Файл қосу

Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері





|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                         |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ                                            |
|МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                                                    |
|СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты|ПОӘК                     |                         |
|                         |                         |УМКД  042-18.1.03/03-2013|
|«Әлеуметтану» пәнінің оқу|                         |                         |
|–әдістемелік материалдары|№3 – басылым             |                         |










                                 ӘЛЕУМЕТТАНУ

                           ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

                       (Барлық мамандықтарға арналған)

                        ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ














                                    Cемей
                                    2013










                                   МАЗМҰНЫ


     1. Глоссарий
     2. Дәрістер
     3. Семинар сабақтары
         4.  Студенттердің өздік жұмыстары.





               1. ӘЛЕУМЕТТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
                                 (ГЛОССАРИЙ)

     Әлеуметтану-қоғам дамуының жалпы және  ерекше  әлеуметтік  заңдылықтары
туралы ғылым
     Әлеуметтану зерттеуі-қоғамтану  зерттеуінің  бір  түрі,  қоғамды  тұтас
жүйе ретінде қарастырады.
      Әлеуметтану сауалдамасы-жеке адамдар мен топтарға ауызша және  жазбаша
түрінде сұрақтар қою жолымен алғашқы әлеуметтік ақпарат алу тәсілдері
       Әлеуметтанудағы  позитивизм-  ХХ  ғасырдағы  әлеуметтанудың   жетекші
бағыты. Негізін салған-О.Конт.
      Әлеуметтену-ұйымдасқан, бақыланатын процесс  ретінде  жеке  адамдардың
өмір бойы  әлеуметтік тәжірибені жинақтауы мен тұлғаларға айналуы.
        Әлеуметтендіру    агенттері-әлеуметтендіру    процесінің    барысына
бағытталған мақсатпен ықпал  жасаушылар.
       Құндылықтар-жалпы  көпшілік  таныған  мінез-құлық   стандарты,    сол
мақсаттарға жетудегі негізгі жолдар мен құралдар туралы сенімдер.
       Әлеуметтік  құрылым-әлеуметтік  топтың   ішкі   құрылысы,   топтардың
институттардың өзара әрекеттерінің реттелген жиынтығы.
     Мәртебе-белгілі бір құқықтар  және  міндеттер  жиынтығымен  байланысқан
қоғамдағы тұлғаның немесе әлеуметтік топтың Жалпы қалыптық жағдайы.
     Мобильдік  -әлеуметтік  субьектінің  әлеуметтік  құрылымындағы  орнының
өзгеруі.
      Мотивация-тұлғаның  немесе   әлеуметтік   топтың    белсенділігі   мен
қызметінің бағытын анықтайтын ниет.
        Әлеуметтік    стратификация-өздерінің    әлеуметтік     мәртебесімен
өзгешеленетін қоғамдағы түрлі әлеуметтік жіктелудің нәтижесі.
     Әлеуметтік-саяси институттар-  біршама  жоғары   ұйымдасқан  әлеуметтік
және саяси жүйелік түзілім.
     Иделды тип-дәуірге сәйкес ұтымды  құндылықтар  бағытының  эталоны  және
әлеуметтік ақиқатты тану туралы қызметі атқарушы. Негізін салған-М.Вебер.
      Қолданбалы  әлеуметтану-  әлеуметтану  ғылымының  саласы.   әлеуметтік
өмірді оптимизациялау, ұйымдастыру, дамытудың жолдары, формалары. Т.б.
     Салалық әлеуметтану-қоғамдық өмірдің жеке немесе ауқымды  салаларындағы
әлеуметтік  құбылыстарды,  жүйелерді,  процесстерді  зерттейтін  әлеуметтану
ғылымының салалары.
   Социум-әлеуметтану ғылымының обьектісі, яғни адамзаттық  өзара  әрекеттің
жалпы формасы, әлеуметтік ақиқат.
       Урбанизация-қалалардың,  қала  халқының  өсуінің,  қоғам   дамуындағы
ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі.
             Азаматтық қоғам-  әлеуметтік-экономикалық,  саяси  және  рухани
адамгершілік қатынастары мен  мемлекеттің  қызмет  ету  қажеттігін  мойындау
негізінде құралатын қоғам.
     Саяси- әлеуметтік байланыс- адамдардың  немесе  топтардың  тәуелділігін
және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет.
     Саяси даму-жаңа қоғамдық  қатынастардың,  институттардың,  нормалардың,
құндылықтардың қалыптасқан өзгерістері
     Саяси- әлеуметтік қауымдастық – ортақ әлеуметтік  белгілердің  болуымен
біріккен, бірлескен, адамдар жиынтығы.
     Саяси нормалар – адамдардың іс-әрекетін реттейтін ереже.
     Саяси  прогресс – қоғамдық дамудың бағыты.
     Саяси -әлеуметтік  төңкеріс –  қоғам  дамуындағы  сапалық,  терең  және
жоғары     прогрессивтісімен алмастыру тәсілі.
     Саяси-  әлеуметтік заңдар- қоғамның, мемлекеттің т.б. топтардың    даму
бағытын анықтайтын  әлеуметтік  және  саяси   құбылыстар  мен  процесстердің
арасындағы тұрақты өзара байланыстар.
     Саяси-  әлеуметтік институттар – біршама жоғары  ұйымдасқан  әлеуметтік
саяси түзілім.
     Саяси- әлеуметтік  коммуникация –  тікелей  және  қарым-қатынастар  мен
әлеуметтік және  саяси  субьектілер  арасындағы  өзара  әрекет   актісі  мен
процесі.
      Саяси-  әлеуметтік  конвергенция  –  түрлі   әлеуметтік   және   саяси
жүйелердің  біртіндеп жақындасуы.
     Саяси-  леуметтік   қозғалыс – адамдардың әлеуметтік және саяси  қолдау
мен  қарсылық   көрсетуге   бағытталған   ұжымдық   әрекетімен   байланысқан
әлеуметтік және саяси процестердің формасы.
      Саяси-   әлеуметтік   мүдделер  –  қоғамның,   әлеуметтік   топтардың,
қауымдастықтардың,    субьектілердің      әлеуметтік-саяси     әрекеттерінің
себептері, қайнар көздері, талаптары, мотивтерінің қызметі.

     Әлеуметтік-саяси элита-  қоғамның иерархиялық әлеуметтік  құрылымындағы
негізгі  бұқара  көпшіліктен  белгілі  бір  ерекшеліктерімен   айрықшаланып,
жетекшілігі,  жеңілдіктері  бар  және  мемлекеттік  билікке  салмақты  ықпал
жасайтын немесе оны жүзеге асыратын адамдар тобы, жігі.
     Саяси  теңсіздік  –  адамдардың  әлеуметтік  және  саяси  жағдайларының
біркелкі еместігі.
     Бедел- белгілі бір тұлғаның немесе адамдардың салмақты ықпал  жасаудағы
әрекеті.
      Урбанизация  –қалалардың,  қала  халқының  өсуінің,  қоғам  дамуындағы
ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі.

2. Әлеуметтану пәні бойынша дәрістер кешені

Тақырып № 1. Әлеуметтану әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар жүйесінде.
Мақсаты:  Студенттерді  әлеуметтанудың  пәнімен,  объектісі   мен,   негізгі
   ұғымдық   ақпараттарымен   таныстыру.   Олардың   арасындағы   байланысты
   түсіндіру. әлеуметтанудың  міндеттері  мен  қызметтеріне,  әлеуметтанудың
   гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар жүйесіндегі орнына аса назар аудару
   қажет екенін түсіндіру. Оларды әлеуметтанудың даму  тарихымен  таныстыру,
   сонымен қатар Қазақстанның әлеуметтік жағдайын талдау.
 Дәріс жоспары:
   1.      Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
   2.      Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
   3.      Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.
   4.      Әлеуметтанудың басқа  қоғамдық  және  гуманитарлық  ғылымдар  мен
           арақатынасы.
Дәріс тезистері:
«Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas»  қоғам  және  гректің  logos  –
ілім, ұғым деген  сөзінен  шығады.  Социология,  яғни  әлеуметтану  қоғамның
пайда болуының,  ондағы  әлеуметтік  байланыс,  қатынастардың,  алуан  түрлі
әлеуметтік  адам  бірліктерінің  ,   ұйым,   мекемелердің,   институттардың,
құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын  зерттейтін  ғылым.
Әлеуметтану ұғымын ХIХ ғасырдың  ортасында  атақты  француз  әлеуметтанушысы
О.Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек  қана  кейіннен,
әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде  бірнеше  рет  ауысуына  байланысты  ол
өзінің дұрыс, дәл атын тапты. Ендігі  жерде  біз  әлеуметтанудың   объектісі
мен пәнінің орындарын  алмастырып  алмауымыз  керек.  Бұл  екі  мәселе  бір-
бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың айырмашылығы бар.
 Объект дегеніміз – бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол  қоғам,
адамдар,  оның  алуан  түрлі  бірліктері  (отбасы,  топ,   тап,   әлеуметтік
мекемелер, институттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық  іс-
әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті  болғаннан
кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды  адам  өзінің  теориялық
немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына  жету  үшін
пайдаланады. Осыдан әлеуметтану пәні шығады.
 Әлеуметтану пәнінің  байланыс, қатынастар  жиынтығы  «әлеуметтік»  қоғамның
біртұтас жүйесін құрайтын нақтылы ұғымдарға кіреді.  Олар  әрбір  объектіде,
құбылыста, процесте  ерекше  ұйымдастырылған  белгілі  бір  әлеуметтік  жүйе
ретінде болады. Ал, әлеуметтану пәнінің қалыптасуы  объектінің  қасиеті  мен
зерттеушінің алдына қойған мәселелерінің мақсаты мен сипатына,  оның  ғылыми
білімінің деңгейіне және өз дүниетанымында қолданатын  құрал  –  тәсілдеріне
байланысты. Зерттеу пәні әр уақытта зерттеу объектісін қажет  етеді,  бірақ,
оған кірмейді, онымен тең емес, өйткені бір ғана әлеуметтік  объект  өмірдің
алуан  түрлі  мәселелерін  шешу   үшін   зерттелуі   мүмкін.   Осыған   орай
әлеуметтанудың пәні зерттелетін объектінің  шекарасын белгілейді.  Сондықтан
әлеуметтану пәнінің басты міндеті -  әлеуметтік  жүйелерді  типологизациялау
(яғни, ортақ белгілеріне қарай жіктеу, топтау), әрбір әлеуметтік  объектінің
байланысы мен қатынастарын заңдар деңгейінде зерттеу  –  бұл  заңдылықтардың
әрбір әлеуметтік жүйесін басқару, оның тәртібін реттеу, оның  іс  -  әрекет,
қызмет ету  тетіктерін  анықтау  болып  табылады.  Сонымен,  әлеуметтілік  -
әлеуметтік  байланыс  пен  қатынастарды  ұйымдастырудың  негізгі   бастамасы
ретінде  болса,  ал,  әлеуметтік  заңдылықтар  бұлардың  мәні  мен  мазмұнын
түсінудің негізі болып есептеледі.
«Әлеуметтік» дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамдық  қатынастардың  жиынтығы.
Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен  олардың  белгілі  бір  тобының
белгілі бір кеңістікте,  уақытта  іс  -  әрекетінде  атқарған  қызметтерінде
байқалады.
Қандай да бір қоғамдық қатынастардың  жүйесі  әр  уақытта  адамдардың  өзара
қарым-қатынасынан  және  қоғамға  қатынасынан  көрінеді.   Сондықтан   әрбір
қоғамдық жүйенің әлеуметтік жағы болады.
Қорыта айтқанда, әлеуметтік - әр  түрлі  жеке  тұлғалардың  бірігіп  істеген
қызметінің  жемісі,  нәтижесі.  Бұл  олардың  бір  –  бірімен   байланыс   –
қатынастарынан тікелей көрінеді. Ал, олардың қоғамдық  құрылымындағы  алатын
орны, атқаратын рөлі және әр түрлі жағдайлары бір – бірінен өзгеше  қоғамдық
үрдістерге қатынасынан көрінеді.
Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның  категориялары  арқылы  жүзеге
асырылады. Категориялар  өмірдің  нақтылы  шындығын,  әлеуметтік  құрылымның
дамуындағы   маңызды   жақтарды,   ондағы   қатынастар   мен   байланыстарды
бейнелейді. Олар осы қатынас, байланыстардың тұрақты, қайталанатын,  маңызды
түрлерін және құбылыстар мен процестердің өзара іс – қимылын көрсетеді.  Бұл
категориялар  бір  –  бірімен  тығыз  байланыста,  қатынаста  болады,   олар
ешуақытта бір – бірінен бөлек, оқшау тұрмайды.
Категориялардың    негізінде     әлеуметтанудың     заңдары     қалыптасады.
Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады.  Бұған  адам  қоғамына  тән
қасиеттердің бәрі кіреді.
Негізінде әлеуметтану екі үлкен  категорияға  басты  назар  аударады.  Ол  –
қоғам  және  тұлға.  Ал,  қоғам  туралы  әлеуметтану  мәселесі   қозғалғанда
төмендегі категориялар арқылы зерттеу жүргізеді. Ол –  «әлеуметтік  бірлік».
Бұл адамдардың арасындағы әр түрлі қарым – қатынастар. Осы қарым –  қатынас,
байланыстардың негізінде олардың күнделікті өмірі мен іс - әрекетінің мұң  –
мұқтажын, талап – тілектерінің бірлігі жатыр.
Әлеуметтік  бірлестіктер  қоғамды  қайта  құру,  өзгерту  субъектісі   болып
саналады және бұл  -  әлеуметтік  субъектінің  өзін  -  өзі  ұйымдастыруының
тұрақты  түрі.  Әлеуметтік  бірлестіктің   түрлеріне:   отбасы,   адамдардың
әлеуметтік  –  таптық,   топтық,   әлеуметтік   –   демографиялық,   ұлттық,
территориялық,  мемлекеттік  және   бүкіл   адамзаттық   қоғам   бірліктері,
қозғалыстары, т.б. жатады.
Әлеуметтануда  әлеуметтік  құбылыстар  мен  процестердің  бес  негізгі  заңы
тұжырымдалған:
   1. Әлеуметтік құбылыстардың  қатар  өмір  сүру  заңы.  Мысалы,  егер  «А»
      құбылысы болса, ол әруақытта «Б» құбылысын қажет етеді.
   2. Әлеуметтік құбылыстардың даму тенденцияларын анықтайтын  заң.  Мысалы,
      өндіргіш күштердің өзгеруі  өндірістік  қатынастардың  өзгеруін  талап
      етеді.
   3.  Әлеуметтік  құбылыстардың  арасындағы  алуан   түрлі   байланыстарды,
      қатынастарды анықтау заңы. Бұл заң іс – қимыл, атқаратын қызмет деп те
      аталады.  Ол  әлеуметтік  объектінің  әрбір   элементінің,   бөлігінің
      арасындағы байланыс, қатынасын бейнелейді.
   4. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы себепті байланыстарды  бейнелейтін
      заң. Мысалы, әлеуметтік бірліктің негізгі, қажетті шарты – ол қоғамдық
      және жеке мүддені сәйкестендіру, үйлестіру болып саналады.
   5. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы байланыстардың   болу  мүмкіндігін
      білдіретін ықтималдық заңы.
 Әлеуметтік   құбылыстар   мен   процестерді   және    олардың    арасындағы
байланыстарды,    қатынастарды біліп – тануда  әлеуметтану  жалпы  теориялық
ғылыми зерттеу әдістеріне  сүйенеді.     
 Әлеуметтанудың  басқа  қоғамдық  және  гуманитарлық  ғылымдардан  ең  басты
айырмашылығы –  оның  өзіне  ғана  тән  әлеуметтік  –  экономикалық,  саяси,
рухани, құбылыс, процестерді зерттейтін арнаулы әдістерінің болуында.
Әлеуметтанудың  арнаулы  әдістері:  сұрыптау,  бақылау,  сұрау,   құжаттарды
талдау, сараптау, модель (үлгілеу), тест, т.б.
Жоғарыда  көрсетілген  алуан  түрлі  әдістерді   кеңінен   қолдана   отырып,
әлеуметтану білімнің жаңа  қайнар  көздерін  ашып,  әрбір  адамның  қоғамдық
құбылыстар, процестер туралы танымын,  білімін  толықтырып  отырады.  Мұндай
танудың, білімнің өзгеше құрылымы, түрі және деңгейлері болады.
Әлеуметтанудың құрылымына, оның  таным,  білім  деңгейлеріне  анықтама  беру
үшін алдымен «құрылым» ,  «деңгей»  деген  ұғымдарға  анықтама  берген  жөн.
Құрылым  дегеніміз  –  біртұтас  әлеуметтік  құбылыстар   мен   процестердің
элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз.
Әлеуметтік білім – теория мен практиканың бірлігінде қалыптасады.
Теориялық  зерттеулер  әлеуметтік  болмысты,  µмірді  жалпы   және   арнаулы
бағыттардың  деңгейінде  түсіндіріп,  оның   дамуын   және   қандай   қызмет
атқаратынын анықтайды. Оның одан  әрі  даму  заңдарының  бағытын,  көрінісін
белгілеп  отырады.  Ал,  эмпирикалық   әлеуметтік   зерттеулер   –   нақтылы
құбылыстар  мен  процестер   туралы   жаңа   мағлұмат,   хабарларды   алумен
байланысты.Ал,  бұл   мағлұмат,   хабарлар   статистикалық   талдау,   нақты
әлеуметтік  әдістерді  қолдану  арқылы   іске   асырылады.    Ал   теориялық
зерттеулер абстрактілі философиялық әдістері арқылы іске асырылады.
Әлеуметтік білімнің құрылымы  деп  қоғамның  әлеуметтік  жүйесінің  серпінді
дамуы, іс-әрекет, қызмет жүргізілуі туралы  әр  түрлі  жиналған  фактілерді,
ақпараттарды, хабар – мәліметтерді  ғылыми  дұрыс  түсіндіруді  және  ғылыми
ұғымдардың   жиынтығының   реттелуінің,   тәртіпке   келтірілуін    айтамыз.
Әлеуметтік білімнің негізгі құрылымы, тұжырымы, қағида, бағыттары мыналар:
1. Қоғам біртұтас әлеуметтік жүйе. Бұл тұжырым өзінің  зерттеу  объектісінде
қоғамдық қатынастар жүйесін, олардың мазмұның зерттейді.
2. Қоғамның жеке салаларының дамуын, атқаратын қызметі туралы  түсініктердің
байланысын – экономикалық, саяси, рухани, т. б.  салаларын,  әр  бір  салада
жеке тұлғаның немесе әлеуметтік топтардың  қызметінің  әлеуметтік  қалыптасу
мүмкіндігін зерттейді.
3. Қоғамның әлеуметтік  құрылымы  немесе  жалпы  әлеуметтік  құрылым  туралы
білімді қалыптастыру үшін  әлеуметтік  топтардың  экономикалық,  әлеуметтік,
саяси,  рухани  қатынастар  жүйесінде  алатын  орны  мен  байланысы   туралы
білімдер болу керек.
4. Саяси әлеуметтануға кіретін алуан түрлі ғылыми түсініктер,  ой  пікірлер,
теориялар. Бұған жататын зерттеу объектілері:
а)   әлеуметтік топтардың саяси қатынастар жүйесіндегі алатын орны;
ә)  қоғам  субъектілерінің  әлеуметтік  –  саяси  құқық  және   бостандықты,
тәуелсіздікті алудың жолдары мен тәсілдері туралы;
б)   қоғамның саяси жүйесінің құрылымы, қызметі және функциясы туралы;
5.  Әлеуметтік  институттардың  қызметтері  туралы  ғылыми  түсініктер   мен
қорытындылар;
6. Жеке салаларының және кішігірім жүйесінің қызметтері туралы  теория.  Оны
мынандай объектілерді зерттеу арқылы түсінуге  болады:  өндірістік  ұжымдар,
ресми емес топтар мен ұйымдар, адамдар  арасындағы  кішігірім  топтар,  жеке
тұлғалар, т.б. кіреді.
Әлеуметтік білімнің деңгейлері қоғамдағы құбылыстар  мен  процестерді  терең
талдап, кең  қорытынды  жасау  арқылы  анықталады.  Жоғарыда  көрсетілгендей
әлеуметтік білімнің үш негізгі деңгейі бар:
а) жалпы әлеуметтану теориясы;
ә) эмпирикалық әлеуметтану;
б) орта деңгей теориялары.
Осыларға  сәйкес  әлеуметтік   зерттеулерді   теориялық   және   эмперикалық
зерттеулер деп екіге бөледі.
Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын  атқарады.
Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын,  ол  әруақытта  жаңа  білімнің,
көкжиегін кеңейтіп, оның деңгейі  мен  дәрежесін  өсіріп  отырады,  қоғамның
әлеуметтік даму заңдылықтарын, болашағын ашып береді. Әрине, бағытта  іргелі
және  қолданбалы  эмпириканың  зерттеу  теориялары,   тұжырымдамалары   оған
барынша қызмет етеді.
Әлеуметтанудың атқаратын қызметінің бір  ерекшелігі  мұнда  тұжырым  мен  іс
әруақытта   бірлікте   болады.   Осыдан   барып   әлеуметтік   теория    мен
тұжырымдамалар  көбіне   тәжірибелік  мәселелерді  шешуге  бағытталады.  Бұл
тұрғыдан  қарағанда  әлеуметтанудың  тәжірибелік  қызметі  алдыңғы   қатарға
шығып,  атқарылатын  қызметтің  басқа  жаңа  түрлері  белгіленеді.   Нақтылы
әлеуметтік  құбылыстар  мен   үрдістердің   үстінен   әлеуметтік   бақылауды
күшейтуде жаңа  ақпараттардың  маңызы  зор.  Ол  болмаса  әлеуметтік  қысым,
әлеуметтік  дағдарыс  және  катаклизмдер  көбейіп  кетуі  мүмкін.   Көптеген
елдерде атқарушы мекемелер мен билік өкілдері, саяси  партиялар  және  алуна
түрлі бірліктер  өздерінің  мақсатты  саясаттарын  жүргізуде  әлеуметтанудың
барлық   мүмкіншіліктерін   пайдаланып   отырады.   Бұл   тұрғыдан   алғанда
әлеуметтану әлеуметтік бақылау функциясын атқарады. 
Әлеуметтанудың  тәжірибелік  бағыты  –  оның   әлеуметтік   құбылыстар   мен
процестердің  болашақ  дамуының   бағытын   анықтауында.   Бұл   жерде   біз
әлеуметтанудың  болжайтын  қызметін   байқаймыз.   Еліміздің   жаңа,нарықтық
қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері құбылыстар мен  апаттардың
болашаққа болжам жасап отыру арқылы ғана алдын алуға болады. Мысалы,  
Әлеуметтану қоғамның қай саласында болмасын әлеуметтік даму  жоспарын  жасау
қызметін  атқарады.  Ал,  аймақтық,  аудандық,   тіпті   еңбек   ұжымдарының
әлеуметтік жоспарларын жасағанда, ол нақтылы әлеуметтік  зерттеуден  алынған
жаңа деректерді, фактілерді, кеңес – ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.
Әлеуметтану қоғамда идеологиялық функцияны  да  атқарады.  Нақты  әлеуметтік
зерттеуден алынған нәтижелер қоғамдағы  белгілі  бір  жік  немесе  топтардың
талап – тілегіне,  мұң  –  мұқтажын  шешуге,  сөйтіп,  олардың  белгілі  бір
әлеуметтік  мақсатқа  жеткізу,  сендіру  үшін   пайдаланылады.   Әлеуметтану
адамдардың  арасындағы  қарым  –  қатынастарды,   байланыстарды   одан   әрі
жетілдіріп,  олардың  сана  –  сезімдерін,  мінез  –  құлықтарын,   тәртібін
жақсартады.  Сөйтіп  ол   қоғамдық   қатынастарды   жетілдіріп,   гуманистік
функцияны да атқарады.
Әлеуметтануды басқа ғылымдармен байланыстыратын негізгі  нәрсе  –  ол  қоғам
туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып  тұжырымдайды.
Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық  және  гуманитарлық
ғылымдар сүйенеді.
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысының екінші түрі, ол  адам  туралы,
оның іс - әрекетін, қызметін оқып үйренудің,  оны  жан  –  жақты  талдаудың,
өлшеудің әдістері мен техникасын  тұжырымдап  қалыптастырды.  Бұлар  нақтылы
қоғамдық және гуманистік ғылымдарда кеңінен қолданылады.
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен  байланысының  үшінші  негізгі  түрі  –  ол
нақтылы  ғылымдармен  тығыз  жақындасып,  байланысу  арқылы,  ғылыми  арнайы
тұжырымдық  база   қалыптастырады.   Мысалы,   экономика   ғылымымен   тығыз
байланыста болып,  экономикалық  құбылыс  пен  процестерге  бірігіп  зерттеу
жүргізудің нәтижесінде әлеуметтік  экономиканың  арнаулы  теориясы  жасалды.
Құқық  ғылымымен  бірігіп  зерттеу   жүргізудің   нәтижесінде   –   құқықтық
әлеуметтану;   саяси   теориямен   біріге   отырып,    саяси    әлеуметтану;
педагогикамен   біріге    отырып,    педагогикалық    әлеуметтану,    тәрбие
әлеуметтануы; әдебиет, тіл, көркем өнер ғылымдарымен біріге отырып,  әдебиет
әлеуметтануы,    тіл    әлеуметтануы,    көркемөнер    әлеуметтануы,    т.б.
әлеуметтанудың арнаулы теориялары пайда болды.
Бұл ғылымдардың арнаулы теориялары, басқаша айтқанда,  әлеуметтік  теориялар
немесе  орта   деңгейдегі   теориялар   деп   аталады.   Басқа   ғылымдардың
әлеуметтанумен тығыз байланысын олардың әрқайсысының  әлеуметтанудың  ғылыми
категорияларын,   қағидаларын,   заңдарын,   нақтылы    әдістерін    кеңінен
пайдалануынан байқаймыз.
Екінші  жағынан,  әлеуметтану   өзінің   ой   –   пікірлерін,   теорияларын,
тұжырымдамаларын, т.б. толық дәлелдеу және  одан  әрі  дамыту  үшін  нақтылы
ғылымдардың фактілеріне, деректеріне, тұжырымдарына, т.б.  сүйенеді,  осылар
арқылы ол жаңа қортындылар жасап, орын алып отырған  қайшылықтарды  жұмсарту
немесе жою жолдарын, жалпы қоғамның даму  тенденцияларын  анықтайды.  Сөйтіп
қоғамды басқарудың тиімділігін арттырады.                         
Бақылау сұрақтары
Әлеуметтану ұғымына анықтама беріңіз?
Әлеуметтану ұғымын ғылымға кім енгізді?
Әлеуметтану пәні қалай жүзеге асырылуы?
Құрылым дегеніміз не?
Әлеуметтік білім қалай қалыптасады?
Әлеуметтік білімнің негізгі құрылымы, бағыттары қандай?
Саяси әлеуметтануға кіретін негізгі түсініктер.
Әлеуметтік білімнің негізгі деңгейлері.
Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері қандай?
Әлеуметтануды басқа ғылымдармен байланыстыратын негізгі нәрсе не?

 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1.Ж.Сәрсенова., Т. Танирбергенова. Әлеуметтану. А. 2000
2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.
3.Р.Абсаттаров, Дакенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004
4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004
5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005
6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005
7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003
8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007
9.Қ.Ж.Рахметов.,  А.Н.Болатова.,  З.Н.Исмагамбетова.,  Социология.   Алматы,
2005

Қосымша әдебиеттер тізімі.
1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002
2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007
3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.
4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.
5.Фролов С. С. Основы социологии: Учебное пособие. – м.: Юрист. –1997.
 6.Штампка П. Социология социальных отношений / Пер. с англ., под ред. В. А.
 Ядова. – м.: 1996.


      Дәріс №2  Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
 Мақсаты:   Студенттерді   әлеуметтану   тарихының    негізгі   бағыттарымен
таныстыру.  Әлеуметтану  ғылымының  пайда  болуы  мен  қалыптасуының   басты
себептерін  түсіндіру.  Студенттерді  әлеуметтанудың  қалыптасуының  негізгі
кезеңдерімен  таныстыру,  әлемдік  әлеуметтанудың  институционализациялануын
түсіндіру.
Дәріс жоспары:
   1. Әлеуметтанудың қалыптасуының негізгі кезеңдері.
   2. О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы.
   3. Г.Спенсер және эволюцияның натуралистік концепциясы.
   4. Э.Дюркгеймнің әлеуметтануы.
   5.   М.Вебердің әлеуметтануы. 
   6. Т. Парсонстың әлеуметтануы .
   7. П. Сорокиннің әлеуметтануы.
Дәріс тезистері:
Әлеуметтану қалай пайда болды, оның алғы шарттары,  шығу  себептері  қандай,
оның ғылым болып қалыптасуына қандай қозғаушы күштер түрткі болды?
Бұл сұрақтарға бірден жауап беру оңай емес. Өйткені әлеуметтанудың  шығуының
түп – тамыры көне заманға ұласады.  Қоғам,  қоғамдық  өмірдің  болғанын  біз
антикалық философиядан, біздің жыл  санауымыздан  бұрынғы  IY  ғасырда  өмір
сүрген  гректің  ұлы  ойшылдары  Платонның,  «Заңдар»,   «Мемлекет   туралы»
еңбектері мен Аристотельдің  «Саясат», т.б. еңбектерінен кездестіреміз.  Бұл
мәселелер жаңа дәуірде Макиавелли, Руссо, Гоббс, т.б. еңбектерінде де  өткір
тұжырымдалған.
Қоғамды ғылыми негізінде зерттеу қажеттілігі - әлеуметтану  ғылымының  пайда
болуының және қалыптасуының басты себебі болып.
Өзінің даму кезеңінде әлеуметтану төрт негізгі кезеңнен өтті.
1-кезең. Әлеуметтану XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 20 –  30  –
жылдарының басында  қоғамдық  құбылыстарды  баяндау  сипатында  болады.  Бұл
кезеңде  әлеуметтану  философиядан  бөлініп  шығады,   қоғамды   зерттеудің,
түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады.
Әлеуметтану дамуының алғашқы  кезеңінің  өзінде  –  ақ  осы  ғылымның  пайда
болуын, дамуын түсіндірмекші болған  бірнеше  мектептер,  бағыттар,  ілімдер
қалыптасты. Бұл кезеңде әлеуметтанудың қолданбалы саласы қалыптаса бастады.
2- кезең. Қолданбалы әлеуметтану XX ғасырдың  30-60  жылдарын  қамитды.  Бұл
кезеңде  әлеуметтанудың   әдістемелік   және   әдістік   аппартын   дайындау
басталды.,   әлеуметтану   эксперементальды     (практикалық    )    ғылымға
айналды.Оның әртүрлі ақпарат құралдары қалыптасып,  математикалық  аппаратты
кенінен қолдана бастады.
3- кезең.  ХХ ғасырдың 60-90  жылдарын  қамтиды.  Бұл  кезенде  әлекуметтану
өткен кездегі әлеуметтанудың теорияларын алуан түрлі ой-тұжырымдарын  өмірде
қолдана  бастады.   Қазіргі   кезде   Батыс   елдерінде   парламентті   және
президенттің  сайлаулардың   қарсанында   нақтылы   әлеументтік   зерттеулер
жүргізіліп, саяси серіктестіктердің сайлауын қамтамасыз етіп отырады.
4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге  айналды.
Бұл кезеңде  әлеуметтану  ғылымында  алуан  түрлі  тұжырымдамалар,  көптеген
теориялар пайда болды.
Әлеуметтану тарихына үңілсек, бұдан мыңдаған  жылдар  бұрын  грек  ойшылдары
Сократ,  Платон,  Аристотель,  т.б.   әлеуметтануға   қатысты   мәселелермен
айналысқанынбайқаймыз.
Әлеуметтану XIX ғасырдың  30  -40  жылдары  өз  алдына  дербес  ғылым  болып
қалыптасты. Жоғарыда көрсетілгендей, оның негізін салушы француз  оқымыстысы
Огюст Конт (1798 –  1857  ж.ж.)  болды.  Оның  әлеуметтану  тұжырымдамасының
негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.
Жалпы, О. Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл  –  сана,  жалпы
идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О. Конт  жалпы  қоғамның
дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл – ойының,  санасының  бір  ізділікпен
дәйекті  дамуының  үш   кезеңі,   яғни   теологиялық,   метафизикалық   және
позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.
    Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да  бір  құбылыс,  процесс,
зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға  табиғат  пен
өмірге байланысы жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданады.
     Екінші,  яғни  метафизикалық  сатыда  адам  табиғаттан,   өмірден   тыс
абстрактілі  ұғымдардан  бас  тартты,  ендігі  жерде  құбылыстарды,  процесс
олардың мәні мен себебін  философиялық  абстракциялық  ұғымдардың  негізінде
түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай  да  бір  затты,
құбылысты, процесті алмайық, оларды сын  тұрғысынан  өткізіп  қарауды  қажет
етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның  интеллектуалды  дамуының  ғылыми  түрін,
яғни позитивизмді дайындады.
   Ал,  үшінші,  яғни  позитивистік  кезеңде  адам  құбылыс,   процестердің,
заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен  бас  тартады.
Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы  тұрақты  байланыс  пен
қатынастарды белгілеп отырады.
   О. Конттың пікірінше, ғылым  позитивтік  сипатта  болуы  керек,  ол  үшін
нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет. Нақтылы  фактілер  –  бұл  әлеуметтік
құбылыстар мен процестер.
Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі  ретпен  болады,  бірақ,
ол бір уақытта болмайды. Бұл арада басшылыққа алатын бір  қағида  –  ғылымға
қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән.  Объект  қарапайым
болған сайын одан алынатын позитивтік  (яғни,  оң,  жағымды  –  А.И.)  білім
жеңілірек,  тезірек  болады.  Осыған  орай   позитивтік   әдіс   алғаш   рет
математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарында қолданған.  Ал,
әлеуметтану жағымды, оң білімнің ең жоғарғы шыңы, өйткені  ол  құбылыстарды,
процестерді зерттегенде «позитивтік»  әдістерге  сүйенеді.  Позитивтік  әдіс
теориялық  әлеуметтік  талдауларда  бақылау,  салыстыру,  эксперимент,  т.б.
арқылы алынған эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді.
О.  Конттың  ой  –   пікірлерін,   идеясын   одан   әрі   дамытқан   ағылшын
әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820 – 1903 ж.ж.) болды.  Оның  көзқарасына
қысқаша тоқталсақ, Г. Спенсердің әлеуметтану теориясы негізгі екі  мәселеден
тұрады. Бұл екі ой – пікір, идея Ч. Дарвиннің  биологиялық  түрлердің  пайда
болу теориясының негізінде пайда болған.
    1) Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;
    2) Әлеуметтік эволюция идеясы.
    Адам қоғамы тірі организмге ұқсас,  сондықтан  оған  биологиялық  заңдар
тән.  Ч.   Дарвиннің   биологиялық   заңына   сәйкес   табиғаттағы   жыртқыш
жануарлардың тіршілік үшін күрес заңына қоғамдағы  таптардың  күресі  ұқсас.
Г.  Спенсер  тірі   организмдердің   жүйке   жүйесін   мемлекеттік   басқару
мекемелерінің  қызметімен  теңестіреді.  Г.  Спенсер  қоғам   мен   организм
арасында кейбір ерекшіліктер туралы ой – пікір  қозғады.  Мысалы,  қоғамдағы
адам (индивид) қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады,  ал  организмнің  бөліктері
мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған  тәуелді.  Қоғамда,  керсінше,
тұтастық өзінің бөліктерінің, игілігі үшін өмір сүреді.  Г.  Спенсердің  бұл
ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты.
   Г. Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі  қоғамды  іштей  үш  жүйелес
салаға бөлуге әкеледі. Олар: 1)  қолдаушы,  2)  материалдық  игілікті  өндеу
көзіне (экономикаға), 3) қоғамның  жеке  бөліктерінің  арасындағы  байланыс,
қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп  тұрушы  және  жеке
бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу (мемлекеттік өкімет) болады.
    Г.  Спенсер  қоғамның  әлеуметтік  құрылымын  талдай  келе,   әлеуметтік
институттардың 6 тұрпатын атап  көрсеткен.  Оларға  туыстық,  білім,  саяси,
шіркеу,  кәсіби  және  өндірістік  тұрпаттар  жатады.  Өзінің   еңбектерінде
(социология как предмет изучения. СПБ, 1986;  Основные  начала,  СПБ,  1897,
Основание социологии, СПБ,  1906г.)  әлеуметтік  институттардың  эволюциясын
зерттеген.
   Г. Спенсер әлеуметтанушылардың ішінен бірінші  болып,  осы  ғылымға  жаңа
ұғым,  терминдерді  қосты.  Олар:  әлеуметтік  жүйе,  әлеуметтік   институт,
әлеуметтік бақылау, құрылым және функция,  т.б.  Бірақ,  ол  бұларды  өзінше
түсінді.
   Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі  өкілінің  бірі,  әрі
өте беделдісі – Эмиль Дюркгейм (1858 –  1917  ж.  ж.).  Қазіргі  әлеуметтану
көбіне Э. Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді. Өзінің  әлеуметтануында
ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне  көп  көңіл  аударады.  Ал,  бұл
методология «социологизм»  деп  аталады.  Социологизмнің  мәні  мен  мазмұны
әлеуметтілікте. Тек әлеуметтілік арқылы зерттеу,  басқаша  айтқанда,  қандай
да бір әлеуметтік  құбылысты,  процесті  алмайық,  олардың  бәрі  әлеуметтік
ортамен байланысты өмір сүреді. Қоғам  –  ерекше  құбылыс,  оны  табиғатпен,
психикамен шатастырып, алмастыруға  болмайды.  Әлеуметтанудың  методологиясы
(яғни,  әдістемелері)   жаратылыстану   ғылымдарына   ұқсас   болуы   қажет,
әлеуметтану өз алдына ғылымға айналу үшін оған белгілі бір жағдайлар  қажет,
осылардың ішінде оның тек қана өзі  зерттейтін,  өзіне  ғана  тән  пәні  мен
таным  әдістемелері  болуы  керек.  Э.  Дюркгеймнің  пікірінше,  әлеуметтану
әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың  сапаларын
терең зерттеуі керек.
  Ежелгі қоғамдар өміріне үңіле  отырып  және  этнографиялық  материалдардың
негізінде Э. Дюркгейм діннің  ерекше  әлеуметтік  тұжырымын  да  жасады.  Ол
дінді қоғамның өзі, қоғам барлық киеліктің, қасиеттіліктің шығатын көзі  деп
есептеді. Осыған орай әлеуметтік бірлікте дін  шешуші  рөл  атқарады.  Қоғам
дінсіз өмір  сүре  алмайды.  Дін  қоғамдағы  ең  құнды,  бағалы  қасиеттерді
бейнелейді.
   Макс Вебер (1864 – 1920 ж.ж.) –  батыстың  ірі  әлеуметтанушысы.  Қазіргі
әлеуметтану ғылымы  М.  Вебердің  ой  –  тұжырымдарымен  көп  санасады.   М.
Вебердің әлеуметтану теориясы позитивистік  теорияға  қарсы  шығу  кезеңінде
пайда  болды.  Позитивизмге   қарсы   шығу   дәуірінде   ол   әлеуметтанудың
өзгешелігін жақтай отырып, адам  іс  -  әрекетін,  қимылын  «түсіну,  ұғыну»
теориясын қалыптастырады.
    М.  Вебердің  пікірінше,  әлеуметтану  қоғамның  әлеуметтік   –   тарихи
құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның санасына,  ойлануына  байланысты)
жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс - әрекетінде,  қызметінде  оның  мұң  –
мұқтажын, талап – тілегін, қажеттілігін, мақсатын, т.б. әр  уақытта  ескеріп
отыру керек. Осыған қосымша, әлеуметтану оны объективтілік  пен  эмпирикалық
жағынан бақылап, тексеру жақтарын жоққа шығармауы керек. Оның басты  міндеті
– адамдардың іс - әрекетінің, қимылының  мәнін,  мағынасын,  мазмұнын  терең
түсіну, ұғыну болып  табылады.  Осыларды  еске  ала  отырып,  қоғамның  даму
заңдарының себебін ашуға болады.
   М. Вебер өзінің әлеуметтану зерттеулерінде түсіну, ұғыну  әдістеріне  көп
көңіл  аударуына  байланысты,  оның  әлеуметтану  теориясы  «түсіну,   ұғыну
теориясы» деп аталады.
    Осыған орай ол нақтылы  өмірге  сәйкес  методолгиялық,  логикалық  жалпы
ұғымдарды  қалыптастырады.  Бұл  оның  «идеалды  типтері»   әдісінде   жақсы
көрінеді. М.  Вебердің  пікірінше,  идеалды  тип  (яғни,  адалдықтың  үлгісі
шығармашылық  қиял,  елес  жемісі).  Ол  зерттелетің  маңызды   құбылыстарды
адамның ой – пікірі мен идеализациясы (яғни, асыра  дәріптеушілік,  шындыққа
теориялық бейнелеу – А. И.) негізінде жасалады.
    Идеалды тип дегеніміз, ол объективтік  эмпирикалық  (яғни,  тәжірибелік)
шындықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлануының,  ой  –  пікірінің
жемісінің теориялық құрылымы (яғни, идеясы).  Идеалды  тип  зерттеушілірінің
нақты  материалды  жүйелеп  реттеудің  бейне  –  кестесі.  Идеалды   типтік 
құрылымдар  –  бұл  қажетті  құбылыстар  мен  процестердің   жалпы   түйінді
ұғымдары. Мысалы, «капитализм», «экономикалық адам»,  «дін»,  «христиандық»,
т.б.
   М. Вебер әлеуметтік стратификация (жіктелу)  теориясының  негізін  салды.
Веберлік   әлеуметтік   стратификацияның   өлшемі   бойынша   жалғыз    ғана
экономикалық факторлар, яғни меншік формасына ғана емес, сонымен бірге  оған
саяси (өкімет) және  статус,  престиж  (қадір,  бедел,  мәртебе),  өлшемдері
қолданылады. Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация (жіктелу)  теориясы  көп
өлшемді болуы мүмкін деп тұжырымдайды.

Бақылау сұрақтары
Әлеуметтану пайда болуының алғашқы кезеңі?
Әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең?
О. Конттың әлеуметтануы?
Ф Спенсердің әлеуметтануы?
Э. Дюркгейімнің әлеуметтануы?
М. Вебердің әлеуметтануы?
П. Сорокиннің әлеуметтануының негізі?
Әлеуметтік іс - әрекет теориясының ең негізгі ұғымы
 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1.Ж.Сәрсенова., Т. Танирбергенова. Әлеуметтану. А. 2000
2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.
3.Р.Абсаттаров, Дакенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004
4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004
5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005
6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005
7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003
8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007
9.Қ.Ж.Рахметов.,  А.Н.Болатова.,  З.Н.Исмагамбетова.,  Социология.   Алматы,
2005

Қосымша әдебиеттер тізімі.
1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002
2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007
3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.
4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.
5.Фролов С. С. Основы социологии: Учебное пособие. – м.: Юрист. –1997.
 6.Штампка П. Социология социальных отношений / Пер. с англ., под ред. В. А.
 Ядова. – м.: 1996.


      Дәріс №3 ХХ ғасыр әлеуметтануы
      Мақсаты: Студенттерді әр елдердегі әлеуметтік ойлар мен ғылым ретінде
   1. АҚШ әлеуметтік ой-пікірлердің қалыптасуы

   2. XІX ғасырдаң екінші  жартысы  мен  ХХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы
      Қазақстанда әлеуметтік ой-пікірлердің дамуы.

    Әлеуметтанудың  ХХ   ғасырдағы  негізгі  тенденциялары  –   эмпирикалық
әлеуметтанудың дамуынан басталады.
    Эмпирикалық әлеуметтану  деп,  нақты  зерттеулер  жүргізуді,  осылардың
негізінде арнаулы әдістер қолдану (сұрау,  бақылау,  тәжірибе)  арқылы  жаңа
фактілерді жинап, талдауды , қорытындылауды айтады. Мұндай нақты  зерттеулер
20-30-жылдары АҚШ-та, сонан кейін басқа дамыған елдерде өте  қызу  жүргізіле
бастады.  Адольф-Кетле  (франко-белгиялық  статист),  Чарльз  Бут  (Англия),
Ульям Томас, Флорина Знанецкий (поляктар) осы салада еңбек етті.
    Бұл  мәселелерді  дұрыс  шешуде  американ   әлеуметтанушылары   Талкотт
Парсонс, Роберт Мертон, Питирим Сорокин, т.б. зор еңбек сіңірді.
    Талкотт Парсоностың (1902-1979ж.ж.) көп еңбектерінің  ішінде  біз  оның
екі  негізгі  еңбегін,  яғни  әлеуметтік   іс-әрекет,   қимыл   («социальное
действие») және құрылымды-функциональды  талдау  («структурно-функциональный
анализ») қарастырғанымыз орынды болады. Бұлардың қысқаша  мазмұны  мен  мәні
мынадай. Қандай да  бір  әлеуметтік  іс-әрекет,  қимылдың  болуында  қажетті
шарттар бар. Әрекет қимыл, біріншіден,  оны  жүргізетін  адамды,  екіншіден,
нақты жағдайды, үшінші мақсатпен белгілі бір заң  нормаларына  (ережелеріне)
сүйенген шартты жағдайларды қажет етеді.
    Т. Парсонстың пікірінше, әрбір әрекет, қимылдың өзін-өзі ұйымдастыратын
белгілі жүйесі, оның шартты белгілері (символдары) бар. Олар:  мысалы,  тіл,
құндылықтар, іс-әрекеттің, белгілі бір нормативтік ережеге сәйкес, яғни  іс-
әрекеттің,  қоғамда қабылдаған нормаларға, құндылыққа тәуелді болуы.
    Эмпирикалық және теориялық  әлеуметтануды  біріктіру  идеясын  бастаған
ірір әлеуметтанушы Роберт Мертон (1910ж.) болды. 1949 жылы оның  «Әлеуметтік
теория  және  әлеуметтік  құрылым»  атты  еңбегі  шықты.   Оның   пікірінше,
эмпирикалық  және  теориялық  әлеуметтанудың   бірігуінің   «алтын   дәуірі»
басталды. Бұл тұрғыдан алғанда,  Р.  Мертон  өзінің  ойлаған  ойын  шындыққа
айналдырғысы келді,  бірақ  бұл  дұрыс  болмады,  өйткені  эмпирикалық  және
теориялық әлеуметтанудың қатар дамуына ұзақ уақыт  керек  болды.  Р.  Мертон
осы мақсатқа жету үшін өзінің  функционалды  талдау  және  «ортаңғы  деңгей»
теорияларын жасады.
    Белгілі әлеуметтанушы  Питирим  Сорокин  (1889-1968жж.)  1922-ші  жылға
дейін Ресейде тұрып, кейін Батыс Еуропа елдеріне эмиграцмяға  кетуге  мәжбүр
болды.  АҚШ-та  қызмет  ете  жүріп,   эмпирикалық   әлеуметтанудың   зерттеу
тақырыптары үлкен әлеуметтік мәселелерді қамти алмағанын байқап,  оны  өткір
сынға алды. Ол әлеуметтік стратификация, яғни қоғамда  топқа,  жікке  бөліну
және әлеуметтік мобильдік (қозғалу, ауысу) мәселелеріне эмпирикалық  зерттеу
жүргізе  отырып,  бұларды  әлеутеттік  ірі  мәселелермен,  мысалы,   қоғмның
әлеуметтік құрылымымен тығыз  байланыстырды.  Одан  әрі  ол  қоғамның  жалпы
өзгерісін,  қозғалысын  осы  алуан  түрлі  қоғамды   құратын   элементтердің
атқаратын   қызметімен   байланыстырып    түсіндіруге    тырысты.    Осындай
элементтердің бірі ретінде Сорокин  әлеуметтік  институттарды  алды.  Осыған
орай  ол  әлеуметтік  институттардың,  оның   негігі   түрлері:   мектептің,
бюрократияның,   әскердің,   мамандырылған   ұйымдардың,   шіркеудің,   т.б.
әлеуметтік мобтльдікке қандай әсерлері бар екенін зерттеді.
    4.XIX ғасырдың  екінші  жартысы  мен  XX  ғасырдың  бірінші  жартысында
Қазақстанда әлеуметтік ой-пікірлердің дамуы
    Бәрімізге мәлім, қазақ елі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX  ғасырдың
бірінші жартысында феодалдық  қоғамдық  қатынастар  дәуірінде  болды.  Қазақ
халқы,  бір  жағынан,  жергілікті  феодалдардың,   екінші   жағынан,   Ресей
Патшасының зор қанауының, езгісінде  болды.  Еңбекші  бұқараның  хал-жағдайы
өте нашар болды, өйткені олар әр уақытта алуан  түрлі  ауыр  салықтар  төлеп
отыруға мәжбүр болды. Қанаушылар  олардың  құңарлы-шұрайлы  жерлерін  тартып
алып, өздерін шөл және шөлейт  жерлерге  ығыстырды.  Ресей  патшасы  байырғы
ұлтты  одан  әрі  жаныштап,  езуді  күшейтті.  Ал,  жергілікті  үстем   тап,
қалыптасып келе жатқан  буржуазия,  дін  басылары,  патшалық  ресей  үкіметі
халықты революциялық күрестен аулақ ұстауға  тырысты,  қазақ  бұқара  халқын
орсытың  жұмысшы-шаруа  табынан,  алдынғы  қатарлы  интеллегенциясынан  алыс
ұстауға әрекет жасады, араға іріткі салды, ұлтаралық  дау-дамайды,  жанжалды
насихаттады. Осылардың  салдарынан  Қазақстанда  бұқара  халықтың   патшалық
ресей үкіметіне, жергілікті  хандарға,  байларға  қарсы  әлденеше  стихиялық
ереуіл-көтерілістері болды, бірақ олардың бәрі күшпен басылып отырды.
    Осындай  ауыр  жағдайлардың  нәтижесінде  және  орыс   демократиясының,
мәдениеті мен ғылымының  игілікті  әсерінің  негізінде  Қазақстанда  алдыңғы
қатарлы философиялық, әлеуметтік-саяси ой-пікірлер қалыптаса бастады.
    Қазақ халқы ұлттық мәдениетінің тарихына жаңа жол  ашушы  бір  топ  ұлы
ойшылар мен прогрессивті ағартушылар,  қоғамдық-саяси  қайраткерлері  шықты.
Олардың қатарында Шоқан Уәлиханов (1835-1865жж.), Ыбырай  Алтынсарин  (1841-
1889жж.), Абай Құнанбаев (1845-1904жж.) сияқты қоғамдық-саяси  қайраткерлер,
Әлихан Бөкейханов (18870-1937жзж.), Ахмет  Байтұрсынов  (1873-1937жж.)  т.б.
оқымыстылар болды.

Бақылау сұрақтары:
Р. Мертонның әлеуметтік теориялары?
Ш. Уалихановтың әдлеуметтік ой – пікірлері қандай?
А. Құнанбаевтың әлеуметтануы?
Ы. Алтынсариннің әлеуметтануы?
Т. Парсонстың әлеуметтануын қалай түсінесіздер?
А. Байтұрсыновтың әлеуметтануы?
Ә. Бөкейхановтың әлеуметтік ойлары?


Негізгі әдебиеттер:
1.Ж.Сәрсенова., Т. Танирбергенова. Әлеуметтану. А. 2000
2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.
3.Р.Абсаттаров, Дакенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004
4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004
5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005
6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005
7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003
8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007
9.Қ.Ж.Рахметов.,  А.Н.Болатова.,  З.Н.Исмагамбетова.,  Социология.   Алматы,
2005

Қосымша әдебиеттер тізімі.
1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002
2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007
3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.
4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.
5.Фролов С. С. Основы социологии: Учебное пособие. – м.: Юрист. –1997.
 6.Штампка П. Социология социальных отношений / Пер. с англ., под ред. В. А.
 Ядова. – м.: 1996.

         Дәріс №4 Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.
    
Мақсаты: студенттерге қоғам ұғымы, оны  зерттеудегі  жүйелі  әдістер  туралы
түсіндіру. Қоғам мен әлеуметтік жүйені теориялық зерттеудің  көпжақтылығымен
таныстыру.
Дәріс жоспары:
   1. Қоғам және оның мәні.
   2. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.
   3. Қоғамдардың жіктелуі.
Дәріс тезистері:
     «Қоғам»  деген  ұғым  әлеуметтану  ғылымының  басты  категориясы  болып
табылады.
    Ғылыми   әдебиеттерде   «қоғамның»   мәнін    түсіндіруге    бағытталған
анықтамалардың саны 150 – ден астам.  Әрине,  олардың  бәрі  бірдей  «қоғам»
деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық  аша  алмағанымен,  бұл  анықтамаларда
ортақ сипатты белгілері бар.
    Мәселен,  әлеуметтанудың  негізін  қалаушы  француз  ғалымы  Огюст  Конт
қоғамды белгілі бір  қызмет  атқаратын,  ынтымақтастық  пен  қоғамдық  еңбек
бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай  келе  қоғамның  негізін  отбасы,
таптар және мемлекет құрайды деген анықтама берді.
    Француз  әлеуметтанушысы  Эмиль  Дюркгейм  қоғамды  коллективтік  санаға
негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастапқылық сипаты бар  рухани
нақтылық   деп   түсіндіреді.   Яғни,   қоғамның   тұтастығының   негізі   –
коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.
     Көрнекті неміс ғалымы М.  Вебер:  «Қоғам  –  адамдардың  бір  –  біріне
ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» дейді.
      Американдық  әлеуметтанушы  Парсонстың  пікірінше,  қоғам  –   адамдар
арасындағы қарым –  қатынастардың  жүйесі,  ал,  ол  қарым  –  қатынастардың
негізі – ережелер (нормалар) мен құндылықтар болып табылады деген.
     Ал, К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің  нәтижесінде
пайда  болып,  тарихи  дамып   отыратын   қатынастардың   жиынтығы   ретінде
түсіндіреді. Қоғам - әлеуметтік  жүйе.  Ал,  әлеуметтік  жүйе  деп,  негізгі
элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым –  қатынастардан,
өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз.
     Әлеуметтік жүйедегі  элементтердің  (адамдардың)  орналасуында  белгілі
бір  тәртіп  болады.  Басқаша  айтқанда,   әлеуметтік   жүйе   элементтердің
координациясы мен субординациясынан тұрады.
       Координация  –  жүйенің  тұтастығын  қамтамасыз   ететін   элементтер
арасындағы белгілі бір келісім. Яғни, қоғам мүшелері  бір  –  бірімен  өзара
келісімде өмір сүрулері қажет.
        Субординация  –  тұтас  жүйедегі  элементтердің  тең  емес,  әркелкі
маңызынан туындайтын билеу және тәуелді  болу  қатынастары.  Бұл  –  қоғамда
иерархия бар деген сөз. Ал, қоғамның қалыптасып, дамуында  биліктің  маңызды
орын алатындығы баршамызға мәлім.
   Қоғамның құрылымы өте күрделі.  Әлеуметтік  құрылым  дегеніміз,  қоғамның
ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы  сан  алуан
байланыстар.
    Әлеуметтік құрылымның басты  элементтері:  а)  өзара  тығыз  байланыста,
қарым –  қатынаста  болатын  индивидтер  немесе  адамдар  жатады;  ә)  қоғам
мүшелерінің  бірігуі,  топтасуы  негізінде  пайда  болып,   дамып   отыратын
әлеуметтік қоғамдастықтар және  б)  сол  қоғамда  қалыптасқан,  белгілі  бір
функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.
     Әлеуметтік қоғамдастықтар деп, белгілі бір ортақ  белгілері  бар,  яғни
мүдделері, құндылық бағдарлары, атқаратын  қызмет,  іс  -  әрекеттері  ұқсас
адамдар тобын айтамыз.
     Қоғамда адамдар қоғамдасуының сан алуан  түрлері  бар.  Оларды  дәлірек
түсіну үшін төмендегі үш өлшем тұрғысынан жіктеуге болады.
      I. Тұрақтылық дәрежесіне қарай:
1)қысқа мерзімді байланысқа  негізделген,  тұрақтылығы  төмен  қоғамдасулар,
оларды квазитоптар деп те атайды.
Мәселен, бұл топқа  театрдағы  спектакль  көрермендерін,  поезд  вагонындағы
жолаушыларды, туристік топ немесе  митингке  қатысатын  адамдарды  жатқызуға
болады. Бұл топтағы  адамдар  арасындағы  байланыс  әлсіз  әрі  кездейсоқтық
сипаты басым болады.
2) тұрақтылығы  орташа  қоғамдастықтар  (еңбек  ұжымы,  құрылыс   бригадасы,
студенттер тобы, т.б.);
3) тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар).
  II.Көлеміне қарай:  1)  үлкен  әлеуметтік  топтар  немесе  қоғамдастықтар
(ұлттар, таптар, әлеуметтік жіктер, кәсіби бірлестіктер,  т.б.);  2)  орташа
әлеуметтік топтар (бір аймақтың тұрғындары); 3) кіші  қоғамдастықтар  немесе
топтар  (отбасы,  шағын  ұжымның  қызметкерлері,  оқу  топтары,  т.б.).  Бұл
топтағы адамдар арасындағы қарым – қатынастар мен байланыстар барынша  тығыз
және олардың мақсат – мүдделері де жақын болады.
  III. Мазмұнына қарай әлеуметтік қоғамдастықтар:
1)әлеуметтік – экономикалық (касталар, сословиелер, таптар);  2)  әлеуметтік
этникалық (ру,  тайпа,  ұлыстар,  ұлттар);  3)  әлеуметтік  –  демографиялық
(жастар, қарт адамдар, балалар,  ерлер,  әйелдер,  т.б.);  4)  әлеуметтік  –
кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер, т.б.); 5)  әлеуметтік
–  территориялық  (аймақтың,  облыстың,  аудан,  селоның   тұрғындары)   деп
жіктеледі.
   Жоғарыда  біз  әлеуметтік  құрылымның  басты   элементтеріне   әлеуметтік
институттар жатады дедік.
   Әлеуметтік  институттар  –  қоғам  мүшелерінің  бірлесіп  өмір  сүрулерін
ұйымдастыру  мен  реттеп  отырудың  тарихи  қалыптасқан  тұрақты  формалары.
Әлеуметтік институттардың көмегімен адамдар арасындағы  қарым  –  қатынастар
белгілі бір тәртіп пен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез  –  құлықтары
мен іс - әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде  тұтас  қоғам  өмірі
дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. 
Әлеуметтік институттар қоғамның, адамдардың қажеттіліктерінен  пайда  болды.
Мәселен, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігінен  полиция  (милиция)
институты пайда  болды.  Қоғамда  қызмет  ету  салаларына  қарай  әлеуметтік
институттардың 4 тобын атап көрсетуге болады.  Олардың  әрқайсысы  өздерінің
функцияларын атқарады:
1)  Экономикалық  институттар  экономиканың  тиімді  дамуын  қамтамасыз  ету
мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Мәселен, меншік қатынастары  жеке  тұлғалардың  материалдық  және  басқа  да
құндылықтарға ие болуына және олардың пайда  көзіне  айналдыруына  мүмкіндік
берсе, ақша – тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады.
   Еңбек ақы – жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы.
2) Саяси институттар қоғамды билеу және басқару  қызметтерін  жүзеге  асырып
отырады.
3) Рухани саланың институттары  ғылым  мен  білімнің  өнердің  дамуына  және
қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді;
4) Отбасы институты  -  әлеуметтік  жүйенің  негізгі  және  маңызды  саласы.
Отбасы  саналы  азаматтың  қалыптасуында  басты  рөл   атқарады.   Отбасының
берекелі де берік болуы тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
Адамзат қоғамының пайда болуы, дамуы  ұзақта  күрделі  процесс.  Ғалымдардың
пікірінше, алғашқы қоғамдар бұдан 40 – 50 мың  жылдар  бұрын  пайда  болған.
Алғашқы   қоғамдар   адамдардың   қандық   –   туыстық   белгілері   бойынша
бірігулерінің нәтижесінде пайда  болған  еді.  Бұл  –  құрылым  жағынан  бір
тектес, яғни адамдар арасында әлі жікке, тапқа бөліну бола  қоймаған  қоғам.
Қоғам мүшелері негізінен табиғаттың дайын өнімдерімен күн көретін.  Олар  аң
аулаумен, өсімдіктердің жемістерін терумен айналысатын.
Қоғамның бұл аталған даму сатысын «алғашқы  қауымдық  қарапайым  қоғам»  деп
атайды.
Келе – келе адамдардың шеберліктері артық,  еңбек  құралдары  жетіле  түсті.
Адамдар енді тек дайын өніммен күнелтпей, өздері өнім  өндіре  бастады.  Мал
шаруашылығымен егіншілікке көшу – қоғамдық еңбек бөлінісінің  пайда  болуына
ықпал  етті.  Адамдар  енді  көшпенділіктен  отырықшылыққа   көше   бастады.
Осылардың  нәтижесінде  қоғамда  басы  артық   өнім   пайда   болып,   қоғам
мүшелерінің арасында мүлік  теңсіздігінің  орнауына  әкелді.  Ал,  мұны  өзі
қоғамда бір – біріне қарама – қарсы таптардың  шығуына  басты  себеп  болды.
Осылайша қоғамның даму  барысы  мен  құрылымындағы  өзгерістерге  байланысты
қоғамды басқарудың  қажеттілігі,  яғни  мемлекетке  деген  қажеттілік  келіп
шықты.
Қоғам дамуының бұл сатысы  «таптық,  күрделі  қоғам»  деп  жіктеуге  болады.
Ғылыми әдебиет беттерінде қоғамды жіктеудің басқа  да  өлшемдері  кездеседі.
Мәседен, жазба өнерінің пайда болуымен байланысты: а) жазбаға  дейінгі  және
ә) жазбасы бар қоғам деп жіктеу кездеседі.
   Сонымен қатар кейбір авторлар қоғамдағы демократиялық қатынастардың  даму
дәрежесіне  қарай  ашық  және  жабық  қоғам;  діни  ұстанымдардың  түрлеріне
байланысты  исламдық,  православиелік,  католиктік,  т.б.  қоғамдар  деп  те
жіктейді.
Әлеуметтануы  ғылымы  қоғамдарды  жіктеуде  басты   назарды   әлеуметтік   –
экономикалық белгілерге аударды.
Біз бұл турасында маркстік, формациялық тұрғыдан жіктеудің  мәніне  көшейік.
Маркістік теория бойынша қоғамның даму сатыларын анықтауда  негізгі  өлшемге
өндіріс құрал – жабдықтарына меншіктің түрі мен қоғамның  талаптық  құрылымы
алынады. Осы тұрғыдан талдай келе марксизм  қоғам  дамуын  5  тарихи  сатыға
жіктейді. Олардың басқаша 5  қоғамдық  –  экономикалық  формациялар  деп  те
атайды. Олар мыналар:
           а) алғашқы қауымдық қоғам;
           б) құл иеленушілік қоғамдық – экономикалық формация;
           в) капиталистік қоғамдық – экономикалық формация;
           г) коммунистік қоғамдық – экономикалық формация.
        Бұлардың үшеуі, яғни құлдық, феодалдық және капиталистік қоғамдық  –
экономикалық формациялар  –  таптық  –  антагонистік,  қанауға  негізделген,
еңбек  адамына  жат  қоғамдар  ретінде  сипатталады.  Марксизм   коммунистік
қоғамға  ерекше  маңыз  береді.  Бұл  -  әділетті,  еркіндік  пен   теңдікке
негізделген, материалдық игіліктердің молшылығы қамтамасыз етілетін,  тапсыз
қоғам дейді.
       Алайда XX  ғасырдың басындағы әлемдік дамудың тәжірибесі  коммунистік
қоғам туралы маркстік ілімнің жарамсыздығын көрсетті.
       Кеңес Одағы мен социалистік лагерь  елдерінің  халықтары  (олар  әлем
халқының  3/1  бөлігі)  әкімшіл  -  әміршіл,  тоталитарлық  саяси  тәртіптің
үстемдік еткен қоғамында өмір сүрді. Бұл қоғамда әлеуметтік теңсіздік,  адам
құқығының  шектелуі  орын  алады.   Социалистік   экономиканың   тиімсіздігі
дәлелденіп.
        Алайда  капитализм   мен   нарықтық   экономика   жолындағы   барлық
қоғамдардың даму дәрежесі осындай деу қиын.
Ғалымдар капитализмді:
        -          бастапқы капитализм;
        -          бюрократиялық капитализм;
        -          олигархиялық капитализм;
        -          демократиялық капитализм
деп жіктеу қажет дейді. Әрине, егер түрлі елдердің даму дәрежелерін  әлемдік
ауқымда  салыстырсақ,  сөз  жоқ,  біз   түрлі   қоғамдардың   әлеуметтік   –
экономикалық дамуы жағынан әркелкі заңдылықты байқаймыз.
       Бұл ретте XX ғ. 50 – 60  –  жылдарында  американдық  әлеуметтанушылар
Дениел Белл, Уолт Ростоу және француз әлеуметтанушысы  Раймон  Арон  ұсынған
қоғам дамуының «үш сатысы туралы теорияның» мәні зор.
      Аталған авторлар адамзат қоғамының дамуын әлемдік шеңберде үш  кезеңге
бөледі. Яғни, қоғамдар даму дәрежесіне қарай үш түрлі типке жіктеледі:
   1)      индустриалдық сатыға дейінгі қоғамдар,  оларды  аграрлық  немесе
      дәстүрлі қоғам деп те атайды;
   2)      индустриалдық қоғамдар;
   3)      постиндустриалдық қоғамдар.
        Бұл аталған қоғам сатыларының  алғашқысы  ең  ұзаққа  созылған  саты
болды. Қоғам өмірінде дәстүр мен діннің ықпалы күшті болған.
         Дін иелері мен  феодалдар  қоғамдағы  мәртебесі  жоғары  әлеуметтік
топтарды құрайды.
         Индустриалдық саты, шамамен, бұдан 250  жылдар  бұрын  қалыптасқан.
Батыс елдерінде өнеркәсіп төңкерісінің нәтижесінде феодалдық «томаға  тұйық»
шаруашылық пен кішігірім шеберханалардың  орнына  заводтар  мен  фабрикалар,
қол еңбегінің орнына машиналар келді.  Қоғам  мүшелерінің  білім  деңгейлері
мен кәсіби шеберліктері де арта түсті, мұның өзі  оқу  орындарының  ашылуына
әкеледі. Сонымен қатар қоғамда  әлеуметтік  институттар  пайда  болып,  олар
өздерінің функцияларын атқара бастады.
         Қоғамның   дамуы   ғылыми   –   техникалық   прогресс   пен   еркін
кәсіпкерлікке, бәсекелестікке  сүйенеді.  Соның  нәтижесінде  «бизнесмендер»
деп аталатын қоғамдағы жаңа және жетекші әлеуметтік топ пайда болды.
        Постиндустриалдық қоғамның қалыптасуы XX  ғасырдың  соңғы  ширегінен
басталады.  Қоғам  дамуының  бұл  моделін  басқа  да  атауларымен   сипаттау
кездеседі. Мәселен, Збигнев  Бзежинскийдің  –  «технотрондық  қоғам»,  Элвин
Тоффлердің – «үшінші толқын», И.  Масуданың  –  «ақпараттық  қоғам»  тәрізді
т.б. атаулар кездеседі.
       Бұл қоғам сатысында экономиканың  негізгі  саласы  –  халыққа  қызмет
көрсету саласы болып есептеледі. Компьютерлер мен күрделі басқару  жүйелерін
енгізу  жұмыс  орнында  көптеген  процестерді   автоматтандыруға   мүмкіндік
береді.
        Қоғам халқының 60 – 80 % - ын ауқатты, жан – жақты жетілген,  жоғары
табысы бар орта тап  құрайды.  Бұл  –  саяси  жүйеде  дамыған  демократиялық
қатынастар, яғни  билік  органдарын  халықтың  өзі  сайлап,  өзі  бақылайтын
қатынастардың орын алуы, жеке  тұлғаның  бостандығы  мен  құқықтарына  толық
кепілдік берілетін қоғам.
        Әрине, әлем елдерінің тек  аз  бөлігі  ғана  постиндустриалдық  даму
сатысына қол жеткізді. Көптеген елдер бұндай  сатыға  қол  жеткізуді  мақсат
етіп, ұмтылыс жасауда.
        Қоғам бір орында тұрмайды, оған үнемі  ілгерілеп  даму,  бір  күйден
екінші бір күйге ауысып отыруы тән.  
   
Бақылау сұрақтары:
Қоғам дегеніміз не?
Қоғамға берілген анықтамалар қандай?
Әлеуметтік жүйе элементтерінің координациясы мен субординациясы дегеніміз?
Қоғамның әлеуметтік құрылымы?
Әлеуметтік институттар дегеніміз не?
Әлеуметтік қоғамдастықтардың негізгі түрлері?
Қоғамдардың жіктелуі?
Индустриялдық саты дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1.Ж.Сәрсенова., Т. Танирбергенова. Әлеуметтану. А. 2000
2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.
3.Р.Абсаттаров, Дакенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004
4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004
5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005
6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005
7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003
8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007
9.Қ.Ж.Рахметов.,  А.Н.Болатова.,  З.Н.Исмагамбетова.,  Социология.   Алматы,
2005

Қосымша әдебиеттер тізімі.
1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002
2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007
3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.
4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.
5.Фролов С. С. Основы социологии: Учебное пособие. – м.: Юрист. –1997.
 6.Штампка П. Социология социальных отношений / Пер. с англ., под ред. В. А.
 Ядова. – м.: 1996.

Дәріс № 5. Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер.
Мақсаты:
Әлеуметтік институттардың қоғамдағы ролін анықтау, олардың адамзат
қоғамындағы маңыздылығын студенттерге түсіндіру.
Негізгі мәселелері:
      1. Әлеуметтік институттардың қалыптасуы, дамуы
      2. Әлеуметтік институттың белгілері мен функциялары
      3. «Әлеуметтік процесс» ұғымы. Қазақстандағы  әлеуметтік  процестердің
ерекшеліктері

     Дәріс тезисі:
     Адам қоғамы бірте – бірте қалыптасып, үнемі даму  үстінде.  Қоғам  даму
барысында тұрақты өзгеріп және  бейімделу  қасиеттері  жетіліп  тұрады.  Кең
философиялық  мағынада  адамдардың  бірлесіп  әрекет  етіп  қалыптасқан  кез
келген тарихи жиынтығының нысанын қоғам деп атайды. Оның  құрылымдық  негізі
күрделене   берген   және   бірте–бірте   жекеліктердің   өмірі   әлеуметтік
институттар арқылы ұйымдастырыла бастайды.
     Кейбір ғалымдар қоғамды табиғаттан тыс тұрып өзіндік  заңдары  ғалымдар
қоғамды табиғаттан тыс тұрып өзіндік заңдары негізінде дамиды  деседі.  Оған
қарама  –  қарсы  көзқарасты  ұстанатындар  да  бар.  Олар  қоғамды  тікелей
табиғаттан, жануарлар әлемінен шығатынын дәлелдейді. Мысалы,  құмырсқалардың
ұйымдасуы  адам  қоғамы  сияқты  күрделі:  еңбек  бөлінісі  мен  мамандануы,
қатынас тілі тағы сол сияқты қалыптасқан.  Бірақ  бұл  сырт  көрінісі  ғана.
Жәндіктердің тұтас түрі  өзгеріп  тұрады,  олардың  оқып  үйренуге  қабілеті
шектеулі. Ал адамның мінез –  құлқы  80  пайызға  үйрету  арқылы  әлеуметтік
бейімделу барысында қалыптасқан.
     Тар мағынада қоғам деп адамдардың бірлесіп өмір сүру нысандарын айтады.
Ежелгі дүниеде қоғам деп ақсүйектер кауымын атаған. Ежелгі  Грекияда  ерікті
халықты қоғамның мүшесіне жатқызатын, ал құлдарды  қоспайтын.   18  ғасырдың
аяғында азаматтық қоғам түсінігі пайда болды. Мұнда саяси  өмірге  халық  өз
еркімен қатысады, өзін – өзі еркін басқарады, сана – сезімін  қалыптастырды.
Бұл экономикалық  және  саяси  еркін,  азаматтық  құқықтарын  қорғай  алатын
жоғары дамыған ерікті жекеліктер қауымы.
     Қоғам рулық қатынастар кезеңінен бастап, яғни 40 –  50  мың  жыл  бұрын
қалыптасты. Қоғам – елдің,  ұлттың , халықтың, ұлыс пен тайпаның  әлеуметтік
ұйымы.  Атомистік   теория  бойынша,  мысалы   Г.Зиммель,  қооғам  ол  жалпы
жекеліктердің  өзара  әрекеттерінің   нәтижесінде  өмірге   келетінін   атап
көрсеткен. Өзара әрекет белгілі құштарлықтардың немесе белгілі  мақсаттардың
негізінде қалыптасады. Әлеуметтік топтар теориясында  қоғам  әр  түрлі  адам
топтары қиылыстарының  жиынтығы ретінде түсіндірілген.
     Әлеуметтік институт әлеуметтануда іргелі түсініктердің бірі болып таныл-
ған.  Э.Дюргеймнің  пайымдауынша  “социологияны  институттар  туралы   ғылым
ретінде олардың  пайда болуы және қызметтенуі деп анықтауға болады”!.   Оның
ойынша қоғам  экстенсивті  еңбек  бөлінісіне  негізделгендіктен  оқшауланған
жеке адамның жігерлерінің жай жиыны, жеке мүдделерге негізделген  шарттардың
жинағы  жинағы  деп  түсіндіруге  келмейді.  Қазіргі  қоғам   бұрынғы  қоғам
нысандарының етене тән бірлігі емес.   Дюрркгейм  әлеуметтік  институттардың
шығуын қажеттікпен байланыстырады.   Ол  Спенсердің  әсерімен  құрылымдық  –
функционалдық әдістеме тұрғысынан қоғамды тұтастық   ретінде  алып  қарайды,
оның  әр әлеуметтік  институты бір белгілі функционалды рөл  атқаруы  арқылы
қоғамның  тыныс – тіршілігін қамтамасыз етуге өзінің пайдалы үлес  қосатынын
көрсетеді.
     Әлеуметтік институттың  алғашқы  толық  анықтамасын  берген  америкалық
социолог  –  Т.Веблен.  Ол  қоғамның  бірте  –   бірте   дамуын   әлеуметтік
институттардың табиғи сұрыпталуы ретінде талдайды.  Әлеуметтік   институттар
табиғаты жағынан  сыртқы  өзгерістер  жасайтын  ынталандыруларға  үйреншікті
амалдардың жауап қайтаруы болып табылады. Веблен және  оның   ізбасарлары  –
институционализм  мектебінің   өкілдері  әлеуметтік  институтты  ұрпақтан  –
ұрпаққа жеткізетін,  жағдайларға   тәуелді  өзгеріп  және  оларға  бейімделу
құрылымы болатын қоғамдық әдет  –  ғұрыптардың  жиынтығы,  белгілі  мінез  –
құлық әдеттерін, ой қалпы мен өмір  қалпын  іске  асыру  ретінде  анықтайды.
А.Рэдклифф  –  Браун  институт   деп   әлеуметтік   құрылым   –   әлеуметтік
қатынастардың  өзінің  тіршілік   жасауын   қолдауға   пайдаланатын   үлгіге
келтірілген мінез – құлық амалдарын ұғынады. Ч.Миллс әлеуметтік  институт  –
әлеуметтік  рөлдердің  белгілі  жиынтықтар  нысаны   деп   түсіндіреді.   Ол
институттардың орындайтын мақсаттары  бойынша  бес   негізгі  түрін  атайды:
діни,  әскери,  шаруашылық,  отбасылық.   Бұлар  институционалдық   тәртіпті
орнатады. Неміс  социологы  А.  Гелен  институтты  реттеуші  мекеме  ретінде
адамдардың  әрекеттерін   белгілі   арнаға   бағыттаушы   деп   түсіндіреді.
Л.Бовьенің пікірінше, әлеуметтік  институт  –  нақты  әлеуметтік  талаптарды
немесе  міндеттерді   қанағаттандыруға   бағытталған   мәдени   бөлшектердің
жүйесі. Ол өзара әрекет етуші жекеліктерден тұрады.  Әлеуметтік  институттар
жұмыстарды орындаудың мәдени заңдастырылған амалы  болып  табылады.  Жекелік
институтқа әлеуметтік  әрекеттердің  оқшауланған  кешенін,  мысалы,  юристік
заңды, әлеуметтік тапты,  некені,  ұйымдық  жағынан  қалыптастырылған  дінді
жатқызады. Дж.Бернард пен Л.Томпсон  әлеуметтік  институтты  мінез  –  құлық
мөлшерлері мен үлгілерінің  жиынтығы  ретінде  ұғындырады.  Олар  әлеуметтік
институттың мына бөлшектерін көрсетті:
           1)  Институттың  анық   қызметтеріне   жататын   міндеттері   мен
              мақсаттары;
           2) Мінез – құлықтың үлгілері мен ережелері;
           3) Рәміздік нышандары;
           4) Тәжірибелік белгілері;
           5) Ауызша және жазбаша дәстүрлері.
      Сонымен жануарлар әлемінде  қоршаған  ортаға  түйсік,  сақтану  сезімі
арқылы бейімделіп тіршілік етсе, адамдардың табиғи  түйсіктері  миллиондаған
жылдар  бойы  даму  барысында  әлсірей   берген.   Адам   жоғалтқан   табиғи
түйсіктерінің  орнына  мыңдаған  жылдар   бойы    кез    келген   талаптарын
қанағаттандыратын  әлеуметтік институттарын  пайдаланған.  Бірақ  әлеуметтік
институттар жеке  адамдардың  емес,  оның  қауымдарының  өмірлік  талаптарын
қанағаттандыруға арналады.
      Адамдар күнделікті өмірде бала кезеңінен бастап әр түрлі мекемелер мен
ұйымдарға  қарым  –  қатынас  жасайды.  Отбасында,  кейін  бала  –  бақшада,
мектепте тәлім  –  тәрбие  алады.  Адамдар  емделеді,  спортпен  шұғылданады
немесе басқа өнерді үйрететін үйірмелерге  барады.  Әр  түрлі  салада  еңбек
етеді. Осылардың бәрі әлеуметтік институттармен байланысты
         Әлеуметтік институт ол  адам  қызмет  ететін  белгілі  салада  өмір
сүретін әлеуметтік  байланыстар  жүйесі  және  мөлшерлердің  жиынтығы  болып
табылады. Мысалы,  әлеуметтік  топ  ол  өзара  әрекет  ететін  жекеліктердің
жиынтығы. Әлеуметтік  институттар  әлеуметтік  топтармен  тығыз  байланысты,
өйткені институт мінез – құлықтың өзара байланыстары  мен  жүйелер  жиынтығы
ретінде түбінде адамдардың қажеттіліктермен анықталады.
              Әлеуметтік институттың пайда болуы  мен  оның  міндеті  қызмет
атқаруының негізгі шарттарының бірі – ол әлеуметтік  мұқтаждық.  Институттар
адамдардың  әлеуметтік  талаптарын   қанағаттандыру   мақсатында,    олардың
бірлескен  әрекетін  ұйымдастыру  болып  табылады.  Егер  осындай   талаптар
мардымсыз болып,  жойылып  кетсе,  онда  институттың   өмір  сүруі  қоғамдық
өмірдің  дамуын  тежейді.  Сондықтан  қажеті  жоқ  әлеуметтік    институттың
міндетті қызмет атқаруы бірте – бірте жойылады. Ондай мысал ретінде  батыста
ақсүйектердің 17 – 19  ғғ  жекпе-жекте  тапталған  намысын  қарумен  қорғауы
жатады. Капитализмнің дамуы ескі өнерлердің өзгеруіне әкелді.  Жекпе  –  жек
институты  жойылды.  АҚШ-тың   президенті  А.Линкольн  атысудың  орнына   20
қадамнан картоп лақтыруды ұсынған.
      Сөйтіп, әлеуметтік институттар – ол  аса  маңызды  және  терең,  берік
нығайтылған  және  орныққан,  жүйелі,  өзін  –  өзі  жаңартушы  және   ретке
келтірілген  әлеуметтік  әрекеттестіктер.  Оларға  тікелей  қарама  –  қарсы
кездейсоқ, өз  –  өзінен  пайда  болатын,  ретсіз,  үстірті,  анда  –  санда
кездесетін  және   ұйымдастырылмаған   адамдар   және   олардың   топтарының
арасындағы байланыстары болады. Осыған байланысты  әлеуметтік  институттарды
біршама жоғары ұйымдастырылған әлеуметтік жүйе ретінде, орныққан  әлеуметтік
құрылыммен,   өз   бөлшектерінің   терең   тұруымен,    сан    алуандығымен,
икемділігімен  және олардың, демек бүкіл жүйенің де, міндетті  қызметтерінің
қозғалыстығымен ерекшеленеді деп анықтауға мүмкін болады.
      Әлеуметтік институттарға   әрекет  етуші  субъектілердің  әрқайсысының
міндеті қызметтері  мен  өкілдігін   анықтап  айыруы,  қимылдардың  бірлігі,
жөнге салынғандығы осы  әрекеттестікті  бақылау  мен  реттеудің  айтарлықтай
жоғарғы және қатаң деңгейі тән.  Н.Смелзер,  мысалы,  әлеуметтік  институтты
белгілі әлеуметтік  талаптықты  қанағаттандыруға  тағайындалған  рөлдер  мен
мәртебелердің  жиынтығы  ретінде   анықтайды.   Осының   себебінен   қоғамда
адамдардың жүріс-тұрыстарының үлкен болжаулығына, әлеуметтік  байланыстардың
тұрақтылығы  мен  сенімділігіне,  әлеуметтік  құрылымның   орнықтылығы   мен
қоғамдық тәртіпке жетеді.
      Әлеуметтік институт жиынтық бейнесіне мынандай анықтама беруге болады.
Әлеуметтік  институт  елеулі  қоғамдық  құндылықтармен   іс-қимылдар   ретін
біріктіретін қоғамның негізгі талаптардың  қанағаттандыратын  байланыстармен
әлеуметтік  мөлшерлердің  ұйымдастырылған   жүйесі.   Қоғамдық   құндылықтар
ретінде  бәрі  ұстанатын  идеялармен  мүдделер,  қоғамдық  істерді   орындау
тәртібі ретінде топтық үдерістердегі стандартталған бір қалыпқа  келтірілген
мінез – құлық үлгілері,  ал  әлеуметтік  байланыстар  жүйесі  деп  рөлдермен
мәртебелердің қақтығысын айтады. Сонымен, әлеуметтік институт ол  әлеуметтік
құндылықтардың мөлшерлердің және мінез – құлықтың  үлгілерімен  айқындалатын
белгілі  әлеуметтік  мәнді  міндетті  қызметтер  атқаратын  мүшелерінің   өз
рөлдерін  орындау  негізінде  бірлесіп  мақсатқа  жетуді  қамтамасыз  ететін
адамдардың ұйымдастырылған одағы.  Әлеуметтік  институт  –  қоғамның  іргелі
қажеттіліктерін   қанағаттандыруға   бейімделген,   қоғамдық   қатынастардың
белгілі саласын реттейтін  мекемелер  мен  ұйымдардың  жиынтығы.  Әлеуметтік
институт – қоғамның  негізгі  талаптарын  қанағаттандыратын  қоғамдық  мәнді
құндылықтар мен  әрекеттерді  орындау  ретін  біріктіретін  байланыстар  мен
әлеуметтік мөлшерлердің ұйымдастырылған жүйесі.
                Әлеуметтік  институт   әлеуметтік   өмірдің   жоспарланбаған
қоғамның  ірі  өнімі  ретінде  пайда   болады.    Адамдар   өз   талаптарын,
мұқтаждықтарын әлеуметтік топтарда бірлесіп іске асыруға талпынады  және  ол
үшін әр түрлі амалдарды іздестіреді. Әлеуметтік тәжірибе  барысында  адамдар
мінез – құлықтың жарамды үлгілерін,  дағдыларын  қалыптастырады.  Уақыт  өте
бұлар қайталану және бағалану арқылы бірте – бірте әдет – ғұрыпқа  айналады.
Бұл қоғам тарапынан қабылданады және заңдастырылады. Осыдан  кейін  жазалану
мен мадақтау жүйесі жасалынады.
                Институциолдану  деп  әлеуметтік  мөлшерлерді,   ережелерді,
мәртебелер  мен  рөлдерді  белгілеу  мен  бекіту  ,  оларды  жүйеге  келтіру
үдерісін  айтады.  Бұл  әлдебір   ортақ   қажеттіліктерді   қанағаттандыруға
бағытталатын әрекет жасауға қабілеттілікті білдіреді.  Ол  нақты  әлеуметтік
талап жалпы әлеуметтік ретінде зерделенгенде  және  оны  жүзеге  асыру  үшін
қоғамда ерекше мінез-құлық мөлшерлері орнатылып, кадрлар дайындалып,  қорлар
бөлінуінен бастау алады.
               Институционалдану үдерісі барында реттелмеген тұрақсыз мінез-
құлықтың  орнына  алдын-ала  болжауға   келетін   күтуді   ақтайтын   үлгіге
келтіретін,   реттелетін   мінез-құлық   орнығады.    Мысалы,    банк-бизнес
институттың мөлшері ретінде өсім қорлықтан бастау алады. Өсімқорлық  ақшаның
алғашқы қорлануына мүмкіндік берді. Бұл жеке  адамдардың  ақша  жинау  қарыз
беруінен үлгі алып капитализм дамуы барысында орасан зор  қаржыларды  жинау,
қорлану,  несие  беру,  көшіру  қажеттігі  дербес  институттың  қалыптасуына
әкелді.  Қазақстанда өтпелі  кезеңде  талай     халықтың  ретсіз  наразылығы
негізінде   шерулер,   тоқулары   ұйымдастырған   қоғамдық    қозғалыстарға,
ұйымдарға, партияларға айналудың куәгері болдық.
Классикалық  түсінікте  институционалдану   жекеліктер   жиынтығының   күшті
сезімділік ықпалына бағынатын  табиғи  күйден  өзіне  үстем  болатын  жоғары
беделді  мойындайтын  күй-жағдайға   көшуді   білдіреді.   Институционалдану
бірнеше дәйекті кезеңдерден тұрады.
           1.  Жаңа  әлеуметтік  талаптардың   шығуы   қанағаттандыру   үшін
              бірлескен ұйымдық  әрекеттердің  қажеттігі  және  оған  сәйкес
              әлеуметтік-экономикалық,   саяси,   рухани   алғы   шарттармен
              жағдайлардың  болуы.  Мысалы,  арнаулы   әлеуметтік   институт
              ретінде   әскердің   шығуы   қоғамдық   өндірістің    дамуымен
              байланысты.  Себебі,  бұл  меншіктік  теңсіздікті,   таптарды,
              мемлекетті өмірге әкеледі және әскердің қажеттігін тудырады.
           2.  Әлеуметтік  институтқа  кіретін  адамдарға   бірлескен   және
              ұйымдасқан  әрекеттері   арқылы   жалпы   ортақ   мақсаттардың
              қалыптасуы. Бұл мақсаттарға  бұрыннан  әлеуметтік  институттар
              қояды.   Мысалы,   қоғамдық   құрылыс   мемлекеттік   саясаты,
              әлеуметтік саясаты,  заңдардың  мазмұнын  т.б.  институттардың
              мақсатын анықтайды. Немесе жаңа әлеуметтік институттың  ішінде
              мақсаттарын өздері  қояды.  Мысалы,  партияның  бағдаламасында
              бейнеленетін мақсаттарын оның құрылу  барысында  жетекші  тобы
              анықтайды.
           3.  Стихиялық  әлеуметтік  өзара  әрекеттердің  және   әлеуметтік
              институттың пайда болу барысында сынау  мен  қателіктер  әдісі
              арқылы жүзеге асатын  әлеуметтік  мөлшерлер  мен  ережелерінің
              шығуы  және  бұл  институтқа  кіретін   жекеліктердің   оларды
              міндетті  түрде   орындауы.   Мысалы,   әскерилердің,   партия
              мүшелерінің мүлтіксіз орындауға тиісті жарлықтары, сол  сияқты
              білім, денсаулық, құқық институттарының өз  мүшелеріне  қоятын
              ережелік талаптары бар.
           4.  Әлеуметтік  институттың  табысты  қызмет  етуі  үшін  қажетті
              ұйымдық  құрылымдары  және  жүріс-тұрыстарының   реттеуіштерін
              дамыту қажет. Ұйымдық құрылымдарға партияның саяси кеңесін  ал
              мінез-құлықтың реттеуіштеріне мекеменің мүшелерінің  бағынышты
              орналасу тәртібінің қағидасы жатады.
           5.   Әлеуметтік   мөлшерлер   мен   ережелердің   іс-қимылдарының
              институционалдануы, яғни оларды қабылдау, тәжірибеде қолдану.
           6. Әлеуметтік мөлшерлер мен ережелерді қолдау,  жеке  жағдайларда
              жіктеп қолдану үшін жазалау жүйесін орнату.
           7. Институт мүшелерінің бәрін  қамтитын  мәртебелер  және  рөлдер
              жүйесін жасау.
     Аталған  кезеңдерді  қолданса,  әр  түрлі   әлеуметтік   институттардың
қалыптасу кезеңдерін нақты байқап көрсету мүмкін болады.  Қысқаша  айтқанда,
ер адамдардың жанжал, төбелес, күш көрсетуге құмарлығын  спорттық  жекпе-жек
жарыстарына  айналдырды.  Адамдардың  табиғи  немесе  қоғамдық  құбылыстарды
байқауы  бір  кезде  реттелген,  жүйеге  келтірілген   ғылыми   зерттеулерге
айналды, ғылыми мекемелер құрылды.  Ретсіз  жыныстық  қатынастар  некелік  –
отбасылық қатынастардың дамуына ұласады.
        Адамның  денсаулығын  бақылау,    емдеудің   амалдарын,   қолданатын
дәрілерін,   құралдарын   тауып   жасауға,    аурухана,   емхана,    зерттеу
институттарын, олардың міндетті қызметтері жөнінде  ережелерін  қалыптастыру
денсаулық  сақтау  әлеуметтік  институттың  шығуын  анықтайды.  Сол   сияқты
экономикалық, саяси, мәдени, білім, дін институттары өмірге  келді.  Адамдар
әр кезде қоғамдағы әр  түрлі   қажеттіктерді   қанағаттандыруға   байланысты
әлеуметтік  қатынастарды  институционалдандыруға ұмтылады.
     Қоғам жүйе  ретінде  әлеуметтік  институттар  кез-келген  қажеттіктерді
қанағаттандыру үдерісін реттейді.  Дәстүрлі  көшпенділер  қоғамында   аманат
  институты  қалыптасты.  Аманатқа  адам  беру  екі   елдің   арасындағы   –
халықаралық келісімнің  орындалуын  қамтамасыз  етеді.  Мұны  Қазақ  хандығы
Қытай,  Ресей,  Жоңғар  елдерімен  қарым-қатынаста  қолданған.  Оның  үстіне
қантөгісті  азайту  мақсатында   соғыс   нәтижесін   батырлардың  жекпе-жегі
шешетін.20 жастағы Абылай   жоңғардың   батыры   Шарышты   жеңіп,   қазақ  –
жоңғар соғысында жеңіс әперген.
     Сауда жүргізетін кәсіпкерлер  қауымының  ортасында   жазылмаған   қарыз
міндеттемелерін  қатал   орындайтын    қағида    қалыптасқан.    Келісімшарт
ақшадан қымбат деген ережені бұзу  оны  сақтамаған  іскер   адамның  беделін
түсіріп, ісіне зиян келтіреді. Ал Еуропада ақсүйектер абыройын қорғайтын ар-
намыс жекпе –жегі  қалыптасқан.  А.Пушкин әйелінің ар-намысын қорғаймын  деп
жекпе – жекте Дантестің атқан оғынан мерт болды.
     Институционалдану үдерісінің  қорытындысында  бұл  әлеуметтік  үдеріске
 қатысушылары  әлеуметтік мақұлданған мөлшерлер мен ережелерге  сәйкес  анық
мәртебелік       –       рөлдік       құрылымды       жасап        шығарады.
Институцционалданусыз,әлеуметтік  институттарсыз  бірде-бір  қоғамның   өмір
сүруі  мүмкін  емес.Институттар  қоғамды  тәртіппен  ұйымдастырудың   рәмізі
нышаны болып табылады.
     Әлеуметтік  институт  құндылықты  –  мөлшерлік  кешен  ретінде  өмірдің
маңызды  салаларында  –   экономикада,   саясатта,   мәдениетте,   отбасында
адамдардың  әрекеттерін  бақылау  мен  бағыттауды   ұйымдастырады.   Осындай
өзгешеліктер    әлеуметтік    институтқа    қоғамның     тұрақтылығы     мен
орнықтылығын,оның қалыпты өндірілуін  және  дамуын  қамтамасыз  етуге  нақты
тетік қызметін атқаруға мүмкіндік береді.Субъектінің  бірдеңеге  кез  келген
мұқтаждығының немесе талаптардың пайда болуы  әлеуметтік  қатынасқа  түсетін
субъектілермен өзара әрекеттерін реттеуді  қажетсінеді.  Маңызды  қажеттерді
қанағаттандыруға   бағытталған   қатынастарды    баянды    ету    тәжірибесі
жекеліктердің  әлеуметтік  қатынастарда  мінез-құлықтың  белгілі  ережелерін
ұстануын  ұйғаратын  қатал  бекітілген  әлеуметтік  рөлдер  мен   мәртебелер
жүйесінде анықталуы тиісті  және  мінез-құлықтың  бұл  ережелерін  мүлтіксіз
орындалуына жету үшін жасалатын жазалау жүйесінің қолданылуы қажет.
     Адамдар өздерінің көкейтесті  қажеттіктерімен  байланысты  қатынастарын
институционалдандыруға  ынталанады.Бұл  ынталану   қызметтердің   әр   түрлі
салаларында  көрініс  табады.  Мысалы,кеңестік  кезеңде  тұтынатын   тауарға
тапшылық  кезек  институтын  қалыптастыруға  мәжбүр  етті,   өйткені   азық-
түлік,шетелдік  джинсы  мен  көйлектерге  талас  болды.  Сондықтан  әділетті
үлестіру мақсатында  қарапайым  ережелер  жасалынды.Бұрын  келгенді  айналып
өткісі   келетіндерді    тежейтін    тәртіп    орнатылады.    Қазір    салық
төлеуге,мемлекеттің тұрғын үй ипотекасына жазылу, үй құрылысына жер  телімін
алу  сияқты  т.б.  кезектер  пайда  болды.  Кезек  институты  мінез-құлықтың
ерекшелікті  институциоланданған  нысаны  болып  табылады.  Кезектер   қысқа
мерзімді  болғандықтан  анық  аяқталған  әлеуметтік  мәртебелер  мен  рөлдер
жүйесі болмайды. Кезек әлеуметтік байланыстарды институционалдық  мәртебенің
толық емес көлемінде орнатады.
     Адамдардың  бәрі  бала   кезінен   отбасында   немесе   мектепте   және
қызметкерлер  мен  жұмыскерлер  барлық  деңгейде  институционалды  рөлдердің
шеңберін  мойындауға   мәжбүрленеді.   Егерде   баланың   қыңырлығы   немесе
шенеуніктер  мен  жетекшілердің  менмендігі  мен  шамшылдығы   өз   ролдерін
жеткілікті шамада орындауға мүмкіндік бермесе, онда осы сияқты рөлдік мінез-
құлық күтулердің шегі жазалауды қолдануды талап етеді.Оқытушы  өз  сабағында
студенттерден білімді белсенді  меңгеруді  күтеді.Бұл  аяқталмаған  жағдайда
студенттік рөлге сәйкес келмейтін мінез-құлық  жазасын  алады.Отбасында  осы
тақылеттес  қылықтары  үшін  балаларды  кіналайды,  жұмыс  орнында   айыппұл
төлеу,сыйлықты  бергізбеу,   тіпті   жұмыстан   шығару   сияқты   жазалаулар
ескерілген.Сонымен  қатар   өзінің   мәртебелік   рөлдерінен   шегінушілерге
моральді айыпты білдіретін айдар тату арқылы  іске  асырады:   нашар  оқушы,
нашар қызметкер, бұзақы адам,маскүнем,жұмысқа ықылассыз,жанжалқой т.б.
     Өмірде институционалдық рөлдер тұрақты сипатта  болады  және  әркім  өз
әлеуметтік  мәртебесін   өзгерткенде   өз   рөлдерінде   өзгертеді.Мекеменің
басшысына қабылдау бөлімінде  ұқыпты  қызмет  көрсетуші  әйел  өз  бастығына
күйеуге шығуы оның бұрынғы бағынушы қатынасын мүлдем өзгертіп  жібереді.Енді
жұбайына   тән   теріс   мінез-құлық   көрсете   бастайды.Бірге    қызметтес
болғандардың біреуі ұжымын  басқаруға  жеткенде  ол  алғашқы  кезде  бұрынғы
жолдастық  қатынастарын  сақтап  қалуға  тырысады.Бірақ  ұйымның,   жұмыстың
мүдделері  және   басшыға   қоятын   талаптар   жетекшімен   бағыныштылардың
араларында  бұрын   қалыптасқан   қатынастарды   қалпына   келтіреді.   Жеке
қасиеттерге  тәуелсіз  әлеуметтік  рөлдер  оларды  орындау  кезінде  жекелік
айырмашылықтарды  теңестіруді,   тегістеуді   қамтамасыз   етеді.   Институт
ішіндегі жанжалдар әдетінше рөлдер қақтығысы негізінде  пайда  болады.  Дау-
дамайлардың   шиеленісі   басқалардың   пікірімен   санаспайтын   мінездерге
байланысты        болады.Ал        қақтығысқандардың        бір         жағы
сабырлық,жұмсақтық,көнгіштік мінез  көрсетуі  жанжалдарды  жұмсартып  бірте-
бірте оң шешімін табуға мүмкіндік береді.
     Әлеуметтік институт адамдардың бірлескен іс-әрекетінің  орнықты  нысаны
ретінде өзінің ерекшелікті және басқа институттар мен ортақ  белгілеріне  ие
болды.Дамыған   институт   белгілердің    толық    жинағын    иемденеді.Жаңа
қалыптасатын   институттың   белгілері   толық   жетілмейді.Жаңа    қоғамның
әлеуметтік институттарының басым көпшілігі жетілу үстінде болады.
     Социологтар  әлеуметтік  институттардың  әр  түрлі  белгілерін  атайды.
Е.М.Бабосов институттарды мына өзгеше белгілермен сипаттайды:
           1)  Олар  өз  қызметінің  азды-көпті  анық  белгіленген  міндетін
              иеленеді;
           2) Оларға алдарында  тұрған  міндетіне  қол  жеткізуге  атқаратын
              белгілі қызметтер тән;
           3) Оларға дәл  осы  институтқа  тән   әлеуметтік   тұғырлар   мен
              рөлдерді,   қызметтерді,   құқықтар   мен   міндеттерді   анық
              үлестірілуі жатады;
           4) Әлеуметтік институттар оның  қызметіне   қатысушы   жекеліктер
              ұстануға    тиісті    өзара   қатынастарды    өзгеше    реттеу
              тұрпатымен, белгілі   ұйғарымдар   жүйесімен,   мөлшерлерімен,
              ережелермен ерекшеленеді;
           5) Әлеуметтік институттың ерекше  белгісі  қажеттіні  қолдап  дем
              беруді және ауытқу  мінез-құлықты   айыптауды,   бұлтартпауды,
              жаншуды  қамтамасыз  етуші  жазалау  жүйесі  болып  табылады.
         С.С.Фролов институционалды  белгілер,  яғни  барлық   институттарға
 ортақ  нышандары  туралы  айту  дұрыс  деп   пайымдайды.   Оның   пікірінше
негізгі  бес  ортақ  белгілерді  көрсету  қажет:
              1.  Мінез-құлықтың   ұстанымдары   мен    үлгілері.    Мысалы,
                 отбасында  бұл  құштарлық,  адал  болу,  жауапкершілік  пен
                  сыйластық.  Мемлекет  үшін  бұл  бойсұну,   адалдық   және
                 қызмет     бабы      бойынша      төменгілердің      жоғары
                 қызметкерлерге    қатаң    бағынуы.    Бизнес     саласында
                 өнімділікті,  үнемділікті,  пайданы  өндіруді  үлгі  тұтуы.
              2. Рәмізді  нышандық  мәдени   белгілер.   Барлық  институттар
                 өзі   туралы   шоғырланған   нысанда    түсінік    беретін,
                 бейне   жасайтын   рәмізді   иеленуге   тырысады.    Отбасы
                 туралы  түсінікті  некелік  сақина,  салт  жорасы   береді.
                 Мемлекетті  жалау,  елтаңба,  әнұран   бейнелейді.   Діннің
                 рәмізі  крес,  жарты  ай  немесе  Дәуіттің  жұлдызы   болып
                 табылады.
              3. Тәжірибелік – мәдени  белгілерге   отбасылық   үй,   пәтер,
                 қоғамдық  ғимарат,  діни   ғибадатхана,   қоғамдық   жұмыс,
                 дүкен,  өндіріс  орны,  жабдық,  кітапхана,  стадион,  т.б.
                 жатады.
              4.  Мінез  –  құлықтың   ауызша   және   жазбаша   заңнамасына
                 отбасылық,  діни  тыйымдар,  құқықтық   кепілдер,   заңдар,
                 келісімдер,  ережелер  жатады.
              5.   Идеологияға    отбасындағы     романтикалық     махаббат,
                 мемлекеттегі  демократизм,   экономикадағы  еркін    сауда,
                 білімдегі  академиялық   еркіндік  ,   діндегі  православие
                 немесе католицизм  жатқызылады.  Идеология идеялар   жүйесі
                 ретінде     мөлшерлер      жиынтығымен      заңдастырылады.
                 Әлеуметтік   мөлшерлерге   сүйеніп   идеология   адамдардың
                 әлдебір    әрекеттеріне    қалай    қарау     қажеттілігін,
                 неліктен   белгілі   әрекет   ететіндерін,  тіпті   олардың
                 кейде    жеткіліксіз    белсенділік    танытатынын   немесе
                 әрекетке   қатыспайтынын  анықтайды  .  Идеология   маңызды
                 мәдени  кешен ретінде институттың  ықпалына  қолдау  береді
                  және  оның  қызметін  ақтауы  мен  түсіндіруін  қамтамасыз
                 етеді.
      Әлеуметтік   институттың    белгілеріне    Г.Ландберг,   С.Шрег    пен
О.Ларджен көрсеткен олардың  бөлшектері  мен  атқаратын  міндеті  қызметтері
арасындағы   тығыз   байланыстарды   айтуға   болады.    Қоғамның    негізгі
институттардың міндетті қызметтері мен құрылымдық  бөлшектері  атты  кестеде
бұл анық көрсетеді.
              А.Г.Эфендиев    көрсеткендей,   әлеуметтік    институт    мына
белгілермен сипатталады:
                1.  Институционалды   өзара   әрекеттерге    қатысушылардың
                   атқаратын  қызметтерінің,  құқықтары  мен  міндеттерінің
                   айқын үлестірілуі. Әр адам өзінің  міндетті  қызметтерін
                   тиісті тәртіп бойынша    орындауы  өзара  қатынастарының
                   сенімділігін  арттырады,  институт  аясындағы   тұлғаның
                   жүріс-тұрысының  алдын  ала  болжауы   жоғары   дәрежені
                   иеленеді.
                2. Белгілі міндеттерді орындау шеңберімен анықталатын еңбек
                   бөлінісі  және   міндетті   қызметтерді   орындау   үшін
                   адамдарды  арнайы  дайындауы  әлеуметтік  институттардың
                   әлеуметтік      қажеттіліктерді       қанағаттандыруының
                   тиімділігін арттырады.
                3.  Өзгеше  тұрпаттағы  тәртіпті   белгілеу.   Кез   келген
                   әлеуметтік байланыс сияқты институт  өзара  қатынастарды
                   әлеуметтік реттеуге негіздейді. Тұлғасыздандыру.
                4.  Реттеу  тетіктерінің  тым  айқындығы,   жиірек   ұтымды
                   негізделген, қатал және міндеттеуші  сипаты.  Әлеуметтік
                   институттың міндеттеуші пәрмені оған етене  тән:  1)анық
                   бекітілген,  бір  мағыналы  түсіндірілетін   мінез-құлық
                   үлгілерінің  –мөлшерлердің;  2)  қажетті   мінез-құлықты
                   ынталандырушы  және   жағымсыз   мінез-құлыққа   кедергі
                   жасаушы әлеуметтік  бақылаудың,  жазалаулардың  болуымен
                   байланысты.





|      Міндетті  |   Институттар|       Негізгі|   Физикалық  |      Рәміздік|
|Қызметтер       |              |рөлдер        |белгілер      |              |
|                |              |              |              |белгілер      |
|1.Балаларды     |    отбасылық |    әке, шеше,|      үй,жиһаз|    сақиналар |
|тәрбиелеп       |-      некелік|бала          |(жабдықтар)   |некелестіру   |
|өсіру           |              |              |              |келісім       |
|                |              |              |              |шарты         |
|2. Тамақ,киім   |              |      жұмыс   |     фабрика  |         ақша |
|табу, тұрғын    |экономика     |беруші,       |офис          |сауда         |
|үй жасау        |лық           |жалданушы,    |дүкен         |жарнама       |
|                |              |жұмыскер,     |              |              |
|                |              |сатып алушы,  |              |              |
|                |              |сатушы        |              |              |
|3.  Заңдарды,   |         саяси|  заң         |    қоғамдық  |        жалау |
|ережелерді      |              |шығарушы,     |ғимараттар    |заңнама,      |
|және            |              |құқық         |мен орындар   |хартия(саяси  |
|стандарттарды   |              |субъектісі    |              |құжат)        |
|қолдау          |              |              |              |              |
|4.Діни          |         діни |        молда,|       Мешіт, |жартылай ай   |
|қатынастар      |              |құдайға       |(шіркеу)      |(крес)        |
|мен ұстанымдарға|              |сыйынушы      |ғибадатхана   |мехран,       |
|көмектесу, діңді|              |              |              |құран         |
|тереңдету       |              |              |              |(таурат)      |
|5.Адамдарды     |        білім |     мұғалім, |       мектеп,|      диплом, |
|әлеуметтендіру, |              |оқушы         |колледж,      |дәреже        |
|іргелі          |              |              |оқулық        |              |
|құндылықтарға   |              |              |              |              |
|және            |              |              |              |              |
|тәжірибелерге   |              |              |              |              |
|тарту           |              |              |              |              |

                5. Әлдебір институттың қызметін ұйымдастыратын,  басқаруын,
                   оның қызметін  бақылауды  өз  шеңберінде  іске  асыратын
                   мекемелердің   болуы.Денсаулық    сақтау    институтының
                   қарамағында  ауруханалар,  емханалар,   өзінің   басқару
                   орындары бар, білім институтына  мектепке  дейін  тәрбие
                   беру мекемелері, мектептер,арнаулы  орта  оқу  орындары,
                   ЖОО-лар және  басқару  орындары  жатады.  Сонымен  бірге
                   әлеуметтік  институт  қажетті  құралдар   мен   қорларды
                   иеленуі   тиіс.   Барлық    институттарға    ғимараттар,
                   жабдықтар, білікті мамандар т.т. қажет.
                Әлеуметтік  институттың  сыртқы  белгілеріне,  яғни  адамның
оларды қабылдау бойынша сыртқы қасиеттеріне объективтілігі, ықтиярсыз  көну,
моральдық  беделділігі  мен  заңдылығы  жатады.  Институттың  объективтілігі
олардың орасан зор кешен ретінде адамдардың  санасы мен жігерінен  тыс  өмір
сүруін білдіреді. Институттың екінші  қасиетіне  адамдарға  оның  қаламайтын
жүріс-тұрысты, ойларды, қалықтарды күштеп тағуды  айтады.  Мысалы,  мемлекет
жастарды  әскери  міндетті  орындауды  мәжбүрлейді.   Сол   сияқты   ата-ана
балаларын мектепке баруға мәжбүрлейді, ал  салық  инспекциясы  кәсіпкерлерге
белгіленген  уақытта  салық  төлеуді  талап  етеді.  Әлеуметтік  институттың
моральдық   беделдігі  мен    заңдылығы    бойынша    адамдар    мемлекетке,
отбасына,  шіркеуге   т.б.  бағынады.  Олардың   беделі   түскенде   бағынуы
әлсірейді. Өтпелі  кезеңде  құқық  қорғау  орындарының   беделі  өте   төмен
болды, елдің  қорғаушысы  деудің  орнына   заңды   өздері   бұзушы   ретінде
қабылдайтын болды.
             Қоғамдық өмірдің  кез  келген  саласының  әлеуметтік   реттеуші
 жүйесінің  қалыптасуы  үшін  келесі  қолайлы  жағдай   қажет.   Біріншіден,
қоғамда    бұл    институттың    әлеуметтік    мұқтаждығын     жекеліктердің
көпшілігі  саналы  түрде  жете  меңгеруі   керек.  Екіншіден  ,   әлеуметтік
институтты  қалыптастыратын  қоғамның   бұл   талаптарын   қанағаттандыратын
мәдени  негізін  құратын  қажетті қорлары (материалды,  еңбектік,   ұйымды),
 атқаратын  қызметтердің, әрекеттердің, жекелік   мақсаткерліктің,  рәміздер
мен  мөлшерлердің  жүйесін иеленуі  тиіс.
             Әлеуметтік  институттарды басты  немесе  іргелі,  негізгі  және
басты  емес немесе негізгі  емес,  жекелік  деп  бөледі.   Негізгі   еместер
негізгінің   ішінде   жасырылады.   Негізгі    институттарға   экономикалық,
саяси,  отбасы,   білім,   дін   жатады.  Экономикалық   институттың   ішіне
негізгі   емес   институттар   ретінде   нарық,   меншік   түрі,    меншікті
қорғау,  валютаны  конвертациялау,  мамандарды  іріктеу,  еңбекті   бағалау,
  маркетинг   т.б.   кіреді.    Бұлар    әлеуметтік    тәжірибе    негізінде
қалыптасады.  Әлеуметтік  тәжірибені  әдет-ғұрып  деп  айтуға  да  болады.
                1.Әлеуметтік институттар – қоғам мүшелерінің бірлесіп  өмір
сүрулерін  ұйымдастыру  мен  реттеп  отырудың  тарихи  қалыптасқан   тұрақты
формалары. Әлеуметтік институттардың  көмегімен  адамдар  арасындағы  қарым-
қатынастар белгілі бір тәртіп пен стандарттарға келтіріліп,  олардың  мінез-
құлықтары мен іс-әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас  қоғам
өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.
    Әлеуметтік институттар қоғамның, адамдардың қажеттілігінен пайда болды.
Мәселен, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз  ету  қажеттілігін  полиция  (милиция)
институты пайда болды.
    Қоғамда қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттардың  4  тобын
атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы өздерінің функцияларын атқарады:
    1) Экономикалық институттар экономиканың тиімді дамуын  қамтамасыз  ету
мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады.
    Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа  да
құндылықтарға ие болуына және олардың пайда  көзіне  айналдыруына  мүмкіндік
берсе, ақша – тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады.
    Еңбек ақы – жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы.
    2) Саяси институттар қоғамды  билеу  және  басқару  қызметтерін  жүзеге
асырып отырады.
    3) Рухани саланың институттары ғылым мен білімнің, өнердің дамуына және
қоғамдағы моральдық  құндылықтарды қолдауға ықпал етеді.
    4) Отбасы институты - әлеуметтік жүйенің негізгі және  маңызды  саласы.
Отбасы  саналы  азаматтың  қалыптасуында  басты  рөл   атқарады.   Отбасының
берекелі де беркі болуына тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.




























    Бұл сызбанұсқада  келтірілген  әлеуметтік  институттар  арасында  тығыз
байланыс бар.  Мәселен,  мемлекет  тек  саяси  билікті  ғана  жүзеге  асырып
қоймайды,  сонымен  қатар  экономикалық,  рухани  және  отбасы   салаларының
қызметтеріне де елеулі ықпал етіп отырады.
    Қоғам ілгерілеп дамыған сайын әлеуметтік институттар да дамып,  жетіліп
отырады.
    Қазақстанда  әлеуметтік  институттарға   арналған   бюджетті   қысқарту
жағдайында әлеуметтік қорғау институты қайта құрылды.  Бұрын  ол  әлеуметтік
қауіп-қатерден  халықтың  барлық  топтарын  қорғауға  бағытталған   болатын,
алайда,  өтпелі  экономикалық  мемлекетте  оның  әлеуметтік  міндеттемелерді
толығымен орындау мүмкіндігі де қаражаты да  болмады.  Сондықтан,  2000-2001
жылдары аталған орган  әлеуметтік  көмек  институты  болып  өзгертілді.  Бұл
халықтың неғұрлым кедей  және  мұқтаж  топтарына  тиімді  әлеуметтік  қолдау
көрсетуге  мүмкіндік  береді  және  де  адамдардың   өздерінің   материалдық
жағдайын жақсартуына деген жеке белсенділігі артады.


      Бақылау сұрақтары:
      1. Әлеуметтік институт ұғымы мен қалыптасуы туралы.
      2. Әлеуметтік институттардың зерттейтін мәселелері қандай?
      3. Әлеуметтік институттардың негізгі мақсаты не?

Негізгі әдебиеттер:
1.Ж.Сәрсенова., Т. Танирбергенова. Әлеуметтану. А. 2000
2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.
3.Р.Абсаттаров, Дакенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004
4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004
5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005
6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005
7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003
8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007
9.Қ.Ж.Рахметов.,  А.Н.Болатова.,  З.Н.Исмагамбетова.,  Социология.   Алматы,
2005

Қосымша әдебиеттер тізімі:
1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002
2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007
3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.
4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.
5.Фролов С. С. Основы социологии: Учебное пособие. – м.: Юрист. –1997.
 6.Штампка П. Социология социальных отношений / Пер. с англ., под ред. В. А.
 Ядова. – м.: 1996.

      Дәріс №6. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация
   Мақсаты: Студенттерді Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы мен
   әлеуметтік стратификациясының өзгерістерімен таныстыру. Оларға Қазақстан
   Республикасының жағдайын түсіндіру.
   1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы ұғымы. Әлеуметтік құрылым қоғам элементі
   ретінде. 2. Әлеуметтік топтар және олардың қалыптасу процесі.
   3. П.Сорокиннің әлеуметтік құрылым және әлеуметтік мобильділік теориясы


      Әлеуметтік  стратификация  –  әлеуметтанудың  орталық   тақырыбы.   Ол
 қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоғамдық құрылымды  біз
 мәртебелердің жиынтығы арқылы, қоғамдық еңбек  бөлінісі  арқылы  және  т.б.
 арқылы құрылылатынын көрсетуге талпындық. Қарапайым қоғамда мәртебелер саны
 аз және еңбек бөлінісі деңгейі төмен болады, ал қазіргі замандағы қоғамда –
 мәртебелер көптеп саналады және  еңбек  бөлінісін  ұйымдастыру  деңгейі  де
 әлдеқайда жоғары.
      Әлеуметтік құрам әлеуметтік  стратификацияға  айналады  –  вертикальды
 тәртіппен  орналасқан  әлеуметтік  жіктердің  жиынтығы,  дәлірек   айтқанда
 кедейлердің, ауқаттылардың, байлардың жиынтығы.
      Адамдар  әрдайым  қозғалыста  болып,  өздерінің  мәртебесін   өзгертіп
 отырады.  Қаржы  буржуазиясы  жер  аристократиясының  орнына   келіп,   оны
 алмастырды,  қазіргі  өндірісте  біліктілігі   шамалы   мамандықтарды   "ақ
 жағалылар"  деп  аталатындардың  өкілдері  –   инженерлер,   программистер,
 роботталған  кешендердің  операторлары  ығыстырып  шығарады.  Соғыстар  мен
 революциялар қоғамның әлеуметтік құрылымын қайта жасап, пирамиданың  шыңына
 кейбіреулерді көтерсе, басқаларын төмендетті. Олар қазір де  ж.үріп  жатыр,
 партиялық элитаны бизнес – элита келіп алмастырды.
      Өрлеу мен құлдыраудың арасында белгілі бір асимметрия бар: бәрінің  де
 көтерілгісі келеді және ешкімнің әлеуметтік сатыда төмендегісі келмейді.
      Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік  топтарға,  жіктерге  және  ұлттық
 қауымдастықтарға бөлінеді. Олардың бәрі өзара бір – біріне объективті түрде
 дәнекер болатын әлеуметтік – экономикалық, саяси,  рухани  байланыстар  мен
 қатынастардан  тұрады.  Сонымен  бірге,  олар  тек  осы   байланыстар   мен
 қатынастар шегінде ғана өмір сүреді және қоғамда өздерін көрсете алады. Бұл
 болса қоғамның тұтастығына, оның біртұтас әлеуметтік организм ретінде  өмір
 сүруіне  себепші  болады.  Мұның  мәнін  өздерінің  теорияларында   О.Конт,
 Г.Спенсер, К.Маркс, М.Вебер,  Т.Парсонс  және  т.б.  әлеуметтанушылар  ашып
 берген еді. Қоғамның әлеуметтік құрылымы  адамдар  қауымдастықтарының  және
 әлеуметтік  топтарының  арасындағы  экономикалық,  әлеуметтік,  саяси  және
 рухани өмір жағдайларының байланыстары мен қатынастарының жиынтығы.
      Қоғамның әлеуметтік құрылымының даму негізіне
      1) қоғамның еңбек бөлінісі
      2)  өндіріс құрал-жабдықтарына және оның  өніміне  меншік  қатынастары
         жатады.
      Қоғамдық еңбек бөлінісі  –  әлеуметтік  топтардың,  таптардың,  кәсіби
топтардың, сонымен бірге қала мен  ауыл  адамдарынан,  ой  еңбегі  мен  дене
еңбегі өкілдерінен тұратын  үлкен  топтардың  пайда  болып,  одан  әрі  өмір
сүрулеріне себепші болады.
      Өндіріс құрал – жабдықтарына деген жеке меншіктік қатынастар  қоғамның
 осы ішкі бөліністеріндегі оның экономикасын және ішінара қалыптаса бастаған
 құрылымды нығайтады қоғамдық  еңбек  бөлінісі  де,  меншік  қатынастары  да
 қоғамның әлеуметтік құрылымы  дамуының  объективті  әлеуметтік-экономикалық
 алғышарттары болып табылады.
      Қоғам өмірінде әр түрлі қызмет түрлерінің пайда  болуына,  материалдық
 өндірістің және рухани  мәдениеттің  дауларына  еңбек  бөлінісінің  белгілі
 дәрежеде елеулі ықпал ететін кезінде  О.Конт,  Э.Дюркгейм,  П.Сорокин  және
 т.б. дәлелденген болатын.
      Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтері:
- қоғамдық еңбек бөлінісі, өндіріс құралдарына деген жеке меншік  қатынастар
 және қоғамдық өнімді бөлуде соған  ортақтасатын  әр  түрлі  таптар  жатады.
 Оларды   осылайша   түсіндірудің    қажеттілігін    әр    түрлі    бағыттың
 әлеуметтанушылары мойындап отвр;
- қала мен ауыл адамдары;
- ой және дене еңбегінің өкілдері;
- сославие;
- әлеуметтік-  демографиялық  топтар  (жастар,  әйелдер  мен  еркектер,  аға
 ұрпақ);
- ұлттық қауымдастықтар (ұлттар, ұлыстар, этникалық топтар)
      Жоғарыда аталған әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар құрамдары
 бойынша біртектес болғанымен, олар осы әрекет  барысында  жеке  жіктер  мен
 топтарға бөлінеді, бұлар әлеуметтік құрылымының  өз  алдына  әрекет  ететін
 элементтері болып саналады, өйткені басқа  субъектілерімен  өзара  қарым  –
 қатынас  орнату  негізінде  әлеуметтік  жіктер  мен  топтар  өздеріне   тән
 мүдделерді жүзеге асырады. Сондықтан  кез  келген  әлеуметтік  құрыымы  аса
 күрделі және тек әлеуметтанушылардың көңіл аударатын  тақырыбы  ғана  емес,
 оған әлеуметтік басқару ғылымының өкілдері,  сонымен  бірге  саясаткер  мен
 мемлекеттік қайраткерлер де назар  аударатын  мәселе.  Қоғамның  әлеуметтік
 құрылымын анықтап олардың мүдделерінің қандай екендігін, яғни  олардың  қай
 бағытта әрекет ететіндігін нақты білмейінше,  қоғамдық  істерді  басқаруда,
 соның ішінде экономика, әлеуметтік, саясат және рухани өмір салаларында бір
 қадамда  алға  басуға  болмайтынын  ұғынудың  маңызы  өте   зор.   Қоғамның
 әлеуметтік құрылымына  қатысты  мәселенің  маңыздылығы  міне,  осында.  Оны
 шешуді әлеуметтік, түсіну негізінде іске асыру қажет.
       Әлеуметтік құрылымда адамның алатын  орнын  әлеуметтік  теңсіздік  те
 анықтайды.
      Әлеуметтанудың  бірқатар  классиктері  стратификация  проблемасын  кең
 көлемде  қарастырады.  Мысалы,   Т.Парсонс   адамдарды   жіктерге   бөлетін
 белгілердің үш тобын атап көрсетті,  оның  бірінші  тобын  адамдар  дүниеге
 келген  кезде  пайда  болатын   сипаттар   (этникалық   тегі,   жыныс   жас
 ерекшеліктері,   туыстық   байланыстары,   т.б.)   қалыптастырады;   екінші
 белгілерге адам  түйсініп,  қабылдайтын  сол  арқылы  меңгерген  әлеуметтік
 статусы мен соған орай адамның атқаратын рөлі де  енеді  (әр  түрлі  кәсіби
 қызмет); үшінші топты «меңгеру» элементтері (жеке меншік, материалдық  және
 рухани құндылықтар,  жеңілдіктер,  біреудің  екінші  бір  адамнан  құқықтық
 артықшылығы, адамдарды басқару мүмкіндігі және т.б.) құрайды.
      Жалпы адамзаттың стратификация картасын жасауда бір өлшемді  және  көп
 өлшемді стратификация тәсілдерін үйлесімді пайдаланудың  үлгісін  П.Сорокин
 көрсетіп берді. Ол социомәдениет дүниесінде ұйымдасқан түрде  өзара  әрекет
 ететін диад пен триадтан басталып, империялар  мен  миллиондаған  әр  түрлі
 ұйымдасқан топтардың немесе әлеуметтік жүйелердің  өмір  сүретіндігін  атап
 көрсетті.  Әлеуметтік  жүйелердің  осы  сан  алуан  түрлерінің   көпшілігін
 классификацияның мақсаттарына орай әр түрлі топтарға  бөлуге,  топтастыруға
 болады.
 П.Сорокиннің көзқарасына сүйенсек, мұндай  әлеуметтік  топтарға  мыналарды
 жатқызуға болады:
 І.  Сыңаржақты  маңызды  (бір  қатардағы  негізгі  құндылықтардың   маңында
 құрылған және топтасқан) топтар;
а) биоәлеуметтік:
      1) нәсілдік,
      2) жыныстық,
      3) жас мөлшеріне орай;
б) социомәдени;
 1). ру,
 2). көршілестік
 3).тілдік
 4).мемлекет
 5). кәсіби
 6).экономикалық
 7).діни
 8).саяси
 9).идеологиялық  топтар  (ғылыми,  философиялық,  этникалық,   эстетикалық,
 демалу және сауық сайран топтары)
 10).элитаның нормалды топтары (көсемдер, данышпандар және тарихи тұлғалар).
 ІІ. Көпжақты маңызды топтар (екі немесе одан да көп құндылықтар  қатарларың
 комбинациясы төңірегіне біріккендер):
 1). Отбасы
 2). Клан
 3).тайпа
 4).ұлт
 5).әлеуметтік  жүріс  тұрыс  немесе  сословие  (дін  басылары,   буржуазия,
 жұмысшылар мен шаруалар)
 6). әлеуметтік тап.
      Стратификацияның тарихи типтері –  құдық  дәуірі,  касталар,  сословие
 жабдық қоғамды сипаттады, ал таптар болса, ашық қоғамды айқындайды.
      Әлеуметтік мобильдік қоғамның әлеуметтік теориясының ажырамас  бөлігі,
 Сондықтан ол әлеуметтік стратификациясымен тығыз байланыста,  өзара  әрекет
 ету үстінде қарастырылады, Әлеуметтік мобильдік дегеніміз – адамдардың  бір
 әлеуметтік топтардан немесе қабаттардан екіншісіне, басқасына қарай жылжуы,
 соған өтуі.
      Әлеуметтік мобильдік категориясын  әлеуметтануға  тұңғыш  енгізген  П.
 Сорокин еді. Ол әлеуметтік мобильділікті горизонтальді және вертикальді деп
 екіге бөлді. Мысалы, горизонтальді мобильділікке  қалалық  қабатта  ауылдық
 қабаттық  немесе  керісінше  өту  процесі   жатады.   Халықтың   әлеуметтік
 мобилдігіне қаладағы немесе  ауылдық  жердің  өмір  жағдайларының  өзгеруі,
 адамдардың жаңа мамандық алу немесе қызмет түрін өзгертуі сияқты  жағдайлар
 әсер етеді.
      Вертикальді әлеуметтік мобильдікте  индивидтің  жоғарғы  қабатқа  өтуі
 өршең әлеуметтік мобильдік деп  аталады.  Себебі  мұнда  қызметі,  лауазымы
 артады, т.б. өзгерістер болады. Ал бұған  керісінше,  төмен  қарай  қозғалу
 индивидтің әлеуметтік құлдырау мобилдігін сипаттайды,  бұл  дегеніміз  оның
 статустарын жоғалтуын, деградацияға ұшырауын, банкротқа отыруын анықтайды.
      Ұжымдық  әлеуметтік   мобильдік   стратификациялық   құрылымға   үлкен
 өзгерістерді. Горизантальдык бағыттар,  әсіресе  вертикаль  бағыты  бойынша
 жаппай ауыспалықтардың  орын  алуы  бірнеше  себептер  арқылы:  біріншіден,
 экономикадағы ұйымдастыруға ынталандыру және бағыт-бағдар  беру  мақсатында
 жүргізілген  құрылымдық  қайта  құру  процесіне  орай   өзара   байланысқан
 экономика саласындағы терең  өзгерістер;  екіншіден,  осы  қайта  құруларды
 басқаратын тұлға  ретіндегі  белгілі бір топтардың пайда болуы;  үшіншіден,
 идеологиялық бағыт бағдарлардың, құндылықтар мен нормалар  жүйесінің  саяси
 басымдылықтардың алмасып ауысуы арқылы бір бірімен байланысады.
      Әлеуметтік  мобильділікті  зерттеу   ғалымдармен   қатар   мемлекеттік
 қызметкерлерде де енжар қалдырмайды, солар үшін де аса маңызды.  Әлеуметтік
 сатылардан  көрудің  нақты  көрінісін,  бейнесін,  олардың  себептері   мен
 ұстанған негізгі бағыттарын толығырақ білу қажет, сонда  ғана  қоғам   бұлт
 процестерді белгілі бір дәрежеде  өзінің  бақылауын,а  ала  алады,  сөйтіп,
 әлеуметтік  динамиканы  сақтау  мүддесімен  қатар,  қоғамның   тұрақтылығын
 орнықтыру және адамдардың өмірін жақсарту мақсатында  оларға  саналы  түрде
 ықпал етеді.
      Әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік мобильдік мәселесі  азаматтық  қоғам
 проблемасымен  тікелей  байланысты,  бұл  проблеманы   тұңғыш   рет   ХVIII
 ғасырдағы Еуропа ойшылдары көтерген  болатын,  ал  кейінірек  бұл  мәселені
 Гегель терең әрі  жан-жақты  қарастырды.  Ол  азаматтық  қоғаммен  мемлекет
 ұғымдарын бір –бірімен бөліп қарастырды, жеке  қажеттіліктермен  мүдделерді
 іске  асыру  саласында  адамзат  қоғамын  мемлекеттік  жүйемен  тәуелсіздік
 тұрғысында салыстыра сипаттады.
      Азаматтық қоғамды бағалаған кезде қазіргі таңдағы қоғамда  қалыптасқан
 бүкіл әлеуметтік топтардың өзара әрекеттерін, соның ішінде  таптардың  және
 олардың құрайтын әлеуметтік, кәсіби және демографиялық  топтардың,  сонымен
 қатар  ұлттық  қауымдастықтардың  өзара  әрекеттерін  тұтас  жүйе   ретінде
 қарастырған жөн. Қоғамда объективті түрде пайда  болған  әлеуметтік  топтар
 мен  қабаттардың  қызметі  мен  соған  сәйкес  орайластырылған   мүдделерін
 ескерумен  қатар,  адамдардың  саяси,  экономикалық,   әлеуметтік,   рухани
 тұрғыдағы талаптары мен сұраныстарын жүзеге асыру мақсатында олардың өздері
 құрып қалыптастырған функционалдық топтар мен ұйымдарды да  естен  шығармау
 керек.
      Әлбетте, осы топтардың баршасының өмір сүруінің өзіндік  экономикалық,
 саяси және рухани негіздері бар. Егер экономикалық негізді  алатын  болсақ,
 онда ол тек жеке меншіктік қатынастармен шектеліп қалмайды,  сонымен  қатар
 ол  корпоративтік,  акционерлік  меншікті,  кооперативтердің  ұжымдық  және
 қоғамдық  ұйымдардың  меншігін  экономиканың  кейбір  салаларында  сақталып
 отырған және сақтауды қажет ететін мемлекеттік меншікті өз  құзырына  қосып
 алады.
      Мемлекеттік қызметкерлер өздері жүргізіп отырған  әлеуметтік  саясатта
 өзара органикалық байланыстағы және динамикалық тұрғыда өзара әрекет  етуші
 осы екі тенденцияны есепке алу қажет. Бұл әлеуметтік  құрылымның  одан  әрі
 дамуы мен қоғамдағы әлеуметтік динамикаға саналы түрде ықпал жасау үшін осы
 процестерді қайткен күнде де ғылыми басқару үшін де аса қажет.
      Әлеуметтік  саясат  –  бұл  қоғамдағы   бүкіл   әлеуметтік   топтардың
 арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған  саясат. Мұндағы басты нәрсе –
 халықтың барлық әлеуметтік топтары мен қабаттарының материалдық  хал-ахуалы
 мен тұрмысын жақсарту, олардың тіршілік етуіне  қажетті  дұрыс  жағдайларды
 қамтамасыз ету және әлеуметтік әділеттілікті сақтау. Осы  мәселелерді  шешу
 әлеуметтік саясаттың негізгі  мазмұнын құрайды.
      Әрине, мемлекет, саяси партиялар мен қозғалыстар өкілдері арасында бұл
 проблемаларды түсіну  және  оларды  шешу,  жүзеге  асыру  барысында  әрқилы
 тәсілдерді қолдану жөнінде әр түрлі көзқарас болуы  мүмкін.  Алайда,  нағыз
 демократиялық әлеуметтік саясаттың ең басты және түбегейлі мақсаты – барлық
 әлеуметтік топтардың  арасындағы  қатынастарды  үйлестіру  болып  табылады.
 Билік  басында  тұрған  саяси  күштердің  бүгінгі  таңдағы  дұрыс  та  дана
 әлеуметтік саясаты  қандай  болу  керек  дегенге  келсек,  олар  әлеуметтік
 топтардың тұрмыс-тіршілігіне, әрекетіне, олардың мақсаттарына  барынша сай,
 үйлесімді келетін жағдайлар жасаулары, олардың осы  мүдделерін  орайластыра
 аларлық әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың тиімді механизімін
 дайындап, өмірге енгізулері болады. Сонымен  бірге  бүгінгі  таңдағы  қоғам
 дамуының нақты жағдайларын есепке алу арқылы объективті  әлеуметтік  заңдар
 қабылдап, оларды жүзеге асыру қажет.
 Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік стратификация мен мобильдік
       Қазіргі  нарықтық  экономика  жағдайында   Қазақстанның   әлеуметтік
 құрылымы  бұрын  –  соңды  болмаған  күделі  өзгерістерге   ұшырап   отыр.
 Егемендік, тәуелсіздік  алған  уақыттың  ішінде  республиканың  әлеуметтік
 құрылымында жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды.  Олар:  бизнесмендер,
 кәсіпкерлер,  фермерлер,  банкирлер,   алуан   түрлі   жеке   фирмалардың,
 дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейманханалардың, т.б. жеке  меншік  иелері.
 Тіпті бұдан басқа да өзгерістер бар.  Мысалы,  бұрынғы  Кеңес  дәуіріндегі
 таптар мен әлеуметтік топтардың өздері де біршама өзгеріп кетті. Қоғамдағы
 белгілі бір әлеуметтік – экономикалық топтар екінші бір  топтарға  ауысып,
 өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел – жұрттың миграциясы  мәселелері  мен
 үдерістері ерекше  болып  отыр.  Жалпы  алғанда,  негізінде  табысқа  және
 экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке  бөлінушілік  күшейе
 түсуде. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәулетті орташа,  кедей
 адамдар  пайда  болды.  Қоғам  мүшелерінің   бұлайша   жіктелуіне   меншік
 формасының өзгеруі, жалпы нарық қатынастарының орын алуы ықпал етті.
      Көпшілікке мәлім, нарықтық экономика меншіктің алуан  түрлігін  қажет
 етеді. Ал, осы жағдай Қазақстанның әлеуметтік құрылымына  зор  әсер  етті,
 өйткені меншік нысанының  алуан  түрлілігі  жалпы  экономиканың  одан  әрі
 бөлшектелінуін күшейтті,  яғни  қоғамдық  меншікті  жекешелендіру  процесі
 басталды. Осыларға сәйкес меншіктің жаңа типтері қалыптасуда. Олар:  жеке,
 корпоративтік, акционерлік, ұжымдық, жартылай жеке, жартылай  мемлекеттік,
 т.б.  Орта,  кішігірім  мекемелерге,  сауда   үйлеріне,   мейманханаларға,
 дүкендерге, әр түрлі акционерлік қоғамдарға  қожалық  ететін  иелер  пайда
 болады.
     Республикада меншік иелері табы  әлі  қалыптасу  үстінде  болғандықтан,
оның көлемін санмен көрсету әзірге қиын.
     Сонымен, Қазақстан  ірі  орта  және  шағын  кәсіпкерлікпен  айналысатын
бизнесмендер тобы қалыптасып келеді.
     Кәсіпкерлік – бұл заңды әлеуметтік – экономикалық құбылыс.  Кәсіпкерлік
немесе бизнес қоғамның ілгерілеп дамуына елеулі ықпалын тигізеді.  Сондықтан
еліміздің экономикалық,  саяси,  әлеуметтік  тұрақтануында  ірі,  орта  және
шағын бизнестің рөлі зор.
        Академик   К.   А.    Сағадиевтің    пікірі    бойынша,    Қазақстан
Республикасындағы бизнесмендерді 4 топқа жіктеуге болады.
      1 – топқа: номенклатуралық бизнес  жатады,  яғни  бизнесмендердің  бұл
тобы  өздерінің  жоғары  билікпен  байланыстарын  пайдаланып,   мемлекеттік,
несиелер алудың арқасында байлыққа, меншік ие болады;
      2 – топқа табиғатынан бизнеске жақын адамдар  жатады.  Олардың  бизнес
өздерінің  жинақтаған  қорларының   және   сауда–саттық   пен   айналысудағы
тәжірибелерінің негізінде қалыптасқан;
       3 – топқа кәсіби  бизнестің  өкілдері  жатады.  Бұлар  өз  күштерімен
бастапқы кезден бастап  қажымай – талмай еңбектену  нәтижесінде  қалыптасқан
бизнесті негізгі кәсіпке айналдырған адамдар;
       4 – топқа жаппай бизнес жатады. Бұл топтағы адамдар қолда бар  кез  –
келген  мүмкіндікті  бизнес  жасауға  пайдаланады.  Бұл  топтағы  адамдардың
бастапқы капиталының болмауы бизнесте көптеген  қиындықтарды  тудырып  отыр.
Соған байланысты олардың табыстарының көлемі де айтарлықтай емес.
       Республика меншік иелері табынан басқа да таптар мен әлеуметтік
топтар бар.
       Жалпы  алғанда,  қазіргі  Қазақстан  қоғамында  бір  таптың,  топтың,
жіктің екінші бір тапқа, топқа, жікке ауысуы жие болып отыр.  Әрине,  мұндай
ауысу процесі Кеңес Одағы кезінде де болған.  Біздің  Қазақстан  елінде  бұл
құбылыстың  тік  және  көлденең  сызықтары  арқылы  даму   түрлері   біршама
айтарлықтай болып отыр. Бұларға қосымша әрбір таптың,  топтың  іштей  бір  –
біріне өту, ауысу жиі кездеседі. Мысалы, республикада бұдан 4 – 5 жыл  бұрын
орташа табысы бар немесе кедей адамдар қазіргі уақытта бай  коммерсанттарға,
бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, банкирлерге айналды, көбі өз  алдына  мекеме,
мейманхана,   дүкендердің,   т.б.   қожайындары   болды.   Бірақ,   бұлардың
кейбіреулері қайтадан кедейшілікке  ұшырап,  қарыздар  болып,  төмен  түсті.
Өмірде мұндай жоғары көтерілу немесе  төмен  түсіп  кету  жиі  болып  тұрды.
Мұндай құбылыстардың болып тұруы республика  экономикасының  тұрақсыздығынан
болады.
       Әлеуметтік  мобильдік  басқа  да  көрсеткіштерде  кездеседі.  Мысалы,
жұмысшы немесе кеңсе қызметкері  өздерінің  мамандығының  өсуіне  және  жаңа
мамандық  алуына  байланысты  екінші  бір  жоғары  топқа   өтуге   тырысады.
Қазақстанда бір  әлеуметтік  жағдайдан  вертикальды  жоғары  бағытта  екінші
әлеуметтік жағдайға ауысу қарқыны төмен. Өйткені біздің өндіріс  орындарымыз
дағдарыста,  олардың  көпшілігі  көптеген   жағдайларға   байланысты   жұмыс
істемей, тоқтап  тұр.  Осылардың  нәтижесінде  жұмысшылар  мен  қызметкерлер
жұмыс орындарынан, мамандықтарынан, т.б. айырылып отыр.
       Әлеуметтік  мобильдік  өкімет  мекемелерінде  де  орын  алады.  Бұлар
саясаттың   өзгеруіне,   парламенттің,   үкіметтің,    жергілікті    басқару
ұйымдарының жиі ауысуына,  саяси  реформалар  мен  басқарудың  жаңа  оңтайлы
түрлерін іздестірумен, т.б. тікелей байланысты. Соның  нәтижесінде  біреулер
бүгін министр немесе депутат болса, ертең жәй қызмет атқаруға мәжбүр  болады
немесе жұмыссыздар қатарына қосылады. Бұл процесс дамыған  Еуропа  елдерінде
2 – 5 % - дан артпайды. Ал, ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда бұлар  15
– 25 % - ға дейін көтерілген.
        Қалалардағы  тұрмыстық  қызмет  көрсету  саласында   жұмыс,   қызмет
істеушілердің саны көбеюде. Кейбір дамыған елдерде  бұл  салада  50%  -  дан
астам жұмысқа қабілеті бар адамдар істейді. Бұл құбылыстың  да  алуан  түрлі
себептері  бар.  Олардың  бастылары:  көптеген  өндіріс  орындары  ғылыми  –
техникалық прогрестің жетістіктерін, әсіресе, автоматтандыру,  кибернетиканы
кеңінен қолданып, көптеген жұмыс қолын  өндірістен  босатты,  олар  жұмыссыз
қалды. Сондықтан олар тұрмыстық, қызмет көрсету саласында  еңбек  етіп  жүр.
Меніңше, ХХІ ғасырда дүние жүзіндегі халықтың  басым  көпшілігі  осы  салада
жұмыс істеуге мәжбүр болатын түрі бар.
       Қазақстанда да халықты осы салада жұмыс істеуге ықпал  ететін  кейбір
жағдайлар төбе көрсете басталды. Әрине,  біздің  елде  де  тұрмыстық  қызмет
көрсететін мекемелердің (қонақ үйі,  ресторан,  дүкен,  сән,  сауда  үйлері,
денсаулық сақтау кешендері, казино, туризм, санаторий,  т.б.)  көлемі  ұдайы
өсуде.
       Дүние жүзінің дамыған  елдерінде  белгілі  бір  пайыздағы  адамдардың
жұмыссыздығы әдетте, жай құбылыс ретінде қаралады. Мысалы, көптеген  елдерде
жұмыссыздықтың көлемі 2 – 5 %  болады. Дамыған елдерде  мұндай  көрсеткіштер
әдеттегі заңды құбылыс ретінде саналады. Бұрынғы Кеңес Одағы уақытында  елде
ешқандай жұмыссыздық жоқ деп жариялады,  мұны  ашып  айтуға  тиым  салынады.
Бұрынғы  одақтас  республикалар  өз  алдына  егемендік,  тәуелсіздік  алғаны
мәлім. Ол  өз  бетінше  өндірісті  ұйымдастырып  дамытты.  Көптеген  өндіріс
орындары  экономикалық  тұрғыда  тиімсіз  болып  жабылып   қалды.   Жұмыссыз
адамдардың кейбіреулері жұмыс тауып алды, кейбіреулері кәсіпкер,  бизнесмен,
жалға беруші, жеке меншіктегі кәсіпорындарында, шаруашылықтарда жұмыс  істей
бастады, ал, жұмыссыздардың басқа  бір  көпшілік  бөлігі,  әсіресе,  жастар,
әйелдер, мамандандырылмаған  немесе  жартылай  мамандандырылған  жұмысшылар,
олармен қатар қызметкерлер  мен  интеллигенция  өкілдері  жұмыс  таба  алмай
қалды. Жалпы республиканың әр түрлі шаруашылық салаларында  жұмыссыздық  күн
сайын өсу үстінде болды.  1997  –  1998  –  жылдары  жүргізілген  әлеуметтік
зерттеулердің    кейбір    деректеріне    сүйенсек,    республика    бойынша
жұмыссыздықтың ең үлкен пайызы оңтүстік аймақта  болып  отыр,  бірақ,  мұнда
екінші  бір  фактор  ескерілмеген.  Бұл  аймақтың  ауыл  шаруашылығында  көп
адамдар  өздерінің  жеке  меншік  шаруашылығында  жұмыс  істейді,  ал,  мұны
статистика мекемелері жұмыссыздық  ретінде  көрсетеді.  Керсінше,  қала  мен
ауыл – селодағылардың  көпшілігі  жұмыс  орнын  жоғалтса  да  жұмыссыздардың
қатарына енгізілмеген.  Кейбір  адамдар  уақытша  жұмыс  істемейді.  Бұл  да
есепке  алынбаған.  Қоғамның  әлеуметтік  құрылымында  әлеуметтік   қорғауды
ерекше тілейтіндер –  зейнеткерлер,  бұларға  қоғам  және  үкімет  тарапынан
үлкен қамқорлық, көмек көрсету қажет
      Бақылау сұрақтары:
      1. Әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік стратификация:  ұқсастықтары  мен
 айырмашылықтары.
      2.  Қоғамның  әлеуметтік  стратификациясы  ұғымы.  Жаңа   топтар   мен
 страттар.
      3.  Қазіргі  жағдайдағы  Қазақстанның  әлеуметтік   құрылымының   даму
перспективалары.
Негізгі әдебиеттер:
1.Ж.Сәрсенова., Т. Тәңірбергенова. Әлеуметтану. А. 2000
2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.
3.Р.Әбсаттаров, Дәкенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004
4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004
5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005
6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005
7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003
8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007
9.Қ.Ж.Рахметов.,  А.Н.Болатова.,  З.Н.Исмагамбетова.,  Социология.   Алматы,
2005

Қосымша әдебиеттер тізімі:
1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002
2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007
3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.
4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.
5.Фролов С. С. Основы социологии: Учебное пособие. – м.: Юрист. –1997.
 6.Штампка П. Социология социальных отношений / Пер. с англ., под ред. В. А.
 Ядова. – м.: 1996.

Дәріс №7 Тұлға әлеуметтанулық сипаттамалары

 Мақсаты: студентерді тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамаларымен таныстыру.
Жаһандану жағдайындағы тұлғаның әлеуметтенуін түсіндіру.
Дәріс жоспары:
   1        Тұлға ұғымының мәні мен түсінігі.
   2        Тұлға туралы теориялары.
   3        Тұлғаның әлеуметтену процесі.
   4        Тұлға әлеуметтік қатынастардың объектісі және субъектісі
      ретінде.
Дәріс тезистері:
     Тұлға  проблемасы  бірқатар  ғылымдардың  –  философиялық,  социология,
психология,    педагогика, т.б. ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.
    Осы аталған  және  басқа  да  ғылымдардың  ғылыми  мәліметтеріне  сүйене
отырып,  әлеуметтану  ғылымы  тұлғаны  әлеуметтік  өмірге   белсенді   түрде
араласатын, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде қарастырады.
    Тұлға әлеуметтік қатынастар мен  байланыстардың  бастапқы  агенті  болып
саналады. «Тұлға»  дегеніміз  кім?  Бұл  сұраққа  жауап  беру  үшін  «адам»,
«индивид», «тұлға»,  деген  ұғымдардың  арасындағы  мазмұндық  айырмашылықты
біліп алуымыз керек. «Адам» деген – адамзат баласының  жер  бетіндегі  басқа
биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
    Индивид – жеке – дара адам. Барлық адамға тән  ортақ  қасиет  –  ол  тек
қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам  ішінде  ғана  нәтиже  алады,  себебі  ол
қоғамдық болмыс тәжірибесін  бойына  сіңіреді.  Жаңа  туған  сәбидің  ата  –
анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті  болмайды.  Бұл  жағынан  ол
жануар,  хайуанаттардың  кез  келгеніннен  әлсіз  екені   белгілі.   Мысалы,
жұмыртқадан шыққан құс балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. Ата  –  ананың,
басқа адамдардың қамқорлық көмегінсіз адам баласы өсіп жетіле алмаған  болар
еді.
     Бұдан  адам  мәнінің  тек  қоғамдық  -  әлеуметтік  жағы  шамадан   тыс
үлкейтіліп, оның биологиялық, психологиялық жақтарының маңызы  төмендетіліп,
жоққа шығарылып отыр  деген  пікір  тумауы  тиіс.  Анығында  адамның  өлшемі
(кейбір уақытта құрылымы  деп  те  айтады)  үш  түрлі  болады:  биологиялық,
психологиялық және әлеуметтік. Биологиялық өлшем  –  бұл  адам  организмінің
түр бейнесі мен құрылымының (морфологиясын), басқаша  айтқанда,  организмнің
құрылысын және формаларын зерттейді, оның  атқаратын,  орындайтын  қызметін,
шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.
   Психологиялық өлшем –  адамның  ішкі  жан  дүниесі,  онда  жүріп  жататын
саналы және санадан тыс құбылыстар  мен  процестер,  сезім  жүйесі,  мысалы,
құмарлығы, жек көру, не сүю, мақтаныш, не қорлану,  күйініш,  не  наразылық,
ойлау т.б. адамның еркі мен сипатын (бейнесін), темперамент, т.б. қамтиды.
    Осыған орай жеке – жеке алып қарағанда бұл екі өлшемнің  әрқайсысы  адам
ұғымын  тұтас  тұлға  ретінде  ашып  бере  алмайды,  өйткені  биология   мен
психология адамдарды жеке –  дара  зерттеп,  оларды  тұлға  ретінде  көрсете
алмайды.
    Әлеуметтік өлшем – адамды тұлға, яғни белгілі бір тип,  бірнеше  адамның
үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан – жақты  осылай
қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс -  әрекет,  қызмет
атқарады, үнемі онымен  тығыз  байланыс,  қатынаста  болады.  Осыған  сәйкес
әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады.
   Әрбір  тұлғаның  белгілі  бір  деңгейде  іштей  санасы,  қасиеті  болады.
Осылардың жиынтығы тұлғаның құрылымын қалыптастырады.
   Адамның  аса  күрделі  табиғаты  оның  қоғамдағы  әр  түрлі  байланыс   –
қатынастары қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық  түріне  байланысты,
алуан түрлі  модельдерді  жасауға  ықпал  етті.  Осылардың  бірі  –  адамның
бейнесіне (образын) әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретінде қарау.
   Мұны тұлғаның рөлдік  тұжырымдамасы  дейді.  Бұл  тұжырымдаманың  мазмұны
мынадай:  қоғамдағы  әрбір  адам  ондағы  алуан  түрлі  әлеуметтік  топтарға
кіреді.Мысалы отбасына, оқу тобына, достар  компаниясына,  өндіріс  ұйымына,
т.б. Әрбір топтағы  адамның  белгілі  бір  орны,  өзінің  көзқарасы,  бағыты
болады, оған белгілі  бір  талап  –  тілектер  қойылып,  ол  оны  орындайды.
Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам бірде әке немесе  шеше,  екінші  жағдайда
осы адам дос, үшінші жағдайда бастық болады, яғни нақтылы адам  әр  жағдайда
әр түрлі рөлдерде қызмет атқарады.
   Басқаша айтқанда, әлеуметтік рөл дегеніміз, қоғамдағы адамдардың  белгілі
бір  қызмет  атқарған  жағдайда  белгілі  бір  тәртіп  нормаларын   сақтауын
айтамыз.  Ал,  рөлдік  жүйе  дегеніміз,  адамның  қоғамдағы  алатын  орнына,
жағдайына,  тұрмысына  сәйкес  істейтін  қызметінің   жиынтығы.   Адамдардың
әлеуметтік рөлдерді бойына сіңіріп, игеріп, меңгеруі тұлғаны  әлеуметтендіру
процесінің бір бөлігі, оның қоғамға, топқа  толық  енуінің  негізгі  қажетті
шарты.
      Сонымен, жан – жақты дамыған  тұлға  өзіндік  рөлдік  мінез  –  құлқын
белгілі бір  әлеуметтік  ситуацияға  байланысты  пайдаланып  оны  бейімділік
құралы ретінде қолданады. Басқаша айтқанда, рөлдік мінез – құлық  дегеніміз,
индивидтің (адамның) іс жүзіндегі мінез – құлық.
      Сонымен, жан – жақты дамыған тұлға  белгілі  бір  әлеуметтік  жағдайда
бейімделу құралы ретінде рөлдік мінез – құлықты пайдаланады. Рөлдік мінез  –
құлықты рөлмен алмастыруға болмайды. Әлеуметтік рөлдің негізгі  компонеттері
сатылы жүйе ретінде құралады.
     Рөлдік тұжырымдамада Американың әлеуметтік психологиясында XX  ғасырдың
30 – шы жылдары пайда болды. Оның ірі өкілдері Кули  Чарьз  Хортон  (1864  –
1929 ж.ж.), Мид Джордж Герберт (1863 – 1931 ж.ж.), т.б. Кули  Ч.  Х.  «шағын
кіші» топтар теориясының негізін салушылардың  бірі,  оның  «Зеркальное  я»,
«Человеческая  природа»  и  «Социальный  порядок»  (1902  ж.),   «Социальная
организация»  (1909  ж.)  «Социальный  процесс»  (1918  ж.)  «Социологиеская
теория», «Социальное исследование» (1930 ж.) деген еңбектері бар.
     Ч.  Кули  мен  Дж.  Мидтің  бұл  теориялары  әлеуметтанудағы  әр  түрлі
ағымдарға  кең  тараған.  Оның  ішінде  тұлғаның  рөлдік  тұжырымдамасын  Т.
Парсонс өзінің әлеуметтік – функционалдық талдау теориясында көп  қолданады.

     Жалпы тұлғаның  рөлдік  теориясы  тұлғаның  бейімделу  процестерін  көп
дәріптей отырып, оның белсенді, творчестволық жағын жоққа шығарады.
      Ч. Кули тұлғаның қалыптасуы  айналасындағы  адамдар  мен  алуан  түрлі
қарым    –    қатынастар    мен    байланыстар    негізінде    болды     деп
тұжырымдады.Осылардың негізінде адам өзінің  «айнадағы  мен»  деген  имиджін
жасайды. Ол үш элементтерден құрылады:
       а) Жұрт мені қалай қабылдайды;
       ә) Жұрт менің сыртқы түрімен қалай әсер етеді;
       б) Мен жұрттың тигізген ықпалына қалай жауап беремін.
       Бұл теория біздің қоғамдық пікірді қалай қабылдап, оған  қалай  жауап
беру керектігін түсіндіреді.
       Мидтің пікірінше, адамның тұлғаға айналу  процесі  үш  түрлі  сатыдан
құрылады.
       Бірінші иммитация.  Бұл  сатыда  балалар  үлкен  адамдардың  мінезіне
еліктейді, бірақ, оны түсінбейді. Кішкене бала үйдің еденін  жумақшы  болып,
өзінің ойыншық шаңсорғышымен бөлмеде жүреді.
        Екіншісі, ойын сатысы. Бұл уақытта кішкене  бала  өзінің  мінезін  –
белгілі бір рөлді орындау арқылы көрсетеді. Сөйтіп балалар өз істерін  ойлап
жасайтын қабілетке жете бастайды.
         Үшінші саты – ұжымдық ойын. Мұнда балалар тек  өздерін  ғана  ойлап
қоймайды, сонымен қатар басқалардың нені күтетінін түсіне бастайды.  Мысалы,
футбол ойнап жүрген бала ойынның барлық ережелерін біледі.  Бұны  команданың
барлық ойыншылары да біледі. Балалардың футбол ойының  тәртібін,  ережелерін
білу оларды  адамдардың  қоғамда  өздерін  қалай  ұстау  тәртіптерін  біліп,
меңгеруіне бағыттайды.  Бұл  тәртіп,  ережелер  қоғамда  заң  және  ережелер
түінде көрінетінін де түсініп, жақсы біледі.
       Тұлға  туралы  рөлдік  теорияда  адамның  әлеуметтік  мінез  –  құлқы
негізгі екі ұғыммен түсіндіріледі:
        Олар: «әлеуметтік статус»  және  «әлеуметтік  рөл»,  Әлеуметтік  рөл
туралы жоғарыда біраз айтылды. Енді бұларға толығырақ тоқталайық.
            Мысалы,  әрбір  адам  әлеуметтік  жүйеде   бірнеше   қызметтерді
атқарады. Осыны статус дейді.
           Әлеуметтанушылар статустардың екі түрін бөліп  көрсетеді.  Біреуі
–  қоғамнан  берілген   (предписание),   екіншісі   адамның   өз   еңбегінің
нәтижесінде қол жеткізген (преобретенный) статус.  Тұлғаның  табиғи  статусы
адамның мәнді, тұрақты сипатты белгілеріне байланысты (ер адам, әйел,  бала,
жасөспірімі, қарт, т.б.). Кәсібіне, қызметіне (лауазым) байланысты статус  –
тұлғаның базистік (яғни, негізгі) статусы  болып  есептеледі.  Бұл  статусқа
адамның  әлеуметтік,  экономикалық,  өндірістік  салаларда   қызметі,   орны
(мысалы, дәрігер, инженер, мұғалім, банкир, т.б.) жатады.
    Қорыта айтқанда, қандай да бір қоғамда адамның әлеуметтік жүйедегі  орны
бар. Ал, қоғамның адамға белгілі бір  талап  қоюы  оның  әлеуметтік  рөлінің
мазмұнын, мәнін  құрайды.  Сонымен,  әлеуметтік  рөл  дегеніміз,  әлеуметтік
жүйеде белгілі бір статусы бар адамның орындайтын іс - әрекетінің жиынтығы.
     Жоғарыда көрсетілгендей, тұлға дегеніміз, жоғары шарықтап дамыған,  жан
– жақты жетілген адам. «Тұлға» ұғымы  адамның  әлеуметтік  дамуының  сапалық
көрсеткіші. Ол тек  қана  адамның  әлеуметтік  орта  жағдайында  ғана  пайда
болады, яғни ол белгілі бір топта, бірлікте өмір  сүреді,  мұнсыз  болмайды,
сөйтіп ол адам  қоғамдағы  барлық  қатынастарды,  тәжірибені,  құнды  бағалы
нысандарды, бағыттарды өз бойына сіңіріп, меңгеріп, дамыта отырап, өзі  жаңа
сапа, қасиетке, яғни тұлғалыққа ие болады.
      Құқықтық мемлекеттерде жеке  тұлға  өркениет  пен  мәдениеттің  жоғары
адамгершілік қасиеттердің жиынтығы және субъектісі ретінде танылады.
       Тұлғаны одан әрі әлеуметтендіру процесі  тек  қана  адамдардың  алуан
түрлі  бірліктері  мен  топтық  шеңберінде  болуымен  шектелмейді.   Тұлғаны
әлеуметтендіру   оны   өз   бетімен   еркін   адамзаттың   алдыңғы   қатарлы
тәжірибелеріне,  мәдени  бағалы  құндылықтарына,  нысандарына,  бағыттарына,
т.б. белсенді араласып,  оларды  терең  игеруге,  бойына  сіңіруге,  өңдеуге
мәжбүр етеді. Бұларды игерудің нақтылы жолдары болады. Олар:
          а) іс - әрекет, қызмет, бұған ойын, оқу, еңбек ету жатады.
          ә) қарым  –  қатынас,  бұл  –  адамдардың  бір  –  бірімен  ұдайы,
үздіксіз алуан түрлі қоғамдық қатынастарда болуын керек етеді.
          б) өзіндік сана  –  сезімді  дамыту,  бұған  ми  мен  жүректің  өз
бетінше қызмет, іс - әрекет етуі жатады.
         Тұлғаны  әлеуметтендіру.  Индивидті  тұлғаға   айналдыру   процесін
әлеуметтендіру дейміз. Тұлғаның қалыптасуы  белсенді  іс  -  әрекет,  қызмет
істеуде және басқа адамдармен қарым – қатынас жасауды іске асырады.
        Тұлғаның қалыптасуы оның белсенді іс - әрекеті мен басқа  адамдармен
пікір алмасу процесінде  өтеді.  Әлеуметтендіру  индивидке  сырттан  еріксіз
таңылатын  нәрсе  емес.  Керсінше,  индивидтің  іс   -   әрекетке   белсенді
араласуымен, өзінің қимылы мен мінез – құлқын қоғам талабына сай,  лайықтап,
үнемі дұрыс жолға салып, өзгертіп отыру арқылы іске асады.
       Соның арқасында адамда өз мінез – құлқын,  іс  -  әрекетін,  қызметін
басқа адамдардың сондай  мінез  –  құлықтарымен  салыстыра  бағалау,  сөйтіп
өзінің кім екенін түсіну, өзін - өзі тану қабілеті жетіледі.
     Тұлғалық  қасиеттердің  ішіндегі  аса  маңыздысы  оның  өмірге  өзіндік
көзқарасының болуы. Адамның көзқарасы ғылыми немесе ғылыми емес, т.б.  болуы
мүмкін.
     Адам тұлғаға айналуында екі үлкен кезеңнен өтеді. Біріншісі –  туғаннан
ер жеткенге дейін. Екіншісі – ер жеткен, кемеліне келгеннен кейінгі кезең.
     Тұлғаға айналудың бірінші кезеңі барлық адамдарда  бар,  бірақ,  екінші
кезеңнің сипаты барлық адамдарда байқала  бармейді.  Ал,  кейбіреулер  тіпті
жиырма бес  жасында  тұлғаға  айналады.  Әрине,  өкінішке  қарай,  мұндайлар
қоғамда  өте  сирек  кездеседі.  Жеке   дара   адамды,   индивидті   тұлғаға
айналдыруда әр түрлі оқу орындарының атқаратын қызметі зор.
    Тұлға тек қана әлеуметтік – қоғамдық  қатынастардың  жемісі  ғана  емес,
сонымен қатар әлеуметтік іс - әрекеттер, дің  маңызды  субъектісі  де  болып
саналады. Бұл іс  -  әрекет,  қызмет  қоғамның  барлық  салаларында  әрдайым
көрініп  отырады.  Мысалы,  экономикада,  саясатта,  рухани   өмірде,   т.б.
Көрнекті неміс әлеуметтанушысы Макс Вебер әрбір адам өзінің іс  -  әрекетіне
белгілі бір мән, мағына береді  деп  атап  көрсеткен.  Вебер  осындай  іс  -
әрекеттің біреуге бағытталуын, нысаналауын тосу, күту, үміт  ету  (ожидание)
дейді. Мұнсыз ешқандай іс  -  әрекет,  қимыл  әлеуметтік  болып  саналмайды.
Мұндай әлеуметтік іс – қимылдың алуан түрлері  болады.  Олардың  ең  бастысы
мақсатқа  сәйкес  келетін  іс  -  әрекет  (целенаправленное  действие).  Бұл
мақсатқа сәкес келетін іс - әрекет  тұлғаның  ойлаған  мақсатына  жету  үшін
қолданылады.
    Вебер әлеуметтік іс - әрекетті, қимылды 4 типке бөледі:
    а) Ақыл – ойдың мақсатқа бағытталуы (целерациональный). Мұнда  әрбір  іс
- әрекеттің мақсаты мен құрылымының бір – біріне сәйкестігі көзделеді.
     ә) Іс - әрекеттің құндылыққа бағытталуы. Мұнда  әрбір  іс  -  әрекеттің
басқа құндылық, бағалық үшін өмір  сүруі  (мысалы,  діни  немесе  моральдық,
т.б.) көзделген.
      б)  Аффективтік.  Бұл  адамның   эмоциялық   реакциясына   негізделген
(аффективия).
     в) Дәстүрлік (яғни, салт –  дәстүрлік).  Мұнда  адамның  іс  -  әрекеті
белгілі бір дәстүр, салтқа сәйкес болады.
       Тұлғаның  әлеуметтік  қызметі  деп,  адамның  өмірді  өзінше  игеріп,
меңгеруі және адамның өзінің  қоғамдық  қатынастарды,  құбылыс,  процестерді
өзгертуші субъект ретінде дамып, жетілдірудін айтады.
       Әлеуметтік іс  -  әрекет  пен  қызметтің  қозғаушы  күші  объективтік
жағдайларымен байланысты. Объективтік жағдай адамдардың қажеттілігінен,  мұң
– мұқтажынан, мүддесінен, мақсатынан шығады.
       Табиғи қажеттілікке тамақ ішу, киім кию, баспана, т.б.  қажеттіліктер
(мұқтаждықтар) жатады.  Мұндай  әлеуметтік  қажеттілікке  еңбек  ету,  басқа
адамдармен  байланыс  –  қатынаста  болу,  қоғамдық  өмірге  араласу,   т.б.
қажеттеліктер (мұқтаждықтар) кіреді.
        Адам   мүддесі,  мақсаты  белгілі  бір  қажеттілікті   (мұқтаждықты,
зәрулікті) қанағаттандыру  мүмкіндігіне  қарай  тұлғаның  іс  -  әрекетінің,
қызметтерінің бағыттарын белгілеп отырады.
       Мүдделерінің, мақсаттардың негізінде әлеуметтік  талап  –  тілектерді
білдіретін адамдардың қажеттеліктері жатады. Осыған орай мүдде,  мақсат  бір
нәрсеге, затқа деген қажеттілікті түсінудің түрі ретінде көрінеді.
      Қажеттілік тұлғаны  өзін  қоршаған  әлеуметтік  ортамен  қатар  сыртқы
табиғатпен тығыз  байланыстырады,  өйткені  адам  табиғаттан  өзіне  керегін
алып,  өзінің   мүддесін   мақсатын   қанағаттандырып   отырады.   Осылардың
нәтижесінде тұлға табиғаттан біршама тәуелсіз болады.
      Қажеттілік – объективті дүниенің даму  заңдарының  негізгі  бір  түрі.
Осыған орай тұлға қажеттілікті терең, жан  –  жақты  түсініп,  оны  меңгеіп,
өзінің ісінде, қызметінде пайдаланып  отырады.  Екінші  жағынан,  қажеттілік
тұлғаның   өмірдегі   белсенділігін,   жауапкершілігін   арттырудың    басты
факторларына жатады. Тұлғаның атқаратын іс - әрекеті,  қызметі  белгілі  бір
нақты мүдделерді жүзеге асыруға бағытталады.
      Бейімделу - өмір  сүру  жағдайларының  өзгерісіне  деген  сол  адамның
көзқарасының    қалыптасуына    көмектеседі,    сөйтіп    түсініспеушіліктің
нәтижесінде пайда  болатын  шиеленісті  жоюға,  я  болмаса  оны  бәсендетуге
жағдай туғызады.
      Мүдденің  мақсатқа  айналу  сатысында  қозғаушы  күш  ретінде  болатын
адамдардың ынталары,  бастамалары,  ниеттері,  т.б.  маңызды  рөл  атқарады,
осылардың өзара байланыс – қатынастары тұлғаның қызметінің әлеуметтік  жағын
құрайды. Әлеуметтік іс - әрекеттің, қызметтің сырт көрінісі адамның  нақтылы
көзқарасынан, жалпы идеологиясынан да байқалады.
     Жеке адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлекметтік  бақлау
жағдайында қалыптасып, іске асырылады.
     Әлеуметтік бақылау дегеніміз, оның  ішінде  құқықтық  түрде  де  реттеу
арқылы  әлеуметтік  жүйені  құрайтын  элементтердің  өзара  әрекетін  реттеу
жолымен қамтамасыз етеді және сол жүйенің өздігінен басқарылу  тәсілі  болып
табылады. Сөйтіп әлеуметтік бақылау дегеніміз, ол  индивидтердің  әлеуметтік
тәртібін тек саяси мекемелердің ғана тұрғысынан емес,  сонымен  қатар  басқа
да әлеуметтік мекемелердің (яғни, білім берудің, мәдениеттің, мораль,  т.б.)
тарапынан да реттеу болып табылады.
     М. Вебер атап көрсеткендей, адамның  мінез  –  құлқы  деп,  оның  іс  -
әрекетінің,  қызметінің  сыртқы  көрінісін  айтады.  Оның  негізгі  үш  түрі
болады:
      а) Инстинктивті; ә) қарапайым; б) әлеуметтік;
      Мінез – құлықтың бірінші және  екінші  түрі  көбінесе  саналы,  ерікті
емес түріне жатады да, оның әлеуметтік мәні болмайды.
       Әлеуметтік мінез – құлық әр түрлі болады, олар:
       а) Индивидуалды (яғни, жеке адамның мінез - құлқы);
       ә) Ұжымдық – бұл жалпы мұқтаждығы, талап – тілегі және  іс  -  әрекет
мақсатының бірлігі негізінде құрылған ұйымдасқан топтын мінез – құлықтары;
      б) Бұқаралық – бұл бір типті, әрі ұйымдаспаған  үлкен  бұқара  тобының
мінез – құлқы.
      Қылық – бұл іс - әрекет. Мұның әлеуметтік  маңызы  және  мәні  болады.
Мысалы, анасы баласына уақытын  тамақ  бермесе,  бұл  жағымсыз  қылық  болып
есептеледі.
      Әлеуметтік  тәртіп  белгілі  бір  әлеуметтік  ережелерге  (нормаларға)
сәйкес келсе, қалыпты дейді. Ал, мінез – құлық нормаға сәйкес  келмесе,  оны
ауытқыған  (немесе  девианттық)  мінез   –   құлық   дейді.   Бұл   ауытқуды
(девианттық) әлеуметтанудың арнаулы  теориясы  –  ауытқу  мінез  –  құлқының
әлеуметтану зерттейді.
       Ауытқу тәртібіне құқық пен мораль принциптерінен кейін  кету,  оларды
бұзу жатады.
      Ауытқу  тәртібі  еңбек,  өндіріс  саласында,  жеке  адамдар  арасында,
ұйыцмдық қарым – қатынастарда, қызметте, жұмыста, тұрмыс салтында, т.б.  жиі
кездесіп отырады.  Мұндай  жат  қылықтарға  бұзақылық,  ұрлық,  маскүнемдік,
нашақорлық, өз - өзіне қол жұмсау, жезөкшелік, т.б. жатады.  Мұндай  ауытқу 
қу мінез – құлықтарына қарсы күрестер  еліміздің  барлық  салаларында  алуан
түрлі әдістермен қатаң жүзеге асырылуда.

Бақылау сұрақтары:
Индивид дегеніміз кім?
Тұлға ұғымының мағынасы
Жеке адам қалай түсінесің
Тұлғаның әлеуметтік жағдайы
Әлеуметтік мінез-құлық
   Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1.Ж.Сәрсенова., Т. Тәңірбергенова. Әлеуметтану. А. 2000
2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.
3.Р.Әбсаттаров, Дәкенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004
4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004
5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005
6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005
7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003
8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007
9.Қ.Ж.Рахметов.,  А.Н.Болатова.,  З.Н.Исмагамбетова.,  Социология.   Алматы,
2005

Қосымша әдебиеттер тізімі:
1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002
2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007
3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.
4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.
5.Фролов С. С. Основы социологии: Учебное пособие. – м.: Юрист. –1997.
 6.Штампка П. Социология социальных отношений / Пер. с англ., под ред. В. А.
 Ядова. – м.: 1996.

           Дәріс 8  Девиантты мінез – құлық социологиясы.
Мақсаты:
      Әлеуметтану пәнін, мәселелерін және түрлі  бағыттары  мен  қызметтерін
анықтау.
Дәріс жоспары:
   1. Адамдардың девиациясы: социологиялық түсінік.

   2. Девиация типтері.

   3. Девиация дамуы.

   4.  Ауытқитын  мінез  –   құлық   формалары.   Маскүнемдік,   нашақорлық,
      жезөкшелік, қылмыскерлік, өзін – өзі өлтіру.

Дәріс тезистері:

     Девианттық мінез – құлық социологиясы ауытқымалы мінез –  құлықты  адам
іс–әрекетінің түрлі салаларына тән әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру.

     Оның пәндік ерекшелігі, зерттейтін құбылыстар шеңбері тарихи  өзгермелі
және нақты, сол қоғамдағы әлеуметтік нормаларға  байланысты.  Таным  процесі
неге бағытталса ғылымның объектісі сол болып табылатыны белгілі.  Девианттық
мінез  –  құлық  социологиясының  объектісі   болып   адамдардың   санасында
бейнеленетін қызығушылықтары мен құндылықтарының шынайы іс –  әрекеті  болып
табылады.
     Зерттеу пәніне девианттық мінез –  құлықтың  пайда  болуы  мен  дамуына
әсер ететін әлеуметтік  факторлардың  механизмдерін  жатқызуға  болады.  Бұл
жерде,  берілген  пәннің  әлеуметтік  талдауы  теоретикалы   –   әдістемелік
деңгейде де, сонымен қатар эмпирикалық деңгейде де жүзеге асады.
     Осылайша девианттық мінез – құлық социологиясы деп ауытқымалы  мінез  –
құлықтың әлеуметтік мәселелерін  зерттеумен  айналысатын  және  осы  ауқымда
қоғамда әлеуметтік ауытқулардың  орнын,  пайда  болу  себебін,  әсер  ететін
жағдайларды, алдын-алу  шараларын  анықтайтын  социологияның  міндеті  болып
мыналар жатады:
    - Әлеуметтік ауытқу сипатын осы заманғы нормалардан бөліп көрсету;

    - Теріс әлеуметтік ауытқулардың өсу себебін ашу;

    - Девианттық мінез – құлықты жеңу және  алдын  алуға  бағытталған  түрлі
      экономикалық,   әлеуметтік,   құқықтық,   ұйымдық,   моральдық    және
      тәрбиелеушілік шаралардың тиімділігін талдау;

    -   Теріс   құбылысты   жеңуді,   қоғамды   белгілі   бір   –    норманы
      бұзылушылықтардан сақтандыруды болжау.

     Девианттық мінез – құлық  белгілі бір қоғамдағы қалыптасқан  әлеуметтік
нормалардың ауытқу және артынан құқықты және қоғамдық  шараларды  ілестіруші
адамдардың өмір салты кемесі іс – әрекеті.
    «Девиация» терминін анықтауда, оның басқа да өзіне  жақын  түсініктермен
қатынасы қаралады. Егер « әлеуметтік ауытқу » және « девиация »  түсініктері
бір мағынаны, яғни әлеуметтік норма  талаптарынан  аттау  дегенді  білдірсе,
онда «қоғамдық жүріс-тұрысқа қарсы» деген түсініктің  жоғарғы  түсініктерден
айырмашылығы, бір мәнді  теріс  сипатта  баяндалды.  Девианттық  жүріс-тұрыс
дегеніміз ресми нормалардың бұзылуы.
      Әлеуметтік нормалардан ауытқудың күрделі түрі, тұлға  мен  қоғам  үшін
зиян болып келетін мінез ғылыми әдебиетте әлеуметтік паталогия деп аталады.
      Әлеуметтік – паталогиялық құбылыстар деп қоғам  үшін  қауіпті  қылмыс,
анашаны  қолдану,  өзіне-өзі  қол  салу,   маскүнемдік   сияқты   әлеуметтік
ауытқуларды атайды. Осылайша, белгілі бір деңгейде «әлеуметтік ауытқу»  және
«әлеуметтік паталогия» түсініктері түйіседі.
      «Девианттық мінез – құлық»  категориясын  анықтай  келе,  маңызды  бір
сұраққа жауап беру маңызды: барлық жағдайда  да  әлеуметтік  ауытқу  қауіпті
ме, жоқ әлде оның пайдалы жағы  да  бар  ма?  Осы  орайда  тұжырымдар  екіге
бөлініп кетті. Мысалы, В.Н.Кудрявцевтің  ойынша,  белгілі  бір  жүйеден  тыс
әрекеттер, нормадан ауытқулардың ешқайсысы позитивті түрде қаралмауы  керек.
Ал Я.И.Глинский былай деп айтады: «әлеуметтік  ауытқу»  пайдалы  іс-әрекетте
де бар. Мысалы, бұған жаңашылдықты жатқызуға болады. Әлеуметтік  нормалардан
негативті және позитивті ауытқу бір нормативті жүйе  тұрғысынан  қаралмайды.
Керісінше,  нормадан  ауытқу  прогресивті   жүйе  тұрғысынан  позитивті  деп
мойындалуы мүмкін.  Сонда  норманың  өзі  теріс  құбылыс  ретінде  қаралады.
Прогрессивті жүріс –  тұрыстың  көпшілікті  үлгісі  ретінде  жинақтала  келе
позитивті ауытқулар бір – біріне таралып, соңында көпшілік  мойындаған  жаңа
әлеуметтік норманың қалыптасуына алып келеді.
      Девиацияны  екі аспекті де қарастыруға болады:  нормадан  прогрессивті
ауытқуға шейін қосатын  кең тұрғыдан және  анти  әлеуметтік  жүріс  –  тұрыс
ретіндегі тар мағынада.
      Әлеуметтік ауытқулар түрлі аспектілерде  әр  алуан  ғылымдармен,  атап
айтқанда,  психология,   медицина,   педагогика,   криненология   тұрғысында
зерттеледі. Шынында да, егер социологияның  пәніне  әлеуметтілік  топтардың,
тұлғалардың іс – әрекетіне  механизмдерінің  және  қоғамдық  заңдылықтарының
көрінуі  келсе,  егер  социология   нақты   қоғамдағы   нақты   құбылыстарды
зерттеуді, норманы ғана талдап,  ал одан ауытқуды шеттете алмайды.
      Бір индивид әлеуметтік  жүріс  –  тұрыста  ауытқиды,  екінші  біреулер
тұлғалық   ұйымдасудағы   нормадан   психикалық   ауытқу   қызықтырса,   ал,
социологтарды ең алдымен мәдени ауытқулар,  яғни  әлеуметтік  қауымдастықтың
мәдениет нормаларынан ауытқуы қызықтырады.
      Девиантты  мінез  –  құлық  социологиясы  девиацияны  ерекше    әлеуми
детерминацияланған  процестерге  әлеуми   бағытталған   құрылымдалған   жүйе
ретінде қарады.
        Ғылыми  әдебиетте  ауытқымалы  мінез  –  құлықты  түсіндіруде  түрлі
теоретикалық концепциялар  қарастырылған.  Оның  ішінен  девиантты  мінез  –
құлықты зерттеуге бағытталған үш теоретика –  методологиялық  бағытты  айтып
кетуге болады. Бұлар әлемдік социология мен психологияда  өз  дамуын  тапты.
Біріншіден,  К.Маркс  пен  Ф.  Энгельстің  экономикалық   детерменизмі   мен
әлеуметтік дау –  дамайынан  тұратын  құрылымдық  бағыт  және  Э.Дюркгеймнің
әлеуметтік ыдырау мен аномиясы кіретін құрылымдық  функционализм.
      Әлеуметтік ауытқу туралы марксистік теорияның ерекшелігі:  біріншіден,
қарастырылатын шаралардың макро деңгейлігі; екіншіден,  әлеуметтік  ауытқуға
әсер ететін революциялық, ол жекелеп алсақ қылмысқа әсер етеді.  Бұл  жерде,
қоғамдық жүйенің қайта құрылуы мен өркендеуі үшін  мемлекеттік  билік  етуші
құқығының күштерден аластату болып табылады. Олар халқының кедейлер  тұратын
бөлігінде қылмысқа деген әсер етуші шараларын қолданбайтын  еді.  Маркс  пен
Энгельс   бұзақылықтың   негізгі   факторларына   әлеуметтік    теңсіздікті,
жұмыскерлерді қанауды жатқызады. Ал бұлардың салдарынан  келіп  жұмыссыздық,
кедейлік, төмен деңгейдегі білім мен тәрбиенің болатынын айтып кетеді.
      Француз  социологы  Э.Дюркгеймнің  еңбектері  өзінің  тереңдігі   және
ерекшелігімен  байқалады.  Өзінің  фундаменталды  монографиясы  –  «Қоғамдық
еңбек  бөлінісі  туралы»  атты  еңбегінде  ол   адамгершілік   механизмдерін
саралайды: адамгершіліктік нормалардың мазмұнына  әсер  етуші  факторларының
даму  бағыттарын  Э.Дюркгеймнің  басты  жетістігінің  бірі  болып   қоғамның
ыдырауының күйіне сараптамасы немесе «  өзін  –  өзі  өлтіру  »  еңбегіндегі
аномия табылады. Сол әлеуметтік ыдырауда Э.Дюркгейм көптеген теріс  қоғамдық
әрекеттердің түп негізін қарастырады.
      Девиантты мінез –  құлықты  зерттеудегі  мәдени  бағыттардың  негізіне
Р.Мертонның социо – мәдени аномиялық теориясы, Т.Селминнің  мәдениет  дау  –
дамайы теориясы маңыз бола алады.  Р.Мертон  өзінің  мақаласында  ауытқымалы
мінез  –  құлық  мәселелеріне  дюркгеймдік  аномия  концепциясын  қолданады.
Р.Мертонның  басты  идеясы:  девиацияның  басты  себебі  болып   құндылықтар
арасындағы қарама – қайшылық, оған  жету  барысында  қоғам  бағытталады.  Р.
Мертон индивидтің бес логикалық мүмкін  болатын   мінез  –  құлық  әдістерін
көрсетеді:  конформизм,  инновация,  ритуализм,  ретризм   және   бунт.   Т.
Селминнің мәдени дау – дамай теориясының мәні  мынада:  өмірге  деген  түрлі
көзқарас, әдет, жүріс – тұрыс және ойлау  стеоротипі,  құндылықтардың  алуан
түрлілігі  адамдардың  өзара  түсініктерін,  басқаның  сезіміне  ортақтасуды
қиындатады,басқа мәдениет өкілдері  тарапынан  ашу  –  ыза  шақыруы  мүмкін.
Жекелеген жағдайларда қоғамда билік етуші құқығының және  моральды  нормалар
тек жекелеген әлеуметтік топтар үшін пайдалы бола алады,  сондықтан  олардың
келіспеушілігі қоғамның екі  деңгейіне  де  таралатын  құндылықтармен  қарсы
бола алмайды.
      Девиантты мінез  –  құлықты  зертеудегі  кеңістік  және  одан  кейінгі
социологиялық  зерттеулердің  ерекшелігі  әлеуми  –  құрылымдық   көзқарасын
меңгеру, экономикалық, әлеуми – класының және басқа да  қайшылықтарға  көңіл
бөлу болып табылады. Отандық социологиялық  әдебиетке  соңғы  он  бес  жылда
ауытқымалы мінез – құлықты зерттеудегі біраз мақалалар  мен  публикацияларды
көруге болады. Әсіресе, А. А. Габиани, С. Г.Климова,  д.  С.  Голод,  Я.  И.
Гилинский, Ю. Г. Корпухина  сияқты  ғалымдардың  еңбектеріндегі  девиацияның
әлеуметтік формаларын көруге болады.
      ТМД  елдерінің   социолог   ғалымдарының   еңбектеріндегі   қолданбалы
эмпирикалық сипаты девиантты мінез –  құлықтың  болу  себебіне  және  мәніне
деген пәнаралық талдау мүмкіндігін көрсетеді: Отандық  әдебиетте  әлеуметтік
ауытқудың болу себебіне деген ауқымды көзқарасын айтып  кетуге  болады  және
де девиациялық  түрлі формаларының өзара  тәуелділігін,  құрылымын  айтпауға
болмайды.
      Я.  И.  Глинский  өзінің  еңбектерінде  девианттық  мінез  –   құлықты
материяның  өз  еркімен   жылжуының   біртұтас   әлемдік   процесі   ретінде
қарастырады.  Оның  көзқарасы  бойынша  норма  мен  паталогия  –   бейімделу
формалары және де девиантты мінез  –  құлықтың  түрлі  формаларының  жазылуы
емес, бірінің орнын бірі басуы арқылы көрінеді.
       Көптеген Отандық  ғалымдардың ойы  бойынша  ауытқымалы  мінез  –құлық
басты жағдайда экономикалық  байланыстармен  байланысты.  Әрине,  әлеуметтік
ауытқулар олардың жағдайымен тікелей байланыста емес, бұл  жердегі  байланыс
күрделірек және көп жоспарлы. Бірақ оның болатындығын қоғам дамуының  барлық
тарихы айтады.
      Ж.Т.Тощенконың ойынша девиантты мінез – құлықтың басты детерминантының
бірі   болып   бұзылған   қоғамдық    қатынастар    салдарынан    әлеуметтік
теңсіздіктердің болуы табылады. В.М.Когак  жүргізген  әлеуметтік  зерттеулер
көрсеткендей еңбек  мазмұны  мен  қылмысты  мінез  –  құлық  арасында  тығыз
байланыс  бар.  Қылмыскерлер   арасында   жоғары   өндірістік   кваликациялы
жұмыскерлерге қарағанда алты есе аз екен.
      Қазақстанның  ғылыми  әдебиетіне  келетін  болсақ,  онда  қазақстандық
социологтар девиантты мінез – құлық мәселелерін айтарлықтай  зерттей  қойған
жоқ.  Қоғам  дамуының  осы  заманғы  этапында  Қазақстандағы   социологияның
дамуына объективті ізденулер керек – ақ.
Бақылау сұрақтары:
      1. Әлеуметтік бақылау және адамның деликвенттік мінез – құлығы.
      2. Дезадаптивті мінез – құлық. Тұлғаны ресми қадағалау орындары.
      3.  Қазіргі  заманғы  қазақстандық  қоғамдағы   девианттық   әрекеттің
ерекшеліктері.


   Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1.Ж.Сәрсенова., Т. Тәңірбергенова. Әлеуметтану. А. 2000
2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.
3.Р.Әбсаттаров, Дәкенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004
4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004
5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005
6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005
7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003
8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007
9.Қ.Ж.Рахметов.,  А.Н.Болатова.,  З.Н.Исмагамбетова.,  Социология.   Алматы,
2005

Қосымша әдебиеттер тізімі:
1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002
2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007
3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.
4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.
5.Фролов С. С. Основы социологии: Учебное пособие. – м.: Юрист. –1997.
 6.Штампка П. Социология социальных отношений / Пер. с англ., под ред. В. А.
 Ядова. – м.: 1996.
           Дәріс №9 Білім әлеуметтануы.
 Мақсаты:
      Білім әлеуметтануының негізгі мәселелерін, қоғамдағы орны мен қызметін
анықтау.
Дәріс жопары:
   1. Білім әлеуметтік-мәдени феномен ретінде.
   2. Білім әлеуметтануындағы негізгі концепциялар.
   3. Білімді зерттеу саласындағы әлеуметтік әдістер.
Дәріс тезистері:
   1. Әлеуметтік білім – білім  жүйелерінің  қоғаммен  қарым-қатынасын  және
      байланысын, әлеуметтік мәселелерді, білім жүйесін әлеуметтік  институт
      ретінде қарастыратын социология тармағы.
   Әлеуметтік білімнің басты мәселесі  –  қоғамдық  шарттың  туындауы,  жаңа
технологиялық  білімді  дамыту  және  функциялау;  өндіріс  техникасын  және
әлеуметтік  қажеттіліктер;   білім   жүйесіндегі   әлеуметтік   теңдік   пен
теңсіздіктер; білімнің ұлтаралық  қарым-қатынастармен,  қоғамның  әлеуметтік
мәдениетімен, саяси  институттармен  байланысы;  тұлғаны  әлеуметтендірудегі
білім жүйесінің орны.
   Білім көп шекаралық объект болғандықтан көптеген ғылымдармен, оның ішінде
философиямен,    педагогикамен,    әлеуметтанумен,    психологиямен    қатар
зерттелуде. Бұл тізімге  логика,  тарих,  антропология  және  т.б.  ғылымдар
енгізілуі   тиіс.   Ғылыми    педагогикалық    қоғамдастықта,    мемлекеттік
құрылымдарда  білім  жүйесіндегі  қажеттіліктерді  практикада  анықтау  және
көрсету, білім берудегі мемлекеттік саясаттың орнын  анықтау,  Отандық  және
әлемдік білім жүйелерін қалыптастыру және білімнің жаңа  идеалдарын  жүйелеу
бағыттары қолға алынды.
   Білім жүйесінің әлеуметтік институт ретінде дамуы  мен  жүйеленуі  ғылыми
тану  кезінде  пайда   болатын   көптеген   мәселелері   айқындалатын   ішкі
қайшылықтармен   сипатталады.   Мұндайға    педагогикалық,    психологиялық,
экономикалық және әлеуметттік мәселерді жатқызамыз.
      Білімнің әлеуметтік мәселелері глобальды  -  әлеуметтік  жүйе  ретінде
білім жүйесі мен қоғам арасындағы қайшылықтарды көрсетеді  және  осы  қарым-
қатынас әлеуметтік білім пәнін құрайды.
      Әлеуметтік білім пәнін анықтау.
Әлеуметтік білім пәні логикалық түрде ғылыми және пәнді анықтау  жолы  болып
сипатталады.  Әлеуметтік  білімнің  объектісі  -  әртүрлі  білім   жүйесінің
бірлігі және білімдегі болып жатқан үрдістердің қарым-қатынасы.  Әлеуметтану
объектісі – тек қана білім емес,  сонымен  қоса  ол  туралы  ақпарат.  Білім
объектісі – білім туралы жүйе және ақпарат. Білім пәні  –  білім  әлеуметтік
институт ретінде. Әлеуметтік білімді экстраспектік тұрғыдан қарауға  болады.
Ол  дегеніміз  сыртқы  байланыстар  мен   қатынастар.   әлеуметтік   білімді
интроспектік   тұрғыдан   қарау   кезінде   басты   мәселесі   педагогикалық
әлеуметтану болып келеді. Әлеуметтік  білім  пәнін  анықтау  үшін  тек  қана
өзіндік білім жүйесін ғана емес,  сонымен  қоса  оның  қоғамдық  құрылымымен
байланысын, ішкі полиқұрылымдық жүйесін қарастыру керек.
2. Тарихтың әлеуметтік - философиялық ойында білім идеясының  дамуы.  Ежелгі
өркениеттер. Платоның, Аристотельдің,  Сенеканың  тәрбие  мен  білім  туралы
ойлары. Цицерон мен  Квинтилианның  білім  жүйесі.  Христиандық  дәуір  және
білім концепциялары.
Әлеуметтік білімнің пайда болуы (ХІХ ғ аяғы мен ХХ ғ басы).
Л.Уордтың,  Д.Дьюидің,  П.Сорокиннің,  Д.Пейннің,  К.Махейннің  зерттеулері.
Әлеуметтік білімнің басты болжамдары.
       Функционалдық  болжам  (Э.Дюркгейм,  Т.Парсонс,  Р.Мертон,  Г.Беккер,
Р.Будон,  М.Крозье).  Феноменологиялық  болжам   (М.Гарфи-нкель,   Х.Блумер,
А.Шутц,   А.Штрауц,   Б.Глазер,   М.Янг,   Н.Кедди).    Құрылымдық    болжам
(Р.Дарендорф, П.Бурдье,  М.Пиор).  Радикалды   гуманистік  болжам  (К.Маркс,
А.Горц). постмодернистік әлеуметтік білім.
      Американдық әлеуметтік білім.
Әлеуметтік білімдегі Д.Дьюидің прагматизмі және  инструментализмі.  М.Янгтің
мериоткратиялық концепциясы. Э.Тондрайктің элитарлық концепциясы.  М.Троудың
диверсификациялық  концепциясы.  А.  Маслоудың,  Э.Гинсбергтің,  Дж.Хермның,
С.Роджерстың профессионалдық даму концепциясы. Конвитивтік бағыт.  Трехардық
интеллект теориясы(Р.Стернберг). Көпжақты  интеллект  теориясы  (Г.Гарднер).
Оқытудың  эксперименталды  зерттеу  үлгісі  (Р.Раков).  Әлеуметтік   капитал
теориясы (Дж.Коулмен).
      Жаңа әлеуметтік білімнің орнауы.
В.Н.Шубкин  зерттеулеріндегі  білімнің   әлеуметтік   мәселелері.   Білімнің
әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық мәселелері (А.Г.Здравомыслов,  В.А.
Ядов, С.Н.Иконникова). Жасөспірімдердің  білімі  және  әлеуметтік  орналасуы
(М.Х.Титма).  ЖОО-ң  әлеуметтік  мәселелері  (Л.Н.Лесохина,  В.В.Водзинская,
Л.Я.Рубина, В.Т.Лисовский). Білімдегі  әлеуметтік  болжамдар  (И.В.Бестужев-
Лада). Ортақ білімдегі дифференциация  (Г.А.Чередниченко).  Жоғары  мектепті
зерттеу (А.А.Овсянников). Білім және өмірлік траекториялар  (Л.А.Коклягина).
әлеуметтік білім мәселелерінің мониторингі  (Ф.Э.Шереги).  білімдегі  меншік
болжамдар   (В.Давыдов,   В.Ильин,   М.Кларин   ).    Халықаралық    жобалар
(В.Н.Шубкин).    Білім    жүйесін   реформалаудың   әлеуметтік    мәселелері
(Ф.Г.Зиятдинова, А.А.Овсянников).
       «Әлеуметтік  білім»  түсінігінің  пайда  болуы  Э.Дюркгейм   есімімен
байланысты.
       Білім  жүйесінің  өзіндік  қасиеті  бар.  Ол  өндіріс  дамуында  және
өндірістік қатынастарда  басы  рөл  атқаруы  тиіс,  сонымен  қатар  қоғамның
бүгінгі ғана емес, ертеңгі  қажеттіліктеріне  жауапты.  Көптеген  зерттеулер
нәтижесінде білім жүйесіндегі сандық және сапалық көрсеткіштерінің қарама  –
қайшылықтары анықталған:
 - жалпы білім жүйесі мен мамандандырылған білім жүйесі арасында;
 -  интелектуалды  потенциалдың  дамуы   мен   төмен   дәрежелі   қалыптарда
   жүргізілмеуі арасында;
 - қоғамның қажеттіліктері мен жасөспірімдердің өмірлік жоспарлары арасында.
Бұл  мәселелерді  шешу  барысында   білім  жүйесін  қайта  құру  концепциясы
жасалынған.
      Білім функциялары:
         - біліми;
         - әлеуметтік;
         - экономикалық;
         - тарихи-мәдени;
         - кадрлар даярлаушы.
      Біліми функциялар:
         - кадрларды даярлауға қажетті біліктілік пен іскерлікті жүйелеу;
         - ұрпақтан ұрпаққа білімді және мәдени тәжірибені жалғастыру;
         - қоғам өмірінің материалды және рухани дамуы;
         - қоғам мүшелерін әлеуметтіндіру.
      Білімнің әлеуметтік функциялары:
         - білімнің, мәдениеттің, ғылымның ортақ сапаларын анықтау;
         - тұлғаның жан-жақты, гармониялық, шығармашылық дамуы;
         - білімдегі қажеттіліктерді қанағаттандыру;
         - рухани тәрбиелеу;
         - қазақ тілінің, мәдениетінің дамуын сақтау;
         - ұлттар мен халықтар мәдениетінің және  ұлттық  тілдердің  дамуын
           сақтау;
      Экономикалық функция:
         - кадрларды дайындау және қайта дайындау;
      Тарихи мәдени функция:
         - мәдениет құндылықтарын жалғастыру;
         - мәдени және әлеуметтік құндылықтарды анықтау;
       Кадрлар даярлаушы функция:
      өмірлік  және   мамандандырылған   қызметті   құрудағы   білім   орны;
      Қазақстандағы білім принциптері:
         - білімнің қол жетімділігі;
         - білім мемлекеттілігі – мемлекет жауапкершілігі;
         - білім сапасының алдағы дамуы;
         - білімнің ғылымилығы;
         - автономдық және акдемиялық бостандық;
         - білім міндеттілігі.
      Білім  жүйесі  қоғам  өмірінің  рухани   және   материалдық   дамуының
механизмдерінің  маңызды  элементі  болып  табылады.  Білім   мазмұны   және
түрлері, білім мекемелерін  жүйелеу  -  әлеуметтік  тапсырыс  болып  келеді.
Ғылыми   –   техникалық   потенциалдың   сақталуы,    қоғам    потенциалының
интеллектуалдық қолданылуы, оқытудың сапасын  жоғарылату  –  қазіргі  өзекті
мәселелер қатарында. Білім – бұл жаңа дәуірдің маңызды дамушы факторы  болып
табылады.
      Отбасы – білім мен тәрбие  институтының  қайнар  көзі.  Отбасыдан  тыс
білім жүйелері қатарына балалар үйі, жетімдер үйі жатады. Жалпы білім  толық
және негізгі білім болып екіге бөлінеді. Мамандандырылған білім –  бастауыш,
орта, жоғары болып үшке бөлінеді. Білім түрлері: қосымша білім,  мемлекеттік
және коммерциялық  білім,  дифференциялдық  білім,  өзіндік  білім.  өзіндік
білім технологиясы – тарихи-әлеуметтік аспект болып табылады.
      Білім әлеуметтік үрдіс болып  табылады.  Білім  үдерісінде  оқыту  мен
тәрбиелеу интеграциясы жүреді.  Оқыту  үдерісінің  құрылымы  –  сипаттамасы,
мазмұны,  әдістері.  Қазіргі  кезде   оқу   үрдісінде   жаңа   технологиялар
қолданылуда.
      Әлеуметтік мәселелер:
         - глобальды, регионльды, этникалық мәселелер;
         - білім және демографиялық үрдістер;
         - білім және девианттық тәртіп;
         - білім және кәсіпкерлік.
      Білімдегі әлеуметтік саясат:
         - футурологиялық тұрғы;
         - шетелдік және Отандық тәжірибе үлгілерін қолдану;
         - біліми жүйелердің мәдени-әлеуметтік жобалануы;
      Әлеуметтік білімнің жаңа мәселелері:
         - білімдегі қоғам қызығушылықтарының өзгеруі;
         - жасөспірімдерді әлеуметтендіру үлгілерінің өзгеруі;
         - білім жүйелерінің дамуын алдын ала болжау;
         - ғылыми мониторинг жасау;
         - білім жүйесінің басқа қоғам институттарымен байланысы.
    Өкінішке қарай, қоғамның осындай жіңішке жігі қиыншылыққа , апатқа  жиі
ұшырып отырғанын тарихтан білеміз.1917-ші жылы  Қазан  революциясынан  кейін
көп зиялы адамдар, оның ішінде оқымыстылар,инженерлер, әдебиетшілер, т.б  өз
елін, отанын тастап кетуге мәжбүр болды.Елде қалған көптеген  зиялы  адамдар
Сталиндік репрессияның нақақ құрбандарына айналды. Қазір де  зиялы  қауымның
кейбір өкілдері қиын жағдайларда жүр.
    Қазір оқу,  білім  жүйесі  дағдарыста.  Бұл  дағдарыстың  болу  себебі,
біздегі  жүйенің  басқа  сапалы  жүйеге   ауысудағы   қиындықтарға   тікелей
байланысты. Ал, жаңа жүйе барлық салалардағы  іс-қызметтің  жаңа  өндіріске,
технологияға  сәйкес  жаңа  түрін,әдісін,  тәсілін(стилін),  тәртібін,  оқу-
білімін,  ғылымын  қажет  етеді.  Ол  қоғамның  ілгерілеп  дамуының  қажетті
алғышарты және адам өмірінің, әсіресе, оның белсенді жұмысының маңызды  түрі
болып саналады.
    Сондықтан жаңа XXI ғасырда үздіксіз оқу, білім  алу  басқа  өркениетті,
дамыған елдердегідей біздің саясатымыздың басты  қағидасы  болу  керек.  Бұл
туралы біздің өкіметіміздің білім  туралы  заңында  жақсы  айтылған.Үздіксіз
білім алуды білім мерзімін ұзарту  және  оқушылар  санын  ересек  адамдардың
санымен деп жансақ  түсінуге болмайды әрбір мектептің алдындағы міндет –  ол
әрбір адамды әр түрлі жұмыс пен іс-қызметті  өз  бетімен  істей  алуға  және
өздігінен білім алуға үйрету.
    Болашақ білім  жүйесінде  университеттердің  атқаратын  қызметі  ерекше
болады. Қандай да бір университет  болмасын  ол  адамға  жан-жақты  мәдениет
беру  құралы   болуы   керек.   Университеттердің   мұндай   болуына   толық
мүмкіншіліктері  бар.Университет  жұмысшы  күшін  өндірмейді.   Оның   басты
міндеті – адамның адамгершілік қасиеттерін дамытып қалыптастыру.
    Қоғамның  әр  түрлі  даму  кезеңдеріне  сай   университеттердің   білім
жүйесіндегі оқу процестері әр түрлі дәрежеде деңгейде қызмет атқарады  соған
орай оның беделі  де  әр  түрлі  болды.  Алғашқыда  университеттерде  өнерге
қатысты  пәндер  оқытылмайтын  еді  ондағы  гуманитарлық  қоғамдық  ғылымдар
жаратылыс және техникалық ғылымдардың өлшем-үлгерімен   жүргізілді.  Ақыл-ой
еңбектің бір түрі ретінде  жүргізілетін  ғылымдарға  шек  қойылып  тек  қана
нақтылы тиімді пайдалы  ғылымдарға  шек  қойылып  тек  қана  нақтылы  тиімді
пайдалы  ғылымдар  (мысалы  математика  физика  химия  биология   техникалық
ғылымдар т.с.с жүргізілді.Ал адамның жеке тұлға ретінде жан-жақты  үйлесімді
дамуына  оның  адамгершілік  қасиет  терінің  жетілуіне  назар  аударылмады.
Сондықтан бүгінгі  күннің  басты  мәселесі  –  бұрынғы  университетті  қайта
жаңғырту.Оның алуан түрлі мәселелерінің ішіндегі   басты  негізгі  мәселе  –
қоғамдық гуманитарлық білім  беруді  қайта  қалпына  келтіру.  Мұның  өзі  –
гуманитарлық факультеттерді көбейту деген ой емес ол оқу орындарын  бітіруші
мамандардың жоғары дәрежедегі мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
    Оқу білім – қоғамдағы оқшау тұрған сала емес.  Ол  қоғамдағы  әр  түрлі
құбылыс, процестерді бейнелей  алатын  сала.  Ал,  жоғары  мамандандырылған,
саналы, өз бетімен істелінетін еңбек, іс-қызмет, жұмыс  беделінің  төмендеуі
қоғамға оқу,  білім  саласының  заңды  беделін  түсіріп,  маңызын  кемітеді.
Әрине, айта берсе, кемшілік, олқылықтар өте көп. Бұлардың объективтік  басты
себептерге оқу білім жүйесін қажетті  қаржымен  қамтамасыз  етілмеуі  жатса;
субъективтік  себептердің  бастыларына  –  оқу,   білім   жүйесінің   ғылыми
дәлелденген, өмірдің барлық және әрбір  салаларына  сәйкес  келетін  тиімді,
оқытудың, білім жоспарын, бағдарламасын, әдістемелерін,  оқу  және  көрнекті
құралдарды  жасап,  компьютерлерді  кең  қолдану,  жаңа  педагог   кадрларды
іріктеп алу, отбасымен байланыс-қатынастарды күшейту т.с.с.
    Қорыта айтқанда, оқу, білім ерекше әлеуметтік институт, ол – өз бетімен
біршама дербес әлеуметтік қызмет атқарады. Нақтылап айтсақ, ол әрбір  адамды
білімнің негізімен жан-жақты, терең қаруландыруын,  әлеуметтік  және  рухани
тәрбиені сабақтастыруын, тұлғаны әлеуметтендіруін, оның интеллектуалды  және
рухани мүмкіндігін қалыптастырады,т.б.
    Қоғамның оқу,  білім  құбылыстарын,  процестерді  жалпы  әлеуметтанудың
арнаулы теориясы – білім әлеуметтануы зерттейді. Ол білім жүйесінің  белгілі
бір заңдылықтары  арқылы  жеке  әлеуметтік  институт  ретінде  дамуын,  оның
қоғаммен және оның алуан түрлі салаларымен, басқада  әлеуметтік  жүйелермен,
процестермен,институттармен әр түрлі қарым-қатынасын,  байланысын  талдайды.
Сонымен  бірге  білім  жүйесі  қоғамның  әлеуметтік   құрылымына,   қоғамдық
қатынастарға,  еңбектің  өнімділігіне,  өндіріске  және  басқа  іс-қызметтің
тиімділігіне  әсерін,  жеке  адамды  тұлғаға  айналдырудағы  интеллектуалды,
білім процесінің рөлін, адамның табиғат  және  қоғам  туралы  білімді,  озық
тәжірибені игеріп, бойына сіңіріп, оның үйлесімді дамуын,  білім  деңгейінің
қызметке,  жұмысқа,  тәртіпке   әсерін,   адамдардың   ғылыми   көзқарасының
қалыптасуын, адамның қоғамдағы әлеуметтік жағдайының  өзгеруін,  т.б  талдап
зерттейді.

Бақылау сұрақтары:
1. Білім беру процесінің сатылары: мектепке дейінгі, бастауыш мектеп,  орта,
жоғары.
2. Мемлекеттік және жеке меншік оқу орындары
3. Қазақстандағы білім жүйесінің даму жолдары


   Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1.Ж.Сәрсенова., Т. Тәңірбергенова. Әлеуметтану. А. 2000
2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.
3.Р.Әбсаттаров, Дәкенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004
4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004
5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005
6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005
7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003
8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007
9.Қ.Ж.Рахметов.,  А.Н.Болатова.,  З.Н.Исмагамбетова.,  Социология.   Алматы,
2005

Қосымша әдебиеттер тізімі:
1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002
2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007
3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.
4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.
5.Фролов С. С. Основы социологии: Учебное пособие. – м.: Юрист. –1997.
6.Штампка П. Социология социальных отношений / Пер. с англ., под ред. В.  А.
Ядова. – м.: 1996.


           Дәріс №10 Саяси  әлеуметтану
 Мақсаты:
      Қоғамның саяси өмірі мен түрлі жақтарын сипаттау мазмұнын ашу
Дәріс жоспары
      1 Саясат әлеуметтануының мәні, заңдары, категориялары
      2  Қоғамның саяси жүйесі және функцияларының формалары
Дәріс тезистері:
    Саяси әлеуметтану –  саясат  пен  саяси  қарым-қатынастарды  зерттейтін
әлеуметтанудың саласы. Саяси өнер халықты бейбітшілік ішінде  бірлікте  өмір
сүруге үйретеді; ал өздері  жалпылықты  (саяси  өнер)  бейбітшілікте  немесе
соғыста өмір сүруді үйретеді.
        Саяси социология – саясат пен  саяси  қарым-қатынастарды  зерттейтін
социологияның саласы. Оның  пәндік  құрылымы  және  саясаттың  социологиялық
көрінісін ежелгі грек  ойшылдары  Платон  мен  Аристотель  анықтап  көрсетіп
берген.   Мемлекеттік   социология   теориясының   негізі   мен    идеясының
қалыптасуына,  және  кейбір   саяси   ғылымдары   принциптерінің   –   саяси
социологиялық пәндердің төркіндес жақтарының қалауына  маңызды  үлес  қосқан
адам – Аристотель. Алғашқы саяси социология екі  пәннің  проблематикасы  мен
тәсілін  байланыстыратын  ғылыми  білім  саласы  ретінде   көрінеді.   Саяси
әлеуметтанушылар  мен  социологияның  бағдар  тұтқан  политологтар  саясатты
заңсыз   әлеуметтік   институттар   және   әлеуметтік   құрылым    талдамасы
перспективасында қарастыруды ұсынды. Олар зерттеудің қажет екендігіне  назар
аударды, мысалы,тек қана мемлекеттік формалар емес, саяси тәртіп;  сондай-ақ
тек  қана  мемлекеттің  сыртқы  саясатын  және  олардың  халықаралық  саясат
төңірегіндегі байланысын ғана емес,  халықтың  қарым-қатынасын,  халықаралық
ортаның  жағдайын,  аймақтық  және  ғаламдық   мәселелердің  де   зерттелуін
қолдады. Саяси социологияның ең бір  маңызды  мәселесі  ретінде  халықаралық
қатынастар социологиясы мен сыртқы саясат мәселелеріне тоқталып өтсек.
          Платон  мен  Аристотельден  бастап   ғалымдар   барлығына   талдау
жасайтын, оның квинтэссенциясын шығаратын  түсіндіру  жүйесін,  категориясын
және  принциптерін  табуға  тырысты.Қазіргі  кездегі  батыс   зерттеушілері,
халықаралық қарым-қатынас – халықаралық қарым-қатынастағы жүйе  –  ол  саяси
бірлік   арасындағы   қарым-қатынас,   мемлекет   арасындағы   қарым-қатынас
көріністерінің  өзіне  тән  құлығынан  көрінеді:   мәселен,   дипломат   пен
солдаттың құлығы – деп атап көрсетті. «Екі және екі адам  бір  мүше  ретінде
көрінбейді ол жалпы көріністің өкілі: елші  өз  функцияларын  орындауда  өзі
жататын қауымның саяси өкілі болады;  солдат  соғыс  алаңында  соның  атынан
өзіне ұқсастарды өлтіретін саяси бірлік қана»(Р.Арон). Соғыстың  көлеңкесіне
оралады  дәлірек  айтқанда  мемлекет  арасындағы  қарым-қатынас  соғыс   пен
бейбітшіліктің баламасын ұстанды.  Социологтардың  ойынша  жалғасады  дейді.
Ғалымдардың ойынша, олар бір әмбебап  мемлекет  болып  бірікпейінше  осындай
қалып мақсаты – тіршілік етуі. Осы жерден қарама-қайшылық туады: саяси  өнер
халықты  бейбітшілік  ішінде  бірлікте  өмір  сүруге  үйретеді;  ал   өздері
жалпылықты (саяси өнер) бейбітшілікте немесе соғыста өмір сүруді үйретеді.
Саяси әлеуметтану. Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге  бейімделіп
тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы  саяси  білімін  кеңейтеді,  толықтырады.
Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра  ретінде  қалып,
соңғы  ұрпақ  алдыңғы  ұрпақтың  үлгі-өнегесінен  үйреніп  отырады.   Мұндай
процесті ғылыми тілде саяси әлеуметтену дейді.  “Әлеуметтену”  деген  ұғымды
ХІХ  ғ.  аяғында  американдық   әлеуметтанушысы   Ф.Гидденс   және   француз
әлеуметтанушысы  әрі  психологы  Г.Тар  ғылыми   айналымға   енгізді.   Олар
әлеуметтену деп тұлғаның әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасуын айтты.
      ХХ ғ. 50-60 ж. осы ұғым негізінде,  американдық  әлеуметтанушылар  мен
саясаттанушылар “саяси әлеуметтену” деген ұғымды  ойлап  шығарды.  Г.Алмонд,
С.Верба, Д.Истон  еңбектерінде  бұл  ұғым  кеңінен  пайдаланылды.  Олар  бұл
ұғымға  жеке  адамдардың  осы  қоғамдағы  саяси  құндылықтарды,  қалыптарды,
ережелерді өз  бойына  сіңіріп,  іс-әрекетінде  басшылыққа  алуын  жатқызды.
Ресей саясаттанушысы Е.Шестопал саяси әлеуметтену деп тұлғаның саяси  санасы
мен іс-әрекетінің қалыптасу, саяси  рөлдеоді  қабылдау  мен  орындау,  саяси
белсенділік таныту процесінің барлық жиынтығын айтады. Саяси әлеуметтену  ХХ
ғ. 50 ж. кеңінен көтерілді.
      Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:
      І. Қоғамның жаңа  мүшелеріне  саяси  мәдениеттің  және  саяси  сананың
негізгі элементтерін жеткізу.
      ІІ. Қоғам мүшелеріне қажетті саяси  тәжірибе  алуға,  саяси  іс-әрекет
етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау.
      ІІІ. Саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту.
      Адамның саяси әлеуметтенуі үздіксіз өмір бойы жалғасады.
Саяси  әлеуметтену  инстиуттарына  мыналар  жатады:  отбасы,  білім  жүйесі,
ақпарат құралдары, мемлекет,  партия,  діни  ұйымдар  және  саяси  оқиғалар.
Саяси әлеуметтену ең алғаш отбасынан басталады. Саяси әлеуметтенудің  келесі
кезеңі – мектеп. Бұл  кезде  жалпыға  бірдей  негізгі  саяси  қазыналар  мен
көзқарастарды оқушылар оқып біледі, алғашқы  әлеуметтік  тәжірибелер  алады.
Саяси әлеуметтенудің  келесі  кезеңі  16-40  жас  аралығы.  16  жастан  адам
сайлауға қатыса бастайды, азамат атанады, іс-әрекетіне толық  жауап  береді.
Жастардың әлеуметтік мәртебесі өзгереді.
      Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі 40-60 жас аралығы.  Бұл  –  адамның
есейген шағы. Адамдардың саяси іс-әрекетіне өмір тәжірибесі,  балалалры  мен
немерелерінің тұрақты  көзқарасы  әсер  етеді.  Ең  соңында  зейнеткерлердің
саяси  әлеуметтенуі.  Олардың  кейбіреулері  қолдары  босаған   соң,   саяси
мәселелермен нақты айналыса бастайды. Саяси әлеуметтенуге ақпарат  құралдары
көп ықпал жасайды. Баспасөз, радио, теледидар,  кино  адамға  тікелей  ықпал
етеді және саяси құндылықтарға деген қатынасын қалыптастырады.
      Ғалымдар  саяси  әлеуметтенуді  мынадай  типтерге  бөледі:  үйлесімді,
гегмонистік,  плюралистік,  дау-жанжалдық.  Саяси  әлеуметтенудің  үйлесімді
түрі  адам  мен  билік  институттарының   арасында   қолайлы   психологиялық
қатынастар қалыптасқанда пайда болады.  Мұнда  құқықтық  тәртіп  орындарына,
мемлекетке, өзінің азаматтық міндеттеріне құрметпен қарайды. Жеке  адам  мен
билік органдары арасындағы сыйластық, туындаған  мәселелерді  өзара  келісім
арқылы шешетін жағдай қалыптасады. Ал гегемонистік түрі басқа жүйелерге  жат
көзбен қарап оларды жақтырмайды.
      Мұндай  саяси  әлеуметтену  бір  таптық,  діннің  немесе  идеологияның
негізінде қалыптасады. Плюралистік түріне адам басқа адамдардың  құқығы  мен
еркіндігін, теңдігін мойындайды, құрметтейді.  Мұнда  өзінің  бұрынғы  саяси
көзқарасын өзгертіп, басқа саяси құндылықтарды басшылыққа алу әбден  мүмкін.
Ал, дау-жанжалдық түрі  топаралық  күрес,  қарама-қайшы  мүдделер  негізінде
қаланады. Мысалы, Ауғанстан елін алсақ, онда пұштындар,  өзбектер,  тәжіктер
және т.б.әрқайсысы өз салтын, дәстүрін, ұлттық құндылықтарын  жоғары  қойып,
әртүрлі тайпалардың бастары бірікпеуде. Соның негізінде ел  ішінде  кикілжің
әлі де жалғасын табуда.
    Сыртқы саясат және халықаралық қатынастар
    Халықаралық қарым-қатынасқа жеткілікті тәуелсіз, өздеріне  деген  толық
сенімдері бар  субъектілер  ғана  кіреді.Мәселен,  Қазақстан  ССР  –  өзінің
Сыртқы істер министрлігі бар мемлекет  болды,  бірақ  ол  өз  бетімен  шешім
қабылдай алмады, барлық  жоспарларды  Одақтың  министрлігі  бекітеді.  Бүгін
Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет және өз аумағында тұратын  барлық
халықтардың мүддесін халықаралық арендада көрсете алады.
    Әлемдік аренаға  Қазақстанның  барлық  қиыншылықтарды  бұзып  өтуі,  ең
алдымен мемлекет басшысының сыртқы  саяси  қызметінің  белсенді  орындалуына
байланысты. 1990 жылдан бастап осы кезең ішінде ҚР  Президенті  әлемнің  ірі
деген 138 елінде мемлекеттік, жеке жұмыс бабы мен болды.
Қазақстан  ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  мақсатында,  Ресей,  АҚШ,
Ұлыбритания жағынан Қазақстанның қауіпсіздігіне  кепілдік  беретін  Будапешт
меморандумына қол қойылуына қол  жеткізді.  Осындай  кепілдік  Франция  және
Қытай Халық мемлекеттерінен де алынды.
    Қазіргі кезде Қазақстан  Республикасы  100  әлем  мемлекеттерінің  бірі
ретінде танылды және олармен белсенді дипломатиялық қарым-қатынас  орнатқан,
БҰҰ-ның және оның құрылымының толық құқығы бар және белсенді мүшесі.
    Қазақстанның жариялаған және  көпғасырлық  әлемдік  саясатта  жүргізген
бағыты өзінің сенімді нәтижесін көрсетті.Бұл  жоспарда  ерекше  орын  алатын
нәрсе  ретінде  АҚШ-пен   стратегиялық   және   демократиялық   серіктестік,
Жапониямен  стратегиялық   серіктестік   жөніндегі   келісімдерді,   «шанхай
бестігі»  жобасы  төңірегіндегі  шекара   маңындағы   сенімділік   жөніндегі
келісімді,  Ресей,Өзбекстан,  Қырғызстан  және  Украина   елдерімен   достық
жөніндегі келісімдерді атап өтуге болады. Қазақстан  мен  ҚХМ  шекарасындағы
демаркация  және  Ресей,  Өзбекстан,  Қырғызстан  шекарасындағы  делимитация
мәселелері бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
    Қазақстанның  ұлттық  қауіпсіздігі  және  әскери  доктринасы  жөніндегі
әзірленген стратегиясы – ең алдымен, көрші елдермен  бейбіт  қарым-қатынасты
дамытуға, халықаралық мәселелердің  мәдениетті  түрде  шешілуіне,  күш  және
қару-жарақ пайдалану ұстанымынан бас тартуға бағытталуы бейбітшілікке  деген
ұмтылыстың анық дәлелі болды.
    Он жыл ішінде Шығыс және Батыс Еуропа,  Шығыс  Араб,  Үндіқытай,  Корей
жарты аралымен, Түркия, Иран және Пәкістан елдерімен  туыстық  қарым-қатынас
жөнінде келісімге қол қойылды. Келісім  осы  аталған  елдермен  экономикалық
қарым-қатынаста  табысты  түрде  орындалып  жатыр.  Қазақстан  мен  германия
арасында ұзақ мерзімді  және  белсенді  түрде  қарым-қатынас  дамып  келеді,
сондай-ақ Балтық және Балтық жағалауы елдерімен де қатынас орнатылған.
    Қазақстанның  ірі  әлемдік  қаржы-экономика  институттары  –  Еуропалық
Бірлестік, ХВҚ, Халықаралық және Еуропа қайта құру  және  даму  банкі,  Азия
банктерімен де қарым – қатынасы нығайды.
    Қазақстанда кәсіпкерлердің  Алматы  инвестициялық  саммиті  мен  форумы
өткізілді, ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі  белсенді  іс
жүргізуде.
    Халықаралық қатынас жүйесінде халықаралық қатынастардың мынадай түрлері
бар
       •         Саяси
       •         Экономикалық
       •         Әскери – стратегиялық
       •         Мәдени
       •         Қоғамдық
       •         Идеологиялық
       •         Ғылыми-техникалық
        Халықаралық қатынастың әр түрі қарым-қатынастың  тәсілін  анықтайтын
әрқилы формада жүреді: Мәселен, мемлекет арасындағы қатынасар  өзін  мынадай
формада:
        •         Дипломатиялық
        •         Хаттамалық
        •         Құқықтық
        •         Насихат және сол сияқты қатынастар түрінде көрсетеді.
    Өз кезегінде, экономикалық халықаралық қатынастар  мынадай формаларда:
         •     Сауда-саттық
         •     Қаржылық
         •     Кооперативтік
         •     Өндірістік
Бұл пәнді енгізген  орыс  социологы  П.Сорокин  (1889-1968жж).  1990  жылдан
бастап КСРО-да, кейіннен  басқа  республикаларда  оқытылу  басталды.  Саясат
әлеуметтану пәні таптардың, мемлекеттердің, қоғамдық топтардың,  партия  мен
кәсіби бірлестіктердің  арасындағы саяси қатынастарды зерттейді.
      Саясат әлеуметтануы - саясаттың,  қоғамдық  өмірдің  барлық  саласымен
қарым-қатынаста  бола   отырып,   әлеуметтік-саяси   қажеттілік   пен   жеке
тұлғалардың әрекеті, қоғамдық   ұйым-қозғалыстардың  әрекеттесу  процесін  ,
байланыстық мәселелеріне араласады.
      Оның  категориялары  (ұғымдары):  қоғам,   саясат,   билік,   реформа,
плюрализм, жеке тұлға (лидер)  т.б. Әдістері:  әлеуметтік-саяси  оқиғалардың
даму, өзгеру, әсерлі  факторлардың  мәселелерін  зерттеу,  сараптау.  Мысалы
бихевиористтік әдіс  –  адамдардың  мінез-құлқын  талдау  кезінде  топтардың
әлеуметтік-саяси   рольдерін   зерттейді.   Онда   статистикалық    деректер
пайдалану, құжаттарды талдау,  анкеталық  сауал  алу,  диалог  жүргізу  т.б.
адамдарға деген сенім, консенсус, әлеуметтік психологияға  ерекше  мән  беру
керек екендігін ескертеді.
      Саяси өмір мәселелері қоғамда бірінші орында. Себебі  оның  ілгерілеуі
де, тоқырауы да мүмкін. Саяси өмірдің  мәні  –  адамдардың  билік  жөніндегі
қарым-қатынастары, яғни басқару мен билік ықпал  ететін  салалардың  барлығы
да осында. Барлық қажеттілік екіге бөлінеді: табиғи және рухани .
      Әлеуметтануда саясат дегеніміз  -  адамдарды  басқару  қызметі,  билік
істеріне қатысуы,  өкіметтің  дұрыс  басқару  жөніндегі  қызметі.  Саясаттың
әлеуметтік қызметтері – адамдарға жетекшілік ету, билік көмегі,  қажеттілігі
мен әлеуметтік топтардың көзқарастарын үндестіру.
      «Саяси қатысу»,  «саяси  мінез-құлық»  ұғымы  бір-бірімен  байланысты.
Қоғамның саяси өмірінің басты құрамды элементі – саяси жүйе. Ал саяси  режим
– саяси жүйенің қызмет ету тәсілі.
      Әлеуметтік-саяси өмірдегі идеология -  қоғамның  дамуын  дүние  туралы
адамның рөлі мен білім және идеясы жүйесіндегі анықтайтын  ілім.   Идеология
қоғамға  тиімді  адамдық  жалпы  адамдық   бірліктің   рухани   билігі   мен
үстемдігін  көрсетеді, қоғамның  даму  және  қызмет  етуін  анықтайды.  Ұзақ
уақыт  мемлекеттік  идеологияда  дін  жетекші  орында  болды,   қазір   жеке
тұлғалардың  қалыптасуында  идеология   дүниетанымды,   сенім   мен   сананы
орнықтыруды, жеке тұлғалардың қоғамдық мінез-құлқын бағыттауды туғызды.
      Жеке тұлға өзін-өзі билеуші тұлға, өз жетегімен шығар жолды  таңдайды.
Адамдардың саяси мінез-құлқының типтері:
      1.Саяси конформизм
      2.Саяси индифференттілік
      3.Саяси активизм
      4.Саяси жетекшілік
      Әлеуметтік  инститтуттың  жетекшісі-әлеуметтік  механизмдердің  көмегі
арқылы топты басқарады.
Бақылау сұрақтары:
      1 Қоғам саяси элементтерін атаңыз?
      2 Саяси партияны қалай түсінесіз?
      3 Саяси әлеуметтанудың рөлі?


   Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1.Ж.Сәрсенова., Т. Тәңірбергенова. Әлеуметтану. А. 2000
2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.
3.Р.Әбсаттаров, Дәкенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004
4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004
5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005
6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005
7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003
8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007
9.Қ.Ж.Рахметов.,  А.Н.Болатова.,  З.Н.Исмагамбетова.,  Социология.   Алматы,
2005

Қосымша әдебиеттер тізімі:
1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002
2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007
3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.
4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.
Дәріс № 11 Экономикалық әлеуметтану. Отбасы әлеуметтануы.
 Мақсаты: студенттерді экономикалық  әлеуметтану жағдайлармен таныстыру.
Оларға экономика ұғымының мәнін түсіндіру.
Дәріс жоспары:
   1.Экономика ұғымының түсінігі.
   2.Экономикалық әлеуметтанудың мәртебесі мен ерекшеліктері.
   3.Экономикалық білімнің құрылымы.
   4.Экономикалық жүйенің әлеуметтанулық талдауы.
Дәріс тезистері:
    Экономикалық   әлеуметтану   жалпы   әлеуметтану   ғылымының   қоғамның
экономикалық өмірін  зерттейтін  арнаулы  әлеуметтанудың  қарқынды  дамуымен
және оның экономикалық  процестерімен  тығыз  байланысының  негізінде  пайда
болды.Осыған  орай  экономикалық  әлеуметтанудың  объектісіне   зерттеушінің
қалауына қарай алынған  қандай  да  болмасын  экономикалық  және  әлеуметтік
тұрғыдан бір-бірімен тығыз байланысқан құбылыстар мен  процестер  жатады.Ал,
экономикалық әлеуметтану пәніне қоғамның экономикалық  дамуының  әлеуметтік 
аспектілері  жатады.Бұған  экономикалық  алуан  түрлі  адамдар   бірлестігі,
мысалы, өндіріс еңбек ұжымдары, өндіріс саласындағы  әлеуметтік  қатынастар,
(үстемдік ету – бағыну,басқару – орындау)еңбеккерлердің өндірісті  басқаруға
қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы,миграция,  мамандықты  іріктеп
алу,еңбек ұжымдарының  әлеуметтік  қорлары  мен  ресурстық  мүмкіншіліктері,
адам және алуан түрлі топтардың экономикалық  іс-әрекеттің  себеп-дәлелдері,
экономикалық сана, экономикалық ойлау жағдайы,көңіл-күй, тәртіп,  мұқтаждық,
талап-тілек,  әлеуметтік  құндылықтардың  еңбектің  өнімділігіне,   тауардың
сапасының артуына әсері, тағы басқалар жатады.
    Экономикалық  әлеуметтану  экономикалық  процестерді   адамдардың   іс-
әрекеті, қызметінің жемісі ретінде қарайды.Қоғамдағы адамдардың  материалдық
тұрмыс жағдайы әр түрлі болғандықтан,  олардың  мұқтаждықты  талап-тілектері
де, тұтыну дәрежелері де әр түрлі. Сондықтан олар қоғамда әр түрлі  рольдер,
яғни  қызмет  атқарды,осыған  сәйкес   олар   қоғамда   әр   түрлі   орында,
жағдайда,беделде  болады.Экономикалық  әлеуметтану  экономиканы   зерттеудің
басты    мәселесі    ретінде    экономиканы    өз    алдына     жүйе     деп
қаралды.Ал,экономикалық жүйеде – өндіріс  -  бөлу  –  айырбастау   -  тұтыну
жүзеге асырылады.Ал, бұл процестің  нарықтық  түрі  «Сұраныс  және  ұсыныс».
Нарық  дегеніміз  –  тар  мағынада  –  азық  –  түлік  және  басқа   өндіріс
бұйымдарын, тауарларды сататын сауда орны.
    Ғылыми тілмен айтқанда ол тауар айналымының өрісі, сатып алу  мен  сату
ісінің  жиынтығы.  Тауарларды  ұсыну  және  оған  деген  талу  қабілеті  бар
сұраныс.Нарық теориясы ұдайы өндіріс теориясының құрамды бір  бөлігі.  Нарық
тауар өндірісі туып өсуімен қатар пайда болып дами бастайды әсіресе ол  қала
мен ауылда натуралдық шаруашылық ыдырап  қоғамдық  еңбек  бөлінісі  тереңдей
түскен кезде етек алып кеңейеді.
    Әлеуметтік зерттеу бұл  екі  процесс  яғни  сұраныс  пен  ұсыныс  қатар
қолданылады өйткені  зерттеуші  әлеуметтанушының  басты  назары  ең  алдымен
мұндағы   алуан   түрлі   адамдардың   олардың   топтарының    мінез-құлқына
аударылады.Адам           және           оның           топтары            -
жұмысшы,қызметкер,тұтынушы,айырбастаушы,сатушы,сатып    алушы,т.б    ретінде
қарастырылады.Экономикалық   дамудың   әлеуметтік   аспектілерін   жан-жақты
ескеріп,талдап отыру керек.
    Мысалы: Әлеуметтік,  рухани  құндылықтары  бойынша  адамның  ең  жоғары
қасиеттері –  инабаттылығы,  ұқыптылығы,  оның  қайырымдылығы,  әділеттілігі
жауапкершілігі,   белсенділігі   шаруашылығы    т.б    қоғамдық    өндірісті
дамытып,оның өнімін көбейтуге сапалы тауарларды көп өндіруге тікелей  әсерін
тигізіп отырады.
    Осыларға орай, экономикалық әлеуметтану еңбектің мазмұны мен  түрлерін,
яғни  жұмысшылар  мен   қызметкерлердің   білім   деңгейі   мен   мамандығы,
саналылығы,  әділеттілігі,  белсенділігі,  жауапкершілігі  т.б.   қасиеттері
еңбек процесіне қалай әсер етуін  зерттейді.
    Экономикалық әлеуметтану бір ерекшелігі сол, ол экономикалық құбылыстар
мен процестерді жеке адамның, топтың,оның ішінде жіктің  ойлау  және  мінез-
құлқымен тығыз байланыстырады. Сөйтіп ол экономиканы  реттеудің,  басқарудың
әлеуметтік  механизмін   ашады   да,   экономикалық   сананы,   экономикалық
ойлауды,экономикалық ынта, ықылас, мәдениет т.б. мәселелерді зерттейді.
    Экономика – әлеуметтанудың зерттеу объектісі
     Қазіргі уақытта біздің еліміз нарықтық  экономикаға  өтуде.Ал,нарықтық
экономика  деп   нарықтық   қатынастарға   негізделген   шаруашылық   өмірін
ұйымдастыру, оның  белгілі  бір  деңгейдегі  құрылымы  мен  шартты  жағдайды
айтамыз.
    Нарықтық қатынастар – бұл экономикалық қатынастар.Нарықтық қатынастарға
өтуге байланысты жаңа экономикалық құбылыстар мен процестер  (жекешелендіру,
акцияландыру,  аренда,  фирма,  корпорация,  аукцион,  биржа,  т.б)   өмірге
келіп,жаңа  ұғымдар   түсініктерді,   туғызды.   Бұл   құбылыстарды   оларды
бейнелейтін ұғымдарды экономикалық теория тікелей зерттейді.  Ал,әлеуметтану
осындай    экономикалық    мәселелерді     қарастырғанда,     ең     алдымен
адамның,әлеуметтік  топтың  ,жіктің  экономикалық  мінез-құлқын   зерттейді.
Сондықтан экономикалық  әлеуметтану  қандай  да  бір  экономикалық  құбылыс,
процесс болмасын, оларды талдау, анықтауда әр уақытта нақтылы жеке  адамнан,
оның топ-жіктерінен,  олардың  өмір  тіршілік  ерекшеліктерінен,  жағдайынан
бастайды.
    Сонымен,экономикалық жүйедегі адам,  оның  нысана  бағыттары,тәртібі  –
міне экономикалық әлеуметтанудың  экономикалық  құбылыстар  мен  процестерді
зерттеудің басты  бағыттары  мен  мәселелері.Дәлірегі,  адамның  өмір  сүріп
отырған ортасы -  қазіргі экономикалық жүйеге қатынасы, ондағы  алуан  түрлі
жүріп    жатқан    өзгерістерге     (ой-пікірлері,көзқарастары)     нарықтық
қатынастарға,ондағы экономикалық  реформаларға  қатынасын  зерттейді.Алғашқы
кезде  көпшілік  халық  нарықтық  қатынастарға  ондағы  экономикаға  көшкісі
келмей оған бөгет жасады.  Елде  мұндай  жағдайдың  болуы  ескі  стереотипті
ойлаудың,болып  жатқан   іс-әрекеттің   сол   уақыттағы   нертоотпалылығымен
түсіндіруге  болады.Тек  қана  кейінгі  2-3  жылға   ғана   халық   нарықтық
экономиканың    қай    жағынан     болсын,     пайдалы     тиімді     екенін
түсініп,мойындайды.Сөйтіп,  қазіргі  халықтың   басым   көпшілігі   нарықтық
экономикалық    қатынастарды    жақтап,    оның    ілгері    дамуына     күш
салуда.Экономикалық әлеуметтану  экономикалық  құбылыстар  мен  процесстерді
зерттегенде белгілі бір әдістемелік қағидаларға сүйенеді.

Бақылау сұрақтары:
Экономикалық әлеуметтанудың пайда болуы.
Экономикалық әлеуметтанудың ерекшеліктері.
Экономика ұғымының мәні.
Экономикалық жүйенің типтері.
Экономикалық мәдениет түсінігі.


   Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1.Ж.Сәрсенова., Т. Тәңірбергенова. Әлеуметтану. А. 2000
2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.
3.Р.Әбсаттаров, Дәкенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004
4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004
5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005
6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005
7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003
8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007
9.Қ.Ж.Рахметов.,  А.Н.Болатова.,  З.Н.Исмагамбетова.,  Социология.   Алматы,
2005

Қосымша әдебиеттер тізімі:
1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002
2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007
3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.
4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.
Дәріс № 12 Отбасы және неке әлеуметтануы.
Мақсаты: студенттерді отбасы әлеуметтану жағдайлармен таныстыру. Оларға
отбасы, неке ұғымының мәнін түсіндіру.
Дәріс жоспары:
   1.Отбасы және неке ұғымдарының анықтамасы.
   2.Неке-отбасылық қатынастардың тарихи типтері мен формалары,олардың даму
   үрдісі
   3.Отбасылық саясат.
   4.Қазақстандағы нарықтық қатынас жағдайындағы отбасы.
    • Дәріс тезистері:
     Отбасы социологиясы — отбасын әлеуметтік  институт  ретінде  зерттейтін
социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың  өз
қызметін орындау сипатын, әр  түрлі  типтегі  отбасылардың  өмірін,  ажырасу
себептері мен салдарын және т.б зерттеу болып табылады.
     Отбасы сияқты әлеуметтік институттардың табысты қызмет  өтуін  тарихтың
қозғаушы  күшіне  жатқызуға  болады.  Отбасының  дүниеге  келу  сәті   бізге
белгісіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық үй шаруасы,  отбасының  бірлескен
әлеуметтік және  өндірістік  әрекеттері  негізінде  отбасын  нығайтудағы  әр
түрлі қызметке байланысты.
      Социологтардың  отбасын  бірнеше  ондаған  жылдар  бойы   зерттегеніне
қарамастан, қоғамның осы бөлігін анықтауда келісім  де,  оны  зерттеуде  бір
ізді әдіс те жоқ. Социологияның пайда болуымен есімі тығыз байланысты  Огюст
Конт қоғамды отбасы арқылы  тану  керек,  өйткені  отбасы  —  адамзат  тегін
жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық  деңгейде  дами  алмайды,-  дейді.
Адамзаттың  сақталуы   -   әлеуметтік   ұйымдасу   әрекетінің   қорытындысы,
әлеуметтік  жүйенің  табысты  нәтижесі.   Конт   отбасын   зерттеу   адамның
өндірістік әрекетін түсіну мүмкін емес дейді. Оның  отбасы  тұжырымдамасында
ажырасуды айыптайды.
     XX ғасырдың ортасынан қазіргі кезге  дейін  социологиялық  әдістің  бес
түрі қалыптасты: интеракционистік, құрылымдық –  функционалдық,  жағдаяттық,
эволюциялық  және  институционалдық.  Отбасы  ұғымын  анықтаудағы  әр  түрлі
пікірлерді ескере отырып, төмендегі дефиницияға келісуге болады:  "Отбасы  —
ортақ   тұрғын   үйімен,   экономикалық   кооперациямен,   ұдайы   өндірумен
сипатталатын  әлеуметтік  топ.  Отбасына  ең  болмағанда  екеуі   әлеуметтік
бағытталған жыныстық қатынас  жасайтын  және  бір  немесе  одан  да  көп  өз
балалары, сондай-ақ  тәрбиелеуге  алған  балалары  бар  ересек  жыныс  өкілі
кіреді".
     Билік формасына қарай отбасы патриархалды (күйеуі  отбасының  басшысы),
матриархалды (әйелі басшы), құрамына қарай  —  отбасы  нуклеарды  (ата-анасы
мен балалары), кеңейтілген (нуклеарды отбасы және бірнеше  ұрпақтан  тұратын
туыстары) болып  бөлінеді.  Отбасы  пайда  болуы  үшін  экономика  мен  жеке
меншіктің  болуы,  билік  қатынасы  мен  бағыну,  яғни  отбасында,  бүтіндей
қоғамдағы сияқты, билікті бөлу төртібі бар, онда кімнің материалдық  игілігі
көп, сол басқарады. Отбасында билікті бөлуге  жұбайлар  арасындағы  маххабат
әсер  етеді,  мұнда  сүйетін  жұбай  аз  билікке  ие,   яғни   психологиялық
бағыныштылық болады. Егер жұбайлар бір-бірін  бірдей  мөлшерде  сүйсе,  онда
отбасында бірдей билікке ие.
      Отбасын,  қоғамның  бір  бөлігі  ретінде,  социологтар  оның  қызметін
орындауға қатысты қарастырады. Отбасының қызметі дегеніміз отбасы  мен  оның
мүшелерінің  белсенділігі,  тіршілік  әрекеті.  Қоғамның  отбасына  қатысты,
отбасының  тұлғаға  қатысты  және  тұлғаның  отбасына  қатысты   қызметтерін
анықтауға болады. Осыған байланысты отбасының қызметін  әлеуметтік  (қоғамға
қатысты) және жеке (тұлғаға  қатысты)  деп  бөлуге  болады.  Отбасы  қызметі
отбасы институтындағы қоғам қажеттіліктері мен  отбасы  тобына  жоятын  жеке
тұлғаның  қажеттіліктерімен  тығыз  байланысты.  Отбасы  қызметінің   тарихы
тереңде   жатыр,   қоғамның   әлеуметтік-экономикалық    жағдайымен    тығыз
байланысты, сондықтан уақыт өте келе қызмет сипаты қалай  өзгерсе,  иерархия
да солай  өзгереді.  Отбасының  негізгі  қызметтері  ретінде  төмендегілерді
атауға   болады:   репродуктивті,   тәрбиелік,   шаруашылық   -   тұрмыстық,
экономикалық,  алғашқы   әлеуметтік   бақылау   (әлеуметтену),   әлеуметтік-
мәртебелік, демалыс және т.б.
     "Отбасы" ұғымы "неке"  ұғымымен  тығыз  байланысты.  Социологияда  неке
дегеніміз  —  отбасын  қалыптастыру  мен  оған  қоғамдық  бақылау   жасаудың
дәстүрлі тәсілі, жыныстардың еркек пен әйелдің, арасындағы  бір-біріне  және
өз балаларына, ата-анасына қатысты  құқықтары  мен  міндеттерін  белгілейтін
қатынас формасы.
     Некенің төмендегідей  формалары  бар:  моногамия  (бір  еркек  пен  бір
әйелдің арасындағы неке, бұл  бүгінгі  күнде  ТМД,  АҚШ  Еуропа  елдеріндегі
бірден-бір  форма)  және  полигамия  (бір  индивид  пен  бірнеше  индивидтің
арасындағы неке).
     ҚР Парламентінде неке мен отбасы туралы  жаңа  Заңды  талқылау  кезінде
көп әйел алу (полигиния) пікірталас болды,  бірақ  БАҚ-тың  хабарлағанындай,
әйелдер де көп еркекке шығу (полиандрия) туралы  мәселе  көтергеннен  кейін,
көп әйел алу мәселесі күн тәртібінен алынып тасталды.
     Некелік серік таңдаудың екі түрі бар: эндогомия  (серіктер  бір  топтың
ішінде) және экзогомия ( неке мен белгілі  бір  топтан  тыс,  мысалы,  рулар
арасында болады).
     Нормативті актілерде некеге анықтама берілмейді және оның құқықтық
табиғаты  жөніндегі  мәселе  осы  күнге  дейін  заңдылықтарда  да,  құқықтық
доктринада да шешілген жоқ. Неке туралы үш түрлі көзқарас айтылып жүр:  неке
- келісім шарт, неке - мәртебе, неке - сыбайластық.
      Соңғы  уақыттарға  дейін  алыс   шетелдерде   неғұрлым   кең   тараған
тұжырымдама келісімшарт негізінде болды,  ол  некеге  отыру  тәртібін,  оның
әрекет шарттарын, некені бұзу кезінде  жұбайында  болатын  шығындарды  заңда
отыратын   шарттарға,   яғни   келісімшартты   заңдылықтармен    қарастыруға
негізделеді. Неке  келісімшартында  жұбайлар  мүлкінің  келісімшарт  режимін
белгілеу мүмкіндігі жазылады.
     Келісімшарт тұжырымдамасына  қарсылар  неке  келісімшарт  болуы  мүмкін
емес, өйткені жұбайларда заңда қарастырылған құқықтар  мен  міндеттер  болуы
мүмкін және тараптар оны  өз  еркімен  өзгерте  алмайды  дейді.  Жұбайлардың
мүлік режимін белгілейтін  неке  келісімшартына  отыру  жағдайы  келісімшарт
тұжырымдамасының  пайдасы  үшін  жеткілікті  дәлел  бола  алмайды,   өйткені
некенің мақсаты – отбасын құру, бала  туу  және  тәрбиелеу.  Сондықтан  неке
субъектінің заңда қарастырылған әрекеттері  орындауы  нәтижесінде  мәртебеге
ие  болады.  Бұл  мәртебе  ие  болу  субъектіні  үйленген  адамдар  санатына
жатқызады.
      Соңғы  жылдары  неке  сыбайластыққа  негізделеді  деген  идея  кеңінен
тарауда. Сыбайластық  неке  тұжырымдамасы  әлеуметтік  зерттеулерде  көрініс
тапты.  Бұл  тұжырымдамада  әйелдердің   неғұрлым   тәуелсіздігі,   некедегі
жұбайлардың тең құқықтығы насихатталады.
      Маңызды  мәселе  дәстүрлі  отбасы,  некенің  дәстүрлі  формасы   болып
саналады. Батыс Еуропаның кейбір  елдерінде  ажырасу  саны  көбейіп,  некеге
тұрушылар саны азаюда, "сынама неке" деген түрі кеңінен тарауда  немесе  оны
зерттеушілер "екі қадамдық неке" деп атайды, яғни  адамдар  қай  кезде  бала
жасағысы келсе, сонда  барып  некелеседі.  Мәселені  зерттеушілер  сондай-ақ
"алмаспа неке", "ашық неке" үрдісінің  бар  екенін  көрсетіп  жүр,  яғни  әр
жұбай кез келген қатынасты,  соның  ішінде  жыныстық  қатынасты  да,  үшінші
адаммен ашық жасай береді. Бірақ жалпы  қорытынды  мынадай:  қоғамда  отбасы
мен отбасылық қатынастарға жоғары  құндылық  ретінде  қарау  сақталған  және
қоғамның көпшілігі некенің жаңа түрлерін қолдамайды.
     Қоғамдық пікірге талдау жасау әлеуметтік – экономикалық, саяси,  нақты-
тарихи жағдайлар - неке отбасылық қатынастардағы қоғамдық санаға қалай  әсер
ететінін анықтауға мүмкіндік береді.
     Бүгінде қоғам әмірінің барлық салаларында дәстүрлі құндылықтарға  қайта
баға берілуде. Осыған байланысты  әлеуметтік  зерттеулерде  мынадай  негізгі
сұрақ қойылды: неке отбасылық қатынастардағы отбасы қызметі неке
сапасы,  билік  құрылымына  байланысты   пікірлер   қай   бағытқа   өзгерді?
Социологтарды сондай-ақ біздің елімізде болып  жатқан  оқиғалардың  бүтіндей
отбасылық идеологияны қандай дәрежеде өзгертетіні қызықтырады.
      Лонгитюдті  зерттеулер  неке  –  отбасылық  қатынастарға  айрықша  мен
берілетінін көрсетіп отыр. Біздің  респонденттеріміздің  жауабы  отбасы  мен
неке құндылығының халықтың барлық тұрғындары  үшін  өз  маңызын  жоймағанын;
әйелдер санының арту  үрдісін  көрсетеді.  Әйелдер  үшін  отбасы  -  бірінші
кезектегі құндылық, әйтсе де біздің  қоғамымызда  жұмысқа  да,  отбасына  да
бірдей қарайтын әйелдер саны көбірек (80  процентке  дейін).  Отбасын  құру,
некелесу себептері прагматизмінің өсуіне  қарамастан,  респонденттердің  көп
бөлігінің ойынша, бұл "ең жарқын және  жоғары  сезімдер  көзі"  және  "бүкіл
қоғамдық өмірдің негізі".
     Отбасын құрудағы  заңды  және  нақты  көзқарасын  зерттеулер  барысында
адамдардың некенің  тұрақты  болуы  бірлесе  өмір  сүру  кезіндегі  ("сынама
неке")  таныстығының  ұзақтығына  байланысты  еместігін   көрсетеді.   Жауап
берушілер некені тіркеу қажет деп  есептейді:  "бірлескен  өмірдің  басында"
(63 процент),  бір  жыл  өткен  соң"  (32  процент),  "2  жылдан  соң"  (2,5
процент), "5 жыл өткен соң"(2,5 процент).
     Барлық сұралған респонденттердің  тек  23,3  проценті  ғана  әлеуметтік
және білім деңгейі күйеу мен қалыңдық үшін  кедергі  болады  деп  есептейді.
Некеге  дейінгі  бұл  фактордың  құндылығына  жоғары  білімді  51,4  процент
респондент және 44,2 процент орта білімі барлар (оның ішінде  арнайы  білімі
барлар) жауап берді. Көпшілігі (60 процент) некеге тұру  кезінде  әлеуметтік
жағдайы мен білім деңгейіндегі айырмашылықты ескермеу керек деп есептейді.
     Отбасындағы психологиялық ахуал қандай факторларға  байланысты?  "Жұбай
таңдау теориясы"  деген  бар,  бұл  бойынша,  жұбайлардың  өздері  отбасында
қандай роль атқаратынын таңдауына байланысты болады. Бұл
рольдер: а) ана мен бала  қарым-қатынасына  біреуге  арқа  сүйегісі  келетін
күйеуіне қамқорлық  жасайды;  ә)  күшті  де,  қабілетті  күйеуіне  жар  және
көнгіш, мәпелеуді қажет ететін кішкене  қуыршақ  тәрізді  әйеліне  қамқорлық
жасайды;  б)  қожайын  мен  қызметші  әйелдің  иерархиялық  қарым-қатынасына
ұқсас, яғни мейірімді күйеуіне қабілетті әйелі  күтім  жасайтын  отбасы;  в)
іскер әйелі қорқып және көңілі қалған еріне басшылық жасайтын отбасы.
      Отбасының  маңызды  қызметі  репродуктивті  және  тәрбие  беру   болып
саналады. "Бүгінде қанша бала болған жақсы?" деген  сұраққа:  сұралғандардың
жартысы екеу десе, 41 проценті — біреу, 7 проценті  -  үшеу,  2  проценті  -
төрт жөне одан да көп бала болғаны  жақсы  десе,  0,3  проценті  "біреуі  де
болмағаны жақсы!" деп сеніммен айтады. Басқа  бір  социологиялық  зерттеудің
қорытындысы  бойынша,  отбасындағы  баланың  тууын   жоспарлауға   мүмкіндік
бермейтін негізгі себептер айқындалды (процентпен көрсетілген):
   - материалдық жағдай мүмкіндік бермейді-26,4;
   - некеде тұрмаймын-15,6;
   - денсаулығым көтермейді-15,4;
   - тұрғын үй жоқ - қалғандары.
     Отбасы мүшелерінің санының аз болуын  қалайтындар  тек  "бюджеттегілер"
(мұғалімдер, дәрігерлер, әскерилер және  т.б)  ғана  емес,  кәсіпкерлер  мен
бизнесмендер де бар.
     Неміс ғалымдары қызықты формула шығарды: ананың жасы  әкесінің  жасының
жартысына 7 жас қосқанға тең болуы керек. Зерттеушілердің  байқауынша,  ата-
аналары  неғұрлым  үлкен  және  даналау  болған  сайын,  тәрбиелеу   факторы
соғұрлым салмақты, баланың  таланты  байқалып,  дами  алу  мүмкіншілігі  көп
болады. Ф.М.Достоевскийдің "Алдымен – университет, сосын  бала  ту",-  деген
сөзінің жаны болса керек.
      Балалар  үшін  отбасындағы  психологиялық  климат,  әсіресе,  маңызды.
Зерттеушілердің байқауынша, әкесінің не  шешесінің  болмауы  немесе  олардың
адамгершілікке жат қылығы жеке тұлғаның девианттық  (ауытқу)  мінез-құлықпен
қалыптасуына ықпал ете бермейді. Жеке тұлғаны тәрбиелеуде отбасы құрамы  аса
маңызды фактордың бірі десек те, бұл да әсер етпейді, ең маңыздысы -  балаға
эмоционалдық қарым-қатынас, қоғамның қандай  тұлға  алатыны  оның  қабылдауы
мен   қабылдамауына   байланысты.   Бала   жасында   қандай    психологиялық
қасиеттеріне ықпал еткеніне байланысты ортаның әсері  қабылданады.  Қолайсыз
адамгершілік әсер кезіңцегі психологиялық, эмоционалдық  жайсыздық,  өмірлік
міндеттерді шешуде  индивидтің  қоғамға  қарсы  тәсілдерді  игеруі  қылмысқа
ұрындыруы мүмкін. Бала отбасында  неғұрлым  жайсыз  тұрған  сайын,  соғұрлым
қоғамның өзінде мәселелер  күрделене  түседі.  Социологтар  өз  зерттеулерін
жүргізе отырып, қоғамға қылмыс жасауға  бейім  балалардың  саны  артып  келе
жатқанын ескертеді. Белгілі бір шамада тұрақты болып  есептелген  1991  жылы
"Артекте" демалып жатқан пионер жасындағы
балалардың 20 проценті қылмыс жасауға қабілеттісің бе деген сұраққа  сенімді
түрде  жауап  берді   (8   проценті   ескертумен,   12   проценті   ешқандай
ескертпесіз).
     Кеңейтілген отбасы  ұйымшылдығы  мәселесі  қойылды,  өйткені  отбасының
үлкендерінің  (ата-аналарында)  өз   өмірінің   соңына   дейін   балаларымен
немерелерімен қалуға мүмкіншілігі  шамалы:  57  проценті  "жас  отбасы  ата-
анасымен  бірге  өмір  сүрмеуі  керек"  десе,  34  проценті  тек  объективті
жағдайларда,  яғни  ''тұрғын  үй  жоқ  болса"  (20  процент),   ата-анасының
денсаулығына  байланысты  (14  процент)  деп  жауап  берсе,  қалғандары  (аз
бөлігі) "дәстүрді сақтау үшін", "ата-анаға қартайғанда көмектесу үшін"  және
"ата-анамен бірге тұру экономикалық жақтан пайдалы" деп жауап берді.
     Кең тараған  феминистік  тұжырымдамаға  сәйкес,  отбасы  табиғатын  шын
мәнінде түсіну - бұл эмоционалдық не туыстық қарым-қатынасқа  талдау  жасау,
ал отбасының өзі - бұл  әр  мүшесінің  мүддесі  мен  басқа  мүшелердің  және
бүтіндей  қоғамның  мүддесімен  кикілжіңге  түсетін  "күрес  орны".  Қазіргі
әлемде "ұрыс алаңын" "отбасы идиллиясы алаңына" болмаса да,  ең  болмағанда,
жұбайлық  кикілжіңдердің  уытын  басып,  қажеттілік  болып  жатса,   ажырасу
салдарын жеңілдеу көтеруге мүмкіндік беретін арнайы механизмдер жасалуда.
     Бұл, ең алдымен, көптеген елдерде ұзақ уақыттан бері келе  жатқан  және
кеңес дәуірінен кейінгі елдер тұрғындар  санасына  тек  голливуд  жұлдыздары
мен мүхиттың арғы бетіңдегі  миллиардерлерде  болады  деп  қабылданған  неке
келісімшарты институты.Бұл  елдерде  азаматтардың  келісімі  сияқты  некенің
барлық  маңызды   мәселелері   келісіледі,   некенің   бұзылу   салдарларын,
тараптардың мүліктік жағдайларын, кәмелетке  толмаған  балалардың  ажырасқан
жағдайда  қай  ата-анасымен  тұратынын,  ықылассыз  жұбайға  қандай  айыппұл
салынатынын түгел көрсету қабылданған.
     Сәтті құрылған отбасыларда неке келісімшарты  жұбайлық  өмірдің  мүмкін
болатын қиын-қыстау  кезеңдердің  алдын  алуға  арналады,  яғни  бұл  некені
неғұрлым ұзақ уақыт сақтауға арналады. Мысалы, Питсбургтағы жас  жұбайлардың
неке келісімшарты 27 беттен тұрады, сондықтан "Гиннесс  рекордтар  кітабына"
енген, осы келісімшарттағы мына бір пункттің  несі  жаман:  "Бюджетті  қатаң
сақтау, жеке қажеттіліктер мен  ойын-сауыққа  аптасына  20  доллардан  артық
жұмсамау"? Бұл пункт өте пайдалы,  әрине,  оны  экономикасы  құнсызданбайтын
елде ғана шын мәнінде жүзеге асыруға болады.
     Орта топтағы адамдар некеге кіруде  қазір  көбіне  неке  келісімшартына
отырады. Әрине мұның негізгі себептерінің бірі ажырасудың  санының  артуына,
соған сәйкес өзін егер неке  сәтсіз  болып  жатса,  моральдік  болмағанымен,
материалдық  шығыннан   сақтауға   ұмтылған   адамдардың   санының   артуына
байланысты.
     Неке келісімшарты отбасылық қатынастардың бастамасын  анықтайды,  бірақ
некелесуге  міндетті  шарт  бола  алмайды.  Заң  бойынша  неке  келісімшарты
некелесуді тіркегенге дейін де некелік өмірдің кез келген
кезеңінде  де  жасалады.  Неке  келісімшарты  жазбаша  түрде   жасалып,   ол
нотариалды түрде ресімделеді. Жұбайлардың барлық  мүлкіне,  оның  жекеленген
түрлері мен әр жұбайдың жеке мүлкіне бірлескен, үлестік  не  бөлістік  мүлкі
болады. Неке келісімшартына отыру сыртқы әсерге тәуелсіз болуы керек.
     Мамандар неке келісімшартын құқықтық қырынан басқа құқықтық емес,  яғни
әлеуметтік, психологиялық және  этикалық  қырларын  да  көрсетеді.  Мәселен,
зерттеу барысында  анықталғандай,  екінші  не  келесі  некеге  тұратындар  -
бірінші некеден, ''кемесі қайырылғандар''. Неке  келісімшартына  отыруға  әр
жұбай кәсіпкер болып,  жеке  бизнесі  болғанда  қызығушылық  танытады.  Неке
келісімшартына жоғарыда аталған  санаттардан  басқа  ері  мен  әйелінің  жас
айырмашылығы едәуір болып, ерінің (не әйелінің)  экономикалық  базасы  берік
және алдыңғы некедегі  ересек  балаларының  мүліктік  мүддесі  олардың  ата-
анасына ықпал ететіндей жұбайлар үшін де қолайлы.
     Психологиялық қыры: неке  келісімшартында  ажырасқан  жағдайда  әркімге
тиесілі мүлікті жұбайлар анықтай алатын болғандықтан,  яғни  осындай  нәтиже
жобаланатындықтан, некенің нәтижесі ажырасу болмай  ма, неке келісімшарты  -
ажырасу катализаторы болып саналмай ма деген қауіп туады.
     Неке келісімшартының этикалық қыры жұбайлардың бірін қолайсыз  жағдайға
қалдырмау  мүмкіндігіне  байланысты.  Әр  жұбайда  жасалған   келісімшарттан
жұбайының құқы мен мүддесіне  нұқсан  келтіру  жолымен  өзіне  пайда  табуды
көздемейтіндей іштей тыйым салынуы қажет. Келісім шартқа отыруда екі  жақтың
бір-бірінің құқығына құрметпен қарауы  сақталуы  керек.  Егер  келісімшартқа
отыру кезінде жұбайлардың біреуі өз мүлкін сақтап қалуды ғана емес,  сонымен
бірге  екінші  жұбайдың  мүлкіне   қол  сұғуға  ниет  білдірсе,   бұл   неке
келісімшартының мақсатына қарсы - некедегі мүліктік  қатынастарды  реттеудің
не ажырасу кезінде қолданылатын
өркениетті әдісі болуы керек. Жеке тұлғаның еркіндікке құштарлығы  қоғамдағы
этикалық нормалардың бұзылуына әсер ететін шектен асып кетпеу керек.
     Неке келісімшартына  отыру  маңызда  қызмет  атқарады:  ол  -  білімдік
қызмет,  өйткені  ''Неке  мен  отбасы   туралы''   заң   мазмұнымен   танысу
қолданыстағы  заңдылықтар  арқылы  отбасылық  өмір  туралы  шынайы   түсінік
береді;  реттегіштік  қызмет  -  отбасылық   қатынастардағы   құқықтар   мен
міндеттердің  тұтас  жиынтығы  қарастырылады.  Заң  отбасындағы  тараптардың
теңдігінен шығады, бірақ көбінесе  некедегі  жұбайлардың  бірі  кедей,  бірі
дәулетті  болады.  Бұл  әсіресе,  ажырасудан  соңғы   материалдық   жағынан,
айырмашылық әсіресе кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларынан
байқалады.
      Мүліктің  құқықтық  режимінен  басқа  неке  келісімшартына   азаматтық
айналыстағы (акциядан дивиденттер, салым проценттері,  усадбалық  учаскедегі
өнімді тапсырудан түскен өнім және т.б) заттар  мен  ақша  түріндегі  отбасы
кірістеріне қатысын анықтау да кіреді. Жұбайлар, заңгерлердің  пайымдауынша,
отбасы шығыны  кең  де  заңда  толық  қамтылмағанына  қарамастан,  оны  бөлу
тәртібі  де  қарастырылады.  Шығындар  отбасының  материалдық  қамтылуы  мен
мұқтаждықтарына  сәйкес  (тұрғын  үй,  көлік,  тамақпен  қамтамасыз  етілуі,
саяжайды күтуге, соңдай-ақ білім беру, медициналық күтім, демалыс  және  т.б
қатысты төлемдер) топтастырылады. Үй шаруашылығын басқарудан бастап,  қандай
да бір капиталға ие  болуға  дейінгі  отбасы  шаруашылығының  көп  түрлілігі
келісімшарттағы заңды негіздемені талап етуі мүмкін.
     Үй шаруашылығын басқарудан бастап қандай да бір қаржыны  иелік  еткенге
дейінгі шаруашылық қызметтердің әр түрлілігінің кең ауқымы заңды  келісілген
негіздемені талап етуі мүмкін.
     Отбасы өміріндегі кең тараған жағдайлардың  бірі  әйел  күйеуге  шығып,
бала  туған   кезде   ұзақ   уақытқа   дейін   аяқталмаған   білімі   немесе
біліктілігінен  айырылуы  нәтижесінде  үй  шаруасындағы  әйел  болады.  Неке
бұзылған сәтте  мұндай  әйел  өте  ауыр  жағдайда  қалды:  балаларды  күтуге
бөлінетін алимент аз  және  әсіресе,  біздің  кезімізде  жүйелі  төленбейді.
Сонымен  бірге  алименттер   ресми   танымал   көздерден   түскен   пайдадан
есептеледі, бірақ жұбайының шынайы табысы одан  асып  түсуі  мүмкін.  Сондай
кезде  жасалған  неке   келісімшарты   балалар   мен   жұбайының   алдындағы
экономикалық жауапкершілігін арттырып, неке сәтсіз болған жағдайда  мүліктік
мәселелерге, жақын  адамдарға  байланысты  жұбайлардың  қаржылық  мәселелері
ақылмен шешілуі керек.
     ҚР-ның "Неке мен отбасы  туралы"  (1999  жылдың  1  қаңтарындағы)  жаңа
заңында неке келісімшарты туралы айтылады. Онда неке келісімшарты  дегеніміз
некеге түсуші тұлғалардың немесе жұбайлардың келісімі екендігі  некедегі  не
оның  бұзылуы  кезіндегі  жұбайлардың  мүліктік  құқықтары  мен  міндеттерін
анықтайтыны айтылған.
     Неке келісімшартына отыру мүмкіндігі  заң  жүзінде  1993  жылдың  қазан
айынан бері  белгілі.  Бірақ  1996  жылдың  1  шілдесіндегі  жағдай  бойынша
республикада   не   бары   13   неке   келісімшарты   жасалып,   нотариалдық
куәландырылған (некеге отырғандар саны 10 мың есеге артық). Бұл  тек  Алматы
қаласында ғана,  ал  Қазақстанның  өзге  қалалары  мен  облыстарында  мұндай
жағдай мүлде жоқ. Қазіргі кезде статистика айтарлықтай өзгере қойған жоқ.
     Зерттеушілер мынадай сұрақ қояды:  некелесушілер  мен  некеде  бұрыннан
тұрғандар таласты жағдайларды  шешуге  арналған  неке  келісімшарты  бойынша
өздерінің мүліктік құқығы мен міндеттерін шешуге  тілек  білдіретіндер  саны
неге аз? Біздің  қоғамда  мазасыздануға  негіз  жоқ  шығар?  Бірақ  практика
көрсеткендей, статистика нақтыланғандай: үш жұп некелесуге өтініш  білдірсе,
екі жұп ажырасуға тілек білдіреді.  Ажырасудың  жалпы  коэффициентінің  арту
үрдісі 2015 жылға дейін болжанған. Ал бұл әлі де көптеген  отбасылық  жұптар
олардан рухани, дене және материалдық шығындарды  қажет  ететін  процестерге
тартылатынын көрсетеді. Көріп  отырғанымыздай,  біздің  қоғамымызда  ажырасу
коэффициенті өте жоғары.  Бірақ  отбасын  жеке  өмірді  ұйымдастыру  формасы
ретінде тұрақты және салыстырмалы түрде жоғары  мәртебе  санайтын  отбасылар
да азаймайды. Бірақ ажырасуға әкеп соғатын драмалық жағдайлар  жойылып  кете
ме? Оның үстіне, ажырасуға дәлелді себептер  де  негіз  болуы  мүмкін,  оған
түсіністікпен қарау керек.
Бақылау сұрақтары:
Отбасының пайда болуы.
Отбасының құрылымы қандай?
Отбасылық жүріс – тұрыстың типтері қандай?
Отбасы белгілерін көрсет.
Отбасындағы қатынас қалай жүзеге асады?

   Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1.Ж.Сәрсенова., Т. Тәңірбергенова. Әлеуметтану. А. 2000
2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.
3.Р.Әбсаттаров, Дәкенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004
4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004
5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005
6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005
7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003
8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007
9.Қ.Ж.Рахметов.,  А.Н.Болатова.,  З.Н.Исмагамбетова.,  Социология.   Алматы,
2005

Қосымша әдебиеттер тізімі:
1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002
2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007
3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.
4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.

  13. Дәріс №13 Мәдениет әлеуметтануы.
Мақсаты: студенттерді мәдениет әлеуметтануымен таныстыру. Оларды мәдениет
ұғымының жан-жақтылығымен таныстыру.
Дәріс жоспары:
           1.      Мәдениет ұғымының түсінігі.
           2.      Мәдениет және әлеуметтану.
           3.      Мәдениет түрлері
           4.      Қазақ мәдениетінің ерекшеліктері.
Дәріс тезистері:
     «Мәдениет» деген ұғым латын тіліндегі «Cultura»  сөзінен  алынған.  Ол
өңдеу, игеру, әдемілеу, тәрбиелеу, білім алу сияқты  мағыналарды  білдіреді.
Ғылыми әлеуметтану мәдениетті, оның алуан түрлерін адамның қолымен  істелген
және  ақыл-ой  санасымен  өңделіп,   жасалған   еңбегінің   жемісі   ретінде
қарастырады.
    Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениетсіз адам қоғамы
болмайды.Мәдениеті өркендеген қоғам әр уақытта ілгерілеп,  дамиды,  мәдениет
қоғамдағы барлық құбылыс, процестермен тығыз байланысты.
    Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: Материалдық және рухани.
       1.       Материалдық  –  бұл  өндірістегі   құрал-саймандар,техника,
          құрылымдар, т.б
       2.      Рухани  - бұл ғылым, өнер, әдебиет,т.б.
    Мәдениеттің бұлай бөлінуі белгілі  бір  шартқа  (жағдайға)  байланысты.
Дегенмен,  олардың  арасында  тығыз  байланыс,  қатынастар  бар.   Осылардың
нәтижесінде олар бір-біріне әсер етеді. Мысалы, адам ойындағы кейбір ғылыми-
техникалық жобалар, тұжырымдар нақтылы өмірде жаңа  техника,  сайман,  басқа
да құрал-жабдық түріне айналады, ал, жаңадан пайда болған техника,  құрылғы,
технология,  т.б  жаңа  ой-пікірлер,  тұжырым,  теория   жасауға   мүмкіндік
туғызады.
    Адамдар күнделікті өмірде мәдени құбылыстарды әр түрлі түсінеді.
    Біреулер мәдениетті қоғамдағы  құндылықтарды  адамдардың  жете  ұғынуы,
саналы түрде меңгеріп алуы десе, екіншілері  –  қоғамдағы  адамдардың  білім
мен тәрбие алу процестерінде пайда болған адамның сапалы  ақыл-ойы,  мінезі,
оның ойлау қабілеті, сезімі  ретінде  қарайды.  Осы  тұрғыдан  олар  адамның
саяси, құқықтық, кәсіби(мамандық), эстетикалық,  т.б  мәдениеттілігі  туралы
әңгіме қозғайды;Үшіншілері,  мәдениетті  адамның  шығармашылық  қабілетімен,
оның  білгіштігімен,  көркем  әдебиетті,  өнерді,  басқа  тілдерді  білумен,
құқықтық жауапкершілігімен ұштастырды.
    Бұл анықтамаларда мәдениет ұғымы бір жақты қаралып, бұрмаланған.  Шынын
айтсақ, бұл  жерде  жеке  адамның  әлеуметтік  тұлға  ретінде  қалыптасуының
нақтылы, негізгі жолдары туралы айтылмақ. Жеке адамның  мәдени  мұралар  мен
мұраттарды, яғни алуан түрлі құндылықтарды, ережелерді, нұсқауларды,  жоғары
адамгершілік   қасиеттерді,   салт-дәстүрлерді,    әдет-ғұрыптарды,    бүкіл
адамзаттың озық тәжірибесін жан-жақты меңгеріп, бойына  сіңіруі,  адамдардың
бұларға жаппай тартылуын,  оларға  белсенді,  жауапты  қатынасын,  араласын,
білім мен тәрбиенің тығыз байланыстығы туралы айтылмаған.  Ол  ол  ма,  жеке
адамның мәдениетін, санасын, белсенділігін, жауапкершілігін неғұрлым  жоғары
дәрежеде   арттыратын    қоғамдағы    өндіргіш    күштердің,    ғылым    мен
техниканың,,өндірістің   тигізер   ықпалы   қамтылмаған,   қоғамды    ғылыми
басқаруға, демократияны дамытуға, күнделікті материалдық  тұрмыс-жағдайында,
адамның үйлесімді дамуына осылардың тікелей немесе  жанама  тигізетін  әсері
туралы  да,  ештеңе  айтылмаған.  Ақыр   аяғында   бұл   факторлар   адамның
әлеуметтану процесін құрайтын естен шығарылған. Қазіргі уақытта  мәдениеттің
300-ден астам анықтамалары бар.  Осылардың  әрқайсысына  тоқталмай-ақ,  оның
негізгі мынадай үш анықтамасына тоқтауды жөн көрдік.
1.       Мәдениет  –  адам  құндылықтарының  жиынтығы.   Басқаша   айтқанда,
мәдениет   адамдардың   іс-әрекет,   қимылдарының,   еңбегінің,   іс-қызмет,
жұмысының, тәрбиесінің негізінде жинақталған және  қоғамның  ілгері  дамуына
әсер  ететін,  адамдардың  жоғары  адамгершілік   қасиеттерінің,   ғылымның,
білімнің,   тәрбиенің,   әдет-ғұрып,    салттардың    бағалы    ережелердің,
нұсқаулардың, т.б мұраттардың жиынтығы.
2.      Адамдардың шығармашылық іс-қызметінің  тәсілі.  Қоғамдағы  әрекеттер
барысындағы  әр  түрлі  кертартпалық  қате  түсініктерге,  теріс  ұғымдарға,
ережелерге,   ұсыныстарға,   жоқ    нәрсеге    сенуге,ескі    көзқарастарға,
әділетсіздікке, формализмге қарсы күресін жоққа шығаруды айтады.
3.      К.Маркс айтқандай, мәдениет адамның мәнді, маңызды күш-қуатын,  яғни
оның мақсатын, талап-тілегін, қабілетін іске асырып  орындауды,  оның  өзін-
өзі қалыптастыру және жан-жақты дамуын қамтамасыз  етіп,  күнделікті  өмірде
қолдануды білдірмек.
    Сонымен, мәдениет дегеніміз,жеке адам бойындағы қасиеттердің дамуы және
қоғамдағы құндылықтармен ұштастырып, әлеуметтік процестермен  біте  қайнасуы
болып табылады.
    Мәдениет қоғамның ерекше бір салалы жүйесі.Бұл қоғам мен адам  дамуының
сапалық  сипаттамасы  ретінде  субъектінің  қоғамға,  табиғатқа  қатынасының
деңгейін білдіретін категория.
    Жоғарыда көрсетілгендей, осыған сәйкес жалпы мәдениет ұғымы нақтыланып,
ол  еңбек  мәдениеті,  өндіріс  мәдениеті,  тұрмыс   мәдениеті,   көркемөнер
мәдениеті, экологиялық  мәдениет,  саяси  мәдениет,  мінез-құлық  мәдениеті,
басқару мәдениеті,т.б түрінде  көрініп отырады.
    Мәдениет - тұтас бір құбылыс,  оны  зерттегенде  жүйелік  талдау  әдісі
қолданылады. Бұл әдісті негізінде  екі  тұрғыда  қолдануға  болады.  Бірінші
тұрғыда мәдениет қоғамның, оның әрбір саласының сапалық сипаттамасы  ретінде
болады, екінші тұрғыда – мәдениет жүйе ретінде,  яғни  оның  құрылымы,  оған
кіретін бөліктер, элементтер олардың  арасындағы  байланыс  –  қатынастарды,
мәдениеттің жүйелік салаларын зерттейді. Мәдени процесте адам тек  қана  жай
жасаушы ғана емес, сонымен қатар ол ешқандай табиғи  керемет  сырт  күштерге
қарамастан оны дамытушы, жетілдіруші, өзгертуші, қайта құрушы жасампаз  күш.
Адам іс-әрекеті дамуының өзі мәдени құбылыстың жеке көрінісі болады.
Жоғарыда  көрсетілгендей,  жалпы  мәдениет  құрылымы  екі   үлкен   бөліктен
құрылады:
Материалдық мәдениет. Бұл адамның табиғатты өзгерту, қайта  құру  процесімен
байланысты.
Рухани мәдениет. Бұл адамның рухани дүниесін  және  оның  әлеуметтік  өмірін
өзгертумен байланысты болады. Осы жерде айта кететін бір мәселе бар.
    Біздің әлеуметтік дүние танымымызда руханилық, адамгершілік және  құнды
қасиеттер, әсіресе, шындық, әділеттілік және әдемілік  негіздерінде  адамның
бостандығын,  еркіндігін  терең  түсіну  үстем  болып  келді.  Ал,  бұлардың
арасындағы  қарым-қатынастар  мен  байланыстар  өте  күрделі   болғандықтан,
адамның руханилығын бір жақты ғана  қарауға  болмайды.  Керісінше,  руханият
адамның  ішкі  дүниесінің  өзгеруі,  құндылықтардың,   мысалы,   жақсы   мен
жаманның, шындық пен өтіріктің,  т.с.с  ара  жігін  ажырата  білу  негізінде
пайда болады. Өзінің сұрыптау,  реттеудегі  іс-қызметін  анықтағаннан  кейін
адам өзінің белгілі бір құндылығын қалыптастырады. Бұл  жөнінде  жүргізілген
әлеуметтану  зерттеулеріне  сүйенсек,  құндылықтар,  олардың   жүйелері   әр
уақытта ауысып отырады,ал, адамгершілік қасиеттерді  алдынғы  орынға  қоятын
санада өздерінің ішінара орналасу реті, тәртібі  болады.  Мысалы,  социализм
кезінде азаматтық, еңбек сүйгіштік,  міндет,  борыш,  қарыз,  кішіпейілділік
қаржылық  бағалық,  құндылықтар  болса,  қазір,  нарықтық  жағдайда,   олар:
мейірбандық, қайырымдылық,  іскерлік,  табыс,  ерекше  үлгі  –  тұлға  болып
өзгереді.
     Қазіргі қоғамдық-саяси кезең адам тұлғасының рухани өміріне бір  жақты
әсер етпейді. Жалпы  қоғамның  рухани  өмірінің  дамуында  екі  үлкен  бағыт
(тенденция)   бар   екенін   аңғартады:    Біріншісі,    жалпы    адамзаттық
құндылықтардың таптық құндылықтардан  артықшылығын,  басымдылығын  көрсетеді
және жалпы адамзат  құндылықтары  адамның  іс-қызметімен  тығыз  байланысты.
Адамдардың  рухани  мүмкіншілігі  тоқырау  уақытында  да  бұзылған  жоқ,  ол
қазіргі  уақытта  іске  асырылуда.Екінші  бағыт,  ел-жұрттың   белгілі   бір
бөлігіне  ғана  тән.  Бұл   бөлік   бұрынғы   идеологиялық   құндылықтардан,
ережелерден қол үзгеннен кейін адамдардың ішкі рухани  кеңістігі  тұмшаланып
қалды.  Ал,  адамның  рухани  өмірінің  осындай  жағдайда  болуы  адамдардың
қорқынышын,  енжарлығын,  селқостығын  (апатия)   немесе   керісінше,   ойға
келмейтін  олардың  тым  белсенділігін  туғызып  отыр.  Соған  орай  осындай
жағымсыз,  теріс  құндылықтарды  болдырмау  үшін   жалпы   адамзатқа   ортақ
құндылықтарды  терең  біліп,  түсіну,  ұлттардың   жағымды   әдет-ғұрыптарын
жаңғыртып  дамыту,  оларды  өмірде  қолдану,   адамдарда   ыдыратуға   емес,
ымыраластыруға шақыратын жағымды құндылықтарды  насихат  құралына  айналдыру
керек. Бұл әлеуметтік және рухани  сабақтастығы  үзілген,  бытыраңқы,  «басы
бірікпейтін» қарым-қатынастарды жоюға көмектеседі.
    Мәдениетті   жалпы   әлеуметтанудың   арнаулы   теориясы   –   мәдениет
әлеуметтануы  зерттейді.  Ол  мәдениеттің  қоғамдағы  атқаратын   қызметінің
заңдылықтарын, нақтылап айтсақ, қоғамдық жүйеде мәдениеттің алатын орны  мен
маңызын, әлеуметтік және әлеуметтік-демографиялық әр түрлі топтардың  талап-
тілегін, мүддесін, ұсынысын, бұқара халықтың мәдени қызметін,  өндіріс  және
мәдениетті   тұтыну   салаларында    мәдени    әлеуметтік    институттардың,
мекемелердің жағдайын, атқарып жатқан  қызметтерін,т.с.с  зерттейді.  Мәдени
әлеуметтану  мұнымен  бірге  мәдени  дамуды,  оның   әр   түрлі   әлеуметтік
институттары  (білім,ғылым,этикалық  және  көркемөнер,   адамгершілік)   мен
мекемелерінің  (театр,   кино,   мұражай,   кітапханалар)   дамуын   болжап,
жоспарлайды.
    Мәдениет әлеуметтануы қарыштап дамып  келе  жатқан  жеке  дара  ғылыми-
мәдени   теориямен   тығыз   байланысты.   Мәдениет   теориясының   мәдениет
әлеуметтануынан  ерекшелігі  бар.  Сондықтан  мәдениет   теориясы   мәдениет
әлеуметтануынан басқа мәселелерді зерттейді. Олар: мәдениеттің іштей  дамуы,
мәдени-тарихи   процесс,   әр   түрлі   мәдениеттердің   бір-бірімен   ауысу
заңдылықтары.  Ал,  мәдени  әлеуметтану   қоғамда   мәдениеттің   әлеуметтік
маңызына, алатын орнына және нақтылы әлеуметтік ортада оның қызмет  істеуіне
басқа көңіл аударады. Бұл мәселелерді мәдениет теориясы зерттемейді.
     Ғылыми әлеуметтану мәдениеті аталмыш саланы бір  бүтін  қоғамдық  жүйе
ретінде талдап зерттегенде, оның шығуы, пайда болып  дамуын,  анықталуын  әр
уақытта қоғамдық өндірістік тәсілмен байланыстырады.
    Жоғарыда  көрсетілгендей,  мәдениет  әр  уақытта   адамның   әлеуметтік
қызметінде оның тұлға  боп  қалыптасуы  мен  оның  қалай  іске  асырылатынын
көрсетеді. Мұның өзі екі негізгі түрде болады:
Адамның нақтылы іс-қызметінің тәсілі, оның шығармашылық мазмұны;
Адамдардың материалдық және рухани болмыс-бітімі өндіріс процесінде  олардың
іс-қызметінің затқа  айналу  процесі  ретінде  көрінеді.  Бұл  әрбір  тарихи
дәуірде алуан түрлі ескерткіштер мен мәдени құндылықтар  арқылы  анықталады,
адамның тұлғалық сапасы нақтылы іске асырылғанын  аңғартады.  Мысал  ретінде
оқымыстылардың тұжырымдары теория түрінде болып бір уақытта материалдық  зат
түріне (яғни, техника, станок, алуан түрлі құралдарға,т.б)  саяси  қозғалыс,
әлеуметтік революцияға айналады.
    Мәдениет  әлеуметтануының  негізгі  мәселесі   –   мәдениеттің   ерекше
құбылыстарын, оның  қоғамда  атқаратын  қызметінің  заңдылықтарын,  қоғамдық
мәдениеттің шығармашылық мақсатын зерттейді, қоғамда жаңа мазмұндағы  мәдени
және рухани құнды мұраттарды қалыптастырады.Мұнан  әрі   мәдени  әлеуметтану
әлеуметтік  тапсырыстардың,  яғни  жүзеге  асуы  міндеттелген   іс-қызметтің
(жұмыстың) орындалу мазмұндарын  анықтайды.Мысалы,жаңа  көркем  әдебиет  пен
арнаулы  бір  көркемөнер  түрін  жасауға  арналған   әлеуметтік   тапсырысты
орындауға қандай факторлар кедергі жасап отырғанын зерттеп, оларды  жұмсарту
немесе жою туралы жаңа шешім, кеңес, ұсыныстар береді.
    Мәдени  әлеуметтану  қоғамдағы  алуан  түрлі   әлеуметтік-демографиялық
топтардың, бірліктердің  мәдениетке  қатынасын,  олардың  мәдениетке  қандай
талғамы  барын,  талап-тілек  қоятынын,  мәдени   ошақтардың   тек   өндіріс
жағдайында ғана емес, жалпы мәдениетке тартылуы, қосылуы,  араласуы  қандай,
бұл іс-жұмыстарда  театр,  кино,  музей,  кітапханалар,  стадиондардың,  т.б
жұмыс  дәрежелері  қалай,  олар  не  істеп  жүр,адамдардың,  олардың   алуан
топтарының талап-тілектерін  қанағаттандыра  ала  ма  немесе  қанағаттандыра
алмай ма, т.б міне осы тәрізді мәселелерді қамтиды.
    Мысалы, қазіргі уақытта  театрларға  көптеген  адам  бармайды,  өйткені
қойылымдар адамдарды тартпайды. Бұған қоса  театр  басқармалары  ұйымдастыру
жұмысын дұрыс жолға қоя алмаған.
    Театр туралы  айтылған  осы  пікіріміз  кітапханаға  да,  денешынықтыру
мекемелеріне де (әсіресе, стадион) қатысты.
    Мәдениеттің мәні мен мазмұны оның құрылымымен тығыз байланысты.Ал, оның
құрылымымен тығыз байланысты. Ал,  оның  құрылымы  күрделі  болғандықтан  әр
түрлі элементтерден, бөліктерден тұрады. Мәдениеттің негізгі  элементтерінің
ең бастысы және осыған сәйкес басты атқаратын қызметі таным,  яғни  таңба  –
символдық  элемент  болып  саналады.   Халықта   «күш-білімде»   деп   босқа
айтылмаған.
    Білім  әр  уақытта  белгілі  бір  ұғымдар,   түсініктер,   т.б   арқылы
қалыптасып, тілде көрініс тауып, анықталады. Тіл  –  адамзаттың  білімі  мен
тәжірибені сақтап, оны ұрпақтарға жеткізу құралы.Ол адамның ой-пікірін  және
адамдардың  бір-бірімен  байланыстыратын  құрал.  Танымды  білдіретін  әрбір
таңба,  символдың,  элементтің  өзінше  маңызы  бар.Олардың  әрқайсысы   жоқ
объектілердің қарым-қатынастары болған уақытта қолданылып  отыратын  бейнесі
(суреті) болып саналады.
    Осы  таңбаларды,символдарды  адам  оқу,  тәрбие   процестерінде   біліп
үйренеді,  сонан  кейін  оларды  жаңа  мәлімет,   хабар   арқылы   сақтауға,
өзгертуге, бір ұрпақтан екінші  ұрпаққа  мирас  етіп  қалдырып,  жалғастырып
отыру үшін қолданады.
    Мәдениеттің екінші элементі – ол құндылық, танымдылық жүйесі.  Құндылық
деп, әрбір қоғамдағы әлеуметтік субъектінің  (адамдардың  немесе  әлеуметтік
алуан түрлі топтар  мен  жіктердің,  бірліктердің)  мұң-мұқтажын,  мүддесін,
талап-тілектерін, қажеттілігін қанағаттандыратын құбылыс,  процестердің  т.б
қасиеттерін айтамыз.
    Әрбір  құндылық  әлеуметтік  субъектінің  мұң-мұқтажын,  талап-тілегін,
қажеттілігін білу негізінде және оларды сыртқы  дүниедегі  басқа  заттармен,
құбылыстармен  салыстыру  арқылы  қалыптасады.   Керісінше  де  солай.   Бұл
құндылық қатынастар әр уақытта даму,өзгеру  бағыттарын,  әрекеттердің  алуан
түрлі  байланыс,   қатынастарын   қалыптастыруда   қажетті   элемент   болып
есептеледі. Бұл құндылық бағыттары, әрекеттері,  қатынастар  нұсқау,  ереже,
салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар арман, мұрат, т.б  толып  жатқан  құбылыстар  мен
процестер ретінде көрінеді.Бұл аталғандар адамдардың алдын ала жасалатын іс-
әрекетінің,  бір-бірімен  қатынас,  байланысының,  еңбек   пен   қызметінің,
тәртібі мен адамгершілік қасиетінің, белсенділігі мен жауапкершілігінің  т.б
бағдарламасы болып саналады.
    Осыларға сәйкес  қазіргі  кезеңде  мәдени  әлеуметтану  бұрын  болмаған
көптеген мәдени құбылыстарды, процестерді, басқа да  мәселелерді  жан-жақты,
кеңінен зерттеуде.
    Олардың басты бағыттары мыналар:
    Мәдениеттің материалдық саласы: еңбек  мәдениетін  оқып  білу,  зерттеу
(оның  ішінде  еңбек,  еңбек  процесі,  өндірісті  басқару  және  әр   түрлі
еңбекшілер тобының  мәдени-техникалық  дәрежелерінің  көтерілу  жағдайлары);
тұрмыстық-материалдық  мәдениеті,  оның  ішінде  тұрмыстық  еңбекті,  заттың
ортаға қатынасы, әрбір халықтың, ұлттың мәдени тұрмыстық әдет-ғұрпы,  салты;
өткен уақыттағы құндылықтарды сақтау  жөнінде  бұқара  халықтың  ой-пікірін,
қозғалысын ұйымдастыру,  еліміздің   территориясын  мекендейтін  халықтардың
экономикалық  мәдениетін  оқып,  біліп  зерттеу,   әр   жынысты   адамдардың
өндірістегі мәдени қатынастарын т.с.с кеңінен зерттеу.
    Мәдениеттің саяси (оған құқықты  мәдениетті  кіргізе  отырып)саласында:
қоғамның  барлық  салаларында  еңбекшілердің  қоғамды,  өндірісті  басқаруға
белсенді қатынасуын, демократияның барлық түрлерін  дамыту,адамдардың  алуан
түрлі топтарының, жіктерінің  саяси  белсенділігін  арттыру,т.б  (Бұл  жерде
мәдени әлеуметтану саяси әлеуметтанумен тығыз байланысты.)
    Экономикалық  мәдениет  саласында  нарықтық  жағдайдағы   еңбекшілердің
экономикалық білімдерін, олардың нарықтық қатынастардың  принциптерін  толық
игеріп, меңгеруі басты мәселе ретінде зерттеледі.
    Мәдениеттің рухани саласында: Ел-жұрттың әрбір  топтарының  мәдени  іс-
қызметі және мәдени іс-қызметі және мәдени дәрежесінің көтерілуін;  аймақтық
(территориялық бірліктердегі (қала, село)  рухани  мәдениеттің  жағдайы  мен
дамуын; рухани мәдениеттің  әр  түрлерін  (білім,  ғылым,  эстетикалық  және
көркем    әдебиет,    адамгершілік);    мәдени     мекемелердің,     олардың
қызметкерлерінің (клуб,  театр,  музей,  кітапхана,  т.б)  іс-қызметін;  ел-
жұрттың әр түрлі мәдени  қызметін  (оқу,  мамандандырылған  емес  техникалық
және көркемдік шығармашылықпен ұштастырып  терең,  жан-жақты  зерттеу;  қала
мен ауыл – селолардың,  облыстардың,  жалпы  республиканың  мәдени  дамуының
әлеуметтік және болжам жоспарларын зерттеу, т.б жатады.
Бақылау сұрақтары:
    Мәдениет ұғымының түсінігі
    Мәдениеттің түрлері
    Материалдық мәдениет
    Рухани мәдениет
    Мәдениет әлеуметтануының негізгі мәселесі.
   Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1.Ж.Сәрсенова., Т. Тәңірбергенова. Әлеуметтану. А. 2000
2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.
3.Р.Әбсаттаров, Дәкенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004
4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004
5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005
6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005
7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003
8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007
9.Қ.Ж.Рахметов.,  А.Н.Болатова.,  З.Н.Исмагамбетова.,  Социология.   Алматы,
2005

Қосымша әдебиеттер тізімі:
1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002
2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007
3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.
4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.

Дәріс №14  Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
Мақсаты: Студенттерге Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда алатын рөлін,
маңыздылығын, қызметтерін түсіндіру
Дәріс жоспары:
      1. Коммуникация ұғымы
      2. Мемлекет дамуындағы БАҚ атқаратын қызметтері
      3. БАҚ басқа әлеуметтік салалардан артықшылығы
Дәріс тезистері:
      Коммуникация (лат. communicatio  "жалпы  жасаймын,  байланыстырамын"),
кең мағынада әртүрлі ақпаратты қабылдау және тарату  мүмкіндігі  бар  қарым-
қатынас  тәсілдері.  Коммуникация   тек   көптеген   гуманитарлы   пәндердің
объектісі ғана емес, сондай-ақ нақты ғылымдардың объектісі..
       Әлеуметтік коммуникация,  -   деген   қоғамда    әлеуметтік   маңызды
бағалармен  нақты   жағдайлар,   коммуникативті   салалармен   қарым-қатынас
нормалары бекітілген адамдардың коммуникативті іс-әрекеттері.
    БКҚ   үш   түрі   бөліп   көрсетіледі:   қоғамның    позитивті   жағынан
интеграцияның  жоғарлатпайтын  БКҚ,   қоғамның   позитивті  және  негативті 
жағынан  интеграцияның  жоғарлататын  БКҚ;   қоғамның    позитивті   жағынан
интеграцияның жоғарлататын БКҚ.  БКҚ негізгі функциялары –
     Тәуелсіз   Қазақстаның  даму  үдерісіндегі  саяси   жүйесін   бұқаралық
ақпарат құралдары институтынсыз  елестету  мүмкін  емес.  БАҚ  аса  маңызды,
көпсалалы,  көпқырлы  әлеуметтік-саяси,  ақпараттық  функцияларды  атқаратын
демократиялық,  азаматтық,  саяси   және   идеологиялық   институт   ретінде
түзілуде. Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі саяси үдерістерде БАҚ кең  ауқымды
функцияға ие болғандықтан, қоғамда БАҚ араласпайтын сала  жоқ.  Әр  қырынан,
әр  саладан,  әр  деңгейден   көрінеді.   БАҚ-тар   әлемдегі   демократиялық
институттардың әртүрлі, көпсалалы функцияларын  дерлік  толығымен  атқаруда.
БАҚ-тың рөлі туралы әртүрлі пікір, талдаулар бар. Ғылыми әдебиетте,   жалпы,
оның жиырмаға жуық функциясы көрсетіледі.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарынсыз
еліміздегі  қоғамдық-саяси  жүйенің  қалыпты  қызмет  жасауы  мүмкін   емес.
Өйткені, БАҚ «қоғамның демократиялық  дамуының  аса  маңызды  құралы»  болып
табылады.  Демократиялық  құқықтық  және   әлеуметтік   мемлекет   үрдісінде
бұқаралық  ақпарат  құралдарына  кең  құқықтық  өріс  ашылып,  заңмен  тыйым
салынбағанның бәрімен шұғылдануына ерік берілді. Ендеше,  Қазақстанның  жан-
жақты  жаңару  кезеңіндегі  саяси  жүйедегі  БАҚ-тың  орны   туралы   қандай
қорытындылар жасауға болады? БАҚ  Қазақстанның  саяси  жүйесінде  көпсалалы,
көпқырлы функцияларды атқаратын, көпөлшемді саяси үдерістерден өзінің  орнын
тапқан аса маңызды қоғамдық, демократиялық, азаматтық институт.  Билік  БАҚ-
ты  қоғамдық  пікірді  білдіруші  өзінің  демократиялық-ақпараттық  әріптесі
ретінде қабылдаса, БАҚ әр деңгейдегі  билік  институттарын  халық  өкілеттік
берген, ел мен ұлт мүддесін жүзеге  асырушы,  мемлекет  мүддесін  қуаттайтын
әріптесі ретінде қабылдауы тиіс. Ол үшін БАҚ  пен  билік  арасында  «келісім
архитектурасы»  қалыптасуы  керек.  Бұл   іске   қойылар   басты   талаптар:
шыншылдық, ашықтық, ақпараттық, жаңашылдық, әлеуметтік, жауапкершілік   және
қоғамдық пікірге деген құрмет.   
– Сіз жоғарыда БАҚ-ты көпсалалы, көпқырлы қоғамның барлық  саласына  араласа
алатын  демократиялық-қоғамдық  институт  дедіңіз.  Билік  неге  БАҚ-қа   өз
құзыретін жүргізгісі келеді?  
–  Мемлекеттік   органдардың   немесе   шенеуніктердің   бұқаралық   ақпарат
құралдарын толық  мемлекеттік  билік  бақылауына  алғысы  келетіні  де,  ал,
бұқаралық ақпарат құралдарының тарапынан, әрине, толық тәуелсіздікте  болуды
аңсайтындары  да  бар.  Әділетіне  келсек,  бұның  екеуі  де  бүгінгі  күнгі
қоғамдық ахуалда үрдіске сай  келмейтін  мақсаттар.  Масс-медиа  өкілдерінің
шексіз  тәуелсіздік  немесе  еркіндік  туралы  пайым-тұжырымдары  да,  сайып
келгенде, негізсіз. Себебі –  кез  келген  ақпарат  құралының  құрылтайшысы,
иесі бар. Олардың әлеуметтік-экономикалық  тұрғыдан  саяси  мүдде-мақсаттары
бар. Бұл – басы ашық мәселе. Елбасы Н.Назарбаев журналистермен  кездесуінде:
«Мемлекеттік  емес  БАҚ-тар  қожайындарының  қатты  қыспағына  түсіп   отыр.
Әлгілер  өздерінің  талас-тартысына  енді  журналистерді  тартады.   Айналып
келгенде журналистер  әлгі  қалталы  байлардың  айтқанымен  жүріп,  солардың
сойылын соғатын аманат-адамдарға айналды», – деген болатын. Жалпы, қай  елде
де болсын, мемлекеттік билік  пен  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арасындағы
қатынастар  қашанда  қайшыласып,  бүкіл  қоғамның  назарын   өзіне   аударып
отыратыны  белгілі.  Мемлекеттік  билік  органдары  журналистерге  құрметпен
қарағанның  орнына,  шекесінен  шертіп  отырғанды  ұнатады.   Жұмыс   беруші
тарапынан қандай қысым көрсе де, журналистің негізгі  ұстанымы  мемлекеттік,
ұлттық мүдделер болып, өзінің азаматтық келбетін сақтауы керек. Бүгінде  БАҚ
еліміздегі  бүкіл  саяси  биліктің  жария,  ашық  қызмет   жасауының   басты
механизмдерінің біріне айналды және БАҚ-тың бұл мәселедегі ықпалы күн  сайын
артуда. Бұл артықшылықтарын олардың өздері де сезеді.  Кейде  БАҚ-тың  билік
органдарына қысым көрсетіп, үстемдік жасағысы  келетін  ауанын  да  байқауға
болады.  Халықаралық  сарапшылардың  айтуынша,  БАҚ  қоғамда  болып   жатқан
процестерге әлеуметтік  бақылау  жасап,  заң  шығарушы,  атқарушы  және  сот
биліктерін белгілі мөлшерде ығыстырып шығара да  алады  екен.  Халық  БАҚ-қа
сенеді.  АҚШ  сарапшыларының  пайымдауынша,  жұрт  президент  пен  конгреске
қарағанда телевизия мен баспасөзді лайықты көреді. ҚР  Конституциясына  және
«Бұқаралық  ақпарат  құралдары  туралы»  заңына  сәйкес,  ақпарат  құралдары
меншік  нысанына  қарамастан,  мемлекеттік  органдардан  заң  жүзінде  тыйым
салынбаған  барлық  ақпаратын  алуға  және   таратуға   құқылы.   Бұл   үшін
мемлекеттік  органдар,  олардың   басшылары   ақпарат   құралдарына   жаңаша
көзқараспен  қарап,  бұрынғы  машықтарынан  арылуы  керек.  Өкінішке  қарай,
біздің  көптеген  мемлекеттік  органдардың  басшыларының  ақпарат  құралдары
өкілдерімен сөйлесу, дидарласу мәдениеті  төмен.  Олардың  көбі  журналисті 
қоғамдық әріптес, мемлекет мүддесін жақтаушы деп  емес,  қайта  сол  саладан
тек кемшілік, тұздығы ащы, көлеңкелі фактілер іздеуші субъект  деп  қарайды.
Мемлекеттік  биліктің  әр  деңгейіндегі  басшылар  журналистерді   өздерінің
ақпараттық  әріптестеріне  айналдырып,  олардың  қоғамдық  беделіне   нұқсан
келуіне жол бермеулері тиіс. Шенеуніктер  БАҚ-тың  тез,  шапшаңдығын  ескере
отырып, оның еркін әрі уақытылы ақпарат алуына мүмкіндік  жасауы  керек.  Ол
үшін  келешекте  Қазақстан  Республикасы  Президенті  жанындағы  Мемлекеттік
басқару  академиясы  жанында  БАҚ  пен  жоғары  саяси  мектеп   тыңдаушылары
арасында  арнайы   курстар   өткізіп,   шенеуніктерге   Қазақстанның   саяси
өміріндегі  БАҚ-тың   маңызы  мен  рөлін,   бағыттары   мен   ерекшеліктерін
түсіндіру керек.         
Саяси жүйенің бір құрамдас бөлігі ретінде БАҚ, ең алдымен,  азаматтық  қоғам
институты, ол – билік институты емес. Оны тікелей коммерциялық  құрылым  деп
те  қарауға  болмайды,  оның  басты  функциялары  –  қоғамды  интеграциялау,
ұйымдық, ақпараттық – әлеуметтендірушілік қызмет атқару. БАҚ  қоғамда  болып
жатқан  маңызды  үрдіс  –  құбылыстармен,  азаматтарды  толғандырып   жүрген
проблемалармен   билікті   ақпараттандырып    отыруы    керек.    Саясаттану
теориясындағы  саяси  институттардың  міндеті  мен  функциялары   тұрғысынан
қарасақ, БАҚ  Қазақстанның  саяси  жүйесінде  мынадай:  ақпараттық,  қоғамды
топтастыру және әлеуметтендіру, танымдық, білім берушіліқ, қоғамдық  мүддені
қалыптастырушылық  сияқты  аса  маңызды  функцияларды  атқарады.  Ақпараттық
жүйенің мемлекеттік шеңберден асып, трансұлттық сипат алып, өз  мемлекетінің
бақылауынан және оның  заң  жүйесінің  ықпалынан  шығып  та  кетіп  жататыны
болады.  БАҚ-ты  «биліктің  төртінші  тармағы»   деп   атау   конституциялық
нормаларға  сай   келмейді.  Себебі  –  еліміздің   Конституциясында   билік
тармақтары  анық  көрсетілген.  БАҚ-ты   ақпараттық,   тәрбиелік,   қоғамдық
бақылау, инновациялық функцияларды  жүзеге  асырушы  демократиялық  институт
ретінде қарастыру керек. БАҚ-тың заңсыз жолмен сот, прокуратура, ішкі  істер
органдарының қызметіне араласуына болмайды. Бұқаралық  ақпарат  құралдарының
күші – биліктің  беделінде  емес,  өз  беделінің  билігі  мен  күшінде.  Дәл
қазіргі жаһандану заманында ақпаратты ауыздықтап ұстау мүмкін емес.  Ақпарат
мемлекеттік  биліктің  шеңберінен  шығып   та   кетіп   жатады.   Ақпараттар
тасқынының күшеюі – Парламенттің  әлі  де  айрықша  көңіл  бөліп,  заңнаманы
жетілдіруін қажет  етеді.  Бүгінде  БАҚ-тың   маңызының  артқандығы  сондай,
оларды мемлекеттің толық бақылауына алу мүмкін емес.  Және,  сонымен  қатар,
оны жекеменшік капиталдың қолына беру де дұрыс емес.  Журналист  ақиқат  пен
шындықтың бірден-бір қорғаушысы, әділдіктің эталоны  екенін  ұмытпауы  тиіс.
Журналистің  жазған  жан  айқайларына,  өткір  пайымдауларына,  пікірлеріне,
тіпті ашыну, өзімшілдігіне де құрметпен қарау керек. Өйткені,  журналист  өз
мүддесі  үшін  емес,  мемлекет,  ұлт  мүддесі   үшін   шырылдайтынын   естен
шығармаған жөн.  Мемлекеттік билік жүйесі мен  бұқаралық  ақпарат  құралдары
арасында өзара түсіністік пен шынайы әріптестік үнемі дамып,  нығайып,  одан
жиналған күш-жігер еліміздің ақпаратқа қол жетімділік қоғам мен  мемлекеттің
демократиялық тұрғыда дамуының маңызды элементі  болып  табылады.  Қазақстан
тәуелсіздік алғаннан бері ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз етуде  нақты
жетістіктерге қол жеткізді.  Қазақстанда  азаматтардың  мемлекеттік  басқару
органдарынан ақпарат алуын реттейтін заңдар  қабылданғанымен, ақпаратқа  қол
жеткізу құқығын толық көлемде пайдалануға  мүмкіндік  бермейтін  проблемалар
да  жоқ  емес.  Бұл  жағдайдағы  басты  себептердің  бірі    ақпаратқа   қол
жетімділік  мәселелерінің  жан-жақты   әрі   прогрессивті   түрде   құқықтық
регламенттелмеуі, қолданыстағы ұлттық заңнаманың  халықаралық  стандарттарға
сәйкес келмеуі, тиімсіз құқық қолдану практикасы, бюрократия мен сөз  бұйра,
азаматтардың өз құқықтары туралы  хабарсыздығы,  ақпарат  көздеріне  цензура
болып табылады.  Сайып  келгенде  бұл  мәселелер  азаматтардың  ақпарат  алу
құқықтарын іске асыруын қиындата түседі.  
«Қазақстан   Республикасында ақпаратқа қол  жетімділік    туралы» заң жобасы
тұжырымдамасының       жобасына       ұсыныстар         әзірлеу         үшін
Қазақстандағы ақпаратқа қол  жетімділіктің   жай-күйі   бойынша сараптамалық
баға алу.   
Қойылатын мәселелер
   1. Мемлекеттік органдардан ақпаратқа қол жетімділік
   2. Мемлекеттік органдардың жабықтығы/ашықтығы 
   3. Ақпаратқа еркін қол жеткізу конституциялық  құқықтарының сақталуы 
   4. Ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі арнайы заң қабылдау
      қажеттігі 
   5. Ашық түрде қол жеткізуге болатын ақпарат
   6. Жабық болуға тиіс ақпарат
   7. Ақпарат ұсыну тәсілдері
   8. Ақпарат ұсынуға жауапты тұлғалар 
   9. Ақпараттың пайдаланылуына жауапты тұлғалар 
  10. Қоғамның қатысуы
  11. Ақпаратқа қолжетімділік туралы заң кімге қолданылуы тиіс 
  12. Ақпарат ұсынудың ақылы /тегін болуы
  13. Мемлекеттің ақпаратқа қолжетімділікті  реттеу жөніндегі функциялары 
  14. БАҚ рөлі
  15. ҮЕҰ рөлі
  16. Азаматтар туралы ақпараты бар дерекқорға қолжетімділік. Бірыңғай
      ақпараттық жүйе 
  17. Қоғамдық маңызы бар ақпарат 
  18. Ақпаратты қорғау
  19. Электрондық үкімет
  20. Осал топтардың мүдделері
  21. Ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуде жаңа технологияларды
      пайдалану  

Дәріс №15 Нақты  әлеуметтанулық  зерттеу  жүргізудің  әдісі  мен  техникасы.
      Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау.
    •  Мақсаты: студенттерді нақты әлеуметтанулық зерттеу  жүргізудің  әдісі
      мен  техникасымен  таныстыру.  Ақпараттарды  өңдеу  әдісін  түсіндіру.
      Оларға әлеуметтанулық зерттеулердің мәнін түсіндіру.
    • Дәріс жоспары:
      1.      Нақты әлеуметтанулық зерттеу түсінігі.
      2.      Әлеуметтік ақпарат және оның түрлері.
      3.      Зерттеу бағдарламасының құрылымы.
      4.      Іріктеу әдісі және оның негізгі түсініктері   
    • Дәріс тезистері:
         Социологиялық   зерттеу  -  нақты   теориялық   және    әлеуметтік
 проблемаларды  шешу  үшін  зерттелетін   объекті   жөнінде   жаңа   білім 
алуға  мүмкіндік  беретін  теориялық   және  эмпирикалық  рәсімдер  жүйесі.

        Социологиялық зерттеуде   ғылыми   қызметтің   мынадай   элементтері
бар;
                 а) зерттеу  объектісі -  әлеуметтік   шындық   процестері 
мен  құбылысы;
                 ә) зерттеу субъектісі;
                 б) социологиялық  зерттеу белгілі - бір  мақсатқа   жетуге 
және  нақты  міндеттерді  шешуге  бағытталған;
                 в) міндетті шешу  құралдары  -  әдістер,  ұйымдастыру  іс-
шаралары т.б бар
       Социологиялы зерттеу түрлері мыналарға  байланысты:
               1. Мақсаты және  теориялық бағдары. Мұнда олар:
                  а) статистикалық; б)  тәжірибелік;  в)  типологиялық;  г)
тарихи  болуы  мүмкін; д) кейбір  таңдамалы  оқиғаларды  зертеу  мақсатында
жүргізілуі  мүмкін ( монографиялық  сипаттама).
                2.   Социологиялық   зерттеудің    екінші   бір    түрлері;
материалды  таңдау  әдісі. Мұнда   олар;  а)  барлау  (  сынау,  пилотажды,
зондажды  )  б)  сипаттамалық  (   сарапшылардың    сауалнамасы,    мақсаты
сипаттама,  объекті   туралы   түсінік  );  в)  талдамалық    (   себептік 
байланыстарды  сипаттау  және анықтау ) болуы мүмкін.
           Барлау  арқылы  зерттеу - нақты   -  социологиялық   зерттеудің 
 ең  бір  қарапайым  түрі; ол  шағын  зерттелетін  жиынтықты  қамтиды және 
ықшамдалған  бағдарлар мен  көлемі   бойынша   сығымдалған   құралдарға   (
сауалнама,  бланк  -  интервью,  сауалнама   парағы   және    басқалары   )
негізделеді.   Барлау   арқылы   зерттеудің   бір   түрі  -   экспресс   - 
сауалнама.
           Сипаттамалық   зерттеу   нақты  -   социологиялық    зерттеудің 
күрделірек  түрі; ол  зерттелетін құбылыс,  оның  құрылымдық   элементтері 
туралы  салыстырмалы   түрде   тұтастай   түсінік   беретін   эмпирикалық  
мәліметтер  алуды  көздейді.
         Талдама  зертеу - социологиялық  талдаудың   ең   күрделі   түрі, 
ол   зерттелетін   құбылыстың   құрылымдық   элементтерін  сипаттап   қана 
қоюды   мақсат   тұтпайды,   сонымен   бірге   оның    негізінде    жатқан 
себептерді  анықтауды  мақсат  етеді;  бұл  зертеу   айрықша   тәжірибелік 
маңызға  ие  болады. 
                 3.   Үшінші     түрі     зерттеудің     динамикасы    мен 
статистикасынан  анықталады: а) бір  жолғы,  нүктелік; б) қайталама,  оның 
арасында   панельді   деп   аталатындар  -  сол   бір    топ,    сұрақтар, 
бағдарламалар   және   әдістемелер   белгілі  -  бір   уақыт   арқылы;  в) 
лонгитюдті (объектіні  ұзақ  уақыт  кезең -  кезеңмен  бақылау) .
         Нақты  социологиялық  зерттеу  арнайы  құжатқа -  социологиялық   
зерттеу  бағдарламасына сәйкес  жүргізіледі.
         Бағдарлама - кезең - кезеңмен  бағдарламалаудан   және   ғылыми  -
тәжірибелік  зертеу  қызметі  рәсімдерінің  ережесінен   тұратын   зерттеу 
жобасының  жалпы  тұжырымдамасын  жазу.
        Бағдарлама  мыналарды  түсіну мен  білуді  көрсетеді:
                                 1. Не  істеу  керек.
                                 2. Ойлаған   нәрселерді   немен    орындау 
 керек.
                                 3. Ойлағандарды  қалай  орындау  керек.
       Бағдарламаның функциялары:
              1. Теориялық -  әдістемелік  функция, ол ғылыми   проблеманы 
анықтауға  және   оны  шешу  үшін   негіз  дайындауға  мүмкіндік  береді.
              2.  Әдістемелік  функция,  ол  деректерді  жинау   тәсілдерін
белгілеуге  және күтілетін нәтижелерді  сипаттауға,
сондай-ақ   зерттелетін    жиынтықты    анықтауға,    қажетті    құралдарды
сипаттауға   және   бастапқы    ақпараттарды   компьютерде        өңдеудің 
логикалық  схемасын дайындауға  мүмкіндік  береді.
              3. Ұйымдастыру, ол  зерттеушінің  қызметін жұмыстың   барлық 
кезеңінде  жоспарлауға  мүмкіндік  береді.
     Оны  жасауға  кірісуден  бұрын   мыналарды  істеу  қажет:
              1. Зерттеуге  жататын  жағдайға  диагностика жасау  ( мысалы,
қазіргі  заманғы  орта  мектептің  жай - күйі  зерттеледі ).
              2. Проблематизация   жүргізу  -  дәл   осы   сәттегі   нақты 
шешілетінді   анықтау  (  кадр   құрамы,   оқушыларды   мектеп   партасына 
қайтару ).
               3.  Кейіннен   шешу   қажет   болатын   негізгі   мәселерді 
белгілеу.
              4. Егер тапсырыс  беруші  бар  болса, алдын - ала  зерттеудің
 мақсатын,  мерзімін келісу.
              5.  Есеп  беру  формасын  анықтау.
              6. Зертеу  тақырыбын  тұжырымдау.
    Зерттеу  тақырыбы - проблемалардың   ішіне   кіру,   зерттеу   мақсаты 
ретінде  қойылатын  контурды  белгілеу,   қандайда   бір   шешім   қабылдау
үшін  өзінің  бағыты  болуы  керек.
      Әдеттегідей,  жиналған  ақпарат  қандай да  бір  проблеманы   шешуге 
бағытталады.  Проблема  -  адамдардың   қандай  да  бір   әрекет   жасауға 
қажеттілігі  туралы  білімі  мен осы  әрекеттерді іске    асыру  жолдарын, 
құралдарымен  әдістерін  білмеуі  арасындағы  қарама - қайшылық.
      Проблеманы  тұжырымдау  кезінде мынадай  жағдайлар  туындайды: жалған
проблема  қою немесе  проблеманы   тым  өсіріп  жіберу  қаупі.   Сондай-ақ 
бір  социологиялық  зерттеу   шегінде   бірнеше    проблеманы   белгілеуде 
дұрыс  емес.
       Проблеманы  қою  процесінде  мынадай  екі   негізгі   рәсім   бөліп 
көрсетіледі:
      1.Проблемалық  ахуалды пайымдау;
      2. Проблемены  тұжырымдау ( әзірлеу)
    Проблемалық  ахуал – бұл  әлеуметтік  шындықта  өмір  сүретін   қарама-
қайшылылық,  осы   сәтте   анық    емес    мәселелерді    шешу    тәсілдері
(алгоритм).
    Проблемалық  ахуалды  алдын – ала  талдау:
     а) сырттай бақылау;
     б) проблемалық  ахуал  қатысушыларымен еркін  интервью;
     в) құжаттарды,  оның   ішінде   ведомоствалық   құжаттарды,   алдыңғы 
социологиялық зерттеулер  нәтижелерін  талдау;
     г) сарапшылармен (мысалы,   Білім  министрлігінің   қызметкерлерімен) 
еркін  интервью.
     Тұжырымдалған   проблема  проблемалық  ахуалды  пайымдаудың  нәтижесі 
болып  табылады. 
          1.  Проблема  нақты   сұрақтар    немесе    қойылым     түрінде  
тұжырымдалады.  Сұрақ:  Осындай   және   басқа   құбылыстардың   себептері 
қандай?
Қойылымы:  осының және  осының  шешу  тәсілдерін  табу.  Факторлардың   осы
тобын  түсіндіретін  үлгіні  жасайды. 
     Проблема   қандай   да   бір   әлеуметтік   құбылыстан   алынса,  яғни
зерттеу  объектісі  мен   пәнін   анықтау   арқылы   алынса,   болжанатын  
болып  табылады.
     Зерттеу   объектісі  –  танымдық   қызмет   бағытталған    проблемалық
ахуалдың  тікелей   тасымалдаушысы   ретінде   әрекет   ететін   әлеуметтік
шындық  құбылысы  немесе  аясы.
    Социологиялық   зерттеуді   табысты   жүргізу   үшін   зерттеу   мәнін 
дұрыс  анықтаудың  маңызы  зор.
    Зерттеу   мәні   ретінде   зерттеуге    тұратын   объектінің   жақтары,
сондай-ақ  әлеуметтік   проблеманы,   онда   жасырынып   тұрған   қарама  –
қайшылықтарды   барынша   толығырақ   бейнелейтін   объектінің   қасиеттері
 алға  шығады.
     Проблеманы,   социологиялық    зерттеудің    объектісі   мен    мәнін 
анықтаумен   қатар   міндетті   рәсімдерге    гипотезаны   тұжырымдау   да 
жатады.  Гипотеза – қандай да бір  фактіні,   құбылыстар  мен   процестерді
түсіндіру    үшін    жасалатын    ғылыми    болжамдар.   Ғылыми   гипотеза 
зерттелетін   объектіні   алдын-ала   талдау   нәтижесінде    тұжырымдалуы 
мүмкін.
    Анықталған  зерттеу  объектісі сандық  жағынан  үлкен   және   зерттеу 
объектісін   құрайтын   барлық   адамдардың    сауалнамасы,    күрделілігі,
ауқымдылығы,   қымбаттығы   жағынан   тиімсіз   болуы  мүмкін.   Сондықтан 
социологтар    объектіден    зерттелетін    жиынтық    алынатын   «іріктеу»
операциясын   жүргізеді.  Бағдарламада   бұл   операция   кейіннен    жеке 
құжатқа   бөліне  отырып  іріктеу  жобасының  сипаттамасында  көрсетіледі.
    Басты және  репрезентативті  іріктеулер  бөліп  көрсетіледі.
    Басты  -   осы   зерттеуге   «қажет»  ,   қажетті   адамдардың   барша 
жиынтығы.  Мысалы, зерттеу  өткізілетін  қандай да бір мекеме,   қала  және
с.с-лар   қызметкерлерінің    барлық   100%.   Бұлайша   қамту    шындыққа 
жанаспайды  әрі  қымбатқа  түседі,  сондықтан  репрезантативті   іріктеуге 
жүгінуге   тура  келеді  –  басты   іріктеуге   сәйкес  келетін   өлшемдер 
бойынша  зерттелетін  құрамның осы  немесе  басқа  өкілдіктері.
    Іріктеуді  анықтау –  социологиялық   зерттеу   кезіндегі   бірден-бір 
күрделі сәттердің  бірі (жұмыс  гипотезасын  әзірлеумен  қатар),   өйткені 
ол    объектінің    бүкіл    элементінің      ерекшеліктері    мен     ара 
қатынастарын  қатаң  көрсетуі  тиіс.
    Іріктелген жиынтық  –  берілген   ережеге   сәйкес   қатаң   іріктеліп 
алынған  басты  жиынтық  элементтерінің  белгілі –  бір  саны.   Зерттеуге 
жататын   (сауалнама,   интервью  алу  және  с.с)  іріктелген    жиынтықтың
элементтері  (респонденттер,   талданатын  құжаттар    және   с.с)   талдау
 бірлігі  болып  табылады.  Олар  жекелеген   адамдар   да,   сол   сияқты 
тұтас  топтар  да  (студенттік ), жұмыс  ұжымдары  да  болуы   мүмкін.  Ең 
бірінші  кезекте  барлық  топқа  тән  элементтер іріктеу  бірліктері   деп 
аталады.  Осы  әдісті   негізінен   механикалық   іріктеме   деп   атайды. 
Мұндай  іріктеме  кезінде  іріктеу  10, 20, 50   және  т.б   адам   арқылы 
жүргізілуі  мүмкін. Ірітілетіндер  арасындағы  аралық  іріктеу   қадамдары 
(таңдау  қадамдары) деп  аталады. 
    Іріктеме  мақсатты  болуы  да  мүмкін,   мұнда   зерттеуші   адамдарды 
топты  зерттеудің  қойылған  мақсаттарына  орай  сауалнама  үшін   іріктеп 
алады.  Кездейсоқ  іріктеу  -  халық  құрылымының  әрбір   элементі   оған 
біркелкі  ықтималдықпен   қосылуы    мүмкін.    Әрине,   іріктеу    көлемі 
репрезентация  қателігіне әсер  етеді.  Іріктеу   шамасы   қаншалықты   көп
болса,  ықтимал  қателесу  соншалықты   аз   болады.    Үлкен   іріктеумен 
сауалнама  жүргізу  өте   қымбатқа   түседі,   мамандардың   дәлелдеуінше, 
басты жиынтықтың 10%-ін  іріктеме  жиынтыққа  қосу іс   жүзінде   өзін-өзі 
ақтаған.  Мұндайда  респонденттердің ( ағылш. Response – жауап ) саны 2-2,5
мың адамнан  аспауы  тиіс.  Телефонмен сауалнама  жүргізу кезінде  миллион 
тұрғыны   бар   қалада   300   адамға   сауалнама   жүргізсе   жеткілікті. 
Шағындау  қалаларда  іріктеме  көлемі  150-200  адам  болса  да  болады. 
    Басты  жиынтықтың  сипаттамасынан  анық   ауытқулардан   қашқан   жөн. 
Мұндай  жағдайда  зерттеу  нәтижелері  жалған  болуы мүмкін.
    Социологиялық зерттеу  жүргізуде  ұғымдық  аппараттарды,  яғни  зерттеу
тілін  әзірлеудің  маңызы  зор.  Мұндайда  маңызды   ерекшеліктер   негізгі
ұғымдарда түсіндіру рәсімі болып табылады, осы  ұғымдар  арқылы  олар  оның
мазмұның сипаттай алатын құрамдас бөліктерге бөлшектенеді.
    Ғылыми талдау және теориялық бағалау  нәтижелері,  әдетте,  жинақталады
және ғылыми есепте баяндалады. Мұнда алынған зерттеу  нәтижелерінің  мәніне
теория мен практиканы ары қарай дамыту үшін баға беріледі. 
          Социологиялық  зерттеу  әдістері. 
    Социологияның   өз  саласында  әр  түрлі  тұрғыдан  пайдаланылатын сан 
алуан  әдістері  бар. Олардың  бір  бөлігі  этнографиядан,  статистикадан, 
психологиядан   алынған,  көпшілігі   социологиялық   танымдық   іздестіру 
құралының   сипатын  дарытқан.
    Эмпирикалық   ақпаратты  жинау  мынадай  әдістер  арқылы   жүргізіледі:
құжаттарды  талдау,   бақылау,   тәжірибе   жасау,   сауалнама   жүргізу  (
ауызша  - интервью,  жазбаша –сауалнама  беру,  сараптамалық  –  құзыретті 
тұлғаларға  сауалнама  жүргізу).
    Осы әдістердің  сипаттамасына  қысқаша  тоқтала  кетейік.
    Құжаттарды  талдау.  Құжат -  мәтінді,   таспада,  дискте  белгіленген 
ақпаратты  беру  және  сақтау  үшін  арнайы  жасалған  зат.
  
                                                      Құжат     түрлерінің 
жіктемесі:
|НЕГІЗ         | ТҮРЛЕРІ             |МЫНАЛАРДАН  ТҰРАДЫ                  |
|1.Белгілеу    |Мәтіндік             |Өнер,  баспа,  фото  киноқұжаттар,  |
|тәсілі        |иконографилық        |магнитофон, жазбалар,  ЦСУ (ОБЖ)    |
|              |статистикалық        |жинақтары                           |
|              |фонетикалық          |                                    |
|2. Мәртебесі  |Ресми                |Қаулы,  бұйрықтар, жоспарлар,       |
|(авторлық)    |Бейресми             |хаттар, күнделіктер                 |
|3.Бірегейлену |Жеке                 |Өмірбаяндар, сауалнамалар, шағымдар |
|дәрежесі      |Жеке емес            |және  басқалар; есептер,            |
|              |                     |анықтамалар,  мұрағаттар            |
|4.            |Ақпараттық           |Статистикалық  есептер,  заттама,   |
|Функциональды |Реттегіш             |бұйрықтар, телефонограммалар        |
|5. Мазмұны    |Тарихи               |Оқиғаны  сипаттау, оқиғаны  бағалау |
|              |Құқықтық             |жағдайды  белгілеу                  |
|              |Экономикалық және    |                                    |
|              |басқалары            |                                    |
|6. Ақпаратқа  |Бастапқы             |Стенограммалар  анықтамалар,        |
|жақындық      |қосалқы              |жинақтаулар                         |
|дәрежесі      |                     |                                    |


 
  Құжаттарды  талдау  кезінде  ресми  құжардың   ресми   емес   құжаттарға 
қарағанда  барынша   шынайы;  жеке  құжаттардың,  жеке   емес   құжаттарға 
қарағанда  сенімді,  бастапқының  қосалқыға  қарағанда  сенімді  екендігін 
есте  сақталғаны  жөн.
  Құжаттарды талдау  әдістері  былайша  бөлінеді: дәстүрлі ( мұнда:  жалпы 
және арнайы) және  қалыпқа  келтірілген  ( мұнда: контент- талдау,  жаднама
–  сұрақнама).
   Дәстүрлі  талдау  ретінде  «құжатты   белгілі   бір   тұрғыда  айтылған 
мәліметтерді   түсіндіруге   бағытталған    зерттеушілер    әрбір    нақты 
жағдайда  қабылдаған   барлық   ақыл-ой   операциялары   түсініледі...  іс 
жүзінде бұл  құжаттың  мазмұнын  түсіндірудің,  оны  талқылаудың өзі».
  Қалыпқа  келтірілген  әдіс -  сапалы   ақпаратты   сандық  көрсеткіштерге
(қанша,  уақыттың  қандай   кезеңіне)  аудару,  мұнда  –  контент-талдау  –
мәтіндік  ақпаратты (газет, хат), фонетикалық  ақпаратты (TV  және   радио 
хабарлары) сандық  көрсеткіштерге аудару.
   Мәтін  мазмұнына  контент-талдау немесе  ғылыми  талдау  пайда   болған 
кезден    бастап    мәтіндік    газет    материалдарын     зерттеу    үшін 
пайдаланылады. Қазіргі  кезде оның  ерекшеліктерінің   бірі   мынада,   ол 
бұқаралық  ақпарат құралдарын  зерттеу  кезінде  жиі  қолданылады. Сонымен 
бірге   ол  құжаттарды:   есептердің    кез    келген    түрін,    жиналыс,
конференция,  үкіметаралық  келіссөздер,  келісімдер  хаттамаларын   талдау
кезінде де қолданылады. Осы  әдісті   әр  түрлі  арнайы   қызметтер    жиі 
қолданады: ең  құпия  ақпараттың  80% соның  көмегімен  алынады.
      Мәтін  және  оның  мазмұны -  контент талдаудағы   басты   нәрселер. 
Зерттеуші    мәтінді     фактілерімен,    оқиғалармен,    осы     мәтіннің 
материалдарын   іріктеу    принциптерін    анықтайтын    позиция,   мүдде, 
ұстанымдар   тұрғысынан   анықтайтыннан   басқа   мәтінді   сөз    етіліп  
отырған  қарым –қатынастармен  байланысын,  негізінен  неге  ерекше  назар 
аударылғанын,  жаңылтпашта  не  жайында  айтылғанын  анықтайды.
   Контент – талдау  рәсімі   талдау  мәнін   анықтаудан   (социологиялық  
зерттеу   мақсаттарына  сәйкес), мәтіндік   ақпараттан   талдау  санатын  –
талдаудың  мағыналық   бірлігін  (талдау   бірлігі  –  автордың   сөзімен, 
пікірімен  айтылған мәтіннің  бөлігі) анықтаудан   тұрады.   Содан   кейін 
талдау  санатын  қолдануды  есептеу  жүреді. Есептеу  бірлігі   -  мәтінде 
осы  немесе  басқа  мағыналық  бірліктің   кездесуі (жиілігі)   тұрақтылығы
; ақпарат  көлемін  белгілеу ( мәтінің алаңы, абзацтар,  жолдардың   саны, 
эфирдегі уақыты  және  с.с.). маман  жариялау  шрифтіне, газет   бетіндегі 
орнына  немесе  теле   және   радио  жаңалықтардағы   орнына,   материалға 
берілетін  тональдылыққа және т.б назар  аударады.
   Бақылау – оқиға   куәгерінің    оқиға   өтіп   жатқан   кездегі  оқиғаны
тікелей  тіркеу  әдісі.  Ол статистика   әлсіз,  бастапқы   таным   пункті 
ретінде   бағдарламаны   жасау   кезеңінде;    индивид    пен    топтардың 
сөйлесу,   мінез-құлық   формаларын     зерттеу    кезінде    қолданылады. 
Мамандар   бақылаудың  мынадай   түрлерін   бөліп    көрсетеді:    бақылау 
зерттеушілердің  зерттелетін оқиғаға   араласпауынсыз   жүзеге   асырылған 
кездегі  қалыпқа  келтірілген  және  қалыпқа   келтірілмеген,   қосылған  (
мысалы, социолог митингтің  қатысушысы  болады) және   қосылмаған.  Табиғи 
ортада, табиғи  жағдайда  және   лабораторияда   (   мысалы,  әлеуметтік  –
психологиялық тәжірибелерде) жүретін  далалық  бақылау да кездеседі.
    Социологиялық   ақпаратты   жинаудың   ең   бір   ерекше   және   қиын 
игерілетін  әдістерін  эксперимент  жатады.  Эксперимент -   `experimentum 
деген  латын  сөзінен  шыққан  - сынам,   тәжірибе  )   бақыланатын   және 
басқарылатын   жағдайларда    жаңа  білім  алудың  ғылыми   әдісі.   Табиғи
 (  далалық,   лабораториялық  )   және   ойша  (үлгілік)  түрлері   бөліп 
көрсетіледі.
   Социологияда   табиғи  эксперименттерді  пайдалану  адамдардан  тұратын 
әлеуметтік   зерттеу   объектілерінің   табиғатымен   және    зерттеушіден 
объектіге  « зиян  келтірмеу»  деген  моральдық  норманы  сақтауын   талап 
етумен    шектелген.    Сондықтан    көпшілік     табиғи     социологиялық 
эксперименттер  шағын  топтарда  өткізіледі.  Және  әдетте   әлеуметтік  - 
психологиялық  экспериментпен  көптеген  ұқсастықтары  болады.
   Ойша  социологиялық   эксперименттер   барынша   кең   таралған,   мәні 
бойын  олар статистикалық   талдау   әдістері   қолданылатын   әрбір   ірі 
социологиялық   зерттеуге    қатысады,   және    әлеуметтік    процестерде 
компьютерде  үлгіге  келтіру  кезінде негізгі  болып   табылады.  Мұндайда 
барынша  тиімдісі  объекті өлшемінің  бір  бөлігі  қалыпқа  келтірілген, ал
басқасы   қалыпқа   келтірілген   және   формальды    бөлігі    диалогтық  
режимде   өзара   әрекет   ететін   тұжырымдама,   сценарийлер,    адамның 
құндылық   бағдарлары   түрінде   ұсынылған   үлгілеудің   адам  –  машина 
жүйесі   болып   табылады.   Үлгілік   эксперименттер  табиғи   әлеуметтік 
эксперименттің  стратегиясын  барынша  нақты  анықтауға  мүмкіндік  береді,
бірақ  оны  ауыстыра  алмайды.
   Дәлелдеменің  логикалық  құрылымы  бойынша   гипотеза   сызықтық   және 
паралельді  болып  бөлінеді.  Сызықтық  эксперимент  талдауға   бір   ғана 
топ  тартылуымен  ерекшеленеді.  Паралельді  экспериментте  бір   мезгілде 
екі  топ  қатысады:  бақылау  және  экспериментті.
   Осылайша, социологиялық   зерттеулердің   нақты   әдістерін   пайдалану 
зерттеудің  жағдайына,  орны  мен   уақытына,   мақсаты   мен   міндетіне, 
сондай-ақ  оның  түріне  байланысты  болады. 
Социологиялық   сауалнама  -   социологиялық   ақпарат   алудың    негізгі 
әдісі.
   Сауалнама  социологиялық  деректерді  сұрақ – жауап  әдісімен   жинауды 
білдіреді,  мұнда  ақпарат  көзіне  адамдардың  ауызекі  хабарлары  жатады 
жатады.
   Сауалнамалар, егер  олардың   қоғамдық   пікірді   зерттеудің    ғылыми 
әдісі  формасын  алған  сәтті    есептейтін болсақ,  ол  үш  жылдық   даму 
жолынан   өтті.   XVII  ғасырдың   ортасында-ақ  француз    математигі   Б.
Паскальдің және   кейіннен   итальян   оқымыстысы   И.  Бернуллидіңі   күш 
салуымен  көпшілік  сауалнамаларда  іріктеу   теориясы   сүйенетін   үлкен 
сандар  және  ықтимал  есептеулер  заңы тұжырымдалды.
    1660  жылы  қос  ағылшын  Дис. Граунт  пен  У.  Петидің ынтымақтасуымен
жаңа  зерттеу  саласын  құру  аяқталды,  олар  оны  «  саяси   арифметика» 
деп аталады,  кейіннен ол  « статистика»  және  «социология» деп  аталады.
    Қазіргі  кезде  бұл  әдіс  бастапқы  ақпаратты  жинаудың  барынша  кең 
таралған  әдісі,  яғни  «алғашқы  қолдан  алынған»  ақпарат  әдісі   болып 
отыр. Осы  әдісті  қолдану  өнері  нені  сұрауды,  қалай  сұрауды, сұрақты 
қалайша  қоюды  және  алынған  жауапқа  сенуге  болатынына   қалайша   көз 
жеткізуге   болатынын    білуден   тұрады.    Мәселе    осындай    әдіспен 
респонденттерден  алынған  ақпараттың  зерттелетін  ақиқатты тек   олардың 
санасында  «ұйғарылған»   түрде   ғана    көрсететінінде    болып    отыр. 
Сондықтан   зерттеу   мәні   болып   табылатын   объективті    ақиқат  пен 
адамдардың  мінез-құлықтары,  оқиғалар  мен  құбылыстар  туралы  фактілері 
туралы  пікірлерін  көрсететін  деректер  арасында теңдік  белгісін  қоюға 
болмайды.  Бұдан  әлеуметтік  тәжірибенің  адамдар    санасында  әр  түрлі 
жағы     бейнелену   процесінің   ерекшелігіне     байланысты    сауалнама 
әдісі   арқылы   алынған   ақпараттың   бұрмалануы     мумкін    екендігін 
әрқашан  ескеру  керек екендігі  аңғарылады.
    Сауалнама  нұсқалары ( байланысу  формалары  бойынша):
      1.Жеке  немесе   жанама   түрде  (  таралатын,   почталық,   телефон, 
      баспасөз  арқылы).
      2.Жеке  немесе   топтық.
      3.Еркін     немесе      қалыпқа     келтірілген,     шоғырландырылған 
      (бағытталған).
      4.Ауызша  немесе  жазбаша.
      5.Тұтас  немесе  іріктеме.
      6.Тұрғылықты   жері   немесе   жұмысы   бойынша,  уақытша    мақсатты 
      аудитория.
                    Сұрақтарды  жіктеу
|Мазмұны бойынша |Формасы        |Құрылымы  бойынша   |Функциясы  бойынша |
|                |бойынша        |                    |                   |
|Оқиғалар туралы |Тікелей        |Ашық                |Негізгі            |
|Сарыны  туралы  |жанама         |Жабық               |Байланыс           |
|Бағалау  туралы |               |Жартылай  жабық     |Бақылау            |
|Пікірлер  туралы|               |                    |сүзгіш             |


 
Бақылағыш   сұрақ   қоюға   да   болады  (тапсырма:  негізгі    сұрақтарға 
берілген   жауаптардың    дұрыстығын    тексеру,   бақылау    сұрақтарының 
арасында   3-4   аралық   сұрақ   тұруы  мүмкін):  Сіз   өз    жұмысыңызға 
қаншалықты  дәрежеде  қанағаттанасыз?  Сіз  басқа  жұмысқа  ауысуды  қалар 
ма едіңіз? (бақылау).
   Мынадай  да  түрі  кездеседі: сұрақ-қақпан  (  тапсырма:  респонденттер 
жауаптарының   шынайылығын,   дұрыстығын   тексеру):  Сізге   Ф.   Косттың 
«Өркениеттің  опат  болуы» кітабы   ұнады  ма?  (  авторы,   атауы   ойдан 
шығарылған).
   Зерттеу  бағдарламасында  тұжырымдалған  сұрақтар  таратылуы   бастапқы 
социологиялық  ақпаратты,  анкетаны   алуға   мүмкіндік   беретін   арнайы 
құжатқа  салынады.
   Анкетаның  композициясы.
   Анкета ( enquete  деген  француз  сөзінен  шыққан -  зерттеу) – өзіндік 
ерекшелігі   бойынша   респондентпен   әңгімелесу   сценарийі,   бұл   осы 
әңгіменің  тікелей  (интервью) немесе  сырттай  (анкета  тарату)   болуына 
байланыссыз  болады.
   Анкета  үш  бөлімнен   тұрады:  кіріспе   бөлім,   негізгі  (  мазмұнды 
бөлім)  бөлім   және  әлеуметтік – демографиялық  бөлім.
    Кіріспе, әдетте,  респондентке  қысқаша  хабарласудан  тұрады; «Сіздің 
сауалнамаға   қатысуыңызды   өтінеміз.   Сізге    сұрақты    оқып    шығып,
өзіңіздің   пікірлеріңізге   сәйкес   келетін  жауаптың   реттік   номерін 
шеңбермен  қоршауыңыз  немесе  өз   жауабыңызды   бос   жолға   жазуыңызға 
қажет. Нәтижелер  компьютерде  өңделеді,  сондықтан   анкетада   фамилияны 
көрсетудің    қажеті     жоқ.    Сұрақтардың     бірде-біреуін    жауапсыз 
қалдырмауыңызды  сұраймыз. Қатысқаныңыз  үшін  алғыс  айтамыз».
     Кіріспе  бөлімде   сондай-ақ   мынадай   әңгімені   бастайтын,   оған 
әңгімелесуші   респондентті    жетелейтін   «жетелегіш»   -   сұрақтар   да
орналасады.   Олардың   міндеті  –  респондентті  қызықтыру,  талқыланатын 
проблемаға  енгізу.
    Барынша  күрделірек,  талдауды,   ойлануды,  жадын  жаңғыртуды   талап 
ететін  сұрақтар  анкетаның  ортасына   орналастырылады  (негізгі   бөлім).
Мұнда әрбір  сұрақтың  сапасын  мұқият  талдау  қажет:
    а) не  туралы  сұрауды;
    ә) неліктен  тап  осыны;
    б) қандай  формада;
  Әрбір  сұрақ  бойынша  мынаны  ескеру  керек: сұрақ  зерттеу  тақырыбына 
«жұмыс  істей  ме?». Сұрақ  сауал   қойылып   отырған   адамға   зерттеуші 
көздегендей  мағынада  ұғыныла ма? Сұрақ «төтеннен»  болып   табылмай   ма?
Оң   және   теріс   позициялары   тепе-теңдігі   сақталған  ба?  Сұралатын 
адамға  теріс   эмоция   тудырмай  ма?  (Өзіндік   сезіміне  әсер   етеді, 
интимдік  жақтарына  кіреді, әр  түрлі  қауіптену  сезімін  тудырады т.б.)
   Сондай-ақ   сұрақтарды   орналастыру   принциптерінің   сақталуына   да 
назар  аударылады ( байланысы,  күрделі,   қарапайым,  салмақ   түсіретін).
Бір   сарындылық   сезімін   шақыратын   біркелкі   сұрақтар    жинақталып 
қалған  жоқ па? Анкетаның  көлемі  респондент   пікірін   айта   алатындай 
және  жалықпайтындай  болуы  керек,  тәжірибе  көрсеткендей   ең   оңтайлы 
жұмыс  мерзім  20-30 мин  болады.
    Анкетаның  үшінші  бөлімі  әлеуметтік  демографиялық ( «паспортичка»). 
Бұл  сұралатын   адамның   объективті   жағдайы   мен   мәртебесі   туралы 
сұрақтар  блогы. Мұндай  мынадай  сұрақтар  қойылады:
    11. Сіздің  жынысыңыз:
               11.1. Ер                    11.2.  Әйел
    12. Сіздің  жасыңыз:
               12.1. 18  жасқа  дейін     12.2. 21  жасқа  дейін  және т.б.
    13.  Сіздің  біліміңіз:
               13.1.  Орташа   13.2. Жоғары   13.3.  Жартылай  жоғары
    14.  Сіздің  кәсібіңіз: ( осындай  схемада  респонденттердің   ықтимал 
кәсібі  аталады).
   Қорытындыда жұмысқа ( анкетаға ) қатысқаны  үшін  тағы да  алғыс   айту 
қабылданған.
  Анкета  жүргізу – кең  тараған  социологиялық   әдістің   бірі,   бұл   -
сауалнаманың  жазбаша  түрі.  Социологиялық  тәжірибеде  ауызша   сауалнама
түрі – интервью  қолданылады.
   Социологиялық  зерттеудегі  интервью.
   Интервью ( ағылш.  Interview  –  әңгімелесу)  –  респондентпен  тікелей 
диалог  арқылы  ақпарат  алу  әдісі,  мұның  мақсаты социологиялық  зерттеу
бағдарламасында  көзделген  сұрақтарға  жауап  алу  болып  табылады.
   4.      Қалыпқа   түспеген  интервью  –  белгілі-бір   тақырыпта   еркін 
      диалог,  мұнда  сұрақтар (ашық) сөйлесу контекстінде  құрылады  және  
      жауаптарды  белгілеу  формасы  стандартталмаған.  Ең   алдымен,   бұл 
      жалпы  бағдарлама  бойынша  сұрақтарды  қатаң  жіктемеген  әңгімелесу.
      Мұндай  әңгімелесулер  ұзағырақ  (  3   сағатқа   дейін),   зондажды, 
      тексеру  ретінде  пайдаланылады.
   5.      Жартылай  қалыпта  интервью – диалог барысында  тақырып  бойынша 
      бұрын  әзірленген  және  қосымша  сұрақтар  қойылады. Мұндай  түрдегі 
      интервью  зерттелетін   ақиқаттың   құрылымына   тереңірек   бойлауы, 
      зерттелетін  топтардың   сипаттамаларындағы   ұсақ   айырмашылықтарды 
      анықтау  мүмкін.
   6.      Қалыпқа  түсірілген  интервью –  сұрақтар  «  жабық»  сұрақтар  (
      анкета  –  интервью)   карточкасын   пайдалана   отырып,   сұрақтарды 
      қоюдың  құрылымдары мен тәртібін  өзгертуге  жол  берілместен   бұрын 
      дайындалған  сұрақтамалар  бойынша  қойылады.
   Өткізілу  рәсімі  бойынша  интервью  мыналарға  бөлінеді:
      а) бір  ғана  респондентпен   бір   ғана   мәселе   бойынша   белгілі 
бір  уақыт  аралығында  панельдік – көп  сатылы  интервью   алу.   Мақсат  –
проблеманың даму  динамикасын  зерттеу;
      ә)  топтық;
      б) бағытталмаған.
   Зерттеуші  мен   респондент   арасындағы   сұқбаттасу   тәсілі   бойынша 
интервью  нақты – «бетпе-бет»   және   жасырын   -  телефондық  (10-15  мин)
сөйлесуге  бөлінеді.
   Интервьюдегі  сұрақтарды  тұжырымдау ережесі,  сабақтастығы   жай   және 
күрделі,   негізгі  және   бақылау   сұрақтары   іс   жүзінде    анкетадағы 
сауалнама мен  бірдей десе де  болады,   бірақ   сонымен   қатар   интервью 
ақуалды    ескере    отырып,    негізгі   сұрақты     дамытуда     белсенді 
пайдаланылады, арандатпа  сұрақтарға   жол   береді  (   мысалы,   жауаптың 
шынайылығына   немесе   оның   толықтығына   күмән   келтіру),    сұралатын 
адамның    тұжырымдалуын    нақтылауға    мүмкіндік    береді,   интервьюер 
жауаптың  анықтылығына  қол  жеткізе   отырып   қайталап   сұрайды  (мысалы,
«Неліктен  сіз дәл   осылай   ойлайсыз?  Сіз   мұндай   тұжырымға   қалайша 
келдіңіз?  және   с.с).  Интервьюдің   барысында   қажет   болған  жағдайда 
тікелей   және   жанама   сұрақтарды   қоя   отырып   респонденттің   жадын 
жаңғыртуға, өткенін  есіне  түсіруіне  жағдай  жасауға  болады.
   Мамандар интервью мен анкета  тарату   арасындағы   айырмашылықты   атап 
көрсетеді, бұл  айырмашылық   алынатын   мәліметтердің   тереңінде   жатыр. 
Социолог  анкетаның  көмегімен,   ең   алдымен,   пікірлердің   тек   беткі 
жағын  алады, сонымен  бірге  интервью  терең   сарындар   мен   пікірлерді 
зерттеуге  мүмкіндік  береді.  Анкеталық   сауалнама   кезінде   іріктеудің 
қомақты  көлемін  пайдалануға  болады және    анкеталық   сауалнама   істің 
техникалық  жағынан  алғанда  едәуір  қарапайым  болып  келеді.
  Интервьюдің  мынадай  өзіне   тән  ерекшеліктері  бар:
  4.      Респонденттің  психологиялық   реакциясын   бақылауға   мүмкіндік 
    береді.
  5.      Интервьюердің  респондентпен  жеке  қарым-қатынасы   сұрақтаманың 
    барынша  іске  асуын  қамтамасыз  етеді.
  6.      Жеке  қарым-қатынас  сауалнамаға   барынша  байсалдырақ   қарауды 
    қамтамасыз  етеді,  алайда  мынадай  қиындықтарда  кездеседі:
    а) әрбір  респондентпен психологиялық   байланысты  іздестіру;
    ә) едәуір материалдық  және  уақыт  шығындары;
    б) интервьюерлерді  дайындаудың  еңбек  сиымдылығы;
    в) аномделік проблемасын  шешу.
Топтастырылған   анкетамен   жұмыс   істеу   математикалық    статистиканың 
көмегімен    жүргізіледі.   Зерттеудің    жалпы    логикасы   статистикалық 
деректерді (процент,   орташа   арифметикалық   және    с.с)  социологиялық 
деректерге ( социологтың  ғылыми  эрудициясына  қарай   түсіндіру   арқылы) 
айналдырудан  тұрады.   Есептеулер   нәтижесі   социологиялық   деректерден 
тұратын табуляграмм  түрінде алынады.
   Содан   кейін   социологиялық   зерттеу    нәтижелері    бойынша    есеп 
жасалады,  ол  ғылыми   тұжырымдар   мен   ұсыныстардан   тұрады.   Есептің 
бірінші  бөлігінде,  әдетте, зерттеу  үшін  таңдалып  алынған   проблемалар 
негізделеді,    іріктемеге,    ақпараттың    жинау   әдісіне,     зерттеуге 
қатысушылардың  санына  сипаттама   беріледі.  Екінші   бөлігінде   зерттеу 
объектісі   әлеуметтік – демографиялық  белгілері  (  жынысы,  жасы,  білімі
және   басқалары)    бойынша    сипатталады.    Есептің    келесі    бөлігі 
бағдарламада    шығарылған     гипотезалардың    жауаптарын     іздестіруге 
арналған.  Есепке  бағдарламадан,  жоспардан, анкетадан   немесе   интервью 
бланкіден компьютерлік   кестелерден,   графикалардан    және   басқалардан 
тұратын  қосымша  беріледі.
   Сөйтіп,   социологиялық   зерттеу   жүргізуді   ұйымдастыру   зерттеудің 
мақсатына  жету – осы  зерттеу  мәніне   қатысты   жаңа   білім   алу   үшін
жүзеге  асырылатын  негізделген  іс –шаралар кешеннен  тұра. 
Бақылау сұрақтары:
Әлеуметтанулық зерттеу түсінігі.
Зерттеу бағдарламасының құрылымы.
Зерттеудің пәні мен объектісін қалай түсінесің?
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықта.
Ақпарат жинаудың негізгі әдістері.
Нақты әлеуметтанулық зерттеу түсінігі.

   Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1.Ж.Сәрсенова., Т. Тәңірбергенова. Әлеуметтану. А. 2000
2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.
3.Р.Әбсаттаров, Дәкенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004
4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004
5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005
6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005
7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003
8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007
9.Қ.Ж.Рахметов.,  А.Н.Болатова.,  З.Н.Исмагамбетова.,  Социология.   Алматы,
2005

Қосымша әдебиеттер тізімі:
1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002
2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007
3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.
4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.

                      3. Әлеуметтану пәні бойынша семинар
                                тапсырмалары.
|      1.Әлеуметтану әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар жүйесінде.         |
|Әлеуметтанудың қалыптасуы, зерттеу объектісі, пәні.                       |
|Категориялары, заңдары, атқаратын қызметтері.                             |
|Қоғамдық ғылымдар арасында алатын орны.                                   |
|      2.  Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары                         |
|Огюст Конт позитивтік әлеуметтануы                                        |
|Әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика                               |
|Герберт Спенсердің әлеуметтанулық пікірлері.                              |
|Э.Дюркгеймнің әлеуметтік ой тұжырымдары.                                  |
|      3.ХХ ғасыр әлеуметтануы                                             |
|А.Тойнбидің, П.Сорокиннің, М.Вебердің әлеуметтанулық теориялары.          |
|Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттар мен ағымдар.                     |
|Уәлихановтың, Алтынсариннің, Құнанбаевтың әлеуметтік ой – пікірлері.      |
|Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде                                             |
|«Қоғам» ұғымы.                                                            |
|Қоғамды зерттеудің әдістері                                               |
|Әлеуметтік жүйе құрылым ретінде                                           |
|Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер                           |
|Әлеуметтік институттың белгілері мен функциялары                          |
|Әлеуметтік институттар туралы қазіргі заманғы батыстық теориялар          |
|«Әлеуметтік процесс» ұғымы, олардың алуан түрлілігі                       |
|Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация                          |
|Әлеуметтік құрылым қоғамның элементі ретінде                              |
|Әлеуметтік стратификация ұғымы, элементтері мен формалары.                |
|Әлеуметтік мобильдік.                                                     |
|Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары                                     |
|Индивид, тұлға, адам.                                                     |
|Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі, рөлі.                                      |
|Тұлға құрылымы.                                                           |
|Тұлғаның әлеуметтенуі.                                                    |
|Девиация және әлеуметтік бақылау                                          |
|Тұлғаның девианттық мінез – құлығын анықтау мәселелері                    |
|Дезадаптивті мінез – құлық                                                |
|Әлеуметтік бақылау әдістері                                               |
|Білім беру мәселесін зерттеудегі әлеуметтанудың ролі                      |
|Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі, пәні.                     |
|Білім жүйесінің құрылымы, мақсаттары, атқаратын міндеттері.               |
|Саяси әлеуметтану                                                         |
|Саяси әлеуметтену                                                         |
|Саяси партиялар әлеуметтік зерттеудің объектісі ретінде                   |
|«Саяси мәдениет» түсінігі                                                 |
|Экономикалық әлеуметтану                                                  |
|Экономикалық әлеуметтану жайлы түсінік.                                   |
|Экономикалық жүйе, құрылымы, қағидалары.                                  |
|Отбасы, неке әлеуметтануы                                                 |
|Отбасы әлеуметтануы пәні, функциялары.                                    |
|Отбасының пайда болуы, құрылымы, қызметтері                               |
|Некенің мотивтері, ажырасудың себептері.                                  |
|ХХ ғ. отбасының дамуы                                                     |
|Мәдениет әлеуметтануы                                                     |
|Мәдениет әлеуметтануы ұғымы, құрылымы, мазмұны, функциялары.              |
|Негізгі элементтері, формалары.                                           |
|Қазақ мәдениетінің ерекшеліктері мен дәстүрлі құндылықтарының өзгеруін    |
|әлеуметтанулық талдау.                                                    |
| Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы                                      |
|Зерттеу объектісі, пәні және категориялары                                |
|Бұқаралық ақпарат құралдары                                               |
|Бұқаралық коммуникация және мәдениет                                      |
|15. Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы           |
|Нақты (эмпирикалық) әлеуметтанулық зерттеу түсінігі                       |
|Ақпар жинаудың негізгі әдістері мен түрлері                               |

                      4. Студенттердің өздік жұмыстары.
|№  |Студентке   |Әдебиеттер    |Орындалу     |Сағат |Рейтинг   |Орындалу  |
|   |тапсырма    |              |түрлері      |саны  |шкаласы   |мерзімі   |
|   |            |              |             |      |бойынша   |          |
|   |            |              |             |      |балдық    |          |
|   |            |              |             |      |көрсеткіші|          |
|1  |Дүниені     |Социология.   |Эссе         |1     |2         |1 апта    |
|   |әлеуметтік  |Лекциялар     |             |      |          |          |
|   |тұрғыдан    |курсы. Жалпы  |             |      |          |          |
|   |қарастыру.  |редакциясын   |             |      |          |          |
|   |            |басқарған     |             |      |          |          |
|   |            |Ә.Х.Тұрғынбаев|             |      |          |          |
|   |            |. – Алматы:   |             |      |          |          |
|   |            |«Білім», 2001.|             |      |          |          |
|2  |Әлеуметтану |Социология.   |Глоссарий,   |1     |2         |2 апта    |
|   |лық зерттеу |Лекциялар     |кесте құрау  |      |          |          |
|   |            |курсы. Жалпы  |             |      |          |          |
|   |            |редакциясын   |             |      |          |          |
|   |            |басқарған     |             |      |          |          |
|   |            |Ә.Х.Тұрғынбаев|             |      |          |          |
|   |            |. – Алматы:   |             |      |          |          |
|   |            |«Білім», 2001.|             |      |          |          |
|3  |Қазақстан   |Әлеуметтану.  |Тест         |1     |2         |3 апта    |
|   |қоғамының   |Оқу           |құрастыру    |      |          |          |
|   |әлеуметтік  |құралы.-Алматы|             |      |          |          |
|   |мәселелері  |,2007         |             |      |          |          |
|   |            |Әбсаттаров Р  |             |      |          |          |
|4  |Қоғамның    |Социология.   |реферат      |1     |2         |4 апта    |
|   |әлеуметтік  |Лекциялар     |             |      |          |          |
|   |құрылымы    |курсы. Жалпы  |             |      |          |          |
|   |            |редакциясын   |             |      |          |          |
|   |            |басқарған     |             |      |          |          |
|   |            |Ә.Х.Тұрғынбаев|             |      |          |          |
|   |            |. – Алматы:   |             |      |          |          |
|   |            |«Білім», 2001.|             |      |          |          |
|5  |Жеке        |Социология.   |Кросс        |1     |2         |5 апта    |
|   |тұлғаның    |Лекциялар     |ворд         |      |          |          |
|   |мәртебесі   |курсы. Жалпы  |құрастыру    |      |          |          |
|   |            |редакциясын   |             |      |          |          |
|   |            |басқарған     |             |      |          |          |
|   |            |Ә.Х.Тұрғынбаев|             |      |          |          |
|   |            |. – Алматы:   |             |      |          |          |
|   |            |«Білім», 2001.|             |      |          |          |
|6  |Қоғам мен   |Әлеуметтану.  |Конспект     |1     |2         |6 апта    |
|   |тұлғаның    |Оқу           |             |      |          |          |
|   |саяси       |құралы.-Алматы|             |      |          |          |
|   |әлеуметтенуі|,2007         |             |      |          |          |
|   |            |Әбсаттаров Р  |             |      |          |          |
|7  |Бүгінгі     |Әлеуметтану.  |Талдау       |1     |2         |7 апта    |
|   |күндегі     |Оқу           |сараптау     |      |          |          |
|   |демография  |құралы.-Алматы|             |      |          |          |
|   |мәселелері  |,2007         |             |      |          |          |
|   |            |Әбсаттаров Р  |             |      |          |          |
|8  |Экологиялық |Общая         |Өздік жұмыс  |1     |2         |8 апта    |
|   |әлеуметтану |социология.   |             |      |          |          |
|   |            |Учебник       |             |      |          |          |
|   |            |-М.:1998      |             |      |          |          |
|9  |Менің       |              |Конспект     |1     |2         |9 апта    |
|   |мамандығым  |              |             |      |          |          |
|10 |Мәдениетті  |Социология.   |өз бетімен   |1     |2         |10 апта   |
|   |жастар      |Лекциялар     |жұмыс        |      |          |          |
|   |қандай      |курсы. Жалпы  |             |      |          |          |
|   |болады      |редакциясын   |             |      |          |          |
|   |            |басқарған     |             |      |          |          |
|   |            |Ә.Х.Тұрғынбаев|             |      |          |          |
|   |            |. – Алматы:   |             |      |          |          |
|   |            |«Білім», 2001.|             |      |          |          |
|11 |Діннің      |Этносоциология|өздік жұмыс  |1     |2         |11 апта   |
|   |әлеуметтік  |. Учебное     |             |      |          |          |
|   |рөлі        |пособие-М.:199|             |      |          |          |
|   |            |8             |             |      |          |          |
|12 |Қазіргі     |Социология.   |Реферат      |1     |2         |12 апта   |
|   |заман неке  |Лекциялар     |             |      |          |          |
|   |институты   |курсы. Жалпы  |             |      |          |          |
|   |            |редакциясын   |             |      |          |          |
|   |            |басқарған     |             |      |          |          |
|   |            |Ә.Х.Тұрғынбаев|             |      |          |          |
|   |            |. – Алматы:   |             |      |          |          |
|   |            |«Білім», 2001.|             |      |          |          |
|13 |Қазіргі     |Социология.   |Салыстырмалы |1     |2         |13 апта   |
|   |заман қазақ |Лекциялар     |талдау жасау |      |          |          |
|   |отбасы      |курсы. Жалпы  |             |      |          |          |
|   |            |редакциясын   |             |      |          |          |
|   |            |басқарған     |             |      |          |          |
|   |            |Ә.Х.Тұрғынбаев|             |      |          |          |
|   |            |. – Алматы:   |             |      |          |          |
|   |            |«Білім», 2001.|             |      |          |          |
|14 |Бұқаралық   |Биекенов К.У.,|Конспект,    |1     |2         |14 апта   |
|   |ақпарат     |Жаназарова    |талдау       |      |          |          |
|   |құралдарының|Ж.З.,         |             |      |          |          |
|   |әлеуметтік  |Нурбекова Ж.А.|             |      |          |          |
|   |қызметі     |Социология    |             |      |          |          |
|   |            |общественного |             |      |          |          |
|   |            |мнения. А.    |             |      |          |          |
|   |            |2001.         |             |      |          |          |
|15 |Қала және   |Әлеуметтану.  |Эссе         |1     |2         |15        |
|   |ауыл        |Оқу           |             |      |          |          |
|   |әлеуметтануы|құралы.-Алматы|             |      |          |          |
|   |            |,2007         |             |      |          |          |
|   |            |Әбсаттаров Р  |             |      |          |          |






-----------------------
                           Әлеуметтік институттар

( отбасы
( ана
( әке
( неке
( балалары

( ғылым
( білім
( тәрбие
( моральдық ережелер

( мемлекет
( сот
( армия
( саяси партиялар

( меншік
( нарық
( ақша
( еңбек ақы

                              Саяси институттар

                             Рухани институттар

                       Отбасы саласындағы институттар

                          Экономикалық институттар


Пәндер