Файл қосу

Құрылыс индустрия кәсіпорындары



Мазмұны


      Кіріспе
............................................................................
.......................... 3
1.    Интерерді көркем безендіруге   қойылатын  шарттар мен талаптар….. 5
1.1  Ғимараттар мен  имараттардың
түрлері...................................................10
1.2  Көркем безендірудегі (эстетикалық)
талаптар.........................................16
1.3  Көркем безендірудегі ою-
өрнектер...........................................................21




2    Безендірудегі  түстік үйлесімдер (полихромия) және  оптикалық
    түзетпеле...............................................................
    .......................................24
2.1  Интерерді безендірудегі жарық және жарық техникасының маңызы.... 28
2.2  Көркем безендірудің   алғашқы әдістері  мен
жайғасымдары................31
2.3  Киіз үйдің ішкі  көрінісі  және оның бұйымдарын
жасау.......................37
2.4                             Практикалық                            жұмыс
барысы....................................................................39





3     Жас ұрпақтың бойында эстетикалық мәдениет қалыптастыруда ұлттық
    өнеріміздің
    маңызы..................................................................
    ................ 40
3.1                Технолгияны                оқыту               әдістемесі
    ..............................................................43
3.1               Техналогия               пәнінің               күнтізбелік
жоспары................................................
3.2                 Техналогия                 пәнінің                 сабақ
жоспарлары....................................................47


Қортынды....................................................................
......................................50
Пайдаланған
әдебиеттер..................................................................
................52
Қосымшалар..................................................................
....................................54






























                                   Кіріспе

      Өнер -  өмір  шындығын  көркем  образдар  жүйесі  арқылы  бейнелейтін,
қоғамдық сана мен адам іс-әрекетінің өзіне тән ерекшеліктерімен  дараланатын
форма. Адамзатпен бірге пайда болған өнер салалары ғасырлар бойы  дамып,  өз
жанрларын  жетілдіре  түсті.  Өнердің   дамуы   тікелей   қоғамда    болатын
құбылыстарға байланысты өзгеріп, жетілдіріп отырды. Ол әрдайым  шығармашылық
табыстарымен бағаланады.
      Өнер арқылы берілген  эстетикалық  тәрбие  адамды  ұдайы  сұлудық  пен
әдемілікті дұрыс ұғынуға жетелеп,  сезім  байлығын  қалыптастырады.  Өнердің
қай түрі болса да өмір шындығын көркем образдар арқылы  бейнелеп  жеткізеді.
Өнер адамзаттың дамуымен бірге жетіліп, өркендеп келеді.
      Қазақстандағы өнер түрлері де ерте кезде-ақ пайда болып,  адамның  жан
азығына,  рухани  байлығына  айналған.  Адамдар  өмір  сүре   бастағаннан-ақ
өнердің алғашқы нышаны қалыптасқан. Сондықтан да қазақ өнерін әлем  өнерінің
құрамдас бөлігі ретінде оқып-тануға міндеттіміз
      Қандайда  болмасын  қоғамның  мәдениетінің  ілгері  дамуы,  әлеуметтік
прогрестің маңызды белгісі болып табылады. Мәдениеттің  қақ  ортасында  өнер
тұр. Өнер-адамзат өмір жолының ең ертедегі формаларының бірі  болып  келеді.
Адамның әлемге көзқарасы  өнер  тұрғысынан  алғанда,  айналадағы,  қоғамдағы
құбылыстардың ортасында тұрады. Бейнелеу өнері болсын, өнердің қай бір  түрі
болсын өз  шығармаларында  қоғамдағы,  өмірдегі  болып  жатқан  құбылыстарды
бейнелемей оны айналып өте алмайды. Сондықтан халқымыздың алыс  заманалардан
бері  қалыптасқан,  өзіндік  мәдениетінен  сыр   шертетін    бейнелеу   өнер
туындылары, сол ұлттық мәдениетіміздің ғұмыр жолының айнасы.
      Еліміздің әлеуметтік және рухани өміріндегі жаңа бетбұрыстарға  сәйкес
, әрқашанда мәдени игіліктерді қайта қараудан басталады.
  «Қазақстан жаңғырған Ренессанстық мемлекет.  Ренессанс  адамзат  тарихында
болған істің қайта жаңғыруы .Ренессанс өткенді  ой  елегінен  өткізіп  содан
болашаққа тірек болатын құндылықтар тауып, оны  жаңа  заманға  сай  жаңарту,
жаңғырту.» Ғарифолла Есім «Қазақ ренессансы»  Алматы 2006.
      Жаңа Қазақстанның  оқу   жүйесінің   сапасын  арттыруда  оқытушылардың
әлеуметтік және психологиялық жағдайының маңызына ерекше көңіл  бөлу  қажет.
Оқытушыларға  қазіргі таңда  үлкен  жоғарғы талаптар қойылып отыр.
       Диплом жұмысымның тақырыбы интерерді көркем безендіру , соның  ішінде
№4 оқу ғимаратының кіре берісін  безендіру.  Практикалық  жұмысынд  итерерді
әрлеу   жұмыстары   орындалды   Түсініктеме   хаттамада   көркем   безендіру
тәсілдерімен ондағы қойылатын талаптар қарастырылд.
       Қазіргі  таңда  жас  ұрпақтардың   бойында   эстетикалық   мәдениетті
қалыптастыруда ұлттық өнер түрімен   жаңа  заман  өнер  түрлерінің   араласу
синтезінен туған өнер туындыларының  рөлі зор.
      Диплом жұмысында  қазіргі замандағы  Қазақстан дизайнда  және  бйнелеу
өнерінде   әр  түрлі   халықтар   өнерлерінің  синтезінен   құралған    өнер
туындылары  қарастырылды. Үшінші тарауда әдістемелік  бөлім   онда   еңбекке
баулу  пәнінің  сабақ жоспары,  бейнелеу  өнерінің  күнтізбелік  және  сабақ
жоспары ұсынылып отыр.
      Қазақ халқының қолөнері соану ескі заман тарихымен  бірге  өсіп,  біте
қайнап  келе  жатқан  өте  бай  қазына.   Қазақ   халқының   тарихы,   басқа
халықтардікі сияқты  өндірістік  қатынастар  дамуының  шежіресі.  «Қазақстан
тарихы – бұл ең  алдымен  материалдық  байлықтарды  өндірушілердіңі  тарихы,
еңбекші бұқараның тарихы, олардың  әлеуметтік  және  езушілердің  езушілерге
қарсы күрестерінің тарихы ».Міне, сондықтан  да  қазақ  халқында  қолөнердің
қалыптасу  кезеңдерін  Қазақстан  тарихымен  байланыстыра  сөз  еткен  дұрыс
сияқты.
      Өресі биік,  өрісі  кең  өнер  атаулының  қай  саласынан  болсын,  жер
жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да  өзінің  көне  замандардан
бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір  өзіне  ғана  тән  қайталанбастай
ерекшелігімен көзге түседі. Ал қандай да болсын  өнер  және  талант  иелерін
өмірге келтіретін де сол халық. Сондықтан біз оларды халықтық дейміз.  Міне,
сол халық талантарының қолынан шыққан  зергерлік  бұйымдар,  киім  үлгілері,
тұрмыс жиһаздары, әсем де зәулім ғимараттар қай заманда болмасын өз  маңызын
жоғалтпайтыны мәлім.































          1. Интерерді безендіруге қойылатын  шарттар мен талаптар.


      Сәулетшілік  өте ертедегі   замандардан   бері  адамзат   мәдениетінің
қажетті  бөлігі   ретінде   алғы   беттен   көрініс   тауып  келеді.  Ол  өз
мазмұнында  әлемді  игеруге   арналған  және   нәтижесінде   бұл  қызметтері
көзге  көрінерлік  болатын  жасампаз, шығармашылық   қызметтер   процестерін
біріктіре отырып, оның  жүйесінің  көпқырлылығын, күрделілігін  тудырады.
      Қалалармен  шоғырланған  архитектуралық  мұралар  адамзаттың   ұжымдық
жадысы нысандарының біріне айналды. Архитектура осының  арқасында   қоғамның
  билігіндегі   құндылықтар  қорын   тек   тұрақты   түрде   кеңейтіп   қана
қоймай,  сондай-ақ    қоғамның   өзін   де  тарихи   уақыттағы  өмір  сүруші
әлеуметтік  жүйе ретінде бейнелеуге  қызмет етеді.
      Архитектура  туындысының  бірінші  қасиеті – белгілі  бір   әлеуметтік
мәнді  мақсаттар  үшін  орынды  ұйымдастырылған, адам   сыйысатын  және   ол
көзкөрімдікпен   қабылдайтын    кеңістік.   Сонымен    бірге    мұнда    тек
ғимараттың  ішкі   көрінісіндегі    (интерьеріндегі)   сияқты    жан-жағынан
шектелген кеңістік  туралы ғана  емес,  сондай-ақ  сыртқы,  ғимараттар   мен
имараттар  көлемдерімен, жер бетін абаттандыру мен және   жасыл   екпелермен
ұйымдастырылған  кеңістік  туралы да  сөз  болып  отыр.  Нақтылап  айтқанда,
«архитектура» ұғымына   ғимараттармен   бірге   бүтіндей   алғанда   құрылыс
кешендері   және   елді   мекендер   де   кіреді.   Оған   ішкі    кеңістігі
болмайтын,  бірақ сыртқы кеңістіктерді  ұйымдастыруға   арналған   имараттар
да    (шарбақтар,    қолайлы   ашық   алаңдар,   жағалаулықтар,    көпірлер,
эстакадалар, автомагистральдар айырымдары, монументтер және т.б.) енеді.
      Архитектураны, оны құрылыс  қызметі  түрлерінен  бөліп  алатын  екінші
маңызды  қасиеті- бұл  оның  туындысына   салынатын  ақпарат.   Бұл  ақпарат
өзіне  адамдарың   іс  жүзінде  бағдарлануы   үшін,  олардың   психологиялық
қондырмаларын  қалыптастыру және  тұлғаны  тәрбиелеу  үшін   маңызды   жалпы
мәдиниеттік, сезімдік-эстетикалық және  идеялық-көркем   мазмұнды  енгізеді.
Сонымен  архитектура   тіршілікті  ұйымдастыруға   тек  процестерді   жүзеге
асырудың    қажетті   шарттарын    қамтамасыз    ететін   өз     материалдық
құрылымдарымен ғана  емес,   сонымен  бірге   әрі  өзі  алып   келетін   сол
ақпаратпен  де қызмет  етеді.  Сондықтан  оның   туындылары   материалдық  –
тәжірибелік  және ақпараттық-эстетикалық сынды  екі  түрлі  құндылыққа ие.
      Сонымен архитектураның  маңызды  үшінші белгісі – оның  жүйелілігі.
      Сәулет   онері    туындысы    кеңістіктің    белгілі   бір     бөлігін
қалыптастыра   отырып,   сонымен   бірге  объектілер   жүйесіне  кіреді-  ол
ғимараттар  кешенінің  элементін  тудырады; кешен,  өз  кезегінде,  бүтіндей
алғанда , қоныс   тепкен   орынның   элементі  болып   табылады.  Бұл  ретте
архитектуралық   объектілер   заттық-  кеңістіктік   ортаның  –  субъектімен
бірлесіп әрекет   ететін   және   оның   мінез-  құлқымен   өзектендірілетін
заттық-кеңістік  қоршаған   ортаның   құрылымдық   негізіне  қаланады.   Бұл
жағдайда  субъект ретінде  жеке адам,   адамдар  тобы,   қалалық  қауыдастық
немесе  тіпті  халық және   адамзат   бола   алады  –  субъектімен   жүйелік
ұйымдастырудың  орта қарастырылатын  деңгейі  анықталады.
      Ортаны ескеру жолы  сәулет  өнері  және   дизайнға   тән   жүйелілікті
мінез-  құлықтар   пішіндері  мен  олар   қамтамасыз   етілген   материалдық
құрылымдардың бірлігі  ұғымымен, қоршаған  ортаны  «адмиландыруды»   қажетті
  сапа  ретінде  бағыттай  отырып,  байланыстырады.   Архитектура   туындысы
осындай    адамиландырылған     жүйенің    бөлігі     ретінде    тәжірибелік
пайдаланыста да, өзінің  ақпараттық  сапаларында  да көрініс  табады.
       Ортаны  жүйелі  ұйымдастырудың  әр  алуан  деңгейлері   объектілердің
әр  түрлі   санаттарына   айналады.  Жеке  процестерді   қамтамасыз   етумен
байланысты    қарапайым    деңгей    заттарға    немесе     заттар    тобына
қалыптастыру – бұл дизайн  саласы. Өзін   ұйымдастыруға   орнықты   кеңістік
құрылымдарды   талап  ететін   күрделі,   құрамдас   қызметтер   архитектура
саласын  анықтайды. Елдімекен   (қала)   құрылысы   мен  сәулет   арасындағы
шекара   мейлінше  шартты   болса  да,   ортаны    қалыптастырудың   жүйелік
міндеттерінің  салаларын  кеңейтудің   нәтижесі   елдімекен   құрылысының  –
жаңа  жерге   қоныстандырудың   және    елді    мекендерді    ұйымдастырудың
теориясы  мен   практикасының  бөліктенуі   болып  табылады.   Бір  жағынан,
архитектура  проблемаларын  шешу  елдімекен  құрылыстық  деңгейде   басталуы
 тиіс, өзге жағынан  алғанда – кез келген  елдімекен   құрылыстық   шешімдер
архитектураға  тән  дәстурлі  деңгей  арқылы  (ғимарат,  ғимараттар  кешені,
ансамбль,  ансамбльдер жүйесі) іске  асырылады.
      Біз бүгінде   тығыз   қоңыстанған,  кенттендірілген   әлемде  тұрамыз.
Қалалар  неғұрлым  өскен сайын, олардың  құрылыстары  тығыз   болған  сайын,
соғұрлым  жасанды  ортаның  сілімдерінің  адамға  және   табиғатқа   түсірер
қысымы  да  барынша   күшейе   бастайды.  Адамзаттық   азаптан   аман   қалу
проблемасына  айналған экология  проблемалары  алдыңғы  орынға шықты.  Бірақ
  сауықтырылған   орта  туралы    қамқорлық   тек   қана    оның   физикалық
сапаларымен   және  де  атмосферадағы   және  су   қоймасындағы    ластануды
немесе табиғат  жүйелеріндегі  тепе-теңсіздікті   алдын  ала   болдырмауымен
ғана  шектелуі   мүмкін   емес.  Ортаның   пішіндері   мен  адамның   мінез-
құлықтары   арасындағы   өзара  байланыс   әлеуметтік   және   психологиялық
проблемалар- «мәдениет экологиясы» туралы да ойлануға  міндеттейді.
      Архитектураның  үш сипатты – қызметтік,  эстетикалық  және  құрылымдық
ерекшеліктері  болады.  Архитектуралық   ғимараттардың  функциялары  –   бұл
ғимараттардың  қызметтері,   олар  көбіне    бөлмелердің    санын,   олардың
құрамын,  олардың   орналасуын  және   өлшемдерін    анықтайды.   Ғимараттың
қызметтік    мазмұны    адамдардың    күнделікті     тәжірибеге     сүйенген
(утилитарлық) және  мәдени  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға бағытталады.
      Сәулеттік  имараттардың  көркемдік   құндылықтары   ғимараттың  сыртқы
және  ішкі   келбетінің   шешімімен   анықталады.  Витрувий,   көне   римдік
сәулетші   салынымдарға   ол  «ұнамдылық»,  «әсемдік»,  «мінсіздік»    түрін
қамтамасыз   етуі   тиіс   деп  атап   көрсетті.  Келбеттің   жарасымдылығы,
айшылықтығы   әрбір ғимаратта  көрінуі  тиіс.   Имарат  тұрақты  түрде   оны
пайдаланатындармен, оларға  арналғандармен  және мұнан   өзге  оны   сырттан
байқайтын   сандаған   адамдардың   көзкөрімдігімен    қабылданады.    Барша
дәуірлердің  құрылысшыларының  өздерінің   салынымдарына   кез  келген   бір
түрде  жарасымды  келбет беру  талап-тілегі  де осыдан  келіп  шығады.   Бұл
жарасымдылықтың   дәрежесі   әр  түрлі  болады.    Ол   имараттың   арналған
мақсатына,   оның  жалпы   салынымдар   жүйесіндегі   орнына    және    өзге
себептерге байланысты  болады.  Ғимараттың    көркем  келбеті   екі  негізгі
сәтті  - жалпы- үйлесімдік  пішіндерін   және   жеке,  бөлшектік  пішіндерді
анықтайды.  Жалпы архитектуралық пішіндер – біз  ғимараттың   үйлесімі   деп
атайтын  –  имараттың  бас  көлемдері,  оның    массаларын,   пропорцияларын
негізгі  топтау.  Жалпы архитектуралық  пішіндердің   ұғымына  сыртқы   ғана
емес,  сонымен  бірге ішкі  көлемдер де  кіреді. Біз  «жеке»  пішіндер  деп,
ғимараттың   барлық  үйлесімділігіне  қатыстылығы    жағынан    жеке   сипат
иеленетін  архитертуралық  (сонын  ішінде  сәндік)  элементтерді   ұғынамыз.
Оған  ернеулерді,  мандайша   қабырғаларды,   балкондарды,   терезелер   мен
есіктердің  жақтауларын,  имараттың   сыртындағы   және  ішіндегі   мүсіндік
бөлшектерді  және сәндіктің  өзге элементтерін  жатқызуға болады.
      Жеке архитектуралық  элементтер   үлкен   мәнге  ие,  олар  ғимараттың
негізгі  көлемдерін  толықтырады  және  аяқтайды,   оларды   иілімді   түрде
барынша  айшықты  жасайды, имараттың  масштабын  дәл  айқындауға   мүмкіндік
береді.  Бірақ сөйтсе де ғимараттың  көркем айшықтылығы  бүтендей   алғанда,
үйлесімділікке, имараттың  жалпы массаларын  топтауға,  оның  сұлбалығына  ,
жалпы пропорциясына  байланысты.
      Сәулеткерлер    қашанда    өздерінің    жабарарын    неғұрлым   үнемді
әдісамалмен   іске  асыруға   тырысады,  бұған  тек   шығармашылық,  жобалық
әдістің   дәлдігі   болған  жағдайда   ғана  қол  жеткізіледі.    Архитектор
жұмысты  бір мезгілде  бірден   үш  өлшемде  -   жайғасымдармен,  қималармен
және  қасбеттермен  жүргізуі тиіс. Тек «үшөлшемдік»,   кеңістік   елестетіп,
көзге әкелу ғана  оңтайлы сәулеттік шешімді  қамтамасыз  етеді.   Архитектор
үйлесімдікпен   жұмыс  істеу   процесінде   имараттың   сыртқы   және   ішкі
көлемдерінің  барабарлығын  жасауға  тырысуы  керек.
      Жоғарыда келтірілгендей, архитектураның беріктікті  қамтамасыз  ететін
үшінші  жағы   -  құрылымдық   ерекшеліктері.  Имарат,  ереже  бойынша  ұзақ
уақытқа   арналып   салынады.  Беріктік  пен  орнықтылық  ғимараттың    ұзақ
мерзімге  қолданылып  тұруының  маңызды  шарты болып  табылады.
      Барлық «тариха»  құрылымдық  жүйелерді  ұстап тұрушы (қабырғалар, жеке
тұрған   тіреулер)  және   жабушы  –  арқалықтар,   күмбездер  құрылымдарына
жіктеп, бөліге болады. Барлық   дәуірлердің   құрылысшылары   үшін   айрықша
күрделілікті  әрқашанда  жабуды құрылымдар тудырды.
      Архитектураның  құрылымдық   жағы  –  ғимараттың   үйлесімін   анықтау
кезінде  маңызды және  органикалық  фактор болып  табылады.   Сонымен  бірге
құрылымдар  өз алдына  айтарлықтай  эстетикалық  әсер туғызуға  қабілетті.
      Сәулет   өнерінің   тарихи  құрылыс   материалдарының  және    олардан
жасалған   құрылымдардың   тұрақты   өзгерісіне   күә   бола   алады.    Бұл
өзгерістерге  өндіргіш  күштердің дамуы мен өмір   ұсынған  жаңа   міндеттер
алғышарт жасады.  Бұл өзгерістер  тек  дәуірлерден  дәуірлерге   ғана  емес,
сондай-ақ  уақыттың   неғұрлым   шектеулі   шеңберінде   де  өтті.   Құрылыс
материалдарының  технологиялық ерекшеліктері көп  ретте  құрылымның  сипатын
да анықтайды.
      Құрылыс өндірісінің құрылымдары   мен  технологиялары   архитектуралық
жүйелерді  қалыптастырудың  белсенді  факторы   болып   отырады.   Сәулеттік
бейнеге де  үлкен назар аударылады -  ол туралы  ұғым  пішін  тудыру   әдіс-
амаладарын, ғимараттардың, олардың  қасбеттері  мен  интерьерлерінің   жалпы
тектоникалық  және әсемдік  айшылықтылығын  анықтауға  көп рөл  атқарды.
      Қызметтер және пішіндер,  сәулеттік  түрлер мен  тәсілдер  қатынастары
 проблемалары, сәулеттік  пішін  беретін  бейне   және  оны   іске  асырудың
әдістері  проблемалары  өз өзектілігін жоғалтқан жоқ.
      Сонымен, архитектураны   дамыту   процесінде   және   құрылыс   ісінде
ғимараттар   типтерін  әзірлеудегі   және  олардың   ішкі   жайғастыруындағы
сияқты  тұрақты және  соншалықты  ірі   өзгерістер   өтеді.   Архитектураның
құрылымдық  ,   қызметтік   және   көркем   ерекшеліктері   тарихи   процесс
барысында өзгерген  және  қайсы  бір   кез  келген   архитектуралық  стильде
өзінің  нақты  көрінісін  тапқан тарихи  санаттар  болып табылады.
      Әрбір стиль  белгілі бір  дәуірде   туады,  онымен бірге   эволюциялық
дамуын  өткереді  және  өшеді  немесе одан  көп  ерекшеленетін  және   тіпті
алдында-ақ оның шеңберінде  қалыптасатын  өзге стильге  өтеді. Бұдан  ертеде
 болған  стильді,   оның  пайда   болғанын  анықтайтын   дәуірді   де  қайта
жаңғырту болмайтыны секілді, жасанды   қалпына   келтіруге   болмайды  деген
қорытынды  жасауға болады.
      Архитектура –  бір  мезгілде   әрі   техника  әрі  өнер.  Ғимараттарды
жобалау  және   тұрғызу   инженерлік  –техникалық   білімдердің    негізінде
жүргізіледі.  Сонымен бірге, ол өнер  болып  табылады,  өйткені   архитектор
болашақ   ғимаратты  жобалай  отырып,   көркем  сезімдік   бейнелермен    ой
толғайды. Архитектор  ғимараттың   жобасын   әзірлеуге   арналған   тапсырма
алғанда,  учаскені  ойға ала отырып, құрылысқа  бөлінген   қаржылар   туралы
мәліметті  иелене, алдымен  болашақ   ғимараттың  бейнесін,  оның  келбетін,
оның  көлемдерін  құрайтын  негізгі   пішіндемесін   жалпы  нысанда,   сосын
барынша  нақты  құруға   тырысып,  жобалауға   кіріседі.   Бұл  шығармашылық
процесс жайғасымды  әзірлеу мен жобаланған  ғимаратты  құрылымдау   жалғаса,
 қатар жүреді.  Суреткер  адамдар және  табиғат  бейнелерімен, ал  архитетор
– негізінен геометриялық  пішіндермен ой  тербейді,   бірақ  онда  да   және
мұнда   да   көркем   шығармашылықтың   негізгі   белгісі  болып   табылатын
бейнелеп ойлау  талап  етіледі.
      Архитектураның  негізгі   байланысты  бөлімін   интерьер   және   оған
қойылған жиһаз мүліктері  құрайды.  Интерьерге  бейнелеу  өнері  (живопись),
мүсін, қолданбалы  қолөнер  бұйымдары  жиі енгізіледі. Интерьер  принципінде
 ғимараттың  сыртқы  бейнесіне  стильдік  және  көркемдік   жағынан   сәйкес
келуі қажет.  Интерьермен  стильдік   жағынан  біртұтас,   онда  ораналасқан
заттар дүниесі  болуы тиіс.  Интерьер жаңа уақытқа   қоғаи  өміріне   сәйкем
талғам  мен   сәннің   өзгерісіне   негұрлым   сезімтал   және   бейімделгіш
келеді.
      Сәулеткерлер  шығармашылығың көрініс  табуының  жоғарғы   түрі  көркем
-  жайғастырушылық   бірлігін   иеленетін,  бір-бірімен   кеңістікті   түрде
әрекет    ететін    бірқатар    архитектуралық    ғимараттардың     жиынтығы
түріндегі   архитертуралық    ансамбль    болып   табылады.   Архитертуралық
ансамбльдер  бірыңғай  ойдың  негізінде  әрдайым   бірден   орнай  бермейді,
оның  біртіндеп, ұзақ  уақыт бойы қалыптасатын  кезі аз емес.
      Архитектура – бұл жеке ғимараттар ғана емес. Архитектура   -  бұл  әрі
көшелері, алаңдары және мүсіндері,  павильондары   мен  кішкене   көпірлері,
алаңшалары  мен   суқоймалары,   бақтары  мен   аллеялы    саябақтары    бар
қалалар.
      Бақтардың,   саябақтардың   жайғасымдауы   және  барлық    кеңістіктік
үйлесімі   де  «архитектура»   ұғымының   бөлігін  құрайды.  Бұл  –  бақтық-
саябақтық архитектура.
      Өнердің  жинақталуы  (синтезі) -  сәулеттің, мүсіннің  және   бейнелеу
өнерінің  тығыз  байланыстығы  қашанда  ерекше  мәнге ие  болады.   Бейнелеу
өнері  мен мүсіннің басты  мақсаты -  ғимараттың   бейне  сипаты   мен  оның
қызметтік  ерекшілігін  көркемдік  әдістермен ашу. Бұған қоса  бейнелеу  мен
мүсін  архитектуралық  кешеннің  көркемдік-әсемдік   айқындығын   арттырады.

      Сонымен  сайып келгенде , сәулеткердің   архитектуралық   шығарманы  –
жеке   ғимаратты, тұтас   ансамбльді   немесе   қалаларды   жасаудағы   рөлі
әрқашан  жеке   өзіндік,  жауапты   және   көпқырлы.  Егер   оның   туындысы
қазіргі  өзінің    заманы  бір   дәуіріне   үйлесімді   және  үндес   болса,
бүгінгі  сұраныстарға  жауап берсе  және архитектурадағы  келешек  ағымдарды
 алдын ала   сезіне  білсе,   ол  назарды   ләззатқа   бөлей   отырып   және
замандастары    мен     адамдардың     көптеген     келешек     ұрпақтарының
қажеттіліктерін   қанағаттандыра  отырып,  ғасырлар  бойы    сақталып   қала
бермек.






      1.1 Ғимараттар мен  имараттардың  түрлері.


      Сәулетшілер мен   құрылысшылардың   жасампаз   жұмыстарының   нәтижесі
дайын  ғимараттар мен  имараттар   болып  табылады.  Кең  мағынада  «имарат»
деген  ұғымға «ғимарат» ұғымы да енеді.
      Бөлмелері бар  және адамдар   тұруға   және   қандай  бір   тұрмыстық,
мәдени-қоғамдық,  өндірістік  немесе   шаруашылық    қызметтерді   орындауға
арналған   құрылыстар ғимараттарға  жатады.
      Инженерлік  имарат -  әр  түрлі  өндірістік   процестерді   орындауға,
материалдарды  сақтауға  арналған  және өзге (суқабылдағыш  имарат,  сұйықты
сақтауға   арналған   резервуар,   құбыр,    түгін   мұржасы,    газгольдер,
канализациялық тазалағыш  имарат және т.с.с.) арнайы қызметтік құрылыстар.
      Ғимараттар  мен  имараттардың  қызметтеріне   байланысты  құрылысты  -
өнеркәсіптік , азаматтық ( тұрғын, қоғамдық  және  коммунальдық-  шаруашылық
ғимараттар мен имараттар), гидротехникалық (теңіз және  өзен),   темір  жол,
автомобиль жолы, көпірлер және  тоннельдер,  ауылшаруашылық,  мелиоративтік,
шахталық,   құбырлардың   сыртқы  тораптары,   энергетика   және    байланыс
тораптары, қорғаныстық  түрлері бойынша  бөледі.
      Ғимараттар  мен  имараттардың   жіктелуі    оларды   жобалау   кезінде
экономикалық   орынды   шешімдер  қабылдауға    мүмкіндік   жасау   мақсатын
көздейді.  Жіктеудің  негізіне ғимараттар мен имараттарды  олардың   қызметі
мен  мәнділігіне байланысты  кластарға бөлу  алынған.
      Ғимараттар  өзінің    қызметтеріне    қарай   -    тұрғын,   қоғамдық,
өнеркәсіптік    кәсіпорындар   және    ауылшаруашылық    ғимараттары   болып
бөлінеді.
      Тұрғын  ғимараттарға   қарттарға  және   орындық-арбаларда    жылжитын
мүгетектері  бар   отбасыларына  арналған   пәтерлік   үйлер  қоса   кіретін
пәтерлік  үйлер,  биіктігіне  25  қабат   қоса   кіретін   жинақханалар   ҚР
ҚНжЕ,  шаруашылық-тұрмыстық  және  шағын   кәсіпкерліктің  өзге  құрылыстары
ҚР ҚНжЕ қоса кіретін  жеке тұрғын  үйлер,  қонақ үйлер ,  мүгедектерге  және
қарттарға  арналған интернат  үйлер жатады.
      Қоғамдық  ғимараттарға   -  ҚР  ҚНжЕ    бойынша    алынған    қоғамдық
ғимараттар,  кешендер  және  имараттар   топтары   тізіміне   сәйкес    жеке
тұрған   ғимараттар   мен  имараттар,   тұрғын   ғимараттардың   құрамдарына
енгізілген  қоғамдық  қызметтік  бөлмелер кіреді.
      1. Білім  беруге,   тәрбиелеуге  және   кадрлар   даярлауға   арналған
ғимараттар:
      ➢   мамандандырылған,    сауықтырушы    және    сақтауыш    мектеппен
        біріктірілген    балалардың    жалпы   типті    мектепке    дейінгі
        мекемелері;
      ➢ жалпы білім  беретін  және мамандандырылған  мектептер және мектеп-
         интернаттар,  мектепаралық  оқу-өндірістік  комбинаттар;
      ➢  кәсіптік-  техникалық    училищелер    және   жұмысшы    кадрларын
        даярлауға  және қайта  даярлауға  арналған оқу орындары;
      ➢ орта  арнаулы  оқу орындары;
      ➢ жоғары оқу орындары;
      ➢ мамандарды  даярлауға  және біліктілігін  арттыруға   арналған  оқу
        орындары;
      ➢ мектептен тыс  мекемелер.
      2. Ғылыми- зерттеу  мекемелеріне, жобалау  және  қоғамдық   ұйымдарына
және басқаруға  арналған  ғимараттар:
    ➢ ғылыми-зерттеу  институттарына   арналған  (ірі  арнаулы  ғимараттарды
      қоспағанда);
    ➢ жобалау және конструкторлық  ұйымдарға арналған;
    ➢ ақпараттық  орталықтарға  арналған;
    ➢ басқару  органдарына  арналған;
    ➢ қоғамдық  ұйымдарға  арналған;
    ➢ кредит беруге, сақтандыруға  және коммерциялық қызметке арналған;
    ➢ мұрағаттарға арналған.
      3. Денсаулық   сақтауға   және  демалысқа   арналған  ғимараттар   мен
имараттар:
    ➢ жатып  емделуші   емдеу  орындары,  перзентхана  үйлері,  амбулаторлық
      емханалық,  дәріханалар,   сүтханалар,  сумен  және   балшықпен  емдеу
      орындары;
    ➢ санаторийлер; санаторий-профилакторийлер;
    ➢ демалыс және туризм  мекемелері.
      4. Денешынықтыру-сауықтыру және спорттық ғимараттар  мен  имараттары:
    ➢ ашық спорттық – денешынықтыру ғимараттары;
    ➢ ғимараттар және жабық имараттар;
    ➢ денешынықтыру-спорттық  және сауықтыру кешендері.
      5. Мәдени-ағартушылық  және ойын-сауық  мекемелерінің  ғимараттары:
    ➢ кітапханалар;
    ➢ мұражайлар мен көрмелер;
    ➢  клубтық  ғимараттар  (клубтар,  мәдениет   үйлері    мен   сарайлары,
      демалыс  орталықтары және т.б. );
    ➢  ойын-сауық  ғимараттары  (театрлар,  концерт  залдары,  кинотеатрлар,
      цирктер және т.б.).
      6. Сауда,  қоғамдық  тамақтандыру   және   тұрмыстық   қызмет  көрсету
кәсіпорындарына арналған  ғимараттар:
    ➢ бөлшек сауда  кәсіпорындарына арналған;
    ➢  қоғамдық   тамақтандыру    кәсіпорындарына   арналған   (өнеркәсіптік
      кәсіпорындардың   қосалқы   ғимараттары  мен    бөлмелеріне    жататын
      қоғамдық  тамақтандыру  ғимараттары мен бөлмелерін қоспағанда);
    ➢  халыққа  тікелей  қызмет   көрсетуге   арналған    (өндірістік   емес
      сипаттағы) тұрмыстық қызмет  көрсету  кәсіпорындарына  арналған.

      7. Халыққа көліктік  қызмет көрсетуге  арналған ғимараттар:
    ➢ көліктердің барлық  түрлерінің  вокзалдары;
    ➢ жолаушыларға  қызмет көрсету   кеңселері   және  көлік   агенттіктері,
      кассалық павильондар.
      8. Коммунальдық шаруашылыққа (өндірістік, қойма және көлік ғимараттары
мен имараттарынан  өзгелер) арналған ғимараттар:
    ➢ азаматтық рәсім-жоралар, жерлеу  бюросына  арналған;
    ➢ тұрғын үй-пайдаланушылық;
    ➢ қонақүй кәсіпорындары, мотельдер және кешендері;
    ➢ қоғамдық  дәретханалар;
    ➢  моншалар және  монша-сауықтыру  кешендері.
      9. Әр түрлі  қызметтік  бөлмелер кіретін  көпқызметтік  ғимараттар мен
кешендер.
      10. Қоғамдық  ғимараттарға  мешіттерді,   медреселерді,   шіркеулерді,
костелдерді т.б. с.с. үйлерді жатқызуға болады.
      11. Сот, прокуратура т.с.с.  органдарға  арналған ғимараттар.
      Өнеркәсіптік  кәсіпорындарға  мыналар жатады.
   1. Өндірістік  ғимараттар   мен  бөлмелер,  зертханалық   ғимараттар  мен
      бөлмелер.
   2. Өнеркәсіптік  кәсіпорындар имараттары:
        а)  жерасты  имараттары:  Тіреуіш  қабырғалар,  Үйасты   қабаттары,
   Тоннельдер мен  каналдар, Түсірілмелі  құдықтар;
        б) сұйықтарға   және  газдарға   арналған  сыйымдылық   имараттары:
   мұнай және мұнайөнімдері Резервуарлары , Газгольдерлер;
        в)  сусымалы   материалдарға   арналған    сыйымдылық   имараттары:
   Қоймалар, Шанақтар, Сүрлемдер  және   сусымалы   материалдарды   сақтауға
   арналған  сүрлемдік  корпустар, коксхимзауыттардың Көмірлік  мұнаралары;
        г) жерүсті имараттары: Қабаттар (этажеркалар) және алаңшалар,  Ашық
   крандық эстакадалар,   Технологиялық   құбырлар   астында   жеке   тұрған
   тіреулер  мен эстакадалар,  Галереялар  мен  эстакадалар,   Жүк  түсіруші
   теміржол эстакадалары;
        д)  биік  имараттар:  Градириялар,   пайдалы   қазбаларды    өндіру
   жөніндегі    кәсіпорындардың    Мұнаралық    шойын    тоқпақтары,   Түтін
   мұржалары, Сорғыш мұнаралар, Суарындық мұнаралар.
   3. Сумен жабдықтауға  және канализацияға арналған сыйымдылық  имараттары.
   4. Жерасты гараждар-тұрақтар;
   5. Жерасты  кен қазбалары;
   6. Жылу электр станциялары;
   7. Тоңаззытқыштар;
   8. Қоймалық  ғимараттар;
   9. Темір жолдар 1520 мм;
  10. Аэродромдар;
  11. Темір жол және автомобиль  жолдары  тоннельдері;
  12. Автомобиль  жолдары;
  13. Көпірлер мен  құбырлар;
  14. Өнеркәсіптік  көлік;
  15. Трамвай  және троллейбустардың жолдары;
  16. Гидротехникалық  имараттар;
  17. Мелиоративтік  жүйелер және имараттар;
  18. Магистральды  құбырлар,  мұнай құбырлары,  мұнайдың   мұнайөнімдерінің
      және  сүйытылған  газдардың  жерасты  қоймалары.
  19. Полиграфиялық  кәсіпорындар.
  20. Жеңіл өнеркәсібі.
  21. Тамақ  өнеркәсібі.
  22. Құрылыс индустрия  кәсіпорындары.
  23. Химия  және  мұнай кәсіпорындары.
  24. Инженерлік  жүйелері
    - жылумен  жабдықтау;
    - сумен жабдықтау  және канализация ;
    - газбен жабдықтау;
    - электр жабдықтау.
  25.  Байланыс  имараттары
    - байланыс желісі;
    - радио мен теледидар.


      Ауылшаруашылық ғимараттарына жататындар:
   1. Ауылшаруашылық өнімдерін   сақтауға   және   қайта  өндеуге:  сақтауға
      арналған (өнімдерді тауарлық өңдеуді  қоса  алғанда)  ғимараттар   мен
      бөлмелер;
    - көкөністерді,  картоптарды   және  бағбандық  және  жүзім   өсірушілік
      өнімдерін қайта өңдеу;
    - сүтті, малды және құстарды, жүнді және  үлбірлі терілерді, майлы  және
      қабықты  дақылдарды  бастапқы өндеуге  арналған.
   2.  Әкімшілік  –тұрмыстық  ғимараттар   және  ауылшаруашылық    өнімдерін
      сақтауға және қайта   өндеуге   арналған  ғимараттар   мен  бөлмелерде
      жұмыс  істеушілерге  арналған тұрмыстық бөлмелер.
   3. Имараттар-тоннельдер,  галереялар,  эстакадалар,  каналдар,  шанақтар,
      алабтық қабаттар, алаңшалар, антрессолдар;
   4. Мал, құс және аң  өсіру  ғимараттары мен бөлмелері;
   5. Жылыжайлар мен көшетханалар;
   6. Астықты  сақтау және қайта  өндеу жөніндегі  кәсіпорындар,  ғимараттар
      және имараттар;
   7. Өсімдіктерді қорғаудың құрғақ минералдық тыңайтқыштары   мен  химиялық
      құралдары  қоймалары, өрт сөндіру деполары;
   8.   Ұжымшарлардағы   және   өзге   ауылшаруашылық   кәсіпорындары    мен
      ұйымдарындағы ішкішаруашылықтық  автомобиль жолдары.
      Ғимараттар мен  имараттар  жауапкершілік дәрежелері бойынша  кластарға
бөлінеді . Жекеленген жобаланатын  ғимараттар мен   имараттарды   кластардың
 қайсысы  біріне  жатқызу  мынандай  белгілеріне  байланысты  жүргізіледі:
      а) ғимараттың   немесе  имараттың  қызметі ;
      б) құрамында көрсетілген  ғимарат немесе  имараттың  құрылысы   жүзеге
асырылатын  кешендік   объектінің   (елді   мекен,  өнеркәсіптік  кәсіпорын,
темір   жол,   гидроторап,   электр   берілісі    желісі     және    т.с.с.)
халықшаруашылықтық мәні,  өлшемдері  және қуаттары;
      в)   қала  құрылыстық  талаптар    (елді   мекендердегі   объектілерге
арналған);
      г) ғимаратта  немесе имаратта   орнатылған   материалдық   құндылықтар
мен  бірегей  жабдықтардың  шоғырлануы.
      Әр  түрлі   ғимараттар  мен    имараттар    келтірілген    белгілердің
жиынтығы бойынша  үш жауапкершіліктік  класқа бөлінеді.
      І  топқа   жоғарылатылған    талаптар   ұсынылатын    ғимараттар   мен
имараттар, ал ІІІ класқа – минимальды талаптар ұсынылатындар  жатқызылады.
      Барлық құрылыс  материалдары  мен   құрылымдары   жанғыштығы   бойынша
мынандай   3  топқа  бөлінеді:  жанбайтын,   баяу   жанғыш    және   жанғыш.
Ғимараттың   отқа   төзімділігің   әрбір   дәрежесіне    арналған    негізгі
құрылымдар  жанғыштықтың тиісті топтарына  сәйкес   болуы  қажет  және  отқа
төзімділіктің ҚНжЕ келтірілген,  сағаттарға бөлінген  белгілі бір   шектерін
иеленулері керек.
      Ғимараттар құрылыс  сипатына қарай келесіндегідей  бөлінеді:
      а)  көп  сандық   мөлшерде  жаппай   басымырақ  типтік  жоба   бойынша
салынатын  көпшілік  құрылыс  ғимараттары (тұрғын үйлер,   мектептер,   бала
бақшалар және с.с.);
      б) монументальды немесе бірегей  (сәулеттік  мәні зор   ірі   қоғамдық
ғимараттар: театрлар,  мұражайлар және т.б.).
      Ғимарат   салынатын   құрылыстың   (тұрғын   ғимараттарға    арналған)
құрылыстық  аймақтарынның  сипаты  бойынша былай   бөлінеді:
      а) қоғамдастырылған  жер учаскелері  (қалалық тип);
      б) жекеленген  жер учаскелері (үй жайлық тип).
      Ғимарат  қабаттылық  бойынша  былай бөлінеді:
      а) аз қабаттылар (1-2 қабаттар);
      б) отра қабаттылар (3-8 қабаттар);
      в) көп қабаттылар (9-25 қабаттар);
      г) биік (25 қабаттан астам).
      Қабаттардың орналасуына   қарай   өз  аттары  бар.  Еден   жер  бетіне
қатысты  алғанда, оның биіктігінің  жартысынан   астам   терентілген   қабат
үйасты  қабаты  (жертөле) деп аталады. Еден аз  терендетілген  болса,  қабат
жартылай  үйасты  қабатты немесе шығыңқы  іргелікті   деп  аталады.  Шығыңқы
ірге қабырғаның  төменгі бөлігі  болып саналады.
      Тікелей шығыңқы  іргелік   немесе  үйасты   қабаттарының  немесе   жер
деңгейі  үстінде   орналасқан   қабаттар   жерүстілік   деп   аталады   және
төменнен бастап  реттік нөмірлермен  белгіленеді.
      Ғимараттың  қабаттылығын  анықтау  кезінде   тек  жерүстілік  қабаттар
ескеріледі.
      Ғимаратты температуралық-ылғалдылық  тәртіп бойынша  бөлімшелеу:
      а)  жылдың  суық   мезгілінде   температуралық-ылғалдылық    тәртіппен
реттелмейтін,  яғни жылытылмайтын  немесе суық ғимараттар;
      б)   жылдың  суық  мезгілінде   температуралық-ылғалдылық    тәртіппен
реттелетін, яғни жылытылатын немесе жылы ғимараттар.
      Өздері  тұрғызылатын   элементтерінің   өлшемдері   бойынша   алынатын
ғимараттар:
      а) кіші элементті,  мұнда ғимарат  тиісті   орынға  күрделі   жинақтау
механизмдерінсіз қойылатын  кіші элементтерден (мәселен: кірпіш,  кеуек  қыш
тастан,  цементті-бетондық  жәнге  гипсбетондық    тастар   –ұсақ   блоктар,
аражабын   арқалықтары,  еден  тақтайлары,   итарка,    терезе   және   есік
кәсектері, жақтаулары және  есіктер  жармалары және т.б.);
      б)  ірі  элементтік,  мұнда  оларды  тұрғызу  кезінде  көтеру-көліктік
механизмдерді  қолдану талап етіледі. Мәселен, олар: ірі панельді  қабырғалы
ғимараттар;   қабаттарды  көтеру  әдісімен   және   көлемдік   элементтерден
(бөлмелер мен пәтерлер) тұрғызылған ғимараттар.
      Ғимарат  негізгі  материалмен,    қабырғалардың    неден   орындалғаны
бойынша:  ағаштан, кіркіштен,  бетоннан,  темірбетоннан,  металдан,   табиғи
тастардан,  саздан және  т№б№ жіктеледі.
      Қоршаған  ортаны   және  ұлттық   байлықты,  жекеменшілікті,  халықтың
денсаулығы   және  өмірін   қорғау  жөніндегі    қызметтің    ажыратылмайтын
бөлігі ретінде  өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету  болып саналады.
      Тармақшадағы  техникалық талаптар  ғимараттар  мен  бөлмелерді   өртке
қарсы  қорғаныстың жалпы талаптары ҚР  ҚНжЕ  2.02-05-2002-ге  сәйкес   болып
мазмұндалады.
      Көрсетілген   нормалардан  басқа   нормативтік   құқықтық   актілермен
және мемлекеттік нормативтермен: «Өрт қауіпсіздігі  туралы Заң», ҚР  ППБ  08
«Қазақстан Республикасындағы  өрт қауіпсіздігі ережелері» және т.б.
      Өрт болған  жағдайда  ғимараттарда   құрылымдық,  көлемдік-жайғасымдық
және  инженерлік –техникалық  шешімдермен  қамтамасыз ету:
    - халықты көшіру, олардың жасына  және  тұлғалық  жағдайына  тәуелсіздік
      мүмкіндігін;
    - халық  құтқару  мүмкінлігін;
    - өрт бөлімшелеріне  және өртсөндіруге   арналған   құралдарына   рұқсат
      мүмкіндігін;
    - көрші ғимараттарға  өрттің таратылмауын;


      1.2  Көркем безендірудегі  (эстетикалық) талаптар.


      Бұл талаптарды  олардың жалпы түрі  ретінде мынандай тәртіппен   көзге
келтіруге болады:
      а) имараттар   географиялық  және  климаттық   факторлар,   сондай-ақ,
өткеннің  мұрасынан   сол  қалпында  алынбаған, қазіргі  талаптар  негізінде
 техникалық  және  эстетикалық  тұрғыда  шығармашылықпен   өнделген   ұлттық
сәулеттік  пішіндер мен  дәстүрлер  бейнелеліп, орындалуы керек;
      ә)  имараттың  өзі орналасқан  орнымен,  табиғат  жағдайларымен   және
көрші  құрылыстармен  органикалық   байланысы  ,  яғни   тиісті  ансамбльдік
үйлесімдік бірлікті  қамтамасыз ету;
      б) имараттың   жалпы  сәулеттік  пішіндерінің   оның   құрылымдарымен,
имараттың   сәулетқисындығының   дұрыстығы  деп   аталатын,   бірлігі    мен
сәйкестігін  қамтамасыз ету.
Ғимараттардың  жайғасымдық  сұлбалары  және бөлмелерді  топтастыру.
      Ғимараттың жобалауы өз қызметіне неғұрлым  толық  сәйкес  келуі   үшін
оның өзара  ажырамастай  байланысқан композициялық, құрылымдық,  инженерлік-
коммуникациялық, көркемдік-эстетикалық  қызметтері   ескеріліп  жүргізіледі.
Оның кез келген  бірін өзгелерінен  бөліп шешу  ғимараттың жалпы   сәулеттік
құндылығына  да,  сондай-ақ  оның   экономикалық   орындылығына    да   зиян
келтірілген  болып табылады.
      Үйлесімнің   (композицияның)  ядросы  симметрия   осінде    орналасқан
жағдайда,   ал   қосалқы   бөлмелер    оның    төңірегінде    топтастырылса,
симметриялық  сұлба  қалыптастырылады.
      Үйлесімнің  ядросы   центрден  тыс  орналасқан  жағдайда,  ал  тәуелді
элементтер оған  қатысты алғанда  еркін топтастырылса, ассимметриялық  сұлба
 құрылады.
      Азаматтық ғимараттардың   жайғасымдау   шешімдері   аса  алуан  түрлі,
өйткені  белгілі бір  жағдайларда  өтетін әр  түрлі   қызметтік  процестерді
бейнелейді.
      Ғимарат  іші  кеңістіктерінің   белгілі  болуы   мүмкін    үйлесулері:
дәліздік    (коридорлық),   анфиладалық,   центрлік,    залдық,     бөліктік
(секциялық)және олардың үйлесімі секілді  бес негізгі  сұлбаға жинақталады.
      Жайғасымның дәліздік  сұлбасы бөлмелердің  екі жақтан  орналасуларымен
(жатақханалар,   мейманханалар,   интернаттар,   әкімшілік,   оқу,    емдеу-
профилактикалық және басқа  мекемелер) сипатталады.
      Бөлмелердің бір жақты  орналасуы кезінде  жайғасымдау  галереялық  деп
аталады.
      Анфиладалық  сұлба  бірінен  кейін  бірі  орналасқан,   өзара   өтпелі
өткелмен  біріктірілген  бірқатар  бөлмелер  (мұражайлар,   көрмелер,  сауда
ғимараттары және  тұрмыс қызметі кәсіпорындары) түрінде болып келеді.
      Центрлік  деп бір, анық бас  үлкен жай  (бөлме)  бөлініп көрсетілетін,
оның  төңірегіне   қосалқы  жайлар   (бөлмелер)  (театрлар,    кинотеатрлар,
цирктер,   концерт  залдары)   топтастырылатын    жайғастырушылық    сұлбасы
аталады.
      Залдық  жайғасымдау   сұлбасы    қабатында   бір    бөлмеден   тұратын
ғимараттарға – базарларға, көрмелік  павильондарға,  спорттық   және  т.с.с.
сипаты болып келеді.
      Бөліктік, яғни, секциялық  (ұяшықтық ) сұлбаға  қайталанатын және бір-
бірінен   оқшауланатын  бөліктердің   қатары  кіреді.   Бөлмелер    бөліктер
шеңберінде  әр түрлі  жайғасымдаушылық  сұлбалармен  орналасуы  мүмкін.  Бұл
сұлба жиі түрде  пәтерлік  тұрғын үйлерде  қолданылады.
      Ғимараттар  ішінің   кеңістігін   топтастырудың    жоғарыда   саналған
сұлбалары   тұрғын  және  азаматтық   ғимараттардың   әр  түрлі   үйлесімдік
(композициялық)  сұлбаларын  қалыптастыру және  қала құрылыстық   түйіндерін
және   келесідегідей    кешендерін:    жиынтықтыны,    созылғандықты    және
мүшеленгендікті  қалыптастыру кезінде  негіз болып табылады.
      Ірі   қоғамдық  ғимараттарды,  қоғамдық-сұлба    орталықтан    жобалау
кезінде  қызметтік аудандастыру ,  яғни,  бір   текті  бөлмелерден  тұратын,
олардың   қызметтік   мақсатынан  және   ішкі  өзара   байланыстардан   шыға
отырап, аймақтарға бөлу  жүргізіледі.
      Қызметтік  аудандастыруды  мынандай екі түрге   бөледі:  горизонтальді
және  вертикальді.   Бірінші  жағдайда  барлық   ішкі   кеңістіктер,   ереже
бойынша,    горизонталь    жазықтықта    орналастырылады    және   негізінен
горизонтальді  коммуникациялармен (дәліздермен, галереялармен,   жүргіншілер
 платформаларымен  және т.с.с.)   біріктіріледі.   Екінші  жағдайда  –  ішкі
кеңістіктер  деңгейлер  (ярустар)  бойынша орналастырылады мұнда  негізгілер
болып  табылатын верткальді   коммуникациялармен  (баспалдақтар,   лифтілер,
эскалаторлар және басқалар) байланыстырылады.
      Ғимараттың құрылымдық  түйіндері  келесідегідей топтастырылады:
      кіреберіс топтары (тамбурлар, вестибюльдер, киімілгіштер);
      негізгі бөлімдер топтары;
      көмекші және қосалқы  бөлмелер топтары, санитарлық тораптар;
      горизонтальді    коммуникациялар   (дәліздер,   фойелер,   галереялар,
холлдар);
      вертикальді коммуникациялар (баспалдақтар, лифтілер, эскалаторлар).
      Ғимараттың   бөлмелері  қызметтік   белгілері   бойынша  келесідегідей
топтарға бөлінеді:
      негізілер  -   басты  қызметтерге   сәйкес  келеді   (тұрғын  үйлердің
тұрғын    бөлмелері,    оқу    орындарының    дәрісханалары     (сыныптары),
ауруханалардың науқастар  жататын палаталары және т.с.с.);
      қосалқылар –ғимараттың  басты қызметтерін  қамтамасыз етуге   арналған
(үлкен   кешенге  арналған   мәжіліс  залдары,  фойелер  және    театрлардың
кулуарлары, мұражайлардың  және  дүкен  дердің  және   басқалардың   көмекші
бөлмелері);
      қызмет   көрсетілетін   –   жайлылықты   және    санитарлық-гигиеналық
жағдайларды  арттыратындар  (вестибюльдер,  холлдар,  санитарлық   тораптар,
қоғамдық тамақтану  дәмханалары);
      техникалықтар   (кейде   тұтас   қабаттар)   –   инженерлік-техникалық
жабдықтарды     орналастыруға     арналғандар     (лифтілердің     машиналық
бөлімшелері,  қоқыс-жинағыш,    желдету   және    ауа   бастау   қораптары).


 Интерерді көркем безендірудегі  ізденістер мен  заңдылықтар.
Көркем  безендіру   мынандай  басты  проблемалар саласында  дамиды:
      •  «Қызмет»   («функция»,   пайдалану)   -   өнеркәсіптік,   көліктік
        имараттардың, қоғамдық және  тұрғын  үй   ғимараттарының  әр  түрлі
        типтеріне   қойылатын   талаптардың  кешенін    анықтау,   адамның,
        ғимараттардың  және имараттардың  әр түрлі  динамикалық   қызметтік
        процестер   жағдайындағы    өзара    әрекетінің      технологиялық,
        физиологиялық және психологиялық параметрлерін анықтау;
      • «Құрылым»  («конструкция»,  материяландыру)  –  ғимараттардың  және
        имараттардың    қызметтерінің   уақыт   бойынша    және   пайдалану
        процесіндегі  өзгерістеріне  сәйкес  құрылымдық   жүйесін  әзірлеу,
        алдын ала  берілген қасиеттермен   қазіргі  жоғары  тиіді   құрылыс
        мариалдарын     жасау,    жобалау    және    құрылыс    жүйелерінің
        автоматтандырылған жүйелерін әзірлеу;
      • «Үйлесім»  («композиция»)  –  қазіргі   архитектуралық   үйлесімнің
        және  оның  принциптерінің   табиғатын    анықтау,   архитектураның
        эстетикасын   қабылдау    психологиясының   ең   жаңа    деректерін
        пайдалану   арқылы   әзірлеу,   құрылыстық    техниканың   қоғамдық
        мүдделерін және техникалық мүмкіндіктерін дамыту.


      Дизайнға байланысты  түсініктер.
«Нәрселік   (заттық)   орта»-материалдық    заттар   мен   адамдар,   оларды
пайдаланушылар   арасындағы  сәйкестік   заңдарында   белгіленген    «заттық
ортаның»  (инженерлік  құрал-жабдықтар,   станоктар,  машиналар,   құралдар,
тұрмыстық бұйымдар және т.б.) оңтайлы  жүйесін  құру,  бұл  заңдардың   мәні
мен сипаты, олардың көріну түрлері, техникалық,  экономикалық,   биологиялық
және басқа факторлардың өзара  байланыстылығы;
      • «Заттар» - дизайнның  әр  түрлі   бұйымдарына,  олардың   мақсатына
        және  пайдалануына  байланысты,   қойылатын   талаптардың   кешенін
        анықтау;
      • «Құрылымдау» -жаппай  өндірілетін   бұйымдарды   көркем  құрылымдау
        мәселелерін әзірлеу.


Стильдік  бірлік жөніндегі түсініктер.
      Стиль. Гетенің пікірінше, стиль- әр түрліліктегі бірлік.
      Сәулетші Х.П. Берлаге  кез келген  стильдің негізінде  жатқан  принцип
ол тәртіп  деп, ал  сәулеткер  Ф.Л.  Райт  стиль   мінездің   нәтижесі   деп
сендіреді.
      Өнердегі стильді  белгілі бір дүниені тану  жөніндегі түсінікпен  ішкі
ойды білдірген   құралдар  мен  тәсілдердің   тарихи  қалыптасқан   бейнелік
жүйесінің   салыстырмалы    түрдегі   тұрақты   ортақтастығы    деп   түсіну
қабылданған.
      Әрбір әлеуметтік дәуірдің жалпы  эстетикалық концепциясы,   сондай-ақ,
түртудырушылықтың   құралдары  мен   тәсілдерінің    салыстырмалы    түрдегі
орнықты  ортақтастығын,  сипатты   тектониканы,   масштабтылықты,   ырғақты,
пропорцияны және т.с.с. анықтайды.
      Қоғамның   үстемдік   етуші    идеологиясымен    байланысты     көркем
мәнерліліктің  пішіндік  құралдарының  бұл орнықты сипатын   дәуірдің  стилі
деп атауға  болады.
      Стильдік  бірлікпен  тек   өнер  ғана  емес,  сондай-ақ   шығармашылық
қызметтің  басқа салалары да –еңбек,  тұрмыс   заттары  және  басқалар  және
осыған ұқсастар.
      Стиль – белгілі бір  уақыттың және белгілі халықтың  сәулет  өнерінің,
оның қызметтік, құрылымдық және көркем жақтарының  ерекшеліктерінде  көрініс
тапқан негізгі ерекшеліктері   мен   белгілерінің   жиынтығы.  ХІХ  ғасырдың
екінші жартысында стиль  туралы   кез  келген   қайсы  бір   дәуірлер   үшін
типті , қасбеттерді, ішкі  бөлмелерді – ғимараттардың  интерьерлерін  немесе
  олармен   байланысты   жиһаздық  мүліктерін  безендіру   үшін  қолданылған
сәндік – ою-өрнек  құралдары жиынтығы деген теріс  ұғым   тұды.  Іс  жүзінде
стиль ұғымы  барынша  өрісті  және  кең,  оған   берілген  уақытқа   сипатты
ғимараттың  жайғасымдарын  және   көлемдік  үйлесімдерін   (композицияларын)
құру  құралдары,  пайдаланылатын   құрылыс  материалдары   мен  құрылымдары,
сондай-ақ  көркем өрлеудің  типтік  пішіндері  мен айшықтары кіреді.
      Стильді тудырудың  негізгі шарты  - дүниені тану   жөніндегі   түсінік
пен  оны бейнелеу  құралының бірлігі.  Жаңа  стильдің  «дирижері»  заттардың
қайсы  бір  сәулеттік   кеңістіктегі    орналасқан    пішімдерінің    көркем
бірлігін талап  ететін  архитектура болды.
      Сәулеткерлердің  ғимараттың  архитектурасының, жиһаздардың, ыдыстардың
 және  т.б.  стильдік   бірлігіне   ұмтылысы  Ежелгі   Египеттен  (Мысырдан)
бастау алып, бүгінгі  күнге дейінжалғасып келеді.
      Мәселен, жоғарыда  аталған  архитектор Ю.Г. Ратушныйдың нобайы бойынша
 Алматы қаласындағы «Достық» мейрамхана  үшін  әр   түрлі  шет   елдік  және
кеңестік  фирмаларға  кереуеттер, үстелдер, орындықтар,  ыдыстар  және  өзге
де тұрмыстық  және  қызмет қөрсетуші  жабдықтарға  тапсырып берілді.
      «Қазақстан» және «Достық»  мейрамханаларының   авторы   архитектуралық
пішіндердің , заттар  әлемінің  және техникалық  құрал-жабдықтың  (жиһаздар,
телевизорлар және т.б.) көркем келісімділігіне   қол  жеткізді.  Интерьердің
әрбір  жеке  құрауышының  эстетикалық  бітімі   мұнда   барша    ансамбльдің
заттардың   адаммен   оңтайлы   өзара  байланысын   қарастыратын    біртұтас
шығармашылық  түпкі  ойға тәуелділігімен  үндеседі.
      Бұл мейрамханалардың  неғұрлым   мәнерлі   бөліктері  –  вестибюльдер.
Олар  стилі жағынан  әр түрлі,  бірақ   олардың  әрбірінің   интерьерлерінің
құрауыштары  эстетикалық жағынан  бітімді және  біртұтас  үйлесімдік   түпкі
ойға  тәуелді.  Олардың  ішкі  ортасы  адам  және   оны  қоршаған   ортамен:
дүңгіршектермен,   үстелдермен,    жұмсақ   орындықтармен,    құлпырмалармен
(люстралармен) және т.б. үндесе   байланысқан  ансамбль   құрайды.  «Достық»
мейрамханасындағы  шығыстың    ою-өрнектермен    салынған    ганч    бойынша
оймалар жасау қызықтырады.
      Архитектуралық және заттық ортаның  барлық пішіндері  республикамыздың
оңтүстік  астанасына  келген қонақтарды   жылы  жүзбен   және  жылы  ниетпен
қабылдауды   сезінумен  жарқырап,  жайнап  үндесіп  жатыр.  Әйтсе   де   екі
мейрамханада  да пайдалану  кезінде  бірқатар   заттар  мен  құрал-жабдықтар
тозып қалды және  кейбірі жоғалды, бұл бастапқы   үйлесімдік  және  стильдік
бүтіндікті  едәуір бұзады.
      Өткен дәуірлердің  әрбірінің   стилі  –  қайталанбас   өмір   салтынан
алынған  объективті  көшірме  бедер  іспетті.  Сондықтан   жаңа  жағдайларда
ертеректе  болған тарихи  стильдерді  қайта  жаңғыртудың  барлық  әрекеттері
стильшілділікке , эклектикаға (бір ғимаратта немесе  олардың  кешенінде   әр
түрлі  архитектіралық  стильдердің  басын біріктіру),  формализмге әкелді.
      Дегенмен  жалпы ұлттық  мәдениеттің  қойнауында   алдыңғы   озық  ойлы
реалистік  ағымдармен  ерекшеленетін   халықтық  мәдениет   дамиды.  Белгілі
бір  дәуірдің,  қоғамның және құрылыстық өкілі, заттарды тікелей жасаушы   -
адамзаттық  ортаға  өзінің  дүниеге  деген   түсінігін,  өзінің  мұраттарын,
өзінің пішін  түсініктерін  енгізді және  міне,  осылай   стильді   жасаудың
белсенді қатысушысы  болып отыр.
      Стильдегі  маңызды  бетбұрыс  өндірістердің   барлық  саласына  (сонын
ішінде  құрылыс  және  тұрмыс   бұйымдары  шығару  салаларына)  өнеркәсіптік
революцияның  енуіне  байланысты болды.
      ХХ ғасырдың  50-ші және  70-ші  жылдарында   архитектурадағы   қалыпты
стильдің  негізгі  пішіні   қораптар  болды.  Бұл  жағдайларда  ықшамдылықты
панельдердің  «бұрыннан келе жатқан» пластикасының  жалпы  пішіні   есебінен
алуға тырысты.
      Өткеннің   стильдері   дамуы   ағымын   зерттеу    қазіргі    стильдің
қалыптасу  процесі дұрыс  бағалау  үшін қажет.


      1.3  Көркем безендірудегі ою-өрнектер.


      Көркем безендіру өнеріндегі  ою-өрнек  көркем  мәнерліліктің  элементі
 және безендіру құралы     ретінде  қызмет атқарады.
       Ою ғимараттарда   және  тұрмыс заттарында  қолданылды  және шығу тегі
 жағынан  бұлар да  (ордерлік жүйе секілді) өсімдік немесе  «аңдық»  сипатта
болды. Ежелгі Шығыстың, антикалық  Грекияның  және  ежелгі  Римнің  ордерлік
жүйесі, солай бола тұрса да, сәулеттік  дамудың кез  келген  дәуірі  секілді
ою-өрнектерді  әр  түрлі   мөлшерде   қолданумен   қоса    тұрғызылды.   Көп
жағдайларда  әшекейбедерлер   (фриздер),  ернеулер  (карниздер)   әр   түрлі
стильдерде  ою-өрнектермен  көркемдеусіз  қалдырылған жоқ .
      Қазақстандағы  алғашқы   ою-өрнектердің  элементтері    және   олардың
дамуын  б.з.д.  ІІ-І  мыңжылдықтарға   жатқызуға  болады,  олар   тастардағы
жартастық  суреттер және жеке діни  имараттар  түрінде кездеседі.
      Скифтер  «жануарлар»   стиліне,  әсіресе,   тұрмыс   заттарын   көркем
безендіруде  жиі оралып  соғып отырды,  олардың арасында  «қошқармүйіз»  оюы
жиі кездеседі. Қазақтар бұл элементті  киіз үйлерді,  керуен  –  сарайларды,
қыстауларды, діни имараттарды: мешіттерді, мазарларды және т.б.  безендіруде
қолданды,   текеметті,   кілемдерді,   киімдерді,    ыдыстарды    дайындауда
пайдаланды.
      Қазіргі  архитектурадағы   қазақтың  ұлттық    ою-өрнегінің    тарихы,
теориясы  және   іс  жүзінде   қолданылуы   мәселелерін   бірінші  рет  ҚСРО
Құрылыс және сәулет  өнері Академиясының  мүше-корреспонденті  Т.Қ.  Бәсенов
талдап берді.
      Т.Қ.  Бәсенов   «Қазақстанның   архитектурадағы   ою-өрнектері»   атты
белгілі     монографиясында     арнайы    экспедициялардың      Қазақстанның
архитектура және мәдениет   ескерткіштерін   республика  аумағындағы   соңғы
жүзжылдықтағы  ғимараттар   мен   имараттар    салуды   археологиялық   және
архитектуралық  тексеру жөніндегі   материалдарды  бір  қатар  мамандар  мен
зерттеушілердің «қазақтың халықтың қолөнері  жойылуға  душар  болды»   (С.М.
Дудин, «Қырғыз  ою-өрнегі»)  деген қате  пікірлерін  үзілді –кесілді   түрде
теріске шығарды.
      Халықтық  ою-өрнек   ғимараттарды   сәулеттік-көркем  безендіру   үшін
жалпы  келмейді деген пікір  де орын алды.  Бұл пікір  әлі  жаны  сірі   боп
сақталып  келе  жатқаны   көрінеді,  сондықтан   «архитектура»    тақырыбына
арналғандарда  ою-өнек  көркем құрал  ретінде жалпы көрінбейді.
      Үщіншілер  қазақ оюы  қазақ халқының  өнері боп  табылмайды  тек  иран
мәдениетінің  бір бұтағын  білдіреді  деген  тұжырымға  келді және   соңғыны
 зерттеуге назар  аударуды  ұсынды  (Б.Р.  Шрейдер,  «Қазақтың   ою-өрнектеу
өнері»).
      Төртіншілер     жеткілікті   толық    зерттеулер     жүргізбей,    тек
зерттелмеген мәселелердің  өте үлкен мөлшері  туралы  мәлімдеумен   шектелді
(А. Фельчерзем, «Орта Азияның  көне кілемдері»).
      Т.Қ. Бәсенов Қазақстан аумағын  мекендеген халықтар  мен   тайпалардың
(сақтар,  массагеттер,  иссендондар,  аримаспалар,  агрепейлер,    үйсіндер,
қаңлылар,  қимақтар,  қыпшақтар және қазақ  халқының  басқа  да  шыққан  түп
ататектерінің ) тарихи дамуының аясында  архитектура   ескерткіштерін   және
олардың әшекейлерін зерттей  отырып және  Қазақстанның  қазіргі  құрылыстағы
ою-өрнегін    (театрлық,     ойын-сауықтық     кәсіпорындардың,     көрмелік
ғимараттардың,  монументтердің,   тұрмыстық    имараттардың    және   тұрғын
үйлердің )  талдай келіп, архитектуралық   әшекейдегі  халықтың  ою-өрнектің
рөлінің  төлтума  анықтамасын берді. Қазақ оюының халық өнері  ретінде  өмір
сүріп келгенін және өмір сүре  беретінін  дәлелдеді  және  терең  зерттеулер
негізінде  осы  мәселе   бойынша   шұғылданатын   зерттеушілер   үшін,   әрі
Қазақстанға   арналған   жобалау  саласында   жұмыс   істейтін   сәулетшілер
тікелей басшылыққа  алуға  арналған әдістемелік құралды жасады.
      Ою-өрнектің  архитектуралық  имаратта  үйлесім элементі   және  көркем
мәнерлілік   құралы   ретінде    қандай   маңызды    мәнге   ие    болатынын
Н.Н.Соболевтің   («Орыстын   ою-өрнегі».   М.    1978ж.),    С.А.Алексеевтің
(«Сәулеттік ою-өрнек». М.1954ж.), Б.П. Даникенің («Орта  Азияның   сәулеттік
ою-өрнектері». М.Л. 1939ж.) еңбектерінен  және басқалардан табуға болады.
      Н.Н.Соболеөзінің жұмыстарында   «...Бұл  өрнектерде  ,  біз,  өкінішке
орай, әлі аз білетін  және  күрделі  молдығы  кездесетін   аса  бай   көркем
-әшекейлік  мұра бар », -деп атап көрсетеді.
      Халықтың   ою-өрнектің    әр   алуан    пішіндері   біздің    көпұлтты
өнеріміздегі  толы  сарқылмайтын  қиялдар туралы  ұғымды білдіреді.
      Орыс классицизмі  шеберлерінің туындыларында  ою-өрнек имаратпен, оның
мазмұнын  ашуға қ және атыса отырып, бүлінгіссіз бір болды. Ежелгі орыс  ою-
өрнегі  бізге дейін 1158 және 1234  жылдары  Владимир  –Суздаль  княздігінде
тұрғызылған  храмдардың,  өсімдік сарындар  белдеу-түрлік  өрімдермен   және
аңдардың, құстардың және  тамырын ежелгі-славяндық  өнерден  табуға  болатын
 қиялғажайып   жануарлардың   көптеген   бейнелерімен   кезектесіп   келетін
қабырғаларында  жетті.
      Мәскеулік сәулетшілер (XIV-XV  ғ.ғ.)  оюдың   «андық»  элементін  алып
тастап, белдеутүрлік  үзбелер және  тоқымаларды  сақтап қалды.
      Ою-өрнектердің  белдеулік  сарындарының  орыстың  ұлттық   үлгілерімен
XVI ғасыр  бойында өлшеусіз бай ою-өрнектік  сәндемені  жасады.   Храмдардың
тас  бетіне  босағаларында  орындалатын    негізгі   сәндік  пішіндер   онан
әрі   Мәскеу  Кремлінің   сарайлық  имараттарында   және  неғұрлым   кейінгі
кезеңдердегі  өзге ғимараттарда  бұрынғыдан да  барынша молая  түсті.
      Сәулетші  А.В.  Щусев   көнеорыстық   өнер  мұраларын,   оның   тамаша
дәстүрлерін  Мәскеудегі   Қазан  вокзалының   имараттарында   және    мәскеу
метрополитені   станцияларында    дамыта   отырып,   пайдаланды.   Сәулеткер
қазіргі талапқа сай, жаңа дәуірге  үндес  туындылар жасады.
      Қазіргі  сәулетші   де  бідің   бүгінгі    өміріміздің    ырғағы   мен
құрылысына жауап  беретін  қазіргі  имараттарға   арналған   көптеген   жаңа
пішіндер  құруға  оны шабыттандыратын  аз емес  ою үлгіліерін таба алады.
      Біз  бәріміз   таяу    болашақта    көптеген   маңдайалды    сәулеттік
имараттарда  ою-өрнек  ,  имараттың   көркем  мазмұнын  құруға     қатысатын
белсенді органикалық  элементі рөлінде  қызмет ететініне  куәгер боламыз.































































      2   Безендірудегі   түстік  үйлесімдер  (полихромия)  және   оптикалық
      түзетпелер.


      Полихромия (көптүстілік, түстік үйлесім) әр түрлі  түстердің  көлемдік-
кеңістік пішіндегі үндесуі  ретінде  белгілі  дербестік  иелене  алады,  бұл
принциптік жаңа көлемдік-кеңістіктік  пішіндерді  сезінуді  тудыра   отырып,
 түртудырушылықтың көрушілік   күшті  әсеріне   әсер  етеді.  Архитектуралық
шығармашалық   процесінде    көлемдік-кеңістіктік    пішіннің   кез   келген
геометриялық  түрін онда әр түрлі  түстік   үндестіктерді   дамыту   жолымен
көрушілік  сезінуді  сналы түрде  басқаруға  мүмкіндік  тууы мүмкін.
      Бірер  зерттеушілер   түс  материалдық    әлемнің   сипатты   белгісі;
басқалары – дененің, олардың шағылтатын  немесе   сәулелендіретін  жарығының
спектрлі   құрамына  сәйкес   қандай  бір   көрушілік   сезінуді   тудыратын
қасиеті; үшіншілері -  үйлесім  құралы деп санайды.
      Әлемдегі түстердің   барлық  әр   түрлілігі   спектрдің   жеті  негізі
түсінің  аралысымын  және  үндестігін  тудырады. Спектрдің   шеткі  түстерін
– қызыл  мен  күлгінді   қосу   қара  қошқыл   (қан  қызыл)   түсті  турады.
Спектрдің   барлық  түсін   спектрде  жоқ    ахроматикалыққа    (қара,   ақ,
сұр)салыстырып қарағанда, хроматикалық  деп атайды.
      Әр түрлі хроматикалық түстерді  әр түрлі түстердің  жарығы   ағымдарын
қоспа  түспен   араластырумен   алуға  болады.   Қызыл,  жасыл  және  күлгін
түстерді  негізгілер; ақ түсті  құрайтын  түстерді  -  өзара  толықтырушылар
деп атайды.
      Түс үйлесімнің  архитектуралық   объектінің   иілімділі   мәнерлілігін
және тектоникалылығын  күшейтуге  қабілетті  құралы болып  табылады.
      «Көлеңкелі» (күңгірт, суық) және  «көзге  тартарлық»  (жарық  ,  жылы)
түстердің  көмегімен  ғимараттың  ,  имараттық   және   құрылымның   өлшемін
көзкөрімдікпен  өзгертуге   болады.   Сонымен   полихромия   архитектурадағы
түртудырушылықтың  қуатты  құралдарының  бірі  болып   табылады.   Маммандар
түстеркеңістіктік  ортаны  жасай   отырып,   белгіленген   нормаларға   және
шығарылған  әдістемеге  сүйенеді,  енді  бірде  ашық  сәулеттік   кеңістікті
қалыптастыра отырып, олар көбіне тәжірибені  және  түйсікті  басшылыққа  ала
отырып әрекет етеді.
      Интерьердің   полихромиясын   бөлмелердің   жекеленген  бөліктеріндегі
жарықтандырудың   әр  түрлі   деңгейлері    көмегімен,    сыртқы   сәулеттік
кеңістіктің колористикасы  көбіне  табиғи  жарықтық   өзгеруіне   байланысты
болса да, реттеуге болады. Күндізгі  жарықтық  едәуір   шектерде   ауытқитын
сәулеленуінің  қарқындылығы мен спектрлі  құрамы  түстерді,  сонымен   бірге
имараттың  пішінін   де  әр   түрлі   айқындайды.  Архитектуралық   кешеннің
түстік  ортасын  қалыптастырудың  маңызды  факторы,   сондай-ақ   ладшафттық
түстілігінің  маусымдық ауысымы   да  болып   табылады.  Табиғи   төңіректің
басым  түстерге қарай   өтуі   кеңістіктің,  ансамбльдің  түстік   ортасының
маңызды  элементі  болып табылатын  табиғи  түстік динамиканы  жасайды.
      Сәулет  өнерінің   төлтума  туындысы   кеңістікті   мезгілде    өзінің
пластикасымен    және   полихромиясымен     мүсінділікпен     ұйымдастырады.
Архитектураның   гүлдену  дәуірінде   полихромия   тұрақты  түрде    негізгі
түртудырушы  құралдардың  бірі  болып  табылды,  өйткені   әр  түрі   тарихи
кезендерде  түске  деген  өз  талаптары  ұсынылды.  Бұл  архитектурада   оны
пайдаланудың  әр түрлі  принциптерін  дамытуға алып келді.
      Ежелгі   халықтардың    сәулет   өнерінде    түс    көбіне    нышандық
(символикалық) мәнге  ие  болды.  Бұл  жайлы   бізді  Вавилон   зиккураттары
(жайтөбе-ғибадатханалары), Қытай сарайлары, Үндістан  мен  Жапония  ,  Мысыр
(Египет)  мен  Грекия  храмдары   сендіреді.   Азиялық    елдердің    сәулет
өнерінде  түс нышандылығы  (символизмі)   басым  болды.  Вавилондық   типтік
мұнаралардың  бірі – Барсинадағы  Навуходоноссор  храмы   өзінде  –  реңктің
төменнен  жоғары қарай: қара, алқызыл, қызыл, сары,  жасыл,   көгілдір,   ақ
жеті  планетасын  бейнелеген  жарқын нышандық  түсті иеленді.
      XII-XVI ғ.ғ.-лардағы  Орта Азия және Қазақстан жағдайларында   қалалық
мекендердің  басым келген  сарықошқыл  түсті  аясында  көк-жасыл   күнбездер
мен   минареттер    қалалардың    кеңістіктерін    үйымдастырушы    белсенді
назарлар   (акценттер)   рөлін   орындады.    Зертасталынған    кірпіш   пен
зертасталынған кесілген терракота  тұтастай полихромиялық қасбеттер құрды.
      Екі  толықтырушы  түсті: ашық – сарықошқыл  және   көк-жасыл  түстерді
қарама  –  қарсылықты  салыстырудың   кең   таралған   тәсілі    тудырылады.
Имараттың жер беделінен  бой көтерген негізгі  массасы   оған  түсі  жағынан
жатады  және   сондықтан  онымен   бірігеді;   зертасталынған    тескестемен
қапталынған  көгілдір   ақық   күмбездер   имарат    массасына    соншалықты
келмейді,   бұл  түс  көктен   алынғандықтан,   бейнебір   онымен    қосылып
кеткенде  әсер қалдырады.
      Бұл кезеңнің  сәулеттік мұрасы   өзге де сәулеттік-көркем   құралдарды
қолданумен   қатар  архитектор  В.Т.  Хванмен  Алматы  қаласындағы    монша-
сауықтыру кешенің   қазіргі  жағдайларда   жобалау  кезінде   таланттылықпен
қайта  жаңғыртылды.
      Барокко дәуірінде  архитектуралық  полихромия   қалалық  ансамбльдерді
қалыптастырудың белсенді  элементіне айналады.
      Түстілік орыс сәулеткерлігіне  ежелден тән. Оның тарихының   XVI-XVIII
ғ.ғ. –  ларында   полихромиянық   ерекше  гүлденгенін  атап  өтуіміз  керек.
Әлемдік  мәдениет   тарихында  көнеорыстық  храмдардың  қабырғаға   салынған
суреттері – көнеорыстық  фрескалар айырықша  орын алады.
      Интерьердің  колористикалық   тақырыбы  мен  сыртқы  кескіннің   өзара
байланысты орыс   сәулет   өнерінің   ұлы  ескерткіші  –  Мәскеудегі  Никита
қақпасының жанындағы  Троица   шіркеуне   (1634ж.)  тән.   Қасбеттерде   екі
басым түс – қызыл және жасыл   қөршілес  түскен,  оларға   сұрғылт  реңктері
(кесілген  тас  пен   төбенің   түсі),  сондай-ақ   өзге  түстердің    шағын
көріністері    (сырлы   тақталар,   крестердің   алтыны   және     басқалар)
бағындырылған.
      ХІХ  ғ.  басындағы  классицизм   белсенді  түстік   үндесулерден   бас
тартты,   ол  қасбеттердің   бейнелі   өрнектілігін  жоққа    шығарды.   Бұл
кезеңнің  архитектуралық   полихромиясы  үшін    ұстамды   түстік    беріліс
сипатты.
      Архитектурадағы түстің жаңа концепцияларын  әзірлеуге  құрамында  И.А.
Ладовский, К.С. Мельников, Л.М. Лисицкий , В.Ф. Кринский және  басқалар  бар
бір  топ кеңістік  сәулетшілер -өнертапқыштар  айтарлықтай  үлес қосты.
      «Де Стиль» тобындағы  (1917-1931  ж.ж.)   голландтық  сәулетшілер  мен
сәулетшілердің ,  Баухауз  экспериментшілерінің   (1919-1933ж.ж.)  теориялық
ізденістері   де  архитектуралық   полихромияның   қазіргі    принциптерінің
қалыптасуына  күшті әсер етті.
      Түспен шамадан  тыс әуестену  кейде  теріс  нәтижелерге   алып  келді.
Мәселен,  Магдебург  қаласының   жекеленген   бөліктері   көзбен  көрерлікте
шатыстырылды  және қала  үлкен театрлық сәндемені  еске түсірді.
      Шектеусіз  ала-құла  түрлі түстік , әрине, көп  ұзамай   кері  реакция
туғыза бастады. Тойтарылмас  полихромия   тойтарылмас   түссіздікке   айнала
бастады.  Германияда «ала-құла түрлі түстік жойылсын»   деген  ұран  астында
көптеген ғимараттар  сыртынан да және ішінен  де ақ  түспен сырланды.  Мұның
 нәтижесінде  табиғи  түстердің   және  жаңа   өрлеу  материалдарының   бояу
тақтайларын  пайдалануға  деген  ұмтылыс  пайда болғаны ақиқат.
      Көз ақ бір  түстіліктен туатын қайта жарықтануды түрде  шыдап,  көтере
алмайтыны белгілі болғаннан кейін,  эксперименттік   зерттеулер   ескеріліп,
адамның түстегі  жүйкелік-физиологиялық   қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін
түстер  санын белгілеу  әрекеттері  жасалынды.
      1957 жылы түстер жөніндегі  кеңесшілер  ассоциациясы,  ал  бес  жылдан
кейін  Францияда  –  Көзкөрімдік  ортаны  зеріттеу  Орталығы  пайда   болды.
«Ассоциация» мен «орталықтың» негізін салушылардың бірі Бернар Лассюс  соңғы
жылдары түс ортаны кешенді жобалаудың тек бір элементі болып  табылады  және
қалалық ортада жалғыз әсемділік  басым  жақ  бола  алмайды  деген  тұжырымға
келді. «Мен тұстің жаулап алуына қарсымын, оны абсалюттендіруге қарсымын,  -
деп мәлімдеді ол,- өйткені адамның қабылдауы  түстің  көптігінің  әсер  етуі
тоқтайтын белгілі бөгеуді иеленді. Түс ол қанша ашық болғанымен,  ал  жаппай
полихромия нәтижесінде оның жоқ боған  кезіндегі  секілді  сұрғылттққа  және
түссіздікке  әкеледі».  Лассюсте  түспен   қатар   жарықтың   және   «жасыл»
архитектура,  әртүрлі  әсемдік  өнер  түрлері  ортаны  көркем   қалыптастыру
құралдарына айналады.
      Жапонияда  ұлттық   түстік   жүйенің   және   оның   негізінде   түсті
стандарттаудың  енгізілуі,   бояаулардың   кең   түржиынының   және   құрлыс
матиралдарының үлкен бояу тақтасының  дайындалуы түстің сәулет  өнеріне  тез
енуіне мүмкіндік жасады.
      Жапонияның  қазіргі  сәулет  өнерінде   орта   ғасырлардағы   секілді,
полихромияның пайдаланудың екі қарама-  қарсы ағымын табуға  болады.  Кендзо
Танге Олимпиадалық кешеннің архитектурасында матиралдардың – табиғи  тастың,
бетонның , алюминийдің және ағаштың  тістерінің  жұмсақ  үйлесімді  гаммасын
қолданды.  Кешеннің  барлық  кеңістігінің  реңктік  полихромиясы  төңіректік
қалалық кеңістіктің  қайнаған  түстік  ортасындағы  өзіндік  тыныстық  мекен
болып табылады.
      Мұнда қарама-қарсылықты түстерді өте жиі кездестіруге болады.  Токиода
Шинджинудің  ойын-сауық кварталында бір-бірінен  50  м  жерде  «БЭН-КЕН»-нің
(сәулетшісі  М.Такаяма)  екі  ғимараты  орналасқан.  Оның  біріншісі   түнгі
клубтардың «мұнарасы» -ақ және қара, күндіз және түнде  төңірекке  әр  түрлі
жарқырап көрінеді. Күндіз – бұл алып кескіндемелік баспалдақ,  оның  негізі,
неғұрлым  төменгі  бөлігі  айналы  әйнектелген  және  төңіректегі   пейзажды
шағылдырып көрсетеді. Түнде – бұл  ғимарат  жаңаша  құбылады,  оның  айналым
бөлігі жарқырауыққа айналады. «БЭН-КЕН-2» ғимараты да барлар  мен  клубтарға
арналған ,  ол  ішкі  құрлымына  байланыссыз  көптүстілігімен  ерекшеленеді.
2санының бейнеленуі, түстік жолақтардың   әдейі  жасалған  геометризмі  оның
қасбеттік беттерін дербестендірудің әрекеттері болып табылады.
      Еуропаның,  Азияның  және  Американың   әр   түрлі   елдерінде   туған
архитектуралық  полихромияның  идеяларын  енгізу  мысалдары  жалпыға  бірдей
сипатты  бола  бермейді.  Архитектуралық  орталар   мен   шағын   қалалардың
кескінсіздігімен және бір қалыптылығымен күрес олардың  тұрғындарын  «түссіз
өмір сүруге» түйсіктік  қарсылыққа  алып  келеді.  Оллар  тұрғын  аудан  мен
қаладағы түсті теориялық салдарлары, рөлі туралы ойлануға ниеттенбей  –  ақ,
өз үйлерінің қабырғаларын қолтума суреттік  кескіндермен  әшекейленеді.  Бұл
жерде архитектуралық ортаны  шырайландыру  (колористикалау)  проблемаларының
әлеуметтік  тамырлары  айқын  аңғарылады.  Полихромиялық  төңіңрекке  табиғи
ұмтылыс қызметті және көп қабатты ғимараттардың қасбеттері  мен  шетжақтарын
түстік геометриялық үйлесімдермен  және  бейнелеу  сипатындағы   суреттермен
әшекейлендіретін  кәсіби  суретшілерді  шабыттандырылады.  Мұндай   көптеген
әрекеттерді АҚШ, Италия, бұрынғы Германия  Федеративтік   Республикасы  және
басқа елдердің, соның ішінде  бұрынғы  КСРО-ның  да  қалаларынан  да  табуға
болады.
      Бүгінгі өнеркәсіптік объектілердің полихромиясы бойынша туған  жобалау
– эксперементтік  ұсыныстар, ірі  қалалардың  қоғамдық  аймақтарының  түстік
шешімі, жаппай құрлыстық тұрғын  аудандардың  үйлесімінде  (композициясында)
полихромияны  енгізу  туралы  ұсыныстар   –   бұл-   архитектуралық   ортаны
шырайландыру  проблемаларын  шешудің  өзектілігі  өмірдің  өзімен   ұсынылып
отырған тек жекелеген әрекеттер.
      Пішіннің оптикалық түзетпелері. Ғимараттың және имараттың әсер  ететін
әр  түрлі  факторлардың  арасында  физалогиялық  оптика,  жекелей  авлғанда,
сызықтар мен көлемдік  пішіндерді  көрушілік  қабылдау  ерекше  орын  алады.
Адамның көзінің көруіне оптикалық алдауларға  берілуі  тән  болып  табылады.
Мұнда түр тудырушы  элементердің  ұзындығы,  алаңы,  көлбеулік  бұрышы  және
қисықтығы туралы сөз болып отыр. Біздің көрушілік  оптикалық  аппаратымыздың
және   объектілерді   психологиялық   қабылдауымыздың   жетімсіздігі   кейде
оптикалық  елестер  деп  аталатын  жалған  елестік  бейнелік  өлшемдер   мен
пішіндемелердің себепшісі болып табылады.
      Тарих есте жоқ ескі замандардағы  оптикалық  елестерді  пайдалану  мен
зерттеудің едеуір мысалдарын сақтап келеді.
      Сәулетшілер мен суретшілер пішіндердің  оптикалық  түзетпелер  жүйесін
құрды. Архитекторлар мен дизайнерлер заттардың дұрыс  геометриялық  пішініне
жасаған   шамалы   өзгерістерін   оларға   көркем   мәнерлілік,   үйлесімдік
(Композициялық) бітімділік, сұлулық беру үшін енгізеді.
      Оптикалық   түзетпелер   оптикалық    –    геометриялық    елестердің,
пропорциялардың  және  пішінді  ракурстар  қабылдаудың  дәлсіздігінің  теріс
әсерлерін жояды. Бұл жағдайда көрушіден алшақтылығын заттардың көз  көрімдік
әсерлерінің, сондай – ақ әуе ортасы ерекшеліктері, жарықтану шарттары   және
т.с.с. ескеріледі. Көз өлшемдеріді биіктікке және тереңдікке қарағанда,  дәл
бағалайды. Сондықтан тік ұзын бойлық әр  түрлі  зор  көлденеңдіден  ұзынырақ
көрінеді ал тегіс, бірақ әр түрлі мүшеленген жазықтықтар  бірдей  емес  әсер
қалдырады.




      2.1 Интерерді безендірудегі жарық және жарық техникасының маңызы.





      Жарықтандыру жөніндегі жобалау шешімдері ҚР ҚНжЕ 2.04.-05-2002 «Табиғи
  және  жасанды  жарықтандыру»   нормативтік  құжаты    талаптарына   сәйкес
алынады.
      Табиғи   жарықтандыру.   Құрылыстық   жарық    техникасының    негізгі
міндеттерінің  бірі   -  бөлімнің  табиғи   жарықтандырылуын,  яғни  олардың
тікелей  күн жарығымен  жарықтандырылуын   анықтау.   Іс  жүзенде   бөлменің
табиғи  жарықтандырылуының сипаты   ретінде   салыстырмалық  шама  –  табиғи
жарықтану коэффициенті (т.ж.к.) (%) пайдаланылады.
      Құрылыстық жарықтехникада жеткілікті   дәл  әдістермен  қатар   табиғи
жарықтануды  есептеудің  жеңілдету тәсілдері  бар.   Мәселен,  тек  бүйірлік
табиғи жарықтану колда бар  кезде   (көп  қабатты  ғимараттарда),  сондай-ақ
жарық  ойықтарының  аландарын  алдын ала  тағайындау   кезінде  бұл   аланды
еденнің  алаңынан алуға болады. Бұл жағдайда  нормаланған  т.ж.к.  шамасынан
,  сондай-ақ   терезе   ойықтарында    жарықтын   жоғалуын,   қарсы   тұрған
ғимаратпен көленкеленуін, бүйірлік  жарықтандыру  кезінде шағылған  жарықтын
есебінен  т.ж.к.   артуын,   жоғарыдан   табиғи   жарықтың   (әшекей-төбелер
(плафондар), жоғары жарықтың  күнтартарлары)  қолда  бар  кезіндегі   т.ж.к.
артуын  ескеретін  кестелік  коэффициенттерден  шығарылады.  Әдетте   мұндай
есептеулер  терезелердің  алаңы еденнің  алаңының 1/5...  1/8-ін  құрайтынын
көрсетеді.
      Бөлмені ішкі айналық  беті бар жарық  жеткізгіштер  көмегімен   табиғи
жарықтандыруды пайдалану іс-тәжірибесі де кеңейе түсуде.
      Жасанды  жарықтандыру.  Интерьерде жасанды  жарықтандыру   жүйелерімен
тәсілдерін таңдау кезінде  барынша  табиғаттық   күйге   жақындау   жарықтық
жағдайды  жасауға  ұмтылу керек. Жасанды  жарықтандыруды   жобалау  мынандай
үш  маңызды  міндеттерді   шешумен  байланысты:  қызметтік  –бөлмедегі  көру
жұмыстарының   нақты  жағдайларына  арналған   жарықтанушылық    деңгейлерін
қамтамасыз  ету;   сәулеттік  –  интерьердің   көркем   айшықтылығын   құру;
экономикалық – шешімнің алғашқы екі   міндетті  ескеріп   оңтайлы   нұсқасын
анықтау .
      Жасанды жарықтандыруды жобалау  кезінде, жарықтандыру жүйесін   көркем
оймен   және   интерьердің    кеңістікті    үйлесімімен    (композициясымен)
байланыстыра,  шырақтардың жарығының спектрлі   құрамын  үндестіре   отырып,
жарықтандыру жүйесін,  шырақтар типін  және  олардың  бөлмедегі   орналасуын
таңдау керек.
      ҚНжЕ  жобалау тәжірибесінде жасанды жарықтандырудың келесідегідей  екі
жүйесін  қолдануды  ұсынады:  жалпы (біркелкі және жергілікті) және   құрама
(жалпыға жергілікті қосады). Шырақтар  немесе  шырақтық  панельдер   аралығы
біркелкі   жарықтандыру  кезінде  ,  ереже  бойынша,   тұрақты  сақталады  ,
жергіліктендірген кезде -   жарық  ағыны  мен  көлеңке   тудыруды   неғұрлым
қолайлы   орналастыруға   қол   жеткізу   үшін    анықталады.    Интерьердің
жарықтық  сәулеті   бөлмені  пайдаланудың  қызметтік,   психологиялық   және
эстетикалық   жағдайларының  толық   үйлесімі  негізінде   алынады.   Жаснды
жарықтандыруды  жобалаудың  маңызды бағыты, жасанды   жарық  кешкі   уақытта
қалалық ансамбльдердің, ескерткіштердің және жеке ғимараттардың  эстетикалық
айшықтылығын  арттыру  ретінде   пайдаланылатын   қаланың  жарықтық  сәулеті
болып табылады.


      Шудан қорғау.
      Шудан қорғау жөніндегі шараларға  мыналар  кіреді:   оның  көзінде  шу
әсерін азайту , шу сіңіру және  шу оқшаулау,  ғимараттарда  шудан   қорғаушы
құрылымдарды, сондай-ақ  магистральдар  бойында   ұзындықпен  созылған  шуды
шағылыстырушы   қолдану   ,   елдімекендерді   салу,    көгалдандыру    және
абаттандыру кезіндегі  сәулеттік-жайғасымдық  шешімдерді  жүзеге асыру.
      Шулар пайда  болу табиғаты  жағынан: әуелік және соққылы (механикалық)
болады.
      Әуелік шу  (көшелік,  көліктік және т.с.с.)  қоршау арқылы  ең бастысы
 саңылаулар, жарықшақтар,  тесіктер немесе аралық  қуыстар  арқылы,  сондай-
ақ  көрші бөлмеде,  онда   жаңа  дыбыстық   толқындар  тудыра   отырып,  ауа
жиіліктерінің   тербелісін   тудыратын   шағылудың    иілісі    тербілісінен
берілуі  мүмкін.  Әуелік шуды  берудің негізгі жолы  шу  энергиясын   шектес
бөлмелерді  бөлетін қоршау  арқылы беру  болып табылады.
      Соққылы  шу (механикалық) әуелікке қарағанда, ол да  біртіндеп  өшетін
болса да, аражабындар  мен қабырғалар  бойынша  айтарлықтай  үлкен  аралыққа
таралады. Соққылы шудың өшуінің  қарқындылығы   материалдың   бір  тектілігі
дәрежесіне, оның  серпімділік модуліне  және  құрылым  элементтірінің   бір-
бірлерімен  шектесу  учаскелерінің  санына  байланысты болады.  Темірбетонда
 соққылы шудың  өшуінің  механикалық қарқындылығы  да  үлкен  емес,  өйткені
бұл материалдар бір тектес  және  ішкі  үйкеліске   шамалы  шығын   жасайды.
Кірпішті  қаланымда  соққылы   шудың  өшуі   құрылымның   бір  тексіздігінен
(кірпіш және  жіктердегі ерітінді) әлсірейді.
      Механизмдердің   қозғалысынан   туатын,   қоршаулар   арқылы    өтетін
дірілдер  де құрылымдық шудың  көзі болуы  мүмкін.  Қоршауды  дыбыс-оқшаулау
оның   дыбыс   күші   деңгейін  немесе   шудың  дыбыстық   қысымы   деңгейін
әлсіретумен сипатталады. Дыбысоқшаулау бірлігіне децибелл (дБ) алынады.
      Инженерлік және санитарлық-техникалық жабдықтардан   болатын  шулар  –
бөлмелерде  қолайсыз   акустикалық   жағдайлар   тудырудың    неғұрлым   жиі
кездесетін себебі   болып  келеді.   Шуды  төмендету  деңгейіне   ғимараттың
құрылымдарынан   жабдықтар  элементтерінің   оқшаулауын  дұрыс   ұйымдастыру
жолымен   қол  жеткізіледі.   Әр   түрлі   төсемдер   мен    жалғастырғыштар
қолданылады.  Лифтілер  қабырғалары   және   оның   машиналық   бөлмелерінің
аражабындары,  қоқыс   құбырлары   да   ғимараттың    қабырғаларынан    және
аражабындарынан  оқшауланады.
      Бөлмелердің әуелік шудан  сенімді дыбысоқшаулауына  қол  жеткізу  үшін
қоршауларда   саңылауларды,   тесіктерді,   тығыздалмаған   жапсарласуларды,
сондай-ақ   оның    иілістік    тербелістері    пайда   болуы    мүмкіндігін
болдырмау қажет.
      Қоршау    құрылымдары     элементтерін     өтпелі     қуыстары     жоқ
материалдардан  жобалау  керек.   Өтпелі  қуысты   материалдардан   жасалған
құрылымдар  элементтері үшін   қалындығы  2  см  кіші  емес   жұқа  бетоннан
немесе  ерітіндіден  жасалған сыртқы  қабат қарастыру  керек.   Ішкі  қоршау
құрылымдары  аралығындағы  түйістер бетонмен,  ерітіндімен  немесе  серпімді
төсемдермен  бекітіліп  тасталуы тиіс.
      Есік қорабы  немесе қақпалар  және түйісуші   қоршаулар   аралығындағы
саңылаулар  мен тығыз емес жапсырмалар  мұқият бекітілуі  тиіс.  Қабырғалары
дыбыс  сіңіруші   материалмен   қапталған   тамбуры  бар   қос  есік  немесе
қақпалар  жобалауға болады.
      Терезелерді   әуелік  шудан    оқшауларды   күшейтуге    қабырғалардың
аралығындағы  әуелік  аралықтың  қалындығын   арттырумен,  сәл   жаппалардың
жақтауларын   тығыздаумен    әйнектерді    жақтауларда    әйнектерді   тығыз
жабылуын   қамтамасыз  ететін    бекіту    құрылғыларын    қолданумен    қол
жеткізілуі мүмкін.
      Қаланың   бас   жоспарын  әзірлеудің   сатысында  шу   көздері   санын
қысқартушы  жайғасымдық құрылым  шешімі  болуы тиіс.
        Магистральдар   құрылыстарын   ұзыннан   созылған  шудан    қорғаушы
ғимараттармен – шудын  құрылыстың   түкпіріне    дейін   таралуына   кедергі
жасайтын  қалқандармен  щещу орынды.
      Тұрғын және  қоғамдық ғимараттар  және оларға іргелес  аумақтар   үшін
шудың  рұқсаттық шектік деңгейін, сыртқы шудын  негізгі   көздерінің   шулық
сипаттамаларын,  шудың   күтілетін   деңгейін  және   құрылыстық-акустикалық
құралдардың    акустикалық   тиімділігін    есептеу   әдістермен     есептік
нүктелерде  төмендетуді  анықтау тәртібін  және  оларды  жобалау   жөніндегі
негізгі талаптарды ҚНжЕ 11-12-77-ге  сәйкес алу керек.


      2.2 Көркем безендірудің   алғашқы әдістері  мен жайғасымдары.


      Бүгінде,  жобалаушының  қарауында, барлық  дәуірлердің  салынымдарының
 фото- және бейне жазбаларын қоса алғанда, ең  жетілдірілген    компьютерлік
техника   және  мәліметтердің   өте  бай  қоры   да  бар  кезде,  құрылыстық
жобалаудың  неден   басталғанын   және  дағдылар   мен   әдістердің    қалай
жинақталғанын  еске түсіру  пайдалы-ақ.
      Алғашқы мысырлық (египеттік)   әулеттердің  патшалық  құру   кезеңінен
жобалаудың   жайғасымдық  шешімдер   түрінде   де  қандай   бір   әрекеттері
туралы  мәліметтер  қалмаған  Дегенмен сол  кездің   алып  және  жетілдірген
құрылыстары   сәулетшінің  ойы   тапсырыс   иесіне   де,   құрылыстың   өзге
қатысушыларына  да қандай түрде  берілгенің айтақтайды. Өкінішке орай,  Көне
патшалықтың  қолжазбалары  жойылып кетті, сондықтан  сызудың әдісі   болашақ
имараттарды  жобалауға  қаншалықты мүмкіндік  бергенін  айту қиын.  Өте  дәл
имараттар   мен   жекеленген    құрылымдар   көнемысырлық    құрылысшылардың
қарауында сызбалардың  болғанына да  куә  бола  алады.  Құрылыс  алаңшасында
ғимараттың пішінін  (контурын) нақтылы  шамамен болу  міндетті  болды  ,  ал
мұнын құралы  міндетін арқан  қазықшалар атқарды.
      Сондай-ақ, құрылыстың  басталар  алдында,  мәселен,  храмның   жоспары
(жайғасымы)  және оның  жекеленген  бөліктерінің   пропорциялары   көрінетін
үлгілерді  (модельдерді) құру болғандығын  да болжауға болады.   Біздің  осы
күндерімізге  дейін жалпы  жоспарлар  мен  олардың  жеке   бөліктерін  алдын
ала    әзірлеудің    тәжірибесін    дәлелдейтін   тиісті    суреттері    бар
папирустар,   граффиттер  (жартастағы  бейнелер)  және  үшкілдер  (тастардың
бөлінген кесектері, сынықтар)  жетіп отыр.
       Мұнан өзге, көнемысырлық  сәулеткерлердің   сызбалары   қазіргілермен
салыстырғанда  қарапайым болса да, ол сызғыш бойымен  түзу  сызықтармен  дәл
орындалған  ортогональды проекциялар  түрінде болып  келеді.  Сызықтар  қара
немесе қызыл   араласқан  қара   бояулармен  жүргізілген  ,  ал  кейде  есік
ойықтарында  сары бояумен  сырланған.
      Храмдық ғимарттар  жайғасымдары  храмдардың  өздерінде  сақталған, бұл
жөнінде  бізге дейін  жеткен қабырғадағы жазбалар  куәландырады.
      Ежелгі  Мысыр   дәуірі-    сәулет   өнері    шығармашылығы    дамуының
храмдарда, сарайларда,  мазарларда әсерлі   көрініс  тапқан   неғұрлым  ерте
дәуірі.  Бірақ осы  уақытқа  дейін   мысырлық  сәулеткерлердің  шығармашылық
әдісінің  құпиясы әлі  ашылған  жоқ   Алайда  бұл,  француздық   мысыртанушы
Масиероның пікірінше, жұтаң көне   тұрғылықты  жайлардан  ешқандай  айырмасы
жоқ  жаппай тұрғын үйлер  имараттарына  қатысты  емес   және  әрбір   тұрушы
тұрғын үйді  күнге  кептіргеннен кейін берік  кірпішке   тез  айланатын  Ніл
өзенінің  лайын пайдалана отырып, жеке өзі тұрғызған.
      Ұрпақтардың  жадында   өшпестей   боп  қалған   аты  аңызға   айналған
имараттар тек  өзінің  нышандық мәні  арқылы, сонымен бірге  және сәулеттік-
  құрылыстық   өзгешеліктерімен   де   Ежелгі    Мысыр   және    Месопотамия
сәулеткерлері    мен    құрылысшыларының    сөзсіз     шеберлігі     жөнінде
куәландырады.
      Архитектураны құрметті санағаны  соншалықты, бізге белгілі патшаның ең
көне  месопотамиялық   бейнелерінің   өзінде  монархты   тізесінде   бекініс
жоспары  және өлшеу аспабы  жатқан  архитектор ретінде  көрсетеді.
      Месопотамиялық  құрлысшылар   көптеген  ғылымдардан  хабардар   болды,
архитекторлар   да  жоғары  білімді  саналды:  олар  сауат    ашумен   қатар
арифметиканы, геометрияны және алгебраның басын  меңгере  білді,  квадраттық
теңдеуді шеше алды, төңіректің ұзындығын және  дөңгелектің   алаңын  есептей
білді.
      Құрылыстық  экономикалық  жағы   туралы  неғұрлым  қызықты  мәліметтер
Хамурапидің (б.з.б. XVIII ғ.) билік  жүргізген   уақытына  жатады,  мәселен,
қараушылардың Умма қалаларының  олардың иелігіндегі жұмыс  күшін   пайдалану
туралы жылдық есептерін атауға  болады. Бұл кестешелер  беттік  және   артқы
жағы  жазылған  ұсақ   сына  жазумен  толтырылған   кірпіштің  үлкен  пішіні
түрінде  болып келеді. Мәтін (текст)  мынандай  үш бөлмеге  бөлінеді:  жұмыс
күшінің  жалпы саны;   бұл  күштің   қолданылуы   туралы  мәліметтер;  жұмыс
күшін және  оның шығынын  белгілеуші баланс.  Кестешелердің   бірінде  еңбек
шығындары   туралы  мынандай  қызықты   мәліметтер   келтірілген:  20  жұмыс
істеуші және 360 жұмыс күні көрсетілген; онан әрі қараушы 20 жұмысшыға  емес
, бір күнде жұмыс істейтін 7200-ге сүйеніп   жұмыс  жүргізген  .  Сол  сонау
ертедегі дәуірде  бүгінгі   «адам-күн»  ұғымын   дәл  бейнелей  алған  болуы
мүмкін, бірақ  мұнымен есеп біткен жоқ: осы қараушыға өзгелермен   ұсынылған
жұмыс істеушілердің  мөлшерлері  туралы  да және ақырында,  1813 адам –  күн
(жалдамалы   адамдар  ескеріліп)  туралы  да   баяндалған;   мұның   барлығы
қосындыланған. Сонымен  «жұмыстарды жүргізушінің»   алда   тұрған   жұмыстар
көлемі, бұл үшін қажетті жұмыс күші туралы   айқын  түсінігі  болды.   Еңбек
шығындары нормалары бізге  дейін жеткен  кестелерде сақталған.  Бір  күндегі
бір адамға  арналған  есепте былай  көрінеді:  қабырғаны  қалау  –  1,5  м³;
кірпішті -360 м қашықтыққа  тасу - 1 м³;  каналдарды  1  шынтаққа   (0,5  м)
дейін  терендікте  қазуға  арналған жұмыстар  көлемі -   6  м³;  сондай  2-3
шынтақтар -3м³ (топырақты себеттерде  тасу  қажеттігіне   байланысты   болуы
мүмкін).
      Антикалық  уақытта  жобалаудың   әдістерін,  әсіресе,  Ежелгі   Грекия
мен Ежелгі  Римде жетілдірді. Тұрғын үйдің  тпін жасап   шығаруға  тек   көп
жылдық   тәжірибе  мен   халық  даналығы   ғана  мүмкіндік   беретін    еді.
Зерттеушілер эллиндік сәулеткерлердің  еңбектерінің  әр  жақтылығы   бәрінен
бұрын   ірі  тапсырыстар   бойынша   жұмыс    істейтін   неғұрлым    белгілі
сәулетшілер  үшін сипатты екендігін  атап  көрсетті;  кәдімгі   жеке  тұрғын
үйлердің    құрылысшылары   неғұрлым    бір   текті   жобаларды    орындады.
Сәулетшілердің   жалпы   шоғырынан   спорттық   имараттардың   жобалаушылары
дараланып бөлініп  шыққаны қызық.
      Қала-мемлекеттердің   (полистердің)     (құл    иеленуші    дәуірдегі)
сәулеткерлері  маңызды мемлекеттік  құжаттарды халыққа   хабарлау  үшін  тас
тақталар дайындауды  ұйымдастырды. Сәулетші жұмыс  құжаттамасын   дайындауды
қалай аяқтасымен, құрылыс әкімшілігі  солай  саудаларда   құрылыстың  барлық
бөліктерінің  мердігерлігін  өткізді.  Құрылыс комиссиясы мен  мердігерлікті
алған тұлға  арасында  берілген құрылыс   тапсырысы  шарттары,  оны  орындау
мерзімдері   және  жиі  түрде  –  келісімді   бұзған   келісуші   тараптарға
қолданылған жазалау шаралары  белгіленген шарт жасалды.
      Грек   сәулетшілері   жобаларын     сызбалармен     және    үлгілермен
құрастырғанына  еш  күмән   келтіруге  болмайды.  Гректердің   демократиялық
құрылысы  сәулеттік  түпкі  ойларды   көрнекі  түрде  көрсетуді  міндеттеді.
Периклдің халық жиналыстарында  Акропольдегі  ғимарат  жобаларын   қорғағаны
мәлім. Олар тек сызбаларда ғана ұсынылмаған  болуы мүмкін,  жобалар  үлгілер
түрінде  ұсынылған  ойлауға  болады.  Бірақ  үлгілер   салынымдардың  өздері
секілді  әдетте   сызбалар  бойынша   құрылады.  Сәулетшіге   қалалық  билік
тарапынан жұмыстарды  тапсырудың өзі  жариялылықты  талап етті,   ал  жобаны
бекіту өте  демократиялық   түрде  ерекшеленді.  Өзін  «арзан,   үздік  және
жедел»   тұрғызатындығын    дәлелдеген    авторды    таңдау     жүргізілетін
конкурстар   жарияланды.  Таңдау  жасалған  авторға   жобаны  заттай    өзін
орындау  да жүктелді.
      Ғалымдар    ірі   жұмыстарға     жасалған     құрылыс     құжаттарының
мәтіндерінің  мағынасын  ашуға  көп  назар   бөледі.  Тас  тақталарда   ойып
жазылған  бұл мәтіндер  жалпыға бірдей  шолып   қарауға   қойылды.  Мәселен,
афиналық    халықтардың   Пирея    қаласының    қабырғаларын    және    Ұзын
қабырғаларды тұрғызуға   арналған  келісімі  пританияның   хатшысына   қаулы
мәтінін   және  сәулетшілер    әкелетін    мердігерлік    жұмыстар    туралы
жоғарыда  айтылған  шарттарды   ойып  жазу   жөніндегі  нұсқауында   көрініс
тапқан.
      Әдетте  барлық  бұл құжаттарда  мердігерші істеуі қажет   жұмыс,   оны
орындау    ережелері    толық   сипатталған   және    материалдық    шарттар
ескертілген:    мердігерді    алушының,   бір   немесе   бірнеше    кепілдік
берушілердің   есімдері  келтірілген.  Келісім   жасаушы   кепілдік   беруші
(кепілдік  иесі)  өзінің  ақшасымен   немесе  еңбегімен  мердігерші    алған
міндеттемені қамтамасыз  етуге міндетті болды.
      Ертедегі Римде кейде  мемлекеттік  қызметкерлер  де  өзін  архиктураға
арнады. Император Адрианның жобаларымен бірнеше ірі ғимараттар  тұрғызылғаны
мәлім. Сәулетшілердің негізгі дені жеке тапсырыс иелеріне,  мәселен,  атақты
саяси  қайраткерлерге,  соның  ішінде  22  үй  иеленген  және  бес  сәулетші
қызметін пайдаланған Цицеронға қызмет көрсете отырып, қарапайым  орын  алды.
  Сәулетшілер  көбінесе   жобалау   еңбегін    және   салынымға   басшылықты
бірлестіріп отырды.  Сәулетшә мердігерші  болған жерде,  ол  таспырысты  алу
үшін конкурсқа (саудаға) қатысты.   Бұл  үшін   жобаны  құрастыру   міндетті
болды.  Оны  жарғақтарда  (пергаменттерде)  сызды,  бірақ   тапсырыс  иелері
өзінің  болашақ   имаратының   үлгісін   көруді  артық  санады.   Имараттың,
өзгеше  смета   түріндегі,  құнының   есебі   міндетті  болды.    Сызбаларды
мәрмәрлық  тақталарда  орындау  тәжірибе жүзінде  қолданылды.
      Ертедегі  Римнің   архитектурасын  «тараулардың»   мынандай  бағыттары
бойынша   қарастырды:   ординациялар,  яғни,   жобалаулар;  диспозициялар  ,
яғни, жайғасымдаулар; «эвритмияларды» сақтау –  үйлесімдер,   «симметриялар»
- мөлшерлестіктер және «декорума» -  қоғамдық  орындардың   бекіткен  тәртіп
ережелері; дистрибуция, яғни, ресурстарды бөлу.
      Ординациялар «ғимараттардың,  жекелеп   алынған  мүшеленуінің   оларды
табиғи бөлуге  және ғимарат  қатыныстыраның  оның  нақты  масштабына   бүтін
пропорциональдығының  қалыпты сәйкестігінен » көрінеді.
      Диспозиция  ғимарат  элементтерін   жоспарлы   орнастыру,   үйлесімдік
тәсілдерді  және   көркем  мәнерлілікті   іздеу   түрінде    болып   келеді.
Диспозицияның  грекше аспектілер  деп аталған  түрлері мынандай:  ихнография
(сөзбе-сөз алынғанда –  ізжазу),  ортография   (тікжазу)   және  сценография
(сахнажазу),  яғни  топырақтық  ,   нобайлық,    маңдайалдылық   ,   беттік,
көріністік.
      Ихнография (ізжазу)  (горизонтальды  проекция)   циркуль  мен  өлшеуіш
сызғыштың     нәтижесінде      ғимараттың      белгіленген      сұлбаларының
горизонтальды  проекцияларының   құрылыс  учаскесінде   қатысты  әрекеттерін
үйлестіру.
      Ортография (тік беттік жобалау) – ғимараттың  қасбетін  оның   болашақ
бейнесін  суреттейтін нақты  қатаң  дәл есептерімен бейнелеу.
       Сценография – қасбеттің, бүйірлерімен және  брлық   сызықтарды   оның
доғаларын  белдеулеуші  орталығына    «өзгертумен»,   оның   кейін   кететін
көріністік  жобалауы және  жиексызбасы.
      Эвритмияны сыртқы түрдің тартымдылығы  және  оның  үйлесімді   бейнесі
ретінде  түсінді.  Ол ғимаратты мүшелеу кезінде  вертикаль және  горизонталь
параметрлер  үйлесімді  ара қатысты  болғанда көрінді. «Симметрияны» ,  яғни
мөлшерлестікті  осындай жолмен  анықтады.  Бұл жағдайда жоба негізіне   адам
денесінің   бөліктерінің   ара   қатысы    алынды.   Оның    эвритмияларының
(үйлесімдерінің)  қасиеттері –  адам  денесіндегі   секілді   дененің  басқа
бөліктерімен  қатар  шынтақтан,  табаннан,   өкшеден,    саусақтан   алынған
өлшемдердің мөлшерлестігінің  қасиеті.
      Декорума – ол сол   уақыттағы   жалпы  қабылданған   түсінікке  сәйкес
ғимараттың ішкі  тыныштығының әсем  күйінің   оның  есік   алдына   (шерулік
кіреберісіне) сәйкестігі  ретінде түсіндірілді.
      Жобаның сонғы, аяқтаушы бөлігі  дистрибуция, құрылысты  орынын  орынды
үлестіру, иелік ету  және  «шығындарды  саналы  есептермен   үнемді  реттеу»
болды. Дистрибуция  ,  егерде  сәулетші   іздеп  табуға   болмайтын  нәрсені
іздемейтін болса  немесе басқаша  жағдайда   ірі  шығынның   бағасы  ретінде
есептелген жағдайда  сақталған деп саналады.
      Дистрибуцияның  (немесе  экономикалық  есептің)  өзге  жоғары   сатысы
қожайындары  оны қаражаттық  табыстылығына сәйкес  бейімдеп   иелік  еткенде
көрінді. Витрувий астаналық  үйлер мен  ауылшаруашылық  үнемдерден   өнімдер
 тасқындап түсетін  үйлерді әр түрлі  пайдалану  керектігін  жазды.
      Құрылыс басталар  алдында  жобалардың, яғни   сызбалардың,  есептердің
және  сметалардың   дайындалғаны  жөнінде  ешқандай   кумән  болмауы   тиіс.
Күмбездердің және  тоғыспалардың   үлкен  салмағына  байланысты   құрылымның
беріктігінің  математикалық  есептеулерін   жүргізу  қажет  болды.  Бұл  осы
құрылыстағы  кернеу  неғұрлым   көп  болатын   күмбез   тірегі   аймағындағы
тоғыспалардың  жұқа  қималары   немесе  жұқа   аралықтар  секілді   көптеген
жетістіктерімен дәлелденді. Күмбездердің, тоғыспалардың,   қақпабағаналардың
беттері мен көлемдерінің есептеулерінің формулалары болды.   П  (пи)  шамасы
барынша   дәл  алаңды  ,  материалдың  қасиеттері   белгілі  болды,  күрделі
құрамды  бетон мен  ерітінділер  қолданылды.  Сейсмикаға  қарсы  шешімдердің
тәжірибесі    қолданыста   болды,    имараттың   орнықтылығының     шарттары
зерттелді.
      Сәулеткерліктің    көтерілуі   ХІ   ғасырдан     бастап,     феодалдық
бытыраңшылдықпен күресте  корольдік туған Франция аумағында  неғұрлым  айқын
байқала бастады.  Қалаларда сәулет өнерінің  қайта өрлеу  процесі   романдық
кезінде  (Х-ХІІ ғ.ғ.) көрініс тапты  және готикалық кезенде  (ХІІ-XIV  ғ.ғ.)
айтарлықтай  биіктерге жетті.
      Ортағасырлық   имараттардың   жобалары  мен    сызбалары    сақталған,
мәселен, Сан-Гален  монастырының   жоспарындай   әжептеуір   сұлбалы   болып
келеді, ХІІ ғасырда сызбалар  барынша мұқият  және толық   орындалған.  ХІІІ
ғасырдан  бастап  сызба  өнері  жедел  өсті,  XV  ғасырға  қарай  Францияда,
Англияда,  Германияда    жобалар    жоғары   деңгейде   орындала    бастады,
имараттың  үлгілері  (модельдері) дайындалды.
      Қайта өрлеу (Ренессанс)  дәуіріне   жобалау  ісі  дамуының   сәулеткер
Ф.Брунеллески  шығармашылығында   айқын   бейнеленген   келесі  кезең  жатуы
мүмкін. Ол инженер,  суретші,  кәсіпкер  және  қоғамдық  қызметте   белсенді
болған. Бұл кезеңді сәулеттік ілімнің  онан әрі  гүлденуі  ретінде де  және,
мәселен, Флоренциядағы   күмбезді   соборды  тұрғызу   жөніндегі  жұмыстарды
жүргізуге арналған  мехиникаландыру енгізумен  байланысты  инженерлік  тәсіл
 ретінде сипаттауға болады. Ф.Брунеллески  бірнеше аспалы   крандар  жасады,
олардың үлгілерін  сынауға көп   жылдарын  арнады.   Мұндай  механикаландыру
материалдарды   60  метрден   астам  биіктікке   көтеруге   және    тастарды
тоғыспалардың   кескінімен   дәл  қалауға   мүмкіндік  берді.   Мұнан   өзге
тапқырлық   білдіре   топыраққа   емес,   тоғыспаның     қалыбын   үйлесімді
құрылымдады.
      Бұл  дәуірдің  жаңа  стилінің   сипаты  қабырғалар   жазықтық  ретінде
қарастырылатын  бұрынғы  сәулет өнерінен  кейінгі қайта  өрлеу   дәуіріндегі
 көлемдердің  архитектурасына  өтуден көрінді.  Бұл  шығармашылық   ойлаудың
өзінің  әдісінің өзгеруін білдірді, өйткені екі  өлшемді   геометриядан   үш
өлшемдіге   өту  талап   етілді,    бұл   үшін   сәулеткерлерге    өздерінің
математикалық  білімдерінің деңгейлерін  арттыру  қажет болды.
      Ортағасырлық  еуропалық  қалаларда   қуатты  бекіністі   қабырғалармен
белдеуленген   аумақтарда   қорған,  шіркеу  соборы   немесе   сауда   алаңы
төңірегінде  қисық  және  тар  көшелер  торабы   қатарлас   салынды.    Қала
қабырғаларының    орнында,   орталықтан    қала    бекінісінің     қақпасына
бастайтын , тармақталған  көшелермен  бірге  үйлесімде  қалалардың   сипатты
тарамды-сақиналық     (сирек      желпуіш      тәріздес)      құрылымдарының
қалыптастырылуын  белгілеген  сақиналы  көшелер пайда болды.
      Қалалардың көпшілігі  алғашқы   кезінде  қандай   бір   абаттандырудан
болсын  құралақан    жұрдай   болды.    Қалалық   бекіністермен    қорғалған
аумақтардың  шектеушілігі қала  құрылысының   көп  қабатты  тұрғын  үйлермен
және  қоғамдық   ғимараттармен    өте   тығыздалуына    алып   келді.   Орыс
қалаларында үлкен  қалыптастырушы  мәнге  кремльдерге ие болды.
      Қазақстан  аумағындағы  алғашқы   отырықшы  елді  мекендер   (кенттер,
қалалар)  және  олардың  жоспарлық   жайғасымы    көптеген   зерттеушілердің
мағлұматтары  бойынша,  біздерге антикалық  дәуірден  (б.з.б. III ғ. –  б.з.
IVғ.) қалған қала  қорымдарынан, қорғандардың   жер  суландыру   құрылыстары
бар арықтардың  орнынан белгілі.  Олар: Ботай, Жартөбе, Қаратөбе,  Жуантөбе,
Майбалық, Қосқоңыр,  Жұмабай  төбе,   шерік-Рабат,   Бабыш-молда,   Баланды,
Күйік қала,  Жетіасар,  Қызыл Аңғар,   Битянь,   Топырақ  Қала,   Шигі  және
т.б.   Өзінің  кескіндері   бойынша   аталған  кенттер   алуан  түрлі  болып
келеді: жоба пішіні  дөңгелек, сопақ,  көп қырлы, тік.
      Баспана  тұрғызу  қазақ  даласында   ежелгі  заманнан   бастап  орныға
бастаған.  Ескі деректер мен ғылыми  зерттеулердің  нәтижелеріне  қарағанда,
 тұрақты мекен-жайлардың  алғашқы  үлгілері бір   жағынан  үйреншікті  түрде
- аңшы қосының сұлбасын жаңа   материалға  қайталап   салу  жолымен,  екінші
жағынан – оңтайлылығы  жан-жақты   көріне  бастаған   шымның,  сазбалшықтың,
шабақталған  бұтақтың, тақтатастың  ерекшеліктеріне   орайластырылған   жаңа
түрлер   қарастыру  арқылы   қалыптасқанға  ұқсайды.  Мысалы,  қазаққа   тән
тұрақты  мекен-жайдың  ең көне нұсқасы – шошаланы   алсақ,  оның  құрылымдық
  жағынан  ғасырларды   артқа  салып,  аздаған   өзгерістерге    түскенімен,
негізінен  аңшы қосынын қайталайтыны анық.






           2.3 Киіз  үйдің  ішкі  көрінісі  және  оның бұйымдарын жасау.


      Баспананың ішкі көрінісі  оның сәулетімен  табиғи  үйлесімді   сәндік-
қолданбалы   өнер    бұйымдарымен    үндесіп     қалыптасады.    Әр    түрлі
материалдардан  жасалған  тұрмысқа  қажетті  заттар,   өздерінің  тіршілікке
пайдалы  және   көркемдік   іс-әрекеттік   қызметтерімен    (функцияларымен)
баспананың   интерьеріне  ғана   бір   жүйеге   бірігеді,   ал   оны    құру
индивидумдардың  (жеке-дара адамдардың)  және   тегіс  халықтың  эстетикалық
талғамдары мен мәдениет  деңгейін  көрсетеді. Ренессанс эстетикасының  өкілі
А. Дюрер  (XV ғасыр)  «көп  гүлдерден  бал  жинағандай  әсемдікті   көптеген
әдемі  нәрселерден жасайды» - деп атап өтті.
      Қазақ киіз үйінің  дәстүрлі  ішкі көрінісі -  тасымал баспананың   осы
түрінің  күрделі тарихи  дамуы  жолындағы  ұжымдық тәжірибесінің   нәтижесі.
Киіз үй  құрылымы  –  жергілікті   ауа-райы   жағдайымен   және  қазақтардың
көптеген ғасырлар   бойы  қалыптасқан   өмір  салтымен  ең  сәйкесті  дүние.
Қазіргі заманғы киіз үйде   барлық   салт-дәстүр   түрлері  сақталған.  Ішкі
және сыртқы жасауында, ою-өрнек өнерінде және тұрмысқа  қажетті  нәрселердің
келісті түрлерін таңдай білуде  отбасы тіршілігіне  барынша  жанға  жайлылық
жасау бағыты көрінеді.
      Киіз үй  жасауының   көркемдік  және  құрылымдық  шешімдерін  зерттеу,
эстетикалық  тұрғыдан оның дәстүр-салттық сипаттарын  табу  қазіргі   тұрмыс
кеңістігінің  ішкі ұйымдастыруы туралы ілім және  қазіргі   сәулет  өнерінің
үзік үрдіспен  (фрагментальды) қолдануы үшін үлкен тәжірибелік  маңызы  бар.
Қазақ киіз үйінің жасауында   дәстүрлік   белгілері   декоративті-қолданбалы
өнер бұйыдарымен  көрініс тапқан.
      Киіз үй интерьеріндегі  заттардың   әр  түрлі   қызметтік  әрекеттерін
олардың кеңістікпен және баспана  құрылымымен өзара  байланыстылығын  ескере
отырып қарау керек. Бұл  тұрмыстағы   заттардың   кешенді  қызметтерін   аша
отырып, сонымен қатар ішкі жасаудағы  жеке  заттың   орнын,  оның  көркемдік
қалыптасуын  және эстетикалық  түрде  санаға  сіңуін   анықтауға   мүмкіндік
береді. Киіз үйдің  ішкі көрінісіне  біртұтас  бірегей дүние ретінде   қарау
керек,  нақты  заттар   ішкі  жасау  -   мүліктің    дәстүрлі    қалыптасқан
заңдылықтарына  бағынуы тиіс.
      Киіз үйдің маңызды  ерекшелігі  -   барлық  дүние-мүлік   көз  алдында
тұрады.  Сондай-ақ   олардың  әрқайсысы   күнделікті  пайдалылығымен   қатар
баспана жасауының  мүлкі  ретінде қызмет атқарады.
      Өнер  зерттеуші   А.  Канцедикас   бұл  орайда   мынаған   тура  назар
аударған:  «Әр   алуан   ұрпақтардың   рухани  ортақтығын    сақтап   қалуға
қабілетті  фактор ретінде,   дәстүрлі  халық   өнерін   бөгде  құбылыстардан
қорғап, халық  мәдениетіне оған  бөтен   белгілердің  кіріп  кетпеуін  қатаң
қадағалап, сонымен қатар  осы мәдениеттің   өзіне  органикалық   түрде  еніп
кететіндердің қандайын да  болмасын   игеріп  алатын   сенімді  аспап  болып
отырды».
      Қазіргі  заманғы  киіз  үйінің  негізі  өзінің   түр-сипатымен   халық
өнерінің  дәстүрлігін айғақтайды,  халық  көркем   мәдениетінен   нәр  алады
және уақыт  өткен  сайын кәсіпқой өнерден заттарды  қосып  алу  арқылы  байи
түсті, бірақ  та бұл алынғандар  жетегінде  жүріп кеткен  жоқ.  Әрбір  дәуір
немесе  тіпті  әрбір құбылыс  кәсіпқой  өнерде  және   әр  түрлі   тұрмыстық
заттар  өндіру өнеркәсібінде  жаңа бағыттар,  жаңа  лептер  туғызады.  Бірақ
осындай  заттар қысқа мерзімді болады, бір ұрпақ  өмірінде  ауысып,  өзгеріп
 ктуі байқалады. Егер де  киіз үйдің  ішкі  көрінісінің   дәстүрлігі  туралы
айсақ, әрқашан киіз үй  барлық  ішкі  жасауымен  нық   біртұтастықта   қазақ
халқының  материалдық  мәдениетінің  бөлігі  ретінде   басым   әрі  халықтық
болады.
      Зооморфты   (аңдар,   жан-жануарлар    түріндегі    суреттер)   айшық,
классикалық  мәнер   ретінде,   қазақтардың   қазіргі  сәндік  –  қолданбалы
өнерінде  киіз,  тоқыма және  басқа бұйымдарда  кең қолданылып жүр.
      Киіз бұйымдарға  әр түрлі  үйлесімдегі  мүйіз  тәріздес   иілген   ою-
өрнек тән. Сирегірек  сурет  тоқыма   бұйымдардың   өрнегін  қайталап,  түзу
және қисық  сызықтармен бейнеленген.
      Қазақтардың   шығармаларында   өсімдіктік   ою-өрнек  те    кездеседі,
көбінесе тұрмыстық  заттардың  сурет-кестелерінде  болады.
      Меандр  (тұрақты  ара қашықтық  арқылы   тура  қайталанатын   сүлбелер
тізбесі) және  әр түрлі сүлбелер  (ромбтар,  фестондар және т.б.)  түріндегі
 геометриялық  ою-өрнек  тоқыма және  өрілген  бұйымдарда басым болады.   Ол
осындай  заттардың  табиғаты  және жасау  технологиясына  байланысты:   тоқу
және  өруде түзу және  қисық  сызықтар түріндегі ою-өрнектер  жасалады.   Іс
жүзінде бұйымға таңдап  алынатын   материалға   және  жасау   технологиясына
байланысты  ою-өрнектің  әр түрлі  мәнерін  байқауға  болады.
      Қазақ  киіз  үйінің   ішкі  көрінісі   ең  жақсы  халық   дәстүрлеріне
негізделген. Әр  түрлі  киіз   заттар,  тоқыма   бұйымдар,   өрнекті  шилер,
кесте  нәрселері және  т.б.  көне шеберлер өндірісінің  жиынтығы мен   қазақ
ою-өрнек  шығармашылығының  негіздерін  өздерінің  бойында сақтап қалды.
      Киіз кілем   текеметтің   ою-өрнегі   екі  әдіспен:  түрлі-түсті   жүн
орамдарынан  (рулондарынан),   өрнектеген   киізден   (алдын  ала   кесілген
дайындамалардан ) жасалады.  Текемет жасауға  және  басқа   киіз  бұйымдарды
басуға   жақсы  тығыздалатын   күзде  қырқылған   қой  жүні  –   күзем   жүн
қолданылады.
      Текеметті  жасағанда  жүннің екі түрі: заттың негізіне  кететін   және
оны   оюлап-өнектеуге    кететін    түрлеріне    пайдаланылады.   Текеметтің
негізіне  қолданылатын жүннің табиғи  бояуы бар:  ақ,  ақшыл-сұрдан,  қошқыл
сұр түрге дейін, сары,  қоңыр және де  қара.   Түрлі-түсті  жүн  орамдарымен
оюлап өрнектелген  текеметтерді жасау әдісі бүкіл Қазақстанға таралған.
      Сырмақты жасау  үшін  өзінің  технологиясы   бойынша   үш  түрлі  әдіс
қолданылады: киіздің түрлі-түсті кесектерінен   мәнерлеп  ою  (мозайка),  ақ
киіз бетіне  біртүсті материалдан  бастырма  салу,   біртүсті  киіз  үстінде
баулы тоқу. Сырмақ түріндегі киіз кілемнің   басты  өзіне  тән   белгісі   -
сыру  техникасы (қабып тігу  және сыру).
      Түрлі-түсті  және өрнекті  сырмақ  композициясына  байланысты   оюлап-
өрнектелген  сырмақтар  түр-түрге бөлінеді:  ақ  сырмақ  –  тек  ақ  киізден
жасалады;  қараала сырмақ – ақ және  қара  киізден  аралас  жасалған;  қызыл
немесе  қызылала  сырмақ  қызыл  күрең   және  қызыл   қоңыр    түсті   киіз
кесектерінен  жасалған.
      Түскиіз. Қазақтар тұрмысында  әр түрлі  материалдардан  және  әр  қилы
технологиямен   жасалып  қабарғаға  ілінетін   кілемдер  –  түскиіздер   кең
тараған. Әдетте  киіз үйдегі құрметті  орынның   жан-жағын  кереге  шеңберін
түскиізбен   сәндендіреді.  Өздерінің  эстетикалық  нышандары   бойынша  бұл
кілемдер тоқыма кілемдерден қалыспайды.
      Киіз   түскиіздер    техникалық    тәсілдерге    және    материалдарға
байланысты  мынандай    үш  түрге   бөлінеді:    мәнерленген   (мозайкалық),
бастырма  техникасымен   жасалған  және   киіз  негізге   қабысып  тігілген.
Түскиіз тік  төртбұрышты пішінді, орталық  бөлігі  кейде  бірнеше   өрнектік
жолақшасы бар  П  тәрізді   фризбен  қоршалған   суреті  болатын   дәстүрлік
мәнерде құрылған.
      Киіз  үстіне


      2.4 Практикалық жұмыс барысы
      Диплом жұмысымыздың практикалық бөлімі №4 оқу ғимаратының  кіреберісін
безендіру  барысында  алғашқы  әрекетіміз  ғимараттың   кіреберіс   бөлмесін
өлшемдерін шештік. Келесі эскиздер  орындадық  бірнеше  нұсқасын.  Эскиздер,
сызбаларды қарастыра  отырып,  эскиздің  негізгі  нұсқасын  жасадық  эскизге
қарай отырып матиралдар тізімі жасалды.
      Интерер  ішіне  мантаж  жұмысы  жасалды.  Интерердің   төбесін   төмен
түсірілді аспалы төбе жасалды. Ескі есіктер өңделіп жөнделді.
      Келесі интерер қабырғаларын төбесін әрлегіш  материалдар  алинекс  пен
әрлеу жұмыстары жұргізіледі. Интерер  еденіне  кафл  төселіледі.  Кафел  екі
түрлі түстен тұрады түстер ақ және сұр. Қабырғалар және төбе   боялады.  Осы
жұмыстар орындалып болғаннан кейін.
      Дайындалған  пенопластарда   интерер   төбесінде   керілген   сымдарға
бекітеміз. Пенопласттың ойығынан көгілдір түс көрініп тұрады.
      Диплом жұмысымыздың  практикалақ  бөлімін  орындау  кезінде  интерерді
көркем безендіру әдіс тәсәлдерін іс жүзінде жасап  көріп  көтеген  әдістерді
ұйреніп меңгердік.
      Практикалық жұмыс эскиздері орындалды.  Эскиздерде  интерердің  барлық
жағынан көрсетілген франталды көрінісі, жазбасы, қосымша көріністері.
Эскиздер планшеттерге орындалып қорғуға дайындалды.




     3  Жас ұрпақтың бойында эстетикалық мәдениет қалыптастыруда ұлттық
                             өнеріміздің  маңызы


      Халықтың сәндік-қолданбалы өнері-көркем  мәдениеттің  ажырамас  бөлігі
мен өшпес мұрасы. Сәндік – қолданбалы өнер  туындылары  –  кез-келген  ұлтың
әдет-ғұрыпының, көркемдік  салт-дәстрдің  бет  пердесі,  сонымен  бірге  сол
халықтың көркем тәжрибесі мен тарихының  ескеркіші.  Кейбір  кезде  осы  бір
сәндік   қолөнері   болсын   басқа   да   мәдени    мұраларымызбен    руқани
құндылықтрымызды танып білуге  дәрменсіздік  көрсетіп  жүрміз.  Сол  себепті
бүгінгі  таңда  қазақтың  дәстүрлі  қолданбалы  сәндік  қолөнерін  жан-жақты
зерттеп, жастарды сол ұлттық салт-дәстүрдің мол мұраларын  бойларына  сіңіре
отырып,тәрбилеу  арқылы,  бойларына  рухани  және   эстетикалық   мәдениетті
қалыптастыру қажеттілігі өсіп отыр.
      Сондай қажеттіліктің бірі халықтың қолданбалы сәндік  қолөнері,  соның
ішінде ою-өрнек пен зергерлік, сәндік  қолөнер,  әшекейлеу  өнерінің  тәлім-
тәрбиелік, эстетикалық  танымдық  мүмкіндіктерін  қазіргі  ұрпақ  тәрбилеуде
тиімді пайдалана білу болып табылады.
      Қазіргі  таңда  еліміздің  әлеуметтік  және  рухани  өміріндегі   жаңа
бетбұрыстарға сәйкес жаңа талаптар қойып  отырған  кезде  көркем  білім  мен
эстетикалық тәрбиенің біздің қоғамдағы маңызы зор.
      XIX ғасырдың  II  жартысы  мен  XX  ғасырдың  басында  қазақ  халқының
дәстүрлі қолөнері ең жоғарғы даму баспалдағына көтеріліп, өмірде өз  орнынын
ала білді. Қазақ халқының қолөнері халық тұрмысында  жиі  қолданылатын  өру,
тігу,  тоқу,  мүсіндеу,  құрастыру,  бейнелеу  сияқты  творчестывалық   өнер
жиынтығынан тұрады. Шын мәнінде осы қолөнер  түрлерінің  әрқайсысының  талай
ғасырлық тарихы бар.
      Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті, сәндік өнерлері ғасырлар қойнауынан
бастау алады.
       Халқы өзінің күн көріс тіршіліктің қажеттілігінен үй-жай салу,  киім-
кешек тігу, азық- түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсіп етіп, оларды  күнбе-
күн тіршілік барысында орынды пайдаланды және  әсем  бұйымдар  жасап  өмірде
сән-салтанат құра білді. Бұдан біз халықтың творчествасын қандай түрі  болса
да халық өнерінен, сол халықтың қоғамдық тарихымен күнкөріс кәсібімен  тығыз
байланысты екенін көреміз.
      Көшпенділердің өмір салтымен, наным-сенімімен тамырлас жалпы  күмбезді
архитектураның дүниеге келуіне  киіз  үйдің  әсері  бар  деген  ой  ғалымдар
арасында кең тарап жүр.
      Киіз үй бүткіл бітім-көркімен көшпенділер ұғымын бейнелейді.  Көшпенді
халықтардың  сәулет,  қолөнер,  сурет  өнерлерінің  басын  құрайтын  ғажайып
туынды – киіз үй. «Атамыз алаш, керегеміз ағаш» немесе «киіз туырлықты  ағаш
уықты қазақпыз» деп аталы сөз  қалдырған  бабаларымыздың  негізгі  баспанасы
киіз  үй.  Ағаш,  ши,  теріден  ғана  құрастырылған,  әрі   көшпелі   тұрмыс
тіршілігіне арналған киіз үй, дала  ойшылдары  мен  тұрғындарының  тапқырлық
шешімі.  Жалпы,  киіз  үйдің  үлкен  –  кішілігін  керегелер  санына   қарай
белгілейді. Киіз үйдің екі-үш қанаттан бастап, он екі,  отыз  қанатқа  дейін
жететін түрлері болған. Керегенің басы 70-80-нен 360-қа  дейін  барады.  Хан
сұлтандар мен атақты байлардың үйлері 8 қанаттан 30  қанатқа  дейін  барған.
Қазақтың киіз үйінің шаңырағы, уықтары  және  оның  ішкі  мүліктері  ежелден
қалыптасқан  тәртіппен  жиналған.  Киіз  үйдің  ішкі  тысындағы  мүліктердің
баршасында тұтынушылық қасиетіне  қоса,  міндетті  түрде  символикалық  мәні
мол, жиһаздар,ою- өрнектермен безендірілген.
      «Халықтың қолөнеріне әдет-ғүрып жабдықтарымне қатар  аң  аулауға,  мал
өсіруге және егіншілікке қажетті құралдар-жабдықтар да  кіреді.  Киіз  үйдің
сүйегі, ағаш керует, кебеже сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша,  ши,   түрлі
бау-басқұрлар  тоқым, арқан жіп есіп,  көннен және  илеулі   теріден  қайыс,
таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан,  асадал,  бесік
және т.б.  көптеген  заттарды  халық  шеберлері,  өнерпаздар  өз  қолдарымен
жасап,  түрлі  нақыштармен  әшекелейтін  болды.  Қолөнерде  көңілге  қонымды
мәнерлер мен ондағы қолданылған   әдістер   архитеркура  кеңінен  қолданылып
келеді» - деп жазды өнер зерттеуші Т.Бәсенов  өзінің   «Орнамент  Казахстана
в архитектуре» (1957 ж.) атты еңбегінде.
      Ертеден   біздің   заманымызға   дейін    сақталған    мазарлар    мен
ескерткіштердегі  сәндік  ою-өрнектер   ағаштан   қиюлап,   тастан   қашалып
жасалаған дінгектер-халық қолөнерінің тамаша  туындылары.   Қазақ  халқының:
«Өнер көзі-халықта», немесе «қарыс қазы-балықта, қалың қазна–халықта»  деген
 мақалдары да өнер молшылығына туындаса керек.
        Біздің халқымыздың мәдени құндылықтарының  бірі  ертедегі  зергерлік
өндірістің  техникалық және көркемдік ерекшелігі із – түссіз жоғалып  кеткен
жоқ. Зергерлік өнер халықтың қолданбалы  сәндік  қолөнерінің  басқа  түрлері
секілді тәлім-тәрбиелік, эстетиқалық, танымдық мүмкіндіктерін қазіргі  ұрпақ
тәрбилегенде тиімді пайдалана білу маңызды. Халқымыздың  қолөнері  ішіндегі,
зергерлік  өнердің  тамырының  теренде  жатқанын,  ескі  қорғаннан  табылған
«Алтын адам»  киімінен көруге болады. Зергерлік өнердің туындылары  жауға  –
айбар,  жақынға  –  мақтаныш,  аруға  –  ажар,  жігітке  –   жігер   беретін
болғандықтан  батырлардың ерлігіне,  ақындардың  тапқырлығына,  жүйріктердің
бәйгесіне сыйға тартатын болған.  Және   ұзатылатын  қыздың  сән-салтанатты,
жасауы ретінде  арнайы  дайындалып, ұзату тойына берілген.
      Қола мен алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар ертеде  ақ  Қазақстаннан
тыс аймақтарға да  әйгілі  болған.Геродот:  «Қиырдағы  елдер  бізде  өте  аз
кездесетін және өте қымбат бағалы заттар көп болады» деп  қазіргі  Қазақстан
жеріне арнап айтқан.
Ә. Марғұлан Ежелгі мәдениет куәлары «Қазақстан» баспасы Алматы- 1966.  б.71.
Мамандар ескі рудниктер туралы  зерттеулері  өте  ертедегі  өндірілген  мыс,
мырш, алтын қорларының  көп  мөлшерде  болғандығын  растайды.  Ол  рудниктер
металлургия өндірісін шикізатпен толық қамтамасыз ететін.
        Б. з. б.  І  мыңыншы  жылдары  қола  құю  өнері  ерекше  өркендеген.
Балшық, металл, тас қалыптарға тұрмыс қажетіне керекті заттар құйып  алатын.
Қазақ жерін мекендеген тайпалар құйып  алу  техникасының  күрделі  әдістерін
меңгерген. Бұл жөнінде Тасмола зиратынан табылған және өте  жақсы  сақталған
бірнеше қола  қоңырауға  тоқталған  жөн.  Олар  «Қалыбын  жоғалту»  әдісімен
(методом утраченной модели) құйылған. Б. з. б. І мыңыншы жылдары Европа  мен
Азияның далалы аудандарын мекен еткен халыхтардың көркемдік  творчествасында
өзіндік  ерекше  бағыт  шықты.  Бұл  зергерлік  әшекей  бұйымдарға   тікелей
қатысты.  Өнердің  хайуанаттар   дүниесінің   бейнелерін   басым   пайдалану
нәтижесінде,  бұл  жаңа  бағыт  «скиф-сибирьлік  хайуанаттар  стилі»  аталып
кетті. .
      Б. з. б. бірінші ғасырларда, біздің өлкені мекендеушілерде   «полихром
стилі» аталған жаңа  бағыт  шықты.  Жаңа  бағыт  көптеген  техникалық   және
көркемдік ерекшеліктермен сипатталады. Бұл  дәуірдің  өнері  түгел   алтынға
негізделген «полихром стиліне» тән тағы бір қасиет, бүйымдарды  әшекейлеудің
техникалық  тәсілдердің  алуан  түрлілігі:  инкрустация    (түсті  тастармен
безендіру),  скань  (шымыр  сымдармен   шеттеу   немесе    көмкеру),   зерен
(негізінен алтын дәндер қондыру),  бөліп  тұратын  эмаль   (әрбір  ұяшаларды
арнаулы қоспалармен  толтыру), тағы басқалар.
       Қазақ  қолөнер  бұйымдары,  киім  үлгілері    өзінің   ою   өрнегімен
ерекшелінеді. Өнертанушы В. Чепелов «Қазақтар  тек  ою-өрнек  әлемінде  өмір
сүретін секілді» - деп жазған еді. Қазақ өнеріндегі  оюлардаң  негізгі  тобы
касмогониялық,  зооморфтық,  геометриялық  және   өсімдік   тәріздес   болып
келеді. Ертедегі қазақ  оюларын  мазмұны  жағынын  іріктесек,  негізінен  үш
түрлі ұғымды бейнелейді: мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су,  көшіп-
қону  көріністерін,  үшіншіден,  күнделікті  өмірде  кездесетін   әр   түрлі
заттардың сыртқы бейнесін береді.
       Қазақтың  ұлттық  киім-кешектері  жергілікті  ерекшелікке   бейімделе
тігілген.  Киімдер  екі  бағытта  ерлерге  және   әйелдерге   арналып,   жас
ерекшелігіне байланысты әшекейленіп,  оюлар  түсірілген.  Жастарға  арналған
киімдерде әшекейі көп болып, кәрі кісілердің киімін өрнек  аз  немесе  мүлде
салынбаған. Киімдер  сәнді  және  күнделікті  киюге  арналып  тігілген.Сәнді
киімдердің ою-өрнегі өте әсем, әшекейі көп болған.
      Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ халқ қолөнерінің  ғасырлар
сынынан  өтіп,  бүгінгі  таңға  дейін   жетуі   және   одан   жетілуі   оның
өміршеңдігін, ұлттық киімдерді әшекейлеу әдістері мен түрлері халықтың салт-
дәстүрімен  біте  қайнасып  келе  жатқандығын  көрсетеді.  Қазақтың   рухани
болмысы мен мәдени талғампаздығын танытатын,  сәндік-қолданбалы  өнер  түрі,
жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруде маңызы зор.
      Ертедегі грек ойшылдары адам жанында әлемге, қоршаған  ортаға,  өнерге
деген эстетикалық талғамы, көзқарасы, сезім арқылы жетеді  деген.  Сол  адам
жанында әлемге деген эстетикалық көзқарасты жаратылыстың және  өнердің  сұлу
заттары оятады.  Осы  өнер  туындылары  адам  жанының  әр  түрлі  сезімдерін
сиқырлау  арқылы  адам  жанында  сұлулық  толқындарын  оятып,  адамның  өнер
туындыларына, әлемге деген эстетикалық көзқарасын қалыптастырады.
      .В.Г.Белинский айтқандай: «Сезім-білімге жол ашушы, шындықты  сезбеген
адам оны түсінбейді және оны тани  білмейді  де»  Шәкіртің  сезімі  үлкендер
таныстырған  шығарманың  тілін,әсемділігін,  құндылығын,түсініп,   оны   ұғу
процесінде дамиды.Ұлтық нышанда жасалған көркем шығарма  өз  ұлтық  өнерінің
әдемілігін   түсінуге   және    қоршаған   ортаны   эстетикалық   тұрғысынан
қабылдауға,сонымен  қатар  этикалық  түсінігінің  қалыптасуына  көмектеседі.
Бейнелеу  өнері  сабағында  оқушылардың  тек  машықтылығын  ғана  жетілдіріп
қоймай, олрды халықтың сәндік-қолданбалы өнер түрлерерімен таныстыру .
      Ол негізінен, шәкіртердің бойында мынадай  қасиеттерін  қалыптастырып,
дамытуға жағдай жасайды деп есептеймін:
      а)Халықтық сәндік-қолданбалы өнер арқылы ол өз  халқының  мәдениетімен
тарихынан мағұлмат алып танысады;
      ә)Қазақтың сәндік-қолданбалы  өнері  өзінің  ұлтық  бояу  нақыштарымен
   ерекшеленеді,  осы  үлтық  бояуларды  эстетикалық  үйлесімділігін  бойына
сіңіріп өскен шәкірт, болашақ шығармашылығында  өзінің  ұлттық  нақыштарымен
ерекшеленетін,  өнер  туындыларын  өмірге  әкеле   отырып,   ұлттық   өнерді
болашаққа жалғастырушы және насихаттаушы ретінде қалыптасады;
      б)   Жасөспірімге эстетикалық тәрбие беру барысында ұлттық мәдени  мол
қазынаны, рухани тәжрибені  тануға  үйрету  оқушылардың  ұлтжандық  қасиетін
қалыптастырып қоймай, оның сезімін  тәрбилеп,  көркем  талғамын  жетілдіруге
игі әсер етеді;
      Қазақ  халқының  сәндік-қолданбалы   өнері,   жас   ұрпақтың   бойында
эстетикалық  мәдениетті  қалыптастыруда  және   адамзаттың   рухани   мәдени
байлығын тынымсыз суара беретін бұлақтың қайнар көзі болып қала береді.
      Сондықтан біздің мақсатымыз –  шәкірттердің  сәндік-қолданбалы  өнерді
оқып  зертеуге  деген  қызығушылығын  артыру  және  оны  эстетикалық  тәрбие
берудің құралы ретінде пайдалану.








                      3.1 Технолгияны  оқыту әдістемесі

      Әрбір мемлекеттің болашағы оның мектебінен, отбасынан шыңдалады. Ертең
осы  елге  ие  болып,  тізгінін  ұстар  азаматтар  бүгінгі  мектеп   оқушысы
болғандықтан, қазақстандық  барлық  мектептерге  үлгі  болуға  тиісті  қазақ
тілінде оқытатын мектептердің  бүгінгі  жайы,  даму  бағыттары,  келешегінің
көкжиектері  бүкіл   қоғамның,   мемлекеттің   назарында.   Өйткені   барлық
мектептердің ішіндегі сан жағынан болсын алдыңғы  орнында  және  мемлекеттік
тілде білім беретін бұл мектептер  еліміздің  ұлттық  білім  беру  жүйесінде
айрықша орынға ие.  осы  жерде  біз  алдымен,  бүгінгі  қазақ  мектептерінде
«технология» сабағындағы ұлттық  қолөнер  дәстүріне,  жалпы  этномәдениеттің
даму  жайына  ерекше  тоқталғымыз  келеді.  өйткені  бұл  сабақтағы  қолөнер
бұйымдарын  оқушыларға  жасату   арқылы   білім   беру   мәселесі   тәуелсіз
мемлекетіміздің  мәдениетін  нығайтуға  себеп  бола  алады.  Ал  бұл  салаға
байланысты қазақ  мектептерінде  білім  беру  спасын  арттыру  оған  қатысты
сандық көрсеткіштердің өсуіне тікелей  байланысты.  Қазақ  мемлекетінің  түп
қазығы қазақ мектептерінің желісі еліміз тәуелсіздік  алғаннан  бері  едәуір
кеңейді.
      Қазақ  тілінде  білім  беру  мазмұнындағы  технология  сабағы  бұрынғы
ақтаңдақтардан арылып, айтарлықтай байытылды, мұғалімдерге арналған  қосымша
дидактикалық  материалды  және  олар  байқаудан   өтуде.   Қазіргі   кездегі
іскерлік, еңбек заманында технологияның  тез  ауысуына  байланысты  адам  өз
кәсібін еріксіз өзгертуіне тура  келетініне  әлемдік  тәжірибе  куә.  Осыған
орай, еңбек пәні арқылы оқушылар, адамдағы әр түрлі бағыттағы  іскерлік  пен
біліктілік және технология әлемінен, оның мәдениетінен  жан-жақты  танысуына
тура келеді.  Жалпы  технологиялық  өзгерістер  және  қоғамдық  индустрияның
әсері  қазіргі  кездегі  жұмысшыларға  жаңа  функцтоналды  талаптарды  қоюға
мәжбүр етті, ал одан алынған өнім бөліктеріне  қойылатын  талаптар  күшейіп,
жұмысшылардың іскерлігін жобалап, шығармашылық жұмыстарына жол ашылып  отыр.
Жұмысшылардың бұл қасиеті ерте жастан қалыптасып, оқу және еңбек  мерзімінде
де қатарласып дамуы тиіс. Соңғы жылдары технология пәнінің мазмұны,  қолдану
аймағы оның түсінігі күрт өзгерді. Қазіргі өзара  тығыз  байланыстағы  кезде
ол  адамның  материалды,  көтеріңкі,  сол  сияқты  әлеуметтік,   бір-бірімен
байланыс деңгейін іскерлігін қамтиды. Технология пәнін біз әдістемелік  және
жүйелік білім аймағы деп анықтаймыз. Оның ішінде адам баласының  ынтасындағы
материалдар,  қуат  және  анықтамалар,  қоғамды,  табиғатты  қорғау  т.   б.
Технология  бұрынғы  әдістемелік  мазмұнды  жаңа  талаптарға  сай   бағыттап
оқытады.  Оның  негізгі  оқыту  бағыты  сана  сезімді  дамыту,  ондағы  жаңа
талаптарды қабылдауға және іске асыруға кең жол ашады.
      Олар:
      - аймақты кешенді ойлау;
           - қажетті хабарларды өз бетінше іс жүзінде айқындау;
      - тың білімдерден үздіксіз хабардар болу, олардың әдістемелік құрамдас
бөлігін қайта жаңғырту іскерліктері т. б.
      Батыс Еуропадағы көптеген елдерде оқушывларды еңбекке баулуға дайындау
саласы 1988 бері өте кең көлемде өріс алған. Ұлыбританияда  мемлекет  аралық
экономикалық одақтың құрылуына байланысты бес оқу құралдары бар. Олар:
      - дизайн және технология;
        - өнер және дизайн;
        - ақпараттық технология ;
        - бизнес;
      - үй үнемі кәсіпкері.
      Бұлар батыс еуропадағы технология мемлекеттік пәніне жаңадан енгендер.
Оның басты мақсаты оқушыларды  өмірлік  еңбек  жолына  дайындау,  тәрбиелеу.
Болгарияда  еңбек  және  технологиялық  дайындықта  9-10  сынып   оқушыларын
оқытудың өте қызықты тәжірибесі жүргізілген. Ал ең негізгі  роботты  техника
әдістемесі Германияда қарқынды дамуда.  Әлемдік  тәжірибеге  сүйене  отырып,
Қазақстан  республика  жалпы  мектеп  оқушыларын  технологиялық  дайындықтан
өткізуде. Оның негізгі білім беру мақсаты  оқушыларды  еңбектегі  іскерлікке
дербес дайындау, ой-өрісі  дамыған,  білімді,  мәдениетті,  шығармашыл  жеке
тұлға етіп тәрбиелеу. Бұл мақсат мыналарды көздейді:
 - жастардың дүниетанымын дамыту,  техника  негіздерімен,  жаңа  жетістіктер
   технологияларымен, экономикалық және кәсіпорындық білімін  жетілдіру  мен
   таныстыру;
      -  қолөнер  материалдарын  көркемдеп  өңдеуде,  соның  ішіндегі  еңбек
мәдениеті, отбасында, ұжымда келіспеушілікті болдырмау.
      Бұл үшін оқушылар қажетті мүмкіндіктерін анықтауы қажет. Олар:
      -  туындаған ойларды іске асыру;
      -  Технологияны талдау, өнімді, істі құрастыруды ойластыру;
      -  жұмысты жоспарлау;
      -  ұйымдастыру және орындау;
      -  жұмыстың әрбір кезеңіне баға бере білу;
      -  өзіңнің іскерлігіңді болжау;
      -  шығарған өнімдеріңді саутты тарату.
      Қазіргі технология пәні мұғалімі, мектеп басшысы педагогтар ұжымындағы
және сыныптағы жеке адамдар арасындағы қарым-  қатынас  қай  бағытта,  қалай
жүзеге асатынын әрбір жеке оқушының өзіне,  айналадағы  адамдарға,  еңбекке,
қоғамға деген көзқарастарының дамуын бақылап, талдай білуі тиіс. Сонда  ғана
әрбір оқушының қандай ісмерлікке бейімділігін технология пәні мұғалімі  оңай
анықтай  алады.  Қоғам  өзгерісіне  қарай  ой  өзгереді,  әсіресе   нарықтық
жағдайдағы   экономикалық    қиындықтар    технология    пәні    мұғалімінің
психологиясына  әсер  етпей  қоймайды  (  мысалы,  шикі  заттардың,  тікелей
қажетті  материалдардың,  балалардың  жұмыс   істейтін   құрал-саймандарының
жоқтығы немесе жетіспеушілігі т. б. ). Сондықтан қазіргі кездегі  әлеуметтік
мінез-құлықты,  психологиялық,  психикалық   реттеу   механизмдерін   түсіне
білудің маңызы зор. Технология пәні мұғалімінің, оқушылардың  жақсы  ынтамен
жұмыс істеуге ынтасын оятуға мүмкіндігі бар, ал  кәсіптік  шеберлігін  қалай
шыңдатамыз деген сұраққа мұғалімнің  де  шығармашылық  шеберлігі  де  қажет.
Белгілі педагог В.А. Сухомлинский «педагогтар ұжымының  шығармашылық  еңбегі
мен  мұғалімнің  педагогикалық  мәдениеті,  оқыту  ісіне  басшылық,  сабақты
талдау,  оқу  жылын  қорытындылау,  мұғалімнің  шәкірттермен  қарым-қатынасы
туралы  айта  келіп,  оқу-тәрбие  үрдісі  ғылымның,   шеберліктің,   өнердің
қосындысы » -деген.
      Технология пәнін ғылыми тұрғыда басқару дегеніміз:
      -  өткен сабақтың нәтижелеріне терең де жан-жақты педагогикалық талдау
жасау;
      -  іскерлікті оқыту мен оған тәрбиелеудің мақсатын жоспарлау;
      -  практикалық сабақтарда, оқу-тәрбие існде материалдық қаражатты және
педагогикалық, рухани  күш-жігерді  аз  жұмсап,  жетістікке  қол  жеткізетін
тиімді жолдарын іздестіру;
      -  оқушылардың ата-аналармен бірлесе отырып,  тығыз  байланыста  жұмыс
істеу, тәжірибе алмасу;
      -   технология  сабағында  оқу-тәрбие  мазмұны  мен  әдістерін  ғылыми
негізде жүргізуді жетілдіру;
      -  оқушылардың іскерлігі мен біліктілігін, шығармашылық  белсенділігін
ұдайы көтеріп отыру т. б.
      Технология пәні мұғалімі  білімдар,  іскер,  тәжірибелі  мұғалім,  әрі
психолог болуы тиіс. Сонымен бірге тәжірибелі әрі  іскер  мұғалім,  өз  ісін
жетік біліп  және  оқушылардың  талантын,  шығармашылықпен  ынтымақты  еңбек
ететіндігін,  олардың   достық   қарым-қатынасын   ажырата,   сезе,   байқай
білгендігіне  де   көп   нәрсе   байланысты.   Технология   пәні   мұғалімін
толғандыратын, шешімін күткен мәселелер толып жатыр.
      Олар:
      -  оқушылардың іскерлігі мен  біліктілігіне,  оған  тәрбиелеуге  қалай
басшылық етукерек;
      -  мектеп өмірі сияқты күрделі механизмнің  барлық  бөлшектерін  қамту
үшін оқушылардың еңбегін қалай ұйымдастырып, жоспарлап бөлу керек;
      -  ата-аналарды балаларын еңбекке, іскерлікке, ұлттық  қолөнер  арқылы
патриоттық сезімге тәрбиелеуге қалай үйрету керек;
      -   мұғалімнің  оқушыларға  білім  берудегі  оларға   басшылық   етуде
жоғарыдан формализм мен әкімшілік қыспағын жасауға қалай жол бермеу керек;
      -   оқушылардың   білім   алған   іскерлік-   еңбектеріне,   біліміне,
шеберлігіне тікелей немесе жанама түрде қалай араласу керек.
      Технология сабағында әдістемелік кешендері оқыту жүйесін қайта  құруды
кең таралып кеткен үйреншікті  кемшіліктерді  жоюдан  бастаған  жөн,  біздің
ойымызша, олар төмендегілер:
      -   технология  пәні  оқушыларының   жұмыс   атқаратын   аймағының   (
обьектісін) жай-күйін;
      -  Оқушылардың біліктілігі мен іскерлігінің сапасы;
      -  жұмыс істеу кезіндегі мінез-құлқы;
      -  оқушылардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыс;
      -  оқушылардың сабаққа қатысуы және т. б.
      Бұл ережелерден хабарсыз болған технология пәні  мұғалімі  оқушылармен
белгілі бір алдағы кезеңде атқарылатын іске немесе  жұмысқа  нақтылы  талдау
жасауды  және  болатын  істің  жоспарын  белгілей   алмайды.   Бұл   жұмысты
ұйымдастырудың мәні  менмақсатын  жете  білмей  әрекет  етеді.  Оқу  жылының
аяғында, жыл бойы оқылған теориялық және  сарамандық  (  практикалық)  білім
берудегі жылдық жоспарға сай « Өткен оқу жылына талдау» - деген бөлімді жан-
жақты қарған жөн. Өкінішке орай, біз  тәжірибе  кезінде  мұндай  талдауларды
ешқандай мектептерден  кездестіргеніміз  жоқ,  ал  оның  орнына  оқушылардың
білім жүйесінің төмендігін немесе іскерліктің қалай  келгенін  айтумен  ғана
шектелулер бар. Олар:
      -  мұғалімнің үлгермей жатқан оқушыны дер кезінде анықтай алмауы, оған
бақылауды өте таяз жүргізуі;
      -  оқушылардың жасаған бұйымдарының кемістігіне талдау жасалмағаны;
      -    жасалған   бұйымдарға   салыстырмалардың   болмауы   немесе    ол
салыстырмалар сауатты өткізілмегендігі т. б.
      Көптеген мектептерде жіберілген  кемшіліктердің  фактілерін  санамалау
бар да, кемшіліктің себебін ашу саласы мүлдем жоқ.
      Сонымен,  ең алдымен , технология пәні  мұғалімдері  өздерінің  кәсіби
білімін жетілдіруі қажет. Сонда ғана оқушыға жүйелі білім беріледі.


                  3.2   Техналогия пәнінің сабақ жоспарлары

Пән:
Сыныбы: 6-шы сынып.
Сабақтың тақырыбы: Халық тәлімі. Тал бесікті  тербеткен бесік жыры.

Сабақтың мақсаты: Ең алдымен  тал бесікті  тербеткен  махаббатқа  толы  әлди
бесік жыры  екенін  түсіндіру.  Бесікке  байланысты   тиымдар  мен  рымдарды
үйрету, бесік жырлары тұралы айту.

Тәрбиелілігі:  Ата-анаға  деген  құрметін  аттыра   отырып,   мейрімділікке,
қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік:  Бесік макеті мен  қанатты сөздер.

Сабақ түрі: Кездесу сабағы  сыныптағы көп балалы, ардақты анамен кездесу.

Сабақ барысы:
1 ұйымдастыру кезені
2 жұмбақ шешуден басталады
Әрі төсек ,
әрі үй – бұл не?  (бесік)
Келген қонақты таныстыру  «Бесік жыры» - жайлы кіріспе сөз.
Бесік  жыры   бөбекті   жұбату  үшін   және  оған  тікелей  айту  үшін  ғана
шығарылған  емес.   Ырғағы  бесіктін  тербелісіне  келетін  сыбырлы  екпінді
айтатын  қоңыржай  әуен  бөбектің  сезім  мүшелері  арқылы  оған   сүйкімді,
сүйсінерлік әсер етіп,  жан-жүйесін жадыратады,  ұнамды,   ұнасымды  әсермен
баланы жұбатады. Баланың келешегіне  ұміт  артып,  тілек  айта  отырып   оны
жұбатушы  ана   болашақтың  шамшырағы  мен   нұр  сәулесінен  қуат  алғандай
әсерленеді.  Ата-ана  жатқа айтатын  тілектерді   тілі  шыққан  балдырғандар
да  жаттап әр түрлі дамиды, сол сөздерден тәлім алады.
      Бесік жырларының мазмұнына қарай әр түрлі болады.
Бесік жыры: шілдехана жыры,  бесікке бөлу жыры,  жұбату тілек айту,  батиа
тілек.
      Бесік жырын жаттап  айту арқылы  баланың ойы, тілі, эстетикалық білімі
дамып, қалыптасады Адамгершілік сезімі артып, бөбекке деген   сүйіспеншілігі
қалыптасады.
      Бесік жырының  отбасындағы  тәрбиелік мәні зор.  Ол  болашақ  әулеттің
қамқорлық, борыштық,  дәстүрлік,   рәсімдік  қасиеттерін  де  қалыптастыруға
себебін  тигізеді.
      Түн ұйқысын  төрт бөліп,
      Тұнде бесік тербеткен.
       Ақыл айтып мәпелеп,
      Ана  жаным  ол менің.
«Ана  туралы  жыр» әні  орындалады.
      Бесікке  байланысты  әжеміздің ырым-тиым  нақыл  сөздерін еске  сақтап
 жүрейік.
   1. Құр, бос бесікті  тербетпе.
   2. Бесікті  бір қолмен  тербетпе.
   3. бесікті  жатқан  сәбиді сүйме, мазалама.
   4. бесікті теппе, аттама.

Сабақты қорытындылау.





       Пән: Еңбекке баулу


      Сыныбы: 3-ші сынып.


      Сабақтың тақырыбы:     Қағаздан  қозғалмалы ойыншық жасау.


      Сабақтың мақсаты:      Қозғалмалы ойыншықтың  жасалу  әдісімен танысу,
                            оқушылардың  шеберліктерін арттыру.


      Сабақтың көрнекілігі:  шаблондар, дайын ойыншық түрі.


      Сабақтың  түрі:  теориялық  және практикалық.


      Сабақтың типы:   жалпы  қағаз  өңдеу әдісі  жөнінде   аоған  тәжірибе,
                            білімдерін арттыру, дамыту.


      Пәнаралық байланыс:    музыка сабағы.


      Сабақ жоспары:
     1. Ұйымдастыру -3 минут;
     2. Өткен тақырыпты  пысықтау -10 минут;
     3. Техника қауіпсіздігі  ережесімен танысу -5 минут;
     4. Жаңа тақырып түсіндіру  - 20 минут
     5.  Практикалық жұмыс;
     6.  Қорытындылау.


     1. Ұйымдастыру:
      Оқушылардың  сабаққа  қатысуын, үй  тапсырмасын, сабаққа дайындықтарын
       тексемемін.
     2. Өткен тақырыпты  пысықтау:
      Өткен сабақта қағазбен жұмыс жасау  әдістерін  еске  түсіру.
      Қағаздың  шығу тарихын  еске  түсіру.  Қағазды   үнемдеу   пайдалануға
      үйрету.
     3. Қауіпсіздік  ережелері:
      Жұмысымыз  сапалы  жеңіл орындалу  үшін  сабақ   кезінде  пайдаланатын
      құралдарымыз өте өткір  болады.  Сондықтан   қайшымен   жұмыс  істеген
      кезде  қауіпсіздік ережелерін  сақтау керек.   Және   осы  ережелердің
      жұмыс  процесі  кезінде  сақталуын  ұдайы қадағалаймын.
     4. Жаңа тақырып:
      -  Ал  енді,  балалар,   бүгін   «сайқымазақ»   ойыншығының    жасалу
        жолдарымен  танысып, оның бөлшектерін жасап үйренеміз.
      - Балалар, сендер  «сайқымазақты»  қайдан көресіндер?
      - Оның  ерекшелігі  қандай?
      - Ол сендерге  неге ұнайды?
      - Дайын шаблондар  балаларға  тараптылып беріледі.
      «Сайқымазақты»  дайындау  үшін  қатты  картон қағаз,   жіп,   акварель
      краскасы қажет екенің айтамыз.
     5. Практикалық  жұмыс:
      Оқушылар дайын  шаблондарды   пайдалана  отырып,   жұмысты  бастаймыз.
      Мұғалім оқушыларға  жұмыс барысында  көмек беріп  отырады.
     6.   Қорытынды:
        Жасалған   қозғалмалы    ойыншықтарын    жинап   алып,   оқушылардың
      жұмыстарын бағалаймыз.  Олардың  сәл жіберген қателіктері болса  айтып
      қорытындылаймыз.
      Оқушыларға  жұмыс  орындарын   жинатып,   тазалық  сақтау   ережелерін
      орындатамын
                                  Қорытынды
        «Кез келген халықтың  алыс  заманалардан  бері  қалыптасқан  өзіндік
болмыс бітімі , салт дәстүрі , материалдық   және  рухани  мұралары  -   сол
халықтың ғұмыр жолының айнасы». (А. Сейдембеков «Күңгір-  күңгір  күмбездер»
14 бет)
      Халықтың сәндік-қолданбалы өнері-көркем  мәдениеттің  ажырамас  бөлігі
мен өшпес мұрасы. Сәндік – қолданбалы өнер  туындылары  –  кез-келген  ұлтың
әдет-ғұрыпының, көркемдік  салт-дәстрдің  бет  пердесі,  сонымен  бірге  сол
халықтың көркем тәжрибесі мен тарихының  ескеркіші.  Кейбір  кезде  осы  бір
сәндік   қолөнері   болсын   басқа   да   мәдени    мұраларымызбен    руқани
құндылықтрымызды танып білуге  дәрменсіздік  көрсетіп  жүрміз.  Сол  себепті
бүгінгі  таңда  қазақтың  дәстүрлі  қолданбалы  сәндік  қолөнерін  жан-жақты
зерттеп, жастарды сол ұлттық салт-дәстүрдің мол мұраларын  бойларына  сіңіре
отырып,тәрбилеу  арқылы,  бойларына  рухани  және   эстетикалық   мәдениетті
қалыптастыру қажеттілігі өсіп отыр.
      Сондай қажеттіліктің бірі халықтың қолданбалы сәндік  қолөнері,  соның
ішінде ою-өрнек пен зергерлік, сәндік  қолөнер,  әшекейлеу  өнерінің  тәлім-
тәрбиелік, эстетикалық  танымдық  мүмкіндіктерін  қазіргі  ұрпақ  тәрбилеуде
тиімді пайдалана білу болып табылады.
      Жаңа Қазақстанның  оқу   жүйесінің   сапасын  арттыруда  оқытушылардың
әлеуметтік және психологиялық жағдайының маңызына ерекше көңіл  бөлу  қажет.
Оқытушыларға  қазіргі таңда  үлкен   жоғарғы  талаптар  қойылып  отыр.   Оқу
процесі кезінде оқытушының жан-жақты болуы   білімінің  деңгейі   және  оның
психологиялық жағдайы үлкен әсер етеді.
      Түсніктеме хаттаманың бірінші  тарауында  халқымыздың  ұлттық   мәдени
құндылықтарының  сәндік  қолданбалы  өнер  түрлері  және   олардың    жасалу
жолдарына   тоқталды.   Теориялық  бөлімінің  екінші  тарауында  ағаш  өңдеу
тәсілдері және олардың ұлт мәдениетіндегі ролі  қарастырылды.  Осы  тараудың
бөлімдерінде   халқымыздың  мәдени  құндылықтарының    бірі   ою-өрнектердің
дизайындағы, архитектурадағы, сәндік-қолданбалы өнер  туындыларындағы   және
жалпы өнердегі  орны туралы қарастырылды.
       Қазіргі  таңда  жас  ұрпақтардың   бойында   эстетикалық   мәдениетті
қалыптастыруда ұлттық өнер түрімен   жаңа  заман  өнер  түрлерінің   араласу
синтезінен туған өнер туындыларының  рөлі зор.
      Диплом жұмысында  қазіргі замандағы  Қазақстан дизайнда  және  бйнелеу
өнерінде   әр  түрлі   халықтар   өнерлерінің  синтезінен   құралған    өнер
туындылары  қарастырылды. Үшінші тарауда әдістемелік  бөлім   онда   еңбекке
баулу  пәнінің  сабақ жоспары,  бейнелеу  өнерінің  күнтізбелік  және  сабақ
жоспары ұсынылып отыр.
      Диплом  жұмысын  теориялық  және  практикалық  тұрғыдан  зертей  келіп
сәндік қолданбалы өнер бұйымдары өзінің  құндылығын  өнер  туындысы  ретінде
және жас ұрпақты тәрбилейтін құрал ретінде маңыз зор.
      Қандайда  болмасын  қоғамның  мәдениетінің  ілгері  дамуы,  әлеуметтік
прогрестің маңызды белгісі болып табылады. Мәдениеттің  қақ  ортасында  өнер
тұр. Өнер-адамзат өмір жолының ең ертедегі формаларының бірі  болып  келеді.
Адамның әлемге көзқарасы  өнер  тұрғысынан  алғанда,  айналадағы,  қоғамдағы
құбылыстардың ортасында тұрады. Бейнелеу өнері болсын, өнердің қай бір  түрі
болсын өз  шығармаларында  қоғамдағы,  өмірдегі  болып  жатқан  құбылыстарды
бейнелемей оны айналып өте алмайды. Сондықтан халқымыздың алыс  заманалардан
бері  қалыптасқан,  өзіндік  мәдениетінен  сыр   шертетін    бейнелеу   өнер
туындылары, сол ұлттық мәдениетіміздің ғұмыр жолының айнасы.

































































      Әдебиеттер тізімі


1. Быков В.В. Материалы  и  техника  художественно  –  оформителских  работ.
–М,:Плакат,  1986
 2.  Ерошкина В.Ф. Промышленная графика,: Омск: ОГИЗ, 1998.
  3.  Искусство  ансамбля.  Художественный  предмет–  интерьер–  архитектура
-среда     / сост.А. К. Василевский. –М,: Просвещение, 1981.
4.Капр А. Эстетика искусства шрифта. –М,: Книга, 1979.
5.Кикушин Г.Ф. Шрифт: Для художников офармителей . – Минск, 1980.
6.Кудин П.А., Ломов Б.Ф. Митькин  А.А.  Психология  восприятия  и  искусство
плаката. – М,: Плакат, 1987.
7.Рунге В.Ф., Сеньковский В.В. Основы теории  и  методологии  дизайна.  –М.,
2001.
8.Художественное проектирование / Под. Ред.  Б.В.  Нешумова,  Е.Д.  Щедрина.
–М., 1979
9.АникетМ., и др. Русский графический дизайн. –М., 1992.
10.Серов С. И. Стиль в графическом дизайне. –М., 1991.
11.Холмянскиий Л.М., Щипенов А.С. Дизайн.-М., 1985
12.Сапего И.Г. Предмет иформа. Рол восприятия матиральной среды  хдожника  в
создании пластической формы. –М., 1984.
13.Пезе М.Э.  Очерки  истори  художественого  конструирования  в  России  18
начала 20 веков. –Л., 1978.
14. Черейская М. Г. Художественные изделия из новых материалов. М., 1975.
15. Соловьев С.А. Декоративное офармление. –М., 1987.
Функции художественно- графического офармления учебников:
16 .Современная учебная книга / Подред. Донского Г.М. – М., 1986.
17.Рыжков И.Я. Международное рекламное дело. М., 1984.
18 .Смирнов С.И. Шрифт и шрифтовой плакат. –М., 1981.
19.Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы. Өнер. 1987.
20.Әбдуәлиев Ш. Халық қолөнері, Алматы, Рауан, 1992.
21.Бастауыш сыныпта оқыту. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. 2007.
22. № 2. Ши тоқу. Қуанышбаева Ж. 31-33 бет.
23.Бастауыш  мектеп.  Республикалық  ғылыми-әдістемелік  және  педагогикалық
журнал. 2004. № 2. Ши тоқу. Смайлова М.55-57 бет.
23.Бәсенов Т. Орнамент Казахстана в архитектуре. Алма-Ата. 1957.
24.Баримбеков Ж.Ш. Қазақ оюв. Сурет бояу альбомы. Алматы. Өнер. 1986.
25.Қасиманов С. Қазақстан халқының қол өнері. Алматы. Қазақстан.  1969.  108
бет.
26.Қазақстан әйелдері. «Артық болмас білгенің. Ши тоқу өнері жайында.» №  4.
1994. 28 бет.
27.Қазақ ССР тарихы. 1 том. 1957. 209 бет.
28.Құралұлы А. Қазақ дәстүрлі  мәдениетінің  анықтамалығы.  Алматы.  Сөздік-
словарь. 1998.
29.Нәлібаев А. Ағаш ою. Алматы., Өнер, 1994.
30.Нұрпейісов Ә.Р. Қазақ халқының ою-өрнектері. Алматы. Өнер. 2002.
31.Мектептегі технология. Республикалық әдістемелік  журнал.  №4.  2004.  18
бет.












































































                                 Қосымшалар










































































Пәндер