Файл қосу
Сертификаттау тәртібі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБУЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | |3 ші деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК |ПОӘК | | | |042-14-4-03-01.20.16/01. 2013 | |«Мал шикізат өнімдерін |Баспа №1 | | |сертификаттау» пәнінің | | | |оқытушыға арналған | | | |оқу-әдістемелік кешені | | | . «Мал шикізат өнімдерін сертификаттау» пәнінің 5В120200 - «Ветеринариялық санитария» мамандығы арналған ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ Семей 2014 Гласорий 1.Дәріс материалдары 2.Зертханалық сабақтар материалдары 3.Өздік жұмыс Мал шаруашылық шикізат өнімдерін сертификаттауды жүргізу реті. 1. Қолданылу саласы Осы стандарт Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде (бұдан әрі- МСЖ) тамақ өнеркәсібімен ауылшаруашылық өндірісінің өнімдерін (бұдан әрі- тағамдық өнім) сертификаттаудың тәртібін және процедурасын белгілейді. Осы стандарт сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органдар, сынақ зертханалары (орталықтары), мәлімдеушілер, Қазақстан Республикасы МСЖ сарапшы-аудиторлары үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы МСЖ іс-қимылына қатысатын барлық заңды және жеке тұлғаларға міндетті болып табылады. Біртекті тағам өнімдерінің нақты түрлеріне сертификаттауды жүргізудің ережелері өндірудің, жеткізудің негізгі өндіріс қағидалары мен тәртібі жеке құжаттарда белгіленеді. 2. Норимативтік сілтемелер Осы стандартта келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылған: ҚР СТ 1.1-2000 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі. Стандарттау мен шектес іс-әрекеттердің түрлері. Терминдер мен анықтамалар. ҚР СТ 3.0-2001 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі ережелер. ҚР СТ 3.1-2001 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Сәйкестік белгі. Техникалық талаптар. ҚР СТ 3.4-94 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Өнімдерге сертификаттау жүргізудің тәртібі. Жалпы талаптар. ҚР СТ 3.9-97 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Шетелдік өнімдерді сертификаттау. Жалпы ережелер. ҚР СТ 3.10-97 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Шағым-арыздарды қараудың тәртібі. ҚР СТ 3.11-97 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Жүйе мемлекеттік тізілімін жүргізудің тәртібі мен құрылымы. ҚР СТ 3.25-2001 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Қызметкер мен өнімдерді сәйкестік Белгімен таңбалаудың тәртібі. ҚР СТ 1014-2000 Өнімдерді бірыңғайлау. Жалпы ережелер. 3. терминдер мен анықтамалар Осы стандартта ҚР СТ 1.1, ҚР СТ 3.0 сәйкес анықтамалары мен терминдер пайдаланылады: Оларға қосымша осы стандартта мынадай терминдер мен олардың анықтамалары бекітілген: 3.1 Біртекті өнімдер тобы: Мақсаттық (қызмет атқару) бағытының қолдану саласының, технологиялық шешімінің және сапаның негізгі көрсеткіштері номенклатурасының бірдейлігімен сипатталатын ең жоғарғы ықтималдық жиынтығы. 3.2 Өнімдерді бірыңғайлау: Өндіріс аясында, айналымда, пайдалануда белгілі бір өнімді өзінің ерекше нышаны бойынша өзіне ұқсас өнімдер арасында бірмәнде тануды қамтамасыз ететін процедура. 3.3 Түзетуші әрекет: Болып жатқан сәйкессіздікті, ақаудың немесе тілекке сай емес ақуалдың себептерін жою және олардың қайталануын болдырмау үшін қолданылатын әрекет. 3.4 Тауардың шыққан жерінің атауы: Тауарды белгілеуге пайдаланылатын адам факторы және табиғи шарттарын қоса оның тек ерекше сипатын өндіру орнымен байланысты географиялық нұсқау. 4. Жалпы ережелер 4.1 Қазақстан Республикасының аумағында сапасы мен қауіпсіздігі не талаптары белгіленген нақты тағам өнімдері міндетті түрде сертификатталу обьектісі болып табылады. Міндетті түрде сертификатталуға тиісті тағам өнімдерінің Тізімі Қазақстан Республикасының заңдары мен құқықтық нормативтік актілеріне сәйкес анықталады. Ерікті сретификаттау обьектілері ретінде міндетті сертификатталуға жататын өнімдер тізіміне енбеген тағамдық өнімдер бола алады. 4.2 Міндетті сертификаттауға жататын тағам өнімдері адамдардың өміріне, мүлкіне, денсаулығына қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттарға сүйеніп жүзеге асырылады. Міндетті түрде сертификаттауда пайдаланылатын нормативтік құжаттарға мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттар, белгілі тәртіппен халықаралық және ұлттық стандарттар, санитарлық нормалар мен ережелер, өнімдерге қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қауіпсіздік нормалары мен басқа да құжаттар жатады. 4.3 Ерікті сертификаттау тағамдық өнімнің нормативтік, техникалық немесе мәлімдеуші сертификаттауға берген басқа құжаттар талабына сәйкестігін дәлелдеу үшін мәлімдеушінің бастамасымен жүргізіледі. Ерікті сертификаттауды жүргізетін сертификаттау жөніндегі органдардың аккредиттеу аясында өнімдер тізімі, мәлімделген сынақтарды жүргізуге нормативтік өқжаттары мен көрсеткіштері болуы керек. Тағам өнімдері мен тағамдық шикізаттарды ерікті сертификаттау міндетті сертификаттау ережелері мен процедуралары бойынша жүргізіледі. 4.4 Міндетті сертификатталатын өнімдер тізіміне кіретін тағам өнімдерін ерікті сертификаттау нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына қоса мәлімдеуші белгіленген көрсеткіштер бойынша жүргізілуі мүмкін. 4.5 Тағам өнімдері сертификатталғанда А қосымшасына сай біртекті белгілер бойынша біркелкі өнімдердің 15 тобына жіктеледі. 4.6 Тағамдық өнім бір айға дейін сақталатын тез бұзылатын (аз мерзімге сақталатын) өнім және бір айдан артық сақтауға болатын (ұзақ сақталатын) өнім деп бөлінеді және бұл сертификаттау кестесін тандауға әсер етеді. Жарамдылық мерзімі немесе сақталуы бір айға дейін тез бұзылатын өнім, егер өнім түрлері нормативтік құжаттардың заңды актілерімен алдын-ала ескерілген болса, онда 2,3,4,5 және 9,10 кестелерімен сертификатталуға тиісті. Жарамдылық мерзімі мен сақталуы бір айдан артық өнім 8 кестеден өзге, кез-келген Қазақстан Республикасы МСЖ-мен қабылданған сертификаттау кестесімен, сертификатталады. 4.7 Тағамдық өнімді аккредиттеу аясында біркелкі өнімдердің тиісті топтары бар сертификаттау жөніндегі органдар жүргізеді. 4.8 Тағамдық өнімді сертификаттағанда сертификаттау жөніндегі органдары өнімдердің өнімді толық және дұрыс біріңғайлау жасауға мүмкіндік беретін және тағамдық өнімнің белгіленген нормативтік құжаттар талабына сәйкестігін дәлелдейтін аттестатталған әдістемелер бойынша аккредиттелген сынақ зертханаларында алынған сынақтар нәтижесін пайдалануы керек. 4.9 Сертификаттау кезінде дәлелдеуге тиісті көрсеткіштерді бақылау үшін пайдалануға болатын сынақ әдістерінің тізімі біртекті өнімдерге немесе нақты нормативтік құжаттарда берілген. 4.10 Тағамдық өнімді сертификаттағанда өнім туралы мәліметтер көрсеткіштер мен, сынақ әдістерін реттейтін нормативтік құжаттар бақылануға тиісті көрсеткіштер номенклатурасы зерттеледі, өнімнің біріңғайлау ішінде оның шығуы, өнімнің жіберілген және нормативтік құжаттарға сәйкестігі, осы партияға жолдама және т.б. тексеріледі. Өнімнің сипаттамасын (көрсеткіштерін) тексеру үшін сынақ жүргізіледі. Отандық мәлімдеуші тауардың атауында шыққан жерін пайдаланған болса, оның сәйкестік құқын мақұлдайтын мемлекеттік өкілетті органмен берілген куәлігін көрсетуі керек. 4.11 Сертификаттау жөніндегі органның шешімімен Қазақстан Республикасы МСЖ аккредиттелген тиісті санитарлық-гигиеналық, фито-санитарлық, малдәрігерлік, бақылау қызметтерінің құжаттарымен қалған көрсеткіштері дәлелденген жағдайда сынақтар қысқартылған көрсеткіштер номенклатурасы бойынша жүргізілуі мүмкін. 4.12 Тағамдық өнімді сертификаттау ҚР СТ 3.4 кестесіне сай жүргізіледі. Кестені таңдағанда өндірістің ерекшелігі, өнімнің қасиеті, оны сақтау және өткізілуі еске алынады. Өнімді өндіру шарттарын құрамын сертификаттау жөніндегі органдары белгіленген комиссия тексереді. Текеру нәтижелері бойынша акт жасалып, оған барлық комиссия мүшелері қол қояды. Актіде өндірістің жалпы сипаттамасы, дайын өнімді, техникалық қызмет жөндеу жүйесін, техникалық бақылау мен сынақтарды бақылау және тексеру нәтижелер, сондай-ақ өндірісті тексеру нәтижелері бойынша комиссияның ескертулері мен ұсыныстары көрсетіледі. Сонымен бірге вктіде өнімді сертификаттау туралы қорытынды беріледі. Өндірісті тексеру бағдарламасы мен тексеру актісінің ұсынылатын үлгісі Б,В қосымшаларында көрсетілген. 4.13 Сырттан әкелінетін тағамдық өнім ҚР СТ 3.9, СМТ-36 (1)-на сәйкес сертификатталады. Алғаш рет сыртқа шығарылатын өнімді сертификаттаудың міндетті шарттарының бірі-оның санитарлық ережелерге сәйкестігі туралы санитарлық- індеттік қорытындысының бары. Өнімнің жеткізілетін тобын мемлекеттің аумағына келгенше, соның ішінде өнім туралы мәліметтерді зерттеу негізінде, осы мақсатпен шет елден мәлімдеуші алып келген өнімдер нұсқаларын гигиеналық бағалау, кейін жеткізілген кезде инспекциялық бақылаумен өнімнің нұсқаларын сынау нәтижелерін талдау негізінде, жеткізуге келісім жасалу кезінде де, сертификаттауға болады. Сертификаттаудың мұндай тәсілінде шынымен жеткізілген өнімнің сыналған нұсқаларымен ұқсастығы қоса келген құжаттарды зерттеу, өнімді сырттай қарау, оның таңбасын, байлануын тексеру, сондай-ақ жеткізілген өнімнің нұсқаларын жекелеген көрсеткіштер бойынша сынау арқылы дәлелденуі керек. Екі тұлғаның келісімімен шартқа отыру алдында өнімді және оны өндіру жағдайын сертификаттау жөніндегі органның өкілі барып бағалайды. Шартқа отыру алдында сертификаттауды қолдану және оны жүргізудің нақты процедуралары туралы шешімді сертификаттау жөніндегі орган әр нақты жағдайда жүргізушімен қалыптасқан жұмыс тәжірибесін есепке ала отырып қабылдайды. 4.14 Қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша нормативтер белгіленбеген жаңа немесе қалыптағыдай емес шикізат бар тағамдық өнімнің жаңа түрлерін, сондай- ақ оны дайындаудың жаңа технологиялық процестерін сертификаттағанда, бұл өнімге алдын-ала гигиеналық қорытынды алу қажет. Сондай-ақ, тағамдық өнім үшін пайдаланылатын ыдыс және байлау материалдарының да гигиеналық қорытындысы болу керек. 4.15 Малдан алынған тағамдық өнімді және шикізатты сертификаттауда малдәрігерлік кәсіпорындары мен мекемелерін белгіленген тәртіппен құжат алу қажет, ал өсімдік тағам өнімін және шикізатты сертификаттауда фитосанитарлық қызмет кәсіпорындары мен және өсімдіктерді карантиннен өткізу қызметтерімен берілген құжаты болуы керек. Бұл талаптар отандық та, шетелдік те өнімге қатысты. 4.16 Мәлімдеуші мен сертификаттау жөніндегі орган арасында түсініспеушілік туындаған жағдайда шағым беру тәртібі ҚР СТ 3.10 талаптарына сай белгіленеді. 4.17 Тағамдық өнімді сертификаттау жұмыстарының төлем ақысын мәлімдеуші ҚР Е 50.3.01 (2) сай төлейді. 5.Сертификаттау тәртібі 5.1 Тағамдық өнімге сертификаттау жүргізу тәртібі сертификаттаудың процедурасының кезеңдік дәйектілігін белгілейді және акредиттелген сертификаттау жөніндегі органдары мен сынақ зертханалары жүргізетін жұмыстардың қосарланушылығын жоюды қамтамасыз етеді. 5.2 Тағамдық өнімді сертификаттау тәртібіне: -құжаттармен қоса сертификаттауға тапсырыс беру және қарау; құжаттарды талдау (лицензиялық қызмет үшін лицензияның көшірмесін тапсыру қажет); -тапсырыс бойынша шешім қабылдау, оның ішінде сертификаттау нобайын таңдау; -сертификаттау жұмыстарын жүргізуге мәлімдеуші мен сертификаттау жөніндегі органның арасында келісім-шарт жасау; -сұрыптау,үлгілерді (сынамаларды) бірыңғайлау және оларды сынау; өндірістің жағдайын (егер бұл сертификаттау нобайында қаралған болса) немесе сапа жүйесін сертификаттауды талдау; -алынған нәтижелерді талдау және сәйкестік сертификатын (бұдан былай- сертификат) беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау; -сертификатты беру және оны Қазақстан Республикасы МСЖ мемлекеттік тізіміне енгізу; -сертификатталған өнімді бақылап отыру (қолданылатын сертификаттау кестесіне сай); -өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін бұзған жағдайда және сәйкестік белгісін дұрыс қолданбағанда реттеу жұмыстарын жүргізу. 5.3 Мәлімдеуші өзі қалаған сертификаттау жөніндегі органынан қажетті мағлұматтар, кеңестер және сертификаттауға өтініш қағазын алады. Өтініш нысаны ҚР СТ 3.4 берілген. 5.4 Сертификаттау жөніндегі органмен бірге мәлімдеуші сертификаттау жүргізілетін нобайын таңдайды. Сертификаттау жөніндегі орган сертификаттау жүргізу туралы шешім қабылдап, мәлімдеушімен келісім-шарт жасайды. Өтініш бойынша шешім нысаны ҚР СТ 3.4 берілген. 5.5 Өнімді салыстыру және сынау өнім түрін сипаттайтын шикізат, дайындау технологиясы мен басқа белгілері тұтынушыға жеткізілетін өнімдегідей болатын сынамаларда жүргізіледі. 5.6 Мәлімденген өнімді біріңғайлау ҚР СТ 1014, ҚР Е 50.3.25 3, осы өнімге және сынақ тәсіліне нормативтік құжаттарға сай жүргізіледі. 5.7 Сынамаларды сұрыптауды сертификаттау жөніндегі орган немесе келісім бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік бақылау органдары жүзеге асырады, қажет болған жағдайда сынамаларды сұрыптауды тіркелген сынақ зертханасына тапсырылуы мүмкін. 5.8 Үлгілердің (сынамалардың) саны нақты өнімге мемлекеттік стандартта белгіленген нұсқаларды іріктеу және сынау тәсілдеріне біркелкі өнімді сертификаттау тәртіптеріне нормативтік құжаттар қоятын талаптарға сай болуы керек. Сертификаттау жөніндегі орган, егер анықталатын қауіпсіздік көрсеткіштерін құжаттармен дәлелдесе, сұрыпталып алынған сынаманың салмағын реттеуіне болады. Үлгілерді (сынамаларды) сұрыптау актімен ресімделеді. Акттің түрі ҚР СТ 3.4 келтірілген. 5.9 Үлгілермен жұмыс істеу ҚР Е 50.3.19 4, сәйкес белгіленеді. Сұрыпталып алынған үлгілер негізгі өнімнен бөлек ұсталады, байланады, пломбыланады немесе сұрыпталған жерде сүргі салынады. 5.10 Сертификаттау жөніндегі орган сертификаттау сынақтары үшін сұрыпталған бақылау данасы ретінде, туындаған шағымдар мен келіспеушіліктерді шешу, біріңғайлау қажет болуы мүмкін жағдайда сертификатталған өнімнің көрнектілігін сақтау мақсатымен сертификаттау жөніндегі органда немесе зертханада сақтауға өнімнің әр түрінен үлгілер (сынама) бөледі. 5.11 Бақылау үлгілерін (сынама) зертханада сақтау мерзімі сертификат қолдану күшінің мерзіміне немесе өнімнің жарамдылық уақытына сай болуы керек, бұл мерзім өткен соң үлгілері (сынама) мәлімдеушіге қайтарылады. Бақылау үлгілерінің (сынама) сақтау мерзімі, олардың таңбалау және есепке алу талаптары, оларды қайтару және шығынға жазу тәртібі сертификаттау жөніндегі органның (сынақ зертханасының) құжаттарында белгіленеді. 5.12 Сертификаттау жөніндегі органның құрамына кірмейтін, тек техникалық құзыреттілікке тіркелген сынақ зертханасы сертификаттау сынақтарын сертификаттау жөніндегі органның өкілінің бақылауымен жүргізіледі. Осы сынақты жүргізуді тапсырған сертификаттау жөніндегі орган мұндай сынақтардың дұрыстығына сынақзертханасымен бірге жауап береді. Бұл жағдайда сынақ хаттамасына сынақ зертханасы мен сертификаттау жөніндегі органның өкілетті мамандары қол қояды. 5.13 Сертификаттау жөніндегі орган сынақ нәтижелерін талдайды, сертификат беру туралы шешім дайындайды. Сынақтар нәтижелері өнімнің мемлекеттік стандартта, санитарлық нормалар мен ережелерде ж.б нормативтік құжаттарда белгіленген талаптар мен қауіпсіздік нормаларына сәйкестігін дұрыс және толық дәлелдеуі керек. Өнімді сынау хаттамалары мәлімдеушіге және сертификаттау жөніндегі органға тапсырылады, хаттаманың қанша дана болу керектігін сертификаттау жөніндегі орган белгілейді. Сынақ хаттамаларының көшірмесі сәйкестік сертификатының мерзімі біткенше үш жылдан кем емес сынақ зертханасында сақталады. Сынақтар нәтижелері ең болмаса бір көрсеткіштерден теріс болған жағдайда, сынақ жүргізу тоқтатылады. Сынақтардың теріс нәтижелері туралы ақпараттар сынақ хаттамасымен бірге сертификаттау жөніндегі органға жіберіледі. Сертификаттау жөніндегі органға мәлімдеуші өнімді дайындау және өндіру барысында жүргізілген сынақтар хаттамаларын немесе Қазақстан Республикасы МСЖ тіркелген басқа сынақ зертханасында орындалған сынақтар туралы құжаттарды тапсыруына болады. Өндірісті немесе сапа жүйесін бағалау сынақ хаттамаларын, өнімнің сәйкестігі туралы құжаттарды талдаған соң сертификаттау жөніндегі орган өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалайды, сәйкестік сертификатын дайындайды, оны тіркейді және мәлімдеушіге тапсырады. Сәйкестік сертификаты берілмейтін жағдайда мәлімдеушіге қабылданған шешімді дәлелдеп, жазып жібереді. Сәйкестік сертификаты ҚР СТ 3.11 сай тіркеледі. 5.14 Сәйкестік сертификатының қолдану күші мерзімі сертификаттау жөніндегі органмен өнімнің ерекшелігін және қабылданған сертификаттау кестесімен есептеп белгіленеді. 5.15 Сәйкестік сертификаты белгіленген нысанмен бланкілерде дайындалады. Өнімді міндетті және ерікті сертификаттау үшін сертификаттың нысаны және оларды толтыру ережелері ҚР СТ 3.4 белгіленген. Сәйкестік сертификаты, әдетте нақты өнім атауына дайындалады. Негіз болған жағдайда, сертификаттың күші тарайтын нақты өнімнің тізімі бар қосымшасы болуы мүмкін. Қосымша осы топқа кіретін өнімнің көрсетілген біркелкі өнімдер тобына дайындалады. Егер бір дайындаушы шығарса және осы өнімге қатысты бірегей нормативтік қжаттарға сүйеніп бірдей талаптарға сай сертификатталса құрамы бойынша тенестірілсе, біртекті шикізат пайдаланылса, дайындау тәсілі ұқсас болса, сондай-ақ дайын өнімнің қауіпсіздігіне әсер ететін басқа да факторлар есептеліп, бір топқа бірнеше атаулы өнім кіруі мүмкін. Егер біртекті топтағы өнімді талдау бір атаулы өнімнің сынау нәтижесі сертификатталатын біртекті өнімнің нақты тобына жинақталған басқа атаулы өнімдерге қатысты болуы мүмкін жағдайда сынақтарды қысқартылған номенклатура көрсеткіштері бойынша жүргізуге болады. Біртекті өнімдердің бірнеше атауына сертификат дайындағанда біртекті өнімдер атауының тізімі көрсетіліп, сәйкестік сертификатына белгіленген үлгідегі қосымша дайындалады. 5.16 Техникалық құжаттарға және сертификатталған өнімд өндіру технологиялық процесіне өзгерістер енгізілгенге, бұл туралы мәлімдеуші белгілі тәртіппен сертификаттау жөніндегі органды хабардар етуі керек. 5.17 Сертификатталған өнімді Сәйкестік белгімен таңбалауға болады. Өнімді ҚР СТ 3.1 және ҚР СТ 3.25 сай дайындаушы не сатушы таңбалайды. Сәйкестік сертификатын алған соң сертификаттау жөніндегі органмен келісім бойынша таңбалау құқы дайындаушыға немесе сату шыға беріледі, ол туралы сійкестік сертификатында сәйкестік жазбасын қою керек. 5.18 Сертификатталған тағамдық өнімді осы өнімге сертификаттау жүргізген орган әркез және жоспардан тыс тексеру ретінде, қажет болса да құзыретті мекемелерді тартып, бақылап отырады. Өнім және оны өндіру шарттары сертификаттау кезіндегі белгіленген талаптарға әлі де сай екендігін дәлеледеу мақсатымен сәйкестік сертификатының қолдану күші жүретін мерзім ішінде аз дегенде жылына бір рет бақылау жүргізіледі. Тексеру жиілігі, жұмыстар түрі іске асырылған сертификаттау кестесін есептей отырып, сертификаттау жөніндегі орган белгілейді. Тұтынушылардан, сауда мекемелерінен сондай-ақ өнім сапасын мемлекеттік бақылаушылардан өнім сапасы наразылық білдіру туралы мәліметтер түскен жағдайда жоспардан тыс тексеру жүргізілуі мүмкін. Тексеру нәтижелері бойынша акт жазылып, онда нұсқаларды сынау және басқа тексерулердің нәтижесі бағаланады, сертификатталған өнімді шығару жағдайы және берілген сәйкестік сертификатының қолдану күшін сақтау мүмкіндігі туралы жалпы қорытынды беріледі. Акт сертификаттау жөніндегі органда сақталады, оның көшірмелері дайындаушыға және тексеруге қатысқан мекемелерге жіберіледі. 5.19 Тексеру нәтижелері бойынша, нормативтік құжаттар талаптары бұзылған жағдайда, сертификаттау жөніндегі орган сәйкестік сертификатының күшін тоқтата тұруы немесе жоюы және өнімді Сәйкестік белгімен таңбалау құқын тоқтата тұруы мүмкін, егер: -өнімге немесе сынақ әдістеріне сертификаттау жөніндегі органнан нормативтік құжаттарды өзгертулері туралы хабар түспесе; -сертификаттау жөніндегі органнан өндірістің технологиясы немесе ұйымының өзгеруі туралы сәйкестік хабарлар түспесе; -технология талаптары орындалмаса; -сертификаттау жөніндегі органмен келісілмей сапа жүйесі, сынау мен бақылау әдістері өзгертіліп немесе орындалмаған болса; -берілген өнімнің түрі шығарылмайтын жағдайда. Сәйкестік сертификатының күшін тоқтата тұру немесе жою туралы сертификаттау жөніндегі орган мәлімдеушіні, тұтынушыларды және сертификаттау жүйесіне мүдделі қатысушылардың бәрін хабардар етеді. 5.20 Сәйкестік сертификатының күшін қайта жандандыру мен сәйкестік белгімен таңбалау құқын қайта беру үшін реттеу жұмыстары жүргізіледі. 5.21 Дайындаушы (сатушы) реттеу шарттарын орындамаған жағдайда немесе олар болмаса сертификаттау жөніндегі орган сертификаттың күшін жояды және Сәйкестік белгісін қолдануға тиым салады. Өнімнің бірдейлігін зертеуге үлгі алу Сәйкестік өнімге нормалық құжатарда (әрі қарай НҚ) көрсетілген барлық талаптарды орындау. Бірдейлік нышаны-нақты үлгіні теңестіретін өнімнің сипаттамасы. Органолептикалық көрсеткіштері-адамның сезім органдарынның көмегімен анықтайтын, тұтыну қасеитінің негізгі сипатамалары. Физикал-химиялық көрсеткіштері – физикалық және химиялық өлшеу құралдарын сынау тәсілдерімен анықталатын тағамдық өнімдердің физикалық және химиялық сипаттамасы Өнімнің бірдейлігі бұл сертификаттауға берілген өнімнің аталған өнім сәйкестігін анықтайтын процедура. Міндетіне байланысты бірдейлікті мынандай түрлерге бөледі: ассортиментік (түрлік) және сапалық (квалиметриялық). Ассортиментік бірдейлік қойылатын талаптарға байланысты тауар атының сәйкесті ассортиментке жататындығын айқындау. Сапалық бірдейлік нормалық құжаттарға көрсетілген сапа көрсеткіштеріне сәйкес екендігін айқындау. Бірдейлік нышанының негізгі міндеттері: -біртекті өнімдер тобының бірдейлігінің негізгі нышандарын анықтау; - бірдейлік өткізу ережесін анықтау; - өнімді сертификаттау мақсатында сынақ көрсеткіштерін анықтау; - өнімдік бірдейлік тәсілін жасау: Бірдейлік нышаны ретінде тағамдық өнімді кешенді түрде бағалау үшін қажетті көрсеткіштер таңдап алынады, оған: - нақты түрінің, атауының немес біртекті өнім тобының типтілігі; - объективтілігі мен салыстырмалығы; - тексерушілігі; - жалғамдауға қиындығы; Сертификаттау органы инспекциялық бақылау органы, сынақ лабораториясы және экспорт аудиторлар өнімнің ұқсастығы тәсілін өз бетінше анықтайды. Тағамдық өнімнің бірдейлігін ҚР СТ 3.4-94 және ҚР Е 50.3.19-96 талаптарын сәйкес сертификаттауға арналған өнімнен алынған үлгіден өткізеті. Тағамдық өнімдерді бірдейлік қабылданған сертификаттау негізі бойынша бекітілген талап бойынша мына деңгейде жүргізіледі: - өнімнің типтік; - өнімнің париясына Тағамдық өнімдерге типтік деңгейінде бірдейлік алынған өнім үлгісі осы өнім типіне қойылатын талаптарға сәйкес екендігін анықтау үшін жүргізіледі. Тағамдық өнімдер патрия деңгейінде жүргізілетін бірдейлілігін тауар жолдамасы құжатында және сәйкестік сертификатына көрсетілген бұйымдар саны өзара соғатынын анықтау үшін қосымша жүргізіледі. Сертификаттау үшін өнімді сынаған кезде көрсеткіштерді үш топқа бөлуге болады: - бірінші – бірдейлілігін анықтау үшін; - екінші – міндетті сертификаттау үшін қауіпсіздігінің басқа міндетті талаптарына көз жеткізу үшін; - үшіншісі - өз еркімен сертификаттауда басқа көрсеткіштер үшін. Біртекті тағамдық өнімдер тобын сертификаттау үшін анықталатын көрсеткіштер. Тағамдық өнімдерінің бірдейлігін анықтау Үш сатыдан тұрады. 1. Туар жолдама құжатын талдау 2. Партияны алдын ала және өнімнің белгілеуімен оралуын қарау 3. Өнімді органолептикалық және физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша сынау Туар жолдама құжатын өнімнің тегін сертификаты, тасымалдау куәлігі, дайынаушының сапа куәлігі, сәйкестік сертификатын талдаулар жатады, ол құжаттағы мәліметтерді қатар қою арқылы жүргізіледі. Қорытынды сабақ сұрақтары 1. Техника қауіпсіздігі. Мал өнімдерінің шикізаттарын сараптауда қолданылатын стандарттармен танысу. 2. Ветеринариялық санитарияда қолданылатын дезинфекциялық заттар және түрлері, әдістері. Мал шикізатын өндеу цехтарында, зауыттарында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу 3. Дезинфекциялаушы заттарды дайындау және есептеу 4. Қанды тағамдық мақсат үшін қабылдау технологиясының ерекшелігі және ветеринариялық санитариялық бақылау. 5. Қанды тағамдық мақсат үшін өңдеу технологиясы және мал өнімдерінен өндірілген азықтарға санитариялық бақылау жүргізу. 6. Техникалық мақсат үшін қанды қабылдау технологиясының ерекшелігі және ветеринариялық санитариялық бақылау 7. Ішек шикізаттарын ветеринариялық санитариялық сараптау әдістері және ақаулары. 8. Ішек шикізаттарын өңдеу технологиясы және консервілеу әдістері. 9. Ішек шикізаттарын өңдеу технологиясы және консервілеу әдістері. 10. Өлекселерді, конфескаттарды қабылдау, жинау және өңдеу кезіндегі ветеринариялық санитариялық бақылау. 11. Өлекселерді, конфескаттарды қабылдау, жинау және өңдеу кезіндегі залалсыздандыру әдістері. 12. Техникалық шикізаттарын қабылдау, жинау және өңдеу кезіндегі ветеринариялық санитариялық бақылау. 13. Техникалық шикізаттарын қабылдау, жинау және өңдеу кезіндегі ветеринариялық санитариялық залалсыздандыру әдістері. 14. Эндокринді шикі заттарды (қалқанша, бүйрек үсті, ен және аналық жыныс бездері) өңдеу кезіндегі ветеринариялық санитариялық бақылау. 15. Эндокринді шикі заттарды консервілеу, ветеринариялық-санитариялық сараптау және залалсыздандыру әдістері. 16. Ферменттік шикі заттарды (ұйқы безі, сиыр ұлтабарының кілегей қабығы, бұзау, қозы ұлтабары) және азық шикізаттарын (қан, ет, бауыр, жұлын) өңдеу кезіндегі ветеринариялық санитариялық бақылау. 17. Ферменттік шикі заттарды және азық шикізаттарын консервілеу және ветеринариялық-санитариялық сараптау және залалсыздандыру әдістері. 18. Ет-сүйектен жасалатын мал азығының жалпы ветеринариялық санитариялық бақылау 19. Тері, жүн өндеу және ветеринариялық санитариялық қайта өндеу зауыттарын салуға қойылатын ветеринариялық санитариялық талаптар және шикізаттарды қабылдау, сорттау кезіндегі санитариялық талаптар. 20. Тері, жүн өндеу және ветеринариялық санитариялық қайта өндеу зауыттарын салуға қойылатын ветеринариялық санитариялық талаптар және шикізаттарды қабылдау, сорттау кезіндегі санитариялық талаптар. 21. Тері, тон-үлбір шикі заттарды өңдеу технологиясы кезіндегі ақаулары және ветеринариялық санитариялық бақылау. 22. Тері, тон-үлбір шикізаттарын консервілеу әдістері 23. Жүн, қыл, қылшық, қауырсын-мамық, мүйіз, тұяқ, сүйек шикізаттарын өңдеу кезіндегі ветеринариялық санитариялық бақылау. 24. Жүн, қыл, қылшық, қауырсын-мамық, мүйіз, тұяқ, сүйек және шикізаттарды дезинфекциялау. 25. Індетті аурулармен ауырған мал, өлексе терілерін пайдалауға қойылатын ветеринариялық санитариялық талапттар. 26. Індетті аурулармен ауырған мал, өлексе терілерін зарарсыздандыру әдістері. 27. Ірі қара және ұсақ малының терілерін консервілеу және сорттау технологиясы. 28. Жылқы малының терілерін консервілеу және сорттау технологиясы. 29. Өнімнің қалдықтары мен қайтарым суды зарарсыздандыруды бақылау.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz