Файл қосу

Құрмалас сөйлем












         5 В 020500 – «Филология: қазақ тілі » мамандығына арналған

                  «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі»
                       ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ

                        ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК   МАТЕРИАЛДАР






















                                 СЕМЕЙ-2014


                                   Мазмұны


1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
4  Курстық  жұмыс (жоба)
5 Студенттің өздік жұмысы




































1 ГЛОССАРИЙ

1.1  Аралас  құрмалас  сөйлем  –  сыңарлары  әрі  салаласа,  әрі   сабақтаса
байланысқан, кемінде үш жай сөйлемнен құралған құрмалас сөйлемнің бір түрі.
1.2 Синтаксистік  компоненттер – әдеттегі  жай   сөйлемдерден  ажырату  үшін
құрмаластың құрамындағы  жеке сөйлемдерді  айтады.
1.3 Сабақтас сөйлем – құрамындағы сыңарлардың  бір-біріне бағына немесе
бірін-бірі бағындыра, сабақтаса байланысқан құрмаластың бір түрі.
1.4  Салалас сөйлем –  предикативтік  бөліктерінің   баяндауыштары  тиянақты
тұлғада  келіп,  сыңарлары   тең  дәрежеде    байланысқа   түскен   құрмалас
сөйлемнің бір түрі.
1.5 Реалды, ирреалды  шарт бағыныңқы  –   шарттық   болмыстың  болымдылығын,
орындалатынын, немес керісінше орындалмайтындығын көрсетеді.
1.6 Құрмалас сөйлем –  екі не одан да көп  предикативтік бөліктен   құралған
 мағыналық, құрылымдық және интонациялық   тұтастық.  Құрмалас  сөйлемдердің
негізгі ерекшелігі –  полипредикатиті болуы, күрделі ойды білдіруі
























      2 ДӘРІСТЕР



      * Модуль 1. Құрмалас сөйлемнің грамматикалық белгілері

      * Тақырып 1. Құрмалас сөйлемнің грамматикалық белгілері
      * Дәріс жоспары:
      1. Құрмалас сөйлем туралы жалпы сипаттама.
      2. Құрмалас сөйлемнің даму жолдары.
       Құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлерін тану принцибі.
Құрмалас сөйлемдердің  салалас, сабақтас  болып топтасу  принцибі.  Құрмалас
сөйлем құрылысы мен  пікірдің қарым-қатынасы.  Құрмалас  сөйлем  жүйесі  мен
жай сөйлем  жүйесінің  құрылымдық,  функционалдық  қарым-қатынасы.  Құрмалас
сөйлем  жүйесіне   коммуникативтік  мақсаттардың   әсері,   оның   көрінісі.
Құрмалас сөйлем жүйесінің қалыптасуы. Бұл процесте  тілдің  таңба  жүйесінің
қалыптасуымен байланысы.
        Құрмалас  сөйлем  –   синтаксистік   тұлға,    оның   грамматикалық,
семантикалық   сипаты.   Құрмалас   сөйлемнің   формасы.   Құрмалас   сөйлем
жүйесіндегі     предикативтік.     Құрмалас     сөйлемнің     компоненттерін
байланыстыратын,     тұтастыратын   тіл   амалдары.    Құрмалас    сөйлемнің
компоненттерін    байланыстырудағы    жалғаулықтардың,      септеуліктердің,
анафористік сөздердің,   орын тәртібінің,  блин,  морфологиялық  тұлғалардың
т.б. жұмсалу сипаттары. Құрмалас сөйлемді  бір  синтаксистік  тұлға  ретінде
тұтастыруда,   оның грамматикалық түрлерін саралауда интонацияның  атқаратын
рөлі. Құрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауыш мүшелерінің үйлесу сипаты.
      Құрмалас  сөйлемдердің  грамматикалық  түрлерін  тану  принципі..  Бұл
принциптің қалыптасу тарихы.
       Құрмалас  сөйлемдердің  салалас,  сабақтас  болып  топтасу  принципі.
Түркологияда,   қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдердің  түрлерін  ажырату
принципінің    айқындалуы.    Бұл    принциптің    тіл-тілдердің     құрылыс
ерекшеліктеріне сай көрінуі.
      Құрмалас сөйлем құрылысы мен  пікірдің  қарым-қатынасы  және  құрмалас
сөйлемнің тілге тән тұлға ретінде ерекшеленуі.
       Құрмалас  сөйлем  жүйесі  мен  жай   сөйлем   жүйесінің   құрылымдық,
функционалдық қарым-қатынасы.
      Құрмалас сөйлем жүйесіне коммуникативтік  мақсаттардың  әсері,    оның
көрінісі.

        Құрмалас сөйлем – синтаксистің үлкен  бір  саласы.  Тіліміздегі  жай
сөйлемдер  мен  оның  күрделенген  түрлері  де  бір  предикаттық  қатынастың
негізінде  құрылса,  құрмалас  сөйлемдер  ең  кем  дегенде  екі  предикаттық
қатынастың негізінде құрылады.

       Қазақ  тілі  құрмалас  сөйлем  жүйесін  зерттеуге  арналған   алғашқы
еңбектер, олардың мазмұны. А.Байтұрсынұлының  құрмалас  сөйлемдер  құрылысын
зерттеуге   арналған   еңбектері.   С.Жиенбаевтың   құрмалас    сөйлемдердің
грамматикалық   типтерін    тануға    арналған    еңбегі.    С.Аманжоловтың,
С.Сауранбаевтың  қазақ  тілі  синтаксисін  оның  қатарында  құрмалас  сөйлем
синтаксисін зерттеуі, негізгі еңбектері.
      *Негізгі ұғымдар
 Құрмалас сөйлем
 Даму жолдары
 Жалпы сипаты
       *Бақылау сұрақтары:
      1.Қазақ  тілі  құрмалас  сөйлем  жүйесін  зерттеуге  арналған  алғашқы
      еңбектерге шолу жасаңыз
      2.Құрмалас сөйлемнің даму жолдарын баяндаңыз
      3.Құрмалас  сөйлем  синтаксисінің   түркі  тіл  білімі  мен  орыс  тіл
      білімінде зерттелу жайын салыстырып көріңіз.
      *Ұсынылатын әдебиеттер:
      1.  Ақбұзауова, Б.  Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.-
Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(12-20 бб.)
      2. Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы -
Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. (9-15бб.)

      *Модуль 2. Салалас құрмалас сөйлем
      *Тақырып 2. Салалас құрмалас сөйлем
          *Дәріс жоспары:
      1. Салалас құрмалас сөйлемнің өзіндік айырым белгілері
      2. Салалас  құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қарай түрлері.

      Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері, олардың түр-түрге
топтасу  принцибі.  Жалғаулықты   салалас   құрмалас   сөйлемдер.    Олардың
грамматикалық,  семантикалық  сипаты,   ыңғайластық  салалас    сөйлемдердің
компоненттерін   байланыстыратын   жалғаулықтар,    олардың   түр-түрлерінің
жұмсалу ерекшеліктері. Жалғаулықты ыңғайластық  салалас  сөйлемдердің  тыныс
белгілері.
         Белгілі  бір  грамматикалық  категориялардың  өздеріне  тән  айырым
белгілері, грамматикалық көрсеткіштері болады. Бұл оны  өзгелерден  саралап,
өзіндік қасиетін даралап тұрады. Осыдан келіп әрбір грамматикалық  категория
өзіне тән  заңдылықтарымен  қалыптасып,  дамып,  жетіліп  отырады.  Құрмалас
сөйлемнің өзі жай сөйлемдерден өрбіп шыққаннан кейін оның өзіне  тән  айырым
белгілері, зерттеу объектілері келіп шығады. Ондай айырым белгі  ең  алдымен
құрмалас сөйлем синтаксистің өз алдына үлкен бір саласы боліудағы  негізінен
шығып жатады.
       Құрмалас  сөйлемнің  айырым  белгілері  дегенде  ол  оны  жай  сөйлем
синтаксисіне ажырата  алатындай  болу  керек.  Сонда  ғана  құрмалас  сөйлем
синтаксистің жеке бір саласы ретінде танылады.
      Лингвистикалық  ғылымда  құрмалас  сөйлемдерді  таптастырудың  бірнеше
түрі  қолданылып  келеді.  Олардың   негізгілері:   дәстүрлік,   құрылымдық-
семантикалық және функциялық таптастырулар.
      Дәстүрлік  немесе  логика-грамматикалық  таптастыру  бойынша  құрмалас
сөйлемдер салалас құрмалас, сабақтас және аралас  құрмалас  болып  бөлінеді.
Мұндай топтастыру кезінде таза логикалық, яғни сөйлемде  қамтылған  ой  ғана
ескерілмей,  ол  сөйлемнің  грамматикалық  жағы,  морфологиялық  тұлға   мен
синтаксистік құрылымы да ескеріледі.
      Құрылымдық-семантикалық  таптастырудың  негізінде  құрмалас  сөйлемдер
жалғаулықты және жалғаулықсыз түрлерге жіктеледі,  өйткені  мұндай  жағдайда
жалғаулықтардың қолданылуынан немесе қолданылмауынан туатын  мағына  негізге
алынады.
       Функционалдық  жағынан  таптастырғанда,   құрмалас   сөйлемдер,   жай
сөйлемдер тәрізді хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер болып бөлінеді.
      *Негізгі ұғымдар
Салалас құрмалас сөйлем
Салалас құрмалас сөйлемнің айырым белгілері
Салалас құрмалас сөйлемнің  түрлері
      *Бақылау сұрақтары:
      1. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қарай түрлерін көрсетіңіз
      2. Құрмалас сөйлемнің өіндік айырым белгілерін көрсетіңіз
      *Ұсынылатын әдебиеттер:
       1.  Ақбұзауова, Б.  Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.-
Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(12-20 бб.)
      2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы -
Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. (26-32бб. )


      *Модуль 2. Салалас құрмалас сөйлем
      *Тақырып 3.   Қарсылықты  салалас  сөйлемдер,  олардың  грамматикалық,
семантикалық сипаты
          *Дәріс жоспары:
   1.  Қарсылықтық  салалас  сөйлемдердің   компоненттерін   байланыстыратын
   жалғаулықтар,    олардың    түр-түрлерінің     жұмсалу     ерекшеліктері.
   2.Жалғаулықты себептік салалас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері.
     Құрмалас сөйлемнің құрамындағы  жеке  сөйлемдер  бір-бірімен  әр  түрлі
синтаксистік  қарым-қатынаста  болады.  Бірде  ондағы  сөйлемдер  өзара  тең
дәрежеде байланысса, енді бірде олар бір-біріне бағына  құрмаласады.  Осыған
орай да құрмалас сөйлемнің жеке түрлері  ажыратылады.  Проф.  Н.Т.Сауранбаев
құрмаластың құрамындағы жеке сөйлемдерді әдеттегі жай  сөйлемдерден  ажырату
үшін оларды синтаксистік компоненттер деп атаған.
      Салалас сөйлемнің құрамындағы синтаксистік компоненттер  өзара  теңдік
дәрежеде  байланысады.  Мұндай  байланыс  алғашқы   синтаксистік   компонент
заңдылығына негізделеді. Бұл – заңдылық  салалас  құрмалас  сөйлемнің  басты
грамматикалық көрсеткіші. Мұндайда  жеке  сөйлемдердің  аралық  байланысында
сондай-ақ ұласпалы интонация да елеулі қызмет атқарады.
      Салалас  құрмалас  сөйлем  алғашқы  компонент  баяндауышының  тиянақты
тұлғада  аяқталуымен  ажыратылады.  Бұл   заңдылық   олардағы   синтаксистік
компоненттердің сөйлемдік қасиетін  сақтап  тұруына  да  септігін  тигізеді.
Синтаксистік  компоненттердің  алғашқысының  баяндауышы   тиянақты   тұлғада
аяқталуымен  байланысты  олардың  өзара  теңдестік  дәрежеде  келген   түрін
салалас құрмалас сөйлем дейді.
     Салалас  құрмаластың  айырым  белгілері  жалпы  құрмалас  сөйлемге  тән
заңдылықтардың негізінен шығып жатады.
      Салалас құрмаластың өзіне тән негізгі белгілері:
   –  Салалас  құрмалас  сөйлемнің  синтаксистік  компоненттерін  байланысқа
түсіретін   баяндауыш   сөздері   тиянақты   тұлғамен   аяқталады.    Мұндай
“байланыстырғыш  баяндауыш”  салалас  құрмаластың  алғашқы  компоненттерінен
орын алады.
   –«Байланыстырғыш баяндауыштың»  осылайша  аяқталуына  байланысты  салалас
құрмалас сөйлемнің синтаксистік компоненттері тұлғалық  жағынан  бір-бірімен
теңдестік дәрежеде жұмсалады.
   – Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің бастауыш пен баяндауыштары  әр
уақытта да жақ жалғауы арқылы өзара қиыса жұмсалады.
   –  Салалас  құрмалас  сөйлем  синтаксистік  компоненттерінің   аралығында
интонациялық кідіріс айқын сезіліп,  молынан  сақталады.  Салалас  сөйлемнің
алғашқы  компонентінің,  соңғысындай,  дауыс  кідірісі  жағынан   созыңқылай
айтылуы оның баяндауышының тиянақты  тұлғада  жұмсалуымен  тығыз  байланысты
келеді.
   *Негізгі ұғымдар
    Қарсылықты салалас сөйлемдер
    Грамматика
    Семантика
   *Бақылау сұрақтары:
1.Салалас құрмалас сөйлемге жалпы сипаттама беріңіз
2.Салалас құрмалас сөйлемнің айырым белгілерін көрсетіңіз
*Ұсынылатын әдебиеттер:
1.  Ақбұзауова, Б.  Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.-
Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(12-20 бб.)
2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б. (20-1-25бб.)

      *Модуль 2. Салалас құрмалас сөйлем
      *Тақырып  4.  Жалғаулықты  себептік  салалас   құрмалас   сөйлемдердің
грамматикалық, семантикалық сипаты.


          *Дәріс жоспары:
1.Себептік    салалас    сөйлемдердің     компоненттерін     байланыстыратын
жалғаулықтар.
2.Олардың түр-түрлерінің  жұмсалу ерекшеліктері.
3. Жалғаулықты себептік салалас құрмалас сөйлемдердің  тыныс белгілері.
       Салалас  құрмалас  сөйлемнің   жасалу   жолдары   алғашқы   компонент
баяндауышының тиянақты тұлғада аяқталуы.
       Предикативтік  бөліктерінің  баяндауыштары  тиянақты  тұлғада  келіп,
компоненттері  тең  дәрежеде  байланысқа  түскен  құрмалас  сөйлемнің   түрі
салалас құрмалас сөйлем деп аталады.
      Салалас құрмалас сөйлемнің  жасалуында  аналитикалық  принцип  айрықша
мән атқарады. Салалас құрмаластың жеке компоненттері  сондай-ақ  әр  мәндегі
жалғаулықтар  арқылы  да  байланысады.   Осыған  орай  салалас   құрмаластар
жалғаулықсыз салалас және жалғаулықты салалас деп ажыратылады.
      Салалас құрмалас сөйлемдердің өзара іштей жіктелу түрі олардың  жасалу
жолдары мен ондағы синтаксистік компоненттердің  өзаралық  мағыналық  қарым-
қатынастарына  негізделеді.   Өйткені   салалас   құрмаластың   синтаксистің
компоненттері бір бүтіннің қарамағына түсу үшін олар  бір-бірімен  әр  түрлі
мағыналық қарым-қатынастарда болып отырады.
      Салаластың ыңғайлас салалас түрі компоненттеріндегі  ой  іс-әрекетінің
  жүзеге  асу,  орындалу  кезеңдерімен,  мезгілмен  тығыз  байланысты  болып
келеді. Бір ыңғайда предикативтік бөліктің біріндегі қимыл әрекет  бұрынырақ
орындалып,  екіншісіндегі  одан  сәл  де  болса  кейін,  іле-шала  орындалуы
мүмкін.
        Себеп-салдарын  жеткізу  сөйлеу  арқылы  іске  асады.   Қажеттілікті
білдіретіндей  сөйлемдер жалғаулықсыз да,  жалғаулық  арқылы  да  байланысқа
түседі.
       Себеп-салдар  мәнді  салалас   сөйлемдердің   құраушы   компоненттері
тиянақты болады да, олар бір істің бастамасына негіз болса,  екіншісі  соның
аяқталуына  байланысты  нәтиже  салдарға  құрылады  және  керсінше   болмақ.
Өйткені салдарлы сөйлем себепті сөйлемнен бұрын да тұратыны болады.
*Негізгі ұғымдар
Жалғаулықты
 Себептік
 Салалас
*Бақылау сұрақтары:
1. Салалас сөйлемнің жасалу жолдарын көрсетіңіз
2. Салалас сөйлемнің түрлеріне мысалдар келтіріңіз
*Ұсынылатын әдебиеттер:
1.   Ақбұзауова,  Б.   Қазіргі  қазақ  тіліндегі  етістікті   анықтауыштар.-
Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(12-20 бб.)
2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б. (25-29бб.)


      *Модуль 2. Салалас құрмалас сөйлем
      *Тақырып  5.  Жалғаулықты  талғаулық  салалас  құрмалас   сөйлемдердің
грамматикалық,  семантикалық сипаты
      *Дәріс жоспары:
1.Талғаулықты салалас құрмалас сөйлемдерді  байланыстыратын  жалғаулықтар,
олардың  түр-түрлерінің  жұмсалу ерекшеліктері.
2.Тыныс белгілері
     Тіліміздегі шартты салалас сөйлем соңғы кездерге дейін  еленбей  келді.
30 жылдары проф. Қ.Жұбанов көрсеткен еді: шарт-жағдай салалас.
       Шарттылық мәндегі сөйлемдер құрмаластың қай түрінде болса да  кездесе
береді. Салалас құрмаласта оның өзіне тән арнаулы  жолдары  болады.   Шартты
салалас сөйлемдерде компоненттердегі  оқиға  мазмұны  бір-біріне  шарттастық
мәнде құрылады. Жасалуы жағынан олар әрі жалғаулық арқылы, әрі  жалғаулықсыз
да келе береді. Мағыналық көрінісі жағынан жалғаулықсыз түрінің  жалғаулықты
шартты  салаластан  ешқандай  айырмашылығы  жоқ.  Тек   мұнда   компоненттер
арасында ешқандай жалғаулық қолданылмайды.
      Салалас сөйлемнің салыстырмалы түрі қазақ тіл білімінде соңғы  жылдары
саралана бастады. Алайда тіліміздің  табиғатында  осындай  мәндес  сөйлемдер
бұрынннан да бар. Олар көбінесе мақал-мәтелді  сөйлемдердің  заңдылықтарынан
шығып жатады.
       Талғау  мәнді  салалас  сөйлемнің   синтаксистік   компоненттеріндегі
оқиғалардың орындалу барысы бір-бірімен талғау,  таңдау  ретінде  жұмсалады.
Осыған  орай  да  бұларда  хабарланған   іс-әрекеттердің   екеуінде   бірдей
орындалмай,  тек  біреуінде  ғана  жүзеге  асатындығы   көзделеді.   Салалас
сөйлемнің бұл түрінің талғаулы деп аталуының себебі де  осындай  заңдылықтың
негізінен шығып жатады. Талғаулы салаластың бұдан  бұрын  талданған  салалас
сөйлемдерден өзіндік айырмашылығы бар. Ол  айырмашылық  –  талғаулы  салалас
сөйлем тек қана  жалғаулықтар  арқылы  жасалады.   Мұның  жалғаулықсыз  түрі
болмайды.
      Талғаулы салалас сөйлемді алғашқыда А.Байтұрсынов айырыңқы деп  атаса,
кейіннен проф. С.Аманжолов бейтарап деп саралаған  болатын.  Талғау  мәндегі
салалас сөйлемдердіжасауға қатынасатын жалғаулықтар – не, немесе, я, яки,  я
болмаса, әлде, мейлі, құй.
      Талғаулы  салалас  сөйлемдерде  оқиға,  әрекеттердің  орындалу  барысы
жағынан екінің бірі ғана болып отырады.
*Негізгі ұғымдар
  Жалғаулық
  Грамматика
  Семантика
*Бақылау сұрақтары:
1.  Шартты салалас сөйлемге мысал келтіріңіз
2.  Салыстырмалы салалас сөйлемге мысал келтіріңіз
3.  Талғаулы салалас сөйлемге мысал келтіріңіз.
*Ұсынылатын әдебиеттер:
 1.  Ақбұзауова, Б.  Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.-
Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(12-20 бб.)
2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б. (40-45бб.)

    *Модуль 2. Салалас құрмалас сөйлем
      *Тақырып 6.  Іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің  грамматикалық,
функционалдық сипаты
      *Дәріс жоспары:
1.Грамматикалық, семантикалық топтары. Жалғастық  қатынасты білдіретін
іргелес құрмалас сөйлемдер. Мезгілдік қатынасты білдіретін іргелес салалас
құрмалас сөйлемдер.
2.Қарсылықтық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер.
Талғаулықты қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер.
       Кезектес  салалас  сөйлем  туралы  ең  алғаш   сөз   қозғаған   проф.
С.Аманжолов.
       Құрамындағы  жай  сөйлемдердің  білдіретін  қимылы  алмасып  отырады.
Кезектес салаластардың мағынасында мезгілдік қатынас та  бар  сияқты.  Бірақ
мұндағы мағына сөйлемде амал әрекеттің өту мезгілін  білдірмейді,  керісінше
сол  әрекеттің  кезек-кезек  өзара  ауысып  келетінін  көрсетеді.   Кезектес
салаластардың тек қана жалғаулықты болатыны айтылып  жүр.  Жай  сөйлемдердің
арасы жалғаулықты. Кезектес  салалас  сөйлемдердегі  компоненттердің  арасын
байланыстыратын кейде, бірде, біресе жалғаулықтары осындай  қызметті  атқару
үшін сол жалғаулық әрбір  әрбір  компоненттің  құрамында  қайталануы  керек.
Алайда осы шарт үнемі бола бермейді.
        Жалғаулықсыз   салалас   сөйлемдердің   ерекшеліктерінің   бірі    –
компоненттердің   интонациялық   тұтастығы.   Егер    жалғаулықты    салалас
сөйлемдердегі предикативтік  бөліктердің  дербестігі  айқын  сезіліп  тұрса,
жалғаулықсыз  салалас  сөйлемде   ондай   дербестіктен   гөрі   интонациялық
тығыздық, байланыс басым болады.
      Салалас құрмалас сөйлемнің түсіндірмелі түрінде бірінші  предикативтік
бөлікте  жалпылай  айтылған  ой  екінші  предикативтік  бөлікте  нақтыланып,
дараланып, айқындалып  тұрады.  Түсіндірмелі  салаластың  бір  компонентінде
баяндауыш та жалпы айтылып, келесі компоненттерде нақтыланады.  Түсіндірмелі
салалас сөйлем, бір жағынан,  сөйлемнің  қай  мүшесі  болсын  жалпылық  ұғым
береді де, екінші жағынан, соны дәлдей, тарамдай түсетін ұғым береді.
* Негізгі ұғымдар
Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
Грамматикалық сипаты
Функционалдық сипаты
*Бақылау сұрақтары:
1. Кезектес салалас сөйлемге мысал келтіріңіз
2  Түсіндірмелі салалас сөйлемге мысал келтіріңіз
3.  Қарсылықты салалас сөйлемге мысал келтіріңіз
*Ұсынылатын әдебиеттер:
1.  Ақбұзауова, Б.  Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.-
Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(12-20 бб.)
2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б. (39-55бб.)

*Модуль 2. Салалас құрмалас сөйлем
      *Тақырып 7.  Себептік, шартты айқындауыштық, обьектілік, теңдік
қатынасты білдіретін  іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
      *Дәріс жоспары:
1.Олардың грамматикалық, семантикалық сипаты. Тыныс белгілері.
2.Телінбе компонентті іргелес  салалас  құрмалас  сөйлемдер.  Грамматикалық,
семантикалық сипаты. Тыныс белгілері.

    Құрмалас сөйлемнің дәстүрлік немесе логика-грамматикалық принцип бойынша
таптастырылатын екінші түрі – сабақтас сөйлем. Егер  салалас  сөйлемде  оның
құрамына енетін компоненттер баяндауыш орындағы сөздердің  тұлғалық  жағынан
тиянақтылығымен аяқталып  отырса,  сабақтас  сөйлемнің,  әсіресе,  бағыныңқы
компоненттерінің баяндауыштары тиянақсыз тұлғада келеді.  Осыған  байланысты
ол компоненттердің арасындағы интонация да тиянақсыз,  яғни  құрмаластырушы,
ұластырушы интонация болады.
   Сабақтас құрмалас сөйлемнің предикативтік бөліктерінің  белгілі  дәрежеде
ой  дербестігі  болуы  –  құрмалас  сөйлемнің  бұл  түрінің  тағы   да   бір
ерекшелігі. Демек, әр компоненттің өзінше  сөздердің  байланысынан  құралған
мазмұны, соған сай айтылған ойы болады. Бірақ бағыныңқы сыңарда берілген  ой
тікелей қатысы бар келесі бір ойды қажет етіп  тұрады.  Осыдан  келіпбасыңқы
сыңарлардың  бірігуінен  тиянақты  мағына  мазмұнға   ие   болады   да,   ол
конструкция сабақтас құрмалас сөйлем деген атау алады.  Осыдан  келіпбасыңқы
сыңарлардың  бірігуінен  тиянақты  мағына  мазмұнға   ие   болады   да,   ол
конструкция сабақтас құрмалас сөйлем деген атау алады.
     Сабақтас сөйлем де өзіне тән айырым белгілері арқылц құрмаластың  басқа
түрлерінен ажыратыла  алады.  Сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  негізгі  айырым
белгілері:
    Сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  синтаксистік   компоненттері   бір-біріне
тұлғалық, мағыналық жақтарынан тәуелді болып келеді.
    Мұндай тәуелділік,  негізінен  алғанда,  алғашқы  сөйлем  байланыстырғыш
баяндауышының  тиянақсыз  тұлғада  аяқталуынан  шығады.  Осы  арқылы   соңғы
сөйлеммен тығыз байланысқа түседі.
    Осыдан келіп  сабақтас  құрмалас  өз  құрылысы  жағынан  бағыныңқы  және
басыңқы сөйлемдерден тұрады.
    Бағыныңқы сөйлемнің байланыстырғыш амалы ретінде етістіктің  шартты  рай
тұлғасы,  есімше,  көсемше  формалары  және  есімшемен  тіркесетін   түрліше
жалғаулықтар мен шылау сөздер жұмсалады.
    Сабақтас құрмаластағы ұласпалы байланыстырғыш  интонация  салаластағыдай
емес, өте әлсіз, солғын болады.
     Егерде  салалас  құрмалас  сөйлемнің  синтаксистік  компоненттері  бір-
бірімен теңдестік дәрежеде  байланысса,  сабақтас  құрмаласта  –  керісінше,
олар өзара теңдестік емес дәрежеде, тәуелділік сипатта  құрмаласады.  Бұл  –
сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіндік бетін айқындайтын басты көрсеткіш.
    Сабақтас құрмаластағы тәуелділік сипат оның бағыныңқы компонентінен орын
алады. Өйткені байланыстырғыш баяндауыш осы компоненттің бойынан шығады  да,
ол тиянақсыз қалыпқа түседі.
    Сабақтас құрмалас сөйлемдерді жасауда  ұйымдастырушы  орталық  бағыныңқы
компоненттің  баяндауышы  болып  есептеледі.  Осы  баяндауыш  өзінің   түрлі
формалық өзгерістерге түсуі арқылы сабақтас сөйлем жасалатын  болады.  Бұған
қатысты  басқа  да  жолдар  осы  бағыныңқы  баяндауышышың  негізінен   өрбіп
отырады.
    Бағыныңқы компненттің  баяндауышы  етістік  сөздермен  беріледі.  Алайда
қандай етістік  сөздері  бағыныңқының  баяндауышы  ретінде  жұмсалады  деген
мәселеде  түркологияда  тиянақталған  пікір  жоқ.  Өйткені  кейбір  ғалымдар
сабақтас құрмалас сөйлемді жасауда тек қана етістіктің  шартты  рай  тұлғасы
қатынасады деп түсіндіреді. Мұндағы  бұлардың  дәлелі  –  сабақтас  құрмалас
сөйлем болу үшін оның бағыныңқысының баяндауышы өз бастауышымен  әр  уақытта
да жақ жалғауы арқылы байланысып тұруы қажет.
    *Негізгі ұғымдар
     Себептік
     Шартты
     Айқындауыштық
     Салалас құрмалас сөйлемдер
    *Бақылау сұрақтары
1. Сабақтас құрмалас сөйлем жайлы жазылған  пікірлермен танысыңыз
2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің айырым белгілерін көрсетіп беріңіз.
*Ұсынылатын әдебиеттер
1.   Ақбұзауова, Б.  Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.-
Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(35-47 бб.)
2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б. (40-45бб.)
3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы ,
2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176 б. (55-56бб.)


      *Модуль 3. Сабақтас құрмалас сөйлемдер
           *Тақырып 8.   Сабақтас құрмалас сөйлемдер
      *Дәріс жоспары:
1.Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты, сабақтас құрмалас
сөйлемдерді нақты танытатын белгілері.
2.Есімше формаларының қатысуымен құралатын сабақтас құрмалас сөйлемдер.
3.Шартты рай формалы етістіктің қатысуымен құралатын сабақтас құрмалас
сөйлемдер.
      Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолында негізгі  орталық  бағыныңқы
компоненттің баяндауышы болуымен қатар,   сол  баяндауыш  сөздеріне  қосымша
ретінде  шылау,  қатыстық  сөздері  де  елеулі  қызмет  атқарады.  Сондай-ақ
сабақтас құрмалас сөйлемнің ұйымдасуында интонация мен  орын  тәртібінің  де
өзіндік үлестері болады.
       Сабақтас  құрмаластың  жеке  түрлері  оның  бағыныңқы   компонентінің
ыңғайына  қарай  ажыратылады.  Осыған   орай   да   бағыныңқы   сөйлемдердің
таптастырылуы  дегенімізде  жалпы   сабақтас   құрмаластың   жеке   түрлерін
түсінетін боламыз. Сабақтас  құрмалас  сөйлемдерді  жіктеуде  тіл  білімінде
соңғы  кездерде  құрылымдық-семантикалық  принцип   өріс   алды.   Бағыныңқы
сөйлемдерді өзара жіктеуде мағыналық  принцип  те  қолданылды.  Бұл  әсіресе
С.Аманжоловтың  еңбегініе  орын  алды.  Автор  аталған  еңбегінде   сабақтас
құрмалас сөйлемдерді мағыналық көріністеріне қарай 18 түрге бөлді.
      Бағыныңқы сөйлемдерді  жіктеудегі  соңғы  кездерде  қолданылып  жүрген
принцип  –  құрылым-семантикалық  принцип.  Осы  принцип  бойынша   сабақтас
құрмаластың   жасалу   жолдары   мен   олардың   бағыныңқы   және    басыңқы
компоненттерінің бір-бірімен аралық тығыз байланысынан туындайтын  мағыналық
көріністері басшылыққа алынады. Осы негізде  тіліміздегі  сабақтас  құрмалас
сөйлемдерді ең алдымен жалпы үлкен үш салаға бөліп қарастырған жөн.
       Қазақ тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің дені өз басыңқыларымен  қарым-
қатынасына орай пысықтауыштық ыңғайда жұмсалады.
      Қорытындылай келе, бағыныңқы сөйлемдердің  топтастырылуы  төмендегідей
болып келеді: шартты бағыныңқылы  сабақтас  сөйлем,  қарсылықты  бағыныңқылы
сабақтас  құрмалас  сөйлем,  Мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас   сөйлем,   себеп
бағыныңқылы  сабақтас  сөйлем,  амал  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлем,  мақсат
бағыныңқылы сабақтас  сөйлем,  салыстырмалы  сабақтас  сөйлем,  түсіндірмелі
сабақтас сөйлем, үлестес сабақтас сөйлем.
*Негізгі ұғымдар
Сабақтас құрмалас сөйлемдер
Бағыныңқы компонент
Басыңқы компонент
*Бақылау сұрақтары:
1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын көрсетіңіз
2.Бағыныңқы сөйлемдердің топтастырылуы жайындағы пікірлерді саралаңыз
*Ұсынылатын әдебиеттер:
      1. Ақбұзауова, Б.  Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.-
Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б. (60-75бб.)
2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б. (70-85бб.)

      *Модуль 3. Сабақтас құрмалас сөйлемдер
          *Тақырып 8.  Көсемше формалы етістіктің қатысуымен  жасалған
сабақтас құрмалас сөйлем
      *Дәріс жоспары:
1.Өткен шақ көсемше формалы етісітіктің  қатысуымен құралатын сабақтас
құрмалас сөйлемдердің семантикалық, грамматикалық сипаты.
2.Келер шақ көсемше формалы етістіктің  қатысуымен құралатын сабақтас
құрмалас сөйлемдердің  семантикалық, грамматикалық сипаты.
      Түркологиялық ілімде  басқаларына  қарағанда  бағыныңқылардың  ең  бір
орныққан түрі шартты және қарсылықты бағыныңқылар деп танылады. Осыдан  болу
керек, кейбір тіл мамандары бұларды нақты бағыныңқылар деп атайды.
      Шартты бағыныңқылы сабақтаста синтаксистік  компоненттерде  баяндалған
оқиға-әрекеттердің  орындалу  барысы  бір-біріне  шарт   мәнінде   байланыса
құрмаласады.   Бұлайша   шарт   мәнінің   туындауы    бағыныңқы    коипонент
баяндауышының  берілу  жолдарымен  де  тығыз   байланысып   жатады.   Демек,
компоненттер аралығындағы мағыналық байланыс  пен  грамматикалық  тұлалардың
осылайша  өзара  үйлесе  жұмсалулары  белгілі  бір   бағыныңқы   сөйлемдерді
туындатып отырады.
       Қарсылықты   бағыныңқылы   сабақтаста   синтаксистік   компоненттерде
хабарланған оқиға нәтижесі бір-біріне қарама-қайшы  қойылады.  Осыдан  барып
олардағы  іс-әрекеттердің  орындалуы  бірінде  теріске  шығарылады.  Осындай
заңдылығымен  де  ол  басқа  бағыныңқылардан  ерекшелене  алады.  Қарсылықты
бағыныңқылы   сөйлем   синтаксистік   компоненттерде    баяндалған    оқиға-
әрекеттердіңмазмұн желісі жағынан  бір-біріне  қарама-қарсы  қойыла  айтылуы
негізінде жасалады. Қарсылықты бағыныңқы сөйлемдердегі орын алатын әр  түрлі
мағыналық  көріністі  ескере  отырып,   оларды   жалпы   екі   түрге   бөліп
қарастыруға болады: реалды қарсылықты бағыныңқылы және  ирреалды  қарсылықты
бағыныңқылы.
*Негізгі ұғымдар
Көсемше формалы
Етістік
Сабақтас құрмалас сөйлем
*Бақылау сұрақтары:
1. Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемге сипаттама беріңіз.
2.   Қарсылықты   бағыныңқылы   сөйлемдердің   компоненттерінің    байланысу
ерекшеліктерін көрсетіңіз.
*Ұсынылатын әдебиеттер:
  1.  Ақбұзауова, Б.  Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.-
Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(70-85бб.)
2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б. (50-65бб.)


      *Модуль 3. Сабақтас құрмалас сөйлемдер
          *Тақырып 9.  Көсемшенің  -ғалы, -гелі формаларының сабақтас
құрмалас сөйлем құруға қатысуы
         *Дәріс жоспары:
1. Бұл типті сөйлемдердің семантикалық, грамматикалық сипаты.
2. Қимыл атауы формасындағы  етістіктің қатысуымен құралатын сабақтас
құрмалас сөйлемдердің  грамматикалық, семантикалық сипаты.
3.Жатыс септіктегі есім сөздердің
        Бір   сөйлемдердің   бағыныңқы   және   басыңқы   компоненттеріндегі
хабарланған оқиғаның орындалу барысы бір мезгіл шеңберінде өтіп жатса,  енді
біреулерінде әр мезгіл шеңберінде  орындалатын  болады,  яғни  бағыныңқыдағы
істен бұрын басыңқыдағы амал орындалып жатады, не болмаса керісінше болады.
      Мезгіл бағыныңқылы  сабақтастың  алғашқы  коипонентінің  баяндауышының
жасалу жолдары көп.  Грамматикалық  көрсеткіштердің  бір  тобы  іс-әрекеттің
қашан болатындығын танытса, үшінші  жағдайда  сондай  оқиғаның  қай  уақытта
болғанын білдіреді.
      Сабақтас сөйлем  бойындағы  мезгілдік  мәнді  басшылыққа  ала  отырып,
мезгіл бағыныңқыларды жалпы түрде екі үлкен салаға жіктеледі: бір  мезгілдес
сабақтас және әр мезгілдес сабақтас сөйлем.
      Сабақтастың себеп бағыныңқылы түрінде  бағыныңқы  компонент  басыңқыда
хабарланған ой желісінің себебін білдіріп тұрса,  осы  себептің  нәтижесінде
басыңқыда  оның  салдары  келіп  шығады.  Осыдан  келіп  себеп   бағыныңқылы
сабақтас сөйлемнің өзі себеп пен  салдардың  өзаралық  тығыз  қарым-қатынасы
негізінде туындайтын болады.
      Себеп бағыныңқылы сабақтастың  бағыныңқы  сыңарының  баяндауыштары  әр
түрлі жолмен жасалады.
*Негізгі ұғымдар
Көсемше
Сабақтас құрмала сөйлем
*Бақылау сұрақтары:
1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемге жалпы сипаттама беріңіз
2. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемге жалпы сипаттама бер
3. Мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлем  мен  мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас
сөйлемнің жасалу жолдарын атаңыз
4 Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем мен мезгіл бағыныңқылы сабақтас  сөйлем
компоненттерінің мағыналық ерекшеліктерін саралаңыз.
* Ұсынылатын әдебиеттер:
 1.  Ақбұзауова, Б.  Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.-
Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(125-145бб.)
2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б. (140-145бб.)

      *Модуль 4. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
          *Тақырып 10. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
         *Дәріс жоспары:
1.Грамматикалық, семантикалық сипаты. Түрлері.
2.Компоненттерінің байланысуына тән ерекшеліктер.
       Бағыныңқы компонент басыңқы компонентте  жүзеге  асып  жатқан  немесе
жүзеге асатын іс-әрекеттің  амалын,  тәсілін  білдіретін  сабақтас  құрмалас
сөйлемнің  түрі  амал  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлем  болып  табылады.  Амал
бағыныңқылы сабақтастың алдыңғы предикативтік бөлігі  қалай?  қайтіп?  деген
сұрақтарға жауап береді.
      Мұндай бағыныңқылардың жасалу түрлері оншалықты көп  емес.  Негізінен,
оның бір-екі түрі бар деуге болады.
      Біірнші жағдайда бағыныңқының  баяндауышы  етістіктің  көсемше  түріне
аяқталады. Енді бір реттерде бағыныңқының  баяндауышы  дай,  дей,  тай,  тей
жұрнақтарына аяқталады.
      Амал бағыныңқы сөйлемдер синтетикалық тәсіл арқылы жасалады.
      Сабақтас құрмалас сөйлемнің бұл түрінде  бағыныңқы  компонент  басыңқы
компонентте айтылатын оқиғаның, қимыл-әрекеттің болу немесе болмау  мақсатын
білдіреді.
      Мақсат  бағыныңқылы  саақтастың  алдыңғы  компонентінің  баяндауышының
жасалу  жолдары  түрлі-түрлі  болып  келеді.  у   немесе   болмау   мақсатын
білдіреді.
      Мақсат  бағыныңқылы  саақтастың  алдыңғы  компонентінің  баяндауышының
жасалу жолдары түрлі-түрлі болып келеді.
      Мақсат бағыныңқылы сабақтастың синтаксистік  компоненттерінде  өзіндік
арнайы грамматикалық бастауыштары  болуы  қажет.  Бұлай  болмаған  күнде  ол
сабақтас құрмалас болып танылмай жай сөйлемнің  күрделенген  түрін  құрайтын
болады. Мақсат бағыныңқының бір компоненті кейде жақсыз  сөйлем  ретінде  де
келіп отырады. Мақсат бағыныңқылы сабақтас  сөйлемдер  негізінен  аналитика-
синтетикалық тәсілдер арқылы жасалады.
*Негізгі ұғымдар
Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
 *Бақылау сұрақтары:
1. Амал бағыныңқылы сабақтас сөйлемге мысал келтіріңіз
2. Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемге  мысал келтіріңіз
*Ұсынылатын әдебиеттер:
 1.  Ақбұзауова, Б.  Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.-
Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б. (140-145бб.)
2.Ермекова Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б. (140-145бб.)


      *Модуль 4. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
          *Тақырып 11. Аралас құрмалас сөйлемдердің  грамматикалық сипаты
            *Дәріс жоспары:
1. Аралас құрмалас сөйлемнің жалпы сипаты
2. Аралас құрмалас сөйлемнің белгілері

        Бұдан  бұрын  талдаған  сабақтас  сөйлемнің   түрлерінде   бағыныңқы
компонент басыңқыда хабарланған оқиғаның  мазмұн  желісін  әр  түрлі  жақтан
айқындап, толықтап тұрады. Осыған  орай  да  басыңқы  сөйлемнің  мазмұны  әр
қырынан  бағыныңқы  компонент  арқылы  ашылып   отырады.   Ал   түсіндірмелі
сабақтаста мұндай мағыналық  көрініс  керісінше  болады.  Мұнда  айқындаушы,
түсіндіруші қызмет қызмет басыңқының үлесіне тиеді.
       Түсіндірмелі  сабақтас   сөйлемнің   өзге   бағыныңқылардан   осындай
айырмашылығы бола тұра мұндағы синтаксистік  компоненттерлің  аралық  қарым-
қатынасы  тұлғалық  және  мағыналық  жақтарынан  бір-біріне  тәуелді   болып
тұрады.
     Түсіндірмелі сабақтас  сөйлем  етістіктің  шартты  рай  тұлғасы  арқылы
жасалады. Екі жақ компоненттердің баяндауыштары осы шақтық мезгілдік  ұғымда
тұрады.
       Салыстырмалы  сабақтас   сөйлемде   бағыныңқы   коипонент   басыңқыда
хабарланған қимыл-әрекетті әр  түрлі  мағыналық  жақтан  айқындап,  толықтап
жатпайды.  Әр  синтаксистік  компонент  мағыналық  жақтан  жеке  дербестігін
сақтайды,  тек  байланысу  амалы  жағынын   ғана   бағыныңқының   баяндауышы
тиянақсыз қалыпта  болады.  Компоненттердің  мағыналық  қарым-қатынасы  бір-
бірімен салыстырыла айтылады.
      Сөйлем бойындағы салыстырмалық мән ондағы жеке сөздердің қолданысы  не
болмаса оқиғалар барысының өзара үйлесе, жұптаса  айтылуы  негізінде  жүзеге
асатын болады. Салыстырмалық мән бір-бірімен өзара  тең  түсіп  жатса,  енді
бірде тең түспей әр түрлі ыңғайда жұмсалады.
*Негізгі ұғымдар
 Сөйлем
Аралас құрмалас сөйлем
*Бақылау сұрақтары:
1. Түсіндірмелі сабақтас сөйлемге мысал келтіріңіз
2. Салыстырмалы сабақтас сөйлемге мысал келтіріңіз
   3.Үлестес сабақтас сөйлемге мысал келтіріңіз
*Ұсынылатын әдебиеттер:
 1.  Ақбұзауова, Б.  Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.-
Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б. (160-165бб.)
2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б. (140-145бб.)


      *Модуль 4. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
          *Тақырып 11. Құрмалас сөйлемнің коммуникативтік талапқа сай
ұйымдасу ерекшелігі
      *Дәріс мазмұны:
1.Құрмалас  сөйлемнің  коммуникативтік  талапқа  сай  ұйымдасу   ерекшелігі.
2.Құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  кірігуі,  инверсияға  түсуі.  Құрмалас
сөйлем  құрылысындағы ортақтасу.
      Қазіргі қазақ тілінің синтаксистік құрылымын да көп  бағыныңқылы,  көп
басыңқылы деп атап жүрген құрылымдар  жиі  кездеседі.  Ондай  сөйлемдер  көп
комполнентті құрмалас  сөйлемдер  деп  аталып  жүр.  Өйткені  бір  сөйлемнің
ішінде ондаған жай сөйлем болып келе береді. Кейде  бұлар  бірыңғай  салалас
сөйлемдерден тұрса, көпшілік жағдайда салаласа, сабақтаса байланысқан  өзара
әр түрлі мағыналық қатынастағы жеке компоненттердің жиынтығынан  болады  да,
олардың   тұтас   сөйлемді   мағыналық    жағынан    сабақтас    бағыныңқылы
құрмаластардың қай түріне жататынын айыру  мүмкін  емес.  Сондықтан  бұларды
көп  компонентті құрмалас сөйлем деп атаған жөн.
      Құрамындағы предикативтік бөліктердің саны жағынан  салалас  сөйлемдер
әр алуан болып  отырады.  Екінші  сөзбен  айтқанда,  салаластың  құрамындағы
компоненттердің саны үш, төрт және одан да асып кетуі мүмкін.
       Көп  компонентті  салалас  сөйлемдерде  хабарланған   ойдың   мазмұны
толығырақ ашыла түседі, кейбір жайлардың мазмұн көрінісі саралана  жіктеліп,
талдана жинақталу сипаты орын алады.
       Сабақтас құрмалас сөйлем тек екі предикативтік бөліктен ғана,  демек,
бір ғана бағыныңқы  компонент  пен  бір  ғана  басыңқы  компоненттен  құрала
бермейді. Кей жағдайда  сабақтастың  құрамындағы  компоненттердің  саны  үш,
төрт, одан да көп болуы әбден  мүмкін.  Бағыныңқы  компоненттің  саны  қанша
болса да, басыңқы компонент әрдайым біреу ғана болып отырады. Бір  басыңқыға
қатысты  бірнеше  бағыныңқыдан  тұратын   сабақтас   құрмалас   сөйлем   көп
бағыныңқылы сабақтас делінеді.
     Көп бағыныңқылы сабақтас  мазмұны  жағынан  да  құрылымдық  жағынан  әр
түрлі болып келеді.  Құрылымына  қарай  көп  бағыныңқылы  сабақта  жарыспалы
бағыныңқылы және сатылы басыңқылы деген екі түрге жіктеледі.
      Көп  бағыныңқылының  жарыспалы  бағыныңқылы  түрінде  әрбір  бағыныңқы
сөйлемді жекелей бөліп  айтқан  да  басыңқысымен  бірден  тікелей  байланыса
алады.  Бірнеше  бағыныңқылардың  сөйлемді  аяқтаушы   басыңқы   компонентке
бағынуы өзара  бірыңғай  теңдестік  дәрежеде  болады.  Бұл  ретте  бағыныңқы
сөйлем баяндауыштары бірыңғай бір тұлғада, не болмаса әр  түрлі  тұлғада  да
тұра беруі мүмкін.
      Сатылы  көп  бағыныңқылы  сөйлемде  әрбір  жеке  бағыныңқы  сөйлем  өз
бетімен тікелей де тура басыңқы компонентпен байланыса  алмайды.  Басыңқымен
мағыналық байланыстың болуы үшін  алдыңғы  бағыныңқы  сөйлемдер  бір-бірімен
өзара сатылай жалғасуы қажет. Бұлай  болмаған  күнде  бағыныңқылардың  өзара
үйлесе айтылуы жүзеге аспай қалады. Бағыныңқы сөйлемнің  ең  соңғысы  өзінен
бұрынғыларды мәндік  үйлесіммен  жетектеп,  бір  жерге  шоғырландырадлы  да,
оларды өзі арқылы  басыңқымен   тығыз  мағыналық  қарым-қатынасқа  түсіреді.
Сондықтан  да  осылайша  сатылай  байланысу  түрінде  ең   соңғы   бағыныңқы
компонент бірден-бір шешуші рөл атқарады.
      Сабақтас  құрмаласта  бағыныңқы  сөйлемдердің  өз  басыңқысынан  бұрын
орналасуы – түркі тілдерінің табиғатына тән құбылыс.  Солай  бола  тұрса  да
айтушы адамның көзқарасы, мақсат, тілегі не  нәрсеге  боса  назар  аударуына
байланысты  кейде  бағыныңқы  сөйлемдердің  орын  тәртібі  алмасып  отырады.
Осындай заңдылыққа сай олар сөйлемнің  бас  шенінде  ғана  жұмсалып  қоймай,
басыңқы компоненттің аралығына түсіпте, не болмас одан кейін  де  қолданылып
қалады.
*Негізгі ұғымдар
Құрмалас сөйлем
Ұйымдасуы
Коммуникативтік қызмет
*Бақылау сұрақтары:
 1. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің  жалпы сипатын әңгімелеңіз
 2. Сатылы көп бағыныңқылы сөйлемге мысал келтіріңіз
*Ұсынылатын әдебиеттер:
1.  Ақбұзауова, Б.  Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.-
Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(112-120 бб.)
2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б. (240-245бб.)


      *Модуль 5. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
          *Тақырып 12. Қазақ тілі  құрмалас сөйлемдер  жүйесінің зерттелу
тарихы
      *Дәріс мазмұны:
1. Түркітанудағы   құрмалас сөйлемдер  жүйесінің зерттелуі
2. Қазақ тілі біліміндегі құрмалас сөйлемдер  жүйесінің зерттелуі

      Компоненттері әрі салаласа, әрі сабақтасу арқылы байланысқан  құрмалас
сөйлем  түрін  аралас  құрмалас  сөйлем  дейді.  Аралас  құрмалас  сөйлемнің
құрылымынан біраз жайды  байқауға  болады.  Біріншіден,  оның  құрамында  үл
компонент болса,  бір  ғана  сабақтаса  және  бір  ғана  салаласа  байланысу
тәсілдері болады, ал компоненттердің саны одан көбірек  болса,  не  салаласа
байланысу, не сабақтаса байланысу көбейе түседі. Екіншіден, аралас  құрмалас
сөйлемнің компонентерінің арасындағы сабақтаса  байланысу  болсын,  салаласа
байланысу  болсын,  қай-қайсысы  да  әдеттегі  дәстүрлі  түрлерін  сақтайды.
Салалас   сөйлемде   болатындай,   мұнда   да   салаласқан   компоненттердің
жалғаулықсыз да, жалдғаулықты да байланысулары, сондай-ақ әдеттегі  сабақтас
сөйлемде  болатындай,  басыңқы  мен   бағыныңқы   компоненттердің   арасында
болатыны сияқты, бағыныңқының баяндауыш  тұлғалары  да  тиісті  қосымшаларға
аяқталып  отырады.  Үшіншіден,   аралас   құрмалас   сөйлемнің   құрамындағы
компоненттердің өзара байланысу тәртібінде мызғымас, қатып  қалған  заңдылық
жоқ. Компоненттердің бірнешеуі міндетті  түрде  тек  қана  салаласып  барып,
содан соң тек қана сабақтасуға ауысу немесе  керісінше,  сондай-ақ  міндетті
түрде салаласа байланысу мен сабақтаса байланысудың алмасып отыруы  дегендей
қатаң тәртіп жоқ. Тіліміздегі сөйлемдердің мол қолданылу  мүмкіндігіне  сай,
байланысу тәсілдері бірыңғай да, араласа да келе береді.
*Негізгі ұғымдар
Құрмалас сөйлем
Зерттелуі
*Бақылау сұрақтары:
1. Аралас құрмалас сөйлемнің құрылымын көрсетіңіз
2.  Аралас  құрмалас  сөйлемнің   өзге   сөйлемдерден   ажыратылатын   басты
белгілерін атаңыз
*Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы
.–  Көкшетау, 2003.- 220 б. (230-245бб.)
2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б. (240-345бб.)
3.  Ақбұзауова, Б.  Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.-
Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(112-130 бб.)

   3 ПРАКТИКАЛЫҚ  САБАҚТАР


   *Тақырып 1. Құрмалас сөйлемдердің синтаксистік  тұлға  ретіндегі  сипаты,
грамматикалық белгілері.
   *Сабақтың мақсаты: Құрмалас сөйлем жүйесіндегі предикативтілік  мәселесі,
оның грамматикалық түрлерін саралауда  интонацияның  ролін  мысалдар  арқылы
түсіндіру.
   *Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
   1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
   орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы
   2. Семинардың  алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы
   3.Семинар  сабағындағы  пікірталаста   қатысушылардың  ойларының  бірізге
   келуі тиіс.
   *Бақылау сұрақтары:
1.Құрмалас  сөйлем компоненттерінің  баяндауыш  мүшелерінің   үйлесу  сипаты
жайлы баяндаңыз
    * Ұсынылатын әдебиеттер:
1.  Ақбұзауова, Б.  Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.-
Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(12-20 бб.)
2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б.


      *Тақырып2.  Құрмалас   сөйлемдердің   компоненттерін   байланыстыратын
амалдар, оларды сипатын қарай топтау
      *Сабақтың мақсаты: Құрмалас  сөйлемдердің   салалас,  сабақтас   болып
топтасуы мен  түркологияда,  қазақ  тіл  біліміндегі  құрмалас  сөйлемдердің
түрлерін ажырату принциптерімен танысу.
   *Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
   1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
   орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы
   2. Семинардың  алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы
   3.Семинар  сабағындағы  пікірталаста   қатысушылардың  ойларының  бірізге
   келуі тиіс.
   *Бақылау сұрақтары:
1.Құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырату принципінің  тіл-тілдердің  құрылыс
ерекшеліктеріне  сай көрінісіне нақты мысалдар келтіріңіз
    *Ұсынылатын әдебиеттер:
1.  Ақбұзауова, Б.  Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.-
Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(12-20 бб.)
2. Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы -
Астана: Фолиант, 2011.- 223 б.

   *Тақырып 3. Құрмалас сөйлемдердің негізгі  түрлері.   Оларды  түрге  бөлу
принцибі.
   *Сабақтың мақсаты: Салалас құрмалас сөйлемдердің   грамматикалық  түрлері
мен олардың түр-түрге топтасу принциптерімен  танысу.
   *Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
   1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
   орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы
   2. Семинардың  алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы
   3.Семинар  сабағындағы  пікірталаста   қатысушылардың  ойларының  бірізге
   келуі тиіс.
   *Бақылау сұрақтары:
1.Жалғаулықты салалас сөйлемдердің  тыныс  белгілерінің  қойылысына   бірнеш
мысалдар келтіріңіз.
   * Ұсынылатын әдебиеттер:
1.   Ақбұзауова,  Б.   Қазіргі  қазақ  тіліндегі  етістікті   анықтауыштар.-
Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(22-29 бб.)
2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б.


      *Тақырып   4.   Ыңғайластық   салалас   сөйлемдердің    компоненттерін
байланыстыратын жалғаулықтар
      *Сабақтың мақсаты: Жалғаулықты  талғаулық салалас  құрмалас  сөйлемдер
табиғатымен  таныса отырып деп   көмекші  етістігінің   қатысуымен  жасалған
құрмалас сөйлемдер,  олардың мағынасы, жұмсалуына назар аудару.
      *Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
   1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
   орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы
   2. Семинардың  алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы
   3.Семинар  сабағындағы  пікірталаста   қатысушылардың  ойларының  бірізге
   келуі тиіс.
      *Бақылау сұрақтары:
1. Талғаулықты салалас құрмалас  сөйлемдердің   тыныс  белгілеріне  мысалдар
жазыңыз.
2. Деп көмекші етістігінің жұмсалуына көркем шығармадан 5 мысал жазу
      *Ұсынылатын әдебиеттер:
1.  Ақбұзауова, Б.  Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.-
Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(112-120 бб.)
2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б.
3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы ,
2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б.

*Тақырып  5.  Қарсылықтық   салалас   құрмалас   сөйлемдерді  ұйымдастыратын
жалғаулықтардың  қызмет ерекшелігі
*Сабақтың мақсаты:  Мезгілдік  қатынасты  білдіретін,  қарсылықты  қатынасты
білдіретін,   талғаулықты қатынасты білдіретін іргелес салалас  сөйлемдердің
өзіндік белгілерімен, тыныс белгілерімен танысу.
*Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
1. Семинар тиімділігі мақсат  қоя  білу,  мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы
2. Семинардың  алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы
3.Семинар сабағындағы пікірталаста  қатысушылардың ойларының  бірізге  келуі
тиіс.
*Бақылау сұрақтары:
1.  Мезгілдік  қатынасты  білдіретін  іргелес  салалас  сөйлемдердің   тыныс
белгілеріне көркем шығармадан мысал теріңіз
2.Қарсылықты қатынасты білдіретін іргелес сөйлемдерге 5 мысал жазу
*Ұсынылатын әдебиеттер:
1.  Ақбұзауова, Б.  Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.-
Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(122-129бб.)
2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б.


      *Тақырып 6. Қарсылықтық  салалас  құрмалас  сөйлемдерді ұйымдастыратын
 жалғаулықтардың  қызмет ерекшелігі
Сабақтың  мақсаты:  Себептік   қатынасты   білдіретін,   шарттық   қатынасты
білдіретін, айқындауыш қатынасты, обьектілік қатынасты,   теңдік  қатынасты,
телінбе   компонентті    іргелес   салалас    сөйлемдердің    грамматикалық,
семантикалық сипатымен  таныса  отырып  тыныс  белгілерінің  қойылысына  мән
беру.
   *Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
   1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
   орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы
   2. Семинардың  алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы
   3.Семинар  сабағындағы  пікірталаста   қатысушылардың  ойларының  бірізге
   келуі тиіс.
   *  Бақылау сұрақтары:
1.  Себептік   қатынасты  білдіретін   іргелес  салалас  сөйлемдердің  тыныс
белгілеріне мысал келтіріңіз
2. Шарттық қатынасты білдіретін  іргелес салалас сөйлемдерге  5 мысал жазу
3. Айқындауыш қатынасты , обьектілік қатынасты   білдіретін  іргелес  салалс
сөйлемдердің   тыныс белгілеріне мысалдар жазу
      *Ұсынылатын әдебиеттер:
1.  Ақбұзауова, Б.  Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.-
Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(222-229 бб.)
2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б.
3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы ,
2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б.

      *Тақырып 7. Себептік, талғаулы салалас  құрмалас сөйлемдердің
ұйымдасуы, мағынасы
   *Сабақтың мақсаты: Қазақ тілінің  құрмалас  сөйлем  жүйесіндегі  сабақтас
құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты  мен  компоненттерінің  байланысу
амалдары, түрлерімен танысу.
   *Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
   1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
   орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы
   2. Семинардың  алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы
   3.Семинар  сабағындағы  пікірталаста   қатысушылардың  ойларының  бірізге
   келуі тиіс.
   *Бақылау сұрақтары:
1.Сабақтас құрмалас сөйлем проблемалары жайында баяндаңыз
    *Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ақбұзауова, Б.  Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы:
Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(222-226 бб.)
2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б.

      *Тақырып 8. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық белгілері.
    * Сабақтың мақсаты: Есімше,  көсемше,  өткен  шақ   көсемше,  келер  шақ
көсемше формалы етістік формаларының қатысуымен жасалған  сабақтас  құрмалас
сөйлемдер мен жатыс септіктегі  есім сөздердің   ұйымдастырылуымен  жасалған
құрмалас сөйлемдермен танысу.
   *Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
   1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
   орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы
   2. Семинардың  алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы
   3.Семинар  сабағындағы  пікірталаста   қатысушылардың  ойларының  бірізге
   келуі тиіс.
   *Бақылау сұрақтары:
1. Есімше, көсемше, өткен шақ  көсемше, келер шақ  көсемше  формалы  етістік
формаларының  қатысуымен  жасалған   сабақтас  құрмалас  сөйлемдерге  көркем
шығармадан  5 мысал жазу, талдау.
2.Көсемшенің -ғалы,-гелі  формаларының   сабақтас  құрмалас  сөйлем  жасауға
қатысуына көркем шығармадан 5 мысал жазу, талдау.
3.Қимыл атауы  формасындағы -ыс, -іс-с,-у  етістіктің  қатысуымен  құралатын
сабақтас құрмалс сөйлемдерге мысалдар жазу
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы
.–  Көкшетау, 2003.- 220 б.
2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б.
3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы ,
2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б.

   *Тақырып  9.  Сабақтас  құрмалас   сөйлемдердің   синтаксистік   жүйедегі
функциональдық орны.
   *Сабақтың мақсаты: Түркология мен қазақ тілі біліміндегі салалас құрмалас
сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектермен танысу.
   *Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
   1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
   орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы
   2. Семинардың  алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы
   3.Семинар  сабағындағы  пікірталаста   қатысушылардың  ойларының  бірізге
   келуі тиіс.
  *Бақылау сұрақтары:
1.Қазақ тілі біліміндегі А.Байтұрсыновтың «Тіл  құралы»  еңбегінің   240-254
беттерін  конспектілеу  (Байтұрсынов А. Бес томдық шығармалар жинағы.  –  3-
т. Тіл құралы.– Алматы: Алаш, 2005.- 352 б.).
   *Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы
.–  Көкшетау, 2003.- 220 б.
2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б.
3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы ,
2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б.

      *Тақырып 10  Сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің   теориялық  мәселелері.
Оларды зерттеуге арналған еңбектер.
   *Сабақтың мақсаты: Сабақтас құрмалас сөйлемдердің   грамматикалық  сипаты
мен  нақты танытатын  белгілерімен,  сабақтас  құрмалас  сөйлем  теориясының
проблемалары, байланысу амалдарымен танысу.
   *Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
   1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
   орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы
   2. Семинардың  алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы
   3.Семинар  сабағындағы  пікірталаста   қатысушылардың  ойларының  бірізге
   келуі тиіс.
   *Бақылау сұрақтары:
1.  Сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің   нақты  танытатын  белгілерін   жазып,
баяндаңыз
    *Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы
.–  Көкшетау, 2003.- 220 б.
2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б.
3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы ,
2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б.

        *Тақырып  11  Көп  компонентті  құрмалас  сөйлемдердің    құрылымдық
белгілері, түрлері, қызметі.
   *Сабақтың  мақсаты:  Түркология  мен  қазақ  тілі  біліміндегі   сабақтас
құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектермен танысу.
   *Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
   1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
   орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы
   2. Семинардың  алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы
   3.Семинар  сабағындағы  пікірталаста   қатысушылардың  ойларының  бірізге
   келуі тиіс.
*Бақылау сұрақтары:
1.Қазақ тілі біліміндегі А.Байтұрсыновтың «Тіл  құралы»  еңбегінің   240-257
беттерін  конспектілеу  (Байтұрсынов А. Бес томдық шығармалар жинағы. –   3-
т. Тіл құралы.– Алматы: Алаш, 2005.- 352 б.).
*Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы
.–  Көкшетау, 2003.- 220 б.
2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б.
3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы ,
2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б.

      *Тақырып 12. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің құрылымы,
функциясы жөніндегі  теориялық зерттеулер
   *Сабақтың мақсаты: Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің   грамматикалық,
семантикалық сипаты  мен  байланысуына  тән  ерекшеліктер,  компоненттерінің
арасында көрінетін  мағыналық қатынастарды айқындау.
   *Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
   1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
   орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы
   2. Семинардың  алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы
   3.Семинар  сабағындағы  пікірталаста   қатысушылардың  ойларының  бірізге
   келуі тиіс.
   *Бақылау сұрақтары:
1.Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдердің  компоненттерінің  арасында
көрінетін  мағыналық қатынастарды нақты мысалдармен түсіндіріңіз.
2.Көп компонентті құрмалас  сөйлемдердің   байланысуына  тән  ерекшеліктерді
нақты мысалдармен көрсетіңіз.
      *Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы
.–  Көкшетау, 2003.- 220 б.
2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б.
3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы ,
2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б.

   *Тақырып 13 Аралас құрмалас сөйлемдердің  грамматикалық сипаты
   *Сабақтың  мақсаты: Аралас құрмалас  сөйлемдердің   грамматикалық  сипаты
мен құрмалас  сөйлемнің  коммуникативтік  талапқа  сай  ұйымдасуы,  кірігуі,
инверцияға түсуін нақты мысалдармен дәлелдеу.
   *Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
   1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
   орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы
   2. Семинардың  алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы
   3.Семинар  сабағындағы  пікірталаста   қатысушылардың  ойларының  бірізге
   келуі тиіс.
   *Бақылау сұрақтары:
1. Құрмалас сөйлем   компоненттерінің  кірігуі,  инверцияға  түсуіне  көркем
шығармадан  5 мысал теру
2. Аралас құрмалас сөйлемге  көркем мәтіннен мысалдар жазу.
   * Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ақбұзауова, Б.  Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы:
Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(222-229 бб.)
2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б.
3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы ,
2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б.
      *Тақырып 14.  Құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  кірігуі,  инверсияға
түсуі. Құрмалас сөйлем  құрылысындағы ортақтасу.
   *Сабақтың мақсаты: Түркологиядағы  көп компонентті құрмалас сөйлемдер мен
 қазақ тілі біліміндегі   көп  компонентті  құрмалас  сөйлемдерді  зерттеуге
арналған негізгі еңбектермен таныс болу.
   *Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
   1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
   орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы
   2. Семинардың  алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы
   3.Семинар  сабағындағы  пікірталаста   қатысушылардың  ойларының  бірізге
   келуі тиіс.
   *Бақылау сұрақтары:
1.Қазақ тілінің  грамматикасы  еңбегінің  220-223  беттерін  конспектілеу  (
Қазақ тілінің грамматикасы. Синтаксис. –Алматы: Ғылым,  1967. – 240 б.)
    *Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ақбұзауова, Б.  Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы:
Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(289-299 бб.)
2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б.
3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы ,
2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б.

   *Тақырып 15. Қазақ тілі  құрмалас сөйлемдер  жүйесінің зерттелу тарихы.
   *Сабақтың мақсаты: Түркологиядағы   құрмалас  сөйлемдер  мен  қазақ  тілі
біліміндегі  құрмалас сөйлемдерді  зерттеуге  арналған  негізгі  еңбектермен
танысу.
   *Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
   1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
   орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы
   2. Семинардың  алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы
   3.Семинар  сабағындағы  пікірталаста   қатысушылардың  ойларының  бірізге
   келуі тиіс.
   *Бақылау сұрақтары:
1.Қазақ тілінің  грамматикасы  еңбегінің  147-168  беттерін  конспектілеу  (
Қазақ тілінің грамматикасы. Синтаксис. –Алматы: Ғылым,  1967. – 240 б. )
  * Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ақбұзауова, Б.  Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы:
Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(142-152 бб.)
2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана:
Фолиант, 2011.- 223 б.

      5  СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
      5.1 Студенттің өздік жұмысын өткізуге аранлаған әдістемелік нұсқау
      Студент «Қазіргі қазақ  тілінің  құрмалас  сөйлемі»  пәнінде  тәжірибе
жүзінде кең қолданылатын, әрі жан-жақты игерілген  тілді  талдаудың  негізгі
әдістерін білуі қажет. Ғылыми ой-өрісті қалыптастыруда тіл білімі  тарихының
ғылыми білім ретінде пайда болуы ерекше  роль  атқарады.  Лингвистика  ілімі
қазіргі  теорияның  тіл  білімі  ғылымының   әр   сатысындағы   философиялық
дүниетаныммен және ғылыми  методологиялық  таныммен  терең  байланысын,  тіл
теориясының  әр  түрлі  мектептерге,  бағыттарға  және  концепцияларға   тән
процестерге  тәуелділігін  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Лингвистика   ілімі
тарихы  әр  кезеңдегі  ғылым  алдына  қоятын   қоғамдағы   әлеуметтік-мәдени
шарттардың шектес ғылымдармен және олардың практикалық шешімдерімен  тікелей
байланысы постулатын түсінуге көмектеседі.
      Студенттің өздік жұмысының тақырыптары
      5.1 Құрмалас сөйлем  компоненттерін  байланыстыратын  амалдар,  оларды
сипатына қарай топтау.
      5.2 Ыңғайластық салалас  сөйлемдердің  коипоненттерін  байланыстыратын
жалғаулықтар.
      5.3   Қарсылықтық   салалас   құрмалас   сөйлемдерді    ұйымдастыратын
жалғаулықтардың қызмет ерекшелігі.
      5.4  Себептік салалас құрмалас сөйлемдердің ұйымдасуы, мағынасы
      5.5 Талғаулықтық салалас құрмалас сөйлемдердің ұйымдасуы, семантикасы.
      5.6 Тұрақты, ауыспалы іргелес салалас сөйлемдер.
      5.7 Салалас құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектер.
      5.8 Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық  белгілері  байланысу
амалдары.
      5.9 Сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің  грамматикалық  түрлері,  олардың
танылу принципі
      5.10  Сабақтас  құрмалас  сөйлемдерді   зерттеуге   арналған   негізгі
еңбектер.
      5.11Сабақтас құрмалас сөйлемдердің синтаксистік жүйедегі функционалдық
орны.
      5.12  Көп  компонентті  құрмалас  сөйлемдердің  құрылымдық  белгілері,
олардың түрлері қызметі.
      5.13   Көп  компонентті  құрмалас  сөйлемдердің  құрылымы,   функциясы
жөнінідегі теориялық зерттеулер.
      5.14  Салалас құрмалас сөйлемдер мен  сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің
функционалдық қарым-қатынасы.
      5.15 Қазақ тілі  құрмалас  сөйлемдер  жүйесінің  зерттелу  тарихы,  ол
зерттеулердің түркологиялық зерттеулермен байланысы.

      5.2 Реферат тақырыптары
      5.2.1   Сабақтас   құрмалас   сөйлемдердің    синтаксистік    жүйедегі
функционалдық орны.
      5.2.2  Көп компонентті  құрмалас  сөйлемдердің  құрылымдық  белгілері,
олардың түрлері қызметі.
      5.2.3   Көп  компонентті  құрмалас  сөйлемдердің  құрылымы,  функциясы
жөнінідегі теориялық зерттеулер.
      5.2.4  Салалас құрмалас сөйлемдер мен сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің
функционалдық қарым-қатынасы.
      5.2.5 Қазақ тілі құрмалас  сөйлемдер  жүйесінің  зерттелу  тарихы,  ол
зерттеулердің түркологиялық зерттеулермен байланысы.
      5.2.6 Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыратын  амалдар,  оларды
сипатына қарай топтау.
      5.2.7 Ыңғайластық салалас сөйлемдердің коипоненттерін  байланыстыратын
жалғаулықтар.
      5.2.8  Қарсылықтық   салалас   құрмалас   сөйлемдерді   ұйымдастыратын
жалғаулықтардың қызмет ерекшелігі.
      5.2.9  Себептік салалас құрмалас сөйлемдердің ұйымдасуы, мағынасы
      5.2.10   Талғаулықтық   салалас   құрмалас   сөйлемдердің   ұйымдасуы,
семантикасы.
      5.2.11 Тұрақты, ауыспалы іргелес салалас сөйлемдер.
      5.2.12  Салалас  құрмалас  сөйлемдерді  зерттеуге   арналған   негізгі
еңбектер.
      5.2.13  Сабақтас   құрмалас   сөйлемдердің   грамматикалық   белгілері
байланысу амалдары.
      5.2.14 Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық  түрлері,  олардың
танылу принципі
      5.2.15  Сабақтас  құрмалас  сөйлемдерді  зерттеуге  арналған   негізгі
еңбектер.















Пәндер