Файл қосу

Зат алмасуы



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                       |
|ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                              |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты  |ПОӘК                   |                             |
|                       |                       |ПОӘК  042-16-13.1.45         |
|                       |                       |/02-2013                     |
|ПОӘК                   |                       |                             |
|«Биохимия» пәнінің     |__________20    ж.     |                             |
|студентке арналған     |№    басылым           |                             |
|бағдарламасы           |                       |                             |







                      ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


                                 «Биохимия»

                         5В070100 – «Биотехнология»
                               мамандығы үшін


                     СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ
















                                    Семей
                                    2013











































      Мазмұны

   1. Жалпы ережелер
   2. Пәндердің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу
   3. Пәндерді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
   4. Курс форматы
   5. Курс саясаты
   6. Баға қоюдың саясаты
   7. Әдебиеттер

































        1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер
1.1 Омарова Айгүл Шайзолла қызы, PhD, доцент м.а.
«Химия» кафедрасы.
Байланыс ақпараты – тел. 35-05-90,  оқу ғимараты № 9, кабинет  № 418
Сабақ өткізу орны – дәрісхана  № 405
Берілген пән бойынша кредиттер саны –  3
1.2 Пәндердің мазмұнын қысқаша сипаттау
      Биологиялық химия – тіршіліктің молекула негізі  жөніндегі  ғылым.  Ол
тірі  организмнің   химиялық   құрамын,тірі   материяда   болатын   химиялық
реакцияларды,   тірі   организмдегі   заттардың    биологиялық    функциямен
молекуларлық құрамымен өзара байланысын зерттейді. Биохимия тірі  организмде
өтетін процесстерін терең түсіну үшін негізі ғылым болады.
1.3   Биологиялық химия курсының мақсаты  студенттердің «Биологиялық  химия»
курсының тіршіліктің молекулалық  негізін,  биологиялық  заттардың  құрамын,
құрылысын,  қасиеттерін,   осы   заттардың   тіршіліктің   әрекеті   бойынша
реакцияларын оқып білу болып табылады.
1.4  Биохимия пәнін оқып–білудің негізгі  міндеті -  студенттер  биологиялық
маңызды заттардың  негізгі  кластарын,  осы  заттардың  құрамын,  құрылысын,
қасиеттерін,  организмде   атқаратын   биологиялық   қызметтерін,   әсерінің
механизмдері;  тіршілік  процестерінде   биологиялық   заттардың   өзгеруін,
әрекеттесуін,  зат  алмасуының   негізгі   жолдарын,   негізгі   биохимиялық
жүйелерінің  және   химиялық  реакцияларын  оқып  білу  керек;   биологиялық
заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін зерттеу үшін практикалы дағды  алу
керек;
1.5   Оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:
- тірі ағзаның химиялық құрамын,  жоғары  молекулалы  белоктар,  көмірсулар,
майлар   және   нуклеин   қышқылдарының   құрылысын   және   физико-химиялық
қасиеттерін, сол сияқты биологиялық активті заттар – витаминдер,  ферменттер
және гормондардың әсер ету механизмдерін білуі;
-тірі ағзадағы зат алмасу және энергия алмасу туралы білімді меңгеруі;
-  тірі  ағзадағы  зат  алмасудың  катаболизм  және  анаболизм  реакцияларын
игеруі;
-  қоректік  заттарға  және   биологиялық   активті   заттарға   биохимиялық
әдістермен зерттеулер істей алуы;
-Белок биосинтезінің негізгі этаптарын түсінуі керек.

1.6  Курстың пререквизиттері:
1.6.1  Бейорганикалық химия
1.6.2  Органикалық химия

1.7 Курстың постреквизиттері
1.7.1  Өсімдік шаруашылығының өнімдерін өңдеу және сақтау
1.7.2 Сапа  менеджменті  негізіндегі  өңдеу  өндірістеріндегі  технохимиялық
бақылау
1.7.3 Тағам өндірісінің жалпы технологиясы
1.7.4  Шикізат және тағам өнімдерінің сапасын бақылау және бағалау

   2  ПӘНДЕРДІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ
                                                                     Кесте 1
|№  |Тақырыптардың атауы          |Сағаттар саны                  |Әдебиеттер  |
|р/с|                             |                               |            |
|   |                             |ДС  |ЗС   |СПС  |СОӨЖ   |СӨЖ   |            |
|   |2                            |3   |4    |5    |6      |7     |8           |
|1. |Кіріспе. Витаминдер.         |1   |4    |     |2      |6     |7.1.1-7.1.2 |
|2. |Ферменттер                   |1   |4    |     |2      |6     |7.1.1-7.1.2 |
|3. |Гормондар                    |1   |2    |     |2      |6     |7.1.1-7.1.2 |
|4. |Зат алмасуы. Биототығу.      |1   |2    |     |2      |6     |7.1.1-7.1.2 |
|5. |Көмірсулар алмасуы және      |3   |4    |     |3      |9     |7.1.1-7.1.2 |
|   |қызметі                      |    |     |     |       |      |            |
|6. |Липидтер алмасуы және тотығуы|2   |2    |     |2      |6     |7.1.1-7.1.2 |
|7. |Аминқышқылдар алмасуы        |2   |4    |     |3      |9     |7.1.1-7.1.2 |
|8. |Нуклеотидтер алмасуы         |2   |4    |     |2.5    |7.5   |7.1.1-7.1.2 |
|9. |Белок биосинтезі             |1   |2    |     |2      |6     |7.1.1-7.1.2 |
|10.|Зат алмасу қарым-қатынасы    |1   |2    |     |2      |6     |7.1.1-7.1.2 |
|   |және бірлігі                 |    |     |     |       |      |            |




   3 ПӘНДЕРДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
   Курсты оқу 5 өзара байланысты оқу түрлерінен тұрады – дәріс,  зертханалық
сабақ, практикалық сабақ, СОӨЖ және СӨЖ. Осылардың  ішінде  маңыздысы  дәріс
болып  табылады,  себебі  онда  пәннің  маңызды  да  аса  күрделі  сұрақтары
қарастырылады.   Практикалық   сабақтар   теориялық    материалды    қамтуды
қарастырады. СОӨЖ және СӨЖ күнделікті әрі міндетті дайындық болып  табылады,
олар  нақты  тапсырмалар  бойынша   орындалады   және   мұғалімнің   тұрақты
бақылауында  болады.  Аудиториядан  тыс  өздік  жұмыс  оқу  әдебиетімен,  үй
тапсырмасын орындау және ағымдағы  зертханалық  жұмыстарға  дайындық  сияқты
жұмыстарды қарастырады.



      4 КУРС ФОРМАТЫ
   Берілген нақты пән бойынша аптасына 1 рет 50 минуттық дәріс,  аптасына  1
рет 50 минуттық практикалық сабақ және аптасына бір  рет  50  минуттық  СОӨЖ
жүргізу қарастырылған.


   5 КУРС САЯСАТЫ
   Сабаққа қатысу: Дәрістерге, практикалық сабақтар және СОӨЖ  қатысу  қатаң
түрде міндетті болып табылады. Егерде  әлдебір  себептермен  сабаққа  қатыса
алмасаңыз, сізге  барлық  босатқан  сабақтардағы  қабылданбаған  материалдар
үшін жауапкершілік жүктеледі.  Оқу  жоспары  бойынша  босатқан  (қатыспаған)
сабақтарды қайта  қабылдау  қарастырылмаған,  сондықтан  мұғалім  тапсырмасы
бойынша студент босатқан тақырыбы бойынша 5 есеп шығаруы керек.
Тәртіп:  Сабақ  барысында  ұдайы   тәртіпбұзушылық   аудиториядан   қуылумен
жазаланады  және  сәйкесінше  сабақ  босатқаны   үшін   рейтінгілік   бағасы
төмендетіледі.
Зертханалық сабақтар: Студент зертханалық  сабақтарға  зертханалық  жұмыстың
конспектісі  болып,  жұмысты  орындау  барысын   және   жұмыстың   теориялық
негіздемесін  білген   жағдайда   ғана   жіберіледі.   Студент   зертханалық
жұмыстарды және  эксперименттің  нәтижелерін  өңдеуді  өзбетінше  орындайды,
дайын нәтижелерді қолдануға  тыйым  салынады.  Зертханада  студент  халатпен
жүруге міндетті және қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтауы керек.
Межелік  аттестация:  Межелік  аттестация   қорытындысы   сабаққа   қатысуы,
белгіленген мерзімде СӨЖ орындауы, сабақ барысындағы ауызша  немесе  жазбаша
жауаптарымен,  тестілеу  нәтижелерімен   және   межелік   бақылауды   ескере
қойылады.
Емтихан:  Ауызша  емтихан  немесе  компьютерлік  тестілеу  жүйесі  негізінде
рұқсат алған барлық студенттерге қорытынды емтихан  жүргізіледі.  Емтиханның
әрбір тест сұрағы 5 жауаптан тұрады, соның ішінде бір дұрыс жауабымен.  Тест
сұрақтары барлық өткен курс бөлімдері бойынша құрастырылған.

