Файл қосу
Сауат ашу әдістемесі
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3-деңгейлі СМЖ | | | |құжаты |УМКД | | | | |УМКД 042-16.1.32/02-2013 | |УМКД | | | |«Сауат ашу әдістемесі» |______2013 жылғы | | |пәнінің студентке арналған |№ 3 басылым | | |жұмыс бағдарламасы | | | 5 В 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» «Сауат ашу әдістемесі» ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ СЕМЕЙ 2013 Кіріспе 1 ӘЗІРЛЕГЕН Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушы., ф.ғ.к. Тәттімбетова Сымбат Жеңісқызы ___________ «___» ___________20__ жыл. 2 КЕЛІСІЛДІ 2.1 Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды Хаттама №___ «___» ___________2013 жыл Кафедра меңгерушісі_______________Жұмағұлова Ә.М. 2.2 Филология факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді Хаттама №___ «___» ___________2013 жыл Төрайымы_________________Мұқанова Қ.Қ. 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді Хаттама №___ «___» ________2013 жыл №1 БАСЫЛЫМ Мазмұны 1 Жалпы ережелер 2 Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу 3 Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары 4 Курс форматы 5 Курс саясаты 6 Бағалау саясаты 7 Әдебиеттер 1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1 Оқытушы туралы жалпы мәлімет: Тәттімбетова Сымбат Жеңісқызы, аға оқытушы., ф.ғ.к. Кафедра: «Қазақ тілі мен әдістемесі» Кафедраның мекен-жайы: 8 Ақпараттық қатынас: телефон: 44-29-30 Сабақ өтетін орын: 223 аудитория Кредит саны: 3 1.2 Пәннің қысқаша мазмұны: Сауат ашу әдістемесі жайында түбегейлі білім беру; Тілдің грамматикалық құрылымы тұтас жүйе екендігін таныту; Осы пәнмен байланысты пәндер: қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндерінен мектептерде, жоғары оқу орындарында алынған білім осы курсты дұрыс меңгеруге септігін тигізеді. Бұл курстан алынған білім қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін өткенде және жоғарыдағы пәндердің тәжірибелік бөлімдерінде қажет болады. 1.3 Пәнді оқытудың мақсаты: Студенттерге теориялық білім беріп, сол теориялық түсінікті пайдаланып тіл дамыту әдістемесі ерекшеліктерін талдаулар жасау арқылы еркін пайымдай алатындай дәрежеде білім беру. 1.4 Пәнді оқыту міндеттері: – Сауат ашу әдістемесі пәнін игеру барысында студент бала тәрбиесінің күрделілігі мен маңызын жете түсініп, ұстаздың этикет пен мәдениет деңгейінің жоғары болуын үнемі назарда ұстауы тиіс. – Сауат ашу әдістемесі пәнінің тарихын терең меңгеріп, оның өкілдерінің шығармаларымен толық танысу. – Пәнді ұйымдастыру кезінде оқушылардың жас ерекшелігіне айрықша көңіл бөлуді студенттерге ескерте отырып, игерту. – Студенттердің, болашақ маман иелерінің өздері оқытатын оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін үнемі назарларында ұстауға, балалармен қарым- қатынасты үйлестіре білуді үйрету. – Болашақ тәрбиеші мұғалімдерге балаларды тіл дамытуға үйретуді яғни, балаларды ( дыбысты) фонематикалық естуі мен қабылдауын қалыптастыру жолдарын саралап көрсету; – Балалардың ой-өрісін кеңейту үшін сөздердің мағыналарын салыстыру, ажырату тәсілдеріне тоқталу; – Грамматика салаларының өзара байланыстарын көрсету; – Балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеуді үйрету; – Балалардың сөздік қорын арнайы сөздіктер арқылы молайту жолдарын меңгерту және арнайы жаттығулар барысында істелетін жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруға үйрету. – Бастауыш сынып балаларының дыбыстық құрамды меңгеруге қажетті дағдыларын қалыптастыруын қадағалауды т.б. үйрету. 1.5 Оқыту нәтижелері: Пәнді оқыту нәтижесінде студент мыналарды білуі керек: - Сауат ашу әдістемесі пәнінің тарихын терең меңгеріп, оның өкілдерінің еңбектерін білуі керек; - Алған білімдерін практикада қолдана білу; - Бала тілін дамытудың негізгі әдістерін меңгеру керек; - Теориялық талдау жасай алу; - Ана тілін ұғыну заңдылықтарының білім беру жолдары мен құралдарын меңгеру, түсіну; - Өзіндік пікір айта алу; - Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу. ▪ 1.6 Курстың пререквизиттері: 1.6.1 Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы 1.6.2 Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы 1.6.3 Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы 1.7 Курстың постреквизиті: 1.7.1 Қазіргі қазақ тілі 1.7.2 Қазақ тілін оқыту әдістемесі 2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАРҒА БӨЛУ 1 Кесте |№ |Тақырыптар атауы |сағаттар |әдебиеттер | | | |Дәріс |Тәжір |ОСӨЖ |СӨЖ | | |1 |2 |3 |4 |5 |6 |7 | | |1Модуль. Сауат ашу | | | | | | | |әдісі туралы ұғым. | | | | | | |1 |Сауат ашу әдістемесінің|2 |1 |1 |5 |16, Б. 3-9 | | |ғылыми негіздері. | | | | |12, Б. 3-8 | | | | | | | |3, Б. 3-11 | | | | | | | |4, Б. 3-12 | |2 |Сауат ашу сабақтарына |2 |1 |1 |4 |1, Б. 12-23 | | |қойылатын негізгі | | | | |2, Б. 8-37 | | |педагогикалық талаптар.| | | | |3, Б. 11-20 | | | | | | | |4, Б. 12-23 | |3 |Сауат ашу кезеңінде |2 |1 |1 |5 |16, Б. 25-37 | | |балалардың жас | | | | |4, Б. 64-68 | | |ерекшеліктеріне қарай | | | | |8, Б. 23-38 | | |қойылатын педагогикалық| | | | |9, Б. 63-67 | | |талаптар. | | | | | | | |2Модуль. Оқу және тіл | | | | | | | |дамыту методикасы. | | | | | | |4 |Оқудың маңызы мен |2 |1 |2 |5 |15, Б. 37-53 | | |мақсаты және түрлері | | | | |4, Б.38-78 | | | | | | | |5, 24-28 | |5 |Көркем шығарманы оқыту |2 | |2 |4 |2, Б. 53-61 | | |және қабылдаттыру үшін | | | | |4, Б. 80-92 | | |істелетін жұмыстар. | | | | |5, Б. 20-24 | |6 |Байланыстырып сөйлеу |2 |1 |2 |5 |2, Б.63-68 | | |жұмыстарының | | | | |9, Б.92-125 | | |психологиялық, | | | | |5, Б. 25-37 | | |педагогикалық және | | | | | | | |лингвистикалық | | | | | | | |ерекшеліктері. | | | | | | |7 |Қазіргі методикалық |2 |1 |2 |3 |2, Б. 52-68; | | |әдебиеттерге шолу. | | | | |79-132 | | | | | | | |4, Б. 126-134;| | | | | | | |134-166 | | | | | | | |7, 38-41 | | |3 Модуль. Жазу және тіл| | | | | | | |дамыту | | | | | | |8 |Оқу мен жазу |2 |1 |1 |3 |8, Б.133-148 | | |дағдыларын қалыптастыру| | | | |4, Б. 166-183 | | |процесінің кезеңдері | | | | |5, Б. 42-45 | | |және жазуға қойылатын | | | | | | | |талаптар. | | | | | | |9 |Жазуға үйретуге |2 |1 |1 |4 |2, Б. 148-164 | | |байланысты жүргізілетін| | | | |7, Б. 183-190 | | |жұмыстар. | | | | |16, Б. 46-48 | |10 |Дайындықтары әр түрлі |2 |1 |1 |3 |12, Б. 164-178| | |оқушылармен | | | | |14, Б. 191-207| | |жүргізілетін сауат ашу | | | | |16, Б. 95-120 | | |жұмысының | | | | | | | |ерекшеліктері. | | | | | | |11 |Қатені болдырмау үшін |2 |1 |1 |3 |3. Б. 179-200 | | |жүргізілетін жұмыстар. | | | | |4, Б. 207-222 | | | | | | | |6. Б. 121-132 | | |4Модуль. Сауат ашу және| | | | | | | |тіл дамыту әдістемесі. | | | | | | |12 |Сауат ашу кезінде |3 |1 |2 |4 |2, Б.200-322 | | |жүргізілетін тіл дамыту| | | | |4, Б.222-333 | | |жұмыстары. | | | | | | | | | | | | |8, Б. 12-24 | |13 |Сауат ашу кезеңінде |2 |1 |2 |5 |2, Б. 200-322 | | |баланың тілі мен ойын | | | | |4, Б. 222-333 | | |дамытуға қойылатын | | | | |10, Б. 64-71 | | |талаптар. | | | | | | |14 |Сауат ашу кезеңінде |2 |1 |1 |5 |2, Б. 322-331 | | |жүргізілетін оқу-тәрбие| | | | |4, Б. 333-344 | | |жұмысының түрлері. | | | | |7, Б. 72-81 | |15 |Сауат ашу кезеңіне |2 |1 |1 |3 |2, Б. 332-349 | | |арналған оқу | | | | |4, Б.344-358 | | |материаларының құрылысы| | | | |5, Б. 82-86 | | |мен мазмұны. | | | | | | 3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ Студент «Сауат ашу әдістемесі» пәнінде тәжірибе жүзінде кең қолданылатын, әрі жан-жақты игерілген тілді талдаудың негізгі әдістерін білуі қажет. Ғылыми ой-өрісті қалыптастыруда қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі ғылыми білім ретінде пайда болуы ерекше роль атқарады. Тарихы әр кезеңдегі ғылым алдына қоятын қоғамдағы әлеуметтік-мәдени шарттардың шектес ғылымдармен және олардың практикалық шешімдерімен тікелей байланысы постулатын түсінуге көмектеседі. 4 КУРС ФОРМАТЫ Аудиториялық уақытқа дәрістер, семинар сабақтары, оқытылған материалды талқылау және әртүрлі тапсырмаларды орындау кіреді. Әрбір сабаққа студент әдебиеттің негізгі және қосымша қайнар көздерінің тізіміне сәйкес дайындалуы керек (негізгі бөлімдер мен бөлімшелер әрбір сабақта нақтыланады). Аралық бақылау жұмысында болмаған студенттер автоматты түрде 0 балл алады және бақылау жұмысын тапсыруға жіберілмейді. Негізгі ұғымдар дәрістерде ұсынылады және түсіндіріледі. Сабаққа қатысу және дәрісте негізгі ұғымдарды, түсіндірмелерді және мәліметтерді жазып алу студенттің міндеті болып табылады. Егер студент қандай да бір жағдайлармен дәріске қатыспаған жағдайда, дәрістің материалын топтағы басқа студенттен алуы керек. Оқытушы материалды бір де бір студентке дәрістің бір де бір уақытында босату себебіне қарамастан ұсынбайды. ОЖСӨЖ мақсаты – тіл дамыту әдістемесі саласына байланысты зерттеу еңбектерді қарастыру. ОЖСӨЖ міндеттері келесілерді қарастырады: - курстың методологиясы және зерттеу әдiстерi; - тіл дамыту әдістемесі және оның ерекшелiктерi туралы. Студенттердің өздік жұмысы – бұл тұлғаның жеке танымды қызметі, ол өзіне тек қана алған білімін бекітіп қоймауы, сонымен қатар жеке тілдік тұжырым-ойлау процесі болып табылады. Өзіндік жағынан ол келешек маманның жаңа білімінің ашылуына, қалыптасуына жағдай жасайды. Өздік жұмыс сонымен қатар студенттің максималды белсенділігін қарастырады және ол алған білімін ұйымдағы ғылыми зерттеу, қоғамдық және өндірістік қызметтерде көрінеді. 5 КУРС САЯСАТЫ Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып. жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма, сабаққа қатысуы, СӨЖ, ОСӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті тапсырмалар сессияның соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай жинақтай алмаған студент емтиханға жіберілмейді. Әрбір тақырыпты өтеу міндеті, өтілген материалды меңгеру деңгейі тест, жатқа жазу, бақылау түрінде тексеріледі. Себепсіз сағат босатсаңыз қосымша шығармашылық жұмыс беріледі. Сабақтан екі рет кешігу бір рет сабақ босатқанға теңгеріледі. 6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ «Сауат ашу әдістемесі» пәнінің ұпайларға бөлінуі |Апта |1 | |Дәріс | 30 ұпай | 30 ұпай | |Семинар | |15 | |Барлығы | 300 ұпай | 300 ұпай | |Емтихан | 400 ұпай | |қорытынды | 1000 ұпай | 7. ӘДЕБИЕТТЕР 1. Негізгі әдебиеттер: 7.1.1 Қазақ тілін оқыту методикасы. Жалпы редакциясын басқарған Б.Құлмағамбетова -Ал.:«Мектеп», 1988 7.1.2 Г.Ж.Тұрдалиева. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту.Астана, «Фолиант» баспасы, 2007 7.1.3. Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 7.1.4. С. Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997 7.1.5.Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992 7.1.6. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 7.1.7. Қ. Қасабекова. Сауат ашу сабағының үлгі жоспарлары.-А., 1984 7.1.8. Қ.Т. Қабиева. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде-Алматы: Ана тілі, 1985 7.1.9. Ф.Мұсабекова. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселері-Алматы: Мектеп, 1959 7.1.10. С. Қалиев, Б. Баймұратова. Өзіміз оқып үйренеміз. А. 1991 7.1.11. Қ.Ж. Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. А., 2004 7.1.12. Ф. Жұмабекова, А. Салиева. Мектепке дейінгі педагогика пәнін кредиттік жүйе талаптарына сай оқытудың ерекшеліктері-« Ұлт тағылымы» журналы №2/2006, 59-б 7.1.13. Т.К. Мүрсәлімов. Грамматикалық талдау әдістемесі-Семей-2007. 7.1.14. А. Құралұлы. Ұлттық дүниетаным.-Алматы: Өнер,2002 7.115. Қ.Ж. Бұзаубақова « Жаңа педагогикалық технология» тренинг/Оқу- әдістемелік құрал/-Алматы-2005 7.1.16. Ә. Мұхтарова. Оқушыларды шығармашылыққа баулу жолдары. А.., 1999 7.1.17. Ф. Оразбаева Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі, А., 2000 7.2 Қосымша әдебиеттер: 7.2.1 М. Махмутов. Современный урок. Москва, 1985 7.2.2 Д. Әлімжанов. Қазақ тілінде морфологияны оқыту методикасының кейбір мәселелері-Алматы, 1972 7.2.3 Г. Жұмалиева, Б.Баймұратова , Н. Никипорец. Тәй-тәй. А., 1990 7.2.4 З. Бейсембайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А. 2001 7.2.5 А. Бакраденова, Б. Баймұратова. Орыс тілінде жұмыс істейтін балабақшада қазақ тілін оқыту методикасы А., 1992 7.2.6 Ә.Ишмұхамбетов. Қызықты грамматика. А., 1995 7.2.7 Б. Құлмағамбетова және басқалар. Қазақ тілін оқыту әдістемесі А.,2000 7.2.8. Ә.Исабаев. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. А., 1998 7.2.9. Т.Әбдікәрімова, Т. Әбдіғалиева, Қ, Шәймерденов. Қазақ тілін оқыту әдістемесі А., 1999 7.2.10. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы Алматы-1992 7.2.11. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы, А., 1992 7.2.12. Рахметова С. Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту, А., 1997. 7.2.13 Әуелбаев Ш. Қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен жоспарлау үлгілері.А., 1980 7.2.14. Уәйісов Г., Жұмабаев Ә., Қазақ тілін оқыту әдістемесі А., 1999. 7.2.15. Сайлаубаева Б., Қойшыбаева Ж., Қазақ тілін оқыту әдістемелік нұсқау Семей-2006
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz