Файл қосу

Қазақ тілінің дыбыс жүйесі
















            Гуманитарлық –заң факультеті мамандықтарына арналған
                            «Қазақ тілі» пәнінің
                          ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ



                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

















                                    Семей
                                    2013



Мазмұны

1
Глоссарий...................................................................
........................................3
2  Практикалық
сабақтар....................................................................
...............4-48
3  Студенттердің өздік
жұмысы......................................................................
.....48
4  Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі...............................................................48-49




































1 ГЛОССАРИЙ

Ие болу – овладеть
Сәулетші – архитектор
Бас басқарма – главное управление
Құрылысшы – строитель
Кеңсе – офис, кантора
Құрам – состав
Тілші – корреспондент
Бірнеше  саты  -  несколько  этапов
Бөлу  -  делить
Бесжылдық  -  пятилетка
Егеменді  ел  -  Независимая  страна
Жол  құрылысы   -  структура  дорог
Мәртебесі  -  авторитет
ХХ ғасырдың  бас  кезі  -  В  начале  ХХ  века
Қазақ  сахарасы  -  Казахская  степь
Жолдың  ұзындығы  -  протяженность  дороги
Тарихи  оқиға  -  историческое  событие
Болашақ  -  будущее
Сеніммен қарау  -  с  уверенностью
Кәміл  сену  -  твердо  верить
Шақырым  -  киллометр
Халық өмірі  -  жизнь  народа
Жөндеу  шеберханасы  -  мастерская
Су  қоймасы  -  водохранилище
Мұнара  -  башня
Тұрғын  үй  -  жилые  дома
Мемлекеттік  бюджет  -  государственный бюджет
Қаржы  жұмсау  -  использовать  средства
Халықтың игілігіне  -  на  благо  народа
Әулет  -  семья
Қаржы  -  средства
Қазандық  -  котельный
Жөндеу  шеберханасы  -  мастерская
Су  қоймасы  -  водохранилище
Мұнара  -  башня
Тұрғын  үй  -  жилые  дома
Мемлекеттік  бюджет  -  государственный бюджет
Қаржы  жұмсау  -  использовать  средства
Халықтың игілігіне  -  на  благо  народа
Әулет  -  семья
Қаржы  -  средства

2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР

    1,2,3-Сабақ. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. Дауысты  дыбыстардың емлесі.
                        Дауыссыз дыбыстардың емлесі.
  Мәтін: Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Ана тілі – асыл қазынаң. Тіл туралы
                                    заң.

      Дауысты дыбыстар (Гласные звуки): а, э, о, ө, е, ү, ү, ы, і, и, (у)
      Сөйлегенде ауаның дауыс шымылдығынан кедергісіз, еркін шығуынан  пайда
болған дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.


                         Қазақ тіліне тән дауыстылар
          (Специфические гласные казахского языка): ә, ө, ү, ү, і.

|І.   |Тілдің қатысына қарай        |Жуан (твердые)        |а, о, ү, ы, у     |
|     |(по положению языка)         |                      |                  |
|     |                             |Жіңішке (мягкие)      |ә, ө, ү, і, е, и  |
|ІІ.  |Еріннің қатысына қарай       |Еріндік (губные)      |о, ө, ү, ү, у     |
|     |(по участию губ)             |                      |                  |
|     |                             |Езулік (негубные)     |а, ә, ы, і, е, и  |
|III. |Жақтың қатысына қарай        |Ашық (широкие)        |а, э, о, е, е     |
|     |(по степени раскрытия рта)   |                      |                  |
|     |                             |Қысаң (узкие)         |ү, ү, ы, і, и, у  |

      Дауыссыз дыбыстар (Согласные звуки): б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ,  л,
м, н, н, п, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, Һ, (у)
      Сөйлегенде  ауа  кедергіленіп  шығатын  дыбыстарды  дауыссыз  дыбыстар
дейміз.
      Қазақ тіліне тән дауыссыздар
      (Специфические для казахского языка согласные): қ, ғ, ң, һ.


                   I. Дауыстың (саддырдың) қатысына қарай
                         (По участию шума и голоса)

|1. Қатан (глухие)       |п,   ф,  к,  к, т,  с,  ш, щ,  х,   ц,  ч         |
|2. Ұяң (звонкие)        |б, В, Г, Ғ, Д, Ж, 3  |                            |
|3. Үнді                 |1. Мұрын жолды       |м, н, ң                     |
|(сонорные)              |(носовые)            |                            |
|                        |2. Ауыз жолды        |л, р, й, у                  |
|                        |(плавные)            |                            |


                        Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
     Қазақ  тілі - қазақ халқының ана  тілі.  Ол  -  халық  тарихымен  бірге
жасап, ұрпактан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде  қызмет  етіп  келеді.  Қазақ
тілі  1989  жылы  мемлекеттік  мәртебе  (статус)  алды.     Енді  ол   толық
мағынасында  Республикада  білім-ғылымды,         техниканы  үйрену    тілі,
мәдениет  пен  экономиканы  дамыту  тілі  болып  отыр.
      Қазақ тілі түркі тілдері тобына жатады. Түркі тілдері  тобына  қырғыз,
қарақалпақ, өзбек, ұйғыр,  түркімен,  әзірбайжан,  түрік,  татар,  башқұрт,
тува, хакас, якут, т.б. халық тілдері жатады.
      Бұл тілдердің ішінде қазақ тіліне ең жақындары - ноғай.
Қазақ тілі Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан т.б.  ТМД  елдерінде,
сондай-ақ Монғолия, Қытай, Ауғаныстан,  Иран,  Түркия  т.б.  шетел  елдерде
тұратын қазақтардың да ана тілі.
      Қазір қазақ тілі - Қазақстанның мемлекеттік тілі.


                           Ана тілі — асыл қазынаң
      Тіл қай ұлтта, қай елде болсын қастерлі де құдіретті. Ол әрбір  адамға
ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.  Тіл  байлығы  -  әрбір  елдің  ұлттық
мақтанышы. Ол - атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес  мұра.
Демек, әр адам  ана  тілін  көзінің  қарашағындай  қорғауға,  оның  орынсыз
шұбарлануына қарсы тұруға тиіс.
      Амал  не,  туған  тілімізді  шұбарлап,   аралас   сөйлейтіндерді   жиі
кездестіреміз. Тіпті, туған тілден безетін сорақыларды  да көргеніміз бар.
      Мұндайларды  кездестіргенде,  Паустовскийдің:   «Туған   тіліне   жаны
ашымаған адам – жәндік»,- деп ашына айтқаны ойға келеді.
     "Егер,  ертең туған тіліміз жоғалар болса,  мен бүгін өлуге даярмын!"-
деп жазды Дағыстанның әйгілі ақыны Расул Ғамзатов.




      Өкінішке  орай,  соңғы  кезде  көптеген  жастар  ана  тілінде  тұрпайы
сөйлейді. Төл  тілінде  сөйлеуден  безу  ақ  сүтін  беріп  асыраған  анаңды
ұмытумен бірдей. Ана тілі - ар өлшемі. Олай болса,  тілді  шұбарлау,  көңіл
тұңығын лайлау.
      Құрметгі ақынымыз Қадір Мырзалиевтің:
           "Ана тілің - арың бұл,
           Ұятың боп тұр бетте.
           Өзге тілдің бәрін біл,
           Өз  тіліңді  құрметте!"  деген  тұжырымы   -   жастармен   қатар
үлкендерге де қойылатын талап.

       1-тапсырма:   Көп нүктенің орнына    ы,  і    дыбыстарының  тиістісін
қойыңыздар:
       ер...к,  6...л,  хал...қ,  к...ш...,  ұлтт...қ,  т...л,  к...р,
       қ...з...қ.

       2-тапсырма: Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жа-саңыздар:
       Үлгі: тіл - т -дауыссыз, қатаң дыбыс;  і  -  дауысты,  жіңішке;  л  -
дауыссыз, үнді
       Тіл, ана, халық, құрмет, көрік

       3-тапсырма:   Сөздердің  жуан  дауыстыларын  бір   сызықпен   жіңішке
дауыстыларын екі сызықпен сызып көрсетіңіздер:
       Кітап, білім, өлең, құдық, шаһар, аң.

       4-тапсырма: Берілген сөздерден дауыссыз дыбыстарды  тауып,  түрлеріне
ажыратыңыз:
       Үлгі: нарық - н - үнді,       р - үнді,   қ - қатаң
       Нарық, есеп, салық, қаржы, кеден, несие, ақша, тексеру,
табыс.

       5-тапсырма: Көп нүктенің орнына қазақ тіліне тән дауыссыз  дыбыстарды
қойыңыздар:
       Ма...ына, ә...гіме, ...аржы, нары..., ...а...арман,  көле...ке,  жел-
то...саң, таби...ат,   ...алым.
   1. Мәтінді мәнерлеп оқып шығыңыздар.
   2. Мәтінге жоспар құруға тырысыңыздар.
3. Дүние жүзі, мекендеуші, жергілікті, сөйлеу, қолданылады
сөздерінің синонимін табыңыздар.



         4,5,6-Сабақ. 2. Үндестік заңы. Ықпал түрлері. Буын түрлері.
    Мәтін: Қазақстан – менің отаным. Қазақстан Республикасының рәміздері.

                               Буын үндестігі
                     (Сингармонизм или гармония гласных)


      Қазақ тіліндегі тума сөздердің бірыңғай жуан не жіңішке  буынды  болып
келуі буын үндестігі деп аталады. Буын үндестігі  зандылығы  кірме  сөздерде
сақтала бермейді (кі-тап, мұ-ға-лім).
                               Ерін үндестігі
                              (Губная гармония)

1. Алдыңғы буында еріндік о, ұ дауыстылары болса, келесі  буындағы  қысаң  ы
еріндік ұ дыбысына айналады.
[pic] =  [pic]
1.1.  о+рын = о+рұн
      құ+лын = құ+лұн
1.2.  той+ды = той+дұ
      тұр+ды = тұр+дұ


2.    Алдыңғы буында еріндік ө, ү дауыстылары болса, келесі буын-
дағы қысаң і еріндік ү дауыстысына айналады.

[pic]ө, ү + і = [pic]o, ү + ү
2.1.  ө+мір = ө+мүр
      ү+міт = ү+мүт
2.2.        өш+ті = өш+тү
      күл+ді = күл+дү




3.    Алдыңғы буында еріндік ө, ү дауыстылары болса, келесі  буындағы  қысаң
е еріндік ө дауыстысына айналады.

[pic]e, ү + е = [pic]ө, ү + ө
    ө+лең = ө+лөң
            кү+рек = кү+рөк
    көр+се = көр+сө
      күл+се = күл+сө


                               Дыбыс үндестігі
                    (Ассимиляция или гармония согласных)

      Түбір мен қосымша немесе сөздер аралығында  қатар  келген  дыбыстардың
бір-біріне  ықпал  етіп,  үндесіп  бейімделіп,   бірін-бірі   игеруі   дыбыс
үндестігі деп аталады.
      Дыбыс үндестігі зандылығының 3 түрі бар:
Ілгерінді ықпал (Прогрессивті ассимиляция).
Кейінді ықлал (Регрессивті ассимиляция).
Тоғыспалы ықпал (Тоғыспалы ассимиляция).
                             I. Ілгерінді ықпал
                         (Прогрессивная ассимиляция)
      Түбір мен қосымша немесе сөздер аралығында  қатар  келген  дыбыстардың
аддыңғысының кейінгі дыбысқа ықпал етіп, игеріп үндесуі ілгерінді ықпал  деп
аталады.
                              II. Кейінді ықпал
                         (Регрессивная ассимиляция)
      Түбір мен қосымша немесе сөздер аралығында  қатар  келген  дыбыстардың
кейінгісінің алдыңғы дыбысқа ықпал етіп, игеріп үндесуі  кейінді  ықпал  деп
аталады.
      1. Сөз қатаң к, к, п  дыбыстарына  аяқталып,  қосымша  не  келесі  сөз
дауысты, үнді және ұяң д, ж, з дыбыстарынан басталса, сөз соңындағы к, к,  п
ұяңданып ғ, г, б дыбыстарына айналады.

                            III. Тоғыспалы ықпал
                   (Прогрессивно-регрессивная ассимиляция)

Сөз бен сөз аралығында қатар келген дыбыстардың бір-біріне  ілгерілі-кейінді
ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де өзгеріске ұшырауы тоғыспалы ықпал  деп
аталады.

                          Қазақстан – менің отаным
     Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Кеңесінің  сессиясында  1992  жылғы  4
маусымда  қабылданған  мемлекеттік  нышандарымыздың  төл  тарихы  тым  әріде
жатыр. Біз сонау ықылым заманнан бері байрақты елміз. Халқымыздың  бостандық
сүйгіш өр рухы оның этнографиялық-мәдени нышандарында жарқын  көрініс  тауып
отырған.
      Ту көтерген батыр  бабалар  бейнесі  сонау  ерте  замандарда  жартаста
сызылған суреттерде айқын бейнеленген. "Көк асаба" аталған көне байрақ түсі
исі түркі халықтары кие тұтқан көк  аспан  әміршісінің  белгісіне  баланса,
түркілердің тағы  бір  табынары  -  көк  бөрі  бейнесі  де  тудағы  таңбаға
айналған.

   1. Мәтінді оқып, азат жол бойынша жоспар құрыңыз.

   2. Мәтінді жоспар бойынша айтып беріңіз.

3. Берілген сөздерді түсіндірме сөздіктен тауып, мағынасын
түсіндіріңіз.
      Нышан,  айшық  (-талган),  қоректік,  шипалық,  мегзейді,   әрлендіру,
бедерлеу, киелі

                                   Елтаңба

      Танымал   суретшілеріміз:   Жандарбек   Мәлібеков    пен       Шотаман
Уәлихановтың  ой-қиялы,   маңдай   терімен   дүниеге   келген   мемлекеттік
Елтаңбамызға қарап көрелікші. Көңілден шығар ма екен?..
      Шеңбер ішіндегі негізгі нышан белгі -  шаңырақ  түндігі  күн  бейнесін
елестетсе, уықтары - одан тарап жатқан  алтын  сәуледей.  Әр  бөлшегі  әсем
айшықталған шаңырақ алдымен өз халқымыз, одан қалды қатар  тіршілік  кешкен
басқа ұлт өкілдері бар бірлесіп, кереге-уықтай  кірігіп,  күш-жігер  жұмсап
аяғынан тік тұрғызуға кіріскен қасиетті отауымыз – тәуелсіз  мемлекетімізді
мегзегендей.
      Елтаңба композициясын құрап тұрған келесі бөлік -  ай  мүйізді,  алтын
қанатты қос пырақ бейнесі. Көшпенділердің бүкіл тіршілігі, еңбегі мен  өнері
онымен тығыз байланысты. Ел қорғап, ата  жауымен  алысқанда  да,  қолы  қалт
етіп, құс салуға барса да,  жігіттік  жасап,  қызды  ауылды  жағалағанда  да
сайын  дала  сайыпқыранын  сәйгүлігінсіз  елестете   алмаймыз.   Көшпенділер
ұғымында  жылқы  -  түлік  біткеннің  төресі.  Оның  жолға   беріктігі   мен
жүрдектігі, еті мен қымызының қоректік және шипалық  қасиеттері  жанға  дәру
болса, ойыңды  айтпай  көзіңнен  ұғатын  қасиеті  мен  талғампаздығы  мінез-
құлқындағы тектілік ретінде  жоғары  бағаланған.  Көне  түсініктер  бойынша,
киелі көк пырағы адамды тәңірілер мекен еткен аспанмен байланыстырады.  Жалы
қанат тектес. Ат болса - адамның қанаты.  Жалына  қолың  тиісімен-ақ  жердің
тартылыс заңын жеңіп, қиялыңа қанат бітеді. Жақсы ат мінген -  жарым  патша.
Тіпті, азамат болды деген ұғымның өзін "ат жалын тартып мінді", жолы  болған
жігіт жайында "аты озып тұр" дейміз.
      Елтаңбадағы енді бір назар аударатын белгілер маңдайдағы  бес  бұрышты
жұлдыз бен елдің аты. Тәуелсіз мемлекеттің құшағы бес құрлыққа бірдей  ашық
дегенге мегзейтін бес бұрьшты жұлдыз бізге бұрыннан таныс. Аспан денелерін,
әсіресе, күн мен айды, жұлдыздарды кие тұтатын халқымыздың "бағымыз ашылып,
жұлдызымыз жарқырай берсін" деген асыл арманын білдіреді.
      Елтаңбаның негізгі бояуы  -  алтын  түстес.  Оған  зеңгір  көк  нұрдың
қосылуы мемлекеттік нышанды айрықша әрлендіріп, бедерлендіріп  тұр.  Жалпы,
қай жағынан алғанда да кемел келісім тапқан  Елтаңба,  елдігімізді  танытар
белгі. Әманда, тұғыры биік болғай! Ортақ шаңырақ биік, ортақ  босаға  берік
болсын!


                         Мәтін бойынша тапсырмалар:


      1.    Берілген сөздердің синонимдерін табыңыз.
      Белгі, білдіреді, танымал, жылқы, тәуелсіз.

      2.    Сөздің түбірінен қосымшаларды дефис (-) арқылы бөліп
жазып, қосымша түрін анықтаңыз.
      Таңба-белгілер  көне  ақшамызда  да  көрініс  тапқан.  Тараз,   Отырар
қалаларынан мыс теңгелер табылған. Жақсы ат мінген  -  жарым  патша.  Ат  -
адамның қанаты.

      3.    Тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіріңіз.
      Жақсы ат мінген - жарым патша. Ер қанаты - тұлпар.  Ат  шаба  ма,  бап
шаба ма? Ат жалын тартып міну.

      4.    Мәтін ішінен термин сөздерді тауып, олармен сөйлем
құрастырыңыз.

      5. Көп нүктенің орнына төменде  көрсетілген  қосымшалардың  тиістісін
қойып көшіріңіздер. Бір қосымшаның сөздердің әрқайсысына әр  түрлі  жалғану
себебін түсіндіріңіздер.  Түбір  мен  қосымшаның  аралығындағы  дыбыстардың
қалай үндесіп тұрғанын айтыңыздар.
      1.    -лар (-лер, -дар, -дер, -тар,-тер):
     Жылқы..., суретші..., құс..., бүркіт..., алтын..., ел... ;
      2.    -ның (-нің, -дың, -дің, -тың, -тің):
      Елтаңба...      композициясы,   шеңбер...       іші,    көшпенділер...
тіршілігі, еті мен қымызы... қасиеті, тәуелсіз мемлекет... құшағы.
      3.    -ға (-ге, -қа, -ке):
      Жылқышы... жолығу, жан... дәру, осы  уақыт...    дейін,  үй...  таман,
табыс... жету, кітап... кұмар.
      4.    -ны (-ні, -ды, -ді, -ты, -ті):
      Қала...  жаяу аралау, көше...  тазарту, ағаш... балтамен жару,  шөп...
орақпен ору, егін... кезінде жинап алу.

   1. Мәтінді оқып, қысқаша мазмұнын айтып беріңіз.
1. Тиісті сөздікті пайдалана отырып, берілген сөздерді аударыңыз.
      Зеңгір көк,  кіршіксіз,  береке,  бейкүнә,  тіршілік,  өркениет,  пәк,
мәңгілік, көшпенділер.
Төмендегі сөздермен сөйлем құрастырыңыз.
      Қасиетті, пәк, бүркіт, береке

                             Қасиетті көк байрақ

      Мемлекеттік тәуелсіздігіміздің  қасиетті  белгісі  ретінде  көтерілген
қыран қанатты туымыздың негізгі түсі  -  аспан  түстес.  Танымдық  тұрғыдан
алғанда,  зеңгір  көк  -  аспанның,  ауа  құрлықтың   белгісі,   адалдықтың
кіршіксіз  тазалық  пен бейкүнә пәктіктің нышаны.
      Күн нұры жердегі тіршіліктің көктеп  гүлденуіне  тікелей  әсер  етеді.
Сондықтан   "Көгімде   күн   сөнбесін"   деп   тілейді  көшпелі.  "Мәңгілік
қозғалыста   болу",   міне,   оның   Күннен  үйрене  көңілге  түйген  басты
тағылымы. Көгілдір аспан аясында мәңгілік  сапар  шеккен  ұлы  Күн  бейнесі
көшпелі үшін нағыз өмір символы.
      Табиғаттың төл баласына айналған көшпелілер ұрпағы үшін қанатты  қыран
- дала бүркітінің де  орны  бөлек.  Нышандық  мәніне  келер  болсақ,  бүркіт
бейнесі  өкімет  билігін  паш  етіп,  көрегендік  пен  кеңдікті   білдіреді.
Далалықтар үшін, ол еркіндік бейнесі,  биік  ар-мандарға  қол  созу  нышаны.
Сонымен бірге  жолына  кесе  көлденең  тұрып,  аяқтан  шалғысы  келетіндерді
топшысымен кағып, ерен қайрат көрсете алатын құс. Туымыздағы бүркіт  бейнесі
тәуелсіздік алып, қанатын қомдаған қазақ  елінің  әлемдік  өркениет  биігіне
тал-май ұмтылып, талассыз жетуін тілеген игі ниеттен туғаны анық.
      Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі  -  оның  сабына  таяу  тік
тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Онда  "қошқар  мүйіз"  деп  аталатын  қазақы
өрнек ойылған.
      Халқымыздың талантты  ұлдарының  бірі  –  Шәкен  Оңласынұлы  Ниязбеков
ұсынған  жоба  негізінде  жасалған  қасиетті   көк   байрағымыз,   тәуелсіз
мемлекетіміздің қыран қанатты көкшулан туы, міне, осындай.

                         Мәтін бойынша тапсырмалар:

      1. Берілген сөйлемдегі сөздердің түбірі мен қосымшасының  аралығындағы
дыбыстардың қалай үндесіп тұрғанын түсіндіріңіздер.
      Табиғаттың төл баласына айналған көшпенділер ұрпағы үшін қанатты қыран
- дала бүркітінің орны бөлек.

      2.    Сөздің түбірінен қосымшаларды дефис (-) арқылы бөліп
жазыңыздар.    Қосымшалардың   сөздердің   біріне       жуан,   біріне
жіңішке түрде жалғану себебін түсіндіріңіздер.
      Туымыздағы бүркіт бейнесі тәуелсіздік  алып,  қанатын  қомдаған  қазақ
елінің әлемдік өркениет биігіне талмай ұмтылып, талассыз жетуін тілеген игі
ниеттен туғаны анық.


      3.    Берілген сөздердің түбірі мен қосымшаларын дефис (-)
арқылы бөліп жазып, қосымшаларды жұрнақ, жалғау түріне ажыра-
тыңыздар.
      Қыран  қанатты,  кіршіксіз  таза,  далалықтар  үшін,  төл   туы-мызды,
халқымыздың талантты ұлдары.


      4.    Мәтіннен  тәуелдік тұлғада  тұрған  сөздерді  теріп  жазыңыздар.


      5.    "Қошқар мүйіз" - ою түрі. Ол туралы не білесіз?


   1. Мәтінді мәнеріне келтіріп оқыңыз.
   2. 1944 жылы жазылған Әнұранның авторлары кімдер?
1. Мәтін бойынша сұраулы сөйлемдер кұрастырып, оларға
ауызша жауап беріңіздер.



                            Әнұран - асыл қазына

      Әнұран - халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем  хат
іспеттес. Ел басшылары ресми сапарының беташары болатыны да содан.
      Елтұмарына айналар асыл сөз,  төл  жырымызға  айналатын  аруақты  өлең
жазу, жыр додасына қатысып, бәйгеден озып келу бақыты  ақындарымыз  Мұзафар
Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және  ақын  қызымыз  Жадыра
Дәрібаеваларға тиді.
      Бойтұмар жырда халқымыздың  еркіндікке  құштар  көңілі,  тамыры  терең
болмысы, еңселі ертеңіне  бағышталған  арманы  жақсы  көрініс  тапқан.  Сол
сияқгы төл рухани қазынамызды танытар халықтық қасиеттер, бейбіт  пейіліміз
бен досқа ашық құшағымыз туралы толғаныс та орынды шыққан.
      Елтаңба мен Әнұран, қасиетті көк байрағымыз - біздің  елдік  белгіміз,
елдің құты, қасиеті. Ал, елін сүйген оның бойтұмарларын да қасиеттер болар.
Бұл жөнінде тарихымызда  тұңғыш  қабылданған  мемлекеттік  нышандар  туралы
заңдарымызда да арнайы баптар  бел-гіленген.  Жаңа  Конституцияның  басында
тайға  таңба  басқандай  "Республика  азаматы  мемлекеттік   нышандарды   -
Елтаңбаны, Жа-лауды, Әнұранды - құрметтеуге міндетті", - деп жазылған.
      Тұңғыш  президентіміз  Нұрсұлтан  Назарбаевтың:  "Біз   тәуел-сіздікке
аңсап, зарығып жеттік. Енді  сол  тәуелсіздіктің  қасиетті  бел-гілерін  де
ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат  Қазақстанның  Туын,
Әнұранын, Елтаңбасын тұмардай қасиет тұтуы  қажет.  Елдігіміздің  сыналатын
бір тұсы осы" - деген арнау сөзін қазақ елінде тұратын және оны  өз  Отаным
деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түпкірінде сақтап, қашанда жадында
ұстауы керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.

                         Мәтін бойынша тапсырмалар:

      1. Берілген сөйлемнен септік жалғаулы сөздерді анықтап,  қай  септікте
тұрғанын атаңыз.
      Бойтұмар жырда халқымыздың  еркіндікке  құштар  көңілі,  тамыры  терең
болмысы, еңселі ертеңіне бағышталған арманы жақсы көрініс тапқан.

      2.     Халық,   жүрек,    ана,     ақын    сөздерін    барыс,    жатыс
септіктерінде тәуелдей септеңіз.

Күй, жыр, ән сөздерін ілік, табыс  септікгерінде тәуелдей
септеңіз.

Мәтіннен тәуелдік тұлғада тұрған сөз тіркестерін тауып,
жазыңыздар.

Тұмар, беташар, көшпелі сөздерін қатыстыра отырып, осы
сөздердің мағынасын ашатындай сөйлем құрастырыңыз.


      КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
                                   ӘНҰРАНЫ
      Жаралған намыстан қаһарман халықпыз,
      Азаттық жолында жалындап жаныппыз.
      Тағдырдың тезінен, тозақгың өзінен,
      Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз.


           қайырмасы:       Еркіндік қыраны, шарықта,
                            Елдікке шақырып тірлікте!
                            Алыптың қуаты - халықта,
                            Халықгың қуаты - бірлікте!
      Ардақтап анасын, құрметтеп данасын,
      Бауырға басқанбыз баршаның баласын,
      Татулық достықтың киелі бесігі –
      Мейірбан Ұлы Отан, қазақтың даласы!
           қайырмасы:       Еркіндік қыраны, шарықта,
                            Елдікке шақырып тірлікте!
                            Алыптың қуаты - халықта,
                            Халықгың қуаты - бірлікте!
      Талайды өткердік, өткенге салауат,
      Келешек ғажайып, келешек ғаламат.
      Ар-ождан, ана тіл, өнеге салтымыз,
      Ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат!
           қайырмасы:       Еркіндік қыраны, шарықта,
                            Елдікке шақырып тірлікте!
                            Алыптың қуаты - халықта,
                            Халықгың қуаты - бірлікте!


      КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
                                   ӘНҰРАНЫ
      Музыкасын жазған  Шәмші Қалдаяқов
      Сөзін жазғандар:     Жұмекен Нәжімеденов,
                           Нұрсұлтан  Назарбаев


      Алтын күн – аспаны,
      Алтын дән – даласы,
      Ерліктің дастаны,
      Еліме қарашы!
      Ежелден ер деген,
      Даңқымыз шықты ғой.
      Намысын бермеген,
      Қазағым мықты ғой!


           қайырмасы:       Менің елім, менің елім,
                            Гүлің болып егілемін,
                            Жырың болып төгілемін, елім!
                            Туған жерім менің – Қазақстаным!


      Ұрпаққа жол ашқан,
      Кең байтақ жерім бар.
      Бірлігі жарасқан,
      Тәуелсіз елім бар.
      Қарсы алған уақытты,
      Мәңгілік досындай.
      Біздің ел бақытты,
      Біздің ел осындай!


           қайырмасы:       Менің елім, менің елім,
                            Гүлің болып егілемін,
                            Жырың болып төгілемін, елім!
                            Туған жерім менің – Қазақстаным!

     1. Мәтінді мәнеріне келтіріп оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.


   7,8,9-Сабақ. 3. Қазақ тілінің лексика жүйесі. Синоним. Омоним. Антоним.
                             Тұрақты тіркестер.
                      Мәтін: Сәлем беру. Амандау салты.

       Дыбысталуы,  жазылуы,  естілуі  бірдей,  ал  мағыналары   басқа-басқа
сөздерді омоним дейміз. Мысалы: Жаз – зат есім, жаз – етстік.  Ер  –  батыр,
еркек, күйеу; ер – атқа салатын ер.
      Синоним  айтылуы,  естілуі,  жазылуы  әркелкі,  мағыналары  бір-біріне
жақын сөздер. Мысалы: надан-топас; әсем-әдемі, көркем-сұлу; үлкен-зор, т.б.
      Антоним дегеніміз сөздердің бір-біріне қарама-қарсы  айтылуы.  Мысалы:
Үлкен-кіші, аласа-биік, жоғары-төмен, ақ-қара, т.б.
      Тұрақты тіркестер дегеніміз – бірнеше  сөзден  құралып,  бір  мағынаны
білдіретін бір лексикалық единициа ретінде жұмсалатын сөздердің тіркесі.
      Тұрақты тіркестер  дайын  қалпында  арасына  сөз  қосылмай  жұмсалады.
Мысалы: Ит өлген жер – алыс; Төбе шашы тік тұрды – қорықты; Қаз  пен  көздің
арасында – жылдам т.б.

                            Сәлем беру. Амандасу.


       Ерте заманда ата-бабаларымыз "ер,  әйел"  деп  бөлінбей  бірімен-бірі
"Армысыз?" деп амандасқан. "Бармыз" деп жауап қайтарады екен. Ерлер  өзінен
үлкен адамдарға оң қолын кеудесіне  қойып  "Ассалаумағалейкум!"  деп  сәлем
беретін, үлкендер "Уағалейкумәсәлем!" деп сәлемін алатын  болған.  Бұл  екі
сөздің де мағыналары өте терең. Біріншісі - "Алланың  нұры  жаусын!"  деген
мағына берсе, екіншісі - "Саған да нұр жаусын!" деген мағына  береді  екен.
Басқа мұсылман елдері осы сәлем беру мен сәлем алуды ер,  әйел  деп  бөлмей
жаппай қолданса, ал қазақ халқына сәлем беру мен сәлем алу тек  ер  адамдар
арасында ғана болуға тиісті деген ұғым қалыптасқан.  Сондықтан,  ер  балаға
сәлемді қалай берудің жолын үйретсе, қыз балаға амандасудың жолын үйретеді,
яғни, қыз бала өзінен үлкен адамдарға (ер болсын, әйел  болсын)  басын  сәл
иіп, "Сәлеметсіз бе?" деуі керек.
      Нәресте сәлем  беріп  амандасқанда,  аман-сәлемді  жай  ғана  қабылдай
салмайды: "Таудай азамат бол! Көп жаса!" -деп алғыстарын  жаудырады.  Мұның
өзі баланы ынталандыра, құлшындыра түседі. Ол енді сәлем беруде, амандасуда
қате жібермеуге тырысады. Үлкендердің жақсы лебізін естуге құмартады.  Егер
үлкен кісі баланың  аман-сәлемін  жай  ғана  қабылдай  салса,  бала  жүрегі
қанағат таппайды, нәумез болып қалады. Қазіргі көп айтылатын "Бала тәрбиесі
- баршаға ортақ" дейтін сөздің түп  төркіні  осында  болса  керек.  Сөйтіп,
қазақ даласында бала тәрбиесі тек өз ата-анасының ғана міндеті емес,  дүйім
жұрттың ортақ ісіне айналған.

                               Амандасу салты

       Амандасу қай халықтың болмасын мәдениетінің алғашқы беташары  сияқты.
 Әр халықтың амандасу рәсімі, салттары алуан  түрлі  болып  келеді.  Мысалы,
 славян  халықтары  бір-біріне  қол  беріп  амандасса,  жапон,  қытай,  үнді
 халықтары қос  қолын  бірлестіріп,  маңдайына  тигізіп  тағзым  ету  арқылы
 амандасу рәсімін жасаған. Ал Орта Азия мен Африкадағы мұсылмандар ертеде оң
 қолын жүрегінің басына апарып тағзым ету арқылы амандық  рәсімін  жа-саған.
 Сондай-ақ мұсылман халқында амандық салты "Ассалаумағалейкум!" деген сөзден
 басталады. Ол жақсы тілек: "Сізге алланың нұры  жаусын"  деген  сөз.  Сәлем
 алушы қария "Уағалейкум ассалам!" деп оң қолын ұсынады.
      Осылай   қол   алысып   сәлемдесуден    кейін    амандасушылар  алма-
 кезек:
    * Дені-қарныңыз сау ма?
    * Мал-жаныңыз, қора-қопсыңыз аман ба?
      - Еліңіз   тыныш   па?    -    деген    сияқты    амандасу    сұрағын
 жалғастырады.
      Ал екіншісі:
    * Деніміз сау.
    * Мал-бас аман.
    * Ел іргесі тыныш, т.б. -деп ризашылықпен жауап береді.
      Ұзақ сапардан келген  ағайынға  жиылып  келіп  амандасу  немесе  алыс
сапарға аттанғалы жатқан адамға жиылып барып "Жол болсын!"  деп  тілек  айту
дәстүрі болған. "Алты жасар  бала  жол  жүріп  келсе,  алпыстағы  шал  барып
амандасады" деген мақал соның айғағы.
      Ал ауыл аралап жүріп жастар  жасы  үлкен  қарияның  үйіне  бас  сұғып,
амандаспай кетсе, сол азаматтың үлкеңді сыйлауы  кем,  надан  екенін  бетіне
басып, "Амандасуға да жарамады", "Жетесіз" деп сөгетін  болған.  Бұл  тәрбие
негізі амандық-саулық  сұраудан  басталады,  оны  білмеген  адамның  көргені
шамалы деген  ұғымды  білдіреді.  Бұдан  туатын  қорытынды:  қазақ  халқының
амандасу салты -  мазмұны  жағынан  өте  бай,  ол  жастарды  кішіпейілдікке,
ибалыққа, сыйласымдылыққа баулуды мақсат еткен ата дәстүрі екені даусыз.

     Сыйға сый, сыраға бал.
     Еңкейгенге еңқей, атаңнан қалған құл емес. Шалқайғанға шалқай,
     пайғамбардың ұлы емес.


                           Мәтін бойынша тапсырма.

       1-тапсырма: Төмендегі сөздердің синонимін табыңыздар:
       Үлгі: Жаппай - дүйім, барша.
       Жаппай, ынталану, алғыс,  лебіз,  міндет,  беташар,  жетесіз,  сыйлы,
алғашқы.

       2-тапсырма: Бас, жас, бай, ер, қол сөздерінің омонимін табыңыздар.
       Үлгі: бас – з.е., дене мүшесі.
           бас - етістік.

      3-тапсырма: "Нәумез болып қалу", "түп төркіні осындай", "тағзым ету",
"сыйласымдылыққа баулу" тіркестерін қалай түсінесіз, оларды қолдана отырып,
сөйлемдер құрастырыңыздар.

       4-тапсырма:    Мәтіннен дыбыс үндестігіне байланысты сөздерді тауып
жазыңыздар.
       Үлгі: көкірегіне

       5-тапсырма: Сіз көптен көрмеген досыңызды  кездестірдіңіз.  Екеу  ара
әңгімелеріңізді,  жоғарыдағы  мәтіндерді  пайдалана  отырып,  диалог  құрап
жазыңыздар.

        1. Мәтінмен танысып, мәнерлеп оқып шығыңыздар.
   2. Мәтіннің студенттерге берер тәлімі қандай? Түсіндіріңіздер.
3. "Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге" - деп қараған
халқымыздың өсиетіне өз көзқарасыңыз қандай?
Ұлттық отбасына қатысты  бірнеше  мақал-мәтелдер айтыңыздар.
   5. Мәтіннің мағынасын өз сөздеріңізбен айтыңыздар.

     10,11,12-Сабақ. 4. Қазақ тілінің морфологиясы. Сөз құрамы. Қосымша.
                      Мәтін: Қазақстан қалалары. Семей.

      Морфология –  сөз  және  оның  формалары  туралы  ілім.  Морфологияның
негізгі обьектісі – морфемалар. Олар – сөздің түбірі  және  оған  жалғанатын
қосымшалардан  тұрады.  Сөздің  лексикалық  немесе  грамматикалық  мағынасын
білдіретін әрбір жеке ең кіші бөлшегі морфема деп аталады.
      Түбірден кейін тұрып, жаңа  сөз  тудыратын  қосымшаны  жұрнақ  дейміз.
Жұрнақтың екі түрі бар: 1)  сөз  тудырушы  жұрнақтар;  2)  сөз  түрлендіруші
жұрнақтар.
      1.    Мәтінді оқып, қысқаша мазмұнын айтып беріңіз.
2. Мәтінді азат жол бойынша мағыналық топтарға бөліп,
жоспар құрыңыз.
3. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып диалог
құрастырыңыз.
      Тақырыбы: "Астана қаласына сапар".
      Сапар,   жолсерік,   кешендер,   құрылыс,   Есіл   өзені,   тарихи
маңызды, кең әрі түзу  көше, сәулетті ғимарат.

                               Ақмола (Астана)


      Ақмола - 13-14 ғасырда  тұрғызылған  сәулетті  күмбез.  Ондай  тастан,
күйдірген кірпіштен жасалған күмбездер Есіл мен Нұра  бойында  көп.  Ақмола
Кеңгір бойындағы Домбауыл сияқты кешендер солардың ескі түрінің бірі.  Оның
қабырғасы төрт бұрышты текше  түрінде  қаланып,  үстінде  шардың  жартысына
ұқсаған, не киіз үйдің төбесі тәрізді күмбез орнатқан.
      Күмбез жолаушының көзіне алыстан жарқырап көрініп, Есіл өлкесінің  аты
болады. Есіл бойында дуан салынғаннан  (1832)  бері,  Ақмола  сол  дуанның,
кейін Ақмола қаласының, оның уезінің және облысының ресми  атына  айналады.
Ол жерде  болған  тарихи  күмбез  19  ғасырдың  2-жартысында  қирап  бітті.
Тарихта, ел есінде тек оның аты ғана сақталған.
      Қазақстан  астанасы  жөнінде  айтсақ,  Акмола  астана  болуға   лайық.
Географиялық  орны  жағынан  жазық  далада  орна-ласқандықтан  астана   бола
қалғанда оған сәулетті ғимараттар  салынып,  қала  созыла  беретіні  белгілі
ғой. Осы жағынан Ақмола өте қолайлы. Нұра,  Есіл  өзендерінің  бойына  жақын
орналасқан, ол қаланы сумен қамдаудың көзі.
      Егер, Қазақстан картасына көз жүгіртсек Ақмола  қаласы  қазақ  жерінің
дәл орталығы. Теміржолдың да, тас жолдың  да  торабы.  Ақмола  Қазақстанның
оңтүстігіне де, солтүстігіне де, шығысына да, батысына да  бірдей  орталық.
Ақмоланың астана болуы қазақ  ұлтының  миграциясына  да  пайдасын  тигізері
даусыз. Және де мұның  саяси-стратегиялық  маңызы  бар  екенін  де  ұғуымыз
керек. Ол дегеніміз Сарыарқаның байлығына қазақты қожа ету.
     Облыс 1939 жылы қазанның он төртінде кұрылған. Аумағы -133,0 мың шаршы
шақырым. Халқы - 1002,0 мың адам. Облыстың 12 ауданы бар.


                             Жаттығу жұмыстары:

      1-тапсырма: Зат есімдерді теріп алып, тұлғасына  қарай  кесте  бойынша
жазыңыз.

|Негізгі түбірлі |Туынды түбірлі  |Біріккен түбірлі|Қос сөзді зат   |
|зат есім        |зат есім        |зат есім        |есім            |
|                |                |                |                |


      1. Шығанақ оған бала, оқушы деп қана қарамайды. 2. Астана  Есіл,  Нұра
өзендерінің жағасында орналасқан. 3. Олжабекті ит- құсқа  жем  қылмай  алып
қайтқан мылтықты адам осы - Шығанақ.    4. Жастар  жағы  ойнап-күліп  тойды
қыздырып жіберді. 5. Байдың үйінің алдында қойлар көгенделіп тұр. 6.  Қойшы
бар жұмысты бітіріп демалуға кетті.


      2-тапсырма:  Сөздіктен  берілген  сөздердің  орысша  баламасын   тауып
жазыңыз.
           Жолаушы                     Қожа болу
           Ресми аты                   Аумағы
           Сәулетті                    Аудан
           Ғимарат


      3-тапсырма: Грамматикалық  категорияларына  қарай  зат  есім  сөздерге
талдау жасаңыздар.
      Түн ортасы ауа  жел  бәсеңдеп,  бұлт  ыдырай  бастады.  Кертөбел  атын
күзетіп жатқан Айбас екен. Маған балаң мен келінің аянышты емес,  мына  сен
аяныштысың. Өнер - халықтың рухани азығы. Бірақ ел құлағы елу, отыз  тістен
шыққан сөз отыз рулы елге жетеді. Түн ішінде Жайықтан өтіп кетіпті. Қазақ -
сөз қадірін өз қадірім  деп білген халық.


      4-тапсырма: Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, талдау жасаңыз.




      5-тапсырма: Көмекші есімдерді  тауып,  шығыс,  көмектес  септіктерінде
септеңіз.

                           Жайыққала - Теке - Орал


      1775 жылға дейін қазіргі Орал деп  жүрген  қаламыздың  Жайық  қалашығы
аталып келгені тарихтан белгілі. Жағасына осы қала орналасқан өзен де  Жайық
деп аталатын. Жайық - ежелгі  түрік  сөзі,  мағынасы  жайлы  отан.  Жайықтың
жағасында  скифтердің,  гот-тардың,  ғұндардың,   аварлардың,   хазарлардың,
печенегтер мен қыпшақтардың үндері  қалған.  Бұл  Жайық  солардың  ұрандарын
бойына сіңірген.
      ХІІІ-ХҮ ғасырларда бұл өлкенің Алтын Ордаға  қарағаны  белгілі.  Алтын
Орданың сауда-саттық, әрі  мәдени  орталығы  болған  Сарайшық  та  Жайықтың
бойында. Бұны Еділ бойынан келген казак-орыстар 1580 жылы құртып  жіберген.
Казактардың бұл ойраны Ермактың озбырлығымен ұласып кеткені де мәлім.
      XVII ғасырдың аяқ шенінде-ақ жікке бөлінген, байы мен кедейі іріктеліп
шыққан казактар XVIII ғасырда алпауыттарға қарсы бас көтере бастайды. 1667-
1671 жылдардағы Степан Разин басшы-лығымен көтерілген қара халық, бұдан 100
жыл өткеннен кейін Е.Пугачевтің туының  астына  жиналады.  1773  жылдың  17
қыркүйегінде Е.Пугачев пен И.Зарубин-Чика бастаған көтерісшілер тобы  алғаш
рет Жайық даласында атқа қонады. Осы  Жайықта  болған  бақытсыз  оқиғаларды
мүлдем ұмыттыру үшін Екатерина ІІ 1775 жылы Жайық өзенін  Орал  өзені  деп,
Жайық қаланы Оральск деп өзгертеді.    .
      Патшаның бұйрығы өз алдына, Жайықтың Самар беті мен Бұқар  бетін  тең
 жайлаған қазақ халқы Жайығын Жайық деп, Ораль-скіні  Теке  деп  атаудан  еш
 жаңылмайды. Сол өлкеде қылышы жарқылдаған Махамбет те "Волга-Урал екі өзен"
 демей, "Еділ-Жайық екі өзен" деп жалынды жырға қосады.
      1868 жылы Теке Батыс Қазақстан өлкесіндегі үлкен бір облыс орталығына
айналады. XIX ғасырдың басында Теке қаласы орыс интеллигенциясының  назарын
өзіне бұра бастайды. Әуелі орыс география қоғамын ұйымдастырушылардың  бірі
А.И.Левшин келсе, оның еңбегімен танысқаннан  кейін,  1773-1775  жылдардағы
шаруалар көтерілісі болған жерлерді өз көзімен көру  үшін  А.С.Пушкин  1833
жылдың 21 қыркүйегінде Текеге келіп түседі. Бұл  кездегі  оның  жолбасшысы,
соңынан әрі ғалым, әрі жазушы ретінде аты шыққан В.И.Даль еді.
      Сол шамада Текеде 12 400 адам тұратын, 4 алаңы, 85 көшесі болған.
      Сөз соңында айтарымыз, патша II Екатеринаның қырсықтығынан ежелгі атын
жоғалтқан қалаға не Жайыққала, не Теке  деген  атын  қайтарып  берсе  деген
ұсыныс жасаймыз.
                                            (Баспасөзден)


                         Мәтін бойынша тапсырмалар:


      1-тапсырма: Орыс тіліне аударыңыз.
      1775 жылға дейін қазіргі Орал деп жүрген қаламыз Жайық аталған.  Жайық
- ежелгі түрік тілінде жайлы отан деген мағынаны білдіреді. Жайықта  болған
қанды оқиғаларды ұмыттыру үшін Екате-рина II  1775 жылы Жайық өзенін  Орал,
Жайық, қаласын  Оральск  деп  өзгертеді,  Қазақ  халқы  патшаның  бұйрығына
қарамай қаласы мен өзенін өз атымен атаудан   жаңылмайды.


      2-тапсырма: Көмекші есімдерге талдау жасаңыз.
     Дәл осы кезде тыста, үй сыртында, жүгірген балалардың  дауысы  естіліп
еді. Жүгіріп қасына  барған  Хакімге  танымайтын  адамша  тосырқап  қарады.
Тозған үй ішінен жылу кеткен. Үй сыртына кеп  түскен  ат  дүбірімен  аралас
үрген ит дауысы келеді.


      3-тапсырма: Көмекші есімдерді теріп жазып, сөйлем құраңыз.
     Артта, ішіне, қасында, жанында, жанына,  сыртта,  қала,  үлкен,  ескі,
кең, маңындағы, алға.


                                    Семей

      Семей - Қазақстанның ірі, мәдениетті қалаларының бірі.
      Семейдің өзіне тән ұзақ даму тарихы бар.  Қаланың  16-17  ғасырлардағы
ежелгі аты - Доржынкит. Ол патша үкіметінің ресми құжаттарында "Тас  мешіт"
деген атпен XVI ғасырдың басынан бел-гілі. I Петр тапсырмасымен  бұл  жерге
арнайы келген әскер басшы-ларының хабарларында бұл қоныс "Гудские  каменные
палаты", "Семь палат" деп аталған. Өйткені қалада ерекше көзге түсетін жеті
сарай болған. 1718 жылы Семей қамалын жаңадан тұрғызуға жіберілген  Чередов
пен Бухгольц Жеті шатыр сарайларының биіктігі мен әшекейлеріне таң  қалады.
Бұл екеуінің жазуы бойынша Жеті  шатырдың  құрылыстары  Бұхар  мазарларының
стилімен салынған. Онда ғажайып  суреттер,  кітаптар,  қолжазбалар  болған.
Сарайдағы жазулардың бір тобын 1717 жылы Бухгольц I Петрге  сыйға  тартқан.
  I Петр ол жазулардың мазмұнын айыру үшін Париж академиясына жібереді. Бұл
жазулар қазір сонда сақталуда. Жеті шатыр сарайының ең бағалы қазыналарының
бірі  -  суреттер.  Әр  сарайдың  ішкі  қабырғалары   ғажайып   суреттермен
көркемделген.
      Семей бекінісінің іргесі 1718  жылы  қаланғаннан  кейін,  1782  жылдан
уездік қала. Қала  іргесі  қаланған  кезден-ақ  Орта  Азия  ха-лықтары  мен
көршілес елдердің Шәуешек,  Құлжа,  Қашғар  қалаларымен  сауда  Жібек  жолы
арқылы жүргізілді.
      Семейде 1870 жылы май шығаратын екі завод, сабын қайнататын бес завод,
он алты кірпіш заводы және 1353 тұрғын үй болған.
      Сол жылдары оқу орындарынан бір уездік училище, бір әйелдер училищесі,
бес мұсылман медресесі болған.
      Совет өкіметі жылдарында маңызды экономика және мәдени  орталықтарының
біріне айналды.  Қалада  тамақ,  жеңіл  машина  жөндеу,  металл  өңдеу  және
құрылыс материалдары кәсіпорындары салынған  болатын.  1975  жылдың  басында
мұнда арматура, кабель, газ аппаратурасы, протез,  тәжірибелік-тері-былғары,
жол-құрылыс техникасы, автомобиль, тұрмыстық машиналар мен  аспаптар  жөндеу
зауыттары, цемент, тері-бетон  комбинаттары,  аяқ-киім,  шұлық,  тігін,  жүн
фабрикалары және басқа жеңіл-өнеркәсіп орын-дары болды.
      Қала  тұрғындарына  көптеген  тұрмыстық   кәсіпорындар,   жоғары   оқу
орындары, қазақ, орыс драма театрлары, өлке  тану  мұражайы,  қазақтың  ұлы
кемеңгері  Абай  Құнанбаевтың,  орыс  жа-зушысы  Ф.М.Достоевскийдің  әдеби-
мемориалдық мұражайлары қызмет көрсетеді.
      Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институты 1965 жылы  Жамбыл
технологиялық институтының бір бөлімі болып ашылды, ал 1980  жылдың  қаңтар
айынан бастап, Семей қаласында өз  алдына  Семей  ет  және  сүт  өнеркәсібі
технологиялық институты болып өзгеріп құрылды.
      Семей  мемлекеттік  институты  -  жоғары  дәрежелі  маман  дә-рігерлер
дайындайтын оқу орны 1953 жылы ашылды. 1961  жылға  дейін  бір  ғана  емдеу
факультеті болды. Қазір бірнеше факультет бар.
      Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институты 1951 жылы ұйымдастырылған.
      Семей педагогика институты  педагог  кадрлар  дайындайтын  жоғары  оқу
орны. Институт 1937 жылы құрылған.
      Семей  облыстық  өлкетану  мұражайы  1883   жылы   ашылған.   Ол   жер
аударылғандар Е.П.Михаэлис,  А.А.Леонтьев,  А.А.Блэк,  Н.И.Долгополов  және
Абай Құнанбаевтың қатысуымен құрылды. Қазір мұражайда  35  мыңдай  экспонат
және 33 мың данадан аса ғылыми әдебиет бар.
      Облыс 1939 жылғы қазанның он  төртінде  құрылған.  Аумағы  -179,6  мың
 шаршы шақырым.  Халқы - 838,3 мың адам.

                          Сөздік

      Мәдениетті                        Көркемделген
      Ресми құжат                 Бекініс
      Әшекей                            Мұражай
      Мазар                       Мамандар
      Қолжазба                          Дәреже
      Өлке тану



                    Жаттығу жұмыстары:


       1. Берілген сөйлемдерден тәуелдік жалғауын табыңыздар.
       Семей - Қазақстанның  ірі,  мәдениетті  қалаларының  бірі.  Ол  патша
 үкіметінің ресми құжаттарыңда 'Тас мешіт" деген атпен бел-гілі. Жеті шатыр
 сарайларының  биіктігі  мен  әшекейлері   Бұхар   ма-зарларының   стилімен
 салынған. Әр сарайдың ішкі қабырғалары ғажайып суреттермен көмкерілген.

       2. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз, талдаңыз.
       Суреттер, балалық, әңгіме, жолы, халі,  орын,  ауыл,  бақыты,  өмірі,
 сыйлық.

      3. Мәтіннен берілген сұрақтарға жауап жазыңыз, талдаңыз.
1. Семей қаласы патша үкіметінің ресми құжаттарында қалай
 аталған?
   2. Жеті шатыр сарайларының стилі қандай стильге жатады?
3. Семей мәдени-экономикалық орталық ретінде қашаннан
 белгілі?
   4. Семейде қандай оқу орындары болған?

      4.  Берілген    сөздерді    пайдаланып,       сөйлем    құрастырыңыз.
Сөйлемдерден тәуелдік жалғауын тауып, талдаңыз.
      Экономика,     мәдени,     орталық,     жеңіл      өнеркәсіп,      кә-
сіпорындарында, мамандар, әдеби-мемориалдық мұражайлар.

 13,14,15-Сабақ. 5. Тәуелдік жалғауы. Жіктік жалғауы. Септік жалғауы. Көптік
                                  жалғауы.
           Мәтін: Қазақтың билері. Төле би. Қазыбек би. Әйтеке би.

                                Жіктік жалғау
                              (Формы спряжения)

      Жіктік  жалғау  —  іс-әрекеттің  кімге   қатысты   екенін   білдіретін
грамматикалық категория.
Қазақ тілінде есімдер де, етістіктер де жақ бойынша  түрлене  алады.  Жіктік
жалғаулары жақтық мағына берумен қатар, жекеше, көпше  мағыналарды  да  бере
алады. Қазақ тілінде жіктік жалғаудың төрт түрі бар.
                          Жалғаулардың орын тәртібі
                      (Порядок расположения окончаний)

      Қазақ тілінде қосымшалардың өзіндік жалғану тәртібі бар. Сөзге жұрнақ,
сонан кейін көптік, тәуелдік, септік  және  жіктік  жалғаулары  бірінен  соң
бірі жалғанады.
                                Көптікжалғау
                          (Аффиксы множественности)


      Көптік жалғауы сөздерге көптік мағына беретін көптік жалғаулары арқылы
жасалады: -лар, -лер, -тар, -тер, -дар, -дер.
                               Тәуелдік жалғау
                          (Притяжательные аффиксы)

      Тәуелдік жалғау заттың белгілі біреуге тән екендігін  білдіреді.  Орыс
тіліңде  мұндай  қосымша  жоқ:  дәптер+ім  (моя  тетрадь),  дәптер+ің  (твоя
тетрадь).
                  Септік категориясы (Категория склонения)

      Септік жалғауы сөз бен создің арасын байланыстырып, оларды өзара карым-
қатынасқа түсіреді. Қазақ тілінде 7 септік бар.
      Образование  падежных  форм  имен  существительных  осуществляется   с
помощью падежных окончаний. В казахском языке имеется 7 падежных форм.

|Септіктер             |Сұрақтары                      |Жалғаулары            |
|(Падежи)              |(Вопросы)                      |(Окончания)           |
|1. Атау               |кім? не? (кто? что?)           |                      |
|(Именительный)        |                               |                      |
|2. Ілік               |кімнін? ненің? (чей? чья? чье? |-нып, -нің, -дың      |
|(Родительный)         |кого? чего?)                   |-ДІҢ, -ТЬЩ, -ТІҢ      |
|3. Барыс              |кімге? неге? қайда? (кому?     |-ға, -ге, -ка, -ке    |
|(Датедьно-направит-й) |чему? куда)                    |-а, - е, - на, - не   |
|4. Табыс (Винительный)|кімді? нені? (кого? что?)      |-ны, -ні, -ды,        |
|                      |                               |-ДІ, -ТЫ, -ТІ, -H     |
|5. Жатые              |кімде? неде? қайда? кашан?     |-да, -де, -та, -те,   |
|(Местный)             |(у кого? в ком? у чего?        |-нда, -нде            |
|                      |в чем? на чем? где? когда?)    |                      |
|6. Шыгыс              |кімнен? неден? қайдан? (от     |-дан, -ден, -тан,     |
|(Исходный)            |кого? у кого? от чего? из чего?|-тен, -нан, -нен      |
|                      |откуда?)                       |                      |
|                      |кіммен? немен? қалай? (с кем? с|-мен (менен), -бен    |
|                      |чем? как?)                     |(бенен), -пен (пенен) |
|                      |                               |                      |
|7. Көмектес           |                               |                      |
|(Творительный)        |                               |                      |

                   ТӘУКЕ ХАН (1680-1718) ЖӘНЕ ОНЫҢ БИЛЕРІ

  Тәуке хан – Жәңгір ханның баласы. Ол атақты Төле биге, Қаз дауысты Қазбек
би  мен  Әйтеке  билерге  арқа  сүйеп,   феодалдық   ақсүйектер   сұлтандары
әлсіретіп,хандық өкіметтің үстем болуын жақтады.  Ол  жоғарыда  аталған  бас
билермен кеңесе отырып  Жеті жарғы   әдет  зандарын  шығарды.Онда  негізінен
қазақтардың әдеттегі  заңдарының  бірқатар  ережелері  бекітілгенмен,  жинақ
феодалдық құрылысты нығайтуға бағытталған еді.Тәуке ханның хандықты  нығайту
әрекетінен нәтиже  шықпады:қазақ  хандықтары  бытыраңқы  күйде  қала  берді.
Тәуке хан  енді  Ресеймен  дипломатиялық  және  сауда  байланыстарын  орната
бастады. 1716 жылы Тәуке хан жоңғарларға қарсы  шығу  үшін  Ресейден  әскери
көмек сұрауға мәжбүр болды. Өйткені 1690 жылдардың аяғында  басталған  ойрат
және қазақ хандарының арасындағы қарулы қақтығыстар жиілеп, жау басым  болып
тұрды.

  Тәуке хан ел басқаруда беделі зор билер мен батырлардың  тобына  сүйеніп,
феодалдық бытыраңқылыққа бейім тұрған хандар мен сұлтандардың рөлін  тежеуге
тырысты. Ол тұрақты хан кеңесі, билер кеңесін  құрып,  жыл  сайын  Құлтөбеде
(Ташкент түбінде) Үш жүздің шонжарларын шақырып съезд өткізіп  тұрды.  Билер
тобының қатысуымен Үш жүздің арасындағы маңызды мәселелер  шешілетін  болды.
Олар халықты басқаруға арналған заң шығару мен сот істеріне араласты. Бірте-
бірте жергілікті басқару істерін де қолдарына алды.

  Төле би туралы. Төле би шамамен  1663  жылы  қазіргі  Жамбыл  облысы,  Шу
өзені, Жайсаң жайлауында дүниеге келіп, 1756  жылы  қазіргі  Шымкент  облысы
Ленгер ауданы (1991 жылдан Төле  би  ауданы)  Ақбұрхан  деген  жерде  тоқсан
жасында дүние салған. Төле бидің әкесі Әлібек те  билік  айтып,  әділдігімен
аты шыққан  адам  болыпты.  Төле  би  оқыған  сауатты,  жастайынан  халқының
ақындық,  шешендік  өнерінен  тәлім  алған.  Ол  15-20  жасынан-ақ   билікке
араласып, әділдігімен, шешендігімен көзге түсіп, елге танылған.  Төле  бидің
ел-жұрт,  ағайын-туыс,  алыс-жақын,  жекжатөжұрағат,  тіпті   алты   алаштың
арасындағы қадір-қасиеті хан, сұлтандардан да жоғары, биік болған.
  Қаз дауысты Қазбек би туралы (1667-1764 ж.).  Қазбек  би  –  Отра  жүздің
“Төле биі” атанған, шешендік сөздің майталманы, Тәуке ханның  тұсында  “Жеті
жарғы”  әдет-гұрып  заң  жинағын  жасаушылардың  бірі,  еліміздің  тарихынан
мәңгілік орын алған ірі тұлға.
  Қазбек  бидің  беделі  мен  ықпалына  қазақ  хандары  ғана   емес,   оның
мемлекетаралық шиеленістерді бейбіт жолмен шешуде парасатты  елші,  дипломат
екенін бағалап, 1761  жылы  Қытай  империясының  елшілігі,  1762  жылы  орыс
мемлекеті әкімшілігінің өкілдері оған арнайы келіп қайтқан.
  Қаз дауысты Қазбек би – ең алдымен,  асқан  шешен,  ақын;  екіншіден,  ел
басқарған, дау-жанжалды әділ шешкен, әділ қазы; үшіншіден, ол –  халықаралық
дәрежегі елші-дипломат, қоғам қайраткері.
  Қазбек би 1667 жылы туып, шамамен 1764 жылы 97 жасында дүние салса керек.
Қаз дауысты Қазбек би бабамыздың  денесі  Түркістандағы  Қожа  Ажмет  Иасауи
сағанасына жерленген.
  Әйтеке би туралы. Әйтеке  Бәйбекұлы  (1683-1767ж.)  –  артына  аталы  сөз
қалдырған  шешен  билердің  бірі.  Қазақ  халқының  басын  біріктіріп,   бір
орталықтан басқарған  және  туысқан  қарақалпақ,  қырғыз  халықтарымен  одақ
құрып, жоңғар қалмақтарына қарсы бірыңғай халық майданын ашқан Тәуке  ханның
кеңесші, қөмекшілерінің бірі болған. Сонымен, Әйтеке би  шешендігімен  бірге
кезінде ел басқарған,  заң  жобасын  жасасқан,  феодалдық  қазақ  мемлекетін
құруға ат салысқан, үлкен үлес қосқан қоғам қайраткері.


                16,17,18-Сабақ. 6. Сөз таптары. Сөз тұлғасы.
           Мәтін: Қансонарда бүркітші шығады аңға. Саятшылық құру.
                            Аралық бақылау жұмысы

      Сөздің негізгі  мағынасын  білдіретін  бөлшегін  түбір  дейміз.  Түбір
сөздің құрамы  әртүрлі болады.
      Қазақ тіліндегі сөздердің түбір тұлғасы 5 түрге бөлінеді:
1. Негізгі түбір
2. Туынды түбір
3. Біріккен түбір
4. Қосарлы сөз
5. Қысқарған түбір
      Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.

                                   Құсбегі
      Құсбегі – бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи сияқты жыртқыш құстарды аңға,
адал құстарға салу үшін үйрететін бапкер адам. Ол қыран құстарды  тор  құрып
ұстап алады, немесе балапан кезінде ұядан алады. Оның  аяғына  балақбау  мен
шыжым тағып, көзіне  томаға  кигізеді.  Одан  кейін  құсты  ұшырып,  қайыруы
(үйретуі) жеткен соң, семіртіп түлетеді.  Жеңіл  ұшып  жеңіл  қонатын  күйге
келтіру үшін оны  «ақ  жеммен»  асырап,   бос  керілген  арқанға  қонақтатып
ұйқысын алып, қайта арытады.
Құсбегілердің  аса  жоғары  бағалайтын  құсы  –  бүркіт.  Аққу  мен   бүркіт
қасиетті, киелі құстар болып есептеледі. Бұл  екеуі  екі  жұмыртқадан  артық
жұмыртқаламайды.
      Бүркіт ұясын ең биік ағаштың басына, не тау  шыңдарының  ең  биік  құз
жартасына, жел мен аяздың  нағыз  суық  өтіне  салады.  Онысы  –  бүркіт  өз
ұрпағын жұмыртқа кезінен балапан  болып,  одан  ұядан  ұшып  шыққанға  дейін
табиғаттың қатал ортасында шынықтырып шығару.
Құсбегілер бүркіт балапанын алу үшін неше  түрліқиындықты  бастан  кешіреді.
Олар үшін әсіресе тау бүркіті бағалырақ. Өйткені олар  алғыр,  өжет,  қырағы
болады. Қоян, борсық, түлкі, қарсақ сияқты ұсақ аңдарды оңай, тез алады.  Ең
алғыр, өжет, қырағы тау бүркіттері  «таудың  ақ  иығы»  деп  аталады.  Бұлар
қасқыр, аю, бұғы сияқты ірі аңдарды да алады дейді. Құсбегілердің  айтуынша,
бүркіт ірі аңдарға түсіп, тоқтатуға шамасы  келмей  бара  жатса,  бір  аяғын
аңға, екінші аяғын кез келген затқа не ағашқа қадайды екен. Мұндай  жағдайда
күшті аңдар  бүркіттің  денесін  екіге  бөліп  әкететін  жағдай  да  болатын
көрінеді.
      Бүркіт те өзге құстардай жыл сайын  ескі  жүнін  тастап  түлейді.  Осы
кезде  құсбегілер  «ақ  жем»   беріп   арықтатып,   олардың   тез   түлеуіне
көмектеседі.
Құсбегі бүркітке жаңа ғана алған аңның жүрегін жұтқызады. Оны «тоят»  дейді.
Кейде бүркіт иесі жеткенше  алған  аңын  жүн-мүнімен  жұтып  жиберіп,  «қоя»
деген ентікпе ауруына  ұшырайды  екен.  Сондықтан  құсбегілер  жүйрік  атпен
бүркіттің артынан іле-шала жетуі керек екенін айтады.
Орта Азияда бүркіт ұстайтын құсбегілер қазақ  пен  қырғызда  ғана  көрінеді.
Өзге халықтардың ұстайтындары – тұйғын, лашын,  қаршыға,  ителгі,  тұрымтай,
қырғи, жағалтай сияқты майда құстар.

                         Мәтін бойынша тапсырмалар.

       1-тапсырма: Мәтіннен  негізгі  түбір  және  туынды  түбірлерді  тауып
жазыңыздар.
       2-тапсырма:  Ысқыш,  малшы,  Қазақстан,   мақтаншақ,   оқушы,   білім
сөздерінің қай түбірге жататынын анықтаңыздар.

       3-тапсырма:    "Шанақ"    "ен",    "перне"     "тиек",     "ширатылу"
сөздерін түсіндірме сөздіктен қарап келіңіздер.


       4-тапсырма: Негізгі және туынды түбірлерге  бірнеше  мысал  келтіріп,
сөйлем құраңыздар.

       5-тапсырма: Мәтінде айтылмаған  тағы  қандай  аспаптарды  білесіндер,
олар туралы мағлұмат жинап, сабақта айтып беріңіздер.

                             Аңшылық ұсақ құстар
      Ителгі-жүні сары шұбар,қанаты ұзын , мойыны ақжал,көзі қап-қара құс.
Ителгінің қайырыуы (үйретуі) өте қиын болады. Ал үйретіліп болса,ол-өте
өжет және алғыр құс. Ителгінің мөлдіреген қара көзі өте әдемі әрі сүйкімді.
                    Алдырған томағасын ителгідей,
                    Көзіңнен айналайын жаутандаған,- деп келетін халық
өлені мұны растай түседі.
      Лашын-қанат,құйрығы ұзын, тұмсығы имек, сарғыштау құс. Үйректі оңай
алғанымен,қазды алу оған қиынға түседі. Бұл да ауыз әдебиетінде әлденше рет
теңеу ретінде жұмсалған:
                Лашын құстай шүйілген,
                Жеңсіз берен киінген,
                Жалғыз қара көрінді.
                                         («Батырлар жыры»)
      Қаршыға- тұмсыға иілген, шағын денеді алғыр құс. Мұның да сұлулығы
әнге қосылып, әсем теңеуге баланған:
                Қаршығы төс, қаз мойын Ғалияжан,
                Әлде нендей болады заманымыз?
                                         (Балуан Шолақ)
                Қаршығалыға қоян кездеспейді,
               Жарақтыға жау жалықпайды (мақал)
      Тұрымтай – Лашын тұқымдас, қанатының ұшы қызыл, түрі күйкентайға ұқсас
құс. Ауыз әдибиетінде көбінесе «кішкентай» сөзіне синоним ретінде
жұмсалады. Мысалы, «Тұрымтайдай бала едің сен » - сен кішкентай ғана бала
едің.
                         Мәтін бойынша тапсырмалар:

       1-тапсырма: Мәтіннен біріккен сөздерді табыңыздар.


       2-тапсырма: Ән,  күй,  халық сөздерінен туынды түбір жасаңызздар.


       3-тапсырма: Ақын, жырау, термеші, өлеңші,  әнші  сөздерін  түсіндірме
сөздіктен қарап келіңіздер.


       4-тапсырма:     Көңіл-күй,     жыр-дастан,     аңыз-әңгіме,      сан-
салалы, бірде-бір сөздері қай түбірге жатады?

        5-тапсырма: Мәтіннен бірікксн сөздер мен  қос  сөздер  тауып  жазып,
жазылу емлесін түсіндіріңіздер.

                    19,20,21-Сабақ. 8. Зат есім.Сын есім.
  Мәтін: Қазақ даласының батыр қыздары. Томирис патшайым туралы аңыз. Ұмай
                      ана. Айша бибі. Әлия Молдағұлова.

                       Зат есім (Имя существительное)


      Заттық ұғымды білдіріп, кім? не? деген сұрақтарға  жауап  беретін  сөз
абын зат есім деп атайды.

                             Бибігүл Төлегенова

      Бибігүл Ахметқызы 1929 жылы Семей қаласында туған. Өлең  айтуды  әкесі
Ахмет, шешесі Майнұрдан үйренген.
      Бибігүлге  бала  кезінен  қиындық  кешуге  тура  келді.  Отан   соғысы
басталды. Әкеден айырылып, шешесінің көмекшісі болды.  Жанұясына  қалай  да
болсын көмек беру үшін Бибігүл  жұмысқа  ор-наласады.  Басында  кинотеатрда
киномеханиктің көмекшісі болып, кейін ет комбинатына жұмысқа кіреді.
      Бибігүлдің жұмыс кезінде  ән  айтқанын  естіген  цех  бастығы  Лебедев
қасына келіп: "Сенде талант бар, саған оқу керек", -деді. Көп  ұзамай  Семей
қалалық комитеті Бибігүлді Алматыға жібереді. Бұл жолы жолы  болмайды.  1948
жылы Семейде бүкіл облыстық көркем өнер  көрінісі  болады.  Ет  комбинатынан
Бибігүл қатысып, Латиф Хамидидің "Қазақ вальсін"  орындап,  әділ  қазылардың
жоғарғы  бағасын   алады.   Концерттен   кейін   Совет   одағының   жазушысы
Серебряковпен кездеседі. Сол жолы оның  таланты  бағаланып,  мақтау  қағазын
алады.
      1951  жылы  студенттік  кезінде  Бибігүлді  қазақ  радиосына  солистік
жұмыска шақырады. Оқуды  бітіргеннен  кейін  Қазақ  фи-лармониясының  әншісі
болып, Қазақтың опера және балет теат-рында еңбек етті.
      Әнші өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына
көтеріп, классикалық дәрежеге жетеді. Ол бұл тұрғыда қазақ бұлбұлы  атанады.
Өнерінің арқасында республикада ғана емес, бүкіл дүние жүзіне де танылады.

                             Жаттығу жұмыстары:

      1-тапсырма: Көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауын  койып  жазып,
қай септік екенін айтыңыз.

           Жазғытұрым қалмайды қыс... сызы,
           Масатыдай кұлпырар жер... жүзі.
           Жан-жануар, адамзат анталаса,
           Ата-анадай елжірер күн... көзі.
           Жаз... көркі енеді жыл құсы...,
           Жайрандасып жас күлер құрбысы...
           Көр... жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
           Жалбаңдасар өзінің тұрғысы...
                                            (Абай)

      2-тапсырма: Мәтінді оқып шығып, септік жалғаулы  сөздерді  табыңыздар.
Жай  септеулі  сөздер  мен  тәуелдік  жалғаулы  сөздердің  септелуіне  назар
аударыңыздар, ерекшеліктерін айтыңыздар.

      Бала дүрбісін бағыттап алып, мұржасы қисайған сұрықсыз жаман үйден көз
алмайды. Маңдайшасында жұқа тақтайға қолмен  жазылған  "Мектеп"  деген  сөз
бар. Бала әлі хат танымаса да, осыдан басқа сөз жазылмағанына іштей сенеді.
Бұл дүрбінің ғажабы - тыр-накшай дүниенің өзін  айдан  анық  көрсетеді.  Ол
мектепке қалай ба-ратынын, сол есіктен қалай кіретінін көзіне елестетті.
                                            (Ш.Айтматов.)

      3-тапсырма: Өлеңді көшіріп жазып, септік жалғаулы сөздерді табыңыздар.
Қай септікте тұрғанын айтыңыздар.


           Толқыннан толқын туады,
           Толқынды толқын қуады.
           Толқын мен толқын жарысады,
           Күңіренісіп кеңеспен,
           Бітпейтін бір егеспен.
           Толқын мен толқын сырласып,
           Сырларын еппен ұрласып,
           Толқынға толқын еркелеп,
           Меруерт көбікке оранып,
           Жыландай жүзге бұралып,
           Жарға жетер ентелеп.
                                       (М.Жұмабаев.)


      4-тапсырма:  Төмендегі  сөздерге  барыс  септігінің  жалғауын   жалғап
көшіріңіздер, ол жалғаулардың неліктен түрліше болғандығын түсіндіріңіздер.
      Қала. Әкем. Атасы. Күрек. Сағат. Үй. Інісі. Апам.

      5-тапсырма: Бірнеше көмекші есімдерді септеңіз.

      1.   Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.


      2.    Берілген   сөздердің   мағынасын   түсіндірме    сөздіктің
көмегімен түсіндіріңіз.
      Шалқар, көңіл, шағала, меншіктеу, қалықтау, саф (таза).


3. Берілген мәтіннен жалқы және жалпы есімдерді теріп жазыңыз.


   4. "Еділ мен Жайық" әнін жаттап алыңыз.


                        22,23,24-Сабақ. 9. Сын есім.
               Мәтін: Адамның мінез-құлқы мен сыртқы бейнесі.

                        Сын есім (Имя прилагательное)

      Заттың  сынын,  сипатын,  түрін,  көлемін,  сапасын,  дәмін
білдіретін  сөздерді  сын  есім  дейміз.  Сын  есімдер  Қандай?  Қай?
Кімнің?  Ненің?  деген  сұрақтарға  жауап  береді.  Сын  есімдер  көбінесе
анықтауыш  болып  келеді.

    Тұлғасына қарай: негізгі сын есім, туынды сын есім.
    Құрамына қарай: дара және күрделі сын есім.
    Мағынасына қарай: Сапалық және қатыстық сын есім.


                            Сын есімнің шырайлары
    1. Жай шырай
    Мысалы: биік, жақсы, тәтті, қызыл т.б.
    2. Салыстырмалы шырай
    Мысалы: ауырырақ, кішірек, үлкендеу, жылылау, ақшыл, көгілдір,  сарғыш,
    қызғылтым
    3. Күшейтпелі шырай
    Мысалы: сап-сары, жап-жарық, аппақ, көкпеңбек.
    4. Асырмалы шырай
    Мысалы: өте жарық, тым ауыр, аса маңызды, ең әдемі.


                            Әйгілі ән қалай туды?

      Толқыны тулай  аққан  айдыны  кең  екі  өзеннің  шалқар  келбетін  көз
алдымнан да, жүрегімнен де кетірмей жанымды тумаған жаңа бір  саздың  қуаты
кернеп, бірде қуанып, бірде мұңайып жүрсем, "Советтік Қазақстанның картасы"
дейтін тұсқа, ілетін картаға көзім  түсе  кеткені.  Қарап  өз  көзіме  өзім
сенбедім. Менің меншіктеп, не бір  сұлу  суретке  теңеп,  жүрегімді  тербеп
жүрген қос өзенімнің бірі - "Волга" атаныпты (Еділ  емес).  Бірі  -  "Урал"
атаныпты (Жайық емес). Құдайдың құдіреті, бұл не сұмдық...  Жүрегім  сыздап
ауырсын. Екі өзеннің жарыса акқан айдынын, кең панорамасын көкірегімде  күй
ғып тербеп, қиялдағы сұлулыққа сүйсіне, іштен түртіне  маза  бермей  жүрген
бір сазыңда шалқып жүргенімде, мынасы несі деймін. Қараптан қарап екі  ұдай
ойда қалдым.
      1981 жылдың күзі. Үлкен баламыз  Бауыржан  үйленіп  мәре-сәреміз.  Бір
дәрігер досымыз қонаққа шақырды. Көңіл көтеріңкі. Со бойда төрде тұрған  күй
сандыққа мені бір күш жетеледі. Жетке-німше "Құлпырады  дала  ..."  көңіліме
орала кетті. Асыға күй сан-дықтың пернесін бір қолыммен басып,  әлгі  әуенді
жалма-жан түсірдім. Бақсам, алты тактыны алыппын.  Терезеге  қарап  сәл  ой-
ландым. Көз алдыма шалқыған қос өзеннің шексіз айдыны,  боз  дала,  қалқыған
кеме, ұшқан қаз-үйрек, қалықтаған шағалалар келді. Анық көрдім.
      Бас-аяғы 3-4 минутта ән тұтас шықты. Қайыра ойнадым.  Саф  таза.  Енді
сөз керек.
      Қарашаның соңғы күндерінің бірінде телефон безілдеп қоя берді.  Алсам,
Жұба-ағаң!
      - Илья, сенбісің? Жаңа ойландым, тыңда, үш шумағын  бірден  түсіріпті.
Ойнап тұр.
      Жұбан Молдағалиев оркестрмен қосыла айтқан Зейнеп Қойшыбаеваны тыңдап:
"Мына әнмен сен Илья, талай жерге бара-сың.  Рухы  зор  ән  екен!  -  деді.
Сүйсінгені болар.



                               Еділ мен Жайық

      Құлпырады дала, гүлдейді орман
      Емізеді егіз Еділ мен Жайық.
      Ақ шағала айдын, ақталған арман,
      Тербеледі кеме, ойнайды қайық.
                 Шырқалады әндер, жан-жүрек іңкәр Салқындайды сұлу Еділ мен
                 Жайық
                 Әуелейді адам, самғайды сұңқар
                 Шығандарға, шыңға қанатын жайып.
      А-а-а, ағады шалқып,
      аққулары қалқып, Еділ мен Жайық.



                  Жаттығу жұмыстары:

      1-тапсырма: Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз.
      Көңіл, кеме, тербеледі, шайқалады, жайқалады, ән, әсем әуен,
шалқар.

      2-тапсырма: Негізгі және туынды зат есімдерді бөлек-бөлек жазыңыз.
      Әдебиетші, аздық, жұртшылық, жол, бала,  жолдас,  пікірлес,  саудагер,
білім, білгіш, әке, ата-ана, су, терезе, желдеткіш, кең,  кеңшілік,  гүріл,
бидай, батырлық.

      3-тапсырма: Морфологиялық талдау жасаңыз. Зат есім түрін анықтаңыз.
      Бұл жердің жағдайын Досан көбейту кестесіндей біледі. Ғани,  сен  мені
шығарып салшы. Мұнда терек пен қайың көп өседі. Маржанның Астана  қаласында
туысқандары бар. Балалар мал өсірудің жайымен таныссын. Жылқы мен сиырларын
жетелеп келіп жатқандар көп.

      4-тапсырма: Мәтіннен сын есімдерді теріп жазыңыздар.

      5-тапсырма: Кең, сұлу,  боз  сөздерінен  салыстырмалы  шырай  тұлғасын
жасаңыздар.


             25,26,27-Сабақ. 10. Сан есім. Сан есімнің түрлері.
      Мәтін: Интернет – адамзат санасының жетістігі. Компьютер тарихы.

                                  Сан есім
                             (Имя числительное)

      Заттың санын, ретін,  мөлшерін  білдіретін  сөз  табын  сан  есім  деп
атайды.
      Имя числительное обозначает количество, порядок предметов. Отвечает на
вопросы қанша? неше? (сколько?) нешінші? (который?).
                        Сан есімнің мағыналық түрлері
                         (Разряды имен числительных)

|Түрлері       |Сұрақтары       |Жасалу жолдары     |Мысалдар                |
|(Типы)        |(Вопросы)       |(Способы           |(Примеры)               |
|              |                |образования)       |                        |
|1. Есептік    |қанша? неше?    |                   |бір, екі, үш, торт, бес,|
|(Количест-    |(сколько?)      |                   |он, жиырма, отыз, елу,  |
|венные)       |                |                   |жүз, жүз мың, бес мың   |
|2. Реттік     |нешінші?        |-ЫНШЫ,   -ІНІІІІ,  |бірінші, оныншы,        |
|(Порядковые)  |қаншасыншы?     |-ншы, -нші         |жүзінші, мыңыншы        |
|              |(который?)      |                   |                        |
|3. Жинақтық   |нешеу?          |-ау, -еу           |біреу, екеу, үшеу,      |
|(Собира-      |(сколько?)      |                   |төртеу, бесеу, алтау,   |
|тельные)      |                |                   |жетеу                   |
|4. Топтау     |нешеден?        |-дан, -ден,        |бестен, оннан, жүзден,  |
|(Раздели-     |қаншадан?       |-тан,   -тен,      |отыз бестен, екі-екіден,|
|тельные)      |(по сколько?)   |-нан, -нен         |бір литрден             |
|5. Болжалдық  |қанша? неше?    |-дай,-дей,         |елудей, отыздай,        |
|(Предполо-    |қаншадай?       |-тай, -тей,        |жетпістей,              |
|жительные)    |нешеге жуық?    |-даған,-деген,     |ондаған, жүздеген,      |
|              |(приблизи-      |-таған,-теген      |мындаған                |
|              |тельно          |-ер                |бірер                   |
|              |сколько?)       |-лап, -леп, -дап,  |ондап, елулеп, жүздеп   |
|              |                |-деп,              |                        |
|              |                |-лар+септік жалғ.  |ондарда, елулерде       |
|              |                |есептік+есептік    |екі-үш, елу-алпыс       |
|6. Бөлшектік  |қанша? неше?    |есептік+шығыс сеп  |оннан бір, бір бүтін    |
|(Дробные)     |(сколько?)      |жарты, жарым,      |бестен үш, мың жарым.   |
|              |                |ширек              |жүздің жартысы          |


                             Жаттығу жұмыстары:


      1-тапсырма: Төмендегі сөздердің сындық  мағыналарын  анықтап,  тиісті
зат есімдермен тіркестіріп жазыңдар.
      Үлгі: Ұзын арқан. Ұсақ моншақ.
      Ұзын. Қысқа. Аласа. Биік. Ақ. Қызыл. Көк. Сұр.  Қатты.  Жұмсақ.  Сұлу.
Лас. Таза. Нас. Ақ. Жаман. Үркек. Өткір. Білгір.  Зе-рек.  Алғыр.  Елгезек.
Қу. Сараң.


      2-тапсырма: Мәтіннен есептік,  реттік  сан  есімдерді  тауып,  олардың
жазылу емлесін еске түсіріңіздер.

      3-тапсырма: Төмендегі есептік сан  есімдерден  болжалдық  сан  есімдер
жасап, оларды сөзбен жазып, емлесін есте сақтаңыздар.
      10, 50, 17, 6, 8, 60, 70, 1970, 18, 29, 31, 100, 100 000.


      4-тапсырма: Төмендегі мақалдарды оқып, көп нүктенің орнына тиісті  сан
есімдерді қойып жазыңыздар.
      1. ... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. 2. ... сом ақшаң
болғанша, ... жолдасың болсын. 3. ... кісінің түсін білгенше, ...
кісінің атын біл.      4. ... саусақ бірдей емес.  5.  Білекті  ...  жығады,
білімді... жығады.


      Керекті сөздер: тоқсан, бір, мың, бес, жүз, он.


      5-тапсырма: Күрделі сан есімдер қалай жасалады? Мысал келтіріңіздер.


                                Су және өмір
     Адам сусыз тұра алмайды. Адам денесінің 65% судан тұрады.  Егер  судың
мөлшері 10-20 % кеміп қалса, адам өледі. Су адам  организмінде  тазартқыштық
қызмет атқарады. Су денесіне керексіз заттарды жуып-шайып отырады.
      Бір килограмм өсімдік, дән, жемісті өсіру үшін орта есеппен екі  тонна
су қажет болады. Адам тамақтану процесінде орта есеппен жылына үш жүз алпыс
тонна су ішеді.
      Атмосферада су өте көп.  Жер  бетінің  шаршы  километрі  үстінде  орта
есеппен алғанда 20 мың тонна су "қалқып тұрады". Ол бу күйінде болады.
      Дүние жүзінде көптеген қалаларда тұщы су  жетіспейді.  Әсіресе  Токио,
Париж, Нью-Йорк пен Филадельфия қалаларында  су  тапшы.  Дүниежүзілік  өзен
суының ішінде төрт мың  текше  кило-метрден  артығы  біздің  елдің  үлесіне
тиеді. Жалпы алғанда дүниежүзілік өзендердің суы шамамен 30  мың  текше  км
тең деп есептеліп отыр.


                    28,29,30-Сабақ. 11. Есімдік. Етістік.
             Мәтін: Туған-туыс атаулары. Туыстық-қарым қатынас.

                            Есімдік (Местоимение)

      Заттың, құбылыстың атын, сынын,  санын  білдірмейтін,  бірақ  солардың
орнына қолданылатын сөз табын есімдік деп атайды.
      Местоимения — это слова, которые указывают на предметы и лица  или  их
признаки, но не называют их.

|Түрлері                            |Мысалдар                                |
|(Типы)                             |(Примеры)                               |
|I. Тұлғасына    |1. Негізгі         |мен, сен, не, кім                       |
|қарай           |(Непроизводные)    |                                        |
|(По способу     |                   |                                        |
|образования)    |                   |                                        |
|                |2. Туынды          |біреу, мынау, қандай, барлық            |
|                |(Производные)      |                                        |
|ІІ. Құрамына    |1. Дара            |ол, анау, сонау, қанша                  |
|қарай           |(Простые)          |                                        |
|(По составу)    |                   |                                        |
|                |2. Күрделі         |бірнеше, кейбіреу, ешкім, әрбір,        |
|                |(Сложные)          |бірде-бір, қай-қайсы, кімде-кім         |
|ІІІ. Мағынасына |1. Жіктеу          |мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер,|
|қарай           |(Личные)           |олар, сіздер                            |
|(По значению)   |                   |                                        |
|                |2. Сілтеу          |бұл, сол, ол, мына, мынау, осы, осынау, |
|                |(Указательные)     |міне, әні, сона, сонау, әне, әнеки, ана>|
|                |3. Сұрау           |кім? не? неше? қай? қандай? қалай?      |
|                |(Вопросительные)   |қанша? қайсы? қайдан? қайда? нешеу?     |
|                |4. Өздік           |өз, өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз,    |
|                |(Возвратные)       |өздеріңіз                               |
|                |5. Белгісіздік     |а) бір, біреу, бірдеңе, бірнеше, біреу- |
|                |(Неопределенные)   |міреу, кейбір, кейбіреу, қайсыбір       |
|                |                   |ә) әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай,       |
|                |                   |әрдайым, әрқашан                        |
|                |                   |б) әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әрне-   |
|                |                   |ше, әрқалай, әлдеқашан, алдақашан       |
|                |6. Болымсыздық     |еш, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқайда,     |
|                |(Отрицательные)    |ештеме, дәнеме, ешқайсы, түк            |
|                |7. Жалпылау        |бәрі, бүкіл, барлық, күллі, бүтін, бар, |
|                |(Определительные)  |бүткіл, түгел                           |

      1. Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, мақсаты қандай соны анықтаңыздар.
       2. "Шөпшек",   "абақты",  "имандылық",  "туажат",   "ат  тергеу
дәстүрі"   сияқты      сөздерді   теріп    жазып,    түсіңдірме    сөздікпен
жұмыс жасаңыздар.
      3. Қысқаша жоспар құрып, мәтіннің   мазмұнын айтыңыздар.



                            Туыстық қарым-қатынас


      Ата-бабаларымыз "адам адаммен бай", "кісі болар баланың кісіменен  ісі
бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар"  деп  адам  арасындагы  қарым-
қатынасқа зор мән берген.
      Үлкенді сыйлау, кішіге қамқоршы болу,  тіпті  бейтаныс  жолаушыға  қой
сойып, дастарқан жаю, сот-абақтысыз-ақ ел  арасындағы  түрлі  дау-жанжалдың
әділетті шешімін табу және т.б.  -  бұның  бәрі  қазақтың  қоғамдық  қарым-
қатынасының  имандылыққа,  жалпы  адамгершілікке  сүйенген   негізін,   бір
тәртіпке бағынған жүйелілігін дәлелдейді.
      Қоғамдық қарым-қатынастың бір бөлшегі - туыстық қарым-қатынас.
      Қазақ халқында туыстық қарым-қатынас  (еркек  тарапынан)  жеті  атаға,
яғни жеті ұрпаққа созылады. Жетінші ұрпақты қазақтар "немене", я  "туажат'*
деп атайды. Мұның өзіндік мәні бар. "Немене" деген  атаудың  өзі  беймәлім,
түсініксіз деп сұрақ қойып тұрған  сияқты.  Ал  "шөпшек"  шөбереден  кейін.
Шөпшек деп қазақтар ағаштың қурап сынып түскен жіңішке  бұтақтарын  айтады.
Осыған қарағанда, жеті  атаға  толғанда  сегізінші  ұрпақтың  туыстық  мәні
жойылып, туажат (бөтен) елге саналады да, қыз алысуға жол ашылады.
      Жігіттің үш жұрты болады: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын  жұрты"  деген
сөз туыстық карым-қатынастың бағытын, ор-нын көрсетеді.
      Жігіттің екінші жұрты - шешесінің  елі  жағынан,  яғни  нағашы  жұрты.
Нағашы жұртына қатысты туыстық-атаулар: нағашы ата, нағашы әже, нағашы аға,
нағашы апа, нағашы іні, нағашы қарындас, жиен, жиеншар, туажат.
      Қазақта қандас туыстық әке тарапынан ғана жүргізілгендіктен  жиендерді
бөтен ру деп есептеген. Соңдықтан  да  халық  "Жиен  ел  болмас,  желке  ас
балмас" деп, оның туыстық алшақтығын айтқан.
      Жігіттің үшінші жұрты - әйелінің туыстары -  қайын  жұрты.  Екі  елдің
арасында қыз беріп, қыз алысса құдандалық қарым- қатынас, күйеу  мен  қайын
жұрт арасындағы қарым-қатынас пайда болады.
      Құда болған  ауылдың  әйелінің  барлығы  құдағи;  қыздарының  барлығы
 құдаша деп аталуы - қазақ халқының ат тергеу дәстүрінің бір көрінісі.
      Қайын жұрты "Пайғамбар да күйеуін сыйлапты" деп  күйеуді  әр  уақытта
 сый  тұтады.  Алған  әйеліне  дұрыс  қарап,  жақсы  адам-гершілік  қасиетін
 білдірген күйеулер қайын жұртына  сыйлы,  ерке  болады.  Қайын  жұрттың  әр
 шаңырағы күйеудің сыбағасы деп әрдайым төс сақтайды.
        Күйеуіне әйелінің әпкесі - қайын бике, сіңлісі -  балдыз.  Әй-елінің
сіңлілері мен бауырларына оның күйеуі – жезде.
       Жезде мен балдыз  арасындағы  қарым-қатынас  қазақ  ха-лқында  ерекше
 сыйластықпен, ойын-күлкімен, әзіл-қалжыңдасумен
 сипатталады.
        Ағайыңды  кісілердің  әйелдері  -  абысын,  ағасының  әйелі  -жеңге,
 інісінің әйелі -  келін,  апалы-сіңлілерінің  күйеулері  -  бажа,  олардың
 балалары  -  бөле,  апаның  күйеуі  -  жезде  (баласы  жиен),   сіңлісінің
 (қарындасының) күйеуі - күйеу бала (баласы жиен).
       Сонымен, қазақта туыстық және  құдандалық  салттарға  бай-ланысты  әр
 түрлі қарым-қатынас, алыс-беріс, өзара көмек сияқты шым-шытырық  әрекеттер
 болады. Бұл жоралғылардың әрқайсысының өзіне ғана  тән  сан  қилы  бөлекше
 міндеттері мен жауапкершіліктері бар. Оларды әр уақытта  білетін  де,  оны
 бұлжытпай жүргізуге тырысатын.


                              * * *
                      Інісі бардың, тынысы бар,
                      Ағасы бардың жағасы бар.
           Жақынға өтірігіңді айтпа,
           Шетке сырыңды айтпа.
                      Ағайын тату болса, ат көп,
                      Абысын тату болса, ас көп.
           Көсеуің ұзын балса, қолың күймес, Ағайының көп болса, ешкім
           тимес.
                      Ағайынның азары болса да безері болмайды.
           Ауыл сыйласа, сен де сыйла,
           Әкеңнен қалған құл емес.
           Ауыл сыйламаса сен де сыйлама,
           Ол патшаның ұлы емес.

                         Мәтін бойьшша тапсырмалар.

      1-тапсырма:   Мәтіннен  синоним   сөздер тауып,   өз  мысалда-рыңызбен
толықтырыңыздар.

      2-тапсырма: Сұлулыққа, туыстыққа, тұрмыс-салтқа байланысты 10  тұрақты
тіркес жазып, мағынасын түсіндіріңіздер.

      3-тапсырма: Төмендегі  тұрақты     тіркестердің     беретін  мағынасын
анықтаңыздар.
      Жүрек жұтқан –
      Ит өлген жер –
      Аузына құм құйылу –
      Кежегесі кейін тарту –
      Үріп ауызға салғандай –
      Көзге түртсе көргісіз -

      4-тапсырма: Мәтін соңындағы мақал-мәтелдерді оқи отырып, туыстық қарым-
қатынасқа байланысты тағы  да  5  мақал-мәтел  ойлап  жазыңыздар,  мағынасын
ойлап жазыңыздар.


      5-тапсырма:  Иман,  сыбаға,   жоралғы,   жеті   ата   сөздерін   қалай
түсінесіздер. Осы сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

      1. Мәтінді мән бере, дауыстап оқып шығыңыздар.
      2. Мәтінде берілген мақал-мәтелдердің мән-мағынасын түсіндіріңіздер.
      3.  Мәтін соңында  берілген мақал-мәтелдерді  оқып,  жаттап алыңдар.

         31,32,33-Сабақ. 12. Етістіктің шақтары. Етістіктің райлары.
            Мәтін: Жақсы ат  - ер серігі. Жылқы – малдың патшасы.

                                   Етістік
                                  (Глагол)

      Етістік заттың қимылын, іс-әрекетін білдіріп,  не  істеді?  не  қылды?
деген сұрақтарға жауап береді.
      Глагол обозначает действие предмета и отвечает на вопросы что  делать?
что сделать?

|Түрлері (Типы)                                |Мысалдар (Примеры)            |
|I. Тұлғасына қарай   |1. Негізгі             |оқы, жаз, бар, кел, бер       |
|(По способу          |(Непроизводные)        |                              |
|образования)         |                       |                              |
|                     |2. Туынды              |тұзда, ойна, кешік,           |
|                     |(Производные)          |тазар                         |
|П. Мағынасына        |1. Негізгі             |                              |
|қарай                |(Основные)             |Ал, қал, көр, сөйле, әкел     |
|(По значению)        |                       |                              |
|                     |2. Комекші             |а) е, ет, де                  |
|                     |(Вспомогательные)      |э) бол, әкет, тұр, шық        |
|III. Объектіге       |1. Салт                |бар, кел, отыр, жүр, тұр      |
|қатынасына қарай     |(Непереходные)         |                              |
|(По отношению        |                       |                              |
|                     |                       |                              |
|к объекту)           |2. Сабақты             |жаз, ал, бер, айт, аш, жап    |
|                     |(Переходные)           |                              |
|IV. Іс-әрекеттің     |1. Болымды             |бар, кел, окы. жаз            |
|орындалуына қарай    |(Положительные)        |                              |
|(По отношению к      |                       |                              |
|результату           |                       |                              |
|                     |2. Болымсыз            |барма, барған жок,            |
|действия)            |(Отрицательные)        |келген емес                   |
|V. Құрамьша          |1. Дара (Простые)      |жаз, окы, ойна. гүлде         |
|қарай                |                       |                              |
|(По составу)         |                       |                              |

                           Нақ осы шақ (Жай түрі)
                 Собственно-настоящее время (Простая форма)

      Нақ осы шақ сөйлеу кезінде болып жатқан іс-әрекетті білдіреді.
      Нақ осы шақтың жай түрі отыр, тұр, жатыр,  жүр  көмекші  етістіктеріне
жіктік жалғауының тіркесуі арқылы жасалып, іс-әрекет, қимылдың  тура  сөйлеу
кезеңінде болып жатқандығын білдіреді.
                             Болжалды келер шақ
                      (Будущее предположительное время)

Еолжалды келер шақ  алдағы уақытта болатын іс-әрекеттің жүзеге асу.  аспауын
күдікті, болжалды түрде аңғартады.
                      Мақсатты келер шақ
                      (Будущее время цели)

      Мақсатты келер шақ істелетін істі  мақсат  ете  айтады,  алда  болатын
қимыл-өрекетті ашық білдірмейді.
                             Ауыспалы келер шақ
                         (Переходное будущее время)


Ауыспалы келер шақ контекстегі  сөздердің  ыңғайына  қарай  бірде  осы  шақ,
      бірде келер шақ мағынасында ауысып жұмсалады.
                              Нақтылы өткен шақ
                      (Прошедшее категорическое время)
        Нақтылы өткен шақ қимыл әрекеттің нақтылы болғанын білдіреді.

                    ШАРУАШЫЛЫҚҚА  ҚАТЫСТЫ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР
                                  АТА КӘСІП


      Ертеде ата-бабаларымыз амандасқанда: «Мал-жан аман ба?» деп  сұрайтын.
Осы бір ауыз сөздің өзінен қазақ өмірінде малдың орны  ерекше  екенін  ұғуға
болады. Малдың күші, сүті,  жүні,  қылы,  еті,  терісі  -  халықтың  тағамы,
киімі, баспанасы,  үй-жиһазы  -өмірінің,  тіршілігінің  негізі.  Мал  өсіру,
малшылық тіршіліктің (егіншіліқ, балықшылық сияқты) бір түрі. Тұрмыстың  бұл
түрінің адамзат өркениетіне, мәдениетіне қосқан үлесі зор. Малдың  өнімінсіз
әлі де күн қиын.
      Қазақтың көшпелі  тұрмысындағы  жылқының  орны  ерекше.  Шексіз-шетсіз
далада жаяу  адам  ұзаққа  бара  алмайды,  шаруасын  да  мезгілінде  бітіре
алмайды, ал астында  аты  болса,  қашқанда  құтылып,  қуса  жетіп  дегендей
тіршілік ете алады. Сол себептен қазақтың «Жылқы - ердің қанаты» деген сөзі
жылқының адам өміріндегі орнын дұрыс көрсетеді.
      Қазақтың өмірі қаншама ғасыр жаукершілікпен өтті.  Солардың  барысында
халқымыздың басына сан рет өлім қауіпі төнген  жерден,  оны  құрып  кетуден
жылқы аман алып  қалған,  ата-бабаларымыз,  әже-аналарымыз  сан  рет  төніп
келген ажалдан атқа мініп қашып құтылған. Жаумен айқасып, жеңіп, қуғанда да
атпен қуған. Қазақстан  ұланбайтақ  жерді  азғана  қазақ  иемденуіне  себеп
болған бірінші қазақтың өзі болса, екінші - жылқысы. Жылқысыз жаяу халықтың
қолынан бұл келмес еді. Сондықтан қазақ  жылқыны  ер  қанаты  деп  есептеп,
жанындай жақсы көрді.
      Жылқы туралы қазақтың мақал-мәтелі де көп: «Жылқының сүті  шекер,  еті
бал», «Жүзден-жүйрік, мыңнан тұлпар», «Адам жылқы мінезді», «Атың барда жер
таны, желіп жүріп, асың барда ел таны, беріп жүріп» басқа мал туралы мақал-
мәтел мұншама көп емес. Көп мақалдарда жылқы мен адам  қатар  айтылады.  Ал
мақал өзінің тура мағынасынан ғана қолданылмай, көп жағдайда астарлы мағына
берерін ескерсек, қазақтың жылқыны жақсы көретіндігінің шегі жоғы,  осыдан-
ақ байқалады.
      Қазақтың көшпелі мал шаруашылығы түйесіз мүмкін емес, сондықтан  қазақ
үшін қымбат мал. Қазақ түйені киелі мал деп есептеген. Түйенің зор  денесі,
күші, жуас та жайлы мінезі, көнбістігі оған адам баласын ырза еткендей.
      Түйенің тұқымы екеу: нар (жалғыз өркешті түйе) және айыр  қос  өркешті
түйе. Бұлардың арасынан  шыққан  сан  алуан  будандар  бар.  Ғылымда  нарды
дромадер, айырды бактриан дейді.
      Нар түйенің шыққан және көп тараған  жері  Батыс  Азия  мен  Солтүстік
Африка. Сондықтан нар суыққа төзімді бола бермейді.
     Айыр түйенің шыққан және көп тараған жері Орта  және  Орталық  Азия  -
Солтүстік  және  Батыс   Қытай,   Монғолия,   Қазақстан   және   Орта   Азия
мемлекеттерінде өсіріледі. Қазақстанда көбінде айыр  түйе  және  онымен  нар
түйенің арасынан  шыққан  будандар  болады.  Таза  қанды  нар  түйе  көбінде
Түркіменстанда кездеседі.
     Көшпелі тұрмыста түйені құнанша кезінен үйретіп көші-қонға  жеңіл  жүк
артып пайдалана бастайды. Түйенің жабдығы жылқыныкінен мүлде өзге-салт міну
үшін емес, жүк арту үшін ыңғайланған.
     Түйені  ерттемейді  -  жазылайды.  Жазының  үстіне  ұштары  бір-біріне
байланған жазы ағаш салынады. Осының үстіне барлық заттарды салады.
     Түйе күтімді аса қажет ете қоймайды, сортаң  шөп  жеп,  ол  мол  болса
жемді қажет етпейді, суды да көп талғамайды. Аштыққа да  шөлге  де  төзімді.
Бір жеті, он күн нәр татпай ауыр жүк көтеріп, сусыз даламен жүруге  шыдайды,
бағуы да аса қиын емес. «Қазақ қартайса  түйе  бағады»  деген  мақал  осыған
дәлел.
     «Ауырды  нар  көтереді,  өлімді  ер  көтереді»,  «Қабырғалы  қара  нар
қабырғасын сөксең бақ етпес»,  «Нар  жолында  жүк  қалмас»  деген  мақалдар
қазақтың түйеге деген зор ықыласын білдіреді.
      Қазақ түйенің пірі - Ойсыл қарадан былай тілейді.


      ... «Маң-маң басқан, маң басқан,
      Шудаларын шаң басқан,
     Төрт аяғын тең басқан,
      Екі өркешін қом басқан,
     Тілін тікен теспеген,
     Алабота, теріскен, мұрыңдығы келіскен,
     «Шөк!» - дегенде, «Бық?» - деген,
      Шешіп үйін жүктеген,
      Ойсыл қара баласы -
      Түйе бассын үйіңді!
      Кие бассын үйіңді!»

                         Мәтін бойынша тапсырмалар:


      1-тапсырма:    Мәтіннен   жай   шырай   тұлғасында   тұрған   сөздерді
табыңыздар.
     2-тапсырма:   -ды, -ді, -ты, -ті, -ғы, -гі,  -дық,  -дік,  -сыз,  -сіз
жұрнақтары арқылы жасалған сын есімдерді көрсетіңіздер.


                 34,35,36-Сабақ. 13. Есімше. Көсемше. Етіс.
                   Мәтін: Ас – адамның арқауы. Тамақтану.
    Етістік заттың қимылын, іс-әректін   білдіріп,  не  істеді?  не  қылды?
деген сұрақтарға жауап береді.
    Лексикалық мағынасы мен сөйлемде атқаратын қызметіне орай  етістік  екі
топқа  бөлінеді:  негізгі  етістіктер  және  көмекші   етістіктер.   Негізгі
лексикалық мағынасына ие болып, сөйлем ішінде белгілі бір мүше  бола  алатын
жеке етістікті негізгі етістік дейді.
Мысалы: айт, қадірле, бағала.
          Негізгі  етістікке  тіркесу  арқылы   толық  мағына  бере  алатын,
өзіндік лексикалық  мағынасы жоқ етістікті көмекші  етістік  дейді.  Көмекші
етістіктерге е, де, ет етістіктері жатады.
        Есімге  де,  етістікке  де  тән  грамматикалық  белгілерді  қамтитын
етістіктің категориясы есімше (причастие) деп аталады.
     Жұрнақтары:
-қан,-кен,-ған,-ген: отырған, терген, сатқан, жеткен.
-шы,-ші: тасушы,-тиеуші
-ар,-ер,-р: алар, сезер, сөйлер.
-атын,- етін,-йтын:  қарайтын, беретін, сермейтін.
        Етістікке  тән   қимыл-әрекеттің   себебін,  белгісін,   сын-сипатын
көрсетіп тұратын категория көсемше (деепричастие) деп аталады.
Жұрнақтары:
-а,-е,-й: күле, жаза, сөйлей.
-п,-ып,-іп: алып, іліп, санап.
-қалы,-келі,-ғалы,-гелі: ұсынғалы, бергелі, жапқалы, кеткелі.

                                Етіс  (Залог)
                                 категориясы
      Іс-әрекет, қимыл мен  субьект   және  обьект  арасындағы  қатынастарды
білдіретін етістіктің категориясы етіс деп аталады.
      Етістің төрт түрі болады: өздік  етіс,  өзгелік  етіс,  ырықсыз  етіс,
ортақ етіс.

                         Етістіктің рай категориясы
          Етістіктің іс-әрекетті  орындаушымен, уақытпен байланысты   жаққа,
шаққа түрленуін етістіктің райы деп атайды.  Рай  төрт  түрлі  болады:  ашық
рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай.

                              Етістіктің шақ категориясы
            Іс-әрекеттің,   қимылдың   мезгілге,   уақытқа   байланыстылығын
көрсететін етістікке тән категорияны  етістіктің шақтары деп атайды.
Етістікте үш шақ болады: өткен шақ, келер шақ,осы шақ.

                               ТАҒАМДАР ТУРАЛЫ
Ет  пісіру.  Етті  пісіру,  асу  малдың  түріне  және  оның   кәрі,   жасына
байланысты. Кәрі малдың еті теі  піспейді.  Етті  тезек  немесе  ағаш  жағып
пісірген жақсы, мұндайда ет бабымен піседі.  Газға  піскен  ет  дәмсіз  және
қатты болады.
Еттің қанды көбігін алғаннан  кейін  тұз  салып,  аударыстырып  отырады.  Ет
пісіп жатқанда аршылған пияз,  дала  жуасын  салып  жіберсе,  сорпасы  тұщы,
сүйкімді, дәмді болады. Ет әбден піскен соң астын басып, баяу қайнатады.
Етті кептіру мен сүрлеу. Жаз айларында  ет  бұзылып,  иістеніп  кетпеу  үшін
аздап  тұз  сеуіп,  желдің  өтіне  сорғытады.  Сонда  оған  шыбын  қонбайды,
көгермейді.
Сүрлеу  көбінесе  күздікте,  қыстық  соғымда  болады.   Қазы   мен   қартаны
айналдырып, жал, жаяны осып тұздап, шошаланың ішіне  көлденең  ағашқа  іліп,
астына тобылғы немесе қайың  ағашын  жағып  түтінге  ыстап  сүрлейді.  Түтін
сіңген ет үсімейді. Халқымызда «сүр сақтау» деген сөз бар.  Ол-биылғы  сүрді
келер жылға дейін сақтау деген сөз.
Еттен жасалатын тағамдардың кейбіреуі мына төмендегідей.
Құйрық-баур. Жаңа құдалар шақырылғанда мал сойылысымен  қазанға  құйрық  май
мен бауырды  салып  пісіреді.  Піскен  соң  екеуін  де  турап,  араластырып,
құдаларға сыйлы тағам ретінде береді. Құдалар ризалық танытып,  құйрық-бауыр
желінген соң табаққа ақша  салу  ырымы  дәстүрге  айналған.  Құйрық-бауырдың
сыйластық пен жақындықтың бастамасы сияқты да сипаты бар

                            СҮТ ТАҒАМДАРЫ ТУРАЛЫ
Айран. Айран қой  мен  ешкінің,  кейде  сиырдың  қаймағы  алынбаған  сүтінен
ұйытылады. Піскен сүтті  біраз  салқындатады  да,  бұрынғы  айраннан  ұйықты
құйып, араластырып, үстін қымтап жабады. Айран әбден ұйығаннан  кейін  бетін
ашып, салқындатады. Жақсы ұйған айранға шанышқан  қасық  тік  тұрады.  Айран
қалған сүт тағамдарын жасауға негіз болады.
Сүзбе. Ұйытылған айранды дорбаға құйып, биікке іліп  суын  сорғытады.  Мұның
тұздамаған  және   тұздаған   түрлері   болады.   Тұздаған   қатық   көбірек
сақталатындықтан, ұзақ сапарға шыққанда,  жорықтарда  жолазыққа  әрі  сусын,
әрі тоқ ас ретінде пайдаланылады.  Сүзбе  көжеге,  сорпаға  қосып  ішүге  де
жақсы.
Құрт. Қалған қатық, майын алған сүт, ашыған айран, шикі сүтті күбіге  жинап,
қазанның түбіне май жағып, қоюланғанша қайнатады.
Қоюланған құртты қапқа салып,  тағы  сорғытады.  Содан  кейін  өреге  сықпа,
күлше, шығыршық, шақпақ формаларына  келтіріп  күнге  жаяды.  Кейді  қатықты
іркіт етпей сүзеді де, тұздап , домалақтап кептіреді.
Ірімшік.  Бұл  ақ  ірімшік,  сары  ірімшік  болып  екіге  бөлінеді.  Қазанға
құйылған сүтке айран  құйып  қайнатады.  Ол  іріген  кезде  ірімшігін  сүзіп
алады. Сары  ірімшік жасау үшін оны одан ары сары болғанша қайната береді.
Ерлан, халқымызда бұлардан басқа уыз,  мәндір,  малта,  ақлақ,  ақ  түшпара,
жент, қорықтық, піспе т.б. сүт тағамдарының түрлері бар

                      37,38,39-Сабақ. 14. Үстеу. Шылау.
            Мәтін: Қазақтың ақын жазушылары: Абай. Шоқан. Ыбырай.

                               Үстеу (Наречие)

      Іс-әрекет,  қимылдың,  заттың  сынының  түрлі  белгілерін   білдіретің
лексика-грамматикалық топ үстеу деп аталады.
    Іс-әрекет, қимылдың, заттың сынының түрлі белгілерін білдіретін лексика-
грамматикалық топ үстеу деп аталады.
    Үстеу мағынасына қарай:
1. Мезгіл (Времени
2. Мекен (Места)
3. Мөлшер (Количества и меры)
4. Сын-бейне (Образа и способа; действия)
5. Күшейту (Усилительные)
6. Мақсат (Цели)
7. Себеп-салдар (Причины и следствия)
8. Топтау (Разделительное).






                                Шылау (Союзы)

   Өзара тең тұрған  сөздерді  (бірыңғай  мүшелерді),  сөйлемдерді  (салалас
сөйлемдер)  байланыстырып,  солардың  арасындағы  грам-матикалық  қатынасты
білдіріп тұрған шылаулар жалғаулықтар деп аталады.
    Шылаудың үш түрі бар:
    Жалғаулық шылаулар (Союзы)
    Септеулік шылаулар (Послелоги)
    Демеулік шылаулар (Частицы)




                                 Абылай хан
      Абылайдың шын аты -  Әбілмәнсұр.  Ол  1711  жылы  Түркістан  қаласының
сұлтаны әкесі Уәлидің үйінде  дүниеге  келді.  Абылай  әке-шешесінен  жастай
жетім қалып, Ұлы жүз Төле бидің қолында малшы  болып,  басына  үлкен  сеңсең
бөрік киіп, үсті-басы жалба-жұлба, қалай  болса  солай  жүреді.  Осы  түріне
қарап, бұл баланың аты "Сабалақ" болсын  дейді  Төле  Би.  Осылайша  Сабалақ
болып атанған бала 15 жасында қазақтың жонғарларға қарсы  соғысына  қатысып,
"Абылайлап"  ұрандап  үлкен  ерлік  көрсетіп,  Абылай  атанып  кетті  деседі
аңыздарда. Одан кейін орта жүз ханы Әбілмәмбетпен  бірлесіп,  елді  шығыстан
торыған жауға қарсы бірнеше күрестер  ұйымдастырған.  1771  жылы  Әбілмәмбет
дүние салғаннан кейін Абылай Орта жүздің ханы болып сайланып, 48 жыл  хандық
құрды.
   Абылай хан халқымыздың тарихында  шебер  ұйымдастырушы,  батыл  қолбасшы,
іскер дипломат, әрі тілге шешен, алғыр, амал-ойласы мол адам ретінде  қалды.
1741 жылдың басында қапыда жоңғарлардың қолына түсіп, олардың  ханы  Галдан-
Цереннің сарайында болып, оның тікелей бақылауында болса  да,  мойымай,  екі
жылда ойрат тілін, жазуын үйреніп алады. Олардың мықты жағы мен  осал  жағын
зерттейді. Абылай хан Ресей патшасы, Қытай империясы,  Жонғар,  Бұхар,  Хиуа
хандарымен қарым-қатынасты жақсартты. XVIII ғасырда елімізге көзін  алартып,
жаулап алуды көздеп отырған жонғар хандығына қарсы  үш  жүздің  басын  қосып
біріктірген де Абылай болды.
    1756-1758  жылдары  Маньчжур-Қытай  империясы  90  мың  әскермен  Жонғар
хандығын біржолата күйретіп, елін  жаулап,  халқын  қырып  салуларын  Абылай
шебер пайдалынды. Абылай хан шығысында Қытаймен,  іргесіндегі  Ресеймен  екі
жақты дипломатиялық қарым-қатынас жасап,  қай  жағынан  қысым  көре  бастаса
екінші жағында арқа сүйеп отырады. Ресей  мемлекетіне  қосылуға  1740,  1772
жылдары уәде берумен ғана шектелді.
   Абылай Қазақ мемлекетін жергілікті  сұлтандар,  тікелей  ақылшысы  болған
Бұқар жырау сияқты ақылды адамдардың көмегімен басқарды. Ол  шаруашылық  пен
сауданы дамытып,  көршілес  халықтармен  мәдени  байланысты  нығайтты.  Оған
дәлел - Шынғыс тауының бөктерінен басталып, Ертіс өзенінің сол жағын  бойлай
шығысқа қарай созылып жатқан "Хан жолы" ("Шаңды жол").
Абылай хан 1781 жылы жетпіс жасында дүние  салды.  Оның  сүйегі  Қожа  Ахмет
Иассауи сағанасына жерленді.
                            Ауыз әдебиеті туралы.
Қазақтың көркем әдебиеті ауызша және  жазбаша  болып  екіге  бөлінеді.  Ауыз
әдебиетінің (фольклордың) өзін екіге бөліп қарайды: бірі –  авторлары  мүлде
белгісіз шығармалар, екіншісі – авторлары шамамен  белгілілері.  Біріншісіне
мақал, мәтел, тақпақ, жұмбақ, ертегі және тұрмыс-салтымызға байланысты  (қыз
ұзату, шаруашылықтың түрлі саласына қатысты), кейбір  көне  айтыстар  сияқты
ұсақ жанырлар жатады. Екіншісіне «Батырлар жыры», «Ғашықтық  жырлар»  сияқты
күрделі шығармалар жатады.
Батырлар жыры – көп халықта бар  эпос  жанры.  Мысалы,  көне  гректің  ақыны
Гомердің  «Илиада»  мен  «Одиссеясы»,  грузинның  ақыны  Шота   Руставелидің
«Жолбарыс терісін жамылған батыр», қырғыздардың «Манас» жыры  т.б.  бұлардың
көлемі 20 мыңнан 100 мың жолға дейін жетеді.
Қазақ эпостарының көлемі бұлардай үлкен емес, көбі бір мың  жолдан  аспайды.
Мұнда қара сөз (проза) шағын мөлшерде ғана қатысып,   басынан  аяғына  дейін
өлеңмен айтылып, көлемі шағын болып  келеді.  Қазақ  эпостарында  табиғаттан
тыс мифология жоққа тән. «Батырлар жыры» болсын, «Ғашықтық  жырлар»  болсын,
түгелімен дерлік – драма. Сондықтан болу  керек,  бұл  эпостардың  көпшілігі
сахнада еркін қойылып жүр. Халқымыздың  дүние жүзіне әйгілі батырлар  жырына
«Қобыланды», «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Қамбар», «Едіге», «Шора», «Баян»  т.б.
жырлар жатады.
Бұл жырлардың  қайсысында  болмасын  негізінен  үш  кейіпкер  болады.  Олар:
батырдың өзі, оның  сүйген  жары  және  сенімді  сәйгүлік  тұлпары.  Мысалы,
«Қобыландыда» - Құртқа, «Алпамыста» - Гүлбаршын,  «Қамбарда»  -  Назым  т.б.
Аттың жақсысы: «Қобыландыда» - Тайбурыл, «Алпамыста» -  Байшұбар,  «Едігеде»
- Бозтарлан т.б. Театры, киносы жоқ ескі  ауылда  бұларды  жатқа  орындайтын
шеберлер – жыршылар болған.
Ғашықтық жырларды – лиро-эпостық жырлар деп атайды. Оларға  «Қозы  Көрпеш  –
Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман – Шолпан» жырлары жатады.  Бұлардың  бәрінде
де екі жастың сүйспеншілігі баяндалады.
Қазақ көркем әдебиетіне эпикалық жанр ретінде араб, иран, шағатай  елдерінен
келген  қиссалар  енген.  «Қисса»  арабша   «баяндау»   дегенді   білдіреді.
Қиссаларда өлең мен қара сөз (проза) араласып келеді.
Қазақ қиссаларында  сипатталатын  ғашықтар:  «Жүсіп  пен  Зылиқа»,  «Бәдігүл
Жамал мен Сейфілмәлік», «Әміре мен  Зияда»,  «Ләйлі  мен  Мәжнүн»  сюжеттері
арабтардан ауысқан да, «Фархат пен Шырын», «Таһир мен Зуһра», «Бозжігіт  пен
Сақыпжамал» - Орта Азияның өзінде туған кейіпкерлер.
 «Батырлар жыры», «Ғашықтық жырлар» және «Қиссалардан» кейін көлемі  жағынан
көбі әрі әлеуметтік шындықты ашуы жағынан көрнектісі – айтыс жанры.  Ақындар
айтысы жүйрік аттардың бәйгесімен бірдей болған. Айтыста жеңген  ақын  рудың
намысын  қорғағаны   үшін  сыйлық  алған.  Ертеде  өткен  ақындар  айтысының
дүлдүлі Біржан – Сараны, Кемпірбай мен Шөжені, Жанақ пен  Орынбайды,  Көкбай
мен Әріпті, Әсет пен Рысжанды, Жамбыл мен Құлмамбетті  т.б.  арада  ғасырлар
өтсе де, халқымыз есінде сақтап келеді. Айтыстың көне түріне «Жар-жар» («Ау-
жар»), «Бәдік»  айтыстары  жатады.  Бұлардың  авторлары  белгісіз.  Айтыстың
«Жұмбақ айтысы», «Діни айтыс» дейтін түрлері де бар.

                         40,41,42-Сабақ. 15. Одағай.
                        Мәтін: Кино және театр өнері.

                                   Одағай
                                (Междометие)
      Сөйлеушінің  шындыққа,  болмысқа  қатысын  көңіл-күй,  сезім   арқы-лы
бідціретін сөздер одағай деп аталады.
      Одағайдың  атап  көрсету  қызметі  жоқ.  Оған  арнайы   грамматика-лык
категория тән емес. Көмекші сөздердегі грамматикалық  мағына  үстеу  қызметі
де одағайда кездеспейді.

                   Қазақстан Республикасының халық әртісі

                                Роза Рымбаева

      Роза Рымбаева 1957 жылы  бұрынғы  Семей  облысындағы  Жарма  ауданының
Жаңғызтөбе станциясында туған.
      1974 жылы  Роза  Рымбаева  театр-көркемсурет  институтының  комедиялық
музыка-драма факультетін бітірді.  Роза  "Гүлдер"  эстра-далық  ансамблінің,
"Арай"  эстрадалық  ансамблінің  солисі.  Қазіргі  заман   композиторларының
шығармаларымен қатар, қазақ халқының әндерін  өзіндік  үн-бояуымен  нақышына
келтіре орындайтын әнші. Өнердегі еңбегі  бағаланып,  1975  жылы  ҚазССР-іне
еңбек сіңірген әртіс деген атақ берілді

                             Еркеғали Рахмадиев

      1932  жылы  бұрынғы  Семей  облысы,  Шұбартау   ауданының   "Мәдениет"
совхозында туған. 1957  жылы  Құрманғазы  атындағы  Алматы  консерваториясын
композиция класы  бойынша  бітірген.  Еркеғали  Рахмадиев  есімі  халқымызға
"Қамар-Сұлу", "Алпамыс" опералары,  "Дайрабай",  "Құдаша-думан"  симфониялық
күйлері т.б. поэма, кантаталарымен сондай-ақ, әндерімен де танымал.

                            Төлеген Мұхамеджанов

      1948 жылы бұрынғы Семей облысы, Бесқарағай ауданының  Беген  селосында
туған. 1972 жылы Семей педагогикалық институ-тының тарих  факультетін,  1980
жылы  Алматы  консерваториясының  композиция  класын  бітірген.   Композитор
шығармашылығы түрлі музыкалық жанрларды  қамтыған.  Өзінің  сазды  да  сырлы
өнерімен бірге оның "Алдар көсе"  операсы,  "Махамбет"  симфониялық  поэмасы
және т.б. шығармалары бар.

                               Бекен Жамақаев

      Бекен Жамақаев бұрынғы Семей облысы,  Абай  ауданы,  Саржал  селосында
туған. Педагогикалық училищені бітірген. 1948 жылдан бастап, облыстык  Ертіс
газетіңде  редактор,  облыстық  радио  комитетінің  директоры  болып  қызмет
істеген. Бекен Жамақаев  "Ма-хаббат  вальсі",  "Сен  ғана",  "Ертіс  вальсі"
сынды халқымызға кеңінен таныс әндердің авторы.



                            Мейрамбек Жанболатов

      1938 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл селосында  туған.
ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған.
      1962 жылдан бастап  партиялық  қызметте  істеді.  Бүгінгі  таңда  Абай
аудандық "Совхоз туы" газетінің қызметкері. Ол "Жүрек бір, тілек бір",  "Кең
дала", "Сағындым Сарыарқамды" және т.б. әндердің авторы.


                     43,44,45-Сабақ. 16. Еліктеуіш сөз.
         Мәтін: Бүгінгі газет жаңалықтары. Газет жаңалықтарына шолу.
                            Аралық бақылау жұмысы
                               Еліктеу сөздер
                           (Подражательные слова)


      Түрлі дыбыстарға еліктеуді немесе қүбылыстар мен  қимыл-қозғалыс-тарды
бейнелеуді білдіретін сөздер еліктеу сөздер деп аталады.
      Еліктеу сөздер мағыналық  жағынан  еліктеуіш  сөздер  және  бейнелеуіш
сөздер  болып  екіге  бөлінеді.  Жанды,  жансыз   заттар   шығар-ған   түрлі
дыбыстарды беру үшін  қолданылатын  сөздер  дыбыстық  еліктеуіш  сөздер  деп
аталады: тарс-турс, ырр, саңқ, қарқ, сарт-сурт, салдыр-кулдір, қарш-қүрш.
      Заттардың,  қүбылыстар  мен  қимыл-қозғалыстардың  түрлі  сын-си-паты,
әрекеттері көру  қабілеті  арқылы  қабылданып  айтылатын  сөздер  бейнелеуіш
создер деп аталады: жалт, қалт, селк, зып, бүлк, маң-маң,  қдлт-қүлт,  желп-
желп.
   1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.
   2. Мәтінді азат жол бойынша бөліп, жоспар құрыңыз.
1. "Табиғат және біз", "Табиғатты аялау" тақырыптарына диалог құрыңыз.

                              Табиғатты қорғау
      Адам қоғамының қазіргі кездегі дамуы,  оның  алдына  көптеген  күрделі
мәселелер   қойып   отыр.   Олардың   негізгілері   дүниежүзілік    деңгейде
биосферадағы  табиғи  заңдылықтарға  үйлесімді  химиялық  өндірісті  дамыту,
энергия көздерін және та-биғат байлықтарын ұқыпты пайдалану,  ауаның,  судың
және топы- рақтың тазалығын сақтау өзекті мөселелердің бірі болып  саналады.
Бұл адамның  денсаулығын  сақтаумен  өте  тығыз  байланысты.  Сон-дықтан  да
табиғатты қорғау адамды қорғау деген ұғыммен тікелей үндесіп жатады.
      1991 жылы Қазақстан  Республикасының  "Табиғи  ортаны  қорғау  туралы"
заңы, ал 1992 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесінің  иАрал  өңірі
халқының тіршілік жағдайларын  түбірінен  өзгерту  жөніндегі  шұғыл  шаралар
туралы" арнайы қаулысы қабылданды.
      Мұның бәрі де республикамызда  табиғатты  қорғау  мәселесіне  мемлекет
тарапынан үнемі назар аударылып тұрғанына толық дәлел бола алады.
      Ірі кәсіпорындарда қалдықсыз  әдістерді  енгізу,  тұйық  жүйе  бойынша
істеуге  көшу,  жанармайлардың  ауаны  ластамайтын  түрлерін  пайдалану   да
ғылымның алдында тұрған кезек күттірмейтін мәселе болып отыр.
      Өндіріс  орындарында  табиғатты   ластауға   жол   бермейтін   құрылыс
материалдарын ойлап шығару, оларды  пайдаланудың  мер-зімін  ұзартуға  басты
көңіл бөлінуде. Бұл салада Қазақстан ғалымдарының қосқан үлесі мол.
      Қазақстандық  өнертапқыш  Ғ.Наурызалин  ауа,  су  өткізбейтін  құрылыс
материалын жасаудың жаңа әдісін тапты.  Оның ойлап тапқан құрылыс  материалы
дүниежүзілік деңгейдегі материалдардан ең берік  деп  саналатын  "Бетон-20"-
дан жүз мың есе сапалы болып шықты.
      Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қоныс мекені, алтын ұя,  тал
бесігі. Ақындардың көп жырлаған  тақырыптарының  бірі  -  адам  мен  табиғат
бірлігі.
      Қазақ халқының ұлы кемеңгері Абай Құнанбаев та өз шығармаларында  төрт
түлікті  шаруашылықты,   аңшылық-саяткерлік   өмірді   табиғат   лирикасымен
ұштастыра жырлаған.
      Адам өзінің іс-әрекеті арқылы табиғатта ұзақ уақыттар ара-лығында бір-
біріне байланысты үйлесімді жүріп отыратын заңдылықтарға  әсер  етіп,  кейде
олардың бұзылуына жағдай жасайды. Ормандардың бей  берекет  қырқылуы,  жерді
қалай болса солай пай-далану,  қырғын  соғыс  зардаптары,  табиғатты  талан-
таражға салуы соған мысал бола алады.
      Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген өңірі экологиялық апатты аймақ деп
аталады. Соның бірі Семей полигоны больш та-былады. Бұл 18  мың  км  аймақты
алып жатыр.
      1949 жылдан 1989 жыл аралығыңда бұл жерде 467 ядролық  жарылыс  болып,
сынақтар өткізілген. Осындай жойқын әрекеттерден  Семей  аймағының  табиғаты
мен халқы өте ауыр зардап шекті. Халқының  тағдыры  толғандырған  азаматымыз
Олжас Сүлейменов Семей полигонына  қарсы  және  халықаралық  ядролық  қаруға
қарсы қозғалыс ұйымдастырып, Семей полигонының жабылуына  өз  үлесін  қосты.
Мұндай сынақ аймақтары Қазақстанның 34 нүктесіңде  су  айдындары  бейберекет
пайдаланудан   және   түрлі   минералды   тыңайтқыштарды,    түрлі    зиянды
жәндіктерге  қарсы  пайдаланған пестицидтер мен гербицидтерді қолданудан  да
су қорлары ластанып тартылады. Оны Арал теңізінің тартылуы  жайынан,  Балқаш
көлінің суының азаюынан көруге болады.


3 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
3.1 Мағжан Жұмабаев (реферат)
3.2 Жүсіпбек Аймауытов (реферат)
3.3 Сәкен Сейфуллин (реферат)
3.4 Бейімбет Майлин (реферат)
3.5 Ахмет Байтұрсынов (реферат)
3.6 Ілияс Жансүгіров (реферат)
3.7 Шәкәрім Құдайбердіұлы (реферат)
3.8 Мұхтар Әуезов (реферат)
3.9 Сәбит Мұқанов (реферат)
3.10 Мұқағали Мақатаев (реферат)
3.11 Қаныш Сәтпаев (реферат)
3.12 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті (тезис)
3.13 Қазақстан халықтарының тілдері (баяндама)
3.14 Тіл туралы заң (тезис)
3.15 Қазақстандағы білім жүйесі (баяндама)
3.16 Қазақстан Республикасының Президенті – Н.Ә.Назарбаев (эссе)

4 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

4.1 Негізгі әдебиеттер
4.1.1. З.Күзекова,  Г. Қарақұсова Жоғарғы оқу орындарының эканомика
факультеттеріне арналған. А.1997,1999.
4.1.2. Ш.Б Сейтова.   Ана тілің –асыл қазынаң. Семей 2001.
4.1.3. Т.Т Аяпова. Қазақ тілі. Негізгі оқулық
4.1.4. Т.Т.Аяпова Қазақ тілі. Үй кітабы
4.1.5. Ш.Б.Бектұров. Т.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі. А. 2002.
4.1.6. Қазақ тілі сөздігі. А. 1999 ҰТА
4.1.7. Ә. Болғамбаев. Қазақ тілінің синонимдік сөздігі. А.1976.
4.1.8. Б.Шалабай, В.Салагаев. Іс қағаздары. А. 2001.
4.1.9. Базарғалиева Б., Иманбаева М., Ибрагимов Қ. Қазақ тілі. Алматы,
2005.
4.1.10. Г.Қ Рысбаева.  Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш   А-2000
4.1.11. З.Күзекова .  Практикалық курс.    Қазақ тілі –Алматы: 2002
4.1.12. Ш.Бектұров.  Серғалиев М.  Қазақ тілі  А-1994
4.1.13. Жас  техниктің   энциклопедиялық    сөздігі.   Москва.1980.
4.1.14. Р. Сыздық  Қазақ тілінің анықтағышы  Астана, Елорда 2000.

4.2. Қосымша әдебиеттер
4.2.1. Жас толқын электронды оқулығы
4.2.2. Руханият электронды оқулығы
4.2.3. Зерде электронды оқулығы
4.2.4. Елтаным электронды оқулығы
4.2.5. Мәнерлеп оқу электронды оқулығы
4.2.6. Ахмет Байтұрсынов электронды оқулығы
4.2.7. Ыбырай Алтынсарин электронды оқулығы
4.2.8. Қазақ тілі электронды оқулығы






































































































































































































































































































Пәндер