   6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ
Апта және бақылау түрлері бойынша балдардың бөлінуі 2-кестеде көрсетілген.
«Биохимия» пәні бойынша балдардың бөлінуі

                                                                     Кесте 2
|Апта    |Бақылау түрі                                   |Барлық  |Ескертпе    |
|        |                                               |балл    |            |
|1       |2                                              |3       |4           |
|        |1-8 апта аралықтарындағы дәріс сабақтарына     |30      |            |
|        |қатысу және дайындық                           |        |            |
|1       |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:     |20      |            |
|        |Майда еритін витаминдерге сапалық реакциялар   |        |            |
|2       |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:     |20      |            |
|        |Суда еритін витаминдерге сапалық реакциялар    |        |            |
|2       |СОӨЖ: В тобындағы витаминдердің сипаттамасы    |10      |            |
|2       |СӨЖ: Тіршілік бірлігі – клетка құрылымы.       |10      |Реферат жазу|
|        |Организмнің химиялық құрамы.                   |        |            |
|3       |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:     |20      |            |
|        |Ферменттердің жалпы қасиеттері - температураға |        |            |
|        |төзімділігі, талғампаздығы және рН-тың         |        |            |
|        |активтілігіне әсері.                           |        |            |
|3       |СОӨЖ: Кофакторлар – коферменттер, активаторлар,|10      |            |
|        |гемдер.                                        |        |            |
|4       |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:     |20      |            |
|        |Ферменттердің әсер ету механизмі. Активаторлар |        |            |
|        |мен ингибиторлардың әсері.                     |        |            |
|4       |СОӨЖ: Жасанды жыныс гормондары. Сары дене      |10      |            |
|        |гормоны. Простагландиндер және тромбоксандар.  |        |            |
|5       |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:     |20      |            |
|        |Гормондар: инсулин мен адреналинге сапалық     |        |            |
|        |реакциялар.                                    |        |            |
|5       |СОӨЖ: Биологиялық мембраналар.                 |10      |            |
|5       |СӨЖ: Фотосинтез                                |10      |Реферат жазу|
|6       |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:  Зат|20      |            |
|        |және энергия алмасуы. Биологиялық тотығу       |        |            |
|        |(семинар).                                     |        |            |
|6       |СОӨЖ: Көмірсулар. Глюкоза, фруктоза және       |10      |            |
|        |сахарозаның Фишер, Хеорс және Колли-Толленс    |        |            |
|        |бойынша формулалары. Гликозидтік гидроксил.    |        |            |
|        |Гликозидтік байланыс.                          |        |            |
|7       |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:     |20      |            |
|        |Көмірсулар қасиеттері. Көмірсулардың сапалық   |        |            |
|        |реакциялары.                                   |        |            |
|7       |СОӨЖ: Глкозаның анаэробты метаболизмі (глюкоза |10      |            |
|        |- пируват). Спирттік ашу. Сүтқышқылды ашу.     |        |            |
|8       |Межелік бақылау 1 – 1-3 модульдер бойынша      |70      |Оқу         |
|        |тестілеу                                       |        |кестесіне   |
|        |                                               |        |сай         |
|        |1-8 апта аралықтарындағы дәріс сабақтарына     |300     |            |
|        |қатысу және дайындық                           |        |            |
|9       |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:     |17      |            |
|        |Липидтер. Майларға сапалық реакциялар.         |        |            |
|        |Майлардың ерігіштігі. Майдың константасын –    |        |            |
|        |tбалқу, йод санын, қышқыл санын анықтау.       |        |            |
|9       |СОӨЖ: Глюкозаның аэробты ыдырауы (пируват –    |5       |            |
|        |ацетил-КоА – Кребс циклі).                     |        |            |
|10      |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:     |18      |            |
|        |Аминқышқылдары. Амин тобындағы азотты формольды|        |            |
|        |әдіспен анықтау.                               |        |            |
|10      |СОӨЖ: Липидтер. Қарапайым және күрделі липидтер|5       |            |
|        |құрылысы.                                      |        |            |
|11      |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:     |17      |            |
|        |Белоктар. Физика-химиялық қасиеттері.          |        |            |
|        |Белоктарды тұнбаға түсіру реакциялары.         |        |            |
|        |Белоктарға түсті реакциялар.                   |        |            |
|11      |СОӨЖ: Триацилглицерол катаболизмі.             |5       |            |
|12      |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:     |18      |            |
|        |Күрделі белок – нуклеопротеиндердің химиялық   |        |            |
|        |құрамын зерттеу: дрожжы гиролизатындағы белокты|        |            |
|        |анықтау; пуринді негіздерді анықтау;           |        |            |
|        |пентоза-альдозаны анықтау; фосфор қышқылын     |        |            |
|        |анықтау.                                       |        |            |
|12      |СОӨЖ: 20 (-аминқышқылдарының құрылысы.         |5       |            |
|        |Белоктардың жіктелуі.                          |        |            |
|12      |СӨЖ: Қан және жүйке жүйесінің биохимиясы       |32      |Реферат жазу|
|13      |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:     |17      |            |
|        |Дифениламинмен ДНҚ сандық анықтау.             |        |            |
|13      |СОӨЖ: Аминқышқылдарының аралық алмасуы         |5       |            |
|        |(дезаминдеу, трансаминдеу, декарбоксилдеу).    |        |            |
|        |Аммиакты залалсыздау жолдары.                  |        |            |
|13      |СӨЖ: Бауыр, бүйрек және зәр биохимиясы         |33      |Реферат жазу|
|14      |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:     |18      |            |
|        |Белок биосинтезі және оның негізгі этаптары    |        |            |
|        |(семинар).                                     |        |            |
|14      |СОӨЖ: ДНҚ және РНҚ құрылысы: рибоза,           |5       |            |
|        |дезоксирибоза, пурин және пиримидиндік         |        |            |
|        |негіздер, нуклеотидтер, нуклеозидтер. ДНҚ және |        |            |
|        |РНҚ молекуласының фрагменті.                   |        |            |
|15      |Межелік бақылау 2 – 4-7  модульдер бойынша     |70      |Оқу         |
|        |тестілеу                                       |        |кестесіне   |
|        |                                               |        |сай         |
|        |9-15 апталардың оқу қорытындылары бойынша      |300     |            |
|        |барлық балл                                    |        |            |
|        |Емтихан бойынша барлық балл                    |400     |            |
|        |Академиялық период бойынша барлық балл         |1000    |            |


8. ӘДЕБИЕТТЕР
        1. Негізгі әдебиеттер
        8.1.1Сеитов З.С. Биохимия. –Алматы: Агроуниверситет, 2000.-897 с.
        8.1.2 Биологическая химия/под ред. Н.И. Ковалевской.-М.:  Академия,
        2009.-255 с.
        8.1.3  Коваленко  Л.В.  Биохимические  основы  химии   биологически
        активных веществ. –М.: Бином. Лаборатория знаний, 2010.-228 с.
        8.1.4   Сейітов   Қ.С.    Биологиялық    химия.-Алматы:    «Қайнар»
        университеті, 1992.-384 б.
        8.1.5 Аблаев Н.Р. Биохимия в схемах  и  рисунках.  –Алматы:  Ғылым,
        2001.-285 с.
        8.1.6  Аксартов   Н.М.   Биохимия   /эл.-ресурс/лекционный   курс.-
        Караганда: КарГУ, 2005.-1 эл. диск.
           7. Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы.- Алматы: Ана тілі, 1993,
              2004.-200 б.
           8. Кайрханов К.К. Методические указания к  лабораторным  занятиям
              по биохимии / издание третье, переработанное и  дополненное  /
              Семипалатинск, ЦНТИ, 2003.





        8.2  Қосымша әдебиеттер

        8.2.1 Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф., Биохимия.-Москва: 2000.-520 с.
        8.2.2  Малахов  А.Г.,  Вишняков  С.И.   Биохимия   с/х   животных.-
        М.:Колос,1984.-345 с.
        8.2.3 Строев Е.А. Биологическая химия. -М.: 1986.-480 с.
        8.2.4 Николаев А.Я. Биохимия. Москва: 1989.-495 с.
        8.2.5 Строев Е. А., Макарова  А.  А.,  Практикум  по  биологической
        химии. М.: «Высшая школа», 1986. -231с.
Пәндер