Файл қосу
Жартылай құрғақ әдіс
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВРСИТЕТІ | |3 дәрежелі СМЖ құжат |ПОӘК | | | | |ПОӘК | | | |042-14.1.04.01.20\3-2014 | |«Құрылыстық керамика1» |№1 баспа | | |пәнінің оқу-әдістемелік | | | |кешенінің | | | |оқу-әдістемелік | | | |материалдары | | | 050730 “Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары өндірісі” мамандығының студенттеріне арналған “ҚҰРЫЛЫСТЫҚ КЕРАМИКА1” ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2011 Алғысөз 1. ӘЗІРЛЕГЕН 1.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, “Геодезия және құрылыс” кафедрасының аға оқытушысы Уркинбаева Жузимкул Исаевна «___________2014 ж. 2. ТАЛҚЫЛАНҒАН 2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, “Геодезия және құрылыс”кафедрасының отырысында Хаттама № __ «____» _____ 2014 жыл Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к. _________ Кудеринова Н.А. 2.2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультетінің оқу- әдістемелік кеңесінің отырысында Хаттама №___ «____» ________ 2014 жыл Төрайымы __________ Бекбаева Р.С. 3. БЕКІТІЛГЕН Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланды және басылымға ұсынылды Хаттама №___ «____» ________ 2014 жыл ОӘК төрайымы _____________ Искакова Г.К. 4. Бірінші рет енгізілді Мазмұны |1 |Глоссарий |4 | |2 |Дәрістер |5 | |3 |зертханалық сабақтар |13 | |4 |Студенттің өздік жұмысы |13 | 1 ГЛОССАРИЙ Оқу-әдістемелік кешенде келесідей терминдер мен анықтамалар берілген: Адгезия – әртүрлі дене беттерінің ілінгіштік қабілеттілігі. Атмосфераға тұрақтылық – заттардың атмосфералық факторлар әсеріне төтеп беру қабілеттілігі. Аморфты күй – анықталмағандық құрылымдағы зат. Ылғалға тұрақтылық – материал қасиетінің ылғал әсеріне ұзақ кедергі көрсетуі. Су өткізгіштік – материалдың қысымда ылғал өткізу қасиеті. Суға тұрақтылық – материалдың суға қаныққан шегінде беріктік деңгейінің төменеуі. Су ұстағыш қабілеттілігі – ерітінді қоспаның артық суды ұстау қабілеттілігі. Толық беріктікке жету уақыты – байланыстырғыш сипатына қарай материалдың толық беріктікке жету уақыты. Түзету уақыты – материалдың серпімділігін сақтау уақыты. Қатаю уақыты – материалдың серпімділігін жоғалту уақыты. Гигроскопиялық – ауадағы ылғалды сіңіру қабілеттілігі. Ерітіндінің қажеттілік қабілеттілігі – ерітіндінің жұмысқа қабілеттілік уақыты. Дыбыс жұтқыштық – қарқынды дыбысты әлсіздендіру қабілеттілігі. Үйкелгіштік – материалдың үйкелгіш күштер әсеріне кедергі қасиеті. Конгломерат – күрделі құрам. Ағару коэффициенті – материалдың ағару деңгейінің көрсеткіші. Суыққа төзімділік – материалдың маусымды мұздату және ерітуге қабілеттілік қасиеті. Сығуға беріктігі – бұзылу басталғанға дейін материалдың максималды қысымы. Ілінісу беріктігі – бұзылу басталғанға дейін материалдың максималды созылуы. Жарыққа тұрақтылық – ультра күлгін сәуле әсерінен материалдың түсін өзгерту қабілеттілігі. Релаксация – деформация әсерінен кернеудің өздігінен төмендеуі. Ретардация – деформацияның өздігінен өзгеруі. Седиментация – қатты фазаның отыруы. Отыру – материалдың кебу, қатаю кезінде өлшемі мен көлемінің кішірею қасиеті. 2 ДӘРІСТЕР Құрылыстық керамика технологиясының процесі. Сазды шикізатты қоймалау Саз шикізаттарын карьерлардан қазып алып, өңдеу заводтарына тасымалдау арқылы жеткізеді. Жеңіл араласатын сазды кірпіш заводтарына карьерларден әкелсе, ал отқа төзімді және ауыр араласатын саздарды арнайы керамика заводтарынан тасымалдайды. Кірпіш заводтарын қысқы уақытта сазбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін карьерлердің беткі қабаттарын ағаш ұнтақтарымен немесе минерал мақта тақталармен жылулайды. Сонымен қатар жаз уақыттарында сазды заводтарда ашық катловандармен биіктігі 6-8м болатын жер асты штабельдерде немесе жабық тереңдігі 4-6м саз сақтағыш қоймаларда саз қорын жинайды. Катловандарға сазды рельсті көліктермен немесе авто самосвадармен , ал жер асты штабелдеріне тек автосамосвалдармен кіргізеді.саз сақтағыш орындар көбірлі, грейферлі крандармен бір рельстегі грейфермен, таспалы конвейерлермен, ал саз темір жолмен жеткізілсе, вагондарды түсіруге арналған эстакадалармен жабдықталған. Саз сақтағыштан сазды өндіріске жеткізу үшін көпірлі грейферлі кран немесе бір шөмішті экскаватор қолданылады. Сазды шикізатты қайта өңдеу және керамика массасын дайындау. Жартылай құрғақ әдіс. Сазды шикізаттың табиғи құрылыстың табиғи құрылымын бұзу мақсатында қайта өңдеу табиғи және механикалық жолмен жүреді. Сазды табиғи өңдеуге саздың қатты күйінен жұмсақ күйге өтуі жатады. Карьердан алған жіне қоймаланған кезде, саз көптеген атмосфералық әсерлерге ұшырайды: ауыспалы қату мен еру, ылғалдану және кебу, желдену мұның бәрі саздың қопсуына әкеліп элементарлы түйірлерінің бөлшектерінің бұзылуына жетікзеді. Сазды өңдеудің табиғи әдістері ұзақ уақытта және үлкен аумақты қажет етеді. Сондықтан саз шикізатын қайта өңдеудің негізгі үш әдісі бар: жартылай құрғақ (массаның ылғалдылығы 8-13%), пластикалық (18-26%) және шликерлі (45- 60% жоғары). әдісті дұрыс таңдау шикізат материалдарының бастапқы қасиеттерімен алынатын өнімге қойылатын сапа талаптарымен бағаланады. Жартылай құрғақ әдіс бастапқы шикізатты ірі ұсақтау, кептіру, майда ұсақтау, ірі түйірлерін тиеу, оны толықтырғыштармен араластырудан тұрадлы. Бұл әдісті карьерлік ылғалдылығы төмен құрылымы тығыз сазды шикізатқа қолданылады. Бұл әдіс саз құрамындағы тастарды толық ұсақтауды қамтамасыз етеді. Жартылай құрғақ әдістің кемшіліктері шикізатты ұсақтау алдында кептіру қажеттігі ұсақтау кезінде жабдықтың тозуы, бұйымды престеу кезінде жоғары қуатты престердің қажеттілігі және пішіндеуде 15-40 МПа қысымды қажеттендіру. Жартылай құрғақ әдісті кәдімгі және қуыс саз кірпіштерін тастар мен керамикалық тақталар өндірісінде қолданылады. Жартылай құрғақ әдіс бойынша массаны пішіндеуге дайындау Мөлшерлеу Ұсақтау Кептіру Аралық сақтау (шанақ) Жеткізгіш Майда ұсақтау Илеу Сақтау Мөлшерлеу Араластыру Сазды шикізатты қайта өңдеу және керамика массасын дайындау. Пластикалық әдіс Пластикалық әдіс құрамында тас қоспалары шектеулі ылғалданған кезде жақсы араласатын қопсыған саз массасын дайындауда қолданылады. Пластикалы және тұтқыр саздарды тісті ұсақтағыштарда, ал сынғыш және қатты саздарда саз кескіштерде, пластикалығы орташа саздарда уатқыштарда ұсақтайды. Неғұрлым біртекті массаға қол жеткізу үшін тонтрансперлер қолданылады. Мұнда саз массасы үйкеліп, қалақшалар арқылы перферленген тұрықтан қысылып өтеді. Жұқа қабырға бұйымдар өндірісінде (фасадты тақталар, черепицалар) массаның пластикалауымен біртектілігін жоғарылату үшін оны бірнеше тәулік силосгомогенезаторларды немесе мұнаралы типті шихто запасниктерде ұстайды. Силос гомогенезатор сиымдылығы 100-200м2 мұнарадан тұрады. Ол тіректі сақинада айналады да шихтаны көлбеу конвермен береді, ал мұнараның ортасындағы люк арқылы шнекпен түсіреді. Пластикалық әдіс масса дайындаудың қарапайымдылығымен жартылай құрғақ әдісіне қарағанда пішіндеу жабдықтарының қарапайым құрылымымен ерекшеленеді. Бірақ бұйымды кептіру процессі күрделі және ұзаққа созылады. Пластикалық әдісті қабырғалық керамика, канализациялық құбырар және черепица өндірісінде қолданылады. Пластикалық әдіс бойынша пішінделетін массаны дайындау Мөлшерлеу Ірі ұсақтау Майда ұсақтау Аралық ұсақтау Араластыру Сазды шикізатты қайта өңдеу және керамика массасын дайындау. Шликерлі әдіс Шликерлі әдісті карьерлік ылғалдылығы жоғары сазды қолдану массаны көп компонентті біртексіз шикізаттан дайындау, сазды гидроманитор көмегімен гидроэкскавация әдісімен алған кезде қолданады. Шликерлі әдісте шикізатты ірі ұсақтау дезинтеграторлы сақтағыштарда тісті уатқыштарда, ал майда ұсақтау шарлы диірмендерде проберлерлі араластырғыштарда немесе үздіксіз әрекетті арнайы машинада жүреді. Шликерлі массамен пресс-ұнтақтарын дайындау Сазды материал толықтырғыштар мен балқымалар Ірі ұсақтау (дезинтиграторлы ірі ұсақтау (балғалы ұсақтағыштар) ұсақтағыштар,тісті уақытқыштар ) Электромагнитті тазалау Сақтау (шанақ) Толтырғыштар Электролиттер майда ұсақтау (шарлы Су диірмен пробеллерлі араластыру) Отыру (видрациялық елек) Сақтау (пропеллерлі аралатырғыш) өндіріске жіберу Шлинкерлі ылғалсыздандыру фильтр-пресс шашыратқыш кептіргіш ұсақтау (стугач) ылғалсыздандыру кептіру(кептіргіш барабан) пішіндеу ұнтақтау (дезинтигатор, балғалы уатқыш) елеу(сито-бурат,виброситр) электромагниттік тазалау (сепаратор) шанақ Керамикалық бұйымды пішіндеу. Пластикалық пішіндеу әдісі Жартылай құрғақ әдісі, құю әдісі. Шикізатты қайта өңдеу және керамикалық бұйымдарды пішіндеуге масса дайындау технологиясына сәйкес үш әдіс: пластикалық, жартылай құрғақ және құю. Бірінші әдіс кеңінен тараған. Ол қабырғалық керамикалық бұйымдарда черепицаны, канализациялық және дренаждау құбырларын және сәулеттік керамиканы пішіндеуге арналған. Үшінші әдіспен ңкүрделі конфигурациялы бұйымдарды пішіндейді. Олар санитарлық техникалық және дикаративті керамика. Құрылыстық керамика технологиясының процестері. Шикізатты кептіру. Шикізатты кептірудің негізгі мақсаты ылғалдығын төмендету біріктендіру болып табылады. Ылғалдылығы 18-26% пластикалық массадан пішінделген ылғалдылығы 6-10% жеткенше кептіреді. Саз неғұрлым пластикалы және дисперсті болса, оның гигроскопиялық қасиеті де жоғары болады. Ылғалдылығы 3-12% жартылай құрғақ престеу тәсілімен пішінделген шикізатты тақталар үшін ылғалдылығы 1%, ал кірпіш үшін ылғалдылығы 4-6% дейін кептіреді. Жартылай құрғақ престеу әдісімен алынған шикізатты көбінесе пеште күйдіру процесімен біріктіреді. Гипсті пішінге шликер массасын құю арқылы алынған күрделі және ұзаққа созылады (санитарлы техникалық керамика). Кептіру кептірілетін шикізатпен қоршаған орта арасындағы жылу және масса алмасуға байланысты күрделі жылу физикалық процесс. Кептіру процессінде ылғалдың материалдың орталық қабатынан материал бетіне ауысуы (шикі диффузия) және ылғалдың материал бетінен сыртқы ортаға булануы (сыртқы диффузия) жүреді. Ішкі диффузияның қарқындылығы жоғары болған сайын ылғалдылық градиенті температурамен қысымда жоғары болады. Бұйымды күйдіру Керамикалық бұйымдарды күйдіру бұйымның тығыздығы, беріктігі, суға төзімділігі, суыққа төзімділігі сияқты қасиеттері тұрақтанатын соңғы саты. Күйдіру кезінде саз түзгіш минералдарда, қоспаларда, толтырғыштарда күрделі физфкалық, химиялық процесстер жүреді. 2000С-ға дейін қыздырғанда бұйым кеуіп, физикалық байланысқан сулар ыдырайды, температураны 300-4000С-ға дейін жоғарылатқанда органикалық қоспалар мен толтырғыштар қышқылданады. Коксты қалдықтардың жануы 700-8000С жүреді. Сазды минералдар 500-6000С (каолинит) үшін және 7000С (басқа минералдар) қыздырғанда кристалл торлардың бұзылуы арқылы дегидротациясы жүріп саздың пластикалығы жоғалады. 830-8500С температурада сазды минералдар ыдырап, біріншілік оксидтер арқылы [pic] гриноземмен кремнозем түзіледі. 920-9800С [pic]глинозем [pic]глиноземге айналып жаңа минерал муллит [pic] түзіледі. Бұл процесс 1000-12000С аралығында қарқындайды. Муллит керамикалық материалдарындағы құмды кристалл болып табылады. Ол бұйымның беріктігі, жылу ұстағыштығы және т.бү қасиеттеріне үлкен ықпал етеді. 3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР № 1 зертханалық сабақ Сабақ тақырыбы: Стандартты тығыздалмаған қалпында құмның үйілген тығыздығын анықтау. Сабақ жоспары: Үйілген тығыздық өлшеуіш ыдыстарда құмды өлшеу арқылы анықталады. № 2 зертханалық сабақ Сабақ тақырыбы: Құмдағы ұсақ және балшықты бөлшектердің мөлшерін тұндыу арқылы анықтау. Сабақ жоспары: Құмдағы ұсақ және балшықты бөлшектердің мөлшері ірілігі 0,05 мм дейін бөлшектерді сумен жібітіп алып құм массасының өзгеруі бойынша анықталады. Әдебиеттер: 1. Рыбьев И.А. Строительные материаловедение: учебное пособие для строит.спец.вузов/ И.А.Рыбьев – 2-е изд. испр. – М.: Высш.шк., 2004- 701с. 2. Воробьев В.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Уч. Пособие для строительных специальностей вузов. 4-е 3. Современные строительные материалы и товары. – М.: Из-во ЭКСМО, 2005- 576с. № 3 зертханалық сабақ Сабақ тақырыбы: Құмның түйір құрамын және ірілік модулін анықтау. Сабақ жоспары: Түйір құрамы електердің стандартты жиынтығында құмды елеу арқылы анықталады. Әдебиеттер: 1. Рыбьев И.А. Строительные материаловедение: учебное пособие для строит.спец.вузов/ И.А.Рыбьев – 2-е изд. испр. – М.: Высш.шк., 2004- 701с. 2. Воробьев В.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Уч. Пособие для строительных специальностей вузов. 4-е 3. Современные строительные материалы и товары. – М.: Из-во ЭКСМО, 2005- 576с. № 4 зертханалық сабақ Сабақ тақырыбы: Ауыр бетонның құрамын анықтаудың есеп-эксперименттік әдісі. Сабақ жоспары: Ауыр бетонның құрамын анықтаудың есеп-эксперименттік әдісін анықтау үшін бетонның берілген марасы, конустың отыруымен анықталатын бетон қоспасының қажетті төсеуге қолайлығы, негізгі материалдардың сипаттамасын білу қажет. Әдебиеттер: 1. Рыбьев И.А. Строительные материаловедение: учебное пособие для строит.спец.вузов/ И.А.Рыбьев – 2-е изд. испр. – М.: Высш.шк., 2004- 701с. 2. МикульскийВ.Г. и др. Строительные материалы: уч.изд. – М.: Издательство Ассоциации строительных вузов,2004-536с. 3.Воробьев В.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Уч. Пособие для строительных специальностей вузов. 4-е 4. Современные строительные материалы и товары. – М.: Из-во ЭКСМО, 2005- 576с. № 5 зертханалық сабақ Сабақ тақырыбы: Бетон қоспасының жылжымалылығын анықтау. Сабақ жоспары: Бетон қоспасын дайындағаннан кейін өлшемі d=100 мм, D=200 мм, H=300 мм стандартты конус арқылы оны жылжымалылығы анықталады. Әдебиеттер: 1. Рыбьев И.А. Строительные материаловедение: учебное пособие для строит.спец.вузов/ И.А.Рыбьев – 2-е изд. испр. – М.: Высш.шк., 2004- 701с. 2. Воробьев В.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Уч. Пособие для строительных специальностей вузов. 4-е 3. Современные строительные материалы и товары. – М.: Из-во ЭКСМО, 2005- 576с. № 6 зертханалық сабақ Сабақ тақырыбы: Бетон қоспасының қаттылығын анықтау. Сабақ жоспары: Бетон қоспасының қаттылығы «Қ» қаттылықты анықтауға арналған аспапта бетон қоспасының алдын ала қалыпталған конусын тегістеуге және тығыздауға қажет дірілдету уақытымен сипатталады. Әдебиеттер: 1. Рыбьев И.А. Строительные материаловедение: учебное пособие для строит.спец.вузов/ И.А.Рыбьев – 2-е изд. испр. – М.: Высш.шк., 2004- 701с. 2. Воробьев В.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Уч. Пособие для строительных специальностей вузов. 4-е 3. Современные строительные материалы и товары. – М.: Из-во ЭКСМО, 2005- 576с. № 7 зертханалық сабақ Сабақ тақырыбы: Бетон шығымының коэффициенттерін анықтау Сабақ жоспары: Көлемнің азаю дәрежесі бетон шығымының коэффициентімен сипатталады. Әдебиеттер: 1. Рыбьев И.А. Строительные материаловедение: учебное пособие для строит.спец.вузов/ И.А.Рыбьев – 2-е изд. испр. – М.: Высш.шк., 2004- 701с. 2. Воробьев В.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Уч. Пособие для строительных специальностей вузов. 4-е 3. Современные строительные материалы и товары. – М.: Из-во ЭКСМО, 2005- 576с. № 8 зертханалық сабақ Сабақ тақырыбы: Бетон құрамын анықтау. Сабақ жоспары: Бетонның өндірістік құрамы массасы бойынша бетон қоспасының әр компонентінің шығынын цемент шығынына бөлу арқылы есептеледі. Әдебиеттер: 1. Рыбьев И.А. Строительные материаловедение: учебное пособие для строит.спец.вузов/ И.А.Рыбьев – 2-е изд. испр. – М.: Высш.шк., 2004- 701с. 2. Воробьев В.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Уч. Пособие для строительных специальностей вузов. 4-е 3. Современные строительные материалы и товары. – М.: Из-во ЭКСМО, 2005- 576с. № 9 зертханалық сабақ Сабақ тақырыбы: Бетонның беріктігін анықтау. Сабақ жоспары: Бетонның сығылу беріктігі МСТ 10180-90 сәйкес текше, цилиндрлер не арқалық жартысы түріндегі нұсқаларды сынаумен анықталады. Әдебиеттер: 1. Рыбьев И.А. Строительные материаловедение: учебное пособие для строит.спец.вузов/ И.А.Рыбьев – 2-е изд. испр. – М.: Высш.шк., 2004- 701с. 2. Воробьев В.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Уч. Пособие для строительных специальностей вузов. 4-е 3. Современные строительные материалы и товары. – М.: Из-во ЭКСМО, 2005- 576с. № 10 зертханалық сабақ Сабақ тақырыбы: Сынақ елеуін дайындау және бетон қоспасының қаттылығын анықтау. Сабақ жоспары: Бетон қоспасының қаттылығын анықтау үшін өлшеуіш металл сызғыш, күрекше, дөңгелетілген ұштары бар ұзындығы 600 мм шыбық және техникалық вискозиметр пайдаланылады. Әдебиеттер: 1. Рыбьев И.А. Строительные материаловедение: учебное пособие для строит.спец.вузов/ И.А.Рыбьев – 2-е изд. испр. – М.: Высш.шк., 2004- 701с. 2. Воробьев В.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Уч. Пособие для строительных специальностей вузов. 4-е 3. Современные строительные материалы и товары. – М.: Из-во ЭКСМО, 2005- 576с. № 11 зертханалық сабақ Сабақ тақырыбы: Құмдағы органикалық қосылыстардың мөлшерін анықтау. Сабақ жоспары: Құмдағы органикалық қосылыстардың мөлшерін анықтау үшін техникалық таразы, өлшеуіш және шыны цилиндр қолданылады. Әдебиеттер: 1. Рыбьев И.А. Строительные материаловедение: учебное пособие для строит.спец.вузов/ И.А.Рыбьев – 2-е изд. испр. – М.: Высш.шк., 2004- 701с. 2. Воробьев В.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Уч. Пособие для строительных специальностей вузов. 4-е 3. Современные строительные материалы и товары. – М.: Из-во ЭКСМО, 2005- 576с. № 12 зертханалық сабақ Сабақ тақырыбы: Қиыршықтастың (малтатастың) үйілген тығыздығын анықтау. Сабақ жоспары: Үйілген тығыздық көлемі қиыршықтастың (малтатастың) ірілігіне байланысты өлшеуіш цилиндрдің көмегімен анықталады Әдебиеттер: 1. Рыбьев И.А. Строительные материаловедение: учебное пособие для строит.спец.вузов/ И.А.Рыбьев – 2-е изд. испр. – М.: Высш.шк., 2004- 701с. 2. Воробьев В.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Уч. Пособие для строительных специальностей вузов. 4-е 3. Современные строительные материалы и товары. – М.: Из-во ЭКСМО, 2005- 576с. № 13 зертханалық сабақ Сабақ тақырыбы: Қиыршықтастың (малтатастың) қуыстығын анықтау. Сабақ жоспары: Қиыршықтас (малтатас) қуыстығы түйірлердің шын мәніндегі тығыздығының алдын ала алынған мағыналары мен қиыршықтастың (малтатастың) үйілген тығыздығы бойынша анықталады Әдебиеттер: 1. Рыбьев И.А. Строительные материаловедение: учебное пособие для строит.спец.вузов/ И.А.Рыбьев – 2-е изд. испр. – М.: Высш.шк., 2004- 701с. 2. Воробьев В.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Уч. Пособие для строительных специальностей вузов. 4-е 3. Современные строительные материалы и товары. – М.: Из-во ЭКСМО, 2005- 576с. № 14 зертханалық сабақ Сабақ тақырыбы: Қиыршықтасты (малтатасты) сынау әдістері. Сабақ жоспары: Қиыршықтасты (малтатасты) сынау әдістері МСТ 8269-97 талаптарына сәйкес жүргізіледі. Әдебиеттер: 1. Рыбьев И.А. Строительные материаловедение: учебное пособие для строит.спец.вузов/ И.А.Рыбьев – 2-е изд. испр. – М.: Высш.шк., 2004- 701с. 2. Воробьев В.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Уч. Пособие для строительных специальностей вузов. 4-е 3. Современные строительные материалы и товары. – М.: Из-во ЭКСМО, 2005- 576с. № 15 зертханалық сабақ Сабақ тақырыбы: Фракциялы емес қиыршықтастың (малтатастың) түйір құрамын анықтау. Сабақ жоспары: Қиыршықтастың (малтатастың) түйір құрамы електердің стандартты жиынтығында сынаманы себу арқылы анықталады Әдебиеттер: 1. Рыбьев И.А. Строительные материаловедение: учебное пособие для строит.спец.вузов/ И.А.Рыбьев – 2-е изд. испр. – М.: Высш.шк., 2004- 701с. 2. Воробьев В.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Уч. Пособие для строительных специальностей вузов. 4-е 3. Современные строительные материалы и товары. – М.: Из-во ЭКСМО, 2005- 576с.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz