Файл қосу
Этнопедагогикаға кіріспе
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ | |ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ | |СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты|ПОӘК | | | | |УМКД | | | |042-14.1.01/01-2013 | |«Этнопедагогика» пәнінің | | | |оқу-әдістемелік кешені |№ 1-басылым | | |(студенттер үшін) | | | «Этнопедагогика» ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ БАРЛЫҚ МАМАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2013 1.ӘЗІРЛЕГЕН: Құрастырушы: 28.08.2013 п.ғ.м., аға оқытушы Мухметова Раукен женисовна 2.ТАЛҚЫЛАНДЫ: 2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды. Хаттама № 1 04.09.2013ж. Кафедра меңгерушісі: ______________ /Джанбубекова М.З./ 2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында. Хаттама № 1 «05» 09.2013ж. Төрағасы: ________________ /Ахметова Т.Ш./ 3. БЕКІТІЛДІ: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды. Хаттама №1 18.09.2013ж. ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./ 4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2013ж. басылымның орнына) Мазмұны 1. Жалпы ережелер 2. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу 3. Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары 4. Курс форматы 5. Курс саясаты 6. Баға қою саясаты 7. Әдебиеттер 1. Жалпы ережелер 1.1 Пән және оқытушы туралы жалпы ережелер – п.ғ.м., аға оқытушы Мухметова Раукен Женисовна. – Байланыс ақпараты – тел. 42-25-33, Таңірбергенов 2 ғимарат, Сабақ өткізу орны – №2,№8,№3 – Пән аты – «Этнопедагогика» – Кредит саны - 2 1.2. Курстың қысқаша мазмұны: «Этнопедагогика» курсының студенттерге арналған жұмыс бағдарламасы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер цикліндегі «Барлық» мамандықтарына арналған. Кеңес дәуірінен кейінгі кезеңдегі тәуелсіз мемлекет жағдайында халықтың туған ел тарихын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын білуге, тануға, сақтауға деген қызығушылығы арта түсті. Осы тұста ғасырлар бойы ата- баба тәлімімен, тәжірибесімен жинақталып, уақытында дәстүрге енген халықтық педагогиканың қайта өркендеуі мен оны оқып үйренудің танымдық және практикалық мәнділігі зор. Этнопедагогика халықтық педагогиканың теориясы тұрғысынан әр түрлі гуманитарлық ғылымдар түйісуіндегі пәнаралық сипатқа ие қазіргі педагогика ғылымының саласы. 1.3. Курстың мақсаты : Болашақ мұғалімдерді жан-жақты педагогикалық білімге сәйкес халықтық педагогикалық дәстүрлерді сақтау, қайта жаңғырту, нығайту, жұмысына теориялық дайындау, алған білімді тәжірибеде қолдану. Қазақстан этнопедагогикасының жалпы негіздерін оқыту арқылы Қазақстан Республикасын мекендеген әрбір этностың дамуын ынталандыру, жалпы мәдени құндылықтарды меңгеру, этникалық мәдениетті өзара шығармашылықпен байыту бағытында студенттердің педагогикалық дүниетанымын, педагогикалық мәдениетін және жалпы кәсіби құзыреттеліктерін қалыптастыру. 4. Пәннің негізгі міндеті 1) этнопедагогиканың негізгі ұғымдары, Қазақстан Республикасы этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы білімін; 2) болашақ мұғалімнің кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерін (педагогикалық ойлау, педагогикалық қарым-қатынас, педагогикалық такт, әдеп, ұтқырлық, толеранттылық және т.б.); 3) қоғамдық-саяси, этнопедагогикалық әдебиеттерді талдап зерттеу біліктілігін; 4) этнопедагогика саласындағы ғылыми-ізденіс, шығармашылық жұмыстарға даярлығын; 5) білім алушылардың көпұлтты ортадағы педагогикалық іс-әрекеттің ерекшеліктері туралы білімін және этнопедагогикалық жүйені теңестіре- салыстырмалы талдау дағдыларын; 6) білім беру мекемелерінің тәрбиелік іс-әрекеттері тәжірибесіне ҚР этностары этнопедагогикасының негізгі жолдарын, әдістерін, формалары мен құралдарын енгізу материалдарын түсінуін қалыптастыру. «Этнопедагогика» курсы философия, әлеуметтану, психология, және т.б. әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқып білудің алдында оқытылады. Осы пәнмен бірге педагогикалық цикл пәндері қатарындағы «Педагогикалық мамандыққа кіріспе», «Педагогика тарихы», «Мектеп педагогикасы», «Педагогикалық менеджмент» оқытылады. Ал бұл болса, «Этнопедагогика» курсының педагогикалық пәндермен табиғи үйлесуіне мүмкіндік береді. Осы курс Қазақстан Республикасы этностары мен әлем халықтарының этнопедагогикалық мәселелері мен құбылыстарын ұғыну мен зерттеуге негіз болуға бағдарланған. Этнопедагогика курсын оқу нәтижесінде студент міндетті: а) білімдерді меңгеруге: - этнопедагогиканың базалық ұғымдары, Қазақстан Республикасы этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы; - көпұлтты ортадағы педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктері туралы; - білім беру мекемелерінің тәрбиелік іс-әрекеттері тәжірибесіне ҚР этностары этнопедагогикасының негізгі жолдарын, әдістерін, формалары мен құралдарын енгізу материалдарын түсіну туралы; - ҚР этностары мен әлем халықтары этнопедагогикасының мәселелерін зерттеу негіздері туралы; б) біліктіліктерді игеруге: - этнопедагогика бойынша әлеуметтік әдебиеттерді талдау барысында өздігінен білім алу; - әр түрлі халықтардың этнопедагогикалық жүйесін теңестіре-салыстырмалы талдау; - этнопедагогика мәселелері саласындағы ғылыми-ізденіс, шығармашылық жұмыстары; - этнопедагогика материалдарын оқу-тәрбие үрдісіне енгізу. Этнопедагогика курсын оқыту студенттердің мынадай тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруы тиіс: - кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерді, соның ішінде педагогикалық ойлау, педагогикалық қарым-қатынас, ұтқырлық және т.б.; - ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мен толеранттылық. 1.5. Пәнді оқу барысында студент білу керек: • студенттер дәрістермен семинар сабақтарына толық қатысуы керек. • СӨЖ (О) тапсырмаларын уақытында өткізіп, қорғау, • семинар сабақтарына, СӨЖ тапсырмаларына үнемі дайындықпен келу, • босатылған сабақтарды дер кезінде қайта қалпына келтіру • курс аяқталғаннан кейін тестілеу емтиханын тапсыру 1.6 Пререквизиттер: Жалпы білім беретін мектептерің бағдарламасындағы гуманитарлық пәндер бойынша білім. 1.7 Постреквизиттер: этнопедагогика курсын оқыту негізінде білім мен дағдысын қалыптастыра отырып педагогика тарихы, тәрбие жұмысының әдістемесі, әлеуметтік педагогика және басқада педагогикалық циклдардағы пәндерді меңгеру. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу Кесте 1. |№ |Тақырыптары |Сағаттар | | | |Дәріс |Практика |СОӨЖ |СӨЖ | | | | |лық | | | |1 |2 |3 |4 |5 |6 | | |1-модуль- Этнопедагогикаға кіріспе.| | | | | |1 |1.Тақытып. Этнопедагогиканың |2 |2 |10 |25 | | |методологиялық негіздері. | | | | | |2 |2.Тақытып. Этнопедагогика және оның|2 |2 | |25 | | |қалыптасуы мен дамуының тарихы. | | | | | | |2-модуль -Халықтық педагогикадағы | | | | | | |тұлға қалыптастыру мәселелері. | | | | | |3 |3.Тақытып. Тұлға қалыптастырудағы |2 |2 |10 |25 | | |халықтық педагогиканың негізгі | | | | | | |факторлары. | | | | | |4 |4.Тақытып. Халық идеалындағы |2 | |10 | | | |«жетілген тұлға» және оны | | | | | | |тәрбиелеудің тәжірибесі. | | | | | |5 |5.Тақытып. Халық педагогикасындағы |1 |2 | |25 | | |балалар мен жастарды өмірге | | | | | | |тәрбиелеу. | | | | | | |3-модуль - Халық педагогикасындағы | | | | | | |тәрбие құралдары. | | | | | |6 |6.Тақытып. Ақыл-ойды дамыту халық |1 |2 |10 | | | |қамқорлығының бастауы. | | | | | |7 |7.Тақытып. Еңбек халық |1 |2 | |25 | | |педагогикасының өзегі. | | | | | |8 |8.Тақытып. Халық ұғымындағы |1 |1 |10 | | | |адамгершілік тәрбиесі. | | | | | |9 |9. Тақытып. Әсемдік халықтың |1 |1 | |25 | | |идеалы. | | | | | |10 |10.Тақытып. Мектептегі |2 |1 |10 | | | |этнопедагогикалық жұмыстардың | | | | | | |мазмұны. | | | | | | | | | | | | | |Барлығы |15 |15 |60 |105 | Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары Дәріс тақырыптары: 1 Тақытып. Этнопедагогиканың методологиялық негіздері. Мақсаты: Этнопедагогика ұғымына анықтама беру, түсіндіру. Халықтық педагогиканың мазмұнын және негізгі қызметтерін айқындау. Жоспар: Халықтық педагогиканың мазмұны және негізгі қызметі. Этнопедагогиканың басқа ғылыми салаларымен байланысы. Әдебиеттері: 1. Айдаров I., Орхон ескерткіштерінің тексті, Алматы,ғ, 1990 2. Алтынсарин Ы., Таңдамалы педагогикалық мұралары Алматы, 1991 3. Арғынбаев X, Қазақ халқының қол өнері, Алматы, 1987 4. Косков Г.Н., Этнопедагогика .Чебоксары, 1990 5. Баласағұн, Құтты білік, Алматы, 1995 6. О. Табылдиев. Қазақ этнопедагогикасы А-2001ж 2. Тақытып. Этнопедагогика және оның қалыптасуы мен дамуының тарихы. Мақсаты: Этнопедагогиканың пайда болу тарихымен таныстыру, оқушыларға қазақ этнопедагогикасын баяндап, ғалымдардың шығармаларындағы тәрбиенің халықтық қағидасымен таныстырыру. Жоспар: Халықтың әлеуметтік тәжірибесі мен халықтық дәстүрлері педагогикалық ойдың дамуының негізі екенін түсіндіру. Халықтық әлеуметтік тәжірибесі мен халықтық дәстүрлері педагогикалық ойдың дамуының негізі ретінде. Орта ғасырдағы Орта Азия және Қазақстанның жас ұрпақ тәрбиелеудегі халықтық педагогикалық дәстүрлерінің мәні туралы. Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин шығармаларындағы тәрбиенің халықтық қағидасы. Әдебиеттері: 1. Алтынсарин Ы., Таңдамалы педагогикалық мұралары Алматы, 1991 2. Арғынбаев X, Қазақ халқының қол өнері, Алматы, 1987 3. Косков Г.Н., Этнопедагогика Чебоксары, 1990 4. Баласағұн, Құлты білік, Алматы, 1995 5. Табылдиев. Қазақ этнопедагогикасы А-2001ж 3 Тақытып. Тұлға қалыптастырудағы халықтық педагогиканың негізгі факторлары. Мақсаты: Отбасында, қоғамдық ортада баланы тәрбиелеуде халықтық педагогиканың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оны жеке тұлға етіп қалыптастыру. Жаңа қоғамның жас отбасыларын қазақ халқының тәрбиелеудің дәстүрлі әдістері жайлы хабардар ету. Балаға өз ұлты мен отанының ерекшеліктері жайлы ақпарат беру. Жоспар: Тұқышқуалаушылық, орта, тәрбиеге деген халықтық көзқарас. Табиғат. Қарым-қатынас. Тұрмыс. Балалар ортасының уақытша топтар, артельдер, ұжымдар. Халықтық ойындар, жарыстар. Әдебиеттері: 1.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Сана», 1995 2.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы, «Кітап», 1992 3.Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары. //Бастауыш мектеп-1991-№5 – 26 б. 4.Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993 5. Мырзатаева Б.Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б. 4.Тақытып. Халық идеалындағы «жетілген тұлға» және оны тәрбиелеудің тәжірибесі. Мақсаты: Қазақ халқының тұрмыс - салты, әдет - ғұрпы жайлы мәлімет беру. Олардың бала тәрбиесіндегі алатын орны, маңыздылығын түсіндіру. Халық педагогикасының элементтерін шебер пайдалана білуге үйрету. Халқына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімін ояту. Жоспар: Халық ұғымындағы тұлға. Балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі халық ауыз әдебиеті және оның жанрлары, мақал-мәтелдер адамгершілік, имандылық тәрбиесінің құралы ретінде. Халық ертегілері. Этнос. Аңыздар. Балалар фольклоры. Әдебиеттері: 1.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Сана», 1995 2. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы, «Кітап», 1992 3.Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары. //Бастауыш мектеп-1991-№5 – 26 б. 4. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993 5. Мырзатаева Б.Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б. 5.Тақытып. Халық педагогикасындағы балалар мен жастарды өмірге тәрбиелеу. Этнопедагогика курсы бойынша тәрбие жұмысының әдістемесі. Мақсаты: Этнопедагогиканың өзектілігі, ең алдымен адам өміріндегі халықтың тәрбиенің алатын ерекше маңызды рөлімен анықталатын мазмұнын түсіндіру. Адам әлуметтенуінің маңызды құралы бола отыра халықтық тәрбие балалар мен жасөспірімдерді қоғамда өмір сүрудің түрліше тәртіптеріне даярлайтын ерекшелігін түсіндіру. Жоспар: Отбасы тәрбиесі халықтық педагогиканың негізі ретінде. Отбасының әлеуметтік тарихи дамуы. Халықтық педагогикадағы отбасындағы қыз және ер балалар тәрбиесінің ерекшеліктері. Отбасы тәрбиесінің жетекші ұлттық дәстүрлері Әдебиеттері: 1.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Сана», 1995 2. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы, «Кітап», 1992 3.Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары. //Бастауыш мектеп-1991-№5 – 26 б. 4. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993 5.Мырзатаева Б.Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б. 6.З.Әбілова, Қ.Қалиева «Этнопедагогика оқулығы» Алматы 1999жыл 6.Тақытып. Ақыл-ойды дамыту халық қамқорлығының бастауы. Мақсаты: Балаларды білімге, ой өрісін кеңейту икемділіктермен дағдыларына таратудың халықтық құралдарын түсіндіру. Жалпы білімдермен қатар, адамдардың өндірістік қызметінің нақты салаларына, белгілі бір кәсіп түрлеріне қатысты халықтық білімдер халықтық дидактика жәрдемімен қамтамасыз етілгенін түсіндіру. Жоспар: Ақыл-ой тәрбиесіне халықтық көзқарас. Балаларды білімге, ой-өрісті кеңейту икемділіктерімен дағдаларына таратудың халықтық құралдары. Халықтық білімдер және оны күнделікті өмірде қолдану. Әдебиеттері: 1. Мырзатаева Б.Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат–2002 №5 37 б. 2. З.Әбілова, Қ.Қалиева «Этнопедагогика оқулығы» Алматы 1999жыл 3. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы: /Қазақ отбасының кешегісі мен бүгінгісі жайындағы ғылыми зерттеу еңбек/ Алматы: Қайнар, 1996 – 286 б. 4. Ақбаев Н. Ата салтыңды аяла: салт-дәстүрлері туралы таным. Алматы: Ана тілі, 1998 – 159 7.Тақытып. Еңбек халық педагогикасының өзегі. Мақсаты: Халықтық педагогика арқылы тұлғаны еңбекке баулу жолдарымен қаруландыру. Еңбек тәрбиесінің әдістерінің мақсат-мазмұнымен таныстыру. Жоспар: Халақтық еңбек дәстүрлері және олардың педагогикалық мәні. Еңбек дәстүрлі түрлерін үйрету. Еңбек тәрбиесінің әдістері: түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету,жаттығу, өсите, мадақтау, тиым т.б. Әдебиеттері: 1. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б. З. З.Ә Әбілова,К.М.Қалиева. Этнопедагогика.А-1999ж 4. Ә. Табылдиев.Халық тағылымы. А-1992 5. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері Алматы, 1995 ж. 6. К.Б.Жарықбаев. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы А-І994 8. Тақытып. Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесі. Мақсаты: Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұнымен таныстыру. Баланың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың жолдарымен қаруландыру. Жоспар: Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны: гуманизмді, азаматтықты, жағымды адамгершілік қасиеттерді, ата-ана алдындағы парыз сезімін, оларға деген сүйіспеншілігін. адалдығын, шыншылдығын қалыптастыру. Әдебиеттері: 1. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б. 2. С.Ғаппасов.Ізгілік әліппесі А-1991 З. З.Ә Әбілова,К.М.Қалиева. Этнопедагогика.А-1999ж 4. Ә. Табылдиев.Халық тағылымы. А-1992 5. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері Алматы, 1995 ж. 9. Тақытып. Әсемдік халықтың идеалы. Мақсаты: Эстетикалық тәрбиені ұлттық педагогикамен ұштастыра отырып, оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру жолдарын меңгерту. Оқушыларды қолданбалы өнер, музыка, халықтық әндер және билер, ертегілер, жырлар, салт- дәстүрлер арқылы көркемдікке баулу амазмұнымен маныстыру. Жоспар: Халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары. Әсемдіктің халықтық идеалы, эстетикалық талғам, ұғым, балаларды қолданбалы өнер, музыка, халықтық әндер және билер, ертегілер, жырлар, мерекелер, салт- дәстүрлер т.б. арқылы көркемдікке баулу. Әдебиеттері: 1. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б. 2. С.Ғаппасов.Ізгілік әліппесі А-1991 З. З.Ә Әбілова,К.М.Қалиева. Этнопедагогика.А-1999ж 4. Ә. Табылдиев.Халық тағылымы. А-1992 5. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері Алматы, 1995 ж. 10. Тақытып. Мектептегі этнопедагогикалық жұмыстардың мазмұны. Мақсаты: Этнопедагогикалық білімдерді мұғалімнің кәсіптік іс-әрекетінде қолдану жолдарына түсініктеме беру. Жүргізіліп жатқан тәжірибелік- педагогикалық жұмыстар халықтық педагогикалық идеялар мен тәжірибені жеткіншек ұрпақ тәрбиесінің құрамды бөлігі болып таблытаындығын сенімді дәлелдеу. Жоспар: Этнопедагогикалық білімдерді мұғалімнің кәсіптік іс-әрекетінде қолдану, этнопедагогика бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың түрлері. Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы еңгізудің қазіргі жағдайы «Атамекен», «Елім-ай», «Жұлдыз», «Кәусар бұлақ», ұлттық бағдарламалары, олрадың Қазақстан Республикасыны орта және жалпы білім беретін мектептеріндегі бағыттары және қолданылуы. Әдебиеттері: 1. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б. З. З.Ә Әбілова,К.М.Қалиева. Этнопедагогика.А-1999ж 4. Ә. Табылдиев.Халық тағылымы. А-1992 5. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері Алматы, 1995 ж. Практикалық сабақ: 1 Тақырып. Этнопедагогика пәні: пәннің мақсаттары мен міндеттері. Мақсаты: Этнопедагогика пәнінің мазмұнымен таныстыру. этнопедагогика ұғымына анықтама беру. Оның негізгі мақсаттары мен міндеттерімен таныстыру. Жоспар: 1.Халықтық педагогиканың мазмұны және негізгі қызметтері 2.Этнопедагогиканың басқа ғылыми салаларымен байланысы 3.Халықтық педагогикалық көзқарас және этнопедагогика Бақылау сұрақтары: 1. Халық педагогикасы туралы ғалымдардың көқарастарындағы айрмашылықтарды көрсет 2. Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың қағидаларының үндестігін салыстыра отырып ажыратып бер. 3. Этнопедагогика қандай ғылым салаласынан бөлінген? Қандай салалармен байланысты? 4. Халықтық педагогиканың қандай негізгі қағидалары бар? 5. Этнопедагогиканың пайда болуына қандай теория әсерін тигізді? Әдебиеттер: 1.Айдаров І., Орхон ескерткіштерінің тексті, Алматы, ғ, 1990 2.Алтынсарин Ы., Таңдамалы педагогикалық мұралары, Алматы, 1991 3.Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері, Алматы 1987 4.Косков Г.Н.Этнопедагогика Чебоксары, 1990 5.Баласағұн, Құтты білік, Алматы, 1995 6.О.Табылдиев Қазақ этнопедагогикасы А.2001 ж. 2 Тақырып. Этнопедагогиканың этникалық компоненті. Мақсаты: Этнопедагогиканың этникалық құрылымы түсінігімен таныстыру. «Этнос», «Ұлт», «Халық» ұғымдарына түсінік беру. Этностарды зерттейтін ғылым салалары жайлы ақпарат беру. Қазақ этносының дамуымен қысқаша таныстыру. Жоспар: 1.Этнос, ұлт және халық ұғымдары 2.Этностар мәдениетін зерттейтін қоғамдық ғылымдар және олардың өзара байланысы 3.Қазақ этносының пайда болу тарихы Бақылау сұрақтары: 1. «Этнос» ұғымының «халық» және «ұлт» ұғымдарымен байланысы қандай? 2. Этностың шығу тегін қалай сипаттауға болады? 3. Этнос мәдениеті қай кездерден бастап зерттеле бастады, және оған кімдер қатысты? 4. Қазақ этносының қалыптасуына үлес қосқан адамдар жайлы айтып бер. Әдебиеттер: 1. Алтынсарин Ы., Таңдамалы педагогикалық мұралары. Алматы, 1991 2. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қол өнері, Алматы, 1987 3. Косков Г.Н. Этнопедагогика, Чебоксары, 1991 4. Баласағұн , Құтты білік, Алматы, 1995 5. Табылдиев, Қазақ этнопедагогикасы А-2оо1 3 Тақырып. Халықтық тәрбие құралдары және олардың факторлары. Мақсаты: Халықтық тәрбие ұғымымен таныстыру. Халықтық тәрбие туралы еңбектерді қарастыру. Тәрбие құралдарына тоқталып, олардың халықтық тәрбие беруде атқаратын қызметтерін қарастыру. Жоспар: 1.Педагогтардың ғылыми еңбектеріндегі халықтық тәрбие 2.Этнопедагогикалық түсініктерге ғылыми анықтамалар Бақылау сұрақтары: 1. Халықтық тәрбие құралдарына нелерді жатқызуға болады? 2. Қазіргі тәрбие құралдары мен ертеректе қолданылған тәрбие құралдарына қандай салыстырмалы талдау жасауға болады? 3. Халықтық тәрбиені зерттеген педагог ғалымдарды атап, олардың педагогикалық ойларын талда. Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі, Алматы, «Сана», 1995 2. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тағылымдары, Алматы, «Кітап» 1992 3. Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары.// Бастауыш мектеп-1991-№5- 26 б. 4. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері, Алматы, РБК, 1993 5. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2оо2 №5 37 б. 4.Тақырып. Этнопедагогика бойынша зерттеулерді талдау. Мақсаты: Этнопедагогика бойынша зерттеу жұмыстарымен танысу, этнопедагогиканың әдіснамасын қарастыру. Жоспар: 1. Этнопедагогика әдіснамасы. 2.Интегративті этнопедагогика. 3.Этнопедагогикалық менеджмент. 4.Этнопедагогикалық антропология. Бақылау сұрақтары: 1. Этностық тарих дегеніміз не? 2. Этнопедагогиканың басқа ғылымдарымен байланысы қандай? 3. Этностар тарихына әсер ететін факторларды ата. 4. Этностарды зерттеуде тарихи-педагогикалық зерттеулерге қойылатын талаптар қандай? Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Сана», 1995 2. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы, «Кітап», 1992 3. Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары // Бастауыш мектеп-1991-№5 – 26 б. 4. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993 5. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат -2002-№5 – 37 б. 5.Тақырып. Қазақ этнопедагогикасы. Мақсаты: Қазақ этнопедагогикасының негіздерін, ұстанымдарын, заңдылықтарын қарастыру. Қазақтың этнопедагогикасының қайнар көзерімен, мазмұнымен танысу. Жоспар: 1.Қазақ этнопедагогикасының негіздері, қызметі, ұстанымдары, заңдылықтары. 2.Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздері. 3.Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны. Бақылау сұрақтары: 1. Қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктері қандай? 2. Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздерін ата. 3. Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны қандай? 4. Қазақтың халықтық педагогикасының ұстанымдары қандай? Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Сана», 1995 2. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы, «Кітап», 1992 3. Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары // Бастауыш мектеп-1991-№5 – 26 б. 4. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993 5. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат -2002-№5 – 37 б. 6. З.Әбілова, Қ.Қалиева «Этнопедагогика оқулығы» Алматы 1990 жыл 6.Тақырып. Этномәдениет – этнопедагогика негізі ретінде. Мақсаты: Этномәдениет ұғымына анықтама беру. Этномәдени білім жайлы түсініктерін қалыптастыру. Жоспар: 1.Этникалық мәдениет және білім. Этномәдени білім туралы түсінік. 2.Білімнің мәдени сәйкестілігі. 3.Қазақстанда этномәдени қызығушылықтарды жүзеге асыру. Этномәдени білімді іске асыру ұстанымдары. Мәдениетаралық толеранттылық. Полиэтникалық білімдік орта. Бақылау сұрақтары: 1. Этникалық мәдениет дегеніміз не? 2. Этномәдени білім туралы түсінік. 3. Қазақстандағы этномәдениеттің қалыптасуы. Әдебиеттер: 1. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б. 2. З.Әбілова, Қ.Қалиева «Этнопедагогика оқулығы» Алматы 1990 жыл 3. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы:/Қазақ отбасының кешегісі мен бүгінгісі жайындағы ғылыми зерттеу еңбек/ Алматы: Қайнар, 1996 – 286 б. 4. Ақбаев Н. Ата салтыңды аяла: салт-дәстүрлері туралы таным. Алматы: Ана тілі, 1998-159 7.Тақырып. Тұлға қалыптастырудағы халықтық педагогиканың негізгі факторлары. Мақсаты: Тұлға қалыптастырудағы халықтық педагогикалық факторлар жайлы түсінік беру. Жоспар: 1) Тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие деген халықтық көзқарас. 2)Табиғат. Қарым-қатынас Тұрмыс. Балалар ортасының уақытша топтар, ұжымдар. 3) Халықтық ойындар, жарыстар. Бақылау сұрақтары: 1. Тұлға дегеніміз кім? 2. Тұлға қалыптасуына әсер ететін халықтық педагогикалық факторларды ата. Әдебиеттер: 1. Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары // Бастауыш мектеп 1991- №5 – 26 б. 2. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993 3. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат -2002-№5 – 37 б. 8.Тақырып. Еңбек халық педагогикасының өзегі Мақсаты: Еңбек тәрбиесімен таныстыру, халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесін жайлы түсініктерін қалыптастыру. Жоспар: 1. Халықтық еңбек дәстүрлері және олардың педагогикалық мәні. 2. Еңбек дәстүрлі түрлерін үйрету. 3. Еңбек тәрбиесінің әдістері, түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету, жаттығу өсиет, мадақтау, тиым т.б. Бақылау сұрақтары: 1. Халықтық еңбек дәстүрлері және олардың педагогикалық мәні қандай? 2. Еңбектің дәстүрлі түрлерін ата. 3. Еңбек тәрбиесінің әдістері, түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету, жаттығу өсиет, мадақтау, тиым т.б. жайлы айт. Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Сана», 1995 2. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы, «Кітап», 1992 3. Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары // Бастауыш мектеп- 1991-№5 – 26 б. 4. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993 5. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат -2002-№5 – 37 б. 6. З.Әбілова, Қ.Қалиева «Этнопедагогика оқулығы» Алматы 1990 жыл 9.Тақырып. Болашақ мұғалімдерді этнопедагогика бойынша даярлау. Мақсаты: Этнопедагогикалық білімдерді мұғалімнің кәсіптік іс-әрекетіне қолдану жолдарына түсініктеме беру. Жүргізіліп жатқан тәжірбиелік- педагогикалық жұмыстар халықтық педагогикалық идеалар мен тәжірбиені жеткіншек ұрпақ тәрбиесінің құрамды бөлігі болып табылатындығын сенімді дәлелдеу. Жоспар: 1.Этнопедагогикалық білімдерді мұғалімдік кәсіптік іс-әрекетіне қолдану, этнопедагогика бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың түрлері. 2.Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы енгізудің қазіргі жағдайы «Атамакен», «Елім-ай», «Жұлдыз», «Кәусар бұлақ», ұлттық бағдарламалары, олардың Қазақстан Республикасын орта және жалпы білім беретін мекемелердегі бағыттарды және қолданылуы. Бақылау сұрақтары: 1. Этнопедагогика бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың қандай түрлері бар? 2. Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы енгізудің қазіргі жағдайы қандай? Әдебиеттер: 1. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б. 2. З.Әбілова, Қ.Қалиева «Этнопедагогика оқулығы» Алматы 1990 жыл 3. Ә.Табылдиев. Халық тағылымы. А.-1992. 4. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. Алматы, 1995. 5. Қ.Б.Жарықбаев. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. А-1994. 4. Курс форматы ОСӨЖ және СӨЖ мазмұны ОСӨЖ арналған тапсырмалар ОСӨЖ №1 Тақырыбы-Абай тәрбие тарихында. Топқа бөлініп нақты мысалдарды ала отырып, Абайдың қара сөздерінің құрылымына, ондағы басты ойға талдау жасаңыз. (Берілген тақырыптар бойынша) Мақсаты: Абайдың қара сөздерін оқу-тәрбие процесінде қолдану ерекшелігімен таныстыру. Формасы: Шығармашылық жоба. (Слайд жасау) Берілетін тақырыптар: 1.Есте сақтау, көргеннен өнеге алу, нәпсіні ақылға жеңгізу, ұстамды болу. 2.Мал болу үшін қол өнерді үйрену керек. 3.Ең жама қасиет талапсыздақ. 4.Адам өзін өзі тәрбиелеу керек. 5.Діннің тәрбиелік мәні 2-апта. Топқа боліну 1.Топ жетекшілері мен мүшелерінің атқаратын міндеттерін анықтау. 2.Жобаның мақсатын, міндетін, анықтау. 2– апта. Абайдың қара сөздерін оқу, ақпарат жинақтап әкелу 4-апта. Жинақталған материалдарды топ болып талдау, қорытындыға келу. 6-апта-Жұмысты қортындылап, дәлелдеу, қорғау. Әдебиет: Абайдың қара сөздері. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Сана», 1995 Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы, «Кітап», 1992 ОСӨЖ №2 Тақырыбы: Б.Момыш ұлының адамгершілік туралы нақыл сөздерін талдау. Формасы: Ақпараттық жоба Нақыл сөздер: 1. Ақкөңіл деген нәрсенің екі түрі бар: аңғал ақкөңіл, ақылды ақкөңіл. 2. Тәрбиелі- тәртіптің құлы. 3.Кішіпейілділік - адамгершілік көркі. 4.Өтіріктің қанатын қомдағанша, ауартпашылықтың жүгінен бүгілген артық. 5.Ұрлық, опасыздық-бұл ұлттық дәстүрлер емес, ұлттың ішіндегі көркеуделік. 6.Өтірік- барып тұрған зиянды у. 7.Күншіл-қоғамда жексұрын да зиянды адам, өйткені ол адамгершілікке жат қылыққа, тіпті қылмысқа да бейім. 8. Екіжүзділік-жалған жаны ашушылық, пікірлестік, өтірік нәрсені шын деп, шынды жасырып көрсетушілік. Мақсаты: Нақыл сөздерді талдау арқылы оқу-тәрбие процесін жетілдіру білімімен қаруландыру 10-апта. Топқа бөліну 1.Топ жетекшілері мен мүшелерінің атқаратын міндеттерін анықтау. 2.Жобаның мақсатын, міндетін, анықтау. Бауыржан Момышұлының еңбектеріне хронологиялық кесте жасаңыз. 12-апта. Берілген нақыл сөздердің қандай еңбектерінде жазылғанын зерттеп көріңіз, талдау жасаңыз. 14-апта. Жобаныны шығармашылықпен қорғау. Әдебиет: 1.Абзелбекова М. Б.Момышұлы және патриоттық тәрбие. Ұли тағ.: 2009. 2.Момышұлы Б. Ұшқан ұя. Повесть, әңгіме, нақылдар.А: 2003. 3.Әдебиеттер тізімін қараңыз 2. СӨЖ СӨЖ №1 Тақырып: Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні Мақсаты Мақал-мәтелдерді тәрбие процесінде қолдана білу жолдарын меңгерту. Тапсырма мазмұны Мақал мәтелдерді топтастырыңыз, мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашып түсіндіріңіз Тапсырма тақырыбы: 1.Төрт түлікке байланысты 2.Өнер, білім 3.Батырлық, ерлік 4.Елдік, ынтымақ, бірлік. Тағыда басқа тақырыптарды қарастырыңыз. Әдебиет Ә. Табылдиев.Халық тағылымы. А-1992 Формасы Ақпараттық жоба (топқа бөлініп буклет жасаңыз) СӨЖ №2 Тақырып: Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар Мақсаты Қанатты сөздерді педагогикалық процесте қолданудың жолымен таныстыру Тапсырма мазмұны Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар Тапсырма: Конспект жасап материал жинақтап қабырға газетін дайындаңыз Әдебиет С.Ғаппасов.Ізгілік әліппесі А-1991. Бастауыш мектеп №8,9-2006 Формасы Қанатты сөздер (слайд жасау) СӨЖ №3 Тақырып: Тәрбие сағатын халықтық педагогикамен байланыстыру Мақсаты Пәнаралық байланыс жолдарын анықтау Тапсырма мазмұны Бір тәрбие сағатының тақырыбын алып халықтық педагогикамен байланыстыру жолдарын көрсету Әдебиет З.Ә Әбілова,К.М.Қалиева. Этнопедагогика.А-1999ж Формасы Әдістеме жүргізу (жоспарын құрыңыз) СӨЖ №4 Тақырып: Шешендік сөздердегі адамгершілік тағылымдар Мақсаты Шешендік сөздердің философиялық мазмұнын түсіндіру Тапсырма мазмұны Адамгершілікке байланысты айтылған шешендік сөздерді тауып конспект жасап, эссе жазыңыз Әдебиет Б.Адамбаев Шешендік сөздер А-1992 Формасы Жаднама жасаңыз СӨЖ №5 Тақырып:Ертегілерді сахна арқылы тәрбиеге пайдаланудың жолдары Мақсаты Теорияны практикамен байланыстыру Тапсырма мазмұны Ертегілерді сахна арқылы тәрбиеге пайдаланудың жолдары Тапсырма: Әдістеме жүргізу 1.Тұрмыс-салт 2.Табиғатқа байланысты 3.Аңдарға байланысты Әдебиет О. ТабылдиевҚазақ этнопедагогикасы А-2001ж Формасы: Әдістеме жргізі (Интерактивті тақталарды қолдану) СӨЖ №6 Тақырып:Тұрмыс-салт жырларының тәрбиелік мәні Мақсаты Тұрмыс салт жырларының педагогикалық мазмұнымен танысу Тапсырма мазмұны Тұрмыс-салт жырларының тәрбиелік мәні Тапсырма: Бақылау сұрақтары 1.Қазақтың тұрмыс-салт жырлары 2.Қазақтың тұрмыс-салт жырларының жаңаша мазмұны Әдебиет К.Ж.Қожахметов Халыктық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялык мәселелері. А-1993 Формасы Ақпараттық баяндама жасаңыз 5.Курс саясаты. Сабаққа қатысу: Дәріс және тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу. Егер студент белгілі бір себептермен сабаққа қатыса алмаса, барлық өткен материалдар бойынша жауап беру тиіс. Тәртіп: Сабақ үстінде үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылып жіберіледі және барлық курс бойынша «қанағаттанғысыз» бағасы қойылады. Бақылау жұмыстары: Межелік бақылау қорытындысы студенттің сабаққа қатысуын, өздік жұмысты уақытында орындауын, сабақта ауызша және жазбаша түрде жауап беруін ескере отырып қойылады. Көшіріп алу: Кез-келген көшіріп алу үшін қатаң жазалап аудиторядан шығарумен қоса, жалпы курс үшін «F» бағасын қоюмен қамтылады. Ұялық телефон: Сабақ кезінде ұялық телефондар өшірілуі керек. Емтихан: Қорытынды емтихан оған босатылған барлық студенттер үшін компьютерлық тест жүйе негізінде жүргізіледі. Емтиханның қорытынды бағасы қорытынды аттестациямен емтиханның орташа проценті арқылы есептеледі. 6. Баға қою саясаты «Этнопедагогика» пәнін оқытуда екі рет аттестация қойылады. Әр аттестацияны есептеу үшін келесідей критерийлер қарастырылады: • Дәріс сабағына қатысу төмендегідей бағаланады: • дәріс сабағы – 0 баллға тең. • Тәжірибелік сабақтың жауабы – 5,6,7 аптада 20 баллмен бағаланады, ал қалған апталарда 15 баллмен бағаланада. • ОСӨЖ бірінші және екінші аттестацияда үш реттен тапсырылады – 10 баллдан. • СӨЖ-де бірінші және екінші аттестацияда үшке бөліп тапсырылады – 25 баллдан. Осы критерийлерге қарап студенттің аттестациясы қойылады. |Оқу |Апта |Бар| |сағатының| |лығ| |түрі | |ы | 1234567Барлығы891011121314151. Дәріс00000003000000000302. Тәжірибе01515152020201050151515151515151053. ОСӨЖ1001001003000100100100304. СӨЖ00250250257500025025025755. Аралық бақылау (рубеж) 000000606000000006060Барлығы:25402545301053000152540254025100300 7. Әдебиеттер: О. Табылдиев. Қазақ этнопедагогикасы А-2001ж С.Қалиев, Ж.Молдабеков, Б.Иманбекова. Этнопедагогика. Оқулық. Астана.2007ж. З.Ә Әбілова,К.М.Қалиева. Этнопедагогика.А-1999ж Б.Мұқанова, Р.Ильясова. Этнопедагогика. Оқу құралы. Астана. 2008ж. Ә. Табылдиев.Халық тағылымы. А-1992 С.Ғаппасов.Ізгілік әліппесі А-1991 К.Б.Жарықбаев. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы А-І994 Б.Адамбаев Шешендік сөздер А-1992 С.Қалиев Қазақ этнопедагогикасының теориялык негіздері мен тарихы. А 1998 К.Б.Жарыкбаев,С.Қалиев Қазактың халық педагогикасының тарихы.А-І992 К.Ж.Қожахметов Халыктық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялык мәселелері. А-1993 І.М.Әлімбаев Халық ғажап тәлімгер.А-1994 С.Ұзақбаева. Тамыры терең тәрбие. А: 1995ж С.Ғаббасов. Халықтық педагогика. А.1991ж Б.Адамбаев. Қазақтың шешендік өнері. А:1984ж Бержанов К.Б., Мусин С.М., Педагогика тарихы – Алматы 1996 Абай Құнанбаев. Шығармалары. 2 томдық. А:1968 Абайдың қара сөздері. І.Абзелбекова М. Б.Момышұлы және патриоттық тәрбие. Ұлағатты тағылым.: 2009. Момышұлы Б. Ұшқан ұя. Повесть, әңгіме, нақылдар.А: 2003ж. Антология педагогической мысли Казахстана. //составители Жарыкбаев К.Б., С. Калиев. - Алматы, 1995.- 512с. Бережнова Л.Н., И.Л.Набок, В.И.Щеглов. Этнопедагогика. Москва, «Академия» 2007.– 240 с. Волков Г.Н. Этнопедагогика. - Чебоксары, 1974. (Москва, 2000) Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии:Эпохи и цивилизации. – М.,1993. Жарикбаев К.Б. Из истории развития педагогической мысли в дореволюционном Казахстане. - Алма-Ата, 1978. Жарикбаев К.Б. История казахской психологии. - Алматы, 1996. Жарикбаев К.Б., Калиев С. Национальные аспекты обучения и воспитания. - Алма-Ата, 1990. Измайлов А.Э. Народная педагогика: Педагогические воззрения народов Средней Азии и Казахстана. - М.. 1991. Калыбекова А. Теоретические и практические основы народной педагогики казахов. - Алматы, 2005. Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика.- Алматы, 1998. Этнопедагогика народов Казахстана. - Алматы, 2001. Маргулан А.Х. Древние свидетельства культуры. - Алма-Ата, 1986. Узакбаева С.А., Муканова Е.Н. Казахская этнопедагогика. - Алматы, 1998. Этнопедагогика:С.Ж.Пірәлиев,Г.Т.Хайруллин,Д.Ә.Нұрғалиева,А.А.Бейсенбаева, Қ.Атемова, Г.С.Саудабаева, Б.Т.Махметова, Ғ.Ахатаева, Қ.Қ.Шалғынбаева, А.Д.Қайдарова, М.Б.Тленбаева, Г.К.Шолпанқұлова, М.М.Абсатова, Р.К.Төлеубекова, Е.Ө.Жұматаева. -Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ-ті, 2010. - 465 б. Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10-томдық. 1-2 том.–Алматы, 2009.- 400 б. Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы, «Білім» 2003. – 280 бет. Көшербаева А.Н., Шолпанқұлова Г.К., Тленбаева М.Б., Махметова Б.Т. Этнопедагогикалық білім негіздері. Оқу құралы. -Алматы, 2009. -131б. Қосымша әдебиеттер: Концепция Этнокультурного Образования в Казахстане // казахстанская правда, август, 7. 1996 Культурно-философский энциклопедический словарь /Сост. Т.Габитов, А.Кулсариева и др. – А: Раритет, 2007-416с. Магауова А.С. Этнопедагогика в система профессиональной подготовки учителя. -Семипалатинск, 2002. Материнская школа в этнокультурном образовании. - Алматы, 2002. Мустафина P.M. Представления, культы, обряды у казахов. - Алма-Ата, 1992. Мухамметбердиев О.Б. Национальное самосознание. - М., 1992. Назарбаев Н.Н. – 2030. Процветание, безопасность и благополучие народов Казахстана. Послание Народам Казахстана// Мысль – 1997. - №2-стр.3-11 Народ - истинный воспитатель. - Алматы, 2000. Народные знания, фольклор, народное искусство. - М., 1991. Народы Казахстана. - Алматы, 2003. Наурызбай Ж.Ж. Этнокультурное образование. - Алматы, 1997. Нысанбаев А.Н. Философия взаимопонимания. Алматы, 2001, стр. 253 Обычаи и традиции в развитии. - Алма-Ата, 1965. Пирлиев К. Народная педагогика и современность. - Ашхабад, 1983. Рудь Ю.А. Методологические и теоретические проблемы изучения народной педагогики. - М., 1980. Руководство по курсу этнопедагогики. /Сост. Жумаканова Р.А. - Алматы, 1994. Сегизбаев О.А. Казахская философия XV - начала ХХ века. - Алматы, 1996. Қосымша караңыздар: Бастауыш мектеп .N14 -2006 Бастауыш мектеп №5 -2006 Бастауыш мектеп №7 -2006 Бастауыш мектеп .№ 8 . 9-2006 Бастауыш мектеп . №1-2007 Бастауыш мектеп №4-2007 Қазақстан мектебі №'5.6-2007. Қазақстан мектебі №5-2006. Тәрбие құралы №3-2007. Тәрбие құралы №5-2006. Такырыптық картотекалар -52-53 Жүйелілік каталогы -78
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz