Файл қосу

Рефлекстерді тексеру



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
                                МИНИСТІРЛІГІ
       СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ       МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
      | |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты    |18.09.2013ж     |ПОӘК 042.18-24.1.03/03 2013|
| «Ветеринариялық         |№1 басылым      |                           |
|пропедевтика»            |                |                           |
|пәннің  оқу-әдістемелік  |                |                           |
|материалдары             |                |                           |









          5В120100- «Ветеринариялық медицина»  мамандығына  бойынша
               «Ветеринариялық пропедевтика» пәнніне арналған
                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР









































                                               Семей 2013


                                  Алғы сөз


      1ӘЗІРЛЕНДІ
             Құрастырғандар:   Тойкина   Г.Н.,   ветеринария    ғылымдарының
кандидаты,    Семей    қаласының    Шәкәрім     атындағы         мемлекеттік
университетінің «Ветеринариялық  медицина»  кафедрасының  профессоры  м.  а.

            Билялов  Е.Е.,    ветеринария   ғылымдарының   кандидаты   Семей
қаласының Шәкәрім   атындағы  мемлекеттік   университетінің  «Ветеринариялық
медицина» кафедрасының аға оқытушысы;
         Жайлаубаева А.Р., в.ғ. магистрі Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы
мемлекеттік   университетінің   «Ветеринариялық    медицина»    кафедрасының
оқытушысы              .

                                                           «28»  08  2013 ж.


            2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

      2.1 Семей  қаласының Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университетінің
«Ветеринариялық медицина» кафедрасының отырысында
«03» 09  2013 жыл, № 1 хаттама.

Кафедра меңгерушісі, профессор м.а.
Г.Тойкина


      2.2Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында

« 09 » 09     2013     жыл, № 1 хаттама


Төрайымы
             А. Тлеубаева


            3 БЕКІТІЛДІ


Университеттің  оқу-әдістемелік  кеңесінің  отырысында  шығаруға
мақұлданған  және  ұсынылған.
« 18 » 09   2013     жыл, №  1 хаттама






ОӘК төрайымы, ОӘЖ проректоры              Г. Искакова


      4 АЛҒАШҚЫ ЕНГІЗІЛУІ









                      Мазмұны

1.Глоссарий
2.Дәрістер
3.Тәжірибелік-практикалық сабақтар
4. Студенттердің оқытушылармен өздік  жұмысы
5.Студенттердің өздік жұмысы












































1.Глоссарий
- Семиотика – түрлі аурулардың белгілерін тексеру.
- Каротин(лат.carota- сәбіз) – каротин. Қызғылт-сарғыш пигмент.
- Скиология – көзбен зерттеу ғылымы.
- Диспепсия - жаңа туған төлдердің  асқорту және зат  алмасу  процестерінің
  өте жіті  түрде  бұзылуы  салдарынан  организмнің  сусызданып,  улануымен
  сипатталатын ауру.
- Аритмия – жүрек ырғағының бұзылуы.
- Сфигмограф – қозғалысты жазу үшін, сфигмотонограф – қысымды өлшеу.
- Фибография  (вена  пульсін  жазу)  –  флебограф  аспабы  арқылы  көк  қан
  тамырының соғуын жазу.
- Ауырғанда қызаруы - гиперемия немесе геморрагиялар атау ретінде алынады.
- Цианоз- көгеру атау ретінде алынады.
- Анемия - бозару атау ретінде алынады.
- Иктериялық - сарғаю атау ретінде алынады.
- Диспноэ - демігу–  тыныс  алудың  типі  мен  ырғағы,  тереңдігі,  жиілігі
  өзгеруімен жүретін қиындаған дем алумен сипатталады.
- Инспираторлы демігу – қиындаған дем алумен атау ретінде алынады
- Крепитация –  дем  алу  кезінде  естілетін  бір  текті  ұқсас  сытырлаған
  дыбыстар.
- Кеңірдекті нұқу - плегафония.
- Ринография- дем алу, дем шығару кезінде түзілетін ауа  ағының  қозғалысың
  жазу.
- Апатия(селқостық),немесе енжарлық, көніл- сіздік.
- Ступор (қатып қалу) мылқау ж/е мелшиіп қалуды айтады.
- Сопор- терең ұйқыға кету, ми қызметі бузылып, үнемі ұйқыға кету.
- Кома, немес талма












                         Ветеринариялық пропедевтика
                          (Дәрістің қысқаша  курсы)
                                 2.Дәрістер

                         Дәріс сабақтарының құрылымы

                             Тақырыбы: Кіріспе.
Жоспары:
   1. Кіріспе
   2. Қысқаша тарихи шолу
   3. Жалпы сақтандыру және емдеу негізі


Негізгі әдібиет:
1. М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.
Жануарлар ауруларының  клиникалық диагностика.  оқу құрал – Алматы, 2007
2.А.М.  Смирнов  и  др.   Клиническая  диагностика   внутренних   незаразных
болезней с/х  животных.
3. А.М. Смирнов  и  др.  Практикум  по  клинической  диагностики  внутренних
незаразных болезней с/х животных.
Қосымша әдібиет:
1.   Васильев А.В. Диагностика  внутрениих болезней домашних  животных
2. Зайцев В.И.  и др. Клиническая диагностика внутренних  болезней  домашних
животных.

   1. К І Р І С П Е

       Ветеринария  ғылымының  аурутану   бөлімінде   олардың   пайда   болу
себептерін,  сатыларын анықтау әдістерін, емдеу әрекеттерін және  сақтандыру
шараларын   жетілдіре    қағидалайды.     Жалпы    биологиялық,    аурутану,
зооинженерлік, агрономиялық  және  қоғамдық-экономикалық  ғылым  салаларымен
пәнаралық тығыз  байланыста  бола  отырып  мамандықты  қалыптастыратын  пән.
Пәннің  негізін  жалпы   биология,   биологиялық   химия,   физиология   мен
патофизиология, азықтандыру, фармакология, аурутану және  экономика  пәндері
құрайды.
      Мал дәрігерлерінің жұмысында малды аурудан сақтандыру  шаралары  басты
орын  алуы  тиіс.  Оның  негізі  ретінде  жалпы  биологиялық  заңдылықты   –
организмнің  біртұтастығын  ескеру.  Қандай  дерт   болмасын,   патологиялық
процеске жалғыз ауырған ағза  ғана  емес,  белгілі  бір  дәрежеде  басқа  да
ағзалар мен жүйелер қоса қатысады.
       Ауру  малды  нәтижелі  емдеп,  ойдағыдай   сақтандыру   үшін   ауруды
белгіленген  нақтылы  жоспар  арқылы,  жүйелі  түрде,  егжей-тегжейіне  жете
зерттеу қажет. Ондай жоспар төмендегідей болғаны жөн:
      Аурудың белгілерін анықтау үшін малды клиникалық тексеруден өткізу;
      Организм қызметінің өзгергенін  нақтылы  анықтау  үшін  лабораториялық
         зерттеулер жүргізу;
      Ауруды тудырған себептерді анықтау (этиология);
      Аурудың даму процесіне көңіл аудару (патогенез);
      Тексеру   барысында   анықталынған   ауру    белгілерін    (семиотика,
         симптомотология, синдроматика) талдау;
      Алынған нәтижелерге сүйене отырып аурудың диагнозын анықтау;
      Аурудың өту барысына сүйене готырып оған болжам жасау (прогноз);
      Ауруға ем тағайындау (терапия);
      Аурудан сақтандыру шараларын ұйымдастыру (профилактика).
2. ҚЫСҚАША ТАРИХИ ШОЛУ.
      Мал  емдеуден  жазбаша  ескерткіш  қалдырған  ерте  заманғы  египеттің
папирусы – Кахунский (біздің эраға дейінгі 2000 жыл шамасында).
      Аристотель (біздің эрамызға дейінгі 384-322 жж.) мал тарихына арналған
УІІІ-ші кітабында  ірі  қара  малдың  өкпесінің  қабынуын,  жылқыда  болатын
шаншуларды, сондай-ақ шошқа, есек, ит ауруларын жазған.
      Гректің, ветеринария  Гиппократы  аталған  көрнекті  ғалымы,  гиппиатр
(жылқы маманы) Абсирт  (ІУ  ғасыр)  малдың  жұқпалы  емес  ішкі  ауруларының
негізін салушы деп есептелінеді. Ол бүйрек қабынуы,  өкпе  эмфиземасы,  өкпе
гангренасы, жылқы шаншуы туралы мәлметтерді жазған.
      ХУІІ және ХУІІІ ғасырларда Россияда  қолжазба  ретінде  және  баспадан
"Қаладағы және  ауылдағы  оташы",  "Жылқыға  арналған  дәрілер  кітабы"  деп
аталатын оқу нұсқаулары және малды емдеу туралы кітаптар басылып шықты.
      1806 жылы Вилен  университетінде  ветеринария  кафедрасы  жұмыс  істей
бастады.
      1808 жылы Петербургтегі медициналық-хирургиялық академияда, 1811  жылы
осы академияның Москвадағы бөлімінде ветеринария бөлімшелері ашылды.
      1851 жылы Харьковте, 1873  жылы  Қазанда,  1876  жылы  Дерпте  (Тарту)
ветеринария институттары ашылды. Әрқайсысы жыл сайын  25-30  -дан  ғана  мал
дәрігерлерін дайындады.
      Қазақстанда бірінші  өлкелік  малдәрігерлік-бактериологиялық  институт
1925 жылы ашылды. Ол институт 1935  жылдан  бастап  Қазақтың  ғылыми-зерттеу
малдәрігерлік институты болып аталады.  Онда  1948  жылы  Қазақстан  бойынша
бірінші аспирантура ашылды.
      1930 жылы Алматының  зоотехникалық-малдәрігерлік институты ашылды. Бұл
институтта негізгі ғылыми бағыт пен орталықтар  топтастырыла  бастады.  Атап
айтқанда:  академиктер   Б.А.Домбровский,   Ф.М.Мұхаметғалиевтар   басқарған
морфологтар;   академик   Н.У.Базанова   басқарған   физиологтар;   академик
Я.И.Клейнбок  басқарған  терапевтер;  профессор   Б.П.Всеволодов   басқарған
патоморфологтар;  профессор  М.П.Орлов  басқарған   паразитологтар   топтары
өздерінің ғылыми  еңбектерімен  Қазақстанда  ветеринария  ғылымының  дамуына
елеулі үлестерін қосты.
      Қазақстанда  малдәрігерлік  ұйымдарды  құруға   ат   салысып,   ерекше
еңбектері сіңген мал дәрігерлері: В.Я.Бенкин,  А.П.Петровский,  У.Б.Базанов,
Т.Есенкулов,  Ш.Көсепғалиев  және  басқалар.  Кейінгі  кезде   Қазақстандағы
ветеринария ғылымын  дамытуға  көп  еңбек  сіңірген  ғалымдар:  К.И.Скрябин,
М.И.Иванов,    Я.И.Клейнбок,    А.Р.Әбішев,    К.Н.Бучнев,    З.К.Қожабеков,
Т.С.Минкин,    Н.Ж.Жанузақов,  Т.С.Сайдулдин,  Е.Ф.Дымко,  К.Б.Биашев   және
т.б.жатады.
      Қазірде жекелеген аймақтардың  геобиохимиялық  көрсеткіштерін  зерттеу
арқылы, кейбір минеральды заттардың жетіспеушілігінен немесе артық  болуынан
пайда болатын  аурулардың  алдын  алу  бағытында  көптеген  ғылыми  жұмыстар
жүргізілуде.
      Мал дәрігерлері мен әр саладағы ферма қызметкерлерінің алдында  тұрған
негізгі мақсат – малдың денсаулығы мен  өнімділігіне  жағымсыз  әсер  ететін
факторларды дер кезінде жоюға әрекет жасап,  олардың  өнімділік  мүмкіндігін
толық пайдалану. Осы мәселелерді шешу үшін және аурудың алдын алу  шараларын
жүйелі  түрде  жүргізуді  дұрыс  ұйымдастыру  үшін   үлкенді-кішілі   барлық
шаруашылықтарда диспансеризация уақытында өткізіліп отырылуы қажет.

                              ЖАЛПЫ ДИАГНОСТИКА

ТАҚЫРЫБЫ: Клиникалық тексерудің жоспары. Тіркеу  және  анемнез.  Жануарларға
жақындау ережелері  және  бекіту әдістері.Термометрия

      Жануарларды клиникалық тексерудің жоспары төмендегідей:
     1. Ауру малмен алдын -ала  танысу.  а)  тіркеу, б) анамнез.
     2. Өзіндік тексеру.
А) Жалпы тексеру.
      Габитусты анықтау.
      Көрінетін кілегей қабықтарды тексеру.
      Тері және тері туындыларын тексеру.
      Лимфа түйіндерін тексеру.
      Дене температурасын өлшеу.
Б) Арнайы  тексеру
     1) Жүрек-қан тамыр жүйесін  тексеру.
     2) Тыныс алу жүйесін тексеру.
     3) Асқорыту жүйесін тексеру.
     4) Зәр шығару және жыныс  жүйелерін  тексеру.
     5) Жүйке жүйесін тексеру.
В) Ерекше тексеру
      Физико-химиялық тексеру.
      Микроскопиялық тексеру.
      Бактериологиялық тексеру.
      Серологиялық тексеру.
      Аллергиялық тексеру.
        Клиникаға түскен жануарды  тіркеу. Тіркеу жұмыстары  жануар  иесінің
немесе  күтушілердің айтқан  мағлұматтарына, көрсеткен құжаттарына,  сонымен
қатар өзіндік тексеруге негізделіп жүргізіледі.
        Жануарлары   тіркеу   кезінде    амблуаториялық   журналға    келесі
мәліметтерді жазады:
      жануарлардың  түскен күні
      жануардың иесі
      иесінің немесе шаруашылықтың мекен-жайы
      жануардың түрі
      тұқымы (порода)
      жынысы
      жасы
      түсі және ерекше белгілері
      таза салмағы немесе өлшемдері
      10) жануардың лақап аты
        Күтуші адамнан ауру жануар туралы мәлімет жинау (анамнез).   Анамнез
екіге бөлінеді: 1) Anamnesis vitae, 2) Anamnesis  morbi.  Ауру  мал   туралы
мәлімет.
      Жануар ауырғанға дейінгі мәліметке келесі  сұрақтар  кіреді:  1)  шығу
тегі; 2) ұстау және күту жағдайы; 3) суару   және  азықтандыру  жағдайы;  4)
шарушылықтағы атқарылатын жұмысы.
      Жануар  ауырғаннан  кейін  мәліметтерге  келесі  сұрақтар  кіреді:  1)
жануар қашан және қандай жағдайда ауырды?
      2) аурудың қандай белгілері байқалды?
      3) жануарға кім және қандай емдік көмек көрсетті.
       Жануарларға жақындау ережелері  және  бекіту  әдістері.  Жануарлармен
жұмыс істегенде айқайлауға болмайды. Баяу  қозғалып,  ақырын  дауыстап  бару
керек.
      Жылқыға алдынан және біраз бүйір жағынан жақындаған жөн.  Жылқы  малын
ағаш  бұрауды үстіңгі ерніне немесе құлақ қалқанына  салу  арқылы  бекітеді.
Сонымен қатар, алдыңғы аяғын тізесінен бүктіріп  ұстаған  немесе  артқы  екі
аяғына тұсау салып қойған дұрыс.
      Ірі  қара малға адам ұстап тұрған бүйір жағынан бару  керек.  Бекітуді
мүйіздің ұшын бас бармақпен басып ұстау арқылы және мұрын аралық  шеміршекті
саусақтармен немесе арнайы қышқыштармен (Гарис  қышқышы,  Кумсиев  қысқышы),
тұмсық сақинасы арқылы жасайды.
      Түйеге абайлап алдыңғы аяғының маңына шеттен  жақындаған  жөн.  Түйені
арқан    ілгектен  артқы  аяқтарын    тұсау  арқылы,  ерніне  немесе   құлақ
қалқанына бұрау салу арқылы, жағын жүгеннің ұшымен байлау арқылы бекітеді.
      Қой мен ешкілерді мүйізден немесе мойнынан ұстау арқылы бекітеді.
      Иттерді жақтарын бинтпен орау арқылы бекітеді.
      Үй құсын қалыпты жағдайда ұстайды  да,  бір  қолмен  аяқтарын,  екінші
қолмен қанаттарын бекітеді.
      Әрбір студент  оқытушының бақылауы мен  жануарларға  жақындап,  оларды
бекітеді.
      Клиникалық тексерудің жалпы әдістермен танысу (көру, сипалау,  тыңдау,
нұқу, термометрия).
      Көру әдісі – тексерудің жай әдісі.  Бұл әдісті күндіз қолданады.  Көру
арқылы жануардың басын, мойнын, көкірек клеткасын,  ішін,  аяқтарын  алдымен
оң жақтан және сол жақтан, содан соң алды-артынан тексереді.
      Сипалау әдісі –  жануар  денесінің  бөліктерін  қолдың  жұмсақ,  жеңіл
қозғалыстарымен сипау арқылы жүргізіледі. Сипалау  беткі  және  терең  болып
бөлінеді.
      Беткі сипалау –терінің тексерілетін  бөлігіне  алақанды  қатты  басып,
терінің қызуын, ылғалдылығын, ауырсынуын анықтау үшін қолданылады.
      Терең сипалау – құрсақ қуысының  ішкі  мүшелерінің  көлемін,  пішінін,
конститутциясын және ауырсынуын тексеру үшін қолданылады.
      Нұқу әдісі- дененің тексеру керек  бөлігіне  күші  мен  ырғалы  бірдей
соққылар жасап, сол  жерден естілетін дыбыстар арқылы тексерілетін  мүшенің,
 қуыстың жағдайын анықтау  үшін  қолданылады.  Нұқу   тікелей  және   жанама
болып екіге бөлінеді.
      Тікелей нұқуды дене   бетіне тікелей саусақпен соққылар жасайды.
      Жанама нұқуды дене бетіне  тікелей  емес,  соққыларды  қатты  басылған
саусаққа немесе плессиметрге жасайды. Нұқу  дигитальды  нұқу  және  құралдар
арқылы  нұқу болып бөлінеді.
      Аускультация – мүшелерде түзілетін   дыбыстарды  тыңдау.  Аускультация
тікелей және жанама болып келеді.
       Тікелей  аускультацияда  жануар   денесіне  таза  бұл  (дәке)  жауып,
құлақты төсеп тыңдайды.
      Жанама  аускультацияда фонендоскоп, статескоп арқылы тыңдайды.
      Термометрия –максимальді  термометрмен жануардың  дене  қызуын  өлшеу.
Барлық   жануарларда   дене  қызуы  термометрді  тік  ішекке   салу   арқылы
өлшенеді. Құстардың қанатының астына салып өлшейді.

ТАҚЫРЫБЫ: Габитусты анықтау.  Тері  және  тері  асты  клетчаткасын  тексеру.



Габитусты анықтау

Габитус – малдың сыртқы түр тұлғасы. Оған  малдың  өзін  кеңістікте  ұстауы,
қоңдылығы, дене құрлысы, дене температурасы кіреді.

Дене  құрылымын  бағалағанда  оның  сүйектері   мен   бұлшықеттерінің   даму
дәрежесіне көңіл бөледі. Дене құрылымы мықты, әлсіз,  орташа  болуы  мүмкін.
Денсін кеңістікте ұстауы қалыпты және қалыпты емес (амалсыз) болуы мүмкін.

      Жылқы мен сиыр сау болса, көбінесе тұрып тұрады. Жылқы артқы  аяқтарын
кезек-кезек босатып, тек бір аяғымен тіреліп тұрады. Ірі  қара  малдар  төрт
аяғымен  бірдей  толық  тіреліп  тұрады.  Ал  азықтанған  соң  жатып   күйіс
қайырады. Қойлар да ірі қара мал сияқты жатып күйіс қайтарады.
      Ауру малдарда амалсыз тұру және жату мақсатсыз жүру байқалады. Амалсыз
тұру  плевритте, жіті эмфиземада, перикардитте байқалады. Амалсыз  жату  аяқ
ауруларында, төлдеуден кейінгі парезде, шошқалар температурасы  көтерілгенде
астына жайылған сабанға көміледі.
      Мақсатсыз  жүру,  қимылдау  мишық,  сопақша  ми   ауруларында,   құлақ
лабиринті ауырғанда байқалады.
      Дене қомақтылығы –  организмдегі  зат  алмасу  процессіне  және  дұрыс
уақытында қоректенуіне байланысты.  Қомақтылықты  жақсы,  орташа,  орташадан
төмен,  жаман немесе арық деп бөледі.
      Темперамент (мінез)  –  жануардың   сыртқы  орта  тітіркендіргіштеріне
жауап беру  жылдамдығы мен  дәрежесі.  Оны  жануардың  өзін  ұстауына  қарап
анықтайды. Жануардың көзіне, құлақ қозғалысына және  тітіркендіргішке  жауап
беру жылдамдығына байланысты сипаттайды. И.П. Павловтың  анықтағаны  бойынша
темперамент жоғарғы жүйке қызметіне байланысты төрт типке бөлінеді:
      Жоғарғы жүйке қызметінің күшті ұстамсыз қозғыш типі;
      Жоғарғы жүйке қызметінің күшті ұстамды, ширақ типі;
      Жоғарғы  жүйке қызметінің ұстамды баяу типі;
      Жоғарғы жүйке қызметінің  әлсіз типі.
      Конституция     -      организмнің      анатомиялық,     морфологиялық
ерекшеліктерінің    жиынтығы.   Н.П.   Кулешов,   Е.А.   Богданов    бойынша
конституцияның  төрт түрі  бар:  ірі,  нәзік,  тығыз  және  балбыр.  1)  Ірі
конституция – сүйектері ауыр, басы үлкен, терісі  қалың,  бұлшық  еті  жақсы
дамыған,  май ұлпасы нашар дамыған. Көп   қоректенеді, бірақ  өнімі  аз.  2)
Нәзік конституция- сүйектері жеңіл,  жіңішке,  басы  жеңіл,  мойны  жіңішке,
аяқтары жіңішке, ұзын болады. Терісі жұқа, сирек, қысқа, жіңішке   түктермен
жабылған. Бұлшық еті, май ұлпасы  нашар  дамыған.  Зат  алмасуы  интенсивті.
Темпераменті ширақ. 3)  Тығыз  конституция-  май  ұлпасының  жақсы  дамуымен
ерекшеленеді.  Басы  қалақты,  мойны  қысқа  денесі  қопақты,   дөңгеленген,
аяқтары қысқа болады. Қозғалысы баяу болып келеді.
      Таза конституция сирек кездеседі. Жиі олардың  қосындысы  болады.  Ірі
қара   малдарда  жұмысқа  бейімделген  болса,  ірі  конситутция  мен   тығыз
консититуцияның қосындысы, ет тұқымды  жануарларда нәзік  конституциялы  мен
болдыр    конситутцияның   қосындысы,   сүт   тұқымды   жануарларда    нәзік
конституциялы мен тығыз конситутциялы қосындысы болып келеді.
       Жылқы, сиыр,  қойдың  өзіндік  тексеру  бойынша   габитусын  анықтау.
Нәтижесін оқытушыға тексерту.

                   Тері және тері асты клетчатканы тексеру

Тері және тері астындағы клетчатканы көру және  сипалау   арқылы  тексереді.
Кейде   нұқуды    пайдаланады.   Паразиттік   және   инфекциялық   ауруларда
микроскоптық әдісті қолданады.  Алдымен  терінің  физикалық  жағдайын  (тері
қабының, құстың қауырсындарының жағдайын, тері түсін,    ылғалдығын,  иісін,
қызуын   және    иілгіштігін),   ал   содан   кейін   терінің   патологиялық
өзгерістерін (ісік, қабыну, эмфизема),  бүтіндігінің бұзылуын тексереді.


               Терідегі   болуы мүмкін патологиялық өзгерістер

Мұнда тері көлемінің ұлғаюы- қабынулар, тері асты клетчатканың   эмфиземасы,
элефантиазис жатады.  Тері  бөртпелері  біріншілік   болып  және   екіншілік
болып бөлінеді. Біріншілік бөртпелерге – дақ, төмпешік,   күлдіреуік  немесе
күлдіреу жатады. Екіншілік бөртпелерге – қабыршық,   қыртыс, эрозия  жатады.
Екіншілік бөртпелер біріншілік бөртпелерден  түзіледі.  Тері    бүтіндігінің
бұзылуына – сызат,  жарылу,  жарақат,  ойық  жара,  шіру,  тері  жарасы  мен
тыртықтар жатады.


ТАҚЫРЫБЫ: Көрінетін кілегей қабықтарды және беткі лимфа түйіндерін  тексеру.



Жұмысты ажырату әдістемесі

  1. Жануарлардың (жылқы, сиыр, қой, қоян)  конъюнктивасының  және  кілегей
қабаттарының  түсіне,  ылғалдығына,  ісінулеріне  және  түзілістердің   бар-
жоқтығына назар аудару.

      Сау  малдарда  кілегей  қабаты  қызғылт  түсті,  қалыпты  ылғалданған,
ісінулер  мен   түзілістерсіз  болу   керек.   Жылқылардың    танау   аралық
пердесінің  кілегей   қабатының   түсі  көкшіл  болады.  Ауруларда   кілегей
қабаттар өзгереді. Қан кетуде кілегей қабаттары ақшыл  түсті  болып  кетеді.
Пневмонияда, жүрек мүкісі, қызба, қозу кезінде кілегей қабаттарының  қызаруы
байқалады. Сары ауру,  инфекциялық  анемияда  кілегей  қабаты  сарғыш  түсті
болады.  Кілегей  қабаттарының  домбығуы  қабынуларда  байқалады.   Үлкейген
конъюнктива көз  саңылауынан   қызыл  валик  тәрізді  қатпар  түрінде  шығып
тұрады. Ол инфлюэнца, жұғымтал ала өкпе, оба  ауруларында кездеседі.
      Кілегей қабаттарында ақ және сұр  түсті  түзілістер  болады.  Асқорыту
трактісінің ауруларында   ақшыл-сұр түсті   түзіліс  байқалады.  Жылқылардың
энфлюэнца ауруында конъюнктивада фиброзды түзілістер пайда болады.
      Кілегей  қабаттарының   секрециясының  көбеюі  қабынуларда  байқалады.
Конъюнктивалық  қап,  ауыз,  танау  және  қынап   ауруларымен   сипатталады.
Ағындылар сірлі, кілегейлі, іріңді т.б. болады.
      2. Дені сау жылқы, сиыр, қойдың лимфа түйіндерін және  ауру  малдардың
лимфа түйіндерін тексеру.
      Көру  және  сипалау  арқылы  лимфа  түйіндердің  көлеміне,   пішініне,
тығыздығына,  қозғалғыштығына  және  лимфа  түйінін  жауып  тұрған   терінің
қызуына назар аударады. Жылқыларда жақ асты, тізе  қатпары  және  шап  лимфа
түйіндерін  тексереді.
      Ірі қара малдарда және ұсақ малдарда  жақ  асты,   жаурын  алды,  тізе
қатпары және желін үсті лимфа түйіндерін  тексереді.   Түйелерде  жақ  асты,
жоғары және төменгі   мойын,  жаурын  алды,  тізе  қатпары  және  шап  лимфа
түйіндерін тексереді.шошқаларда лимфа түйіндерін сипап табу өте қиын,  бірақ
оларды  жұтқыншақ арты  безі  міндетті  түрде    тексеріледі,  өйткені  олар
туберкулез,  сібір  жарасы  кезінде  зақымдалады.  Иттерде,  мысықтарда  шап
бездерін, ал құстарда төменгі  мойын бездерін тексереді.
      Ауруларды (лейкоз, туберкулез, сақау  және  т.б.(  лимфа  түйіндерінің
ісінуі мен үлкеюі байқалады.
      3.  Әрбір  студент  жылқы,  қой,  сиырдың  дене   қызуын   максимальді
малдәрігерлік термометрді тік  ішекке,  ал  құстарда  клоакоға  салу  арқылы
өлшейді. Дене  қызуын   өлшегенге  дейін  термометр  дезинфекциялық  ертінді
құйылған сауытта тұрады. Дене  қызуын  өлшеу  алдында  термометрге   вазелин
жағады, түсіп қалмау үшін арнайы құрал арқылы құйрық түбіне қыстырып  қояды.
Дене қызуын жұмыс дәптеріне жазып алу керек.
      Қызба. Патологиялық тітіркендіргіштердің әсеріне ағзаның  жалпы  жақсы
жауап беруі, ал жылу  түзілудің бұзылуымен және дене  қызуының  көтерілуімен
және дене  қызуының көтерілуімен  сипатталады. Қызбалық  процесте  қалтырау,
асқорыту, тыныс алу, жүрек-қантамыр  жүйелері мүшелерінің,  жүйке  жүйесінің
өзгерістері байқалады.
      Дене  қызуының  көтерілу  дәрежесіне  байланысты  қызба   төмендегідей
бөлінеді:
      1) субфибрильді (1° жоғарылауы);
      2) Фибринді (2°  жоғарылауы);
      3) Перитикалық ( 3° жоғарылауы);
      4) Гипер перитикалық  (3°ары қарай жоғарылауы);
Қызба түрлері:
      Эфимерлік және өткінші:
      Тұрақты;
      Әлсіздендіргіш;
      Аралық;
      Қайталанбалы;
      Антиптік;
      Арықтандырғыш
Қызба ауруын емдеудің үш кезеңі:
      Дене қызуының  жоғарылау кезеңі;
      Дене қызуының ең қатты  жоғарылау кезеңі;
      3) Дене қызуының төмендеуі, ол литикалық және критикалық болады.
      4. Оқытушы берген мәлімен бойынша  студенттер  дене  қызуының  қисығын
құрады да, қызба түрін және ол қай ауруды кездесетінін анықтайды.

      Гипотермия – дене қызуының қалыпты жағдайдан төмендеуі. 1°  төмендеуді
субнормальді деп  атайды.  Дене  қызуының  ең  тез  төмендеуі  талу  кезінде
байқалады. Дененің қызуының  2°  төмендеуін  қалыпты  талу  дейді,  ал  3-4°
төмендеуін альгидтік талу деп атайды.

      Әрбір студент оқытушы берген мәлімет  бойынша  дене  қызуының  әртүрлі
төмендеуімен сипатталатын қызба қисығын салады.

ТАҚЫРЫБЫ:  Жануарлардың мінез-құлқын,  бас  сүйегін,  омыртқа  жотасын  және
сезім мүшелерін тексеру.
  Тексеру техникасы. Жануарлардың бассүйегі мен  омыртқа  жотасын  тексеру.
Қарау арқылы бассүйектің  пішіні  мен  көлеміне,  бассүйектің  болуы  мүмкін
деформацияларына назар аударады.  Сипалау арқылы  жергілікті  температураның
өзгеруін (менингитте, инфекциялық энцефалитте жоғарлайды),  ауырсынуын  (қой
айналмасы, эхинококкоз, ми ісігі) және сүйек ұлпасының  жағдайын  анықтайды.
Нұқу арқылы перкуссиялық дыбыстың  өзгерістері  бар,  жоғын  анықтау  керек.
Омыртқа жотасын тура  жоғарыда  айтылған  әдістерімен  тексереді,  нәтижесін
жұмыс дәптеріне жазады.

  Сезім мүшелерін тексеру.көру  аппаратын тексеру. Қабықты,  коньюнктиваны,
мүйізді  қабықты,  қарашықты  және  торлы  қабықты  қарау  арқылы  тексеріп,
қабақта  инфильтрациясының   қарашықтың   кішіреюінің,   мүйізді    қабықтың
қабынуының торлы қабықтың лайлануының бар, жоғын т.б.  анықтайды.  Жануардың
табиғи және жасанды бөгеттерден қалай өтетіндігін тексеру керек.

  Есту аппаратын тексеру. Көру арқылы жануардың дыбысты қабылдауына  (лақап
атын айтқанда, шапалақтағанда)  назар  аударады.  Сау  жануарларда  естуінің
белгісі-құлағын қозғалтуы,  тынышсыздану,  қозу,  шошыну  болып  есептеледі.
Тексеру  кезінде  гиперэстезия  мен   гипоэстезияның   бар-   жоғына,   есту
қабілетіне назар аудару керек.

  Иіс сезу мүшесін тексеру. Жануардың көзін орамалмен  байлау  арқылы  көру
аппаратының жұмысын тоқтатады.  Көру  арқылы  жануардың  әртүрлі  азықтардың
иісін сезуіне  және  мүсәтір  спиртінің  иісіне,  реакциясына  назар  аудару
керек. Жануарға азық пен мүсәтір спиртін, әртүрлі  қашықтықта  апару  керек.
Иіс  сезу  мүшесі  қалыпты  болса,  онда  жануар   бірінші   азықты    жеуге
ұмтылады, сол кезде мүсәтір спиртінің  иісін сезсе алшақтап кетеді.

  Тері  сезімталдығын  тексеру.  Ауруға   сезімталдығын   тексеру.   Жануар
денесінің әртүрлі бөлігіндегі теріге иненің ұшын  пісу  арқылы  оның  ауруға
сезімталдығын тексереді. Бұл кезде рефлекстен босату үшін тексерілетін  тері
аймағының  үстіне  қолды   қойып  тұрады.  Сау   жануарлар   тынышсызданады,
бұлшықеттерін жиырады, құлағын қозғалтады.

  Тактильді сезімталдықты тексеру. Орамалмен жануардың көзін жауып,  шоқтың
аймағындағы жүнге  ауамен  немесе  жіңішке  қылқаламмен  әсер  еткенде,  сау
жануарлар  тері  асты  бұлшық  еттің  жиырылуымен,  тынышсызданып,   құлағын
қозғалтып, басын бұрып жауап береді.


ТАҚЫРЫБЫ:  Жануарлардың мінез-құлқын,  бас  сүйегін,  омыртқа  жотасын  және
сезім мүшелерін тексеру.
Жоспары:
1.Жануарлардың мінез-құлқын
2.Бас сүйегін,
3.Омыртқа жотасын
4. Сезім мүшелерін тексеру.
5. Рефлекстерді тексеру.

6. Қимыл жүйесін тексеру

Рефлекстерді және қимыл жүйесін тексеру.

  Рефлекстерді тексеру.

  Жануардың рефлекстерін тексергенде оның  2  көзін  орамалмен  жауып  нұқу
балғашығының сабымен терісіне  тиіп,  оның  жауап  реакциясын  қарайды.  Сау
жануарларда тері асты бұлшық  еттің  жиырылуы,  құйрығын  артқы   аяқтарының
арасына кіргізуі, сыртқы сфинктердің  жиырылуы  т.б.  болады.  Рефлекстердің
әлсіреуі  немесе  жоғалуы,   күшеюі    немесе   қатуы,   оның   патологиялық
өзгерістері болып табылады. Осы әдістемені пайдаланып,  келесі  рефлекстерді
тексеріңіздер.

  Беткейлі рефлекстер:

      Шоқтық рефлекс.
      Құрсақ рефлексі (алдыңғы, ортаңғы, артқы).
      Құйрық рефлексі.
      Аналь тесігінің рефлексі.
      Тұяқтың рефлексі.
      Кремастер рефлексі (еркек жануарларда).
      Кілегей қабаттарының рефлекстері.

1. Кеңіредектің алдыңғы сақиналарын басқанда пайда болатын жөтелу  рефлексі.


2.  Мұрынның кілегей  қабатын  тітіркендіргенде  болатын  түшкіру  рефлексі.

3. Корнеалдық  рефлекс-көздің  мүйізді  қабатына  жұмсақ  затпен  тигізгенде
байқалады.
Тереңдік рефлекстер:
1. Тізе рефлексі -   тізе  ұршығының  тік  байланысынан  балғашықпен  ақырын
соққы жасағанда  байқалады.
2. Ахиллов рефлексі – ахиллов сіңірінен балғашықпен ақырын  ұрғанда  болады.

Қимыл жүйесін тексеру
1. Көру, сипалау  арқылы  дененің,  аяқтарының  және  бұлшық  ет  топтарының
бұлшық еттерінің напряжениесін аықтау.  Гипотония  мен  гипертонияның   бар,
жоқтығына назар аудару керек.
2.   Көру арқылы  жануардың жүрісіне, жүру кезінде  қатысатын  бұлшық  еттер
мен мүшелерге назар аудару қажет. Статситикалық және динамикалық  атаксияның
 бар-жоқтығына назар аудару.
3.  Жүректің  артқы  шекарасы,  бауыр,  қабырға  асты  және  омыртқа  жотасы
аймағын  нұқу арқылы  бұлшық  еттердің  жоғары  қозғалғыштығын  анықтау.  Ол
кезде ауырсыну, тынышсыздану,   ыңырсу байқалады.
      4.  Көру  арқылы  жануарда  салдануының,  гиперкинез,   тремор,   тик,
мүшелердің тартылуының бар-жоқтығына назар аударады.



      Тақырыбы: Жүйке жүйесін зертеу. Жүйке ауруларының негізгі белгілері
      Жоспары:
1. Сезім мүшелерін тексеру.

2.Рефлекстерді және қимыл жүйесін тексеру.

3.Вегетативті жүйке жүйесін тексеру.

4. Захарыш – хеда зоналары (бөліктері).

4. Жануарлардың мінез-құлқын, бас сүйегін, омыртқа жотасын ауру белгілірі.

Негізгі әдібиет:
1. М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.
Жануарлар ауруларының  клиникалық диагностика.  оқу құрал – Алматы, 2007
2.А.М.  Смирнов  и  др.   Клиническая  диагностика   внутренних   незаразных
болезней с/х  животных.
3. А.М. Смирнов  и  др.  Практикум  по  клинической  диагностики  внутренних
незаразных болезней с/х животных.
Қосымша әдібиет:
1.   Васильев А.В. Диагностика  внутрениих болезней домашних  животных
2. Зайцев В.И.  и др. Клиническая диагностика внутренних  болезней  домашних
животных.



      Тексеру техникасы. Жануарлардың бассүйегі мен омыртқа жотасын тексеру.
 Қарау арқылы бассүйектің пішіні  мен  көлеміне,  бассүйектің  болуы  мүмкін
деформацияларына назар аударады.  Сипалау арқылы  жергілікті  температураның
өзгеруін (менингитте, инфекциялық энцефалитте жоғарлайды),  ауырсынуын  (қой
айналмасы, эхинококкоз, ми ісігі) және сүйек ұлпасының  жағдайын  анықтайды.
Нұқу арқылы перкуссиялық дыбыстың  өзгерістері  бар,  жоғын  анықтау  керек.
Омыртқа жотасын тура  жоғарыда  айтылған  әдістерімен  тексереді,  нәтижесін
жұмыс дәптеріне жазады.

Сезім мүшелерін тексеру.Kөру   аппаратын  тексеру.  Қабықты,  коньюнктиваны,
мүйізді  қабықты,  қарашықты  және  торлы  қабықты  қарау  арқылы  тексеріп,
қабақта  инфильтрациясының   қарашықтың   кішіреюінің,   мүйізді    қабықтың
қабынуының торлы қабықтың лайлануының бар, жоғын т.б.  анықтайды.  Жануардың
табиғи және жасанды бөгеттерден қалай өтетіндігін тексеру керек.

Есту аппаратын тексеру. Көру арқылы  жануардың  дыбысты  қабылдауына  (лақап
атын айтқанда, шапалақтағанда)  назар  аударады.  Сау  жануарларда  естуінің
белгісі-құлағын қозғалтуы,  тынышсыздану,  қозу,  шошыну  болып  есептеледі.
Тексеру  кезінде  гиперэстезия  мен   гипоэстезияның   бар-   жоғына,   есту
қабілетіне назар аудару керек.

Иіс сезу мүшесін тексеру.  Жануардың  көзін  орамалмен  байлау  арқылы  көру
аппаратының жұмысын тоқтатады.  Көру  арқылы  жануардың  әртүрлі  азықтардың
иісін сезуіне  және  мүсәтір  спиртінің  иісіне,  реакциясына  назар  аудару
керек. Жануарға азық пен мүсәтір спиртін, әртүрлі  қашықтықта  апару  керек.
Иіс  сезу  мүшесі  қалыпты  болса,  онда  жануар   бірінші   азықты    жеуге
ұмтылады, сол кезде мүсәтір спиртінің  иісін сезсе алшақтап кетеді.

Тері сезімталдығын тексеру. Ауруға сезімталдығын тексеру.  Жануар  денесінің
әртүрлі  бөлігіндегі  теріге   иненің   ұшын   пісу   арқылы   оның   ауруға
сезімталдығын тексереді. Бұл кезде рефлекстен босату үшін тексерілетін  тері
аймағының  үстіне  қолды   қойып  тұрады.  Сау   жануарлар   тынышсызданады,
бұлшықеттерін жиырады, құлағын қозғалтады.

Тактильді сезімталдықты тексеру. Орамалмен  жануардың  көзін  жауып,  шоқтың
аймағындағы жүнге  ауамен  немесе  жіңішке  қылқаламмен  әсер  еткенде,  сау
жануарлар  тері  асты  бұлшық  еттің  жиырылуымен,  тынышсызданып,   құлағын
қозғалтып, басын бұрып жауап береді.

Рефлекстерді тексеру.

Жануардың  рефлекстерін  тексергенде  оның  2  көзін  орамалмен  жауып  нұқу
балғашығының сабымен терісіне  тиіп,  оның  жауап  реакциясын  қарайды.  Сау
жануарларда тері асты бұлшық  еттің  жиырылуы,  құйрығын  артқы   аяқтарының
арасына кіргізуі, сыртқы сфинктердің  жиырылуы  т.б.  болады.  Рефлекстердің
әлсіреуі  немесе  жоғалуы,   күшеюі    немесе   қатуы,   оның   патологиялық
өзгерістері болып табылады. Осы әдістемені пайдаланып,  келесі  рефлекстерді
тексеріңіздер.

Беткейлі рефлекстер:

Шоқтық рефлекс.
Құрсақ рефлексі (алдыңғы, ортаңғы, артқы).
Құйрық рефлексі.
Аналь тесігінің рефлексі.
Тұяқтың рефлексі.
Кремастер рефлексі (еркек жануарларда).
Кілегей қабаттарының рефлекстері.

1. Кеңіредектің алдыңғы сақиналарын басқанда пайда болатын жөтелу  рефлексі.



2.  Мұрынның кілегей  қабатын  тітіркендіргенде  болатын  түшкіру  рефлексі.


3. Корнеалдық  рефлекс-көздің  мүйізді  қабатына  жұмсақ  затпен  тигізгенде
байқалады.

Тереңдік рефлекстер:

1. Тізе рефлексі -   тізе  ұршығының  тік  байланысынан  балғашықпен  ақырын
соққы жасағанда  байқалады.

2. Ахиллов рефлексі – ахиллов сіңірінен балғашықпен ақырын  ұрғанда  болады.


Қимыл жүйесін тексеру

1. Көру, сипалау  арқылы  дененің,  аяқтарының  және  бұлшық  ет  топтарының
бұлшық еттерінің напряжениесін аықтау.  Гипотония  мен  гипертонияның   бар,
жоқтығына назар аудару керек.

2.   Көру арқылы  жануардың жүрісіне, жүру кезінде  қатысатын  бұлшық  еттер
мен мүшелерге назар аудару қажет. Статситикалық және динамикалық  атаксияның
 бар-жоқтығына назар аудару.

3.  Жүректің  артқы  шекарасы,  бауыр,  қабырға  асты  және  омыртқа  жотасы
аймағын  нұқу арқылы  бұлшық  еттердің  жоғары  қозғалғыштығын  анықтау.  Ол
кезде ауырсыну, тынышсыздану,   ыңырсу байқалады.

4. Көру арқылы жануарда салдануының,  гиперкинез,  тремор,  тик,  мүшелердің
тартылуының            бар-жоқтығына             назар             аударады.


      Вегативті жүйке жүйесін тексеру

Малдәрігерлік тәжірибеде вегативті жүйке  жүйесінің  жағдайын  анықтау  үшін
арнайы рефлекстер әдістемесі қолданылады.  Бұл мақсатта жануардың 30  секунд
ішінде жүрек соғуын санайды. Содан  соң  Шатала  аппаратын  қолданып  немесе
қолмен көз алмасына сынап бағанасы бойынша 20-30 мм қысым түсіру арқылы көз-
жүрек рефлексін түзеді. Құлақ – жүрек рефлексінде Шатала динамаметрін  құлақ
негізіне қойып немесе жылқылар үшін қозғыштық типті- 20  кг,  қозғалғыш  –25
кг, инертті –30 кг қысым  күшін  түзу  үшін  бұрау  салады,  сол  кезде  бір
уақытта 30 секунд  ішіндегі  жүрек  рефлексін  анықтағанда   үстіңгі  ерінге
бұрау салып,  жүрек  соғуын  санайды.  1  минутта  4  реттен  аз  соқса,  ол
жануардың   вегатоникалық  жағдайда  екенін,  ал  4  реттен  көп  соқса,  ол
жануардың симпатикотоникалық жағдайда екенін білдіреді.

Захарыш-Хеда зоналарын (бөліктерін) тексеру.

Захарыш-  Хеда  зонасы  –  ішкі  мүшелердің   аурулары   кезіндегі   терінің
сезімталдығы жоғарылаған  бөліктерін анықтау.

Сезімталдығы  жоғары  бөліктердің  клиникалық  сипаттамасы.  Сезімтал  бөлік
аймағын  ақырын  басқанда  немесе  нұқығанда  ауру  малда  терінің  ауырсыну
реакциясы  (гиперестезия)   болады.   Жоғары    сезімталдық   бұлшық   еттің
жиырылуымен,   тердің   көп   бөлінуімен,   ыңырсумен,   арқасын    бүгумен,
тексерушінің қолынан қашқалақтаумен сипатталады.

      Күн  тию,  күн  өту,  күнсу  –  Heliosis.  Күн  сәулесіндегі   әсіресе
инфрақызыл сәуленің малдың бас сүйегіне тікелей әсер етуінен бас ми  қабының
қызуымен сипатталатын ауру.
      Жылқы мен ұсақ малдар жиі ауырады.
      Клиникалық белгілері. Ауру мал әлсіз, аздап қозғандық байқалады. Тыныс
алуы жиі, тершең. Жүрісі  шатқаяқтанған.  Бұлшық  еттерінің   тонусы  нашар,
кілегей қабықтары  көгерген;  жүрек,  тыныс  алу  жүйелерінің  қызметтерінің
жеткіліксіздіктерінің  белгілері  білінеді.  Комалық   жағдайда   ауру   мал
құлайды, рефлекс жоқ; зәр, нәжіс бөлу еріксіз жүріп жатады.
      Ауруды  індетті  жіті  аурулардан,  уланулардан,  жыланның  шаққанынан
ажырата білу керек.
      Ыстық соғу  –  Hypertherrmia  –  Ыстықтың  жалпы  ортанизмге  әсерінен
орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен сипатталатын ауру.
      Шошқа мен жылқыларда жиі кезедседі.
      Клиникалық белгілері. Аурудың барысы жіті түрде. Бастапқыда  ауру  мал
қозып,  тынышсызданады.  Көзінің  қарашығы  үлкейген,   шөлдегіш,   терлегіш
келеді. Дене қызуы көтерілген, дем алысы жиі, жүрек түрткісі  қатты,  екінші
сазы да қатты естіледі. Рефлекстер, сыртқы ортаның әсерлеріне  реакция  жоқ.
Кілегей қабықтары көгерген. Мойын көк тамыры қанға толып, білеуленген,  өкпе
ісінген. Комалық жағдайда ауру мал өліп кетуі мүмкін.
      Ми қарыншақтарына  сұйықтың  жиналуы  –  Гидроцефалия  –  Оглум  –  ми
қарыншақтарында ликвордың  жиналып,  ми  құрлысының  семуімен  сипатталатын,
жылқыларда жиі кезедесетін созылмалы ауру.
      Клиникалық белгілері. Ауру мал тез шаршағыш келеді. Рефлекстері төмен,
ессіз терең ұйқыға  кеткені  байқалады.  Алынған  азық  ұзақ  уақыт  аузында
қалады. Ауру мал алдыңғы аяқтарын  айқастырып  қойғанда  сол  қалпында  тұра
береді.
      Емдеу  айтарлықтай  нәтиже  бермейді.  Сондықтан  ондай   ауру   малды
уақытында шығысқа шығарып тастаған жөн. Уақытша малды ұстай тұру үшін  жүрек
жұмысын  жақсартатын  дәрілерді:  глюкоза,  хлорлы  кальций;  зәр   айдайтын
дәрілерді ұсынуға болады.
   2.Организмге стимуляциялық функциясы (Стресс, оның синдромдары)
        Стресс, оның синдромдары (Stress – ағылшынша - күш салу, зорлау)  –
организмге аса бір ерекше тітіркендіргіштің- стрессорлардың әсерінен  ондағы
бейімделу процесі ретінде гуморальды, неврогенді өзгеру  комплексінің  пайда
болуы.
      Стрессорлық жағдай бірқатар клиникалық, морфологиялық,  гематологиялық
өзгерістермен сипатталады. Онда болатын негізгі өзгерістер:  малдың  халінің
нашарлауы, әлсіреуі,  тершеңдік,  дене  қызуының  төмендеуі,  қан  қысымының
жоғарлауы, бұлшық еттерінің жирылуының нашарлауы; жүрек, ми, қан  тамырлары,
ас  қорыту  жүйелерінің  қызметтерінің  бұзылуы;  тимус,   көкбауыр,   лимфа
бездерінің  өлі  еттенуі;  асқазан  мен  ішектердің   кілегей   қабықтарының
қанталауы; қандағы  эозинофилдер  мен  лимфоциттердің,  бүйрек  бездері  мен
гипоталамустың гормондарының азаюы байқалады.
      Аса  бір  ерекше,  күшті   тітіркендіргіштің   әсерінен   организмдегі
гомеостаз  –  тұрақтылық  процесі  өзгереді.  Ол  өзгерістің  ұзақтығы   мен
тереңдігі стрессордың күшіне байланысты.
      Организмге стрессор әсер еткенде онда жалпы адаптациялық синдром пайда
болады (ЖАС). Оны 3 сатыға бөлуге болады:
      1. Қамдану сатысы 2 күнге созылуы мүмкін. Ол үшін организмдегі глюкоза
         мен гликогеннің ыдырауынан туындайтын энергия  қоры  пайдаланылады.
         Орталық нерв жүйесі, эндокрин механизмі, симпатикалық жүйе белсенді
         түрде  болып,  жүректің,  қан   тамырларының,   бүйрек   бездерінің
         (катехоламиндер,   адреналин,   норадреналин    босап    гликогенді
         пайдаланады) жұмыстарын жақсартады. Гипофиздің гормондары  бөлініп,
         қандағы глюкозаның  деңгейін  арттырады.  Бұл  сатыда  организмдегі
         өзгерістерді физиологиялық қалыптылыққа келтіруге болады.
      2. Резистенттік-адаптациялық сатысы  бірнеше  жұмаға  созылады.  Жүйке
         жүйесі мен гуморалды реакция; клиникалық, биохимиялық  көрсеткіштер
         қалыптасады. Организмнің стрессорға  қарсы  тұру  қабілеті  қалыпты
         жағдайдағыдан жоғары. Ол организмнің резистенттілігіне байланысты.
      3. Әлсіреу, қалжырау, жүдеу сатысы  күшті  стрессор  ұзақ  уақыт  әсер
         еткенде болады. Стресстің негізгі белгілері анық білінеді. Мал өлім-
         жітімге ұшырауы да мүмкін.
      Стресстің бұл  келтірілген  сатыларын  тек  үлгі  ретінде  пайдалануға
болады.  Ал  нақтылы  организмнің  резистенттілігіне,   стрессордың   күшіне
байланысты, әрбір шаруашылықтарда әртүрлі болып кездесуі сөзсіз.
      Жалпы  стресстің  біртұтас  алынған  жіктелуі  жоқ.  Малдәрігерлерінің
тәжірибесінде оның себептеріне байланысты жіктеуді қолданған  дұрыс  сияқты.
Ол  бойынша:  транспортты-тасымалдау;  технологиялық  –  малды   күтіп-бағу;
ауырсынғандық;  ауа   райына   байланысты;   вакцина   жасауға   байланысты;
температураға  байланысты;  малдың  қозғалмай,  бір  орнында  тұрып  қалуына
байланысты; жылқы, ит,  маймылдарда   көңіл-күйге  (эмоционалды)  байланысты
т.б. түрлерін ажыратуға болады.
      1.  Транспортты-тасымалдау  стрессі.  Малдарды  тасымалдау   кезіндегі
         ережелерді бұзудан болатын стресс. Бірнеше стрессорлар әсер  етеді:
         мал таситын көлікті дұрыс дайындамау;  жаңадан  әкелінген  малдарды
         бірінші күндері дұрыс күтпеу; ауа райының, температураның  өзгеруі;
         т.б. қосымша әсерлер ретінде көп малды  тығыз  күйінде  тасымалдау.
         Мұндай стресс асыл тұқымды, буаз  малдарда,  бұзауларда  кездеседі.
         Малдарды   ыстық   күні,   ауаның   ылғалдылығы   жоғары   болғанда
         тасымалдағанда жиі кездеседі. Су уақытында берілмей,  рацион  дұрыс
         болмағанда, әсіресе онда: кальций, магний аз, калий  көп  болғанда;
         арық малдарды тасымалдағанда; бұзауларды стресске қарсы дәрі  беріп
         дайындамағанда да пайда болады.
      Организмнің  резистенттілігі  нашарлап  бұзаулар   өкпе,   ас   қорыту
жүйесінің ауруларына шалдыққыш келеді.

      2.   Технологиялық   стресс.   Малдарды    күтіп-бағуда    жіберілетін
         кемшіліктерден туындайтын стресс. Оған жататындар:
      ▪ малдардың жиі-жиі орнын ауыстырып, жиі-жиі жаңа топтарға бөлу;
      ▪ төлдерді енелерінен ерте айыру;
      ▪ малдарды байлап, қозғалыссыз ұстау – адинамия;
      ▪ кенеттен жаңа күту әдістеріне ауыстыру.
      Көбінесе стресс бірнеше факторлар қатарынан әсер еткенде пайда болады.
Ауру  малдардың  өнімі  азаяды,  өнімінің  сапасы  төмендейді.   Өсіп-өнуден
қалады.  Клиникалық  белгілері,  әсіресе  шошқаларда,  қамдану  сатысында-ақ
біліне бастайды.
      3. Эмоционалды стресс. Малдарға  қатты  ауырту  арқылы  әсер  еткенде,
олардың көңіл-күйінің өзгеруімен сипатталатын стресс.
      Нерв жүйесі тез қозатын спорт аттарының, декоративті иттердің, зоопарк
және цирк малдарының арасында кездеседі.
      Дайындықсыз, дұрыс ұйымдастырылмаған малдәрігерлік   істер:  қан  алу,
мүйізсіздендіру, пішу, өлшеу, косметикалық  операциялар  (құлаққа,  құйрыққа
т.б.) жасау стресс жағдайын туғызуы мүмкін.
      Стресс жіті түрде тез өтеді. Болжамы нәтижелі.  5-10  күнде  ауру  мал
қалыпты жағдайына келеді. Сақтандыру шаралары:
      ▪ аттарды, иттерді, цирк малдарын дұрыс тренингке үйрету;
      ▪ малдәрігерлік жұмыстарды жақсы дайындап, дұрыс жүргізу;
      ▪ малдарды үйрету  тобына  аларда,  олардың  жоғарғы  нерв  жүйесінің
        түрін еске алу керек.



        Тақырыбы:    Қан    элементтерінің    патологиялық    өзгерістерінің
диагностикалық маңызы.
      Жоспары:
   1. Қан алу.
   2. Қанның физикалық қасиеттерін анықтау.
   3. Қан сарысуынды анықтау.
   4. Қандағы  гемоглобин  мөлшерін,  түс  көрсеткішін  және   эритроциттегі
      гемоглобинің орташа мөлшерін анықтау.
5.  Қандағы  жасушалардың  санын  есептеу.  Эритроциттер,  лейкоциттер   мен
  тромбоциттердің санын есептеу.

6. Билирубин, глюкоза және қандағы жалпы ақуызды (белок) анықтау.

Негізгі әдібиет:
1. М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.
Жануарлар ауруларының  клиникалық диагностика.  оқу құрал – Алматы, 2007
2.А.М.  Смирнов  и  др.   Клиническая  диагностика   внутренних   незаразных
болезней с/х  животных.
3. А.М. Смирнов  и  др.  Практикум  по  клинической  диагностики  внутренних
незаразных болезней с/х животных.
Қосымша әдібиет:
1.   Васильев А.В. Диагностика  внутрениих болезней домашних  животных
2. Зайцев В.И.  и др. Клиническая диагностика внутренних  болезней  домашних
животных.


    Аз мөлшердегі қанды құлақтың  ұсақ  тамырларынан  алуға  болады,  үрпек
жүнді  жануарлардан  құлақтың  ұшынан,  алақаннан,  үйректер  мен  қаздардың
жұмсақ табанынан, тышқандардан құйрығынан қан алады.

    Ірі қара мал, қой, ешкі,  жылқы,  түйе,  бұғының  мойындырық  тамырынан
алады. Шошқаларда құйрығынан, құлақтың ірі тамырынан, венозды көз  қуысынан,
иттерде сафен тамырынан немесе иық алды тері  асты  тамырларынан,  ақ  түлкі
мен  түлкілерде  плантарлық  венадан,  қояндарда  құлақ   тамырынан,   теңіз
шошқасында жүректен, тауықтарда қанаттың ішкі бөлігінің вена  қан  тамырынан
немесе жүректен алады.
    Қан алатын жердің жүнін қырқып,  терісін  спирт  немесе  эфир  спиртіне
малынған мақтамен сүртеді.
    Яремдік тамырдың қанын қан  жіберетін  инелер  арқылы  жоғары  мойынның
ортасына өту жерінен алады. Сол қолдың үлкен саусағымен, резеңкемен,  арнайы
қысқышпен немесе басқа құралдармен мойынның ортасындағы тамырды қысады.  Қан
алуды жеңілдету үшін түрлі құралдар пайдаланылады. Қан ұйып қалмас үшін  (10
мл қанға есептеп) оған 30мл натрий цитратын, 15 мл натрий оксалатын,  50  ЕД
гепарин немесе 10 пайызды трилон Б ерітіндісінің төрт тамшысын қосады.
    Қанның физикалық қасиеттерін анықтау.
    Қанның салыстырмалы тығыздығы мен ЭТЖ анықтаудың клиникалық маңызы  өте
зор.
    Қанның салыстырмалы тығыздығын анықтау. Қанның салыстырмалы  тығыздығын
әрі плазмамен сарысудың салыстырмалы тығыздығын Филлипс әдісімен  анықтайды.
Мыстың қанық сульфатын  дайындау  үшін  900гр  бес  сулы  сульфатын  ұнтаққа
айналдырып үгіп, 1250 мл дистильденген су құйып, әйнек таяқшасымен мұқият  5
мин араластырады. Ерітіндінің температурасын  0,5  С0  дейін  анықтап  сүзіп
алады.  Алынған  ерітіндіден  1,100  салыстырмалы  тығыздығы   бар   негізгі
ерітіндіні жасайды Бұл  үшін  негізгі  ерітіндінің  15гр  С0  529  мл  алып,
дистильденген сумен 1л жеткізеді. Ерітіндінің мөлшері  оның  температурасына
байланысты. Мысалы, 15,5 С гр 525 мл; 160 521; 190 496; 15,50    492гр;  200
488; 20,50 484; 210 480; 21,50  477; 220 473.
    Негізгі  қалыпты  ерітіндіден  тығыздығы  1,030  дан  0,075  дейін  мыс
сульфатының  жұмысшы  ерітіндісін  жасайды.  Өлшегіш  колбаға   дайындалатын
ерітіндінің  соңғы 2 сандарының тығыздығына сәйкес келетін қалыпты  ерітінді
құйып алады да, дистильденген сумен  100  мл  жеткізеді.  Мысалы,  тығыздығы
0,050 ерітіндіні дайындау үшін 49 мл негізгі қалыпты ерітіндіден  алып,  100
мл дейін су қосады. Ерітіндіні қақпағы жабылған қараңғы ыдыстарда  сақтайды.

    Анализ үшін  гепаринмен,   натрий  оксалатымен,  Б  трилонымен  қалыпқа
түскен  қанды  пайдалануға  болады,  центрифугаланған  қанды  зерттеу   үшін
жарамсыз.
    Пипеткаға зерттеуге алынған  қанды  алып,  пробиркаға  ауыстырады.  Бұл
пробиркада мыс сульфатының ерітіндісі  болуы  керек.  Сақтықпен   пипетканың
ұшын ерітінді деңгейінен 1см қойып, 1 тамшы қан жібереді. Тамшы қан  2-3  см
тереңдікке түсіп, одан  әрі  түбіне  шөге  бастайды  не  жоғары  көтеріледі.
Сөйтіп қан тамшыны,  түбіне  шөккен  ерітіндіні  табады.  Бұл  жағдайда  қан
тығыздығы ерітінді тығыздығына сәйкес келеді.
    Сау ірі қара мал қанының салыстырмалы тығыздығы мынадай  түрде  ауытқып
тұрады:
    ІҚМ –1,047 –1,055; қойда  1,042-  1,052;  ешкіде-1,044-1,053;  жылқыда-
1,045-1,055; шошқада-1,042-1,060; итте-1,044-1,056;  тауықтарда-1,039-1,057.

    Қанның  салыстырмалы  тығыздығының  ұлғаюы   оның   қоюлануы,   терлеу,
полиурия, қан ауруы, нефрит, жылқының миоглобинурисы кезінде болады.
    Қанның салыстырмалы тығыздығының азаюы, анемия, гемолитикалық сарыауру,
кахексия, гидремияда болады.
    Эритроциттердің тұну жылдамдығын анықтау(ЭТЖ). Панчеков әдісін  мынадай
жолмен   жүргізеді.  Капиллярға   «Р»  белгісіне  дейін  5  пайыздық  натрий
цитратының ерітіндісін алып оны сағат әйнегіне  үрлейді.  Осы  капилляр  мен
қанды 2 рет «К»  белгісіне  дейін   құйып  алады  да,  2  рет  қанды  натрий
цитратының ерітіндісімен араластыра отырып, сағат әйнегіне үрлейді.  Алынған
қоспаны капиллярға «К» белгісіне дейін  алып,  штативке  қояды.  ЭТЖ-  ны  1
сағаттан кейін есептейді.
    Сау малдарда ЭТЖ (мм/  с):  ІҚМ-0,5-0-1,5;  қойда-0,5-1;  ешкіде-0,3-1;
жылқыда-40-70; шошқада-2-9; итте-2-6; тауықта-2-3.
    Неводов әдісі:  Эритроседиометрге  скальпельдің  ұшымен  (0,02гр  жуық)
натрий оксалатын  кіргізеді  де  тамыр  қанын  «о»  белгісіне  дейін  алады,
резеңке қақпақпен жауып,  мұқият пробирканы 5- 10 рет төңкере отырып,  қанды
антикоагулянтпен араластырады.  Пробирканы  штативке  қояды.  ЭТЖ-ны  плазма
бағанының биіктігімен 15, 30, 45, 60 мин. кейін не 24 сағатта есептейді.
    ЭТЖ-ның бәсеңдеуі шаршағанда, қатты  терлегенде, полиурияда, іш  өтуде,
шаншуде   гастроэнтеритте,   механикалық   және   парехиматоздық   сарғаюда,
механикалық илеус,  инфекциялық  энцефаломиелит,  стахиботритоксикозде  және
т.б. болады.
     Қан сарысуынды анықтау.
    Сау малдардағы қан сарысуындағы сілті қорын Ван –Слайкс  әдісі  бойынша
анықтағанда былайша болады: ІҚМ-50-62;  қойда-45-54;  ешкіде-48-52;  жылқыда
50-65; шошқада-42-60; итте –40-60; тауықта-40-52.
    Қан сарысуындағы сілті қорын Кондрахин әдісі бойынша анықтағанда 0,5 мл
сарысу құяды, сұйықтықтың қалған мөлшерін пипеткамен үрлеуге  болмайды,  тек
бетін мықтап жауып қояды.
Қандағы   гемоглобин   мөлшерін,   түс   көрсеткішін   және    эритроциттегі
гемоглобинің орташа мөлшерін анықтау.
    Қандағы  гемоглобин мөлшерін анықтау.
    Гематинді және гемоглобинцианидті әдістер қолданылады.
    1.  Гематинді  әдіс   (Сали   әдісі).   Градуирленген          гемометр
пробиркасына (ГС-3) көз пипеткасымен «2» белгісіне дейін 0,1 н тұзды  қышқыл
ерітіндісін қосады. Капиллярлық пипеткамен  20  мкл  (0,  02мл)  қан  алады,
пипетканың ұшын мақтамен сүртіп, қанды мұқият түбіндегі қышқыл  ерітіндісіне
үрлейді, онымен 2-3 рет пипеткадағы жұққан қанды жуады. Араластырып, 5  мин.
қойып қояды (тауықтардың қанын зерттегенде –15  мин.).  Тұзқышқылды  гематин
(хлоргемин) пайда болуының нәтижесінде  пробиркадағы  ерітінді  қоңыр  түске
боялады. Тамшымен  дистильденген  су  қосып,  әйнек  таяқшамен  пробиркадағы
сұйықтық қалыпты пробиркалардың түсімен теңескенге шейін  араластырады.  100
мл.  қандағы   грамм   көлеміндегі   гемоглобиннің   мөлшерін   пробиркадағы
сұйықтықтың  деңгейімен  сәйкес  келетін  шкаланы  бөлу  бойынша  есептейді.
Гемометр шкаласындағы гемоглобиннің  мөлшерін  10  коэффициентіне  көбейтсе,
гемоглобиннің (г/л) концентрациясын анықтауға болады.
    Гемиглобинцианидті әдіс (М.  Л.  Пименова  мен  Г.  В.  Дервиз  әдісі).
Зерттеуге тәжірибелік және қалыпты сынама қолданылады.
    Сау жануарлардың қанындағы гемоглобиннің мөлшері (г/ 100 мл): ірі  қара
малда-9,9-12,9; қойда-9-13, 3; ешкіде-10-15;  жылқыда-8-14;  шошқада  –9-11;
итте-11-17; тауықта – 8-12.
    Гемоглобиннің (г/л) мөлшері мынадай  болады:  ірі  қара  малда-100-130;
қойда-90-135; ешкіде-100-150; жылқыда-80-140;  шошқада-90-110;  иттерде-110-
170; тауықтарда-80-120.


  2.Қандағы  жасушалардың  санын  есептеу.  Эритроциттер,  лейкоциттер  мен
  тромбоциттердің санын есептеу.

    Қанның аталған жасушаларының санын есептеу үшін  есептеу камералары мен
электронды   есептеу   құралдарын   пайдаланады.    Эритроциттердің    санын
эритрогемометр және фотоэлектроколориметрлердің көмегімен есептеуге болады.
  Есептеу камерасындағы эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттердің санын
  есептеу.

    Қандағы жасушалардың санын есептеу үшін  әр  түрлі  есептеу  камералары
(Горяев, Предтеченский, Бюркер, Фукс- Розенталь және т.б.) пайдаланады.
  3. Билирубин, глюкоза және қандағы жалпы ақуызды (белок) анықтау.

    Қан сарысуындағы билирубиннің  мөлшерін  анықтау.  (Ендрашик,  Клеггорн
және Гроф бойынша) 3 пробиркаға 0,9 % хлорлы натриймен 2 рет  араластырылған
0,5 мл сарысу құяды. 1-інші пробиркаға 1,75 мл кофе  реактиві  мен  0,25  мл
0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін қосып, колориметрлейді,   2-інші  пробиркаға
(тікелей билирубин) 1,75 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін және  0,  25  мл
диазоқоспасын қосып, 5 мин. кейін колориметрлейд; үшінші  пробиркаға  (жалпы
билирубин) 1, 75 кофе ерітіндісін құйып, 0, 25 дизоқоспасын  қосып,  20  мин
кейін колориметрлейді. Колориметрлеуді жасыл жарық фильтрде  5  мм  кюветпен
қарсы дистильденген сумен жүргізеді.
    Қан сарысуындағы жалпы ақуызды рефрактометр әдісімен анықтау.
    Бұл үшін рефрактометрдің әртүрлі түрін қолданады (ИРФ-1,  ИРФ-22,  ИРФ-
23, РЛУ, РЛ және т. б. ).
    Рефрактометр РЛУ-мен жұмыс істеп тұрған кезінде алдымен нөлдік нүктесін
тексеру үшін 1, 2 тамшы дистильденген суды өлшеу призмасының бетіне  жағады;
лупа шкаласы мен көру  окулярының  тұтқасын  жөнге  келтіреді,  диспенсионды
компенсатордың  тұтқасын  айналдырып,  көру  окуляр  түтігінің  дисперсиясын
жоямыз;
    Шкала лупасындағы  сызықты  1,3333  ұзындығына,  кілт  арқылы  визирлық
сызықтың кесу нүктесін жарық кескіндеу шекарасын біріктіреді.
    Құралды  дайындағаннан  кейін  камерасын  ашып,  жоғарға  және  төменгі
призманы алдымен сорғыш қағазбен,  кейін  жұмсақ  салфеткамен  сүртеді.  1-2
тамшы  сарысуды  төменгі  призманың  бетіне  тамызады  да,  камераны  жауып,
айнамен жарықты оның терезесіне  бағыттайдыжәне  жарық  кескіндеу  шекарасын
визирлы сызық кесу нүктесіне қойылғанша, камераны  айналдырады  және  сарысу
бөліну көрсеткішін шкала бойынша есептейді.
    Сау малдардың сарысуындағы жалпы ақуыз мөлшері(г/100 мл):  ӘҚМ-7,2-8,6;
қойда-6-7,5; жылқыда-6,8-7,8;  шошқада-6,5-8,5,  итте-5,9-7,6;  тауықта-4,3-
5,9.


ТАҚЫРЫБЫ:   Қандағы  жасушалардың  санын   есептеу.   Лейкограмманың   санын
есептеу.

    Жоспары:
    1. Қандағы жасушалардың санын есептеу
    2. Лейкограмманың санын есептеу.
    3. Жануарлардың қан  түрлерінің  профилі


       Негізгі әдібиет:
       1. М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева
       т.б. Жануарлар ауруларының  клиникалық диагностика.  оқу құрал –
       Алматы, 2007
       2.А.М. Смирнов и др.  Клиническая диагностика внутренних  незаразных
       болезней с/х  животных.
       3.  А.М.  Смирнов  и  др.  Практикум  по   клинической   диагностики
       внутренних незаразных болезней с/х животных.
       Қосымша әдібиет:
       1.    Васильев  А.В.  Диагностика   внутрениих   болезней   домашних
       животных
       2. Зайцев В.И.  и др. Клиническая  диагностика  внутренних  болезней
       домашних  животных.


    Қандағы   сілті   қорын   анықтау.   Қышқылды   сілті   тепе-теңдігінің
көрсеткіштерін анықтау үшін  Астрип  әдісін  (  1956),  Зиггард  Андерсеннің
(1963 ) модифицирлеуі бойынша РН мөлшерін,  СО2-нің  қысымын,  сілті  қорын,
нағыз бикарбонатты, қалыпты  бикарбонатты,  буферлік  негіздерді,  плазманың
жалпы  көміртегі  қышқылының  мөлшерін  анықтайды.  Қышқылды-  сілті   тепе-
теңдігін қан плазмасындағы сілті қорын Ван –Слайкс  әдісі  бойынша  анықтап,
соның нәтижесімен бағалайды. Немесе И. П. Кондрахин әдісі бойынша  сарысудың
мөлшерін белгілейді. Сарысуды вазелин майының астында сақтайды.
    Сау малдардағы қан сарысуындағы сілті қорын Ван –Слайкс  әдісі  бойынша
анықтағанда былайша болады: ІҚМ-50-62;  қойда-45-54;  ешкіде-48-52;  жылқыда
50-65; шошқада-42-60; итте –40-60; тауықта-40-52.

                     Жылқының  қан  түрлерінің  профилі
|3       |                                      |             |            |
|1       |                                      |             |            |
|2       |                                      |             |            |
|3       |                                      |             |            |
|4       |                                      |             |            |
|5       |                                      |             |            |
|6       |                                      |             |            |
|7       |                                      |             |            |

      Қауіпсіздік      ережесі      бойынша       жүргізілетін      нұсқауды
      тексердім:__________________
                       (қолы)


      «Ветеринариялық  медицина»
      кафедраның меңгерушісі
      профессор м.а.:



                       № 2 ӘДІСТЕМЕЛІК    Н Ұ С Қ А У


ТАҚЫРЫБЫ: Клиникалық тексерудің жоспары. Тіркеу  және  анемнез.  Жануарларға
жақындау ережелері  және  бекіту әдістері.Термометрия

      Құрал-жабдықтар:  бұраулар,  арқан  жіптен  жасалған   ілгек,   тұмсық
қысқыштары және сақиналар.
      Жануарлар: жылқы, сиыр, қой.
      Сабақтың мақсаты:  жануарларды клиникалық тексерудің жоспарын  талдау.
Студенттерге жануарларды тіркеу ережелерін,   анамнез  жинауды,  жануарларға
жақындау және оларды бекіту ережелерін оқыту.
      Жұмысты орындау методикасы.
1- тапсырма.  Жануарлараға   тексеру   жүргізу  үшін  клиникалық  тексерудің
жоспарын міндетті түрде білу қажет.  Бұл  мақсатта  әрбір   студент  тексеру
жоспарын  жаттап, оны практика жүзінде қолдануы керек.
      Жануарларды клиникалық тексерудің жоспары төмендегідей:
     3. Ауру малмен алдын -ала  танысу.  а)  тіркеу, б) анамнез.
     4. Өзіндік тексеру.
А) Жалпы тексеру.
      Габитусты анықтау.
      Көрінетін кілегей қабықтарды тексеру.
      Тері және тері туындыларын тексеру.
      Лимфа түйіндерін тексеру.
      Дене температурасын өлшеу.
Б) Арнайы  тексеру
     6) Жүрек-қан тамыр жүйесін  тексеру.
     7) Тыныс алу жүйесін тексеру.
     8) Асқорыту жүйесін тексеру.
     9) Зәр шығару және жыныс  жүйелерін  тексеру.
    10) Жүйке жүйесін тексеру.
В) Ерекше тексеру
      Физико-химиялық тексеру.
      Микроскопиялық тексеру.
      Бактериологиялық тексеру.
      Серологиялық тексеру.
      Аллергиялық тексеру.
2 – тапсырма.  Клиникаға түскен жануарды  тіркеу.  Тіркеу  жұмыстары  жануар
иесінің немесе  күтушілердің айтқан  мағлұматтарына, көрсеткен  құжаттарына,
сонымен қатар өзіндік тексеруге негізделіп жүргізіледі.
        Жануарлары   тіркеу   кезінде    амблуаториялық   журналға    келесі
мәліметтерді жазады:
      жануарлардың  түскен күні
      жануардың иесі
      иесінің немесе шаруашылықтың мекен-жайы
      жануардың түрі
      тұқымы (порода)
      жынысы
      жасы
      түсі және ерекше белгілері
      таза салмағы немесе өлшемдері
      10) жануардың лақап аты
3- тапсырма.  Күтуші адамнан ауру жануар  туралы  мәлімет  жинау  (анамнез).
Анамнез екіге бөлінеді: 1) Anamnesis vitae, 2)  Anamnesis  morbi.  Ауру  мал
туралы мәлімет.
      Жануар ауырғанға дейінгі мәліметке келесі  сұрақтар  кіреді:  1)  шығу
тегі; 2) ұстау және күту жағдайы; 3) суару   және  азықтандыру  жағдайы;  4)
шарушылықтағы атқарылатын жұмысы.
      Жануар  ауырғаннан  кейін  мәліметтерге  келесі  сұрақтар  кіреді:  1)
жануар қашан және қандай жағдайда ауырды?
      2) аурудың қандай белгілері байқалды?
      3) жануарға кім және қандай емдік көмек көрсетті.
4-  тапсырма.  Жануарларға  жақындау   ережелері   және   бекіту   әдістері.
Жануарлармен жұмыс істегенде  айқайлауға  болмайды.  Баяу  қозғалып,  ақырын
дауыстап бару керек.
      Жылқыға алдынан және біраз бүйір жағынан жақындаған жөн.  Жылқы  малын
ағаш  бұрауды үстіңгі ерніне немесе құлақ қалқанына  салу  арқылы  бекітеді.
Сонымен қатар, алдыңғы аяғын тізесінен бүктіріп  ұстаған  немесе  артқы  екі
аяғына тұсау салып қойған дұрыс.
      Ірі  қара малға адам ұстап тұрған бүйір жағынан бару  керек.  Бекітуді
мүйіздің ұшын бас бармақпен басып ұстау арқылы және мұрын аралық  шеміршекті
саусақтармен немесе арнайы қышқыштармен (Гарис  қышқышы,  Кумсиев  қысқышы),
тұмсық сақинасы арқылы жасайды.
      Түйеге абайлап алдыңғы аяғының маңына шеттен  жақындаған  жөн.  Түйені
арқан    ілгектен  артқы  аяқтарын    тұсау  арқылы,  ерніне  немесе   құлақ
қалқанына бұрау салу арқылы, жағын жүгеннің ұшымен байлау арқылы бекітеді.
      Қой мен ешкілерді мүйізден немесе мойнынан ұстау арқылы бекітеді.
      Иттерді жақтарын бинтпен орау арқылы бекітеді.
      Үй құсын қалыпты жағдайда ұстайды  да,  бір  қолмен  аяқтарын,  екінші
қолмен қанаттарын бекітеді.
      Әрбір студент  оқытушының бақылауы мен  жануарларға  жақындап,  оларды
бекітеді.
5- тапсырма. Клиникалық тексерудің жалпы әдістермен танысу  (көру,  сипалау,
тыңдау, нұқу, термометрия).
      Көру әдісі – тексерудің жай әдісі.  Бұл әдісті күндіз қолданады.  Көру
арқылы жануардың басын, мойнын, көкірек клеткасын,  ішін,  аяқтарын  алдымен
оң жақтан және сол жақтан, содан соң алды-артынан тексереді.
      Сипалау әдісі –  жануар  денесінің  бөліктерін  қолдың  жұмсақ,  жеңіл
қозғалыстарымен сипау арқылы жүргізіледі. Сипалау  беткі  және  терең  болып
бөлінеді.
      Беткі сипалау –терінің тексерілетін  бөлігіне  алақанды  қатты  басып,
терінің қызуын, ылғалдылығын, ауырсынуын анықтау үшін қолданылады.
      Терең сипалау – құрсақ қуысының  ішкі  мүшелерінің  көлемін,  пішінін,
конститутциясын және ауырсынуын тексеру үшін қолданылады.
      Нұқу әдісі- дененің тексеру керек  бөлігіне  күші  мен  ырғалы  бірдей
соққылар жасап, сол  жерден естілетін дыбыстар арқылы тексерілетін  мүшенің,
 қуыстың жағдайын анықтау  үшін  қолданылады.  Нұқу   тікелей  және   жанама
болып екіге бөлінеді.
      Тікелей нұқуды дене   бетіне тікелей саусақпен соққылар жасайды.
      Жанама нұқуды дене бетіне  тікелей  емес,  соққыларды  қатты  басылған
саусаққа немесе плессиметрге жасайды. Нұқу  дигитальды  нұқу  және  құралдар
арқылы  нұқу болып бөлінеді.
      Аускультация – мүшелерде түзілетін   дыбыстарды  тыңдау.  Аускультация
тікелей және жанама болып келеді.
       Тікелей  аускультацияда  жануар   денесіне  таза  бұл  (дәке)  жауып,
құлақты төсеп тыңдайды.
      Жанама  аускультацияда фонендоскоп, статескоп арқылы тыңдайды.
      Термометрия –максимальді  термометрмен жануардың  дене  қызуын  өлшеу.
Барлық   жануарларда   дене  қызуы  термометрді  тік  ішекке   салу   арқылы
өлшенеді. Құстардың қанатының астына салып өлшейді.

Тексеру сұрақтары

   1.Жануардың клинкалық тексеру жоспарын айтыңыз.
   2.Ауру малды   тіркеуге не кіреді?
   3.Анамнез  түсінігіне анықтама беріңіз.
   4.Жануардың ауырған кезеңінде жиналатын анамнезге қандай сұрақтар кіреді?


   5.Жылқылар мен ірі қара малға қалай жақындау керек?
   6.Жылқыны, ірі қара малды, құстарды, иттерді бекітудің негізгі  әдістерін
      атаңыз.


                        № 3 ӘДІСТЕМЕЛІК   Н Ұ С Қ А У


ТАҚЫРЫБЫ: Габитусты анықтау.  Тері  және  тері  асты  клетчаткасын  тексеру.


      Құрал – жабдықтар: бұраулар, мұрын қысқыштары, арқан, ілгек.
      Жануарлар: жылқы, сиыр, қой.
      Сабақтың мақсаты:  Студенттерге  габитусты  анықтауды  үйрету.  Теріні
тексеру. Тері және тері асты  клетчаткасының  өзгерістерінің  диагностикалық
мәнін анықтау.

Габитусты анықтау

Габитус – малдың сыртқы түр тұлғасы. Оған  малдың  өзін  кеңістікте  ұстауы,
қоңдылығы, дене құрлысы, дене температурасы кіреді.

Дене  құрылымын  бағалағанда  оның  сүйектері   мен   бұлшықеттерінің   даму
дәрежесіне көңіл бөледі. Дене құрылымы мықты, әлсіз,  орташа  болуы  мүмкін.
Денсін кеңістікте ұстауы қалыпты және қалыпты емес (амалсыз) болуы мүмкін.

      Жылқы мен сиыр сау болса, көбінесе тұрып тұрады. Жылқы артқы  аяқтарын
кезек-кезек босатып, тек бір аяғымен тіреліп тұрады. Ірі  қара  малдар  төрт
аяғымен  бірдей  толық  тіреліп  тұрады.  Ал  азықтанған  соң  жатып   күйіс
қайырады. Қойлар да ірі қара мал сияқты жатып күйіс қайтарады.
      Ауру малдарда амалсыз тұру және жату мақсатсыз жүру байқалады. Амалсыз
тұру  плевритте, жіті эмфиземада, перикардитте байқалады. Амалсыз  жату  аяқ
ауруларында, төлдеуден кейінгі парезде, шошқалар температурасы  көтерілгенде
астына жайылған сабанға көміледі.
      Мақсатсыз  жүру,  қимылдау  мишық,  сопақша  ми   ауруларында,   құлақ
лабиринті ауырғанда байқалады.
      Дене қомақтылығы –  организмдегі  зат  алмасу  процессіне  және  дұрыс
уақытында қоректенуіне байланысты.  Қомақтылықты  жақсы,  орташа,  орташадан
төмен,  жаман немесе арық деп бөледі.
      Темперамент (мінез)  –  жануардың   сыртқы  орта  тітіркендіргіштеріне
жауап беру  жылдамдығы мен  дәрежесі.  Оны  жануардың  өзін  ұстауына  қарап
анықтайды. Жануардың көзіне, құлақ қозғалысына және  тітіркендіргішке  жауап
беру жылдамдығына байланысты сипаттайды. И.П. Павловтың  анықтағаны  бойынша
темперамент жоғарғы жүйке қызметіне байланысты төрт типке бөлінеді:
      Жоғарғы жүйке қызметінің күшті ұстамсыз қозғыш типі;
      Жоғарғы жүйке қызметінің күшті ұстамды, ширақ типі;
      Жоғарғы  жүйке қызметінің ұстамды баяу типі;
      Жоғарғы жүйке қызметінің  әлсіз типі.
      Конституция     -      организмнің      анатомиялық,     морфологиялық
ерекшеліктерінің    жиынтығы.   Н.П.   Кулешов,   Е.А.   Богданов    бойынша
конституцияның  төрт түрі  бар:  ірі,  нәзік,  тығыз  және  балбыр.  1)  Ірі
конституция – сүйектері ауыр, басы үлкен, терісі  қалың,  бұлшық  еті  жақсы
дамыған,  май ұлпасы нашар дамыған. Көп   қоректенеді, бірақ  өнімі  аз.  2)
Нәзік конституция- сүйектері жеңіл,  жіңішке,  басы  жеңіл,  мойны  жіңішке,
аяқтары жіңішке, ұзын болады. Терісі жұқа, сирек, қысқа, жіңішке   түктермен
жабылған. Бұлшық еті, май ұлпасы  нашар  дамыған.  Зат  алмасуы  интенсивті.
Темпераменті ширақ. 3)  Тығыз  конституция-  май  ұлпасының  жақсы  дамуымен
ерекшеленеді.  Басы  қалақты,  мойны  қысқа  денесі  қопақты,   дөңгеленген,
аяқтары қысқа болады. Қозғалысы баяу болып келеді.
      Таза конституция сирек кездеседі. Жиі олардың  қосындысы  болады.  Ірі
қара   малдарда  жұмысқа  бейімделген  болса,  ірі  конситутция  мен   тығыз
консититуцияның қосындысы, ет тұқымды  жануарларда нәзік  конституциялы  мен
болдыр    конситутцияның   қосындысы,   сүт   тұқымды   жануарларда    нәзік
конституциялы мен тығыз конситутциялы қосындысы болып келеді.
      1 тапсырма. Жылқы, сиыр, қойдың  өзіндік  тексеру  бойынша   габитусын
анықтау. Нәтижесін оқытушыға тексерту.

                   Тері және тері асты клетчатканы тексеру

Тері және тері астындағы клетчатканы көру және  сипалау   арқылы  тексереді.
Кейде   нұқуды    пайдаланады.   Паразиттік   және   инфекциялық   ауруларда
микроскоптық әдісті қолданады.  Алдымен  терінің  физикалық  жағдайын  (тері
қабының, құстың қауырсындарының жағдайын, тері түсін,    ылғалдығын,  иісін,
қызуын   және    иілгіштігін),   ал   содан   кейін   терінің   патологиялық
өзгерістерін (ісік, қабыну, эмфизема),  бүтіндігінің бұзылуын тексереді.


               Терідегі   болуы мүмкін патологиялық өзгерістер

Мұнда тері көлемінің ұлғаюы- қабынулар, тері асты клетчатканың   эмфиземасы,
элефантиазис жатады.  Тері  бөртпелері  біріншілік   болып  және   екіншілік
болып бөлінеді. Біріншілік бөртпелерге – дақ, төмпешік,   күлдіреуік  немесе
күлдіреу жатады. Екіншілік бөртпелерге – қабыршық,   қыртыс, эрозия  жатады.
Екіншілік бөртпелер біріншілік бөртпелерден  түзіледі.  Тері    бүтіндігінің
бұзылуына – сызат,  жарылу,  жарақат,  ойық  жара,  шіру,  тері  жарасы  мен
тыртықтар жатады.


                        № 4 ӘДІСТЕМЕЛІК   Н Ұ С Қ А У


ТАҚЫРЫБЫ: Көрінетін кілегей қабықтарды және беткі лимфа түйіндерін  тексеру.


      Құрал-жабдықтар:     Бұраулар,    қысқыштар,    вазелин,    термометр,
залалсыздандыру заттары.
      Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой, ауру жануарлар.
      Сабақтың мақсаты: Студенттерге көрінетін кілегей қабықтары  мен  беткі
лимфа  түйіндерін  тексеруді  үйрету.  Олардың  жұқпалы  емес    аурулардағы
өзгерістерін анықтауды  үйрету.  Студенттерге  қызбаның  түрлерін  ажыратуды
үйрету.

Жұмысты ажырату әдістемесі

  1. Жануарлардың (жылқы, сиыр, қой, қоян)  конъюнктивасының  және  кілегей
қабаттарының  түсіне,  ылғалдығына,  ісінулеріне  және  түзілістердің   бар-
жоқтығына назар аудару.

      Сау  малдарда  кілегей  қабаты  қызғылт  түсті,  қалыпты  ылғалданған,
ісінулер  мен   түзілістерсіз  болу   керек.   Жылқылардың    танау   аралық
пердесінің  кілегей   қабатының   түсі  көкшіл  болады.  Ауруларда   кілегей
қабаттар өзгереді. Қан кетуде кілегей қабаттары ақшыл  түсті  болып  кетеді.
Пневмонияда, жүрек мүкісі, қызба, қозу кезінде кілегей қабаттарының  қызаруы
байқалады. Сары ауру,  инфекциялық  анемияда  кілегей  қабаты  сарғыш  түсті
болады.  Кілегей  қабаттарының  домбығуы  қабынуларда  байқалады.   Үлкейген
конъюнктива көз  саңылауынан   қызыл  валик  тәрізді  қатпар  түрінде  шығып
тұрады. Ол инфлюэнца, жұғымтал ала өкпе, оба  ауруларында кездеседі.
      Кілегей қабаттарында ақ және сұр  түсті  түзілістер  болады.  Асқорыту
трактісінің ауруларында   ақшыл-сұр түсті   түзіліс  байқалады.  Жылқылардың
энфлюэнца ауруында конъюнктивада фиброзды түзілістер пайда болады.
      Кілегей  қабаттарының   секрециясының  көбеюі  қабынуларда  байқалады.
Конъюнктивалық  қап,  ауыз,  танау  және  қынап   ауруларымен   сипатталады.
Ағындылар сірлі, кілегейлі, іріңді т.б. болады.
      2. Дені сау жылқы, сиыр, қойдың лимфа түйіндерін және  ауру  малдардың
лимфа түйіндерін тексеру.
      Көру  және  сипалау  арқылы  лимфа  түйіндердің  көлеміне,   пішініне,
тығыздығына,  қозғалғыштығына  және  лимфа  түйінін  жауып  тұрған   терінің
қызуына назар аударады. Жылқыларда жақ асты, тізе  қатпары  және  шап  лимфа
түйіндерін  тексереді.
      Ірі қара малдарда және ұсақ малдарда  жақ  асты,   жаурын  алды,  тізе
қатпары және желін үсті лимфа түйіндерін  тексереді.   Түйелерде  жақ  асты,
жоғары және төменгі   мойын,  жаурын  алды,  тізе  қатпары  және  шап  лимфа
түйіндерін тексереді.шошқаларда лимфа түйіндерін сипап табу өте қиын,  бірақ
оларды  жұтқыншақ арты  безі  міндетті  түрде    тексеріледі,  өйткені  олар
туберкулез,  сібір  жарасы  кезінде  зақымдалады.  Иттерде,  мысықтарда  шап
бездерін, ал құстарда төменгі  мойын бездерін тексереді.
      Ауруларды (лейкоз, туберкулез, сақау  және  т.б.(  лимфа  түйіндерінің
ісінуі мен үлкеюі байқалады.
      3.  Әрбір  студент  жылқы,  қой,  сиырдың  дене   қызуын   максимальді
малдәрігерлік термометрді тік  ішекке,  ал  құстарда  клоакоға  салу  арқылы
өлшейді. Дене  қызуын   өлшегенге  дейін  термометр  дезинфекциялық  ертінді
құйылған сауытта тұрады. Дене  қызуын  өлшеу  алдында  термометрге   вазелин
жағады, түсіп қалмау үшін арнайы құрал арқылы құйрық түбіне қыстырып  қояды.
Дене қызуын жұмыс дәптеріне жазып алу керек.
      Қызба. Патологиялық тітіркендіргіштердің әсеріне ағзаның  жалпы  жақсы
жауап беруі, ал жылу  түзілудің бұзылуымен және дене  қызуының  көтерілуімен
және дене  қызуының көтерілуімен  сипатталады. Қызбалық  процесте  қалтырау,
асқорыту, тыныс алу, жүрек-қантамыр  жүйелері мүшелерінің,  жүйке  жүйесінің
өзгерістері байқалады.
      Дене  қызуының  көтерілу  дәрежесіне  байланысты  қызба   төмендегідей
бөлінеді:
      1) субфибрильді (1° жоғарылауы);
      2) Фибринді (2°  жоғарылауы);
      3) Перитикалық ( 3° жоғарылауы);
      4) Гипер перитикалық  (3°ары қарай жоғарылауы);
Қызба түрлері:
      Эфимерлік және өткінші:
      Тұрақты;
      Әлсіздендіргіш;
      Аралық;
      Қайталанбалы;
      Антиптік;
      Арықтандырғыш
Қызба ауруын емдеудің үш кезеңі:
      Дене қызуының  жоғарылау кезеңі;
      Дене қызуының ең қатты  жоғарылау кезеңі;
      3) Дене қызуының төмендеуі, ол литикалық және критикалық болады.
      4. Оқытушы берген мәлімен бойынша  студенттер  дене  қызуының  қисығын
құрады да, қызба түрін және ол қай ауруды кездесетінін анықтайды.

      Гипотермия – дене қызуының қалыпты жағдайдан төмендеуі. 1°  төмендеуді
субнормальді деп  атайды.  Дене  қызуының  ең  тез  төмендеуі  талу  кезінде
байқалады. Дененің қызуының  2°  төмендеуін  қалыпты  талу  дейді,  ал  3-4°
төмендеуін альгидтік талу деп атайды.

      Әрбір студент оқытушы берген мәлімет  бойынша  дене  қызуының  әртүрлі
төмендеуімен сипатталатын қызба қисығын салады.

                        № 5 ӘДІСТЕМЕЛІК   Н Ұ С Қ А У


ТАҚЫРЫБЫ:  Жануарлардың мінез-құлқын,  бас  сүйегін,  омыртқа  жотасын  және
сезім мүшелерін тексеру.
      Құрал-жабдықтар: Плессиметр, перкуссиялық балғашық,  бұрау,  риноскоп,
шпатель, сферикалық айна, қысқыш, шам (фонарик).
      Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой.
Сабақтың  мақсаты:  Студенттерге  жануарлардың  мінез-құлқын,  бас  сүйегін,
омыртқа жотасын және сезім мүшелерін тексеру.
  Жануарлардың  мінез-құлқын,  бас  сүйегін,  омыртқа  жотасын  және  сезім
мүшелерін тексеру.

  Қажетті  құралдар   және   реактивтер.   И.П.   Шатала   аппараты,   шөп,
концентраттар және т.б. азықтар, маталар, мүсәтір спирті.

  Жануарлар. Жылқы, сиыр, қой.

  Сабақтың   мақсаты.   Студенттерге     бассүйекті,    омыртқа    жотасын,
анализаторларды және сезімталдықты жүйке жүйесінің  аурулары  кезінде  дұрыс
диагноз қою үшін қажет.

  Тексеру техникасы. Жануарлардың бассүйегі мен  омыртқа  жотасын  тексеру.
Қарау арқылы бассүйектің  пішіні  мен  көлеміне,  бассүйектің  болуы  мүмкін
деформацияларына назар аударады.  Сипалау арқылы  жергілікті  температураның
өзгеруін (менингитте, инфекциялық энцефалитте жоғарлайды),  ауырсынуын  (қой
айналмасы, эхинококкоз, ми ісігі) және сүйек ұлпасының  жағдайын  анықтайды.
Нұқу арқылы перкуссиялық дыбыстың  өзгерістері  бар,  жоғын  анықтау  керек.
Омыртқа жотасын тура  жоғарыда  айтылған  әдістерімен  тексереді,  нәтижесін
жұмыс дәптеріне жазады.

  Сезім мүшелерін тексеру.көру  аппаратын тексеру. Қабықты,  коньюнктиваны,
мүйізді  қабықты,  қарашықты  және  торлы  қабықты  қарау  арқылы  тексеріп,
қабақта  инфильтрациясының   қарашықтың   кішіреюінің,   мүйізді    қабықтың
қабынуының торлы қабықтың лайлануының бар, жоғын т.б.  анықтайды.  Жануардың
табиғи және жасанды бөгеттерден қалай өтетіндігін тексеру керек.

  Есту аппаратын тексеру. Көру арқылы жануардың дыбысты қабылдауына  (лақап
атын айтқанда, шапалақтағанда)  назар  аударады.  Сау  жануарларда  естуінің
белгісі-құлағын қозғалтуы,  тынышсыздану,  қозу,  шошыну  болып  есептеледі.
Тексеру  кезінде  гиперэстезия  мен   гипоэстезияның   бар-   жоғына,   есту
қабілетіне назар аудару керек.

  Иіс сезу мүшесін тексеру. Жануардың көзін орамалмен  байлау  арқылы  көру
аппаратының жұмысын тоқтатады.  Көру  арқылы  жануардың  әртүрлі  азықтардың
иісін сезуіне  және  мүсәтір  спиртінің  иісіне,  реакциясына  назар  аудару
керек. Жануарға азық пен мүсәтір спиртін, әртүрлі  қашықтықта  апару  керек.
Иіс  сезу  мүшесі  қалыпты  болса,  онда  жануар   бірінші   азықты    жеуге
ұмтылады, сол кезде мүсәтір спиртінің  иісін сезсе алшақтап кетеді.

  Тері  сезімталдығын  тексеру.  Ауруға   сезімталдығын   тексеру.   Жануар
денесінің әртүрлі бөлігіндегі теріге иненің ұшын  пісу  арқылы  оның  ауруға
сезімталдығын тексереді. Бұл кезде рефлекстен босату үшін тексерілетін  тері
аймағының  үстіне  қолды   қойып  тұрады.  Сау   жануарлар   тынышсызданады,
бұлшықеттерін жиырады, құлағын қозғалтады.

  Тактильді сезімталдықты тексеру. Орамалмен жануардың көзін жауып,  шоқтың
аймағындағы жүнге  ауамен  немесе  жіңішке  қылқаламмен  әсер  еткенде,  сау
жануарлар  тері  асты  бұлшық  еттің  жиырылуымен,  тынышсызданып,   құлағын
қозғалтып, басын бұрып жауап береді.


                       № 6  ӘДІСТЕМЕЛІК    Н Ұ С Қ А У


ТАҚЫРЫБЫ:  Жануарлардың мінез-құлқын,  бас  сүйегін,  омыртқа  жотасын  және
сезім мүшелерін тексеру.
Рефлекстерді және қимыл жүйесін тексеру.

  Қажетті құралдар: И.П. Шатала аппараты, мақта, қағаз.

  Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой.

  Сабақтың мақсаты: Студенттерге рефлекстерді және қимыл жүйесін тексерудің
  техникасын үйрету. Бұл нерв жүйесі ауруларында диагнозды дұрыс  қою  үшін
  қажет.

  Рефлекстерді тексеру.

  Жануардың рефлекстерін тексергенде оның  2  көзін  орамалмен  жауып  нұқу
  балғашығының сабымен терісіне тиіп, оның жауап  реакциясын  қарайды.  Сау
  жануарларда тері асты бұлшық еттің жиырылуы, құйрығын  артқы   аяқтарының
  арасына кіргізуі, сыртқы сфинктердің жиырылуы т.б. болады.  Рефлекстердің
  әлсіреуі  немесе  жоғалуы,  күшеюі   немесе  қатуы,   оның   патологиялық
  өзгерістері   болып   табылады.   Осы   әдістемені   пайдаланып,   келесі
  рефлекстерді тексеріңіздер.

  Беткейлі рефлекстер:

      Шоқтық рефлекс.
      Құрсақ рефлексі (алдыңғы, ортаңғы, артқы).
      Құйрық рефлексі.
      Аналь тесігінің рефлексі.
      Тұяқтың рефлексі.
      Кремастер рефлексі (еркек жануарларда).
      Кілегей қабаттарының рефлекстері.

1. Кеңіредектің алдыңғы сақиналарын басқанда пайда болатын жөтелу  рефлексі.


2.  Мұрынның кілегей  қабатын  тітіркендіргенде  болатын  түшкіру  рефлексі.

3. Корнеалдық  рефлекс-көздің  мүйізді  қабатына  жұмсақ  затпен  тигізгенде
байқалады.
Тереңдік рефлекстер:
1. Тізе рефлексі -   тізе  ұршығының  тік  байланысынан  балғашықпен  ақырын
соққы жасағанда  байқалады.
2. Ахиллов рефлексі – ахиллов сіңірінен балғашықпен ақырын  ұрғанда  болады.

Қимыл жүйесін тексеру
1. Көру, сипалау  арқылы  дененің,  аяқтарының  және  бұлшық  ет  топтарының
бұлшық еттерінің напряжениесін аықтау.  Гипотония  мен  гипертонияның   бар,
жоқтығына назар аудару керек.
2.   Көру арқылы  жануардың жүрісіне, жүру кезінде  қатысатын  бұлшық  еттер
мен мүшелерге назар аудару қажет. Статситикалық және динамикалық  атаксияның
 бар-жоқтығына назар аудару.
3.  Жүректің  артқы  шекарасы,  бауыр,  қабырға  асты  және  омыртқа  жотасы
аймағын  нұқу арқылы  бұлшық  еттердің  жоғары  қозғалғыштығын  анықтау.  Ол
кезде ауырсыну, тынышсыздану,   ыңырсу байқалады.
4. Көру арқылы жануарда салдануының,  гиперкинез,  тремор,  тик,  мүшелердің
тартылуының бар-жоқтығына назар аударады.

                     № 7     ӘДІСТЕМЕЛІК    Н Ұ С Қ А У


ТАҚЫРЫБЫ:  Қортынды сабақ

   Бақылау сұрақтары

   Рефлекс деген не?
   Рефлекторлық доға неден тұрады?
   Рефлекстердің клиникалық классикациясын беріңіз?
   Қандай   патологиялық   процесстер   беткейлі   рефлекстердің   күшеюімен
      сипатталады?


   Қандай ауруларда тереңдік рефлекстердің күшеюі байқалады?
   Қандай ауруларда рефлекстердің қажуы байқалады?
   Қимыл жүйесіне не жатады?
   Сау жануарлардың бұлшық  ет  тонусы  қандай  және  ол  қалай  анықталады?



   Парез            және            салдану            деген             не?


   Моноплегия      деген      не      және      ол      нені      көрсетеді?


   Тартылу                (судороги)                деген                не?


   Клиникалық  тартылу қандай ауруларда байқалады?
   Қандай  ауруларда  бассүйек  пен  омыртқа   жотасының   қисаюы,   бүгілуі
      байқалады?


   Ауыру және тактильді  қоздырғышқа сау жануарлар  қалай  жауап  қайтарады?



    Жануарлардың есту қабілетін қалай анықтайды?
   Жануарлардың қандай кілегей қабаттары тексеріледі?
   Кілегей қабаттарын тексергенде неменеге көңіл  аударады?
   Жылқы, сиыр, түйе, шошқа,  ит,  мысық,  құстардың   қай  лимфа  түйіндері
      тексеріледі?
   Лимфа түйіндерін тексергенде неге көңіл аударады?
   Қандай ауруларда лимфа түйіндердің өзгерістері байқалады?
   Жануарлардың дене қызуы қалай өлшенеді?
   Қызба дегеніміз не?  Оның түрлері қандай?
   Дене  қызуының  көтерілу  дәрежесіне  байланысты  қызбаны  қалай  бөледі?


   Қызба кезеңдерін атаңыз?
   Дене  қызуының  литикалық  және  критикалық   төмендеуі   дегеніміз   не?


   Гипотермия дегеніміз не және ол қашан болады?
   Қалыпты және альгидтік талу дегеніміз не?
   Жануардың габитусы деген не және оның мағынасы қандай?
   Жануардың денесін кеңістікте ұстауы қандай болады?
   Жануарларда конституцияның қандай түрлері болады  және  олардың  мағынасы
      қанадай?
   Біріншілік және екіншілік бөртпелер қандай ауруларда  болады?
   Терінің патологиялық өзгерістеріне не жатады?
   Жануардың клинкалық тексеру жоспарын айтыңыз.
   Ауру малды   тіркеуге не кіреді?
   Анамнез  түсінігіне анықтама беріңіз.
   Жануардың ауырған кезеңінде жиналатын анамнезге қандай  сұрақтар  кіреді?


   Жылқылар мен ірі қара малға қалай жақындау керек?
   Жылқыны, ірі қара малды, құстарды, иттерді  бекітудің  негізгі  әдістерін
      атаңыз.

                     8-10 №  ӘДІСТЕМЕЛІК    Н Ұ С Қ А У


ТАҚЫРЫБЫ:  Қандағы жасушалардың  санын  есептеу.  Эритроциттер,  лейкоциттер
мен тромбоциттердің санын есептеу.

Қажетті   құралдар:    Микроскоп,   Горяева   камерасы,   Сали    гемометры.


Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге  аурулар кезінде диагнозды  дұрыс қою
мақсатында қанды тексеруін дұрыс жүргізуді үйрету
  Қан алу.

Аз мөлшердегі қанды құлақтың ұсақ тамырларынан  алуға  болады,  үрпек  жүнді
жануарлардан құлақтың  ұшынан,  алақаннан,  үйректер  мен  қаздардың  жұмсақ
табанынан, тышқандардан құйрығынан қан алады.

    Ірі қара мал, қой, ешкі,  жылқы,  түйе,  бұғының  мойындырық  тамырынан
алады. Шошқаларда құйрығынан, құлақтың ірі тамырынан, венозды көз  қуысынан,
иттерде сафен тамырынан немесе иық алды тері  асты  тамырларынан,  ақ  түлкі
мен  түлкілерде  плантарлық  венадан,  қояндарда  құлақ   тамырынан,   теңіз
шошқасында жүректен, тауықтарда қанаттың ішкі бөлігінің вена  қан  тамырынан
немесе жүректен алады.
    Қан алатын жердің жүнін қырқып,  терісін  спирт  немесе  эфир  спиртіне
малынған мақтамен сүртеді.
    Капиллярлық қан алғанда теріні Франк инесімен немесе инъекциялық инемен
тесіп алады. Қанның бірінші тамшысын  мақтамен  сүртіп,  келесісін  анализге
алады.
    Яремдік тамырдың қанын қан  жіберетін  инелер  арқылы  жоғары  мойынның
ортасына өту жерінен алады. Сол қолдың үлкен саусағымен, резеңкемен,  арнайы
қысқышпен немесе басқа құралдармен мойынның ортасындағы тамырды қысады.  Қан
алуды жеңілдету үшін түрлі құралдар пайдаланылады. Қан ұйып қалмас үшін  (10
мл қанға есептеп) оған 30мл натрий цитратын, 15 мл натрий оксалатын,  50  ЕД
гепарин немесе 10 пайызды трилон Б ерітіндісінің төрт тамшысын қосады.
    Гематинді әдіс (Сали әдісі). Градуирленген        гемометр пробиркасына
(ГС-3) көз пипеткасымен «2» белгісіне дейін 0,1 н тұзды  қышқыл  ерітіндісін
қосады. Капиллярлық пипеткамен 20 мкл (0, 02мл) қан алады,  пипетканың  ұшын
мақтамен сүртіп, қанды мұқият түбіндегі қышқыл ерітіндісіне үрлейді,  онымен
2-3 рет пипеткадағы жұққан қанды жуады.  Араластырып,  5  мин.  қойып  қояды
(тауықтардың қанын зерттегенде –15 мин.).  Тұзқышқылды  гематин  (хлоргемин)
пайда  болуының  нәтижесінде  пробиркадағы  ерітінді  қоңыр  түске  боялады.
Тамшымен дистильденген  су  қосып,  әйнек  таяқшамен  пробиркадағы  сұйықтық
қалыпты  пробиркалардың  түсімен  теңескенге  шейін  араластырады.  100  мл.
қандағы грамм көлеміндегі гемоглобиннің  мөлшерін  пробиркадағы  сұйықтықтың
деңгейімен  сәйкес  келетін  шкаланы  бөлу   бойынша   есептейді.   Гемометр
шкаласындағы   гемоглобиннің   мөлшерін    10    коэффициентіне    көбейтсе,
гемоглобиннің (г/л) концентрациясын анықтауға болады


                     № 11-12  ӘДІСТЕМЕЛІК    Н Ұ С Қ А У


ТАҚЫРЫБЫ:   Қандағы  жасушалардың  санын   есептеу.   Лейкограмманың   санын
есептеу.

Қажетті  құралдар:   Микроскоп,  гемометр  Сали,  Горяева   камеры,    мата.


Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге  аурулар кезінде диагнозды  дұрыс қою
мақсатында қандағы  жасушалардың санын  тексеруін үйрету және
лейкограмманы шығару

    Қандағы   сілті   қорын   анықтау.   Қышқылды   сілті   тепе-теңдігінің
көрсеткіштерін анықтау үшін  Астрип  әдісін  (  1956),  Зиггард  Андерсеннің
(1963 ) модифицирлеуі бойынша РН мөлшерін,  СО2-нің  қысымын,  сілті  қорын,
нағыз бикарбонатты, қалыпты  бикарбонатты,  буферлік  негіздерді,  плазманың
жалпы  көміртегі  қышқылының  мөлшерін  анықтайды.  Қышқылды-  сілті   тепе-
теңдігін қан плазмасындағы сілті қорын Ван –Слайкс  әдісі  бойынша  анықтап,
соның нәтижесімен бағалайды. Немесе И. П. Кондрахин әдісі бойынша  сарысудың
мөлшерін белгілейді. Сарысуды вазелин майының астында сақтайды.
    Сау малдардағы қан сарысуындағы сілті қорын Ван –Слайкс  әдісі  бойынша
анықтағанда былайша болады: ІҚМ-50-62;  қойда-45-54;  ешкіде-48-52;  жылқыда
50-65; шошқада-42-60; итте –40-60; тауықта-40-52.

     № 13 ӘДІСТЕМЕЛІК    Н Ұ С Қ А У


ТАҚЫРЫБЫ:  Билирубинды анықтау.

Қажетті құралдар:  Фонендоскоп,   плессиметр,  балғашық,  руминограф,  мата.


Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге  аурулар кезінде диагнозды  дұрыс қою
мақсатында зәр шығару жүйесін тексеруін дұрыс жүргізу.
    Қан сарысуындағы билирубиннің  мөлшерін  анықтау.  (Ендрашик,  Клеггорн
және Гроф бойынша) 3 пробиркаға 0,9 % хлорлы натриймен 2 рет  араластырылған
0,5 мл сарысу құяды. 1-інші пробиркаға 1,75 мл кофе  реактиві  мен  0,25  мл
0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін қосып, колориметрлейді,   2-інші  пробиркаға
(тікелей билирубин) 1,75 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін және  0,  25  мл
диазоқоспасын қосып, 5 мин. кейін колориметрлейд; үшінші  пробиркаға  (жалпы
билирубин) 1, 75 кофе ерітіндісін құйып, 0, 25 дизоқоспасын  қосып,  20  мин
кейін колориметрлейді. Колориметрлеуді жасыл жарық фильтрде  5  мм  кюветпен
қарсы дистильденген сумен жүргізеді.
    Тікелей  және  жалпы  билирубинді  зерттеу  кезінде  алынған  оптикалық
тығыздық көрсеткіштерінен бақылаудың оптикалық  тығыздығының  көрсеткіштерін
шығарып алады.
    Колибрлы кесте бойынша, жалпы және тікелей билирубиннің мөлшерін тауып,
(мг/ 100 мл немесе ммоль/ л) ал олардың  арасындағы  айырмашылықтан  тікелей
емес билирубиннің мөлшерін (мг/ 100мл немесе ммоль/л ) алады.

                      № 14  ӘДІСТЕМЕЛІК    Н Ұ С Қ А У


ТАҚЫРЫБЫ:  Глюкоза және қандағы жалпы ақуызды (белок) анықтау.

Қажетті   құралдар:    Спирт,   инелер,   микроскоп,   пробиркалар,    мата.


Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге  аурулар кезінде диагнозды  дұрыс қою
мақсатында қан жүйесін тексеруін үйрету

    Тәжірибелік  сынамадағы  глюкозаның   құрамы   мына   формула   бойынша
есептеледі:
             Ccт Е оп
    С оп = --------------
              Е ст
    Мұндағы Сст-глюкозаның стандарттық  концентрациясы  (мг/100  мл  немесе
ммоль/л); Е оп- сынаманың оптикалық тығыздығы; Е ст-  стандарттың  оптикалық
тығыздығы.
    Сау ересек малдарда  қандағы  глюкоза  мөлшері  мынадай  болады  (  мг/
100мл): ІҚМ-40-70, қойда- 35-60, шошқада –45-75, жылқыда-55-75,  итте-60-80,
тауықта- 80-140.
    0,0555  мөлшерде  глюкоза  концентрациясының  көбеюі  СИ   (ммоль/   л)
бірліктегі концентрацияны алады. Глюкоза мөлшері мынадай  болады:  ІҚМ-2,22-
3,88, қойда-2,05-3,33, шошқада-2,5-4,16, жылқыда-3,05-5,27,  итте-3,33-4,44,
тауықта-4,44-7, 77.
    Қандағы глюкоза мөлшерінің көбеюі (гипергликемия) қант диабетінде,  В1С
гиповитаминозында, бүйрек жетімсіздігінде, нефритте және т. б. байқалады.
    Ал   қандағы   глюкозаның  азаюы  кетозда,  ашығуда,  диспепсияда,   А-
гиповитаминозында,  лейкозда,  қалқанша  бездің   қызметінің   төмендеуінде,
бүйректің қатты зақымдануы және т. б. болуы мүмкін.

                      ӘДІСТЕМЕЛІК    Н Ұ С Қ А У  № 15


ТАҚЫРЫБЫ:  Қортынды сабақ.

 Бақылауға арналған сұрақтары:
   1. 1.Рентген түтікшесі және рентген сәулесінің пайда болу механизмі.
   2. Несептің бірікпейтін тұнбалары
   3. Несептегі белокты нықтау
   4. 5.Қан сары суындағы билирубинді анықтау
   5. Несептегі кетон денелерін анықтау
   6. Ақ қан формуласы. Лейкопрофиль.
   7. Несептің физикалық қасиеттерінің маңызы
   8. Ішектерді зерттеу
   9. Қанның профилінің маңызы
  10. Қарын сөлін анықтау
  11. Қандағы гемоглобин мен түсті көрсеткішті анықтау
  12.
  13. Қан түйіршектерінің санын анықтау
  14. Несептегі қанды тексеру. Гематурия, гемоглобинурияның маңызы
  15.  Минералдар  жетіспегенін  анықтайтын  рентген  әдістері  мен  рентген
      белгілері

Негізгі әдебиеттер:

   1.М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.
      Жануарлар ауруларының  клиникалық диагностика.  оқу құрал – Алматы,
      2007
   2.А.М. Смирнов, П.Я. Конопелько, Р.П. Пушкарев, В.С. Постников, Н.А.
      Уразаев, И.М. Беляков, Г.Л. Дугин, В.С. Кондратьев  Клиническая
      диагностика внутренних незаразных болезней  животных. Москва ВО
      «Агропроминиздат»  1988


                4. Студенттердің оқытушылармен өздік  жұмысы



                    СОӨЖ  ӘДІСТЕМЕЛІК    Н Ұ С Қ А У  № 1


  1-сабақ. Вегетативті жүйке  жүйесін  тексеру.  Захарыш  –  хеда  зоналары
  (бөліктері).

  Қажетті  құралдар:  И.П.  Шатала  аппараты,   бұраулар,   фонендоскоптар.



  Жануарлар:                Жылқы,                сиыр,                қой.



  Сабақтың  мақсаты:   Студенттерге   вегативті    жүйке   жүйесін    дұрыс
  тексеруді     және     бейнеленген     ауруды      анықтауды      үйрету.



  Вегативті жүйке жүйесін тексеру

  Малдәрігерлік тәжірибеде вегативті жүйке жүйесінің жағдайын анықтау  үшін
  арнайы рефлекстер әдістемесі  қолданылады.   Бұл  мақсатта  жануардың  30
  секунд ішінде жүрек соғуын санайды. Содан соң Шатала  аппаратын  қолданып
  немесе қолмен көз алмасына сынап бағанасы бойынша 20-30 мм  қысым  түсіру
  арқылы көз-жүрек рефлексін  түзеді.  Құлақ  –  жүрек  рефлексінде  Шатала
  динамаметрін құлақ негізіне қойып немесе жылқылар үшін  қозғыштық  типті-
  20 кг, қозғалғыш –25 кг, инертті –30  кг  қысым  күшін  түзу  үшін  бұрау
  салады,  сол  кезде  бір  уақытта  30  секунд  ішіндегі  жүрек  рефлексін
  анықтағанда  үстіңгі ерінге бұрау салып, жүрек соғуын санайды. 1  минутта
  4 реттен аз соқса, ол жануардың   вегатоникалық  жағдайда  екенін,  ал  4
  реттен  көп  соқса,  ол  жануардың  симпатикотоникалық  жағдайда   екенін
  білдіреді.

  Захарыш-Хеда зоналарын (бөліктерін) тексеру.

  Захарыш-  Хеда  зонасы  –  ішкі  мүшелердің  аурулары  кезіндегі  терінің
  сезімталдығы жоғарылаған  бөліктерін анықтау.

  Сезімталдығы жоғары бөліктердің клиникалық  сипаттамасы.  Сезімтал  бөлік
  аймағын ақырын басқанда немесе  нұқығанда  ауру  малда  терінің  ауырсыну
  реакциясы  (гиперестезия)  болады.  Жоғары   сезімталдық   бұлшық   еттің
  жиырылуымен,  тердің  көп   бөлінуімен,   ыңырсумен,   арқасын   бүгумен,
  тексерушінің қолынан қашқалақтаумен сипатталады.

  Тапсырма.  Тірі  жануардың  денесіне   көкірек   және   құрсақ   қуысының
  мүшелерінің топографиясын бормен сызып, бейнеленген  ауырсынуды  тексеру.
  Тексеру нәтижесін жұмыс дәптеріне жазып алу  керек.  Жылқыларда  ауырсыну
  бейнеленген бөліктер мынадай:

  1. Асқазан  ауруында терінің жоғары  сезімталдық зонасы – шоқтықтың артқы
  еңісінде;

  2.  Асқазан, 12-елі ішек, бауыр, көкбауыр және ұйқы безінің ауруларында –
  сол         жақтан          5-10-шы          қабырға          аралығында;



  3.  Ащы ішек,  мықын ішек, соқыр ішек ауруларында – оң  жақтан  және  сол
  жақтан              11-12-ші               қабырға              аралықта;



  4.  Тоқ   ішек   ауруында   –   13-15-ші   қабырға   аралығы   аймағында;



  5. Бүйрек, бүйрек  үсті  безі  және  қалақаның   ауруларында  –  16-18-ші
  қабырға                                                       аралығында;



  6. Кіші тоқ ішек, тік ішек  ауруларында  -   терінің  жоғары  сезімталдық
  бөлігі     мықын,     шап,     жамбас,     бел     аймағында      болады;



  7. Қуық, несеп жолы, жыныс бездерінің  ауруларында –  бел  және  сегізкөз
  аймағында;

  8. Жүрек ауруы кезінде – сол жақтан 3-6-шы  қабырға   аралығы  аймағында.



  Бақылау сұрақтары

  1. Қандай ішкі ағзалар алдыңғы және артқы   айшықты түйіндермен,  алдыңғы
  және артқы  шажырқай   түйіндермен,  бүйректік  қалқаның  және  жамбастың
  түйідермен                                                    нервтеледі;



  2.  Келесі  аурулардағы   терінің   жоғары   сезімтал   бөлігін   атаңыз:



  а)  асқазан,   12   елі   ішек,   бауыр,   көкбауыр   және   ұйқы   безі;



  б)            ащы,             мықын,             соқыр             ішек;



  в) тоқ ішек;

  г)      бүйрек      және       бүйрек       үсті       безі,       қалқа;



  д) кіші тоқ ішек және тік ішек;

  е) қуық, несеп жолы және жыныс бездері;

  ж) жүрек ауруларында.


                    СОӨЖ  ӘДІСТЕМЕЛІК   Н Ұ С Қ А У  № 2



  2 сабақ. Жылқы асқазанындағы заттардың физикалық және  химиялық  қасиетін
  анықтау.

  Қажетті құралдар. Мұрын - өңеш зонды,  асқазан  зататрын  алуға  арналған
  аспап. Химиялық стақандар. Бюретка, әртүрлі пипеткалар.

  Реактивтер. Күйдіргіш натрийдің 10% ерітіндісі, диметиламидоазобен-золдың
  0,5 % спирттік ерітіндісі, ализарносульфоново қышқыл  натрийдің  1%  сулы
  ерітіндісі. Асқазанның ішіндегі заттар.

  Жануарлар. Жылқы.

  Сабақтың мақсаты. Студенттерге асқазан  ішіндегі  заттарды  алу  процесін
  және ара қарай тексеруге дайындауды  студенттерге үйрету:

      Асқазан заттарының физикалық қасиетін анықтауды;
  2. Жалпы қышқылдықты, бос және  қосылған  тұз  қышқылын  асқазан  сөлінің
  әртүрлі  патологиялық   секрециясын   түсіну   үшін   анықтауды   үйрету.



  Студенттерге келесілерді анықтауды үйрету:

  1) Асқазан заттарының физикалық  қасиетін:  түсін,  мөлдірлігін,   иісін,
  консистенциясын,    қосындыларын,   салмағын    ареометрмен    анықтайды;



  2)  Асқазан  зататрын  тексеруді  оның  лакмус  қағазымен    әрекеттенуін
  тексеруден бастайды. Реакция қалыпты болса, онда асқазанда келесі  заттар
  бар екенін білдіреді:  а)  бос  тұз  қышықылы;  б)  жалпы  қышқылдық;  в)
  қосылған тұз қышқылы.

  Бақылау сұрақтары

  1. Асқазан ішіндегі заттарды алуға жануарды қалай дайындайды?

  2. Жылқының асқазан  ішіндегі   заттарын  алу  техникасын  айтыңыз.  Оның
  диагностикалық                        мәні                        қандай?



   3. Асқазан бездерінің  секрецияларының  патологиялық  түрлері  асқазанның
   қандай ауруларында кездеседі?



                    СОӨЖ  ӘДІСТЕМЕЛІК   Н Ұ С Қ А У  № 3


  3  сабақ.  Жылқы  асқазанындағы  заттардың  тұз   қышқылын   және   жалпы
  қышқылдықты анықтау.

  Қажетті құралдар. Мұрын - өңеш зонды,  асқазан  зататрын  алуға  арналған
  аспап. Химиялық стақандар. Бюретка, әртүрлі пипеткалар.

  Реактивтер. Күйдіргіш натрийдің 10% ерітіндісі, диметиламидоазобен-золдың
  0,5 % спирттік ерітіндісі, ализарносульфоново қышқыл  натрийдің  1%  сулы
  ерітіндісі. Асқазанның ішіндегі заттар.

  Жануарлар. Жылқы.

  Сабақтың мақсаты. Студенттерге асқазан  ішіндегі  заттарды  алу  процесін
  және ара қарай тексеруге дайындауды  студенттерге үйрету:

  1) Бос тұз қышқылын сандық анықтау.

  Реакцияның   жүруі.   5   мл   сүзілген   асқазан   сөліне   2-3    тамшы
  дилитиламидоазобензолдың спирттік ерітіндісін қосады. Қызыл түске боялған
  кезде сілтінің 10% ерітіндісімен  сабан  тәрізді  сары   түске  боялғанша
  титрлейді.



  Есептеу. Титрлеуге кеткен NaOH мөлшерін 20-ға көбейтеді. 100  мл  асқазан
  заттарындағы қышқылдық  бірліктерімен  белгіленген  бос  қышқыл  мөлшерін
  аламыз. Мысалы, 5 мл асқазан заттарын  титрлеуге   1,5  мл  NaOH-тың  10%
  ерітіндісі кетсе, 100 мл-ге (1,5 х 20) = 30 қышқылдық бірлігі.

  2) Жалпы қышқылдықты сандық анықтау.

  Реакцияның  жүруі.  5  мл  сүзілген  асқазан   заттарының   (сүзіндісіне)
  сұйықтығына 2-3 тамшы феналфталейнің 1% спирттік   ерітіндісін қосады да,
  таңқурай (малина)  түсіне боялғанша күйдіргіш натрийдің  10%  ерітіндісін
  құяды. Есептеу бос тұз қышқылын есептеуде сияқты жүргізіледі.  Мысалы,  5
  мл асқазан затын  титрлеуге 1,9 мл күйдіргіш 10%  ерітіндісін  алсақ,  ал
  100 мл-ге (1,9 х 20) = 38  қышқылдылық бірлігі.

  3) Қосылған тұз қышқылын анықтау. Асқазан  ішіндегі  заттар  индикатормен
  (ализаринсульфоновоқышқылын  натрийдің  1%  сулы   ерітіндісі)  титрлеуге
  болады.  өйткені  ол  қосылған  тұз  қышқылынан   басқа   барлық   қышқыл
  қосылыстарымен әрекеттеседі.

  Реакцияның жүруі. 5 мл  асқазан  ішіндегі  заттардың   үстіне  2-3  тамшы
  индикатор қосып, 10% сілтімен күлгін түске боялғанша титрлейді. Мысалы, 5
  мл асқазан заттарын титрлеуге 0,4 мл күйдіргіш натридің  10%   ерітіндісі
  кетсе, 100 мл-ге (0,4 х 20) = 8  қышқылдық бірлігі.

  Есептеуді  тексеру.  Индикатор  қосылған  тұз  қышқылынан  басқа   қышқыл
  қосылыстарымен  әрекеттесе беретін болғандықтан  жалпы  қышқылдықтан  бос
  тұз қышқылын алып тастағанда қосылған тұз қышқылының   мөлшерін  табамыз.
  (жалпы 38 –бос 30 = 8 қосылған қышқылдылық бірлігі).

  Бақылау сұрақтары

  1. Асқазан ішіндегі заттарды алуға жануарды қалай дайындайды?

  2. Жылқының асқазан  ішіндегі   заттарын  алу  техникасын  айтыңыз.  Оның
  диагностикалық                        мәні                        қандай?



   3. Асқазан бездерінің  секрецияларының  патологиялық  түрлері  асқазанның
   қандай ауруларында кездеседі?

                    СОӨЖ  ӘДІСТЕМЕЛІК    Н Ұ С Қ А У  № 4


ТАҚЫРЫБЫ:  Әртүрлі малдың қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау.

  Қан алу.

  Аз мөлшердегі қанды құлақтың ұсақ тамырларынан алуға болады, үрпек  жүнді
жануарлардан құлақтың  ұшынан,  алақаннан,  үйректер  мен  қаздардың  жұмсақ
табанынан, тышқандардан құйрығынан қан алады.

    Ірі қара мал, қой, ешкі,  жылқы,  түйе,  бұғының  мойындырық  тамырынан
алады. Шошқаларда құйрығынан, құлақтың ірі тамырынан, венозды көз  қуысынан,
иттерде сафен тамырынан немесе иық алды тері  асты  тамырларынан,  ақ  түлкі
мен  түлкілерде  плантарлық  венадан,  қояндарда  құлақ   тамырынан,   теңіз
шошқасында жүректен, тауықтарда қанаттың ішкі бөлігінің вена  қан  тамырынан
немесе жүректен алады.
    Қан алатын жердің жүнін қырқып,  терісін  спирт  немесе  эфир  спиртіне
малынған мақтамен сүртеді.
    Капиллярлық қан алғанда теріні Франк инесімен немесе инъекциялық инемен
тесіп алады. Қанның бірінші тамшысын  мақтамен  сүртіп,  келесісін  анализге
алады.
    Яремдік тамырдың қанын қан  жіберетін  инелер  арқылы  жоғары  мойынның
ортасына өту жерінен алады. Сол қолдың үлкен саусағымен, резеңкемен,  арнайы
қысқышпен немесе басқа құралдармен мойынның ортасындағы тамырды қысады.  Қан
алуды жеңілдету үшін түрлі құралдар пайдаланылады. Қан ұйып қалмас үшін  (10
мл қанға есептеп) оған 30мл натрий цитратын, 15 мл натрий оксалатын,  50  ЕД
гепарин немесе 10 пайызды трилон Б ерітіндісінің төрт тамшысын қосады.
    Плазма  алу  үшін  қалыпқа  түскен  қанды  3000  мин  -1   10   минутта
центрифугалайды,  одан  кейін   плазманы   пробирканың   төменгі   бөлігінде
плазмалық элементтерді қалдыра отырып, пипеткамен сорып  алады.  Сарысу  алу
үшін қанды антикогулянтсыз пробиркаға  жинайды  да,  бөлме  температурасында
бірнеше  сағат  ұстап,   ұйытылған   қанды   әйнек   таяқшамен   пробирканың
қабырғаларынан   бөліп   алады.   Соңында   пробирканы    3000-1    болғанда
центрифугалайды, бөлінген сарысуды пипеткамен сорып алады.
    Қанның физикалық қасиеттерін анықтау.
    Қанның салыстырмалы тығыздығы мен ЭТЖ анықтаудың клиникалық маңызы  өте
зор.
    Қанның салыстырмалы тығыздығын анықтау. Қанның салыстырмалы  тығыздығын
әрі плазмамен сарысудың салыстырмалы тығыздығын Филлипс әдісімен  анықтайды.
Мыстың қанық сульфатын  дайындау  үшін  900гр  бес  сулы  сульфатын  ұнтаққа
айналдырып үгіп, 1250 мл дистильденген су құйып, әйнек таяқшасымен мұқият  5
мин араластырады. Ерітіндінің температурасын  0,5  С0  дейін  анықтап  сүзіп
алады.  Алынған  ерітіндіден  1,100  салыстырмалы  тығыздығы   бар   негізгі
ерітіндіні жасайды Бұл  үшін  негізгі  ерітіндінің  15гр  С0  529  мл  алып,
дистильденген сумен 1л жеткізеді. Ерітіндінің мөлшері  оның  температурасына
байланысты. Мысалы, 15,5 С гр 525 мл; 160 521; 190 496; 15,50    492гр;  200
488; 20,50 484; 210 480; 21,50  477; 220 473.
    Негізгі  қалыпты  ерітіндіден  тығыздығы  1,030  дан  0,075  дейін  мыс
сульфатының  жұмысшы  ерітіндісін  жасайды.  Өлшегіш  колбаға   дайындалатын
ерітіндінің  соңғы 2 сандарының тығыздығына сәйкес келетін қалыпты  ерітінді
құйып алады да, дистильденген сумен  100  мл  жеткізеді.  Мысалы,  тығыздығы
0,050 ерітіндіні дайындау үшін 49 мл негізгі қалыпты ерітіндіден  алып,  100
мл дейін су қосады. Ерітіндіні қақпағы жабылған қараңғы ыдыстарда  сақтайды.

    Анализ үшін  гепаринмен,   натрий  оксалатымен,  Б  трилонымен  қалыпқа
түскен  қанды  пайдалануға  болады,  центрифугаланған  қанды  зерттеу   үшін
жарамсыз.
    Пипеткаға зерттеуге алынған  қанды  алып,  пробиркаға  ауыстырады.  Бұл
пробиркада мыс сульфатының ерітіндісі  болуы  керек.  Сақтықпен   пипетканың
ұшын ерітінді деңгейінен 1см қойып, 1 тамшы қан жібереді. Тамшы қан  2-3  см
тереңдікке түсіп, одан  әрі  түбіне  шөге  бастайды  не  жоғары  көтеріледі.
Сөйтіп қан тамшыны,  түбіне  шөккен  ерітіндіні  табады.  Бұл  жағдайда  қан
тығыздығы ерітінді тығыздығына сәйкес келеді.
    Сау ірі қара мал қанының салыстырмалы тығыздығы мынадай  түрде  ауытқып
тұрады:
    ІҚМ –1,047 –1,055; қойда  1,042-  1,052;  ешкіде-1,044-1,053;  жылқыда-
1,045-1,055; шошқада-1,042-1,060; итте-1,044-1,056;  тауықтарда-1,039-1,057.

    Қанның  салыстырмалы  тығыздығының  ұлғаюы   оның   қоюлануы,   терлеу,
полиурия, қан ауруы, нефрит, жылқының миоглобинурисы кезінде болады.
    Қанның салыстырмалы тығыздығының азаюы, анемия, гемолитикалық сарыауру,
кахексия, гидремияда болады.
    Эритроциттердің тұну жылдамдығын анықтау(ЭТЖ). Панчеков әдісін  мынадай
жолмен   жүргізеді.  Капиллярға   «Р»  белгісіне  дейін  5  пайыздық  натрий
цитратының ерітіндісін алып оны сағат әйнегіне  үрлейді.  Осы  капилляр  мен
қанды 2 рет «К»  белгісіне  дейін   құйып  алады  да,  2  рет  қанды  натрий
цитратының ерітіндісімен араластыра отырып, сағат әйнегіне үрлейді.  Алынған
қоспаны капиллярға «К» белгісіне дейін  алып,  штативке  қояды.  ЭТЖ-  ны  1
сағаттан кейін есептейді.
    Сау малдарда ЭТЖ (мм/  с):  ІҚМ-0,5-0-1,5;  қойда-0,5-1;  ешкіде-0,3-1;
жылқыда-40-70; шошқада-2-9; итте-2-6; тауықта-2-3.
    Неводов әдісі:  Эритроседиометрге  скальпельдің  ұшымен  (0,02гр  жуық)
натрий оксалатын  кіргізеді  де  тамыр  қанын  «о»  белгісіне  дейін  алады,
резеңке қақпақпен жауып,  мұқият пробирканы 5- 10 рет төңкере отырып,  қанды
антикоагулянтпен араластырады.  Пробирканы  штативке  қояды.  ЭТЖ-ны  плазма
бағанының биіктігімен 15, 30, 45, 60 мин. кейін не 24 сағатта есептейді.
    ЭТЖ-ның бәсеңдеуі шаршағанда, қатты  терлегенде, полиурияда, іш  өтуде,
шаншуде   гастроэнтеритте,   механикалық   және   парехиматоздық   сарғаюда,
механикалық илеус,  инфекциялық  энцефаломиелит,  стахиботритоксикозде  және
т.б. болады.

                    СОӨЖ  ӘДІСТЕМЕЛІК    Н Ұ С Қ А У  № 5


ТАҚЫРЫБЫ: Қан сарысуындағы   сілті қоры мен каротинді анықтау.

    Қандағы   сілті   қорын   анықтау.   Қышқылды   сілті   тепе-теңдігінің
көрсеткіштерін анықтау үшін  Астрип  әдісін  (  1956),  Зиггард  Андерсеннің
(1963 ) модифицирлеуі бойынша РН мөлшерін,  СО2-нің  қысымын,  сілті  қорын,
нағыз бикарбонатты, қалыпты  бикарбонатты,  буферлік  негіздерді,  плазманың
жалпы  көміртегі  қышқылының  мөлшерін  анықтайды.  Қышқылды-  сілті   тепе-
теңдігін қан плазмасындағы сілті қорын Ван –Слайкс  әдісі  бойынша  анықтап,
соның нәтижесімен бағалайды. Немесе И. П. Кондрахин әдісі бойынша  сарысудың
мөлшерін белгілейді. Сарысуды вазелин майының астында сақтайды.
    Сау малдардағы қан сарысуындағы сілті қорын Ван –Слайкс  әдісі  бойынша
анықтағанда былайша болады: ІҚМ-50-62;  қойда-45-54;  ешкіде-48-52;  жылқыда
50-65; шошқада-42-60; итте –40-60; тауықта-40-52.
    Қан сарысуындағы сілті қорын Кондрахин әдісі бойынша анықтағанда 0,5 мл
сарысу құяды, сұйықтықтың қалған мөлшерін пипеткамен үрлеуге  болмайды,  тек
бетін мықтап жауып қояды.
    Колбаның екінші натрий гидроокисінің 2мл 0,01 н ерітіндісін қосып бетін
жабады. Содан кейін колбаның бірінші бөлігін ашып, ондағы  қан  сарысуына  5
пайызды 1мл күкірт  қышқылының  ерітіндісін  қосып  дереу  қақпағын  жабады.
Айналдыра отырып, сарысумен қышқылдарды араластырады, реакция  жүріп  жатқан
уақытта 3-4 рет араластырады.
    Бақылау колбасына натрий гидроокисі ерітіндісінің  0,01н  2  мл  қосып,
бетін мықтап жабады. Шағылыстырылған шыны сауыттың  екінші  бөлігіне  күкірт
қышқылының 5 пайызды 1мл  ерітіндісін  қосып  тағы  да  бетін  жауып  қояды.
Жабардың алдында қақпағын дистильденген сумен ылғалдайды. Нақты  нәтиже  алу
үшін сарысудың әрбір түрін шағылыстырылған екі шыны  ыдыста  зерттейді.  Екі
–алты  сағаттан  кейін  (12  сағатқа   шейін   рұқсат   етілген   )   натрий
гидроокисінің ерітіндісі бар шыны ыдысты ашып, фенол  фталеиннің  1  пайызды
спирт  ерітіндісінің   бір   тамшысын   қосып   араластырады.(түсі   қызылға
айналады). Бұдан кейін шыны ыдыстағы сұйықтықты түссізденгенге дейін 0,01  н
күкірт қышқылының ерітіндісімен  титрлейді.  Титрлеуді  мұқият  барлық  шыны
ыдыста бірдей жүргізу керек. Сілті қорының мөлшерін х=(а-в) х0,224х  200=(а-
в) х  44,  8  формуласымен  есептейді.  Мұндағы  а  –тәжірибе  жасаған  шыны
ыдыстағы  титрлеуге  шығарылған  күкірт  қышқылының  0,01  н   ерітіндісінің
мөлшері; в- бақылау шыны ыдысын титрлеуге шығындалған күкірт қышқылы 0,01  н
ерітіндісінің   мөлшері;   0,224-аталған  реакция  кезіндегі  0,01Н   күкірт
қышқылы ерітіндісінің СО2-ге есептеу факторы; 200-100мл  (0,5)  мөлшеріндегі
қан сарысуының анализге алынған  мөлшерін  есептеуге  арналған  коэффициент.
Ірі малдағы қан сарысуындағы сілті қорының мөлшері Кондрахин  әдісі  бойынша
есептегенде 45-55об пайыз СО2 –ні, ал  плазмада  –46-66  об  пайыз  СО2  –ні
құрады.
    Қышқылды сілтілік тепе-теңдік бұзылған уақытта ацидоз қышқылдардың  өте
көп  болуы  немесе  негіздердің  жетіспеушілігі   және   алколиз   (сілтілік
заттардың  көптігі)  дамуы  мүмкін.  Егер  ацидоз  немесе  алколиз  РН  –тың
итеруінсіз   ақса,   компенсирленген,    ал    РН-тың    итеруімен    болса,
компенсирленбеген деп атайды. Ацидоз бен  алколиз  газы  (тыныс  алу)   және
газды емес болуы мүмкін. Газды ацидоз ағзадағы көмір қышқылының өкпенің  ауа
алмастыруды азайтуының (ауа тамырлық астма, өкпенің эмфиземасы)  нәтижесінде
пйда   болады.   Газды   алколиз   өкпенің   ауа   алмастыруды    азайтуының
(Энцефаломиелит) нәтижесінде болады.
    Метаболикалық алколиз ағзада  құсу  кезінде  көп  мөлшерде  негіздердің
жиналуы, фибриноздық пневмония силикоз, кант қызылшасын артық мөлшерде  жеу,
пироплазмада және т.б. болады. Метаболикалық ацидоз жануарларды қышқыл  және
ашып   кеткен   жеммен,   концентраттармен   көп   қоректендіргенде    дұрыс
тамақтандырмағанда, қораны дұрыс желдетпегенде, күн сәулесі  аз  түсіп,  өте
аз  қозғалғанда,  рахитте,  сұйық  құрамының  бұзылуында,  алдыңғы  қарынның
әлсіреуінде, ауа тамырларының қабынуында дене қызуының көтерілуі мен  қабыну
процестерінде, кетозда, туудан кейінгі жартылай салдануда, іш  өтуде,  жүрек
қантамырлары  мен  тыныс  алу  жолдарының  ауруында,  сәуле  ауруында,  қант
диабетінде, бүйрек қабынуында, талма ауруында және т. б. болады.

                    СОӨЖ  ӘДІСТЕМЕЛІК    Н Ұ С Қ А У  № 6


ТАҚЫРЫБЫ:  Тауқтың  қандағы  гемоглобин  мөлшерін,  түс   көрсеткішін   және
эритроциттегі гемоглобинің орташа мөлшерін анықтау.

    Қандағы  гемоглобин мөлшерін анықтау.
    Гематинді және гемоглобинцианидті әдістер қолданылады.
    Гематинді әдіс (Сали әдісі). Градуирленген        гемометр пробиркасына
(ГС-3) көз пипеткасымен «2» белгісіне дейін 0,1 н тұзды  қышқыл  ерітіндісін
қосады. Капиллярлық пипеткамен 20 мкл (0, 02мл) қан алады,  пипетканың  ұшын
мақтамен сүртіп, қанды мұқият түбіндегі қышқыл ерітіндісіне үрлейді,  онымен
2-3 рет пипеткадағы жұққан қанды жуады.  Араластырып,  5  мин.  қойып  қояды
(тауықтардың қанын зерттегенде –15 мин.).  Тұзқышқылды  гематин  (хлоргемин)
пайда  болуының  нәтижесінде  пробиркадағы  ерітінді  қоңыр  түске  боялады.
Тамшымен дистильденген  су  қосып,  әйнек  таяқшамен  пробиркадағы  сұйықтық
қалыпты  пробиркалардың  түсімен  теңескенге  шейін  араластырады.  100  мл.
қандағы грамм көлеміндегі гемоглобиннің  мөлшерін  пробиркадағы  сұйықтықтың
деңгейімен  сәйкес  келетін  шкаланы  бөлу   бойынша   есептейді.   Гемометр
шкаласындағы   гемоглобиннің   мөлшерін    10    коэффициентіне    көбейтсе,
гемоглобиннің (г/л) концентрациясын анықтауға болады.
    Гемиглобинцианидті әдіс (М.  Л.  Пименова  мен  Г.  В.  Дервиз  әдісі).
Зерттеуге тәжірибелік және қалыпты сынама қолданылады.
    Тәжірибелік сынама былайша жасалады. 5 мл трансформирленген  ерітіндіге
20 мкл (0,02 мл) қан қосып, мұқият араластырып,  10  мин.  қойып  қояды  да,
10мл қалыңдықтағы кюветте жасыл жарық сүзгішімен, колориметрмен өлшейді.
    Қалыпты проба- бұл транформинленген ерітіндісіз тәжірибелік  зерттелген
гемоглобинцианидтің қалыпты ерітіндісі.
    Гемоглобиннің (Нв, г/ 100 мл) мөлшерін мына формула бойынша анықтайды:
              Е оп  СК х 0,001                  Е оп х15
     Нв_______________  = _____________
              Ест                         Ест
      Мұндағы Еоп-тәжірибелік сынаманың оптикалық тығыздығы,  Ест  –қалыпты
сынаманың оптикалық тығыздығы; С- қалыпты ерітіндідегі (59,  75  мг/100  мл)
гемиглобинцианидтің концетрациясы; К-қанды  (251)  араластыру  коэффициенті;
0,001-есептеу коэффициенті (граммен есептеу үшін формула бойынша  анықталған
гемоглобиннің мөлшерін 10 коэффициентіне көбейтеді).
    Сау жануарлардың қанындағы гемоглобиннің мөлшері (г/ 100 мл): ірі  қара
малда-9,9-12,9; қойда-9-13, 3; ешкіде-10-15;  жылқыда-8-14;  шошқада  –9-11;
итте-11-17; тауықта – 8-12.
    Гемоглобиннің (г/л) мөлшері мынадай  болады:  ірі  қара  малда-100-130;
қойда-90-135; ешкіде-100-150; жылқыда-80-140;  шошқада-90-110;  иттерде-110-
170; тауықтарда-80-120.
    Қандағы гемоглобин мөлшерінің көбеюі (гиперхромемия) іш өту, тершеңдік,
экссудат  пен  трансссудат  бөлінгенде,   миоглобинурин   бөлінгенде,   өкпе
эмфиземасы кезінде  болады.  Қан  құрамындағы  гемоглобин  мөлшерінің  азаюы
(олигохромемия) әр түрлі себептен қан азайғанда байқалады.

                    СОӨЖ  ӘДІСТЕМЕЛІК    Н Ұ С Қ А У  № 7


ТАҚЫРЫБЫ:  Тауқтың  қандағы  жасушалардың   санын   есептеу.   Эритроциттер,
лейкоциттер мен тромбоциттердің санын есептеу.

      Қанның аталған жасушаларының санын есептеу  үшін   есептеу  камералары
мен  электронды  есептеу  құралдарын  пайдаланады.   Эритроциттердің   санын
эритрогемометр және фотоэлектроколориметрлердің көмегімен есептеуге болады.
      Есептеу камерасындағы эритроциттер,  лейкоциттер  мен  тромбоциттердің
санын есептеу.

Қандағы  жасушалардың  санын  есептеу  үшін  әр  түрлі  есептеу   камералары
(Горяев, Предтеченский, Бюркер, Фукс- Розенталь және т.б.) пайдаланады.
    Есептеу камерасы-бұл қалың заттық 3 жолағы бар әйнек. Ортаңғы қырындағы
жолақ 0,1 мл  жіңішкелеу  және  2  бөлікке  бөлінген,  олардың  әрқайсысында
Горяев торы қашалып  жасалған.  Егер  қырындағы  жолақтарға  жапқыш  әйнекті
қойса, ортаңғы жолақтың үстінде 1/ 10 мл саңылау кеңістік пайда болады.
    Горяев  торының  ауданы  9  мм2  (3  х3  мм),  оның  үстіне  225  үлкен
төртбұрыштар қойылған, олардың 25-сі 16 кішкентай  төртбұрыштарға  бөлінген.
Кіші төртбұрыштың ауданы 1/ 400 мм2 (1/ 20 х  1/  20  мм  ),   ал  камераның
көлемі 1/ 400 мм 3 (1/ 400 мм 2 х 1/ 10 мм).
    Эритроциттердің   санын   есептегенде    қанды    қоспа-    сұйықтықпен
араластырады. Жалпы, бұл жағдайда  Н. М. Николаев   әдісі  жиі  қолданылады.
Егер қанды меланжерге  араластырса, онда капиллярға  «0,5»  белгісіне  дейін
қан алады,  капиллярдың  ұшын  мақтамен  сүртеді  де,  араластырғышқа  «101»
белгісіне дейін араласқан сұйықтықты  қосады.  Араластырғышты   екі  жағынан
қолдың  ортаңғы  және  үлкен  саусағымен  жауып,  1-2  мин.  шайқайды.   Бұл
жағдайдағы қанды араластыру 1:200 болады.  Ең  бірінші  меланжерден  мақтаға
араластырылған  қанның  3  тамшысын  алады,  ал   қалған   тамшыны   есептеу
камерасының ортаңғы жолағына жағады. Араластырылған қанның тамшысы  әйнектің
астындағы саңылау кеңістікке түседі де, камераны толтырады.
    Егер  қанды  пробиркада  араластырса,  Флоринский  пробиркасына  хлорлы
натрийдің  4 мл 0, 85% немесе 3 % ерітіндісін алады да, Сали  гемометріндегі
0,02   қанды   пипеткамен   алып,    араластырады.    Пастер    пипеткасымен
араластырылған қанды  алып,  есеп  камерасын  зарядтайды.  2-3  мин.  тосып,
эритроциттерді микроскоппен х8 объектісі, х 15 окулярымен  есептейді.  Бұдан
кейін тордың  диагоналі   бойынша  4  үлкен  төртбұрыштан  есептейді.  Үлкен
төртбұрыштағы жасушалардың  санын  сол  жақтағы  жоғарғы  кіші  төртбұрыштан
есептеуді бастайды, бұдан  кейін  2-інші,  3-інші  және  4-інші  төртбұрышқа
көшеді. Жоғарғы қатардан кейін төменгі қатардағы  эритроциттерді  1-інші  оң
жақтағы төртбұрыштан бастап есептейді. Ішкі,  кіші  төртбұрыштағы  және  сол
жағындағы   эритроциттерді   есептейді,   ал   төменгі   және   оң   жақтағы
эритроциттерді есептемейді.
    Эритроциттердің  санын  (х,  1мл  қандағы)     мына   формула   бойынша
анықтайды:
           АБ                             450х4000х200
    Х= ------ = 10000 х А= ---------------- = 4500000
              ВГ                             80
    Мұндағы А-бес үлкен төртбұрыштағы есептеген  эритроциттердің  саны,  Б-
қанды араластыру деңгейі  (200);  В-бес  үлкен  төртбұрыштағы  (16  х5  =80)
төртбұрыштардың саны; Г- кіші төртбұрыштың үстіндегі (1/ 4000  мкл)  есептеу
камерасының көлемі.
    1л қандағы эритроциттердің санын х=А х1010 формуласы бойынша есептейді.
Меланжерге лейкоциттер есептеу үшін   лейкоциттерге  «0,5»  белгісіне  дейін
қан сорып алады, «11» белгісіне дейін Тюрк сұйықтығын алады. (  3  %   сірке
қышқылының  ерітіндісі-100  мл,  1%  көк  генциан  ерітіндісі   немесе   көк
метиленді ерітінді –1 мл 1-2 мин. шайқайды.
    Сірке  қышқылы  эритроциттерді  бөліп  жібереді  де,  ал   көк   гециан
лейкоциттерді бояйды. 1:20 араласқан қан алады. Алғашқы үш  тамшыны  мақтаға
түсіреді, ал қалған тамшыларымен есептеу камерасын толтырады.
    Пробиркаға қан араластыру үшін 0,4 мл Тюрк  сұйықтығын   және  0,02  мл
қанды пипеткамен гемометр Салиден алады. 2-3 мин. өткеннен  кейін  камераның
түбіне  лейкоциттер  шөккен  соң,  қосымша  сызықтары  жоқ   Горяев   торына
төртбұрыш болып топпен орналасқан объективі х8 және окуляры х 15  100  үлкен
төртбұрышта микроскоппен жасушалардың санын есептейді. Лейкоциттердің  санын
мына формула бойынша есептейді.


           АБ                        148х4000х20     14800
    Х= ----   = 50 х А=  --------------- = ------- = 7400
          ВГ                           1600                    2


    Мұндағы,  А-100 үлкен төртбұрышпен есептелген лейкоциттердің  саны;  Б-
қанды (20) араластыру деңгейі; в- 100 үлкен төртбұрыштағы  (100  х  16=1600)
кіші төртбұрыштар саны;  Г-  кіші  квадраттың  үстіндегі  (1/  мкл)  есептеу
камерасының көлемі;
    1 литр қандағы лейкоциттердің санын есептеу үшін х=  а  х  5  х  10  –7
формуласын пайдаланады.
    Тромбоциттердің санын есептеу үшін 1 мл  шприцпен  0,5  мл  1%   трилон
ерітіндісін Б және 0,5  мл  венозды  қанын  алып,  араластырады  да,  бірден
силиконды пробиркаға ауыстырып, бетін жауып қояды.
    Пробиркадағы  қан  есептегеннен  кейін  бірнеше  сағат  тұруға  болады.
Есептеудің   алдында   қандағы   пробирканы    араластырып,    лейкоциттрдің
меланжеріне «1» белгісіне дейін қан алап, «11» белгісіне дейін 1  %  аммоний
оксалатын сорады. Араластырып, меланжерді  20  мин.  қояды  (эритроциттердің
гемолизі жүреді). Меланжерді  2-3  мин.  шайқап,  мақтаға  3  тамшы  қоспаны
құяды. Ал қалған тамшылармен  есептеу  камерасын  зарядтайды.   Бұл  есептеу
камерасын тромбоциттер түбіне шөгу үшін (1 Петри табақшасы ылғалды  мақтамен
) 10 мин. ылғалды камераға қояды. Тромбоциттерді объективі х40,  окуляры  х7
көгілдір  жарық  сүзгішімен  16  кіші  төртбұрыштарға   бөлінген   үлкен   5
төртбұрышпен есептейді.
    Тромбоциттердің  санын  (х,  1  мкл  қандағы)  мына   формула   бойынша
есептейді.


          АБ                             440 х400 х20
    Х= ----- = 1000 х А= ---------------- = 440000
          ВГ                             80
    1 литр қандағы тромбоцитердің санын х=а х109 формуласымен анықтайды.

                    СОӨЖ  ӘДІСТЕМЕЛІК    Н Ұ С Қ А У  № 9

  Тақырыбы: Билирубин, глюкоза және қандағы жалпы ақуызды (белок) анықтау.



    Қан сарысуындағы билирубиннің  мөлшерін  анықтау.  (Ендрашик,  Клеггорн
және Гроф бойынша) 3 пробиркаға 0,9 % хлорлы натриймен 2 рет  араластырылған
0,5 мл сарысу құяды. 1-інші пробиркаға 1,75 мл кофе  реактиві  мен  0,25  мл
0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін қосып, колориметрлейді,   2-інші  пробиркаға
(тікелей билирубин) 1,75 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін және  0,  25  мл
диазоқоспасын қосып, 5 мин. кейін колориметрлейд; үшінші  пробиркаға  (жалпы
билирубин) 1, 75 кофе ерітіндісін құйып, 0, 25 дизоқоспасын  қосып,  20  мин
кейін колориметрлейді. Колориметрлеуді жасыл жарық фильтрде  5  мм  кюветпен
қарсы дистильденген сумен жүргізеді.
    Тікелей  және  жалпы  билирубинді  зерттеу  кезінде  алынған  оптикалық
тығыздық көрсеткіштерінен бақылаудың оптикалық  тығыздығының  көрсеткіштерін
шығарып алады.
    Колибрлы кесте бойынша, жалпы және тікелей билирубиннің мөлшерін тауып,
(мг/ 100 мл немесе ммоль/ л) ал олардың  арасындағы  айырмашылықтан  тікелей
емес билирубиннің мөлшерін (мг/ 100мл немесе ммоль/л ) алады.
    Колибрлы кестені құру әдісі мынадай:
    Өлшегіш колбаға 10мг таза билирубин салып, 10мл дейін  (1мл  ерітіндіде
0,1 мг билирубин болады) хлороформа  қосады.  Пробиркаға  (мл):  0,05;  0,1;
0,15; 0,2;  0,25;  0,3  мөлшерде  билирубин  ерітіндісін  өлшеп  алады.  Бұл
пробиркалардағы  билирубиннің  мөлшері  мынаған   сәйкес  келеді(мг):  0,05;
0,01; 0,015; 0,02; 0,025; 0,03.
    Соңғы 3 пробиркадағыны ыстық  сумен  булау  арқылы  0,1-0,15  мл  дейін
жеткізеді. Бұдан кейін әрбір пробиркаға 0,75 мл спирт  гидрокарбонатын,  2,5
мл дейін таза этил спиртін, 0,5 мл диазоқоспасын қосып, 15 мин. кейін  2  мл
кофе реактивін (жалпы көлемі 5мл) тағы қосып суға қарсы колориметрлейді.
    Оптикалық тығыздық көрсеткіштерін ордината осі  бойынша  орналастырады,
ал  абсцисса  осі   бойынша   билирубиннің   мөлшерін   орналастырады.   Бұл
көрсеткіштерді  миллиграммен  беру  үшін  (100  мл-ға)  әрбір   пробиркадағы
билирубиннің мөлшерін  анықтауға  алынатын  0,5  мл  сарысудан  200  есеппен
көбейтеді.
    Ең бірінші пробирка: 1 мг, 2-інші-2,  3-інші-3;5-інші-5;  6-ыншы-6  мг.
Билирубин  (100мл  сарысу)  немесе  17,1;  34,2;  51,3:  68,4;  85,5;  102,6
мкмоль/л  сәйкес  келеді.  Екі  реттегі   таралған   сарысуды   есептемейді,
стандартық сынаманың көлемі зерттелініп отырған сынамамен   салыстырғанда  2
есе көп.
    Дені сау жануарлардың сарысуындағы билирубиннің мөлшері (мг/ 100 мл)  :
сиырларда-жалпы билирубин 0,11-0,48, тікелей билирубин  жоқ,  бұзауларда  15
күнгі жасқа дейін  жалпы  билирубин  0,16-1,56,  тікелей-0-0,72,  жылқыларда
жалпы  билирубин-0,62-1,42,  тікелей-0,04-0,058,  қойдағы  жалпы   билирубин
0,039, тікелей-0-0,027, иттерде-жалпы билирубин 0,12-0,14;  тауықтарда  0,1-
0,35(Л. Шлезингер бойынша).
    Миллиграммен көрсетілген СИ  мкмоль/л  бірлігіне  есептелген  билирубин
концентрациясын есептеу үшін 17, 104-ке көбейтеді.
    Сарысудағы жалпы билирубиннің мөлшері  (мкмоль  /  л):  сиырларда-1,88-
8,21; 15 күнге дейінгі бұзаулардағы жалпы билирубин 2,74-31, 81; тікелей  0-
14, 31; жылқылардағы жалпы билирубин  10,  6-24,  29;  тікелей  0,68-9,  92;
қойлардағы жалпы  билирубин  0-6,  67;  тікелей  0-4,  62;  иттердегі  жалпы
билирубин 2,  05-2, 39; тауықтарда – 1,71-5,99 құрайды.
    Сарысудағы тікелей емес билирубин  мөлшерінің  көбеюін  қанды  жұқпаға,
жұқпалы ауруларға, гемолитикалық умен  улану,  сәйкес  емес  қанды  енгізуге
негізделген аурулар кезінде тіркейді.
    Қан  сарысуындағы  тікелей  билирубин  мөлшерінің  көбеюін  механикалық
сарыауру(өт  жолдарының  өт   тастарымен   бітелуі);   12-перстный   ішектің
сілекейлі қабығының қабынуы т. б. кезінде байқалады.
    Сарысудағы тікелей және тікелей емес билирубин  мөлшерінің  көбеюі  мен
азаюы    паренхиматоздық    сарыауру    (жұқпалы    анемия),    контагиоздық
плевропневмония,  инфекциялық  энцефаломиелит,  лептоспироз,  тікелей   және
созылмалы гепатит, бауырдың токсинді дистрофиясы, фосформен  улану  және  т.
б.
    О-толиудинмен қандағы глюкозаны  анықтау.  Саллоджи  (мыс  сульфатымен)
немесе Нательсон (пероксидаза  және  глюкозооксидазамен)  әдістерімен  жалпы
қант пен глюкозаны анықтайды.
    Бұл әдістерге о- толуидинмен анықтау ұқсас. 0,1 мл қан мен 3 % -ті  0,9
мл үш хлорсірке қышқылының ерітіндісін пробиркаға реакция жасау үшін  құяды.
3000 мин –1 10 мин. аралығында центрифугалайды. 4,5 мл 0-толуидин  реактивін
0,5 мл түссіз центрифуготқа қосады да, пробирканы қайнаған су моншасына  дәл
8 мин. ұстайды. Осы уақыт өткеннен кейін крандағы  ағынды  сумен  пробирканы
суытады және 590-650 км фотоэлектроколориметрде колориметрлейді.  Стандартты
сынаманы дәл тәжірибелік  сынамадағыдай  жасайды,  бірақ  бірінші  сарысудың
орнына  1  мл  глюкозаның  стандартты  жұмысшы  ерітіндісін   алады   (100мл
концентрациясы 100мл-ге немесе 5, 55ммоль/ л).
    Тәжірибелік  сынамадағы  глюкозаның   құрамы   мына   формула   бойынша
есептеледі:
             Ccт Е оп
    С оп = --------------
              Е ст
    Мұндағы Сст-глюкозаның стандарттық  концентрациясы  (мг/100  мл  немесе
ммоль/л); Е оп- сынаманың оптикалық тығыздығы; Е ст-  стандарттың  оптикалық
тығыздығы.
    Сау ересек малдарда  қандағы  глюкоза  мөлшері  мынадай  болады  (  мг/
100мл): ІҚМ-40-70, қойда- 35-60, шошқада –45-75, жылқыда-55-75,  итте-60-80,
тауықта- 80-140.
    0,0555  мөлшерде  глюкоза  концентрациясының  көбеюі  СИ   (ммоль/   л)
бірліктегі концентрацияны алады. Глюкоза мөлшері мынадай  болады:  ІҚМ-2,22-
3,88, қойда-2,05-3,33, шошқада-2,5-4,16, жылқыда-3,05-5,27,  итте-3,33-4,44,
тауықта-4,44-7, 77.
    Қандағы глюкоза мөлшерінің көбеюі (гипергликемия) қант диабетінде,  В1С
гиповитаминозында, бүйрек жетімсіздігінде, нефритте және т. б. байқалады.
    Ал   қандағы   глюкозаның  азаюы  кетозда,  ашығуда,  диспепсияда,   А-
гиповитаминозында,  лейкозда,  қалқанша  бездің   қызметінің   төмендеуінде,
бүйректің қатты зақымдануы және т. б. болуы мүмкін.
    Қан сарысуындағы жалпы ақуызды рефрактометр әдісімен анықтау.
    Бұл үшін рефрактометрдің әртүрлі түрін қолданады (ИРФ-1,  ИРФ-22,  ИРФ-
23, РЛУ, РЛ және т. б. ).
    Рефрактометр РЛУ-мен жұмыс істеп тұрған кезінде алдымен нөлдік нүктесін
тексеру үшін 1, 2 тамшы дистильденген суды өлшеу призмасының бетіне  жағады;
лупа шкаласы мен көру  окулярының  тұтқасын  жөнге  келтіреді,  диспенсионды
компенсатордың  тұтқасын  айналдырып,  көру  окуляр  түтігінің  дисперсиясын
жоямыз;
    Шкала лупасындағы  сызықты  1,3333  ұзындығына,  кілт  арқылы  визирлық
сызықтың кесу нүктесін жарық кескіндеу шекарасын біріктіреді.
    Құралды  дайындағаннан  кейін  камерасын  ашып,  жоғарға  және  төменгі
призманы алдымен сорғыш қағазбен,  кейін  жұмсақ  салфеткамен  сүртеді.  1-2
тамшы  сарысуды  төменгі  призманың  бетіне  тамызады  да,  камераны  жауып,
айнамен жарықты оның терезесіне  бағыттайдыжәне  жарық  кескіндеу  шекарасын
визирлы сызық кесу нүктесіне қойылғанша, камераны  айналдырады  және  сарысу
бөліну көрсеткішін шкала бойынша есептейді.
    Сау малдардың сарысуындағы жалпы ақуыз мөлшері(г/100 мл):  ӘҚМ-7,2-8,6;
қойда-6-7,5; жылқыда-6,8-7,8;  шошқада-6,5-8,5,  итте-5,9-7,6;  тауықта-4,3-
5,9.
    Қан сарысуындағы жалпы ақуыз концентрациясының азаюы  рациондағы  ақуыз
мөлшері төмен болу мен аминоқышқыл  тобындағы  баланстың  дұрыс  болмауында,
жіті және созылмалы қансырауда,  гидремияда,  жүктілікте,  нефритті  ісікте,
паренхиматозда, гепатитте,  бүрек  церозында,  іріңдікте,  паратуберкулезде,
туберкулездің  терминальді  формасында,  сепсисте,  тейлериозда,   лихорадка
жағдайында және т.б. болады.
    Сарысудағы  жалпы  ақуыз  концентрациясының  көбеюі  (гиперпротеинемия)
артық азықтандырудан,  протеиннің  мөлшерден  тыс  көбеюінде,  жеңіл  еритін
көмірсудың жетіспеуінен, дегидратацияда,  құсу  жағдайында,  диареяның  ауыр
түрінде, диабетте,  гепатитте,  азықта  каротин  жетіспеуінде,  кальций  мен
фосфор қатынасының дұрыс  болмауында,  Д  дәруменінінің  жетіспеуінде,  жіті
қабынуда,  флегтонда,  сепсисте,  ауыр  инфекциялық  және  басқа   ауруларда
кездеседі.

                    СОӨЖ  ӘДІСТЕМЕЛІК   Н Ұ С Қ А У  № 10


ТАҚЫРЫБЫ: Диспансеризация

      Сабақтың мақсаты: Студенттерді  ауруларымен  таныстыру,  тиімді  емдеу
түрін қолдануға үйрету.
      Диспансеризация – дені сау,  сапалы  өнімді,   конституциясы  қолайлы,
организмдегі зат алмасу деңгейі жоғары малдар тобын құру  үшін  жүргізілетін
диагностикалық, емдік және сақтық шараларының жоспарлы жүйесі.
      Диспансеризацияның теориялық негізі  –  организм  мен  сыртқы  ортаның
біртұтастығын қағидалайтын жалпы биологиялық  заң  болып  табылады.  Ол  заң
бойынша  топырақтағы,   онда   өсетін   өсімдіктегі   және   ол   өсімдікпен
қоректенетін мал организміндегі зат  алмасу  процестерінің  өзара  байланысы
келтірілген.
      Малдәрігерлік  тәжірибеде  диспансеризация  алғаш  рет   Қызыл   әскер
бөлімдерінің  малдәрігерлерінің   жылқы   малдарын   күнделікті   клиникалық
тексеруден өткізуінен басталады (И.Г.Шарабрин және басқалар).
        Ал  диспансеризацияны   мал   шаруашылығына   еңгізу   сол   кездегі
ауылшаруашылық  министірінің  ғылыми-техникалық  кеңесінің  шешімі  бойынша,
Қазан ветеринарлық институтының ғалымы  Х.Г.Гизатуллиннің  ұсынысымен,  1957
жылы басталды. Ол ұсынысқа сәйкес диспансеризация негізгі  және  негізаралық
болып екіге бөлінеді. Негізгі диспансеризация жылына екі рет:  жазғытұрым  -
мал жайылымға шығарда және күзде – мал қыстаққа қойыларда, ал негізаралық  –
жыл тоқсанында бір рет жүргізіледі.
      Диспансеризация үш кезенден тұрады:
     1. Диагностикалық;
     2. Емдеу;
     3. Аурудан сақтандыру.
  Диагностикалық этапта қаралатын мәселелер:

      Шаруашылықтағы малдарды пайдалану жөнінде анализ (тұқымы, өнімі,  жасы
         және т.б.);
      Малдарды азықтандырудың анализі (азықтың сапасы, азықтандыру  деңгейі,
         берілетін уақыттары);
      Малдарды күтіп-бағу тәртібі (қоражайы, желдеткіштің бар-жоғы, еденінің
         жағдайы, серуендетуді ұйымдастыру, ультракүлгін  сәулесі,  жарықтың
         мөлшері және т.б.);
      Нақтылы деректерге сүйене отырып малдардың организміндегі  зат  алмасу
         процесінің деңгейін анықтау;
      Табындағы  малдың  синдроматикасын  анықтау.  Оны  бақылау   тобындағы
         малдарды  жан-жақты  клиникалық-биохимиялық  зерттеу   нәтижелеріне
         сүйене отырып жүргізеді.
           Жануардың диспансерлық  карта

Лақап аты, ені, таңбасы, реттік саны___________________ Жасы ________
Жынысы__________________ тұқымы  ________________  Түсі   мен  ерекшеліктері
_______________

|Зерттеудің  күні    |күлілігі     |Клиникалық зерттеудің қортындылары    |
|                    |             |                                      |
|                    |             |                                      |
|                    |             |                                      |
|                    |             |                                      |
|                    |             |                                      |
|                    |             |                                      |

Негізгі әдебиеттер:
М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.
Жануарлар ауруларының  клиникалық диагностика.  оқу құрал – Алматы, 2007
Д.Т. Рахимжанова  Ветеринариялық клиникалық диагностика. Оқулық- Астана,
2008
А.М. Смирнов, П.Я. Конопелько, Р.П. Пушкарев, В.С. Постников, Н.А. Уразаев,
И.М. Беляков, Г.Л. Дугин, В.С. Кондратьев  Клиническая диагностика
внутренних незаразных болезней  животных. Москва ВО «Агропроминиздат»  1988

Учебник под рекадцией А.М. Смирнов. Клиническая диагностика внутренних
болезней седьскохозяйственных животных. – М..: Колос, 1991
В.М. Данилевский Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных
животных  М. «Колос» 1992 г. , с. 22- 43.
В.М. Данилевский Практикум по внутренним незаразным болезням
сельскохозяйственных животных  М. «Колос» 1992 г. , с. 188- 209, с. 234 -
251.

Қосымша әдебиеттер:

 1. К.Н. Қожанов Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары  /қосымша  оқу  құралы/,
    Семей, 2005 ж.
2. К.Н. Қожанов, А.З. Дюсембаева, С.О. Балтыбеков, А.К. Омашев. Малдың  ішкі
  жұқпалы емес ауруларының практикумы.- Семей , 2000ж.
3. А.В. Васильев  Диагностика внутренних болезней домашних животных.  –  М.:
  Сельхозиздат,1956
4. В.И. Зайцев,  А.В.  Синев,  П.С.  Ионов  и  др.  Клиническая  диагностика
  внутренних болезней сельскохозяйственных животных.- М.: Колос, 1964
5.  К.  Кожанов.  Терапевтикалық   техника   малдәрігерлік    тәжірибеде   /
  әдістемелік нұсқаулар/ Алматы 2006
6. Лабораторные исследования в ветеринарии /Под редакцией  В.Я.  Антонова  и
  П.Н. Блинов.- М.: Колос, 1971.
7.   З.К.    Тоқаев.    Жануарлар    морфологиясы    латын    ветеринариялық
  терминологиясымен /оқулық/ , Алматы 2006
8. Т. Несіпбаев. Жануарлар  физиологиясы /оқулық/, Алматы 1995
9. З.К. Қожабеков, Ә.М. Өтенов. Малдың  патологиялық  физиологиясы  /оқулық/
  Алматы 1992
10.  И.М. Төленбеков. Нерв жүйесінің  физиологиясы / оқу құрал/ Алматы 1992
11.  Ветеринариялық зандық Астана, 2002
12.  Ветеринарное законодательство. М., Колос, том 1,2,3,4



















































                        5.Студенттердің өздік жұмысы


Титулды бет

                    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
                             ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ







           ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
  СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ       МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ АГРАРЛЫҚ
                                 ФАКУЛЬТЕТІ

                      ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ





                        «Ветеринариялық пропедевтика»
                                     пәні


                            А У Р У   Т А Р И Х Ы


Тақырыбы:              Клиникалық зерттеудің желісі


Зерттеудің басталған күні: _________________________________________

Зерттеудің аяқталған  күні: ________________________________________


Орындаған:    ___________________________________________________

Тексерген:   ____________________________________________________







                             Семей қаласы – 2013















                                 Ауру тарихы




      / малдың түрі, жынысы, лақап аты, ретік саны №/


















                   Орындаушы:----------------------------


                  Жетекшісі:------------------------------










                       Ауру тарихы
Басталды__________________________________________________
1.малдың түр____________________Жынысы________________
 Жасы ____________ Түсі  мен ерекшеліктері____________________________

тұқымы____________Лақап аты , ені, таңбасы, реттік саны
№_______________________________________________________
2. Мал иесінің мекен-жайы    _________________________________________
3. Емханаға түске күні _______________________________________________
4. Диагнозы: алғашқы _______________________________________________

соңғы__________________________________________________
           Мал туралы мағлуматтар /анамнез/
а) малдың ауыра бастаған кезінен кейінгі мағлуматтары:
____________________________________________________________
/ мал қашан және қандай жағдайларда
____________________________________________________________
ауырды, аурудын белгілері, кім, қашан емдеді,
____________________________________________________________
қандай малдәрігерлік емдеуден өтті, қашан  өткізді/.
____________________________________________________________

б) малдың ауруға шалдыққанға дейінгі мағлұматтары:
____________________________________________________________
/малдың  шыққан тегі, тіршілігі, күтіп-бағуы, жемдеуі,
____________________________________________________________
суаруы және басқалары/



____________________________________________________________
Малдың емханаға түскен кезіндегі анықтамалары.
Дене қызуы____________Тамырдың соғысы_____________________________
Тыныс алу қозғалысы________________________________________________
Қарын қыртысының жиырылуы_______________________________________
                       Жалпы зерттеу

      Малдың түр-түрғысы:
қондылығы__________________________________________________
                         / жоғыры, орта, ортадан төмен, арық/
Кеңістікте өзін-өзі үстау
қабілеті____________________________________________________________
           /табиғи, еріксіз жатып-тұрып қалуы/
Дене бітімі ________________________________________________________
            /сөлекет, нәзік, тығыз, болбыр/
сезгіштік____________________________________________________
            /сезімтал, әлсіз/
дене құрылымы___________________________________________________
                 /күшті, орташа, әлжуаз/
____________________________________________________________
Мінезі______________________________________________________
            /жайлы, жайсыз, агрессивті/
___________________________________________________________
            Тері және тері туындылары
түгі_________________________________________________________
      /шаш, қанат, қыл, қылшық: қалыңдығы, біркелкілігі, бұлғануы,
____________________________________________________________
жылтырлығы, ұсталуы, түсуі, жал-құлақтардың жалпы жағдайы/
тері________________________________________________________
      /түсі, ылғалдылығы, иісі, қызуы, серпінділігі, патологиялық
өзгерістері/
тері асты клетчатка___________________________________________
                 /өзгерістері: қабыну, лимфа, газ, қан жиналуы, ісігі,
____________________________________________________________
                 қатпарлануы/
Мүйіз, тұяқ, тұмсық___________________________________________
                       /өзгерістері/
                       Бездерді зерттеу.
____________________________________________________________
/көлемі, пішіні, жұмсақ-қаттылығы, қозғалғыштығы, безді жауып тұрған
____________________________________________________________
терінің қызуы, сезгіштігі/
____________________________________________________________
Осылайша мына бездерді сипатта:
Жақ асты________________________________________________________
Жауырын алдындағы_________________________________________
____________________________________________________________
Шап________________________________________________________

                 Кілегей қабықтарды зерттеу.
Көз_________________________________________________________
      /түсі, ылғалдылығы, ісуі, іріндеуі/
      Осылайша:
Мүрын______________________________________________________
Ауыз қуысы______________________________________________________
Қынап______________________________________________________
Жалпы зерттегендегі байқалған ауру белгілері:
__________________________________________________________________
Ауру белгілерін талдау:
____________________________________________________________
Қорытынды: ____________________________________________________________
















Ауру тарихы № _______________________________________________

Тіркеу
Мал иесі және оның мекен жайы
_____________________________________________________________
 Мал туралы мағлұмат:             _________________________________
 Жасы ____________ Түрі – түсі ________________________________
№ ______________________Лақап аты        ______________________
тұқымы    _________________ Салмағы       _____________________
Буаздығы ________________ Өнімділігі _________________________
Емді бастау мерзімі              ____________________________________
Емді аяқтау мерзімі              ________________________________
Болжау  _______________ Емделген кун саны ____________________
Толықтырылған диагнозы  ______________________________________
а)  негізгі ауру диагнозы    _______________________________________
б)  қосалқы
_______________________________________
в)  асқыну
_______________________________________
Малды емдеуге алдым       ________________________________________
Анамнез.
(Малды ұстап бағу, азықтандыру, пайдалану, диагностикалық  тексерулер  жүрді
ме, жоқпа, аурудың алдын алу шаралары жасалды ма, жоқпа ?)
III.    Малдың емдегенге дейінгі жағдайы.
«_________» ___________________2004 жыл
Температура __________  Тамыр соғысы ________________________
Қан қысымы  __________ Дем алысы ___________________________
Габитус: Дене бітімі  _________________________________________
Қоңдылығы    ______________       Денесінің кеңістігі ______________
Жағдайы ________________       Конституциясы ____________________
Тері, тері негізі және тері асты клетчаткасы
______________________________________________________________
Лимфа түйіндері  _____________________________________________
Көз конъюктивасы мен шырышты қабықтар ______________________
Қан айналу мүшесі:
Тыныс алу мүшесі:
Ас қорыту жүйесі:
Жыныс мүшесі:
Сүт безі:
Нерв жүйесі:
Қозғалу мүшесі
IV.  Патологиялық ошақты жазу
V.    Алғашқы диагноз.
  VI.  Аурудың барысы мен ауырлығына сипаттама және қорытынды.










Ауруды ағысы мен жасалған емі туралы күнделік.

|Айы,    |Уақыт   |Т    |П     |Д      |R    |Аурудың барысы     |Емі.     |
|күні    |мерзімі |     |      |       |     |туралы мағлұмат    |азықтанды|
|        |        |     |      |       |     |                   |ру       |
|        |        |     |      |       |     |                   |         |

VIII.  Диагноз.
IX. Мал толық жазылдыма, жоқ па ?
Емделген малды бағу, азықтандыру, пайдалану туралы мағлұмат.

Мал иесіне берілді:  ____________________________________

Мал қабылданды:    ____________________________________

«_______» _________________________200    жыл
Эпидериз.
а)    Этиологиясы:
б)   Патогенезі:
в)   Клиникалық белгілері:
г)   Диагнозы:
д)  Емдеуі, емдеуді сараптау:
ж)  Алдын алу :
Пайдаланған әдебиеттер.

Ауру тарихын тапсырған күн

«______» ________________________ 200    ж

Қолы ___________________________









Пәндер