Файл қосу
Сұраныс функциясы
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК |УМКД 042–17.1.59/03–2014 | | | | | |ПОӘК |11.09.2014ж. | | |«Микро-макроэкономикалық |№3 басылым | | |талдау» пәні бойынша | | | |оқу-әдістемелік материалдары | | | «Микро-макроэкономикалық талдау» пәні бойынша 6М011500 «Құқық және экономика негіздері» мамандығының магистранттары үшін ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2014 МАЗМҰНЫ 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Практикалық сабақтар 4. Магистранттың өздік жұмыстары 1. ГЛОССАРИЙ Берілген ОӘМ сәйкесінше анықтамасы бар келесі терминдерді қолданады: Сиректілік – барлығының және әрбіреуінің тілегін қанағаттандыру үшін ресурстардың жеткіліксіз болу жағдайы. Экономика (грек. оikos және nomos- шаруашылық жүргізу ережесі, заңы) – шаруашылық туралы, адамдардың оны жүргізу тәсілдері, өндірістегі өзара қарым-қатынастары, тауар айырбасы, шаруашылық процестердің өту заңдылығы туралы ғылым. Макроэкономика (грек. macros) – ел экономикасына, жалпы шаруашылығына түгелдей қатысты үлкен, өте ірі, макрокөлемді экономикалық құбылыс пен процестерді зерттеуге арналған экономика ғылымының бір тармағы, бөлігі. Микроэкономика – аз ауқымды экономиканың процестер, субъектер, құбылыстар негізінде кәсіпорындарды, фирмаларды, кәсіпкерлерді олардың өзара шаруашылық – экономикалық қатынастарын зерттейтін экономика ғылымының бір бөлігі. Еңбек – адамның еңбекке қабілеттерінің жиынтығы (физикалық, ойлау, нервтік) түрінде қарастыратын жұмыс күші. Капитал – кең мағынасында – табыс әкеле алатын мүмкіндіктердің жиынтығы, не болмаға тауар өндіруге, қызмет көрсетуге жиналған қорлар; тар мағынасында – іске жұмсалған өндіріс құралдары ретінде жұмыс атқарып отырған табыс көздері. Табиғи ресурстар – бұл конструкторлық қайта өңдеусіз (егістік жерлер, пайдалы қазбалар, орман, судағы биомасса, балық қорлары) натуралды жағдайда өндіруге қолданатынның (немесе қолданғанның) барлығы. Тауардың немесе көрсетілетін қызметтің альтернативті құны – бұл талап етілетін сол уақыт пен ресурстарды қол жеткізерлік барлық альтернативалық қызметтердің ішінен ең жақсымен жұмыс істеу мүмкіндігі жоғалған көзқарасы жағынан өлшенген құны. Экономикалық тиімділік – әдетте іс-әрекеттің ақшалай табысының, оны орындауға жұмсалған ақша қаражатының айырмасы мен есептелетін экономикалық іс-әрекеттің тиімді нәтижесі. Кәсіпкерлік – заңды және жеке тұлғалардың пайда табуға бағытталған тәуелділікпен және өздерінің мүлік жауапкершіліктерін атқаратын ынталы дербес шаруашылық қызметтері. Сұраныс – тауарлы шаруашылыққа тән айырбастау мен сату жүйесінде нарықтық экономиканың күрделі ұғымы. Ұсыныс – белгілі бір келісімге орай сатушының тауар сату, қызмет көрсету ниетін білдіреді. Сұраныс заңы – принцип, оған сәйкес түрлі тепе-теңдік шарттарда тауар бағасы мен бұл тауарға сатып алынатын сұраныс көлемінің арасындағы кері байланыс болады. Нарық шығыны – тауардың ұсыныс көлемі берілген бағада оның сұранысың көлемінен артқан кезіндегі жағдай. Игілік – тұтынушылардың молшылық деңгейін көбейтетін тұтынушы сұранысының болжанатын қанағаттану мен белгілі тұрақты әкелетін тұтынудың кез-келген объектісі. Тиімділік – тұтыну кезінде тұтынушының қанағаттану дәрежесін білдіреді, сатып алушыларды игілік пайдасы дейді. Ординалистті пайда – игіліктерді теруге (қатарлы) сәйкес қандай да бір қатар, белгілі бір кезектілік. Кардиналистті пайда – тұтыну сипаттамасының мөлшерінде (сандық) молшылық деңгейі мен бағадағы айырмашылықты сипаттайды. Шекті пайда – берілген түрдегі игілік мөлшерін қосымша тқұтыну кезінде алынатын мошылық деңгейін қосымша көбейту. Шекті пайданың төмендеу принципі – біркелкі тұтынылған игіліктер мөлшері коп болған сайын, соншалықты шекті пайда төмендейді. Ординалистті теория – игіліктер терімін зерттеу заңдылығын, кезектілігін анықтау, таңдау кезіндегі қатары және құру қатынасын білдереді. Талғамсыз қисығы – бұл себет терімдерінің нүктелерін қосатын қисық. Тұтыну шығындары – (берілген игілік мөлшерінің құны) игілікті алу үшін ақша құралдарының шығындалуын білдіреді. Алмастыру әсері – бұл бағасы түсіп бара жатқан тауарды алмастыру тенденциясы Гиффин тауары – тауарлар, мұнда бағаның өсуі кезінде төмен тауардың сұранысы өседі Ақша мультипликаторы – егер ақша базасы бірлікке өссе, мемлкеттегі ақша мөлшері қаншалықты өсетіндігін көрсетеді. Инфляция (құнсыздану) – сапасы артпай-ақ тауар менкөрсетілетін қызмет бағаларының өсуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы. Ұлттық валюта бағамы – шетелдік валюта бірлігінен айырбас кезінде ұлттық валютаның неше бірлігін алатындығын көрсетеді, отандық валюта бірлігінде көрсетіледі. IS үлгісі – кейнсиандық концепция игілік нарығында тепе-теңдікке жеткен кездегі ұлттық табыс пен ставка пайызының мәнінің үйлесуін білдіретін нүктелер жиынтығы. LM үлгісі - кейнсиандық концепция ақша нарығында тепе-теңдікке жеткен кездегі ұлттық табыс пен ставка пайызының мәнінің үйлесуін білдіретін нүктелер жиынтығы. Монетарлы саясат- мемлекеттің экономикалық саясаты, негізінде ақша айналымын, деңгейін және мемлкеттегі барлық банктік жүйесінің тұрақтандыруына бағытталған орталық банк түрінде болады. Инветиция мультипликаторы – табыстың өсуі мен бұнымен шақырылған инвестиция көлемінің өсуі арасындағы қатынасты білдіретін коэффициент. Өгермелі валютаның бағамы – валюта нарығында ұсыныс пен сұраныс заңында ескертілген, түрлі мемлекеттердің валюта бағамы арасындағы еркін алмасу қатынасы. Тұтынуға шекті бейімділік –қызмет пен тауар шығынының өгеру үлесі. Ұсыныс жиынтығы – тауар мен қызметтерге орташа бағаны әрбір мүмкін деңгейде сатылатын және ұсынылатын ұлттық өнімнің нақты көлемі Сұраныс жиынтығы – орташа бағаның түрлі мүмкіндік деңгейі кезінде тұтынушылар, кәсіпорындар, үкімет барлығы бірге төлеуге дайын ұлттық өнімнің нақты көлемі. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір уақыт аралығында (әдетте жылдық мерзімде) ел ішіндегі өндірілген ақтық өңделген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің жалпы құны. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – кең тараған жиынтық қорытатын макроэкономикалық көрсеткіш. Баға индексі – белгілі бір мерзім ішінде баға динамикасын (өсуі мен азаюын) бейнелейтін көрсеткіш; тауар бағасының орташа деңгейінің уақытқа байланысты немесе аймақтық ауқымда салыстырмалы өзгеруін білдіреді. Макроэкономикалық тепе-теңдік – өзінің бюджеттік шектеу шегінде экономикалық субъект болып белгіленген шаруашылық жоспары барлық нарықта бірге орындалатындай болатын жағдай. Төлем балансы – ақша қаражатының төлем ретінде бір елден екінші елге ауысуын бейнелейтін кесте, ведомость. Жұмыссыздық деңгейі – жұмыссыздар санының жұмысшы күштер санына қатынасы, пайыз мөлшерінде. Фискалдық саясат, қазыналық саясат – халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуіне, инфляцияға қарсы жалпы ұлттық өнімді молайтуға бағытталған үкіметтің мемлекеттік бюджет, мемлкеттік шығын және салық салу жөніндегі саясаты. Экономикалық өсу – интенсивьі (тиімді, сапалы) және экстенсивті (сан жағынан көбею, ұлғаю) факторлардың әсерінен белгілі бір уақыт ішінде қол жеткен өндірістік және өндірістік емес мақсатта өнім шығару мен қызмет көрсетудің өсу көлемі, ұлғаюы. 2. ДӘРІСТЕР Дәріс сабағының құрылымы: Модуль 1. Микроэкономикалық талдаудың теориялық аспектісі Дәріс: Микро және мкроэкономикалық талдаудың пәні, мақсаттары және әдістері Дәріс сабағының мазмұны: 1. Микро және макроэкономикалық талдау пәні 2. Негізгі экономикалық субъектілер және микро және макроэкономикалық талдаудың айналымындағы нарықтар 3. Микро және макроэкономикалық талдаудың әдістемесі 1. Қоғам адамзатының өмірі үздіксіз тұтынумен байланысты, бірақ өндірілген нәрсені ғана тұтынуға болады. Сондықтан адам ылғи да өндіріс пен тұтынудың қайшы бірлігінде тұрады. Тұтыну адам тілектерімен байланысты, ал өндіріс өндіріс ресурстарының болуымен байланысты. Адамдардың тілектері мен қажеттіліктері тез өсіп келеді. Бұның бәрі қажеттіліктің жоғарлау заңының күшінде жүреді.Ресурстар ылғи да шекті, демек олар сирек. Сиректілік – барлығының және әрбіреуінің тілегін қанағаттандыру үшін ресурстардың жеткіліксіз болу жағдайы. Сиректік тұрақты жағдай болғандықтан, сиректік шартында адамдардың қызметі мен сиректілікті оқыту үшін экономика атты ғылым өзінің жігерін арнайды. Экономика (ойкос, номос) – адамдардың өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сирек ресурстарды қолдана отырып жасайтын таңдауларын зерттейтін ғылым. Демек, экономиканың заты ақша емес, материалдық игілік емес, адамдар, олардың қызметі және таңдау болып келеді. Макроэкономика – экономиканың дамуын бір тұтас ретінде зерттейтін экономика ғылымының саласы. Экономиканың дағдарыссыз дамуы үшін шарттарды қамтамасыз ету, ресурстардың максималды қолданылуы, сонымен қатар жұмыссыздық мәселелерін шешу,инфляция деңгейінің минималдануы, төлеу балансының теңдігі макроэкономиканың кілтті міндеттері болып келеді. Макроэкономикалық үлгілер және көрсеткіштер эндогенді (ішкі) және экзогенді (сыртқы) айнымалылар түрінде айқындалады. Біріншілер экономикада бекітілген процестерді бейнелейді: ұлттың өндірісінің деңгейі, жұмысбастылық және жұмыссыздық деңгейі, ұлттық валюта бағамы. Екіншілері фискалды және монетарлы саясатты жүргізу жолымен сыртқы әсердің нәтижесін бейнелейді: салық салу деңгейінің өзгеруі, мемлекеттік шығындар көлемі және т.б. 2. Қорлар мен ағымдар айналым ағымдар үлгісінің негізі болып келеді. Экономикалық процестердің жүруінде оның қатысушылары арасында айырбас жүреді. Бұл үй шаруашылығы, фирма (кәсіпорын), мемлекет және шетел сияқты экономикалық агенттер. Макроэкономикалық айналымға үш негізгі нарық қатысады: ресурс нарығы, өнім (тауар, қызмет) нарығы, қаржы нарығы. Микро және макроэкономикалық талдаудың заты экономикалық субъектілердің мінез-құлқы болғандықтан, мемлекет микро және макроэкономикалық талдауда бақылау әдісіне ерекше көңіл бөледі. Адамдардың өндіруші және тұтынушы, сатып алушы және сатушы түрінде мінез-құлқын бақылау туралы айтылады. Бұл олардың қызметінің заңдылығын, мінез-құлқын анықтайтын факторларын айқындауға мүмкіндік береді. 3. Экономиканың ғылым ретінде маңызды әдісі абстракциялық әдісі болып келеді. Бұл әдісті нарық механизмін, оның құрылымдық элементтерін, сатып алушылар мінезін және сатушы және т.б. зерттеу кезінде микро және макроэкономикалыұ талдау кеңінен қолданады. Бақылау сұрақтары: 1. «Микро және макроэкономикалық талдау» түсінігінде не жатыр? Ғылым ретінде микро және макроэкономикалық талдау жағынан оқыту объектілері не? 2. Микро және макроэкономикалық талдау пәні қандай? Берілген пәннің спецификасы және күрделігі неде? Экономика нарығының «атомдалған» субъектілері түсінігін қалай түсінуге болады? 3. Неге мәселені таңдау микро және макроэкономикалық талдау жағынан көңілге алынатын негізгі объектісі болып келеді? Бұл ғылым «сирек» ұғымына қандай мағына береді? Неге бұл ұғым «тиімділік» ұғымымен тығыз байланысты? 4. Ғылым ретінде микро және макроэкономикалық талдау жағынан нарық пен мемлекет неге негізгі объект болып келеді? 5. Макроэкономика әдістемесінің ерекшелігі: агрегиттеу, үлгілер, қорлар. 6. Макроэкономикалық айналымның схемасын құру және түсіндіру. Дәріс сабағының құрылымы Тақырып 2. Сұраныс және ұсыныс теориясын талдау негізі Дәріс сабағының мазмұны: 1. Сұраныс және оның факторы. Сұраныс функциясы. 2. Ұсыныс және оның факторы. Ұсыныс функциясы. 3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы. Нарық тепе-теңдігі. 4. Сұраныстың баға бойынша икемділігі: түсінігі, түрлері, факторлары. Нүктелік және доғалық икемділік. 5. Сұраныстың баға бойынша қиылысқан икемділігі. Сұраныстың кіріс бойынша икемділігі. 6. Ұсыныс икемділігі: түсінігі, өлшемі, факторы. Уақыт бойынша ұсыныс икемділігінің үш периоды. 1. Экономика нарығы апат ретіндегі үлгі түрінде шығып тұратын күрделі механизмді білдіреді, оның негізінде ұсыныс пен сұраныс үлгілерін нарықтық реттеу жатады. Сұраныс («D») деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін айтады. Сұраныс көлемі – сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғандағы, әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетеді. Сұраныс бағасы – бұл сатып алушының белгілі тауар және қызмет мөлшеріне төлеуге дайын максималды бағасы. Сұраныс көлемі мен сұраныс бағасы арасында сұраныс заңында білдірілген анықталған байланыс бар. Сұраныс заңы – принцип, бұған сәйкес түрлі тең шарттар кезінде тауар бағасы мен осы тауарға тұтынушылық сұраныстың шамасы арасында кері байланыс болады. Бұл бағаның түсу кезінде сұраныстың өсуін және сұраныс төмендегенде бағаның өсуін білдіреді. 2. Ұсыныс («S») – сатушылар берілген уақытта берілген баға бойынша сатуға ұсынуға дайын тауар мөлшері. Ұсыныс көлемі түрінде құрастырылатын шарттар ұсыныс факторлары деп аталады. Ұсыныс факторлары: 1. Бір тауар бағасы (Р); 2. Басқа тауарларға бағалар – комплименттер ([pic]) және субституттар ([pic]); 3. Өндіріс шығыны және технология деңгейі (С); 4. Салықтар және субсидиялар (Т); 5. Өндірістің объективті (сыртқы) шарттары (N); 6. Өндірушілердің күтуі (Е) Болжау функциясы «S» шамасының оны анықтайтын факторларға тәуелділігін бейнелейді: QS = f (Р, Рs1 … Рsn, Рc1 …Рcm, C, N, E, T) Ұсыныс функциясы бағадан: QS = f (P) 3. Ұсыныс пен сұраныстың өзара байланысы, олардың түзетуші бағалық механизмнің және бәсекелестің негізінде жүзеге асырылады. Бұл нарықтағы тепе-теңдікке баға құрылуына әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік – бұл тауар сұранысы оның ұсынысына тең болған кездегі нарық жағдайы. Тепе-тең баға (Р() – бәсеке күштерінің әсері нәтижесінде сұраныс пен ұсынысты теңгеретін баға. 4. Бір өлшемнің реакциялық мөлшері басқаға өзгеруі икемділік деп аталады. Икемділік зерттегелі отырған сұраныс функциясының факторы 1 пайызға өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді. Мысал ретінде баға бойынша сұраныс икемдігін немесе сұраныстың бағалық икемділігін айтуға болады. Егер бағаны Р, ал сұраныс көлемін Q деп белгілесе, онда сұраныстың бағалық икемділігінің көрсеткіші Ep тең болады: [pic] (3.1) Мұндағы ΔQ – сұраныс көлемінің өзгеруі, %; (Р – бағаның өзгеруі, %; «Р» индексінде икемділік баға бойынша қарастырылатынын білдіреді. 5. Тауарлар бірін-бірі ауыстыратын және толықтыратын болғандықтан, бір тауардың бағасының өзгеруі, екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі көрсеткішін енгіземіз. Қиылысқан икемділік коэффициенті – А тауарына сұраныстың пайыздық өзгерісінің Б тауардың бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасы: [pic] Мұнда «с» индексінде қиылысқан икемділікті (ағыл. Cross) білдіреді. Коэффициент мәні қандай тауарға байланысты қарастырылатынына байланысты –өзара алмастырушы немесе өзара толықтырушы. Бақылау сұрақтары: 1. Сұраныс дегеніміз не? Сұранысқа микроэкономикалық тәсілдеменің ерекшеліктері немен сипатталады? Сұраныс қажеттіліктен немен ерекшеленеді? 2. Сұранысты қандай факторлар анықтайды? Бұл факторларды қандай топтарға бөлуге болады? Сұраныс заңының қызметін немен түсіндіруге болады? 3. Сұраныстың бағалық икемділігі дегеніміз не? Қандай факторлар оны анықтайды? 4. Сұраныс икемділігінің қандай бағалық емес түрлері бар? Халықтың табысы өскен жағдайда барлық тауарларға сұраныстың өсуін күту керек пе? 5. Ұсыныс дегеніміз не? Ұсынысқа микроэкономикалық тәсілдеменің ерекшелігі неде? Ұсыныс заңының қызметі немен түсіндіріледі? 6. Ұсыныс икемділігі немен сипатталады? Ұсыныс икемділігі қандай болуы мүмкін? Ұсыныс икемділігіне уақыт факторы қалай әсер етеді? 7. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі есебінің практикалық мәнін түсіндір. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі тнориясын кімге білген маңызды? Дәріс сабағының құрылымы Тақырып 3. Тұтынушының таңдау теориясын талдау. Дәріс сабағының мазмұны: 1. Тұтынушының таңдауы және игілік пайдасы. 2. Бюджеттік шектеулер және талғамсыз қисығы. 3. Тұтынушы оптимумы. Ішкі және бұрыштық шешімдер. 4. Табыс әсері және алмастыру әсері. 5. «Табыс – тұтыну» сызығы және Энгель қисығы. 6. «Баға – тұтыну» сызығы. Дара және нарық сұранысының қисығын құру. Оқулықтың алдыңғы тарауларында сұраныс заңы мен ұсыныс заңы, олардың икемділігі, демек түрлі факторлардың әсерінен ұсыныс пен сұраныстың өзгеру дәрежесі қарастырылды. Бұл дәріс тақырыбында біз сұраныс теориясын тұтынушы (сатып алушы) мінез-құлқы түрінде баяндауды жалғастырамыз. Нарықтағы сұраныс – бұл игілікті сатып алу арқылы қанғаттандыратын біздің қажеттіліктеріміз. Қандай әдіспен біздің қажеттіліктеріміз белгілі сұраныс мөлшеріне айналады? Көптеген игіліктердің ішінен бізді қанағаттандыратынды қалай таңдаймыз? Бұл сұраққа осы тұтынушы мінез-құлқы теориясы жауап береді. Бұл теорияда тұтынушы мінез-құлығының жалпы моделі құрылады. Тұтынушы мінез-құлқы – бұл бар бағаның есебінде игілікті таңдау жүргізетін тұтынушының нарықтық сұранысын құратын процесс. Біздің тұтыну үшін тауар және қызметті таңдау, демек тұтынушы сұранысы, алдымен біздің қажеттілігімізге және талғамызға, әдеттерімізге, дәстүрімізге, демек біздің қалауымызға байланысты. Тұтынушы қалауы - бұл қандай да бір игіліктің басқалардан артықшылығын мойындау, демек бір игілікті басқалармен салыстырғанда жақсырақ деп мойындау. Тұтынушы қалауы субъективті болып келеді. Таңдалынатын әрбір игіліктің пайдалығының бағасы да субъективті болып келеді. Бірақ тұтынушы таңдауы тек қана оның қалауымен ғана емес, сонымен қатар таңдалынатын өнімнің бағасымен және оның табысымен анықталады. Дара тұтынушының ресурстары экономика масштабтарындағыдай шектелген. Тұтынушы қажеттіліктерінің тәжірибелік шексіздігі және оның ресурсының шектеулігі түрлі комбинациядан игілікті таңдау қажеттілігіне, демек қажетті тұтынушы таңдауына әкеледі. Бақылау сұрақтары: 1. Нарық жүйесінде тұтынушы таңдауын қандай факторлар анықтайды? 2. Қандай жағдайларда тұтынушының мінез-құлқын рационалды деп есептеу қажет? 3. Тауарлардың түрлі категориялары үшін табыс әсері мен алмастыру әсері қандай қатынаста болады: жақсы, жаман және Гиффен? 4. Неге экономистерді берілген тұтынушылардың бюджеттік шектеудің жанама сызығының нүктесі және оның парықсыздық қисығы қызықтырады? Экономикада мұндай жанаманың қандай нұсқалары кездеседі? 5. Түрлі экономикалық жүйелер типтері үшін тұтынушының бюджеттік шегі айырыла ма? 6. Тұтынушы табысының өзгеруі оның молшылығы қалай әсер етеді? Дәріс сабағының құрылымы Тақырып 4. Өндіріс шығыны және экономикалық пайда Дәріс сабағының мазмұны: 1. Шығын және пайда: экономикалық және бухгалтерлік тәсілдеме. 2. Фирманың қысқа мерзімді шығындар: түрлері, динамикасы, өзара байланысы. 3. Изокоста. 4. Ұзақ мерзімді периодтағы шығындар функциясы. Нарықтық экономиканы қызмет ету шартында кәсіпорындарда өндірістік тауар бағасы екі негізгі бөлімнен тұрады: табыс және өндіріс шығындардың құны. Баға – қызмет немесе тауар бірлігіне алынатын немесе төлінетін ақша мөлшері. Кәсіпкерге тұратын тауар капитал шығындарымен өлшенсе, қоғамға тұратын тауар еңбек шығынымен анықталады. Сондықтан тауар өндірісінің шығыны оның бағасынан төмен, демек капитал шығынынан бөлек еңбек шығынын қосатын нақты өндірістік шығындар. Тауар бағасы мен кәсіпкерлік капитал шығындарында көрсетілген айырмашылық кәсіпорын табысын құрайды. Пайда – табыстың тауар өндіруде, қызмет көрсетуде жұмсалған шығыннан алған сомасы. Өндірістік шығындары – өнім өндіруге жұмсалған жанды еңбек пен затқа айналған еңбек шығындарының жиынтығы. Экономист өндіріс шығынын фирманың қаржылық балансы қызықтыратын бухгалтер секілді қарастырмайды. Бухгалтерлер фирманың қаржысына өткенге шолу көз қарасымен бейімделген, себебі оларға өткенде фирманың қызмет тиімділігін бағалауға және активтер мен пассивтерге қадағалау жүргізуге тура келеді. Экономистер мен басшылықтар, керісінше, фирманың болашағына қызықтырылады. Олар алдағы шығындардың, оларды азайту және рентабельдікті жоғарлатудың қамын ойлайды. Демек, олар айқынсыз шығындармен қызығу қажет. Айқынсыз шығындар – фирма ресурсын жаксырақ қолдану мүмкіндігін жіберумен байланысты шығындар. Айқынсыз шығындарға фирмамен өндірілетін анық шығындар кіреді, бірақ олармен шектелмейді. Бақылау сұрақтары: 1. Максималды табыс алу үшін өнімнің максималды мөлшерін сату қажет. Бұл ой дұрыс па? 2. Фирма менеджерлері, ереже бойынша, шекті шығындарды білмейді. Бұл жағдайда шекті табыс пен шекті шығынның тепе-теңдігі кезінде өндірістің оптималды заңын айтудың мағынасы жоқ. Бұл солай ма? Дәріс сабағының құрылымы Тақырып 5. Өндірістің ресурстық факторлары. Ресурс нарығында баға белгілеу. Дәріс сабағының мазмұны: 1. Өндірістік факторлар нарығындағы үйшаруашылығы 2. «Табыс – демалыс» үдгісіндегі талғамсыз қисығыжәне бюджеттік шектеулер 3. Еңбек пен демалысқа тәуелді еңбек ұсынысы Қазіргі экономикалық ғылымда бағаның көтерілуіне байланысты жалдамалы қызметкерлердің еңбекақылары көтеріңкі жағдайларда төленеді. Еңбек шығындарын бағалау әдістерінің тәуелділігіне қарай уақыттылы (сағаттық, күнделікті, жұма сайынғы, ай сайынғы), істелген жұмыс мөлшеріне, аккордты және т.