Файл қосу
Абай энциклопедиясы
6М020500«Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған «Әдеби өлкетану» ПӘННІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2013 Мазмұны 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Практикалық сабақтар 4 Магистранттың өздік жұмысы ГЛОССАРИЙ 1.Ақын – поэзиялық туынды, өлең, жыр-дастандарды ауызша немесе жазбаша айтып шығаратын өнер иесі. 2.Арнау - әдеби шығарма басында берілетін, сол шығарманың кімге, қандай уақиғаға байланысты екенін көрсететін, көбінесе өлең түрінде келетін автор сөзі. 3.Арнау өлең –белгілі бір адам бейнесін, мін-сипатын суреттеп мақтап жазу дербес поэзиялық туынды. 4.Дастан – парсы сөзі – тарихи әңгіме, ертегі, батырлар жыры деген мағынаны береді. 5.Жылнама – тарихты жыл-жылға бөліп баяндау түрі. 6.Жыр - қазақ халық поэзиясының бір түрі, жырлап айтатын уақиға, көлемді позиялық шығарма. 7.Жырау – ауыз әдебиетінің ежелгі өкілдерінің бірі, қоғамдық мәселелерді қозғайтын толғау-жырлап айтушы. 8. Жыршы – ауыз әдебиетінің дәстүрін сақтаушы, батырлық, тарихи, ғашықтық, жырлар айтып таратушы. 9.Қисса – қазақ әдебиетіндегі кітаби ақындардың Шығыс әдебиеті үлгісіндегі сюжеттік шығармалары, дастандары, өлеңмен жазылған ертегі-хикаялары. 10.Мадақ өлең – салтанатты оқиғаларды жырлауға арналған, біреуді қошеметтеу сипатындағы мадақ өлеңдер. 11.Насихат өлең – уағыздау, ақыл-кеңес сарыны басым келетін өлең. 12.Поэзия – көкем әдебиеттің ертеден қалыптасқан үлкен бір саласы, өлең жыр түріндегі шығарма. 13. Поэма – оқиғаның өлеңмен баяндалып айтылатын, кейде жыр-толғау түрінде келетін көлемді шығарма. 14. Толғау – күрделі, көлемді лирикалық туынды, сюжетсіз поэма. 2 ДӘРІСТЕР 1-Дәріс. Әріп Тәңірбергенұлы Әріп Тәңірбергенұлы өмірі мен шығармашылығы жайлы. Әріп Тәңірбергенұлы көтерген мәселелер. Әріп Тәңірбергенұлы (азан шақырып қойған аты Мұхамедғаріп) 1856 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Үш биік ауылына қарасты Еңірекей елді мекеніңде дүниеге келген. Руы - Сыбан ішінде Жанкөбек. Әріптің арғы аталары есімдері тарихта қалған белгілі адамдар болған. Жанкөбектің бір баласы - Нар дауысты Нарынбай XVII ғасырдың аяғында казіргі Ташкент Жеті қақпа аталып тұрған кезде, бір қақпасына бек болған адам. Нарынбайдан - Қу дауысты Құттыбай, Құттыбайдан - тарихтан белгілі он жеті ақын тараған Байғара би, Байғарадан - Ақтайлақпен бірге Байсал тарайды. "Дұт" атанған осынау ұрпақтан әйгілі он жеті ақын шықты дегенімізбен, бүгінгі ұрпақ дәл осы он жетінің атын атап, тұсін түстеп беруге келгенде ұятты. Өйткені көбінің мұрасы бізге жетпеген. Бір ұрпақган бір кезеңде шыққан он жеті ақынның мұраларын жинап ел игілігіне жарату — болашақ әдебиетшілерің үлесінде. Найман шежіресін тарата келіп Бердібек Сұлеймен би: Байсалұлы Әліден — Тәңірберген, Оның ұлы Әріпті Найман білген. Тұсында Әріп ақын атаныпты Ақындық Байғарадан үзілмеген. Жел сөзге мұнан ешкім аса алмаған, Нәсілі нағыздың үлгі көрген ,- дейді. Көсемдігі мен шешендігі тең ұлы ата ұрпағынан шыққан Әріптің нағашы жұрты да осал ұрпақтың тұқымы еместі. Ақынның шешесі Жаңғақ шешендігімен көзге түскен сөзге ұста адам болған. Ол — "Абай жолы" романында кеңінен сөз болатьш Тобықтының Көкше атасынан шықкан Қаратай шешеннің інісінің қызы. Әріптің Абаймен жақын танысуының бір себепкері — осы нағашы жұрты, оның ішінде ақын досы - Көкбай Жанатайүлы. Әріп ауыл молдасынан ескіше сауатын ашқан соң, 11-12 жасында Семей қаласындағы миссионерлік мектепте оқыды. Әріптің орысша оку тағдыры да қызық. Сыбан елінің басшысы Жарқынбай бидің егіз ұлы — Жәңгірхан мен Қараханның біреуін орысша окуға жоғары ұлық сұрағанда екеуін айыруды жөн көрмей, екіншіден орыс окуының түпкі мақсатын аңғарған би хатшысы Төңірбергеннің баласы Әріпті оқуға жібертеді. Т.Көбдіковтің Әріпке шығарған әзіл өлеңінде: Он бірден он екіге шығар жасың, Сатылды отыз қойға сенің басың, - деп қалжыңдайтыны да содан. Жасынан орыс оқуын терең меңгерген Әріп араб, парсы, қытай тілдерін де жетік біледі. Казақ елін отарлауды мәдени тұрғыда іске асыруға белсене кіріскен орыс ұлықгарымен Ә.Тәңірбергенұлының көзкарастары әуелден-ақ жараспайды. 1876-1878 жылдары Семей қаласындағы уездік училищеде өте жақсы бағамен оқығандығы туралы мұрағат деректері бар (қараңыз: Қазақстан орталық мұрағаты. 491-қор. 1-тізбе. 8-іс). Орыс окуының түпкі мақсатын сезген зерек шәкірт Бақылау сұрақтары: 1. Әріп Тәңірбергенұлы шығармалары. 2. Абайдың ақындық мектебінің өкілдерін атаңыз. 3. Абайдың ақындық мектебі қандай мәселелерді көтерді? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Абайдың ақын шәкірттері Қ.Мұхамедханов 1995.ж 2. Абай энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 1 т. 4.Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар.- Алматы: Жазушы, 1985.323- б 5.Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.- Алматы: ғылым, 1973.23-б. 6.Жұмалиев Қ. ХШ-ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1967. 53- б. 2-Дәріс. Тұрағұл Абайұлы Құнанбаев 5.1. Тұрағұл Абайұлы Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы. 5.2. Тұрағұл Абайұлы Құнанбаевтың мұрасы. Тұрағұл Абайұлы Құнанбаев.Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған тұңғыш баласы — Тұрағұл (Тураш). Турағұлдың аты елге мәлім болғанымен оның өмірбаяны әлі күнге толық зерттеліп жазылған жоқ. Тұрағұл әкесі туралы естелігін үлкен әнгіме етіп жазып қалдырған. Ол естелігінің көп қысқартылған шағын нұсқасы ғана 1933—1940 жылдарда шыққан Абай жинақтарында жарияланған. Естеліктің толық нұсқасының қолжазбасы сақтаулы. Біз Тұрағұлдың нақтылы туған жылы туралы мағлұмат, аталған естелік әңгімесінің қолжазба нұсқасында айтылған, Тұраштың өз сөзінен келтіреміз: «Мен әкемнің отыз екі жасында, жастықтың алғашқы ағыны басыльш, жігіт ағасы болып қалған кезінде тудым» — дейді. Олай болса 1877 жылы туған болады. Ал, естелігінің екінші бір жерінде, әкесі туралы тағы бір есте қалған әңгімесін бастар алдында: «1899 жылы менің он төрт жасымда...»депжазады. Бұлай болғанда, 1875жылы туған больш шығады. Қолжазбада мүлт кеткен: «Мен әкемнің 32 жасында...тудым» деген сөз болуы керекті, дұрысы:«1889 жылы менің 14 жасында...» дегені болады. Олай дейтініміз Тұрағұл дүниеден көшкенде (1934) касыңда болып, өз қолынан ақырғы сапарына аттандырған, қазір көзі тірі, қызы—Мәкен (1911 жылы туған) : «Әкем 59 жасында қайтыс болды» — дейді. Сейтіп, Тұрағұлдың дүниеге келген нақтылы уақыты 1875 жыл болады. Тұраш жас шағынан әкесі Абайдың қолыңда болып, тәлім-тәрбиесін көп көріп өскен баласы болады. Мұхтар Әуезов былай дейді: «...1891 жылға шейінгі өмірі Абайдың ең мағыналы еткізген жылдары болады... Сол уақыттарда жас шәкірт болып әкесінің колыңца тұрьш, оқьш жүрген Тұраш деген баласы мынаны айтады: «Осы жылдарда мәжілісіңде ілім сөзінен басқа сөз жоқ болды. Бастығымыз Шәһкәрім болып шәкірт секілденіп сөзін тыңдап, медреседегі шәкірттерінше: ақиқат олай емес, бұлай болады деп бір бірімізбен дауласьш жатушы едік... ұстаздық қылып отырғанда біздің жүрегімізге мал құмар, мансап құмар адам емес деп сөгуші еді. Әрдәйім сағынып көксеп, кезі келгенде қуаньш қатты рахаттанатын уақыты: сөзді ұғарау деген адамдарды, іні, балалары секілді жастарға ілім сөзін сөйлеп, насихатын айтьш отырған кезі болушы еді» (Абай Құнанбай ұлы). «Толық жинақ», Қызыл орда, 1933, 372 бет). Тұрағүл бала жасынан зерек, ұғымтал, зерделі болған. Әкесінің қадір қасиетін ерте түсініп, табиғи ақыңдық қуатын ерте таньш өскен, Абайдың ең талапты, әрі талантты баласының бірі. Абайдың барлық ақыңдық өмірінің ең мағыналы, ең жемісті кезеңі 1889 жыл болғанын, сол жылы жиырмадан астам өлең жазғанын Мұхтар Әуезов ерекше атап айтады. Дәл сол жылы он төрт жастағы бала Тұраш, әкесінің өзіне тән ерекше мінезін, ақындық шабыт үстіндегі тұлғасын терең түсініп, шебер суреттеп береді. Бақылау сұрақтары: 1. Тұрағұл Абайұлы Құнанбаев шығармалары. 2. Абайдың ақындық мектебінің өкілдерін атаңыз. 3. Абайдың ақындық мектебі қандай мәселелерді көтерді? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Абайдың ақын шәкірттері Қ.Мұхамедханов 1995.ж 2. Абай энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 1 т. 4.Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар.- Алматы: Жазушы, 1985.323- б 5.Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.- Алматы: ғылым, 1973.23-б. 6.Жұмалиев Қ. ХШ-ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1967. 53- б. 3-Дәріс. Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев.Абайдың інісі Ысқақтың түңғыш баласы Кәкітай, 1869 жылы дүниеге келіпті. Әкесінің қойған шын аты — Ғабдұлхакім. Шешесі еркелетіп: «Кәкітай» деп атағандықтан, ел де Кәкітай деп кеткен. Кәкітайдың шешесі Текті, тарихта белгілі, Қаракерей, Мұрын руының Тана мырза атанған атақты адамының қарындасы, Жанпейістің қызы. Құнанбай балаларына өзі теңдес аталы жерден қыз айттырып, ерте үйлендіріп, енші беріп, жеке-жеке ауыл етіп шығарады. Абай мен Ысқаққа, Ақшоқы, Ащысу аталатын қалың қорықтан екеуіне бірдей етіп жер бөліп береді. Сөйтіп, Абай мен Ысқақтың қыс қыстауы, жаз жайлауы, күз күзеуі қатарлас, жақын көрші болады. Абайдың Мағауия деген баласы Кәкітаймен қүрдас болғандықтан екеуі жас бала күнінен үнемі бірге ойнап-күліп, тату-тәтті құрбы, айырылмас дос болып өседі. Кәкітай мен Мағауия сегіз жасынан бастап, ауыл молдасынан сабақ оқып, сауатын ашады. Мағауияны он төрт жасында әкесі қалаға апарып, . Семейдегі орыс мектебіне оқуға түсіреді. Ысқақ Кәкітайды Мағауиямен бірге. оқытпақ болса да, бәйбішесі: «Өзіңнің ел басқару жұмысынан қолың босамайды, мен үйде отырған әйелмін, малға, шаруаға кім қарайды деп, Кәкітайды қалаға оқуға жіберуге көнбейді. Сөйтіп, Кәкітай қалаға оқуға бара алмай қалады. Жасынан оқуға қабілетті, зерделі, зерек, талапты Кәкітайды, өзінің ақылды баласы Мағауиядай, жақсы көріп, одан үлкен үміт күтетін Абай Ысқақты шақырып алып: — Сен қатыныңнын, тіліне еріп, мына адам болайын деп тұрған Кәкітайды оқудан қалдырдың. Енді бұл баланы мен өз тәрбиеме алам. Сенің мұнда жұмысың болмасын, — дейді. Ысқақ басында анау-мынау десе де, Абайға қарсы тұра алмай: ақыры өзіңіз білесіз дейді. Сөйтіп, Кәкітай бала жасынан бастап, Абайдың тәрбиесінде болады. Қала мектебінде үздік оқып жүрген Мағауия өкпе науқасына шалдығып, ауылына қайтады. Енді Мағауия мен Кәкітай екеуі де Абайдың қолында тәрбиеленіп өседі. Әлде қалай себептермен, — дейді Мұхтар Әуезов, — қалаға барып оқи алмай қалып, өз маңайына жиналған іні, бала, ағайын-туысқан сияқты жастардың тәрбиесін қатты ескергендіктен, Абай жалғыз өз өсиетіне қанағат қылмай, бұлардың сезім тәрбиесін толтырмақ болып, музыка үйретпекші болады. Сол мақсатпен Көкен еліндегі Мұқа деген скрипкашыны ауылына алғызады. Тағы сол жылы Әсет деген ақынды да сақтайды. Енді Кәкітайдың басынан кешкен өмір кезеңдері туралы, оның түңғыш баласы Әрхамның, 1949 жылы бізге жазып берген естелік әңгімесі бойынша, мағлүмат келтірейіқ. Қәкітайды әкесі Ысқақ он төрт жасында үйлендірген екен. Оған себеп: Абайдың Ақылбайдан кейін Ділдәдан туған екінші баласы Әкімбайды Ысқақ бала ғып алыпты. Тегінде Құнанбайдың салған үлгісі бойынша, оның балалары да біреуінің баласын біреуі балағып алатын салты болған. ЬІсқақ Әкімбайға, Қызылмола болысына қарайтын Уақ руының Қалдыбай қазы атанған, көп жыл ел басқарған белгілі адамның Уақбай дейтін (ол да көп жыл болыс болған) баласының Салиқа деген қызын айттырып, көп қалыңмал беріпті. Әкімбай тоғыз жасында дүниеден қайтып (1865—1874), Салиқа әке-шешесінің қолында қалады. Салиқа Әкімбайдан екі жас үлкен екен (1863 жылы туған). Енді қазақтың: «Аға өлсе жеңге мұра, іні өлсе келін мұра» дейтін салты бойынша, Салиқаны Кәкітайға қаратады. Сөйтіп Кәкітай өзінен алты жас үлкен жеңгесіне үйленеді, Жасау-жабдығымен келіп, келін боп түскен Салиқа бір жылдай ата-енесінің қолында болып, келесі жылы Кәкітай енші алып, бөлек үй болады. Жасынан аса пысық, шаруаға ыңғайлы Кәкітай тез арада мал құрап, қасына ағайындарынан көрші жинап, келелі бір ауыл болады. Кэкітай он алты жасқа келгенде, 1885 жылы бірінші баласы Әрхам туады. Ол баланы қырқынан шыға сала, үлкен шешесі бала ғып альш, бауырына басады. Кәкітайдың Әрхамнан кейінгі екінші баласы Бідәл 1888 жылы туған, одан кейінгі баласы — Даниял 1889 жылы дүниеге келген. Бұлардан басқа Салиқадан туған Хакима, Қабида деген қыздары болады. Салиқа қайтыс болған соң, 1903 жылы алған әйелі Бибіден туған Уалит, Самат деген екі үлы; Бәзилә дегең бір қызы болған. Кәкітай өмірінің ең ауыр кезеңі 1904 жыл еді. Сол жылы арылмас қалың қайғы, қатал қасіретке душар болады. 1904 жылы 12 маусымда Мағауия қайтыс болады, 23 маусымда Абай дүниеден көшеді, 2 тамызда Ақылбай өледі. Абай қайтыс болғаннан кейінгі жылдардағы Кәкітай өмірі жайында, нақтылы толық мағлүматтарды, Әрхамның естелігі бойынша баян етеміз. . Әрхам өзі де Абайды көрген және оның немере балаларының біріндей болған адам. Абай дүниеден қайтқан жылы (1904) Әрхам он тоғыз жастағы жігіт болатын. 4-Дәріс. Әубәкір Акылбайұлы шығармашылығы 13.1. Әубәкір Акылбайұлы өмірі мен шығармашылығы жайлы. 13.2. Абайдың ақындық мектебінің маңызы. Әубәкір Акылбайұлы шығармашылығы (1881-1934) Әубәкір Ақылбайұлы - 1881 жылы дүниеге келген Абайдың немересі. Абайдың кенже інісі Оспанда бала болмағандықтан Әубәкірді қолына алады. 1891 жылы Оспан қайтыс болады. Ол кезде Әубәкір небәрі он жаста еді. Осы бастан Әубәкір Абай мен Еркежан тәрбиесінде болады. Әубәкір жас күнінен ауыл молдасынан оқып мұсылманша сауатын ашады. Ресми оқуын одан әрі жалғастырған емес. Әубәкір ерте үйленеді. Ақынның әйелі Кәмәлия ( Кәмәш) Ысқақтың немересі, Жақыптың қызы. Кәмәш атасы Абайдан көп үйренеді. Ол өзінің естелігінде Адайдың қолына келін болып түскендігін мақтан етіп жазады. Себебі, Абай әйел затының еркін өскендігіи аңсаған қазак халкының мақсат-мүддесін осы келіні Кәмәштің бойына сіңіріп өсіреді. Абайды өле-өлгенше күтіп, үнемі қасында болған, жақсы келіні осы Кәмәшқа Абай өзі өлерден бұрын ауырмай түрып: « Мен биыл өледі екем» деп, ішкі өзі түйген ауыр сырың ең алдымен айтады. Әубәкір он бір жасынан бастап, он екі жыл бойы Абайдың тәлім- тәрбиесін көріп, тағлым алған баласы болады. Әубәкір мінез жағынан болсын, ақындық өнер жағынан болсын, туған әкесі Ақылбайға тартқан. Ол - тума ақын, домбырашы, әнші, әрі саяткер кұсбегі. Әубәкір он бес-он алты жасынан бастап өленді қолма-қол суырып салып айтатын болған. Әубәкірдің жас шағынан үлгілі-өнеге алып өскен ортасы Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл, Кәкітай, Көкбай сияқты ақын, музыкант, әнші сегіз қырлы өнерпаздар болды. Өзінің алдындағы Абай шәкірттерінің жазатындары дастан, лирикалық өлең-жыр болғандықтан, Әубәкір оларды қайталамайды. Әубәкірдің көп өлендері бізге сақталып жатпеген. Әубәкір Ақылбайұлы 1934 жылы Шымкент қаласында қайтыс болады. Ақыннан Ғабдісәләм, Әлихан деген екі ұл тараған. Әубәкір өлеңді суырып салып та, жазып та шығарған. Ақындыққа бой ұрған Әубәкірді Абай ерекше жақсы көріп, бағыт-бағдар, ақыл- кеңесін беріп отырған. Әубәкір жас кезінен өлең-жырға құмар болып, шығыс киссалары мен батырлар жырын жатқа айтып, домбырада күй тартып, ән салған. Әубәкірдің сатиралық өлеңдермен бірге тарихи шығармаларға бет бұрып, «Мамай батыр», «Әнет баба», «Ақтабан шұбырынды», «Оралбай мен Керімбала», «Әреке мен береке» деген әлеуметтік тақырыпта шығармалар жазған. Әубәкір талантты комкозитор ретінде де белгілі. Оның өз өлеңдеріне шығарған «Көкен қалкам», «Әліп би», «Әубәкірдің әні», «Дариға» деген әндері бар. Абай тапсырмасымен әзіл мысқыл, сықақ өлең шығарып, қазақ әдебиетіндегі сатираға өзіндік үлес қосқан. Ол сол кездегі келеңсіз құбылыстарды аяусыз сынап: Анық әділ тартылсаң таразыға, Балтаменен шабатын мінің де бар,- деп ащы мысқылға толы өлеңдер шығарып, қалың көпшіліктің қараңғылығы мен надандығына жаны күйген. Әубәкір сатиралык өлеңдерінде біреудің оғаш мінезін көрген сәтте сол арада көзбе-көз, қолма-қол суырып салып айтады. Сонымен қатар сұм-сұрқия билерді сынауда да өз алдына жан салмайды. Олар жайында: Ішіңде тасыр да бар, ұғар да бар, Баяғыдан билікке құмар да бар. Алаңғасар, айласыз, ақылы жок, Жарға жығар, к...ге сұғар да бар. Осы өлеңнің өзінен-ақ Әубәкірдің алғыр ойлы, ұшқыр қиялды, сөзге бай, шешен, мүдірмейтін, тап басып, дәл айтатын дарынды ақын екенін кереміз. «Кооператив» деген ұзақ сатиралық өлеңінде жемқорлардың кулық- сұмдықтарын, амал-айласын жеріне жеткізе әйгілеп ашып, әшкерелейді. ... Төлетіп бір-бір қара сайлап шілен, Өзгелер жеп қояды, өзім жүрем. Қалада мекеменің бәрі таныс Қайтсе арзан болатынын өзім білем- деп мысқылдай отырып, жемқорлардың қылмысын ашады. Кеңес үкіметі келгеннен кейін Әубәкірдің тұрмыс-халі нашарлап, жаз жайлауға көшіп-қонудан қалады. Туған жер, өскен ортасынан да күдер үзе бастайды. Мүңға батып дерттенген акын көңіл шерін шертіп тебіренеді. Кір жуган кіндік кескен жер де аман бол, Жеңге, келін, ағайын ел де аман бол Қиыр жайлап, кеңінен қонған коныс, Балашақпақ, Байқошқар сен де аман бол. Бұл-кәмпеске жылы жазылған өлең. Сол жылы өзінің ағасы Тұрағұл да кәмпескеленіп, жер аударылады. Абай ұрпағы ретінде Әубәкірдің басына қара бұлт үйіріледі. Құнанбай тұқымы түгел куғын-сүргінге ұшырайды. Ел аштан өле бастайды. 1931 жылы Шәкәрім атылады, оның баласы Ғафур түрмеде бауыздалып өледі, Тұрағұлдың інісі Мекайыл атылады... Әубәкір осындай айықпас ауыр қасіретке душар болады. Қайғылы дертін былай дейді: Күңіренген мүңлы дауыс, шуылдасқан Мұңайып түнергендей басыңа аспан. Алдында ажал тартқандай бауырына, Үйренген дуниесінен бала жастан... деп мұң шерін шертіп, қасірет жырын толғайды. Өз елінде, тұралмайтын халге жеткен Әубәкір 1931 жылы бас сауғалап, Үржар ауданына кетеді. Туған жерге деген сағыныш үдей түседі. Шыңғыстау кеткенің бе енді жат боп, Бір іздеп барар едім астымда ат жоқ... Бақылау сұрақтары: 1. Әубәкір Акылбайұлы шығармалары. 2. Абайдың ақындық мектебінің өкілдерін атаңыз. 3. Абайдың ақындық мектебі қандай мәселелерді көтерді? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Абайдың ақын шәкірттері Қ.Мұхамедханов 1995.ж 2. Абай энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 1 т. 4.Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар.- Алматы: Жазушы, 1985.323- б 5.Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.- Алматы: ғылым, 1973.23-б. 6.Жұмалиев Қ. ХШ-ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1967. 53- б. 5-Дәріс. Иманбазар Қазанғапұлы шығармашылығы (1870-1943) Кемеңгер Абайдың мектебінен нәр алған талантты ақын шәкірттерінің бірі - Иманбазар. Ол 1870 жылы бұрынғы Семей үйезі, Қызылмола болысында дүниеге келген. Болашақ ақынның әкесі Қазанғап Қынашұлы мұсылманша және орысша жақсы сауатты, көкірек көзі ашық, абыройлы да әділ адамның бірі болған.Меккеге сапар шегіп, мұсылмандық парызын өтеп, қажы атағына ие болғандардың бірі. Туған өлкесінде мектеп ашып, бала оқытыпты. Ұлағатты әке тәрбиесін көріп өскен жас ақын, кейін келе, өз бойындағы асыл да қымбат өнерімен білімімен жұртшылықтың көрнекті өкілдерінің бірі болады. Жастайынан талантты, дарынды жас ақынға арнап, Әріп ақын мынадай өлең жолдарын арнайды: Әркім мақтап айтады Қазанғапты, Қазанғап хақ жолында иман тапты. Аман Қынаш- бір туйте кездік еді, Кездіктен қанжар тудың алтын сапты. Иманбазардың мұсылманша оқудан жақсы жақтарымен көзге түсіп, алға қарай ұмтылуын көрген әке баласының білімін тереңдету мақсатында Семей қалалық 5- кластық училищеге оқуға жібереді. Мұсылманша хат таныған, молда алдында білім алған ауыл баласы білім жолында талмай ізденуде Семей қаласына сапар шегеді. Училищені Иманбазар 1887-88 жылдар аралығында тәмамдап шығады. Мұрағаттық деректерге сүйенсек, 1898 жылы Иманбазар болыстық қызметке сайланды. 1917-19 жылдар аралығында Қызылмоланың болысы Әбен Бітімбаев болды, ал кандидаты - Иманбазар Қазанғапұлы. Иманбазар осы іспен айналысып жүрген кезінде туған халқының колындағы билігінен, ерікті елдігінен айрылғанына көз жеткізді. Біз білеміз, Абай Семей қаласына барып түрғанда, қазак балаларының басын біріктіріп, оларға өз ақылын ортаға салып отырғанын. Сол кездері Абайдың алдын көріп, ұлы ұстаз ақыннан тағылым алған шәкірттерінің бірі Иманбазар болған. Иманбазар Абаймен Мағауия арқылы танысты десек те болады. Мағауия 1884-1887 жылдары, ал Иманбазар 1887-88 жыдцары Семейде оқыды. Тіпті Мағауияның Иманбазарға өлеңмен жазған хаты да бар. Досым ең бала жастан Иманбазар, Отызга келіп қалдың қайтпай ажар...-деген екен. Абайдың алды окуға құштар, білсем деп алға карай ұмтылған жастар үшін, үлкен бір мектепке айналды. Абай - ұлы ұстаз, үлкенге іні, кішіге аға, жанындағыларға дос, акылшы. Ол өз білгенін өзгенің бойына қондырсам деп армандады. Маңайындағыларын өнер-білімге, еңбекке шақырады. Абай оқу-білім қуған жастарының өлең жазуына көп көмегін тигізді. Әр-біреуінің ақындық қабілетіне қарай, әртүрлі тақырыптар ұсынып отырған. Абайдың өсиет жолын тұтанған, ұлы ұстазының сара жолын өз ақындығында үлгі тұтқан, зерек те алғыр шәкәртерінің бірі - Иманбазар Абайдан естіп те білген әңгімелері негізінде «Әнибал» және «Алтын сақина» дастандарын жазады. «Алтын сақина» дастаны туралы естеліктер бар. Иманбазармен аталас туысқан Ахат Жағыпарұлының айтқанын қорытындыласақ: «Дастан Иманбазардың туындысы емес, тек ол Европа ақындарының шығармаларының аудармасы сияқты» - деген пікірде шындықтың бір ұшы жатыр. Дастан әлі де зерттеуді қажет етеді. Иманбазардың жалпы әдеби мұрасынан бізге толық қалпында жеткені- «Әнибал» дастаны. Бүл дастан тұңғыш рет 1909-жылы Қазанда басылып шыққан. Ал екінші рет, 1997 жылы Қ.Мұхамедхановтың «Абайдың ақын шәкірттері» кітабының 4 томында жарияланды. Бақылау сұрақтары: 1. Иманбазар Қазанғапұлы шығармалары. 2. Абайдың ақындық мектебінің өкілдерін атаңыз. 3. Абайдың ақындық мектебі қандай мәселелерді көтерді? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Абайдың ақын шәкірттері Қ.Мұхамедханов 1995.ж 2. Абай энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 1 т. 4.Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар.- Алматы: Жазушы, 1985.323- б 5.Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.- Алматы: ғылым, 1973.23-б. 6.Жұмалиев Қ. ХШ-ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1967. 53- 6-Дәріс. Әсет Найманбайұлы 1. Әсет Найманбайұлының өмірі мен шығармашылығы. 2. Әсет Найманбайұлының мұрасы. Әсет Найманбайұлы (1867, қазіргі Шығыс Қазақстан обл. Үржар ауд. Бақты а. — 22.3. 1922,) — көрнекті ақын, әнші, композитор. Әсеттің туған жері туралы өр түрлі пікір бар. Әсет ескіше оқып, сауат ашқан. Ерте жетім қалып, жоқшылықтың зардабын тартқан. Айтыска түскен ақындар соны тілге тиек еткен. Байлық өнер мен білімде деп таныған Әсет көп ақынға ой тереңдігімен, дүниетанымымен дес бермеген. Жастайынан ән салып, халық аузына іліккеннен бастап ол ән шығара бастаған. Оның жас кезінде шығарған әні "Інжу-Маржан"— ән өнерінің үздік үлгісі. Әсеттің одан басқа "Мақпал", "Қарагөз", "Майда қоңыр", "Гауһар қыз", "Қоңыр қаз", "Қисмет", "Әпитөк", т.б. әндері белгілі. Әсет әндері аса биік, аса ырғақты, кайырымы кұрделі келеді. Ол Біржан сал, Акан серіден кейін Арка әндерінің дөстүрін жалғастырып, дамытты. Әсет — қазақтың көрнекті лирик ақыны. Замана шындығын шынайы суреттеу, айналасында болып жаткан оқиғалар мен құбылыстарды айқын да көркем жеткізу — Әсет лирикасына тән қасиеггер. Әсеттің "Қалдың ба, кайран қазақ, камданбастан", "Сабаздар санасы жоқ сатылып жүр", "Жас жігіт надандықпен алданады", т.б. өлеңдерінде ақын өз ортасының ащы шындығын бейнелейді, халқының басындағы ауыр тағдырға күйзеле отырып, өзінің ақындық шеберлігін, азаматгық үнін танытады. Ақын жаңа үлгідегі, оқиғалы дастан жанрын дамытуға мол үлес қосты. "Салиха — Сәмен", "Ағаш ат", "Перизат", "Үш жетім қыз", "Нұғыман-Нағым", "Мәлік- Дарай", "Жәмсап", "Кешубай" сияқты бірқатар қисса-дастандары бар. "Салиха — Сәмен" дастаны мен "Ағаш ат" қиссасы — адал достықты, әділеттілікті жырлаған шығармалар. "Ағаш ат" — күрделі оқиғаға құрылған, фантастик. белгілері бар дастан. Дастанның композициялық кұрылымы эпостық болғанымен, сюжеті аңыздық, яғни қиял-ғажайып ертегілерінің сарындары да кездеседі. Әсет дастандарының та-қырыбы әр алуан. "Кешубай" дастаны қазақ тұрмысынан жазылса, "Француз" қиссасы басқаша құрылған. Әсет — айтыс ақыны да. Ол Ырысжан, Бақтыбай, Кәрібай, Әріп, Кали, Сәмет, Қосымбай, Қызыр, Кемпірбай және Мәлике қызбен айтысқан. Солардың ішіндегі аса қүндылары " Әсет пен Ырыс-жанның айтысы", " Әсет пен Кәрібай айтысы". Алғашқысы жұмбақ айтыстың үздік үлгісі болып саналады. Ырысжанмен айтысқанда Әсет он сегізде ғана екен. Соған карамастан ол асқан тапқырлық пен білімділік танытып, күрделі жұмбақ түрінде берілген сұрақгарға дәл жауап қайтарып отырады. Әсеттің басқа да айтыстары қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар көркем дүниелер. Әсет шығармалары суырып салмалық өнер табиғатының заңдылықтарына сәйкес туған. Кейбір өлеңдерін жазып шығаруы да мүмкін. Бірақ ақын-ның өз қолымен жазылған немесе көзі тірісінде біреуге жаздыртқан әдеби мұрасы бізге беймәлім. Бақылау сұрақтары: 1. Абайдың ақындық мектебінің ерекшелігі неде? 2. Абайдың ақындық мектебінің негізін қалаған кімдер? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Абайдың ақын шәкірттері Қ.Мұхамедханов 1995.ж 2. Абай энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 1 т. 4.Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар.- Алматы: Жазушы, 1985.323- б 5.Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.- Алматы: ғылым, 1973.23-б. 6.Жұмалиев Қ. ХШ-ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1967. 53- б. 7-Дәріс. Көкбай Жанатайұлы. 1. Көкбай Жанатайұлының өмірі мен шығармашылығы. 2. Көкбай Жанатайұлының мұрасы. Көкбай Жанатайұлы 1861 жылы, қазіргі Семей облысы, Абай ауданында туған. Тобықты ішінде Көкше руынан. Көкбайдың үшінші атасы — Есбай, Көкше ішіндегі жуан ата саналады. Есбайдың бес баласы: Сарымсақ, Сапақ, Жамантай, Көбентай, Бәйтен. Бүлардың бесеуі де, шетінен ділмар, шешен әрі пысық болып, «Есбайдың бес жүйрігі» атанған. Сапақтың баласы — Қаратай щешен, Құнанбаймен тізелес, Көкшенің ру басы адамы. Жамантайдың баласы — Жанатай. Жанатайдан — Көкбай. Жанатай да сөзге шешен, орта дәулетті, пысық адам болады. Ел басқару ісіне араласпайды. Қаратай сияқты Көкшенің ру басылары Құнанбаймен бірде дос, бірде жау болып жүрсе де, Жанатай Құнанбаймен тату болып, оған арқа сүйеп, өмір бойы одан қол үзбеген. Көкбай он жасынан бастап, он бес жасына шейін, Төлетай деген молладан оқиды. Он бес жасында оқуды тастап, бозбалалық құрып, ойын-сауық, той-думан қуып кетеді. Ән-күйге, өлең-жырға құштар, талапты жас Көкбай, домбыра тартып, ән салып, өлең айтып, ауыл арасының ойын-сауығынан қалмайтын болады. Жас кезінен ширақ, пысық, өткір тілді, өжет әрі тентектеу де болыпты. Кісінің мінез-қүлқын, жағымсыз қылығын, ұнамсыз жүріс-тұрысын әзіл-қалжың етіп, қолма-қол суырып салып өлең шығаруға жас күнінен бейім болады. Көкше ішінде Балтай, Қаракүшік дейтін руының биі, атқамінер ақсақалы — Төребай деген адамды әжуа етіп шығарған Көкбайдың бір ауыз өлеңі елге тарап кетеді: Көкекте күн ұзайды жазға бастап, Болады сонда Төкең үйден қашқақ. Үйінде жалғыз турам дәм болмайды, Барғанда кісі үйіне сондай асқақ. Осы өлеңді естіп қойған Төребай қолына түскен жерде, Көкбайды сабамақ болып, тісін қайрап жүреді екен. Бір күні аңдаусызда Көкбай Төребайға кездесіп қалады. Төребай оны ұстап алып: — Қане, маған шығарған өлеңіңді айтшы десе, Көкбай: — Төке, мен сіз туралы ешбір жаман сөз айтқаным жоқ, біреу-міреу шағыстырған шығар, — деп жалтарады. «Не деп айтсаң да, айт», — деп қысқан соң, Төребайдан құтылу үшін, сол арада суырыпсалып айтқан өлеңі: Төрекем Қаракүшік, Балтайдағы, Адамның туған соң бар қартаймағы. Қырағы қылт еткенді құтқармайтын, Ақиық алғыр қыран Алтайдағы, — депті. Сөйтіп, Көкбай ауылда ән салып, өлең айтып жүреді де, он жеті жасында Семей қаласына оқуға кетеді. Оның орысша оқуға Семейге келуіне үлкен себеп болған Әріп еді. Көкбай Әріппен бала күнінен жақын таныс болатын. Әріптің руы — Сыбан. Сыбанмен Көкше көршілес ел болады. Әріптің шешесі Жаңғақ — Көкше Қаратайдың туған қызы. Сондықтан Әріп Көкбайға жиен есепті болады. Әріп бала күнінен бастап, нағашы атасы Қаратай ауылына үнемі келіп-кетіп жүрген. Сөйтіп, Көкбай Әріппен жас кезінен таныс. Әріп Көкбайдан 3—4-ақ жас үлкен. Көкбайдың суырып салып айтқан өлеңдері көп болған. Ондай өлеңдерін қағаз бетіне түсірмеген. Тек шәкірттерінің жазып алғандары, ел аузында үмытылмай сақталғандары ғана бізге жеткен. Көкбай, суырып салма-импровизатор ақындық өнерімен қатар әрі қалам қайраткері. Ол ұзақ өлеңдерін жазып шығаратын болған. Көкбай уақиғалы үлкен шығармалар жазған, кең құлашты — эпик ақын. Оның тарихи тақырыпқа арнап жазған үлкен дастаны — «Сабалақ». «Сабалақ» дастанының жазылу тарихын, Абай туралы естелігінде Көкбай былай баяндайды: «Бір жылы менің өзіме: Абылай хан мен Кенесарының қазаққа істеген еңбектерін ұзақ әңгіме қылып айтып беріп, осыны өлең қыл деді. «Абылай да, Кенесары да қазақтын, мақтан қылатын ерлері. Бұлардың еңбегі де айта қалғандай ұмытпастық еңбек. Сондықтан бастарынан кешкен дәуренді жақсы сезбен жыр қылып ел арасына жаю, жақсы өлеңшінің міндеті. Сен үйіңе барып, орнығып отырып, осыны өлең қылып кел», — деді. Содан кейін үйге келіп отырысымен өлең қылуға кірісіп, күндіз- түні тыным алмай жаздым да, 5—6 күнде бітіріп, Абайға қарай қайта жүрдім. Абай бұл уақытта үлкен ауылынан бауырдағы ауылына тоқалынікіне барып, сонда жатыр екен. Кіші ауыл «Аралтөбе» деген жерде. Үлкен ауылы, Ділдә қыстауы, Ақшоқыда. Біздің ауылдан 70 шақырымдай жерде еді. Бақылау сұрақтары: 1. Көкбай Жанатайұлының шығармалары. 2. Абайдың ақындық мектебінің өкілдерін атаңыз. 3. Абайдың ақындық мектебі қандай мәселелерді көтерді? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Абайдың ақын шәкірттері Қ.Мұхамедханов 1995.ж 2. Абай энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 1 т. 4.Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар.- Алматы: Жазушы, 1985.323- б 5.Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.- Алматы: ғылым, 1973.23-б. 6.Жұмалиев Қ. ХШ-ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1967. 53- б. 8-Дәріс. Тайыр Жомартбаев шығармашылығы 1. Тайыр Жомартбайұлы өмірі мен шығармашылығы 2. Тайыр Жомартбаев және ағартушылық ағым Ол оқытушылық қызметімен ғана шұғылданып қалған жоқ. Семей қаласында мәдени-ағарту жұмысына белсене қатысқан, ойын-сауық, әдебиет кештерін ұйымдастырып халыққа көркемөнер үлгі-өнегесін көрсету ісіне ат салысады. Мысалы, 1915 жылы 13 ақпанда Семей театрының сахнасында қойылған «Қазақша ойын, ән-күй, өлең-жыр» деп аталатын 4 бөлімді үлкен концертті Нәзипа Құлжановамен бірге ұйымдастырушылардың бірі және Абай өлеңдерін орындаушы Тайыр болды. Тайырдың халықты өнер-білімге, адал еңбекке, еркіндікке шақырып, жар салған шығармалары, мәдени ағарту қызметі дін басыларға, надан байларға ұнамады. Тайыр Жомартбаев 1916 жылы Семейден кетуге мәжбүр болып, 1915-27 жылдары Зайсан қаласында, Маңырақ болсында мұғалім болып қызмет істейді. Ақынның табиғатты суреттейтін өлеңдері осы Зайсан өңірінде өмірге келеді. Мысалы, «Зайсан», «Шыңғыстау» атты өлеңдерін айтуға болады. Ақынның туған жеріне, өскен еліне деген сүйіспеншілік сезім-сырын шертіп, жан-тәнімен терең тебірене жырлаған толғауы: табиғат шындығымен, көркем суреттеледі: Сағындым хан Шыңғысты туып өскен, Сол жер еді ата-бабам кіндік кескен. Еркесі Сарыарқаның Тобықты елі Сейіліп, серуендеп сол жерде өскен Хан Шыңғыс керегедей қанат жайған, Тау бастау аққан бұлақ әрбір сайдан. Гүрілдеп тасқын өзен таңырқатып, Дауысы естіледі әлде қайдан. Тоғайдың жұпар исі мұрын жарып, Қол бұлғап шақырып тұр анадайдан…- деп туған жер, өскен елін сағынышын жырлайды. 1927 жылы Семей қаласына қайтып келеді. 1928-30 жылы Семейдегі №14 мектептің директоры, 1930-37 жылдары Семей пед. техникумында оқытушы болған. Мектептерде, қазақ педтехникумында қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәндерінен сабақ береді. Өнерге бейім жастардың басын қосып, әдебиет, драма, музыка, ән-би үйірмелерін ұйымдастырып, оларға басшылық етеді. Жомартбаев оқытушылықпен қатар, журналистикамен де айналысып, «Айқап», «Жаңа мектеп», журналдары мен «Қазақ», «Алаш» газеттеріне мақала, фельетондар жазып тұрды. Ақынның «Бөлшек сандар ережелері» деген өлеңі сақталған. «Бөлшек санды қосу ережелерінен» төрт шумақ өлеңмен түсіндірген. 9-Дәріс. Сәбит Дөнентаев шығармашылығы 1. Сәбит Дөнентаев өмірі мен шығармашылығы 2. Сәбит Дөнентаевтің балаларға бергені Сәбит Дөнентаев - ХІХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің тарихында іргелі орны бар ағартушы - демократ ақындарының бірі. Ол - өзінің шығармаларында еңбекші халықтың өмірін және совет дәуірінің шындығын социалистік реализм әдісімен жырлаған талантты ақын. Сәбит Дөнентаев 1894 жылы қазіргі Павлодар облысының, Ақсу ауданында дүниеге келген. Жас кезінен ескіше хат танып, кейіннен Павлодар медресесінде оқиды. Мұғалім жалдап, орысша сауатын ашады. 1913 жылы «Айқап» журналында ақынның «Қиялым» деген өлеңі жарияланды. Бұл - ақынның таспа бетін көрген тұңғыш туындысы. Осы кезден бастап өз заманының маңызды мәселесінің бәріне үн қосқан ақын өлеңді үзбей жазады. 1916 жылы патша үкіметінің қазақтарды тылдағы қара жұмыстарға алу жөніндегі жарлығы бойынша Екібастұз шахтасында, кейін Рига маңындағы майдан шебінде окоп жұмыс қазу жұмысында болған. Туған еліне қайта оралғаннан кейін Семей қаласындағы мұғалімдер даярлайтын курста оқыды. 1919-1922 жылдар арасында қазақ ауылдарында мұғалім, халық соты қызметтерін атқарды. 1928 жылдан бастап С. Дөнентаев «Қазақ тілі» газетінің редакциясында жұмыс істеп, барлық күш жігерін қазақ әдебиетін дамытуға жұмсайды. С. Дөнентаевтың «Қиялым» деген тұңғыш өлеңі 1913 жылы «Айқап» журналында басылып шықты. 1915 жылы Уфа қаласында «Ұсақ-түйек» деген атпен шыққан өлеңдерінің алғашқы жинағы жарық көрді. Ал, 1957 жылы шығармаларының академиялық жинағы шықты. С. Дөнентаевтың ақындық қызметі екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңі - 1912-1918 жылдар арасы, екінші кезең - кеңес дәуіріндегі шығармашылығы, яғни 1918-1928 жылдар арасы. Ақынның «Заман кімдікі», «Досқа», «Замандастарға», «Балалық» және т.б. өлеңдері халықтың азаттыққа ұмтылу арманын суреттейтін реалистік шығармалар болды. С. Дөнентаевтың кеңес дәуіріндегі өлең-жырларында өмір шындығы жан- жақты, кеңінен қамтылған. Ақын шығармалары тақырып, жанр, көркемдігі жағынан да әр алуан болып келеді. 3. С. Дөнентаев өз дәуірінің қоғамдық шындығын кең жырлаған, қазақ әдебиетінің өткір сатиралық стильді қалыптастырған ірі суреткер ақын. 10-Дәріс. Уәйіс Шондыбайұлы. 1. Уәйіс Шондыбайұлы өмірі мен шығармашылығы жайлы. 2. Уәйіс Шондыбайұлы көтерген мәселелері. Уәйіс Шондыбайұлы — Абайдың талантты ақын шәкірттерінің бірі. Ол әрі әнші, домбырашы, гармоншы және өзі де ән шығаратын сегіз қырлы өнерпаз. Уәйістің ақындық, әншілік өнері өз заманында өз ортасына әйгілі болған. Абай оның өнерпаз, жас талапкер екенін естіп, білген соң, әдейі арнап шақыртып алып, өлең айтқызып, ән салдырған. Ұлы ақынның сондай мінезі жөнінде Көкбай былай дейді: «Өлең айтқыш жігіттердің сөздерінде нәр, жұғын болса, дәмді сөзін көріп риза болса, ондайлардың өлеңді көбірек айтқанын тілейтін... Өзі біреуге ұзақ әңгіме, ұзақ жыр сияқты нөрселерді айтқызғанда еш уақытта басқа бетен нәрселерге аумай таза көңілмен, үлкен ықылас пен тыңдайтын. Және әрқашан сондайды тыңдап болған соң, мағынасы мен мәнін ұғындырып сын айтатын» (Абай Құнанбайұлы. «Толық жинақ», 1933, 388-390 -беттер). Абай өз елінің ғана емес, маңайындағы көрші елдердің ішінде өнерпаз жастар болса, оларға да көңіл бөліп отырған. Ондай өнерпаздарды кейде шақыртып та алған. «Көкен еліндегі Мұқа деген скрипкашьшы алғызады. Тағы сол жылы Әсет деген ақынды да сақтайды», — дейді, Мүхтар Әуезов (Абай Құнанбаев, «Толық жинақ», 1933 жыл, 372-бет). Абай сол ретпен Уәйіс ақынды да шақыртып алған. Бұл жөнінде Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романында суреттеп жазған. «Бір топ жолдасымен Байғабылдан Ақылбай келген. Абайдың сәлемімен, осы соңғы жылдарда «ақын» деген атағы шыққан Керей Уәйіс, Топайдан Бейсенбай деген ақындар да келіпті. Түстен бері осы қонақтар Абайдың үйіне келіп, сәлем берісіп, түстік астан, күндізгі шайдан ішті. Отаулар, қонақ үйлер, көрші үйлердің қазіргі жататын орындарын анықтасты» («Абай жолы», Екінші кітап). Сол Уәйіс ақынның өмірбаяны осы күнге дейін жазылған жоқ. Онын, шығармалары жиналып, зерттеліп басылған жоқ. Еркебұлан ғылыми еңбек жазып жүр. бірақ әлі қолға тиген жоқ. Оның Төлеу ақын Кебдіковпен (1874 — 1954) бір ғана шағын айтысы, «Айтыс» атты кітаптың екінші томында 1965 жылы жарияланды. Төлеу мен Уәйіс бір елдін, адамдары және екеуі құрдас болатын. Төлеу марқұмнан Уәйіс жайын сұрағанымызда, оның ақындығын асыра мақтап, ақындығы менен басым еді деп айтып отырушы еді. Уәйістің өлеңдері көп болушы еді және өзі ірі әнші, Абайдың алдын керген, Абайға ұнаған ақын болатын, деп Төлеу ақын Уәйіс туралы ұзақ-ұзақ әңгіме айтатын. Уәйіс туралы білетіндерін жазып бермек те еді. Көп жасап, көпті көрген Төлеу, Абай туралы естеліктерін, нағашысы Сабырбай ақын, шешесі Қуандық ақын, Әріп ақьн, тағы басқа ақындар жөнінде көп мағлүмат жазып берді. Тек Уәйіс жайында жаза алмай кетті. Сол сияқты Уәйістің замандасы әрі жерлесі ақын Кәкім Оңдасынов (1890 — 1976) та оның өлеңдерін жинап жүрмін, жазьш беремін деуші еді. Ол кісі де бізге ештеңе жазып бере алмай кетті. Уәйісті керген тағы бірнеше адаммен ертеректе әңгімелескенімізде олардың бәрі де Уәйістің ақындығын, әншілігін мақтайтын, естерінде қалған бірнеше ауыз өлендерін айтатын. «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырын Уәйіс бір түн айтушы еді және әлденеше сарынмен домбыраға қосылып, аса қызықты етіп жырлаушы еді дейтін. Бұл арада «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырының бір нүсқасын Уәйіс ақынның айтатындығы туралы мәселеге тоқтала кетуіміз керек. Мұхтар Әуезов былай деп жазады: «Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы Бейсенбай деген ақынға «Қозы Көрпеш — Баян сұлудың» жаңа айтқан вариантын хатқа түсірткен. Бейсенбайдың аузынан алынған, Жанақ айтты дейтін «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырының бір-екі қолжазбасы бар. Бірақ, Бейсенбай алғашқы Жанақ вариантының аяғын өзгертіп жырлаған. Осы Жанақ — Бейсенбай вариантын Мұхтар Әуезов 1936 жылы Алматыда жеке кітап қылып бастырған. Және бұл нұсқа 1939 жылы басылған «Батырлар жырының» 1-томына енгізілген. Әзірге «Қозы Көрпеш — Баян сүлу» жырының баспаға шығып, көбірек мәлім болған нұсқасы осы» («Қазақ әдебиетінің тарихы», 1-том, Фольклор, Алматы, 1948. Мұхтар Әуезов. «Ғашықтық жырлары», — «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» 172—173- беттер). Мұхтардын, осы айтқандарын, Әлкей Марғұлан толықтырып, 1985 жылы шыққан «Ежелгі жыр; аңыздар» атты кітабыңда, былай деп жазады: «Жанақ жырлаған «Қозы Көрпеш — Баян сүлу» жырын Абай мен онын, балалары аса қадірлеген, бұл вариантты жырлаған ақындар Бейсенбай, совет дәуірінде жырлаған — Керей Уәйіс ақын. Оның айтуынша Мұхтар Әуезов жырдың бір көркем вариантын жазып алып (1924), кейін баспадан шығарған» (323-бет) — дейді1. Әлкей Марғұланның бұл мағлұматы дұрыс берілген деп білеміз. Олай дейтініміз Бейсенбай 1917 жылы қайтыс болған адам (1868 — 1917). Ал, Уәйіс 1925 жылы өлген және ол өмірінің соңғы жылдары Абай елінде, Шыңғыстауда тұрған. Мұхтар Уәйісті жақсы білген. 1940 жылы Абайдың ақын шөкірттерін зерттеу ісін бастаған кезімде (Қ.М,) Мұхтар Әуезов, Абай шәкірттерінің қатарында Уәйіс ақынды да зерттеп жазу керек, ол Абайдың өзі әдейі арнап шақыртып алған ақыны болатын деген еді және 1924 жылы желтоқсан айында, Семейде Абайдың дүниеден қайтқанына 20 жыл толғанына ескерткіш кеш өткізілгенде, Уәйіс те сол кешке қатынасып, ән салды, ол кезде Уәйіс ақын Абай елінде тұратын деп еді. Бақылау сұрақтары: 1. Уәйіс Шондыбайұлы өмірі мен шығармашылығы жайлы. 2. Абайдың ақындық мектебінің маңызы. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Абайдың ақын шәкірттері Қ.Мұхамедханов 1995.ж 2. Абай энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 1 т. 4.Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар.- Алматы: Жазушы, 1985.323- б 5.Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.- Алматы: ғылым, 1973.23-б. 6.Жұмалиев Қ. ХШ-ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1967. 53- б. 11-Дәріс. 11. Нұрлыбек Баймұратұлы Нұрлыбек Баймұратұлы өлеңдерінің тақырыптық аясы Нұрлыбек ақынның айтыстарындағы әлеуметтік сарын Нұрлыбек дастандарындағы «Ер Төлеген», «Қанды жорық» дастандарындағы тарихи сипат Нұрлыбек Баймұратұлы шығармашылығының зерттелуі Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Абайдың ақын шәкірттері Қ.Мұхамедханов 1995.ж 2. Абай энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 1 т. 4.Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар.- Алматы: Жазушы, 1985.323- б 5.Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.- Алматы: ғылым, 1973.23-б. 6.Жұмалиев Қ. ХШ-ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1967. 53- б. 12-Дәріс. Шәкір Әбенов шығармашылығы Шәкір Әбеновтің шығармашылық ғұмырбаяны Шәкір өлеңдеріндегі заман шындығы Шәкір Әбенов «Қозы көрпеш Баян сұлу», «Кейпін батыр», «Тоқтамыс» поэмаларының көркемдік шеберлігі Шәкір әбенов шығармашылығының зерттелуі Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Абайдың ақын шәкірттері Қ.Мұхамедханов 1995.ж 2. Абай энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 1 т. 4.Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар.- Алматы: Жазушы, 1985.323- б 5.Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.- Алматы: ғылым, 1973.23-б. 6.Жұмалиев Қ. ХШ-ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1967. 53- б. 13-Тәңірберген Әміренов 1. Тәңірберген Әміреновтің шығармашылық ғұмырбаяны. 2. Т.Әміренов және Абай дәстүрі Тәңірберген Әміренов ақындықтың аулына айтыскер болып та, жазбалықты да игеріп, халықтық поэзияға ден қоя әдебиетке енсе, екінші жағы туып өскен ауылының іргесінде қазақ өлеңінің құдыретін паш еткен кемеңгер Абайдың ақындық мектебінен нәр алды. Тәңірберген Әміренов 1907 жылы 9-шы қазанда қазіргі Абай ауданы Саржал елді мекенінде дүниеге келген. Бұрынғы деректер бойынша Шаған болысының Қарабұжыр ауылы. Ол өз заманындағы қазақ балалары сияқтыауыл молдасынан жеті жыл оқып, хат таниды. Ақынның баспа бетін көрген алғашқы шығармасы- 1930 жылы облыстық «Қазақ тілі» газетінде жарияланған Мойынсерік атты қысқа әңгімесі. Екінші шығармасы сол жылдары жарық көрген «Қазан тоған» атты терме жыр. Т.Әміренов 1930 жылдың бас кезінде Семей қаласына келеді. Осы жылдың күзінде Алейск қаласына барып, кейіннен Бийск қаласында қант зауытында жұмыс істеген. Кейіннен Қазақстанға оралған ақынның орақ тілді өткір жырларын ұнатпаған кейбір адамдар оны қудалай бастапты. Кейіннен ақын үкіметке қарсы үгіт жүргізіп жүр деген айыппен 1951 жылы тұтқындалып 25 жылға сотталады. Осы кезде ашынған ақын: Сұм дүние жастай жаншып қорладың да, Өре сап өмірімді торладың да. Еркіммен құлашымды бір жаздырмай, Басыма бейнет пен сор орнаттың да деп жазады. Бақылау сұрақтары: 1.Тәңірберген Әміреновтің шығармашылық ғұмырбаяны. 2. Т.Әміренов айтыстары Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Абайдың ақын шәкірттері Қ.Мұхамедханов 1995.ж 2. Абай энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 1 т. 4.Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар.- Алматы: Жазушы, 1985.323- б 5.Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.- Алматы: ғылым, 1973.23-б. 6.Жұмалиев Қ. ХШ-ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1967. 53- б. 14-Дәріс. Қалихан Алтынбаев шығармашылығы 1. Қалихан Алтынбаевтың ғұмырбаяны 2. Қ.Алтынбаев-айтыскер ақын. Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар, дарынды да, парасатты ақындардың бірі-Қалихан Алтынбаев. Қ.Алтынбаев Семей өңірінде қазіргі Жарма ауданы Малай ауылына қарасты Қаратал қыстағында 1927 жылдың қараша айында дүниеге келген.Өлең өнерінде пір тұтқан, ұстаз тұтқан, ұстаз санаған ақындарды жырына қосқан Қалихан ақын оларды дәріптей құрметтеген: Менің атым Қалихан, Ұстазым-Төлеу, Нұрлыбек. Тәңірберген қаракөк Тоқсан асқан Шәкір бар, Шынжыр балақ асыл тек. Қайран да менің Семейім. Ақынның «Дала бесік», «Қиял қанатында» жыр жинақтары бар. Қалиханның «Көркейген менің Көкпектім», «Тауларым, менің тауларым», «Туған жер әуендері» өлеңдерінде өз туған жеріне, Отанына деген шексіз сүйіспеншілікті байқауға болады. Қалихан Алтынбаевтың Көсембек Байғұтдинов, Тәңірберген Әміренов, Сағынали Мұқанов, Ғаббас Шөкімұлы, Мақан Баймурзин, Көкен Шөкеев, Сара Тоқтарбаевалармен айтысы айтыс өнері тарихындағы келелі туындылардың бірі. Бақылау сұрақтары: 1. Ақынның айтыстары 2. 2. Қалихан Алтынбаевтың эпикалық туындылары. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Абайдың ақын шәкірттері Қ.Мұхамедханов 1995.ж 2. Абай энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 1 т. 4.Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар.- Алматы: Жазушы, 1985.323- б 5.Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.- Алматы: ғылым, 1973.23-б. 6.Жұмалиев Қ. ХШ-ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1967. 53- б. 15-дәріс. Қазіргі кезеңдегі Семей өңірі ақын-жазушыларының шығармашылықтары. 1.Ерғазы Рахимов шығармашылығы. 2.Несіпбек Айтұлы шығармашылығы 3.Т.Әбдрахманова туындылары 4.Мұхтар Мағауин прозасы 5.Қабдеш Жұмаділов прозасы Ерғазы Рахимовтың шығармашылық ғұмырбаяны Несіпбек Айтұлының өлеңдерінің көркемдік ерекшілігі Несіпбек Айтұлының балалар әдебиетіне қосқан үлесі Несіпбек Айтұлының «Бәйтерек» поэмасының жанрлық ерекшеліктері Т.Абдрахманова өлеңдерінің тақырыптық аясы Т.Абдрахманова өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері Т.Абдрахманованың Қасым Аманжолов шығармашылығын зерттеудегі ролі М.Мағауиннің шығармашылық ғұмырбаяны М.Мағауиннің «Аласапыран» романының тарихи көркемдік қырлары М.Мағауин шығармашылығының зерттелуі Қабдеш Жұмаділовтің повестеріндегі ауыл адамдары бейнесі Қабдеш Жұмаділов «Соңғы көш», «Тағдыр» романдарындағы тарихи шындықтың көркемдік бейнесі Қабдеш Жұмаділов «Дарабоз» романының көркемдік сипаты Медеу Сәрсекевтің қазақ фантастикасы жанрын дамытудағы орны Айгүл Кемелбаева туындыларындағы философия Роза Мұқанова шығармаларындағы драматизм Тыныштықбек Әбдікәкімов өлеңдеріндегі философиялық сарын Бақылау сұрақтары: 1. Қазіргі кезеңдегі өңірлік ақындардың шығармаларының тақырыптық аясы 2. Өңірлік жазушылар туындыларының көркемдік сипаты Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Абайдың ақын шәкірттері Қ.Мұхамедханов 1995.ж 2. Абай энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 1 т. 4.Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар.- Алматы: Жазушы, 1985.323- б 5.Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.- Алматы: ғылым, 1973.23-б. 6.Жұмалиев Қ. ХШ-ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1967. 53- б. 3. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР 1. Әріп Тәңірбергенұлы шығармашылығы 1. Әріп Тәңірбергенұлы өмірі мен қызмет жолы 2. Әріп Тәңірбергенов шығармашылығы және Абай ақындық дәстүрі. 3. «Біржан - Сара» айтысы және Әріп Тәңірбергенов. 4. Әріп шығармашылығының жинақталу, насихатталу, зерттелу тарихы. 5. Ә.Тәңірбергенов өлеңдерінің тақырыптық аясы. 6. Әріп айтыстары мен сөз қағыстарының ақындық импровизация. 7. Ә.Тәңірбергенұлының хиссалары 2. Әсет Найманбайұлы шығармашылығы. 1.Әсет шығармашылығындағы Абай дәстүрі. 2.Әсет өлеңдерінің тақырыптық-көркемдік сипаты. 3.Әсет Найманбайұлы айтыстарының көркемдік мәні. 4.Әсет Найманбайұлы туындыларындағы шығыстық сарын. 5.«Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасы. 3. Көкбай Жанатайұлы туындылары 1.К.Жанатайұлы арнауларының тақырыптық аясы. 2.«Сабалақ» дастанындағы Абылай бейнесі. 3.«Наурызбай-Фатима» дастанының негізгі тақырыбы. 4.К.Жанатайұлы мұрасының зерттелу тарихы. 5.«Һарун Рашид», «Ғадыл патша» қиссаларының сюжеттік желісі. 6.Көкбай шығармашылығындағы Абай дәстүрі 4. Тайыр Жомартбаев шығармашылығы 1.Т.Жомартбаев шығармашылығының насихатталуы, зерттелуі. 2.Т.Жомартбаев өлеңдерінің тақырыптық мәні. 3.«Балаларға жеміс» кітабының әдебиет тарихында алатын орны. 4.«Қыз көрелік» романың көркемдік ерекшелігі. 5.Т.Жомартбаевтың публицистикалық шығармалары 5. Уәйіс Шондыбайұлы шығармашылығы 1.Уәйіс Шондыбайұлы өлеңдеріндегі заман сипаты 2.«Бір қыздың уақиғасы» дастанындағы шығыстық желі 3.«Жошы-Алаша хан» дастанындағы аңыздың берілуі 4.Уәйіс ақынның «Тәуке-Жікібай» дастанының жанрлық ерекшелігі 5.Уәйіс Шондыбайұлы шығармашылығының зерттелуі 6. Төлеу Көбдіков туындылары 1.Төлеу Көбдіков өлеңдеріндегі заман бейнесі 2.Төлеу ақын айтыстарында көтерілген әлеуметтік мәселелер 3.Төлеу Көбдіков шығармашылығының зерттелуі 7. Сапарғали Бегалин шығармашылығы 1.Сапарғали Бегалиннің шығармашылық ғұмырбаяны 2.Сапарғали Бегалиннің балаларға арналған шығармаларының қазақ әдебиетінде алатын орны 8. Қалихан Алтынбаев шығармашылығы 1.Қалихан Алтынбаевтың шығармаларындағы әлеуметтік сипат 2.Қалихан Алтынбаев айтыстарының жанрлық ерекшеліктері 3.Қалихан Алтынбаев поэмаларындағы сюжеттік желі 4.Қалихан Алтынбаев шығармашылығының зерттелуі 9.Сапарғали Әлімбетов шығармашылығы 1.Сапарғали Әлімбетов өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері 2.Сапарғали айтыстарының жанрлық ерекшеліктері 3.Сапарғали Әлімбетов шығармашылығының зерттелуі 10. Тәңірберген Әміренов туындылары 1.Тәңірберген Әміренов өлеңдеріндегі заман сипаты 2.Тәңірбергеннің Шәкірмен, Қалиханмен айтыстарындағы әлеуметтік сарын 3.Тәңірберген Әміреновтің «Қанды қанжар» поэмасындағы тарихи шындықтың көркемдік шешімі. 11. Нұрлыбек Баймұратұлы шығармашылығы 1.Нұрлыбек Баймұратұлы өлеңдерінің тақырыптық аясы 2.Нұрлыбек ақынның айтыстарындағы әлеуметтік сарын 3.Нұрлыбек дастандарындағы «Ер Төлеген», «Қанды жорық» дастандарындағы тарихи сипат 4.Нұрлыбек Баймұратұлы шығармашылығының зерттелуі 12. Тұрсынхан Абдрахманова лирикасы 1. Т.Әбдрахманова туындылары 2.Т.Абдрахманова өлеңдерінің тақырыптық аясы 3.Т.Абдрахманова өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері 4.Т.Абдрахманованың Қасым Аманжолов шығармашылығын зерттеудегі ролі 13.Қабдеш Жұмаділов прозасы 1.Қабдеш Жұмаділов прозасы 2.Қабдеш Жұмаділовтің повестеріндегі ауыл адамдары бейнесі 3.Қабдеш Жұмаділов «Соңғы көш», «Тағдыр» романдарындағы тарихи шындықтың көркемдік бейнесі 4.Қабдеш Жұмаділов «Дарабоз» романының көркемдік сипаты 14. Қазіргі кезеңдегі Семей өңірі жазушылары 1.Медеу Сәрсекевтің қазақ фантастикасы жанрын дамытудағы орны 2. Айгүл Кемелбаева туындыларындағы философия 3.Роза Мұқанова шығармаларындағы драматизм 15. Қазіргі кезеңдегі Семей өңірі ақындары 1.Ерғазы Рахимовтың шығармашылық ғұмырбаяны 2.Несіпбек Айтұлының өлеңдерінің көркемдік ерекшілігі 3.Несіпбек Айтұлының балалар әдебиетіне қосқан үлесі 4.Несіпбек Айтұлының «Бәйтерек» поэмасының жанрлық ерекшеліктері 5.Тыныштықбек Әбдікәкімов өлеңдеріндегі философиялық сарын 4 МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ МӨЖ-ге арналған тапсырмалар |№ |Тақырыбы |Берілген |Орындалу |Баллмен | | | |уақыт |түрі |бағалау | |1 |1.Әріп Тәңірбергенов |2 апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |шығармашылығының зерттелуі | |сағат |5, | | | | | |төмен -2 | | 2 |2.Тұрағұлдың Абай жайлы |апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |естеліктерінің қазақ | |сағат |5,төмен-2 | | |әдебиетіндегі алатын орны | | |төмен -2 | |3 |3.Кәкітай Ысқақұлының Абай |апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |шығармаларын бастырудағы | |сағат |5, | | |еңбегі. | | |төмен -2 | |4 |4. Әубәкір Акылбайұлының |апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |«Шыңғыстау» поэмасындағы тарихи| |сағат |5, | | |шындықтың бейнеленуі | | |төмен -2 | |5 |5. |апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың | |сағат |5, | | |қырық бұтағы» циклдік | | |төмен -2 | | |топтамасының жанрлық | | | | | |ерекшеліктері. | | | | |6 |6. Көкбай шығармашылығындағы |апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |Абай дәстүрі | |сағат |5, | | | | | |төмен -2 | |7 |7. Абайдың ақын шәкірттері |апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | | | |сағат |5, | | | | | |төмен -2 | |8 |8. Мұқа Әділханұлы |апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | | | |сағат |5, | | | | | |төмен -2 | |9 |9. Т.Жомартбаевтың |апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |публицистикалық шығармалары | |сағат |5, | | | | | |төмен -2 | |10 |10.Уәйіс Шондыбайұлы |апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |шығармашылығының зерттелуі | |сағат |5, | | | | | |төмен -2 | |11 |11. Тәңірберген Әміреновтің |апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |«Қанды қанжар» поэмасындағы | |сағат |5, | | |тарихи шындықтың көркемдік | | |төмен -2 | | |шешімі. | | | | |12 |12.Қайым Мұхамедханұлының |апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |Абайтануға қосқан үлесі | |сағат |5, | | | | | |төмен -2 | |13 |13. Несіпбек Айтұлының |апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |«Бәйтерек» поэмасының жанрлық | |сағат |5, | | |ерекшеліктері | | |төмен -2 | |14 |14.Т.Абдрахманованың Қасым |апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |Аманжолов шығармашылығын | |сағат |5, | | |зерттеудегі ролі | | |төмен -2 | |15 |15. Қабдеш Жұмаділов «Дарабоз» |апта |Ауызша – 2 |Жоғары - | | |романындағы тарихи шындықтың | |сағат |5, | | |көркемдік сипаты | | |төмен -2 | 5. МАГИСТРАНТТЫҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ СМӨЖ-ге арналған тақырыптық жоспар |№ |СМӨЖ тақырыбы |Берілген уақыты |Орындалуы | |1 | «Біржан - Сара» айтысы және Әріп |1 |2 | | |Тәңірбергенов. | | | |2 |2 Мағауия Абайұлының «Медғат-Қасым» |2 |3 | | |поэмасындағы романтизм | | | |3 |3. Иманбазардың «Әнибал», «Алтын |3 |4 | | |сақина» дастандарындағы шығыстық желі | | | | | | | | |4 |4.Әсет Найманбайұлы айтыстарының |5 |5 | | |жанрлық ерекшеліктері | | | |5 |5. К.Жанатайұлы мұрасының зерттелу |6 |7 | | |тарихы. | | | |6 |6. Тайыр Жомартбаев |7 |7 | | |Т.Жомартбаев шығармашылығының | | | | |зерттелуі. | | | |7 |7. Сәби Дөнентаевтың Семейдегі |8 |9 | | |қоғамдық –шығармашылық қызметі. | | | |8 |11.Уәйіс Шондыбайұлы шығармашылығының |9 |9 | | |зерттелуі | | | |9 |9. Тәңірберген Әміреновтің «Қанды |10 |10 | | |қанжар» поэмасындағы тарихи шындықтың | | | | |көркемдік шешімі. | | | |10 |10. Қалихан Алтынбаев шығармашылығының |10 |10 | | |зерттелуі | | | |11 |11.Қ.Мұхамедханұлы шығармашылығы |11 |11 | | |Қ.Мұхамедханұлының шығармашылығының | | | | |зерттелуі | | | |12 |12. Несіпбек Айтұлының балалар |12 |13 | | |әдебиетіне қосқан үлесі | | | |13 |А. Кемелбаева прозаларының көркемдік |13 |13 | | |ерекшеліктері | | | |14 |Р.Мұқанова әңгімелеріндегі заман |14 |15 | | |шындығының көркемдік шешімі | | | |15 |Семей өңіріндегі қазіргі айтыс өнері |15 |15 |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz