Файл қосу

Сөз тіркесі








                        Барлық мамандықтарға арналған
                                «Қазақ тілі»
                       ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


























                                    Семей
                                    2013

                                   Мазмұны


1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық сабақтар
4 Курс жұмысы және диплом жобасы (жұмысы)
5 Студенттің өздік жұмысы





































      1 ГЛОССАРИЙ


1.1 Агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы
1.2 Ассимляция – дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуі мен бір-біріне ықпалы
1.3 Грамматика – тілдің грамматикалық құрылысы туралы ілім
1.4.Дивергенция – ажырасу деген сөз бойынша жасалған термин
1.5 Конвергенция – бірдейлесу сөзі бойынша жасалған термин
1.6 Лексикология – тілдің лексикасы және оның тарихи даму заңдылықтары
туралы ілім
1.7 Лексика – тілдегі барлық сөздердің жиынтығы
1.8 Лингвистика – тіл туралы ғылым
1.9 Лингвист – тіл маманы
1.10 Морфология – тілдегі сөздің формаларын, өзгеруін, түрленуін зерттейтін
ілім
1.11 Морфема – сөз формасының ең қысқа мағыналы бөлшегі
1.12 Ономасиология – заттың аталу себебін, аталуы мен белгіленуін
зерттейтін ілім
1.13 Омофон – грек тілінің біркелкі, бірдей және дыбыс деген сөздерінен
жасалған термин
1.14 Омограф - грек тілінің біркелкі, бірдей және жазу деген сөздерінен
жасалған термин
1.15 Пунктуация – тілдегі тыныс белгілерін зерттейтін сала
1.16 Просодия – сөйлеу легін мүшелеу принциптері мен құралдары туралы ілім
1.17 Проклитика-өзінен кейінгі атауыш сөздердің фразалық екпіні ішіне кіре
айту құбылысы
1.18 Семиотика – таңбалар жүйесі
1.19 Семантика – мағына деген ұғымды білдіреді
1.20 Сема – морфеманың семантикалық жағының ең қысқа бөлігі
1.21 Семасиология – сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы
1.22 Синтаксис – сөз тіркестері, сөйлем құрылысы мен жүйесін зерттейтін
сала
1.23 Синхрония – гректің бір кездегі
1.24 Супплетивизм – итілдегі грамматикалық мағына білдірудің синтетикалық
тәсілі
1.25 Сингармонизм – сөз ішіндегі дауыстылардың бір-бірімен үндесуі
1.26 Фразеология – тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін ілім
1.27 Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы
1.28 Фузия – аглютинацияға қарама-қарсы құбылыс
1.29 Этимология – жеке сөздердің шығу тегін, даму жайын зерттейтін ілім
1.30 Энклитика - өзінің алдындағы атауыш сөз екпіні ішіне кіре айту
құбылысы


3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР

Практикалық сабақ 1. Сөз  тіркестері,  сөздердің  байланысу  тәсілдері,  сөз
тіркесінің түрлері, есімді және етістікті сөз тіркестер

Сабақтың мазмұны:
1. Синтаксис. Сөз тіркесі .Сөйлем. Сөздердің  байланысу түрлері. Сөздердің
байланысу тәсілдері туралы түсінік.
2. Жаттығулармен жұмыс
3. Мәтінмен жұмыс
Сабақтың мақсаты: Синтаксисті, сөз тіркесін практикалық жолмен меңгерту.

1.Синтаксис( грек. «құрастыру, біріктіру, рет)- сөз тіркесі мен сөйлемнің
құрылысын қарастыратын грамматиканың бір саласы.
      Сөз тіркесі
Сөз тіркесі- кемінде екі сөздің мағыналық әрі тұлғалық жақтан байланысуы.
         Сөз тіркесінің айрықша белгілері төмендегідей:
1.Ең кемі толық мағыналы екі сөзден тұрады
2.Өзара грамматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағына байланысады.
3.Зат, құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді.
      Сөз тіркесінің бірінші сыңары бағыныңқы сөз, ал екінші сыңары басыңқы
сөз деп аталады.
      Сөз тіркесінің түрлері

Сөз тіркесінің екі түрі бар: есімді сөз тіркесі және етістікті сөз тіркесі.
      Есімді сөз тіркесі- басыңқы сыңары есім сөзден болған сөз тіркесі.
Мысалы: жаңа киім, айтуға құмар.
      Етістікті сөз тіркесі- басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі.
Мысалы: жел соқты, сабақ басталды.

|Сөздердің байланысу тәсілдері                                                     |


                          (                     (                     (

|   |1              |2                              |3             |4             |
|түр|Жалғаулар      |Септеулік және жалғаулық       |Орын тәртібі  |Дауыс ырғағы  |
|і  |арқылы         |шылаулар арқылы                |арқылы        |арқылы        |
|   |               |Септеулік       |жалғаулық      |              |              |
|ере|Сөйлемдегі     |Сөйлемдегі      |Сөйлемдегі     |Сөйлемдегі    |Сөйлемдегі    |
|же |сөздер жіктік, |сөздер септеулік|сөздер         |сөздер ешбір  |сөздер дауыс  |
|   |септік және    |шылаулармен     |жалғаулық      |жалғаусыз     |ырғағы        |
|   |тәуелдік       |байланысады.    |шылаулармен    |қатар тұрып   |(интонация)   |
|   |жалғауларымен  |                |байланысады.   |орын тәртібі  |арқылы        |
|   |байланысады.   |                |               |арқылы        |байланысады.  |
|   |               |                |               |байланысады.  |              |
|мыс|Мен оқушымын.  |Біз сабақ туралы|Ол ақылдыб     |алыс жер,     |Бұл – біздің  |
|ал |Бала-ға берді. |сөйлестік. Отан |бірақ жалкау.  |атақты адам.  |ауылдың       |
|   |Үйдің есіг-і   |үшін отқа түс.  |Ол шанышқы мен |              |шамдары.      |
|   |               |                |пышақты алды.  |              |Асан-белгілі  |
|   |               |                |               |              |ақын.         |
|түс|Мен сөзі мен   |Сабақ және      |Ақылды және    |Алыс сөзі мен |Бұл деген     |
|іні|оқушы сөзі мын |сөйлесу сөздері |жалқау сөздері |жер сөзі ешбір|сілтеу        |
|кте|жіктік         |туралы септеулік|бірақ жалғаулық|жалғаусыз тек |есімдігінен   |
|мес|жалғауымен     |шылаумен        |шылауымен      |орын тәртібі  |кейін сәл     |
|і  |байланысқан.   |байланысқан.    |байланысқан.   |арқылы        |кідіріс       |
|   |Бала мен бер   |                |               |быйланысқан.  |жасалып,      |
|   |сөздері-ға     |                |               |              |өзінен кейінгі|
|   |септік         |                |               |              |сөзден дауыс  |
|   |жалғауымен     |                |               |              |ырғағы арқылы |
|   |байланысқан.   |                |               |              |бөлініп       |
|   |               |                |               |              |айтылады.     |

|Сөздердің байланысу түрлері                                                       |


                      (                              (
     (                           (                          (
|түрі|қиысу            |матасу         |меңгеру      |қабысу       |жанасу        |
|ереж|Сөздердің жіктік |1.Ілік         |Сөздердің    |Сөздердің    |Сөздердің     |
|е   |жалғауы арқылы   |септігіндегі   |ілік         |ешбір        |ешбір         |
|    |байланысуы.      |сөз бен        |септігінен   |жалғаусыз тек|жалғаусыз     |
|    |Немеме басауыш   |тәуелдік       |басқа        |орын тәртібі |бірде іргелес,|
|    |пен баяндауыштың |жалғаулы сөздің|септіктердің |арқылы қатар |бірде алшақ   |
|    |байланысуы       |байланысуы.    |жалғаулары   |тұрып        |тұрып         |
|    |                 |2. Кейде ілік  |арқылы       |байланысуы.  |байланысуы.   |
|    |                 |септігі        |байланысуы.  |Олардың      |Негізінен     |
|    |                 |түсіріліп      |             |арасына басқа|үстеуімен     |
|    |                 |беріледі.      |             |сөз енгізуге |етістік жанаса|
|    |                 |               |             |келмейді.    |байланысады.  |
|мыса|I. Мен жазушымын |Бала-ның үй-і, |Су-ды төкті. |Қара қалам,  |Кеше болды,   |
|л   |II. Сен бала-сың.|Біз-дің        |Ағасы-на     |қызықты      |әдейі келді,  |
|    |III. Біз         |гүл-іміз,      |берді.       |оқиға, төрт  |сол арқылы    |
|    |барғанбыз.       |Ауыл           |Біз-ден      |батыр, алтын |білдім.       |
|    |                 |тұрғындары,    |сұрады.      |сағат, әдемі |              |
|    |                 |Көрші-нің қызы.|             |қыз.         |              |


2. Жаттығулармен жұмыс
1-жаттығу. Сөйлемдегі сөз тіркестерін ажыратыңыздар.
      Жаз ортасының жарық түні. Нұрым ертеңіне  Бекейдің  ақтабан  кер  атын
мініп, ертеңгі мал өрер шақта ауылдан шығып кетті. Егін  жинағанда  да,  шөп
шапқанда да әндетіп, күледі де жүреді.
Жүздерінде әлденендей бір  қуаныштың  белгісі  бар. Жұман  оның  жалғыз  көк
шолағын аударып алып үйіне жаяу жіберсе, Байжан ту бие түгіл тышқан  мұрнын,
қанатпаған болып шықты.
      Ақырын ескен майда ескек тұтасқан көк теңізді  ақырын  ғана  қозғайды.
Күзбен бірге жайлаудағы ел жетті. Бесағаштың үстінде қыстың қыраулы  күнінде
шартылдан найзағай ойнады.

2-жаттығу. Сөйлемдерді сөз тіркесіне ажыратыңыздар.
      1.Таудың кешкі көлеңкесі ауыл  үстіне  түсіп,  мүйнет  сайын  қоюланып
келеді. 2.Күн кешке айналып бара жатқан кез еді, дала әлі  де  жарық  желсіз
түнгі  жаз  даласын  білесің  ғой,  қандай  керемет.  3.Сәлем  беріп  кірген
Ебейсінге  елден  бұрын  Тәңірберген  жалт  қарады.  4.Мұнысы  баласына  да,
Көпейге де айтқан арызы сияқты шығып еді. 5.Кешке жақындағы  бір  ауылда  ел
жігіттері ойын жасады. 6.Шиеттей төрт бала әкесінің ентіге соққан  балғасына
мәз. 7.Шаңқан боз жиренмен тағы да құйрық тістесіп қалыпты.

3-жаттығу. Сөйлемдерді сөз тіркесіне ажыратыңыздар.
      Бірде Кешқұрым қойшының баласы  бұны  құдыққа  апарып  суарып  қайтты.
Түркістанның кіндік қаласы — Ташкентке  Фрунзенің  өзінен  бұрын  жер  жарып
даңқы жеткен. Үйге келген соң әлі күнге қараңғы болып тұрған  бөлмесіне  шам
жағып, бір-екі хат  жазды.  Мал  бағып,  ошақтың  үш  бұтына  қарап  отырған
шаруаға мезгілсіз кезде жауап беруге  қалаға   бару  да  оңай  ма?  Төлеубай
менімен жасынан таныс еді. Қырық мыңға жаңа толған халқы бар Омбы қаласы  ең
әрісі жиырма  үйден  отыратын  қыр  қазақтарына  ертегіде  айтылатын  Бағдат
шаһарындай ұшы-қиыры жоқ үлкен көрінетін.
Қуатты ойдан бас  құрап,  еркеленіп  шығар.  Сергек  жатқан  жігіттер  көзін
асығыс уқалап атып-атып тұрды.

4-жаттығу. Сөйлемдерді сөз тіркестеріне ажыратып, көшіріп жазыңдар.

Ү л г і: еқбексіз адам; адам өмір сүре алмайды; бақытты өмір сүре алмайды.

      Еңбексіз адам бақытты  өмір  сүре  алмайды.  Өзге  ештенеден  табылмас
бақытты еңбектен табасың. Адамдар еркіндік алғанда ғана  еңбек  сүйгіш  бола
алады. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.  Қоянды  қамыс  өлтіреді,
жігітті намыс өлтіреді.  Еңбекпен ер өседі,  егізден  төл  өседі.   Өзін-өзі
билеген ел бақытты.


5-жаттығу.  Мына  тірек  сөздер  мен  сөз  тіркестерін   қатыстырып   сөйлем
құрастырыңыздар,, "Ата-ана" тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.
      Менің ата-анам, өмір сыйлаған, бақытты болу,  шыншыл  бол,  ата-ананың
рұқсатынсыз,  ақыл-кеңес,  қадірлеу,  ана  жүрегі,   еңбек   сүйгіш,   адал,
қайырымды, еңбектегі табысы, оқу озаты, әдепті болу.


6-жаттығу.   Мәтінді   оқып    шығып,   сөз   тіркесінің   түрлеріне   қарай
ажыратыңдар.
      География оқулығынан бала кезден аты мәлім қалалар  бірінен  соң  бірі
артта қалып жатыр, қалып жатыр. Көшелерге,  үйлерге  көз  тастасаң,  көңілің
құлазиды. Әсіресе  түнде  өткенде  тіпті  түнеріп  тұрады.  Үйлердің  бірде-
бірінің терезесінен не электр жарығы, тіпті жылтылдаған  шырақ  байқалмайды.
Барлығы да бір зор зобалаң күтіп, сақтанып, бұғып,  қымтанып  қалған.  Өстіп
отырып,  олар  Саратовқа  жетті.  Бұлардан  бұрынырақ  өткен  бірнеше  пойыз
құрамасын фашистер бомбаның астына алыпты. Мұны осында келгенде естіді.


7-жаттығу. Берілген  тіркестерді  және  сөйлемдерді  байланыс  түріне  қарай
топтап, кестеге орналастырыңдар.
1. Алғашқы ай, жинақталған тәжірибе, халықтың еңбегі, білгенге  маржан,  екі
дос, біздің ферма, уақыттан озған,  таудай  талап,  ағылшын  машина,  күнмен
шағылысқан, барлаушылар кеңесі, сылдыраған бұлақ, ауыр күрсіну, көзін  жұму,
шамның жарығы, малды ауыл, шаруашылықты байыту, айдын шалқар көл.
2. Туған жерге туың тік, Отан оттан да ыстық, Кеңеспен  пішілген  тон  келте
болмас,  Ақыл  көпке  жеткізер,  өнер  көкке  жеткізер.  Тіліңмен   жүгірме,
біліммен жүгір, Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.
3. Шаруашылық былтыр мемлекетке алты жүз мың пұт дән тапсырды.
Әр жыл сайын екпе шөбіміз де көбейе береді. Әзірше күніне төрт  рет  қатынап
жүр. Кеше Мәдениет  сарайын  бәріміз  көрдік.  Бұлар  жаңа  басталған  көмір
разрезіне әдейі сұранып келіп отыр. Ал оны құрғату үшін  жаңа  шахта  керек.
Ерлік - табиғат сыйы емес, ұзаққа созылған тәрбиенің  жемісі.  Мен  сендерге
келген мұғаліммін. Біз осында оқимыз. Мен жақында ғана ауылдан келген  едім.
Дәукең Құсмұрын тауының сағасы жаққа ойлана қарап отыр.

   8-жаттығу. Мына  тірек  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  қатыстырып  сөйлем
   құрастырыңыздар,, "Ата-ана" тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.
      Менің ата-анам, өмір сыйлаған, бақытты болу,  шыншыл  бол,  ата-ананың
   рұқсатынсыз,  ақыл-кеңес,  қадірлеу,  ана  жүрегі,  еңбек  сүйгіш,  адал,
   қайырымды, еңбектегі табысы, оқу озаты, әдепті болу.


   9-жаттығу.   Мәтінді  оқып   шығып,  сөз   тіркесінің   түрлеріне   қарай
   ажыратыңдар.
   География оқулығынан бала кезден аты мәлім қалалар бірінен соң бірі артта
   қалып жатыр,  қалып  жатыр.  Көшелерге,  үйлерге  көз  тастасаң,  көңілің
   құлазиды. Әсіресе түнде өткенде тіпті  түнеріп  тұрады.  Үйлердің  бірде-
   бірінің  терезесінен  не   электр   жарығы,   тіпті   жылтылдаған   шырақ
   байқалмайды. Барлығы да бір зор зобалаң күтіп, сақтанып, бұғып,  қымтанып
   қалған. Өстіп отырып, олар  Саратовқа  жетті.  Бұлардан  бұрынырақ  өткен
   бірнеше пойыз құрамасын фашистер  бомбаның  астына  алыпты.  Мұны  осында
   келгенде естіді.


   10-жаттығу. Берілген тіркестерді және сөйлемдерді байланыс  түріне  қарай
   топтап, кестеге орналастырыңдар.
   1. Алғашқы ай, жинақталған тәжірибе, халықтың  еңбегі,  білгенге  маржан,
   екі дос, біздің ферма, уақыттан  озған,  таудай  талап,  ағылшын  машина,
   күнмен шағылысқан, барлаушылар кеңесі, сылдыраған  бұлақ,  ауыр  күрсіну,
   көзін жұму, шамның жарығы, малды ауыл, шаруашылықты байыту, айдын  шалқар
   көл.
   2. Туған жерге туың тік, Отан оттан да ыстық, Кеңеспен пішілген тон келте
   болмас, Ақыл көпке  жеткізер,  өнер  көкке  жеткізер.  Тіліңмен  жүгірме,
   біліммен жүгір, Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.
   1. Үлгі:
|Мысалы      |Матасу      |Қабысу      |Қиысу      |Меңгеру     |Жанасу    |
|алғашқы ай  |            |+           |           |            |          |
|            |            |            |           |            |          |
|            |            |            |           |            |          |
|            |            |            |           |            |          |
|            |            |            |           |            |          |


   1. Шаруашылық былтыр мемлекетке алты жүз мың пұт дән тапсырды.
   2.Әр жыл сайын екпе шөбіміз де көбейе  береді.  Әзірше  күніне  төрт  рет
   қатынап жүр. Кеше Мәдениет сарайын бәріміз көрдік. Бұлар  жаңа  басталған
   көмір разрезіне әдейі сұранып келіп отыр. Ал оны құрғату үшін жаңа  шахта
   керек. Ерлік - табиғат сыйы емес, ұзаққа созылған тәрбиенің  жемісі.  Мен
   сендерге келген мұғаліммін. Біз осында оқимыз. Мен жақында  ғана  ауылдан
   келген едім. Дәукең Құсмұрын тауының сағасы жаққа ойлана қарап отыр.




   2. Үлгі:
|Мысалы                    |Қабысу               |Жанасу                 |
|Былтыр тапсырды           |                     |+                      |
|Алты жүз мың пұт дән      |+                    |                       |
|                          |                     |                       |
|                          |                     |                       |

    3.Мәтінмен жұмыс
    1. Мәтін  бойынша  сұраулы сөйлем  құрыңыз.  Мәтіннің  негізгі
мақсатын анықтаңыздар.
    2. Мәтінді аударыңыз.
                           Қазақстан хайуанаттары
      Қазір дүние жүзінде 850-ден астам, ТМД  елдерінде  33,  Қазақстанда  3
хайуанаттар бағы бар. Алматы зообағы 1937 жылы құрылған. Жер көлемі  54  га.
7 секцияда хайуанаттардың  530-дан  аса  түрінің  5900-дей  данасы  тіршілік
етеді. 77 түр Халықаралық табиғат қорғау  одағының,  ТМД  және  Қазақстанның
«Қызыл кітабына» енгізілген.
      Қазақстан фаунасында кездеспейтін сүтқоректілер: барибал (Америка қара
аюы), Африка арыстаны, Австралия кенгуруі,  Жапон  макакасы,  Үнді  тырнасы,
Мысыр кобрасы, Қытай аллигаторы; құстардың  70-тен  астам  сирек  кездесетін
түрлері: эму, нанду, тағы басқа.  өсіріледі.  Бақта  ақ  аю,  парсы  ірбісі,
сервал  мысығы,  қызыл  қасқыр,  бегемот,  Амур  жолбарысы,  т.б.  жануарлар
қоршауда  көбейіп,  ұрпақтарын  жалғастыруда.  Олар  дүние  жүзіндегі  басқа
хайуанаттар бағында өсірілетін түрлермен алмастырылады не  сатылады.  Кейбір
түрлер, мысалы, тоғай бұғысы, ителгі табиғи  мекендеріне  жіберіледі.  Бақта
«Теңіз аквариумы»  павильоны  жұмыс  істейді,  онда  әлемдік  фаунада  сирек
кездесетін балықтардың, шаянтәрізділер мен  қосмекенділердің  бірнеше  түрін
тамашалауға болады.
      Алматы хайуанаттар бағы сирек  кездесетін  және  жойылып  бара  жатқан
жабайы жануарларды қорғау жөніндегі көптеген  халықараралық  бағдарламаларға
қатысады. Қарағанды зообағы 1938 ж. құрылған.  Жер  көлмі  14  га.  Зообақта
балықтардан: тұқылар,  тұқытістілер,  алабұғалар;  құйрықты  және  құйрықсыз
қосмекенділердің  бірнеше   түрі;   бауырымен   жорғалаушылардан:   тасбақа,
ешкіемер,  ұршықсап  кесіртке,  жармасқы,   нағыз   кесіртке,   сұр   кесел;
жыландардан: айдаһар, торлы  жыландар,  сұр  жыландар;  құстардан:  қоқиқаз,
құтан, ақ дегелек, қыран, сұңқар, тырна, балықшы  тұйғын,  шағала,  жапалақ,
т.б.; сүтқоректілерден: лемур, лори,  мартышка,  піл,  қызыл  қасқыр,  Бұқар
бұғысы, аю, кәмшат, т.б. аңдар бар.
      Шымкент зообағы 1980 жылы құрылған. Жер  көлемі  54  га,  оның  34  га
аумағында экспозиция орналасқан, жануарлардың саны – 1000  бас.  Зообақта  6
секция жұмыс істейді, онда жануарлардың 165 түрі ұсталады, олардың  20  түрі
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Бақылау сұрақтары:
   1. Қазақ тілінің бір саласы синтаксис бөлімі нені зерттейді?
   2. Жай тіркес және тұрақты тіркес дегеніміз не?
   3. Сөйлемнің түрлеріне тоқталыңыз.
   4. Сөздердің байланысу түрлерін және байланысу тәсілдеріне тоқталыңыз.
   5. Сөзердің байланысу тәсіліне мысал келтіріңіз.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Семинар тиімділігі мақсат  қоя  білу,  мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың  ойларының  бір  пікірге
келуі тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Т.Т Аяпова. Қазақ тілі. Негізгі оқулық
2. Ш.Б.Бектұров. Т.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі. А. 2002.
3.  З.Күзекова .  Практикалық курс.    Қазақ тілі –Алматы: 2002
5. Ш.Бектұров.  Серғалиев М.  Қазақ тілі  А-1994

Практикалық сабақ 2. Сөйлемдердің құрылысына қарай бөлінетін түрлері,
сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері, жай сөйлем
Сабақтың мазмұны:
1.Сөйлемнің түрлері туралы жалпы түсінік
2. Жаттығулармен жұмыс
3. Мәтінмен жұмыс
Сабақтың  мақсаты:  Сөйлемдерді  және  сөйлем  түрлерін  практикалық  жолмен
меңгерту.

Сөйлем дегеніміз- біршама тиянақты ойды білдіретін сөз тобы. Сөйлем айтылу
мақсатына қарай төрт топқа бөлінеді.
                                                                  (
|Айтылу мақсатына қарай:    |


|түр|Хабарлы     |Сұралы сөйлем          |Бұйрықты сөйлем  |Лепті сөйлем  |
|і  |сөйлем      |                       |                 |              |
|ере|Хабарлау,   |Бір нәрсе жайында сұрап|Бұйыру,          |Сөйлеушің     |
|же |баяндау,    |білу мақсатында        |тілек-өтініш ету |көңіл-күйін   |
|   |суреттеу    |айтылатын сөйлем.      |мақсатында       |(қуану, ренжу,|
|   |мақсатында  |                       |айтылатын сөйлем |өкіну т.б.)   |
|   |айтылатын   |                       |                 |білдіру       |
|   |сөйлем.     |                       |                 |мақсатында    |
|   |            |                       |                 |айтылатын     |
|   |            |                       |                 |сөйлем.       |
|тын|Сөйлем      |Сөйлем соңына сұрау    |Сөйлем соңыны леп|Сөйлем соңына |
|ыс |соңыны нүкте|белгісі (?) қойылады.  |белгісі (!)      |нүкте немесе  |
|бел|қойылады.   |                       |қойылады.        |(көтеріңкі    |
|гіс|            |                       |                 |интонациямен  |
|і  |            |                       |                 |айтылса) леп  |
|   |            |                       |                 |белгісі (!)   |
|   |            |                       |                 |қойылады.     |
|жас|            |1. Сұрау есімдіктері   |Бандауышы бұйрық |1.Одағай      |
|алу|            |арқылы; (кім? не?      |рай арқылы       |сөздер арқылы |
|жол|            |Қанша? Қандай? т.б.)   |                 |(қап,         |
|дар|            |2. Сұраулық шылаулар   |                 |әттеген-ай,   |
|ы  |            |арқылы; (ма, ме, па,   |                 |пай-пай т.б.) |
|   |            |пе, ба, бе, ше т.б.)   |                 |2. Күшейткіш  |
|   |            |3. Оқшау, көмекші      |                 |мәнді сөздер  |
|   |            |сөздер арқылы (ә, сірә,|                 |арқылы (не    |
|   |            |қайтеді, шығар т.б.)   |                 |деген, не     |
|   |            |                       |                 |еткен, қандай,|
|   |            |                       |                 |шіркін, ғажап |
|   |            |                       |                 |т.б.)         |
|   |            |                       |                 |3. Демеулік   |
|   |            |                       |                 |шылаулар      |
|   |            |                       |                 |арқылы        |
|   |            |                       |                 |(-ау,-ақ,-ай  |
|   |            |                       |                 |т.б.)         |
|   |            |                       |                 |4. Интонация  |
|   |            |                       |                 |арқылы        |
|мыс|Ертеңіне ол |Сен оны танисың ба? Сен|Сөйлемді жазып   |Қап, мынау    |
|алы|ақсақалмен  |оны танимасың? Енді    |шық. Бұны оған   |жығылды-ау!   |
|   |ұзақ        |арманың жоқ шығар? Сен |айтпа. Жүр, тез  |Пай-пай,      |
|   |әңгімелесті.|ауылға бардың ғой, иә? |аяғыңды бас!     |мынаның       |
|   |Ақырын      |Қазір ол келіп қалса   |Тыныш отыр! Кел, |шабысын-ай! Ә,|
|   |соққан самал|ше? Оған өлең ұналы    |балалар, оқылық! |сені ме,      |
|   |шалқар      |білім, сірә? Қай бала? |Кел, жүгірейік!  |бәлем!        |
|   |қөлдің ақша |Қашан болды? т.б.      |Жылқыны тез      |Бейшара-ай,   |
|   |бетін       |                       |қайырыңдар!      |мынаның тарта |
|   |аймалап     |                       |Дауысынды тым    |алмай келе    |
|   |сүйгендей   |                       |болмаса бір      |жатқанынын-ай!|
|   |болады.     |                       |шығаршы!         |              |

2.Жаттығулармен жұмыс:
1-жаттығу. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
      Таң ата жау шабуылға шықты. Шабуыл тағы тойтарылып тасталды.
Түс кезінде батальон командирі Гундилович бізге байланысты  -  сын  жіберді.
Ол комаңдирдің бұйрығын жеткізді. Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік  көрсетті.
Күн кешкірген кезде  "Бородиноға"  генерал  Чистяков  пен  полковник  Капров
келді. Оларға Гундилович болған жағдайды баяңдады.

2-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден тура және жанама толықтауыштарды табыңыз.
      Онымен бірге ыстық от-жалын толқыны ғаламат екпін-күшпен тарап жатты.
Көрінбейтін сәуле-радиация да жан-жаққа тарап жатты. Осы  өңірде  қырық  жыл
бойы болған апаттың көлемін есептеу мүмкін емес. Табиғаттың бүлінгені,  жан-
жануарлар дүниесі мен халық шаруашылығына қаншама залал келтірілгенін  былай
қойғанда, сол жердің халқына қанша  қайғы  әкелді.  Адамзатты  қыруға,  адам
баласы жасаған байлықты жоюға арналған мұндай  жойқын  қарулардың  қарапайым
халыққа еш керекгі жоқ. Қазақстан жерінде шаруашылық мақсатқа  деп  те  кіші
жарылыстар жасалып тұрған.

3. Мәтінмен жұмыс
1. Мәтіндерді  қазақ тіліне аударыңыз.
2. Мәтіндер бойынша сұрақтар құраңыз.


                                                                   Товары
    Человеческие  нужды,  потребности  и  запросы  наводят   на   мысль   о
существовании товара для их удовлетворения.
    Товар – все, что может удовлетворить потребность или нужду и предлагает
рынку  с  целью  привлечения  внимания,  приобретения,   использования   или
потребления.
    Предположим, женщина  испытывает нужду выглядеть красивой.  Все товары,
способные  удовлетворить  эту  нужду,  мы  называем  товарным  ассортиментом
выбора. Этот ассортимент включает в себя косметику, новую одежду,  курортный
загар, услуги косметолога. Пластическую  операцию  и  т.д.  Но  не  все  эти
товары желательны в одинаковой степени.
    Если товар  полностью  удовлетворяет  потребности  человека,  то  будет
называться «идеальным товаром».  Чем  полнее  соответствует  товар  желаниям
потребителя, тем большего успеха добьётся производитель.
    Мораль  заключается  в  том,  что   производители   должны   отыскивать
потребителей, которым они хотят продавать, выяснить  их  потребности,  а  за
тем создавать товар, как можно полнее удовлетворяющий эти потребности.
    Товаром можно  назвать  все,  сто  способно  оказать  услугу,  то  есть
удовлетворить нужду. Помимо  изделий  и  услуг,  это  могут  быть  личности,
места, организации, виды деятельности  и  идеи.  Потребитель  решает,  какую
именно развлекательную передачу посмотреть по телевидению, куда  отправиться
на отдых, каким организациям оказать  помощь,  каким  организациям   оказать
помощь, какие идеи поддержать.


                                                           Маркетинг
    Маркетинг   –   вид   человеческой   деятельности,   направленный    на
удовлетворение нужд и потребностей посредствам обмена.
    Маркетинг –  это  человеческая  деятельность,  так  или  иначе  имеющая
отношения к рынку. Маркетинг  –  это  работа  с  рынком  ради  осуществления
обменов, цель которых – удовлетворение человеческих нужд и потребностей.
    Процесс обмена требует работы. Тому, кто хочет продавать, необходимо их
на рынок, складировать, перевозить, договариваться о  ценах  и  т.д.  Основу
деятельности маркетинга составляет такие  занятия,  как  разработка  товара,
исследования,   налаживание   коммуникаций,    организация    распределения,
установления цен, развертывание службы  сервиса.
    Хотя обычно считается, сто маркетинг – удел продавцов, занимаются им  и
покупатели.  Домохозяйки   осуществляют   собственный   «маркетинг»,   когда
занимаются поисками нужд им товаров по ценам, которые они готовы  заплатить.
В  поисках  дефицитного  товара  снабженцу  фирмы    приходится   выискивать
продавцов и предлагать им заманчивые условия сделки.
Бақылау сұрақтары:
   1. Сөйлемдердің түрлерін ажыратыңыз
   2.  Сұраулы сөйлемдерді мысалдар арқылы келтіріп, анықтамасын айтыңыз.
   Әдістемелік нұсқаулар:
   1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
   орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

   2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

   3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге
   келуі тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1.  З.Күзекова,  Г. Қарақұсова. Жоғарғы оқу орындарының эканомика
факультеттеріне арналған. А.1997,1999.
2. Ш.Б Сейтова.   Ана тілің –асыл қазынаң. Семей 2001.
3. Т.Т Аяпова. Қазақ тілі. Негізгі оқулық
4. Т.Т.Аяпова. Қазақ тілі. Үй кітабы
5. Ш.Б.Бектұров. Т.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі. А. 2002.

Практикалық   сабақ   3.  Сөйлем  мүшелері,  сөйлемнің  тұрлаулы   мүшелері,
тұрлаусыз мүшелер.
Сабақтың мазмұны:
   1. Сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелері туралы түсінік. Сөйлемнің тұрлаулы
      мүшелері. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.
   2. Жаттығулармен жұмыс
   3. Мәтінмен жұмыс
Сабақтың мақсаты: Сөйлем мүшелерін практикалық жолдармен меңгерту


   [pic]


Сөйлем құрамында тұрса да, сөйлем мүшесі бола алмайтындар: 1) шылау,  одағай
сөздер, көмекш етістіктер; 2) қаратпа сөздер.
      Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара және күрделі мүше болып бөлінеді.
      Толық мағыналы бір сөзден болған мүшені  дара   мүше  дейміз.  Мысалы:
Бізде спортшы жастар көп.
      Күрделі сөзден, тұрақты тіркестен  не  сөз  тіркесінен  болған  мүшені
күрделі мүше дейміз. Мысалы: Кешке шейін (күрделі сөз) балықшылар судан  екі
рет (сөз тіркесі) ау шығарды.
|ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕ                                                             |
|БАСТАУЫШ – сөйлемде атау септігінен |БАЯНДАУЫШ – бастауыштың жай-күйін,  |
|тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіреді. |оқиғаның қай шақта болғанын         |
|Сұрақтары: Кім? Не? Кімі? Несі?     |білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұрады.|
|Кімім? Нем?                         |Қай сөз табынан болса сол сөз       |
|                                    |табының сұрағына жауап береді.      |


                             БАСТАУЫШТЫҢ ЖАСАЛУЫ
|Сөз табы      |Шарты               |Мысалдар                             |
|Зат есім      |Кез келген з.е.     |Базаралы Апанасты қатты ұнатқан      |
|              |                    |жүзбен қарап отыр (М.Ә.).            |
|Есімдік:      |Зат есім орнына     |Сіздер бізге көп нәрсе үйреттіңіздер.|
|жіктеу,       |қолданылатыны       |Бұл – көктем желі. Өзіңіз ақын       |
|сілтеу, өздік,|                    |екенсіз ғой?! Бәрі де осы келісімге  |
|белгісіздік,  |                    |ден қойды. Әркімдер тілек-ұсыныстарын|
|жалпылау      |                    |айтты.                               |
|Сын есім      |Заттану             |Үлкендер бала мінезіне сүйсініп      |
|              |                    |қалды.                               |
|Сан есім      |                    |Үшеуі суыт жүріп кетті. Сегіз екіге  |
|              |                    |бөлінеді.                            |
|Етістіктің:   |Заттану             |Оқыған білер әр сөзді (Абай). Оқу    |
|есімше, тұйық |                    |инемен құдық қазғандай.              |
|түрі          |                    |                                     |


                   Бастауыш құрамына қарай екіге бөлінеді
|Дара бастауыш                       |Күрделі бастауыш                    |
|(Бір сөзден болады)                 |(Екі не одан да көп сөздер болады)  |
|Ұлжан – тартымды болумен қатар,     |Жасалу жолдары:                     |
|сыншы да ана.                       |1.Сөз тіркесінен:                   |
|                                    |Кеншілер сарайы адамға лық толы.    |
|                                    |2.Негізгі сөз бен  көмекші есімнің  |
|                                    |байланысынан:                       |
|                                    |Ырыс алды - ынтымақ.  Еңбек түбі –  |
|                                    |береке.                             |
|                                    |3.Заттанған күрделі сын, сан есімдер|
|                                    |және етістіктің есімше тұйық етістік|
|                                    |тұлғаларынан:                       |
|                                    |Жиырма бес маған қайтып келсе ғой.  |


                            БАЯНДАУЫШТЫҢ ЖАСАЛУЫ
|Сөз табы      |Мысалдар                                                   |
|Етістік       |Шопандар қалашығында электр шамы жарқырайды.               |
|              |Оқушылардың ең басты міндеті – жақсы оқу.                  |
|Зат есім      |Дәрігер – ардақты мамандық.                                |
|Сын есім      |Біздің қатарымыз болаттай берік.                           |
|Сан есім      |Бұлар он бес.                                              |
|Есімдік       |Біздің қақпан әне.                                         |


                   Баяндауыш құрамына қарай екіге бөлінеді
|Дара баяндауыш                      |Күрделі баяндауыш                   |
|(Бір сөзден болады)                 |(Екі не одан да көп сөздер болады)  |
|Қорықтағы басты тұлға – қорықшылар. |Жасалу жолдары:                     |
|                                    |1.Сөз тіркесінен:                   |
|                                    |Ұзақ ауданы – облыстың ең жарық     |
|                                    |ауданы.                             |
|                                    |2.Күрделі етістіктен. Ауыл мәдениеті|
|                                    |де өсіп келеді.                     |
|                                    |3. Күрделі сан есімнен. Биыл жасым  |
|                                    |отыз сегізде.                       |
|                                    |4. Тұрақты сөз тіркесінен жасалады. |
|                                    |Шошығанынан шешесі есінен танып     |
|                                    |қалыпты.                            |

                        СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕРІ
|Анықтауыш                                                                        |
|Зат есімнен болған мүшеленің сын – сипатын анықтап тұрады. Сұрақтары: қандай?    |
|қай? кімнің? ненің? неше? нешінші? қанша? қайдағы? қашанғы?                      |


|Анықтауыштың жасалу жолдары                 |

|сын есім          |есімдік      |Зат есім     |Сын есім      |есімше            |
|Зерделі қыздың    |Бұл сөз оған |Өзен бойында |Оныншы сыныпта|Айтқан сөзің дәл  |
|зерек ойы қиядағы |қатты әсер   |қора-қора қой|бұл           |келсе, саған      |
|жұмбақты іліп     |етті. Кейбір |жайылып жүр. |тақырыптарды  |сыйлығым бар.     |
|әкетті. Олар      |аңдар ертемен|Олар ағаш    |өткен едік.   |Оқығаннын беті    |
|шалғай ауылдарды  |азықтануға   |есікті       |Волейболды    |жарық.            |
|аралап шықты.     |шығады.      |сындырып ішке|алты ойыншы   |                  |
|                  |             |кірді.       |ойнады.       |                  |

|Анықтауыш құрамына қарай екіге бөлінеді:           |


|Дара анықтауыш                          |Күрделі анықтауыш                       |
|( бір сөзден тұратын анықтауыш)         |(кемінде екі сөзден тұратын анықтауыш)  |
|                                        |                                        |
|Мысалы. Ұлыған қасқырды көріп           |Жасалу жолдары:                         |
|зереқұтымыз қалмады. Сары жапырақтар    |Тұрақты тіркестен:                      |
|жерге түсіп жатыр. Баланың даусы        |Олардың қыл өтпестей татулығы елге үлгі |
|естіледі.                               |- өнеге болып отыр.                     |
|                                        |2. Күрделі сөзден:                      |
|                                        |Қара торы бірінші келді.                |
|                                        |Қолында сары-қызыл гүлдер бар.          |

|Толықтауыш                                                                       |
|Іс-оқиған заттық мағына жағынан сиппатайды.                                      |
|Сурақтары: кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? неммен? |
|(атау мен ілік септіктерінен басқа септіктердің сұрақтарына жауап береді.)       |

|Толықтауыш құрамына қарай                               |


|Дара толықтауыш                       |Күрделі толықтауыш                    |
|(бір сөзден тұратын толықтауыш)       |(кемінде екі сөзден тұратын           |
|                                      |толықтауыш)                           |
|Мысалы: Жіңіше бір қос ат келеді. Оны |Жасалу жолында:                       |
|ешкімге көрсетпе.                     |Тұрақты тіркестен:                    |
|                                      |Қорыққанда Отанын сататын су          |
|                                      |жүректерден қорқу керек.              |
|                                      |2.Күрделі сөзден:                     |
|                                      |Олар аттарды қара торысын таңдап алды.|

|Толықтауыш мағынасына қарай                           |


|Тура толықтауыш                        |Жанама толықтауыш                     |
|(табыс септік тұлғасындағы толықтауыш) |(барыс, табыс, шығыс, көмектес        |
|                                       |септіктері тұлғасындағы және туралы,  |
|Мысалы: Оны ешкімге көрсетпе. Мен кітап|жөнінде, жайында шылауларымен тіркесіп|
|оқыдым.                                |келген сөздер тұлғасындағы толықтауыш)|
|                                       |Екі қарт кісімен амандастым. Оның     |
|                                       |ұзақтан келе жатқандарға көзі түсті.  |
|                                       |Сабақта жарыс туралы сөйлестік.       |



|Пысықтауыш                                                                     |
|Сөйлемде Іс – қыймылдың тнрлі белгісін (мекенін, мезгілін т.б) анықтайтын мүше.|
|Сурақтары: қайда? Қайдан? Қалай қарай? Қашан? Қашаннан бері? Қалай? Қалайша?   |
|Қайтіп? Неліктен? Не үшін? Неге? Не мақсатпен? Қаншалықты?                     |


|                                                                        |
|Пысықтауыш мағынасына қарай:                                            |

|түр|             |                |               |              |           |
|і  |мекен        |мезгіл          |Себеп - салдар |Сын - қымыл   |Мақсат     |
|ере|Іс -         |Іс - әрекетінің |Іс - әрекетінің|Іс -          |Іс-әрекетті|
|жес|әрекетінің   |мезгілін        |себебін        |әрекетінің    |ң мақсатын |
|і  |болу орынын, |білдіреді.      |білдіреді.     |жүзеге асу    |білдіреді. |
|   |мекенін      |                |               |амалын,       |           |
|   |білдіреді.   |                |               |мөлшерін      |           |
|   |             |                |               |білдіреді.    |           |
|сұр|Қайда?       |Қашан? Қашаннан |Неліктен? Не   |Қалай?        |Неге? Не   |
|ағы|Қайдан? Қалай|бері?           |үшін? Неге?    |Қалайша?      |мақсатпен? |
|   |қарай?       |                |               |Қайтіп?       |           |
|   |             |                |               |Қаншылықты?   |           |
|мыс|Олар жоғары  |Түске шейін оның|Кешке          |Оны зорға     |Оқу үшін   |
|ал |көтерілді.   |жанында болды.  |амалсыздан үйге|далаға алып   |қалаға     |
|   |Ауылға қарай |Олар қыс бой осы|қайттым. Ол    |шықты.        |келді. Біз |
|   |аттылы біреу |аймақтан        |Отаны үшін     |              |әдейі      |
|   |келе жатыр.  |шықпады.        |жанын қиды.    |              |жарыстық.  |


2. Жаттығулармен жұмыс
1-жаттығу. Сөйлемдердегі бірыңғай мүшелер қандай сөйлем мүшесі  екенін  және
бір-бірімен қалай байланысып тұрғанын көрсетіңдер.
1. Қалың қара сақалды, нұрлы жүзді, үлкен көзді, үстіне қынаға боялған  тон,
аяғына ұзын қонышты қара етік киген Сүлеймен  қарт  алдымыздан  жолықты.  2.
Дайрабай әрі күйші, әрі әнші, әрі ақын адам болған.
3.Жұмыскерлер  нәрселерін,   саймандарын,   ыдыс-аяқтарын,  қоқыр-соқырларын
жинап түйіп, көшуге даярланып жатыр. Олар жапырласып,  шуласып,  сабырласып,
бөлініп-бөлініп, нәрселерін тасырлатып, тез апыр-жапыр вагондарға міністі.
4. Отарба Көкшетау қаласының вокзалынан жүріп кеткеннен кейін біраздан  соң,
Бұзаубақ, Хасен, Сатай, Әзімхан, Қалкендер  әбігер  бола  қалды.  Ал,  бала,
бүгіннен бастап мына  болат  сүңгі  әрі  қаруың,  әрі  серігің.  Төзімділік,
сабырлық пен ептілік - балқытушының басты қасиеті.  Келгендер  Құнанбай  мен
Алшынбайдың екі жағынан жарыла отырды. Толық дөңгелек денелі, қызыл жүз,  ақ
сақалды Алшынбай тірсек жең, қара комзолдың сыртынан пұшпақ ішігін  желбегей
жамылып отыр екен.

2-жаттығу.
Төмендегі сөздерді бірыңғай  мүше  етіп  сөйлем  құраңдар.  Бірыңғай  мүшеге
ортақ жалпылауыш сөздерді өздерің ойлаңдар.
Үлгі: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Семей, Ақмола - бәрі де  Қазақстанның  ірі
қалалары. Қазақстанның ірі қалалары мыналар: Алматы...

1. Қазалы, Жаңақорған және Шардара (Сырдария өзенінің  бойындағы  су  электр
станциялары). 2. Көксерке, алабұға, таутан,  ақмарқа,  қаяз,  ақкөз,  қылыш-
балық, аққайран, мөңке, шармай (Қазақстан суларындағы балықтар).

3-жаттығу.
Мына сөздерді жалпылауыш сөздер етіп, сөйлем құраңыз.
Бәріне, мыналар, үшеуі, баршасы, оқушылар, бәрін, төрт жігіт.

4-жаттығу. Көшіріп жазып, айқындауыштың түрлерін көрсетіңіз.
Мұражайға  және  пәтер-мұражайға  келушілер  бірнеше  есе   көбейді.   Дәлет
кітаптарды әсіресе көркем әдебиетті көп оқитын. Маресьев пен  Петров  далада
жерге жайылған плащ-палаткада жатпақ  болды.  Өткен  күні  инженер-техниктер
мен шахтерлердің өндіріс мәжілісі болып өткен. Есіктен  қарт  шахтер  Бейсен
кірді. Оңтүстік жақтағы үлкен барактағы  кабинетте  алып  шахта  құрылысының
начальнигі  Шектібай  отыр.  Телефоншы  Сәмет  ағаш  арасында  тұрған   полк
штабымен сөйлесіп жатыр. Ер Өтеген олардан  қорықпады,  шынықты.  Мағаш  пен
Кәкәтай  бұл күндерде  орысша  кітаптарды,  әсіресе  жеңіл  тілмен  жазылған
романдрды, көп оқитын. Далада  қызу  жұмыс  мақта  жинау  кезі  болатын  Ұлы
Ньютон бірде өзі ашқан жаңалықтарында алыптарға өзіне дейін өмір сүрген  ұлы
ғалымдарға сүйенгенін айтқан  болатын.  Қара  далада  желге  шыдамды  тамыры
мықты шөпттер,  мысалы,  көкпек,  жусан,  баялыш,  бетеге  өседі.  Біздерге,
қарттарға, жастар сияқты өмір  сүруге  тура  келеді.  Жоғары,  яғни  жиілігі
күшті, дыбыстар белгілі бір бағытпен, қатарланған "дыбыс  сәулелері"  арқылы
тарайды.


  3.Мәтінмен жұмыс
  1. Мәтінді еркін аударма түрінде орыс тіліне аударыңыз.
  2. Мәтінді оқып шығып әңгімелеп беріңіз.

  3. Мәтінді бірнеше бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып ойластырып,алған
     тақырыптарыңызды негіздеңіз.

                                «ЖЕТІ ЖАРҒЫ»


      Қазақ хандығының ішкі, сыртқы жағдайы қиындағын кезде  Жәңгір  ханның
  баласы Тәуке хан қырық жылға жуық уақыт хан  болды.  Қазақ  елінің  басын
  біріктіру  мақсатында  қазақ  билері  Төле,  Қазыбек,  Әйтекемен  бірлесе
  отырып,  ХҮІІІ  ғасырдың  бас  кезінде  «Жеті  жарғы»  қазақ   заңдарының
  жиынтығын жасады. Заң жинағында қазақ өмірінің  басты-басты  төмендегідей
  салалары қамтылған.
      Бірінші – жер дауы. Көшпелі халықтың өмірінде  жердің  шешуші  маңызы
  бар. Қыстау, жайлау,  жайылым,  қоныс  мал  баққан  елдің  атадан  балаға
  қалдыратын еншісі. Жер –  тіршілік  ортасы,  ата-бабасынан  бері  иеленіп
  келген халықтың келісімінсіз басқаға беруге, сатуға болмайды.
  Екінші сала – үй ішіндегі тіршілікке, сол  отбасындағы  адамдардың  өзара
  қатынасына байланысты. Әке мен  бала,  ене  мен  келін,  үлкен  мен  кіші
  арасындағы   қарым-қатынас.   Әсіресе   үлкенді    сыйлауға,    ата-ананы
  құрметтеуге, жастарды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеуге баса  көңіл
  бөледі.
      Үшінші сала – ұрлыққа, барымтаға  кедергі  қоюды  көздейтін,  халықты
  адалдыққа, таза еңбекпен күнелтуге бағыттайтын заңдар.
      Жарғының төртінші саласы – ел мен ел, халық  пен  халық,  ру  мен  ру
  арасындағы дау-жанжалдарды әділдікпен шешуді мақсат етеді.
      Бесінші топқа – ел бірлігін сақтауға, Отанын қорғауға,  сыртқы  жауға
  тойтарыс беруге, жасақ құруға, сардар сайлауға бағыттайтын баптар жатады.


      Жарғының келесі бір тармағы  - құн дауына арналған. Айыр  көмей,  жез
  таңдай атақты үш төбе би «Қанға қан», «Қанды кек», «Ескіден  келе  жатқан
  жау»  дегенде  бірден  ойға  оралатын  қатыгездікті   жұмсартудың   жолын
  қарастырған. Онсыз да өлімнің аз емес екенін, жаттан  жат  емес  жақыннан
  жау іздемеу деген ізгі  ниетпен  өлім  жазасын  жұмсартып,  құн  төлеумен
  ауыстырған.

Бақылау сұрақтары:
1.Сөйлем мүшесі дегеніміз не? анықтама беріңіз.
2.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелеріне анықтама беріңіз
3. Сөйленің тұрлаусыз мүшесі дегеніміз не?
Әдістемелік нұсқаулар:
      1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру,
орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

      2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

      3. Семинар  сабағындағы  пікір-таласта  қатысушылардың  ойларының  бір
пікірге келуі тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Б.Шалабай, В.Салагаев. Іс қағаздары. А. 2001.
3. Базарғалиева Б., Иманбаева М., Ибрагимов Қ. Қазақ тілі. Алматы, 2005.
4. Г.Қ Рысбаева.  Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш   А-2000
5. З.Күзекова .  Практикалық курс.    Қазақ тілі –Алматы: 2002
6. Ш.Бектұров.  Серғалиев М.  Қазақ тілі  А-1994
7. Жас  техниктің   энциклопедиялық    сөздігі.   Москва.1980.
8. Р. Сыздық  Қазақ тілінің анықтағышы  Астана, Елорда 2000.

Практикалық сабақ 4. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Жалпылауыш мүше.
Айқындауыш мүше.
Сабақтың мазмұны:
   1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Жалпылауыш және айқындауыш   мүше  туралы
      жалпы түсінік.
   2. Жаттығумен жұмыс
   3. Мәтінмен жұмыс

|СӨЙЛЕМНІҢ БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРІ                                                |
|Қызметі мен сұраулары ортақ болып, өзара салаласа байланысқан екі не одан  |
|да көп мүшелерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз.                       |



|Бірыңғай|Бірыңға|Бірыңғай|Бірыңғай|Бірыңғай |Бірыңғай мүшелердің жалғаулық      |
|бастауыш|й      |толықтау|анықтауы|пысықтауы|шылаулар арқылы байланысуы         |
|тар     |баяндау|ыш      |ш       |ш        |                                   |
|        |ыш     |        |        |         |                                   |
|Қайбар, Күлтай, Байтас, Кәрім, Бақыткерей - бәрі |Сүгірәлиева Алтын – жақсы әнші,   |
|бір класста оқиды.                               |әсем биші. Ол біресе аяңдайды,    |
|                                                 |біресе жүгіреді, біресе тоқтайды. |
|Жалғаулық шылаулар бірыңғай |Бірыңғай мүшелер    |Бірыңғай        |Да, әрі, не,      |
|мүшелердің арасында         |бірақ деген         |мүшелердің      |немесе            |
|қайталанып келсе            |қарсылықты жалғаулық|арасында мен,   |жалғаулықтары     |
|                            |арқылы байланысса   |және, пен, бен  |қайталанбай бір-ақ|
|                            |                    |жалғаулықтар    |рет келсе         |
|                            |                    |бір-ақ рет келсе|                  |
|Инженер де, мұғалім де,     |Орта бойлы, бірақ   |Күні-түні       |Көбінің жүзі ақшыл|
|еңбегі асқан екпінді де, осы|толықша қара сұр    |қолынан кітап   |не қызғылт сарғыш |
|үйден табылады (Ғ.М.).      |жігіт еді (Ғ.Мұст.).|пен қарындаш    |келген.           |
|                            |                    |түспейді.       |                  |

|ЖАЛПЫЛАУЫШ СӨЗДЕР                                                             |
|Бірыңғай мүшелермен қызметтес, тұлғалас болып, оларға ортақ жинақтау мәнін    |
|білдіретін мүше                                                               |



|Жалпылауыш сөздердің жасалу жолдары                                           |


|Сілтеу есімдігі      |Жалпылау есімдігі      |Жинақтық сан    |Зат есім            |
|                     |                       |есім            |                    |
|Мыналар, осылар,     |Бәрі, баршасы, барлығы |Екеуі, үшеуі    |Зат есімдер         |
|бұлар, солар, олар   |                       |                |                    |
|Қазақстанның ең ірі  |Шымкент, Алматы,       |Аса, Мағаш,     |Мына өзендер: Іле,  |
|көлдері мыналар:     |Қарағанды – бәрі үлкен |Жандос – үшеуі  |Қаратал, Ақсу, Лепсі|
|Балқаш, Алакөл.      |қала.                  |оңаша           |– Балқаш көліне     |
|                     |                       |әңгімелесіп отыр|құяды.              |
|                     |                       |екен.           |                    |
|Жалпылауыш сөз       |Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден кейін   |Бірыңғай мүшенің    |
|бірыңғай мүшеден     |келсе, оның алдынан сызықша қойылады.   |алдында жалпылауыш  |
|бұрын тұрса, одан    |                                        |сөз тұрып, соңында  |
|кейін қос нүкте      |                                        |сөйлемнің басқа     |
|қойылады.            |                                        |мүшелері келсе,     |
|                     |                                        |бірыңғай мүшеден    |
|                     |                                        |бұрын қос нүкте,    |
|                     |                                        |олардан кейін       |
|                     |                                        |сызықша қойылады.   |
|АЙҚЫНДАУЫШ МҮШЕ                                                                    |
|Сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін|
|сөйлем мүшесі.                                                                     |


|Оңашаланған айқындауыш                        |Қосарлы айқындауыш                  |
|(өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп,|(айқындайтын мүшесіне қосалқы атау  |
|түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөз)    |болады)                             |
|Омардың үлкен ұлының, Асанның, елге жасаған   |Ақан серінің әндерін жаттадық.      |
|жақсылығы өте көп. Біздің лицейдің оқушылары, |Асан мұғалімнің баласы әскерден     |
|әсіресе, 10-сыныптар, әрдайым бірініші орын   |келді.                              |
|алады.                                        |Әнші Күләш, Біржан сал, Алпамыс     |
|                                              |батыр.                              |
|                                              |Ақәділ қария ақ боз үйдің есіген    |
|                                              |тұрғызып қойып, әңгіме айтып отыр   |
|Үтір оңашаланған айқындауыштың екі жағынан    |Ескерту:                            |
|қойылады. Тобықты ішіне ең алғаш келген арба  |Кейбір қосарлы айқындауыштар        |
|осы Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк  |өздерінің айқындайтын сөзінен қос   |
|арбасы десе де болады.                        |сөздер сияқты дефис арқылы бөлінеді.|
|Сызықша оңашаланған айқындауыштың екі жағынан |                                    |
|немесе өзі айқындайтын мүшесімен екі араға    |Мысалы: авто-дүкен, ұшқыш-ғарышкер  |
|қойылады.                                     |т.б.                                |
|1928 жылы Қазақстандағы тұңғыш оқу орны –     |                                    |
|ҚазПИ ашылды.                                 |                                    |
|Кейбір оңашаланған айқындауыштар өзінің       |                                    |
|түсіндіретін сөзімен, яғни, яки, не болмаса,  |                                    |
|мысалы, әсіресе байланысады.                  |                                    |
|Кит, әсіресе, оның көк жет деп аталатын түрі, |                                    |
|өте үлкен жәндік.                             |                                    |
|Жоғары, яғни жиілігі күшті, дыбыстар белгілі  |                                    |
|бір бағытпен, қатарланған дыбыс сәулелері     |                                    |
|арқылы тарайды.                               |                                    |
|Озат оқушылардың кейбірі, мысалы, Оспан, өз   |                                    |
|сыныбындағы үлгермеушілерге жәрдемдеседі.     |                                    |
|Бұл өңірде, әсіресе, өзеннің бұл жағында,     |                                    |
|Абайды дос көрер жан жоқ.                     |                                    |


   2.Жаттығумен жұмыс
1-жаттығу. Сөйлемдердегі бірыңғай мүшелер қандай сөйлем мүшесі  екенін  және
бір-бірімен қалай байланысып тұрғанын көрсетіңдер.
1. Қалың қара сақалды, нұрлы жүзді, үлкен көзді, үстіне қынаға боялған  тон,
аяғына ұзын қонышты қара етік киген Сүлеймен  қарт  алдымыздан  жолықты.  2.
Дайрабай әрі күйші, әрі әнші, әрі ақын адам болған.
3.Жұмыскерлер  нәрселерін,   саймандарын,   ыдыс-аяқтарын,  қоқыр-соқырларын
жинап түйіп, көшуге даярланып жатыр. Олар жапырласып,  шуласып,  сабырласып,
бөлініп-бөлініп, нәрселерін тасырлатып, тез апыр-жапыр вагондарға міністі.
4. Отарба Көкшетау қаласының вокзалынан жүріп кеткеннен кейін біраздан  соң,
Бұзаубақ, Хасен, Сатай, Әзімхан, Қалкендер  әбігер  бола  қалды.  Ал,  бала,
бүгіннен бастап мына  болат  сүңгі  әрі  қаруың,  әрі  серігің.  Төзімділік,
сабырлық пен ептілік - балқытушының басты қасиеті.  Келгендер  Құнанбай  мен
Алшынбайдың екі жағынан жарыла отырды. Толық дөңгелек денелі, қызыл жүз,  ақ
сақалды Алшынбай тірсек жең, қара комзолдың сыртынан пұшпақ ішігін  желбегей
жамылып отыр екен.

2-жаттығу.
Төмендегі сөздерді бірыңғай  мүше  етіп  сөйлем  құраңдар.  Бірыңғай  мүшеге
ортақ жалпылауыш сөздерді өздерің ойлаңдар.
Үлгі: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Семей, Ақмола - бәрі де  Қазақстанның  ірі
қалалары. Қазақстанның ірі қалалары мыналар: Алматы...

1. Қазалы, Жаңақорған және Шардара (Сырдария өзенінің  бойындағы  су  электр
станциялары). 2. Көксерке, алабұға, таутан,  ақмарқа,  қаяз,  ақкөз,  қылыш-
балық, аққайран, мөңке, шармай (Қазақстан суларындағы балықтар).

3-жаттығу.
Мына сөздерді жалпылауыш сөздер етіп, сөйлем құраңыз.
Бәріне, мыналар, үшеуі, баршасы, оқушылар, бәрін, төрт жігіт.

4-жаттығу. Көшіріп жазып, айқындауыштың түрлерін көрсетіңіз.
Мұражайға  және  пәтер-мұражайға  келушілер  бірнеше  есе   көбейді.   Дәлет
кітаптарды әсіресе көркем әдебиетті көп оқитын. Маресьев пен  Петров  далада
жерге жайылған плащ-палаткада жатпақ  болды.  Өткен  күні  инженер-техниктер
мен шахтерлердің өндіріс мәжілісі болып өткен. Есіктен  қарт  шахтер  Бейсен
кірді. Оңтүстік жақтағы үлкен барактағы  кабинетте  алып  шахта  құрылысының
начальнигі  Шектібай  отыр.  Телефоншы  Сәмет  ағаш  арасында  тұрған   полк
штабымен сөйлесіп жатыр. Ер Өтеген олардан  қорықпады,  шынықты.  Мағаш  пен
Кәкәтай  бұл күндерде  орысша  кітаптарды,  әсіресе  жеңіл  тілмен  жазылған
романдрды, көп оқитын. Далада  қызу  жұмыс  мақта  жинау  кезі  болатын  Ұлы
Ньютон бірде өзі ашқан жаңалықтарында алыптарға өзіне дейін өмір сүрген  ұлы
ғалымдарға сүйенгенін айтқан  болатын.  Қара  далада  желге  шыдамды  тамыры
мықты шөпттер,  мысалы,  көкпек,  жусан,  баялыш,  бетеге  өседі.  Біздерге,
қарттарға, жастар сияқты өмір  сүруге  тура  келеді.  Жоғары,  яғни  жиілігі
күшті, дыбыстар белгілі бір бағытпен, қатарланған "дыбыс  сәулелері"  арқылы
тарайды.


   3.Мәтінмен жұмыс


1.Мәтінді оқып шығып, тақырыбын анықтаңыз.
2.Мәтіннің қысқаша мазмұнын әңгімелеп беріңіз.
3.Мәтіннен ашық рай формасындағы етістіктерді тауып, нешінші жақта
тұрғанын анықтаңыз.

                         ТӘН СҰЛУЛЫҒЫ- ЖАН СҰЛУЛЫҒЫ
      Адам  қоғамдық   тіршілік  иесі  ретінде  сыртқы    сұлулыққа    тәнті
 болып   қана   қоймай, оның   ішкі    мазмұнына     ерекше     мән  береді.
Адам  адамның  әсемдігін,  оның    іс-әрекетін,   табиғатқа    және    басқа
  адамдарға   қарым-қатынасын,   мінез-құлқын  өз   төңірегіндегі    адамдар
  бойында    қалыптасқан    әдептілікпен    салыстырып    құрайды.   Сөйтіп,
адам    сыртқы  –  көрнекі    сұлулық    пен   ішкі  –  рухани     сұлулықты
мойындай   отырып,  олардың     орнын    анықтауға     келгенде     ішкі   -
рухани     сұлулыққа    көбірек   мән      беріп,     мазмұн      сұлулығына
көбірек   жан  тартады. Халықтың   қалыңдық   таңдау       туралы,   «Көркін
 алма,    мінезін ал» - деп   ақыл – кеңес     беруінің    мәнісі     сонда.
Әдептілік   көріністері   сырт   қарағанда кейде   енжар    солғын   көрінуі
мүмкін,   бірақ  оның     өзегінде   үлкен    адамгершілік,   ізгілік    пен
мейірбандық   жатады.    Адамның    сыртқы     келбет,    пішін  көріктілігі
ішкі    рухани   терең    мазмұнымен    біте   қайнасып,   үйлесіп    жатса,
нағыз  сұлулық   сол болмақ. Ал   рухани      сұлулық    әдептілікке   қоса,
әділдікті,     шыншылдықты     адамға   деген   сүйіспеншілікті,   ізгілікті
сезім сергектігін,  биік      эстетикалық   талғамды    еркіндік   сезіміне,
сұлулыққа    талпынысты    қамтиды.
      Біздің    заманымызда      көріктеу-ажарлау,   әшекейлеп     безендіру
адамның дене, сырты    пішін  сұлулығына,     сәніне    талпынуына    қызмет
етеді.     Адамның     өзін-өзі     әлпештеп,    өз    дене       сұлулығына
сүйінуі  - табиғи     нәрсе.  Осыдан    барып, өзін  сұлу, мұнтаздай    етіп
 көрсету    үшін  әйелдер   жағы  сырға,  білезік,   алқа,    жүзік  тағады,
қасын, кірпігін, ерінін  бояп,  бетіне     опа-долап    жағады.   Бұлар   өз
орнымен, өз мөлшерімен  пайдаланса,  адамның     ажары       ашылып,    таза
балғын етіп  көрсетеді, бірақ талғамсыз   пайдаланылса, бет  пішінді  бұзып,
  ажарын   түсіреді,  басқа    біреулері     (мысалы     тағатын  әшекейлер)
табиғи  жарасымдылық   аясынан шықса    шырайға    шырай   қосып,     жараса
түседі,   тіпті    символдық  сұлулық  сипатқа  айналады.
Киіміне  қарай   қарсы   алып,   ақылына  қарай   шығарып салады.
Танылған  жерде ой  сыйлы,  танылмаған жерде    тоқ сыйлы.

Сабақтың мақсаты: Сөйлемнің біріңғай мүшелерін,  жалпылауыш  мүшелерді  және
айқындауыш мүшелерді практикалық жолдармен меңгерту.
Бақылау сұрақтары:
1.Сөйлемнің біріңғай мүшелеріне толығырақ тоқталыңыз
2. Жалпылауыш, айқындауыш мүшелер дегеніміз не?
Әдістемелік нұсқаулар:
      1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру,
орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

      2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

      3. Семинар  сабағындағы  пікір-таласта  қатысушылардың  ойларының  бір
пікірге келуі тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ә. Болғамбаев. Қазақ тілінің синонимдік сөздігі. А.1976.
2. Б.Шалабай, В.Салагаев. Іс қағаздары. А. 2001.
3. Базарғалиева Б., Иманбаева М., Ибрагимов Қ. Қазақ тілі. Алматы, 2005.
4. Г.Қ Рысбаева.  Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш   А-2000
5. З.Күзекова .  Практикалық курс.    Қазақ тілі –Алматы: 2002
6. Ш.Бектұров.  Серғалиев М.  Қазақ тілі  А-1994
7. Жас  техниктің   энциклопедиялық    сөздігі.   Москва.1980.
8. Р. Сыздық  Қазақ тілінің анықтағышы  Астана, Елорда 2000.

Практикалық сабақ  5.  Жай  сөйлемнің  түрлері,  жалаң  сөйлем  мен  жайылма
сөйлем, жақты, жақсыз сөйлем, толымды және толымсыз сөйлем, атаулы сөйлем
Сабақтың мазмұны:
   1. Жақты, жақсыз сөйлем, толымды және толымсыз сөйлем және  атаулы сөйлем
      туралы түсінік.
   2. Жаттығумен жұмыс
   3. Мәтінмен жұмыс

|Сөйлемнің құрамына қарай түрлері |



|1.                    |2.            |         |3.             |4.               |
|Жақты сөйлем          |Жақсыз сөйлем |         |Жалаң сөйлем   |Жайылма сөйлем   |
|Бастауышы бар сөйлем. |Бастауышы     |         |Тек тұрлаулы   |Тұрлаусыз мүше   |
|                      |мүлдем жоқ    |         |мүшеден тұратын|қатысқан сөйлем. |
|                      |сөйлем.       |         |сөйлем.        |                 |
|1. Мен ауылға балдым. |Менің оқығым  |         |Ол келді,      |Ол ерте келді.   |
|Кітап – білім бұлағы. |келеді.       |         |Жаңбыр жауып   |Жаңбыр қатты     |
|Екі жердегі екі-төрт. |Оны айтудың не|         |тұр.           |жауып тұр.       |
|Оның айтайтын дегені -|қажеті бар.   |         |Бала-шағасы    |Оның бала-шағасы |
|осы.                  |Оған хабар    |         |келіп кетті.   |қалаға келіп     |
|                      |беру керек.   |         |Той-думан болып|кетті.Той-думанды|
|                      |Басымның      |         |тұрады.        |қызықты          |
|                      |ауырып        |         |               |откізді.Менің    |
|                      |тұрғаны. Оның |         |               |қаламымды алып   |
|                      |айтқандардың  |         |               |қойыпты.         |
|                      |түсініп       |         |               |                 |
|                      |болмайды.     |         |               |                 |
|2. Бастаушы кейде     |              |         |               |                 |
|айтылмайды. Бірақ оны |              |         |               |                 |
|баяндауышқа сұрақ қою |              |         |               |                 |
|арқылы табуға болады  |              |         |               |                 |
|Ертең мұнда кел. (Сен |              |         |               |                 |
|ертең мұнда кел)      |              |         |               |                 |





|5.                              |6.                      |7.                      |
|Толымды сөйлем                  |Толымсыз сөйлем         |Атаулы сөйлем           |
|Ойға қажетті мүшелердің бәрі    |Айтылуға тиісті         |Іс-оқиғаның, құбылыстың |
|қатысқан сөйлем.                |тұрлаулы, я тұрлаусыз   |атауын ғана көрсететін  |
|                                |мүшелердің бірі түсіп   |сөйлем.                 |
|                                |қалған сөйлем.          |                        |
|Қыста бұл жердің ауа райы өте   |-Балам, қайдан келдің?  |Жаз. Қайнаған күн. Егіс |
|суық болады.                    |-Астанадан.             |даласы. Қара бұйра жер, |
|Биылғы бітіруші түлектер        |Толымды түрі:           |көк торғын аспан.       |
|өздерінің арттарына ұмытылмастай|-Балам, (сен) қайдан    |                        |
|із қалдырды.                    |келдің?                 |                        |
|                                |-(Мен) Астанадан        |                        |
|                                |(келдім).               |                        |

2.Жаттығумен жұмыс

1-жаттығу. Берілген  сөйлемдерді аударыңыз.
      В окрестностях Кокчетава находится высоченная гора.  Стрела,  пущенная
с земли, не достигает ее  вершины.  Поэтому прозвали гору  «Окжетпес»  -  не
достичь стрелой. Нет человека , который не удивился  бы  высоте  этой  горы.
Вблизи она похожа на воздвигнутую кладками  ступенчатую  возвышенность.   На
ней растут даже сосны и ели, которые  невозможно  вырастить  и  при  обычных
посадках.

2-жаттығу.  Төмендегі  сөйлемдердің   түрлерін   ажыратыңыз.   Орыс   тіліне
аударыңыз.
      Сен бүгін үй  тапсырмасын  орындадаң  ба?   Қалада  үлкен  үйлер  көп.
Алақай, бүгін мен бес алдым! Кешке киноға  барасың  ба?  Сен  кешікпей  кел.
Мұғалім сыныпқа кірді. Әттең, сен келмей қалдың! Тыныш отырыңдар.

3-жаттығу. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.
      М.Әуезов жиырма  жасында  «Еңлік-Кебек»  трагедиясын  жазды.  Жүсіпбек
Аймауытов – қазақ романдарының негізін  салушылардың  бірі.  Мұстафа  Шоқай-
Ақмешіттің перзенті. Атасы Темір қайтыс болғаннан кейін Ұлықбек  15  жасында
әмірші болады. Кигіз үйдің іші төртке бөлінеді.

3. Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді оқып шығып, сұрақ жауап дайында
2.Мәтін бойынша күрделі жоспар құр
3.Мәтіннің негізі идеясын анықтап, қысқаша мазмұнын айтып бер.

                          Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті

        Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) –  тәуелсіз  Қазақстанның  тұнғыш
Президенті.  Туып-өскен  жері-Алматы  облысының  Қарасай  ауданына   қарасты
Шамалған ауылы.  Днепродзержинск  техникалық  училищесін  (1960),  Қарағанды
металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын  (1967),  Кеңес
Одағы  коммунистік  партиясы  Орталық  комитетіне  қарасты   Жоғары   партия
мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымның докторы, академик. Еңбек  жолын
1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында  қатардағы
жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан  өтті.
1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына ауысты. Жоғары  мемлекеттік
және  партиялық  қызметтерді  1979  жылы   Қазақстан   Компартиясы   Орталық
Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара  бастады.  Қазақ  Кеңестік
Социалистік Республикасы  Министрлер  Кеңесінің  төрағасы  (1984-1989),  әрі
Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық  Комитеті  Саяси  бюросының  мүшесі
(1990-1991),  Қазақ  Кеңестік  Социалистік  Республикасы  Жоғарғы  Кеңесінің
төрағасы (1990  жылдың  ақпан-сәуір  айлары)  болып  қызмет  атқарды.  Қазақ
Кеңестік  Социалистік  Республикасының  Жоғарғы  Кеңесі   1990   жылдың   24
сәуірінде Н.Ә.Назарбаевты  Қазақ  Кеңестік  Социалистік  Республикасының  ең
алғашқы Президенті етіп сайлады. Қазақ Кеңестік Социалистік  Республикасының
Президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1  желтоқсанда
өткен ең алғашқы  бүкілхалықтық  сайлау  одан  әрі  орнықтыра  түсті.  Қазақ
Кеңестік Социалистік  Республикасы  атауының  Қазақстан  Республикасы  болып
өзгеруіне байланысты  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Кеңесінің  қаулысына
сәйкес Н.Ә.Назарбаев 1991  жылы  10  желтоқсанда  Қазақстан  Республикасының
Президенті  лауазымымен  қызметке  кірісті.  Нұрсұлтан   Әбішұлы   Назарбаев
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің  Жоғарғы  Басқолбасшысы,  Қазақстан
халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың  Дүние  жүзі  Қауымдастығының
Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа  да  бірқатар  шет
елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған.

Сабақтың мақсаты: Сөйлемнің құрамына қарай бөліну жолдарын жан- жақты
түсіндіріп, практикалық жолдармен меңгерту.
Бақылау сұрақтары:
   1. Жақты және жақсыз сөйлем дегеніміз не?
   2. Толымды және толымсыз сөйлемге анықтама беріңіз
   3. Атаулы сөйлемге мысалдар келтіріңіз
Әдістемелік нұсқаулар:
   1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
   орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

   2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

   3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге
   келуі тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Т.Т Аяпова. Қазақ тілі. Негізгі оқулық
2. Т.Т.Аяпова Қазақ тілі. Үй кітабы
3. Ш.Б.Бектұров. Т.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі. А. 2002.
4. З.Күзекова .  Практикалық курс.    Қазақ тілі –Алматы: 2002
5. Ш.Бектұров.  Серғалиев М.  Қазақ тілі  А-1994

Практикалық  сабақ 6. Құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.
Құрмалас сөйлемнің түрлері.
Сабақтың мазмұны:
   1. Құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемнің
      түрлері туралы жалпы түсінік
   2. Жаттығумен жұмыс
   3. Мәтінмен жұмыс

Құрмалас сөйлем - екі немесе бірнеше жай  сөйлемнен  құралып,  күрделі  ойды
білдіреді. Құрмалас сөйлем құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:


|Салалас құрмалас сөйлем  |Сабақтас құрмалас сөйлем            |Аралас құрмалас |
|                         |                                    |сөйлем          |
|Құрамындағы жай          |Құрамындағы жай сөйлемдердің        |Кемінде үш      |
|сөйлемдердің             |алғашқысының баяндауыш тиянақсыз    |сөйлемнен       |
|баяндауыштары тиянақты   |болып, екінші сөйлемге бағына       |құралып,        |
|болып, өзара тең дәрежеде|байланысады. Бағыныңқы, басыңқы.    |бір-бірімен     |
|байланысады              |                                    |салаласа да,    |
|                         |                                    |сабақтаса да    |
|                         |                                    |байланысады.    |
|Салаластың құрамдығаны   |Бағыныңқысының баяндауышның негізгі |Құрамындағы үш  |
|жай сөйлемдер өзара екі  |жасалу жолдары:                     |жай сөйлемінің  |
|жолмен байланысады:      |                                    |баяндауышы      |
|1.Мағыналарының          |                                    |тиянақсыз болады|
|жақындығына қарай іргелес|                                    |да, қалған      |
|тұрып, интонация арқылы  |                                    |екуінің         |
|байланысады.             |                                    |баяндауыштары   |
|2.Құрамындағы жай        |                                    |тиянақты болып  |
|сөйлемдер жалғаулық      |                                    |келеді.         |
|шылаулар арқылы          |                                    |                |
|байланысады.             |                                    |                |
|                         |Шартты рай    |-са,-се              |                |
|                         |Көсемше       |-а,-е,-й,-ып,-іп,-п  |                |
|                         |              |-ғалы,-қалы,-гелі,-ке|                |
|                         |              |лі                   |                |
|                         |Есімше        |-ған    |-дықтан     |                |
|                         |              |-ген    |-діктен     |                |
|                         |              |-қан    |-мен        |                |
|                         |              |-кен    |-ша,-ше     |                |
|                         |              |        |-да,-де     |                |
|                         |Болымсыз      |-ма,-ме,|-й          |                |
|                         |етістік       |-па,-пе,|-йынша,     |                |
|                         |              |-ба.-бе,|-йінші      |                |
|                         |              |        |-стан,-стен |                |
|Биыл қыс суық болды,     |Биыл қыс болғанмен, қар аз жауды.   |Ол үйге келсе,  |
|бірақ қар аз жауды. Ол   |Кітаптарын жоғалтып алғандықтан,    |Омар жоқ екен,  |
|кітаптарын жоғалтып алған|оның бүгін мазасы болмады.          |сондықтан кері  |
|еді, сондықтан оның бүгін|                                    |қайтуға тура    |
|мазасы болмады. Ол бірісе|                                    |келді. Күн      |
|күледі, біресе ыхаланып  |                                    |шықса, бұлар    |
|жылайды.                 |                                    |егістікке       |
|                         |                                    |кетеді, дегенмен|
|                         |                                    |бүгін осында    |
|                         |                                    |қалатын түрлері |
|                         |                                    |бар.            |

   2.Жаттығумен жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі сұрақгарға жауап жазыңдар.
    Екі түбірден біріккен қандай ән-күй, өлең, аң, құс, жәндік аттарын
білесіңдер? Екі не үш сөзден біріккен қандай шөп, жер, су, планета,
географиялық атауларды білесіңдер? Біріккен сөз түрінде қолданылатын қандай
ойын аттарын білесіңдер?
2-тапсырма:  Әдемі,  жалтақ,  мая,  мырс  деген  сөздерден  қос  сөз  жасап,
жасалған қос сөздерді қатыстырып, сөйлем құраңыздар.
3-тапсырма:  Төмендегі  күрделі  атаулардың  мағыналарын  айқындап,  олардан
қысқарған сөздер жасаңдар.
      Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті.  Мемлекеттік  қаржы  институты.
Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы. Біріккен Ұлттар Ұйымы.
4-тапсырма: Қысқарған сөздер дегеніміз қандай сөздер, олар қалай  жасалады,
оларға қосымшалар қалай жалғанады. Мысал кел-тіріңіздер.
5-тапсырма: Біріккен сөздер қалай жасалады, қалай жазылады?

   3.Мәтінмен жұмыс

Мәтінге жоспар құрыңыз.
Үстеулердің мағыналық топтарын толық қамтитын грамматикалық таблица
құрыңыз.
Мәтінді ауызша мазмұндаңыз.

                    Қазақстанның Ұлттық Ғылым Академиясы

      Қазақстанның Ғылым Академиясы  1946  жылы  1  маусымда  құрылды.  Оның
алғашқы  президенті  Республиканың  биология  мек-тебінің  іргесін   қалаушы
академик  Қ.И.  Сәтбаев  болды.  Ұлттық  Ғылым     Академиясының     жоғарғы
органы   -   мүшелердің  жалпы жиналысы. Сессия  арасында  Ғылым  Академиясы
жұмысын президиум  басқарады.  Қазіргі  кезде  академияда  алты  бөлім  бар:
физика-математика,  жер  туралы  ғылым,  химия-технологиялық,   биологиялық,
қоғамдық  ғылым  және  Орталық  Қазақстандық.  Ұлттық  Ғылым   Академиясының
бөлімшелері  де  бар.  Олар:   "Ғылым"   баспасының   орталық   кітапханасы,
өндірістік күштер кеңесі, бір қатар мұражайлар. Бұның  бәрі  астрономия  мен
атом  физикасын,  археология  мен  этнографиялық  ғылымдарды  жаңа  деңгейде
дамытуға көмектеседі. Академия ғалымдары математика,  атом  физикасы,  түрлі
түсті  металл  өңдіруде,   геологияда,   тау-кен   өнеркәсібінде,   химиялық
тыңайтқыштар өндіруде,  жер  өңдеуде,  аңдар  мен  табиғат  қорғауда  жоғары
жетістіктерге жетуде. Ұлттық Ғылым Академиясының институттары мен  бөлімдері
ғылыми-техникалық  жоспарларды  Республикалық  және  дүниежүзілік   деңгейде
орындауға қатысуда.

                Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы

      Қазақстан елінің ұлттық кітапханасы - қазақ халқының ұлттық мәдениетін
өркендетуде, қазақ зиялыларын тәрбиелеуде  және  жұмысшы  қауымының  мәдени
сұраныстарын қанағаттандыруда аса маңызды роль атқарады.
      Жыл сайын кітап  қорына  150-160  мыңдай  әр  түрлі  басылымдар  келіп
түседі, оның ішінде 80 мың кітап. Төрт миллионға жуық Республикамыздың  және
ТМД  елдерінің,  шетел  баспасөздерінің  басылымдарын,  соның  ішінде  шетел
мекемелерінен де газет, журналдар алып отырылады.
      Зерттеушілерді сирек кітап қорындағы 25  мыңнан  асатын  қазақ,  орыс,
шығыс тілдеріндегі және Батыс Европа  халықтарының  VI,  VIII  ғасырлардағы
және XIX ғасырдың басындағы кітаптар мен қолжазбалар қызықтырады.

Сабақтың мақсаты: Құрмалас сөйлемдерді мысалдар келтіре отырып,  практикалық
жолдармен меңгерту.
Бақылау сұрақтары:
    1. Құрмалас сөйлемнен жай сөйлемнің айырмашылығын ажыратыңыз.
    2. Құрмалас сөйлемнің түрлерін мысалдар арқылы ажыратыңыз.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Семинар тиімділігі мақсат  қоя  білу,  мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың  ойларының  бір  пікірге
келуі тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Т.Т Аяпова. Қазақ тілі. Негізгі оқулық
2. Т.Т.Аяпова Қазақ тілі. Үй кітабы
3. Ш.Б.Бектұров. Т.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі. А. 2002.
4. З.Күзекова .  Практикалық курс.    Қазақ тілі –Алматы: 2002
5. Ш.Бектұров.  Серғалиев М.  Қазақ тілі  А-1994

Практикалық сабақ 8. Салалас құрмалас сөйлем, олардың түрлері, түсіндірмелі
салалас.
Сабақтың мазмұны:
1.Салалас құрмалас сөйлем туралы жалпы түсінік
2.Жаттығумен жұмыс
3. Мәтінмен жұмыс

      Салалас құрмалас сөйлем- құрамындағы  жай  сөйлемдердің  баяндауыштары
тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысады.
Құрамындағы жай сөйлемдері екі түрлі жолмен байланысады:
   1.  Құрамындағы  жай  сөйлемдері   көбіне   жалғаулық   шылаулар   арқылы
      байланысады.
   2.  Мағыналарының  жақындығына  қарай  іргелес  тұрып,  интонация  арқылы
      байланысады.
Салалас құрмалас сөйлемнің 6 түрі бар.
|түр|Ыңғайластық  |Қарсылықты   |Себеп-салдар|Кезектес     |Талғаулы    |Түсіндірме|
|і  |             |             |            |             |            |лі        |
|   |Жай          |Жай          |Жай         |Жай          |Жай         |Екінші жай|
|ере|сөйлемдері   |сөйлемдерінің|сөйлемдеріні|сөйлемдерінде|сөйлемдерінд|сөйлемі   |
|же |бір-біріне   |мағыналары   |ң бірі      |гі           |е айтылған  |бірінші   |
|   |іргелес      |бір-біріне   |екіншісінің |іс-қимылдың  |іс-әрекеттің|сөйлемнің |
|   |болған       |қарама-қарсы |себені      |кезектесіп   |береуі ғана |мағынасын |
|   |уақиғаны,    |болып келетін|білдіретін  |келетінін    |орындалатаны|түсіндіріп|
|   |істі         |салалас түрі.|салалас     |білдіретін   |н білдіретін|тұратын   |
|   |білдіретін   |             |түрі.       |салалас түрі.|салалас     |салалас   |
|   |салалас түрі.|             |            |             |түрі.       |түрі.     |
|   |Және, әрі,   |Бірақ,       |Өйткені,    |Бірде,       |Не, немесе, |Жалғаулы  |
|жал|да, де, та,  |дегенмен,    |сондықтан,  |біресе, кейде|я, яки, не  |жоқ.      |
|ғау|те           |сонда, да,   |себебі, сол |             |(я) болмаса,|          |
|лық|             |сөйтсе де,   |үшін, неге  |             |әлде,       |          |
|   |             |сөйткенмен,  |десеңіз, сол|             |әйтпесе.    |          |
|   |             |әйтсе де,    |себепті т.б.|             |            |          |
|   |             |әйткенмен,   |            |             |            |          |
|   |             |алайды.      |            |             |            |          |
|   |Биыл жайлауда|Оның даусы   |Биыл шөп    |Балалар бірде|Тезірек шөп |          |
|мыс|болдым және  |жақсы, бірақ |қалың шықты,|футбол       |ору керек,  |          |
|ал |ауылдағы     |ән айтуды    |өйткені     |ойнайды,     |әйтпесе     |          |
|   |ағаларымның  |жақтырмайды. |жаңбыр көп  |бірде өзенге |уакыт өтіп  |          |
|   |үйіне бардым.|Менің театрға|жауды.      |барып        |кетеді.     |          |
|   |             |барғым       |            |шомылады.    |            |          |
|   |             |келмеді,     |            |             |            |          |
|   |             |әйткенмен    |            |             |            |          |
|   |             |оның көңілін |            |             |            |          |
|   |             |қалдырғым    |            |             |            |          |
|   |             |келмеді.     |            |             |            |          |






|   |Ыңғайластық    |Қарсылықты    |Себеп-сал|Кезектес        |Талғаулы   |Түсіндірмелі |
|түр|               |              |дар      |                |           |             |
|і  |               |              |         |                |           |             |
|   |Олар төмен     |Көз қорқақ,   |Еңбек    |Жалғаулықсызы   |Ауырып     |Оның келмеген|
|мыс|түсіп еді, жол |қол батыр. Бас|қылмай   |жоқ, себебі     |отырды ма, |себебі мынау:|
|ал |екіге бөлінді. |болу оңай,    |тапқан   |жалғаулығын алып|кешегі     |кеше жұмыстан|
|   |               |бастамақ қиын.|мал      |тастаса, бұл    |оқиға есіне|кеш қайтты.  |
|   |               |              |дәулет   |сөйлемнің       |түсті ме,  |             |
|   |               |              |болмас:  |мағынасы        |бүгін ол   |             |
|   |               |              |қар суы  |ыңғайлас        |ешкемен    |             |
|   |               |              |сықылды  |салаласқа       |сөйлеспеді.|             |
|   |               |              |тез      |ауысады.        |           |             |
|   |               |              |суалар.  |                |           |             |




2.Жаттығумен жұмыс

1-жаттығу. Берілген  сөйлемдерді аударыңыз.
      В окрестностях Кокчетава находится высоченная гора.  Стрела,  пущенная
с земли, не достигает ее  вершины.  Поэтому прозвали гору  «Окжетпес»  -  не
достичь стрелой. Нет человека , который не удивился  бы  высоте  этой  горы.
Вблизи она похожа на воздвигнутую кладками  ступенчатую  возвышенность.   На
ней растут даже сосны и ели, которые  невозможно  вырастить  и  при  обычных
посадках.

2-жаттығу.  Төмендегі  сөйлемдердің   түрлерін   ажыратыңыз.   Орыс   тіліне
аударыңыз.
      Сен бүгін үй  тапсырмасын  орындадаң  ба?   Қалада  үлкен  үйлер  көп.
Алақай, бүгін мен бес алдым! Кешке киноға  барасың  ба?  Сен  кешікпей  кел.
Мұғалім сыныпқа кірді. Әттең, сен келмей қалдың! Тыныш отырыңдар.

3-жаттығу. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.
      М.Әуезов жиырма  жасында  «Еңлік-Кебек»  трагедиясын  жазды.  Жүсіпбек
Аймауытов – қазақ романдарының негізін  салушылардың  бірі.  Мұстафа  Шоқай-
Ақмешіттің перзенті. Атасы Темір қайтыс болғаннан кейін Ұлықбек  15  жасында
әмірші болады. Кигіз үйдің іші төртке бөлінеді.

3.Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.
Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.
Орыс тілінен еркін аударма түрінде аударыңыз.


                          ЕСІРТКІ – АДАМЗАТТЫҢ СОРЫ


   «Адам азса,  заман  тозады»,  оны  жаңғырту  да,  құрдымға  құлдырату  да
өзімізге  байланысты.  Арақ  ішу,  темекі  тарту  аздай  кұрдастарымыз  енді
есірткіге бой ұра бастады. Бұның себебі не?
   Шетелдік «мәдениет» өңмеңдеп төрге ұмтылуда. Делебені қоздыратын  тұрпайы
бейнефильмдер қаптады. Кісі тонау мен адам өлтірудің «насихаты» үдей  түсті.
Оң-солын танып үлгермеген жастарымыз оған есі кете құнығып барады.
   Адамдарды нашақорлыққа баулу – қылмыстың ең зоры. Олар бірлі-жарым адамды
ғана қан қақсатып қоймайды, бүкіл ел,  үлттың  тамырына  балта  шабады.  Бүл
біздің жас мемлекетіміз  үшін  соғыс  апатымен  тең.  Оған  қарсы  неге  күш
біріктірмейміз? Неге күреспейміз?
   Күні кешеге дейін нашақорлық  деген  атау  қазақ  ұғымында  болған  емес.
Маскүнемдік те бізге жат еді. Қоғамдық  орта  да,  табиғат  та  таза,  тұнық
болатын.   Ластықтан   жиіркенетінбіз.   Енді   міне   деректерге   жүгінсек
рРРеспублика бойынша 20 мыңнан аса нашақордың бар екені анықталып,  тіркеуге
алыныпты. Бұл республикамызды жайлаған үлкен дерт, түпсіз құрдым.
   Дәрігерлердің  айтуына  қарағанда,  есірткі   миды   құрғатып,   кептіріп
жібереді. Қыздырмаға ілескен сорлы аз уақытта біржола мәңгіреді.  Есірткісіз
бір сәт те тұра алмайтын халге жетіп, тірі өлікке айналады.  Отан,  ата-ана,
құрбы-құрдас дегенді білмейді де сезбейді. Олардың бұл  дүниеде  кешетіні  -
азап.
   Алматы қаласындағы ең жас нашақор 7 жаста  екен.  Бұл  не  деген  сұмдық.
Жақында, есірткіге шалдыққан бір адаммен сұхбаттасып көрдім. Ол  әңгімесінде
былай дейді: "Алғашқы рет  достарыма  ілесіп,  есірткінің  қандай  екендігін
білгім келді, тек қызығушылық мақсатында  қолдандым.  Қан  тамырыма  есірткі
дозасы жіберілді. Сол сәттегі рахат сезімді көңілі ояу, көкірегі  сау  пенде
бастан кешірмейтіні кәміл. Қызыл, жасыл ғажап әлемнің ішінде боласың".
   Демек, есірткі адамды осылай айналдыратын болғаны. "Ал  қазір  неге,  бұл
уақытқа дейін пайдаланасың, есірткі деген көп ақша  тұрады  ғой.  Ол  ақшаны
қалай табасың?" - дегенімде, ол:  "біріншіден,  жастардың  арасында  беделді
боласың, екіншіден, үйдегі әке-шешемнің ұрысқанын елемеу және бүкіл  ренішті
ұмыту үшін қолданамын. Қазір онсыз өмір сүре алмайтын  болдым,  дер  кезінде
қабылдамасам өзімді дұрыс ұстай алмаймын. Соңдықтан ол маған өте  қажет.  Ал
ақшаны әке-шешемнен сұраймын, бермесе  ұрлап  аламын",  -  дейді.  "Емделгің
келмей ме?" деген сұраққа, ол: "әрине келеді, бірақ оған көп ақша  және  күш
қажыр-қайрат керек", - дейді. Сонда бұл жасөспірімің тағдыры немен  аяқталар
екен?..
   Сұмдықты қараңыз, есірткі алғашқыда тегін беріледі екен, екінші  рет  оны
жаңағы адам өз ақшасына іздеп жүріп  сатып  алады.  Осындай  қулықпен  торға
түскен адам одан құтыла  алмайтын  тәуелді  халге  түседі.  Ақшасы  таусылса
ұрлыққа көшеді, яғни қылмысқа  тартылады.  Ұрлық  түбі  -  қорлық.  Сотталу.
Түрме. Бұндай оқиғалардың алдын алу үшін, "есірткіге қарсы күрес" атты  іске
асатын көптеген бағдарламалар жасалып, мектеп  пен  жоғарғы  оқу  орындарына
лекциялар, арнайы сабақтар енгізілсе. Әр  отбасында  ата-ана  баласымен  бұл
жөнінде ашық сөйлескені жөн.
   Бір сөзбен айтқанда, бұл апаттың алдын  алуға  жаппай  кірісуіміз  керек.
Әрине,  қатал  жаза  да  керек,  онсыз  болмайды.  Нағыз  бұзылған   нашақор
түзелмейді, емдеуге де келмейді. Қоғамның саналы мүшесі емес. Ал біз  осыған
елтіп жүрген мыңдаған құрбыларымызды  бұдан  сақтап  қалуға  тиіспіз.  20гр.
героиннің құны 1000 доллар. Басқа түрлері де осы тектес. Осы  ақша,  шіркін,
денсаулыққа жұмсалса ғой...
   Біз, ХХІ ғасырдың  болашағын  құрамыз,  сондықтан  бұл  апатпен  күресуді
қазірден өз қолымызға шындап алуымыз керек!

Сабақтың мақсаты:  Салалас  құрмалас  сөйлемдердерді  практикалық  жолдармен
меңгерту.
Бақылау сұрақтары:
   1. Салалас құрмалас сөйлемдерге бірнеше мысал келтіре отырып, анықтамасын
      айту.
   2. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемге анықтама беріңіз.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Семинар тиімділігі мақсат  қоя  білу,  мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың  ойларының  бір  пікірге
келуі тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Т.Т Аяпова. Қазақ тілі. Негізгі оқулық
2. Т.Т.Аяпова Қазақ тілі. Үй кітабы
3. Ш.Б.Бектұров. Т.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі. А. 2002.
4. З.Күзекова .  Практикалық курс.    Қазақ тілі –Алматы: 2002
5. Ш.Бектұров.  Серғалиев М.  Қазақ тілі  А-1994

Практикалық   сабақ:  Себеп-салдар  салалас.  Талғаулы   салалас.   Кезектес
салалас
Сабақтың мазмұны:
   1. Себеп-салдар салалас. Талғаулы салалас. Кезектес салалас құрмалас
      сөйлемдер туралы жалпы түсінік.
   2. Жаттығумен жұмыс
   3. Мәтінмен жұмыс

Себеп- салдар салалас құрмалас- жай сөйлемдерің бірі екіншісінің себебін
білдіреді. Жалғаулығы: өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін.
Талғаулы салалас құрмалас- жай сөйлемдерінде айтылған іс- әрекеттің біреуі
ғана орындалады. Жалғаулығы: не, немесе, әлде, я, яки, әйтпесе, не болмаса.
Кезектес салалас құрмалас- іс- қимылдың кезектесіп келетінін білдіреді.
2.Жаттығумен жұмыс
 1-жаттығу. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
      Таң ата жау шабуылға шықты. Шабуыл тағы тойтарылып тасталды.
Түс кезінде батальон командирі Гундилович бізге байланысты  -  сын  жіберді.
Ол комаңдирдің бұйрығын жеткізді. Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік  көрсетті.
Күн кешкірген кезде  "Бородиноға"  генерал  Чистяков  пен  полковник  Капров
келді. Оларға Гундилович болған жағдайды баяңдады.

2-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден тура және жанама толықтауыштарды табыңыз.
      Онымен бірге ыстық от-жалын толқыны ғаламат екпін-күшпен тарап жатты.
Көрінбейтін сәуле-радиация да жан-жаққа тарап жатты. Осы  өңірде  қырық  жыл
бойы болған апаттың көлемін есептеу мүмкін емес. Табиғаттың бүлінгені,  жан-
жануарлар дүниесі мен халық шаруашылығына қаншама залал келтірілгенін  былай
қойғанда, сол жердің халқына қанша  қайғы  әкелді.  Адамзатты  қыруға,  адам
баласы жасаған байлықты жоюға арналған мұндай  жойқын  қарулардың  қарапайым
халыққа еш керекгі жоқ. Қазақстан жерінде шаруашылық мақсатқа  деп  те  кіші
жарылыстар жасалып тұрған.


    3.Мәтінмен жұмыс
Мәтіннен кірме сөздерді тауып, қай тілден кіргенін анықтаңыз.
Қазақтың ұлттық спорт ойындарының тағы қандай түрлерін білесіз?
Мәтінді ауызша әңгімелеп беріңіз.


                           БӘЙГЕ МЕН АЛАМАН БӘЙГЕ

      Қазақ халқының ұлттық спорт ойынының  бірден  –  бір  көп  тарағаны  –
бәйге мен аламан бәйге. Спорттың бұл түрінің өзгеше  бір  ерекшелігі  сол  –
жарыс тек жазық жерлер мен ипподромдарда ғана өтіп қоймайды, спортшының  өзі
мен  оның  атына  жоғары  талап  қойылатын  ойлы-қырлы,  жасанды,  бөгесінді
жерлерде де өткізіледі. Бір жағынан, бұлайша жарысты бұрын  белгісіз,  ойлы-
қырлы жерлерде  өткізу  қазіргі  заманғы  ат  спортының  классикалық  түріне
жуықтайды.  Бұл  республиканың  жергілікті   халықтары   арасында   спорттың
классикалық түрлерін кеңінен таратуға  өзінің  пайдасын  тигізетіні  сөзсіз.
Әсіресе аламан бәйгенің спортшының тактикалық шеберлігін жетілдіруде  маңызы
орасан  зор.  Жарыста  мықты  да  жылдам  спортшылардың  бәрі  бірдей   жеңе
бермейді, мұнда кімде-кім жарысты  жаттығу  жағынан  құрып,  жағдайды  дұрыс
бағалап, жарыстың барысында атының күшін тиімді пайдаланса ғана  жеңіске  ие
болады.

Сабақтың мақсаты: Себеп-салдар салалас, талғаулы салалас, кезектес салалас
құрмалас сөйлемдерді практикалық жолдармен меңгерту.
Бақылау сұрақтары:
   1. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді мысалдар арқылы ажыратыңыз.
   2. Талғаулы салалас құрмаластың анықтамасына тоқталыңыз
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Семинар тиімділігі мақсат  қоя  білу,  мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың  ойларының  бір  пікірге
келуі тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Т.Т Аяпова. Қазақ тілі. Негізгі оқулық
2. Т.Т.Аяпова Қазақ тілі. Үй кітабы
3. Ш.Б.Бектұров. Т.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі. А. 2002.
4. З.Күзекова .  Практикалық курс.    Қазақ тілі –Алматы: 2002
5. Ш.Бектұров.  Серғалиев М.  Қазақ тілі  А-1994

Практикалық  сабақ 8. Сабақтас құрмалас сөйлем.Сабақтас құрамалас сөйлем
туралы түсінік. Шартты бағыныңқылы сабақтас. Қарсы бағыныңқылы сабақтас.
Сабақ мазмұны:
   1. Сабақтас құрмалас сөйлем.Сабақтас құрамалас сөйлем туралы түсінік.
      Шартты бағыныңқылы сабақтас. Қарсы бағыныңқылы сабақтас.
   2. Жаттығумен жұмыс
   3. Мәтінмен жұмыс

     Сабақтас құрмалас- бірінші сөйлемінің баяндауышы тиянақсыз болып,
екінші сөйлемге бағына байланысады. Сабақтас құрмалас сөйлемдегі баяндауышы
тиянақсыз болып келген бірінші сөйлемді бағыныңқы сөйлем дейді. Ал
баяндауышы тиянақты болып келген екінші сөйлемді басыңқы сөйлем дейді.
     Сабақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай 6 түрі бар:
     1. Шартты бағыныңқы
     2. Қарсылықты бағыныңқы
     3. Себеп бағыныңқы
     4. Мезгіл бағыныңқы
     5. Қимыл- сын бағыныңқы
     6. Мақсат бағыныңқы
  Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас- бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемінің
шарты болып келеді. Сұрағы: қайтсе? не етсе? қайткенде?
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас- бағыныңқысы басыңқы сөйлеміне
қарама- қарсы болып келеді. Сұрағы: қатсе де? қайкенмен? қайткенше?

2.Жаттығумен жұмыс
1-тапсырма: Төмендегі сұрақгарға жауап жазыңдар.
    Екі түбірден біріккен қандай ән-күй, өлең, аң, құс, жәндік аттарын
білесіңдер? Екі не үш сөзден біріккен қандай шөп, жер, су, планета,
географиялық атауларды білесіңдер? Біріккен сөз түрінде қолданылатын қандай
ойын аттарын білесіңдер?
2-тапсырма:  Әдемі,  жалтақ,  мая,  мырс  деген  сөздерден  қос  сөз  жасап,
жасалған қос сөздерді қатыстырып, сөйлем құраңыздар.
3-тапсырма:  Төмендегі  күрделі  атаулардың  мағыналарын  айқындап,  олардан
қысқарған сөздер жасаңдар.
      Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті.  Мемлекеттік  қаржы  институты.
Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы. Біріккен Ұлттар Ұйымы.
4-тапсырма: Қысқарған сөздер дегеніміз қандай сөздер, олар қалай  жасалады,
оларға қосымшалар қалай жалғанады. Мысал кел-тіріңіздер.
5-тапсырма: Біріккен сөздер қалай жасалады, қалай жазылады?

3.Мәтінмен жұмыс
 Мәтінге жоспар құрыңыз.
Жоспар бойынша ауызша әңгімелеп беріңіз.
Мәтіннен кірме сөздерді тауып, қай тілден енгендігін анықтаңыз.

                               Ақмола (Астана)
      Ақмола - 13-14 ғасырда  тұрғызылған  сәулетті  күмбез.  Ондай  тастан,
күйдірген кірпіштен жасалған күмбездер Есіл мен Нұра  бойында  көп.  Ақмола
Кеңгір бойындағы Домбауыл сияқты кешендер солардың ескі түрінің бірі.  Оның
қабырғасы төрт бұрышты текше  түрінде  қаланып,  үстінде  шардың  жартысына
ұқсаған, не киіз үйдің төбесі тәрізді күмбез орнатқан.
      Күмбез жолаушының көзіне алыстан жарқырап көрініп, Есіл өлкесінің  аты
болады. Есіл бойында дуан салынғаннан  (1832)  бері,  Ақмола  сол  дуанның,
кейін Ақмола қаласының, оның уезінің және облысының ресми  атына  айналады.
Ол жерде  болған  тарихи  күмбез  19  ғасырдың  2-жартысында  қирап  бітті.
Тарихта, ел есінде тек оның аты ғана сақталған.
      Қазақстан  астанасы  жөнінде  айтсақ,  Акмола  астана  болуға   лайық.
Географиялық  орны  жағынан  жазық  далада  орна-ласқандықтан  астана   бола
қалғанда оған сәулетті ғимараттар  салынып,  қала  созыла  беретіні  белгілі
ғой. Осы жағынан Ақмола өте қолайлы. Нұра,  Есіл  өзендерінің  бойына  жақын
орналасқан, ол қаланы сумен қамдаудың көзі.
      Егер, Қазақстан картасына көз жүгіртсек Ақмола  қаласы  қазақ  жерінің
дәл орталығы. Теміржолдың да, тас жолдың  да  торабы.  Ақмола  Қазақстанның
оңтүстігіне де, солтүстігіне де, шығысына да, батысына да  бірдей  орталық.
Ақмоланың астана болуы қазақ  ұлтының  миграциясына  да  пайдасын  тигізері
даусыз. Және де мұның  саяси-стратегиялық  маңызы  бар  екенін  де  ұғуымыз
керек. Ол дегеніміз Сарыарқаның байлығына қазақты қожа ету.
     Облыс 1939 жылы қазанның он төртінде кұрылған. Аумағы -133,0 мың шаршы
шақырым. Халқы - 1002,0 мың адам. Облыстың 12 ауданы бар.

Сабақтың  мақсаты:  Сабақтас  құрмалас  сөйлемді  және   сабақтас   құрмалас
сөйлемнің бөліну жолдарын практикалық жолмен меңгерту.
Бақылау сұрақтары:
   1. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
   2. Сабақтас құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді, мысал келтір
   Әдістемелік нұсқаулар:
   1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
   орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

   2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

   3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге
   келуі тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Т.Т Аяпова. Қазақ тілі. Негізгі оқулық
2. Т.Т.Аяпова Қазақ тілі. Үй кітабы
3. Ш.Б.Бектұров. Т.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі. А. 2002.
4. З.Күзекова .  Практикалық курс.    Қазақ тілі –Алматы: 2002
5. Ш.Бектұров.  Серғалиев М.  Қазақ тілі  А-1994

Практикалық сабақ 9. Себеп бағыныңқылы сабақтас. Мезгіл бағыныңқылы
сабақтас. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.
Сабақтың мазмұны:
1.Себеп бағыныңқылы сабақтас. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас. Қимыл-сын
бағыныңқылы сабақтас сөйлем туралы жалпы түсінік
2.Жаттығумен жұмыс
3.Мәтінмен жұмыс

Себеп  бағыныңқылы  сабақтас-   бағыныңқысы   басыңқы   сөйлемінің   себебін
білдіреді. Сұрағы: неліктен? не үшін? не себепті?
Мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас-  бағыныңқысы  басыңқы   сөйлемінің   мезгілін
білдірді. Сұрағы: қашан? қай кезде? қашаннан бері?
Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас- бағыныңқысы басыңқы сөйлемде айтылған іс-
қимылдың қалай орындалғанын білдіреді.

2.Жаттығумен жұмыс
1-жаттығу:    Берілген мақал-мәтелдердің тақырыбын анықтаңыздар:
       Елі сүйгенге өлім жоқ. Өлімнен ұят күшті. Білім арзан,  білу  қымбат.
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. Доссыз өмір -  тұзсыз  ас.   Түйедей  бойың
болғанша, түймедей ойың болсын.
2-жаттығу: Берілген мақалдардың жалғасын табыңыздар:
     Олақ өзгеге сенсе...
     Ер жігіт ел үшін туады...
     Оқу білім бұлағы...
     Асыл тастан шығады...
     Ашуың келсе, қолың тарт...
3-жаттығу. Берілген  сөйлемдерді аударыңыз.
      В окрестностях Кокчетава находится высоченная гора.  Стрела,  пущенная
с земли, не достигает ее  вершины.  Поэтому прозвали гору  «Окжетпес»  -  не
достичь стрелой. Нет человека , который не удивился  бы  высоте  этой  горы.
Вблизи она похожа на воздвигнутую кладками  ступенчатую  возвышенность.   На
ней растут даже сосны и ели, которые  невозможно  вырастить  и  при  обычных
посадках.


4-жаттығу.  Төмендегі  сөйлемдердің   түрлерін   ажыратыңыз.   Орыс   тіліне
аударыңыз.
    Сен бүгін үй тапсырмасын орындадаң ба?  Қалада үлкен үйлер көп. Алақай,
бүгін мен бес алдым! Кешке киноға барасың  ба?  Сен  кешікпей  кел.  Мұғалім
сыныпқа кірді. Әттең, сен келмей қалдың! Тыныш отырыңдар.


3.Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз
Халқымызда «үш», жеті,  «тоғыз»  сөздерімен  байланысты  айтылатын  сөздерге
мысал келтіріңіз.
Мәтінді ауызша әңгімелеп беріңіз.


                                ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ

Тоғызқұмалақ- қазақтың ерте заманнан келе жатқан  ұлттық  спорт  ойындарының
бірі. Бұл ойынды қазақтардан басқа қырғыздар, қарақалпақтар, алтайлықтар  да
ойнайды.Тоғызқұмалақ ойынын «қойшылар алгебрасы» деп те жүр. Оның себебі  де
жоқ емес. Тоғызқұмалақты тұңғыш рет қойшылар ойлап шығарған  және  бұл  есеп
ойыны. Ертеде қатар қонған ауыл  қойшылары  жайлауда  қойды  қапатата  жайып
барып жусатқан соң, бір төбенің басына жиналып, жақ- жақ болып  тоғызқұмалақ
ойнайтын болса керек.
      Алайда тоғызқұмалақ ойыны  ол  кезде  қойдың  құмалақтарымен  ойналушы
еді. Бұған онша күрделі жабдықтардың да қажеті  болмады.  Екі  жақ  ойыншыға
тоғыз- тоғыздан шұңқыр (отау), бір- бірден  қазан  (құмалақ  жинайтын  үлкен
ұя) жасап, әр ойыншы 81-  ден,  барлығы  162  құмалақ  пайдаланды.  Қойшылар
тоғыз құмалақты жерді қазып алып, жүрелеп немесе малдас құрып  отырып  ойнай
беретін  болған.  Бертін  келе  ойын  халық  арасына  кеңінен  тарап,  қалың
бұқараның мәдени қажетіне айналған. Әншіл, сауықшыл қазақ халқы  адамның  ой
өрісін   кеңейтетін,   өмірге   қажетті   ауызекі    есепке    төселдіретін,
ұстамдылықққа,  творчестволық  еңбек  сүйгіштікке   дағдыландыратын   тамаша
спорттық ойынға бос уақыттарын бөліп, ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіп келген.

Сабақтың мақсаты: Себеп бағыныңқылы сабақтас. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.
Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді практикалық жолдармен
меңгерту.
Бақылау сұрақтары:
   1. Себеп бағыныңқылы  сабақтас  құрмаластың  анытамасын  мысалдар  арқылы
      көрсетіңіз.
   2. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге мысалдар келтіріңіз
   Әдістемелік нұсқаулар:
   1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
   орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

   2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

   3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге
   келуі тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Т.Т Аяпова. Қазақ тілі. Негізгі оқулық
2. Т.Т.Аяпова Қазақ тілі. Үй кітабы
3. Ш.Б.Бектұров. Т.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі. А. 2002.
4. З.Күзекова .  Практикалық курс.    Қазақ тілі –Алматы: 2002
5. Ш.Бектұров.  Серғалиев М.  Қазақ тілі  А-1994

Практикалық  сабақ 10-11. Мақсат бағыныңқылы сабақтас. Көп бағыныңқылы
сабақтас. Көп басыныңқы сабақтас.
Сабақтың мазмұны:
     1. Мақсат бағыныңқылы сабақтас. Көп бағыныңқылы сабақтас. Көп
        басыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем туралы жалпы түсінік.
     2. Жаттығумен жұмыс
     3. Мәтінмен жұмыс

Мақсат бағыныңқылы- бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын
білдіреді.Сұрағы:  не мақсатпен? не үшін? не етпек болып?


2.Жаттығумен жұмыс


1-тапсырма: Төмендегі сұрақгарға жауап жазыңдар.
    Екі түбірден біріккен қандай ән-күй, өлең, аң, құс, жәндік аттарын
білесіңдер? Екі не үш сөзден біріккен қандай шөп, жер, су, планета,
географиялық атауларды білесіңдер? Біріккен сөз түрінде қолданылатын қандай
ойын аттарын білесіңдер?
2-тапсырма:  Әдемі,  жалтақ,  мая,  мырс  деген  сөздерден  қос  сөз  жасап,
жасалған қос сөздерді қатыстырып, сөйлем құраңыздар.
3-тапсырма:  Төмендегі  күрделі  атаулардың  мағыналарын  айқындап,  олардан
қысқарған сөздер жасаңдар.
      Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті.  Мемлекеттік  қаржы  институты.
Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы. Біріккен Ұлттар Ұйымы.
4-тапсырма: Қысқарған сөздер дегеніміз қандай сөздер, олар қалай  жасалады,
оларға қосымшалар қалай жалғанады. Мысал кел-тіріңіздер.
5-тапсырма: Біріккен сөздер қалай жасалады, қалай жазылады?



3.Мәтінмен жұмыс
Мәтін бойынша екі адамның сөйлесуін құрыңыз.
Мәтіннен 5 сұраулы сөйлем жасаңыз.
Мәтіннің ауызша әңгімелеп беріңіз.

                             ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТ

    Қазақстанда спортқа әрқашан зор көңіл бөлінетін.  1991  жылдан  бастап,
Қазақстан халықаралық спорт жарыстарына тәуеліз мемлекет  ретінде  қатынасып
жүр.  Республикада  олимпиада  қозғалысын  дамыту  үшін   Ұлттық   олимпиада
комитеті құрылды. 1994 Лиллехаммерде өткен ХVІІ қысқы  олимпиада  ойындарына
алғаш рет қатынасты.  Елде  халықаралық  дәрежедегі  спортшылар  көп.  Елдің
ұлттық құрама командалары үшін резерв дайындау  ісіне  көп  көңіл  бөлінеді.
Петропавл, Шымкент, Қызылорда, Степногорск қалаларында дарынды балалар  үшін
мектеп-интернаттары құрылған. Түрлі  спорт  құрылыстары  салынуда.  Астанада
спорт сарайы, теннис корттары, стадион жұмыс  істейді.  Республикада  жоғары
дәрежелі спортшылар даярлау жүйесі  жұмыс  істейді.  291  спорт  мектебі,  6
спорт  шеберлігі  мектебі  жұмыс  істейді.  Онда  140  мыңға  жуық  балалар,
жасөспірімдер және жастар жаттығады.
    Қазақстан  спортшылары  Азиядағы  күштілердің  бірінен  саналады.  Олар
Қытай,  Жапония  және  Оңтүстік  Корея  спортшыларына  қуатты   бәсекелестік
танытады. Қазақстанның құрама командалары Азия орындарында  табысқа  жетуде.
Әсіресе,  боксшылардың  жетістіктері   байқалуда.   Олимпиада   жеңімпаздары
Василий Жировты, Бекзат Саттарханов пен Ермахан  Ибраимовты  кім  білмейді?!
Жеңіл атлетикада, грек-рим күресі, шахматта да жетістіктер  бар.  2000  жылы
Сиднейде өткен  Олимпиада  ойындарының  қорытындылары  бойынша  Қазақстанның
спорттық делегациясы 199 қатынасушы елдердің арасында 22-ші орынды иеленді.
    Тәуелсіздік алғаннан бері елде ұлттық спорт  түрлерін  жандандыру  және
дамыту  жөнінде  шаралар  қабылданды.  Бұл   шаралардың   нәтижелері   кезек
күттірген  жоқ.   Қазір  ұлттық  қазақша  күреспен  20  мыңнан  астам   адам
айналысады. Халық арасында көне тоғыз  құмалақ  ойыны  танымал  болып  алды.
Ұлттық ат ойыны көкпармен 2  мыңнан  астам  адам  айналысуда.  Бәйге,  жорға
жарыс, теңге алу, қыз қуу сияқты спорт түрлерінің бас июшілері де  бар.  Жыл
сайын ұлттық спорт түрлерінің көпшілігі  бойынша  ресми  чемпионаттар   және
республикалық турнирлер өткізіледі.

Сабақтың  мақсаты:  қимылдың,  іс-әрекеттің  әр   түрлі   белгісін,   сынын,
мезгілін,  мекенін,  мөлшерін,  жай-күйін  білдіретін  сөздерді   әр   түрлі
жаттығулар  арқылы  практикалық  жолдармен  меңгерту.  Шылаулардың  сөз  бен
сөзді, сөйлем мен  сөйлемді  байланыстырудағы  ролін  орыс  тіліндегі  шылау
категориясымен салыстыра отырып, практикалық жолмен түсіндіру.
Бақылау сұрақтары:
   1.  Жоғарыдағы мәтіннен үстеулерді теріп жаз
   2. Мәтіннен шылауды теру
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Семинар тиімділігі мақсат  қоя  білу,  мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың  ойларының  бір  пікірге
келуі тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Т.Т Аяпова. Қазақ тілі. Негізгі оқулық
2. Т.Т.Аяпова Қазақ тілі. Үй кітабы
3. Ш.Б.Бектұров. Т.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі. А. 2002.
4. З.Күзекова .  Практикалық курс.    Қазақ тілі –Алматы: 2002
5. Ш.Бектұров.  Серғалиев М.  Қазақ тілі  А-1994

Практикалық  сабақ 12-13. Аралас құрмалас сөйлем.
Сабақтың мазмұны:
1. Аралас құрмалас сөйлем туралы жалпы түсінік
2.Жаттығулармен жұмыс
3.Мәтінмен жұмыс

Аралас құрмалас
|Салалас +         |Сабақтас+салалас +|Сабақтас+салалас+  |Салалас + сабақтас+ |
|сабақтас+салалас  |салалас           |сабақтас+салалас   |сабақтас+ салалас   |
|Қарағандының қары |Көзін сәулеге     |Лиза ойнап есік    |Ол бастықтың        |
|биыл бұрқаң-тарқан|үйреткен Асқар    |алдына шығып кетсе,|бөлмесіне келген    |
|қауырт еріп еді,  |терезеден қараса, |әке-шешесінің      |еді, бірақ басқа    |
|сай салалар суға  |аспан айдай ашық  |дауыстыры үздіксіз |келгендер болып,    |
|толып, қырдың     |екен де, шуақты   |шығады да, Лиза    |көпке дейін – кезек |
|тентек өзендері   |күн түске тармасып|үйге кайтса,       |келмей, есік алдында|
|сақылдап тасығалы |қалған екен.      |сөздерінің         |күтіп қалды.        |
|тұр.              |                  |аяқталмай          |                    |
|                  |                  |тоқталғаны         |                    |
|                  |                  |андалады.          |                    |


                   Көп құрамды құрмалас сөйлемнің түрлері

|Көп  құрамды    |салалас + салалас +     |Құрамындағы жай |Ол келді де,    |
|салалас құрмалас|салалас                 |сөйлемдерінің   |есікті ашып     |
|сөйлем          |                        |баяндауыштары   |қарап еді, бәрі |
|                |                        |тиянақты болады |тегіс келіп     |
|                |                        |                |болыпты.        |
|Көп бағыныңқы   |Жарыспалы    |сабақтас+ |                |Күн жылы        |
|сабақтас        |к.б.с.қ      |сабақтас+ |Саб, саб, сал   |болғандықтан,   |
|құрмалас сөйлем |             |салалас   |                |шанамызды алып, |
|(к.б.с.қ)       |             |          |                |далаға кеттік   |
|                |Сатылы       |сабақтас+ |                |                |
|                |к.б.с.қ      |сабақтас+ |Саб, саб, сал   |                |
|                |             |салалас   |                |                |
|Көп басыңқылы   |Сабақтас+салалас +      |                |Басы ауырып,    |
|сабақтас        |салалас                 |Саб, саб, сал   |үйіне           |
|құрмалас сөйлем |                        |                |кеткендіктен,   |
|                |                        |                |соңғы сабаққа   |
|                |                        |                |қатыспады       |
|Аралас құрмалас |Сабақтас+салалас +      |                |Ол ретін тауып, |
|сөйлем          |салалас                 |Саб, саб, сал   |бастықпен       |
|                |                        |                |сөйлесіп еді,   |
|                |                        |                |жоспарларын     |
|                |                        |                |бекітпей қойды  |


2.Жаттығумен жұмыс

1-жаттығу. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
      Таң ата жау шабуылға шықты. Шабуыл тағы тойтарылып тасталды.
Түс кезінде батальон командирі Гундилович бізге байланысты  -  сын  жіберді.
Ол комаңдирдің бұйрығын жеткізді. Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік  көрсетті.
Күн кешкірген кезде  "Бородиноға"  генерал  Чистяков  пен  полковник  Капров
келді. Оларға Гундилович болған жағдайды баяңдады.

2-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден тура және жанама толықтауыштарды табыңыз.
      Онымен бірге ыстық от-жалын толқыны ғаламат екпін-күшпен тарап жатты.
Көрінбейтін сәуле-радиация да жан-жаққа тарап жатты. Осы  өңірде  қырық  жыл
бойы болған апаттың көлемін есептеу мүмкін емес. Табиғаттың бүлінгені,  жан-
жануарлар дүниесі мен халық шаруашылығына қаншама залал келтірілгенін  былай
қойғанда, сол жердің халқына қанша  қайғы  әкелді.  Адамзатты  қыруға,  адам
баласы жасаған байлықты жоюға арналған мұндай  жойқын  қарулардың  қарапайым
халыққа еш керекгі жоқ. Қазақстан жерінде шаруашылық мақсатқа  деп  те  кіші
жарылыстар жасалып тұрған.


3.Мәтінмен жұмыс
Мәтін бойынша екі адамның сөйлесуін құрыңыз.
Мәтінді қатысты 3мақал-мәтел айтыңыз.
Мәтінді ауызша әңгімелеп бер.

                              АС-АДАМНЫҢ АРҚАУЫ

      “Ас – адамның арқауы”  деп  тауып  айтқан  қазақ  дастарқан  байлығына
ерекше мән беріп қараған.Тағам түрлерін ақ  (сүт  тағамдары)  ,  қызыл  (ет)
және көк (жеміс) деп үшке  бөлген.  Соның  ішінде  денсаулыққа  пайдалы  әрі
құнары мол сүт тағамдарының бірнеше  түрлерін  жасай  білген.Сүтті  қасиетті
зат есебінде қарап “ақты төпке, малдың  желіні  кетеді”  деп  ескерту  жасап
отырған.Қазақтың құрт, ірімшік, ежігей тағы сол сияқты сүт  тағамдары  басқа
елдерде өте жоғары бағаланады.
       Енді  сүт  тағамдарына  жеке-жеке  тоқталып,  олардың   жасалуы   мен
дәстүрлі, кәделі жолдарын әңгімелейік.
      Қымыз – халқымыздың бірнеше ғасырлар  бойы  үздіксіз  пайдаланып  келе
жатқан ұлттық тағамы.
       Дайындау  әдісіне,  қасиетіне,   сапасына   және   сақталу   уақытына
байланысты халқымыз қымызды бірнеше түрге  бөледі.  Және  олардың  әр  түрін
жылқы жасы атауымен атайды.
У ы з   қ ы м ы з – биені алғаш байлап, жаңадан ашытылған қою қымыз.
Б а л    қ ы м ы з – жылқының сүт  қазысын  қосып  әбден  бабына  келтіріліп
пісілген қымыз. Бұл басқа қымызға қарағанда сары әрі  қою,  дәмді,  жұғымды,
тұшы болады.
Қ ұ н а н   қ ы м ы з – екі түн сақталған, толық ашыған қымыз.
Д ө н е н   қ ы м ы з – үш түн сақталған өте күшті қымыз.
Б е с т і     қ ы м ы з – төрт түн сақталып ашуы әбден жеткен қымыз.
Мұнымен қатар шөп буыны қатып, күзде сауылатын қымызды сары қымыз дейді.
Көп пісіліп ащы дәмі кеткен қымызды өлтірілген қымыз дейді. Бұл жақсы  деген
ұғымды білдіреді.
Қымыз - әрі сусын, әрі тағам, дертке шипа, жанға қуат.
Шұбат. Сүт тағамдарының ішінде қымыздан кейінгі бағалы сусын –  шұбат.  Оның
түйе сүтінен жасалатыны барша жұртқа белгілі.
      Құрт – қой, сиыр сүтінен жасалады. Әріне, қойсүтінен жасалған  құрттың
дәмі де, сапасы да өте жақсы болады.
       Құрт  көже  –  тағамдық  қуаты  мол  жеңсік  ас.  Ол  көбінесе  қыста
дайындалады. Қазақтар мұны қыстың қымызы деп  те  дәріптейді.  Өйткені  құрт
көже әрі тамақ әрі сусын.
      Ірімшік сүттен жасалады.  Сүтті  қайнатып  оған  қымыз,  айран,  шұбат
сияқты ащы іріткі  қосып  ірітеді.Іріген  сүттен  ірімшік  түзіліп,  табаққа
дорбаға салып кептіріп алады.
    Уыз. Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті уыз деп  аталады.  Уыз  өте
дәмді әрі қою болады. Бала да, төл де уыз сүтін  тойып  ішу  керек.  Уызында
жарымаған деген сөз осыдан шыққан.
     Айран – қой, сиыр  сүтінен  әзірленеді.  Қатыққа  қарағанда  сұйық  әрі
ащылау болады. Айранмен шөл басады.

Сабақтың мақсаты: Аралас құрмалас сөйлемді практикалық жолмен меңгерту.
Бақылау сұрақтары:
1.Аралас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2.Аралас құрмаластың жай сөйлемнен қандай айырмашылығы бар?
Әдістемелік нұсқаулар:
      1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру,
орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

      2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

      3. Семинар  сабағындағы  пікір-таласта  қатысушылардың  ойларының  бір
пікірге келуі тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Т.Т Аяпова. Қазақ тілі. Негізгі оқулық
2. Т.Т.Аяпова Қазақ тілі. Үй кітабы
3. Ш.Б.Бектұров. Т.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі. А. 2002.
4. З.Күзекова .  Практикалық курс.    Қазақ тілі –Алматы: 2002
5. Ш.Бектұров.  Серғалиев М.  Қазақ тілі  А-1994

Практикалық  сабақ 14. Автор сөзі. Төл сөз. Төлеу сөз.
Сабақтың мазмұны:
   1. Автор сөзі. Төл сөз. Төлеу сөз.
   2. Жаттығумен жұмыс
   3. Мәтінмен жұмыс

    Төл  сөз  деп  жазушының  я   сөйлеушінің   сөздігі   жағынан   болсын,
грамматикалық формалары жағынан болсын ешқандай өзгеріссіз, бұлжытпай  алып,
өз сөзі ішінде қолданған біреудің сөзін айтамыз.
    Төл сөздің айналасында оны пайдаланып отырған жазушының  я  сөйлеушінің
өз сөздері қоса қолданылады. Ол - автор сөзі деп аталатын.
    Жазушының я сөйлеушінің біреудің сөзін өз сөзінде өзгертіп беруін төлеу
сөз дейміз.

|Төл сөздің орын тәртібі және тыныс         |
|белгілері                                  |




|Төл сөз автор      |Төл сөз автор       |Төл сөз автор       |Төл сөзді автор   |
|сөзінен бұрын      |сөзінен кейін       |сөзінің ортасында   |сөзі ортадан жарып|
|келеді.            |келеді.             |келеді.             |келеді.           |
|«Төл сөз»,-автор   |Автор сөзі: «Төл    |Автор сөзі: «Төл    |«Төл сөз,-автор   |
|сөзі               |сөз».               |сөз»,-автор сөзі.   |сөзі,-төл сөз».   |
|«Балалармен        |Балтабай былай деді:|Балтабай:           |«Балалармен,-деді |
|ақылдасып          |«Балалармен         |«Балалармен         |Балтабай,-ақылдасы|
|көрейік»,-деді     |ақылдасып көрейік». |ақылдасып           |п көрейік».       |
|Ақылбай.           |                    |көрейік»,-деді.     |                  |
|-Төл сөз, - автор  |Автор сөзі:-Төл сөз.|Автор сөзі:-Төл     |-Төл сөз,-автор   |
|сөзі               |                    |сөз,-автор сөзі.    |сөзі,-төл сөз.    |
|-Ол сенің інің     |Сағи былай деп      |Сағи: -Ол сенің інің|-Ол,- деді        |
|бе?-деп сұрады     |сұрады: -Ол сенің   |бе?-деп сұрады.     |Сағи,-сенің інің  |
|Сағи.              |інің бе?            |                    |бе?               |

                 Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың жолдары:
              Төл  сөзді  төлеу  сөзге  айналдырудың  ең  негізгі  және  жиі
қолданылатыны - төл сөзде сөйлемнің тиянақты баяндауышы болып  тұрған  сөзге
табыс жалғауын жалғау арқылы оны  (төл  сөзді)  автор  сөзімен  байланыстыру
тәсілі. Алдымен, төл сөздің баяндауышы болып тұрған етістік қай  шақта,  қай
райда айтылуына қарай етістіктің есімше  түріне  айналады  да,  содан  кейін
барып  табыс  септігін  қабылдайды.  Кейде  табыс  септік  жалғауы  есімшеге
–дық, -дік жұрнағы мен тәуелді жалғауы арқылы жалғанады. Мысалы: «Мен  судан
қорқамын»,-деді Омар. Омар өзінің судан қорқатындығын айтты.
              Төл  сөздің  баяндауышы  өткен  шақты  немесе  нақ  осы  шақты
білдіретін етістік формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, ол  есімшенің
–қан, -ған, -кен, -ген жұрнақтары арқылы беріледі.  Мысалы:  «Автобус  күтіп
тұр»,-деді Омар. Омар автобус күтіп тұрғанын айтты.
               Егер төл сөз етістіктің  келер  шақ  (бұйрық  түрінен  басқа)
немесе ауыспалы осы шақ формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда,  -атын,-
етін, -йтын, -йтін  жұрнақты  есімше  арқылы  беріледі.  Мысалы:  «Ол  ертең
келеді»,-деді Омар. Омар оның ертең келетінін айтты.
               Егер төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық  рай  формасында
айтыласа, төлеу сөзде ол тұйық  етістік  формасына  айналады.  Мысалы:  «Сен
ертерек кел»,-деді Омар. Омар оған ертелек келуін айтты.
               Баяндауышы есім сөзден я есім сөздің араласуынан,  я  болмаса
атау тұрғалы тұйық етістіктен болса,  төлеу  сөзге  айналғанда,  е  етістігі
көмекші болып келеді. «Кітап-білім бұлағы»,-деді Омар. Омар  кітаптың  білім
бұлағы екенін айтты.



2.Жаттығумен жұмыс

1-жаттығу. Берілген  сөйлемдерді аударыңыз.
      В окрестностях Кокчетава находится высоченная гора.  Стрела,  пущенная
с земли, не достигает ее  вершины.  Поэтому прозвали гору  «Окжетпес»  -  не
достичь стрелой. Нет человека , который не удивился  бы  высоте  этой  горы.
Вблизи она похожа на воздвигнутую кладками  ступенчатую  возвышенность.   На
ней растут даже сосны и ели, которые  невозможно  вырастить  и  при  обычных
посадках.

2-жаттығу.  Төмендегі  сөйлемдердің   түрлерін   ажыратыңыз.   Орыс   тіліне
аударыңыз.
      Сен бүгін үй  тапсырмасын  орындадаң  ба?   Қалада  үлкен  үйлер  көп.
Алақай, бүгін мен бес алдым! Кешке киноға  барасың  ба?  Сен  кешікпей  кел.
Мұғалім сыныпқа кірді. Әттең, сен келмей қалдың! Тыныш отырыңдар.

3-жаттығу. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.
      М.Әуезов жиырма  жасында  «Еңлік-Кебек»  трагедиясын  жазды.  Жүсіпбек
Аймауытов – қазақ романдарының негізін  салушылардың  бірі.  Мұстафа  Шоқай-
Ақмешіттің перзенті. Атасы Темір қайтыс болғаннан кейін Ұлықбек  15  жасында
әмірші болады. Кигіз үйдің іші төртке бөлінеді.

3.Мәтінмен жұмыс
Мәтінді мәнерлеп оқып шығыңыз.
Мәтіндегі қиын сөздерді теріп жазыңыз.
Мәтінді әңгімелеп беріңіз.
                          Ел жүрегіндегі ерен тұлға
       Көкшетау қаласында атақты  ғалым-геолог,  көрнекті  қоғам  қайраткері
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың  110  жылдығына  арналған  “Қ.Сәтбаев  және  осы
заманғы ғылым” тақырыбымен  аймақтық  ғылыми-тәжірибелік  конференция  болып
өтті. Оны “Нұр Отан”  ХДП  Ақмола  облыстық  филиалы  мен  Көкшетау  қалалық
ақпараттық  кітапханалар  жүйесі  ұйымдастырды.  Келелі  мәжіліске  облыстық
департамент басшылары, кәсіпорындар мен  бизнес  саласының  өкілдері,  зиялы
қауым, партияның облыстық филиалы көмегімен  Семей  мемлекеттік  геологиялық
барлау колледжіне түсіп, оны биыл бітірген түлектер, Көкшетау  мектептерінің
оқушылары қатысты.
      Шоқан  Уәлиханов  атындағы  Көкшетау   мемлекеттік   университетіндегі
философия  кафедрасының  меңгерушісі  Раушан  Көшенова   “Қ.И.Сәтбаев   және
бүгінгі   әлем”   тақырыбында   баяндама   жасап,   Қазақстан   ғалымдарының
дүниежүзілік аренадағы орны туралы тартымды  мағлұматтар  берді.  Сондай-ақ,
“Нұр Отан” ХДП қалалық  филиалының  белсенді  мүшесі  Мейрамбек  Киіков  пен
Солтүстік  Қазақстан  геология  және  жер  қойнауын  пайдалану   аймақаралық
департаментінің  директоры  Берді  Бекмағамбетов  ұлы  ғалымның  өмір  жолын
зерттеудің патриоттық  тәрбиедегі  маңызы  мен  Қазақстан  геология  саласын
дамытудағы Қ.Сәтбаев идеяларының ықпалы тақырыбында сөз  сөйледі.  Жұртшылық
Көкшетау  университетінің   кафедра   меңгерушісі   С.Жетпісовтің   “Сәтбаев
феномені туралы” толғанысына, Семей мемлекеттік геология барлау  колледжінің
бөлім   меңгерушісі   М.Меденованың   “Кен   ісі    мамандарын    даярлаудың
ерекшеліктері туралы” хабарламасына айрықша ықылас қойды.
Қалалық кітапханалар жүйесінің директоры Мәншүк Сайдалина  Қаныш  Сәтбаевтың
өмірі мен  атқарған  қызметін  насихаттап,  жас  буынға  жеткізуде  белсенді
жұмыстар жүргізіліп  жатқанына  тоқталды.  Оны  партия  филиалымен  бірлесіп
өткізілген “Өмірі – өнеге, тірлігі – таным” атты дөңгелек үстел  сұхбатымен,
“Сәтбаев әлемі” мультимедиялық әдебиеттің дайындалуымен  дәлелдеуге  болады.
Партия   ғимаратында   өткізілген   “Тарихпен    тамырлас    өмір”    ғылыми
конференциясының әсері де әлі сейіле қойған жоқ.

Сабақтың мақсаты: Автор сөзін, төл сөз бен төлеу  сөздерді  мысалдар  арқылы
түсіндіріп, практикалық жолдармен меңгерту
Бақылау сұрақтары:
   1. Автор сөзін, төл сөз бен төлеу сөздерді мысалдар арқылы көрсетіңіз
   2. "Табиғат және біз", "Табиғатты аялау" тақырыптарына диалог құрыңыз.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Семинар тиімділігі мақсат  қоя  білу,  мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың  ойларының  бір  пікірге
келуі тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1.  Ш.Б.Бектұров. Т.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі. А. 2002.
2. Қазақ тілі сөздігі. А. 1999 ҰТА
3. Ә. Болғамбаев. Қазақ тілінің синонимдік сөздігі. А.1976.
4. Б.Шалабай, В.Салагаев. Іс қағаздары. А. 2001.
5. Базарғалиева Б., Иманбаева М., Ибрагимов Қ. Қазақ тілі. Алматы, 2005.
5. Г.Қ Рысбаева.  Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш   А-2000
6.Күзекова .  Практикалық курс.    Қазақ тілі –Алматы: 2002

Практикалық  сабақ Автор сөзі, төл сөз, төлеу сөз. Тыныс  белгілері,  нүкте,
қос нүкте, көп нүкте, нүктелі үтір, үтір, тире, тырнақша, жақша.
Сабақтың мазмұны:
   1. Тыныс белгілері, нүкте, қос нүкте,
көп нүкте, нүктелі үтір, үтір, тире, тырнақша, жақша.
   2.Жаттығумен жұмыс
   3.Мәтінмен жұмыс

                                    Стиль
    1 Ғылыми стиль:
    1.Қолданылу аясы: ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда,
қолданылады.
    2.Мақсаты: заттар ман құбылыстардың  жалпы  ерекшелігін  ашып,  мәлімет
беру.
    3.Стильдік ерекшелігі: дәлелді, зерттелген, тура мағынада алу.
    4.Тілдік құралдары: ғалыми терминдерді қолдану, хабарлы сөйлемде, өткен
осы шақтарда жиі қолданылады.
    2 Ресми іс-қағаздар стилі:
    1.Қолданнылу аясы: іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен кеңсе  құжаттарында
қолданылады.
    2.Мақсаты: хабарлау, аңық мәліметтер беру.
    3.Стильдік ерекшелігі: ресми, анық, дәл.
    4.Тілдік  құралдары:  кітаби,  ресми  сөздер  мен  тіркестер,   хабарлы
сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер.
    3 Публицистикалық стиль:
    1.Қолданылу  аясы:  газет-журналда,   жиналыстар   мен   митингілердегі
сөздерде қолданылады.
    2.Мақсаты: көпшілікке әсер  ету,  құбылыстардың,  оқиғаның  мәнін  ашу,
оларға көпшіліктің назарын аудару.
    3.Стильдік ерекшелігі: шақыру, үндеу, нақтылық.
    4.Тілдік құралдары: риторикалық сұрақтар, стильдік  қайталау,  антитеза
пайдалану.
    4 Көркем әдебиет стилі:
    1.Қолданылу аясы: көркем шығармалада қолданылады.
    2.Мақсаты: құбылыстар мен заттарды суреттеу,  жанды,  суретін  көрсету,
бейнелеу арқылы оқырманның сезіміне әсер ету.
    3.Стильдік ерекшелігі: образды, эмоционалды, экспресивті.
    4.Тілдік құралдары:  ауспалы  мағына,  көркемдік  тәсілдерің  суреттеме
құралдарын пайдалану (теңеу, метафора т.б).
    5 Аузекі сөйлеу стилі:
    1.Қолданылу аясы: адамдар мен еркін әңгіме кезінде қолданылады.
    2.Мақсаты: қатынас жасау.
    3.Стильдік  ерекшелігі:  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  еркін  қолдану,
даярлықсыз өткізілу.
    4.Тілдік құралдары: қарапайым сөздерді еркін қолдану, диалогқа құрылу.

2.Жаттығумен жұмыс

1-жаттыѓу. Сөйлем мүшелерін талдаңыз.
Жақыпбек әдебиет сабағында Егорка деген бала туралы әңгімені оқып,  талдады.
Оның оқуы балаларға қатты әсер  етті.  Оқығаны  емес  өзі  көргенін  баяндап
отырғандай,  өте  ұғымды  болды.  Егорка  қайырлап  қалған  жайымды   көріп,
үлкендерге хабарлайды. Бәрі жиылып  балықты  ұстайды.  үлкендер  мол  үлесті
балаға ұсынады.    Ол    алмай,    колхоздың    асханасына    береді.    Жас
бүлдіршіндер одан өз бейнелерін көрді.

2-жаттыѓу.  Мына  тірек  сөздер  мен  сөз  тіркестерін   қатыстырып   сөйлем
құрастырыңыздар.
      Менің ата-анам, өмір сыйлаған, бақытты болу,  шыншыл  бол,  ата-ананың
рұқсатынсыз,  ақыл-кеңес,  қадірлеу,  ана  жүрегі,   еңбек   сүйгіш,   адал,
қайырымды, еңбектегі табысы, оқу озаты, әдепті болу.

3-жаттыѓу.  Тексті  оқып,  бастауыш  пен   баяндауыштың   арасына   қойылған
сызықшаларға көңіл аударыңдар, неліктен қойылғандығын дғлелдеңдер.
      Тіл байлығы — ой байлығы.  Сөз өнері — өнер  атаулының  ең  қиыны  мен
күрделісі.  Сөз - өмірдің ұлы - қаруы. Білім кілті — тіл.  Ең  жақсы  тіл  —
ана тілі. Бұлар — станцияның маңдай алды құрылысшылары.   Ел  жүрген  жер  —
береке, ер жүрген жер - мереке.  Білім мен даналық —  адам  көркі.   Ел  іші
- алтын бесік. Елдің күші — селдің күші.

4-жаттыѓу. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
      Таң ата жау шабуылға шықты. Шабуыл тағы тойтарылып тасталды.
Түс кезінде батальон командирі Гундилович бізге байланысты  -  сын  жіберді.
Ол комањдирдің бұйрығын жеткізді. Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік  көрсетті.
Күн кешкірген кезде  "Бородиноға"  генерал  Чистяков  пен  полковник  Капров
келді. Оларға Гундилович болған жағдайды баяндады.

3. Мәтінмен жұмыс
    1. Мәтін  бойынша  сұраулы сөйлем  құрыңыз.  Мәтіннің  негізгі
мақсатын анықтаңыздар.
    2. Мәтінді аударыңыз.
    3.  Аралас  құрмалас  және  көп  құрамды  құрмалас  сөйлемдерге  көркем
шығармалардан 2 мысал теріп жазыңыз.


                               Қаржы бақылауы
    Мемлекеттік қаржылық басқару  атқарымы.  Қаржы  бақылауы  мемлекет  пен
жергілікті  өзін-өзі  басқару  субъектілерінің  ақшалай  қорларының  құралу,
бөліну  және  пайдаланылу  заңдылығын,  тиімділігін,  нәтижелілігін  тексеру
жөніндегі әдістердің,  органдардың,  шаралардың  жүйесі.  Қаржы  бақылауының
негізгі міндеті – республикалық және  жергілікті  бюджеттер,  бюджеттен  тыс
қорлар қаражатының, мемлекеттік  және  жергілікті  кәсіпорындар  қаражатының
құралуы,  бөлінуі  және  пайдаланылуы  тәртібін   реттейтін   қаржы   құқығы
нормаларының бұлжымай сақталуын қамтамасыз ету.
    Қаржы бақылауы қаржы тетігінің аса маңызды құрамдас тетігі, мемлекеттік
бақылау органдарының маңызды буыны болып табылады. Қаржы бақылауында  несие-
қаржы органдарындағы бюджет және бюджеттен тыс қорлар қаражатының  айналысын
талдау маңызды  орын  алады.  Қаржы  бақылауы  мемлекеттік  қаржы  бақылауы,
аудит, ішкі мекемелік бақылау болып бөлінеді.
    Дамыған елдерде қаржы  бақылауын  есеп  палаталары,  салық  мекемелері,
министрліктер  мен  мекемелердің  бақылау-тексеру   бөлімшелері,   уәкілетті
аудиторлық  фирмалар,  мемлекеттік,  жергілікті  ұйымдардың,  бюджеттен  тыс
қорлардың ішкі бақылау бөлімдері жүзеге асырады.


Сабақтың мақсаты: Қазақ тіліндегі стиль ұғымын мысалдар  арқылы  түсіндіріп,
практикалық жолдармен меңгерту.
Бақылау сұрақтары:
   1.        Стиль ұғымын мысалдар арқылы түсіндіріп, анықтамасын айту.
   1. "Табиғат және біз", "Табиғатты аялау" тақырыптарына диалог құрыңыз.
   2. Тыныс белгілері, нүкте, қос нүкте,  көп  нүкте,  нүктелі  үтір,  үтір,
      тире, тырнақша, жақша.
   Әдістемелік нұсқаулар:
   1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді  шешу,  түсінік  беру,
   орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

   2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

   3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге
   келуі тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1.  Ш.Б.Бектұров. Т.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі. А. 2002.
2. Қазақ тілі сөздігі. А. 1999 ҰТА
3. Ә. Болғамбаев. Қазақ тілінің синонимдік сөздігі. А.1976.
4. Б.Шалабай, В.Салагаев. Іс қағаздары. А. 2001.
5. Базарғалиева Б., Иманбаева М., Ибрагимов Қ. Қазақ тілі. Алматы, 2005.
5. Г.Қ Рысбаева.  Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш   А-2000
6.Күзекова .  Практикалық курс.    Қазақ тілі –Алматы: 2002

      5 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

      5.1 Студенттің өздік жұмысын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
      Студенттің өздік жұмысының тапсырмалары жазбаша жұмыс (бақылау жұмысы)
түрінде берілген. Сұрақтарға жауаптарды конспект түрінде дәптерге жазып:  1-
кредит бойынша 3, 6-апталарда,  2-кредит  бойынша   11,  14-апталарда  ОЖСӨЖ
сабағында  тексеріледі.  Сабақ  барысында  студенттің    теориялық   білімі,
белсенділігі, ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады.
       Студенттің өздік жұмысының тақырыптары
5.1 Мамандығым-мақтанышым
5.2 «Мен жастарға сенемін»
5.3  Білім-игілікті қазына
5.4  Кітап-білім бұлағы
5.5 Денсаулық-байлық негізі
5.6 Ас-адамның арқауы
5.7 Қазақстан Республикасының Халықтар Ассамблеясы: болмыс пен болашақ.
5.8 Қазақстан республикасындағы кәсіптік мерекелер
5.9 Дос көңілі-сыр сандық
5.10 Қазақстанда қанша кітапхана бар?
5.11«Нұр Отан» партиясы: жарқын жоспарлар
5.12 Іс қағаздарды қазақша толтыру
5.13 Депутат сайлауға қатыстым
5.14 Жер атауы-ел тарихы
5.15 Қазақстан-достық пен бейбітшілік мекені

    Емтихан сұрақтары
$$$ 1 В
 Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түріне жататынын белгілеңіз.
Мен ойланып отырмын.
А. Жақсыз
В. Жақты
С. Жалаң
D. Атаулы
Е.  Толымды
$$$ 2 С
 Бастауыш, баяндауыш арасына қойылатын сызықша қатарын көрсетіңіз.
А. Оспан барған-ды
В. Плащ -  палатка.
С. Отан - өз үйің.
D. Естілер - естілмес.
Е. – Жазған ба?
$$$ 3 А
  Қайттім? Қайтеді? Сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесін белгілеңіз.
А. Баяндауыш
В. Пысықтауыш
С. Анықтауыш
D. Толықтауыш
Е.  Бастауыш
$$$ 4 Е
Ыңғайлас жалғаулықты анықтаңыз.
А. Әлде, болмаса, өйткені.
В.  Бірақ, неге десең, егер.
С. Алайда, себебі, онда.
D. Я, немесе, біресе.
Е.  Мен, да, және.
$$$ 5 А
Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз.
А. Балалар далада ойнап жүр.
В. Жауап берсең ше.
С. Сен қашан келесің.
D. Келгеніңе қанша болды.
Е. Әттең, кешігіп қалдың-ау.
$$$ 6 А

«Атқа отыр» қандай байланысу формасына жатады?

А. Меңгеру

В   Қиысу

С.  Қабысу

D.  Жанасу

Е.   Матасу

$$$ 7 C
Жақсыз сөйлемді табыңыз:
   А. Жүз жиырма бес үй.
   В. Күз келді.
   С. Бізге көбірек оқу керек.
   D. Құлаққа ұрған тападай.
   Е. Сылқ-сылқ күліп жіберді.
$$$ 8 B
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табыңыз:
А. Есім сөздер
В. Бастауыш, баяндауыш
С. Одағай,шылау
D. Анықтауыш,қыстарма сөз.
$$$ 9 В
Сызықша дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
А. Ата-ананың – ақ тілеуі ақ жол.
В. Ата-ананың ақ тілеуі – ақ жол.
С. Сұрмерген аң аулап жүрсе – алдынан үш елік қаша жөнелді.
D. Білім адамның – қанаты.
Е. Бозбаламын – мен де енді.
$$$ 10  Е

Қай мысалда үтір қойылуы қажет?

А.Аса тілеулес ағасы Абай оның алдынан шықпайды және ешкімге бетін де
қақтырмайды.
В.Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша орнынан атып тұрды
С.Кенжебек Асқардың шақыруымен келіп отыр
Д. Әр адамның бағасына бір ғана өлшеуіш бар ол - өнімді адал еңбек
Е.Біресе бір адым озып кетеді біресе кейін қалып қояды


$$$ 11 А

Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз
А.Ендігәрі Абайды бұндай жерге бастай көрме, жарықтығым
В.Сөйлей бер, ақ домбырам күмбірлеген
С.Жоғары, шық Төке
Д.Мен –қазақпын жан Отан – бел балаңмын!
Е.Ботам-ай өңің қашып кетіпті ғой!


$$$ 12 А

Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз
А.Досын сатқан жандардан жиренемін: Отанын да ондайлар сата алады
В.Түсінгені соншалық; барлығы ойында сайрап тұр
С.Асан, Айгүл, Әйгерім: үшеуіміз кітапханаға бардық
Д.Сізді  ешкім шақырған жоқ: сондықтан сіз де бармайсыз
$$$ 14  В

Көп нүкте қойылатын жерді табыңыз
А.Мағынасы, құрылысы жағынан ұқсас сөйлемдер арасында
В.Айтылмақшы ой аяқталмай қалғанда
С.Сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылғанда
Д.Ойға қатысты басқа бір ойды жолжөлнекей түсіндіргенде
Е.Сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз болғанда

$$$ 15 В

Қай сөйлемде қос нүкте қойылмайды?
А.Бұлар Асан мен Омар – сабаққа бармады
В.Асан және Омар екеуі сабаққа бармады
С.Сабаққа бармағандар Асан мен Омар
Д.Сабақта жоқ оқушылар Асан мен Омар
Е.Сабаққа бармаған мыналар Асан мен Омар


$$$ 16  В

Қай сөйлемде екі жерде нүкте қойылады?
А.Тәртіпсіздікке жол бермеу керек деген менің әкем
В.Тәртіпке бас иген кұл болмайды (Б. Момышұлы)
С.Мен келдім деп ол ішке кірді
Д.Мыналар наурыз, сәуір көктем айлары
Е.Мылтық тарс етті құс жалп етті


$$$ 17  В

Қос нүктенің орнын табыңыз
А.«Мен бардым» деді Ораз
В.Ораз мен бардым деді
С.Ораз өзі барғандығын айтты
Д.Ораз мен бардым деді ме?
Е.Ораз барған ба?


$$$ 18  Е

Қай сөйлемде қос нүкте қойылмайды?
А.Асан айтты «Ертеңжоғла шықпай-ақ қойсақ қайтеді?»
В.Абай «Ғылым таппай мақтанба» деді
С.Мына өзендер Жейхун мен Сейхун Аралға құянды
Д.Менің түсінгенім мынау ертең жарыс болмайды
Е.Біз сабақта «Ер Тарғын», «Алпамыз» жырларын оқыдық

$$$ 19 Е

Аяқталған  сөйлемнің соңында қойылмайтын тыныс белгісін табыңыз
А.Нүкте
В.Леп белгісі
С.Көп нүкте
 Д.Сұрау белгісі
Е.Қос нүкте

$$$ 20  Е

Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз. Оқып білім ал, бөбек!
А.Бірыңғай мүшелер
В.Одағай
С.Қыстырма сөз
Д.Оңашаланған айқындауыш
Е.Қаратпа сөз

-----------------------
                    Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем


Пәндер