б. ақының түрлерін қолданады. Еңбекақыны номиналды және нақты деп бөлуге болады. Номиналды еңбекақы деп – жалдамалы қызметкерлерден алынған ақшаның сомасын айтады. Ал нақты еңбекақы деп – тауар мен қызметтің жиынтығын айтады. Көптеген дамыған мемлкеттердің тұрғындары үшін еңбекақы өмір сүрудің негізгі көзі болып келеді, негізінде ол ұлттық табыстың 2/3-3/4 құрайды. Еңбекақы деңгейіне әсер ететін негізгі фактор еңбек ресурстарын қолдану тиімділігі болып келеді. Ол алдымен «еңбек өнімділігі» тік көрсеткішімен өлшенеді. Өз кезегінде, еңбек өнімділігіне басқа өндірістік ресурстарды қолдану тиімділігі әсер етеді – қор қайтарылуы, материл қайтарылуы. Мақсатты оңтайландыру үшін өндіріс факторының бағасы олардың сапасын бейнелейді деп есептейік ( бірақ шындығында бұл ылғи да ақиқат бола бермейді). Мысалы, еңбек сапасы физикалық денсаулыққа, жалпы және арнайы білімге, өндірістік тәжірибесіне және т.б. тәуелді. Кейде құнды өлшенуге әрен берілетін факторлар болады (көбінесе коллективтегі әлеуметтік- психологиялық климат, өнегелі құндылық), бірақ олар үлкен роль ойнады. Жетілген бәсекелес шартында еңбек бағасы кез-келген басқа тауарға сәйкес құрылады. Бұл дегеніміз барлық қызметкерлер бірдей еңбекақы алады, ол олардың қандай фирмада жұмыс істейтініне тәуелсіз болып келеді және бұл фирмамен алдында берілген мөлшер түрінде қабылданады. Сондықтан жеке фирма үшін еңбек ұсыныс абсолютті икемді. Жетілген бәсекелестік шартында еңбекақы деңгейінің өзі максималды - шекті өндіріс теориясына сәйкес жұмысшы толық еңбек өнімін алады: МRC = wc. Сондықтан фирманың еңбекке шекті шығыны еңбекақыға тең. Еңбекақы деңгейі фирманың мінез-құлқына байланысты болмаған жағдайда, кәсіпкерліктен тек қана жалданатын жұмысшылар мөлшері тәуелді болады. Әрбір адам дилемма алдында тұр: көбірек жұмыс істеу немесе көбірек демалу. Құрылған жағдай өзгерген кезде ол өткір бола бастайды. Мысалы, біз 24 сағатта алатын қазіргі уақыттағы максималды табыс В долл. тең. Тәулігіне максималды сағат саны, әрине 24. Бұдан, біздің «табыс-бос уақыт» бюджеттік шегімізді АВ тік сызығымен көрсетуге болады. В нүктесін шешім ретінде қабылдауға болмайды, себебі қысқа мерзімде немесе ұзақ мерзімде болсын тәулігіне 24 сағатты ешкім жұмыс істей алмайды. Еңбек – өзіндік тауар. Фактілі түрде жалданған қызметші емес, оның жұмыс уақыты сатылады. Оның шектері бар және ол 24 сағаттан кем болу керек, себебі бұл уақыт адамның демалуына қажет. Сондықтан тепе-теңдік Е нүктесінде жетеді. Бұл жағдайда бос уақытты Н құрайды, жұмыс уақыты — (24 - Н0), күндізгі табыс I0=w(24 - Н0). Бюджеттік шектің көлбеулігі - w – еңбекақы төлемінің ставкасына тең. Бұл дегеніміз қызметші табысқа бос уақытты алмастырудың шекті нормасы еңбекақыға тең болғанда пайданы максималдайды: MRCIH =w Бақылау сұрақтары: 1. Соңғы уақытта қызметшілердің еңбекақысын, пенсияларды және жәрдемақыларды индексациялау талабы жиі естіледі. Ұсынылатын индексациялау жүйесінің негізінде қандай принциптер жатыр? Олардың жағдайы мен мүмкін зардаптарын микро және макроэкономикалық талдау көзқарасы жағынан талқылаңыз. 2. Еңбекке төлем, жұмысбастылық көлемі, еңбек нарығы құрылымының арасында қандай байланыс бар? Дәріс сабағының құрылымы Тақырып 6. Жалпы тепе-теңдікті, экономикалық тиімділікті және қоғамдық игілікті талдау Дәріс сабағының мазмұны: 1. Жалпы тепе-теңдікті талдау. 2. Өндіріс, шығыс және айырбас тиімділігі. 3. Жеке және қоғамдық игіліктер. Жалпы тепе-теңдікке жету – бұл бір нарықтағы өзгерістің басқа нарықтарға әсерінің нәтижесі. Бұл өзара байланыста түрлі тауарлардың өзара байланысы бірден көз алдына түседі. Сондықтан қарапайым талдау минимум төрт этапты құру керек: 1) алғашқы өзгерістер; 2) тауарларды өзара алмастырушы нарықтары; 3) тауарларды өзара толтыру нарықтары; 4) кері байланыс әсері. Шығыс тиімді болады, егер бір уақытта сатып алушылардың пайдасын максималдаса және бар ресурстардың шегінен шығып кетпесе, демек өндірістік мүмкіндіктер шекарасында жатса. Осылайнан, өндірістік мүмкіндіктер шекарасы мен талғамсыз қисығы тек бір үлкен нүктеге ие болады –жанама нүктесін. Бұл нүктеде алмастырудың шекті нормасы трансформацияның шекті нормасына тең болады. Жалпы тепе-теңдік теориясы кең салада қолданылады. Ол экономиканың тиімділігіне немесе тиімсіздігіне талдау үшін қолданылады, мысалы жетілген бәсекелестен айырылу. Сонымен қатар, ол экономиканың молшылық саласындағы саясаттың ғылыми негізін анықтауда маңызды роль ойнайды. Таза қоғамдық игілік – бүкіл азаматтармен ұжымдық тұтынылатын игілік. Таза қоғамдық игілік екі қасиетпен сипатталады: тұтынуда ерекшеленбейтін және таңдалмайтын. Бұндай қасиеттермен, мысалы ұлттық қорғаныс ие. Бақылау сұрақтары: 1. Екі тауардың айырбас қатысушылары қалайнан Эджуорт үлгісінде Парето тиімді таратуға жетеді? 2. Нақты экономикада болатын игілікті бөлу және ресурстарды орналастырудың Парето тиімділігіне жету үшін негізгі кедергілерді ата. 3. Жеке тауарлар нарығын мемлекеттік реттеу ылғи жүре ме? Дәріс сабағының құрылымы Тақырып 7. Бәсекелес және бәсекелес емес нарықтар шартында өндіріс көлемін, бағасын және шығынын анықтау Дәріс сабағының мазмұны: 1. Таза монополияның нарық үлгісі 2. Таза монополистің шекті табыс қисығы 3. Қысқа мерзімдік периодта таза монополиспен пайданы максималдау. Ұзақ мерзімді монополиялық тепе-теңдік. 1. Біріншіден, монополияны фирма типі ретінде қарастыруға болады. Ол өздігінен ұлттық шаруашылықтың белгілі бір саласында алдыңғы қатарлы орын алатын ірі корпорацияны білдіреді. Көбінесе монополия әлемге танымал «Дженерал моторе», «Эксон», «Кока-кола» және т.б. компаниялармен қауымдасады. Бірақ «монополия» ұғымының басқа да түсіндірмесі бар – бұл фирманың экономикалық мінезі. Нарықта сатып алушыларға белгілі түрдегі өнімнің негізгі массасын өндіретін кәсіпкер-монополист қарсы тұру жағдайы болуы мүмкін. Бұл жағдайда монополист кәсіпорын өлшемі бойынша кішкентай болып көрінуі мүмкін. Ірі фирмалар монополист болмауы мүмкін, егер оның берілген нарықтағы үлесі аз болса. Монополияны нарықтың экономикалық құрылымының түрі десек, біз оны экономикалық қатынастың анықталған типі ретінде қарастырамыз. Ол бұл қатынасқа қатысушылардың біріне нарықта белгілі тауарға өзінің шартын оқуға мүмкіндік береді. Монополия салада тауар ұсынысының көлемін толығымен қадағалайтын тек бір өндіруші бар деп есептейді. Бұл оған бағаны қоюға мүмкіндік береді, осылай максимум табыс алады. Бағаны қоюда монополиялық өкіметің қолдану деңгейі жанында алмастырушы тауардың болуына байланысты болады. Егер тауар жақсы болса, онда сатып алушы оны белгіленген бағамен сатып алады немесе одан бас тартуға тура келеді. Алмастырушысы жоқ өнімдер саны шектеулі. Таза монополияға коммуналдық қызмет көрсету, кабельдік теледидар компаниясын немесе оқулықтарды жаңарту үшін кітап өндіруші монополия және т.б. жатқызуға болады. Бақылау сұрақтары: 1. Неге монополист өзі қалаған тауар мөлшерін өндіріп, кез-келген бағаны қоя алмайды? 2. Қандай тауарлар нарығында монополистік бәсекелес басым болады? Неге? 3. Калдор-Хикс критериясы монополиялық бәсекелестік шартында шешімді қабылдаудың тиімділігін бағалау үшін қоланыла ма? Дәрістік сабақтың құрылымы. Модуль 2. Макроэкономикалық талдаудың теориялық аспектісі 8 тақырып. Ұлттық есептердің жүйесі. Дәрістің мазмұны: 1. Ұлттық есептің жүйесі. 2. ЖІӨ мен ЖҰӨ негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері: өлшеу әдістері, ішкі құрылымы ( ТҰӨ, ҰТ, ЖТ, ҚБТ). 3. Тұтыну бағасының индексі, нақты ЖҰӨ, дефлятор. 4. Потенциалды және фактілі ЖҰӨ. Оукен заңы. Ұлттық есептің жүйесі- бұл экономиканың әр текті секторларындағы өндіріс, шығындар көздері, бағалар, әртүрлі тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға кеткен шығындар жөнінде деректерді қамтитын ұлттық табыстың құрастырушы көздерінің жиынтығы. Ұлттық есеп жүйесінің ең кең тараған көрсеткіштері жалпы ұлттық өнім ( ЖҰӨ) және жалпы ішкі өнім ( ЖІӨ) болып табылады. ЖҰӨ елдің барлық азаматтарының табысы, яғни елдің өндіріс тауарлары мен қызметтерге жұмсалған жалпы шығын көлемін көрсетеді. ЖҰӨ үш әдіспен өлшенуі мүмкін: бірінші- шығындар бойынша ағын тәсілі. Екінші- табыстар ағынының тәсілі. Үшінші- қосымша баға тәсілі. ЖҰӨ өндірістік көрсеткіштері оның ішкі құрлымын сипаттайтын ТҰӨ, ҰТ, ЖТ, ҚБТ болып табылады. Таза ұлттық өнім ( ТҰӨ)- ол ЖҰӨ- капиталды тұтыну немесе амортизация. Ұлттық табыс ( ҰТ) - бұл өндірістік факторлар шығындарының есебі; ол өндірісте қолданылатын еңбек және мүліктік ресурстармен алынған табыстар ағынын өлшейді. Жеке табыс ( ЖТ) – бұл үй шаруашылығы игілігінде және мемлекеттік салық міндеттерін орындағанннан кейінгі корпоративті емес кәсіпорындар игілігінде қалатын қажеттіліктер. Қолда бар табыс ( ҚБТ) – бұл жеке табыс сомасынан мемлекетке төленетін кейбір салық емес төлемдерді алып тастағандағы шығатын табыс көлемі. Бақылау сұрақтары: 1. ЖҰӨ және ЖІӨ: айырмашылығы, табыстар, қосымша баға бойынша есептеу әдісі. 2. ТҰӨ, ҰТ, ЖТ, ҚБТ есептеріне шартты мысалын келтіріңіз 3. Тұтыну бағасының индексі, нақты ЖҰӨ, дефлятор есептеріне шартты мысалын келтіріңіз. Дәрістік сабақтың құрылымы. 9 тақырып. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты талдау. Дәрістің мазмұны: 1. Жабық экономикадағы жиынтық сұраныстың құрылымы. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлары. 2. Жиынтық ұсыныс: классикалық және кейнсиандық модельдері. 3. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс модельдеріндегі макроэкономикалық тепе- теңдік. Тұрақтандыру саясатының әсері. Жиынтық сұраныс ( AD) дегеніміз - сатып алушының сұранысы,өндірілген өнім саны мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік. AD= C + I + G + NE Басқа сөзбен айтқанда, жиынтық сұраныс қисығы әрбір берілген баға деңгейінде сатып алатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер санын көрсетеді. Жиынтық сұраныстың қисығына бірқатар факторлар әсер етеді, оларды екі топқа бөлуге болады: бағалы және бағалы емес факторлар. Бағалы факторлар жиынтық сұраныстың көлемін өзгертеді, ол AD қисығының бойымен бағытталумен сипатталады. Бағалы емес факторлар жиынтық ұсыныстың сипатын өзгертеді, ол AD қисығының оңға немесе солға қозғалуымен сипатталады. Жиынтық ұсыныс ( AS) – бұл сатушылардың әр түрлі баға деңгейінде ұсынатын тауарлар саны мен көрсетілетін қызметтер мөлшерін көрсетеді. Жиынтық ұсыныстың қисығының сипатына бірнеше факторлар әсер етеді, оларды да бағалы және бағалы емес деп бөледі. Бағалы факторлар жиынтық ұсыныстың көлемін өзгертеді, ол AS қисығының бойымен бағытталумен сипатталады. Бағалы емес факторлар жиынтық ұсыныстың сипатын өзгертеді, ол AS қисығынан ауып кетуімен сипатталады. AS қисығын қисығын құру кезінде үш кеңістікті бөлуге болады: көлденең ( кейнсиандық), тігінен ( классикалық) және аралық. Классикалық мектеп бағалардың абсолюттік икемділігінің принципін және экономикалық субъектілер әрекетінің рационалдығын сипаттайды. Бұл ресурстарға бағалар ( бағалар икемділігінің әсерінен) тауарлар мен қызмет көрсетулер бағаларына пропорционалды өзгеретінін білдіреді. Кейнсиандық концепция да бағалар деңгейінің жалпы өзгерісіне қатысты ресурстар бағаларының икемсіздігін қарастырады. Ресурстар бағаларының өсуіне кедергі жасайтын бірқатар факторлар тобы бар. Бұл ұзақ мерзімді келісім- шарттар; уақытша дисбаланс кезінде амортизатор ретінде қолданылатын тауарлық қорлар; экономикалық субъектілер әрекетінің нақты рационалсыздығы. Тепе- теңдікті- экономикалық конъюнктураның берілген параметрлері бойынша ұсыныс пен сұранысқа сәйкестік ретінде анықтауға болады. Тепе- теңдіктің жеке тепе- теңдік, ол белгілі бір нарықта, біріккен тепе- теңдік, игіліктер, бағалар және бағалы қағаздар нарықтарында және жалпы тепе- теңдік барлық нарықтарда бірдей қолданылатын түрлері айырылады. Тепе- теңдік шарты нақты шығару көлемінің жоспарланған шығындар сомасына тең екендігін сипаттайтын негізгі макроэкономикалық тепе- теңдіктен шығады. у( AS) = C + I + G + NE Бақылау сұрақтары: 1. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың жеке сұраныс пен жеке ұсыныстан айырмашылығы неде? 2. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың арасынағы макроэкономикалық тепе- теңдікке классикалық, кейнсиандық және неоклассикалық ( монетаристтік) тәсілдеме. 3. Қазақстан Республикасының қазіргі инвестициялық саясатының басымдылығы қандай? Дәрістік сабақтың құрылымы. 10 тақырып. Өндіріс және еңбек нарығы. Дәрістің мазмұны: 1. Өндіріс факторлары. Өндірістік функция. 2. Нақты еңбекақы мен капиталдың нақты бағасы. Өндіріс факторлары бойынша ұлттық табысты бөлу. 3. Еңбек нарығы: сұраныс, еңбектің жиынтық ұсынысына классикалық және кейнсиандық әдістемесі, тепе- теңдік Еңбек нарығында өндірістің негізгі факторы- еңбекті сатып алушы кәсіпкерлердің жоспарлары сатушы үй шаруашылықтырының жоспарларымен сәйкеседі. Еңбек нарығының бір ерееше қасиеті бар. Бұл экономикалық субъектілердің іс- әрекетінің мотивациясы бір параметрге- жалақы ставкасына тәуелді болып келетін жалғыз нарық болып табылады. Қызмет етудің неоклассикалық концепциясы классикалық мектептің белгілі постулаттарына: жетілген бәсекелестікке, өндіріс факторларының өзара алмасуына, номиналды жалақы икемділіне және экономикалық субъектілердің рационалды іс- әрекетіне негізделеді. Осыған байланысты субъектілер нақты жалақы ставкасына емес, номиналды жалақы ставкасына жүгінеді. Еңбек сұранысының неоклассикалық концепциясы толығымен макроэкономикалық негізде құрылған. Кәсіпкерлер берілген шартта максималды пайданы табуға бағытталған өзінің пайдасының формальді критерийлеріне сай еңбекке сұранысты ұсынады. Нақты жалақы ставкасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым еңбекке сұраныс төмен болады және керісінше неғұрлым нақты жалақы ставкасы аз болса, соғұрлым еңбекке сұраныс көп болады. ND = f ( w, -) Еңбек ұсынысы нақты жалақы ставкасына тікелей тәуелді және ол жалақы ставкасының өзгерісіне абсолютті икемді болып келеді. ND = f ( w, +) Қысқа мерзімді еңбекке сұраныс нақты жалақы ставкасының өзгерісі нәтижесінде ғана өзгереді. Ұзақ мерзімді еңбекке сұраныс технологиялық факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін. Еңбек ұсынысының нақты жалақы ставкасына тәуелді болуына байланысты, бағалар өсімі нақты жалақы төмендеуіне әкеліп соқтырады, демек, еңбек ұсынысы да төмендейді. Еңбек нарығындағы тепе- теңдік барлық еңбек ұсыныстарының кәсіпкерлердің еңбекке деген сұранысына толығымен теңгерілу шартында орындалады. ND = f ( w, -) = ND = f ( w, +) Неоклассикалық концепцияға сәйкес еңбек нарығындағы тепе- теңдік толық жұмыспен қамтамасыз етілу шартында орындалады, оған номиналды жалақы ставкасы өз ықпалын тигізеді. Кейнсиандық концепция өзге постулаттарға негізделіп құрылады. Біріншіден, өндіріс факторлары қысқа мерзімде өзара байланыссыз болады. Екіншіден, экономика жетілген бәсекелестік экономикасы емес, және еңбек нарығы одан да нашар жетілген. Үшіншіден, номиналды жалақы икемсіз болып табылады. Еңбекке сұраныс тиімді сұраныстың игілікке бағытталған функциясы болып табылады. ND = f ( y, +) Кейнсиандық концепция бойынша еңбек ұсынысы номиналды жалақы ставкасына тікелей тәуелді болады. NS = f (W, +) Егер еңбекке ұсыныс бағасы еңбекке сұраныс бағасынан артық болмаса, онда еңбек нарығында тепе- теңдік орнайды: WD >_ W5 Бақылау сұрақтары: 1. Еңбек нарығы: еңбек ұсынысы мен еңбек сұранысы. Еңбек нарығындағы тепе- теңдік. 2. Қазақстан Республикасының еңбек нарығының құрылу ерекшеліктері. 3. Жиынтық сұранысқа классикалық және кейнсиандық тәсілдеме. Дәрістік сабақтың құрылымы. 11 тақырып. Игіліктер нарығы. Дәрістің мазмұны: 1. Тұтыну функциясы. Тұтынуға және қор жинауға шекті бейімділік. 2. Инвестициялық функция. Инвестициялар мультипликаторы. 3. Мемлекеттік шығындардың мультипликаторының және салық мультипликаторының ерекшеліктері. 4. Игіліктер нарығындағы тепе- теңдік, IS қисығының графигін құру. салық- бюджет саясатының әсері. Бүгінгі макроэкономикалық модельдердің орталық буыны игіліктер нарығы болып табылады. Игіліктер нарығында үй шаруашылықтарының сұранысы билік жүргізеді. Қазақстанда оның үлесіне соңғы жиынтық сұраныстың жартысынан көп бөлігі тиеді. Игіліктер нарығындағы сұранысты анықтайтын факторлар қатарына келесілерді жатқызуға болады: 1) өндірістен түсетін пайда; 2) салықтар мен трансфертті төлемдер; 3) мүлік көлемі; 4) мүліктен түсетін пайда.Қарапайым тұтыну функциясы келесі түрде болады: C = a + b (Y– T) Тұтынуға шекті бейімділік- қолда бар табыстың кез келген өзгерісіндегі тұтынушылық тауарлар мен қызмет көрсетулер шығындарының өсу үлесі. Қарапайым қор жинау функциясы келесі түрде болады: S = a + (1-b)(Y-T) Қор жинауға шекті бейімділік- қолда бар табыстың кез келген өзгерісіндегі қорлардың өсу үлесі. Автономды инвестициялар қарапайым функциясы: I =e –dR. Инвестициялауға шекті бейімділік- табыстың кез келген өзгерісіндегі инвестиция шығындарының өсу үлесі. Жоспарланған шығындар үй шаруашылықтарының, фирмалардың, үкімет және сыртқы әлемнің тауарлар мен қызмет көрсетулерге жұмсауға жоспарлаған сома болып табылады. Нақты шығындар жоспарланған шығындардан айырмашылығы- сату деңгейіндегі күтпеген өзгерістер пайда болған жағдайларында фирманың жоспарланбаған инвестицияларды тауарлы- материалды қорларға құюы. Табыс жоспарланған шығындарға тең болған кезде жоспарланған және фактілі инвестициялар мен қорлар да теңеседі, яғни макроэкономикалық тепе- теңдік орнайды. Y0 шығарудың тең өлшемді деңгейі жиынтық шығындардың кез келген компонент: тұтыну, инвестиця, мемлекеттік шығындар немесе таза экспорт шамасының өзгеруіне сәйкес тербеледі. IS қисығы жоспарланған шығын табысқа тең болуын сипаттайтын пайыздық мөлшерлеме деңгейінің шығару деңгейімен үйлесуін көрсетеді. Мультипликатор неғұрлым аз болса және инвестициялық шығындар пайыздық мөлшерлеме өзгерісіне неғұрлым сезгіш болмаса, соғұрлым IS қисығы тік болады. Автономды шығындардың мультипликаторы- тең өлшемді ЖҰӨ өзгерісінің автономды шығындардың кез келген компонентінің өзгерісіне қатынасы. Мультипликатор автономды шығындар өзгерісінен туындаған іскерлік белсенділіктің тербелістерін күшейтетін экономикалық тұрақсыздылықтың факторы болып табылады. Сондықтан Үкіметтің салық- бюджет саясатының негізгі мақсаттарының бірі экономиканың реттеуіштерін құру болып табылады.Ал ол өз алдына тұтынуға шекті бейімділік шамасын салыстырмалы төмендету жолымен мультипликация әсерін азайтуға мүмкіндік берер еді. Бақылау сұрақтары: 1. Игіліктер нарығының құрылуының тұтыну және сақтау функцияларына тәуелділігін сипаттаңыз 2. Инвестициялар мультипликаторы, мемлекеттік шығындардың және салық мультипликаторының қызметіне мысал келтіріңіз 3. Жеке инвестицияларды ығыстыру тиімділігінің нәтижесі неде? 4. IS моделіне график құрып, талдаңыз 5. Тауар нарығының тепе- теңдік жағдайына фискалды саясаттың әсерін сипаттаңыз. Дәрістік сабақтың құрылымы. 12 тақырып. Ақша нарығын талдау. Дәрістің мазмұны: 1. Ақшалай агрегаттар және ақша нарығы: ақша сұранысының факторлары және ақшаны ұсыну ерекшеліктері. 2. Фишер теңдеуі. 3. Ақша базасы мен ақша массасы. Ақшалай мультипликатор. 4. Орталық банктың реттеуші әрекеттері және ҚР Ұлттық банкінің тұрақтандыруының ерекшеліктері. Ақша төлеу құралы болып табылады, сондай- ақ ол құндылықты өлшеу және сақтау ретінде қолданылады. Айналымдағы барлық ақшаның жиынтығы ақша массасын құрайды. Ақша сұранысы экономикалық субъектілердің белгілі уақыт кезеңінде өз қолданысында берілген активтың белгілі бір шамасын иелену талпынысын сипаттайды. Айырбастаудың сандық теңдеуінің екі нұсқасы белгілі: Фишер теңдеуі және кембридждік теңдеу. Фишер теңдеуі: M* v = P*y Кембридждік теңдеу: y = (1/k)*(M/P) Кейнсиандық концепциядағыдай Баумоль-Тобин моделінде де ақшаға сұраныс экономикалық субъектінің ақшалай қорын оңтайландыру көзқарасынан қарастырылады. Бұл модель үй шаруашылықтарының ақшалай сұранысын анық сипаттайды, ал ақшалай табысының шамасы тұрақсыз фирмалар үшін модель тек тұрақсыздық факторын есепке алу барысында ғана қолданылады. Ақшаға сұраныс нақты ақшаға сұраныс болып табылады, яғни ол бағалар деңгейінің өзгерісіне тура пропорционалды өзгереді. Инфляция жылдамдығының өсуімен нақты кассаға сұраныс төмендейді, ал инфляцияның төмендеуімен керісінше өседі. Егер банктік жүйемен құрылған барлық ақша мөлшері « халықтың» қолындағы бар ақша түрінде немесе мерзімсіз банктік салымдар түрінде еркін ұсталса, онда ақша нарығында тепе- теңдік орнайды. Ақша нарығында тепе- теңдік тек пайыздық мөлшерлеме мен нақты ұлттық табыс шамаларының белгілі үйлесу жағдайында ғана орнатылуы мүмкін, себебі бұл параметрлер қысқа мерзімді ақша ұсыныстары мен сұраныстарының көлемін анықтайды. Осындай көптеген үйлесулердің графикалық түрі LM қисығымен көрсетілген. LM қисығы үш ерекше бөлімді қарастырады: кейнсиандық, аралық және классикалық. Нақты ақша мөлшеріне ұсыныстың өсуі және ( немесе) нақты кассаға сұраныстың төмендеуі жағдайында LM қисығы оңға қарай бағытталады; М/Р төмендеуі және ( немесе) l (y, i) өсуі кезінде LM қисығы солға қарай бағытталады. Неоклассикалық концепция бойынша « халық» ақшаны тек келісім үшін қолданатындықтан, ақша нарығындағы тепе- теңдік шарты ақша теориясының мөлшерлік теңдеу түрін қабылдайды: М/Р = ny = y/V( MV = Py. Берілген V және у шамаларына сәйкес тепе- теңдік Р- ң М- ға тура пропорционалды өзгеру есебінен орнатылады. Неоклассикалық пен кейнсиандық концепциялар арасындағы негізгі айырмашылықтарының бірі мынамен айқындалады: біріншісінде пайыздық мөлшерлеме ( капиталды) игіліктер нарығында анықталса, екіншісінде- ақша нарығында анықталады. Бақылау сұрақтары: 1. Ақша және ақша агрегаты дегеніміз не? 2. Ақша сұранысын туындататын себептер мен факторлар қандай? 3. LM моделінің графигін құрып, талдаңыз 4. Ақша мультипликаторының қызметіне шартты мысалдар келтіріңіз 5. ҚР Ұлттық банкінің мысалында орталық банктің негізгі тұрақтандырушы операцияларын анықтаңыз Дәрістік сабақтың құрылымы. 13 тақырып. IS-LM моделі. Дәрістің мазмұны: 1. Тауар және ақша нарығындағы тепе- теңдік. IS- LM моделі. AD- AS және IS-LM модельдерінің өзара байланысы. 2. Жоюшы әрекет. Жеке инвестицияларды ығыстыру тиімділігі. 3. IS-LM моделіндегі ақша- несие және салық- бюджет саясаттары Кейнсиандық модель бойынша игіліктер, ақша және капитал нарықтарының біріккен тепе- теңдікке жету шарты IS және LM қисықтарының қиылысуымен анықталады. Олардың қиылысу нүктесі пайыздық мөлшерлеме мен ұлттық табыстың нақты шамаларын көрсетеді, ал бұл шамаларға сәйкес аталған үш нарықта да сұраныс пен ұсыныс бір- біріне тең болады. Игіліктер, ақша және капитал нарықтарының біріккен тепе- теңдігі тұрақты болып табылады. Игіліктер, ақша және капитал нарықтарының біріккен тепе- теңдігіне сәйкес игіліктерге сұраныс көлемі Дж. Кейнспен « тиімді сұраныс» деп аталды. Игіліктер нарығындағы тепе- теңдіктің экзогенді бұзылуы несие нарықтарының күйлеріне әсер етеді, және керісінше. Игіліктер нарығындағы берілген ақша ұсынысына сәйкес автономды сұраныстың өсуі ақша нарығында келісімдерге жұмсалатын ақша сұранысының өсуінен туындаған тапшылықтың пайда болуына әкеледі. Нәтижесінде пайыздық мөлшерлеме өседі, ал инвестициялық сұраныс төмендейді, осыдан жиынтық сұраныстың мультипликатты қысқарулары туындайды. Осылайша ақша нарығы автономды шығындар мультипликаторының қызметін тоқтатады. Ақша нарығында ұсынысты арттыру немесе пайыз мөлшерлемесін төмендету көмегімен сұранысты қысқарту игіліктер нарығындағы жиынтық сұранысты ынталандырады. IS-LM модель шеңберіндегі бағалар деңгейінің өзгерісі жиынтық сұраныстың шамасына үш тиімділік арқылы әсер етеді: Кейнс (Р(, М/Р(, i(, I(, y(), Пигу (Р(, М/Р(, С(, у() және таза экспорт (Р(, Е(, Z(, y(). Игіліктің жиынтық сұранысының бағалар деңгейіне тәуелділігі жиынтық сұранысының функциясы деп аталады. Аталған үш тиімділіктің қызметі бағалар деңгейінің өсуіне, ал ол өз алдына жиынтық сұраныстың төмендеуіне әкеледі, және керісінше. Жиынтық сұраныстың қисығы IS және LM қисықтарының қиылысу нүктесіндегі бағалар деңгейінің өзгерісіне ауыспалы проекция ретінде құрылады. IS қисығының бағытына сәйкес yd(P) қисығы дәл сол бағытта ауысады. Жиынтық сұраныстың қисығының жылжу қашықтығы және оның қисығының өзгеруі i, y тең өлшемді шамалардың LM қисығының қай бөлігінде орналасқанына байланысты. Егер LM қисығы ақшаның номиналды ұсынысының немесе нақты сұранысының өзгеру нәтижесінде өзгеретін болса, онда yd(P) да сол бағытта өзгереді. Жиынтық сұраныс функциясының алгебралық түрі IS қисығының теңдеуіндегі LM қисығының теңдеуінен анықталған пайыздық мөлшерлеме шамасын қою жолымен анықталады. Жиынтық сұраныс функциясының толық дифференциалы кейнсиандық модельдің игіліктер мен ақша нарықтарының өзара әрекеттесу моделі болып табылады. Бақылау сұрақтары: 1. IS- LM моделінің теңгерілу графигін құрып, талдаңыз. 2. AD- AS және IS-LM модельдерінің өзара байланысы қандай№ 3. Жеке инвестицияларды ығыстыру тиімділігінің мағынасы мен практикалық бағыттылығы неде? 4. IS- LM моделіне фискалды және монетарлы саясаттың әсер ету мысалдарын келтіріңіз Дәрістік сабақтың құрылымы. 14 тақырып. Инфляция мен жұмыссыздықты талдау. Дәрістің мазмұны: 1. Макроэкономикалық тербелістер. Әлуетті және нақты ЖҰӨ. 2. Жұмыссыздық деңгейі. Оукен заңы. 3. Инфляцияның дамуының себептері мен факторлары. Сұраныс инфляциясы, шығындар инфляциясы. Болжамды және болжамды емес инфляция. 4. Инфляция қарқындылығы және шығару деңгейін құру. Филлипс қисығы. Антиинфляциялық саясат. Инфляция дегеніміз бағалардың орташа деңгейінің өсу қарқыны, бірақ бұл бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпта қалады, ал кейбір бағалар төмендейді. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың функциясын ( инфляция мен инфляциялық күтулерді ескере отырып) жиынтық сұраныс пен ұсыныстың динамикалық функциясы деп аталады. Сұраныс инфляциясы жиынтық сұраныстың автономды өсуі болған кезде көрініс табады, ол AD қисығының оңға қарай графикалық жылжуымен сипатталады. Шығын инфляциясының теориясы баға деңгейінің өсуін орташа шығындардың өсуіне әкелетін факторлармен түсіндіріледі. Графикалық түрде бұл AS қисығының жоғары қарай жылжуымен сипатталады. Ұсыныс инфляциясы өндірістік факторларға бағалардың өсуінен туындайды. Ұсыныс сілкінісі ( шок) жиынтық сұраныс өзгерістерімен байланысты емес ұсыныстағы бұзушылықтарды сипаттайды. Белгілі бір жағдайларда экономикалық субъектілердің инвестициялық күтулері инвестициялық спиральдің қызмет ету механизмін қосуы мүмкін. Инвестициялық спираль ұсыныс пен сұраныс жағынан инвестициялық процестердің үйлесуі болып табылады. Филлипс қисығы жұмыссыздық деңгейі мен шығындар инфляциясы арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Антиинфляциялық саясат белсенді және бейімдеушілік саясаттар деп бөлінеді. Белсенді саясат инфляцияны тудыртқан себептерді жоюға бағытталған. Бейімдеушілік саясат инфляция жағдайына бейімделуді, оның қарсы әсерін азайтуға бағытталған. Экономикалық циклдердің теориясы экономикалық белсенділіктің уақытша тербелу динамикасын зерттейді, олардың себептерін талдайды және пайда болу мен дамуының механизмдерін түсіндіреді. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеру қасиеті мен бағыты экономикалық конъюнктура деп аталады. Экономикалық циклды екі бірдей сапалы экономикалық конъюнктура арасындағы уақытша интервал ретінде анықтауға болады. Табиғи жұмыссыздық жұмысқа орналасуға дайындалып жүрген немесе біліктілігіне сай жақсырақ жұмыс қарастырып жүрген адамдар тобынан құралады. Оукен заңына сәйкес: конъюнктурлы жұмыссыздықтың бір пайыздық пунктқа өзгерісі конъюнктуралық жарылыстың g пайыздық пунктқа тура пропорционалды өзгерісін тудырады. Толық жұмысбастылықтың ұлттық табыс шамасының өсуі шартында Оукен қисығы жоғары қарай жылжиды, азаюы кезінде- төмен, табиғи жұмыссыздық нормаларының ұлғаюы кезінде қисық оңға қарай, ал азаюы жағдайында солға қарай бағытталады. Мемлекеттік тұрақтандыру саясатын мемлекеттің жұмыссыздық пен инфляция дамуын тоқтатуға, экономикалық өсуді ынталандыруға бағытталған экономикалық шаралар жүйесі ретінде қарастыруға болады. Экономикалықт конъюнктураның күйіне байланысты тұрақтандыру саясатының мақсаттары өзара толықтырушылық, өзара ауыспашылық немесе бейтараптылық қатынастарына түседі; бұл нақты жағдайдағы тұрақтандыру саясатының тәсілдемесін анықтайды. Белсенді тұрақтандыру саясатының кері әсері де болуы мүмкін, яғни мемлекеттік қарыз мөлшерінің өсуі ықтимал. Фискалды саясат мемлекеттік шығындардың шамасы мен құрлымын, трансферттік төлемдер көлемі мен салық салу жүйелерін құрастыру арқылы экономикаға әсер ету қызметі. Мемлекеттік шығындар мемлекетпен тауар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік бағдарламаларды ( мемлекеттік қызметкерлердің еңбегінің жалақысын төлеуді қосқанда) орындау мақсатындағы сатып алулар болып табылады. Мемлекеттік бюджет заңды түрде бекітілген белгілі кезең ішіндегі мемлекеттік шығындар мен табыстар есебі болып табылады. Бюджеттік тапшылық- мемлекеттік шығындардың табыстардан асу сомасы. Мемлекеттік қарыз- бюджеттік шығындарды қоспағанда бюджеттік тапшылықтардың жинақталған сомасы. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру тәсілдері: ақша- несие эмиссиясы ( тиын шығару); займ шығару; мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту. Тапшылықты жою үшін тиын шығару жағдайында сеньораж пайда болады. Сеньораж- ақша шығару арқылы мемлекеттің табатын пайдасы. Нақты ЖҰӨ өсуінің қарқынынан ақша жиынының өсу қарқыны артық болған жағдайда сеньораж пайда болады, бұл құбылыс орташа баға деңгейін өсіреді. Барлық экономикалық агенттер инфляциялық салық төлейді және олардың табыстарының бір бөлігі бағаның жоғарылауы арқылы мемлекетке түсіп отырады. Төлемдер балансының кризисі ( төлем балансының көптен жиналған тапшылығы) мемлекеттің ұзақ уақыт бойы ағымдағы операциялар бойынша тұрақтандыру шараларын кейінге қалдыру және өзінің ресми валюталық резервтерін әлсіретту нәтижесінде пайда болады. Макроэкономикалық түзету төлемдер балансының кризисі мен сыртқы қарыз кризисін женудің жалғыз әдісі болып табылады. Бақылау сұрақтары: 1. Әлуетті және нақты ЖҰӨ арасындағы айырмашылық. 2. ЖҰӨ өзгеру қарқындылығы мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы байланыс неде? 3. Жұмыссыздық деңгейін өлшеуге шартты мысалдар келтіріңіз. 4. Жұмыссыздық пен инфляция арасындағы қандай байланыс болуы мүмкін? 5. Болжамды және болжамды емес инфляцияда қандай шығындар болуы мүмкін? 6. Қазастанда инфляцияны төмендету үшін қандай шаралар қолданылып жатыр? 7. Төлемдер балансының кризисі неден тууы мүмкін және оны жену әдістері қандай? Дәрістік сабақтың құрылымы. 15 тақырып. Экономикалық өсудің макроэкономикалық талдауы. Дәрістің мазмұны: 1. Экономикалық өсу және оны өлшеу. Өсудің факторлы моделі. Факторлардың жалпы өнімділігі. 2. Солоудың ұзақ мерзімді өсу моделі. Қор жинаудың « алтын ережесі». Халықтың және технологиялық прогресстің өсуінің әсері. 3. Дамыған және дамушы елдердегі экономикалық өсудің ерекшелігі Экономикалық өсу ұғымын экономиканың тұрақты дамуы деп түсінеміз, яғни ұлттық табыс пен жалпы ұлттық өнім көлемінің өсу процесі. Экономикалық өсу нақты жалпы ішкі өнімнің абсолютті мәнде және адам басына шаққандағы өсімін сипаттайды. Эконмикалық өсу динамикасының негізгі көрсеткіштері болып мыналар табылады: ЖІӨ немесе ҰТ көлемінің өсуі адам басына шаққандағы ЖІӨ немесе ҰТ өсу қарқындылығы жалпы, белгілі бір секторлар және адам басына шаққан бойынша өнеркәсіптік өндірісінің өсу қарқындылығы Өндірістік функция шығару көлемін өндіріс факторларының шығындарымен және технология дәрежесімен байланыстырады. Кобба-Дугластың өндірістік функциясы экономиканың өндірістік ресурстарды қалай қолданып дайын өнім алатыны туралы сипаттайды. Кобба- Дугластың функциясы келесі түрге ие: Y = F (K, L) = AK(L1-( Көптеген өндірістік функциялардың ішінен экономикалық өсудің үш факторын белгілейді: еңбек, капитал және техникалық прогресс. Өндірістік функция негізіндегі ЭӨ алғашқы факторлы моделі нобель лауреаты Р.Солоу мен 1957 жылы ұсынылған. Модель неоклассикалық мектептің ұстанымдары шегінде құрылған: жетілген бәсекелестік, бағалар икемділігі, өндіріс факторларының өзара алмасуы және толық жұмысбастылық. Солоу моделі қарапайым модель болып табылады, онда үй шаруашылықтары мен фирмалар ғана сипатталған. ЭӨ үш негізгі факторлар тобын бөліп алуға болады: сұраныс факторары, ұсыныс факторлары және тарату факторлары. Солоу моделінің маңыздылығы қор жинаудың алтын ережесімен- экономикалық өсуді оңтайландыру шартымен сипатталуы. Техникалық прогресстің жоқтығы адам басына шаққандағы тұтынудың максималды шарты қор сақтуға шекті бейімділік капитал бойынша шығарудың икемділігіне тең болған жағдайында орнайды. Бақылау сұрақтары: 1. Эконмикалық өсудің қарқындылығы мен деңгейіне қандай факторлар әсер етеді? 2. Эконмикалық өсуге қор сақтау нормлары мен технологиялық прогресстің әсер сипатаңыз 3. ҚР қазіргі экономикалық өсуінің ерекшелігі неде? 3. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР. Практикалық семинар сабағының құрылымы: 1 тақырып. Микро және макроэкономика пәні, мақсаты және әдістемесі Сабақтың мақсаты: Тақырыпта курстың мазмұны мен міндеттері, микро және макроэкономикалық талдау ұғымы, оның мақсаты мен құрылымы қарастырылуы керек. Берілген пәннің зерттеу әдістемесімен танысу. Бақылау сұрақтары: 1. Микро және макроэкономикалық талдау нені знрттейді? 2. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы нені көрсетеді? 3. Берілген пәнді зерттеуде қандай әдістер қолданылады? Әдістемелік нұсқаулар: Берілген курсты игеру кезінде микро және макроэкономикалық теорияның негізгі ұғымдарына көңіл бөлу қажет. Оқу барысында келесі әдебиеттерді қолдануға болады: Нуреев Р.М. Курс микроэкономики. – М.; Норма, 200, с. 44- 50, Емцов Р.Г., Лукин М.Ю. Микроэкономика – М.: Дис, 1997, с. 11-22 Р.Дорнбуш, С.Фишер Макроэкономика – МГУ, ИНФРА-М, 1997г., с.13-62, 70-74 2 тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориларын талдау негіздері және олардың икемділігі. Сабақтың мақсаты: Тақырыпта сұраныс пен ұсыныс ұғымдары зерттелген. Сұраныс пен ұсыныстың негізгі бағалы және бағалы емес факторлары. Нарықтық тепе- теңдік, баға теңгерілімі, нарық тапшылығы және өндіріс шығыны сияқты ұғымдармен танысқан дұрыс. Баға бойынша сұраныстың икемділігі ұғымын зерттеп, икемділік түрлері мен факторларын анықтау керек. Нүктелік және доғалық икемділіктің мағынасын ашу. Сұраныстың қиылысқан икемділігімен және табыс бойынша сұраныс икемділігімен танысу. Сұраныс икемділігіне анықтама беру. Бақылау сұрақтары: 1. Сұраныс пен ұсыныс дегеніміз не? 2. Сұраныс пен ұсыныстың негізгі факторларын атаңыз, олардың әсерін сұраныс пен ұсыныс қисығымен көрсетіңіз 3. Сұраныс заңы мен ұсыныс заңының мағынасы неде? 4. Нарықтық тепе- теңдік нені сипаттайды? 5. Баға бойынша сұраныстың икемділігі: түсінігі, өлшеу, түрлері, факторлары нені сипаттайды? Нүктелік және доғалық икемділік. 6. Баға және табыс бойынша сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәнін ашыңыз. 7. Ұсыныс икемділігі: түсінігі, өлшеу, факторлары. Ұсыныс икемділігінің үш кезеңі. 3 тақырып. Тұтынушылар талғамы теориясын талдау. Сабақтың мақсаты: Кардиналисттік концепция көзқарасынан пайдалылық ұғымын зерттеу, талғамсыздық қисығы мен бюджет шектеулігі қисығының графикалық түрлерін ұсыну және мәндерін ашу. Табыс және алмастыру әсерлері ұғымдарымен танысу, мысалдар қарастыру. Энгель қисығын, « Баға- тұтыну» және « Табыс- тұтыну» сызықтарын зерттеу. Бақылау сұрақтары: 1. Игілік және тұтынушылық таңдау маңыздылығы (кардиналистік концепция). 2. Талғамсыздық және бюджет шектеулігі қисықтары. 3. Тұтыну оптимумы. Ішкі және бұрышты шешімдер 4. Табыс және алмастыру әсерлері. 5. « Табыс- тұтыну» сызығы және Энгель қисығын. 6. « Баға- тұтыну» сызығы. Жеке және нарық сұраныстарының қисықтарын құру. 4 тақырып. Өндіріс шығындары мен экономикалық табыс. Сабақтың мақсаты: Бухгалтер мен экономистер көзқарасынан шығындар мен табысқа анықтама беру. Фирма шығындарының негізгі түрлерін атаңыз. Ұзақ мерзімді кезеңде шығындар функциясы деген нені білдіреді. Бақылау сұрақтары: 1. Шығын мен табыс: экономилық және бухгалтерлік тәсілдеме. 2. Қысқа мерзімді шығындар: түрлері, динамика, байланыс. 3. Изокоста. 4. Ұзақ мерзімді кезеңде шығындар функциясы. 5 тақырып. Өндірістің ресурстық факторлары. Ресурстар нарығында бағалар құру. Сабақтың мақсаты: Өндіріс факорларының нарықтары ұғымын зерттеу. Жалақы түрлеріне айырмашылыұқ беру. Бақылау сұрақтары: 1. Ресурстарға сұраныс. 2. Жерді ұсыну ерекшеліктері. 3. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс сипаттамасы. 6 тақырып. Жалпы тепе- теңдікті, экономикалық тиімділікті және қоғамдық игіліктерді талдау. Сабақтың мақсаты: Жалпы тепе- теңдіктің теңдеулер жүйесін қарастыру. Ауысу, өндіріс және шығару тиімділігін зерттеу. Қоғамдық игіліктер ұғымының анықтамасымен танысу. Бақылау сұрақтары: 1. Мемлекеттің тұрақтандырушы ролі. 2. Парето бойынша тиімділік. 7 тақырып. Шығындарды анықтау, бәсекелес және бәсекелес емес нарықтар жағдайында өндіріс бағасы мен көлемі. Сабақтың мақсаты: Таза монополия нарық моделіне анықтама беру. Таза монополисттің шекті табыс қисығын қарастыру және талдау. Қысқа мерзімде таза монополисттарға пайданың максималдану жағдайын ашу. Бақылау сұрақтары: 1. Таза монополия нарық моделі 2. Таза монополисттің шекті табыс қисығы 3. Қысқа мерзімде таза монополисттарға пайданың максималдану жағдайы. Ұзақ мерзімді монополиялық тепе- теңдік. 8 тақырып. Ұлттық есеп жүйесі. Сабақтың мақсаты: ЖҰӨ және ЖІӨ есебінің ерекшеліктерін зерттеу. Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштерінің динамикасын қарастыру. Бақылау сұрақтары: 1. Бағалар индексі, нақты ЖҰӨ және дефлятордың шартты есептерін келтіріңдер. 2. Ұлттық табысты шегеру және қосу тәсілдерімен қалай есептеуге болады? 3. Қазақстан Республикасының 2003-2008 жж сәйкес ЖІӨ динамикасы қандай? Әдістемелік нұсқаулар: Берілген тақырыпты игеру кезінде макроэкономикалық теорияның негізгі ұлттық есептер жүйесінің көрсеткіштеріне, оның Қазақстан Республикасы бойынша динамикасына көңіл бөлу қажет. Оқу барысында келесі әдебиеттерді қолдану ұсынылады: Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика, с.14-33; в качестве дополнительного учебник Айдарханова М.Х. Основы экономической теории: раздел «Макроэкономика», с. 218-222, 230-239. 9 тақырып. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты талдау. Сабақтың мақсаты: жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс ұғымдарын, олардың факторларын, графикалық талдауын қарастыру. Макроэкономикалық тепе- теңдікте классикалық және кейнсиандық модельдердің айырмашылығын табу. Бақылау сұрақтары: 1. Жиынтық сұранысытың мәні. Жиынтық сұраныс қисығының түрін сипаттаңыз. 2. Жиынтық сұраныс қисығының жылжуына қандай факторлар әсер етеді? 3. Жиынтық ұсыныстың мәні. Жиынтық ұсыныс қисығының түрін сипаттаңыз. 4. Жиынтық ұсыныс қисығының жылжуына қандай факторлар әсер етеді? 5. Макроэкономикалық тепе- теңдік бағалар өсуіне қалай әсер етеді? Әдістемелік нұсқаулар: Жиынтық сұраныс пен ұсыныстың жеке сұраныс пен ұсыныстан айырмашылығына көңіл бөлу қажет. AD-AS модельдерінің графиктерін құрып, талдау кажет. Оқу барысында келесі әдебиеттерді қолдану ұсынылады: Агапова Т.А., Серегина С.Ф. «Макроэкономика» с.64-77.; в качестве дополнительного учебник Айдарханова М.Х. Основы экономической теории: раздел «Макроэкономика», с. 222-229. 10 тақырып. Өндіріс және еңбек нарығы. Сабақтың мақсаты: Классикалық және кейнсиандық модельдерді ескере отырып еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктерін графиктерді құру және талдау жолымен қарастыру. Қазақстанның еңбек нарығының мәселелері мен перспективаларын зерттеу. Бақылау сұрақтары: 1. Классикалық және кейнсиандық көзқарасынан еңбекке сұраныс пен ұсыныстың ерекшелігі неде? 2. Еңбек нарығында тепе- теңдік қалай орнайды? 3. Қазақстандық еңбек нарығының құрылымының ерекшелігін сипаттаңыз. Әдістемелік нұсқаулар: Ең алдымен, өндіріс факторларының теориясын еске түсіру кажет. Өндірістік функцияны, еңбектің нақты жалақы шамасын анықтау керек. Жиынтық сұраныс пен ұсыныс қисықтарының графиктерін құрып, талдау қажет. Оқу барысында келесі әдебиеттерді қолдану ұсынылады: Р. Дорнбуша, С.Фишера Макроэкономика.- М.,1997., с. 492-496. 11 тақырып. Игіліктер нарығы. Сабақтың мақсаты: Тұтыну, сақтау, инвестициялық функцияларды графикалық талдау негізінде анықтау. Инвестиция мультипликаторын, мемлекеттік шығындар мен салықтар мультипликаторын қарастыру. Тауарлар нарығындағы тепе- теңдікті IS қисығын құру және фискалды саясатты ескере отырып зерттеу. Бақылау сұрақтары: 1. Кейнс заңының психологиялық мәні неде? 2. Шекті бейімділіктің тұтынуға өзгерісі инвестициялық мультипликаторға қалай әсер етеді? Жауабыңызды санды мысалдармен келтіріңіз. 3. Мультипликатор мен акселератор арасында қандай айырмашылық? 4. Инвестицияларға сұраныс қандай факторлаға тәуелді? 5. Мемлекеттік фискалды саясаттың тауарлар нарығының тепе- теңдігіне әсерінің мысалдарын айтыңыздар. Әдістемелік нұсқаулар: Тұтыну, сақтау функцияларын және тұтыну мен сақтауға шекті бейімділікті анықтау. Осының негізінде инвестиция мультипликаторын, мемлекеттік шығындар мен салықтар мультипликаторын шығару. Игіліктер нарығындағы тепе- теңдікті IS қисығын құрып, талдау жасау жолымен зерттеу. Оқу барысында келесі әдебиеттерді қолдану ұсынылады: Л.С. Тарасевич., В.М. Гальперин «Макроэкономика» с. 45-81 12 тақырып. Ақша нарығын талдау. Сабақтың мақсаты: бұл тақырыпта ақшалай мультипликатор, Фишер теңдеуін талдау, Баумоль-Тобин моделі сияқты ұғымдарды игеру қажет. LM қисығын құрып, оны өлшей білу керек. Ақша нарығындағы тепе- теңдікті және оның құралдарын қарастыру тиіс. Бақылау сұрақтары: 1. Ақша нарығындағы тепе- теңдікте тұр делік. Орталық банк ақша ұсынысын қысқарту туралы шешім қабылдап, оны жүзеге асырмақшы. Ақша нарығындағы өзгерістер (пайыздық мөлшерлеме, облигациялар курсы және т.б. ) қалай жүреді? 2. Сіздің ойыңызша қандай себептермен банк зиянды резервтерді ұстауы мүмкін, яғни Орталық банкпен белгіленген сомадан жоғары мөлшерін пайда алу мақсатынсыз сақтайды? Әдістемелік нұсқаулар: Берілген тақырыпты игеру кезінде экономикалық теориядан ақшаның мәні мен функциясы, ақша агрегаттары, ақша айналымының жылдамдығы, Фишер теңдеуі сияқтыларды қайталап алу керек. Ол үшін келесі әдебиеттерді қолдану ұсынылады: Чепурина М.Н., Киселева Е.А. «Курс экономичекой теории» с. 411- 434. Для того, чтобы уметь построить кривую LM и дать анализ равновесия на денежном рынке рекомендуем использовать учебник Агапова Т.А., Серегина С.Ф. «Макроэкономика» с.134-148 13 тақырып. IS-LM моделі. Сабақтың мақсаты: Берілген тақырыпты игеру кезінде магистрант IS-LM моделін құра білуі, Кейнс мультипликаторы ұғымын, IS-LM және AD-AS модельдерінің байланысын қарастыруы керек. IS-LM моделінің тепе- теңдік талдай, сонымен қоса фискалды және монетарлы саясатттың оған әсер етуін білуі қажет. Бақылау сұрақтары: 1. IS-LM графиктерін құрыңыз 2. IS-LM жабық экономикамен және жиынтық сұраныспен байланысын көрсетіңіз 3. IS-LM тепе- теңдігін қамтамасыз ететін жағдайлар 4. Пайыздық мөлшерлеменің өзгерісі IS-LM моделіне қалайша әсер етеді? Әдістемелік нұсқаулар: Материалды игеру үшін IS-LM және AD-AS модельдерін, макроэкономикалық саясаттың жиынтық сұранысқа әсерін зерттеу керек. Ол үшін келесі әдебиеттерді қолдану ұсынылады: Агапова Т.А., Серегина С.Ф. «Макроэкономика» с.173-189 14 тақырып. Инфляция мен жұмыссыздықты талдау. Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі мақсаты макоэономикалық динамикаларды, инфляцияны, сұраныстар сілкіністері, Филлипс қисығы, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді инфляция ұғымдарын қарастыру. Бақылау сұрақтары: 1. Жұмыссыздықтың мәні ашып, түрлерін атаңыз 2. Жұмыссыздық деңгейі қалай есептеледі? 3. Номиналды жалақы нақта жалақыдан немен ерекшеленеді? Мысал келтіріңіз 4. Сіздің ойыңызша жұмыссыздықты кім реттеу керек? 5. Инфляция мен жұмыссыздықтың арасындағы байланысты көрсетіңіз. Филлипс қисығы не үшін керек? Әдістемелік нұсқаулар: Берілген тақырыпты игеру кезінде инфляция мен жұмыссыздықтың анықтамасы мен мәнін, бұл категориялардың түрлері мен типтерін, күресу сбептері мен әдістерін, ҚР инфляциялық процестерінің ерекшеліктері сияқтыларды қайталап алған жөн. Ол үшін келесі әдебиеттерді қолдану ұсынылады: Чепурина М.Н., Киселева Е.А. «Курс экономичекой теории» с. 387-409, 511-539. Особое значение следует уделить внимание на формирование темпа инфляции в краткосрочном и долгосрочном периоде, а также социально-экономическим исследованиям и антиинфляционной политике. Рекомендуется использовать учебник Агапова Т.А., Серегина С.Ф. «Макроэкономика» с.202-215. При рассмотрении таких понятий как инфляционный налог и сеньораж, проблемы платежного баланса и переход к плавающему обменному курсу, рекомендуется использовать учебник Агапова Т.А., Серегина С.Ф. «Макроэкономика» с.361-376. 15 тақырып. Экономикалық өсудің макроэкономиаклық талдауы. Сабақтың мақсаты: бұл тақырыпта факторлы өсу моделін, Солоудың зақ мерзімді моделін, сонымен қоса модельдің графикалық құрылу түрін және қор жинаудың « алтын ережесін» ұғыну кажет. Бақылау сұрақтары: 1. Экономикалық өсуді не туындатады? 2. Экономикалық өсу динамикасының негізгі көрсеткіштерін атаңыз? 3. Экономикалық өсудің факторлы моделінің мәні неде? 4. Экономикалық өсудің дәрежесіне қандай факторлар әсер етеді? Әдістемелік нұсқаулар: Факторлы модель және Солоу моделі, капиталды жинау және эндрогенді өсу ұғымдарын игеру үшін экономикалық өсудің мәні, типі, факторлары сияқтыларды қайталап алу керек. Ол үшін келесі әдебиеттерді қолдану ұсынылады: Агапова Т.А., Серегина С.Ф. «Макроэкономика» с.222-238. 4. КУРСТЫҚ ЖҰМЫС НЕМЕСЕ ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА ( ЖҰМЫС). Курстық жұмыс немесе дипломдық жоба ( жұмыс) берілген пән бойынша қарастырылмаған. 1. МАГИСТРАНТТЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ Магистранттың өздік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар. « Микро және макроэкономикалық талдау» пәні бойынша магистранттың өздік жұмысы ( МӨЖ) магистранттардың өздерімен жеке орындалады. Магистрант 5.1.1. кестесінде берілген әр бір тақырып бойынша бір сұрақты алып, оны ғылыми және көркем әдебиеттердің көмегімен талдайды. МӨЖ зерттелген сұрақтың тақырыбы, магистранттың аты- жөні, пәннің атауы жазылған титул бетінен, зерттелген ақпараттан және жұмысты жазу кезінде қолданылған әдебиеттер тізімінен тұруы керек. МӨЖ А4 форматында 5 бетке дейінгі көлемде жазылады. . рефераттар мен бақылау жұмыстарының тақырыптар тізімі. . Магистранттардың білімін тексеруге арналған тест: Тақырып 1. Микро и макроэкономкалық талдау пәні, мақсаты мен әдістері 1. Қандай экономикалық ғылымда келесі жағдай қарастырыады: А. Адамдардың қажеттіліктері шексіз және олар шексіз ресурстарды қоданады В. Адамдардың қажеттіліктері шекті және олар шексіз ресурстарды қоданады С. Адамдардың қажеттіліктері шексіз, бірақ олар ресурстардың шектілігіне тап болады D. Адамдардың да, ресурстардың қажеттілігі шектеулі E Ресурстар қажетіліктерге қарағанда көп 2. Микроэкономка нені зерттейді: А. Жеке адамдардың, үй шаруышылықтарының, ұйымдар мен нарықтардың қызметін В. Ұлттық экономиканы бірыңғай жүйе ретінде С. Халықаралық сауда D. Инфляция мен жұмыссыздық мәселелерін E. Ммелекеттің бюджет- салық және бюджет- ақша саясатын 3. Макроэкономиканың ғылымының қай анықтамасы дұрыс: А. Бұл тұтынушылар талғамы мен фирма теориясын біріктіретін ғылым В. Экономиканы бірыңғай жүйе ретінде қарастыратын ғылым С. Ресурстардың әрекет ету жағдайларын, инфляция деңгейін төмендетуді, төлем балансының тепе- теңдігін және экономикалық өсуді қамтамасыз ететін ғылым D. В және С жауаптары дұрыс E. Жауаптардың бәрі дұрыс 4. Макроэкономиканың агрегатталған шамалары, мысалға, келесіні сипаттайды: А. Жеке фирма өнімін шығару В. Инфляция деңгейін С. Жұмыссыздық деңгейін D. Алмалар нарығындағы сұраныс пен ұсыныс Е. В және С жауаптары дұрыс 5. Макроэкономиканың позитивті тәсілдемесі: А. Қазір қолданып жатқан салық заңдылығына негізделген экономикалық саясат В. Қазір қолданып жатқан салық заңдылығын сынау С. « Экономикада қалай болу керек?» деген сауалға жауап беру D. Экономиканың нормативті акттерін орындау Е. Үкіметпен бекітілген бағытқа сәйкес экономикалық саясат Тақырып 2. Сұраныс пен ұсынысты талдау негіздері және олардың икемділігі. 1. Сұраныс заңы бойынша... А. Неғұрлым баға жоғары болса, соғұрлым сұраныс көлемі аз болады В. Бағаның жоғарылауы сұраныстың төмендеуіне әкеледі С. Бағаның төмендеуі сұрыныстың өсуіне әкеледі D. Неұрлым сұраныс аз болса, соғұрлым ұсыныс көп болады Е. Баға неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сұраны көлемі де көп болады 2. Тауарлар ұсынысының факторы болып табылады: А. Өндірісте қолданылатын технологиялар деңгейі В. Өндіріс шығындарын азайту деңгейі С. Өндірілетін тауарлардың ресуртарына бағалар D. Өнімді дайындаушыға салынатын салықтар Е. Жоғарыдағының бәрі дұрыс 3. Егер бағаның 4% төмендеуі сұраныс көлемін 5% жоғарлатса, онда берілген сұраныс... А. Икемді емес В. Жартылай икемді С. Икемді D. Абсолютті икемді Е.Абсолютті икемсіз 4.Бағалық икемділіктің коэффициенті келесіге тең: А. Баға өзгерісіне ( % түріндегі) бөлінген көлем сұранысының өзгерісі ( % түріндегі) В. Сұраныс көлемінің өзгерісіне ( % түріндегі) бөлінген жалпы табыс өзгерісі ( % түріндегі) С. Баға өзгерісіне ( % түріндегі) бөлінген жалпы табыс өзгерісі ( % түріндегі) D. Сұраныс көлемінің өсуіне бөлінген баға түсімі Е. Бәрі дұрыс емес 5. Абсолютті икемді сұраныс қисығы: А. Тігінен В. Көлденең С. Қисық сызық D. Кері иілген түзу сызық Е. Тура иілген түзу сызық Тақырып3. Тұтынушылық таңдау теориясын сараптау. 1. Микроэкономикадағы « шекті» ұғымы: А. Өлшенетін экономикалық шаманың кішкентай өзгерісі В. Өлшенетін экономикалық шаманың қосымша өзгерісі С. Өлшенетін экономикалық шаманың елеусіз өзгерісі D. Экономикалық шаманы өлшеу шегі Е. Экономикалық процестің соңғы өзгерісі 2. Өндірілетін тауардың қосымша біліктерін төмен бағамен сатып алу дайындығы мынамен түсіндіріледі: А. Шекті пайдалылықтың кему заңы В. Тұтынушы талғамы С. Пайда тиімділігі D. Сұраныс заңы Е. Өндіріс тиімділігі 3. Қандай тұжырым пайдалылыққа сәйкес: А. Сатып алу қабілеттілігі В. Тұтынушы талғамы С. Игіліктің тұтынушлық қажеттілігін қанағаттандыру қабілеті D. Тауарлар сапасы Е. Кез келген қажеттілікті қанағаттандыру қабілеті 4. Қандай тұжырым бюджеттік сызық графигіне сәйкес келеді: А. Табыстың өсуіне сәйкес талғамсыздық картасындағы тепе- теңдіктің барлық нүктелерін қосатын сызық В. Тұтынушы табысының өсуін немесе кемуін көрсететін сызық С. Сұраныс қисығына сәйкес келетін қисық D. Ұсыныс қисығына сәйкес келетін қисық Е. Бірдей шығындарды қажет ететін өнімдер жиынтығының көптігін сипаттайтын графикалық қисық 5. Қай тұжырым табыс тиімділігіне сәйкес келеді: А. Тауар бағасының төмендеу есебіне тұтынушы тауарды сатып алу көлемін ұлғайтады В. Тұтынушы табысының біршама өсуі С. Тауар бағасының төмендеуі тұтынушының тауарды сатып алу қабілетімен сипатталады D. Тұтынушы сатып алынатын тауарлар жиынтығын өсіреді Е. Тұтынушының сатып алу қабілетінің күрт жогарылауы 6. Қай тұжырым ауысу тиімділігіне сәйкес: А. Тауар бағасының төмендеу есебіне тұтынушы тауарды сатып алу көлемін ұлғайтады В. Арзандаған тауарға сұраныс шамасының өзгеру үлесі, ол игілікерді осы тауармен ауыстыру есебінен жүреді С. Тауар бағасының жоғарлауына байланысты тауар- алмастырғыш бағасының жоғарылауы D. Минималды шығындар мен максималды табыстар арасындағы қатынас Е. Бәрі қате 7. Жеке тұтынушы үшін талғампаздық қисығының бағыты былайша сипатталады: А. Оның қалауы мен табыс мөлшерімен В. Сатып алынатын тауарлар бағасы мен табыс мөлшерімен С. Таңдаумен, табыстар мөлшерімен және сатып алынатын тауарлар бағасымен D. Тек сатып алынатын тауарлар бағасымен Е. Тек оның таңдауымен 8. Тұжырымдардың қайсысы қате: А. Талғамсыздық қисығының әр бір нүктесі екі тауар арсындағы комбинацияны көрсетеді В. Бюджеттік қисығының әр бір нүктесі екі тауар арасындағы комбинацияны көрсетеді С. Бюджеттік қисығының барлық нүктелері бірдей пайдалы деңгейді сипаттайды D. Ұсыныс қисығы оң иілуге ие Е. Сұраныс қисығы теріс иілуге ие 9. Егер видиомагнитафон бағалары төмендесе, онда таспаларға сұраныс қалай өзгереді? А. Таспаларға сұраныс көлемі төмендейді В. Таспаларға сұраныс өседі С. Таспаларға сұраныс белгісіз болады D. Таспаларға сұраныс көлемі өседі Е. Таспаларға сұраныс төмендейді Тақырып 4. Өндіріс шығындары мен экономикалық тиімділік. 1. Экономикалық шығындар: А. Құрамына нақты және нақты емес шығындардықосады, оның ішінде тұақты табыс та бар В. Тек нақты шығындардан тұрады С. Тек нақты емес шығындардан тұрады D. Экономикалық табыстан тұрады Е. Тұрақты табыстан тұрмайды 2. Ұзақ мерзімде: А. Барлық шығындар тұрақты болады В. Барлық шығындар ауыспалы болады С. Ауыспалы шығындар тұрақты шығындарға тең болады D.Тұрақты шығындар ауыспалы шығындардан көп болады Е. Ауыспалы шығындар тұрақты шығындардан көп болады 3. Жалпа шығындар келесі соманы құрайды: А. Бухгалтерлік және экономикалық шығындардан тұрады В. Шекті және тұрақты шығындардан тұрады С. Орташа тұрақты шығындар мен орташа ауыспалы шығындардан D. Орташа шекті шығындардан Е. Тұрақты және ауыспалы шығындардан 4. Орташа ауыспалы шығындарға қай формула сәйкес келеді: A. TC/Q B. FC/Q C. VC/Q D. TC-FC E. MC/Q 5. Шекті шығындарды сипаттайтын ұғым: А. Өндіріс көлеміне тәуелді шығындар В. Нақты және нақты емес шығындардың сомасы С. Жалпы жне ауыспалы шығындар арасындағы қатынас D. Өндіріс процесіндегі болжамды және нақты шығындар арасындағы қатынас Е. Фирманың ең үлкен шығындары 6. Жалпы шығындар формуласы: A. (MC B. VC-FC C. FC+VC D. FC+VC+MC E. (FC+VC)/Q 7. Өндіріс поцесінде орташа тұрақты шығындар: А. Төмендейді В. Белгісіз болады С. Өседі D. Орташа ауыспалы шығындарға тең Е. Жалпы орташа шығындарға тең 8. Фирма келесіні максималдандырады: А. Шығындарды В. Табысты С. Жалпы пайданы D. Фирма менеджерінің жалақысын Е. Фирма иесінің жеке табысын Тақырып 8. Ұлттық есеп жүйесі 1. Жалпы ішкі өнім жалпы ұлттық өнімнен айырмашылығы, онда ескеріледі: A. Бір жылдағы бүкіл өндірістік тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны B. Берілген мемлекеттің шел еліндегі табыс резиденті C. Берілген мемлекетте жұмыс істейтін шетел резиденттердің табыстары D. Берілген мемлекеттің шетелде өндірілген соңғы тауар мен қызметтің нарықтық нарығы E. Берілген мемлекеттің ішкі табиғи және өндірістік ресурстары 2. ЖІӨ мына бойынша есептеледі: A. Материал немесе өнімнің сату бағасы B. Сұраныс пен ұсыныс көрсеткіштері C. Қайта есепті сақтау принципі D. Қосылған құнмен E. Берілген мемлекеттің шетелде алынған резидент табысының көрсеткіші 3. ЖІӨ өлшеудің шығындану әдісіне жатады: A. пайыз B. фирмалардың инвестициялық шығындары C. шетелдердің шығындары D. рентті табыс E. В және С жауаптары дұрыс 4. ЖІӨ өлшеудің табыс әдісіне жатады: A. табыс B. еңбекақы C. тауарларды мемлекеттік сатып алу D. үйшаруашылығының тұтынушылық шығындары E. А және В жауаптары дұрыс 5. Нақты ЖІӨ формуласы: A. Номиналды ЖІӨ/ баға индексі B. Баға индексі / ниминалды ЖІӨ C. (Номиналды ЖІӨ/ баға индексі) *100% D. (Баға индексі / ниминалды ЖІӨ)*100% E. Номиналды ЖІӨ – нақты ЖҰӨ 6. Таза ұлттық өнімді ЖІӨ-н алуға болады, одан алғанда: A. Бизнеске тік және жанама салықтар B. Бизнеске тек жанама салықтар C. Бизнеске тек тік салықтар D. Амортизацияланған шығындар E. Трансфертті төлемдер 7. ЖІӨ табыс бойынша есептеледі, ол мына қосындыдан тұрады: А. S + V + M В. C + I + G + Xn С. C + I + G D. W + R + L Е. N + P + G Тақырып 11. Игілік нарығы 1. Игілік нарығы құрылады: А. Тек мемлкеттік шығындармен В. Тек үй шаруашылығымен С. Тек кәсіпорынмен және инвестормен D. Үй шаруашылығы, бизнес – фирмалар, мемлкеттер, шетелдер Е. Тек шетелде 2. Қолда бар жеке табыстар арналады: А. Тек тұтыну үшін В. Тек сақтау үшін С. Тұтыну және сақтау үшін D. Жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін Е. С және D жауаптары дұрыс 3. Кейнстің психологиялық заңына сәйкес: А. Тұтынушыға шекті бейімделу сақтауға шекті бейімделуге тең В. Табыс өскенде тұтыну да өседі, бірақ табыстың өсу шамасында емес C. Табыстың өсу дәрежесімен тұтыну өседі D. Табыс өскенде сақтау қорының көлемі өседі E. Тұтынуға шекті бейімделу сақтауға шекті бейімделуден көп болады 4. Табыспен байланысы жоқ тұтыну мен сақтау факторлары туралы не куәләндырады: А. Байлық көп болған сайын тұтыну көп, сақтау аз болады В. Егер бағаның көтерілуі мен тауар дефициті күтілсе, онда адамдар көбірек шығынданады және оларды аз сақтайды C. Қарыздың өсуі кезінде тұтыну қарызды өтеу мақсатында азаяды D. Жеке салықтың жоғарлауы негізінде тұтыну мен сақтау деңгейінің төмендеуіне әкеледі E. Барлық жауаптар дұрыс. 5. Тұтынуға шекті бейімделу – бұл: А. Қолда бар табыстың кез-келген өзгерісінде тұтыну тауарлары мен қызметтерге шығындардың өсуінің үлесі В. Қолда бар табыстың кез-келген өзгерісінде сақтаудың өсуінің үлесі C. Қолда бар табыстың кез-келген өзгерісінде максималды тұтыну деңгейі D. Үй шаруашылығы тұтынушы тауарлар мен қызметтерге қолда бар табыстың үлесі E. Үй шаруашылығы жинақтайтын қолда бар табыс үлесі 6. Сақтауға шекті бейімделу - бұл: А. Қолда бар табыстың кез-келген өзгеруінде тұтынудан сақтаудың озуы В. Үй шаруашылығы жинақтайтын қолда бар табыс үлесі C. Қолда бар табыстың өзгеруінде сақтаудың өсуінің үлесі D. Қолда бар табыстың кез-келген өзгеруінде сақтаудың өсуінің үлесі E. Қолда бар табыстың кез-келген өзге де сақтау мен тұтынушының теңдігі 7. Фактілі инвестиция: А. Жоспарланған инвестициялар В. Жоспарланбаған инвестициялар С. Жоспарланған және жоспарланбаған инвестициялардың қосындысы D. Жиналған ақшаның сақтау қорларына тең Е. Жоспарланған инвестиция алынған жоспарланбаған инвестиция 8. Тауарлық-материалдық қорларда инвестицияның қарастырылмаған өзгертулері білдіреді: А. Жоспарланған инвестициялар В. Жоспарланбаған инвестициялар С. Жоспарланатын шығындар D. Инвестиция мультипликаторы E. жүзеге асырылмайтын инвестициялар 9. Сақтау қорлары бұл: А. Шаруашылықтың барлық жинақталған мүліктері В. Халықтың сақтау қоры С. Барлық нарықтық субъектілердің нақты кассалық қалдықтары D. Бағалы қағазға енгізілген табыс үлесі E. Берілген уақыт периодында жұмсалмаған үй шаруашылығының табыс бөлігі 10. Тұтынушы табысы қандай бөліктерге бөлінеді: А. Тұтыну және сақтау В. Тұтыну және инвестиция С. Инвестиция және қарыздар D. кредиттеу және инвестиция E. Сақтау және кредиттеу 11. Тұтынуға орташа бейімделу – бұл: А. Сақтау көлеміне қатынасы бойынша тұтыну көлемі В. Табыстың өсуіне қатынасы бойынша тұтыну көлемі C. Бүкіл табысқа қатынасы бойынша тұтыну көлемі D. Табысқа қатынасы бойынша тұтынудың өсуі E. Сақтаудың өсуіне қатынасы бойынша тұтынудың өсуі 12. Инвестицияның өзгеруіне әсер етеді: А. Сақтауғк шекті бейімделу В. Табыс көлемі C. Тұтынуға шекті бейімделу D. Технология, табыс және ставканың пайыздық деңгейі E. Есеп ставкасының деңгейі 13.Төмендегілердің қайсысын мемлекеттік шығындарға жатқызуға болады: А. Космостық зерттеулерге шығындар В. Жеке ЖОО-нда студенттерді оқытуға шығындар C. Коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары D. Өзінің үйінді салуға шығындар E. Фирма офистарын жөндеуге шығындар 14.Тұтынуға жұмсалмаған табыс жинақталатының бекітетін теңдеу А S = Y + C В. S = Y – C С. C = Y + S D. C = Y – S Е. Y = C + S 15. Тұтынуға шекті бейімделу формуласы: А. МРS = [pic] В. МРS = [pic] С. МРС = [pic] D. МРС = [pic] Е. МРС = 1 – S 16. Сақтау қорларға шекті бейімделу формуласы: А. МРS = [pic] В. МРС = [pic] С. МРС = 1 – S D. MРS = [pic] Е. APS = [pic] 17. Тұтынуға орташа бейімделу формуласы: А. АРС = [pic] В. МРС = 1 – S С. APS = [pic] D. АРS = [pic] Е. VPS = [pic] 18. Сақтау қорларға орташа бейімделу формуласы A. APS = [pic] B. МРС = 1 – S C. АРS = [pic] D. MPS = C – 1Y E. MPS = 1 – MPC 19. Инвестиция динамикасын анықтамайтын факторлар: A. Нақты пайыздық ставка B. Номиналды пайыздық ставка C. Салық салу деңгейі D. Күтілетін таза пайда нормасы E. Өндіріс технологиясындағы өзгертулер 20. Инвестиция динамикасын анықтамайтын факторлар: А. Экономикалық күтімдер В. Жиынтық табыс динамикасы С. Негізгі капиталдың болуы D. Еңбек ресурсының саны Е. Алдындағы барлық факторлар инвестиция динамикасын анықтайды 21. Инвестиция мультипликаторы қандай формуламен анықталады: A.1 / 1 – MPC B. 1 / 1 – MPS C.S = 1 – C D. S = Y – C Е. MPC + MPS 22. IS қисығы көрсетеді: А. Жоспарланатын шығын табыс тең болған кездегі инвестиция және сақтаулардың теңдігін В. Тауар нарығы мен активтер нарығының өзара байланысын С. Нақты балансты сұраныстың және нақты баланс ұсынысының теңдігін D. Сақтау қорлары инвестицияларға сәйкес болған кездегі табыс деңгейі мен пайыздық ставканың барлық үйлесімдігін Е. А,D жауаптарының барлығы дұрыс 23. Тұтыну функциясы білдіреді: А. Көлемі ағымдағы қолда бар табысынан тәуелсіз жиынтық шығындар бөлігін В. Көлемі мен динамикасы қолда бар табысынан тәуелсіз тұтынушылық шығындар бөлігін С. Тұтынуға бағытталған жылдық қолда бар табыстың әрбір қосымша бірлігінің үлесін D. Тұтынушылық жиынтық шығындары мен түрлі қолда бар табыстың көлемі арасындағы байланысын Е. Қолда бар табыстың өзгеруінен тәуелсіз жоспарланған тұтынушылық жиынтық шығындар 24. Сақтау қорлары функциясы білдіреді: А. Қолда бар табыс өзгеруінен тәуелсіз жоспарланған жиынтық сақтау қорлары В. Сақтау қорларына бағытталган жылдық қолда бар табыстың әрбір қосымша бірлігінің үлесі С. Тұтынушылық жиынтық шығындары мен түрлі қолда бар табыстың көлемі арасындағы байланысын D. Көлемі ағымдағы қолда бар табысынан тәуелсіз жиынтық сақтау қорлар бөлігін Е. Динамикасы мен көлемі жиынтық тұтыну көлемімен анықталатын сақтау қорлары бөлігі 25. Автономды инвестициялар өздігінен мынаны білдеріді: А. Қолда бар табыс деңгейінен тәуелді инвестициялық шығындарды В. Жылдық қолда бар табыс деңгейіне тәуелсіз инвестициялық шығындар С. Жиынтық сақтау қорларға тең инвестициялық шығындар D. Кез-келген жылдық табыс деңгейінде инвесторлар жүзеге асыратын жоспарлы инвестициялар Е. Барлық жауабы дұрыс 26. Берілген мемлекетте қолда бар табыс көлемі көбейетін болса, онда: А. Тұтынуға және сақтау қорларға орташа бейімділігі төмендейді В. Тұтынуға орташа бейімділік өседі, ал сақтау қорларға төмендейді С. Тұтынуға орташа бейімділік төмендейді, ал сақтау қорларға жоғарлайды D. Тұтынуға шекті бейімділігі өседі, ал сақтау қорларға төмендейді Е. Тұтынуға шекті бейімділігі төмендейді, ал сақтау қорларға жоғарлайды 3. Шәкәрім атындағы СМУ –нде автормен құрастырылған оқу – әдістемелік құралдар, әдістемелік, ктітаптар және т.б. тізімінің пәнге қатынасы бар. 4. Берілген пән бойынша басқа басылып шығарылған немесе (басып шығарылмаған) әдістемелік құрастырулар да бар.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz