Файл қосу

ОӘК Бейнелеу өнерін оқыту




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                |
|ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                       |
|СМК құжатының 3-деңгейі   |ОӘК             |ОӘК 042-Х.1.ХХ/03-2013     |
|ОӘК «Бейнелеу өнерін оқыту|№1 басылым      |                           |
|әдістемесі»               |10.01.2013      |                           |
|пәнінен оқу - методикалық |                |                           |
|материалдар               |                |                           |









                            ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

                                      Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі»



             5В010700 – « Бейнелеу өнері және сызу» мамандығына


                         ОҚУ-МЕТОДИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР




























                                  Семей2013

|ОӘК 042-Х.1.ХХ/03-2013  |№1 басылым 10.01.2013   |                        |


                                   Мазмұны

|1 Глоссарий                                                   |           |
|2 Дәріс                                                       |           |
|3 Тәжірибелі сабақ                                            |           |
|4 Курстық жоба                                                |           |
|5 Студенттердің өздік жұмыстары                               |           |


































|УМКД 042-Х.1.ХХ/03-2013 |Редакция №1 от          |Страница 4 из           |
|                        |10.01.2013              |                        |






   1.Глоссарий

   Автопортрет-(грекше  «авто  және  «портрет»   деген   сөздерден   тұрады.
Суретшінің өз  кейпін салған шығармасы

   Акварель (французша, итальянша,  латынша-су)-суға  жақсы  еритін  бояудың
түрі.

   Оның  бойындағы  байланыс  затарын  анықтайтын  желім  (гуммиарабик)  деп
аталады.

   Акцент-(латынша  –екпін).Көрермен  назарын  әдейі  аудару  үшін  бейнелеу
өнерінде қолданылатын тәсіл,әдейі түсірілген  жарық,бояу  түсі,  жүргізілген
сызық немесе адам

   Бет жүзіндегі,тулғасындағы,бейнесінднгі  жеке  детальдарға  ерекше  екпін
берілуі.

   Ақшыл таңба-нәрсенің жарық тускен бөлігінің жартылай шағылысқан жері.

   Алла прима-(итальянша-бірден)-шығарманы  немесе  оның  фрагментін  бояуын
кептірмей шапшаң жағыстармен бір дүркін жааып шығатын тәсіл.

   Анализ(грекше-жіктеу)-талдау.Бейнелеу  өнері  шығармаларының  көңіл   күй
әуені мен райионалды мәндік ерекшелігін талдау мағынасында қолданылады.

   Анималистік жанр(латынша-жануар)- хайуанаттар  дүниесінің  бейнелеу  өнер
шығармаларында орталық орын алуы.

   Анималист-жануарларды бейнелейтін сурктші және мүсінші.

   Анфас-қасбет.

   Аппликация-бастырма.

   Арабеска(французша-арабтық)-ою-өрнек.Мұсылман елдерінде кең  тараған  ою-
өрнек жүйелерінің еуропалық атауы.

   Архитектура-сәулет өнері.

   Астарлық-майлы бояумен не  темперамен   жазар  алдында  қабырға,тақтаға,я
кенеп  бетіне  қабаттап  төселетін   негіз.Ол,біріншіден,бояулар   қабатының
беріктігі  үшін,екіншіден,бояу  фоны  мен  фактурасын   ерекшклендіру   үшін
маңызды қызмет атқкрктын техникалық тәсіл.

   Әдістеме-белгілі бір мақсатқа, нәтижеге  жету  үшін  істелетін  іс-әрекет
барысындағы әдіс-тәсілдерінің жүйелі бірлігі деген ұғымды білдіреді.

   Басты бояу түстері-негізгі,туынды бояу тустері,құрама деп аталады.

   Бастырма(латынша-аппликация-бастырмалау,шаптау)-сәндік           қолөнері
буйымдарын

   Жасауда жиі қолданылатын тәсіл.Осы әдістің негізінде пайда болған бейнені
де бастырма капплиация деп атайды.

   Батик-матаға бояумен салынған сурет.

   Батальды кескіндеме-(французша-майдан)-майдан  сюжетіне  арналған  көркем
шығарма.

   Батырма(орысша-терпение)-былғары,қатты  қағаз,жайпақ  металл  т.б  бетіне
батыру арқылы бедерлі із қалдырып өрнек түсіру әдісі.

   Бедерлі  әшекей-құрылыс  фасадын,интерьерін  және  бұйымдарды   әсемдеуге
қолданылатын   сәндеу   жүйесі.орысша   әдебиеттерде   оның    француз,латын
баламасындағы декор (французша,латынша-сәндейін)атауы қолданылады.

   Бейнелеуші құрал тәсілдер-шығарманың көркем бейнесін(образын)жасап шығуға
көмектеседі.

   Блик-ақшыл танба.

   Бояу.Сыр  ретінде  бояудың  көркемдік   құндылығы   жоқ.орысша   мағынасы
«краска»деген түсінікке  жақын.

   Витраж «французша, латынша—шыны »-әйнектен немесе жарық  өткізетін  басқа
да материалдардан жасалған ою-өрнек немесе сюжетті композиция.

   Графика(грекше -жазамын ,сызамын,саламын )- бейнелеу өнерінің  түрі.

   Гуашь(французша,итальянша-су бояуы )-акварельмен салыстырғандамөлдір емес
қою бояу,

   Дизайн (ағылшынша  –жобалау,сызу)заттардың  көркем  конструкциясын,заттық
ортаның біртұтас реакционалды құрылуын білдіретін  термин,көркемдік  жобалау
жұмысының  бір түрі

   Дидактика-бұл ежелгі грек  сөзі,яғни  (didaktikos)-үйретүші,(didaskolos)-
мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика-білім беру мен оқытудың  теориялық
және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

   Дидактикалық                                                  принциптер-
ғылымилық,көрнекілік,саналылық,белсенділік,жүйелілік    және    бірізділікті
оқыту.

   Коллаж(французша-жапсыру)-бейнелеу өнерінде  эмоционалды  әсерді  күшейту
үшін картинаға бояу түсі  мен  бет-бедері  өзге  материалды  жапсыру  арқылы
жүзеге асыратын техникалық  әдіс.

   Контур-сыртқы сызық  денесінің  пішінінің  кескін  жиегі,сұлбасы.Мағынасы
жағынан   «   арбис»  түсінігіне  жақын.Контур  әдісіне  орындалған  суретті
«сызықты сурет» деп атайды,

   Көркемдік    баға   –   шығарманың   көркем     құндылығына    байланысты
беріледі.Көбіне  ол  көрерменнің   қабылдау   деңгейі    мен    дайындығына,
интуициялық  сезіміне қатысты  болғандықтан  , көркем   шығармаға   берілген
баға  да  субьективті деп есептеледі

   Көркем бейне   «образ»  .Нұсқадан   кенеп   бетіне   көшірілгеннің   бәрі
бейнеге айнала бермейді.Шығарма көркем бейнеге айналуы  үшін  суретші  жұмыс
жасау керек.

   Көркемдеу өнер      «орысша  –станковое   искусство».  Бейнелеу  өнерінің
түрлері  ,әдетте ,монументтік  және  көрнекі  болып  бөлінеді.

   Көшірме  –түпнұсқаның   көркемдік   ерекшеліктерін  мүмкіндігінше  сақтай
отырып, оны дәл қайтадан  жасау.Сондықтан ол біреу не бірнеше болуы мүмкін.

   Ксилография «грекше – ағаш, сызамын  ,жазамын»  -деңес   гравюраның   бір
түрі.

   Күмбез-  ғимарат,  ғибадатханалардың   жоғарғы   жағынан   дөңгелегене  ,
қырлана, доғалдана шаңырақ  тәрізді  аяқталынуы

   Қолөнері-он саусағынан  өнер  тамған  халық  шеберлері  айналысатын  өнер
түрлері, солар жасап шыққан бұйымдар.  Сонғы  кезде  ол  сәндік-кәделі  өнер
ретінде қарастырылып жүр

   Литография(тас   және,графия)-әдемі   өнделген   тастың   үстіне    майлы
қарындашпен, литографиялық тушь қолдана отырып салынған сурет.

   Мазмұн-шындықпен көркемдік шешімі, суретшінің өзінің ой-толғамын  көркем-
пластикалық образды тілмен жеткізе білу.

Макет-болашақ бұйымның үлгісі.

Монумент-тарихи жағдайларға,жеке қайраткерлерге арналған ескерткіш.




2. Лекциялар тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар.




№1  тақырып:Бейнелеу  өнерінің  оқытудағы  теориялық  практикалық  тұрғыдағы
басты тағыттар.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі курсының мазмұнын  ашу  және
оның басқа да арнайы ғылымдармен байланысын теренірек   карастыру.

   Сабақтын мақсаты:Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі курсының  мазмұнын  ашу
және оның  басқа  да  арнайы  ғылымдармен  байланысын  тереңірек  қарастыру.
Студенттерді жаңа буын оқулықтармен және қосымша  әдістемелік  әдебиеттермен
таныстырып өту.

   Қысқаша  мазмұны:Әдістеме-белгілі   бір   мақсатқа,нәтижеге   жету   үшін
істелетін  іс-әрекет  барысындағы  әдіс-тәсілдерінің  жүйелі  бірлігі  деген
ұғымды білдіреді. Іс-әрекет жүйелі әдістемелік бірлікте  дурыс  жүргізу,яғни
сол  әрекеттің  мақсатына  жетудің  қысқа  да  нәтижелі  жолын  табу   болып
табылады.Педагогика  ғылымындағы  әдістеме-оқытушы  мен   оқушы   арасындағы
мақсатты     оқу-тәрбие     іс-әрекетіндегі     әдіс-тәсілдердің      жүйелі
жиынтығы.Әдістеме негізінде,жалпы және екі түрде қарастырылады.Біріншісінде-
жалпы пәндер бойынша оқу-тәрбие мәселелеріне байланыстыәдіс-тәсілдер  жүйесі
қарастырылса,сонғысында-жекелеген   пәндер   бойынша    оқу-тәрбие    жүйесі
қарастырылады.Педагогика ғылымында оқытудың  әдістері,мұғалім  мен  оқушылар
жумысының     тәсілдері,солардың     көмегімен     білім,іскерлік      дағды
игеріліп,оқушылардың   дүниетанымы  қалыптасады,қабілеттері  дамиды   .Яғни,
оқыту әдістері –мұғалім мен  оқушылардың  арасындағы  оқу-тәрбие  жұмыстарын
нәтижелі етіп ұйымдастыру іс-әрекетінің тәсілдері.  Дәлірек  айтқанда,  әдіс
–белгілібір мақсатқа жету іс- әрекетін нақты жүйеге  келтіретін  тәсілдердің
жиынтығы.  Сонымен  бейнелеу  өнерін  мектепте  оқыту  жұмысында  жеке   пән
әдістемесі    –педагогикалық     дидактика    негіздерін     бетке     ұстай
отырып,оқушылардың  танымдық  қаблеттерінің  дамуына,көркемдік     идеяларын
түсінуге   мүмкіндік   тууы   тиіс  ,   яғни   оқушылардың    ойын,   қиялын
дамытуға,  өз  бетімен   шығармашылық     тұрғыда   ізденіп,  жаңа   білімді
меңгеруіне  ықпал    жасауы   керек.Жоғарыда   айтылғандай  ,  оқыту   әдісі
белгілі  бір  мақсатқа  жетудің  саналы   түрде   қолданылатын  тәсілі   деп
танысақ , онда  мақсатқа  жету  әр   мұғалімнің    сол   тәсілдерді   тиімді
таңдап алып ,  шебер  пайдалана  отырып  оқыту  процесін   ұйымдастыруына  ,
оқушылардың    қабылдау   дәрежесіне,мұғалім   мен   оқушылардың    белсенді
педагогикалық ынтымақтастығына байланасты.Бейнелеу өнерін  оқыту  әдістемесі
педагогикалық  ғылымның  бір   саласы,ол   практикалық   жұмыс   тәжірибесін
теориялық  ғылыми   жүйелендіріп   таратады.   Яғни    бейнелеу   әдістемесі
педагогика ғылыми, психология, эстетика және өнертану негіздерін  басшылыққа
алып дамиды. Бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесін  жинақтап,  зерттеп
үсынған әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие  процесінде  жүзеге  асыруды  практикалық
әдістеме деп атайды.Педагогикалық жұмыстағы әдістемелік  өсу,  педагогикалық
іскерлік  дағдыларын  меңгеру  мұғалімнен  белгілі  бір  қаблеттілікті  және
бейімділікті талап етеді, өйткені ол  қиын  да,  күрделі  және  аса  жауапты
педагогикалық өнер.Міне сондықтан да дер кезінде  сабақты  аяқастынан  қайта
құру         мғалімнен         әдістемелік          тапқырлықты,шығармашылық
көзқарасты,педагогикалық   сауаттылықты    талап    етеді.Мұғалімнің    жеке
тәжірибелік әдістемесін байытудың бірден бір жолы- ол  педагогика  ғылымының
жаңа   жетістіктерін,   жаңа    педагогикалық   технологияларды    жинақтап,
зерттеу.үнемі ізденісте болу.

   №2 тақырып:Ежелгі Ассирия мен Египет мемлекеттеріндегі  алғашқы  қауымдық
қоғамда бейнелеп сурет салу әдістемесі.

   Сабақтын мақсаты: Алғашқы  қауымдық  қоғамда  Ежелгі  Египеттпен  Ассирия
мемлекетінің    сурет    салу     әдістемесімен     таныстыру     мақсатында
иллюстрацияларды,материалдарды  кеңінен  қолданып,каннондар  әдісінің   шығу
тарихымен танысу.

   Қысқаша мазмұны:Нағыз өнерге оқыту,  мектепте  ұйымдастыру  тек  өркениет
дәүірінде пайда болу бастады.Оған  дәлел  ретінде  ежелгі   Мысырда  дамыған
жоғары дәрежелі мәдениетті  қарастыруға  болады.  Тарихи   деректер  бойынша
ежелгі  Мысырда  сурет  салу   мектепте   сызу   пәнімен  қатар  оқытылғанын
білуге болады. Мектеп бітіруші жерді өлшеуді, бөлме  жобасын,  су  құбырының
кестесін сызуды білуге міндетті.Мысыр мектептерінде оқушыларға сурет  салуды
оқытуға ерекше көңіл бөлінді, өйткені  иероглифтік   жазу  әр  түрлі  заттар
бейнелерінен  тұрды. Мысалға А әрпі құс бейнесінде, Б әрпі  адамның  аяғының
бейнесінде  салынды.Тәрбиелеу  мен  оқыту  тәртібі   мектептерде  өте  қатал
болды:мектеп немесе оқушы ережесін   болмашы  бұзушыларды   таяқпен  соққыға
алып жазалауға  дейін  барды,  тіпті  кей  жағдайларда  оқушының   қол—аяғын
байлап  ғибадатханалардың   қараңғы   бөлмесіне  ұзақ  уақытқа  қамады.   Ол
мектептер   заңына    былай  делінген  :Күнделікті   жұмысқа   ынталы   бол,
жігерлібол .Бір күн де ерінбе, болмаса соққыға жығыласың . Оқыту  әдісі  мен
тәртібі барлық суретші педагогтарды бірдей  дейді  .  Алғашқы  болып  ежелгі
мысырлықтар жас ұрпақты сурет салу  дағдысына  оқытуда  белгілі  бір  жүйеге
негізделген теориялық  заңдылықтарды  жасай  бастады  .  Олар  сурет  салуға
,оқыту  процесін  қоршаған  ортаны  тануға  ,  байқауға   емес   ,сызбаларды
,қағидаларды   (канондарды)жаттау   арқылы   үлгілердікөшіруге   негіздеді..

                          Б.з.б. 8-9 ғасырларда  алдыңғы Азиядағы ең  қуатты
мемлекет  Ассирия  болды.  Оның   астанасы   Тигр  өзенінің   жалғалауындағы
Ниневия  қаласы  еді.  Ассирия  патшалары   жақсы   қаруланған   көп   әскер
жасақтады.Олардың  арасында  қатаң  тәртіп   орнады.  Ниневияны  «арыстанның
апаты»деп                                                             атады.
                                        Ассирия патшалары  Сирияны,Финикияны
және шамалы уақыт Мысырды жаулап алды. Сарайлар патшалардың  даңқын жайып  ,
құдіретіне деген  сенімін  ұялтуға  тиіс  еді.  Саргон  патшаның   Ниневияға
жақын жердегі атақты Хогрсабад сарайына икіре берісте, көзі жайнаған,  патша
бас киіміндегі тәкаппар адам  бейнелі,үлкен  сақалы,  аса  зор  қанаты,  бес
ауыр тұяғы  бар бұқа тәрізді фантастикалық  мүсін  қойылған.  Сарай  қоладан
үйілген төбе басына салынды.,Кіре берісіне осы мақұлықты, яғни бес аяғы  бар
жануарды сарайға кіруші әркім өтіп бара  жатқанда,  зәре-құты  қалмай  қорқу
үшін   жасалған(Саргонның   сарайына   кіре    берістегі    қанатты    бұқа,
б.з.б.8ғасырдадың 2 жартысы,Париж.Лувр  )  .Ассириялық  сарайдынң  бедерлері
мен әшекейлерінде дінге табыну емес, соғыс  сюжеттертері  басым.  Ассириялық
патшалар сарайларынан алынған ең елеулі бедерлер қазіргі  Лондонның   Британ
мұражайлары  мен  Париждің  Лувірінде  сақтаулы.Осынау  ескерткіш   мүсіннің
ерекше  үлгілері  Санк-Петербургтегі   Эрмитажда  да   бар.Ассирия   патшасы
Ашшурбанипал сарайынан табылған бедер сурет-«аң  аулау  көріністері»(б.з.б.7
ғасыр  ортасы,Лондон  Британ  мұражайы).Ниневиядағы  Ашшурбанипал  сврайынан
табылған «өліп  бара  жатқан  ұрғашы  арыстан»  бедер  сурет(б.з.б.7ғасырдың
ортасы,Лондон Британ мұражайы)-дүниежүзілік маңызы бар  өнер  туындысы.  Тек
осы  бедер  арқылы  ғанабіз  Ассирия  халқынның  ұлы  өнері,ұлы   жандүниесі
болғанығын білер  едік.  Үздіксіз  жүргізілген  соғыс  Ассирияның  күш-қуаты
әлсіретті.Б.з.б. 7 ғасырда жаулары  оған  қарсы  одақтасты.  Қарсыластарының
ішіндегі   ең   күштісі   қайта   дәуірленген   Вавилон    патшалығы    еді.

                                    Б.з.б.   612жылы   «Арыстанның   аппаты»
аталған Ниневияны жау шабуылдап,қиратып тастады. Біраз жылдан кейін  Ассирия
құлады.

   Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
   1. Ежелгі Мысырдағы сурет салуға үйрету қандай мақсатты көздеді?

   2.  Ежелгі Мысыр мектептерінде оқыту қандай принциптерге негізделді?

   3. Ежелгі Гректердің сурет мектептері жөнінде не білесің?

   4. Ежелгі Грек мектептері қандай әдістемелік бағыт ұстады?

   5. Ассирия мемлекетінің дамыған кезені .

   6. Ассирияның  даму кезеңіне жататын қандай бұйымдар табылды?

   7. Осы кезендегі өнер туралы әңгімеле?


      №3 тақырып:Сурет салу  әдісінің  Греция  Рим  мемлекеті  орта  ғасырда
   құрылымен тығыз байланысты.
      Сабақтын мақсаты:Студенттерге жаңа білім беру арқылы, Рим мемлекетімен
      орта ғасыр өнері бойынша иллюстрацияларды көрсетіп, канондық бейнелеу
      әдістері жөнінде мағлумат беру

      Қысқаша мазмұны:.

       Ежелгі Грек Суретшілері оқыту мен тәрбие мәселесіне жаңаша тұрғыдан
      қарады .Олар қоршаған ортадағы өсімдікке, табиғи құбылыстарға көңіл
      бөлу қажеттілігін мойындап,бейнелеу өнерін оқытудың өзіндік ережелерін
      жасады .Гректер әдеміліктің мәнісымбаттылық ,симметриялық,бөліктердің
      тұтастық үндестігі,дұрыс математикалық  тепе-теңділік деп тұжырымдады
      .Грекияда б.з.д. 4 ғасырда бірнеше сурет мектептері болды Олар
      –Сикиондық,Эфестік және Фивандық мектептер.Бұл мектептер әр түрлі
      әдістемелік бағыт  ұстады.Фивандық мектеп жарық, көлеңке арқылы өмір
      шындығын және елесті көрсетуге бағытталды.Эфестік  мектепте сыртқы
      сұлулыққа және табиғатты көркемдік тұрғыдан қабылдауға,соның ішінде
      шығармашылық ,эстикапық шабытқа үлкен мән берілді .
                                    Сикиондық сурет мектебі жаратылыстанудың
      ғылыми мәлімттеріне және табиғат заңдарына негізделді Сикион сурет
      мектебі оқыту әдістемесінің  дамуына ғана емес, сонымен қатар, жалпы
      бейнелеу өнерінің  дамуына үлкен әсер етті. Бұл мектеп оқыту
      әдістемесін ғылыми негізде құрып , оқушыны табиғатты зерттеуге,оның
      заңдылықтарын ашуға жетелеп, табиғат сұлулығына  деген сүйіспеншілік
      көзқарасын тәрбиеледі . Сикиондық мектептің  Памфил ,Мелантий Павзий
      және ұлы Апелес сияқты атақты суретшілер шықты.Сикиондық мектептің
      басшысы болған Памфилдың арқасында сурет салу Грекияның  жалпы білім
      беретін мектептерінің барлығынша пән ретінде енгізілді. Сурет салуға
      оқытудыың міндеті өмір шындығындағы заттарды тек көшіріп бейнелеу ғана
      емес ,сонымен қатар ,ол заттардың құрылысың заңдылықтарын зерттеп ,
      тану екендігін алғаш рет Панфил дәлелдеді

      Ежелгі Римде де өнерге , соның ішінде бейнелеу өнеріне өте үлкен
      сүйіспеншілікпен қарады. Ауқатты адамдар грек суретшілерінің
      туындыларынан коллекциялар жинап, тіпті ақсүйектер мен үкімет
      қызметкерлері сурет  және кескіндемемен (живоп ись )айналысты. Суретке
      оқыту Римдегі жалпы білім беру мектептерінде жүргізілді.

      Бірақ Римдіктер грек суретші-педагогтарының  жасаған бейнелеуге оқыту
      әдістемесін одан әрі дамытып жетілдірмеді,керсінше ,кейбір оқыту
      әдістерін олар сақтай алмады . Грек  суретші-педагогтары бейнелеу
      өнерінің  басты мәселелерін шешуге талпынып,өз шәкірттерін бейнелеуге
      оқуды ғылым арқылы игеруге шақырып , бейнелеуге ұсақ кәсіп ретінде
      емес, үлкен  шығармашылық өнер ретінде қарау керектігін түсіндірсе,ал
      Рим империясының суретші-педагогтарын бейнелеу өнерін оқытуды одан әрі
      дамыту мәселері көп алаңдатпады.олар бейнелеу өнеріне ұсақ кәсіп
      ретінде қарап, бейнелеуге оқытуда тек үлгіден көшіру әдісімен
      шектеліп, ұлы грек шеберлерінің жұмыс тәсілдерін қайталады

      Сөйтіп римдік суретшілер гректер жасаған бейнелеуді,оқыту
      әдістемелерін біртіндеп жоғалта бастады.Ұлы Рим империясы құлаған соң
      орта ғасырда шынайы өнер жетістіктері мүлдем жоққа
      шығарылды.Суретшілері бейнені жазықтық бетінде тұрғызу ережелерін,
      гректер жасаған оқыту әдістерін (император Константин және папы
      Сильвестр тұсында) білмеді.ағарту ісіне қарсы болған християн
      шіркеулері грек шеберлерінің теориялық еңбектерін, сонымен қатар
      бейнелеу өнерінің аса құнды туындыларын аяусыз құртып талқандады.
      Өнерге деген сүйіспеншілдік өнерге табынушылық деп танылып, қудаланды.

      №4 тақырып:Қайта өркендеу дәуіріндегі академиялық білім жүйесіндегі
      бейнелеу әдістемесі және оның құрылуы.

      Сабақтың мақсаты: Студентерге қайта өрлеу дәуіріндегі бейнелеу
      өнеріндегі шеберлер: Альберти, Ченино-Чинини, Леонардо до
      Винчи,Алберхт Дюрер шығармашылықтарымен  таныстыру, сурет салып
      бейнелеудегі ғылыми тиімді жолдарын ашу.

      Қысқаша мазмұны: 9-11 ғасырлардағы дағдарыс-тоқыраудың кейінгі қайта
      өрлеу дәуірі бейнелеу өнерінің және оның оқыту әдістемесінің даму
      тарихына улкен әсерін тигізді.

      Бейнелеу  мәселелерімен  Ченино-Чинини, Альберти, Леонардо до Винчи,
      Дюрер және т.б бейнелеу өнерінің шеберлері айналыса бастады. Олар
      табиғи құбылыстар заңдылықтарын түсіні мақсатында ғылыми зерттеу
      жұмыстарымен айналысып бейнелеу өнерін ғылыммен байланыстырды.
      Жұмыстың нәтижелі болуына археологиялық қазбалардан табылған өнер
      үлгілері және Ежелгі Грекияның ұлы өнері жөніндегі тарихшылар
      қалдырған деректер көмектесті.Қайта өрлеу суртетшілері антикалық өнер
      үлгілерін зерттеу барысында игерген теориялық білімдерін өздерінің
      шығармашылық  жұмыстарында пайдаланды

      , және перспектива.анатомия.прапорция ілімдерін зерттеп , жетілдіруді
      басты мақсат етіп алды.     Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері
      бейнелеуді оқыту әдістеріне байланысты біршама құнды пікірлер айтты.
      Олар бейнелеудің оқытудың негізі заттаң карап бейнелеу болу керек
      деді. Ченино-Чинини бейнелеуді оқытуда теориялық білім негіздерін
      игеру үшін мұғалімнің жүйелі басшылығы қажет деп санады. «Живопись
      туралы үш кітап» еңбегінде Леон Баттиста Альберти бір қатар құнды
      әдістемелік ережелер ұсынды. Ол бейнелеуді маңызды ғылыми пән ретінде
      қарастырды. Өнерге оқытудың нәтижелі болуы ғылыми біліктілікке
      байланысты деп жазды. Альберти оқыту әдістемесіне ғылыми негіздеме
      бере отырып, сурет салу тек  қолды жаттықтыру емес а,қыл ойды
      жаттықтыру деп қарастырды. Альберти оқыту процесінің барлығын заттан
      қарап бейнелеуге байланысты құрауды ұсынды. Альберти бірізділікті
      сақтай отырып оқушыны сызықтық перспективаның негізгі қағидаларымен
      таныстырып, ауа перспективасы жөнінде де әңгіме етеді.Оның жасаған
      кейбір ережелері әлі күнге дейін бейнелеу өнерін оқытуда қолданылып
      келеді.Дегенемен  15 ғасырда бейнелеу әдістемесінің дамуына суретші
      ағартушы Альбертидің қосқан үлесі зор болды. Қайта өрлеу дәуірінің
      ұлы неміс суретшісі Альбрехт  Дюрер  бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
      жөнінде сондай-ақ  жалпы өнер мәселелері жөнінде аса құнды теориялық
      еңбектер қалдырды. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінде енгізген
      Дюрердің «көлемді жалпылау» әдісі аса құнды жетістік болды . Сол
      кездегі ағартушы-суретшілер кеңінен пайдаланған бұл әдіс қазіргі кезде
      де бейнелеуге оқытудың классикалық әдістерініің бірі ретінде
      қолданылып жүр.Күрделі пішінді адам басын бейнелеуді жеңілдету
      мақсатында Дюрер бейнелеудің алғашқы сатысында қолданылатын әр түрлі
      геометриялық пішіндерден туратын, ағаштан шабылып жасалған тәрізді
      адам басының үлгісін жасады. Ол үлгі обрубовка деген атпен әлі де
      көптеген оқу орындарында пайдаланылып келеді.Дюрердің күрделі
      пішіндерге талдау жасау және адам басының құрылысын зерттеу ережелері
      қазіргі кездегі бейнелеу өнерін оқытуға арналған әдістемелік
      әдебиеттердің барлығында дерлік кездеседі.Леонардо да Винчи-Қайта
      өрлеу дәурі туғызған алыптардың алыбы. Өз заманында ол араласпаған,ол
      із қалдырмаған ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің бірде-бір
      саласы жоқ.Механик,математик,анатом,соғыс
      инженері,философ,физик,мүсінші,суретші .Ол жалпы педагогика және оқыту
      мен тәрбиелеу мәселелері жөнінде де біоқатар пікірлер қалдырды.Қайта
      өрлеу дәуірі суретшілерінің ісін қорытындылай келіп, олардың
      біріншіден, бейнелеу ережелерінің ғылыми теориялық негіздерін
      жасаудағы шексіз еңбектерін атауға болады. Олардың перспектива
      заңдылықтары жөніндегі еңбектері кеңістіктегі үш өлшемді нәрселерді
      жазықтық бетіне бейнелеудегі қиындықтарды жеңуге көмегін тигізді.




      Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

      1.Бейнелеу  өнерін оқыту әдістемесінің дамуына қайта өрлеу дәуірі
      қандай үлес қосты?

      2.Ченнини Ченниноның бейнелеуге оқыту туралы пікірі қандай болды?

      3.Леон Баттиста Альбертидің ұсынған ережелерінің маңыздылығы неде?

      4.Альберти сурет салуда қандай құрал пайдалануды ұсынды және ол қолдау
      тапты ма?

      5.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуына Леонардо да Винчи қандай
      үлес қосты?

      6.Альбрехт Дюрердің бейнелеу әдістемесіне қосқан үлесі қандай болды
      және ол жалғасын тапты ма?




      5 тақырып:Ресейдегі сурет салуға оқыту әдіс тәсілдері және оның 17-18
      ғасырлардағы сурет Академиясындағы әдістердің болашақта өркендеп
      дамуы.

      Сабақтын мақсаты:Студенттерді сәндік қолданбалы өнер бүйымдары, икона
      жазу шеберханаларында суретке оқыту, әдістерімен танысу.

      Қысқаша мазмұны:Ресейде бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі өте ертеде
      қалыптасты.11 ғасырда кітап графикасы мен миниатюра өзінің жоғарғы
      дамуында болды.Осы кездегі үлгілер бейнелеу өнерімен шұғылданған
      оқушылардың сурет салу сауаттылығын меңгергенін байқатады. Бұл кездегі
      суретті жалпы ұштықпен салу дами отырып, бейнелеу өнерінің оқыту
      әдістемесі көшіріп сурет салумен шектелді.Ресейде сурет салу жалпы
      білім беру пәні ретінде18 ғасырдың басында бірінші рет дами
      бастады.Сурет жалпы білім беру пәні ретінде кең өріс алып,1732 жылы
      Кадет корпусында,1747 жылы Ғылым академиясы жанындағы гимназияда,1764
      жылы Воскресенск монастыріндегі кішігірім сурет шеберханасында
      өрбіді.Осы оқу орындарының бәрі кәсіби-суретшілер дайындауды мақсат
      етіп қойған жоқ, олар өз тәрбиеленушілеріне қарапайым білім беретін
      мақсатты ұстанды.1735 жылы неміс және орыс тілінде И.Д.Прейслердің
      «Негізгі ереже немесе көркем сурет салудағы қысқа жетекшілік»атты
      сурет туралы оқулық жаоық көрді.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінде
      үлкен үлес қосқан Сурет академиясының суретші-педагогтары А.П.Лосенко
      және В.К.Шебуев көп еңбек сіңірді.19 ғасырдың басында Орыс көркем
      академиясы Батыс Еуропа көркем академияларының алдыңғы қатарынан орын
      ала бастады.Орыс көркем академиясының алғашқы түлектерінің бірі-
      О.А.Кипренский.18 ғасырдың бірінші жартысы 19 ғасырда Орыс көркем
      академиясы сурет мектебінің  Ресейдегі ең үздік әдістемелік орталығы
      болып саналады .
      1834жылы А.П.Сапожниковтың «Сурет салу курсы »  атты жалпы білім
      беретін оқу  орындарына арналған алғашқы оқулық  жарық көрді . А.П.
      Сапожников әдістемесінің мақсаты көріністен , яғни тұлғадан қарап
      сурет салудың негізін қалайды .

      1804 жылы училище , гимназияларда орта мектептерде сурет пән ретінде
      қабылданды . 1879 жылы Строганов мектебінде сурет мұғалімдерін
      даярлайтын курс ашылып , Ресей мектебін бейнелеу өнері маманы бойынша
      мұғалімдермен қамтамасыз етіп отырды .

      Жалпы алғанда , бейнелеу өнеріне сабақ ретінде көңіл  аударылуы және
      оның , әсіресе тәрбиелік мәнінің зерттелуі 1970жылдардың аяғы , 1980
      жылдардың басынан басталды. Мысалы , 1978 жылы Я.Я.Чарнецкийдің
      «Преемственности в изобразительной деятельности дошкольников и младших
      школьников как фактор формирования хдожественных интересовучащихся »
      атты зерттеуі жарық көрді .Онда балабақша жасындағы балалар мен
      бастауыш сынып оқушыларының қызығушылық сезімін қалыптастыру жөнінде
      айтылады. Келесі бір зерттеу жұмысы В.Т.Тихомиоовтың «Восприятие
      произведеней изобразительного искусства как средство общего и
      нравственного развития младших школьников»/1983/деп аталады . Бұл
      жұмыста бастауыш сынып оқушыларының қабылдауы туралы айтылады. Осы
      тұрғыдан бұл жұмыс біз зерттеп отырған мәселемен үндесіп жатыр .
      Тақырыпта көрсетьілгендей, автор бейнелеу өнері  пәніндегі қабылдаудың
      жалпы тәрбиелік ықпалы мен адамгершілікке тәрбиелеудегі ықпалын
      тәптіштеп ашуға ден қояды.




      3.  Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

      №1 зертханалық жұмыс

      Тақырыбы:Кеңес дәуіріндегі бейнелеу өнерін мектепте оқыту
      әдістемесінің дамуы.

      Сабақтын мақсаты:Студенттерді Кенес дәуріндегі бейнелеу өнерін оқыту
      әдістемесімен таныстыру және талдау жасау.

      а) Қысқаша мазмұны:Кенес дәуірінде болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі
      мақсатта үлкен өзгерістер басталды. Білім ордаларында үлкен талаптар
      мен нұсқаулар қойылды.Сол кезде мұғалімдер екі жақ боп бөлініп,
      бейнелеу өнерін оқытудағы әдістемесі көп дауға түсті.Бір қатар
      мұғалімдер кеңес дәуірінде тарихтағы өтіп кеткен жағдайларды оқытудын
      себебі жоқ деп түсіндірді, екінші жақ оқытуды дурыс көрді.Сол кездегі
      бағдарламаларда оқушыларды шығармашылық жұмысқа ғана икемдеді, ал
      сурет салу әдістемесі қалып жатты. 20-ы жылдар басында оқушыларды
      дұрыс реалистық суретке үйретпеді.Сурет салу әдістемесін мүлдем
      қолданбады. Әсіресе сурет сабағы қиын жағдайға тап болған кезені, ол(
      комплекстік) бағдарламма шығарылған кезінде болды. Оқушылардын білімін
      жеке пәндер бойынша тексерілген жоқ, барлығы (комплекс) түрінде
      тексерілді,онын ішінде сурет сабағы да.20-ж сонында, 30-ж. басында
      формалистік әдістемелер үлкен сынға түсті.ЦК ВКП(б)-нын кірісуімен
      мектептер тазара бастады. 30-ж. ЦК партиянын шешуімен оқу
      бағдарламасы, жоспарлар дұрыс жолға қойылды. 1931жылы мектептік
      бағдарламада сурет пәні өз орнын алды. 40-жылдары Кеңес мектептерінде
      сурет реалистық өнер ретінде беріле басталды. Бұл кезенде мектептерде
      жаңа ғылыми зертеулер керек болды.Сол кезде ғылыми  педагогикалық
      Академиясында (РСФСР) 1943ж. және (СССР)1947ж. сурет салу
      Академиясында ғылыми зерттеулер басталды. Жаңа оқу бағдарламалары,
      сабақ жүргізу әдістемелері шығарылды. Осы кезде Кеңес әдістемесінде
      өзінің ізін қалдырған суретші-педагог Д.И. Кардовский (1866-1943) және
      К.Ф. Юон (1875-1958) болды. Кардовский педагог ретінде реалистық сурет
      салуда өзінің позициясын ұстанды, жастарды формализмнен
      алыстатты.Әсіресе өзінің сурет салу әдістемесінде, ол тарихта із
      қалдырған суретшілердің дәстүрлерін насихаттады. Кардовский сурет
      мұғалімдерін даярлауда оқу орындарын ашты.К.Ф. Юон сурет салу
      әдістемесінде өзінің үлесін қосып кетті. Онын айтуынша сурет
      оқушылардын өнерде қалыптасуына үлкен роль ойнайды. Жазған тезисінде
      Юон сурет сабағында оқушыларды үнемі үйретіп отыру қажет дейтін.
      Барлық сурет зандылығы ретімен ,орнымен пайдаланса нәтижесі
      көрсетіледі. Кеңес дәуірінде ғылыми-зерттеу жұмыстары көп жасалу
      басталады. Сонын нәтижесінде сурет сабағыннан жаңа әдістемелік
      кітаптар көбейеді.

      б)Студенттерге тапсырма: Реферат дайындау.




      №2 зертханалық жұмыс

        Тақырыбы:Қазақстан Республикасының  және Ресейдегі бейнелеу өнеріне
     жаңа  буын  оқулықтарына  және  бағдарламаларына  тереңірек  анализдік
     талдау жасау.

        Сабақтын    мақсаты:Жаңа    оқу    бағдарламалармен     таныстырып,
     студенттермен бірге анализ жасау.

        а) Қысқаша мазмұны:Қазақстан  Республикасында  және  Ресейде  жылда
     бағдарламаларда өзгерістер болып тұрады,олар жана  шыққан  оқулықтарға
     ,Білім    және   ғылым   министрлігінде   ұсынған   және    бекітілген
     бағдарламаларға  жана  инновациялық технологияларға байланысты болады.
     Мектептегі сыныптардағы бейнелеу өнері пәнінің алдына  қойған  мақсат-
     міндеттерін       жүзеге        асыру        арқылы        оқушылардың
     интеллектуалдық,эмоционалдық,эстетикалық,іскерлік,коммуникативтық
     қаблеттерін  дамытып,қоршаған  ортамен   өзара   әрекеттестік   қарым-
     қатынасқа дайындауды  жүйелеудегі  оқу  бағдарламасы  мен  мемлекеттік
     стандарттың және осы құжаттарға  сәйкестендіріліп  жазылған  оқулықтар
     мен оқу-әдістемелік кешендерінің манызы зор.
      Бағдарламаның негізгі мақсаты бейнелеу өнері саласындағы көркем –
      эстетикалық  біліктілікті  дамыту , өнер шығармаларын қабылдаудағы
      көркем – бейнелі ойлауды қалыптастыру болып табылады .

      Оқыту міндеттері:

      Отандық және әлемдік мәдениет  қайраткерлерінің өнер туындыларына
      деген құндылық  қатынастарды қалыптастыру;

      Әр түрлі бағытта , жанрда мен стильде құрылған өнер ығармаларындағы
      көркем ойды қабылдауға деген танымдық қызығушылықты белсендіру;

      Қоршаған орта шындығын өз бетімен көркем бейнелеу арқылы көрсете
      білуге шығармашылық қабілеттерін дамыту .

      Бағдарлама құрылымы екі негізгі бөлімді қамтиды;

      1.Өнерді қабылдау .

      2.Практикалық іс – әрекет .

      Бағдарлама төмендегідей блоктардан тұрады:

      1.Сурет

      2. Кескіндеме .

      3.Композиция.

      4.Сәндік өнер .

      5.Мүсін өнері.

      Сурет . Бұл блоктың міндеті: оқушылардың  әр түрлі графикалық мәнерлеу
      құралдарын-сызықты, штрихты, дақты,тонды,көлеңке мен жарықты
      пайдаланып, үш өлшемді пішінді екі өлшемді жазықтықта көлемді,
      пропорцианы, фактураны кеңістікте орналасу күйін беру арқылы көруге
      және бейнелеуге үйрету.

      Кескіндеме. «Кескіндеме» блогының міндеті: оқушылардың түстік
      қатынастарды көруін, көркем бейнені есте сақтауын, шығармашылық
      белсенділігін, көркемдік елестету және қиялға берілу қабілеттілігін
      дамыту. Кескіндеме бойынша оқу бағдарламасы қысқа мезгілдік этюдтер
      мен ұзақ уақыт орындалатын жұмыстардың алмасып отырылуын ескереді.

      «Композиция» блогы- «Бейнелеу өнері » пәнінің жетекші бағыты болып
      табылады және  басқа блогтармен тығыз байланыста болады. Блог
      міндеті: оқушыларды жеке шығармашылық қабілеті мен бейнелі ойлауын
      қалыптастыруға себептесу; композиция заңдылықтарын сауатты қолдануға
      жне өз ойын нақты көркем пішін мен бейнелерге айналдыруға үйрету. Бұл
      блогта оқушылар сәулет өнерімен танысады.

      Сәндік қолданбалы өнер блогының міндеті: мектеп оқушыларын сәндік өнер
      түрлерімен таныстыру, әртүрлі материалмен жұмыс жасаудағы біліктілігі
      мен дағдыларын, көркем талғамын  дамыту және көркем халық дәстүріне
      баулу. Мұғалімге қолднбалы өнер түрлерін тандауға үлкен мүмкіндіктер
      беріледі: гобелен ағашқа көркем  оймыштау , керамика, ши тоқу, терімен
       жұмыс және т.б. оқу бағдарламасына қолданбалы өнер түрлерін енгізу
      осы саладағы қазақтың ұлттық дәстүрлерін зерделеуге, оқушылардың
      кәсіби бағдарын тандауға мүмкіндік туғызады.

      «Мүсіндеу өнері» блогының міндеті: оқушылардың кеңістік қабылдауын,
      яғни көлемді пішінді үш өлшем тұрғысынан қабылдауды дамыту;
      пластикалық мәнерлеу құралдары арқылы көлем мен кеңістікті бере алу
      біліктілігін  қалыптастыру, сазбалшық, пластилин, т.б. материалдармен
      жұмыс жасаудың техникалық амалдарын, пластикалық заңдылықтарын
      зерделеу. Қарапайымнан күрделіге қарай жүретін оқу тапсырмалары циклін
      орындай отырып, оқушылар бедерлі және жұмыр мүсін негіздермен
      танысады.

      Барлық блоктардағы  оқу материалының құрамды бөлігі өнер тарихы
      бойынша әңгімелесу болып табылады

      б) Студенттерге тапсырма:Жаңа оқу бағдарламаны талдау.




      №3 зертханалық жұмыс:

      Тақырыбы:Бейнелеу өнері бойынша оқу-тәрбие процестерін жүйелі
      жоспарлау.

      Сабақтын мақсаты:Қазіргі мектептерде пайдаланатын жаңа оқу-тәрбие
      жоспарларын көрсету, студенттермен бірге талдау.

      а) Қысқаша мазмұны:Жалпы білім беретін мектептердің бейнелеу өнеріне
      оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеттері:

      Оқушыларға бейнелеу өнерінің құралдарын жүйелі меңгерту арқылы
      айналадағы өмір шындығына эстетикалық  көзқарасты қалыптастыру ;

      Өмір шындығы   көріністеріндегі , табиғаттағы және өнердегі бояу
      түстерін , оның сезімдік әсерін оқушылардың көре ,сезіне білуін,
      бейнелеу іс – әрекеті барысында олардың кеңістік туралы түсінігін
      қиялын , елестету қабілетін жүйелі түрде дамыту  ;  көркем мәдениет
      және оның қоғамдағы алатын орны туралы түсінікті дамыту ;

      Оқушылардың  бойында   халықтың  дәстүрлі өнерін , тарихи
      ескерткіштерін эстетикалық тұрғыдан  бағалай білуге баулитын жүйелі
      білім шығармашылық икемділік пен  дағдыны қалыптастыру ;

      Бейнелеу өнері сабақтары барысында дамып , қалыптасқан көркемдік
      білімдерін , икемділік дағдыларын  тұрмыс жағдайында ,еңбек процесінде
      , қоғамдық     жұмыста пайдалана білуге баулу .

      Қазіргі кезде жасөспірім   жеке тұлғаны тәрбиелеуде өнердің , соның
      ішінде бейнелеу өнерінің
                                                                    ықпалы
      зор екендігін педагогика , психология ғылымдары  дәлелдеп берді .

      Бейнлеу өнеріне оқыту барысында оқушылардың
                                    ойлау қабілеті , есте сақтау
      шығармашылық қиялы , көркемдік икемділігі , адамгершілік  және
      сұлулық сезімді  дамиды , әрине бұл қасиеттер жеке тұлғаның   жан –
      жақты дамуына негіз болары  сөзсіз .

      Бейнелеу сабақтары оқушылардың қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру
      арқылы сұлулық  сезімін оятады , дүниетанымын қалыптастырады
      шығармашылық белсенділігін   арттырады . Сонымен қатар  жеке тұлғаны
      ұқыптылыққа , дербестікке , еңбексүйгіштікке бейімдейді .

      Бейнелеу  іс-әрекеті барысында сурет салу біліктілігі мен іскерлігін
      меңгеріп, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды байқап зерттеуді
      үйренеді. Демек,бейнелеу қоршаған ортаны тану, кеңістікті  қабылдау,
      есте сақтау, қиял, сезім сияқты тағы басқа психологиялық процестердің
      дамыуна көмектеседі.

      Көбінесе бейнелеу іс-әрекеті барысында оқушының ерекше белсенділігін
      байқауға болады. Ол,әсіресе танымдық шығармашылық белсенділік
      тұрғысында байқалады.Бұдан жеке тұлға өз белсенділігін қоршаған
      ортамен сезімдік қарым-қатынас,жұмыс процесінде арттыратындығын көруге
      болады.Педагогтың ұйымдастыруымен өткізілген сабақтағы немесе сыныптан
      тыс шаралардағы танымдық, әстетикалық тәрбие оқушылардың ғылыми
      дүниетанымын қалыптастырады.Сондықтан да педагогика ғылымының оқыту
      мен тәрбиені ажырытпай тұтас қарастыруы бейнелеу өнерін оқытудың
      негізі болып табылады.Бейнелеу өнері  сабақтарында дәстүрлі бейнелеу
      өнерінің түрлерімен,жанрларымен бірге
      дизайн,оригами,коллаж,жапстырмалау жұмыстарын да қарастырады.Бұл
      жұмыстар оқушылардың ой-өрісін,шығармашылық белсенділігін дамытумен
      қатар,олардың санасында бейнелеу өнерінің адам тіршілігінде,қоршаған
      ортада үлкен орын алатындығын дәлелдейді.Түрлі материалдардың
      қөркемдік қасиеттерімен танысып,оларды өндеу тәсілдерін
      меңгереді.Бейнелеу сабақтарында немесе сыныптан тыс жұмыстарда
      оқушылар шетелдердің белгілі бейнелеу өнері шығармаларымен және көп
      ұлтты Қазақстан бейнелеу өнерінің даму кезендерімен танысып, жекелеген
      белгілі бейнелеу өнері туындыларының композициялық шешімін, түс
      ерекшеліктерін талдап өз түсінігін,пікірін әңгімелейді.Бұл оқушыларды
      өнер танығыштыққа тәрбиелеп,коммуникативтік  қаблеттерін
      арттырады.Осыған орай,қазіргі кездегі тәуелсіз еліміздің білім және
      ғылым жүйесін реформалау нәтижесінде алғаш жарық көрген бейнелеу
      өнерін оқыту бағдарламалары мен оқулықтарына батыс Еуропа,Ресей
      бейнелеу өнерінің  кейбір белгілі
      суретшілері,сәулетшілері,мүсіншілерінің шығармалары,ұлттық қолөнері
      енгізілген.Соның ішінде,әрине көп ұлтты қазақ бейнелеу өнері,ұлттық
      қолөнер кеңінен орын алған.Ол оқушыларға басқа да елдердің бейнелеу
      өнерімен терезесі тең дамып келе жатқан өз елінің өнерін
      талдап,танып,үлкен отансүйгіштік сезімге бөленуіне мүмкіндік жасайды

      Тәрбие беру мен оқытудағы бейнелеу өнерінің рөлі төмендегі көрсетілген
      талаптарға сай болғанда ғана тиімді болмақ.

      1.Бейнелеу өнері сабақтарында оқыту мен тәрбие беру мақсат-міндеттерін
      біртұтас шешу.

      2.Оқушыларды бейнелеу өнеріне оқытуда дидактикалық принциптерді
      сақтау.

      3.Бейнелеу өнері  сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды
      пайдалану.

      4.Бейнелеу өнері сабақтарында көрнекіліктерді және техникалық
      құралдарды кеңінен қолдану.

      5.Ана тілі,математика,дүниетану,музыка,еңбекке баулу т.б.пәндер мен
      бейнелеу өнері арасындағы пәнаралық байланысты сақтау.

      6.Оқушылардың шығармашылығын,өзі жасаған өнердегі образдарға
      эмоционалды көзқарасын,жалпы сабаққа қызығушылықтарын арттыру
      мақсатында бейнелеу өнері сабақтарында ойын,сайыс элементтерін
      пайдалану.

      7.Бейнелеу өнері сабақтарының сыныптан тыс,мектептен тыс жұмыстармен
      тығыз байланысын сақтау.

      8.Бейнелеу өнерін оқыту бағдарламасының негізгі тараулары бойынша
      оқыту әдістемесін үнемі жетілдіру.

      9.Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың жекебасының ерекшіліктері
      мен шығармашылық мүмкіндіктерін ескеру.

      10.Оқыту мен тәрбие барысында озық  іс-тәжірибелерді пайдалану.

      Бейнелеу өнерін оқыту мен тәрбие беру барысында озық іс-тәжірибелерді
      жинақтау,талдау,зерттеу мұғалімнің өз әдістемелік шеберлігін байытудың
      бірден-бір жолы.

      Күнтізбелік-тақырыптық  жоспар-бағдарламаны және мемлекеттік стандарт
      бойынша шығарылған оқулықтарды,оқу кешендерін негізге ала отырып
      құрылады.

      Бейнелеу өнері сабағына аптасына 1,5 сағат бөлінуіне байланысты
      күнтізбелік жоспарды екі түрлі бағытта құруға болады.Бірінші бағыт
      бойынша бір тоқсанда аптасында 1 сағат,келесі тоқсанда аптасында
      2сағаттан құрылады.

      б) Студенттерге тапсырма: 5-6 сыныптарға арналған күнтізбелік
      жоспарларды тапсыпу.




      №4 зертханалық жұмыс.

      Тақырыбы:Бейнелеу өнері пәніндегі әр түрлі іс-әрекеттерді оқып
      меңгертудегі ғылыми негіздер.

      Сабақтын мақсаты: Бейнелеу өнеріндегі ғылыми негідермен таныстырып,
      студенттермен талдау жасау.

       а)Қысқаша мазмұны:Бейнелеу өнеріне оқыту әдістемесінің мазмұны
      педагогика ғылымына негізделіп құрылады.Соның ішінде бейнелеу өнерін
      оқытуда педагогика ғылымы зерттеп,көрсетіп берген дидактикалық
      принциптерді басшылыққа ала отырып,жұмысты ұйымдастыру үлкен нәтиже
      береді,оқыту мен тәрбие беру процесін ғылыми тұрғыда жүйелендіреді.

      Дидактика-бұл ежелгі грек сөзі,яғни «didaktikos»-үйретүші,
      «didaskolos»-мұғалім деген  ұғымды білдіреді.Дидактика-білім беру мен
      оқытудын теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика
      ғылымының саласы.Дидактика жалпы немесе жекеленген пәндерді оқыту
      ерекшіліктерін зерттеп, білім беру мен оқытудың мазмұнын,оқыту
      принциптерін,оқытуды үйымдастыру  әдістерін және формаларын
      қарастырады.оқыту және тәрбие беру барысында осындай дидактикалық озық
      тәжірибелерді зерттеп,жинақтап,оларды педагогтық өз іс-тәжірибесінде
      орынды пайдалана білу педагогикалық жетістіктің негізі,жетекшісі
      болатындығы сөзсіз.Оқыту мен тәрбие берудегі дидактикалық принциптерге
      келетін болсақ,ол оқытуға қойылатын талаптардың белгілі жүйесі.Оқыту
      жүйесінің зандылықтары оның принциптерінде бейнеленеді.Принцип-латын
      сөзі «негізгі»,

      «бастапқы» деген ұғымды білдіреді.Сонымен,мұғалім өзінің педагогикалық
      тәжірибесінде мынадай дидактикалық принциптерді ұстанады.

      Оқытудың ғылымилық принципі-оқу барысында игерілетін әр тақырып,әр
      мәселе ғылыми дәлелдерге негізделіп берілуі керек,ол оқушылардың
      қоршаған

      Ортадағы заттар мен құбылыстар туралы шынайы
      көзқарасының,дүниетанымдық және адамгершілік  қасиеттерінің
      қалыптасуына әсер етеді.Сондықтан да оқыту әдістемесінің негізінде
      ғылымилық принцип орын алуы тиіс.Бейнелеу өнері мұғалімнің  міндеті-
      бейнелеуші табиғат көрінісінің немесе нәрсе құрылысының зандылықтарын
      және оларды жазықтық бетінде бейнелеу зандылықтарын түсіндіріп көрсету
      арқылы оқушылардың сурет салу барысында ойлану дағдысын қалыптастыру.
      Ол оқушылардың бейнелеу өнері пәнін басқа математика,дүниетану сияқты
      адамның жан-жақты дамуына әсер ететін ғылыми танымдық пән ретінде
      тануына мүмкіндік жасайды.Мектептегі бейнелеу өнері оқушылардың алдына
      бірнеше оқу міндеттерін қою қажет,ол оқушылардың қоршаған ортаны
      зерттеп арқылы таныидық көзқарасын,білімін терендетіп дамытады,өз
      бетімен ізденіске тәрбиелейді.Бұл міндеттер бейнелеу өнеріне оқытудың
      негізі болып табылып,ол оқушылар алдына белгілі бір
      жүйемен,бірізділікпен қойылады.Бейнелеудің ғылыми негіздері
      перспектива,түстану,жарық-көленке,анатомия жәнет.б ұғымдарға
      бағытталады.Танымдық ғылыми мәліметтер,әсіресе тақырыптық
      бейнелеу,сәндіксурет және көркем құрастыру сабақтарында оқушылардың
      композиция жасауда шығармашылы қ жұмыстарын  ғылыми дәлелдерге сүйене
      отырып,ойланып бейнелеуіне мүмкіндік жасайды.Оқушылардың тақырыпқа
      қызығушылығын оятып,тек оны бейнелеп қана қоймай,сонымен қатар сол
      мәселе жөнінде қосымша ізденіп білуге талаптандырады.Бейнелеуге
      мектепке дейінгі және төменгі сынып оқушылары үнемі үлкен
      құлшыныспен,ынтамен қатысып,ал сынып сатысы жоғарылған сайын
      бейнелеуге ынталы балалардың қатары біртіндеп азая бастайтындығы
      белгілі.Бұл жағдайдайдың себебі сабақта оқушылардыңалдына сыныптар
      сатысы жоғарылған сайын,ұсынылатын оқу материалдарының ғылыми
      дүниетанымдық негізсіз берілуі.Сондықтан оқушылардың сынып сатысы
      жоғарылған сайын берілетін білім қоры мен оның сапасы оқущылардың
      рухани сұранысын қанағаттандыратын,қызуғышылықтарын оятатын ғылыми
      жаңалықтарға негізделген мәліметтер болуы тиіс.Зерттеу,тәжірибе жасау
      барысында оқушылар алдыңғы сабақтарда материалдардың қасиеттері
      жөніндегі алған ғылыми негіздерге оралады.Педагогика ғылымында
      көрсеткендей,ғылыми білім беру-жеке адамның дүниетанымын қалыптастырып
      дамытудың тірегі

      Көрнекілік принципі-Бұл оқу тәрбие жұмысындағы ең қөп қолдданыланатын
      және ең көне дәуірден келе жатқан принциптердің бірі болып саналады.Ол
      адамның қоршаған ортадағы болып жатқан іс-қимылды,заттарды көру арқылы
      сезініп,ой –елегінен өткізіп,белгілі бір қорытынды жасау қасиетіне
      негізделеді.Педагогика ғылымында көрнекілік принципін алғаш болып
      зерттеп,осы салаға қомақты үлес қосқан педагог-ғалымдар
      Я.А.Каменский,К.Д.Ушинскийлерді атауға болады.Көрнекілік принциптің
      оқу материалдарын,соның ішінде теориялық ереже-зандылықтарды терең
      түсінуде,берік есте сақтауда алатын орны ерекше.Тақырыпқа байланысты
      әр түрлі көрнекіліктерді пайдаланудың нәтижесінде сабақ оқушыларға әрі
      түсінікті,әрі қызықты болып өтеді.Сабақта қарастырылатын барлық ереже
      зандылықтар көрнекіліктер арқылы берілуі қажет,өйткені естумен қатар
      затты немесе құбылысты көзбен көріп,сезінуі адамның санасында берік
      сақталуына мүмкіндік жасайды.

      Бейнелеу өнері пәнінде қолданыланатын көрнекілік түрлері мынадай
      топтаоға бөліп көрсетуге болады:

      1.Табиғи көрнекіліктерге келтірілген түрлі өсімдіктер,хайуанаттар мен
      құстардың тұлыбы т. Б жатады.

      2.Заттар және бейнелеу көрнекіліктері:муляж,гипстен немесе қағаздан
      жасалған геометриялық денелер,үлгілер,педагогикалық суреттер,бейнелеу
      кезеңдері көрсетілген иллюстрациялар,мүсін түрлерінің үлгілері.

      3.Символикалық көрнекіліктер:сызбалар,технологиялық
      карталар,диаграммалар,мысалы түстануға байланысты кестелер.

      4.Экранды жылжымалы
      көрнекіліктер:диапозитивтер,диафильмдер,эпипроекциялар,оқу киносы,оқу
      бейнетаспалар,компьютерлер.

      5.Дыбыстық көрнекіліктер:грампластинкалар,магниттік таспалар,әр түрлі
      музыка аспаптары,радио қабылдағыштар.

      Бұл жоғарыда көрсерілген көрнекіліктер оқу
      материалдарына,жоспарына,мақсатына байланысты тандап
      алынады.Көрнекілік түрін таңдау мен оны пайдалана білу мұғалімнің
      әдістемелік біліктілігін талап етеді.Мұғалімдер көрнекілік дайндауда
      үлкен ізденпаздық,тапқырлық танытады,әдістемелік көрнекілік даярлауда
      мұғалім мыналарды ескеруі қажет:

      -көрнекіліктер сабақтың тақырыбына,оқушылардың жас ерекшіліктеріне сай
      болуы керек:

      -оқушыға берілетін тапсырманың міндетті мөлшері анық көрсетілуі тиіс:

      -кестедегі әр кезеңнің бірізділігі сақталуы керек:

      -кестедегі сызықтар анық әрі таза болуы керек:

      -педагогикалық сурет дидактикалық талаптарға сай болу керек:

      Қазіргі кездегі білім беру жүйесін реформалау нәтижесінде мектептер
      компьютерлер мен компьютерлік әдістемелік технологиялармен жабдықталу
      барысында екені белгілі.Сондықтан да бейнелеу өнерін оқытуда
      электрондық әдістемелік жүйені,әр түрлі педагогикалық технологияларды
      пайдалануға мүмкіндік  зор.Компьютерлік
      технологияны,түстануды,композицияны оқытуда,перспектива
      зандылықтарын,дизайн сабақтарын оқытида кеңінен пайдалануға болады.

      Саналылық пен белсенділік принципі-Педагогикада саналылық пен
      белсенділік дегеніміз білімді саналылықпен белсене қабылдап,оның
      өмірмен,тәжірибемен байланысып тереңдету,оқылатын деректер мен
      құбылыстардың мәніне түсіну болып табылады. Бұл принцип те оқыту
      жүйесіндегі ең маңызды принциптіңбірі болып саналады,өйткені жаңа
      білімді оқушы саналы түрде өз бетімен терең ойланып,ой елегінен өткізу
      керек.Білімді саналы түрде қабылдап меңгеру,оны өмірде,машықтық
      жұмыста өз бетімен пайдалану белсенділігін арттырады. Саналылық пен
      белсенділік екеуі мүлдем екі бөлек ұғымды білдіргенімен оқыту
      барысында екеуін бірбірінен ажыратып қарауға болмайды,өйткені олар
      үнемі бірін-бірі толықтырып тұрады.Саналылықпен,белсенділікпен алған
      білім қашанда оқушының алдына қойған оқу міндеттерін шешіп және ол
      білімді санасында мықты бекітіп сақтауына мүмкіндік жасайды.Сонымен
      қатар саналылық пен белсендәлік жаңа алынған білімді тереңдетіп
      молайтуға,шығармашылық ізденіске,машықтық жұмысқа қызығушылықты
      арттырады. Оқушы әр жаңа білімнің өз дүниетанымын
      қалыптастыратын,қоршаған ортамен байланыс іс-әрекет мүмкіндігін
      молайтатынғын сезініп түсінеді. Мұғалім сабақ барысының әр кезеңінде
      де оқушылардың саналы белсенділігін қадағалап,ұйымдастырып отыруы
      қажет,әр түрлі әдіс-тәсілдерін шебер пайдалана білуі керек.Мұғалім
      үнемі оқушыларды сыныпта немесе үйде өз бетімен жұмыс істеуге үйретуі
      керек.Өз бетімен жұмыс жаңа білімді іскерлік дағдыны бекітіп,дамытып
      қана қоймай,сонымен қатар шығармашылық ізденіске,саналы белсендікке
      тәрбиелейді. Оқушылардың қаблеттерін дамытуда әр баланың жеке бас
      ерекшеліктеріне де аса көңіл бөлінуі керек.Баланың психологиялық
      ерекшеліктеріне байланысты мадақтау,өз мүмкіндігіне сенім молайту,ар-
      намысына тимей байыпты сынау.Мұғалімнің жекелеген оқушымен жұмыс көзі
      ол көбіне сабақтын машықтық кезеңінде өтеді. Оқушы жұмысындағы
      кемшіліктерге байланысты нұсқау
      беру,түсіндіру,қайталау,ескертулер,түзетулер енгізу.Бұл жұмыста
      мұғалім оқушы жумысының кемшілігін түзетуші рөлінде емес,керісінше
      оқушымен ынтымақтастық бірлікті,кемшіліктің жіберілу себебін
      анықтап,оны бірігіп түзету мәселесін ұйымдастырушы болғаны жөн.

      Саналылық және белсенділік принципінің жүзеге асуы мынадай қағидаларға
      негізделенеді:

      -оқушыға алдағы жаңа білімнің  және оған байланысты жұмыстардың
      мақсат-міндеттерін  және оның  болашақта пайдалылығын айқын түсіндіру:

      -оқыту барысында танымдық материалдарды ұтымды пайдалану,топтық
      зерттеу және зерттеуге мүмкіндік жасау.

      -бейнелеу жұмысында жаңа бейнелеу материалдарды мен құралдарын
      меңгерту,жаңа бейнелеу терминдерін ұсыну және пәнаралық байланысты
      пайдалану:

      -мектептегі бейнелеу өнерін оқытуда мұғалімнің басты міндеті суретші
      емес,бірінші жеке тұлға тәрбиелеу керектігін ескеру:

      -бейнелеу өнерінің және оған байланысты білім мен ікерлік дағдының
      және адам тұрғысында,қоғамда,қоршаған ортада алатын орнын ашып
      көрсету.

      -сабақты ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияларды,озық іс-
      тәжірибелерді пайдалану.

      Сонымен саналылық пен белсенділік барлық оқу-тәрбие барысында басты
      нысана болуы керек,өйткені қазіргі саналы да белсенді оқушы-ертеңгі
      қоғамның саналы да белсенді мүшесі.

      Жүйелілік және бірізділік принципі-Педагогика ғылымы әрбір жаңа
      білімнің дағды немесе жаңа тапсырманың бұрынғы өткен білімге және
      іскерлік дағдыға негізделіп берілуін талап етеді.Жаңа білім мен
      дағдыны меңгеру келешекте өтетін сабақтың байланысын анықтайды.Жаңа
      сабақтың материалын өткен сабақпен байланыстырып бірізділікпен оқыту
      оқушының білімін тереңдетеді.Жаңа оқу материалы оқушының есіндегі
      бұрынғы білімді тексереді және оны толықтырады.Оқыту процесіндегі ең
      басты болып саналатын осы жүйелілік  пен бірізділік принципі
      қаншалықты үздіксіз байланыста жүрсе,солғүрлым жұмыста нәтижелі
      болады.Бейнелеу өнеріне оқытуда жүйелілік принципі бейнелеу
      жүйелілігің ережелерін қатал сақтауды талап етеді.Ол-өткен сабақтағы
      материалдарды меңгермей.оны бекітпей,жаңа сабақ  материалына
      көшпеу.Оқушы бейнелеудің әрбір кезеңдерін бірізділікпен жеке-жеке
      меңгеру,бекіту қажет,өйткені әрбір келесі кезең өткен кезеңнің
      құрамдас кезеңінен туындайды.Тараулар арасындағы байланысты жоймас
      үшін мұғалім әр тақырыптың мазмұндық құрылымына,тақырып бойынша
      істелінетін машықтық жұмыстағы бейнелеу іс-әрекетіне терең талдау
      жасап,байланыс көзін іздеу қажет.Мұғалім бейнелеу өнері пәнін оқу
      бағдарламасына сүйене отырып,тақырыптың күнтізбелік жоспарын
      құрастыруда осы оқу материалдарын әр сынып бойынша бөліп,сонымен қатар
      әр сыныптарда сол материалдардың оқытудағы білімділік,танымдық
      мөлшерін анықтап жоспарлайды.Мұғалім әр сыныпта бір тақырып бойынша
      оқушыларға қандай жаналық ұсынатындығын  белгілеп жоспарлағанда
      оқытудың үдемелі жүйелілігі мен бірізділігі сақталады.

      Түсініктілік және сәйкестік принципі-Оқытудың түсініктілік  принципі
      мұғалімнен жаңа материалдың күрделілік деңгейін және оны әр сыныпта
      меңгерілу мүмкіндігін білуді,сонымен қатар оқушылардың жас
      ерекшеліктерін,жеке іскерлік және танымдық қабілетін білуді талап
      етеді.Оқу материалын оқушының жас ерекшелігіне,жеке іскерлік
      қабілетіне сайкес түсінікті етіп жоспарлау үшін мұғалім оқушылардың
      әр жаста белгіленген уақыт ішінде қандай білік  және іскерлік
      дағдыларды меңгере алатындығын білуі тиіс.Оқыту барысында түсініктілік
      және меңгеруіне қиындық туғызады,сәйкестік принципін сақтамау
      оқушылардың жаңа білімді,іскерлік дағдыларды қабылдап,меңгеруіне
      қиындық  туғызады,қызығушылықтарын азайтады.Сондықтан мұғалім
      дидактикалық принциптерді сақтай білуі  керек.Қабылдау психологтардың
      айтуынша бейне адам санасына айна тәрізді шағылысуы емес,қабылдау
      әрқашан өткен тәрбиемен байланысты.Бұл психологиялық қабілеттер тек
      көркемдік іс-әрекет барысында дамиды.Сонын ішінде бейнелеу өнері де
      ерекше орында.Дегенмен оқыту барысында түсініктілік және сәйкестік
      принципіне байланысты мәселені реттеу,ұйымдастыруда мұғалім  оқушылар
      мүмкіндігін мүлдем төмендетіп алмауын да қарастыру қажет.Оқушыларды
      белгілі қиындықты жеңуге бағыттап,белсенді жұмысқа жұмылдырып отыруы
      керек,сонда ғана оқушылар біліктілік  және іскерлік дағдыларын
      меңгеріп қана қоймай,сонымен қатар,өз күшімен жеңген қиындық пен
      шығармашылық жұмыстан куанышты көңілге бөленеді.Сыныпта түсініктілік
      және сәйкестілік принципін оқу барысында іске асыруда мұғалім әр
      баланың  жеке мүмкіндігін,қаблетін  де ескеруі қажет,өйткені сынып
      оқушыларының қабілеттері бірдей емес,кейбіреуі жаңа білімді тез арада
      меңгерсе,кейбіреуі үлкен қиындықпен меңгереді.Сондықтан да мұғалім
      жаңа білімді игерудегі міндетті денгей мен мүмкіндік деңгей арасын
      айқын көрсетіп,жұмысқа бағыттағаны дұрыс.

      Оқытудың дидактикалық принциптері  бір-бірімен өте тығыз байланыста
      бірін-бірі толықтырып отырады.Сондықтан да оқыту мен тәрбиенің
      нәтижелі болуы осы жүйенің бұзылмауына байланысты демекпіз.

      б)Студенттерге тапсырма: Бейнелеу өнері түрлерінен әр-түрлі
      жумыстарды тапсыру.




      №5 зертханалық жұмыс

      Тақырып:Бейнелеу өнері үйірмесінің жұмыстарын ұйымдастырып,тиімді
      өткізу.

      Сабақтын мақсаты: Студенттерді сабақтан тыс жұмыстарымен және
      түрлерімен таныстыру.

      а) Қысқаша мазмұны:Сыныптан тыс жұмыстардың кең тараған түрі-үйірме
      жұмыстары.Олар бейнелеу өнерінің турлеріне қатысты:сурет және
      кескіндеме,сазбалшықтан сомдау,сәндік қолданбалы өнер,безендіру
      жұмысы,линогравюра, керамика,мозаика т.б.

      Мұғалімдердің міндеті үйірме жұмыстарына көп оқушыларды тарту және
      жұмысты ұйымдастыра білу болып табылады.Үйірме мүшелері білім және
      іскерлік дағдыларын қабырға газеттерін безендіруде,мектептегі театрлық
      қойылымдарды және сынып бөлмелерін безендіруде,т.б. пәндерден көрнекі
      құралдар жасауда қолданады.

      Бейнелеу өнері үйірмесін топтастыруда оқушылардың жас
      ерекшіліктері,білім деңгейлері ескеріліуі тиіс.Әдетте,үйірме 10-15
      оқушыдан топтастырылады.әр топ жас ерекшіліктеріне байланысты 1-
      2немесе 3-4сынып оқушыларынан жинақталады.Үйірме жұмыстарының тағы бір
      ерекшілігі.ол сыныптағы бейнелеу өнері  сабақтарына қарағанда,үйірме
      сабақтарына көп уақыт бөлінеді.Мысалы,аптасына 1-2сынып оқушыларынан
      топқа2сағат,ал2-3сынып оқушыларынан тұратын топтарға3сағат.Сабақ
      аптасына 1 сағаттан 2 ретнмесе3рет,кей жағдайда олар біріктіріліп бір
      күнде өткізілуі де болады.

      Үйірме сабақтарында бір тақырыптық оқытылуы міндетіне 3-6сағат
      мейілінше ұзақ уақыт бөлінуімен де ерекше.Сонымен қатар үйірме
      сабақтарына бейнелеу өнерінің
      акварель,гуашь,темпера,тушь,пастель,сангина,соус,көмір,сазбалшық
      сияқты материалдары кеңінен қолданылады.Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру
      барысындағы осы ерекшіліктер сыныптан тыс жұмыстардың оқу-тәрбие
      міндеттерін нәтижелі орындауға мүмкіндік жасайды.Үйірмедегі
      сабақтардың басты түрінің бірі –ол өнер туралы әңгіме сабағы.Бұл
      сабақтарда мұғалім оқушыларды бейнелеу өнерінің
      түрлерімен,жанрларымен,жекелеген суретшілер шығармашылығымен,қазіргі
      бейнелеу өнеріндегі жаңа ағымдармен кеңінен таныстырып,көрсетуіне
      болады.Әр үйірмеде ой-пікірлері біріккен шағын ұжым көрінісін
      табады.Ол ұжымда жекелеген ұйымдастыру мәселелеріне жауап беретін
      үйірме басшысы сайланады.Үйірме мүшелерінің мектептегі қоғамдық
      жұмыстарға белсене араласуы көзделеді.Үйірме жұмысының жетістігі-
      көбінесе оны дұрыс ұйымдастыру мен жоспарлауға байланысты.Үірме
      мүшелерінің қатысумен 2 және4 тоқсан соңында мектепшілік немесе
      жылжымалы көрмелер ұйымдастырылады.Көрме ұйымдастыру үйірме
      мүшелерінің жауапкершіліктерін,оданәрі оқуға ынталарын
      арттырады,сонымен қатар басқа да оқушылардың бейнелеу өнеріне,үйірме
      жұмысына тартылуына ықпал жасап,бейнелеу өнерінің мектептегі
      әстетикалық тәрбие беру аясын кеңейтеді.

      б) Студенттерге тапсырма:Үйірме жұмысынын күнтізбелік жоспарын
      тапсыру.




      №6 зертханалық жұмыс

      Тақырыбы:Сынып сағаттарын өткізудегі әдістемелік жолдары.

      Сабақтын мақсаты: Сынып сағатын  өткізу әдістемесімен таныстыру.

      а) Қысқаша мазмұны:Тәрбие мен оқу бір-бірімен тығыз байланыста.Сынып
      жетекшісі өз қамқорына алған оқушыларды жан-жақты зерттеп,ұжымдық
      жұмыстарға тарту керек.Баланың  мінез-құлқы өткізген сынып
      сағаттарында білінеді.Ол оқушының

      -белсенділігі

      -қызығушылығы

      -шығармашылығы

      -өз бетімен жұмыс істеу

      -эмоционалдық деңгей

      -тәртіптілігі

      -жауапкершілігін арттырады.

      Сынып сағаттары әтүрлі формаларда өтілуі тиіс,мазмұнына сай,ғылымилық
      дүние-танымдық бағытта,оқушының жас ерекшіліктеріне байланысты,Сынып
      сағат уақытын тиімді әрі пайдалы өткізу керек..Оқушылармен қарыма-
      қатынас стилі  мен мәдениет дәрежесі сақталуы керек.Топтық   жұмыс
      әрекетің байқау.Тәрбиелік және эмоционалдық
      ықпалын,білімін,дамытушылық мәнің пайдалану қажет.Сынып сағаттарын да
      педагогтің жетекшілік және ұйымдастырушылық міндеті сақталады.Мұғалім
      оқушының жұмыс бағытының дұрыс жүруін және жеке басының дамуын
      қадағалайды.Жасөспірім мектеп қабырғасында болсын немесе одан тыс
      уақытта болсын өзін қоршаған ортадағы болып жатқан құбылыстар,іс-
      әрекеттердіталғамсыз қабылдауы мүмкін.Өйткені өмірде,педагогикада
      дәлелденгендей жеке тұлға тәрбиесіне әлеуметтік ортаның әсері
      зор.Сондықтан да сынып сағаттарында әр-түрлі жұмыстар арқылы,пайдалы
      ұйымдастыруына жағдай жасауға болады.Сынып сағаты қызықты өту
      үшін,алдын-ала жоспарын,тақырыбын белгілеп құрып алу қажет.Ал жылдық
      сынып сағатына байланысты жоспар ,жылдын басында құрылып, сынып
      жетекшілердің бірлестігінде бекітіледі.

      б) Студенттерге тапсырма:Сынып сағатынын жоспарын тапсыру, талдауын
      жасау.
















                            Әдебиеттер тізімі
1.Ростовцев Н.Н. Методика преподавания изобразительного искусства в школе.
Уч. Пособие лля ХГФ в пединститутах. М., 1998г
.2.Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисованию. Зарубежная школа
рисунка. М., 1981
3. Ростовцев Н.Н.история методов обучения рисования. Русская и советская
школа рисунка. Уч. Пособие. М.,1982г.
4. Кузин В.С. Основы обучнеия ИЗО искусства и методика его преподавания в
начальных классах. М.1984г.
5. Кузин В.С. ИЗО искусство и методика преподавания в начальных классах.
Мю, 1984г.
6. Ростовцев Н.Н. Методика преподавания изобразительного искусства в школе.
М.,1980г.
7.М.Мүқашев,А.Сейтимов,Н.Хамзин. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі «Фолиант»
баспасы 2008

                             Қосымша әдебиеттер:

   1.Сокольникова  Н.М.  Изобразительное  искусство  в  4ч.  Ч  1-4.  Основы
рисунка. Основы живописи. Основы композиции, Краткий словарь  художественных
терминов. Уч. Пособие для 5-8 кл. Обнииск. 1996г.

   2. Шпиклова Т.Я. Народное искусство на уроках

   декоративного рисования.Пособие

     для учителей. М.,1976г.

   3. Костерин Н.П. Учебное рисование. М.,1984г.






































Пәндер