Файл қосу

Курс пререквизиттері





    |ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                      |
|СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                          |
|3 деңгейлі СМК құжат     |ПОӘК                     |                         |
|                         |                         |ПОӘК 042-05.1.48/01-2014 |
|ПОӘК                     |№ __ басылым             |                         |
|Оқытушыға арналған       |«__»  ________ 2014 ж.   |                         |
|«Педагогика»             |                         |                         |







                           ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК
                                   КЕШЕНІ
                                «ПЕДАГОГИКА»
                          Магистранттарға араналған

                      ОҚУШЫҒА арналған пән бағдарламасы






































                                    Семей
                                    2014

    Кіріспе


    1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
    Құрастырған ________ «28» тамыз  2014 ж.
    “Психология” кафедрасының профессоры,психология ғылымдарының  кандидаты
Ш.С.Сатиева


    2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
    2.1 «Психология» кафедрасының отырысында.
    Хаттама №1 «05» қыркүйек 2014 ж.


    Кафедра меңгерушісі ____________  профессор,психология ғылымдарының
кандидаты Ш.С.Сатиева


    2.2 ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында


    Хаттама №1 «09» 09. 2014 ж.
    Төрайымы  ___________ С.Х.Тойкин


    3 БЕКІТІЛДІ
    Университеттің оқу-әдістемелік  кеңесінің  отырысында  мақұлданды  және
баспаға ұсынылды
    Хаттама №1 «11» 09. 2014 ж.


ОӘК төрайымы,оқу әдістеме жөніндегі проректор  ___________ Г.К.Искакова


    4 АЛҒАШ ЕНПЗІЛДІ










Мазмұны



1 ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ   4
1.1 Мұғалім және пән бойынша жалпы мәлімет   4
1.2 Пәннің қысқаша сипаттамасы мен мазмұны   4
1.3 Пәнді оқудың мақсаты   5
1.4 Пәнді оқудағы негізгі мақсат    5
1.5 Оқу нәтижесі  5
1.6 Курс пререквизиттері   5
1.7 Курс постреквизиттері  5
2 Сабақтар түріне байланысты пән сағаттарының бөлінуі және пән мазмұны 6
3 Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар    7
4 курс форматы    8
5 курс саясаты    9
6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ     9
7 Әдебиет     10
7.1 Негізгі әдебиет    10
7.2 Қосымша әдебиет    10

      1 ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ



10 Мұғалім және пән бойынша жалпы мәлімет

      “ Психология” кафедрасының профессоры Ш.С.Сатиева
      Байланыс телефоны – тел.: 35-93-89, № 1 оқу корпусы, кабинет № 1212.
      Сабақ өткізу аудиториясы –№____аудитория.
      Берілген пән бойынша кредит саны – 3.



      1.2 Пәннің қысқаша сипаттамасы мен мазмұны

      «Педагогика» курсының  бағдарламасы  магистратура  бөліміне  арналған.
Жоғары білім беру педагогикасының  ғылыми  білімнің  дербес  саласы  ретінде
бөлініп шығуы қазіргі  заманғы  өндірістің  барлық  саласы  үшін    мамандар
даярлаудың  тиімділігін  арттыру   мен   жетілдірудегі   жоғары    мектептің
сұранысынан туындап отыр. Қазіргі таңда   жоғары  мектеп  түлектерін  кәсіби
даярлау сапасы тек қалыптасқан кәсіби білім  мен біліктің жоғары  деңгейімен
ғана  сипатталмайды.   Кәсіби   және   әлеуметтік   рөлдерді   білікті   әрі
жауапкершілікпен орындау  мүмкіндіктерін  анықтайтын   тұлғалық  фактор,жаңа
идеялар, технологиялар мен шешімдер тужырушылық, ғылыми, практикалық  қызмет
пен білім беру салаларында  тиімді қарымқатынас орнатиу қабілеттігі  бірінші
кезекке  шығады.  Осыған  сәйкес,  жоғары   білім  беру   білім   алушыларды
біліммен,  білікпен  қаруландыруға  ғана  емес,  сондай-ақ  мазмұнды  күшін,
адамның рефлексияға  деген  әрекетті  қабілеттіліктерін  және  үздіксіз   өз
бетінше білім алу мен өз  бетінше  дамуға   қажеттілікті  ашуға  бағытталлуы
тиіс. Осындай мәселелер арасында білім берудің тиімділігін  едәуір  дәрежеде
анықтайтын оқытушылар  кадрын   даярлау  зор  маңызға  ие.  Қазіргі  заманғы
жағдайда оқытушы ғылыми ақпаратты  тасымалдаушы  мен  жеткізуші  ғана  емес,
сондай-ақ ол студенттердің танымдық қызығушылығын, өзіндік жұмыс мен  ғылыми
шығармашылығын ұйымдастырушы болып табылады.
      Қазіргі уақытта ЖОО-дағы оқу үдерісі өзінің  міндеттері,  қарқындылығы
мен  мазмұны  бойынша   күрделене  түсті.  Ол  оқытушылардан   оқу   қызметі
заңдылықтарын, оқыту, тәрбие  беру, жеке  тұлға  қалыптастырудың  қағидалары
мен әдістерін терең  психологиялық зерделеуді талап етеді.
      Жоғары мектеп оқытушысы қызметінің  тиімділігін   анықтайтын  көптеген
факторлардың  ішінде   олардың  кәсіби  педагогикалық  біліктілігі   алдыңғы
қатарға шығады.
      Осы     «Педагогика»     курсының     бағдарламасы     (университеттің
магистратурасына арналған) жоғары мектепте магистранттар  мен  аспиранттарды
оқытушылық қызметке дайындауға бағдарланған.
      Курс мазмұны  жоғары  мектептегі  оқу-тәрбиелеу  үдерісін,  оқыту  мен
тәрбиелеудің  жаңа  технологияларын  ізгілендіру  мен   демократияландырудың
қазіргі   үрдістерін   көрсетеді,   педагогикалық   қызметтің   дара    жеке
шығармашылық стиліне бағдар  береді.

      1.3 Пәнді оқудың мақсаты

          «Педагогика» курсын оқытудың мақсаты – магистранттарға кәсіби  іс-
әрекеттеріне қажетті психологиялық білімнің негізін қалыптастыру.



      1.4 Пәнді оқудағы негізгі мақсат

      Болашақ   оқытушыларды   жалпы   мәселелермен   және   жоғары   мектеп
педагогикасының теориялық және  әдіснамалық  негіздерімен,  қазіргі  заманғы
талдау, оқыту мен тәрбиелеуді жоспарлау, ұйымдастыру технологияларымен,  ЖОО
білім беру үдерісінде  оқытушы мен  студенттің  өзара  әрекетінің   субъект-
субъектілі, қарым-қатынас технологиясымен таныстыру.





      1.5 Оқу нәтижесі

      Пәнді оқу нәтижесінде студент:
      білуі керек:
     - педагогика ғылымының өзекті мәселелерін;
      ие болуы керек:
      - білім беру процесін қамтамасыз ету және ұйымдастыруды;
      игеруі керек:
      - оқушының ақпараттық мәдениетінің сұрақтарын;
      істей білуі керек:
      - «Педагогика»  пәнінде алынған білімді  мамандығында қолдануды;
      Түсінуі керек:
      - қазіргі  жағдайларға  сәйкес  магистрантына  қойылатын  міндеттерді,
рөлін;
      білуі керек:
      -  жоғары  оқу  орнында  білім  алу  үрдісіндегі  оқушы  тұлғасы  және
интеллектуалды функциялардың дамуы  (ес,  ойлау,  зейін  т.б.),  жоғары  оқу
орнындағы белсенді оқыту  әдістері  мен  тәрбие  жұмыстарының  психологиялық
негізін;
      практикалық тұрғыда машықтану керек:
      - әр түрлі өздік жұмыстарды орындау;


      1.6 Курс пререквизиттері

      -  жалпы педагогика,  жас ерекшелік психологиясы,  педагогика  тарихы,
педагогика, психодиагностика, мәдениеттану, әлеуметтік  психология;
      - гуманитарлық ғылымдар



      1.7 Курс постреквизиттері

      - жоғары мектеп педагогикасы курсын оқыту негізінде білім мен дағдысын
қалыптастыра  отыра,   әлеуметтік   психология,   жеке   бас   психологиясы,
психология  тарихы,  жалпы  психология,  даму  психологиясы  және  басқа  да
циклдағы пәндерді меңгерту.




      2 Сабақтар түріне байланысты пән сағаттарының бөлінуі және пән мазмұны





      Сабақтар түріне байланысты пән сағаттарының бөлінуі және пән мазмұны 1
кесте көрсетілген.


1 кесте – Сабақтар түріне  байланысты  пән  сағаттарының  бөлінуі  және  пән
мазмұны
|№  |Тақырып атауы                |Сағат саны                   |әдебиет          |
|   |                             |ЛК   |СПЗ  |ЛБ |ОӨЖО   |ОӨЖ  |                 |
|1  |2                            |3    |4    |5  |6      |7    |8                |
|Модуль 1. Жеке тұлға психологиясы                                               |
|1  |Жоғары мектеп педагогикасының|2    |1    |   |3      |8    |                 |
|   |жалпы                        |     |     |   |       |     |                 |
|   |теоретикалық-әдіснамалық     |     |     |   |       |     |                 |
|   |негіздері                    |     |     |   |       |     |                 |
|2  |Жоғары мектеп педагогикасының|2    |1    |   |3      |8    |                 |
|   |пәні, міндеттері мен әдістері|     |     |   |       |     |                 |
|3  |Қазақстан Республикасындағы  |2    |1    |   |3      |8    |                 |
|   |жоғары кәсіби білім беру     |     |     |   |       |     |                 |
|   |жүйесі                       |     |     |   |       |     |                 |
|4  |Педагогика ғылым ретінде     |2    |1    |   |3      |8    |                 |
|Модуль 2. Жеке тұлға психологиясы теориялары, сипаттамалары                     |
|5  |Педагогика ғылымы мен оның   |2    |1    |   |3      |8    |                 |
|   |адам туралы ғылымдар         |     |     |   |       |     |                 |
|   |жүйесіндегі орны             |     |     |   |       |     |                 |
|6  |Жоғары білім педагогикасы    |2    |1    |   |3      |8    |                 |
|7  |Педагогика  ғылымының        |2    |1    |   |3      |8    |                 |
|   |әдіснамасы                   |     |     |   |       |     |                 |
|8  |Жоғары оқу орындарындағы     |2    |1    |   |3      |8    |                 |
|   |оқытушының жеке және         |     |     |   |       |     |                 |
|   |педагогикалық іс-әрекеті     |     |     |   |       |     |                 |
|9  |Педагогикалық әрекеттің мәні |2    |1    |   |3      |8    |                 |
|   |мен құрылымы                 |     |     |   |       |     |                 |
|10 |Жоғары мектеп оқытушысының   |2    |1    |   |3      |8    |                 |
|   |коммуникативтік біліктілігі  |     |     |   |       |     |                 |
|11 |Кәсіптік зерттеу мәдениеті   |2    |1    |   |3      |8    |                 |
|   |педагогтың өзін-өзі          |     |     |   |       |     |                 |
|   |шығармашылық дамытуңының     |     |     |   |       |     |                 |
|   |негізі ретінде               |     |     |   |       |     |                 |
|12 |Жоғары мектептегі оқыту      |2    |1    |   |3      |8    |                 |
|   |теориясы (Дидактика)         |     |     |   |       |     |                 |
|13 |Кәсіби оқыту процесінің мәні |2    |1    |   |3      |8    |                 |
|14 |Жоғары мектептегі оқыту      |2    |1    |   |3      |8    |                 |
|   |үдерісінің әдіснамалық       |     |     |   |       |     |                 |
|   |негіздері                    |     |     |   |       |     |                 |
|15 |Білім беру мазмұны           |2    |1    |   |3      |8    |                 |
|   |Барлығы:                     |30   |15   |   |90     |120  |                 |


      3 Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар



      Бұл курс магистранттарға арналған. Білім беру реформасын жүзеге  асыру
бағытында көзделген басты шаралардын бірі  оқытушылардың  педагогика  ғылымы
саласындығы дайындығын үнемі жақсарта түсу  мәселесі.  Қазақстан  жағдайында
төл  тілімізде  бұл  салада  атқарылған  шаралар   аз   емес.   Білім   беру
бағдарламалары тиісті деңгейлер мен олардың сатыларының білім  беру  мазмұны
айқындалған
      «Педагогика» курсының әр түрлі әдістемелік  аспектілерін  зерттеу  ісі
елімізде  жаңадан  қолға  алынып   келеді.   Жоғары   мектептердің   өзіндік
ерекшеліктеріне орай жазылған осындай еңбектер аз. Магистранттарға  ұсынылып
отырған осынау құрал  оку  бағдарламасының  жекелеген  такырыптарға  қатысты
келелі мәселелерін тәжірибе жүзінде, нақты экспериментті  зерттеулер  арқылы
түсіндіруді мақсат еткен.
      Пәннің сапалық және көлемдік параметрлері өте ауқымды болғандықтан оны
толық  оқып-зерттеу   үшін   аудиториялық   сабақпен   шектелуге   болмайды,
сондықтан, сіздерге  көптеген  тақырыптарды  өзбетімен  оқып-зерттеуге  тура
келеді.
      Аудиториялық  сабақтарға   дәрістер   практикалық   сабақтар   кіреді.
Семинарлық  сабақтар  сіздерге  ғылыми  әдебиеттермен   жұмыс   істеу   және
аудитория  алдында  сөйлеу  сияқты  практикалық   дағдылады   қалыптастыруға
көмектеседі. Практикалық  сабақтарға  өз  уақытында   және  жоспарға  сәйкес
толық көлемде дайындалу талап етіледі. Тақырып бойынша дайындалу тек  арнайы
оқулықтарды  пайдаланумен  шектелмеуі  тиіс.  Конспект  жұмыстарды   семинар
сабағына арнайы басталған жұмыс дәптерінде жазба түрде ұсынылуы қажет.
      Сонымен қатар, жұмыс бағдарламасында өзбетімен жұмыстың келесі түрлері
ұсынылады: МӨЖО (магистранттың  оқытушы  басшылығымен  жүргізетін  өзбетімен
жұмысы  ),   және   МӨЖ   (кейбір   тақырыптарды   тереңірек   оқып-зерттеуі
мақсатындағы студенттің өзбетімен жұмысы). Берілген жұмыс түріне  байланысты
тапсырмалар мен олардың орындалу мерзімдері 4,5 кестелерде көрсетілген.
      Жұмыстар  магистранттардың өзіндік ойлауы мен шығармашылығы да кеңінен
қарастырылған. педагогика пәніне байланысты барлық тақырыптар қамтылып,  сол
тақырыптарға орай қосымша әдебиеттер тізімі қарастырылу ұсынылады.
       Бұл бағдарламаны құрастырғанда  осы  мәселелерді  мүмкіндігіше  пәнге
қатысты толық қамтуды көздедік.
      Сонымен  қатар,қарастылып  отырған  тақырыпқа   байланысты   кітаптағы
кітапханалық сілтеуіштерге мән берген жөн.Ол  жерден  өзге  де  баспалардағы
керекті тақырып жайында мәлімет алуға болады.
      Кітапханалық  баспалардың  бірнеше  арнайы   анықтамалары   бар.Мұндай
баспаларды  шығарумен  ғылыми-техникалық  ақпарат  қызметі   және   орталығы
айналысады.   Ақпараттық   баспалар   үш   түрге   бөлінеді:   кітапханалық,
реферативтік, шолулық.
      Жұмысты  істеу  кезінде  Internet   компьютерлік  желісі  үлкен  көмек
көрсетеді.Мұнда кітап болмаған ақпаратты табуға болады.
      монография – қарастырып отырған  тақырыпқа  байланысты  көз  қарастары
бірдей бір немесе бірнеше авторлардың еңбегі.Монографияда  бір  ғана  мәселе
жан-жақты қарастырылады.Монография стилі көбіне арнайы болады,мәтінді  алғаш
рет оқып отырған адамға түсіну қиынға түседі.
        Кітапша  (брошюра)-  көлемі   бойынша   кішігірім   ғылыми   ақпарат
көзі.Кітапшаның  артықшылығы  оның   жалпыға   түсінікті,қарапайым   тұрғыда
жазылуында.
      Кітап, оқу құралы – негізінен ғылыми ақпарат  көзі  ретінде  қолдануға
арналмаған.Олар курс бағдарламасына сәйкес нормативті оқу мәліметтеріне  ие.

      Көбіне пайдалы мәліметті ғылыми-практикалық конференциялардың баяндама
тезистерінде кездестіруге болады.Тезистер арнайы жинақта басып шығарылады.
      Әдебиеттермен жұмыс бірнеше формаға ие:
      Конспектілеу.  Конспект  –  негізгі  мәлімет   көзін   қысқаша   түрде
фиксациялау.Коспект  жазған  кезде  конспектілеудің  бір  әдісін   қолданған
жөн.алдын  ала  қызықтыратын  сұрақтар  тізімін  құрып,сол  бойынша   жазуға
болады.Конспектінің мұндай түрі жоспарлы деп  аталады.Конспектінің  мәтіндік
түрі  тек  қана  дәйексөзден  тұрады.тақырыптық  конспект  бірнеше   ақпарат
көзімен бірге жұмыс істеуге бағытталады.
      Жоспар құру. Қарастырып отырған тақырыптың ішкі логикасын жақсы түсіну
үшін  кеңейтілген  жоспар  құрған  жөн.Соңынан  жоспардың  көмегімен  ойында
автордың идеясын  қалпына келтіруге болады.
      Көшірме.конспекттің алғашқы қысқартылған түрі.
      Тезистер.  Кітаптың  мазмұнының  негізгі   қысқаша   ақпараты.Тезистер
қарапайым және күрделі болады.
      Жұмыстың тағы  бір  түрі  реферат  болып  келеді.Студенттік  рефератта
берілген тақырып  бойынша  негізгі  ой  бірнеше  ақпарат  көзінің  көмегімен
жазылуы керек.
      Есептік-графикалық  есептер   (ЕГЕ)   титулдық   беттен,   мазмұнынан,
тапсырмадан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
      Аралық    бақылауға    дайындық    оқылған    тақырыпты    қарастыруға
негізделеді.Аралық  бақылау   келесі   формалардың   бірінде   өтеді:жазбаша
сұрау,тестілеу,бақылау.





      4 курс форматы



      Аудиториялық  сабақтарға  келесі  түрлер   жатады:   лекциялар   (ЛК),
практикалық (СПЗ) және СМӨЖ.
      Кейбір тақырыптар сабақта,ал кейбір тақырыптар өз бетінше оқылады.  Әр
тақырыпты оқу кезінде (5÷7) негізгі анықтамаларды түсініп алу қажет.
      Орындалатын рефераттар көлемі 5бетке дейін болуы керек.







      5 курс саясаты



      Сабаққа қатысу міндетті. Егер оқушы  белглі  бір  себептермен  сабақты
босататын  болса,   онда   ол   қарастырылмаған   тақырып   бойынша   барлық
жауапкершілікті өз мойнына  алады.  Тәртіпті  бұзғандығы  үшін  аудиториядан
шығарылады немесе курс  үшін «қанағаттанарлықсыз» деген баға алады.
      Бақылау  тапсырмалары  міндетті  және  бекітілген  уақытта  тапсырылуы
қажет. Белгіленген уақыттан кеш тапсырылған  жұмыстардың  бағасы  автоматтық
түрде төмендетіледі.
      Аралық  аттестация  нәтижесі  сабаққа  қатысумен,  бақылау  жұмыстарын
орындауымен, сабақта жауап  беруімен,  студеттің  өздік  жұмыстарымен  бірге
есептелінеді.
      Әр түрлі көшірулер немесе плагиат (өзге оқушының  дайын  тапсырмаларын
көшіріп, қолдану) аудиториядан шығарылу  немесе  «қанағаттанарлықсыз»  деген
бағамен жазаланады.
      Ұялы телефондарды сабақ уақытында өшіру.









      6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ



      Кредит санына қармастан әрбір пәнге бір академиялық периодқа 600  балл
бөлінеді(1-8 апта - 270 балл және 30 балл сабаққа қатысқаны үшін; 9-15  апта
– 270 балл және 30 балл сабаққа қатысқаны үшін).
      Бақылаулар түріне қарай және апталар  бойынша  баллдар  үлестірілуі  2
кестеде көрсетілген.


2 кесте. – «Педагогика» пәні бойынша баллдар үлестірілуі
|Апта    |Бақылау түрі                        |барлығы    |Ескерту            |
|        |1-8 апталар аралығында сабаққа      |30         |                   |
|        |қатысу және оған дайындық           |           |                   |
|3       |СМӨЖ 2                              |30         |                   |
|3       |ПС 2.                               |20         |                   |
|4       |СМӨЖ 3                              |30         |                   |
|4       |ПС 3.                               |20         |                   |
|5       |СМӨЖ 4                              |30         |                   |
|5       |ПС 4                                |20         |                   |
|6       |СМӨЖ 5                              |30         |                   |
|6       |ПС 5                                |20         |                   |
|7       |1 Аралық бақылау.                   |70         |                   |
|        |1 ден 8-нші аптаға дейін оқудың     |300        |Жеке тапсырманың   |
|        |қорытынды баллдары                  |           |орындалуы          |
|        |9-15 апталар аралығында лекциондық  |30         |                   |
|        |сабақтарға қатысу және оғандайындық |           |                   |
|8       |СМӨЖ 6                              |20         |                   |
|8       |ПС 6                                |10         |                   |
|9       |СМӨЖ 7                              |20         |                   |
|9       |ПС 7                                |10         |                   |
|10      |СМӨЖ 8                              |20         |                   |
|10      |ПС 8                                |10         |                   |
|11      |СМӨЖ 9                              |20         |                   |
|11      |ПС 9                                |10         |                   |
|12      |СМӨЖ 10                             |20         |                   |
|12      |ПС 10                               |10         |                   |
|13      |СМӨЖ 11                             |20         |                   |
|13      |ПС 11                               |10         |                   |
|14      |СМӨЖ 12                             |20         |                   |
|14      |ПС 12                               |20         |                   |
|15      |Аралық бақылау 2 (қорытынды).       |50         |                   |
|        |9 және 15 апталар бойынша қорытынды |300        |Жеке тапсырманы    |
|        |баллдар                             |           |орындау            |






      7 Әдебиет




      7.1 Негізгі әдебиет

      7.1.1 Общая психодиагностика./ Под ред. А.А. Бодалева,  В.В.  Столина.
–М., 1984.
      7.1.2 Психология. Р.С. Немов  Книга 3. –М., 1995. 100-101 б.
      7.1.3 Психологическая  диагностика./  Под  ред.  К.М.  Гуревича,  Е.М.
Борисовой.



      7.2 Қосымша әдебиет

      7.2.1 Фресс П., Пиаже Ж.  Экспериментальная  психология.  Вып.1-2.  М.
2008.
      7.2.2 Паповян С.С Математические методы социальной психологии.  –  М.,
Наука, 2007.
      7.2.3 Жаңбырбаев  Б.  С.  Ықтималдықтар  теориясы  және  математикалық
статистика элементтері. Алматы. Мектеп 2008 ж.
      7.2.4 Тюрин Ю. Н., Макарев А.А. Анализ данных на компьютере. М.,  Фин.
И стат., 2005.




Пәндер