Файл қосу
Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ | |БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ | |МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейдегі СМЖ құжаты |ПОӘК | | | | | | | | | | | | |ПОӘК 042-18-9.1.43/03-2014 | |ПОӘК | | | |«Нормативтік құжаттардың |18.09.2013 ж. | | |талаптарын сақтауға |№ 1 басылымның | | |мемлекеттік бақылау» пәнінен |орнына 11.09.2014 | | |оқу-әдістемелік материалдар |ж. | | | |№ 2 басылым | | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 6М073200 «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылау» пәнінен ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2014 Мазмұны |1 |Дәрістер |3 | |2 |Тәжірибелік сабақтар | | |3 |Білім алушының өздік жұмысы | | 1 ДӘРІСТЕР №1 дәріс (2 сағат) Тақырыбы: Кіріспе Дәрістің жоспары: 1 Пәннің мақсаты мен қарастыратын мәселелері. 2 Стандарттаудың даму сатылары. 3 Ұлттық стандарттаудың пайда болуы. 4 Халықаралық стандарттаудың даму кезеңдері. 5 Қазақстан Республикасында стандарттаудың даму тарихы. 1 «Стандарттау және метрология» пәні үш бөлімнен тұрады, олар бір- бірімен тығыз байланысты болып келеді, сондықтан бұл пәндерді бір оқулық курста оқыту әрбір қызмет бағытының маңыздылығы жөнінде толық түсінік береді. «Стандарттау» атты бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың құқықтық, ұймдастырушылық және әдістемелік негіздері беріледі. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар, оларды жасау, бекіту және қолдану тәртібі. «Сертификаттау» атты екінші бөлімі Қазақстандағы сертификаттаудың ұйымдастырушылық-әдістемелік және құқықтық принциптерге арналады. «Метрология» атты үшінші бөлімінде метрология нысаны ретінде өлшеулер, халықаралық сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық қатынастарда өлшемдердің бірлігіне жетудің рөлі мен мәні қарастырылады. Осы пәннің басты мақсаты студенттерге кәсіпорындардың сыртқыэкономикалық қызметтерінің дамуына қажетті және Қазақстаннның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі үшін халықаралық сертификаттау жүйелерінің деңгейіне жету үшін стандарттау, сертификаттау, метрология салалары жөнінде білім беру. Пәнді оқытудың басты мәселесі – студенттерге өнімнің, қызметтердің, технологиялық процестердің параметрлерінің әдістері мен ережелері жөнінде түсінік беру; сонымен қатар студенттерді стандарттаудың, сертификаттау мен метрологияның даму тарихымен, олардың өнімнің сапасын жоғарлатудағы рөлімен, құқықтық, ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздерімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйелерімен, ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлерде стандарттау және сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарымен таныстыру; өлшемдер, олардың бірлігін қамтамасыз ету әдістері мен құралдары және қажетті дәлдікке жету тәсілдері жөнінде теориялық және тәжірибелік дағдылар беру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер келесілер жөнінде түсінік алады: - метрологияның, стандарттау мен сертификаттаудың тарихы мен олардың Қазақстан мен шетелдегі қазіргі жағдайы туралы; - өлшеулер, олардың бірлігін қамтамасыз ету әдістері мен құралдары жөнінде; - қажетті дәлдікке жету тәсілдері жөнінде; - дамыған елдерде стандарттау қызметінің ұйымдастыруы туралы; - стандарттау және сертификаттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдары жөнінде; - метрология, стандарттау мен сертификаттау арасындағы байланыстары жөнінде. Сонымен қатар студенттер пәнді оқу барысында келесілерді білуі керек: - стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік материалдарын; - стандарттар мен өлшем бірліктеріне ведомствоаралық және ведомстволық бақылау жүйелерін; - физикалық шамалардың бірліктерін қайта-өңдеу теориясы мен олардың өлшемдерін тасымалдау; - өлшемдер мен өлшеу құралдарының нәтижелерін өңдеу әдістерін, олардың метрологиялық сипаттамаларын; - өнімнің сертификаттау технологиясы мен ұйымдастыруын, өнімге сынақ жүргізу мен оны қабылдау ережелерін. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер келесілерді қолдануды білуі керек: - стандарттау, сертификаттау мен метрология жөніндегі жұмыстарды жоспарлау мен жүргізудің компьютерлік технологиясын; - өлшемдердің нәтижелерін өңдеу мен олардың дұрыстығын талдау әдістерін; - өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізу кезінде өнімнің және процестердің сапасын бақылау әдістерін; - өнімнің сапасы жөніндегі мәліметтерді талдау әдістері мен ақаулардың пайда болуын табу тәсілдерін; - стандарттау, сертификаттау жөніндегі жұмыстардың экономикалық тиімділігін есептеу әдістерін. 2 «Стандарт» деген сөз ағылшын тілінен аударғанда норма, үлгі, эталон, модель дегенді білдіреді, яғни басқа ұқсас объектілердің эталондарымен салыстыруға арналған. Стандарттау адам қоғамының дамуы мен тығыз байланысты. Ежелгі кезде бірыңғай өлшемдер жүйесін, стандартты өлшемді құрылыс материалдарын, стандартты диаметрі бар су құбырларын қолдану – бұның бәрі сол заманда стандарттау қызметінің жұмыс істегеніне дәлел. Сол сияқты Ежелгі Мысырда құрылыста тұрақты, «стандартты» өлшемі бар кірпіштерді қолданды, олардың өлшемдерін арнайы шенеуніктер қатаң бақылады. Грек архитектурасының тамаша ескерткіштері – дүниежүзіне танымал болған шіркеулер, олардың бағандары шағын ғана элементтерден жасалған. Ежелгі римляндар су құбырларын салғанда стандарттау принциптері мен әдістерін сол кезден бастап қолданған. Орта ғасырда салалардың дамуына байланысты стандарттау әдістері жиі қолдана бастады. Сол кезде маталардың енінің өлшемдері, оның құрамындағы жіптердің бірыңғай саны орнатылды, маталар өндірісінде қолданылатын шикізатқа бірыңғай талаптар анықталды. 1785 жылы француз инженері Леблан қарулық құлыптардың партиясын – 50 данада дайындап шығарды, олардың әрбіреуі тек өздеріне тән маңызды қасиеттерге ие болды. Бұл өзара-алмастырушылық және бірегейлік қасиеттері. Осы құлыптардың әрқайсысын алдын-ала дайындамай қарудың кез-келгеніне сала берді. Жаппай өндіріске көшу мақсатымен Германияда қарулық зауытта қаруларға стандарт орнатылды, бұл стандарт бойынша қарудың калибрі 13,9 мм тең болды. 19 ғасырдың екінші жартысында стандарттау жөніндегі жұмыстар барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарда жүргізілді. Стандарттау бұл жылдары тек бөлек фирмалардың және кәсіпорындардың ішінде ғана жүргізілді. Бірақ қоғамдық еңбектің бөлінуі салдарынан стандарттау ұлттық және халықаралық маңызына ие болды. 3 1846 жылы Германияда теміржол колеясының ені мен вагондардың тізбекті құралдары бірыңғайланды. 1869 жылы мұнда алғашқы анықтамалар кітабы жарық көрді, бұл анықтамаларда темірдің стандартты профилдерінің өлшемдері берілді. 1870 жылы Еуропаның бірқатар елдерінде кірпіштердің стандартты өлшемдері орнатылды. 1891 жылы Англияда, біраз соңыра басқа мемлекеттерде Витворт атты бұрандыларды стандарттау енгізілді (ол дюйммен өлшенді), біраздан кейін елдердің көбінде ол метриялық бұрандыға ауысты. Халықаралық стандарттаудың басталуы 1875 жылы Парижда 17 ел қатысқан Халықаралық метриялық конвенцияны кабылдауын және Халықаралық өлшемдер және таразылар бюросының орнатылуын айтуға болады. Ұлттық және халықаралық стандарттаудың бұл алғашқы жетістіктері өндірістік күштің дамуына үлкен тәжірибелік әсерін тигізді. 19 ғасырдың соңында және 20 ғасырдың басында техника, өнеркәсіп және өндірістің дамуы күшейді. Осыған байланысты экономикалық қатынастар жағынан жақсы дамыған елдерде ұлттық стандарттаудың ұйымдастырылуымен айнала бастады, солардың салдарынан бұл мемлекеттерде стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдар құрылды. Англияда 1901 жылы стандарттар Комитеті құрылды, оның басты мақсаты – Британ империясының экономикалық күшін шикізатқа, өнеркәсіптік бұйымдарға және әскери техникаға стандарттарды дайындап, енгізу арқылы күшейту болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін көптеген мемлекеттерде стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдар құрылды, мысалы, Бельгияда (1912 ж.), Голландияда (1916 ж.), Германияда (1917 ж.), Францияда, Швайцарияда, Америка Құрама Штатында (1918 ж.), Австрилияда, Швецияда, Чехословакияда (1922 ж.), Норвегияда (1923 ж.), Финляндияда, Польшада (1924 ж.), Данияда (1926 ж.) және Румынияда (1928 ж.). 4 Халықаралық тауаралмасу және ғылым мен техника салаларында тығыз байланыстардың кеңейту салдарынан стандарттау жөніндегі Халықаралық ассоциация (ИСА) құрылды, бірақ оның жұмысы екінші дүниежүзілік соғыстың басталысымен тоқтатылды. 1943 жылы Біріккен ұлттар ұйымының шегінде стандарттау жөніндегі мәселелермен шұғылданатын Координационды комитет құрылды, оның бюросы Лондонда және Нью-Йоркте орналасты. 1946 жылы Лондонда стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ИСО) құрылды, оның құрамына 33 ел қатысты. Қазіргі кезде ИСО ірі халықаралық техникалық ұйымдардың құрамына кіреді (оның мүшелері болып 146 ел саналады). ИСО басқа стандарттау жөніндегі жұмыстар көптеген халықаралық және өңірлік ұйымдарда жүргізіледі. Мысалы, Еуропалық көмір және болат бірлестігінің шегінде 1953 жылы болат бойынша Координационды комиссия құрылды, ол бірлестіктің құрамына кіретін мүшелер үшін, яғни Германия, Франция, Бельгия, Италия, Голландия және Люксембург сияқты мемлекеттерге еуропалық стандарттарды дайындап шығаруға уәкілетті болды. 5 Қазақстандағы стандарттаудың даму тарихы Кеңес одағы кезінде басталды. 1923 жылы Семейде Омбылық өлшемдер және таразылардың салыстырып- тексеру палатасының бөлімшесі ашылды. 1925 жылы Алматыда Семейлік өлшемдер және таразылар салыстырып-тексеру палатасының Алматылық бөлімшесі ашылды. 1931 жылы Алматыда стандарттау жөніндегі Қазақ өңірлік бюросы құрылып, 1938 жылы ол өлшемдер мен өлшеу аспаптары жөніндегі жұмыстармен шұғылданатын уәкілетті комитет Басқармасына өзгертілді. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Пәннің мақсаттары мен қарастыратын мәселелерін атаңыз. 2 Ежелгі Мысырда стандарттау қалай дамыды? 3 Әртүрлі елдерде ұлттық стандарттаудың дамығанын қайдан көруге болады? 4 Халықаралық ИСО ұйымы қашан және қайда құрылды? 5 Қазақстанда стандарттаудың дамуы қашан басталды? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с. 2 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000 г. - 465 с. 3 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б. № 2 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Курстың заңнамалық негізі Дәрістің жоспары: 1. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңы. 2. Техникалық реттеудің мақсаттары мен принциптері. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңы өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді. Өнім, көрсетілетін қызмет, процестер техникалық реттеу объектілері болып табылады. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары: 1) өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, соның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 3) өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттерді алдын алу; 4) саудадағы техникалық кедергілерді жою; 5) өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Техникалық реттеу: 1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің бірлігі мен тұтастығы; 2) бірыңғай терминологияны, өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгілеу ережелерін қолдану; 3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетімді болуы, техникалық реттеу процестеріне қатысу үшін тең мүмкіндіктерді, мемлекет пен мүдделі тараптар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету; 4) отандық және импортталатын өнімге, көрсетілетін қызметке және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімдеріне қойылатын талаптардың бірдей болуы; 5) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарды әзірлеу кезінде ғылым мен техника жетістіктерін, халықаралық және өңірлік ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану; 6) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейіне және ғылыми-техникалық даму деңгейіне сәйкестігі; 7) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және олар туралы, оларды әзірлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттың қолжетімділігі; 8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерікті түрде таңдау; 9) сәйкестікті растаудың, бірыңғай жүйесі мен ережелері; 10) бір органның аккредиттеу және сәйкестікті растау жөніндегі өкілеттіктерді қоса атқаруын болдырмау; 11) бір мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау мен қадағалау және сәйкестікті растау функцияларының үйлеспеушілігі; 12) сәйкестікті растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсіздігі; 13) сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарда бәсекелестіктің шектелуін болдырмау принциптеріне негізделеді. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы қашан қабылданды? 2 Техникалық реттеудің мақсаттары мен принциптерін атаңыз. 3 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы қандай? 4 Стандарттау саласына байланысты уәкілетті органның функциялары неде? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) № 4 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы Дәрістің жоспары: 1 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы. 2 Стандарттау саласына байланысты уәкілетті органның функциялары. Мемлекеттік техникалық реттеу жұйесінің құрылымын: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі; 2) уәкiлетті орган; 3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдар; 3-1) аккредиттеу жөніндегі орган; 4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер; 5) Саудадағы техникалық кедергiлер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы; 6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер; 7) сәйкестiктi растау жөніндегі органдар, зертханалар; 8) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар; 9) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қоры құрайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің техникалық реттеу саласындағы құзыретіне мыналар жатады: 1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу; 2) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн құру; 3) техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны қамтамасыз ету; 4) техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң депозитарийiн құру және жүргiзу ережелерiн бекіту; 5) өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесi үшiн консультациялық-кеңесшi органдар құру; 6) техникалық регламенттерді бекіту; 6-1) техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібін белгілеу; 7) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындау; 7-1) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту. 8) тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі ережені және тауардың шығарылуы туралы сертификатты беру ережесін бекіту; 9) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті органды (ұйымды) айқындау; 10) кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындауға уәкілетті органды (ұйымды) белгілеу; 11) өнiмдi таңбалау тәртібін белгiлейдi; 12-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою қағидаларын бекіту; 13) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. Уәкілетті орган мынадай функцияларды орындайды: Уәкiлеттi орган мынадай функцияларды орындайды: Техникалық реттеу саласында: 1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысады; 2) техникалық реттеу саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады; 3) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн салааралық үйлестіруді жүзеге асырады; 4-1) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды әзірлейді; 5) техникалық реттеу саласындағы жобалардың және нормативтiк құқықтық актiлердiң техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және осы Заңның 4-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестiгiне талдауды және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады; 6) техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша сараптамалық кеңестермен, техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс- қимыл жасайды; 7) стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi, халықаралық және өңiрлiк стандарттау, сәйкестiктi растау нәтижелерiн өзара тану жөніндегі жұмыстарға қатысады; 8) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады; 8-1) нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды; 9) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестiредi; 10) Ақпарат орталығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi; 11) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау тәртібін айқындайды және оларды ұйымдастырады, сондай-ақ осы сарапшы-аудиторларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді; 12) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестiредi; 13) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына және iшкi айналымға арналған тауардың шығу тегi туралы сертификатты беру тәртiбiнiң сақталуына уәкiлеттi органның (ұйымның) қызметiн жыл сайынғы тексеруді жүргізу, кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асырады. Стандарттау саласында: 1) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн әзiрлеу, келiсу, есепке алу, бекiту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгiзу тәртiбiн айқындайды; 2) техникалық регламенттермен үйлестiрiлген стандарттарды талдауды және әзiрлеудi ұйымдастырады; 3) халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық- экономикалық ақпарат жiктеуiштерін, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын ұйымдардың стандарттарында қолдануды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртiбiн айқындайды; 4) мемлекеттік стандарттаудың жоспарларын әзiрлеу тәртібін белгiлейдi; 5) стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттардың мемлекеттік тiлдегi және орыс тiліндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады. 6) өнімді таңбалау тәртібін әзірлейді; 7) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді. 8) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеу, консенсусын қамтамасыз ету, бекіту, есепке алу, тіркеу, белгілеу, өзгерту, күшін жою, өзекті ету, сақтау, басып шығару, тарату, әзірлеушінің авторлық құқықтарын сақтау және қолданысқа енгізу тәртібін айқындайды; 9) өнімнің каталог парағының нысанын белгілейді. Уәкiлеттi орган осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы қандай? 2 Стандарттау саласына байланысты уәкілетті органның функциялары неде? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (03.07.2013 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) № 4 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Стандарттаудың принциптері мен әдістері Дәрістің жоспары: 1 Стандарттау нысандарын ретке келтіру. 2 Стандарттаудың басқа әдістері. Стандарттау қызмет түрі ретінде жалпы ғылыми және арнаулы әдістердің жиынтығына сүйенеді. Бұл әдістер жиынтығы қайталанып кездесетін міндеттерді оптималды шешу үшін қажет болып табылады. Стандарттау жұмыстарында жиі қолданылатын әдістер: 1) стандарттау нысандарын ретке келтіру; 2) параметрлік стандарттау; 3) унификациялау; 4) агрегаттау; 5) кешенді стандарттау; 6) озық стандарттау. Стандарттау нысандарын ретке келтіру стандарттау нысандарының алуан түрлігін басқару болып табылады. Мысалы, жіктеуіштер, типтік конструкциялар, комплекттеуші бұйымдар, процестер, ережелер, құжаттардың формалары (нұсқалары) ретке келтіру жұмыстарының нәтижесі болып табылады. Ретке келтіру стандарттау нысандарын жүйелеу (жүйеге келтіру), типтендіру, селекциялау, симплификациялау және оңтайлау арқылы (жолымен) жүзеге асырылады. Жүйелеу – біртекті, өзара байланыстағы стандарттау нысандарының белгілі тізбегін тағайындау болып табылады. Нысандардың алуан түрлігін ескерсек, жүйелеудің маңызы өте зор болып табылады, өйткені оларды өзара байланыстырылған және өзара бағыныстағы топтарға біріктіруге, оларды жіктеуге жіне ранжирлеуге мүмкіндік береді. Мысалы, Қазақстан Республикасында қолданылатын техника-экономикалық және әлеуметтік ақпарат жіктеуіштері жүйелеу жұмыстарының нәтижелері болып табылады. Типтендіру – бірқатар стандарттау нысандарына ортақ сипаттар негізінде типтік конструкциялық немесе технологиялық шешімдерді әзірлеу жөніндегі әрекеттер болып табылады. Типтендіру нәтижелері типтік конструкциялар, бұйымдар, ережелер, процестер, құжаттар формалары, есептер, жұмыс жүргізу тәртібі және т.б. болып табылады. Селекциялау - әртүрлі қызметтер облыстарындағы ары қарай да өндіруге немесе қолдануға қолайлы деп танылған нақты стандарттау нысандарын іріктеп алу. Симплификациялау – селекцияға кері - әртүрлі қызметтер облыстарындағы ары қарай да өндіруге немесе қолдануға қолайлы емес деп танылған нақты стандарттау нысандарын іріктеп алу. Басқа сөзбен айтқанда симплификациялау деп әр қолданылатын элементтердің санын қолайлы минимумге дейін қысқартуды (мысалы, ыдыстың, ыдыс-аяқтың, бекіту элементерінің өлшемдік типтерін азайтуды) айтады. Оңтайлау – мүмкін болғандардың ішінен ең жақсы (оңтайлы) стандарттау нысанын таңдап алу. Стандартталатын нысандардың параметрлерінің (арналу, қауіпсіздік, сапалық параметрлері, тұтыну қасиеттері және т.б.) оңтайлы мәндерін табуға негізделеді. Стандарттау нысандарын оңтайлау экономика-математикалық әдістері және оңтайлы модельдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Параметрлік стандарттау – параметрлердің қолайлы номенклатурасын және сандық мәндерін таңдау және негіздеумен байланысты стандарттау әдісі. Параметр – (parametron – грек - өлшеуші) – процестің, құбылыстың немесе жүйе, машина, аспаптың кез келген қасиетін сипаттаушы шама болып табылады. Өнімнің ең маңызды параметрлері болып оның арналуын және қолдану шарттарын айқындаушы сипаттары табылады: - өлшемдік параметрлер (киімнің, аяқ киімнің размері, ыдыс аяқтың сиымдылығы.; - салмақтық параметрлер (спорт инвентарінің жеке түрлерінің салмағы); - машиналар мен аспаптардың өнімділігін сипаттаушы параметрлер (желдеткіштің өнімділігі, көліктің жүру жылдамдығы); - энергетикалық параметрлер (тоңазытқыш пайдаланатын қуаттын мөлшері) және т.б. Белгілі типке жататын, яғни белгілі қызметке арналған, жұмыс істеу принципі мен конструкциясы айқындалған өнім бірнеше параметрлермен сипатталады. Параметрлердің тағайындалған мәндерінің жиынтығы параметрлік қатар деп аталады. Мысалы тоқ шамдарының параметрлік қатары (пайдаланатын қуаты бойынша): 25, 40, 60, 75, 100, 150, 200, 250, 500 Вт. Параметрлік қатардың бір түрі болып өлшемдер қатары табылады. Мысалы, маталар үшін өлшемдік қатар мата енінің жеке параметрлерінен, ыдыс-аяқ үшін – жеке сиымдылық параметрлерінен құралады. Бір типті өнімнің (материалдың) әр өлшемі типтік өлшем (типоразмер) деп аталады. Мысалы, қазіргі кезде ерлер киімінің 105 типтік өлшемі және әйелдер киімінің 120 типтік өлшемі бекітілген. Параметрлер қатарларын стандарттау процесі параметрлік стандарттау деп аталады. Мысалы, киім және аяқ-киімнің өлшемдік қатарларын құру үшін көптеген еркек және әйел адамдарын (әртүрлі жастағы, әртүрлі өңірде тұратын) антропометриялық өлшеулерден өткізу керек. Алынған нәтижелер математикалық статистика әдістерімен өңделеді. Үйлесімді сандар және үйлесімді сандар қатарлары. Машина, аспап, ыдыстардың параметрлік қатарлары үйлесімді сандар жүйесіне сәйкес құралады. Үйлесімді сандар деп геометриялық прогрессия бойынша өзгеретін сандар тізбегінің жиынтығын айтады. Бұл жүйенің мағынасы – параметрлер мәндері үшін кез келген санды ала бермей, тек қана белгілі математикалық заңға бағынатын мәндерді ғана алу болып табылады. Радиотехникада Халықаралық электротехникалық комиссиямен қабылданған Е қатары байынша құрылған үйлесімді сандар қолданылады. Унификациялау – (бірыңғайландыру) (лат. unus – бір) - өнім, процестер және қызмет көрсетулер түрлерінің, олардың параметрлерінің және өлшемдерінің мәндерінің оңтайлы санын таңдау (тағайындау). Бірыңғайландыру – бірдеңені бірыңғай жүйеге, формаға, бірегейлікке келтіру. Мысалы техникада бірыңғайландыру деп өнімнің және оны шығаруға қажет құралдардың минимум санды типтік өлшемге, маркаға, қасиеттерге келтіруді айтады. Бірыңғайландырудың мақсаты өнімнің, процестердің қажетсіз көп түрлері болуға жол бермеу және олардың санын негізгі тұтынушыға қажетті минимумға келтіру болып табылады. Бірыңғайландыру мына түрлерге бөлінеді: - типтік-өлшемдік бірыңғайландыру (мысалы, функционалдық арналуы бірдей, бір-біріне бас параметрлерінің сандық мәнімен ажырасатын өнімдер); - тип шегіндегі бірыңғайландыру (мысалы, бас параметрі бірдей, құрамдық элементтерінің конструкциясымен ажырасатын өнімдер); - тип аралық бірыңғайландыру (мысалы, әртүрлі типті және конструкциялы өнімдер). Жүргізу аймағына байланысты нысандарды бірыңғайландыру салааралық, салалық және зауыттық болуы мүмкін. Ең жоғары экономикалық әсерге жобалау сатысында қол жеткізуге болады. Бірыңғайландыру нәтижелері бұйымдардың, бөлшектердің, тораптардың типтер, параметрлер және өлшемдер стандарттарының, конструкция, марка және т.б. типтік (бірыңғайланған) конструкциялары альбомы түрінде өңделеді. Агрегаттау - бұйымдардың, машина, аспап және жабдықтарды бөлек стандартты бірыңғайланған бөлшектер мен тораптардан құрау және қолдану әдісі. Бұндай бөлшектер мен тораптар әртүрлі қосылыста конструкциясы және сыртқы бейнесімен ажырасатын өлшемдердің кең номенклатурасын өзірлеуге мүмкіндік береді. Мысалы, жиһаэ өндірісінде щиттардың 15 өлшемін және стандартты жәшіктердің 3 өлшемін қолдану осы элементтерді әртүрлі комбинациясы арқылы жиһаздың 52 түрін құруға мүмкіндік береді. Бірыңғайланған, стандартты, өзара алмастырылатын бөлшектер мен тораптарды қолдану нәтижесінде бұйымның жөндеуге келу қабілеті мен жөндеудің тиімділігі жоғарылайды. Агрегаттау машина жасау, радиоэлектроника және өлшем құралдарын жасау салаларында кеңінен қолданылады. Аталған салаларыдың дамуы бұйымдар конструкциясының күрделігі және жиі өзгеруімен сипатталады. Әртүрлі машиналарды жобалау және жасау үшін машинаның конструкциясын бір-бірінен тәуелсіз жинау бірліктеріне (агрегаттарға) бөлу қажет болып шықты. Әр агрегат машинада белгілі функция атқаратындай қылып жасалатын балды. Бұл шара агрегаттарды бөлек бұйым ретінде шығаруға және оның жұмысын машинаның жұмысынан бөлек (жеке) тексеруге мүмкіндік берді. Бұйымдарды бөлек агрегаттарға бөлу агрегаттау әдісінің дамуының алғашқы себебі болды. Содан кейін машиналардың конструкцияларын талдау көптеген агрегаттар, тораптар және бөлшектер, құрылымы басқа болса да әртүрлі машиналарда бірден бір функция атқаратынын көрсетті. Бөлек конструкциялық шешімдерді бірыңғайланған агрегаттар, тораптар және бөлшектер әзірлеу жолымен жалпылау осы әдістің мүмкіншіліктерін едәуір арттырады. Кешенді стандарттау - стандарттаудың негізгі әдістерінің бірі. Кешенді стандарттау кезінде тұтас нысанның өзіне ғана емес, оның негізгі элементтеріне де өзара байланыстырылған талаптар қойылады және қолданылады. Мақсаты – нақты мәселенің оңтайлы шешімін табу. Өнімге қатысты айтсақ, кешенді стандарттау – дайын өнімнің және оны шығаруға қажетті шикізаттың, материалдар және комплекттеуші тораптардың, сондай-ақ өнімнің бұзылмауы (таңбалау, буып-түю, тасымалдау, сақтау) және қолдану (пайдалану) жағдайларының сапасына өз деңгейлері бойынша өзара байланыстырылған талаптар тағайындау және қолдану болып табыдады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында мемлекеттік негізін қалаушы стандарттар комплекстерін қалыптастыру жұмыстарын келтіруге болады. қалыптастыру бойынша іс-әрекеттер жалғастырылуда: - ҚР СТ 1.0 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер»; - ҚР СТ 2.0 «Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Негізгі ережелер»; - ҚР СТ 3.0 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі ережелер»; - ҚР СТ 4.0 «Өнімді зерттеп дайындау және өндіріске қою жүйесі. Негізгі ережелер»; - ҚР СТ 5.0 «Техника-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу және кодтаудың бірыңғай жүйесі. Негізгі ережелер»; - ҚР СТ 6.0 «Штрихты кодтау жүйесі. Негізгі ережелер»; - ҚР СТ 7.0 «Қазақстан Республикасы тіркеу (аккредиттеу) жүйесі. Негізгі ережелер». Озық стандарттау - стандарттау нысандарына қазіргі күнгі практикада қол жеткен нормалар мен талаптардың деңгейінен жоғары, алдыңғы уақытта оңтайлы болады деп болжанатын деңгейде нормалар мен талаптар тағайындау. Стандарттар ғылым және техниканың қол жеткен деңгейін бекітіп қана қоймауы керек, өйткені модельдік ескіру қарқыны жоғары болғандықтан олар техникалық прогрестің баяу жүруіне әкелуі мүмкін. Осыны болдыртпау үшін, олар перспективалық сапа көрсеткіштерін тағайындауы керек, өндірісте оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету мерзімін көрсетуі керек. Озық стандарттар өнімнің перспективалық, сериялап шығарылуы әлі басталмаған немесе бастапқы кезеңдегі түрлерін стандарттау керек. Халықаралық стандарттаудағы жетістіктерге 80- жылдары бекітілген аудио компакт-дисктерге әзірленген халықаралық стандартын жатқызуға болады. Бұл стандарт аудио компакт-дисктер шығарылмай тұрып алдын-ала әзірленген болатын. Осы шара компакт-дисктердің басқа техникалық жабдықтармен толық қиылысуын қамтамасыз етті, сонымен қажетсіз шығындардың болмауына қол жеткізді. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Стандарттау нысандарын ретке келтіру әдістің құрамына қандай әдістер кіреді? 2 Параметрлік стандарттау дегеніміз не? 3 Унификаттау және агрегаттау әдістері неге негізделген? 4 Кешенді стандарттау әдісінің мақсаты неде? 5 Озық стандарттаудың басқа әдістерден ерекшелігі неде? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б. 2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б. № 5 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Техникалық регламенттердің міндетті талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылау Дәрістің жоспары: 1 Техникалық регламенттер жөнінде жалпы мәліметтер 2 Техникалық регламенттердің мазмұны 1 Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу арқылы өзгертiлуi мүмкiн. Техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың өңделген өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың кiруiн болғызбауға бағытталған санитарлық және фитосанитарлық шараларды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда, өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан, бiрдей әрi тең дәрежеде белгiленедi және қолданылады. Қажеттiк өлшемдерi, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптары мен рәсiмдерi осындай өнiмнiң барлық процестерiнде одан келетiн зиянның нақты ғылыми негiзделген қауiп-қатер деңгейiне негізделедi. Процестерге қойылатын техникалық регламенттерде айқындалған талаптар Техникалық реттеу заңында көзделген мақсаттарға жетуге әсер ете алатын жағдайда ғана белгiленедi және қолданылады. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптар кәсiпкерлiк қызмет үшiн Техникалық реттеу заңында көзделген мақсаттарды орындауға қажет деңгейден артық кедергі тудырмауға тиiс. Техникалық регламент мемлекеттiк саясат мүдделерiне, материалдық- техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою немесе оған өзгерiстер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi. Техникалық регламентте оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең уақыты белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде техникалық регламентті қолданысқа енгiзуге, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ өнiм шығаруға байланысты мәселелер ескерiлуге тиiс. Өнімді өндіру кезінде үйлестірілген стандарттар пайдаланылған болса, техникалық регламенттердің талаптары орындалған болып саналады. Өнімді өндіру кезінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар мен нормалардың орындалуы қамтамасыз етілетін жағдайларда өзге де стандарттарды пайдалануға болады. 2 Техникалық регламенттердің мазмұны Техникалық регламенттер зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең төменгi қажеттi талаптарды белгiлейдi. Техникалық регламентте: 1) оның талаптары қолданылатын өнiмнiң, процестердiң толық қамтылған тiзбесi; 2) техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиiс. Техникалық регламентте өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны сынақтан өткiзу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары (оның iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып- түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру ережелерiне қойылатын талаптар болуы мүмкiн. Техникалық регламентте, келтiрiлетiн зиянның деңгейi ескерiлетiн, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптардың болмауы салдарынан Техникалық реттеу заңында көзделген мақсаттарға жету қамтамасыз етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптар болмауға тиiс. Егер шет мемлекеттердiң, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың нормалары мен стандарттары Техникалық реттеу заңында көзделген мақсаттарға сәйкес келсе, олар техникалық регламенттерді әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе iшiнара қолданылуы мүмкiн. Ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық регламентте тұтынушыны өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс. Техникалық регламенттерде зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, техникалық реттеу объектiлерiне: 1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды қамтамасыз ететiн; 2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық ерекшелiктерге байланысты Техникалық реттеу заңында көзделген мақсаттарға жете алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын; 3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрi мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да iргелес мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп төндiретiн трансшекаралық қауiптi өндiрiстiк объектiлерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкiн. Өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар техникалық регламенттерде ғана белгіленеді. Техникалық регламентті әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және оның күшiн жою ерекшелiктерi Техникалық регламент, техникалық регламентке өзгерiстер және (немесе) толықтырулар осы Заңның ережелерiн ескере отырып, белгiленген тәртiппен әзiрленедi, қабылданады және күшiн жоюға жатады. Техникалық регламенттерді әзiрлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшiн жою жөнiндегi ұсыныстарды құзыретiне мiндеттi ережелер мен нормаларды белгiлеу кiретiн мемлекеттiк органдар стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң, мүдделi тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкiлеттi органға ұсынады. Уәкілетті орган техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсынады. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі бекітілген жоспар бекітілген күннен бастап бір ай ішінде жариялануға тиіс. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарда көзделмеген техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді. Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган жобаны, нормативтiк құқықтық актiге өзгерiстер мен толықтыруларды немесе оның күшiн жоюды әзiрлей бастаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, ресми басылымға және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе оның күшiн жою туралы белгіленген нысанда хабарлама бередi. Егер техникалық регламентте белгiленген талаптар тиiстi халықаралық стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиiстi халықаралық стандарттар жоқ болса немесе техникалық регламентте белгiленген талаптар өнiмнiң Қазақстан Республикасына импортының немесе Қазақстан Республикасынан экспортының жағдайларына әсер етуi мүмкiн болса, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган уәкiлеттi орган арқылы: 1) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт қолданылатын өнiм тiзбесi, актiнiң мақсаты мен оны әзiрлеу қажеттiгi туралы хабарлайды; 2) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi немесе мазмұны халықаралық стандарттар талаптарына сай келмейтiн нормаларын көрсете отырып, оның көшiрмесiн мүдделi тараптардың және шет мемлекеттердiң сауал салуы бойынша табыс етедi. Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап оның жобасы мүдделi тараптардың танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс. Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган: 1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады; 2) алынған ескертпелердi есепке ала отырып жобаны пысықтайды және оны уәкiлеттi органның ресми басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге орналастырады; 3) техникалық регламенттің жобасына алынған ескертпелердi мүдделi тараптарға олардың сауал салуы бойынша бередi. Техникалық регламенттің жобасын жария талқылау мерзiмi (оны әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарландыру жарияланған күнге дейiн) кемiнде күнтiзбелiк алпыс күн болуға тиiс. Техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға тиiс және онда жобамен және алынған ескертпелердiң тiзбесiмен танысу тәсiлi, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк органның атауы, оның почта және электрондық мекен- жайы туралы ақпарат болуға тиiс. Техникалық регламент жобасының түпкiлiктi редакциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қабылдау үшiн ұсынылады. Техникалық регламентті қабылдау күнi мен қолданысқа енгізу немесе күшiн жою күнi аралығында оның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс- шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi уақыт кезеңi көзделуге тиiс. Техникалық регламентті төтенше жағдайларға (адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қауiп төнуiне) байланысты әзiрлеу, қабылдау және қолданысқа енгiзу қажет болған кезде техникалық регламент жария талқылаусыз қабылданады. Техникалық регламентті қабылдау туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға, сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығына жолдануға тиiс. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Техникалық регламенттерді қолданудың негізгі мақсаттары мен қарастыратын мәселелерін атаңыз? 2 Техникалық регламенттердің қандай түрлерін білесіз? 3 Техникалық регламенттердің мазмұны қандай? 4 Техникалық регламенттердің жасау тәртібінің кезеңдерін және олардың қолданылуын атаңыз? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б. 2 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) № 6 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Стандартау жөніндегі нормативтік құжаттар Дәрістің жоспары: 1 Жалпы сипаттамасы 2 Стандарттар категорияларының сипаттамалары. Стандарттау жұмыстарын жүзеге асыру барысында стандарттау нысандарына тиісті нормалар, талаптар, ережелер, сипаттар қалыптастырылады. Аталғандар (талаптар және т.б.) нормативтік құжат түрінде өңделеді. ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға келесілер жатады: 1) халыкаралык стандарттар; 2) өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалык ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық- экономикалық ақпарат жіктеуіштері; 4) ұйымдар стандарттары; 5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары; 6) шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелері, нормалары мен ұсынымдары жатады. Мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ) ТМД мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитеттермен (МТК) әзірленеді және міндетті және/ немесе ұсынылатын талаптарды тағайындауы мүмкін. Мемлекетаралық стандарттарды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес (МГС), ал құрылыс саласында арнайы стандарттау, техникалық нормалау және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық ғылыми- техникалық Комиссия қабылдайды. Мемлекетаралық стандарттар қабылдаудан өткеннен кейін стандарттар жөніндегі Бюрода тіркеледі. Бюро Минск (Беларусь Республикасы) қаласында орналасқан. Қазақстан Республикасы аумағында ГОСТ-тар Комитеттің бұйрығы бойынша енгізіледі. Бұйрықта әр стандарт үшін оны Қазақстан Республикасында мемлекеттік стандарт ретінде енгізу күні тағайындалады және оған қайшы келетін (немесе оны қайталайтын) мемлекетаралық немесе ҚР мемлекеттік стандартының күші жойылады. Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты (уәкілетін Комитет берген орган) Мемлекетаралық Кеңестің стандарттау жөніндегі Бюросынан тіркелген стандарттарды және оларды енгізу туралы ақпарат алады, ГОСТ-тарды көбейтеді (баспадан басып шығарады) және Қазақстан Республикасында олармен заңды және жеке тұлғаларды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын мемлекеттік басқару органдары, заңды тұлғалар, стандарттау жөніндегі комитеттер әзірлейді. Стандарттарды әзірлеуге өнімнің технологиясын әзірлеуші, шығарушы және тұтынушылардың өкілдері, ғылыми-техникалық және инженерлік қоғамдар, тұтынушылар қоғамдарының өкілдері, Комитеттің мамандары шақырылуы мүмкін. Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және оның күшін жою тәртібін уәкілетті орган белгілейді. Стандартты әзірлеуді жоспарлау және ұйымдастыру кезінде ұйымдастыру- әдістемелік бірегейлікке жету мақсатында, сондай-ақ стандартты әзірлеу бойынша жұмыстардың орындалуын талдау және бақылау үшін стандартты әзірлеудің төмендегі 6 кезеңдері тағайындалған. 1 кезең – стандартты әзірлеуді ұйымдастыру және техникалық тапсырма әзірлеу; 2 кезең – стандарттың жобасын (I- редакциясын) әзірлеу және оны пікір алмасуға жіберу; 3 кезең – түскен пікірлерді өңдеу, стандарт жобасының соңғы (II- және келесі) редакциясын (редакцияларын) әзірлеу; 4 кезең – стандарт жобасын дайындау, келісу және бекітуге жіберу; 5 кезең – стандарт жобасын қарастыру, оны бекіту және тіркеу; 6 кезең – стандартты баспадан басып шығару. Мемлекеттік стандарттар: 1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің жалпы ұйымдастыру- әдістемелік ережелерін белгілейтін, негізге алынатын стандарттар; 2) өнімнің, көрсетілетін қызметтің біртекті топтарына, қажет жағдайда нақты өнімге, көрсетілетін қызметке қойылатын талаптарды белгілейтін өнімге, көрсетілетін қызметке арналған стандарттар; 3) процестерге арналған стандарттар; 4) өнімді, көрсетілетін қызметті, процестерді бақылау әдістеріне арналған стандарттар болып бөлінеді. Негізге алынатын мемлекеттік стандарттарды уәкілетті органның кәсіпорындары әзірлейді. Мемлекеттік стандарттарда: 1) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін өнімнің, көрсетілетін кызметтің, процестердің қауіпсіздігі жөніндегі кажетті талаптар; 2} өнімді, көрсетілетін қызметті жіктеуге қойылатын талаптар; 3) өнімнің бірізділік, үйлесімділік және өзара алмастырушылық көрсеткіштері; 4) терминдер мен анықтамалар; 5) өнімнің, көрсетілетін қызметтің түтыну касиеттері мен сипаттамаларын қоса алғанда, функционалдық мақсатының көрсеткіштері; 6) қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және жою ережелері; 7) сапасы мен қауіпсіздігін сынау әдістері; 8) ресурстардың барлық түрлерін сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар; 9) сапа менеджменті жүйелері мен экологиялық менеджментті енгізуді қамтамасыз ететін, өндірісті ұйымдастыруға қойылатын талаптар; 10) белгілі бір қызмет саласына арналган ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалык нормалар мен ережелер белгіленуі мүмкін. Мемлекеттік стандарттар өнімнің, көрсетілетін қызметтің шығарылған жеріне қарамастан, ерікті негізде тең дәрежеде қолданылады. Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық ақпаратының мемлекеттік жіктеуіштері- экономика салаларында қолданылатын және есепке алынуға тиіс техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуге және код қоюға жатады. Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерін әзірлеу мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде техникалык-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерін әзірлеуді, жүргізуді және оларға өзекті сипат беруді жүзеге асырады. Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерінің тізілімін уәкілетті орган жүргізеді. Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және оларға код қою жүйесін құру мен оның қызметіне бақылау жасау жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді уәкілетті орган белгілейді. Қазақстан Республикасындағы ұйымдар стандарттары және стандарттау жөніндегі ұсынымдар. Ұйымдар стандарттарын мемлекеттік техникалық реттеудің мақсаттарына жету үшін ұйымдар өздері дербес әзірлейді және бекітеді. Ұйымдар стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару тәртібін оларды бекітетін ұйымдар дербес белгілейді. Ұйымдар стандарттары қолдану үшін ерікті сипатта болады және техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс. Ұсынымдар стандарттау, өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар жүргізуге қатысты, қолданылу үшін ерікті ұйымдастыру-әдістемелік ережелерін қамтиды. Ұсынымдардың жасалуына, ресімделуіне, мазмүнына, баяндалуына, оларды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолдану тәртібіне қойылатын талаптарды оларды бекітетін ұйым белгілейді. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Қазақстанда қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға қайсылар жатады? 2 Мемлекеттік стандарттарды әзірлеудің неше кезеңі бар? 3 Ұйым стандарттарын кім әзірлейді және бекітеді? 4 Ұсынымдар мен ережелер дегеніміз не? 5 Мемлекетаралық стандарттар Қазақстан аумағында қалай таралады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) 3 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б. № 7 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Метрология негіздері Дәрістің жоспары: 1 Метрология пәні және оның басқа ғылымдардың ішіндегі орны. 2 Метрологияның қысқаша даму тарихы. 3 Қазақстандағы метрологияның даму тарихы. 4 Метрологияның құрылымы. «Метрология» деген сөз гректің «метрон» - өлшем және «логос» - ілім дейтін екі сөзінен құралған. Метрологияның сөзбе-сөз мағынасы - өлшеу туралы ілім. Қазіргі кездегі анықтама бойынша, метрология - өлшеу туралы, өлшеу бірегейлігін және дәлдігін қамтамасыз етудің жолдары мен тәсілдері туралы ғылым. Қазіргі кезде метрологияның құрамына: заңды метрология, теориялық (ғылыми) және тәжірибелік (қолданбалы) метрология кіреді. Метрология тәжірибелік қызмет ретінде ерте заманнан бері келе жатыр. Адам қоғамының даму барысында өлшеулер адамдар арасындағы, олардың сыртқы ортамен, табиғатпен қарым-қатынаста негізгі рөл атқарды. Сол кезден бастап өлшемдер, пішіндер, заттардың, құбылыстардың қасиеттері, сонымен оларды салыстыру туралы ережелер мен әдістер дайындалып шығарылды. Бұрын өлшеу бірліктері мен олардың өлшемдерінің атаулары арнайы қоңдырғыларды қолданбай, қол, аяқ астында болған заттардың атауына сәйкес қойылды. Мысалы: Ресейде ұзындықтың негізгі бірліктері ретінде пядь және локоть қолданды. Кейінірек, аршин атты бірлік пайда болғанда пядь қолданыстан алынды. Атаулары бар өлшемдердің бірліктерін біріктіру үшін үлгілі өлшемдер шығарыла басталды. Оларға өте ұқыпты қарады: бұл өлшемдер шіркеулерде, басқа да құнды заттарды сақтауға болатындай жерлерде сақтады. Өндірістің даму барысында өлшемдерді қолдану және сақтауға байланысты талаптар жоғарылап, физикалық шамалардың өлшем бірліктерін бір қалыпқа келтіріле бастады. Францияда 1840 жылдың басында өлшемдердің метрлік жүйесі енгізілді. Метрлік жүйенің маңыздылығын Д.И. Менделеев терең бағалады. Менделеевтің арқасында 1875 жылы Парижда өткен Дипломатиялық метрологиялық конференцияда Метрлік конвенция қабылданды, конференцияға 17 ел қатысты. Қазақстандағы өлшемдер мен өлшеу техникасының дамуы Ресейдегі метрологияның дамуы мен қалыптасумен тығыз байланысты. Қазақстан аймағындағы ең алғашқы мекеме 1923 жылы Семейде Омбылық салыстырып-тексеру палатасының Семейлік бөлімшесі ашылды. Ол аспаптарды қолдануға жарамдылығын анықтау сияқты мәселелермен айналысты. Яғни нақты дәл жүретін өлшемдер мен аспаптардың көрсеткіштері мен саудада, кәсіпорындарда қолданылатын өлшемдер мен аспаптардың көрсеткіштерін салыстырды. Бұл салыстырып-тексеру деп аталды, ал мұндай мекемелер салыстырып-тексеруші мекемелер деп аталып кетті. 1925 жылы Семейлік бөлімшесі бөлек салыстырып-тексеру палатаға өзгертілді, бұл бөлімше Семей және Жетіғария аймақтарына қызмет етті. Қазақстанның қалған аумағына Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан салыстырып-тексеру мекемелер қызмет етті, нақты айтқанда Саратов, Оренбург және Орта-азиялық өлшемдер және таразылар палаталары. 1929 жылдың 1 қазанында Семейлік өлшемдер және таразылар палатасы Қазақ өлкелік өлшемдер мен таразылардың салыстырып-тексеру палатасына ауысты. 1930 жылы Қазақ өлкелік палатасы Семейден Алматыға көшірілді. Осы кезде Қазақстанда тек қана қарапайым аспаптар: таразылар, гирилер, ұзындық және сиымдылық өлшемдері, манометрлер сияқтылар салыстырып- тексеріліп, таңбаланды. Мәдени-экономикалық өмірдің жақсаруымен, өнеркәсіптің қарқын дамуымен Қазақстанда салыстырып-тексеру органдар көбейді, салыстырып-тексерілетін аспаптардың номенклатурасы кеңейді. 1931 жылы Қазақ өлкелік өлшемдер және таразылардың салыстырып-тексеру палатасы Қазақ өлкелік стандарттау бюросына өзгертілді. 1933 жылы Қазақ өлкелік стандарттау бюросы Қазақ ҚСР Ішкі істер халық комиссарларының қарамағындағы уәкілетті орталық өлшемдер мен таразыларды басқару басқармасына, одан кейін 1935 жылы Қазақ ҚСР Ішкі істер халық комиссарларының қарамағындағы өлшемдер мен таразылар бөліміне, ал 1938 жылы Қазақ ҚСР халық комиссарлар Кеңесінің қарамағындағы уәкілетті өлшемдер мен өлшеу аспаптары жөніндегі жұмыстармен айналысатын Комитет басқармасына ауысады. Басқарма құрылымы орталық аппарат пен 14 өлшемдер мен өлшеу аспаптар жөніндегі жұмыстармен айналысатын аймақтық басқармалардан тұрды. Аймақтарды қосқанда қызметкерлердің құрамы 129 адамға жетті. 1955 жылы Алматылық мемлекеттік бақылау зертханасы құрылды, оған бірінші дәреже берілді, біраз соңыра ол Республикалық мемлекеттік қадағалау зертханасы деп аталды. Қазақстанда метрологияның қарқын дамуы 60 жылдары басталды. Осы кезде екінші және үшінші дәрежелі аймақтық зертханалар салынды. Алматылық мемлекеттік бақылау зертханасында салыстырып-тексеру бөлімшесі құрылады, ол өлшеу түрлерінің механикалық, теплотехникалық, т.с.с секторларды қамтыды. Қазақ ҚСР Мемстандартының республикалық басқармасы 1971 жылдың ақпанында құрылды. Басқарма функцияларды анықтайтын жаңа ережелер енгізіледі. Бұл ережеге сай Кеңес Одағының Мемстандартының жаңа мақсаттары мен міндеттері анықталды және құқықтары кеңейді. 70 жылдары Алматыда физикалық шамалардың бірліктерін сақтау мен жаңғырту және оларды эталондардан үлгілі өлшеу құралдарына беру, ал сонымен қатар салыстырып-тексеру сұлбаларына сай жұмыстық өлшеу құралдарына тапсыру жөніндегі арнайы ғимараттың құрылуы басталды. Құрылыс аяқталысымен және бөлімшелерді салыстырып-тексеру құралдармен жабдықтырғаннан кейін 1974 жылы жаңа зертханалар: акустикалық өлшеу құралдарын, жоғары кернеу өлшеу құралдарын, жылдамдықты өлшеу құралдарын, жоғары және төменгі температураны, қысымды өлшеу құралдарын салыстырып- тексеру бойынша. Бұл салыстырып-тексерулермен Қазақстанның кәсіпорындары мен ұйымдарынан басқа Орта Азия республикалары мен Батыс Сібір қамтамасыз етілді. 70 жылдардың басында Өскеменде, Целиноградта, Шымкентте, Джамбылда зертханалар салынды, олар жаңа екінші және үшінші дәрежелі салыстырып- тексеру жабдықтармен жабдықталды. 1972 жылы Қапшағайда радиайиялық бақылау аспаптарын салыстырып- тексеруге арналағн зертхана салынды. Бұл зертхана үлгілі жабдықтармен жабдықталды, олардың көмегімен өлшеу құралдары энергиясы бойынша толық диапазонмен α, β, гамма-сәулелерімен салыстырып-тексерілді және осы зертханада изотоптарды сақтау үшін барлық жағдайлар жасалды. 1975 жылы Қазақ республикалық стандарттар мен өлшеу техникасын мемлекеттік қадағалау зертханасы Қазақ республикалық метрология және стандарттау орталығына ауысты, оның басты мақсаттары стандарттарды енгізу мен олардың орындалуына, өндірілетін өнімнің сапасына, өнімнің дайындалып шығарылуы мен өндірістің метрологиялық қамтамасыз етілуінің күйіне мемлекеттік қадағалау жасау болды. 1977 жылдан бастап Кеңес Одағының Мемстандарттың бұйрығымен Алматылық стандарттау және метрология орталығында (АСМО) түсті металдардың құрамының мемлекеттік стандартты үлгілерін өндірді. Бұл орталықта тіркеуге мемлекеттік стандартты үлгілердің 35 түрі енгізілді және олардың 9000 данасы іске асырылды. Республикада 8 млн. өлшеу құралы пайдаланды. Оларға метрологиялық қызмет жасау үшін эталондық база құрылды, АСМО негізінде мемлекеттік эталондардың Бас орталығы және стандартты үлгілердің Бас орталығы ұйымдастырылды. Республика 17 жұмыстық эталондармен, 13 маң жоғары дәлдікті үлгілі өлшеу құралдармен, оның ішінде 500 бастапқы бірінші дәрежелі және 700 бастапқы екінші дәрежелі үлгілі өлшеу құралдарымен жабдықталды. 1992 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болғанына, Кеңес Одағының республикаларымен қатынасының үзілгеніне байланысты республиканың экономикасында және Мемстандарт жүйесінде маңызды құрылымдық өзгерістер пайда болды. Мұндай өзгерістерге сай республика Мемстандартының алдында күрделі мәселелер тұрды, олар негізгілері республикадағы қалыптасқан өлшеулер деңгейін сақтау, Қазақстанда Ұлттық эталондық базасын құру және оны дамыту, ұлттық нормативтік құжаттамаларды әзірлеу және оларды халықаралық талаптармен үйлестіру. 1996 жылға дейін бұл республикадаға жалғыз зертхана болды, ол мемлекеттік дозиметриялық және радиометриялық аппараттураны мемлекеттік салыстырып-тексеруін қамтамасыз етті. Қазақстан Республикасының Үкіметімен аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін 1993 жылы 18 қаңтарда ҚР «Өлшеу бірліктері туралы» заң қабылданды. Қазіргі кезде ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң өзінің күшін сақтап отыр. Ғылым мен техниканың даму барысында жаңа өлшемдер мен жаңа өлшем бірліктері қажет етілді, сол себептен теориялық және қолданбалы метрология жетілді. Теориялық пен қолданбалы метрологиямен бірге заңды метрология да дамыды. Заңды метрология – мемлекеттің бақылауына жатады, ол өлшеу бірліктерін қамтамасыз етілуіне бағытталған, сонымен қатар метрологияның бұл түрі ережелер мен нормаларды шығаруымен айналысады. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Метрологияның құрамына қандай үш түрі кіреді?? 2 Қазақстандағы метрологияның дамуы жөнінде не білесіз? 3 «Өлшеу бірліктері туралы» заң қашан қабылданды? 4 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы қашан күшіне енді? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с. 2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б. № 8 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі Дәрістің жоспары: 1 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесі. 2 Негізгі міндеттері мен нысандары. 3 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің құрылымы. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесі – Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі субъектілерді, нормаларды, құралдарды және әрекет (қызмет) түрлерін басқарудың мемлекеттік жүйесі. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесін құруға себеп болған мыналар: біріншіден, өлшеулер адамзат әрекетінің ең жаппай жүргізілетін «өнімі» болып табылады, және оларға сұраныс жылдан жылға ұлғайып келеді; екіншіден, өлшеулер адамзаттың өте маңызды әрекеті болып табылады және олардың сапасына (яғни дәлдігіне) қойылатын талаптар үнемі өсіп келеді; үшіншіден, халықаралық ынтымақтастың дамуы (сауда, ғарышты игеру жөніндегі бірлескен бағдарламаларды әзірлеу, медицина, қоршаған ортаны қорғау) өлшеу нәтижелеріне өзара сенімділікті талап етеді. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің негізгі мақсаты - өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешу үшін құқықтық, нормативтік, ұйымдастыру, техникалық және экономикалық жағдаылар жасау болып табылады. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің негізгі міндеттері: - өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттерді басқарудың оңтайлы принциптерін зерттеп дайындау; - шама бірліктерінің эталондар базасын құру және жетілдіру; - метрология облысында негізгі түсініктер, терминдер мен анықтамаларды тағайындау; - өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік базаны құру және жетілдіру; - метрология облысындағы ережелер, нормалар мен талаптарды халықаралық, мемлекетаралық, аумақтық ұлттық ережелер, нормалар және талаптармен гармонизациялау; - өлшеулер облысын ақпаратпен қамтамасыз ету. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің объектілері болып табылады: - шама бірліктері; - шама бірліктерінің эталондары; - өлшем құралдары; - өлшем құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойылатын талаптар; - өлшеулерді орындау өдістемелері; - нормативтік құжаттар. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің объектілеріне қысқаша тоқталайық. Шама бірліктері. Қазақстан Республикасы территориясында Халықаралық SI бірліктер жүйесі қолданылуға рұқсат етілген. ҚР техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитеттің шешімі бойынша SI жүйесініне кірмейтін шама бірліктерін қолдану рұқсат етілуі мүмкүн. Шама бірліктерінің Мемлекттік эталондары өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің техникалық негізін құрайды. Мемлекеттік эталондар шама бірліктерін ұдайы қайталау және сақтау үшін арналады және Қазақстан Республикасы территориясында шама бірлігінің өлшемлерін басқа өлшеу құралдарына беру мақсатында бастапқы құрал ретінде қолданылады. Өлшеу құралдары бірліктері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген шамаларды анықтау үшін қолданылады және өздеріне қойылатын талаптарға және қолдану жағдайларына сай болуы керек. Өлшеулер жүргізу өдістемелері мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүргізу сфераларында қолданылатын жағдайда міндетті түрде аттестациядан өтуі және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелуі керек. Өлшеулер жүргізу өдістемелерін әзірлеуші және аттестациядан өткізуші метрологиялық қызметтер бекітілген тәртіп бойынша . ҚР техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетінде аккредитациядан өтуі керек. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің Қазақстан Республикасы территориясында міндетті түрде қолдануға жататын нормативтік құжаттары ҚР техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетімен бекітіледі. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің құрылымы Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесі ұйымдастыру, техникалық және нормативтік негіздерінің жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің ұйымдық негізі болып Қазақстан Республикасы Метрологиялық қызметі табылады. Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесін мемлекеттік басқару Қазақстан Республикасы техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органға - Қазақстан Республикасы техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетке (ҚР Мемстандартына) жүктелген. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін үшін ҚР Мемстандарты төмендегі функциялар атқарады: - өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады; - Қазақстан Республикасы метрологиялық қызметінің жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады; - қолдануға рұқсат етілген шама бірліктерін белгілейді; - метрология саласында іргелі зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады; - шама бірліктерініңмемлекеттік эталондарын жасау, бекіту, сақтау және қолдану ережелерін белгілейді. Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің эталондық базасын жетілдіреді; - өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу мен бекіту тәртібін белгілейді; - өлшем құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойылатын жалпы метрологиялық талаптарды айқындайды; - өлшем құралдарын қолдану, өндіру және жөндеу тәртібін белгілейді; - өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізеді; - мемлекеттік метрологиялық қадағалауды ұйымдастырады және өткізеді; - метрология жөніндегі халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынын өкіл болады; - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрларды кәсіби даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің техникалық негізін құрайды: - шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары және Қазақстан Республикасы Метрология қызметтері қолданатын шама бірліктерінің эталондары жүйесі; - өлшеу құралдары, оның ішінде республика территориясында қолданылатын заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарртық үлгілері; - физикалық тұрақтылар және заттар мен материалдардың қасиеттері туралы стандарттық анықтамалық мәліметтер. Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің нормативтік негізі төмендегілерді реттейді: -шама бірліктерін; - шамалардың мемлекеттік эталондарын және мемлекеттік салыстырып тексеру схемаларын; - өлшеу құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу әдістері мен құралдарын; - өлшеу құралдарының нормаланатын сипаттамаларының номенклатурасын; - өлшеу дәлдігі нормаларын; - өлшеу нәтижелерін және өлшеудің дәлдік көрсеткіштерін белгілеу және ұсыну формаларын; - өлшеу жүргізу әдістемелерін; - заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандарттық үлгілеріне қойылатын талаптарды; - өлшеу құралдарын сынау, метрологиялық аттестациялау, салыстырып тексеру және калибрлеу, нормативтік құжаттарды, жобалық, констркутролық және технологиялық құжаттарды метрологиялық сараптамадан өткізу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу тәртібін; - метрология саласындағы терминдер мен анықтамаларды. Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің нормативтік құжаттары мынадау екі түрге бөлінеді: - негізін қалаушы құжаттар (жалпы талаптар, ережелер мен ноормаларды тағайындайды); - жеке өлшеу түріне талаптар ережелер және нормаларды реттеуші құжаттар. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің негізгі міндеттері қандай? 2 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің объектілерін атаңыз. 3 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің құрылымына қандай органдар кіреді? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с. 2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б. № 9 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Физикалық шамалардың бірліктері мен олардың өлшемдері Дәрістің жоспары: 1 Физикалық шама, оның бірлігі. 2 Өлшеу. Өлшеудің түрлері. 3 Өлшеудің принциптері. Физикалық шама – физикалық объекттің сапа жағынан көптеген физикалық объектілерге ортақ, ал сандық жағынан олардың әрқайсысы үшін өзіне тән болып табылатын қасиеті. Өзіне тән қасиеті дегенде біз бұл қасиет бір объект үшін басқа объектілерге қарағанда бірнеше есе көп немесе аз болуы мүмкүндігін айтамыз. Физикалық шама мысалдары ретінде тығыздық, балқу температурасы, жарықтың сыну корсеткішін және тағы басқаларды келтіруге болады. Физикалық шаманың бірлігі – мөлшері бекітілген, сандық мәні шартты түрде 1-ге тең тағайындалған физикалық шама. Өлшеу – физикалық шаманың мәнін тәжірибелік жолмен арнайы техникалық құралдың көмегімен табу. Өлшеуді жүзеге асыру үшін мыналардың болуы қажет: - физикалық шаманың; - өлшеу әдісінің; - өлшеу құралының; - оператордың; - өлшеуді жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлардың. Өлшеуді жүзеге асырудың мақсаты – физикалық шаманың мәнін қолдануға ыңғайлы түрде алу. Физикалық шама мөлшерімен, мәнімен, сандық мәнімен, нақты және дәл мәндерімен сипатталады. Физикалық шаманың мөлшері – нақты материалдық объект, жүйе, құбылыс немесе процеске тән физикалық шаманың сандық белгісі. Физикалық шаманың мәні – физикалық шаманың мөлшерін ол үшін қабылданған бірліктің бірнеше саны түрінде беру (25 кВт). Физикалық шаманың сандық мәні – шама мәніне кіретін сан. Шаманың мөлшері және мәні арасында айырмашылық бар. Шаманың мөлшерін осы шаманың кез келген бірлігімен сандық мәні арқылы көрсетуге болады. Сандық мән таңдалған бірлікке байланысты өзгереді, ал физикалық шаманың мөлшері бірқалыпты болады. Физикалық шаманы оның нақты мәнімен сипаттайды. Нақты мән объекттің тиісті қасиетін сапалық және сандық жағанан идеалды түрде көрсетеді. Дәл мәні деп физикалық шаманың эксперимент арқылы табылған және нақты мәнге соншалықты жақын - оны нақты мәннің орнына қолдануға болады. Өлшеу түрлері Физикалық шаманың сандық мәнін табу әдісі бойынша барлық өлшеулер 4 негізгі түрге бөлінеді: тура өлшеу, жанама өлшеу, біріккен өлшеу және қатарынан жүргізілетін өлшеу. Тура өлшеу кезінде физикалық шаманың мәні тікелей тәжірибелік мәліметтерден алынады (мысалы, салмақты таразымен, бөлшек ұзындығын микрометрмен өлшеу). Жанама өлшеу – физикалық шаманың мәнін өлшенетін шамамен функционалды байланыстағы басқа физикалық шаманы тура өлшеу нәтижесінің негізінде анықтау. Жанама өлшеу мына жағдайларда жүргізіледі: - өлшенетін шаманың мәнін тура өлшеуге қарағанда жанама өлшеу арқылы табу жеңілге түседі; - шаманы тура өлшеу мүмкін емес; - жанама өлшеу тура өлшегенге қарағанда төмендірек қателік береді. Жанама өлшеудің теңдеуі: [pic] мұндағы: y – ізделетін шама, тура өлшеу арқылы табылған х1, х2, хn аргументтердің функциясы болып табылады. Жанама өлшеу мысалдары: металдың қаттылығын (НВ) диаметрі (D) белгілі болат шарикті белгілі салмақпен (Р) басып, ойылған жердің тереңдігін (h) алу арқылы мына формула бойынша табу: [pic] Біріккен өлшеу – бірнеше аты бір шаманы бір уақытта өлшеу. Өлшенетін шаманың мәнін тура өлшеу жолымен алынған теңдеулер жүйесін шешу арқылы табады. Мысалы, наборға кіретін әр гирянің массасын олардың біреуінің белгілі массасы бойынша және гирялардың әртүрлі сочетаниесінің массаларын тура салыстыру нәтижесінде табу. Қатарынан жүргізілетін өлшеу - екі немесе бірнеше аттары басқа шамаларды олардың арасындағы функционалдық тәуелділікті табу үшін бір уақытта өлшеу. Мысалы, дененің ұзындығының температурадан тәуелділігін табу, қайнау және балқу температурасының қысымнан тәуелділігін табу және т.б. Өлшеулерді былай жіктеуге болады: а) дәлдікті сипаттау бойынша – бір дәлдікті (белгілі шаманы дәлдігі бірдей өлшеу құралдармен біркелкі жағдайда өлшеу қатары (көп есе өлшеу)) және бір дәлдікті емес (белгілі шаманы бірнеше дәлдігі әртүрлі өлшеу құралдармен және (немесе) бірнеше әртүрлі жағдайда өлшеу қатары); б) қатардағы өлшеулер саны бойынша (қатар жүргізілген өлшеу саны бойынша) – бір есе және көп есе өлшеу; в) өлшенетін шаманың өзгеру-өзгермеуіне байланысты – статикалық (уақыт ішінде өзгермейтін физикалық шаманы өлшеу, мысалы, бөлшектің ұзындығын қалыпты температурада немесе жер учаскесінің өлшемдерін өлшеу) және динамикалық (уақыт ішінде өзгеретін физикалық шаманы өлшеу, мысалы ауыспалы электр тогының кернеуін өлшеу, қонып келе жатқан ұшақ пен жер арасындағы қашықтықты өлшеу). г) өлшеу нетижесін білдіру түрі бойынша – абсолюттік өлшеу (шаманы тура өлшеу және (немесе) физикалық тұрақтылардың мәнін қолдануда негізделген өлтеулер, мысалы, күшті (F) өлшеу массаны тура өлшеу және физикалық тұрақтыны (g) қолдануда негізделеді) және салыстырмалы өлшеу (шаманы өзі сияқты (бір атты) бірлік ролін атқаратын шамамен салыстыру). Өлшеу принциптері. Өлшеу принципі - өлшеу негізіне қойылатын құбылыс немесе эффект. Кейбір өлшеулер негізіне қойылатын принциптерді қарастырайық. Егер әртүрлі материалдан жасалған екі электродтың қосылған жерін қыздыратын болсақ, онда электр қозғалтқыш күш пайда болады. Бұл құбылыс температураны жоғарғы дәлдікпен өлшеу негізіне қойылған (термопара). Электр өткізгіш және жартылай өткізгіштерді қыздыратын болсақ, олардың тартылысы өзгереді. Бұл құбылыс та температураны жоғарғы дәлдікпен өлшеуге мүмкүндік береді, әсіресе платина қолданған кезде. Кейбір материалдарды созу несесе қысу кезінде олардың электр тартылысы өзгереді. Бұл құбылыс аз мөлшердегі дене деформациясын, сондай-ақ жоғары және өте жоғары қысымдарды өлшеу үшін қолданылады. Метал және жартылай өткізгіштің шекарасында сәуле түскен кезде электр қозғалтқыш күш пайда болады (фотоэффект). Фотоэффект құбылысында көптеген өлшеу құралдарында қолданылатын фотоэлементтердің жұмысы негізделген. Дененің жарық беруі температурадан тәуелді, ал соңғысы (температура) өз кезегінде денені қыздырушы токтың күшінен тәуелді болып табылады. Бұл құбылыс температураны контактсыз өлшеу әдісінің негізіне қойылған (оптикалық пирометр). Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Физикалық шама дегеніміз не? 2 Өлшеуді жүзеге асырудың мақсаты неде? 3 Физикалық шама қандай мәндермен сипатталады? 4 Нақты және дәл мәндердің бір-бірінен айырмашылықтары бар ма? 5 Өлшеулер қандай түрлерге бөлінеді? 6 Өлшеу принципі дегеніміз не? 7 Өлшеудің қандай принциптерін білесіз? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с. 2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б. 3 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы / Г.Х. Шәкібаева, Х.К. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова– Алматы:Қазақ университеті, 2002. – 242 б. № 10 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің техникалық және ұйымдастырушылық негіздері Дәрістің жоспары: 1 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің техникалық негізі 2 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негізі 3 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері 4 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік негіздері 1 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің техникалық негізін мыналар құрайды: - шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары және Қазақстан Республикасы Метрологиялық қызметтері менқолданылатын шама барліктерінің эталондары; - өлшеу құралдары, оның ішінде Қазақстан Республикасы территориясында қолданылатын заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандарттық үлгілері. Өлшеу құралдары өлшеуге арналады, нормаланған метрологиялық сипаттарға ие болады, шама бірлігін ұдайы қайталайды және (немесе) сақтайды. Шама бірлігінің мөлшері (бекітілген қателік шегінде) белгілі уақыт ішінде тұрақты деп есептеледі. Шама бірлігінің эталоны – шама бірлігін (шама бірлігінің еселік немесе үлестік мәндерін) оның мөлшерін осы шаманы өлшейтін басқа өлшеу құралына беру мақсатында ұдайы қайталау және (немесе) сақтауға арналған өлшеу құралы. Эталон Қазақстан Республикасы техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетпен тағайындалған тәртіп бойынша бекітіледі. Шама бірліктерінің эталондары Өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін тағайындалған шама бірліктерін дәл ұдайы қайталау, сақтау керек және олардың мөлшерлерін халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қолданудағы өлшеу құралдарына беру қажет. Бірліктердің мөлшерлері эталондар арқылы ұдайы қайталанылады, сақталады және беріледі. Эталондар мынадай сипаттары бойынша жіктеледі. Халықаралық немесе ұлттық сипаты бойынша эталондар Халықаралық, Мемлекетаралық және ұлттық деп бөлінеді. Халықаралық эталон – халықаралық келісім бойынша ұлттық эталондардың бірліктерінің мөлшерін онымен салыстырудың халықаралық негізі ретінде қабылданған эталон. Халықаралық эталонды Халықаралық өлшемдер мен салмаақтардың Бюросы сақтайды және жұмысқа жарамды күйде ұстайды. Мемлектаралық эталон - ТМД мемлекеттері арасында жүретін мемлекетаралық эталон. Мемлекетаралық эталондар экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық процесінде мемлекетаралық байланыстарды жүзеге асыру кезінде және Келісімге қатысушы мемлекеттердің халық шаруашылығын метрологиялық қамтамасыз етуде өлшем бірлігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленеді. Мемлекетаралық эталондарды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес бекітеді. Шама бірліктерінің Мемлекетаралық эталондары Ресейде сақталады. Ресейдің эталондық базасы физикалық шамалардың негізгі бірліктерінің бастапқы эталондары құрайды (метр, килограмм, секунда, Ампер, Кельвин және кандела). Ұлттық эталон – мемлекет үшін бастапқы деп ресми шешім бойынша танылған эталон. Мемлекеттік эталондар ұлттық байлық болып табылады, мемлекеттің ғылым, техника және мәдени жағынан даму денгейін білдіреді. Эталондардың дұрыс сақталуын, тексерілуін және зерттелуін бақылау үшін, сондай-ақ басқа талаптарды орындау үшін ғалым – эталон сақтаушы тағайындалады. Қазақстан Республикасының эталондар базасы Эталондар базасы елімізде өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ең маңызды элементі болып табылады. Оның деңгейі еліміздегі өлшеулер деңгейін көрсетеді. Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттердің негізгі бағыты эталондар базасын дамыту және жетілдіру болып табылады. Өлшем бірлігін және өлшеу құралдарының бірегейлігін қамтамасыз ету үшін, 10 миллионнан астам өлшеу құралдарын, оның ішінде заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандарттық үлгілерін метрологиялық қамтамасыз ету үшін республикада эталондар базасы және стандарттық үлгілер қызметі құрылған, мемлекеттік басқару органдары мен заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері өлшеу құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу құқығына аккредитациядан өткізеді. 01.01.2003 жылға республиканың эталондар базасы 20 мемлекеттік эталоннан құралады. Оның ішінде: - масса эталоны – 2; - ұзындық эталоны – 2; - қысым эталондары – 6; - айналмалы (ауыспалы) ток кернеуінің эталоны; - электр сиымдылық бірлігінің эталоны; - рН бірлігінің эталоны; - температура бірлігінің эталондары – 4; - уақыт және жиілік эталоны және т.б. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында 1- разрядты 518 жұмыстық эталоны, 2- разрядты 710 жұмыстық эталон және 3- разрядты 879 жұмыстық эталон қолданылады. Шама бірліктерінің эталондары мөлшерді беру жұмыстарында ғана қолданылады (салыстырып тексеру, калибрлеу, салыстыру (сличение)). Мемлекеттік эталондарды сақтау, зерттеу және қолдану осы жұмыстарды жүзеге асырудың бекітілген ережелері бойынша жүргізіледі. Сонымен бірге мемлекеттік салыстырып тексеру талаптары сақталуы керек. Заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің эталондары нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес пайдаланылады. Мемлекеттік қызметтердің эталондарын өте жоғары дәлдікпен өлшеу үшін қолдануға рұқсат етіледі. Бұл жерде олардың эталон ретіндегі функциясы бұзылмауын қамтамасыз ету керек. Эталонды мөлшер берумен байланысы жоқ өлшеулерді жүргізу үшін қолданғаннан кейін эталон кезектен тыс салыстырып тексеруден өткізілуі керек. 2 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негізі Қазақстан Республикасының Метрологиялық қызметі болып табылады. Қазақстан Республикасының Метрологиялық қызметінің құрылымына мыналар кіреді: - мемлекеттік метрологиялық қызмет; - мемлекеттік уақыт және жиілік қызметі; - заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің мемлекеттік қызметі; - заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттері туралы стандарттық анықтама-деректерінің мемлекеттік қызметі; - мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері. Мемлекеттік метрологиялық қызметі Қазақстан Республикасы Метрологиялық қызметін реттейтін құрылымдық бөлігі болып табылады. Ол мыналардан құралады: - техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органнан; - мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтан. Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды мемлекет тарабынан басқаруды жүзеге асырады. Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органнын негізгі міндеттері және мақсаттары мыналар болып табылады: а) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру; б) Қазақстан Республикасыметрологиялық қызметінің әрекеттерін координировать ету; в) Республикада қолдануға жіберілетін шама бірліктері жүйесін тағайындау; г) шама бірліктерінің эталондарын әзірлеу, бекіту, сақтау және қолдану ережелерін тағайындау, шама бірліктерінің эталондық базасын жетілдіру; д) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету Жүйесін жетілдіру. Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық. Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталығының негізгі міндеттері мен мақсаттары: а) метрология облысында іргелі зерттеулер, ғылыми-техникалық, практикалық және ұйымдастыру-өдістемелік жұмыстырды жүргізу; б) Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің эталондық базасын құру және жетілдіру; в) шама бірліктерінің мөлшерін беру жүйесін құру; г) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу және жетілдіру, оларды халықаралық талаптармен гармонизациялау; д) өлшем бірлігін қамтамасыз ету облысындағы мемлекеттік саясатты ескере отырып, республикада метрологияны жетілдіруге бағытталған жұмыстарды жүргізу. 3 Ел ішінде және халықаралық деңгейде өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттің бас міндеттердің бірі болып табылады. Осы міндетті орындау мақсатында 18.01.1993 ж. «Өлшеулердің бірегейлігі туралы» ҚР Заңы қабылданды. Бұл заң республикадағы метрологиялық ішкі құрылымдарды (инфраструктураны) заңнамалық принциптерге көшіруге мүмкіндік берді және мемлекеттік қадағалаудың төмендегі формаларын тағайындады: а) өлшеу құралдарын мемлекеттік сынаудан өткізу және типін бекіту; б) өлшеу құралдарын мемлекеттік аттестациялаудан өткізу; в) өлшеу құралдарын мемлекеттік салыстырып тексеруден өткізу; г) өлшеу құралдарын жасау, салыстырып тексеру, жөндеу, сату және жалдауға беру жөніндегі әрекеттерді (қызметтерді) лицензиялау; д) кез келген орамаға буып түйілген бума тауарларды сату және буып-түю кезінде осы тауарлардың санын метрологиялық қадағалау; е) өлшем құралдарының шығарылуын, олардың жау-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелерін, метрологиялық ережелер мен нормаларын мемлекеттік қадағалау. 07.07.2000 ж. жаңа заң – ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы қабылданды. Бұл заң Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру негіздерін тағайындады, мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар арасындағы метрологиялық әрекеттер сферасындағы қатынастарды реттейді. Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін және республика экономикасын өлшеулердің ақиқат болып табылмайтын нәтижелерінің салдарынан қорғауға бағытталған. Заңның ережелері мемлекеттік басқару органдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы территориясында өлшем бірлігін қамтамасых етумен байланысты әрекеттер жүргізуші жеке және заңды тұлғаларға таралады. Заң 7 тараудар және 31 баптан құралады. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі заңнама Қазақстан Республикасы Конституциясында негізделеді және «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету тураы» Заңнан және басқа өлшем бірлігін қамтамасыз ететін әртүрлі жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық актілерден құралады (өлшеу құралдарын Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі тізіліміне енгізу тәртібі, өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялау, салыстырып тексеру және калибрлеуді жүргізу тәртібі, олшеулерді орындау әдістемелерін әзірлеуге, аттестациялауға, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген физикалық шама бірліктеріне қойылатын талаптар және т.б.). 4 Өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік негіздері – Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін және қажетті дәлдігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін регламенттейтін бірегей ережелер, положения және ноормаларды тағайындайтын ноормативтік құжаттардың комплексі болып табылады. Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттары мыналарды регламенттейді: - шама бірліктерін; - шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және мемлекеттік салыстырып тексеру схемаларын; - өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу әдістерін және құралдарын; - өлшем құралдарының нормаланатын метрологиялық сипаттамаларының номенклатурасын; - өлшеу дәлдігінің нормаларын; - өлшеу нәтижелерін және өлшеу дәлдігінің көрсеткіштерін беру тәсілдері және көрсету формалары; - өлшеулерді орындау тәсілдемелері; - заттар мен материалдардың қасиеттері туралы мәліметтердің дұрыстығын бағалау әдістері; - заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандарттық үлгілеріне талаптар; - өлшеу құралдарын сынау, метрологиялық аттестациялау, салыстырып тексеру және калибрлеуді, нормативтік құжаттарды, жобалық, конструкторлық және технологиялық құжаттамаларды метрологиялық сараптауды, заттар және материалдардың қасиеттері туралы мәліметтерді сараптау және аттестациялауды ұйымдастыру және жүргізу тәртіптерін; - метрология облысындағы терминдер мен анықтамалар. Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттары бөлінеді: - негізін қалаушы, яғни жалпы талаптар, ережелер мен нормаларды тағайындаушы; - өлшеудің бір түріне талаптар, ережелер мен нормаларды регламенттеуші. Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттарына мемлекеттік стандарттар, бекітілген тәртіппен қолданылатын халықаралық (региондық) стандарттар, положениелар, нұсқалықар және басқа до нормативтік және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу тәртібін анықтаушы әдістемелік құжаттар. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар техникалық реттеу және метрология облысындағы заңнамаға сәйкес әзірленеді және қолданылады. Қазақстан территориясында міндетті түрде қолдануға жататын Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттарын техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет бекітеді. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің техникалық негізін не құрайды? 2 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негізі қандай? 3 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздеріне қандай заң актілері кіреді? 4 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік негіздерін қандай құжаттар құрайды? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с. 2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б. 3 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы / Г.Х. Шәкібаева, Х.К. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова– Алматы:Қазақ университеті, 2002. – 242 б. № 11 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Сәйкестікті растау саласындағы негізгі түсініктер мен оның мәні Дәрістің жоспары: 1 Сәйкестікті растау саласындағы негізігі түсініктер мен оның мәні 2 Сәйкестікті растаудың нормативтік-құқықтық негіздері мен ұйымдастырушылық құрылымы 3 Сертификаттауға қатысушылар 1 Сертификаттау деген сөз латын тілінен «дұрыс істелінген» деп аударылады. Өнім «дұрыс істелгеніне көз жеткізу үшін ол өнім қандай талаптарға сай болуы керектігін және өнімнің сол талаптарға сай екендігін қалай дәлелдеуге болатынын білу керек. Халықаралық тәжірибеде бұларды дәлелдеу үшін сертификаттау процедурасы қолданылады. Өнімнің өмірлік циклы тізбегінде шығарушы «бірінші жақ» болып табылады. Ол, әрине, жақсы, тұтынушыны қанағаттандыратын өнім шығардым деп есептейді. Бұл тізбекте «екінші жақ» болып тұтынушы табылады. Ол сапалы тауар алғысы келеді. Тұтынушы қалай бағалағанынан тауардың тағдыры тәуелді болып табылады. «Үшінші жақ», яғни арбитр болып шығарушы мен тұтынушының екеуінен де тәуелсіз орган немесе тұлға табылады. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңында мынандай анықтама берілген. Сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын рәсім. Өнімдерді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сертификаттау осы өнімдердің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нормативтік құжаттарда тағайындалған талаптарға сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін іс- шаралардың жиынтығы болып табылады. Сертификаттау объектілері: өнімдер; көрсетілетін қызметтер; процестер; жұмыстар; сапа менеджментінің жүйелері. Сертификаттау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация б.т. Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат. Сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат. Сәйкестік туралы декларация да, сәйкестік сертификаты да бірдей заңды күшке ие болады. Сәйкестігі сәйкестік сертификатымен немесе сәйкестік туралы декларациямен расталатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) тізілімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сәйкестік сертификатысыз және (немесе) сәйкестік Белгісісіз немесе сәйкестік туралы декларациясыз босатуға тиым салынады. Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, егер олар Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген болса жарнамалауға тиым салынады. Сертификаттау жөніндегі заңнаманы бұзған тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес жауапқа тартылады. Сертификаттаудың негізгі мақсаттары: өнімнің, процестердің, жұмыстардың, көрсетілетін қызттердің адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін, азаматтардың мүлкінің және қоршаған ортаның сақталуын қамтамасыз ету; өнімнің, көрсетілетін қызметтердің сапасы тұрғысынан тұтынушылардың мүддесін қорғау; саудада техникалық кедергілерді жою, өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің ішкі және сыртқы рыноктағы бәсекелестігін қамтамасыз ету; жеке және заңды тұлғалардың Қазақстанның тауарлар нарығындағы іс- әрекеттері үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми- техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуына қажетті жағдайлар тудыру. Бұдан басқа сертификаттаудың мақсаттарына мыналарды жатқызуға болады: тұтынушылардың сапалы өнімдерді (көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды) таңдап алуына жәрдемдесу; тұтынушыларды әділетсіз өндірушіден (сатушыдан, орындушыдан) қорғау; шығарушы (орындаушы) ұсынған өнімнің (көрсетілетін қызметтің, жұмыстың) сапалық көрсеткіштерін куәландыру. 2 Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде негізін қалаушы нормативтік (құқықтық, әдістемелік және техникалық) құжаттар қолданылуы тиіс. Сертификаттау жөніндегі заңнама Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңынан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен құралады. Қазақстан экономикасында өтіп жатқан өзгерістерді ескере отырып 1999 жылы ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының орнына халықаралық заңнамамен үйлестірілген ҚР «Сертификаттау туралы» Заңы қабылданған болатын. Соңынан 10 маусым 2003 жылы бұл Заңға өзгертулер енгізілген және толықтырылған. 9 қараша 2004 жылы ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы қабылданып, ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының күші жойылды. ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңында техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган және оның сертификаттау саласындағы қызмет бағыттары белгіленген. Заң Қазақстан Республикасында өнімді, сапа менеджменті жүйелерін, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сертификаттаудың құқықтық негіздерін тағайындайды, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін айқындайды. Заңның баптарын ары қарай дамыту мақсатында заңнамалық актілер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыстары, мемлекеттік басқару органдарының нормативтік актілері шығарылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыстарымен міндетті түрде сертификаталуға жататын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы белгіленген және сәйкестігін сәйкестік туралы декларациямен куәландыруға болатын өнімдердің тізімі айқындалған. Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетпен Қазақстан Республикасынды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін реттеуші нормативтік құжаттар (мемлекеттік стандарттар, ережелер, ұсынымдар, әдістемелік нұсқаулар және т.б.) әзірленген. Қазіргі күнге Қазақстан Республикасында міндетті және ерікті сертификаттауға қатысты жүзден артық нормативтік құжаттар жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтік базасы төмендегі құжаттардан (мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық, басқа елдердің ұлттық) құралады: стандарттар, санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыстық нормалар мен ережелер, бекітуден өткен рецептуралар жинақтары, анықтамалық ақпараттық материалдар және т.б. оларға сәйкестікке өнімді сертификаттау жүргізілетін нормативтік құжаттар; өнімді сынау әдістеріне нормативтік құжаттар; сапа менеджменті жүйелеріне нормативтік құжаттар; ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің салааралық комплексінің нормативтік құжаттары. Сертификаттау жөніндегі ҚР Мемлекеттік стандарттары үшінші салааралық стандарттар тобына жатады (ҚР СТ 3. ) және сертификаттау объектілері мен процедураларына бірыңғай нормалар мен талаптарды тағайындайды. ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесі құжаттарының комплексінің негізін қалаушы стандарты ҚР СТ 3.0 – 2001 «ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі ережелер» болып табылады. Бұл стандарт ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің мақсаттарын, принциптерін, құрылымын және бірыңғай ережелерін айқындайды. Нақты біртекті өнімдер мен көрсетілетін қызметтер топтарына таралатын ұйымдық- әдістемелік құжаттар ережелер түрінде орындалған. Мысалы, ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде астық және оны ұқсату өнімдерін; кондитер өнімдерін; балалар ойыншықтарын; автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және олрды жөндеу жөніндегі көрсетілетін қызметті сертификаттау ережелері және т.б. жұмыс істейді. Сертификаттау жүйесінің өзіндік, сертификаттау жұмыстарын жүргізу ережелері және басқару рәсімдері болады. Сертификаттау жүйелері үлттық (мемлекеттік), мемлекетаралық, өңірлік және халықаралық деңгейде қалыптастырылады. Мемлекеттік сертификаттау жүйесі: сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді; сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін; сертификаттау жөніндегі органдарға, сынақ зертханаларына (орталықтарына) талаптарды және оларды аккредиттеу рәсімдерін; сертификаттау жөніндегі сарапшы- аудиторларды дайындау және аттестаттау рәсімдерін; мемлекеттік сертификаттау жүйесінің Мемлекеттік тізілімін жүргізу; аудит және инспекциялық бақылау ережелерін; және басқаларды тағайындайды, Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттің қаржыларынан және келісім-шарттар негізінде табылған қаржылардын құралады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі мемлектеттік басқару органдарының, Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай - ақ басқа елдердің фирмалары мен ұйымдарының қатысуы үшін ашық болып табылады. Аталған кәсіпорындар, фирмалар мен ұйымдар ҚР МСЖ ережелерін мойындауы және орындауы міндетті болып табылады. ҚР МСЖ-сі шығарушылар, тұтынушылар, қоғамдық ұйымдар. сертификаттау жөніндегі органдар, сынақ зертханалары (орталықтары) үшін, сондай- ақ басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғалар үшін ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Сертификаттауға қатысушылар мыналар болып табылады: техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган; акктериттеуден өткен өнімдерді, процестерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сертификаттау жәніндегі органдар аккредиттеуден өткен сынақ зертханалары (орталықтары); аккредиттеуден өткен аккредиттеу саласында консалтин қызметін көрсету жөніндегі ұйымдар; сертификаттау жөніндегі сарапшы- аудиторлар. Өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды, сапа менеджментінің жүйелерін сертификаттау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінде орналасқан 100 ден артық сертификаттау жөніндегі органдар және 300 жуық сынақ зертханалары (орталықтары) жүзеге асырады. Сәйкестікті куәландыру және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды басқаруды техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет (ары қарай – Мемстандарт) – Қазақстан Республикасы үкіметімен тағайындалатын техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. Мемстандарт өзінің лауазымы және құқықтары шегінде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және басқарады. Өнімдерді, процестерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сертификаттау жәніндегі органдар кез келген меншік түрлеріндегі, заңды тұлға болып табылатын және Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтік құжаттарында тағайындалған талаптарға сәйкес келетін ұйымдардың негізінде құрылады. Әрекеттің белгілі сферасында сәйкестікті куәландыру жұмыстарын атқару құқығына ие болам деуші ұйым міндетті түрде аккредиттеу рәсімінен өтуі тиіс. Өнімнің (көрсетілетін қызметтердың) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін куәландыруға қатысушы сынақ зертханалары (орталықтары) аккредиттеу облысы шегінде сертификациялық сынақтар жүргізеді. Сынақ зертханасы (орталығы) заңды статусы бар дербес ұйым болуы мүмкін немесе сертификаттауды куәландыру жөніндегі органның немесе басқа да заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болуы мүмкін. Сынақ зертханаларының (орталықтарының) негізгі функциясы сертификациялық сынақтарды жүргізу болып табылады. Сертификациялық сынақтар жүргізгенде стандартталған әдістемелер қолданылуы керек және олар (әдістемелер) сынақ нәтижелерінің дұрыс және нақты болуын қамтамасыз ету керек. Аккредиттеу саласында консалтин қызметін көрсету жөніндегі ұйымдар – сертификаттау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеуге дайындау жөніндегі жұмыстарды атқарушы заңды тұлғалар болып табылады. Бұл ұйымдар Мемстандартпен бекітілген тәртіп боынша аккредиттеуден өткен болулары керек. Сарапшы – аудиторлар. Сәйкестікті куәландыру жөніндегі сарапшы- аудиторлар – бекітілген тәртіп бойынша балгілі әрекеттер саласында өнімдері, көрсетілетін қызметтерді, процестерді, жұмыстарды, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау немесе сынақ зертханаларын (орталықтарын) және сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеу жұмыстарын жүргізу құқығына аттестацияланған маман болып табылады. Сарапшы аудитор сынақтардың толық және дұрыс жүргізілуін, олардың нәтижелерінің объективный және достоверный болуын қамтамасыз етеді. Сертификаттау жүйесінің қызметін тұтынушы сертификаттауға қатысушы – өнімдерді, процестерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сертификаттауға өтінуші және олардың сапасы мен қауіпсіздігіне жауап беруші жеке және заңды тұлғалар (шығарушылар, сатушылар, орындаушылар) - өтінушілер болып табылады. Сертификаттауға қатысушыларға тұтынушылар да жатады. Сертификттау жөніндегі іс- әрекеттер тұтынушы үшін маңызды болып табылады, өйткені олар: өнімнің (жұмыстардың, процестердің) сапасы мен қауіпсіздіген жоғарылатуға; тауарлар мен көрсетілетін қызметтер жөнінде ақиқат және толық ақпарат таратуға; сапасыз тауарлардан (жұмыстардан, көрсетілген қызметтерден) адамдардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген шығындарды қайтарып беруге бағытталады. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 «Сертификаттау» дегенді қалай түсінесіз? 2 Сертификаттау объектілеріне қандай объектілер жатады? 3 Сертификаттау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қандай құжаттар берілуі мүмкін? 4 Сертификаттаудың негізгі мақсаттары неде? 5 Сәйкестікті растаудың заңнамалық негізі қандай? 6 Мемлекеттік сертификаттау жүйесіне кіретін стандарттарды атаңыз. 7 Мемлекеттік сертификаттау жүйесі қандай негізгі мәселелерді тағайындайды? 8 Сертификаттауға қатысушыларды атаңыз. Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с. 2 Самсаев М.Б. Өзара-ауыстырымдылық стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу. Сапа менеджменті – Алматы, 2008 ж. – 300 б. № 12 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Өнімнің сәйкестігін растау Дәрістің жоспары: 1 Сәйкестікті растаудың жалпы сипаттамасы 2 Сертификаттаудың түрлері 1 Сәйкестікті растаудың ұйымдық-әдістемелік негізі барлық сертификаттау объектілеріне таралатын және осы процедураны ұйымдастыру және жүргізу тәртібін реттейтін ережелерден құралады. Отандық және импортталатын өнімдердің сәйкестігін растау бірегей ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде тағайындалған ережелер және схемалар бойынша жүзеге асырылады. Өнім қай мемлекетте шығарылғаны, өндіру, сақтау, тасымалдау процестері, келісімдердің түрі мен олардың ерешеліктері ескерілмейді. Импортталған өнімнің сәйкестігін растау шетел сертификатын және сәйкестік Белгісін мойындау жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл жерде сертификаттау нәтижесін мойындау туралы тиісті келісім болуы керек. Республикада мойындалатын сертификат болмаған жағдайда өнімнің үлгілерін сертификаттау сынақтарынан өткізеді. Сынақ жүргізгенде өнімнің көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасында жүретін нормативтік құжаттарда бекітілген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Экспортталатын өнімдердің сәйкестігін растау олардың шығарушы және тапсырыс беруші арасындғы контракттта қарастырылған нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін көрсету үшін жүргізіледі. Өнімнің, оның ішінде импортталатын өнімнің сәйкестігін растауды сертификаттау жөніндегі аккредиттелген орган, ал ондай орган болмағанда Мемстандарт жүзеге асырады. Сертификаттау сынақтарын жүргізуге тек аккредиттелген сынау зертханалары (орталықтары) тартылу керек. Өнімді сынау кезінде анықталатын көрсеткіштер үш топқа бөлінеді: сәйкестендіру мақсатында анықталатын көрсеткіштер; қауіпсіздікті және міндетті сертификаттау үшін қойылатын басқа да талптарды куәландаруға қажетті көрсеткіштер; ерік сертификаттау үшін анықталатын аталғаннан басқа көрсеткіштер. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізумен байланысты барлық шығындарды, жұмыстың нәтижесіне байланысыз, өтінуші өтейді. Бұл үшін өтінуші және сертификаттау жөніндегі орган арасында келісім-шарт жасалады. Сертификаттау жөніндегі орган, өз кезегінде, сертификаттау жұмыстарын жүргізуге өзі тартқан ұйымдардың шығындарын өтейді келісім – шарт бойынша. 2 Сертификаттау түрлері. Қазақстан Республикасы территориясында өнімдердің (процестердің, көрсетілетін қызметтерлің, жұмыстардың) сәйкестігін растау ерікті және міндетті түрде жүргізілуі мүмкін. Өз еркімен сәйкестікті растау ерікті сертификаттау түрінде жүзеге асырылады. Ерікті сертификаттау өтінушінің (шығарушы, сатушы, орындауышының) инициативасы бойынша жүргізіледі. Мақсаты - өнімнің (процестің, көрсетілетін қызметтің, жұмыстың) өтінуші ұсынған стандарттың немесе басқа нормативтік құжаттың талаптарына, сондай-ақ өтінушінің арнаулы талаптарына сәйкестігін куәландыру. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды. Басқаша айтқанда, егер өнім міндетті сертификаттауға жататын болса, оны ерікті сертификаттаудан өткізуге болмайды. Сәйкестікті міндетті растау төмендегі түрде жүзеге асырылады: шығарушы кәсіпорын сәйкестік туралы декларация қабылдау арқылы; міндетті сертификаттау жүргізу арқылы. Міндетті сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі органдрдың қатысуымен өнімнің, көрсетілетін қызметтің техниклық реттеу саласындағы нормтивтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестікті растау нысаны. Міндетті сертификаттау міндетті сертификаттауға жататын өнімдер (процестер, көрсетілетін қызметтер, жұмыстар) тізіміне кірген өнімдер (процестер, көрсетілетін қызметтер, жұмыстар) үшін жүргізіледі. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге техникалық регламенттер, стандарттар немесе өнімнің, процестің, көрсетілетін қызметтің адам өмірі, денсаулығы, мүлкі үшін және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да нормативтік құжаттар жатады. Міндетті сертификаттауға жататын өнімдер мен көрсетілетін қызметтер тізімі, сондай-ақ сәйкестігі туралы декларациямен растауға болатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің тізімін Мемстандарт мемлекеттік басқару органдарының ұсынысы бойынша әзірлейді. Тізімдер Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі. Қазіргі кезде мұндай тізілімдер мыңнан астам өнімдер және онға тақау көрсетілетін қызметтерді ауқымдайды. Заңға сәйкес тізілімдерге енгізілген өнімдерді тек қана сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы болған жағдайда сатуға болады. Міндетті және ерікті сертификаттаудың салыстырмалы сипаттамалары 1 кестеде келтірілген. Қазақстанда қазіргі кезде көбінесе міндетті сертификаттау орын алады. Себебі – тауарлар рыногындағы бәсекелестіктің деңгейі төмен. Бәсекелестік арта түскен жағдайда ерікті сертификаттаудың ролі артады. Шетел мемлекеттерінде ерікті сертификаттаудан өткен өнімдер жақсы сатылады, бәсекелестікті көтереді. Біз де соған жетеміз кезінде. 1 кесте - Міндетті және ерікті сертификаттаудың салыстырмалы сипаттамалары |Сертифи-кат|Жүргізу |Жүргізу |Объектілер |Сәйкестікті |Норматив-ті| |тау түрі |мақсаттары |негізі | |тексеру мәні |к базасы | |Міндетті |Өнімнің |Қазақстан|Міндетті |Нормативтік |Өнімнің | | |(жұмыстың, |Респуб-ли|түрде |және де басқа|(жұмыстың, | | |көрсетілетін |касы-ның |сертификатту-|құжаттарда |көрсетілеті| | |қызметтің) |заңнама-л|ға жататын |қарастырыл-ға|н | | |қауіпсіздігін |ық |өнімдердің |н міндетті |қызметтің) | | |және экологияға|актілері |Қазақстан |талаптарға |сапасы және| | |зиянсыздығын | |Республикасы |сәйкестікті |қауіпсіздіг| | |қамтамасыз ету | |Үкіметімен |тексеру |і-не | | | | |бекітілген | |міндетті | | | | |Тізіміне | |талаптар | | | | |енгізілген | |қоятын | | | | |өнімдер, | |нормативтік| | | | |көрсетілетін | |және басқа | | | | |қызметтер | |құжаттар | |Ерікті |Кәсіпорынның |Заңды |Кез келген |Өтінуші |Өтінуші | | |өнімінің |және жеке|объектілер |белгілеген |ұсынған | | |(жұ-мысының, |тұлғалар-| |кез келген |нормативтік| | |көр-сетілетін |дың | |талаптарға |және басқа | | |қыз-меттінің) |инициа-ти| |сәйкестікті |да құжаттар| | |бәсеке-сестігін|васы | |тексеру | | | |қамтамасыз ету.|бойынша | |(міндетті | | | | |жасалған | |сертификаттау| | | |Қауіпсіздік |келісім-ш| |-ға жататын | | | |талаптарына |арт | |өнімдер | | | |ғана емес, | | |бойынша | | | |сапаны | | |міндетті | | | |қамтамасыз | | |талаптарды | | | |ететін | | |толықтыру-шы | | | |талаптар-ға | | |талаптарға | | | |сәйкес келетін | | |сәйкестікті | | | |өнімге | | |тексеру) | | | |(жұмыс-қа, | | | | | | |көрсетілетін | | | | | | |қызметке) | | | | | | |жарнама беру | | | | | Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Сәйкестікті растаудың ұйымдық-әдістемелік негізі неден тұрады? 2 Өнімді сынау кезінде анықталатын көрсеткіштер неше және қандай топтарға бөлінеді? 3 Сәйкестікті растаудың қандай түрлерін білесіз.? 4 Міндетті сертификаттауға қандай өнімдер жатады? 5 Міндетті және ерікті сертификаттаудың артықшылықтары мен кемшіліктері? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с. 2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б. № 13 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Қызметтердің сәйкестігін растау Дәрістің жоспары: 1 Қызметтердің түрлері 2 Қызметтердің сәйкестігін растаудың жүргізу тәртібі 3 Инспекциялық бақылау Қызметтерді сертификаттау нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Қызметтерді сертификаттаған кезде қызметтердің сипаттамалары (көрсеткіштері) тексеріледі және мыналарға: 1) қызметтерді сәйкестендіруді жүргізуге, оның ішінде оның жіктеу топтамасына жататындығын, техникалық құжаттарға (модель-үлгіге, техникалық сипаттауға, жолдамаға және басқаларына) сәйкестігін және функционалдық арналуын тексеруге; 2) сертификатталатын қызметтердің нормативтік құжаттарда белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін растауға мүмкіндік беретін сынақ әдістері (тексерістері) қолданылады. Сертификаттау кезінде пайдаланылатын схемаларды қызметтерді орындау ерекшеліктерін, сынақтарды жүргізу мүмкіндігін, дәлелдеудің талап етілетін деңгейін, тұтынушының мүлкінің сақталуын қамтамасыз еткен кездегі өтінім берушінің ықтимал шығындарын ескере отырып, өтінім беруші анықтайды. Схемалар біртекті қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібін белгілейтін құжатта көрсетілуге тиіс. Қызметтерді сертификаттау кезінде қолданылатын сертификаттау схемалары «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентінде келтірілген. Қызметтерді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды өтінім беруші төлейді. Сертификаттауды жүргізу тәртібі Қызметтерді сертификаттау мыналарды қамтиды: 1) Органға сертификаттауға өтінім беру; 2) өтінім бойынша шешім қабылдау; 3) сертификаттау схемасын таңдау; 4) Орган мен өтінім берушінің арасындағы сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты ресімдеу; 5) қызметтердің сынағын (тексерісін) және қызмет көрсету, орындаушының шеберлігі, кәсіпорынды аттестаттау, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау үдерісін бағалауды жүргізу; 6) алынатын нәтижелерді талдау мен Сертификат берудің мүмкіндігі туралы шешім қабылдау; 7) берілген сертификаттардың тізіліміне тіркеу; 8) Сертификат беру; 9) сертификаттау жөніндегі қызметке инспекциялық бақылау жүргізу (сертификаттау схемасына сәйкес). Өтінім беруші сертификаттауға арналған өтінімді нысан бойынша осы салада аккредиттелген Органға жібереді. Осы қызметтерді көрсететін бірнеше орган болған кезде өтінім беруші өтінімді олардың кез келгеніне жіберуге құқылы. Орган оны алғаннан кейін бір айдан кешіктірмейтін мерзімде өтінімді қарайды, өтінім берушіге шешімді хабарлайды және олар қол қойған, екі данадағы қызметтерді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты береді. Қызметтерді сертификаттауды жүргізуге арналған өтінім бойынша шешім нысан бойынша жасалады және осы қызметті сертификаттау тәртібіне сәйкес сертификаттау схемасы көрсетілген сертификаттаудың барлық негізгі шарттарын қамтиды. Сертификаттау сынақтары Органмен келісілген мерзімде жүргізіледі. Сынақтарды (тексерістерді) жүргізген кезде мыналар жүзеге асырылады: 1) көрсетілген қызметтердің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін іріктеп тексеру; 2) сынақтардың (тексерістердің) хаттамалары бойынша қорытындыларды ресімдеу. Қызметтердің тексерілетін нәтижелерінің саны мен оларды іріктеу тәртібін осы қызметке арналған нормативтік құжаттарға сәйкес Орган анықтайды. Сынақ зертханасы Органға сынақтардың хаттамасын, Орган анықтайтын даналардың санын жібереді. Орган сертификаттау схемасында көзделген сынақтар (тексерістер) мен берілген құжаттардың сараптамасының оң нәтижелері кезінде Сертификатты ресімдейді және оны берілген сертификаттар тізілімінде тіркейді және өтінім берушіге береді. Қажет болған жағдайда қызметтерді орындаушы белгіленген нысандағы бланкіде орындалған Сертификаттың көшірмесін пайдалана алады. Сертификаттың қолданылу мерзімін қызметтерге арналған сертификаттау схемасын, сондай-ақ үш жылдан аспайтын мерзімге менеджмент жүйесіне берілген Сертификат мерзімін ескере отырып, Орган белгілейді. Қызмет көрсету шарттарына және олардың нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігіне ықпал етуі мүмкін қызметтерді орындау технологиясына өзгерістер енгізілген кезде өтінім беруші бұл туралы жаңа сынақтарды немесе тексерістерді жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдайтын Сертификат берген Органға хабарлауға тиіс. Сертификатталған сынақтардың (тексерістердің) теріс нәтижелері, сертификатталатын қызметке қойылатын талаптарды сақтамау немесе өтінім беруші сертификаттау жөніндегі жұмыстарды төлеуден бас тартқан кезде Орган өтінім берушіге Сертификат беруден бас тарту себептерін көрсетіп қорытынды береді. Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылауды Сертификат берген Орган жүзеге асырады. Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылау мыналарды көздейді: 1) сертификатталған қызмет туралы ақпаратты талдау; 2) инспекциялық бақылауды жүргізу үшін комиссиялар ұйымдастыру; 3) тексерістер жүргізу; 4) тексерістердің нәтижелерін ресімдеу мен шешімдер қабылдау. Қызметтердің сертификаттау кезінде белгіленген талаптарға сәйкестігін инспекциялық бақылаудың кезеңділігі мен көлемін сертификатталған қызметтердің жай-күйі мен тұрақтылығына қарай, бірақ кемінде жылына бір рет Орган анықтайды. Жоспардан тыс инспекциялық бақылау қызметтердің сапасына жеке және заңды тұлғалардан наразылықтар туралы ақпарат, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан шағымдар бірнеше рет түскен жағдайда жүргізілуі мүмкін. Инспекциялық бақылау нәтижелері бойынша Орган инспекциялық бақылауға қатысушылар мен Сертификатты ұстаушының өкілі қол қоятын 2 данадағы актіні жасайды. Актінің бір данасы Сертификатты ұстаушыға, екіншісі Органға жіберіледі. Инспекциялық бақылаудың нәтижелері бойынша Орган көрсетілетін қызмет нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ: 1) қызмет көрсетуге арналған нормативтік құжат өзгерген; 2) қызмет көрсетудің технологиялық процесі өзгерген; 3) бақылау, сынақтар (тексеріс) әдістері, егер көрсетілген өзгерістер қызметтердің сәйкессіздігін тудыруы мүмкін болғанда, сапаны қамтамасыз ету жүйесі және сертификаттау кезінде тексерілетін талаптарға қызмет көрсету шарттары өзгерген; 4) егер кәсіпорын қызметтер көрсету бойынша өз қызметін тоқтатқан жағдайда Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұруы немесе жоюы мүмкін. Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім сәйкессіздіктің анықталған себептері оны берген Органмен келісілген түзеу іс-шараларының жолымен жойылған және қызметтердің нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексеру мақсатында қайтадан сертификаттау сынақтарын жүргізбестен растаған жағдайда қабылданады. Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ақпаратты қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделі адамдарға Сертификат берген Орган хабарлайды. Сертификатты жою оны мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінен шығарған сәттен бастап күшіне енеді. Қызметтердің немесе қызмет көрсету талаптарының сәйкестігі белгіленген талаптардан бұзылған кезде түзеу іс-шаралары жүзеге асырылады. Түзеу іс-шараларын жүргізген кезде Орган: 1) Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрады; 2) қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделі адамдарға ақпарат береді; 3) түзеу іс-шараларын орындау мерзімін белгілейді; 4) түзеу іс-шараларын орындауды тексереді; 5) тұтынушыларға, жұртшылыққа, мүдделі ұйымдарға қызметтерді пайдаланудың қауіптілігі (немесе қажет еместігі) және анықталған бұзушылықтарды жою тәртібі туралы хабарлайды. Түзеу іс-шаралары орындалғаннан кейін Орган қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрудан алынғандығы туралы хабарлама жібереді. Қызметтерді орындаушы түзеу іс-шараларын орындамағанда немесе олар тиімсіз болған кезде Орган Сертификатты жояды. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Қызметтердің қандай түрлерін білесіз? 2 Қызметтерге сертификаттауды қалай жүргізеді? 3 Қызметтер мен өнімдерге сертификаттауды жүргізудің ерекшеліктері бар ма? 4 Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылауды қалай жүргізеді? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с. 2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б. № 14 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау Дәрістің жоспары: 1 Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау әдістері 2 Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау тәртібі Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растауды ҚР СТ 3.9 сәйкес жүргізеді. Бұл стандарт бойынша ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде міндетті сертификаттауға жататын шетелдік өнімдердің сәйкестігін растаудың жалпы ережелерін, жүргізу тәртібі мен рәсімдерін орнатады. Бұл стандарт сертификаттау жөніндегі аккредиттелген барлық органдарына, сынақ зертханаларына, сарапшы-аудиторларға, сонымен қатар ҚР МСЖ қызметіне қатысатын басқа да заңды және жеке тұлғаларға міндетті болып саналады. Шетелден әкелінген өнімдердің Қазақстанда күші бар нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына сәйкестігін растауын ҚР МСЖ орнатылған тәртіпте аккредиттелген сертификаттау органдарымен жүргізіледі. Міндетті сертификаттауға жататын шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растауды отандық өнімдерге орнатылған ережелер бойынша жасалады, бірақ енгізілетін өнімдердің ерекшеліктері мен келісім-шарттардың бар болуы ескерілуі керек (Қазақстан мен экспортер-мемлекет арасындағы). Қазақстан Республикасында МСЖ шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растауын мына жолдармен жүргізеді: а) сәйкестік сертификаттарының түпнұсқаларын берген ТМД қатысушыларының- мемлекеттерінің СО мойындалуы; - сәйкестік сертификаттарының көшірмелерін берген ТМД қатысушыларының- мемлекеттерінің СО мойындалуы; - ҚР МСЖ орнатылған тәртіпте аккредиттелген ТМД қатысушыларына жатпайтын мемлекеттердің СО берілген және мөрімен куәландырылған шетелдік сәйкестік сертификаттарын немесе олардың көшірмелерін мойындалуы; б) Өнімдердің сәйкестігін растау тәртібі техникалық регламентіне сәйкес талаптарға сертификаттау сұлбаларын қолдана отырып өнімдердің партиясын сертификаттау; в) өтінушімен сәйкестік декларациясын қабылдау. ҚР аймағында мойындалған шетелдік СО берілген сәйкестік сертиффикаттардың тізімін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органымен анықталады. Міндетті сәйкестікті растауға жататын шетелден әкелінген өнім енгізу уақытына өнімнің партиясы ретінде саналады, сериялы өнідіріске сәйкестік сертификаты болса да. Мұнда партияның мөлшері енгізілетін құжаттың тауарменжүретін құжаттамаға сай анықталады. Міндетті сәйкестікті растауға жататын көтерме саудаға арналған шетелдік өнімге мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған ақпарат болуы керек. Бұл ақпаратқа келесі мәліметтер кіреді: өнімнің атауы, дайындаушы-мемлекет пен кәсіпорын, дайындау күні, сақтау мерзімі, жағдайлары, қолдану тәсілі, тағамдық құндылығы. Аударманың дұрыстығына өтінуші жауап береді. Сәйкестік сертификаты жоқ шетелдік өнімдерге сертификаттау жұмыстарын ҚР күші бар техникалық регламенттерде немесе нормативтік құжаттарда орнатылған қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкестігін жүргізеді. Егер Қазақстанда өтінуші өнімге орнатылған талаптар нормативтік құжаттарда болмаса, онда импортер-мемлекеттің нормативтік құжаттарына сәйкестігін тексереді, мұндай құжаттарды өтінуші беруі шартты. Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау бойынша жұмыстар үшін ақыны өтінуші ҚР Ұ 50.3.01 сәйкес төлейді. Өтінуші мен сәйкестік растау органы арасында келіспеушіліктер болған жағдайда ҚР 3.10 сай орнатылған тәртіпте апелляциялар қарастырылады. Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растауды жүргізу тәртібі ҚР аймағына шетелден әкелінген өнім міндетті сәйкестікті растауға жатады, сонымен қатар бұл өнім кедендік ресімделуін жүргізетін органмен кедендік декларирлеуден орнатылған тәртіпте өтеді. Шетелден әкелінген өнімдердің кедендік ресімделуін жүргізу үшін негіз болатын құжаттарға ҚР сәйкестік сертификаты немесе СО тіркелген өнімнің қауіпсіздігі жөніндегі өтінім-декларация болады (кедендік бақылауға қажетті құжаттарды санамағанда). Өнімнің кедендік ресімделуін жүргізгеннен кейін өтінуші СО аккредитеу саласына байланысты берілген өнім түріне шетелдік сертификатты мойындауға өтінім жібереді. Өтініммен бірге мына құжаттар беріледі: - шетелдік сертификаттың түпнұсқасы мен көшірмелері; - өніммен бірге жүретін құжаттама - өнімге шығу тегі сертификаты контракт, накладная, өнімді сынау хаттамасының көшірмесі, сапа менеджмент жүйесі немесе өнідіріс сертификаты, гигиеналық қорытынды, фитосанитарлық сертификат, малдәрігерлік қорытынды. Өтінімге берілген құжаттар екі тілде жазылады. Егер басқа тілде болса, онда аудармасы болуы керек. Өтінімді және берілген құжаттарды талдау негізінде СО шетелдік сертификатты мойындау жөнінде шешім қабылдайды және өнімнің сәйкестігін растауын үш тәсілдің біреуімен жүргізеді. СО мен өтінуші арасында сәйкестігін растау жұмыстарын жүргізуге келісім-шарт жасалады. Сәйкестікті растау ресімдерін жүргізгенде СО ҚР СТ 1014 талаптарына және басқа да нормативтік құжатарға сай өнімнің сәйкестендіруін өткізеді. Тез бұзылатын өнімдерге сәйкестік сертификаты сақтау және тасымалдау шаралары болған кезде ғана мойындалады. Мойындалған сәйкестік сертификаттары және олардың көшірмелері ҚР МСЖ қабылданған сәйкестік сертификаттарына қайта ресімделеді. Олардың ресімделуін аккредиттеу саласына байланысты сәйкестікті растау органдары жүргізеді. Сәйкестік сертификатының іске асу мерзімі СО орнатылады және ол өнімнің сақтау мерзіміне байланысты болады, бірақ 1 жылдан аспау керек. Егер ТМД мемлекеттерімен-қатысушыларымен сериялы өндіріс өніміне берілген сәйкестік сертификатының мерзімі аяқталса, ал өнім сатушыда болса, онда сертификат өнімнің сақтау мерзіміне қарай таралады, бірақ 3 жылдан аспау керек. СО сәйкестік сертификатын беру алдында, қажет болған жағдайда шетелдік өнімге толық барлық көрсеткіштері бойынша анықтау жүргізеді немесе нормативтік құжаттарда орнатылған талаптарға сай өнімнің сәйкестігін растау үшін кейбір көрсеткіштерін ғана анықтайды. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау қандай стандартқа сай орындалуы керек? 2 Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау әдістері қандай? 3 Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау қандай тәртіпте жүреді? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б. 2 ҚР СТ 3.9- 04 ҚР МСЖ. Шетелдік өнімді сертификаттау № 15 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Стандарттау, метрология және сертификаттау салаларындағы мемлекеттік метрологиялық қадағалау мен метрологиялық бақылау Дәрістің жоспары: 1 Мемлекеттік метрологиялық қадағалау. 2 Метрологиялық бақылау. 3 Метрологиялық ережелер мен нормалар бұзылғаны үшін жауапкершілік. Метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуына Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және метрологиялық бақылау жүргізіледі. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау – техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өлшем құралдарын шығарылуын, олардың жай-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелерін қолданылуын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай-ақ бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезінде кез келген түрдегі бума тауарлардың санын қадағалау жөніндегі жүзеге асыратын қызметі. Метрологиялық бақылау – мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асыратын қызмет. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және метрологиялық бақылау тексеру түрінде жүзеге асырылады. Тексерулер: жоспарлы (периодтық), жоспардан тыс (кезектен тыс) және қарымта тексеру деген түрлерге бөлінеді. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау кезінде: - жоспарлы тексерулер кемінде үш жылда бір рет тесерулер жүргізу графигіне сәйкес жүзеге асырылы керек; - жоспардан тыс тексерулер мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық ережелер мен нормалардың бұзылғаны туралы ұсыныстар бойынша жүргізіледі; - қарымта тексерулер өкімдердің орындалуын бақылау мақсатында жүргізіледі. Метрологиялық бақылалуды жүзеге асырғанда тексерулерді жүргізу тәртібін мемлекеттік басқару органдарының және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері тағайындайды. Метрологиялық ережелер мен нормалар бұзылғаны үшін жауапкершілік Бұзушылық табылған кезде жеке және заңды тұлғаларға, ескерту және басқа төмендегі шаралар қолданылуы мүмкін: - лицензияның күшін уақытша тоқтату; - аккретитациялау аттестатын алты айға дейін қайта шақырып алу; - кінәлілерді қылмыстық жауапқа тарту үшін материалдарды сотқа беру. Заңнаманы бұзушылық үшін төмендегі мөлшерде айып салынады: - азаматтарға - 5-10 айлық есептік көрсеткішке дейін; - қызметік тұлғаларға – 50-100 айлық есептік көрсеткішке дейін; - заңды тұлғаларға – 200 айлық есептік көрсеткішке дейін. Жоғарыда көрсетілген айыптар бұзушылықтың мына түрлері үшін салынады: - мемлекеттік санаудан немесе метрологиялық аттестациялаудан өтпеген, сондай-ақ салыстырып тексерілмеген және жөнделмеген өлшеу құралдарын айналымға шығарғаны үшін; - тиісті рұқсатсыз өлшеу құралын шығару, салыстырып тексеру, жөндеу, сату және жалдауға бергені үшін, сондай ақ стандарттық үлгілерді метрологиялық аттестациялаудан өткізу үшін; - мемлекеттік қадағалауға жататын, бірақ сол мемлекеттік қадағалаудан өтпеген өлшеулерді орындау әдістемелерін қолданғаны үшін; - өлшеу құралдарын пайдалану ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін; - стандарттар және техникалық шарттардың талаптарының орындалуын, сертификаттау ережелерінің және метрологиялық ережелердің сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырушы органдардың ұйғарымдарын орындамағаны үшін. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды кім жүргізеді? 2 Метрологиялық бақылауды не үшін жүргізеді? 3 Метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзғаны үшін қандай жауапкершілікке тартылады? 4 Заңнаманы бұзғаны үшін қандай айыптар салынады? 5 Қандай бұзушылықтар үшін айыптар салынады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с. 2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б. 2 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 2.1 Курс бойынша өзіндік жұмысты келесі тәртіпте жүргізіп тұруы қажет. Курстың әрбір тақырыбы бойынша ұсынылатын әдебиетті оқып, теориясына көп тоқталмай, оқылатын сұрақтардың мәніне ғана тоқталып, түсініксіз жерлерін белгілеу керек. Содан кейін материалды мұқиятты түрде игеру қажет, яғни теориялық ережелерді, керекті негізгі мәліметтерді арнайы дәптерге жазып тұрады. Курсты оқу барысында студент СӨЖО мен СӨЖ реферат немесе үй тапсырмасы түрінде орындайды, оның басты мақсаты өткен тақырыпты толық меңгеру үшін. Студенттердің өзіндік жұмысы тақырыптарының тізімі: 1 Қоғамдағы стандарттаудың рөлі 2 Стандарттау және өнімнің сапасы 3 Дамыған елдерде стандарттаудың қалыптасуы 4 Стандарттаудың әдістері. Стандарттаудың нысандары 5 Техникалық реттеудің мақсаттары мен принциптері 6 Техникалық реттеу саласындағы Мемлекеттік органдар 7 Ақпараттық орталық және оның функциялары 8 Техникалық регламенттер мен стандарттардың Мемлекеттік қоры 9 Техникалық комитеттерді құру, бекіту және жою тәртібі 10 Техникалық регламенттер 11 Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар 12 Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау 13 Техникалық реттеу саласында ҚР заңнамасын бұзғаны үшін мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының жауапкершілігі 14 Мемлекеттік органдар мен олардың функциялары 15 Мемлекеттік бақылауды жүргізетін лауазымды адамдардың функциялары мен құқықтары 16 Сәйкестікті растау саласында Үкіметтің құзыреті 17 Өнімді сертификаттау схемалары (сұлбалары) 18 Сәйкестікті растау саласында ТР органдары 19 Қызметтердің түрлері. Қызметтерді сертификаттау схемалары (сұлбалары) 20 Сынақ зертханасының (орталығының) басшысының функциялары 21 Өлшемдер бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің құрылымы 22 Физикалық шамалардың сандық және сапалық сипаттамалары 23 Өлшемдер әдістемелерінің түрлері, оларды жасау және сараптау 24 Эталондарды қолдану және сақтау тәртібі 25 Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың нысандары 26 Менеджмент жүйесі 27 Стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдары 28 Метрология жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдары 29 Сәйкестікті растау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдары 30 Өлшем құралдарын салыстырып-тексеру 2.2 Оқу - әдістемелік әдебиеттердің тізімі: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с. 2 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000 г. - 465 с. 3 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с. 4 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б. 5 ҚР СТ 1.0-2000 ҚР МСЖ. Негізгі ережелер 6 ҚР СТ 1.1-2000 ҚР МСЖ. Стандарттау және шектес қызмет түрлері. Терминдер мен анықтамалар 7 ҚР СТ 1.2 – 2002 ҚР МСЖ. Мемлекеттік стандарттарды жасау тәртібі. 8 ҚР СТ 1.5 – 2000 ҚР МСЖ. Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар 9 ҚР СТ 1.7 – 1998 ҚР МСЖ. Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау тәртібі 10 СТ РК 1.8-98 ГСС РК Порядок издания и обеспечения нормативными документами и информацией Государственного фонда стандартов РК 11 ҚР СТ 1.9 – 2003 ҚР МСЖ. Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды және стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі 12 ҚР СТ 1.15 – 2004 ҚР МСЖ. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер. Құру және әрекет ету тәртібі 13 ҚР СТ 1.16-2000 ҚР МСЖ. Стандартау жөніндегі нормативтік құжаттардың, сертификаттау ережелерінің міндетті талаптарын сақтауға және сертификатталған өнімдерге (жұмыстарға, қызметтерге) мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүргізу тәртібі 14 ҚР СТ 1.25-2001 ҚР МСЖ. Өнімді әзірлеу және өндіріске қою кезеңдерінде мемлекеттік қадағалауды жүргізу әдістемесі 15 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) 16 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б. 17 Самсаев М.Б. Өзара-ауыстырымдылық стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу. Сапа менеджменті – Алматы, 2008 ж. – 300 б.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz