени орта қалыптастырады, және ұрпағына еңбек пен рухани тәжірибесін мұра ретінде қалтырып отырады. Адам баласы үшін экологиялық білім бұрынғы ойшылдар және ата- бабаларымыз аңсаған адамға лайық орта жасау, адамның табиғатпен үйлесімді одағын құру үшін қажет. Экология – кең ауқымды, өзіне көптеген шешілмеген мәселелерді қамтитын мағыналы түсінік. Құқықтық мемлекетте БҰҰ-да жарияланған адамдардың негізгі табиғи, конституциялық құқықтары бұзылмауы керек, яғни табиғатпен үйлесімділікте және таза қоршаған ортада өмір сүру құқы. Қазіргі заманда негізгі ғаламдық экологиялық мәселелерге мыналар жатады: • климаттың өзгеруі; • тұщы судың тапшылығы және оның ластануы; • озон қабатының тозуы; • жылулық эффект; • қышқыл жауын-шашындар; • биологиялық алуантүрліліктің азаюы. Осы мәселелердің кешені еліміздің және планетамыздың экологиясына өз нұқсанын келтіреді. Қазақстанның экологиялық мәселелері келесі: • Су ресурстарын тиімсіз пайдалану және ластау; • Арал мен Каспий теңіздерінің, Балхаш көлінің мәселелері; • Ауаның ластануы; • Қазба байлықтарды рационалды емес пайдалану; • Жер ресурстарының мәселері; • Семей ядролық сынақ полигоны мен Байқоңыр космодромының әрекеттерінің салдары; • Флора мен фаунаның тозуы. Халық аралық тәжірибеге сүйене отырып еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы және қоршаған ортаны қорғауға арналған әрекет етудің Ұлттық жоспары бағытталған. Экологиялық приориттерді сақтамай Қазақстанның алға басуы, және дамуы мүмкін емес. Экология – ағзалардың тіршілік ету жағдайларын және ағзалардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарын зерттейтін биологиялық ғылымның бір бөлімі. Ең алғаш бұл терминді 1866 жылы неміс зоологы Эрнст Геккель ұсынған (ойкос – үй, тұрақ, мекен; логос – білім, ғылым; яғни өзімнің тұратын мекенімді, жерімді зерттеп танимын деген мағынаны білдіреді). Кез келген ғылым сияқты экология да зерттелетін процестердің жүру заңдылықтарын айқындап, оларды шағын логикалық және тәжірибе жүзінде тексеріп ережелер-заңдар түрінде қалыптастырады. Экологияның басты зерттейтіні – экологиялық жүйелер. Экологиялық жүйе – қоректік байланыстар мен энергияны алу тәсілдерінің негізінде бір тұтастықты құрайтын тіршілік ету орталары мен тірі ағзалардың қауымдастығы. Бұл терминді ең алғаш 1935 жылы ағылшын ғалымы Э.Тэнсли енгізген. Экологияда зерттелетін тірі заттардың дене құрылысының деңгейіне сәйкес аутэкология, дэмэкология және синэкология сияқты тараулар бөлінеді. Бұл тараулар жалпы экологияны құрайды. Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану Қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудін міндетті шарты. Біздің елімізде табиғатты корғау жэне оның байлықтарын тиімді пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы-мемлекеттік, жалпы-халықтық міндет болып табылады. 2. Экологиялық құкық — бұл осы кезең мен болашақтың адамдардың мүдделері үшін коғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты коғамдық катынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылады. «Экология» — бүл біздің жалпы жэне жалғыз үйіміз — «Жер» туралы ғылым. Алғашқы рет бүл ғылыми терминді 1866 жылы неміс ғалымы Геккель үсынып және ұзақ уақыт бойы тек биология ғылымы негізінде тар аяда қолданылды. Ол өзінің әйгілілігіне XX ғасырдың екінші жартысында ие болды, өйткені тура осы кезден бастап адам мен орта және қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Экология — тірі организмдер мен олардың өмір сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын ілім ретінде колданылады. Табиғат — санада және санадан тыс жүретін объективті анықтылық және адам жаратылысының өмір сүру ортасы. Ол адамға байланысты негізгі 3 түрлі қызметті атқарады: 1.Жердегі өмірге кажетті биологиялық жағдайды камтамасыз ететін экологиялық қызмет; 2.Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар көзі болып табылатын экономикалық қызмет; З.Адамның жан дүниесінің қалыптасуына әсер ететін қызмет түрлері.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz