Файл қосу
Мұғалім профессиограммасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ ПСИХОЛОГИЯ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ "Педагогикалық мамандыққа кіріспе" пәнінен оқу-әдістемелік кешені 050116 «География» мамандығына арналған СЕМЕЙ 2009 Құрастырушы педагогика кафедрасының оқытушысы: ______________________________________Сарсекова Г.К. Педагогика кафедрасының мәжілісінде бекітілген «__ » _____2009 ж. Хаттама № 1 Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к.: ______________ Едігенова А.Ж. Психология-педагогика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде талқыланды. «__ »___ 2009 ж. Хаттама № 1 Психология-педагогика факультетінің деканы ф.ғ.д., профессор: ________________________ Ердембеков Б.А. Мазмұны: 1. Глоссарий................................................................... .......................................4-6 2. Дәріс сабақтары................................................................... .........................7-102 3. СОӨЖ тапсырмалары және оны орындауға әдістемелік нұсқау...................................................................... ..................103-105 4. СӨЖ тапсырмалары және оны орындауға әдістемелік нұсқау...................................................................... ..................106-107 5. Бақылау түрлері..................................................................... ...................108-119 БӨЛІМ 1. ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ Авторитарлық қарым-қатынас - мұғалімнің оқушылар пікірімен санаспай,қызығушылықтарын ескермей шешім қабылдауы,тек өзінің айтқанын орындауға бағытталуы. Аксиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процесі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қатынас). Аксиология (грек тілінің «ахіа» - құндылық және «logos»-ілім) - құндылықтардың табиғаты жайлы және дүниедегі құндылықтар жүйесі туралы философиялық ілім. Антипатия - адамда басқа бір адам туралы теріс көзқарастың қалыптасуы,оны жақтырмауы. Әлеуметтік фрустрация-адамдардың болашақтың белгісіздігіне алаңдаушылығы,мақсатқа жете алмауындағы торығып күйзелуі,жеке тұлғаның өзін дәрменсіз,ешкімге қажетсіз сезінуі,балалар мен ересектердің әлеуметтік қорғаныссыздығынан абыржуы,уайымға салыну сияқты психологиялық жағдайы. Вербальды қарым-қатынас - бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процессі. Вербальсыз қарым-қатынас - мимика,ым-ишара,пантомима (дене қозғалысы,қол қимылдары) арқылы жасалатын сөзсіз қарым қатынас. Гуманизм - адам тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы;тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған жане тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын қарастыратын ілім.Гуманизм-адамның өмірлік ұстанымы,ол адамның адами қасиеттерін сақтап қалуға,тек жағымды,жақсы істерге бағыттайды. Даралылық - адамды басқа адамдардан ерекшеліндіріп тұратын айрықша қасиеттері,ешкімге ұқсамастығы,оның қайталанбастығы. Демократиалық қарым-қатынас - оқушы білімді іздестіруде қарым- қатынаста тең құқылы субьект ретінде қарастырылады.Оқушылар мен мұғалім ынтымастық қарым-қатынаста болады. Жеке тұлға - индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі,оның әлеуметтік құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды іске асыру қабілеттері.Жеке тұлға ретінде адам өзінің санасының даму деңгейімен,өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады. Жеке тұлға-қоғамдық мәні бар адам.Кез келген адам өмірге индивид болып келіп,тек саналы қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады. Индивид - адамды адамзат тұқымының жеке бір өкілі ретінде,биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастыратын ұғым. Индивид-жекелік,яғни көп адамдардың біреуі. Педагогика – адам тәрбиесі жайлы ғылым. Педагогикалық үрдіс- оқу мен тәрбие бірлігі арқасында орындалатын білімдену мақсатынан оның нәтижесіне қарай болған іс-әрекет,ілгері қозғалыс. Құндылық – кез келген индивид, топ, ұжым, этнос, т.б. үшін өмірлік маңызы жоғары материалдық немесе рухани нысаналар. Өзін-өзі тәрбиелеу - өзіндік адамгершілік сапаларды қалыптастыру бойынша тұлғаның саналы іс-әрекеті,бір мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын өзі қалыптастыруы. Шығармашылық – жаңа сапалы материалдық және рухани құндылықтарды жасаудағы адамның іс-әрекеті. Профессиограмма – маманның кәсіби даярлығына қойылатын талаптар жүйесі; мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі. Педагогикалық парадигма дегеніміз нақты педагогикалық міндеттерді шешудегі үлгі,стандарт,модель ретінде ұстанатын, негізгі қалыптасып қалған ғылыми жетістіктер,әдістер,теориялар,көзқарастар жүйесі. Педагогикалық іс-әрекет - педагогикалық процесте жас ұрпақты оқытып,тәрбиелеп,дамытуға,өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуларына қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс-әрекет. Рефлексия – адамның өзін-өзі зерттеуі, түсінуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтаны жайлы өзін бағалауы. Симпатия – бір адамның екінші адамға оң,жағымды көзқарасының қалыптасуы. Эмпатия – мұғалімнің оқушылардың психикалық жағдайын, көңіл- күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның орнына қоя алуы. Перцептивті қарым қатынас – басқа адамның ішкі жан дүниесін сезіне алу (perceptio – қабылдау,сезіну). Ретиалды қарым қатынас – ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындағы қатынас). Интерактивті қарым қатынас – адамдардың өзара тығыз әрекетте болуларын, тығыз байланыста,көпшілік ішінде жұмыс істей алуға бейімделуіне бағытталған қарым-қатынас. Қарым-қатынас - өзара іс-әрекеттер қажеттіліктернен туындайтын және ақпараттармен алмасу,адамды адам қабылдау,түсінудіқамтитын адамдар арасындағы байланыстарды орнату және дамытудың күрделі процесі. Құзірет - тұлғаның табысты іс-әрекетке даярлығы, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді жұмсай алу қабілеті. Құзіреттілік - оқушылардың әр-түрлі іс-әрекеттер түрлерін меңгеруімен анықталатын білім беру нәтижесі. Діл (менталитет) - тұлғаның, адамдар тобының немесе белгілі бір социум дүниетанымның, дүниеге деген көзкарастарының және мінез-құлықтарының терең жатқан негіздері болып табылатын мәдениеттің мазмұны. Мәдениеттану және философиялық әдебиеттерде діл белгілі бір кезеңдегі, географиялық аймақтағы және әлеуметтік ортадағы адамдар қауымы көзқарастарының, сезімдерінің жиынтығы, тарихи және әлеуметтік үрдістерге ықпал ететін қоғамның ерекше психологиялық салты ретінде түсіндіріледі. Діл - рухани кұбылыс. Педагогикалық жүйе - жеке, дара тұлғаны жетілдіруге, қалыптастыруға бағыттау мен белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің, құралдарының жиынтығы. Білім беру процессі - мұғалімнен, оқытушыдан балаға, студентке ақпаратты жеткізу. Педагогикалық шығармашылық - мұғалімнің, өз ісін сүйіп, оған барлық ынта-ықыласымен кірісіп, әр шәкіртінің жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына неғұрлым тиімді, қолайлы жағымды жағдай жасай алуы. Профессиограмма - мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі. Әміршіл-әкімшіл (авторитарная) педагогика - көзсіз бағыну тәрбиесін алға тартқан педагогика. Ізгілікті (гуманистическая) педагогика – шәкіртті педагогикалық үрдістің субъекті ретінде танып, адам менмдам арасындағы қатынасты ұлықтай білген педагогика. Дарынды балалар – жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет салуға,техникаға т.б.) байқатқан балалар. Оқу – оқушының алдағы іс-әрекеті үшін білім, білік, дағдыларды мақсатты түрде меңгеру процесі. БӨЛІМ 2.ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАЗУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ Мақсаты:студенттерді курс бойынша тиісті теориялық білімдерін қамтамасыз ету Міндеттері: - Әр тақырыпты меңгерту барысында жүйелі білім беру; - Әр тақырып бойынша негізгі ұғымдармен таныстыру және меңгерту; - Пәнге қызығушылығын арттыру және өздігінен жұмыс істей білуге үйрету. Дәріс -жоғары оқу орындарындағы оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Ол студенттерге олар үшін жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі. Дәріс - студенттерге өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: - Сабаққа кешікпеңіз; - Дәріс дәптеріңізді және қаламыңызды ұмытпаңыз. - Дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз. 2.1 Дәріс тақырыптары және оның қысқаша мазмұны. Модуль 1. Білім беру философиясы. Тақырып 1.Білім беру философиясы: мәртебесі, мәселелері, болашағы. Білім беру кәсіби іс-әрекетінің жүйесі мен қалыптасуының ретінде. Мақсаты: болашақ ұстаздарға білім берудің түпкі мақсатын түсіндіру, оның философиялық мәнін, әлеуметтік-гуманитарлық сипатын, көпаспектілігін ашып көрсету. Жоспар: 1.Қазіргі замандағы білім беру. Білім беру философиясы жайлы жалпы түсінік. 2.Білім беру кұндылық ретінде. 3.Білім беру жүйе ретінде. 4.Білім беру процесс пен іс-әрекет ретінде. 5.Білім беру нәтиже ретінде: сауаттылық - білімділік – кәсіби құзірет- тілік – мәдениет - діл (менталитет). Негізгі ұғымдар: білім беру философиясы, парадигма, педагогикалық парадигма, құзыреттілік, діл (менталитет), құндылық. Қазіргі замандағы білім беру. Білім беру философиясы жайлы жалпы түсінік. Ғасырлар тоғысында білім беру ұғымына деген көзқарас әлемдік деңгейде өзгере бастады, себебі ол дамыған мемлекеттердің өркендеуінің негізгі қозғаушы күшіне айналып отыр. Сондықтан күні бүгінге дейін педагогикалық категория ретіде саналган «білім беру» үғымы кең мағынада маңызды әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылуда. Білім беру мәселесімен тек педагогика ғылымы айналыспайды. Білім беруді философия, әлеуметтану, психология, экономика, мәдениеттану тағы басқа әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар өз тұрғысынан қарастырып зерттейді. Сондықтан бүл ұғымның ауқымы кеңею үстінде. Ата-бабаларымыздан асыл мұра болып қалған әлеуметтік тәжірибені, көп жылдық мәдениетті сақтап, оны ұрпақтан ұрпақка жеткізе отырып меңгерту білім беру ұгымымен тығыз байланысты. Педагогикалық әдебиеттерде «білім беру» ұғымы 18-19 ғасырларда қалыптасып (Д.Локк, И.Г.Песталоцци), бүгінде педагогиканың жетекші категорияларының бірі болып табылады. Заман талабына сай білім беру процессі үздіксіз сипатқа ие болып келеді. Әрине білім беру үздіксіз болуы тиіс, себебі қазіргі таңда ақпаратгық технологиялардың жедел дамуына байланысты алған білімдер тез ескіруде, сондықтан адамзат баласы алған білімін үнемі толықтырып, жаңартып отыруы қажет. Білім беру ұғымының мазмұны да езгерістерге ұшырап, жан-жақты кеңейе түсті. Педагогика ғылымында онын бірнеше анықтамалары бар. - Кең мағынадағы білім беру - жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға және өмірлік жолын кұзырлы таңдауға мүмкіншіліктерін кеңейтуге бағытталған процесс (А.Г.Асмолов). - Білім беру дегеніміз жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен жеке өсуі қамтылатын оның қабілеттіліктері мен мінез-құлқын жетілдіру процесі және нәтижесі (ЮНЕСКО, 1997) . - Педагогикалық энциклопедияда білім беру ұғымы - жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әлеуметтендіру процессі {1999 ж). - Білім беру - адам, қоғам, мемлекет мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту процесі (Сластенин В.А.). Осындай және тағы басқа білім беру ұғымына берілген анықтамалардың көптігі оның кең мағыналылығының, көпқырлылығының, маңыздылығының айқын дәлелі. Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты - тек білім, білік дағдыларды қалыптастыру емес, сонымен қатар жеке тұлғаның әлеуметтік құнды іс-әрекетке қатысуы үшін оның өзіне және қоғамға қажетті қабілеттерін дамыту. Осы тұрғыдан ойды өрбітетін болсақ, білім беруде тек білімді меңгерту, білік пен дағдыларды қалыптастыру жеткіліксіз. Керісінше білім, білік, дағдылар арқылы жеке тұлғаның үйлесімді түрде эмоционалды, ақыл-ой, адамгершілік, рухани-құндылық, еріктік, дене жағынан толыққанды дамуы маңызды. Білім беру барысында адам мәдени құндылықтарды, ғылыми білімдерді меңгереді. Соның нәтижесінде экономиканың, саясаттың, ғылымның, мәдениеттің, өнердің дамуына зор үлесін қоса алады. Білім берудің сапасы адамның білім алып жатқан мекемесінің (мектеп, жоғары оқу орындары) педагогикалық іс-әрекетіне тығыз байланысты болады. Ал жоғары білім берудің сапасы студенттердің кәсіби, оқу-танымдық, ғылыми- зерттеу жұмыстарына, кәсіптік педагогикалық практика деңгейіне тікелей байланысты. Бұл кезде студенттердің басым көпшілігінде өз бетінше білім алу және шешім қабылдай алу іскерліктері бекіп, белсенділік, табандылық, төзімділік, зеректілік, жауапкершілік қасиеттері айырықша байқалады. Білім беру саласының әрбір даму кезеңдеріне тән заманауи үлгі, модель ретінде қабылданатын өзіндік теориялык, әдіснамалық ерекшеліктері болады. Бұл жалпы педагогикалық қауымдастықтың қабылдаған даму бағыттарының жиынтығы ғылыми тілде парадигма деп аталады. Парадигма ұғымың ең бірінші болып ғылыми пәндердің дамуының түрлі кезеңдерін зерттеген американдық тарихшы Т. Кун болған. Оның пайымдауынша әр ғылымның дамуында мынандай кезеңдер байқалады: - парадигманың орнығуына дейінгі кезең, - парадигманың қалыптасуы, орнығуы; - ғылым сапасындағы дағдарыс, парадигмалардың ауысуы. Ал педагогикалық парадигма дегеніміз накты педагогикалық міндеттерді шешудегі үлгі, стандарт, өлшемдер, модель ретінде ұстанатын калыптасқан негізгі ғылыми жетістіктер, әдістер, теориялар, көзқарастар жүйесі. Жаңа парадигмалар келешектегі ғылыми зерттеулердің бағыттарын анықтайды, оларға негіз болады. Мысалы: қазіргі отандық педагогикада мынандай парадигмалардың ауысуы байқалады: «білімді адам» парадигмасының орнына «өмірге бейімделген, белсенді, шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын, және өзін-өзі адамгершілік, ақыл-ой жағынан дамытуға қабілетті адам» парадигмасының ауысуы айқын көрінеді. Яғни, бұрынғы көзқарастар бойынша адамға білім, білік, дағдылар жүйесін меңгерту жеткілікті деп есептелінген болса, қазір ол жеткіліксіз. Себебі адам тек дайын білімдерді меңгерген болса, бірақ оны шығармашылықпен практикада қолдана алмаса, өзін-өзі жетілдіріп отыруға бейімделмеген болса, онда бұндай адам қоғам талабына жауап бере алмайды. Сондықтан қазіргі білім беру саласында жаңа педагогикалық парадигма қалыптасуда. Парадигмалардың ауысып отыруы заңды құбылыс. Оны философиялық заңдар да дәлелдейді. Жаңа педагогикалық парадигмада «білім беру философиясы» деген ұғым кеңінен талқылануда. Білім беру философиясы көптеген сұрақтарға жауаптар іздестіреді. Қазіргі қоғамдағы жеке тұлғаның алатын орны қандай? Адамзаттың маңызды мәселерін шешудегі білім берудің әлеуметтік рөлінің мәні неде? Қазіргі кездегі білім беру саласы, оның даму бағыттары қандай? Ол болашақта қандай болуы керек? Білім берудің қазіргі жағдайы қанағаттанарлық па? Ал философия ертеден дамыған ғылымдардың бірі екені белгілі. Философия- грек тілінен аударғанда («филео» - «жақсы көру»,«софия» - «ақылдылық») - адамзат қоғамы мен ойлау табиғаты дамуының ең негізгі заңдылықтары туралы ғылым ретінде қарастырылады. Философия ғылымының заңдары көптеген құбылыстарды зерттеуде, танып білуде, түсіндіруде қолданылады. Осыған байланысты білім беру саласындағы көптеген мәселелерді философиялық тұрғыдан түсіндіру көзқарастары қалыптасқан. Білім беру философиясын жан-жақты зерттеген ғалымдар В.В.Краевский, Б.Л.Вульфсон, В.В.Кумарин, Б.С. Гершунский т.б. Бұл ғалымдардың зерттеуінше білім беру философиясы үш тұрғыдан қарастырылады: 1)Білім беру философиясы - қолданбалы философия ретінде қарастырылады. Бұл тұрғыдан білім беру саласының даму заңдылыктарын негіздеу үшін жалпы философиялық қағидаларды қолдану жеткілікті деп есептелінеді. 2)Білім беру философиясының мазмұны педагогака ғылымының теориялық- әдіснамалық мәселелерімен сәйкестендіріледі 3)Білім беру философиясы дербес ғылыми білімдер саласы, оның негізін тек білім беруге қатысты жалпы философиялық ілімдер ғана емес, білім берудің барлық аспектілерінің қызметтерін қамтитын жеке шынайы даму заңдылықтары құрайды. Шығыстың атақты философы, ғұлама ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби жалпы педагогика ғылымының өзін тәжірибелік философия немесе қолданбалы философия ретінде қарастырған. Білім беру философиясының бір ғана тұтас нысанасы (объектісі) бар, ол барлық құндылықтық, жүйелік, іс-әрекеттік, нәтижелілік сипаттағы білім беру. Білім беру философиясының пәні - білім беруге қатысты пән аралық теориялар, заңдар,заңдылықтар,категориялар,ұғымдар, терминдер, принциптер, постулаттар, ережелер, әдістер, болжамдар, идеялар, фактілер. Б.С.Гершунскийдің пайымдауынша «білім беру философиясының мәні - білім беруге бетбұрыс алған философия», немесе «білім беру іс-әрекетінің барлық аспектілерінің өзіндік ғылыми парадигмасы». Сонымен, білім беру философияның мәні — адам өмірінің түрлі кезеңдеріндегі оқыту, тәрбиелеу және дамытудағы құндылық-бағдарлық, мазмұндық-процессуалдық нәтижелілік компоненттері жайлы ғылым аралық білімдер жүйесі. Білім беру кұндылық ретінде. Қазіргі қоғам дамуындағы саяси, әлеуметтік, мәдени өзгерістер білім беру саласына тікелей әсерін тигізіп, оның маңыздылығын арттыра түсті. Білім беру ұғымының күрделілігі, көпжақтылығы оны жан-жақты қарастыруды кажет етеді. Білім беру философиясының белгілі теоретигі Б.С. Гершунский білім беру ұғымын 4 аспектіде қарастыруға болатынын атап көрсетеді: - білім беру құндылық ретінде; - білім беру жүйе ретінде; - білім беру процесс ретінде; - білім беру нәтиже ретінде Білім беруді қалайша құндылық ретінде қарастыруға болады? Әуелі құндылық дегеніміз не? Құндылық - кез келген индивид, топ, ұжым, этнос, т.б. үшін өмірлік маңызы жоғары материалдық немесе рухани нысаналар. Қазіргі кезде ұлттык кұндылықтар, жалпы адамзаттық кұндылыктар деген ұғымдар калыптасып отыр. Әр ұлт үшін не кұнды? Әрине, ол тілі, ұлтық мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлт тарихы, т.б. Ұлттық кұндылықтарды менгеру негізінде жалпы адамзаттык кұндылықтарға деген көзқарастар қалыптасады. Олардың қатарына қай елдегі, қай жердегі болмасын адамдарға құнды нысаналар жатады. Мысалы: адамның бас бостандығы, денсаулығы, адамгершілігі, қадір-қасиеттері, білімі, т.б. Сондықтан да білім беру немесе әр жеке тұлға үшін білім алу үлкен құндылық болып есептеледі. Білім берудің құндылықтық сипаты үш тұрғыдан қарастырылады. 1) Білім беру - мемлекетік қңұлдылық; 2) Білім беру - қоғамдық құндылық; 3) Білім беру - жеке тұлғалық құндылық. Неліктен білім беру мемлекеттік құндылық болып саналады? Себебі кез келген қоғамның адамгершілік, интеллектуалдық, экономикалық, мәдени әлеуеті білім беру саласының нақты жағдайына және оның ілгері даму мүмкіншілігіне тікелей байланысты болады. Осы тұрғыдан әрбір өркениетті дамып келе жатқан мемлекет үшін білім беруді қарқынды дамыту - оның стратегиялык міндеттерінің біріне айналған. Мемлекеттің ғылыми-техникалық прогрессі, экономикасы, саясаты, мәдениеті оның білім беру саласының даму деңгейіне тікелей байланысты. Білім беру саласы болашакқа бағытталган. Білім берудің мемлекеттік маңыздылығын күшейтуге бағытталған нақты материалдық және моральдық міндеттер мемлекет тарапынан қарастырылуы қажет. Білім беру саласы мемлекет тарапынан басқарылады, және толығымсн мемлекет бақылауында. Сондықтан ҚР «Білім туралы» заңы (2007), ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы, ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы (2004) сияқты негізгі құжаттарда жоғарыда аталған мәселелерді шешу жолдары қарастырылған. Неліктен білім беру қоғамдық құндылық болып саналады? Мемлекет пен қоғам тең мағыналы ұғымдар емес, олардың өзара қатынасы өте күрделі болып келеді. Білім беруді дамытуда олардың мақсат, мүдделері сәйкес келе бермейді. Дамыған қоғам мемлекет тарапынан қабылданған қаулылардың орындалуын талап етеді, білім беру заңын талқылап өзгертулер енгізеді. Қоғам мүшелері кезекті білім беру мәселелерін шешу үшін қоғамдық ұйымдар құрады және қозғалыстар ұйымдастырады. Қоғам мүшелерінің әлеуметтік белсенділігі,олардың өз мүдделерін қорғай алулары, қоғамдық сананың дұрыс қалыптасуы білім беруді дамытудың негізгі жолдарының бірі және оның қоғамдық маңыздылығының көрсеткіші. Неліктен білім беру жеке тұлғалық құндылық болып саналады? Жоғарыда қарастырылып отырған білім берудің мемлекеттік және қоғамдық құндылықтары жалпы әлеуметтік мәселелерді қарастырады, бірақ жеке тұлғаның білім алуға деген өзіндік қатынасын, оның деңгейі мен сапасын көрсетпейді. Б.С.Гершунскийдің пікірі бойьнша білім беруді дамыту саясаты жеке адамның дербес ерекшеліктерін, оның қызығушылықтарын және қабілеттіліктерін ескере отырып тұлғалық бағытта болуы керек. Әрине білім беру үнемі ұжымдық сипатта болатыны анық. Бірақ сол ұжым ішінде әрбір адам өзінің дербестігін, даралығын, жеке «Менін» жоғалтып алмауы өзекті педагогикалық мәселе. Қорыта келіп,тұжырымдайтын болсақ,білім берудің құндылығы осы аталып көрсетілген мемлекеттік, қоғамдық, жеке тұлғалық құндылықтардың өзара үйлесімді және тығыз қатынаста болуын көздейді. Тек осындай құндылықтық негізде жүргізілетін білім беру барысында ғана әр тұлғаның жан- жақты дамуына, теориялық білімдерді меңгеруімен қатар өз бойында қажетті құзіреттіліктерді қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасалуы мүмкін. Білім беру жүйе ретінде. Дәстүрлі түсінігіміз бойынша білім беру дегеніміз деңгейлерімен, кәсіптік бағыттарымен ерекшеленетін білім беру мекемелерінің (мемлекеттік және мемлекеттік емес) жүйесі. Бірақ білім беру мекемелерінің мұндай алуан түрлілігі оны әлі жүйе деп тануға негіз бола алмайды. Себебі жүйе дегеніміз кез келген объектілердің жиынтығы емес, олардың элементтерінің өзара сәйкестендіріліп байланысқан жиынтығы. Қандай белгілер білім беруді жүйе ретінде сипаттайды? Ең алдымен деңгейлеріне, профильдеріне қарамастан жүйені және оған кіретін құрамды бөліктерді сипаттайтын жалпы, инвариантты сапалардың болуы қажет. Мұндай сапаларға икемділік, тұрақтылық, болжамдылық, тұтастылық, сабақтастық, вариативтілік, динамикалық сапалар жатады. Білім беру жүйесі икемді және динамикалық түрде әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бейімделе алуы керек және өзіндік психологиялық-педагогикалық негізін берік ұстануы маңызды. Жоғарыда аталған сапалардың өзі білім беру жүйесінің күрделілігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесі ретінде өзара бірлесе іс-әрекет ететін: 1) білім берудің деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен оқу бағдарламаларының жиынтығы; 2) білім беру бағдарламаларын типтеріне, түрлеріне, меншіктік формаларына қарамастан іске асыратын білім беру ұйымдарының жиынтығы; 3) білім беру сапасының мониторингін жүргізетін ғылыми ұйымдар мен оқу- әдістемелік қамтамасыздандыратын білім беруді басқару органдарының және оған сәйкес инфраструктурасының жиынтығы қарастырылады. Біріншіден, білім беру жүйесі тарихи қалыптасқан бір-бірімен сабақтасқан және біртіндеп бірі-біріне ауысатын білім беру парадигмаларынан туындайды Екіншіден, білім беру жүйесі болашақка бағытталған, себебі білім беру мекемелерінің түлектері өздері білім алған жағдайлардан өзгеше, жаңа жағдайда өмір сүріп іс-әректпен шұғылданады. Білім беруді жүйе ретінде анықтауда жеке тұлғаға бағытталған білім беру парадигмасы маңызды орын алуда. Бұл тұрғыдан білім берудегі бұрынғы көп жылдар бойы қалыптасып қалған, қатал орталықтандырылған басқару, қатаң тәртіп орнаған жүйенің тұрақсыздығы байқалады. Қазір білім беру жүйесі педагогикалық жаңашыл идеяларды енгізуге дайын, ашық салаға айналып келеді. Осыған байланысты білім беру парадигмасы да өзгереді: адамның еркіндігін шектейтін білім берудің қатаң жүйесінің орнына өзінің қызығушылықтарына, қабілеттіліктеріне сәйкес жеке білім алу жолын (траекториясын) саналы түрде таңдай алатын адам парадигмасының ауысуы байқалады. Білім беру мекемелері төмендегідей деңгейлер бойынша сарапталады: - мектепке дейінгг тәрбие мен оқыту, - орта білім беру, - орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру. - жоғары кәсіптік білім беру. - жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру деңгейлері. Білім беру - процесс және іс-әрекет ретінде. Білім берудің мәні - мақсаттан нәтижеге карай жылжу процесі. Процесс деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда (processus - қозғалу, жылжу) - бір нәрсенің дамуындағы құбылыстардың, жағдайлардың біртіндеп ауысуы; қандай болмасын нәтижеге қол жеткізудегі іс-кимыдар жиынтығы деген мағынаны білдіреді. Білім беру - педагог пен оқушы, студент арасындағы қарым-қатынас процесі. Бұл процесс барысында оқушы немесе студент оқу, тәбие, даму процестеріне жан-жақты белсенді қатысып педагогикалық қарым-қатынастың субъектісіне айналады. Білім беру барысында педагог пен оқушы арасында ғана емес, оқушылардың, студенттердің өзара біріккен әрекеттері де нығая түседі. Аталып отырған педагогикалық процесс көптеген білім беру құралдары (оқу, әдістемелік мәтіндер, көрнекілік құралдар, компьютерлер, аудио-видео кұралдар, қашықтықтан оқыту аппараттары т.б.) арқылы арнайы ұйымдастырылған (жеке, топтық, ұжымдық) түрде жүргізіледі. Білім беру процесі үнемі мақсатқа бағытталған және күтілетін нәтижелерге байланысты. Осы тұрғыдан білім беру процесін технологияландырылған процесс деп те сипаттауға болады, себебі педагогикалық технологияларда өзара сабақтасқан шағын және жалпы мақсаттарға жетудің нақты кезеңдері, сатылары анықталады. Білім беру процессі - мұғалімнен, оқытушыдан балаға, студентке ақпаратты жеткізу арнасы. Сондықтан казіргі кезде білім беру саласында ақпараттық технологиялар кең таралуда. Білім беру процессіндегі көптеген мәселелердің шешімдері табысты болуы педагогтың іс-әрекетіне тікелей тәуелді. Тіпті әрбір сабақтың өтілуі де мұғалімнің кәсіби-шығармашылық деңгейіне, талпынысына байланысты түрлі нәтиже көрсетеді. Мұғалімнің іс-әрекеті үздіксіз шығармашылық процесс. Ол балалармен үнемі ынтымақтастықта жұмыс істсуге әрекет жасайды. Осы бірлескен белсенді танымдык іс-әрекет барысында білім алушыларды табысқа жетуге бейімдей алу педагогикалық маңызы зор мәселе, себебі көп жағдайларда сабаққа қатысып отырған каншама оқушылар арасында кейбіреулері ғана жетістіктерге жетулері мүмкін. Білім беру иәтиже ретінде: сауаттылық - білімділік – кәсіби құзіреттілік - мәдениет - діл (менталитет). Білім берудің сапалық жағынан қарайтын болсақ ол тек құндылық, тек жүйе, тек процесс емес. Білім беруді нәтиже ретінде де қарастыруға болады. Оқу-танымдык процесс барысында әр адам білімнің бір сапалық деңгейіне жетеді, ол оның нақты бір көлемдегі білімді игеруінің нәтижесі. Бастауыш білім алу барысында адам сауаттылыққа ие болады. Педагогикалық терминологиялық сөздікте «сауаттылық» ұғымы - ана тілінің грамматикалық нормаларына сай адамның оқу, жазу дагдысын меңгеру дәрежесі ретінде анықталады. Қоғам дамуындағы тарихи кезеңдерге банланысты бұл ұғымның мағынасы қарапайым оқу, жазу, есептеу дағдыларынан бастап, қоғамдық қажетті білімдер мен дағдыларды меңгеру деңгейіне дейін өзгеріп отыр. Мысалы, кампъютерлік сауаттылық, зкономикалық сауаттылық т.б. Сауатты адам - өзінің білімдік әлеуетін ары қарай дамытуға, байытуға дайын адам. Сауатты болу адамды білім беру саласында көп бастапқы мүмкіншіліктермен қамтамасыз етеді. Сауаттылықтың негізгі педагогикалық сипаты - оған барлық адамдардың қол жеткізе алуларында. Бірақ қазіргі заманда тек сауатты адам ғана болып қалу жеткіліксіз. Сауаттылық және білімділік ұқсас ұғымдар болғанымен екеуі тең мағыналы ұғымдар емес. Бұл екі сапа адамның алған білім, білік, дағдыларының көлемі, кеңдігі, тереңдігі жағынан, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерімен ажыратылады. Адамдардың белгілі білім беру мекемелерінде алған, меңгерген білімдерінің деңгейіне қарай бастауыш білімі бар адам, орта білімді адам, жоғары білімді адам деп атайтынын көп естиміз. Білімділік - қоғам үшін және тұлға үшін кажетті максимумға дейін жеткізілген сауаттылық. Білімділік ұғымы қоғам мен адам өмірінің түрлі сұрақтары бойынша дүниетанымның кеңдігі. Ол тұлғаның білім алу саласындағы жетістіктерімен сипатталады. Кәсіби құзыреттілік. Қазіргі таңда әрбір адам өзінің қызығушылықтарына,қабілеіттілігіне байланысты бір мамандықты немесе кәсіпті тандауын анықтауы кажет. Бір мамандықты игеру үшін адам арнайы жоғары оқу орындарына түсіп өзін-өзі іске асыруға тырысады. Мамандықты терең меңгеруге байланысты кәсіби құзыреттік ұғымы орын алады. Қазіргі білім берудегі негізгі нормативті құжаттардың басым көпшілігінде «кұзіреттілік» ұғымы негізгі түйін сөздер қатарында карастырылып келеді. Алдымен «құзіреттілік» ұғымының этимологиясына тоқталатын болсақ, ол латын тілінің «соmpetе» деген сөзінен аударғанда «білу», «істей алу», «қол жеткізу» деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық тсрминологиялық сөздікте құзіреттілік ұғымы екі тұрғыдан сипатталған: 1) нақты білімдері мен дағдылары арқылы кейбір міндеттерді шешуге ат салыса алатын немесе мәселені өз бетінше шеше алатын жеке тұлға мүмкіншіліктері; 2) танымдық және тәжірибелік іс-әрекеттердің теориялық тәсілдерін меңгеру дәрежесімен анықталған жеке тұлғаның білімділік деңгейі Тек білімді болу адам үшін жеткіліксіз, адам бір мамандықтың иесі болып, құзырлы маман болуға тырысуы керек және сол өзі меңгерген мамандығы арқылы өзінің тұлғалық әлеуетін жан-жақты іске асыра алады. Әрине, кейбір адамдар өздерінің қабілеттерін бірнеше салада (ғылымда, мәдениетте, өнерде) көрсете алулары мүмкін. Бұндай жағдайда кәсіби құзіреттілікпен қатар жеке тұлғаның түрлі салаларда табысты іс-әрекет жасай алатын дарындылығы байқалады. «Кәсіби құзіреттілік» ұғымы ең бірінші жеке тұлғаның кәсіби білімінің деңгейімен, жеке қабілеттерімен, өзін-өзі жетілдіру және үздіксіз іскерлігімен, өз ісіне деген шығармашылығымен, жауапкершілігімен, теориялық білімдерін практикада тиімді қолдана алуымен анықталады. Мамандардың біліктіліктері, кәсіби құзіреттіліктері адамның жалпы мәдениетке қатынасын аньқтайтын қажетті компонент болып табылады. Мәдениет өте кең мағыналы ұғым. Мәдениет ұғымы латын тілінен аударғанда өндеу, баптау деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғымның мәні әр тарихи-экономикалық формацияларда әртүрлі өзгеріп дамып отырған. Педагогикалық сөздікте мәдениет - қоғамның даму тарихының жеткен сатысын сипаттайтын және адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесі процесінде калыптасатын материалдық және рухани кұндылықтар жиынтығы ретінде анықталған. Мәдениеттің маңызды ерекшеліктері болып жеке тұлғаның өткен ғасырлар мұрасына терең, саналы түрде қастерлі қатынаста болуы, шығармашылықпен қабылдау іскерлігі, кез келген іс-әрекеттер немесе қарым-қатынастар саласындағы шынайылықты түсінуі және өзгертуі жатады. Мәдениет - адам білімділігі мен кәсіби құзіреттілігінің жоғарғы көрінісі. Адам жанын да, қоғамды да, табиғи ортаны да ізгілікке бөлейтін пәрменді ерекше кұрал - мадениет. Сондықтан мұғалім шәкірттерді тәрбиелеудегі жетекші тұлға, мәдениеттің қайнар көзі, әдебиет пен өнер шығармаларының жаршысы болуы керек. Білім берудің ең жоғарғы құндылығы және жоғарғы мақсаты - жеке тұлғаның және социумның ділін қалыптастыру. Діл ұғымы адамның мінез- құлқының дүниетанымының, дүниені қабылдауының терең негіздерін қамтиды. Діл (менталитет) - тұлғаның, адамдар тобының немесе белгілі бір социум дүниетанымның, дүниеге деген көзкарастарының және мінез-құлықтарының терең жатқан негіздері болып табылатын мәдениеттің мазмұны. Мәдениеттану және философиялық әдебиеттерде діл белгілі бір кезеңдегі, географиялық аймақтағы және әлеуметтік ортадағы адамдар қауымы көзқарастарының, сезімдерінің жиынтығы, тарихи және әлеуметтік үрдістерге ықпал ететін қоғамның ерекше психологиялық салты ретінде түсіндіріледі. Діл - рухани кұбылыс. Діл қай халықтың болмасын мәдениетінен, дінінен, өмірлік тұрмысынан, философиялық идеяларынан және білім беру жүйесінен туындап қалыптасады. Адамдардың қоғамдағы түрлі кұбылыстарға қатынасы, нақты бір іс-әрекеттері олардың ділдеріне байланысты. Сонымен білім берудің нәтижелілігін мынандай тізбек ретінде қарастыруға болады: сауаттылық - білімділік – кәсіби құзіреттілік - мәдениет - діл. Білім берудің нәтижелілік тізбегінде діл ең жоғарғы сатысында тұрады, және ол тізбектегі басқа бөліктердің мазмұнын анықтайды. Барлық сауатты адамдар білімді бола бермейді. Барлық білімді адамдар кәсіби қузіретгі болабермейді. Барлык кәсіби кұзіретті адамдар мәдениетті бола бермейді. Іштеріндегі таңдаулы адамдар ғана осы сапаларға ие бола алады. Осы ойларды қорытындылай келе мынандай проблемалық сұрақтарға жауап беріп көрейік: - Кез келген адамды сауатты адам деп айтуға бола ма? - Кез келген сауатты адамды білімді адам деп айта аламыз ба? - Кез келген жоғары білімді адамды кәсіби құзіретті адам деу дұрыс па? - Кез келген кәсіби құзіретті адамды мәдениетті деуге бола ма? - Білімді адам мен мәдениетті адамның қандай айырмашылығы бар? Мінеки, осындай сұрақтарға жауаптар іздестіру барысынла әр болашақ мұғалім өз білімінің қандай дәрежеде екенін, кандай нәтижелерге кол жеткізе алатынын жақсы түсіне бастайды. Сондықтан әрбір болашақ маман жоғарғы оқу орнында кәсіби даярлықтан өту барысында өз тұлгасын шығармашылық тұрғыдан дамытып, қоршаған әлеуметтік ортамен жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде үйлесімділік тауып, өзін-өзі кұзіретті маман ретінде жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Студентгің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар 1. Қазіргі кездегі білім берудің мәні қандай? 2. Білім беру философиясы жайлы түсінік 3. Педагогикалык парадигма дегеніміз не? 4. Білім беру философиясының пәніне, нысанасына нені жатқызуға болады? 5. Білім беру құндылык екендігін қалай негіздеуге болады? 6. Білім беру жүйе екенін негіздеңіз, 7. Білім беру неліктен процесс, іс-әрекет ретінде карастырылады? 8. Білім берудің нәтижелілігін қалай түсінесіз? 9. Мәдениет пен ділдің айырмашылығы неде? 10. Кәсіби кұзіретгілік дегеніміз не? Әдебиеттер: 1. ҚР «Білім туралы» заңы. Астана. - 2007. 2. Гсршунский Б.С. Философия образования для XXI века. - М. 1998. 3.Педагогика: Қазақша және орысша түсіндірме терминологиялық сөздік //Ғыл.жетекш. жасаған және жалпы ред. Басқарған проф. Ш.К.Беркімбаева, проф А.Қ.Құсаинов. - Алматы; 2007. - 248 бет. 4. Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика: учебное пособие. -СПб., 2007. - 304 с. Тақырып 2.Қазіргі білім беру парадигмасындағы негізгі бағыттар. Мақсаты: студенттерге білім беру саласындағы дағдарыстардың негізгі белгілерін ашып көрсету және білім берудің дамуындағы негізгі бағыттарды айқындау. Жоспар: 1.Білім берудегі дүниежүзілік дағдарыстың негізгі белгілері. Кәсіптік білім беру саласында болашақ мамандарды даярлаудағы кездесетін проблемалар. 2.Философия мен педагогиканың байланысы - XXI ғасырдағы білім беруді дамытудың басты бағыты ретінде. З.Болашақ мамандарды даярлау барысындағы тұлғалық-бағдарлық,іс-әрекеттік, аксилогиялық, құзіреттілік түрғыдан карау бағыттары. Негізгі ұғымдар: әдіснама, білім берудегі дағдарыс, әлеуметтік фрустрация, гуманистік бағыт, философия мен педагогика байланысы. Білім берудегі дүниежүзілік дағдарыстың негізгі белгілері. Кәсіптік білім беру саласында болашақ мамандарды даярлаудағы кездесетін проблемалар. Өзгермелі де ауыспалы әлеуметтік құбылыстар жағдайларында коғамдық өмірді жан-жақты түрлендіру барысында жалпы адамзаттық кұндылықтарды қайта қарастыру өзекті мәселеге айыалып отыр. Әсіресе жастар арасында гуманистік қатынастардың жеткіліксіздігі, жастардың жалпы адамзаттық құндылықтардан, моральдық нормалардан, адамгершілік қағидаларынан алшақтауы, білім алуға деген құлшыныс пен қоғамдағы білім беру мәртебесінің төмендеуі жағдайында жеке тұлғаның рөлі мен орнын анықтау - білім беру саласындағы көкейкесті мәселелер. Білім берудегі осындай байқалып отырған жалпы дағдарыс оның мазмұнын қайта қарастыруды, түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Қоғамның дамуындағы өзгерістермен білім беру жүйелері арасында өткен ғасырдың ортасынан бастап шытынау байқалғаны белгілі. Жылдан-жылға ол қайшылық өсе түсуде. ЮНЕСКО-ның бағдарламалық құжаттарында белгіленгендей қазір білім беру жүйесіне толығымен қанағаттанып отырған мемлекет, ел, педагогикалық кауымдастық жоқ. Яғни, бұл тек бір мемлекет ішіндегі күрделі мәселе емес. Білім беру саласындағы дағдарыс туралы көптеген мемлекеттер дабыл қағуда.Және де әр мемлекеттердегі дағдарыстық қиыншылықтар бір- бірінен көп ерекшеленбейді. Мысалы, білім алуға деген кызығушылықтың бәсендеуі,үлгерім көрсеткіштерінің төмендеуі, функционалдық сауатсыздықтың артуы, мұғалімдердің біліктіліктерінің төмен дәрежелігі т.б. көптеген елдердің білім беру жүйелеріндегі кездесетін өзекті мәселелер. Осы мәселелер негізінде адамзаттың болашақ ұрпақтар алдындағы жауапкершілігінің төмендеуі, тәрбие мәселелеріне немқұрайлы қарауы жиі көрініс табуда. XXI ғасырға адамзат үлкен ғылыми-техникалық жетістіктермен жетіп отырғаны баршамызға мәлім. Жоғарғы дамыған электрондық техника, өндірістік технологиялар, медициналық ғылымдардың жетістіктері, генндік инженериядағы ашылып жатқан жаналықтар, физиқа, космос жетістіктері тағы сол сиякты басқа жетістіктер адамзат қоғамының өркендеуіне, адамның жұмыс істеуіне көп жеңілдік жасауда. Бірақ осындай жетістіктерге қарамастан неліктен қоғамда жағымсыз кұбылыстар жиілеп, барады? Жұмыссыздык, тастанды балалардың көбеюі, қылмыскерлер санының артуы,зорлық-зомбылық, ланкестілік т.б. Бұлардын себебі неде? Неге қоғам өркендеген сайын мұндай жагымсыз әлеуметтік құбылыстар сирек байқалмайды? Бұл қарама-қайшылыктардың себептері неде? Мұндай себептердің тамыры тереңге созылып бүкіл дүниежүзі бойынша байқалған білім беру саласындағы дағдарыстық жағдайлармен байланысып жатыр. Қазіргі әлеуметтік-философиялық, психологиялық, педагогикалық салалардағы зерттеушілер бұл дағдарыстан шығу жолдарын жан-жақты іздестіруде. Дағдарыс дегеніміз не? Жалпы дагдарыс деген ұғым - кез келген құбылыстардағы терең жатқан ішкі қарама-кайшылыктарының күшейген жағдайы.Ғалымдардын пайымдауынша, егер осындай қарама-кайшылықтар дер кезінде зерттелмесе, олардың пайда болу себептері мен шешімдері іздестірілмесе, онда бұл үрдіс үлкен дағдарысқа ұшыратуы мүмкін. Керісінше, егер дағдарыстың шынайы себептері анықталып, оны шешу жолдары айқындалып, сол бағытта нақты шаралар қолданылса, дағдарыс үлкен бір жетістіктерге жеткізуі де ықтимал. Дүниежүзілік дағдарыс көріністері ретінде үлкен жастағы адамдар мен тіпті жас өспірімдеріміздің арасында ішімдікке, нашақорлыққа, токсикоманияга салынып кеткен адамдардың көбеюін, экологиялық ситуацияның нашарлауын, әлеуметтік фрустрацияның байкалуын атап өтуге болады. Осылардың нәтижесінде адамдардың интеллектілерінің төмендеуі, балалардыд жүйке ауыруларының көбейюі, туа біткен ауырулар (ақыл-есінің есту қабілеттерінің, көру, сөйлеу қабілеттерінде кемістіктері бар балалар санының көбеюі), жұқпалы ауырулар жиі байқалуда. Осындай кездесіп отырған құбылыстар негізінде адамдардың тұлға аралық қатынастар мәдениетінің нашарлауы жиі орын алады. Көптеген жағдайларда адамгершілік қағидаларының сақталмауы, жетіспеушілігі, жас өрендердің гуманизм принциптерінен алшақтауы, жалпы адами әдеп негіздерінің жетіспеушілігі, кызбалык, ашуланшақтық, қатыгездік, кек сақтаушылык, өркөкіректік т.б. жағымсыз қасиеттер жас өспірімдер, ересек адамдар арасындағы түсініспеушіліктердің, шиеленістердің туындауының негізгі себептері болып табылады. Осындай әлеуметік қолайсыз жағдайларға кездескенде адамдардың көпшілігін болашақтың қандай болатындығы алаңдатады. Осы мәселелерді зерттеуде психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде әлеуметтік фрустрация деген ұғым көп қолданылады. Әлеуметтік фрустарация-адамдардың болашақтың белгісіздігі не алаңдаушылығы, мақсатқа жете алмауындағы торығып күйзелуі, жеке тұлғаның өзін дәрменсіз, ешкімге қажетсіз сезінуі, балалар мен ересектердің әлеуметтік қорғаныссыздығынан абыржуы, уайымға салыну сияқты психологиялық жағдайы. Адамдардың рухани және дене тәрбиесі жағынан даму барысындағы қайшылықтарды шешуде білім беру саласының мүмкіндіктерінің аймағы кең. Білім беру арқылы адамдар жаңа құндылықтарды игереді және жан-жақты тәрбие мен терең білім арқылы жоғарғы адамгершілік нормаларды қалыптастырып, өмірлік даму бағыттарын жетілдіреді. Жоғарыда көрсетілген жалпы дағдарыстық жағдай кәсіптік білім беру саласына да әсерін тигізуде. Мамандарды даярлау саласындағы шоғырланып қалған күрделі проблемалар қандай? Қазакстан Республикасының үздіксіз педагогикалык білім беру тұжырымдамасында көрсетілген проблемалардың негізгілерін атап өтетін болсақ: -педагогтардың әлеуметтік мәртебесінің төмендеуі, қоғамдағы мұғалім мамандығының тиісті деңгейде бағаланбауы, соған байланысты жас кадрлардың білім алған саласы бойынша жұмысқа орналаспауы, олардың төлемақысы неғұрлым жоғарырақ экономикалық салаларға бет бұрулары; - болашақ псдагогтардың рухани-адамгершілік, азаматтық- патриоттық, көпмәдени, экологиялық тәрбиелер деңгейінің төмендеуі; - педагогикалық білім беру жүйесіндегі ақпараттық орта мен мәдениеттің нашар дамуы; - білім беру мекемелерін басқару жүйесі және оның құрылымындағы олқылықтар; - педагогикалық білім берудегі бір-бірімен сабақтасқан стандарттар мен бағдарламаларды кұрастырудағы ғылыми негізделген турғыдан қараудың жеткіліксіздігі; - педагогикалык білім беру сапасын диагностикалаудың ғылыми-әдістемелік негіздердін жеткілікті дәрежеде кұрастырылмағандығы: -педагогикалык мамандықтардың стандарттарында психологиялық-педагогикалық пәндерді және псдагогикалық практика келсмінің минимумға дейін азайтылуы; - арнайы пәндер мен психологиялық-педагогикалық пәндердің арасындағы байланыстың нашарлауы; - жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеге енгізудің жеткіліксіздігі; - болашақ мамандарды даярлау практикасында аймақтық ерекшеліктердің толық ескерілмеуі; -болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлаудың қамтамасыз ететін ғылыми- әдістемелік, материалдық-техникалык, ақпараттық базаның жетіспеушілігі т.с.с. Осындай күрделі мәселелерді шешуде қазіргі жоғары оқу орындарына үлкен міндеттер жүктелген. Бір жағынан кәсіптік білім берудің сапасы қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық, саяси дамуының маңызды компоненті болып қарастырылса, екінші жағынан - адамдардың құндылыктық бағдарларындағы қайшылықтарды шешудегі, рухани және адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың компоненті ретінде маңызды роль атқарады. Мұндай ауқымы кен мәселелерді шешуде барлық ғылымдардың байланыстары күшейтіліп, мүмкіншіліктері жұмылдырылып, нақты гуманистік бағыттарда жүйелі іс-шаралар жүргізіліп тиімді нәтижеге қол жеткізуге болады. Философия мен педагогиканың байланысы - XXI ғасырдағы білім беруді дамытудың басты бағыты ретінде. Жоғарыда атап көрсетілген білім беру саласындағы дағдарыстық жағдайлардан шығу жолдарының бірі - білім беруді жалпы әлеуметік мәселе ретінде қарастырып, барлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың мүмкіншіліктерін біріктіріп, оны дамытудың жаңа бағыттарын іздестіріп іске асыру болып табылады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - дегендей әр түрлі ғылымдардың зерттеу пәндері әртүрлі болғанымен, кейбір мәселелерді шешуде олардың өзара ынтымақтастығы мен ықпалдастығы қажет. Педагогика көптеген ғылымдармен тығыз байланыста болыл келеді. Оның өзі философия ғылымы негізінде дамыған, себебі философия ең ежелгі ғылымдардың бірі болып, кейіннен оның тармақтары көбейіп, әр қайсысы өз алдына жеке ғылым негізі болып қаланған. Сондықтан, педагогика ғылымы мен философия ғылымының жанасатын,түйісетін, тоғысатын жерлері жиі кездеседі. Ежелгі философтардың еңбектерінде философиялық ойлар мен педагогикалық мәселелердің тығыз өріліп жатуы да осы себептен. Шығыстын атақты философы, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің ұланғайыр еңбектері, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ибн Сина, Әбу-райхан әл-Бируни, Фирдауси, Низами, Қожа Ахмет Яссауи сынды көрнекті ойшылдарымыздың тәлімдік тағылымдары мен даналық ой- пікірлерінде философиялық, әлеуметтік, тәлім-тәрбиелік, психологиялық- педагогикалық идеялардың барлығы үйлесімді ұштасқан. Философия ғылымы адам мен табиғат арасындағы қатынасты, адамның дүниетанымын зерттейтін болса, педагогика ғылымы адамның тәрбие арқылы қоршаған ортаға бейімделуін зерттейді. Философия зандары, философиялық ілімдер, идеялар көптеген білім беру мәселелерін зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде қолданылады. Педагогика ғылымының философиямеи байланысы ең ұзақ мерзімді және ең нәтижелі байланыс деуге болады, себебі көптеген жағдайларда философиялық идеялардың өздері педагогикалық теориялар мен тұжырымдардың пайда болуына әсер етіп, педагогикалық ізденістердің даму бағыттарын анықтайды. Педагогика және философия ғылымдарының тығыз байланыстылығы олардың гуманистік бағыттылығында. Гуманизм деген сөз латын тілінен аударғанда «адамгершілік», «ізгілік» деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық сөздікте гуманизм - адам тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы; тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған және тұлғаның жан-жакты дамуын қарастыратын ілім ретінде түсіндіріледі. Гуманизм - адамның өмірлік ұстанымы, оның қағидалары адамның адами қасиеттерін сақтап, оны тек жағымды, жақсы ізгі істерге бағыттайды. Қазіргі жаһандану заманында білім беру саласының да жетекші идеясы, жоғарғы гуманистік мәні - әр бала тұлғасын ең жоғары құндылык ретінде қарастыруында. Сондыктан оқыту-тәрбиелеу процесін ізгілендіру мәселесіне басты назар аударылуы қажет. Бұл идея адамзат қоғамының даму тарихында қасиетті діни кітаптарынан басталып күні бүгінге дейін өзектілігін үздіксіз жоғалтпай келеді. Осы гуманистік идеяның маңыздылыған: «Өмір - теңіз, жүзем онда демеңіз; “Ізгіліктен жасапмаса кемеңіз» - деген Рудаки сөздерімен негіздей кетуге болады. Гуманизация - қазіргі коғам дамуының ең маңызды бағыты. Гуманизация ұғымы ғылымаралық ұғым. Білім берудегі гуманизм әр жеке тұлғаның мәдениет әлемінде өзін-өзі таныта алуына, еркін түрде өз орнын анықтай алуына, жақсылық пен жамандықты, дұрыс пен бұрысты, өмІрдегі мәнді және мәнсіз нәрселерді саналы түрде ажыратып таңдай алуларына жағымды ықпал жасап септігін тигізуге бағытталған. Осындай өзгертулердің негізгі жолдарының бірі ретінде білім беруді гуманизациялау және гуманитарландыру жатады. Білім беру мазмұнын гуманизациялау және гуманитарландыру принциптері барлық нормативтік, заңдык құжаттарда ең жетекші принциптерінің бірі болып табылады. Бірақ көп жағдайларда олар жай ғана жалаң идея түрінде, ұран ретіыде, сөз жүзінде ғана қалып қоймай, оны пракгика жүзінде іске асыру үшін көптеген өзгерістер енгізу қажет екені анық. Білім берудің гуманитарлық сипаты тек білім беруде ғана емес, сонымен қатар адамның объективті шынайылыққа деген дұрыс көзқарастарын, қатынастарын өзгертуде байқалады.Гуманитарлық білімдер адам тұлғасын қалыптастырып оның бойында философиялык, адамгершілік, мәдени негіздерді дамытады. Солар арқылы адам түрлі қоғамдық қатынастарға араласып мәдени құндылықтарды, ұлттық салт-дәстүрлерді, азаматтық нормаларды тасымалдаушы және келер ұрпакқа жеткізуші болып табылады.Яғни,философиялық-педагогикалық ғылымдардағы гуманистік бағыттың маңыздылығы оның жалпы адамзаттық құндылықтардың сақталуына, жеке тұлғаның дүниетанымының дұрыс қалыптасуына, оның өмірде өзінің өзектілігін сезіне алуына жауапты екендігінде. Ғасырлар тоғысында гуманитарлық білімдердің қажеттілігіне байланысты, жаратылыстану ғылымдары мен гуманитарлық ғылымдардың өзара әрекеттестігі, өзара жақындауы білім беру саласының стратегиялық міндеттерінің бірі болып анықталуда. Адамның жаратылыстану ғылымдары негізінде алған білімі адамзат игілігіне жұмсалып әлеуметтік сұранысқа жауап бере алуы керек. Бүгінгі таңда гуманист болу әр адамның белсенді өмірлік ұстанымына айналуы шарт. Ал бұндай ұстаным ұстаздық мамандықты тандаған болашақ педагогтар тұлғасының аса қажетті сапаларының бір кьіры, өйткені нағыз мұғалімдердің барлық істері тек ізгілікке, адамзат игілігіне бағытталгандығы кімге болсын белгілі. Сонымен, гуманистік бағытты дамытып сол жолда өз мүмкіншіліктерін біріктірген әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқыту қажеттілігі мамандардың әлеуметтік-гуманитарлык даярлығына саяды.Болашақ мамандардың жоғары деңгейдегі әлеуметтік-гуманитарлық даярлығы - олардың табысты кәсіптік іс- әрекет ете алуларының негізгі факторы деуге болады. Философия мен педагогикадағы гуманистік идея қазіргі ұлттык кәсіптік білім беру моделі негізінде іске асырылуы керек. Және олар болашақ маманның әлеуметтенуіне,гуманистік қатынаста өздерін іс жүзінде көрсете алуларына септігін тигізіп төменгі сұрақтарға жауап іздестірулері маңызды: - Болашақ мұғалімнің табысты кэсіби іс-эрекет жасай алуы үшін гуманистік идеялардың қажеттілігі қаншалықты? - Әрбір болашақ мұғалімнің жеке тұлғасын қалыптастыруда гуманистік идеялардың ролі, орны, үлесі қандай? - Гуманистік идеяларды практикаға ендірудің қандай жолдары бар? Осындай сұрақтарға жауап іздестіретін болсақ, жоғары оқу орнын бітіретін жас маман тұлғасының қандай болуы керек екендігі аңғарылады. Ол тек кана білім беру стандарттарымен белгілеген нақты бір көлемдегі теориялық білімдерді меңгеріп, оларды оқушыларға тасымалдаушы емес, ерекше гуманистік бағдары қалыптасқан, өз шәкірттерін адамзат игілігіне кызмет етуге бағыттай алатын, түрлі әлеуметтік қатынастарға үйлесімді араласа алатын шығармашыл, құзіретті тұлға болады. Бұлай дейтініміз, егер болашақ мамандықтың теориялық негіздерін меңгеріп, бірак кәсіби іс-әрекетті сол білімдер негізінде ұйымдастыра алмаса, онда жас маман өзінің жұмысына өзі қанағаттанбайды, мұндай жұмыстың нәтижесі оның өзін де, өзгелерді де қуантпайды. Жас маманның жоғарғы білім туралы дипломы онын шыгармашылығының, шеберлігінің, құзіреттілігінің толық көрсеткіші бола алмайды, ол тек кана оның жоғарғы оқу орнында білім алып шыққанын растайтын кұжат. Яғни, жоғары оқу орнын бітірген студенттердің көпшілігінің дипломдары бірдей болғанымен, олардың педагогикалық шеберліктері, кәсіби құзіреттіліктерінің деңгейлері бірдей емес. Осы жағдайдың өзі маманның кәсіби құзіреттіліктерін дамыту мәселесінің өзектілігін айқындайды. Педагогика ғылымында адам тұлғасының қалыптасуына ең әсерлі факторлардың бірі - онын қоршаған ортасы болып табылады. Сондықтан болашақ мамандардын гуманистік бағдарларын қалыптастыру үшін кәсіби білім беру барысында жаңа технологиялар қолданылып студенттерге қолайлы психологиялық- педагогикалық жағдайлар жасалуы керек. Студенттерді қоршаған орта да, жоғары оқу орнының оқыту-тәрбиелеу үрдісі де біртұтас әлеуметтік- гуманитарлық кеңістікке айналуы қажет. Болашақ мамандарды даярлау барысындағы тұлғалық-бағдарлық, іс- әрекеттік, аксиологиялық, құзіреттілік тұрғыдан қарау бағыттары. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында көрсетілгендей білім беру саласы бірнеше деңгейлерге бөлінеді: мектепке дейінгі, орта бпіім беру,орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру, жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру деңгейлері. Аталған деңгейлердің барлығы өзіндік мақсаттарымен, құрылымымен, басқару формасымен, мазмұнымен, қоғамда алатын орнының маңыздылығымен ерекшеленеді. Бірак осы деңгейлердің барлығы біртұтас білім беру кеңістігін құрастырып тұрғандықтан, оларға ортақ өзекті мәселелер де бар. Солардың ішінде айырықша атап өтетін мәселелерге білім беру сапасын жоғарлату, адами факторды дамыту, білім берудің нәтижелілігі, қай деңгейде болмасын жұмыс істейтін мамандардың даярлықтарын күшейту әр деңгейге ортақ өзекті мәселелер қатарында. Ал болашақ мамандар даярлығының сапасы ертеңгі күнде қоғамның, экономиканың дамуына, жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеу іс-тәжірибесінің нәтижелілігіне тікелей әсерін тигізетіні сөзсіз. Кәсіптік білім беру саласындағы әлемдік тенденцияларды қарастыра отырып, әсіресе кәсіби- педагогикалық білім беру саласында педагогикалық кәсіпкерлік пен мұғалімнің тұлғалық қасиеттеріне қойылатын талаптардың күшеюі байқалады. Қазіргі білім беру парадигмасында ерекше талқыланып жатқан бірнеше маңызды бағыттар бар. Олардың ішінде тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік, аксиологиялық, құзыреттілік тұрғыда қарау бағыттары аса терең зерттеліп іске асырылуда. Бұл бағыттардағы зерттеулердің барлығы жеке-жеке педагогикалық теорияларға айналуда. Осы теорияларға қысқаша тоқталып өтейік. 1) Білім берудегі тұлғалык-бағдарлык тұрғысынан қарау бағыты жеке тұлғаны ең жоғарғы құндылык ретінде қабылдауды көздейді. Педагогикалық сөздіктерде тәрбие барысындағы тұлғалық-багдарлық тұргыдан қарауды педагогтардьщ баланы жеке тұлға ретінде және тәрбиелік ықпалдың саналы, жауапты субъектісі ретінде қабылдайтын бірізді қатынасын атайды. Педагогикада бұл теория тәрбиенің субъект-субъектілі процесс ретінде анықталуына байланысты XX ғасырдың 80 жылдарынан бастап қалыптаса бастады. Оның әр түрлі философиялық, психологиялық-педагогикалық аспектілерін Б.Г.Ананьев, А.Г.Асмолов, МС.Каган, В.В. Сериков, И.СЯкиманская т.б. көптеген ғалымдар зерттеген. Бұл теория бойынша педагог әрбір балаға тек объект ретінде емес, керісінше, оны белсенді позицияға қойып оқушы тұлғасын субъект ретінде қабылдауы қажет. Яғни әрбір баланың жеке дара тұлға екені ескеріліп, оның құндылығын басты мәселе ретінде қарастырған абзал. Бұл идеяның басты мақсаты - балаға құрмет көрсете отырып оның өзін-өзі жеке тұлға ретінде сезінуіне жағдай жасау, өзіндік санасын, өзін-өзі іске асыра алу, өз күшіне деген сенімділікті артгыру сияқты мүмкіншіліктерін дамыту. Әрине,тәрбие үнемі ұжымдық сипатта болатыны белгілі.Сол ұжым ішінде гуманистік қарым-қатынастар арқылы шәкірттер өздерінің тұлға екенін сезініп, басқа тұлғаларды құрметтеуге үйренеді. Дәл осы ұжым ішінде жеке тұлға өзінің мүмкіншіліктерін бағалап сынай алады, қандай қабілеттіліктерін жетілдіру, қай бағытта өздерін дамыту керек екендігін анықтайды. Тұлғаны тұлға ғана қалыптастыра алатыны анық. Сондықтан болашақ мұғалімдер де бала тұлғасына дұрыс тәрбиелік ықпал беру үшін өз тріғаларьш жан-жақты дамытуға тырысулары керек, өзінің ішкі «Мен»-тұжырымдамасымен жұмыс істеулері маңызды. Егер болашақ ұстаз өзінің жеке «Мендігін» жағымды етіп қалыптастырса, ол балалар тұлғасына да жағымды ықпал бере алады.Ал өзін-өзі төмен бағалайтын мұғалім басқаларға да жағымсыз көзқарас танытады. Мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын негізгі бағдар - бала тұлғасының ерекшеліктері, әрбір баланың шығармашылык әлеуетін дамыту. Әр баланың ішкі қабілеттіліктері, мүмкіншіліктері, жас және дербес ерекшеліктері, жеке бір қайталанбас әлем ретінде қабылданады. Тәрбиелеу және оқыту барысында әр баланың тұлғасын дамытуға арналған қолайлы жағдайлар, оқушының өзін-өзі іске асыра алуына көмектесетін әдіс-тәсілдер қолданылуы кажет. Ал әрбір тұлға тек өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы ғана дами алады. Мысалы, адамды жүзуге үйрету үшін оған сөз жүзінде айтылған кеңестер, нұсқаулар жеткіліксіз, себебі адам өзі суға түсіп, жүзуге қажетті іс-к,имылдарды орындап көрмейінше ол ешқандай табысты нәтижеге жете алмайды. Сондықтан тәрбиеде іс-әрекеттік тұрғыдан қарау деген маңызды бағытқа тоқталған жөн. 2) Білім берудегі іс-әрекеттік тұрғыдан қарау теориясын қарастырудан бұрын іс-әрекет ұғымын анықтап алайық. Іс-әрекет—бір мақсатқа бағытталған, тұлғалық және қоғамдық маңызы бар нәтиже беретін белсенділік. Оның кұрылымында мынандай компоненттері бар: мақсат, мотив, әрекет немесе іс- қимыл, құрал, нәтиже, бағалау. Егер осы компоненттердің біреуі орындалмай қалса онда тұлғаның толыққанды іс-әрекеті де бола алмайды. Сурет 1. Іс-әрекет құрылымы. Педагогикалық-психологиялық ғылымдар саласыңда іс-әрекет теориясының дамуына С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин т.с.с. психологтардың зерттеулері негіз болған. Суретте (сурет 1) көрсетілген іс-әрекет компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста болып біртұтас жүйені кұрайды. Бұл жүйедегі компоненттер өзара бірі-біріне тәуелді, олардың кез келген компонентін алып тастасақ толыкқанды атқарылтан іс-әрекет болуы мүмкін емес. Әрбір көрсетіліп отырған компонент өзіндік маңызды рөль атқарады. А.Н.Леонтьевтің пікірінше мақсат кез келген іс-әрекеттің жүйе құрастырушы компоненті болып табылады. Шынымен, максатсыз іс әрекет болуы екі талай. Әр адамның алдына қойған жакын және алыс мақсаттары болады. Мотив деген компоненттің ішіне адам үшін маңызды рухани, материалдык, әлеуметтік, табиғи-биологиялық қажеттіліктер кіреді. Іс-қимылдар, операциялар - іс-әрекеттің негізгі компоненттерінің бірі. Кез келген іс-әрекет жүйелі түрде орындалатын түрлі іс-қимылдар тізбегінен қүралады. Мысалы, тұру, жүру, отыру, көтеру, әкелу, ашу, жабу, жугіру сиякты қимылдар мен қатар қарау, тыңдау, есту, оқу, талдау, тұжырымдау т.с.с. ойлау операциялары да бар. Іс-әрекет мақсатына байланысты құралдар таңдалады. Құралдардың өзіндік ерекше орын алатыны белгілі. Олардың өзі іс-әрекет мақсатына байланысты таңдалып еңбек құралдары, ойын құралдары, тіл құралдары, оқыту құралдары т.с.с. бөлінеді. Іс-әрекет нәтижесі деген компонент тұлға үшін маңызды компоненттердің бірі. Жоғарыда аталып келе жатқан компоненттердің барлығы осы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған. Бағалау компоненті - іс-әрекет мақсатына жетудің өлшемі. тұлға орындаган іс-әрекетінің табысты немесе табыссыз аяқталғанына баға береді. Білім беру саласындағы іс-әрекеттік тұрғыдан қарау теориясы сана мен іс-әрекеттң бірлігі деген психологиялық теорияға негізделеді.Бұл теорияны түбегейлі меңгеру болашақ; мұғалімдер үшін өте маңызды. Неліктен? Оны негіздеу үшін мынандай мысалды қарастырайық. Кез келген дәстүрлі сабақты көз алдымызға елестетейік. Сол сабаққа қызыға белсенді қатысып отыратын және керісінше, оқу-танымдык іс-әрекетке мүлде қатыспай, сабақтың тез аяқталуын асыға күтіп жұмыссыз отыратын балалар да кездесетіні белгілі. Оқушылардың барлығына мұғалім жаңа тақырыпты бірдей түсіндіреді, бірақ олардың сабақтағы қызығушылықтары мен тақырыпты меңгеру нәтижелері әр-түрлі болып келеді. Мұның себебі неде? Мұғалім сабақ мақсатын ойластырғанда, балалардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін жоспарлағанда нені ескермеді? Кез келген іс-әрекеттің нәтижесі оның мақсатының қалайша анықталғанына байланысты. Мұғалім сабақ мақсатын өз тұрғысынан анықтайды, балалардың танымдық іс-әрекеттерін, іс-қимылдарын ұйымдастыруды жоспарлайды, бірақ ол мақсаттар балалар санасына сәйкес емес, түсініксіз, немесе оқушылар үшін кызықсыз болуы да мүмкін. Сондықтан оқушылардың барлығы бірдей оқу-танымдык іс-әрекетке қатыса бермеуінің негізгі себептерінің бірі-сабақ максатының бала санасына толық сәйкестендірілмеуі. Сонда мұғалімнің сабаққа дайындығы бекер болғаны ма, еңбегі нәтижесіз далаға кеткені ме? Бұл мысалда іс-әрекет мақсатының ұғынықты, қызықтырарлықтай болуы кажет екендігі меңзеледі. Ал жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттің басқа да компоненттері қаншама. Міне, осындай педагогика және психология жағынан терең ойластырылмаған, әдістемелік жағынан дұрыс ұйымдастырылмаған оқу-тәрбиелеу үрдісінде балалар да сабақка немқұрайлы қарайды. Ал сабақ үстінде кейбір оқушылар уақытының бостан-бос мағынасыз өтіп жатуының, олардың жұмыссыздыққа бейімделуінің қауіптілігі туралы,және осы жағымсыз құбылыстардың бала жанына әсері туралы В.А.Сухомлинскийдін мынандай ойына тоқталып өткен орынды болар. «Партадагы жұмыссыздық, күн сайынғы жұмыссыздың, айлар мен жылдарға ұласқан жұмыссыздық - міне бұл аса қатерлі қауіп. Ол адамды аздырады, моральдық тұргыдан мугедек етеді; ең маңызды саладагы, адам еңбекқор болуга тиісті ой- сан асаласындағы олқылықтың орнын ештеңе де - мектеп бригадасы да, мектеп учаскесі де, шеберхана да толтыра апмайды» - деген ұлы педагогтың сөздері күні бүгінге дейін өзекті. Сонымен, білім берудегі іс-әрекеттік тұрғыдан қарау теориясы бойынша әр бала мектеп жасынан оқу-танымдық іс-әрекетке саналы, белсенді қатысуы аркылы өзін-өзі іске асыруы, табысқа жетуі мүмкін. Кәсіби білім беру барысында да осы іс-әрекеттік бағытқа көп көңіл бөлініп, қазіргі кезде «табысты іс-әрекет», «іс-әрекет табыстылығы», «табысты кәсіби іс-әрекет» ұғымдары терең зерттелуде. Себебі кез келген іс- әрекет нәтижесі табысты да, табыссыз да болуы мүмкін. Білім алушылардың табысты кәсіби іс-әрекетке даярлықтарын қалыптастыру - бүгінгі кәсіби педагогиканың өзекті мәселелерінің бірі. Егер адам үнемі біреудің айтқанымен ғана жүріп, біреудің айтқанын ғана орындайтын болса, онда ол толықканды дамыған, өзін еркін сезіне алатын тұлға бола алмайды. Педагогтар да әр бала тұлғасы үшін не маңызды, не құнды екенін ескерулері қажет. Сондықтан құндылықтық тұрғыдан тәрбиелеу және оқыту бағытын қарастырайық. 3) Білім берудегі аксиологиялық (құндылықтық) бағытта жас ұрпаққа ұлттық, жалпы адамзаттық құнылықтарды меңгерту, адамгершілік құндылықтар негізінде адам тұлғасын жетілдіру, оның әлеуметтік қатынастарға икемделу мәселелері маңызды болып табылады. Аксиология (грек тілінің «ахіа» - кұндылық және «logos» - ілім) – құндылықтардың табиғаты жайлы және дүниедегі құндылықтар жүйесі туралы философиялық ілім. . Құндылық ұғымы философияда, әлеуметтануда, психологияда кеңінеи қарастырылған. Философияда «құндылық» ұғымы - тұлға үшін маңызды, пайдалы, өзін жетілдіруге және адамзат қоғамының дамуына септігі бар адамның шынайылыққа деген қатынасының мәні Психологияда құндылықтар қоғамдағы моральдық қатынастардың формасы ретінде қарастырылады. Біріншіден, құндылық - жеке тұлғаның (нвмесе әлеуметік топтың, ұжымның) адамгершілік мәні, абыройы жэне қоғамдык институттардың (отбасы, мектеп, бала бақша, қогамдық ұйымдар, университеттер т.с.с.) адамгерішлік сипатгары болып қарастырылса, екіншіден, моральдық санаға қатысты көзқарастар: моральдык нормалар, принциптер, жақсылық пен жамандық, адалдық, бақыт туралы түсініктер. Көптеген зертгеушілер құндылықтың мынандай белгілерін атап көрсетеді; маңыздылығы, пайдалылығы, жагымдылығы, абыройлығы, әлеуметтік мәні. Педагогикалык құндылықтар жалпы адамзаттық құндылықтармен тыгыз байланысып, өріліп жатыр деуге болады. Әлеуметгік өзгерістерге байланысты қоғамның да, тұлғаның да, мектептің де құндылық бағдары өзгеріп отырады. Бірақ тамырлары тереңде жатқан, көп ғасырлар бойы адамзаттың дамуына бағдар беріп келе жатқан гуманизм, адалдык, адами борыш, табиғатты аялау, сұлулық сезімдері сиякты мәңгілік құндылықтар педагог мәдениетінің негізін қалайтын іргетасы. Ал педагогикалық аксиологияның мәні педагогикалық іс-әрекеттід өзгешелігімен, тұлғаны қалыптастырушылық және әлеуметтік мәнімен анықталады. Педагог іс-әрекетіне байланысты құндылықтарды В.А.Сластенин төмендегідей жұйелейді: - тұлғаның әлеуметтік және кәсіби ортадағы өзінің рөлін анықтауымен байланысты құндылықтар {педагог еңбегінің әлвуметтік мәні, педагогикалық іс-әрекеттің жоғары багалануы, т.б.); -қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыратын құндылықтар және оның шеңберінің кеңейе түсуі (балалармен сүйіспеншілік қарым-қатынас, әріптестерімен, ұжыммен үйлесімді қарым-қатынастары, рухани құндылықтармен алмасу т.б.); - дербес шығармашылықты дамытуға бағыттайтын құндылықтар (кәсіби- шығармашылық іскерліктерді дамыту мүмкіншілігі, әлемдік мәдениетке қызығуы, өзін үнемі жетілдіруі т.б.); - өзін-өзі іске асыра алуға мүмкіндік беретін құндылықтар (педагог еңбегінің көп қырлылыгы, әлеуметтік жағдайы нашар балаларга көмек көрсете алуы, т.б); - жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға мұмкіндік беретін құндылықтар {қызметіне қарай мемлекет тарапынан еңбек ақысын алуы, жазгы демалыс .узақтылыгы, қызмет бойынша өсуі т.б.). 4) Қазіргі білім беру саласындағы құзіреттілік бағыт бойынша тұлғаның меңгерген теориялык білім, білік, дағдылары аркылы кез келген мәселені өз бетінше шешіп, табысты нәтиже көрсете алу қабілеттерін дамыту көзделеді. Бұл бағытгың өзектілігі әлеуметтік ортада көрініс тауып отырған теория мен практиканың алшактауы мәселесінен туындайды. Білім беру саласының қай деңгейіндегі болмасын білім алушылардын териялық білімдерін практикамен тығыз ұштастыра алмайтындығы білім берудің мақсатынан бастап нәтижелеріне дейін қайта қарастыруды талап етеді. Болашақ мамандардың кәсіби кұзіреттілігін дамытудың теориялық негіздері мен түрлі аспектілері Н.Хомский, Р.Уайт, Дж.Равен, Е.В.Бондаревская, Н.В.Кузьмина, Л.М.Митина, В.А.Сластенин, Н.Ф.Талызина, А.К. Маркова, И.А.Зимняя, Н.Д.Хмель, Ш.Т.Таубаева, У.Б. Жексенбаева, М.Х.Балтабаев, Б.Т.Кенжебеков, Г.Ж.Менлибекова тагы баска көптеген шет елдік және отандық ғалымдардың еңбектеріңде зерттеледі. Көптеген мемлекеттерде білім берудегі құзіреттілік бағыт ұлттық білім беру стандарттары аркылы іске асырылуда. Қоғамдағы күрделі өзгерістер адам факторының дамуына жыл сайын жаңа талаптар қойып отырғаны айкын, сондықтан әр бір адам әлеуметтік өзгерістерге тез бейімделгіш, білімдерін шығармашылықпен іске асыра алатын, өзін-өзі дамытуға дайын тұлға бола алуы маңызды. Осы идеяға байланысты казіргі білім беру саласының ерекше сипаттарының бірі - оның нақты нәтижелерге багытталғандыгы. Білім беру саласының мақсаттары мен мазмұнының күрделенуі, жаңа білім беру нәтижелерін анықтау, ондағы бағалау жүйесіне де қазіргі дүниежүзілік білім беру стандарттарымен сәйкестендіріп өзгертуді қажет етеді. Бұл бағыттың дамуындағы негізгі мәселелер ретінде оқушылардың оқу іс- әрекеттерінің барлық түрлерінің нәтижелілігі, олардың алған білімдерінің тәжірибеде пайдаланылуы, оқу-танымдык, тәрбиелік жұмыстар аркылы өзіндік тұлгалык қасиеттерін аша алу іскерліктері қарастырылады. Жоғары оқу орындарында кәсіби білім берудегі құзіреттік багытта студенттердің білімдерінің теория жүзінде ғана қалып қоймай оларды іс жүзінде табысты нәтижеге жете алатындай қолдана алулары көзделеді. Мысалы, педагогикалық жоғары оқу орнының студенті барлық сабақтарды теория жүзінде жаксы меңгерген болсын, бірақ педагогикалық практикада ол өзінің білімін қолдана алмады дейік. Бұл жерде оның кәсіби кұзіреттілік деңгейінің төмендігі көрініс байқалатынын аңгарамыз. Тек жаттанды білімді есте сақтау, оны оқытушы сұрағанда қайта жаңғыртып айтып беру әлі нақты білім болып есептелмейді. Нағыз білім практикада қолданысын тауып, тиімді нәтиже көрсететін білім ғана. Педагогика ғылымында «педагогтың кәсіби кұзіреттілігі» деген ұғым педагогтын кәсіби іс-әрекетін жүргізуге теориялык және практикалық даярлыктарының бірлігімен анықталады. Яғии біз қарастырып отырған құзіреттілік багытта білім берудің соңғы нәтижесі қандай болатындығы өзекті. Бұл бағытта мынандай сұрақтарға жауап іздестіріледі: - Кәсіби білім алу барысында студент қандай нәтижеге жетуді кездеуі керек? - Студенттің қол жеткізген нәтижесі табысты ма, әлде табыссыз ба? - Неше жыл бойы алған теориялық білімін ол кәсіби іс-әрекетте қолдана ала ма? - Егер студент жоғарғы оку орнында алған теориялық білімдерін кәсіби іс- әрекетте табысты қолдана алмаса ондай білімнің құндылығы қандай? Сондықтан қазіргі таңда білім беру саласындағы құзіреттілік бағытты іске асыру, кәсіби құзіреттілікті дамыту мәселссі көптеген педагог-ғалымдардың зерттеу пәніне айналып отыр. (Педагогикалық құзіреттілік мәселелері 7 тақырыпта толығырақ қарастырылады). Жоғарыда карастырылып отырған өзекті бағыттар мен қатар қазіргі таңда әр бір жеке тұлғаның әлеуметтенуіне жағымды жағдай жасалу қажетгілігіне байланысты білім берудегі әлеуметтік-гуманитарлық бағыт көкейкесті мәселелердің біріне айналуда. Әлеуметтендіру ұғымы қазіргі педагогика ғылымының маңызды категорияларының бірі болып қарастырылады. Әрбір адам әлеуметтік ортада өмір сүргендіктен ол сол ортаға бейімделіп, үйлесімді қарым-қатынаста болуы маңызды. Ұлы ақын Абай:Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан- дегендей әр адам жас кезінен бастап өзіне лайықты орнын тауып, мәнді, мағыналы өмір сүруге тырысуы абзал. Тұлғаның әлеуметтенуі және оның қоршаған ортамен еркін, сенімді, үйлесімді қарым-қатынас орната алуы үшін оған қолайлы әлеуметтік- гуманитарлық орта, жағымды да тиімді жағдай жасалуы керек. Ал ондай жағдай тұлға аралық қарым-қатынастарды жақсартуды, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы іс-шаралардың ұйымдастырылуын жетілдіруді қажет етеді. Сондай психологиялық-педагогикалық жағымды жағдайда адам өзіне ұнайтын іспен шұғылданып, өз қабілетгерін дамыту барысында ғана шынайы әлеуметтенуі мүмкін. Сол істері аркылы адам жетістіктер байқатса, өзін-өзі басқаларға таныта алады, оның өзіне деген қурмет сезімі күшейе түседі. Мысалы, түрлі үйірмелер, олимпиадалар, спорттық жарыстарға қатысып жетістіктерге қол жеткізген студенттер, оқушылар одан әрі сол бағытта жұмыс істеп ізденуге ынталанады, сол аркылы өздерінің ішкі әлеуеттерін ашып табысты іс- әрекеттерге құлшыныстары арта түседі. Бұл жерде педагогтың атқартын рөлі ерекше. Шәкірт бойында бір нәрсеге деген ынтаны оята алу, сол нәрсеге деген бейімділігін анықтау, оның өмірлік ұстанымдарының, көзқарастарынын, дүниетанымының қалыптасуына дұрыс ықпал ету үшін мұғалім жан-жақты психологиялық-педагогикалық білімдермен қарулануы кажет. Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар 1.Білім беру барысындағы тұлғалық қатынас пен дербестік қатынастың айырмашылығы неде? 2. Білім беру саласындағы дағдарыс дегеніміз не? 3. Әлеуметтік фрустрация дегініміз не? 4. Білім беру саласындағы тұлғалық-бағдарлық теориясының мәні неде? 5. Білім беру саласындағы іс-әрекеттік тұрғысынан қарау теориясының мәні неде? 6. Аксиология дегеніміз не? 7. Әлеуметтендіру ұғымын қалай түсінесіз? 8. Білім беру саласындағы құзіреттілік тұрғысынан қарау теориясының мәні неде? 9. Білім берудегі әлеуметтік-гуманитарлық бағыттың маңыздылығы неде? Әдебиеттер 1. Жексенбаева У.Б. Компетентностно ориентированное образование в современной школе: учебно-методическое пособие - Алматы, 2009 - 190 с. 2. Решетников П.Е. Нетрадиционная технологическая система подготовки учителей: Рождение мастера.- М., 2000. - 304 с. 3. Концепция непрерывного педагогического образования педагога новой формации республики Казахстан. Алматы. 2005. 4.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Негізгі ереже. Астана, 2006. 68 бст. 5.Балтабаев М.Х. Педагогическая культурология:Учебное пособие. Респ.изд.каб. Казахской академии образованияим. И.Алтынсарина. - Алматы, 2000. - 268 с. Модуль 2. Жеке тұлға оның қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы проблемалары. Тақырып 1.Кәсіптік білім беру саласындағы «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсының рөлі мен орны. Мақсаты: Педагогикалық кәсіптің қалыптасуын және ғылыми-педагогикалық білімдер саласындағы «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсының маңыздылығын, рөлін ашып көрсету. Жоспары: 1.Адамзат тарихындағы педагогикалық кәсіптің пайда болуы және қалыптасуы. 2.Кәсіби білім беру саласындағы «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсының рөлі мен орны. 3.Студенттің мұғалімдік кәсіпті таңдауы және болашақ мамандығының маңыздылығын түсінуі. Негізгі ұғымдар: мұғалімдік кәсіп, мамандық, кәсіпті таңдау, кәсіпті таңдау мотивтері, педагогика тарихы. Адамзат тарихындағы педагогикалық кәсіптің пайда болуы және қалыптасуы. Педагогикалық кәсіптің қалыптасуын зерттеу үшін әуелі педагогика деген сөздің этимологиясына тоқталып өтейік. Педагогика деген сөз грек тілінен аударғанда «paida» - бала, «gogas» - жетектеуші деген мағынаны білдіреді. Жас ұрпақты тәрбиелеу - адамзат тәрбиелеу – адамзат қоғамына ғана тән әлеуметтік құбылыс. Ежелгі Грецияда педагогтар деп баланы мектепке жетектеп апарып қарап, қадағалап жүретін күтуші адамдарды атаған. Ал кейінен қоғамдық тәжірибені жас ұрпаққа жеткізу, және оларды еңбек етуге даярлау қажеттілігі педагогтық кәсіптің пайда болуына негіз болды. Сондықтан педагогтар деп балалардың өмірлік жетекшілері ретінде тәрбиешілер мен мұғалімдер атала бастаған Алғашқы қоғамның өзінде-ақ тәрбие еңбек пен өмір сүру процестерінің негізінде пайда болды. Педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы тұрмыстық бақылауларды жалпылауға, тәрбие мәселесіне байланысты әр-түрлі пікірлердің жүйеленуіне негізделеді. Бұл қауымдық құрылыста үлкендердің әлеуметтік тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу еңбек іс-әрекетімен тығыз байланысты еңбек құралдары да өзгере түсті. Саналы түрде еңбек құралдарын дайындау процессінің күрделенуіне байланысты жас ұрпаққа ол тәжірибені арнайы үйрету үшін қауымдағы ақсақалдар, жастары ұлғайған адамдар шағын әлеуметтік топ құрып балаларды еңбек құралдарын, тұрмысқа қажет заттар мен әшекей заттарды жасауға үйретіп, оларды қоғамдық өмірге дайындау және тіршілік ету үшін еңбек іс- әрекетімен айналысқан. Әлеуметтік, экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты адамзат қоғамының әрбір даму сатысында тәрбие мен білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгеріп отырған. Тарихи мәліметтерге негізделетін болсақ ең алғашқы сандар, әріптер, жазулар б.э.д. 2500 жыл бұрын пайда болған екен. Міне сол кездің өзінде жаза алатын адамдар өз білімдерін жас буындар арасындағы таңдаулы балаларға меңгертіп отырған. Құл иеленушілік қауымдық құрылыстан бастап ең алғашқы педагогикалық мәліметтер тәрбие мен оқыту міндеттері жайлы, әр-түрлі пәндер туралы көзқарастар, ұстаз бен оқушыға қойылатын талаптар белгілі философ- ойшылдардың көзқарастарында жүйелене бастағаны байқалады. Педагогикалық ойлар философия, дін, қоғамдық саясат негізінде дамып отырған. Қасиетті діни кітаптарда адамдардың мінез-құлқына қойылатын талаптар, ата-ана міндеттері мен бала құқығы, адамдардың қарым-қатынас ережелері, тәртіптері жайлы, жақсы мен жаманды ажырата білуге байланысты ақыл-кеңестер жазылғаны белгілі. Құнды тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер Демокрит, Протагор, Сократ, Платон, Аристотель, Квинтилиан сынды атақты философтардың еңбектерінде елеулі орын алатыны анық. Шығыс елдерінде орта ғасырларда тәлім-тәрбиелік ой-пікірлермен қатар математикалық, астрономиялық, медициналық білімдер қарқынды дами түсті. Аты әлемге әйгілі шығыстың ғұлама ғалымы, ойшыл, философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астраном, лингвист, логик, музыка өнерінің зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фарабидің асыл мұрасында басқа мәселелермен қатар тәрбие, тәртіп, этика, эстетика, ізгілік, адамгершілік мәселелері үлкен орын алады. Оның «Әлуметтік этникалық трактаттар», «Бақытқа жету жолдары», «Азаматтық саясат», «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары» сияқты еңбектері әлі күнге дейінпедагогикалық білімнің, тәрбиенің қайнар көзі деуге болады. Орта Азияда түркі тілдес халықтар үшін аса маңызды, тәрбиелік мәні жоғары құнды педагогикалық идеялар Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат та- түрік», Жүсіп Баласұғынның «Құтты білік», Ибн Сина рубайлары, Әбу Райхан әл Бирунидің тарихи тәлімдік, матиматикалық пікірлері, әл – Хогрезмидің төрт ғасырдан Еуропа елдерінде оқу құралы ретінде қолданылған «Ал- Джебр» еңбегі, Фирдеусидің «Шахнамасы», Низамидің «Ләйлі мен Мәжнүні», Қожа Ахмет Яссауидің «Диуни хикметі» тағы басқа тәлім- тәрбиелік еңбектері жастарды білім ғылымға шақыруға, адамгершілік қасиеттері мен гуманистік көзқарастарын қалыптастырудағы асыл мұра, құнды мирас. Орта ғасырларда көптеген мемлекеттерде тәрбие процесінің басым көпшілігі діни сипсты болған. Педагогикалық кәсіптің пайда болыцсымен –ақ ұстаздарға білімді берумен қатар тәрбиешілік міндет те жүктелді. Ұстаз тұлғасы - әрі тәрбиеші, әрі оқытушы, әрі кеңесші сияқты рөльдерді қамтитін болды. Әр халықтың ойшылдары, қай ғасырда болмасын тәрбиемен оқыту процестерін ажыратпас біртұтас процесс ретінде қарастыруды талап еткен. Себебі тәрбие адамның бүкіл тағдырына әсерін тигізеді, оның өмірінін рухани негіздерін қалайды. «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қос жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» - деген әл- Фарабидің сөздері қазіргі дамуы жылдам қоғамызда да өзекті болып отыр. Сонымен, педагогиканың ғылым ретінде дамуын адамдардың өмір мен еңбекке дайындалуын объективті қажеттіліктері анықталады деуге болады. Педагогиканың өз алдына жеке ғылым болып қалыптасуына XIIV ғасырда өмір сүрген чех педагогы Я.А. Комескидің қосқан үлесі өте зор. Ол мектептерге арналған ондаған оқулықтар, 200 ден астам педпгогикалық еңбектер жазып оқытудың сынып – сабақ жүйесі жасаған адам. Қазіргі кезде сынып сағат жүйесі, каникулдар, оқыту процестері осы педагоктың атымен тығыз байланысты. Жалпы педагогикалық ғылымның дамуында, жетілуінде И.Г. Песталоции, Ж.Ж. Руссо, К.А. Гельвеций, Д.Дидро, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, В.А. Сухомлинский сынды педагоктар есімдері ерекше орынға ие. Кәсіби білім беру саласындағы «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсының рөлі мен орны. Еліміз егемендігін алып, мәртебеміздің жоғарлануға бағытталған шағында жас ұрпақ тәрбиесіне барынша аландау, білім беру сапасын жоғарлату қазіргі өмір талабы болып отыр. Осыған орай педагогикалық парадигмалардың жаңару жағдайында болашақ педагоктарды даярлау саласына көптеген өзгешеліктер енгізуде. Жоғарғы білім беру стандарттарының мазмұны қайта қарастырылып, үздіксіз білім беру бағытында «Қазақстан Республикасының жаңа формациялы педагогына үздіксіз білім беру тұжырымдасы», «Қазақстан республикасының жоғарығы педагогикалық білім беру тұжырымдасы» жасалған. Орта білім беру саласындағыдай кәсіптік білім беру саласында да жаңа буын оқулықтары, оқу құралдары, оқу бағдарламалары жазылуда. Ақпараттық заманның тез өзгеруіне байланысты жоғарғы оқу орындарындағы оқулықтардың да мазмұндарың жиі жаңартуда қажет етеді. Болашақ мұғалімдерді даярлауда арнайы пәндермен қатар әлеуметтік – гуманитарлық пәндердің де алатын орны ерекше. Ал тікелей ұстаздыққа байланысты білімдермен қаруландырытын және прпктика жүзінде іскерлік пен дағдыларын қалыптастыратын педагогикалық пәндердің маңызы зор. «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсының мақсаты- болашақ мұғалімдерді педагог қызметінің әлеуметтік жауапкершілігімен, гуманитарлық маңыздығымен таныстыру және олардың бойында педагогикалық қызметке қажетті педагогикалық бақыттылықты, кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру болып табылады. Бұл пәннің негізгі міндеттері: - қазіргі дүниежүзілік білім беру кесенесінде білім берудің әлеуметтік- эканомикалық мәнін ашып көрсету; - мұғалімдік кәсіпті меңгеруге деген жағымды ынтаны қалыптастыру; - студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекеттерінің шығармашылық сипатына саналы түрде мүмкіндік туғызу; - әр студенттің мұғалімдік сапасын дербес қалыптастыруға, өздерін өздері шыңдап іске асыруға жағдай жасау. Педагогикалық мамандыққа даярлауда студеттердің жеке тұлға ретінде өсуі, жан-жақты дамуы байқалады, себебі олар басқаларға тәрбие беру үшін ең алдымен өздері тәрбиелі болуға тиісті. «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» сабақтарында студенттерге теориялық білімдерді меңгерумен қатар түрлі треинингтер мен саулнамалар арқылы өздерін болашақ маман ретінде зерттеуге үйрету көзделеді. Педагог кәсібімен айналысатын адам үнемі бақылау үстінде болатыны анық. Мұғалімдікті тандаған адам басқаларға үнемі үлгі -өнеге көрсете алу керек, себебі бұрыннан бері халық арасында ұстаз беделі, ұстаз абыройы жоғары бағаланған. Оның білімімен,ақылдылығымен қатар сөйлеген сөзі, киінген киімі, жүріс –тұрысы,айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы барынша үйлесімді,жарасымды болуы шарт. Осыдан талаптарға сай даярланған болашақ ұстаздар тұлғасы жаңа сапалы деңгейлерге көтеріліп, жылдан жылға дамып,бәсекеге барынша қабілетті,қоғам болашағына елеулі үлестерін қоса алатын,кәсіби құзіретті болуы өте маңызды. Болашақ мұғалімдерді даярлау барысында қарастырылып отырған пән негізінде білім берудің әлеуметтік сипаты, мұғалім еңбегінің қоғамдық мәні, жас мамандардың қоғам болашағы алдындағы жауапкершіліктері қарастырылады. Қазіргі нарықтың эканомика жағдайында қоғамдық,өндірістік қатынастардың сипаттары өзгеріп,жаңа тұрпатты мұғалім даярлауда оның бәсекеге қабілеттілігі,шығармашылығы заман талабына айналуда. Бәсекеге қабілетті ұстаз- жаңа ғылыми білімдерді іздеуге,меңгеруге дейін, тез және дұрыс шешім қабылдап алатын, өзінің кәсіби қабілеттілігіне сенімді,шығармашыл, кәсіби құзіретті тұлға ретінде сипатталады. 2004 жылы қабылданған және бекітілген «Қазақстан Республикасының жоғарғы кәсіби білім берудің (бакалавриат) Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты» маманның құзіреттілік модулі негізделген. Бұл стандарт бойынша жоғарғы оқу орның бітірушілер тұлғасына қойылатын негізгі талаптар анықталған. Болашақ мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның өзін іске асыра алу біліктілігіне, өзін жетілдіріп дамыта алу іскерлігіне байланысты болады. Тек осыдан қабілеттілікті қалыптастыру арқылы ғана мұғалім табысты нәтижеге жетіп, педагогикалық еңбектің шыңына қол жеткізе алады. Студенттің мұғалімдік кәсіпті таңдауы және болашақ мамандығының маңызын түсіну. Болашақ кәсіпті тандау адам өміріндегі ең күрделі қадам және маңызды шешімдердің бірі. Адамның өзіне ұнайтын, өмір бойы айналысатын кәсібін дұрыс тандай білу үлкен жауапкершілікті талап ететін манызды іс. Дұрыс тандалған кәсіп адам өмірінің мәнін, табыстылығын анықтайды. Кәсіпті тандауда адам өзінің қызығушылықтарын, қабілеттерін,ерік- жігерін, бейімділіктерін, икемділігін ескеру керек. Кәсіптік қабілеттерді дамыту ешқашанда кеш болмайды, бірақ оны мектеп жасынан бастаған жөн. Адам өмірінің маңызды құралдарының бірі- еңбек. Еңбек арқылы адам өзінің ішкі әлеуетін іске асырады, қоғамның, Отанның дамып өркендеуіне өз үлесін қосады. Өзіне ұнайтын еңбек түрін дұрыс тандау адамның бақытқа жету жолының бірі. Өйткені тек ұнайтын іс қана адам бойында өмірге деген құлшынысын оятып, жетістіктерге жетуге ынталандырып, қанағаттандыра алады. Өзіне ұнайтын іспен айналысқан адам ондай істен ешқашан жалықпайды, керісінше үлкен шабытпен шұғылданып, рахатқа бөленеді. Осы айтылған пікірлерді ұлы адамдардың ойларымен негіздей кеткен абзал. Тақырып 2. Жеке тұлға педагогиканың мәселесі ретінде. Жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық идея. Мақсаты: студентердің қазіргі білім беру кеңістігіндегі жеке тұлға мәселесі және жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық идея туралы көзқарастарын қалыптастыру. Жоспар: 1.Жеке тұлға ұғымы, жеке тұлғаның педагогикадағы сипаттамасы. 2.Жеке тұлға және жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық идея. 3.Әлемдік білім беру кеңістігінде қажетті көпмәдени жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері. 4.Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті және толеранттылық. Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, индивид, даралық, жалпы адамзаттық құндылықтар, ұлттық құндылықтар,көпмәдени тұлға, толеранттылық. Жеке тұлға ұғымы және оның педагогикадағы сипаттамасы. Адам мәселесі барлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі. Адам мен қоғам өзара қатынастарының нәтижесінде жеке тұлға ұғымы ерекше орынға ие. Адам деген ұғыммен қатар индивид, даралық, жеке тұлға ұғымдары жиі қолданылады. Индивид деген ұғым адамды адамзат тұқымының жеке бір өкілі ретінде, биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастырғанда қолданаылады. Индивид- жекелік, яғни көп адамдардың бірі. Индивид деген терминді қолданғанда адамның жеке қасиеттері ескерілмейді. Индивид деп жаңа туған баланы да, қарт адамды да атауға болады. Себебі олардың барлығы адамзат тұқымының өкілдері. Даралық- адамды басқа адамдардан ерекшелендіріп тұратын айрықша қасиеттері, ешкімге ұқсамастығы, оның қайталанбастығы. Адамның даралығы оның темпераментінен, мінез-құлықтарынан бөлек, әдеттерінен, қызығушылықтарынан, танымдық процестерінің сапаларынан (қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қиял), қабілеттіліктерінен, өзіндік іс-әрекет стильдерінен байқалады. Дүниеде психологиялық ерекшеліктері бірдей екі адамды табу мүмкін емес. Адамдардың тіпті физиологиялық жағынан да бірі- бірін қайталамайтындығы анық. Мысалы 19ғ. сонында ашылған ғылыми жаңалық жер бетіндегі адамдардың бас бармақтарының үлкейтілген суреттерінің бірдей болмайтындығының өзі әр адамның физиология тұрғысынан да қайталанбас жан екендігінің дәлелі. Барлық адамдардың саусақтарының құрылымы бірдей болса да, барлығыныкі капиллярлардан, теріден, клеткалардан, бұлшық еттерден, нерв талшықтарынан құралсада сыртқы терісіндегі суреттері әр адамдыкі әр түрлі болып келетіні ғажап. Адамның қайталанбастығы- оның даралығында. Даралық пен жеке тұлға тең мағыналы ұғымдар емес. Даралық ұғымда көбінесе индивидтің табиғи, туа біткен қасиеттері ескеріледі (темперамент т.б), ал тұлға- адамның әлеуметтік сипаты. Жеке тұлғаның өзін-өзі іске асыра алуына, жетістіктерге қол жеткізуіне, іс-әрекетіне қарап оған баға беріледі. Даралық адамның жеке тұлғасының бір ғана көрінісі, көп қырының бір жағы. Мысалы адамның жүйріктігі, шапшандығы, оның даралық қасиеттеріне жатады, бірақ оның жеке тұлғалық сипаттамасына кірмейді, себебі ол қасиет индивидтің араласатын адамдарының іс-әрекет және қарым-қатынас түрлерінде маңызды роль атқармайды. Тәрбиенің негізгі мақсаты- жана-жакты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Психологиялық-педагогиялық әдебиеттерде К.К.Платонов, Л.С.Выготский, А.Н.Лентев т.б ғалымдар еңбектерінде жеке тұлға ұғымына түрлі зерттеулер жүргізіліп, анықтамалары берілген. Жеке тұлға- қоғамдық өмірдегі күрделі, көп жақты құбылыс, қоғамдық қатынастар жүйесінің бір бөлігі. Психология ғылымында жеке тұлға деп белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортамен өзіндік қатынасын түсінетін, психологиялық ерекшеліктері бар нақты бір қоғамның, ұлттың, ұжымның өкілін атайды. Жеке тұлға- қоғамдық мәні бар адам. Кез келген адам өмірге индивид болып келіп, тек қоғамдық және еңбек іс- әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады. Жеке тұлға- индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі, оның әлеуметтік құндылықтарды менгеруі және сол құндылықтарды іске асыра алу қабілеттері. Жеке тұлға ретінде адам өзінің санасының даму деңгейімен, өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады. Жеке тұлғалық қаситтері арқылы адам қоғамдық қатынастарға қатысады. Психологиялық- педагогикалық әдебиеттерде жеке тұлға туралы тұрақты пікірлер қалыптасқан: -әр адам жеке тұлға бола алады. -жеке тұлға адамды жануарлардан ажыратып тұрады, жануарларға қатысты жеке тұлға ұғымы қолданылмайды. -жеке тұлға- тарихи дамудың нәтижесі. -тұлғалық қасиеттер бір адамды екінші адамнан ерекшелендіріп тұрады. Жеке тұлғаның өзіндік сипаттамалары бар: - белсенділік (өзінің іс-әрекет саласын кеңейтуге құлшынысы); - бағыттылық (ынта, қызығушылықтар, қажеттіліктер, сенімдер жүйесі); - әлеуметтік топтардың, ұжымдардың өзара әрекеттестігі. Педагогикалық сөздіктерде жеке тұлға ұғымы- әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырылады. Жеке тұлға өзін мынандай үш бағытта көрсете алады: - іс-әрекетте; - басқалармен қарым-қатынаста; - өзіне деген қатынаста. Белгілі психолог К.К.Платонов жеке тұлғаның сапаларын жүйелеп, оның иерархиялық құрылымын қарастырған. Оның пайымдауынша жеке тұлғаның кез келген сапасында туа біткен (биологиялық, тұқым қуалаушылық) және жүре біткен (әлеуметтік) құрамды бөліктері болады. Солардың қатынастары бойынша жеке тұлғаның құрлымында сапалар 4 топқа немесе иерархиялық деңгейге бөлініп қарастырылады. 4-ші, төменгі биологиялық құрлымы, оған темперамент, адамның жас және жыныстық ерекшеліттері жатады, бұнда ешқандай әлеуметтік қасиеттері жоқ; 3-ші, құрлымдық деңгейде биологиялық нышандар негізінде жаттығулар арқылы қалыптасқан психологиялық процестер (сезімдер, қабылдау, қиял, зейін, есте сақтау, ойлау, ерік) ерекшеліктері жатады; 2-ші, тәжірибелік деңгейге тұлғаны оқыту арқылы қалыптасқан білім, білік, дағдылары, әдеттері жатады; 1-ші, жоғарғы деңгей, тәрбие арқылы қалыптасқан (сенімдері, дүниетанымы, көз қарастары, қызығушылықтары, тілектері, мақсаттары, әлеуметтік ұстанымдары, құндылық бағыттары, моральдық принциптері ) әлеуметтік бағыттылықтары жатады. Бұл бағыттылықтар адамның қоршаған әлемге қатынасын көрсетеді. Жеке тұлғаның өзегі - оның «Мен»- жүйесі. Әрбір тұлға өзін-өзі тәрбиелеу арқылы «Мен»- жүйесін дамытып, жетілдіріп отыруы қажет. Сондықтан болашақ мұғалімдерде балалар тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін ең алдымен студенттік жастарынан бастап өздерінің жеке «Мен»-дерімен жұмыс істеп, бағыттылықтарын, қабілеттіліктерін дамытып, мінездерің тәрбиелеулері және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде мәдениеттерін жетілдіріп отыруы маңызды. Жеке тұлға және жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық идея. Жеке тұлға дүниедегі бар нәрсені сол дайын түрінде қабылдап қана қоймай, өзіндік саналығы, ақылдылығы, белсенді іс-әрекеті негізінде қоршаған ортаның өзгеруіне, қоғамның дамуына әсер ете алады. Қазіргі ақпараттық технологиялардың жедел дамуына байланысты адамдар жер шарының әр бұрышындағы кез келген ғылыми, экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, медициналық жаңалықтарды біліп отыруларына мүмкіншіліктері бар. Соның нәтижесінде адамның дүние танымы да кеңейе түсуде. Әр жеке тұлғаның дүние танымы дегеніміз адамның дүниеге, қоғамдық қатынастарға, табиғатқа, өзіне деген көз қарастар жүйесі, оның бағыттылықтарының формасы. Ал адамның дүние танымы арқылы оның құндылықтары, өмірлік идеалдары мен ұстанымдары байқалады. Өзінің дүниетанымы негізінде әрбір тұлға қоғамдық қатынастарға араласады. Бірақ адамдар бірі-бірінен бөлек өмір сүре алмайды. Дүниеде көп мәселелер адамдардың бірлесіп шешім іздестірулерін қажет етеді. Сол сияқты тек адамдардың ғана бірлесуі емес, халықтардың бірігуін емес, мемлекеттердің бірігуін қажет ететін мәселелерде бар. Сондықтан қазіргі таңда адамдардың планетарлық көлемде ойлай алуы маңызды мәселеге айналып отыр. Мысалы, экологиялық апат мүмкіндігі, ядролық қауіптер, жұқпалы індеттер барлық адамдардың, барлық мемлекеттердің, барлық дүниежүзілік қауымдастықтың күштерін жер бетіндегі тіршілікті сақтап қалу үшін жұмылдыруды қажет етеді. Яғни бұның өзі жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтаудың маныздылығын көрсетеді. Барлық адамдарға ортақ бейбітшілік, адам құқықтары, экология, ашаршылықтың болмауына кепілдік, денсаулық т.б. құндылықтардың қажет екендігі сөзсіз. Ал мұндай жалпыадамзаттық құндылықтар өз бетінше кездейсоқ қалыптаса алмайды, оны жүйелі тәрбие түрінде ұйымдастыру қажет. Ол үшін жас ұрпақ тәрбиесінде мынандай міндеттердің орындалуы маңызды орынға ие: - дүниежүзілік қарама-қайшылықтар қалай болмасын әр адамға әсерін тигізеді, ондай қайшылықтарды шешуге ат салысуда әр адамның үлесін ескеру; - жалпы адамзаттық мәселелерді шешуде ұлтаралық, халықаралық, мемлекетаралық байланыстарды нығайтудың қажеттілігін түсінулерін қамтамасыз ету; - жер бетіндегі бейбітшілік үшін, қоршаған табиғатты сақтау үшін ғылым мен мәдениеттің, барлық елдердің, адамдардың өзара ынтымақтастықтарын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы тарихи тағдыр біріктірген көпұлттық, көп конфессияланған мемлекеттердің бірі. Әр халықтың өз мәдениетін толыққанды дамытуы, тілі мен діні пайдалануы сияқты мәселелер мемлекеттік заңдармен реттелген. Сонымен қатар Ұлттық мәдени орталықтар, Республика Президенті жанындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясы, түрлі қоғамдық бірлестіктер мемлекеттің тұрақты назарында дамып келеді. Халқымыздың ұлттық дүниетанымының мол мұрасын толық зерттемей және оны жүйелі түрде жас ұрпаұ санасына сіңірмей жан-жақты жетілген ұлжанды, отан сүйгіш ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес. Әр адамның құндылықтарды меңгеруі, тіпті адамның дүниемен байланысы, оны тануы нақты бір ұлттық жағдайда қалыптасады, яғни ұлттық белгілері болады. Бұл орайда мынандай үлкен мәселеге көніл бөлу қажет. Егер жас ұрпақ бойында өзінің тіліне, ұлттық дәстүрлеріне, мәдениетіне деген сүйспеншілік болмаса оларды жалпы адамзаттық мәселелерде ойландырып толғандырмайды. Осы бағытта «Қазақстан Республикасының этно-мәдени білім беру тұжырымдамасы», «Жоғары мектеп студеттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы», «Университеттік білім беру жүйесінде болашақ мамандарды тәрбиелеу тұжырымдамасы» жасалып іске асырулуда. Бұл бағытта жастар бойында ұлттық және азаматтық құндылықтарды қалыптастыруға байланысты көптеген зерттеулер жүргізіп, ұлттық тәрбие мәселелерін шешуге өз үлестерін қосып жатқан Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев, Р.Төлеубекова, С.Ғаббасов, С.Ұзақбаева, К.Қожахметова, Ж.Наурызбай, З.Әбіліова т.б. көптеген отандық ғалымдарымыздың орны еркше. Ұлттың болашағы- оның ұрпғы. Олай болса жас ұрпақтың тәрбиесіне, олардың дүние танымдарының дұрыс қалыптасуына әсер ететін ұлттық бағыттағы іс шаралар жүйелі жүргізілуі қажет. Жас жас ұрпақа ұлттық тәрбие беруде ұл адамдардың құнды ой пікірлерінің, қанатты сөздерінің ұлттық рухтың күшейе түсуіне ықпалы зор: Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу- сатқындық белгісі. Б.Момышұлы Өзінің елін сүймеген адам ештеңені де сүйе алмайды. Д.Байрон. Қазақ халқының тарихында зиялы жастардың ұлт мүддесін қорғау үшін қуғын-сүргінге де ұшырап кеткені өшпейтін өкініш. Бірақ ол тоталитаризм саясатының салдары болған. Ал қысқа болса да күреске толы ғұмырларында «адамшылдық тұқымын шашқан» А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов сынды ағаларымыздың өмірлері қазіргі жастар үшін өнеге, еліміз үшін үлкен ерлік. Олардың еліміз үшін қиын қыстау кезінде халық санасына сепкен «адамшылдық тұқымдарын» көктетіп, өңдеп, гүлдендіріп, жемістерін жинайтын қазіргі жастар. Олардың өз ұлтына деген сүіспеншіліктері, отан үшін отпен қан кешкендері, қазақ елінің еркіндігі жайлы армандары халқының өткен тарихында да, келешегінде де құнды ұлттық мұра ретінде сақталады. Сондықтан жастардың ұлттық дүние танымдарының дұрыс қалыптасуы, және соның негізінде жалпы адамзаттық дүние танымды қалыптастыру қазіргі педагогикалық ғылымның көкейкесті мәселелерінің бірі. Әлемдік білім беру кеңістігінде қажетті көпмәдени жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері. Әлемдік білім беру кеңістігін не құрайды? Оның құрмына мақсаттары, міндеттері, мәдени салт-дәстүрлері, философиялық негіздері бойынша ерекшелінетін ұлттық білім беру жүйелері кіреді. Осындай әр түрлі білім беру жүйелерінің өзара байланыстар, әркеттестіктері әр адамның дүние танымының кеңеюіне, рухани тұрғыдан баюына, мәдениетінің қалыптасуына септігін тигізіп, өздерін әлемдік білім беру кеңістігінің бір бөлігі ретінде сезіне алуларына мүмкіндік тудырады. Бірақ осы жағандану процесінде әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, салт дәстүрлері, тілі мен дінінің сақталып қалуы басқа мәдениеттер тоғысында өз орның жоғалтып алмауы өзекті. Қазақстанның да осы бағытта дамуындағы, өзіндік бет-бейнесін сақтап қалудағы басты жолдардың бірі- ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтарымызды сақтап және білімді де саналы жас ұрпақ тәрбиелеу. Осыған орай ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай: «Қытайлықтар ұлы қытай қорғанымен, египеттіктер пирамидаларымен, итальяндықтар сазды әуенімен таң қалдырса, қазақ халқы ұлттық құндылықтары мен бай тілін мақтан етеді». Тек осындай құндылықтарды тәрбие жұмысының жүйелі ұйымдастырылған түрлерінде, сан алуан әдіс-тәсілдері арқылы жас ұрпақ санасына ұлттық мәдениетті ұялатуға болатыны рас. Бұл ойды жас өрендердің ұлттық тәрбиесіне қатысты Міржақып Дулатовтың: «...Мұндай балалар мектепті бітіргенен кейін қай жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сінген ұл рухы жасымайды... қайда болса да, тіршілігінде қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұл ұлы болып қалады »,- деген сөздерімен негіздеп кетуге болады. Ұлттық құндылықтарды сақтап, сол құндылықтар негізінде жастарды тәрбиелеу арқылы ғана болашақ ұрпақтың парасатты, білімді, мәдениетті, дүние танымдары жалпы адамзаттық деңгейде дамыған азаматтар ретінде қалыптастыруға болады. Әр елде өзінің ұлттық мәдениеті негізінде, қазіргі дүние жүзілік мәдениетке деген көзқарасы қалыптасады. Жеке тұлғаның іс-әректінің табысты және жемісті болуы олардың мәдениетіне тікелей байланысты, себебі мәдени білімдер оның құндылық бағдарының негізі. Адам тұлғасының қалыптасуы, оның мәдениеті бала кезіне, білім алуы, тәрбие алу мекемелерінен басталады. Ұлттық тәрбие дегеніміз әр адамның тек өзінің ұлттық ерекшеліктерімен, ұлттық мәдениетімен ғана шектелуі емес. Әрине алдымен әр адам өз ұлтының салт дәстүрлерін, тілін, тарихын білуге міндетті. Бірақ басқа тілді үйреніп, басқа мәдениеттермен танысуына шектеу жоқ. Себебі қазіргі таңда адамдардың көп мәдени тұлға ретінде қалыптасуы өте маңызды. Көпмәдени тұлғаны қалыптастыру ретінде әр елдің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып: - адамның салт-дәстүрлерге бай түрлі мәдениеттер, құндылықтар жағдайына бейімделуін, икемделуін; - адамдардың түрлі мәдениеттер арасындағы ынтымақтастықта өмір сүруге ұмтылушылықтарын нығайту қарастырылады. Әр халықтың мәдени өзгешеліктерін сақтай отырып халықтар арасындағы достықты, түсіністікті нығайту көп мәдениеттілікке тәрбиелеудің маңызды бағыттарының бірі. Бірақ сол көпмәдени тұлғаны қалыптастыру білім беру процесінде іске асырылып, оның нәтижелерінің бірі болып табылады. Білім беру процесі арқылы адам мәдениет әлемімен терең таныса алады, мәдени құндылықтарды меңгереді. Білім беру мазмұны әр түрлі халықтардың мәдени мұралары арқылы, үнемі даму үстіндегі ғылым салалары мен адамның өмірлік тәжірибесі негізінде байып, өзгеріп, толықтырылып отырады. Қазіргі кезде әрбір тұлға тек бір ұлттың азаматы емес, ол әлем азаматы болынуына бет бұрыс алу қажет. Сондықтанда «дүниежүзілік білім беру кеңістігі» деген көп көніл бөлінуде. Адами қасиеттерін сақтап, мәдениетті болуы оның ұлттық ерекшеліктеріне байланысты емес. Қандай ұлт өкілі болсада адам жалпы адамзаттық мәдениетке сай болуы керек. Көпмәдени тұлғаның қалыптасуына барлық білім беру мекемелері, тәрбие жүйелері, әлеуметтік институттар әсер етеді. Бұл үздіксіз жүретін процес. Ол тек бір мекеме көлемінде емес, адамның өзіндік білім алу барысында, оның өмірлік тәжірибесі негізінде қалыптасады. Көпмәдени тұлғаның қалыптасуына бұқаралық ақпараттық құралдардың, өнердің, саясаттың әсері зор. Ал жас ұрпақ бойында көп мәдениттілікті қалыптастыру үшін болашақ педагогтарды даярлау барысында осы мәселе бойынша бағыт-бағдар берілуі керек. Жас мамандардың табысты кәсіби іс-әрекетпен айналысуы олардың мәдениеттілік деңгейіне тікелей байланысты болады. Кәсіби білім беру студенттерді бір кәсіпке үйретумен айналыспайды, ол болашақ мамандарды қазіргі заман мәдениетіне сай азаматты тәрбиелеумен де айналысады. Қазіргі жастар ұлттық мәдениетті жақсы меңгеріп, басқа халықтар мәдениетін, әлемдік мәдениетті зерттеп таныса ғана олар өздерінің ілгері жылжуына, дамуына көп мүмкіндік ала алады. Көпмәдени тұлға болу әсіресе болашақ мұғалімдер үшін маңызды, себебі олардың іс-әрекеттері балалар мінез-құлқын үнемі адамгершілік, эстетикалық, азаматтық тұрғыдан бағалауға бағытталған. Ұстаздардың көпмәдени тұлға болуының қажеттілігі олардың мұғалімдік жұмыстарында түрлі ұлт балаларымен, ата-аналарымен қарым-қатынасқа түскенде көп байқалады. Сондықтан болашақ ұстаздар ұлттық мәдениет пен қатар жалпы адамзаттық мәдениет әлеміне сай тәрбиеленулеріне маңызды. Тұлға мәдениеті қазіргі зерттеуші- ғалымдардың пікірінше мынандай бағыттарды қамтиды: - ғылымның жаңа жетістіктерін пайдалана білу; - материалдық құндылықтарға қарағанда рухани құндылықтарды бағалай білу; - жана-жақты дамыған, қызығушылықтары кең, рухани қажеттіліктеріне сай ұстанымдарын қалыптастыру; - өз Отанының, туған өлкенің даму тарихын, халық салт дәстүрлерін, ауыз әдебиетің, халық өнерін біліп бағалау; - мәдениеттің барлық саласынан хабардар болып, ондағы шығармашылықты бағалай білуі керек (музыка, театр, дизайн, би т.б.); - әр маман өзін-өзі ұйымдастыру, өздігінен даму мәдениетін меңгеруі қажет. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті және толеранттылық. Қазіргі таңда адамдардың рухани байлығы, олардың әлеуметтенуі көкейкесті әселелерге айналып отыр, себебі олардың өмірлік бағыт-бағдарларын анықтайтын қоғамдық қатынастарға икемделуі тұлға аралық қарым-қатынастары, ұларалық қарым-қатынастары гуманизм қағидаларына негізделуі тиіс. Адам баласының тұлға ретінде дамып қалыптасуына оның өскен отбасылық отасы, ұлттық салт-дәстүрлер, әлеуметтік ортасы көп әсер етеді. Кезе келген жеке тұлғаның дербес психологиялық ерекшеліктерімен қатар ұлттық сана сезімдері, ұлжандылығы, ана тіліне деген сүйспеншілігі сияқты ұлттық ерекшеліктері болады. Ұлттық тәлім-тәрбие ұлттық тіл арқылы іске асатыны анық. Тіл- адамдардың байланыс, қарым-қатынас құралы. Ал басқа ұлт мәдениетімен танысу сол ұлттың тілін білу арқылы іске асырылады. Қазіргі жалпы білім беру мектептерінде ана тілімен қатар шет тілдерінің де оқытылуы осы себептен. Шет тілдерді оқыту ол тек білім алу үшін емес, ол практикалық қажеттілік, ол заман талабы. Бірақ ұлттық сана сезімін дамуының ірге тасы- ана тіліне деген сый-құрмет. Халық тағдырындағы тілдің маңыздылығын бағалауға, құндылығын арттыруға байланысты айтылған мынандай ұлағатты ойлар күн бүгінге дейін өзекті болып отырғаны баршамызға анық: «Ана тілі - халық болып жаралғаннан бергі жан-дүниесінің айнасы, өсіп, өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі... Жүректің терең сырларын, жанның барлық толқындарын тұқымнан-тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы- сол халықтың тілі» Ж.Аймаутов Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткеніненде, болашағынанда қол үзеді. Ғ.Мүсірепов Кімде –кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауаты,мәдениеті адам деп санауға болмайды. М.Әуезов. Қазіргі дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену үрдісі барлық мәдениеттердің ықпалдасуына, ынтымақтастығына негізделеді. Осыған байланысты ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мәселесі туындайды. Қазақстан жерінде 130-дан астам ұлт өкілдері бірігіп өмір сүруде. Өзіндік ұлттық ерекшеліктері бола тұра, олар бірі-бірімен қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, тілідік қатынасқа түсіп араласады. Осы қатынастар барысында ұлттық мәдениет, ұлттық діл айқын байқалады. Сол өзгешеліктерін сақтай отырып, әр ұлт өкілдері басқа ұлт өкілдерімен толеранттық қарым-қатынасты сақтаулары – олардың білім беру мәселелеріндегі ортақ мақсатқа табысты жетулерінің кепілі деуге болады. Толеранттық ұғымы латын тілінің «tolerantio» - деген сөзінен аударғанда «шыдамдылық» деген мағына білдіреді. Толеранттылық деген ұғым педагогикалық лекцияда жанадан қолданылған ұғымдардың бірі. Психологиялық- педагогикалық әдебиеттерде толеранттылық ұғымы: - қандайда бір қолайсыз, жағымсыз факторлардың ықпалына сезімталдықтың төмендеуі нәтижесінде аландаушылықтың жоқтығы немесе әлсіреуі; - психологиялық бейімділігін жоғалтпай адамның түрлі өмірлік қиындықтарға қарсы тұра алу қабілеті ретінде қарастырылады. Яғни, толеранттылық- шыдамдылық, сабырлық таныту, қызбалыққа салынбау, кез келген қиындыққа төзімділікпен қарау, барлық мәселелерді бейбітшілік жолымен шешуге тырысу деген мағынаны білдіреді. Толеранттылық- фрустрациялық, стрестік жағдайларда ауыр сезімдерге бой бермей, психикалық тұрақтылықты сақтай алу. Толеранттылықты кейбір әдебиеттерде түрлі пікірлерге, ықпалдарға шыдамдылықпен қарау деп те түсіндіреді. Қиыншылық туғызатын жағдайларға сабырлықпен қараудың маңыздылығын түсініп, оны іс жүзінде сақтай алған адамдар көп жағдайларда ұтымды нәтижеге қол жеткізе алады. Халық даналығындағы «сабыр түбі- сары алтын» деген мақалдында жиі қолданылуы осы себептен. Ал осы идея жайлы француз педагогы Жан-Жак Руссо: «Шыдаудың өзі ащы болсада, жемісі тәтті»- деген екен. Толеранттылық мұғалімдердің ең маңызды қасиеттерінің бірі. Мұғалімнің толеранттылығының негізінде бір жағынан шынайы жағдайды дұрыс бағалай алу қабілеті, екінші жағынан жиеленіс жағдайлардан педагогикалық әдепті сақтап шығудың алдын ала анықтай алу мүмкіншілігі жатыр. Өз бойында толеранттылықты қалыптастыру- мұғалімнің маңызды кәсіби міндеттерінің бірі. Студенттің өзін өзі бағалауға арналған сұрақтар: 1.Индвид, жеке тұлға, даралық ұғымдарының айырмашылығы неде? 2.Жеке тұлға ұғымының өзегі не? 3.Жалпы адамзаттық құндылықтар дегеніміз не? 4.Білім беру саласындағы ұлттық мәселелер қандай? 5.Дүниежүзілік білім беру кеңістігі неден құралады? 6.Ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтардың айырмашылығы неде? 7.Көпмәдени тұлға дегеніміз кім? 8.Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті дегенді қалай түсінесіз? 9.Толеранттылық дегеніміз не? Әдебиеттер 1.Қожахметова К. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика.- Алматы.-1998.-317 с. 2.Аймауытов Ж. Педагогическое руководство (учебное пособие), Оренбург. 1924. «Психология» Алматы. 1995. 3.Қалиев С. Қазақ халқының салт-дәстүрі.- Алматы. 1991. 4.Табылды Ә. Ұстаз тәлімі- Алматы: «Білім», 2006.- 248 бет. 5.Толеубекова Р. Адамгершілік тәрбиесі туралы. Алматы, 1994 Модуль 3.Мұғалім және оның қазіргі қоғамдағы орны Тақырып 1. Педагогикалық мамандық пен оның қоғамдағы маңызы Мақсаты: болашақ ұстаздарға педагогтық маманды0тың әлеуметтік құндылығын, қоғамдық маңызын ашып көрсету жэне мұғалім тұлғасына қойылатын талаптармен таныстыру. Жоспар: 1.Қазіргі қоғамдағы мұғалім еңбегінің әлеуметтік маңызы. 2.Қоғам дамуына байланысты мұғалімге қойылатын талаптардың өзгеруі. Мұғалім профессиограммасы. 3.12-жылдық жалпы орта білім беру мектебінің моделі және ондағы мұғалім еңбегінің ерекшеліктері. Негізгі ұғымдар: әлеуметтік маңыздылық, мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар, мүғалім профессиограммасы, мұғалімнің міндеттері, педагог қызметкердің мәртебесі. Қазіргі қоғамдағы мұғалімдік кәсіптің әлеуметтік маңызы. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру мәселесі осы қоғамдағы адами фактор мәселесімен тікелей байланысты, себебі жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті жастар мен құзіретті мамандар ғана қоғамның өркендеп дамуына елеулі үлес қоса алады. Қоғамымыздың қарқынды дамуы үшін бәсекеге қабілетті, әлеуметтік белсенділіктері дамыған жас мамандар қажет. Ал осындай азаматтар тұлғасын қалыптастыруда олардың ата-аналарымен қатар білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің ерен еңбектері мен игі істерінің алатын орны зор. Мұғалімдік кәсіптің ежелден қалыптасқанын баршамыз білеміз. Адамдар қай қоғамдық формацияда болмасын жас ұрпакқа өз тәжірибесін жеткізіп, білгендеріне үйретіп және мақсатты, саналы түрде өмір заңдылықтарын меңгертуге талпынған.Адамзат қоғамының қай даму сатысында болмасын мұғалімдік кәсіптің атқаратын рөлі ерекше жоғары бағаланған. Мектеп және білім беру жүйелері өскелең ұрпақтың әлеуметтенуіне, қоғам дамуына сәйкес тәрбиеленуіне қашан да елеулі үлесін қосып келеді. Білім берудің өзін қазіргі таңда ауқымы кең әлеуметтік процесс ретінде қарастыра отырып болашақ мұғалімдерді даярлау барысында кәсіпке баулу және әлеуметтендіру процесстерін ұлітастыру қажеттілігін аңғарамыз. Педагогикалық жоғары оқу орнына келген әрбір студент жоғары сапалы деңгейде таңдаған кәсібін меңгеруі кажет, онсыз нағыз мүғалім, нағыз педагог тұлгасы қалыптаспайды, және онсыз кәсіптік білім беру ұғымы өзінің бастапқы мәнін де жоғалтып алуы мүмкін. Мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын ашу үшін оның басқа мамандықтарға қарағандағы әлеуметтік құндылығын, оның қоғамдағы орны мен рөлін тереңірек қарастырған жөн. Сан-алуан мамандықтардың ішінде мұғалім мамаңдығы «адам-адам» жүйесіне катысты мамандық, бірақ осындай жүйеде адаммен тығыз жұмыс істейтін басқа да мамандык иелсрі жеткілікті. Мысалы, дәрігер, юрист, артисттер, сатушылар т.с.с. мамандар да адамдармен тығыз қарым-қатынаста болады ғой. Педагог мамандығының маңыздылығы оның қогам дамуындагы рөлімен анықталады. Педагог мамандығында жетекші идея, негізгі міндет - адам дамуының мақсаттарын түсініп, басқа адамдарды сол мақсаттарға жетуге бағыттау. Яғни, мұғалім өскелең ұрпақты қоғамның болашақ азаматтары ретінде тәрбиелеп, олардың әлеуметтенуіне байланысты жұмыстар атқарады. Мұғалімдер қоғамдағы ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік тәжірибені саралап ең дұрыс және ең қажетті жақтарын жас өспірімдердің бойында қалыптастыруға тырысады. Сонымен қатар мүғалімдер жас өспірімдердің дүниетанымдарын, ұлттық сана сезімдерін, салауатты өмір салтына деген көзқарастарын калыптастырады. Яғни, мұғалімдерді баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуін, әлеуметтенуін басқарушысы ретінде қабылдауға болады. ¥лы орыс педагогы К.Д.Ушинский мұғалім мамандығын жоғары бағалай отырып: «Мұғалім мамандығы сырттай қарапайьш болғанымен - тарихтағы ең ұлы істердің бірі» - деген сөздері шынайылыққа үйлеседі. Адамзат тарихында мұғалім мамандығының ең маңызды ерекшеліктерінің бірі -оның қай елде болмасын ең кең таралғандығы. Мысалы, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын бітіруші түлектерінің басым көпшілігі педагогтар екенін атап айтуға болады. Бұл нені білдіреді? Бұл дегеніміз педагог мамандығының қоғам дамуы үшін аса қажеттілігінің, зор маңыздылығының көрсеткіші, себебі егер бұл мамандыққа қоғам тарапынан сұраныс болмаса, мұндай көп мамандарды даярлау кажеттілігі де болмаушы еді. Бұл мамандык мәңгілік ескірмейтін мамандықтардың бірі. Жьл сайын жоғары оқу орындарында арнайы даярланған жоғары білімді педагогтар қоғамымыздың білім беру мекемелерінде педагогикалық еңбекке кірісіп жатса да, мұғалімдер саны жетіспейді. Қазіргі үздіксіз білім беру жүйесінің дамуына байланысты сапалық деңгейлері жоғары, кәсіби кұзіретгі мұғалімдерге деген сұраныс жыл сайын күшейе түсуде. Мұғалім қызметі тек болашаққа ғана бағытталған. Мұғалімнің іс-әрекеті, қызметі балалардьң болашағына байланысты болып келеді. ¥стаз еңбегінің нәтижелілігі де келешекте ғана көрініс береді. Мысалы, мұғалім еңбегінің жемісі нақты бір іс-әрекет жасағаннан кейін емес, айлар, жылдар өткен соң, шәкірттің бір табысқа қол жеткізуіне байланысты бағаланады. Жаңашыл-педагог Ш.А. Амонашвили: «Біз болашақтың адамын, жаңадан қалыптасқан адамды бейнелеуге міндеттіміз. Биік адамзаттық, ортақ іске берілгендік, халық, мемлекет алдындағы өзіміздің қалтықсыз парызьмызды сезіну бізді осындай адам етеді. Біздің әрқайсымыз - жүздеген тағдырдың туындатушымыз, біздің шәкіртеріміздің бақыты ұста дүкеніндей - кластарымызда шыңдалады!... Біздің жанымызда, бәрі де: күлкі де, қатыгездік те, ұстамдыльқ та, қарапайымдылық та, киген киіміміз де, біліміміз де, зеректік те, адалдық та, интеллектілік те, үйірімділік те, өмірга деген сүйіспеншілік те өріліп тұруы тиіс. Адамдағы кісілерге ұнаған таңдаулы қасиет атаулының бәрі тән болуы керек» - деп мұғалімдер тұлғасын жоғары бағалайтыны да осы мамандықтьң адам өміріндегі маңыздылығының бір дәлелі деуге болады. Мұғалім қызметі үнемі гуманистік сипатта болады. Ұстаздық қызметтің тағы бір ерекшелігі - педагогтардың әр шәкіртінің жүрегіне жол таба білуінде, әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту үшін жағдай жасай алуында. Ең бастысы мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында өзін, өмірді, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек, әрбір іс-әрекеті үшін өзінің, жолдастарының, мектептің, қоғамның алдындағы жауапкершілікті - адамгершілік қадір- қассиетті сезінуге тәрбиелеуі керек. Адамдық кадір-қасиет - адам бойындағы ең қымбат байлық. Тәлім-тәрбиелік, оқу-танымдык жолында мұғалімнің кәсіби жетістігі әрбір оқушысының мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы мен шыдамдылығына, шәкіртіне дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты. Педагогикалық еңбектің ұжымдық сипаты. Мұғалім үнемі балалар ұжымымен жұмыс істейді. Ал мінезі, қызығушылықтары, даму және тәрбиелік деңгейлері әр түрлі балалардың ұжым ішіндегі қарым-қатынастарын басқара білу оңай іс емес. Ол үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Бұл шеберлікті дамыту үшін педагогика ғылымындағы А.С.Макаренко негізін салып кеткен тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу теориясын жақсы меңгеру қажет, Бұл педагогикалық идея кейінгі көптеген шығармашыл педагогтардың тәжірибесіне негіз болғаны анық. Мұғалім бір күннің өзінде кем дегенде 3 сабақ өтсе, әр сыныпта орта есеппен 30 баладан болса, 90 оқушымеи тілдесіп бәріне бірдей білім-тәрбие беруге тырысады. Ал бір апта ішінде мұғалім қаншама оқушыға педагогикалық ықпал жасайды. Онымен қатар оның жетекшілік атқаратын өз сыныбы да болады. Міне әрбір осындай мінез-құлықтары әртүрлі оқушылар ұжымында барлығына қолайлы психологиялық ахуал тудыру, ынтымақтастықта жұмыс істете білу үлкен шеберлікті қажет етеді. Сонымен қатар мұғалім үлкен педагогикалық ұжымның мүшесі ретіде оның барлық құрылымдық бөлшектерімен үйлесімді қарым-қатынас орната алуы керек. Педагог еңбегінің маңыздылығы - осындай ұжымдық еңбекпен айналыса отырып әр оқушының даралыкқ ерекшеліктерін дамытып, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Мұғалімдер аса күрделі процесті - оқушы тұлғасының қалыптасуын басқарады. Мұғалім - оқушы өмірінің іргетасын қалаушы және ғылым негіздерімен таныстырушы маман. Мұғалім мамандығы баршамызға ортақ игілікті іс болып табылатын жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуге негізделеді, себебі адам бойындағы тәрбие мен жүйелі білім баланың өмірінің оншақты жылы өтетін орта мектептен қалыптасады.Орыс халкының белгілі сыншысы,публицисті В.Г. Белинский ұстаздардың шәкірт өміріндегі рөлін жоғары бағалай отырып былай дейді: «Тәрбиеші мэртебесі қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастерлі десеңізші: оның қолында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр». Мұғалімдер әр баланың тұлғасын қалыптастыруда оларды интеллектуалдық жағынан дамытуды, эмоционалдық, рухани, дене тәрбиелерін жетілдіруді көздейді. Ал шәкірттің тұлға ретінде қалыптасуын басқару өте күрделі процесс екені балалардың әрдайым психологиялык, физиологиялық, педагогикалық өзгеріс үстінде болатындығына байланысты. Мысалы 5 сынып оқушысы мен 9 сынып окушыларына мұғалім бір өлшеммен қарап, бірдей талап қоя алмайды. Бір білім беру мекемесінің ішінде әр жастағы балалар оқу- танымдық іс-әрекетпен шұғылданып тәрбиеленеді. Сондықтан мұғалім шәкірттердің жас ерекшеліктері мен қатар дара ерекшеліктерін ескере отырып барлығына ортақ бір тиімді қарым-қатынастық жүйені калыптастыруға тырысады. Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалімдік еңбектің нәтижесін өлшеп отыратын дайын арнайы құралдар болмайды, оларды өлшеу үшін балалардың бойындағы тұлғалық қасиеттердің өзгеруін күтуге тура келеді. Себебі мұғалім қаншалықты жетекші роль атқарып тұрса да, оған оқыту, тәрбиелеу процесінде пайда болатын қарым-қатынастарды басқара алуы, сол қарым-қатынастар арқылы шәкірттің өзіндік даралығын сақтап, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруы қажег. Мұғалімдерге аса жауапты іс жүктелген. Қазіргі қоғам дамуында мұғалімдер өздеріне аса жауапты іс жүктелгенін саналы түрде сезініп, ол еңбекті атқаруда барлық ерік-жігерлерін, күш-қайратын, білім, іскерліктерін жұмсап табысты нәтижеге жетуді көздеулері керек. Мұғалімдерге баланың мінез- құлқының, дүниетанымының, адамгершшік қасиеттерінің қалыптасуы,жалпы олардың өсіп дамуының ең маңызды кезеңі тапсырылған. Осындай аса жауапты істі қолға алып отырған мұғалімдер өздерінің бала өміріндегі рөлін әрқашан да жоғары деңгейде атқаруға міндетгі. Ал егерде мұғалім педагогикалық іс- әрекетке немқұрайлы қкарайтын болса оның жұмысында сәтсіздікке ұшырататын көптеген қателіктер мен кемшіліктер кездесуі мүмкін. Осы ойға байланысты А.В.Луначарскийдің: «Егер алтын ісінің шебері алтынды бүлдіріп алса, оны қайта балқытып қрюына болады. Егер багалы тас бүлінсе, онда ол жарамсыз болып қалуы мүмкін, алайда ең бағалы деген жаунар тастың өзі, жаңа туган адамнан қымбат емес. Адамның бұзылуы не үпкен қылмыс, немесе орны толмас өкініш. Бұл материалмен мүлтіксіз, одан не жасай алатыныңды күні бұрын біле отырып жұмыс істеу қажет» - деген сөздері тәжірибелі педагогтардың жадында. Кейбір мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерінің төмендігінен баланың балғын балалық шағына дақ түсірулері олардың ата-аналар алдында, әріптестері алдынла беделін төмендетеді, абыройын түсіреді және олардың жіберген қателігі баланың өмір бойы жүрегінде қалады. Өкінішке орай ондай мұғалімдер өздерінің кемшіліктерін байқамай сәтсіздік жағдайларда оқушыларды кінәлап, олардың болашағына үулкен күмәнмсн қарайды. Ал окушы қателігі кешірілуі керек, себебі олар әлі өз күштері мен мүмкіндіктерін шамалай алмайтын, даму үстіндегі жандар. Мұғалім шәкіртіне сенім арта білуі арқылы оның ішкі әлеуетін ашуға мүмкіншілік туғызады. Сол сияқты егер мұғалім баланың бойында адамгсршілік сезімдсрді оята алса, ізгілік дэнін сеуіп, оларды тереңінен сусындата білсе, ондай педагогикалық ықпал баланың өмір бойғы рухани азығына айналуы мүмкін. Француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери: «Өмір сүру - демек баяу өсіп-өну. Мұғалім біздің үмітімізді және біздің қогамымыздың болашагын — үйлесімді жеке тұлғаны тәрбиелейді. Мұғалім балаларға әлем мәдениетін таныстыра отырып, шын мәнінде, бақыт негізін қалайды» - деген екен. Осындай мәртебеге ие болу үшін мұғалім өз бойында ілтипаттылық, балаға сенім арта білу, байқағыштық, әділдік, сабырлық, шыдамдылық сияқты қабілеттерді дамытып жетілдіруі қажет, солардың негізінде ғана оның ерен еңбегі кәсіби табысқа жеткізуі мүмкін. Қоғам дамуына байланысты мұғалімге қойылатын талаптардын өзгеруі. Мұғалім профессиограммасы. Адамзат тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайларына байланысты өзгеріп отырған. Ұстаз тұлғасына, тәрбиешілерге, тәлімгерлерге қойылатын талаптар тіпті Ежелгі Греция, Ежелті Мысыр, Ежелгі Рим философтары Демокрит, Аристотель, Сократ, Марк Фабий Квинтилиан т.б. еңбектері мен идеяларында көрініс табады. Мұғалімдердің моральдық-психологиялық, этикалық сапалары туралы ойлар шығыс философы Әбу Насыр әл-Фараби еңбектеріндегі айырықша көңіл аударылған мәселелердің бірі болған. Ол мұғалім бойында шыншылдык, шәкірттеріне де, өзіне де талап қоя алушылык, ықыластылық, қаталдық, күш-жігер және педагогикалық такт сияқты қаситеттердің сақталуын қажет деп санаған. Әл- Фараби ұстаздың мінез-кұлық нормасы қаңдай болуы жайлы былай деп жазады: «..ол тым қатал да болмауга тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру - ұстаздық қадірін кетіреді. Оның берген сабағы мен ғылымға шәкірті селқос қарайтын болады». Педагогика ғылымының негізін қалаушы Я.А.Коменский (XVII ғ.) мұғалімдерге «ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған еш нәрсе жоқ» - дей отырып балаларды оқыту-тәрбиелеу барысында мұғалімдерден табиғатқа сәйкестілік және дидактикалық принциптердің орындалуын талап еткен. Педагогика тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар А.Дистерверг, К.А.Гельвеций, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, А.С.Макаренко, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, В.А.Сухомлинский сынды белгілі педагогтар еңбектерінде ерекше қарастырылады П.Ф.Каптерев мұғалімдердің адамгершілік қадір-қасиеттерінің маңыздылығына көңіл бөле отырып, окыту мен тәрбиелеу процестерінің тұтас жүргізілуі барысында «оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту» кағидасының сақталуын талап етеді. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптардың өсіп, күрделеніп отыруы нәтижесінде педагогикалық теорияда профессиографиялық тұрғыдан зерттеулер орын ала бастады. Осы бағытта арнайы зерттеулермен айналысқан ғалымдар Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, А.И.Щербаков, В.А.Сластенин, Ю.С.Алферов, Е.И.Антипова т.б. болды. В.А. Сластенин мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жүйесін оның педагогикалық еңбекке кәсіби даярлғы ретінде қарастырады. Ол даярлықтың құрамына мұғалімнің психологиялық,физиологиялык, даярлықтары мен қатар ғылыми-теориялық және практикалық құзіреттілігін жатқызады. В.А.Сластениннің пікірінше: «Мұғалім профессиограммасы мамандықтың паспорты ретінде оның квалификациялық сипагтамаларын, яғии қоғамдық-саяси, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық білімдерінің көлемдерін және ғылыми негізделген өзара қатынастарын, сонымен қатар болашақ мұғалімге қажетті педагогикалық, әдістемелік іскерліктер мен дағдыларды қамтуы қажет». Профессиограмма - мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі. В.А. Сластенин ұсынған мұғалім профессиограммасында ол педагогикалық кәсіптің жалпы сипатын және жеке мамандығына байланысты сипаттарын қарастыра отырып 4 тараудан тұратын мұғалімнің профессиограммасын береді: 1. Мұғалімнің қасиеті мен сипаттамасы. Бүған ол мұғалімдердің идеялық, кэсіптік-педогогикалық, танымдық бағытгылығын жатқызады. 2. Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық дайындығына қойылатын талаптар. Мұнда ол мұғалімдердің білім, білік және дағдыларын біріктіреді. 3.Арнайы даярлықтың көлемі мен құрамы. Бұл тарау болашақ мұғалімдердің шеберлік деңгейінде еңбектенуі үшін қажет болатын жалпы ғылыми негізде дайындық көлемі мен арнайы даярлықың қалыптасатын нақты білім, білік және дағдыны біріктіреді. 4.Мамандық бойынша әдістемелік жағынан даярлық мазмұны. Бұған мұғалімге қойылатын жалпы әдістемелік талаптар жэне жеке пән мұғалімдеріне қойылатын арнайы әдістемелік талаптар енгізілген. Жалпылап қарастырғанда қазіргі кезде мұғалім профессиограммасын құруда үлкен тәжірибе жинақталған. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп қарастыруға болады: - жалпы адамзаттық қасиеттері; - кәсіби-педагогикалық касиетгері; - арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары. Белгілі педагог И.Е.Синица қоғам мен педагогикалық кәсіптің мұғалім тұлғасына қоятын жалпы талаптарын былайша сипатгайды: 1.Мұғалім деген биік те, абзал атқа лайық болыңыздар. Оқушының жеке адам ретінде калыптасу жолында жеке ұстаздардан тәлім алатынын ұмытпаңыздар. Сіздердің Отанға адал қызмет етулеріңіз, сіздердің еңбекке деген көзқарастарыңыз, сіздердің азаматтық батылдықтарыңыз және сіздердің адамдар арасындағы тәртіптеріңіз өздеріңізден тәлім алатындарға мұра боп қалатындай болсын! 2.Өз оқушыларыңызды сыйлаңыздар. Олардың ар-намысын қорғап, дамытып отырыңыздар.Оқушылардың бойында ар-намыстың дамуымен қоса жаксы касиеттер өріс алады. Ар-намысты сақтаңыздар. Ар-намысын сақтай білмеген ұустаз, оқушыларына да тәлім-тәрбие бере алмайды. 3.Қажеті болмаса, оқушыларға өз артықшылықтарыңызды баса көрсетпеңіздер. Олар сіздердің мұғалім, тәлімгер, үлкен, тәжірибелі және өздеріне қарағанда көп құқыкқа ие екендеріңізді ұмытпайды, бірақ ол туралы жиі ескерте бергенді ұнатпайды. Сіздердің оқушылармен өзара қарым- қатынастарыңызда аралық шек болуы қажет екенін жоққа шығармаймын, біракқ ол аралық шек өте алмас кедергіге айналып кетпесін. 4.Оқушылармен қарым-қатынаста тактикаларыңызды олардың жасы, рухани өсуіне байланысты өзгертіп отырыңыздар. Оны жаңа тактикалық тәсіл және әдістеріңізбен байыта түсіңіздер. Тактикаларыңыз икемді болсын, көзге ұрып тұратындай кернекі болмасын. Тәрбиелеу әдістерінде де оқыту әдістеріндсгі сияқты талап қою жоғары дәрежеде болсын. Тым тіке бетке айтудан, ақылгөйліктен аулақ болыңыздар, одан кінәратсыз кесңес, ескерту әлде қайда өтімді. Ең жаксысы— айтқанды оқушылардың өз көзқарасындай қабылдағаны. 5.Педагогикалық көтермелеуді барынша кең пайдаланыңыздар, бірақ мақтауға жомарттау, жазалауға сараңырақ болыңыздар. Жазаның әсер етерліктей болуын бақылаңыздар. Қас-қабақтарыңызбен, көзқарастарыңызбен, үнсіз қимыл-қозғалыстарыңызбен басқаруды үйреніңіздер. 6.Үн қатысу, сөйлесу мәдениетін игеріңіздер, айқайдан алыс жүріңіздер. Айқай сіздің ұстаздығыңызды кемсітеді, оқушыларға тигізер ықпалыңыздың мүмкіншіліктерін төмендетеді. Айқай күштілікті емес, әлсіздікті білдіреді. 7.Пайдасы шамалы-ау деген шешімнен аулак болыңыздар, ашу үстінде шешім кабылдамаңыздар, өз құкықтарыңызды ақылмен қолдануға, ал оқушылардың ақылға келіп илігуіне мүмкіндік беретін кейінге қалдыра тұру» әдісіне жүгініңіз. 8.Педагогикалық іскерліктің бәрі сияқты,оқушылармен араласа білу де біртіндеп келеді. Окушылармен қарым-қатынас жарасымдылығы — тиісті білім, іскерлік және тәжірибе бірлігі. Пән айырмашылығына қарамай өздеріңіздің тәжірибелі әріптестеріңіздің сабақтарына барыңыздар, олардың оқушылар алдында өздерін қалай ұстайтынын, қай уақытта және қандай ескертпелер жасайтынын, тәртіп бұзғанға қалай қарайтынын, тіпті оқушыларды қалай тыңдайтыны, қалай отырып, қалай тұратынын, класта қалай жүретінін де байқаңыздар. 9.Әрбір оқушының өзіндік келбетін, класта жақсы көрінуге, өрлеп-өсуге тырысуын қадір тұтыңдар. Табыс адамға қанат бітіреді, сәтсіздік, оның үстіне бірыңғай сәтсіздік қажытады. Педагогикалық тұрғыдан алғанда ол қаншалықты бетімен кеткен болса да, оқушыны мақтауға сылтау іздеңіздер. Егер окушының өзі мұндай сылтауға мүмкіндік бермесе, оны өзіңіз табыңыз. Орынды мактау - ондаған ескертуден пайдалы. 10.Тұтас класпен тіл табысу белгілі бір дәрежеде сіздің әр оқушымен жеке тіл табуыңызға байланысты. Оқушымен оңаша болуға, мектептен бірге қайтуға, көшеде, паркте, стадионда бейне ойламаған жерден жолыққандай кездесуге уақыт табыңыздар. Егер сіз әдеп сақтасаңыз, не боса соған ілініспесеңіз, ақылгөй болмасаңыз, онда сіз белгілі бір оқушымен, яғни бүкіл класпен жақындаса түсесіз. 11.Оқушылардың ата-аналарын қуанышқа бөлеңіздер. Өз оқушыларыңызды көп жамандамаңыздар. Балалары туралы ата-аналарына көп шағынсаңыздар, олар балаларын қорғаштайды немесс окушылармен қарым- қатынастарына көмегі тимейтін, қайшы шаралар қолданады. Оның үстіне басқа біреудің әрекетімен орнаған тәртіп тиімсіз болады. Оқушылармен өзара қарым- қатынас - өздеріңіздің төл істерІңіз. 12.Реті келгенде оқушыларға өздеріңіз де бар жақсылықты қабілеттгілігіңізді, іскерлігіңізді көп білетіндігіңізді, әдеттеріңізді және т.б. асырмай, жасырмай көрсете біліңіздер. 13.Өз оқушыларыңыздың сенімін актаңыздар. Бұл сенім оқушылармен қарым-қатынастарыңыздың ұшар шыңы, олардың жан-дүниесіне енер жол. Бір оқушының сенімін ақтамасаңыз бүкіл класс сенімінен айырылуыңыз мүмкін. 14.Жылдан-жылға, күннен-күнге, оқушылардың бойына азаматқа тән жоғары сезімдерді, еңбек адамын қадірлеуді, өз Отанына деген сүйіспеншілікті, оның мүддесіне өзінің барлық күші мен барлық өмірін жұмсауға дайындықты сіңіре беріңіздер. Қазіргі таңда заман талабына қарай мұғалімдік қызметтегі адамдарға талаптар да күшейе түсті. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007 ж.) педагогтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған. Аталған занның 7 тарауының 50-51 баптарында педагог қызметкердің мәртебесі анықталып, олардың кәсіптік шеберлігіне, оқушыларға сапалы білім мен тәрбие бере алуларына байланысты жауапкершіліктері мен міндеттері қарастырылған. 50-бап. Педагог қызметкердің мәртебесі. 1. Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері азаматтық қызметшілер болып табылады. 2.Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін таниды және кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасайды. 51-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауашершілігі. 1. ТиістІ бейіні (профиль) бойьшша арнайы педагопык немесе кэсіптік білімі бар адамдар педагогтық қызметаен айналысуға жіберіледі. 2. Педагог қызметкердің: 1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға; 2)ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге; 3) жеке педаготтік қызметке; 4) тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға; 5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға; 6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігін арттыруға; 7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға; 8) педагоггік кызметгегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық жэне материалдық көтермеленуге; 9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына; 10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына; 11)ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік стаж сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға; 12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға құқыгы бар. 3. Педагог қызметкер: 1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық жэне пракгакалық білімді жэне оқыту дағдыларын меңгеруге; 2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге; 3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге; 4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық кабілеттерін дамытуға; 5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық жэне жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға; 6) бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге; 7) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға; 8) оқушылардың, тәрбиеленушілердің жзне олардың ата-аналарының абыройы мен кадір-қасиетін қүрметтеуге міндетті. Міндеттері мен педагогтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының зандарында және еңбек шартында көзделтен жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Сонымен,қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын жалпы талаптарға кәсіби кұзіреттілік, бәсекеге қабілеттілік, әлеуметтік белсенділік,шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейде дамытуды жатқызуга болады. 12-жылдық жалпы орта білім беру мектебінің моделі және ондағы мұғалім еңбегінің ерекшеліктері. Қазақстан Республикасының білім беру саласында дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену жэне әлемдік білім беру стандарттарына отандық білім беруді сәйкестендіру мақсатында барлық (мектепке дейінгі, мектептік, жоғары мектептік) деңгейлерде өзгерістер енгізіліп отыр. Солардың бірі - жалпы білім беретін 12-жылдық орта білім беруге ауысуы. Дүниежүзілік тәжірибеде 12-жылдық орта білім беру Европа кеңесінің (1992 ж) Декларациясына сәйкес 136 елде жүзеге асыырылуда. Олардың қатарында Жапония, АҚШ, Франция және ТМД елдерінен Украина, Беларусь, Өзбекстан, Балтық елдері осы білім беру жүйесін тиіиді деп тандаған. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер көбінесе мемлекет тарапынан жүргізілетін тұжырымдамалар арқылы іске асырылатыны анық. Қазакстан Республикасының 12-жылдык жалпы орта білім беру тұжырымдамасында орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, негізгі сатылары қарастырылған.Аталған тұжырымдамада12-жылдық орта білім беруге көшудің себептері ретінде: Орта білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелергс бағдарлануы; Орта білім бсру жүйесінде диагностикалық мақсаттылықтың болмауы; Оку жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген жүйенің сақталуы; Жасөспірімдердің тұлғалык, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы. мен болашақ жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі аталып көрсетілген. Әрине, осылайша орта білім беру ұзақтығының өзгеруі кездейсоқ үрдіс емес екені белгілі. Бүның өзі педагогикалыкқ теория мен практиканың орынды да шынайы талабы деп түсінуге болады. Педагогика ғылымының тарихында орта білім берудің ұзақтығына байланысты мұндай мәселелер көп кездеседі. Мысалы Қазақстандағы ең алғашқы мектептер екі жылдық қана болған болса, кейіннен бұл мерзімдер білім беру мазмұнының толықтырылуына, күрделенуіне және басқа да заман талаптарына сай 3 жылдық, 4-жылдық, 7 жылдық, 8 жылдық, 10 жылдық, 11 жылдық болып ауысып отырған. Қоғамның дамуында мектептің маңыздылығын жоғары бағалай отырып қазақ даласында ең алғашқы мектептер ашққызған педагог Ы.Алтынсарин айтып кеткендей «Мектеп - қазақтарға білім берудің басты тұтқасы..Үміт мектепте, қазақ халқының келешегі мектеппен байланысты». Сондыктан қазіргі таңда орта білім беру ұзақтығын өзгерту мэселесі оның аддына койылган мақсаттар мен одан күтілетін нәтижелер арасындағы сэйкессіздіктен туындап отыр деуге болады. Осы орайда білім берудің түлғалык-бағдарлык, гуманистік, аксиологиялык багыттарының барлык бағдарламалары мен оқу пэндерінің мазмүндары, оқыту-тэрбислсу эдіс-тэсілдері, технологиялық жобалар арқылы іске асырылуы өте өзекті. Сонымен қатар мектеп негізгі элеуметтік институт ретііще өзінің әлеуметтендірушілік міндетін дұрыс атқара алуы талап етіледі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңінде 12-жылдық жалпы орта білм беру арқылы жас буын тәрбиесі қоғамның одан әрі алға дамуына мүмкіндік жасайтын жағдай болып табылады. Сондықтан, бүл күндері тәрбие барған сайын коғамдық өмірдің барлық саласына еніп, жалпылық сипатқа иеленіп, тұт-астай қалыптасып жатқан үздіксіз білім бсру жүйесінің бір маңызды бөлігі ретінде карастырылады. Бүл салада мектеп пен жоғарғы оқу орындарындағы сабактастык, мектеп бітірушілердің болашақ мамандықтарын бейіндік оқыту арқылы дұрыс тандай алулары, сол таңдаған кәсіптері аркылы әр тұлғаның толык өздерін іске асыра алулары көзделген. Бейіндік оқытудың бір артықшылығы оқушылар тек білім алумен ғана шектелмей, өздерінің қызығушылықтарына, бейімдеріне, қабілеттеріне, икемділіктеріне, таңдайтын мамандықтарына қарай алғашқы кәэсіби бағдар алып шығуы қамтамасыз етілмек. Бұл әрине ұтымды қадам, себебі неғұрлым адам өзінеь кажетті кәсіпті саналы түрде дұрыс таңдай білсе сол кәсіптің қыр- сырын дұрыс түсініп, тез меңгеріп, қажетті дағдыларды қалыптастырады. Сонымен, бүгінгі таңда толғағы жеткен көптеген педагогикалық әлеуметтік мәселелер қазіргі мұғалімдердің ой-санасының жаңаруымен, жаңа міндеттерді айқын түсінуімен, педагогтардың белсенділігімен, шығармашылық қатынастарымен шешілмек. 12-жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық моделін төмендегі кестеден көруге болады. Кесте 1. 12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық моделі. Сатылар Негізгі бағдары І-саты: Жалпы орта білім беру 1-4 сыныптар Оқытуды бастау жасы - 6 жастан Оқыту ұзақтығы- 4жыл Негізгі бағдары Оқушының өзін-өзі таныту мүмкіндігі мен қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу,оқуға талабын және білігін қалыптастыру, яғни оқытудың келесі сатыларына қажетті танымдық қызығушылықтарын арттыру, кіші жастағы оқушыларда біртұтас оқу әрекетін қалыптастыруға ықпал ету. Баланың тұлғалық қалыптасуын, оның кабілеттерінің тұтастай дамуын қамтмасыз ету. Бастауыш мектепте қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге, оқу, жазу, санау, шығармашылықпен ойлау элементтерінің, жеке гигиенасы мен денсаулығын сақтау негіздерінің болуына ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру. 11 саты Жалпы орта білім беру 5-10 сыныптар Оқыту ұзақтығы-6 жыл Негізгі бағдары Негізгі жалпы білім алуға жағдай жасау, адамдар арасындағы жэне этносаралық қатынастар мәдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, тұлғаньің өзін-өзі ұйымдастыру тетіктерін, кәсіби және танымдық ой-пікірінің туындауына, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру. Негізгі мектеп оқытуды бейінді мектепте немесе кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарында жалғастырудың базасы болып табылады. Бұл сатының ерекшелігі оқушының мектептегі үшінші сатыдағы бейіндік оқытуға саналы таңдау жасауға бағдар көрсететін бейін алды дайындықтың жүргізілуі болып есептеледі. ІП-саты: Жалпы орта білім беру 11-12 сыныптар Оқыту ұзақтығы – 2 жыл Негізгі бағдары Жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын, оқытудың саралануы мен даралануына, оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына ыкпал ететін талабымен, қызығушылық ниетімен сәйкес әлеуметітендіруге бағдарланған бейіндік оқытуды іске асыруға жағдай жасау. Бейіндік (профильдік) оқыту жаратылыстану-математикалық, әлеуметтік- гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Бейіндеу нысандары мектептің педагогикалық әлеуетін, білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, қаланың, ауданның сұранысын ескере отырып анықталуы тиіс. Бейіндік оқытуды іске асыру жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде жүзеге асырылады. Орта білім беру деңгейіндегі енгізілген өзгерістер білім беру саласының басқа деңгейлерінде өзгеріп отыруына әкеліп соғады. Мысалы, 12- жылдық білім беру мектебінің моделіне сай жоғарғы оқу орындарында білім алатын болашақ ұстаздардың осындай мектепте жұмыс істеуге даярлығын қалыптастыру мәселесі туындайды. Ал оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру жағын қарастыратын болсақ мектептің жаңа моделі үшін жаңа буынды оқулықтар, оқу құралдарын қайта дайындау қажет. Кестеде көрсетіліп отырған 12-жылдык білім берудің әр сатысындағы негізгі міндеттерді шешу үшін болашақ мұғалімдер арнайы психологаялық- педагогикалық білімдермен қаруланулары қажет. Жоғарғы кәсіби білім беру саласының мазмұнын толығымен қайта қарастыру, жаңа оқыту жүйесінде белсенділік пен шығармашылық танытатын жас мамандар қашан да қажет. Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар. 1. Мұғалім мамандығның әлеуметтік маңызы неде? 2. Мұғалім мамандығының гуманистік сипаты неде? 3. Педагогикалық іс-әрекеттің ұжымдық сипаты неде? 4.Неліктен қоғам дамуына байланысты мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар да өзгеріп отырады? 5. Мұғалім профессиограммасы дегеніміз не? 6. 12-жылдық орта білім беруге көшудің негізгі себептері қандай? 7. 12-жылдық орта білім беру неше сатыдан тұрады? 8. «Бейіндік оқыту» деген ұғымды қалай түсінесіз? Әдебиеттер 1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі. № 319-Ш ҚРЗ. 2.ҚР білім береуді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік багдарламасы. Астана, 2005. 31 бет. 3.Қазақстан Республикасында 12-жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2005. 31 бет. 4.Педагогический профессионализм в современном образовании: материалы IV Международной научно-практической конференции (20-23 февраля 2008 г.) /под науч. ред. Е.В.Андриенко. -Новосибирск: 2008. - 774 с. 5. 12-летка в вопросах и ответах. Алматы. РАДИАЛ. 2006. 6. И.Е.Синица. Педагогикалык әдеп және ұстазды Тақырып 3.Педагогикалық құзыреттілік. Мақсаты: педагогикалық құзіреттіліктің маңыздыльіғымен таныстыру Жоспар: 1.Құзіреттілік ұғымына түсінік. 2.Кәсіби педагогикалык құзыреттілік. 3.Мамандардың кәсіби құзіреттілігі түрлері. Кәсіби педагогикалық құзіреттілік. Адамзат қоғамының бүгінгі даму қарқыны бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігінде өзара ынтымақтастықта болу, өзара озық тәжірибемен бөлісуді талап етеді. XXI ғасырдағы білім беру мәселелері бойынша халықаралык комиссияда «Образование: сокрытое сокровище (Білім беру: ашылмаған асыл қазына)» (1996 ж) тақырыбында жасаған баяндамасында Жак Делор білім беруге негіз болатын адамның жалпы негізгі құзіреттіліктері ретінде төрт тұғырнаманы атап өтеді: танып білуге үйрену, істеуге үйрену, бірігіп өмір сүруге үйрену, өмір сүруге үіірену. Осы түғырнамалардың бір қарағанда қарапайым болғанымен олардың мазмұнына білім беру және «құзірет» деген екі ұғымды ажырата қарастырып оларға мынандай анықтамалар береді. Құзірет - тұлғаның табысты іс-әрекетке даярлығы, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді жұмсай алу қабілеті. Құзіреттілік - оқушылардың әр-түрлі іс-әрекеттер түрлерін меңгеруімен анықталатын білім беру нәтижесі. Ш.Т.Таубаева жоғарғы кәсіби білім берудің. мемлекеттік стадарттардың құзіреттілік форматында жасалуын зерттеу барысында құзіреттілік ұғымының мазмұнын ашуда оның үш түсініктемесін атап көрсетеді: 1. Өзінің ішкі әлеуетін іске асыруға қабілетті (даярлығы) мен ынталылығы (мотивациялық аспект); 2. Табысты шығармашыльқ іс-әрекет үшін практика жүзінде байқалған өзінің білім, іскерлік, тәжірибесін іске асыра алу қабілеті (когнитивтік аспект); 3. Өз іс-әрекет нәтижелерінің әлеуметтік маңыздылғын және жеке жауапкершілігін түсінуі, оны үнемі жетілдіріп отыру қажеттігін ұғынуы (құндылық аспект). Сонымен, осы түсініктемелердің негізінде Ш.Т.Таубаева құзіреттілік деп әлеуметтену және оқыту үрдісінде қалыптасқан және өздігінен іс-әрекетке табысты қатысуына бағытталған білім мен тәжірибеге негізделген жеке тұлғаның іс-әрекетке даярлығы мен жалпы қабілеттерінен байқалатын интегралды қасиетін түсіндіреді. Педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін анықтауда көптеген зерттеушілердің көзқарастары мұғалім іс-әрекетінің бір қырымен байланыстырылып қарастырылады. Мысалы, Н.В.Кузьмина педагогикалық іс-әрекет негізінде құзіреттілікті «тұлғалық қасиет» деп қарастырса, Л.А. Петровская коммуникативтік құзіреттілік мәселесіне, М.В.Прохорова басқарушылық құзіреттілікке көп көңіл аударады. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап А.КМаркованың еңбектерінде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі арнайы жан-жақты зерттеу пәніне айналған. Ол мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің құрамында төмендегідей 4 бөлікті ажыратып қарастырады: а) кәсіби педагогикалық және психологиялық білімдері; э) кәсіби-педагогикалық іскерліктері; б) мамандығы қажет ететін мұғалімнің кәсіби психологиялық позициясы, ұстанымдары; в) мұғалімнің кәсіби білім мен біліктерді меңгеруін қамтамасыз ететін тұлғалық ерекшеліктері. Осы кезде Л.М.Митина өз зерттеулерінде «педагогикалқк құзіреттілік» ұғымының «білім, білік, дагдыны және оларды іс-әрекетте, қарым- қатынаста,тұлғаның дамуында іске асыру амалдары мен тәсілдерін» қамтитынын ашып көрсетеді. Кәсіби құзіретілік мәселесі халықаралық денгейде Еуропалық кеңес форумдарында және ЮНЕСКО материалдарында жиі талқыланады. ЮНЕСКО құжаттарында құзыреттер (компетенции) білім беруден күтілетін нәтижелер ретінде қарастырылып олардың негізгі түрлері айқындалған. В.А.Сластениннің, М.И.Мищенконың пікірлерінше педагогтың кәсіби құзіреттілігі - іс-әрекетті атқарудағы теориялық және практикалық даярлъқтарының бірлігі. Н.Д.Хмель педагогтың кәсіби құзіреттілігін окушылардың іс-әрекеттеріне бағытталған, олардың тұлғаларын ынталандыратын, шығармашылық қабілеттерін және олардың өзін-өздері іске асыруга даярльқтарын қалыптастыратын мұғалімнің басқарушыльқ іс-әрекеті деп түсіндіре отырып оның мынандай элементтерін ажыратып қарастырады: - оқытатын пән материалын еркін меңгеру, және оның мазмүнын аудитория ерекшеліктеріне бейімделе отырып толық жеткізе алу; * оқушыларда білім, білік, дағдыларды меңгеру жолдарын қалыптастыру үшін оқыту әдістерін пайдаланудағы әдістемелік құзіреттілік; * оқыту процесін және оқушылардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру саласындағы психологиялық-педагогикалык құзіреттілік; - оқушыларды танымдық іс-әрекетке ынталандыру, қабілеттіліктері мен тұлғалық бағыттылықтарын * қалыптастыру барысында іске асатын дифференциалдық-психологиялық құзіреттілік; * педагогикалық іс-әрекеттегі рефлексия немесе аутопсихологиялық құзіреттілік. М.Х. Балтабаевтың пікірінше кәсіби құзіреттілік – маманның нақты бір кәсіби іс-әрекетке даярлығының және қабілеттерінің көрсеткіштер жиынтығы. Кәсіби құзіреттілік маманның тұлғалык және іскерлік қасиеттерінің итегралдық сипаттамасы. Бұл қасиеттер маманның кәсіби іс-әрекетінің мақсаттарына қол жеткізуге қажетті білім, іскерлік, тәжірибелер деңгейімен қатар оның әлеуметтік-адамгершілік ұстанымының көрсеткіштері. Кәсіби құзіреттілігіне байланысты маман кәсіби іс-әрекет мақсаттарына, талаптарына сай өзіндік шешім.қабылдай.алуын, күрделі мәселелер жағдайында тиімді жол таба алу іскерлігін, және іс-әрекет нәтижесін бағалауға даярлығын көрсете алады. Салыстырмалы түрде талданған тағы басқа анықтамалар негізінде кәсіби құзіреттіліктің екі тұрғыдан қарастырылуын аңғарамыз: - біріншіден, көптеген зерттеушілер кәсіби құзіреттілікті мамандардың даярлық деңгейлерімен байланыстырады; - екіншіден, ғалымдар кәсіби құзіреттілікті маманның түлгалық қасиеттерімен байланыстырьп зерттейді. Құзіреттілік тұрғыдан оқыту барысында басты назар білім беру нәтижесіне, оның тұрақтылығына, оның өлшемдеріне аударылады. Бұл бағытта студенттердің дербестігі, өз беттерінше жұмыс істей алулары ескеріледі. Егер дәстүрлі оқытуда тек студенттер үлгерімінің пайыздық көрсеткіштері маңызды болса, құзіреттілік тұрғысынан оқытуда олардың жетістіктері, мүмкіншіліктер деңгейі, маман тулғасыньң қалыптасуы, олардың әлеуметтенуі, іскерліктері жоғары орынға ие болады. Көптеген ғалымдардың пікірінше мамандардың кәсіби құзіреттілігі мынандай түрлерге бөлінеді: * практикалық (арнайы) құзіреттілік; * әлеуметтік құзіреттілік; * психологиялық құзіреттілік, * ақпараттық құзіреттілік; * коммуникативтік құзіреттілік, * экологиялық құзіреттілік; * валеологиялык құзіреттілік. Мұғалім жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу ісінде кәсіптік деңгейі жоғары болуы үшін педагог мамаңдығына тән іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруы тиіс. Педагогтың кәсіби құзіреттілігінің құрылымы оның негізгі іскеліктері арқылы қарастырылады. Педагогтың танымдық (гностикалық) іскерлігі. Бұл компонент мұғалімнің танымдық қабілеттерін, интеллектуалдық мүмкіндігін, өз пәнін терең білуін, өзін-өзі танып білуін қамтиды және маман еңбегінің негізі болып саналады. Танымдық іскерлікті қалыптастыру үшін адамның қабылдау, зейін, ойлау, елес, ес, т.б. психикальқ қасиеттердің бірлікте дамуы қажет. Мысалы адамның байкағыштығы, өзін-өзі бакылауы, кез келген жағдайда жол таба білуі, ойлау процесінің дамуы үшін талдау жасау, салыстыру, сэйкестігін ажырату, нақтылай білу, жинақтау, корытынды жасау сияқты дағдылардың болуы қажет. Бұл сапалар адамның үнемі жаттығу, өзін-өзі тэрбиелеу оқу, білім алу еңбек ету процестері барысында түтас қалыптасады. Педагогтың конструктивтік (құрастыра білу) іскерлігі. Бұл іскерлік оқу- тәрбие жұмысын модельдеу, жоспарлау, композицияльқ материалдарды іріктей алумен, оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай оқу-тәрбие процесінің материалдық базасына сәйкес жұмысты ретімен ұйымдастыра білуімен сипатталады. Бұл іскерлікті меңгеру үшін интеллектуалдық іскерлік қажет. Алдағы жұмысты жоспарлау, жобалау, алдын-ала ойластыру, салыстыру, болжау қабілеттерімен тікелей байланысты. Сондықтан конструктивтік іскерлік танымдық іскерлікпен ұштасып жататын қасиет. Педагогтың қарым-қатынас (коммуникативтік) іскерлігі. Бұл іскерлік мұғалімнің адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренуі. Қарым-қатынас тәсілдері ол алдымен, сөз сөйлеу техникасы, қимыл, бет құбылысын игере білуден басталады. Бұл іскерлікті қалыптастыру үшін алдымен адам басқа адамды түсіне білуі, тани білуі және өзін де таныта білуі керек. Екіншіден, өзінің ой-пікірін, көңіл-күйін көзқарасын, мақсатын сөйлескен адамға, тыңдаушылар ұжымына түсіндіре білуге және оларды да түсіне білуге үйренуі қажет. Үшіншіден, адамдармен қарым-қатынас барысында толеранттылыққа негізделіп оң шешім таба білу маңызды. Осылардың нәтижесінде мұғалімде қарым-қатынас жасауға бейімділігі және ептілігі бар, адамдармен оңай тіл табыса алатын, басқалармен тез араласа алатын жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Педагогтың хабарлау (информациялық) іскерлігі. Бұл іскерлік аса маңызды педагогикалық іскерлік больш бөлінеді және көбінесе қатынас құралы ретінде қабылданады. Себебі қарым-қатынас хабарлау материалынсыз іске асуы мүмкін емес. Хабарлау іскерлігінде мұғалімнің дауысты үйлестіре білуі, көніл-күй сезімімен сөйлеуі, сөздің құдіретті күшін және дауыс үнін, бет қимылдар ерекшеліктерін меңгере білуі талап етіледі. Оқу-тәрбие процесінің непзгі міндеттерін тиімді шешудегі мұғалімнің сауатты сөйлеуі, қызықтыра әңгімелесуі, көрнекіліктерді қатыстыра отырып түсіндіруі, ашық пікірлесуі, шәкіртті тыңдай алуы, сұрақ-жауап тәсілдерін қолдану арқылы тыңдаушының зейінін өзіне аударта алуы әсіресе жас мұғалімдер үшін өте маңызды қаситеттер. Жас мамандарға бұндай қаситеттерді қалыптастыру үшін арнайы жаттығу қажет. Педагогтың ұйымдастырушылық іскерлігі. Бұл іскерлік мұғалім еңбегінен ажырамайтын, бөлінбейтін, үнемі қатар жүретін тұтас педагогикалық процесті басқарудың негізгі шарты. Бұл іскерліктің өзіндік ерекшеліктері бар: жұмысты анықтау, мақсатын белгілеу, жұмыстың орындалуын талап ету, тапсырма беру, тапсырылған жұмысты бақылау, орындалуын ұйымдастыру, орындалған жұмысты қорытындылау, бағалау, есеп беру, іске қызығушылықпен кірісу, басқаларға жағымды ыкпал жасау, басқаларды бір іске жұмылдыра алу іс- әрекеттерінен құралады. Педагогтың зерттеушілік іскерлігі Зерттеушілік іскерлік мүғалімнің әрбір әлеуметтік-педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауын, ғылыми болжам жасай алуын, жобалау және эксперимент жүргізе алуьн, жоспарлауды, сонымен қатар озық тәжірибені де, өзінің тәжірибесін де жинақтай білуін, оларға теориялық, практикалық талдау жасай алуын және мектеп өміріне енгізе білуін қамтиды. Педагогтың проективтік іскерлігі - оқыту және тәрбие процестерінің перспективалық міндеттерін түсіне отырып оған жетудің стратегиялары мен тәсілдерін меңгергендігі. Мұғалімнің оқыту жэне тәрбиелеу процесінің жаңа жобасын құрастырып, оны іске асырудың тәсілдерін негіздеуі, бұл жобаның орындалуында ата-аналардың, оқушылардың қатысуын қарастыруы, қоғаммен байланыстылығын, әлеуметтік маңыздылығын түсінуі маңызды болып есептеледі. Педагогтың рефлексивтік іскерлігі «Рефлексия» деген сөз адамның өз іс-әрекеттерін, психикалық жағдайларын талдап, ой елегінен өткізу деген мағынаны білдіреді. Педагогтың өз іс-әрекеттерін бақылап бағалауы, өзіне сырт көзбен қарап іс-әрекет нәтижелерінің тиімділігін талдауы, өзін басқалармен салыстыра отырып нені өзгертудің қажеттілігін түсінуі. Қарастырылып отырған іскерліктер бір-бірімен тығыз байланысып келеді. Педагогикалық кәсіптің шебері болу үшін болашақ мұғалімдер осы аталған іскерліктерді өз бойларында дамытуға барлық күш-жігерлерін жұмылдырып, бәсекелестікке қабілетті, құзыреттіліктері жоғары ұстаз болып шығуға талпынулары қажет. Сондай жағдайда ғана бұл іс-әрекет табысты нәтижеге жеткізеді. Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар. 3.Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттеріне қандай қасиеттер жатады? 4. Педагогтың танымдық іскерлігін қалай түсінесіз? 5. Педагогтың ұйымдастырушылық іскерлігін қалай түсінесіз? 6. Педагогтың коммуникативтік іскерлігін қалай түсінесіз? 7.Педагогтың проективтік (болжамдык) іскерлігін қалай түсінесіз? 8. Педагогикалық іс-әрекеттегі рефлексивтік іскерлігін қалай түсінесіз? 9. Кәсіби құзіреттілік дегеніміз не? Әдебиеттер 1. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия/ Бас ред. Б.Аяған. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». 2006. - 704 б. Жексенбаева У.Б. Компетентностно ориентированное образование в современной школе: учебно-методическое пособие. Алматы, 2. 2009-190с. 3. Таубаева Ш.Т. Государственные образовательные стандарты высшего профессионального образования: методология, теория и технология проектирования в компетентностном формате /Білім элемінде. В мире образования. №1-3, 2006.с 19-28. 4. Синица И.Е. Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік. Алматы. 1987.- 223 6. 5. Мижериков В.А. Ермоленко М.Н. Введение в педагогическую деятельность: Уч. пос. для студентов пед. уч. зав. - М. 2002. - 268 с. 6. Хмель Теория и технология реализации целостного педагогического процесса:Уч.пособие.- Алматы, 2002.- 90с. | Тақырып 2.Педагогикалық іс-әрекеттің ерекшелік сипаттамасы. Мақсаты: болашақ ұстаздарды педагогикалық іс-әрекеттің сипаттарымен, мұгалімнің кәсіби маңызды қасиеттерімен және педагогикалық құзіреттіліктің маңыздыльіғымен таныстыру Жоспар: 1. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасы. 2. Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері. 3. Кәсіби педагогикалық құзыреттілік. Негізгі ұғымдар: кәсіп, кәсіби іс-әрекет, педагогикалык іс-әрекет, педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы, мамандық, мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері, педагогикалык құзыреттілік. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасы. Іс-әрекет ұғымы гылым аралык ұғымдар қатарына жатады, себебі ол педагогика психология, әлеуметтану, философия, мәдениеттаңу сияқты көптеген әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттеу мәселелерінің бірі Кез келген жеке тұлға тек өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны белгілі. Сондықтан адамтану ғылымдарының барлығы өз тұрғысынан адам санасы мен іс-әрекеттерін зерттеуге тырысады. Психологиялық тұрғыдан қарастырғанда іс-әрекет - адамның қоршаған дүниемен белсенді қарым-қатынаста болуы арқылы өзін субъектілік позицияға қоюы ретінде қарастырылады. Педагогикалық көзқарастар бойынша іс-әрекет - қоғамдық және жеке тұлғалық маңызды нәтиже беретін бір мақсатқа бағытталған белсенділік.. Өзіндік жеке іс-әрекеттері арқылы адам басқа әлеуметтік іс-әрекеттерге араласады. Іс-әрекеттің осындай сипаты оның нақты бір құрылымы бар екенін анықтайды, Іс-әрекеттің құрылымына мотив, мақсат, құрал, іс-қимылдар, нәтиже, бағалау сияқты компоненттер кіретіні белгілі (2 тақырыптағы 1-суретті қараңыз). Адамдардың іс-әрекеттер: мазмұнына, орындалу сипаттарына, кәсіптеріне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Адамның шұғъілданатын кәсібіне байланысты іс-әрекеттер: медициналық, педагогикалық, конструкторлъқ,инженерлік, бухгалтерлік, т.с.с. түрлерге бөлінеді. Мазмұны жағынан іс-әрекеттерді: * танымдық қоршаған әлем туралы білімдермен қарулану, дүниені танып білу); * зерттеушілік (белгісіз құбылыстарды зерттеу процессі); * коммуникативтік (қарым-қатынас орната алу, тіл табыса алу процестері); * білім берушілік {басқаларға білім беру процесі); - өзгертушілік (қоғамды өзін жетілдіру процесі) болып ажыратылады, Әр-түрлі белгілеріне қарап педагогика-психология ғылымдарында іс- әрекеттердің негізгі түрлері ретінде: * ойын; * қарым-қатынас; * еңбек; * оқу қарастырылаады. Қазіргі қоғамда мыңдаған еңбек түрлері бар. Тұлғаға қойылатын талаптар жиынтығымен сипаталатын еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрін, адамның дене және рухани күшінің шектеулі бір саласын тұтас педагогикалык процесс болып табылады. Тұтас педагогикалык процесс теориясы бойынша оньң өзара тығыз байланысқан негізгі компоненттері ретінде педагог, оқушы, мақсат, міндет, мазмұн, құрал, форма,әдіс-тәсілдер, тапсырма, нәтиже болып табылады. Педагогикалык іс-әрекеттің негізгі ерекшеліктері: 1. Мақсаты қоғам мақсатымен анықталады. 2. Басқа іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған іс-әрекет (мета-іс-әрекет). 3. Іс-әрекет субъект-субъектілік және субьект-объектілік сипатта болады. 4.Түлғаның дамуы мен қалыптасуы бойынша жүргізілген педагогикалық қарым- қатынастың нәтижелері болашақта ғана айқындалады. Тәуелсіз ел атанып, әлемге атымызды танытуға бетбұрып отырған кезеңде ұлтымыздың бәсекеге қабілетті болашағын тәрбиелеудегі басты тұлға - мұғалім. Сондықтан тәрбие деген аталы ұғымның пайда болғанынан бері бұл қызмет ең беделді, әрі ең білгір адамдарға тапсырылады. Осы ойдың өзі педагогикалык іс-әрекеттің әлеумеггік маңыздылығының айқын дәлелі. Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесінің табысты болуы мұғалімнің тұлғалық қасиеттерімен де тығыз байланысты болып келеді. Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттерін зерттеумен айналысқан педагогтар:А.К.Маркова,Л.М.Митина,Н.В.Кузьмина, В.П.Симонов,К.С.Успанов, А.А.Молдажанова т.б. Мұғалімнің қызметі өте күрделі, әрі көп салалы. Мұғалім оқушының жеке басының дамуын, қалыптасуын, оған тәрбие беру және оқыту процесін басқарады. Осындай маңызды іске жауапты болғандықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, саяси моральдық қасиет, табанды ерік-жігер, парасатты мінез-кұлық талап етіледі. Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттеріне мынадай негізгі қасиетерді кіргізуге болады: - оқушыларға деген сүйіспеншілігі; * педагогикалык, процесті жүйелі жүргізе алуы; * бақылағыштығы; * педагогикалык, құбылыстарға талдау жасай алуы; * педагогикалык, ойлаудың қалыптасуы; * қарым-қатынас жасай алуы; * ұжымшылдық; * шығармашылығы және т.б. Мұғалім - өскелең ұрпақтың. интеллектуалдық негізін және рухани дүниесін қалыптастырушы, сонымен катар ол халқымыздың болашағы болып саналатын балалар тәрбиесіне жауапты қоғамның сенімді өкілі. Осындай аса ізгі де аса қиын кәсіп мұғалімдерден тұрақты шығармашылықты, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан жомарттығын, балаларға деген сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді. Педагогикалық іс-әрекет қызығы да, қиындығы да мол кызмет. Себебі мұғалім ата-аналар сияқты бір-екі баланы ғана тәрбиелемейді, ондаған әр түрлі қабілеттері мен бейімділігі, қызығушылығы, мінез- қүұқы мен әдет- ғұрыптары, түсінігі мен көзкарастары әр деңгейдегі жасөспірімдерді тәрбиелейді. Олардың әрқайсысының өзіндік жекеленген ерекшелігін дамытады, ынтымақты, тату, жарасымды ұжымға топтастыра отырып әр балаға жеке адам ретінде шынайы қамқорлық жасауға тырысады. Қазіргі заман мұғалімі қызметіндегі ең басты ерекшеліктердің бірі -жастарға рухани тұрғыдан ықпал жасауды нығайту, сол арқылы еліміздің нағыз белсенді азаматтарын, еңбеккерлерін, отан қорғаушыларын тәрбиелеп шығару. Бұл үшін мұғалім табиғат, қоғам, саясат, өнер, адам, айнала қоршаған дүние туралы ең жаңа ғылыми біліммен қаруланған болуы керек. Мұғалім еңбегінің нәтижелілігінің басты көрсеткіші - баланың тұлғалық қасиеттерін қальштастыру болғандықтан, педагог шәкіртінің даму, тәрбиелену заңдьлықтарын жете біліп, оның ішкі жан дүниесін сезіне алуына арнайы үйренуі керек. Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен үнемі тығыз қарым-қатынаста болуымен және онымен рухани жагынан араласуымен сипатталады. Себебі бала жансыз зат, материал емес. Мұғалім еңбегі ептілікті, сезгіштікгі, шыдамдылықты әрі сергектікті талап етеді. Мұғалім - бала жанын сезе білуге, түсінуге бейім, онымен үнемі бірге болудан, араласудан жалықпайтын және осындай қарым-қатынастың өзіне сүйсіне алатын адам. Мұғалімнің балаға деген сүйіспеншілігі оның бойындағы барлық қасиеттерді ауыстыра алмайды, қайта басқа қасиеттердің айқын көрінуіне негіз болады. Мұғалімнің балаға шынайы сезіммен, құрметпен қарауы балада да мұғалімге деген сыйластық сезімін тудырады. Сондықтан мұғалімнің жалпы мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы, оның интеллектуалдық мүмкіндігі, ой- өрісінің кеңдігі, рухани байлығы тұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды. Мұғалім профессиограммасына қарап маманның бұл кәсіпке жарамдылығын немесе жарамсыздығын анықтауға болады. Адамньң педагогикалық қызметке жарамдылығы теориялық білімнің молдығында ғана емес, сол білімді үздіксіз дамытып отыруында, нақты педагогикалық процесс жағдайына бейімдей алуында. Бұл үшін мұғалім мектеп жағдайында табысты жұмыс істеуге дайын болуы тиіс және күні бұрын нақтылы білім қорын жинақтауы керек. Сонымен қатар мұғалімнің өз білімдерін педагогикальқ қызметтің мақсатымен, әдістерімен, нақты жағдайларымен байланыстыра, ұштастыра білу шеберлігі шешуші көрсеткіш болъп табылады. Өз бетінше ойлай білу, қиын жағдайларда жол таба білу - қазіргі заман мұғаліміне өте қажетті қасиет. Бүгінгі мұғалім - балаларға білім беруші ғана емес, сонымен қатар олардың жаңадан ғана қалыптасып келе жатқан сана- сезімін жоғары дәрежедегі рухани құндылықтармен байытушы, балаларда қоғамдық пайдалы еңбекке деген қажеттілікті оятушы, оларды өз бетінше жаңалық ашуға, шығармашылыққа үйретуші. Мұғалім тұлғасын сипаттайтын негізгі кәсіби маңызды қасиеттері оның педагогикалық әдебінің көрсеткіші де больш табылады. Тәжірибелі педагог И.Е.Синицаның пікірінше педагогикальқ әдеп әр мұғалімнің жас мөлшеріне, темпераментіне, мінезқұлкына байланысты келеді. Педагогикалык әдеп - мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. И.Е.Синица өзінің «Педагогикальқ әдеп және ұстаздьқ шеберлік» деген еңбегінде мұғалімнің мынандай негізгі қасиеттеріне айырықша тоқталады: - Байқағыштық * Ілтипаттылъқ. * Сенім. * Әділдік. * Төзім және сабыр сақтау. Сонымен қатар қазіргі зерттеушілердін пікірінше эмпатия ұғымы да мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттерінің бірі болып саналады. Эмпатия - мұғалімнің оқушылардың психикалык жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның-орнына қоя алуы. Сонымен педагогтың кәсіби маңызды қасиеттері ретінде оның балаға деген ынта-ықыласын, сүйіспеншілігн, пегогикалық еңбекке қызығушылығын, психологияльқ-педагогикалық сезгіштігін, байқағыштығын, әділдігін, талап қоя білушілігін, табандылығын, ұстамдылығын, өзін-өзі басқара білуін, қайырымдылығын, мейірімділігін, кәсіби еңбекті сүйе білуін, ғылыми ой- өрісінің тереңдігін, рухани танымдық қызығушьшығын, интеллектуалдық белсенділігін, педагогикальқ өздігінен білім алуға ынталылығын, шығармашылықпен ынтымақтастықты қолдауын, жаңашыл педагогтардың идеяларын түсінуін, қабылдауын атап өтуге болады. Мұғалім - өз пәнін оқытудың әдістерін жете игерген, шығармашыльқ еңбек ететін, педагогикальқ шеберлігін үнемі жетілдіріп отыратын адам. Мұғалім еңбегінің нәтижелілігі оның табиғи дарындылығында дейтін пікірлер де бар. Сөз жоқ, дарындылық, аса қабілеттілік қай мамандьқта болмасын кездеседі. Бірақ адам мамандық ерекшелігімен дүниеге келмейтіні ақиқат. Педагогикальқ шеберлік - кейбіреулерге ғана берілген табиғат сыйы емес, ол үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына деген құштарлығынан туындайтын іс-әрекеттер жиынтығы. Жалпы жас ұрпаққа білім беру ісін жетілдіру және оқу-тәрбие жұмыстарын жаңа сатыға көтеру міндеттерін мұғалімсіз жүзеге асыру мүмкін емес екені анық. Сондықтан жас мамандардың кәсіби біліктілігін шыңдауға, мәдениетін дамытуға, рухани кемелденуін қамтамасыз етуге аса көп көңіл бөлінуі керск. Еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуы, өркендеуі, қоғам алдындағы бағдарламалық міндеттердің шешімі тікелей жас мамандардың кәсіби дайындықтарының сапасына байланысты. Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар. 1.Кәсіби іс-әрекет пен педагогикалық іс әрекеттің айырмашылығы неде? 2.Кәсіп және мамандық ұғымдарының айырмашылығы қандай? 3..Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттеріне кандай қасиеттер жатады? 4.Педагогтың танымдық іскерлігін қалай түсінесіз? 5.Педагогтың ұйымдастырушылық іскерлігін қалай түсінесіз? 6. Педагогтың коммуникативтік іскерлігін қалай түсінесіз? 7. Педагогтың проективтік (болжамдық) іскерлігін қалай түсінесіз? 8. Педагогикалық іс-әрекеттегі рефлексивтік іскерлігін қалай түсінесіз? Әдебиеттер 3. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия/ Бас ред. Б.Аяған. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». 2006. - 704 б. 4. Жексенбаева У.Б. Компетентностно ориентированное образование в современной школе: учебно-методическое пособие. Алматы, 2009-190с. 3. Таубаева Ш.Т. Государственные образовательные стандарты высшего профессионального образования: методология, теория и технология проектирования в компетентностном формате /Білім элемінде. В мире образования. №1-3, 2006.с 19-28. 4. Синица И.Е. Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік. Алматы. 1987.- 223 6. 5. Мижериков В.А. Ермоленко М.Н. Введение в педагогическую деятельность: Уч. пос. для студентов пед. уч. зав. - М. 2002. - 268 с. 6. Хмель Теория и технология реализации целостного педагогического процесса:Уч.пособие.- Алматы, 2002.- 90с. | Модуль 4. Болашақ мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті. Тақырып 1.Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы. Мақсаты: болашақ мұғалімдерге шығармашылық ұғымы туралы түсінік беріп педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық сипаты мен тереңірек таныстыру. Жоспар: 1.Шығармашылық ұғымы. 2.Мұғалім шығармашылығы және озық педагогикалық тәжірибе. 3.Шығармашылыққа үйрену жолдары. Негізгі ұғымдар: шығармашылық, қиял, шығармашылық ойлау, озық педагогикалық тәжірибе, қазіргі педагогикалық технологиялар. Шығармашылық ұғымы. Философиялық тұрғыдан қарастырғанда шығармашылық - жаңа сапалы материалдық жэне рухани құндылықтарды жасаудағы адамның белсенді іс-әрекеті ретінде карастырылады. Педагогикалық энциклопедияда шығармашылық-адамның өзіндік және белсенді іс-әрекетінің жоғарғы формасы ретінде түсіндіріліп өзінің әлеуметтік маңыздылығымен және жаңашылдығымен бағаланады. Мысалы, қазіргі кездегі ғылымның, техниканың жетістіктеріне {компьютер, интернет, ұялы телефон, медицинадағы улътрадыбыстық диагностикалық аппараттар, лазер сәулелері арқылы емдеу, т.б.) көптеген ізденуші ғалымдардың шығармашылық іс- әрекеттері арқылы ғана қол жеткізіп отырғанымыз анык. Шығармашылық процесс - әрқашанда көпшілікке белгілі қалыптасқан білімдер жүйесінен ерекшеленуімен, бір құбылысқа жаңаша көзқарасты қалыптастыруымен, бірі біріне ұқсамайтын құбылыстар арасындағы ұқсастықтарды анықтай алуымен, мәселелерді шешудегі тиімділігімен құнды. Шығармашылық тұлға - әрқашанда еркін, өзін-өзі жан-жақты дамытуға дайын, бәсекелестікке қабілетті, құзіреттілігі мен белсенділігі жоғары адам. Шығармашылықпен айналысуда адамның тек ақыл-ойы ғана емес, сонымен қатар оның табандылығы, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алуы, ойдың еркіндігі мен батылдығы, болжам жасай алуы, өз күшіне деген сенімділігі сияқты тұлғалык қасиеттері өте маңызды. Яғни,шығармашылық адамның тұлғалық қасиетіне жатады,сондықтан мұндай қабілетті әр адам жас кезінен өз бойында дамытқаны жөн. Ал өз күшіне сенімсіз, жасықтау адамдар ешқашанда өз беттерінше үлкен жаңалықтарға қол жеткізе алмайтынын Людвиг Фейербахтың: «Адам тек... өз күшіне сенген жағдайда ғана дегеніне жете алады» - деген сөздерімен түйіндеп кетуте болады. «Шығармашылық» ұғымына қатысты қазіргі психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік ғылымдар саласында шығармашлық ойлау, шығармашылық қиял, шығармашылық іс-әрекет, шығармашылық ойын, шығармашылық қабілет сияқты терминдер жиі қолданылуда. Қазіргі кезде адамдардың іс-әрекеттерінің сипатына байланысты шығармашылықтың мынандай түрлері ажыратылады: - ғылыми шығармашылық (бұрынғы ғылыми білімдерге қарағанда артықшылығымен бағалы жаңа білімдер жүйесі); - көркем шығармашылық (жаңа көркем әдебиет туындылары); - техиикалық шығармашылық (жаңа техникалық кұралдар мен жаңа технологиялар); - педагогикалық шығармашылық (жаңа мазмұн, педагогикалық әдістер, қағидалар, педагогикалық жүйелер т.б.) Көптеген зерттеушілердің пікірінше шығармашылықтың жемісті болуына адамның сезім күштерінің әсері өте зор. Бір мәселені ұзақ зерттеу барысында адам өзінің, ішкі күштерін толық соған жұмылдырып, жүрсе де, тұрса да ойымен сол бағытта белсенді жұмыс істесе, шабытының шырқауы аркылы шығармашылық шыңына жетуі мүмкін. Ғалым-зерттеушілердің ғылыми шығармашылықтарына байланысты В.И.Павлов: «Ғылымға адамның бүкіл өмірі сарп етілуі керек екенін ұмытпаңыздар. Екі есе өмір сүрсек те аздық етеді. Іс жүзінде, ізденіс үстінде ынтық сезіміңіз суымасын» - деп жазады. Иә, зерттеушілік іс-әрекетте ғалымдарды арман- мақсаттарына жетелейтін негізгі күштердің бірі - олардың сезіммен қанаттанған ақылы, қиялға толы құлшыныстары екені рас. Сол сияқты көркем шығармашылыққа әбден берілгендіктен бұл саланың ісмерлері де өздсрі суреттеп отырған кейіпкерінің көңіл күйіне бөленіп солардың уайым-қайғысын бірге кешкендей сезінеді. Осыған байланысты айтылған орыс мүсіншісі Антокольскийдің: «Сезім жоқ жерде көркем шығарма да жоқ» деген ойы нағыз шеберлердің өз істерін үлкен кұштарлықпен атқаратынының дәлелі. Енді осы жоғарыда қарастырылып отырған шығармашылық түрлеріне талдау жүргізіп, олардың өзара айырмашылықтарын қарастырайық. Ол үшін «Педагогикалық шығармашылықтың (басқа шығармашылықтардан айырмашылығы неде?» - деген сұраққа жауап іздестірейік. Әрине, бұл біраз ойландыратын сұрақ.. Мысалы, суретшінің шығармасы - оның салған керемет суреті, композитордың шығармасы - оның шығарған әсем әуені, ақынның шығармасы -оның әсерлі өлеңі делік. Олардың шығармашылық туындыларының негізгі ерекшеліктерінің бірі олардың аяқталғандығында, сол күйінде өзгермей сақталуында. Ал педагогикалық шығармашылықтың туындысы - үнемі дамып өзгеру үстінде болатын оның тәрбиелеп отырған шәкіртінің тұлғасы. Педагогы жақсы болса ондай шәкірттер жылдан жылға шыңдалып өздері-өздерін жетілдіре береді. Осы аталған шығармашылық түрлерінің барлығы кәмелеттік жасқа толған жастар және ересек адамдар үшін қарастырылса, балаларға қатысты «балалар шығармашылығы» деген ұғым көп қолданылады. Шығармашылық іс-әрекетпен адам баласы жастайынан таныс болады. Балалардың шығармашылығы олардың негізгі іс- әркеттері болып табылатын ойындарынан-ақ байқалады. Әсіресе мектеп жасына дейінгі шағында балалардың өте тынымсыз,танымдық белсенділіктері жоғары, үлкендердің істеріне қызығушылықтары мол, қиялшыл, арманшыл болатыны және көп ермекті талап ететіні байқалады. Олардың талаптары биологиялық, физиологиялык тұрғыдан орынды да, заңды да талап, себебі осындай талаптары арқылы олар қоршаған ортамен тереңірек танысады, дене күштерін дамытады, әлеуметтік ортаға бейімделе бастайды. Қарапайым еңбек түрлерінде де балалар түрлі шығармашылық касиеттерін көрсетеді. Мысалы, кіші жастағы баланың ешнәрсеге қарамай конструкторлардан үй, кеме, көлік түрлерін құрастыруының, дымқыл құмнан небір қайталанбас мұнаралар, үңгірлер, таулар. жолдар, көпірлер жасауларының өзі карапайым шығармашылық іс-әрекет екені түсінікті. Осындай ойындар барысында бала өз ойынан шығарған қиял әлемін елестетіп ерекше бір сезімдерге бөленіп, үлкендерге еліктей бастайды (ұл балалардың «ағаш атқа» отырып шабуы, қыз балалардың топырақ пен гүлдерді араластырып «тамақ» әзірлеулері, т.с). Егер ата-аналар баланың осындай қиялының шарықтауына, өзін әр түрлі іс- әрекеттерде сынап көруіне шектеу қоймаса онда бала ертеңгі мектептегі оқу- танымдық іс-әрекетінде де белсенді, тапқыр, шығармашыл тұлғага айналуы ыктимал. Сондықтан бала өз бойынан байқатқан қабілеттерді одан әрі дамытуға жағдай жасап, осы жас кезінен көрсеткен талпыныстарының барлығы оның болашағының негізін қалайтынын ұмытпағанымыз абзал. Мұғалім шығармашылығы және озық педагогикалық тәжірибе. Психологиялық- педагогикалық ғылымдар саласында шығармашылық іс-әрекет ерекшеліктерін зерттеумен айналысқандар Л.С.Выготский, СД.Рубишнтейн, А.В.Брушлинский, О.К.Тихомиров, Т.А.Маслоу, Б.Г.Ананьев т.б. болған. Педагогикалық іс-әрекеттер ерекшеліктеріне байланысты педагогикалық шығармашылық ұғымы кеңінен қолданылады. В.А.Сластениннің еңбектерінде педагогикалық шығармашылық педагог тұлғасының жеке, психологиялық, интеллектуалдық күштері мен қабілеттерін іске асыру процесі ретінде қарастырылады. Кез келген іс-әрекетке адам шығармашылық тұрғыдан қарауды қалыптастыруы қажет, себебі онсыз дау, ілгері жылжу, прогресс болмайды. Оқу- тәрбие ісінде оқушылардың шығармашылығын шыңдайтын, тек шығармашыл ұстаз ғана. Сондықтан көп мәселелердің шешімінің тиімділігі мұғалім тұлғасының шығармашылығына байланысты. Педагогикалық шығармашылық - өзінің жаңашылдығымен, қайталанбастығымен ерекшеленетін шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық іс-әрекет. Қазіргі мектепті жаңашаландыру, оқыту-тәрбие процестерін жетілдіру мұғалімдердің шығармашылығына тікелей байланысты. Педагогикалық шығармашылықтың бір ерекшелігі - мұғалімдердің білім, білік, дағды қорларын үнемі байытып, жаңартып отыруында. Ондай мұғалімдер ешқашан да жұмыстарына селқос, немқұрайлы қарамайды, бар нәрсемен қанағаттанып қоймай, керісінше кездесетін түрлі педагогикалық қарама-қайшылықтарды женудің жолдарын іздестіріп, табысты нәтижеге ұмтылады. Педагогикалық шыгармашылық - мұғалімнің, өз ісін сүйіп, оған барлық ынта-ықыласымен кірісіп, әр шәкіртінің жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына неғұрлым тиімді, қолайлы жағымды жағдай жасай алуы. Ондай мұғалімдердің әрбір өткен сабағы балалар үшін өте кұнды да бағалы, мұндай сабақтарға балалар қуана жүгіріп келеді, мұғалімнен бір қызықты жаңашылдық күтеді. Шығармашық мұғалімдердің өзінің ішкі жан дүниесінде, көңіл-күйінде, балалармен қарым-қатынасында үйлесімділік байқалып тұрады. Олар әр сабақты бір шығармашылықты шыңдау лабораториясына айналдырып жібереді. Мұғалім бір сабақтың үстінде бірнеше рөлді бірақ атқарып тұрады. Ол балаларға білім беруімен қатар сценарист те, басты рөлді орындайтын актер де, режиссер де, суретші де, декоратор да, костюмер де, визажист те, дизайнер де, тәртіпті қадағалаушы да, психолог та бола алуы керек. Белгілі театр реформаторы К.С.Станиславскийдің теориялық мұрасында «шығармашылдық көңіл-күй» деген ұғым қарастырылады. Оның пікірінше актердің шығармашылдық көңіл күйі көрермендердің көңіл-күйін баурап алады. Сол сияқты шығармашыл педагог та әр оқушының ынта-ықыласын, көңіл-күйін, зейінін өзіне аудартып, тіпті олардың іс-әрекеттерін басқара отырып шығармашылыққа тәрбиелей алады. Мұғалімнің негізгі мақсаты - жас ұрпақтың өмірге, әлемге, табиғатка, болашақка, адамдарға, еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, оңтайлы қатынастарын калыптастыру. Бұл үлкен жауапкершілікті талап ететін педагогикалық міндет. Педагогикалық міндетті шешудің өзі шығармашылықты кажет етеді. Педагогикалық практикада кездесетін ең қиын міндеттер шығармашыл педагогтың қолында оңай шешімін таба алады. Мектеп тәжірибесіндегі кездесетін көптеген педагогикалық міпдеттер Л.И.Рувинскийдің «Мамандықка кіріспе» атты оқу құралында мынандай үш топқа бөлініп қарастырылады: 1. Стратегиялық міндеттер- шешімі ұзақ уақытты қажет ететін ең ірі,үлкен міндеттер. Оларды шешу оқушылардың көзқарастарында, өзара карым- қатынастарында, елеулі өзгерістер туындатуы мүмкін. Мысалы, сынып жетекшісінің оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу міндеті. 2. Тактикалық міндеттер-стратегиялық міндеттерді нақтылайтын, шешілуін қамтамасыз етуге тиіс міндеттер. Мысалы, оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу үшін сынып жетекшісі мынандай тактикалық міндеттер қоюы мүмкін: тәртіп бұзушылыққа жол бермейтіндей етіп оқу жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, жауапкершілік туралы әңгімелер өткізу, ата- аналар жиналысын өткізу, осы жұмыстарга оқушылардың өздері басшылық ету ролдерін арттыру жүмыстарын жоспарлау. 3. Оперативтік міндеттер-жоспарланған іс-әрекеттерді тікелей орындауға көшу, яғни жедел түрде, балалардың көз алдында, олардың белсене қатысуымен шешілетін міндеттер. Осындай түрлі міндеттерді шешудің алдын ала дайын үлгілері, рецептері болмайды. Әр мұғалім кез-келген жағдайда өзінің шығармашылық қабілеттері,педагогикалық іскерліктері мен шеберлігі, психологиялық білімі арқылы жол тауып шыға алуы керек. Педагогикалық шығармашылық бір неше кезеңдерден құралады. 1. Шығармашылдық педагогикалық міндеттерді анықтау. 2. Педагогикалық ықпал ету әдістерін жобалау. 3.Балалармен тікелей әрекеттесу арқылы белгіленген жоспарды жүзеге асыру. 4. Қол жеткізген педагогикалық нәтижелерді талдау. Ұстаз шығармашылығы сабақтың, дәрістің тиімді жүргізілуінде, оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерінің ескеріліп олардың бірлесіп жұмыс істеулерінде, және басқа да педагогикалық іс-әрекеттерде жан-жақты байқалып тұрады. Педагогикалық тәжірибе көрсеткендей шығармашылық өз еңбегінің әлеуметтік құндылығын бағалай отырып, кәсіби біліктіліктерін үнемі жетілдіру үшін баскалардың озык тәжірибесін зерттеп отыратын мұғалімдер жұмыстарына тән ерекшелік. Педагогикалық тәжірибе озық және көпшіліктік болып бөлінеді. Көпшіліктік педагогикалық тәжірибе - оқыту, тәрбиелеу практикасының жеткен деңгейімен сипатталатын білім беру мекемелерінің және жеке педагогтардың жұмыс тәжірибесі. Озық педагогикалық тәжірибе деп басқаларға үлгі тұтатын педагогтың асқан шеберлігін атайды. Ал егер педагог тәжірибесінде шығармашылық ізденіс, өте тиімді нәтиже беретін жаңашылдык, бір қайталанбас ерекшелік қамтылған болса онда оны жаңашыл педагог-деп атауға болады. Озық педагогикалық тәжірибенің теориялық негіздерін меңгеріп оны практикада қолдану ерекшеліктері қазақстандық педагог-ғалым Ш.Т.Таубаеваның еңбектерінде жан-жақты зерттеледі. Ш.Т.Таубаеванын монографиялық еңбегінде озык педагогикалык тәжірибені зерттеу, жалпылау, қолдану мұғалімдердін зертгеушілік мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде карастырылады. Мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибесі көп жылдар бойы жинақталған, ұтымды, тиімді нәтиже беретін шығармашылық іс-әрекеті. Белгілі қазақ педагогы Б.Р.Айтмамбетованың: «Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық даму деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сергек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі құбылыстардың барысын идеялық адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлігі мен қабілетін, өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен, коллективпен педагогикалық ынтымақтастық орнатуга бейімділігі бар, шығармашылық еңбек ететін маман болуы керек» - деген пікірі педагогикалық іс-әрекетте табысты нәтижеге қол жеткізген озық тәжірибелі педагогтардың жұмысының жоғары бағасы деуге болады. Б.Р. Айтмамбетова шығармашылық жолда еңбек ететін барлық мұғалімдерге ортақ педагогикалық идеяларды былайша жіктейді: - ынтымақтастық педагогикасын жүзеге асыру идеясы; - әрбір жеке оқушының ішкі жан дүниесін білу арқылы тығыз карым-катынаста болу идеясы; - тұтас педагогикалық процесті гуманитарландыру, демократияландыру идеясы; - қиын әрі күрделі мақсаттарды алдын-ала білу идеясы; - тірек сигналдары арқылы оқушыларды шығармашылық ізденіске үйрету идеясы, - оқушылардың білім алуында және оны бағдарлауда еріктілік принциптерін жүзеге асыру идеясы, - оқу материалын өту барысында бағдарламадан озып отыру идеясы; - ірі блоктар идеясы; - оқушыларды өздерінің білімдеріне, жұмыстарына талдау жасауға және бағалай білуге үйрету идеясы; - сынып оқушыларының интеллектуалдық дәрежесін жетілдіру идеясы; - коллективтік шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру идеясы; - шығармашылык өнімді еңбекті ұйымдастыру идеясы; - мұғалімдер ұжымымен, ата-аналар және жұртшылықпен ынтымақта болу; - қазіргі уақыттың әлеуметтік парызын орындауда мектеп пеп қоғамның тығыз байланысын жүзеге асыру идеясы. Бұл идеялардың барлығы Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов, И.П.Волков, Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, Қ.Н.Нұрғалиев. А.М.Ысқақов, Қ.Айтқалиев, Қ.Бітібаева, Е.А.Очкур сынды жаңашыл-педагогтардың тәжірибелерінде практика жүзінде қолданылып жоғары сапалы нәтиже бергені белгілі. Сондықтан осындай құнды идеяларды кәсіби іс-әрекетте қолдана алу үшін болашақ мұғалімдердің аталған жаңашыл-педагогтардың еңбектерімен тереңірек танысулары олардың шығармашылық әлеуеттерін жетілдіруге негіз болмақ. Шығармашылыққа үйрену жолдары. Шығармашыл педагог болу - қазіргі дамуы жылдам ақпараттық ғасыр талабы. Қазіргі таңда маман өзінің шығармашылық әлеуетін үнемі жетілдіріп отыру дағдысын қалыптастырмайынша оның кәсіпке жарамдылығы да төмендей береді. Ал жоғарғы оқу орындағы теориялық білім нәрімен сусындап жатқан студенттер де өздерінің танымдық белсенділіктерін дамытып, шығармашылық қабілеттерін жетілдірулері қажет, себебі ол ертеңгі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттерінің нәтижесіне тікелей әсерін тигізетін факторлардың бірі. Болашақ мұғалімдердің білім шаңырақтарындағы бүгінгі табысты оқу іс-әрекеттері - ертеңгі кәсіби құзіреттіліктерінің, бәсекеге қабілеттіліктерінің кепілі. Шынымен кәсіби-педагогикалық қызмет өз табиғатынан шығармашылық сипатқа ие екені белгілі. Шығармашылық - бұл белгілі қатынастар аркылы өзара байланысқан және өзгермелі жағдайларда педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған қызмет жүйесі. Педагогикалық шығармашылықтың, шеберліктің ең жоғарғы деңгейіне жету жолы жан-жақтылық пен оның құрамына енетін педагогикалық әрекеттердің бір-біріне ауысуымен сипатталады. Педагогикалық шығармашылықтың басты белгісі - жаңа шешімдерді іздестіруге, жаңа міндеттерді қоюға, жұмыстың стандарттан тыс әдістерін қолдануға үнемі әзір болу. Өз шығармашылығы арқылы педагог әр сабақта оқушыларды да шығармашылыққа баулуы керек. Жаңа біліммен таныстырудың өзі шығармашылық тұрғыдан жүргізілуі тиіс. Егер мұғалім оқушыларға дайын білімді баяндап бере салса, балалардың шығармашылығы дамымайды. Керісінше проблемалық сұрақтар қою арқылы балалардың ойын жетектеу, өз беттерінше ізденулері арқылы білімді меңгерту, өздері бір мәселенің шешімін ойластырып табуға жағдай жасау жиі іске асырылса оқушылардың шығармашылығын дамытуға негіз қаланады. Оқушылармен шығармашылық тұрғыдан жұмыс істей алу үшін мұгалімдер қалыптасып қалған бірқалыптылықтан шығу жолдарын іздестіріп өздерінің біліктіліктсрін үнемі жоғарлатып отырулары қажет. Осыған орай педагогтық кәсіптің ігегіздерін меңгсру барысында болашақ ұстаздар тек арнайы теориялық білімдерді меңгерумен шектелмей,оған қосымша өз бойларындағы ішкі қабілеттсрін барынша дамытып, өздерін жетілдіру жұмыстарымен айналысқандары абзал. Ол үшін студенттерге ең алдымен психология, педагогика ғылымдарында белгілі диагностикалық әдістемелерді пайдаланып өздерінің шығармашылық деңгейіи анықтап алғандары жөн. Мысалы, Т.В.Морозованың «Диагностика успешности учитсля» атты кітабында мынандай тест ұ.сынылған. Тест: Сіздің шығармашылық әлеуетіңіз қандай? Нұсқау: Сіздің өзіңіздің шығармашылық әлеуетіңізді қаншалықты дұрыс бағалайтыныңызды анықтайтын тестті орындаңыз. Берілген сұрақтарға шынайы жауап берулеріңізді өтінеміз. Жеке бетке өз жауаптарыңызды жазыңыз (мысалы, 1-а, 2-ә, 3-а т.с.с). 1.Қоршаған әлем жақсарады деп санайсыз ба? А)иә ә) жоқ; б) иә, бірақ барлығы емес. 2. Қоршаған әлемді айтарлықтай өзгертуге өзіңіз үлес қоса аламын деп ойлайсыз ба? а) иә, көп жағдайда; ә) жоқ; б) иә, кей жағдайда. 3.Сіздің пікіріңізше, сіздің кейбір ойларыңыз өзіңіз таңдаған салада айтарлықтай прогресс туғызады деп ойлайсыз ба? а) иә; ә)жағымды жағдайларда, иә; б) тек кейбір дәрежедсе ғана. 4.Сіз болашақта түбегейлі өзгеріс жасауда соншалықты маңызды рөл атқарамын деп санайсыз ба? а) иә, ә) мүмкіндігі өте аз; б) мүмкін. 5.Сіз бір іс-әрекетті жасауда өз бастамаңызды аяғына дейін орындай алатыныңызға сенімдісіз бе? а) әрине; э) жасай алатыныма жиі күмәнданамын; б) сенімсіздіктен сенімім жоғары. 6.Сіз өзіңізге мүлдем таныс емес іспен жиі шұгылданғыңыз келе ме? а) иә, өзіме беймәлім нәрсе мені қызықтырады; ә) жоқ, кызықтырмайды; б) барлығы істің өзіне және жағдайға байланысты. 7.Сізге өзіңізге таныс емес іспен айналысуға тура келді делік. Сізде сол істі сол істі жоғары дәрежеде орындап шығу сезімі пайда бола ма? а) иә; э) қаншалықты үлгеріп істегеніме қанағаттанамын; б) егер бұл маған ұнаса, иә. 8. Егер іс өзіңізгс таныс болмаса, сіздің ол туралы бәрін білгіңіз келе ме? а) иә; э) жоқ, ең бастысын ғана білу керек; б) жоқ мен тек қана өз қызығушылығымды қанағаттандырғым келеді. 9.Егер сіз сәтсіздікке ұшырасаңыз: а) ақылға қонымсыз болса да, біраз уақыт табандылық көрсетіп тырысасыз; ә) істің өнбейтінін сезісімен, қолыңызды бір-ақ сілтейсіз; б) кедергілердің қиындығын көріп тұрсаңыз да ісіңізді жалғастыра бересіз. 10.Мамандық таңдауда ... ескеру кажет: а) өз мүмкіндіктеріңізді және өзіңіздің болашағыңыз үшін маңыздылығын; ә) мамандықтың тұрақтылығын, маңызын, қажсттілігін, мамандыққа деген сұранысты; б) оның сізді қамтамасыз ететін артықшылықтарын. 11.Егер сіз саяхаттап жүрсеңіз, бұрын жүрген бағытты оңай бағдарлай аласыз ба? а) иә; э) жоқ, жаңылып қалудан қорқамын; б) егер ол жер маған ұнаған болса, иә. 12.Сіз әңгіме аякталғаннан кейін бірден әңгіменің не туралы болғанын еске түсіре аласыз ба? а) иә, еш қиыншылықсыз; э) бәрін еске түсіре алмаймын; б) маған қызықты көрінгенін ғана еске түсіремін. 13.Сіз бейтаныс тілде айтылған сөзді оның мағынасын түсінбесеңіз де, буын бойынша қатесіз қайталап бере аласыз ба? а) иә, еш қиыншылықсыз; ә) иә, егер ол сөз тез жатталса; б) онша дұрыс болмаса да, қайталаймын. 14.Бос уақытыңызда сіз ... қалайсыз: а) жалғыз қалып ойланғанды; ә) компанияда болғанды; б) жалғыз боламын ба, әлде компаиияда боламын ба, маған бәрібір. 15.Сіз бір іспен айналысып жатсаңыз, оны тоқтатуды шешесіз, егер: а) ісіңіз аяқталып және сізге өте жақсы орындалған болып көрінгенде; ә) сіз орындалған іске қаңдай болса да көңіліңіз толғанда; б) сіз әлі толығынан орындап болмасаңыз да. 16. Сіз жалғыз болғанда: а) қандай да бір, мүмкін абстрактілі нәрселер туралы армандағанды жақсы көресіз; э) өзіңіз калай болғанда да бір нақты іс тапқыңыз келеді; б) кейде өзіңіздің жұмысыңызға байланысты нәрселер туралы армандауды ұнатасыз. 17.Сізді бір идея баурап алса сіз ол туралы..............ойлайсыз: а) қайда жәнс кіммен бірге болғаныңызға қарамастан; ә) тек жеке қалғанда; б) тыныштық болған жерде ғана. 18.Сіз бір көзқарас (пікірді) дәлелдеу кезінде: а) оппоненттеріңіздің дәйектемелері сізді иландыратын болып көрінсе, өз пікіріңізден қайтасыз; ә) қандай дәлелдерді естісеңіз дс өз пікірінізде қаласыз;. б) қарсылас өте күшті болса пікіріңзді өзгертесіз. Нәтижелерді өңдеу және түсініктеме беру Әрбір «а» жауабы үшін 3 балл, «ә» жауабы үшін 1 балл, «б» жауабы үшін 2 балл бсріледі. 1, 6, 7,-8 сұрақтар сіздіңбілімге деген құштарлығыңыздың шектерін көрсетсді; 2, 3, 4, 5 сұрақтары өзіңізге деген сенімнің белгісі; 9 және 15 сұрақтары - тұрақтылық белгісі, 10 - амбициялық белгісі; 11 - көргенді есте сақтау белгісі; 12, 13 - естігенді есте сақтау белгісі; 14- тәуелсіз болуға сіздің құлшынысыңыз; 16, 17 - абстракциялану қабілеті; 18 - зейінділік дәрежесі. Баллдардың жалпы қосындысы шығарылады. Жинақталған жалпы балл саны сіздің шығармашылық әлеуетіңіздің көрсеткіші. 49 және одан жоғары балл. Сіздің шығармашылық әлеуетіңіз айтарлықтай, бұл сізге шығармашылық мүмкіндіктерін еркін тандауға негіз бола алады. Егер сіз өзіңіздің кабілеттеріңізді іске асыра алсаңыз, шығармашылықтың қай түрі болса да қолыңыздан келеді. 24-48 баллға дейін. Сіздің шығармашылық әлеуетіңіз нормаға сай, сізде шығармашылықпен айналысуға барлық қабілеттер бар, алайда кедергілер де бар. Егср сіз тек қана табысты болуға бағытталсаңыз, сіз үшін ең қауіптісі - қорқыныш. Сәтсіздіктен қорқу сіздің қиялыңызды - шығармашылықтың нсгізін қыспаққа алып, матап тастайды. Қорқыныш әлеуметтік те болуы мүмкін, бүл - қоғамның айыптау қорқынышы. Кез келген жаңа идея адамның айналасындағылардан күтпегендік, таңдану, танымау, мойындамау кезеңінен өтеді. Өзгелер үшін тосын жаңалык, әдеттегіден тыс нәрселерді мойындамаушылық сіздің шығармашылық белсенділігіңізге бөгет болады, ал мұның нәтижесі шығармашылық тұлғаныц деструкциясына әкеліп соғады. 23 және одан да төмен балл. Сіздің шығармашылық әлеуетіңіз өкінішке орай көп емес. Мүмкін сіз өзіңізді жете бағаламайтын шығарсыз? Өз күшіңізге сенімнің жоқ болуы сізді өзіңіздің шығармашылық ізденіске, жадалыққа қабілетті емес деген ойға жстелейді. Ондай ойдан арылыңыз да мәселенің шешімін табуға тырысыңыз. Міне, осындай көптеген диагностикалық тесттер арқылы әр болашақ маман өзінің шығармашылық әлеуетін анықтап, сол бағытта қабілеттерін дамыту жұмыстарымен шұғылданса, ертеңгі кәсіби іс-әрекетте жетістіктерге жетуі ықтимал. Бүгінгі мектептегі мұғалімді де, оқушыны да, жоғары оқу орнындағы студенттерді де шығармашылыққа баулудың бір жолы - оларды шығармашылық позицияға қоятын педагогикалык процестің элементарлық бірлігі болып табылатын псдагогикалық ситуация. Әр педатогикалык ситуация білім алушының толыққанды дамуына, шығармашылыққа ынталандыруға ықпал беруі қажет. Қалыптасқан, орнығып қалған оқыту-тәрбиелеу әдіс-тәсілдер жүйесінен шығу жолдарының бірі жаңа педагогикалық технологияларды зерттеу, оларды өз тәжірибесінде қолдана білу. Қазіргі кезде білім беру саласындағы оқыту, тәрбислеу технологиялары оқушы тұлғасын белсенді позицияға қойып, оның ішкі қабілеттерін барынша дамытуға бағытталған. Болашақ мамандарға үнемі өзгеріп тұратын жаңа тұжырымдамалар, реформалардың мол мағынасын жете түсіне білулері де маңызды. Сонымен қатар студенттік жастан бастап ғылыми-зсрттеу жұмыстарына белсенді қатысу да шығармашылықты шыңдауға көмекеседі. Болашақ мұғалім өзінің кәсіптік жұмысының шығармашылық сипатын алдын ала сезінуі кажет. Өз ісіне шығармашылықпен қарамайынша оның еңбегінің нәтижесі де қуантарлықтай болмайды. Ол көп жылдар бойы жинақталған педагогикалық қазынамен танысып оны игерудің өзіндік жеке бағдарламасын анықтауы керек. Жалпы танысып қана қоймай өзіндік педагогикалық папка әзірлеп қызықты жаңа материалдарды жииақтап, әдебиет тізімдерін, маңызды сайттарды өзіне жүйелеп жазып алғандары абзал. Бұл материалдардың барлығы педагогикалық практика кезінде, немесе алғашкы мұғалімдік қызметінде жақсы септІгін тигізеді. Біртіндеп мұғалімнің ізденушілігі арқылы жаңа педагогикалық кітаптар, білім беру саласына катысты Заңдар,тұжырымдамалар,бағдарламалар жинақталып өзінің жеке педагогикалық кітапханасы қалыптаса бастайды. Болашақ ұстаздардың шығармашылық іскерліктерін қалыптастыруға олардың ғылыми әдебиет көздерін, мерзімді педагогикалық басылымдарды өз беттерінше зерттеп, жаңашылдықты іздестірулері, құнды деректерді жинақтаулары, өздерінің педагогикалық қорын байытулары жақсы ықпал етеді жэне олардың кәсіби табысты нәтижеге жетулеріне мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар үздіксіз педагогикалық практика кезінде студенттерге нақты мектептің педагогикалық процесі жағдайында мұғалім міндеттсрінің сан алуан түрлерімен танысып, оларды шығармашылықпен шешіп көруіне, өзіндік шағын эксперименттер жүргізуге, өздерінің педагогикалық шеберліктерін сынап көруге, «ұстаз-шәкірт» қарым-қатынас жүйесінде өздерінің жетекшілік ролдерін сезінуге мүмкіндіктер жеткілікті. Ең маңыздысы осындай мүмкіидіктерді дұрыс пайдалана алу, болашақ мамандықтарының қыр-сырын саналы түрде меңгере білу қажет. Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар. 1. «Шығармашылық» терминін қалай түсінесіз? 2. Педагогикалық шығармашылық дегеніміз не? 3. Жаңашыл-педагогтардың идеялары туралы не білесіз? 4. Шығармашылық іс-әрекет қандай кезеңдерден құралады? 5. Стратегиялық міндеттерді қалай түсінесіз? 6. Тактикалық міндеттерді қалай түсінесіз? 7. Оперативтік міндеттерді калай түсінесіз? 8. Қандай жаңашыл педагогтарды білесіз? Әдебиеттер: 1.Б.Р.Айтмамбетова. Жаңашыл-педагогтар идеялары мен тәжірибелері. Алматы. - 1991. 2.Мамандыққа кіріспе.Педагогика институттарының студенттеріне арналған оқу құралы.Л.И.Рувинский,В.А.Кан-Калик,Д.М.Гришин т.б. Алматы: «Ана тілі», 1990. -208 бет. 3.Диагностика успешности учителя: Сборник методических материалов для директоров и заместитслей директоров учеб.заведений, руководителям школ. — М.: - 2001. - 160 с. 4,ТаубасваШ.Т.Передовой педагогический опыт:от теоретичсского осмысления к практике. Алматы: 1997. - 122 с. 5.Таубаева Ш.Т. Исследовательская культура учитсля: методология,теория и практика формирования. Алматы: Алем, 2000. - 381 с. Тақырып 2.Қарым-қатынас мұғалімнің кәсіби-шығармашылық іс-әрекетінің құрамды бөлігі ретінде. 9 тақырып. Қарым-қатынас - мұғалімнің кәсіби-шығарма-шылық іс-әрекетінің құрамды бөлігі ретінде. Мақсаты: Болашақ мұғалімдерді педагогикалық қарым-қатынас түрлерімен, ерекшеліктерімен, стильдерімеі таныстыру, коммуникативтік іскерліктерін дамытуға жағдай жасау. Жоспар: 1. Педагогикалык қарым-қатынас туралы түсінік. 2. Педагогикалык қарым-қатынас түрлері. 3. Педагогикалык қарым-қатынас стильдері. Негізгі ұғымдар: қарым-қатынас, педагогикалық қарым-қатынас, қарым- қатынас түрлері, симпатия, антипатия, эмпатия, қарым-қатынас стильдері, сөйлеу шеберлігі. Педагогикалык қарым-қатынас туралы түсінік. Әрбір адам әлеуметтік ортада өмір сүргендіктен басқа адамдармен ақпарат алмасады, тәжірибесімен бөліседі, бірігіп ынтымақтастық қарым-қатынастарды сақтауға тырысады. Яғни, қарым-қатынас үнемі әлеуметтік, ұжымдық сипатта болады. Сондықтан қарым-қатынасты адамның әлеуметтік ортаға бейімделуінің негізгі факторларының бірі деуге де болады. Олай болса қарым-қатынас - айнала қоршаған дүниемен адамдар арасындағы байланысты тұрақтандырушы. Жалпы ойланып қарасақ қарым-қатынасты орнату өнерін жақсы меңгерген адам өмірде де көп жетктіктерге жете алады, жұмысында да беделі, абыройы жоғары болып қоршаған адамдардың сый-құрметіне бөленеді. Шығыстың эл-Фараби, Жүсіп Баласағұн сынды ғұлама ойшылдары қарым-қатынас ұғымының біртұтастығына, адамдар арасындағы өзара әрекетке аса зор мән берген. Жүсіп Баласағұнның тәлім-тәрбиелік ойларға толы «Қүтадғу білік (Құтты білік)» атты дастанында адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, сөз өнері, сөйлеу шеберлігі туралы өте әсерлі баяндалады. Мысалы, осы дастанында жазылған: «Сөзіңді ізгі сөй.ле, өлсең де өлгісіз», «Ақыл көркі - тіл, тілдің көркі - сөз», «Қадірлісі — тіліне ұят сіңгендер, жүрек сөзін жүрегімен білгендер!» т.б. даналық сөздерінің тәрбиелік мәні кандай адамның болмасын жүрегіне жағымды, санасына сіңімді екені анық. Соңғы жылдары қарым-қатынас мәселесі көп ғылымдардың зерттеу пәніне айналды. Онымен философтар, әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылар, экономистер, саясаттанушылар, заңгерлер, психологтар мен педагогтар, менеджерлер тығыз айналысуда. Әр ғылым бұл феноменді өз мақсаттары мен міндеттері тұрғысынан зерттеу үстінде. Ғылым аралық ұғым ретінде қарым-қатынас - өзара іс-әрекеттер қажеттіліктерінен туындайтын және ақпараттармен алмасуды, өзара түсінісуді, қабылдауды қамтитын адамдар арасындагы байланыстарды орнатудың және даытудың күрделі процесі ретінде қарастырылады. Қазіргі таңда зерттеуші-ғалымдар қарым-қатынастьң түрлі аспектілерін жан- жақты қарастыруда. Бұл феноменнің философиялық негіздері ретінде B.C. Библердің, М.М. Бахтиннің, М.С. Коганның, Ж.М. Абдильдиннің, Қ.А. Абишевтің, Ш. Қасабековтың және тағы басқа ғалымдардың құнды еңбектерін атауға болады. Жеке тұлғаны дамытудағы қарым-қатынас мүмкіндіктері Б.Г. Ананьев, В.Н.Мясищев, С.Л. Рубинштейн сынды белгілі ғалымдармен зерттелген. Ал педагогикалық ғылымдар саласында қарым-қатынас мәселелері А. А. Леонтьсвтің, А. А. Бодалевтің, А.В. Мудриктің, В. А. Кан-Каликтің, Н.Е. Щуркованың, А.И. Щербакованың, В.А. Сухомлинскийдің, Ш.А. Амонашвилидің, С.Л. Соловейчиктің, А.Б. Добровичтің, И.А. Зимняяның, Я.Л. Коломинскийдің, А.А. Реанның т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Педагогикалық іс-әрекетте де қарым-қатынастың алатын орны өте жоғары, себебі педагогтың негізгі атқаратын қызметтері болып табылатын тәрбиелеу, оқыту, білім беру дамыту қалыптастыру процестерін қарым-қатынассыз көз алдына елестету мүмкін емес. Педагог мамандығына байланысты кәсіби-педагогикалъқ қарым-қатынас ұғымы қолданылады. Жәй қарапайым күнделікті тұрмыстық қарым-қатынас пен кәсіби- педагогикалық қарым-қатынастың айырмашылығы өте көп. Мысалы, адам өзінің жақын танысымен кездесіп қалып бір мәселе жайлы сөйлесіп тұрса ол жәй тұрмыстьтқ қарым-қатынас болады. Егер мұғалім балалар алдында сабақ беріп тұрса - бұ_л мүлде басқа қарым-қатынас. Екінші жағдайда мұғалім қарым- қатынасты оқушылар ұжымымен арнайы күнтізбелік жоспардағы бір тақырыпқа байланысты сабақ жоспары бойынша ойластырып ұйымдастырады. Л.И.Рувинский болашақ мұғалімдерге кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігін байқату үшін мынандай тренинг ұсынады. Сабақта отырған барлық студенттер жұптасып кез келген еркін такырыпта өзара 1-2 минут әңгімелессін. Уақыттары аякталған соң отырғандардың ішінен біреуін ғана аудитория алдына шығарып сол айтқандарын көпшіліктің алдында қайталап беруі сұралады. Сонда кәсіби қарым-қатынас пен жәй қарым- қатынастың айырмашылығы тез сезіледі. Аудитория алдына шығып сөйлеушіде мынандай сезімдер байқалуы мүмкін: 1) Әңгімені қалай бастауды білмеушілік. Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын-ау деген қобалжудың пайда болуы. 3) Қарым-қатынас мақсатындағы еленбейтін өзгерістер. 4) Бұрын пайдаланылған қарым-қатынас амалдарын өзгерту қажеттілігі жайлы түйсік. Қарым-қатынас жүйесінде бір нәрсені өзгерту қажеттігін түсіну, бірақ не екені онша айқын еместік. 6) Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланбағандық. Бұрын үйреншікті болып келген дене қимылының, қозғалысының, жалпы мінез құлқының ерсілеу сияқты болып сезілуі. 8) Өзгерген қарым-қатынас формасында мәнерлі атқару компоненттерін қажет етуі. 9) Өзіңді дұрыс түсінуі үшін жоспарланған ақпаратты неғұрлымсол қалпында жеткізуге талпынушылық. 10) Тыңдаушыларды қызықтыруға тырысу Ақпаратты сұрыптауға, мазмұндауға және жеткізу формасы жайында өзіне едәуір талап қоюдың пайда болуы. Енді әр студент кәсіби-педагогикалық карым-қатынас жасай алу үшін өз бойларында барынша нені жаттықтыру қажет екенін анықтайды. Атақты педагог А.С.Макаренконың мынандай сөздерін есте сақтаған абзал: «Біз көп жагдайларда дұрыс сөйлей алмаймыз. Мұғалім сөйлегенде оның сөзінен оның мәдениеті, еркі, саналылыгы байқалып тұруы керек. Бұган әдейі үйрену қажет». Тағы бір ескеретін жағдай адамдардың өздеріне жақын адамдармен әңгімелесулері қызықтырақ болып, ал бейтаныс адаммен тез әңгімелесіп кетудің оңай еместігі. Ал жас мұғалім үшін өзіне таныс емес балалар сыныбына келгенде олармен қарым-қатынасты дұрыс орнату тіпті қиынырақ болуы мүмкін. Сондықтан балалар аудиториясын жақсы біліп, жақсы танып, жақсы көру арқылы ғана педагогикалық қарым-қатынастың табысты нәтижесіне қол жеткізуге болады. Осыған орай белгілі педагогВ.А.Сухомлинскийдің:«Гәрбмегй/ өнері ең алдымен сөйлеу өнерімен, адам жүрегін баурап алу өнерімен көрінеді» деген сөздерін есте сақтаған жөн. Әрине, бұндай өнерді меңгеру үшін тартынбай талаптану, ерінбей еңбектену керек. В.А.Сластенин педагогикальқ қарым-қатынас деп педагог пен оқушылардың арасындағы өзара әрекеттерінің мақсаты мен мазмұнынан туындайтын қатынастарды орнатып дамытуды, өзара түсінушілік пен әрекеттестікті ұйымдастырудың күрделі процесін атайды. Педагогикалық қарым-қатынаста педагог жетекші рөль атқарады, себебі ол баламен болатын қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін алдын ада көптеген педагогикалық міндеттерді анықтайды, сол міндеттерді шешудің тиімді жолдарьн іздестіреді. Қарым-қатынасқа байланысты қойылатын міндеттер коммуникативтік міндеттер деп аталады. Педагогика ғылымында коммунңкативтік міндеттерді шешудің негізгі кёзеңдері анықталған: - қарым-қатынас жағдайын бағдарлау кезеңі (мұғалім сыныптың мандай екенін, олармен қандай стильде сөйлесу керек екенін, қандай оқушыларға сөйлеудің қандай әдістерін қолдану керек екенін анықтайды); - өзіне көңіл аударту кезеңі (пауза, сөз арқылы көңіл аударту, қимыл арқылы - кесте көрсету, көрнекілік құралдар көрсету, тақтаға жазу, т.б.); * тыңдаушылардың қарым-қатынаСқа даярлығын анықтау кезеңі (тыңдаушылар аудиториясындағы қарым-қатынаста жағымды психологияльқ ахуалдың барын не жоғын анықтайды); * вербальдық қатынасты орнату кезеңі (ақпаратты ең тиімді жолмен ұғынықты, логикалъқ жүйелі түрде сөйлеу); * мазмұнды жэне эмоционалды і<ері байланысты ұйымдастыру кезеңі (тіл құралын дұрыс қолдану, ацпаратты баяндаудың логикалыығы, монологтың орнына диалогтық қатынас орнату, сұрақтар қою арқылы аудиторияның зейінін тақырып көлемінен алшақтатпау, цызыцты проблемалъщ сүрацтар цою, оцушылардың түсінген не түсінбегенін, қабылдау деңгейлерін анықтау). В.А.Кан-Каликтың зерттеуінше педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік даму динамикасы бар, ол түрлі сатылар бойынша іске асырылады. 1. Сабақты не іс-шараны өткізуге Дайындалу процесінде болатын қарым-қатынасты жобалау сатысы {жоспаp құру, қарым-қатынастың моделін құру); 2. Қарым-қатынасты тікелей ұштастыру сатысы (қарым- қатынастың алғашқы кезеңі, «коммуникативтік шабуыл» жасау). 3. Қарым-қатынасты басқару сатысы (оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін басқару, ойларын жвтектеу, іс-әрекет түрлерін ауыстырып отыру қарым-қатынасқа бөгет болып тұргған психологиялық кедергілерді азайту). 4. Педагогикалық қарым-қатынастың барысын және нәтижелерін талдау сатысы (қорытынды сатысы, кері байланыс арқылы қарым-қатынас нәтижесін бағалау, қарым-қатынастың тигімділік деңгейін анықтау). Тәжірибеде бұл қарастырылып отырған педагогикалық қарым-қатынас сатыларының ұйымдастырылу ұзақтығы іс-әрекет мақсаты мен мазмұнына байланысты созылмалы немесе тым қысқа болуы мүмкін. Педагогикалық қарым-қатынас барысында мұғалімнің жалпы мәдениетінің бір қырын байқауға болады. Қарым-қатынас орнатуда мұғалім тек сөйлеуші емес сонымен қатар жақсы тыңдаушы да бола алуы керек. Мұғалімдердің өз шәкірттеріне үлкен құрметпен және сеніммен қараулары, оқу процесінде балалар жауабын тыңдауда оларды қолдап, құптап, олардың ойларына, жауаптарына ризашылығын білдіріп отырса, педагогикалық қарым-қатынас әсерлі де тиімді болып, табысты нәтижесін көп күттірмейтін болады. Сондықтан әр болашақ мұғалім педагогикалық қарым-қатынас түрлерін, оны ұйымдастыру сатыларын, оның кәсіби іс-әрекеттегі маңызды ерекшеліктерін арнайы зерттеп үйренгені абзал. Педагогикалық қарым-қатыныс түрлері. Адамның күнделікті өмірінде қарым- қатынастың сан-алуан түрлері кездеседі. Психологиялық-педагогикалық іс- тәжірибеде мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастар мынандай негізгі төрт түрге бөлініп қарастырылады: 1. Вербальды қарым-қатынас. 2. Вербальсыз қарым-катынас. 3. Интерактивті қарым-қатынас. Перцептивті қарым-қатынас. Педагогикалық қарым-қатынас Вербальсыз қарым- қатынас Вербальды карым- қатынас Перцептивті қарым-қатынас Интерактивті қарым- қатынас Сурет 1. Педагогикалық қарым-қатынас түрлері. Вербальды қарым-қатынас - бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процесі. Сөз адамдарға ғана тән, аса маңызды құдіретті күш және вербальды қарым-қатынастың негізгі құралы. Сөздің қадірін халық даналығында сақталған мынандай мақалдармен атап көрсетуге болады: «Өнер алды қызыл тіл», «Жақсы сөз -жай азыгы», «Жақсы сөз - жарым ырыс», «Жанды жаралайтында сөз, емдейтін де сөз», «Айтыған сөз, атылган оц», «Білетініңді айта берме, бірақ не айтатыныңды біл» т.б. Адамның сөйлеу шеберлігі арқылы оның дүниетанымының кеңдігін, ақылдылығын, мә дениеттілігін, тәрбиелілігін, тіпті мінезін де байқауға болады. Сондықтан көптеген адамдардың сөйлеу шеберліктерінің жетіспеушілігі олардың осал жерлері болып табылады. Сөздік қарым-қатынас адам миының үлкен жарты шарларының жұмысымен байланысты. Адамның әрбір сөзі бір нәрсені білдіреді, яғни оның мазмұны бар. Қарым-қатынасқа қатысушы адамдар айтылған сөзді жақсы түсініп қабылдаулары үшін олар бір тілде (қазақ,, агылшын, орыс т.с.с.) сөйлесулері керек. Сонымен қатар әрбір айтылған сөз ұғынықты, анық, әсерлі болуы маңызды. Сөздің қысқа да нұсқа болғаны дұрыс себебі әр адамның үлкен көлемді ақпаратты кабылдауънда, оны меңгеріп санасына сіңіруінде өзіндік ерекшеліктері болады. Сөйлеу барысында, әсіресе мұғалімнің сабақты түсіндіруі кезінде, тілінің мәдениеттілігі үлкен роль атқарады. Мүғалімнің сөйлеу интонациясының, дауыс ырғағы мен оның қойылымының өзін дұрыс ойластыру қажет, себебі сөздің қандай көңіл-күймен айтылып тұрғандығы да маңызды. Мысалы А.С. Макаренко балаларға «Кел мында» деген сөзді оншақты түрде дауыс ырғағын өзгерте отырып, әр- түрлі көңіл күй жағдайына сәйкестендіріп айта алған. Өте қатты дауыс - адамның жүйкесіне әсер етеді, өте ақырьн дауыс - жалықтырып, қалғытып, тез шаршатады._ Адамның сөйлеу жылдамдығын да қадағалап отыру кажет. Ең жоғары сөйлеу жылдамдығы минутына -120 сөз. Сөйлемдер арасында пауза - үзілістер жасау арқылы адам тынысын түзейді. Сонымен қатар, мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің негізгі көрсеткіштерінің бірі тілдің байлығы мен тазалығы, оны басқа тілдермен араластырмай, алаламай сөйлеуі кұлаққа жағымды естіледі, және педагогтың абыройы мен беделін жоғарлатады. Кейбір адамдарда сөйлеу барысында қисынсыз бір сөздерді қыстырып сөйлеу әдетке айналып кеткен. Мысалы, «яғни», «әрине», «демек», «ана барғой», «жалпы», т.б. сөздердің орынсыз қайталана беруі тыңдаушыларға жақсы әсер береді деп айту қиын. Керісінше бұндай сөздердің көп қайталануы адамның сөз қорының аздығын немесе сөйлеу мәдениетінің төмендігін аңғартады. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін адам арнайы жаттығуы қажет. Адамның өз сөз қорын байытуына, сөйлеу шеберлігін дамытуына байланысты мынандай мысалды келтіруге болады. Бір адам «Р» эрпіне тілі келмеген болса да оның тіл кемістігін жұмысындағы эріптестері ұзақ уақыт бойы байқамаған, себебі ол «Р» әрпі бар сөздерді айту қажет болғанда, оның орнына сол сөздердің синонимдерін ғана қолданып отырган екен . Сөздік (вербальдық) қарым-қатынас арқылы ғылыми ақпараттарды бала санасына жеткізуде нақты тәжірибеден алынған мысалдар, қызықты фактілер, орынды мақал-мәтелдер тыңдаушылардың қызығушылықтарын арттырып, олардың назарын такырыпқа шегелей түседі. Вербальды қарым-қатынас екі түрге бөлінеді: аксиалды және ретиалды. Вербальды қарым-қатынас Ретиалды Аксиалды Сурет 2. Вербальды қарым-қатынас түрлері. Аксиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процессі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қарым-қатынас). Ретиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жеткізу процесі (мүгалім және сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынас). Қарым-қатынастың нәтижелері оны ұйымдастыру орнына {сынып іші, аудитория, дала, табиғат, мейрамхана т.б.), өткізілу уақытына (таңертең, түсте, кешке, түнде) адамның жас ерекшеліктеріне, мінездеріне байланысты әр түрлі болады. Осыған орай қарым-қатынас жасауда онын орны мен уақытынын алатын рөліне байланысты мынандай мысалдарды қарастырайық. Мысалы АҚШ-та көптеген ірі компанияларда кабинеттердің есіктері бәрі шыныдан жасалған. Олар бәріне ашық, міне біз жұмыс үстіндеміз дегендей. Ал немістер ондай жерде жұмыс істей алмайды. Олар ашық есікті де ретсіздік деп санайды. Сонымен қатар қарым-қатынасты ұйымдастыруда әңгімеге қатысушылардың үстел басында орналасулары да, тыңдаушылар мен баяндаушы арасындағы ара қашыктық та дұрыс ескерілуі керек. Тым алыс отырған тыңдаушының зейінінің шоғырлануы төмендеп сейіле бастайды. Ал егер баяндаушы да, тьңдаушылар да өзара жақын, салыстырмалы түрде бірдей қашықтықта орналасса олардың тығыз қарым-қатынастары тиімді нәтижеге жеткізетіні анық. Бір үстел басында отырған адамдардың қарым-қатынасы күштірек болатынына байланысты кейбір манызды семинар, мәжілістердің «дөңгелек үстел» басында өткізілу себебі де осы идеяға негізделген. Мұғалімдер тәжірибесінде әр жастағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуге тура келеді. Өзімен бірге істейтін әр жастағы әріптестері, оқушылар, олардың ата-аналары, ата-әжелері педагогтың коммуникативтік қабілеттеріне деген талапты күрделендіре түседі. Жас мұғалімдер үшін аталып отырған адамдар категориясында әсіресе оқушылармен қарым-қатынас жасаудың психологиялық-педагогикалық негіздері мен сан-алуан тәсілдерін жан-жақты меңгеру қажет. Аксиалды қарым-қатынас ретиалды қарым-қатынасқа қарағанда анағұрлым қарапайымырақ, себебі бір адаммен сөйлесу бір топ адаммен сөйлесумен салыстырғанда әлде қайда жеңіл. Бір адаммен сөйлескенде оған "не қызыкты, ол неге еліктейді соны анықтап алған жөн. Бұндай қарым-қатынасты өзіңді мазалайтын нәрседен емес, тыңдаушыңды қызықтыратын мәселеден бастаған жөн. Аксиалды қарым-қатынас барысында тек өзінің пікірін ғана дұрыс деп санайтын адамдар да жеткілікті. Ондай адамдармен дауласудын қажеті жоқ. Тек нақты фактілер, нақты аргументтер арқылы логика заңдарына негізделіп өз пікіріңіздің дұрыстығын сабырлықпен, достық қарым-қатыиасты бұзып алмайтындай дәлелдеген абзал. Ал керісінше, кейбір жағдайларда сіздің барлық пікіріңізбен келісіп мақұлдай беретін адамдармен әңгімелесудің өзі қызықсыз болып қалады. Ондай адамдардың жеке пікірін білу үшін оларға тікелей сұрақтар қойып отыруға тура келеді. Егер сізге айтылып отырған ақпаратты сіз бұрыннан білетін болсаңыз, «Мен оны білемін» - деп кесіп айтудың қажеті жоқ. Керісінше ол адамның сол мәселе жайлы білімдерін өз білімдеріңізбен салыстырып көріңіз, бәлкім сізге қызықты жаңалықтар айтылатын шығар. Аксиалды және ретиалды қарым-қатынастар барысында сөйлеп тұрған адамды тыңдай алудың өзі өнер. Аксиалды қарым- қатынастағы диалогтың нәтижесі адам көңілін барлық алаңдатқыштардан (уақыттың тығыздығы, ұялы телефонның үнемі шырылдай беруі т.с.с.) алшақтатуына байланысты өзгеріп отырады. Вербалъсыз қатынас - мимика, ым-ишара, пантомимика аркылы сөзсіз қарым қатынас. Мимика - адам бетінің бүұшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі. Ым-ишара (жест) - қарым-қатынас барысында адамның психикалық көңіл-күйіне байланысты қолдарының белсенді қимыл-қозғалыстары Пантомимика - қарым-қатынаста адамның қолының, денесінің, аяқтарының кимылдарының қатысуы. Бір қарағанда сөзсіз карым-қатынастың болуы мүмкін емес сияқты, бірақ айналаға зейін қойып көңіл бөлсек ақпараттармен алмасудың қаншама сөзсіз тәсілдері қолданылатынын аңғаруға болады. Біз ана тілімізден басқа бірнеше тілдерді үйренуге талпынамыз, компьютер тілін үйренеміз, солармен қатар барлық халықтарға белгілі ым-ишара, іс-қимылдар тілдері белгілі. Бұл тілді меңгеруде өмірдің өзі көптеген сабақтар береді, бірак кеп назар аудармағандықтан біз барлығымыз оларды бірдей толық меңгере бермейміз, Мысалы, ақпараттармен алмасудағы семафор әліппесі шартты белгілер, жалаушапар арқылы), Сэмюэл Морзе әліппесі (1837ж) (тақылдату немесе жарық сигналдары арқылы), Луи Брайль әліппесі (1843ж. Франция) (соқыр адамдардың арнайы сипап сезілетін релъефтік-нүктелер комбинациялары арқылы оқу-жазу әліппесі), Шарль Мишель де Л' Эпее эліппесі (1775ж. Франция) {саңырау және мылқау адамдардың алақан мен саусацтардың қимылдары арқылы сөйлесу әліппесі) сияқты көптеген әдіс-тәсілдері өмірде орын алып жатыр. Вербальды қарым-қатынасқа қарағанда вербальсыз қарым-қатынастан көбірек ақпараттар алуға болады. Өмірде естуге қарағанда адам көру аркылы көбірек ақпарат алады екен. «Мың рет естігенше бір рет көргенім артық» деген мақал осыған байланысты айтылған. Белгілі профессор Альберт Мерабиан вербальсыз қарым-қатынас жайында жасалған бақылаулары бойынша қарым-қатынастағы негізгі үш фактордың маңыздылығына тоқталады: Не айтылғанының - 7%; Қалай айтылғанының — 38%; Дене қимылдарының - 55% ақпарат қабылданады. Сөйлеу барысында адамның мимикасы, іс-қимылдары да қатысып тұратыны белгілі. Қарым-катынас барысында адамның бет-әлпеті, әсіресе көзі көп ақпарат береді. Көзі арқылы да адамның қандай көңіл күйде екенін түсінуге болады. Халықта «Көз - адам жанының айнасы) - деп тегін айтылмаған. Қоршаған дүние туралы ақпараттың 80% адам көру аркылы ала алады. Сөйлесу барысында адамның көзін көріп тұрмасақ бізге әңгімемізді жалғастыру қиынырақ. Мысалы сіздің әңгімелесушіңіз көзіне қап-қара көзілдірік киіп отырса сіз оның көзін көрмегендіктен бір ыңғайсыздықты сезінесіз. Немесе мынандай мысалдарды салыстырып көрейік. 1) Мұғалім өзі оқитын лекциясын магнитофонға жазып аудиторияға әкеліп қосып кетсін. 1) Мұғалім өзі аудиторияда тақта алдында лекция оқып тұрсын. 3) Мұғалім тақта алдында емес, артқы парта жақта тұрып лекциясын оқысын. 4) Мұғалім өзі лекция оқып тұр, бірак көзінде қап-қара көзілдірік киіп алған болсын. Қай жағдайда лекция жақсы қабылданады? Неліктен? Өз жауаптарыңызды түрлі мысалдармен негіздеңіздер. Көзқарастардың өздері әр түрлі болып ажыратылады. Мысалы: төмендегідей көзқарастарды әр адам күнделікті қарым-катынаста кездестіреді: * Көзді үлкен ашып қарау - таң қалғанда, қуанғанда кездеседі. * Тура қарау - адамға деген қызығушылықты, құрметті, онымен сөйлесуге дайындығын көрсетеді. * Қабақты түйіп қарау - ашуланғанда, ренжігенде, бір нәрсегс ызасы келгенде. * Алысқа қарау - ойлау, бір нәрсеге күмәндағанда байқалады. * Қиғаш көзқарас - бақылап қарау, бір нәрсеге риза болмағанда кездеседі. * Көзін көрсетпей, темен қарау – кінәлі болғанда, бағынышты болғанда. - Жоғарыдан төмен қарау - менсінбеу, өзін жоғары санау. Сонымен қатар адам көзінің бұлшық еттерінің қимылы да басқаларға ол туралы көп ақпарат береді. Қабақты түю, тесіле қарау, бір көзін қысу, көзді жұму, кірпікті жыпылықтату т.е.с. адам бетіндегі мимикалық өзгерістер қарым- қатынас барысында қосымша мәлімет беріп тұрады. Мінеки, осылардың барлығын мұғалім бала бетінен оқи алатын болса оған қарым-қатынастың кез келген түрін жүргізу қиын емес. У. Шекспир «Қарауға емес, көруге үйрен» деп айтуы да осы себептен болар. Мына бір экспериментке көңіл аударайық. Мұғалім бірнеше апта бойы сыныптағы бір қатарға ғана қарап жаңа сабақ түсіндірген, ал екінші және үшінші қатардағы балаларға мүлде қарамай қойған, сонда оның назарынан тыс қалған балалар материалды 25% - ға нашар меңгерген. Сонымен қатар олардың тәртіптерінің де төмендегені байқалған. Адам мимикасында еріндерінің де қимылы арқылы оның көңіл күйі, психологияльқ жағдайы жайлы ақпараттар алуға болады. Мысалы еріндерінің күлімдеп тұрған кезінде адамның көңіл күйінің жақсы екенін аңғарамыз. Адам ерні шүршиіп қалса оның өкпелеп қалғанын байқаймыз, Ал жылаған немесе ашуланған кезінде адам еріндері мүлде басқа көрініс беретінін білеміз. Оқушылардың мимика, қимыл-қозгалыстарына қарап мұғалім көп нәрсені түсіне алады. Осы мәліметтерді ескере отырьп класқа кіргенде жүзіңіз күлімдеп тұрса балалардың көңілдері де көтеріңкі болады. Психологтардың зерттеуінше егер адам «жақсы» адам рөлін ойнай берсе ол біртіндеп оның мінезін өзгертеді, себебі кері қатынас іске қосылғаннан кейін, адам еріксіз жақсы адамға еліктеуі мүмкін. Шет ел психологтары дүкендегі сатушылардың мейірімді жүздері бұйымдардың тез сатылуына, тауарлардың өтімділігіне айтарлықтай әсер ететінін анықтап, ірі дүкен иелеріне өз қызметкерлерінің жұмыс үстінде адамдарды күлімдеп қарсы алуларын міндетті етіп қоюға ақыл-кеңес береді. Дүкендердің барлық бөлімдерінің ішкі маңдайшаларында сатушылар үшін «smile – күлімдеңдер» деген арнайы хабарландыру ілінген. Адам көңіл-күйінің нашар болуы, әдетте бет-әлпетін тұнжыраңқы көрсетеді. Ал күлімдеу, керісінше, оның көңіл күйін жаксартады. Күлімдеп жүру - жан үшін шипа, ал шын көңілмен 3 минут күлу таңертеңгі 15 минуттық бойсергітуді алмастырады. Вербальсыз қарым қатынаста адамның қолының қимылына көңіл аударып адамның психологиясы жайлы мәліметтер алуға болады. Мысалы, қолын екі бүйіріне таянып тұру - адамның бір істі атқаруға дайындығын, батылдығын, табандылығын көрсетеді. Екі қолын артында айқастырып, басын жоғары ұстау - «бастық» позасы. Тырнағын тістеу, қайта-қайта киімін түзету - адамның қобалжып, немесе бір нәрседен ыңғайсызданып отырғанын байқатады. Ашық алақан, жұмылған жұдырық, сұк саусақты көп көрсету, екі колды алдында айқастырып ұстау, жағын таянып отыру, басын сипалай беру, иегін сипалай беру, т.б қол қимылдарының әр-қайсысы өзіндік ақпараттар белгісі. Мысалы кішкентай жастағы балалар өздерінің кінәсі жоқ болса, менде ештеңе жоқ дегендей алақандарын ашып көрсетеді, ал керісінше кінәсін түсінетін балалар үлкен адам алдында басын төмен қаратып, қолдарын қалтасына салып, немесе жұдырықтарын түйіп алып артында ұстап тұрады. Мұғалім еңбегінде тактика деген ұғым да көп роль атқарады. Ол ешқандай сөзсіз баланың басынан сипау, колынан ұстап жазуын түзету, иығынан қағьп, қолпаштап қою, пиджагының жағасын түзетіп қою, қолын беріп құттықтау, қол алысып сәлемдесу т.б қол қимылдары арқылы жасалатын жақын тарту белгілері. Үлкендердің мұндай жағымды қимылдары кейбір кіші жастағы балаларға өте жақсы,, жылы әсерін тигізеді._ Мысалы, оқушы қайта-қайта артқы партаға бұрылып сөйлссіп отырса, сабақ түсіндіріп тұрған мұғалім оған орнынан тұрып айқайлап ескерту жасаудың орнына баланың қасына келіп ақырын ғана оны иығынан ұстап өз партасына бұрып қойып, сабағын одан әрі жалғастыра берсе бұндай тактиикалъқ тәсіл әлдеқайда ұтымды нәтиже береді. Қарым-қатынас жасауда адамның өз денесін тік ұстауы да маңызды. Басын жоғары ұстап, тік жүретін адамдар үнемі өз күштеріне, біліміне сенімді, жұмысқа деген құштарлығымен ерекшеленеді. Егер адам үнемі басын төмен салбыратьш, еңкейіңкіреп жүретін болса ондай адамның ішкі әлсіздігі, жұмысқа зауқының жоқтығы байқалады. Сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынас барысында мұғалімдерге киім кию әдебін де ескерулері қажет. Мұғалім киімі өзше жарасымды әрі дұрыс эстетикалық талғамға сай болуы керек. Қазіргі кезде адамның киімді қалай киюінің өзі адам туралы мәліметтер беріп тұрады. Мысалы пиджактың алдын үнемі ашық ұстау немесе үнемі түймелеп жауып жүру, ұзын немесе қысқа киім кию т.с.с. ерекшеліктер адам мінезінің, темпераментінің кейбір жақтарын білдіреді. Интерактивті қарым-қатынас адамдардың өзара тығыз әрекетте болуларын, тығыз байланыста, көпшілік ішінде жұмыс істей алуға бейімделуін қарастырады. Интерактивтік қарым-қатынас қазіргі педагогикалық технологиялардың негізін құрайды, оның барысында оқушылардың да, педагогтардың да өздерін дамытуға, іске асыруға тиімді, қолайлы жағдай жасалуы көзделеді. Өзара әрекеттесу барысында тұлға аралық қатынастардың бекуі, өзара түсінісуі, көпшілік арасында адамның жеке қабілеттерін таныта алуы маңызды. Барлық ұжымдарда аса беделді мүшелері болады, бірақ оған қарамастан оқушылардың барлығының белсенділігін арттыруға мұғалім колайлы жағдай жасауды көздейді. Өзара қарым-қатынастары бекіген, ауызбіршіліктері бар ұжым өте ұйымшыл больтп келеді, және әрқашан да бірі бірімен ынтымақтастықта жұмыс істеуге бейімделеді. ¥жым ішінде бір адамның екінші адамға оң, жағымды көзқарасының қалыптасуы симпатия деген ұғыммен анықталады. Ал антипатия - бір адамньң басқа адамға теріс көзқараста болуы, жақтырмауы. Әр адамға топ ішінде, ұжым ішінде жұмыс істегендіктен басқаларға үнемі жақсылық жасау, бір-біріне деген сенімділік, түсінушілік, сыйластық орнатуға үйрену керек. Осындай қарым-қатынасқа балаларды мектеп жасынан бейімдеу үшін мұғалім сыныптағы оқушылардың бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастырудың ерекшеліктерін жете зерттеп оны ұйымдастыра алуы керек, Әрқашанда балалардың жақсы жақтарына, оң қылықтарына көп көңіл бөлініп, көпшілік алдында оқушының жағымды қасиеттері бағаланып отырса, ондай бала басқаларға үлгі көрсете отырып одан әрі жақсы жетістіктерге жетуге ынталанады. Интерактивті қарым-қатынастың негізгі ерекшелігінің бірі ретінде оның бір топтағы адамдардың ортақ мақсатқа жетудегі бірлескен іс-әрекеттерін қарастыруға болады. Яғни, бұл жерде адамдардың өзара әрекеттестігі маңызды болып көрінеді. Интерактивті қарым-қатынастың екі түрі болады: 1) Кооперация - топ ішіндегі адамдар бір-біріне көмектесе отырып ортақ мақсатқа жетуді көздейді. 2) Конкуренция - топ ішіндегі адамдар бәсекелестік жағдайында бірі біріней озып шығуға тырысады. Бұл бәсекелестікке таласуды шиеленіске бармайтындай қылып ұйымдастыру мұғалімнің құзырында. Интерактивті қарым-қатьнасты ұйымдастырудың мақсаты -адамдар арасындағы қарым-қатынас құлықтарын жақсарту. Ал қарым-қатынастар тек жақсылық жасау арқылы жаксарады, сондыктан топ_ ішінде өзара көмек, өзара сыйластық, өзара қолдау, өзара түсіністік сияқты ізгі әрекеттердің көп орындалуы табысты нәтижеге жетудің кепілі. Бұл қатынастарды дұрыс басқара алу үшін мұғалім оқушылар ұжымының құрылымын, даму сатылары мен ерекшеліктерін терең зерттеп, олардың темперамент типтерін (меланхолик, сангвинник, холерик, флегматик) жетік білгені абзал. Перцептивтік қарым-қатынас - басқа адамның ішкі жан дүниесін сезіне алу (perceptio - қабылдау, сезіну, психикалық түйсіну қызметі). Перцепция - сезім органдары арқылы алынған ақпараттарды өңдеу мен танудьң, түйсінудің психикалық қызметі. Әрине, даму үстіндегі тұлғаның ішкі жан дүниесін түсіну күрделі процесс. Бұл қабілет көбінесе психологтарда, дәрігерлерде, педагогтарда байқалады. Адамның өзін басқаның орнына қоя алып оны сөзсіз түсіне алуы, сезінуі эмпатия деп аталады. Әсіресе мұғалім мен шәкірт арасындағы қарым-катынаста эмпатия арқылы балалардың тұлғалық қасиеттерін бағалауға болады. Сонымен педагогикалық іс-әрекеттегі эмпатия - мұғалімнің өз шәкіртінің ішкі жан дүниесн сезіне алуынан, өзін оның орнына қоя алуынан байқалады. Педагогтың эмпатиялығы оқушылармен тығыз қарым-қатынастағы кикілжің, шиеленіс жағдайлардан тиімді жол тауып шығуына көп септігін тигізеді. Ал адамның өзін-өзі түсінуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтыны жайлы өзін талдап бағалауы рефлексия деп аталады. Адамның «Мен қандаймын?», «Мені басқалары қалай қабылдайды екен?» деген сұрақтарға жауап іздеуі рефлексиялық процесс болып табылады. Перцептивті қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін окушылардың психофизиологиялық, жас және дербес ерекшеліктерін меңгеру қажет. Неғұрлым мұғалім шәкірттерін түсінуге ұмтылған сайын оқушылар да мұғалімге түсінушілікпен қарайтын болады. Бұл жағдайда педагогикалық процестің екіжақтылық сипаты байқалады. Өкінішке орай, өз әрекеттеріне рефлексиялық талдау жасай алмайтын мұғалімдер де кездеседі. Ондай адамдар педагогикалык процестегі кез келген сәтсіздікте тек оқушыларға кінә тағады және үнемі өзінің іс-әрекеттерін дұрыс деп есептейді. Олар бала жанын түсінуге тырыспай, оның пікірлерімен санаспай, керісінше оның айтқандарьн елеп-ескермей, сөздерін аяғына дейін тыңдамай, өз еріктері бойынша шешім қабылдай береді. Бұл жағдайда бала педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі емес, тек объектісі ретінде қала береді. Сонымен педагогикалық қарым-қатынастың тұлға дамуындағы маңыздылығын атай отырып оның атқаратын мынандай негізгі қызметтеріне (функцияларына) тоқталып өтейік: /. Қарым-қатынастың коммуникативтік қызметі арқылы ақпараттармен алмасу процессі іске асырылады. Оқушыларды тәрбиелеу, оқыту, олардың тұлғаларын дамытып қалыптастыруда маңызы зор. 2. Қарым-қатынастың интерактивтік қызметі арқылы оқушылардың өзара бірлескен ынтымақтастық іс-әрекеттерін ұйымдастыру, реттеу, басқару іске асырылады. 3. Қарымқкатынастың перцептивтік қызметі аркылы оқушылардың психикалық жағдайын сезіне алу, олардың көңіл-күйін түсіне білу іске асырылады. Қарастырылып отырған қаръм-қатынас қызметтері нақты педагогикалық іс- әрекетте өзара бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Себебі ақпараттармен алмасу барысының өзінде мұғалім оқушылардың ішкі жан дүниесін сезініп және олардың өзара бірлесіп оқу-танымдық жұмыстарға қатысуын іске асыра береді. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері. Мұғалім тәжірибесінде орын алатын педагогикалық қарым-қатынастың түрлерімен қатар оның негізгі стильдерімен танысып өтейік. Педагогикалық қарым-қатынас стилі - педагогтың өз шәкірттерімен әрекеттесуінің дербес-психологиялық ерекшеліктері. Әр мүғалімнің балалармен қарым-катынас орнатуында өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Осы ерекшеліктеріне байланысты әр мүғалімнің кабинетке кіруімен бірге оқушылар сыныбында әр түрлі психологиялық ахуал орын алады. Педагогика, психология, әлеуметтану ғылымдарында қарым-қатынастың мынандай стильдері топтастырылған: авторитарлык, либералдық, демократиялық, 1. Қарым-қатынастың аеторитарлық стилінде мұғалім оқушылардың қызығушылықтарын ескерусіз өзі ғана шешім қабылдайды, оқушылардың пікірлері маңызды болып есептелмейді, олар тек мұғалімшң айтқанын, нұсқасын орындаушылар ретінде қабылданады. Оқушыларға ешқандай еркіндік берілмейді, олар үнемі бағынышты, тәуелді позицияда болып, педагогикалық ыкпалдың объектісіне айналады. Мұғалімнің дауыс ырғағында бұйрық беру, қатал тәртіп орнату, өктем сөйлеу, қысым жасау сияқты қасиеттері басым болады. Мұндай қарым-қатынас барысында оқушылардың тұлға ретінде дамуына көп кедергілер кездеседі және ұстаз бен оқушылар арасында көптеген түсініспеушілік, шиеленіс, қарама- қайшылық жағдайлары кездеседі. Мұнда мұғалім: «Менің айтқаньм заң», «Мен бұйырамьн, сендер орындайсыңдар» деген позицияны ұстанады. 2. Қарым-қатынастың либералдық стилінде мұғалім өз бетінше шешім қабылдаудан бас тартып, жауапкершілікті оқушыларға, әріптестеріне ысырады. Мұғалім тек оқыту процесімен шектеліп балалардың тәрбиесіне көп көңіл аудармайды, оқушыларды өз беттерінше жібереді. Бұлдай қарым-қатынас стилі бойынша жұмыс істейтін мұғалімдердің сыныбында үлгерім де, тәртіп те қанағаттанарлықсыз болады. Мұғалім балалар ұжымының дамуына, жеке оқушылардың даму мәселелеріне немқұрайлы қарайды, қиын жағдайлардан құтылу үшін қатты талап қоюдан бас тартып ешкандай белсенділік, шығармашылық танытпайды. Оқушылардың тәрбиесі, дамуы қадағаланбайды, қарым-қатынас барысында ынтымақтастық, түсінісушілік болмайды. Мұғалім «Сен тимесең, мен тимеймін», «Қалай болса, солай болсын» деген позицияны ұстанады. 3. Қарым-қатынастың демократиялық стшінде оқушы мен мүғалім педагогикалык қарым-қатынастың тең құқылы субъектілері ретінде қарастырылады. Оқушылар мен мұғалім ынтымақтастық қарым-қатынаста болады, окушылардьщ жеке пікірлері есепке алынып, олардың белсенділіктері. шығармашылықтары жоғары бағаланады. Өзара қарым-қатынастары кеңес беру, ақыл айту, өтініш, сенім арту сияқты формалар арқылы іске асырылады. Мұндай стиль окушылардьң тұлға ретінде дамып қалыптасуына, олардың субъектілік позицияға ие болуына, гуманистік қатынастардың орнығуына, жағымды психологиялық ахуалдың калыптасуына әсері көп. Бұл стильді ұстанатын педагогтар оқушылардьң көңіл-күйін, психологиялық жағдайын түсінуге, олардың мүмкіншіліктерін жетістіктерін дұрыс бағалауға, оларға дұрыс құндылықтық бағыт-бағдар беруге тырысады. Осындай мұғалімдердің басқаруымен жұмыс істейтін оқушылар да өз беттерінше жұмыс істеуге дағдылану, жауапкершілік, шығармашылық, өзінің қабілеттерін дамытып іске асыру ерекшеліктері жиі байқалады. Бұл стиль бойынша жұмыс істейтін мұғалім: «Бәріміз бірге жоспарлаймыз, бірігіп орындаймыз, бірігіп жетістікке жетеміз» деген позицияны ұстанады. Н.Н.Ханның зерттеуінше мұғалімнің оқу-тәрбие процесінде ынтымақтастың қарым-қатынасты іске асыруға даярлығы мынандай компоненттерді қамтиды: 1. Педагогикалық іс-әрекетке деген кәсіби ынтаның болуы. 1. Оқу процесінде оқушы түлғасын қалыптастыруға қажетті білім көлемінің болуы. 3. Педагогикалық процестің қызметіне жағымды әсер беру мақсатындағы кәсіби іскерліктер жиынтығы. В.А.Кан-Калик мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың мынандай топтамасын анықтаған: 1.Бірлсскен шығармашылық іс-әрекетке әуестену негізіндегі қарым-қатынас (мұғалім окушыларды шығармашылыққа ынталандырады, балалар мұғалім соңынан қалмайды). 2. Достық ықылас негізінде құрылған педагогикалық қарым-қатынас (мұғалім оқушының ересек жолдасы ретінде қарым-қатынаста болады, татулық, достық қатынас орнайды). 3. Дистанциялық қарым-қатынас (түрлі әлеуметтік рөль атқаруларына байланысты оқушы мен мұғалім арасында такты дистанция сақталады, мұғалімнің жетекші ролі орын аладъі). Қорқыту арқылы қарым-қатынас орнату {мұғалімнің өктемдігі басым болады, балалар үнемі мұғалімнің ұрсуынан үрейленіп жүреді). Балалармен жұмыс істеген кезде әзіл-қалжыңға негізделген қарым-қатынас (балаларға ұнау үшін жас мұғалімдер қалжыңдасып сөйлеуді ұстанады, бірақ бұл дұрыс нәтижеге жеткізбейді). Мұғалім шәкірттер алдында өзінің артықшылығын көрсетуге бағытталған қарым-қатынас (мұғалім тек өзінің беделімен гана айналысады, үнемі өзінің балалардан жогары екенін дәлелдеуге тырысады). Әр жас мұғалім өзінің дербес ерекшеліктеріне, мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне байланысты педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік стилін қалыптастырады. Қарым-қатынастың өзіндік стилін қалыптастыру үшін ең алдымен жас маман өзінің психологиялық ерекшеліктерін, құндылық бағдарын, ішкі қабілеттерін, шығармашылық әлеуетін арнайы зерттеп білуі қажет. Коммуникативтік қабілетті зерттеуге арналған диагностикалық әдістемелердің түрлері қазіргі педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде өте көп. Солардың бір мысалы ретінде адамның қарым-қатынас жасауға бейімділігін анықтауға байланысты мынандай тестті қарастырып өзімізді зерттеп көрейік. Тест «Сіздің адамдармен қарым-қатынас жасауға бейімділігіңіз» Берілген 16 сұрақтың әркайсысына «иә», «кейде», «жоқ» деп шынайы жауап беріңіз. 1.Сізді ерекше ресми кездесу күтіп түр. Ол сізді қобалжытып, көңіл- күйіңізге әсер ете ме ? 2. Сіз дәрігерге баруды ауру жаныңызға батқанға дейн кейінге қалдыра бересіз бе? 3. Әр түрлі жиналыстар мен кеңестерге сізге баяндама, хабарлама жасау керек болса сіз ыңғайсызданасыз ба? 4. Сізді бұрын өзіңіз көрмеген қалаға жұмыс бабымен іс сапарға жіберетін болды делік. Сол сапарға бармаудың түрлі амалдарын іздестіресіз бе? 5. Ішкі толғаныстарыңызды кез келген адамға жайып сала бересіз бе? 6. Көшеде танымайтын адамның жол көрсету, уақытты айту, немесе басқа бір өтініштері сізді ашуландыра ма? 7. «Бала мен әке» арасында кикілжің - екі ұрпақ өкілінің бірі-бірін түсінуге қиын болады дегенге сенесіз бе? 8. Танысыңыздың бұдан біраз уақыт бұрын өзіңізден азын-аулақ ақша алғанын есіне түсіруге ұяласыз ба? 9. Қоғамдык тамақтандыру орындарында сізге дәмсіз ас берсе сіз үндемей тамақты бір шетке ысырып қоя саласыз ба? 10. Таныс емес адаммен- жеке қалғанда онымен өзіңіз әңгімелеспейсіз, дегенмен ол алдымен сөз бастаса сіз оны қаламай қаласыз. Шындығында солай ма? 11. Қандай да болмасын ұзаққа созылған кезекке тұру (дүкенде, кітапханада, кинотеатр кассасында) сіз үшін үлкен қиындық. ұзак кезектің соңында тұрғанша сіз атқаруға келген ісіңізді тындырып кетуден бас тартасыз ба? 12. Жанжалды жағдайды шешетін сарапшылар құрамына кіруге жүрексінесіз бе? 13. Әдебиет, өнер, мәдениет туындыларына баға беруде өзгенің пікіріне қосылмай, өзіңіздің жеке пікіріңізді білдіре аласыз ба? 14. Сіз өзіңізге белгілі нәрсе туралы қате пікір естісеңіз үндемей қоя саласыз ба? Дауласпайсыз ба? 15. Қызмет бабымен немесе оҚу барысында біреу көмек сұраса, бұл өкініш тудыра ма? 16. Сізге өз ойыңызды (пікіріңізді, бағаңызды) ауызшаға қарағанда жазбаша білдіру оңай ма? Енді корытындыны шығарып көріңіз: «Иә» - 2 ұпай. «Кейде» - 1 ұпай. «Жоқ» - 0 ұпай, Жинақталған ұпай санын қосып,өзіңіздің қай топка жататынынызды анықтаңыз. 30-32 ұпай: Сіз ортаға мүлде бейімделгіш емессіз. Мінезіңіздегі олқылық та осы. Осыдан зардап шегетін де өзіңіз. Айналадағыларға қиындық тудырасыз. Сізге ұжымдық жұмыстарға арқа сүйеуге, сеніп тапсыруға болмайды. Өзіңізді- өзіңіз көпшіл болуға тәрбиелеңіз, өзіңізге-өзіңіз бақылау жасаңыз. 25-29 ұпай: Сіз тұйықсыз, көп сөйлемейсіз, жалғыздықты жақсы кересіз, сондыктан достарыңыз да аз. Жаңа жұмыс орны, осыған байланысты орныққан байланыстар сізді қалыпты жағдайдан ауытқытып жібереді. Өз мінез ерекшеліктеріңізді білесіз де, өзіңіз өзіңізге риза болмайсыз. Риза болмаушылықты ғана басшылыққа алмаңыз. Оны жеңу қолыңыздан келеді. Бар ынтаңызбен жұмыс істесеңіз, мүмкін жылдам «беймделгіш» болып кетерсіз. Тек өзіңізді-өзіңіз қолга алғаныңыз жөн. 19-24 ұпай: Белгілі бір шекте ақжарқынсыз, таныс емес ортада өзіңізді өте сенімді ұстайсыз. Туындап жатқан жаңа мәселелер сізді алаңдатпайды. Таныс емес адамдармен абайлап араласасыз. Дау мен пікірталасқа көп кірісе қоймайсыз. Негізсіз айтылатын сарказмге (мысқылдауға) бейімсіз. Бірақ оны жөндеуге болады. 14-18 ұпай: Ортаға тез бейімделесіз. Сіз сыпайысыз, пікірлесіңіздің әңгімесін қызыға тыңдайсыз, қарым-қатынаста салмақтысыз, өз көзқараеыңызды эмоцияға берілмей-ақ дәлелдей аласыз. Таныс емес адамдармен еш қиыншылықсыз сөйлесіп кетесіз, бірақ шулы ортаны жақтырмайсыз. Көпсөзділік пен кеудемсоқтық жүйкеңізге тиеді. 9-13 ұпай: Тым ашықсыз (шектен шығып кетуіңіз де мүмкін). Өзгенің құпиясын білуге құмарсыз. Әрине, бұндай зерттеулер жүргізуде бір ғана тест немесе сауалнамамен шектелу дұрыс емес. Адам өзі туралы рефлексиялық талдау жасауы үшін бір неше диагностикалық әдістемелерді қолданып, олардың нәтижелерін өзара салыстырып, өзін-өзі түзету бойынша арнайы жүйелі жүмыс істеуі керек. Болашақ мұғалімнің сөйлеу шеберлігі біртіндеп қалыптасады, оны жетілдіру үшін тынбай үздіксіз еңбектеніп, өзінің барлық мүмкіндіктерін дамытып іске асыру қажет. Адамзат тарихында осындай өзін-өзі жаттыктыру, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жоғары жетістіктерге жеткен тұлғалар туралы мысалдар жеткілікті. Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар. 1. Қарым-қатынас дегеніміз не? 2. Педагогикалық қарым-катынасты қалай түсінесіз? 3. Педагогикалық қарым-қатынастың қандай кезеңдерін білесіз? 4. Педагогикалық қарым-катынастағы авторитарлыкқ стиль дегеніміз не? Педагогикалық қарым-қатынастағы либералдық стиль дегеніміз не? 6. Педагогикалық қарым-қатынастағы демократиялық стильдің ерекшелігі неде? 7. Эмпатия, симпатия, антипатия ұғымдарын қалай түсінесіз? 8. Педагогикалық карым-қатынастың қандай түрлерін білесіз? 9. Рефлексиялық талдау дегеніміз не? Әдебиеттер 1. Станкин М.И. Психология общения. Курс лекции, М., 2000 г. 2. Поваляева М.А., Рутер О.А. Невербальные средства общения. - Ростов н/Д.: 2004. - 352 с. 3. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогическом процессе школы. -Алматы: 1997. -212 с. 4. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы., Алматы, 1995 ж. 5. Сластенин В.А. Педагогика: учеб. пособие для етуд.высш. учеб. заведений/ В.А. Сластенин, и др. - М.: - 2007. - 576 с. Тақырып 3.Өзін-өзі білімін көтеру мен өзін-өзі тәрбиелеу мұғалімнің шығармашылық кәсіби дайындығының құралы ретінде. Мақсат: Болашақ мұғалімдерді өзін-өзі тәрбиелеу әдістерімен таныстырып, өздігінен білім алу туралы білімдер жүйесін қалыптастыру. Жоспар: І.Өзін-өзі тәрбиелеу туралы түсінік, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудегі ұжымның атқаратын қызметі. 2. Өзін-өзі тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері. 3. Мұғалімнің өздігінен білімін жетілдіруі. Негізгі ұғымдар: тәрбие, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеудің әдіс- тәсілдері, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі бұйырық беру, өзін- өзі иландыру, өздігінен білім алу. Өзін-өзі тәрбиелеу туралы түсінік. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудегі ұжымның атқаратын қызметі. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу жеке тұлғаны қалыптастыру процесінің ажырамас екі жағы деуге болады. Тәрбие барысында ықпал адамға басқа адамдар тарапынан келетін болса, өзін-өзі тәрбиелеуде адамға әсер ететін ықпал ішкі күштерге байланысты туындайды. Яғни, адамның тұлға ретінде дамып қалыптасуында сыртқы тәрбиелік ықпалдармен қатар ішкі түрткілердің де маңызы зор. Өзін-өзі тәрбиелеу - бір мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын өзі қалыптастыруы, адамның өзін дамытудағы маңызды күштердің бірі. Ол тәрбие процесімен тығыз байланыса отырып жеке тұлғаның қалыптасуын нығайта түседі. Кептеген психолог-педагогтардың зерттеулері бойынша жеке тұлға қоршаған ортаны өзгертудегі белсенді күштердің бірі ғана емес, сонымен қатар ол өз тұлғасын өзгертуде де үлкен рөль атқарады. Бүл мәселемен тікелей айналысқан А.Г.Ковалев, А.И.Кочетов, Л.И. Рувинский т.б. болтан. Өзін-өзі тәрбиелеу процесінде адам тәрбиелік процестің белсенді субъектісі ретінде қарастырылады. Әр адамның өз өмір жолына көз жүгіртіп, өткен-кеткенді ой елегінен өткізіп, болашағына үңіліп көрген сәттері болған шығар. Өміріндегі кейбір сәтсіздіктердің себебін анықтауға байланысты ойларға терең бойлап, өз мінез-құлқьін, көзқарастарын өзгертуге ұмтылу әр адамның өмірінде кездесетін жайттар. Бірақ бұндай құлшыныстар кейбіреулердің іс-әрекеттерінде жалғасын таппай жоғалып, ал басқаларын зор жетістіктерге жеткізіп жатады. Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі адам баласында әуелі бастауыш сынып жасынан-ақ байқалады, бірақ бұл процесс жасөспірімдік кезеңде өте жиі кездеседі. Бұл қажеттілік бірдей жастағы балалардың бәрінде біркелкі кездесе қоймайды, ол адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне, олардың жалпы талаптарды орындауға деген даярлықтарының деңгейіне байланысты. Қай кезден бастап бала өзін-өзі тәрбиелей бастайды? Педагогикалық тәжірибеде оқушылардың өзін-өзі зерттеулері әсіресе жеткіншек жаста көп байқалады. Оны осы жастаты балалардың түрлі үйірмелерге қатысып, өз күштерін, қабілеттерін сынауларынан, өзара сауалнамалық сұрақтар құрастырып соған жауап жазуларынан, жеке күнделіктерін бастауларынан және тағы басқа өзгеше іс-әрекеттерінен аңғарамыз. Жеткіншек жастағы балалар өздерінің жеке «Менін» қалыптастыруға, көпшілік ішінде өзінің алатын орнын анықтауға тырысады және көптетен танымал тұлғаларға (артист, әнші, ақын, боксер, футболист, т.с.с.) еліктегіш келеді. Әр адам көпшілік ортада өзінің беделінің жоғары болуын қалайды, басқаларға тек жаксы жақтарын ғана танытқысы келеді. Сондықтан өзін-өзі тәрбиелеу процесінде ұжымның атқаратын ролі жоғары. Педагогикалық әдебиеттерде тұлғаньң өзін-өзі тәрбиелеуіне қатысты ұжымның атқаратын екі қызметі аныкталған: Біріншісі, ұжымның өзі балалардың өзін-өзі тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға жалпы жағдайлар туғызады (ұжым балалар бойында жағымды әлеуметтік іс-әрекеттерге деген оң көзқарастарын, Ұжьмдық іс-әрекетке қатысуға деген қызыгушыльщтарын қогамдық борыш, белсенділік т.б.қасиеттерді дамытады). Екіншісі, ұжым осы процесті тікелей ұйымдастырады {балалардың санасын қалыптастырады, өз-өзімен жұмыс істеуге ынталандырады, өз талаптарының нәтижелерін жоспарлап багалауда көмек көрсетедІ). Жеке тұлғаның дамуындағы ұжымның, әлеуметтік ортаның әсерін атақты педагогтар К.А.Гельвеций, Д.Дидро, Р.Оуэн жоғары бағалап, адамды өзгерту үшін оны қоршаған ортаны өзгерту керек деген идеяны негіздеп кеткен. Педагогика ғылымында жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеудің жуйелі теориясы құрастырылып, оның даму заңдары тереңінен теория және практика тұрғысынан зерттелген. Осы ұжымда тәрбиелеу теориясының авторы белгілі педагог А.С.Макаренко болған. Қазіргі кезде педагогика ғылымында ұжым мүшелері арасындағы қарым-катынастар, ұжымды басқару ерекшеліктері, ұжымдағы шағын топтардың пайда болуы, ұжымдагы шиеленістік жағдайлар және оны шешу жолдары сияқты мәселелер жан-жақты зерттелуде. Сонымен, өзін-өзі тәрбиелеуде сыртқы педагогикалық талаптардың адамньң өзіне қоятын ішкі талаптарға айналуы қажет екен, себебі өзін-өзі тәрбиелеу адам дамуының ішкі факторына жатады. Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі - жеке тұлға дамуының негізгі формасы болып табылады. Адам өзін қоғамның бір бөлігі ретінде сезініп, өзінің зор мәнін жете түсінгенде ғана оның өзін-өзі тәрбиелеуге деген талпынысы күшейе түседі. Әрбір адам өз бойына өзі үңіліп, «Мен кіммін?», «Мен қогамға қандай пайда әкеле аламын?», «Менің өмірлік мақсатым қандай?» деген сұрактарға жауап іздестіруге тырысуы керек. Бұл мәселе қазіргі көптеген ғылымдардың ең маңызды, көкейкесті сұрақтарының бірі. Ежелгі математиктердің бірі Фалес айтқандай: «Бәрінен де өзіңнің кім екеніңді білу қиын». Әрине, басқаларга жөн сілтеп, ақыл айтып, кеңес берген оңай, ал бірақ адамның бір нәрсені орындауға өзін-өзі көндіруі қиынырақ. Мысалы, көптеген адамдар темекінің басқалардың да, өзінің де денсаулыгына зиянды екенін біле тұра сол жағымсыз әдеттерінен құтыла алмай қиналып жүреді. Ондай адамдар өз ерік-жігерін өз ырқына көндіре алмайды, өздерін өздері билей алмайды. Әрине, өзін-өзі басқару, билеу оңай іс деп айтуға болмайды, десек те мынандай қанатты создерді есте сақтау көптеген жағдайларда адамның өз ерігін шыңдауға негіз бола алады: «.Өзіңді-өзің билеу - ең жоғарғы билік, құштарлықтың құлына айналу — ең қорқынышты құлдық» Сенека. «Мъқтымын деп мақтанба ақыл білсең, Мьқты болсаң өзіңнің нәпсіңді жең» Абай. Адам өз бойында қандай қасиеттерді қальштастырып, қандай жағымсыз жақтарынан арылғысы келетінін накты біліп, сол бағытта табанды түрде өзімен жұмыс істеуі керек. Мысалы, кейбір адамдар өздерімен көп жұмыстар жүргізіп, әр түрлі жағдайларда өздерін сынап ұялшақтық, тұйықтық, жасқаншақтық сияқты қасиеттерінен арылып, жетістіктерге қол жеткізіп жатады. Адамзат тарихында өзін-өзі тәрбиелеу арқылы үлкен жетістіктерге жетіп, көпшілікке танымал болған адамдар аз емес. Бірақ ондай табысқа жету үшін ерінбей еңбектену, жалықпай жаттығу қажет. Эдисон айтқандай: «Данышпан - бұл 1 процент шабыт, 99 процент -тер төгу». Осындай адамдарды мысалға келтірсек Ольга Скороходова көзі көрмей, құлағы естімей, тілі сөйлемейтін болса да тәрбиешілердің көмегімен, алдына белгілі мақсат қойып, тынымсыз жұмыс істеу нәтижесінде төрт мүшесі сау адамдар жете алмаған жетістіктерге жеткен. Ол кітап жазды, кандидаттық диссертация қорғады, өлең шығарды, жеке басының ауыр жағдайына қарамастан адамға тән аса мол күшті жұмылдыра білді. Өзін-өзі тәрбиелеуде кітап оқудың да ролі маңызды. Кітап арқылы біз өте қызықты адамдармен танысамыз, соларға қарап жақсы болуға тырысамыз, кітаптарды оқу арқылы өзімізді әдепті ұстауға, қарым-катынасты дұрыс ұйымдастыруға үйренеміз. Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары да адамның жалпыадамзаттық мәдениетке енуіне ықпал жасауда. Деректі фильмдер, ұлы адамдар өмірбаяндары, түрлі кездесулер, шығармашылық кештер, спектакльдер, мәдени-танымдық бағдарламалар т.б. іс-шаралардың барлығы адамның өз тұлғасын дұрыс қалыптастыруына бағыт-бағдар беруі мүмкін. Б.Б. Айсмонтастың пайымдауынша өзін-өзі тәрбиелеу - дамуды қамтамасыз ететін ішкі рухани факторлар арқылы бізге дейінгі ұрпақтардың асыл тэжірибесін меңгеру процесі. Адамның ішкі қабілеттерінің, күш-жігерінің мүмкіндігі өте зор. Кейбір адамдарда мектепті нашар бітірген балалар жоғары оқу орындарында да орташа студенттер қатарынан аса алмайды деген теріс көзқарас қалыптасқан. Болашағын алдын ала болжап жастарға мұндай тұжырымды айту, әрине, орынсыз, себебі ең нашар оқыған балалар да жеке басын жан-жақты өрістете алады. Мысалы, аты әлсмге әйгілі ғалым Альберт Эйнштейн мектепте үлгермеушілер - қатарында болған. Көрнекті ғалым-физик Исаак Нъютон физика сабағынан үлгермейтін болатын. Гоголь бала кезінде шығарманы тек орташа ғана жаза алған, Щедриннің өз қызына жазьш берген шығармасына «2» бағасы қойылып, «орыс тілін білмейсіз» деп жазылған екен, Шаляпинді консерваторияға қабылдамай тастаған. Бұл мысалдарға қарап біз адамның қабілеттілігі жас кезінде де, едәуір ересек кезінде де қалыптасуы мүмкін екенін аңғарамыз. Сондықтан да «менің қолымнан ештеңе келмейді, мен ешнәрсеге жарамсызбын» деп өз қабілетіңіздің дамуына шек қоюға асықпаған жөн. Осы жайлы жаңашыл-педагогШ.А.Амонашвилидің «балалардан ештеңе шықпайды» дегеніміз оның жарқын болашағын «тірідей жерлегеніміз» деген сөздерін еске сала кетуіміз орынды. Адамның ішкі әлеуетінің, мүмкіндіктерінің ауқымы өте кең, өмірде өзіне лайықты жұмыс таппайтын адам бар дегенге сенудің өзі қиын. Қоғамда қаншама кәсіп түрлері, қаншама өнер түрлері, қаншама еңбек пен іс-әрекет түрлері бар болғанымен солардың ішінен өзіне лайықты, жарасымды орныңды таба білу тіпті де оңай іс емес. Сондықтан - «талантсыз адам жоқ, өз орнын таппайтын адам бар» деген дұрысырақ болар. Адам өзінің табиғи күш-қуатын, ерік-жігерін, ой-өрісін, зор мүмкіндіктерін барынша дамытып жақсы игі істерге қол жеткізуі үшін асқан төзімділік, шыдамдылық, ұзақ уақыт бойы үздіксіз жұмыс істеуге машықтануы қажет. Адам санасында өз өміріне басқалардың емес, өзінің жауапты екенін түсінуі, ар-ұлт, намыс, адамгершілік сезімдерінің басым болуы, өмірлік мақсатына жетудегі табандылығы мен құлшынысы оның өзін-өзі тәрбиелеуіне демеу болатын негізгі тетіктер. Өзін-өзі тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері. Психологиялық - педагогикалық әдебиеттерде өзін-өзі тәрбиелеу әдістері әр түрлі топтастырылып келеді. Өзін-өзі тәрбиелеудің толып жатқан әдіс-тәсілдерінің көпшілгі Абайдың қара сөздерінде де жан-жақты қарастырылатыны мектеп қабырғасынан шыққан әрбір оқушыға таныс. [pic] Өзін-өзі меңгеру Өзін-өзі сендіру Өзін-өзі қадағалау Өзіне-өзі бұйырык беру Өзін-озі илаидыру Өзін-өзі кұптау Өзін-өзі тану Өзін-өзі бақылау Өзіне-өзі талдау жасау Өзін басқалармен салыстыру Өзін-өзі бағалау Педагогика ғылымында Б.Б. Айсмонтас өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін және тәсілдерін ажыратып қарастырады және оларды үлкен үш топқа бөліп жіктейді: өзін-өзі тану, өзін-өзі меңгеру, өзін-өзі ынталандыру әдістері. 1 - суретте көрсетілгендей әр топқа жататын бірнеше әдістерді атап көрсетеді. Өзін-өзі ынталандыру Өзін-өзі көрсету Өзін-өзі мақұлдау Өзін-өзі мадақтау Өзін-озі жазалау Сурет 1. Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері. Ал өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдеріне адамның өз тұлғасын жетілдіру мақсатында өз алдына нақты міндеттер қоюын, ол міндеттердің орындалуы бойынша өткенді ой таразысына тартьп өзіне есеп беруін, олардың орындалмауының себептерін анықтауын, өзін арнайы қадағалау негізінде айқындалған өз бойындағы өзгерістерді жүйелі түрде тіркеп жазып жүруді жатқызады. Өзін-өзі тәрбиелеудің аса көп қолданылатын әдістеріне тоқталып өтейік. Өзін-өзі тәрбиелеудегі бастапқы әдістердің бірі адамның өзін-өзі бағалауы. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыруынан басталады. Өзіне дұрыс берілген баға өзін тәрбиелеудің мақсаттарын дұрыс қоюға көмектеседі. Егер де адам өзін басқалармен салыстыра келе өзін төмен бағаласа, ол көптеген қиындықтарға кездеседі, өзіне деген сенімін жоғалтады, басқалармен қарым- қатынас жасау киынға соғады. Гете айтқандай:«Өзіңді өз қабілеттеріңнен жоғары бағалаудың керегі жоқ және өзіңді кемсітудің де керегі жоқ». Мысалы, жас мұғалім өзіне төмен баға берген болса, ол балалар алдында қобалжып немесе балаларды басына шығарып аламын ба деген оймен оларға айқайлап, басқарудың авторитарлық әдісіне жүгінеді. Тым жоғары берілген баға да адамды басқалардан алыстатьп жібереді, ұжым ішінде жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға бөгет жасайды. Ондай адам мақтаншақ, кеудемсоқтық, т.с.с жағымсыз қасиеттерімен көпшіліктің көңіліне жақпай қалады. Ал өзін-өзі бағалау нақтыдан сәл ғана жоғарырақ болса ол адамның жаңа деңгейге көтеріліп отыруына көмектеседі. Өзін-өзі бағалау сол сәттен жағдайларға тікелей байланысты болады. Мысалы, аудиторияға өте жақсы киініп келген адам кірсе, студенттер өздерінің киім киюдегі эстетикалық талғамдарын төмен бағалаған, ал керісінше киімдері үтіктелмеген, қарапайым киінген кісі кіргенде, студенттер өздерінің сыртқы пішіндерін жоғары бағалаған. Өзін-өзі қадагалау басқа адамдармен қарым-қатынас жасағанда, өзін сабырлы ұстай білуге, басқалардың кемшіліктеріне кешірімді, қателіктеріне шыдамды болуға көмектеседі. Мысалы, кейбір адамдар балалардың шулағанын көтермей ашуланады, бірақ оданда қатты күн күркіреуі ол адамды сондай қатты ашуландырмайды. Яғни мәселе адамның Сол ызалалықты тудыратын объектіге өзінің қандай қатынаста екеніне байланысты екен. Өзін-өзі қадағалау қиын жағдайларда ашуға жол бермей өзін-өзі ұстай алуға итермелейді. Адам үшін өз сезімдерін басқарьп, оны уақытында тежей алу жаттығуды қажет ететін күрделі психикалық процесс екеніне келісу керек. Осы мәселені Абайдың: «Өзіңе-өзің үңіліп, өзіцді тізгіндеуге тырысу, белгілі мақсат көздеу - осы істегі бастапқы қадам» - деген сөздерімен негіздей кетуге болады. Адамдармен қарым-қатынас барысында өзін- өзі қадағалап тұра алуына мысал ретінде мұғалімдердің ұстамдылығын, шыдамдылығын, төзімділігін, толеранттылығын келтіруге болады. Өзіне-өзі бұйырық беру адамды жаксы жаққа жетелеп отырады. Бүл эдіс көбінесе адам бір нэрсеге өзін-өзі сендіріп, бір нэрсені істеу қажет екенін түсінгеннен кейін қолданылады. Бүл эдіс адамның өзіне-өзі қатал, табанды түрде талап қоя алуына байланысты кездеседі. Адам өзіне бұйрық беріп оны бір рет орындай алса, келесі жолы сондай бұйырықты орындау жеңілірек болып, көп қайталана бере әдетке айналады. Адам бұйырықты өзіне іштей береді, ол көмектеспесе оны дауысын шығарып қайта-қайта қайталауы керек. Өзіне-өзі бұйырық беру арқылы адам ерік-жігерін тәрбиелейді. Ал ерік-жігері күшті адам әрқашан да жетістіктерге жете алады. ¥лы Отан соғысы кезінде әуе шайқастарында ұшағы өртеніп жау жеріне құлаған әскери ұшқыш Маресьев тұтқынға түсіп қалмауы үшін, ауыр жаралы болып, қайта-қайта есінен танып қалса да жер бауырлап, өзіне «алға, алға», «шыда, шыда» деген бұйырықтар беріп отырып өз партизандарына тірі жеткені белгілі. Өзін-өзі иландыру адамның өзіне қажетті бір қасиеттерді қалыптастыруда жақсы көмектеседі. Адам қатты ауырғанда көңілін басқа жаққа бұрып, басқа іспен айналысып кетсе ауырғаны уақытша болсын азаяды. Сенека айтқандай «ауыруды ойлай берсең ол үлкейе береді». Островский, Кант, Паскаль т. б. өз ауыруларына көп көңіл бөлмей тек өздері сүйетін шығармашылық істермен айналысып, адамзат тарихында өшпес іздерін қалдырған. Өзін-өзі иландыру арқылы адам көптеген жағымсыз қылықтарынан арылуьша болады. Өзін-өзі иландыруға қарағанда өзіне-өзі бұйырык беру өзіне сын тұрғысынан қарауға бөгет жасамайды, керісінше, өзін жан-жақты бағалауға ықпал береді. Өзін-өзі иландыру мен өзіне-өзі бұйырық беру адамның өзін меңгеруіне көмектесуімен қатар, олардың арасын жеке бастың саналы және санасыз әрекетіне жіктейді. Өзін-өзі құптау. Көптеген жағдайларда адам өзінің өміріне сырттай көз салып жеткен жетістіктерін еске түсіргені жөн. Адамның жеткен жетістіктері оның қабілеттіліктерін бағалатып, өз күшіне деген сенімдерін арттырады. Өзін-өзі кемсіте бермей, өз қабілеттеріне деген көзқарастарын өзгертіп, жақсы жақтарын асырьш отыру адамды ынталандыра түседі. Адам таңертеңнен бастап өзіне ойша жағымды жаттығулар жасауына болады. Дейл Карнеги айтқандай «Дәл бүгін», «Дәл осы сәттен бастап» -деп адам өзіне жақсы мақсаттарды қойып соны орындауы керек. Мысалы, «дәл бүгін мен өзімнің денсаулығыма көңіл бөлемін, дәл бүгін мен біреуге бір жаксылық жасаймын, дәл бүгіннен бастап мен өзімді қолға аламын, өзімді тәрбиелеймін», «бұл менің қолымнан келеді» деп өзіне уәде беріп серттессе, ондай адамның іс- әрекеті нәтижесін күттірмейді. Сонымен қатар болашақ ұстаздарға өздерін-өздері тәрбиелеуге мүмкіншіліктерін зерттеп көру үшін В.Пекелистің ««Адам қабілетінің қайнары» атты кітабына жүгінулеріне болады. Адам өзіне-өзі бұйырық беру, өзін-өзі иландыру арқылы жақсы жетіле алады. Өзіне-өзі бұйырық беру көбінесе төтенше жағдайларда орын алады. Аталған тәсілдердің барлығы психология заңдылықтарымен, адамның миының физиологиялық кұрылысымен түсіндіріледі. Адамның ғажайып мүмкіндіктері бар екені белгілі. Бірақ олардың барлығы тежеуіш, қорғанғыш механизмдерімен бейне бір тізбек секілді тұйықталады. Мектеп ісінде реформалау жүргізуде мұғалімнің жеке тұлғасын жетілдіру сұрақтары әрқашан да көкейкесті мәселелердің бірі болған. Сондықтан әрбір мұғалім кәсіби құзіреттерді, іскерліктер мен дағдыларды, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы қалыптастыруы аса маңызды. ¥лы неміс педагогы А.Дистервег «Өзін-өзі тәрбиелеу мұғалімнің барльқ өмірінің негізгі міндеті» - деген. Әр адам өзіне не қажетті екенін өзі ғана біледі, ол өзіне-өзі ғана жақсы көмек көрсете алады. К.Д.Ушинский өзін-өзі тәрбиелеумен жақсы айналысқан педагогтардың бірі. Ол өз тұлғасын жетілдіруде мынандай факторлар көмектескенін атап көрсетеді; 1) Сабырлық сақтау. 2) Түзу сөйлеу, түзу жүру. 3) Әрбір істі ойлап істеу. 4) Тез шешім қабылдай алу. 5) Өзі туралы қажетсіз ештеңе айтпау. 6) Өзіңе ұнайтын нәрсемен шұғылдану. 7) Әрбір кеш сайын өзіңе есеп беру. 8) Мақтанбау т.б. ¥стаздык жұмыспен айналысатын адамдар өзін-өздері тәрбиелеу арқылы ұстамдылыққа, шыдамдылыққа, сабыр сақтауға, өз ерігі мен эмоциясын басқаруға үйренеді және осылайша өз мінезіндегі кейбір жағымсыз жақтарынан арылады. Балаларға қалай болса солай ұрса салуға болмайтыны анық, сондықтан мұғалім өз ерігін өзіне бағындыра отырып байыппен әдепті сақтау негізінде педагогикалық қарым-қатынас орнатуға тырысады. Өзін-өзі тәрбиелеудің нақты бағдарламасын жасау және оны іске асыру өте жауапты да күрделі іс. Адамның жауапты міндеттерді шешуге тырысуы оның өмірін бай, әрі мазмұнды ете түседі, ерік-жігерін шынықтырады. Мысалы, кейбір мұғалімдер өз жұмысындағы кемшіліктерді оқушылардың тәртібінің нашарлығынан, балалардың тәрбиесіздігінен көреді. Жасы ұлғайған сайын адам өмірінде өзі туралы жеке түсінігі қалыптасады. Адамның өзі туралы түсінігі өзіне маңызды бола тұрса да, сырт көзге басқаша көрінуі мүмкін. Өзінің сүйікті бейнесіне, өз кемшілігіне сыни тұрғыдан қарамауы салдарынан, адамның өз қатесін елемеуі мүмкін, ондай адамдар өзінің жеке басына шаң жуытпайды, өзінің істегенін ғана дұрыс деп есептейді. Бірақ оның жеке пікірі, көпшіліктің пікірімен сәйкес келе бермеуі мүмкін. Сондықган да әр мүғалім өзін жүздеген, мыңдаған сәби көздері бақылайтынын, әр минут, әр сағат сайын үздіксіз сын үстінде болатынын есте сақтауы қажет. Адам өміріндегі сәттіліктер кездейсоқ нәрсее мес.Оның өзі адамның қандай өмірлік позицияны таңдағанына, өмірдегі мақсаты қандай екендігіне байланысты. Егер адам өмірінде дұрыс ойластырылмаған зор мақсат болмаса, онда сәтсіздіктер де жиі кездесуі мүмкін. Ерік күреспен, қиындыкты жеңумен келеді. Бұл ерікті дамытудың басты бағыты. Ерікті шынықтыру - зор еңбек. Л.Н.Толстой: «Ұрыста кім жеңемін деп батыл шешімге келсе, сол жеңеді»- дейді. Қойылған мақсат орындалды ма, сағат сайын, күн сайын, апта сайын есеп беру қажет. Өзін-өзі тәрбиелейтін адамдар күнделіктер бастап жазады, өздерінің бойындағы өзгерістерді бақылап, жан-жақты талдау жасайды. Мысалы, өз бойыныздағы ең үш жағымсыз жақтарыңызды дәптеріңізе жазыңыз: 1) Жалқаулык, 2) Көнгіштік, 3) Ұялшақтық. Сонан кейін осы жағымсыз жақтардан арылудың өзіндік бағдарламасын жасап көріңіз. Қазіргі кезде адамның өзімен-өзі жұмыс істеуіне көмектесетін көптеген газет-журналдарда сауалнамалар,тесттер кездеседі. Соның бірі ретінде «Наука и жизнь» журналынан алынған мынандай тестті қарастыруға болады. Тест «Ерік-жігерді шыңдау жолдары» «Болды! Ертеңнен бастап өзімді-өзім қолға аламын, кемшіліктерімді қайталамаймын» деп бір рет те болса өзіне іштей уәде бермеген адам жоқ шығар. Бірақ, олардың көпшілігінің мұндай талабы ұзаққа созылмайды, «Менде ерік күші жоқ» деп өзіне-өзі қатал үкім шығарып, қолын сілтей салады. Мұндай «Жолы болмағандардың» сәтсіздігі олардың ерік-жігерді тәрбиелеудің шын мәнін түсіне алмауынан деп есептейді психологтар. Жалпы, ерік-жігер дегеніміз - артықшылық немесе кемшілік емес, адамның басқа да қасиеттері тәрізді мақсатқа жету құралы. Ерік-жігерді тәрбиелеудің мәнін өзіңіз каншалықты дұрыс ұғынатыныңызды білгіңіз келе ме? Ол үшін теменде ұсынылған әрекет түрлеріне бес баллдық жүйе бойынша баға қойып шығыңыз. Ерік-жігерді шыңдауға қай-қайсысын қолайлы көресіз, қайсысынан бастар едіңіз? 1. Нақты күн режимін белгілеу. 2. ¥лы адамдардың өмірбаянын оку. 3. Өз өміріңіздегі ең басты нәрсені ащыидау. 4. Темекіні тастауга бел байлау. 5. Өз бойыңыздағы артъқшылъқтарды жақсы қасиеттерді анықтау. 6. Арылуға тиісті кемшіліктеріңізді анъқтау. 7. Белгіленген жоспардан, істен, режимнен бір perт тe ауытқымауға серт ету. 8. Өзіңізді жетілдірудің ұзақ мерзімдік бағдарламасын жасау. 9. Қажырлы көршіңіздің, досыңыздың тәжірибесін зерттеу. 10. Қазір қолыңыздан келмей жүрген істе (топта, сыныпта,жұмыс бабында) үздік шығуга уәде беру. 11. Дәрігердің, психологтың кеңесін тыңдау. 12. Өз бөлмеңізді, жұмыс орныңызды тәртіпке келтіру. 13.Қаламайтын істеріңіздің де бәрін атқаруга қатаң шешім қабылдау. 14.Әрбір қиындықты жеңген сайын өзіңізді ынталандыру жүйесін құру. 15. Өзін-өзі тәрбиелеу аутотренинг туралы әдебиеттерді оқу. Енді 3 5, 8, 11, 14, 15 нұсқауларға қойған ұпайларыңызды бір-біріне қосыңыз; 1,6,7,10,12,13 нұсқауларға қойған ұпайларыңызды да өз алдына жеке қосып шығыңыз. Бірінші шыққан қосындыдан екінші қосындыны алыңыз. Қорытындысы: осы сандардан қалған айырма қаншалықты үлкен болса, сіз де шындықтан соншальқты алыс тұрасыз. Ерік-жігерді тәрбиелеуде табысқа жеткіңіз келсе, төмендегі нұсқауларға да назар аударыңыз.. 1. Бұл істі бөлмеңізді тәртіпке келтіруден емес, ойыңызды тәртіпке келтіруден бастау керек. Ерік-жігер сізге қандай мақсатқа жету үшін қажет екенін анықтап алыңыз. Мақсатыңыз үлкен, биік, ұзағынан болса, соған лайық ерік-жігер талап етіледі. Бір сәттік, ұсакқ мақсатқа ерекше даярланбай-ак, табандылық танытсаңыз жетіп жатыр. 2. Ойлағаныңызға жетуге, көбінесе, кедергі болатын нәрсе бар, ол өзіңіздің тілек-қалауыңызға қарсы тұру және үнемі өз-өзіңізді қамшылап, күштеу арқылы ғана ерік-жігер қалыптасады дегенге сену. Адамның бүкіл қасиеттері көңіл-күйдің көтеріңкі жағдайында ғана берік орнығып, тәрбиеленетіні дәлелденген. Өзіңе-өзің зорлық жасау - күштеудің ең бір бүлдіргіш әрі пайдасыз түрі. ¥лы адамдар өзіне пайдасы тиетін, ең қажет санаған істерді ғана табандылықпен атқару арқылы жетістіктерге жеткен. «Ерік» деген сөздің өзі «еркіндік», «бостандық» дегенге жақын емес пе? Демек, ерік- сөзсіз мойындалған қажеттіліктің іс-әрекеттен көрініс табуы. Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері мен тәсілдерінің ішінен өзіңізге ең қолайлысын таңдап алған дұрыс. Көпшілігіміз табысқа жеткендердің іс- әрекетіне еліктейміз де, өз мінез-құлқьмыздағы ерекшеліктерді ескермейміз. Педагогтар баланың жеке ерекшеліктерін білу және соған лайық тәсілдер қолдану – тәрбиенің маңызды шарты екенін баса айтады. Өзін тәрбие объектісіне айналдырушы адамға да керегі осы: өзінің табиғи ерекшелігін білу. Көздеген сапаға жету үшін ең әуелі өз мінезіңіздің жақсы жақтарын іске қосу керек. Кемшіліктеріңізді бейтарап қалдырып, назар салмаған дұрыс. Жоғарыда 2, 4, 9 сандарымен берілген тұстардың есепке алынбау себебіне келсек, көршінің кеңесі мен ұлылардьң өмірбаяны біреуге пайдалы болғанымен, біреуге пайдасыз. Ол туралы айтып та өттік. Ал темекіні ерік-жігерді тәрбиелеуді ойламаған жағдайда да сөзсіз тастау қажет. Мұғалімнің өздігінен білімін жетілдіруі. Кез келген мемлекеттің өркендеуі оның білім беру саласының жағдайына негізделеді, ал білім беру процесіндегі маңызды фигура-ұстаз тұлғасы. Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі - өскелең ұрпақты қазіргі ғылыми білімдермен қаруландыру, дамыған шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыру. Осындай жауапты міндеттерді сапалы деңгейде атқару үшін әр мұғалім өзінің білімін жетілдіріп отыруы қажет. Мұғалімнің кәсіби дайындығы кезінде жинақтаған білімдері бір қалыпта сақталып тұрмайды. Қоғамның дамуына байланысты мұғалімнің білімдері де жаңарып, толықтырылып отыруы керек, себебі қоғамның экономикалық дамуына байланысты жас ұрпақты әлеуметтендірудің жаңа талаптары туындап отырады. Осыған орай қазіргі оқушылардың сұраныстары да жоғарлай түсуде Сондықтан әр мұғалімнің кәсіби жетілуінің негізгі факторларының бірі болып оның өздігінен білім алуы қарастырылады. Өздігінен білім алу - мұғалімнің тұлғалық өсуінің негізі. Қазіргі кездегі үздіксіз білім беру мәселесі де адамның бір алған білімімен қанағаттанбай, оны заманына сай толықтырып, жаңартып отыруын көздейді. Адам біліммен тек бір оқу мекемесінде ғана қаруланбайды, білім - үлкен құндылык, оны өмір бойы толықтырып отыру қажет. Егер адам білімін үнемі толықтырып, жаңартып отырмаса, ол кәсіби іс-әрекетке де жарамсыз болып қалады. Өздігінен білім алу - адамның білім беру мекемелеріндегі жүйелі оқытудан тыс өздік жұмысы арқылы білім алу процесі. Мұғалімдердің өздігінен білім алулары олардың кәсіби біліктіліктерін жоғарлатудың негізгі формасы. Бұл бағытта мұғалімдер озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, мектептегі немесе тұрғылықты жердегі басқа кітапханалардағы әдістемелік әдебиеттермен танысып, өз жоспарлары бойынша жұмыс істейді. Өздігінен білімді жетілдірудің ұжымдық түрлері ретінде мүғалімдердің біліктіліктерін жетілдіру институттарын, әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарын атауға болады. Өздігінен білім алу барысында жас мұғалімдер қазіргі жаңа педагогикалық технологияларды, білім берудің негізгі бағыттарын зерттеп олардың практикальқ маңыздылығымен танысады. Өздігінен білім алудың атқаратын негізгі қызметтері ретінде М.Князеваның мынандай топтамасын келтіруге болады: /. Экстенсивтік - жаңа білімдерді іздестіру, жинактау. 2. Бағдарлық – мәдениет және қоғам ішінде өз орнын анықтау. Компенсаторлық-мектептік білімнің олқылықтарын толықтыру, өз біліміндегі 3. кемшіліктерді жою. 4. Дамытушылық - өзіндік сананы, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін, шығармашылық сапаларын дамыту. 5. Әдіснамалық - кәсіби біліктілігін, білімдерін жетілдіру, дүниенің тұтастығын түсіне алу. 6. Коммуникативтік - түрлі кәсіптер, ғылымдар, адамдар арасындағы байланыстарды орната алу 7. Шығармашылық — шығармашылық жұмысқа үйрену. 8. Жаңашылдық — қалыптасып қалған пікірлерге жаңаша көзқарастардың туындауы, ескілікті жою, стереотиптерден арылу. 9. Психологиялық - зиялы адамдар қатарынан екенін сезіну, өзін зиялылар қауымының бір бөлігі ретінде сезіну. 10. Геронтологиялық - жасы ұлғайған адамдардың өздігінен білімдерін жетілдірулері арқылы заманауи жаңалықтардан хабардар болып отыруы. Қазіргі ақпараттық қоғамда адам өздігінен білімін жетілдіріп отыруы арқылы бәсекеге қабілетті, еркін жан-жақты дамыған тұлға бола алады. Өздігінен білім алу процесінің құнды жақтарының бірі ретінде тұлғаның жеке танымдық белсенді іс-әрекетпен шұғылдануын атауға болады. Бұл процесте адам мақсат-міндеттерді өзі анықтайды, өзі білім алу құралдарын іздестіреді, өзі-өзіне мұғалім болып, өзін-өзі білімге жетелейді. Өздігінен білім алудың тағы бір маңызды ерекшелігі ретінде адамның білімді ізденудегі құлшынысының, ынта-ықыласының барлығы адамның өз еркінен туындайтынын, сырттан келетін ешқандай ықпалдардың болмайтындығын атап өтуге болады. Өздігінен білім алудың негіздері әуелі мектеп жасынан басталып, кейіннен орта және жоғарғы кәсіби білім алу барысында жалғасын табады. Ал жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалімдер үшін өздігінен білім алудың негізгі көздері ретінде А.С.Роботова, Т.В.Леонтьева т.б. ұсынған мынандай жағдайларды қарастыруға болады: 1.Кітапханадагы электрондық және кітап қоры, интернет жүйесін пайдалану. Студент жастарға кітапхананың бай қорымен танысып қалу мүмкіндігін жіберіп алмау керек, себебі онда академиялық кітаптардан басқа мерзімді басылымдар арқылы заманауи жаңалықтармен танысып отыруға болады. Интернет арқылы қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша түрлі білімді жетілдіру курстарына қатысуға болады. Бұның ұтымды жағы болып адамның өзіне үйреншікті жағдайда отырып сан алуан білім беру бағдарламаларымен танысып, өзінің қалауы бойынша біреуін таңдап электрондық почта арқылы хат алмасып білімін толықтыруы болып табылады. 2.Студенттердің гылымн-зерттеушілік іс-әрекеттері. Кәсіби дайындык барысында студенттер курс жұмысы, дипломдық жұмыс (бакалавриатта), зерттеу жұмысының нәтижелерін мақала ретінде жариялау, магистрлік диссертация (магистратурада) жазумен айналысады. Бұл жүмыс барысында жас мамандар бір ғылыми мәселені шешуде өзіндік көзқарастарын қалыптастырады, зерттеудің эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық әдістерімен танысады, бір тақырып көлемінде өздерінің білімдерін тереңдетеді. Ғылыми жетекшісінің басшылығымен зерттеу саласындағы белгілі мамандардың еңбектерімен жан-жақты танысып, өзіндік болжамдарын жасап, жеке пікірлерін тұжырымдай алады. 3.Білімді, іскерліктерді жан-жақты жетілдіру курстарына қатысу. Студенттік шақ адам бойындағы қабілеттерді дамытуға өте қолайлы кезеңдердің бірі. Арнайы білімдермен қатар жас маман тұлғасына оның іскерліктеріне байланысты көп талаптар қойылады. Сондықтан сөйлеу шеберлігін дамытуға арналған психологиялық тренингтерге, шет тілдерін үйрену курстарына қатысып жоғарғы білім туралы дипломмен қатар бір неше сертификаттар алып шықса оның жұмысқа орналасуы да жеңіл, және жұмыс орнында өз күшіне деген сенімділік нығая түспек. Бұндай мамандар өздерінін құзіреттілігімен беделді де абыройлы бола алады. 4.Кәсіби іс-әрекет бағытында жұмыс істеп көру. Қазіргі нарық заманында көптеген студент жастар оқуларымен қатар қосымша жұмыс істеуге тырысады. Әрине, бұл сабактарына кедергі болмаса өте құптайтын жайт. Егер сабақтарымен қатар алып жүре алмаса, жазғы каникул кездерінде өздерінің кәсіби іскерліктерін, құзіреттерін практика жүзінде сынап көрулеріне болады. Бірақ осындай жұмыстар болашақ маманның өзі таңдаған кәсіптерімен байланысты болғаны абзал. Мысалы, репетиторлық жұмыстар, мектепте сабақтан тыс спорттық үйірме, факультативтік жұмыстарын жүргізу, лингвистикалық аудармашылық жұмыстар, компьютерлік қызмет көрсету жұмыстары, балалардың демалыс лагерлерінде жетекшілік атқару, бала бақшаларында тәрбиеші болу сияқты жұмыстар жастардың болашақ кәсібімен жақынырақ танысуға, ұжым ішінде тұлға аралық қарым-қатынасты орнатуға уйренуіне, тәжірибе жинақтауына, өз мүмкіндіктерін бағалауға көп септігін тигізді. 5.Қоршаган ортадан алынған ақпараттарды білім алу көзіне айналдыру. Айналамыздағы бізді қоршаған таныс және бейтаныс адамдармен дұрыс қарым- қатынас орнатудың өзі болашақ мұғалім үшін кәсіби тәжірибе жинақтаудың көзі бола алады, себебі ертең мұғалімдік қызметте жасы үлкен әріптестерімен, балалардың ата-аналарымен сөйлесе алу қажет. Сонымен қатар әрбір тәжірибелі ұстаздардың дәрістеріне қатысу арқылы олардың аудитория назарын қалай аулайтынын, сабақ үстінде тәртіпті сақтай алу іскерліктерін, ынтымақтастық қарым-қатынас орната алу шеберліктерін үйренуге болады. Теледидардан көретін хабарларыңыздың кәсібіңізге қатысты жаңалықтары болса оларды педагогикалық күнделігіңізге түртіп жазып алуды дағдыға айналдырған дұрыс. Кітап дүкендеріне, кітап көрмелеріне баруды әдетке айналдырған абзал, себебі онда ең соңғы жаңа кітаптар сарынымен танысып отыруға мүмкіндік бар. 6.Өздігінен білім алудың құзіретінде әр адамның әуестенушілігін, хоббиін қарастыруға болады. Кез келген адамда өзіне тән бір ерекшеліктері болады. Мысалы, біреу жақсы ән айта алады, екіншісі жақсы билей алады, үшіншілерінде ақындық қабілеттері дамыған, кейбіреулері музыкалық аспаптарда жақсы ойнай алады, басқасында спорттық қабілеттері басым болып келеді. Бұл қабілеттерді одан әрі дамытып отыру қажет, себебі ертеңгі кәсіби іс-әрекетте балаларға беретін сабағымыздан басқа оларды әуестендіретін, қызықтыратын тұлғалық сапаларыңыздың бірі осы ерекшелігіңіз болады. Өздігінен білім алу негіздерін жақсы меңгерген маман кәсіби іс-әрекетте үнемі әріптестерінің алды, ұжымның абыройлы тұлғасы, өзінің құзіреттілігімен, бәсекеге қабілеттілігімен гуманистік бағыттылығы негізінде басқаларға үлгі-өнеге болып оларға қолдау көрсете алады. Студенттің өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Өзін-өзі тәрбиелеу мен тәрбие процесінің айырмашылығы неде? 2. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз не? 3. Өзін-өзі тәрбиелеу неден басталады? 4. Өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдері қандай? 5. Өздігінен білім алу процесі қандай қызметтер аткарады? 6. Өздігінен білім алудың қандай көздерін білесіз? _ Әдебиеттер 1. Станкин М.И.. Психология общения: курс лекций. М. - 2000. - 304 с. 2. Введение в педагогическую деятельность. А.С.Роботова, Т.В.Леонтьева, и др. - М., 2000. - 208 с. 3. Айсмонтас Б.Б. Педагогическая психология: Схемы и тесты. -М., 2002.-208 с. 4. Виктор Пекелис. Адам қабілетінің қайнары. Алматы, 1976. -196 б. БӨЛІМ 4.ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖӘНЕ СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІГІНЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ, ОРЫНДАУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР 4.1 Оқытушы жетекшілігімен студенттің өздік жұмысын орындауға жалпы әдістемелік нұсқаулар. Мақсаты: студенттердің дәріс және семинар сабақтарында білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру Міндеттері: - дәріс пен семинар сабақтарында алған білімдерін тереңдету; - теорияны практикамен байланыстыру; - өздігінен жұмыс істеу іскерліктерімен дағдыларын дамыту; - ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету; студенттің өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, реферат, коллоквиум, конспект және т.б. Берілген тақырыпты конспектілеу. Негізгі талаптар: 1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну. 2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол берму. 3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет- ретімен жүйелі баяндауы қажет. 4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс. 5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау. Реферат жазуда не ескеріледі? 1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студент осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды. 2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал. 3. Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады. 4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады. 5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет. 6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді. Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады. Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс. Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді. Рефератты бағалау: Рефераттың мазмұны 50% Қорғаудың сапасы 50% СӨЖ тапсырма және оның орындалу мерзімі, нұсқа бойынша №1 қосымша келтірілген . СОӨЖ тапсырма және орындалу мерзімі, нұсқа бойынша №2 қосымша келтірілген және бірінші сабақта беріледі сұрақтар болатын болса оқытушылардан консультация ала аласыз немесе мамандығы жақын жоғары курс студенттерінен сұрай ала аласыз. Тақырып 1.Білім беру дүниежүзілік ақпаратты контекстегі көп аспектілі құбылыс ретінде. Реферат тақырыптары: 1.ХХ1 ғасырдағы білім берудің негізгі даму бағыттары. 2.Білім беру - әлеуметтік құбылыс. 3.Білім беру мен қоғам арасындағы байланыс. Тақырып 2.Жеке тұлғаның кәсіби қалыптасуы. Бақылау сұрақтары: 1.Индвид, жеке тұлға, даралық ұғымдарының айырмашылығы неде? 2.Жеке тұлға ұғымының өзегі не? 3.Жалпы адамзаттық құндылықтар дегеніміз не? Тақырып 3. «Мұғалім құқығы» және «оқушы құқығы» Тапсырма.1.Салыстырмалы кесте құрыңыз. |№ | Мұғалім құқықтары | Оқушы құқықтары | |1. | | | |2. | | | |3..| | | |. | | | Тақырып 4.Мұғалім мен тәрбиеші іс-әрекетінің ерекшеліктері. Тапсырма 1.Мұғалімге қажетті кәсіби-маңызды қасиеттердің қайсысы сізде көп кездесетіні туралы жазып көріңіз. Тақырып 5.Болашақ маманның шығармалық іс-әрекетін ынталандыру мәселесі. Тапсырма: Өз шығармашылығыңызды дамытудың жеке жоспарын жасап көріңіз. Тақырып 6.Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының диагностикасы. Тақырып: 7.Білім беру оқыту процесінің нәтижесі. Тапсырма: Конспект. Тақырып: 8.Қазіргі замандағы философиялық мәнісіндегі білім беру. Тапсырма: Қазіргі кездегі білім берудің 4 аспектісінің өзара байланысын мысалдармен дәлелдеңіз. Тақырып: 9.Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің орны. Тапсырма: Дөңгелек стол ұйымдастыру. Тақырып: 10.Педагогикалық қарым-қатынас түрлері,құбылысы,стилі. Тапсырма: Қарапайым тұрмыстық қарым-қатынас пен педагогикалық қарым- қатынастың салыстырмалы кестесін салып талдау жасаңыз. БӨЛІМ 5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ 5.1 Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар) 1.Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек. 2.Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану. 3.Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек. 4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор. 5.Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн. 6.Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғын, түсінбеген жерлерді қалдырмай қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. 7.Анықтама әдебиеттерді, эциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. 5.2 Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. • Жұмыстын көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару; • Студентердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу. • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту. • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу; • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету; • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу; • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру. СӨЖ №1.Білім беру мен өркениет Тапсырма 1. ҚР «Білім туралы» заңынан білім беру жүйесінің негізгі міндеттерін сипаттаңыз. СӨЖ№2.ҚР 12- жылдық білім беруге көшу жағдайындағы қазіргі мектеп жүйесі Бақылау сұрақтары: 1.12-жылдық орта білім беруге көшудің негізгі себептері қандай? 2.12-жылдық орта білім беру неше сатыдан тұрады? 3.«Бейіндік оқыту» деген ұғымды қалай түсінесіз? СӨЖ №3.Сіз жаңа өмірге қадам бастыңыз. Пікірталас СӨЖ №4.Қазіргі білім беру жүйесіндегі мұғалімнің жеке тұлғасына деген талаптар. Баяндама.Неліктен қоғам дамуына байланысты мұғалімнің тұлғасына қойылатын талаптар да өзгеріп отырады? СӨЖ №5.Педагогтың профессиограммасын жасау. Схема құру СӨЖ №6.«ХХІ ғасырдағы педагог тұлғасы» ол қандай? Тапсырма 1.Эссе жазу Тапсырма 2. ХХІ ғасыр мұғалімінің моделін,үлгісін жасап көрсетіңіз. СӨЖ №7.Педагогтың педагогикалық іс-әрекетке жарамдылығын анықтау. Тест құрастыру. СӨЖ №8.Мұғалім тұлғасының дамуындағы іс-әрекеттің ролі. Кесте құру. Кәсіби іс-әрекет пен педагогикалық іс-әрекеттің салыстырмалы кестесін сызып көрсетіңіз. СӨЖ №9.Қарым-қатынас – мұғалімнің кәсіби шығармашылық іс- әрекетінің құрамды бөлігі. Тапсырма: Педагогикалық қарым-қатынасты зерттеуге байланысты педагогикалық әдебиеттерден тест,сауалнамалар тауып өзіңіздің коммуникативтік қабілеттеріңізді зерттеп көріңіз. СӨЖ №10.Шығармашылықты шыңдау жолдары. Тапсырма: Өз шығармашылығыңызды дамытудың жеке жоспарын жасап көріңіз. БӨЛІМ 6. ПӘН БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәні бойынша тест тапсырмалары I тарау бойынша тесттік тапсырмалар 1.Білім беру мазмұнын төрт аспектіде қарастыруға болады: А) Білім беру құндылық, жүйе,процесс, нәтиже ретінде. В) Білім беру мақсат, міндет, іс-әрекет, құрал ретінде. С) Білім беру бала бақша, мектеп, колледж, жоғары оқу орындары. Д) Білім беру әлеуметтендіру, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру ретінде. Е) Білім беру тәрбиеші, ұстаз, педагог, оқытушы ретінде. 2. Білім беру деңгейлері: А)Бала бақшалық, мектептік, университеттік. В)Мектепке дейінгі, орта білім беру, орта білімнен кейінгі кәсіптік,жоғарғы білім,жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру. С)Төмен, орта, жоғарғы, магистратура, аспирантура,доктарантура. Д)Үздіксіз, кәсіптік, қосымша білім беру. Е)Экономикалық, әлеуметтік, педагогикалық. 3.Білім берудің нәтижесі ретінде қарастырылады: А)Ғылым,саясат,өнер. В)Сауаттылық, білімділік, кәсіби құзіреттілік, мәдениет, діл. С)Оқулықтар,кітаптар, әдістемелік құралдар. Д)Білім беру мекемелері, қоғамдық ұйымдар,діни ұйымдар. Е)Отбасы, мектеп, қоғам. 4.Педагогикалық парадигма-бұл: А)Халықаралық қатынастарды жақсартуға бағытталған бұқаралық ақпараттық құралдар жұмысы, саяси қозғалыстар. В)Саяси міндеттерді шешудегі Конституция, нормативті заңдар, тұжырымдамалар. С)Білім беру әдістері, құралдары, формалары. Д)Нақты педагогикалық міндеттерді шешудегі үлгі, стандарт, өлшемдер, модель ретінде ұстанатын, негізгі қалыптасып қалған ғылыми жетістіктер, теориялар, қағидалар жүйесі. Е)Адамның тәрбиесі, дамуы, қалыптасуы, әлеуметтенуі және оған әсер ететін факторлар. 5.Білім беру философиясының мәні: А)Адам өміріндегі түрлі кезеңдердегі оқыту, тәрбиелеу, және дамытудағы құндылық-бағдарлық, мазмұндық-процессуалдық, нәтижелік компоненттері жайлы ғылым аралық білімдер жүйесі. В)Барлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарды ықпалдастырудағы философиялық мәселелердің жүйесі. С) Білім беру саласында философиялық мәселелер. Д)Адамның дүниетанымын зерттеу. Е)Жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру мәселелері. 6. Білім беру саласындағы дағдарыстың мәні: А)Құзіретті мамандардың жетіспеушілігі. В)Мектептің материалдық базасының нашарлауы. С)Білім беру саласындағы терең жатқан қарама-қайшылықтардың күшейген жағдайы. Д)Оқушылардың жалқаулығы. Е)Ата-аналардың балалар тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлмеуі,тәрбиені мектепке ысыруы. 7.Білім берудегі жеке тұлғалық-бағдарлық тұрғыдан қарау теориясының мәні: А)Педагогтардың баланы жеке тұлға ретінде және тәрбиелік ықпалдың саналы, жауапты субъектісі ретінде қабылдайтын бірізді қатынасы. В)Отбасында ата-аналардың бала тәрбиесіндегі қаталдығы. С)Қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық жағдайлардың жас өспірімдер санасына әсері. Д)Ұжымдық тәрбиенің қажеттілігі. Е)Үнемі мұғалім-субъект, оқушы объект болып отыратын қарым-қатынас. 8.Іс-әрекеттің құрылымдық компоненттері: А)Іскерлік, қабілеттілік, дағды. В)Іс-әрекетке қызығушылық, ынта-ықылас, арман, мұрат. С)Еңбек, өнер, Қарым-қатынас мәдениеті. Д)Білім, білік, дағды. Е)Мақсат, мотив.әрекет немесе іс-қимыл, құрал, нәтиже, бағалау. 9. Білім берудегі іс-әрекеттік тұрғыдан қарау бағытының мәні: А)Әр баланыың өзін-өзі іске асыра алу үшін саналы белсенді іс-әрекетке қатысуының қамтамасыз етілуі. В)Әрбалаға жақсы білім беру үшін көрнекілік құралдардың көп қолданылуы. С)Білім беру барысында балалардың өзара қарым-қатынастарының шектелуі. Д)Оқушылар үлгерімдерінің пайыздық көрсеткіштерінің жоғары болуы. Е)Әр баланың үй тапсырмасын өз бетінше орындай алуы. 10.Аксиология дегеніміз- А)Аксиома ретінде қабылданатын педагогикалық заңдар мен заңдылықтар. В)Мұғалімнің оқушы еңбегін асыра бағалауы. С) Білім беру мекемелерінің материалдық базасын күшейту. Д)Ғылымдағы зерттеу әдістері жайлы ілім. Е)Құндылықтардың табиғаты жайлы және дүниедегі құндылықтар жүйесі туралы философиялық ілім. 11.Білім берудегі аксиологиялық тұрғыдан қараудың мәні: А)Жас ұрпаққа ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгерту, адамгершілік құндылықтар негізінде адам тұлғасын жетілдіру. В) Жас ұрпаққа материалдық құндылықтарды игерту үшін экономикалық білімдерін жетілдіру. С) Білім беру саласында оқушылар білімдерін тексеру жүйесін жетілдіру. Д)Оқушылар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру. Е) Білім беруде мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру курстарының жұмыстарын дамыту. 12.Құзіреттілік (компетенттілік): А) Білім мен тәрбие. В)Басқарушылық қабілет. С)Дағды. Д)Тәрбие. Е)Білім мен іскерліктің бірлігі. 13. Білім берудегі құзіреттілік тұрғыдан қараудың мәні: А)Оқушы мен мұғалім арасындағы сыйласымды қарым-қатынас. В)Теориялық білімдердің практикада қолданыс таба алмауы. С) Отбасы мен мектептің бірлігін күшейту. Д) Теориялық білімдердің іс жүзінде қолданылып, табысты нәтиже көрсету. Е) Білім беру саласындағы құзырлы органдардың жұмысын жетілдіру. 14.Әлеуметтендіру дегеніміз- А) Әлеуметтану ғылымы мен педагогика ғылымының ықпалдастығы. В) Әлеуметтік мәселелердің күрделенуі. С)Жеке тұлғаның қоғамдық қатынастарға бейімделуі. Д)Қоғамдағы әлеуметтік жағдайлардың өзгеруіне байланысты тәрбие мақсатының өзгеруі. Е) Білім берудегімұғалімдердің педагогикалық білімдері мен қатар әлеуметтану бойынша білімдерінің тереңдігі. 15. Білім берудегі әлеуметтік-гуманитарлық тұрғыдан қараудың мәні: А)Тұлғаның әлеуметтенуіне бағытталған гуманитарлық іс-шаралардың іске асырылуы. В)Гуманитарлық ғылымдар ықпалының балаға әсері. С) Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарының дамуы. Д)Балаларда табиғатты қорғау, аялау сезімдерін ояту. Е) Әлеуметтік мәселелерді шешудегі компьютерлік білімнің қажеттілігі. 16.Гуманизм- А)Адамдар арасындағы авторитарлық қарым-қатынас. В)Бәсекеге қабілеттілік. С)Адам тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы. Д)Маманның құзіреттілігі. Е) Білім мен біліктіліктің бірлігі. 17.Мәдениет- А) Адамдардың жағымды және жағымсыз мінез-құлықтар жиынтығы. В)Ұлттық тарих, саясат. С)Барлық ғылымдардың жеткен жетістіктері. Д)Адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесі процесінде қалыптасатын материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы. Е) Білім мен біліктіліктің бірлігі. 18. Білім беру философиясын терең зерттеумен айналысқан: А)Т.Тажибаев В)М.Жұмабаев С)Б.С.Гершунский Д)Г.А.Уманов Е)Н.Д.Хмель 19.Діл (менталитет)- А) Білім мен біліктіліктің бірлігі. В) Адамдардың білімділігі не білімсіздігін көрсететін ұғым. С) Адамдардың тәрбиелілігін не тәрбиесіздігін көрсететін ұғым. Д)Адамдардың дүниетанымының және мінез-құлықтарының терең жатқан негіздері болып табылатын мәдениеттің мазмұны. Е)Теория мен практиканың байланысы. 20.Әлеуметтік фрустрация: А) Адамдардың мақсатқа жете алмауындағы торығып күйзелуі, жеке тұлғаның өзін дәрменсіз, ешкімге қажетсіз сезінуі. В) Адамның бір мақсатқа қол жеткізуі. С) Адамдардың өзара жағымды қарым-қатынас орната алу қабілеттері. Д)Әлеуметтік қатынастарға бейімделу. Е) Әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайдың жақсаруы II тарау бойынша тесттік тапсырмалар 1.Жеке тұлға- А)Қоғамдық, әлеуметтік мәні бар адам. В)Адамзат тұқымының бір өкілі. С)Бағыныштыадам. Д)Еңбекқор адам. Е)Шыншыл адам. 2.Индивид- А) Ешқандай қасиеттері ескерілмейтін адамзат тұқымының жеке бір өкілі. В) Адамның жас ерекшеліктерін білдіретін ұғым. С) Адамдардың бір-біріне ұқсамастығы, қайталанбастығы. Д) Жалпы адамзат құндылықтарын меңгерген адам. Е)Жан-жақты дамыған тұлға. 3.Даралық- А)Жан-жақты дамыған адам. В)Адамның ерекшелігі,ешкімге ұқсамастығы,қайталанбастығы. С)Жоғары білімді, құзіретті маман. Д)Жалпы адамзат құндылықтарын меңгерген адам. Е) Көпмәдени тұлға- 4.Жалпы адамзаттық құндылықтар: А)Қоғамдағы адамдардың ғылыми білімді меңгеру дәрежелері. В)Адамның психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. С)Балаларды оқытуға бағытталған іс-шаралар кешені. Д)Дұрыс жауабы жоқ. Е)Нақты қоғам, мәдениет, тарихи кезеңге байланыссыз көпшілік адамдардың қабылдайтын құндылықтары. 5.Ұлттық құндылықтар: А)Ұлттықсалт-дәстүрлер, тілі,діні, мәдени мұрасы. В)Әр ұлт үшін ұлттық орталықтардың жұмысы. С)Халықтың ділі. Д)Халықаралық қарым-қатынас. Е)Ұлттандыру саясаты. 6. Жеке тұлғаның дүниетанымы дегеніміз: А) Адамның мінез-құлықтары, темпераменті, іскерліктері. В) Адамның жас және дербес ерекшеліктері. С) Адамның дүниеге, қоғамдық қатынастарға, табиғатқа, өзіне деген көзқарастар жүйесі. Д) Адамның шығармашылық қабілеттері. Е) Адамдармен тез тіл табыса алуы. 7.Көпмәдени тұлға- А)Әдепті, тәрбиелі адам. В)Біілімі жоғары, құзіретті маман. С)Мәдениетті ұстаз. Д)Барлық ғылымдардан хабары бар, өнерге, спортқажақын адам. Е)Түрлі мәдениеттер, арасындағы ынтымақтастықта өмір сүруге бейімделген тұлға. 8.Толеранттылық- А)Мұғалімнің жетекшілік, басқарушылық, ұйымдастырушылық қызметтері. В) Адамның бақылағыштылығы. С) Адамның шешендік өнерге бейімділігі. Д)Шыдамдылық, сабырлық, мәселелерді бейбітшілік жолымен шешу қабілеті. Е) Адамның білімділігі, тәрбиелілігі, өнегелілігі. 9. Жеке тұлғаның өзегі: А) Жеке тұлғаның «мен»- жүйесі В) Жеке тұлғаның дүниетанымы. С) Адамдардың басқалармен қарым-қатынасы. Д) Адамның жас ерекшеліктері. Е) Адамның білімділігі. 10«Педагогика» термині алғашқыда пайда болды: А)Ежелгі Мысырда. В) Ежелгі Үндістанда. С) Ежелгі Қытайда. Д) Ежелгі Грецияда. Е) Ежелгі Римде. 11.«Әлеуметтік-этикалық трактаттар» еңбегінің авторы: А)Сократ. В)Қожа Ахмет Яссауи. С)әл-Хорезми. Д)әл-Фараби. Е)Аристотель. 12.Педагогиеа қай ғасырда жеке ғылым болып қалыптасты: А)XVI В)XV С)XVII Д)XIV Е)XIX 13. «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәнінің мақсаты: А)Болашақ мұғалімдерге педагог қызметінің әлеуметтік маңыздылығын көрсету, кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру. В) Болашақ мұғалімдерді пән ерекшеліктерімен таныстыру. С)Студенттерді оқытудың дидактикалық міндеттерімен таныстыру. Д)Студенттерді тәрбие жұмысының әдістемесімен таныстыру. Е) Болашақ мұғалімдердің ғылыми жұмыстарға бейімділіктерін арттыру. 14.ҚР білім беру саласындағы негізгі құжат: А)Конституция. В)Қылмыс кодексі. С)«Тіл туралы» заң. Д)«Біілім» туралы заң.. Е)«Балалар құқығы туралы» заң. 15.Ой еңбегінің мәдениеті: А)Білімді дұрыс іздестіріп, оларды дұрыс қолдану өнері. В)Шешендік өнер. С)Мерзімді педагогикалық басылымдармен танысу. Д)Ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысу. Е)Қоғамдық пайдалы іс-шаралармен айналысу. 16.Адамның ой еңбегіне ықпал ететін негізгі факторлар: А)Тәрбие, қоршаған орта, тұқымқуалаушылық, ішкі күштер, белсенді іс-әрекет. В)Өнер, саясат. С) Жас және дербес ерекшеліктері, ұйқының қануы, дұрыс тамақтану, таза ауа, белсенді қимыл-қозғалыс. Д)Ғылыми-шығармашылық жұмыс. Е)Мектеп, жоғарғы оқу орны. 17.Кредиттік оқыту технологиясы қолданылады: А)Жоғары оқу орындырының студенттері үшін. В) Мектеп оқушылары үшін. С) Лицей, колледж мұғалімдері үшін. Д) Кез келген білім алушылар үшін. Е) Білімді жетілдіру институттарында. 18. Кредиттік оқыту технологиясындағы білімді бақылау түрлері: А)Жылдық, жарты жылдық бақылау. В)Апталық, ай сайынғы бақылау. С)Тоқсандық, жарты жылдық бақылау. Д) Ағымдық, аралық, қорытынды бақылау. Е) Әкімшілік, мемлекеттік бақылау. 19. Кредиттік оқыту технологиясы бойынша қолданылады. А) 5 балдық бағалау жүйесі. В) 10 балдық бағалау жүйесі. С) 25 балдық бағалау жүйесі. Д) 50 балдық бағалау жүйесі. Е) 100 балдық бағалау жүйесі. 20.Жеке тұлғаның негізгі қасиеттеріне жатпайды: А)Саналылығы. В)Жауапкершілігі. С)Адамгершілігі Д)Жеке «Менінің» болуы. Е) Бағыныштылығы. III тарау бойынша тесттік тапсырмалар 1.Мұғалім мамандығының ерекше сипаттары: А)Гуманистік, ұжымшылдық, шығармашылық. В)Саяси, экономикалық. С)Мәдениет,өнерге жақындық. Д)Ұзақтығы, екіжақтылығы. Е)Қызықтығы, көңілділік, жан-жақтылық. 2. Мұғалім профессиограммасы: А)Оқушыларға қойылатын талаптар жиынтығы. В)Педагог тұлғасына қойылатын талаптар жиынтығы, идеалды моделі. С)Болашақ мұғалімдерді кәсіпке даярлау процесі. Д)Бір нақты мамандықтың басқа мамандықтармен ұқсастығы. Е)Жоғары оқу орындарындағы оқыту деңгейлері. 3. Мұғалім профессиограммасын жасаумен айналысқан педагогтардың бірі: А)Н.К.Крупская В)М.Жұмабаев С)Н.Д.Хмель Д)В.А.Сластенин Е)А.С.Макаренко 4. Мұғалімдердің негізгі құқықтары мен міндеттері қандай құжатта анықталған: А)Қылмыс кодексі В)ҚР Конституциясы С)Білім туралы заң. Д)Еңбек кодексі Е)Еңбек кітапшасы. 5.12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесі неше деңгейге бөлінеді: А)3 деңгей В)4 деңгей С)5 деңгей Д)2 деңгей Е)12 деңгей 6. Педагогтың ұйымдастырушылық іскерлігіне жатады: А) Мұғалімнің өздігінен білімін жетілдіруі, ізденушілігі. В) Оқушылардың іс-әрекеттерге қатысуына жағымды жағдай жасап жұмыстың орындалуын басқара алуы. С) Мұғалімнің сөйлеу ерекшеліктері,дауысының қойылымы,сөйлеу жылдамдығы. Д) Мұғалімнің өзін-өзі бақылауы, өзіне-өзі баға беруі. Е) Мұғалімнің интеллектуалдық мүмкіндігі, оқытатын пәнін терең білуі. 7.12 жылдық білім беру сатылары бөлінеді: А)4 жыл сайын жаңа саты. В)3 жыл сайын жаңа саты. С)2 жыл сайын жаңа саты. Д)1-3 сыныптар, 4-8 сыныптар, 9-12 сыныптар. Е)1-4 сыныптар, 5-10 сыныптар, 11-12 сыныптар. 8.Бейіндік оқыту мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады: А)Кәсіптік, арнайы, экономикалық бағыттар. В)Спорт, өнер, саясат бағыттары. С)Математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық, технологиялық. Д)Экономикалық, финанс бағыты, заң бағыты, өнер бағыты. Е)Эстетика, этика, мәдениет бағыттары. 9.Іс-әрекет қандай негізгі құрылымдық компоненттерден тұрады: А)Іс-қимылдар мен әдіс-тәсілдер. В)Қозғалыс, процесс. С)Мақсат, мотив, құрал, іс-қимылдар, нәтиже, бағалау. Д)Адам,сана, ақыл-ой, күш-қайрат. Е)Оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру. 10.Іс-әрекет теориясының дамуына үлес қосқандар: А) С.Л.Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, П.Я.Гальперин. В) Н.Д.Хмель, Н.Н.Хан,А.А.Бейсенбаев. С) А.С.Макаренко, Н.К.Крупская Д) М.Жұмабаев,А.Байтұрсынов,Т.Тажибаев. Е) Р.Г.Лемберг, Г.А.Уманов. 11. Педагогика ғылымында ойын, қарым-қатынас, оқу, еңбек қарастырылады: А) Іс-әрекет түрлері ретінде. В) Іс-әрекет мақсаттары ретінде. С) Іс-әрекет заңдары ретінде. Д) Іс-әрекет принциптері ретінде. Е) Іс-әрекет тұжырымдамасы ретінде. 12. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымын зерттегендер: А)Н.В. Кузьмина, А.И.Щербаков. В) Н.Д.Хмель, Н.Н.Хан,А.А.Бейсенбаев. С) А.С.Макаренко, Н.К.Крупская Д) М.Жұмабаев,А.Байтұрсынов,Т.Тажибаев. Е) Р.Г.Лемберг, Г.А.Уманов. 13. Педагогикалық іскерліктер жиынтығына жатпайды: А)Танымдық. В) Конструктивтік. С)Коммуникативтік. Д)Қадағалаушылық. Е)Ұйымдастырушылық. 14. Мұғалімнің кәсіби қызметінің қиындығы білмегендігіне байланысты А)Табиғаттың даму заңдылығын. В)Қоғамның даму заңдылығын. С)Білім беру туралы деректі құжаттарды. Д)Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін. Е)Статистиканы. 15.«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәні тығыз байланысты: А)Философиямен. В)Педагогикамен. С)Мәдениеттанумен. Д)Әлеуметтанумен. Е)Тарихпен. 16.Құзіреттілік (компетенттілік)-бұл: А)Теориялық білімдер. В)Біліктілік. С)Қалыптасқан дағды. Д)Тәрбие. Е)Білім мен іскерліктің бірлігі. 17.Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттеріне жатады: А)Қаталдық. В)Оқушылардың денсаулығына деген жауапкершілік. С)Балаға деген сүйіспеншілік, ұжымшылдық, шығармашылық. Д)Авторитарлық қарым-қатынас орната алуы. Е)Оқыту үрдісінде балаға көп еркіндік беруі. 18. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекет сапасының шешуші көрсеткіші не болып табылады: А)Оқушыны тұлға ретінде дамыту деңгейі. В)Оқушылардың үлгерімі. С)Ата-аналармен жұмыс істей білуі. Д)Оқушыларға жеке қатынасты жүзеге асыру біліктілігі. Е)Оқушылардың сабақтағы белсенділігі. 19.Педагогикалық іс-әрекет компонентіне жатпайды: А) Конструктивтік. В) Ұйымдастырушылық. С)Либералдық. Д)Зерттеушілік. Е) Коммуникативтік. 20.Педагогтың коммуникативтік іскерлігіне жатады: А)Қарым-қатынастарды дұрыс орната білу қабілеттері. В)Танымдылық қабілеттері. С)Еңбексүйгіштігі. Д)Шығармашылық қабілеттері. Е)Қатал тәртіп орната алуы. IV тарау бойынша тесттік тапсырмалар 1.Мұғалімнің білімін жетілдірудің негізгі формасы: А)Әдістемелік бірлестік. В)Білімді жетілдіру институттары. С) Өздігінен білім алу: Д)Ақпараттық сауаттылық курсы. Е)Бұқаралық ақпарат құралдары. 2.Оқушы мен мұғалімнің кәсіби сауатты қарым-қатынас стилі: А) Либералдық. В) Авторитарлық. С) Демократиялық. Д) Демографиялық. Е) Либералдық.-демократиялық. 3.Өзін-өзі тәрбиелеу: А)Өзін-өзі меңгеру. В)Жасырын тәрбие. С)Коммунистік тәрбие. Д)Ақыл-ой тәрбиесі. Е)Политехникалық тәрбие. 4. Өзін-өзі тәрбиелеу әдістерінің бірі: А)Салауатты қоғамдық пікір қалыптастыру. В)Мадақтау, жазалау, жарыс. С)Ұжымда жағымды дәстүр қалыптастыру. Д)Оқушының тәртібін қадағалау. Е)Өзін-өзі бағалау. 5.Адамның өз-өзіне аз уақытта нұсқау жасауы: А)Көз жеткізуі. В) Өзін-өзі бақылау. С) Өзіндік бұйрық. Д) Өзін-өзі сендіру. Е) Өзін-өзі бағалау. 6. Өзіндік адамгершілік сапаларды қалыптастыру бойынша тұлғаның саналы іс- әрекеті: А) Өзін-өзі дамыту. В) Өзін-өзі тәрбиелеу. С) Өздігінен білім көтеру. Д) Өзін-өзі басқару. Е) Өзін-өзі жетілдіру. 7.Қарым-қатынас ол: А)Айнала қоршаған дүниемен адамдар арасындағы байланыстарды тұрақтандырушы. В)Адамның мінез-құлқы. С)Алған білімді меңгеру. Д)Қазіргі заманды түсінудегі ғылым аралық байланыстар. Е)Тұлғаның өз іс-әрекеттеріне жауаптылығы. 8.Вербалды қарым-қатынас: А)Сөзсіз қарым-қатынас. В)Сөз арқылы қарым-қатынас. С) Қарым-қатынас барысында өзін-өзі жоғары бағалау. Д)Адамның ұжымнан алшақтауы. Е)Адамның тұйықтығы, басқалармен тіл табыса алмауы. 9.Педагогикалық әдеп, бұл- А)Педагогикалық шындық. В)Жалпы әдептің құрамды бөлігі. С) Педагогикалық талапты ұсыну. Д)Оқушыны адамгершілікке үйрету. Е)Оқушының жеке даму ерекшеліктерін зерттеу. 10.Демократиялық қарым-қатынас стилі көрсетеді: А)Оқушы білімді бірлесіп іздестіруде, қарым-қатынаста тең құқылы субъект ретінде қарастырылады. В)Талапты ұсыну, талапты орындау. С)Мұғалімнің оқушымен өзара әрекеті. Д)Оқушы тұлғасының дамуына әсер ететін факторлар. Е)Оқушыларды мадақтау, жазалау. 11.Авторитарлы қарым-қатынас стилі көрсетеді: А) Мұғалімнің оқушылардың қызығушылығын ескерусіз шешім қабылдауын. В) Ұсынылатын талаптардың орындалуын қатал бақылау болмаған жағдайын. С)Тұлғаның психологиялық өздігінен дамуын. Д)Білімді өздігінен меңгеруін. Е)Сыныптан тыс шаралардың жүзеге асырылуын. 12.Либералды қарым-қатынас көрсетеді: А) Мұғалім шешім қабылдаудан бас тартып, белсенділікті немесе инициативаны оқушыларға, әріптестеріне ысыруын. В)Ата-аналардың тәрбиелік ықпалының жоқтығын. С)Қарым-қатынастағы диалогтық форманың басыңқы болуы. Д)Оқушылардың бірлескен шығармашылық іс-әрекетін. Е)Қарым-қатынасқа қатысушылар арасындағы тепе-теңдіктің сақталуын. 13.Өздігінен білім алу А) Өзін-өзі тәрбиелеу: В)Рефлексия. С)Білімін көрсету. Д)Практика. Е)Маман ретінде мұғалімнің өсуі. 14. Өзін-өзі тәрбиелеу: А) Өздігінен білім алу В) Өзін-өзі көрсету, өзін басқаларға таныту. С) Оқу міндеттерін жақсы атқару. Д) Адамның өз денсаулығын нығайтуға бағытталған талпыныстары, құлшыныстары, жаттығулары. Е)Өзіндік адамгершілік сапаларды қалыптастыру бойынша тұлғаның саналы іс- әрекеті. 15. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті-бұл: А)Әдеби тілдің нормаларына сәйкес сөздік әңгімелеуді қалыптастыру. В)Әңгіме айту. С)Әңгімелесу. Д)Қарым-қатынастың вербальсіз түрі. Е)Ақпараттық технологиялардың жедел дамуы. 16.Өзін-өзі бағдарлау процесі-бұл: А)Сенімнің күшті болуы. В)Әдеттің қалыптасуы. С)Ерік-жігерді асыра бағалау. Д)Тұлғаға білім беру, оны тәрбиелеу және әлеуметтендіру. Е) Өз тұлғасын жетілдіру мүмкіндігі туралы өзіндік болжау. 17.Өзін-өзі кәсіби тәрбиелеу-бұл: А)Адамның отбасы мүшелерімен және әлеуметтік ортамен үйлесімді өмір сүруі. В)Оқушыларды сапалы білім алуға ынталандыру. С)Ерік-жігерді асыра бағалау. Д)Тұлғаға білім беру, оны тәрбиелеу және әлеуметтіндіру. Е)Өз тұлғасын жетілдіру мүмкіндігі туралы өзіндік болжау. 18.Вербальсыз қарым-қатынас: А)Сөзсіз, ым-ишара арқылы қарым-қатынас. В)Сөз арқылы қарым-қатынас. С)Интерактивті қарым-қатынас. Д)Перцептивті қарым-қатынас. Е)Адамның бір топ адаммен қарым-қатынасы. 19.Аксиалды қарым-қатынас: А)Бір адаммен екінші бір адам арасындағы қарым-қатынас. В) Сөзсіз қарым-қатынас. С) Интерактивті қарым-қатынас. Д) Перцептивті қарым-қатынас. Е) Бір адамның бір топ адаммен қарым-қатынасы. 20.Ретиалды қарым-қатынас: А) Бір адамның бір топ адаммен қарым-қатынасы. В) Либералды қарым-қатынас. С) Интерактивті қарым-қатынас. Д) Перцептивті қарым-қатынас. Е) Бір адамның екінші бір адаммен қарым-қатынасы. ----------------------- Іс-әрекет Мақсат Мотив Құрал Іс-қимылдар, операциялар Нәтиже Бақылау
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz