Файл қосу
Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейдегі СМЖ құжаттары |ОӘК | | | | |042-14-3-02.-1.12.-39/3-2| | | |010 | |«Мемлекеттік бюджет» пәнінің | | | |Оқу-әдістемелік кешені |№2 баспа | | | |30.09.2010 жыл | | 050509 «Қаржы» мамандығы студенттері үшін «Мемлекеттік бюджет» ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2010 Мазмұны | |Дәрістер | | | |Практикалық сабақ | | | |Курстық жұмыс | | | |Студенттердің өздік жұмысы. | | 1. ДӘРІСТЕР: оқу сабағының формасы, оның мақсаты логикалық формадағы пәннің ториялық сұрақтарын қарастыру болып табылады. Тақырып 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және мағынасы Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні. Мемлекеттің қолында бюджеттік ақшаларды орталықтандыру қажеттілігі. Ерекше бюджеттің арналымы. Бюджеттің сипаттама белгілері қоғамдық тұрғыдағы ерекше категория ретінде. 1. Мемлекеттік бюджет туралы ұғым, оның функциялары. Бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Мемлекеттік бюджет - араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет. Бюджет қаражаттары есебінен өндірістің ұлғаюы, жалпы мемлекеттік көлемде резервті қорлардың пайда болуы, мемлекет шекарасы күзетіне шығатын шығындар, қарулы күштерді қамсыздандыру сияқты шығындар іске асырылады. Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде екі функцияны атқарады: бөлу және бақылау. Бюджеттік қатынастар аса көптүрлілігімен айқындалады және шаруашылықтың барлық деңгейлері республикалық және жергілікті бюджеттің, облыстық және қалалық бюджеттердің барлық деңгейлерін қамтиды. Бақылау функциясы мемлекет қарамағына қаржы ресурстарының қаншалықты толық және қаншалықты тиімді қолданылатынын білуге мүмкіндік жасайды. 2. Бюджеттің құрылымы. Бюджеттің түсімдері - кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар болып табылады. Бюджеттің шығыстары - шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады. Бюджет 7 бөлімнен тұрады: 1) кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер; ресми трансферттер; 2) шығындар; 3) операциялық сальдо = 1-2; 4) таза бюджеттік кредит беру = бюджеттік кредиттер - бюджеттік кредиттерді өтеу; 5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо = қаржы активтерін сатып алу – мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер (заңды тұлғалардың, соның iшiнде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын мемлекеттiк меншiкке сатып алу); 6) бюджет тапшылығы (профициті); 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) = (қарыздар түсімі + бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы) - қарыздарды өтеу. Бюджет тапшылығын қаржыландыру - қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету. Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджет каражаты калдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді. Бюджет тапшылығын қаржыландыру оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сай келеді. Төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу тәртібі. Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның колданылуын тоқтатуға негіз болып табылады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттар шешімдерінің колданылуы тоқтатыла тұрады. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді. Қазақстан Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір мезгілде төтенше жағдай енгізу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және республиканың экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу кезiнде оларды болжауға болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейiнге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететiн шығындарды қаржыландыру үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң құрамында құрылады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың резервi қамтиды: төтенше резерв - Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында ғана пайдаланылады; шұғыл шығындарға арналған резерв - Қазақстан Республикасының немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайларды жою, соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн орындау мақсатында ғана пайдаланылады; облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiнiң, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын жабуға арналған резервтi. Кассалық алшақтықты жабуға қарыз беру қаржы жылы шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады және республикалық немесе жергiлiктi бюджеттi нақтылауды талап етпейдi. Қазақстан Республикасы Үкiметi резервiнiң және жергiлiктi атқарушы орган резервiнiң жалпы көлемi тиiстi бюджет түсiмдерi көлемiнiң 2 процентiнен аспауға тиiс. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен ақша бөлу тиiстi қаржы жылына арналған республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерде бекiтiлген көлемдер шегiнде тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жоятын шешiмдерi бойынша жүзеге асырылады. Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемiнде пайдаланылған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Парламентiне немесе тиiстi мәслихатқа тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган резервтерiнiң мөлшерiн ұлғайту туралы ұсыныстар енгiзедi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бөлiнген ақша қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған немесе iшiнара пайдаланылған жағдайда, бюджет бағдарламасының әкiмшiсi бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған бөлiгiн ағымдағы қаржы жылының соңына дейiн тиiстi бюджетке қайтаруды қамтамасыз етедi. Тақырып 2. Бюджет жүйесі. Бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны және оның қалыптасуы. Бюджеттік қатынастар және бюджетаралық байланыстары. Бюджет жүйесінің қызмет ету принциптері. Унитарлы және федералды мемлекеттердегі бюджет жүйесінің ерекшеліктері. Бюджет құрылысы. Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік трансферттер. Бюджеттің құрылымы. 1. Бюджет жүйесі ұғымы, құрылымы, құру принциптері. Бюджет жүйесі - бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымын келесі суреттен көруге болады. НН Сурет 1. ҚР-сының мемлекеттік бюджетінің құрылымы Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады: - республикалық бюджет; - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; - аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті. Бюджет жүйесі мынадай принциптерге негізделеді: 1) бірлік принципі – ҚР-сының бірыңғай бюджеттік заңдарының қолданылуын, соның ішінде бірыңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерін пайдалануды қамтамасыз ету; 2) толықтық принципі – ҚР-ның заңдарында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджеттерде және ҚР-ның Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегінуге жол бермеу; 3) реалистік принципі - бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің орта мерзімді фискалдық саясатқа және ҚР-сы мен аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген (түзетілген) өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі; 4) транспаренттілік принципі - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, бюджет заңдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты міндетті түрде жариялау; бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргізу; 5) дәйектілік принципі - бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауы; 6) тиімділік және нәтижелілік принципі - бюджеттерді бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігін негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті оңтайлы көлемін пайдалана отырып әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемін пайдалана отырып ең үздік нәтижені қамтамасыз ету; 7) басымдық принципі - бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру; 8) жауапкершілік принципі - бюджет процесіне қатысушыларды ҚР-ның бюджеттік заңдарын бұзғаны үшін жауапқа тарту; 9) бюджеттердің дербестік принципі - түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты түрде бөлініп тұруын орнықтыру және Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді жергілікті бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмейтіндігі. 2. Республикалық бюджеттің экономикалық мазмұны. Республикалық бюджет - салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердін міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын іске асыруга арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Тиісті қаржы жылына арналган республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. Мемлекет республика көлемінде маңызы бар әлеуметтік- мәдени дамуды, экономика саласындағы шараларды осы республикалық бюджет арқылы қамтамасыз етеді. Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: - Қазақстан Республикасының Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға кызмет көрсету және күзету; - Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің жұмыс істеуі; - сайлаулар мен референдумдар өткізу; - мемлекеттік каржы бақылауы; - кеден қызметі; - мемлекеттің сыртқы саяси кызметі; - іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу; - мемлекеттің корғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету; - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; - терроризмге және экстремизм мен сепаратизм көріністеріне қарсы күрес; - әділет саласындағы қызмет; - сот жүйесінің жұмыс істеуі; - республикалық білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру, республикалық мектеп олимпиадаларын өткізу; - жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімі бар мамандар даярлау; - жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету; - сот-медицина және сот-психиатрия сараптамасын жүргізу; - ауру адамдарды шетелде емдеуді ұйымдастыру; - зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдері; - мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; - мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар; - арнаулы мемлекеттік жердемақылар; - жерлеуге жәрдемакы; - баланың туылуына байланысты әлеуметтік төлемдер; - мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары, өнеркәсіп саласында республикалық маңызы бар бағдарламалар; - облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне берілетін ресми трансферттер; - Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берілетін ресми трансферттер; - үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу; - мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау. 2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңда келесі негізгі көрсеткіштер бекітілген: - ең төменгі жалақы мөлшері – 7000 теңге; - ең төменгі зейнетақы мөлшері – 9200 теңге; - айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері – 971 теңге. Республикалық бюджеттің тапшылығы жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) пайызбен шаққанда 1,7 пайыз мөлшерінде бекітілген. 3. Жергілікті бюджеттің экономикалық мазмұны. Жергілікті бюджет - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті. Облыстың бюджеті - араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, облыстық бюджетті, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті - салықтық және басқа да түсімдер, есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдарының міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған акша қоры болып табылады. Мемлекеттік бюджет шығыстары тиімді пайдалану үшін оларды бюджеттер арасында дұрыс таратқаны жөн. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджеттің шығыстары бюджеттер деңгейлері арасында бөлінген. Жергілікті бюджет шығыстары келесідей бөлінген. Облыстық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: - бастапқы кәсіптік білім; - арнаулы білім беру бағдарламалары бойынша жалпы білім беру; - орта кәсіптік білім беру; - республикалык бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, медициналык көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету; - халықтың санитарлык-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету; - жетім балаларды әлеуметтік камсыздандыру; мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру; Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің шығыстары мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады: - балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту; - арнаулы білім беру бағдарламалары бойынша жалпы білім беру; - бастауыш кәсіптік білім беру; - орта кәсіптік білім беру; - республикалык бюджеттен каржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету; - тұрғын үй көмегі; - мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету; - белгілі бір тұрғылықты орны жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу; - жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру; - мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру; - халыктың жұмыспен камтылуын камтамасыз ету; - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек; - жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек; - республикалық бюджетке берілетін ресми трансферттер; - жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету; - ҚР Ұлттық қорына берілетін ресми трансферттер. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті - салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының міндеттері мен функцияларын каржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Жергілікті бюджеттер тиісті мәслихатардың шешімімен бекітіледі. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің шығыстары келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: - балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту; - оқытудың кешкі (ауысымдық) нысанын және интернат үлгісіндегі ұйым арқылы міндетті тегін орта білім беруді қоса алғанда, мемлекеттік оқу орындарында азаматтарға міндетті тегін орта білім беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету; - тұрғын үй көмегі; - мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету; - белгілі бір тұрғылықты орны жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу; - халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету; - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек; - Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берілетін ресми трансферттер; - облыстық бюджетке берілетін ресми трансферттер. 4. ҚР-ның Ұлттық қорын қалыптастыру тәртібі, оның функциялары. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры - ҚР Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері болып табылады. ҚР-ның Ұлттық коры мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердің және материалдык емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қордың функциялары: 1) жинақтау функциясы - қаржылык активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. 2) тұрақтандыру функциясы - шикізат ресурстарына әлемдік бағаның конъюнктурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған. Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Қазакстан Республикасы Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады. Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі. Ұлттық қорды сенімгерлік басқаруды ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері: 1) республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер; 2) жергілікті бюджеттің ресми трансферттері; 3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер; 4) өзге де түсімдер мен кірістер болып табылады. Шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдер - шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке салықтың мынадай түрлері бойынша түсетін түсімдердің жиынтығы: • корпорациялық табыс салығы; • қосылған қүнға салынатын салық; • үстеме пайдаға салынатын салық; • бонустар; • роялти; • жасасқан келісім-шарттар бойынша ҚР өнімді бөлу жөніндегі үлесі. 5. Бюджетаралық катынастардың принциптері, нысандары. Бюджетаралық қатынастар - жоғары тұрған және төмен тұрған бюджеттердің бюджет процесіндегі қатынастары болып табылады. Бюджет процесінде республикалық бюджеттің аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерімен өзара қатынастарына жол берілмейді. Бюджетаралық қатынастар мынадай принциптерге негізделеді: 1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің - республикалық бюджетпен өзара қатынастарда, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің жоғары тұрған облыстық бюджетпен өзара қатынастарда теңдігі (равенство бюджетов областей, городов республиканского значения, столицы во взаимоотношениях с республиканским бюджетом, бюджетов районов (городов областного значения) во взаимоотношениях с вышестоящим областным бюджетом); 2) түсімдерді тиімді бөлу; 3) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру (выравнивание уровней бюджетной обеспеченности административно-территориальных единиц Республики Казахстан); 4) жергілікті атқарушы органдардың бірдей деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуін қамтамасыз ету (обеспечение предоставления местными исполнительными органами одинакового уровня государственных услуг); 5) мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудың барынша тиімділігі мен нәтижелілігі - мемлекеттік қызмет керсетудің неғұрлым тиімді жоие нәтижелі жүргізілуі мен ұсынылуын қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгейіне мемлекеттік қызметтер көрсетуді бекітіп беру (максимальные эффективность и результативность предоставления государственных услуг - закрепление государственных услуг за тем уровнем государственного управления, который может обеспечить наиболее эффективные и результативные производство и предоставление государственных услуг); 6) мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін, оны алушыларға барынша жақындату - қызметтерді алушылардың қажеттерін жақсылап есепке алу және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатымен, көрсетілетін қьізметтерді атқаруды бюджет жүйесінің мүмкін болғанша неғұрлым төмен деңгейіне беру (максимальное приближение уровня предоставления государственной услуги к ее получателям - передача исполнения услуг на возможно более низкий уровень бюджетной системы с целью лучшего учета потребностей их получателей и повышения качества государственных услуг); 7) бюджеттің әрбір деңгейінің алынған ресми трансферттер мен кредиттердің тиімді және нысаналы пайдаланылуы үшін жауаптылығы (ответственность каждого уровня бюджета за эффективное и целевое использование полученных официальных трансфертов и кредитов). Бюджетаралық катынастарды реттеу нысандары: 1) республикалық және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің арасында: - ресми трансферттермен; - бюджеттік кредиттермен; 2) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында: - ресми трансферттермен; - бюджеттік кредиттермен; - кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі. 2005 жылы келесі бюджеттер республикалық бюджетке ресми трансферттер (бюджеттік алулар – бюджетные изъятия) аударады: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Алматы және астана қалаларының бюджеттері. Тақырып 3. Бюджеттік жіктелу. Бюджеттік жіктелудің рөлі мен мәні, оның құрылымы. Бюджеттік жіктелудің жалпы принциптері. Бюджеттік жіктелудің өзгертулері, жаңа бюджеттік жіктелудің құру принциптері. Бюджет кірістерінің жіктелуі. Бюджет шығыстарының функционалдық жіктелуі. Бюджет шығыстарының экономикалық жіктелуі. 1.Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың анықтамасы Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджет түсiмдерi мен шығыстарын сыныптама объектiлерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджет жүйесiнiң барлық деңгейдегi бюджеттерi көрсеткiштерiнiң салыстырымдылығын қамтамасыз етедi. Бюджет процесi бiрыңғай бюджеттiк сыныптама негiзiнде жүзеге асырылады. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджеттердiң барлық деңгейлерi үшiн бiрыңғай және мiндеттi болып табылады. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама Қазақстан Республикасы заң актiлерiнiң, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының негiзiнде әзiрленедi. Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама: 1) бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасын; 2) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын; 3) бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтиды. 2.Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы Барлық деңгейдегi бюджеттер түсiмдерiнiң белгiлi бiр сипаттамалар бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына негiзделген топтамасы бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы болып табылады. Бюджет түсiмдерi сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, iшкi сыныптан және ерекшелiктен тұрады. Санаттар түсiмдердi экономикалық белгiлер бойынша топтастыру болып табылады. Санаттар: 1- салықтық түсімдер 2- салықтық емес түсімдер 3- капиталмен жасалынған операциялардан түсетін кірістер 4- алынған ресми трансферттер 5- несиелерді қайтару 6- жалпы қаржыландыру 7- бюджеттік қаражаттардың қалдықтары Сыныптар мен iшкi сыныптар түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша топтастырады. Ерекшелiк бюджетке төленетiн төлем немесе түсiм түрiн айқындайды. 3. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы – мемлекет функцияларының орындалуын, республикада мемлекеттiк саясатты iске асыруды бейнелейтiн функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджеттiк қаражаттардың жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы болып табылады. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден: функционалдық топтардан; функционалдық iшкі топтардан; бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiнен; бюджеттiк бағдарламалардан және iшкi бағдарламалардан тұрады. Функционалдық топ - бюджет шығыстарын салалық белгiлер мен функционалдық бағыт бойынша бiрiктiру. 01 – Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 02 – Қорғаныс 03 – Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік 04 – Білім беру 05 – Денсаулық сақтау 06 – Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек 07 – Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы 08 – Мәдениет, спорт және ақпарат кеңістігі 09 – Отын-энергетикалық кешені 10 – Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау 11 – Өнеркәсіп, құрылыс 12 – Көлік және байланыс 13 – Өзге 14 – Борышқа қызмет көрсету 15 – Ресми трансферттер 16 – Қаржыландыру – бюджет тапшылығын қаржыландыру көздреі көрсетіледі. Функционалдық iшкi топ бюджет қаражатының функционалдық топ iшiнде жұмсалу бағытын нақтылайды. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы негiзiнде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiн, функционалдық топтармен бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкiн. 100 – Органы власти и управления 101 - Администрация Президента Республики Казахстан 102 - Хозяйственное управление Парламента 103 - Аппарат местных представительных органов (маслихаты) 104 – Канцелярия Премьер-Министра РК 105 – Аппарат акимов 200 – Министерства 201 – Министерство внутренних дел 208 – Министерство обороны Республики Казахстан 212 – Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 213 – Министерство труда и социальной защиты населения РК 215 – Министерство транспорта, коммуникаций и туризма РК 217 – Министерство финансов РК 253 – Управление образования 254 – Управление здравоохранения и др. 300 – Комитеты, входящие в структуру Правительства 304 – Государственный комитет по приватизации РК 308 – Агентство по чрезвычайным ситуациям РК 400 – Комитеты, не входящие в структуру Правительства 401 – Государственный аттестационный комитет 406 – Счетный комитет по контролю за исполнением республиканского бюджета 410 – Комитет национальной безопасности РК 500 – Суды и прокуратура 501- Верховный суд РК 502 – Генеральная прокуратура РК 600 – Другие ведомства 603 – Агентство РК по экономическому планированию 606 – Агентство РК по статистике 608 – Агентство РК по делам государственной службы 609 – Государственная комиссия РК по борьбе с коррупцией 665 – Народный банк РК 678 – Республиканская гвардия и др. 4. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы - бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшiн мемлекеттiк мекемелер жүзеге асыратын операцияларды бейнелейтiн экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру болып табылады. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру санаттан, сыныптан, iшкi сыныптан және ерекшелiктен тұрады. Санат шығыстарды экономикалық белгiлерi бойынша топтастырады. Сынып пен iшкi сынып шығыстарды мемлекеттiк мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлерi бойынша топтастырады. Ерекшелiк бюджеттiк бағдарламаны iске асыру үшiн мемлекеттiк мекеме жүргiзетiн операцияның түрiн айқындайды. Тақырып 4. Бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұны. Бюджеттің кірістері және олардың қайнар көздері. Бюджеттің салықтық және салықтық емес түсімдерінің сипаттамасы. Олардың республикалық және жергілікті бюджет кірістерінің құрамындағы алатын ролі мен мәні. Қазақстан Республикасының салық жүйесі. Қазақстан Республикасының салықтар, алымдар және түсімдер сипаттамасы. Ресми трансферттер. Бұрын берілген несиелерді өтеу – бюджет қаражаттарына түсім көзінің бірі ретінде. 1. Бюджет кірістерінің құрылымы. Бюджет кірістері - салық және басқа да міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, кайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатуға байланысты емес бюджетке есептелуге тиісті ақша болып табылады. Салықтық түсімдер - ҚР Салық кодексінде белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер. Салықтық емес түсімдер - ҚР Салық кодексінде белгіленген, негізгі капиталды, гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа, басқа да заң актілерінде белгіленген бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ, ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады: 1) мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша; 2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетін ақша; 3) мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұракты немесе уақытша жер пайдалануға беруден немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда жер учаскелерін өзге құқықтық нысандарда өткізуден түсетін акша; 4) мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша. 2. Республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер. Республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер: 1) корпорациялық табыс салығы; 2) қосылған құнға салынатын салық, 3) ҚР-ның заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акдиздер; 4) газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға акциздер; 5) үстеме пайдаға салынатын салық; 6) экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы; 7) бонустар; 8) роялти; 9) Қазақстан Республикасының жасалған келісім-шарттар бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі; 10) жергілікті маңызы бар мемлекеттік ақылы автомобиль жолдары арқылы автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алынатын алымнан басқа, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым; 11) телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алым; 12) теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым; 13) дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; 14) азаматтық жеке кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; 15) радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; 16) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлактін төлем; 17) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төленетін төлем; 18) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төленетін төлем; 19) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төленетін төлем; 20) кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем; 21) республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төленетін төлем; 22) әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары; 23) кеден бақылауын және кеден рәсімдерін жүзеге асырудан түсетін түсімдер; 24) отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын баждар; 25) консулдық алым; 26) Ресми құжаттарға мемлекеттік органдардың апостил қойғаны үшін мемлекеттік баж; 27) паспорттар мен жеке куәліктерін бергені үшін мемлекеттік баж; 28) жүргізуші куәліктерін бергені үшін алынатын мемлекеттік баж; 29) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бергені үшін алынатын мемлекеттік баж; 30) мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін бергені үшін алынатын мемлекеттік баж; 31) мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының нотариаттық іс-әрекет жасағаны үшін алынатыи мемлекеттік баж болып табылады. 3. Облыстық бюджетке түсетін салықтық түсімдердің құрылымы. Облыстық бюджетке түсетін салықтық түсімдер: 1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы; 2) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық; 3) қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлем; 4) облыстық маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары арқылы жүріп өткені үшін алынатын алым; 5) облыстық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төленетін төлем; 6) жер үсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үщін төленетін төлем; 7) орманды пайдаланғаны үшін төленетін төлем; 8) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төленетін төлем болып табылады. 4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін салықтық түсімдердің құрылымы. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін салық түсімдері: 1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы; 2) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша өлеуметтік салық; 3) жеке түлғалардың, жеке кәсіпкерлер мен заңды түлғалардың мүлкіііе салынатын салық; 4) жер салығы; 5) бірыңғай жер салығы; 6) жеке және заңды түлғалардың көлік құралдарына салынатын салық; 7) акциздер спирттің барлықтүріне, алкоголь өніміне, темекі бұйымдарына, бекіре мен қызыл балық уылдырығына; атыс және газ қаруына, ойын бизнесіне, лотерея ойынын ұйымдастыруға және өткізуге, жеңіл автомобильдерге, бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына төленетін акциздер; 8) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленетін төлем; 9) жеке көсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; 10) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын ли- цензиялық алым; 11) занды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; 12) аукциондардан алынатын алым; 13) механикалык көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; 14) жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқық- тарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; 15) аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төленетін төлем; 16) консулдық алымнан жөне республикалық бюджеттің есебіне алынатын мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж болып табылады. Тақырып 5. Бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерді болжау. Табыс салығын болжамдау әдісі мен тәсілдері. Меншік салығы, оның салық салу базасын анықтау. Тауарларға, қызметтер мен жұмыстарға ішкі салық бойынша түсімдерді болжауды қалыптастыру: ҚҚС, акциздер. Экономиканың жекелеген секторлары бойынша ҚҚС-ты төлеу ерекшеліктері. Табиғи ресурстар үшін төлемдердің түсімі. Әлеуметтік салық шектеулімін есептеу әдісі. Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салық, оны есептеудің ерекшелігі мен тәртібі. Салық реформасы және жергілікті бюджеттің кіріс базасын нығайту проблемалары. Мемлекеттік баж, ставка мөлшерін анықтау әдісі, төлеу механизмі. Кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс. Кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс жоспарын құру. Әкімшілік алымдар мен төлемдер, коммерциялық емес және ілеспе сауда табыстарымен және басқа да салықтық емес түсімдерді есептеу ерекшеліктері. Айып-пұл мен санкциялар бойынша түсімдер. Тақырып 6.Мемлекеттік бюджеттің шығыстар жүйесі. Мемлекеттік бюджет шығыстарының экономикалық мазмұны. Бюджет шығыстарының жүйесі мен жіктелуі. Бюджет түрлері бойынша шығыстардың қалыптастыру ерекшеліктері. Шығыстарды қаржыландырудағы сметалық тәртіп. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер шығыстарының сметасын құрутәртібі мен бекітілуі және оларға енгізілетін өзгертулер. Бюджет бағдарламасының әкімшілігі. Екінші деңгейдегі жиынтық смета. Шоттар жоспарының біріккен стандарты, олардың мазмұны мен қолданылуы. Бюджет шығыстарының қайта құрылуының негізгі бағыттары. 1. Бюджет шығындары ұғымы, оның түрлері. Бюджет шығындары - қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаты бюджет шығындары болып табылады. Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді: 1) мемлекеттік мекемелердің кызметін қамтамасыз ететін шығындар; 2) тұракты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар; 3) мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар - мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік органдардың ақы төлемі; 4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар; 5) заңды тұлғаларға субсидиялар - мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз және қайтарылмайтын негізде қаржыландыру. 6) ресми трансферттер - бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына трансферттер төлеу; 7) мемлекеттің міндеттемелерін орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері. Бюджеттiк бағдарлама - бюджеттiң мемлекеттiк басқару функциялары мен мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi шығыстары. Бюджеттiк бағдарлама бюджет шығыстарының бюджеттiк бағдарлама шеңберiндегi бағыттарын нақтылайтын iшкi бағдарламаларға бөлiнуi мүмкiн. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi болуға тиiс. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты бюджеттiк бағдарламаны орындау кезiнде қол жеткiзiлуге тиiс белгiлi бiр түпкi нәтиже болып табылады. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты айқын, нақтылы және қол жететiндей болуға тиiс. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты жекелеген мiндеттерге бөлiнедi, олар бюджеттiк бағдарламаның мақсатына жетудiң жолдары болып табылады. Бюджеттiк бағдарламаның атауы мен мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттiк функцияларды, сондай-ақ мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының мемлекеттік, салалық (секторлық) аймақтық бағдарламалармен айқындалған мақсаттарын көрсетуге тиiс. 2. Бюджеттiк бағдарламалардың түрлерi Экономикалық нәтижелерге байланысты бюджеттiк бағдарламалар: 1) мемлекеттiк басқару функциялары мен мемлекет мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған тұрақты сипаты бар немесе дамудың бюджеттiк бағдарламаларына жатпайтын бiржолғы шаралар өткiзудi көздейтiн ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар; 2) бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған дамудың бюджеттiк бағдарламалары болып бөлiнедi. Белгiлi бiр функцияларды атқаратын мемлекеттiк басқару деңгейiне байланысты бюджеттiк бағдарламалар: 1) республикалық бюджетте бекiтiлетiн республикалық бағдарламалар; 2) облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнде бекiтiлетiн облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана бағдарламалары; 3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнде бекiтiлетiн аудандық (қалалық) бағдарламалар; 4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнде бекiтiлетiн қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламалары болып бөлiнедi. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандық (қалалық), сондай-ақ қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламалары жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар болып табылады. Iске асыру тәсiлiне байланысты бюджеттiк бағдарламалар: 1)бiр әкiмші iске асыратын жеке бюджет бағдарламалары; 2) бюджеттiк бағдарламалардың бiр әкiмшiсi бойынша бюджетте бекiтiлетiн және бюджеттiк бағдарламалардың түрлi әкiмшiлерi арасында қаржы жылы iшiнде бөлiнуге тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалар болып бөлiнедi. Мұндай бюджеттiк бағдарламаларды бөлу Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысымен немесе жергiлiктi атқарушы органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi 3. Бюджеттiк кредиттің ұғымы, принциптерi Бюджеттiк кредит - бюджеттен қайтарымды, мерзiмдi және ақылы негiзде бөлiнетiн ақша. Бюджеттiк кредиттеу - бюджеттiк кредиттi беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешiм қабылдау рәсiмдерiн қамтитын процесс. Кредиттiк шарт - бюджеттік кредиттi беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезiнде тараптардың құқықтық қатынастарын белгiлейтiн, кредитор, бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi және қарыз алушы арасындағы келiсiм. Бюджеттiк кредиттер: 1) орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарының шеңберiнде бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға; 2) мемлекеттiң сыртқы экономикалық қызметiн iске асыруға; 3) облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын жабуға; 4) мемлекеттiң жүз процент қатысуымен қаржы агенттiктерiнiң (бұдан әрi - қаржы агенттiктерi) мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруына бағытталады. Бюджеттiк кредиттеу принциптерi: 1) кредит шартына сәйкес бюджеттiк кредиттi өтеу мiндеттiлiгiн көздейтiн қайтарымдылық принципiне; 2) мiндеттемелердiң орындалуын Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәсiлдермен қамтамасыз ететiн жағдайының болуын көздейтiн қамтамасыз етiлу принципiне; 3) бюджеттік кредиттi бергенi үшiн қарыз алушыға ақы төлеуiн көздейтiн ақылылық принципiне; 4) бюджеттiк кредитті беру мерзiмiн белгiлеудi көздейтiн мерзiмдiлiк принципiне сәйкес жүзеге асырылады. Бюджеттiк кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу мақсаттарына, қарыз алушының шаруашылық қызметiнiң залалдарын жабуына, көрсетiлетiн қызметтер үшiн сенiм бiлдiрiлген тұлғаларға (агенттерге) ақы төлеуге берiлмейдi. Бюджеттiк кредиттер мынадай талаптар сақталған жағдайда берiледi: 1) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегiнiң болмауы; 2) қарыз алушының бюджеттiк кредит бойынша мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз ететiн жағдайының болуы; 3) қарыз алушының бұрын берiлген бюджеттiк кредиттер бойынша берешегiнiң болмауы. Қарыз алушы - бюджеттiк кредиттi алушы, негiзгi борышты өтеу және сыйақы, сондай-ақ кредиттiк шартқа сәйкес басқа да төлемдердi төлеу жөнiнде мiндеттемелер алатын кредит шартының тарабы (жеке тұлғалар, қарыз алушы банктер, жергiлiктi атқарушы органдар;шетелдiк мемлекеттер қарыз алушылар бола алады). Бюджеттiк кредиттер берiлу мерзiмiне қарай мынадай түрлерге бөлiнедi: 1) қысқа мерзiмдi - 1 жылға дейiн; 2) орта мерзiмдi - 1 жылдан 5 жылға дейiн; 3) ұзақ мерзiмдi - 5 жылдан 30 жылға дейiн. Сыйақы ставкасы тiркелген немесе құбылмалы болуы мүмкiн. Тiркелген сыйақы ставкасы - мөлшерi бюджеттiк кредиттiң барлық мерзiмiне өзгерiссiз белгiленетiн сыйақы ставкасы. Құбылмалы сыйақы ставкасы - қаржы рыногындағы конъюнктураға байланысты өзгерiп тұратын сыйақы ставкасы. 4. Бюджеттік инвестициялар ұғымы. Бюджеттiк инвестициялар - экономикалық пайда табу немесе әлеуметтiк- экономикалық тиiмдiлiкке жету мақсатымен мемлекет активтерiнiң құнын ұлғайтуға, адам ресурстарын дамытуға және табиғи ресурстарды жаңғыртуға бағытталған қаржыландыру. Бюджеттiк инвестициялар бюджеттiк инвестициялық жобалар мен бюджеттiк инвестициялық бағдарламаларды iске асыру арқылы, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылады. Шешiлетiн мiндеттердiң маңыздылығы деңгейiне қарай бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) республикалық және жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) болып бөлiнедi. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) жоспарлау үш кезеңде жүзеге асырылады: 1) инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру және iрiктеу; 2) бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) дайындау және iрiктеу; 3) басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастыpу және бекiту. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iрiктеудi экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган экономикалық сараптама бойынша оң қорытындылар негiзiнде жүзеге асырады. Ірiктелiп алынған бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) жоспарланатын кезеңнiң бiрiншi немесе екiншi жылында iске асырылуы басталатын басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiне енгiзiледi. Бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) олардың белгiленген тәртiппен бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемелерiне сәйкес iске асырылады. Бюджеттiк инвестициялық жобаны (бағдарламаны) iске асыру шеңберiнде көзделген құрылыс қызметiне ақы төлеу үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттерден төлемдер белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттама бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. 5. Грант ұғымы, түрлері. Грант - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарына беретiн өтеусiз қаржылық немесе техникалық көмегi. Донорлар - шет мемлекеттер, олардың үкiметтерi мен агенттiктерi, халықаралық және шетелдiк мемлекеттiк ұйымдар, қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтiн шетелдердiң үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдары және қорлары. Гранттар берiлу шарттары бойынша былай бөлiнедi: 1) байланысты гранттар - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң грант берген донордан одан әрi қарыз алуын немесе мемлекеттiк бюджеттен қоса қаржыландыруды көздейтiн гранттар; 2) байланыссыз гранттар - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң грант берген донордан одан әрi қарыз алуын немесе мемлекеттiк бюджеттен қоса қаржыландыру көзделмейтiн гранттар. Гранттарды пайдалану жеке бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) құрайды және грант туралы келiсiмге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларды мемлекеттiк ұйымдар - гранттарды алушылар жүзеге асырады. Гранттарды жоспарлау - гранттар тартуға өтiнiмдер қалыптастыру, ұсыным жасау және iрiктеу жөнiндегi қызмет. Гранттарды жоспарлаудың негiзi: 1) республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары; 2) донорлардың өтеусiз қаржылық және техникалық көмек беру туралы ұсыныстары болып табылады. Өтеусiз техникалық көмек - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарына тауарлар жеткiзiп берудi, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетудi жүзеге асыруы немесе ұйымдастыруы. Өтеусiз қаржылық көмек - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарына тауарлар жеткiзiп берудi, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетудi қаржыландыру үшiн ақша беруi. 6. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу тәртібі Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне (F және G санаттары) еңбекақы төлеу жүйесi уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесi болып табылады. Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесi: - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының тiзiлiмi; - мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшiн алынатын базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер; - қосымша ақылар, үстемеақылар мен өтемақылар негiзiнде еңбекақы төлеудi қамтиды. Ғ санатының тобы: Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы; Абай атындағы Мемлекеттiк академиялық опера және балет театры; К. Байсейiтова атындағы ұлттық опера және балет театры; Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот академиясы. G санатының тобы - Мемлекеттiк мекемелер және қазыналық кәсiпорындар Лауазымдық жалақы (ставка) = Базалық лауазымдық жалақы * коэффициенттер Базалық лауазымдық жалақы 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап 9200 теңгеге тең. ------------------------------------------------------------------- Катего-! Еңбек стажы рия !----------------------------------------------------------- !1 жыл!1 -2! 2-3!3 -5!5 -7!7- 9 !9-11 !11-14!14-17!17-20! 20 !ға ! ! ! ! ! ! ! ! !жо !дейін! ! ! ! ! ! ! ! ! !ға ! ! ! ! ! ! ! ! ! ! !ры ------------------------------------------------------------------- Категория F ------------------------------------------------------------------- F-l 5,68 5,79 5,91 6,03 6,16 6,30 6,42 6,55 6,67 6,74 6,81 F-2 5,28 5,38 5,49 5,61 5,73 5,86 5,97 6,09 6,20 6,27 6,33 F-3 4,93 5,03 5,13 5,24 5,35 5,47 5,58 5,68 5,79 5,85 5,91 F-4 4,51 4,60 4,69 4,79 4,89 5,00 5,10 5,20 5,30 5,36 5,41 F-5 4,20 4,28 4,37 4,46 4,56 4,66 4,75 4,84 4,93 4,99 5,04 F-6 3,95 4,03 4,11 4,20 4,29 4,38 4,47 4,55 4,64 4,69 4,74 F-7 3,71 3,78 3,86 3,94 4,03 4,11 4,20 4,28 4,36 4,41 4,45 F-8 3,50 3,57 3,64 3,72 3,80 3,88 3,96 4,03 4,11 4,16 4,20 F-9 3,25 3,31 3,38 3,45 3,53 3,60 3,68 3,75 3,82 3,86 3,90 F-10 3,04 3,10 3,16 3,23 3,30 3,37 3,44 3,50 3,57 3,61 3,65 F-ll 2,81 2,86 2,92 2,98 3,05 3,12 3,18 3,24 3,30 3,34 3,37 F-12 2,62 2,67 2,73 2,78 2,84 2,91 2,96 3,02 3,08 3,11 3,14 F-13 2,45 2,50 2,55 2,60 2,66 2,72 2,77 2,82 2,88 2,91 2,94 F-14 2,27 2,31 2,36 2,41 2,46 2,52 2,57 2,62 2,67 2,70 2,72 F-15 2,11 2,15 2,20 2,24 2,29 2,34 2,39 2,43 2,48 2,51 2,53 F-16 2,01 2,05 2,09 2,14 2,18 2,23 2,27 2,32 2,36 2,39 2,41 F-17 1,89 1,93 1,97 2,01 2,05 2,10 2,14 2,18 2,22 2,24 2,27 ------------------------------------------------------------------- Категория G ------------------------------------------------------------------- G-l 3,30 3,36 3,43 3,50 3,58 3,66 3,73 3,80 3,87 3,92 3,96 G-2 3,07 3,13 3,19 3,26 3,33 3,40 3,47 3,53 3,60 3,64 3,68 G-3 2,86 2,92 2,98 3,04 3,11 3,17 3,24 3,30 3,36 3,40 3,43 G-4 2,62 2,67 2,72 2,78 2,84 2,90 2,96 3,02 3,08 3,11 3,14 G-5 2,44 2,48 2,53 2,59 2,64 2,70 2,76 2,81 2,86 2,89 2,92 G-6 2,29 2,34 2,39 2,44 2,49 2,54 2,59 2,64 2,69 2,72 2,75 G-7 2,15 2,19 2,24 2,29 2,33 2,39 2,43 2,48 2,53 2,56 2,58 G-8 2,03 2,07 2,11 2,16 2,20 2,25 2,30 2,34 2,38 2,41 2,43 G-9 1,89 1,92 1,96 2,01 2,05 2,09 2,14 2,18 2,22 2,24 2,26 G-10 1,78 1,81 1,85 1,89 1,93 1,97 2,01 2,05 2,09 2,11 2,13 G-ll 1,65 1,69 1,72 1,76 1,80 1,83 1,87 1,91 1,94 1,96 1,98 G-12 1,55 1,58 1,62 1,65 1,69 1,72 1,76 1,79 1,82 1,84 1,86 G-13 1,45 1,48 1,51 1,54 1,57 1,61 1,64 1,67 1,70 1,72 1,74 G-14 1,36 1,39 1,42 1,44 1,48 1,51 1,54 1,57 1,60 1,62 1,63 G-15 1,27 1,29 1,32 1,35 1,38 1,41 1,44 1,46 1,49 1,51 1,52 G-16 1,19 1,21 1,24 1,26 1,29 1,32 1,34 1,37 1,39 1,41 1,42 G-17 1,10 1,12 1,14 1,16 1,19 1,22 1,24 1,26 1,29 1,30 1,31 ------------------------------------------------------------------- Тақырып 7. Білім беруге арналған бюджет шығыстары. Білім беру шығынының құрамы мен құрылымы. «Қазақстан Республикасының білім беру туралы» заңы. Білім беру мекемелерінің типтері мен түрлері: бастапқы, және орта білім беру; кәсіби техникалық білім беру; орташа арнайы білім беру; жоғары білім беру. Оларды қаржыландыру көздері. Кадрларды кәсіби дайындау. Жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа қадамы. Білім беру мекемелерін ұстауға байланысты бюджет ақшасының есептік көрсеткіштері мен жоспарлау тәртібі. Бюджеттен білім беруге бөлінген қаржының жұмсалуын бақылау. 1. Мектепке дейінгі мекемелерді қаржыландыру Қазақстанда 2000 жылмен салыстырғанда 2004 жылы мектепке дейiнгi ұйымдардың саны 12 бiрлiкке (1%), ал олардағы балалардың контингентi 25 421 балаға (18,7 %) өстi, бұл мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сұраныстарының өсуi мен осы сұраныстарды қанағаттандыру мүмкiндiктерi арасындағы теңсiздiктi айғақтайды. Нәтижесiнде мектепке дейiнгі ұйымдардағы 100 орынға 105-тен 130-ға дейiн баладан келдi. Тұтастай алғанда, республика бойынша 22 мыңға жуық бала мектепке дейінгі ұйымдарға орналасу үшiн кезекте тұр, бес-алты жастағы 127 мың бала мектепалды бағдарламаларымен қамтылуға тиiс. Бала бақшаларды қаржыландыру келесі көрсеткіштерге байланысты есептеледі: балалардың ортажылдық саны, бала топтарының саны және балалардың мекемеде болу сағаты. Балалардың ортажылдық саны (контингенті) балалардың жыл басындағы және жыл аяғындағы санына айланысты есептеледі. Шығыстардың ішінде жоғары үлесті еңбекақыға арналған шығыстар құрайды. Бұл шығыстар бекітілген штаттар және еңбекақының ставкалары негізінде белгіленеді. Штат бірлігі балалардың топтары мен балалардың мекемеде болу ұзақтығына байланысты айқындалады. Мектепке дейінгі мекемелер жұмысшыларының нормативтік жүктемесі аптада 24 сағат құрайды. Еңбекақы ставкасы базалық оклад негізінде белгіленеді. Тамаққа арналған шығындар тамақ нормалары мен бала-күн көрсеткішін көбейту арқылы есептеледі. Бала-күн көрсеткіші = балалардың бала бақшада 1 жылда болу мерзімінің орта күні / жоспарланған жылдағы балалар саны 2. Жалпы орта білім беруді қаржыландыру. Жалпы бiлiм беретiн мектептегi реформалардың шетелдiк тәжiрибесi оқытудың мерзiмiн 12-13 жылға дейiн ұзартуды, жоғары сатыдағы оқушылардың оқудағы жетiстiктерi мен кәсiби оқытуды сыртқы бағалау жүйесiн енгiзудi көздейдi. Қазақстанның жалпы орта бiлiмi жалпы бiлiм беретiн мектептер санының көбеюiмен әрi демографиялық және көшi-қон процестерiне орай жекелеген өңiрлерде шағын жинақталған мектептердiң өсуiне ықпал еткен оқушылар контингентiнiң азаюымен сипатталады. Республикада 4272 жалпы бiлiм беретiн шағын жинақталған мектеп (ШЖМ) жұмыс iстейдi (жалпы мектептер санының 52%-ы). Оларда 429,1 мың бала (жалпы оқитындар контингентiнiң 14,1%-ы) оқиды. ШЖМ-нiң бiр оқушысын оқытуға жұмсалған шығын қалыпты мектепке қарағанда (өңiрлерге байланысты) 30-100%-ға жоғары. Мектептердiң тұрғын жерден алыс орналасуына байланысты 37 мың баланы тасымалдау ұйымдастырылған. Республикада 614 интернат мекемелерi жұмыс iстейдi, оларда мемлекет есебiнен 75 мыңға жуық жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларынан шыққан балалар, девиантты мiнез-құлықты балалар тұрады, 18 балалар интернат-үйлерi жұмыс iстейдi, оның iшiнде бiреуi дене бiтiмiнде кемшiлiгі бар балаларға арналған, онда толық мемлекеттік қамқорлыққа алынған 2,8 мың бала тәрбиеленуде. Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру жүйесi 722 оқу орнынан, оның iшiнде жалпы оқушылар контингентi 341,3 мың адам 307 кәсiптiк мектеп (лицейлер) пен 415 колледжден тұрады. Кәсiптiк бастауыш бiлiм беретiн оқу орындарында оқитындардың контингентi 2000 жылдан бастап 2004 жылға дейiн 10,3 мың адамға ұлғайды. Жалпы орта бiлiм беруде үш сатыны көздейтiн 12 жылдық оқытуға көшу жүзеге асырылатын болады. I саты - жалпы бастауыш бiлiм беру, оқыту ұзақтығы - 4 жыл, 1-4 сыныптар. Оқыту 6 жастан басталады. Бастауыш мектептiң бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабiлетiн ашуға және дамытуға бағытталған.Бiлiм беру мазмұны шетел тiлiн және информатика негiздерiн ертерек (2-сыныптан бастап) оқытумен толықтырылатын болады. II саты - негізгі жалпы бiлiм беру, оқыту ұзақтығы - 6 жыл, 5-10 сыныптар. III саты - жалпы орта бiлiм беру, бейiндi оқыту, оқыту ұзақтығы - 2 жыл, 11-12-сыныптар. Жалпы орта бiлiм беру мекемелерін шығындарын жоспарлаудың негізгі көрсеткіші – оқушылардың және сыныптардың ортажылдық саны (К орта) 2 К1 + К2 Корта. = 3 К1 - оқушылардың (сыныптардың) жыл басындағы саны; К2 - оқушылардың (сыныптардың) жыл аяғындағы саны Жыл басында білім беру басқармасы әр мектептегі сыныптар мен оқушылардың саны бойынша титулдық тізім құрады. Мектеп әкімшілігі осы бекітілген титулдық тізім негізінде 1-ші қыркүйекке тарификациялық тізім құрады№ Тарификациялық тізімде әр мұғалімнің аты-жөні, жүргізетін сабақтары, педагогикалық стажы, 1 аптадағы сағаттар саны, айлық ставкасы, қосымша төлемдер көрсетіледі. Мұғалімдердің нормативтік оқу жүктемесі аптада 1-4 сыныптарда – 20 сағат, 5-11 сыныптарда – 18 сағат көлемінде белгіленген. Еңбекақыға қосымша төлемдер қолданылады. Еңбекақы қоры педагогикалық ставкалардың саны және орташа еңбекақыға байланысты есептеледі. Педагогикалық ставкалардың саны тарификациялық тізімде белгіленген сағаттың санын мұғалімдердің апталық жүктемесіне бөлу арқылы есептеледі. | |Қосымшалардың түрі |Базалық | | | |жалақыдан| | | |% | |1.|Сыныпты басқару үшін:1-4 сыныптар |25% | | |5-11(12) сыныптар |30% | | |кәсіби мектеп, орта кәсіби оқу орындары |25% | |2 |Жазу жұмыстарын тексеру үшін: | | | |1-4 сыныптардың мұғалімдеріне |20% | | |1-4 сыныптардың қазақ және басқа ұлттық тілдер мұғалімдеріне |25 % | | |5-11(12)сынып мұғалімдеріне жазу жұмыстаын тексеру үшін: | | | |қазақ, орыс, басқа ұлттық тілдер мен әдебиеттен; |25% | | |математика, химия, физика, биология, шет тілі, стенография, сызу, | | | |техникалық механикадан |20% | |3.|Оқу кабинетін меңгеру үшін: | | | |мектептерде, мектеп-интернатта |20% | | |орта және бастауыш кәсіби оқу орындарында |25% | |4 |Ғылыми дәреже үшін: ғылым кандидаты – 1 ең төменгі еңбекақы | | | |ғылым докторы -2 ең төменгі еңбекақы мөлшері | | 3. Жоғары білім беруді қаржыландыру Қазақстан Республикасының жоғары бiлiм беру жүйесiнде 180 жоғары оқу орны және ЖОО-ның 86 филиалы бар. 9 жетекшi университеттің ерекше мәртебесi бар. Педагог кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлiгін арттыру жүйесiн жетiлдiру мақсатында 2004 жылы 5 мемлекеттік педагогикалық ЖОО-ы ашылды. Жоғары оқу орындарының саны, студенттер контингентi және мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы өсiп отыр. Жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс конкурстық негізде білім беру гранты арқылы жүзеге асырылады. Білім беру гранттарының мамандықтары мен жалпы көлемі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей белгіленеді.________________________________________________________ Оқу жылы | Жоғары оқу |Оқитындардың| Мемлекеттік тапсырыс (оқуын |орындары саны| контингенті | жалғастырушылардан басқасы) __________________________________________________________________ 2000/2001 181 440715 21970 2001/2002 182 514738 25265 2002/2003 173 590982 25465 2003/2004 180 656561 26465 __________________________________________________________________ Студенттердің ортажылдық саны келесідей айқындалады: К орта = студенттердің жыл басындағы саны - шығарылған студенттер саны /2 + қабылданған студенттер саны / 3 - оқудан шығарылған студенттер + қайта қабылданған студенттер саны Жоғары білім беру оқу орындарының жұмысшыларына қосымша төлемдер: Ғылыми дәреже үшін: ғылым кандидаты – 1 ең төменгі еңбекақы мөлшері ғылым докторы -2 ең төменгі еңбекақы мөлшері Кафедра меңгеру үшін - 10% Тақырып 8.Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары. Денсаулық сақтауға арналған шығыстардың құрамы мен құрылымы. Медициналық мекемелердің қызметін қаржыландыру және жоспарлау. Денсаулық сақтауға арналған шығыстарды қаржыландыру көздері. Кең профильді ауруханалар мен емханаларды қаржыландыру, халықтың денсаулығын сақтауға байланысты шығыстар. Емдеу мекемелерінде құралдарды пайдалану мен құрудың жаңа әдістері. Мамандандырылған медициналық жәрдем көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру ерекшеліктері. Бюджеттен денсаулық сақтауға бөлінген қаржының жұмсалуын бақылау. Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі. Меншiк нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар заңды және жеке тұлғаларға, олардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсетуi бойынша жұмсаған шығындарын бағдарлама әкiмшiлерiнiң өтеуiнiң негiзгi шарттары мен ережелерiн белгiлейдi. 60 Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсеткенi үшiн шығындарды өтеу, мемлекеттiк бюджетте көзделген қаражат есебiнен, заңнамада белгiленген мерзiмде жүзеге асырылады. Шығындарды өтеу: мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде шығыстар сметасы бойынша; мемлекеттiк мекемелерден басқа, медициналық ұйымдарда орындалған медициналық қызметтер көрсетудiң көлемi үшiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен шарттық негiзде жүзеге асырылады. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсететiн жеке және заңды тұлғаларға күрделiнi қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген медициналық ұйымдардың қызметiне байланысты шығындардың барлық түрлерi өтеледi. Мемлекеттiк медициналық ұйымдардың күрделi шығындары Қазақстан Республикасы бюджетiнiң шығыстары экономикалық жiктемесiнiң тиiстi ерекшелігi бойынша күрделi трансферттер түрiнде өтеледi. Меншiк нысанына қарамастан, бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) көрсететiн жеке және заңды тұлғалардың шығындары жан басына шаққандағы норматив бойынша өтеледі. Жан басына шаққандағы норматив - медициналық қызметтердiң нақты көлемiн қамтамасыз ету үшiн жыл сайын бiр адамға есептелiп, қайта қаралатын шығындардың белгiленген нормасы. Жан басына шаққандағы норматив бiр тұрғынға анықталады. Ауылдағы денсаулық сақтаудың ерекшелiгiн, қызмет көрсету учаскесiнiң географиялық алшақтығын, ауылдық елдi мекендегi халық тығыздығының төмендiгiн ескере отырып, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ауылдық және қалалық денсаулық сақтау ұйымдары үшiн жан басына шаққандағы нормативтi жеке белгiлеуге құқылы. БМСК-тiң қаржыландыру көлемi тұрғындардың санын қызмет көрсетiлетiн аумақтың жан басына шаққандағы нормативiне және жыныстық жасын түзету коэффициентiне көбейту жолымен, мынадай формула бойынша есептелiнедi: К қарж. = С тұрғ.* Ж норма.* Ж коэфф., мұнда: К қарж. - БМСК ұйымын қаржыландыру көлемi, С тұрғ. - бекiтiлген тұрғындардың саны, Ж норма. - жан басына шаққандағы норматив, Ж коэфф. - жасы-жынысы бойынша түзету коэффициентi. Жасы-жынысы бойынша түзету коэффициентi - бұл, тұрғындардың жасы-жынысы бойынша әр түрлi санатына медициналық көмектi тұтыну деңгейiндегi айырмашылықтарды ескеретiн коэффициент. Жасы-жынысы бойынша түзету коэффициенттерiн қолдануды және есептеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органы анықтайды. Меншiк нысанына қарамастан, мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек көрсететiн жеке және заңды тұлғалардың шығындары амбулаториялық- емханалық тарификатор бойынша өтеледі. Амбулаториялық-емханалық тарификатор - мамандандырылған амбулаториялық- емханалық көмек көрсетiлетiн қызметтерге арналған тарифтер тiзбесi. Амбулаториялық-емханалық тарификатордың негiзгi экономикалық көрсеткiшi нақты қызмет құнының қызметтердiң барлық түрiнiң орташа құнына қатынасын көрсететiн қызметтердiң шығын көлемiнiң коэффициентi болып табылады. Мамандандырылған амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету үшiн қаржыландыру көлемi қызметтердiң шығын көлемi коэффициентiн амбулаториялық- емханалық тарификатордың базалық тарифiне көбейту жолымен, мынадай формула бойынша анықталады: К қарж. = К ш. * Б т., мұнда: К қарж. - мамандандырылған амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету үшiн қаржыландыру көлемi, К ш - қызмет көрсетулердiң шығын көлемi коэффициентi, Бт - амбулаториялық-емханалық тарификатордың базалық тарифi. Бюджеттiк жылға арналған бағдарламаның әкiмшiсi амбулаториялық-емханалық ұйымдарда көрсетiлген қызметтер үшiн базалық тарифтi арнайы мамандандырылған емханалық көмекке көзделген, шығыстар нормативтерi негiзiнде есептелген бюджет қаражатын жоспарланған қызметтер санына бөлу жолымен, қызметтер шығыны коэффициентiн ескере отырып немесе формула бойынша анықтайды: Бт = К қаражат /(Жс * К ш.ор.), мұнда: К қаражат - арнайы мамандандырылған емханалық көмекке көзделген бюджет қаражаты, Жс - амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы қызметтердiң жоспарланған саны, Кш.ор - барлық жоспарланған қызмет көрсетулер бойынша шығын көлемiнiң орташа коэффициентi. 3. Стационарлық шығындар клиникалық-шығындық топтар негізінде өтеледі. Клиникалық-шығындық топтар (КШТ) - аурулардың, оларды емдеуге жұмсалған шығындар бойынша ұқсас, клиникалық бiртектi топтары. КШТ-тың негiзгi экономикалық өлшемi аурудың осы тобының шығындарының барлық топтар бойынша орташа шығындарға қатынасын көрсететiн, шығын көлемiнiң коэффициентi болып табылады. Клиникалық-шығындық топтар бойынша емделiп шыққан жағдайды қаржыландыру көлемi шығын көлемi коэффициентiн стационарлық көмектi қаржыландырудың базалық ставкасына және стационар деңгейi коэффициентiне көбейту жолымен, мынадай формула бойынша анықталады: К қарж. = К шығ. * Б стац. * К дең., мұнда: Қ қарж.- клиникалық-шығындық топтар бойынша емделiп шыққан жағдайды қаржыландырудың көлемi, К шығ.- шығын көлемі коэффициентi, Б стац. - стационарлық көмектi қаржыландырудың базалық ставкасы, К дең. - стационар деңгейiнiң коэффициентi. Ауруханаiшілік ауыстырылған науқастарды емдеуге жұмсалған шығындарды өтеу бiр рет емделу жағдайы ретiнде жүзеге асырылады. Оларды тексеру процесiнде негiзгi диагнозы расталмаған немесе мамандандырылған медициналық ұйымға ауыстыруды талап ететiн басқа аурулары анықталған науқастарды емдеу аяқталмай жұмсалған шығындарды өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның әдiстемесiне сәйкес жүзеге асырылады. Стационарды алмастыратын медициналық көмектiң түрлерiн көрсету кезiнде шығындарды өтеу науқастарды дәрiмен тегiн қамтамасыз ету ескерiле отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның әдiстемесiне сәйкес емделу жағдайы үшiн жүзеге асырылады. Стационарлық көмектiң шектi көлемiн олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын жергiлiктi мемлекеттiк денсаулық сақтауды басқару органдарының ұсынысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi. Тақырып 9. Тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмекке арналған бюджет шығыстары. Зейнетақы төлеу аумағындағы мемлекеттік саясат. Осы шығындарды қаржыландырудағы бюджеттің рөлі Зейнетақымен қамтамасыз етудегі бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымы. Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қорғау. «Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (мүгедектікке байланысты, жасы бойынша және асыраушысынан айырылғанда). Мемлекеттік арнайы жәрдемақы. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының түсімдерін қамтамасыз ету. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры. Әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерінің шығыстары. 1. Әлеуметтік қамтамасыз етудің экономикалық мазмұны Әлеуметтік қамтамасыз ету ақшалай төлем, медициналық көмек, мүгедектерді еңбектік және тұрмыстық орналастыру, жеңілдіктер беру, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салу түрінде жүзеге асырылады. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесiн жетілдiру әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдету әлеуметтiк қамсыздандырудың үш деңгейлi жүйесiн құруды көздейдi: 1) бiрiншi деңгей (негізгi) - мемлекет кепілдiк беретін әлеуметтік жәрдемақылардың ең төменгi мөлшерi. Бұл халықтың әлеуметтiк осал жiктерiнiң барлық санатына еңбек еткен жылдары мен жалақыларына қарамастан, бiрдей әлеуметтiк қатер жағдайында, деңгейi бойынша ең төменгі төлемдер алуға тең құқықтарын iске асыруды қамтамасыз етедi; 2) екiншi деңгей (мiндеттi) - жұмыс iстейтiн (жұмыс iстеген) адамдарды мiндетті әлеуметтiк сақтандыру есебiнен жүзеге асырылатын әлеуметтiк төлемдер. Жұмыс берушiлердiң және/немесе қызметкерлердiң мiндетті сақтандыру жарналары мiндетті әлеуметтiк төлемдердiң көзi болып табылады. Бұл жағдайда, әлеуметтiк қамсыздандыру деңгейi әр адамның сақтандыру жүйесiне қатысуының ұзақтығы мен мөлшерiне байланысты; 3) үшiншi деңгей (қосымша) - әлеуметтік төлемдердiң ерiктi аударымдар есебiнен жүзеге асырылуын пайымдайды. Аударымдар бұл жағдайда, жеке, жинақтаушы, ерiктi және/немесе кәсіптiк болып табылады. Әлеуметтiк қамсыздандырудың негiзгi деңгейi Қазақстан Республикасының барлық азаматтары негiзгi әлеуметтiк қатерлер туындаған жағдайда, еңбек стажы мен жалақысына қарамастан, негізгі әлеуметтiк жәрдемақы алу құқығына ие болады. Әлеуметтiк қамсыздандырудың негiзгі деңгейiне мынадай әлеуметтiк төлемдер кiретiн болады: - қартаюына қарай мемлекеттiк негiзгi зейнетақы төлемдерi; - мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк негiзгi жәрдемақы; - асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттiк негiзгi жәрдемақы; - жерлеуге арналған мемлекеттiк жәрдемақы (тек негiзгi әлеуметтiк төлемдер алушылар үшiн). Әлеуметтік кепілдік жүйесінің негізгі стандарты өмір сүру минимумы табылады. Өмір сүру минимумы арқылы тұтыну корзинасының құнына тең болатын бір адамға қажетті минималді табыс көрсетіледі. Өмір сүру минимумы халық санына сәйкес және халықтың жыныстық-жастық топтары бойынша тоқсан сайын республика және аймақтар бойынша есептеледі. Ол 2 бөлімнен тұрады: ғылыми негізделген тұтыну нормасына есептелген 20 ең қажет азық түліктен тұратын азық түлік корзинасының құны және азық түлік емес тауарлар мен қызмет көрсетулерге кететін шығындар және де екінші бөлім Қазақстан Республикасының үкіметі орнататын, тіркелген үлес ретінде есептеледі. Азық-түлік корзинасы денсаулықтың агенттігімен анықталған азық-түлік өнімдерін пайдаланудың физиологиялық нормасы және ғылыми негізделген статистика бойынша өкілді органмен есептеледі. Азық-түліктік емес тауарлар мен қызмет көрсетулерді үлесі 30% мөлшерінде орнатылған. 2004 жылы тамақ өнімдерін сатып алуға байланысты ақшалай шығыстар құрамында, өткен жылдардағыдай, ет және ет өнімдеріне (9,8%), нан өнімдеріне және жарма өнімдеріне (9,7%), қантқа, кондитер өнімдері мен тәттілерге ( 3,6%) жұмсалатын шығыстар басым; азық-түлік емес тауарларға байланысты шығыстарда киім, аяқкиім және мата сатып алуға байланысты шығыстар үлесі басым; ақылы қызметтерде – тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге байланысты шығыстар. Берілген көрсеткіш баға өсуімен байланысты болашақта ұлғаюы мүмкін. Өмір сүру минимумының өсуі өз кезегінде халықтың табысының өсуін талап етеді. Өмір сүру минимумы келесілер үшін арналады: Өмір сүру деңгейін бағалау және кедейлік шегін анықтау. Әлеуметтік саясат бағыттарын анықтау және халықты әлеуметтік қолдау бойынша шараларды жүзеге асыру. Еңбекақының, зейнетақының ,жәрдемақының және т.б. әлеуметтік төлемдердің белгіленген минималды көлемін негіздеу. Кедейлік шегі адамның минималды қажеттілігін қанағаттандыруға арналған қажетті табыс шегін көрсетеді. Басқаша айтсақ кедейлік шегі әлеуметтік көмексіз жанұяға өмір сүру қиынға соғатын нақты алынған ақшалай табыстың деңгейін көрсетеді. Республика бойынша кедейлік шегі деңгейі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігімен, ал аймақтар бойынша еңбек, жұмыссыздық және халықты әлеуметтік қорғау бойынша өкілді органмен есептеледі. Кедейлік шегі өмір сүру минимумынан пайыз есебінде анықталады. Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2005 жылдың 2 тоқсанында ол 2380 теңгені құрады. Кедейлік шегінің ауытқуы негізінен тұтынушылық корзина құнындағы айырмашылығымен анықталады. 2. Мүгедектікке байланысты жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі. Мүгедектік бойынша жәрдемақы алу құқығы бар мүгедектерді үш категорияға бөлуге болады. Бірінші категорияға жататындар: 1. жалпы аурудан, еңбектік қызметтен, кәсіби аурулардан мүгедектер, бала кезінен, соның ішінде 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар; 2. әскери қызметкерлер ішіндегі мүгедектер (мерзімдік әскерлерден басқа), әскери міндетін орындауға байланысты емес немесе әскери және қызметтік борышты өтеуге байланысты емес ауру нәтижесінде алынған мүгедектікке ұшырағанда ішкі істер органдардың басшылық және қатардағы құрамындағы мүгедек адамдар. Аталған мүгедектер категориясына жәрдемақылар 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі көлемде белгіленген: - І топ мүгедектеріне – 10 айлық есептік көрсеткіш; - ІІ топ мүгедектеріне – 7,5 айлық есептік көрсеткіш; - ІІІ топ мүгедектеріне – 5 айлық есептік көрсеткіш; - 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға- 7 айлық есептік көрсеткіш; - І топ бала кезінен мүгедектерге - 10 айлық есептік көрсеткіш; - ІІ топ бала кезінен мүгедектерге - 8 айлық есептік көрсеткіш - ІІІ топ бала кезінен мүгедектерге - 6 айлық есептік көрсеткіш Жәрдемақы алатын мүгедектердің екінші категориясына келесілер жатады: әскери қызметті өту кезінде алынған жарақат, контузия, ауру салдарынан мүгедектікке ұшыраған мерзімдік әскери қызметкерлер және азаматтық немесе әскери ядролық объектілерде авариялық жағдайдың нәтижесінде немесе авария салдарын жою кезінде мүгедектікке ұшыраған азаматтар; төтенше экологиялық жағдайлар салдарынан, соның ішінде ядролық жарылыстар салдарынан және олардың себеп-салдарынан анықтауды жүргізу әсерінен болған мүгедектер. Жәрдемақы келесі көлемде белгіленеді: - І топ мүгедектеріне – 12 айлық есептік көрсеткіш; - ІІ топ мүгедектеріне – 9,5 айлық есептік көрсеткіш; - ІІІ топ мүгедектеріне – 7 айлық есептік көрсеткіш. Үшінші категорияға жататындар: әскери қызметті атқарғанда алған жарақат, контузия, ауру нәтижесінде мүгедек болған әскери қызметкерлерге (мерзімді әскери қызметкерлерді қоспағанда) немесе қызмет міндеттерін орындауда мүгедек болған ішкі істер органының қызметкерлері. Үшінші категорияға жәрдемақы келесі көлемде тағайындалады: - І топ мүгедектеріне –16 айлық есептік көрсеткіш; - ІІ топ мүгедектеріне – 11 айлық есептік көрсеткіш; - ІІІ топ мүгедектеріне – 7 айлық есептік көрсеткіш. 3. Асыраушысын жоғалтуға байланысты жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі Асыраушысынан айырылғанына байланысты жәрдемақы алу хұқығына оның асырауында болған еңбекке жарамсыз жанұя мүшелері ие болады. Жанұяның еңбекке жарамсыз мүшелері болып келесілер саналады: 18 жасқа толмаған балалары, іні-қарындастары, немерелері және осы жасқа толғанша мүгедек болса 18 – ден асқандары және егер іні-қарындастары, немерелерінің еңбекке жарамды ата-аналары жоқ болса. Асыраушысынан айырылған кәмелеттік жасқа толмағандар оларды асырап алған жағдайда да жәрдемақы алу хұқығын сақтап қалады. Зейнетақымен қамту заңына сәйкес зейнетақы жасына жетпеген әкесі, шешесі (соның ішінде асырап алған), әйелі, күйеуі. 8 жасқа жетпеген, қайтыс болған адамның балаларын, іні-қарындастарын немесе немелерін күтумен айналысатын және жұмыс істемейтін ата-аналарының бірі немесе жұбайы, сондай-ақ атасы, әжесі, інісі, қарындасы (жасынан, еңбек қабілетінен тәуелсіз). Зейнетақымен қамту заңына сәйкес зейнетақы жасына жеткен заң бойынша оларды қамтамасыз етуге тиіс тұлғалар жоқ болып, басқа қайнар көздері болмаған жағдайдағы ата-әжелер. Оқушыларға жәрдемақы, орта білім беру оқу-орындарын және күндізгі бөлімдегі жоғарғы және орта арнайы оқу орындарын аяқтағанша 23 жасқа толғанға дейін төленеді. Жетім балаларға тағайындалған жәрдемақылар олардың заңды өкілдеріне (асырап алушы, қамқоршы) төленеді. Аталған жәрдемақылар қайтыс болған адам жанұясының мүшесі еңбекке жарамсыз деп есептелетін кезеңге, ал зейнетақы алу жасындағы тұлғаларға-өмір бойына тағайындалады. Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақының ең жоғарғы айлық көлемі оның жанұясының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 12 айлық көрсеткіштен аспауы керек. Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алуға хұқығы бар еңбекке жарамсыз бір жанұя мүше болса, жәрдемақы 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде тағайындалады. - еңбекке жарамсыз 2 жанұя мүшесі болса 4,3 айлық есептік көрсеткіш әрбір мүшесіне; - еңбекке жарамсыз 3 жанұя мүшесі болса 3,5 айлық есептік көрсеткіш әрбір мүшесіне; - еңбекке жарамсыз 4 жанұя мүшесі болса 2,8 айлық есептік көрсеткіш әрбір мүшесіне; - еңбекке жарамсыз 5 жанұя мүшесі болса 2,3 айлық есептік көрсеткіш; - еңбекке жарамсыз 6 немесе одан да көп жанұя мүшелері болған жағдайда 12 айлық есептік көрсеткіштің тең бөлімдері ретінде әрқайсына төленеді. Қос ата – анасынан айырылғанда (жетімдерге) жәрдемақы әр балаға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ал қалған еңбекке жарамсыз жанұя мүшелеріне 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады, бірақ барлық еңбекке жарамсыз мүшелерінің жәрдемақы көлемі 15 айлық есептік көрсеткішкөлемінен аспауы керек. Қызметтік міндетін өтеу немесе әскери қызметте жүрген кезінде алынған контузия, жарақат, ауру нәтижесінде қайтыс болған әскери қызметкерлер мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің жанұя мүшелеріне асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы әрбір жанұя мүшесіне 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде тағайындалады, бірақ барлығы 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінен аспауы керек. 4. Жас шамасы бойынша жәрдемақыларды тағайындау тәртібі. Жасы бойынша жәрдемақы азаматтарға зейнетақы жасына жеткен соң МЗТО, жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төленбесе немесе зейнетақы көлемі минималды мөлшерден төмен болған жағдайда тағайындалады. Зейнетақы жасына жеткен және міндетті зейнетақы жарнасын төлеген азаматтарға айлық жасы бойынша жәрдемақы заңмен орнатылған минималды зейнетақы көлеміне үстеме ретінде есептеледі жасы бойынша жәрдемақы төлеу республикалық бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылады. Егер алынатын зейнетақылық төлем көлемі белгіленген жәрдемақы көлемінен аз болса, онда жәрдемақы төлеу зейнетақыға жәрдемақы көлеміне дейін қосымша ретінде жүзеге асырылады. Жұмыс істейтін жәрдемақы алушыларға жәрдемақы толық көлемде төленеді. Мүгедекке зейнетақы тағайындалған кезде жәрдемақы төлеу тоқтатылады. Егер мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы мен жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы төлемдерінің қосындысы сәйкес мүгедектік категориясы үшін белгіленген мүгедектік бойынша жәрдемақының айлық көлемінен кем болса жәрдемақы төлеу орнатылған жәрдемақы көлеміне дейін зейнетақы төлемдеріне қосымша ретінде төленеді. 5. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртібі. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы - әлеуметтік қорғауды қажет ететіндерге жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай төлем. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мынадай мөлшерде төленеді: 1. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға - 15 айлық есептік көрсеткіш; 2. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне - 15 айлық есептік көрсеткіш; 3. жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға - 2,4 айлық есептік көрсеткіш; 4. жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлты Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға - 2,7 айлық есептік көрсеткіш; 5. Ұлты Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырған жесірлеріне - 2,7 айлық есептік көрсеткіш; 6. қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскери қызметшілердің отбасыларына; Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптары және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі және басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына - 2,8 айлық есептік көрсеткіш; 7. қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (ерлеріне) екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне (ерлеріне) 0,9 айлық есептік көрсеткіш; 8. Кеңес Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне - 9,0 айлық есептік көрсеткіш; 9. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға - 1,0 айлық есептік көрсеткiш, мемлекеттік наградалармен марапатталмаған, соғыс жылдарында 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемiнде алты ай жұмыс iстеген тыл еңбеккерлеріне - 1,0 айлық есептiк көрсеткіш; 10. 1988-1989 жылдары Чернобыль AЭC-сындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күнiнде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар қатарындағы адамдарға - 0,5 айлық есептік көрсеткiш; 11. біріншi және екiншi топтардағы мүгедектерге - 1,4 айлық есептік көрсеткіш; 12. үшiншi топтағы мүгедектерге - 0,6 айлық есептік көрсеткіш; 13. он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 0,9 айлық есептік көрсеткіш; 14. он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға: бірінші - екінші топтағыларға - 1,4 айлық есептік көрсеткiш; үшiншi топтағыларға - 0,6 айлық есептік көрсеткiш; 15. "Алтын алқамен", "Күміс алқамен" марапатталған көп балалы аналарға, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларына - 1,9 айлық есептік көрсеткіш; 16. жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғынсүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға - 1,0 айлық есептік көрсеткіш; 17. Қазақстан Республикасына ерекше сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға - 1,0 айлық көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады. 6. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, Астана және Алматы калаларында белгіленген кедейшілік шегінен төмен адамдарға (отбасыларына) мемлекеттік ақшалай нысанда берілетін төлем. Атаулы әлеуметтік = (Жан басына шаққандағы - Кедейшілік) * Адамдар көмек орташа табыс шегі саны Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, окуын немесе қайта окуын өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздар алты айға атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айрылады. Адам атаулы әлеуметтік көмек тағайындауы үшін өз атынан немесе отбасы атынан әлеуметтік жеке кодының нөмірін көрсетіп, тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға белгіленген үлгіде өтініш жолдайды. Отбасының құрамына: • толық мемлекеттік қамсыздандырудағы балалар; • интернат-үйлерде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедектер; • мерзімді әскери қызметтегі адамдар; • бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлі емдеудегі адамдар кірмейді. Атаулы әлеуметтік көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалып, ай сайын төленеді. Өтініш беруші мен алушы уәкілетті органның және оның қызметкерлерінің іс-әрекеттері мен шешімдеріне жоғары тұрған уәкілетті органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануға құқылы. Yй iргесiндегi телiмiнен, саяжай телiмiнен түсетiн табыс,сондай- ақ мал мен құс ұстаудан түсетiн табыс өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшiн есептеледi. Жер телiмiнен (жер үлесiнен) түсетiн табыс жылдық табысты төрт тоқсанға бөлу жолымен белгiленедi. Отбасының бір айдағы орташа жан басына шаққандағы табысы отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы құрамында есептелген мүшелерінің санынан және үш айға бөлу жолымен белгіленеді. 7. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі. Тұрғын үй жәрдемақысы - аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстау, коммуналдық қызметтердi тұтыну, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алу (жалдау) жөнiндегi шығындардың орнын толтыру үшiн берiлетiн өтем. Тұрғын үй жәрдемақысы азаматтардың жекелеген санаттары үшiн тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөнiндегi заңда белгiленген жеңiлдiктермен қатар халықты әлеуметтiк қорғау нысандарының бiрi болып табылады. Тұрғын үй жәрдемақысы сол аумақта тұрақты тұратын және тұрғын үйдiң иесi немесе тұрғын үйдi пайдаланушы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады. Тұрғын үй көмегінің мөлшері осы мақсаттарға берілген жанұяның шығындарының шектеулі денгейімен және компенсациялық шаралармен қамтамасыз етілген норма шегінде тұрғын үйді ұстағаны және комуналды қызмет көрсетулерді қолданғаны үшін меншік иесінің (жалға алушының) нақты төлемінің арасындағы айырмашылық ретінде келесі формуламен есептелінеді: П=МСПЖ-(t*д) Мұнда: П-тұрғын үй көмегінің мөлшері. МСПЖ-тұрғын үйге максималды әлеуметтік төлем. t – тұрғын үй төлеміне шығын нормативі. д - жанұяның табыс жиынтығы. Тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтердi тұтынуға ақы төлеуге арналған жол беруге болатын шектi шығындар үлесi Шығыс Қазақстан облысы маслихатының шешімімен отбасының жиынтық табысының 25 процентi мөлшерiнде белгiленген. Белгiленген нормадан жоғары тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтерiн тұтыну үшiн ақы төлеу жалпы негiздерде жүргiзiледi. Барлық коммуналды қызмет көрсетулерге тарифтер және олардың өзгеруі қызмет ұсынушылармен беріледі. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормасы тұрғын үй заңымен белгiленген отбасының әр мүшесiне тұрғын үй беру нормасымен баламды. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметтерi есепке қабылдайтын тұрғын үйдi ұстауға арналған шығыстардың мөлшерi мен коммуналдық қызметтердi (сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқыстарды әкету және лифтiлерге қызмет көрсету) тұтынудың нормативтерiн облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi белгiлейдi. Жанұяның нақты шығыны әлеуметтік нормалар шегінде есептелінеді. 1.Компенсациялық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй аумағының нормасы: 1.1 Көп қабатты үйлер үшін. -жалғыз басты азаматтарға-30 ш.м. -2 адамнан тұратын жанұяларға -38 ш.м -басқа жанұяларға - әрбір адамға 18 ш.м 1.2 Жеке меншік үйлер үшін. -жалғыз басты азаматтарға-30 ш.м -2 адамнан тұратын жанұяларға -45 ш.м -3 адамнан тұратын жанұяларға -60 ш.м -4 адамнан және одан да көп адамнан тұратын-100 ш.м 2.Комуналдық қызмет көрсетулерді тұтыну нормативтері: -суық су құбырлары-1тұрғынға күніне 145 л. -ыстық су құбырлары-1тұрғынға күніне 105 л. -канализацияға суды төгу -1тұрғынға күніне 250 л. -жылу - нақты көлемнің 1 шаршы метріне. -тұрғын үйді ұстауға арналған эксплуатациялық шығындар – нақты көлемнің 1 шаршы метіріне есептеледі, бірақ бекітілген нормативтен жоғары емес. -құрғақ қоқыс шығару - көп қабатты үйлер үшін 1 тұрғынға жылына 1,33 м3, жеке сектор үшін - бір тұрғынға 1,98 м3. -газ - нақтылы тұтыну бойынша,бірақ газ плитамен және орталық су құбырларымен қамтамасыз етілген үйлерде бір тұрғынға 4,8 кг-нан және ыстық су құбырларының болмаған кезінде бір тұрғынға айына 8,2 кг-нан аспау керек . 3. Электроэнергия шығындарының нормасы: -бір тұрғынға ай сайын-45 квт/сағат. -екі тұрғынға-90 квт/сағат. -үш тұрғынға-135 квт/сағат. -төрт тұрғынға-180 квт/сағат. -бес және одан жоғары - 225 квт/сағат. 8. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау Туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылардың: 1) бала туғанда берілетін жәрдемақы - 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі; 2) бала күтімі жөніндегі жәрдемақы - 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. 3) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда, балаларға арналған жәрдемақы алуға құқығы бар -2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі . Балаларға арналған жәрдемақы алу құқығы тоқсан сайын табысы туралы анықтаманы ұсыну арқылы расталып отырады. 1) Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады. Екi және одан да көп бала туған кезде бала туғанда берiлетiн жәрдемақы әр балаға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады және төленедi. 2) Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы бала туған күннен бастап ол бiр жасқа толғанға дейiн тағайындалады. Бiр жасқа толмаған екi және одан да көп балаға күтімдi жүзеге асырған жағдайда бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi. Бала күтімі жөніндегі жәрдемақы: бірінші балаға - 3 айлық есептік көрсеткіш; екінші балаға - 3,5 айлық есептік көрсеткіш; үшінші балаға - 4 айлық есептік көрсеткіш; төртінші және одан кейінгі балаларға - 4,5 айлық есептік көрсеткіш. 3) Балаларға арналған жәрдемақы отбасының асырауындағы он сегiз жасқа дейiнгi әр балаға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады. Балаларға арналған жәрдемақы отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы ескерiле отырып ағымдағы тоқсанға тағайындалады және өтінiш берген айдан бастап ай сайын төленедi. 9. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақыны тағайындау тәртібі. Казақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген тәртіппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылуы құқығын пайдаланады. Зейнетақы дегеніміз белгілі уақыт бойы ынтымақтастық не жинақтаушы зейнетақы жүйесіне жарналар ретінде аудару арқылы жинақталған акша. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдері азаматтардың мынадай санаттарына: 1) 1998 жылғы 1-ші қантарға дейін зейнетақы алатындарына; 2) зейнеткерлік жасына жеткен және 1998 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек стажы бар адамдарға еңбек стажына пропорционалды мөлшерде төленеді. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдері. Төтенше және барынша радиациялық қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл тұрған азаматтар «Семей ядролық сынақ полигогонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес: еркектерге ─ жалпы жұмыс стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде; әйелдерге - жалпы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайндалуына құқылы. Ауылдық жерде тұратын, 5 және оданда көп бала тауып оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы алуы құқылы, аталған зейнетақы жасы 1998 жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады,бірақ тұтас алғанда 3 жылдан аспауға тиіс. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде азаматтардың мынадай санаттарына: 1)еркектерге 63 жасқа толғанда 25 жыл еңбек стажы болғанда; 2)әйелдерге58 жасқа толғанда 20 жыл еңбек стажы болғанда тағайындалады. Толық емес көлеміндегі жасына байланысты зейнетақы төлемдері осы баптын бірінші болігінде аталған азаматтар санаттарына олардын 1998 жылғы 1 қантарда нақты еңбек стажының болуына қарай зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан толық көлемде зейнетақы толемдерін алу құқығы болмаған жағдайда тағайындалады. Толық емес жасына байланысты зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіп пен толық зейнетақыдан 1998 жылға 1 қандарда болған стажына пропорциялы үлес ретінде есептеледе. Зейнеткерлік жасына жеткен және өзі зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі қалған мерзімнің кемінде төрттен үшіне тең кезен ішінде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеген азаматтарға, егер зейнетақы мөлшері заң актілермен белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болса, тиісті қосымша төлемдер түрінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы беріледі. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленген зейнетақы төлемдерін индекстеу тұтыну бағасының индексімен өлшеген инфляциялық шығындарды өтеу мақсатымен Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіп бойынша жүргізіледі. Мемлекетке еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы бар және осы құқығын зейнетақы тағайындайтын және немесе оны төлеуді жүзеге асыратын органдарда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепелдік береді, бұл жағдайда оларға қызметтен кеткеннен кейін төлене бастайтын зейнетақы белгіленеді. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы толық көлемінде есептеу белгіленетін орташа айлық кірістің 60 проценті есебімен жүргізіледі. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есптеу жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарына кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы 1 қантардан бастап жүзеге асырылады. 1998 жылғы 1 қантарға дейін қажетті еңбек, стажынан тыс жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 процентке өсіріледі, бірақ ол зейнетақыны есептеу ескерілетін табыстың 75 процетінен аспауға тиіс. 10. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру тәртібі. Зейнетақы жарналарын төлеуді тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңдар белгіленетін ставкалар бойынша, оларды азайту принципін негізге ала отырып, Орталыққа занды тұлға құрмастан кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалар міндетті. Зейнетақы жарналарының ставкісі бойынша жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістің 10 проценті мөлшерде, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен, бірақ заң актісінде белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің он процентінен кем емес мөлшерде жинақтаушы зейнетақы қорларына жеке тұлғалар жүзеге асырады. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуы: 1) жинақтаушы зейнетақы қорларың зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау; 2) жинақтаушы зейнеткерлік активтерді басқару жөніндегі компанияның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметін лицензиялау; 3) зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар үшін қызметтің пруденциалдық нормативтерін белгілеу; 4) жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың құрылтайшыларына, басшы қызметкерлері мен мамандарына, сондай-ақ олардың жарғылық капиталының мөлшері мен құрамына қойылатын талаптарды белгілеу; 5) қорлардың акша қаражатын тек уәкілетті кастодиан-банкте ғана сақтау талабын белгілеу; 6) зейнетақы активтерін бір-бірімен және кастодин-банкпен аффилиирленбеген кемінде үш банктің депозитіне орналастыру; 7) жинақтаушы зейнетақы қорларының өз қаражаты мен зейнетақы активтерінің бөлек есебін жүргізу, сондай-ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау орнату; 8) мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі міндеттерін зейнетақы активтерін басқару жөніндегі мекемелерге беру; 9) бағалы кағаздар рыногын реттеу жөніндегі уәкілетті органның зейнетақы активтерін басқару жөніндегі мекемелерге диверсификация және зейнетақы активтерін орналастыру кезінде тәуекелді азайту жөнінде талаптар белгілеуі; 10) жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияларға төленетін комиссиялық сыйақы мөлшеріне шектеулер енгізу; 11) жинақтаушы зейнетақы қорларының жылдық қаржы есептеріне аудиторлық тексеру жүргізудің міндеттілігі; 12) жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың тиісті мемлекеттік органдар алдында заңдарда белгіленген тәртіппен ұлайы қаржылық және статистикалық есеп беріп отыруы; 13) алушыға өзінің жинақталған зеинетақы қаражатын жинақтушы зейнетақы қорынан екіншіге ауыстыру мүмкіндігін беру, бірақ ол жылына екі реттен аспауы керек; 14) жинақталған зейнетақы қаражат алушының тандауы бойынша толық көлемде немесе ішінара сақтандыру арқылы қамтасыз етіледі. Ерікті зейнетақы жарналарын жеке және заңды тұлғалар мемлекетік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы шартына сәйкес төлейді. Орталыққа және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарың мерзімінде төленбеген нақты төленіп, кіріс алынған жағдайда, Орталықа және тиісті жинақтаушы зейнетақы қорына кешеуілдеткен әр күн (соның ішінде төлеу күні) үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен осы сомалардың төленген күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгіленген қайта қаржыландырудың 1,2 есе ставкісі мөлшерінде өсім есептеле отырып өндіріліп алуға тиіс. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шоттарында жинақтаған зейнетақы қаражаты бар алушыларға алушының жеке басын куәландыратын құжаты бойынша төленеді. Жинақтаушы зейнетақы қорларына еңгізілген міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері, егер алушы 55 жасқа толған кезде еңбек қызметін тоқтатып, оны жүргізбесе, кем дегенде 35 жыл жарна төлеген мерзімі жеткіліктігін белгілеген жағдайда жүзеге асырылады. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына енгізілген ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы төлемдерін төлеу мынадай жағдайларда: 1) кемінде 10 жыл кезеңге ерікті зейнетақы жарналары жинақталғанда және 55 жасқа толғанда, тізбесін Үкімет белгілейтін азаматтардың белгілі бір санаттары үшін бұл жас 50 жасқа дейін кемітілуі мүмкін; 2) мүгедектікке ұшырағанда және Заңмен белгіленген жағдайлар туғанда жүзеге асырылады. Мемлекеттік жинақтау қорындағы зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекет кепілдік береді. 11. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлері, принциптері 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің басты мақсаты - әлеуметтік қатерлердің, атап айтқанда еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан және жұмысынан айырылу қатерлерінің туындауы нәтижесінде жоғалған табыстың бөлігін өтеу. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру - еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты кiрiстiң бiр бөлiгiн өтеу үшiн мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепiлдiк беретiн шаралар жиынтығы. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi: 1) еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдай; 2) асыраушысынан айрылған жағдай; 3) жұмысынан айрылған жағдай. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын сақтау мен орындаудың жалпыға бiрдейлiгi; 2) әлеуметтiк төлемдердi қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларға мемлекеттiң кепiлдiк беруi; 3) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың мiндеттiлiгi; 4) әлеуметтiк аударымдарды әлеуметтiк төлемдерге пайдалану; 5) әлеуметтiк төлемдердiң мiндеттiлiгi; 6) әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн саралау; 7) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың қызметiндегi жариялылық. Мемлекет азаматтарға әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына кепiлдiк бередi. Тақырып 10. Қорғаныс пен басқаруға арналған бюджет шығыстары. Қорғанысқа арналған бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымы. Қорғанысқа арналған бюджет шығыстарын жоспарлаудың ерекшеліктері. Төтенше жағдайларды ұйымдастыру жұмыстары бойынша және әскери қажеттіліктер үшін бюджет шығыстары. Қорғаныс шығыстарын жоспарлау. Осы мақсатқа бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуын бақылау. «Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік» функционалдық тобы бойынша бюджет шығыстарының құрылымы мен құрамы. Мемлекеттің құқық қорғау, құқықтық, соттық қызметтерін қаржыландыру. Бюджеттің табыстылығы мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған шығыстары. Мемлекеттік қарулы күштер құрылымы мен сот жүйесін қайта құрудың негізгі бағыттары. Әскери реформаның негізгі бағыттары. Тақырып 11. Бюджеттің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығына арналған шығыстары. Бюджет шығыстарының тұрғын үй шаруашылығына, коммуналдық шаруашылығына, сумен қамтамасыз етуге, санитарлық қызметтер жүргізуге, қала көшелерін жарықтандыруға, қалалар мен тұрғындарға құрылыс салалардың орташа құрамы мен құрылымы. Мемлекеттік жаңа тұрғын үй саясаты, тұрғын үй заң нормасы. Тұрғын үй құрылысы. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығына жергілікті бюджеттен жұмсалатын шығыстардың құрылуының ерекшеліктері. Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылыққа байланысты жүргізілетін реформалары, негізгі бағыттары мен принциптері. Тақырып 12. Бюджет процесін ұйымдастырудың негізі Республикалық бюджетті құру, қарау және бекіту. Жергілікті бюджетті құру, қарау және бекіту. Бюджет процесін ұйымдастырудың негізі. Бюджетті болжау мен жоспарлаудың міндеттері мен рөлі. Брутто-бюджет және нетто-бюджет. Бюджет процесінің кезеңдері. Бюджет шығыстары мен кірістерінің тепе- теңдігі. Бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша бюджеттің атқарылу тіртібін ұйымдастыру. 1. Бюджетті жоспарлау принциптері. Бюджетті жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсімдерінің көлемін және басымдыкты ескере отырып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыт- тарын айқындау жөніндегі үсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады. Бюджетті жоспарлау принциптері: 1) сабақтастық принципі - бюджетті алдыңғы кезеңде негізге алынған орта мерзімді фискалдық саясат бағыттарын сақтап, өткен және ағымдағы қаржы жылдары бюджетінің атқарылу нәтижелерін ескере отырып жоспарлау; 2) басымдық принципі - бюджетті алдағы орта мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалык дамудың басым бағыттарын сақтай отырып жоспарлау; 3) негізділік принципі - бюджетті нормативтік құқыктық актілер және бюджет жобасына белгілі бір түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін айқындайтын басқа да құжаттар негізінде жоспарлау және олардың көлемдерінің негізділігі бюджетті жоспарлаудың негізгі принциптері болып табылады. Орта мерзімді фискалдық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған салык-бюджет саясатын, соның ішінде: мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің болжамдық көрсеткіштерін; бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын; республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын іске асырудың тәсілдерін; бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын; мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты; ықтимал фискалдық тәуекелдерді айқындайтын құжат болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатын Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін бекітеді және ол міндетті түрде жариялануға жатады. Жергілікті атқарушы органның алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатын жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін бекітеді және ол міндетті түрде жариялануға жатады. 2. Республикалық бюджетті жасау, бекіту тәртібі Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджеттік комиссия қабылдаған шешімдердің негізінде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұскасын жасап, оны Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді. Алдағы қаржы жылына арналған республикалык бюджет жобасының түпкілікті нұскасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 тамызынан кешіктірілмей аяқталады. Алдағы қаржы жылына арналған республикалык бюджет туралы заңның жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы жылдың 15 тамызынан кешіктірмей Қазакстан Республикасының Үкіметіне карауға табыс етеді. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізеді. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі оқылымда және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі. Қазақстан Республикасының Парламенті ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құкылы, ол республикалық бюджетті Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткенге дейін қолданылады. Алдағы қаржы жылының бірінші токсапыпа арналған республикалык қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоксанынан кешіктірілмей алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасыиың төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі. Кезекті каржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар бекітілген жағдайда, осы қаржы жылыпа арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс. Жергілікті бюджетті жасау тәртібі. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын облыстық, республикалык маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді. Алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар кала) бюджетінің жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді. Жергілікті атқарушы орган алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасын бір мезгілде мынадай құжаттарды және материалдарды: 1) өлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарын; 2) үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдык саясатты; 3) жергілікті бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын; 4) жергілікті бюджеттің түсімдері бойынша негіздемелер мен болжамдық есептерді; 5) алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет жобасында негізге алынған шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны табыс етеді. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті Қазақстан Республикасының Президенті тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей бекітіледі. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) алдағы қаржы жылына арналған бюджеті тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешіміне кол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей бекітіледі. Мәслихат белгіленген мерзімде алдағы каржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімді қабылдамаған жағдайда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті аткарушы органы алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы шешім шығаруға құқылы, ол жергілікті бюджетті мәслихат бекіткенге дейін қолданылады. Алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет жобасының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі. Кезекті қаржы жылының бірінші токсанына арналған жергілікті қаржы жоспары бекітілген жағдайда осы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс. Облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары аудандық (калалық) мәслихаттар аудандар- дың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін бекіту туралы шешім кабылдағаннан кейін бір апта мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орта- лық уәкілетті органға және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде жинакталған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламалардың тізбесін табыс етеді. Мәслихаттардың алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы қабылдаған шешімдері қосымшаларымен және жергілікті атқарушы органдардың алдағы каржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы шешімдері қосымшаларымен бұкаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Өкілді органдар бюджет жобасын караған кезде мынадай припциптерді: 1) негізділік принципін; 2) бюджеттің теңдестірімділігін сақтау принципін ұстанады. Негізділік принципі депутаттардың бюджет жобасына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы кез келген ұсыныстары, негізделіп жасалған есептерді оларға қоса тіркей отырып, осы түзетулерді енгізудің қажеттігін, олардың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестігін жазбаша баяндаумен қатар жүруге тиіс екендігін білдіреді. Бюджеттің теңдестірімділігін сақтау принципі депутаттар бюджет жоба- сына кез келген өзгеріс пен толықтыру енгізген кезде бюджет тапшылығының мөлшерін бюджет жобасында белгіленген деңгейден асырмай сақтау үшін қосымша түсімдердің нақты көздері не қысқартылатын шығыстар айқында- луға тиіс екендігін білдіреді. Жергілікті бюджет жобасы тиісті мәслихаттың тұракты комиссияларында қаралады. Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерінің арасынан жұмыс топтарын құрады. Жұмыс топтарыпа жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тартылуы мүмкін. Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарының пікірлерін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есептермен қоса жергілікті бюджет жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасайды және оларды тиісті мәслихат белгілеген бас тұрақты комиссияға жібереді. Бас тұрақты комиссия тұракты комиссиялардан түскен ұсыныстардың жинақтамасын жасап, оны мәслихаттың сессиясына шығарады. Бұл ретте жинақтамаға тиісті негіздемелері мен есептері бар ұсыныстар ғана енгізіледі. Тиісті мәслихаттың сессиясында жергілікті бгоджеттің жобасын талқылау тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік өкімінің немесе жергілікті атқарушы орган уөкілеттік берген адамның (адамдардың) тиісті, өкімшілік-аумактық бірліктің орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасы бойыішіа баяндамаларын, сондай-ақ мөслихат уәкілеттік берген адамдардың жергілікті бюджеттің жобасы бойынша қорытындысымен қоса баяндамаларын қамтиды. Мәслихат сессияда алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының сөздерін тыңдауға құқылы. Тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту мәслихаттың шешімін қабылдау арқылы жүзеге асырылады. Тақырып 13. Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру. Бюджеттің атқарылуы бойынша қаржылық процедуралар. Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуын ұйымдастыру. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті құру және бекіту. Бюджет көрсеткіштеріне экономикалық талдау. Тақырып 14. Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың рөлі. Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың рөлі. Қазынашылықтың функциясы мен міндеттері. Қазынашылық бюджет атқарылуының негізгі принциптері. «Касса бірлігі» принципінің мазмұны. Бюджет шығыстары және кірістерінің жазбаларының түсінігі, кепілді қаржылық міндеттемелердің лимиті. Қазынашылық бюджет атқарылуының негізгі процедурасы мен технологиясы. Қазынашылық бюджеттің атқарылуындағы қаржылық және банктік құрылымдардың өзара әрекеті. Республикалық бюджеттің кассалық атқарылуы. Мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырылатын мекемелердің есеп-кассалық қызмет етуі. Касса қалдықтарының бекітілген лимиті және қолма-қол ақша қаражаттарының қозғалысын бақылау. Қазынашылық рұқсаттың берілуі тәртібі. Кірістерді бір қазынашылық шотқа апару тәртібі. Қазынашылық бюджеттің атқарылуындағы телекоммуникациялық компьютерлік жүйе. Қазынашлықты модернизациялау және оның негізгі элементтері. Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады. Бюджеттің атқарылуы кассалық негізде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттердің атқарылуын қамтамасыз етеді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Бюджеттің атқарылу принциптері: 1. Бюджет қаражатын нысаналы пайдалану принципі - бюджеттік бағдарламалардың паспорттарымен, мемлекеттік мекемелердің азаматтық- қүқықтық мәмілелерімен, нормативтік құқыктық актілермен айқындалып, бюджеттік бағдарламалар соларға сәйкес жүзеге асырылатын іс-шараларға бюджет қаражатын пайдалану. 2. Уақтылылық принципі - бюджет түсімдерін есепке алу және бюджет каражатын белгіленген мерзімдерде пайдалану. 3. Бюджеттің бірқалыпты атқарылу прннципі - қаржы жылының аяғына қарай төлемдер көлемінің жинақталып қалуына жол бермеу мақсатында бюджет қаражатын қаржы жылы ішінде бірқалыпты бөлу. 4. Кассаның бірынғайлык принципі - түсімдердің барлығын бірыңғай қазынашылық шотқа есепке алу және көзделген шығыстардың барлығын бірыңгай қазынашылық шоттан ұлттык валютамен жүзеге асыру. Бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттері кассаның бірыңғайлығы принципі негізінде атқарылады. Бірыңғай қазынашылық шот - аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебіп жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылатын шот. Бірыңғай қазынашылык шот қолма-кол ақшалы бақылау шоттарындағы қаражат қалдықтарын, мемлекеттік мекемелер шоттарын және басқа да шоттарды қамтиды. Қолма-қол ақшаны бақылау шоты бюджеттің тиісті деңгейінен түскен түсімдер мен төленген төлемдер бойынша операцияларды есепке алуға арналған. Мемлекеттік мекеменің шоттары бюджеттік шығыстар мен Қазакстан Республикасының заң актілерінде рұқсат етілген өзге де қаражатты есепке алуға арналған. Шетел валютасымен түсетін түсімдер бойынша бюджеттік операцияларды жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде шетел валюталарының түрлері бойынша банк шотын ашады. Бюджет қаражатын банк шоттарында орналастыруға жол берілмейді. Мемлекеттік органдарды коспағанда, мемлекеттік мекемелер республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен және Бюджеттік кодексте көзделген жағдайларда өзге де қаражат есебінен қаржыландырылады. Ішкі істер органдарын қоспағанда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді республикалық бюджеттен қаржыландыруға жол берілмейді. Ішкі істер органдарын қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржылан-дырылатын мемлекеттік мекемелерді жергілікті бюджеттен каржыландыруға жол берілмейді. Мемлекеттік мекемені екі және одан да көп жергілікті бюджеттен каржы- ландыруға жол берілмейді. Бір мемлекеттік мекемен баска мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспары есебінен қаржыландыруға жол берілмейді. Мемлекеттік органдар тек қана республикалық немесе тиісті жергілікті бюджеттер каражаты есебінен қаржыландырылады. Мемлекеттік мекемелерге Бюджеттік кодекстің катысты ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Қазакстан Республикасы Үлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды. Мемлекеттік мекемелердің мынадай шоттары болуы мүмкін: 1. бюджеттік шот - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу үшін ашылатын шот; 2. тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны есепке алуға арналған шот - мемлекеттік мекемелердің иелігінде калатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін кызметтерді) өткізуден алынатын, ақша түсімдері мен жұмсалуын есепке алу үшін ашылатын шот; 3. демеушілік және қайырымдылык көмек шоты - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес заңды және жеке тұғалардан кайырымдылық және демеушілік көмек ретінде алынатын, ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де түсетін ақша түсімі мен жұмсалуын есепке алу үшін ашылатын шот; 4. депозиттік шот - ұлттық және шетел валютасымен мемлекеттік мекеменің уақытша иелігіне түсетін және белгілі бір жағдайлар орын алған ретте, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге мақсаттарға жұмсау құқығынсыз, оны аударушы тұлғаларға қайтарылуға немесе бюджетке не үшінші тұлғаларға аударылуға жататын ақшаны есепке алу үшін ашылатын шот; 5. бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шоты - үкіметтік сыртқы қарыздың немесе гранттың аванстық төлемдері арқылы жаңартылатын халықаралық қарыз шартында немесе грант туралы келісімде айтылған шетел валютасындағы шот. Арнайы шотты бюджеттік бағдарлама әкімшісі үкіметтік сыртқы карыздың немесе гранттың есебінен халықаралық қарыз шартына не грант туралы келісімге сәйкес тауарлар (жүмыстар, көрсетілетін қызметтер) сатып алуға және бюджеттік имвестициялық жобаға немесе бағдарламаға әкімшілік етуге шығарылған шығыстар үлесінің орнын толтыру үшін ашады; 6. бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шотына үлттық валютамен төлемдерді жүзеге асыру үшін ашылған шот; 7. бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылатын шоты – үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен берілген кредит бойынша негізгі борышты өтеу шотына қарыз алушылар қайтаратын ақшаны есепке алу және пайдалану үшін бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде бюджетті аткару жөніндегі орталық атқарушы органға ашылатын шот; 8. шетел валютасымен операциялар жүргізуге арпалған шетел валютасындағы шот; 9. нысаналы қаржыландыру шоты - ерекше шығыстар жасауға ақшаны есепке алу және жұмсау үшін республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемеге ашылатын шот. Мемлекеттік мекемелердің шоттары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ғана ашылады. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгіленген тәртіппен шоттар екінші денгейдегі банктерде ашылуы мүмкін. Тақырып 15. Бюджеттік бақылауды ұйымдастыру Бюджеттік бақылаудың мазмұны, мәні мен міндеттері. Бюджетті бақылаудың жіктелуі. Оның жүргізудің формалары мен әдістері. Ревизия – бюджеттік бақылаудың басты формасы ретінде. Бюджеттік бақылау органдары. 20. Мемлекеттік қаржылык бақылаудың үлгілері, түрлері. Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) - мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің бюджеттердің атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептілік жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет қепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану бөлігіндегі қызметінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігін тексеру. Мемлекеттік қаржылык бақылау мынадай үлгілерге бөлінеді: 1) сәйкестікке бақылау жасау - мемлекеттік қаржылык бақылау объектісі қызметіңің Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігін бағалау; 2) қаржылық есептілікті бақылау - мемлекеттік каржылық бақылау объектісінің каржылық есептілікті жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақтылығын бағалау; 3) тиімділікті бақылау - мемлекеттік қаржылык бақылау объектісінің республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаттарын, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен ақшаны үнемділікпен, нәтижелілікпен және өнімділікпен пайдалануын тексеру мен бағалау. Мемлекеттік каржылык бақылау түрлері: 1. кешенді бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінін накты кезеңдегі қызметін жаппай әдіспен тексеру және бағалау; 2. такырыптық бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдіспен тексеру және бағалау; 3. үстеме бақылау - мемлекеттік қаржылық бакылау объектісіне қатысты ақпарат алу қажеттігіне байланысты үшінші тұлғаларды бақылау, ол операциялардың бірдейлігіне қарай бір-бірімен өзара байланысты құжаттарды салыстырып қарауды білдіреді. Мемлекеттік қаржылык бақылауды жүргізу құпиялылык режимін қамтамасыз ету ескеріле отырып, келесі принциптер бойынша жүзеге асырылады: 1) тәуелсіздік; 2) объективтілік; 3) аныктық; 4) ашықтық; 5) құзыреттілік; 6) жариялылық. Тәуелсіздік принципі - мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының, ішкі бақылау қызметтерінің және олардың қызметкерлері мен мүшелерінің тәуелсіздігіне, бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде олардың жүргізіп жатқан бақылау іс-шарасының тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін кез келген араласушылыққа жол бермеу. Бақылаудың объективтілік принципі - бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына катаң сәйкестілікпен жүргізу, мүдделер қақтығысына жол бермеу, бақылау нәтижелері бойынша анықталған және құжаттармен расталған фактілер негізінде ғана шешімдер қабылдау. Бақылау нәтижелерінің анықтық принципі - бақылау нәтижелерін бухгалтерлік, банктік құжаттармен және мемлекеттік қаржылык бақылау объектісінің өзге де құжаттарымен растау. Бақылаудың ашықтық принципі - бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мәслихаттарға есеп беретіндігі. Құзыреттілік принципі - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, ішкі бақылау кызметтері қызметкерлерінің, мәслихаттардың тексеру комиссиялары мүшелерінің бақылауды сапалы жүзеге асыруы үшін кажетті кәсіби білімдер мен дағдылардың жиынтығы. Жариялылық принципі - құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, бақылау нәтижелерін жариялау. Сырткы бақылау - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау;. Ішкі бақылау - ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган және ішкі бақылау қызметтері жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау. 2. Тәжірибелік сабақтар – оқу жұмысының бір формасы болып табылады, ол студенттердің дербестігін, іскерлігін және дағдысын дамыту үшін бағытталған. Тақырып 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және мағынасы Сабақтың мақсаты: экономикалық мәнін ашу, қажеттілігі, мемлекеттік бюджеттің табиғатын; бюджеттік саясат пен бюджеттік механизмнің ролі Сабақтың мазмұны: 1. Бюджеттің қызмет етуінің экономикалық және ұйымдастырушылық формалары. 2. Бюджет – мемлекеттің қаржылық жоспары ретінде. 3. Мемлекеттік бюджеттің функциилары, олардың қызмет жасау шекарасы, ерекшеліктері. 4. Бюджеттік қор. Бақылау жұмыстарының сұрақтары: 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні. 2. Мемлекет қолындағы бюджет қаражаттарын орталықтандырудың қажеттілігі. 3. Бюджетті тағайындаудың маңыздылығы. 4. Қоғамдық тағайындаудағы ерекше категория ретіндегі бюджетке тән белгілер. Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу. Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8 Тақырып 2. Бюджет жүйесі. Сабақтың мақсаты: бюджет жүйесінің негізгі түсініктерін оқу, оның ерекшеліктерін, құрылу принциптерін. Сабақтың мазмұны: 1. Бюджеттің құрылымы. 2. Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік трансферттер. 3. Бюджеттің құрылысы. 4. Бюджеттік құқық. 5. Бюджеттік қатынастарды реттеудегі мемлекеттік билік органдары мен жергілікті және атқарушы органдардың құзыреті Бақылау жұмыстарының сұрақтары: 1. Бюджеттік жүйенің экономикалық мазмұны және оның қызмет етуі. 2. Бюджеттік қатынас және бюджетаралық байланыс. 3. ҚР бюджет жүйесінің қызмет ету принциптері. 4. Унитарлы және федералды мемлекеттердің бюджет жүйесінің ерекшеліктері. Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу. Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8 Тақырып 3. Бюджеттік жіктелу Сабақтың мақсаты: ҚР бюджеттік жіктелуімен танысу. Сабақтың мазмұны: 1. Бюджеттік жіктелудегі шығындар ерекшелігінің мәні және экономикалық мазмұны. 2. Бюджет шығндарының экономикалық жіктелу ерекшелігінің құрылысы. 3. Бюджет тапшылығын қаржыландыруды жіктеудің қайнаркөзі. Бақылау жұмыстарының сұрақтары: 1. Бюджеттік жіктеудің ролі мен мәні, оның құрылымы. 2. Бюджеттік жіктеудің жалпы принциптері. 3. Бюджеттік жіктеудің өзгеруі, жаңа бюджеттік жіктеуді құрудың принциптері. 4. Бюджет түсімдерін жіктеу. 5. Бюджет шығыстарын функционалдық жіктеу. 6. Бюджет шығыстарын экономикалық жіктеу. Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу. Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8 Тақырып 4. Бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұны Сабақтың мақсаты: мемлекеттік бюджет түсімдерінің мазмұнымен танысу, мемлекеттік бюджет түсімдерін қалыптастырудың негізгі бағыттарымен танысу. Сабақтың мазмұны: 1. Қазақстан Республикасының салықтары, алымдары және төлемдері туралы жалпы түсінік. 2. Ресми трасферттер. 3. Бюджетке түсетін кірістердің негізгі қайнаркөзі ретіндегі – алынған несиелерді алдын-ала қайтару. Бақылау жұмыстарының сұрақтары: 1. Бюджет түсімдері және олардың қайнаркөздері. 2. Бюджеттің салықтық және салықтық емес түсімдерінің бейнеленуі. 3. Республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамындағы олардың алатын ролі мен мәні. 4. Қазақстан Республикасының салық жүйесі. Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу. Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8 Тақырып 5. Бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерді болжау. Сабақтың мақсаты: Германияның мемлекеттік қаржысын ұйымдастырудың ерекшеліктерін үйрену. Сабақтың мазмұны: 1. Меншікке салынатын салық, салық салынатын базаны анықтау. 2. Экономиканың жеке секторлары бойынша қосылған құнға салынатын салықты есептеудің ерекшеліктері. Табиғи ресурстар үшін төленетін түсімдер. 3. Әлеуметтік салық бойынша контингенттерді есептеудің әдістемесі. 4. Халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салықтар, оларды есептеудің тәртібі мен ерекшеліктері. 5. Жергілікті бюджеттердің кірістік базасын нығайт мәселелері және салықтық реформа. 6. Кәсіпкерлік қызметтен түсетін түсімдер, кәсіпкерлік қызметтен түсетін түсімдердің жоспарын қалыптастыру. 7. Айып пұлдар мен санкциялар бойынша түсімдер. Бақылау жұмыстарының сұрақтары: 1. Табысқа салынатын салықты жобалау әдістері мен тәсілдері. 2. Тауарлар, жұмыс және қызмет ішкі салықтар (ҚҚС, акциз) бойынша түсімдерді болжаудың қалыптастырылуы. 3. Мемлекеттік баж, ставкасын анықтау әдісі, есептеу механизмі. 4. Салықтық реформалар, олардың мазмұны мен мәні. 5. Әкімшілік алымдар мен төлемдер бойынша, коммерциялық емес және соған сәйкес сатулардан түсетін түсімдер бойынша және басқа да салықтық емес түсімдерді есептеудің ерекшелігі, Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу. Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8 Тақырып 6. Мемлекеттік бюджеттің шығыстар жүйесі. Сабақтың мақсаты: ҚР мемлекеттік бюджеттің шығыстарын қаржыландыру жүйесімен танысу. Сабақтың мазмұны: 1. Бюджеттің түрлері бойынша шығыстарды қалыптастырудың ерекшеліктері. 2. Шығыстарды қаржыландырудың сметалық тәртібі. 3. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің шығыстарының сметасын қалыптастыру , бекіту және оларға өзгеріс енгізудің ережесі. 4. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі. 5. Бюджеттік шығыстарды реструктуризациилаудың негізгі бағыттары. Бақылау жұмыстарының сұрақтары: 1. Мемлекеттік бюджет шығыстарының экономикалық мәні. 2. Бюджет шығыстарының жүйесі және жіктелуі. 3. Бірдей стандартты шоттар жоспары, оның мәні мен қолданылуы. 4. Екінші деңгейдің құрама сметасы. Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу. Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8 Тақырып 7. Білім беруге арналған бюджет шығыстары. Сабақтың мақсаты: Білім беруге арналған бюджет шығыстарын қаржыландырудың ерекшеліктерімен танысу. Сабақтың мазмұны: 1. «Қазақстан Республикасының білім беру туралы» Заңы. 2. Білім беру мекемелерінің типтері мен түрлері: бастапқы және орта білім беру; кәсіби техникалық білім беру; орташа арнайы білім беру; жоғары білім беру. 3. Олардың қаржыландырудың қайнаркөздері. 4. Кадрларды кәсіптік даярлау. Бақылау жұмыстарының сұрақтары: 1. Білім беруге арналған бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымы. 2. Жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа қадамы. 3. Білім беру мекемелерін ұстауға байланысты бюджет ақшасының есептік көрсеткіштері мен жоспарлау тәртібі. 4. Бюджеттен білім беруге бөлінген қаржының жұмсалуын бақылау. Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу. Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8 Тақырып 8.Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары. Сабақтың мақсаты: Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстарын қаржыландырудың ерекшеліктерімен танысу және қаржыландырудың тәртібі мен әдіс, тәсілдерін білу. Сабақтың мазмұны: 1. Кең ауқымдағы аураханалар мен поликлиникаларды қаржыландыру, халықтың денсаулығын сақтауға арналған шығыстар. 2. Емдеу мекемелерінде құралдарды пайдалану мен құрудың жаңа әдістері. 3. Мамандандырылған медициналық жәрдем көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру ерекшеліктері. 4. Бюджеттен денсаулық сақтауға бөлінетін қаражаттарды пайдалануға бақылау жасау. Бақылау жұмысының сұрақтары: 1. Денсаулық сақтауға арналған шығыстардың құрамы мен құрылымы. 2. Медициналық мекемелердің қызметін қаржыландыру және жоспарлау. 3. Денсаулық сақтауға арналған шығыстарды қаржыландыру көздері. Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу. Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8 Тақырып 9.Тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмекке арналған бюджет шығыстары. Сабақтың мақсаты: Тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмекке арналған бюджет шығыстарын қаржыландырудың ерекшеліктерімен танысу. Сабақтың мазмұны: 1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (мүгедікке байланысты, жасы бойынша және асыраушысынан айырылғанда). 2. Мемлекеттік арнайы жәрдемақы. 3. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы. 4. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының түсімдерін қамтамасыз ету. 5. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры. 6. Әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерінің шығыстары. Бақылау жұмысының сұрақтары: 1. Зейнетақымен қамтамасыз етудегі мемлекеттің саясаты.. 2. Осы шығыстарды қаржыландырудағы бюджеттің ролі. 3. Зейнетақымен қамтамасыз етуге арналған бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымы. 4. Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қорғау. 5. «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу. Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8 Тақырып 10. Қорғаныс пен басқаруға арналған бюджет шығыстары. Сабақтың мақсаты: Қорғаныс пен басқаруға арналған бюджет шығыстарын қаржыландырудың ерекшеліктерімен танысу. Сабақтың мазмұны: 1. Қорғанысқа арналған бюджет шығыстарын жоспарлаудың ерекшеліктері. 2. Құқық қорғау, қаржы және фискалдық қызметтер органдарын ұстауға арналған шығыстарды жоспарлау. 3. Жалпы бейнедегі қызметтер мен сыртқы экономикалық қызметтерге арналған шығындар. Фундаментальды ғылыми зерттеу жұмыстарына арналған бюджет шығыстары. Бақылау жұмыстарының сұрақтары: 1. Қорғанысқа раналған бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымы. 2. Аталған функционалдық топ бойынша мекемелерді қаржыландыру. 3. Осы мақсатқа бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуын бақылау. Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу. Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8 Тақырып 11. Бюджеттің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған шығыстары. Сабақтың мақсаты: Бюджеттің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған шығыстарын қаржыландырудың ерекшеліктерімен танысу. Сабақтың мазмұны: 1. Тұрғын үй құрылысы. 2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына жергілікті бюджеттен жұмсалатын шығыстардың құрылуының ерекшеліктері. Бақылау жұмысының сұрақтары: 1. Бюджет шығыстарының тұрғын үй шаруашылығына, коммуналдық шаруашылығына, сумен қамтамасыз етуге, санитарлық қызметтер жүргізуге, қала көшелерін жарықтандыруға, қалалар мен тұрғындарға құрылыс салалардың орташа құрамы мен құрылымы. 2. Мемлекеттік жаңа тұрғын үй саясаты, тұрғын үй заң нормасы. Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу. Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8 Тақырып 12. Бюджет процесін ұйымдастырудың негізі Сабақтың мақсаты: ҚР бюджет процесін ұйымдастырудың негізімен танысу. Сабақтың мазмұны: 1. Бюджеттік жоспарлау мен жобалаудың мәні мен ролі. 2. Бюджеттік жоспарлаудың әдісі. 3. Брутто-бюджет және нетто-бюджет. 4. Бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша бюджеттің атқарылу тәртібін ұйымдастыру. Бақылау жұмысының сұрақтары: 1. Республикалық бюджетті құру, қарау және бекіту. 2. Жергілікті бюджетті құру, қарау және бекіту. 3. Бюджет процесін ұйымдастырудың негізі. Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу. Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8 Тақырып 13. Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру. Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын ұйымдастырудың ерекшеліктерімен танысу. Сабақтың мазмұны: 1. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыру және бекіту. 2. Бюджеттік көрсеткіштерге экономикалық талдау. Бақылау жұмысының сұрақтары 1. Бюджеттің орындалуы бойынша қаржылық процедуралар 2.Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ұйымдастыру. Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу. Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8 Тақырып 14. Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың рөлі Сабақтың мақсаты: Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың рөлін ашу. Сабақтың мазмұны: 1. Қазынашылық бюджет атқарылуының негізгі процедурасы мен технологиясы. 2. Қазынашылық бюджеттің атқарылуындағы қаржылық және банктік құрылымдардың өзара әрекеті. Республикалық бюджеттің кассалық атқарылуы. 3. Мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырылатын мекемелердің есеп- кассалық қызмет етуі. 4. Касса қалдықтарының бекітілген лимиті және қолма-қол ақша қаражаттарының қозғалысын бақылау. 5. Қазынашылық рұқсаттың берілу тәртібі. 6. Кірістерді бір қазынашылық шотқа апару тәртібі. Бақылау жұмысының сұрақтары 1. Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың ролі. 2. Қазынашылықтың міндеті мен функциясы. 3. Бюджеттің қазынашылық атқарылуының негізгі принциптері. 4. «Касса бірлігі» принципінің мазмұны. 5. Бюджет шығыстары және кірістерінің жазбаларының түсінігі, кепілді қаржылық міндеттемелердің лимиті. Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу. Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8 Тақырып 15. Бюджеттік бақылауды ұйымдастыру Сабақтың мақсаты: ҚР бюджеттік бақылауды ұйымдастырудың ерекшеліктерімен танысу. Сабақтың мазмұны: 1. Бюджеттік бақылауды жүргізудің түрлері мен әдістері. 2. Ревизия бюджеттік бақылаудың басты формасы ретінде. 3. Бюджеттік бақылау формалары. Бақылау жұмысының сұрақтары: 1. Бюджеттік бақылаудың мазмұны мен мәні. 2. Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі бюджеттік бақылаудың мәні мен ролі. 3. Бюджеттік бақылаудың жіктелуі. Әдістемелік нұсқаулық: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу. Әдебиет: 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.1.4, 8.1.5, 8.1.6, 8.1.7, 8.1.8, 8.1.9, 8.1.10., 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.2.4, 8.2.5, 8.2.6, 8.2.7, 8.2.8 Студенттердің өздік жұмыстар тақырыптары 1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында жүргізілген реформалардың бағыттары мен негізгі принциптері. 2. Ревизия бюджеттік бақылаудың басты формасы ретінде. 3. Бюджеттің қазынашылық атқарылуының телекоммуникациялық компьютерлік жүйесі. 4. Қазынашылықты модернизациялау және оның негізгі элементтері. 5. Бюджеттік процестің кезеңдері. 6. Бюджеттің кірісі мен шығысының тепе-теңдігі. 7. Мемлекеттің қолындағы бюджет қаржысын орталықтандырудың қажеттігі. 8. Қоғамдақ тағайындаудағы спецификалық категория ретіндегі бюджетке тән бейнелер. 9. Бюджет жүйесінің қызмет ету принциптері және унитарлы және федералды мемлекеттердегі бюджет жүйесінің ерекшеліктері. 10. Бюджеттік жіктелудің өзгертулері, жаңа бюджеттік жіктелуді құру принциптері. 11. Қазақстан Республикасынң салық жүйесі. Қазақстан Республикасының салықтар, алымдар және түсімдер сипаттамасы. 12. Салық реформасы және жергілікті бюджеттердің кіріс базасын нығайтудың проблемалары.. 13. Әкімшілік алымдар мен төлемдер, коммерциялық емес және ілеспе сауда табыстарымен және басқа да салықтық емес түсімдерді есептеу ерекшеліктері.. 14. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шығыстарының сметасын қалыптастыру, бекіту және оларға өзгеріс енгізудің ережесі. 15. Бюджеттік шығыстарды реструктуризациилаудың негізгі бағыттары. 16. Жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа қадамы. 17. Бюджеттен білім беруге бөлінген қаржының жұмсалуын бақылау. 18. Емдеу мекемелерінде құралдарды пайдалану мен құрудың жаңа әдістері. 19. Мамандандырылған медициналық жәрдем көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру ерекшеліктері. 20. Зейнетақымен қамтамасыз етудегі бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымы. 21. Әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерінің шығыстары. 22. Фундаментальды ғылыми зерттеулерге арналған бюджет шығыстары . 23. Бюджеттік жоспарлаудың әдістері. 24. Бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша бюджеттің атқарылу тәртібін ұйымдастыру.. 25. Бюджет көрсеткіштеріне экономикалық талдау. «Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған «Мемлекеттік бюджет» курсы бойынша емтихан сұрақтары 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны, оның функциялары. 2. Бюджеттің құрылымы. 3. Төтенше мемлекеттік бюджетті енгізудің тәртібі. 4. ҚР Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері, олардың құрылымы. 5. Бюджеттік жіктелудің анықтамасы, оның міндеті. 6. Бюджет түсімдерінің жіктелуі. 7. Бюджет шығыстарының функционалдық жіктелуі. 8. Бюджет шығыстарының экономикалық жіктелуі. 9. ҚР бюджет жүйесі, құрылымы және құрылу принциптері. 10.Республикалық бюджеттің экономикалық мазмұны. 11.Жергілікті бюджеттердің экономикалық мазмұны. 12. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры: функциясы, қалыптастыру көздері және қор қаражаттарын шығындаудың бағыттары. 13.Бюджетаралық қатынастардың ұғымы, ұйымдастыру принциптері. 14.Бюджетаралық қатынастарды реттеудің әдістері. 15.Бюджет кірістерінің ұғымы, олардың құрамы. 16.Республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдердің құрылымы. 17.Республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдердің құрылымы. 18.Облыстық бюджетке түсетін салықтық түсімдердің құрылымы. 19.Облыстық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдердің құрылымы. 20.Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін салықтық түсімдердің құрылымы. 21. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін салықтық емес түсімдердің құрылымы. 22.Бюджет шығындары ұғымы, оның түрлері. 23.Бюджеттік бағдарламаның анықтамасы, оның түрлері. 24.Республикалық бюджет шығыстарының құрылымы. 25.Жергілікті бюджет шығыстарының құрылымы. 26.Мемлекеттік тапсырыс, қаржыландыру және орналастыру тәртібі. 27.Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу тәртібі. 28.Мектепке дейінгі мекемелерді қаржыландыру. 29.Жалпы орта білім беруді қаржыландыру. 30.Жоғары білім беруді қаржыландыру. 31. Бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау мекемелерінің шығыстарын жоспарлаудың көрсеткіштері. 32. Мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі медициналық мекемелердің шығындарын қайтару тәртібі. 33. Тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмектің экономикалық мазмұн 34.Өмір сүру минимумының анықтамасы, оның міндеті. Кедейшілік шегі ұғымы. 35Мүгедектікке байланысты жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі. 36.Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі. 37.Арнайы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртібі. 38.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібі. 39.Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау тәртібі. 40.Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі. 41.Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің құрылымы. 42.Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан зейнетақыны тағайындау тәртібі. 43.Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыз ету. 44. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың түсінігі, оның түрлері. 45.Қазынашылықтың функциялары және оның негізгі міндеттері, оның құрылымы. 46.Қаржыландырудың жоспарын құру және бекіту. 47. Түсімдер бойынша бюджеттің атқарылу процедурасы. 48. Бюджетті жоспарлаудың мәні және принциптері. 49. Ағымдағы қаржы жылына республикалық бюджетті өңдеудің тәртібі. 50. Ағымдағы қаржы жылына облыстық , республикалық маңызы бар қала , астана бюджеттерін өңдеудің тәртібі. 51. Ағымдағы қаржы жылына аудан бюджетін (облыстық маңызы бар қала) өңдеудің тәртібі. 52.Бюджеттің атқарылуының мазмұны, бюджеттің атқарылуының негізгі принциптары. 53.Бюджет қаражаттарының қалдықтарын пайдалану тәртібі. 54.Бюджетті нақтылаудың тәртібі. 55 Секвестр түсінігі. 56.Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау. 57. Гранттардың түсінігі және жіктелуі. 58.Бюджеттік кредиттеудің мазмұны. 59. Мемлекеттік займдардың түрлері мен формалары. 60. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың мазмұны: типтері, түрлері, принциптері. Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өздік жұмысының мазмұны және студенттің өздік жұмысының саны кесте 4 енгізіледі. Тағайындалған тақырыптар бойынша жазылған аудиториялық бақылау жұмыстары «Мемлекеттік бюджет» курсы бойынша ОСӨЖ негізінде 1- бақылау жұмысы ретінде көрініс тапқан. «Мемлекеттік бюджет» курсы бойынша СӨЖ жазған кезде реферат бетінің саны 5 беттік машинамен басылған мәтін көлемінен аспауы керек. Студенттердің өздік жұмыстарын орындауына қатаң бақылау жүргізу үшін «Мемлекеттік бюджет» пәні бойынша оқу процесінің күн тізбелік графигін құру қажет, бұл график кесте 5-те көрініс тапқан. «Қаржы» мамандығы бойынша жоғарғы білікті экономист маманын даярлаудың маңызды шарты болып оқытушының жетекшілігімен студенттің ғылыми жұмысын орындауы табылады (ОСӨЖ). «Қаржы» мамандығы бойынша оқитын студенттерге көмек ретінде әдістемелік нұсқаулықтар даярланған, ол әдістемелік нұсқаулық арқылы студент өзінің ғылыми жұмысын таңдауға, кәсіпорынның қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасай алуына, таңдап алған тақырыбы бойынша экономикалық әдебиеттердің тізімімен танысуға, ғылыми жұмысының жоспарын құруға байланысты көмектер ала алады. «Мемлекеттік бюджет» қаржысы пәні бойынша СӨЖ реферат түрінде орындалады және семестр бойына орындалған жұмыстың саны 5-тен кем болмауы керек (1 модуль тақырыптары бойынша – 1 реферат, 2 модуль тақырыптары бойынша – 2 реферат, 3 модуль тақырыптары бойынша – 2 реферат). СӨЖ жазу және рәсімдеу бойынша келесі талаптар қойылады: бет көлемі – 5 беттен кем емес; таңдап алған тақырып бойынша жоспардың болуы; рефератта СӨЖ бойынша алынған тақырыптың негізгі мазмұны ашылуы қажет. «Мемлекеттік бюджет» пәнінде экономикалық категория ретіндегі қаржы мәнінің теориялық сұрақтары қарастырылады; шет мемлекеттерінің қаржы жүйесінің бөлімдері мен олардың өндіріс процесін кеңейтудегі ролі қарастырылады; келесі түсініктердің мәні ашылған, мысалы қаржылық саясат, қаржыларды басқару және нарықтық экономикасы дамыған елдердегі қаржылардың маңызды анықтамалары қарастырылған. ҚР бюджет жүйесін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан ұйымдастыру мақсатында «Мемлекеттік бюджет» пәні бойынша студент бақылау жұмысын орындауы қажет. Бақылау жұмысын орындау барысында жұмысты рәсімдеудің талаптары орындалуы қажет. Жұмыс анық жазылуы керек, мәтін барысында қолданылған цифрлерге әдебиеттер бойынша сілтемелер болуы міндетті. Жұмыстың көлемі 18- 22 бетті құрауы керек, яғни жұмыс оқушылық тәптерде орындалуы қажет және сыртқы беті талапқа сай орындалуы қажет. Бірінші бетте бөлімдердің беттері көрсетілген жұмыстың жоспары жазылады. Мәтін дәптердің бетіне жазылады және оқытушының ескертулері жазылуы үшін алаң қалдырылады, беттердің барлығы номерленген болуы керек. Жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі жазылады және рецензия жазылуы үшін бір бет қалдырылады. Студент өзінің бақылау жұмысынның вариантының номерін идентификацияланған кодтың соңғы цифры арқыл таңдайды. |Код|0 |1 |2 | |тың| | | | |соң| | | | |ғы | | | | |циф| | | | |ры | | | | |1. |Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын |7,2 | | | |ұстауға | | | |2. |Құқық қорғау қызметі |12,0 | | |3. |Ауыл шаруашылығы |6,0 | | |4. |Көлік және байланыс |8,6 | | |5. |ТҮКШ және қаланы көгалдандыру |80,0 | | |6. |Әлеуметтік сфера, барлығы |91,0 | | |7. |Трансферттер |0,4 | | |8. |Басқа да шығыстар |5,3 | | |9. |Барлық шығыстар |220,0 | | Қорытынды жасау. 14 вариант. 1. Әлеуметтік-мәдени шараларға мемлекеттік шығындар. 2. Халықаралық мемлекеттік кредит. 3. Сыртқы мемлекеттік қарыз. 15 вариант. 1. Әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған мемлекеттің шығындары. 2. Мемлекеттік бюджет тапшылығы ішкі мемлекеттік қарыздың өсуі мен қалыптасуының негізгі себепкеріі ретінде. 3. Облыстың бюджет дефицитінің сомасын және субвенцияның көлемін есептеңіз. Бюджеттің реттеуші кірістерінің сомасы – 340 млн. тенге. Бекітілген кірістердің сомасы – 420 млн. тенге. Бюджеттің шығыс бөлігінің сомасы – 760 млн. тенге. Дефицит сомасының 35% субвенция сомасы құрайды. 4. 16 вариант. 1. Бюджеттік жоспарлау. 2. Қорғанысқа арналған мемлекеттік шығындар. 3. Мүлік салығының жылдық сомасын есептеңіз. Шаруашылық субъектісі мүлігінің орта жылдық құны 1,2,3,4 тоқсандарда 175, 180, 200, 220 мың теңгені құрайды. Осыған орай сатып алуға құқығы жоқ арендаға алынған мүлік сәйкесінше 15, 20, 50, 60 мың тенге. Құрады. Мүлік салығының ставкасы – 1%. 17 вариант. 1. Қаржылық жоспарлардың жүйесі. 2. Басқару шығыстарына арналған мемлекеттік шығындар. 3. Азаматтың мүлкіне салынатын салықтың сомасын есептеңіз. Жекешелендірілген пәтер 5 адамнан тұратын отбасының иелігінде, соның ішінде 1 адам – зейнеткер, пәтердің инвентаризацияланған құны – 300 000 мың. тенге. Салық ставкасы – 0,1% пәтер құнынан. 18 вариант. 1. Қаржылық көрсеткіштер. 2. Ғылыми-техникалық прогресті мемлекеттік қаржыландыру. 3. ҚР сақтандыру ісі. 19 вариант. 1. Мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік-экономикалық мәні. 2. Әлеуметтік сақтандыру. 3. ҚР бюджет процесін ұйымдастырудың негізі. 20 вариант. 1. Қаржыларды басқарудың мазмұны. 2. ҚР мемлекеттік бюджеті және оның кірістері мен шығыстарының сипаттамасы. 3. Мүліктік және жеке сақтандыру. ----------------------- Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті ҚР-сының Ұлттық қоры Жергілікті бюджеттер Республикалық бюджет Облыс бюджеттері Астана және Алматы қалаларының бюджеттері Облыстық бюджет Қалалық бюджет Аудандық бюджет
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz