Файл қосу

Бала тілінің дамуы






|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                                   |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                                |
|Семей қ. ШӘКӘРІМ атындағы  МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                         |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты    |ПОӘК                     |                         |
|                         |                         |ПОӘК 042-14.05.01.20.65  |
|                         |                         |/03-2013                 |
|«Балалар психологиясы»   |                         |                         |
|пәні бойынша             |Редакция № 1, 05.09.13.  |                         |
|оқытусшыға арналған      |                         |                         |
|пәннің жұмыс оқу         |                         |                         |
|бағдарламасы             |                         |                         |
|                         |                         |                         |












                        ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


                            «Балалар психологиясы»

              5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»


                         ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР















                                 Семей  2013










    Мазмұны
     1 Глоссарий
     2 Дәрістер
     3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
     4  Студенттің өздік жұмысы
























































































                 1.Глоссарий
 Агрессия-белгілі бір мақсатқа жету құралы және басқалардың шабуылынан
қорғанумен сипатталады.
Адаптация-орта біртіндеп бейімделу.
Зейін-баланың санасының белгілі бір затқа бағытталып тұрақталуын көрсететін
құбылыс.
 Дағды-сансыз қайталау нәтижесінде ол автоматтандырылған әрекетке
айналып,оңай,шапшаң,дәл орындалып отырады.
 Ерік-әрекет жасауды қажетсіну.
 Жас дағдарысы-онтогенездердің психологиялық өзгерістерімен
сипатталатын,уақыты жөнінен ұзақ емесерекше кезеңдері.
 Әдет-әрект жасауды қажетсіну.
 Госпитализм -   жабық типтегі балалар мекемелерінде пайда болатын құбылыс.
үлкендермен қаоым қатынастың аздылығынан  балалардың дамып жетілуі күрт
қала бастайды.                                     Іс әрекет (амал     )_
белгілі мақсатқа қол жеткізуге бағытталған іс әрекеттің біршама аяқталған
элементі .ол ішкі және сыртқы болып ажыратылады.
                                                   Іс әрекет  қызмет  -
қоршаған болмысқа ықпал етумен сипатталатын белсенді қарым қатынас.


Диалогиялық сойлеу- әңімелесуші адамның қолдап отырған сөзі екі немесе
бірнеше адамның арасындағы сөйлеу бұлсөйлеу өтіп жатқан жағыдаймен тым
жоғарғы дәрежеде байланысты сондықтан бұл сөздің жағдайға байланыстылғы
жөнінде айтылып жүреді
Дидактика-оқыту теориясының мәселелерін зерттейтін педагогиканың бөлімі.
Қашықтық талдауыштары (анализаторлары)-   рецепторлары зат іс әрекетінің
тікелей ықпалдарына шалынатын талдауыштар .бұған есту және көру
талдауыштары  жатады. Тәртіптілік   адамның жеке басының дағдысы үнемі
тәртіп сақтауды қажет ететіндігі, өзі және қоғам алдындағы міндетін  түсіне
білуі.
                                 Мектепке дейінгі шақ-психикалық даму
сатысы, үштен жетіге дейінгі жас аралығына сәйкес келеді.


 Рухани қажеттілік - тек адамға ғана тән мәдени қажеттілік  . мәдени
қажеттіліктерде адамның белсенді іс әрекетінің адамзат мәдениеті
жемістеріне  байланыстылық көрінеді .әр түрлі экономикалық және қоғамдық
құрылыста осы құрылысқа тән мінез құлықты игеру мен тәрбиеге байланысты
адам әр түрлі мәдени қажеттілікке йе болады.
                                          Тәбиғи қажеттілік  - белгілі
сыртқы ортаның жағдайларына организмнің өмір сүруіне қолдануға керекті
қажеттілік. бұған тамақ ішу қажеттілігі дем алу қажеттілігі жылыну
қажеттілігі т. б .жатады.

                                          Күнделікті ұғымдар - арнаулі
үйретусіз, өмір тәжірибесі нәтижесінде меңгерілген
                                                    ,ғылымға дейінгі
ұғымдар.
                                                                   Нышандар
- қабілеттіліктер дамуының тәбиғи жағдайлары түрінде көрінетін организмнің
іштей  туа біткен автономиялық физиологиялық ерекшеліктері ( нерв жүйесінің
типі рецепторлар құрылысының ерекшеліктері т б).

                      Есте сақтау  - болмыстағы заттардің немесе
құбылыстардың  бейнелерін есте берік сақтауға мүмкіндік беретін ес процесі
.есте сақтау үнемі таңдамалы келеді: біздің сезім мүшелерімізге
тигізгендердің бәрі бірдей есте сақтала бермейді .
                                                           Қорғаныш
рефлексі  -  шартсыз қорғану рефлексі
                                                                Белгі -
болмыстың өзге элементінің баламасы ретінде көрінетін оның кез келген
элементі. белгілі адамның психикалық іс әрекеттің тәсілі ,бұл не қоғамдағы
орган ,не әлеуметтік құрал .әлеуметтік құралдың белгісі болып тіл, жазу,
есептеу, сурет, салу саналады   .
                                Ойын іс әрекет(қызметі )- негізінен
үлкендердің іс әрекеттері мен қарым қатынастарын ерекше түрде елестетумен
сипатталатын мектеп жасына дейінгі  балалар іс әрекетінің басты  түрі .
                        Мотивтер иерархиясы( сатысы  )_   мінез құлықтың
түрткі күштерінің жүйесі. мәні төмен түрткі күштер мәні жоғары түрткі
күштерге бағынады   .
                                                  Бейнелеу іс әрекеті -
сурет салудың ,жапсырудың құраудың т б жалпы аты .бейнелеу іс әрекетінің
жемісі/ ерекше формада  көрсетілген объективтік болмыстың көрнекі
бейнелері.
Былдыр сөз-негізінен жеке буындардан тұратын айланыссыз, түсініксіз сөйлеу
бала тілі  дамуының алғашқы кезеңі.
 Жеке дара даму - өмір мен іс әрекет процесінде әрбір адамның дамуы (
онтогенез).
Инстинкт- мінез құлықтың адам дүниеге  келгенде бітетін фомасы белгілі
ынтаға жауап ретінде мақсатқа сәйкес іс әрекет жасау қабілеті.
Ақыл ой сезімдері - ойлау іс әрекетінен туатын сезімдер( таң қалу әуестік
сенімділік және шүбалану сезімдері).
Ынта_ мотивтер түрі ,адамның қажеттілігінің көріну формасы.
Интероривация -сыртқы іс әрекеттен заттардың бейнелері және олар туралы
ұғымдар арқылы іштей орындалатын іс әрекетке көшу процесі.
Инфантилизм -дамудың тоқырауы. сәбилік шаққа тән дене және психикалық
кейіптің белгілерін сақтау .
Қыңырлық-ақылдың ережелеріне қарамастан өз дегеніне тұрып алуға тырысудан
көрінетін жағымсыз қылық .қыңырлық баланы тәрбиелеудің немесе оның ауру
күйде екендігінің нәтижесі болып табылады.
Сөздың байланыс функциясы -араласу функциясы әңгімелесіп отырған адамға
тура не жанама әсер ету .
Шаттану комплексі - баланың ішкі жан дүниесінің жағымды жауабыу. ересек
адамды коргенде оның дауысын естікенде бала күлімсіреп дыбыс шығара
бастайды оған тесіле қарайды осы кезде оның аяқтары мен қолдарының қозғалыс
ырғақтары өзгереді шаттану комплексі баланың алғашқы әлеуметтік жауабы деп
санау қабылданған.
Қабылдаудың тұрақтылығы -қабылдау шарттары өзгергендегі зат бейнесінің
біршама тұрақтылығы .
 Жуықтасу талдауыштары-рецепторлары заттардың тікелей әсеріне шалынатын
талдауыштар .мысалы ,тері талдауышы анализаторы.
Тиянақталған сөйлеу-әрбір сөздің немесе сөйлемнің дәл анықталған, мазмұны
жағынан  аяқталған сөйлеу .
Темперамент-нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке
өзгешіліктері.
Тест-белгілі бір жағдайды қатаң сақтай отырып,балаларға ұсынылатын
тапсырмалар жүйесі.
 Синтез-бөлшектерді,жақтарды,белгілерді біріктіру,жалпылау,топтау бүтін
қарау.
 Сензитивтік кезеңдер-организмнің қоршаған ортаға өте жоғары сезімталдығын
көрсететін кезеңдер.
 Психикалық даму факторлары-бұл индивидтің өмірлік іс-әрекетін қажетті
түрде анықтайтын обьективті бар нәрселер.
 Психика-өмір дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын ұйымдасқан
материяның қасиеті.
 Үнсіз сөйлеу-сөйлеу әрекетінің ерекше түрі.
 Ұғымталдық-сезім мүшелерімен ақыл-ой арқылы тез қабылдауы.
 Эмоциялық дүниенің дамуы-үштен жеті аптаға дейінгі баланың жандану кешені

2.«Балалар психологиясы» пәнінің дәрістік материалдары.
         1. Балалар  психология пәні. Міндеттері мен жалпы мәселелері.
   1) Балалар психология пәні. Міндеттері.

   2) Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясын  зерттеу әдістері.

   3) Биологиялық  және әлеуметтік  факторлардың рөлі.

   4) Психикалық дамыту және үйрету.

   5) Психикалық дамытуды кезеңге бөлу.

   6) Балалардың психикалық дамуының психикалық ерекшеліктері.

   Қазіргі заман ғылымының дамуына оның  ғылыми салалары пәндер мен
проблемалық салалардың ықпалдасуы мен  саралап  жіктелуі сияқты негізгі 2
беталысының өзара   әрекеттесуі  неғұрлым айқын  көрініп  келеді. Ғылымның
ықпалдастығын  талдай келе Ж.Пиаже , Б.Г.Ананьев, К.М.Кедров  ғылыми
білімнің  ортасында  адам туралы ғылым-психология тұр деп  көрсеткен.
Ғылыми білім үшбұрышының Б.М.Кедров ұсынған түсіндірмесі.
Жаратылыстану ғылымдары
            Философия                                            Қоғамдық
             Ж.Пиаженің келесі пайымдауымен сәйкестендіріледі: «...
психология басқа ғылымдардың өнімі ретінде маңызды орын алып тұрған жоқ. Ол
сондай –ақ олардың дамуы мен қалыптасуына түсініктеме бере алушы бастауыш
ретінде орталық орын алады.
      Г.Б.Ананьев  ойынша  адамды  тереңірек зерттеу саралап  жіктеу,
сонымен бірге  осы саладағы барлық зерттеулердің  ықпалдасуы адам
проблемасының  жалпы ғылымдық  сипатқа ие  болуына  ықпалын тигізеді.
Жантану ғылымының негізгі салаларының  бірі – жасерекшелік психологиясы.
Оның бөлімдерінің бірі балалар психологиясы, яғни мектеп жасына дейінгі
балалар психологиясын зерттейді.                             Зерттеу
объектісі – адамның дүниеге  келген күнінен бастап қартайғанға дейінгі  әр
түрлі жас кезеңдеріндегі психологиялық ерекшеліктері. Мұның өзі  бірнеше
тармақтарға бөлінеді. Олар мектепке дейінгілер, бастауыш сыныптағылар,
жасөспірімдер,  балан жастағылар,  кәмелетке келген және ересек, кәрілік,
қарттық  жастағылардың  психологиясы.  Бұлар да жан қуаттардың  дамуының
жас ерекшелігіне  қарай дамып,  қалыптасып отыратындығы  ілім – білімді
меңгеруге  лайықты  мүмкіндіктер  қарастырады.  Балалар психологиясы
балдырғандарды зерттейді.  Балдырғандардың  басқа адамдармен қарым-қатынас
жасай  алатын,  еңбектенетін, жаңалық ашатын, өнер туындыларынан қалай
ләззат ала білетінін ,  ересек адамдарға  қалай айналатынын анықтап береді.
            Жас балдырған үлкен адамдарға ұқсамайды. Тек  біліммен ғана
емес баланың сезінуі ойлауы үлкен кісілермен емес екендігін білеміз.
Сәбилердің сезімдері күшті, бірақ көбінесе тұрақсыз болуы мүмкін. Құштар
болған нәрсесін ертең ұмытып кетуі ғажап емес. Астарлап сөйлегенді балалар
түсіне  бермейді. Өзін қызықтырмаған  істі зорлап  орындай алмайды.
Баланың қолынан  келмейтіні көп.
      Сәбидің дамуын сипаттайтын факторлар : Баланың үнемі ілгері ұмтылуы,
оның  мінез-құлқында  іс-әрекетінде  жаңалықтың пайда болуы.
Қарапайымдылықтан неғұрлым  күрделі. Ойланып атқарылатын қимылға ауысуы.
Сөйлеуді игеруі дербестілігінің алғашқы көріністерінің пайда болуы.
Балалар психологиясының маңызды міндеті – даму заңдылықтарын  анықтау, оған
әсер ететін  себептерді іздестіру.
Балалар  психологиясының негізгі зерттеу компоненттері – балдырғанның
психикалық дамуын, психикалық дамудың әрбір сатысының ерекшеліктерін,
психикалық дамудың маңызды жағын, баланың бойындағы  психикалық процесстер
мен сапалардың, қабылдаудың, зейіннің,  қиялдың, есте сақтаудың, ойлаудың,
сөйлеудің, сезімдердің, мінез-құлықтың, еріктің, басқарудың бастапқы
формаларының  пайда болуы және жетілуі  қарастырылады.

Стол  үстіндегі  ойыншыққа қолын созуы, қасындағы сызғышты  пайдалануы,
саналы іс-әрекетке көшу.                                           2-3
жастан кейін  бала алдын ала күрделі емес  ойын сюжеті арқылы игереді.
Мысалы, гараж машина сыятындай  болуы керек. Мұның бәрі  іс-әрекет үстінде
ойлаудан  практикалық іс-әрекетке бағыттап, жөнге келтіре бастайтын ақыл
мен ойлауға  өту болып отыр.                                       Сәбилік
және мектепке дейінгі шақ – баланың жеке басының қалыптасуы басталатын шақ.
                                                  Балалар психологиясы –
балалардың психикалық даму факторлары мен заңдылықтарын, оның іс-әрекетінің
 дамуын, психикалық процестердің және сапаларының  дамуын  оның жеке
басының  қалыптасуын  зерттейтін ғылым.      Дамудың жалпы заңын білу –бала
психикасына  балалардың психикалық дамуын  зерттеуге  дұрыс жол табу.
Сананың қалай пайда болуын дүниеге келген «табиғаттың , кішкене  тірі
организмнің  қалайша  дүниеге адамзат т әжірибесі арқылы  көз тастайтын
қоғам  мүшесі болып   шығатынын айқындауға көмектеседі. Басқа ғылымдармен
байланысы  балалар психологиясы  жалпы психологиядан тарайтын  адам
психикасы  туралы  білімге  сүйенеді.
            Жалпы психикалық заңдылықтарды анықтауға  мүмкіндік беретін
психикалық зерттеудің ерекше әдісі – генетикалық әдіс.
Жас ерекшелік анатомиясы мен физиологиясы нерв  жүйесінің   дұрыс жетіліп
нерв қызметінің  дамуы – жұмыс істеуі психикалық дамудың  маңызды шарты .
Балалардың психикалық дамуы, даму заңдылықтары  баланың эмоциялық
ерекшеліктерін, бейімділігі мен ынтасын білу , балабақшадағы оқу –тәрбие
жұмысының маңызды шарты болып табылады.           Баланың психикалық дамуы
коптеген жағдайларға байланысты. Мидың ауырғанына ешқандай педагогикалық
тәрбие берілмегендіктен сөйлеспеген, ойнамаған, үйретпеген т.б.
                                        Көрнекті совет зоопсихологі Надежда
Николаевна Ладыгина өз семьясында Иени атты  1,5 жастық  шимпонзені 4 жылға
дейін тәрбиелеген. Тәрбиелеген , зерттеуді күнделікке жазып отырған. 10
жылдан кейін Рудольф (Руди) деп қояды. 4 жылға дейін бақылау  жүргізеді.
Нәтижесінде «шимпонзенің жас баласы  мен адамның  жас баласы»  атты кітабы
шығады. 2 сәбиді бақылағанда  ойын және сезім  белгілерінде ұқсастығы мол.
Өзгешеліктері: шимпонзенің аяғынан тік басып , қолын жерден босата
алмайтындығы. Ол адам іс-әрекетіне үйрене алмайтынымен, дағдыларды  дұрыс
жетілуге апармайды.  Қимылдың сырт белгілерін ұстап қалады да, маңызын
түсінбейді.  Мысалы, шегені қаға алмауы, творчестволық , конструкциялық
сипаттағы ойындар. Маймыл баласын  асыраған американдық ерлі-зайыпты Келл
Локктар да шамамен осындай нәтижеге  жеткен.
                                  ХХ ғасырдың басында  үнді психологы Рид
Синх  қасқыырдың інінен 8 жасар және 1,5 жас шамасындағы екі қыз баланы
тауып алады. Синх екі қызды адамша тәрбиелейді.  Олар 4 аяқтап жүреді,
адамды көрсе ырылдап, айбат шегеді, түні бойы қасқырша ұлиды. Кішісі Амала
1 жылдан соң қайтыс болады. Үлкені Камала 17 жасқа дейін өмір сүреді. 9
жылда қасқырдың әдетін қойғызды, дегенмен асыққан кезде  төрт аяқтап
кетеді, 40 сөзді ғана дұрыс айта алатын болған.  Адамзат болмаса адамның
психикалық қасиеттерінің пайда болуы да мүмкін емес. Енді адамның миы
қоғамдағы адамға  тән емес жағдайда өміріне қажетті жағдайы жоқ жерде адам
психикасы пайда болмайды. Адам бояу үшін  мидың құрылысы да, белгілі өмір
сүру жағдай да, тәрбие де қажет.  Юни шимпонзе болып қалды, Камала адам
болған жоқ, қасқырға тән қылықтары бар тіршілік иесі болып шықты.
Маймылдың мінез-құлқының белгілері тұқым қуалаған. Ерекше икемділік-
үйренгіштік – адам миын хайуанаттар миынан  ажырататынын  аса баңызды
айрықша белгілердің  бірі. Хайуанаттар  миы инстингтер механизімі мінез
құлық формасы бекіген, мидың қалыптастыру процесі  негізінен  туған кезге
дейінгі аяқталады, ал адамда жағдайына байланысты болатынын дәлелденген.
Таза жерін толтырады да, оның құрылысына әзер әсер етеді.          Балалар
психологиясы – балдырғанның даму фактілері мен заңдылықтарын оның іс
–әрекетінің дамуының және психикалық процесстері мен сапаларының  дамуын,
оның жеке басының қалыптасуын  зерттейді. Сәбилік және мектеп жасына
дейінгі шақ – бұл баланың  мектеп жасы  дамуы қалыптасатын шақ.
                                             Баланың дамуы -  бала
бақшадағы зерттеулердің мәліметтермен ата- аналарын мұқият сұрау арқылы
жанұядағы  тәрбиесі мен мінезінің ерекшелігін баланың  дамуын зерттеудің
нәтижесі психикалық мінездеме болып табылады.



             2. Нәрестелік және ерте сәбилік шақтағы психикалық
                                ерекшеліктер.
     1.Шартсыз рефлекстер және олардың баланың дамуындағы маңызы.
     2.Сезім мүшелерінің даму ерекшеліктері.
     3.Эмоциялық өрісті дамыту , жандану комплексі.
      Дүниеге келу бала организмі үшін күрт өзгеріс болып табылады. Біршама
тұрақты ортадағы вегетативтік  (ана организмі ) өсіп – өнушілік тіршіліктен
ол кенеттен жиі өзгеріп тұратын сан – алуан тітіркендіргіштерге толы .
Ауалы ортадағы мүлдем жаңа жағдайға яғни бұрынғы дәрменсіз тірі және жан
дәрежесіне ақыл – есті адам болып өсетін дүниеге шығады.Баланың жаңа
жағдайдағы өмірін оның бойына туа біткен механизмдер қамтамасыз етеді. Бұл
нерв системасының организмнің сыртқы жағдайларға лайықтауға белгілі
дәрежеде әзірлігімен дүниеге келеді. Бала туған бойда организмнің негізгі
жүйелерінің жұмысын  (тыныс, қан айналысын, зәр шығару) қамтамасыз ететін
рефлекстер жасалады.
         Терінің қатты тітіркенуі – дененің қорғаныш реакциялары – қорғаныш
рефлексідеп аталады.
         Басқа тітіркендіргішпен жанасу реакциясында байқауға болады , олар
бағдарлау рефлекстері.
        Нәресте дүниеге келген алғашқы 3 күн ішінде  жарық көзіне қарай
басын бұрады. Бағдарлау, тамақтану   рефлексі пайда болады. Езуіне , бетіне
жақындау , қарыны ашып жатқан баланың іздену реакциясын тудырады , бала
тітіркенгіш жаққа басын бұрып , аузын ашады.
      Реакциялар: ему рефлексі, жармасу реакциясы, итеру рефлексі(ембектеу)
      Органикалық қажеттілік: баланың психикалық дамуының негізі бола
алмайды, олар тек қана баланың өмір сүруін қамтамасыз етеді. Шартсыз
рефлекстер мінез – құлықтың адамдық формалардың пайда болуына қамтамасыз
ете алмайды.
       Баланың хайуанаттың арғы атасын тұқым қуалайтын – атавизандық
рефлекстер. Баланың ембектеуі – аяқпен итеруден емес, қолдың қозғалуынан
басталады , бала көңілі ауған нәрсеге ұмтылады. Қолын кезек қозғап алға
жылжиды.
        Нәрестенің негізгі ерекшелігі – жаңа тәжірибелерді игеру, адамға
тән мінез – құлық формаларына ие болу мүмкіндігінің шексіздігі. Егер
органикалық  қажеттілікд белгілі дәрежеде қанағаттандырылса онда олар
кешікпей өздерінің жетекшілік мәнін жояды және дұрыс режим мен тәрбие
жағдайында жаңа қажеттіліктер қалыптасады(әсер алу, қимыл, үлкендермен
қарым - қатынас) .
         Жаңа туған баланың маңызды ерекшелігі: көруі, естуі дене
қозғалысынан  жылдам дамиды. Баланың  алдымен қозғалысынан  хайуанаттардан
бөлек ерекшелігі осы. Жаңа туған кезеңдегі мидың дұрыс жетілуіне қажетті
жағдай сезім мүшелерінің соның  көмегімен сыртқы алемнен алынатын әртүрлі
сигналдардың миға өтуі. Бірте – бірте бала үлкендерге бағытталған жандану
комплексі қозғаушы реакциясы пайда болады.
         Жандану комплексі – баланың өзіне қарап еңкейген адамға көз
тоқтатуы оған  жымиып күлімсіреуі, қолдары мен аяқтарын қозғап жай ғана
дыбыстар шығаруы, бұл әлеуметтік қажеттілік, жандану кезеңінде пайда
болатын жаңа туған кезеңмен нәрестелік кезең шекарасы болып табылады.


                   3. Нәрестелік кезең танымдық процестер.
1)Қарапайм түстерді ажырыта алу үш айлығында болады. Ол генетикалық қан
арқылы беріледі.
2)Балалардың көз тоқтатуы алдымен горизонтальды жатқан затқа көз тоқтадады.
Одан кейін бала вертикальды затқа қарады.
3)2-3 айда балалар таныс және таныс емес адамдарды ажырата бастайды.
4) 3-4 айда бала таныс емес адамдармен қарым-қатынасқа түскісі келмейді
себебі, бірді-бір сегіз айында көру аймағы азайады.
5)Ассоциациалық ес-байланыс 2 жаста аяқталады, бір сөздің орнына екінші сөз
пайдалану бастапқы сөз еске түсуі, яғни көру, есту екі жаста аяқталады.
6)Бағдарлау зерттеу әрекеті жүзеге асырылады сөйлеуге келетин болсақ
бірінші дыбыс шығарады, 2-3 айда гуілдейді, содан кейін былдыр пайда
болады, 9-10 айда алғашқы сөз пайда болады.
    Заттар мен қарым-қатынас 7-10 айында болады. Мысалы, қоршаған ортамен
қарым-қатынас жасау бірінші мимика, екінші сөйлеу арқылы жасалады.
    1 жастан 3 жасқа дейінгі бөбектік кездегі негізгі ерекшеліктері:
1)Адамдармен қарыс-қатынас жасауда түсіну пайда болады.
2)Ойлауға өзін-өзі тежеу қалыптасада.
3)Тілдің дамуы 1 жастажеке сөз айтылады: 2 жаста 2-3 сөзді құрастырып
айтады, 3 жастың аяғында толық балалармен қарым-қатынас жасайды.
4)Фанемадан кеінгі кезеңде фанемді сөзге ауысады.
5)Экоцентрлік сөз 1 жастан аяқталады.
     Заттық әрекеттер монепулярлық тұрғыда емес, мағынасын түсініп жасауда
болады, ойын 1-3 жаста алғашқы сюжеттік ойындар ойнай бастайды.
     3 жаста бала қарапайым жаңа форманы ажыратады.
         Спектордың негізгі түстерді ажыратады. Іс-әрекеттен іске асады.

                              4 Сәбилік кезең.
   1.  Сәбидің анатомиялық және физиологиялық дамуына сипаттама.

   2.  Сәбилік кезең дамуының басты белгілері

   3.  Сәбилік кезеңдегі баланың  психикасының  дамуы.

   4.  Үш жас кезеңіндегі балада кездесетін дағдарыстар

   5.  Мінез-құлық өзгерістері: жағымды және жағымсыз.

          Сәби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыс тәжірибе жүзінде мазмұны
жағынан өте қарапайым деп саналғанымен назар аударарлық жағдаяттар өте көп.
Анатомиялық және фихиологиялық тұрғыдан қарар болсақ  өсу кезеңдерінде бала
ерекше дамиды. Нәрестенің алғашқы бір жылы дүниеге келген куннен бастап 4
апта, яғни 28 кун аралығын – нәрестелік кезең деп атайды. Ал емшектік кезең
1 жасқа толғанға дейінгі аралықты қамтиды. Нәрестені анасының организмінен
тыс өмір сүруге көндіктіру үшін оның организмінің көптеген органдары мен
жүйелерінің функцияларын өзгертуге тура келеді. Емшектегі баланың органдары
мен клеткаларының  анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері, иммунитет
қабылдау мүмкіншіліктерінің жеткіліксіздігі әр түрлі ауруларға шалдығуын
күшейтіп, олардың ұлғаюына себепші болады. Емшектегі баланың дене салмағы
туылған куннен кейін бір шама өзгерістерге ұшырайды,  баланың дене
салмағының артып, бойының өсуі оның жалпы дамуына тән қасиет.

         Баланың туған кездегі салмағы: мерзімінде туған (39—40 аптадан
кейін туған) ер баланың салмағы 3500±450 грамм; Қыз баланың салмағы
3300±460 грамм;

Бойлары 47—56 cм аралығында болады (кейде 50—51 cм).

        Салмақ қосу барысы: алғашқы айда сәбидің дене салмағы 700—800
грамға дейін өседі де, кейін біршама баяулайды, бірінші жарты жылдықтың әр
айында 600 грамнан, екіншісінде — 500 грамнан. Баланың салмағы 5—6
айлығында 2 есе, ал бір жасқа толар шағында 3 есе өсіп, 10-11килограмға
жетеді.
                                                                    Ірі
болып туған балаларға қарағанда жеңіл салмақпен туған балалар айына
салмақты көбірек қосады.

       Бойларының өсу барысы: емшектегі баланың бойы да айтарлықтай өседі,
бір жасқа толарда баланың бойы орта есеппен 25 см өседі;

нәрестенің бойы алғашқы 4 айда шапшаң өседі де, айына 3 cм қосып отырады,
бұдан кейін бойының өсу қарқыны біртіндеп баяулайды: 4 айлығынан 6 айлығына
дейін айына 2—2,5 cм; 7 айлығынан 9 айлығы аралығында айына 2 cм; 10
айлығынан 12 айлығы аралығында айына 1,5 cм.

         Сондай – ақ дене күтімі де басты назар аудартады: Емшектегі
баланың әсіресе жаңа туған нәрестенің терісі үлбіреген жұмсақ келеді де, ол
тез жарақаттанады. Сондықтан дұрыс күтілмеген жағдайда тері қатпарлары
базданып іріңдей бастайды.  Сүйек тканьдерінде тұз аз болғандықтан,
олар шеміршек тәрізді майысқақ болып келеді де, сәбидің күтімі дұрыс
болмаса (мысалы, егер баланы жастыққа отырғызса, аяғына ерте тұрғызса), тез
қисаяды. Сәбидің  бас сүйегі  онша жетілмей туады, бас сүйектің қосылған
жігі жұмсақ, былқылдап тұрады. Оны еңбегі деп атайды. Ол балаға 9—14 ай
толғанда қатады. Емшектегі баланың басы үлкен болады:

         • жаңа туған нәрестенің басының шеңбері 34—36 cм;

         • бір жастағы баланың басы 45—46 cм.

         Қолы мен аяғының ұзындығы бірдей, ал бойының ұзындығына қарағанда
аяғы біршама қысқа келеді.

        Дене температурасы ересектердің температурасына қарағанда емшектегі
нәрестенің температурасы  0,3—0,4°С жоғары болады. Олар сыртқы
температураның өзгерісін тез сезінеді, тіпті оның әсерімен сәбидің
денесінің температурасы да өзгеруі мүмкін. Баланың тамыр соғуы ересектерге
қарағанда өзгеше жылдам,  тамыр соғуы жиі өзгеріп отырады (мысалы, бала
қатты жылаған кезде минутына 160—200 рет cоғатын болады).

        Сәбилік кезең түрлі жастағы дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ
оның пайда болу себебі мен мәніне жете зейін аударылмаған. Сәби бірден тәй-
тәй басып жүріп кете алмайды, дегенмен, бірен-сараң болса да ондай балалар
бар. Бірден жүргіш кететін сәбиді мұқият зерттеу нәтижелері оның бойында
әлі де анықтала қоймаған жасырын ерекшеліктері бола-болатындығын көрсетеді.
Алайда құпия сыр сәби жүре бастағаннан жоғалатынын байқаймыз. Сәби тым жас
кезінде-ақ жүре алады, бірақ ол әлі нәзік қозғалып, кеңісікте өз бойын
билей алмайды. Сәбидың бойында мұндай қасиет оның алғашқы дағдарысының
мәнін анық байқатады. Дағдарыстың екінші көрінісі бала тілінін шығуына
байланысты. Сәбидің тілі шығып, бірден сөйлеп кету процесі ұзақ мерзімге
созылады, дегенмен бірден сөйлеп кеткен сәбилер болғаны кейбір деректерден
мәлім. Сәбидің үш айға дейін тілі шықпайды, бұл сол тілі шығудың жасырын
кезеңі деп аталады, Ал үшінші жайт – бала бойындағы аффект пен ерік
ерекшеліктерінін көрінісі. Э.Кречмер мұны гипобликалық қимыл-қозғалыс деп
атады. Мұның мәні дағдарысқа байланысты сәбидің’ алғашқы қарсыласуы, от
басындағы тәрбиенің өктемдігіне сәбидің қарсылық көрсетуі, Кречмердің бұл
көріністерді гапобликлық деп атауының себебі ондай қимыл-қозғалыстар ерікті
әрекеттер мен аффектінің бірігіп кету салдарынан оларды бірінен-бірін
ажырату қиын.

          Дағдарыс жасында сәбидің мұңдай қимыл-әрекеттер жасауына дұрыс
тәрбие бермейтін семьяларда пайда болып, олар шиеленісе түседі. Ал оның
соңы тәрбиесі қиын балаға әкеп соқтырады. Әдетте сәбиге бір нәрсені бермей
қойса немесе оның тілегін түсінбесе, ол ашу-ызаға құрт ерік беріп, еденге
жат қалып аунап үздіксіз жылайды. Егер жүретін болса, қозғалуда бас тартып,
еденді аяғымен тепікілейді. Осы кезде ол ешқандай есінен танарлық, езуінен
сілекей ағып, серейіп қаларлықтай белгілері байқалмайды. Бұл тек баланың
бойындағы мен-мендік мінез көрінісі, кежірлік белгісі. Тілегінің орындалмай
қалғанын көрсеткен қарсылығы мен наразылығы. Мұндай көрініс сөбидің
нәрестелік шарындағы аяқ-қолын тарбаңдату бейнелерін ғана елестетеді.

        Міне, сәбилік кезеңнің алғашқы дағдарысындағы үш түрлі негізгі
сәттері осындай қылықтарынан айқын байқалады.  Енді біз сәбидің тілінің
шығуына байланысты дағдарыс түрін қарастырып көрейік. Менің тілдің шығу
сәтіне орай бидің дағдарыска ұшырау себебін таңдап алуым – бұл мәселе ең,
алдымен баланың ұғым-түсінігіне және оның әлеуметтік ортамен қарым-
қатынасына байланысты болуы. Сәбидің тілінің шығуы жайында біріне-бір
қарама-қарсы және бірін-бірі жоққа шығаратын екі түрлі көзқарас және үш
түрлі теория бар. Оның біріншісі – құрамдык (ассоциация) негізге
тіректелген тілдің бірте-бірте шыруы. Кейбір жағдайда бұл теорияны семіп
қатып қалған деуге болады. Өйткені онымен күресу – аруақпен күресумен
бірдей. Бұл теорияның тарихи мәні ғана бар. Өйткені ескіні білмей жаңаны
жасай алмайсың. Осы теорияға сүйенген зөрттеушілердің бірсыпырасы осы күнге
дейін бала тілінің дамуы туралы ілімді тежеп отыр, ал ондай қателіктерді
жоймай бұл мәселені дұрыс шешу мүмкін емес.

         Құрамдық теорияның түсінігі бойынша сөз бен оның мағынасы
арасындағы байланыс – екі мүше арасындағы байланыс. Сәби бір затты,
мәселен, сағатты көреді. «С-а-ғ-а-т» деген дыбыс жиынтығын естиді, осы
екеуінің арасында балада тіл  байланысы пайда болады, бүл байланыс баланың
«сағат»деген сөзді естіген соң, онда дыбыс пен зат арасындағы байланыс
пайда болады. Г.Эббингауздың бір шәкірті сөздің мәнін адам пальтоны
көргенде оның иесін еске түсіргені сияқты, байланыстың пайда болуы деп
бейнелеп түсіндіреді. Біз қалпақты көргенде оның кімдікі екенін білеміз
және қалпақ иесін еске түсінреміз.

          Біріншіден, сөз мағынасы мен сөз арасындағы қатынас кейбір
жағдайда қарапайым және оңай ғана болып көрінеді. Екіншіден, баланың тілін
одан әрі дамытып отыру үшін нәрселер арасындағы құрамдық тәуелділіктің
болатындығын аңғартып, оларды одан әрі қарай нақтылай түсіп өрістету қажет.
Бұл тәуелділік бірнеше байланыста болуы мүмкін. Ал дамудың келесі сатысында
әлдебір жаңа- нәрсенің пайда болу процесін түсіндіретін болсақ, онда 4
құрамдық байланыс сөздің өзіндік :ынасын аша түседі. Осы көзқарас бойынша
бала тілінің дамуы оның сөздік қорының дамуына ықпал етіп, оның құрамдық
байланысын да байытып, оны нақтылай түсуіне жетелеп отырады. Бұл ретте
Эббингауздың жоғарыда айтылған шәкіртінің пікірін растап, бала сөзінің
мағынасы біржола нақты қалыптасатынын көрсетеді. Бұл жайт сөз мағынасы бала
үшін үзақ мерзім бойы өзгеріссіз қалып қояды да ол дамымайды. Соның
салдарынан баланың сөзі өзгеріссіз қалуы мүмкін. Осы орайда бала тілінің
шығуы туралы мәселе де өз шешімін тапқандай. Өйткені, бір жағынан алғанда
сөздерді атау олардың дыбысталуы арасында байланыс үнемі сақталады
саналады.

          Құрылымдық көзқарас тозығы жеткен ескі теория және сынаудың өзі
де әурешілік сияқты. Дегенмен, сөздің мағынасы біржола пайда болып, ол
тұрақты келеді деген түсінік сәби тілің дамуындағы бірден-бір байлық деген
ұғымның сақталып қалуына негіз болды. Менің ойынша, бала тіліне қатысты
дұрыс теорияны осы пікірден бастау керек сияқты. Құрылым теория—-қолдаған
зертгеушілер сөз мағынасын дамыту жағына жете мән бермеді. Олар құрылым
теориясына сенгенімен, бірақ оны психологаялық жағынан сөздік белгінін
пиада болу механизміз дұрыс түсіндіре алмады. Бұдан соң осы мәселеге
қатысты теорияның тарихи дамуына сәйкес В.Штерн бастаған екінші тобы пайда
болды.

         Штерн теориясына сәйкес алғашқы сөз бала дамуындағы негізгі қадам.
Ол дыбыс пен заттың арасындағы құрылымды байланыс негізгі түйін емес дейді.
Өйткені мұндай құрылымды байланыс жануарларда да бар (мысалы, өзіңіз атаған
затқа итке көз сальш оған қарауды үйретуге болады) дейді. Сәбидің, – дей;
Штерн, – біріншіден өз өзмірінде ғаламат жаңалық ашатыны оның қандай да
заттың болмасын өз атауы бар екенін, немес (осы заңның екінші ұғымы)
сәбидің белгі мен маңызы арасындағы байланысты ашатыны, яғни, тілдің
символдық қызметін білуі кез келген затты белгі, символ арқылы көрсетуге
болады.

        Бұл көзқарас із жүзіндегі зерттеуде өте жемісті болып, ол
кұрылымдык теория аша алмаған фактілерді ашты. Ол тілді дамытуда құрылымдык
байланыс бірте-бірте қалыптасады бірақ жаңалық ашқаннан кейін бала
сөздігінің секірмелі болып өсуі пайда болады дейді. Штерн атап көрсеткен
екінші бір жайт сәбидің сөздік қорын қарқынды даму кезеңіне аяқ басу
хайуанаттардың адам сөзін түсінуді үйреніп, онан аталмаған зат атын сұрап
біліуі мүмкін емес. Ал балаға, – дейді Штерн, – қанша сөз берілсе, сонша
сөзді біліп алу тән, яғни ол әрбір затты атауы болуға тиіс екендігін жақсы
түсінеді. Штерн баланың ашқан жаңалығы сәбидің алғашқы жалпы түсінігі деп
аталу тиіс дейді.  Адамзатқа тән үшінші нышаннын мәні – сәбиде ат туралы
бастапқы сұрактар пайда болады, яғни сөздік қорын өсіру үшін сәби кез
келген затты «Бұл нс?» деп сұрай береді. Осы аталған нышандардың үш түрі де
балалық шактың ер кезеңіне тән. Сонымен ІІІтерн айтқан жаңалық пікір мен
оның теориясының мәні кандай? Біріншіден, жоғарыда аталған үш түрлі
нышанның бе де сәби тілінің даму негізін құрайды және баланың дамуындағы
сөйлеуінің шығу мәнін ашып көрсетеді. Оның алғашқы сөйлем құрауының мәнін
ашып көрсетіп, белгі мен мағына арасында-байланыстың құрылымдық сипатын
бекерлейді. Үшіншіден тілдің дамуындағы болып отырған өзгерістер өте шапшаң
болып отыратындығын көрсетеді. Алайда онын теориясында аталған жайтты қате
түсіндіруі оның өзіне қарсы шығады. Бұл түсінігімді Штерннің өзіне айтқаным
бар. Ол ттпті осы теория негізденгеннен бергі уакытта, яғни «Бала тілі»
деген кітабы жазьшғаннан бері өзінің кейбір ойларының мазалап жүргендігін
айтты және ондай келіспеушілік жайлы өзге сыншылдар да айтқанын есхе алды.
Штерн өз теориясын анықтаумен айналысуда, бірақ ол мен келіспеген бағьпта
емес, басқа бағытта өзгертпекші, ол туралы кейінірек сөз етермін. Бұл
тергеу ізін Штерннің соңғы жұмыстарыңан кездестіреміз.

       Штерн теориясына қарсы пікір айту үшін, менің ойымша мағынасы терең
фактілерді келтіре отырып, оларды дұрыс шешудің жөн- жосығын анықтап алу
керек сияқты.

       Біріншіден, 1 жастағы немесе туғанына 1 жыл 3 ай толған сәби
соншалықты ақыл-ойының дамуы және белгі мен мағына байланысы туралы осындай
жаңалықты ащуы, оның кез келген заттың атауы бар деген ғаламат қорытынды
жасауға қабілетті теоретик болуы жөніндегі алғашқы жалпы түсінік жасауы
ақылға сыйымсыз. Штерннің дәлелі – тілдің мәні деген сөз. Ересектер үшін
тілдің мағынасы кез келген заттың өз аты бар екендігінде. Бір жарым жастағы
сәби тіл мағынасын ашады деу қиын. Бұл тіпті сіріңке қорабын аша алмайтьш
сәбидің интеллектуалдық ақыл-ойының даму жәрежесімен қиыспайды, ол сәбидің
біріктіру ойлау қабілетіне қайшы келеді. Штерн мұндай келіспеуішлік
пікірлерді дұрыс мойындайды.

         Екішіден, тәжірибелік зертгеу нәтижелеріне қарағанда бір жарым
жастағы сәби тілінін мағыналық табиғатын ашпақ түгіл, мектеп оқушысының өзі
сөздің не екенін толық түсіне алмайды, зат пен сөз арасындағы байланыс
дегеннін не екені миына кіріп шықпайды, ал әсіресе мәдени даму жағынан
артта қалған көптеген ересек адамдар демі біткенше мұны түсінбей кетеді.
Сәби үшін тіл оның санасында белгілі таңба ретіндеігі түсінік сипатында
қалыптаса қоймайды. Сондықтан бұл жайттың Штерн «жаңалығынан» айырмашылығы
ұшан-теңіз. Алайда бал тілінің бастапқы сатысы алдағы өтпелі кезеңдерде
елеуд өзгерістерге ұшырап отыратындығын бекерлеуге болмайды. Осы тұрғыдан
алғанда біз бала тілінің дамуындағы дербестік немес басқаша сөйлеу
кезеңдеріндегі ғана емес, сондай-ақ оның ода әрі даму кезеңдерінде бірқатар
секірмелі өзгерістерге ұшыра отыратындығын көреміз.

      Үш жастағы дағдарысты тек теориялық схемамен қарастыруга болмайды.
Біз іс жүзіндегі тиісті материалдарды талдаудан баста- уымыз керек, мұндай
материалдарды түсіктіруде ұсынылған теорияға сүйену қажет. Үш жастағы
дағдарыстын мән-жайын ашып көрсету үшін балаңың дамуьшдағы сыртқы және ішкі
жағдайларды қарастыру қажет. Бұл мәселенін түйінді жері бяланың үш жаста
дағдарысқа ұшырау себептері нендей жағдайларға байланысты болады және оның
қалыпты жағдайдан ауытқуына әсер етуші фактор қандай? деген мәселенің мәнін
айқындап көрсетуді талап етеді.

Осы мәселенің мәнін ашып көрсетуде біріншіден,  дағдарыс  баланың  бойындағы
мұндай жағымсыз қылықтарын оның тіл алмай, қасарысуынан  айыра  білу  қажет.
Баланың жағымсыз қылықтары ересектердіц қойған талаптары  мен  айткандарының
бәріне қарсы шығады. Алайда баланың бір нәрсені істеуге зауқы болмаса  мұның
бәрі жағымсыз қылықтары мен қарсылық керсетуін (мысалы,  ол  ойнап  жүргеңде
оған жатып ұйықта десе, ол бірден тесегіне жатып ұйықтамайды),  мұның  бәрін
дағдарыс кезенінің көріністері деп санауға  болмайды.  Бала  барынша  өзінің
ойындағысын істегісі келеді.  Бірақ  оған  тыйым  салынады.  Бұл  жайттардың
бәрін қисық-қынырлық қылық, жағымсыз мінез деуге болмайды. Осыкдай  жағдайда
баланың ересектер талабына қарсы әрекеті оның өзі ұнатқан іспен  шғылданғысы
келетінін көрсетеді. Баланың үлкендердің талабына қарсылық  білдіріп,  ондай
ұсыныстарын орындамай қырсығуы оның өзіндік ойы  мен  тілегін  іске  асыруға
ұмтылуын көрсетеді.  Мұндай  қылық  бала  әрекетіндегі  өзіңдік  санасындағы
өзғерісті,  оның  сапа   жағынан   жаңа   сатыға   көтерілгенін   көрсетеді.
Дағдарыстың көрінісі баланың сіне,  осындай  қылықтарынан  айқын  байқалады.
Егер баладан басқа бір нәрсені істеуді өтініп сұраса,  оңца  ол  бұл  жағдай
өзінін көніліне қонымды болғандықтан қарсылықсыз  орындайды.  Біз  клиникада
өзіміз байқаған мынадай мінез-құлықты  мысал  етіп  келтірейін.  Үш  жастағы
дағдарыс кезеңі созылып кеткен 4  жасар  қыз  бала  өзін  балалар  мәселесін
талқылайтыи конференцияға ертіп  баруды  өтінеді.  Қыз  оған  баруға  жинала
бастайды. Мен қызды жүре ғой деп шақырдым. Бірақ оны мен шақырғандықтан,  ол
тіпті барғысы келмей калды. Ол барынша қарсыласып  бақты.  «Оңда  бері  келе
ғой», – деп едім, оған да келмеді. Оны өзімен  өзін  қалдырғанда,  ол  жылай
бастады. Оны  ертпегеніме  өкпеледі.  Бұл  орайда  оның  қасарысып  айтқанға
көнбеуінен  ызаланып  булығып  ренжу  пайда   болды.   Ол   өзінің   барғысы
келгенімен, оған жүр деп айтқан сөз ұнамай, қарсылық білдірді.

        Баланың бойын ашу-ыза кернегенде әмірлі дауыспен айтқан сөз де  оған
әсер етпейтінін байқатты.  Бірсыпыра  авторлар  мұндай  жайттарды  көркемдеп
жазды. Мысалы, ересек адам сәбиге келіп әмірлі үнмен: «Мына  көйлектің  түсі
қара» десе, ол қарсылық’ көрсетіп, «бұл. көйлектің түсі ақ» дейді.  Қасарысу
оған  айтылған  сөздердің  мәніне  қарамастан  керісінше  істеуге  кесірлену
дағдарыстың нақтылы көрінісі.

        Жағымсыз  әрекетгің  тіл  алмаудан  екі  түрлі   айырмашылығы   бар.
Біріншіден, бұл жерде өзге адамдармен әлеуметтік қатынас жасау манызды  орын
алады. Бұл ретте  балара  айтқанды  істеп,  оны  ықтыру  орындалатын  әрекет
маңызына  емес,  өзге  адамдармен  қатынас  жасау  ниеттілігіне  байланысты.
Жағымсыздык мінез-қылық  әлеуметтік  сипаттағы  әрекет,  бұл  орайда  балаға
қойылған  талап  мазмұны  емес,  оның  мәні  адамға:   бағытталған.   Екінші
ерекшелік – баланың өзінің ашу-ызасына; деген жаңаша  қатынасы.  Ол  ашу-ыза
әсерімен  әрекет  етпей,  өзінің.  көңіл-күйіне  керісінше  әрекет   жасауға
үмтылады. Ашу-ызара бой билету мен әрекетгену үш жастағы  балаға  тән  мінез
ерекшелігі. Көптеген зерттеу нәтижелері баланың сәбилік кезеңінде оның  ашу-
ызасы мен іс-әрекеті бірігіп кететінін  көрсетеді.  Мектепке  дейінгі  жаста
басқа адамдарға қатысты әрекет те пайда болып, ол өзге  жағдайларға  қатысты
ашу-ызадан  туындайды.  Егер  баланың   қарсылығы   белгілі   бір   жағдайға
байланысты болса, онда оны баланың жағымсыз  қылығы  деп  санауға  болмайды.
Мұндай  ретте  жағымсыздык  әрекет  дәл  сол  кездегі  оқиғаға   байланыссыз
жандайда көрініс табады.

         Үш жастағы  дағдарыстың  екінші  көрінісі  –  қырсығу.  Жағымсыздық
қырсығудан өзгеше қылық. Қырсығудың өзін  қасарысудан  ажырата  білу  керек.
Мысалы, бала бір нәрсенің  орындалуын  өзінше  талап  етіп  қасарысып  тұрып
алады. Бұл қырсықтану емес, бұл үш жастағы дағдарысқа  дейін  де  кездеседі.
Мысалы, бала бір затты иемденгісі келеді, бірақ оны бірден ала  алмайды.  Ол
бұл заттың өзінікі болуына қасарысумен қол жеткізеді. Қырсықтану  дегеніміз,
сәбиге бір зат оған аса  қажет  болғандықтан  қасарыса  қалмайды,  ол  затты
сұрағаны  үшін  ғана:  қасарысады.  Ол  өз  талабының  орындалуын   тілейді.
Айталык, сәбиді ауладан үйге шақырдық дейік; ол  көнбейді,  бірақ  біз  оның
үйге кіру керектігін дәлелдеп, үгітгейміз, ол дәлелді түсінгенімен;  бәрібір
үйге  кірмейді.  Сәбидің  қырсықтану   себебі   өзінің   бастапқы   шешіміне
байланысты болады. Тек осы жағдай  ғана  қырсықтануға  жатады.  Қырсықтануды
кәдімгі қасарысудан ерекшелейтін екі сәт бар. Оның бірі –  жағымсыз  қылыққа
ұқсастығы, оның себепке қатысы бар. Егер бала дәл қазір  қажет  етіп  тұрған
нәрсесін  қасарысып  сұраса,  бұл  қасарысу  болмайды.  Мысалы,  ол  шанамен
сырғанауды ұнатады, сондықтан да күні бойы аулада жүргісі келеді.

          Екінші сәт. Егер жағымсыздыққа әлеуметтік сипат  тән  болса,  яғни
бала  ересектердің  айтқанына  керісінше  әрекет  жасайтын  болса,  қасарысу
сипаты болғаны. Баланың ызасы өзгермелі болады деп айтуға болмайды.  Баланың
дағдарысқа ұшырау кезеңіне дейін оның өзіне деген ниет-қылығының  себептерін
қалайша болатындығына көз жеткізуіміз керек.

      Үшінші сәт – баланың қыңырлық кезеңі.

       Бала  мінезіндегі  ерекшеліктің  алғашқылардан  айырмашылығы  қандай?
Қыңырлык жекё бастын ерекшелігі емес. Жағымсыз қылықтар  баланың  қандай  да
болсын ересектерге қарсы қарсы  бағытталған  әрекеттері.  Ал  қыңырлық  бала
тәрбиесінің қалпына қарсы, өмір салтына қарсы бағытталады:  ол  «ой  қойшы!»
деген баланың өзіне тән риза болмауын білдіреді,  сәби  өзіне  ұсынылғанның,
істегеннің бәріне жауап береді. Бұл жерде  қырсықтық  белгі  адамға  қатысты
емес, 3  жасқа  дейін  қалыптасқан  барлық  өмір  салтына  қарсы.  Бұрын  ол
қызыққан  ойыншықтарды  ұсыну  қалпына  қатысты.  Қырсықтықтын   қасарысудан
айырмашьшығы сол, ол қалайда өзінік қажетін орындауға табандылық көрсетуі.

          Буржуазиялық  сипаттағы  тәрбиеде  қырсықтық   үш   жастағы   бала
бойындағы дағдарыстың негізгі белгісі болып саналады, Өйткені бұрын  әулетте
еркелетіп өсірілген бала енді айналасындағы адамдармен  қатынасы  дөрекілене
бастайды. Баланың бойында енді назарылық білдіру пайда болып,  оған  бұрынғы
жасалған әрекеттерге  жасырын  түрде  қарсы  шығып,  өзінің  риза  еместігін
білдіреді,

         Еңді төртінші ерекшелік – өзіндік ерік немесе өзімшілдік мінез  деп
аталады. Бұл баланың  дербестік  бағытын  көрсетеді.  Енді  бала  бәрін  өзі
істегісі келеді.

  5 Үш жас кезінде жаңадан пайда болатын заттық әрекеттер. Жетекші әрекет.
1.Алғашқы заттық әрекет.
2. Баланың өзін – өзі бағалауы барысында сана – сезімінің дамуы.
3.Қарым – қатынас жасауға икемділіктің пайда болуы.
4.Әрекет арқылы өзін – өзі бағалай алуы.
        Заттық әрекет – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие
құралы. 

         Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік
мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани
дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-
бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін
жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын,
мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге
байланысты.

        Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың  қанына  ойын  азық»  деп  бекер
айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір  затқа  бейімділігі,  мүмкіндігі
және қызығуы анық  байқалады.  Ойын  мазмұны  мен  түріне  қарай:  мазмұнды-
бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары  болып
бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі  ойында  балалар  ойын  мазмұнын  түсінікті  етіп
жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады,  оларды
дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек  ұжымдық  іс-әрекетке  біріктіреді  және
шығармашылық  іс-әрекетке  бағдарлайды,  балалардың  өзара   қарым-қатынасын
реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды  қалыптастырады.  Бала  алған
рөлдеріне сай  кейіпкердің  киімін  киіп,  қимылын,  дауыс  ырғағын  мәнерлі
жеткізуге  тырысады,   көркемдік   сабақтардан   (ән-саз,   бейнелеу   өнері
сабақтары) алған  білімдерін  пайдаланады,  қуыршақты  ұйықтату  үшін  бесік
жырын  айтып  әлдилейді,  бейнелеу  өнері  сабақтарында  жасаған  ыдыс,   үй
жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы  ретінде  пайдаланады.
Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны  балалардың  өздері  жасауында,  ал
ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл  ойындар
қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.

         Ең  бастысы,  жаңа  туған  нәрестенің  өзіне  ата-анасының,  туған-
туыстарының  күле  қарауынан,  жылы-жылы  сөйлеп,  жақсы  көруінен,  иіскеп,
аялауынан бақытты сезінетіні,  олардың  қарым-қатынасты  түсіну  қабілетінің
артатыны есіңізде  болсын.  Жыламайтын,  мазасызданбайтын,  ауырмайтын  сәби
жоқ.  Әсіресе,  жас  нәресте  жылаған  кезде  қолыңызға  алып,   құшағыңызға
қыспасаңыз да,  жанында  отырып  уатуға  тырысыңыз.  Мұндайда  сәби  ата-ана
ықыласынан, назарынан тыс қалмасын. Сонда  оның  бойында  сенімділік  сезімі
қалыптаса бастайды, жалғыздық,  керексіздіктен  туындайтын  үрей,  қорқыныш,
жалтақтық бойын билемейді. Өмір тәжірибесі  көрсеткеніндей,  бала  көбінесе,
тісі өскенде,  жүре  бастағанында,  сөйлеуге  талпынғанында  ерекше  жылауық
болып келеді. Бұл денелік, рухани қажеттіліктің салдары. Одан қорықпаңыз.

           Кішкентай кезінде балалар қолына не болса, соны алады,  бәрін  де
ұстап көргісі келіп, қызығады. Ұстауға  болмайтын  заттарды  (өткір,  қатты,
иісті, кір нәрселерді, асыл бұйымдарды, қасиетті  кітаптарды  және  тағы  да
басқаларды) қолынан аларда ата-анасы ашуланбай,  ұрыспай,  жылы  сөзбен  оны
беруге көндіріп, жылатпауға, ренжітпеуге тырысқаны жөн. Тек мұндай  заттарды
баланың алуға болмайтынын кесімді түрде ескерткен де  дұрыс.  Мысалы:  «мұны
балаларға ұстауға болмайды», - дегендей. Психолог-дәрігер  жас  балаға  ата-
анасы бір нәрсе айтарда  тізерлеп  отырып,  онымен  бойы  бірдей  жағдай  да
сөйлескен жақсы әсер етеді дейді. Иә, әрбір жас  бала  ата-анасымен,  туған-
туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болғанды,  олардың  алдында  еркін  жүріп,
тұрғанды  қалайды.  Егерде  ата-анасы  жас  сәбиімен  үнемі  жоғары  отырып,
түрегеліп тұрып «биіктен» сөйлесетін  болса,  бала  «жоғары  жаққа  қарағыш»
болып өседі, кемістік, әлсіздік сезімдеріне беріледі. Сәби де, ата-анасы  да
бір-біріне тура қарап сөйлессе, екеуі де  әдемі  қуатқа  бөленеді.   Баланың
ойнайтын алғашқы ойындары бұл заттық ойын.  Басқаша  түсіндірсек  бұл  затты
игеру.   Сіз   балаға   беретін   ойыншықтар   арасында   қуыршақта,   аюда,
сайқымазақта, ұсақ ойыншықтар да бар. Бастапқыда бұл  ойыншықтардың  барлығы
үлкендер үшін – балалар  ойыншықтарға  басқа  заттарға  қарағандай  қарайды,
яғни олар үшін ойыншықтардың басқа заттардан айырмасы  жоқ..  Екінші  жылдың
басында олардың ойыншықтармен ойнауы елеусіз болады.

       Заттық ортаға бейімделу  алдымен қоршаған ортадағы болмысты қабылдау
мен түйсікке негізделеді. Айналадағы қоршаған ортаны, заттар мен
құбылыстарды көру, есту қабылдау арқылы өзіндік үрдістер: ес, қиял, ойлау
пайда болады. Бір нәрсені еске түсіру үшін алдымен оны көру не есту керек.

Адамның ақыл-ойының дамуына қабылдау мәнді рөл атқарады, әр түрлі іс-
әрекетте әрқилы тәжірибелік істердің реттеушісі болады.Көркемдік шығармада
заттық ортаның рөлі зор. Мысалы: музыкалық  шығармаларды музыкалық есту
қабілетінсіз, бейнелеуді нәзік түстерді қабылдаусыз, поэзияны жетілген тіл
сенімінсіз түсіну мүмкін емес.Психологиялық дамуда заттық үрдісінің рөлін
бағалай отырып, белгілі бір білім мен дағдыны меңгеруде баланың жеке
қабілетін ескеру өте маңызды. Ақыл-ой және дене еңбегінің барлық
түрлерінде, баланы болашаққа қоғамдық іс-әрекетке даярлауда, оның сезімдік
қабілетін дамыту қажет, яғни түстерді, пішіндерді, дыбыстарды дәл және
дұрыс айыра білуге үйрету, қоршаған ортадағы құбылыстардың өзіндік
қасиеттерін дұрыс қабылдау қажет.

         Сәбилік шақта айналадағы қоршаған ортаның үдемелі дамуы өте
маңызды мәнге ие болады. Дәл осы шақта баланың психологиялық дамуының
негізі қаланады.

         Заттық орта баланың көру, есту, тату, сипау,дәм,иіс сезімдерін
тәрбиелейді. Осы алтауы бізді заттық  ортамен таныстырады.

         Заттық-дамытушы орта келесі талаптарға сай;

    • Жаңа құралдар мен өзгерістер енгізуге ашық және икімді болуы;

    • Сәбидің жас ерекшелік мазмұнына сәйкес және жан-жақты;

    • Ересектер мен балалардың бірігіп әрекеттесуіне лайықты ұйымдастырылуы
      қажет.

Баланың өз бетінше қолдануына ыңғайлы түрлі жабдықтар мен құралдар, оқу
ортасын дұрыс жоспарлау мен ұйымдастыру даму деңгейі әр түрлі балалардың
әрекет етуін қамтамасыз етеді.

                  6 Заттармен әрекет етуге көшудің түрлері.

1.Сәбидің құралдарды қолданып әрекет етуінің дамуы.

2.Қабылдау мен ойлаудың қалыптасуы.

3.Сәбидің зейіні мен есінің ерекшелігі.

4.Сәби тілінің дамуы.

      Әрбір адамның өзіне тән мінез-құлық ерекшеліктері жоғары жүйке
қызметінің негізінде қалыптасады. И. М. Сеченов адамның психикалық іс-
әрекеттерінің жүйке жүйесінің рефлекторлық қағидаларына негізделетінін
дәлелдеді. И. П. Павлов өз еңбектерінде алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының
қызметін жоғары жүйке қызметі деп атады. Жоғары жүйке қызметі аркылы ағза
үнемі өзгеріп тұратын сырткы ортаның өзгерістеріне бейімделеді. Орталык
жүйке жүйесінің баска бөлімдерінің қызметі тек ағзаның өзінде ғана жүретін
қызметтерді реттеуғе бағытталады. Адам алдына белгілі бір мақсат қойған
кезде, оны жүзеге асырудың жолдарын саналы түрде ойластырады. Соған сәйкес
әрекет жасайды. Адамның жоғары жүйке жүйесіне тән қасиеттерге сана, ойлау,
сөз, еңбек ету кабілеті, қоғамдық өмірге бейімделуі жатады.

      Сәби айналасындағы болып жатқан оқиғаларға лезде қорытынды жасай
алмайды, ол болып өткен оқиғаны не көрген іс – әрекеттерін тек қана қиялдау
тұрғысында келтіріп қана қояды.Сәбидің айналаға зер салып, көз аудара
бастауында пайда болған аралық – заттық әрекет кезеңін құрайды. Мұнда бала
көрген заттарына (түрлі – түсті, жылтыр, қозғалмалы) талпыныс жасай отырып
заттық әрекеттің бірінші кезеңдік сипатын өз бойында қалыптастыра бастайды.
Ойлау. Адам кез келген жұмысты орындаудан бұрын ойға беріледі. Ойлау аркылы
адам заттарға, құбылыстарға тән қасиеттерді, олардың байланысын толық
күйінде есіне түсіреді. Ойлау кезінде кажетті жағдайлар жан-жақты
талданады, толықтырылады, есте бар деректермен салыстырылады. Ойлау мидың
күрделі кызметі арқылы жүзеге асады. Ойға алган нәрселер адамның бірімен-
бірінің қатынасы арқылы орындалады. Адамның ойлау кабілеті еңбек ету
барысында калыптасады. Ол айналадағы болып жатқан жагдайларды сөзбен
бейнелеу, ойға берілу аркылы көрініс табады. Ойлау қабілетінің 2 түрі бар.
Біріншісі, сөзбен қисынды ойлаудың жалпы заңдылықтары нәтижесінде
дәлелдеуге мүмкіндік туады. Екіншісі, көрнекі-бейнелі ойлау арқылы заттар
және т. б. олардың салыстырмалы бейнесі көз алдымызға келеді.
Адам миының сол жақ сыңарының сөзбен қисынды ойлауды жүзеге асыруды
қамтамасыз ететіні анықталды. Ал мидың оң жақ сыңары көрнекі-бейнелі
ойлауға қатысты ақпараттарды өңдеуге көбірек әсер етеді. Бала өсе келе оның
екінші сигнал жүйесі дамыған сайын, шартты тітіркендіргіш ретінде сөздің
әсері пайдаланылады. Сөз  әсеріне шартты рефлексті тудыру үшін 3 жасқа
дейінгі балаларда негізінен үш жағдайды алғаш кезде сақтау керек. Сонда
бала тез, уақытында сөйлеп үйренеді:

1. Үйретіліп отырған сөздің магынасына байланысты бейненің болуы және алғаш
кезде оның тұрақты  болуы. Мысалы, «әке» деген сөзді  үйрету үшін «әке» деп
айтып отырып, әкесін   көрсету керек.

2.    Сөзді айтушының болу керек және  алғаш кезде ол да тұрақты  бір кісі,
айталық, шешесі болуы тиіс. Сөзді  айтушы болмаса, бала сөйлеп үйренбейді.
Мысалы, сақау адамдардың баласы сөйлеу  қабілеті бола түра, сөйлеп
үйренбеуі мүмкін.

3. Бала сөздің мағынасына байланысты затты дұрыс тұруы керек, яғни баланың
денесі кеңістікте дұрыс орын алуы қажет.

       Туйсіну, қабылдау (ұғу) дегеніміз – айналадағы заттардың,
құбылыстардың сезім мүшелері аркылы мида бейнеленуі. Бұл зейін арқылы
байқалады. Зейін белгілі бір жағдайдың адам психологиясында шоғырлануы,
жинакталуы. Зейін қойып қабылданған көрініс, оқиға және т. б. ұзақ уақыт
есте сақталады.
        Ойлау. Ойлау аркылы сәбидің қалыптасып келе жатқан  заттарға,
құбылыстарға тән қасиеттерді, олардың байланысын біртіндеп есіне түсіру
ерекшелігі . Ойлау кезінде кажетті жағдайлар жан-жақты талданады,
толықтырылады, есте бар деректермен салыстырылады. Ойлау мидың күрделі
кызметі арқылы жүзеге асады. Ойға алган нәрселер қайталануы  бірімен-
бірінің қатынасы арқылы орындалады. Сәбидің  ойлау кабілеті  ойнау
барысында калыптасады. Ол айналадағы болып жатқан жағдайларды  бейнелеу,
ойға берілу аркылы көрініс табады. Ойлау қабілетінің 2 түрі бар. Біріншісі,
сөзбен қисынды ойлаудың жалпы заңдылықтары нәтижесінде дәлелдеуге мүмкіндік
туады. Екіншісі, көрнекі-бейнелі ойлау арқылы заттар және т. б. олардың
салыстырмалы бейнесі көз алдымызға келеді.
Адам миының сол жақ сыңарының сөзбен қисынды ойлауды жүзеге асыруды
қамтамасыз ететіні анықталды. Ал мидың оң жақ сыңары көрнекі-бейнелі
ойлауға қатысты ақпараттарды өңдеуге көбірек әсер етеді.

        Психолог ғалым Ә.Алдамұратов сәби жастан бастап, баланың
өсуін,дамуын үш кезеңге бөліп сипаттаған:
    «Алғашқы саты-сөйлеуге дейінгі кезең.Бұл кезең баланың екі айлығынан он
бір айға дейінгі сатысы деп аталады.Екінші саты-баланың алғашқы тілінің
шығу кезеңі-он бір айдан 1 жыл 7 айға дейінгі аралық. Үшінші сатыда бала
тілдің грамматикасын меңгере бастайды.Бұл кезең үш жасқа дейінгі  уақытты
қамтиды.Бала тілінің шығуы оның дүниетаным шеңберін кеңейтіп,сөйлеу тілін
дамытады»,-деп қорытқан.

             Баланың дүниетанымының өсуі қоршаған дүниемен таныстырумен
тікелей байланысты. Сондықтан да ғалымдардың бәрі қоршаған ортамен
таныстыруды баланың ақыл-ойын дамытудың негізгі нысаны ретінде алып
отырған.Бұл мәселе туралы психолог-ғалым Х. Т. Шерьязданованың өте
пайымды жан-жақты  талдағанын ғалымның төмендегі пікірінен көруге
болады:    «Баланы қоршаған дүниемен таныстыру-баланың психикасын
дамытудың, жеке бастың сапасын қалыптастырудың қажетті шарты.Тәрбиешінің
міндеті заттар жөнінде, адамдар мен олардың еңбегі жайындағы балалардың ой-
өрісін кеңейту болып табылады»- деп көрсетті.
       Енді мына біздің алдымызда үш жасар бала делік. Бұл — өзінің ерекше
ішкі дүниесі, өзіндік тілегі, әдеті, талғамы бар, көп жағдайда өз
дербестігін  көрсетіп, оны табандылықпен сақтай алатын  адам. Ол жүруді,
қол сілтеп әр түрлі қимыл жасауды ғана емес, сонымен бірге киімдерді, ыдыс-
аяқты, басқа да көптеген заттарды қолдану тәсілдерін де игереді, яғни
сәбидің сенсорлық дамуының қарқынды кезеңі басталады.Сенсорлық даму ақыл-ой
тәрбиесінің негізі-сенсорлық тәрбие арқылы жузеге асады.Ол баланың сезімдік
тәжірибесінің дамуын және баюын қамтамасыз етеді,заттардың қасиеті мен
сапасы туралы түсінігін қалыптастырады.

         1 жастан 3 жасқа дейінгі сенсорлық тәрбие балалардың әр түрлі
сенсорлық әсерлерін байытуға бағытталған.Ол баланың жалпы ақыл-ой дамуының
негізін құрайды, сенсорлық этолондар мен қарапайым рәміздік нысандарды
меңгеруге негізделеді  және кейінгі танымдық, интеллектуалды, шығармашылық
қабілеттерді дамытудың алғы шарты болып табылады. Сенсорлық тәрбие жалпы
сенсорлық қабілеттерді қалыптастыруды және   
балалардың бойында аналитикалық қабылдауда, түстердің үйлесімін
заттардың пішіндерін тани білуді, шаманың жекелеген өлшемдерін ажыратуды
көздейді.
          Балаларды сенсорлық этолондардың көптеген түрлерімен және оларды
жүйелеумен  тетелес таныстыру — мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлық
тәрбиелеудің басты міндеттерінің бірі. Мұндай таныстырудың негізінде әрбір
қасиеттердің негізгі жеке түрлерін тексеру мен есіне сақтау балалардың іс-
әрекеттерін ұйымдастыру жатыр. Осы жеке түрлер этолондар мәніне ие болуы
тиіс. Балаларды сенсорлық этолондармен таныстыру заттардың қасиеттерінің
негізгі жеке түрлерін білдіретін сөздерді баланың есінде сақтауын
ұйымдастыру болып табылады. Балаларға геометриялық пішіндердің, түстердін,
шамалар қатынасының жеке түрлерін тек қана көрсетіп, олардың аттарын есте
сақтауға қол жеткізген жағдайларда, тіпті дұрыс қолданатын сөздің өзі
мектеп жасына дейінгі баланың ұғымдары мен қабылдауларын жетілдіруге
себепші бола алмайды.
        ХХ ғасырдың басында Монтессори талдап жасаған сенсорлық тәрбие
жүйесі балалардың түстер мен реңктерді,пішіндер мен көлемдерді ажырату
дәрежесі жоғары болуына қол жеткізуді өз алдына мақсат етіп қояды.Ол
пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес
жасалған,сезімдік органдардың дамуы тіл дамуымен,өнімді қызметпен
байланысты болған жоқ.  Е.И.Тихиева сезім органдарын жетілдіру жұмысын бала
тілінің дамуымен, қоршаған заттар дүниесімен таныстырумен байланыстырды. Ол
жасаған дидактикалық материалдар, ойындар да түсті, көлемді, пішінді
ажырата білуге бағытталған,балаларды заттардың қасиетімен,сапасымен
таныстыру ойын әрекеті үстінде жүргізіледі, оның өзі білім мен ұғымды жақсы
игеруге көмектеседі.Ойын-балалар үшін оқу да, еңбек те. В.Сухомлинский
«Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ол
дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани
сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.
Ойын-ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»- деген ой
айтқан.

         Бала тілінің дамуы. Бала тілінің дамуы дыбыс аппаратының бүлшық
еттерінің күрделі шартты және шартсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады.
Тілдің дамуы үшін, басқа адамдармен болатын қарым-қатынастың маңызы зор.
Жаңа туған бала дыбыс аппараттарының шартсыз қимыл рефлекстеріне байланысты
мағынасыз үн шығара алады. 2-ші айдан бастап дауыстай алады, ересек адамға
еліктеп кейбір дауысты дыбыстарды қайталай бастайды, 3-ші айға жеткенде гу-
гулейді, былдырақтап сөйлегісі келеді. Гу-гулеу мен былдырақтау оның дыбыс
аппаратын дамытып, сөйлеуге дайындайды.
5-6 айдан кейін еліктеу арқылы жеке дыбыстарды, сөз буындарын айта
бастайды. 6-7 айда ересектердің сөздерін қайталауға тырысады. Бірақ Бұл
кезде, әсіресе жарты жарқа дейін, балаларда 1-ші сигнал жүйесі ғана
дамығандықтан создің мағынасы жеке дыбыс ретінде қабылданады, бала создің
нақты мағынасын түсінбей-ақ айта береді. Ал жарты жастан аса создің
мағынасын түсіну қабілеті дами бастайды.
1,5 жаста сөз бен заттардың арасында байланыс туады, баланың тілі қалыптаса
бастайды. Баланың ми қыртысында дыбыс орталығы мен сөйлеу орталығының
арасында нервтік байланыс пайда бола бастайды. Кейіннен ол күшейіп,
сөздерді құрастыру, 2-3 сөздің басын құрау қабілеттері пайда болады. Дені
сау, жақсы дамып келе жатқан баланың бір жасында 6-10, екі жасында 250-300,
үш жаста 1500, төрт жаста 4000, бес-алты жаста 4-5 мыңдай сөз қоры
жиналады. Баланың тәрбиесіне, жоғары жүйке әрекетінің тобына, қозу мен
тежелудің қасиеттеріне байланысты балалардың сөз қорының мөлшері әртүрлі.

         Бала сөзінің алғашқы қалыптасуы – баланың сөйлеуге қажетті мидағы
орталығы ана құрсағында жатқанда-ақ қалыптаса бастайды. Ол анасының сөйлеу
реакцияларын есту анализаторлары арқылы қабылдайды да жарық дүниеге
келгеннен кейін бұл реакциялар алғашқы үн – іңгәлаумен жалғасады. Бұл жерде
ата-анасының ана тілінде, не басқа тілде сөйлеуінің үлкен маңызы бар. Олар
қай тілде сөйлесе баланың алғашқы үні де, іңгәсі де, 2-3 айдан кейін пайда
болатын былдырлауы да, ата-анасының сөз сараптауларына тікелей тәуелді.
Яғни, нәрестелік, бөбектік кезеңдерде бала сөз реакцияларын,
айналасындағылардың қимыл-қозғалыстарына, ым-ишараларына еліктеу арқылы
өзіне ұялатады. Мектепке дейінгі балалық шақ – баланың сөйлеуінің және
психикалық қалыптасуындағы маңызды кезең. Балалар адамдардың сөздерін,
құстар мен жануарлардың дыбыстарын, музыка әуенін, ағаштардың жапырағының
сыбдырын туу сәтінен бастап түрлі дыбыстар жиындарына бөленеді. Бiрақ
жалғыз ғана маңызды, тек қана баланың қарым-қатынасының мақсаттарына ересек
қызмет көрсететiн сөйлеу дыбыстары, мәлiметтiң тапсыру құралымен және
нақтылы әсерлерге түрткi болып табылады. Балдырған сөздердiң мағынасын
түсiне де алмайды, сөзде айта алмайды, бiрақ ол интонацияны сезiнедi және
мағына бойынша сөз танып бiледi.

         Бала бiртiндеп бiз айтатын сөздерге құлақ салады,  дыбыстарды
қайталауға тырысады, естiп танып бiледi. Бала сөйлей бастайды, бiрақ
 барлық дыбыстарды дұрыс айтуда, буын құрылымын әрдайым айқын сақтай
алмайды. Балалардың тілінің дамуы әртүрлi деңгейде болады. Кейбір балалар
 күрделi буын құрылымы бар сөзді және сөздерді таза және дұрыс айтады. Ал,
кейбіреулері жас шамасы келсе де, сөзді  әлi айқын жеткiлiктi айта алмайды,
жеке дыбыстарды терiс айтады. Мұндай балалар көп. Бала тілін жан-жақты
дамыту үшiн, балабақшада алған білімдерін үйде қайталауымыз керек. Мектепке
дейінгі балалардың тілге үйрету, үйрену үрдісін үзiлiссiз жүргізгеніміз
абзал. Ата-ана баласының тілін дамыту, сөйлесе білуге үйрету барысында
 негізінен үш түрлі тәсіл арқылы іске асырылады:

1.     Заттарды бақылатып, көрсету арқылы;

2.     Баланың түсінігін байқау, яғни сұрақтар қою, жауап алу;

3.     Сол бақылаған оқиғалары туралы дербес жаттығулар орындатып, көрген-
білгенін тереңдете тиянақтап отыру;

Мысалы, балаға үй жануарларын бақылатса, олардың төлдері жайлы, ұқсастығы,
келтірер пайдасы, бір-бірінен айырмашылығы туралы айтуды сұрау немесе
баланың назарын ас әзірлеу үрдісіне аудару (  тазалаймыз, қайнатамыз,
қуырамыз, дәмін татамыз) т. б. сол сияқты.  

Сондықтан ата-аналар мына ережелердi ұстанғаны дұрыс:

1.     Өзіңіздің сөйлеу дағдыларыңызға  көңiл бөліңіз, өйткенi ересек адам
айтқан сөз дұрыс үлгi болып табылады;

2.     Баланың күнделiктi өмiрiнде сөздерді сауатты және дұрыс айтқанын
қадағалаңыз;

3.  Бала тілін дамытуда, оның арнайы ойыншықтары мен кітаптары болуы қажет.

      7.Бала өмірінің алғашқы жылындағы кездесетін дағдарыстар.
                                Нәрестелік кезеңнің ерекшеліктері
   1) Бала өмірінің алғашқы жылында кездесетін дағдарыстар.

   2) Бала тілінің даму барысындағы дербес сөзінің мәні.

   3) Баланың  сөзді  эмоциялық  тұрғыда  түсінуі  мен  автономиялық  сөйлеу
      белгілері.

   4) Бір жастағы балалардың заттармен әрекет  етуінің  ақыл-ойы  мен  таным
      үрдістерінің дамуына ықпалы.

     Сәби өмірінің  алғашқы  жылындағы  дағдарыс  тәжірибе  жүзінде  мазмұны
жағынан өте қарапайым деп саналған.
Бұл кезең түрлі жастағы дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ оның пайда  болу
себебі мен мәніне жете зейін аударылмаған. Осы орада сәбидің  қаз-қаз  басып
жүруі  туралы  жоғары  даму  заңдлықтарының   жеке   кезеңдеріндегі   сапалы
өзгерістер жайын да сөз қозғап отырмыз.  Сәби  бірден  тәй-тәй  басып  жүріп
кете алмайды, дегенмен, бірен-сараң болса да ондай балалар бар. Бірден  жүрш
кететін сәбиді мұқият  зертгеу  нәтижелері  оның  бойында  әлі  де  анықтала
қоймаған жасырын ерекшеліктері  бола-болатындығын  көрсетеді.  Алайда  құпия
сыр сәби жүре бастағаннан жоғалатынын байқаймыз.  Сәби  тым  жас  кезінде-ақ
жүре алады, бірақ ол әлі нәзік қозғалып, кеңісікте өз бойын  билей  алмайды.
Сәбидың  бойындары  мұндай  қасиет  оның  алғашқы  дағдарысының  мәнін  анық
байқатады.
  Дағдарыстың екінші көрінісі бала тілінін шығуына байланысты. Сәбидің тілі
шығып, бірден сөйлеп кету процесі ұзақ мерзімге  созылады,  дегенмен  бірден
сөйлеп кеткен сәбилер болғаны кейбір  деректерден  мәлім.  Сәбидің  үш  айға
дейін тілі шықпайды, бұл сол тілі шығудың жасырын  кезеңі  деп  аталады,  Ал
үшінші жайт – бала бойындағы  аффект  пен  ерік  ерекшеліктерінін  көрінісі.
Э.Кречмер мұны гипобликалық қимыл-қозғалыс деп атады. Мұның мәні  дағдарысқа
байланысты сәбидің’ алғашқы қарсыласуы, от басындағы  тәрбиенің  өктемдігіне
сәбидің қарсылық  көрсетуі,  Кречмердің  бұл  көріністерді  гапобликлық  деп
атауының себебі ондай  қимыл-қозғалыстар  ерікті  әрекеттер  мен  аффектінің
бірігіп кету салдарынан оларды бірінен-бірін ажырату қиын.

  Дағдарыс жасында сәбидің мұңдай  қимыл-әрекеттер  жасауына  дұрыс  тәрбие
бермейтін семьяларда пайда  болып,  олар  шиеленісе  түседі.  Ал  оның  соңы
тәрбиесі қиын балаға әкеп соқтырады. Әдетте сәбиге бір нәрсені бермей  қойса
немесе оның тілегін түсінбесе, ол ашу-ызаға  құрт  ерік  беріп,  еденге  жат
қалып аунап үздіксіз жылайды. Егер  жүретін  болса,  қозғалуда  бас  тартып,
еденді аяғымен тепікілейді. Осы кезде ол ешқандай есінен  танарлық,  езуінен
сілекей ағып, серейіп қаларлықтай белгілері  байқалмайды.  Бұл  тек  баланың
бойындағы мен-мендік мінез көрінісі, кежірлік белгісі. Тілегінің  орындалмай
қалғанын  көрсеткен  қарсылығы  мен  наразылығы.  Мұндай   көрініс   сөбидің
нәрестелік шарындағы аяқ-қолын тарбаңдату бейнелерін ғана елестетеді.

  Міне, сәбилік кезеңнің алғашқы дағдарысындағы үш  түрлі  негізгі  сәттері
осындай қылықтарынан айқын байқалады.

  Енді біз сәбидің тілінің шығуына  байланысты  дағдарыс  түрін  қарастырып
көрейік. Менің тілдің шығу  сәтіне  орай  бидің  дағдарыска  ұшырау  себебін
таңдап алуым – бұл мәселе ең,  алдымен  баланың  ұғым-түсінігіне  және  оның
әлеуметтік ортамен қарым-қатынасына байланысты болуы. Сәбидің тілінің  шығуы
жайында біріне-бір қарама-қарсы және бірін-бірі жоққа  шығаратын  екі  түрлі
көзқарас және үш түрлі теория бар. Оның біріншісі  –  құрамдык  (ассоциация)
негізге тіректелген тілдің бірте-бірте шыруы. Кейбір жағдайда  бұл  теорияны
семіп қатып қалған деуге болады. Өйткені онымен күресу – аруақпен  күресумен
бірдей. Бұл теорияның тарихи мәні ғана бар.  Өйткені  ескіні  білмей  жаңаны
жасай алмайсың. Осы теорияға сүйенген зөрттеушілердің бірсыпырасы осы  күнге
дейін бала тілінің дамуы туралы ілімді тежеп  отыр,  ал  ондай  қателіктерді
жоймай бұл мэселені дұрыс шешу мүмкін емес.

  Біріншіден, сөз мағынасы  мен  сөз  арасындағы  қатынас  кейбір  жағдайда
қарапайым және оңай ғана болып көрінеді. Екіншіден, баланың тілін  одан  әрі
дамытып отыру үшін нәрселер арасындағы құрамдық  тәуелділіктің  болатындығын
аңғартып,  оларды  одан  әрі  қарай  нақтылай  түсіп  өрістету  қажет.   Бұл
тәуелділік бірнеше байланыста болуы  мүмкін.  Ал  дамудың  келесі  сатысында
әлдебір жаңа- нәрсенің пайда  болу  процесін  түсіндіретін  болсақ,  онда  4
құрамдық байланыс сөздің өзіндік :ынасын аша түседі.  Осы  көзқарас  бойынша
бала тілінің дамуы оның сөздік қорының дамуына  ықпал  етіп,  оның  құрамдық
байланысын да байытып, оны  нақтылай  түсуіне  жетелеп  отырады.  Бұл  ретте
Эббингауздың жоғарыда  айтылған  шәкіртінің  пікірін  растап,  бала  сөзінің
мағынасы біржола нақты қалыптасатынын көрсетеді. Бұл жайт сөз мағынасы  бала
үшін үзақ  мерзім  бойы  өзгеріссіз  қалып  қояды  да  ол  дамымайды.  Соның
салдарынан баланың сөзі өзгеріссіз қалуы мүмкін.  Осы  орайда  бала  тілінің
шығуы туралы мәселе де өз шешімін тапқандай. Өйткені,  бір  жағынан  алғанда
сөздерді  атау  олардың  дыбысталуы  арасында   байланыс   үнемі   сақталады
саналады.

  Бұл көзқарас із жүзіндегі зерттеуде  өте  жемісті  болып,  ол  кұрылымдык
теория аша алмаған фактілерді ашты. Ол тілді  дамытуда  құрылымдык  байланыс
бірте-бірте  қалыптасады  бірақ  жаңалық  ашқаннан  кейін  бала   сөздігінің
секірмелі болып өсуі пайда болады дейді. Штерн  атап  көрсеткен  екінші  бір
жайт сәбидің сөздік қорын қарқынды даму  кезеңіне  аяқ  басу  хайуанаттардың
адам сөзін түсінуді үйреніп, онан аталмаған зат  атын  сұрап  біліуі  мүмкін
емес. Ал балаға, – дейді Штерн, – қанша сөз берілсе, сонша сөзді  біліп  алу
тән, яғни ол әрбір затты атауы болуға тиіс екендігін жақсы  түсінеді.  Штерн
баланың ашқан жаңалығы сәбидің алғашқы жалпы түсінігі деп аталу тиіс  дейді.
;

  Адамзатқа тән үшінші нышаннын мәні – сәбиде ат туралы  бастапқы  сұрактар
пайда болады, яғни сөздік қорын өсіру үшін сәби кез келген затты  «Бұл  нс?»
деп сұрай береді. Осы аталған нышандардың  үш  түрі  де  балалық  шактың  ер
кезеңіне тән. Сонымен ІІІтерн айтқан  жаңалық  пікір  мен  оның  теориясының
мәні кандай?

  Біріншіден, жоғарыда аталған үш түрлі нышанның бе де  сәби  тілінің  даму
негізін  құрайды  және  баланың  дамуындағы  сөйлеуінің  шығу   мәнін   ашып
көрсетеді. Оның алғашқы сөйлем құрауының  мәнін  ашып  көрсетіп,  белгі  мен
мағына арасында-байланыстың құрылымдық сипатын бекерлейді. Үшіншіден  тілдің
дамуындағы  болып  отырған  өзгерістер  өте   шапшаң   болып   отыратындығын
көрсетеді. Алайда онын  теориясында  аталған  жайтты  қате  түсіндіруі  оның
өзіне қарсы шығады. Бұл түсінігімді Штерннің өзіне айтқаным  бар.  Ол  ттпті
осы теория негізденгеннен бергі  уакытта,  яғни  «Бала  тілі»  деген  кітабы
жазьшғаннан бері өзінің кейбір  ойларының  мазалап  жүргендігін  айтты  және
ондай келіспеушілік жайлы өзге сыншылдар да айтқанын  есхе  алды.  Штерн  өз
теориясын анықтаумен айналысуда,  бірақ  ол  мен  келіспеген  бағьпта  емес,
басқа бағытта өзгертпекші, ол туралы кейінірек сөз етермін. Бұл тергеу  ізін
Штерннің соңғы жұмыстарыңан кездестіреміз.

  Штерн теориясына қарсы пікір  айту  үшін,  менің  ойымша  мағынасы  терең
фактілерді келтіре отырып, оларды дұрыс шешудің  жөн-  жосығын  анықтап  алу
керек сияқты.

  Біріншіден, 1 жастағы немесе туғанына 1 жыл 3 ай толған  сәби  соншалықты
ақыл-ойының дамуы және белгі мен мағына байланысы туралы  осындай  жаңалықты
ащуы, оның кез келген заттың  атауы  бар  деген  ғаламат  қорытынды  жасауға
қабілетті теоретик болуы  жөніндегі  алғашқы  жалпы  түсінік  жасауы  ақылға
сыйымсыз. Штерннің дәлелі – тілдің мәні деген  сөз.  Ересектер  үшін  тілдің
мағынасы кез келген заттың өз аты бар екендігінде. Бір  жарым  жастағы  сәби
тіл мағынасын ашады  деу  қиын.  Бұл  тіпті  сіріңке  қорабын  аша  алмайтьш
сәбидің интеллектуалдық ақыл-ойының даму жәрежесімен қиыспайды,  ол  сәбидің
біріктіру  ойлау  қабілетіне  қайшы  келеді.  Штерн   мұндай   келіспеуішлік
пікірлерді дұрыс мойындайды.

  Екішіден, тәжірибелік зертгеу нәтижелеріне қарағанда  бір  жарым  жастағы
сәби тілінін мағыналық табиғатын ашпақ түгіл, мектеп оқушысының  өзі  сөздің
не екенін толық түсіне алмайды, зат пен сөз арасындағы байланыс дегеннін  не
екені миына кіріп шықпайды, ал әсіресе  мәдени  даму  жағынан  артта  қалған
көптеген ересек адамдар демі біткенше мұны түсінбей кетеді.

  Мектеп жасына дейінгі балалар арасьшда, сұрақ-жауап жүргізіледі. Бірқатар
заттар талдап алынып, бұл заттар неге бұлай аталады (дыбыс белгісі  бойынша,
шартты түрде және т.б.) деп сұрақ қойылды.

  Фактілерден  бастайын.  Бала  тілінің  шыруын   мұқият   бақылаған   адам
окулықтарда бұл  мәселе  өте  аз  жарияланғандығын  аңғарады.  Бала  тілінін
дамуындағы бұл маңызда  кезең.  Біз  бала  тілінің  дамуындағы  осы  кезеңді
атадық. Тілі шықпаған нәресте әлеуметтік  ортада  үлкендермен  «тіл  табысу»
сияқты аса қажеттіліктің мән-жайын  ашып  көрсетуді  мақсат  өттік.  Нәресте
өзінің нәзіктігіне сәйкес басқалардың көмегімен әрекет  етуге  мәжбүр.  Өзге
адамдардың көмегімен әрекет ету -сәби қызметінің негізгі түрі.  Бұл  кезеңде
баланың былдырлап қана жүретін «тілсіз» кезеңінен тілді  меңгеретін  кезеңге
өту кезі қалайша  шешілетінін  түсінуімізге  көмектеседі.  Дамудың  «тілсіз!
‘кезеңінен тіл шыққан кезеңге өтуі баланың дербестік  арқылы  жүзеге  асады.
Бұл  қандай  кезең?  Сұрақка  дұрыс  қайталу  үшін  бұл  мәселенің   тарихын
түсіндіре кету орынды сияқты. Баланың дербестік тілін  алғаш  рет  сипаттап,
оның маңызын бағалаған атақты ғалым Ч.Дариин (1809-1882). Ол  сәби  дамуымен
тікелей  айналыспаса  да,  өзінің  тамаша  байқағыштық  қабілеті   арқасында
немересінің дамуын  қадағалап,  онын  өзіне  тән  ерскше  тілде  сөйлейтінің
аңғарған. Ол ерекшілік мынадай: сәби қолданатын  сөздердін  дыбыстық  құрамы
біздің сөздеріміздің дыбыстық  құрамынан  ерекше.  Бұл  тіл  артикуляциялық,
фонетикалық жағынан біздін сөйлсу тілімізден бөлек. Олардың  айтқан  сөздері
біздің сөздеріміздің үзіктері сияқты болып келеді. Бұлар – сыртқы,  дыбыстау
түрі  бойынша  біздік  сөздерден  айырмашылығы  бар.   Кейде   олар   біздің
сөздерімізге  еліктесе,  кейде  күрт  өзгсріп,   біздердің   бұзып   айтатын
сөздерімізге ұқсайды.

  Дарвин назар аударған екінші бір ерекшелік  баланың  дербестік  тіліндегі
сөздер біздін сөзімізден мағынасы жағынан айырмашылығын Дарвин  мысалдарынан
оқулықтарда келтірілген үзінділер арқылы берілген. Бірде оның немересі  суда
жүзіп жүрген Үйректі көріп, оның дыбысына еліктедіме, кім білсін,  оны  «уа»
деп атай бастаған. Бұл дыбысты сәби суда жүзіп жүрген үйректі  көргсн  ксзде
щығарады. Бұдан кейін бала үстел үстінде төгілгсн сүтті де,  сусындарды  да,
стақандардағы  шырындарды  да,  тіпті  бөтелкедегі  сүтті  де  сол  дыбыспен
атаған. Сірә, бөтелкедс су, сұйық зат болған сок бұл дыбысты соларға  танған
болуы керек. Бірде сәби құстың бейнесі  салынған  ескі  қара  бақыр  тиынмен
ойнап жүреді. Вір кезде оны да «уа» деп атай бастайды.  Бұдам  кейіи  тиынды
еске салатын кішкентай дөңгелек жылтыр заттары да (түйме, медаль)  «уа»  дсп
атайтын болды.

  Сәбидік әр  турлі  заттардың  қасиетін  айтып,  олардың  тұрақты  жүйемен
ажыратуы дербестік тілде айтылмай, од қырсығып өзінік  «пу-фу»  деген  сөзін
айта  беруі  мүмкін.  Ал  біздің  сөздеріміз  бен  түсінік  жүйеміз  сәбидің
санасына ене қоймайды. Бұл мәселеге біз тағы да қайтып  ораламыз.  Енді  осы
фактіні тұжырымдайық. Бала  сөзінің  мағынасы  біздікінен  басқаша  құрылған
дегенге әркім-ақ. келіседі.

  Сонымен,   баланың,   дербестік   тілін,   сәби   тілінің   жалпы    даму
ерекшелігіндегі екі түрлі қасиетті  аңғардық.  Бірінші  ерекшелік  –  тілдің
дыбыстық құрылымы, екіншісі – бала тілінің ұғымдық жағы.

  Осыдан баланың дербестік тілінін  үшінші  ерекшелігі  келіп  шығады,  оны
Дарвин былай бағалайды, егер тілдің өзінің  дыбыстық  және  ұғымдык  жағынан
біздің тілімізден айырмашылығы болса,  онда  осы  тілдің  көмегімен  қатынас
жасаудың да өзіндік айырмашылығы  болуға  тиіс.  Сәби  сөздерінің  мағынасын
оның  маңындары  жақын  адамдары  ғана  түсінуі  мүмкін.   Бұған   Дарвиннің
немересімен  жүргізген  бақылауы  дәлел.  Сөйтіп   баланың   қатынас   жасау
мүмкіншілігі өзіндік сипатта болатындығын көрсетеді.  Неміс  авторлары  бала
сөйлеуіндегі мұндай сипатта жақтырмай, оны  асыраушының  не  күтушінің  тілі
деп атады. Оның  мәнісі  бұл  тілді  тек  сәбиді  тәрбиелеуші  адамдар  ғана
түсінеді  деген  сөз.  Ересектер  баланың  сөйлеуіне  ыңғайлануға   тырысып,
кәдімгі сөзді қалпынан бұзып сөйлеуге жол береді және ол сәбиге солай  ықпал
етеді. Егер күтуші ауырады деген сөздіқ  орынан  «ау-а»  десе,  біз  баламен
тілдескен ересектердің тілді бұзып сөйлегенін  байқаймыз.  Ересектер  балаға
қатысты  біз  әрқашанда  мынадай  қателікке  жол  береміз:  бала   кішкентай
болғаңдықтан бізге бала үшін заттардың бәрі шашн болып көрінуге тиіс  сияқты
Сондықтан жас сәбилерге көк тіреген биік  үйді  нұсқап  «үйшік»  немесе  ірі
жылқыны көрсетіп «мынау құлыншақ» дейді. Дұрысында балаға әрбір нәрсенің  өз
аты мен түр-сипатын атап үйреткен  дұрыс  болмақ.  Ал  бұзып  сөйлеу  біздің
өмірімізде кең орын алған,  бірақ  баланың  бүкіл  дәрбестік  тілі  ғой  деп
санап, асыраушы мен күтушінің тілді  бұрмалал  сөйлеуі  пайдалы  емес.  Бала
ересектердің  йлеуімен  сәйкес  келмейтін   ‘сөз   жұрнақтары   мен   мағына
жұрнақтарын біздің айтуымызбен дыбыстарды айқын игеруден бұрын меңгереді.

  Біз баламен түсінісіудің өте  қиын  екеніне  көзіміз  жетіп  отыр.  Менің
ойымша аса қажетті болжамның бірі – сәбидің барлық әдеттен  тыс  көріністері
өзара түсінісу қиындығынан келіп шығатынын дәлелдейтін болжам.

  Алайда  Штумфтың  хабарын  замандастары  күлкілі  окиға  ретінде  қарады.
Баланың дербестік тілінің негізін ашын керсету үшін және екі  түрлі  фактіні
байқап көрсету мақсатын анықтауға  ондаған  жылдар  бойы  ғылыми  зертгеулер
жүргізуге тура келді.

  Бірінші факті баланың дербестік тілі некен-саяк болатын оқиға емес-ті, Ол
кез келген сәбидің  тілінің  дамып  жетілуіне  байқалатын  зандылық.  Мұндай
зандылықты былай  түсіндіруге  болады:  бала  ересектердін  тілін  меңгеруге
дейін дербестік тілінде сөйлейді. Мен  бұл  жайтты  дара  ерекшелік  ретінде
айтып отырмын.  Енді  біздерге  қазіргі  ғылыми  әдебиеттерде  айтылын  жұрт
дербестік тіл деген  атаудың  мәні  зерттеушілерге  түсінікті  болса  керек.
Дербестік тіл бала сөйлеуінде өзіндік ерекшелігі  бар  заңдылыққа  бағынады.
Бұл тідің дыбыстық жүйесі де, ұғымдық  жағы  да  қатынас  жасау  мен  қабысу
түрлері өзгеше. Сондықтан да ол дербестік тіл деген атаура ие болады.

  Сонымен бірінші жағдай – баланың дербестік тілі –  кез  келген  дені  сау
сәби дамуындағы қажетті кезең деген жайтты қуаттайды.

  Екінші  жағдай:  түрлі  себептермен  тілі  жетілмей  қалған  кезде,  оның
дербестік тілінің дамуы жиі кездеседі және бұл жай бала  тілінің  дамуындағы
кемшілікті анықтайды.  Осындай  кемшіліктер  әр  түрлі  себептер  салдарынан
пайда болғанымен баланың сөйлеуі мен ым-ышарасы негізгі  генетикалық  кызмет
атқара береді. Дені сау бала мен кемістігі бар бала өмірінде дербестік  тілі
елеулі роль атқарады.

  Әрбір сәбидің дамуындаш дербестік тіл шындык  фактор.  Бұл  жайт  сәбилік
кезеңдегі дағдарыс  деп  саналады.  Алайда  сәби  алдағы  даму  кезеңдерінде
сөйлеу әрекеттерін ересек адамдарға  еліктеу  нәтижесінде  қалыпты  жағдайға
түсіп, мұңдай дағдарыс кезеңді женетін болады.

  Баланың  дербестік  тілінің  кейбір  ерекшеліктерімен  танысып,   баланың
бірқалыпты  және  оңдағы  кемістіктің   пайда   болу   себетерін   анықтаған
фактілерді баяндауға кірісейік. Баланың дербестік тілде  сөйлеу  сатысындағы
екінші жылғы өмірінен ірнеше мысалдар келтірейік.

  Кейбір заттар бұл сөздің мағыналық құрамына  бір  ғана  белгісі  бойынша,
басқа заттар екінші  белгісі  бойынша  енеді.  Мысалы,  сары  сабын  түсінің
белгісі не сәйкес қалам мен қарындаш дыбыстың ұқсастығы лайықты  анықталады.
бұл мағыналардың бәрі жалғыз ғана «қа» деп аталатын сөз  арқыл  бейнеленетін
заттар тобын құрайды.

  Баланың өзіндік тілінің әдеттегі сөйлеу тілінен  тағы  бір  ерекшелігі  –
сөздердің жеке мағыналары арасындағы  қатынас.  Баланың  сөздерді  жекелеген
сөздердің мағыналык қатынастары  белгілі  жүйемен  дамытып  отырудың  маңызы
ерекше, тәжірибелік-дефекгология институтының (ЭДИ) тіл  клиникасындағы  бір
кезде үстел, орыңдық, шкаф деген сөздерді білетін, бірақ мебелі деген  сөзді
білмейтін сәби  болды,  Мебель  сөзі  үстел,  шкаф  деген  сөздердін  жинақы
мағынасы. Бұл ұғым.  Баланын  дербестік  тілінің  жоғары  сатыға  көтеріліп,
топтастыра алмау  себебі  оның  жекелеген  сөздердің  мағыналары  арасындағы
жалпы ерешелікті аңғарып біле алмауы.

  Ерекше даму кезінен бір мысал келтірейік. Клиникада бір  сәби  зерттелді.
Ол сәби жасыл дегенді ашық түс ретінде, ал көк дегенді күңгірт  түс  ретінде
қолданады. Егер сіз сәбиге екі парақты: ашық сары және  күңгірт  сары  түсті
парақты берсеніз,  олардың  алғашқысы  жасыл  деп  ,  ал  екіншісі  көк  деп
аталады. Ал егер сіз сәбиге сол күңгірт сары  парақты  қойсаңыз,  онда  енді
сары түс жасыл деген атқа, коңыр түс – көк деген атқа ие болады. Бір  түстің
өзі оның жаныңда жатқан түске байланысты  түрліше  аталады.  Сәби  ашык  пен
күнгіртті  ажыратады,  ал  нақты   түстің   қасиетін   ол   біле   бермейді.
Салыстырмалы түрдегі неғұрлым  ашық,  неғұрлым  күңгірт  деген  түстер  бар.
Сөздің мағынасының заттық тұрақтылығы жоқ.

  Штумф ұлын бақылағанда дәл осындай жағдайды кездестіреді, ол да бір түске
әртүрлі атау береді. Ағы басым жасыл түс пен қарасы  басым  жасыл  түс  олар
қабылдайтын түйсік құрылымына байланысты түрліше аталады.

  Біріншіден, жоғарыда аталғандай бала тіліндегі сөздердің мағынасы әрқашан
белгісіз жағдайға тәуедді. Сәби көрнекі  қағдайдан  тыс  болса,  сөз  көмегі
арқылы ойлай алмайды. Сөйтіп дербестік тіл сатысында сәбидің  ойлауы  сөздік
ойлаудың кейбір қасиеттеріне ие болады.  Сондықтан  сәбидің  сөздік  атынасы
:өрнекілік пен сөздік ойлау арасындағы байланыс  затгық  түрінде  ұштасқанда
ғана оның қажетіне айналады. Бұл орайда  дербестік  тіл  сөздердің  мағынасы
өзара сабақтасу жағынан бірікпейді. Мысалы, мебель сөзінің  орындык  сөзімен
қатынасы жоқ.

  Екіншіден, сөздердің өзара байланысы. Мұндай  байланыс  тек  сәбидің  көз
алдында тұрған заттардың  бірігуі  сияқты  болып  көрінеді.  Айталық,  поезд
келді (пот келді). Олар өз әсерінің байланысын білдіру  арқылы  ғана  сөздер
байланыса алады. Заттар арасындағы байланыс бала тілінің осы  сатысында  әлі
де ойлау жүйесіне көне бермейді. Сондықтан ойлау да дербестік  қасиетіне  ие
бола алмайды. Бұл кезенде баланың өз ойын тілдіріп,  сөйлеуі  негізінен  оны
таңдану сезімі мен  ашу-ызасының  ырқында  болып,  оның  ойының  мәні  айқын
көріне қоймайды.

  Алғашқы жылғы өмірінде  дені  сау  сәби  дербес  тілінде  сөйлейді.  Оның
басталуы мен аяқталуы алғашқы  жылғы  дағдарыс  кезеңіне  тұспа-түс  келеді.
Бұған қарап баланың дербес ілін дағдарысқа ұшырау негізі  деп  санауға  бола
ма? Менің ойымша, болады. Алайда бұл мәселе әлі де жеткілікті  зерттелмеген.
Сондықтан баланың дағдарысқа ұшырауына  сәйкес  оның  бойында  жаңа  құрылым
пайда болып, елеулі өзгерістер болады деп ой  қорытуға  сын  көзбен  қарауды
талап етеді. баланың дербестік тілі оның дамуындағы бір  кезеңнен  жоғарырақ
кезенге ауысуындағы елеулі өзгеріс екендігі сөзсіз.

  Біз  бала  дамуының  кезеңдеріндегі  ең   өзекті   деп   саналатын   жаңа
құрылымдардың сырын ашьш көрсетуді мақсат етіп қоямыз.

  Баланың дербестік тілі жалпы сөйлеудің дамуындағы  алғашқы  басқыш,  оның
сөйлеуінің  өзге  түрлерінен  ешқаңдай  түбегейлі   айырмашылығы   жоқ   деп
санайтындар  тіл  жайындағы  зерттеулер  мен  Штерн  ашқан  теория  арасында
ешқандай айырмашылық жоқ деп есептеуге бола ма? Дербестік  тіл  өзінің  мәні
жағынан біздің сөйлеуіміздің бір  ерекшелігі  болып  табылады  деп  мәселені
төте қоюға бола ма? Мүмкін ол біздің тілімізбен сөз құрылысы  және  мағынасы
жағынан емес, ішкі «табиғаты» бойынша бірдей шығар?

                8. Баланың мектепке психологиялық дайындығы
                       Жоспар:
   1)  Мектеп  жасына  дейінгі  баланы   мектепке  даярлаудың  психологиялық
      мәселелері
   2)  Мектепке  психологиялық  даярлаудың  педагогикалық  –   психологиялық
      ерекшеліктері
   3)  Мектеп  жасына  дейінгі  бала  психикасының   дамуына   мектеп   алды
      дағдарысының ықпалы
   4) Мектеп жасына дейінгі  баланы  мектепке даярлаудың бағыттыр мен  оқуға
      бейімдеу жолдары
     Қазақстан  Республикасының  Білім  беру  жүйесін  реформалау  барысында
әрбір  баланы  мектептегі  оқу  және  әлеуметтік  ортаға   еркін   бейімделе
алатындай жағдай жасау аса маңызды  міндет.  Демек,  қазіргі  талап  бойынша
мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық  жағынан  мықты,
адамгершілік,  мәдениеттілік,  еңбексүйгіштік  қасиеттері  мол,  ерік-жігері
күшті, жұмыс қабілеттеріне  ие,  білімге  қызығушылық  сипаттары  мол  болуы
қажет. Сондықтан да мектеп пен  мектепке  дейінгі  мекеменің,  ата-аналардың
басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.
      Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен  жаңалық,  өзгеріс  енгізеді,
қоғамдағы жаңа  орынға  көшуі  мен  өсіп-жетілуінің  бір  бастамасы.  Баланы
мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және  санауды
үйретумен  ғана  шектеледі.  Әрине  баланың  оқуға  дайындығын   ақыл-ойының
даярлығымен  ғана  шектеліп  қоймай,  оның   оқуға   психологиялық   жағынан
даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл  баланың  мотивациялық-қажеттілік  және
психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста  қиындыққа  кезікпеуіне
мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші  күннен  бастап  оқушыға
бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен  зейінділікке  тәрбиелейді.
Сондықтан да балалар  оқу  ісіне  машықтануға,  қимыл-әрекетерінің  ықтиярлы
басқарылуы   қабілетін,   ақыл-ой    еңбегін,    мақсаткерлігін,    дағдысын
қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.
      Бүгінгі  күнде  «мектептегі  оқуға  дайындық»  ұғымы  комплексті  және
баланың барлық өмірінің сферасын қамтиды.
      Мектепке дейінгі баланың өмірінде  әлеуметтік,  психологиялық  жағынан
және  физиологиялық  жағынан  да  қиын  кезең.Бұл  кезеңде  мектеп  өмірімен
танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп  және  оқушының  жаңа  әлеуметтік  рөлін
меңгере бастайды.
      Белгілі  орыс  психологтары  А.Н.  Леонтьев,  А.В.   Запорожец,   А.А.
Люблинская   мектепке   даярлау   ұғымына    баланың    оқу    тапсырмаларын
түсінуін,әрекеттерді  орындау  тәсілдерін  меңгеруін,   ерік   қасиеттерінің
дамуын,  өзін-өзі  бақылау  және  өзін-өзі  бағалау  дағдыларын,   мұғалімді
тыңдау, материалды еске сақтау біліктілігін жатқызады.
      Е.Е. Кравцова мектептегі  оқуға  психологиялық  даярлығы  бұл  баланың
дамуында «қарым-қатынас» негізгі ролді атқарады деген  тұжырымға  келді.  Ал
Л.И.  Божович  мектепке  келетін  баланың  таным  қызығушылықтары   дамыған,
әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға  деген  ынтасы  болу  қажет
деген пікірге келді.
      Р.В. Овчарова тұжырымдамасында, мектептегі  оқуға  дайын  бала  өзінің
әрекеттерін    жоспарлап    және     бақылай     алады,қоршаған     дүниенің
заңдылықтарын,заттардың    жасырын    қасиетін     бағдарлайды,оларды     өз
әрекеттерінде қолдана алады,басқа адамды тыңдай біледі және логикалық  ойлау
тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады .
      Алайда, мектепке даярлау мәселесі Қазақстан ғалымдары Б.  Баймұратова,
Қ. Сейсенбаев, Н. Айғабылов, Б. Дабылова  еңбектерінде  біршама  зерттелгені
белгілі.  Дегенмен,  мектептегі  оқуға   даярлау   мәселесі   әліде   өзекте
мәселелердің  бірі  болып  қала  бермек.  Мектепке  психологиялық  даярлықты
жүзеге асыру ісін  ғалымдар  түрліше  жіктейді.  И.  Шванцар,  Л.И.  Божович
зерттеулеріне  сүйене  отырып,  мектепке  даярлықты  жүзеге  асыру  ісін  үш
бағытта  жүргізу  қажет  деп  тұжырымдайды.  Ал   Е.Е.   Кравцова   мектепке
даярлықтың төрт бағытын қарастырды:
1  бағыт  -  балаларды  мектептегі  оқуға  қажетті  нақты  іскерліктер   мен
дағдыларды қалыптастыру;
2 бағыт – мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа  құрылымдар
мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу;
3 бағыт - оқу әрекеттерінің алғы шарттары;
4 бағыт - баланың берілген ережелер  мен  ересектер  талабына  саналы  түрде
бағыну іскерлігі .
[pic]
      Баланың  мектепте  табысқа   жетуінде   бұл   бағыттар   аса   маңызды
болғандықтан, әрбір бағыт жайлы ақпаратпен қамтамасыз етуді жөн көрдім.
1. Ақыл-ойының даярлығы.
Бұл мектепке дейінгі баланың білімі және біліктілігі. Кез-келген бала  жазып
және  санаумен  ғана  шектеліп   қана   қоймай,   ең   маңыздысы   салыстыра
білуді,талдауды,  ойлай  білуді,  өздігінен  қорытынды  жасай  білуі   тиіс.
Көрнекі -әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары  бала  көрнекі  үлгімен  жұмыс
істегенде,заттардың кейпімен, мөлшерін ұйқастырғанда,  қойылған  міндеттерді
шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап шығады.
Сонымен  бірге  баланың  сөйлеу  тілінде  кемістіктің  болмауы  және   өзіне
сөйлеген сөздің мағынасын  түсініп,өзінің  ойын  жеткізе  алуы  қажет.  Бала
өзбетімен  сөйлем  құрастырып,  ұқсас  дыбыс  тіркестерін  анық  айта   алуы
маңызды.  Әрбір  бала  әңгімені  құрастырумен  қатар  әрі   бала   заттарды,
суреттерді, әрекетттерді бейнелеп және  оның  мазмұнын  айтып  беруі  қажет.
Яғни, баланың сөздік  қорының  мөлшері,  таным  үрдістерінің  даму  деңгейі,
логикалық  операцияларды  орындай  алуы,  баланың  оқуда   білімді   табысты
меңгеруінің негізі болып табылады.
Ақыл-ой дайындығының көрсеткіштері
|Бейнелі компонент                  |Вербалді компонент                  |
|1. Заттың сипатын, қасиетін        |1. Заттардың әртүрлі қасиеттерін    |
|қабылдау қабілеттілігі.            |айта білу және айыра білу           |
|2. Бейнелі негіздегі көру есі.     |қабілеттілігі.                      |
|3. Зат не құбылыс туралы ұғымдарды |2. Сөйлеу негізіндегі есту есі.     |
|қорытындылау біліктілігі.          |3. Бір текті ұғымдарды,заттарды     |
|4. Ойлау тәсілдерінің (синтез,     |жалпылау қабілеттілігі.             |
|салыстыру т.б.) дамуы.             |4. Ойлау тәсілдерінің дамуы.        |
|5. Белсенділік, тапқырлық.         |5. Қисынды ойлау                    |


2. Биологиялық кемелденуі.
Мектептегі оқу әрекеті - бұл ағзаның барлық жүйелерінің қатты жұмыс  істеуін
қажет ететін үрдіс.  Баланың  ағзасында  жаңа  ережелер  мен  іс-әрекеттерге
үйрену өзгерістер туғызады. Оқушы мектептің  талаптарын  орындап,  жаңа  күн
режиміне, сабақтарда тәртіп сақтап отыруыға дағдылануы  қажет.  Алайда  кез-
келген  баланың  денсаулық  жағдайы  мұндай  өзгерістерге  бірден  бейімделе
алмайды.  Сондықтан  баланың  денсаулық  жағдайы  (дене   салмағы,   бойының
ұзындығы т.б.) нормадағы  6-7  жасар  баланың  дене  көрсеткіштеріне  сәйкес
болуы тиіс.  Сонымен  бірге  көру  ,есту,  моторикасының  дамуы  және  жүйке
жүесінің физиологиялық жағдайын жатқызуға болады.
3. Жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы.
Мектепке келген бала  оқимын  деген  ниетпен  мектеп  табалдырығын  аттайды.
Бірақ кейде бала оқуға барғым келеді дегенмен, оның мотиві  әртүрлі  болады.
Біреуі мектепте  көп  бала  бар  және  онда  көңілді  десе,  біреуі  партаға
отырғысы  келгендіктен  мектепке  баруы  мүмкін.  Алайда  мұндай   ықыласпен
мектепке келген балалар, біраз  уақыттан  кейін  мектептің  қатал  тәртібіне
және күнделікті оқу сабақтарына шыдай алмайды.  Жалпы,  бала  оқу  үрдісінің
өзіне  қызығуы  қажет.  Сонда  ғана  бұл  баланың  таным  қызығушылықтарының
дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды.
Сонымен  бірге  бала  мұғалімдермен,  балалармен  қарым-қатынас  жасау  үшін
қажетті қасиеттердің қалыптасуы  аса  маңызды.  Яғни,  оқу  әрекеті  ұжымдық
сипат болғандықтан, әрбір  бала  құрдастарымен  қарым-қатынас  жасай  алуға,
бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек. Кейбір балалар жаңа ұжымға  тез  еніп,
балалармен тез тіл табысып кетеді. Ал кейбіреулері көпке дейін  құрбыларымен
тез тіл табыса алмағандықтан, ұжымнан тыс қалып,  жалғыз  жүреді.  Сондықтан
баланың ұжымда өзіне тиісті орын алуы,  оның  қарым-қатынасына  әсер  етеді.
Сөйтіп  берілген  құраушылар  баланың   басқалармен   қарым-қатынас   арқылы
мектепте оқытуға,  мектеп  оқушысының  рөлі  арқылы  балалар  тобымен  ойлау
дайындығын дамытады.
4. Ерік сапаларының қалыптасуы мен эмоционалдық даярлығы.
Бұл баланың шешім қабылдай алып, мақсат қоя  білуі.  Сонымен  бірге  баланың
әрекеттерді жоспарлап, олардың орындалуын жүзеге асыруда күш  жұмсай  білуі,
қиындықтарды жеңуі баланың психологиялық  үрдістердің  қалыптасуына  ықпалын
тигізеді.
Егер баланың мектептегі  оқуға  дайындығы  осы  бағыттармен  ұштасып  жатса,
баланың оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады.
Мектепке дейінгілердің негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан,  оларға  бірден
оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп  табалдырығын  алғаш
аттаған  бала  педагогтармен  және  балалармен  кезіккенде  мазаланады,  оқу
үрдісінің өзіне жағымсыз эмоция сезініп, қорқыныш пайда болады. Осыдан  келе
нашар оқитын балалар және екінші жылға қалып қоятын  балалар  пайда  болады.
Сонымен бірге баланың көңіл-күйінің болмай, себепсізден  жиі  ауыруы  мектеп
неврозы  сипатында  көрінеді,  яғни  мектепті  еске  алса   болғаны   жылап,
уайымдайды.  Сөйтіп,  мектеп  бала  үшін  стрессогендік  факторға   айналып,
денсаулығының нашарлауына әкеліп соғады.
Австрия ғалымы Г. Эберлейн  өзінің  «Дені  сау  балалардың  қорқынышы»  атты
еңбегінде «Кейбір  балалар  алдағы  болатын  жағдайлардан  үрейленеді,  олар
үнемі «мектепте мұғалім берген тапсырманы орындай алмай қаламын  ба?»  деген
қорқынышпен жүреді», - дейді.
Жалпы,  тәжірибеге  сүйенетін   болсақ,   баланың   оқығысы   келмеуі   мына
жағдайларға байланысты болады:
1. Мектеп алдындағы қорқыныш. Бұл  баланы  бағындыру,  әрекеттерді  орындату
мақсатымен қорқынышты үйде қалыптастырады; («Мектепке  барасың  сонда  саған
көрсетеді»);
2. Оқу үрдісінде және қарым-қатынаста қиындыққа кезігуі;
3. Мектептің өміріне бейімделе алмауы;
4. Мектептің өмірінің шынайлылық қиындығымен кезіккенде,  баланың  көңілінде
мектепке деген жағымсыз қатынастың пайда болуы;
5. Мұғалімнің өзіне тән психологиясына үйрене алмау.
Яғни,  осы  кезде  әрбір  ата-ана  өзінің  баласына  мектеп  туралы  қажетті
мағұлматтарды айтып, баланың мектепке деген жағымды қатынас және  сенімділік
сезімін   қалыптастыра   отырып   тәрбиелеу   керек.   Ең   бастысы   баланы
жолдастарымен қарым-қатынас  жасай  алуға,  басқа  баланың  ойымен  санасуға
үйрету болып табылады.
Мектеп өмірі баладан эмоциональдық тұрақтылықты талап етеді Оқушылар
арасында келіспеушіліктер, реніштер және конфликтік жағдайлар жиі
кездеседі. Әсіресе ерке балалар мұғалімнің ескертулерін ауыр қабылдайды,
яғни мектепке барудан бас тартады, жылайды және т.б. әрекеттер арқылы
көрінеді. Баланың өз бетімен шешім қабылдай алатындай және еріктілікті
дамытуға жағдайлар жасап және бір жұмысты аяқтамай келесі жұмысқа кірісуіне
рұқсат етпей, кез-келген істі аяғына дейін жеткізуге үйрету керек.


          9.Мектепке  дейінгі баланың психологиялық даму ерекшеліктері
1. Мектеп жасына дейінгі кезеңде бала психикасы дамуының негізгі бағыттары
2. Мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесінің жамуы және оның қызметі
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типінің ерекшелігінің мәні

     Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасы дамуының негізгі бағыттары
    3-тен 6 жасқа дейінгі аралықты мектепке  дейінгі  кезең  деп  есептейді.
Бұл кезде бала алғышқы кезеңмен салыстырғанда тез өсіп, салмағы тез  артады.
Жоғары жүйке жүйесінің дамуы да жоғарылайды, бойының өсуінде  де  өзгерістер
байқалады. Мысалы, 5 жасында 6-7  см-ге  артса,  6  жаста  7-8  см  өссе,  7
жасында 10см өседі. Баланың кеуде клеткасының  өсуіне  байланысты  аяғы  мен
дене пропорциясы өзгереді. Бұлшық еттері  дамиды,  денесі  кішкене  кезеңмен
салыстырғанда  сымбатты  бола  бастайды.  Қимыл  қозғалысының  дамуы  бұлшық
етінің дамуына үлкен әсерін тигізеді.  Сонымен  қатар  қанайналым  жүйесінің
жұмысында да өзгерістер байқалады.  Жүрегінің  көлемі  4  жас  пен  1  жасты
салыстырғанда  4-5  есе   артады.   Сәбилік   кезеңмен   салыстырғанда   қан
тамырларының  соғуы  да   жиілейді.  5-6  жаста   қан   тамырларының   соғуы
төмендейді, бірақ ересек адаммен салыстырғанда баланың қан  тамырының  соғуы
жиі болады. 7 жасқа келгенде бас миы салмағы  артады,  яғни  3  жаста   1200
грамм болса, 7 жаста 1250  грамм  болады.   3  жасқа  дейін  баланың  екінші
сигналдық системасының дамуы психикасының дамуына өзіндік сепігін  тигізеді.
Өйткені бала құрбы-құрдастарымен, айналасындағы  үлкен  адамдармен   жиі-жиі
тілдік қарым-қатынаста болады, бұның өзі баланың  логикалық  ойлауына   ерік
сапасы мен есінің, қабылдауы мен қиялының,  зейінінің  дамуына  әсер  етеді.
Соның  нәтижесінде  баланың  алдыңғы   кезеңдермен   салытырғанда   қоршаған
ортамен  қарым-қатынасы  артып,  жас   кезеңіне   тән   өзіндік   ерекшелігі
қалыптасады.
 3 жастан кейінгі кезең сәбилік кезеңнен мектепке  дейінгі  өту  кезеңі  деп
есептеледі. Осы кезде бала заттармен  өз  бетінше  әрекет  етуге  талпынады,
бірақ әлі де болса үлкендер тарапынан қамқорлық күтеді. Сөйлеуі дұрыс  дамып
жетілуіне байланысты, сөзі анық емес, түсініксіз болады.
  3 жастан жоғары қарай сөздік  қоры  дамып,  өзінің  ана  тіліндегі  барлық
сөздерді   меңгеріп,   түсінеді,   тілдік   қарым-қатынасы   жоғары   сатыға
көтеріледі.  Ойлауы  көрнекі  амалдық,  бейнелік  болып,   кейбір   мәселені
өздігінен шешіп ой қорытындысын шығара  алады.  Баланың   санасының  мазмұны
күрделеніп, 3 жастың соңына қарай мазмұндық рөлдік ойындар ойнайды.
   4  жасқа  келгенде  денесінің  бұлшық  етінің   күші   артып,   ептілігі,
икемділігі,  қозғалысқа  икемділігі  байқалады.  Доптың  немесе  басқа   бір
заттарды  нысанаға  лақтырып  қағып  алуды  үйренеді,  бірақ   көргені   мен
естігенін ұзақ есінде сақтап, өз мағынасында  тез  жаңғыртып  бере  алмайды.
Рөлдік ойындарын да күнделікті көріп жүргендерін ғана бейнелейді.
 5 жасқа келгенде қимыл-қозғалысының нақты дамуына байланысты,  жүру,жүгіру,
секіру,  қабырғадан  өрмелеу,  еңбектеу,  шаңғы,  шана,   велосипед   тебуді
үйренеді.  Үлкендермен  еркін  қарым-қатынас  жасауына  байланысты   баланың
граммматикалық  сөздік  өоры  молайып,  тәрбиешінің  айтқан  сөздерін  жақсы
түсініп, оған өзінің түсінігі бойынша жауап береді.  Осы  кезде  тәрбиешінің
тапсырмасын және  қарапайым  еңьек  әрекеттерін  де  орындайды.  Үлкендердің
басшылығымен көптеген әдет-дағдыларды меңгеру де бала  психикасының  дамуына
көп ықпалын тигізеді.  Ертегі  дәне  әңгімедегі  кейіпкерлерге  өзінше  баға
беріп, талдау  жасайды,  соның  нәтидесінде  қиял,  ойлау,  есте  сақтауының
дамығандығын байқаймыз. Бала ұжыммен  бірігіп,  ойнап,  еңбек  әрекеттерінің
нәтижесінде  өзінің  жасаған  жұмысына  эмоциялық  баға  беріп,  эстетикалық
талғамы артады.Бала 6 жасқа келгенде ерекше  қарқынмен  дамып,  дене  бітімі
күрделенеді,Барлық органдарының жұмыс істеу қабілеті  артады,  оқу  әрекетін
орындағанда да, қағаз-қарындашпен де  еркін  әрекет  ете  алатын  болады.  6
жасқа келгенде  сөздің  тура  және  жанама  мағынасын  түсінеді.  Бұл  жаста
ойынның мазмұны күрделеніп, өмірдегі барлық шындықты бейнелеуді көздейді.

     Мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесінің дамуы және оның қызметі
   Баладың  жүйке  жүйесінің  күшті  немесе  әлсіздігін   өмірдегі   мынадай
көрсеткіштер дәлелдейді. Оның ұйысының  тыныш  болуы,  тез  ұйықтауы  немесе
тыныш ұйықтай  алмауы,  қатты  ұйықтауы  сол  сияқты  жүйке  жүйесі  күшінің
жылдам немесе жай қалпына келмеуінен де байқалады. Бала ашыққан  кезде  өзін
қалай ұстайды, оны уақытымен тамақтандырып отырмаса  айқайлап  жылап  немесе
көңілсіз, әлде тыныш бола ма соған да байланысты, яғни сыртқы  ортаның  әсер
еткен әр түрлі  тітіркендіргіштеріне  мидың  төзімділігі  тепе-теңдігі,  бір
қалыптылығымен де  жауап  қайтарады.  Жүйке  жүйесінің  күнделікті  өмірдегі
негізгі көрсеткіштері ұстамдылық, тұрақтылық, тыныштық,  көңіл-күй  қалпының
өзгеруімен жіне бірден жарқырап  қуанып,  жабырқап,  қайғыруынан  байқалады.
Сөзі мен қимыл-қозғалысының біркелкі болмауы да  осыған  мысал  бола  алады.
Жүйке жүйесінің қозғыштығының  көрсеткішіне  өзін  қоршаған   ортаға  жаңаны
тез  қабылдап,  бағдарлай   алуы,өмірдегі   өзгерістерге   тез   бейімделуі,
естеліктер мен дағдыларды тез игеруі көпшілік ортада өзін еркін ұстап,  жаңа
ортаға тез бейімделуі, жан-жақты қабілеттілік әрекетінің бір  түрден  екінші
түрге тез ауысуы, еске тез сақтап, қайта жаңғырта алуы, шапшаң қимылдап  тез
сөйлеу, сезгітікті пайда болуы мен  көрінуі  де  жүйке  жүйесінің  қызметіне
байланысты.   Жүйке   жүйесінің   әсерлегіштігі    сырттан    әсер    ететін
тітіркендіргіштерге  жауап  беру   қабілеттілігінен  де   көрінеді.   Кейбір
балаларды ашуланшақ, күгелек, шыдамсыз десек, енді біреулердің қуанғаны  да,
ренжуі де түсініксіз   дейді,  Енді  біреулерді  икемді,  етпі  десек,  оған
қарама- қарсы ебедейсіз, олақ, бейімділігі жоқ та балалар  бар.  Бұл  қасиет
баланың сыртқы әрекеттердің   әсеріне  оңай  бейімделе  алмауынан,  көп  күш
жұмсауынан көрінеді.

 Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типінің ерекшелігінің мәні
   Темпераменттің  табиғи  қарапайым  көріністері    балалық   шақта   жақсы
байқалады. Бала өскен сайын оның  сыртқы  ортамен  қарым-қатынасы  күрделене
түседі де, оның айналасындағы үлкендерден алатын әсері де мол болады.  Соған
байланысты темпераменттің өзгеріске түсетін ерекшкліктері бүркемеленеді.
    Темперамент баланың жеке басының реакциясынң негізгі түрі болып  келетін
қасиет. Балалық шақта сол таза күйінде де кездеседі.  Бірте-бірте өмір  сүру
барысында саналық өзгеріске түсіп  отырады.  Даму  барысында  темпераменттің
бір белгісінің әлсіреп, екіншісінің күшеюі салдарынан мінез-құлықтың  кейбір
жақтарының өзгеріске  ұшырап отыруы да ықтимал.  Даму  барысында  туындайтын
осындай сапалы өзгерістердің  осы  күрделі  үрдісінің  бәрі  сайып  келгенде
тұрмыс-салтына әрекеттері мен тәрбиесіне тәуелді. Өйткені   өмір  жағдайлары
темпераментке материалдық  негіз болып табылатын  жүйке  жүйкесі  қызметінің
өзгешеліктеріне ықпал жасайды.  Мысалы  бір  жағдай  психикалық  үрдістердің
әсерлілігі мен эмоциялық қозуына ағысы мен күшінің дамуына  жағдай  туғызуы,
ал басқа  жағдайлыр  керісінше  психикалық  даму  қарқынын  баяулатып,  оның
белсенділігін басып, тежеуі мүмкін.
     И.П.Павлов шартты рефлекстер  әдісі  арқылы  жоғарғы  жүйке  қызметінің
және жүйке жүйесінің, негізгі қозу және тежелудің заңдылықтарын ашты.  Жүйке
жүйесінің негізгі күші тепе-теңдік  қозғалғыштығы бойынша  төрт тип  те  жиі
ұшырасады. Бұлардың үшеуін күшті тип, біреуін әлсіз тип деп  атайды.  Мысалы
күшті типтің біріншісі ұстамсыз тип. Олардың  жұмыс  істеу  қабілеті  күшті,
қозу тежелу үрдістері бір-бірімен сәйкес келмейді.  Қозу  типі  басым  келіп
отыратын ерекше қозғалыстағы тип күшті типтің  екіншісі   ширақ  тип.  Мұның
қозу мен тежелу үрдістері бір-біріне тең келіп тез  алмасып  отырады.  Күшті
типтің үшіншісі қозу мен тежелу үрдістері  баяу  көрініп  отырады.  Ұстамсыз
тип -холерик, сангвениктерде ширақ тип,  қозу  мен  тежелуі  тең,  қозғалысы
баяу – флегматик, жүйке жүйесі әлсіз тип – меланхолик  деп  анықталған.  Бір
топтағы немесе сыныптағы балалардың ішінде  әртүрлі  темперамент  типтерінің
өкілдері кездеседі. Кеңес психология ғылымының профессоры Вольф  Соломонович
Мерлин темпераменттің көрінуі түралы сапалы психологиялық қорытынды  таблица
жасады.
     Сангвеник   Күшті қозғалғыш тепе-теңдік тип.  Реакция  туғызу  қабілеті
жоғары. Кейде әлсіз нәрсеге де, қатты  мардымсыз  бір  нәрсеге  де  ашуланып
қалады. Оның мимикасы қимыл қозғалысы белсенді.  Өмір  жағдайының  өзгеруіне
тез  бейімделгіш.  Өзінің  көңілі  ауған   іс-әрекетіне   барлық   ынтасымен
кіріседі. Іс-әрекеттің бір түрінен  екінші  түріне  тез  ауысып,  бейімделіп
кетеді. Оның  бет  бейнесінен  көңіл-күйі,  адамға  деген  ықылас-сезіміанық
көрініп тұрады. Өзінің  зейіні  тез  шоғырланады.Ұшқыр  ойлы,  өткір  тілді,
бірақ  әлі  де  түйсінуі  өте  сезгіш.  Жоғарғы  табалдырығы   төмен   жарық
тітіркендіргіштер  мен  дыбысты  жақсы  ажырата  алмайды.  Белсенді,  күшті,
қайратты, батыл, үнемі  мен  айтамын  деп  қолын  жиі  көтеріп  отырады.  Ол
тірбиеге тез үйренеді. Өзінің сезгіш ерік күші жақсы дамыған, өзін  көпшілік
ортада  жақсы  ұстайды.  Жылдам  қимылдайтын,  тез  сөйлейтін,  жаңаны   тез
қабылдағыш, зейінді, айналасындағылармен тез тіл табысып  кететін,  көпшілік
ортада да өзін еркін көңілді ұстайтын тип.
      Холерик     Бұл  күшті  тип.  Кез  келген  ісе  барлық  күш  жігерімен
кіріседі. Белсенді бірақ реакция туғызу  қабілеті  белсенділігіне  қарағанда
басымырақ.  Сондықтан  да  бетімен  кеткен  ұстамсыз,  шыдамсыз,   күйгелек,
сангвенник сияқты тез икемделгіш емес.
      Флегматик     Күшті, тепе-теңдігі бір қалыпты,  тыныш  тип.  Эмоциялық
қозу бір қалыпты, жайбарақат, оның жарқырып қуануы  да,  қайғыруы  да  қиын.
Бүкіл тотағы балалар бір затқа қатты күліп жатса, ол өзінің  сабырлы  қалпын
сақтап қала береді. Тіпті үлкен қолайсыздық пен сәтсіздікке жолықса да  өзін
байсалды  ұстайды.  Эмоциялық  күйі  бет  бейнесінен   байқалмайды.   Қимыл-
қозғалысы,  сөйлеген   сөзі   бірқалыпты,   қайрат-жігері   күшті,   жұмысқа
қабілеттілігімен ерекшеленеді. Реакция туғызғаннан  белсенділігі  басымырақ,
шыдамды, өзін –  өзі  ұстай  білуімен  ерекшеленеді.  Тапқырлығы,  зеректігі
жоғары, зейінін жылдам шоғырландыра алмайды. Икемсіз әрекеттің  жаңа  түріне
үйрену жаңа ортаға бейімделіп күтуі қиын жүзеге асады. Тез тіл табысып  кете
алмайды. Өз пікірін сыртқа шығарып айтуға да қиналады.
         Мелонхолик Әлсіз тип, өте  сезімталдығы  жоғары,  тез  жараланғыш,
оларды әлсіз тітіркендіргіштер мазалайды. Сондықтан  да  сәл  ұсақ  түйектің
барлығына қатты мұңаяды немесе ашуланады. Бұлар болмашы нәрсеге  көзіне  жас
алып, жылай алады.  Мимикасы,  қимыл-қозғалысы  мәнерсіз  болады,  сөйлегнде
дауысы естілмейді, жай жылайжы, сирек  күледі.  Белсенділігі  төмен  сабақта
қолын  ирек  көтереді.  Оның  өзінде  бір  көтеріп,  бір  түсіріп,  өзін-өзі
күмәнданып  отырады.  Қорқақ,  жалтақ,  ерік  күші  әлсіз,  табансыз  жұмсақ
қабілетсіз, тез шаршайды. Зейіні ырықсыз, тез ауытқып кетеді,  психологиялық
шапшаңдығы баяу.
    Мектепке   дейінгі   кезеңде   темперамент   типтерін   ажыратуда    жас
ерекшеліктерін   білудің  маңызы  зор.  Сол  сияқты  жүйке   жүйес   қызметі
қасиеттерінің тұрақсыздығын да ескеріп, басшылыққа алу керек.  Мысалы  жүйке
жүйесі қызметінің типі  адамда  іштен  туа  қалыптасады  және  оны  түгелдей
өзгеріске  ұшырату  неғайбыл.  Дегенмен  Н.Н.Павлов  жүйке  жүйесі   қызметі
типтерінің жекелеген қасиеттерін  өзгертуге  болатындығын  тәжірибе  жүзінде
дәлелдеген. Мысалы қозу  процесі  тежелуінен  басым,  күшті,  ұстамсыз  типі
анықталады. Жаттығу арқылы өзінің тежелу  үдерісі  күшін  біршама  арттырып,
оны қозу үдерісімен теңестіруге болатындығы  дәлелденген.  И.П.Павлов  күшті
қозғалғыш типтерді жаттықтыру арқылы тежелу үдерісінің күшін арттырып,  бір-
бірімен теңестіруге болады деген қорытындыға келеді.
    Кейде ұстамсыз типтің бірнеше варианты болатынын ескеру  керек.  Өйткені
қозу үдерісі шегіне жетіп, тежелуі әлсірейтін тип те  болуы  мүмкін,  немесе
екі үдеріс те күшті, бірақ қозуы  шамадан  тыс  келетін  тип  те  ұшырасады.
Сөйтіп уақыт өткен жай қайталап  отыратын  жаттығулар  арқылы  ұстамсыздықты
кейіннен біршама түзетуге болатындығын  дәлелдейтін  ерекше  фактілерді  жиі
кездестіреміз,  яғни  жаттаықтыру  арқылы   нерв   жүйесінің   әлсіз   типін
шынықтыруға болады.  Баланың  қолайлы  тәжірибенің  нәтижесінде  кез  келген
қиындықты ойдағыдай жеңе алатындығы сөзсіз. Баланың жеке басының  дамуя  мен
қалыптасуына тек жасының өсуі ғана емес, сонымен  қатар  темпераментінің  де
ықпалы бар.

     10. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың зейін, ес, қиял дамуы
  Жоспар:
1. Мектеп жасына дейінгі балада зейіннің дамуы
2. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ес үдерісінің ерекшелігі
3.  Мектеп  жасына  дейінгі  кезеңдегі  баланың  қиял   үдерісінің   дамуына
  сипаттама


  Мектеп жасына дейінгі балада зейіннің дамуы
  Баланың кез  келген  іс-әрекеті  зейін  арқылы  іске  асады.  Барлық  іс-
  әрекеттің негізгі шарты зейін болып табылады.
  Зейін деп  адам  санасының  қоршаған  ортадағы  белгілі  бір  заттар  мен
  құбылыстарға белсенді бағытталуын айтамыз.
   Бала зейіні өте ерте байқала  бастайды,  өмірінің  алғашқы  айларында-ақ
аңғарылады.  Алғашқы  кезде  еріксіз  зейін  байқалады.   Жас   ерекшелігіне
байланысты балалардың ойын әрекетінде,  тәрбиенің  ықпалымен  еріксіз  зейін
дами бастайды. Оның дамуы сезімдерінің қажеттіліктердің  және  қызығуларының
дамуымен байланысты.
  Еріксіз зейін адам іс-әрекетінің барлық  түрлерінде  ерекше  орын  алады.
  Баланың көп автоматталған зейіні іс-әрекет кезінді бөлінеді. Бала жұмысты
  егер таңқалдыратын жағдай пайда болса  аяғына  дейін  орындау  керектігін
  түсініп, қызығып орындайды. 4-7 жаста бала шулы  ойынға  қызығады,  тіпті
  сабаққа дейін жалғастырады. Мектеп жасына дейінгі балада  зейіннің  дамуы
  оның  жаңа  іс-әрекетінің  түрлерін  өзгертеді.  4-5  жастағы  бала  өзін
  үлкендердің әсерімен басқарады.  Тәрбиеші  мектеп  жасына  дйінгі  балаға
  үнемі: «ықыласты бол», «назар аударып тыңда», «  назар  аудаып  көр»  деп
  айтады. Бала үлкендердің  қойған  талабын  орындау  үшін  өзінің  зейінін
  басқару қажет. Басқарылған  қасиет  басқарылған  зейіннің  дамуыме  тығыз
  байланысты.
  В.С. Мухина бойынша  мектепке  дейінгі  бала  әрекетінің  жаңа  түрлерін,
  үлкендердің  оған  қойған  жаңа  талаптарын  игерудің  ықпалымен  баланың
  алдында бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою,  материалды
  есте ұстау және оны жаңғырту,  ойынның,  суреттің  т.б  ой  желісін  құру
  сияқты жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс  жасалады.  Осы
  міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген  тәсілдердің  қандай
  да біреуін пайдаланады. Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың  арнайы
  іс-әрекеттері қалыптаса бастайды.
  Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және  осылар
  арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталынады. Бала бір
  нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа бір нәрсе
  пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан балалардың
  ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.
  Д.Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде  балалар  іс-әрекетінің
  күрделенуіне жалпы ақыл-ой  дамуының  ілгеруіне  байланысты  зейін  күшті
  шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы,  мектепке  дейінгі  кезеңдегі
  кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса,  5-6  жасқа  жеткенде
  ойынның ұзақтығы 1,5  сағатқа  дейін  созылады.  Мұны  ойында  адамдардың
  күрделірек  іс-әрекеттері  мен  қарым-қатынастарының  бейнеленуімен  және
  ойынға үнемі енгізілетін жаңа  ахуалдардың  қолдау  табуымен  түсіндіруге
  болады. Балалар суреттерді  көргенде,  әңгіме,  ертегі  тыңдағанда  зейін
  тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында  суретті
  көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты
  жасар бала суретті жақсырақ түсінеді,  оның  өзіне  қызықты  жақтары  мен
  егжей-тегжейлерін бөліп алады.Бірақ  мектепке  дейінгі  кезеңде  зейіннің
  негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы
  түрде  белгілі  заттарға  құбылыстарға  бағыттай  білуінде  және   кейбір
  тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде.
  Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін  сөзді  пайдалану
  күрт өседі. Мұны, атап  айтқанда,  мектепке  дейінгі  ересектер  үлкеннің
  нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда  мектепке  дейінгі  кішкентайларға
  қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады. Сонымен, баланың мінез-құлқын
  реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі  шақта
  ықтиярлық зейін қалыптасады.
  В.С. Мухина мектепке  дейінгі  шақта  балалар  ықтиярлы  зейінді  меңгере
  бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта  ықтиярсыз  зейін  басым
  болып қала береді. Балаларға өздері үшін бір текті әрі тартымы шамалы іс-
  әрекетке зейін қою қиынға түседі,сонымен  бірге  ойын  процесінде  немесе
  әсерлі сезімге бөлерліктей тапсырмаларды шешерде олар едәуір  ұзақ  уақыт
  бойы  ықыласты  болып  жүреді.  Мектеп  жасына  дейінгі  бала   зейінінің
  ерекшелігі мектепке дейін оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш  салуды  талап
  ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін  емес  себептердің  бірі  болып
  саналады.  Сабақтарда  пайдаланылатын  ойын   элементтері,   іс-әрекеттің
  нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын  жиі  өзгерту  балалардың  зейінін
  айтарлықтай  жоғары  деңгейде  ұстауға  мүмкіндік  береді.Зейін   тікелей
  қызығушылықпен байланысты (ырықсыз  зейін),  өйткені  қызықты  іске  бала
  көңілі тез  ауады.  Егер  6  жасар  бала  ойынмен  айналысқан  болса,  ол
  алаңдамай  2,  тіпті  3  сағат  ойнай  береді.  Алайда,   бұлай   зейінді
  шоғырландыру – баланың айналысқан  нәрсесіне  қызығушылығынан  туындайды.
  Балаға зейінін  тәрбиелеуде  көмектесу  қажет.  Үлкендер  сөз  нұсқаулары
  арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады.  Оларға  біркелкі  жалықтыратын
  және  тартымдылығы  аз  іс-әрекетпен  айналысу  өте  қиын.  Зейіннің  бұл
  ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс-әрекет  түрлерін
  жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады.
  К.Д. Ушинский «Балаға оқуды қызықты ете білу керек  және  сонымен  қатар,
  оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету
  керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей,  екі  жағын
  теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, балада  белсенді
  зейін шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып  отыру  керек»,  -  деп
  көрсетеді.  Оқушылардың  зейінін  дұрыс  қалыптастыруға  мұғалімнің  жеке
  басының үлгі-өнегесінің маңызы да зор.


  Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ес үдерісінің ерекшелігі
  Мектепке дейінгі кезеңде бала  психикасының  жоғарғы  деңгейде  көтерілуі
  жаңа әрекет түрлерінің бала психикасына әсер етуі және үлкендердің балаға
  қойылатын талап тілектерінің күрделенуіне тікелей байланысты.
  Мектепке дейінгі кезеңдегі балада ес үдерісінің дамуы айқындалып, біршама
  күрделенгендігі байқалады. 3-4н бастап бала қоршаған ортамен  жан-  жақты
  танысып,  ойын,  қарапайым  еңбек  іс-әрекеттерімен  шұғылдана  бастайды.
  Осының нәтижесінде бала есте сақтаудың  арнайы тәсілдерін пайдаланбай-ақ,
  іс-  әрекеттің  орындалу  барысындабайқаусызда,  материал   бала   есінде
  өздігінен ырықсыз түрде сақталып отырады.
  Мектеп жасына дейінгі  кезең  бала  есінің  ырықсыздығымен  ерекшеленеді.
  Балалар өз өмірінде ерекше әсер етіп көңіл  аударғанын  өзін  қызықтырған
  құбылысты ғана есінде жақсы сақтайды және осы кезеңде  есте  сақтау  үшін
  алдына арнайы мақсат қойылады. 4 жастан бастап ырықты түрде  есте  сақтау
  жүзеге аса бастайды.
  Мектепке дейінгі кезеңде бала механикалықтүрде  есте  сақтайды  деу  қате
  түсінік. Себебі бала да өзіне қажетті материалды есіне сақтау  үшін  одан
  нені талап етіп отыр, нені есте сақтау керек, соны түсінуге тырысады.  Ал
  егер сол материалдың мән мағынасын түсінбесе, түсіну қиынға   соқса  ғана
  бала механикалық түрде жаттау арқылы есте сақтауға тырысады.
  Мектепке дейінгі кезеңде сөз-логикалық естің дамуы баяу жүзеге асады. Бұл
  кезде көрнекі бейнелік, эмоциялық сезімдік естің маңызы зор.
  Неғұрлым баланың заттар мен  құбылыстарға  зер  салып  көңіл  қою  ынтасы
  ерекше болса, Соғұрлым ырықсыз есте сақтауы айқын жүзеге асады да, барлық
  ынта  ықыласымен  зейін  қояды.  Заттың   бейнесі   оның,   түсі   баланы
  қызықтыратындай ерекше болса, оны жақсы қабылдап  есінде  жақсы  жаңғырта
  алады. Балаға әңгіменің мазмұнын тек сөз  жүзінде  айтып  берсең,  ондағы
  бейнелерді сипаттау түрінде есінде сақтайды.
  Балаларға әңгімені мән мағынасызбір  ырғақпен  оқып  бергеннен  гөрі,  әр
  кейіпкердің мінез-құлқын, қимылын, эмоциялық көңіл-күйін мәніне келтіріп,
  интоннациясымен оқып, айтып берсең, есінде жақсы сақтайды.
  Психологиялық зерттеулерге қарағанда, бала  өз  жас  ерекшелігіне  сәйкес
  түсінуге жеңіл, күнделіеті көріп, тұрмыста  пайдаланып  жүрген  заттарды,
  естіп жүрген мән мағынасы ұқсас сөздерді есінде жақсы сақтайды. Сондай-ақ
  көріп тұрған заттың өзін  өзі  біліміне,  өмір  тәжірибесіне,  түсінігіне
  байланысты есте сақтауы әр түрлі болады.
  Ересектер тобындағы балалардың ес үдерісінің дамуы әлі де болса  ырықсыз,
  поссивтік сипатта өтеді. Бала өткенді есіне түсіріп, қайта жаңғырту  үшін
  де ең негізгілерін іріктеп, көз алдына елестетуге әрекет жасайды.
  Іс-әрекетті есте сақтауды құрастыру, сурет салу,  ойнау,  еңбек  әрекетін
  орындау барысында, ертегі, әңгімелерді  тыңдау  негізінде  жүзеге  асырып
  отырады.
  Балада  сюжеттік  ойындарды  ойнау  арқылы  ырықты  есте  сақтап,   қайта
  жаңғыртуының алғашқы белгілері көріне бастайды.
  Бала есте сақтау мен  қайта  жаңғырту  тәсілдерін  үлкендерден  үйренеді.
  Мысалы, тапсырма беріп отырып, оны белгілі  бір  уақыт  аралығында  қайта
  жаңғыртуды талап етеді немесе бір нәрсені сұрап отырып, оқиғаның  желісін
  баланың есіне түсіру үшін жетекші бағыттаушы сұрақтар қояды.
  Есте сақтауды үйретудің ең қарапайым тәсілі қайталату және баланың ерікті
  есте сақтауын дамыту үшін көргенін естігенін өз сөзімен  әңгімеліп  айтып
  берудің өзі материалдың баланың есінде берік сақталуы үшін маңызы зор.
  Зинаида Михаиловна Истомина 3 тен 7 жасқа дейінгілердің  есінің  дамуының
  үш дәрежесін анықтаған.
  І дәрежесіне тән сипат: бала еске сақтау  мен  еске  түсіру  үшін  арнайы
  мақсат қоймайды.
  ІІ дәрежесінде: балада еске сақтау ешқандай арнайы тәсілдерді пайдаланбай-
  ақ жүзеге асады.
  ІІІ дәрежесінде балада еске сақтап,  қайта  жаңғырту  үшін  арнайы  әдіс-
  тәсілдерді пайдаланып, еске сақтау  мақсатты түрде жүзеге асады.
  Еске сақтаудың осы 2-ші  және  3-ші  дәрежесіне  бала  6  жасқа  келгенде
  жетеді.
  Балада ырықты есте сақтауды қалыптастырып тәрбиелеудің маңызды көрсеткіші
  тек оның есте сақтай алуы мен өз бетімен мнемоникалық  мақсат  қоя  білуі
  ғана  емес,  сонымен  қатар  дұрыс  есте  сақтауын  қадағалап,   өзін-өзі
  бақылауын жүзеге асыруы қажет.
  Өзінің есте сақтауын тексеругек тұтастай мүмкіншілігінің  болуы  6  жасқа
  келгенде едәуір артады. Осы жастағылардың басым көпшілігі  бейнелік  есте
  сақтау  сияқты  сөзді  есте  сақтау  кезінде  өзін-өзі  тексеруді  тиімді
  пайдалана біледі.
  Бала 6 жасқа келгенде тек механикалық есі емес, сөз логикалық  есі  жақсы
  дамығанын байқауға болады.
  Баланың  сөз  логикалық  есінің  жақсы  дамығанын  оның  жақсы   түсінген
  материалды есінде сақтап қайта жаңғыртуынан байқауға  болады.  Мысалы,  6
  жастағы бала ертегі әңгіменің мазмұнын өз  сөзіменөайталап  айтқан  кезде
  өзіне онша таныс емес «азамат» деген сөзді өзіне таныс күнделікті айтылып
  жүрген «ағай» деген сөзбен ауыстыра алады.
  Кейде  олар  ертегі  әңгіменің   мазмұнын   өзгертпей,   өз   логикасымен
  толықтырып, қосып, тек жүйесін ғана өзгертуі мүмкін.
  Баланың әңгіменің жүйесін өзгертуі ондағы кейіпкерлерге деген көзқарасына
  байланысты болады.  Егер  кейіпкерді  жақсы  қарым-қатынас  кезінде  оның
  жаманшылық жақтарып ұмытып кетеді де, тек жақсылығын өзіне  ұнаған  жерін
  ғана есінде сақтайды.
  Баланың сөз логикалық есін дамытуда оқу әрекетімен  шұғылдануының  маңызы
  зор. Осы кезеңдегі сөз-логикалық естің жүзеге  асуының  өзі  үш  кезеңнен
  өтеді:
  Практикалық
  Сөздік әрекеттік
  Ақыл-ой әрекеті негізінде
  6-7 жасқа келгенде бала өз ойын сөзбен байланыстырып,  қорытынды  жасапе,
  есінде сақтай алады. Сөздің көмегімен  есінде  қалған  материалға  талдау
  жасай алады және топтастырып логикалық байланыс жасайды.
  Баланы ңсөздік қорының аөдығы да есінде сақтап  қалғанын  қайтадан  толық
  жаңғыртып, айтып беруге кедергі келтіреді. Сондықтан  да  баланың  сөздік
  қорын дамыта отырып, материалды өз бетімен айтып беруге үйрету керек.
  6-7 жас бала қимыл-қозғалысы дамуының ең маңызды кезеңі.
  Осы   кезеңде   қимыл-қозғалыс   есінің   дамуына   байланысты    күрделі
  қозғалыстарды  нақты  анық  етіп  қиындықсыз  жылдам  меңгереді  және  де
  өзгертіп орындауға да икемді болады.  Сондай-ақ  эмоциялық  есіде  ерекше
  дами бастайды, оны  бейнелік естен бөліп қарау болмайды.
  Бала есінің даму ерекшеліктері тек жасына  ғана  байланысты  емес  екенін
  есте сақтау керек. Соңғы жылдардағы психологиялық зерттеулер бойынша,  ер
  балаға қарағанда қыз баланың бас миының оң жақ  бөлігінен  гөрі  сол  жақ
  бөлігінің дамуында айырмащылық болатыны  айқындалды.  Яғни,  қыз  баланың
  бавс миының сол жақ бөлігінің дамуытез жүзеге асады, ал  ер  баланың  бас
  миының оң жақ бөлігі тез дамиды. Мұның бала есінің дамуына қатысы бар.
  Өйткені мидың сол жақ бөлігі оң жақ бөлігіне қарағанда материалды  ерікті
  есте  сақтауға,  жете  ойланып  сөз-логикалық  еске  жағымдыэмоцяны  еске
  сақтауға ықпалы ерекше, ал оң жақ бөлігі  ырықсыз  есте  сақтауды  жүзеге
  асырып,  жағымсыз  эмоцияны,  бейнелік  есті,  сезім  реакцияларын   еске
  түсіруді жүзеге асырады. Бұл ақпарат ғылыми тұрғыда дәлелденген.
  Есті дамытудың әр түрлі жолдары  бар.  Негізінде  ес  мидың  жұмыс  істеу
  қабілеттілігін көрсетеді, өйткені  ес  үдерісі  арқылы  әр  түрліматериал
  естесақталып, кейін қайтадан жаңғыртылады.
  Әр  баланың  есінің  даму  деңгейі  материалды  есте   сақтау   көлеміне,
  қатесізқайта жаңғыртуға,  ұзақ  есте  сақтауына,  іс-жүзінде  әрекет  ету
  барысында есіне сақтауына байланысты. Баланың  материалды  есте  сақтауын
  анықтау үшін бірнеше жеміс-жидектер суретін балаға 1 минут көрсетіп, есте
  сақтап қалғандарын қайталатып тексеруге болады.
  Ес үдерісінің нашар қалыптасуы іштен туа  пайда  болмайды,есте  сақтаудың
  нашар болуы баланың ес үдерісін күнделікті өмірде тәрбие  үдерісін  дұрыс
  дамытуға тікелей байланысты.
  Бала ес үдерісін дамыту үшін бірнеше есте сақтау тәсілдерін  білу  керек.
  Мысалы:
1. 2 топтың балаларына көлемі бірдей  мәтінді  жаттап  келіп,  айтып  беруге
  тапсырма берген кезде1-топқа еске сақтап, кейін қайта жаңғырту  керектігі
  түсіндіріледі, ал екінші топтың балаларына тек жаттап келіндер дейді.  1-
  топтың еске сақтауы 2-топқа қарағанда сапалы болады. Өйткені еске  сақтап
  қайта жаңғырту үшін мақскат қоюдың маңызы ерекше.
2.  Бала  материалдың  мән  мағынасын  жақсы  түсінсе,  есінде  бәрін  жақсы
  сақтайды.
3. Бала еске сақтауға тиіс материалды көзімен көріп, қолымен ұстап  тәжірибе
  жүзінде ұзақ тікелей әрекет етсе, есінде  жақсы  сақтайды,  ал  тез  есте
  сақтаса тез ұмытады, әсіресе оқу әрекетін  меңгерту  кезінде  баланың  әр
  түрлі есінің типтік ерекшеліктерін ескеру керек.
  Мектепке дайындық кезеңінде  көріп,  естіп  қабылдау  және  көріп  қимыл-
  қозғалыс арқылы қабылдау жиі жүзеге асады. Сондай-ақ материалды қайталату
  арқылы есте сақтау  тиімді.  Мысалы,  күрделі  материалды  балаға  бірден
  жаттатқызбай бөліп-бөліп, демалдырып қайталап жаттатудың маңызы зор.
  Онша көп қайрат күш  жұмсауды  талап  етпейтін  көркем  сөз  үзінділерді,
  тарихи даталарды, географиялық атауларды бала  жаттамай  тұрып,  жақсылап
  оқып беріп, мазмұнын қарапайым тілмен жан-жақты түсіндірудің маңызы зор.
  В.С.Мухина бойынша мектепке дейінгі шақ есте сақтау мен еске сақтау   мен
  еске түсіру  қабілеттілігінің  пәрменді  дамуымен  сипатталады.  Адамдар,
  оқиғалар  есте  сақталатын  кезең  мектепке  дейінгі  шақта  анықталмаған
  мерзімге ығысады. Шындығында, бізге сәбилік шақтағы оқиғалардан бірдеңені
  еске түсіру қиын немесе мүлде дерлік  мүмкін  болмаса,  мектепке  дейінгі
  балалық шақ көптеген әсерлі сәттерді есте қалдырады. Бұл  әсіресемектепке
  дейінгі еревектерге тән. Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  есі  негізінен
  ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала  көбіне  өзінің  алдына   бір  нәрсені
  есінде қалдыру үшін саналы  мақсаттарды  қоймайтындығын  көрсетеді.  Есте
  сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына  байланысты  өтеді.  Бұл
  екеуі  де  іс-әрекет  арқылы  жүзеге  асады  әрі  іс-әрекеттің   сипатына
  байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер  етсе,
  не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды.


  Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың қиял үдерісінің дамуына сипаттама
  Мектепке дейінгі баланың қиялын ырықты деп айтуға  болмайды,  өйткені  ол
  ешқандай мақсат қоюды талап етпейді. Ол балаға сырттан әсер ететін заттар
  мен құбылыстарға тікелей  байланысты  болады.  Бала  ойлайтын  ойынын  да
  үлкендерге еліктеп қайталайды.
  Баланың қиялы сәбилік шақтың соңында  пайда  бола  бастайды.  Ол  сананың
  белгілі бір  функцияларымен  байланысты.  Белгілер  функциясын  дамытудың
  желісі бар.
  Бірінші желісі  заттардыбасқалай  бейнелеулерімен  тілдік,  математикалық
  және  басқа  белгілерді  пайдалануға,   ойлаудың   логикалық   формаларын
  меңгеруге жекелейді.
  Екінші желі нақтылы бұйымдарды, оқиғаларды қиялдағылар  арқылы  толықтыру
  мен алмастыру  мүмкіндігінің  пайда  болуы  мен  кеңеюіне  ,  жинақталған
  түсініктердің материалдарына жаңа бейнелер құруға жетелейді.
  Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы  кезде  қиял  заттарды
  қабылдаудан және ойын іс-әрекеттерін орындауынан  көрінеді.  Бала  таяққа
  отырып алып атпен жорытады, бұл сәтте ол - салт атты, ал асытндағы таяқ -
   атты. Бірақ шауып өте шығарлықтай ештеңе  жоқ.  Кезінде,  таяқпен  қимыл
  жасамағанда өзін ойынша таяқты шын ат дей де алмайды.
  Бала сурет салғанда, ертегі мен тақпақты ойдан  шығарғанда  қиялынеғұрлым
  айқын байқалады. Балалар ойын кезіндегі сияқты мұнда да  басында  тікелей
  қабылдаған заттарды немесе қағаз бетіндегі суреттерді пайдаланады.
  Баланың қиялы улкендерге  қарағанда бай  деп  есептелгенімен,  шындығында
  улкен адамның қиялынан бай емес,  керісінше  әлдеқайда   жұпыны.  Өйткені
  баланың өмір тәжіибесі  аз,  білімі  таяз,  сондықтан  қиялдауға  қажетті
  материалдары да аз.
  Мектеп  жасына  дейінгі  бала  қиялы  көбінесе   ықтиярсыз  қайта   жасау
  негізінде жүзеге асады, яғни біреудің жазғаны  мен  сызғанына,  поэзиялық
  шығармаларының, ертегі әңгімелердің негізіне сүйенеді.Сезімнің  арқасында
  ертегілер мен тақпақтарды ойлап шығарады. Бала өз шығармасының  қорытынды
  мазмұнының қандай болатынын өзі де білмейді.
  Ықтиярлы, арнайы қиялдың дамуы да, зейін мен естің ықтиярлы  формаларының
  дамуы  сияқты  баланың  мінез-құлқының   сөзбен   реттелуінің   қалыптаса
  бастауындағы  жалпы  үдерістің  бір  жағы  болып  табылады.  Іс-әрекеттің
  жемісті түрлерінің мақсат қою мен ойды құру жетекшілігі сөз арқылы жүзеге
  асады.
  Бала қиялын дамытуда ойынның  сурет  салу  және  құрастыру  әрекеттерінің
  әдеби шығармалар мен ертегі әңгімелердің де маңызы зор.


                                  11.Баланың ақыл-ойының дамуы
  Жоспар:
1. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау үдерісінің дамуы
2. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың сөйлеу үдерісінің дамуы


  Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау үдерісінің дамуы
  Мектепке дейінгі кезкеңде қабылдау өзінің алғашқы аффективті сипатын  жоя
  бастайды. Қабылдау мағыналы, мақсатқа бағытталған, талдауы бола бастайды.
  Бақылау,  қарау,  ізденіс  сияқты  ерікті  әрекеттер   бөлінеді.   Сөйлеу
  қабылдаудың дамуына маңызды ықпал етеді. Бала әр  түрлі  объектілер  және
  олардың  арасындағы  қатынастардың  сапаларын,  белгілерін,   жағдайларын
  белсенді түрде қолдана бастайды.  Құбылыстар  мен  заттардың  қасиеттерін
  айта отырып, ол өзіне сол қасиеттерді бөліп алады, заттарды атап, олардың
  басқалардан айырмашылығы бар екндігін бөліп, ажырата алады.
  Ойлаудың негізгі ойлау жолы – көрнекі әрекеттік ойлаудан көрнекі образдық
  және кезең соңында сөздік ойлауға ауысуы. Ойлаудың негізгі түрі – көрнекі
  образдық болып табылады, бұл Жан Пиаженің терминологиясына сәйкес келеді.
  Мектепке дейінгі кезеңде бала образды  ойлауда  болады,  себебі,  ол  әлі
  үлкендердің пайымдау логикасын меңгермеген. Бала  ойы  Л.  Ф.  Обухованың
  экспериментінде  қарастырылады.  Ж.  Пиаже  біздің  балалар  үшін  кейбір
  сұрақтарды қайталайды.
  Білім алу балалар ойлауын дамытудың міндетті шарты  болып  табылады.  Бұл
  білімнің  бірсыпырасын  балалар  тікелей  үлкендерден,  ал   өзгертулерін
  үлкендердің  жетекшілігі  және  бағыттауы  арқылы  өз   бақылаулары   мен
  әрекеттерінің тәжірибесінен алады. Білім қорының біраз артуы әлі ойлаудың
  дамуын түсіре алмайды.  Білімді  игерудің  өзі  ойлаудың  нәтижесі  болып
  табылатын ойлау міндеттерін шешетін  іс  екндігінде.  Егер  бала  өз  іс-
  әрекетінің жемісті болуына әсер  еткен  жағдайларды,  үлкендер  көрсеткен
  тәжірибелерді және өз ой үлесін ажырата білмейінше  үлкеннің  түсіндіруін
  де ұқпайды, өз тәжірибесінен де ешбір сабақ ала алмайды.  Игерілген  жаңа
  білім міндеттерін шешуге пайдаланылады.
  Ойлау іс-әрекеттерініңқалыптасуы мен жетілуі  ойлаудың  негізін  құрайды.
  Бала қандай білімді  игеріп,  оларды  қалай  пайдалана  білетіндігі  оның
  қандай ойлау іс-әрекеттерін игергендігіне  байланысты.  Мектепке  дейінгі
  шақта ойлау іс-әрекеттерін игеру сыртқы  бағдарлау  іс-әрекеттерін  игеру
  мен бойға дарытудың жалпы заңы бойынша өтеді.  Осы  сыртқы  іс-әрекеттері
  форма, не сөз бен сан сияқты белгілер арқылы қабылданады.
  Ойлау баланың дамуына оның таным әрекетіне  үзіліссіз  өрістеп,  кеңеюіне
  байланысты болады. Кейбір заттар мен күнделікті өмірде бірнеше рет әрекет
  ете отырып, оның әр түрлі қасиеттері мен сапаларын ерте ажыратып, сол зат
  туралы жалпы түсініктер пайда болады. Ал кейбір заттарды сирек көріп,  аз
  әрекет ететін болса, оны тек қана бір  жақты  танып  біледі.  Заттар  мен
  тікелей әрекет етіпанықтап білу  нақты  бейнелік  ойлаудың  дамуына  әсер
  етеді. Баланың дүниені танып білуінің өзі қабылдау мен түйсіктің  дамуына
  тікелей байланысты. 6  жастағы  балалар  үшін  көрнекі  амалды  ойлауының
  маңызы зор. Баланың жасы өскен сайын мәселені  өз  бетімен  ойлап,  шешуі
  кеңейеді.  Бірақ  әрекеті  икемсіз  болады.  Ересектер  тобынан   бастап,
  практикалық әрекет арқылы сөзді қабылдау жүзеге  аса  бастайды.  Әрекетті
  басқа жолмен құрудың өзі мәселенің шешімін табуға көмектеседі.
  Мектепке  дейінгі  баланың  мынадай   ойлауының   ерекшеліктері   болады.
  Біріншіден, 5 жастағы балада мәселені шешу  күні  бұрын  ойланған  сөздік
  формада беріледі.
  Екіншіден, соған байланысты баланың орындайтын әрекетінің мәні өзгереді.
  Үшіншіден,  әр  түрлі  жағдайдың  әсер  етуінен  ойлау  үдерісінің   мәні
  өзгереді.
  Төртіншіден, көрнекілік амалдық  ойлау  жоққа  шығарылмайды,  жоғалып  та
  кетпейді. Ол балада жинақталып тұрған қор сияқты.
  Баланың ойлауының дамуына түрлі әрекет әсер етеді. Іс-әрекет  түрлері  өз
  тарапынан баланың  сана  сезімінде  өзінше  із  қалдырады.  Өйткені  бала
  психикасының өзі іс-әрекетінің барысында дамып, қалыптасып  отырады.  Іс-
  әрекеттен тыс тіршілік болмайды, онсыз психика да  дұрыс  дамымайды.  Іс-
  әрекеттің түрлері  ойын,  оқу,  еңбек  әр  түрлі  формадағы  белгілі  бір
  мақсаттар мен  міндеттерге  бағытталып  отырады.  Мысалы:  баланың  ойлау
  қабілетін дамыту үшін түрлі ережесі мен шаттары бар  дидактикалық  ойынды
  ұйымдастырудың маңызы зор. Сондықтан ата-аналар  мен  тәрбиешілер  ойынды
  тиісті талаптарға сай ұйымдастырып, басшылық жасай білу қажет.
  Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың сөйлеу үдерісінің дамуы
  Психологтардың айтуы бойынша, бала қай тілде қарым-қатынас жасаса сол тіл
  шын мәнінде бала үшін ана тіліне  айналады.  Алдымен  сөйлеудің  дыбыстық
  жағы дамиды. Мектепке дейінгі кезеңнің соңында контексті сөйлеуге  көшуге
  мүмкіндік болады. Бала тілдің грамматикалық жағын меңгеріп, үлкен  сөздік
  қорын игереді. Ол  оған  оқып  берген  мәтінді  қайталап  айтып  беруіне,
  суреттеменің  мазмұнын  баяндауға,  айналасындағылармен  көргенін   алған
  әсерін ұғынықты тілмен жеткізуіне мүмкіндік береді.
  Жалпы мектепке дейінгі  кезеңде  бала  үлкендерге  тиісті  ауызша  сөздің
  барлық түрін меңгереді. Монолог сөйлеу, әңгіме айту дағдысы  қалыптасады.
  Ол үлкендерге көргенін жеткізіп қана қоймайды, сонымен қатар сол  нәрсеге
  байланысты өз алған әсерін де жеткізе біледі. Құрбыларымен  қарым-қатынас
  кезінде диологты сөйлеуі дамиды. Эгоцентрикалық сөйлеу балаға әрекеттерін
  жоспарлап, жүйелеуге көмектеседі. Бала алдағы әрекеттің  жоспарын  құрып,
  міндеттерін  орындау  тәсілін  талқылайды,  сөздердің   жаңа   формаларын
  қолдану, ашық түрде айту, осы кезеңдегі балалардың қарым-қатынасының жаңа
  міндеттеріне байланысты.
  6 жасқа келгенде баланың сөйлеуі жоғарғы сатыға көтеріліп, сөздік қорының
  саны  көтеріліп,  өз  ана  тілінде   сөйлеудің   негізгі   ерекшеліктерін
  меңгереді.  Мектеп  жасына   дейінгілердің   тілді   меңгерудің   негізгі
  ерекшілігі дұрыс сөйлеу ережесін жаттап отырмайды, ешқандай теорияға  мән
  бермейді, зат есім, сын есім, жұрнақ, жалғаудан бейхабар  болады.  Мектеп
  жасына дейінгі балалар  күнделікті  сөйлеуді  өзінің  айналасындағылармен
  қарым-қатынас кезінде үлкендерге еліктей отырып, үйренеді.  Сондықтан  да
  баламен қарым-қатынас жасағанда дұрыс сөйлесіп, түсінікті тілде  жауаптар
  қайтарған жөн. Осы жақта баланың актив сөзінен пассив сөзі басым  болады.
  Бала сөзді естігені бойынша айтады. Баланың тілдік қабілетін  жетілдіруде
  тәрбиешінің рөлі ерекше. Мысалы, бала тәрбиешінің әр сөзінің  интонациясы
  мен  дикциясына  еліктеп  сөзді  қайталайды.  Бала   7   жасқа   келгенде
  үлкендермен қарым-қатынасының нәтижесінде ситуациялық сөзді меңгереді.
  Ситуациялық сөз дегеніміз өзара әңгімелесіп отырған  адамдардың  өздеріне
  ғана түсінікті сырттан келгендер бұл жағдайды түсінбейтін түсініксіз сөз.
  Ситуациялық сөйлеуге тән қасиет жобалап қана түсінуге  болатын  бастауышы
  түсіп қалған сөз. Бірақ ол көпшілік  жағдайда  есімдікпен  ауысады,  яғни
  «ол, олар» деген сөздерді пайдаланады.
  Бала тілін дамыту үшін жұмбақ шешу, ертегі айту, тақпақ жаттаудың  маңызы
  зор. Бала 5 жастан бастап,  әңгіменің  мазмұнын  өз  бетінше  құрастырып,
  айтып бере алады, соның нәтижесінде диологты және монологты  сөздік  қоры
  дамиды.
  Мектеп жасына дейінгілер еңалдымен дауысты дыбыстарды сонан соң дауыссыз,
  үнді, қатаң, ұяң дыбыстарды меңгереді. Бұл кезде балаға –з, -м,  -ж,  -с,
  -ш; сияқты ашық дауыссыз дыбыстарды ызылдап, ысылдап,  ышылдап  айтылатын
  дыбыстарды айту қиындыққа түседі.  Осы  кезде  –р  дыбысын  –л  немесе  и
  дыбысымен ауыстырып айтады. Шамамен алғанда  баланың сөздік қоры 2  жаста
  300-400, 3 жасында 1000-1500, 4 жаста 1600-1800, 5 жасында  2000-2200,  6
  жасында 5000-ға дейін болады.
  Алғашқы кезде баланың сөзінде зат есім көп  болады.  Кейіннен  есімдіктер
  мен етістіктер және т.б. сөз таптарын қолдана бастайды.
  Тілдік материалдар  негізінде  байланысты  сөйлеу  ішкі  сөйлеумен  тығыз
  байланысты болады. 5 жастағы балалардың ойы тілдің қозғалуы  мен  еріннің
  жыбырлауы және өз ойын сыбырлап сөйлеу арқылы жүзеге асады. Өйткені  адам
  өзінің ойының мазмұнын жақсы біледі.  Балалар үшін ішкі сөйлеу өте  қысқа
  және икемді болады. Атақты психологтар А.А. Люблинская,  Л.С.  Выготский,
  Жан  Пиаже  зерттеулерінде  4-6  жастағы   балаларда  эгоцентрикалық  сөз
  формасы басым болады. Бірақ эгоцентрикалық сөз 6 жастан кейін қалу керек.






            12.Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың сенсорлық дамуы
  Сенсорлық тәрбие дегеніміз- бұл  түйсік  пен  қабылдаудың  дұрыс  бағытта
  дамуы.Түйсігі мен қабылдауы мол баланың қоршаған  дүние  жайлы  көзқарасы
  кең,жан-жақты келеді.Сөйтіп баланың сенсорлық мәдениеті,оның түйсігі  мен
  қабылдауының даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің  алғы  шарты
  болып табылады.
        Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  сенсорлық  дамуының   бір-бірімен
  байланысты екі жағы бар.Біріншісі-  заттар  мен  құбылыстардың  әр  түрлі
  қасиеттері мен байланыстары  жөніндегі  түсініктерді  меңгеру.  Екіншісі-
  қоршаған  ортаны  толықтай  және  жекелей  қабылдауға  мүмкіндік  беретін
  қабылдаудың жаңа әрекетін игеру.
       Мектепке дейінгі  балалық  шақта  бала  өзінің  сенсорлық  тәрбиесін
  жинақтау нәтижесі болып табылатын заттық  үлгілерді  қолданудан  көпшілік
  қабылдаған сенсорлық этолонға ауысады. Сенсорлық  этолондар  дегеніміз  –
  қасиеттер мен қарым-қатынастардың әр түрінің негізгі жеке түрлері жөнінде
  адамзатта қалыптасқан түрлері.  Бұларға  түс,  пішін,  заттардың  шамасы,
  олардың кеңістіктегі орны, дыбыс күші, уақыт аралықтарының ұзақтығы, тағы
  басқалар жатады. Баланың сенсорлық этолондарды игеруі балалар  бақшасының
  бағдарламасына сәйкес жеке геометриялық пішіндермен, түстермен  танысудан
  басталады. Заттардың қасиеттері туралы кез-келген түсініктер  пайда  болу
  сияқты сенсорлық этолонды меңгеруде, үлгілердің мәніне ие  болуға  тиісті
  тексерілуге  бағытталған пішіннің жеке түрлері, түсі, шама бойынша қатысы
  басқа да қасиеттері мен қатыстылығы қабылдау   әрекеттерінің  нәтижесінде
  өтеді. Әйтсе де бұл жеткіліксіз
       1 жастан 3  жасқа  дейінгі  сенсорлық  тәрбие  балалардың  әр  түрлі
  сенсорлық  әсерлерін  байытуға  бағытталған.Ол  баланың   жалпы   ақыл-ой
  дамуының негізін құрайды,  сенсорлық  этолондар  мен  қарапайым  рәміздік
  нысандарды меңгеруге негізделеді  және кейінгі танымдық,  интеллектуалды,
  шығармашылық қабілеттерді дамытудың алғы шарты болып табылады.  Сенсорлық
  тәрбие жалпы сенсорлық қабілеттерді қалыптастыруды және
   балалардың бойында аналитикалық қабылдауда, түстердің үйлесімін
   заттардың пішіндерін тани білуді, шаманың жекелеген өлшемдерін ажыратуды
  көздейді.
       Балаларды сенсорлық этолондардың  көптеген  түрлерімен  және  оларды
  жүйелеумен  тетелес таныстыру — мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлық
  тәрбиелеудің басты  міндеттерінің  бірі.  Мұндай  таныстырудың  негізінде
  әрбір  қасиеттердің  негізгі  жеке  түрлерін  тексеру  мен  есіне  сақтау
  балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру жатыр. Осы  жеке  түрлер  этолондар
  мәніне  ие  болуы  тиіс.  Балаларды  сенсорлық   этолондармен   таныстыру
  заттардың қасиеттерінің негізгі жеке түрлерін білдіретін сөздерді баланың
  есінде  сақтауын  ұйымдастыру  болып  табылады.  Балаларға   геометриялық
  пішіндердің,  түстердін,  шамалар  қатынасының  жеке  түрлерін  тек  қана
  көрсетіп, олардың аттарын есте сақтауға қол жеткізген жағдайларда,  тіпті
  дұрыс қолданатын сөздің өзі мектеп жасына дейінгі  баланың  ұғымдары  мен
  қабылдауларын жетілдіруге себепші бола алмайды.
       ХХ ғасырдың  басында  Монтессори  талдап  жасаған  сенсорлық  тәрбие
  жүйесі балалардың түстер мен реңктерді,пішіндер  мен  көлемдерді  ажырату
  дәрежесі жоғары болуына қол жеткізуді  өз  алдына  мақсат  етіп  қояды.Ол
  пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау  принципіне  сәйкес
  жасалған,сезімдік  органдардың  дамуы   тіл   дамуымен,өнімді   қызметпен
  байланысты болған жоқ.
  Баланың сенсорлық дамуы-  ол  заттың  сыртқы  құрамын:  формасын,  түсін,
  өлшемін, қоршаған  ортадағы  орнын,  сондай-ақ  иісін,  дәмін  және  т.б.
  құрамдарын қабылдауы және елестете білуі.
  Бала ерте жасында сезіну органдарының қызметі  жақсы  жетіледі,  қоршаған
  орта  жайында  өзіндік  елестері  пайда  болады.   Сондықтан,   сенсорлық
  тәрбиелеу- мектеп алды тәрбиенің негізгі бағыттарының бірі.
   Сенсорлық даму баланың жалпы дамуының негізін құрайды,  ол  баланың  оқу
  барысында жетістіктерге жетуіне көмектеседі.
   Баланың сенсорлық дамуы арқылы оның мектеп оқуына дайындығы анықталады.
    Заттардың  өлшемін  анықтауға  қажетті  сенсорлық   эталондар   ретінде
  геометриялық фигуралар қолданылады.
   Заттардың формалары, түстері және өлшемдері баланың елестету қабілетінің
  дамуына  зор  үлесін  қосады.  Бала  ұзақ  уақыт   аралығында   сенсорлық
  эталондарды елестету құралы ретінде қабылдайды және бұл  процесс  өзіндік
  бөлімдерге ие.
  1-бөлім- эталон алдындағы шара, баланың 3 жасында жүргізіледі.  Бала  бір
  заттың атын атау барысында  екінші  затты  үлгі  ретінде  қабылдайды.  Өз
  ойыншықтарымен ойнау барысында бала  олардың  түстерін,  өлшемдерін  есте
  сақтайды.
   2- бөлім-  есте  сақтау  заттары  ретінде  нақты  заттар  емес,  олардың
  құрамының белгілі бір үлгілері қолданылады және олар өзіндік  атауға  ие.
  Балалар  негізгі  түстермен  күнделікті  өмірде  және  дидактикалық  ойын
  барысында танысады.
   3- бөлім- 4-5 жасында бала сенсорлық эталондарға  ие  бола  тұра  оларды
  жүйелендіруге талпынады. Тәрбиеші балаға түстерді анықтай отырып,  оларды
  кезек бойынша қоюға көмектеседі. Заттың өлшемін үйрену  жақсарған  кезде,
  бала оларды  ұзындығы,  биіктігі,  көлемі  бойынша  қатар  бойынша  қоюға
  үйренеді. Осыған байланысты дидактикалық ойындар да қиындай бастайды.


   13.Мектепке дейінгі кезеңдегі  балалардың  эмоциялық, ерік және  психо-
                              әлеуметтік дамуы

      Жоспар:


   1) Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың  эмоциялық дамуы
   2) Мектепке дейінгі кезеңдегі  баланың ерік дамуы
   3) Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың психико-әлеуметтік да
      Балалардын  қарапайым эмоциялары туған күнінен  бастап – ақ  көрінеді.
Бала   есейген     сайын эмоцияялар    біриіндеп дами    түседі.    Мәселен,
екі жарым жасар  бала қол – аяғы байлаулы  адамның  суретін  көргенде,  оған
жаны ашып жылаған.  Төрт жасар  бала  анасы  кітаптан  иттің  кірпіні  ұстап
алайын  деп  тұрған  жерін  оқығанда  қатты  күйзелген.  Төрт  –  бес  жасар
балаларда   жоғары   сезімдердің   (моральдық,   эстетикалық)    элементтері
кездеседі. Мәселен, осы жастағы баладан: «біреудің нәрсесін  сұраусыз  алуға
бола ма?» десең, «Сұраусыз алсаң, ұры атанып  ұсталасың,  жаза  тартасың»  -
деп жауап береді.
      Төрт жасқа  аяқ басқан бала әкесінің жаңа костюм кигенін көріп :  «сен
сұлусың », - дейді. Бес  жасар  бала  түрлі  түстерден  құралған  суреттерді
ұнатады; шешесіне: « терезені жаппай тұра  тұр,  күн  қандай  сұлу»,  -  деп
оның батуың тамашалайды. Бала сапанға қарап :   «мынау  одан  да  әдемі!»  -
дейді. Әрине, осы көріністерді  бала  өзінше  ұнатады,  ол  нәрсенің  сыртқы
жағын ғана  тамашалайды.  Алғашқы  кездегі  эмоциялар  органикалық  қажеттің
(тамақ, ұйқы т.б.) төңірегінен алысқа бара алмайды.  Мектеп  жасына  дейінгі
балалардың ой – әрісі тайыз, өмір тәжірибесі жеткіліксіз,  түрлі  психикалық
құбылыстары, әсіресе, ерік  –  жігері  дамып  жетілмеген.  Осы  жағдай  оның
эмоциясына  да  тән.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалар   эмоциясының   басты
ерекшелігі – тұрақсыз, тұрлаусыз,  нақтылы  да  мәнерлі  қозғалыстарға  толы
келетіндігі.
      Мектепке түсу бала сезімдерін  жүйелі,  жоспарлы  түрде   тәрбиелеудің
негізгі жолы болып табылады. Төменгі сынып оқушылары да  (әсіресе,  бірінші,
екінші сыныптағылар) аса сезімтал, эмоциялы келеді. Бұл балалар  сергек  те 
жайдары, ақ көңіл де сенгіш, аңқау да, әділ болып келеді. Олар кез –  келген
нәрсенің бәріне таңырқап, қызықтайды және  өзінің  қатынасын  белсенділікпен
білдіріп отырады. Бала сабақ үстінде де бірқалыпты  отыра  алмайды.  Өйткені
өзіне ие бола алмай, сезімінің жетегіне еріп кетеді. Мәселен, бірінші  сынып
оқушыларының  арасынан  сабақ  үстінде  қатты  дауыспен  күлетін,  не  жылап
жіберетін өқушыларды кездестіруге  болады.  Бұлар  жүйкесі  қозғыш,  өздерін
ұстай алмайтын балалар.
 
      Сыныбы жоғарылап,     есейген      сайын оқушы мұндай     қылықтарынан
арыла бастайды. Мұғалімнің  ерік  –   жігер тәрбиесін қосарластыра  жүргізуі
оқушыларға көп көмек көрсетеді. Осы жастағыларда бірінің істегенін  екіншісі
де істегісі келетін бір қасиет  бар.  Мәселен,  біреу  күлсе,  қған  қосылып
қалғандары да күледі, біреу сөйлесе, қалғандары да оған қосылады.
Бірінші   сынып оқушыларының   сезімдері,    көбінесе    тікелей қажеттеріне
байланысты туып отырады.  Жылау,  күлу,  қамығу,  ұялу  –  бәрі  де  олардың
қажеттерінің өтелу – өтелмеуінен туатын эмоциялар.  Мұндай  жағдайларда  оны
ақылмен  иландыру  қиын.  Мүмкіндігінше  болашақ   қажетінің   өтелу   жағын
ойластыру керек. Бұл жай  оқу  процесін  балалардың  сезіміне  тікелей  әсер
ететіндей етіп ұйымдастыру қажеттігін еске салады.
      Мектепке баланың жоғары   сезімдері одан   әрі дами   түседі.   Әрине,
баланың жоғары  сезімдерінің  негізі  мектепке  дейінгі тәрбиеде   қаланады.
Осы кезде балада  біреуді жақсы   көруі  (көбінесе,  ол  өзін  жақсы  көрген
адамды ұнатады), тіл алғыштығы, біреудің  айтқанын  тыңдағыштығы  байқалады.
Бала  жақсы  адамдардай  болғысы  келеді.  Мәселен,  космонавтарға  еліктеп,
солардай болсам екен деу – кез – келген баланың арманы.
      Баланың ерік әрекеті  саналы талап-тілектерінің   нәтижесінде  шешімге
келіп,   оны  орындаумен   сабақтасып,  дамиды.  2  жастан  асқаннан   кейін
тәрбиенің  және  ойынның   ықпалымен  баланың   тәжірибесі   арта  түседі  ,
қиялдай бастайды, ойлау қабілеті көріне  бастайды.  Өзінің  талап-тілектерін
түсінуге  жарап қалады. Бірақ  талап-тілектері  әлі  де  болса  саналы  бола
қоймайды, тек эмоциялық сипатта   ғана  жүзеге  асады.  Эмоцияның  ықпалымен
орындалатын әрекет қарапайым ерік әрекетіне жатады.  Үлкендер балаға  «Барып
кел, алып кел, үйдің суретін сал» деген сияқты    тапсырмалар  береді.  Бала
үлкендердің айтқанын орындай жүріп, әр түрлі әрекеттерге жаттығады.  Баланың
еліктеген қылықтарының өзі  қажыр мен қайраттылығын  дамытады.  Осылай  бала
әрекетінде   эмоциялық  белсенділік   орын  алады.  Одарды  эмоциялық  сезім
билеп, еркі тұрақсыз болып, іс-әрекет  үстінде   туғызса,  өз  бойына  лайық
қажыр, қайрат, табандылық көрсетеді.         Баланың  еркінің  дамуы  ырықты
қозғалыстар жасауға үйрете бастаудың, яғни  өз  қозғалысын  денесін  басқара
алуынан басталады. Баланың еркі әлә де дамып жетілмеген,  олар  бір  нәрсені
саналы түрде ұғып істеуден  гөрі  сол  нәрсенің  оларды  көңіл-күйіне   әсер
еткен  әсеріне  бағынып істеуі басым болады. Бұл кезде  бала  әрекетті ақыл-
ой  таразысына  салмай  дұрыс-бұрыстығын  ойламай   істей  береді,   өйткені
олар да  өздерінің ісін  сана  –  сезіміне  бағындыру  жеткіліксіз   болады.
Ұстамдылық қасиеті де  дамымаған.  Бұл  кезде  балалар  да   айтқанды  ұғып,
оған  сенушілігі күшті болады.   Ал  жасы   есейген  сайын   айтқанға   сену
кеміп  отырады  және  айтқанды  ұғып,  оған   сенушілікке   байланысты  бала
еліктеуге  де  өте  бейім  болады.   Ойнаған  ойынында   да    кейіпкерлерге
еліктейді. Ертедегі кейіпкерлерге  ұқсап  солардай  болуға   қатты  асығады.
Балалар еліктеуге құмар  болғандықтан,  өзінің  жақын  адамдарына   тәрбиеші
апайларға ұқсауға тырысады. Кім не айтса  соның дұрыс бұрыстығын   талғамай,
тез орындауға  әзір  тұрады.           Бала өзін-өзі басқара  алмайтындықтан
 үлкендер дұрыс жолға   салып,  бағыт  беріп  отыруы   қажет.  Баланың  ерік
әрекетін тәрбиелеу  жас кезеңнен  басталды.  Тілі  шығып   жүре  бастағаннан
кейін  әр нәрсені  өзі  орындауға  тырысады.  Тілі  шығып  жүре  бастағаннан
кейін       әр        нәрсені         өзі        орындауға         тырысады.
                                    Мектепке   дейінгі   кезеңде    рольдік,
қимылды,  спорттық,  құрылыс  құрастыру  ойындары  арқылы   баланың    ерік-
сапаларын қалыптастыруға болады. Ұжымдық өмір-ұжымдық  еңбек  ерік  әрекетін
дамытуға  итермелейтін себепші құрал болып табылады.
      Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің
нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар
көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және
бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін
көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы
мынадай сатылардан өтеді:

 • оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы
   жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап
   болуынан;
 • мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен қатар,
   оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы
   бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе
   бастайды;
 • әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген
   қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге,
   нашақорлыққа қызыға бастайды;
 • криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы,
   балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп
   оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар
   қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды.
Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы - ата-
ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы
қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:

 • дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін
   орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға
   баланы итермелейді;
 • тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі,
   ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік
   кемшіліктерден туындайды;
 • асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы,
   криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық
   қаттыгездік, зорлаушылық жатады.
Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық,
эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте,
балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар
болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай
қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың
қаттыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне,
әлеуметтік тәжірибесіне байланысты. Психикалық реакциялардан басқа
(қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы т.б.) балалардың мінез-
құлқы да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне сенімсіз,
ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге қарағанда, зорлық-
зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалады .


                    14.Нәрестелік кезеңінің негізгі бағыты
 1.Үлкенмен қарым-қатынас

  2.Сөйлеуді игерудің алғышарттары

  3.Қимыл мен іс-әрекеттің дамуы

  4.Айналасындағы бағдарлауды дамыту

     Нәресте    өмірі    үлкенднрге    тәуелді.Үлкен    оның    қажеттілігін
қанағаттандырады.Әсерленгіш  қажеттіліктері  Негізгі  есту,сезіну  әсерлерін
үлкендерден алады.Жандану комплексі  пайда  болады  яғни,баланың  үлкендерге
деген жағымды эмоциялық көзқарасы.

  Туғаннан  4-5  айда  үлкендерді  таңдап  қарайды.Бөтен  адамдарды  ажырата
бастайды.Нәрестелік   шақтың   өзінде   баланың   психикалық   дамуы   айқын
көрінеді.Ондағы  психикалық  процестер  тұрмыс   жағдайдың   әсері   бойынша
қалыптасады.Үлкендер   қарым-қатынас   нәтижесінде    қоғамдық    тәжірибені
игереді.Сонымен бірге оны заттармен қызмет істеуге көмектеседі.

   Қарым-қатынас қажеттілігі сөйлеудің алғышарты.Туғаннан 3 айдың соңында
гуілдеу басталады. Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру ортасы мен оның
тәрбие және білім беру мазмұнын дамыту сауатты ұйымдастырылмаса, баланың
оқу мен жазуды игеру мәселесін түпкілікті шешу мүмкін емес. Кез келген
мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ортақ мақсаты – балаларды
мектепте оқуға даярлау және оларды әлеуметтендіру.
Бала мектепте жақсы оқуы үшін, оған белгілі білік пен дағдылар қажет
(алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап
жаттығудың нәтижесінде автоматталануын дағды деп атайды) [1]. Мектепте
оқуға қажетті білік, дағдылардың белгілі бір пәндерге қажет арнайы (қосу,
азайту, оқу, жазу, сурет салу және т.б.) және кез келген сабақтарға қажетті
жалпы түрлері бар. Бұл дағдылар толыққанды кейінірек қалыптасады, бірақ
олардың алғышарттарын осы мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыруды
бастаған жөн.
Оқушының жетекші іс-әрекеті – оқу іс-әрекеті. Балабақшада жүйелі түрде
ұйымдастырылатын сабақтарда балалардың алған білімдері мектептегі оқу іс-
әрекетінің біршама элементтерін игерудің негізін құрайды. Мектепке
даярлауда балабақшада ересек топ балаларын симметриялық формаларды салуда
орталық сызықты салуға үйретеді. Бұл өз кезегінде, 1-сыныпта бейнелеу
сабақтарында негізгі сызықтан бастап вертикальді, горизонтальді, қиғаш
сызықтарды, симметрияның осі, заттың көрінбей тұрған бөлігін салуға үйрету
болып табылады. Балабақшадағы сурет, жапсыру, мүсіндеу сабақтары мектептің
бейнелеу, математика, еңбек сабақтарына дайындауға септігін тигізеді. Жазу
мен сурет салуда балада денесін тік ұстау, қаламды дұрыс ұстау дағдылары
қалыптасады. Балабақшада балалармен жұмыс жасауда оларға білім беріп,
дағдыларды қалыптастыруға ерекше мән беріледі [2].
Балалардың сауатын ашу және математикалық білім беру арнайы ұйымдастырылған
сабақтарда жүзеге асырылады. Олардың басты мақсаты - балаларда жазу мен
санауды үйретудің алғашарттарын қалыптастыру.
Жазу келешекте бүкіл оқу үдерісі құрылатын базалық дағды. Жазуға үйрету тек
мақсатты түрде ұйымдастырылған оқыту барысында жүзеге асырылады.
Сауат ашу – баланың көптеген психикалық қызметтерінің жетілуін талап
ететін, күрделі ақыл-ой әрекеті. Жазу – психологиялық және физиологиялық
тұрғыдан алғанда өте қиын күрделі үдеріс, сондықтан да жазу дағдысын игеру
үдерісінің көпкомпонентті психофизиологиялық құрылымы бар. Бір сөзді жазу
үшін балаға көптеген амалдар жасау керек, сол себепті баланы жазуға
үйретуді жазудың барлық функцияларын жүзеге асырудан көп бұрын бастау
қажет.
Жазуға үйретудің негізгі міндеттері:
* фонематикалық есту және сөздің дыбыстық құрамын талдау білігін дамыту;
* қолдың және саусақтардың майда бұлшық еттерін дамыту;
* ішкі және сыртқы сөйлеуді, сөздік-логикалық ойлаудың бастапқы кезеңдерін
дамыту;
* есте сақтау қабілетін дамыту;
* жазу құралдарын еркін ұстай білу дағдысын дамыту;
* парақтың бетінің кеңістігін бағдарлауды қалыптастыру.
Балабақшадағы интеграциялық сабақтар:
1. естігенді тез ой елегінен өткізіп, жылдам жауап қайтару (доппен ойын –
«Сұрақты қағып ал да, жауапты бер», «Ертегіні ата», және т.б.);
2. сөзге дыбыстық талдау жасау, оларды модельдің көмегімен жазу, жеке
әріптерді құрастыру (пластилиннен, таяқшалардан, қағаздан және т.б.);
3. парақтың бетінің кеңістігін бағдарлау («Графикалық диктант», «Нүктелерге
қарап заттың суретін сал» және т.б. жаттығуларды орындау);
4. колдың саусақтарының қимылы мен синхронды сөйлеу (саусақтық имитациялар,
доппен ойын және т.б.);
5. қолдың қимылдарын бақылау ( «Ережеге сай ою-өрнекті салуды жалғастыр»,
«Суретті шрихта» және т.б.);
6. жазу жазатын құралды дұрыс ұстау білігі, - жазуға дайындалып жүрген
балаға көп көмеген тигізеді.
Баланы жазуға үйрету интеграциялық сабақтармен қатар арнайы сабақтарда,
жүйелі жаттығулар мен ойындардың көмегімен жүзеге асырылады. Баланың қолын
жазу дағдыландыру жаттығуларымен қатар, оқу іс-әрекетінің дағдыларын
қалыптастыру міндеті де қойылады: үлкендерді мұқият тыңдау білігі, оолардың
нұсқауы бойынша әрекет жасау, өз бетінше алдына қойынған ақыл-ой
міндеттерін шешу, өз әрекетін бақылау және т.б.
Балабақшада 5-6 жастағы балаларды сауат ашуға дайындауда келесі міндеттер
қарастырылады:
1. көргенді, естігенді, сезінгенді түсініп, оның мазмұнын айтып беру
білігін қалыптастыру;
2. айтылатын нәрсенің, әңгіменің логикалық жүйесін құру білігін
қалыптастыру: жоспар түзу, әңгімені неден бастайтынын анықтау, оны немен
аяқтау, бір ойдан келесі ойға бірізділікпен өту;
3. балалардың сөздің қорымен жұмыс жасау (жаңа сөздер мен ұғымдарды
синонимдерді, антонимдерді игеру, кітап суретерімен және көркем әдебиет
тілімен танысу);
4. сөйлеудің дыбыстық жағын дамыту: дыбысты таза айту, дауыстың ырғағы мен
күшін реттеу, мәнерлілік, фонематикалық есту.
5. Балаларды ауызша және схемалық жазбаша сөйлеуден сөйлемдерді анықтауға
үйрету, берілген сөздерден сөйлем құрау, сөздерді буынға бөлу, балаларды
сөздің дыбыстық құрылымымен таныстыру [3].
Баланың мектепке дайындығы немесе дайын еместігі оның сөйлеу қабілетінің
даму деңгейімен анықталады. Себебі, бала мектепте оқу барысында игеретін
білім жүйесі ауызша және жазбаша сөйлеу арқылы жүзеге асырылады. Егер
ауызша сөйлеуді ол мектепке дейін игерсе, ал жазбаша сөйлеуді алда
үйренетін болады. Жазбаша сөйлеуді толыққанды үйрену үшін, мектепке дейін
кезеңде баланың ауызша сөйлеу қабілеті жоғары деңгейде дамуы қажет. [4].
Баланы оқу мен жазуға үйрету - мектептің міндеті, бірақ көптеген дағдылар
мен біліктерді бала мектепке келіп, алдына оқу мен жазудың нақты мақсаты
қойылғанға дейін игере алады. Сонда ғана оның мектепке келгеннен кейін оқу
мен жазуды толыққанды игеруі жеңіл болады. Ал мектепке даярлау барысында
игерген дағдыларын ол өзіне жаңа іс-әрекет барысында жүзеге асырады дегіміз
келеді.

    Іс-әрекет - даму мен денсаулық факторы. Баланы тәрбиелеу (еңбекке баулу,
ой- өріс, әдет-  ғұрыпқа)  жан-  жақты  жүргізіледі,  бірақ,  жас  мөлшеріне
байланысты  мұндай  тәрбиелеу  аспектілерінің  арасындағы  қатынас   олардың
түрлеріне байланысты болып  келеді.  Баланың  іс-әрекеті  оның  организмінің
өсуі мен дамуын анықтайтын, өмір сүруіне ең  қажетті  фактордың  бірі  болып
саналады.

    Қимыл-қозғалыс өмір сүрудің маңызды шарты болғандықтан, өсіп келе жатқан
организм биологиялық қимыл-қозғалыс қажеттілігін сезінеді.  Әсіресе  үдемелі
өсіп-даму кезеңінде қимыл-қозғалыс қажетігінің маңызы арта түседі.  Өйткені,
қимыл-қозғалысты  іс-әрекеттер  биологиялық  дамуды  жақсартуға  ғана  емес,
сонымен  қатар,  дағдылану  механизмдерін  де  қалыптастырушы  фактор  болып
табылады.

    Қимыл-қозғалыс белсенділігі орталық  жүйке-жүйесінің,  бұлшық  еттердің,
дамуын жақсартады, зат алмасуын  жоғарылатуға  қатысады,  сөйлеу  қаблетінің
дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Балалар ертерек жүріп кетсе, оның сөйлеуі  де
тезірек қалыптасады,  мектеп  жасына  дейінгі  кезеңде  іс-әрекет  қимылдары
жақсы қалыптаса бастаса, одан былайғы еңбек дағдылары да жеңіл дамиды.

    Солай болғанымен, қимыл-қозғалыстағы биологиялық  қажеттілік,  балаларды
дұрыс тәрбиелемегендіктен болатын гиподинамияның  дамуын  жоққа  шығармайды.
Мұндай  жағдайлар,  көбінесе,  қимыл-қозғалыстағы  табиғи  қажеттілік   ата-
анасының   тәрбиесіне   байланысты   (жаяу   жүргізудің   орнына   балаларға
арбашаларды  қолдану,  телехабарларға  көп  әуестендіру  т.с.с.)  шектелген,
мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі.

    Іс-әрекеттің   кез    келген    түрінің,    организмнің    функционалдық
мүмкіндіктерін уақытша азайтуға,  яғни,  қажуға  әкеліп  соғуы,  оның  заңды
нәтижесі болып есептелінеді. Бұл  процесс  қайтымды  және  жұмысты  тоқтату,
жоғалған қызмет қаблетін қайтадан қалпына келтіреді.

    Қызмет қаблетінің үш  фазасын  айыруға  болады:  еңбекке  дағдылану,  ең
өнімді жұмыс уақыты және қажу. Еңбекке  дағдылану  фазасы  жұмыс  қаблетінің
ақырындап  ең  өнімді  жұмыс  уақыты  фазасына  дейін  көтеріле   бастауымен
сипатталады, одан соң қажу фазасы дами бастайды.

    Сондықтан, қатты  қажуды  болғызбау  үшін,  балалардың  іс-әрекеттерінің
барлығы мөлшерленуі керек. Гигиеналық  нормаландыру  баланың  жас  мөлшеріне
және организмдерінің қызмет мүмкіндіктеріне байланысты жасалады.

    Организмнің  қоршаған  ортамен  байланысында,  үнемі  ішкі  және  сыртқы
ритмдер  бір-бірімен  әсерлесіп  отырады,  олардың  қосындысы  физиологиялық
жағдайды анықтайды. Биологиялық  ритмдер  дегеніміз  -  организмнің  әртүрлі
жағдайларының және физиологиялық қызметтерінің белсенділігінің мезгіл  сайын
алмасып тұруы.

    Организмнің биоритмологиялық  құрлысы  тұқым  қуалағыштық  заңы  бойынша
жасалаған және онтогенез процессінде үзіліссіз құрылып тұрады. Бірақ,  әрбір
биологиялық циклдың құрылуына, белгілі-бір алдыңғы себептер қажет болады.

    Сондықтан, биологиялық ритмдер, балалар организмдерінің қоршаған  ортаға
дағдылануының  негізгі  механизмдерінің  бірі  болып   есептелінеді.   Егер,
баланың  іс-әрекеттерінің  (оқу,  дене  еңбегі)  қандайда  бір  ритмі   оның
биологиялық  ритмімен   қабаттаса   жүрсе,   онда   ол   қызмет   қаблетінің
жоғарлауымен көрінеді.

    Организмнің физиологиялық функциясының циклдылығы әрбір  адамда  ерекше,
бірақ  белгілі  бір  аралықта  болады.  Адамдарда  ең  төмен   физиологиялық
көрсеткіштер (тыныс алу, тамыр соғысының  жиілігі,  артериялық  қан  қысымы,
бұлшық ет тонусы т.с.с.) түнгі уақытта  байқалады.  Күндіз  бұл  көсеткіштер
жоғарылайды,  бірақ  бірқалыпта  тұрмайды.  Ересек  адамдардың  көпшілігінде
таңертеңгі және кешкі  биоритмиялық  ең  қолайлы  функционалдық  жағдайларын
анықтауға болады. Балаларда, мұндай, уақытқа байланысты болатын  белсенділік
онша  білінбейді.  Бірақ,  олардың   функционалдық   көрсет-кіштері   тәулік
ішіндегі   белгілі   бір   уақыттарда,   көбінесе   таңертеңгі    уақыттарда
жоғарылайтыны  анықталды.  Сондықтан,  кейбір  авторлар   балалар   арасында
акрофазаның  (белсенділік  циклдары)  үш  түрін   бөліп   қарауды   ұсынады:
таңертеңгі, кешкі және аритмиялық.(бұл шартты түрде алынған)

    Балалардың биологиялық ритмдерінің арасында, ең жақсы үйлесімділік  болу
үшін, оқу, еңбек, тұрмыс, демалыс нормаларын  өңдеп  жасау  хронобиологияның
алдына қойған мақсаты болып табылады.

    Гигиеналық тұрғыдан жоғарыда көрсетілген факторлардың ішінде балалар мен
жасөспірімдердің  өмірінде  тұрақты  түрде   орын   алатындары   ғана   (оқу
жағдайларын ұйымдастыру, қажу, ауыспалы еңбек және  күн  тәртібі  сияқтылар)
ерекше   көңіл   бөлуді   қажет   етеді.   Бұндай   жағдайларда   гигиеналық
принциптердің сақталмауы организмдегі биологиялық процесстерді  бұзады  және
сонымен бірге, әр түрлі патологиялық дамуларға әкеліп соғады.







    15.Баланың ана құрсағында нерв системасының қалыптасуы, дамуы.

    Жоспар:

    1)Баланың ана құрсағында нерв системасының дамуы

    2)Нәресте жасындағы психикалық танымдардың дамуы

      3)Бөбек жасындағы психикалық танымдық дамуы
      Баланың есеюін, оның психикалық дамуын түсіну үшін ең алдымен   «даму»
деген  сөзге  тоқталайық.  Даму  дегеніміз  өзгерілудің  бір   түрі.   Бірақ
өзгерілудің бәрі даму  болып  есептелінбейді.  Даму  деген  ұғымды  көпшілік
әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге  көшу  деп  түсінеді.  Даму  тек
алға қарай өсу (прогрессивтік түрде өсу) ғана  емес.  Даму  кейде  регресшіл
(кері кету мағынада  да)  кездесуі  ықтимал.  Психика  дегеніміз  тіршілікті
қамтамасыз етуге  арналған  қасиеттің  бір  түрі  болып  табылады.  Әсіресе,
тіршілік  дүниесінде   даму   прогрессивтік   түрде   өріс   алады.   Кейбір
зерттеушілер адам психикасының прогрессивтік дамуын бірбеткей түсініп,  оның
осы қасиетінің  өзгерістерге  ұшырауының  шегі  жоқ,  өзгерілгенде  ешқандай
қалдықсыз, түгі қалмай өзгереді дейді. Психика  дамуы  үшін  жаңамен  қатар,
көне, ескіден қалған  қалдықтар  болуы  шарт.  Психиканың  дамуында  көнеден
қалған қалдықты «инвариант»  (лат.  тілінен  «өзгерілмейтін»)  деп  аталады,
осыған тіректелетін  жаңаны  «өзгерілгіш»  деп  аталады.  Психиканың  дамуын
дәлелдеуге  енгізген  осы  ерекшеліктің  мәнін  түсіну  үшін  мына   мысалға
жүгінейік: біз баспалдақпен жоғары шығу үшін, әуелі бір аяғымызды  көтереміз
де, сол  кезде  екінші  аяғымызбен  табалдырыққа  тіренеміз,  егер  біз  бір
аяғымызбен табалдырыққа тіренбесек, екінші аяғымызды көтере  алуымыз  мүмкін
емес. Психиканың  дамуы  да  осы  сияқты.  Егер  психиканың  дамуында  болып
тұратын  өзгерістер  болмаса,  яғни   ол   өзгеріп   жарымайтын   психиканың
инварианттық қасиетіне сүйенбесе, онда ол алға қарай жылжи алмайды.
      Инварианттық қасиеттің қалыптасуы тарихи дәуірлерде  психика  дамуының
шарты болды. Инварианттық, яғни  тұрақты  қасиеттер,  соның  ішінде  шартсыз
рефлекстер, не өмір үстінде ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік ортасында  берілетін
адамның  кейбір  мінез-құлықтары  жатады.  Осы   тұрақты   қасиеттер   үнемі
өзгерістерге ұшырап отырады. Сонымен  психика  түгелдей  өзгеріске  ұшырайды
деуге болмайды. Баланың бір жаста ие болған психикалық  қасиеттерді,  екінші
жас кезеңіне көшкенде, біржолата  жоқ  болып  кетпейді,  бір-бірінің  үстіне
үйіліп, қосылып жатады.
      Демек, психикалық  даму  психиканың  әр  саласына  жатады.  Психикалық
дамудың жаңа сапалары бұрынғыдан қалған «кескінділерді» өзіне тірек  ретінде
пайдаланбайды. Себебі жаңа сапа  тұтас  күйінде  кездеседі,  –  дейді.  Мұны
«қирау» теориясы деп атайды. Бұл теория диалектиканың тек сан  жағынан  ғана
емес, сапа жағынан да дамудың түрлері кездеседі. Психика үнемі  өзгерістерге
ұшырайды, бірақ оның құрамының бәрі бірдей өзгермейді.
      Биологиялық және әлеуметтік  факторлардың  бала  психикасының  дамуына
әсері.  Қоғамдық ортада әлеуметтік жағдай адамға тікелей әсер  ете  алмайды,
тек психофизиологиялық  процестің  негізінде  ықпалын  тигізе  алады.  Бірақ
кейде   зерттеушілер   «экологиялық»   деген   сөзді   «тұқым   қуалаушылық»
мағынасында қолданады. Осылай болғанның өзінде  де  тұқым  арқылы  берілетін
қасиеттер  баланың  пихикалық  тұрғыдан  қалай  дамитынын  толық   түсіндіре
алмайды.
      Өйткені тұқым қуалау қасиеттері өзінен-өзі қызмет  атқармайды.  Оларды
қызмет еттіріп «оятып» жұмыс істеу үшін әлеумет ортасы  түрткі  болуы  шарт.
Биологиялық факторды баланың  туылғаннан  берілген  дене  бөлшектері  десек,
керісінше, адамнан тек адам тууы биологиялық кодтар арқылы берілген.  А.  Н.
Леонтьевтің  пікірінше,  әлеуметтік   фактордың   ықпалы   көбірек   болады.
Әлеуметтік ортаның атқаратын рөлі өте үлкен.
      XX ғасырдың бас кезінде индус психологы Рид  Сингх  Амаланның  ойынша,
бала кішкентайынан адамға тән қасиетке ие болып психикасын ойдағыдай  дамыту
үшін, оның қоғамдық ортада өсуі,  тәрбиеленуі  қажет  дейді.  Әйтпесе,  бала
адам  қатарына  айнала  алмайды.  Сонымен,   биологиялық   және   әлеуметтік
факторлардың дамуына тигізетін әсері өте үлкен. Егер  биологиялық  фактордың
ықпалы баланың  жас  кезінде  (нәресте  кезінде)  үлкен  рөл  атқарса,  енді
әлеуметтік факторлар күннен-күнге өріс ала бастайды.
      Психикалық даму және оқыту.  Бала  психикасы  тек  оқытудың  негізінде
қалыптасады. Осыған орай баланың  ықпалын  дамыту  үшін  алдымен  оны  оқыту
керек. Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың есеюін  тездетеді.  Егер  баланы
ақылды етемін десеңіздер, оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму  дәрежесіне
дәл ықшамдай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек.  Сонда  ғана  баланың
ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады, – дейді.
      Шетел психологы Дж. Брунердің ойынша, психиканың  дұрыс  қалып  тасып,
дамуы үшін оқыту өте қажет, және де оны дұрыс жүргізудің маңызы өте зор.  В.
В. Давыдовтың ойынша, оқыту баланың ақыл-ойының дамуына өте зор әсер  етеді,
егер  баланың  сабақ  үлгеріміне  шақ  келетін   материалдар   бір   қалыпты
меңгерілетін болса, онда психикалық даму нәтижелі болады. Бұл жерде  ақыл-ой
деп  оқушылардың  тиісті  мәселелерді  шешуде  жалпы  амал  қолдана   білуін
айтамыз.

















         3. Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.



1. Ерте сәбилік шақтағы психикалық ерекшеліктер.
мақсаты.
      Ерте сәбилік шақ бала психикасының дамуында өте маңызды. Бұл
кезеңдегі баланың психологиялық жетістіктері тік жүру, сөйлей алуы, заттық
әрекет. Ерте сәбилік шақ қай жас аралықты қамтитының немен ерекшеленетінің,
даму эвалюциясында алатын орыны, баланың негізгі әрекеттері, қоршаған орта
мен қарым- қатынастарын ерекшеліктерін ашып көрсету. Сәбилік шақтың бала
психикасының дамуындағы маңызы.
1. Сәбилік шақтағы психологиялық ерекшеліктер.
2. Ерте сәбилік шақта іс- әрекеттің жаңа түрлері.
3. Ерте сәбилік шақтағы сөздік қоры.
4. Психикалық қасиеттердің көрінуі.
5. Көрнекі бейнелі ойлаудың  пайда болуы.




2. Ерте сәбилік шақтағы танымдық процестері.
 мақсаты.
1- 3 жас аралығындағы психиклық таным процестерінің пайда болып, дамуы.
   Сәбилік шақтағы баланың зейіннің бағыттауы, мінез- құлқы мен  қиял, ес,
   процесттерінің көрінулері. Ойлаудың негізгі жолдары.
1. Ерте сәбилік шақ бала психикасының дамуының маңызы.
2. Ерте сәбилік шақтағы баланың қабылдау, ес.
3. Ерте сәбилік шақтағы  ойлаудың негізгі жолдары.
4. Баланың пассивтік сөйлеуінің даму ерекшеліктері, баланың    активиі
сөйлеуінің даму.

3. Ерте сәбилік щақтағы баланың негізгі іс- әрекеті.
Мақсаты.
Бұл кезеңде әсіресе заттық іс- әрекет маңызды орын алады. Ерте шақта балада
құрал- сайманмен атқаратын іс- әрекет қалыптасады.Ерте сәбилік шақта іс-
әрекетінің жаңа түрлерінің пайда болуы. Ойын әрекетінің маңызы. Сюжетті
рольдік ойын.
Ерте сәбилік шақ баланың жеке басының дамуының алғашқы формалары. 3- жас
дағдарысының пайда болуы. Дербестілікке ұмытылу даму этапының өтпелі
кезеңі, осы уақытта тәрбиені дұрыс ұйымдастыра алу.
1. Ерте сәбилік шақтағы ойын іс-әрекетінің маңызы
2. Продуктивті және репродуктивті әрекет ұғымы.
3. Сюжетті рольдік ойынға ауысу.
4. Дербестілікке, тәуелділікке ұмтылу. 3- жас дағдарысы.
5. Оқыту тәрбиелеу процесін ұйымдастыру.


     4.  Мектеп жасына дейінгі балалық шақ. Ойын- баланың басты әрекеті.
мақсаты.
Мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуының негізгі бағыттары мен
факторлары. Мектеп жасына дейінгі шақта ойын іс- әрекеттің басты түріне
айналады, ойын баланың психикасында сапалық өзгерістерді туғызады.  Отандық
психологияда ойын іс- әрекетінің мәселелері. Сюжетті рольдік ойынның тарихи
пайда болуы. Осы кезеңдегі сюжетті рольді ойының маңызы баланың ойлауының,
қабылдау, зейін, естін дамуы. Үлкендермен қарым- қатынас ерекшеліктері.
1. Мектепке дейінгі  жаста баланың ойындарының сюжеті мен мазмұны.
2. Психологтардың ойын теориясына айтқан ойлары.
3. Ойын арқылы балалар қарым- қатынасы.
4. Бейнелеу іс- әрекеті.
5. Балалардың оқу, еңбек іс- әрекеттерінің алғы шарттары.
6. Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуы. Өзін- өзі бағалау.


5.  Мектеп жасына дейінгі таным процестерінің    дамуы.
 мақсаты.
Мектепке дейінгі шақта баланың ақыл- ойының дамуы. Ойлау іс-әрекетінің
қалыптасуы мен жетілуі. Көрнекі бейнелі ойлауының дамуы. Үлкендермен қарым-
қатынастың ерекшеліктері. Сөйлеудің дамуы, естің, зейіннің даму
ерекшеліктері.
1. Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл- ойының дамуы.
2. Үлкендермен қарым- қатынастың дамуы.
3. Мектепке дейінгі шақта баланың сөздік қорының дамуы.
4. Зейін түрлерінің дамуы.
5. Ес, қиял процестерінің дамуы.
6. Кеңістік пен уақытты бағдарлау.
7. Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуы.

6. Мектепке  дейінгі баланың жеке басының дамуы.
Мақсаты.
Мектеп жасына дейінгі баланың даму шартары алда өткен жас кезеңі
шарттарынан айтарлықтай өзгеше. Оған үлкендер тарапынан қойылатын талаптар
да едәуір арта түсетіндігін. Мектепке дейінгі кезең жаңадан жекеше құрылу.
Осы кезде балалардың қарым- қатынастан алатын әсерлері. Әлеуметтік тәртіп
және формаларын игеру. Мектек жасына дейінгі балалардың сана- сезімінің
артуы.
1. Мектепке дейінгі баланың жеке басының қалыптасуы.
2. Мектепке дейінгі баланың құрдастарымен қарым- қатынастары.
3. Мативтер жүйесінің қалыптасуы.

7.  Мектепке оқуға психологиялық даярлық. 7 – жас дағдарысы.
 мақсаты.
Мектепке бару- бала өміріндегі шешуші кезең өмір мен іс-әрекеттің жаңа
күйіне, қоғамдағы жаңа орынға, үлкендер және құрдастарымен жаңа қарым-
қатынастарға көшу. Оқушы орынының өзгеше ерекшеліктерін оның оқуының
міндетті, қоғамдық мәні бар іс- әрекет екендігін.
Мектепке даяр баланың жеке басының мәселесі. Бастапқы мектепте оқу
кезіндегі қиындықтар мен үлгермеушілікктін себептері. Баланың мектепте
оқытуға даярлығын анықтау. Мектепке келгеннен кейін қойылатын талаптар
жайында қабылдау,есте сақтау міндеттері.
1. Мектеп оқушысын даярлауда үлкендердің ықпалы.
1. Мектепке дейінгі сезімдерінің дамуы.
2. Еріктің даму.
3. 7- жас дағдарысы.
4. Таным процестерінің дамуы.


8-9.  Кіші мектеп оқушыларының психикалық даму.
Мақсаты.
Кіші мектеп оқушыларының психикалық дамуы. Мектеп қатынастың тәртібі мен
нормасын игеру. Қоршаған ортамен, адамдармен қарым- қатынастың өзгеруі.
Балалардың таным деңгейі мен жеке басының жаңа деңгейге өтуі.
1. Кіші мектеп оқушысының психикалық дамуы.
2. Рефексия.
3. Жалпы және арнайы қабілеттерінің көрінуі.
4. Мативация жетістігі, оның  жеке басы мен қабілетінің дамуының негізі.


10-11. Оқу іс- әрекеті – кіші мектеп оқушылырының басты әрекеті.
Мақсаты.
Кіші мектеп оқушыларының негізгі әрекет түрлері. Кіші мектеп оқушылырының
дамуына оқудың әсері. Бастауыш мектепте ғылыми ойлаудың қалыптасу мәселесі.
Оқу іс- әректінің құрылысы. Осы кездегі оқудың, еңбектің, қарым-
қатынасының, ойынның ерекшеліктері.
1. Кіші мектеп жасына сипаттама.
2. Кіші мектеп оқушыларының негізгі әрекеті –оқу.
3. Оқу іс- әрекетінің құрылымы.
4. Кіші мектеп оқушыларының психикалық дамуындағы жеке өзгешіліктер.


12-13. Кіші мектеп оқушыларының танымдық процестерінің
              дамуы.
Мақсаты.
Баланың жаңа әрекетке кірісуі. Кіші мектеп оқушысының қабылдауының дамуы.
Бастауыш мектеп оқушыларының зейіні. Кіші мектеп оқушыларының көрнекі
бейнелікпен сөз-мағыналық ойлау дәрежесіне жету жолдары Білімге деген
қажеттілігін байқау, дамыту жолдары.
1. Есте сақтаудың жаттаумен байланысты механизмдері.
2. Кіші мектеп оқушысының зейіні.
3. Кіші мектеп оқушысының ойлауы мен елестетуі.
4. Интеллектуалдық даму дәрежесі.


14-15. Кіші мектеп оқушыларының жеке басының қалыптасуы.
Мақсаты.
Жеке бас ретінде қалыптасуының кейбір мәселелері. Бұл кезеңдегі баланың
анатомия- физиалогиялық дамуы. Оның алғашқы кезеңіне байланысты болатын
ерекшеліктер. Таным процесінің дамуы.
   1. Кіші мектеп оқушысының жеке басының қалыптасуы.
   2. Жаңа танымдық қызығулардың пайда болуы мен қабілеттік көріністер.
   3. Кіші мектеп оқушыларының еңбек және оқу әрекеттері.




    4. Студенттердің өздік жұмысы.


4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.
   Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа  қажетті  нақты  дағдыларға
(іштей  жылдам  оқи   білу,   библиографиялық   дағдылар,   түрлі   анықтама
әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын,       тиісті
әдебиеттер  мен   құралдардың   болуы   т.б.)   керек   етеді,   ең   дұрысы
кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты  белгілі
жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан  ақыл-
кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6.  Оқыған  материалды  мұқият  ұғатындай  етіп  ұғып,  түсінбеген  жерлерді
қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7.  Анықтама  әдебиеттерді,  энциклопедияларды,   түрлі   сөздіктерді   қоса
пайдаланып отыру керек.



      Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
         • Жұмыстың көлемін шамадан тыс  асырмай,  оның  сапасын  арттыруға
           көңіл аудару;
         • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс
           ұштастыра білу;
         • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу  қабілетін
           жүйелі түрде дамыту;
         •  Өзіндік   жұмыстың   мазмұнына   күнделікті   өмірден   алынған
           материалдарды, хабарларды енгізу;
         • Студенттерді табиғат пен  қоғам  дамуының  жалпы  заңдылықтарын,
           сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды  өздігінен  талдап
           түсінуге үйрету;
         •  Студенттердің  алған  білімдерін  іс  жүзінде  қолдана   білуге
           дағдыландыру;
         • Студенттерді оқу  жұмысына  шығармашылық  тұрғыдан  қарауға,  әр
           уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
         • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын
           қалыптастыру.


СӨЖ тақырыптарының тізімі

1. Зерттеу әдістеріне анализ жасау.
2.Ж.Пиаже және оның мектебі.
3.Психиканың даму кезеңдері.
4.Баланың дүниеге келуі.
5.Тест тапсырмаларын құрау.
6.Қимыл ойындары.
7.Мектептегі алғашқы күндер.
8.Мұғалім мен алты жасар.
9.Коллективтегі  психологиялақ жағдайларға  түсінік.
10.Мектепке даярлық. Оқушыларға сипаттама.

Пәндер