Файл қосу
Басқарудың ақпараттық технологиясы
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМК құжаты |ПОӘК |ПОӘК | | | |042-18-12.1.45/03-2013 | |«Экономикалық-ақпараттық |№3 басылым | | |жүйелерде жаңа |18.09.2013ж | | |технологиялар» пәнінің | | | |оқу-әдістемелік кешені | | | «Экономикалық-ақпараттық жүйелерде жаңа технологиялар» пәнінен оқу-әдістемелік кешен 5В050900– «Қаржы», 5В051000-«Мемлекеттік және жергілікті басқару», мамандықтарына арналған ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2013 мазмұны 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Практикалық сабақтар 4. Студенттің өздік жұмысы 1. глоссарий 1.1. Archie - архив. Интернет желісінің архивтерінде файлдарды анықтауға арналған жүйе. 1.2. DNS (Domain Name System) – атаулардың доменді жүйесі. 1.3. Ethernet – жергілікті желі типі. 2-ден 10 миллион bps (2-10 Mbps) дейін өткізгіштік қабілетін қамтамасыз ететін желілерді қосуға арналған проводтар типінің әртүрлілігімен жақсы. 1.4. FTP (File Transfer Protocol) • файлдарды жіберу протоколы. • бір компьютерден екіншісіне файлдарды жіберу ережесін анықтайтын протокол. • Осы протоколға сәйкес файлдарды жіберуді қамтамасыз ететін қолданбалы бағдарлама. 1.5. Internet – ауқымды компьютерлік желі. 1.6. Ақпараттық жүйе – қойылған мақсатқа жету үшін ақпараттарды сақтау, өңдеу және беруге пайдаланатын әдістер мен қызметші әдістердің өзара байланысқан жиынтығы. 1.7. Подсистема – қандай да бір белгі бойынша ерекшеленген жүйе бөлігі. 1.8. Ақпараттық технология - құбылыстардың немесе процестердің, обьектілердің жағдайы туралы жаңа сапалы ақпарат алу үшін қажетті өңдеудің, жинаудың және таратудың әдіс-тәсілдерінің жиынтығын пайдаланатын процесс. 1.9. Ақпараттық технология – объектінің, үрдістің немесе құбылыстың жағдайы туралы жаңа сападағы ақпараттар алу үшін мәліметтерді (алғашқы ақпаратты) жинау, өңдеу және жеткізу құралдары мен әдістер жинағын қолданатын процесс. 1.10. Жаңа ақпаратық технология – дербес компьютерді және телекоммуникациялық құралдарды пайдаланып қолданушының «достық» интерфейсті жұмысының ақпараттық технологиясы. 1.11. Экономикалық ақпараттық жүйе – бұл экономикалық объектінің тікелей және кері ақпараттық байланыстарының сыртқы және ішкі ағымдарының, ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін табу барысына қатысатын әдістердің, құралдардың, мамандардың жиыны. 1.12. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе - ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат, экономикалық – математикалық модельдер мен әдістер, техникалық, программалық, технологиялық құралдар мен мамандар жиынын білдіреді. 1.13. Телекоммуникациялар – компьютерлік желілер мен қазіргі техникалық байланыс құралдары негізінде мәліметтерді дистанционды жеткізу. 1.14. Ақпараттандыру – ақпараттық технологияларда жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында пайдалану негізінде ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуғабағытталған ұйымдық әлеуметтік-экономикалық және ғылыми - техникалық процесс. 1.15. Мейнфрейм - 512 Мбайттан 8 Гбайтқа дейін оперативті жады көлемі бар үлкен ЭЕМ. 1.16. Процесс – компьютерде кез келген түрдегі мәліметтерді өңдеу функциясы. 2. Дәрістер Дәріс сабағының құрылымы: Дәріс №1, 2. Тақырып: Ақпараттық жүйелерге кіріспе. Ақпараттық жүйелер ұғымы. Ақпараттық жүйелердің даму этаптары. Дәріс сұрақтары: Ақпараттық жүйелер ұғымы. Ақпараттық жүйелердің даму этаптары. Ақпараттық жүйелердегі процестер. ▪ Ақпараттық жүйелерді енгізуден нені күтуге болады? Ақпараттық жүйе түсінігі Жүйе болып кез келген объект түсініледі. Ол бір бүтін сияқты, сонымен қатар әр тектес элементтер жиынтығының қойылған мақсатына жету негізіне біріктірілген болып қарастырылады. Жүйе құрамы бойынша да, басты мақсаты бойынша да бір-бірінен ерекшеленеді. Информатикада «жүйе» түсінігі кең таралған. Көптеген жағдайда ол техникалық жабдықтар мен программалар жиынтығына қолданылады. Жүйе болып компьютердің аппаратты бөлігі аталуы мүмкін. Жүйе, сонымен қатар көптеген есептерді басқару мен енгізу процедураларымен толықтырылған қолданбалы есептерді шешуге арналған программа болуы мүмкін. «Жүйе» түсінігіне «ақпараттық» сөзінің қосылуы оның құрылу және жұмыс істеу мақсатын көрсетеді. Ақпараттық жүйелер есептерді шешуде шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу, іздеу, беруді қамтамасыз етеді. Олар мәселелерді анализдеуге және жаңа өнімдер құруға көмектеседі. Ақпараттық жүйе – қойылған мақсатқа жету үшін ақпараттарды сақтау, өңдеу және беруге пайдаланатын әдістер мен қызметші әдістердің өзара байланысқан жиынтығы. Ақпараттық жүйенің қазіргі түсінігі дербес компьютердің ақпараттарды қайта өңдеудің негізгі техникалық әдістері ретінде пайдалануды қамтамасыз етеді. Ірі өндірістерде дербес компьютерлермен қатар ақпараттық жүйенің техникалық қоры құрамына мэйнфрейм немесе суперЭЕМ кіреді. Ақпараттық жүйелердің даму сатылары Бірінші ақпараттық жүйелер 50-ші жж. пайда болды. Бұл жылдары олар есептерді өңдеуге және еңбек ақыны есептеуге арналған болатын. 60-шы жылдар ақпараттық жүйелерге деген көзқарастың өзгеруімен ерекшеленеді. Бұл жылдары алынған ақпарат көптеген параметрлері бойынша периодтық есеп беру үшін қолданыла бастады. Ол үшін көптеген функцияларға қызмет көрсете алатын мүмкіндігі бар компьютерлік жабдық қажет болды. 70-ші жж. мен 80-ші жж. басында ақпараттық жүйелер шешім қабылдау процесін жеделдететін және қолдайтын басқарушы бақылауының әдісі ретінде кеңінен пайдалана бастады. 80-ші жж. аяғында ақпараттық жүйелерді пайдалану концепциясы тағы да өзгеріске ұшырады. Бұл кезеңнің ақпараттық жүйелері дер кезінде ақпаратты беру арқылы өндірістерге табыс әкелуге, тауарлар мен қызметтер құруға, өтімділіктің жаңа нарығын табуғы, өзіне теңдес серікті қамтамасыз етуге, төмен бағамен өнімді шығаруды қамтамасыз ету және т.б. көмектесті. Ақпараттық жүйелердегі процестер Ақпараттық жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін процестерді схема (1- сурет) түрінде көрсетуге болады, олар бірнеше блоктардан тұрады: 1-сурет. Ақпараттық жүйелердегі процестер Ақпараттық жүйе келесі қасиеттермен анықталады: ✓ кез келген ақпараттық жүйені анализдеу, құру және жүйені құрудың жалпы принциптері негізінде басқарылуы мүмкін; ✓ ақпараттық жүйе динамикалық және дамыған болып табылады; ✓ ақпараттық жүйені құру кезінде жүйелік үйлесімді пайдалану қажет; ✓ ақпараттық жүйенің өнімі ақпарат болып табылады. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйені компьютерлік техника көмегімен дамыды деген ой қалыптасты. Ақпараттық жүйе жұмысын түсіну үшін оларды шешетін мәселелердің мән- мағынасын, сонымен қатар өндірістік процестерді түсіну қажет. Ақпараттық жүйені ендіру келесідей мүмкіндіктер береді: ✓ математикалық әдістер мен интеллектуалды жүйелер және т.б. енгізу кезінде есептерді шешудің рационалды варианттарын алу; ✓ оны автоматтандыру негізінде ауыр жұмыстардан жұмысшыларды босату; ✓ ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету; ✓ мәліметтерді қағазбен алудан магнитті дискілер немесе ленталарға ауыстыру, бұл компьютерде ақпараттардың қайта өңделуін рационалды өндіруге және қағаздағы құжаттар көлемін төмендетуге әкеледі; ✓ ақпараттар тобының құрылымын және фирмада құжат айналым жүйелерін жетілдіру; ✓ өнімдер мен қызметтерді өндіруге кететін шығындарды азайту; ✓ бірегей қызметтерді тұтынушыларға беру; ✓ оларға берілген әр түрлі жеңілдіктер мен қызметтер есебінен сатып алушылар мен жабдықтаушыларды фирмаға әкелу. Дәріс № 3, 4 Тақырып: Ақпараттық жүйелердегі басқару құрылымының ролі Дәріс сұрақтары: Мекемені басқару құрылымы. Мекемені басқарудың үш деңгейі. Ақпараттық жүйе мысалдары. Басқарудың ақпараттық технологиясы Басқарудың ақпараттық технологиясының мақсаты болып, барлық фирма қызметкерлерін ақпараттық қажеттіліктермен қамтамасыз ету табылады. Бұл басқарудың барлық деңгейінде пайдалы болуы мүмкін. Бұл технология басқарудың ақпараттық жүйе ортасындағы жұмысқа бағытталған және мәліметті өңдеудің ақпараттық технологиясымен шешілетін тапсырмалармен салыстырғанда, шешілетін тапсырмалардың құрылуы төмен жағдайларда пайдаланылады. Басқарудың ақпараттық жүйесі фирманың әртүрлі басқару деңгейіндегі немесе функционалдық бөлімшелердегі жұмысшылардың ұқсас ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға сәйкес келеді. Оларға ұсынылған ақпарат фирманың болашақтағы, қазіргі және өткендегі мәліметтерінен тұрады. Бұл ақпарат реттеуші немесе арнайы басқарушылық есеп түрінде болады. Басқарушылық бақылау деңгейінде шешім қабылдау үшін ақпарат шоғырланған түрде болуы керек, себебі мәліметтердегі өзгеру тенденциялары анық көрінуі керек. Бұл кезеңде мәліметтерді өңдеудің келесідей мәселесі шешіледі: ▪ Басқару объектісінің жоспарланған жағдайын бағалау; ▪ Жоспарланған жағдайдан ауытқуды бағалау; ▪ Ауытқу себебін табу; ▪ Шешімдер мен қызметті талдау; Басқарудың ақпараттық технологиясы есептің әртүрлі түрлерін құруға бағытталады. Жүйелі есеп (регулярные) оның құру уақытын анықтайтын графикке сәйкес құрылады, мысалы, кәсіпорын сатуларының айлық талдауы. Арнайы есептер басқарушылардың сауалы бойынша немесе кәсіпорында жоспарланбаған жұмыстар болған кезде құрылады. Жинақталған есепте мәліметтер жеке топтарға біріктіріліп, жеке жолдар бойынша соңғы және аралық қортынды түрінде ұсынылады. Салыстырмалы есептер әртүрлі көздерден алынған немесе әртүрлі белгілер бойынша жіктелген, салыстыру мақсаты үшін пайдаланылған мәліметтерден құрылады. Төтенше есептер төтенше сипаттағы мәліметтерден тұрады. Негізгі компоненттері: Кірген ақпараттар операциялық жүйеден түседі. Енгізілген ақпараттар шешім қабылдауда тиімді болуы үшін басқарушылық есеп түрінде қалыптастырылады. Көрсетілген ақпаратты алу үшін пайдаланылатын мәліметтер қоры екі элементтен түрады: 1) фирмада жүргізілген операцияларды бағалау негізінде жинақталған мәліметтер; 2) басқарудың жоспарланған жағдайын сипаттайтын жоспарлық, стандарттық және нормативтік құжаттар. Мәліметтер қоры [pic] 2-сурет. Басқарудың ақпараттық технологиясының компоненттері Басқарма ақпараттың маңызды құрамдас бөлігі болып экономикалық ақпарат табылады. Бұл халық шаруашылығының салалық және аймақтық басқарманың барлық деңгейлерді жоспарлау, есепке алу, бақылау, талдау процесінде өзгеруге сақтау мен пайдалануға болатын экономикалық сипаттағы түрлі мәліметтер шығыны. Ұйымдастырушылық басқарма сферасында қолданушылар 3 категорияға бөлінеді: 1. жетекшілер; 2. Жетекші персонал; 3. қызмет ету персоналы. Бұл категориялар берілгендерді беру түрлерімен ерекшеленеді. Басқарма міндеттерін қамту деңгейіне байланысты: - берілгендерді электрондық өңдеу; - басқарма функциялары; - шешімдерді қабылдауды қолдау; - электронды офис; - эксперттік қолдау. Қазынашылықтың экономикалық ақпараты-қосылған ақпаратты бағдарламалық жүйенің құрамдас бөлігі. Жеке ақпаратты технологиялық құрамдарын барлық деңгейлі қазынашылық органдар «локальді» есептеуіш желілер және экономикалық ақпарат жәнетерминалдар; коммуникациялық компьютерлік жүйелер) жүйесін біріктіреді. Басқармадағы экономикалық ақпараттардың басты мақсаты - қаржылық қатынастарды реттеу, барлық деңгейлі бюджет орындалуына бақылау жасау. Басқарудағы экономикалық ақпараттардың басты міндеттері: - кірістердің нақты және оперативті есебін жүргізу; - барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-әрекеттілігін қамтамасыз ету; - бюджет қаржыларын сатып алушыларға тез және нақты түрде жүргізу; - бюджет қаржыларының рационалды және мақсатты пайдалануына ағымдағы толық оперативті және қатаң бақылау жүргізу; - бюджет орындалуына оперативті және обьективті талдау болжау жасау; - мемлекеттің ішкі қарызын қызмет етумен басқару істерін күннен асыру және т.б. Басқарудың екі құрлымы: 1. «терминалды» - жоғарғы өнімділік оны мәндерін орталық есептегіш кешенімен интеллектуалды локальді және қойылған терминалды жүйесі негізінде. 2. «Клиент сервер» - үлкен бөлімдер локальді есептегіш жілілерде меліметтер көптеген ұжымдық жоғары өнімді жұмыс ұйымдастыру негізінде. Басқармадағы жауапты экономикалық ақпараттардың негізгі міндеттеріне жататындар: -төлем тапсырмасындағы шығыстардың бюджет жіктелуінің 10 кодының дұрыстығын тексеру; -шығыстар спецификасы мәліметтері бойынша қаржыларды тексеру болып табылады; Мекеме қызметшілері Мекеме қызметшілері – әр түрлі дәрежесі мен басқару деңгейінің қызметкерлері, олар қарапайым операцияны орындайтын хатшыдан бастап, стратегиялық шешім қабылдайтын мамандар мен менеджерлерге. Суретте басқару деңгейіндегі қызметшілердің әр тұрлі дәреже деңгейінің сәйкестігі көрсетілген: 3-сурет. Басқару деңгейі бойынша қызметшілер дәрежесі ✓ жоғарыдағы, стратегиялық басқару деңгейі – өндірісті (фирмалар және олардың орынбасарлары) басқарудың жоғарғы звеносы менеджерлер. Олардың негізгі міндеті – нарықта фирманың қызметін стратегиялық жобалау және басқарудың ішкі фирмалық тактикасын үйлестіру; ✓ ортаңғы, функционалдық деңгейде – ортаңғы звено менеджерлері және мамандар (қызмет, бөлімше, цехтар, директорлар, ғылыми қызметкерлер және т.с.с.) Негізгі міндеті – қызметтің берілген сферасында негізгі функцияларды шешу кезінде фирманы тактикалық басқару; ✓ төменгі, операциялық деңгейде – төменгі звено орындаушылары мен менеджерлері (бригадирлер, инженерлер, жауапты орындаушылар, мастерлер, техниктар, лаборанттар және т.с.с.). Негізгі міндеті – жағдайдың өзгеруіне оперативті қарау. Барлық басқару деңгейлерінде жалпы функцияларды іске асыратын -менеджерлер, сонымен қатар өзінің біліктілік сферасында басқару функцияларын орындайтын менеджерлер-мамандар жұмыс істейді. Дәріс № 5, 6 Тақырып: Ақпараттық жүйелер құрылымы және классификациясы Дәріс сұрақтары: Ақпараттық қамтамасыздау Техникалық қамтамасыздау Математикалық және программалық қамтамасыздау Ұйымдаструшылық қамтамасыздау Құқықтық қамтамасыздау Подсистеманы қамтамасыз ететін типтер Ақпараттық жүйелердің құрылымы подсистема деп аталатын оның жеке бөліктерінің жиынтығын құрайды. Подсистема – қандай да бір белгі бойынша ерекшеленген жүйе бөлігі. Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын қолдану сферасына қатыссыз подсистема жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда классификацияның құрылымдық белгісі туралы айтылады, ал подсистеманы қамтамасыз етуші деп атайды. Сондықтан, кез келген ақпараттық жүйенің құрылымы 2-суреттегі қамтамасыз етілетін подсистема жиынтығы ретінде көрсетілуі мүмкін. 4-сурет. Ақпараттық жүйе құрылымын қамтамасыз ететін подсистема жиынтығы Қамтамасыз ететін подсистема ішінде ақпараттық, техникалық, математикалық, программалық, өндірістік және құқықтық қамтамасыз ету бойынша бөліп қарастыруға болады. Ақпараттық қамтамасыз ету Ақпараттық қамтамасыз ету подсистемасының міндеті шешімдер қабылдау үшін нақты ақпаратты беруден тұрады. Ақпараттық қамтамасыз ету – ақпараттық топтар схемасының, құжаттардың бірыңғайлы жүйесінің, ақпаратты кодтау және классификация жүйесінің жиынтығы, сонымен қатар мәліметтер қорын құру әдістемесі. Техникалық қамтамасыз ету Техникалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйелердің жұмысына арналған, сонымен қатар осы әдістер мен технологиялық процестерге сәйкес келетін құжаттардың техникалық әдістерінің комплексі. Техникалық әдістер комплексі мыналарды құрайды: o кез келген модельді компьютерлер; o ақпаратты жинау, өңдеу, беру және шығару құрылғылары; o мәліметтерді беру және байланыс линия құрылғылары; o өндірістік техника және ақпараттың автоматты түрде алынатын құрылғылары ; o эксплуатациялық материалдар және т.б. Математикалық және программалық қамтамасыз ету Математикалық және программалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйелердің есептері, сонымен қатар техникалық әдістердің комплексін бірқалыпты функционалдауға арналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер мен программалар жиынтығы. Математикалық қамтамасыз ету әдістеріне мыналар жатады: o басқару процестерін модельдеу әдістері; o басқарудың типтік есептері; o математикалық программалау, математикалық статистика, жаппай қызмет ету теориялары және т.б. әдістер. Программалық қамтамасыз ету құрамына жүйелік және арнайы программалық өнімдер, сонымен қатар техникалық құжатнама кіреді. Жүйелік программалық қамтамасыз етуге тұтынушыларға негізделген және ақпаратты өңдеудің типтік есептерін шешуге арналған программалар комплексі қарайды. Арнайы программалық өнімдерді қамтамасыз ету нақты ақпараттық жүйе құру кезінде жасалған программалар жиынтығын көрсетеді. Оның құрамына әр түрлі деңгейдегі модельдерді құруды жетілдіретін қолданбалы программалар пакеті (ҚПП) кіреді. Өндірістік қамтамасыз ету Өндірістік қамтамасыз ету – жұмысшылардың техникалық әдістерімен іс- әрекеті және өзара ақпараттық жүйені құру мен эксплуатациялау процесіндегі әдістер мен тәсілдер жиынтығы. Құқықтық қамтамасыз ету Құқықтық қамтамасыз ету – ақпаратты алу, жаңарту және пайдалану ретінде ақпараттық жүйелерді құруды, функционалдау мен заңгерлік мәртебені анықтайтын құқықтық ережелер жиынтығы. Құқықтық қамтамасыз етудің басты мақсаты заңдылықты нығайту болып табылады. Құқықтық қамтамасыз ету құрамына заңдар, нұсқаулар, мемлекеттік билік органдарының қаулылары, бұйрықтар, инструкциялар мен министрліктің басқа нормативті құжаттары, ведомосттар, өндірістер, жергілікті билік органдары кіреді. Дәріс № 7, 8 Тақырып: Ақпараттық жүйелерді есептің құрылымдануына қарай классификациялау Дәріс сұрақтары: • Есептің құрылымдану түсінігі. • Бөлшекті құрылымдалған есептерді шешудің ақпараттық жүйелері. Есептердің құрылымдану түсінігі Ақпараттық жүйелерді құру немесе классификациялау кезінде шешілетін есептердің формальды – математикалық және алгоритмдік суреттелуімен байланысқан мәселелер туындайды. Ақпараттық жүйе құруға арналған үш түрлі есепті бөліп қарауға болады: құрылымдық, құрылымдық емес және жартылай құрылымдық. Құрылымдық есеп – оның барлық элементтері мен олардың арасындағы байланысы белгілі есеп. Құрылымдық емес есеп – онда элементтерді бөлуге және олардың арасында байланыс құруға мүмкін беретін есеп. Құрылымдық есепте шешімнің нақты алгоритмі бар математикалық модель формасында оның мазмұнын көрсетуге болады. Жартылай құрылымдық есептерді шешу үшін ақпараттық жүйелерді екі түрге бөлеміз (3-сурет): o басқармалы есептерді құратын және мәліметтерді өңдеуге негізделген (іздеу, таңдау, фильтрлеу); осы есептерде бар мәліметтерді пайдалана отырып, басқарушы шешім қабылдайды. o шешімнің мүмкін альтернативаларын құратын. Осы кезде шешім қабылдау мүмкін альтернативалардың ішінен біреуін таңдауға әкеледі. 5-сурет. Шешілетін есептердің құрылымдық белгісі бойынша ақпараттық жүйелердің классификациясы Басқармалы есептер құратын ақпараттық жүйелер тұтынушының ақпараттық қолдауын қамтамасыз етеді, яғни мәліметтер қорында ақпаратқа енуін және оның жартылай өңделуін көрсетеді. Модельді ақпараттық жүйелер тұтынушыға математикалық, статикалық, қаржылық және басқа модельдерді береді, оларды пайдалану шешім альтернативасын құру және бағалауды жеңілдетеді. Тұтынушы шешім қабылдау үшін оған жетіспейтін ақпаратты алу үшін оны зерттеу процесінде модельмен диалог құру жолымен алуға болады. Экспертті ақпараттық жүйелер білімді өңдеумен байланысты экспертті жүйелерді құру есебінен тұтынушылардың мүмкін альтернативаларын істеп шығару мен бағалауды қамтамасыз етеді. Тұтынушымен қабылданатын шешімдерді экспертті қолдау екі деңгейде жетілдіріледі. Экспертті қолдаудың бірінші деңгейінің жұмысы «типтік басқармалы шешімдер» концепциясынан шығады. Бұл деңгейдегі экспертті қолдауды жетілдіру үшін типтік альтернативаларды сақтау және анализдеудің ақпараттық қоры құрылады. Егер туындаған мәселелік жағдай типтік альтернативалар кластарымен сай келмесе, жұмысқа басқару шешімдерін эксперттік қолдануының екінші деңгейі кірісу керек. Дәріс №9, 10 Тақырып: Ақпараттық жүйелердің басқа классификациялары Дәріс сұрақтары: Автоматтандырылу дәрежесі бойынша классификациялау. • Ақпаратты пайдалану бойынша классификациялау. • Қолдау сферасына байланысты классификациялау. Автоматтандыру дәрежесі бойынша классификация Фирмаларды басқару жүйесінде ақпараттық процестерді автоматтандыру дәрежесіне қатысты ақпараттық жүйелер қолмен жасалған, автоматтық, автоматтандырылған деп анықталады. Қолмен жасалған ақпараттық жүйелер ақпаратты қайта өңдеудің қазіргі техникалық құралдарының және адаммен орындалатын барлық операциялардың жоқтығымен сипатталады. Мысалы, компьютері жоқ фирмада менеджерлердің қызметі туралы айтуға болады, ол қолмен жасалған ақпараттық жүйемен жұмыс істейді. Автоматтық ақпараттық жүйелер адамның қатысуынсыз ақпараттарды қайта өңдеу бойынша барлық операцияларды орындайды. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер ақпарат пен адамды және техникалық құралдарды өңдеу процесіне қатысуды болжайды, мұнда басты роль компьютерге негізделген. Қазіргі «ақпараттық жүйе» терминін талқылағанда автоматтандырылған жүйе түсінігі айтылады. Басқару процесін ұйымдастыруда олардың кең пайдалануын ескере отырып, автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің әр түрлі модификациялары бар және классификациялануы мүмкін, мысалы, ақпаратты пайдалану сипаты мен қолдану сферасы бойынша. 6-сурет. Әр түрлі белгілер бойынша ақпараттық жүйелер классификациясы Ақпаратты пайдалану сипаты бойынша классификация Ақпараттық-іздеушілік жүйелер (6-суретті қара) енгізуді, жүйелендіруді, сақтауды, мәліметтердің қайта өңделуін тұтынушы сұранысы бойынша ақпаратты беруді өндіреді. Мысалы, кітапхана, билеттер сататын темір жолдар мен авиа кассаларда ақпараттық-іздеушілік жүйелер. Ақпараттық-шешуші жүйелер қандай да бір алгоритм бойынша ақпаратты қайта өңдеудің барлық операцияларын жүзеге асырады. Оларда шешім қабылдау процесінде нәтижелі ақпараттың іс-әрекет дәрежесі бойынша классификация жүргізуге және екі класты бөліп қарастыруға болады: басқармалы және кеңесші. Басқармалы ақпараттық жүйелер адамның шешім қабылдауына негізделген ақпаратты өндіреді. Кеңесші ақпараттық жүйелер адамның мағлұматына алынады және нақты іс- әрекет сериясына айналмайды. Бұл жүйелер интеллекттің жоғарғы дәрежесіне ие болады. Қолдану сферасы бойынша классификация Өндірістік басқарудың ақпараттық жүйелері (6-суретті қара) басқарушы қызметшілердің функцияларын автоматтандыру үшін арналған. Жүйенің бұл класының кең қолданылуы мен әр түрлілігін ескере отырып, жиі кез келген ақпараттық жүйелер берілген талқылауда түсініледі. Бұл класқа өнеркәсіптік фирмалар, өнеркәсіптік емес объектілер: қонақ үйлер, банктер, сауда фирмалары мен т.б. ретінде басқарудың ақпараттық жүйелері жатады. Осындай жүйелердің негізгі функциялары келесілер болып табылады: оперативті бақылау және реттеу, оперативті есеп және анализ, перспективалы және оперативті жобалау, бухгалтерлік есеп және т.б. экономикалық- өндірістік есептер. Технологиялық процестерді (ТП) басқарудың ақпараттық жүйелері өндірістік қызметшілер функциясын автоматтандыру үшін қызмет етеді. Олар металлургиялық және машина жасайтын өндірістердегі технологиялық процестерді қолдау үшін ұйымдастыру кезінде кең пайдаланылады. Автоматтандырылған жобалаудың ақпараттық жүйелері жаңа техника немесе технология құру кезінде инженер-жобалаушылар, конструкторлар, архитекторлар, дизайнерлер функциясын автоматтандыру үшін арналған. Осындай жүйелердің негізгі функциялары болып мыналар табылады: инженерлік есептер, графикалық құжатнама құру (сызбалар, схемалар, жобалар), жобалық құжатнамаларды құру, жобаланатын объектілерді модельдеу. Интегралданған (корпоративті) ақпараттық жүйелер фирманың барлық функцияларын автоматтандыру үшін пайдаланылады және өнімді жобалаудан бастап, өткізуге дейінгі жұмыстың барлық циклін қамтиды. Мұндай жуықтау фирманың құрылымын өзгертуге әкелуі мүмкін, бұған кез келген басқарушы бара алмайды. Дәріс №11, 12, 13, 14 Тақырып: Ақпараттық жүйе мен Ақпараттық технологиялар Дәріс сұрақтары: Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар байланысы. • Ақпараттық технологияларды классификациялау. Экономиканы басқаруда ақпараттық жүйелердің құрылуы және қызмет етуі ақпараттық технологияның дамуымен тығыз байланысты. Ақпарат дәстүрлі материалдық ресурстар, мысалы, мұнай, газ, пайдалы қазбалар т.б сияқты қоғамдағы маңызды, бағалы ресурстардың бірі болып табылады. Ақпараттық технология - құбылыстардың немесе процестердің, обьектілердің жағдайы туралы жаңа сапалы ақпарат алу үшін қажетті өңдеудің, жинаудың және таратудың әдіс-тәсілдерінің жиынтығын пайдаланатын процесс. Ақпараттық технологияның мақсаты - адамның оны талдауы және оның негізінде қандайда бір қызметті орындау туралы шешімді қапбылдауы үшін ақпаратты өндіру. Ақпараттық технология ақпараттық жүйелермен тығыз байланысты. Ол оның негізгі ортасы болып табылады. Ақпараттық технология компьютерде берілген, сақталған әр түрлі дәрежедегі қиындықтағы операцияларды, қызметтерді, этаптарды орындаудың нақты рәсімделген ережелерінен тұратын процесс болып табылады. Ақпараттық технология, басқалар сияқты, келесідей талаптарға жауап беру керек: - ақпаратты өңдеудің барлық процесінің этаптарға (фазаларға), операцияларға мүшеленуінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету. - қойылған мақсаттарға жетуге қажетті барлық элементтерді қосу. - тұрақтылық сипаттың болуы. Нарықтық қатынастар жағдайында ақпаратқа және ақпараттық қызметтерге сұраныстың өсуі ақпаратты өңдеудің кең көлемді техникалық құралдарының, әсіресе, электронды есептеуіш машинаның және байланыс құралдарының өсуіне алып келді. Ақпараттық технологияны этаптардан, қызметтерден, операциялардан тұратын иерархиялық құрылымнан көруге болады. 1 - деңгей- этаптар- салыстырмалы түрде ұзақ технологиялық процестер іске асыра алады. 2 - деңгей-операциялар- 1-деңгейдегі программалық ортада таңдалған нақты обьектінің құрылуы орындалады. 3 - деңгей- қызметтер- сәйкес операцияларға қойылатын мақсаттарды орындауға әкелетін әрбір бағдарламалық жұмыс тәсілдерінің стандартты жиынтығы. Қоғамдағы ақпараттық ресурстарды қолданудың маңызды құраушы процесі болып ақпараттық технологиялар табылады. Қазіргі уақытта ол көптеген этаттардан тұрады. Бұл ең алдымен ғылыми техникалық прогрестің дамуымен, ақпаратты өңдейтін жаңа техникалық құралдардың пайда болуымен байланысты. Қазіргі уақытта ақпаратты өңдеудің техникалық құралы болып персоналды компьтер табылады. Ақпараттық сфераға персоналды компьютердің енуі және телекоммуникациялық байланыстың қолданылуы ақпараттық технологияның жаңа этапының дамуын анықтады. Жаңа ақпаратық технология – дербес компьютерді және телекоммуникациялық құралдарды пайдаланып қолданушының «достық» интерфейсті жұмысының ақпараттық технологиясы. Жаңа ақпараттық технологиялардың 3 негізгі принципі бар. 1) компьютермен интерактивті жұмыс режимі. 2) басқа бағдарламалық өнімдермен өзара байланысы(интеграция) 3) берілген міндеттердіңөзгеру процесіне икемділігі. Ақпараттық жүйенің жіктелуі. 3 кесте Ақпараттық технологияның классификациясы. |АҚПАР|АЖ – де пайдалану тәсіліне |Дәстүрлі | |АТТЫҚ|байланысты | | |ТЕХНО| | | |ЛОГИЯ| | | |ЛАР | | | | | |Жаңа ақпараттық технологиялар | | |Басқару есептерін қамту |Деректерді электронды өңдеу | | |дәрежесіне байланысты | | | | |Басқару функцияларын автоматтау | | | |Шешім қабылдауды қолдау | | | |Электрондық офис | | | |Эксперттік қолдау | | |Жүргізілген технологиялық |Мәтіндік редактормен жұмыс | | |операциялар класына | | | |байланысты | | | | |Кестелік процессормен жұмыс | | | |МҚБЖ – мен жұмыс | | | |Графикалық объектілермен жұмыс | | | |Мультимедиялық жүйелер | | | |Гипермәтіндік жүйелер | | |Қолданушының интерфейсінің |Пакеттік | | |типіне байланысты | | | | |Диалогтық | | | |Желілік | | |Желіні құру тәсіліне |Локальдық | | |байланысты | | | | |Көпдеңгейлік | | | |Бөлшектелінген | | |Қызмет көрсету облысы бойынша|Бухгалтелік есеп | | | |Банктік қызмет | | | |Салықтық қызмет | | | |Сақтандыру қызметі | | | |Басқалар | Ақпараттық жүйелер дегеніміз не және олар ақпараттық технологиялармен қалай байланысады? Басқару – маңызды функция, онсыз кез – келген әлеуметтік – экономикалық, мекемелік - өндірістік жүйелердің (өнеркәсіп, мекеме, территория) мақсатты бағытталған қызметін елестету мүмкін емес. Басқару функциясын жүзеге асыратын жүйе басқару жүйесі деп атайды. Бұл жүйенің іске асыратын маңызды функциясы жоспарлау, болжау, есеп, анализ, бақылау және байыптау. Басқару жүйе компоненттерінің арасында ақпарат алмасумен байланысты. Басқару процесінде әр уақыт мезгілінде басқару есептерін шешуді қамтамасыз ету және жүйеге әсер ету үшін жүйенің жағдайы туралы, берілген мақсатқа жеткендігі (немесе жетпегендігі) туралы хабар алып отырады. Сондықтан экономикалық объектіні басқару жүйесіне өзінің ақпараттық жүйесі сәйкес келеді, бұл экономикалық ақпарат деп аталады. Экономикалық ақпараттық жүйе – бұл экономикалық объектінің тікелей және кері ақпараттық байланыстарының сыртқы және ішкі ағымдарының, ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін табу барысына қатысатын әдістердің, құралдардың, мамандардың жиыны. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат, экономикалық – математикалық модельдер мен әдістер, техникалық, программалық, технологиялық құралдар мен мамандар жиынын білдіреді. Сонымен, ақпараттық жүйе техникалық көзқараспен қарағанда, шешім қабылдауды қолдайтын және мекемені басқаруда пайдаланылатын ақпаратты жинайтын, өңдейтін, сақтайтын және тарататын өзарабайланысқан компоненттер шоғыры ретінде анықталады. Ақпаратты түсу көзіне қарай ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы ақпарат жоғарғы органның жарлығынан, орталық және жергілікті органдардың әртүрлі материалдарынан, басқа мекемелерден түсетін құжаттардан тұрады. Ішкі ақпарат өнеркәсіптегі өндірістің жүргізілуі, жоспардың орындалуы, бөлімшелердің жұмысы туралы, қызмет бөлімшелері туралы ақпаратты қамтиды. Ақпараттық жүйеде үш процесс ақпаратты өндіреді, олар мекеме шешім қабылдау, басқару, проблема анализі және жаңа өнімдер шығару мен қызмет көрсетулер қажет ететін ақпаратты дайындау, - бұл енгізу, өңдеу, шығару. Енгізу процесінде мекеменің ішінде немесе сыртқы ортадан жиналған тексерілмеген мәліметтер алынады. Өңделу процесінде ол шикі материал басқа маңызды формаға келтіріледі. Шығару сатысында өңделген деректер персоналдар мен процестерге беріледі. Формальды және формальды емес компьютерлік ақпараттық жүйелер бар. Формальды жүйелер жинаудың, сақтаудың, осы мәліметтерді тарату мен пайдаланудың қабылданған және реттелген мәліметтері мен процедураларына сүйенеді. Формальды емес ақпараттық жүйелер қажетсіз келісімдер мен мінездің жазылмаған ережелеріне сүйенеді. Ақпарат болып табылатын немесе ол жинақталып өңделетін ешқандай ережелер жоқ. Мұндай жүйелер мекеменің өміріне қажет. Мекемені басқаруда ақпараттық технологияларды пайдалану кез – келген компанияны нарықтық конъюктураның өзгерістеріне қалыптасуы негізінде басқарылуды биіктетеді. Сәйкес автоматтандыру мыналарға мүмкіндік береді: ▪ Деректердің бірлік банкі негізінде жетекшілер мен мамандарды максималды толық, оперативті және шынайы, дәл ақпаратпен қамту есебінен компанияны эффектілі басқаруды жоғарылату; ▪ Оптимизациялау және стандарттауды пайдаланып құжатайналымды жақсарту; ▪ Ақпаратты өңдеу процесін автоматтандыру, регламенттеу және компания қызметкерлерінің қажетті ақпаратты алуын жеңілдету есебінен істі жүргізу шығынын азайту. Қызметкерлерді өте көп жұмыстарды орындауынан босатып, басқа кәсіпкерлік маңызды жұмыстарға бағыттау; ▪ Басқарудың барлық деңгейінде ақшалық қаражаттардың түсуінің және шығысының сенімді есебін және бақылауын қамтамасыз ету; ▪ Төменгі және орташа звенолардың басшылары өз бөлімшелерінің қызметін сараптау және басшыларға, жеке бөлімшелер жетекшілеріне аналитикалық есеп (отчет) дайындау; ▪ Бөлімшелер, филиалдар және орталық аппарат арасында ақпарат алмасудың эффектілігін жоғарылату; ▪ Ақпаратты өңдеудің барлық сатыларында деректердің толық қауіпсіздігін және бүтіндігін кепілдеу және т.б. Дәріс №15, 16 Тақырып: Экономикалық ақпараттық жүйелердегі ақпараттық технологияларға кіріспе Дәріс сұрақтары: Ақпараттық технология түсінігі. Экономикалық ақпараттық жүйелердегі жаңа технологиялар. Экономиканы басқаруда ақпараттық жүйелердің құрылуы және қызмет етуі ақпараттық технологияның дамуымен байланысты. Ақпарат дәстүрлі материалдық ресурстар, мысалы, мұнай, газ, пайдалы қазбалар т.б. сияқты қоғамдағы маңызды, бағалы ресурстардың бірі болып табылады. Ақпараттық технология – құбылыстардың немесе процестердің , объектілердің жағдайы туралы жаңа сапалы ақпарат алу үшін қажетті өңдеудің, жинаудың және таратудың әдіс – тәсілдерінің жиынтығын пайдаланатын процесс. Ақпараттық технологияның мақсаты – адамның оны талдауы және оның негізінде қандай да бір қызметті орындау туралы шешімді қабылдау үшін ақпаратты өндіру. Ақпараттық технология ақпараттық жүйелермен тығыз байланысты. Ол оның негізгі ортасы болып табылады. Ақпараттық технология компьютерде берілген, сақталған әртүрлі дәрежедегі қиындықтағы операцияларды, қызметтерді, сатыларды орындаудың нақты рәсімделген ережелерінен тұратын процесс болып табылады. Ақпараттық технология, басқалар сияқты келесідей талаптарға жауап беруі қажет: - ақпаратты өңдеудің барлық процесінің фазаларға, операцияларға, этаптарға мүшеленуінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету; - қойылған мақсаттарға жетуге қажетті барлық элементтерді қосу; - тұрақтылық сипаттың болуы. Нарықтық қатынастар жағдайында ақпаратқа және ақпараттық қызметтерге сұраныстың өсуі ақпаратты өңдеудің кең көлемді техникалық құралдарының, әсіресе, ЭЕМ – нің және байланыс құралдарының өсуіне әкелді. Ақпараттық технологияны этаптардан, қызметтерден, операциялардан тұратын иерархиялық құрылымнан көруге болады. 1 - деңгей- этаптар- салыстырмалы түрде ұзақ технологиялық процестер іскеасыра алады. 2 - деңгей-операциялар- 1-деңгейдегі программалық ортада таңдалған нақты обьектінің құрылуы орындалады. 3 - деңгей- қызметтер- сәйкес операцияларға қойылатын мақсаттарды орындауға әкелетін әрбір бағдарламалық жұмыс тәсілдерінің стандартты жиынтығы. Қазіргі заманда мекемені нақты басқару үшін мыналар қажет: • өндіріс және өндірісті қамтамасыз ететін процестерге мониторинг жүргізу; • құжаттар мұрағатына, жобалық және техникалық құжаттарға, өндірістік процестердің технологиялық картасына жылдам рұқсат алу; • жұмыс орнының жүктелуі, өндіріс бөлімдері бойынша материалдарының жылжуы, жұмыс уақытының үлестірілуі туралы ақпарат алу; • инвентаризациялауды үздіксіз жүргізу, материалдардың қорының, дайын өнімнің өзгерісін тіркеу, шығындарды детальды классификациялау. Осы күрделі кешенді есептерді шешу үшін ААЖ адамдарға ақпаратты эффектілі өңдеу әдістерін әртүрлі қолданбалы программалар пакеті түрінде ұсынады. Ақпараттық технология және қолданушы интерактивті сұхбат процесінде ақпараттық өнім құрады.. Ақпараттық өнімдер – қызметтер үш құрамды бөліктерге бөлінуі мүмкін: байланыс, ақпарат, көңілаулау. Басты ақпараттық тенденция – барлық ақпараттық өнім түрлерін күрделендіру және интеграциялау. Жаңа ақпараттық технология деп, ақпараттық жүйелер және есептеу техникасының негізінде ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, жинақтау, өңдеу, тасымалдау әдістері мен тәсілдерінің жиынын түсінеміз. Жаңа ақпараттық технологиялар компьютерлерді және телекоммуникациялық техникаларды қолдануға негізделеді. Ол жалпы және проблемалық бағыттағы қолданбалы программалық пакеттерді кеңінен пайдаланады, сонымен қатар қолданушыға ЭЕМ желілерін пайдалану арқылы ұзатылған мәліметтер қорына және программаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі қасиеттерін көрсетуге болады: ➢ қағазсыз технология, яғни компьютердің жадысында не дискте құрылатын немесе монитор экранында бейнеленетін ақпаратты негізгі жинақтаушы, электронды құжат; ➢ кең мүмкіндікті интерактивті (диалогты) режим көмегімен қолданушы оперативті түрде кез – келген есепті шешуді басқара алады; ➢ компьютермен тілдесу әдісі кез – келген дәрежедегі дайындықты қолданушыға меню жүйесін, анықтамалықты пайдаланып, ақпаратпен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.; ➢ Ақпаратты көрсету формаларының сәйкестігі ақпараттың барлық өңделу этаптарында өтпелі (сквозной) ақпараттық қолдауды орындауға мүмкіндік береді.; ➢ Барлық қолданушыларға кез – келген техникалық, программалық және жүйенің ақпараттық ресурстарына оперативті қолдау көрсететін ақпараттық желілер және коммуникация құралдары негізінде есепті ұжымдық шешу әдістерін пайдалану. Дәріс №17, 18 Тақырып: Ақпараттық технологиялардың даму тенденциясы Дәріс сұрақтары: • Ақпараттық өнімдерді (қызметті) күрделендіру. • Сәйкестікті қамтамасыз ету. • Аралық звеноларды жою. • Глобализация. • Конвергенция. Ақпараттық технологияның даму кезінде бір-бірін күшейтетін және бір- бірімен байланысқан бес ақпараттық тенденция пайда болады: Ақпараттық өнімдердің күрделенуі Сәйкестікті қамтамасыз ету Аралық есеп звеноларын жою Ауқымдылық Конвергенция Ақпараттық өнімдердің күрделенуі Ақпараттық технологияда екі бөлімді ерекше атап өтуге болады: ақпараттық өнімді сұраныс бойынша сұрыптау мүмкіндігі; осы ақпараттық өнімді қолайлы уақытта және пайдаланушыға ыңғайлы түрде жеткізу әдістері. Ақпараттық өнімнің өзі кейбір ақпараттық мазмұнды пайдаланушы қолдануына әкелетін спецификалық қызмет түрінде болады. Ақпараттық өнім – бұл жалпы түрде «жіберу» және ақпаратты жеткізу (компьютер экраны, қағаз, магнитті лента, магнитті диск, оптикалық диск және т.б.). Хабарлаудың құндылығы – ақпарат және білім – олардың көмегімен табиғатта және қоғамда ағымды процестерде көрінетін шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. Қоғамның жинақталған ақпараттық ресурсы – оның тиімді экономикалық активтілігінің кілті. Біріктіруді қамтамасыз ету Ақпаратты ұсынушылар және пайдаланушылар үшін ең басты технологиялық мәселе біріктіруді қамтамасыз ету - әр түрлі ақпараттарды еркін алмастыру мүмкіндігі болып табылады Программалық, аппараттық және ақпараттық компоненттердің стандарттауына күш салу сыртқы формаларды бірыңғайлауды қамтамасыз етеді, бірақ олардың мазмұнын емес. Соның көмегімен программалық- техникалық әдістердің конфигурациясын өзгертуге және әр түрлі ақпараттарды жіберу мен сақтауды қамтамасыз етуге болады. Бұл мәселенің шешімі толық сәйкестікті және телефония компонеттерінің екі жақты тартысын, мәліметтердің өңделуін, ақпараттардың енгізу-шығару әдістерін, мәліметтерді жіберу, сақтау және қайта құруды, аудио- және видео ақпараттарды талап етеді. Бірігу және әрекеттестік ақпараттың адамзаттық түрлерінен – сөз, мәліметтер, статикадағы және динамикадағы бейнелеу, қара- ақ және түрлі түстер – сонымен қатар адамның сезімдерді қабылдауының үш түрі – есту, ұстау және көруден басталады және аяқталады. Осыдан ақпараттық жүйелер жағынан әрекет ететін компонеттер күшейе түседі, олар механикалық діріл, тактильді әсерлер, ауа ағысы, иіс және т.б. Осы әсерлердің әдістері арқылы адам компьютер экранында (телевизордың) қандай да бір шындықты (виртуальды шындық) көріп қана қоймай, сонымен қатар осы «шындықты» шлем, перчатка, кресло костюмы арқылы дене ағзаларына әсерін сезеді. Осыдан адам үшін виртуальды шындықта болатын іс-әрекетке қарсыласу немесе алдану мүмкіндігі ашылады. Бірақ мұндай кері байланыс – кибернетикалық мүмкіндіктердің белгісі болып табылады. Аралық есеп звеноларын жою Тұтынушының тез пайдалануына арналған ыңғайлы және қолайлы формада қайта құруды қамтамасыз ететін жаңа әдістердің құрылуы аралық есеп звеноларын жою тенденциясын қарастырады. Мысалы, бұрын телефон жүйелерінен телефонистер («байланыстырушылар») шығарылды, содан кейін кредитті телефондық карталарды тұтынушы есебінен болды. Банктік қызметте ақшаның жарты бөлігі кассир арқылы емес, банкомат арқылы беріледі. Одан кең жоспарда өндірістегі (өндіріс-қамтамасыздандыру) қарым- қатынастың, өндірістер арасындағы (сатушы – делдал – сатып алушы), өндіріс және тұтынушы арасындағы өзгерістерді атап өту керек. Егер өндіруші және ақырғы тұтынушы бір-бірімен оңай байланысса және олардың ақпараттық білімділігі тегістелсе, онда делдалға қандай да бір жұмысты жүктеу қажет емес. Делдал (посредник) ақпарат есебіне бағаны қоса алмайды, өйткені тұтынушы оны тура бірінші өндірушіден ала алады. Сондықтан кең және жеке тапсырыс бойынша үлкен телеқызмет спектрі жеткізіледі: телемаркетинг, телеоқыту, теледиагностика, телеойындар, телемузыка, телефильмдер және т.б. Сонымен қатар бағалардың біршама төмендеуін күтуге болады, өйткені ұжымдық (қоғамдық) телематика әдістерін пайдалану бағасы коммуникацияның дәстүрлі әдістерін пайдалануға қарағанда төмен. Шынында да, егер электрондық терминалмен туристік маршруттар мен зоналар, қонақ үйлер мен көліктер туралы «толық» ақпаратқа тура қол жеткізуді қамтамасыз етсе, онда саяхат бюросы және олардың агенттер жүйесі не керек? Өндірістерде технология және жұмысшылар саны өзгертіледі: қағаздағы сызбалар мен қағазды технологиямен байланысқан барлық құжаттар жоғалады. Жобаны жетілдіру аяқталғаннан кейін электронды құжат сымдар (немесе басқа байланыс сымдары) арқылы өндіріске жібереді және өндірістік кибернетикалық роботтарға тура түсуі мүмкін. Осындай жағдайда өндіріс оның дайындығын ұзаққа созбай бастайды. Өнім моделі жаңа тапсырыстардың түсуіне байланысты және олардың электронды жүйеде жобалаудың «істен ұтылуымен» өзгертіледі. Сонымен қатар виртуальды киберкеңістікте өнімдер моделінің «сынағы» және тұтынушының жеке тілектері айқындалады. Ауқымдылық Информатика әдістерінің дамуы бойынша іскер адамның жұмыс орны (офисі) ұшақ борты да, теплоход палубасы да және машина салоны да болады. Кәсіпкер өзімен бірге ұялы телефон, пейджер, қалталы программаланатын сандық көмекші, дербес компьютер ұстайды. Солардың көмегімен кәсіпкер Жердің кез келген орнында ақпараттық жүйеге оңай қосылады. Қызықты нарық жағдайы туралы ақпаратқа кәсіпкердің тәулік бойы қосылуы операциялардың өткізілу шартын толығымен өзгертеді. Ақпарат мемлекеттер мен аймақтар шекарасынан тез беріледі. Мемлекеттердің ақпараттық оңашалануы және ақпаратты беру еркіндігіндегі тамыр-таныстық олардың экономикалық артта қалуына әкеледі. Экономика түпкілікті бүкіләлемдік және ашық болады, ал оның ақпараттық инфрақұрылымы Жер планетасының ауқымды телематикалық комплекстерімен анықталады. Конвергенция Конвергенция – бұл қарастырылып отырған инфотенденцияның бесіншісі және соңғысы. Терминнің өзі үйлесімдікті білдіреді, ақпараттық белгінің үйлесімділігі биологиядан алынған және эволюция процесінде ағзалар тобының шығу тегі бойынша функциялар мен құрылғанда пайда болған ұқсастықтарды білдіреді. Шынында да, программаланатын калькулятордан біртіндеп программа басқаратын құрылғыға айналатын, содан кейін телебағдарламалық программаларды қабылдайтын, диалогтік ойындардың қиын программаларын орындайтын қасиеттерге дағдыланатын компьютер қасиетін (белгісін) қалай анықтауға болады? Екінші жағынан өзінің эволюциясында телевизор программаланатын құрылғыдан ақпараттарды өңдейтін қиын үйдегі ақпараттық орталыққа айнала бастады, ол өзіне төлем есептерін жүргізу, жылуды бақылау, жарықтандыру және т.б. функцияларын қосады. Офиста немесе үйде жеке тұратын құралдардың болуы өте ыңғайлы: факс, принтер, ксерокс, сканер, сонымен қатар барлық ақпараттық функциялармен жабдықталған интегралдық құрылғы. Ақпараттық жүйелерде конвергенция элементтері информатика әдістерінің номенклатурасын ұтымды етеді және тұтынушылық баға қосады. Бір құрылғыда ақпараттық функциялардың қарама-қарсы күшейуі өнім бағасын төмендетеді, оған сұранысты күшейтеді, ақпараттық технологияны пайдалануды кеңейтуге әкеледі. Кәсіпкерлердің ақпараттық іс-әрекеті бәсекелестік қызығушылық конвергенциясы болып табылады, яғни ол ақпараттық индустриядағы өзгерістерге ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлікте бүтіндей өзгерістерге әкеледі. Кәсіпкерлердің бәсекелестік ынтымақтастық бағытының принципі бүкіләлемдік кәсіпкерлік альянстарды құру кезінде іске асырады. Дәріс №19, 20 Тақырып: Ақпараттық жүйелерді жобалау әдістемесі Дәріс сұрақтары: • Ақпараттық – басқару жүйелерін тұрғызудың немесе таратудың негізгі кезеңдері • Компьютерлік нарықпен қамтамасыз етілетін шешімнің бес типтік деңгейі. Компьютерді қолдануы бойынша, мысалы мәтіндерді теру, жобалау, дизайн өндіріс әдісі ретінде қолданылады. Мұнда оның тиімділігі анық және айтарлықтай жоғары. Бірақ пайдалану кезінде компьютер өндіріс әдісі болып емес, ал бизнесте өндірістік ақпараттық-басқармалы процестерді, басқарудың жергілікті және мемлекеттік органдарын, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениетте немесе білімді қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпкерлер үшін шешім қабылдау - іс-әрекеттің тиімді вариантын таңдау, нақты практикалық қадамдарды анықтау. Шешім таңдау болған жағдайда ғана қабылданады. Таңдау оның өнімінің тауар немесе қызмет түрінде және өндірістің дамуын болжау процесінде дайындалған іс-әрекеттің балама жиынтығын қамтамасыз етеді. Маңызды шешімдер жеке сұрақтар бойынша келісілген шешімдерді қабылдау үшін топшылау құратын компанияның өндірістік стратегиясын негізге ала отырып қабылдайды. Тиімді вариантты таңдау негізінде: күтілетін пайда, мүмкін шығынды азайту, күтілетін табыстарды дамыту мүмкіндіктері, күтілетін теріс оқиғаларды азайту, табысты бағалау ықтималдығы, «иә» және «жоқ» бағалар, функционалды-бағаланатын анализ идеясы және т.б. жүзеге асады. Бірақ кез келген әдісті қолдану үшін бірнеше облыстарда: өнім, қызметтер мен технологиялық әдістер, өнімді пайдалану ортасы, өткізу әдісі мен сату техникасы, нарықтар, бәселекестер, мемлекеттің қызмет ортасындағы өзгерістер тенденциясы мен дүниежүзілік нарық ауқаты және т.б. туралы толық және мағыналы ақпаратты жинау керек. Компьютерді алу және оның негізінде ақпараттық технологияны құру үшін келесі сұрақтар бойынша шешім қабылдау керек: 1. Компьютер (компьютерлер) қандай мақсат үшін алынады? 2. Ақпараттың жұмыс істеу жүйесі және құжат айналымы қалай құрылған? 3. Ақпарат жүйесі мен құжат айналымы қалай жақсартылады? 4. Ақпараттық технология тым рационалды (немесе радикалды) болып қалай құрылу керек? 5. Қандай программалық кешендерді (қолданбалы программалар пакеті) алу және бизнес-процестер спецификасы негізінде программалау керек? 6. Аппараттық комплекстер құру үшін қандай аппаратты-желілік әдістер қажет? 7. Ақпаратты-басқармалы жүйелерді қайта ұйымдастырудан немесе құрудан қандай технико-экономикалық эффектілер күтіледі? Ақпаратты-басқармалы жүйелерді құру немесе қайта ұйымдастырудың әдістемесі бірнеше сатыларды қосады. Ең бірінші функционалды есептерді, функционалды іс-әрекеттерді, ішкі құжат айналымын, ақпараттық топтар мен ақпараттық іс-әрекеттерді анықтау мақсатында өндірістің құрылымдық бөлімшелерін тексеру және зерттеу жүзеге асырылады. Осы ақпаратты зерттеу негізінде бөлімшелердің жұмыс істеу технологиясының функционалды-ақпараттық модельдері құрылады, содан кейін өндірістің жұмыс істеу технологиясының біркелкі функционалды моделі ретінде бөлімше жұмысы технологиясының біріктірілген функционалды моделі орындалады, сонымен қатар өндірістің біркелкі құжат айналымының ақпараттық моделі құрылады. Жұмыстың осы кешенін орындау нәтижесінде өндірістің құрылымы мен технологияны жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастырады. Ақпараттық жүйенің өзін құру үшін максималды мүмкін деңгейде бизнесті автоматтандыратын стандартты қолданбалы программалар пакетін қолдану ұсынылады: • "клиент-сервер" ақпараттық технологиясы бойынша корпоративті құжат айналымы мен операциялар; • электронды құжаттармен басқару; • қиын ақпараттық жүйелерді жобалау, модельдеу және анализ; • іс-әрекеттің экономикалық (бағалық) анализі; • жаңа технологиялардың өндірісі мен тиімділігін бағалау; • шешім қабылдауды қолдау жүйесін құру. Қиын ақпараттық жобаларды іске асыру үшін алуан түрлі периферийлі құрылғылары бар жүздеген компьютерлер құру, есептеу жүйелерін бөлу және жергілікті жүйелерді құру, арнайы программалық қамтамасыз етуді меңгеру қажет. Нарық өзгерсе – компьютерлік қосымшалардың даму стратегиясы өзгереді. Кәсіпкерлер өздерінің мәселелерін шешу үшін компьютерлік нарыққа жүгінеді. Осы нарықта әр түрлі қиын шешімдерді қабылдау негізінде бағаны қосатын жүйелік интеграторлар мен осы әдістерді сатушылар, программалы- аппараттық әдістерді шығаратын өзара қарым-қатынас жүйесін құрады және жетілдіреді. Компьютерлік нарық қамтамасыз ететін шешімнің бес түрлі деңгейін бөліп қарастыруға болады: • керекті ақпараттық жүйе конфигурациясын өз бетімен құру және ұйымдасқан компьютерлік техниканың таралу каналдарында программалы- аппараттық әдістерінің жеке модельдерін иелену; • өндірістерге назар аудару – білікті мамандар қызметін ұсыну негізінде шешімнің бағасын қосатын жүйелік интегранттарға; программалы-аппараттық әдістердің жеке модульдерін алу және қажетті конфигурациясы бар ақпараттық жүйені өз бетімен құру; • ақпараттық проектілерді орындау және мамандандырылған шағын дербес өндірістердің программалы-аппараттық әдістерін дайындауы бойынша қызмет көрсету, одан да тиімді жалпы және жеке ақпараттық мәселелерді шешу Соңғысы аутсорсинг (ағылшын тілінде outsourcing “әдістерді тартып шығару” "откачка средств" деген мағынаны береді) арнайы атауын алды. "Аутсорсинг" терминінің мазмұны кәсіпкер аппаратты-программалық кешен бойынша барлық есептерін сыртқы өндірістерге жүктегенде, ал өзі осы кешеннің ақпаратын ғана пайдаланатын осындай жұмыс әдістемесін анықтайды. Кәсіпкердің келісімі мен тапсырмасы бойынша сыртқы өндіріс кез келген мүлтіктерді жояды және қажетті жағдайда модернизация (жаңарту) жүргізеді. Аутсорсинг сыртқы өндірістерден ақпараттар тобын өздігінен алуды, ал өздігінен құрылмаған және техникалық кешендерді енгізуді жобалайды. Дәріс №21, 22 Тақырып: Қаржылық – экономикалық ақпараттық жүйелер Дәріс сұрақтары: • Қаржылық институттар және оларды ақпараттық қолдау. • Бухгалтерлік есепті автоматтандыру проблемалары. Нарықтық экономикаға көшу кезінде қаржы рөлінің өсуі бизнесті автоматтандыруға ықпалын тигізбей қойған жоқ. Қаржылық ахуал есебі және өндірістің даму динамикасының анализі басқарудың бизнес-процестерінің кілті болып табылады. Ақпараттық технологиялар осы процесті жеделдетуді, жоғарыда тұрғандар мен салық органдарының алдында әр түрлі саладағы өндірістердің есептерін дайындау кезінде жылдамдығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Батыста көбінесе бухгалтерлік есептің халықаралық жүйесі негізінде сыртқы есептерге, сонымен қатар өндірістерді басқаруға негізделген ішкі есептерге көңіл бөлінеді. 1. Қаржылық институттар мен олардың ақпараттық қолдауы Экономиканың тамыры ретінде қаржының рөлі барлығына белгілі. Төлемнің жеделдетілуі қазіргі есептеу техникаларының, телекоммуникациялардың және информатиканың жетістігін пайдалануынсыз мүмкін емес. Ақпараттық технологиялар жиналған сұрақтардың ішінен көбін шешуге шақырылған. Қаржылық қызметтің негізгі субъектілері нарықта көрсетілген және олардың арасындағы қарым-қатынастар суретте келтірілген. Төлемдер ағыны құжаттар ағыны ретінде заңды жүзеге асады. Банктік қызметтің негізгі принциптері – есеп, бақылау және сақтау – басқа қаржылық институттардың құжат айналымдары үшін де сипатталады. Қаржылық қызметті автоматтандыру ең бірінші дәстүрлі қағаздық құжаттардан тыс электронды құжаттар және электронды көшірмелер енгізуді анықтайды. Бұл төлем құжаттарына жатса, сонымен қатар материалдық есеп құжаттарына да жатады. Сонымен, есепті автоматтандыру көп операцияларды жоюға, сонымен қатар құжаттардың қағаздық (қатты) көшірмелерін автоматтандырылған дайындығына бағытталған, бұл жағдайда – қаржылық. Бұл дұрыс орындау және есеп бақылауына, сонымен қатар қағаздық архивтерді ұйымдастыруға бағытталған есептерді дайындауға байланысты. Автоматтандырудың негізгі принциптерінің бірі барлық қызыққан тұлғаларға құжаттарды бір рет енгізу болып табылады. Мысалы, шындығында төлемдік тапсырма үшін ақпаратты енгізу өндіріс - төлемшіде бір рет болу және сауда банкісінде, банкінің есеп-кассалық орталығында және т.б. қайталанбау керек. Қазіргі автоматтандыру жағдайы мұндай технологияны барлық жағдайда қолдамайды, өйткені өзінің кейін көп операциялар санын қажет етеді. Автоматтандырылған жүйелердің даму қажеттіліктерінің маңызды факторы басқармалы есепті пайдалануына менеджерлердің бағдары қызмет етеді. Бұл көп жағдайда барлық ақпараттық жүйелер шеңберінде біркелкі ақпараттық кеңістік деп аталатын интегралдық жүйені құруды талап етуін анықтайды. 2. Бухгалтерлік есепті автоматтандыру мәселесі. Қазіргі өндірістер анағұрлым қаржылық ағымдар санына ие болып отыр. Қағаздық құжаттарға ие болу, жеделдетілген есеп айырысуды талап ету, қаржылық шарттардың көп қырлылығы, басқармалы есепке назар аудару бухгалтерлік қызметтің автоматтандырылуына практиктердің назар сала қарауын айтады. Бүгінгі күні бухгалтерлер негізінен жаңа ақпараттық технологияларға көшуді үйренді. Дәстүрлі есептен компьютерлікке көшу бухгалтерлік есепте ең бірінші есептер жоспарында, бухгалтерлік желілеу жүйесі, есептемеге тәртіп жүргізуді жоспарлайды. Демек, автоматтандыру барлық қызметтердің анық жұмысына қысым келтірмей, керісінше адамзаттық факторын күшейте отырып тартады. Нарықта кең таралған бухгалтерлік жүйелер жарияланып қана қоймай, сонымен қатар мынандай мүмкіндіктерді көрсетеді: оларды меңгеруде және пайдалануда қарапайымдылығы, ыңғайлылығы және иілгіштігін; шағын өндірістер үшін де, корпоративті құрылымдар үшін де кең қолданылуы; салықты қоса отырып өзгермелі заңдарды баптау және нақты өндіріс есебінің ерекшеліктері; операциялар түрлерінің үлкен терілімі және есептеме формалары; ақпараттың графиктік көріністерімен бірге біршама аналитикалық мүмкіндіктері. Осылардың барлығын бірге қосып алғанда бухгалтер жұмысы жылдамдығының ұлғаюын және тиімділігін анықтайды. Бухгалтерлік жүйенің негізгі функцияларын қарастыра отырып, оның қандай өзіндік ерекшелігі бар екенін атап өту керек: курстық айырымын автоматты түрде қайта санаумен валюталық операцияларды қоса отырып, кез келген қаржылық-шаруашылық операциялар есебі; контрагенттер үшін аналитикалық кодтар мен субтөлемдер, төлемдер бойынша сапалы есеп; баланс формасын баптауды, есептеме формаларын (шаблондарын) құру және редактрлеуді қоса отырып, әр түрлі өндірістердің есептік саясатына жүйені баптау мүмкіндігі; жинақталған сальдо, айналымдарды автоматты түрде санау, журнал-ордерлер, басты кітаптар, баланстар және басқа да жеке есептеме формаларын құру; бірінші банктік және кассалық құжаттардың электрондық көшірмелерін құру, баспаға жіберу және сақтау; есептің қатты (қағаздық) көшірмелерін алу үшін әр түрлі баспаға жіберу түрлері берілген бухгалтерлік есептер бойынша өндірістің қаржылық анализін өткізу үшін есептеме формаларын құру мүмкіндігі және т.б.; Автоматтандырылған бухгалтерлік жүйелермен жұмыс істеу кезінде мынандай мүмкіндіктер пайда болады: салық инспекциясына, әр түрлі қорлар мен Госкомстат органдарына барлық айлық және жылдық есептерді тез дайындау; еңбекақыны санау; негізгі әдістерге есеп жүргізу; қаржылық қызметті анализдеу. Дәріс №23, 24 Тақырып: Банктік ақпараттық жүйелер Дәріс сұрақтары: • Қаржылық институттардың нарықтық экономикадағы міндеттері және оларды ақпараттық қолдау. • Банктік ақпараттық жүйелер классификациясы және оларға қойылатын талаптар 1. Нарықтық экономикада қаржылық институттардың міндеттері мен оларды ақпараттандыру Қазіргі кредитті-ақшалы және қаржылық шаруашылығы бар елдер маңызды құрылымдық өзгерістерді басынан кешіріп отыр. Негізінде, кредиттік-қаржылық институттардың сапалы жүйелері құрылады, экономиканың мемлекеттік және жеке секторларының динамикасында жаңа пропорциялар жинақталады. Банктердің дәстүрлі міндеттері мерзімді салымдарды есеп айырысу әдістеріне тарту, ақылы, мерзімді, қайтарылымды шарттар негізінде қарызға аккумуляцияланған (аккумулированный) әдістерді тарту ету, сонымен қатар өнеркәсіптер мен кәсіпорындар арасында есептеулерді жүзеге асыру. Қазіргі кезде банктік операциялар шеңбері ұлғайды, жиі-жиі алуан түрлі кредиттік-қаржылық мекемелер арасында шекара өшіріле бастады. Ең бірінші клиентпен жұмыс істеу бөлімінде спецификалық ақпараттық қолдауды талап ететін жаңа мәселелер пайда болды. Банктердің дәстүрлі әрекетсіз банктік операциялары есеп айырысудан және депозиттерден, сонымен қатар құнды қағаздармен операциядан тұрады. Қазіргі кезде банктер есеп айырысу операцияларын келесі құралдармен жүзеге асырады: активті банктік операциялар үшін әдістердің ағымды есебіне негізделіп пайдаланумен төлемдік тапсырмасы, чектермен, вексельдермен, аккредитивтермен, пластикалық карточкалармен, қолдағылармен, телефондармен және т.б. жүйелермен жеткізу қызметі, сонымен қатар проценттерді әр түрлі есептеу схемасымен мерзімді депозиттерге заңды және жеке тұлғалар әдістерін тартады. Әрекетсіз операциялардан басқа кредитті сияқты активті операциялардың кең жиынтығы жүзеге асады, онымен қоса: мерзімсіз қарыз операциялары, вексельдермен операция, ырықсыз операциялар, сонымен қатар инвестициялық, лизингтік, трасттік, консалтингтік және т.б. Банктік қызметте даму және көтерілу бәсекелестігі тенденциясын қарастыра отырып, келесі негізгі факторларды бөліп қарастырады: • Банктік қызметтің интернационализациясы, сонымен қатар қазақстандық нарыққа шет елдер банктерінің потенциалды ену і; • Салымдардың дәстүрлі жүйелерін тасымалдайтын капиталдардың жаңа нарықтарын ашу; • Банктік қызметтің диверсификациясы; • Тұтынушылар тобы сегментациисының өсуі; • Жеке спецификалық қаржылық облыстарда банктік емес кәсіпорындар жағынан бәсекелестік; • банктік индустрияға технологияның (ең бірінші автоматтандыру және коммуникация жүйелері) өспелі әсер етуі, әсіресе бөлшек сауда банктік қызметінде; • ақпаратты қағаздық өңдеуден қағазсыз технологияға біртіндеп көшу; • жеке тұлғаларға қызмет көрсету үшін сауда банктері бәсекелестігінің өсуі; • жүйелік банктік өнімдер мен қызметтердің дамуы. Жоғарыда айтылған тенденциялар банктік фактордың дамуына жақын арада тікелей және жанама – ақпараттық технологиялардың дамуына әсер етеді. Қазіргі бизнесте ақпараттың рөлін қайта бағалау қиын, әсіресе банктік қызметте, өйткені фирманың құрылымына қазіргі жуықтауы бизнеске, кадрге және ақпараттық технологияларға негізделеді. Банктік қызметтің ақпараттық қолдауы мыналарды қамтамасыз етуге бағытталған: • банктік қызметтің қайта құрылу шарттарында банктік қызмет нарығына бәсеке қабілеттілігін жоғарлату; • банктің қызметі туралы толық мәліметтің оперативті есебі, кіруді бақылауы және ұзақ уақыт сақтауы және оның аймақтық бөлімшелері; • сыртқы кәсіпорындарға (орталық банк, салық инспекциясы, өндірушілер мен акционерлер және т.с.с) көрсету үшін бухгалтерлік және аналитикалық есептеме құру; • біркелкі ақпараттық кеңістік технологиясын қолдау, сонымен қатар директивті, нормативті және анықтамалық ақпараттар; • клиенттерге қызмет көрсету үшін технологиялық мүмкіндіктерді дамыту. Қажеттілікті дамыған ақпараттық қолдауда банктік қызметті қамтамасыз етудегі автоматтандырылған жүйелер дамуының негізгі тенденциялары анықтайды. Банктік қызметте комплексті автоматтандыруға қазіргі жүйелі ықпал мыналарды қарастыру керек: 1) келісілген концепциялар негізінде автоматтандырылған банктік жүйелердің даму мен бірге жүру, ену, жобалау принциптерін құру жүйелілігі; 2) белгіленген көшу тенденциялары: ← ішкі және сыртқы ортадағы динамикалық өзгерістерге бейімделген қатты жабық жүйелерден ашық жүйелерге; ← банктік жүйелерді құрудан автоматтандырылған банктік технологияларға қалыптастыру; ← есепті автоматтандырудан банктік қызметті басқаруды автоматтандыруға; ← функцияның тіркелген терімін автоматтандырудан банктік қызметтің дамып келе жатқан технологияларын (құжат айналым) автоматтандыруға; 3) бөлінген банктік ақпаратты өңдеу кезінде нақты уақыт режимін қолдау. 2. Банктік ақпараттық жүйелердің классификациясы және оларға қойылатын талап. Қазіргі банктік жүйелерге талаптардың өсу қарқыны бірнеше факторлармен анықталады. Автоматтандырылған банктік жүйелердің тарихи дамуы бірнеше кезеңдерден өтті. Шешімдер кезеңдерінің әрбіреуінен ұсынылып отырған негізгі мінездемелер келесілерден тұрады: • автоматтандырудың бастапқы кезеңі банктік мамандардың автономды мамандандырылған орындарды пайдалануына негізделген; кезең іске асырудың қарапайымдылығын; тез ену мүмкіндігін, өндірушілер командасының аздығын, коммуникациядан практикалық тәуелсіздігін бейнелейді; • біркелкі операциялық күнге көшу – есептемеге негізделген біркелкі банктік бухгалтерияны құруға жолдың нақты қадамы; негізгі қадамдар есептің көпвалюталы ақпараттық жүйесі шеңберінде нығайған есептеме құру болып табылатын; • банк қызметінің және оның клиентінің анализі бойынша мүмкіндіктерін ұяғайтудағы қажеттілік банктік есептің автоматтандырылған жүйесін құруға әкелді; негізгі белгілері: көпфилиалды банктерде аналитикалық мүмкіндіктерін ұлғайтуға негізделу, сонымен қатар клиенттік база анализінің мүмкіндіктері; • қазіргі автоматтандырылған банктік жүйелердің дамуы есептеме анализінің қатынасына және банктік қызметті басқарудың көп функционалды жүйелеріне негізделген; • интегралданған автоматтандырылған банктік жүйелер дамуының тенденциясы ретінде банктік қызметті басқарудың біркелкі бөлінген комплексті адаптивті жүйелерін құруды көрсетуге болады. Интегралданған автоматтандырылған банктік жүйеге қойылатын негізгі талаптар ретінде мыналарды бөліп қарауға болады: • интегралданған автоматтандырылған банктік жүйенің ашықтығы; • негізгі банктік принциптердің сәйкестігі: ← регламентацияланған автоматтандырылған құжат айналым; ← құжаттарды есептеу, бақылау және сақтау бүтіндігі; ← мазмұнды және формальды есептің бүтіндігі; ← аналитикалық және синтетикалық есептің бүтіндігі; ← батыс нормативтеріне мультимвалюталығы және бапталуы; ← қаржылық операциялар өңделуінің тұйық циклі; • біркелкі ақпараттық кеңістіктерді қамтамасыз ету; • нақты қосымшалар мен пайдалануына бапталу, сонымен қатар спецификацияның бапталуы; • банктік қызметтің басқарылуын қамтамасыз ету: ← банктік қызметтің стратегиясын және тактілік дамуын басқару; ← активтер және пассивтер портфелімен басқару; ← ішкі және сыртқы (нарықтар мен қорлар) жағдайларын болжау; ← филиалдар желісінің консолидациясы мен басқарылуы; ← электронды құжат айналымын, құқықты және өкілеттікті билеу; ← сенімділік, қорғаныс және қазіпсіздік; ← пән және құжаттау, еріп жүру және модификациялаудың біркелкі регламенті. Бір мәнді анықталу өздерінің мамандарымен банктің ерекшеліктерін бағалау және мамандандырылған өндірістерде жобалау дамыған технологиялардың бірегейлігі болып табылады. Жүйеде ауқымды ақпараттық-аналитикалық мүмкіндіктерді пайдалануға ерекше назар аудару керек. Бұл өндірістік, ақпараттық және техникалық есептерді шешуге мүмкіндік береді, олар: • сарапшылар және шешім қабылдайтын тұлғалар ақпаратқа оперативті ену; • келесі анализ үшін қолайлы алуан түрлі форматтағы қажет ақпаратты беру. Нәтижесінде: • отандық және шет елдік клиенттер үшін қызмет көрсетудің кең спектрі беріледі; • халықаралық қаржылық операцияларды тиімді жүзеге асыру; • нақты аймақта қажет қызметтер спектрі есебінен бөлімшелер мен филиалдар жұмысының оптимизациясы қамтамасыз етіледі. Автоматтандыру мәселесінің жоғарыда көрсетілген аспектілері сұраққа нақтылы жауап бермейді. Нақты жоспардың және оны іске асырудың өз ерекшеліктері бар және қарастырылған жалпы принциптердің дәлдігін анықтайды. Қорыта келе, жоғарыда айтылғандар банктік ортамен ғана шектеліп қоймайды, сонымен қатар әлдеқайда жалпы белгісі бар. Дәріс №25, 26 Тақырып: Нарықтық қордың автоматтандырылған жүйесі Дәріс сұрақтары: • Бағалы қағаздар нарығын ақпараттық қолдау. • Депозитарлы жүйе. Проблемалар және олардың шешу. • Сауда қорын автоматтандыру. • Инвестициалық процесті ақпараттық қолдау. 1. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ Бағалы қағаздар нарығы қандай да бір инвестициялық жобаны іске асыру үшін инвенторлардың (кәсіпорындар мен жеке тұлғалар, эмиссия шартына тәуелді резиденттер мен резиденттер емес) әдістерін аккумуляциялау (аккумулировать). Бағалы қағаздар нарығын функционалдау Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңымен, Азаматтық кодекспен және басқа заңды актілермен, сонымен қатар бағалы қағаздар және нарықтық қор бойынша көптеген шарттармен жарияланған. Қазақстанда бағалы қағаздардың (БҚ) келесі түрлері таралған: акциялар, облигациялар, вексельдер және сертификаттар. Сонымен қатар, соңғы кездері хабарды саралап тарату туынды бағалы қағаздар алды. Қазақстандық БҚ нарығының кейбір ерекшеліктері мемлекеттік меншіктің жүргізілген чектік жекешелендіруімен түсіндіріледі, яғни бәрінен бұрын заңдық және дәстүрдің жоқ болуы жеткіліксіз нормативті базамен түсіндіріледі. Сонымен бірге жобалар қатары БҚН технологиясының, сонымен қатар ақпараттық технологияның дамуы үшін жақсы негіз болады. Бағалы қағаздар қағаздық немесе қағаздық емес формада шығуы мүмкін екендігін ескеру қажет. Байланыстардың көптігін, БҚН тармақтануын оның ақпараттық қолдауының ерекшеліктері анықтайды. БҚН субъектілерінің ішінен негізгілері ретінде бағалы қағаздар нарығының астыртын биржалық сауда өндірістері мен биржалар, реестробақылаушы, депозитарилерді атауға болады. Төменде айтылған субъектілерді автоманттандырудың кейбір ерекшеліктері қарастырылады. Динамикалы ақпараттың БҚН үшін маңыздылығын және субъектілердің әрбіреуі үшін БҚ-дың бағасын кесу (котировка), оларға ақпараттық агенттіктер немен көмектесетінін атап өту керек. Көрсетілген ақпараттарды берудің дәстүрлі әдістердің бірнеше кемшіліктері бар, олардың негізгісі жеткіліксіз шапшаңдылық болып табылады. "Financial Times" түріндегі газеттерде басылымдар жеке инвесторға жеткілікті, бірақ қорлық нарық операторларын орналастыра алмай отыр. Ақпараттық агенттіктермен телеканалдар бойынша берілетін ақпараттар жеткіліксіз екені айқын, мысалы CNN. Ақпараттық технологияның жетістіктерін пайдаланумен ақпаратарды оперативті жеткізудің қазіргі әдістері көмекке келеді. Нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін күшті ақпараттық жүйелер, операцияны жүргізуге шешім қабылдау уақытымен өлшенетін ақпараттардың бөгелуі – қазіргі дилер мен делдалдардың құралы. Бұл қатарда Reuter және Dow Jons Telerate халықаралық агенттіктер ерекшеленеді. Осы агенттіктермен жеткізілетін қаржылық ақпараттардың ішінен мыналарды атап өту керек: • әлемнің негізгі биржаларында қаржылық және өнеркәсіптік индекстер; • әлемнің негізгі биржаларында өтетін бағалы қағаздар бағасын бағалау; • мемлекеттік бағалы қағаздар мен валюталар бойынша қазақстандық қаржылық биржаларға айырбас туралы мәліметтер; • өтетін корпоративті бағалы қағаздар бойынша айырбас туралы мәліметтер ; • биржалық емес нарық туралы мәліметтер. Содан басқа динамикалық өзгермелі агенттіктің фактографиялық ақпаратты, сонымен қатар статистикалық және аналитикалық ақпараттарды жеткізеді. Internet-те Web-сервер мүмкіндіктері кең пайдаланылады. Көрсетілген ақпаратты пайдаланушылар қаржылық институттар (банктер, инвестициялық компаниялар, биржалар және т.б.), сонымен қатар өздерінің немесе өздері айналысатын актив портфельдерін басқаруды бақылайтын ірі инвесторлар болып табылады. Ақпараттық қаржылық қызметтер нарығы интенсивті дамып келеді. Потенциалды инвесторлар (және потенциалды эмитенттер) сияқты бизнесмендер үшін ең үлкен қызығушылық депозитарлы есеп және банк саудасының өндірісі табылады, ерекше назарды осы мәселелерге аударамыз. БӨЛІНГЕН ДЕПОЗИТАРЛЫ ЖҮЙЕ. МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШІМДЕР. Депозитаридің негізгі белгісі акционерлердің бағалы қағаздарын сақтау және осылармен байланысқан операциялар жүргізу болып табылады. Акционерлер әр түрлі аймақтарда болғандықтан инвесторлардың кең айналымын өзіне қаратуға негізделген депозитарилер инвесторға жақындатылуы керек. Депозитаримен бөлінген желілерді құру мысалын қарастырайық. Депозитарлы желі (ДЖ) Қазақстанның көптеген аймақтарында қызығушылығы бар ірі акционерлік қоғамдардың (АҚ) акционерлерімен жүмыс істеу үшін арналған деп есептейік. Потенциалды ДЖ Қазақстанда да, сонымен қатар шет елдерде де басқа бағалы қағаздармен жұмыс істеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Чектік аукциондар нәтижесінде акцияларға ие болған, АҚ қызметкерлері ішінен акцияларға жазылу кезінде акционерлерге ыңғайлылық қамтамасыз етуге арналған, сонымен қатар қайталанатын нарықтар мен мүмкін болатын қайталанатын эмиссияларда акцияларды жариялау нәтижесі бойынша акционерлерге жақындатылған мүмкіндігі бойынша депозитарлы желі құрылады. Депозитарлы желілерге негізгі талаптар: • негізгі аймақтар бойынша тең өлкелік бөлінген бірнеше миллион адамдар қатарында ақпараттық мәліметтермен жұмыс істеуді қолдау; • дауыс беру бойынша агенттер мен өздерінің аймақтарындағы төлем, депозитарий, реестроұстаушылар функциясы қатарында аймақтық депозитарилер құрудың бөлінген схемасын қолдау ; • қайталанатын қаржылық нарығындағы ДЖ шеңберін қамтамасыз ету; • әрекеттегі заңдармен қарастырылған мерзімде операцияларды жүргізу жылдамдығы; • қайталанатын эмиссиялармен бірге жүру мүмкіндігі; • реестроұстаушылар қызметімен дауыс беру бойынша агенттер қызметтерінің келісушілігі. Сонымен қатар, жүйе біркелкі технологиялық негізде депозитариды ғана емес, депозитарлы желілер субъектілерінің іс-әрекеттігінің біркелкі құрылымы ортасындағы тіркеушілер барлық қызмет ету спектрін қамтамасыз ету керек (2.17-сурет). Эмитенттің негізгі функциялары болып мыналар табылады: • эмиссия проспектісін дайындау (бірінші және екінші жариялау); • реестроұстаушылар, дауыр беру бойынша агенттер мен депозитарилермен келісім-шартты дайындау және келісу; • депозитарлы желі ортасындағы іс-әрекеттердің регламентімен келісу; • акционерлерді жиналыс күніне шақыруды анықтау; • АҚ жарлығымен сәйкес акционерлер жиналысын өткізу; • дивиденттерді төлеу шарттары бойынша алдын-ала ұсыныстарды анықтау; • тіркеушіге дейін акционерлердің жалпы жиналысындағы шешімдермен сәйкестендірілген дивиденттерді төлеу шарттарын жеткізу ; • төлем бойынша агенттер арқылы акционерлерге дивиденттерді төлеуге арналған әдістерді санап шығу; • нарықтағы қоғамның акцияларын басқару стратегиясын анықтау. Эмитент реестроұстаушыдан есеп пен қоғамның бағалы қағаздар нарығының ахуалы туралы жедел ақпаратты алады. Операцияны санап шығу ақпараттық қолдауды қажет етеді. Телекоммуникация әдістері ретінде қол жетерлік телефондық линиялар, сонымен қатар байланыстың технологиялық және сауда-саттық әдістерімен қоса аймақтарға жетімді арнайы байланыс әдістері пайдаланылады. Байланыстың максималды біртектес әдістері мен экономикалық мақсатқа лайықтылығын талап ету ұсынылып отыр. ДЖ-ні құру кезінде мүмкін болатын альтернативті архитектуралық шешімдер анализі көрсеткендей, көп қызығушылықты келесілер көрсетеді: орталықта (орталықтандырылған вариант) транзакцияны қамтамасыз етумен есепті-депозитарлы орталығындағы (ЕДО) орталықтандырылған депозитарлы мәліметтер базасы; ЕДО арқылы («жұлдыз» варианты) аймақ аралық транзакция өткізумен аймақтық депозитаридегі бөлінген депозитарлы мәліметтер базасы; аймақтық депозитарий (бөлінген) арасында ақпаратпен тікелей алмасудағы бөлінген депозитарлы мәліметтер базасы. Жоғарыдағы варианттарды қамтамасыз етуге салыстырмалы талаптар 4-кестеде көрсетілген: |Вариант |Режим|Қамтамасыз етуге салыстырмалы талаптар | | | |телекомму|программал|техникал|өндірістікк|ақпаратты|Синхрониз| | | |никациялы|ыққа |ыққа |е |ққа |ация | | | |ққа | | | | | | |Орталықтанды-|On-li|Жоғарғы |Жоғарғы |Аса |Орташа |Жоғарғы |Жоғарғы | |рылған |ne | | |жоғарғы | | | | |"жұлдыз" |Off-l|Орташа |Орташа |Орташа |Аса жоғарғы|Аса |Орташа | | |ine | | | | |жоғарғы | | |Бөлінген |Off-l|Аса |Орташа |Орташа |Жоғарғы |Орташа |Төменгі | | |ine |жоғарғы | | | | | | Кестеде көрсетілген талаптар анализі, сонымен қатар шектеулері бар есеппен оларды қамтамасыз ету бойынша мүмкіндіктері, оның ішінде өндіру мерзімі бойынша көрсеткіштер «жұлдыз» түріндегі архитектура өндіруге төмен бағалар мен жобаны өндіру мерзімі кезінде телекоммуникация әдістеріне қатал талаптар қоятынын көрсетті. Қазақстанда дамыған коммуникацияның халықаралық әдістері, байланыстың спутниктік каналдарын пайдалану бойынша кең мүмкіндіктерімен қоса, сонымен қатар осы каналдар бойынша бөлінген транзакция қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде жаңа буын программалық жабдықтарын енгізу есебінен қызығушылықты орталықтандырылған вариант көрсетеді. Бөлінген вариант ең бірінші құқықтық және нормативті регламентациялауды қажет етеді. Депозитарлы желінің ақпаратты-есептеуіш комплексінің аппаратты-программалық әдістеріне жалпы талап мыналарды қамтамасыз ету болып табылады: • аппаратты-есептеуіш комплекстер шикізатын тұтынушылардың пайдалануы, мысалы қайталанатын нарықтағы бағалы қағаздарды тұтынушылар; • электрондық пошта шеңберінде минимум ретінде аппаратты-есептеуіш комплекс тұтынушыларының телекоммуникациялық қызметі; • Депозитарлы жүйе субъектілерінің аппаратты-программалық әдістерімен технологиялық және ақпараттық келісушілік; • Кез келген программалық және аппараттық түрлердің істен шығуы және қабылданбауы кезінде ақпараттың сақталуы; • бүтіндей депозитарлы желі бойынша, сонымен қатар оның жеке бөліктерінде қорғаныстың программалық, техникалық және өндірістік шара қолдануы ретінде санкциоланбаған пайдаланушыдан ақпаратты қорғау. Депозитарлы жүйені программалық қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптарды толықтай қарастырайық. Программалық әдістерді таңдау жүргізілетін ірілендірілген көрсеткіштер тізімі келесілерді қосады: 1. акционерлердің жеткілікті санымен (миллионан аса) жұмыс істеуін қолдау; 2. жұмыстың желілік режимін қолдау; 3. ҚР банкісінің кепілдемесімен сәйкестендірілген есеп жоспарын қолдау; 4. Банктік ақпараттық жүйеге ақпаратты беру мүмкіндігінің бары, ең құрмағанда «пошталық» жәшік жүйесі арқылы; 5. Шығатын құжаттар модификациясы мен баптауы бойынша мүмкіндерінің бары; 6. Депозитарлы жүйелер регламентімен қарастырылған негізгі технологиялық операцияларды қолдау; 7. Тез қол жететін аймақтарда орналасқан өңдеушіге басымдылықпен негізделген; 8. Ақпараттық жүйеге құжаттың бар болуы мен депозитарлы қызмет ортасында программалық өнімдерді пайдалану технологиясын сипаттау; 9. Жүйені эксплуатациялау процесінде қосымша талаптар бойынша жұмысты аяқтау мүмкіндігі; 10. Программалық өнімді қамтамасыз ету; 11. Тұтынушыларды оқыту бойынша мүмкіндіктердің бар болуы. Қаржылық нарық үшін программалық әдістердің классификациясы 2- кестеде көрсетілген. |Ақпараттық жүйе |Белгілеуі |Қолдауы бар функциялар. | |Электронды |Көптеген эмитенттерге қызмет|Акционердер реестрларына | |депозитарий. |ету. |кірістіру. | | |Акционердер реестрларына |Эмитенттер есебін кірістіру. | | |кірістіру. |Бағалы қағаздармен кез келген | | |Бағалы қағаздардың әр |операцияларды тіркеу. | | |түрімен жұмыс істеу . |Бағалы қағаздардың әр түрлері | | |Бағалы қағаздарды жариялау. |бойынша дивиденттерді есептеу. | | |Қайталанатын нарық |Төлем құжаттарын дайындау. | | |операцияларын бақылау. |Жариялау және төлеу бойынша есеп.| | |Тіркеушінің жойылған |Жойылған пункттер бойынша жиынтық| | |пункттеріне қызмет ету. |есеп. | | | |Қорлық технологияны қолдау. | | | |Салықты есептеу. | |Акционерлер |Эмитенттер тобына қызмет |Акционерлер реестрын кірістіру. | |реестрі |көрсету. |Жеке есепті кірістіру. | | |Акционерлер реестрын |Бағалы қағаздармен дәлелденген | | |кірістіру. |операцияларды тіркеу. | | |Бағалы қағаздарды енгізу. |Бағалы қағаздардың әр түрі | | |Қайталанатын нарық |бойынша дивиденттерді есептеу. | | |операцияларын бақылау. |Кірістіру және төлеу бойынша | | | |есеп. | | | |Салықты есептеу. | |Аналитикалық |Портфельмен басқару. |Инвестиция тиімділігін бағалау. | |жүйе. |Конъюнктураны бағалау. |Статистикалық анализ. | | |Бағалы қағаздар эмиссиясы |Болжау. | | |проспектісін құру және |Эмиссия программасы. | | |зерттеу. | | |Электронды сауда|Клиентке қызмет ету. |Тапсырыс алу. | |өндірісінің |Сауда-саттық механизмдерін |Тапсырысты өндеу. | |жүйесі. |өндіру. |Тапсырысты іріктеу | | | |(приоритеттілік). | | | |Келісім-шартты дайындау. | Бұдан былай негізгі назар электронды депозитарийдің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін программалық әдістерге көңіл бөлінеді. 3. САУДА ҚОРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ. Бағалы қағаздарды сату сауда биржаларындағыдай (биржа бөлімшелерінде), биржалық емес нарықта жүзеге асады. Сауда биржалары өндірістік бағалы қағаздар нарығын көрсетеді. Олар мыналарды қамтамасыз етуге шақырылады: • Бағалы қағаздар нарығының мөлдірлігі; • Бағалы қағаздармен және оларға ұқсас сауда келісімін жасауға арналған шарт. Биржалық сауданың айрықша белгілері: • Сатып алу-сату пәні болып табылатын құндылықты ауыстырады; • Сауда орнына сатып алу-сату пәндерінің физикалық жоқтығы; • Келісім-шарт жасау ережелерінің унификациясы; • Келісім-шарт жасау кезінде контрагенттер түр, сан және бағасы туралы ғана келісушілікке қол жеткізеді, ал форвардты келісім-шарт кезінде – сонымен қоса сатып алу-сату пәнін жеткізу мерзімі туралы. Келісім мұндай шарты биржада сауданың үлкен айналымдарын қамтамасыз етеді. Екі бағыт бойынша қорлық биржаның функциялары төменде көрсетілген: |Капитал айналымы |Капиталды бағалау | |Ұсыныс және сұраныс қиылысуы. |Бағалы қағаздарды сатып алу-сатуға әр | |Капиталды салуға арналған |түрлі ұсыныстарды аккумуляциялау. | |мүмкіндіктердің өтетін әдістерін иесіне |Нақты экономикалық ахуалға сәйкес курсты| |беру. |(бағаны) қалыптастыру. | |Бағалы қағаздар ұстаушыларға оларды |Әдісті нарық мөлдірлігін қамтамасыз | |өтімдіге айналдыруға арналған |ететін есепке негізделген бағаны кесуді | |мүмкіндіктер беру. |күнделікті жариялау. | Биржалардағы бағалы қағаздар курсының динамикасы ағымды экономикалық және саясаттық жағдайларды инвесторлармен бағалауды және нақты эмитенттердің экономикалық ахуалын бағалауды көрсетеді. Операцияны жүргізу ережесі биржаны басқарумен шығарылады. Бұл ережелер берілген биржада келісім-шарттар жасау ретін реттейді және кез келген шарт жасасқан биржаның ажырамас бөлігі болып табылады. Ережелер орнатады, мысалы, шарттың орындалуының түрі, формасы және белгісі,дивидентті төлеу аралығындағы тапсырманы орындау реті, бағалы қағаздар конверсиясына құқықты өндіру немесе бағалы қағаздарды қосымша сатып алу және т.б. Сонымен қатар, келісім-шарт жасау шарттарына байланысты курс тербелісінің шегі қойылады, демек шарттың нақтылы орындалу уақыты мен әдісі. Биржалық сауданың ақпараттық жүйедегі негізгі подсистемалары: • Тапсырысты жеткізу және сауданы қолдау подсистемалары; • Клиринг подсистемасы; • Депозитарий подсистемасы; • Нарық ахуалы туралы ақпарат подсистемасы; • Нарықты қадағалау подсистемасы. Кредитті институттар биржалық сауданың барлық түрлеріне кіретін бағалы қағаздармен саудалық операцияларды жүзеге асыруға, сонымен қатар биржалық саудаға кірмейтін немесе биржаларда бағасы кесілген бағалы қағаздармен жүзеге асыруға құқылы. Саудалық операциялар жүргізу кезінде бағалар жақтар (банктер, маклерлер, клиенттер) арасында келісім бойынша анықталады. Келісімдер мыналарды іске асырады: • Телефон бойынша (ондай келісімдерге қатысушылар ірі инвесторлар болып табылады, мысалы, әр түрлі қорлар мен инвестициялық компаниялар, ал телефондық келісімдер пәні болып облигациялар қызмет етеді және кредиттік бағалы қағаздар); • Электронды жүйелер арқылы; • Банкта – мұндай әдіспен банк облигациясын, коммуналдық облигация, кепілдік қағазды және т.б. сату және алу кезінде банк клиенттері пайдаланады. Ақпараттық жүйелер қайырымды бағалы қағаздар нарығының мөлдірлігін өсіру және әдістердің айналымын ұлғайту үшін арналған. Инвестициялық институттардың, сонфмен бірге банктердің бағалы қағаздарын сату үшін арнайы бөлімшелер мен мекемелер құрылады. 4. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТІ АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ. Дамудың негізгі тенденциялары интегралданған банктік жүйелерді құру тенденциясына ұқсас. Одан ары сәйкес шешімнің архитектурасы көбінесе ұқсас, ал программалық модельдерді толтыруды қалыптастыруда түйіндес сұрақтар жүйенің технологиялық мұқият талқылауы болып қалады. Телекоммуникация жүйелеріне қойлатын негізгі талаптарды атап өту керек: олар банктік жүйелер үшін әлдеқайта қатты. 1. Құжатсыз бағалы қағаз — құжатсыз формада (элекстронды жазу түрінде) шығарылған бағалы қағаз; 2. Қайталанатын бағалы қағаздар нарығы — орналастырылған бағалы қағаздарды ескеру процесінде бағалы қағаздар нарығының субъектілері арасында қалыптасатын қатынас құқығы; 3. Құжаттық бағалы қағаздар — құжаттық формада шығарылған (арнайы техникалық әдістерді пайдалануынсыз бағалы қағаздық мазмұнын оқу мүмкіндігімен қағаздық немесе басқа материялық идеяны қолданушы) бағалы қағаздар; 4. инвестициялар — лизинг келісіміне отыру кезеңімен лизинг пәнін қоса отырып, сонымен қатар заңгер тұлғаның бастапқы қорында инвесторлармен салынатын құқықтар немесе кәсіпкерлік қызмет үшін қолданылатын активтердің өсуін қоса отырып, барлық мүлік түрлері; 5. опцион — белгіленген формадағы бағалы қағаз, сатып алушы келісілген баға бойынша опционда айтылған базалы активті сату немесе салып алуда белгіленген уақыт өткеннен кейін құқығына ие болады; 6. басты бағалы қағаздар нарығы — қайталанатын бағалы қағаздар нарығында эмиссиондық бағалы қағаздармен алдында алынған эмиссионды салу шектеуінен басқа эмитенттің жарияланған эмиссиондық бағалы қағаздарын салу; 7. биржалық қор — сауданың берілген ұйымдастырушысының саудалық жүйесін пайдаланумен, оларды тікелей жүргізу жолымен сауданы өндірістік және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын акционерлік қоғамның өндірістік-құқылық формасында құрылған заңды тұлға; 8. фьючерс — өндірістік бағалы қағаздар нарығына негізделген бағалы қағаздар, сатып алушы келісім шарттарымен сәйкестендірілген базалы активті сату (сатып алу) мерзімі өткеннен кейін өзіне міндетті алады. 9. Бағалы қағаз — мүлік құқығын қанағаттандыратын анықталған жазбалар мен басқа белгілеулер жиынтығы; 10. орталық депозитарий — қаржылық институттармен келісім жасауды іске асыруды, қаржылық институттар бойынша депоненттердің құқықтарын растау және бақылауды, қаржылық құралдарды сақтау және дематериализациялауды, сонымен қатар депоненттер арасында қаржылық құралдармен келісім бойынша клиринг, яғни сәйкес лицензия беретін бағалы қағаздар ұстауыш реестрлер жүйесін кірістіруді жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар. Дәріс №27, 28 Тақырып: Басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі Дәріс сұрақтары: • Интегралданған басқарудың ААЖ концепциясы. • Интегралданған ААЖ қойылатын негізгі талаптар. • Басқару есептерін кешенді шешудің критикалық факторлары. • Ақпараттық жүйелер архитектурасының кейбір ерекшеліктері. Ақпараттық жүйелердің дамуы бизнестің талабын және динамикасын бейнелейді. Басқару сапасының өсуіне қажеттілік бизнесімен, нақты бизнес- процестермен ақпараттық процестердің сәйкестігі, соның ішінде құжат айналымының жылдамдығы мен басқару шешімдерін қабылдауға дайындық қазіргі ақпараттық жүйенің дамуына арналған кілт болып табылады. Қазіргі бизнесте табыс факторы бизнес стратегиясы, еңбек ресурстары, ақпараттық жүйелер болып табылады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (ААЖ) бизнес стратегиясын өндіру кезінде байланыстырушы түйіні ретінде, басқаруды өзгерту, қызметшілер мен кәсіпорын стратегиясын табысты іске асыруында белгілі бір рөль ойнайды. Бизнесті басқаруды қолдауға негізделген интегралданған автоматтандырылған жүйелерді дамыту концепциясы да маңызды. Интегралданған басқармалы ААЖ концепциясы Ақпараттық стратегияның құрылуы бизнестің тиімділігін жоғарлатуға, оның бизнесінің барлық жағын стратегиялы үйлестіруіне бәсеке қабілеттілігі негізделген. Бұл бизнесті оптимизациялауға, сонымен қатар жұмыс нәтижесін комплексті жақсарту үшін ақпараттық технологияларды, еңбек ресурстарын және басқару қызметінің мүмкіншіліктерін біріктіруге қабілеттілігін көрсетеді. Кәсіпорын қызметінің басты мәселесі: өнімнің күрделілігі мен алуан түрлілігі және қызметі; клиенттерге қызмет көрсетуі бойынша алуан түрлі талаптар; нарықтардың масштабы және күрделілігі; заңдардың динамикалық өзгеруі; капиталды өсіру және еңбек ресурстарының дамуы; өзгермелі жағдайларға оперативті реакциясындағы қажеттілік болып табылады. Ақпараттық жүйелерді пайдалану өндірістердің бәсеке қабілеттілігін жоғарлататын факторларға негізделген: әдістерді тиімді орналастыру; өнімнің өзіндік құнының азаюы және шығындарды реттеу; маркетингтің тиімділігін жоғарлату; нарықтық қауіп-қатерді реттеу және т.б. Концепцияның жүйелі бағдары Ақпараттық жүйелерді құру жүйенің өмірлік циклінің барлық кезеңінде өңдеушінің жүйелі бағдарын талап етеді. Жүйелі үйлесім мыналарды қарастырады: ААЖ дамуының концепциясын анықтау; жүйенің даму концепциясы негізінде технологиялық платформаларды өңдіру; бизнес-процестер жүйесінің моделі мен бизнес-ережені өңдіруді қалыптастыру; бизнес және бизнес-ережені басқару жүйесінің жұмыс істеу ережесін (регламентін) жаңарту; комплекстік компьютерлеу нәтижесінде барлық өндірістер мен қызметшілер жұмысының жаңа кезеңдерін сапалы ендіруі бойынша арнайы жұмыстар жүйесін құру. Табыс көбінесе өндірістердің арнайы жұмыстарына байланысты болады, оларды өткізуге жауапкершілікті және бақылауды бөлу бойынша фирманың мақсаты мен міндеттерін негіздеу кезінде күш сала отырып, жоғарғы басшылық дайын болуы керек. Келесі жүйелі үйлесімді пайдалану: концепцияны жетілдіруді және бекітуді; пәндік облыстағыдай компьютерлік жүйелер құру облысында білімді қажет ететін архитектуралық шешімдер қабылдауды; технологиялық платформалар таңдауды, жүйелі техникалық әдістер мен жобалау технологияларын; «жоғарыдан төменге» әдісімен ақпараттық жүйелерді жобалауды; Технологиямен бірге құжатнаманы параллель құруды; Ендіру және дамыту жоспарларын құруды ; қажет етеді. Интегралданған ААЖ-не негізгі талаптар Интегралданған ААЖ-ге қойылатын негізгі талап ретінде мыналарды қарастыруға болады: 1) ААЖ-ң ашықтығы, сонымен қатар: қосымшалардың масштабталынуы (басқа объектілерге тасымалдау, мобильділік); нақты тұтынушылар мен нақты техникалық платформаларға қосымшаларды сәйкестендіру (есептеуіш және операциялық жүйелерге); бөлінген құрылымда тұтынушылар интерфейсі мен функционалды мүмкіндіктерінің бапталуы; 2) бизнестің негізгі принциптеріне сәйкес: регламенттелетін автоматтандырылған құжат айналым; құжаттарды есептеу, бақылау және сақтау бірлігі; мазмұнды және формальды есептің бірлігі; аналитикалық есептің бірлігі; мультивалюталық және батыс нормативтеріне бапталу; 3) бірдей ақпараттық кеңістікті қамтамасыз ету: тұтынушылардың кеңістікті бөлінуі; нақтылы уақыт режимінде ақпараттық жүйені функционалдау; кеңейтілген ауқымды телекоммуникациялық мүмкіндіктер; ішкі жүйелік ақпараттық байланыс; интерфейстердің көптігі; олардың техникалық өңдеуінің виртуалдылығы мен біртектілігі 4) нақты қосымшалар мен тұтынушаларға бапталу, сонымен қатар спецификацияның бапталуы: құрылымның, құрамның, функцияның және өкілеттіктің сипатталуы; пайдаланушы интерфейсі (формалар, есептер, менюлер); коммуникацияның әр түрлі схемалары үшін интегралданған жүйелерде мәліметтерді беру (жергілікті, корпоративті және ауқымды есептеуіш желілері, on-line және off-line сеанстары, электронды пошта); сервистер (ақпаратты қорғауды және әрекеттестік регламенттерін қоса); жүйеаралық интерфейстер; 5) бизнесті басқаруды қамтамасыз ету: дамудың стратегиясы мен тактикасын басқару; ішкі және сыртқы орталардың ахуалын болжау (нарықтар мен қорлар); филиалдар жүйесінің мен қосалқы өндірістер нысанасы және олардың басқарылуы; қорлармен, активтер мен пассивтер портфельдерімен басқару; электронды құжат айналымды, құқықты және өкілеттікті билеу; 6) сенімділік, қорғаныс және қауіпсіздік: бөліктермен сақтау, сонымен қатар техникалық және ақпараттық көшірмесін алу (резервті ақпараттық орталықты құруды қоса); қорғаныс деңгейлерінің көптілігі; жеке операциялар мен функциялар өткізуге арналған жүйелеріне енуге бақылау және авторизация; операция және құжат айналым журналын жүргізу; 7) құжаттаудың біркелкі регламенті, техникалық қамтамасыз ету және модификация. 8) анализдің көпдеңгейлі және көпаспектілі жүйесі мен иілгіш және жетілген графикалық тұтынушылық интерфейспен шешім қабылдауға дайындық. Жоғарыдағы талаптарды іске асыру және интегралданған ААЖ-ң құрылымдық, функционалдық толықтығын қамтамасыз ету үшін жобалаудың бірнеше принциптерін сақтаумен жобаны іске асыру керек. 1) бірінші басқарушының принципі, ол мыналарды қарастырады: концепцияны қарастыру мен бекіту және даму стратегиясы кезінде нақты өкілеттіктің жоба басшысында болуы; жобаның мерзіміне, технологиясына және толықтығына бақылау жасау; өкілеттікті қайта бөлу мүмкіндігі; жобаға қатысатын қызметшілерді дайындау және қайталап дайындау; жоба жүйесінің өмірлік циклінің барлық сатыларында бөлімшелер күшінің координациясы; 2) ААЖ-ді құруға, модификациялауға жүйелі ықпал жасау келесілерді білдіреді: бизнесті дамыту концепциясы мен стратегиясының келісуін және жетілдіруін; АЖ концепциясын құруды; АЖ жобалау (құрылым, құрам және функция) технологиясын бірыңғайлауды, оның ендірілуі және жүйенің бөліну есебімен пайдалануды; жобаның комплекстілігі мен интерактивтілігін; 3) жобалық спецификация мен технологияның ашықтығы; 4)Қазақстанда және шет елдердегі өнімдер мен қазіргі бизнес және ақпараттық технологиялар бойынша комплексті маркетингтік зерттеулер жүргізу; 5) экономикалық мақсатқа лайықты жобалар принципімен қоса: ұсынылып отырған шешімдердің үнемділігі мен өнімділігінің анализі; ішкі және сыртқы ортада өзгеріліп отыратын шарттарға бейімделіну; жаңа өнімдер мен қызметтерге қолданылатын жүйелердің даму мүмкіндігі; алда келетін бизнес-технологиялар мен өнімдерге негізделу; тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыру; 6) жобалау және құжаттау процестерін интсрументальды қолдау, сонымен қатар: өмірлік циклдің барлық сатыларында ААЖ жобасын автоматтандырылған құжаттық қамтамасыз ету; электронды құжат айналым; шешім мен технологияны стандарттау және бірыңғайлау; 7) концепция стандартымен сәйкес келетін жоба стандартын құру және қолдауымен қоса: ашық жүйелердің негізгі стандартын қолдау; берілген басқа жүйелерге өзара әсері мен енуінің иілгіштігі, сонымен қатар интегралданған жүйелер ортасында; жобалау және баптау, бейімделу, көшірілу иілгіштігі; оперативті жәрдем, соңғы тұтынушының пайдалану қарапайымдылығы. Басқармалы есептерді комплексті шешудің факторлары Интегралданған ААЖ құру стратегиясын жетілдіру кезінде төрт факторды атап өту керек. Уақыт факторы. Барлық қызмет түрлері үшін қазіргі ақпараттық қамтамасыз етудің стратегиялық маңыздылығы есебі мен бәсекелестіктің өспелі деңгейін АЖ құрудың бірінші сатыларында аяқталып, оның эксплуатациясының бірінші нәтижелері жүйені жетілдіру туралы шешім қабылдаудан кейін және оны қаржыландыру бастамасын қысқа мерзімде алу қажет. Жетілдірудің өзі максималды қысқа мерзімде аяқталу керек. Уақыт факторы жүйені эксплуатациялау процесінде назарға алыну керек, өйткені шешімді қабылдау және оның анализі үшін пайдаланушыға ақпаратты уақытында жеткізу және бизнесті басқару сапасы бәсекелестердің өсу шарттарында табыстың стратегиялық факторы болып табылады. Экономикалық фактор. Жоспарды қаржыландыруға салу маңызды болуы мүмкін, бірақ олар: жоспардың мақсатына жету және ААЖ ендіру; жоспардан максималды түрде пайда (табыс) табу; іске асырудың басқа варианттарына қарағанда оптималды болуы керек. Жобаны негіздеу үшін бизнес-жоспар құрылу керек. Сонымен қатар Қазақстанда орын алатын экономикалық тенденцияны ескеру керек: білікті мамандар еңбектерінің біршама тез қымбаттауы, ЭЕМ және ақпараттық технологияның техникалық жабдықтардың нарықта интенсивті дамуы. Бүкіл дүниежүзіндегідей Қазақстанда техникалық жабдықтардың біршама арзандауы орын алады. Бір жағынан, негізінен жаңа техникалық платформалар үшін программалық әдістерді пайдалануда ресми емес немесе пираттық үлестің бірте- бірте азаюы интегралданған ААЖ құру кезінде программалық әдістердің бағасын өсіруге әкеледі. Потенциалды өзгерту және дамыту факторы. Қазақстанда бизнес сферасы тез, кейде өзгерістерге (заңдар, саяси өзгерістер мен шешімдер, макроэкономикалық шешімдер, өзгермелі әдістемелер мен әр түрлі есептер параметрлерінің мағынасы және жаңа көрсеткіштерді енгізу, жаңа сфералар мен қызмет түрлерінің пайда болуы және т.б.) алуан түрлі жағдайға душар болғандықтан бұл өзгерістер модификация жолын бейнелеу мен ААЖ функционалды мүмкіндіктерін кеңейтуді тез және оперативті табу керек. Сонымен қатар, шешімдерді жаңа есептеуіш платформаларға, жаңа технологиялық және программалық әдістерге тасымалдауды қамтамасыз етуді қажет етеді. Сабақтастық факторы. Ақпараттық қамтамасыз ету әрқашан өндірісте бар және функционалды әдістерді пайдаланады, сонымен қатар жалпы жағдай және «ноу-хау». Бұл жаңа технологияларға бірте-бірте көшуімен және алдын-ала болған әрбір шешімдердің жағымды компоненттері барымен түсіндіріледі. Сонымен бірге, сабақтастық бизнестің шексіз анализі үшін аналитикалық жүйелерде маңызды және жаңа ақпаратты алу мен шешім қабылдау кластарын кеңейту мақсатымен сыртқы көзден ақпарат елестету. Ақпараттық жүйе архитектурасының кейбір ерекшеліктері. Компьютерлік архитектура басқа архитектуралар сияқты – бұл жүйелер құрылымына пайдаланушы талаптарын анықтайтын өнер, одан кейін оны жобалау, пайдаланушы көзқарасы бойынша, әрбір бөлшегі бүтіннің функциясы сияқты анықталады. Ақпараттық қамтамасыз ету тұтынушылардың тиімді жұмысы үшін қажетті барлық ақпаратты жүйеде беру және сақтау керек. Жобалау процесінде бизнестің ақпараттық моделі құрылу керек, ол мынаны сипаттайды: басқару жүйесі ретінде жүйенің нақты объектілері; объектілер мен сыртқы орта арасындағы ақпараттық байланыс; құжаттарды, мәліметтерді, ақпаратты ақпараттық байланыспен сәйкестендіріліп берілетінін; берілетін ақпарат көлемі мен алмастыру сеансының жиілігі; жүйеде классификациялау және кодтау. Тиімді басқару үшін негізінде классификация мен кодтау принциптері ұсынылады, олар мынаны ескереді: олардың құжатта орналасуынан көрсеткіштерді теңестіру тәуелсіздігі; жеке белгілер бойынша көрсеткіштердің топтауын жүргізу мүмкіндігі; берілген пәндік облыста кездесетін кез келген объектілерге қолданушылық; классификация толықтығын (барлық қасиеті бойынша); кодтауды оңайлататын келісімдердің бары; халықаралық стандарттарды пайдалану; әрбір белгі мағынасының санын өсіру мүмкіндігі. Жүйенің функционалды толықтығы сыртқы ортамен ара қатысында автоматтандырылған өндірістік жүйелерге негізделеді. Модельдер – жетілдірудің барлық сатыларының байланыстырушы звеносы. Олар уақыт ішінде (зерттеу, жобалау, ендіру, эксплуатациялау, даму процесінде) ААЖ динамикасы туралы түсінік береді. Модельдер жобаға қатысушылардың: тапсырыс берушінің, жобалаушының, бағдарламашы, жүйені басқарушының өзіндік тілде сөйлесуі болып табылады. Сонымен қатар модельдер жүйелік интегратор үшін шешімдер жиналуының әдісі қызметін атқарады. Ол шешімдерді оңай бизнестің бір түрінен келесісіне алмастыруға мүмкіндік береді. Модельдер, адамзаттық фактормен, бизнес-спецификасымен байланысқан маңызды ерекшеліктерді біртіндеп сіңіру ақпараттық инфрақұрылымның толық есебін алуға жағдай жасайды. Дәріс №29, 30 Тақырып: Ақпараттандырудың перспективалары Дәріс сұрақтары: • Қоғамды ақпараттандыру процессі. • Ақпараттандыру тәжірибесі және перспективті идеялар. Қоғамның ақпараттандырылуы. Қоғамның мәдени даму таихында бірнеше ақпараттық революциялар болды, яғни ақпаратты өңдеу саласындағы маңызды өгерістерден қоғамдық қатынастардың өзгеруі болды. Бірінші революция жазуды ойлап шығарудан басталды. Білімді ұрпақтан ұрпаққа беру мүмкіндігі туды. Екінші революция (XVI ғасыр ортасы) қоғамды, мәдениетті, қызметті ұйымдастыруды түбегейлі өзгертткен кітап басылымдарын ойлап шығарумен байланысты. Үшінші (XIX ғасырдың аяғы) ақпаратты кез – келген көлемде жылдам жеткізуге және жинақтауға мүмкіндік беретін телеграф, телефон, радионы тудырған электр қуатын ойлап шығарумен шартталған. Төртінші, (XX ғасырдың 70 - жылдары) микропроцессорлы технологияны ойлап шығарумен және персоналды (дербес) компьютерлердің (ДК) пайда боуымен байланысты. Микропроцессорларда және интегралды кестелерде ДК, компьютерлік желілер, мәліметтерді жеткізу жүйелері (ақпараттық коммуникациялар) туындайды. Бұл период үш түбегейлі инновацияны сипаттайды: ▪ ақпаратты өзгертуді механикалық және электронды құралдардың (электрлік) электронды түрге көшуі; ▪ барлық тораптардың, құрылғылардың, құрал – жабдықтардың, машиналардың миниатюризациясы; ▪ бағдарламалық басқарылатын құрылғылар мен процессордың құрылуы. Бұл период туралы толығырақ мағлұмат алу үшін ЭЕМ ұрпақтарының өзгеруі туралы мәліметтерді ақпаратты өңдеу және жеткізу облысындағы этаптармен салыстыру қажет. Анықтама. Бірінші ұрпақ (50 – ші жылдардың басы). Элементті база – электронды лампалар. ЭЕМ – дер үлкен габариттермен, энергияны тұтыну көлемінің үлкендігімен, аз жеделдігімен, төмен сенімділікпен, код арқылы бағдарламалануымен ерекшеленеді. Екінші ұрпақ (50 – жылдардың аяғынан бастап). Элементті база – жартылай өткізгіштік элементтер. ЭЕМ – нің 1 ұрпағына қарағанда барлық техникалық сипаттамалары жақсарды. Бағдарламалау үшін алгоритмдік тілдер қолданылды. Үшінші ұрпақ (60 – жылдардың басы). Элементтік база – интегралды кестелер, көпқабатты баспа монтажы. ЭЕМ – нің габариттерінің тез арада төмендеуі, олардың сенімділігінің жоғарылауы, өдірістілігінің жоғарылауы. Алыстатылған терминалдардан қол жеткізушілік. Төртінші ұрпақ (70 – жылдардың ортасынан бастап). Элементті базасы микропроцессорлар, БАЖ – р. Техникалық сипаттамалар жақсарды. ДК масалық шығарылымы. Даму бағыты: жоғары өндірістік қуаты көппроцессорлы есептегіш жүйелер, арзан микроЭЕМ құру. Бесінші ұрпақ (80 – жылдардың ортасынан бастап). Әлі табысты аяқталмаған интелектуалды компьютерлерді дайындау басталды. Барлық смалаларға компьютер желілерін енгізу және оларды біріктіру, мәліметтерді таратылған өңдеуді қолдану, компьютерлік ақпараттық технологияларды барлық жерлерде пайдалану. Ақырғы ақпараттық революция бірінші кезекте жаңа білімдерді өндіру үшін техникалық құралдар, әдістер, технологияларды шығарумен байланыстыжаңа саланы – ақпараттық индустрияны алға қояды. Ақпараттық индустрияның маңызды құраушылары ақпараттық технологияның, әсіресе телекоммуникацияның барлық түрлері болды. Қазіргі ақпараттық технология компьютерлік техника мен байланыс құралдары облысындағы жетістіктерге сүйенеді. Ақпараттық технология (АТ) – объектінің, үрдістің немесе құбылыстың жағдайы туралы жаңа сападағы ақпараттар алу үшін мәліметтерді (алғашқы ақпаратты) жинау, өңдеу және жеткізу құралдары мен әдістер жинағын қолданатын процесс. Телекоммуникациялар – компьютерлік желілер мен қазіргі техникалық байланыс құралдары негізінде мәліметтерді дистанционды жеткізу. Ақпараттық қоғам түсінігі. Компьютерлік техниканың және ақпараттық технологияның дамуы әртүрлі ақпаратты қолданудан құрылған және ақпараттық қоғам деген ат алған қоғамның дамуына жол ашты. Ақпараттық қоғам – қоғам, бұл қоғамның көптеген жұмыс істеушілері ақпараттың, әсіресе оның жоғарғы формасы – білімнің өндірісімен, сақтауымен, өңдеуімен және оны жүзеге асырумен айланысады. Нақты тәжірибеде XX ғасырдың аяғына дейін барлық әлемдік кеңістіктегі электронды пәтерлер мен коттедждарда тұрып жатқан адамдардың бірегей компьютерленген және ақпараттық қоғамдастығына айналдыру болжанған және нақтылы жүргізіліп отыр. Кез – келген пәтер – үй барлық мүмкіндіктегі электронды құрылғылармен және компьютерленген құралдармен жабдықталған. Адамдардың қызметі басты мақсатта ақпаратты өңдеуге жұмсалады, ал энергияны өндіру және материалды өндіру машиналарға жүктеледі. Мысалы: АҚШ – та жүргізілген әлеуметті зерттеулер мәліметтері бойынша қазір жұмыс істейтіндердің 27 млн – ы өзінің қызметін үйден шықпай ақ жүзеге асыра алады, ал жуырда тіркелген фирмалардың 1/3 – і өздігімен жұмыс істеуді кеңіне қолдануға негізделген. АҚШ – та өздігімен жұмыс жасаушылар категориясына: 1980ж – 5,7 млн адам, 1989ж – 14,6 млн., ал 1995ж – 20,7 млн. адам жатқызылған. Ақпараттық қоғам жолында бәрінен жақын дамыған ақпараттық индустриясы бар елдер тұр, оған АҚШ, Жапония, Англия, Германия, Батыс Европа жатады. Бұл елдердің мемлекеттік саясатының бағыттарының бірі – ақпараттық индустрияға, компьютерлік жүйелер мен телекоммуникацияның дамуына инвестициялар. Қоғамның ақпараттандырылу процесі. Ақпараттандырудың даму тарихы АҚШ – та 60 – жылдары басталды, содан кейін 70 жылдарда Жапонияда және 70 жылдардың аяғынан бастап Батыс Еуропада басталды.ү Неге? Ақпарат көлемінің өсуі, әсіресе XX ғасырдың ортасында көріне бастады. Күнделікті жаңа ақпараттар ағымына адамның бейімделуі қиындай түсуде. Ақпараттың үлкен ағымының құрылуына негізделеді: ▪ ғылыми зерттеулердің нәтижелері көрсетілетін құжаттар, есеп берулер, баяндама, диссертациялардың және т.с.с санның тез өсуі; ▪ адамзат қызметінің әртүрлі облыстары бойынша периодикалық шығарылымдардың тұрақты өсуі; ▪ магниттік лентаға жазылатын, сондықтан да коммуникация жүйесінің қызметі саласына түспейтін әртүрлі мәліметтердің пайда болуы. Нәтиже ретінде ақпараттық дағдарыс басталады, ол келесідегі құбылыстарды қамтиды: ▪ ақпаратты қабылдау және оны өңдеу бойынша және осы сақталатын ақпараттарда бар күшті ағымдар мен массивтер бойынша адамдардың шектеулі мүмкіндіктері арасында қарама – қарсылық пайда болды. Мысалы, басында білімнің жалпы көлемі өте баяу өзгерген, бірақ 1900ж бастап ол әрбір 50 жыл сайын екі еселенеді, 1950 жылдары екі еселену әрбір 10 жыл бойы жүрді, 1970 жылдарда – 5 жылда, 1990ж - әр жылы; ▪ ақпаратты тұтынушы үшін тиімді қабылдауды қиындататын артық ақпараттың үлкен көлемі болады; ▪ ақпараттың таратылуына кедергі жасайтын белгілі бір экономикалық – саяси және де басқа да әлеуметтік бөгеттер туындайды. Мысалы, құпиялылықты сақтау себебі бойынша. Бұл себептер ғажайып жағдайды тудырады, яғни әлемде ғаламат ақпараттық потенциал жэиналған, бірақ адамдар оны өздерінің мүмкіндіктерінің шектеулі күштеріне қарай толық көлемді қолдана алмайды. Ақпараттық дағдарыс қоғамға осы жағдайдан шығу жолдарын іздеу қажеттілігін тудырды. ЭЕМ – ді енгізу, ақпаратты өңдеу мен жеткізудің қазіргі заманғы құралдарын енгізу адамзат қоғамынынң дамуында ақпараттандыру деп аталады. Қоғамның ақпараттандырылуы – ақпараттық ресурстардың құрылуы тжәне қолданылуы негізінде азаматтардың, мемлекеттік басқару органдардың, жергілікті өзін - өзі басқару органдарының, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің құқықтарын жүзеге асыру және ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолайлы жағдай жасауға ұйымдастырылған әлеуметтік – экономикалық және Ғылыми – техникалық процесс (ҒТП). (Ресей Федерациясының 1995ж 25 ақпанынан “Ақпарат, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау туралы” Федералды заңына сәйкес анықтама). Қоғамды ақпараттандыру қазіргі әлеуметтік прогресстің заңдылықтарының бірі болып табылады. Бұл термин таяу араға дейін кеңінен қолданылып жүрген “қоғамды коипьютерлендіру” терминін шығарып тастады. Бұл түсініктердің сыртқы ұқсастықтары болғанымен олар біршама ерекшеленеді. Қоғамның компьютерлендірілуіне ақпаратты өңдеуде және оны жинауда нәтижэелерді жылдам алуды қамтамасыз ететін компьютерлердердің техникалық базасын енгізу және дамытуға көп көңіл бөлінеді. Қоғамды ақпараттандыруда адамзат қызметінің барлық түріне нақты, бүкіл және өзіндік уақытылы (дер кезінде) білімді толықтай пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешеніне көп көңіл бөледі. Осылайша, “қоғамды ақпараттандыру” “қоғамның компьютерленуіне” қарағанда кең ұғым болып табылады. Компьютерлер қоғамды ақпараттандыру процесінің негізгі техникалық құраушысы болып табылады. АҚШ – ң ақпарат саласында 60% еңбекке жарамды тұрғындар қызмет етуде, ТМД – да 40% жуық. Мысал: 1992 ж дайындалған АҚШ – ң еңбек статистикасы бюросының баяндамасында ақпараттық технологиялардың тұрғындардың қызметіне әсері талқыланды: ▪ Көмір шығаратын өнеркәсіпте жыль сайын көмір шығару 3% - ға өсуде, ал қызмет ету 1,8% - ға төмендеді; ▪ Станок жасау саласында 1990ж 330 мың адам қызмет теткен, ал 2005 ж болжамдар бойынша 14 мың адам қалады. Бұл адамдарды қысқартып, олардың орнына роботтармент манипуляторлар арқылы жүзеге асырылады; ▪ Дәрі – дәрмек өнеркәсібінде коипьютер мамандары, программистер, жүйелі сараптамашыларды тарту арқылы қызметшілердің ¼ есе жоғарылауы болады. Ақпараттандыру – ақпараттық технологияларда жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында пайдалану негізінде ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуғабағытталған ұйымдық әлеуметтік-экономикалық және ғылыми - техникалық процесс. Ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор мемлекет бірден - бір қатысумен болып табылатын мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді сүйемелдейді және оларды қалыптастыруды келістіреді, ұжымдық - техникалық жағынан қолдауды жүзеге асыратын ұйым. Ақпараттандыру - қоғам дамуының заңды кезеңі. Қазіргі кездегі қоғам дамуындағы экономикалық ақпараттық жүйелердің мәні және рөлі. Экономикадағы және менеджменттегі экономикалық ақпараттандырудың даму болашағы. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде бәсекелестік артықшылықтарына ие болу үшін ақпараттық технологияны қолдану шарты болып табылады. Ақпараттандыру қоғамның барлық сфераларында жаңа ақпараттық технологияларды тиімді қолдану менжаңа өндіріс индустриясының және ақпарат өндірудің пайда болуымен сипатталады. Ақпарат-стратегиялық ресурс болып табылады. Ол әлеуметтік- экономикалық жетістік ақпараттың телекоммуникациялық технологияларды дұрыс пайдаланушыларға тән қасиет. Дүние жүзінде интернет қуаты коммуникация құралы ретіндепайдаланылады. Сонымен қатар тек ақпараттық сипаттағы мәліметтерді басып шығару мүмкіндігімен шектелмейді. Тауарлар мен қызметтерге тапсырысты қабылдауға да мүмкіншілік береді. Интернет іскерлік байланысты ұстап тұруға көмектеседі. Себебі телефон шалу почта арқылы жіберу бағаның тек кішкене бөлігін құрайды. Сондықтан оған көп шығын қолданылмайды. Ақпараттардың кез келген технология сияқтыжағымды және жағымсыз сандары бар қоғамдағы ақпараттандырутехнологиясының даму шамасына қарай тек қана кең ауқымды ақпараттық жүйе арқылы. Барлық ақпараттық коммуникативтік және интеллектуалдық процестерде көрініс табады. Алайда бірнеше қайталанып тексерілген және биржамен қабылданған білімдер ғана әмбебап болып табылады. Ақпараттандырудың бағалық, техникалық, математикалық программа құралдары өндірістік және т.б. қағаздардың қатынастарының ерекшеліктерінің тәуелділігіне байланысты сондықтан олар қажетті көлемдеөңделеді, жасалынады және қолданылады. Қоғамдардың басты маманы – бұл оперативтік бөлімдер адамдардың квалификациясын олардың мәдениетін арақатынас тәсілдерін белгілейді. [pic]Ақпараттандыру тәжірибесі және перспективті идеялар. Қазіргі уақытта әлемнің барлық елдері қандай да болмасын деңгейде ақпараттандыру процесін жүзеге асырып жатыр. Ақпараттандырудық қате таңдалған стратегиясы немесе оның жеткіліксіз динамизмі және мобильділігі елдің өміріндегі барлық салаларында нақтылы, сондай – ақ қөатерлі өзгерістер болуына әкелуі мүмкін. Ең алғашқы ақпараттандыруды бастаған ел бұл – АҚШ. Әдемнің өнеркәсібі дамыған басқа елдері бұл бағыттың басымдығы мен одан құтылмастығын түсініптез бейімделді. Сонымен қатаркомпьютерлер мен телекоммуникация құралдарын енгізу темпін, АҚШ нарығынан шығара, жоғарылата бастады. Анықтама. АҚШ сыртқы нарыққа мыналарды шығарды: ▪ 1980ж – барлық телефон аппараттарының 95% және телевизорлардың 80%. ▪ 1991ж – телефон аппараттарының 25% және телевизорлардың 10%. Америкалық өнеркәсіп 80 жылдардан бастап жыл сайын 750 млрд доллар құрайтын электроника нарығының 3% жоғалтады, ал 2000ж 1 трлн долл. құрайды. Бұл тәжірибені біздің елде де ҚР – ын ақпараттандыру бағдарламасын жүзеге асыру кезінде ескеруге тырысады. әйтпесе, мемлекет ақпараты және өнеркәсібі жоғары дамыған елдер қоғамдастығының шикізат қосымшасы ретінде қабылданады. Мемлекеттің мүмкіндіктерін салыстыру және бағалау үшін қазіргі ақпараттық өнімдерді және қызметтер мен технологияларды өндіру бойынша әлемде бірінші орынды алатын Жапониядағы ақпараттандыру бағдарламаларының негізгі идеялары мен концепциясы қызығушылық тудыруы мүмкін. Жапонияның ақпараттандыру жобасының негізгі идеялары. Қазіргі кезде Жапония ақпараттандырудың екінші стадиясында. Жапондық жобаның мақсаты – бұрын жеке – жеке көрсетіліп жүрген қызметтерді байланыстыру. Бұл үшін телефон және телебағдарламалардан бастап компьютерлік өнімдерге дейін қамтитын ақпараттың барлық түрлері ортақ бір кабельмен берілуі керек. Болашақта кабель желісінің әрбір абонементі бірнеше қызмет көрсетуді бір уақытта пайдалана алады. Жобада сондай – ақ ақпараттың енгізілуі дауыспен жүзеге асырылатын тәжірибесіз тұтынушылар үшін терминалдар құруға көңіл бөлінеді. Жалпы ақпараттандыру жобасын толықтай жүзеге асыруға 20 жыл кетеді және 100 млрд. долларға жуық капитал салымын қажет етеді. Сонымен қатар компьютердің 5 – ші ұрпағын жасау сәтсіз болып жатсад, 10 жылға жалпы сомасы 480 млн. доллар құрайтын компьютердің жаңа түрін дайындау бағдарламасы қабылданған: - он жүз процессордың күрделі операцияларын бі уақытта жүзеге асыратын, ақпаратты өңдеу паралелизімінің деңгейі жоғары компьютерлер; - жұмысы мен қызметі сияқты нейронды жүйелі компьютерлер; Ақпараттандыру бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін бүкіләлемдік қоғамдастықтық үшін ортақ принциптерге жүгіну қажет: - бірінші кезекте елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етуден бас тарту; - ауыр өнеркәсіпке негізделген экономикалық құрылымды ғылыми салаларға негізделген құрылымға ауыстыру қажеттілігі; - ақпараттық секторлардың басымдылық сипатын мойындау; - әлемдік ғылым және техника жетістіктерін кеңінен қолдану; - мемлекеттік және де жеке ақшалай қаражаттарды ақпараттандыруға салу; - ақпараттандырудың негізгі мақсаты етіп, ақпаратты өңдеу және коммуникация жағдайын жеңілдету арқылы мемлекеттің және оның азаматтарының әл – қуатын өсіруді жариялау. Ақпараттандыру процесінің нәтижесі болып, материалды объектілер емес, символдармен, идеялар, образдар, интелектпен, біліммен басқаратын ақпараттық қоғамды құру болып табылады. 3. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР 1 апта. Тақырып: Инвестицияның қаржылық анализі. Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Алдыңғы бағаны анықтау. Сабақ мақсаты: Нақты есептерді шешу кезінде БЗ (БС[1]) функциясын пайдаланудың әр түрлі варианттарын қарастыру: • проценттер қосылатын салымның бірдей қосындысын есептеу; • төлем жүйелі түрде жүргізілгенде, алдыңғы төлемді есептеу (есептеу периодының басы мен аяғында). Мысалы: 1. Егер 33 жылға 13,5% жылдық пайызға 27 мың теңге салынса, қанша ақша счетта болатынын есептеу керек. Пайыздар әрбір жарты жылда саналады. Жауабы: БЗ(13,5%/2;33*2;;-27000) = 2 012 074,64 теңге. 2. 4 жыл аралығында инвестицияның екі нұсқасы бар деп есептейік: әрбір жылдың басында 26% немесе әрбір жылдың соңында 38% жылдық пайыз. Жылда 300 мың теңге салынсын. Әрбір нұсқа үшін 4-ші жылдың аяғында шотта қанша ақша болатынын анықтау керек. Жауабы: бірінші нұсқа үшін — БЗ (26%;4;-300000;;1) = 2 210 534,93 теңге, екінші нұсқа үшін — БЗ(38%;4;-300000) = 2 073 741,60 теңге. Есептеуге арналған тапсырмалар: (8.1.3) 39 б. № 1, 2, 3. 2 апта. Тақырып: Инвестицияның қаржылық анализі. Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Ағымды бағаны анықтау. Сабақ мақсаты: Нақты есептерді шешу кезінде ПЗ (ПС) функциясын пайдаланудың бірнеше нұсқаларын қарастыру: • егер салымның алдыңғы мәні белгілі болса, оның ағымдағы мәнін есептеу; • есептеу периодының басы мен соңында жүргізілетін жүйелік тұрақты төлемдердің ағымды бағасын есептеу. Мысалы: 1. Фирмаға 12 жылдан кейін 5 млн. теңге қажет болады. Қазіргі уақытта фирма бірдей салыммен ақшаны депозитке салуға дайын. Егер оның пайыздық ставкасы жылына 12 % болса, салымға қажетті сомманы есептеу керек.. Жауабы: ПЗ(12%;12;;5000000) = -1 283 375,46 теңге. 2. Үйді сатып алудың екі нұсқасы қарастырылсын дейік: 9 млн.теңге қазір төлеу немесе 15 жылға ай сайын 94 мың теңге төлеу. Егер пайыздық ставка жылына 8% болса, қандай нұсқаны пайдаланған жөн. Жауабы: ПЗ(8%/12;15*12;-94000) = 9 836 215,66 теңге. Есептеуге арналған тапсырмалар: (8.1.3) 46 б. № 1, 2, 3, 4, 5. 3 апта. Тақырып: Инвестицияның қаржылық анализі. Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Төлемнің уақытын анықтау. Сабақ мақсаты: Нақты есептерді шешу кезінде КПЕР функциясын пайдаланудың әр түрлі нұсқаларын қарастыру: • бастапқы сомма көрсетілген алдыңғы мәнге жету үшін пайызды санаудың жалпы санын есептеу; • жылдың басында немесе соңында жүргізілетін тіркелген жылдық төлемдер арқылы периодтың жалпы санын есептеу көрсетілген алдыңғы мәнге жетеді; • Тең шамалы тұрақты төлемдік қарызды жабу кезінде периодтың жалпы санын есептеу. Мысалдар: 1. Егер пайыздың жылдық ставкасы 16,79% салым бойынша және пайызды есептеу әр квартал сайын жүргізілсе, 1млн.теңге мөлшеріндегі салым неше жылдан кейін 1 млрд.теңгеге жететінін есептеу керек. Жауабы: КПЕР(16,79%;;-1000000;1000000000) = 168 — бұл кварталдан саны. Жыл саны 168/4 = 42 құрайды. 2. Алдыңғы шығындарды қамтамасыз ету үшін қор құрылады. Қорға 16 млн.теңге бойынша төлем түрінде түседі. Түскен салымдарға 11,18% жылдық пайыз есептеледі. Қор мөлшері 100 млн.теңгеге қашан тең болатынын анықтау керек. Жауабы: КПЕР(11,18%;-16000000;;100000000) = 5 жыл. 3. 36% жылдық пайызға берілген 66 млн.теңге мөлшеріндегі несие ай сайын 6630 мың теңге болып қайтарылады. Несиені қайтару мерзімін есептеу. Жауабы: КПЕР(36%/12;-6630000;66000000) = 12 ай немесе 1 жыл. 4. Жобаны дайындаудан жыл сайынғы түсімнен 33 млн.теңге құратыны күтілуде. Егер инвестиция түсімнің түсу басына қарай 100 млн.теңге құраса, ал дисконттау нормасы 12,11% құраса, жобаны сату мерзімін есептеу қажет. Жауабы: КПЕР(12,11;;33000000;-100000000) = 4 жыл. Есептеуге арналған тапсырмалар: (8.1.3) 54 б. № 1, 2, 3, 4. 4 апта. Тақырып: Инвестицияның қаржылық анализі. Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Пайыздық ставканы анықтау. Сабақ мақсаты: Нақты есептерді шешу кезінде НОРМА (СТАВКА) функциясын пайдаланудың әр түрлі нұсқаларын қарастыру: • периодтың анықталған санына белгілі ағымды және алдыңғы бағаны білу кезінде пайыздық ставканы есептеу; • белгілі тіркелген немесе қарапайым периодтық төлемдер мен периодтың анықталған санына алдыңғы баға кезінде пайыздық ставканы есептеу; • қарыз толықтай және периодтың анықталған санының алдыңғы бағасын жабу шартында төлемді бірдей жабу кезінде қарыз бойынша пайыздық ставканы есептеу. Мысалдар: 1. Компанияға 2 жылдан кейін 100 млн.теңге қажет болсын деп есептейік. Компания 5 млн.теңге бірақ салуға және 2,5 млн.теңгені әрбір қалған ай сайын салып отыруға дайын. Инвестицияланған әдістерге пайыз қанша болуы керек? Жауабы: НОРМА(24;-2500000;-5000000;100000000) = 3,28%. Жылдық пайыздық ставка 3,28%*12 = 39,36% құрады. Салынған әдістердің пайызы осы мөлшерден кем болмауы керек. 2. Компания ай сайынға төлемнен (1 есепті қараңыз) бас тартты және бүгін 40 млн. теңге депозитке салуға дайын. Бұл жағдайда минималды жылдық ставка қалай өзгеретінін анықтайық. Жауабы: 12*НОРМА(24;;- 40000000;100000000) = 46,7%. 3. Төртжылдық қарыз 7 млн.теңге үшін пайыздық ставканы есептеу керек. Қарыз толықтай жабылу шартымен 250 млн.теңге бойынша ай сайын қарызды жабу. Жауабы: НОРМА(48;-250000;7000000) = 2,46%. Жылдық пайыздық ставка 2,46%*12 = 29,5% құрады. Есептеуге арналған тапсырмалар: (8.1.3) 57 б. № 1, 2, 3. 5, 6 апталар. Тақырып: Инвестицияның қаржылық анализі. Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Периодтық төлемдерді есептеу. Сабақ мақсаты: Нақты есептерді шешу кезінде ППЛАТ (ПЛТ), ПЛПРОЦ (ПРПЛТ), ОСНПЛАТ (ОСПЛТ) функцияларын пайдаланудың әр түрлі нұсқаларын қарастыру: • егер есептеу периодының басы немесе соңында жүргізілетін осы төлемдердің алдыңғы бағасы белгілі болса, төлемді есептеу керек; • периодтың анықталған мерзімінде осы қарызды толықтай жабу үшін қажет қарыз бойынша тең периодтық төлемдерді есептеу; • нақты периодқа пайыз бойынша төлем мөлшерін есептеу; • нақты периодқа тұрақты периодтық төлем әкелетін түсімді есептеу; • әрбір есептеу периодының басы мен соңында тең төлемді жабатын қарыз бойынша негізгі төлемді (қарызды жабу) есептеу. Мысалдар: 1. Әр айдың соңында сомманы жинай отырып, 3 жылға 4 млн.теңге жинау керек болсын. Егер салым бойынша пайыздық нормасы 12% жылдық пайызды құраса, бұл сомма қанша болуы керек. Жауабы: ППЛАТ(12%/12;12*3;;4000000) = -92 857,24 теңге. 2. Банк 200 млн. теңгені 4 жылға 18% жылдық пайыз мөлшерінде берсін деп есептейік. Жыл сайынғы қарызды жабу мөлшерін анықтаңыз. Жауабы: ППЛАТ(18%;4;-200000000) = 74 347 734,19 теңге. 3. 10% жылдық пайыз есебінен 800 мың.теңгені үшжылдық қарыздан бірінші айға пайыз бойынша төлемін есептеңіз. Жауабы: ПЛПРОЦ(10%/12;1;12*3;800000) = -6 666,67теңге. 4. 6 жыл бойында жылдық төлем есебінен 5 млн.теңгеге қор құрылсын деп есептейік. Егер пайыздық ставка 17,5% құраса, салымшының соңғы жылға салымы түсірген пайданы анықтау. Жауабы: ПЛПРОЦ(17,5%;6;6;;5000000)= 664 811,03 теңге. 5. Егер несие 1 млрд. теңге мөлшерінде 5 жылға 12% жылдық пайыз көлемінде берілсе, төртінші жылға негізгі төлем мөлшерін анықтау керек. Жауабы: ОСНПЛАТ(12%;4;5;1000000000) = -221 149 339,88 теңге. Орындалған есептер бойынша 3 жылға 17% жылдық пайыз берілсе, қарыздың 70 млн.теңгесін жабу схемасын есептеу керек. Есептеулерді кестеге енгізу керек. |Жыл |Қарыздың |Төлемнің |Пайыз бойынша|Қарыз бойынша|Жыл соңына | | |жылдың |жалпы сомасы |төлемдер |негізгі |қарыздың | | |басындағы | | |төлемнің |сомасы | | |соммасы | | |сомасы | | |1 |70000000 |Х |Х |Х |Х | |2 |Х |Х |Х |Х |Х | |3 |Х |Х |Х |Х |0 | |Барлығы |Х |Х |70000000 | | Есептеуге арналған тапсырмалар: (8.1.3) 63 б. № 1, 2; 171 б. 7, 8 апталар. Тақырып: Инвестицияның қаржылық анализі. Инвестицияның айналу жылдамдығын анықтау. Сабақ мақсаты: Нақты есептерді шешу кезінде ВНДОХ (ВСД), МВСД функцияларын пайдаланудың әр түрлі нұсқаларын қарастыру: • периодтық түсімдер мен айнымалы мөлшерді төлеу үшін ішкі айналым жылдамдығын есептеу; • Реинвестициялаудан түскен пайда есебінен периодтық түсімдер мен айнымалы мөлшерді төлеу үшін ішкі айналым жылдамдығын есептеу; Мысалдар: 1. Жоба бойынша шығындар 500 млн.теңгені құрасын деп есептейік. Күтілетін пайда қалған 4 жыл ішінде 50 млн.теңге, 100 млн. теңге, 300 млн. теңге, 200 млн. теңге құрайды. Егер пайданың нарықтық нормасы 12% болса, инвестиция айналымының жылдамдығы бойынша жобаның экономикалық мақсатын анықтау керек. Есептің графикалық интерпретациясын беріңіз. Жауабы: А1:А6 ұяшықтары -500000000, 50000000, 100000000, 300000000, 200000000 мәнідерін құрасын. Инвестиция айналымының ішкі жылдамдығы ВНДОХ(А1:А6) = 9, 25% құрайды. Бұл нарықтық нормаған қарағанда аз, сондықтан жоба алынбау керек. 2. Бес жыл бұрын қарыз 1 млрд.теңге көлемінде 10 % жылдық пайызбен жобаны қаржыландыру үшін алынсын, осы жылдар бойынша пайда: 100, 270, 450, 340 және 300 млн. теңгені құрады. Бұл ақшалар 12% жылдық пайызбен реинвестицияланды. Инвестиция айналымының модификацияланған жылдамдығын табу керек. Жауабы: Жұмыс бетінде В1 ұяшығына -1000000000 және В2:В6 ұяшықтарына әрбір жылға пайда мөлшері енгізілсін деп алайық. Сонда бес жылға айналымның модификацияланған ішкі жылдамдығы келесі түрде есептеледі: МВСД(В1:В6;10%;12%) = 12,25% Есептеуге арналған тапсырмалар: (8.1.3) 71 б. № 1. 9 апта. Тақырып: Инвестицияның қаржылық анализі. Параметрді таңдау. Сабақ мақсаты: Нақты есептерді шешу кезінде ВНДОХ (ВСД), МВСД функцияларын пайдаланудың әр түрлі нұсқаларын қарастыру: Мысалдар: 1. Жоба бойынша пайда соңғы 54 жылға 50 млн. теңге, 100 млн. теңге, 300 млн. теңге, 200 млн. теңгені құрады деп күтілуде. Айналым жылдамдығы 10% қамтамасыз ету үшін бастапқы шығындар қандай болатынын анықтау керек. Жауабы: А2:А5 ұяшықтарына 50000000, 100000000, 300000000, 200000000 мәндері кірсін дейік. А1 ұяшығына шығынның күтілетін мөлшері - -300000000 болсын. В1 ұяшығына ВНДОХ(А1:А5) функциясын енгізейік. Курсорды В1 ұяшығына қойып, менюден Сервис, Подбор параметра командасын таңдаймыз және сұхбат терезені келесі түрде толтырамыз: [pic] Нәтижесінде А1 ұяшығынан жоба бойынша шығын мәні = -489339 алынады. Есептеуге арналған тапсырмалар: (8.1.3) 71 б. № 2. 10, 11, 12 апталар. Тақырып: Инвестицияның қаржылық анализі. Таблицы подстановки негізінде инвестицияны бағалау. Сабақ мақсаты: Таблицы подстановки пайдалана отырып, нақты есептерді шешу кезінде EXCEL қаржылық функциясын пайдаланудың әр түрлі нұсқаларын қарастыру: • бір айнымалы үшін Таблицы подстановки құру; • екі айнымалы үшін Таблицы подстановки құру; Мысалдар: Осы әдістемені ППЛАТ (ПЛТ) және ПЛПРОЦ (ПРПЛТ) функциялары көмегімен есептеу мысалында қарастырамыз. 1. Әр түрлі пайыздық ставка кезінде 3 жылға берілген 200 млн.теңге көлемінде қарыз бойынша қандай айлық төлемдер енгізу керектігін анықтау керек болсын. 2. Қарызды жабудың әр түрлі мерзімдері мен пайыздық ставка үшін 300 млн.теңге мөлшерінде қарыз бойынша айлық төлемді табу қажет болсын. 13 апта. Тақырып: Инвестицияның қаржылық анализі. Сценарийлер диспетчері. Сабақ мақсаты: Сценарийлер диспетчерлері көмегімен нақты есептерді шешу кезінде EXCEL қаржылық функциясын пайдаланудың әр түрлі нұсқаларын қарастыру. Мысал инвестиция айналымының ішкі жылдамдығын есептеу (ВНДОХ (ВСД) функциясы): Берілген мәліметтер: жоба бойынша шығын 700 млн. теңгені құрайды. Қалған жылдарға күтілетін пайда, сәйкесінше 70, 90, 300, 250, 300 млн. теңгені құрайды. Егер пайданың нарықтық нормасы 12% құраса, инвестиция айналымының жылдамдығы бойынша жобаның экономикалық мақсатын бағалау. Сонымен қатар келесі нұсқаны млн.теңгемен (жобаға шығын минус белгісімен көрсетілген сан) қарастыру: • -600; 50; 100; 200; 200; 300; 14, 15 апталар. Тақырып: Инвестицияның қаржылық анализі. Амортизацияны есептеуге арналған Excel функциялары. Сабақ мақсаты: Нақты есептерді шешу кезінде АМР (АПЛ), АМГД (АСЧ), ДОБ (ФУО), ДДОБ, ПДОБ (ПУО) функцияларын пайдаланудың әр түрлі нұсқаларын қарастыру: • сызықты әдіспен белсенділік амортизациясының мөлшерін есептеу; • «сандар (жылдық) қосындысы» әдісімен берілген периодқа белсенділік амортизациясының мөлшерін есептеу; • тіркелген қалдықтың азаюы әдісімен берілген период үшін белсенділік амортизациясының мөлшерін есептеу; • қалдықты азайту әдісімен берілген периодта белсенділік амортизациясының мөлшерін есептеу; • кез келген таңдап алынған период үшін, сонымен қатар қалдықтың еселенген азаюы әдісімен периодтар үшін белсенділік амортизациясының мөлшерін есептеу. Мысалдар: Егер имуществаны эксплуатациялау мерзімі 10 жыл, ал қалдық бағасы 500 мың теңгені құраса, бастапқы бағасы 8 млн.теңгені құрайтын құралдың жылдық амортизациясының мөлшерін анықтау. Амортизацияны ксептеу кестесін әр түрлі функциялармен құру. Амортизацияны әр түрлі әдістермен есептеу |Жыл |АМР |АМГД |ДОБ |ДДОБ |ПДОБ функциясы | | |функциясы |функциясы |функциясы |функциясы | | | | | | | |Теңмөлшерлі |Теңмөлшерлі | | | | | | |әдіске |әдіспен | | | | | | |көшумен |көшусіз | | | | | | | | | Жауабы: Функция АМР(8000000;500000;10) = 750 000,00 теңге. Функция АМГД(8000000;500000;10;1) = 1 363 636,36 теңге —эксплуатацияның бірінші жылына. Функция ДОБ(8000000;500000;10;1) = 1 936 000,00 теңге —эксплуатацияның бірінші жылына. Функция ДДОБ(8000000;500000;10;1) = 1 600 000,00 теңге — эксплуатацияның бірінші жылына. Функция ПДОБ(8000000;500000;10;0;10) =7 500 000,00 теңге — теңмөлшерлі әдіске көшумен эксплуатацияның бірінші жылына. Функция ПДОБ(8000000;500000;10;0;10;2;1) = 7 141 006,54 теңге — теңмөлшерлі әдіске көшумен эксплуатацияның бірінші жылына. 4. студенттің өздік жұмысы 4.1.Өздік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар: студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) реферат түрінде орындалады және студенттердің өздік жұмысын қойлатын талаптарға сәйкес тапсырылады. Өздік жұмысты бақылау келесі формада өтуі мүмкін: – жасалған жұмысты көрсету; – өздік меңгерген тақырып бойынша баяндама; – аудиториялық сабақтарды немесе ОБСӨЖ-де ауызша сұрау; – жазбаша орындалған тапсырмаларды қорғау. Өздік жұмысының нәтижелерін тапсырмаған студент қорытынды аттестацияға жіберілмейді. Өз бетімен меңгерген материал оқытушумен бірге меңгерілген материалмен қоса қорытынды бақылауға шығарылады. 4.2.Өздік жұмыс тақырыптары: 1. Экономикалық объектілерді басқарудың ақпараттық жүйедегі ролі мен орны. 2. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құру принципі. 3. Ақпараттық технологияның құрамы мен құрылымы. 4. Ақпараттық технологияны құрудың принциптері мен сатылары. 5. Ақпараттық технологияларды құру ерекшеліктері. 6. Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық технологиялары. 7. Басқарудың ақпараттық технологиялары. 8. Шешім қабылдауды қолдаудың ақпараттық технологиясы. 9. Экспертті жүйелердің ақпараттық технологиялары. 10. Мәліметтерді өңдеу мен сақтаудың бөлшектелген технологиялары. 11. Желілік құрылғылар мен коммуникация әдістері. 12. Есептеу желісінің топологиясы. 13. Желілік технология көрінісі. 14. Гипертекст түсінігі мен құрылымы. 15. Мультимедиа әдістерінің түсінігі мен дамуы. 16. Гипертекстжәне мультимедиа әдістерінің технологиясын пайдалану мен қолдану. 17. Ақпараттық технологиялардың ескіруі. 18. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесі. 19. Ақпараттық технологияны ендіру нұсқасын таңдау. 20. Офисті автоматтандыру технологиясы. 21. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді ендірудің мәселелері мен тиімділігі. ----------------------- [1]Жақшада функцияның жаңа аты көрсетілген ----------------------- Жартылай құрылымдық немесе құрылымдық емес есептер үшін Құрылымдық есептер үшін (шешімді автоматтандыру) Ақпараттық жүйелер Ақпараттық жүйе Құқықтық қамтамасыз ету Өндірістік қамтамасыз ету Ақпараттық қамтамасыз ету Программалық қамтамасыз ету Математикалық қамтамасыз ету Техникалық қамтамасыз ету Орындаушылар, төменгі звено менеджерлері Шешім қабылдайтын менеджерлер үшін ақпарат Басқару деңгейі Төтенше Салыстырмалы Жинақталған Басқарушылық есепті қалыптастыру (жүйелі және арнайы) Нормативті құжаттар Жүргізілген операциялар бойынша мәліметтер Операциялық деңгейдің ақпараттық жүйесінен ақпараттар өндіріс персоналы немесе басқа ақпараттық жүйе Кері байланыс Ақпаратты шығару Ақпаратты өңдеу Ақпаратты енгізу Ақпараттық жүйенің аппараттық және программалық бөлігі Сауда банкісі Қаржы министрлігі Орталық банк кеңесші Басқармалы Ақпараттық-шешуші Ақпараттық-іздеушілік Ақпарат сипаттамасы бойынша Технологиялық процестерді басқару Ұйымдастырушылық басқарма Қолдану сферасы бойынша Интегралданған Автоматтандыру деңгейі бойынша Ақпараттық жүйелер Ақпараттық жүйелер Ақпараттық жүйелер Ақпараттық жүйелер Салық инспекциясы Инвестициялық компаниялар мен қорлар стратегиялық Орталық звено менеджерлері мен мамандар Жоғарғы звено менеджерлері Операциялық (төменгі) Функционалдық (тактілік) эксперттік модельдік Шешімдер альтернативаларын құратын басқармалы есептер құратын Сақтандыру компаниялары Кеден комитеті Мемлекеттік зейнетақы қорлары Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары Аймақтық және муниципалды қорлар Биржалар Сауда және қызмет көрсету саласындағы өндіріс Көлік және байланыс Өнеркәсіптік өндірістер
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz