Файл қосу
Кәсіпкерлік тәуекелділікті бағалау
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК |ПОӘК 042-18-2.1.019/03 | | | |-2013 | |ПОӘК | | | |«Тәуекелділікті |№ _______ басылым | | |басқару» пәнінен |_______________ | | |оқу-әдістемелік | | | |материалдары | | | ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «ТӘУЕКЕЛДІЛІКТІ БАСҚАРУ» 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей- 2013 Мазмұны 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Практикалық сабақтар 4. Студенттердің өздік жұмысы 1 ГЛОССАРИЙ Тәуекелділік (қатер) – экономикалық қызмет шарттарының кездейсоқ өзгеруіне байланысты күтілген табыстың, мүліктің, ақшалай қаражаттың болжанбаған шығасыға ұшырау қаупі. Банк тәуекелділігі – несиенің қайтарылмауынан және лицензияның қайтарып алынуынан болатын ықтимал шығасы қаупі. Валюталық тәуекелділік – валюталар бағамының болжап білуге болмайтын өзгерімке ұшырауына байланысты қауіп. Пайыздық тәуекелділік – пайыздық мөлшерлемелердің болжап білуге болмайтын өзгеріске ұшырауы. Диверсификациялау – бұл инвестицияланатын қаржыны әртүрлі бір бірімен байланысты емес салу обьектілері арасында, капиталды немесе одан алынған түсімді жоғалту мүмкіндігін төмендету мақсатында болу. Лимиттеу – бұл шығынды, сатуды, несиені және т.б. шектеулі сомасын тағайындау. Лимиттеу тәуекелділік деңгейін төмендетудің маңызды құралы болып есептеледі. Хейджирлау – бұл қаржылық операциялардың тәуекелділігін болдырмайтын немесе шектейтін, бағалы қағаздар тәуекелділігімен байланысты әрекеттің түрі. Тәуекелділіктен құтылу – бұл тәуекелділікпен байланысты шарадан жай түрде бас тартуды білдіреді. Тәуекелділікті беру – яғни қандайда бір тәуекелділігінің жауапкершілігін басқа біреуге беруі. Мысалы, сақтандыру қорына. Тәуекелділіктің деңгейін азайту – бұл ықтималдылық және шығын көлемін қысқарту. Апатты тәуекелділік – мұнда қандайда бір зиянға байланысты ұйымның, кәсіпорынның банкроттыққа ұшырауы, яғни барлығынан айрылуы. Сараптамалық бағалау – ықтималды мүмкіндігін және ең қиын жағдайдағы тәуекелділікті алумен, болмаса осы кәсіпорынның немесе ұйымның ең ықтималды шығындарын бағалау арқылы шектеу жасау. Зиян – бұл кез келген обьектілердің қасиеттерінің әртүрлі теріс жағдайға байланысты зардап шегуі. Сақтандыру тәуекелділігі – қауіп қатер және кездейсоқтық, олардың басталуы мебепті сақтандырушы зардап шеккен торапқа сақтандыру өтемін төлеу міндеттемесін мойнына алады. Венчур – бұл көп үміт күттіретін, бірақ тәуекелділікті қажет ететін жобаларды іске асыру арқылы, жабдықты тез ауыстырып, тез жаңартуды жүзеге асыратын ұйым. Дағдарыс - әртүрлі жағдайларға байланысты мемелкетте болсын, кәсіпорын, ұйымда болсын қарама-қайшылықтардың күрт шиеленісуі.(құлдырау, құнсыздану, ашаршылық, оба, өлім т.с.с) Кездейсоқтық - жағдайдың нақты қай уақытта болатыны белгісіз. Оқиғаның ықтималдылығы - бұл оның математикалық белгісі, статистикалық көрсеткіштердің жеткілікті санымен болатын оқиғаның жиілігін есептеу мүмкіндігін білдіреді. 2 ДӘРІСТЕР Тақырып 1. Тәуекелділік мәні басқару категориясы ретінде. «Тәуекелділік» түсінігі және тәуекел – менеджер мамандығының даму тарихы. Тәуекелділік мәнін ашатын негізгі терминдер: кездейсоқтық, зиян, ықтималдылық, жағдай, жеке жағдайлар, жағдайлардың жиынтығы, инцидент, сценарий. Тәуекелділікті классификациялау: қауіпті жағы бойынша(техногендік, табиғи, аралас), қызмет сипаты бойынша(кәсіпкерлік, қаржылық және коммерциялық, кәсіби, инвестициялық, көліктік, өнеркәсіптік), обьект табиғаты бойынша( азаматтардың өміріне және денсаулығына зиян келтіретін тәуекелділік, азаматтық жауапкершілікпен келетін тәуекелділік). Тәуекелділікті басқару сатылары: тәуекелділікті талдау, әсер ету тәсілін таңдау, шешім қабылдау, тәуекелділікке тікелей әсер ету, басқару процессінде нәтижесін ретке келтіру және бақылау. Бүкіл әлемдік экономика соңғы 10 жылда бірқатар өзгерістерге ие болады. Ол бизнес процесіндегі ақпаратты,технологияны белсенді енгізу, ірі трансүлттық компания ортасында елеулі өзгерістердің болуы. Барлық салада басшыларының өзгеруі, мысалы телекоммуникацияда, фармацевтте, банктік секторда,т.с.с. Бүған негізгі себеп болып жатқан жағдайға жоспарды дұрыс құрмауында. Тәуекелділік менеджмент жеке ғылым ретінде XX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. І-ші зерттеулер АҚШ-тағы 1944 жылы болған апаттан кейін қауіпті өндірістердегі тәуекелділікті бағалау әдістемесін құруға әкеледі. Тәуекелділік кез-келген процестің ажырамас сипаттамасы бола отырып, кез-келген компанияға елеулі әсер етеді. Компания қызметінің тиімділігін артттыру үшін тек қана тәуекелділікті бағалау ғана емес, сондай-ақ басқару тәсілдерін де анықтау керек. Тәуекелділікті басқару - адам қызметінің саласында әр түрлі әсер ететін материалдық және физикалық шығын әкелуін зерттейтін синтетикалық пән. Ең бірінші рет "Тәуекелділік","3иян" түсініктері адам қызметінің іскерлік саласында сақтандыру істерінде сақталды. Кейіннен биржалық салада қолданды. Тәуекелділік - кездейсоқ оқиға тобы немесе оқиға. Ол берілген тәуекелділікке ие болатын объектіге зиян келтіретін оқиға. Кездейсоқтық - жағдайдың нақты қай уақытта болатыны белгісіз. Зиян - бүл объект қасиеттерінің нашарлауы немесе жойылуы. Егер объект ретінде адам болса, зиян оның денсаулығына немесе өліміне әкеледі. Ал егер де объект мүлік болатын болса, мүліктік қасиеттерінің жойылуы, бүл сұраныстың жойылуы, қолдану қасиеттерінің бүзылуы. Кәсіпкерлік тәжірибеде мүліктік зиян көбінесе пайданың болмауымен әкелінеді. Оқиғаның ықтималдылығы - бұл оның математикалық белгісі, статистикалық көрсеткіштердің жеткілікті санымен болатын оқиғаның жиілігін есептеу мүмкіндігін білдіреді. Олай болса жеке оқиғалар тәуекел менеджмент көзқарасына қарастырғанда екі маңызды қасиеттерге ие болады: ■ Ықтималдылық; ■ Зияндылық. Тәуекелділік оқиға жиынтығы ретінде оны тарату жинақтарынан тұрады. Олардың әрқайсының өзінің ықтималдылығы және зиян мөлшері болады. Тәуекелділіктің дәрежесі компания қызметімен байланысты және байланысы жоқ көптеген факторларға тәуелді болады. Тәуекелділікке әсер ететін факторлар жеке тәуекелділікке әсерін тигізіп қана қоймай, топтасқан бірнеше тәуекелділікке әсерін тигізеді. Тәуекелділік туғызатын факторлар саны көп. Соның ішінде оларды 2 топқа бөлуге болады: 1.Ішкі факторлар бұл компания қызметі процесінде пайда болатын факторлар. Оған өндірістің айналым және басқару сферасындағы копанияның іс әрекеті болып табылатын процестерді, қозғалыстарды, заттарды жатқызуға болады. 2.Сыртқы факторлар бұл компания сыртында пайда болатын факторлар. Оған әлеуметтік, экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси факторларды жатқызуға болады. Тәуекелділік туғызатын факторларды компанияның осы факторлардың қызметіне тигізетін әсері бойынша объективті және субъективті болып бөледі. Тәуекелділік туғызатын факторлар микро және макрофакторлар болып бөлінеді. Микрофакторларға компания қызметінің қателіктері, бағдарламалық қамтамасыз ету қателіктері, технологиялық процестердің қателіктері, басқару деңгейі жатады. Макрофоакторларға валюта бағамының өзгеруі, құлдырау деңгейі, салық салу мөлшерлеменің өзгеруі, климаттың өзгеруі жатады. Барлық тәуекелділікті келесі белгілері бойынша бөледі: Қауіп қатер жағынан қолайсыз жағдай тудыратын техногендік, табиғи, аралас тәуекелділік. Техногендік тәуекелділік адамның шаруашылық қызметінен туындайтын тәуекелділік: қоршаған ортаның ластануы, аварияның болуы және т.б. Табиғи тәуекелділік адам қызметіне байланысты болмайды. Оған негізінен табиғи апаттар: жер сілкінісі, су басу, дауыл, вулкан атқылауы т.с.с. жатады. Аралас тәуекелділік табиғи және адам қызметінен болатын оқиға-лар жатады. Мысалы құрылыс жұмыстарын жүргізуден болатын тәуекелдіктер. Іс әрекеттің сипаттары бойынша: Кәсіпкерлік тәуекелділік өнеркәсіптің айналымымен және табысымен байанысты болады. Кәсіпорынның құрал-жабдықтың тұрьп қалуына, күтпеген шығындарға байланысты,өзінің табысын жіберіп алуына байланысты пайда таба алмай алған кезде болатын тәуекелділік. Қаржылық тәуекелділік келісім жүргізу процесінде, сауда серіктестіктерінің өзара қарым-қатынасынан және қаржыны басқару облысында пайда болатын тәуекелділікті жатқызуға болады: ұзақ мерзімді міндеттемелердің орындалмауы, несиені қайтармау, күтпеген соттасу шығындары, келісім-шарт бойынша келісімнің орындалмауынан болатын тәуекелділік. Коммерциялық тәуекелділік сауда операцияларын жүргізу процесінде толық ала алмасу немесе шығынның пайда болуымен байланысты. Тәуекелділікті басқарудың негізгі сатылары мыналардан тұрады; 1) тәуекелділіті талдау; 2) әсер ету тәсілдерін таңдау; 3) шешім қабылдау; 4)тәуекелдікке тікелей әсер ету; 5)баскару процесінің қортындысын түзеу және бақылау. Тәуекелділікті талдау бастапқы сатысы - ол құрылым туралы , объект құрамы және ондағы тәуекелділік туралы қажетті ақпарат алуға мақсатталған. Жиналған ақпарат жеткілікті болуы керек. Талдау тәуекелділікті анықтаудан және оны бағалаудан тұрады. Бағалау - анықталған тәуекелділіктің санын көрсету , оның сипттамасы болу ықтималдылығы және болатын зиян мөлшерін анықтайды. Осыдан кейін тәуекелділікке әсер ететін тәсілдерді таңдау сатысы басталады. Ол болашақта мүмкін болатын зиянды азайтуға мақсатталған. Тәуекелділіктің әрбір түрі оны азайту үшін кем дегенде екі- үш әдісті пайдаланады. Сондықтанда бүл жерде тәуекелділікке әсер ететін тиімді тәсілдердің ең тиімдісін таңдау кезіде киыншылықтар туындауы мүмкін. Тиімді тәсіл таңдаған соң кәсіпрынның барлық кешенді тәуекелділігіне басқарудың старатегиясы құрылады. Бүл саты - шешім қабылдау деп аталады. Бұл жерде қажетті қаржы және еңбек қорлары анықталады. Менеджерлер арасында тапсырмалары бөлініп беріледі және қойылады, нарықты талдау жүзеге асырылады. Тэуекелділікке тікелей әсер процесі үш негізгі әдістен түрады; 1) төмендету; 2) сақтау; 3) тәуекелділікке беру. 1) Тәуекелділікті төмендету - мүмкін болатын зиян мөлшерін азайту немесе болатын қолайсыз оқиғаның ықтималдылығын азайту. Көбінесе оған алдын- ала ұйымдастырушылық-техниклық шараларды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Оған ғимарат пен үйлерге қауіпсіздікті күшейтудің әр-түрлі тәсілдері, бақылау жүйесін құру, өртке қарсы құрылғылар құру орнату, оқыс жағдай кезінде қолданылатын тәсілдерді жұмысшыларға үйрету және тағы басқа. 2) Тәуекелділікті сақтау — бұл зиянға бағытталған кез келген іс- әрекеттен бас тарту дегенді білдірмейді. Кәсіпорын арнайы қор құра алады ( өзін-өзі сақтандыру қоры немесе тәуекелділік қоры). Бұл қор қолайсыз жағдай туындаған кезде шығынның орынын жабады. Мұндай тәсіл өзін-өзі сақтандыру деп аталады.Сонымен қатар несие алу немесе қарыз алу тәсілдері қолданылады. 3) Тәуекелділікті беру бойынша шаралар - бұл нақты тәуекелділік деңгейін сақтандыру кезіде жауапкерілікті үшінші тұлғаға жүктеуді білдіреді. Оған сақтандыру жатады. Ол нақты бар ақыға , сақтандыру компанияларға тәуекелділікті беруді білдіреді. Тәуекелділікті беру құжаттар мәтінінде (келісім шарт, сауда келісімдер) өзінің жеке басының жауапкершілігін азайтатын арнайы мәтін енгізумен жүзеге асырылуы мүмкін . Тәуекелділікті басқарудың қорытынды сатысы бақылау және түзеу болып табылады. Өзін өзі бақылау сұрақтары: 1. «Тәуекелділік» түсінігі және тәуекел – менеджер мамандығының даму тарихы. 2. Тәуекелділікті классификациялау: • қауіпті жағы бойынша; • қызмет сипаты бойынша • обьект табиғаты бойынша 3. Тәуекелділікті басқару сатылары: • тәуекелділікті талдау; • әсер ету тәсілін таңдау: • шешім қабылдау; • тәуекелділікке тікелей әсер ету; • басқару процессінде нәтижесін ретке келтіру және бақылау. Қолданылатын әдебиеттер: 1.Хохлов Н.В. Управление риском./ Учебное пособие.- М: ЮНИТИ-ДАНА, 1999- 2.Цай Т.Н, Грабовый П.Г, Марашда Бассам Сайел. Конкуренция и управление рисками на предприятиях в условиях рынка.- М, 1994 3.Малохимина А.В Риск – менеджмент, М. 2004 Тақырып 2. Тәуекелділікті анықтау тәсілдері Тәуекел – менеджмент процессінде тәуекелділікті анықтау сатылары. Кәсіпорындағы тәуекелділікті анықтау және бақылауды ұйымдастыру. Тәуекелділікті анықтаудың негізгі тәсілдері: сұрау беттері, құрылымдық диаграммалар, поток карталары, тікелей инспекциялау, қаржылық және басқарушылық есептерін талдау. Тәуекелділікті бағалап, арнайы шешім қабылдау үшін сол объекті қатысты бастапқы ақпараттар жиналған жөн, яғни тәуекелділікті туғызатын жайт. Белгілі бір салаға байланысты тәуекелділік ақпараттарын жинау мақсаттында көптеген әдіс, тәсілдер бар. Кез-келген жағдайда қай әдістің дәл келетінін анықтау қиын,бірақ оңай шешім жасай аламыз, егер тәуекел-менеджер өз жұмысын белгілі бір өнеркәсіп немесе қаржы коммерциясында жоғары білікті маман болса. Ақпарат жинау мен тәуекелділікті анықтау көптеген келеңсіз жағдайлардың алдын-алуға көп көмек көрсетеді.Тәуекелділікті анықтап білу үшін арнайы жоспар жасалуы тиіс. Қандай жоспар болмасын, ол өзінің бюджет қоры мен экономикалық артықшылығы, жауапкершілігі болуы қажет. Кейбір әдістердің базалық негізі статистикалық қаржылық, басқарушылық жэне кәсіпорынның есепшоттық қағаздары немесе талдауына жүгінсе, екіншілері келеңсіз жағдайдың орналасу орнына, яғни инспекциялық негізде.Тәуекелділікті табу сандық талдаумен де құрылады, сонымен қатар сапалық реттеу де орын алады.Бұлардың барлығы кәсіпорындағы, ұйымдағы тәуекелділікті сипаттап, табуға арналған. Өнеркәсіп объектеріне қатысты бастапқы ақпаратты мына негізгі әдістер көмегімен білеміз: • Стандартталған анықтама беттері; • Басқарушылық және қаржылық есептерінің бастапқы құжаттарын талдау жасап қарау; • Кварталдық, жылдық қаржылық есептерге талдау; • Өнеркәсіптің ұйымдастырушылық құрылымының талдау диаграммасы және құрылуы; • Өнеркәсіптің өндіру техникалық процестерінің талдауы; • Осы берілген салада мамандарға кеңес беру; • Мамаңдандырылған консалтингтік фирмалардың эксперттік құжаты. Бұл әдістердің әрқайсысы көп мөлшерде белгілі бір салада ақпарат бере алады. Анықтама беттерінің екі түрі бар: 1.Универсалды (стандартталған ); 2.Мамандандырылған Универсалды анықтама беттері - жалпылама түсінік береді және көптеген өнеркәсіп типтеріне келеді. Мамандандырылған анықтама беттері - белгілі бір арнайы құрылымдық есептемеге және айырмашылығы бар жайттарға. Бұл беттер халықаралық практикада кеңінен қолданылады. Анықтама беттерінің арнайы бір сұрақ реттері болады, оның көмегі арқылы арнайы объектінің құрылымы мен сандық мөлшерін біле аламыз.Бүл беттерінің кемшілігі, белгілі бір мөлшерден артық мінездемелік сұрақтарды қамтиды. Құрылымдык диаграммалар әдісі кәсіпорын құрылымы мен одан шығатын кауіптердің ерекшеліктерін талдауға арналған. Бұндай жолмен алынған мәліметтер ең біріншіден менеджмент сапасы, өтімнің ұйымдастырылуы мен жарнама және т.б. мен байланысты ішкі кәсіпкерлік, сонымен қатар коммерциялық кауіптерді бағалауға пайдалы болып табылады. Әрқайсысы белгілі мөлшерде өнім ассортиментін өндірумен айналысатын бас компания (БК) мен үш еншілес компаниялардан (К1, К2, КЗ) тұратын гипотезалык фирманы қарастырайық. Бас мүдір | | |1 | | | | | | | | | | |Өндіріс | | |Келісімдер | | | | | |бөлімі | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |Зсрттеу және | | |Еншілес | | |жобалау | | |компания К1 | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |Маркетинг және| | |Еншілес | | |сату | | |компания К2 | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |Қаржы | | |Еншілес | | | | | |компания КЗ | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |Бухгалтерия | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |Сатып алу | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |Секретариат | | | | | | | | | | Өндірістік фирманың қүрылымы. Ондай фирманың қүрылымдық диаграммасы 1 суретінде бейнеленген. Бас компанияның қызметіне шикізат өндіру және жинақтаушы бұйымдарды сатып алу, келісімдер бекіту, қаржыландыруды ұйымдастыру, маркетингтік саясат жүргізу және компания қызметінің жалпы бағыттарын айқындау жатады. Жалпы басқаруды бас мүдір жүзеге асырады. Оған маркетинг, зерттеу мен жобалау жұмыстары, өндіріс, қаржы бойынша менеджерлер, сонымен қатар бугалтерия және секретариат бағынады. Келесі деңгейде өзінің ұйьшдастырушылық құрылымы бар еншілес компаниялар тұрады. Мысал ретінде К1 еншілес компаниясьның құрылымдық диаграммасын келтірейік (4.5 сур). Ол барлық фирманың диаграммасына ұқсас, дегенмен оның бір ғана бөлімшесіне қатысты. Компанияны менеджерлер мен бөлім меңгерушілері бағынатын мүдір басқарады. Құрылымдық диаграммалар мүмкін болатын ішкі кауіптердің түрлерін анықтауға мүмкіндік береді: қайталану, тәуелдік және концентрация. Бұл бөлімдерде жүргізілетін жобалау жүмыстары бүгінгі күні және болашақта белгілі бір қауіптер тудыруы мүмкін. Сондықтан кауіп бойынша менеджер барлық бөлімдерді бақылауға мүмкіндігі барына көз жеткізу қажет. Бұл диаграммалардан тағы бір байқайтынымыз сату бөлімі фирма бөлімдерінің барлығында бар. Қауіп бойынша менеджер сату менеджерлерінің өнім сапасына жауапкершілікті қарастыратын талаптармен және жүзеге асырылатын жағдайда жауапкершілікті сақтандыру шарттарымен таныс екендігіне көз жеткізуі тиіс. Барлық бөлімшелермен тығыз байланыстың болуының маңызы аса зор. Ал құрылымдық диаграмма ондай байланыстардың жоқтығы мен жеткіліксіздігін айқындауға мүмкіндік береді. Мүмкін болатын қауіптің концентрациясы да құрылымдық диаграммалардың көмегімен айқындалады. Келтірілген мысалда шикізат өндірісі мен еншілес кәсіпорындарға арналған материалдарды сатып алу бас компаниямен жүзеге асырылады. Демек бүл мұқият талдауды қажет ететін қауіпті жағдай. Басқа қажет өндірісті канағаттандыратын шикізатты жеткізушілер болмай қалуы немесе бас компания маңызды деңгейде еншілес компаниялардың кірісіне тәуелді болуы мүмкін. Құрылымдық диаграммаларға компанияның кірісі туралы мәліметтерді енгізіп, ең зор пайдасы барын анықтауға болады. Құрылымдық диаграммалардың нақты түрі басқарудың қалыптасқан типіне және әр компанияға қызметтердің реттелуінің принциптеріне байланысты. Құрамында түрлі бөлімшелер бар ірі фирмалар үшін келтірілген мысалда қолданылған әдіс жарамды: біріншіден жалпы компанияға арналған базисті диаграмма кұрылады, сонан соң жеке бөлімшелердің кұрылымдары келесі деңгейдегі диаграммаларда жіктеле түседі. Ағымдар картасы немесе ағымды диаграммалар - өнеркәсіптегі жекелеме технологиялық процестердің және олардың өзара байланысын графикалық түрде көрсетеді. Бұл карталар енеркәсіптік процестегі негізгі элементтерді табуға пайдалы, себебі бүл элементке қатысты өнеркәсіптің тұрақтылығы анықталады. Мұндай элементтерді түйінделген деп атайды, себебі олардың жоспарды бұзуы мен шығуы бүкіл өндірістік процесті тоқтатады немесе тәуекелділік жағдайға дейін жеткізеді. Бұл кестелі ағымның артықшылығы мынада: мұнда сандық шығын көрсеткіштерін ала аламыз. ал екінші жағынан тәуекелдік ресурстар арасында түрлі қайта бөлулерді жүргізе алады. Ағымдық карталарды негізгі 3 топқа бөлеміз: 1. кәсіпорын ішіндегі жекелеме технологиялық процесс; 2. өндірістік процестердің және баскару элементгерінің жиынтығы; Ағымдағы карта талдауы өндірістік процестегі жұқа жерлерді анықтауға көмектеседі. Кез-келген технологиялық процесті 3 деңгейге бөлеміз: • бастапқы; • материалдың келіп түсуі; • оларды өңдеу және дайын өнімді шығару. Ағымдар картасы процесстік талдауда пайдалы болып табылады. Мысал ретінде өрт сөндіру комплексін келтіруге болады. Бұл карталардың аз қолданылу себебі, процестік жағдайға негізделген. Сол себепті бұл карталар толык мәліметтермен бірге ғана жүргізіледі. Жоғарыда айтылған тәуелділікті анықтау әдісінің ыңғайлылығы, мәліметтерді кеңседен шықпай алуға болады және де осы заманғы байланыс құралын қолдануға болады. Алайда жауап алу қағазында қаржылық құжаттарда немесе карта ағымдары кейбір кезеңде түсініксіз қалады және қосымша сұрақтарды тудырады. Сол үшін толық мәліметтерді алу және тексеру орындарында оның растығын және толық менеджердің, тәуелділігі ұйымдастыра алатын кәсіпорындағы инспекциондық жол жүру. Нәтижелі инспекция білікті қызметкерлерге тікелей байланысты. Егер тәкекелді - менеджер барынша жоғары біліктік меңгерсе және жұмыстың үлкен тәжірибесі болса, онда олар сол маңызды кедергілерді белгілеп қояды, қайсысы респонденттік жауап алу қағазында қателік кетуі мүмкін және басқа мамандарда да, сай болушы объектілерде жұмыс істеушілер немесе белгілі бір технологиялық операцияларды орындау. Тікелей инспекция айқындауға және тәуекелділік менеджментті бағдарламаларды дамытудың тікелей аспектілерін анықтауға жол берілген, осы кәсіпорынды басқаруда болжамды шығындарды бағалау және тәуекелділік деңгейіне кепілдеме беру. Кез келген объектіні жоспарлы аралағанда алдын-ала мақсат тізімін анық анықтау керек, оны инспекция жүргізу арқылы жүргізуге болады және бірқатар спецификалық факторларды ескеру керек: • кәсіпорын басшыларының орталық басқармаға лоялдық деңгейі және бағыныштылығы (аудандық бөлімшелерге); • барлық уақыт көлемі инспекцияға кетеді деп болжайды; • инспекция ыңғайлы жыл уақыты; • инспекторлардың кәсіпорындағы ықтимал жұмыс шарты, техникалық қамтамасыз етілген дәрежесі, орталық кеңсемен осы заманғы байланыс құралының болуы; Алдын-ала есепті бағалағаннан кейін оны испекция барысында шешу керек және әртүрлі ерекше факторларды кәсіпорынды аралау бағдарламасын құру керек. Тіпті кішігірім өнеркәсіпте бірнешесін аудан немесе ғимарат жиі орын алады, оның әрқайсысы тәуекелділіктің бастауы болуы мүмкін. Егерде сөз осы жайлы болса, мысалы, үлкен сауда құрылымы, әлбетте онда оның құрамында көптеген дүкендердің, қоймалық бөлме, әртүрлі қалалық аудандардағы бөлімшелер немесе облыстарда бар болуы инспекцияны жүргізуге елеулі қиындық туғызады. Қажетті тәуелкелділікті анықтайтын әйтеуір бір логикалық нұсқау құру керек, осылайша маңызды мүмкіндікті жіберіп алуды минимумға теңеу керек. Мына амалды шешудің бір тәсілі әр объектіге дайындалған арнайы карттар, құрамында сұрақтар тізімі және мәліметтерді анықтау керектігі. Инспекция барысында мұндай карттар әр объектіге толтыруы қажет. Олар құрамын және инспектілеудің құрылымын анықтайды. Объекте болудың уақытын азайтады және де ең бастысы әлдебір маңызды жіберіп алудың қауіпін төмендетеді. Егерде бұл объектіні бірнеше рет араласа, онда алдыңғы есеп берілерді тексеру қажет және онда шешілмеген сұрақтар қалды ма және оларға қайта оралу керек пе? Объект практикасында кенттегі инспекция және қызметкерлерді алдын-ала ескерту инспекциясы бар. Бірінші жағдайда кәсіпорынға инспекторлардың келуі бизнесті ұйымдастырудың жасырын қалған жерлерін анықтауға мүмкіндік біреді. Егер де басшылыққа алдын-ала ескертілсе. Мысалы: кенттегі инспекцияда бағдарламалық ағымдардың техникалық процесстен нақты ауытқуын немесе қауіпсіздік ережесінің бұзылған орынын көрсетуге болады. Кәсіпорындағы басшылар мен қызметкерлерді алдын-ала инспекция туралы ескертіп, материалдармен деректерді іздестіруге белгілі бір уақыттың керектігі. Бүл жағдайда кәсіпорынды аралаудың алдында бірнеше күн бұрын факспен немесе электрондық пошта арқылы талап ету немесе толтыратын форма және инспекцияның алдыңғы кезінде кәсіпорын қызметкерлері талап етілген мәліметтер қолында болады және ол уақыт шығынын елеулі қысқартады, Сүрақтар тізімінің мысалын келтіреміз, инспекция процесінде шешілуі немесе анықталуы мүмкін: • объектінің орналасуы және түрғындарда өндіруші объектілерге жақындығы; • басқару жүйесін сипаттау және бағалау (жалпы және қаржылық менеджмент, маркетинг бухгалтерлік есеп); • басты және анылым қорларының болуы және жағдайы; • өте қауіпті агрегаттардың жалпы сипаттамасы және жағдайы; • жақындағы оқиғаларды немесе қойылған талаптардың бастысын егерде жабдық сақтандырлған болса. Инспекция өткізілген кейін, барлық нәтижеге есеп беру түрінде дайындау қажет және әрбір ойластырылыған мақсатты көрсеті керек: • зерттеу насаны; • оның еткізілетін уақыты мен орыны; • қызметкерлерген өткізген сүхбаттық қыскдша мазмүны; • алынған деректермен мәліметтер; • тексерудің нәтижесі; • резюме. Кәсіпорынның жалпы деректер базасына инспекция қорытындысының үйлесімділігін анықтауды енгізу қажет, қатысушы жабдық тізімін, тәуекелділікті анықтау, анықталған тәуелділік деңгейі және оны реттеу тәсілін таңдап, қайта қарау. Егер де тәуекелділік сақтандырылған болса, онда тәуекелді-менеджер сақтандырушыларға сақтандыру шарттарының негізінде инспекция барысында анықталған барлық өзгерістерді тез арада хабарлауы керек. Өзін өзі бақылау сұрақтары: 1. Тәуекел – менеджмент процессінде тәуекелділікті анықтау сатылары. 2. Кәсіпорындағы тәуекелділікті анықтау және бақылауды ұйымдастыру. 3. Тәуекелділікті анықтаудың негізгі тәсілдері: • сұрау беттері; • құрылымдық диаграммалар; • поток карталары; • тікелей инспекциялау; • қаржылық және басқарушылық есептерін талдау. Қолданылатын әдебиеттер: 1.Хохлов Н.В. Управление риском./ Учебное пособие.- М: ЮНИТИ-ДАНА, 1999- 2.Цай Т.Н, Грабовый П.Г, Марашда Бассам Сайел. Конкуренция и управление рисками на предприятиях в условиях рынка.- М, 1994 3.Малохимина А.В Риск – менеджмент, М. 2004 Тақырып 3. Кәсіпкерлік тәуекелділікті бағалау. Кәсіпкерлік қызмет үлкен немесе аз деңгейдегі айқынсыздықпен байланысты ол кәсіпкерлік тәуекелділіктің әсер етуіне жақын тұрады, Тәуекелділікті басқару процесінде тәуекелділікті бағалау механизмі ерекше орын алады. Ол арқылы кәсіпкерлік қызметтің нәтижесіне әсер ететін тәуекелділік есептеледі. Тәуекелділікті бағалау бұл тәуекелділіктің шамаларын сапалық және сандық тәсілдермен анықтау. Кәсіпкерлік шешімді қабылдау процесінде кез келген қызмет саласында кәсіпкер алдында оның талабына ғана жауап беретін тапсырма тұрады. Бұл үшін кәсіпкер барлық мүмкін болатын варианттарды шешеді. Кәсіпкерлік тәуекелділікті бағалау және оның есебінің анықтылығын кәсіпкердің тәжірибесіне және жағдайларға байланысты болады. Егер шешім анықгылық жағдайында қабыаданса онда кәсіпкер шешімнің әрбір вариантының нәтижесін де біледі, бірақ кәсіпкерге айқынсыздық жағдайында шешім қабылдауға тура келеді. Кәсіпкерлік тәуекедділікті сапалық және сандық бағалау тәсілдерімен анықтайды. Сапалық бағалау тәсілі қарапайым тәсіл оның бағыты ғылыми тапсырмасы мүмкін болатын тәуекелділік түрлерін анықгау тәуекелділік деңгейіне әсер ететін факторлады аныкқау. Тәуекелділік мәселесіне арналған зерттеулерде тәуекедділікті сандық бағалауға әртүрлі көзқаастар берілген. Егер де кәсіпкерлік тәуекелділік сәтсіздік ықтималдылығы болса, онда бұл жағдайда тәуекелділікті бағалау алынған қорытындының талап ет1етін мәнінен болатын ықтималлдылығы болып табылады: R=P(Dtr-D); R- тәуекелділікті бағалау Р-ыктималдылық Dtr-қорытындының талап етілетін мәні D-алынған нәтиже Бұл тәсіл арқылы нақты бір нәтижені алғаннан кейін ғана тәуекелділікті деңгейін бағалайды, ал кәсіпкерге тәуекелділікті бағалау шешім қабылдау сатысында қажет. А.А. Растригин бойынша «бұл кездейсоқ- кездейсоқ әлемде тәуекелділікті бағалауға зиянның ықтималдылығын, яғни сол зиянның болатынын анықтайды»: R=U*P(U) R-тәуекелділік дәрежес U-күтілетін нәтиже P(U) - зиянның ықтималдылығы Тағы да бір тәсіл техникалық жаңартуларды бағалау тәсілі Бұл тәсілдің құндылығы барлық тиімділіктің айқынсыз болуында күтілетін нэтиженің ықтималдылығына ұмтылу болып табылады. Э=П*С*Т*Рт*Рк/ Ез Э- жаңашылдықты жүзеге асыру тиімділігі; П- жаңа бұйымды сатудан түскен жылдық көлемі; С- бұйымның сату бағасы; Т- жаңашылдықтьң өмірлік циклі; Рт-техникалық хабар ықтималдылығы; Ез- шығындардың сомасы. Осы тәсіл көбінесе өндірістік кәсіпорында болатын потенциалды қауіпті бағалау кезінде қолданылады.Мұндағы басты мақсат қарастырылып отырған жүйенің қауіптілік жағдайларын сандық (индекстік) бағалау б.т. Әр түрлі әдістер бар. Алайда, өрт және жарылыс қауіпсіздігін бағалауда көбінесе Дау индекстік әдісі қолданылады. Жекелей техникалық сипаттамалардың Дау индексін есептеу барысында техникалық жүйенің потенциалдық қаупін сандық жағынан сипаттайтын нақтылы көрсеткішті сәйкестікке қояды. Қарастырылып отырған жүйенің қызмет ету ерекшеліктеріне тоқталмастан аталмыш көрсетудің сомасы шығарылады. Дау индексі 2 интегралды көрсеткіш ретінде қалыптасады. 1) қауіптің бөліктік көрсеткіші (Ғ); 2)материалдық фактор көрсеткіші ретінде (М); Дау =ҒМ (1 формула) Материалдық фактор таңдалып алынған құрал жабдықтардың бірліктері құрамында болуы мүмкін немесе бар нақтылы химиялық заттар немесе материалдардан бөлінетін энергияның интенсифтілігінің санының шамасы. Оны анықтау үшін жүйеде қолданылатын барлық потенциалды қаупі бар химиялық заттардың және материалдардың тізімі құрылады.Осы заттардың әр қайсысына сәйкес оның қауіптілігін сипаттайтын б\б сан қойылады. Химиялық қауіпті заттар үшін сандар шкаласын арнайы халықаралық және ұлттық агентствалар тағайындап, нормативті құжаттарда көрсетіледі. Жүйенің жалпы материалды факторы қарастырылып отырған процесте қолданылатын барлық потенциалды қауіпті заттардың материалдық факторлардың сомасы ретінде анықталады: М = X Vі * Ni Мұнда і - қарастырылып отырған заттың нөмері; VI - жүйедегі заттың қатысты көлемі (масса немесе көлем); N - арнайы , шкала бойынша қауіптілІк индексі. Материалдық фактор мәні әдетте 1-40 арасында болады. Қауіптің бөліктік көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі. F=f1*f2 fі - жалпы қауіптер көрсеткіші; f2 - спецификалық немесе өзіндік ерекшелігі бар қауіп көрсеткіші. Жалпы қауіп көрсеткіші қолайсыз жағдайлар туындаған кезде шығындардың мөлшерін ұлғайтатын факторларды сипаттайды. Оларға жататындар: Материлды пайдалану жэне олардың орнын ауыстыру мен т.б. Ғі - көрсеткіш әрбір позиция үшін сандық мәндерінің сомасы ретінде есептеледі. Спецификалық қауіп көрсеткіші өрт немесе жарылыс ықтималдығын жоғарлататын факторларды сипаттайды. Оған сондай -ақ t шаң тозаң, қысым, тез тұтанатын материалдар көлемі мөлшері, жылыту құралдары жатады.Осы аталған позициялар <-► әрбір нақтылы сандық мәндермен сипатталады да, осы мәндер сомасы fі және f2 көрсекішінің мәндері бөліктік факторы есептеуге мүмкіндік береді. Дау индексінің мәні жоғарыдағыдай бөліктік және материалдық факторлар көбейтіндісі арқылы анықталады. Өрт және жарылыс салдарын жалпылама сапалық бағалау кестеде көрсетілгенде Дау индексінің шкаласы бойынша сипатталуы мүмкін. Дау индексінің шкаласы. |Дау индексінің мәні |Қауіптілік деңгейі | |1 –ден60 дейін |Кіші | |61-96 |Орташа | |97-127 |Аралык | |128-158 |Қауіпті | |159-дан жоғары |Өте қауіпті | Алайда, кәсіпорында қолданылатьн Дау индексі жекелей алғанда өрт немесе жарылыстан болған шығындарды толығымен сипаттап бер алмайды. Дау индексінің мәні өрт немесе жарылыстың таралу ауданымен тікелей байланыста болады. Мұндай аудандарды немесе әсер ету радиусын анықтау арнайы кестелер немесе графиктер арқылы жүзеге асырылады. Әдетте мұндай кестелер мен графиктерді Европа немесе АҚШ агенствалары арнайы жинақтарда ұсынады. Қауіптің бөліктік факторы және материалдык фактордың мәндері, сонымен қатар шығын факторын бағалауға мүмкіндік береді. Шығын факторы У оның мәні 0 - ден бір аралығында жатады. У мәннің , (шығын факторлар мәнін) кестелері немесе графиктерді сондай - ақ арнайы жинақтарда көрсетіледі. У мәннің анықтау арқылы өрт немесе жарылыс зонасындағы мүліктердің максималды шығынның (МУ) анықтауға болады.Бүл шығын мүлік қүнның (С) өрт немесе жарылыс зонасында бұл Му = С * У (2 формула) Сондықтан әртүрлі қауіпсіздік шаралар ретінде алуан түрлі жарылыс және өртке қарсы қондырғылар төтенше жағдайлар кезіндегі автоматты тоқтату кұралдары және т.б. Дау индексі әдісінің негізгі көрсеткіштері |Шаманың аталуы |Белгіленуі және өлшем |Формула | | |бірлігі | | |І.Өрт және жарылыс |Дау |Дау = Ғ*М | |индексі (Дау индексі) | | | |2.Ықпал ету радиусы |R,г |- | |З.Ықпал ету облысы |6мың тенге |- | |орналасқан мүлік құны | | | |4-Шығын факторы |У |- | |5.Максималды шығын |МУ мың тнг |СУ | |б.Сенімділік коэфициенті|с*ғ |- | |7.Нақтылы күтілетін |R, У мың тнг |3 формула СҒ*МУ | |шығын | | | Бұл қауіпсіздік шаралары сондай - ақ сенімділік коэфициенті (С Ғ) арқылы сипаттапуы мүмкін. МУ - тің бастапқы мәнін СҒ коэфициентінің мәніне көбейту арқылы шығынның нақтылы мәнін анықтауға болады.(КУ). КУ = СҒ * МУ (3 формула) Дау индексІн білген жағдайда тәуекел менеджерлер өндірістің қауіпсіздік жағдайына әрдайым бақылау жасай алады. Қауіп анықтаған жағдайда сәйкесінше оны төмендету шараларын қолдану қажет. Өзін өзі бақылау сұрақтары: 1. Тәуекелділікті бағалау процессінде шешілетін негізгі тапсырмалар. 2. Қолайсыз жағдайлар ықтималдылығын бағалау тәсілдері: • Жағдайлар ағашын құру тәсілі; • Қайтару ағашын құру тәсілі; • Кәсіпкерлік тәуекелділікті бағалау тәсілдері: • бағалаудың статистикалық тәсілі; • сараптамалық бағалау тәсілдері; • аралас тәсіл; • ұқсастарын қолдану. 3. Қауіпті индекс тәсілі 4. Қолайсыз жағдайдағы зиянның әртүрлі түрлері. 5.Тәуекелділікті интегралды бағалау. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Әділбеков М.Т. Кәсіпкерлік негіздері, Семей. 2002 2.Лапуста М.Т, Шаршукова Л.Г. Риски в предпринимательской деятельности.- М: ИНФРА-М, 1998. 3.Цай Т.Н, Грабовый П.Г, Марашда Бассам Сайел. Конкуренция и управление рисками на предприятиях в условиях рынка.- М, 1994 4.Чернов В.А, Анализ коммерческого риска.-М, 1998 5. Малохимина А.В Риск – менеджмент, М. 2004 Тақырып 4. Тәуекелділікті азайту тәсілдері мен жолдары Кәсіпкерлік қызметтегі диверсификация дегеніміз-қаржыны бір-бірімен байланыссыз әр түрлі қызмет түрлеріне салу арқылы мүмкін болатын тәуекелділікті төмендету әдісі болып табылады.Егер қаржы салынған белгілі бір қызмет түрі ешқандай пайда әкелмесе, басқа бір қызмет түрінен пайда түсіру арқылы фирма банкроттыққа ұшырудан сақтана алады. Диверсификациялауды 2 түрге бөлуге болады: • Концентрациялық • Горизонтальды Концентрациялық диверсификация кезінде кәсіпорын өзі шығаратын тауарларға ұқсас өнімдер мен ассортиментін толықтырады. Горизонтальды диверсификация кезінде кәсіпорын өзі шығаратын тауарларға мүлдем ұқсамайтын өнімдер мен ассортиментін толықтырады. Диверсификация әдісі өндірістік,коммерциялық және инвестициялық тәуекелділіктерді төмендетеді. Инвестициялық тәуекелділік құру арқылы төмендетіледі.Инвестициялық портфелге альтернативті мақсаты бар бағалы қағаздар кіреді.Альтернативті мақсаттар қатарына мыналар жатады: 1. Салынған қаржыдан пайыз алу. 2. Қаржыны инфляциядан сақтау. 3. Сатып алынған акциялардың курстық құны өсу есебінен қаржының өсуін қамтамасыз ету. 1-топқа төмен ликвидті және тәуекелділігі жоғары бағалы қағаздар кіреді. Олар сәтті жағдай болған кезде жоғары пайыз әкелуі мүмкін. 2-топқа ірі компаниялар немесе мемлекет шығарған ликвидтілігі жоғары,тәуекелділігі төмен алдын ала күтілетін шамалы ғана бірақ тұрақты түрде пайыз әкелетін бағалы қағаздар жатады. 3-топқа жататын бағалы қағаздардың ликвидтілігі өте жоғары болады,мұнда инвестор оларды қайта сату арқылы пайда түсіруге ұмтылады. Алайда кез-келген тәуекелділікті диверсификациялау арқылы тәуекелділікті төмендету мүмкін емес. Тәуекелділікті төмендетудің келесі бір түрі болып табылады. Тәуекелділікті беретін және оны қабылдайтын жаққа тәуекелділікті беру пайданың 3 себебі бар: 1. Шығын мөлшері тәуекелділікті беретін жаққа өте зиянды болғанымен оны қабылдайтын жаққа мардымсыз болуы керек. 2. Тәуекелділікті қабылдаушы оны берушіден қарағанда шығындарды төмендетудің тиімді әдісі мен тәсілдерін иемдену мүмкін немесе оның қаржылық жағдайы жақсы болуы мүмкін. 3. Шаруашылық тәуекелділікті бақылауды және шығындарды төмендетуде тәуекелділікті қабылдаушының позициясы жақсы болуы мүмкін. Тәуекелділікті берудің негізгі әдісі келісім шарт құру арқылы жүргізіледі: 1. Құрылыс келісім шарттары-мұндай келісім шарт құрған кезде құрылыспен байланысты барлық тәуекелділікті құрылыс фирмасы өз мойнына алады. Құрылыспен байланысты тәуекелділік түріне және құрылыс объектісінің құнын жоғарлататындарға мыналар жатады. Материалдар мен жабдықтардағы тоқтап қалулар, ауа райы жағдайының нашарлығы, жұмысшыларының көтерілісі, құрылыс материалдарының ұрлануы және т.б. 2. Жалға беру-тәуекелділікті берудің ең кең тараған түрі. Қаржылық жалға беру қазіргі уақытта кеңінен қолданылады. Мүлікпен байланысты барлық тәуекелділікті жалға беруші өз мойнына алады. Мүлікпен байланысты тәуекелділік түрлеріне мыналар жатады: • Мүлікке физикалық зиян келу • Мүлік салығының жоғарлауы • Мүліктің коммерциялық құндылықтың төмендеуі 3.Жүкті сақтауға және тасымалдауға келісім шарт-мұнда кәсіпкерлік фирма өнімді сақтауға және тасымалдауға келісім шарт құру арқылы жүк тасымалдайтын компанияға өнім жоғалған немесе бұзылған кездегі тәуекелдікті мойнына алуға мәжбүр етеді. Бірақ жүктің кешігуіне байланысты нарықтық бағаның өзгеру тәуекелділігін кәсіпкерлік фирма өз мойнына алады. 4.Сату,қызмет көрсету,жабдықтау келісім шарты-бұндай келісім шарт құру арқылы фирма тауарды қызмет көрсету кезінде болатын тәуекелділіктен құтылуға болады. 5.Кепілге алу келісім шарты-мұндай келісім шарт 3 жақ: Кепілдік беруші, принципал, несие беруші Кепілдік беруші несие берушіге принципалдың қарызы,оның қызметі,сәтті немесе сетсіз аяқталуына тәуекелсіз түрде қайтаратындығына кепілдік береді. 6.Факторингтік келсім шарт. • Борышты өндіріп алу құқығын қайта сату. • Сенімхат жөніндегі коммерциялық операциялар. • Несиеге сатқаны үшін ақша алумен байланысты қызмет көрсету. Факторинг өзінің міндеттерін фактор-делдалға беретін кәсіпкерлік фирмаға оның несиелік тәуекелділігін төлемдердің түсуіне кепілдік алуына мүмкіндік береді. 7.Биржалық келісім шарт-мұндай келісім шарт кезіндегі тәуекелділікті төмендету жолдары: • Опциондық бағамен тауалар мен қызмет көрсеткіштерді табу. • Бағасы жоғрылап бара жатқан тауарларды сатып алуға фъючерлік келісім шарт құру. Сақтандыру жеке және заңды тұлғалардың мүліктік қызығушылықтарын тәуекелдік болған кезде сақтандыру жарналынан құрылған ақшалай қор есебінен акша болу арқылы сақтандыру. Негізгі сақтандыру тәуекелдікті беру әдісіне жатады. Себебі, тәуекелдікті беру барысында келісімшарт құрылады да, тәуекелдікті кабылдаушы ретінде сақтандыру компаниясы болады. Кәсіпкерлік фирманың шотының жабу үшін ақшалдай ресурстарды басқа қайнар көздерден қарағанда сақтандыруға болады. Немесе шығындарды жабу үшін компаниялардың кей жағдайларда өздерінің қаржылары жеткілікті болады. Сақтандырудың бірнеше шектеулері бар. 1. Баға. Кейбір жағдайда тэуекелдікті өз мойнына алатын сақтандырушы сақтандыру үшін тым жоғары бағаны тағайындайды. Кәсіпкерлік фирма сақтандыру келісім шартын бекіту үшін сақтандыру компаниясына бекіту үшін жазбаша өтініш береді. Келісім шарттың бекіту фактісі болып сақтандыру куәлігі немесе сертификаты б.т. сақтандыру куәлігінде мыналар көрсетіледі. 1. Құжат аты; 2. Сақтандыру компаниясының банктік реквизиті, аты, заңды мекен жайы; 3. Сақтандырушының аты, оның мекен жайы; 4. Сақтандыру объектісі; 5. Сақтандыру сомасының көлемі; 6. Сақтандыру тәуекелділігі; 7. Сақтандыру төлемінің мөлшері, мерзімі жэне оны енгізу тәртібі; 8. Келісім шоттың әрекет ету мерзімі; 9. Келісім шартты тоқтату немесе өзгерту тәртібі; 10.Екі жақ келесімі б/ша басқа да жағдайлар; 11 .Екі жақың қолы. Сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемін келесі жағдайлар болған кезде төлемеуге құқы бар: Егер сақтанушы әдейі алдын ала ойлап сақтанса; Сақтандыру объектісі тұралы сақтандырушыға жалған мәлімет берген кезде; Сақтанушы адам өзіне зиян келтіреген тұлғадан өзінің шеккен шығының қайтарып алса. Сақтандыру келісім шарты келесі жағдайларда тоқтатылады: Қызмет ету мерзімі аяқталған кезде; Сақтандырушы сақтанушы алдында келісім шарт бойынша толық көлемде міндетін орындаса; Сақтанушы бекітілген келісім шарт мерзімінде сақтану төлемін төлемеген кезде; Сақтанушыны таратып жіберген кезде; Сот шартын жарамсыз деп тапқан кезде. Ішкі кәсіпкерлік тәуекелдікті төмендету жолдары Тәуекелдікті төмендету үшін фирма басқа фирмалардың көмегіне сүйенбес бүрын өзінің ішкі қайнар көздерін қолданып көруі тиіс. біріншіден, бизнес б/ша әріптесін тексеру; екіншіден, келісім - шарттарды сауатты түрде құру қажет; үшіншіден, фирма кызметін жоспарлау және болжау қажет; төртіншіден, фирма қызметкерлерін дұрыс таңдау қажет. I. Бизнес б/ша әріптесін тексеру және келісім шартты бекіту. К/к келісім - шарт құрмас бұрын тәуекелділікті төмендету үшін әріптесті тексеру керек. Бизнесің басты ережесі: «сен, бірақ тексер». Әріптесті тексерудің нақты дәстүрлі немесе стандартты ережесі жоқ. Бірақ, американдық бизнесмендер бес «си» ережесін тәжірибеде қолданып жүр. Бұл ереже арқылы әріптестің несие қабілеттілігін тексеруге болады. Кәсіпкерлік фирма мыналарды білуі кажет: Мінезі - қарыз алушының іскерлік әлемдігі репутациясы, оның жауапкершілігімен міндетті орындау қабілеттілігі; Қаржылық мүмкіндігі - ағымдағы ақшалай түсімдер және активтерді сату есебінен қарызды төлей алу қабілеті; Мүлік - акционерлік капиталдың мөлшері мен құрылымы; Қамтамасыз ету - несие алу үшін кепіл ретінде үсынатын активтердің түрлері мен кұны. Жалпы шарттар - экономикалық коньюктура мен сыртқы факторлар жағдайы. Ресейде кәсіпкерлер әріптестерінің нақты қаржылық жағдайлары мен бизнестегі тәжірибесі туралы білгілері келді. Әріптес компания және компанияны басқаратын адам туралы ақпарат өте маңызды. Мысалы, кішігірім жаңа құрылған компанияға тәжерибелі менеджер келетін болса, бұл компаниялар мен менеджердің тәжірибесін ескере отырып, келісім шарт құрылуы мүмкін. АҚШ-та к/к келісім - шартты кұрмас бұрын әріптестер бір-бірін б/б ақпараттың жүйедегі мәліметгер базасы арқылы тексере алады. Ен жүйелі ақпараттық жүйе Дан'&, Впасізігееі: жүйесі, оның АҚШ-та, Испанияда, Скандинавияда, Араб Әмірліктерінде мәліметтер базасы бар. Бұл мәліметтер базасына журналистік тергеулер, банкроттық туралы, аудиторлық есеп беру және басқа да кіреді. Дан& Впаёзігееі жүйесіне жалпы ақпараттар мен заңдық акпараттар мәліметтері кіреді. Жалпы ақпараттар компания туралы, жалпы акпарат, тіркелген күні мен орны, директор және меншік иесі туралы, баскару және заң құрамындағы өзгерістер, қызмет түрі туралы, сондай-ақ, қаржылық жағдайды туралы қысқаша мәлімет, кейбір экономикалық көрсеткіштері және стандарттық емес жағдайлар, яғни, заңға қайшы келген әрекеттері мен банкроттық, бірігуі мен қосылуы туралы мәліметтер болуы мүмкін. Заңдық ақпараттарда компания акциялары, салық төлеушінің идентификациялық нөмірі туралы соттық айыппұлдар мен сот шешімдері туралы ақпараттар береді. Әріптесті таңдаудағы тағы бір әдіс – Dul Delignce сәйкес көңіл болу. Бұл әдісті тәжірибе жүзінде батыстық банкілер қолданып жүр. Бүл әдіс әртүрлі алаяқтардан сақтануды қамтамасыз етеді. Бұл әдістің негізі құралдары компания атын, оның мекен жайын қызмет түрі туралы сұрақтардан тұратын анкета (сауалнама) сондай-ақ анкетаға фирманың қаржылық жағдайы және айналым қаржылары, қаржының қайнар көзі туралы сұрақтар кіреді. Бұндай анкета әріптес туралы жалпы ақпарат алуға көмектеседі. Тәуекелдікті төмендетудің тағы бір әдісі - кәсіпкерлік фирма дамуын жоспарлау және болжау. Тиімді жоспарлар мен болжамдар кәсіпкерге экономикалық ауытқуларды, нарық конъюктурасының өзгерістеріне бейімделуіне мүмкіндік береді. Фирманың қызметін жоспарлау бизнес-жоспар құрудан басталады. Бизнес-жоспар үш қызмет атқарады: 1. бизнес жүргізу концепциясын кұру үшін қолдануға болады.Кәсіпкер бизнес- жоспар арқылы стратегияны тиянақты құруға және іс-жүзінде емес, қағаз жүзінде жіберілетін қателіктерді түзетуге мүмкіндігі болады. Кәсіпкер өз компаниясын жан-жақты талдай алар - маркетингін, қаржысын, өндірістік қызметін және т.б; 2.кәсіпкер бизнес-жоспар арқылы фирма қызметінің нәтижесін бағалай алады; 3. кәсіпкер өз ісіне ақшалай қаражаттарды тарту үшін бизнес-жоспар қажет, себебі кез -келген қаржыландырушы, несие беруші, инвестор алдымен фирманың бизнес-жоспарымен танысуын талап етеді. Бизнес-жоспарды құру - стратегиялық жоспарға алғашқы қадам басу болып табылады. Стратегиялық жоспарлау тек ірі фирмаларға ғана емес, шағын кәсіпкерлікке де қажет, себебі тәуекелділікті төмендету көп жағдайда олардың қаржылары шектеулі болады.Сондықтан тәуекелдікті төмендету шарасы ретінде стратегиялық жоспарды құру аса маңызды. Бизнес-жоспарда фирма кызметінің әрбір әрекеті ретімен жоспарланып, нақтылы есептік көрсеткіштер жүйесі құрылады. Осы көрсеткіштерге сүйене отырып фирма жоспардыд қаншалықты орындалып жатқандығын бақылай алады және туындаған мәселелерді алдын ала шешу мүмкіндігі болады. Қорытындылай келе, кәсіпкерлік фирма қызметі алдын ала жоспарланған бағыт бойынша жүргізілуі тиіс. Осы аталған әдістер арқылы фирма күтілетін тәуекелдікті төмендетуге толық дайын бола алады. Кәсіпкерлік ұйымдардың персоналдарын тандау. Кәсіпкерлік ұйымдардың персоналдарын таңдау - кәсіпкерлік тәуекелдікті төмендетудің маңызды ішкі қайнар көзі болып табылады. Кәсіпкерлік фирмада қызметкерлер саны көп болған сайын олардың әрбіреуі қабылдаған шешімдерінен болатын тәуекелділік деңгейі жоғары болады. Сол себепті басшы кадрлік мәселелерге көп көңіл бөлуі тиіс. Әлемде персоналдармен жүмыс жүргізуді зерттейтін арнаулы зерттеу органдары бар. АҚШ университетінде болашак менеджерлерге міндетті түрде "Персоналдарды таңдау жөне жоспарлау" туралы дәрістер беріледі. Персоналдарды таңдау - фирма қызметі тиімді болу үшін басшының қызметкерлерді таңдай алу өнері. Ірі кәсіпкер және венчурлық капитал иегері Уильям Янчер Стэнфорд университетінде өткен кәсіпкерлік бойынша конференцияда былай деген: "ұстау қажет", олар: • тек қана тәжірибесі бар адамдарды жалдау; • тек жоғары мамандандырылған қызметкерлерді алу қажет, себебі олар өз кезегінде басқа жұмысшыларды жұмысқа алатын болады; • компанияның ұйьмдастырушылық мәдениетіне, кұндылықтар жүйесіне жүмысқа қабылданатын қызметкердің дайындығы сәйкес келуін анықтау қажет; • бұрын қызметтес болған тәжірибелі мамандарды іздестіруге тырысу қажет; • басқарушылық топ мүмкіндігінше аз болған дүрыс; Персоналдарды іздеу келесідей қайнар көздер аркылы жүргізіледі: • БАҚ; • өз байланыстары; • кадрларды таңдау агентіктері; • өз кадрларын дайындау (қаржы қажет); •жоғарғы оқу орындары; • сайыстық негізде және т.б. (үміткерлер көп болады). Үміткерлерді таңдауға қолданылатын әдістер: • интервью (артықшылығы - жеке ауызба-ауыз сөйлесу, кемшілігі - үміткердің өзі туралы жалған ақпарат беру мүмкіндігі); • тест; • сынақ мерзімі (белгілі бір мерзім аралығында қызметкердің мүмкіндігін тексеруге болады); • кәсіптік жарамдықты тексеретін орталыктарға жүгіну. Сондай-ақ, персоналдарды дұрыс таңдаудан басқа фирма олардың тиімді кызмет атқаруына қолайлы жағдай туғызуы. Өзін өзі бақылау сұрақтары: 1. Диверсификация тәуекелділікті төмендетудің тәсілі ретінде. 2. Тәуекелділікті беру. 3. Кәсіпкерлік тәуекелділікті сақтандыру: 4.Ішкі кәсіпкерлік тәуекелділікті төмендету жолдары: -бизнес бойынша әріптесін тексеру және келісімді бекіту шарты; -бизнес – жоспарлау; -кәсіпкерлік ұйымдардың персоналдарын таңдау; -коммерциялық құпияларды қорғауды ұйымдастыру; -қосымша ақпараттар алу. 5. Қаржылық тәуекелділік: - тәуекелділікке кететін негізгі шығын түрлері және оның мазмұны; - тәуекелділікті қаржыландыру көздері және оның мазмұны; - сақтандыру кезінде қаржылық тәуекелділік; - өзін өзі сақтандыру кезіндегі қаржылық тәуекелділіктің ерекшеліктері. 6. Сақтандыру тәуекелділікті төмендетудің тәсілі ретінде: - тәуекелділікті сақтандыру ерекшеліктері; - сақтандырудағы жағдай; - тәуекелділікті сақтандыру классификациясы; - сақтандыру қорлары; - сақтандыру компанияларының төлемқабілеттілігі және тұрақтылық криреиилері. 7. Өзін өзі сақтандыру Қолданылатын әдебиеттер: 1. Әділбеков М.Т. Кәсіпкерлік негіздері, Семей. 2002 2.Лапуста М.Т, Шаршукова Л.Г. Риски в предпринимательской деятельности.- М: ИНФРА-М, 1998. 3.Цай Т.Н, Грабовый П.Г, Марашда Бассам Сайел. Конкуренция и управление рисками на предприятиях в условиях рынка.- М, 1994 4.Чернов В.А, Анализ коммерческого риска.-М, 1998 5. Малохимина А.В Риск – менеджмент, М. 2004 Тақырып 5. Тәуекелділікті басқару тиімділігін бағалау Тәуекелділіктер әртүрлі жолдармен төмендетіледі. Тиімділікті бағалауда тәуекелділікті басқаруда қолданылатын әдістер салыстыру негізінде кртитерийге байланысты болады. Критерийлерді өңдеуде екі кең таралған тәсілдер бар: • Берілген шектен аспайтын критерий параметрлерін таңдау; • Экономикалық үнемділік. Бірінші тәсіл қауіпсіздік нормасымен және кәсіпорын жұмысының тұрақтылығымен тығыз байланысты. Кәсіпорын өзінің экономикалық үнемділігін жеке қауіпсіздігін көтеру деңгейі есебінен ала алады. Бұл жағдайда тәуеклділікті басқару бойынша шараларды ұйымдастырудың әртүрлі факторлары инвестициялық жоба сияқты бағаланады: ең басында шығынды анықтайды, сонан соң абсолютті пайданы немесе бір шығынға кететін пайда нормасын. Кез келген әдісті қолдантәуекелділікті басқаруда кәсіпорын ішіндегі ағымдағы немесе күтілетін қаржы потоктарын қайта бөлуге әкеледі. Қаржы потоктарын қайта бөлу кәсіпорынның таза актив құнының немесе жобасының өзгеруіне әкеледі. Олай болса, тәуекелділікті басқару тәсліне экономикалық тиімділік криреиийін қолдануда қаржы кезеңінің басында және аяғында есептелген, кәсіпорын құнының өзгеруіне әсер ететін бағалуын қолдануға болады. Инвестициялық жобаға коитерий ретінде тәуекелділікті басқару тәсілдерінің жобаның таза ағымдағы құнының өзгеруіне әсер етуін алуға болады. Қаржылық тәуекелдік облысынан екі мысал келтіруге болады. Мысал 1. Инвестициялық жоба. Инвестициялық жоба тәуекелділігі жобаның таза ағымдағы құнының есебіне қажет жеке капиталы үшін дисконттық мөлшерлеме құрамында есептелінеді. Сақтандыру тәуекелділікті төмендетеді, сонымен бірге дисконттың мөлшерлемесін төмендетеді. Басқа жағынан, сақтандыру жобаны жүзеге асыру мерзімі ішінде сақтандыру сыйақысына төленетін қосымша шығындарды әкеледі. Бұл нәтижесінде жоба пайдасының төмендеуіне әкеледі. Мысал 2. Құнды қағазды инвестициялау. Инвестор биржалық активті инвестициялау кезінде өткен жылдың көрсеткіштері негізінде, курстың өзгеруі бойынша қандай ықтималдылықпен табыс деңгейін алатынын бағалай алады. Осыдан кейін, өзінің болашақтағы экономикалық үнемділігін математикалық күту түрінде анықтай алады. Осыдан кейін инвестор тәуекелділікті төмендетуде хеджирование тәсілін немесе кәдімгі әдіспен болашақтағы пайдасын сақтандыруды қолданады. Бірінші жағдайда инвестор үлкен ықтимадылықпен пайданың азаюының алдын алады, сонымен қатар хедж операциясына шығындар әкеледі. Сақтандыру және өзін өзі сақтандыру батыс әдебиетінде Хаустон әдісі деген атпен аталады. Оның мәні «кәсіпорын құны» тәуекелділікті басқарудың әртүрлі әдістерінің әсер етуі. Кәсіпорын құнын оның еркін активтері құны арқылы анықтауға болады. Кәсіпорынның еркін активтері- оның барлық активтері және міндеттемелерінің барлық шамасының арасындағы айырмашылық. Тәуекелділікті сақтандыру және өзін өзі сақтандыру бойынша шешім кәсіпорын құнын өзгертеді. Өйкені осы шараларға кететін шығын ақша қаржысының немесе актив құын азайтады. Кәсіпорынды сақтандыруда қаржы кезеңнің басында сақтандыру сыйақысын төлейді және болашақтағы болатын шығынның алдын алуға кепілдеме береді. Қаржы кезеңінің аяғында кәсіпорын құнын сақтандыруды жүзеге асыруда келесі формуланы қолданамыз: S1= S- P+ r(S- P), Мұндағы S1- сақтандыру кезіндегі қаржы кезеңнің аяғындағы кәсіпорын құны; S- қаржы кезеңінің басындағы кәсіпорын құнв; P- сақтандыру сыйақысының мөлшері; r- жұмыс істейтін активтердің орташа табысы. Шығын шамасы кәсіпорын құнына әсер етпейді. Өзін өзі сақтандыруда кәсіпорын толығымен жеке тәуекелділігін сақтайды және арнайы резерв қорын құрады- тәуекелділік қоры. Тәуекелділігі толығымен сақтандырылған еркін актив шамасына әсер етуін келесі формуламен бағалауға болады: Sr= S- L+ r(S- L- F) +iF, Мұндағы, Sr- тәуекелділікті толығымен сақтандыру кезіндегі қаржы кезеңінің аяғындағы кәсіпорын құны; L- қарастырылатын тәуекелділіктен күтілетін жоғалтулар; F- тәуекелділіктің резерв қорының шамасы; i- тәуекелділік қоры ативінің орташа табысы. Кәсіпорын өзін өзі сақтандыру кезінде екі шығын түріне ұшырайды- тікелей және жанама. Тікелей шығындар жылдық күтілетін жоғалтулар түрінде көрсетіледі. Хаустон үлгісімен тәуекелділіктен сақтау үшін кәсіпорынды сақтандыру тиімділігін қолдану шартымен мақсатты анықтаймыз. Шарттың математикалық көрсеткішін келесі түрде жазамаыз: Si>Sr. Бұл қаржы кезеңінің аяғында кәсіпорын құны сақтандыру кезінде жоғары болуы керектігін айтады.Бұдан келіп келесі формуланы шығарамыз: r-i P
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz