Файл қосу

Педагогикалық жүйені басқарудың функциялары



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
                   СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТТІК ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ


          МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ  МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ

                               ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ








      Орта білім беру ұйымдарында  ғылыми –зерттеу  жұмыстарын  басқару
























                                 Семей 2007
Пікір жазғандар:
   1. Абдикаримов М.О.-педагогика ғылымдарының кандидаты,доцент
   2. Аубакирова А.М.-№5 Семей  қаласының Шәкәрім атындағы мектеп- гимназия
      директоры





Құрастырғандар:
Жолымбаев О.М.-физика-математика ғылымдарының кандидаты, математика және
математиканы оқыту әдістемесі  кафедрасының доценті

Онтагарова Д.Р.-химия кафедрасының аға оқытушысы





Орта білім беру ұйымдарында  ғылыми –зерттеу  жұмыстарын  басқару ( арнайы
курс)





Бұл әдістемелік  құрал  педагогикалық институттың  жұмыс  бағдарламасына
сәйкес құрастырылған,  таңдау  компонентіне  жатқызылатын  арнайы курс
болып табылады .
Курс магистранттарға, мектеп мұғалімдеріне,директорларға қазіргі  заманғы
білім жүйесін басқарудың ерекшеліктерін,педагогикалық-ғылыми негіздерін
таныстыруды мақсат етеді












Баспаға  Семей мемлекеттік  педагогикалық  институттың Оқу-әдістемелік
кеңесі ұсынған.







                                   Мазмұны


Курс дәрістерінің  қысқаша мазмұны -----------------------------------------
----6 бет
1-дәріс      Әлеуметтік – педагогикалық жүйелер,
                  ұғымдары мен түрлері--------------------------------------
--------------8 бет
2- дәріс    Басқару ұғымы және педагогикалық менеджмент-----------------14
бет
3- дәріс    ҚР білім беру жүйесі--------------------------------------------
---------22 бет
4- дәріс.   Мектеп дегеніміз – педагогикалық жүйе және
                 басқару  нысаны--------------------------------------------
-------------26 бет
5- дәріс     Мектептердің педагогикалық жүйелерін басқарудың әдістері

                  мен формалары --------------------------------------------
-------------31 бет

6- дәріс     Басшының басқарушылық мәдениеті-------------------------------
36 бет

7- дәріс    Мектептің білім беру жүйесінің ғылыми-әдістемелік
                  қамтамасыздылығы------------------------------------------
-----------42 бет
8- дәріс    Білім беруді басқарудағы жаңа
                 ақпараттық технологиялар-----------------------------------
---------47бет
9- дәріс    Мектепішілік бақылау жүйесі. Педагогикалық кадрларды
                  санаттау--------------------------------------------------
----------------52 бет
10- дәріс   Тұлғааралық қатынас пен оның қалыптасуы.
                   Педагогикалық  ұйымдағы
                   әлеуметтік-  психологиялық ахуал-------------------------
---------60 бет
Пайдаланылған әдебиеттер----------------------------------------------------
-----66 бет
Қосымша---------------------------------------------------------------------
----------67 бет
Терминдер сөздігі-----------------------------------------------------------
---------67бет
Шығармашылық реферат тақырыптары мен әдістемелік

біліктілік жұмыстары--------------------------------------------------------
--------71 бет


Қазіргі заман жағдайындағы педагогикалық кеңес,оның қызметі

(  ұстаздарды басқару қызметіне көмекші нұсқау) ----------------------72-
111бет




                     КУРС ДӘРІСТЕРІНІҢ  ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

■ 1-Тақырып. Әлеуметтік-педагогикалық жүйелер,ұғымдар және түрлері.

«Жүйе»  ұғымы.Жүйенің  табиғаты  мен  мәні,  олардың  даму   заңдылығы   мен
түрлері.Педагогикалық  жүйе-әлеуметтік  жүйенің  бір  түр  өзгешелігі.  Оның
функциялық   бөліктері:мақсаттық,   мазмұндық,    іс-әрекеттік,    сараптау-
нәтижелік. Педагогикалық үрдістің  мақсаты.Педагогикалық  үрдіс-қозғалыстағы
жүйе.Педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері.

■ 2-Тақырып. Басқару ұғымдары мен  педагогикалық  менеджмент.   Басқарушылық
қызметінің   мәні   мен   мәнісі.Педагогикалық   жүйені    басқару-әлеуметті
басшылықтың   бір   түр   өзгешелігі.   Басқарудың   басты    мақсаты    мен
міндеттері.Педагогикалық жүйені  басқарудың  функциялары:сараптау,  мақсатты
ұсыным және жоспарлау, іс-шараны ұйымдастыру,бақылау  мен  реттеу.Басқарудың
принциптері мен олардың сипаты.
■   3-Тақырып. ҚР білім беру жүйесі.
Білім беру жүйесі ұғымы.Қазіргі заманғы білім берудің сипаты  мен  құрылымы.
Білім  беру жүйесін басқарудың  мемлекеттік-қоғамдық  сипаты.  Білім  беруді
дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасы  білім  беру  саласындағы   мемлекеттік
саясатты ұйымдастыру  негізі.  Білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саясат
принциптері.Білім беруді басқарудың мемлекеттік ұйымдары  және  олардың  іс-
әрекеттерінің мазмұны.Білім беруді басқарудың ұжымдық ұйымдары және  олардың
құрамы  мен   іс-әрекеттерінің   сипаты.Білім   беру   жүйесін   басқарудағы
әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі.

■   4-Тақырып. Мектеп дегеніміз  -  педагогикалық  жүйе  және  оның  басқару
нысаны.
      Мектепішілік басқару  жүйесі.  Мектепті  басқаруды  демократияландыру.
Мектептерді    дамытудағы    инновациялық     үрдістерді     басқару     мен
функцияландырудың   (үйлестірудің)  проблемалары.  Мектепішілік  басқарудағы
жаңа  еңгізілімдер:  негізгі  тенденциялар.  Басқару  қызметіндегі   негізгі
бағыттардың сипаты. Мектепті басқарудағы әріптестік сипат.
■    5-Тақырып.  Мектептегі  педагогикалық  жүйені  басқарудың   әдісі   мен
формасы.
      Жоспарлаудың  маңызы.  Басқару   қызметіндегі   жоспарлаудың   құрамын
түсінудегі  саналылық.  Мектептердегі  оқу   жоспарлары   мен   білім   беру
бағдарламаларын   дамытуды   жобалау   бағдарламалары.   Басқару   әдістері:
диагностика, зерттеу, бақылау,сұхбаттасу,тест,  карта,  сұрау  салу,  анкета
жүргізу және т.б.  жүйелер.  Мектепішілік  педагогикалық  жүйелерді  басқару
формалары:  қарым-қатынас,   шығармашылық,   әлеуметтік   тәжірибе,   мәдени
дамытушылық қызметі деңгейлерін есепке алғанда.
■   6-Тақырып. Басшының басқарушылық мәдениеті.
Мектептің   басқарылатын   нысан   ретіндегі    стратегиялық    платформасын
ұйымдастыру.  Жалпымектептік  басқарудың  дәстүрлік  (педкеңес,   ата-аналар
комитеті, оқушылар кеңесі) және басқа  тұрпаттағы  (Мектеп  кеңесі,  алқалық
/попечительский/ кеңес, инновацииялық кеңес  және  т.б.)  қызметі.Жетекшінің
ұжымдық дамуды барлық деңгейдегі басқаруының функциясы. Ұжымның тиімді  және
шығармашылық қызметі үшін жағдай.

■   7-Тақырып. Мектептің білім беру жүйесінің ғылыми-әдістемелік
қамтамасыздығы.

Дәстүрлі нұсқадағы мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны мен міндеті:
әдістемелік кеңес, мұғалімдер бірлестігі. Жаңару, жаңалықты еңгізу,
үзіліссіз өзгеріске бейімделу. Мектеп кафедрасын құру және оның функциясы:
зерттеу, жобалау, эксперимент, экспертиза, рецензия, болжау, диагностика.
Педагогикалық кеңес. Оны өткізудің мазмұны мен әдісі.Мұғалімдердің
біліктілігін арттыру және өз бетімен білім алуы.

■   8-Тақырып. Білім беруді басқарудағы жаңа ақпараттық технологиялар.
      Ақпарат  ұғымы.  Оның  басқару  қызметінде  алатын  орны.  Білім  беру
саласындағы жетекшілердің ақпараттық  қажеттілігі.  Ақпараттық  қажеттілікті
қалыптастыруға  ықпал  ететін   объективті   және   субъективті   факторлар.
Ұйымдардың  ғылыми-педагогикалық  ақпаратты  ақпараттық   қамтамасыз   етуі.
Ақпараттың технологиядағы сонылық. Жаңа  (соны)  ақпараттық  технологияларды
басқару қызметін ақпараттандыруға қолдану.
■    9-Тақырып.  Мектепішілік  бақылау  жүйесі.  Педагог  мамандарды  (кадр)
санаттау.
      Мектепішілік бақылаудың  мәні  мен  маңызы.  Мектепішілік  бақылаудағы
жаңа  еңгізілімдер.  Мұғалімдерді  санаттау.  Мұғалім  еңбегін   бақылаудағы
мақсат,  ұйымдастырушылық,  жалпы  талап.  Мұғалім  еңбегін   бағалау   үшін
дифференциалдық көрсеткіш. Мұғалімдерді санаттау технологиясы.
■ 10-Тақырып. Тұлғааралық қатынас және оның  қалыптасуы.       Педагогикалық
ұжымдағы әлеуметтік психологиялық ахуал. Мектептің педагогикалық ұжымы  және
оның өміршең қызметінің ерекшелігі. «Тұлғааралық қатынас»  ұғымы.Тұлғааралық
қатынастың  оқытушылар  іс-әрекетіне,  оқу-тәрбие  үрдісі  сапасына   әсері.
Тұлғааралық    қатынастың    ұжымдағы    әлеуметтік-психологиялық    ахуалды
қалыптастырудың негізі екендігі, әрі оның атқаратын  функциялары.  Конфликт-
жағымды әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптастырудағы  кедергі  келтіретін
факторлардың бірі.  Конфликт  түрлері.  Педагогикалық  ұжымдағы  орын  алған
конфликтілерді шешу.









                                   1-дәріс
          Әлеуметтік – педагогикалық жүйелер, ұғымдары мен түрлері

  Жоспар:

 1. Жүйенің табиғаты мен мәні.
 2. Педагогикалық жүйенің сипаты.
 3. Педагогикалық үрдіс – тұтасқан қозғалыстағы жүйе.

Ұғымдар:жүйе,  педагогикалық  жүйе,  жүйе  түзуші  бөліктер,   педагогикалық
жүйелердің тұтастығы мен динамикасы.

  1.  Дүниедегінің бәрі бір  жүйеге түскен. Бізді қоршаған ортадағы машина,
    тірі организм, қоғам немесе олардың әлдебір бөліктері  жиылып  келгенде
    өзеріне лайықты жүйе түзгендігін ұғынамыз.  Осы  жүйелер  өз  кезегінде
    түрліше формаға ие. Сонымен, жүйе деген не? Ендеше оған жалпы сипаттама
    беріп көрелік.
        Отандық қазақ басқару ғылымында жүйе тұтас өрілген, өз ішіндегі  әр
    элементке қатысты жаңа қасиетке ие  өзара  әрекеттестіктегі  элементтер
    жиынтығы  деп  түсіндіріледі.  Жүйенің  түрлінше  байланысуын  байыптай
    зерттеген ресей ғалымы  В.П.Симонов  оның  төмендегідей  түрлерін  атап
    көрсетеді:

     • технологиялық, биологиялық және әлеуметтік;
     • табиғи (адамдар белгілеген объективтік заң, ереже, принциптерге
       бағынады);
     • ашық (әлеуметтік және қоршаған ортаға қатысты ақпарат алмасу) және
       жабық;
     • қозғалыссыз (уақытқа қатысты өзгермеушілік ерекшелігі) және
       қозғалыстағы;
     • орталықтану және жетекші ұйымсыз басқарылу;
     • қарапайым (көп құрылымды) және күрделі (әр құрылымды);
     • жиынтық /суммативті/ (ретке келтірілген элементтерден тұратын
       жүйелер) және әрекеттестік ( ең құрығанда, екі элемент ретінде өзара
       әрекеттесетін жүйелер).
     Бұдан шығатын, барлық жүйелер ұйымдасқан құрылым мен оның сипатын
танытатын қасиетке ие. Құрылымнан бөлініп шығатыны:  объекті (субъекті) –
бөліктері немесе элементтері, атрибуты  (нысандарды құрушы қасиеті),
қатынас немесе өзара әрекеттестік (жүйені бір бүтінге тұтастырады)
деңгейлік иерархия мен иерархия (кезектестік) деңгейінің болуы деуге
келеді.

  Сонымен,жүйенің негізгі қасиеттері мынадай:

     • Тұтастық (өзарашарттастық, яғни, жүйені түзуші элементтердің ішкі
       бірлігі);
     • Сыйысымдылық (тіркесім, бірігу) немесе басқа жүйелер мен
       сыйыспаушылық:
     • Тұрақтылық (кері байланыстың беріктігі);
     • Бейімділік (қоршаған ортаға бейімделу және оның әсеріне үн  қосу);
     • Оқу мен өзіндік жетілуге қабілеттілік болып келеді.
 Осылайша, табиғаттағы кез-келген жүйенің эволюциялық дамуы белгілі бір
заңға бағынады. Енді соларды тізбектей кетелік:

    1. Мақсатқа қол жеткізу заңы. Ол не жүйені басқа күйге түсіруді, не жаңа
       жүйе тудыруын қамтамасыз етеді.
    2. Төңкерісті терістеу заңы. Оны сақтамайтын болсақ: не жүйенің тұрақты
       өмір сүруі бұзылады, не мүлде құриды.
    3. Эволюциялық сілкініс заңы.Ол жүйенің тиімді де, жедел дамуын
       күшейтуші,әрі үдетуші болып табылады.
    4. Үйлесімсіздіктің үстемдік ету заңы. Басқа кеңістік –уақыттық бағытқа
       өткенге дейінгі аралықтағы орын алған қолайсыз жағдайда тұрақтылықты
       және сақталынып қалуды қамтамасыз етеді.
    5. Күйзелістік бөлікті басқару ұйымының заңы. Ол тұтастықты және тиімді
       қызмет ету жүйелерінің барша тетігін ашып көрсетіп, қашан басқару
       ұйымының бөлігі екі ретке кеміген басқаруға көнетін жүйеге көшкенге
       дейін созылады.
2.Әлеуметтік жүйенің түр өзгешілігінің бірі – педагогикалық жүйе.
Ол- өскелең  ұрпақ  пен  ересек  адамдарды  оқыту  мен  тәрбиелеу  мақсатына
бағынған көптеген өзара байланыстағы құрылымдар мен  функциялық  бөліктерден
тұрады.
   Педагогикалық  жүйелердің  өзгеріске  ұшырауы,  оның  қайта  құрылуы  мен
бейімделуіне бағынышты болып  келіп,  оның  кей  элементтері  аталған  сәтте
қоғамға  әсер  етуге;  материалдық  базаны  бекітуге,  білім  беру  мазмұнын
жетілдіруге т.т. бағытталады. Егер  қайта  құрушы  элементтер  жүйесіз,қалай
болса солай жеке дара әрекет етсе, ондай әрекеттердің бәрі  түптеп  келгенде
сәтсіздікке ұшырайды. Педагогикалық үрдіс – өз алдына  ұйысқан  жүйе  десек,
онда  оны  зерттеу   мен   басқаруда   бізден   жүйелілікті   талап   етеді.
Педагогикалық  үрдістің  мәні  –  тұтастық  пен   қауымдастықтың   негізінде
оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың  бірлігін  қамтамасыз  ету.  Сол  себепті,
педагогикалық үрдістің басты сипаттарына тоқталайық.

            Педагогикалық  үрдіс  дегеніміз-   тек   жиынтықтала   реттелген
элементтер тізбегі  ғана  емес,  сонымен  қатар,  оқушының  оқу  –  танымдық
әрекетімен бірлікте алынып, осы жолдағы мақсатты бағытталған оқытушының оқу-
тәрбиелік   қызметі.   Педагогикалық   үрдісті   басқарудың   ережесі    мен
принциптерін есепке алу мақсатында қоғамның  (педагогтық)  жетістікке  жетуі
үшін ұйымдастырылады. Педагогикалық үрдіс ылғи  да,  жүйе  ретінде  қоршаған
ортамен өзінің өмір сүру барысындағы ақпарат және әлеует(потециал)  алмасуды
жүзеге асырып отырады.  Оның  өмір  сүруінің  өзі,  дамуының  барысы  түптеп
келгенде осы жүйенің ашықтық  деңгейіне  байланысты.  Педагогикалық  жүйенің
элементтерінің бірі – коммуникативтік(бәрінің басын қосушы) бөлік. Ол  басты
да, үстем рөлге ие.  Ондағы  сәл-пәл  өзгерістің  өзі  бүкіл  жүйе  өзегінде
көрініс тауып, онда біршама ауыс-түйістік өзгерістерді тудырады.

   Осы  айтылғандардан  туындайтыны,   педагогикалық   үрдіс   дегеніміз   –
қызметтік,  жасанды  және  ашық  жүйе.   Сонымен   қатар,   ол   нақты   да,
қозғалыстағы,  әрі   белгілі   бір   дәрежеде   орталықтанған   жүйе   болып
табылады.Енді осы педагогикалық  жүйенің  функциялық  бөліктерін  [мақсаттық
(жобалаушы), мазмұндық, қызметтік (ұйымдастыру  -  басқармалық),  сараптама-
нәтижелік]  қарастыралық:

    1. Мақсаттық бөлік өз бойына педагогикалық қызметтің барша көп  тұрпатты
       мақсаты мен міндеттерін жиған. Оған: басты мақсаттан, яғни, жан-жақты
       және үйлесімді тұлғалық дамудан бастап,  тұлғаның  жекелеген  сапасын
       қалыптастырудың нақты міндетіне дейінгі аралық  енеді.  Педагогикалық
       жүйе дегеніміз –  қызметтік  жүйе,  ал  кез-келген  қызметтік  әрекет
       белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған. Сондықтан, мақсат пен
       міндет - әманда, ең бірінші жүйе түзуші фактор болып табылады.
    2. Мазмұндық бөлік өз кезегінде жалпы,ортақ мақсатпен қатар, әрбір нақты
       міндеттерге  қатысты  мағыналарды  да  ашып  көрсетеді.  Ол  өз   іс-
       әрекетімен  айқындалған  негізгі  принциптер  мен  әдістерді   жүзеге
       асырады.
    3. Үшінші жүйе түзуші фактор болып табылатын қызметтіктің аясында біздің
       түсінетініміз – тәлімгер мен шәкірт арасындағы өзара  ұғыныстық,  әрі
       олардың педагогикалық қарым-қатынас барысындағы  орын алатын  екеуара
       әріптестіктері, онсыз біз осы салада ешқандай оң нәтижеге қол жеткізе
       алмаймыз. Бұл – басқарудың бірінші деңгейі балса,ал  екінші  деңгейге
       жататыны- оқу орнының басшылығы мен оқытушылар т.т.  арасындағы  орын
       алатын өзара ұғыныстық.
    4. Педагогикалық үрдістегі сараптама-нәтижелік бөлік болса, оның өзіндік
       тиімділігін, қалай өткенінің барысын, алға қойылған мақсатқа орай қол
       жеткізілген  ілгерілеушіліктерді   жан-жақты   ашып   көрсете   отыра
       сипаттайды.
   Кез-келген жүйенің құрылымын тек қана оның бөліктері бойынша  ғана  емес,
сонымен бірге олардың арасындағы орын алатын байланыстарымен  бірлікте  алып
сипаттайды.  Тек  педагогикалық   үрдістегі   ненің   немен   және   қалайша
байланысқанын  жете  біліп  қана,  аталған  үрдістегі  сапа  мен   басқаруды
ұйымдастыруды жетілдірудің  мәселесін  шеше  алуымыз  мүмкін.  Педагогикалық
жүйеде бөліктер арасында, ең құрығанда, белгілі бір жұптың өзара  шарттастық
байланысы орын алады. Қызметтің  көзеген  мақсатын  таңдауды  әуелі-оқытушы-
әдіскер мен білім алушылардың өздері таңдаса, ары қарай таңдалған мақсат  өз
кезегінде  субъектілердің  қызметін  айқындап  береді.  Үрдістің  іс-әрекеті
үстінде  ныспы(субъекті)  мен  нысан(объекті)  да  өзара  әсерді  бастарынан
кешеді. Педагогикалық қызметтің нысаны – тәрбиеленуші  белсенді  тұлға.  Сол
себепті де, педагог оған тек өзінің тарапынан әсер етіп қана  қоймайды,  өзі
де соның ығына жығылады,яғни, нысан әрекеттің ныспысына айналады т.т.

   Бөліктер немесе оның құрылымдары арасындағы  әлдебір  жұптық  байланыстың
бұзылуы түптеп келгенде бүткіл педагогикалық жүйеге кері әсерін тигізеді.

   3.  Педагогикалық  үрдіс  -   көптеген   үрдістердің   ішкі   байланысқан
жиынтығынан тұрады. Онда қалыптасу, даму, тәрбиелеу  және  оқыту  процестері
өздерінің жағдайлары, формалары және әдістерінің  әрекет  етуі  бойынша  бір
жүйеге кірігеді.
    Сонымен,  педагогикалық  үрдіс  –  біз  түстеп  көрсеткен   үрдістердің
механикалық қосылысы емес, қайта жаңа сападағы білім берудің өзіндік  ерекше
тұрпаттағы заңдылықтарға бағынуы. Педагогикалық  үрдістің  басты  сипаттары:
мақсаттық,   жалпылық,   бірлік   жиылып   келіп,   барлығы   бір    мүддеге
жұмылдырылады. Педагогикалы үрдістің  ішкі  күрделі  диалектикалық  қатынасы
мыналардан тұрады:

     • Үрдістердің бірлігі мен дербестігі және оны түзетіндерден;
     • Тұтастық  пен  бағыныштылық  және  оған  енетін  жүйелердің  өзіндік
       дараланушылығынан;
     • Жалпылықтың болуы мен ерекшелігін сақтаудан.
   Үрдістің   өздік   ерекшеліктері   педагогикалық   процестің   тұтастығын
түзгендігі  олардың  ішіндегі  үстем  функциялардың  алдыңғы  орынға  шыққан
кезінде сезіледі. Оқу үрдісіндегі үстем функциясы – оқыту-оқыту,  тәрбиелеу-
тәрбиелеу, дамыту-дамыту.  Бірақ  аталынған  әрбір  үрдістер  тұтас  процесс
үстінде өздеріне сай функцияларын атқарады. Тәрбиелеу тек  тәрбиелеу  арқылы
ғана емес, сонымен бірге дамыту мен білім беру функциясы  арқылы  да  жүзеге
асады, ал білім  беруді  тәрбиелеу  мен  дамытусыз  көз  алдыңызға  елестете
алмайсыз.  Диалектикалық  қойын-қолтықтастық  үзіліссіз  процестерді  жүзеге
асыратын    мақсатта, шешімде, мазмұнда, формада  және  әдісте  өз  таңбасын
қалдырып, оларды талдаған кезде үстем сипаттарды жекелей  бөліп  алуға  тура
келеді.

   Тұтасқан педагогикалық үрдіс жеке мен бүтіннің бірлігінен  тұратын  оқыту
мен  тәрбиелеу  процесінің  тұтасуына  ұмтылады.   Жеке   және   бөлінбейтін
педагогикалық  үрдіс  бар,  оны  педагогтар  күшімен  үнемі  тұрақты   түрде
ұштасқан оқушы тұлғасы  мен  арнайы  ұйымдастырылған  ықпал  етуге  арналған
қызмет  процесі  арасындағы  қарама-қайшылықтарды   шешу   арқылы   тұтастық
деңгейіне жуықтату керек.

   Педагогикалық теорияда педагогикалық үрдіс тек қана тұтасқан емес, сондай-
ақ қозғалыстағы  жүйе деп те қарастырылады. Құрамындағы  бөліктерінің  айқын
да,дербестікпен жеке бөлініп шығуымен бірге, оның  осы бөлінушілігі  кезінде
бөліктер  арасындағы  жаңадан  пайда  болатын   көптеген   байланыстар   мен
қатынастардың бірін  бізге  жағдай  мен  қалауымызға  орай  еркімізше  керек
қылғанымызда таңдап алуымызға мүмкіндік береді. Бұл  дегеніміз-педагогикалық
процесті басқарудың өмір тәжірибесіндегі ең бастысы.
   Педагогикалық үрдіс әрекет  үстіндегі  жүйе  ретінде  өздік  жетілушілігі
айқын ғылыми  тұрғыды  ұйымдастырылып,  басқару  кезінде  үнемі  дамушылықта
болады.

   Педагогикалық үрдістегі қолға  алынған  қолданыс  қарапайым  міндеттерден
бастап, өте күрделі және жауапты міндеттерді  де  шешуге  ұсынады.  Басқалар
сияқты педагогикалық үрдістің қозғаушы күші-қарама-қайшылық болып  табылады.
Тек ғылымға иек сүйегенде  ғана  істің  барысында  орын  алып  отыратын  кез
келген объективті қарама-қайшылықты шеше аламыз. Ұғынылған және  шеттетілген
субъективтік негіздегі  педагогикалық  қарама-қайшылықтар  қате  қабылданған
педагогикалық шешімдердің  салдарынан  туындайтын  болады.  Осы  салдарларды
орайын тауып дұрыс шешу  педагогикалық  жүйенің  динамикалығын  (қозғалысын)
қамтамасыз етеді.

   Осы орайда біз бетпе-бет келетін басты қарама-қайшылықтарды  санамалайтын
болсақ, онда көбіне педагогикалық үрдістегі ішкі  қайшылықтардың  объективті
қозғалысын айқындаушы әлеуметтік қоғам  тарапынан,  яғни,сөзімізді  нақтылай
айтсақ,    мектеп     мұғалімдері     тарапынан     қойылатын     талаптарға
тәрбиеленушілердің реалды мүмкіндіктерінің сәйкес  келмеуі жиі  орын  алатын
саяси-әлеуметтік өзекті құбылыс екендігін аңғарамыз. Егер  де  талаптар  өте
жоғары немесе керісінше өте төмен болып келсе , онда  ол  оқушының  танымдық
өресін кеңейтетін қозғаушы күшке еш  айнала  алмайды.  Бұдан  шығатыны  сол:
қанша жерден барымызды салып тырыссақ та, педагогикалық алға қойылған  түпкі
мақсатымызға тіптен қол жеткізе алмаймыз. Бұл жолда тек алдағы күнгі  дамуға
бағыт ұстаған міндет  қана  өзінің  оң  шешімін  табуға  екі  тарап  жағынан
қызығушылық пен қажеттілік тудырады.  Бұл  дегеніміз-  жақын,  орталық  және
алыс   ұжымдық   перспективалардың    және    жекелеген    тәрбиелеушілердің
қажеттіліктерін  жобалауға  мүмкіндік  беріп,   ал   оның   нақтылануы   мен
қамтамасыз етілуін балалар өздерінің оқу процесі барысындағы  танытатын  іс-
әрекеттері негізінде ыңғайларына қарай шешеді.

   Соңғы  жылдардағы  отандық   білім   беру   саласын   демократияландыруға
байланысты бала жас ерекшелігіне қатысты тұлғаның  дамуы  мен  педагогикалық
үрдістегі басты ішкі қайшылық  өзін  айқын  танытып,жиі  қылаң  беруде.  Бұл
дегеніміз-баланың  физиологиялық  табиғатының  белсенді   әрекетімен,   оның
өміріндегі әлеуметтік  педагогикалық  жағдайдың  арасында  көзге  ұрып  орын
алған өзара сай келмеушілік деп бөліп атап көрсете  аламыз.  Басты  қайшылық
жалпы алғанда  өз  бойындағы  төмендегідей  жеке  бөліктерімен  айқындалады:
тұлға мен қоғамдық мүдде  арасындағы;  ұжым  арасындағы;  қоғамдық  өмірдегі
күрделі құбылыстармен оны түсінуге  қабілетті  аздық  ететін  бала  түсінігі
арасындағы;  күрт   дамыған   ақпараттар   ағынымен   оқу-тәрбие   үрдісінің
мүмкіндіктері арасындағы т.б.болып келеді деп қадап айта аламыз.

   Субъективті қайшылыққа  мына  төмендегілер  жатады:  тұтасқан  тұлға  мен
функцияның  қоғамдық  қалыптасуы  мен  педагогикалық  үрдістің  біржақтылығы
арасында;  білім  мен  дағдыны  басты  орынға  қоюдың  арта  қалушылығы  мен
толықтырылған  білім  мен  дағдының  өскелең  артықшылығын  қолдана  білудің
қажеттілігі арасындағы; жеке шығармашылықтағы тұлға қалыптастыру үрдісі  мен
педагогикалық   үрдісті   ұйымдастырудағы   бұқаралық   –    репродутивтілік
арасындағы;  тұлғаны  дамытудағы  қызметтің  маңызын  айқындау   мен   өздік
тәрбиелеудің басымдығын орнату арасындағы; адамды азаматтыққа  тәрбиелеудегі
өсіп келе жатқан гуманитарлық пәндердің рөлі мен технократтық  педагогикалық
үрдістер т.б. арасындағы түрінде болып келеді..


                             Бақылау сұрақтары:

 1. Жүйе дегеніміз не? Жүйе түрлерін атаңыздар және оның мәнін ашыңыздар.
 2. Педагогикалық жүйенің құрылымдық бөліктеріне сипаттама  беріп,  олардың
    арасындағы байланысты көрсетіңіздер.
 3. Педагогикалық үрдістің тұтастығы неден тұрады?
 4. Педагогикалық үрдістің динамикалығын (қозғалысын)  қалай  түсінесіздер?
    Оның дамуының қозғаушы күші неде?

























                                  2- дәріс

                 Басқару ұғымы және педагогикалық менеджмент

      Жоспар:

 1. Педагогикалық жүйені басқару дегеніміз - әлеуметтік басқарудың түр
    ерекшелігі.
 2. Педагогикалық жүйені басқарудың функциялары.
 3. Басқарудың негізгі принциптері.
 4. Педагогикалық менеджмент. Принциптері. Функциясы. Әдістері. Талаптары.
    Жағдайлары.Шарттары.


 Ұғымдар: басқару, әлеуметтік  басқару,  педагогикалық  жүйелерді  басқару,
басқару мақсаты, басқару міндеті, басқару функциялары, басқару  принциптері,
менеджмент.

1.Қазіргі заманғы педагогика  ғылымы  басқару  ғылымы  позициясы  тұрғысынан
алғанда педагогикалық үрдістің тұтастығын ой  елегінен  өткізуге  талпынуда.
Басқару дегеніміз – жүйенің  өмірлік  заңдылықтары  мен  өзара  қызметтестік
әрекеттестігінен  туындаған  объективті  шарттастықтағы  құбылыс.   Сонымен,
басқару дегеніміз не?

   Соңғы  жылдары  ТМД  көлемінде  шыққан  энциклопедиялық  сөздіктерге  көз
жіберсек төмендегідей  анықтамаға  жолығамыз:  «Басқару  –  функция  ретінде
түрлі қоғамдық құбылыстардың ұйымдасқан жүйесі, ол  белгілі  бір  құрылымның
сақталуын   қызмет   тәртібін   қамтамасыз   етіп,   олардың   мақсаты   мен
бағдарламасын  жүзеге  асырады».  Объекті  табиғатының   неге   тәуелділігін
төмендегідей саралаймыз:

  а) биологиялық;
  ә) техникалық;
  б) әлеуметтік басқару түрлері.
 Педагогикалық жүйені басқару - әлеуметтік басқарудың бір түрі.  Әлеуметтік
қоғамды басқарудың өзіне тән ерекшеліктеріне көңіл аударалық.

    Әлеуметтік басқару қашанда адамдармен тығыз  байланысты,  әрі  қоғамдық
заңдылықтар негізінде жүзеге асады.  Ол,  әлбетте,  техникалық,  биологиялық
жүйелермен, табиғат үрдістерін басқарумен  қилы  сипатта  байланыста  болып,
көбінесе олармен кіндіктес болып келгенімен, ешқашан  оларға  етене  сіңісіп
кетпейді, олардың заңдылықтарын өзінің ыңғайына  бейімдеп  еш  ауыстырмайды,
қайта қашанда  өз  мәнін  сақтап  қалып  отырады.  Қоғамдағы  арнайы  саланы
басқаруда  адамдар  белгілі  бір  ұйымдастыру  нормалары,   тетіктері   т.б.
көмегімен  өздерінің  қатынастарын,  мінездерін   және   қызметтерін   түрлі
деңгейде  басқарады.  Бұл  арада  субъектілік  ,әрі  объектілік  басқарылуда
адамдар өзінің бүкіл мүддесіне сай белсенді, мақсат қоя білуші  және  өзінің
қажетін, қызығушылығын, мұраты мен  жігерін  танытады.  Әлеуметтік  басқару:
бағыттаушы,  ұйымдастырушы,  реттеуші,  әсер  етуші   қоғамдық   үрдістерден
тұрады.

   Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, мынаны  атап  айта  аламыз.  Қоғамды
басқару  өз  бойынан  мынаны  танытады:  қоғамдағы  өзіндік  жетекші  топтың
тіршіліктің белгілі бір  саласында  еңбектенетін  жеке  адамдарға  мақсатты,
ұйымдастырушылық, реттеушілік әсері.

    Басқару стихиялы болып келіп,  бейберекет  тұрпатта  өтетін,  кездейсоқ
туындап, ақырында өзара шарпысқан шексіз  мүдделер  текетірестігі  сипатында
жиылып келгенде, сансыз пікір алалығы негізінде  шындыққа  бір  табан  жақын
келіп,  бәрін  қанағаттандыратын  әлдебір  нәтижелікке  қолдарын  жеткізетін
қоғамдық өздік реттеушілігімен ерекшеленіп тұрады.

   Педагогикалық жүйелерді басқару (әлеуметтік басқарудың бір түрі  ретінде)
өз алдына оның объективті заңдылықтарын тануға  негізделген  мақсатты  түрде
бағытталған, түсіністіктегі тұтасқан  педагогикалық  үрдіске  қатысушылардың
өзара әрекеттестігін танытады.

2.  Басқарудың  негізгі  мақсаты:   күштерді,   құралдарды,   уақытты   адам
ресурстары үшін қол жеткізетін ықтималды нәтижелерді тиімді  де,  толыққанды
ұтымды пайдалану болып табылады.

   Осы мақсаттардан келіп, басқарудың міндеттері туындайды. Ол  кең  көлемде
шешімін тауып, мақсатқа қол жеткізудің технологиясын бізге айқындап  береді.
Мұндағы міндет дегеніміз – жұмыс немесе жұмыстың бір бөлігі  (операция,  іс-
әрекет), ал ол алдын ала келісілген мерзімде, алдын  ала  белгіленген  тәсіл
арқылы орындалады.

   Кез келген басқарушылық қызмет белгілі бір  аяқталған  циклді  білдіретін
бір ізге түскен мынандай функциялардан тұрады:

  а) анализ (талдау);
  ә) мақсатты ұйғарылым мен жоспарлау;
  б) ұйымдастырушылық қызмет;
  в) бақылау мен реттеу;
   Педагогикалық жүйені басқару функцияларына сипаттама  бере  кетелік.Ресей
ғалымы Ю.А.Конаржевский жасап шығарған  педагогикалық  анализдің  функциясын
түсінуде біз оның басқару қызметінде  ерекше  жағдайға  ие  екендігін  айқын
аңғарамыз.  Өйткені,  басқару  циклі  анализден  бастау  алып,үнемі  сонымен
аяқталып отырады.  Педагогикалық  анализдің  басты  мәнісі  –  педагогикалық
үрдістің даму тенденциясы мен  жағдайын  зерттеуде,  сондай-ақ  осы  негізде
басқару жүйесін тәртіпке келтіруді ұсынатын келесі талдау  жасалынған  кезде
оның нәтижелерін объективті бағалаудан тұрады. Анализ зерттелетін  нысандағы
бөліктердің бөлініп шығу, ондағы әрбір бөліктің орны мен рөлін,  бөліктердің
тұтасуын, олардың арасындағы байланыстың орнауын ұсынады. Аталған  функцияны
жүзеге асырмай, басқару қызметінің мақсаты мен міндетін дәл  анықтау,  нақты
шешімдер қабылдауға, қызметті басқарудағы тиімділік  т.т.қол  жеткізу  мүлде
мүмкін  емес.   Педагогикалық   анализ   аналитикалық   ойлаудың   негізінде
қалыптасқан тұлғалардың интеллектуалдық әлеуеттілігін қатаң  талап  етеді  .
Өзінің мазмұнына қарай анализ мынадай түрлерге бөлінеді:

    ➢ Параметрлік;
    ➢ Тақырыптық;
    ➢ Қорытындылық;
    Параметрлік анализ педагогикалық үрдіс  нәтижелерінен  өту  барысындағы
себептер мен заңдылықтардың орын алған бұзылынушылықтарының да  анықталуының
күнделікті алынып  отырған  ақпарын  зерттеуден  тұрады.  Аталған  анализдің
нысанасы болып: жеке сабақ, не тәрбие  ісі,  оқушылардың  ағымдағы  үлгерімі
немесе мектептің санитарлық-гигиеналық жағдайы да  болуы  да  әбден  мүмкін.
Параметрлік  анализ   негізінде   қабылданған   шешімдер   кезек   күттірмей
анықталған,белгіленген сәтте шұғыл орындалуға тиіс.

   Тақырыптық  анализ   педагогикалық   үрдістің   нәтижесі   мен   өрістеуі
барысындағы   ең   тұрақты,   әрі   ең   жиі   қайталанушы    бағыныңқылықты
тенденцияларды зерттеуге бағытталады. Ол тұтас педагогикалық үрдістегі  жеке
бөліктердің өзіндік  бой  көрсетулерінің  басты-басты  деген  ерекшеліктерін
тауып,  олардың  арасында  орын  алатын  өзара  әрекеттестіктерін  анықтауға
мүмкіндік  береді.  Педагогикалық  анализдің  нысанасы:   сабақтар   жүйесі,
сыныптан тыс жұмыстар т.б. бола алады. Тақырыптық анализдің  мәліметтері  өз
кезегінде  қорытындылық  анализдің  технологиясын  анықтайды.   Қорытындылық
анализ ең көп көлемді уақыттық кеңістік пен мазмұндық аяны  қамтиды.  Ол  өз
бойына  оқу  тоқсаны  мен  жыл  соңындағы  педагогикалық  қызметтің  негізгі
нәтижелерін байыптауды сіңірген. Қорытынды анализ  дегеніміз-келесі  басқару
циклдары функциясын жүзеге асырудың негізгі базасы болып табылады;

ә)Мақсат  кез-келген  жүйенің  жүйе  құрушы  бөлігі  болып   табылғандықтан,
мақсатты  ұсыну  мен  жобалау-өз  кезегінде  басқару   қызметінің   бөлінбес
функциясы  болып  табылады.  Педагогикалық  жүйелерді  басқарудағы  мақсатты
ұсыну  ерекшелігі  мыналардан  тұрады:  мақсаттар  иерархиясының  сатылануын
түзгендегі жалпы мақсат түптеп келгенде,  оқушылардың  жас  ерекшелігі  және
индивидуальдық- психологиялық ерекшелігіне  қатысты  болып  келеді.Жоспарлау
дегеніміз – алға қойылған  мақсат  пен  педагогикалық  анализдің  нәтижелері
арасындағы қатынас негізінде байыпты шешім қабылдау. Осы  қабылданған  шешім
не  перспективалы,  не  ағымдығы  шұғыл   міндеттерді   шешуге   есептелініп
қабылдануы да  әбден  мүмкін.  Мақсатты  ойлау  мен  жоспарлау  дегеніміз  –
дамудың қажетті жағдайы және  педагогикалық  жүйенің  динамикалық  үзіліссіз
қозғалысы болып табылады;

б)  Қызметті  ұйымдастыру  өз  кезегінде  қабылданған  шешімдерді  орындауға
бағытталған. Бұл функцияға  енетіні:  алдын  ала  орындаушылар  мен  көмекші
орындаушыларды екшеп алып, орындаушылардың реалды мүмкіндігі  мен  жағдайына
сай алда  тұрған  қызметтің  формасы  мен  әдістемесін  таңдап  алу.Қызметті
ұйымдастыру дегеніміз – алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін адамдар  мен
рухани-материалдық құралдардың басын қосып  біріктіретін  процесс.  Басшының
ұйымдастырушылық қызметінің  құрылымында  басты  орын  алатыны  алда  тұрған
шаруаның  мотивациясы  болып  табылады..   Мотивацияның   астарынан   біздің
түсінетініміз, тұлғалық мақсат пен  ұйымдастырушылық  мақсатқа  қол  жеткізу
үшін басшының өз бойындағы іскерлікті оятып,  және  басқа  қызмет  түріндегі
процеске қозғау  салу.  Мотивацияны  қалыптастырудағы  кері  байланыс:  жеке
істердің нәтижелері мен өту барысын бағалауда үлкен мәнге ие болады.

в) Басқару циклінің функциялары  мен  оны  бақылау  өзара  тығыз  байланысты
болып  келеді.  Бақылау  өзінің  жалпы   түрінде   жоспарланғаны   мен   қол
жеткізілген  нәтижелерінің  арасында  өзара  орын  алатын  арақатынастарының
процесін білдіреді.Бақылау процесінде  мынанадай  сауалдарға  жауап  аламыз:
нені үйрендік? Келесі жолы нені басқаша  істеу  керек?  Қабылданған  шешімге
бақылау қандай әсер етті? Бақылаудың әсері тиімді немесе тиімсіз  болды  ма?
Жаңа мақсатты жобалауда қандай қорытындылар шығару керек?

    Бақылау  істің  жай  –  күйіне  объективті  бағалау  мен  педагогикалық
қызметке жан бітіру үшін төмендегідей талаптардың орындалуы қажет:

    ➢ Жүйелілік – бақылау үнемі түрлі әдістер мен формаларды қолдану арқылы
      жүзеге асуға тиісті:
    ➢ Объектілік(нысандық)-тексеру мемлекеттік стандарттың талабына сай
      өткізілуге тиісті:
    ➢ Іскерлік, яғни бақылау нәтижелері позитивті(тиімді) өзгерістер және
      қателіктерді жоюға жұмылдырылуға тиіс;
    ➢ Бақылаушының(тексерушінің)-іс мәнісін жете білушілігі.
    Бақылау барысында алынған ақпарат өз кезегінде педагогикалық  анализдің
өзегіне (нысанасына) айналады.

3 Басқару басқада  қызмет  түрлері  сияқты  бірқатар  принциптерді  сақтауға
негізделеді. Басқарудың принциптері  дегеніміз-басқару  функцияларын  жүзеге
асырудағы   негізгі   идея.   Бір   сөзбен    айтқанда,    приниптер-басқару
заңдылықтарының нақты сезілуі мен көрініс табуы болып табылады.

  Енді педагогикалық жүйелердің негізгі принциптерін қарастыралық:

    ➢ Педагогикалық жүйелерді басқаруды демократияландыру мен гумандандыру.
   Аталған принципті жүзеге асыру тек жетекшілердің ғана емес,сонымен  бірге
мұғалімдер,шәкірттер,ата-аналардың белсенділігі мен бастамашылығының  дамуын
ұстанады.   Басқаруға   қатысудың   бір   формасы-басқарушылық    шешімдерін
әріптестікпен қабылдау.  Бұл  тек  сол  жағдайда  ғана  мүмкін,егер  басқару
ақпараты ашық және қол жеткізілімді болса. Осы мақсатта жалпы мектеп  алдына
ұсынылатыны  үнемі  әкімшілік  есеп  беріп,мұғалім  мен  шәкірттерге  мектеп
тұрмысындағы  сауалдарды  талқылауға  мүмкіндік  жасап  отыру.   Басқарудағы
демократиялық   нышандарды   дамыту   өзімен   бірге   байқаулық    сайлауды
өткізіп,педагогикалық кадрларды  іріктеуде  келісім  шарт  жүйесін  енгізуге
септеседі.

   Қазақ қоғамында гуманитарлық құндылықтар үлкен беделге ие  болып  келеді.
Бұл өз көрінісін педагогикалық жүйелерді басқарудан,әрі  оның  гумандалуынан
табады,сол    себепті,басқарушылық     өз     орнын     әріптестікке,бірлесе
шығармашылықпен   айналысуға,субъектілер(тұлғалар)   арасындағы    қатынасқа
ысырылып жол береді.

    ➢ Басқарудағы жүйелілік пен тұтастық.
   Бұл принципті жүзеге асыру бір жақты басқаруды  жоққа  шығарып,басқарудың
барша функциясында өзара әрекетестік пен өзара байланысты ұсынады.

   Тап  осылайша,педагогикалық  процесті  тұтасқан  бір  тұтас  құбылыс  деп
ұғынсақ,оның жүйелілік  табиғаты  оны  тиімді  басқару  үшін  шынайы  жағдай
жасайды.

    ➢ Орталықтану мен орталықсызданудың қолайлы үйлесімділігі.
    Орталықтану мен орталықсыздықты басқарудағы туындаған  проблеманы  шешу
басқарушылық шешім қабылдағанда қолайлы өкілеттікті  бөліп  беруден  тұрады.
Бір   жағынан,    орталықсызданудан    бас    тарту    төменгі    дәрежедегі
басшылардың,мұғалімдер мен оқушылардың бастамашылығын  кідіртеді.  Осы  жайт
басқару  функциясының  қосарлануы  мен  уақыт  жоғалтуға  тіке  бастап  алып
келеді.  Сонымен,бір  мезетте  орталықтануды  жоққа  шығару  басшының  рөлін
төмендетіп,педагогикалық жүйені функцияландыруда орынсыз  үзілістердің  орын
алуына әкеп соғады.

   Дара  басшылықтың  мәні  белгілі  бір  деңгейдегі  басшылық  жасаушы   өз
міндетіне жататын мәселе жөнінде өз бетінше,өз алдына дербес шешім  қабылдау
құқығын пайдалана алуынан тұрады.

    Әріптестік(коллегальдық) нақты шешімдерді  орындаушы  түрлі  деңгейдегі
басшылардың пікірлері негізінде ұжымдық тұрпаттағы шешімдерді  жасап  шығуды
ұсынады.

   Әріптестік педагогикалық жүйені басқарудағы субъектизм мен авторитаризмді
жеңіп шығуға  көмектеседі.  Сонымен  бірге  әріптестік  берілген  іске  ұжым
мүшелерінің жеке жауапкершілігін де жоққа шығармайды.

Басқарудағы дара басшылық тәртіп пен тәртіп сақтауды  қамтамасыз  еткенде,ол
орынды болады сол жағдайда,егер шұғыл қабылданған шешімге бастық өз  басымен
жауап беретін  болса.  Әріптестік  ұжымға  стратегиялық  әрекетті  анықтауда
ұсынылады.

   Дара басшылық пен  әріптестік  арасындағы  дұрыс  жолға  қойылған  қарым-
қатынасты  сақтау  көп  жағдайда  басқарудың  тиімділігі  мен   өтімділігіне
байланысты.

    ➢ Басқарудың ғылыми негізі
   Аталған принципті сақтау басқару жүйесін құруды заман талабына сай жаңаша
басқарудың ғылыми мәліметтеріне  сүйене  отыра  негіздеуден  тұрады.  Ғылыми
басқару субъектизммен еш қабыспайды. Сол себепті,әрбір  басшы  педагогикалық
жүйенің,қоғамның дамуындағы оның объективті тенденциялары мен  заңдылықтарын
тәжірибеде  дұрыс  қолдану  мен  зерттей  алуға,сонымен  бірге,  болашақтағы
нәтижелерді жорамалдау мен объективті қалыптасқан жағдайды есепке ала  отыра
шешім қабылдай алуға тиіс.

   Сондықтан  басқарудағы  ғылыми  негізделген  принциптерді  жүзеге   асыру
қоршаған орта мен басқарылатын педагогикалық жүйенің жағдайы туралы  біршама
дерлік шынайы және толық ақпаратты анықтайды.

       4    «Менеджмент»    ұғымы    бірнеше     анықтамаға     (ағылшындық,
немістік,америкалық)   ие;   егер   осылардың    англо-сакстыққа   жатпайтын
ортаңғысынан бастайтын  болсақ,онда  ол  «осылайша  адамдарды  басқару  және
осындай    құралдарды    қолдану    арқылы    алға     қойылған     мақсатты
адамгершілік,экономикалық және тиімді  жолмен  орындауға  мүмкіндік  береді»
деген немістік анықтама ақылға  қонымды.  Педагогикалық  менеджмент  өзіндік
ерекшелікке  ие,себебі  ол   оқыту   мен   тәрбиелеу   саласындағы   адамның
шығармашылық  қызметіне   байланысты.   Бұдан   шығатыны   сол-педагогикалық
менеджмент  дегеніміз-өзіндік  сатылануы:   басшы,педагогикалық   ұжым,білім
алушылар  ұжымы  бар  ғылыми  ұйымдастырылған   басқару,сондықтан   осылайша
басқару түрлі модульдер арқылы жүзеге асуы  мүмкін.  Тұтасқан  (интегральды)
модельде (үлгіде),оның бірінші деңгейі-педагогикалық ұжым  әрекетін  басқару
болса,екіншісі-білім алушылардың  әрекетін  бақылау  болып  табылады.  Бірақ
басқару  Л.Фишман  айтқан  модельден  өзге  әр   текті(дифференциялды)   екі
деңгейлік сипатқа: педагогтың әрекетін және шәкірттің әрекетін басқаруға  ие
болуы да мүмкін. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық  үрдістің  басты  құндылығы
ретінде  оқушының   тұлғалық   және   әр   педагогтың   шығармашылық   дамуы
танылады,сондықтан екінші  модельді  базалық  басқару  деп  санағанымыз  өте
орынды.

   Қажетті түрде атап өтілетіні,кез келген шынайы ғылыми басқару өзі негізге
алынатын принциптерінсіз әсте мүмкін  емес.  ТМД-лық  зерттеуші  В.П.Симонов
педагогикалық менеджменттің төмендегідей принциптерін бөліп көрсетеді:

    ➢ Мақсатты ойлаушылық басқарудың кез келген буынындағы менеджердің
      барша әрекетіндегі жоспарлаудың,ұйымдастыру және бақылаудың негізі;
    ➢ Мақсатты бағытталған басқару(перспективті, әлеуметтік маңыздылық және
      реалды жағдайды есепке ала отыра мақсат қоя білу дағдысы);
    ➢ Ұжымдастық(кооперациялық) және басқарушылылық еңбек
      бөлінісі,яғни,ұжымдық шығармашылық пен ақыл-ойға арқа сүйеу;
    ➢ Функциялық амал-орындаушылар функциясын үнемі жаңғарту,анықтау және
      нақтылау;
    ➢ Ауқымдылық(комплекстік)-бұл мақсат пен міндетті айқындау емес,сонымен
      бірге қабылданған шешімдердің орнындалуын ұйымдастыру,мерезімдік
      бақылау,қызмет келісімділігі;
    ➢ Педагогикалық менеджменттің барлық деңгейдегі басқаруда жүйелі түрде
      өзіндік жетілдірілуі.
    В.П.Симоновтың анықтамасы бойынша педагогикалық менеджменттің функциясы
дегеніміз-  «ақпарат  пен  менеджмент  субъектісі(тұлғасы)  арасындағы   іс-
әрекеттің  ерекше  түрі».  Ақпарат-  басқару  үшін  ең  қажет  нәрсе,сонымен
бірге:барша  менеджменттік  қызметтің  өзіндік  өнімі  болып  табылады.  Осы
орайда,төмендегідей функцияларды бөліп көрсетуге болады:

    ➢ шешім қабылдау(жарлық,бұйрық,ұсыныс,жоспар және т.т.);
    ➢ қабылданған шешімдерді орындауды ұйымдастыру(материалдық-техникалық
      жақтан қамтамасыз ету,келісім,орындаушының тұлғалық қажетінің есебі);
    ➢ алдын ала,ағымдағы және қорытынды бақылау(нәтиженің есебі,талдау мен
      тиімділікті бағалау).
    Педагогикалық менеджментте барша функция ауқымды  сипат  пен  аяқталған
циклге ие болып келеді.

    Педагогикалық менеджменттің әдістері-алға қойылған мақсатқа  жеткізудің
және оның негізгі функцияларын жүзеге асыру тәсілі ретінде қарастырылады.

  Мұндай әдістер 4 топқа бөлінеді:

    ➢ Педагогикалық жобалауды жасауға экономикалық жағдай жасау
      әдістері(жұмыстың саны мен сапасына,санат,атақ үшін төлем т.т.
      қатысты);
    ➢ Ұйымдастыра-бөлу немесе әкімшілік әдістері(орындаушылар қызметінің
      тәртібін белгілеу/регламентация/,тапсырма,жарлық,бұйрық және т.б.).
    ➢ Психо-педагогикалық әсер ету әдістері(кеңестер, өтініштер,
      тілектер,алғыстар және  т.б.).
    Сонымен, осы негізде қадап айтарымыз,  әкімшілік  тарапынан  шығарылып,
кез келген басқару деңгейінде қабылданған шешім белгілі бір  талаптарға  сай
келуі керек. Атап айтсақ:

    ➢ Мақсатты бағытқа ие болу;
    ➢ Нақтылана негізделген болып келіп,әрі нақты тұрақ-жайының
      болуы:кім?қашан?қай уақытта;
    ➢ Аталған шешім жалпы басқару жүйесінің шешімімен ымыралас болуы керек;
    ➢ Қабылданған шешім ықтималды жұмсалатын күш,құрал және уақытқа үйлесуі
      тиіс;
    ➢ Шешім өзекті,заманалық,қысқа,әрі нақты бағаланған болуға тиісті.
Педагогикалық менеджменттегі мақсат пен міндетке табысты  қол  жеткізу  үшін
білім беру мекемесінің  басшыларының  төмендегідей  жағдайларды  жолға  қоюы
қажет:

 1. Мекеме басшыларының кәсібилік пен  адамзаттық  ортақ  құндылыққа  бағыт
    ұстануы;
 2.  Ұжымдағы  жанға  жайлы   моральдық-психологиялық   ахуал,қарым-қатынас
    стилінің берік орнығуы.
 3. Қызметтің уақыттық және кеңістіктік  сипаты,сонымен  бірге,материалдық-
    техникалық қамтамасыз етілуі, гигиеналық,эстетикалық жағдай.
   Сонымен,  педагогикалық   менеджмент   дегеніміз-ғылымның   белгілі   бір
қатпары,ол үшін білім беру жүйесіндегі барша мамандықты игеру қажет,тек  осы
жағдайда ғана барлық деңгейдегі басқару қабілетті  де,қауқарлы  және  кәсіби
бола алады.


                             Бақылау сұрақтары:

 1.  Басқару,әлеуметтік басқару,педагогикалық  жүйелерді  басқару  дегендер
    не?
 2.  Әлеуметтік басқарудың өзіндік ерекшеліктерін көрсетіңіздер.
 3.   Педагогикалық жүйелерді басқару-әлеуметтік басқарудың түр  ерекшелігі
    екендігін дәлелдеп шығыңыздар.
 4.  Басқару функциясына анықтама беріп, педагогикалық  басқарудың  негізгі
    функциялары қандай екеніндігін атап көрсетіңіздер?
 5.   Педагогикалық   анализ(талдау)-басқару  қызметінің  бөлінбес  бөлшегі
    екендігін дәлелдеңіздер.
 6.  Неліктен басқару қызметін жоспарлауды жүзеге асыру қажет?
 7. Басқаруды ұйымдастырудың негізгі мазмұны қандай?
 8.  Басқарудың  басқа  функцияларын  реттеу  мен   бақылау   өзара   қалай
    байланысқан?
 9.  Педагогикалық жүйені басқарудың негізгі  принциптерін атап шығыңыздар.
10. Білім беру жүйесін басқаруда педагогикалық  менеджменттің  қажеттілігін
    дәлелде.



















                                  3- дәріс

                            ҚР білім беру жүйесі

   Жоспар:

 1. Білім беру жүйесінің мәні мен ұғымы. Оның құрылымы.
 2. Білім беру жүйесін басқарудың мемлекеттік-қоғамдық сипаты.
 3. Білім беру жүйесін басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара қарым-
    қатынасы.
   Ұғымдар: білім беру жүйесі,мемлекеттік түрлі білім беру мекемелері, білім
беруді басқару ұйымдары,  мемлекеттік  білім  беру  стандарттары,білім  беру
саясатының принциптері.

  1 Білім беру жүйесі өзара әрекеттестіктегі жиынтықтардан тұрады:

    ➢ Бір ізбен келе жатқан білім беру бағдарламалары мен мемлекеттік білім
      беру стандарттарының түрлі деңгейі мен бағыттары;
    ➢ Оларды мекемелерінде желілік(тораптық) жүзеге асыруда,олардың
      ұйымдасу-құқықтық формасы,типі мен түрлеріне қарамау;
    ➢ Білім беруді басқару ұйымдары және оған бағынышты мекемелердің ҚР
      «Білім туралы заңында» нақты ашып айтылуы.
 Білім беру жүйесінің орталық құрылымдық элементі болып-білім беру мекемесі
табылады. Білім беру мекемесі деп  сол  мекеме  аталады,егер  ол  ҚР  «Білім
туралы заңында» аталған,білім  беру  стандартында  белгіленген  белгілі  бір
білім беру бағдарламасы бойынша оқу-тәрбие процесін жүзеге асыратын болса.

 Білім   беру   мекемесі   өзінің   ұйымдасу-құқықтық   формасы    бойынша:
мемлекеттік,әкімшілік,     мемлекеттік     емес(жеке      меншік,жексенбілік
мектеп,қоғамдық мекеме, діни ұйым оқулары) болып келуі мүмкін.

   Білім беру жүйесінде төмендегідей білім беру мекемелерінің типтерін бөліп
көрсетуге болады:

 1. Мектепке дейінгі:бөбектер мен балалар бақшасы;
 2.  Жалпы  білім  беретін(бастауыш,шағын  қамтылған,орта  білім   беретін)
    мектеп, гимназия,лицей т.т.
 3.   Бастауыш   кәсіби   білім   беретін,орта   кәсіби    білім    беретін
    мекемелер(колледж),жоғарғы   кәсіби  білім  беретін(иниститут,академия,
    университет     ),     жоғарғы      білімнен      кейінгі(магистратура,
    аспирантура,докторантура,курстар,қайта  дайындықтан    өту,біліктілікті
    арттыру) білім алу;
 4. Арнайы(коррекциондық) ақыл-есі кемістерді т.т. оқыту:мылқау,зағип  т.т.
    арналған мектептер.
 5.       Балаларға       қосымша       білім       беру        мекемелері:
    музыкалық,көркемөнер,айтыс,спорт,балалар      мен      жасөспірімдердің
    шығармашылық орталығы,жас техниктер үйірмесі т.т.
 6.  Ата-ананың  қамқорлығынан  айырылған   балаларға,   балаларды   түзету
    мекемесіне         түскендерге,тұл         жетімдерге          арналған
    мекемелер:интернаттар,балалар үйі т.т.
 7. Білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың басқа да мекемелері.
   Тұлғаның мүмкіндігі мен қажет етушілігін есепке  ала  отыра,білім  алудың
түрлі формалары қолданылады:білім беру  мекемесіндегі  (күндізгі,  күндізгі-
сыртай/кешкі/,сыртай  формалар),жанұялық   білім   беру   формасы,экстерн,өз
бетімен білім алу сияқты формалары да бар.

2  Қазіргі  заманғы  білім  беру  жүйесінің  қабілетінің   бір   ерекшелігі-
мемлекеттіктен  білім  беруді  басқарудың  мемлекеттік-қоғамдық  түріне  өту
болып табылады. Мемлекеттік-қоғамдық басқарудың мәні мемлекет  пен  қоғамның
білім беру проблемасын шешуде бірлесе әрекет етуінен тұрады.  Білім  берудің
мемлекеттік сипаты елімізде  1992  жылғы  «Білім  беру  заңымен»  бекітілген
біртұтас мемлекеттік саясаттан танылып,кейінгі  қабылданған  заңдарда  (2007
жылғы) көрініс тапты. Онда қоғамдағы өзгерістерге сай  білім  берудің  жалпы
принциптері мен мазмұны белгіленген.

    ҚР «Білім туралы»  2007  қабылданған  заңында  білім  беру  саласындағы
мемлекеттік   саясаттың   негізгі   принциптері   төмендегісінше   түзілген:


    ➢ Білім берудің гуманистік сипаты,жалпы адамзаттық құндылықтар
      приоритеті,адам денсаулығы мен өмірі,тұлғаның еркін дамуы. Отанға
      деген сүйіспеншілік пен азаматтыққа тәрбие.
    ➢ Мемлекеттік,мәдени және білім беру бағдарламасының бірлігі. Көп ұлтты
      мемлекет (титулды ұлттан басқа аралас, орыс, өзбек,тәжік және ұйғыр
      мектептері) жағдайында ұлттық мәдениет пен аймақтық мәдени дәстүрлерді
      қорғау(дұңған,түрік,украин т.б.жексенбілік мектептері).
    ➢ Білім берудің қол жеткізілімдігі;білім беру жүйесінің бейімделушілігі
      мен шәкірттер мен тәрбиеленушілердің дайындығы.
    ➢ Мемлекеттік,қоғамдық білім беру мекемелеріндегі білім берудің
      зайырлық сипаты.
    ➢ Білім берудегі еркіндік пен өзара сын.
    ➢ Білім беруді басқарудың демократиялық, мемлекеттік және әлеуметтік-
      қоғамдық сипаты. Білім беру мекемесінің дербестігі.
   Қазақ  мемлекеті  азаматтардың  нәсіліне,  ұлтына,тіліне,жынысына,жасына,
денсаулығына, әлеуметтік шығу тегіне, діни  сеніміне  қарамай  білім  алуына
құқық береді.

   Білім алу сипатын жүзеге асыру үшін мемлекет білім  берудің  төмендегідей
салаларын құрады:республикалық,облыстық,аудандық және қалалық.

   Білім беруді басқаратын мемлекеттік ұйымдарының құзарына мыналар кіреді:

    ➢ білім беру бағдарламасы мен стандартын жасап шығу;
    ➢ мекемелер мен мұғалімдерге аккредитация мен аттестация жасау;
    ➢ білім беру мекемелері желілерін қалыптастыру мен жобалауды дамыту;
    ➢ білім беру жүйесінің бюджеттік және қаржылық салалары бойынша ҚР
      заңдарының орындалуына бақылау жасау.
   Қазіргі білім беру жүйесінің ахуалына тән сипат-  орталықсыздану  үрдісі.
Ал,ол мынадан тұрады,мемлекет ұйымдары дамудың  стратегиялық  бағытын  жасап
шығады,  облыстық,  аудандық  нақты  ұйымдастырушылық,  қаржылық,   кадрлық,
материалдық проблемаларды шешеді.

   Мемлекеттік ұйымдармен  қатар  білім  беру  жүйесін  басқарудың  қоғамдық
ұйымдары  да  құрылады.  Олар  мынадан  тұрады:  мұғалімдер   мен   оқушылар
ұйымдары, ата-аналар мен қоғамдық өкілдерден.

  Белгілі бір ұжымдық ұйымдардың бірі-заңда аталынған мектеп кеңесі.

   Кеңес қатаң белгіленген күні, кешкісін әр  айдың  төртінші  сейсенбісінде
бас қосады. Отырыс ашық сипатқа ие.  Онда  көтерілген  мәселелерді  тыңдауға
және талқылауға әр кім ерікті. Қыркүйек  айында  ай  сайынғы  қарастырылатын
сауалдар тізімі бекітіледі: оқу жылының қорытындысы, балалардың  денсаулығын
жақсарту,мектеп асханасының жұмысы, мектеп кіре  берісіндегі  күзет  бекеті,
мектеп мұғалімдері арасындағы «Ең  сүйікті  жетекші»,  оқушылардың  өзін-өзі
басқаруының жағдайы, үйірмелер мен шығармашылық бірлестіктер  қызметі,  қиын
оқушылармен жұмыс т.т. «Ата-ана – оқушы –  мұғалім»  үштағанын  дұрыс  жолға
қою.

   Әр  тоқсан  сайын  Кеңес  кеңейтілген  жағдайда  өткізіліп,  оған  барлық
сыныптардың ата-аналар  комитеті  шақырылып,  күн  тәртібіндегі  ең  маңызды
мәселелер  талқыланады.  Жылына  бір  рет  жалпымектептік  ашық   конфереция
өткізіліп, оған дауыс беруғе құқықты Мектеп Кеңесі мүшелері  мен  ата-аналар
жиналысы ұйғарған өкілетті өкілдермен бірге барша қатысамын деушілерге  есік
ашық болады.










|Кіру «балдырған» |                          |Шығу «түлек»   |




   Осылайша, басқарылған Мектеп Кеңесі  шынайы  басқару  институтына  айнала
алады.

3) Білім беру жүйесі-қойылған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған  әлеуметтік
институттардың өзара әрекеттестігінің жиынтығы деп қарастыруымыз керек.

   Л.  Фишманның  («Білім  беру   менеджменттін    модельдеу»)   зерттеуінде
айтылатыны, білім беру  жүйесін  басқару  дегеніміз  –  басшылық  пен  білім
алушыларды өзара әрекеттестігі болып табылып, ол қоғамның білім алуға  деген
қажеттілігін жүзеге асырады және қамтамасыз  етеді,  оған  білім  алушы  мен
мемлекеттің нақты қажеттілігі енеді.

 Білім беру  жүйесі  тұлғаның  ашық  түрдегі  әлеуметтену  институты  болып
табылады, бірақ та, ол сонымен  бір  мезетте  білім  алушыны  бір  жағдайдан
екіншісіне өткізетін жалғыз фактор еместігін де ескергеніміз  орынды.  Білім
беру жүйесінің функциясын қоғамның әлеуметтік қажеттілігі тудырып отырады.

   Басқарушылық көқарас тұрғысынан ең басты жүйе құрушы  факторлардың  бірі-
педагогикалық    процеске    қатысушы     барша     субъектілердің     өзара
әрекеттестігіндегі  ақпараттық  сипат  болып  табылады.  Мектеп  білім  беру
жүйесі- күрделі де,  көп  деңгейлі  құрылымы  бар  болып  келетін,  жартылай
функцияланған әлеуметтік педагогикалық жүйе деп қарастырылады.  Осы  жүйенің
бөліктері  болып:  шәкірт,  педагог,  басшы,   оқу-тәрбие   мен   техникалық
қызметкерлер, ата-аналар мен қоғам мүшелері танылады. Атап  айтатыны,  білім
беру  жүйесін  басқарудың  басты  заңдылығы-оқушының   тұлғалық   қалыптасуы
процесіндегі   әкімшілік,   педагогикалық,    жанұялық,    қоғамдық    өзара
әрекеттестігіндегі, мақсат пен міндеттің жүзеге асырылуы  жолындағы,  бірлік
болып табылады. Сондай-ақ, ерекше маңызға  ие  нәрсе-оқудан  тыс  әлеуметтік
институттар  (біліктілікті  арттыру  мекемелері,  курстар,   кәсіби   бағдар
орталығы,  музыка  мен  көркемөнер  мектептері,  өнер  мектептері,   балалар
шығармашылығы  үйі,  жас  техниктер  станциясы  т.т.)  мен  мектептің  өзара
әрекеттестігі.

   Егер мектепті жалпы білім  беру  жүйесі  аясында  қарастырар  болсақ,онда
атап айтарымыз, ол басқарылатын және басқаратын ашық  жүйе  болып  табылады.
Сол себепті,оған үнемі ақпараттар алмасуының  жүзеге  асуы  жатады.  Осындай
циклділік жеке мектептерге ғана тән емес, бүкіл қазақ  білім  беру  жүйесіне
тән.


Бақылау сұрақтары:

 1. «Білім беру жүйесі»  ұғымының  мәнін  ашыңыз.  Оның  құрылымын  кестеге
    түсіріп көрсетіңіз.
 2. Білім беруде мемлекеттік басқарудың негізгі принциптерін атаңыз.
 3. Мемлекеттік және  қоғамдық  білім  беруді  басқарудың  белгілерін  ашып
    көрсетіңіздер.
 4.  Білім  беру  мекемесінің  қызметін  қаржыландырудың  негізгі  көздерін
    сипаттап беріңіздер.
 5.  Білім  беру  жүйесін  басқарудағы  әлеуметтік   институттардың   өзара
    әрекеттестігінің  ерекшелігі неде?






                                  4- дәріс.

         Мектеп дегеніміз – педагогикалық жүйе және басқару нысаны.


Жоспар:

 1. Қазіргі заман мектебі-күрделі педагогикалық жүйе және ғылыми басқарудың
    нысаны.
 2. Мектептердің дамуындағы инновациялық процестерді басқару мен
    функцияландырудың проблемалары.
 3. Мектепішілік басқарудағы жаңа енгізілімдер: негізгі тенденциялар.
 4. Басқару қызметіндегі негізгі бағыттардың сипаты.
      Ұғымдар: Басқару, болжау, даму.

1    Басқаруды  түсінуді  кез-келген  ұйым  тағдыры  үшін  шешуші  мәнге  ие
міндеттерді кең ауқымды төрттік позиция тұрғысынан алып қарастырамыз:

    ➢ Басқаруды қалыптастыру;
    ➢ Басқару өміршеңдігі;
    ➢ Қызметті басқару;
    ➢ Дамуды басқару.
    Осы арада мынаған баса назар  аударалық,  басқару  дегеніміз  –  жоғары
дамыған күрделі жүйенің функциясы.  Осы  салада  өнімді  еңбек  етіп  жүрген
бірқатар авторлардың айтуы бойынша,  басқарудың  қажеттілігі  сонда:  ұйымда
еңбек ететін адамдардың жұдырықтай жұмылып,бірлесе тиімді қызмет  етуі  үшін
ішкі және сыртқы жағдайларға қатысты тиімді ахуал қалыптастырулары.  Олардың
істейтін   жұмыстары   тиімді   болуы   үшін:    біртұтастық,    түсіністік,
жұмылушылықтың мүлтіксіз орындалуы қажет.

    Басқару өзіне тән бірқатар сипаттар мен қасиеттерге ие. Ол  не  оң,  не
теріс, не қажетті, не қажетсіз;не болмаса өзіне ғана  тән,  қол  жеткізілген
нышандық қасиеттерге  ие  болуы  да  мүмкін.  Бұл  айтылғандардан  шығатыны,
тиімді басқару дегеніміз – ең басты  қасиеттердің  жиынтығы,  оны  төмендегі
логикалық тізбек негізінде тізбелеп көрсетуге болады:

 1. Мектеп өміріндегі нәтижелердің қандай қасиеті оның қол жеткізілімділігі
    болуға тиісті?
 2. Мектептің өзі тұтас жүйе ретінде қандай қасиеттерге ие болуға тиіс?
 3. Осы қасиеттер табысқа қол жеткізуге қандай үлес  қосады  және  олар  өз
    тарапынан басқаруға  нені  енгізеді,  әрі  осы  үшін  оның  өзі  қандай
    қасиетке ие болу керек?
 4. Басқару жүйесіндегі осы  бір  аса  керекті  қасиеттердің  болуын  қалай
    қамтамасыз етуіміз керек?
Кеңестік  кезеңдегі  70-ші  жылдардағы   әдебиеттерде   күрделі   нышандарды
суреттеуде, оның ішінде мектепішілік басқару жүйесінің  аспектілері  былайша
сараланады:

    ➢ Коммуникативті жүйелік аспекті(жүйенің барша элементтерінің басын
      біріктіретін);
    ➢ Мақсатты жүйелік аспекті (жүйенің тағайындалуы мен мақсаты);
    ➢ Бөліктік жүйелік аспекті (жүйе құрамы);
    ➢ Жүйелік-құрылымдық аспекті (құрылым, ішкі ұйымдардың сипаты,
      элементтер арасындағы байланыс);
    ➢ Функциональды жүйелік аспекті (оның функциялары мен қызмет атқаруы);
    ➢ Тарихи жүйелік аспекті (оның жүйелік мұрагерлік сапасы);
    ➢ Жүйелік даму шарасы (мектеп ұжымы қызметін мақсатты бағыттауды
      қамтамасыз ету).
    Қазіргі   заманғы   мектепті   басқару   күрделі   педагогикалық   жүйе
болғандықтан,  оны  даму  тәртібіне  көшіру  мен  тұтасқан  басқару  жүйесін
ретінде түзуде оның басшылығынан ғылыми қадам жасауды талап етеді.  Ол  үшін
мыналарды нақ белгілеп алу шарт:

 1. Мектептің шынайы да,айқын түрі мен мақсатын;
 2. Ақпараттық қамтамасыз етілуінде: ата-аналардың  сұранысын,  оқушылардың
    қызығушылығы мен мүмкіндіктерін анықтауды.
 3. Айқындалған  қажеттілікті  қанағаттандыру  үшін  кадрлық,  материалдық-
    технологиялық, психологиялық жағдайларды бағалауды;
 4. Оқу жоспарының өзіндік нұсқасын (таңдауды, жасап шығуды) анықтап алуды;
 5.  Білім  беру  жүйесін  жеке,  сыныптық-сабақтық,   дәрістік-тәжірибелік
    (практикалық); оқу топтары мен түрлі сатыдағы мектептер  үшін  циклдік-
    ағымдық түрлерді т.т. таңдауды.
 6. Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың күн тәртібін белгілеуді (5-6  күндік,
    таңертеңгі-түскі ауысым);
 7.  Приоритеттік(басым)  жағдайларды  айқындауда   кадрлық,   материалдық-
    техникалық,   қаржылық,   ғылыми-әдістемелік   әлеуметтік-психологиялық
    жақтан мектептің алға қойған мақсатына қол жеткізе алуын.
    Осылайша,  қазіргі  заман  жағдайында  айқын-түсінеріміз,  мектепішілік
басқару жүйесін жаңартуда ақылға  қонымды  инновациялық  саясат  жүргізуіміз
шарт.

2 Мектепті ұйымдастыруды басқару жүйесінің   өзіндік  функциялары  бар.  Осы
функциялар тек қана түрлі  бөліктерге,  субъектілерге,  деңгейлерге  қатысты
ғана танылып  қоймайды,  сонымен  бірге,  мектептің  өзіне  қатысты  да  бой
көрсетіп отырады..

    Осыларға қатысты төмендегідей функцияларды бөліп көрсеткіміз келеді:

    ➢ Мектепішілік басқару жүйесі (табыстылық, нәтижелік, шұғылдық);
    ➢ Мектептің өміршеңдік жүйесі («басқару субъектісі – басқарылатын
      объекті» жүйесіндегі жетілдірулер);
    ➢ Мектепішілік басқару субъектілерінің (ортақ және жеке әрекеттегі
      пайдалы қызмет коэффицентін арттыру, артық жүктемеден, формализмнен
      арылуын қадағалап, олардың материалдық ынталандыру деңгейін арттыру)
      жағдайын жасау.
    ➢ Мектептен тыс әріптестер (мектеп мәртебесін арттыруға септесетін
      мектептен тыс мүдделі тұлғалар мен топтар) тауып,олармен екі жаққа
      тиімді іскерлік байланыс орнату.
    А.М. Моисеев және т.б  авторлардың  айтуынша  мектепішілік  басқарудағы
жаңа  енгізілімдердің  «көп   қабатты»   функциясы   олардың   салдары   мен
нәтижелерінің көп деңгейлігі туралы ойлауға мүмкіндік береді. Мұның  маңызды
болатындығы сонда, жаңашылдақты игеру қашанда белгісіздік  пен  инновациялық
тәсілмен  байланысты  болып  келіп;  жаңаны  енгізу  қашанда  «тыңнан  түрен
салғызады».

3 Соңғы кезде пайда болған педагогикадағы жаңа тенденциялар мен  мектепшілік
басқарудағы жаңа енгізілімдерді  сөз  етпес  бұрын,  кеңес  кезіндегі,  яғни
өткен  ғасырдың   70-80  жылдарындағы   орта   мектеп  қандай   болғандығына
қысқаша сипатама бере кетелік.

    ➢ Ол кезеңдегі мектеп қатаң орталықтанған (біртұтас жоспар пен
      бағдарламаға негізделген).
    ➢ Мектеп дегеніміз – жоғары орталықтанған білім беру жүйесінің құрамдас
      бір бөлігі.
    ➢ Мектеп тұрақты жағдайда өмір сүреді (осы ахуал кейінен оны тіпті
      тоқырауға ұрындырды).
    ➢ Мектеп біртұтас қатып қалған, басқа пікірмен санаспайтын, саяси-
      идеологиялық қалыпты жүзеге асыруға бағыт ұстанып,билік басындағы
      коммунистердің сойылын соқты.Шетелде игі нәтижеге қол жеткізілген озық
      педагогикалық ойға «буржуазиялық» деген ат қойылып,айдар тағылып,оны
      насхаттауға тұсау салды.
   Еліміздегі  90-шы  жылдары  орын  алған  мектепті  басқаруға   байланысты
айтылған сындардың ішінде істің  шынайы  мәнін  ашатын  терең  кәсібилігінен
гөрі бұрынғының бәрін тәрк еткен  алып-ұшпа  бір  сәттік  сезімділігі  басым
болып  келді.  Дегенмен,  сол  кезде  қабылданған  бағдарламалық  құжаттарда
барлық  деңгейдегі  білім  беруді  қайта  құрудың  нақты  шынайы   қадамдары
ұсынылды. Басты міндеттер болып мыналар жарияланды:

    1. басқару жүйесін қайыра бағдарлауды дамыту.
    2. барлық жүйедегі орталықсыздану.
    3. басшылықтағылардың басқарушылық біліктілігін арттыру.
   Егер қазақ мектептері бастан өткерген өзгерістердің салдарын  бір  арнаға
жиыстырып салмақтайтын болсақ, онда  мектепішілік  басқаруды  дамытудағы  ең
бастыларынан төмендегі тенденцияларды бөле-жара атауға болады:

 1.  Жаңа  сипаттағы  басқарудағы   әлеуметтік   ортаның   және   мектептің
    қажеттілігінің объективті  күрделенуі  негізінен  туындаған  мектептегі
    басқару қызметінің сапасына деген талаптың артуы.
 2. Мектепішілік басқару жүйесінің мектеп дамуы мен қызметіне тиімді  ықпал
    етуіне,оқу-тәрбие үрдісі үстіндегі өзіндік әрекетімен,  өзіндік  дамуын
    қамтамасыз етуіне объективті шектеу қоя алу мүмкіндігі.
 3. Жаңа туындаған жағымды мүмкіндіктердің мектепті тиімді басқаруды жүзеге
    асыруда, мектепішілік басқару жүйесін дамытуда пайда болуы.
    Осылайша, шұғыл  жайттарды  жылдам  шешуде,  басқаруға  деген  талаптың
өскені байқалады. Осының бәрі жиналып келгенде мектепішілік басқарудың  жаңа
кезеңін және қиын жағдайлардағы көптеген келеңсіз факторларды  жеңе  білудің
қажеттілігімен байланыстырады.

4)  Өтпелі  кезең  өзінің  педагогика   саласындағы   орын   алған   уақытша
қиындықтарымен басқаруды дамытудың  мүмкіндігін  біршама  төмендеткенінен,ол
әр мектепте түрлінше көрініс тапты. Бірқатар мектептерде  мүдірлер  жағдайды
қатаңдатып, оны басшылық жасауды дамытудың стимулына айналдырып,  объективті
қиындықтардың салдарын, инновациялық ахуал тудыру арқылы шешті.

   Басқару   қызметінің   негізгі   бағытын   сипаттайтын    болсақ,    онда
төмендегілерді атап көрсетуге болады:

    ➢ Мектеп пен басқару ұйымдары арасындағы құзырлықтың шектеулігін
      белгілеуді жүзеге асыру;
    ➢ Мектепішілік басқару субъектілерінің өз дербестігі, өздік қызметі,
      жауапкершілігінің деңгейі артты;
    ➢ Мектепті басқару жүйесінің еркіндік деңгейі біршама көтерілді,
      белгілі бір жалпы әлеуметтік тапсырысқа қатысуға, өз миссиясын білім
      беру саясатын, стратегиясын қалыптастыруда жүргізуге мүмкіндік береді;
    ➢ Қазіргі басқару жүйесіндегі қолданушы позициясынан жобалаушы
      туындыгерлік, жасампаздықтың жаңа жүйесіндегі позициясына көшу
      байқалады;
    ➢ Социумда(әлеуметтік жеке тұлға) жоғарыға жалтақтамай өз бетімен жаңа
      байланыс орнату мүмкіндігі пайда болды;
    ➢ Әлемдік менеджмент пен әлеуметтік басқаруда басқару ұйымдарының
      халыққа ашықтығы артып келеді;
    ➢ Білім беру қызметкерлерінің инновациялық әлеуеті мен шығармашылық
      қуатының еркіндігі белең алуда;
    ➢ Үлкен шыдамдылық, өзара сынның дамуы және шығармашылық ізденіске
      деген түрлі педагогикалық қадам жасаулар орын алуда;
    ➢ Көптеген мектептердің мәдени-интеллектуалдық келбетін мүлде өзгерткен
      ҒЗИ мен ЖОО білікті мамандарын мектепке тарту жүріп жатыр;
    ➢ Басқару қызметі кәсібилендірудің идеясының мәшһүрлігі артып келеді;
    ➢ Штат тәртібіне өзгеріс енгізу, қосымша қаржы көзін табу мүмкіндігінің
      ебі мен орайын тапқан мектепте кеңінен қолдау туып тұр.
    Осылайша, жоғарыда сипатталған нышандардан аталған  әсерлердің  күрделі
өрілген  жағымды  салдарларының  әсерін   аңғарамыз.   Осыншама   қиындықтар
туғанымен олар бәрі бір мектепішілік  басқару  жүйесі  мен  мектеп  дамуының
тоқырауына соқтырмайды,әрі оларды қызметтік бүлінушілікке  ұрындырмады.Қайта
мектептің және оның басқару  жүйесінің  бейберекет  дамуы  мен  инновациялық
процестердің тиімсіздігін тежейді.


                             Бақылау сұрақтары:

 1. Қазіргі басқару және оған жүйелік қадам жасау дегеніміз не?
 2. Мектепішілік басқару функцияларын бөліп көрсетіңіздер.
 3. Мектепті басқарудағы жаңа тенденцияларға сипаттама беріңіздер.
 4.  Қазіргі  мектептердегі  басқару   қызметінің   бағыттарына   сипаттама
    беріңіздер.








































                                  5- дәріс.

Мектептердің педагогикалық жүйелерін басқарудың әдістері  мен формалары.

Жоспар:

 1. Жоспарлаудың мәнісі.
 2. Жоспарлау құрамын басқару қызметі ретінде түсінудегі жаңа ұғымдар.
 3. Оқу жоспарларымен  мектептердегі  білім  беру  бағдарламасын  дамытудың
    жосығын жобалауды дамыту.
 4. Мектепішілік педагогикалық жүйелерді басқарудың әдістері мен формалары.
  Ұғымдар:Жоспарлау, педагогикалық жүйе, жүйелік  амалы,  жоспарлау  әдісі,
  басқаруды ұйымдастырудың формалары, принциптері, басқарушылық шешім.

1       Қазіргі    заман    жағдайында    барша    ғалымдар    мен    ғылыми
мектептерді(педагогикалық)   басқару   қызметінің   бір    түрі    саналатын
жоспарлауға жеткілікті назар аударуда.  Бұл  кездейсоқтан  туындаған  жағдай
емес, басқарудың басты тағайындалуы  болып  табылатын:  бірлескен  қызметтің
ұйымдастырушылығы мен мақсатты бағыт  ұстауын  қамтамасыз  ету  амалы  болып
табылады. Бір айқын нәрсе,  мақсатсыз  туындайтын  жоспарлаусыз  алға  қарай
жылжуға  қарай  педагогикалық  еш  қадам  баса  алмаймыз.  Бұдан   шығатыны,
мақсатты бағытталған қызмет  мүмкіндігінің  жан-жақты,әрі  сәтімен  туындауы
ғана  ұстаздар  қауымына   шығармашылық,   кәсіби   бақыт   сыйлайтыны   дер
едік.Психология  ғылымы-өз  кезегінде   жоспарлауды   кез   келген   адамзат
ойлауының ең басты функцияларының бірі деп қарастырады.  Жоспарлаудың  болуы
– адамзатты хайуанаттан еректейтін ұлы  артықшылықтардың  бірі,  солай  бола
тұрса да, жоспарлау басқарау қызметінің түрі ретінде  адамдар  (тұтас  ұжым)
әрекетінде   айырықша   ерекшелікке   (мектептің   басқару   субъектілерінің
жоспарлауындағы) ие.
   Сондықтан,жоспарлауды  тағайындау  осы  сөздің  кең  мағынасында  мынадан
тұрады, ол өз бастына тек қана мақсатты ұйғарылым  мен  жобалаудың  жоспарын
ғана емес, мектептің  ішкі  және  сыртқы  ортасын  болжамдау  мен  сараптау,
қажетттілік пен мүмкіндік,  түрлі  концепцияларды  жасап  шығудың  жоспарлау
тиімділігіндегі өздік байыптауды  т.т.  сыйдырады.  Енді  жоспалаудың  басты
ерекшеліктерін бөліп көрсетелік:

    ➢ Жобалау мектептің барша қызметіне айқын бағыт пен құлшыныс беруге
      жұмылдырылған;
    ➢ Болжам мен байыпқа негізделген жоспарлау мектептің болашақта қол
      жеткізілуге тиіс жағдайы мен нәтижесін модельдеуге арналған;
    ➢ Жоспарлаудағы мақсаты ұйғарым мақсаты түзу процесіндегі – мақсаттың
      образын қалыптастыру үрдісін басқару субъектілердің санасындағы ішкі
      сезімдерге сүйенеді;
    ➢ Жоспарлау мақсатқа қол жеткізудің құралдарын,олардың логикалық
      құрылымы мен құрамын,бірізділігін,қажетті ресурстар мен
      жағдайларын,орындаушыларын әрі олардың әрекеттестігін,мерзімін
      белгілеп талап етеді;істелетін жұмыстың мазмұнын,әдістерін,амал-
      тәсілдерін,формаларын және аралық нәтижелерді белгілейді,
      яғни,кім?не?қашан? деген сауалдарға жауап береді;
    ➢  Жоспарлау қызмет стандартын,талапты,критерий мен бағалау
      көрсеткіштерін нақыт белгілеуді талап етеді;
    ➢   Жоспарлау білім беруді қамтамасыз етумен бірге басқару қызметі
      үшінде жағдай жасауды ескереді.
   Сонымен,жоспарлау  басқару  қызметінің  ең  маңызды   түрі   болып   қала
береді,оның мәні еш кішерейген жоқ,қайта оның сапасына деген талап өзгерді.

2  Мектепішілік   жоспарлаудағы   жаңа   енгізілімдер   мектеп   жүйесіндегі
бөліктердің  мәнді  өзгерістеріне  ықпал  етіп,сыныптан  тыс,мектептен   тыс
тәрбие жұмыстарындағы жоспар құрушылық әрекетінің  қысқаруына  алып  келеді.
Солай  десек   те,жоспарлаудың,жобалаудың,бағдарлама   жасаудың,   модельдік
тұжырымдаудың бірқатар жаңа объектілері пайда болды.

   Дәстүрлі мектепті басқаруда жоспарлауға жауап беретін  мектеп  әкімшілігі
мүшелерімен бірге мектеп  бөлімшелері  түріндегі  жаңа  субъектілер:кафедра,
зертхана,МҒЗК(мектепішілік  ғылыми-зерттеу  комитеті)  пайда  болды.  Мектеп
ісін жоспарлауға көптеген мұғалімдер,оқушылар және  олардың  ата-аналары  ат
салысуда.

   Ең бастысы,жоспарлаудағы жаңа енгізілімді не белгілеп,не айқындайды деген
сауалға жауап берер болсақ,онда ол-оның осы өзгерістерден  кейінгі  «өнімді»
жаңа  номенклатура  мен  сапа  бойынша  шығару  қабілеті.   Сонымен   қандай
«өнімдер» баламалы түрде біздің мектептер үшін мүлде  жаңа  болып  табылады?
Олардың ішіндегі ең маңыздыларын атап көрсетелік:

    ➢ қоршаған орта туралы анализдің қорытындысы;
    ➢ мектептегі әлеуметтік тапсырыс пен ортаның өзгерісін болжау;
    ➢ мектеп пен оның табысынның қол жеткізілінген деңгейі турасындағы
      дәлелді қорытынды;
    ➢ мектеп ахуалының проблемалық байыбының қорытындысы;
    ➢ мектеп жұмысына түрлінше қатысушылар үшін іс-әрекеттік мақсат;
    ➢ нақты білім беру мекемесі және оның жүйесі мен буындарының атқаратын
      қызметінің миссиясы;
    ➢ мектеп түлектерінің моделі;
    ➢ мектептің оқу жоспары(ең алдымен олардың мектептік бөлігі);
    ➢ оқыту мен тәрбиелеу бағдарламалары;
    ➢ мектептің жүйелік бөлігін қамтамасыз етуші бағдарлар мен мақсаттар;
    ➢ мектептің шынайы жүйелік жұмыс жоспарындағы келісімділік;
    ➢ мектеп дамуының мақсаты мен жоспары;
    ➢ мектептің тұтастай және жекелеген буындарының дамуының
      концепциясы(тұжырымы) мен бағдарламалары.
Жоғарыда біз санамалаған  «өнімдер»  мектепішілік  жоспарлаудың  іс-әрекетін
басқаруда жасампаздық,шығармашылық сипатқа ие  бола  бастады.  Осындай  жаңа
енгізілімдер мектепішілік жоспарлаудың  бүгінгі  ахуалын  біршама  өзгертуге
қабілетті.

3Мектеп  жұмысын  жоспарлау   жұмысындағы   ең   ірі   және   ауқымды   жаңа
енгізілімдердегі жобалаулар төмендегідей болып келеді:

    ➢ мектепті дамыту бағдарламасы;
    ➢ білім беру бағдарламасы;
    ➢ оқу жоспарлары.
    Мектепті дамыту бағдарламасы «жоғарыдан»  берілмеген  жаңашылдық  болып
табылады. Бұл дегеніңіз-ұжымның  жаңа  әлеуметтік-экономикалық  жағдайда  өз
орнын тауып,өз мүмкіндігі мен әлеуетін айқын да,жақсы түсіне білуі.

    Даму бағдарламасын жасау барысында аталған білім беру мекемесінің айқын
дәлелденген мектеп миссиясының қалыптасқан орта мен білім  беру  үрдісіндегі
тұтасқан концепциясы жобаланады,атап айтсақ:

    ➢ жаңа қол жеткізілуге тиіс,жаңа сипаттағы мектеп тұрпатына өтудің
      өзіндік стратегиясы жасалынады;
    ➢ оқу орны ұстанған даму бағдарламасы алға қойылған мақсатың әрмен
      қарайғы бүкіл іс-әрекеттік қызметін қамтамасыз етеді;
    ➢ жоспардың жүзеге асуының мектептік жүйелік бөліктерінің ең маңызды
      жаңа енгізілімдерінің,оның ішінде мектепішілік басқаруды қоса
      алғандағысын бағдарлама өз бойына сіңіреді;
    ➢ мектепті дамытудың көзелген жаңа бағытын жүзеге асыру жоспары
      келісушіліктің жаңа тетіктерінің көмегі арқылы құрылады;
    ➢ даму бағдарламасымен жұмыс істеуге көшу, шын мәнісінде, мектептің
      барша жоспарына өзгеріс әкеледі,өйткені, жалпы мектептік тактикалық
      жұмыс жоспары т.т.барынша нақтыланумен басты жүзеге асу бағдарына
      айналады.
   1994-1995 оқу жылынан бастап  оқу-тәрбие  беру  мекемелеріне  білім  беру
бағдарламасын жасау тапсырысы«жоғарыдан»  келеді.  Бұл  жаңа  енгізілу  даму
бағдарламасына  қарағанда  мектептерде  міндетті  тәртіппен   игерілуде,оның
орындалуын бақылау мен бағалау  жоғары  тұрған  басқару  ұйымдары  тарапынан
қадағаланады. Білім беру бағдарламасын  құрастыруда  8  модульді  басшылыққа
алу ұсынылады:

1-модуль-шәкірттерге білім  беру,дамыту,   тәрбиелеу  бойынша  педагогикалық
ұжымның     жұмыс     нәтижелігінің      анализі;балалардың      денсаулығы,
қажеттілігі,білім беру қызметінің социумы туралы мәлімет;

2- модуль-білім берудегі басты бағыттар,мақсат пен міндеттер;

3-   модуль-республикалық,облыстық,қалалық   және    аудандық    мемлекеттік
стандартқа сай келетін оқу пәндерінің жиыны;

4- модуль-мектеп  бөлігінің  білім  мазмұнындағы  оқу  мен  оқытудың  пәндік
тізімі және оларды қамтамасыз ететін бағдарламасының нұсқалық(мыс:  «қызықты
математика») қамтылуы;

5- модуль-міндетті және  вариативті  бағдарламалармен  байланыстағы  қосымша
білім беру бағдарламаларының жиыны;

6-  модуль-бағдарламаның  вариативті  бөлігінің  оқу   әдістемелік   жағынан
қамтамасыз етілуі;

7-модуль-оқу-тәрбие   процесін,оқушыларды   оқыту   формаларын   және   жаңа
технологияларды  ұйымдастыру  ерекшелігінің  сипаттамасы;оқушыларды   аралық
тексеру жүйесі;инновациялық іс-әрекет картасы;

8- модуль-бағдарламаны жүзеге асыруды басқару.

   Мектептер  жалпы  үлгі  негізінде   білім   беру   бағдарламасын   жазуда
ұсынылынған басты  позицияларды  ескере  отырып,өздерінің  жағдайларына  сай
келетін(мыс, «Семейден шыққан математиктер») өздерінің  бірқатар  бағыттарын
сыналап  енгізе  алады.  Олар  өз  кезегінде  мектептің   ішкі   әлеуметтік-
экономикалық  ауқымының  сипаты;білім  беру  мекемесінің   тағайындауы   мен
миссиясын т.б.айқын анықтайды.

   Сонымен білім беру бағдарламасын жобалау дегеніміз-Алматы  мен  Астананың
т.б.ірі білім орталықтарының педагогикалық тәжірибесі  әсерімен  дайындалған
жеке оқу жоспарлары өзара бірлескен падагогикалық құбылыс болып табылады.

   Қазіргі таңда қалалық  білім беру  мекемелерінде  оқу  жоспарларының  екі
түрін кездестіруге болады:

1.Нақты мектептің өздік ерекшелігін көрсете алатын ұзақ мерзімге  жобаланған
мектептің жалпы оқу жоспары.

2.Ағымдағы ахуалдарды есепке ала отырып,жасалған оқудың жұмыс жоспары.

   Оқу  жоспары  жасалған  кезде  төмендегідей  өмірдің  өзі  қойып  отырған
талаптарға жауап беруі керек:

    ➢ толықтық;
    ➢ тұтастық;
    ➢ таңдау мен міндетті пәндер арасындағы тепе-теңдік;
    ➢ білім сатылары мен сыныптар арасындағы мұраластық:
    ➢ нақты уақытқа лайықтылық(икемділік,білім қоры,ауыр тимеушілік);
    ➢ бәрі ескерілген әмбебап жоспар;
    ➢ салалық ресурстармен жан-жақты (кадрлар,бағдарламалық-әдістемелік )
      қамтылу.
   Өз бетімен жобалау,жоспарлау тәжірибесі  басқарушыларға  жобалаудың  жаңа
типтерін меңгеруге мүмкіндік береді.

4  Басқару  әдісі  дегеніміз-педагогикалық   үрдістің   басшылық   тарапынан
басқарылу  әрекетінің   мақсатын,мазмұнын,   принциптерін   жүзеге   асыруға
қатысушылардың бірлескен әрекетін ұйымдастырудың амалы.

   Басқару  әдістерінің  негізгі  функциялары   дегеніміз-мектепті   басқару
мазмұнының   жүзеге    асырылуы,осы    қызметті    жетілдіретін    балаларды
іздеу;басқару  қызметі  бойынша:шоғырлануды  ұйымдастыру,   келісілген   іс-
әрекетті реттеу болып табылады.

   Басқару әдістері қилынша жіктеліске ие. Сол себепті,  оларды  төмендегіше
топтастыруға болады:

    ➢ басқару нысаны бойынша(республикалық, облыстық,аудандық және
      қалалық);
    ➢ басқару тұлғалары бойынша(әкімшілік, шаруашылық);
    ➢ мақсаты бойынша(стратегиялық, тактикалық, шұғыл басқару);
    ➢ әсер ету тетігі бойынша(әлеуметтік-саяси,ұйымдасқан-
      тарату,педагогикалық ұйымдастыру);
    ➢ стилі бойынша(авторитарлық,демократиялық және либералдық);
    ➢ басқару қызметінің уақыты бойынша(ағымдағы,ұзақ мерезімді,басты).
   Білім  беретін  мектептегі  әдеттегі  көз   үйренген   басқару   әдістері
мектептерде    пайда    болған    психологиялық    қызмет,психофизиологиялық
зертханалар   есебінен   жаңа   әдістермен   молықты.    Мысалға,сараптаулар
зерттеулермен  ауысса,   диагностика(гр.diagnostikos=танып-білуге   бейімді)
жүйесінде:  тестер,карталар,сауалдар  мен  сауалнамалар  қолданылады;бақылау
мен сұхбаттасуға қатысу әдістері де пайдаланылады.

   Басқаруды ұйымдастыру формасы  түрлі  құрылымдар  мен  бағыттарда   болып
келуі мүмкін:нұсқау-әдістемелік,  теориялық  семинарлар,  оқушылар  ұжымының
отырысы,педагогикалық   кеңес,әдістемелік    бірлестік,    жетекшілік,мектеп
конференциясы,педагогикалық оқулар, ата-аналар сауатын ашу курстары.

   Әлеуметтік-педагогикалық әдістердің жүзеге асырылу  формасы  мыналар:ішкі
тәртіп ережесін,мектеп  жарғысын,  «оқытушы-оқушы»  қарым-қатынасы  ережесін
құру түрінде келуі де, әбден мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз.

   Сонымен,мектептің педагогикалық жүйесін басқарудағы  ең  бастысы  басқару
қызметін жоспарлауды ұйымдастыру жүйесі және осы бағдарлама мазмұнын  жүзеге
асыру амал-тәсілдері болып табылады.


                             Бақылау сұрақтары:

 1. Жоспарлау дегеніміз не және оның ерекшеліктері?
 2. Жоспарлаудағы жаңа енгізілімдерге сипаттама бер.
 3. Мектептің даму бағдарламаларының  білім  беру  бағдарламаларының,жасалу
    мақсатын аш.
 4.  Мектептің  педагогикалық  жүйесін  басқарудың  негізгі  әдістері   мен
    формаларын ата.



                                  6- дәріс
                       Басшының басқарушылық мәдениеті

Жоспар:

 1.  Басқарылатын  нысан   ретіндегі   мектептің   стратегиялық   ұстанымын
    ұйымдастыру.
 2. Жалпы мектептік басқарудағы дәстүрлі және жаңа қызмет түрлері.
 3. Педагогикалық ұжым  дамуының  барлық  деңгейіндегі  басшылық  жасаудағы
    басшының атқаратын функциясы.
 4. Мектепішілік  басшылық.
Ұғымдар:        басқару         стратегиясы,функциясы,         орталықтанған
басқару,орталықсызданған басқару.

1         Мектепішілік          басқарудың         міндеттері         мектеп
түрлеріне,миссиясына,деңгейіне,орнына,мерзіміне    және    жұмыстың    талап
етілетін сапасы мен көлеміне байланысты болып келеді.

   Қазіргі заманғы мектептер өз алдына  стратегиялық  сипаттағы  мақсаттарды
қоюда:жалпы білім  беретін  мектептен  жоғары  үлгідегі-мектеп-кешен,мектеп-
бірлестік,мектеп-гимназия,лицей,колледж,арнайы    мектептерге;жеке    меншік
мектептерге,экстернаттық және жанұялық оқыту формаларына т.т. өтуде.

   Мысалға,тек Семей  қаласында осы мәселелерді шешумен бірнеше  білім  беру
мекемелері айналысып жатыр.

   Басқару нысаны ретіндегі  мектептің  стратегиялық  тұғырының  ұйымдастыру
құрылымы  міндеттердің  бөліну  ауысымдылығы,әдістердің  функциялануын  және
қызметтің    стратегиялық    бағдарының    маңызын    ашатын     ұйымдастыру
құрылымын,байланыстарын, тетіктерін ашып береді.

2        Дәстүрлі    жалпы     мектептік     басқарудағы     бұрынан     бар
ұйымдармен(педкеңес,ата-аналар комитеті, оқушылар кеңесі) қатар жаңалары  да
пайда болды:мектеп кеңесі,қамқорлық кеңесі (попечительский  совет),мектептің
стратегиялық   дамуын    жобалау    ұйымы,құрылтайшылар    кеңесі,эксперттік
кеңес,қабылдау  комиссиясы(мыс:қаламыздағы   қазақ-түрік   лицейіне   т.б.),
ғылыми-әдістемелік   кеңес,   гимназистер   кеңесі,лицеистер   кеңесі,мектеп
парламенті т.т. Осы  біз  атаған  ұйымдардың  құрамы  әр  типті  мектептерде
олардың  қызметінің  көлемі  мен  атқарушы  мүшелері  әр  келкі;ұйымдар  мен
мүшелердің өз тарапынан мектептегі ұйымдастыру ісіне қатысулары да  әр  қилы
деңгейде болып келеді. Тап осы  басқару  буындарының  араласуымен  мектептің
даму стратегиясы жобаланады,әрі ол көпшіліктің мақұлдауымен бекітіледі.
  Дамушы  мектептер  өздерінің  стратегиялық  жоспарларын  жүзеге   асыруда
орталықтану мен орталықсыздану басқарушылығының арасындағы «алтын  аралықты»
іздеу негізінде басқару құрылымын қайыра  түзеді.  Орталықтану  әдісі-мектеп
жоспарын  жобалауға  сеп  болса,орталықсыздану  амалы-оның   жүзеге   асуына
көмектеседі.    Дамушы    мектептерде:жаңа     енгізілім     топтары,жобалау
топтары,жобалаушылар топтары,эксперттік топтар енгізілген.

2 Орталықсызданған басқарудағы ұжым дамуының  барлық  деңгейіндегі  басшылық
функциясы икемді де,орайлас сипатқа  ие  болып  келеді.  Жоғарғы  деңгейдегі
басшылық функциясы айтарлықтай өзгеріске түседі. Кезектегі,  шұғыл  шешілуді
талап ететін проблемалардан олар  ендігі  жерде  стратегиялық  проблемаларға
ауысады.  Бұл  дегеніңіз  басқарудың  ортаңғы  және  төменгі   дәрежесіндегі
басшылар мақсатты түрде стратегиялық мәселелерді шешуге жұмылдырылады.

   Басқарудың екінші деңгейінде білім  беру  қызметінің  түрлі  деңгейі  мен
бағыттары  бойынша  Оқмеңдер(завуч)  саны  артады,сонымен  бірге   қызметтік
ұйымдар   мен    комиссиялардың:    әлеуметтік,эксперттік,    психологиялық,
санаттық,аудиторлық тексеру(қаржылық,әлеуметтік) т.т. көбейеді.

   Екінші      деңгейдегі      басшыларға      мүдірдің       орынбасарлары,
психологтар,әлеуметтанушылар,медицина       қызметкерлері       ,инженерлер,
бағдарламашылар,  ҒЗИ,ЖОО  оқытушылары,сонымен  бірге,  кафедра,   комиссия,
орталық,маңызды бағыттағы мектеп,пән циклін басқарушылар т.т.  жатады.  Олар
тек қана педагогикалық және оқушылар ұжымдарын,білім беру  мен  тәрбиелеудің
барша үрдістерін ұйымдастыруды жүзеге  асырып  қана  қоймайды,сонымен  бірге
стратегиялық   мақсаттарды   жүзеге   асыруға   септесетін   құралдар    мен
жағдайларды,тактикалық іс-әрекеттерді де белгілейді.

   Стратегиялық     бағыттағы      ерекше      рөлді      мұғалімдер,педагог
мамандар,тәрбиешілер  шешеді,әрі  олар  осы   мақсаттарды   тек   педагогика
тұрғысынан ғана қарастырып  қоймайды,сонымен  бірге  тұлғаның  әлеуметтік,әр
келкі психологиясы тұрғысынан да қарастырады.

   Міне,осы деңгейде  орта  мен  оқушылардың  ата-аналары  арасындағы  өзара
әрекеттестік тетігі өмірге келіп,олардың  іс-әрекетіне  үздіксіз   қадағалау
ұйымдастырылады.

  Тек   осы   деңгейде   стратегиялық,тактикалық    деңгейдегі,    тұлғаның
интеллектуалды және физикалық дамуы деңгейлерінде орын алуға  тиісті  қандай
өзгерістерді талап етілетіні анықталады.

   Кәне,мектепішілік  басқаруды   ұйымдастырудың   тұғырнамасын   қарастырып
көрелік,онда    менеджмент     идеясы,педагогикалық     басқару     теориясы
қолданылып,олар мотивация,ынталандыру,өзін-өзі ұйымдастыру,өзін-өзі  басқару
идеялары және озық тәжірибелермен ұштасады.

   Өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру өзара қарым-қатынастың жаңа сипатын жүзеге
асырады. Мектеп  мүдірі  бір  жағынан-жұмыс  беруші,әкім,басшы  болса,екінші
жағынан-мектеп  қызметкері,мектеп   ұжымының   мүшесі,педагогикалық   қызмет
бойынша әріптес,кафедра,әдістемелік,бірлестік мүшесі  т.т.  болып  табылады.
Ол өзін жетекші басшы,ұстаздардың ұстазы немесе  әдіскер,кәсіпқой  сипатында
танытады.

  Мектеп мүдірі өзінен шені төмен басшыларға қарағанда бір қатар құқық  пен
билікке ие болғандықтан,күнделікті  күйбең  тіршіліктен  аулақтап,  бірыңғай
мектеп дамуының   стратегиялық  проблемаларын  шешуді,республика,облыс,аудан
және қалалық деңгейде мектеп атынан сөйлеуді;мектеп дамуының  бағдарламалары
мен орталықтанған үйлесімділіктің стратегиялық жоспарларын  және  әкімшілік-
шаруашылық  жұмыстарды;  қаржылық,  материалдық-техникалық  т.б.  құралдарды
табуды өз мойнына алады.

   Мектеп мүдірінің орынбасарларының саны мектептің ауқымына орай 2-5 адамға
дейін болып  келіп,олардың   істейтін  жұмыстары:  тактикалық,  стратегиялық
реттегі міндеттерді шешуге ұйыстырылған.

   Олардың желілік басшылар  ретіндегі  арнайы  білім  берудегі  маманданған
сатыларын   атап   айтар   болсақ,олар:білім   беру    қызметінің    деңгейі
бойынша;пәндер    циклі    бойынша;ауысым     бойынша;жекелеген     бағыттар
бойынша;сонымен       қатар,ғылыми-әдістемелік,ақпараттық,        әкімшілік-
шаруашылық,әлеуметтік-құқықтық    қорғау,үйлестіру    жұмыстары,тәжірибелік-
зертханалық және басқа  да  білім  беру  жүйесінің  ерекшелігімен  мектептің
ұйымдасу деңгейінің күрделігі бойынша басшылық жасайды.

   Генарал директор қызметі енгізілген ірі мектептерде(ТМД бойынша сөз  етіп
отырмыз-авторлар)  мүдірдің  орынбасарлары  бөлім  директорлары   функциясын
атқарады.  Тәжірибе  көрсетіп  отырғандай,тап   осы   деңгейдегі   басқаруда
басшылардың менеджер функциясын  атқару  тенденциясының  игерілуі  сезіледі.
Осы   деңгейде   бағдарламалар   жобаланып,дамудың    стратегиялық    бағыты
нақтыланады да,инновациялық  ой  ұшқыны  мен  бағдарламаларды  жүзеге  асыру
тактикасы  жасалынып,ұжымның  қалыпты  да,  бірізге  түскен  жұмыс  жасауына
жағдай жасалады. Осы деңгейдегі басшылардың қызметі жаңа функциялар  бойынша
жұмыс      істеуімен       сипатталады,       олар:модельдеу,       тәжірибе
жасау,зерттеу;ақпараттандыру; ынталандыру;  уәждау(мотивация),  конфликтінің
алдын алу мен реттеу т.т.түрінде болып келеді.

   Субъектілік      басқарудың      дәстүрлі       амалдары:       статустық
(мәртебелік),атқарушы, сатылықтармен қатар көптеген мектептерде  позициялық-
рөлдік(ұстанымдық-рөлдік)  әдістер  қолданыс  табуда.   Бұнда   қызметкердің
лауазымы ғана емес,одан ұжымы күткен рөлі де ескеріледі.

  Әр мектеп ұйымы белгілі бір заң аясында арнайы бекітілмесе де,ескерілмесе
ле,ойластырылмаса да өзінің рөлдік құрылымына ие.  Тап  осы  рөлдік  құрылым
мектептің   өзіндік   ерекшелігіне    орай    штаттық    кестесімен,бейресми
бірлестігімен,мектептің ұйымдастыру мәдениетімен анықталады,

 Ұйымдастыру қызметіне рөлдік әр келкілік беретін  құрылымдық  элементтерге
тоқталуға тырысып көрелік.

 Біріншіден,рөлдер ресми мәртебе статусымен беріледі,онда оған ие қызметкер
не ана,не мына лауазымның талабына және осы  талапқа  байланысты  функциялық
міндеттерді(мүдір,мүдірдің     орынбасары,      мұғалім,сынып      жетекшісі
т.т.)атқарады.

 Екіншіден,рөлдер   мектепішілік    басқару    жүйесімен,оның    құрылымдық
ұйымдастыру  ерекшелігімен  немесе  басқа  ұйымдастыру   құрылымымен,адамның
шартты немесе басқа ұйым мен қызметі түрінде беріледі.

 Үшіншіден,рөлдер бейресми мектеп  бірлестіктеріне  ортақ  ниет  пен  өзара
көмекке негізделген достық,әріптестік қатынас сипатын береді.

 Байыпты,салиқалы,көреген  мектеп  басшысы,  әлбетте,өз  ұжымында  бейресми
жетекші,  ұйымдастырушы,бастамашы,іскер  т.т.  атқарушы  адамдарды   саралай
зерттеу  барысында,оны  «ашық  жағдайға»көшіріп,жалпы  мектептің   іскерлік,
формалдық құрылымына қызмет етуге жегеді.

 Осылайша,бақылаулардың көрсеткеніндей, мектептерде басқарудың  ұйымдастыру
құрылымын жаңалау қажеттілігі біршама арта түсуде.

 Ұйымдастыруды  жаңалаудың  немесе  қайта   құрудың   басты   себебі,біздің
ойымызша,мыналардан тұрады:1) басқару нысаны  ретіндегі  мектептің  дәстүрлі
құрылымын   бұзу;2)білім   беру    мен    тәрбиелеу    үрдісінің    мазмұнын
өзгерту;3)басқару  шешімін  қабылдауда  орталықтану  мен   орталықсызданудың
арасындағы  «алтын  көпірді»  іздеу;4)жаңа  уақыт   үндеуін,қоғамдағы   жаңа
қажеттілікті,әрі оқушылар  тұлғасын  ескере  отыра  білім  беру  жүйесіндегі
басты жобалауды  жасау;5)оқушылардың  тұтыну  сұранысын  ескере  отыра,білім
берудегі басым бағыттарды  таңдау;6)  мәдени-ағарту,білім  беру  т.т.аясында
мектептен  тыс   байланысты   аймақтық(қалалық)   мекемелермен   орнатып,оны
тиімділікпен жүзеге асыру;7)педагогикалық үрдістің ерекшелігі т.т.

 Бір сөзбен айтқанда,ұйымдастыру  құрылымын  басқаруды  қайта  құру  немесе
жаңалаудың себебі жаңа басқару жүйесіне өтуден келіп шығады.

4 Мектепішілік басшылықтың басты  тағайындалудан  педагогтар  мен  басқа  да
мектеп  қызметкерлерінің,  мектептің  табысқа  жетуі   мен   құндылықтарының
принциптерін жүзеге асыруға бағытталған өнімді,шығармашылық  табысты  қызмет
етулері үшін тиімді жағдай жасауынан көрінеді.

  Осындай жағдайға жататыны:

    ➢ Қызметкерлер өздерінен күтілетін табыстың мерзімі мен нәтижесін
      жақсылап ұғынуы;
    ➢ Алға қойылып отырған нәтижелерге деген қызметкерлердің ықыласы;
    ➢ Жұмыс жағдайы мен қол жеткізілген нәтижелерге деген қызметкерлердің
      қанағаттанушылық ахуалын қамтамасыз ету;
    ➢ Мектеп ұжымында қолайлы моральдық-психологиялық ахуалдың болуы.
   Әлбетте,күтілетін нәтиже мен орындалатын жұмыстың мазмұны  мен  мерезімін
жақсы түсіну үшін әрбір қызметкер мыналарды ескеруі шарт:

    ➢ қызметкердің өздері(мұғалім,тәрбиеші,әкімшілік және техникалық
      қызметкер) осы нәтижелерді уақытысында жоспарлай алуы;
    ➢ аталған қызмет түрін басқаратын қызметкерлердің осы жоспарды(жобаны)
      түзетін мектептің басқару субъектілерімен қажетті жағдайдағы
      келісімділігі;
    ➢ қажет етілген нәтижені түйіндеудегі нақтылық пен шынайылықтың көрініс
      табуы.
   Қызметкер алдына қойылған  міндетті  шешуі  үшін  ол  жұмыс  оған  сыртан
таңылмай,ол осы  міндетті  атқарып  шығуда  оның  мәнін  түсініп,жан-тәнімен
қабылдап атқаруы барысында істеген ісінен жаны жай тауып,ләззат алуы керек.

    Ал,мұғалім  үшін  бұл  аталған  мектептің   білім,дағды,машық   бағалау
жүйесіндегі  БДМ(Білім.Дағды.Машық.)  сапасын  артыру  мен   оқу   үлгерімін
жақсарту болып  табылады.  Ал  бұл  білім  беру  сапасын  басқарудағы  білім
берудің  құндылық-сезімдік  бөліктеріне  қатысты.Оқушылардың   пәнге   деген
танымдық қызығушылығының дамуы жақсы жағына  ауып  өзгереді.  Білім  берудің
сапасының артуы білім беру үрдісінің дәстүрлі қабылданған  немесе  жаңғарған
(инновациялық) мазмұн мен технология  аясында  жүзеге  асуы  мүмкін.  Осының
соңғысы педагогтарға біліктілігін арттыруды,қайыра  оқуды,өз  бетімен  білім
алуына көмек беруді талап етеді.

    Осы біз ауызға алған мектеп басшылары мен қызметкерлер арасындағы(әрбір
педагогпен,әкімшілік қызметкері  және  техникалық  қызметкермен)  тізе  қоса
атқарылатын аталған бірлескен жұмыс дер  кезінде(келешек  оқу  жылын  ескере
отырып,4-ші тоқсанда) жүргізілуі керек. Осындай жосықтағы  іс-әрекетік  және
нақты  мақсатты   ұйғарылым   қызметкер   іс-әрекеті   мен   осы   қызметтің
басқарылуының міндеті  мен  ахуалына  талдау  мен  өзіндік  талдау  жасаудың
алдына келеді. Мектепті дамыту мен функциялаудың басты  проблемалары  мектеп
бірлестіктері       мен       ұйымдарында(қоғамдық,педагогикалық,әдістемелік
кеңесте,әдістемелік  бірлестікте,мақсатты  шығармашылық  топтар,кафедраларда
т.б) талқыланады.

    Жүзеге асырылуды күнделікті қадағалау қазіргі қаржылық және материалдық
жағынан   там-тұмдап   қамтамасыз   етілу   жағдайында    педагог    еңбегін
бағалап,нәтижесіне көңілі толуына жағдай жасайды.

   Бұдан   басқа   мектепішілік   басқару   мынандай   жағдайлар   үшін   де
қарастырылған:

     • мектеп ұжымында  өнімді  қызмет  етуге  жағдай  жасайтын  моральдық-
       психологиялық ахуал қалыптастыру;
     •  оқушылар   мен   мұғалімдердің   іс-әрекеттеріне   жағдай   жасауды
       ұйымдастыруда тұрмыстық жайлылықты орнатып,оны сақтау;
     • өнімсіз дау-дамайдың алдын алып,оны  дер  кезінде  ушықтырмай  шешіп
       отыру;
     • білім алушылар мен жұмысшылардың әлеуметтік жағынан қорғалу  шарасын
       барынша қамтамасыз ету.

                             Бақылау сұрақтары:

 1. Мектепішілік басқарудың міндеттерін атап көрсетіңіздер.
 2. Дәстүрлі  және қазіргі заманағы жалпы мектеп ұйымдарынның  басқарылуына
    сипаттама беріңіздер.
 3. Мектепті орталықтандырып және орталықсыздандырып басқару дегенді  қалай
    түсінесіз?
 4. Түрлі деңгейдегі басшылардың функциясын айқындаңыздар.
 5. Педагогикалық  ұжымның  тиімді  қызмет  жасауы  үшін  қажетті  жағдайды
    атаңыз.




































                                  7- дәріс
       Мектептің білім беру жүйесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету


Жоспар:

 1. Дәстүрлі нұсқадағы:әдістемелік  кеңес,оқушылар  бірлестігі  т.б.бойынша
    мектептегі әдістемелік жұмыстардың мазмұны мен міндеттері.
 2.   Ғылыми-әдістемелік    қамтамасыз    етуді(жаңаны    енгізуде,үздіксіз
    өзгерістерге бейімделуде) жаңалау,мектеп кафедраларын құру және олардың
    өз алдына атқаратын функциялары.
 3. Педагогикалық кеңес.Мазмұны.Өткізу әдісі.
 4. Мұғалімдердің біліктілігімен, өз бетінше білім алуын арттыру.
Ұғымдар: экспертиза,диагностика,біліктілікті арттыру, рецензия, эклектика.

1 Қазіргі қазақ мектептерінде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру  жүйелі  түрде
әдістемелік бірлестік түрінде жүргізіліп  келеді,оның  мақсаты  мұғалімдерді
жұмыстың әдістемелік амал-тәсілдерімен және оқытылатын  ғылым  салаларындағы
жаңа зерттеулер нәтижесімен таныстыру. Білім  беруде  техникалық  құралдарды
қолданудың жаңа технологиясы қазақ педагогикасындағы әлемдік  озық  тәжірибе
негізінде  зерделенуі  мектептің   нақты   жағдайына   орай   қарастырылады.
Мұғалімдердің  өздерінің  қызметіндегі   нәтижелері   туралы   хабарламалары
тыңдалады.

   Мұғалімдердің әдістемелік бірлестігі бір пән бойынша 4-5  ұстаздың  басын
қосуы да мүмкін немесе  2-3  қала  мектептерінің  мұғалімдерінің  бірігуінен
тұруы  да  мүмкін.  Онда  олар  қажетті  теориялық  дәйектелген   сабақтарды
талдаудың қазіргі заманғы талаптармен таныса алады.

   Әдістемелік бірлестіктермен қатар әдістемелік жұмыстың құрылымында  басты
рөлді озық тәжірибе мектебі атқарады. Тәжірибелі ұстазға 2 немесе 4  мұғалім
аталған  мамандық  бойынша  бекітілініп  беріледі,бұндай  жұмыстың  мақсаты:
әдістемелік     көмек     беру     болып     табылады.     Осындай     жұмыс
үрдісінде(әңгімелесу,сабақтарды   бақылау,   тақырыптық   жоспарды   бірлесе
құру,әдебиеттерді  оқу)тек  бекітілген   мұғалімдердің   ғана   емес,жетекші
ұстаздардың да жұмыс істеудегі педагогикалық технологиясы жетіледі.

   Семейдегі бір  қатар  қала  мектептерінде  озат  тәжірибені  тарату  және
хабарлаумен,жүйелеумен  айналысатын  проблемалық  топтар   құру   күнделікті
педагогикалық  өмір  тәжірибесіне  ену  үстінде.  Осы   бағыта   жүргізілген
педагогикалық іс-әрекетті белгілі  бір  әдебиетті  зерделеуден,мұғалімдердің
сабағына  қатысудан   басталып,белгілі   бір   гипотеза(жорамал),ұсыныстарды
анықтап,   өңдегенен   кейін   барып,оны    тәжірибе    жүзінде    жан-жақты
нақтылап,қажетті деңгейге жеткізеді.Проблемалық топтар  ұжымда  шығармашылық
ахуал  қалыптастыруға  себепші  болады,әрі  өз  құрамына  жаңа  мұғалімдерді
энтузиазммен өзіне бірте-бірте тарта түседі.

    Әдістемелік жұмыстың ең бір  маңызды  формасы  болып  ұстаз  мұғалімнің
тәжірибесін таныту үшін оқу  және  тәрбие  жұмыстарының  әдістерін  ұсынатын
ашық және көрсету сабақтарын өткізу мен ұйымдастыру болып саналады.

    Мысалға  айтар  болсақ,ашық  сабақтағы  техникалық   оқыту   құралдарын
пайдалану,оқулықпен жұмысты немесе проблемалық  оқыту  сабақтарын  қарастыру
жатады.

    Оқу жылының ішінде бір рет мектепте ғылыми-теориялық  конференция  және
педагогикалық оқу ұйымдастырылып онда мұғалімдер не ана,не мына  проблемалар
бойынша өздерінің шығармашылық ізденістерінің есебін береді.

2     Көзіміздің  айқын  жететіні  дәстүрлі  әдістемелік  жұмысты  басқаруды
ұйымдастыру құрылымының формасы-мұғалімдердің әдістемелік бірлестігі-ғылыми-
әдістемелік,шығармашылық  іс-әрекет  деңгейін  тиісті  дәрежеде   қамтамасыз
етуге қауқарсыздық танытады.
  Қазіргі заманғы жаңашылдыққа ,шығармашылық іс-әрекетке  ұмтылған  мұғалім
бүгінгі таңда субъективтік және объективтік сипаттағы көптеген  қиындықтарды
өз басынан өткеруде.

   Сараптаулар атап көрсеткендей,эксперменттік жұмыстардың  кең  белең  алуы
жағдайындағы мұғалімнің басына түскен ең үлкен  қиындықтар:теориялық  жағдай
мен өмірлік тәжірибені  біте  қайнастырылуы,ойлаудың  логикалық  бөлігіндегі
бір жақты бағдар,БДМ-ны өнімсіз игеру т.т.болып табылады.

   Мектеп дамуының жаңа  сатысын  сипаттай  келе,қадап  айтарымыз,мектептегі
білім берудің  жүйеішілік  инновациялық  жаңа  құрылымы-мектеп  кафедрасының
өмірге келуі.  Бұл  ЖОО  құрғақ  еліктеу  емес,мектептің  инновациялық  даму
сатысындағы  ғылыми  негізделген  іс-әрекеттерде  ұстаздар  мен  басшылардан
басым бағыттарды таңдауды,басқару мен педагогикалық еңбек сипатын  өзгертуді
қажет  еткен  сәтте  кафедралар  пайда  болады.   Кафедралар   өз   мойнына:
мұғалімдердің   ғылыми-зерттеушілік,    шығармашылық    жұмысына    басшылық
етуді;жаңа   оқу   бағдарламалары   мен   курстарына   түзету   мен   талдау
жасауды;эксперттік бағалау мен рецензиялауды; ЖОО,ҒЗИ,мәдени орталық  сияқты
т.б. алады.

   Кафедра  басқаруға   институттың   ғалым  зерттеушілері,ЖОО   оқытушылары
шақырылады.  Сонымен,кафедраларды  басқару  процесі  оның  түп   негізіндегі
өзгерістерді  айқындайды.  Ол  тәжірибені  игеруді,мәдениет  аясындағы,білім
саласын жетілдірудегі инновациялық ұйымдастырушылықтарды  мазмұндық  жағынан
кеңейте түседі.

   Осындай кафедраны  мектеп  тұрмысына  енгізуге  байланысты  педагогикалық
қызметтің ғылыми ауқымы күнен-күнге арта  түсуде,оны  ұстаздық  өмірдің  өзі
көрсетіп отырған жайы бар. Соның негізінде  қала  мектептерінде  ұйымдастыру
қызметінің     мүлде     жаңа      функциялары      мен      мүлде      жаңа
салалары:зерттеушілік,жобалау,    экспермент,    рецензия,    болжау    және
диагностика т.т. пайда болды деп нық сеніммен айта аламыз.

3     Мектеп  мұғалімдерінің  біліктілігін  арттырудың  тиімді  формаларының
бірі-Педагогикалық Кеңестің қызметі мен оның  дұрысты  ұйымдастырылуы  болып
табылады.  Үштен  артық   мұғалімі   бар,жалпы   білім   беретін   мектептің
«Педагогикалық  Кеңес  туралы  ережесімен»  Педагогикалық  Кеңестің  қызметі
белгіленеді. Педагогикалық кеңес  құрамына  мыналар  енеді:мектеп  мүдірі(ол
кеңес      төрағасы),оның       орынбасарлары,       мұғалімдер,тәрбиешілер,
кітапханашылар,дәрігер,ата-аналар комитетінің төрағасы және Мектеп Кеңесі.
    Педагогикалық  кеңестің  қызметі  екі  бағытқа   бағытталып:өндірістік-
жұмыстық(жылдық  жоспарды  бекіту,мектептің  тоқсандық,семестрлік  жұмысының
қортындысын   шығару,емтихандарды   өткізу    мен    дайындау,    түлектерді
бітірту,сыныптан-сыныпқа  көшіру,оқушылармен   жаз  кезінде    жұмыс   істеу
жоспарын  бекіту)  және   ғылыми-педагогикалық   (басшылар   ұсынысын,ғылыми
ізденістер  нәтижесін,озық  тәжірибенің  мақсаты  мен  енгізілуін   талқылау
мектептегі  педагогикалық  үрдіске  жан-жақты  байыпты  талдау   жасау)болып
келеді.

   Осы бағыттағы жұмыстар педагогикалық  ұжымның  жоғары  деңгейдегі  кәсіби
біліктілігі жөнінде мәлімет бере алады.

  Педагогикалық кеңесті дайындау мен өткізу 4 кезеңнен тұрады:

    ➢ Педагогикалық кеңесті басым бағытта жоспарлау;
    ➢ Нақты педагогикалық кеңеске алдын ала дайындық жасау;
    ➢ Педагогикалық кеңестің тікелей өткізілуі;
    ➢ Педагогикалық кеңестің шешімін орындау бойынша жұмыстар.
    Әдетте,оқу жылы бойында 5 рет педагогикалық кеңес өткізіледі:әр  тоқсан
    сайын және оқу жылы соңында. Осы соңғы педагогикалық кеңес үш отырыстан
    тұрады:

    ➢ Емтиханға,БҰТ –қа жіберу;
    ➢ Емтихан қортындылары;
    ➢ Түлектердің БҰТ тапсыру қорытындылары.
   Педагогикалық кеңестің  барша  шешімдері  хаттамаға  түсіріліп,мұғалімдер
назарына ұсынылып,оқытушылар бөлмесіне ілініп қойылады.  Бақылау  нәтижелері
жұмыс ретімен талқылануға тиісті,ол турасында келесі  педагогикалық  кеңесте
кеңінен  баяндалып,мектептің  барша  мұғалімдеріне  жеткізіледі.   Осылайша,
мектеп басшылары педагогикалық кеңестегі  ұсыныстар  мен  шешімдерді  барлық
мұғалімдердің тәжірибесіне енгізеді, әрі  оларға  қажетті  нақты  көмектерді
жасайды.

4     Мұғалімдердің өзіндік  білім  алуы  мен  біліктілігін  арттыруы-мектеп
қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі.
  Қайта даярлықтан өту,біліктілікті арттыру және өз  бетінше  білім  алудың
кең тараған мынандай формалары бар:ұжымдық және жеке бастық.

    ➢ Біліктілікті арттыру институттарының курстары;
    ➢ Аудандық(қалалық)әдістемелік бірлестік(пән, проблема т.т.бойынша);
    ➢ Дәрістер(лектории);
    ➢ Семинар-практикумдар.
    Өздік білім алудың жеке бастық формасына мыналар жатады:

    ➢ Практикумдар(мектептік немесе қалалық /аудандық/ көлемдегі)жұмысына
      қатысу мен дайындық;
    ➢ Жаңа бағдарлама мен оқулықтарды зерделеу,олардың ерекшелігі мен
      талабын түйсіну;
    ➢ Қосымша жаңа материалдарды оқып үйрену;
    ➢ Міндеттерді шешу бойынша өз бетімен жұмыс жүргізу;
    ➢ Зертханалық пен тәжірибелік жұмыстарды; тәжірибе және жаттығу жасауды
      ұйымдастыру;
    ➢ Қазіргі замананғы ТОҚ-ты(техникалық оқыту құралдарын) игеру;
    ➢ Оқушының ойлау іс-әрекетінің әр келкілігіне орай оқытудың өзіндік
      технологиясын жасап шығу;
    ➢ Өз пәні бойынша сабақ пен сабақтан тыс оқудың арасындағы байланысты
      орнату;
    ➢ Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді оқып үйреніп,оны өз іс-
      тәжірибесіне енгізу.
   Мектеп басшылары мен әдістемелік бірлестік  жетекшілері,ұстаз  жетекшілер
жекелеген мұғалімдердің сабағына қатысып,олардың жұмыстарына өз  түзетулерін
енгізіп,дер кезіндегі әдістемелік қажетті көмекті көрсетеді.

   12 жылдық білім беруге қатысты тұжырымдамалық жобада  мұғалім  кадрлардың
біліктілігін арттыру мен кәсіби даярлығы туралы жете ашылып айтылады.  Бұдан
шығатыны:мұғалімнің  әлеуметтік  мәртебесінің  өсуі;мұғалім  тұлғасына  оның
субъективті дамуы мен өзіндік дамуына,жалпы және кәсіби білімін  көтере  алу
қабілетіне  бағдар  ұстау;кәсіпке  дейінгі  және   қайыра   даярлықтан   өту
аралықтары арасындағы түрлі сатылардың өзара байланысын орнату.

   Педагогикалық  білім   алушының   бәсекеге   қабілеттілігі   мен   кәсіби
біліктілігі   орынды   енгізілген   мақсатты   қосымша    мамандықтар    мен
элективті(таңдамалық) курстар арқылы  арттырылады.  Осының  негізінде  білім
беру жүйесін басқару саласындағы мамандарды  даярлау  қажеттілігі  де  келіп
туындайды.

   Әр қилы оқытуды жүзеге асыру үшін  мұғалім  диагностика  әдісі  мен  бала
дамуының жалпы психологиясымен ғылыми негізде қарулануға тиісті.

   Үздіксіз,үзіліссіз  педагогикалық  білім  беру  жүйесі  болып   табылатын
педагогикалық кадрларды даярлау тәжірибесі мен кәсіби  біліктілігін  арттыру
елеулі түрде заман ағымына орай жаңаруы қажет.

    Осы жүйені дамыту тенденцияларының  бірі  ЖОО  мен  мектепті,мұғалімдер
біліктілігін  арттыру  институтары  т.б.  білім  беру  мекемелерінің  кәсіби
бағдар,даярлық,қайыра  даярлау,мұғалім   қадрлардың   біліктілігін   арттыру
бойынша бірлесе жұмыс істеуін қамтамасыз  ететін  педагогикалық  тұтастықтың
жоғары деңгейіне қарай қозғалыс болып табылады.


                             Бақылау сұрақтары:

 1. Мектептің-ғылыми жұмысындағы дәстүр және жаңарған нұсқаларға  сипаттама
    бер.
 2. Мектеп кафедраларының құрылуы мен оның функциялары жайлы  өз  позицияды
    білдір.
 3. Педагогикалық кеңестің мақсаты,мазмұны мен әдістемесін сипатта.
 4. Қазіргі жағдайдағы біліктілік пен мұғалімнің  өздігімен  білім  алуының
    қажеттілігін дәлелде.





































                                  8- дәріс
           Білім беруді басқарудағы жаңа ақпараттық технологиялар


Жоспар:

 1. Ақпарат және оның оны басқару қызметіндегі мәніс.
 2. Білім беру жүйесі басшыларына ақпараттық қызмет ету.
 3. Білім беруді басқарудағы жаңа ақпараттық технологиялар.
Ұғымдар: ақпарат,ақпараттық  басқару,ақпараттық  қажеттілік,ақпараттық  жаңа
технологиялар.

1      Білім   беру   жүйесіндегі   өзгерістер   жаңа   типтегі   оқу-тәрбие
мекемелерінің  күшейтілген  дамуының  пайда  болуымен,басқару   құрылымдарын
реформалау және жаңа  экономикалық  қатынастардың  қалыптасуымен  байланысты
болып келіп,істің  ахуалына  үнемі  талдау  жасайтын  басшы  қызметкерлердің
басқару  стилін,объективті  түрде  қойылған  міндеттерді  шешуін  анықтайды.
Басқару тікелей  ақпарат  және  ақпараттық  үрдістермен  тікелей  байланысты
болып келеді. Басқарудың  тиімділігі  қолда  бар  ақпараттың  толықтығы  мен
шынайылығының деңгейіне қатысты.
    Ақпарат дегеніміз-адам немесе арнайы құрылғы қабылдайтын қоршаған  орта
мен жүйенің ахуалы туралы мәлімет. Басқару жүйесінің қызмет  етуіне  оңтайлы
ақпарат-басқарушылық ақпарат деп аталады.  Басқару  ақпаратты  өзінің  түрлі
нышандары      бойынша      тармақталған:уақыт      кеңістігі       бойынша-
күнделікті,апталық,айлық   ,тоқсандық,    жарты    жылдық,жылдық,ұзақ(қысқа)
мерезімдік;басқару  функциясы  бойынша-аналитикалық,бағалаушы,   құрылымдық,
ұйымдастырушылық;түсім             көздері             бойынша-мектепішілік,
ведомствалық,ведомствадан        тыс;құзырлық        мақсаты        бойынша-
директива,таныстыру,ұсыну т.т.болып келеді.

    Білім беру саласын басқарушылардың  ақпараттық  қажеттілігі  қаншалықты
және ол басқаруды қалай қанағаттандырады?

    Ақпараттық қажеттілік дегеніміз-алға қойылған міндетті  шешуге  қажетті
маманның  белгілі  бір  ақпаратқа  деген  қатысының   формасы.   Басшылардың
ақпараттық  қажеттілігін  қалыптастыруға  ықпал  ететін  негізгі  объективті
факторлар:басқару  қызметінің  мамандығы  мен  түрі,білім  беру  жүйесіндегі
басқарушылық   қызметтің   түрлі    деңгейімен    байланыстылығы;мамандардың
орындайтын функциясының ерекшелігі т.т.болып табылады.

    Ақпаратқа деген субъективтік(адами)қажеттілік нақты  басшының  тұлғалық
қасиетіне байлаулы болып,оның біліміне,еңбек өтілі мен  басқару  жұмысындағы
тәжірибесіне   қатысты.   Білім   беру   мекемесі   басшысының    ақпараттық
қажеттілігінің мынандай ерекшеліктерін бөліп алып көрсетуге болады:

 1.  Басқарудың  кең  көлемді  мәселені   шешумен   байланысты   ақпараттық
    сұраныстың жиі өзгеруі;
 2.  Нақты  басқару  жағдайларындағы  міндеттердің  жылдам  шешімін  табуын
    қамтамасыз ететін шұғыл талап;
 3. Өткенді  қайта  қарау  принциптерінің  сақталуы  мен  басым  ақпараттың
    керектігі даму  жүйесінің  басымдығы  мен  тенденцияларын  бағалау  мен
    талдауға мүмкіндік береді;
 4. Шектеулі уақыт жағдайындағы үйлескен ақпаратты  алуға мүмкіндік беретін
    қысқа да,нұсқалықты талап ету.
   Міне,  біз  атап  көрсеткен  осы  4  жағдай  өз   кезегінде  төмендегідей
амалдармен өтеледі,оларды санамалап атап айтар болсақ:

 1. Мектепішілік ақпаратты жинау,өңдеу,сақтау және орнымен  пайдалану.  Осы
    мақсатта бақылау,сауалнама жүргізу,тестілеу,нұсқаулық және  әдістемелік
    материалдармен жұмыс істеу әдістері қолданылады.
 2. Ұйымдар  жүзеге  асыратын  ғылыми-педагогикалық  ақпараттың  ақпараттық
    қызмет атқаруы(әр тектіленген,тақырыптық бір реттік,жаздырып алатын БАҚ
    бойынша т.т.) болып табылады.
  2   Басшыларға әр қилы ақпараттық қызмет  етуді  (БӘАҚе)  біршама  түгесе
қарастырарлық. БӘАҚе абоненттерінде  ұсынылған  ақпараттар  әрдайым  ықшамды
көлемімен  ерекшеленіп,  фактографиялық  (дерекнамалық)мәліметтерден,отандық
және  шетелдік  педагогиканың  даму  деңгейіне  жасалған  салыстырулар   мен
бағалаулардан,жалпы қорытындылардан,түйіндеулер  мен  қарастыратын  сауалдар
бойынша   ұстаздардан   түскен   ұсыныстардан   тұрады.   Бұл   арада    бір
ескеретіні,абоненттердің өзіне  керек  кезінде  түпкі  дерек  көзіне  жүгіне
алатындығы.
 Ақпарат өзін қажет етіп отырған  абоненттерге  төмендегі  негізде  негізгі
ақпараттық құжаттар түрінде ұсынылады:

    ➢ Ақпараттың қажет етуіне лайық абоненттерді ағымдағы ақпараттандыру
      үшін ақпараттық хабарлама;
    ➢ Абоненттің жекелеген проблема мен міндеттерді,экспресс-
      бюллетеньдерді(арнайы сұраулар бойынша немесе ғылыми-педагогикалық
      ақпарат ұйымдарының бастамасы бойынша)шешу үшін қажетті сараптамалық
      анықтама,мәселе ахуалы жайындағы шолу,рефераттар,газет-журнал
      мақалалары,аудармалар, тақырыптық іріктемелер, дерекнамалық,
      әлеуметтік-педагогикалық статистиканың материалдарымен қамтамасыз
      етілуі.
   Ақпараттық хабарлама білім беру саласындағы ең  маңызды  деген  нәтижелер
турасындағы қысқаша  салыстырмалы  мәліметтерден  тұрады.  Ол,әдетте,бірнеше
ақпараттық  дерек  көздері  бойынша  ғылыми-педагогикалық  ақпарат  ұйымының
анықтамалық-ақпараттық    қорына    ағымдағы     түсіп     отыруынан     әрі
кесте,графика,сызбалар   т.б.   құрылған    мәліметтер    мен    фактілердің
салыстырмалы  анализдерінің  негізінде  құрылады.  Әлбетте,бір  хабарламаның
көлемі үш бетке дейінгі мәтіндік баспа бетінен аспауы шарт.

   Сараптамалық анықтама не  еліміздегі  (қаламыздағы),не  шетелдергі  білім
берудің   жекелеген   даму   тенденциялары    мен    аспектілерін    бойынша
жүйеленген,қорытылған,   сыни   бағамдалған   мәліметтерден   тұрады.    Бір
анықтаманың көлемі он бетке дейінгі мәтіндік баспа бетінен аспауы шарт.

   Шолу педагогика ғылымының жаңа жетістіктері мен жағдайы жайлы кең көлемді
материалдардан  және  ғылыми-педагогикалық  маңызды   шешімдердің   шолуынан
тұрады.  Шолуға  ақпарат  материалы  ретінде  соңғы  үш  жылда   жарияланған
сараптама нәтижелері мен қорытылған  алғашқы  дерек  көздерінің  ақпараттары
енеді.

   Реферат- негізгі деректік мәліметтер мен қорытындылардан тұратын  алғашқы
құжаттың(немесе оның бөлігінің)мазмұнын қысқартып мазмұндау.

   Ол өз бойына алғашқы құжаттан тұратын көлемді  ақпаратты  енгізіп,назарды
жаңа  мәліметтерге  аударып,құжатққа  жүгінудің  мақсаттылығын   айқындайды.
Материалдық рефератта құжаттың  мазмұнымен,мәліметтер  санымен  және  ғылыми
құндылығымен айқындалады.

   Экспресс-бюллетеньге шетелдегі білім  берудің  дамуы  мен  ахуалы  туралы
материалдар енеді.

   БӘАҚе-ге   құжаттар   түрін   таңдау   және   ұсынылатын    ақпараттардың
мерзімділігін    айқындау    БӘАҚе    абоненттерінің    дербес    талаптарын
ескеруден,сонымен бірге ғылыми-педагогикалық ақпарат ұйымдарының  мүмкіндігі
мен БӘАҚе абоненттерімен алдын ала келісіп алу арқылы жүзеге асады.

3      Техникалық  құралдар  мен   компьютерлендірудің   енгізілуі   басқару
ісіндегі    ақпарат    жинау    мен     өңдеудің     уақытын     айтарлықтай
қысқартады,басқарушылардың  шешімдерінің  тиімділігі  мен  шұғыл  да  бірден
қабылданушылығын арттырады.
   Қазіргі  таңда  ретін  тауып,жөнімен  қолданылған  компьютерлік   техника
мектепті басқарудың білім  беру  жүйесінде  кең  қолданыс  тауып,білім  беру
мекемелерін басқару жұмысын жетілдіру  үшін  үсті-үстіне  үлкен  де,айырықша
маңызды мәнге ие болып келеді. Бұл арада біз  солардың  ішіндегі  ақпараттық
құралдардың нақты  қолданылуының(соның  ішінде  өз  қаламыздағы)  бірнешеуін
дәйекті мысал есебінде келтіре кетелік:

  а) аталған оқу орындары үшін ең тиімді сабақ кестесін жасау;

     ә)  оқу-тәрбие  ісінің  ағымдағы  нәтижелері  турасында   аса   қажетті
мәліметтер мен деректерді бірізге түсіре жию мен жүйеге түсіру;

  б) оқу-тәрбие үрдісінің сапасына бақылау жасау;

    в) ғылыми деректер банкі мен базасын құрып,оны жағдайға  лайық  үздіксіз
жаңартып отыру,сонымен бірге  білім  берудің  мазмұнындағы  не  ана,не  мына
өзгерістерді: өндіріс, техника,ғылым саласына сай басым дамудың  мәліметтері
үшін енгізу;

  г) оқушылар мен мұғалімдердің оқу-тәрбие жүктемесін белгілеу;

    ғ) білім беру жүйесін басқарудың телекоммуникациялық ақпараттық  жүйесін
құру.

 Бірақ та қазіргі басшылық жасауды жетілдіруде басқарудың барлық деңгейінде
дерлік жаңа ақпараттық технологияны  қолданбай  еңбек  ету  еш  мүмкін  емес
екендігін педагогикалық өмірдің бүгінгі  тыныс-тіршілігі  жан-жақты  танытып
отырған жайы бар.

 Басшылық шешімдерін қарқынды қабылдаумен жүзеге  асыру,басқару  үрдістерін
жетілдіру  мақсатында  жаңа  ақпараттық  технологияларды   кеңінен   қолдану
негізіне мына төмендегі принциптер жатады:

    ➢ Негізігі және көмекші ақпараттық үрдістерді ауқымды автоматтандыру;
    ➢ Қолданушының ақпараттық және есептегіш ресурстарға оңай да,ыңғайлы
      қол жеткізе алушылығы.
1-сызба

|Басқару ісін ақпараттық автоматтандыру үрдісіндегі жаңа ақпараттық         |
|технологиялар                                                              |



|Басқарушылық шешім      |
|қабылаудағы  жасанды    |
|интеллекті құралдарын   |
|қолдануды жаңа          |
|ақапаратық технологиямен|
|автоматтандыру          |
|автоматтанған     |
|жұмысорнын        |
|пайдалану         |
|негізіндеіс       |
|жүргізу кезінде   |
|ақпаратты         |
|өңдеудегі жаңа    |
|ақпа-раттық       |
|технология        |
|ЕЭМ желілерін тарту    |
|және дербес пайдалану  |
|негізінде              |
|коммуникацияны жаңа    |
|ақпараттық технологямен|
|қамтамасыз етіу        |


|Қолданылуы                     |




|Жобалауды шұғыл     |
|жобалауды және      |
|педагогикалық жүйені|
|басқаруды           |
|автоматтандыру      |
|Іс-қағаздарын жүргізуд-    |
|егі басқарудағы ақпарат    |
|ісінің автоматтандыр-      |
|ылуы                       |
|Ғылыми             |
|зерттеу-лерді      |
|басқаруда-ғы       |
|ақпарат ісін       |
|автоматтандыру     |



|Ақтараттық-әдістемелік қамтамасыз ету мен оқу орнында іс-қағаздарын  |
|жүргізуді басқаруды автоматтандыру                                   |






   Жоғарыдағы сіздердің назарларыңызға ұсынылған бірінші сызбада басқарудағы
орын алып жатқан ақпараттандыру үрдісінің негізгі  салалары  мен  қолданылып
жүрген жаңа ақпараттық технологиялардың құрылымы беріліп отыр.

    Жаңа  ақпараттық  технология  басқару  ісін  ақпараттандыру   үрдісінде
төмендегідей функцияларды атқарады:

 1. Құжаттардың жалпы өңделуі,олардың құрастырылуы мен әрленуі;
    2. Құжаттардың дербес сақталуы;
      3.    Құжаттардың    бәріне    ортақ    қол     жеткізілімдігі     мен
         көшірмелік(дубдикатық) болмауы және  ұжым  мүшелерінің  құжаттармен
         бірлесе жұмыс істеуі;
        4.  Жұмыс  орнында  қызметкерлердің  өзара  қағазсыз  қарым-қатынас
           жасауына ден қою;
        5. Электронды почта;
        6. Мәліметтерді дербес өңдеу;
        7. Электронды және вербальды(сөздік) коммуникациялардың бірігуі;
        8. Дербес мәліметтер базасын енгізу;
        9. Мәліметтер арасындағы ақпарат алмасу;
       10.  Мәлімет пен формаларды енгізу//шығару.
   Басқаруды жетілдіруде ХХІ ғасыр  ақпарат  айдынында  адамзат  бұрын-соңды
ойына кіріп-шықпаған жетістіктерге қол жеткізе алды.

   Кезінде    өмірге    теледидар    қалай    енсе,енді    компьютер     мен
ғаламтор(интернет)солай  енуде.  Тордың(желінің)  көмегі   арқасында   білім
берудіңдегі бұрынғы ұлттық тар кеңістіктен шыға бастаған қазақ  педагогикасы
ғаламдық аймаққа бірте-бірте ат басын бұра бастады.

   Болашақ   үй   кітапханасын   көз   алдыңызға   бір    сәтке    елестетіп
көріңізші,алдыңыздан  қазақ  ақыл-ой  жауһарларының  дискет   пен   лазерлік
дискіге  жазылып,әр  қазақ  төрінен  орын  алып  тұрғанын   байқар   едіңіз.
Компьютерлердің белсенділігі арқасында  мультимедиялық  оқулықтардың  таралу
мүмкіндігі    арта   түсуде.   Ғаламтордағы   бағдарламалармен    танысу,оны
педагогикалық     өмір     тәжірибесінде     қолдану-қазақ     педагогикалық
қоғамдастығының өрісі мен өресін кеңейтетін тың бағыт.


                             Бақылау сұрақтары:

 1. Ақпарат дегеніміз не? Басқару ісіндегі оның алар орны қандай?
 2. Білім беру жүйесінің ақпараттық қажеттілігіне сипаттама бер. Оның өтелу
    жолдарын санамала.
 3. Басқару ісін компьютерлендірудің негізгі бағыттарын ата.
 4. Басқаруды жетілдіруде жаңа ақпараттық технология қандай  мүмкіндіктерге
    ие?





                                  9- дәріс

       Мектепішілік бақылау жүйесі.  Педагогикалық кадрларды санаттау



    Жоспар:

 1. Мектепішілік бақылаудың мәні мен маңызы. Мектепішілік бақылаудағы  жаңа
    енгізілімдер.
 2. Мұғалімдерді санаттау. Мақсат. Ұйымдастыру. Мұғалім еңбегін бағалаудағы
    жалпы талап. Мұғалім еңбегін бағалау үшін әр текті көрсеткіш.
 3. Мұғалімдерді санаттау технологиясы.
Ұғымдар: мектепішілік бақылау, санаттау, мектепішілік бақылау жүйесі.

1 Мектепішілік бақылау,оның сапасы,оның  кәсіби  және  имани  негізі-ең  бір
мәңгі де,ең бір күрделі басқару проблемасы болып табылады.

   Мектепішілік бақылау-мектеп дамуы  мен  функция  атқаруындағы  ішкі  және
сыртқы   жағдайлардыдың   өзгеруі   турасындағы   ақпарат   алу    үрдісі,ол
жоспарланған  іс-әрекеттердің  жүзеге  асуына  не  қауіп  төндіреді,не  жаңа
мүмкіндіктерге жол ашады,-мектеп жұмысын бағалау  үрдісі,сонымен  бірге,оған
өзгеріс енгізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.

   Мектепішілік бақылау дегеніміз-мектепішілік басқару  жүйесі  мен  басқару
нысаны   ретіндегі   мектеп   элементтерінің   арасындағы   кері    байланыс
рөлін(функциясын) атқаруға арналған басқару ісінің түрі.

   Мектепішілік  басқарудың   заманауи   теорияларында   әлі   күнге   дейін
«мектепішілік бақылау үрдісі» мен «мектепішілік  бақылау  жүйесі»,  «бағалау
нормасы»  және  «бақылау  стандарттары»  ұғымдарының  басы-жігі  ажыратылмай
отыр(кітап соңында берілген түсіндірме сөздікті қараңыздар).

   «Мектепішілік бақылау жүйесі» дегенде-біздің  түсінеріміз-басқару  ісінің
мектепішілік бақылау үрдісін түзуші «көлденең» және «тігінен» келетін  барша
деңгейдегі  басқарудағы  келісушілік  пен  байланыстықтың   жиынтығы   деген
қордаланған ұғым-түсінік.

   Біршама толық қамти алу үшін мектепішілік  объектілерді  қалай  анықтауға
болады?-деген  сауал  алдымызды  кес-кестейді.  Енді  осыларға  жауап   бере
кетелік.

   Бақылау    объектілері    айтарлықтай    көп,оларды    қилы    принциптер
бойынша:орындалу сипаты,бақылау объектілерін қамту аясы,  әдістері,логикалық
жүйелілігі,мерезімділігі т.т. негізінде жіктеуге әбден болады.

   Төменде сол негізгі аспектілер  бойынша  жасалынған  бақылаудың  кестесін
беріп отырмыз.





                                                                     1-кесте

|                        |                                                  |
|Мектепішілік бақылау    |Бақылаудың негізгі аспектілері                    |
|нысандарды              |                                                  |
|                        |                                                  |
|1. Оқу үрдісі           |Оқу жоспарын орындау;                             |
|                        |Оқушылардың білім дағдыларының деңгейі;           |
|                        |Мұғалім жұмысының өнімділігі;                     |
|                        |Дарынды балалармен дербес жұмыс;                  |
|                        |Сабақтан тыс пәндік жұмыстың сапасы;              |
|                        |Білім алушылардың танымының әдістемелік дағдысы.  |
|                        |                                                  |
|2.Тәліми үрдіс          |Білім алушының тәлімдік деңгейі;                  |
|                        |Білім алушының қоғамдық белсенділік деңгейі;      |
|                        |Сынып жетекшілерінің жұмысының сапасы;            |
|                        |Жалпымектептік дәстүрлі іс-шаралар сапасы;        |
|                        |Сабақтан тыс пәндік жұмыстың сапасы;              |
|                        |Оқушылардың салауатты өмір салтына дайындығы;     |
|                        |Ата-ананың қарауынсыз қалған балалармен           |
|                        |педагогикалық жұмыс жүргізудің сапасы             |
|                        |                                                  |
|3.Әдістемелік жұмыс     |Әр мұғалімнің әдістемелік деңгейі;                |
|                        |Әр сынып жетекшісінің әдістемелік деңгейі;        |
|                        |Педагогикалық озық тәжірибені тарату тетігі;      |
|                        |Педагогтардың біліктілігін арттыру.               |
|                        |                                                  |
|4.Ғылыми және           |Мектептің даму тұжырымдамасына осы істердің сай   |
|зерделеушілік жұмыс     |келуі. Жаңа енгізілімдерге негізделген ғылымилық  |
|                        |деңгейі.                                          |
|                        |Жаңа енгізілім нәтижелігі;                        |
|                        |Педагогтардың  ғылыми  деңгейі;                   |
|                        |Оқушылардың ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттері.    |
|5.Ұжымның психологиялық |Мұғалім мен шәкірттер үшін психологиялық          |
|ахуалы                  |жайлылық(жайсыздық) дәрежесі.                     |
|                        |Әлдебір проблеманы шешудегі,әлдебір жаңа          |
|                        |бағдарламаны,құрылымды т.б.енгізудегі ұжымның     |
|                        |психологиялық жақтан даярлығы.                    |
|6.Оқу-тәрбие үрдісінің  |Еңбекті қорғау;                                   |
|жағдайы                 |Мектептің санитарлық-гигиеналық жағдайы;          |
|                        |Оқулық және әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз  |
|                        |етілуі;                                           |
|                        |Оқу-техникалық құрал-жабдықтармен қамтылуы.       |


 ▪ Кез келген бақылау белгілі  бір  жүйелілікпен  жүзеге  асырылып  отырады.
   Бұл тексерудің дәлелді негізі: неліктен не ана,не мына мектеп  қызметінің
   бөлігі тексеріледі;одан кейін алға  қойылатын мақсат  жүйеленеді:оны  осы
   іске кірісерде бірден қолға  алу  керек,осыдан  соң  барып  қана  керекті
   ақпарат қажет;бұдан кейін алда тұрған  тексерудің  алгоритмі,  құрылымдық
   түзілімінің жобалануы іске асырылынып; бұдан соң арнайы жасалынған  кесте
   бойынша тексерілетін объектінің жағдайы туралы ақпаратты жинау мен  өңдеу
   ұйымдастырылады да; қалғаны қорытынды кезеңнің  соңғы  бөлігінде  тексеру
   нәтижесі   бойынша   айқындалған   негізгі   түйіндеулер    тұжырымдалып:
   кемшіліктердің  (жетістіктердің)  басты  себептері   ашылады;нұсқаулықтар
   (қызметтік       міндетін       атқару       бойынша        міндеттемелер
   әдістемесі);басқарушылық(кадрларды ауыстыру, тәжірибені жиынтықтау  т.т.)
   шешімдері   қабылданады;онда   келесі   болатын    бақылаудың    мерезімі
   белгіленеді;тексерудің   нәтижесі    (педагогикалық    кеңесте,    кафера
   отырысында,әдістемелік кеңесте талқыланады.
  Мектепішілік басқару формасы төмендегідей болып келуі мүмкін:

 ▪  Орындалу  тәсілі   бойынша(ұжымдық,өздік   тексеру,әкімшілік   тарапынан
   жүргізілетін тұрақты және жоспардан тыс тексеру);
 ▪ Бақылау объектісінің сипаты бойынша(2-кестені қара.);
 ▪       Қолданылатын       әдістері       бойынша:бақылау,       құжаттарды
   тексеру,ауызша,жазбаша  сұрау,  бақылау  жұмыстары,   сауалнама,тестілеу,
   шұғыл  (сабаққа)сараптама,респективті(өткен   жылдардағы   түлектер   мен
   ұстаздар іс-әрекетіне) сараптау жасау;
 ▪  Логикалық  жүйелілік   белгісі   бойынша:   ағымдағы,алдын   ала,аралық,
   қорытынды;
                                                                     2-кесте

|                       |                                               |
|Тексеру формасы        |Бақылау нысаны                                 |
|                       |Қандайда болсын сыныптағы тәрбие мен білім     |
|Сыныптық-талдамалы     |деңгейі.                                       |
|                       |Сыныптағы талдамалы оқытудың сапасы мен        |
|                       |әдістері.                                      |
|                       |Сынып жетекшісінің жұмыс сапасы.               |
|                       |Бала-тәрбиесіндегі ата-аналық мінднттің        |
|                       |орындалуы                                      |
|                       |                                               |
|Фронтальды             |Барлық сыныптағы немесе жекелеген пәндердің    |
|                       |оқытылу жағдайы.                               |
|                       |Барлық сынып жетекшілерінің немесе             |
|                       |жекелегендерінің жұмыстары т.т.                |
|                       |                                               |
|Тақырыптық             |Ұжымның қандайдабір мәселе бойынша жұмысы.     |
|                       |Пәндердің бірінің қандайдабір тақырыбы бойынша |
|                       |білім алушылардың білімі мен дағдысының        |
|                       |деңгейі.                                       |
|                       |Сынып жетекшілерінің қандайдабір               |
|                       |бағыттағы(мыс:оқушы күнделігімен жұмыс)        |
|                       |шаруасының жағдайы т.т.                        |
|                       |                                               |
|Өнімділік              |Ұстаздық қызмет атқарудың және тұтастай        |
|                       |алғанда әдістемелік деңгейінің өнімділігі      |
|                       |немесе оның қызметінің басқа                   |
|                       |деңгейінің(мыс:оқушылардан білімді талап ету   |
|                       |деңгейі) т.т. өнімділігі                       |
|                       |                                               |
|Шолулық                |Мектеп құжатнамасының жағдайы.                 |
|                       |Мұғалімдердің еңбек тәртібінің жағдайы.        |
|                       |Оқу-техникалық құралдарының жағдайы.           |


*мерзімдік өткізілу бойынша:эпизодтық/кезеңдік/(оқу жылындағы белгілі бір
ай мен тоқсан) уақыттық(күн сайынғы,апта сайынғы т.т.).

   Енді  сыныптық-талдамалы  бақылаудан  мысал  келтіре  кетелік.  Ол   үшін
бақылаудың үшінші кестесін жасап  шықтық.  Бұндағы  бақылауға  №5  мектептің
психологы  (аталған  мектеп  мүдірінің  тікелей  бұйрғы  бойынша  бақылаудың
барлық  сауалдары  бойынша  анкета  жасады)  оқу  ісі  мен   тәрбие   ісінің
меңгерушілері  пәндік  кафедра   жетекшілері   тартылды.   Сонымен   тексеру
кестесінде бақылаудың сауалы,әдісі  мен объектілері нақты айқындалған.

    Жүргізілген бақылаудың нәтижесі:кіші  педагогикалық  кеңесте,  оқушылар
отырысында,ата-аналар       жиналысында,       ұстаз       және        сынып
жетекшісімен,оқушымен,ата-анамен жеке әңгімелесуде  талқыланады.  Осы  соңғы
жайттағы ұстазбен әңгіме өз жетістігін бере алады.

                                                                     3-кесте

|Бақылау нысаны            |Бақылау мәселелері             |Бақылау әдісі      |
|Ең көп үлгермеуші-лері мен|Білімді бақылау мен есепке алу |Сұхбат.            |
|сабақ босатушылары бар    |жүйесі.                        |Бақылау жұмысы.    |
|ұстаздардың жұмы-сына     |Оқушылар біліміне қойылатын    |Қадағалау.         |
|дербес бақылау жасау      |талап деңгейі.                 |Сауалнама жүргізу. |
|                          |Баламен жұмыс істеудің қилы    |Шұғыл талқы.       |
|                          |жолы.                          |                   |
|                          |Түсінік берудің қол            |                   |
|                          |жеткізілімдігі.                |                   |
|                          |Пәнге деген оқушы ынтазарлығын |                   |
|                          |арттырудың өзіндік             |                   |
|                          |әдіс-тәсілдері мен бағыттарының|                   |
|                          |болуы.                         |                   |
|                          |Оқушымен қарым-қатынас жасау   |                   |
|                          |стилі.                         |                   |
|                          |Сабақтағы тәртіп.              |                   |
|                          |Сабағындағы танымдық           |                   |
|                          |іс-әрекеттердің белсендендіру  |                   |
|                          |әдісі.                         |                   |
|Сынып жетекшісінің жұмыс  |Оқу-тәрбие жоспары.            |Құжатпен жұмыс     |
|                          |Күнделіктер.                   |жүргізу.           |
|                          |                               |Қадағалау,ата-анаме|
|                          |Журналмен жұмыс.Ата-анамен     |н сұхбаттасу.      |
|                          |жұмыс(жеке сұхбаттар,ата-аналар|Оқушылар арасында  |
|                          |жиналысы).                     |сауалнама жүргізу. |
|                          |Әр оқушымен жеке жұмыс.        |                   |
|Оқушы                     |Оқу үлгерімі нашар және сабақ  |Жіті қадағалау(2-3 |
|                          |босатулары көп оқушыларды      |күн ішіндегі       |
|                          |қадағалауға алу.               |сабақтарына кіріп) |
|                          |2-3 күн ішіндегі сыныбының     |                   |
|                          |барша сабақ кестесіндегі       |                   |
|                          |сабақтарға қатысуын бақылау.   |                   |
|Сыныптағы психологиялық   |Оқушылардың өзара,             |Сауалнама,әңгімелес|
|ахуал                     |оқытушылар мен оқушылардың     |у,қадағалау        |
|                          |арадағы,ата-анасы мен оқушы    |                   |
|                          |және оқытушы мен ата-аналар    |                   |
|                          |арасындағы қарым-қатынастар    |                   |
|                          |сипаты                         |                   |

Мектепішілік басқарудағы жаңа енгізілімдерге мыналарды жатқызуға болады:
 ▪ Барша ауыртпалықты әкімшілік басқарудың мойына  артудан  ұжымдық  бақылау
   формасына көшу;
 ▪ өздік бақылау мен  өзара  бақылау  сияқты  формалар  негізінде  қадағалау
   жұмысының сенімділігін арттыру;
 ▪  жариялық  негізінде  бақылаудың  үлесін   арттырып,бақылау   құжаттарына
   мектеп ұжымының қатыса алу мүмкіндігі мен құқығын беру;
 ▪  тұлғалық  бақылаудың   кәсіби   біліктілігінің   деңгейін   арттыруда,ең
   алдымен,мүдір орынбасарларының  құзырлығын:мына  бағыттар  бойынша:кәсіби
   кафедралар, әдістемелік  бірлестіктер,мұғалімдермен  жұмыс  т.т.  кеңейту
   есебінде жүзеге асыру.
    Осылайша,мектеп өміріндегі жаңа тұрпаттағы бақылау іс-әрекеті  ескірген
моралдық іс-әрекеттерден батыл бас тарта  отырып,жаңа  функциялық  салаларды
қамтуға  мүмкіндік  бере  алатын  дәстүрлі   бақылау   іс-әрекеттерін   жаңа
формалармен толықтыруға деген ұмтылыстан тұрады.
    2 Мектеп басшылары мен педагогтарының өз еңбектеріне деген  мотивациясы
мен  талпынысын  мектеп   қызметкерлерінің   санатталу   жүйесін   пайдалану
мүмкіндігі болып табылады.
Санаттау мақсаты:педагог және  басшы  қызметкерлердің  кәсіби  деңгейін,оқу-
тәрбие үрдісінің сапасын арттыру.

Санаттау   мұғалімдердің   қалауымен   өткізіледі.   Белгілі   бір   санатқа
   көтерілуінің мүмкіндігі  мен  талабын  мұғалімдердің  өздері  айқындайды,
   сонымен бірге санаттаудың формалары:сабақ топтамасын өткізу,  оқушылармен
   сабақтан тыс жұмыс,  шығармашылық  есеп  беру,ғылыми-әдістемелік  жобалау
   жасау т.т. таңдауға құқылы.

   Сондай-ақ,санаттаудың ең басты мақсаттарының бірі-үміткердің кәсіби  және
жалақылық сәйкестігін  анықтау.Біздегі  қазіргі  жағдайға  қарағанда  мектеп
ішінде Ұлыбританияда 1993 жылдан бері қолданып  жүрген  18  баллдық  шкаланы
педагогикалық  өмір  салтына  енгізу  басшылық  тарапынан   ұстаз   қасиетін
бағалауда бүгінгі олар тарапынан бой көрсетіп  қалатын  өкпелеулердің  алдын
алар еді.

    Санат   көтеруге   тілек   білдіруші   мұғалімдер   жалпы    және    әр
текті(дифференциялды) ҚР білім саласына қатысты заңдамалары талабымен  жақсы
таныс болуға тиіс.

    Ұстаздар  еңбегін  бағалаудың  жалпы  талабы  төмендегідей  критерийлер
бойынша сипатталады:

    Нәтиже критерий.Бұл мұғалім жұмысындағы шешуші көрсеткіштердің бірі,әрі
оның педагогикалық қызметінің нәтижесі. Оқушылардың  тәрбиелігі,пән  бойынша
білім сапасы:

    ➢ пән бойынша шынайы білім қоры;
    ➢ алған білімін(сауатты жазу,тапсырма орындай алу) қолдана білу
      дағдысы;
    ➢ табиғат пен қоғамда орын алған құбылыстар мен процестердің мәнісін
      ұғына алу;
    ➢ оқушылардың маңызды техникалық, экономикалық және тәжірибелік
      дайындығының өмірмен байланыстылық деңгейі;
    ➢ оқушылардың қоғамдық іске араласуы, мектептегі тәрбиелігі, қоғамдық
      жұмыс пен еңбек ету қызметінің белсенділігі,дене тәрбиесі мен
      эстетикалық мәдениеті;
    Үрдіс  критерий.  Ұстаздар  үшін   оқу-тәрбие   жұмысының   нәтижесінің
маңыздылығын есте ұстай отыра,құр  осымен  шектелушілік  педагогтардың  жеке
басының қасиетін толық ашып бере алмай қалады.

  Тап осы мақсатта мыналар зерденеленеді:

 ▪  мұғалімнің  өзінің   біліктілігін   көтеру   жолындағы   жұмысы(БКИ//ИПК
   курстары);
 ▪ оқудан тыс және оқу-тәрбие сабақтарының сапасы;
 ▪ ұстаздың оқу мен тәрбие  беру  үрдісіндегі  оқушылардың  әрқайсының  жеке
   дара дербес тілін таба білу машығы;
 ▪ ата-анамен бірлесе балаға тәрбие бере білу қасиеті.
   Мұғалімдердің  еңбегін  бағалаудағы  әр  текті  көрсеткіштердің  санаттық
жіктелісі:

   Екінші санатты мұғалім болу үшін ол мұғалімнің 1-2 жыл жұмыс өтілі бар,өз
сабағын жоғары  деңгейде  өткізе  алатын,пәндік  үйірме  мен  факультативтік
сабақ жүргізе алуы шарт.Егер сынып жетекшісі болса, жетекшілігіндегі  сыныбы
қоғамдық  жұмыстар  мен  пәндік  үлгерімнен  жоғарғы  көрсеткіштер  көрсетуі
керек.  Сонымен  бірге  ол  ұстаз  ата-аналармен  тығыз   байланыста   жұмыс
істейтін,жүйелі түрде өз білімінің артуына әр кез көңіл қойып отыратын,  жан
болуы керек.

   Бірінші санатты мұғалім болу  үшін  мұғалім  екінші  санатты  иеленіп,БКИ
курстарынан  кәсібилікпен  өткен,  бірді-екілі  не  бастауыш,не  он  бірінші
жылдықты  бітіртіп,шығарып  салған,өз  оқушылары   алған   білімін   жоғарғы
деңгейде  таныта  алатын  жан   болуы   керек.   Сынып   жетекшісі   ретінде
шығармашылық жігермен тынымсыз жұмыс істейтін жан болуы  керек.  Қарауындағы
оқушылары өз тәлімділігі мен көзге түсіп,мектеп өмірінде алдыңғы  орындардың
бірін иеленуі шарт. Ата-аналардың ол турасындағы пікірі де ескеріледі.

   Жоғары санатты мұғалім атану үшін- мұғалім  бірінші  санатты  иеленіп,БКИ
курстарынан кәсібилікпен өтуге тиісті.  Жас  және  тәжірибесіз  мұғалімдерге
қомқорлық  көрсетуші;  Жұмыстың  амал-тәсілдер  мен  әдістерін   жетілдіріп,
жосықтаушы; Мақалалары БАҚ бетінде мақалалары мен  ізденістері  үнемі  жарық
көретін,түрлі педфорумдарға қатысушы адам өзін осы  санатқа  лайықтымын  деп
есептейді.

3  Педагогикалық   қызметкерлерді   санаттау   технологиясы   кезең-кезеңмен
өткізіледі.

   Бірінші кезең- білім беру мекемесінің педагогикалық  кеңесінің  шешімімен
және осы аталған мекеменің басшылығының  бекітуімен  аттестациялық  комиссия
құрылады;аттестацияны  ұйымдастыру  үшін  жауапты   адамдар   тағайындалады.
Екінші,яғни  кезекті  санатқа  өту  үшін  мұғалім  мектептің   аттестациялық
комиссиясына,ал,бірінші  санатқа  өту  үшін  аудандық  комиссияға  ал,жоғары
санатқа өтуі үшін облыстық комиссияға өтініш түсіреді.

   Семей  қаласы  жағдайында  бірінші  және  жоғарғы   санаттың   ұстаздарға
берілуінің алғашқысы-қалалық білім беру  бөлімінде,  соңғысы-облыстық  білім
беру департаменті құрған арнайы комиссия алқасында шешіледі.

   Санаттаудандан өту үшін педагогикалық қызметкердің бас жұмысының құжаттық
тізімі  ұсынылады,оған:санаттауға  өтініш,кәсіби  біліктілігін   арттыруының
нәтижелері  туралы  құжаттың  көшірмесі,   тексеру   және   басқада   кәсіби
жұмыстардың   орындалуының    нәтижесі    туралы    эксперттік    қорытынды,
аттестациялық  парақ,білім  беру  мекемесі  басшысының  шығарған  бұйрығының
көшірмесі.

   Келесі кезең-мұғалім біліктілігінің деңгейін  бағалауды  ұйымдастыру,оның
кәсіби қызметінің нәтижелігін бағамдау.

   Үшінші кезең-бұнда талапкердің біліктілігі мен іс-әрекеті  деңгейінің  өз
бағасын алуы.

    Ал,соңғы кезең-санаттау комсиссияның өз шешімін шығаруы  және  санаттау
нәтижесі жайлы бұйырық шығару.  санаттау  комиссияның  осы  шығарған  шешімі
негізінде  білім  беруді  басқару  ұйымдары  мен  білім   беру   мекемесінің
басшылары педагогика  қызметкерінің  санаты  мен  соған  сай  алатын  айлығы
жайында төленетін ақшаны бекітіп,бұйырық шығарады.


                             Бақылау сұрақтары:

 1. Мектепішілік бақылаудың түрлерін атаңдар.
 2. Мектепішілік бақылау жүйесіне сипаттама беріңдер.
 3. Мұғалім еңбегін бағалаудағы жалпы талапқа сипаттама беріңіз.
 4. Мұғалімдерді санаттау кезеңін атаңыз.

























                                  10- дәріс
                 Тұлғааралық қатынас пен оның    қалыптасуы.
      Педагогикалық  ұйымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуал

Жоспар:

1. Педагогикалық ұжым. Оның тыныс-тіршілігінің ерекшеліктері.
2. Тұлғааралық қатынас пен оның қалыптасуы. Педагогикалық  ұйымдағы
  әлеуметтік-психологиялық ахуал.
3. Педагогикалық ұжымдағы конфликтілер.
Ұғымдар:педагогикалық   ұжым,тұлғааралық    қатынас,әлеуметтік-психологиялық
ахуал,конфликт.

1 Мектепке педагогикалық  жүйе  ретіде  қарау  қалыптасып  отырған  көзқарас
тұрғысынан    екі    түрлі    өзара     байланыстағы     ішкі     жүйелерден
тұрады:басқарушы(педагогикалық ұжым) және басқарылатын(оқушылар  ұжымы),олар
өз кезегінде іштей ішкі жүйелерге ары қарай бөлшектеніп кетеді.

    Мұғалімдердің барша іс-әрекеттері оқушылар  ұжымымен  тығыз  байланыста
өтеді.    Тұлға-тұлғааралық    қатынас    қоғамдасқан     ұйым     негізінде
қалыптасып,мектептің  хал-ахуалын  тұтасқан   педагогикалық   жүйе   ретінде
біршама толық таныта алады.

    Педагогикалық ұжым адамдардың кәсіби бірлестігі ретінде  ұжымның  барша
сипатына:   іс-әрекеттік   мақсатының   қоғамда   алар    орнына,басшылықтың
болуына,қызмет атқаруының шартты  тұрақтылығы  мен  жалғастығына  ие.  Солай
бола тұрғанымен,ол өзіндік ерекшелігімен де еректене алады.

    ➢ Полифункциялылық.
    Қазақ  мектептеріндегі  қазіргі  заманғы  ұстаздар  бір   мезетте   пән
мұғалімі,сынып жетекшісі (тәрбиеші),үйірме жетекшісі және  қоғам  қайреткері
қызметтерін қоса атқарады. Жеке  мұғалімнің  полифункциялық  қызметі  бүткіл
педагогикалық  ұжымның  полифункциялық  іс-әрекетінде  өз  ізін   қалдырады.
Өзінің кәсіби  міндеттерін  шеше  отыра,педагогикалық  ұжым  мектеп  аясынан
шығып:қоғам   мен   ата-аналар    арасындағы     педагогикалық    мәдениетті
қалыптастырады.

    ➢  Өзін-өзі басқарушылық.
    Педагогикалық ұжымның тыныс-тіршілігінің негізгі мәселелері  басқарудың
түрлі деңгейінде талқыға түсіп отырады.  Басқарудың  әріптестік  ұйымдарының
іс-әрекеті өзін-өзі  басқару  мен  педагогикалық  ұжымның  мүшелерінің  жеке
бастамаларын  дамытады.  Келесі   қырынан   алып   қарағанымызда,ұстаздардың
қызметтік  міндеттері  анық  айқындалып,  міндетті  түрде  орындалуға  тиіс,
бақылаудың  қилы  түрлері  мен  өздік   бақылау   формалары   өмір   сынынан
өткізілген.

    ➢ Еңбектің ұжымдық сипаты мен қызмет нәтижелері үшін ұжымдық
      жауапкершілік.
    Жекеленген мұғалімдердің жұмыс істеу  ерекшелігі  өз  тиімділігін  бере
алмауы  да  мүмкін,егер  оның  осы  әрекеттері  басқа  ұстаздар   әрекетімен
үйлеспесе,онда егерәки  мектептің  жұмыс  кестесін,оқушы  білімінің  сапасын
бағалауды дұрыстап ұйымдастыруда қатаң талап орын  алмаса,істелген  істердің
бәрі құмға сіңеді.

    Педагогикалық ұжым мүшелерінің іс-әрекетіндегі  тұтастық,бөле-жарылмау,
бағыт,ұстаным, көзқарас бірізділігін білдергенімен,еш уақытта  педагогикалық
қызмет технологиясының сүреңсіздігін танытпайды.

    ➢ Мұғалімнің жұмыс күнін белгілеу,яғни,не ана,не мына қызметті атқару
      барысындағы уақыттық аяның болмауы.
    Бұл   педагогикалық    ұжымның    тыныс-тіршілігіне    кері    салқынын
тигізіп,әдетте, мұғалім үшін жүктеме ауыртпалығын  туғызып,кәсіби  жетілуіне
еш уақыт қалдырмайды,осы ахуал өз кезегінде стресстік  жағдайдың  туындауына
бастап алып келеді.

    ➢ Әйелдер құрамының басымдығы.
    Әйелдер  ұжымы  өте  сезімтал  көп  жағдайда  еркектері   басым   жұмыс
орындарына қарағанда,конфликтіден бұрын көңіл  ауанының  ауысымына  өте  көп
қарайлайды.

    Сонымен қатар әйелдер қауымы  Аллаһ  берген  өз  табиғат  ауанына  орай
тәлімдік қызметке бейім,педагогикалық әсер етудің  тәсілдері  мен  амалдарын
икемді таңдай білуге оралымды болып келеді.

2 Педагогикалық ұжымның  тыныс-тіршілігінің  ерекшелігі  ондағы  тұлғааралық
қатынастың қалыптасуына өз әсерін тигізеді.

    «Қатынас» деген түсінік тәртіпаралық мәнге  ие.  Қарастыратын  саласына
қатысты  осы  ұғымның  мәнісі  де  өзгеріп  отырады.   Тұлғааралық   қатынас
астарындағы әлеуметтік  псхология  дегеннен  ұғынарымыз  адамдар  арасындағы
жеке бастық  сезімдік  қобалжудың  пайда  болу  сипаты  мен  өзара  әсерінің
сыртқа    беріліп,әріптестердің     бірлесе     жұмыс     істеуіндегі,қарым-
қатынастарындағы білінуі.

  Сонымен тұлғааралық қатынас төмендегісінше сараланады:

    ➢ ресми және бейресми,
    ➢ бастық пен бағыныштысы арасындағы қатынас,
    ➢ іскерлік және жеке бастық,
    ➢ рационалды және эмоцияналды.
    Ресим   қатынас   дегеніміз-адамдар   арасындағы   лауазымдық   негізде
туындайтын қатынас. Ол  ресми   бекітілген  жағдайды  заң  мен  нормаға  сай
реттеп отырады. Бұған керісінше, бейресми  қатынас  адамдардың  жеке  бастық
әрекеттестігіне  құрылады.  Бұл  жағдайда  олар   үшін   ешқандай   құқықтық
негіздегі жалпыға ортақ заңдылық еш қажет емес.

    Іскерлік   қатынас   өз   кезегінде   бірлескен   іс-әрекет   негізінде
қалыптасып,бейресми бірақ та сол ұжымда  жұмыс  істейтін  жанның  басқаларға
тигізер игі әсері арқасында туындап отырады.

    Тұлғааралық қатынас  қатып  қалған  дүние  емес,үнемі  өзгеріске  түсіп
отырады. Әуелі,педагогикалық ұжымның  дамуының  басқы  кезінде  олар  шартты
түрде енжар (бірін-бірі мүлде білмейтін,не нашар білетін  жандар  бір-біріне
өз қатысын  аша  алмайды)болады,содан  кейін  барып,жеке  бастық  қақтығысқа
ұласады,қолтыққа  су  бүркіп,дем  берілер  болса,  бүткіл  ұжымды   шарпиды.
Тұлғааралық қатынасты адамдарға ғана теліп қоюға болмайды,сонымен  қатар,осы
қатынастар  әлеуметтік  жағдайларға  да  тұрлаулы,міне  осы  жағдайда   олар
қалыптасып,әрі дамиды.

    Мынандай заңдылық айқындалған: ұжымға  өз  даму  деңгейлері  дәрегейлес
топтар ұйысса,онда бұндай ортада  тұлғаның  өздік  жақсы  сипатының  көрініс
беруіне  жағдай  жасалып,жаман  әдеттердің  тежелуіне  септігін  тигізеді,не
болмаса керісінше.

    Тұлғааралық қатынас адамға көп қырлы әсер етеді. Оған  тек  қана  сезім
ауаны  ғана  емес,адам  денсаулығы  да  байлаулы.   Татарстан   зертттеушісі
Р.К.Шакуровтың зерделеуінше мұғалімнің көңіл-күйі жұмыс үстіндегі оның  ата-
анамен, оқушылармен,мектеп басшыларымен қалай жұмыс істейтінін анықтап  бере
алады. Ұжымдағы тұлғааралық қатынас оқу-тәрбие  жұмысының  сапасына,ұстаздың
шығармашылық   белсенділігіне,өз   кәсібіне    қанағаттанушылығына    әсерін
тигізеді.  Әсіресе,бұлардың  ішінде  үлкен  маңызға  иесі  бағыныштылар  мен
мектеп басшылығы арасындағы қатынас  болып  табылады.  Педагогикалық  ұжымды
басқаруда оның мүшелерінің сенімі мен құрметіне  бөленбеу  басшы  адамға  еш
опа әпермейді.Тұлғааралық қатынас ұжымның  әлеуметтік-психологиялық  негізін
құрайды.

    Әлеуметтік-психологиялық ахуал дегеніміз-топтағы(ұжымдағы) тұлғаның жан-
жақты дамуы мен  әріптесе  қызмет  етуіне  не  қозғау  болатын,  не  бөгесін
болатын  психологиялық  ахуалдың  жиынтығы.  Әлеуметтік-психологиялық  ахуал
төмендегідей функцияларды атқарады:

    ➢ Бірігу. Оқу-тәрбие міндеттерін бірлесе шешуге байланысты ұжым
      мүшелерінің топтасуы.
    ➢ Қанаттану. Ол ұжымның «сезімдік әлеуетінен», өмірлік қуатынан
      құрылып,педагогикалық қызмет нәтижесінде жүзеге асады.
    ➢ Тұрақтандырушы. Ұжымішілік қатынастың тұрақтылығын қамтамасыз етіп,
      ұжымға жаңадан келген ұстаздардың өз орталарына қысылып,қымтырылмай
      енжарқын енуіне қолайлы жағдай жасайды.
    ➢ Реттеуші (ырықтандырушы). Алдыңғы қатарлы эстетикалық қалып негізінде
      өзара қарым-қатынастың бекуі негізінде,ұжым мүшесінің мінез-құлқын
      бағамдау жүзеге асады.
    Әлеуметтік-психологиялық  ахуал  ұжымдағы  адамдар  арасындағы   қарым-
қатынастың қалыптасқан қалыпты жағдайына, жеке тұлғаға өзінің не  жағымды,не
жағымсыз әсерін тигізе алады.  Әлеуметтік-психологиялық  ахуалдың  ең  басты
белгілері болып:

     ▪ ұжым мүшелерінің арасындағы бір-бірлеріне  деген  өзара  сенімі  мен
       аса жоғары талабы,
     ▪  ақжарқын және іскер сын,
     ▪  ұжымның  тыныс-тіршілігіне   қатысты   мәселелерді   талқыға   салу
       кезіндегі өз ойын бүгжектемей ашық білдіру,
     ▪ басшылық тарапынан бағыныштыларға қысым  көрсетілмеуі  және  ұжымдық
       шешім қабылдау үстінде адам құқығының сақталынуы,
     ▪  орындалуға  тиісті  істің  жай-күйі  мен   міндеті   жайында   ұжым
       мүшелерінің тиісті дәрежеде хабардар болып отыруы,
     ▪ ұжымның мүшесі болып табылатынын әрқайсының мақтаныш етуі,
     ▪  ұжымның  әрбір  мүшесінің  ондағы  істің  ауаны  жайында  өзін  өте
       жауапты сезінуі.
3  Әлеуметтік-психологиялық   ахуалдың   жағымды   қалыптасып,жайлы   өтуіне
кедергісін  тигізетін  факторлардың  қатарына  педагогикалық  ұжымдағы  орын
алатын конфликтілер жатады.

Конфликті дегеніміз- екі не одан көп жақтың күресі  мен  қарама-қайшылығының
шұғыл шелнісуі-әр тараптың бір-біріне байлаулы  проблеманың  шешімін  табуға
байланысты қатысушылардың пікірінің екіге айырылуы.

  Конфликті өз табиғатына қарай төмендегідей болып келуі мүмкін:

 1. Тұлғаішілік/тұлғааралық  терминімен  шатыстырып  алмаңыздар/-қай  кезде
    жеке  адамға  қарама-қайшы  талап  қойғанда  немесе  өндірістік   талап
    етушілік тұлғаның қажеттілігімен қабыспаған шақта туындайды.
 2. Тұлғааралық-тұлғалар арасындағы қақтығыстан туындайды.
 3. Жеке тұлға мен топ  арасындағы-топтың  үміті  мен  тұлғаның  үміт  етуі
    арасындағы қайшылық негізінде өрбиді.
 4. Топаралық-ресми және бейресми топтар арасындағы өткір келіспеушілік.
    Педагогикалық  ортада  туындаған  конфликті  әдетте  тұлғааралық  болып
келіп,өзінің  адамдарға  әсер  ету  жүйесін  кескіндеп,олар   оны   өз   іс-
әрекеттеріне лайық емес  деп  тауып,әрқайсы  өзінше  шешім  табу  қарекетіне
жүгінеді.

    Конфликтілік жағдай өз кезегінде түрлінше себептерге байланысты шығады.
Негізінен   олар   педагогикалық   қызметтің   бірлесе   орнатылған    өзара
әрекеттестігімен,қалыптасқан  үрдістерінің  бұзылуы  салдарынан   туындайды.
Олар  іскерлік,рөлдік  және  жеке  бастық  байланыс  сипатында  болып  келуі
мүмкін. Осы себепті  педагогикалық  ұжымдағы  конфликтілерді  ТМД  ғалымдары
негізінен үш топқа бөліп жүргенін сөз арасында айта кеткіміз келеді.

    Бірінші топ-кәсіби конфликтілер. Олар іскерлік байланыстың жібі үзілген
шақта  кәсіби-педагогикалық   мақсатқа   жетуге   қарсы   туындайды.   Бұған
ұстаздардың жұмыстағы жетесіздігімен,істің байыбына бармай  байбайлам  салуы
жәрдемші болады.

    Екінші топ-күтілінген  конфликті.  Бұндай  шетін  оқиға  туындайды  сол
жағдайда,егерде  мұғалімнің  мінез-құлқы  педагогикалық  ортада  қалыптасқан
ахуалға сай болмаса,үміттің ақталмауы осындай конфликті  түріне  ұрындырады.


    Үшінші   топ-өзара    сыйыспайтын    тұлғалардың    шекісуі(конфликті).
Конфликтінің бұндай түрі педагогикалық үрдіске  қатысушылардың  жеке  бастық
ерекшелігі  басынан  сөз  асырмау  мен  бірді-бірге  қосатын  сөз  тасушылар
кесірінен жеке тұлғалар арасында өрістейді. Өз қабілетін асыра  бағалау  мен
алып ұшқан тыз етпелік,басынан сөз асырмау-аталған конфликтіге  бастар  тіке
жол.

    Конфликтілердің   логикалық   жүлгеленуі   төмендегідей    әрекеттерден
тұрады:конфликтінің  боларын  ескерту;  егер  орын  ала  қалса,өршітпей  дер
кезінде  алдын  алу,конфликтілік  жағдайда  ешкімнің  шамына  тимей   бәріне
оңтайлы  шешім  қабылдай  білу,конфликтінің  оң  шешімін   табуына   көмегін
тигізеді. Осы жолда мынандай алгоритм ұсынылады:

    ➢ Конфликтілік жағдайға шынайы қатысушыларды анықтау;
    ➢ Конфликтіге барша қатысушылардың мотивін,мақсатын,қабілетін,
        мінездік ерекшелігін,кәсіби біліктілігін мүмкіндігінше терең
   зерделеу;
    ➢ Конфликті орын алғанға дейінгі аралықтағы оған қатысушылардың
      тұлғааралық қатынасын ақыл сарабынан өткізу;
    ➢ Конфликтінің тууының шынайы себебін анықтап,оған қатысушылардың санын
      мүмкіндігінше азайта білу;
    ➢ Оған қатыспаған бейтараптардың осы конфликті деген пікірін білу;
    ➢ Конфликтіні жоюдың амалы мен жолын анықтау мен табу үшін:
   а) оның табиғатына сай келетін;
    ә) конфликтіге араласқандардың мүмкіншілігін есепке алу;
    б) коструктивті сипатта болуын;
    в) тұлғааралық қатынастың жақсаруы мақсатына сай келушілік;
    г) ұжымның дамуына септесуді жүзеге асыру қажет.
    Қажетті  жағдайда  конфликті  өз  шешімін  табу   үшін   оған   белсене
қатысушыларды  біраз  уақыт  бойы  өзара  аралас-құралас  болмауына   немесе
қатынастың шектеуі болып келуіне жағдай туғызу  керек.  Кәсіби  және  рөлдік
күтілінген  конфликтілер  еңбек  жағдайының,оқу-тәрбие   үрдісінің,   мектеп
жұмысына түзетулер енгізілуі арқылы өзгеруі негізінде шешіледі.  Тұлғааралық
конфликті  өз  түйінін  шешудің  қиынның-қиыны,сондықтан   бұндай   жағдайда
келісімге келмейтін екі жақты да олардың ұстанымдарынан  мүлде  бөлек  басқа
да  топтық,жеке   бастық   пікірлердің   бар   екендігіне   көздерін   айқын
жеткізіп,өнбес даудың тамырына балта шабуға болады.

                             Бақылау сұрақтары:

 1. Педагогикалық ұжым басқа ұжым түрлерінен несімен еректенеді?
 2. Тұлғааралық қатынас дегеніміз не? Педагогикалық үдіріске ол қалайша  өз
    әсерін тигізеді?
 3. Әлеуметтік- психологиялық ахуалдың атқаратын функциясына сипаттама бер.
 4.  Педагогикалық ұжымдағы қолайлы псхологиялық ахуалдың нышандары қандай?
 5. Төмендегі  конфликтілердің:  кәсіби,  рөлдік  күтілген,  сай  келмейтін
    тұлғалықтардың алгоритмдік шешімін табуды түз.







































































                      Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі:

1. Алферова Ю.С.,Курдюмова  И.М.,Писарева  Л.И.Оценка  и  аттестация  кадров
  образования за рубежом.-М.,1997.
2.   Вересов.Н.Н.Формула  противостояния,или  как   устранить   конфликт   в
  коллективе.-М.,1998.
3.   Внутришкольное  управление:Вопросы  теории  и   практики/Шамова   Т.И.-
  М.,1991.
4.   Временное   положение   о   государственных   образовательных   учебных
  заведениях в РСФСР//Вестник образования.-1991.-№5.
5. Журавлев В.И. Основы падагогической конфликтологии.-М.,1995.
6. ҚР «Білім туралы»заңы. Алматы. 1996.
7.  Зверева  В.И.   Аттестация(Диагностика   и   экспертиза   педагогической
  деятельности аттестуемых учителей).-М.,19987
8.  Зигерт В.,Ланг.Л.Руководить без конфликтов.-М.:Экономика,1990.-С.25.
9.  Кальней  В.А.,Шишов.Е.А.Технология  мониторинга  качества   обучения   в
  системе «учитель-ученик».М.,1999.
10. Конаржевский.Ю.А.Внутришкольный менеджмент.-М.,1993.
11.   Конаржевский.Ю.А.   Педагогический   анализ    учебно-воспитательнонго
  процесса и управление школой.-М.,19867
12. Кодаков.М.И. Теоретические основы школоведения.-М.,1982.
13. Менеджмент в управлении школой /Шамова Т.И.-М.,1992.
14.   Моисеев.А.М..Капто.   А.Е.и    др.Нововведения    во    внутришкольном
  управлении.М.,1998.
15.      Ольшанский.В.Б.      Психология-практикам:учителям,родителям      и
  руководителям.Изд.-во Тривола,1996.
16. Орлов.А.А. Управление учебно-воспитательной работой в школе.М.,1991.
17. Педагогическая информатика:теория и практика.Ч.І,ІІ.-М.,1994.
18. Портнов.М.Л. Труд руководителя школы.-М.,1987.
19. Поташник.М.М. Инновационные школы России.-М.,1996.
20. Раченко.И.П. НОТ учителя.-М.,1987
21. Сантурова.С.М. Менеджмент в образовании: теория и практика.М.,1993
22. Симонов.В.П. Педагогический менеджмент. М.,1999.
23. Стрюков.Г.А. Стандартизация уровня и  оценивания  учащихся//Педагогика.-
  1995.-№6-С.12-17.
24. Супцов.Н.С. Управление общеобразовательной школой.-М.,1982.
25.  Управление качеством образования/Под ред.М.М.Поташника.-М.,2000.
26.   Управление   современной   школой:Пособие   для    директора    школы/
  М.М.Поташника.-М.,1992.
27. Фриш.Г.А. Документация(Краткое  практическое  руководство  по  написанию
  управленческих справок).-М.,1999.
28. Фролов .П.Т. Школа молодого директора.М.,1988.
29.  Фишман.Л.   Моделирование   образовательного   менеджмента//   Школьные
  технологии.№3.-1999.-С.41-50.
30. Шакуров. Р.Х. Социально-психологические основы управления:  руководитель
  и педагогический колликтив.-М.,1990.

                                                                     Қосымша


                              Терминдер сөздігі

Адамдардың     психологиялық     лайықтылығы     –адамдардың     басқалармен
іскерлік,кәсіби   т.т.жағынан   өзара   түсіністікпен   тіл    табыса    алу
қабілеттілігі.

Ақпарат-адам өзі бетімен немесе арнайы құралдың көмегімен  қабылдайтын  жүйе
мен қоршаған ортасының жағдайы туралы мәліметтері.

Ақпараттық басқару –басқарылатын жүйенің тиімді қызмет атқаруы үшін  қажетті
ақпарат.

Ақпараттық  қажеттілік-алдыға  қойылған  міндетін  шешу  жолында   маманның(
педагогикалық  қызмет  иесінің)  белгілі  бір  ақпаратқа  деген  қатынасының
формасы.


Аттестация(санаттау)-педагогтың санатын анықтау.

Әлеуметтік-психологиялық ахуал-топтағы  (ұжымдағы)  тұлғаның,әріптестік  іс-
әрекеттердің  өнімді  де,жан-жақты  дамуына  ықпал  ететін  немесе   кесірін
тигізетін қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық ахуалының жиынтығы.

Бағамдау   қалыбы/А.М.Моисеевтің    анықтамасында-нормы    оценивания/-өзара
байланыстағы элементтер:талап,кең  көлемді  жоспар,  қызметтік  бағдар  және
мектептің дамуының абстрактілі/дерексіз/үлгісі.

Бақылау-жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілімділікті бағамдау үрдісі.

Бақылау  стандарты-талап  ету  формасындағы  объектіге  деген(мектептің  бір
өзіне немесе оның белгілі бір бөліктеріне деген) нормативтік  талап,нәтижесі
қарастырылатын объектінің осы талапқа сай келуін тексеріп  шығуға  мүмкіндік
береді.

Басқару         әдісі-педагогикалық          үрдіске          қатысушылардың
мақсаттарды,принциптерді,  басқару  қызметінің  мазмұнын   жүзеге   асырудың
амалы.

Басқару  құрылымын  ұйымдастыру  /организационная   структура   управление/-
басқырылатын және басқаратын  жүйелердің  өзара  байланыстылығын  қамтамасыз
ететін  жанама  бағыныштылықтағы  басшылық   буындарының   қатаң   тәртіппен
орналасу жиынтығы.

Басқару принциптері-басқару функциясын жүзеге асырудың негізін түзуші идея.

Басқару  стратегиясы-дұрыс  және  алысты  болжауға   негізделген   басқаруды
жоспарлау өнері.

Басқару функциясы-арнайы амал-тәсілдер  арқылы  жүзеге  асатын  басқару  іс-
әрекетінің нақты түрі.

Басқарудағы   әріптестік-нақты   шешімдерді   атқарушы   түрлі    деңгейдегі
басшылардың пікірлері негізінде ұжымдық шешімді бірлесе жасап шығу үрдісі.

Басқаруды   орталықтандыру-өз   кезегінде   бір   орталықтан    басқарылатын
жергілікті мекемелердің жоғарыға бағына басқарылуы.

Басқаруды  ұйымдастыру  формасы-кадрларды  іріктеу  мен   орналастыру   және
педагоггтар,ата-аналар және оқушылардың іс-әрекетін бір жүйеге келтіру.

Басқарушылық  шешім(жоспар,  бұйрықтар)  қазірде  бар  басқару  ахуалы   мен
қарастырылатын басқару мақсаты арасындағы байланысты табу үрдісі.

Болжам-мектептің болашағы турасындағы ықтимал нұсқа.

Болжам жасау-ғылыми көріпкелдіктің бір түрі.

Біліктілік  (кваликация)-адамның  қандайдабір  еңбек   түрі   мен   дайындық
дәрегейіне жарамдылығының деңгейі.

Бірлесе  басқару  (коллегиальность  в  управлении)-нақты  шешімді  орындаушы
түрлі деңгейдегі басшылардың пікірлері негізінде ұжымдық  шешім  жасап  шығу
үрдісі.

Білім беру жүйесі-білім беру мекемелері мен білім  беруді  басқару  ұйымдары
арқылы   жүзеге   асатын   білім   беру   бағдарламалары   мен   мемлекеттік
стандарттардың өзара байланыстылығының жиынтығы.

Даму –қажетті және бағыттық сипаттағы материалдық және  идеалды  нысандардың
заңдылықты сапалық өзгерісі.

Диагностика –арнайы жобаланған  ғылыми  әдістердің  көмегімен  педагогикалық
үрдіс,құбылыс т.б. сандық бағамдау мен сапалық сараптау жасау.

Диверсификация  (  лат.diversus=  түрлінше  +  facere=жасау)-мыс.білім  беру
мекемелерін   д.//бірмезетте   түрлі   типтегі   оқу    орындарының    қатар
дамуы;қазақша айтсақ,білім беру мекемелерінің түрлінше дамуы.

Жаңа ақпараттық технология  –коммуникациялауды  жүзеге  асыратын  ақпараттық
сараптау мен өңдеудің  өзара  берік  байланыстағы   тәсілдері,амалдары  және
құралдарының тұтасқан жүйесі.

Жаңашылдық //жаңа енгізілім (инновация)-мектепішілік басқару  жүйесіне  жаңа
тұрақты элементтерді,өзгерісті белгілі бір бөліктер бойынша енгізу үрдісі.

Жеке басшылық (единоначалие)-өз құзырына жататын мәселені шешуде  нақты  бір
басқару буынына жататын басшының өз бетімен шешім қабылдауы.

Жоспарлау –алға қойылып отырған мақсатқа жасалған педагогикалық  сараптаудың
нәтижесіне қатысының негізінде шешім қабылдау.

Жүйе -өзара байланыстағы  элементтердің  білім  беру  тұтастығын  танытуының
жиынтығы.

Жүйелік  тәсіл-шынайы  өмірді  зерделеу  мен  қайта   құрулар   үшін,сондай-
ақ,күрделі жүйелерді басқару жолындағы әдіснамалық бағдар.


Конфликт- екі не  одан  көп  жақтың  күресі  мен  қарама-қайшылығының  шұғыл
шелнісуі-әр  тараптың  бір-біріне  байлаулы   проблеманың   шешімін   табуға
байланысты қатысушылары.

Мектептегі жаңа енгізілім (инновациялық)үрдісі-әр  қайсы  өз  алдына  дербес
жекеленген инновациялық үрдістерінің бір арнаға тоғысқан жиынтығы.

Мемлекеттік білім беру  стандарты-білім  берудегі  көзделінген  толық  қанды
мақсатқа жету  үшін  қажетті  ,білімнің,дағды  мен  машықтардың  жиынтығының
білім беру үшін тиімді ықшамдалған мазмұны.

Мемлекеттік  емес  білім  беру  жүйесі-мемлекттің  құзырына  қарамайтын  оқу
орындары.

Менеджмент –адамдармен  қарым-қатынас  жасау  барысындағы  билік  жасау  мен
басқару өнерінің әдісі мен тәсілдері.

Мотивация-жеке бастық және ұжымдық мақсаттарға қол жеткізу жолындағы  түрткі
үрдіс.

Орталықсызданған     басқару     (децентрализация      управление)-жоғарыдан
басқарылудан төменнен басқарылуға көшуде жергілікті жерге өзін -өзі  басқару
функциясын беру.

Педагогикалық жүйе-ересектер мен өскелең ұрпақты оқыту,тәрбиелеу,білім  беру
мақсатына бағынған құрылымдық,функциялық өзара байланыстардың бөліктері.

Педагогикалық ұжым-  адамдардың  кәсіби  бірлестігі  ретінде  ұжымның  барша
сипатына:   іс-әрекеттік   мақсатының   қоғамда   алар    орнына,басшылықтың
болуына,қызмет атқаруының шартты тұрақтылығы мен жалғастығына ие.

Принцип-негіз,жетекші идея.

Ренцензия—қандайдабір ғылыми немесе әдеби туындыға сыни талдау мен бағалау.

Стресс- қалыптасқан жағдайға орай адамның дұрыс  мақсатты шешім  қабылдауына
мүмкіндік бермейтін сезімдік және көңіл ауанындық ахуал.

Стрессор-алабұртушылық жағдайын туғызатын фактор.

Тұлғааралық қатынас- дегеннен  ұғынарымыз  адамдар  арасындағы  жеке  бастың
сезімдік  қобалжудың  пайда  болу  сипаты   мен   өзара   әсерінің    сыртқа
беріліп,әріптестердің  бірлесе  жұмыс   істеуіндегі   қарым-қатынастарындағы
білінуі.

Ынтымақтастық –адамдармен жұмыс істеуде келісілген орныққан  жұмыс  жасасуға
талпыныс.

Іс-әрекетті  ұйымдастыру-алға  қойылған  мақсатқа  қол   жеткізу   жолындағы
адамдар мен амал-тәсілдердің бірігу үрдісі.

Эклектика(гр.eklektikos=іріктеу,екшеу,таңдау)    –органикалық     емес,іштей
сыйыспайтын көзқарастардың,пікірлер мен әдістердің сыртай сыйысымдылығы.

Экспертиза    (сараптама)қорытынды    шығару    мақсатындағы     мамандардың
(сарапшылардың) мәселені електен өткізуі.















































    Шығармашылық реферат тақырыптары мен әдістемелік біліктілік жұмыстары

 1. Қазіргі мектепті күрделі педагогикалық жүйе,жаңа енгізілімдер
    тенденциясы ретінде функцияландыру проблемасы.
 2.  Қазіргі мектептегі басқару қызметін жоспарлаудағы жаңашылдық.
 3.  Мектеп ұжымының барлық деңгейдегі дамуын басқару жағдайының дәстүрлі
    және жаңа формалары.
 4. Дәстүрлі және оңдалған нұсқадағы мектептегі әдістемелік жұмыстың
    мазмұны.
 5. Педагогтардың санатын,кәсіби біліктілігін көтерудің:
    мақсаты,міндеті,ұйымдастыру мәселелері.
 6.  Ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастырудағы педагогикалық
    менеджменттің рөлі.


























         ҚАЗІРГІ ЗАМАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС,ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
               (  ұстаздарды басқару қызметіне көмекші нұсқау)





                       Мектептің педагогткалық кеңесі

   Педагогикалық  кеңес  дегеніміз-бір  сөзбен  айтқанда,   тұрақты   әрекет
үстіндегі педагог қызметкерлердің  әріптескен  өзін-өзі  басқару  ұйымы.  Ол
мектептің оқу-тәрбие жұмысындағы  қордаланған  мәселелерді  қарастыруы  үшін
өткізіледі.   Оның   қызметі   ҚР   «Жалпы   білім   беретін   мектептердегі
педагогикалық  кеңес  туралы  ережесімен»  айқындалған.  Сонымен,  ҚР  үштен
жоғары мұғалімі бар жалпы  білім  беретін  мектептерде  педагогикалық  кеңес
құрылады.

   Педагогикалық  кеңестің  тұрақты  құрамына  мектеп  мүдірі  (төраға),оның
орынбасарлары,барлық мұғалімдер, тәрбиешілер,сыныптан тыс және  мектепішілік
жұмысты ұйымдастырушылар, әлеуметтік педагогтар, кітапханашы, дәрігер,  ата-
аналар комитетінің жалпы мектептік төрағасы кіреді.  Педагогикалық  кеңестің
кеңейтілген   құрамына   талқыланатын   мәселенің   ауанына   орай   аралас-
құраластықтағы мекемелер  мен  ұйымдардың  өкілдері,ЖОО  оқытушылары,  жалпы
мектептік   және   сыныптық   ата-аналар   комитетінің   мүшелері,балалардың
қоғамдық ұйымдарының мүшелері,ата-аналар, оқушылар шақырылады.

   Педагогикалық кеңестің төрағасы мектеп мүдірі  (кейбір  жеке  отырыстарда
ауыспалы  төраға  сайлануы  да  мүмкін)  болып   табылады.     Педагогикалық
кеңестің басты мақсаты мен міндеті  -мектеп ұжымының күш-жігерін  оқу-тәрбие
жұмысының  деңгейін  арттыруға  жұмылдыру,іс  жүзінде  педагогика  ғылымының
жетістіктері мен алдыңғы қатарлы тәжірбиелерін мектеп өмірінде қолдану.

   Қазіргі  отандық  және  ТМД  елдерінде  педагогикалық  кеңестің  мынандай
түрлері айқындалған:

    ➢ оқу-тәрбие үрдісіндегі оқу жоспарын,бағдарламасын,оқулықтарды,
      формалар мен әдістерді талқылау және таңдап алу әрі оларды жүзеге
      асыру жолдары;
    ➢ педагогика қызметкерлерінің біліктілігін арттыру,олардың шығармашылық
      бастамаларына дем беру,өздерінің алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерін
      тарату жұмыстарын ұйымдастыру;
    ➢ оқушылардың үйірмелерін, студияларын, клубтарын және басқа да
      бірлестіктерін құрулары туралы; оқушының емтиханға жіберілуі,келесі
      сыныпқа көшірілуі немесе білім алуы туралы куәлік беру;оқушының мінез-
      құлқы туралы жылдық бағалау және марапаттаулар мен ескертулер туралы
      т.б, мәселелерді шешу;
    ➢ оқушылар,ата-аналар (оларды алмастыратын тұлғалар) пікірін ескере
      отырып,оқу орнындағы педагогикалық қызметкерлерді санаттауды өткізу;
    ➢ оқу орнында жемісті еңбек етіп жүрген педагог және басқа
      қызметкерлерді түрлінше марапаттауға ұсыну;
    ➢ тәжірибелік-сынақтық жұмыс түрлерін жүргізу;
    ➢ оқу орнының мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара ынтымақтаса
      жұмыс істеуінің бағыттарын анықтап алу.

                      Педагогикалық кеңестің функциясы

   Оның іс-әрекетіне берілген сараптамалардың түрі  мынандай  ой  түйіндеуге
жетелейді, өйткені,қазіргі  заманғы  педагогикалық  кеңес  дегеніміз   толық
функциялы болып табылады. Оның  функциялары  төмендегідей  топтарға  бөлінуі
мүмкін,атап  айтсақ:басқарушылық,  әдістемелік,тәлімдік   және   әлеуметтік-
педагогикалық   (1.сурет).   Біз   санамалап   келтіргендердің    әрқайсының
басымдыққа ие болуы  педагогикалық  ұжым  мен  оның  басшыларының  мақсаттық
ұстанымына байланысты болып келеді.

   Педагогикалық    кеңестің     басқарушылық    (әкімшілік)     функциясына
төмендегідей:заң    шығарушылық,    кеңесушілік,диагностикалық,    жоспарлы-
болжамдық, сараптау-бақылаушылық  сияқты түр ерекшеліктері енеді.

   Заң   шығарушылық   :әр   қызметкер   міндетті   түрде   орындауға   тиіс
(мемлекеттік,облыстық  бағдарларламалар  мен   оқу   жоспарларын   орындауға
қатысты  білім   беру   ұйымдарының   ұсынған   шешімдерін   қабылдап,жаппай
сауаттылықты/мыс:  компьютерлік  т.т./,  емтиханға   жіберуді,басқа  жұмысқа
ауыстыруды,  марапаттауды,педагогикалық  қызметкерлерді   санаттауды   т.б.)
талаптар ашық дауысқа салумен қабылданып,ұжымдық бірауыздылықты танытады.

   Кеңесушілік:ұсыныстардың жөнге түсуі  мен  оқу-тәрбие  үрдісінің  жағдайы
туралы шынайы ақпаратты келеге салу.



    |                      Педагогикалық кеңес(функциясы)                           |


    |Басқарушы    |   |Әдістемелік     |   |Тәлімдік        |
|лық          |   |                |   |                |




|Түзетуші     |



                                   1-сурет
                      Педагогикалық кеңестің функциясы

   Қорытынды-диагностикалық:   тәжірибелік-эксперименттік   жұмыс   жүргізу;
әлеуметтік, психологиялық және дәрігерлік тексерулер.

   Жоспарлы-болжамдық:мектептің  даму  перспективасын  талқылау,ұжымның  іс-
әрекетін жоспарлау,оқу жоспары мен бағдарламаларын таңдау.

   Сараптау-бақылаушылық: түрлі тақырыптағы есеп берулерді тыңдау,педагогтар
мен басшылардың атқарған  жұмыстарының  қорытындысын  шығару,мектеп  жарғысы
негізінде мұғалім мен оқушы тарапынан орындалуға тиісті талаптар  және  ата-
анамен жүргізілген жұмыстар турасындағы түйіндеулер.

   Түзетуші:  әлеуметтік   тапсырыс,әлеуметтік   жағдай   және   мемлекеттік
саясаттың өзгеруіне  байланысты  мектептің  жұмыс  жоспарына  түзетулер  мен
өзгерістер енгізу.

   Педагогикалық кеңестің әдістемелік  функциясындағы  ақпараттық,қорытынды-
талдамалық, дамытушылық,білім берушілік, белсенділік бағыттарын атап  айтуға
әбден болады.

   Ақпараттық  бағыт:оқу-тәрбие  үрдісінің  жағдайы  мен  оның   жетілдірілу
жолдары туралы,педагогика ғылымдарының жетістігі мен  алдыңғы  қатарлы  озық
тәжірибені насихаттау туралы хабарламалар.

   Қорытынды-талдамалық бағыт:білім беруде үлкен тиімділікке  ие  форма,әдіс
және  амал-тәсілдерге  иелік  етіп,педагогикалық  шеберлікті  шыңдау,алдыңғы
қатарлы білім  беру  технологияларын  қолданып,озық  мектептер  мен  жаңашыл
ұстаздардың тәжірибелерін пайдалану.

   Білім  беруші  бағыт:бұл,   ең   алдымен,   педагогика   қызметкерлерінің
біліктілігін,   педагогикалық  шеберліктерін,  білімділігін,   дағды,машығын
түрлі формада берудің жолдары арқылы артырып отыру.

   Белсендіруші   бағыт:әдістемелік   қызметтің:ғылыми-әдістемелік    кеңес,
педкеңестегі   проблемалық    топтың,пәндік    кафедра    мен    әдістемелік
бірлестіктердің,әдістемелік   кабинеттегі   педагогикалық   ұжымның    барша
буынындағы және әр мұғалімнің өзінің әдістемелік тақырыбы  бойынша  жүргізіп
жатқан жұмысындағы күш-жігерлерін белсенділендіру.

   Педагогикалық кеңестің  тәлімдік  функциясы  әр  мұғалімнің  жеке  бастық
дербестігін, педагогикалық ұжымдағы саналы тәртіптілік пен қоғамдық  пікірді
қалыптастыруға бағытталған.

   Жеке   бастық   дербестікті   қалыптастыру:   әр   мұғалімнің    тұлғалық
ерекшелігінің ашылуына және байығуына көмектесе отырып,оның  барлық  қырынан
ашылып,өзін танытуына жағдай жасау.

   Ұжымды  тәрбиелеу  :педагогикалық  кеңестің  отырысына   дайындық   жасау
үдірісінде  жүзеге  асады  да,ондағы  мәселелерді  талқылау  мен  шешімдерді
қабылдауға жәнеде оның жүзеге асырылуына барша  ұстаздар  қауымы  тартылады.
Ұжымдық   жұмыс   мұғалімдердің   ішкі    тәртіпке    деген    саналылығына,
ұйымдастырушылыққа, жауапкершілікке,кең көлемді іс-әрекет  жасай  алушылыққа
қабілетінің жете алуына тәрбиелейді.

   Мотивацияны   қалыптастыру   дегеніміз:   әріптестердің   іс-әрекеттеріне
бірыңғай талап  қоюшылықты  жобалауда,  дамудағы,оқыту  мен  тәлім  берудегі
ортақ көзқарастардың жүйесін жасап шығу.

   Әлеуметтік-педагогикалық функциялардың атқарылуы төмендегілерден тұрады:

   коммуникациялық,педұжымның ата-аналармен, оқушылармен,басқа мектептердегі
педагогикалық ұжымдармен байланысы;

   келісімділік     және     қалыптастырушылық,      тәрбиеленуші      барша
тұлғаларға:мектеп,жанұя, қоғамдық  ұйымдардардың  тарапынан  жұмсалған  күш-
жігерлері;іс-әрекеттеріндегі   жүйелілік,   мақсатты   байланыстар    орната
білушілігі;

   педагогикалық үрдіске қатысушыларға қатысты (денсаулық сақтауды жұмыс пен
оқуда  сақтау,тамақтану,әлеуметтік  қамтамасыз  ету,жұмысқа   қабылдау   мен
шығару т.т. жағдайлардағы) құқықтық  нормалардың орындалуы  және  мұғалімдер
ұжымы мен балаларды әлеуметтік жақтан қорғау.

   Қазіргі   таңда   еліміз   мектептеріндегі   практик-басқарушылар   түрлі
мінбелерден педагогикалық кеңестің функциялық қызметінің қайта  қаралуы  мен
кеңейтілуін жоғарыдағыларға батыра айтып,батыл күн тәртібіне  қойып  келеді.
Өйткені, олар осы тараптағы жаңа қадамдардың жасалуын қалайды.

   Педагогикалық  кеңес,мектеп  кеңесі  және   ғылыми-әдістемелік   кеңестің
функцияларының бөлінуі мен өзара байланысы

  Мектеп кеңесі-мектепті басқарудың қоғамдық-мемлекеттік ұйымы.

   Педагогикалық  кеңес-мектептің  педагогикалық  қызметкерлерінің  өзін-өзі
басқаруының әріптестік ұйымы.

   Мектептің      әдістемелік(ғылыми-әдістемелік)     кеңесі-оқу-әдістемелік
мәселелерді шешу мен  жобалауға  қатысты  ең  кәсіби  білікті  ұстаздар  мен
мектеп басшыларынан тұратын әріптестік ұйым.

   Бұл     кеңестердің     әрқайсы-бір-бірімен      қоян-қолтық      араласа
отырып,мәселелерді  төтесінен  қоятын,  әрі  оның  шешімін  табуына  құқықты
әріптестік жұмыс ұйымы. Осы кеңестердің  әрқасысы  бірін-бірі  алмастырмайды
және бір-біріне бағынышты болып  келмейтін  басқару  және  өзін-өзі  басқару
ұйымдары болып табылады. Осылардың ешқайсының  ішінде,әсіресе,мектеп  кеңесі
мектеп басшылығына және  басқа  да  басқару  ұйымдарына  жатпайды  тек  қана
олармен бірлесіп жұмыс істейді.

   Қазіргі таңда қала мектептерінде «Орта  білім  беретін  мектептің  кеңесі
туралы ереже», «Жалпы білім беретін мектептегі  педагогикалық  кеңес  туралы
ережелер» жасалынған онда міндеттер,жұмыс  мазмұны,кеңестердің  іс  жүргізуі
мен құрамы айқындалған.


                                Мектеп кеңесі

   Мектеп кеңесі дегеніміз-қоғамдық әріптестік ұйым,оның  міндетіне  мыналар
кіреді:мектептің дамуы мен білім беру үрдісін тиімді  жүзеге  асыруға  көмек
беру,қоғам  мен  мемлекет  шәкірттерді  оқыту  мен  тәрбиелеуде  алға  қойып
орындалуын міндет етіп отырған маңызды талаптарын  жүзеге  асыруға  септесу.
Әкімшіліктің,мұғалімдер  қауымының,оқушылар  және   олардың   ата-аналарының
дәстүрі,жағдайы, ұстанымы  бойынша  кеңестің  жұмысына  түрлі  өзгерістердің
енгізілуі бек мүмкін.  Кейбіреулердің  айтуына  қарағанда,мектеп  кеңесі  не
толық,не   жартылай   бұрынан   келе   жатқан   кеңестерді,    комитеттерді,
комиссияларды ауыстыра алады деп ой түйіп,педагогикалық кеңесті,  ата-аналар
комитетін,оқушылар комитеттерін(оқком-ды) таратуды ұсынады.  Бұндай  пікірді
мақұлдауға да,құптамауға да болмайды.  Өйткені,қазіргі  таңда  мектептер  әр
қилы,сондықтан түрлінше нұсқалардың ұсынылуы біздер  үшін  қалыпты  жағдайға
айналып отыр.

   Біздің көзқарасымыз бойынша,ең  ұтымдысы  тек  сол  мектеп  кеңесі  болып
табылады,егер  онда  жалпы  басқару  жүйесі  табиғи  үйлесімдікпен  ұштасса.
Олардың әдеттегі құрылымы 3  тараптан  (бөліктен):  педагогикалық,ата-аналар
және оқушылардан тұрады.

    Педагогикалық  бөлік.  Оның  құрамына  педагогикалық   кеңес   сайлаған
мүдірдің орынбасарлары, қоғамдық ұйым өкілдері,ұстаздар тобы енеді. Ол  кадр
мәселесін, педагогикалық  тексеруді  ұйымдастыруға  көмектеседі,конфликтілік
жағдайды шешуді т.т. қарастырады.

    Ата-аналар  бөлігі.  Оның  құрамына  ата-аналар  мен  қоғамдық  өкілдер
кіреді. Олар ата-аналар комитетінің функциясын атқарып,түрлі  комиссиялардың
құрамына еніп,мектеп басшылығына көмектеседі.

    Оқушылар бөлігі. Олар  жоғары  сыныптарда  білім  алатын  оқушылар  мен
балалардың  қоғамдық  ұйымдарының  өкілдерінен  (оқушылар  ұжымы   сайлаған)
құрамынан    тұрып,оқкомның    функциясын     (мектеп     кезекшілігі,үйірме
ұйымдастыру,еңбек істері,жарыс пен олимпиадалар т.т.) атқарады.

    Оқу жылы ішінде  осы  бөліктер  өздерінің  ұстанған  бағыттары  бойынша
қызмет  атқарады.  Мектеп  кеңесі  толық  құрамда  мектеп  өмірінің   елеулі
мәселерін шешеді. Ағымдағы жұмыстарды кеңес төрағасы мен оның  орынбасарлары
басқарады.

   Мектеп кеңесі кең құзырлылыққа ие. Атап айтар болсақ:

    ➢  жаңа  оқу  жылындағы  кадр  ауыс-түйісі  мен  оқу-тәрбие   жоспарының
      ағымдағы және болашақтағы жоспарларын талқылайды;
    ➢ мүдір мен оның орынбасарларының және басқа да мектеп  қызметкерлерінің
      есебін тыңдайды;
    ➢  материалдық  базаны  бекемдеу,  мектепті  жөндеуден  өткізу,  жаңадан
      жүргізілетін құрлыс жұмыстарының жоспарын қарастырады,әрі бекітеді.
    ➢ Шығыстың  жұмсалу  кестесін  қарастырып,арнайы  бөлінген  қарыжылардың
      мақсатты жұмсалуы барысын тексереді;
    ➢ Сыныптан тыс тәрбие  берудің  іс-шараларын  ұйымдастыруға  көмектесіп,
      мектептің санитарлық жағдайы мен  балалардың  денсаулығы  және  өмірін
      қорғауды тексеруді жүзеге асырады;
    ➢ Қиын және аз қамтылған жанұялардан шыққан балалар  мен  жетім  балалар
      және дімкәс ауруларға өз көмектерін көрсетеді;
    ➢ Келісімдік негіздегі оқытуды ұйымдастырады;
    ➢  Шаруашылық-есептегі  қызмет  түрлерін  (кооператив,оқу  цехы,   еңбек
      бригадасы сияқты оқушыларды қоғамдық пайдалы  жұмысқа  тартатын  еңбек
      түрлерін) ұйымдастырады;
    ➢ Қалалық,облыстық  мәслихатың  қарауына  білім  беру  саласына  қатысты
      мектеп дамуы,кадрлық құрамы және қаржы көздері мен демеушілерді  тарту
      туралы мәселелерді ұсынады.
   Әр мектеп өзінің «Мектеп кеңесі туралы ережесін» жасап,онда оның мақсаты,
міндеті, құрылымы және кеңес мүшелерінің құқығы мен  міндеттері  айқындайды.
Ереже  ұстаздардың,  оқушылардың  және   ата-аналардың   жалпы   жиналысында
(конференциясында) бекітіледі.


                       Мектептің педагогикалық кеңесі

    Мектеп кеңесі педагогикалық кеңесті  жоққа  шығармайды,әрі  оның  түрлі
қызметіне өз  кедергісін  тигізбейді.  Егер  мектепте  мектеп  кеңесі  жұмыс
істейтін болса,онда педагогикалық кеңес  негізінен  білім  беру  үрдісіндегі
өзекті  ғылыми-педагогикалық  проблемаларды,мектептің   даму   бағдарламасын
қарастырып,мектеп    басшылығы    мен    мұғалімдерінің    қызметіне    баға
беріп,ұйымдастыру    мәселелері:    оқу    жоспары     мен     бағдарламасын
бекіту,мұғалімдердің жүктемесі мен санаттау  материалдарын  бөлу,оқушылардың
ауыс-түйісі мен сыныптан-сыныпқа көшу  істерін  қарастырып  шешеді.  Қаланың
көпшілік мектептері үшін ең басты міндет  болып,педагогикалық  кеңестің  іс-
әрекетін дамытып, оны деморкратия мен жариялықтың көмегімен жүзеге  асырады.
Осы мақсатта педагогикалық кеңеске  дайындалу  үшін  және  онда  қабылданған
шешімдерді жүзеге асыру жолында мұғалімдерді,оқушыларды  және  ата-ааналарды
іске тартады. Мектепішілік үрдістердің:сабақ  пен  басқа  оқыту  формаларына
қатысу,мұғалімдер,оқушылар,ата-аналар          арасына          сауалдамалар
жүргізу,оқушылардың білім  сапасының  орташа  бағамдалуы  мен  мұғалімдердің
сарапқа   салған   мәселелерді   зерделеуге   қатысына   шағын    зерттеулер
жүргізіледі.











                     Мектептің ғылыми-әдістемелік кеңесі

    Бір   қатар   қала    мектептерінде    әдістемелік    немесе    ғылыми-
әдістемелік(ғылыми  қызметкерлерді  тартумен  )   кеңестер   құрылып,   даму
бағдарламасын ұжымдық негізде жобалаушы «мектептің тұтқасы» болып  табылады.
Ғылыми-әдістемелік  кеңесінің  құрамына:  мектеп  әкімшілігі,  каферлар  мен
әдістемелік  бірлестіктердің  жетекшілері,ЖОО  қызметкерлері   мен   ғылыми-
зерттеу мекемелерінің, мектептің ғылыми жетекшілері енеді.

    Мектептің ғылыми кеңесі педагогикалық кеңестерді, жалпы мектептік  оқу-
тәрбие   іс-шараларын,   біртұтас   әдістемелік   тақырып   бойынша    жұмыс
істеуді,алдыңғы қатарлы озық  тәжірибені  тарату  мен  зерделеуді,кафедралар
мен   әдістемелік   бірлестіктердің    жұмысын    ұйыстыруды,    әдістемелік
кабинеттерді басқаруды    дайындап,жоспарын жасайды.

    Мектеп   кеңесінің,педагогикалық   кеңестің   және   ғылыми-әдістемелік
кеңестің ұйыстыру мен бөлу функциялары төмендегі 1-кестеде беріліп отыр.


                                                                     1-кесте

|Басқару ұйымы      |Өзін-өзі басқару                  |Бірлесе басқару        |
|Мектеп кеңесі      |Шаруашылық-экономикалық мәселерді |Педагогикалық кеңеспен |
|                   |шешу.                             |бірлесіп               |
|                   |Педагогикалық кеңесте оқу         |                       |
|                   |жоспарындағы өзгерістер           |                       |
|                   |туралы,оқушылардың кәсіби бағдары |                       |
|                   |туралы,жекелеген пәндерді         |                       |
|                   |тереңдетіп оқыту туралы           |Педагогикалық және     |
|                   |ұсыныстарды бекітеді.             |ғылыми-әдістемелік     |
|                   |Бір жылдық мектеп жұмысының       |кеңеспен бірлесіп      |
|                   |жоспарын бекіту.                  |                       |
|Педагогикалық кеңес|Оқу-тәрбие үрдісінің даму жолдарын|Ғылыми-әдістемелік     |
|                   |белгілеу. Мектеп педагогтарының   |кеңеспен және          |
|                   |озық тәжірибесін бағалап,алдыңғы  |оқушылардың өзін-өзі   |
|                   |қатарлы мұғалімдер мен педагогика |басқару ұйымымен       |
|                   |ғылымының жетістіктерін өмір      |бірлесіп               |
|                   |тәжірибесіне енгізу.              |                       |
|Ғылыми-әдістемелік |Кеңес жалпымектептік іс-шараларды |Педагогикалық кеңеспен |
|кеңес              |жобалап,сынып жетекшілері мен     |және оқушылардың       |
|                   |мұғалімдерді жан-жақты            |өзін-өзі басқару       |
|                   |диагностикалау қорытындысын       |ұйымымен бірлесіп      |
|                   |қарастыру,педагогикалық           |                       |
|                   |апталықтар,сыныптық-қорытынды     |                       |
|                   |бақылауларды,білім сайыстары мен  |                       |
|                   |байқауларды т.т.өткізуді          |                       |
|                   |жоспарлау.                        |                       |


                      Педагогикалық кеңестердің мазмұны

   Педагогикалық кеңестердің мазмұндық ерекшеліктері олардың  тақырыптарында
көрініс  тауып,қазіргі  педагогиканың  негізгі   делінетін   барша   ауқымын
қамтиды.

Білім  беру  үрдісінің  проблемалары  әдетте,қысқаша  тезис  түрінде   жалпы
педагогикалық  деңгейдегі  қиындықтарды  танытады.   Нақты   бір   мектептің
жағдайында    проблема   тақырыпқа    айналып,оны    талқылаудың    ара-жігі
айқындалады.

   Қазіргі  білім  беру  саласындығы  проблемалық  түсініктердің   мазмұндық
жиынтығын мектеп кеңесінде қорытындыланған  күйде  төмендегідей  модульдерге
бөліктеуге болады:

  А модулі.Оқушылардың білім, дағды, машығы.

    ➢  Білім  беру   мазмұны:статдарт,   бағдарлама,мирасқорлық,   пәнаралық
      байланыстар.
    ➢ Білімді,дағды мен машықты тексерудің формасы мен әдістері.
    ➢ Оқуға үлгере алмаушылықтың ескертілуі мен диагностикасы.
    ➢ Ақыл-ой дамуын аңдау.
    В модулі. Білім беру технологиясы.

    ➢ Білім беру үрдісін дербестендіру мен әр тектілендіру.
    ➢ Оқу материалын қайта құрудың негізіндегі технология.
    ➢ Коммуникативтік негіздегі технология.
    ➢ Басқаруды жетілдіру негізіндегі технология.
    ➢ Дамытушы және өз бетімен дамыта оқыту.
    ➢ Ұжымдық негізде оқыту жолдары.
    ➢ Альтернативті оқыту.
    ➢ Орнын толтыра оқыту технологиясы.
    С модулі. Сабақ.

    ➢ Қазіргі заман сабағына талап.
    ➢ Дәстүрлі емес сабақ формалары.
    ➢ Сабақтағы оқушы әрекетін белсенділендіру.
    ➢ Дамытта оқыту сабағы.
    ➢ Альтернативтік формада оқыту.
    D модулі. Тәлім.

    ➢ Қазіргі жағдайдағы тәлім берудің мақсаты мен мазмұны.
    ➢ Сыныптан тыс жұмыс (қосымша білім беру).
    ➢ Мектеп жағдайында баланы әлеуметтендіру.
    ➢ Мектептің тәлімдік жүйесі.
    ➢ Оқушылардың тәрбие көргендігін бақылап білу.
    Е модулі. Сынып жетекшілерінің жұмысы.

    ➢ Тәлімдік жұмыстардың бағдарламасы.
    ➢ Ұжымдық шығармашылық іс (ҰШІ).
    ➢ Мінезі аумалы-төкпелі балалармен жұмыс.
    ➢ Балалардың өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру.
    ➢ Сынып ұжымын қалыптастыру.
    F модулі. Мектептің дамуы(басқару).

    ➢ Мектептің дамуының бағдарламасы.
    ➢ Педагогикалық экспермент пен даму режіміндегі мектептің жұмысы.
    ➢ Қазіргі заманғы білім беру технологияларын игеру.
    ➢ Оқу-тәрбие үрдісін ықшамдау.
    ➢ Мектеп өмірін демократияландыру.
    G модулі. Шәкірт.

    ➢ Оқушы тұлғасы,түлек үлгісі.
    ➢ Балаларды әлеуметтік қорғау.
    ➢ Педагогикалық жүгенсіздіктен оқушыны қорғау.
    ➢ Шәкірттер денсаулығы.
    ➢ Шәкірттер тұлғасына психо-педагогикалық диагностика.
    ➢ Бейімделу педагогикасы.
    Н модулі. Ұстаз.

    ➢ Мұғалім тұлғасы.
    ➢   Педагогикалық    үрдіске    қатысушылардың    қарым-қатынастарындағы
      адамгершілік ізет.
    ➢ Мәжбүрлемей оқыту іліміндегі тұлғалық әдіс.
    ➢ Ұстаздың шығармашылық шеберханасы.
    J модулі. Ата-ана(жанұя,социум).

    ➢ Бүгінгі жанұялық тәлімгерлік.
    ➢ Балаларды ақтап шығу мен әлеуметтік қорғау.
    ➢ Мектептің ата-аналармен жұмысы.
    ➢ Мектеп,жанұя және қоғамдағы тәлімдік қажыр-қайрат ынтымақтастығы.
    ➢ Әлеуметтік педагогика мен социумды педагогикаландыру.
    F,B,С оқыту үрдісін қамтыса,D мен E-тәрбиені,ал,P-басқаруды,және G,H,J-
модульдері  осы   үрдістердегі   субъекті   мен   объектілердің   арасындағы
проблемаларды қамтиды.

    Күнделікті өмірдегі білім беру үрдісінде осы проблемалардың бәрі  өзара
әрекеттестікте,  қозғалыста  болып  келіп,  өзгеріске   түсіп,бірде   өзекті
болса,енді бірде артқа сырғиды.  Осы  үрдістерді  мектептің  әкімшілігі  мен
әдістемелік қызметі  отырыстар,  семинарлар,  дәрістер,  сабаққа  қатысулар,
мұғалімдермен жеке  дара  сұхбаттасулардың  көмегімен  басқарады.  Туындаған
проблемаларды шешу,басқару мен реттеуінің басты құралы болып,  педагогикалық
кеңес кіріседі.

    Кешенді проблемалардың шешімін табу үшін оның  алдын  алудың  жолы  мен
құралын айқындап,ұзақ уақыттық рұқсат береді,осылайша білім берудің  деңгейі
мен нәтижесін басқарады.

    Мектептің  алдында  тұрған   нақты   тақырып,   педагогикалық   кеңесте
ашылып,күн тәртібіне айналады,оған енетіндері:

    ➢ Осы саладағы озық  тәжірибелер,  талқыланатын  мәселелердің  теориялық
      жағын ашу;
    ➢  Мектеп  тәжірибесінің  (диагностикалық   нәтижесі,анкеталық   талдау,
      сабақтардың  мысалы т.т.) ахуалы;
    ➢ Оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуге шолу;
    ➢ Қозғалған мәселелер бойынша тапсырма (рекомендация).
      Күн   тәртібіне   қойылып   талқыланатын   тақырып    пен    мәселенің
түсіндіндірілуі проблемалық,ықшам әм ұғынықты болып келуі шарт.


                Педагогикалық кеңестердің мазмұнын жоспарлау

      Әр  мектептің   педагогикалық   кеңесінің   өзіне   тән   технологиясы
болғандықтан жоспарлаудың үш үлгісінің бар екендігі айқындалады:

 1. Ықшам-модульді технологиялық жоспарлау мектеп үшін ең өзекті әлеуметтік-
    педагогикалық проблемаларға(бір оқу жылы аясында таяу  перспективаларды
    жүзеге асыруға) бағдар ұсталады.  Мектеп  айналысып  жүрген  тақырыптың
    өзіндік  ерекшеліктері   ескеріледі.   Осы   жолда   жұрттың   назарына
    педагогикалық кеңестің мазмұнындағы бірді-екілі модуль ғана ілінеді.
 2. Педагогикалық кеңес  басқа  да  басқару  құралдарымен  бірге  стратегия
    модулінің   өзгеруіне   байланысты   дербес   әдістемелік    деңгейдегі
    технологияларды қолданады. Бұндай үлгіні басшылыққа алуда педагогикалық
    кеңесте орта-перспективалық жоспарлауға бағдар ұстанып,жақын 2-3 жылдың
    бедеріндегі негізгі проблемалар қарастырылуға алынады.
 3. Мектептегі педагогикалық кеңестің өзі негізгі  жүйе  түзуші  құрылымдық
    құрал ретінде келіп,мектептің даму бағдарламасын  жүзеге  асыра  алады.
    Бұндай үлгі  стратегиялық,  ұзақ  мерезімдік  (3-5  жылға)  жоспарланып
    ,диагностикалық негізде  алысты  болжап,мектеп  өміріндегі  проблемалар
    тудыратын барша  өзекті  мәселерді  қамти  алушылыққа  есептелінген,әрі
    олардың әр кезеңдегі даму барысын қалт жібермей отырады.
    Бірінші   модель  өзектіліктен  туындап,ең  алдымен,  нақты   мектептің
әлеуметтік  тапсырысын,  жоғары  тұрған  ұйымның  бұйрығын  ескереді,сонымен
бірге,оқу-тәрбие жұмысындағы  бүгінгі  күннің  шынайы  проблемаларын  есепке
алады. Бірақ та педагогикалық кеңестер нақты  жағдайдағы  толғақты  мәселеге
ғана  жауап  беріп,мұрагерлік  талаптарға  жауап  бермегендіктен  жүйе  түзе
алмайды,әрі болжамдық функцияларды атқармайды,сол себепті де,  мектеп  дамуы
үшін аса қолайлы бола қоймайды.

    Екінші модуль оған қарағанда көш ілгері,білім берудің үрдісінің  дамуын
жоспарлы түрде ұйымдастырып,оны  ұжымдық  негізде  зерделеулер,  талқылаулар
мен қоғамдық байыптауды туғызады.

    Оқу жылы педагогикалық кеңестің кезеңдерін анықтайды. Оқу  жылының  өте
жиі қолданыланылатын кезеңі бестік құрамнан тұрады:

    ➢ сараптама-жоспарлаушы педагогикалық кеңес  тамыздың  аяында  жаңа  оқу
      жылы басталғанға дейін  өткізіліп,өткен  жылдың  қорытындысына  талдау
      жасалынып,алда   тұрған   проблемалардың    шешілу    жолына    бағдар
      ұстанып,жоспар қабылданады;
    ➢ екінші,үшінші,төртінші педагогикалық  кеңестер-аралық  қорытындылармен
      тақырыптас;
    ➢     бесінші     қорытынды-ұйымдастырушы.     Онда     оқу      жылының
      қорытындысы,емтиханға   жіберу,келесі   сыныпқа   көшіру   және   т.б.
      қарастырылады.
    Осындай құрылымы бар педагогикалық кеңес бір оқу жылында тіпті  негізгі
проблемалардың өзін қамти алмайды. Сол себепті, тақырыпты алыс кезеңге  орай
жоспарлау қажеттілігі туындайды.  Мысалға,екі  жылға  негізделініп  жасалған
педагогикалық  кеңестің  мазмұнының  логикалық  дамуы   төмендегідей   болып
құрылуы мүмкін:

  Бірінші жыл:

    ➢ Мектептің даму бағдарламасы(F модулі,даму бағдарламасын  талқылау  мен
      жобалау).
    ➢  Бала  тұлғасына  деген  жаңа  көзқарас  негізінде  оқушылардың  білім
      сапасын арттыру (A+G).
    ➢ Сынып жетекшілерінің жұмысы(D+E).
   Екінші жыл:

    ➢ Қазіргі заман сабағы және мұғалім шеберлігі(C+H).
    ➢ Қазіргі заманғы білім беру технологиясы(B).
    ➢ Мектептегі тәрбие жүйесі,тәрбие берудегі ата-ана рөлі(D+J).
   Бірінші   қосымшада   педагогикалық   кеңестің   екінші   үлгі    бойынша
жоспарлауының мысалы берілген.

   Бұлардың  ішіндегі  ең   тиімдісі   жоспарлаудың   үшінші   үлгісі   онда
педагогикалық кеңестің мазмұны мектеп таңдап  алған  даму  бағытын  (жүйелік
өзгерістің  стратегиясын)  жүзеге  асыру  үшін  жүйе  түзуші  фактор   болып
табылады. Бұл жағдайда педагогикалық кеңестің  барлық  проблемаларын  жүйелі
қамти алған кезең бірнеше жыл ішінде қайталанып  келгенімен,бәрі  бір  әрбір
айналып  соққаны  сайын  проблеманы  бұрынғыға  қарағанда  жоғары   деңгейде
қарастырып отырады. Бір педагогикалық кеңестен екіншісіне дейін аралықта  әр
тақырып   дамып,   мұрагершілік   рет,ықшамдалу   принципі(аз   күш   жұмсай
отырып,жоғарғы жетістіктерге қол жеткізу) сақталынады.

   Бастапқы деңгей проблеманы әрбір модульде қарастыру педагогикалық ұжымның
білім  беру  деңгейіне,олардың  біліктілік  тәжірибесіне   (еңбек   өтіліне)
жасалған диагностикасы арқылы анықталады.

   Біліктілік құрамы туралы диагностиканы ТМД аймағында  Я.С.  Турбовскийдің
әдісі  негізінде  шарты  түрде  анықтап  жүрміз.   Ондағы   жалпы   сараптау
талдамасының  нәтижесі  мұғалімдердің  білімі   мен   дағды-машығының   орта
деңгейін анықтауға мүмкіндік береді де,оның  негізінде  педагогикалық  кеңес
тақырып таңдауда өзіндік бағдар ұстана алады.Көп көлемді  алшақтауда  ұжымды
2-3 топқа  бөліп  тастаған  орынды.  Сол  арқылы  жүйелі  әдістемелік  жұмыс
істеп,деңгейлерін бірдейлестіруге болады.




                                   Қосымша
                                                                     2-кесте
   Мазмұндық модульдер мен педагогикалық ұжымдардың біліктілік деңгейінің
            тақырыптарының педагогикалық кеңсестерде жоспарлануы

|деңгейлер   |                                                                   |
|            |Деңгейлер                                                          |
|Жиынтық     |                                                                   |
|үлгілер     |                                                                   |
|            |             |               |           |             |          |
|            |І            |ІІ             |ІІІ        |IV           |V         |
|A           |Стандарттар, |БДМ-ны         |Артта      |Жалпы        |Ақыл-ой   |
|БДМ         |бағдарлама-  |бақылаудың     |қалушы-    |оқулық       |дамуын    |
|            |лар,         |формасы мен    |лықтан     |БДМ қалып-   |бақылап   |
|            |мұрагерлік   |әдістері       |сақтандыру |тастыру      |отыру     |
|            |             |               |және       |             |          |
|            |             |               |диагностика|             |          |
|B           |Әр тектендіру|Оқу материалын |Коммуникат-|Басқаруды    |Дамыта    |
|Қазіргі     |мен          |қайта құру     |ивті       |игеруді      |оқыту     |
|білім       |дербестендіру|технологиясы   |негіздегі  |жетілдіру    |          |
|беру        |             |               |технология |технологиясы |          |
|технологиясы|             |               |           |             |          |
|C           |Қазіргі      |Интеграл       |Дәстүрден  |Дамыта оқыту |Сабақтан  |
|Сабақ       |заманғы      |сабақтар       |тыс        |сабақтары    |тыс оқыту |
|            |сабаққа      |               |үлгідегі   |             |формалары |
|            |талап        |               |сабақтар   |             |          |
|D           |Сыныптан тыс |Оқу үрдісіндегі|Тәрбиенің  |Мектеп       |Мектептің |
|Тәрбие      |жұмыс түрлері|тәрбие         |мақсаты мен|жағдайындағы |тәлімдік  |
|            |             |               |мазмұны    |әлеуметтендір|жүйесі    |
|            |             |               |           |у            |          |
|E           |Тәрбие       |ҰШІ әдіснамасы |Кемістігі  |Балалардың   |Сынып     |
|Сынып       |жұмысын      |               |бар        |өзін-өзі     |ұжымының  |
|жетекшісі   |жоспарлау    |               |балалармен |басқаруы     |қалыптасуы|
|            |             |               |жұмыс      |             |          |
|F           |Даму         |Қазіргі заманғы|Даму       |Оқу-тәрбие   |Болашақ-  |
|Мектеп дамуы|бағдарламасын|білім беру     |кестесіндег|жұмысын      |тың       |
|            |жобалау      |технологияларын|і мектептің|ықшамдандыру |мектебі   |
|            |             |игеру          |жұмысы     |үрдісі       |          |
|G           |Педагогикалық|Тұлғалық амал  |Бала       |Бала құқы    |Баланы    |
|Бала        |дөкірліктен  |               |денсаулығы |             |әлеумет-  |
|            |қорғау       |               |           |             |тендіру   |
|H           |Педагогикалық|Мәжбүрлемей    |Ұстаз      |Авторлық     |Педагогик-|
|Ұстаз       |             |оқыту          |тұлғасы    |әдістемелер  |алық      |
|            |әріптестік   |               |           |             |шеберлік  |
|J           |Мектептің    |Баланы         |Жанұялық   |Тәрбиелеу    |Әлеуметтік|
|Ата-аналар  |ата-аналармен|әлеуметтік     |тәрбие     |ісіндегі     |педагогика|
|            |жұмясы       |жағынан қорғау |           |ынтымақтастық|          |


      Қосымшада берілген 2-кестеде педұжымды бес бастауыш  кезеңде  (олардың
нөмірленуі  жыл  бойынша  уақыттық  кезеңмен   басқышталып   беріліп   отыр)
педкеңестің  тақырыбы  етіп  жоспарлаудың  нұсқасын  беріп  отырмыз.  Оларға
педагогикалық кеңес проблематикасының барлық тоғыз  үлгісі  (БДМ,білім  беру
технологиясы,сабақ, тәлім,сынып жетекшісі, даму,бала, ұстаз, ата-ана)  түгел
еніп отыр.

    Педагогикалық кеңестің ілкі жоспарлық ұстанымы ұжымның даярлық деңгейін
анықтау болып саналады.  Егерде  ол  төменгі  (бірінші)  кәсібилік  деңгейде
тұрса,педагогикалық кеңестің жүйеленуі кестенің бірінші бағаны бойынша:

    A1-B1-C1-D1-E1-F1-G1-H1-J1 түрінде келеді.

    A1...J1 кезеңінен  кейін  барып,  A2...J2  түрінде  келеді  т.т.  басқа
жағдайларда ұжым даярлығы түрлі деңгейде, әр  түрлі  үлгілердің  проблемалық
жүйеленуінен   тұрар   болса,онда   мысалға:   A3-B2-C1-D1-E1-Е4-F1-G2-H1-J1
түрінде  болып  келеді.  Нақты  жағдайға   байланысты   аталған   мұғалімдер
диагностикасы кейбір тақырыпты педагогикалық кеңесте талқылау  үшін  олардың
басын қосуы  мүмкін  немесе  керісінше,нақыланып  алынған  соң,  екі  немесе
бірнеше отырысқа арқау болуы да  әбден  ықтимал.  Біз  бұрыннан  айтып  келе
жатқанымыздай,педагогикалық кеңестің жылдық кезеңі өз бойына  жылдық  ойлану
іс-әрекеті  мен  жаңа  жылдық  кезеңдегі  алғашқы  талпынысты  (ұйымдастыру-
теориялық кіріспені) сіңірген.

    Стратегиялық жоспарлаудың  басқа  нұсқасы(жүйелік  өзгеріс)жобалау  мен
дамудың  авторлық  үлгісінің  ары   қарайғы   жүзеге   асырылуын   танытады.
Педагогикадағы  авторлық  үлгі  дегеніміз-  автордың(ұжымның)   білім   беру
үрдісінде жобалап жасап шыққан төлтума,  білім  беру  тәжірибесінің  аталған
жағдайдағы,өзіндік жаңа енгізілімі болып табылады.

    Авторлық  өзіндік  ерекшелік-заманауи   мектепке   тән   өзгешелік;оның
қалыптасып дұрыс жолға қойылуы педагогикалық кеңестер технологиясында  үлкен
рөл  ойнайды.  Технологиялық  кезең  бұл  нұсқада   бастапқы   педагогикалық
кеңестен бастау  алып,мектеп  даму  бағдарламасын  жобалауға  арналады.  Жыл
бойынша  толысып,стратегиялық  жоспарлауды  оқу-тәрбие  ісінің  инновациялық
аяда  игерілуімен  байланыстырылады.  Семей  қаласындағы  біраз  мектептерде
жылдар   бойынша   дамуды   жоспарлау   өзара   байланыстағы   үш   бағытпен
айқындалаған:

 1. Бала ынтасына байланысты әр текті оқыту.
 2. Өнермен тәрбиелеу.
 3. Бала туралы әлеуметтік-педагогикалық қызмет.
    Қолымызға түскен қаламыздың алдыңғы қатарлы  ұстаздарының  материалдары
негізде авторлық  тұжымдар  мен  тәжірибелердің  мектептерімізге  еніп  келе
жатқаны   көңілімізді   қуантады.   Тақырыпты   түйіндеу   мынандай   келелі
мәселелерді алға тартады: өте маңыздылық, шешім табу  қиыншылығы  және  оған
шынайы қол жеткізуге болатындық.


          Педоггикалық кеңестегі жоспарлауларға қойылатын талаптар

    Бірінші   үлгі(бірінші   деңгей)    технологиясы    аясында    мынандай
талаптар:белсенділік, практикалық мәнділік,жалпыға ортақ  тақырыптар,сонымен
бірге,заманауилық пен ғылымилық  көрініс табуы керек.

Өзектілік тақырыбы қаралатын  педагогикалық  кеңестерде  психо-педагогикалық
диагностикаға  сүйенген   бала   мен   мұғалімдер   ұжымының   ахуалы,ондағы
әлеуметтік-саяси,әлеуметтік-экономикалық   жағдайды   ескерген   әлеуметтік-
педагогикалық қалып есепке алынады.

    Өзектілік-өзінің  мәнісі  бойынша-  мектептің   негізгі   проблемаларын
қазіргі заманғы деңгейде шеше білу. Мысалы,егерде  тап  бүгін  педагогикалық
кеңес талқысына мұғалімдердің өз бетімен білім толықтыру мәселесін  төтесіне
қоя отыра,қазіргі таңда педагогикалық  өмірге  еніп  жатқан  жаңаны  айналып
өтер болсақ,онда еш нәрсеге тұщынтып қол жеткізе алмаймыз. Сол  себепті  де,
педагогикалық кеңеске ұсынылатын тақырып қашанда заманауи, әрі  дер  кезінде
қойылуы қажет.

    Ұжымның белгілі бір бөлігіне ғана  тән  жеке  мәселерді  өзеурей  отыра
педагогикалық кеңесте қарату ақылға сыйымды  дүние  емес.  Бұны  баса  айтып
отырған себебіміз,педагогикалық кеңесте баршаға ортақ,  маңызды  проблемалар
қаралу керек.Жеке бастық тақырыптарды көптің  талқысына  салып,шала  бүлініп
жатпай әдістемелік бірлестіктердің отырысында  немесе  сынып  жетекшілерінің
семинарларында  шеше  салуға  әбден  болады.  Мысалға,білім  сапасын  жоғары
деңгейге  көтеру  туралы  мәселені  әдістемелік   бірлестіктердің   қарауына
берсек,әбден мезі қылған қайталанушылықтардан бірте-бірте құтыла  бастаймыз.
Оның есесіне барша пән  мұғалімдеріне  ортақ  бұрындары  қарастыруға  уақыты
түскір жетіңкіремейтін таза педагогикалық мәселелердің шешімін табумен  басы
бүтін айналыса бастайтын боламыз.  Осындай  жауыр  тақырыптардың  бірі-сынып
жетекшісінің тоқсан сайын тақылдайтын есебін сынып  жетекшілері  семинарының
еншісіне беріп,таза ұжымдық ой алмасуына мүмкіндік беретін өзекті  мәселерді
ғана педагогикалық кеңес тақырыбы ретінде  белгілеп  отырсақ,  көп  нәрседен
ұтар едік. Өйткені, ұжымның пікірі,педагогикалық кеңес шешімі мектеп  тыныс-
тіршілігін жақсартады  сонда,егер  ондағы  қарастырылатын  мәселелер  жұртың
бәрі үшін өзекті болатын болса,ұжымдық талқыға түсе алады.

    Тақырыпты  таңдау  міндетті  түрде  ғылымилыққа  жауап  беруге  тиісті.
Талқыланатын   проблеманың   ғылыми-теориялық    деңгейі    психо-педагогика
ғылымының     (монографиялар,мерзімдік      әдебиеттермен      танысу,ғылыми
конференцияларға,оқуларға т.б. қатысу) іліми жетістіктерін  алдымызға  жайып
салады. Пікір алмасқан  кезде  ең  пайдалысы  әрі  педагогикалық,әрі  аралас
ғылымдардағы: психология,әлеуметтану,физиология  ой-пікірлерді   пайдаланған
тиімді,әйтпесең өзге жұрт сенің не айтып,не қойғаныңды  қайдан  білсін,түкті
түсібей иығын  бір  қиқаң  еткізеді  де  қояды.  Бар  болғаны  сол.  Сонымен
мектептің  өмір  тәжірибесінде  ғылыми  негіздегі  ұсыныс   қашанда   көптің
көңілінен шыға отыра, өз орнын таба алуы шарт.

    Жоспарлаудың екінші үлгісі өте жоғары  деңгейге  ие  болып,  тақырыптың
алысты  болжағыштығы  /перспективті/   мен   жалағастылығын   бізден   талап
етеді.Бір  күндік  сәнге  айналған  тақырыптарға  жалғастылық   пен   алысты
болжағыштың шапанын кигізіп,бостан-босқа тыраштанудың еш қажеті жоқ.

    Перспективалық дегеніміз-бұл үлгінің болашағы «орта перспективалық»(2-3
жылдық) аяны қамтып,осы ауқымда  жалғастылықты  сақтай  отыра  дамуға  бағыт
ұстану.  Бұл  дегеніңіз:тақырыпты  таңдай  отырып,оның  өткенмен  байланысын
жойып алмау деген сөз. Осы орайда  ұжымда  қалыптасқан  мол  тәжірибеге  иек
сүйей,ондағы қалыптасқан көзқарас пен пікірді  есепке  ала  отырып,бұрындары
қаралған мәселеге  жаңа  қырынан  қайта  оралу  қажет.  Өйткені,  бір  қатар
мәселелер араға  уақыт  салып,педагогикалық  кеңесте  қарастырылып  отырады.
Жоспарлаудың міндеті-осы үрдіске дамытушылық сипат беру.

    Тіпті бұдан да жоғары талап қойылатыны- педагогикалық кеңесті мектептің
даму негізі ретінде жоспарлау.

    Концептуальдылық       педагогикалық       кеңестерді       жоспарлауға
қолданылып,мынандай        тақырыптарды         :философиялық,психологиялық,
дидактикалық,әлеуметтік-педагогикалық   ұстанымдарды   алдымызға    тартады.
Тақырып мектептің даму концепциясымен  қабысуы  керек.  Педагогикалық  кеңес
қашанда  дискуссияны,пікірлер  алуандығын,  түрлі  концепциялар   арасындағы
ымырашылдықты     ұсынып,оны     жоспарлау     барысында     белгілі     бір
концептуальдылықтың жібі үзілмей сақталып отыруға тиісті. Ол  сонымен  бірге
мектептің даму бағдарламасына сай келуі де шарт.

    Жүйелілік, жүйелік әдіс-педагогикалық кеңесті жоспарлаудың  әдіснамалық
негізі. Жүйенің  әдіснамалық  нышандары  дегеніміз-құрамының  тұмастығы  мен
объектінің  құрылымы;   бөліктердің   біртұтас   болып   бірігуінің   ақылға
сыйымдылығы мен заңдылықтары,объектінің қоршаған ортамен байланысы.

    Педагогикалық     кеңестердің      жүйелік      тұтастығы      мақсатты
бағдармен,мектептің  білім  беру  технологиясының  өзара  біте  қайнасуымен,
оқушылар құрамымен, әдіснамалық нормативті  базасымен  және  оқу-әдіснамалық
қызметпен қамтамасыз  етіледі.  Ал,педагогикалық  кеңестер  мазмұнының  ұзақ
мерезімдік    стратегиялық    жоспарлануында    педагогиканың    классикалық
принциптері:   мазмұнның   ғылымилығы,    жүйелілік    пен    бірізділік,қол
жетімділік,саналылық,дербестік ерекшелікті ескеру  ,теория  мен  практиканың
байланысы,оқу  мен  тәрбиенің  тұтастығы       шынайы   қолданылып,енгізіліп
отырады. Ең  соңында,үшінші  нышан  мектептің  қолда  бар  нәтижесін  ескере
отырып,оның  әлеуметтік  тапсырысы   мен   социуммен   байланысы   негізінде
танылады.

    Педагогикалық кеңесті жоспарлауда негізгі құжат болып,  мектептің  даму
бағдарламасы табылады. Перспективалы жоспарлау кезінде модульдердің  мазмұны
педагогикалық  кеңесте   қарастырылып,   талқыға   түседі   де,белгілі   бір
жүйелілікпен 3-5 жылдың көлемін қамтиды.

    Біз  жоғарыда  санамалап  көрсеткен  талаптардың  баршасының  орындалуы
мәселелік-бағдарлық   талдамаға,   диагностикалық    мақсатты    ұйғарылымға
педагогикалық кеңестен кейінгі болып өтетін  болжамдау  үрдісіне,нәтижелерді
тексеру мен  олардың  келесі  түзетіліп  отыруына  тірек  болуды  қамтамасыз
етеді.

                 Педоггикалық кеңестің формасы мен әдістері

          Әдістері мен формасы бойынша  педкеңестердің типологиясы

    Әдіс дегеніміз-ақиқатқа қарай жол тартудың амалы. Оқыту және тәлім беру
әдістері  білім  беру  мақсатына  қол  жеткізу  үшін  іс-әрекеттің  тәртіпке
келтірілген амалы ретінде қатынасқа  түседі.  Форма  өз  кезегінде  мазмұның
ішкі ұйысуы ретінде,технологиялық кезеңдердің  құрылымдық  үзіктері  ретінде
жүйенің   бөліктері   мен   тұрақтанған   байланысуларын    танытатындығымен
ұғындырылады.

                                                                     Қосымша

| Педагогикалық кеңестің(түрі мен формасы)    |





                    Даярлану мен өткізу әдістері бойынша


|Дәстүрлі    |
|емес        |

|Дәстүрлі    |
|классикалық |
|Дәстүрлі    |
|тиімділікті |











                          Формасы(дәстүрлі) бойынша



|Баяндама     |      |Баяндама    |     |Хабарла-  |  |Проблем-    |
|талқы        |      |жасау       |     |малар     |  |алық        |
|             |      |            |     |топтамасы |  |топ         |
|             |      |            |     |          |  |жұмысы      |
|             |      |            |     |          |  |негізінде   |


                Оқу-тәрбие үрдісіндегі рөлі мен орнына қарай



Тактикал-
ық,
стратегия-
лық | |Бастап-
қы, ғымда-
ғы,қорыт-
ынды,жұмыс | |Тоқсан-
дық,
жарты
жылдық,
жылдық | |Кезектен
тыс | |Тексеру,
бақылау
т.б.қоры-
тындысы
                                                                  бйынша | |

                              2-сурет. Педагогикалық кеңестердің типологиясы

    Педагогикалық кеңестің көмегімен мектеп дамуын басқарудың  технологиясы
ұжымға әсер ету  нәтижесін  айқындайтын  түрлі  әдістері  және  формаларымен
ерекшеленеді. Осындағы әдіс  пен  форма  дегеніміз-мұғалімдер,оқушылар  және
ата-ананың  жоғарғы  белсенділігін  қамтамасыз  ететін   ұйымдасқан   тетік.
Педагогикалық кеңесте қолданылатын технологиялардың әдістері  мен  формалары
және білім беру үрдісінде қолданылып жүрген әдістері мен формалары  арасында
тығыз  ұқсастық   бар.   Осылайша,педкеңестің   жұмысында,сондай-ақ,   оқыту
үрдісінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:

а) сұхбаттық әдістер (дәріс  ,әңгіме,түсіндіру  ,дискуссия,сұхбат,  кітаппен
жұмыс);

ә)  көрнекілік  әдістер  (салынған   көрнекілік,фото-,кино-,телематериалдар,
компьютерлік құралдар);

б)    амалиятық    әдістер(мұғалімдердің    іс-әрекеті,қилы    жағдайлардағы
үлгілер,оқу-тәрбие   үрдісіндегі   мұғалімнің    іс-әрекеттік    тәжірибесін
бақылау).

    Бұлардан басқа  түсіндірмелі-иллюстративтік,тиімді-өнімді  проблемалық,
ізденушілік, зерттеушілік, шығармашылық әдістердің түрі бар екенін естен  еш
шығарағанымыз   жөн.   Педагогикалық   кеңестердің   өткізілу,яғни,жүргізілу
формасы  біршама  түрде  оқыту  формасымен  қабысады.  Педогогикалық   кеңес
дәстүрлі жағдайда ең алдымен көпшілік жиын  және  іскерлік  бас  қосу  болып
табылады.

    Алдыңғы қатарлы  қала  мектептерінде  педагогикалық  кеңестердің  түрлі
форма мен  әдістерінің  қолданылуы  қилы  технологиялық  нұсқада  қалыптасып
отыр(2-сурет). Осының негізінде педагогикалық  кеңестерді  үш  топқа  бөлуге
болады:

    ➢ Дәстүрлі(авторитарлық,догмалық);
    ➢ Заманауи тиімділік(жаңарған,қайыра құрылған) не  ана,не  мына  жағынан
      педагогикалық кеңестердің жаңғыртылуы;
    ➢    Дәстүрлі    емес(альтернативті)    альтернативті     білім     беру
      технологияларына сай келетін.
    Дәстүрлі    педагогикалық    кеңестер    басым    көпшілік     жағдайда
сөздік(сұхбаттық)  әдістерді  көбірек  қолданушылығымен,дәстүрлі   мазмұндық
сипатымен,  басшылықтың  қарауындағыларымен   авторитарлық   стильде   жұмыс
істеуімен  ерекшеленді.  Осы  педагогикалық  кеңестерге  қатысушылардың  іс-
әрекетін ұйымдастыру  мен  формаларында  ең  алдымен,мынандай  технологиялар
бөлініп  шығады:  талқылау  баяндамасы,мәселелік  баяндамалары  және   маман
шақыру  арқылы  оқылатын  баяндамалар  негізіндегі  дәстүрлі   (классикалық)
әдістер.

    Осымен қатар кеңес отырысында негізгі баяндама  жасалмайтын  болса,онда
оны бір тақырып аясына топтасқан хабарламалар топтамасы алмастырады.

    Дәстүрлі педагогикалық кеңестің қазіогі замандық  тиімділікті  формасы-
педагогикалық  кеңестің  семинар-практикумы  болып  табылады.  Бұл   семинар
мұғалім  біліктілігін  арттырудың  топтық   сабағы   ретінде   өткізіледі.Ол
өткізілердің  алдында  әңгімеленуге  арналған  сауалдар  күні   бұрын   жұрт
назарына    ілініп,құлағдар    етілінеді.Педагогикалық    кеңес    барысында
сұхбаттасушылар емін-еркін қатысулары үшін оған қатысуға дайындық алдын  ала
зерделеуді-оқуды,конспектілеуді талап етеді.  Шешендер  өте-мөте  даярлықпен
келуі шарт,өйткені,егер көтерілген  мәселе  жаңа  болып,пікір  таластар  мен
сауалдар туа қалса,жауап беруге қашанда дайын тұруға тиіс.

    Осыдан  кейін  барып,қандайдабір   мәселе   мен   проблемаға   арналған
тәжірибелік сабақ курсы өтеді.Дәстүрлі сөздік-логикалық педагогикалық  кеңес
өз   қызметіне   мұғалімдердің   іс-әрекетін    тиімділендірудің    формасын
ұйымдастыратын: ашық сабақ немесе іс-шараларды;сабақ үлгілерін  көрсету  мен
іс-шараларды;бейнематериалдарды   қолдануды;   оқушылардың   іс-әрекетіндегі
білім беру үрдісінің нәтижелерін көрсетуді енгізеді.

    Соңғы он-он бес жылдың ішінде кең қолданысқа ие  болған  дәстүрлі  емес
педагогикалық  кеңестер  арасынан  мыналарды  бөліп  атауға   болады:ұжымдық
шығармашылық    жұмыс    формасындағы    іскерлік     ойындар,     «дөңгелек
үстел»,диспут,дискуссия, конференция,педагогикалық  консилиум,  шығармашылық
есеп,тұсау кесер,байқау, аукцион, фестиваль т.т.

    Педагогикалық  кеңес-іскерлік  ойын-қатысушыларына  белгілі   бір   рөл
бөлініп берілген  білім  беру  формасы  болып  табылады.   Іскерлік  ойындар
адамдар арасындағы күрделі қарым-қатынастарды шешіп және  талдай  алуға,оның
зерделенуіне тек қана дұрыс шешім қабылдау ғана емес,сонымен  бірге  адамның
мінез-құлығы  да  ат  салысатындығына:дауыс   әуезесі,дыбыс   ырғағы,бет-жүз
өзгерісіне де үйренеді.Осындай іскер ойынның бірі-«Ой атойлату».

    Педагогикалық кеңестегі ҰШІ (ұжымдық  шығармашылық іс) формасы  белгілі
бір мақсатқа қол жеткізу үшін барша мұғалімдерге белсенділікпен  ынтымақтаса
жұмыс істеуді ұсынады.  ҰШІ  іздемпаздық  белсенділігі  мен  теориялық  және
практикалық проблемалардың түйінін шешу  жолында  жаңашылдықты  таныту  үшін
қолданылады. Осындай лайықты формалар болып:

    ➢ ұжымның барша мүшесінің күш-қайрат біріктіруін  талап  етуші  мақсатты
      бәрінің бір кісідей түйсінуі;
    ➢  еңбек  бөлінісі;іс-әрекет  үрдісінде  ұжым  мүшелері  арасында  өзара
      түсіністік қарым-қатынасы орнайды;
    ➢ ұжым мүшелерін бақылауды жарым-жартылай жүзеге асыру;
    ➢ тақырыпқа ынтықтыратын ілкі алғышарт- әріптестердің іскерлік  араласуы
      болып табылады.
    Педагогикалық  кеңес-диспут,дискуссия.   Диспут  (ғылыми  пікір  талас)
дегеніміз-белгілі  бір  проблеманың  шешімін  табуда  ғылыми  ақиқатқа   қол
жеткізу үшін түрлінше пікір ала-құлалығын тоғыстыратын  әріптестік  формасы.
Педагогикалық  кеңес-дискуссия  ұжымның  мұғалімдеріне(немесе  бір   бөлігі)
әлдебір сауал  төңірегінде  өзінің  ішкі  пікірін  білдіріп,басқалардың  ой-
пікірімен танысуын  ұсына алады. Педагогикалық кеңес-диспуттың  қатысушылары
бір-біріне қарама-қарсы алақотан отырады,өйткені бұлай  отырудың  мәнісі  әр
тарап  өз   ойын   тықпалап,қарсыластарына   дау   айтуына   қолайлы   болып
келгендіктен.Әр тарап пікірлер тоғысынан бәрінің  көңілен  шығатын  тоқтамды
пікір өмірге келеді. Дискурссияның түр ерекшелігі  болып  «дөңгелек  үстел»,
«пәлсапалық үстел» т.т.формалар жатады.

    Педагогикалық  кеңес-консилиум  белгілі  бір  сыныппен  жұмыс  істейтін
педагогтардың жұмысын  үйлестіріп,белең  алған  қиындықтың  себебін  анықтай
отыра,оның шешімін табудың жолын іздестіру  үшін  өткізіледі.  Педагогикалық
кеңес-консилиум ұстаздар қауымы үшін оқушылар туралы  білімді  жан-жақты,өте
объективті   етіп,шәкірттерге   деген   дербес   әдістерінің   тәжірибесімен
алмасуларына жәрдем етеді.

    Педагогикалық  кеңес-шығармашылық  есеп  беруде  жеке  мұғалім   немесе
кафедра  (әдістемелік  бірлестік)   алдыңғы   қатарлы   озық   тәжірибелерді
жинақтап,олардың  ішіндегі  оқыту  мен  тәлім  беруді  жетілдіру   жолындағы
тиімділігі жоғарыларын іріктеп алады. Соның негізінде  жеке  мұғалімнің  іс-
тәжірибесі баршаның ортақ қазынасына айналады. Осындай  педагогикалық  кеңес
түрі-мұғалімдердің әдістемелік деңгейін көтерудің маңызды  амал-тәсілдерінің
бірі болып табылады.

    Педагогикалық        кеңес-тұсау        кесер(презентация)         жаңа
бағдарламаларды,оқулықтарды,оқу   кабинеттерін,   белгілі    бір    проблема
турасындағы жаңа  тәжірибелермен  ресми  таныстыру  үшін  өткізіледі.  Тұсау
кесердің мақсаты-жиналған  ұстаздар  қауымын  әлденеге  көңіл  аудартып,жаңа
бастамалармен таныстыру,оған қоғамдық баға беру болып табылады.

    Педагогикалық кеңес-байқау өз алдына  педагогикалық  ұжымдағы  шеберлік
байқауларының қортындысы мен қатысушылар  арасындағы  ең  үздіктерін  таңдау
мақсатын қояды. Ол үшін алдын ала байқау өткізудің ережелері мен  жағдайлары
жобаланып,қорытынды шығару жолдары ойластырылады.

    Педагогикалық   кеңес-конференция   мектеп   мұғалімдерінің    белсенді
қатысуымен қойылған тақырыпты  жан-жақты  терең  білгірлікпен  аша  білулері
үшін  қойылады.  Ұстаздардың  өз   тәжірибелерімен   шығармашылық   алмасуы-
педагогикалық кеңес-конференцияның мәнісі болып табылады.

    Педагогикалық  кеңес-аукцион  ұстаздар  тарапынан   ұсынылған   белгілі
мәселелерге қатысты көптеген идеяларды  (әдіснама,  әдістемелік   амалдарды)
қарастырады.  Мұғалімдер  олардың  ішіндегі  өмірге  икемді,назар   аударуға
тұрарлық,  шынайыларын  «сатып  алады».  Кейде  педагогикалық  кеңес-аукцион
«жобаны қорғау» түрінде өткізіліп, ұстаздардың  бастамасы  мен  шығармашылық
ізденістері марапатталып отырады. Қатысушыларды бір-бірін көріп  отыру  үшін
«үшбұрыш» түрінде орналасқан үстел басына  отырғызылады.  Бұндай  отырғызылу
басшылардың(әділ  қазылардың)   іс-әрекетін  қатысушылардың   айқын   танып-
білуіне септеседі.

    Педагогикалық  кеңес-фестиваль  жетістіктерді  кең   көлемді   қоғамдық
негізде таныту үшін мерекелік  салтанатты  сипатта  форма,әдіс,амал-тәсілдер
және оқыту құралдарын түрлі көркемдік безендіру жағдайында өткізіледі.

Педагогикалық кеңес өзінің қатысушылар құрамы  жағынан  тұрақты(оған  барлық
педагогикалық    ұжым     қатысады),кеңейтілген(оқушы,ата-аналардың     т.б.
қатысуымен),   біріккен   басқа   педагогикалық   ұжыммен   бірлесіп    және
шағын(шектеулі адамдардың қатысуымен) болып келеді.

    Педагогикалық   кеңестің   тұрақты   құрамы   «Жалпы   білім    беретін
мектептердегі педагогикалық кеңес  туралы  ережемен»  бекітілген  және  оның
құрамына бүкіл педагогикалық ұжым кіреді.

    Кеңейтілген педагогикалық кеңеске шефтік  көмек  көрсетуші  ұйымдар,ЖОО
оқытушылары,   ата-аналар    комитеттінің    мүшелері,балалардың    қоғамдық
ұйымдарының өкілдері,ата-аналар мен оқушылар шақырылады.

    Біріккен педагогикалық кеңес-басқа ұжыммен бірлесіп жалпы проблемаларды
шешіп,  жұмыстың  мақсатын,мазмұнын,  әдістері  мен  формаларын  талқылайды.
Талқыланатын мәселелердің ауанына қарай  педагогикалық  кеңес  басқа  мектеп
ұжыммен немесе кәсіптік білім беру колледжімен бірлесе өткізілуі мүмкін.

    Шағын(шектеулі) педагогикалық кеңес бір ғана мәселені көтеріп,оған  тек
қатысы бар  мұғалімдерді  ғана  шақырады.  Мысалы:бастауыш  сыныпты  бітірту
отырысына  сол  сыныптардың  жетекшілері  мен  5-сыныптарға  сабақ   беретін
мұғалімдер т.б. қатысады.

    Оқу-тәрбие жұмысының  рөлі  мен  орнына  қатысты  педагогикалық  кеңес:
тактикалық,      стратегиялық,бастапқы,ағымдағы,қорытынды,жарты      жылдық,
жылдық;кезектен тыс,байқаулар мен тексеру қорытындысы бойынша және т.б.

    Тактикалық педагогикалық кеңес  мектептің  ағымдағы  міндетін  айқындап
шешеді,әрі оның іс-әрекетін сараптап,мектеп  өміріндегі  өзекті  мәселелерді
қарастырып,білім      сапасына,жеке      пәндердің      оқытылу,адамгершілік
тәрбие,мәдениет   деңгейі   жағдайларына   талдау   жасайды;психо-педагогика
ғылымының жетістіктерімен таныстырып, педагогикалық ұжымда оларды  қолдануды
 қарастырады.

    Стратегиялық педагогикалық кеңес мектеп қызметіне деген  жалпыға  ортақ
көзқарасты қалыптастыру үшін  өткізіледі.  Соған  қатысты  ұжым  мүшелерінің
пікірін  біледі,ұсыныстарын  ескере  отырып,ортақ  арнаға   түсіреді.   Оның
жұмысының нәтижесі-бірнеше жылға есептелінген  перспективалық  бағдарламаның
жұмыс істеуі.

    Бастапқы(қалыптастырушы)   педагогикалық    кеңес    ұжымның    өзіндік
ұстанымдарын  өз  беттерімен  қалыптастыру  үшін  шақырылып,  бағыттар   мен
бағдарларды,мектептің өз бет-бейнесін белгілеп,оқу-тәрбие жұмыстарындағы іс-
шараларға түрткі болады.

    Ағымдағы(жұмыс) педагогикалық кеңес оқу жылының белгілі бір кезеңіндегі
оқыту  деңгейінің,тәрбие  үрдісі  жағдайына   талдау   жасайды.   Тоқсандық-
мектептің сол тоқсанда атқарған істеріне есеп беруге арналады. Жарты  жылдық
болса-тек осы аралықта істелінген жұмыстарға байланысты оқу  жылы  ортасында
өткізіліп отырады.

    Қорытынды  педагогикалық  кеңес  өз   алдына   ағымдағы   және   дамушы
проблемаларды анықтап,әрі белгілеу мақсатын қояды. Туындаушы  қиындықты  дер
кезінде  тауып,саралай  талдау  арқылы  табысқа  жету  жолында  алға   қарай
кедергісіз жылжу үшін бұл педагогикалық кеңес түрі қажет-ақ.

    Оқытудың  жекелеген  нәтижелерінің  қорытындысы   бойынша   өткізілетін
педагогикалық кеңес. ТМД педагогика ғылымының білгірі  В.И.Шевардин  жасаған
оқытудың жекелеген нәтижелері негізінде мектеп  жұмысын  бағалау  әдістемесі
біздің қала мектептеріне қолдануға  ыңғайлы.  Онда  түлектердің  болашақтағы
мектептен кейінгі өмірлеріне берілетін не ана,не мына  ықтимал  нәтижелеріне
педагогикалық үрдістегі пайымдау мен талдаулар жасалынады.

    Біз атап көрсеткен педагогикалық кеңестердің  барлығы  өзара  логикалық
байланыста  болып  келіп,бірінен-бірі   өрбіп   шығып,бір-бірін   толықтырып
отырады,әрі келесі отырыстардың перспективасын айқындап береді.

    Педагогикалық   кеңестердің   формасы,оларды   өткізу    Г.К.Сепевконың
пайымдауынша,оның  мазмұнымен,  мақсатымен,қатысушылар  құрамымен    сондай-
ақ,педагогикалық  ұжымның  іс-әрекетінің  формасымен  айқындалады.  Мектепте
қалыптасқан  шынайы  технологиядан  қол  үзген   педагогикалық   кеңестердің
әдістемесі мен мазмұнын көзге елестету мүлде мүмкін емес.


                 Мектепішілік бақылаудағы жаңа енгізілімдер

    Еңбегіміздің бұл бөлігінде қала мектептерінде  басшылық  тарапынан  кең
қолдау  тауып,күнделікті   мектеп   тыныс-тіршілігіне   еніп   жатқан   жаңа
енгізілімдер жайында сөз қозғамақпыз. Қала білім  беру  басшылығындағылардың
міндеті жаңа жағдай алдымызға кескестеп тартып отырған мектепішілік  бақылау
жүйесін өңіріміз мектептерінде қателікке ұрынбай орнықтыру болып табылады.

    Біз  жоғарыда  сөз  етіп  кеткеніміздей,  мектептің   біртұтас   табиғи
қалыптасқан  жүйе  ретінде  өзіндегі  тоқтаусыз  өтіп  жатқан   үрдістердегі
келісушілікті кедергіге ұшыратпай қамтамасыз ете білуі қала  мектептеріндегі
білім көкжиегін кеңейтеді. Осы  міндетті  шешу  жолында  ұсынылатыны  мектеп
жоспарларының    орындалуы    мен     даярлау     үрдістеріне     өзгерістер
енгізіп,педагогикалық іздністерге даңғыл жол ашады.

    Шешімін  табуға  тиісті  міндеттердің  сан  алуандығы  оларды   бақылап
тексерушілердің іс-әрекеттеріне қол байлаушылық жасуда. Бұл-мектеп  өмірінің
шындығы.  Өйткені,кеңестік  қазақ   мектебінің   мүдірі   мен   қазіргі   ҚР
мектептерінің мүдірлерінің  қызмет  атқару  стилі  екі  бөлек  дүние.Бұрынғы
мүдірлердің  көбі  уақытын   өлтіре   алмай   кабинеттерінде   қалғып-мүлгіп
отырса,ал қазір барлығымыз бір күнде 30 сағат  болса,  бәріне  үлгерер  едік
деген заманға жеттік. Сондықтан, басшыларға ҒТТ(ғылыми техникалық  төңкеріс)
көмек қолын созуда. Осындай құтқарушы құралдардың  бірі-басшының  электронды
қойын дәптері. Оның ТМД кеңістігіндегі мектеп басшыларына таптырмас осы  бір
көмекші құралдың әдістемесін жасап  күнделікті  өмірге  енгізген  Карелиялық
мектеп  мүдірі  Алексей   Захарович   Андрейко   болды.   Оның   жаңашылдығы
мынада:мектеп өміріндегі дамудың мүдір назарынан тыс қалмайтындығы.

    Мүдірге көмекші екінші бір жаңашылдық  РБА(Ресей  білім  академиясының)
әдіскері С.Г.Зайцевтың «электрондық хатшы» идеясы.

    Оларды пайдалануда төмендегідей бағдарламалар қолданылып жүр:

1)    Microsoft ® фирмасының Windows ®95(орыс нұсқасындағы) пакетіндегі
Schedule+For Windows 95tm бағдарламасы;
2)    Lotus ® Development фирмасының Lotus Troha tm пакетіндегі орыс
нұсқасы Rus 1.0 одан жоғары Lotus Organizer/tm бағдарламасы.
    Бұларды біз жайдан жай ауызға алып отырғанымыз  жоқ,жоғарыда  келтірген
бағдарламалар  негізінде  мектеп   басшылығы   көп   нәрсеге   қол   жеткізе
алады.Ресейдің Армавир қаласының  №1  мектебінде  ОҮЫБ(оқу  үрдісін  ықтимал
басқару) өмірге еніп, оқушының қолына орнатылған элқон(электронды  қондырғы)
арқылы мұғалім оның не дұрыс,не  бұрыс  жауап  бергенін  аңғарады.  Ал,оқушы
алдындағы  таблодағы  жүгіртпе  жолдан:  «Жарайсың!»,   «Дұрыс   емес,қайыра
ойлан!» деген сияқты сөздерді оқи алады.

Біздің  ойымызша,СМПИ   математика  және  математиканы  оқыту   кафедрасының
оқытушыларымен  тізе  қоса  отырып,қазақ  және   орыс   тілдерінде   отандық
«электронды хатшы» мен ОҮЫБ-ларды қала мектептеріне  кіргізу-ЖОО  мен  білім
беру мекемелері арасындағы  тығыз  байланыс  орнатудың  алтын  көпірі  болып
табылады.


                                  Құжаттама

    Шартты түрде басшылыққа қатысы жоқ,бірақ оқу-тәрбие үрдісін жолға қоюда
маңызы зор құжаттар бар. Олар төмендегідей:

                               1.Сынып журналы
    Сынып журналы- маңызды  мемлекеттік  құжат.  Ол  оқушының  оқудағы  іс-
әрекетін жан-жақты ашып көрсетеді. Заңға сай журнал мектепте 5  жылға  дейін
сақталып,одан соң  мемлекеттік  архивке  өткізіледі.Әрбір  сынып  журналында
оның  қалай  жүргізілетіні  туралы  нұсқаулық   беріледі.Тәжірибе   көрсетіп
отырғандай,онда мән бар,Оқмең журналдың  қалай  толтырылуы  туралы  отырысты
мектеп мұғалімдерімен бас қосқан  отырыста  сөз  етеді.   Одан  кейін  әрбір
мұғалім онымен танысқаны туралы нұсқауға қолын қояды.

    Мектеп мүдірі мен  Оқмеңнің  сынып  журналдарын  тексеруі  төмендегідей
бақылау мақсатын білдіреді:

    ➢ «журналдардың толтырылу жағдайы; баға қоры»;
    ➢ «сынып журналдарының І тоқсан соңындағы жағдайы»;
    ➢ «сынып журналдары бойынша  9  бен  11  сыныптарда  оқитын  түлектердің
      сабаққа қатысу жағдайы»;
    ➢ «журналдардың толтырылуы бойынша сынып жетекшілерінің  жұмыс  деңгейін
      аңғару; пән мұғалімдерінің баға қорын анықтау»;
    ➢  «мемлекеттік  бағдарламалардың  орындалуы  және  олардың  тәжірибелік
      бөліктерін,тоқсан бойына қойылған бағаның шынайылығын тексеру»;
    ➢ «пән мұғалімдерінің журналды  дұрыс,әрі  дер  кезінде  толтыруын,нашар
      және үлгерімі төмен оқушылардан сұрауының жағдайын тексеру»;
    ➢  «оқу  жүктемесіндегі  айлық  көрсеткішіне  сай   пән   мұғалімдерінің
      журналдағы жазбаларының сәйкестігі».
    Осылайша,нақты мектеп журналдарды тексеруде алдына  осындай  тыңғылықты
мақсат қояды.

    Мекеме   басшыларының   мыналарға   басты    назар    аударғаны    жөн.
Ол:жураналдарды тексерудің қажеттілігі  мен  дұрыстығын  ондағы  жазбалардың
оқу жүктемесіне сай келетіндігін анықтау мақсатында  жүргізгені  орынды  деп
санаймыз. Оны оқу жылында төрт рет жүргізген дұрыс.  Себебі  тоқсан  соңында
жүргізілген тексерулер байқалған кемшіліктерді дер кезінде  түзетіп  отыруға
мүмкіндік береді. Кейін жоғары жақтан келген  тексеру  бетімізге  бадырайтып
баспай,кеткен қателіктерді өзіміздің оңап отырғанымыз ләзім.

    Егерде  журнал  тексеру  жөніндегі  ойымызды  түйіндейтін   болсақ,жұрт
келесіне  мынадай  ой  салғымыз  келеді.  Қайыра  тексеру   кезінде   кейбір
әріптестеріміз тарапынан журнал толтыру жөнінде бұрынғы  қателіктері  қайыра
орын алатын болса,онда «ескерту» түрінде тәртіптік ауызша  сөгіс  беріп,  ҚР
еңбек  кодекісіне  сай  сол  оқу  жылы  ішінде  моральдық  және  материалдық
марапаттауға ұсынбау керек. Сонда көбіне ұсақ-түйек  болып  көрінетін  құжат
толтырудағы бадырайған қателіктер мектеп өмірінен біржола өшеді.

                    2.Пән бойынша оқушының жұмыс дәптері

    Дәптер дегеніміз-ҒТТ дәуірінде ғылым мен техника қанша  өркендеп  кетсе
де,оқушы  білім  алуының  міндетті  белгісі  болып  бәрі  бір  қала  береді.
Бұндайда   оқушы   дәптерді   пайдаланбайтын   оқу   пәні   мүлдем    ауызға
түспейді.Осыны жақсы түсіне  отырып,олардың  дәптер  толтыруын  белгілі  бір
дәрежеде тексеріп отыруды жолға қоймай,пән  бойынша  білім  алуға  ғана  қол
жеткізбейміз,сонымен бірге қарапайым түрдегі сауатты  жазуға  да  жетісеміз.
Өйткені,осы   үшін,яғни,пән   мұғалімдерінің   оқушы   дәптерін   тексеруіне
мемлекетіміз   арнайы   ақы   төлеп   отыр.    Жүргізілген    сараптаулардың
көрсеткеніндей,  дәптермен  жұмысты  мектеп  әкімшілігі  қадағалап  отырады.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдары мектепте ана тілі саналатын пәнді  мұғалім  өзі
оқытатын сыныптар бойынша І жарты жылдық бойы күн  сайын  тексеріп  отыратын
жарлық шыққан  еді.  Бұның  ар  жағында  кеңес  үкіметінің  баланың  сауатты
болуына деген игі мүддесі  жатыр.  Қазір  екінің  бірі  біле  бермейтін  осы
бұйрықтың күшін ешкім жойған жоқ. Қайта оқу-тәрбие жұмысына байланысты  ескі
жарлықтарды ҚР қайыра  басып  жатқан  не  «Мектеп»  баспасын,не  «Ата  мұра»
баспасын көрмедік. Ондай тамаша  педагогикалық  мұралар  ескіге  күл  шашқан
кезімізде  қолды  болып,жоғалып  кеткендері  жас  ұстаздардың   өз   білімін
көтеріп,өткеннен өнеге алуы кезінде табылмайтын жәдігерге  айналып  отырғаны
бүгіндері өкінішті-ақ! Жаңа мен ескінің арасынан сара жол  салар  болсақ,осы
бағытта мектеп әкімшілігі төмендегідей тексеру жүргізеді:

    ➢ мұғалімнің дәптер тексеру нормасын орындауы;
    ➢ оқушылардың үй тапсырмасын орындауы;
    ➢ жазба жұмыстарының дұрыс дайындалуы;
    ➢ орфографиялық ережелердің сақталуы;
    ➢ қатемен жұмыс жасаудың болуы(болмауы);
    ➢ бақылау  жұмыстарына  арналған  дәптерді  жүргізуінің  дұрыстығы  және
      олардың оқу жылы бойы сақталуы;
    ➢ бастауыш сыныптағы дәптердегі жазбалардың дұрыстығы;
    ➢ үй және сынып жұмыстары көлемінің сай келуі.
    Сонымен ойымызды қорыта келе айтарымыз,оқушы дәптерін тексеру барысында
мектеп әкімшілігі мыналарды анықтап нақтылай алады:

    ➢ сынып жұмысының көлемі;
    ➢ үй тапсырмасының көлемі;
    ➢ сабақ пен үй жұмысына берілген тапсырмаларда  әр  қилылық  орын  алған
      ба;
    ➢ үйге дербес және шығармашылық тапсырмалар беріле ме;
    ➢ дәптер тексеру жиілігі;
    ➢ қатемен жұмыс жүргізудің болуы мен сапасы;
    ➢ ұлттық біртұтас орфографиялық ережелердің сақталынуы;
    ➢ дәптермен жұмыс істеудегі құныттылық;
    ➢ дәптер мен жұмысты орындау этикеті мен эстетикасы.
    Әкімшілік өз тарапынан жүргізген тексерулер барысында тапсырманы  мүлде
аз  беретін  және  шамадан  тыс  беретін  пән  мұғалімдерін  анықтап  оларға
әдістемелік ақыл-кеңес бере алады. Көбіне,біз,мектеп  басшылығы,осындай  өте
қажетті  істерді  бірінші  орынға  қоймай,   «иә,қатырып   жатырмыз»   деген
мұғалімдердің бір ауыз сөзіне сеніп,білімнің бастау көзіне  апаратын  дәптер
тексеруді екінші кезекке ысырып жүргеніміз жасырын емес.

                              3.Оқушы күнделгі

    Күнделік-мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты үзбей жалғап  тұратын
құжат. Қазіргі күнделік формасы ескіргенімен ол ата-ана  үшін  өз  баласының
сабағын  күн  сайын,апта  сайын,тоқсан  сайын   қадағалап   тұратын   жалғыз
мүмкіндік. Нарық заңына орай баласының  мектепте  не  істеп  жүргенін  нақты
біліп  отыратын  ата-ана  азайып  барады.  Сол   себепті,күнделіктің   құжат
ретіндегі рөлі арта түспесе,еш  кеміген  жоқ.  Соған  байланысты  қаламыздың
мектептерінде   сынып    жетекшілерінің    өз    қарауындағы    оқушыларының
күнделіктерімен жұмыс істеу төмендегідей тәртіппен міндеттелген:

    ➢ ата-ана  мен  оқушының  сыныпқа  сабақ  беретін  мұғалімдер  турасында
      хабары болуы;
    ➢ сабақ кестесі мен үй тапсырмаларының жазбасы;
    ➢  оқушының  тәртібіне  жасалған  ескерту  мен   ата-аналарға   арналған
      хабарламалардың болуы;
    ➢ оқушы білімінің ағымдағы есебі;
    ➢ оқушы білімінің қорытынды есебі;
    ➢ сынып жетекшілерінің күнделіктерді тексеру жиілігі мен сапасы;
    ➢ оқушы күнделігіндегі ата-ана қолының болуы;
    ➢ толтыру мәдениеті;
    ➢ безендіру эстетикасы.


                          4.Оқушылардың бас жұмысы

    Оқушының бас жұмысы-белгілі  бір  бекітілген  үлгідегі  номенклатуралық
құжат.  Оған  сауалнамалық  мәліметтермен  бірге,оқушының  жыл   бойғы   оқу
үлгерімі енеді. Оқушының бас жұмысы оның оқу жолын бастаған  1-ші  сыныбынан
бастап,мектеп қабырғасынан  кететін  11-ші  сыныпқа  дейінгі  оқушылық  өмір
жолында өз иесінің айырылмас серігі болады. «Жеке бас жұмысы» ереже  бойынша
ол бітіріп кеткеннен кейін үш жыл бойы өзі оқыған мектебінде сақталады.

    Бас жұмысты тексерудің ең қолайлы  кезі  маусым  айы,өйткені  оқу  жылы
ішінде баланың басқа мектепке ауысуы,сынып жетекшісінің басқа жерге  жұмысқа
кетуі мүмкін.

    Атап айтар жайт, «Бас жұмысы»-оқушының өзіндік визит  кәрткешкесі.  Тап
осы «Бас жұмысы» арқылы бала оқып жүрген мектептің қандай екенін  сөз  етуге
болады.

                        5.Оқушыларды тізімдеу кітабы

«Оқушыларды тізімдеу кітабы» шын  мәнісінде  өте  қарапайым.  Оған:мектептің
құрылғаннан  бергі  келіп,кетіп  оқыған  барша  оқушы  жазылады.  Жыл  сайын
мектепті бітіргендер мен одан кеткендер белгіленіп отырады. Егерде  аты-жөні
бойынша   тап   аталған    сәтте    білім    алып    жатқандарды    санайтын
болсақ,оқушылардың ақиқат саны ондағы жазылған цифрға сәйкес келуі керек.

     7. 9 және 11-ші сыныптарды бітіргені туралы кәмілеттік куәлік беру
                                   кітабы


    9 және 11-ші сыныптарды бітіргені туралы кәмілеттік куәлік беру кітабы-
қатаң есеп берілетін номенклатуралық  құжат.Әрбір  мектеп  тиісті  орындарға
өздерінде оқып,куәлік алуға тиіс оқушылардың санына  сай  куәлік  бланкісіне
тапсырыс беріп отырады.

                       8.Оқушылар туралы бұйрық кітабы

    Қаланың  көптеген  мектептерінің   басшылардың   әрқайсының   жекелеген
«Оқушылар туралы  бұйрық  кітабы»  бар.  Онда  төмендегідей  жазбалар  болға
тиісті. Мысалы:

    ➢ № бәленбайыншы мектеп мынандай қала ауданындағы;
    ➢ әскери мектепке,қазақ-түрік лицейіне т.т. кетті;
    ➢ х фирмасына жұмысқа тұрды;
    ➢ қаладан мүлде басқа жаққа көшіп кетті.
    Бұл жазбалар  жасы  он  беске  дейінгі  оқушыларға  қатысты  жүргізіліп
отырады. Онда «қайда кеткені белгісіз»  деген  жазба  мүлде  болмауы  керек.
Кеткендердің мекен-жайы анық болуы шарт.

                  8.Мектеп қызметкерлерінің еңбек кітапшасы

    Еңбек кітапшасы-қызметкердің басты құжаты. Сол арқылы оның еңбек  өтілі
мен  зейнетақысы  анықталады.  Сонымен  бірге  жұмыскердің   қызмет   атқару
барысында алған  барша  алғысы  мен  марапатталуы  жазылады,  арнайы  «Еңбек
кітапшасын  толтыру  нұсқауында»  оған  түсірілетін  барша   жазба   түрлері
айтылған.


                     Мұғалімнің жеке еңбегін ұйымдастыру

    Мұғалімнің еңбегі жыл өткен сайын күрделеніп келеді. Өйткені оқытылатын
пәндер күрделенгендіктен, сабаққа дайындалу мен ғылымның жаңа  жетістіктерін
зерделеуге көп уақытын жұмсайды. Оның үстіне сыныптан тыс балалармен  тәрбие
жұмыстарының да жүктемесіне кететін, жұмсалатын уақыт  азаймай отыр.

    Оның үстіне қоғамдық жұмыстармен айналысу және ата-аналар  мен  қоғамға
бала тәрибесінде қол ұшын созады.

    Ағымыздан  жарылып,адалын  айтар  болсақ,мұғалім  еңбегін   ұйымдастыру
сияқты бірде бір еңбек түрі тап осындай нақтылықты талап етпейді.  Біз  бұны
былайша    түсіндірер    едік:жұмыс    уақытындағы     мұғалім     еңбегінің
(сабақтар,тәрбие   іс-шаралары)   шешуші   дәрежеде   оның   жұмыстан    тыс
уақытта(сабаққа   дайындалу,дәптер   тексеру,қосымша   сабақ   өткізу,тәрбие
берудің  міндеттерін  шешуде)  қалайша  бел   шешпей   еңбектене   білгеніне
байланысты болып келеді. Басқалар еңбегінің зейнетін көріп,жұмыстары  біткен
соң,алаңсыз тынықса, ұстаздар қауымының еңбектенуі еш тынбайды.

    Мұғалім мектептегі өзінің бірінші жұмыс күнінен  бастап,міндетті  түрде
өзінің тиімді еңбек әдісіне,уақыт  пен  күш-қайратын  орынды  жұмсай  білуге
үйренуі шарт. Егер ол осыны дұрыс жолға  қоя  білмесе,істеген  еңбегі  желге
ұшады. Орынсыз еш нәрсені жоспарламай бәріне үлгерем  деп  жанталасуда  жеке
басы мен жанұясы арасындағы алшақтыққа ұрындырып, ақыр  соңында  денсаулығын
құртып,жүйкесін тоздырады.

    Міне,осылардың бәрін ретке келтіре білген жан ғана өз еңбегінің жемісін
көреді.

  Бұған бірден бастығу керек.


              Еңбектің уақыттық бөлінісі мен гигиеналық тәртібі

Уақыттың заңмен белгілген көлемі  бәрімізге  белгілі:8  сағаттық  еңбек,оның
үстіне жолға т.т.8 сағат кетсін десек,ұйқы мен дем алуға  қалатыны  бар-жоғы
8  сағат  уақыт  болып  шығады.  Ал,ұстазда  осының  бәрі  араласып  кеткен.
Сондықтан,оны шынайы ретке келтірудің жолы мынандай:

1.Мектептегі жұмыс уақыты:

 ▪ оқу сабақтары;
 ▪ тәрбиелеу іс-шаралары;
 ▪ отырыс,жиналыстар;
 ▪ кабинеттегі жұмыс(нұсқаулар мен материалдар).
2. Мектептен тыс жұмыс уақыты:

 ▪ сабаққа дайындалу;
 ▪ дәптер тексеру;
 ▪ ата-аналарды аралау;
 ▪ қоғамдық жұмыстар(мектептегі және одан тысқары).
3. Бос уақыт:

 ▪ көлік,жол;
 ▪ үй шаруасы;
 ▪ спорт пен мәдени-рухани қажеттіліктер;
 ▪ демалыс пен ұйқы.
    Мұғалім істің  шынайы  мәнісін  ескере  отырып,оған  жуықтата  бейімдей
өзінің ақылға сыйымды байыпты жұмыс уақыты кестесін құрады.

  Мысалы:


Дүйсенбі:

    ➢ сабақтар-4 сағат;
    ➢ тәрбие шаралары-1 сағат;
    ➢ үйірмелер,кабинеттегі жұмыс-1 сағат;
    жиыны 6 сағат.

    Сыныптан тыс:

    ➢ сабақтарға дайындалу-3 сағат;
    ➢ дәптер тексеру-2 сағат;
    ➢ қоғамдық жұмыс-1 сағат;
    барлығы 6 сағат.


Сейсенбі:

    ➢ сабақтар--3 сағат;
    ➢ тәрбие шаралары-жоқ;
    ➢ отырыс-1 сағат,
    жиыны 4 сағат.

    Сыныптан тыс:

    ➢ сабақтарға дайындалу-2 сағат;
    ➢ дәптер тексеру-2 сағат;
    ➢ ата-анамен жұмыс-2 сағат;
    барлығы 6 сағат т.т.

    Бұдан көріп отырғанымыздай, мұғалімнің  жұмыс  күні  қым-қуат  тынымсыз
тірлікке толы екендігі.  Бұл  арада  біз  мұғалімге  қолайлы  жағдайды  алып
отырмыз. Шындық өмірде 4-5 сабақ,одан  соң,ұзаққа  созылатын  жиналыстар,аяқ
астынан туындайтын қағаз бастылық,ұжым ішінде туындайтын  конфликтілер  т.т.
орын алып жатады.

    Жұмыс кестесін бір аптаға орайластыра  құру  уақытты  өнімді  де,тиімді
пайдалануға септеседі. Уақыт  ағымына  қарай  өзгеріс  енізіп,уақыт  жағынан
алдағы орын алып  қалатын  жағдайға  орай  бірінші  күні  болатын  іс-шараны
алтыншы  күнге  немесе  керісінше  ауыстырып  отыру  үшін  бәрін  алдын  ала
жоспарлап алудың мұғалімдер үшін тиімді екенін аңғартады.

    Мұғалім ақыл-ой еңбегінің физиологиялық және  гигиеналық  заңдылықтарын
өзінің бес саусағындай білуге міндетті. Күшене жұмыс істеу өте  қауіпті,оның
үстіне мұғалімнің жұмысы өте жоғарғы  сезім  толқынысы  мен  жүйкеге  салмақ
түсірер қауырт жағдаяттарға толы. Міне,осыған байланысты,ол өзін  күн  сайын
шамадан  тыс  жұмыс  істеуге  итермелеп  отырады.  Өзі  сабақ   үстінде,ұжым
арасында көңілі толмаған іске ашу  шақырмай,байыппен  өзін-өзі  ұстай  білуі
қажет-ақ.  Таңертең  тұрғанда  гимнастикалық  жаттығулар  жасап,аз-кем  жаяу
серуендесе,  мұғалімнің  өз  жанын  көзінің   қарашығындай   күткені   болып
табылады. Дәргердің кеңесін алуға уақыт таба  білу,кәсіпке  байланысты  орын
алатын көптеген аурулардың алдын алғызады.

    Жұмыс үстелінде (үйде,жұмыста) отырғанды әрбір 40-50  минут  сайын  3-5
минуттық бой сергіту қимылдарын жасап,аяқ-қолы мен белін және  мойнын  жазып
алса,ал компьютер алдында отырғанда  мониторға  ұзақ  тесіле  қарамай  10-15
минут сайын назарын басқа жаққа аударып,2-3 минуттай  әрі-бері  жүріп  тұруы
керек. Сабақтан соң,қайтатын жолы қауіпсіз,әрі таяу болса,кісіге лық  толған
қоғамдық көлікте сығылыспай жаяу серуендей отыра үйге қайтқан  ләзім.  Көңіл
сергітудің табылмас тағы бір жолы  әріптестермен  қалжың  айтысып,арқа-жарқа
бір  жасап  қалу,иә,орнын  тауып,ретімен,жөнімен  қалжыңдаса   білгенге   не
жетсін.

    Сабаққа дайындалу үрдісін  өзіңді  жалықтырмайтындай  етіп  түрлендіріп
отыру керек:оқу-жазу(тапсырма орындау,дәптер тексеру т.т.).

  Ұйықтар алдында бой сергітіп,біраз далаға жүріп қайту керек.

    Тамақтану-мұғалім   денсаулығының   кепілі.   Сондықтан,мұғалімнің   өз
рационындағы тұтынатын тағамдарының нәрлілігі мен  құнарлылығы  3000  ккалл.
аспауы шарт. Дәруменге толы азық-түліктерді тұтынудың маңызы зор.

Түстен кейін тамаққа сылқия тойып алып сабаққа бару мен бар қайратты  жұмсап
еңбек еткен организмге зиянды.Өйткені,қан айналысы қалыпты  болмай,  адамның
ойлау қабілеті төмендейді.

    Мұғалім  сияқты  еңбек  адамы  үшін  салауатты   дем   алу(серуен,балық
аулау,жүзу,туризм),мәдени   көңіл   көтеру(театр,кино,қызықты    кездесулер,
үйірмелер) еңбек демалысы мен демалыс күндері өте қажет.

    Гигиена ережелерін сақтау,күн тәртібі кестесін байыпты құру денсаулықты
нығайтып,еңбек өнімділігін арттырады.


        Оқу сабақтары мен тәрбиелік іс-шараларды дайындау және өткізу

    Іске жақсы дайындала білу-табыстың  жарты  кепілі.Сабаққа  дайындалатын
уақыт есебіне уақыт үнемдеу  дайындықта  орын  алатын  қателіктерді  түзеуге
жұмсалады. Сондықтан сабақ  пен  тәрбие  іс-шараларына  дайындалуды  бірізге
түсіру керек.

    Біз алдын ала  дайындық  жасау  жүйесі  мен  пакеттер  жүргізуді(папка,
кәртішкелер жиыны,конверттер т.т.) ұсынамыз.

    Бірінші пакет-бұл нақты материалдардың жинақталуы. Тәжірибелі  ұстаздар
әрбір тақырыпқа даярлық жасап,оларға  арнайы  папка  мен  конверт  ашып  оны
үнемі толықтырып отырады. Қажетті мақаланы оқып алды  ма,не  оны  ксерокстен
өткізіп,не   жазып   алып   конвертке    сақтайды,не    болмаса,бірден    өз
копьютеріндегі  арнайы  папкаға  енгізеді.  Осындай  жолдармен   материалдар
жиналынып сақталынады.  Соның  нәтижесінде  ұзақ  жылдар  бойы  баға  жетпес
материалдар қазынасы жинақталады да,өз пәні  бойынша  кез  келген  тақырыпқа
пайдаланылады.    Ең  пайдалысы  қажетті  мәліметтермен  қала  мектептерінің
мұғалімдерінің  өзара  тәжірибе  алмасуы.   Олар   бірінде   жоқты   бірінен
тауып,біліктілігін арттырар еді.

    Екінші пакет-библиография,қажетті әдебиеттердің  атауы,авторлары,шыққан
жылы,қайдан  алуға  (жеке,мектеп,  әдістемелік,   қалалық   кітапханалардан)
болатындығы  турасындағы  жүйелілікпен  толтырылған  жазбалардың   әліпбилік
тізбесі сақталған конверттер.

    Үшінші  пакет-   тақырыптық   жоспарлау   мен   әдістемелік   жобалауды
құрастыру,әдістемелік құралдар мен қилы нұсқауларды  жинақтау  т.б.  Мұғалім
өзінің шығармашылық  шеберханасын  құрып,жоғары  тиімділікпен  еңбек  етуіне
жағдай жасайтын әдістемелік қор жинақтайды.

    Төртінші пакет-сабаққа дайындалу жоспары мен дидактикалық  материалдар,
карта,перфокарта,қажетті әдістемелік техникалық құралдар мен компьютер  үшін
құрылған барлық тақырып  бойынша  бағдарламалық  материалдардың  жинақталуы.
Олар ұстаздың жеке қорында сақталады.

    Бесінші пакет-онда тәрбие жұмысы бойынша  материалдар:мәдени,патриоттық
сабақтар,жорық  пен  экскурссияларды  ұйымдастыру   және   осы   мәселелерге
байланысты  әдебиеттер,сонымен  бірге,тәлім-тәрбие  беруге   қатысты   нақты
сауалдарға байланысты газет-журнал қиындысы мен көмекші құралдар сақталады.

    Мұғалім өзінің жоспарлаған сабағы  мен  тәрбие  іс-шараларына  дайындық
жасаған   кезде   бәрін   ескеруге   тиісті:өткізілетін    уақыт,міндеттері,
көмекшілері,  безендірілуі,қиындық  туа  қалғанда  олардан   қиналмай   шыға
білудің жолдары т.т.

    Іс-шараларының  шағын  жеке  жоспарын  жасауды  ұйымдастыру  кей  кезде
тығырыққа тірейтін өте қиын сауалдардың шешімін таба алуға көмектеседі.

    Жазбаны ақ  қағазға  түсірген  кезде  бір  жағын  ақ  күйінде  қалтырып
отыру,кейін сол жерге ескертпелер мен түзетулерді  енгізіп  отыруға  ыңғайлы
екенін үнемі есте ұстаған дұрыс.

    Ең  басты  фактор-мұғалімнің  өз   еңбегін   өздігінен   реттей   алуы.
Белгіленген ереже шеңберінен шықпай,өз ісін уақытысында  тап-тұйнақтай  етіп
орындай білу керек,соған үйреніп,қатып пысу керек.Баламен жеке әңгімеде  3-5
сағат  босқа  уақыт  жоғалту  бар  да,3-5  минуттың  ішінде   бәрін   орнына
келтіріп,істі   шұғыл   шеше   білу   бар.   Міне,осындай   уақытты   үнемді
жұмсап,жемісті еңбек ете білуге әрбір ұстаз  жетісуі  керек.  Бұл  турасында
қызығушылық  танытқандар  ТМД  аймағында   шыққан  «Искусство  преподавания»
деген П.И.Пидкасистый мен М.Л.Портновтардың  тамаша  еңбегін  оқу  барысында
өздеріне қажетті мәліметтерді ала алады.  Бүгіндері  қаламыздағы  ең  өзекті
мәселелердің  бірі-басшылық  тарапынан  ұзтаздардың  қызметіне  баға   беру.
Ендігі жерде осы тақырып бойынша сөз қозғайтын боламыз.


               Педагогикалық қызметті қалай бағалауға болады?

    Әлбетте, педагогикалық  қызметті  біліктілікпен  бағалау  қиынның-қиыны
екені еш дау  тудырмайды.  Сонымен  бірге  оқу  мекемесінде  және  одан  тыс
орындарда «қоғамдық пікір» орын алып,нақты ұстаз турасында  не  «жақсы»,  не
«жаман» деген ой өрбітеді. Осы «пікірлерді» сол ұстаздың қызметіне  берілген
бағалаудың сапасы деп көзді жұмып,бірден  қабылдай  салуға  қабылдай  салуға
әсте  болмайды.  Мұғалім  біліктілігі  туралы  формализмге  ұрынған   сандық
көрсеткіштерге де,еш иек сүйеуге болмайды.

    Ұстаздардың педагогикалық  қызметін  бағалаудағы  көп  жылдық  тәжірибе
мынандай   ой   түйгізеді,бұл   бағалау   кешенді(түрлі   ақпарат    көздері
бойынша),бірақ үзікті(қызметінің сапасын бағалайтын кейбір жалпы  баллдардың
болмауы) болмауы керек.

    Қазір  бұл  жөнінде  жалпы   қалыптасқан   ереже   бар,ол   үшін:арнайы
сараптаушылар осы қызметпен айналысып, педагогикалық қызметті  бағалауда  ең
алдымен  оқытушының  шығармашылық  әлеуетінің  даму  мен  жетілуін,   адами-
имандылық салауатын байыптап,тек осыдан кейін ғана  барып,оның  өз  санатына
лайықты екендігі жайында өз шешімдерін шығарады.

    Педагогикалық қызметтің  сапасы  турасындағы  студенттер  мен  оқушылар
пікірі  өте  маңызды.Әдетте  олардан  не  турасында  сұрайды?  Бәрі  бұрынғы
сарынмен:Сіз,ұстаз    ретінде,    ақпаратты(ол     неліктен     қызықты,неге
керек,қаншалықты  жаңа,онымен  жұмыс  істеу  ыңғайлы  ма,басты  несін   атап
көрсетер едіңіз...т.т.)ұсынасыз ,Сіз, оқушылардың(аудиториядан  тыс  жердегі
пәнмен  өз  бетімен  белсенді  айналысу,дәріс  үстіндегі  белсенділік  т.т.)
танымдық белсенділігін қалай ұйымдастырасыз түрінде,сонымен  бірге,оқыушылар
Сізге сабақ үстінде сыйластықпен қарай ма?-деген сынды болып келеді.

    Тіптен  жақсысы  оқушы  мен  студенттерге  ұстаздың  жеке  басы  туралы
емес,сол сабақтағы оқытушы мен шәкірт арасындағы қарым-қатынасты  қарастыру.
Қазір оқу орындарында түрлі сауалнамалар жүргізіліп жүр. Ең жақсысы  олармен
осы тақырыпта  арнайы  даярлықтан  өткен  адамдардың  айналысуы,олар  өздері
алған  ақпаратты  дұрыс  сақтап,тиімді  қолдана  білер  еді.  Бірақ   бұндай
ұсынықтылық қала мектептерінің бәрінде бірдей  сақтала  бермейді.  Сондықтан
бізден бітіріп,қала ЖОО оқып  жүрген  студенттер  арасында  жылына  бір  рет
сауалнама жүргізуді өзімізден басқа ешкім қолға  алмайды.  Бұл  арада  үнемі
есте  ұстайтынымыз,оларды  шағын  топтың  арасында  жүргізбеу(ондай   жолмен
алынған сауалнамада нәтиже не  асырылып,не  төмендетіліп  көрсетіледі)  және
сауал  анонимділікпен  жүргізілуі  шарт.  Дау  мынадан  туындап  отыр,өзінің
мұғалімі туралы студенттер дұрыс баға  бере  ала  ма?  Білім  беру  қызметін
тұтынушылардың  пікірімен  үнемі  есептесіп  отыру  керек.  Мысалы,   АҚШ-та
студенттер өз бетімен сауалнама жүргізе алады.  Оның  нәтижесімен  оқу  орны
әкімшілігі  және  төменгі  курс  студенттері  құлағдар  болып,өздеріне   қай
ұстаздың керек екеніне таңдау жасай алады.

    Біз өзіміздің  СМПИ  математика  және  математиканы  оқыту  каферасымен
бірлесе  жүргізген   зерттеулерімізде   тек   түрлі   ұстаздардың   шеберлік
деңгейлерінің түрлілігімен  ғана  емес,оларда  орын  алған  проблемалар  мен
қызмет аяларында түзетуді қажет ететін жайттарды да анықтадық.

    Кейбірде осы проблемалар өте күрделі болып келеді.  Ең  өкініштісі  сол
осының бар екендігі 10-20 жыл іс-тәжірибесі бар мұғалімдерден  аңғарылса,бұл
жағдайда оған көз жұмып,отыра беруге болмайды.

    Студенттер мен оқушылардың біздердегі  педагогикалық  қызметтің  сапасы
туралы пікірі,әрине,қашанда объективті емес,кейде ондай мұғалімдермен  жұмыс
істеуде «сабақ үстінде басқа іспен айналысады»,  «жұмыс  істегісі  келмейді»
деген   сияқты   пікірлер    қосанжарласып    жүреді.    Сондықтан    біздің
сауалнамаларымыз егер ондай  проблемалар  болса  соларды  табуға  септеседі.
Егер студенттер мен  оқушылар  пікірін  байыптағанда  олар  аңғарылмаса,онда
басқа ақпарат көздерін іздеу керек. Сол арқылы оқушылардың  мұғалімге  деген
«бәрі қанағаттанған» ситуациядағы пікірлерінің дұрыс еместігі де танылады.

    Ондай бастау көз білім сапасы  болып  табылады.  Әлбетте  бір  сабақтың
тексерілуі еш  нәтиже  бермегенімен  бірнеше  сабақ  топтамасы  көп  нәрсені
аңғартады.

    Бізде және шетелдерде өте жиі оқытушылардың қызметін бағалау үшін өздік
бағам(self-understanding)  қолданылады.  Өздік  бағам  өзінен  өзі   ештеңке
көрсетпейді:мен өз  мүмкіндігімді,қолымнан  келетінін,  неден  қиналатынымды
ескеріп барып өз бағамды өзім беремін.Бірақ басқа дерек көздері мен  ақпарат
мәліметтерінің басы  құралып  барып,  оқытушының  пайымдау  деңгейі  мен  өз
қызметінің   сапасы   мен    құрылымына    деген    түсінігі    айқындалады.
Түйсінбеу,проблеманың  болмауы,төмен  деңгейде   берілген   өздік   бағамдау
оқытушының қызметіндегі өздік стилін танып білуге септеспейді.

    Соңғы нәтиже-ең қиыны. Онда ешқандай  өлшемге  көнбейтін  бағамдау  мен
өлшем жасалған кезде танылмаған  анықталмаған  қасиет  ол  болып  өткен  соң
анықталуы  мүмкін.  Солай  бола  тұрса   да,педагогикалық   қызметті   дұрыс
бағалауға  жуық  келетін   параметрлерді   тауып,жаттанды   болған   «біздің
студенттер мен оқушылар жақсы оқып  жатыр»  деген  жел  сөзден  құтыла  алар
едік.

    Оқытудың   барлық   бөлігіндегі   оқытушылар   пайдаланған    бақылаушы
материалдардың талдануы, осы материалдардың сапасы  туралы  көңіл  толмайтын
пікірге бастап алып келеді:біз өте-жиі кездесетін, нақты,арнайы  нәрселердің
ауанынан шыға алмай қаламыз. Егер дайындықтың сапасын  тексеру  қандай  қиын
болса,оның болмауы бәрімізге сезілініп тұрады.  Бұл-  әкімшілікке,ұстаздарға
көтерілген дабыл. Оны дер кезінде аңғару керек-ақ.

    Әдістемелік  қамтамасыз  ету,оның  сапасы-педагогикалық  қызмет  туралы
ақпарат   көздерінің   бірі.Сапаны    бағалай    отыра,өзінің    әдістемелік
ұстанымыңмен жұмыс істеуге тура келеді. Осы жолда ұстаз  өзінің  білім  беру
ғұмырында пәндік курсының  мазмұнын  жаңартып,  жаңғыртып  отырады.  Сонымен
бірге оқушылар орындайтын тапсырма түрлеріне де үнемі  назар аудару керек.

    Егер сөз мектеп,гимназия,лицейде білім  алушылар  турасында  болса,онда
мұғалім туралы ата-аналар пікірі ескеріледі. Олардың пікірін  білуде  әдетте
жалпы сипаттағы(нені  қалайтыны  туралы,білім  беру  деңгейіне  қанағаттануы
туралы,баласының  мұғалімдер  мен  оқушы  арасындағы  конфликтілері  туралы)
ауызша сауалдар қойылады.

    Оқытушылардың қызметін бағалау үшін  олардың  бұрынғы  студенттері  мен
оқушыларының    пікірлері    сұраларды.Бұл-орасан    зор    еңбекті    қажет
еткенімен,басшылыққа қатысты қажетті ақпараттар легімен қамтамасыз  етілудің
өзіндік бір түрі болып табылады.. Осындай  уақыт  өткізіле  бағалау-өте  жиі
асыра бағалануды білдіреді. Осыны үнемі кәперде ұстап отыру керек.

    Әкімшіліктің пікірлерін назардан  еш  тыс  қалдыруға  болмайды.  Кейбір
ұстаздар  әкімшіліктің  көп   уақытын   алып,   ол   туғызған   конфликтілер
сабақтардың өтпей қалуына әкеп соғады.

    Оғаш жайт,шебер ұстаздар да,  біздің  бақылауымызша,проблемалардан  ада
емес,ол  проблема  көбіне  әкімшілік  тарапынан  туындап  отырады.  Осыларды
қорыта   келе,айтарымыз   біз   сөз   еткен   мәселелер   Г.Б.Скоктың   «Как
проанализировать собственную  педагогическую  деятельность»  кітабында  жан-
жақты ашылып жазылған.

   Қарама-қайшылық формуласы немесе ұжымдағы текетіресті қалай шешу керек

    Қазіргі педагогикада ұжымда орын алған конфликтінің басшылар  тарапынан
шешілуінің екі жолы мен екі амалы бар. Біз әуелі конфликтің шешілу  жолдарын
атап көрсетелік:

  а)конфликтті шешілгенімен  араға  уақыт  салып,жаңа  қырынан,жаңа  мүшелер
тартып қайыра туындып отырады;

  ә) кейін қайыра туындай қалған кезінде орын  алған  жағдайға  бақылау  мен
басқару қоюға болады.

   Бұл үшін біз конфликтінің «қатаң» және «жұмсақ» шешімін табу амалының бір-
бірінен несімен өзгешеленетінін айыра білуіміз керек?

   Екеуі бір-бірімен  несімен  ерекшеленетіні,яғни,  «қатаңның»  «жұмсақтан»
несімен өзгешеленетініне тоқталалық:

  а) қолданылу жағдайына байланысты;

  ә) оны қолданып,шешетін басшылардың міндетіне қарай;

    б) жағдайдың шешілуінің басшылық пен ұжым  үшін нәтижесі  мен  салдарына
қарай.

   Қандай  ситуация  мен  жағдайда  «қатаң»  амал  текетіресті  (инцидентті)
тоқтатудың құралы бола алады? Ол барлық жағдайда қолданылады. Егер:

1.Текетірес  өзінің  даму  сатысындағы     кезекті   кезеңге   өтуге   бағыт
ұстанғанда. Мысалы: қарапайым ғана басталған жайт өзінің  өрістеу  барысында
қатысушылар арасындағы бірін-бірі кінәраттасуға ұлысатын болса.

2.     Басшылар  қолданған  «жұмсақ»  тәсіл  өз  нәтижесін  бермеген  шақта.
Мысалы,егер  мектеп  басшысы  дер  кезінде  дәл  және  нақты  түрде  талқыға
салынатын  әлдебір  проблеманы  араға  уақыт  салып  барып  қарауға  ешкімді
көндіре алмаса. Немесе қысқарта айтқанда, «қатаң» әдісті қолдану  басшы  өзі
жіберіп алған қателігін «жұмсақ» тәсілмен  түзетуі  мүмкін  болмай  қалғанда
«қатаң» тәсілге жүгінеді.
    Сонымен «қатаң» тәсіл текетірестің тоқтамы болатын соңғы мүмкіндік  деп
кесіп айтуға болмайды.Бұл арада еш  таңдау  түрі  қалмайды,қателік  жіберуге
ешкімнің  қақы  жоқ.  Сондықтан,  бұл  тәсілді  амал  құрыған  шақта,  соңғы
мүмкіндік ретінде қолдану керек.

    Сонымен,барлық жағдайда, жағдай қолдан шығып кетіп,ырық  бермей  кеткен
шақта текетіреске нүкте қою үшін  «қатаң» амал қолданылады.

Біздің бұлайша айтып отырған себебіміз, «жұмсақ» амал  дау  енді-енді  өршіп
келе жатқан кезде қолданылса,ол ырық  бермей  кеткен  кезде  «қатаң»  амалға
жүгінеміз.

    «Жұмсақ» амалдың міндеті мүлдем бөлек. Өйткені,ол  дауды  кідірте  тұру
үшін емес,оған басқарылуға болатындай  етіп,оны  бақылауға  алуға  мүмкіндік
береді. Сол себепті де,ол-мүлдем бөлек міндет. «Қатаңға» керегі оны  кідірте
тұру емес,қайыра бас көтермейтіндей етіп,біржол түбірімен жою.

    Оның мәні неде?  Көз  алдымызға  елестетіп  көрейікші,топтық  бас  қосу
барысында  текетірес  туындасын  делік.  Одан  кейін  осы  қақтығыс   өзінің
бастапқы мазадануына ие болып,екіге жарылған бітіспес дауға ұлассын.

  Басшы бұндай жағдайда не істеуге тиіс?

    Туындаған жағдайдың өзі оның араласуын талап етіп тұр. Ол өз  тарапынан
дауды екі жақтың  бірінің  жыртысын  жыртпай  ара  ағайындық  қызмет  атқара
отырып  тоқтатуы  керек.  Нәтижесінде   «жапа   шеккендер»   болмауы   шарт.
Өйтпесе,көңілі  қалған  жақтың  көсемі  кейін  келе,жеңіске  жеткен   жақтың
серкесімен күш біріктіріп, басшының  өзіне  қарсы  шығады.  Себебі,текетірес
деген-аяр жау. Оның аяқ астынан шығып өршіп кетуі  оп-оңай.  Оны  өте  қатал
басып тастаған жағдайда  кешегі  қарсыластар  бір-бірімен  ауыз  жаласып,әп-
сәтте одақтастарға айналып шыға  келеді.  Текетірес  белгілі  бір  ұстанымға
қатысты шыққандықтан,әр жақтың көсемі өз  пікіріннің  дұрыстығын  дәлелдеуге
барын салады. Осы ұстаным оларды басқарушылар үшін күрес  құралы,егер  басшы
оларды  қолындағы  осы  «көзірлерінен»  айырса,олар  амалсыз  орынсыз  қызыл
кеңірдек болуларын тоқтатады. Осы арқылы А  тобының  көсемі  мен  Б  тобының
көсеміне қатар кедергі келтіріп,өзі айтқан  бітімге  келуге  көндіре  алады.
Өйткені  екі  жақтың  көсемдері  өздерінің  жеңіске  жетер  жолындағы  басты
кедергі мектеп мүдірі деп санайды.  Басшы  кедергі  өзі  емес  басшы  жақтың
ұстанымы  деп   екі   жақты   бірдей   сендіре   алса,текетірестен   кейінгі
психологиялық ұстаным төмендегідей болып келеді:

1.Басшының көзқарасы бойынша, «қатаң»  амалмен  дауды  шешу  екі  көсемніңде
жанжалды жалғастыруға деген аптығын басады.Басшы бұндай қадамға әдейі  барып
отыр.

2. Көсемдердің көзқарасы бойынша, жағдай  бұдан  мүлде  бөлек.  Текетірестің
«қатаң» амалмен басылуы екі көсемнің жеңіске жетуге деген  ұмтылысына  нүкте
қойып,олардың өздерін ұжымның белгілі  бір  бөлігі  не  тікелей  ,не  жанама
қолдап отырған жағдайда өз ұстанымдарының  не  айқын,не  астырын  дұрыстығын
дәлелдеуіне кедергі келтіріп отыр.

    Тап осы арада екі көсемнің біріге тізе қосуына объективті психологиялық
негіз қалыптасады. Осы арада олар үшін жеңіске жетулеріне  кедергі  келтіріп
отырған жанға қарсы бірлесе шабуылдаудың мүмкіндігі туындайды.

    Басшыға қарсы біріге бас көтеру қайтіп,қалайша өтеді?

    1.Кейде,өте сирек кездессе де,топ жетекшілері(көсемдер) алдын ала өзара
келісіп алып,мектеп мүдіріне бірлесе өре түрегеледі. Көсемдердің өзара  ауыз
жаласып бірлесе әрекет етуін «оппозицияның ымыраласуы»  деп  атайды.  Кейбір
авторлар оны «қастандық» деп те атап жүрген жайы бар. Олардың бұлайша  атауы
шындықтан алшақ жатқан жоқ.

    2.Өте жиі көсемдердер алдын ала келісіп алмай-ақ,бірлесе әрекет  етеді.
Мысалы,топпен  бас  қосу  өтіп  жатқанда  көсемдердің  бірі   басшыға   тіке
шабуылдайды  да,екініш  көсем  бірден  оны  жақтап  шыға  келеді.Бұл   нұсқа
«жағдайға байланысты оппозиция» деп аталады.

    Басшылардың жадынан  шығармауға  тиісті  нәрсе,бұл  екі  жағдайда  өзін
қолданушыларға өте жиі жеңіс әкеледі.  Сондықтан  біз  «қатаң»  амалдың  кей
кезде бастықты тағынан  тайдырар  шеттетуші  тетікке  айналып  кетуін  жоққа
шығармаймыз.

    Бұндай «шеттетуші тетік» «қатаң» амалды қолданғаннан кейін орын алуы да
мүмкін, орын алмауы да мүмкін. Бірақ та, текетіресті  шешуде  «жұмсақ»  амал
қолданылған жағдайда ол еш орын алмайды. Сондықтан,оны міндетті  түрде  орын
алуға тиісті құбылыс деп еш санауға болмайды.

    «Қастандық» пен «Шеттетуші тетіктен» қашып құтылудың жалғыз  жолы  ғана
бар. Ол мынадан тұрады,текетіресті «қатаң» амалмен  тоқтатпау  жолы.  Біздің
сізге,мектеп мүдіріне, арнап жазған жолдарымызды  мұқият  оқи  отырып,мектеп
өміріндегі  текетіресті  басталмай  жатып  аңғарып,тез  шеше  білсеңіз   осы
кітапты бекер қолға алып оқып шықпағаныңызды сездіреді. Істің  мәнісін  біле
әрекет ету-демек,өз әрекетіңнің қандай нәтиже беретінін білу деген сөз.

    Енді бізге қалғаны осы бөлімде айтқан ойларымыздың түйінін шығару ғана.

    Сонымен,конфликтінің дамуын мектеп мүдірі тоқтата  ала  ма,егер  де  ол
инцидент деңгейіне ойысып кетсе?  Әлбетте. Егер ол істің мәнісінің  тереңіне
бойлап,қара қылды қақ  жарып,ұжымының  көңілінен  шыға  білсе.  Егер  де  ол
текетіресті жоюға  тырыспаса  немесе  инцидентті  тоқтатуға  шамасы  жетпей,
конфликтіге түсуші жақтың бірінің  жетегінде  кетсе,онда  текетірес  бірінші
жағдайдағыдай өрбиді.

    Бұл дегеніңіз,кері кетушіліктің кесірінен  екі  жақ  бір  шешімге  келе
алмай зорға басылады. Бірақ ешкім жеңіп шықпайды. Неге? Себебі  текетірестің
осылайша  шешілуі  нәтижесінен  ешкім  ұтпайды,қайта   оған   қатысушылардың
барлығы  жеңіліс  табады.  Сондықтан  бірінші  тәртіп  негізінде   текетірес
нәтижесі төмендегідей болып келеді:

  а) конфликті шешусіз қоздаған қоламта күйінде қалады;

    ә)  өзінің  тақырыбы  мен  қатысушылары  бар  жаңа  конфликтілік  жағдай
туындайды.  Текетірес  қанша  ұзаққа  созылады,сол  уақыт  аралығында   жаңа
конфликтілік ахуалдар туындап отырады. Олар өзіне жаңа  мүшелер  тартып,ұжым
өмірі бітпейтін даулардан тұратын дозаққа айналады.

    Сонымен,шындығында барлық текетірес  бірінші  жолмен  дамығанда,ешкімге
жеңіс әкелмейді.  Тіпті  текетірес  барысында  өз  позициясы  қорғап  шығып,
онысын басқаларға таңған жақта еш нәрсе  ұтпайды.Егер  басшы  текетірес  кең
өріс алып,өршіп  кетпей  тұрғанында  баса  білуге  бар  күш-жігерін  жұмсаса
тіптен жақсы.

    Бұл арада мүдір көзсіз қадамдар жасаудан немесе енжарлықпен «қайда  бар
дейсіңге?»  салынбауы  керек-ақ.  Бұндай   жағдайда   күш   қолдану   мүлдем
тиімсіз,ол жағдайды мүлде ушықтырады. Басшы бұндай жағдайда  сауаттылық  пен
сардабалдық таныта конфликтінің даму тетігіне психологиялық  талдау  жасауға
иек арта білуі қажет.

    Қалай және қандай жолмен және қандай қажырмен мүдір  текетіресті  өзіне
тиімді тоқтата алады және оны бірінші  жолмен  дамитын  ұжым  үшін  қолайсыз
даму мүмкіндігінен айыра алады?

Ол мұны алдын орап  істейтін  бір  ғана  жағдаймен  тоқтата  алады.  Ол:  өз
басының осы  конфликтіге  араласпауы,конфликті  текетіреске  ұласпай  тұрып,
мүдір қарсыласушы жақтардың біріне енетін болса,ол өзін  текетіресті  бейбіт
шеше білу құқығынан айырып,оның есесіне онсызда шатқаяқтап  тұрған  жағдайды
одан әрмен қиындата түседі. Егерде  ол  конфликтіге  араласпаған  болса,онда
текетіресті тоқтата отырып,оның дамуын екінші арнаға түседі.

    Екінші жол бірінші текетірестің дамуына  қарағанда  өзінен  өзі  басыла
салмайды,мүлде жойылады. Текетіресті тоқтату жолында мүдір  не  «қатаң»,  не
«жұмсақ» амалдардың біріне жүгінеді. Қандай амалдың тиімді  екені?  Жағдайға
байланысты болып келеді. «Жұмсақ» амалды  қолданып,инцидентті  тоқтатқанымен
конфликті тоқтамайтынын басшы жақсы ұғынуы керек. Ол тек  бастапқы  кезеңіне
қайта  оралады.  Басшы  бұл  арада   өзіне   белгілі   стратегиясы   бойынша
конфликтіні түбегейлі шешуге мүмкіндік  ала  алады.  Оның  үстіне,  «жұмсақ»
амалмен текетіресті  тоқтатуда  оны  орынды  қолдана  білсе,басшыға  жеңісті
психологиялық позицияға  қол  жеткізуге  мүмкіндік  береді.  Басшы  мынандай
жағдайда қалады:

   а)ол конфликтіні шешу үшін уақыт ұтады. Осы өзіне тиселі мерзімді қалайша
пайдалану басшының еркіндегі дүние;

   ә) ол екі топтыңда көсемінің алдына өз ұстанымдарын өзінің  алдына  келіп
баяндап беруінің қажеттілігін қояды.  Ендігі  жерде  басшы  олардың  артынан
жүгіріп олардың кімдер екенін анықтаймын деп әлекке түспейді.  Олар  мүдірге
өз аяқтарымен келіп, кім екендіктерін танытады.  Ал,басшының  қол  жеткізген
осы артықшылығын өз пайдасына асыра білуі өзіне  байланысты.  Дәлірек  айтар
болсақ,көсемдермен  тиімді  жұмыс  істеу  стратегиясын  қалай  игергендігіне
қатысты.

   Осылайша,тіпті текетірес үстінде болсын,тіпті ол аяқ  астынан  туындайтын
болсын,басшының қолында психологиялық құрал бар.  Ол  оны  орынымен  қолдана
отырып,жеңіп шығады,өз мүмкіндігін кемітпейді, қайта  арттырады.  Басшы  осы
арқылы конфликтіні шешудің қосымша мүмкіндігіне қол жеткізе алады.

  Егер мына жағдайда егер басшы:

  а)конфликтіге тартылатын болса;

  ә)инцидент барысында бір жақты не тікелей,не жанама қостаса;

   б) егер инцидентті  «жұмсақ»  амалмен  тоқтата  алмаса,  «қатаң»  амалмен
тоқтатуға күш сала алады.

    Бұл жағдайда, инцидентті тоқтатудың қолда бар бірден  бір  жолы-«қатаң»
амал болып табылады.

    «Қатаң»   амалды  дұрыс  қолдану-текетіресті   тоқтатуда   төмендегідей
міндеттерді шешуге көмектеседі:

    1.Текетірестің өрбуін барша кері  салдарлар  туғызатын  бірінші  жолмен
дамуына жол бермеу;

    2.Жағдайды қайыра қалпына келтіріп,оны басқарылатын ету.

    Сонымен, «қатаң» амалды қолдану нәтижесінде текетіресті  тоқтату,  бәрі
бір конфликтіні тоқтатып түбегейлі жоя алмайды.  Ол  тек  шектеліп,бастықтың
не тақырыппен,не  көсемдермен  жұмыс  істеудің  стратегиясы  арқылы  шешімін
табуға мүмкіндік береді.

    Басшы «қатаң» амалды  қолдану  арқылы  текетіресті  тоқтатқанда  мынаны
жадынан шығармауы керек,ол осы әрекетімен өз қолымен,өз  ісімен  көсемдердің
бірігуіне,яғни,  «қастандық»  немесе   «жағдайға   байланысты   оппозицияға»
объективтік психологиялық  алғышарт жасайды. Бұл  дегеніңіз,сайып  келгенде,
аталған жағдайдың ең ауыр салдары болып табылады.

    Оның не орын алатын,не орын алмайтынын әрбір нақты жағдайға  байланысты
тамыршыдай тап басып айту  өте  қиын.  Сондықтан,біздің  ұсынарымыз  «қатаң»
амалды тек шетін жағдайда ғана,басқа жол қалмағанда ғана қолданған ләзім.

    Кейбір басшылар «қатаң»  амалды  қолданып  текетіресті  шешудің  мүмкін
болатын кері салдары бар екенін біле тұра  немесе  еш  көңіл  аудармай  одан
қашады не болмаса,текетіреске араласпауға тырысады,тіпті  болмаған  жағдайда
мәселенің байыбын одан сайын қиындатып,күш қолданып,  шешуге  барын  салады.
Бірақта,барлық жағдайда  қалыптасқан  жағдай  одан  қай  кезде  басқарушылық
шешім   мен   басқарушылық   әрекетті   талап   еткенде   оның    таңдауы,ең
құрығанда,мәселенің байыбына барып қабыландануы керек. Кез  келген  жағдайда
егер мүдір шын мәнісінде жағдайды тиімді басқарғысы келсе,өзім  білемділікке
салынуға құқы жоқ,өзінің  қалауымен  емес,жағдайдың  аңысымен  әрекет  етуге
тиісті.  Ол  конфликтіні  басқарудың  объективті  психологиялық  заңдылығына
сүйенбей  еш  тірлік  ете  алмайды,тіпті  өзінің  мінез-құлық   ауанына   да
қарамай,ол ең ізгі ниетті негізде болса да.

    Бұл арада ең игі ниеттің өзі жаулық көрінуі де мүмкін.

    Қолды қалтаға салып қарап тұру мен дөкір әрекеттер отқа май құя түскені
болмаса,еш  жақсылық  әкелмейді.  Екі  жағдайда  да  текетірес  бірінші  жол
бойынша өрбіп,өрістейді. Бұндай жағдайда келеңсіз салдарлардан қашып  құтыла
алмаймыз. Егер басшы «жұмсақ»  немесе  тіптен  «қатаң»  амалды  қолданса  да
кесірлі салдардың сақталып қалу мүмкіндігі еш жойылмайды.

    Осылайша басшыға екі оттың(  енжарлық  пен  қатаңдықтың)  бірін  таңдау
дегеніміз-екі жеңілістің (қашып  құтылмайтын  және  мүмкін  болатын)  біріне
бейіл таныту. Бұл жағдайда сіз өз  қолайыңызға  жаққанына  тоқталу  таңдауын
жасайсыз.

    Текетірес отандық педагогика ғылымында аз сөз етіліп келеді. Қазіргі үш-
төрт тілді еркін меңгерген басшылар  үшін  оқып  шығып,ғибрат  алатын  еңбек
Н.Н.Вересовтың «Формула противостояния или как устранит в колликтиве»  деген
кітабы.












































































-----------------------
                            Әлеуметтік қажеттілік

                              Білім беру жүйесі





Пәндер