Файл қосу

Компьютердің құрылғыларының схемасы



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                             |
|Семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                       |
|3 деңгейдегі СМК құжаты        |ПОӘК                |ПОӘК                       |
|                               |                    |042-39.1.113/01-2013       |
|ПОӘК                           |10.09.2013 ж        |                           |
|«Информатика» пәні бойынша оқу |№1 басылым          |                           |
|әдістемелік жиынтық            |                    |                           |














                                «ИНФОРМАТИКА»
                       ПӘНІНІҢ ОҚЫТУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН






















































                                    Семей
                                   2014 ж.

                                   МАЗМҰНЫ

|      |Глоссарий                                                      |      |
|      |Дәрістер                                                       |      |
|      |Практикалық сабақтар                                           |      |
|      |Зертханалық сабақтар                                           |      |
|      |Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы            |      |
|      |Студенттердің өздік жұмыстарының құрылымы                      |      |





Алгоритм  – қойылған мақсатқа жету жолында орындалатын қарапайым  амалдардың
санаулы жиыны.
      Ассемблер тілі - ең төменгі  деңгейдегі  программалау  тіліне  жататын
машиналық  код  түрінде  жазылатын  программалау   тілі.    Ассемблер   тілі
процессордың машиналық  кодының  әрбір  командасын  мнемоника  деп  аталатын
арнайы шартты белгілермен  көрсетеді.
      Базистік аппараттық конфигурация – компьютердің жұмыс  істеуіне  қажет
ең аз аппараттық комплектіні айтады.
      Байт – адресі бар берілгендерді сақтаудың ең кіші бірлігі.
      Брандмауэрлер - қорғаныстық қызметін атқаратын шлюздік компьютерлер.
      Броузерлер -  HTML пішімі түріндегі Web-құжаттарды оқу  үшін  арналған
программа.
      Диалогтық режимде – операциялық жүйе пайдаланушының командасын  күтеді
де, арнайы команда алған соң орындап, жауап қайтарады да,  келесі  команданы
күтетін пайдаланушы интерфейсі.
      Дискретті  сигналдар  -  уақыт  моменттерінің  шектеулі  санында   тек
шектеулі мәндер қабылдайтын сигналдар.
      Желі топологиясы -  жергілікті  желідегі  компьютерлердің  бір-бірімен
геометриялық байланысу тәсілі.
      Желілік хаттама  - компьютерлердің бір-бірімен байланыс жасау ережесі.
      Идентификатор - тілдің кез-келген объектісінің атауы.
      Команда есептегіш (счетчик комманд) –  кезектегі  орындалатын  команда
адресі сақталатын УУ регистрі,  жадының  тізбекті  ұяшығынан  программаларды
автоматты теруге арналған;
      Команда есептегіш (счетчик комманд) –  кезектегі  орындалатын  команда
адресі сақталатын УУ регистрі,  жадының  тізбекті  ұяшығынан  программаларды
автоматты теруге арналған;
      Компьютерлік программа –  ол  орындалатын  инструкциялардың  реттелген
тізбегі.
      Операциялық жүйе -  жүйелік және қызметтік программалар пакеті.
      Пайдаланушы интерфейсі - барлық операциялық жүйелер  пайдаланушылармен
жұмыс істеудің пакеттік және диалогтық режимдерін қамсыздандыру.
      Пакеттік режимде – операциялық жүйенің  берілген  командалар  тізбегін
автоматты түрде орындайтын пайдаланушы интерфейсі.
      Позициялық  санау  жүйесі  –  санның  жазылуындағы   цифрлардың   орын
ауыстыруына байланысты санның мәніне әсер ететін санау жүйесін .
      Санау жүйесі  – сандарды санаудың, жазудың ережелері.
      Сигнал  - информацияны беру тәсілі.
      Сумматор – әрбір операцияны орындауға қатысатын АЛУ регистры; Тактілік
жиілік (МГц) - процессордың негізгі сипаттамасы.
      Транслятор-программалар  -  процессор  тек   қана   машиналық   кодтты
түсінеді, сондықтан адам жазған программа  мәтінін  машиналық  кодқа  аудару
керек. Осы жұмысты орындайтын арнайы программа.
      Транслитерация - бір машиналық инструкцияны бір ассемблер  командасына
бірмәнді аудару.
      Үздіксіз  сигналдар  -   амплитудасы  бойынша  әр   уақыт   моментінде
өзгеріссіз қалатын сигналдар.
      Файл – дискіде ат қойылып, берілгендер сақталған облыс.
      Файлдық жүйе –  ОЖ  берілгендерді  дискіге  сақтап,  оларға  қатынасты
қамтамасыз ететін ОЖ-нің функционалды бөлімі.
      Файлдар  сақталатын  таблицалар  (FAT-таблицалар)   -   берілгендердің
дисктің қай жерінде жазылғандығы туралы мәлімет орналасатын дисктің  жүйелік
облысы.
      Шлюздер  -  бір  желідегі  деректерді  басқа  желідегі  пайдаланушылар
түсінетіндей форматқа аударып  берету     қызметін   атқаратын  программалар
немесе компьютерлер.
Дәріс 1
      Кіріспе. Информатиканың негізгі  түсініктері.  Информатика  пәні  және
міндеттері.  Информатиканың дамуы. Информатика пәні, объектісі.  Информатика
құрылымы. Информатика міндеттер. Ақпарат түсінігі. Ақпарат түрлері,  ақпарат
құрылымы. Ақпарат өлшем бірліктері

      Мақсаты: Информатика пәні және міндеттері, оның  дамуы, информатика
пәні, объектісі, құрылымы және міндеттері туралы түсініктерін қалыптастыру.
      Ақпарат  түсінігі,  түрлері,   құрылымы   және   өлшем   бірліктерімен
таныстырып, түсініктерін қалыптастыру.


      Біз  бәріміз  бала  кезімізден  бастап  информация  алмасу   процесіне
қатысамыз. Кітап,  газет  және  журнал  оқығанда,  радио  тыңдап,  теледидар
көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен,  достарымызбен  әңгімелескенде  әртүрлі
информация аламыз. Адамдардың  үйде,  мектепте,  жұмыста  және  көшеде  бір-
бірімен   сөйлесуі   де   информация   түрлерінің:   сөздердің,    ойлардың,
хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал бола алады.  Адамдардың  араласуы
мен бірге жүруі - жұмыс істеу,  оқу  және  ойнау  -  информация  алмасуынсыз
жүзеге аса алмайды. Берілген информациялар  өзімізге,  заттарымызға  қатысты
айтылып, айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.
      Информацияны жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, информация алмасу
тек ауызба-ауыз айтумен  немесе  әртүрлі  қимылдармен  ғана  емес,  оқу-жазу
арқылы  да  беріле  бастады.  Оқи  білу  жәнз  ойын  жазып  жеткізе  білу  -
адамзаттың сауаттылығының белгісі  бола  бастады.  Ойды  жазып  қалдыру  тек
мағлұматпен хабар алмасу ғана емес,  адамзаттың  ізгі  қазыныларын  ұрпақтан
ұрпаққа жеткізу  мүмкіндігін  берді.  XV  ғасырда  мәліметті  қағазға  басып
шығару станогының пайда болуы кітап  шығару  ісін  жолға  қойып,  адамзаттың
алтын ойларын тікелей көпшілікке  жеткізуге  мүмкіндік  жасады.  Кітаптарды,
оқулықтарды көптеп басып шығару, көпшілік кітапханаларының ашылуы  адамзатты
жалпы сауаттылыққа жетелеп, мәдениеттің  жаңа  даму  кезеңін  бастады  деуге
болады.
      ХІХ-ХХ   ғасырлардағы   телеграфтың,   телефонның,   радионың    шығуы
информацияны кез келган  қашықтыққа  жарық  сәулесінің  тарау  жылдамдығымен
жеткізуге мүмкіндік берді. Ал теледидардың шығуы үйде отырып-ақ, дүниеде  не
болып   жатқанын   біліп,   кино,   спектакльдерді   көріп,   оқып    үйрену
бағдарламаларын толық  жүзеге  асыра  алатын  күйге  жеткізді.  Мөліметтерді
іздеу мен өңдеудің бүрын болмаған жаңа мүмкіндіктерін XX ғасырдың  ортасында
шыққан электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ, шет елдерде олар  компьютер  деп
аталады) берді. ЭЕМ-дер әуелде  есеп-қисап  жұмыстарын  автоматтандыру  үшін
шығарылған еді. Кейіннен олардағы мәліметтерді магниттік  таспаларға  жазып,
қағазга басып, ЭЕМ экранына шығару қасиеттері бар  екені  анықталды.  Оларды
дамыта отырып, архив жасау  ісінде,  мәтіндерді  теріп  түзетуде,  сызу  мен
графикалық жұмыстарда, өндірісті  автоматтандыруда  және  де  басқа  адамның
көптеген қызмет салаларында қолдана бастадық
      "Информация" термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген  үғымынан
туындаған ағылшынның information сөзінен  шыққан.  Информацияны  біз  ауызша
немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс  түрінде  бере  аламыз.  Кез  келген
керекті информацияның мағынасын  түсініп,  оны  басқаларға  жеткізіп,  соның
негізінде белгілі бір ой түйеміз. Сабақ үстінде  мүғалім  жаңа  информацияны
оқушыларға  жеткізеді,  ал  оқушылар  оны   қабылдап,   мағынасын   түсініп,
естерінде сақтайды және жауап береді.  Оқып  үйренуге  керекті  информацияны
компьютерден де алуға болады, мәселен ол суреттерді,  оған  қажет  түсіндіру
мәтіндерін, тексеру сүрақтарын арнайы программа  көмегімен  экранға  шығарып
береді.
      Біз  өзімізге  қажет  информацияны  оқулық  пен  кітаптардан,   газет-
журналдардан, теледидар хабарлары  мен  кинофильмдерден  алып,  керектілерін
дәптерге  конспект  түрінде  жазып  аламыз.  Өндірістегі  информация   жиыны
сызулар мен мәтіндер түрінде, анықтамалар мен есеп  беру,  кестелер  түрінде
кездеседі.Осындай информацияларды ЭЕМ арқылы  да  алуға  болады.  Информация
кез  келген  түрде  бізге  белгілі  бір  мағлүматтар   береді.   Ол   біздің
айналамызда не болғаны немесе не болып жатқаны туралы деректер  бере  алады,
мысалы: кеше не істедік, ертең не істейміз,  мектеп  бітіру  кешінде  қандай
көйлек киеміз немесе  қайда  жүмыс  істейміз  деген  сүрақтарға  жауап  Бере
алады. Бірақ информация әрқашан белгілі бір түрде -  әңгіме,  сурет,  мақала
1F101Dжәне т.б.
      Информатика -  ЭЕМ  арқылы  информацияны  жинау,  сақтау,  түрлендіру,
жеткізу және оны  пайдалану  заңдылықтары  мен  тәсілдерін  зерттейтін  жаңа
ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл  ғылымның  тек  ЭЕМ-дерді
пайдалану мүмкіндіктері мен  олардың  жұмыс  істеу  принциптерін  түсіндіріп
қана қоймай, қоғамдық өмірде  және  адамдар  арасында  информацияны  кеңінен
тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.
      Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі
үздіксіз   ғылыми-техникалық   процеске   айналып   отыр.   Сонымен    қатар
информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып  келеді.
Осы себептерге байланысты информатика жиі  өзгеріске  үшырайтын  ғылыми  пән
болып саналады да, оны оқып-үйрену күннен күнге күрделіленіп барады.
      Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі
информация болып саналады. Сондықтан "информация" үғымы информатика мен ЭЕМ-
де жұмыс істудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.
      Информация және есептеу машиналары. Бүл күнде ЭЕМ информацияны өңдудің
ең  негізгі  құралы  болып  саналады.   70-жылдарда   электрониканың   дамуы
компьютердің жаңа түрін - жеке пайдаланылатын дербес  компьютерлерді  көптеп
шығаруға   жол   ашты.   Олар   қазір   де    мектептерде,    институттарда,
баспаханаларда,   т.б.   орындарда   кеңінен   қолданыла   бастады.   Мұндай
компьютерлерді  оқуда,  жұмыста,  ойнау  үшін,  тағы   да   басқа   көптеген
мақсаттарда пайдалануға  болады.  Осы  компьютерлерді  өндіріс  пен  жобалау
ісінде,  ғылыми-зерттеу  істері  мен  білім  беруде  пайдалану  миллиондаған
адамдардың жүмыстарының мазмүны  мен  орындалуын  түбегейлі  түрде  өзгертті
деуге   болады.   Ең   алдымен   ЭЕМ-дер    өндірістің    автоматтандырылған
технологиясын жасауға мүмкіндіктер ашып береді. Оның үстінг, сол  технология
көмегімен ЭЕМ-дермен басқарылатын жаңа машина, құрал-сайман және  құрылғылар
жасалынады. Осылардың негізінде  XXI  ғасырдың  басында  есептеу  машиналары
"адамсыз" жүмыс атқара алатын  өндіріс  технологиясын  жасау  мүмкіндіктерін
беріп  отырболуды  талап  етеді,  яғни  ол  мәдениеттіліктің  белгісі  болып
исаналады. Ол үшін  ЭЕМ-нің негізгі мүмкіндіктерін жақсы білу  қажет,  олар:
мәселелерді (есептерді) айқын түрде қоя білу, оларды шешудің жоспарын  жасау
және  ЭЕМ-ге  түсінікті  түрде  жазу;  есеп  шығаруға  керекті  мәліметтерді
айқындай білу мен алынған нәтижелерді талдау тәсілдерін әрбір адамның  жетік
меңгеруі  болып  табылады.   Мұндай   мәдениеттілікті   игеру   логика   мен
информатика заңдарын білуге барып тіреледі.
      Кәдімгі информациялық технологиялар деп көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі
информацияларды дайындау, жинау,  өңдеу  және  жеткізу  процестерін  айтады.
Жаңа информациялық технологиялар деп ЭЕМ-дер мен олардың желілері  арқылы  -
әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы –  информацияны  дайындау,  жинау,
жеткізу  және  өндеу  технологияларын  айтады.  Информациялық  процестер   -
адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық қүрылғыларда және  қоғамдық
өмірде информацияны жеткізу, жинақтау жөне түрлендіру процестері.
      Дербес ЭЕМ-дер - жұмыста және үйде адамның пайдалануына арналған шағын
компьютерлер. Дербес  ЭЕМ-дер  журналдар,  кітаптар  және  әртүрлі  құжаттар
дайындауда мәтін теріп, оны түзету үшін кеңінен қолданылады. Мұндай  жүмыста
компьютерлердің баспа машинкаларынан  артықшылығы  талас  тудырмайды,  олар:
қателердің  азаюы,  материалдарды  дайындау   жылдамдағының   өсуі,   оларды
безендіру сапасының да  артуы.  Басып  шығарылуға  тиіс  әдебиеттің  жоғарғы
сапасын қамтамасыз  ететін  лазерлік  принтері  бар  компьютёрлер  негізінде
істейтін шағын баспа жүйелері одан да ыңғайлы жабдық болып есептеледі.
      Ақпарат  термині  латынның  баяндау,  түсіндіру  ұғымдарын  білдіретін
«information» сөзінен шыққан. Ең алғаш ғылыми термин  ретінде  ақпарат  1930
ж. Журналистика саласында пайда болған. Бұл кезде  ақпарат  ретінде  әртүрлі
мәліметтер,  хабарламалар  түсінілді.  Кейін   техникалық  ғылымның  дамуына
байланысты ақпаратқа әртүрлі анықтамалар берілді.  Ақпараттың  математикалық
теориясының негізін салушы Клод Шеннон – америкалық ғалым болды.  1948  жылы
оның берген анықтамасы бойынша кез-келген хабарлама  ақпарат  бола  алмайды.
Соның ішінде орын алған анықталмағандықты жоя алатын хабарлама ғана  ақпарат
болады.  Шеннон  теориясы  бойынша  ақпаратты   тасушы   ретінде   сигналдар
қабылданған. Әрбір сигналға оның пайда  болу  ықтималдылығы  сәйкес  келеді.
Сигналдың пайда болу ықтималдылығы неғұрлым  аз  болса,  соншалықты  ауқымды
ақпаратты жеткізеді.    Жай  сөзбен  айтқанда  жаңалық  неғұрлым  аз  болса,
соғұрлым ауқымды болады.
    Философияда  ақпарат  ретінде  объектілердің  қарым-қатынасы  барысында
туатын қайшылықтар түсіндіріледі.
    Тұрмыста ақпарат ретінде айналадағы орта туралы және ондағы орын  алған
процесстер туралы адамның немесе  арнайы  техникалық  құрылғының  қабылдаған
мағлұматтары түсініледі.
    Техникада  ақпарат  ретінде  арнайы  техникалық  құрылғының   көмегімен
сақталатын, өңделетін және тасымалданатын таңбалар мен  сигналдар  түріндегі
хабарламалар түсініледі.
    Ақпарат теориясында ақпарат деп оны алғанға дейін  болған  анықталмаған
дықты толығымен жоятын немесе азайтатын хабарларды айтамыз.
    Кибернетикада ақпарат ретінде қарастырылып  отырған  жүйенің  сақталуы,
жетілуі, дамуы мақсатында қолданылатын  білімдер жиынын түсінеміз.
    Документалистикада  ақпарат  ретінде  құжат  түрінде  тіркелген  барлық
таңбалар жиынын түсінеміз.
    Ақпарат   әрқашан   өзінің   материалды   жинақтаушысымен   байланысты.
Ақпараттық жинақтауыш дегеніміз оны жасайтын және сақтайтын орта.  Ақпаратты
жинақтауыш ретінде кез-келген материалды зат,  табиғаты  әртүрлі  толқындар,
заттың әртүрлі күйі қабылданады.
    Ақпарат беру тәсілі – сигнал. Сигнал дегеніміз – ақпараттық сипаты  бар
физикалық процесс.  Сигналдар үздіксіз және дискретті болады.
    Үздіксіз сигналдарға амплитудасы бойынша әр уақыт моментінде өзгеріссіз
қалатын сигналдар жатады. Уақыт моменттерінің шектеулі санында тек  шектеулі
мәндер қабылдайтын сигналдар дискретті деп аталады.   Қандайда  бір  шаманың
оның жеке  міндерінің  тізбегі  түрінде  бейнелеу  процесін  дискреттеу  деп
атайды.
    Электрлік түрде берілген сигналдардың көп артықшылықтары бар:
    1.  Жылдамдығы  шектеулі,  қозғалмалы  механикалық  құрылғыларды  талап
       етпейді.
    2. Электрлік сигналдарды ең жоғары жылдамдықпен  беруге  болады  (жарық
       жылдамдығы).
    3. Жылдамдығы  жоғары  электрондық  құрылғылардың  көмегімен  электрлік
       сигналдарды өңдеу, салыстыру, түрлендіру, жеңу мүмкіндіктері бар.
      Ақпаратты  беру  және  өңдеу  жүйелерінде  сигналдар   бірнеше   мәрте
түрленеді. Бұл кезде  сигналдардың  физикалық  табиғаты  өзіндегі  ақпаратты
жоғалтпай өзгеруі мүмкін. Мысалы, телефон  байланысында  акустикалық  сигнал
(тасушы дыбыстық толқындар), электрлік  толқындар  (тасымалдаушы)  көмегімен
электр сигналына түрленеді  және  осы  түрлендіру  керісінше  орындалады  да
байланыс жүзеге асады.
      Сигналдарды беру уақытында  олардың ақпараттық сипаты өзгеруі  мүмкін:
үзіліссіз  сигнал  дискреттіге  немесе  керісінше  ауысуы  мүмкін.   Ақпарат
аналогтық  түрден  цифрлық  түрге  немесе  керісінше  арнайы   құрылғылардың
көмегімен ауысады. Мысалы: модем, дыбыстық карта, видеокарта, т.б. жатады.
      Қоғамдағы ақпараттың көлемінің үздіксіз  ұлғаюына  байланысты  қазіргі
заманның адамына ақпаратты меңгеру талабы қойылады.  Адам  ақпарат  ұғымының
ең аз дегенде 3 құрамдас бөлігін бөліп қарастырады:
      Мағынасы (семантика);
      Кескіні (синтаксис);
      Бағасы (прагматика);
    Ақпараттың қасиеттері:
    1. Объективтілігі: Егер ақпарат  біреудің  түсінігіне  тәуелсіз  болса,
       онда объективті ақпарат  болады.
    2. Дәлдігі: Егер ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық  ашатын  болса,
       онда дәл ақпарат болады.
    3.  Толықтығы:  Егер  ақпарат  оны  түсінуге  және  белгілі  бір  шешім
       қабылдауға жеткілікті болса, онда ақпарат толық болады.
    4. Өзектілігі: Егер ақпарат дәл  қазіргі  уақытта  маңызды  боса,  онда
       ақпарат өзекті (актуальная) болады.
    5.  Пайдалылығы:  Егер  ақпараттың  көмегімен   шешілетін  мәселе  оның
       маңыздылығымен байланысты  болса, онда ақпарат пайдалы болады.
    6. Түсініктілігі: Егер  ақпарат  пайдаланушыға  түсінікті  болса,  онда
       ақпарат түсінікті болады.
                         Ақпараттың өлшем бірліктері
      Ақпараттың көлемін бағалау дегеніміз – ақпаратты саны  жағынан  өлшеу.
Ақпараттың  көлемін  оның  ұзындығы  деуге  болады.  Ақпараттың  көлемі  деп
хабардағы символдар  санын  айтамыз.  Техникада  ақпарат  өзінің  табиғатына
байланыссыз екілік түрде  сақталып,  өңделеді.  Екілік  алфавит   0  және  1
символдарынан тұрады. Осы стандартқа байланысты  ақпараттың  бит  және  байт
деген стандартты өлшем бірліктері енгізілді. Бір символ 8 бит немесе 1  байт
арқылы жазылды.  (1 байт =8 бит).
      Бит дегеніміз 0 немесе 1. Сонымен бірге  үлкейтілген  өлшем  бірліктер
енгізілген:
      1 Кбайт =1024 байт (кило)
      1 Мбайт =1024 Кбайт (мега)
      1 Гбайт =1024 Мбайт (гиго)
      1 Тбайт =1024 Гбайт (теро)

    Бекіту сұрақтары
        1. Информатика ұғымының анықтамасы. Информатика нені оқытады?
        2. Информатика неге күнбе-күн дамып отыратын ғылым?
        3. Информация дегеніміз нз?
        4. Информацияның қандай түрлерін білесіздер?
        5. Информациялық технология деген не және оның жаңа информациялық
           технологиялардан айырмашылығы неде?
        6. Информациялық процестер дегее не?
        7. Дербес компьютер деп қандай ЭЕМ-дерді айтады?
        8. Ақпарат терминіне анықтама бер?
        9. Сигнал деген не?
       10. Электрлік түрде берілген сигналдардың  артықшылықтары.
       11. Ақпараттың қасиеттері.
       12. Ақпараттың үздіксіз және дискеретті формасы.
       13. Ақпараттың өлшем бірліктерін ата.






      Дәріс 2
      Информатиканың арифметикалық негіздері. Ақпараттың  берілу  формалары.
Санау  жүйелері.  Әртүрлі  санау  жүйелеріндегі  әрекеттер.   Информатиканың
логикалық  негіздері.  Алгебра  логикасы.  Логикалық  байланыстар,   мәндер,
сөйлемдер. Логикалық амалдар. Логикалық схемалар және логикалық машиналар


      Мақсаты: Информатиканың логикалық негіздері, алгебра логикасы,
логикалық байланыстар, мәндер, сөйлемдер, логикалық амалдар, логикалық
схемалар және логикалық машиналар, Буль алгебрасы түсініктерімен таныстыру.
      Информатиканың арифметикалық негіздері және ақпараттың берілу
формаларымен, санау жүйелері, ондағы әртүрлі санау жүйелеріндегі
әрекеттермен таныстыру.
      Санау жүйесі дегеніміз – сандарды санаудың, жазудың  ережелері.   Кез-
келген санау жүйесінде жазу үшін  символдар  таңдалып  алынады.  Оларды  сол
жүйенің базистік сандары деп атайды. Басқа сандар базистік сандарға  амалдар
қолдану арқылы алынады.  Санау  жүйелері  позициялық  және  позициялық  емес
болып  екіге  бөлінеді.  Позициялық  емес  санау  жүйелеріне  римдік   санау
жүйелері жатады.
      Позициялық санау жүйесі дегеніміз  –  санның  жазылуындағы  цифрлардың
орын ауыстыруына байланысты  санның  мәніне  әсер  ететін  санау  жүйесін  .
Мысалы: 21 санында 2 цифр ондықты білдірсе, 12  санында  дәл  осы  цифр  (2)
бірлікті білдіреді.
      Позициялық санау жүйелеріне ондық, он алтылық, екілік, сегіздік  санау
жүйелері жатады.
      Ондық санау жүйесінің алфавиті: {0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9;}
      Он алтылық  санау жүйесінің алфавиті: {0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9;A;
B; C; D; E; F;}
      Сегіздік санау жүйесінің алфавиті: {0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; }
      Екілік санау жүйесінің алфавиті: {0; 1;}
      Екілік санау  жүйесі  компьютерде  барлық  есептеу,   өңдеу  амалдарын
жүргізгенде қолданылады.   Кез-келген  санау  жүйесінен  санды  басқа  санау
жүйесіне көшіруге болады.
      Ондық санды екілік жүйеге көшіру  үшін  санды  екіге  бөліп,  қалдығын
белгілеп қоямыз.  Қалдықтары: 0, 1. Шыққан бүтін бөлікті  тағы  2-ге  бөліп,
қалдығын  белгілейміз.  Осы  амалды  бүтін  бөлігі   2-ден   кіші   болғанша
қайталаймыз. Қалдықтарды кері ретпен тізбектеп жазамыз.  Нәтижесінде  екілік
сан алынады.


      Кез-келген ондық санды келесі полином (көпмүше) түрінде түрінде жазуға
болады:
      Х=an*10n+ an-1*10n-1+…+ a0*100+ a-1*10-1+ a-2*10-2+…+ a-m*10-m
      Мұндағы, an, an-1,  …,  a0  –  ондық  санның  бүтін  бөлігін  құрайтын
базистік сандар.
      a-1, a-2, …, a-m – санның бөлшек бөлігін құрайтын базистік сандар.
      Ондық санау жүйесінің негізі - 10 саны.
      Мысалы: 327,0351 саны.  Мұндағы 327 – a2a1a0, ал  0351 – a-1a-2a-3a-4;
      Х=3*102+2*101+7*100+0*10-1+3*10-2+5*10-3+5*10-4=327,0351;
      Осы полиномды 2-лік санау жүйесіне қолдануға болады:
      Х=an*2n+ an-1*2n-1+…+ a0*20+ a-1*2-1+ a-2*2-2+…+ a-m*2-m;
      Мысалы: 2310=101112 , Осы 2-лік санын полиномға қойып тексереміз:
      101112=1*24+0*23+1*22+1*21+1*20=16+0+4+2+1=2310;

       ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің  ішінде,  әдетте  логикалық  деп
аталатын есептер де аз емес.
       Логика — бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, онын  ішінде
дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.
       Ғылыми пән ретінде логиканың бірнеше нұскалары дараланады: формалъды
логика, математикалық  логика,  ықтималдықты  логика,  диалектикалық  логика
және т.б. Адам әр түрлі кесте  құрғанда,  бір-біріне  кайшы  келетін  куәлар
жауаптарының дұрысын анықтағанда және басқа көптеген  жағдайларда  логиканың
көмегіне жүгінеді.
       Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің  кәдімгі  мазмұнды
пікірімізді талдаумен байланысты.
       Математикалық логика формальды логиканың бөлігі болып табылады  және
оның  дәлме-дәл  анықталған   объектілері   мен   пікірлері   бар,   олардың
ақиқаттығын  немесе  жалғандығын  бір  мәнді  шешуге  болатын  ойларды  ғана
зерттейді.
       Математикалық. логиканың  саласы  пікірлер  алгебрасы  ретінде  (оны
басқаша логика алгебрасы деп атайды, ол алғаш  рет  XIX  ғасырдың  ортасында
ағылшын математигі Джордж Бульдің еңбектерінде пайда болды. Бұл  —  дәстүрлі
логикалық есептерді алгебралық  әдістермен  шешуге  талаптанудың  нәтижесі),
информатикада жақсы меңгерілген.
       Логика алгебрасының математикалық аппараты  компьютердің  аппараттық
құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені  компьютердегі  негізгі
екілік санау жүйесі болып табылады, онда екі цифр: 0 мен 1  қолданылады,  ал
логикалык айнымалылардың мәндері де екі: "0" және "1". Бұл компьютердің  бір
ғана құрылғылары екілік  санау  жүйесінде  ұсынылған  сандық  ақпаратты  да,
логикалық айнымалыларды да өндеу және сактау үшін  қолданыла  алады  дегенді
білдіреді.   Демек,   компьютерді   конструкциялағанда,    оның    логикалық
функциялары, схемаларының  жұмысы  айтарлықтай  жеңілденеді  және  карапайым
логикалық элементтердің саны азаяды. Компьютердің негізгі тораптары  ондаған
мың осындай логикалық элементтерден тұрады
       Қазіргі кезде пікірлер  алгебрасының  негізгі  операциялары  енбейті
бірде-бір программалау тілі жоқ. Логикалық есептерде тек сандар  ғана  емес,
күтпеген, тым шиеленісті пікірлер де бастапқы деректер болып табылады.
       Пікір дегеніміз — жалған немесе ақиқат болуы мүмкін  кандай  да  бір
пайымдау.
       Мысалы, "Қар — ақ", "2 • 2 = 4" деген ақиқат, ал "Тау тегіс", "2 • 2
= 5" деген  —  жалған  пікірлер.  Әдетте,  біз  бақылайтын  фактілер  ақиқат
ретінде  қабылданады.  Жалған   пайымдаулар,   көбінесе,   пайымдаулар   мен
ұйғарымдардағы қателерден немесе сондай болса екен деген тілегімізді  шындық
ретінде көрсетуге тырысудан пайда болады.
       Шкірлер: жалпы және жеке болып бөлінеді. Жеке пікір нақты фактілерді
көрсетеді, мысалы, "3 + 3 < 7", "Бүгін күн шуақты болды".
       Жалпы пікірлер  объектілер  немесе  құбылыстар  тобының  қасиеттерін
сипаттайды, мысалы, "Егер жаңбыр жауған болса, онда көше  су  болып  жатыр",
"Кез келген квадрат параллелограмм болып табылады" және т.с.с.
       Жалпы пікір объектілердің қандай да бір бөлігі үшін ақиқат, ал басқа
объектілер  үшін  жалған  болуы  мүмкін.  Мысалы,  "Иттер  мысықтарды  жақсы
көрмейді" пікірі иттердің көпшілігі үшін рас, бірақ барлығы  үшін  емес  "х-
у>0" пікірі х=1 және у=1  үшін  акиқат  және  сонымен  катар  у  кез  келген
болғанда, х = 0 үшін жалған.
       Егер пікір айтылған ой объектілерінің кез келгені үшін  рас  болсап,
онда жалпы пікір тепе-тең ақиқат деп аталады. Мысалы, "Иттің төрт аяғы  бар"
пікірі кез келген ит үшін рас.
       Тепе-тең ақиқат пікірлер заттардың заңды  байланыстарын  көрсеткенде
ерекше пайдалы. Мысалы, "a + b = b + а" пайымдауы кез  келген  нақты  сандар
үшін  орынды  және  ол  "Қосылғыштардың  орындарын   ауыстырғаннан   қосынды
өзгермейді" деген арифметиканың заңын көрсетеді.
       Күрделі жағдайларда сұрактардың жауабы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС  логикалық
жалғаулыктарын пайдаланып, құрамды пікірлер арқылы  беріледі.  Мысалы,  "Бұл
оқушы ақылды және зерек" пікірі  қарапайым  "Бұл  окушы  ақылды"  және  "Бұл
оқушы зерек" деген пікірлерден тұратын құрамды пікір болып табылады.
       Логикалық жалғаулықтардың көмегімен басқа пікірлерден  құрастырылған
пікірлерді құрамды деп атайды.  Құрамды  емес  пікірлерді  қарапайым  немесе
элементпар деп атайды.
       Логикалық жалғаулықтар математикада күрделі айтылымдарды сипаттайтын
логикалық операциялар болып табылады.
       Логикалық айтылымдармен жұмыс істеу үшін  оларға  ат  қояды.  "Айдар
жазда теңізге барады" айтылымы А арқылы белгіленсін, ал В  арқылы  —  "Айдар
жазда тауға барады" айтылымы белгіленсін. Сонда  "Айдар  жазда  теңізге  де,
тауға да барады" құрамды айтылымын А және В түрінде қысқаша  жазуға  болады.
Мұндағы "және" — логикалық жалғаулық, А, В  —  логикалық  айнымалылар,  олар
тек екі мәнде болады: "ақиқат" немесе "жалған", сәйкесінше олар "0"  не  "1"
арқылы белгіленеді.
       Әрбір  логикалық  жалғаулық  логикалық   айтылымдармен   орындалатын
операция ретінде қарастырылады және олардың өз аты мен белгіленуі болады.
       Математикалық логикада ЖӘНЕ,  НЕМЕСЕ,  ЕМЕС  логикалық  операциялары
ақиқаттық мәндер кестесімен анықталады.
       Ақиқаттық  кестесі  —  бұл  логикалық  операцияның  кестелік   түрде
ұсынылуы, онда кірістік операндалардың (айтылымдардың) ақиқаттық  мәндерінің
барлық мүмкін  терулері  осы  терулердің  әрқайсысына  арналған  операциянын
шығыстық нәтижесінің ақиқаттық мәнімен бірге аталған.
       Негізгі логикальщ операцияларды карастырайық.
                              Логикалық көбейту
       ЖӘНЕ жалғаулығының көмегімен қарапайым екі А  мен  В  айтылымдарының
бір  кұрамдасқа  бірігуі  логикалық  көбейту  немесе   конъюнкция   (латынша
conjunctio — біріктіру), ал операцияның нәтижесі — логикалық көбейтінді  деп
аталады.
       ЖӘНЕ операциясы "." нүктемен белгіленеді (& белгісіменде  белгіленуі
мүмкін).
       ЖӘНЕ (конъюнкция) логикалык операциясының ақиқаттық кестесі:
|А          |В          |А және В   |
|Иә         |Иә         |Иә         |
|Иә         |Жоқ        |Жоқ        |
|Жоқ        |Иә         |Жоқ        |
|Жоқ        |жоқ        |Жоқ        |


       Ақиқаттық кестесінен:
    * Пікірдің екеуі де акиқат болғанда, А жөне В конъюнкциясы
      ақиқат.
    * А немесе В пікірлерінің бірі немесе екеуі де жалған болса, онда
      А және В конъюнкциясы жалған болады.
                               Логикалық қосу
       Біріктіруші мағынада  қолданылатын  НЕМЕСЕ  жалғаулығының  көмегімен
қарапайым А және В айтылымдарының  бір  кұрамдасқа  бірігуі  логикалың  қосу
немесе дизъюнкция (латынша disjunctio — бөлу),  ал  операцияның  нәтижесі  —
логикалык қосынды деп аталады.
       НЕМЕСЕ  логикалық  операциясы  белгісімен   (кейде   +   белгісімен)
белгіленеді.
       НЕМЕСЕ  логикалық  операциясының  акикаттық   кестесі   төмендегідей
болады:
|А          |В          |А және В   |
|Иә         |Иә         |Иә         |
|Иә         |Жоқ        |Иә         |
|Жоқ        |Иә         |Иә         |
|жоқ        |жоқ        |Жоқ        |


       Бұл операцияның ақиқаттық кестесінен, егер А да, В да иә  мәніне  ие
болса, не тек қана А, не тек қана В иә мәніне ие болса, онда  "А  немесе  В"
пайымдауы иә мәніне ие болатындығы көрінеді. Және керісінше, егер  А  да,  В
да жоқ мәніне ие болса, онда "А немесе В" пайымдауы жоқ мәніне ие болады.
    * А немесе В пікірлерінің ең болмағанда біреуі акиқат болғанда, А немесе
      В дизъюнкциясы ақиқат.
    * А және В пікірлерінің екеуі де жалған болғанда, А және В
      дизъюнкциясы жалған.
                             Логикалық терістеу
       Қарапайым  А  айтылымына  ЕМЕС  шылауын  қосу   логикалық   терістеу
операциясы деп аталады, операцияны орындау нәтижесінде  жаңа  айтылым  пайда
болады.
       ЕМЕС операциясы айтылымның үстіне сызықша салумен белгіленеді.
       ЕМЕС (терістеу) операциясының ақиқаттық кестесі:
|А          |А емес     |
|Иә         |Жоқ        |
|Жоқ        |Иә         |


       Мұндағы А қандай да бір кез келген айтылым.
       Мысалы, "Бүгін күн ыстық"  айтылымы  үшін  "Бүгін  күн  ыстық  емес"
айтылымы терістеу болады.
       Кейбір кездерде барлық айтылым "... жалған" сөзін колдануға  болады.
Сонда "Сен жақсы баға алдың" айтылымын терістеу "Сенің  жақсы  баға  алғаның
жалған" айтылымы болады.
       Бұл операцияның  ақиқаттық  кестесінен,  егер  бастапқы  А  айтылымы
жалған болса, онда А емес (А ақиқагп емес), теріске  шығаруы  иә  мәніне  ие
болатынын көреміз. Және, керісінше, егер бастапқы А айтылымы  ақиқат  болса,
А емес, жоқ мәніне ие болады.
        • Бастапқы пікір жалған болғанда, терістеу- ақиқат.
        • Бастапқы пікір ақиқат болғанда, терістеу- жалған.

    Бекіту сұрақтары:
     1. Информация терминіне анықтама бер?
     2. Сигнал деген не?
     3. Электрлік түрде берілген сигналдардың  артықшылықтары.
     4. Информацияның қасиеттері.
     5. Информацияның үздіксіз жіне дискеретті формасы.
     6. Информацияның өлшем бірліктерін ата.
     7. Санау жүйесі деген не?
     8. Позициялық және позицилық емес санау жүйелеріне анықтама бер және
        мысалдар келтір.
     9. Санау жүйесінің негізі деген не? Санау жүйесінің базистік цифрларына
        мысал келтір.
    10. Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне қалай аударамыз.
    11. Пікір дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
    12. Қандай пікірлер жалпы деп аталады? Жалпы жөне жеке пікірлерге мысал
        келтіріңдер.
    13. Әдеттегі және математикалық пікірлердегі жалғаулардың рөлі қандай?
    14. ЖӘНЕ жалғаулығымен мысал келтір.
    15. НЕМЕСЕ жалғаулығымен бөлуші рөлде, біріктіруші рөлде мысал
        келтіріңіз.
    16. Пайымдауларды теріске шығаруға мысалдар келтіріңіз.
    17. Логикалық көбейту дегеніміз не? Мысал
    18. Дизъюнкция дегеніміз не? Мысал
    19. Логикалық терістеу деп нені айтады? Мысал.
      Дәріс 3
      Компьютер   ұғымы.   Компьютердің   функционалды    схемасы.    Дербес
компьютердің  архитектурасы.  ДК-дің   негізгі   блоктары.   Аналық   плата.
Микропроцессор. Орталық процессор
      Мақсаты: Компьютер ұғымы және оның функционалды схемасымен және  жасау
принциптерн  таныстыру.Қазіргі  компьютер   архитектурасы,   компьютерлердің
функционалдық құрылымы, жады құрылымы түсініктерін енгізу.
      Ақпарат өзімен-өзі болмайды.  Ол  іздестірудің,  жинаудың,  сақтаудың,
жеткізу  мен  өңдеудің  және  пайдаланудың  барысында,   басқаша   айтқанда,
ақпараттық процестерде айқындалады.
      Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады.
      Ақпараттық  процестерді  жүзеге  асыратын   негізгі   құрал-компьютер.
Ақпаратты автоматты түрде өндеуге  арналған  аппараттық  және  бағдарламалық
құралдар кешенін компьютер деп атайды.
      Ақпаратты автоматты түрде өңдеу — адамның қатысуынсыз өңдеу, бұл кезде
компьютер алдын ала берілген бағдарлама бойынша  ақпаратты  өңдеуді  алғашқы
мәліметтерді енгізуден бастап нәтиже алғанға дейін жүргізеді.
Кірістік мәліметтердің түрі мынадай болуы мумкін:
|Мәтіндік ақпарат:          |оқулықтағы мәтін, дәптердегі шығарма,   |
|                           |ауа райын болжау, радио арқылы хабар    |
|                           |т.б.                                    |
|Сандық ақпарат:            |көбейту кестесі, арифметикалық мысал,   |
|                           |хоккей ойынындағы есеп т.б.             |
|Графикалық ақпарат:        |суреттер, схемалар, сызбалар,           |
|                           |фотосуреттер т.б.                       |
|Музыкалық (дыбыстық)       |дыбыстар, музыка, сөз .                 |
|ақпарат:                   |                                        |
|Бейне ақпарат              |түрлі түсті графика, дыбыс, фильмдер,   |
|                           |екі және үш өлшемді жылжымалы           |
|                           |объектілер.                             |


      Компьютердің аппараттық құралдары:
         - кодтауға және мәліметтер мен бағдарламаларды компьютердің жадына
           екілік көрсетілуде ұсынуда арналған енгізу құрылғыларынан;
         - ішкі және сыртқы болып бөлінетін, деректерді, бағдарламаларды,
           аралық есептеулердің нәтижелерін сақтауға арналған компъютер
           жадынан;
         - мәліметтерді өңдеудің және  өңдеу  процесін  басқарудың  негізгі
           құрылғысы-процессордан;
         - өңдеу нәтижелерін кері кодтауға және оларды адамға қолайлы түрде
           шығарып беруге арналған шыәару құрылғыларынан;
         - бұл барлық құрылғылар арасында ақпарат жеткізу қызметін
           атқаратын ақпараттық кеңарнадан тұрады.
      Мәліметтерді бағдарламалармен өңдейді. Бағдарлама - нұсқаулар тізбегі,
оларды  орындау  барысында  компьютер  белгілі   әрекетер   жасайды   немесе
мәліметтерді өңдеу мәселесін шешеді.



















                    Компьютердің құрылғыларының схемасы.

      Бағдарламалық құралдар — әр түрлі мақсаттарға  арналған  бағдарламалар
жиынтығы. Компьютердің бағдарламалық құралдарын бағдарламалық жасақтама деп
те атайды.
        Олар:
    - жүйелік деп аталатын, компьютердің барлық құрылғылары мен мәліметтерді
      өңдеуді жасақтау қорларының жұмыстарын басқаратын;
    - қолданбалы деп аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған;
    -  бағдарламалық  жүйелер  деп  аталатын,  басқа  бағдарламаларды  өңдеу
      қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.


     Компьютердің негізгі  құрылғыларының  блок-схемасы  төмендегі  суретте
көрсетілген.
[pic]
      Көріп отырғанымыздай дербес компьютердің процессоры мен жедел  жадынан
басқалары  оның  сыртқы   құрылғылары   болып   табылады.   Олар:   монитор,
пернетақта, принтер, маус, модем  т.б.  Әрбір  сыртқы  құрылғы  компьютердің
процессорымен арнайы блоктар - адаптер немесе контроллер  арқылы  жалғасады.
Мысалы, монитор  процессор  мен  дисплей  контроллері,  ал  принтер  порттар
контроллері арқылы т.с.с, жалғасады.
      Контроллер немесе  адаптердің  міндеті  -  процессордан  келіп  түскен
ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.
      Процессор басқа құрылғылармен көптеген сымдардан тұратын кабель арқылы
жалғастырылады, оны кеңарна (магистраль) немесе шина деп атайды (шина  атауы
көп пайдаланылады).
      Қазіргі компьютерлер алуан түрлі. Бірақ  олардың  құрылымы  кез-келген
компьютерде  келесі  негізгі   құрылғыларды   анықтайтын   жалпы   логикалық
принциптерге негізделген:
      - нөмірленген ұяшықтардан тұратын  жады: (жедел есте сақтау құрылғысы
        (ОЗУ));
      - өзіне басқару құрылғысы (УУ) мен арифметикалық-логикалық  құрылғыны
        (АЛУ)    қамтитын процессор;
      - енгізу-шығару құрылғысы;
      Бұл  құрылғылар  бір-біріне  ақпарат  беретін  байланыс   каналдарымен
жалғанған. Компьютердің негізгі құрылғылары мен олардың арасындағы  байланыс
келесі схемада көрсетілген:











Жады функциялары:
      - Басқа құрылғылардан ақпарат қабылдау;
      - Ақпаратты есте сақтау.
      - Машинаның басқа құрылғыларының сұранысы бойынша информацияны беру;
Процессор функциясы:  арифметикалық  және  логикалық  операцияларды  орындау
жолымен берілгендерді сәйкес программа бойынша өңдеу.
      - Компьютердің құрылғыларының жұмысын программалық басқару.
      Процессордың  командаларды  орындайтын   бөлігі   арифметико-логикалық
құрылғы  (АЛУ) деп  аталады,  ал  басқа  құрылғыларды  басқару  функцияларын
орындайтын құрылғы басқару құрылғысы (УУ) деп аталады.
      Әдетте бұл екі құрылғы таза шартты түрде ғана бөлінеді, ал  құрылымдық
жағынан олар ажыратылмайды.
      Процессор  құрамында  регистр  деп  аталатын  жадының  арнайы  қосымша
ұяшықтары бар.  Регистрлер  қысқа  мерзімге  команда  немесе  сан  сақтайтын
функция  атқарады.  Регистр  ішіндегі   мәліметтермен   арнайы   электрондық
схемалар   кейбір   манипуляцияларды   жүргізе   алады.     Мысалы    кейбір
командалардың бөлігін ары қарай  қолдану  үшін  қиып  алу  немесе  сандармен
белгілі арифметикалық амалдар жасау.  Регистрдің негізгі элементі –  триггер
деп аталатын электрондық схема. Ол бір екілік санды сақтай алады (разряд).
Регистр   –   ортақ   басқару   жүйесінің   белгілі   әдісімен   бір-бірімен
байланыстырылған   триггерлердің   жиынтығы.    Регистрлардың    орындалатын
операциялары  бойынша  айырмашылығы  бар  бірнеше  түрлері  болады.   Кейбір
маңызды регистрлардың өздерінің атаулары бар, мысалы:
      - Сумматор – әрбір операцияны орындауға қатысатын АЛУ регистры;
 - Команда есептегіш  (счетчик  комманд)  –  кезектегі  орындалатын  команда
   адресі сақталатын УУ регистрі, жадының тізбекті ұяшығынан  программаларды
   автоматты теруге арналған;
 - Команда регистрі – команданы орындауға  қажет  уақыт  периодында  команда
   кодын сақтауға арналған  УУ  регистрі.  Оның   разрядтарының  кей  бөлігі
   операция кодын сақтауға арналған, ал қалғаны операнд  адрестерінің  кодын
   сақтауға арналған.

Дербес компьютердің ішкі құрылғылары:
      Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғылар компьютердің ішкі құрылғылары.
      Микропроцессор  –  компьютердің  негізгі  микросхемасы.  Онда   барлық
есептеулер жүргізіледі. Процессордың негізгі сипаттамасы –  тактілік  жиілік
(МГц). Тактілік жиілік  неғұрлым  көп  болса,  соғұрлым  процессордың  жұмыс
өнімділігі жоғары болады.   Мысалы,  процессордың  тактілік  жиілігі  500МГц
болса, процессор өзінің қалпын 500млн. рет өзгертеді.
      Оперативті жады – компьютер іске қосылып тұрған кездегі көп ұяшықтарда
берілгендер мен командалар сақталып тұратын ұяшықтар массиві.
Процессор оперативті жадымен бірге жұмыс істейді.  Берілгендер  процессордың
регистрларына  (процессор  ұяшықтарына)  көшіріледі  де,  берілген   команда
бойынша өзгертіледі.  Оперативті жадының өлшем бірлігі – байт, Мбайт.
Байт – адресі бар берілгендерді сақтаудың ең кіші бірлігі.  Ол  өзінен  кіші
8 бірлік – биттерден тұрады. Бит 2 күйде болады: қосулы/өшулі.
Процессор  кез-келген  уақытта  байтқа,  яғни  оперативті  жадының  ұяшығына
адресі бойынша бара алады.  Бұл  кезде  процессор  кез-келген  биттің  күйін
өзгерте алады.  Ол үшін:
    1. Ұяшықтың ішіндегісін процессордың бір регистріне көшіреді;
    2. Кез-келген битті немесе биттер тобын өзгертеді;
    3. Регистрден кері оперативті жадыға көшіреді;
    Аналық плата -  ДК ең үлкен  платасы.  Онда  процессор  мен  оперативті
жадыны  жалғастыратын  шиналар  орналасқан:  берілгендер  шинасы,   адрестер
шинасы,  командалар  шинасы.  Аналық  платаның  шиналарына  басқа  да   ішкі
құрылғылар  жалғанады.   Чипсет  –  аналық   платаның   жұмысын   басқаратын
микросхемалар жиынтығы.
      Видеадаптер – аналық платаға  жалғанатын  ішкі  құрылғы.  Компьютердің
графикалық мүмкіндіктерін жасайды. Бұл құрылғының  өзінің  видео  процессоры
бар.  Видеоадаптердің  үш  өлшемді  кеңістікті  бейнелеуде  рөлі  зор.   Кей
модельдерде видеоадаптердің  функциясын  чипсеттің  микросхемасы  орындайды.
Бұл жағдайда видеоадаптер  аналық платамен интегралданған деп аталады.  Егер
видеоадаптер  жеке  құрылғы  болса,  онда   оны   видеокарта   деп   атайды.
Видеокартаның разъемдары жүйелік  блоктың  артқы  жағынан  шығарылған.  Оған
монитор жалғанады.
      Дыбыстық адаптер  –  компьютерде  дыбыс  шығару  үшін  аналық  платаға
орнатылған ішкі құрылғы. Ол чипсетте аналық  платамен  интегралданған  болуы
мүмкін немесе жеке құрылғы дыбыстық карта болуы мүмкін.   Дыбыстық  картаның
разъемдары  жүйелік  блоктың  артқы  жағынан  шығарылған,   оған   микрофон,
колонка, наушник жалғанады.

    Бекіту сұрақтары:
   1. Компьютер дегеніміз не?
   2. Аппараттық құралдар неден тұрады?
   3. Бағдарламалық құралдар ұғымына не енеді?
   4. Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңыз.
   5. Компьютер құрылымының негізгі логикалық принциптері қандай  және  олар
      қандай негізгі құрылғыларды анықтайды?
   6. Басқару құрылғысы (УУ) және арифметика-логикалық құрылғы (АЛУ)  туралы
      не айта аласың?
   7. Жады функциясын айтып бер?
   8. Процессор функциясын айтып бер?
   9. Регистр деген не? Регистрлардың қандай түрлері бар?
  10. Аппараттық конфигурация деген не?
  11. Базалық аппараттық конфигурация деген не?
  12. Базалық аппараттық конфигурацияға кіретін құрылғыларды ата?
  13. Компьютердің сырқы құрылғыларын ата және олар қандай қызмет атқарады?
  14. Компьютердің ішкі құрылғыларын ата және олар қандай қызмет атқарады?
  15. Микропроцессорды сипаттайтын шама қандай?
  16. Жадыны сипаттайтын негізгі шама қандай?

Дәріс-4. Сыртқы құрылғылар:   Ақпаратты  сақтау  құрылғысы.   Жады  түрлері.
       Жады құрылысы.  Ішкі жады құрылысы.  Сыртқы жады құрылысы.   Енгізу-
       шығару құрылғысы


      Мақсаты: Сыртқы құрылғылар және олардың жұмыс принциптерімен
таныстыру.


      Қатты диск -  программалар мен берілгендерді ұзақ  сақтайтын  құрылғы.
Қатты диск дегеніміз –  бір-бірімен  байланысқан  бірнеше  дискіден  тұратын
батарея.    Дисктердің   беттері   концентрациялық   жолдарға,   ал   жолдар
секторларға бөлінген. Берілгендер адресі бет нөмірі, жол нөмірі және  сектор
нөмірімен белгіленеді. Қатты диск өте нәзік құрылғы.  Оны  ұқыптылықпен  бір
блоктан екінші блокқа ауыстыру керек.
      Дербес компьютердің аппараттық конфигурациясы дегеніміз – компьютердің
аппараттық құрылғыларының жиынтығы. Дербес компьютердің базистік  аппараттық
конфигурациясы деп – компьютердің жұмыс  істеуіне  қажет  ең  аз  аппараттық
комплектісін айтады.
      Қазіргі ДК базалық аппараттық конфигурациясына: жүйелік блок, монитор,
пернетақта, тышқан кіреді.
Жүйелік блок – компьютерлік жүйенің негізгі  блогы.   Онда  ішкі  құрылғылар
орналасқан.   Жүйелік   блокқа   сырттан   қосылатын   құрылғыларды   сыртқы
құрылғылар немесе перифериялы құрылғылар деп атайды.
Монитор  –  символдық  және  графикалық  информацияны  бейнелеуге   арналған
құрылғы.
Пернетақта  –  компьютермен  жұмысты  басқару  және  информацияны   енгізуге
арналған құрылғы.
Тышқан – «графиктік» басқару құрылғысы.  Пернетақтадан  айырмашылығы  тышқан
үшін аппараттық қамсыздану жеткіліксіз, арнайы бағдарлама қажет.
Компьютердің  сыртқы  қосымша  құрылғыларына   принтер,   сканер,   плоттер,
колонка, микрофон және т.б. жатады.
Жедел жад  -  бүл  компьютердің  ішкі  жады.  Жедел  жад  немесе  оперативті
жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) - ол қажет ақпараттарды  өзіне  жылдам  жазуға  және
одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша  сақталады,  яғни
компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе, онда  жедел  жадтағы  барлық
ақпарат жойылады (өшеді). Жедел жадта Қазіргі кезде орындалып жатқан  барлық
бағдарламалар болады.  Компьютердің  ішкі  жадының  екі  түрі  бар:  тұрақты
жадтайтын құрылгы ТЖҚ  — бұл компьютердің ішкі жады, ол компьютердің  ішіне,
құрастырушы фирмада орнатылады, компьютерді іске қосқанда,  алдымен  ақпарат
ТЖҚ-дан алынады, ал содан соң компьютерге орнатылған операциялық  жүйе  іске
қосылады.
  Жедел (оперативті) жадтайтын құрылғы ЖЖҚ — ақпараттарды уақытша  сақтауға
арналған жад. Компьютердің жедел жадының көлемі  шекті,  сондықтан  ЖЖҚ-дан
акпараттарды сыртқы жадқа (дискіге) көшіріп алу керек.




|ТЖҚ (ПЗУ): тұрақты жадтайтын        |ЖЖҚ (ОЗУ): жедел жадтайтын құрылғы.    |
|құрылғы.                            |                                       |
|Ақпаратты тұрақты сақтауға арналған |Ақпаратты уакытша сақтауға арналған    |
|жад.                                |жад.                                   |
|Компьютерді өшіргенде, ТЖҚ-дағы     |Компьютерді өшіргенде, ЖЖҚ-дағы ақпарат|
|ақпарат бұзылмайды.                 |бұзылады.                              |
|Мұнда сақталған командаларды тек    |Мұнда жазылған командаларды оқуға да   |
|оқиды, бірақ жаңа ақпарат жазуға    |әрі жаңа командалар, ақпарат жазуға    |
|болмайды.                           |болады.                                |


      Жедел  жадтың  негізгі  сипаттамасы  —  оның  сыйымдылығы  мен  жылдам
әрекеттілігі. Процессор мен ЖЖҚ — ЭЕМ-ның  негізгі  құрылгылары.  Компьютер
жұмыс істеу үшін, бұлардың өзі-ақ жеткілікті.
      Егер компьютердің тек жедел жады ғана болса, онда бір де бір компьютер
ойдағыдай жұмыс істей алмас еді. Себебі онда сақталатын ақпарат  көлемі  өте
аз болады,  оған  қоса,  компьютерді  өшіргенде,  ондағы  ақпарат  толығымен
жоғалады. Сондықтан  компьютердің  өшірілген  кезде  де  жазылған  ақпаратты
сақтайтын  басқа  жады  болуы  керек.  Сыртқы  жад  ретінде  магнитті   диск
пайдаланылады.  Дискілер  қазіргі  дербес  компьютерлерде  негізгі   ақпарат
тасуыш болып табылады, олар ақпаратты тұрақты түрде сақтауға арналған.
  Магнитті дискілердің екі  типі  болады.  Бірінші  типке  иілгіш,  алмалы-
салмалы дискілер немесе дискеттер жатады. Оларда  көлемі  онша  үлкен  емес,
қажет  ақпаратты  жазып  алып,   тұрақты   түрде   сақтауға   болады.   Олар
компьютерлер  арасында  бағдарламалар  мен  мәліметтер  алмасу   үшін   және
құжаттар мен бағдарламалардың көшірмесін сақтау үшін пайдаланылады.

      Перифериялық құрылғылар деп олардың көмегімен  информация  компьютерге
енгізілетін  немесе  шығарылатын  құрылғыларды  айтамыз.  Оларды  сондай-ақ,
сыртқы немесе мәліметтерді енгізу-шығару құрылғылары деп атайды.
      Сыртқы құрылғылар. Бұл кез-келген есептеу  кешенінің  маңызды  құрауыш
бөлігі. Сыртқы құрылғы кейде ДК-нің жалпы бағасының  50-80  %-ін  құрайтынын
айтудың  өзі-ақ   жеткілікті.   Басқару   жүйелерінде   және   жалпы   халық
шаруашылығында  ДК-ні  қолдану  мүмкіндігі  мен  тиімділігі  көбіне   сыртқы
құрылғының құрамы мен сипаттамасына байланысты.  ДК-нің  сыртқы  құрылғылары
машинаның қоршаған ортамен, пайдаланушылармен, басқару  объектілерімен  және
басқа ЭЕМ-дермен қарым-қатынасын  қамтамасыз  етеді.  Сыртқы  құрылғылар  әр
алуан, олар бірқатар белгілері  бойынша  жіктелуі  мүмкін.  Мысалы,  міндеті
бойынша сыртқы құрылғылардың келесі түрлерін ерекшелеуге болады:
      – сыртқы жадтайтын (есте сақтаушы)  құрылғылар  немесе  ДК-нің  сыртқы
        жады;
      – Пайдаланушының диалогтік құралдары;
      – Ақпарат енгізу құрылғылары;
      – Байланыс және телекоммуникация құралдары;

      Пайдаланушының   диалогтік   құралдарының   құрамына   бейнемониторлар
(дисплей) – ДК-ге  енгізілетін  және  одан  шығарылатын  ақпаратты  бейнелеу
құрылғысы,   сирегірек   пульттік   басу   машинкалары   (пернетақтасы   бар
принтерлер) және сөздік ақпарат  енгізу-шығару  құрылғылары  кіреді.  Сөздік
енгізу-шығару құрылғылары  жылдам  дамушы  мультимедиа  құралдарына  жатады.
Сөздік енгізу құрылғылары, бұл – мысалы, адам айтатын әріптер  мен  сөздерді
тануға және оларды кодтауға мүмкіндік беретін  күрделі  программалық  жасауы
бар түрлі  микрофондық  акустикалық  жүйелер,  ―дыбыстық  тышқантар.  Сөздік
шығару  құрылғылары  –   бұл   компьютерде   қосылған   дауыс   зорайтқыштар
(динамиктер) немесе дыбыстық колонкалар арқылы ойнатылатын, цифрлық  кодтары
әріптер мен сөздерге  айналдыруды  орындайтын  түрлі  дыбыс  синтезаторлары.
Ақпарат енгізу құрылғыларына төмендегілер жатады:
    – пернетақта  –  сандық,  мәтіндік  және  басқарушы  ақпараттарды  ДК-ге
      қолмен енгізуге арналған құрылғы;
    –  графикалық  планшеттер  (диджитайзерлер)  –   графикалық   ақпаратты,
      кескіндерді арнайы нұсқағышты  (қаламұшты)  планшет  бетімен  жылжытып
      қолмен енгізуге арналған құрылғы; қаламұш жылжығанда, оның  орналасқан
      жерінің  координаттарын  оқу  және  бұл  координаттарды  ДК-ге  енгізу
      автоматты түрде орындалады;
    –  Сканер  –  қағаздағы  кескінді  (жазуды,  суретті)  түсіріп,  дисплей
      экранына шығаруға арналған құрылғы. Оның көмегімен суретті,  графикті,
      мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады. Кескін  сканерленгеннен
      кейін, графикалық бағдарламада олады өңдеуге (үлкейтуге,  кішірейтуге,
      қайта бояуға т.б)болады.  Сканер  кескінді  машина  кодына  ауыстырып,
      компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай:  жарық
      сәулесі жол-жолмен жазық  суретті  сканерлейді,  оның  жұмыс  принципі
      электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне  ұқсайды.  Сканерлер
      қара ақ түсті немесе түрлі түсті болады. Олардың планшетті,  барабанды
      және қол түрлері болады.
    – манипуляторлар (нұсқау құрылғылары): джойстик (терте), тышқан,
    – трекбол (жиек құрсаудағы шар),  сәулелік  (жарықтанған)  қаламұш  және
      т.б. – графикалық ақпаратты дисплей экранына меңзердің  экран  бетімен
      қозғалуын басқару, кейіннен оның координаталарын кодтау және оларды ДК-
      ге енгізуге арналған құрылғы;
    – Тышқан - тышқан деп бекер аталмаған.Себебі ол  –  тышқанның  құйрығына
      ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш  сымы  бар  қорап.  Ол  алақанға
      ыңғайлы және кілесше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы.  Тышқантың
      екі түрі болады:  Үш  батырмалы,  екі  батырмалы.  Қазіргі  кезде  екі
      батырмалы тышқан жиі  пайдалынылады,  себебі  ортадағы  батырма  жұмыс
      кезінде   көп   пайдаланылмайды.   Ақпаратты   шығару    құрылғыларына
      төмендегілер жатады:
    – Принтерлер  –  ақпаратты  қағаз  тасушыларға  шығаруға  арналған  басу
      құрылғысы.  Ол  дисплейге  не  шығарылса  соның  бәрін  қағазға  басып
      шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге  мәтіндік,  кестелік,  графикалық
      ақпараттарды шығаруға болады. Принтерге ақпараттың кескінін  қалауымыз
      бойынша-ақ қара немесе түрлі түсте шығаруға болады. Принтердің үш түрі
      болады: матрицалық,  сия  бүріккіш  және  лазерлік.  Жоғарыда  аталған
      құрылғылардың  көбі  шартты  түрде  ерекшеленген  топ  –   мультимедиа
      құралдарына жатады.
      Мультимедиа  құралдары,  бұл  –  адамға  әртүрлі,  өзі   үшін   табиғи
 орталарды: дыбысты,  бейнені,  графиканы,  мәтінді,  анимацияны  және  т.б.
 қолдана  отырып,  компьютермен  қарым-қатынас  жасауға  мүмкіндік   беретін
 программалық  және  аппараттық  құралдар  кешені.  Мультимедиа  құралдарына
 ақпаратты сөздіку енгізу және шығару құрылғылары, сканерлер, жоғары  сапалы
 бейнелік  және  дыбыстық  тақшалар,  кескінді  бейнемагнитофонннан   немесе
 бейнекамерадан түсіріп, оны ДК-ге енгізетін бейнеқармау тақшасы жатады.
      CD -ROM жинақтауыш
      Соңғы  уақыттағы  компьютерлердің  негізгі   конфигурациясына   СD-ROM
дискжетек енгізген болатын.  СD-RОМ-ның  {Compact  Disk  Read  Only  Memory)
абервиатурасы компакт-дискілер негізіндегі  тұрақты  еске  сақтаушы  құрылғы
деп аударылады. Осы құрылғының әрекетінің принципі диск  бетінде  орналасқан
лазерлік  сәулелер  арқылы  цифрлік   мәліметтерді   оку   болып   табылады.
Ақпараттарды тасымалдаушы ретінде  қарапайым  компакт  -дискіні  қарастыруға
болады. Компакт-дискідегі цифрлік жазу өте жоғарғы тығыздығы  бар  магниттік
дискілерден  ерекшелінеді,  сол  себептен  стандартты  CD   650-700  Мбайтты
сыйдыра алады.
      CD-дің диаметрі 120 мм және қалыңдьны 1.2 мм болатын мөлдір пластиктен
жасалады (Сурет 1).
                                    [pic]


                     Сурет 1. Жинақтаушылардың құрылымы


      Пластикалық бетке  алюминий  немесе  алтын  қабаты  жағылады.  Дискіге
ақпаратты жазу жолдардың бетіне басып  жазу  аркылы  жүзеге  асырылады.  Бұл
ақпаратты екі ретті жазуға мүмкіндік туғызады. Тереңдету пит (рit), ал  оның
 беті лэнд (land)  деп  аталады.  Логикалық  нөл  пит  ретінде  немесе  лэнд
ретінде болуы мүмкін. Логикалық бірлік питтен лэндқа өту кезінде кодталады.
      Компакт-дискінің ортасынан шетіне дейін спираль түріндегі  бір  жолдар
болады. Диск беті 3 облысқа белінеді. Бастапқы (Lead-In) дискінің  ортасында
орналасады.  Және  бірінші  оқылады.  Онда  диск  мазмұны  жазылады,  барлық
жазулардың адрестерінің кестесі, диск белгісі  және  т.б.  көмекші  ақпарат.
Ортаңғы облыс дискідегі үлкен орын алатын негізгі  ақпараттары   бар.  Соңғы
облыс (Lead-Оut) дискінің соңғы белгісі болады.
      CD-ROМ  жинақтауышы  дискіні  айналдыратын  электродвигателі   болады;
лазерлік сәулешашушы, оптикалық линза диск бетінен оқуға  арналға  датчиктер
мен линзалардан құралған  оптикалық  жүйесі;  әкелу  механикасын  басқаратын
микропроцессорлардан құралады.
      СD-RОМ-ның негізгі сипаттамалары: мәліметтерді тасымалдау жылдамдығы –
150 Кбайт/сек;   компьютердің   жедел   жадысына   мәліметтерді   тасымалдау
жылдамдығының сипаттамалары: 2 жылдамдықты CD-RОМ (2х), 50 жылдамдықты  (50х
СD-RОМ);  қолдану  уақыты,   яғни   дискідегі   ақпаратты   іздестіру   үшін
миллисекундамен есептейді.
      Бір ретті жазу СD-R және СD-RW құрылғылары болады.
      СD-R(СD-Recordablе) жинақтауышы
      Сырт жағынан ол СD-RОМ-ға ұқсас және дискілер көлемі мен жазу  форматы
жағынан бір-біріне тіркесуші болып келеді. Ол бір  реттік  жазуды  орындауға
мүмкіндік береді және оны  бірнеше  рет  оқуға  болады.  Мәлі-меттерді  жазу
арнайы   программалық   жабдықтау   көмегімен   жүзеге    асырылады.    СD-R
жинақтауышындағы жазу жылдамдығы 4х-52х-ті құрап отыр.
      СD-RW(СD-ReWritable) жинақтауышы
      Бұл көпмәтіндік мәліметтерді жазуға мүмкіндік береді  және  бұл  жерде
ақпараттарды бос кеңістікке жазып, сонымен қатар жаңа ақпараттарды  толықтай
қайта  жазуға  мүмкіндік  бар  (алдыңғы  мәліметтер  өшіріліп  қалады).  СD-
RWжылдамдыгы 4х-52х, ал қайта жазу жылдамдығы - 24х.
      DVD(Digital Video Disk) жинақтауышы
      Бұл цифрлік жазуларды оку құрылғысы. Сырт жағынан DVD-диск кәдімгі СD-
RОМ-ға (диаметрі  -  120  см,  қалыңдыга  -  1.2  мм)  ұқсайды.  Бірақ  оның
ерекшелігі DVD-дискінің бір жағына 4.7 Гбайтқа  дейін  жететін  мәліметтерді
жазуға болады. Егер 2 қабатты жазу үрдісін қолдансаңыз,  онда  дискінің  бір
жағына 8.4 Гбайт ақпаратты жазуға болады. DVD-дискілері  ақпараттарды  қайта
жазу мүмкіндігіне ие.
      Жазу әдістері: Track-at-Once,Disc-at-Once    Packet Writing
      Тrаск-at-Once тәртібінде әр  жолдар  жазылғаннан  кейін  жазушы  лазер
қосылады. Осы тәртіпте жазылған жолдар аралықтармен  бөлінеді  (gaps).  Егер
музыкалды жолдардан  кейін  мәліметтері  бар  жолдары  келетін  болса,  онда
аралық 2 немесе 3 секундтты құрайды. Ал музыкалық жолдар  арасындағы  аралық
әдетте 2 секунд.
      Disc-аt-Опсе тәртібінде жазуда бір немесе одан да көп жолдар  лазердің
өшпеуінсіз жүзеге асырылады және бұл жерде диск жабылады. Disc -аt  -Опсе-та
жазу үшін жаңа диск қажет және ол multisesіоп дисктер үшін мүмкін емес.
      Раскеt Writing. СD-ға жазудың жаңа әдісі. Бұл  жерде  мәліметтер  кіші
позициялармен жазылады және бұл көптеген шектеулерді шешеді. Аdaptec  Direct
CD программасы стандартты  UDF  спецификасына  сәйкес  тәртібінде  жасалады.
Бірақ барлық СD-рекодерлерде Раскеt Writingмүмкіндігі бола бермейді.
      Енгізу-шығару жүйелері BIOS (Basic  Input/Output  System)  –  ТЕҚ  –на
(ПЗУ) енгізілген енгізу / шығарудың негізгі жүйесі (осыдан  ROM  BIOS  аты).
Ол - компьютер аппаратурасын  тексеретін,  қызмет  көрсететін  бағдарламалар
жиыны және DOS пен аппаратураның арасындағы делдалдық рөлді атқарады.  BIOS,
қосылғанда және жүйелік платада сброс кезінде басқаруды  алады  да  платаның
өзін және компьютердің негізгі бөліктері – бейне  адаптер,  пернелік  тақта,
дискілер  контроллерлері  мен  енгізу/шығару  порттарын  тестіден  өткізеді,
Chipset платаларын күйге келтіріп  (настройка),  сыртқы  операциялық  жүйені
жүктейді.  DOS,  Windows  қарамағында  жұмыс  жасаған  кезде  BIOS   негізгі
құрылғыларды басқарады, ал OS/2, UNIX, WinNT қарамағында жасағанда BIOS  тек
ғана  бастапқы   тексерулер   мен   күйге   келтірулерді   орындап,   көбіне
қолданылмайды.  Көбіне  жүйелік  платада,  платаның  өзіне  және  FDD,  HDD,
порттар мен пернелік тақтаға жауап  беретін  жүйелік  (Main,  System)BIOS‘сы
бар ТЕҚ (ПЗУ) қондырылған; жүйелік BIOS әрқашанда жүйені күйге келтіретін  –
System Setup бағдарламасы кіреді. Бейне  адаптерлер  мен  ST-506  (MFM)  мен
SCSI интерфейсті HDD контроллерлердің бөлек ТЕҚ‗да болатын  өздерінің  BIOS‘
сы болады; олар сонымен қатар басқа платаларда да – дискалар мен  порттардың
интеллектуальды  контроллерінде,  тораптық  карталарда  және  т.б.  –  болуы
мүмкін.

                                    [pic]


Бекіту сұрақтары
1. Дербес компьютердің аппараттық конфигурациясы дегеніміз не?
2. Компьютер жадының қандай түрлерін білесіздер?
3. Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылықтарын атаңыздар?
4. Жадтың сыртқы тасушыларын сипаттаңыздар.



      Дәріс 5
      Алгоритмдеу және программалау. ДЭЕМ есеп  шығару  кезеңдері.  Алгоритм
түсінігі. Алгоритм қасиеттері және оларды  сипаттау  тәсілдері.  Алгоритмнің
базалық   құрылымы   (сызықты,   тармақталған,   циклдік).     Программалау.
Алгоритмдік  тілдері.   тілдерді  оқыту.   Программалау   тілдерінің   жалпы
міндеттері


      Мақсаты: Алгоритм және оның  түрлері,  алгоритмдерді  ұсыну  әдістері,
алгоритмдік құрылым ұғымдарын  енгізу.  Алгоритмнің  сызықты,  тармақталған,
циклдік алгоритм түрлері туралы білімдерін толықтыру, тереңдету.


       «Алгоритм» сөзі ортағасырлық шығыс ғалымы  Абдулжафар  Ибн  Муса  Әл-
Хорезми атымен байланысты. Европалық ғалымдардың көп орынды  сандарға  ондық
арифметикалық  амалдарды   алғаш   қолданған   ғалымның   атына   байланысты
«алгорифм» және «алгоритм» сөздерін термин ретінде енгізген.
Алгоритм дегеніміз – қойылған мақсатқа жету  жолында  орындалатын  қарапайым
амалдардың  санаулы  жиыны.  Ең  алғаш  алгоритм  ұғымы  Эвклид  алгоритміне
қатысты айтылған. Алгоритм қасиеттері:
   1. Дискреттілік – процесс белгілі бір  қарапайым  қадамдардың  тізбегінен
      тұруы тиіс.
   2. Анықтылық (детерминированность) – алгоритмнің әр командасы нақты  және
      біржақты болуы тиіс. Кез-келген уақытта, кім орындаса да бірдей нәтиже
      көрсетуі тиіс.
   3. Нәтижелілігі – алгоритм санаулы қадамдардан кейін шешімге әкелуі тиіс.


   4. Жалпылығы -  алгоритм тек бір есеп үшін емес,  сол  типтес  есептердің
      барлығын шығаруы тиіс.


   Есепті компьютерде шығару қадамдары:
   1. Мақсатты айқындау;
   2. Есептің математикалық қойылымын  (моделін) жаза білу керек;
   3. Берілгендерді анықтау;
   4. Есепті шешу тәсілін таңдау;
   5. Тәсілдік алгоритм құру;
   6. Алгоритмді таңдап алған программалау тіліне аудару;
   7. Программаны компиляциялау;
   8. Программаны орындау;
   9. Программаны тестілеу (әртүрлі мәндер үшін нәтижесін Бекіту);
  10. Нәтижені талдау;

Алгоритм жазылу тәсіліне қарай 3 түрге бөлінеді;
   1. Сөздік алгоритм немесе жаратылыс тілінде жазылған алгоритм;
   2. Графиктік алгоритм немесе блок-схема;
   3. Программалау тілінде жазылған программа;

Алгоритмнің құрылымдық түрлері:
   1. Сызықтық алгоритм – қарапайым амалдардың жазылу реті мен орындалу реті
       тізбектелген алгоритм.
   2. Тармақталған алгоритм  –  есептеу  барысында  қай  амалдар  тізбегінің
      орындалатыны шартқа байланысты алгоритм.
   3.  Циклдық  алгоритм  –  берілгендердің  әртүрлі  мәндері  үшін  белгілі
      амалдары қайталанып орындалатын алгоритм.
   4.  Көмекші  алгоритм  –  алгоритм  орындалу  барысында  алгоритм  ішінде
      пайдаланылатын  алдын-ала құрылған дайын алгоритм.

Сөздік алгоритм:
Эвклид алгоритмі
   1) n және m сандары берілген;
   2) k =mod m;
   3) k≠0? Онда
   4) n:= m және m:= k 1-ге көшеміз;
   5) k=0, тоқтаймыз.




Графиктік алгоритмнің шартты белгілері:




















Сызықтық құрылым:
















Циклдық құрылымның 3 түрін қарастыруға болады:

      1. Шарт алдынан берілген цикл.



















      2. Шарт соңынан берілген цикл










      3. Қайталау саны белгілі цикл (параметрлі цикл):


















Бекіту сұрақтары:
     1. Алгоритм деген не?
     2. Алгоритм термині қайдан шыққан?
     3. Алгоритмнің қасиеттерін ата?
     4. Компьютерде есеп шығару қадамдарын көрсет?
     5. Сөздік алгоритмге мысал келтір.
     6. Графиктік алгоритм деген не? Мысал келтір.
     7. Графиктік алгоритмнің шарт белгілерін көрсет.
     8. Алгоритмнің құрылымына қарай нешеге бөлінеді? Атап бер.
     9. Сызықтық алгоритм деген не?
    10. Тармақтық  алгоритм деген не?
    11. Циклдық   алгоритм деген не?
    12. Циклдық құрылым неше түрге бөлінеді?
    13. Шарт алдынан берілген алгоритмге мысал келтір.
    14. Шарт соңынан  берілген алгоритмге мысал келтір.
    15. Параметрлі циклге мысал келтір.


Дәріс 6
      Программалық  жабдықтаудың  даму  тенденциялары  мен  қазіргі  жағдай.
Программалық жабдықтаудың  негізгі  ұғымдары  мен  терминдері.  Программалық
жабдықтаудың  топтамасы.  Жүйелік  программалық  жабдықтаудың   программалау
технологиясы  инструментарийінің   және   қолданбалы   программа   пакетінің
сипаттамалық ерекшеліктері


      Мақсаты:  Программалау  тілі   және   оны   топтастыру,   программалау
тәсілдері,  құрылымдық  программалау,   модульдік   программалау   ұғымдарын
енгізу.
      Программалық жабдықтаудың негізгі ұғымдары мен терминдері,
программалық жабдықтаудың топтамасымен таныстыру.


      Программаны  машиналық  код   түрінде   жазу.   Компьютердің   негізгі
орындаушысы  –  процессор.  Ол  оперативті  жадымен  бірге  жұмыс   істейді:
оперативті жадыдан  командалар мен берілгендерді алып,  командаларға  сәйкес
берілгендерді өңдеп, оларды  жадыға  сақтауға   немесе  басқа  құрылғыларға:
видеокартаға, дыбыстық картаға, принтерге, модемге және т.б. жібереді.
Pentium  типті  процессорлардың  орындайтын  қарапайым  әрекеттерінің   саны
мыңнан асады. Процессордың әрбір әрекеті үшін арнайы команда  бар,  олар  0-
ден 255-ке дейінгі сандармен немесе сандар тобымен жазылады.
      Процессордың командалар жүйесі. Егер процессордың  барлық  командалары
мен  әр  команда  үшін  сандық  кодтар  жазылған  таблицаны  көз   алдымызға
елестетсек, мұндай  таблица  процессордың  командалар  жүйесі  деп  аталады.
Әртүрлі  процессорлардың  командалар  жүйесі  әртүрлі.   Сондықтан   әртүрлі
компьютерлік жүйелерде жазылған программалар бір-бірінде  орындалмайды,  оны
команда жүйесі бойынша программалық сәйкестенбеу деп атайды.
Pentium модельді процессорлардың әртүрлі буындарға  жататын  процессорлардың
команда жүйесі бойынша сәйкестенбеуінен пайдаланушыларға қолайсыздық  тумауы
үшін «жоғарыдан төменге» сәйкестену  принципі  енгізілген.  Мысалы,  қазіргі
заманғы  Pentium  ІІІ  процессорлы  компьютерлерде  Pentium  І   процессорлы
компьютерлерде  жасалған  программалар   орындалуы   керек.   Ал   керісінше
ертеректегі буын компьютерлерінде қазіргі компьютерлерде жасалған  программа
әрдайым орындала бермейді.
      Компьютерлік  программа.  Компьютерлік  программа  –  ол   орындалатын
инструкциялардың реттелген тізбегі.
Программаны машиналық кодта жазу. Процессордың барлық командалары 0-ден 255-
ке дейінгі мәні бар сандармен немесе  осындай  сандар  тобымен  (байттармен)
көрсетіледі. Тура осы сияқты  оперативті  жадыдағы  сандық  берілгендер  мен
ұяшық  адрестері  көрсетіледі.  Егер  біз  процессордың  программамен  жұмыс
істеуіне қарайтын болсақ, онда тек  сандардың  ұзын  қатарын  ғана  көреміз.
Олардың кейбірі - командалар, кейбірі  - жады ұяшығының  адресі,  кейбірі  –
берілгендер: сандар, әріптер, дыбыстар, бейне т.с.с. Мысалы:
33, 0, 1, 34, 210, 15, 238 ...
Программаны жазудың мұндай формасы машиналық код деп  аталады.   Бұл  жалғыз
ғана процессорға  түсінікті  программаның  жазылу  түрі.  Өкінішке  орай  ол
адамдардың көпшілігіне түсініксіз.
      Программалау тілдері. Қазір программаны  машиналық  код  түрінде  жазу
қабылданбаған. Себебі, ол өте қолайсыз.  Оның  орнына  программалау  тілдері
қолданылады. Программалау тілін оқу  үшін  оның  командалары  мен  қолданылу
ережелерін   меңгеру    керек.   Программалау   тілдерінің   командалары   –
операторлары деп аталады.
Программаның  бастапқы  коды.  Программаны   программалау   тілінде   жазуды
бастапқы код немесе программа мәтіні   деп атайды.
      Транслятор  –  программа.   Программа  мәтіні   –   ол   жұмыс   істеу
мүмкіншілігі бар программа емес, тек қана текст.  Оны  оқуға  болады,  бірақ
компьютерде  орындауға  болмайды.  Процессор  тек   қана   машиналық   кодты
түсінеді, сондықтан адам жазған программа  мәтінін  машиналық  кодқа  аудару
керек. Осы жұмысты арнайы транслятор-программалар  орындайды.  Транслятор  –
программаларды компьютерге орнатып алу қажет.
      Трансляторлардың түрлері.  Трансляторлар  –  аудармашы  бағдарламалар.
Олар аударманы әртүрлі тәсілмен орындайды, сондықтан  олар  әртүрлі  болады.
Трансляторлардың негізгі екі түрі: компиляторлар және интерпретаторлар.
      Компилятор-программалар. Олар программист жасаған  бағдарлама  мәтінін
толығымен  қарап  шығады.  Синтаксикалық  қателерді  тексеріп,  белгілі  бір
мазмұнды анализ жасағаннан кейін  барып,  машиналық  кодқа  автоматты  түрде
аударады (трансляциялайды).  Нәтижесінде  программа  жинақы  әрі  тез  жұмыс
істейтін   болады.   Компилятор   программалардың   негізгі   кемшілігі    –
берілгендердің күрделі құрылымын өңдеуге бағытталған   жұмысының көптігі.
      Интерпретатор-бағдарламалар.   Интерпретатор    программа    мәтінінен
кезектегі  операторды  алып,  оның  құрылымын  талдап,  сонан  кейін  бірден
орындайды (трансляциялайды).  Ағымдағы оператор толық орындалып  болған  соң
ғана келесі операторға көшеді. Егер программада  бір  оператор  бірнеше  рет
кездесетін болса, оны бірінші рет кездескендей орындайды.  Осы  қайталанатын
есептеулерді қайта-қайта орындау  керектігінің   салдарынан  программа  баяу
жұмыс істейді.
      Программалау тілдерінің деңгейлері. Процессордың   әртүрлі  типтерінің
командалар жиынтығы әртүрлі. Егер программалау тілі нақты  бір  процессордың
типіне бағытталған болса, онда ол төменгі деңгейдегі программалау  тілі  деп
аталады. Бұл программалау тілі машиналық кодқа өте жақын  және  процессордың
нақты командасына бағытталған. Ең  төменгі  деңгейдегі  программалау  тіліне
ассемблер тілі жатады. Ассемблер тілі процессордың машиналық  кодының  әрбір
командасын мнемоника деп аталатын арнайы шартты белгілермен  көрсетеді.  Бір
машиналық   инструкцияны   бір   ассемблер   командасына   бірмәнді   аудару
транслитерация  деп  аталады.   Әр  модельді  процессорлардың  инструкциялар
жиынтықтарының   айырмашылықтары   болған   соң   нақты   бір   компьютерлік
архитектураның  өзіне  ассемблер  тілі  сәйкес  келеді  және  онда  жазылған
программа осы ортада ғана қолданылады.  Программа  жасаушының   процессордың
барлық мүмкіндіктеріне  тікелей  қатынасы  болғандықтан  төменгі  деңгейдегі
программалау тілінде  жасалған  программа  өте  тиімді  және  шағын  болады.
Екінші  жағынан  компьютер  құрылғыларын  жақсы  білу  қажет  болады,  үлкен
қосымшалар жасау қиындық тудырады  және  ол  тілде  жазылған  программа  осы
ортада ғана қолданылады. Мұндай тілдер кішігірім  жүйелік  қосымша  жасауда,
құрылғылар драйверлерін жасауда, яғни негізгі қажеттілік программаның  шағын
болуы, әрекет тездігі және аппараттық ресурстарға  тікелей  қатынас   болған
жағдайларда қолданылады.
      Жоғарғы деңгейдегі программалау тілдері  компьютерден қарағанда адамға
жақын әрі түсінікті.  Нақты бір  компьютерлік  архитектураның  ерекшеліктері
ескерілмейді,  сондықтан  мұндай  программалар  осы  тілдің   трансляторлары
құрылған  басқа  платформаларға   оңай  ауыстырылады.  Түсінікті  әрі  күшті
командалардың көмегімен жоғарғы деңгейдегі  тілде  программалар  жасау  оңай
және программа жасау барысында қателер аз жіберіледі.
Жоғарғы деңгейдегі программалау тілдеріне: Fortran,  Cobol,  Algol,  Pascal,
Basic, C(Си), C++, Java тілдері жатады.
      Алгоритмдік (модульдік) программалау. Алгоритм – есепті уақыт  бойынша
шектеулі қарапайым әрекеттер тізбегіне бөлу тәсілімен шешуді формалды  жазу.
Алгоритмдік  программалаудың  негізгі  идеясы  –  программаны  әрбіреуі  бір
немесе  бірнеше  әрекет  орындайтын  модульдердің   тізбегіне   бөлу   болып
табылады.  Модульге  негізгі  талап  –  оның   орындалуы   әрқашан   бірінші
командадан басталып, соңғы командадан аяқталуы  керек.   Таңдалынып  алынған
программалау  тілінде  алгоритм  берілгендерді  көрсету,  мәндерді  есептеу,
программаның орындалу тізбегін басқару командаларының көмегімен жазылады.
      Құрылымдық программалау.  Модульдік  программалауда  программа  мәтіні
меншіктеу операторларының сызықтық тізбегі, циклі, шартты операторлар  екені
белгілі. Мұндай тәсілмен бірнеше жүз  код  жолдарынан  тұратын  өте  күрделі
емес  программаларды   жазуға   болады.   Одан   әрі   программа   мәтінінің
түсініктілігі  төмендейді,  себебі  көптеген  бірінің  ішіне  бірі  салынған
шартты операторлар, циклдер пайда болады да,  программа  логикасы  шатасады.
Сондықтан операторлардың ұзақ сызықтық тізбегін  теру  және  тексеру  мүмкін
емес.   Мөлшері  бойынша   орташа   қосымшаларды   жасау   үшін   құрылымдық
программалау  қолданылады.  Құрылымдық  программалаудың  негізі   идеясы   -
программа  құрылымы  шығарылып  жатқан  есептің  құрылымын  көрсетіп  отыруы
керек. Осы мақсатта ішкі программа ұғымы енгізілген.   Ішкі  программалар  –
программа мәтінінің басқа бөліктеріне тәуелсіз, қажетті әрекетті  орындайтын
операторлар  жиынтығы.   Программа  әрбіреуі   программаның   бір   әрекетін
орындайтын  бірнеше   ұсақ   ішкі   программаларға   бөлінеді.    Осы   ішкі
программаларды біріктіре отырып, соңғы алгоритмді қарапайым   операторлардан
 емес, белгілі мағынасы бар, аяқталған код жиынтықтарынан тұратын  қорытынды
алгоритм  құрылады.  Ішкі  программалардың  жеке  атаулары   болады.    Ішкі
программаларды қолдану  мүмкіндігі  программалау  тілін  процедуралы  тілдер
класына жатқызады.
      Программалық қамсыздану дегеніміз – компьютерде сақтаулы  программалар
жиынтығы.  Дербес  компьютердің  программалық  конфигурациясы   көпдеңгейлі.
Себебі  құрылғылармен  жұмыс  істеуге  арналған  программалардың  адамдармен
жұмыс істеуге арналған программалардан айырмашылығы бар.
      Компьютерлік жүйенің программалық конфигурациясы:
      Енгізу-шығаруды базалық жүйесі.
      Ең төменгі деңгейде енгізу-шығарудың  базалық  программасы  орналасқан
(BIOS).  Бұл программаның коды компьютердің микросхемасының  біреуіне  қатаң
жазылған. Бұл программамен адамның қарым-қатынасы  өте  аз.  Қосқан  мезетте
бұл программалар компьютер құрылғыларын тексереді және қарапайым  пернетақта
мен монитордың өзара қарым-қатынасын реттейді.
      Жүйелік  программалар  –  компьютердің  барлық  құрылғыларымен   жұмыс
істеуге  арналған.   Олар   аралық   деңгейге   жатады.   Төменнен   жүйелік
программалар  құрылғылардың  жұмысын  басқарады   және   төменгі   деңгейдің
программаларын пайдаланады, ал жоғарыдан жоғары  деңгейдегі  программалардың
сұранысына жауап береді.   Құрылғыларды  тікелей  басқаратын  программаларды
құрылғы драйверлері деп атайды. Оларды адамдар құрылғыларды  баптау  кезінде
пайдаланады.
      Қызметтік программалар – бұл программалар компьютерге қызмет көрсетуге
арналған программалар. Олар құрылғыларды тексереді,  сол  сияқты  құрылғылар
мен   программаларды   баптауға   арналған.   Әдетте   пайдаланушылар    бұл
программаларды салыстырмалы түрде сирек қолданады.
      Қолданбалы программалар –  ең  жоғарғы  деңгейдегі  программалар.  Бұл
адамдарға   қызмет   көрсетіп,    олардың    қажеттерін    қанағаттандыратын
программалар. Мысалы, текстік редакторлар, графиктік  редакторлар,  ойындар,
т.б. Олар жоғарғы жағынан адамдармен ал төменгі жағынан  төменгі  деңгейдегі
программалармен  қарым-қатынас жасайды. Ал құрылғыларға тікелей  қатынастары
жоқ.




























      Операциялық жүйе


















      Қазіргі компьютерлерде қолданбалы  программаларды  бірден  орнатпайды,
себебі  әрбір  пайдаланушы  өзіне  қажет   қолданбалы   программаларды   өзі
орнатады.
      Ең  төменгі  деңгейдегі  программаны  орнатудың  қажеті  жоқ  –   олар
компьютердің  тұрақты  есте  сақтау  құрылғысына   (ПЗУ)   бірден   жазылып,
компьютермен  бірге  келеді.  Олар  жүйелік  және  қызметтік  программаларды
орнату  үшін  жеткілікті.  Ал  жүйелік  және  қызметтік   программалар   көп
болғандықтан  оларды  бір  пакетке  жинап,  операциялық  жүйе  деп   атаған.
Сонымен, операциялық жүйе  –  жүйелік  және  қызметтік  құралдар  комплексі.
Операциялық жүйе бір  жағынан  BIOS  жүйесіне  енетін  компьютердің  базалық
қамсыздануына сүйенеді, екінші жағынан өзінен жоғары  деңгейдегі  қолданбалы
программаларға  тірек  болады.  Операциялық  жүйе  қосымшалары  осы  жүйенің
басқаруымен   жұмыс   істеуге   арналған   программалар.   ОЖ-нің    негізгі
функциялары:
   1.  Пайдаланушы  мен  компьютердің  программалық-аппараттық  құралдарының
      арасында интерфейс орнату;
   2. Аппараттық қамсыздандыру  мен  программалық  қамсыздандыру  арасындағы
      интерфейс орнату;
   3. Программалық қамсыздандырудың әр түрінің арасында интерфейс орнату.


      Пайдаланушы интерфейсі
      Барлық операциялық жүйелер пайдаланушылармен жұмыс  істеудің  пакеттік
және диалогтық режимдерін қамсыздандырады.
      Пакеттік режимде – операциялық жүйенің  берілген  командалар  тізбегін
автоматты түрде орындайды.
      Диалогтық режимде – операциялық жүйе пайдаланушының командасын  күтеді
де, арнайы команда алған соң орындап, жауап қайтарады да,  келесі  команданы
күтеді. Операциялық жүйе процессор үзілісі мен BIOS  үзілісіне  негізделген.
ОЖ-нің жұмысты үзіп,  әрекеттерге  жауап  бере  алуын  диалогтық  режим  деп
атайды.
      Пайдаланушы интерфейсі 2 түрге бөлінеді: графикалық   және  графикалық
емес ОЖ.
      Графикалық емес ОЖ-де командалық жол  интерфейсі  қолданылады.   Мұнда
негізгі басқару  құрылғысы  –  пернетақта.  Басқару  командалары  командалық
жолдарға енгізіледі, мұнда командаларды редакторлеуге де болады.  Команданың
орындалуы Enter пернесін басқаннан кейін жүзеге асады. IBM PC  компьютерінің
командалық жол интерфейсін MS-DOS операциялық жүйесі атқарады.
      Графикалық ОЖ-де интерфейстің күрделірек  түрі  жұмыс  істейді.  Мұнда
басқару органы  ретінде  пернетақтадан  басқа  –  тышқан  манипуляторы  бар.
Графикалық ОЖ-нің жұмысы   экранның  басқару  элементтерінің  активті   және
пассивті түрлерінің өзара әрекеттесуіне негізделген.
      Активті басқару элементі ретінде тышқанның меңзері болады.
      Пассивті басқару элементі ретінде – қосымшаларды  басқару  элементтері
(батырмалар, шарт белгілер, ауыстырғыштар,  жалаушалар,  ашылатын  тізімдер,
меню жолдары және т.б.) болады.
      Барлық операциялық жүйелер автоматты түрде жүктеледі.
      Файл түсінігі
      Дискіге жазылған мәліметтермен жұмыс істеуге қолайлы болу үшін  оларды
файлдарға орналастырады. Файл – дискіде ат  қойылып,  берілгендер  сақталған
облыс.  Әдетте  бір  файлда  бір   типке   жататын   мәліметтер   сақталады.
Берілгендер типі – файл типін анықтайды. Файлдың толық аты –  файл  аты  мен
кеңейтілуінен тұрады. Аты мен кеңейтілуінің  арасына  нүкте  қойылады.  Файл
атының кеңейтілуі оның қандай типке жататынын білдіреді. MS-DOS  операциялық
жүйесінде файл атына 8 символ, ал кеңейтілуіне 3  символ  беріледі:символдар
/ \ : * « < > -нан  басқа/,  сандар  және  латын  әріптері  бола  алады.  Ал
WINDOWS операциялық жүйесінде файл аты 256  символдан  тұра  алады.  Файлмен
барлық жүйеде жұмыс істей алу үшін қысқа атты пайдаланған дұрыс.
      Файлды сипаттайтын параметрлер:
      - Файлдың толық аты;
      - Файлдың көлемі (байтпен);
      - Жасалу күні;
      - Жасалу уақыты;
      - Файлға қатынастың  дәрежесін  анықтайтын  файл  атрибуттар:  R(Read
        only) – только для  чтения,   H(Hidden)  –  скрытый,   S(System)  –
        системный,  A(Archive) – архивированный;
      Операциялық жүйенің файлдық құрылымы
      Файлдық жүйе –  ОЖ  берілгендерді  дискіге  сақтап,  оларға  қатынасты
қамтамасыз ететін ОЖ-нің функционалды  бөлімі.  Файлдық  жүйені  ұйымдастыру
принципі – таблицалық. Диск беті  өлшемдері  беттің,  цилиндрдің,  сектордың
нөмірлері болатын үшөлшемдік матрица  сияқты  пайдаланылады.  Берілгендердің
дисктің қай жерінде жазылғандығы туралы мәлімет дисктің  жүйелік  облысында,
арнайы файлдар сақталатын таблицаларда (FAT-таблицалар) орналасады.  Файлдық
жүйе  файлдар  құрылымын  ұйымдастырып,  оларға  қызмет  етеді.  Яғни   FAT-
таблицаларды  иерархиялық  құрылымға  айналдырып,  пайдаланушыға  қолдануға,
файлдарға  қатынас  жасауға  қолайлы  мүмкіндік  туғызады.  ОЖ-дің   файлдар
құрылымына қызмет етуге орындайтын операциялары:
      - Каталог жасап, ат қою;
      - Файлдар жасап, ат қою;
      - Каталог пен файл аттарын өзгерту;
      - Каталогтарды көшіру, орын ауыстыру;
      - Каталог пен файлдарды өшіру;
      - Файл атрибуттарын басқару;


      Файлдарға тез қатынас жасау  үшін  файлдық  жүйе  оларды  каталогтарға
біріктіреді.  Каталог аттары файл  аттарымен  бірдей,  тек  қана  кеңейтілуі
болмайды. Каталогтар бірінің  ішіне  бірі  салынады.  Ең  жоғары  деңгейдегі
каталог түпкі каталог болып есептелінеді.


   Бекіту сұрақтары:
1. Программаны машиналық код түрінде жазуды қалай түсінесің және ол  қандай
   негізгі құрылғымен байланысты?
2. Процессордың командалар жүйесі деген не?
3. Pentium модельді процессорлардың командалар жүйесінің сәйкестенуі  деген
   не?
4. «Жоғарыдан төменге» сәйкестену принципі туралы айтып бер.
5. Компьютерлік программа деген не?
6. Транслятор – программа деген не?
7. Трансляторлардың түрлері туралы айтып бер.
8.  Компилятор-программалар деген не?
9. Интерпретатор-бағдарламалар деген не?
10. Программалау тілдерінің деңгейлері ұғымын түсіндіріп бер.
11. Төменгі деңгейдегі программалау тіліне қандай тіл жатады?
12. Жоғарғы  деңгейдегі программалау тілдеріне қандай тілдер  жатады?
13. Алгоритмдік (модульдік) программалау ұғымын түсіндіріп бер.
14. Құрылымдық  программалау ұғымын түсіндіріп бер.
15. Ішкі программа деген не?
16. Программалық қамсыздандыру деген не?
17. Дербес компьютердің программалық конфигурациясына қандай программалар
   кіреді, олардың деңгейлерін атап бер.
18. Енгізу-шығаруды базалық жүйесі туралы айтып бер.
19. Жүйелік программалар туралы айтып бер.
20. Қызметтік программалар туралы айтып бер.
21. Қолданбалы программалар туралы айтып бер.
22. Операциялық жүйе деген не?
23. Операциялық жүйенің негізгі функцияларын айтып бер.
24. Пайдаланушы интерфейсінің пакеттік және диалогтық режимдері туралы
   айтып бер.
25. Графикалық және графикалық емес ОЖ туралы не білесің? Мысалдар келтір.
26. Графикалық интерфейстегі активті және пассивті басқару элементтері
   туралы айып бер.
27. Файл деген не?
28. Файлды сипаттайтын негізгі параметрлер туралы айтып бер.
29. Операциялық жүйенің файлдық құрылымы
30. FAT - таблицалар туралы айтып бер.





      Дәріс 7
      Операциялық жүйелер. ОЖ ұғымы. ОЖ қызметі. ОЖ-нің топтамасы. Бір мәнді
және көп мәнді, бір пайдаланушыға және көп пайдаланушыға арналған ОЖ


      Мақсаты: Операциялық жүйелер, операциялық жүйе ұғымы, қызметі,
топтамасы. Windows операциялық жүйесі, концепциясы, объектілері, қасиеттері
туралы ұғымдарын қалыптастыру.


      Операциялық жүйе -  компьютер мен адам  арасындағы  байланысты  жүзеге
асыратын басты программа аталады. Операциялық жүйе төмендегідей  бөліктерден
тұрады:
 • Енгізу-шығарудың негізгі жүйесі (BIOS)  -  компьютердің  тұрақты  жадында
   (тұрақты есте сақтау құрылғысы ПЗУ) орналасады. Оның  міндеті  -  еңгізу-
   шығаруды қамтамасыз етумен  байланысты  ОЖ-нің  неғұрлым  қарапайым,  әрі
   әмбебап қызметтерін орындауда.  Еңгізу-шығарудың негізгі жүйесі құрамында
   сондай-ақ компьютерді электр желісіне қосқанда оның  құрылғыларының  және
   жадтың  жұмысын  тексеретін  тест  бар.  Сонымен  қоса,  еңгізу-шығарудың
   негізгі жүйесіне операциялық жүйені жүктейтін программа енген.
 • Операциялық жүйені жүктеуші - DOS операциялық жүйесі бар әрбір дискетаның
   бірінші  секторында  орналасатын  өте  қысқа  программа.  DOS  жүктемесін
   аяқтайтын операциялық жүйенің  тағы екі  модульды  жадыға  енгізу  -  осы
   программаның міндеті болып табылады.
 • IO.SYS  және  MSDOS.SYS  дискілік  файлдар  -  жүйелік  дискінің  түбірлі
   (корневой католог) каталогында орналасқан екі жасырын файл. Олар  файлдық
   жүйенің, түрлі аппараттық құрылғылардың: пернетақтаның,  жинақтауыштардың
   және т.б. жұмысын қамтамасыз етеді.
 •  COMMAND.COM  командалық  процессор-  қолданушы   еңгізген   командаларды
   өңдейді.
 • DOS-тың сыртқы командалары -  бұл   жеке  файлдар  түрінде  ОЖ-мен  бірге
   жеткізілетін  программалар.  Бұл  программалар  қызмет  көрсету  мазмұнды
   жұмыстарды орындайды. Мысалы, дисктерді форматтау,  дискті  тексеру  және
   т.б.
 • Құрылғылар драйверлері - бұл DOS-ты  еңгізу-шығару  жүйесін  толықтыратын
   және жаңа құралдарға қызмет көрсетуді немесе бар құралдарды қалыпты  емес
   қолдануды қамтамасыз ететін арнайы программалар.


      Операциялық жүйе басқа программалар жіберетін  команда  -  сигналдарды
өзіне қабылдап, оларды машинаға түсінікті  тілге  аударады.  ОЖ  компьютерге
қосылған барлық құралдарды басқарып, оларға және  басқа  программаларға  қол
жеткізуді қамтамасыз  етеді.  ОЖ-нің  үшінші  міндеті  -  қолданушы  адамның
компьютермен жұмысын жеңілдету.
      Осылайша, ОЖ-нің әрқайсысы кем  дегенде  үш  міндетті  бөлімнен  тұруы
қажет.
      Біріншісі  -  ядро,  командалық  интерпритатор,  программалық   тілден
машиналық кодтар тіліне «аударушы».
      Екіншісі - компьютер  құрамына  енетін  түрлі  құрылғыларды  басқаруға
негізделген программалар. Мұндай программалар драйверлер деп  аталады,  яғни
«жүргізушілер», бағыттаушылар.
      Үшіншісі  -  интерфейс-қолданушы  тұтынатын   ыңғайлы   қабықша.   Бұл
қолданушыға қызықты емес ядро оралған әдемі қабықша тәріздес.
      ОЖ-лер біресепті (однозадачные) және көп есепті (многозадачные)  болып
бөлінеді. Яғни бір есепті ОЖ-лер (DOS) бір уақытта тек  бір  есепті  орындай
алса, көп есепті ОЖ-лер (Windows)  Александр  Македонский  сияқты  компьютер
қуатын үрдістер арасында  бөліп,  бір  мезетте  бірнеше  үрдістерді  басқара
алады.
      Тағы бір критерий -  ОЖ-нің  қолданушылар  саны.  ОЖ  бір  қолданушыға
арналған және көп қолданушыға арналған болып бөлінеді.
      IBM PC компьютерлері үшін 1981 жылдан бастап 1995 жылға дейін  негізгі
ОЖ ретінде MS-DOS жүйесі болды. Бұл жылдар  аралығында  осы  ОЖ  MS-DOS  1.0
версиясынан MS-DOS 6.22 версиясына дейін дамыды.
      Бір  кезде  MS-DOS  адам  мен  компьютер  арасында  байланысшы  болып,
дискілерді қолданудың қиын командаларын  жеңіл  және  қарапайымдатты,  бірақ
уақыт өте келе, даму барысында бұл  жүйенің  өзі  командаларға  толы  болып,
компьютермен  жұмыс  істеуді  тежеді.  Осылайша  қабықша  -  программалардың
қажеттігі туды.
      Қабақша - бұл ОЖ-нің басқаруымен  жүктелетін  және  осы  ОЖ-мен  жұмыс
істеуді жеңілдететін  программа.  Бүкіл  әлемге  танымал  және  кең  тараған
қабықша - программалардың бірі - Norton Commander. Оны  ең  әйгілі  американ
программисті Питер Нортон құрастырған.
      Қабықша-программа   компьютердің   файлдық   құрылымын:    дискілерді,
каталогтарды және файлдарды түгелдей экран бетінде көрнекі түрде  көрсетеді.
Тек бірен-саран пернелерді қолдана отырып файлдарды  іздестіруге,  көшіруге,
тасымалдауға, жоюға, іріктеуге,  өзгертуге  (редакциялауға,  түзетуге)  және
жүктеуге болады.


Бекіту сұрақтары
   1. Операциялық жүйе дегеніміз не?
   2. Операциялық жүйелердің қандай түрлерін білесіз?
   3. BIOS ұғымына анықтама беріңіз.
   4. Операциялық жүйені жүктеуші дегенді қалай түсінесіз?


      Дәріс 8
      MS DOS операциялық жүйесі. Оның сипаттамасы мен мүмкіндіктері. ОЖ  MS-
DOS-пен жұмыстың негізгі принциптері.  Ағымдағы диск және ағымдағы  каталог.
MS-DOS-тың негізгі командалары.  Операциялық  жүйемен  диалог.  Командаларды
енгізу. Командаларды жіберу және орындау

      Мақсаты: MS DOS операциялық жүйесінің сипаттамасы  мен  мүмкіндіктері,
негізгі   принциптері.   Norton   Commander   MS   DOS–тың    жұмыс    істеу
инструментариін таныстыру.


      Операциялық  жүйені  жүктеуші  -  DOS  операциялық  жүйесі  бар  әрбір
дискетаның  бірінші  секторында  орналасатын  өте   қысқа   программа.   DOS
жүктемесін аяқтайтын операциялық жүйенің  тағы екі модульды жадыға енгізу  -
осы программаның міндеті болып табылады.


MS DOS мүмкіншіліктері:
 • MS-DOS ОЖ-сі компьютермен күнделікті жұмыс істеу үшін ыңғайсыздау,  бірақ
   Windows 9х-тан айтарлықтай үлкен сенімділікпен ерекшеленеді.
 • MS-DOS ОЖ-де тек бір программамен жұмыс істеуге болады.  Бұл  компьютерге
   және қызмет көрсету және жөндеу  жұмыстарын  жүргізуде  мамандарға  көмек
   көрсетеді.
 • MS-DOS ОЖ-сі компьютердің ресурстарын соншалықты талап етпейді (процессор
   өнімділігін,  оперативті   жады   көлемін,   т.б.)   MS-DOS   қосымшалары
   компьютердің ескірген модельдерінде де жақсы жұмыс істей береді.
 • Windows ОЖ-де жұмыс істемейтін компьютерде MS-DOS қосымшаларын  жүктеудің
   екі тәсілі бар: MS-DOS сеансы және MS-DOS режимі.
 • Сеанс MS-DOS қосымшасымен жұмыс істеу Windows 95 ОЖ-нің қалыпты жұмысынан
   айтарлықтай өзгешелігі  жоқ.  Мұнда  Windows-тың  барлық  артықшылықтарын
   қолдануға болады. Бұл режимнің кемшілігі - MS-DOS-тың барлық  қосымшалары
   Windows-та жұмыс істей алмайды.
 • Режим MS-DOS қосымшасындағы жұмыс Windows жағынан басқарусыз жүреді.  Бұл
   режимде компьютерді жүктеу Windows ОЖ-не шығумен жүргізіледі.
 •  MS-DOS  сеансына  немесе  MS-DOS   режиміне   арналған   программалардың
   қасиеттерін қалпына  келтіру,  сол  программаның  жарлығының  қасиеттерін
   редакциялау  жолымен  жүзеге  асырылады.  Сондықтан  MS-DOS  программасын
   жүктеуді оларға арналған жарлықтарды жұмыс столында  немесе  белгілі  бір
   бумада құрастырудан бастау керек.
 • MS-DOS  қосымшалары  Windows  қосымшаларына  қарағанда  компьютерге  оңай
   орнатылады. Олар жалпы ресурстарды қолданбайды, сондықтан  оларды  орнату
   мен жою қауіпсіз.

      MS-DOS сеансында MS-DOS қосымшасын жүктеуді жүргізу :
      Windows 9х  ОЖ-де MS-DOS қосымшасын жүктеудің екі тәсілі бар: Сеанс MS-
DOS және Режим MS-DOS. Бірінші жағдайда  Windows  программа  мен  аппаратура
арасында байланысшы функциясын орындауға тырысса, екіншісінде Windows  «кері
қайтып», программа бұл жүйе жағынан реттеусіз жүктеледі.
      MS-DOS   сеансында   MS-DOS   программаларының    көпшілігі    Windows
программалары  сияқты  терезеде   жүктеле   алады,   осыған   орай   бірнеше
қосымшалармен бір уақытта бірнеше рет жұмыс істеу мүмкіндігі сақталады.
   1. MS-DOS программалық файлы жарлық (ярлық) арқылы (егер  ол  бар  болса)
      немесе, мысалға Сілтеушіден (Проводник) жүктеледі.
   2. Егер MS-DOS-тың бірнеше программаларын жүктеу керек болса  немесе  MS-
      DOS командаларымен жұмыс істеу қажеттілігі туса, онда Бас меню  арқылы
      сеанс MS-DOS терезесін ашқан ыңғайлы: Пуск → Программы   →  Сеанс  MS-
      DOS. Керек болған жағдайда осындай бірнеше  терезелерді  ашып,  оларды
      тәуелсіз қолдануға болады.
   3. Сеанс MS-DOS терезесінде командалық жол (командная  строка)  бар.  Бұл
      жол  программаларды  жүктеуде   және  MS-DOS  командаларын   орындауда
      қолданылады.
   4. MS-DOS-тың кейбір программалары тек толық экранды режимде  ғана  дұрыс
      істейді, ал кейбіреулері терезеде де орындала  береді.  Толық  экранды
      режимнен терезелікке  және  кері  ауысу  үшін  ALT-ENTER  пернелерінің
      комбинациясы қолданылады.
   5.   Терезелік   режимнен   толық   экрандағы   саймандар    тақтасындағы
      Полноэкранный режим батырмасы көмегімен көшуге болады.
   6. MS-DOS  программасының  жұмысы  аяқталысымен  терезе  автоматты  түрде
      жабылуы немесе активті емес түрде қалуы мүмкін. Бұл программаның соңғы
      хабарламасын  оқуға  мүмкіндік  береді.   Мұндай   терезені    Windows
      жүйесінің қалыпты әдістерімен жабуға болады.
   7. Сеанс MS-DOS терезесін жабу үшін командалық жолға exit сөзін  енгізуге
      болады.

      MS-DOS сеансында файлдарды жою кезінде олар себетке  түспей,  дискіден
бірден жойылады.


      Қолданушы мен  DOS  арасындағы  диалог  командалар  формасында  жүзеге
асады. Әр бір команда  DOS  белгілі  бір  әрекет  орындауға  тиіс  екендігін
білдіреді, мысалы, файлды басу, каталог атын беру және  т.с.с.   MS-DOS  ОЖ-
нің командалары екі түрлі типті болады:
    • Ішкі (COMMAND.COM командалық  процессор  -  MS-DOS  ОЖ-нің  құрылымдық
      бөлімдерінің біріне құрылған)
    • Сыртқы (утилиттер)- орындалатын жеке файлдар түріне болады.
      MS-DOS командаларын сипаттау үшін келесі формат қолданылады:
      Команда аты параметрлері /кілттер
      Параметрлер файлдар, каталогтар, логикалық дискілер аттары,  сондай-ақ
ЭЕМ құралдарының  кейбіреулерінің логикалық атаулары.
      Кілттер - команда жұмысының түрлі режимдерін белгілейді.
      MS-DOS сұхбатқа  дайын  кезде  ол  экранға  A>  немесе  C:\>  шақыруын
ұсынады, ол MS - DOS-тың командаларды қабылдауға дайын екендігін білдіреді.
      MS-DOS-тың негізгі командалары
      MS-DOS-тың айтарлықтай  көп  командалары  бар,  бірақ  онымен  жұмысты
бастау үшін тек кейбіреулерін білу жеткілікті. Олар: dir,  cd,  copy,  move,
del және type. Әр бір команданы еңгізу Enter пернесін басумен аяқталады. MS-
DOS командалары  командалық  жолға  кез-келген  әріптермен  -  үлкен  немесе
кіршілермен енгізіледі.
    •  Әдетте  MS-DOS  ОЖ-нің  мақсаты  керекті  программаны  жүктеу   болып
      табылады. Программаны жүктеу оның  атқарушы  файлдың  атын  командалық
      жолға енгізуден Enter пернесін басу арқылы жүзеге асырылады.
    • MS-DOS жүйесінде бумалар ролін каталогтар атқарады. Каталогтар  ішінде
      файлдар және салынған каталогтар (вложенные  каталоги)  болуы  мүмкін.
      Командалық жолға әрдайым былайша айтқанда MS-DOS  шақыруы  болады.  Ол
      диск  атауынан  басталып,  «>»  белгісімен  аяқталады.   Шақыруда   не
      жазылғанына қарап,  әрдайым  қай  каталогта  және  қай  дискіде  қазір
      орналасатынымызды ұғуға болады.
    • Ағымдағы каталог мазмұнын қарау үшін DIR командасын қолданамыз.
                               C:\WINDOWS>dir
   Командасы C:\WINDOWS каталогының мазмұнын экранға шығарады.
    • Егер каталог үлкен болса, онда  оның  мазмұны  экранға  сыймайды  және
      оқуға  мүмкін  емес  жылдамдықпен  айналады.  Бірақ  каталог  мазмұнын
      экранға бет-беттермен шығаруға  болады.  Ол  үшін  dir  командасын  /р
      параметрімен беру керек, мысалға былайша:
                              C:\WINDOWS>dir/р
           Енді керекті  программаның ішкі каталогты  іздестіру  де  каталог
мазмұнын бет-беттермен қарастыруға болады.
      MS-DOS-тың навигация командалары
      MS-DOS-тағы көпшілік командаларды параметрлермен беруге болады. Барлық
параметрлерді  есте  сақтау   мүмкін   емес,   бірақ   MS-DOS-тың   көптеген
программалары / параметрін қабылдайды. Осындай  параметрлі  команданы  алған
жүйе экранға қолдануға болатын өзге параметрлер тізімін шығарады.  Осылайша,
мысалға, dir/w командасы каталог  мазмұнын  ыңғайлырақ  формада  шығаратынын
білуге болады
    • Егер каталог мазмұнын қараудан керекті файл  жоқ  екендігі  анықталса,
      онда келесі  каталогқа  көшу  керек.  Бұл  үшін  cd  командасы  қызмет
      атқарады.
    • Cd командасы ішкі каталогтардың ішіне  енуіне  мүмкіндік  береді.  Бұл
      команда сонымен бірге  бір  сатыға  жоғары  көтерілуге  немесе  бірден
      дискінің түбірлі (корневой) каталогына көшуге мүмкіндік береді.
   Мысалы, cd.. командасы бір сатыға жоғары көтереді.
      Берілетін команда:        C:\WINDOWS\COMMAND>cd..
      Нәтижесі:                        C:\WINDOWS>
    • «\» параметрі бар cd командасы дискінің түбірлік каталогына көтереді:
      Берілетін команда:        C:\WINDOWS\COMMAND>cd\;
      Нәтижесі:                        C:\>
    • Басқа дискіге көшу сол дискіні белгілейтін әріпті және одан кейін  қос
      нүктені енгізумен шектеледі:
      Берілетін команда:        C:\>d:
      Нәтижесі:                        D:\>
      MS-DOS-тың командалары
      MS-DOS ОЖ-нің тағы мынандай командалары бар:
    • MD- каталогтарды құруға арналған команда. Бұл ішкі команда. Енді
      қолдану мысалдарын келтірейік:
      MD C:\GAME (С дискісінде GAME каталогын құру)
      MD WORK (ағымдағы дискіде ағымдағы каталогта WORK подкаталогын құру)
    • CD- ағымдағы каталогты өзгертуге арналған ішкі команда.
   Мысалдар:
      CD D:\PRIM (D дискісіндегі PRIM  подкаталогын  ағымдағы  каталог  етіп
      орнату)
      CD C:\PUBLIC\STUDENT  (C:\PUBLIC\STUDENT  каталогын  ағымдағы  каталог
      етіп орнату)
   Аналық каталогқа  көшу  үшін  CD..  командасы  қолданылады,  ал  түбірлік
      каталогқа өту –CD\
    • RD- бос каталогтарды жоюға арналған  ішкі  команда.  Каталогты  жоймас
      бұрын оны және оған бағыныңқы каталогтардың бәрін  файлдардан  тазарту
      керек.
      Мысалы, RD\SYS (түбірлі каталогқа салынған SYS подкаталогын жою .  Бұл
каталог бос деп қарастырылады.) Бұл команда ағымдағы каталогты жоя  алмайды.
Мұндай әрекет кезінде экранға ескертпе хабарлама шығады.
    • TYPE- экранға текстік файлдың мазмұнын шығаруға арналған ішкі команда.
      Қолдану мысалдары:
   TYPE C:\primer.txt (С: дискінің түбірлі каталогында орналасқан primer.txt
      файлын қарау)
   TYPE exampl.txt  (ағымдағы каталог exampl.txt файлын көру)
    • COPY- файлдарды көшіру және біріктіруге арналған ішкі команда. Сонымен
      қатар  бұл  команда  қарапайым  мәтіндік  файлдарды   құру   үшін   де
      қолданылады.
      Файлдарды көшіру
      COPY командасы арқылы жүзеге асады. Мұнда бар файлды өзге атпен көшіру
немесе файлды есімін өзгертпей басқа каталогқа көшіру мүмкіндігі бар.
      COPY [бастапқы мекен-жай мен файл аты] [жаңа мекен-жай мен файл аты]
      Егер файлдың жаңа аты немесе жаңа адресі  көрсетілмесе,  онда  олардың
орнына ағымдағы (бастапқы) аттар мен  адрес  қолданылады.  Файлдың  бастапқы
адресі ретінде ағымдағы дискінің ағымдағы каталогы үнсіз қабылданады.
      Мысалдар:
      COPY note.doc letter.doc  (ағымдағы каталог ішінде  note.doc  бастапқы
файлдың көшірмесі болып табылатын letter.doc жаңа файлы құрылады. Егер  онда
letter.doc   деген файл бар  болса,  COPY  командасы  қолданушыдан  ауыстыру
операциясын өткізуге рұқсат сұрайды)
      COPY  note.doc  D:\REPORT   (note.doc  файлы  ағымдағы  каталогтан  D:
дискінің REPORT подкаталогына көшіреді. Егер REPORT каталогы  болмаса,  онда
note.doc файлы D: дискінің түдбірлі дискіне report атты файлға көшіріледі)
      COPY    note.doc    D:\REPORT\letter.doc     (D:    дискінің    REPORT
подкаталогында  note.doc  бастапқы   файлдың   көшірмесі   болып   табылатын
letter.doc   атты  жаңа  файл  құрылады.  Мұнда  note.doc   файлы   ағымдағы
подкаталогта орналасқан деп қарастырылады)
      COPY report.doc PRN  (берілген  команда  report.doc  файлын  принтерде
басып шығаруға мүмкіндік береді, яғни файл мазмұнын PRN-  принтер  логикалық
атауы бар құрылымға көшіреді)
      Файлдарды біріктіру
      COPY командасы сондай-ақ  бірнеше  файлдарды  бір  файлға  біріктіруге
мүмкіндік береді. Біріктірілуі тиіс файлдардың аттары COPY командасында  «+»
белгісі арқылы берілуі тиіс. Мысалы:
      COPY kvartal1.doc+kvartal2.doc otchet.doc  (бұл  команданың  орындалуы
барысында ағымдағы каталог ішінде otchet.doc атты жаңа  файл  құрылып,  оның
ішіне kvartal1.doc және kvartal2.doc файлдарының мазмұны біріктіріледі)
      Егер нәтижелі («қосынды») файлдың аты көрсетілмесе, онда атау  ретінде
COPY командасында берілген файлдардың алғашқысының аты беріледі. Мысалы:
      COPY report+r1999.txt+r2000.txt   (report атты бар файл r1999.txt және
 r2000.txt екі файлмен report атты жаңа файлға біріктіріледі)
      Файлдарды біріктіру үшін сондай-ақ топталған  операциялық  шаблондарды
да қолдану мүмкін. Мысалы:
      COPY *.doc report.doc  (ағымдағы каталогтың doc кеңейтілуі бар  барлық
файлдар ағымдағы диск каталогына орналастырылатын report.doc    атты  файлға
біріктіріледі)
      Мәтіндік файлдарды құрау
      Мысалға, пернетақтадан мәтін теру арқылы notes.txt файлын құрау  керек
болсын делік. Ол үшін:
      COPY CON notes.txt
      Командасын енгізу керек. Бұдан кейін  керекті  мәтін  теріледі.  Мәтін
терілген  соң  Ғ6  функционалдық  батырмасын  немесе  Ctrl-Z   комбинациясын
тереміз де, Enter-ді басамыз.Осы кезде экранға келесі хабарлама шығу  керек:
1file(s)  copies.  Құралған  файл  ағымдағы  дискінің  ағымдағы  каталогында
орналасады.
         • RENAME- файлдар атын өзгертуге арналған ішкі команда.
      Мысалдар:
      REN D:\TEST\test.doc rez.doc   (D:  дискісіндегі  TEST  подкаталогында
орналасқан  test.doc  бастапқы  файлын  rez.doc    файлына   атын   өзгерту.
Нәтижесінде  rez.doc    алынған  файлы  сол   дискінің   сол   подкаталогына
орналастырылады)
      REN *.doc *.txt  (doc кеңейтілуі бар ағымдағы  каталогтың  сол  аттары
бар, бірақ txt кеңейтілулерге өзгертеді)
         • MOVE- файлдарды  тасымалдау  қызметін  атқарады.  Сондай-ақ  бұл
           команда файлдардың аттарын өзгертуге де арналған.

Бекіту сұрақтары
   1. MS-DOS ОЖ-нің қандай жасырын модульдерін білесіз?
   2. Олар не үшін керек?
   3. MS-DOS ОЖ-нің дамуы жайлы не айта аласыз?
   4. MS-DOS ОЖ-ін жүктеудің қандай түрлерін білесіз?
   5. Олар қалай жүзеге асады?
   6. MS-DOS ОЖ-сінің Windows ОЖ-нен қандай айырмашылығы бар?
   7. Артықшылықтары мен кемшіліктерін айтыңыз.


      Дәріс 9
      Windows операциялық жүйесі. Windows операциялық жүйесінің концепциясы.
Файлдық құрылым  объектілері.  Объектілер  қасиеттері.  Мәліметтер  алмасуды
ұйымдастыру. Windows–тың программалық жабдықтары




      Дәріс 10-11
      Қолданбалы программалық өнімдер. ҚПӨ топтамасы. Компьютерлік графика.
      Жалпыға  қолданылатын  программалық   өнімдер.   Арнайы   қолданылатын
қолданбалы программалық өнімдер


      Мақсаты:  Қолданбалы  программалық  өнімдер,  оның  топтамасы   ұғымын
қалыптастыру.


      Қолданбалы (кәделі)  программалық  жасақтар  -  белгілі  бір  мамандық
салалсында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі  бір
мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.
      Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын программалық жасақтар  әр  адамның
нақты  есептерін  шығаруға  арналған,  сондықтан  оны  пайдалану  аймағы  да
шектеулі. Мұндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды  немесе  оның  талабы
бойынша маман программалаушылар жасап береді.
      Дербес компьютерлердің кең тарауына басты себеп болған  олардың  алдын
ала дайындалған әмбебап  программалық  жасақтарының  кең  таралуы  еді,  бұл
программалар тек  бір  есепті  шығарып  қана  қоймай  белгілі  бір  мамандық
саласында  есеп  жұмыстарын  түгел  автоматтандыруды  немесе   информацияның
белгілі бір түрлерін өндеуді түгел қамти алатын болды.
      Әртүрлі информацияларды ендей алатын  әмбебап  программалық  жабдықтар
мынадай түрлерге жіктеледі:
         - текст редакторлары;
         - графиклық редакторлар;
         - электрондық кестелер (таблицалар);
         - оқыту және ойнау программалары;
         - информациялық жүйелер және т.б.
      Текстік мәліметтерді теріп, оларды өңдеуге арналған программалар текст
редакторлары деп аталады. Өмірде кез келген ЭЕМ-де жұмыс істейтін адам  есеп
беру кезінде құжат дайындау, мақала  жазу,  бір  нәрсеге  сипаттамалар  жазу
сияқты текст дайындаумен айналысады. ДЭЕМ-дерді осы мақсаттарға  пайдаланса,
баспа машинкасына қарағанда жұмыс өнімділігі күрт  өсетіні  талас  тудырмаса
керек.
      Текст  редакторлары  текстерді  экран  көмегімен  түзетуге,  қателерін
автоматты түрде табуға, абзацтардың сол  жақ,  оң  жақ  шеттерін  туралауға,
текстерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден  тауып  алуға,
бірнеше  алфавитті  (латын,  орыс,  қазақ)  қатар  пайдалануға,   құжаттарды
қағазға бірнеше дана етіп, көбейте отырып, басып шығаруға мүмкіндік береді.
      Дербес ЭЕМ-дер кітап, журнал, газет, т.б. шығаруда кең  пайдаланылады.
Компьютердің  машинкаға  қарағанда  көптеген  артықшылығы  бар:  қате   оңай
түзетіледі, материалдарды дайындау шапшандайды,  олардың  безендіру  жолдары
жеңілдейді. Өте жоғары сапалы басылым шығара алатын  лазерлік  принтерлермен
жабдықталған шағын баспахана жүйелерінің одан да күшті мүмкіндіктері бар.
      Кең  тараған  текст  редакторларына   WordPerfect,   Місrosoft   Word,
MultiEdit, WordStar, PageMaker т.б. жатады.
      Графиктік редакторлар  график  түріндегі  информацияны  дайындау  және
өндеу үшін қодданылады.  Олар  өмірде  жиі  кездесетін  есептеу  нәтижелерін
график түрінде шығаруда  өте  қолайлы.  Оның  үстіне  графиктік  редакторлар
бейнелерді әртүрлі етіп - схемалар, сызбалар, суреттер және т.б.  түрлерінде
жасай алады.
      Графиктік  редакторлар   мәліметтсрдің   есептелу   нетижесін   график
бейнесінде көрсетуде де және өз  қалауымызша  түрлі  сызықтар  тұрғызуда  да
қолданылады. Графиктерді әртүрлі қылып,  мысалы,  түзу  немесе  қисық  сызық
түрінде, дөңгелек диаграммалар мен гистограммалар бейнесінде  алуға  болады,
оларға автоматты түрде масштаб енгізуге, керек  болса  координата  осьтеріне
сандар мен атауларды жазып қоюға да бола береді. Күрделі графиктік  бейнелер
тұрғызу кезінде  түрлі-түрлі  фигура  мен  контурларды  пайдаланып,  олардың
әрқайсысын әртүрлі түстерге бояуға  да  болады.  Осындай  мүмкіндіктері  бар
графиктік   редакторларға   PaintBrush,   CorelDraw,   Graf-in-the-Box,   РС
Illustrator т.б. жатады.
      Электрондык, кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар (ұялар)  болады,
олар пернелер арқылы енгізу немесе  формулалар  арқылы  есептеу  нәтижесінде
толтырылады. Мұнда кестелік мәліметтерді  түзету,  оларды  дискілерде  жазып
сақтау, түрлендіру, қағазға басып алу сияқты көптеген әрекеттер  өте  жылдам
орындалады.  Кең  тараған  электрондық   кесте   жүйелеріне   Lotus   1-2-3,
SuperCalc, QuatroPro, Excel сияқты программалар жатады.
      Ойын программалары  дербес  ЭЕМ-дердегі  қызғылықты,  кез  келген  жан
әуестенетін  топқа  жатады.  Дербес  компьютерлерінің  кеңінен  тарауына  да
себепші болған ойын программалары  еді.  Компьютерлік  ойындар  —  демалудың
жаңа технологиясы. ЭЕМ-де ойнағанда оны  мен  шектен  аса  әуестенудің  зиян
екенін есте сақтау жөн.
      Мультимедиалық программалар. «Медиа» - аударғанда «тасушы» (носитель),
«хабарларшы» (вестник) дегенді білдіреді, қазіргі түсінік бойынша –  ақпарат
түрі, яғни «мультимедиа» - бұл  барлық  ақпарат  түрлерінің  біріккен  түрі.
Олар графика, дыбыс, видеопрограмма.
      Оқыту программалары оқу-үйрену істерін ұйымдастырады, олардың мектепте
не  үйде  тарихтан,  информатикадан,  тілден,  биологиядан,   математикадан,
физикадан т.б. пендерден сабаққа дайындалу кезінде өте ыңғайлы  екені  талас
тудырмайды. Компьютерлер сабақ оқуда  электрондық  оқулық  және  тренажерлер
түрінде, лабораториялық аспап әрі информациялық  анықтамалық  жүйе  есебінде
кеңінен пайдаланылады. Институттарға қабылдау  емтихандарын  өткізу  кезінде
компьютерлер "қазы" рөлін де әділ атқара алатын құрал екені белгілі.
      Іс программалары қызметте керекті  әртүрлі  информацияларды  дайындау,
сақтау,  және  өндеу  үшін  кеңінен  қолданылып  жүр.  Бұлар  іс  қағаздарын
жүргізуді компьютерлендіру кезінде де - құжаттар дайындау, жұмыс  кестелерін
жасау, кезекшілік графиктерін салу сияқты әрекеттерде де өте  ыңғайлы  болып
табылады.
      Информацияның  көптеген  түрлерін  сақтау,  іздеу,  жалпы  ұйымдастыру
жұмысында  информациялық  жүйелер  қолданылады.  Бұларға  мәліметтер  базасы
(қоймасы),  кітапханадағы  информация  іздеу  жүйелері,  театрлардағы,   әуе
жолындағы және темір жолдағы билет сату мен оларды тіркеу тәсілдері  жатады.
ЭЕМ  желілері  мен  информациялық  коммуникациялар  негізіндегі  осы  сияқты
жүйелерді жасау мен  дамыту  қоғамымызды  информацияландыру  бағдарламасынын
ірге тасын қалайды.
      Болашақта перспективасы бар информациялық жабдықтарға білімдер  базасы
мен  эксперттік  жүйелерді  жатқызуға  болады.  Солардың  көмегімен   кейбір
мамандықтар салаларында эксперттер  төртібін  модельдеу  арқылы  медициналық
тақырыптардан  консультациялар,  әртүрлі  қызмет  салаларынан   анықтамалар,
өнертапқыштарға,  технологтар  мен  конструкторларға  көмек   беру   істерін
жүргізу жүзеге асып жатыр.
      Әмбебап   программалық   жабдықтардың   дамуының   арқасында   күрделі
біріктірілген  жүйелер  (интегралданған)  жасалып   жатыр.   Олар   бірыңғай
командалар жүйесі арқылы бір форматты  пайдалана  отырып  текст  редакторын,
электрондық кестелерді, графиктік редакторды,  мәліметтер  қоймасын  басқару
жүйесін,  калькуляторды  және  тағы  басқаларды  біріктіріп,  бір  интерфейс
арқылы осылардың барлығын да  пайдалану  мүмкіндігін  береді.  Біріктірілген
жүйелердің ішінде кең таралып, белгілі  болғандарына   Framework,  Symphony,
Master және т.б. жатады.
      Әмбебап  профаммалық  жабдықтар  дербес  компьютерлермен  жабдықталған
әртүрлі мамандық иелерінің  жұмыс  орындарын  автоматтандыруды  іске  арырып
жатыр.  Мұндай  жүйелерге,  мысалы,  кострукторлық  жобалауды,   электрондық
платалар  жасауды  дайындауды,  экономикалық  және  бухғалтерлік  жұмыстарды
автоматтандыру  істерін  жатқызуға  болады.  Инженерлік   практикада   қазір
осындай мақсаттарға MatLab,  MatCad,  Eureka  сияқты  программалық  дестелер
кеңінен қолданылып жүр.
      Қоғамымызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен және информациялық
қорлармен толық қамтамасыз ету  бұрынғы  "'қағаздағы"  мәліметтерді  қолдану
жұмыстарын  толықтыра  отырып,  информацияны  алуды,  таратуды,  пайдалануды
ұйымдастыру  істерін  жаңа   белеске   көтереді.   Мұның   өзі   қоғамымызды
информацияландыру процестерін дамытудың негізі  болады  деп  толығынан  айта
аламыз.
      Қолданбалы  программалар   ішіндегі   ерекше   бір   топқа   "қосымша"
программалар   жасау   мүмкіндігін    беретін    программалаудың    құралдық
(инструменталдық) жабдықтары жатады.
      Құралдық  (инструменталдық)  жабдықтар  -  басқа   программалар   және
автоматтандырылған  жүйелер  жасау  үшін   қолданылатын   программалар   мен
программалық кешендер.
      Дербес компьютерде кең тараған құралдық  жабдықтарға  BASIC,  PASCAL,C
және ASSEMBLER сияқты программалау тілдері жатады, олар үшін соңғы  кездерде
әмбебап программалау жүйелері  жасалған  болатын.  Бұл  тілдердің  әрқайсысы
белгілі бір есептер тобын шығаруға өте қолайлы. Оның  үстіне,  әртүрлі  ЭЕМ-
дерде белгілі бір тілге ғана үстемдік беріледі.
      Программалау жүйелері шыққанға дейін әр адам өзі қолданатын  программа
текстін программалау тілінде  жазып,  оны  ЭЕМ-ге  арнаулы  текст  редакторы
арқылы  енгізіп,  сонан  соң  тағы  бір  арнайы   программа   —   компилятор
(транслятор) көмегімен  өз  текстін  машина  тіліне  аударатын.  Ең  соңында
үшінші бір арнаулы  жинақтаушы  программаның  арқасында  бөлек  модульдерден
орындалатын программалық файл алынатын.
      Бүгінгі   күн   талабына   сәйкес   келетін   программалық   жүйелерді
пайдалансақ, мұндай күрделі жұмыстар  атқарудың  ешбір  қажеті  жоқ  сияқты.
Қазір біріктірілген бір-ақ  программалық  десте  осы  аталған  операцияларды
түгел  қамтиды.  Қазіргі  кезде  жасалынып  жатқан  программалар  теледидар,
тоңазытқыш,  шаңсорғыш  тәрізді  өндірістік  өнімдер  санатына  кіреді.  Бұл
программаларды жасау мен тарату — өндірісті жүргізу  зандылықтарымен  бірдей
денгейде болады деген сөз.
      Бұл күндері  тегін  берілетін,  шартты  түрде  (жартылай)  тегін  және
сатылатын программалар бар. Программаларды сатып алу  және  тарату  шарттары
сол  программамен  бірге  берілетін  оның  сатушысы  не  авторы  қүрастырған
қүжаттарда  жазылады.   Біреудің   программасын   пайдалану   үшін   осындай
мәселелерге көңіл бөліп отыру қажет екенін естен шығармаған жөн.
   Программалардың коммерциялық статусы
   1. Тегін программалық жабдықтар (freeware);
   2. Шартты- тегін программалық жабдықтар (shareware);
   3. Жарнамалы-төленетін программалар (adware);
   4. Коммерциялы программалық жабдықтар (commercialware);
   5. OEM –нұсқа.
   6. Шартты-төленетін программалық жабдықтар  (donation  ware);  (  Изделие
      пожертвования);
   7. «Открытка» нұсқасы (cardware);


      Компьютерлік графика негіздері. Ақпараттың көп  бөлігін  адамдар  көру
мүшелерімен қабылдайды.  Сондықтанда  графикалық  ақпаратты  өндеу  (синтез,
талдау  және  бейнелерді  өндеу)  ғылыми  зерттеулердің,   инженерлік   және
дизайнерлік  шешімдердің,  ақпараттық  және   программалық   құралдардың   —
қарапайым редакторлардан  күрделі  программалық  кешеңдерге  дейін  (мысалы,
Corel Draw және Adobe Photoshop) — көлемді бөлігін құрайды.
      Дегенмен,   куатты    графикалық    өнімдердің    кең    функционалдық
мүмкіндіктерін пайдалануға ұмтылу  осы  жуйеге  деген  оп-оңай  тәуелділікке
және  уақытты  тиімсіз  жұмсауға  әкелуі   мүмкін.   Графикалық   материалды
пайдалану міндетін қойып, мысалы есеп беруде  немесе  тұсаукесер  жүргізуде,
белгілі және қарапайым тәсілмен оны шешудің қысқа жолдарын табу  керек.  Бұл
ерекше маңызды, өйткені  күнделікті  тәжірибе  көрсетіп  жүргендей,  бірегей
иллюстрацияны дайындау процесі, аяғында, жалпы жұмыстың  көп  бөлігін  бірақ
алады.
      Компьютерлерде пайдаланылатын барлық бейнелердің мол  санын  үш  топқа
бөлуге болады: 2B-графикасы (мұнда тегіс  бейнелер  жасалады),  3D-графикасы
(үш өлшемді  бейне)  және  анимациялық  графика.  Бейнелер  көбінесе  арнайы
құралдарды — графикалық редакторларды пайдаланумен,  графикалық  пішімдердің
файлдарында сақталады.
      Графикалық файлдың сыртқы құрылғыда бейнелеу көрсетімі,  яғни  өлшемі,
шешу қабілеттілігі, сығымдау  дәрежесі,  әдісі  және  т.б.  болады,  сонымен
бірге әр графикалық редактор  үшін  ерекше  ақпараты  (мысалы,  Corel  Draw—
қисық түзілімдер туралы, Photoshop -  қабаттар,  арналар  және  т.б.  туралы
ақпараттар)  сақталады.  Әр  графикалық  редактор  тасуышқа   жазғанда   бұл
ақпаратты белгілі жолмен кодтайды.
      Графикалық файл пішімі деп бейнелеу туралы  ақпараттың  жиынтығы  және
оны  файлға  жазу  әдісі  түсініледі.  Жалпы  алғанда,   барлық   графикалық
пішімдерді екі топқа  бөлуге  болады:  жалпы  міндетті  пішімдер,  онда  тек
бейненің өзі, сондай-ақ сақтауға, көшіруге немесе көруге  арналған  бейнелер
(gif, tiff, jpeg  және  басқалар)  болады,  және  бейнелерді  редакциялаудың
аралық нәтижелерін сақтауға арналған ерекше пішімдер.
      Графикалық файлдар өлшемі үлкен болғандықтан, оларды әдетте сығымдайды
(буады). Қазіргі  кезде  сығымдаудың  екі  әдісі:  (сапаны  жоғалтумен  және
сапаны  жоғалтпай  сығу).  Сапаны  жоғалтпай  сығу  алгоритмдері   архиватор
алгоритмдеріне  (аrі,  рkzір)  ұқсас  және  gif   және   tiff   пішімдерінде
пайдаланылады. Сапаны жоғалтумен сығу алгоритмдері  адам  қабылдай  алмайтын
ақпаратты  ысырып  тастайды  (jpeg,  pcd),  бірақ  сығудың   едәуір   жоғары
дәрежесін қамтамасыз етеді.
      Іскерлік саласында графикаға кажеттілігін негізгі үш бағытпен шектеуге
болады. Олар: құжаттардағы графика (иллюстрациялар,  диаграммалар,  ұсынудың
әсерлі  түрі),  мультимедиа-презентациялардағы   графика   (фон,   қыстырма,
динамикалық   графикалық   объектілер)   және    программалардағы    графика
(пиктограммалар, қыстырмалар және т.б.).
      Осы міңдеттерді  шешуге  арналған  көптеген  графикалық  объектілсрден
бірнеше негізгі түрін  бөліп  алып,  оларды  дайындаудың  кең  тараған  және
күрделі емес құралдарын қарастырайық.
      Практикалық мәселелердің көпшілігі үшін мамандандырылған  программалар
кешенін пайдалану тиімсіз, өйткені:
       * күрделі өнімдермен жұмыс істеу әдетте оларды игеру  бойынша  едәуір
         күш-жігер жұмсауды қажет  етеді.  Бұл  өнімдердің  тез  дамуы  және
         өзгеруі оның  күрделі  мүмкіндіктерін  пайдалану  тек  оны  тұрақты
         пайдаланатын маман тиімді пайдалана алады;
       * куатты дестелер (мысалы, Corel Draw) компьютер ресурстарының едәуір
         бөлігін пайдаланады. Оларды  тек  графикалық  жұмыс  станцияларында
         ғана тиімді пайдалануға болады;
       * әдетте мұндай дестелер көптеген қосымша программалармен  қоршалған,
         олар өзінше «тұйықталған әлем» құрады, оған кез келген  пайдаланушы
         қатынас құра алмайды;
      •  графикалық  объектінің  ерекше   пішімін   пайдалану   оны   тиісті
программалық  жабдықтама  орнатылмаған   басқа   компьютерлерге   ауыстыруға
мүмкіндік бермейді. Сөйтіп, бір иллюстрацияны дайындау құрал-жабдығын  дұрыс
таңдамау нәтижесінде олар үшін жасалатын негізгі  құжатқа  немесе  қосымшаға
қарағанда  әлде  қайда  көп  ресурстарды  (уақыт,  еңбек,  ЭВМ  жады,  ақша)
жұмсайды. Сондықтан «өнімді», мысалы,  құжатты  графикалық   безендіру  үшін
осы  өнімді  «өндіру»   жүйесінің   графикалық   мүмкіндіктерімен   (мысалы,
Microsoft Word) шектелген дұрыс.
      Графикалық элементтердің құжаттың, презентацияның (тұсаукесер)  немесе
программаның сапасын  жақсартуға  қабілетті  «джентельмендік  жиынтығы»  көп
емес. Олар мыналар:
    * иллюстрациялар;
    * графикалар мен диаграммалар;
    * сәндік жазулар;
    *   безендіру   элементтері   (түрлі   сызғыштар,   геометриялық    және
      стилизацияланған мүсіндер, т.б.).
      Иллюстрациялар мен безендіру элементтерінің бір-бірінен айырмашылығы —
өлшемдері ғана. Оларды құру әдісі бойынша растрлық және  векторлық  деп  екі
топқа болуге болады.
      Растрлық бейнелер
      Растрлық бейнелер (немесе биттік карталар - Bіtmар) дегеніміз —  түрлі
түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы.  Олардың  саны  бейненің  өлшемі
және шешу қабілетімен анықталады, ал файлдың өлшемі пайдаланылған  палитраға
(ақ-қара немесе 1-биттік, 256 түсті немесе 8-биттік, true color — түсті  дәл
беру — немесе 32 биттік) қосымша  тәуелді  болады.  Растрлық  деп  сканердің
көмегімен  алынған,  сондай-ақ,  графикалық  редакторлар  жасаған   (мысалы,
Paint)  бейнелер  аталады.  Графикалық  файлдардың  неғұрлым   кең   тараған
пішімдері – bmp, dib, gif, jpeg, pcx, rle, tiff.
      Растрлық   бейнелердің   айтарлықтай   кемшілігі   бар,   ол    шығару
құрылғысының, мысалы, дисплейдің шешу қабілетін өзгерткенде бұрмалануы.
      Растрлық  қойылымдар   бейнелеу   кезінде   (мысалы,   пиктограммалар,
программадағы түймелер және т.б.) өлшемі өзгермейтін шағын  объектілер  үшін
ұсынылады. Бұл үшін қарапайым графикалық редакторды пайдалануға  болады,  ал
ең тиімді жолы — программалау  жүйесіне  кірістірілген  құралдарды  қоддану.
Мысалы, Borland  С++  тілінде  жұмыс  жасайтын  программистер  бұл  мақсатта
Resource Workshop программасын пайдаланғанды дұрыс көреді.
      Үлкен өлшемді растрлық  бейнелер  (фотосуреттер,  т.б.)  құжаттар  мен
презентацияларда   фон   ретінде,   сонымен   бірге   иллюстрация    түрінде
пайдаланылады.  Оларды  дайындауда  бастапқы  материал   ретінде   сканерден
алынған  немесе  компакт-дискідегі  кітапханадан  алынған  бейнелер   қызмет
етеді. Бұл бейнелерді өзгертусіз  пайдалануға  болады,  бірақ  көп  жағдайда
олар біршама  жаңартуды  қажет  етеді.  Егер  иллюст-рация  мақсаттары  үшін
көптеген файлдарды күрделі құрастыру  немесе  экзотикалық  әсерлер  (мысалы,
Adobe Photoshop жүйесінде жүзеге  асырылған  «сфера»,  «барабан»,  «спираль»
типті  бұрмаланулар)  қажет  емес,  ал  бейнелерді  сапалы   дайындау   үшін
күрделілігі  орташа  графикалық   редакторды   (U-Lead   System   фирмасының
РhоtоРlus типті) пайдаланған дұрыс. Мұндай класты редакторлар  маңызды  және
жиі қолданылатын қызметтер жиынтығын қамтамасыз етеді, атап айтқанда:
      * бейненің (RGB True Color -  нүктесіне  24  биттік,  256  түсті,  16
        түсті, сұр түстің градациясы, қара-ақ) пішімін (Convert) өзгерту;
      * фрагменттерді қиып алу (Сut, Сору) және кірістіру (Раste),  бірнешс
        фрагменттерді құрастыруға жол ашады;
      *  шешімді  өзгерту  (Resolution)  және  өлшемді  өзгерту  (Resample)
        бейненің өлшемін өзгерткен кездегі бұрмалауды барынша азайтады;
      *  палитраны  түзету  (Tоne  Abjustment)  түс  гаммасының  өзгеруіне,
        бейненің талап етілген түріне (реңкіне)  қол  жеткізуді  қамтамасыз
        етеді;
      * айқындық пен қанықтылықты (Brighthess & Соntrast)  өзгерту  қажетті
        айқындығын,  қанықтылығын,  сонымен  бірге  бірнеше   құрастырылған
        фрагменттердің үйлесім-
        ділігін алу үшін қодданылады. Әр  түрлі  сүзгілер  (Average,  Blur,
        Sharpen,  Emphasize  Edges,   Mosaic,   Emboss)   бейненің   түстік
        ерекшелігін өзгертіп, фон, заставка,
        иллюстрацияны кабылдаудың тиісті әсеріне  қол  жеткізуге  мүмкіндік
        береді.
      Векторлық бейнелер
      Бейнелерді векторлық әдіспен құрағанда графикалық объектілер қарапайым
элементтердің,  яғни  үзік  сызықтардың,  доғалардың,  шеңберлер   мен   көп
бұрыштардың жиынтығы түрінде көрінеді. Векгорлық графикада бейнені  құрайтын
қисық  және  түрлі  түсті  құйылмалардың  математикалық  жазбасы  бар.  Оның
маңызды бір  артықшылығы  —  бейнелердің  масштабы  өзгере  алады.  Суреттің
өлшемі өзгертілгенде примитивтер  теңгерулері  қайта  ееептеліп,  сызықтарды
құру сол теңгерулер бойынша  жүргізіледі.  Нәтижесінде  растрлық  бейнелерге
тән объектінің бұрмалануына жол берілмейді.
      Құжаттарды   немесе   презентацияларды   дайындау   процесі    кезінде
синтезделетін иллюстрациялардың көбісін кең тараған  пакеттердің  аспаптарын
пайдаланып,  векторлық  графиканың  құралдары  арқылы  жүзеге  асыру  мүмкін
(солай еткен онды).
      Бұл орайда MS Word  2003-ке  кірістірілген  жаңа  графикалық  құралдар
тартымды. Олар бұрынғы версияларға қарағанда  едәуір  жақсартылған,  күрделі
иллюстрацияларды тез жасауға  мүмкіндік  береді.  Мұнда  бейнелерді  қосымша
өңдеу (мысалы, бейнені бұру) қызметтері жұмыс істейді.
      MS  Word  2003-қа  Бейнелерді  бабына  келтіру  аспаптар  панелі  және
Рамкалар  қосылған,  графикалық  примитивтер  жиыны   кеңейтілген,   бұрынғы
версияларда оларды сызықтар мен доғалардан  жасау  көп  уақытты  талап  етті
(немесе мүлде мүмкін еместі).
      MS Word 2003 құралдарымен көптеген түрлі түсті, геометриялық, мәтіндік
және анимациялық әсерлі сәндік жазбалар жасауға болады.
      Графикалар мен диаграммалар
      Графикалар  мен  диаграммалар  көптеген   мәтіндерді   (тәжірибе-сынақ
нәтижелері,  есеп   көрсеткіштері,   т.б.)   көрнекі   етіп   көрсету   үшін
пайдаланылады. Harvard Graphics, Lotus, Microsoft  Office  сияқты  өнімдерде
графикалар  мен  диаграммалар  түріндегі  құралдардың  мол   жиынтығы   бар.
Солардың  көмегімен  екі,  үш  өлшемді  диаграммалардың  сызықты,  бағаналы,
шеңберлі, пирамидалы, т.б. түр-түрін  жасауға  болады.  Асtіоn  мультимедиа-
презентациясының пакетінде диаграммаларды жасауға қажет  бай  аспаптар  бар.
Онда диаграммалар әр түрлі, қилы пішімді болып, оның  әр  элементі  (бағана,
сызық, сектор,  т.б.),  сонымен  бірге  диаграмманың  өзі  белгілі  дыбыстық
сүйемелдеумен жылжуы («өсіп», «жүзіп»,  т.б.)  мүмкін.  Microsoft  Office  -
РоwerРоіnt  пакетінде  де   диаграммалар   мен   графикаларды   «жандандыру»
құралдары болады.


      Бекіту сұрақтары
     1. Қолданбалы программа дегеніміз не?
     2. Қолданбалы программалардың түрлерін атаңыз?
     3. Қолданбалы программар не үшін қолданылады?
     4. Сендер қандай графикалық редакторларды білесіндер?
     5. Corel Draw не үшін қолданылады?
     6. Photoshop-тың қызметі қандай?
     7. Графикалық файлдардыц қандай кеңейтiлулері бар?
     8. Растрлық графиканың векторлықтан айырмашылығы неде?
     9. Word 2003-те қандай векторлық примитивтер бар?
    10. Іскерлік графикасы үшін қандай дестелер пайдаланылады?




      Дәріс 12. Офис пакеті


      Мақсаты:  Мәтіндік   процессор,   оның   негізгі   мүмкіндіктері   мен
ерекшеліктерімен таныстыру. Word столының элементтері. Тексті  теру,  өңдеу,
абзацтарды  форматтау  әдістерімен  танысу.  Кестелік   процессор.   Негізгі
ұғымдар.  Кестелік  процессордың  функционалдық  мүмкіндіктері.  Электрондық
кестеде жұмыс істеу технологиясы.  MS  Excel.  Жұмыс  парақтары  және  жұмыс
кітаптары.  Ұяшықтар,  мәліметтер,  формулалар  және  сілтемелер.   Ұяшықтар
форматтары.  МҚБЖ  -  нің  функционалды  мүмкіндіктері  және   жұмыс   істеу
негіздерімен танысу. MS Power Point  негізгі  түсініктері  мен  функционалды
мүмкіндіктері, оның жұмыс істеу технологияс,  терезе  құрылымы,  презентация
жасау әдістерімен танысу.


      – Мәтіндік процессор. Негізгі мүмкіндіктері;
      – ТП MS Word-тың мүмкіндіктері мен ерекшеліктері;
      –  Кестелік  процессор.   Негізгі   ұғымдар.   Кестелік   процессордың
        функционалдық мүмкіндіктері;
      – Электрондық кестеде жұмыс істеу технологиясы;
      – Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ);
      – МҚБЖ - нің функционалды мүмкіндіктері;
    – МҚБЖ - мен жұмыс істеу негіздері;
    – MS Power Point негізгі түсініктері;
    – Функционалды мүмкіндіктері. Жұмыс істеу технологиясы;
    – Терезе құрылымы, презентация жасау әдістері.


      MS Word - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға  басып
шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы. Ол - мәтіндік  және
графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды  орындай
алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі.
    WORD редакторын  тағайындау,   іске  қосу  және  онымен  жұмыс  істеуді
аяқтау.  Word  -пен  жұмыс  істеуді  бастау  үшін  Windows  жүйесінің  басқа
программалары  сияқты  оны  бастапқы  нұсқалық  (инсталяциялық)   дисктерден
немесе компакт - дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.
    Орналастырылған Word  редакторын  іске  қосу  бірнеше  тәсілмен  жүзеге
асырылады:
   1. Басқару   тақтасындағы   Іске    қосу    (Пуск)    менюінің    Орындау
      (Выполнить) командасының көмегімен.
   2.  Программаларды  Microsoft  Office  тобындағы  WORD  шарт   белгісінде
      тышқанды екі рет шерту арқылы.
   3. Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.
   4. WORD   редакторына  дайындалған    құжаттың    шартбелгісіне    тышқан
      курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы.
    Редактормен  жұмысты   аяқтау   кез   келген   стандартты   тәсілдермен
жүргізіледі:
    • Файл => Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;
    • Word негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть)  командасын
      таңдау;
    • Редактор терезесінің тақырып жолының оң жақ жоғарғы  бұрышындағы  Жабу
      батырмасын (х) басу;
    • Тікелей Alt + Ғ4 пернелерін басу.


       Электрондық   кестесі   экономикалық   және   математикалық   күрледі
есептеулерді, диаграммаларды және т.б. көптеген іс -  әрекеттерді  орындауға
арналған. «Электрондық кесте» термині мәтін  түрінде  берілген  мәліметтерді
компьютерде өңдеуге арналған  программаларды  белгілеу  үшін  пайдаланылады.
Кестелерді өңдеуге жататын іс-әрекеттер:
   1.  Функциялар  мен  формулаларды  пайдалана  отырып  әртүрлі  есептеулер
      жүргізу.
   2. Түрлі-түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.
   3. Тиімді ету мәселелерін шешу.
   4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер  жиынын  таңдап
      алу.
   5. Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.
   6. Мәліметтерді статистикалық талдау.
            Электрондық кестелердің құндылығы  олардағы  мәліметтерді  өңдеу
тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы болып табылады.
            Microsoft фирмасының Excel программасы -  кестелік  процессорлар
немесе электрондык кестелер  тобына  жататын  ең  кең  тараған  программалық
кестелердің  бірі.  Бірақ  Excel  жәй  программа  ғана  емес,  оны  көптеген
математикалық амалдарды, күрделі  есептеулерді  көрнекті  етіп  көркемдеуге,
әрі  жеңілдету  үшін  пайдалануға   болады.   Ол   кестедегі   мәліметтердің
негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып,  мәліметтер  базасын  даярлап,
олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және  т.  б.  қамтамасыз
ете алады.
      Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика  саласында  ғана
емес, сондай-ақ, оқып-үйренуде,  ғылыми-зерттеу  істерінде,  әкімшілік  және
жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.
      Бұл программамен жұмыс істеуді үйрену алдында бірнеше  жаңа  ұғымдарды
енгізелік.
      Жол нөмірі  -  электрондық  кестедегі  жолды  анықтайды.  Ол  көлденең
орналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нөмірмен белгіленген.
      Бағана  әрпі  -  электрондық  кестенің  бағаналарын   (тік   жолдарын)
анықтайды.  Әріптер  жұмыс   аймағының   жоғарғы   шекарасында   орналасқан.
Бағаналар мынадай ретпен белгіленеді: А -Z, содан соң АА -  AZ,  одан  кейін
ВА - BZ және т. с. с.
      Ұяшық - электрондық кестенің мәлімет  енгізілетін  ең  кіші  элементі.
Әрбір ұяшықтың бағана әрпі мен жол нөмірінен тұратын адресі бар. Мысалы,  ВЗ
адресі В бағанасы мен нөмірі 3-жолдың қиылысындағы ұяшықты анықтайды.
      Ұяшық  көрсеткіші  -   ағымдағы   ұяшықты   анықтайтын   көмескіленген
тіктөртбұрыш. Көрсеткішті пернелер  көмегімен  немесе  тышқан  арқылы  кесте
бойынша ұяшықтан ұяшыққа орын ауыстыруға болады.
      Ағымдағы ұяшық – курсор көрсеткішпен  белгіленіп  тұрған  ұя.  Келісім
бойынша мәліметтер енгізу  операциясы  және  басқа  іс-әрекет  осы  ағымдағы
ұяшыққа жатады.
            Блок (ұялар жиыны,  аймағы)  -  тіркесе  орналасқан  ұяшықтардың
тіктөртбұрышты аймағы.  Блок  бір  немесе  бірнеше  жолдардан,  бағаналардан
тұрады.  Блок   адресі   қос   нүктемен   бөлінген   қарама-қарсы   бұрыштар
координатынан тұрады. Мысалы: B13:D19 блогы -  бұл  B13-D13,  D13-D19,  D19-
B19, B19-B13 торларымен шектелген ұяшықтар  жиыны,  А1:Н1,  А1:А20,  A12:D27
немесе  D:F  -  D,  Е,  F  бағаналарының  барлық  торлары,  т.с.с.   Әртүрлі
формулалар енгізу кезінде  немесе  командаларды  орындау  сәттерінде  блокты
диагональ бойынша қарсы орналасқан торлар адрестерімен немесе экран  бетінде
тышқанмен (пернелермен) белгілей отырып енгізуге болады.
            Кестені, блоктарды, жолдарды  және  бағаналарды  ерекшелеу.  Осы
объектілермен белгілі бір жұмыс атқару үшін тышқанмен былай ерекшелейді:
    - бағананы белгілеу - бағана атына сәйкес әріпті тышқанмен тандап  алып,
      оны бір рет шерту;
    - бірнеше бағананы ерекшелеу - алдыңғы шерткен тышқан батырмасын  басулы
      күйінде ұстап курсорды оңға не солға жылжыту;
    - жолды ерекшелеу - жол нөміріне сәйкес санды тышқанмен ерекшелеп  алып,
      оны бір рет шерту;
    - бірнеше жолды ерекшелеу - алдыңғы  шерткен  тышқан  батырмасын  басулы
      күйінде ұстап, курсорды жоғары не төмен созу;
    - блокты ерекшелеу - тышқан батырмасын блоктың  алғашқы  ұясында  басып,
      оны сол басулы  күйінде  ұстап  курсорды  блоктың  ең  соңғы  ұяшығына
      жеткізу;
    - жұмыс парағын толық ерекшелеу - тышқан курсорын бағана аттары мен  жол
      нөмірлерінің қиылысу нүктесіне, яғни кестенің сол жақ жоғарғы бұрышына
      алып барып, оны бір рет шерту.
            Пернелер көмегімен блокты ерекшелеу үшін Shift  пернесін  басулы
күйде ұстап тұрып, теңбілторды блоктың бір  бұрышынан  оған  қарсы  бұрышына
бағыттауыштар  арқылы  жеткіземіз.  Әйтпесе  F8  пернесін  басып,   белгілеу
режиміне  көшеміз  де,  бағыттауыш  пернелерді  пайдаланамыз.  Esc   пернесі
ерекшелеуді тоқтату үшін пайдаланылады.
             Бір-бірімен  тіркесе  орналаспаған  блоктарды  ерекшелеу  қажет
болғанда, былай істеу керек:
    - алғашқы ұяшықты немесе тіркес ұяшықтардың бір блогын ерекшелеу;
    - Ctrl пернесін басу және оны басулы күйінде ұстай тұру;
    - келесі ұяшықты немесе блокты ерекшелеу, т.с.с.;
    - Ctrl пернесін қоя беру.
            Ерекшелеуді алып тастау үшін тышқан батырмасын  жұмыс  парағының
ерекшеленбеген кез келген бөлігінде  шерту  жеткілікті.  Жаңа  ерекшелеу  де
бұрынғы ерекшелеуді алып тастайды.
     Ұяшықтардағы мәліметтер
            Excel-де кестенің кез-келген ұяшықтарына мәліметтердің үш  типін
енгізуге болады: мәтін, сан және формула. Мәліметтерді ұяшыққа  енгізу  үшін
теңбілторды сол ұяшыққа алып барып,  керекті  мәліметтерді  пернелерде  (240
таңбаға дейін) теріп, соңынан  Enter  пернесін  немесе  бағыттауыш  тілсызық
пернелердің бірін басу жеткілікті. Excel енгізілген  мәліметтердің  формула,
сан немесе  мәтін  екенін  оның  бірінші  таңбасына  қарап  анықтайды.  Егер
бірінші символ - әріп  немесе  "'"  (апостроф)  болса,  онда  ұяшыққа  мәтін
енгізіледі деп есептеледі, Егерде бірінші символ  цифр  немесе  "="  белгісі
болса, онда ол ұяшыққа формула немесе сан енгізілетінін білдіреді.
             Енгізілген  мәліметтер  ұяшық  ішінде  немесе  формула  жолында
бейнеленеді және оларды енгізу Enter  пернесін  немесе  бағыттауыш  тілсызық
пернелердің бірін басқан кезде аяқталады.
      Мәтін енгізу
            Мәтін -  кез  келген  символдар  жиынтығы,  егер  мәтін  цифрдан
басталатын болса, онда енгізуді "'" символынан бастау керек. Егер мәтін  ені
ұяшықтың енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, онда мәтін  сол
ұяшыққа да орналасады. Ал, егер оңжақтағы ұяшықта мәтін бар болса,  онда  ол
мәтін экранда қиылады (бірақ ЭЕМ жадында ол толық сақталып тұрады)
            Сандарды енгізу
            Электрондық кесте ұяшықтарына  сандарды  =,  +,  -  таңбаларымен
немесе оларсыз да енгізуге болады.  Егер  енгізілген  санның  ені  экрандағы
ұяшықтың  енінен  артық  болса,  онда  Ехсеl  санды   экспоненциал   формада
бейнелейді немесе ол санның  орнына  #  ###  символдарын  қояды  (бірақ  ЭЕМ
жадында ол санның барлық разрядтары толық сақталады).
              Әдетте  экранда  санның  ең  үлкен  және  ең   кіші   шамалары
экспоненциалды формада беріледі. Мысалы, 501 000 000  саны  ЭЕМ-де  5.01E+08
болып жазылады, яғни ол 5,01 108 дегенді білдіреді. Ал 0,000  000  005  саны
5Е-9 болып жазылады (5 109). Аралас сандардың бүтіні мен  бөлшегі  нүкте  не
үтірмен  бөлініп   жазылады,   қандай   айыру   таңбасын   пайдалану   Excel
программасын орнату кезінде бекітілген келісімге байланысты болады.
      Формулаларды енгізу
              Excel-де  кез-келген  арифметикалық  өрнек   формула   түрінде
жазылады. Ол ұяшық  адрестері  мен  сандардың,  функциялардың  арифметикалық
амалдар  таңбасы  арқылы  біріктірілген   жиынынан   тұрады.   Формула   "="
таңбасынан басталуы керек. Ол 240 символға дейін енгізе алады және бос  орын
болмау керек. Ұяшыққа C1+F5 формуласын енгізу үшін оны =C1+F5  түрінде  жазу
керек.  Бұл   дегеніміз   С1   ұяшығындағы   мәліметтерге   Ғ5   ұяшығындағы
мәліметтердің қосылғандығын көрсетеді.  Нәтиже  формула  енгізілген  ұяшықта
алынады.
      Блоктар.    Абсалютті және қатысты сілтемелер
      Блок (фрагмент,  диапазон) деп кестенің  кез  келген  тік  төртбұрышты
бөлігін айтады.   1 суретте  6  ұяшықтан  тұратын  блок  боялған.  Блок  қос
нүктемен бөлінген диогональдық  қарама-қарсы  ұяшық  аттарымен  белгіленеді,
мысалы:E3:F5. Блок тек бірғана бағаннан (A1:A4),   немесе  Бірғана  қатардан
(C1:E1) немесе бірғана ұяшықтан (С3:С3) тұруы мүмкін.

|   |A  |B  |C  |D  |E  |F  |
|1  |   |   |   |   |   |   |
|3    |     |     |       |
|1    |5    |3    |А1+В1  |


                                  Сурет 2.

      3 мысал:  5 суреттегі кестеге мынадай өзгеріс енгізейік  А1:С1  блокты
А2:С2 блокқа көшірейік. Нәтижесі 3 суретте көрсетілген.

|     |A    |B    |C        |
|1    |5    |3    |=А1+В1   |
|2    |5    |3    |=А2+В2   |


                                  Сурет 3.

Формуланы бір жолға төмен түсіргенде  ұяшықтар  атындағы  қатар  нөмері  бір
бірлікке артты: А1  А2-ге, В1  В2-ге түрленді. Формуланы оңға  немесе  солға
жылжытсақ,  ұяшықтар атындағы әріптік бөлік  өзгереді.  Мысалы:Формуланы  С2
ұяшығынан Е2 ұяшығына көшірсе,  ол С2+D2 формуласына өзгереді.
      Абсолютті сілтеме.   Кейбір жағдайларда қатысты сілтеме принциптерінің
әрекетін тоқтатуға,  сөйтіп формуланы  көшіргенде  ұяшық  адресін  өзгертуге
(яғни қатысты емес,  абсолютті) болатын жағдайлар қажет болды. Бұл  жағдайда
адресті  бекіту  әдісі  қолданылады.  Ол  үшін   ұяшық   атына   $   белгісі
қолданылады. Ұяшық адресін толық бекіту үшін $ белгісі екі рет  қолданылады.
Мысалы: $В$2.
    Тек бағанды ($В2) немесе тек жолды (В$2)  бекітуге  болады  (өзгеріссіз
қалдыру).  Бұл  жағдайларда  формуланы  көшіргенде   адрестің   бір   бөлігі
өзгермейді де,  бір бөлігі өзгереді.

    : Мысал 4. Әлемнің әртүрлі еліне туристік жолдамалардың  бағасы  туралы
мәліметтері бар кесте құру керек. Баға теңге және доллар түрінде  көрсетілуі
керек.Жолдамалар бағасы алдымен доллар түрінде,  доллардың  теңгеге  қатысты
курсы берілуі керек. Осы мәліметтер көмегімен  жолдаманың  теңгедегі  бағасы
шығарылады.

   В1 ұяшығында теңгемен өрнектелген доллар курсының мөлшері сақталады.  С3
ұяшығындағы формула жолдаманың теңге түріндегі бағасы доллар түріндегі  баға
мен  доллар  курсын  көбейту  арқылы   есептеледі.   С4,С5,С6    ұяшықтарына
формуланы  клавиатурадан  енгізбей,  С3  –тен   көшіруге   болады.   Осындай
көшіруден кейін кесте мына түрге келеді.

|  |А           |В                   |С                   |
|1 |Доллар курсы|                    |Теңгемен            |
|2 |Елдер       |Доллар бағасымен    |Теңге бағасымен     |
|3 |Англия      |                    |=В3*$В$1            |
|4 |Болгария    |                    |=В4*$В$1            |
|5 |Бельгия     |                    |=В5*$В$1            |
|6 |Бразилия    |                    |=В6*$В$1            |


Сорттау  формулалардың  орнын  ауыстыруға  әкеледі,  бұл  кезде   сілтемелер
өзгереді, ал абсолютті (бекітілген) сілтемелер өзгермейді.
      Диаграммалар, мәліметтер анализі.  MS  Excel–де  диаграммалар  тұрғызу
және тізімдер мен мәліметтер қорын  жасау жолдарымен танысу.
      Диаграмма - мәліметтерді көрнекті графиктік  бейнелеудің  құралы,   ол
бірнеше  шамаларды  немесе  бір   шаманың   әртүрлі   мәндерін   салыстыруға
қолданылады.
      Көптеген  диаграммалар  тік  бұрышты  координат  жүйесінде   салынады.
Горизонталь Х  осінен тәуелсіз айнымалы (аргумент)  мәні,   ал  вертикаль  У
осінен тәуелді айнымалыны (функция) мәні салынады. Бір суретке  бір  уақытта
бірнеше диаграмма салынуы мүмкін.
Кестелік процессордағы сандық мәліметтерді графиктік өңдеу кезінде:
     1. Диаграмма салынатын мәліметтер облысын (блок) көрсету
     2. Алынған  ұяшықтар  блогынан  мәліметтерді  таңдаудың  тізбектілігін
        анықтау (жол бойынша немесе баған бойынша)
      Баған бойынша таңдалған Х координатасының  мәні   сол   жақ  ең  шеткі
бағандағы мәндерден алынады. Ал қалған бағандар  У  координатасының  мәндері
болып  есептелінеді.  Бағандар  саны  бойынша   салынатын   диаграмма   саны
анықталады. Жолдар бойынша диаграмма салынған ерекшеленген ең жоғарғы жол  Х
координата,  ал қалғандары У координатаның мәні болып табылады.
      5  әртүрлі  диаграммаларды  қарастырайық.  Әртүрлі  кітаптарда  оларды
әртүрлі атайды: дөңгелек, диаграмма,  бағанды,  ярусты  (қабатты),   сызықты
және аудандар диаграммасы. Диаграмма түрлері негізінен  көп,   біз  тек  көп
тарағандарды қарастырып отырмыз.
      І Дөңгелек диаграмма бір нүктедегі  бірнеше  шамалар  мәнін  салыстыру
үшін қолданылады,  әсіресе,  шамалар қосындысы бір бүтінді (100 %)   құраса,
 дөңгелек диаграмма қолдану тиімді.
   Мәліметті көрнекті етіп көрсетуге дөңгелек диаграмма әр  уақытта  тиімді
емес. І-ден,  бір дөңгелекте өте көп сектор болуы  мүмкін,   ІІ-ден,   әрбір
сектор бір-біріне жуық болуы мүмкін.
      ІІ. Бағанды диаграмма  - әртүрлі нүктедегі әртүрлі шамаларды салыстыру
үшін қолданылады.
Бағанды диаграмма аты айтып тұрғандай бағандардан тұрады. Бағандар  ұзындығы
салыстыратын шамалардың сандық мәнімен анықталады.
      ІІІ. Сызықтық диаграмма бірнеше шамалардың бір нүктеден екінші нүктеге
өткен кездегі өзгерісін көру үшін қолданылады.
Бағандарды әртүрлі бояу орнына белгілердің әртүрлі (ромбик,  үшбұрыш,
крестик т.б.б),  сызықтардың түрлі қалыңдығы мен типі (пунктир,  тұтас,
т.б) ,  түсі қолданылады.
      ІV. Ярустық диаграмма (қабатты) бірнеше нүктелердегі бірнеше
шамалардың қосындысын көрнекті түрде салыстыруға және ол шамалардың
әрқайсысының қосындыдағы үшін көрсететін диаграмма түрін айтады.
      Ярусты  диаграмма  жасау  бағанды  диаграмма  жасауға  ұқсас.   Ярусты
диаграммада  бағандар  бірінің  қосында  бірі  емес,   бірінің  үстіне  бірі
орналасады.  Осыған  байланысты  диаграмманың  вертикаль  және   горизонталь
өлшемін есептеу ережесі де өзгереді. Вертикаль өлшемі ең үлкен шама  мәнімен
емес,  шамалардың қосындысының ең  үлкен  мәнімен  анықталады.  Ал  бағандар
саны тіреу нүктесіне тең; әрбір тіреу нүктесінде бір  көп  ярусты  (қабатты)
баған болады.
      V. Аудандар диаграмманы - ярусты және сызықты диаграммалардың гибриді.

Ол әртүрлі шамалардың әрқайсысының және олардың қосындысының  өзгерісін  бір
уақытта бақылауға мүмкіндік береді.  Мұнда  бағандар  үздіксіз  облыс  құрап
бір-бірімен   жалғанады.   Осыдан   диаграмма   облыстар   немесе   аудандар
диаграммасы деп аталады. Әрбір  облыс  белгілі  бір  шамаға  сәйкес  келеді,
оларды әр түрлі түспен бояп отырады.


      Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ). Негізгі ұғымдар.  МҚБЖ  -  нің
функционалды мүмкіндіктері. МҚБЖ - мен жұмыс істеу негіздері. Қазіргі  кезде
мәліметтер қоры (МҚ) және мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ)  терминдері
тек компьютерлерге қатысты қолданылады. Жалпы  мағынасында  мәліметтер  қоры
терминін белгілі  бір  нышандарына  байланысты  біріккен  акпараттардың  кез
келген жиынына қолдануға  болады.  Мысалы,  мәліметтер  қоры  ретінде  поезд
козғалысының кестесін немесе сатып алушылардың  тапсырысы  және  тапсырыстың
орындалуы туралы мәліметтер  тіркелген  кітапты  қарастыруға  болады.  Мұнда
мәліметтер қоры ретінде анық  біріккен  мәліметтердің  жиыны  қарастырылады.
Сондықтан  сіздің  жазу   кітапшаңыз,   оған   ақпаратты   кұрылымды   түрде
жазбасаңыз, ол мәліметтер қорыт болып есептелмейді.
      Көптеген МҚ-да алғашкы деректерді  жинақтау  кестенің  көмегімен  іске
асырылады, оның жолы — қойманың бір  объектісі  жайлы  толық  акпаратты,  ал
бағаны — объектінің бір сипаттамасын білдіреді. Кестенің жолы  (бір  объекті
туралы деректер)  жазу  деп,  кестенің  объектілері  сақталған  белгілі  бір
сипаттамалардан тұратын баған өріс деп аталады.
      Мәліметтер қорының негізгі белгісі — ондағы ақпараттың жылдам ізделуі.
Егер абоненеттің тегі, аты және әкесінің аты белгілі болып, телефон  нөмірін
табу  қажет  болса,  бұл  ақпаратты  Телефондық-адрес  кітапшасынан  аласыз.
Алайда егер фирмаңызда, мысалы, компьютерлермен сауда жасайтын кісінің  жай-
жапсары тапсырыстар кітабында хронологиялық тәртіппен ретгелген болса,  онда
белгілі бір қалада тұратын клиенттердің тізімін алуға немесе соңғы  үш  айда
сатып  алушылардың  көп  сұранысына  ие   болған   компьютерлердің   моделін
анықтауға біраз уакыт жұмсалады.


      Мәліметтердің реляциялық қоймалары
      Соңғы уақытта мәліметтер қорының ішіндегі ең көп тарағаны — реляциялық
мәліметтер қоры. Реляциялық мәліметтер қорында ақпарат  бір  немесе  бірнеше
кестелерде сақталады. Кестелер арасындағы байланыс  бір  не  бірнеше  сәйкес
өрістер арқылы жүзеге асырылады.
      Реляциялық мәліметтер қорында кестенің әрбір жолы  бірегей.  Жолдардың
бірегейлігін қамтамасыз ету үшін кілттер қолданылады, олар кестенің  бір  не
бірнеше өрістерінен тұрады. Кілттер тізбектелген түрде сақталады, бұл  іздеу
кезінде кестенің жазуларына тікелей қатынауды қамтамасыз етеді.
      Реляциялық МҚБЖ-нің негізгі ерекшеліктері:
Барлық мәліметтер кесте түрінде сақталады.
Әртүрлі сипаттағы мәліметтер түрлі кестелерде сақталады.
Қойма  құратын  кесте  мәліметтері   арасында   қарым-қатынас   (реляцияның)
беріледі.
Әртүрлі  кестелердегі  ақпарат  мәліметтері  жаңа  сұратулар  құру   кезінде
қолданылатын жаңа кесте түрінде бірігуі және ұсынылуы мүмкін.
      Реляциялық МҚБЖ-нің жайпақ кестелерден айырмашылығы:


      |Сипаттама          |Жайпақ кестелер         |Реляциялық ДҚБЖ         |
|Бірнеше кестелердің|Мүмкін емес             |Стандартгы операция -   |
|негізінде талдау   |                        |көп құралдар            |
|жасау              |                        |                        |
|Алынып отырған орын|Қосарланушы ақпараттың  |Жекелеп байланысқан     |
|                   |кажеттілігі есебінен    |кестелердің қоймасы     |
|                   |үлкен                   |салалары есебінен орынды|
|                   |                        |үнемдеу                 |
|Қарапайым амалдарды|Колмен немесе жартылай  |Жартылай                |
|орындау            |автоматтандырылған      |автоматтан-дырылған     |
|                   |(аз өнімділік)          |немесе                  |
|                   |                        |автомат-тандырылған     |
|                   |                        |(жоғары өнімділік)      |


      МҚБЖ құралдары көмегімен орындай аласыз:
    •  Сізге қызығушылық  тудырған  ақпаратты  таңдау.  Мысалы,  соңғы  екі
       айдағы белгілі клиенттердің барлық сатып  алғаны  жайлы  мәліметтерді
       ала аласыз.
    •  Бүкіл кестені немесе  тек  таңдап  алынған  жазбалар  мен  өрістерді
       әртүрлі пішімде басу.
    • Кестенің мәліметтерін графикалық  бейнелеу,  мысалы,  компьютерлердің
       түрлі модельдерін сату туралы мәліметтер.
    •  Есеп  беруді  дайындау  немесе   кестелерден   мәліметтерді   тандау
       процесінде түрлі есептеулерді орындау.


      Мәліметтер қорын құру
      МS Ассеss реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесі  болып  табылады.
Реляциялық мәліметтер қоры— қазіргі уақытта едәуір кең тараған  және  ақиқат
өнеркәсіптік  стандарт.  Реляциялық  мәліметтер  қорында  барлық  мәліметтер
тікбұрышты  кесте  түрінде  сақталады  әрі  мәліметтер  қорымен  орындалатын
барлық  операциялар  кестелерде  қолмен  жасалып  беріледі,   МS   Ассеss-те
мәліметтер қоры ақпаратты енгізу, сақтау, қарау, таңдау  және  басқару  үшін
арналған құралдар жиынынан тұрады. Бұл құралдарға кестелер,  пішімдер,  есеп
берулер, сұратулар жатады.
      МS Ассеss-те мәліметтер қорын құрудың екі тәсілі бар.  Бос  мәліметтер
қорын  құрып  алып,  оған  кестелерді,  пішімдерді,  есептерді  және   басқа
объектілерді  қосуыңызға  болады.  Мұндай  тәсіл   едәуір   қолайлы,   бірақ
мәліметтер қорының әрбір элементінен жеке айқындылықты  талап  етеді.  Бұдан
басқа,  барлық  кажетті  кестелермен,  пішіндермен  және  есептермен   айқын
түрдегі мәліметтер қорын шебердің көмегімен құруға болады. МS  Ассеss  сізге
арналған түрлі мәліметтер қорынан тұратындықтан, екінші тәсіл  көп  жағдайда
қолдануға  ыңғайлы.  Екі  жағдайда  да  кез  келген  уакытта  өзіңіз  құрған
деректер қоймасын өзгертуге және кеңейтуге мүмкіндігіңіз бар


      Мәліметтер типтері
      Өріс атауы кестелер  мәліметтеріне  сілтеме  жасау  үшін  қолданылады.
Сақталатын мәліметтердің типін  айқындауға  мәліметтер  типі  пайдаланылады.
Өрістің мәліметтер типі  Мәліметтер  типі  бағаны  өрісінде  енгізіледі.  МS
Ассеss-те келесі типтердің мәліметтері мүмкін болып табылады:
      • Мәтіндік
      • Сандық
      • Ақшалай
      • Санауыш
      • Даталар/уақыттар
      • Логикалық
      • МЕМО өрісі
      • ОLЕ объектісінің өрісі
      • Гиперсілтеме
      • Ауыстырулар шебері
      Әрбір  мәліметтер  типі  конструктор  терезесінің  «Өріс   касиетгері»
бөлімінде бейнеленетін өз қасиеттерімен үлестіріледі.


      MS Access ақпаратты  көрсету  және  сақтау  үшін  пайдаланылатын  жеке
компоненттерден тұрады. Олар: кестелер, пішіндер, есеп  берулер,  сұратулар,
деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Пішіндер  мен
есеп  берулерді  құру  үшін  конструкторлар   қолданылады,   сондықтан   бұл
компоненттер  конструкторлық   объектілері   деп   аталады.   Конструкторлық
объектілері құрама объектілері болып табылады, яғни басқару элементтері  деп
аталатын  едәуір  кіші  объектілерден  тұрады   (олар:   өріс,   батырмалар,
диаграммалар, жақтаулар және т. б.). -
      Кесте деректер қоймасының негізі болып табылады.  MS  Access-те  бүкіл
ақпарат кестелерде беріледі.
      Пішіндер  пішін  терезесінде   кестелерді   енгізу   мен   көру   үшін
қолданылады. Олар экранда бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге  мүмкіндік
береді және оны тиісті түрде көрсетеді.  Шебердің  көмегімен  пішінді,  оған
алдын ала құрылған шаблонның біріне сәйкес  орналастырып  берілген  кестенің
өрістерін енгізе отырып, құруыңызға болады. Пішіннің конструкторы  көмегімен
кез келген күрделі дәрежедегі пішіндерді құрасыз.
      Есеп  берулер  деректер  қоймасында  бар   ақпаратты   бейнелеу   үшін
қолданылады. Есеп берулер конструкторының көмегімен деректер тобын,  өрістер
тобын  және  есептелінетін  өрістерді,  оларды  сәйкес  жасайтын   өз   есеп
беруіңізді дайындайсыз.
      Сұраныс  деректер  қоймасынан  ақпаратты  алады,  әлі  мұнда  деректер
бірнеше  кесте  арасында  бөлінген  болуы  мүмкін.  MS  Access-те  сұранысты
пішімдеу үшін үлгі бойынша сұрату деген әдіс қолданылады. Визуалдық  ақпарат
негізінде бұл әдісті қолдана отырып, бір немесе бірнеше кестелерден  қажетті
деректерді аласыз.
      Деректерге  қатынау  беті  MS  Access  немесе  Microsoft  SQL   Server
мәліметтер қорында сақталған Интернет немесе Интранет арқылы  жұмыс  істеуге
және оларды көруге арналған WEB - парақтың арнайы түрін ұсынады.
      Макростар жиі  орындалатын  операцияларды  автоматтандыруға  арналған.
Әрбір  макрос  бір  немесе  бірнеше   макрокомандалардан   тұрады,   олардың
әрқайсысының белгілі бір қызметі бар,  мысалы,  пішінді  ашады  немесе  есеп
беруді баспаға жібереді.


      MS Power Point. Негізгі түсініктері. Функционалды мүмкіндіктері. Жұмыс
істеу технологиясы. Терезе құрылымы, презентация жасау әдістері.  PowerPoint
- презентацияны дайындау және өткізудің ең жақсы бағдарламаларының бірі.  Ол
Microsoft Office  пакетінің  құрауышы  болып  табылады  және  презентациялық
материалдарды слайд түрінде  жасау  және  оларды  қағазға,  экранға,  мөлдір
пленкаға (кейін кодоскопта пайдалану үшін) немесе  35-миллиметрлік  пленкаға
шығаруға арналған.
      PowerPoint презентацияны жоспарлауға, жасауға және көрсетуге мүмкіндік
береді.  Пайдаланушыға   үлгілердің   түрлендірілетін   жиынтығы,   слайдтар
редакторы, схема құру  құралы  ұсынылады,  Ехсеl,  Lotus  1-2-3  және  АSСІІ
файлдарынан импорттаумен  қоса,  көптеген  импорт/экспорт  пішімдері  қолдау
табады. Мәтінмен жұмыс істеу, графиктер құру, презентация  схемасын  жобалау
міндеттері және тіркемеге алу механизмі қарастырылған.
      Slide  Master  бағыныңқы  жүйесінің  көмегімен  презентацияның   жалпы
көрінісін және пішімін басқаруға  болады.  Сұрыптаушы  слайдтардың  тізбегін
беруге  және  олардың  өте  кішкентай  кескіндерін  қарауға,  сондай-ақ  бір
презентациядан басқасына көшірме  жасауға  мүмкіңдік  береді.  Программа  84
стильдерінің  бірін  таңдауды  және  екі-үш  өлшемді  графиктерді  тұрғызуды
қамтамасыз етеді. PowerPoint-қа дыбысты сүйемелдеу (МСІ)  және  бейне  (АVІ)
кірістірілген  (ОLЕ  2.0  арқылы).  Бұл  өнім  барлық  объектілерді   тамаша
басқаруды,  яғни  өлшемдерді  өзгертуді,   жоғары   дәлдікпен   айналдыруды,
жылжытуды және т.б. қамтамасыз етеді. Оның  нұскасында  Microsoft-тың  басқа
қосымшаларымен  ықпалдастыру  жақсартылған,  сондай-ақ  Visual   Basic   for
Application қолдауы іске асырылған.
      PowerPoint презентацияның барлық құрауыштарын экранға шығаруға  немесе
басуға, сондай-ақ презентацияларды кейінірек WEB-серверде басып шығару  үшін
WEB-бет ретінде сақтауға мүмкіндік береді.
      Презентация жасау ыңғайлы болуы үшін, PowerPoint-та бірқатар шеберлер,
үлгілердің арнайы құралдары  (үлгілер,  дайындамалар)  бар,  оларда  мәтінді
пішімдеудің,  түспен  безендірудің   әр   түрлі   элементтері,   графикалық,
объектілері мен клиптер кітапханасы бар. Іс жүзінде,  презентация  жасағанда
пайдаланушының лайықты үлгіні таңдап,  өз  қажетіне  үйлестіруі  жеткілікті.
Бұл үлгілерді түсті, кеңістікті, безендірудің пайдалану  принциптерін  жетік
игерген кәсіби суретші-дизайнерлер жасайды.
      Презентацияны көрсету слайдтарды белгілі  реттілікте  көрсету  процесі
болып табылады (слайдтардың нөмірлері өсуі ретімен  болуы  шарт  емес),  бұл
жағдайда слайдтарды ауыстыру  қолмен  немесе  автоматты  түрде  жүргізіледі.
Пайдаланушы   үрдісті   презентацияны   басқару   панелі   немесе   слайдтар
навигаторының   көмегімен   басқарады.   Сондай-ақ,    ол    гиперсілтемелер
слайдтарындағы   тапсырмалар   мен   басқарушы    батырмалардың    көмегімен
интерактивті презентация  жасай  алады.  Егер  аудитория  өте  үлкен  немесе
тыңдаушылар баяндамашыдан алыс отырса, онда презентацияны, бейне  мен  дыбыс
сүйемелдеуімен  қоса,  Интернет  бойынша  компьютерге  қосылған   проекторды
пайдалану арқылы  (қосу  үшін  проекторлар  мастері  қолданылады)  көрсетуге
болады. Microsoft  Outlook  немесе  басқа  пошталық  программаның  көмегімен
көрсетуді белгілі уақытқа қоюға болады.
      Жазу кітапшасы сияқты құралды  қолданса,  онда  презентацияны  көрсету
барысында хаттама жүргізуге, жазбалар жазуға немесе  презентацияға  арналған
мәселелерді  Outlook  мәселелерінің  тізіміне  қосуға   болады.   Слайдтарға
түсінік беретін жазбаларды және  жазу  кітапшасының  мазмұнын  басып  шығару
мүмкіндігі бар,  бұл  презентация  өткізу  кезінде  тыңдаушылардың  ілеспелі
материалды зерттеуіне көмектеседі.
      Яғни,  PowerPoint  презентацияныңWord  құжатына  айналуын   қамтамасыз
етеді. Бұл өз кезегінде толық және әдемі есеп  берулер  болып  табылады.  Ал
керісінше, Word құжаттарынан презентация  жасауға  мүмкіндік  береді.  Слайд
жасау үшін  Harvare  Graphics  немесе  Lotus  Freelance  сияқты  кұралдармен
дайындалған материалдарды қолдану мүмкіндігі бар.
      PowerPoint  желідегі  жеке  компьютерлер  үшін  презентация  өткізуге,
жиналысқа қатысушыларды оның өткізілетін жеріне бару  қажеттігінен  босатуға
мүмкіндік  береді.   Бұл   мүмкіндік   редакцияланып   (дайындалып)   жатқан
презентацияны  жылдам  қарап  шығуға,  ал  оны  көрсету  кезінде   тіркелген
қатысушылар слайдтарда қаламсаппен жазуына, сурет салуына  болады  және  бұл
әрекеттер қалғандарының бәріне көрінеді (бірлескен  жұмыс  тәртібі  қосылған
жағдайда).
      Microsoft  Office-дегі  Microsoft   NetМееtіng   қосымшаның   бірлесуі
деректерді бірлесіп пайдалануға және  нақты  уақытта  әр  түрлі  қалалардағы
адамдардың бір бөлмеде отырғандай бір-бірімен алмасуына мүмкіндік береді.
      Желі бойынша жиналысты Office-нің  кез  келген  қосымшасынан  бастауға
болады.  Оны  Microsoft  Outlook  көмегімен  алдын  ала  жоспарлауға  немесе
бірлесіп  пайдаланылатын  PowerPoint   презентациясынан  әр  уақытта   ашуға
болады.
      Жиналысқа шақырылған пайдаланушы желі  бойынша  өту  күні  мен  уақыты
көрсетілген және жиналысқа қатысуға  ұсыныс  жасалған  хабарды  алады.  Егер
пайдаланушы шақыруды қабылдаса, оның  компьютерінің  экранында  Собрание  по
сети инструменттермен бірлесіп пайдаланылатын презентация пайда болады.
      PowerPoint менюі Microsoft Office-нің басқа қосымшаларындағы менюлерге
ұқсас. PowerPoint батырмаларының көбі кескІні мен кызметі бойынша  Microsoft
Office-нің басқа косымшаларының  сондай  батырмаларымен  сәйкес  келетін  әр
түрлі инструменттер панельдерін ұсынады.
      PowerPoint менюі:
1. Файл. Microsoft Office стандартты  менюі  (пошталық  хабар  жіберу,  оған
   презентациялар  орналастыру,  презентацияны  Word-қа  командаларын   коса
   жіберу);
2. Түзету. Командалар:  операция  нәтижесін  орындатпау  қиып  алу,  көшіру,
   кірістіру, табу, ауыстыру, басқа файлдармен байланыс жасау және объектіні
   редакциялау.
3. Түр. Презентация түрін тандау, инструменттер панельдерін,  сызғыштар  мен
   бағыттауыштарды басқару, сондай-ақ слайд үлгілерін, тақырыптарды, шығарып
   берулер мен  жазбаларды  қарау,  бейнелеу  масштабын  өзгерту  және  т.б.
   командалары;
4. Кірістірме. Презентацияға әр  түрлі  объектілерді  кірістіру  командалары
   (күнді, уақытты,  диаграмманы, кестені, дыбысты, фильмді және т.б.);
5.   Пішім.   Қаріпті,   туралауды,   мәтін   интервалдарын   немесе   слайд
   объектілерін, тізім маркерінің түрін, фонды,  түс  схемаларын,  безендіру
   улгілерін және т.б. өзгерту командалары;
6. Сервис. Microsoft Office әдеттегі инструменттері,  сондай-ақ  PowerPoint-
   тың ерекше командалары (жазу кітапшасымен жұмыс істеу);
7. Слайдтарды  көрсету.  Презентациядағы  объектілермен,  слайдтармен  түрлі
   әрекеттер  жасау  командалары  (анимацияны  баптау,  құрамдас  анимацияны
   қолдану, слайдтарды алмастыру әсерлері, проекторлар шеберін  пайдаланумен
   бірге презентацияны баптау);
8.  Терезе  және  анықтама.   Microsoft   Office   қосымшасының   стандартты
   командалары.
      PowerPoint-ті жүктегеннен кейін,  презентация  жасау  әдісін  таңдауға
арналған   диалог   терезесі   пайда   болады   (жаңадан   үйренуші   Мастер
автосодержанияны пайдаланғаны жөн, тәжірибелі пайдаланушы бос  презентацияға
шығуына болады).
      Мастер  автосодержания   (автомазмұн   шебері)   пайдаланушының   жаңа
презентацияны  кезең-кезеңімен  жасауын  қамтамасыз  етеді.  Оның  көмегімен
жасалынатын презентацияның түрін  (стратегия,  бизнес-жоспар,  өнімдер  сату
немесе қызмет көрсетулерді сату  жоспары,  оқыту,  есеп  берулер  құрастыру,
нашар жаңалықтар туралы хабар, жалпы  баяндама  және  т.б.);  шығару  әдісін
(экранға, 35-миллиметрлік пленкаға, мөлдір қағазға, түрлі-түсті  немесе  ақ-
қара кескін); презентация параметрлерін таңдауға болады.
      Мастер автосодержания диалог терезесінен іске қосылады, сондай-ақ Файл-
Создать-Презентации  командасының   көмегімен   презентация   түрін   таңдау
диалогтық терезеге кіріп, аталған  презентация  үлгілерінің  бірін  тандауға
болады.
      Презентация  үлгісі  дегеніміз  —  белгілі   жағдайларда   пайдалануға
арналған слайдтар (мысалы, өнімдер сату мен қызмет көрсетулерді сату,  оқыту
және т.б.) жиынтығы, түс схемалары және  слайд  мәтіндерінің  схемалары.  Іс
жүзінде презентация шаблоны Мастер  автосодержания-мен  жұмыс  істегенде  де
колданылады, оны тандау тиісті диалог терезесінде іске асырылады  (үсынылған
тізімнен немссе тікелей көрсетумен .роі қажетті файл кеңейтілуі  бар),  яғни
шебер мен үлгі презентация құруды автоматтандыру  қызметін  атқарады,  бірақ
жұмысты әр түрлі кезеңдерде бастайды.
      Пайдаланушы  көрсеткен  параметрлер  бойынша   Мастер   автосодержания
бастапқы  презентацияның  белгіленген   слайдтары   бар   схемасын   құрады.
Пайдаланушы бұл слайдтардың  мазмұнын  өз  қажеттіліктеріне  қарай  өзгертуі
керек. Тышқан  шертуден  (мәтін  енгізу  аймағы)  немесе  екі  рет  шертуден
(графикалық объект аймағы) тиісті редакциялау үшін белгі-толтырулар  ашылады
да,  пайдаланушы  оларға  өзінің  мәтінін  енгізеді  немесе  өзіне   кажетті
объектіні кірістіреді.
      Бос  презентация  —  презентацияны   «нөлден»   құрады   және   кәсіби
пайдаланушының жұмыс істеуіне арналған.
      Презентацияны түрлі тәртіптерде қарап шығуға болады:
әдеттегі (жалпы құрылым-жоспарды,  презентация  сценарийін,  ағымдағы  слайд
пен оған арналған жазбаны көрсету);
құрылымның (жалпы құрылымды, слайдтың кішірейтілген кескінін  —  миниатюраны
және оған арналған жазбаларды көрсету, бұл слайдтың мәтіндік бөлігін  жылдам
өзгертуге мүмкұндік береді);
слайдтарды  сұрыптау   (слайдтардың   бүкіл   реттілігін   (тізбегін)   және
презентациядағы олардың орналасу тәртібін өзгертуді қарап шығу);
слайд (ағымдағы слайдтарды қарау немесе өзгерту);
жазба беттері (әр слайдқа арналған жазба бетін толтыру немесе қарау үшін).
      Бір тәртіптен басқаға өту Вид  менюі  командаларының  немесе  бірқатар
батырмалардың  (презентация  терезесінің  сол  жағында  төменде)   көмегімен
жүзеге асырылады. Бұдан басқа  PowerPoint  бір  терезеде  презентацияның  әр
түрлі  көрсетілімдерін  (слайдтары,  құрылымын,  жазба  беттерін)  біріктіре
алады. Бұл  презентация  жасағанда  слайд  қосу,  мәтінді  редакциялау  және
ескертулер енгізу операцияларын  орындауды,  сондай-ақ  оны  редакциялағанда
құжат бойынша жылжытуды жеңілдетеді.
      Презентациялардың басым көпшілігі  түспен  көрсетуге  арналған,  бірақ
таратып  беретін  материалды,  әдетте,  қара-ақ  тәртіпте  басады,   өйткені
экранда  тамаша  көрінетін  көлеңкелі  құюларды,  боялған   объектілер   мен
фондарды пайдалану басылымды оқуға ыңғайсыз етеді.
      Слайдтарды басылып  шығарылатын  түрінде  бейнелеу  үшін  (сұр  түстің
градацияларын қолданумен), слайдтар  тәртібінде  Вид-Черно-белый  командасын
орындау немесе оны контекстік менюден таңдап, безендірудің қажетті  нұсқасын
орнату керек. Мысалы, егер Авто таңдалса, фон  жасырылады  да,  слайдта  тек
мәтін мен графика  көрсетіледі.  Егер  Черный  с  белой  заливкой  таңдалса,
сұрдың барлық реңктері объектілердің құюларымен қоса жасырылады да,  ақ-қара
түсте бәрі басылып шығарылады.
      Ақ-қара  тәртібінде  жұмыс  істеу   кезінде   енгізілетін   өзгерістер
экрандағы презентация түстеріне әсер етпейді. Сондықтан ең  тиімді  нұсқа  —
түрлі түсті презентация жасап,  тарататын  материалдарды  ақ-қара  принтерде
басып шығару керек.
      Презентацияның кез келген құрауышын басып шығару үшін оны ашып,  Файл-
Печать  командасын   беріп,   басылатын   объектіні:   слайдтарды,   шығарып
беретіндерді, жазбалар беттерін нсмесе құрылымды көрсету керек. Содан  кейін
басылуға тиісті слайдтар тобы және басылатын көшірмелер саны белгіленеді.


      Бекіту сұрақтары:
   1. Кестелік прцессор дегеніміз не? Кестелік прцессор не үшін қолданылады?
   2. Кестелік прцессордағы қатар, баған және ұяшық дегеніміз не?
   3. Ұяшықтарға қандай мәліметтер енгізуге болады?
   4. Сілтеме не  үшін  қолданылады?  Абсолютті  және  салыстырмалы  сілтеме
      дегеніміз не?
   5. Диаграмма дегеніміз не? Не  үшін  қолданылады?  Түрлерін  атаңыз?  Бір
      бірінен айырмашылығы қандай?
   6. Мәліметтер  қоры  дегеніміз  не?  Мәліметтердің  реляциялық  қоймалары
      дегеніміз не?
   7. МS Ассеss-те мәліметтер қорын құрудың неше тәсілі бар?
   8. Мәліметтердің қандай типтері  болады?  МS  Ассеss-те  мәліметтер  қоры
      дегеніміз не?
   9. МS Ассеss-те мәліметтер қоры қалай экранға жүктейміз?
  10.  MS  Access  ақпаратты  көрсету  және   сақтау   үшін   пайдаланылатын
      компоненттерді ата?
  11. Кесте дегеніміз не?
  12. Форма дегеніміз не?
  13. Сұраныс дегеніміз не?
  14. Есеп дегеніміз не?
  15. Макрос дегеніміз не?
  16. Модуль дегеніміз не?
  17. PowerPoint -тың қызметі және негізгі мүмкіндіктері қандай?
  18. Презентацияны көрсету дегеніміз не?




      Дәріс 13
      ЭЕМ-дағы жергілікті және әлемдік желілер. Есептеуіш желелердің негізгі
түсініктері.  Жергілікті  желі.  Топология.  Әлемдік  желі  Internet.  Жалпы
сипаттамасы
      Мақсаты:   Компьютерлік   желі   түрлерімен   танысу   және    олардың
айырмашылықтарын білу.


      Компьютерлердің немесе басқа құрылымдардың  біріктірілген  тобын  желі
деп атайды. Компьютерлерлік желілердің  негізгі  қызметі  ресурстарды  ортақ
пайдалану, бір және немесе  бірнеше  өнеркәсіп  ішінде  және  сырттай  өзара
интерактивті   байланыс   орнату.   Ресурстар   дегеніміз   -   берілгендер,
қосымшалар, дискіжетек, принтер, манипулятор  тетігі,  модем  сияқты  сыртқы
құрылғылар.  Интерактивті   байланыс   түсінігі   нақты   уақыт   аралығында
хабарламалар алмасу процесін білдіреді.


      Компьютерлік желілер түрлері
      Локальды және территорияға бөлшектенген желілер.
      Локальды  желі  (LAN)  бір   ғимараттың   ішінде   орналасқан   дербес
компьютерлер мен принтерлерді байланыстырады  (ғимараттардың  комплексінің).
Территорияға бөлшектенген желілер (WAN) алыста орналасқан  бірнеше  локальды
желіні біріктіреді.
      Локальды желілер
      Локальды  желілер  (ЛЖ)  желілердің  ішіндегі  ең  қарапайымы   дербес
компьютерлердің тобын қуаты жоғары желілік сервер деп аталатын  компьютермен
қосады.  Локальды  желідегі  барлық  дербес  компьютерлер  желілік  серверде
сақталған   арнайы   қосымшаларды   қолдамуы   және    ортақ    кұрылғыларды
принтерлерді, факстерді пайдалануы мүмкін. Локальды  желідегі  әрбір  дербес
компьютер жұмыс станциясы немесе желілік түйін деп аталады.
      Локальды желілер жеке қолданушыларға өзара жеңіл  және  жылдам  карым-
қатынас жасауға мүмкіндік береді. Локальды желінің кейбір қызметтері:


кұжаттармен ортақ жұмыс жасау;
құжат алмасу процесін жеңілдету арқасында қолданушы өз жұмыс орнында  отырып
құжаттарды көріп шығуға, дұрыстауға, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;
сервердегі өз  жұмысын сақтау және архвтеу;
сервердегі қосымшаларға жеңіл кіру;
принтерлер, СD-ROM дискіжетектері, қатты дискілер және  косымшалар  (мысалы,
мәтіндік  редакторларды,  мәліметтер  корының   программалық   жабдықталуын)
сияқты жоғары бағаланатын ресурстарды ортақ пайдалану жеңілденеді.

      Аймақтық бөлшектенген желілер
      Аймақтық бөлшектенген желілер локальды  желілер  сияқты  артықшылықтар
бере отырып үлкен территорияны қамтиды. Көбінесе  ол  үшін  жалпылай  қызмет
көрсететін,  модем  істемесе   жоғары   жылдамдығы   цифрлық   желі   арқылы
коммутацияланған телефон желісі қолданылады (PSTN,Publik  Switched  Telephon
Network) және комплексті түрде қызмет көрсетеді (ISDN,  Intergated  Services
Digigtal  Network).  ISDN  көбінесе  бейне  немесе  дыбыс  түріндегі   үлкен
файлдарды тасымалдау қызметін атқарады.
      Негізгі локальды желілерге модем  немесе  жоғары  жылдамдықты  цифрлік
желі  арқылы  коммутацияланған  телефон  желісі  арқылы  жасалған   аймактық
бөлшектенген    желілердің    фукционалдылығын    қосу     арқылы     сыртқы
коммутациялардың артықшылығын пайдалануға болады, оның ішінде:
хабарламаларды электрондық пошта арқылы қабылдау және жіберу (е-
mаil);
Іnternet-ке кіру.
      Іnternet   көпшілікке   кіру   мүмкіндігін   жасайтын    бүкіл    әлем
қолданушыларын деректер,  дыбыс  және  бейне  қоймаларымен  қосатын  ауқымды
желі. Іnternet-тің негізгі функциялары  электрондық  пошта  және  зерттеулер
мен қызығушылық орталары ортақ топтар арасында ақпарат  алмасуды  қамтамасыз
ету болып табылады. Қазіргі кезде Іnternet   қашықтан  окыту  жүйелері  және
алыстан емдеу, диагностика сияқты дамушы дыбыстық  және  бейне  қосымшаларын
қолдайды.
      Телекоммуникациялық есептеуіш желілер түсінігі. Үлкен қашықтықты  және
пайдаланушыларды  молынан  қамтитын  есептеуіш  желілер  телекоммуникациялық
есептеуіш  желілері  деп  аталады.  Телекоммуникациялық  желілер  —  ақпарат
алмасу және оны
өндеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті  желілерден  кұралады
(абоненттік жүйелер). Мұндай  масштабтағы  желілер  аппараттық,  ақпараттық,
программалық  сияқты  қоғамдық  ресурстарды  ұжымдаса  пайдалану  мақсатында
құрылады.  Телекоммуникациялық  желіні  пайдаланушыларының,  өздерінің   кай
жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез  келген  қашықтыққа
жіберуге,  сонымен  қатар  желіден  қажет  мәліметті   дер   кезінде   алуға
мүмкіндігі бар.
      Телекоммуникациялық желілердің аппараттық қамтамасыз етілуі  әр  түрлі
типтегі  компьютер,  байланыс   құрылғылары,   абоненттік   жүйе,   байланыс
тораптары, бірдей немесе әр түрлі  деңгейдегі  желілер  жұмысын  үйлестіруге
арналған  адаптерлік  құрылғылардан  тұрады.  Телекоммуникациялық  желілерде
ақпаратты жіберу телефондық, телеграфтық, телевизиялық және спутниктік  жүйе
байланыстары арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат  алмасу  барысында  деректерді
аналогтық және цифрлық кодтау қодданылады.
      Телекоммуникациялық желілердің ақпараттық  қамтамасыз  етілуі  —  желі
шешетін мәселеге бағытталған біртұтас ақпараттық  қор  болып  табылады.  Бұл
қор  барлық  тұтынушылардың  (абоненттер)  ортақ  пайдалануына   және   жеке
абоненттерге арналған деректер жиыны. Онда білім базасы,  автоматтандырылған
деректер  базасы  (жергілікті  және  тарқатылған,   қоғамдық   және   дербес
пайдалануға арналған) қамтылған.


      Компьютерлік желінің сипаттамасы
      Кез-келген компьютерлік желі:
топологиясымен;
хаттамаларымен;
интерфейсімен;
желілік техникалық және программалық кұралдарымен сипатталады.
Компьютерлік  желі  топологиясы  оның  негізгі   элементтерінің   арасындағы
құрылымдық байланысты көрсетеді.
      Желілік техналогиялық құралдар  -  компьютерлерді  ортақ  компьютерлік
желіге біріктіретін әртүрлі құрылымдар.
      Желілік программалық құралдар - компьютерлік  желі  жұмысын  басқарады
және онымен қолданушы арасында ыңғайлы ортаны қамтамасыз етеді.
      Хаттамалар—  желінің  функционалдық  элементтерінің  өзара  әсерлесуін
көрсететін қағидалар.
      Интерфейстер  -  желінің  функционалдық  элементтерін  өзара   қосатын
құралдар.  Функционалдық   элементтер   ретінде   жеке   құрылғылар   немесе
программалық модульдер қолданылуы мүмкін. Сондықтан  да,  программалық  және
жабдықтық интерфейстерді бөліп қарастырады.
      Негізгі желілік топологиялар
      Желіні  кұру  барысында  оған   қойылатын   талаптарға   сай   төменде
келтірілген желілік топологиялардың біреуі қолданылуы мүмкін.
      Ортақ шина. Бірдей кұқықты кұралдар ортақ арнаны пайдаланады.  Негізгі
артықшылығы қарапайым және арзан. Негізгі кемшілігі арнаға  енудің  кезекпен
ұйымдастырылуы. Бұл  топология  Интернет  жүйесіндегі  кең  таралған  бірдей
құқықты қолданушылардың радиоарнасы.
      Сақина. Арнаны қолданушылар бір немесе бірнеше  тәуелсіз  арна  арқылы
сақина түрінде біріктірілген. Біріншісі  жалпы  шинаға  ұқсас.  Айырмашылығы
сақинадан жіберілетін деректерді жойып отыру керектігінде.  Ең  кең  тараған
Token Ring және FDDI технологиялары. Арнаға  енуді  басқаруды  талап  етеді.
Екінші жағдайда деректер  ретрансляциялаумен  жіберіледі,  бірақ  станциялар
бір-бірінен тәуелсіз деректер алмаса алады. Деректерді жіберетін екі  жолдың
болуы  желі  өнімділігін  және  сенімділігін  арттырады.   Сақина   көбінесе
ерекшеленіп бөлінген арналарда ұзақ қашықтықтарға қолданылады.
      Толық байланыс. Әрбір қос  түйін  өзара  жеке  арна  арқылы  косылған,
Қымбат кабельдік жұмыс болып  есептеледі.  Бұл  арқылы  жоғары  өнімділікке,
сенімділікке  және  жылдамдыққа  жетуге  болады.  Телефон  желісінде   ортақ
қолданылатын АТС құрған кезде пайдаланыдады.
      Ұяшықшық топологиясы толық байланысқаннан  кейбір  байланыстарды  алып
тастау арқылы пайда болады. Бұл желіде тікелей  тек  деректер  алмасу  тығыз
жүретін компьютерлер ғана байланысады  да  басқалары  үшін  аралық  байланыс
арналары қолданылады.
      Тармақтық. Элементтердің функционалды қызметтеріне  байланысты  құруға
және кабельді үнемдеуге  жол  ашады.  Барлық,  күрделі  жүйелердің  құрамына
кіреді.
      Жұлдызша.  Тармақтық  құрылымның  элементі  болып  келеді.   Кабельдік
жүйесінің  қымбаттылығымен  ерекшеленеді.   Бұл   көбінесе   түйіндер   алыс
орналасқан кезде білінеді. Деректерді жіберу және адрестеу барысында  туатын
проблемаларды бір жерде жинақтауға мүмкіндік жасайды.  Құрылымдық  кабельдер
жүйесінің, кең таралаған радиоарналарының негізі болып табылады.
      Күрделі құрылым. Типтік және классикалық құрылымдардың жиынтығы.
      Локальды  және  аймақтық  бөлшектенген   желілердің   архитектурасымен
байланысты негізгі компоненттер мен технологиялар:
Кабельдер
Желілік интерфейстік тақша (NIK, Network Interfase Card)
Концетраторлардан
Коммутаторлардан
Бағыттауыштардан (аймақтық бөлшектенген желілер)
Модемдерден (аймақтық болшектенген желілер) тұрады.


      Internet хаттамалары
      Internet хаттамаларын кез-келген өзара біріккен желілер  жиыны  арқылы
мәліметтерді жіберу үшін пайдалануға болады.Тура  сондай  дәрежеде  локальды
және   глобальды   желілердегі   байланыс   үшін   де   жарамды.    Internet
хаттамаларының  комплектілеріне  тек  қана  төменгі   деңгейлердің   (TCP/IP
сияқты)  спецификацияларымен  қатар  пошта   терминалдар   эмуляциясы   және
файлдарды жіберу сияқты жалпы қолданулардың спецификациялары кіреді.
      Хаттамалар Requests for comments (RFS) (комментарийге  деген  сұраныс)
делінетін құжаттарға  анықталады.  RFS  жарияланады,  одан  кейін   Internet
мамандары рецензиялайды және талдайды.  Хаттамаларға  анықтаулар  жаңа  RFS-
терде жарияланады.
      Желілік деңгей. IP Internet хаттамаларының комплектісін де 3-ші
деңгейінің негізгі хаттамасы болып табылады. Біріккен желілердегі
маршрутизацияға қоса IP фрагментацияны және дейтаграммаларды қайта жинауды,
қателер туралы хабарлады қамтамасыз етеді.TCP-мен қатар IP Internet
хаттамалар комплекттісінің негізін құрайды.
      IP атауы қолданылып отырған IP версиясының нөмірін  көрсететін  версия
нөмірінен (version number) басталады.
      Атау ұзындығының өрісі (IHL) дейтаграмма атауының 32-биттік сөздердегі
ұзындығын білдіреді.
      Қызмет  типінің  өрісі  (type-of-service)  жоғарғы  деңгейінің   нақты
хаттамалық нұсқауына  сәйкес  ағымдағы  дейтаграмма  қандай  жолмен  өңделуі
керектігін көрсетеді.Бұл өрістің көмегімен  дейтаграммаға  маңыздылықтың  әр
түрлі деңгейлері тағайындалуы мүмкін.
      Жалпы ұзындық өрісі (total length)  мәліметтер  мен  атауына  қоса  IP
пакетінің байттардағы ұзындығын анықтайды.
      Идентификация   өрісінде   (identification)    ағымдағы    дейтаграмма
білдіретін бүтін сандардан тұрады.Ол  өріс  дейтаграммалардың  фрагменттерін
біріктіру үшін керек.
      Жалаулар  өрісі  (flags)(құрамына  DF  бит,MF  бит  және   фрагменттің
қозғалысы  кіреді)  берілген  дейтаграмма  фрагменттеліну  мүмкіндігін  және
ағымдағы фрагменттің соңғы болуы мүмкіндігін анықтайды.
      Өмір сүру (time-to-live) мәні нольге дейін төмендейтін санауыш болады,
бұл уақытта дейтаграмма  қабылдамайды. Бұл  пакеттердің  тұрып  қалуына  жол
бермейді.
      Хаттама өрісі (protocol) жоғары деңгейдің қай  хаттаманың  IP  таңдауы
аяқталғаннан кейін кіруші пакеттерді қабылдайтындығын білдіреді.
      Атаудың бақылау қосындысының  өрісі  (header  checksum)  ID   атауының
тұтастығын қамтамасыз етеді.
      Шығару адресі мен бағытталу пунктінің өрісі  (source  and  destination
address) жіберілген және қабылдайтын тораптарды білдіреді.
      Опциялар   өрісі   (options)   IP-ге   мәліметтерді   қорғау    сияқты
факультативті мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді.
      Мәліметтер өрісі (data) жоғарғы деңгейдің ақпараты болады.
Адрестер типі:физикалық (MAC-адрес), желілік (IP-адрес) және символдық (DNS-
аты)
      TCP/IP желісіндегі әр компьютердің 3 деңгейлі адресі болады:
      Тораптық локальды адресі, ол құрамына осы торап  кіретін бөлек  желіні
құру технологиясымен анықталады. Локальды желіге  кіретін  тораптар  үшін  -
бұл  желі  адаптердің  немесе  маршрутизатор   портының   MAC-адресі   болып
табылады.    Мысалы,    11-AO—17-3D-BC-01.    Бұл     адресті     орталықтан
басқарылатындықтан өндірушілер  тағайындайды  және  бірден-бір  адрес  болып
келеді. Локальды желілердің  барлық  технологиялары  үшін  MAC-адресінің  6-
байтты форматы бар:үлкен 3 байты - өндіруші фирманың  идентификаторы,  ал  3
кіші байтты бірегей жолмен өндіруші тағайындалады. X.25 немесе  frame  relay
сияқты глобальды желілерге кіруші тораптар үшін локальді  адресті  глобальды
желінің администраторы қояды.
      4 байттан тұратын IP адрес, мысалы 109.26.17.100.  Бұл  адрес  желілік
деңгейде   қолданады.    Оны    компьютерлерді    және    маршрутизаторларды
конфигурациялау кезінде администратор тағайындайды.  IP  адресі  2  бөліктен
тұрады: желі нөмірі және торап нөмірі. Желі  нөмірін  администратор  еркімен
таңдалуы мүмкін, алайда  егер  желі  Internet-тің  құрамдас  бөлігі  ретінде
жұмыс істейтін болса, онда Internet-тің арнайы бөлімшесінің  ұсынуы  бойынша
тағайындалады.   Әдетте   Internet-тің   қызметтерінің   провайдерлері   NIC
бөлімшелерінен адрестердің диапазонын алып, абоненттерінің арасында бөледі.
      IP  хаттамалары  торап  нөмірі  тораптың  локальды  адресіне  тәуелсіз
қабылданады. IP адресінің желі нөмірінің өріске және торап нөміріне  бөлінуі
икемді және осы өрістер арасындағы шекара өздігінен белгіленуі  мүмкін.Торап
бірнеше IP желілерге кіруі мүмкін. Мұндай жағдайда тораптық  желілер  санына
байланысты бірнеше IP адрестері болуы керек. Осылайша  IP  адрес  бір  бөлек
компьютер немесе маршрутизаторды емес, бір желілік байланысты сипаттайды.
      Символдық  идентификатор  аты  мысалы   post.kazsu.kz.   Бұл   адресті
администратор тағайындайды және бірнеше бөліктерден құралады. Мысалы  машина
атауы, ұйымның  аты,  домен  аты.  DNS  атауы  депте  аталынатын  бұл  адрес
қолданбалы деңгейде қолданылады. Мысалы, FTP немесе telnet хаттамаларында.

      IP адресациясы
      Желілік деңгейдің басқа хаттамаларындағыдай біріккен  желі  арқылы  IP
диаграммаларының   маршруттау   процесіне    қатысты    IP    адресациясының
сызбанұсқасы интегралды болып келеді.
      IP адресінің ұзындығы 2 немесе 3 бөлікке бөлінген 32 биттен  тұрады.1-
кестеде IP желілеріне арналған адрестердің форматтары көрсетілген.
      Адрес екі логикалық бөліктен тұрады. Олар желі  нөмірі  және  желідегі
торап нөмірі.Ал қайсы бөлігі желі  нөміріне,  қайсы  бөлігі  торап  нөміріне
жатуы адрестің алғашқы биттерінің мәнімен анықталады.
      Егер адрес 0-ден басталса, онда желі А класқа жатады және желі  нөмірі
1 байт алады,ал басқа 3  байт  желідегі  торап  нөмірі  деп  түсіндіріледі.А
кластағы желілерде  1-ден  126-ға  дейінгі  диапазондағы  нөмірлер  бар.  (0
нөмірі  қолданылмайды,  ал  127  нөмірі  арнайы  мақсаттарға  сақталған,  ол
төменде айтылады). А  класының  желілеріндегі  тораптар  саны  216-дан  көп,
бірақ 224 аспауы керек.

|А классы       |0       |Желі №  |Торап №                        |
|В классы       |10      |Желі №  |Торап №                        |
|С классы       |110     |Желі №  |Торап №                        |
|D классы       |1110              |Multicast топтық адресі        |
|E классы       |11110             |Сақталған                      |


      1-кесте. IP желілеріне арналған адрестердің форматтары
      Егер адрестің алғашқы екі биті 10-ға тең  болса,онда  желі  В  класына
жатады және торап саны 28-216 болатын орташа өлшемді желі болып саналады.  В
класының желілерінде желі адресі  мен  торап  адресіне  16  биттен,  яғни  2
байттан беріледі.
      Егер адрес 110 тізбегінен басталса,онда желі С класына  жатады,  торап
саны 2-ден аспайды. Желі адресіне 24 бит, торап адресіне 8 бит арналады.
      Егер де адрес 1110 тізбегінен басталса, онда ол multicast деп аталатын
ерекше топтық адресті  білдіріп,  D  класты  адреске  жатады.  Егер  пакетте
бағытталу адресі ретінде  D класының адресі берілген  болса,онда  пакет  осы
адресті меншіктенген барлық тораптар алуы керек.
      Егер адрес 11110 тізбегінен басталса, онда ол Е класының  адресі  және
болашақта пайдалануға сақталған.
      Келесі кестеде ір желілер класына сәйкес  келетін  адрестер  диапазоны
келтірілген.


      |Класс|Ең кіші адрес |Ең үлкен адрес       |
|A    |01.0.0.0      |126.0.0.0            |
|B    |128.0.0.0     |191.255.0.0          |
|C    |192.0.1.0     |223.255.255.0        |
|D    |224.0.0.0     |239.255.255.255      |
|E    |240.0.0.0     |247.255.255.255      |

      Арнайы адрестер туралы келісімдер: broadcast, multicast, loopback

      Символдық  адресті ІР-адресінде көрсету: DNS қызметі
      DNS  (Domain  Name  System)   -   бұл   Internet   желісінде   түйінді
идентификациялау үшін иерархиялық аттар жүйесін қолдайтын  бөлінген  мәлімет
базасы. DNS  қызметі  түйіннің  белгілі  символдық  аты  бойынша  IР-адресті
автомтты  түрде  іздеуге  арналған.  DNS  IР-адресті  компьютердің   адресін
көрсететін кестелердің статистикалық конфигурациясын талап етеді.
      DNS хаттамасы қолданбалы деңгейдегі қызметтік хаттама болып  табылады.
Бұл хаттама  симметриялы  емес,  онда  DNS  -серверлері  мен  DNS-клиенттері
анықталған. DNS -серверлері символдық  аттары  мен  IР-адресінің  сәйкестігі
жөніндегі бөлінген мәлімет  базасының  бір  бөлігін  сақтайды.  Бұл  мәлімет
базасы Internet желісінің административті доменалары бойынша  бөлінген.  DNS
серверінің клиенттері DNS серверінің IP адресін, өз административті  доменін
біледі және IP хаттамасы бойынша сұраныс  жібереді,  бұл  сұраныста  белгілі
символдық атты хабарлайды және оған IР -адресті қайтаруды сұрайды.
      Егерде сұралған сәйкестік DNS-серверінің мәлімет  базасында  сақталған
болса, ол жауапты клиентке дереу жібереді, ал жоқ болса, онда  ол  сұранысты
басқа доменді DNS серверге жібереді, ол өзі сұранысын  өндей  алады,  немесе
басқа DNS -cepвepгe  жібереді.  Барлық  DNS  -серверлер  Internet  желісінің
домендерінің иерархиясьша  сәйкес  иерархиялы  түрде  біріктірілген.  Клиент
керекті көрсетулерді  таппағанша  барлық  аттар  серверін  сұрайды.  Сұраныс
бойынша берілген ақпаратты аттар  серверлері  ылғи  да  кэштайтындықтан  бұл
процесс  тездетіледі.  Клиенттік  компьютер   өз   жұмысында   бірнеше   DNS
-серверлердің   IР-адресін   қолданыла   алады,   бұл   олардың    жұмысының
сенімділігін артады.
      DNS мәлімет базасы әр доменде (ағаш түйіні) аты  бар  және  поддоменді
ұстай алатын ағаш құрылымына ие аттардың  домендік  кеңістігі  деп  аталады.
Доменнің аты осы мәлімет базасында оның туған доменіне  байланысты  жағдайын
идентификациялайды, және  де  аттарындағы  нүкте  доменнің  түйініне  сәйкес
бөліктерді беледі.
      DNS  мәлімет  базасының  түбірі  INIC  (Internet  Network  Information
Center) орталығымен басқарылады.  Жоғары  деңгейдің  домені  әр  елге  бөлек
беріледі,  сонымен  қатар  ұйымдастырушылық  деңгейде  белгіленеді.  Елдерді
белгілеуде 3 әріпті және 2  әріпті  аббревиатуралар  қолданылады,  ал  түрлі
ұйымдастырушылық типтерге келесі аббревиатуралар қолданылады:
      com — коммерциялық ұйымдар;
      edu - білімдік;
      gov — үкіметтік ұйымдар;
      org — коммерциялық емес ұйымдар;
      net — желіні қолдайтын ұйымдар.
      Әр DNS домені бөлек ұйыммен администрацияланады, әдетге ол өз  доменін
поддоменге  бөліп,  бұл  поддомендерді  администрациялау  функцкясын   басқа
ұйымдарға береді. Әр домен  ерекше  атқа  ие,  ал  әр  бір  поддомен  өзінің
доменінің ішінде ерекше атқа ие. Доменнің аты 63 символға дейін бола  алады.
Internet желісінде әр бір хост өз толық доменді атымен анықталады.  Ол  FQDN
(fully  qualified  domain  name)  бағыты  хостан  түбірге   дейінгі   барлық
домендердің атын қосады. Толық DNS -атының мысалы: citint.dol.ru
      Internet-тің  маршрутизациясы
      Дәстүрлі түрде Internet желісінде маршрутизация құрылғысын шлюз дейді,
бірақ бұл сәтсіз  термин,  өйткені  күнделікті  желілер  индустриясында  бұл
терминнен басқа функционалдық мүмкіндіктері бар  құрылғыны  атайды.  Шлюздер
(осы  сәттен  бастап  біз  оны  роутер  деп  атаймыз)   Internet   желісінде
иерархиялық  принципке  сәйкес  ұйымдастырылған,  Кейбір  роутерлер   бірдей
администртивтік басшылықта және басқаруда болып отырған  белгілі  бір  нақты
желілер тобы арқылы ақпаратты ауыстыруда  колданылады.  Мұндай  объектілерді
автономды жүйе деп атайды (autonoumus system). Автономды жүйе  қарамағындағы
ақпаратты  алмастыруда  қолданатын  роутерлер   ішкі   роутерлер   (interior
routers) деп аталады. Олар осы  амалды  орындауда  түрлі  ішкі  хаттамаларды
(interior gate way  Protocol-IGP)  қолданады.  Ақпаратты  автономды  жүйелер
арасында тасымалдайтын роутерлерді, сыртқы роутерлер (exterior routers)  деп
атайды. Ол үшін олар сыртқы  роутерлер  хаттамаларын  қолданады.   1-суретте
Internet архитектурасы көрсетілген.
[pic]
                       1-сурет. Internet архитектурасы

      IP маршрутизацияның хаттамалары  динамикалық  хаттамалар.  Динамикалық
маршрутизация (dynamic routing) кезінде маршруттар  жайлы  сұраулар  белгілі
бір уақыт интервалы арқылы  құрылғылардың  программалық  қамтамасыз  етуімен
саналу керек. Бұл процесс белгілі бір уақыт  интервалы  арқылы  жүргізіледі.
Бұл процесс желісі администратормен қойылған  және  де  желі  администраторы
өзі ауыстырмағанша ауыспайтын статикалық  маршрутизацияға  (static  routing)
қарсы процесс.
      IP  маршрутизациясы  біріккен  желілер  арқылы   IP   дейтаграммасының
қозғалуының мінезін анықтайды. Сапар басында бүкіл  маршрут  белгісіз.  Оның
орнына  әрбір  аялдамада,  дейтаграммада  бар  тағайындалу  пункті  ағымдағы
түйіннің маршруттық  кестесімен  сәйкестіріліп,  келесі  тағайындалу  пункті
есептелінеді.

      Бекіту сұрақтары
   1. Компьютерлік желі дегеніміз не?
   2. Компьютерлік желінің қандай түрлері бар?
   3. Локальді және аймақтық  бөлшектенген  желілер  дегеніміз  не?  Олардың
      айырмашылықтары неде?
   4. Телекоммуникациялық есептеуіш желілер дегеніміз не?
   5. Жергілікті желі дегеніміз не?
   6. Оның жұмыс істеу принциптері қандай?
   7. Негізгі желілік топологияларды атаңыз?
   8. Кабельдердің түрлері қандай? Олардың айырмашылықтары мен
      артықшылықтары неде?
   9. Желіні физикалық құру дегеніміз не?
  10. Желіні логикалық құру дегеніміз не?
  11. Internet дегеніміз не?
  12. Internet хаттамалары дегеніміз не?
  13. IP адресациясы дегеніміз не?
  14. IP маршрутизациясы дегеніміз не?





      Дәріс  14. Электронды үкімет.


      http:// www.e.gov.kz
      Электрондық  үкімет – ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  кең
қолдану жолымен  азаматтарға және ұйымдарға қызметтерді  ұсынуға  максималды
бағытталған, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу.
      «Электрондық үкімет енгізу – бұл мемлекеттік  басқарудың   тиімділігін
жоғарлатуға бағытталған әкімшілік реформаның маңызды  элементі.  Біріншіден,
ол  мемлекеттік  процедуралардың  тұнықтығын  қамтамасыз   етеді,   сыбайлас
жемқорлықты   төмендетуге   мүмкіндік   туғызады.   Екіншіден,   мемлекеттік
аппаратты ұстау бойынша мемлекеттік шығындарды қысқартады және  бір  уақытта
мемлекеттік  қызметкерлердің  әлеуметтік  жағдайын  жоғарлатады.  Үшіншіден 
қызметінің кәсіпкерлігі мен ПҚК жақсартады. Төртіншіден, мынадай  салықтарды
төлеу, әртүрлі құжаттарды ресімдеу және алу сияқты процедураларға көп  уақыт
кетірмеуге мүмкіндік береді...»
                                                         Нұрсұлтан Назарбаев


      Электрондық  үкімет  (е-үкімет)  –  халықтың  ел  үкіметімен   тікелей
байланысын қамтамасыз  ететін  жүйе.  Бұл  –  қызмет  көрсету,  азаматтардың
саясатқа  араласуы  және  басқару  үрдістерін  ішкі   және   сыртқы   қарым-
қатынастарды  техникалық  құралдардың,  Internet-тің,  қазіргі  заманғы  БАҚ
көмегімен өзгерту арқылы үздіксіз оңтайландыру. ҚР Электрондық үкіметі  веб-
порталы – www.e.gov.kz. мемлекеттік  қызметтерді  «бір  терезе»  принципімен
ұсыну тұжырымдамасын жүзеге асырудың тәжірибелік механизмі  болып  табылады.
Бұл жоба Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2004  жылғы  10  қарашадағы
№1471  Жарлығымен   бекітілген   2005-2007   жылдарға   арналған   Қазақстан
Республикасында    Электронды    үкіметті    қалыптастырудың     Мемлекеттік
бағдарламасы аясында  жүзеге  асырылуда.  Қазақстанда  Электрондық  үкіметті
енгізу  жұмыстары  халықтың  мемлекеттік   органдарға   жүгінуін   оңайлату,
мемлекеттік  органдардың  азаматтар  мен  ұйымдарға  көрсететін   қызметтері
сапасын  жақсарту  және  мерзімін  қысқарту,  мемлекеттік  органдар  қызметі
бойынша дерек қорларына қатынасуды қамтамасыз ету және  келешекте  әкімшілік
жүйе жетістіктерін есепке ала  отырып,  құрамы  жағынан  оңтайлы  да  тиімді
мемлекеттік аппарат жасауға бағытталған.
      Электрондық үкімет азаматтарға мемлекетпен қарым-қатынас жасауды  және
мемлекеттік  қызметтерге  қатынауды  орналасқан  орны  мен   жыл   мезгіліне
тәуелсіз, тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн бойы қамтамасыз етіп  отыруы
тиіс.  Мемлекеттік  мекемелер  көрсететін  барлық  қызметтердің  тізімі  мен
сипаттамасы,  нормативтік-құқықтық  ақпарат,  азаматтардың  билікпен,  түрлі
әлеуметтік қызметтермен, комитеттермен және  ведомстволармен  ашық  та  тура
сұхбаты  кез  келген  уақытта  бәріне  де,  әркімге  де  ашық  болуы   тиіс.
www.e.gov.kz.  Веб-порталының  пайдаланушылары  екі  категорияға   бөлінеді:
пайдаланушылар және тіркелген пайдаланушылар.  Пайдаланушылар  веб-порталдың
барлық беттерін қарап шыға алады, бірақ жеке беттерге қатынаса алмайды.
      Жеке беттерге қатынау мүмкіндігіне ие болу үшін  веб-порталда  тіркелу
қажет.  Жеке  бет  азаматтарға  электрондық  пошта,  күнтізбелік  жоспарлау,
жөнелтімдер, қатынас құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді.
                АҚПАРАТТЫҚ ТЕҢСІЗДІКТІ ТӨМЕНДЕТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
     «Ақпараттық теңсіздік» - бұл халықтың әртүрлі топтар және  қабаттарында
ақпаратқа тең рұқсат мүмкіндігінің жоқтығын анықтайтыны түсінікті.
Ақпараттық  технологияны  дамыту  адамдарға  зор  артықшылық   береді.   Бұл
бағыттың негізігі мақсаты,  Қазақстанда  компьютерлік  технология  саласында
халықтың сауаттылық үлесін арттырудан тұрады.
     Қазақстан Республикасында  «ақпараттық  теңсіздікті»  игеру  мақсатында
2006 жылдың 13-қазанынан № 995 Қазақстан Республикасы Үкіметінің  қаулысымен
бекітілген   «2007-2009   жылдары   Қазақстан   Республикасында   ақпараттық
теңсіздікті төмендету бағдарламасы» (әрі қарай Бағдарлама) жасалған.
     Бағдарлама мақсаты: 2009 жылға дейін  Интернет торабындағы халықтар мен
пайдаланушылардың  компьютерлік сауаттылық деңгейін     20-%-ке жеткізу.
     Бағдарлама  міндеті: Қазақтанның  халқына  күнделікті  өмірде  Интернет
торабын 20%-тен кем емес тиімді пайдалану үшін ыңғайлы шарт құру,  Қазақстан
халқының өмірінде  ақпараттық   ресурстардың  әлеуметтік  және  экономикалық
маңыздылығын арттыру.
Бағдармалама бағыттары:
  1. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшін оқытушыларды дайындау.
  2. Халықты компьютерлік  сауаттылыққа  оқыту  процесін  дистанциялық  және
     күндізгі оқыту формалары бойынша әдістемелік қамтамасыз ету.
  3. Халықтың  компьютерлік сауаттылығын арттыру.
  4.  Интернетке  кіру  рұқсатымен  тарифін  төмендету  және  халықты  арзан
     компьютерлік техника бағасы бойынша қамтамасыз ету.
  5. Отандық АТ-мамандарын дайындау.
  6. Индустрия және сауда, денсаулық  сақтау,  білім,  мәдениет  салаларында
     ақпараттық-танымдық веб-порталдар құру.
Бағдарлама құзіретінде «Компьютерлік сауаттылық» курс  бағдарламасы  бойынша
компьютерлік сауаттылыққа оқыту ұйымдастыру жоспарлануда.





      Дәріс 15
      Модельдерді тұрғызудың негізгі этаптары


      Мақсаты: Модельдер түсінігін қалыптастыру және олардың түрлерімен
танысу.
         – Модельдер туралы түсінік;
         – Модельдеу. Модельдеу түсінігі;
         – Модельдеу тану  әдісінің бір түрі;
         – Модельдеудің классификациясы;
         – Модель түрлері;
         – Модельдерді тұрғызудың негізгі этаптары.


      Адамзат  ертеден-ақ;  объектілерді,  процестерді,  әр  түрлі  саладағы
кұбылыстарды зерттеу барысында модельдеу (қасиеттері  ұқсас  шағын  үлгісін,
баламасын салу) тәсілін қолданып келеді. Осы зерттеулердің нәтижелері  нақты
объектілер  мен  процестердің  қасиеттерін  анықтауда,  құбылыстардың   болу
себептерін ашуда, жаңа объектілерді кұрастыру мен  ескілерін  талдауда  т.б.
маңызды орын алады. Модельдеу — адамның өз іс-әрекетін алдын ала  жоспарлап,
дұрыс шешім қабылдауына әсер етеді.
      Адам қолымен жасалған абстрактылы немесе материалды объектілер  модель
бола алады. Модельді талдау нәтижесінде нақты  күрделі  объектіні  тереңірек
білуге мүмкіндік туады. Мұндағы шын  мәніндегі  нағыз  табиғи  объект,  яғни
нақты объект прототип немесе түпнұсқа (оригинал) деп аталады.
      Модель дегеніміз — нақты объектіні, процесті  немесе  құбылысты  ықшам
әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
      Модельдеу —  объектілерді,  процестерді  немесе  құбылыстарды  зерттеу
мақсатында олардың моделін (макетін) құру.
      Түпнұсқаның өзін зерттемей оның моделін  кұрудың  қандай  пайдасы  бар
деген заңды сұрақ туындайды. Біріншіден, модельдеу арқылы  шын  мәнінде  жоқ
немесе бұрын болып жойылып  кеткен  объектіні  зерттеуге  болады.  Модельдеу
үшін уақыт ешқандай кедергі келтірмейді. Белгілі деректерге  сүйене  отырып,
гипотеза немесе ұқсастық әдісімен өте ерте замандағы  жағдайлар  мен  табиғи
апаттарды модельдеуге  болады.  Екіншіден,  түпнұсқаның  қасиеті  мен  өзара
әсері  орасан  зор  болуы  мүмкін.  Кейбір  жағдайда   адамды   қызықтыратын
объектінің бір  қасиетін  зерттеу  үшін,  оның  бірқатар  қасиетін  ескермей
жасаған модельдер түпнұскаға қарағанда  оның  қасиетін  зерттеуде  тиімдірек
болады.
      Объектілердің   модельдері    ретінде    әдеби    шығармалар    немесе
архитектуралық ғимараттың кішірейтілген көшірмесі, мектептегі оқу  кұралдары
т.б алынуы мүмкін. Модель сутегі атомы, күн жүйесіндегі  планеталар,  елдегі
парламент, үкімет құрылымы т.б. нақты өмірде бар дүниені  бейнелеуі  мүмкін.
Бірақ модель ретінде нақты бір  заттың  абстрактылы  қорытындысын  көрсетуге
болады.  Киім  үлгісін  насихаттайтын  модель  жеке   ерекшеліктері   немесе
кемшіліктері бар нақты адамды емес, бір  стандарттағы  идеал  адам  бейнесін
елестетеді.
      Табиғат  апаттарын  алдын  ала   болжау   мақсатында,   тірі   табиғат
құбылыстарын зерттеу үшін олардың  модельдері  жасалады.  Орыс  ғалымы  және
Ломоносовтын досы — академик Георг Рихман XVIII ғасырдың  басында  магниттік
және  электр  күштерінің  табиғатын  зерттеу   үшін,   болашақта   пайдалану
мақсатында   олардың   модельдерін   жасады.   География   пәнінде   табиғат
құбылыстарын  оқу  барысында  нақты  бір  жағдайға  емес  (сел,  дауыл,  жер
сілкінісі), олардың адамға тигізген зардабына ғана тоқталамыз.
      Жоғарыда келтірілген  мысалдарда  модельдің  прототипі  ретінде  ортақ
қасиеті бар құбылыстар немесе объектілер  тобы  алынып  отыр.  Объектілердің
немесе  құбылыстардың  моделінде  түпнұсканың   қасиеттері,   яғни   олардың
сипаттамалары мен параметрлері бейнеленеді.
      Процестердің де моделін құруға, яғни материалдық объектімен  жасалатын
іс-әрекеттерді модельдеуге болады. Оған мысал  ретінде  экономикалық  немесе
экологиялық процестерді, әлем немесе қоғам дамуын айтуға болады.
      Әрбір адамның  күнделікті  іс-әрекетінде  белгілі  бір  мәселені  шешу
немесе кез келген жұмыс орындалмас  бұрын  оның  санасында  алдын  ала  оның
орындалу моделі жасалады. Мысалы, жолдан өту немесе дүкенге бару, сабақ  оқу
т.б. әрекеттерді орындау  алдыңда  өз  ойымызша  жолдан  қалай  өту,  қандай
жолмен бару, қай сабақтан бастап дайындалу  сияқты  іс-әрекеттер  тізбегінің
моделі жасалады.
      Модель — көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде  жасалуы  мүмкін.
Мұндай модель барлық уақытта біздің  ойымызда  бейнеленетін  прототип  пайда
болғанға дейін жасалады.
      Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр  түрлі  модель  жасалуы  мүмкін.
Модельдің  жасалуы  зерттеу  мақсатына  және  прототип  жөнінде  жинақталған
мәліметтердің көлеміне тәуелді болады.
      Мысалы, жуық арада басқа қалаға қыдырып баратын болдық делік. Ол  қала
туралы өзіміз білетін мәліметтерді жинақтап,  ойымызды  қорытып,  қиялымызда
сол қаланың моделін жасай бастаймыз.  Мұндағы  мақсатымыз  —  басқа  қаламен
танысу. Қаланы аралап келгеннен соң, толық мәлімет  алғандықтан,  ойымыздағы
модель өзгеруі мүмкін. Ал сол қаланың сәулетші жасаған моделі  мүлде  өзгеше
болады.  Өйткені,  онын  мақсаты  —  үйлер   мен   ғимараттардың   үйлесімді
орналасуы, құрылысы және оларды кәркейтіп қайта жаңарту болып табылады.
      Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді:
     1. Қолданылу аймағы.
     2. Модельде уақыт факторын ескеру.
     3. Білім саласына қарай топтау.
     4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.
      Қолданылу  аймағына  қарай  модель  не  үшін  және   қандай   мақсатқа
қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында  оқу,  тәжірибелік,  ғылыми-
техникалық, ойын, имитациялық (1-сурет) тәрізді топтарға жіктеледі.
















          1-сурет. Модельдердін колданылу саласына катысты жіктелуі


      Оқу моделі — көрнекі оқу құралы,  әр  түрлі  машықтандырушы,  үйретуші
программалар түрінде болуы мүмкін.
      Тәжірибелік модель—жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда
объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады. Бұл  модельдер
— объектіні зерттеу,  қасиеттерін  болжау  мақсатында  қолданылады.  Мысалы,
үлкен  теңіз  кемесінің  моделін  алдын  ала  бассейнге  жіберіп,  оның  тез
қозғалған кездегі ауытқуын, шайқалу кезіндегі ұстамдылығын анықтайды т.б.
      Ғылыми-техникалық   модельдер—процестер   мен   құбылыстарды   зерттеу
мақсатында құрылады. Оған мысал ретінде электрондардың  жылдамдығын  үдеткіш
— синхротрон, найзағайдың разрядын бақылаушы кұрал және теледидар  тексеруге
арналған стендтерді айтуға болады.
      Ойын модельдеріне — әскери, экономикалық, спорттың ойындар жатады. Бұл
модельдер әр түрлі  жағдайда  объектіні  бақылауға  жаттықтырады.  Сондай-ақ
қарсыласы немесе одақтасы тарапынан  болатын  іс-әрекетке  қарай  алдын  алу
шараларын  анықтауға  көмектеседі.  Ойын  модельдері  адамдарға   әр   түрлі
жағдайда психологиялық көмек көрсетеді.
      Имитациялық  модель  —  шын  мәніндегі  нақты  объектіні  өте   жоғары
дәлдікпен  бейнелей  алады.  Тәжірибе  нақты  объектіні   зерттеу,   бағалау
мақсатында бірнеше рет кайталанады немесе бір  мезгілде  әр  түрлі  жағдайда
бірнеше ұқсас объектілермен қатар жүргізіледі. Дұрыс шешім таңдаудың  мұндай
тәсілі байқау және қатенің әдісі деп аталады. Мысалы, жаңа дәрілердің  әсері
мен қабылдау мөлшерін бекіту үшін оны алдымен  тышқандарға  беріп,  тәжірибе
жасайды.
      Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп
екі топқа жіктеуге болады.
      Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір
уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. Мысалы, тіс емханасында  дәл  сол
уақыт мезетіндегі окушылардың  тістерінің  жағдайы  туралы  мәлімет  береді:
бастауыш сыныптағылардың  сүт  тісі,  орта  және  жоғары  буын  оқушыларының
емделген, емделуге тиісті тістерінін саны т.б.
      Динамикалық  модель  —  уақыт  барысындағы  объектінің   қасиеттерінің
өзгерісін көрсету  мүмкіндігін  береді.  Мысалы,  жеке  оқушының  емханадағы
түбіртек кітапшасын динамикалық  модель  деп  айтуға  болады.  Өйткені,  осы
кітапша бойынша жыл сайын олардың денсаулығындағы болып жатқан  өзгерістерді
анықтау мүмкіндігі бар.
      Үй салу кезінде оның іргетасының кабырғалары  мен  тіреулерінің  үнемі
түсіп тұратын күшке шыдамдылығын тексеру керек. Бұл  —  үйдің  статистикалық
моделі. Сондай-ақ дауылға, жер сілкінісіне т.б. уақыт  факторына  байланысты
болатын өзгерістерді де ескеру қажет. Бұл мәселелерді  динамикалық  модельге
сүйене отырып анықтауға болады. Жоғарыдағы мысалдардан  байқағанымыздай  бір
объектіні  статистикалық  және  динамикалық  модельдерді  пайдалана  отырып,
зерттеу мүмкіндігі бар.


      Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай топтау.
      Модель көрсетілу әдісіне қарай материалдық және ақпараттық болып үлкен
екі топқа жіктеледі (2-сурет).
      [pic]


             2-сурет. Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай топтау


      Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық  деп  айтуға
да  болады.  Олар  түпнұсканың  геометриялық  және   физикалық   қасиеттерін
көрсетеді.   Материалдың   модельдердің   қарапайым   мысалдарына    балалар
ойыншықтарын  алуға  болады.  Ойыншықтар  көмегімен  кішкене  кезінен   бала
қоршаған орта жөнінде түсінік ала бастайды. Мысалы, кішкене жұмсақ  жолбарыс
ойыншығымен  ойнаған  бала,   зоопаркте   оны   бірден   таниды.   Сондай-ақ
материалдық модельге  биология  кабинетіндегі  құстар  сұлбасы,  тарих  және
география   пәндеріндегі   пайдаланылатын    карталар,    күн    жүйесіндегі
планеталардың схемалары, жер серігінің  макеттері  т.б.  мысал  бола  алады.
Мектептегі оку құралдарымен бірге физикалық  және  химиялық  тәжірибелер  де
материалдық модель болады. Бұл тәжірибелер процестерді  модельдейді.  Сутегі
мен  оттегінің  арасындағы  реакцияны  көрсету  тәжірибесі  арқылы  процесті
бақылай  аламыз.   Материалдық   модель   объектіні,   процесті,   құбылысты
материалдық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді.
      Ақпараттық модельді колмен ұстап, көзбен көре алмаймыз.  Себебі,  олар
тек ақпараттарға ғана кұрылады. Мұндай модельдер коршаған ортаны  ақпараттық
жағынан зерттеуге мүмкіндік береді.
      Ақпараттық  модель  дегеніміз  —  объектінің,  процестің,   құбылыстың
қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен  өзара
байланыс болып табылады.
      Объекіні немесе процесті сипаттайтын ақпарат әр түрлі көлемде, көрсету
тәсілі  түрліше  және  әр  түрлі  кұралдармен  берілуі  мүмкін.  Әр  адамның
мүмкіндігі мен қиялы әр қилы болғандықтан алуан түрлілікке қойылар шек жоқ.
      Ақпараттық модельге вербальдік  (ағылшын  тілінен  аударғанда  ауызша)
модель жатады. Бұл модель ойлау мен оның  қорытындысы  нәтижесінде  алынады.
Вербальдік  модель  ойда  қалуы  немесе  сөзбен  жеткізілуі  мүмкін.  Мұндай
модельге жолдан өту кезіндегі біздің  тәртібімізді  жатқызуға  болады.  Адам
жолдағы жағдайға талдау жасайды, бағдаршамға қарап  немесе  көліктің  қандай
жылдамдықпен  келе  жатқандығын  бағдарлап  жолдан  өтуді  алдын  ала   ойша
жоспарлайды. Егер осы  жоспар,  яғни  модель  дұрыс  құрылса,  жолдан  сәтті
өтеді, ал дұрыс құрылмаса,  оқыс  жағдай  болуы  мүмкін.  Сондай-ақ  осындай
модельге  ақынның  ойындағы  өлең  жолдарын,  сазгердің  әуенін  т.б.  мысал
ретінде келтіруге болады.
      Вербальдік модель дегеніміз —  ойша  немесе  әңгіме  түрінде  жасалған
ақпараттық модель.
      Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез  келген  жасанды  тіл
құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.
      Таңбалық модельдерге сурет, мәтін, график, схемалар мысал бола  алады.
Вербальдік  және  танбалық  модельдер  бір-бірімен  өте  тығыз   байланысты.
Адамның ойындағы вербальдік модель әр түрлі таңба арқылы көрсетілуі  мүмкін.
Керісінше, таңбалық модель арқылы  шын  мәніндегі  модельді  жинақтап,  ойша
оның дұрыс моделін құруға болады.
      Мысалы, өзіміз білетін аңызда Ньютонның басына құлап түскен алма  оған
Жердің тартылыс күші жөнінде ой салды. Осы ой занды таңбалар арқылы  қорытып
жазуға мүмкіндік берді.
      Физикалық құбылыстың болу заңдылығын түсіндіретін мәтінді оқыған  соң,
адамда ойша оның бейнесі жинақталады. Осылайша бейне нақты құбылысты  тануға
әсерін тигізеді.
      Көрсету түріне қарай ақпараттық  модельді  мынадай  топтарға  жіктеуге
болады:
      Геометриялық модель — графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.
      Ауызша  модель  —  иллюстрацияны  пайдаланып,  ауызша   және   жазбаша
сипаттаулар.
      Математикалық   модель   —   объект   немесе   процестің   әр    түрлі
параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.
      Құрылымдық модельдер — схема, графиктер мен кестелер т. б.
      Логикалық модель — ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған
іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.
      Арнайы модельдер — ноталар, химиялық формулалар.
      Әр түрлі  модельдерді  тарату  үшін  әр  түрлі  аспаптар  қолданылады.
Модельдерді сипаттау үшін көптеген формалды тілдер бар.
      Материалдық модель кұру  үшін  суретші  қылқаламы,  фотоаппарат,  ара,
балға, сызғыш т.б. құралдар жеткілікті.
      Егер модель абстракты түрде бейнеленсе,  оларды  сипаттауға  мүмкіндік
беретін арнайы тіл, сызба, график, алгоритм, математикалық  формулалар  т.б.
таңбалық жүйелер колданылады. Ал оларды тарату екі түрлі құрал  арқылы  іске
асырылады. Бірі — кәдімгі аспаптар, ал екіншісі —  кәдімгі  компьютер  болып
табылады.
      Тарату тәсіліне қарай модельдер компьютерлік  және  компьютерлік  емес
болып бөлінеді
      Компьютерлік  модель  деп  программалық  орта  көмегімен  іске  асатын
модельдерді  айтады.  Компьютердің  ақпаратпен  жұмыс   істейтіні   белгілі.
Қазіргі кезде компьютерлер дыбыстың, бейне, анимация,  мәтін,  схема,  кесте
т.б. ақпараттармен  жұмыс  істей  алады.  Осы  ақпараттарды  өңдеу,  тарату,
кабылдау үшін компьютердің техникалық және программалық жасауы  болуы  тиіс.
Техникалық және  программалық  жасауы  компьютерлік  модельдеудің  құралдары
болып табылады.
      Мысалы,  дыбыстық  ақпараттармен  жұмыс  істеу  үшін  міндетті   түрде
дыбыстық карта және  арнайы  программалық  жасауы  болуы  қажет.  Композитор
арнайы музыкалық редактормен жұмыс істей отырып, ноталық мәтінді теріп,  оны
басуға шығарып, өңдеу жасай алады т.б. Сондай-ақ  сазгер  әр  түрлі  аспапқа
арнап жазған нотаның  дыбыстық  моделін  жекелей  немесе  ансамбльде  тыңдай
алады. Компьютерлік  модельдің  цифрлық  дыбысы  шын  мәніндегі  аспаптардың
тембрінен еш  айырмашылығы  жоқ  деуге  болады.  Компьютер  әншінің  дауысын
әуеннің дыбыстық моделімен сәйкестендіре алады, сондай-ақ әр  түрлі  биіктік
пен тембрдегі  (тенор,   бас  т.б.)  дауыстарды  модельдеу  мүмкіндігі  бар.
Берілген ырғақ, екіпінге, музыкалық стильге т.б.  сәйкес  композиция  құруға
мүмкіндік беретін арнайы программалар бар.
      Геометриялық. фигураларды графикалық редактордың  көмегімен  модельдеу
мүмкіндігі  бар.  Графикалық   редактордың   көмегімен   жазықты,   көлемді,
фигураларды модельдеуге болады.
      Қазіргі  кезде  әр  түрлі  компьютерлік  таңбалық  модельдерді  құруға
мүмкіндік беретін мәтіндік редактор, формула редакторы,  электрондық  кесте,
дерек базасын басқару жүйелері, программалау орталары т.б. бар.
      Модельдеудің негізгі кезеңдері
      Модельдеудің негізгі кезеңдері  есептің  қойылу  шарты  мен  мақсатына
қарай анықталады.  Модельдеудің  жалпы  кезендерін  9.4-суретте  көрсетілген
схемамен   көрсетуге   болады.   Бірақ   модельдеу   шығармашылық    процесс
болғандықтан, бұл кезеңдердің кейбір блоктары  болмауы  немесе  жақсартылуы,
ал бірқатары толықтырылуы мүмкін.
      1-кезең. Есептің қойылымы.
      Жалпы алғанда есеп дегеніміз — шешілуге тиісті мәселе болып  табылады.
Есептің койылымында берілген бастапқы мәліметтерімен қатар мақсатын  анықтау
және объектіні немесе процесті таңдау анық көрсетілуі кажет.
      [pic]


                        4-сурет. Модельдеу кезеңдері
      Есептің қойылуы. Есеп (мәселе) табиғи  тілде  жазылады,  сондықтан  ол
түсінікті болуы тиіс. Ең бастысы модельдеу объектісін анықтап,  нәтижеде  не
болу  керектігін  түсіну  кажет.  Модельдеудің  нәтижесі   мөселені   түсіну
дәрежесіне байланысты.
      Модельдеу мақсаты. Модель құрудың мақсаты — қоршаған ортаны  тану  деп
айтуға болады.
      Модельдеудің тағы бір мақсаты — берілген  қасиеттеріне  қарай  объекті
жасау болып табылады.
      Модельдеудің бұдан өзге тағы бір мақсаты — объектіні  немесе  процесті
басқару тиімділігі болып табылады.
      Объектіні талдау. Бұл кезеңде нақты  модельденетін  объекті  мен  оның
қасиеттері  анықталады.  Осы  факторлардың  барлығын  модельдеудің  бастапқы
параметрлері деп атауға болады.
      Бастапқы  объект  —  бір-бірімен  байланысқан  бірнеше   ұсақ   құрама
бөліктердің жинағы болып табылады. Таңдау дегеніміз —  элементар  объектілер
деп аталатын объектіні құрайтын бөліктерін анықтау  мақсатында  оны  кішкене
бөліктерге  бөлу.  Талдау  нәтижесінде  қарапайым   объектілердің   жиынтығы
шығады. Бұл объектілер  бір-бірімен  тең  дәрежелі  немесе  өзара  бағынышты
байланыста болуы мүмкін.
      2-кезең.  Модель  құру.  Ақпараттық  модель.  Бұл  кезеңде   элементар
объектілердің қасиеттері,  күйі  және  басқа  да  ерекшеліктері  кез  келген
пішінде, яғни  ауызша  түрде,  схема  немесе  кесте  арқылы  да  анықталады.
Бастапқы объектіні құрайтын элементар  объектілер  жөнінде  толық  мағлұмат,
яғни ақпараттық модель жасалады.
      Модель объектінің қасиеттерін, белгілерін, күйін  толық  көрсететіндей
болуы  қажет.  Объектіні  зерттеу  үшін  адам  сол  объект  жөнінде  ақпарат
жинайды. Ақпараттың аса көп болуы міндетті емес, қолданылатын  мақсатка  сай
болса, жеткілікті.
      Кейбір объектілерге белгілі бір қасиеттер тән  болғандықтан  ол  көзге
анық  көрініп  тұрады.  Модель  кұру  кезінде  объектіні  зерттеу  мақсатына
зерттеу құралдары мен  адамның  білім  дәрежесіне  қарай  әр  түрлі  ақпарат
жинақталады.
      Объектінің қасиеттерін сипаттау үшін  әр  түрлі  схемаларды,  таңбалық
жүйелерді қолдануға болады.
      Ақпараттық  модельде  объектінің  параметрлері  мен  оның  құраушылары
сандық. мәтіндік және басқа  түрде  беріледі.  Ал  зерттеу  барысындағы  іс-
әрекеттер ақпаратты өндеу процесі түрінде көрсетіледі.
      Ақпараттық  модель  адам  өмірінде  маңызды   орын   алады.   Мектепте
окытылатын пәндер де кұбылыстарды танып-білу  мақсатында  ақпараттық  модель
түрінде беріледі.
      Ақпараттық модель еш уакытта объектіні  толық  сипаттай  алмайды.  Бір
объект үшін әр түрлі ақпараттық модель құруға болады.
      Таңбалық модель. Ақпараттық модель  компьютерлік  немесе  компьютерлік
емес таңбалық түрдің бірінде көрсетіледі. Компьютерлік модельдеу үшін  алдын
ала қағазға модельдің сызбасын немесе үлгісін  жасап,  есептеу  формулаларын
жазу қажет. Тек, мазмұны таныс, карапайым есептерге ғана  компьютерлік  емес
таңбалық модельдің кажеті жоқ. Қазіргі кезде компьютер зерттеушінің  негізгі
құралы  болып   отырғандықтан,   адамдардың   көпшілігі   есептеуді   бірден
компьютерде орындайды.
      Компьютерлік модель.  Ақпараттық  таңбалық  модель  жасалғаннан  кейін
компьютерлік модельді құруға көшуге болады.  Ақпараттық  модельді  зерттеуге
мүмкіндік беретін  көптеген  программалар  жинағы  бар.  Әрбір  программалық
ортаның өзінің аспаптары  бар  және  белгілі  бір  ақпараттық  объектілермен
жұмыс істеуге негізделген. Сондықтан адам койылған мәселені  шешуге  ыңғайлы
әрі жеңіл программалық ортаны таңдап алуы кажет.
      Компьютерлік модель дегеніміз —  программалық  орта  көмегімен  жүзеге
асатын модель
      3-кезең. Компьютерлік эксперимент
      Жаңа конструкторлық жұмыс, техникалық шешімдерді  өндірісте  пайдалану
және жаңа идеяларды тексеру үшін эксперимент жасау кажет.
      Лабораториялық және табиғи эксперименттер көп  уақыт  пен  материалдық
шығынды кажет етеді.
      Есептеу  техникасының  дамуына  байланысты   зерттеудің   жаңа   әдісі
компьютерлік  тәжірибеге  жол  ашылды.  Тәжірибелік  үлгі  мен  сынақ   үшін
көптеген жағдайда модельдерді компьютерлік  зерттеулерде  қолдануға  болады.
Компьютерлік  тәжірибе  жүргізу  мынадай  екі  кезеңнен  тұрады:   модельдеу
жоспарын құру және модельдеу технологиясы.
      Модельдеу жоспары модельмен жасалатын  жұмыстың  ретін  анық  көрсетуі
қажет. Көп жағдайда жоспар компьютерлік модельді зерттеуші орындауға  тиісті
іс-әрекеттердің  нөмірленген   тізбегімен   беріледі.   Мұнда   қолданылатын
программалық ортаны анық көрсету қажет емес.
      Жоспардын бірінші бөлімі тест құру, одан кейін модельді тестілеу болып
табылады.
      Тестілеу дегеніміз - модельдің дұрыстығын тексеру.
      Тест  дегеніміз  -  алдын  ала  нәтижелері  белгілі  болатын  бастапқы
мәліметтердің жинағы.
      Модельдеуден алынған нәтиженің дұрыстығына сенімді болу үшін  құрылған
тест бойынша модельге алдын ала компьютерлік  тәжірибе  жүргізу  керек.  Бұл
кезде мынадай мәселелерді ескеру қажет:
біріншіден,  тест  компьютерлік  модельдін  атқаратын   қызметіне   кұрылған
алгоритмді  тексеруге  бағытталуы  тиіс.   Тест  оның  мағыналық.   мазмұнын
сипаттамайды. Бірақ тестілеу процесі кезінде  алынған  нәтиже,  адамды  есеп
койылымының мағыналық мазмұны ашылған бастапқы  ақпараттық  немесе  таңбалық
модельге өзгеріс енгізуге жетелеуі мүмкін.
екіншіден, тестіде бастапқы дерек нақты жағдайды мүлдем  көрсетпеуі  мүмкін.
Бұл кез келген қарапайым сан  және  символдар  жинағы  болуы  мүмкін.  Мұнда
нақты деректердің нұсқасына байланысты күтілетін  нәтижені  алдын  ала  білу
маңызды.
      Мысалы, күрделі математикалық қатынастар арқылы  көрсетілген  модельді
тестіден өткізу кажет болсын. Ол үшін бірнеше,  бастапқы  деректерді  таңдап
алып, алдын ала жауабын есептейміз  де,  күтілетін  нөтиже  белгілі  болады.
Одан кейін осы бастапқы деректер  арқылы  компьютерлік  тәжірибе  жүргіземіз
де, алынған нәтижені күтілетін  нәтижемен  салыстырамыз.  Бұл  екеуі  бірдей
болуы тиіс. Егер бірдей болмаса себебін іздеп, қатені түзетеміз.
      Тестілеуден  кейін  модельдің  дұрыстығына  көз  жеткізіп,   модельдеу
технологиясына көшеміз.
      Модельдеу технологиясы дегеніміз —  пайдаланушы  адамның  компьютерлік
модельмен орындайтын мақсатты іс-әрекеттерінің жинағы.
      4-кезең. Модельдеу нәтижесін талдау
      Модельдеудің соңғы мақсаты — шешім кабылдау болын табылады.  Модельдеу
нәтижесін  талдау  шешуші  кезең  болады.  Себебі  бұдан  кейін  модельдеуді
жалғастыру немесе тоқтату керек. Модельдеу нәтижесі үнемі мақсатқа сай  келе
бермейді. Кейбір жағдайда модельдеуді кайта бастауға тура келетін кездер  де
болады.  Алдыңғы  кезеңдерде  қате   жіберілгендіктен  нәтиже  мақсатқа  сай
келмеуі мүмкін. Қате ақпараттық модель  толық  жасалмағандықтан,   модельдеу
ортасы  немесе  әдісі  дұрыс таңдалмағандықтан т.б. болуы мүмкін. Егер  қате
жіберілсе, модельдеуді қайта қарап, алдыңғы кезеңге кайта оралу  қажет.  Бұл
процесс модельдеу мақсатына сай болғанға дейін қайталана береді.  Жіберілген
қатені табудың өзі нөтиже болып табылады.


      Бекіту сұрақтары
   1. Модель  дегеніміз  не?  Модельдің  өмірдегі  нақты  объектіден  немесе
      процестен қандай айырмашылығы бар?
   2. Модельдеу дегеніміз не? Модельге мысал келтіріңдер.
   3. Бір объектіге бірнеше модель кұруға бола ма? Ол неге байланысты
      болады?
   4. Модельдеудің прототипі не болуы мүмкін?
   5. Әр түрлі объект, кұбылыс, процестерді модельдеуге мысал келтіріңдер.
   6. Материалдық модель дегеніміз не?
   7. Ақпараттық модель дегеніміз не?
   8. Вербальдік модель дегеніміз не?
   9. Таңбалық модель дегеніміз не?
  10. Көрсету әдістеріне қарай модель қандай топтарға жіктеледі?
  11. Компьютерде модельдеу  үшін  не  кажет?  Компьютерлік  модельге  мысал
      келтіріндер.
  12. Модельдеудің   бастапқы және соңғы бөлімдеріне сипаттама беріңдер.
  13. Есеп қойылымының қандай түрлері бар?
  14. Бірдеңгейлі өзара байланысқан объектілерге мысал келтіріңдер.
  15. Бағынышты түрде байланысқан  объектілерге мысал  келтіріңдер.
  16. Компьютерлік  модельдеудің құралдарын атаңдар.
  17. Компьютерлік модель дегеніміз не?
  18. Компьютерлік тәжірибе деп нені айтады?
  19. Модельді тестілеу дегеніміз не?
                        Практикалық жұмыс №1 (1 сағ)
Тақырыбы: Информатика құрылымы. Ақпарат құрылымы
Мақсаты:  Информатиканың  мақсаты  мен  міндеттерін  қарастыру,  құрылымымен
           танысу.  Ақпарат   туралы   түсінікті   бекіту,   ақпарат   өшем
           бірліктерімен танысу

Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:
Информатикадан оқулық
      Теориялық түсініктеме:
      Информатика -  ЭЕМ  арқылы  информацияны  жинау,  сақтау,  түрлендіру,
жеткізу және оны  пайдалану  заңдылықтары  мен  тәсілдерін  зерттейтін  жаңа
ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы  бұл  ғылымның  тек  ЭЕМдерді
пайдалану мүмкіндіктері мен  олардың  жұмыс  істеу  принциптерін  түсіндіріп
қана қоймай, қоғамдық өмірде  және  адамдар  арасында  информацияны  кеңінен
тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.  Қазіргі  кезде  жаңа
ЭЕМ-дер  күнбе-күн  пайда  болып,  олардың  даму  процесі  үздіксіз  ғылыми-
техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар  информацияны  өңдеу,  жинау
және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге  байланысты
информатика жиі өзгеріске үшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны  оқып-
үйрену күннен күнге күрделеніп  барады.  Информатиканың  негізгі  объектісі,
яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация  болып  саналады.  Сондықтан
"информация" үғымы  информатика  мен  ЭЕМ-де  жұмыс  істеудің  ең  түбегейлі
атауларының бірі болып есептеледі.

      Біз бәріміз бала кезімізден бастап ақпарат алмасу процесіне қатысамыз.
Кітап,  газет  және  журнал  оқығанда,  радио  тыңдап,  теледидар  көргенде,
мұғаліммен,  ата-аналармен,  достарымызбен  әңгімелескенде  әртүрлі  ақпарат
аламыз. Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір-бірімен  сөйлесуі
де  ақпарат  түрлерінің:  сөздердің,  ойлардың,  хабарлардың,  мәліметтердің
алмасуына мысал бола алады. Адамдардың араласуы  мен  бірге  жүруі  -  жұмыс
істеу, оқу және ойнау – ақпарат алмасуынсыз  жүзеге  аса  алмайды.  Берілген
ақпараттар өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып,  айнала  ортамызда  болып
жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.
      Информацияны жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, информация алмасу
тек ауызба-ауыз айтумен  немесе  әртүрлі  қимылдармен  ғана  емес,  оқу-жазу
арқылы  да  беріле  бастады.  Оқи  білу  жәнз  ойын  жазып  жеткізе  білу  -
адамзаттың сауаттылығының белгісі  бола  бастады.  Ойды  жазып  қалдыру  тек
мағлұмат пен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың  ізгі  қазыныларын  үрпақтан
ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін берді.
      "Информация" термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген  үғымынан
туындаған  ағылшынның  information  сөзінен  шыққан.  Ақпаратты  біз  ауызша
немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс  түрінде  бере  аламыз.  Кез  келген
керекті  ақпаратты  мағынасын  түсініп,  оны  басқаларға   жеткізіп,   соның
негізінде белгілі бір ой түйеміз.
      Ақпараттығ түпкі заттық мазмүны оның негізгі қасиеттерін - дәлдігі мен
толықтығын,  бағалылығы  мен  қажеттілігін,  анықтылығы  мен  түсініктілігін
ашуға көмектеседі. Ақпарат істің  ақиқаттық  жағдайын  толық  ашатын  болса,
оның дәл  болғаны.  Дәлдігі  жоқ  ақпарат  оны  түсінбеушілікке  және  соған
байланысты теріс шешім қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер  ақпарат  оны
түсінуге және белгілі бір  шешім  қабылдауға  жеткілікті  болса,  онда  оның
толық болғаны. Ақпаратның толық болмауы ол  жөнінде  белгілі  бір  тұжырымға
келуге  кедергісін   тигізіп,   қателікке   үрындыруы   мүмкін.   Ақпараттың
бағалылығы,  оны  пайдалана  отырып,  қандай  мәселелер  шеше   алатынымызға
байланысты болады. Өзекті (дер кезінде берілген)  ақпаратты  жүмыс  шарттары
өзгерген жағдайда өте  керек  болады.  Егер  бағалы,  әрі  өзекті  ақпаратты
түсініксіз сөздермен жазылса,  оның  пайдаға  аспайтыны  өзінен-ақ  белгілі.
Егер ақпаратты пайдаланушылар тілінде жазса, ол тусінікті болады.
      Ақпаратты түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр
сигналдары, магниттік жазба және т. б.

Тапсырма:
Төмендегі тақырыптар бойынша семинарлық сұрақтарға жауап жазыңыз:
   1. Информатиканың даму тарихы
   2. Қазіргі заманғы информатиканың құрылымы
   3. Информатиканың әлеуметтік аспектілері
   4. Үздіксіз және дискретті ақпарат
   5. Философия және ақпарат
   6. Ақпараттың құрылымы
   7. Ақпараттың ықтималдылығы

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
      Семинар  сұрақтарына  жауаптарды  ұсынылатын  әдібиеттерді  пайдаланып
жазыңыз
Ұсынылатын әдебиеттер: [1-9]/[1,2,3]

Бекіту сұрақтары:
   1. Информатикаға берілетін қандай анықтамаларды білесіз?
   2. «Информатика» термині қалай пайда болды?
   3. Информатиканың мақсаты мен міндеттерін атаңыз?
   4. Ғылым жүйесінде информатиканың алатын орыны?
   5. Компьютерлік сауаттылық деген не?
   6. Ақпарат дегеніміз не?
   7. Ақпараттың қасиеттерін атаңыз
   8. Ақпарттың қандай түрлерін білесіз?
   9. Ақпаратты ұсыну тәсілдерін атаңыз?
  10. Ақпартты өлшеу тәсілдерін атаңыз?


                        Практикалық жұмыс №2 (2 сағ)
Тақырыбы: Санау жүйесі
Мақсаты: Информатиканың арифметикалық негізімен танысу, сандарды  бір  санау
           жүйесінен екіншісіне ауыстыру
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:
      Теориялық түсініктеме:
      Сандарды атау және  жазу  ережелері  меен  әдістерінің  жинағын  санау
жүйесі деп атайды.
      Санау жүйелері екі топқа бөлінеді: позициялық  және  позициялық  емес.
Санның цифрына бөлінетін позицияны  разряд  деп  атайды.  Екі  санның  әрбір
разрядын бит деп атайды.

      Ондық санау жүйесінің цифрлары: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9
      Оналтылық санау жүйесінің цифрлары: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,A,B,C,D,E,F
      Екілік санау жүйесінің цифрлары: 0,1
      Сегіздік санау жүйесінің цифрлары: 0,1,2,3,4,5,6,7


      Санды  екілік  жүйеден  ондық   жүйеге   ауыстырғанда   екілік   санды
коэффициент – цифрлармен екінің  дәрежелерінің  көбейтінділерінің  қосындысы
түрінде жазып, осы қосындыны табу керек.
      Санды сегіздік  санау  жүйесінен  ондық  санау  жүйесіне  ауыстырғанда
сегіздік   санды   коэффициент   –   цифрлармен    сегіздің    дәрежелерінің
көбейтінділерінің қосындысы түрінде жазып, осы қосындыны табу керек.
      Санды оналтылық санау  жүйесінен  ондық  санау  жүйесіне  ауыстырғанда
оналтылық   санды   коэффициент   –   цифрлармен   оналтының   дәрежелерінің
көбейтінділерінің қосындысы түрінде жазып, осы қосындыны табу  керек.  Латын
әріптерімен берілген сандарға оның ондық жүйедегі мәнін қоямыз.
      Санды бүтін ондық санды екілік  жүйесіне ауыстырғанда, осы санда екіге
бөлу керек. Алынған  бөліндіні  қайтадан  екіге  бөліп  және  т.с.с  алынған
бөлінді екіден кіші болғанша бөле беру керек. Нәтижесінде соңғы бөлінде  мен
соңғысынан бастап барлық қалдықтарды бір жолға жазу керек.  Дәл  осы  сияқты
ондықтан сегіздікке, оналтылыққа  ауыстырғанда  да  осы  ережені  сақтаймыз,
екінің орнына сегізге жіне оналтыға бөлеміз.
Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін бөлекті екіге  көбейту
керек. Көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің үтірден кейінгі  бірінші
цифры ретінде алып, бөлшек бөлігін қайтадан 2-ге  көбейту  керек.  Енді  бұл
көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік  бөлшектің  келесі  цифры  ретінде  алып,
бөлшек бөлігін тағы 2-ге көбейту керек.
      Сандарды екілік жүйеден сегіздік санау жүйесіне ауыстыру:

|Екілік жүйе                 |Сегіздік жүйе               |
|000                         |0                           |
|001                         |1                           |
|010                         |2                           |
|011                         |3                           |
|100                         |4                           |
|101                         |5                           |
|110                         |6                           |
|111                         |7                           |














Осы кесте арқылы ауыстырамыз.  Екілік  сандарды  соңынан  бастап  үштіктерге
бөлемізде, кестеге қарап сегіздік жүйедегі мәнін қоямыз. Мысалы:  1101111011
екілік  саны  1 101 111 011  деп  жазып   әрбір   топты   кестедегі   мәнмен
ауыстырамыз, сонда 1573 санына тең болады.

Сандарды екілік жүйеден оналтылық санау жүйесіне ауыстыру:

|Ондық жүйе            |Екілік жүйе           |Оналтылық жүйе        |
|0                     |0000                  |0                     |
|1                     |0001                  |1                     |
|2                     |0010                  |2                     |
|3                     |0011                  |3                     |
|4                     |0100                  |4                     |
|5                     |0101                  |5                     |
|6                     |0110                  |6                     |
|7                     |0111                  |7                     |
|8                     |1000                  |8                     |
|9                     |1001                  |9                     |
|10                    |1010                  |A                     |
|11                    |1011                  |B                     |
|12                    |1100                  |C                     |
|13                    |1101                  |D                     |
|14                    |1110                  |E                     |
|15                    |1111                  |F                     |

Осы  кесте  арқылы  ауыстырамыз.  Екілік  сандарды  соңынан  бастап  төрттен
топтаймыз  да,  кестеге  қарап  оналтылық  жүйедегі  мәнін  қоямыз.  Мысалы:
1101111011 екілік саны 11 0111 1011 деп жазып әрбір топты  кестедегі  мәнмен
ауыстырамыз, сонда 37В санына тең болады.
Арифметикалық амалдар
Қосу:
0+0=0
1+0=1
0+1=1
1+1=10 бір көрші разрядқа тасымалданады.

Азайту:
0-0=0
1-0=1
0-1=1 көрші разрядтан бірін қарызға аламыз.
1-1=0

Көбейту:
0*0=0
1*0=0
0*1=0
1*1=1

Бөлу ондық жүйедегі сатылап бөлу сияқты орындалады.

Тапсырма:
       1. Берілген сандарды ондық санау  жүйесінен  екілік  санау  жүйесіне
          аударыңыз
          а) 464(10);  б) 380,1875(10);      в) 115,94(10)
       2. Берілген сандарды ондық жүйеге аударыңыз
          а) 1000001(2)         б) 1000011111,0101(2)         в) 1216,04(8)
          г) 29A,5(16)
       3. Сандарды қосыңыз
          а) 10000000100(2) + 111000010(2) 
       4. Алу амалын орындаңыз
          а) 1100000011,011(2) – 101010111,1(2) 
       5. Көбейтуді орындаңыз
          а) 100111(2) ( 1000111(2) 
 
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
1 тапсырма
|а) 464     |0         |          |
|Иә         |Иә        |Иә        |
|Иә         |Жоқ       |Жоқ       |
|Жоқ        |Иә        |Жоқ       |
|жоқ        |жоқ       |Жоқ       |


       Ақиқаттық кестесінен:
 - Пікірдің екеуі де акиқат болғанда, А жөне В конъюнкциясы
   ақиқат.
 - А немесе В пікірлерінің бірі немесе екеуі де жалған болса, онда
   А және В конъюнкциясы жалған болады.
                               Логикалық қосу
       Біріктіруші мағынада  қолданылатын  НЕМЕСЕ  жалғаулығының  көмегімен
қарапайым А және В айтылымдарының  бір  кұрамдасқа  бірігуі  логикалың  қосу
немесе дизъюнкция (латынша disjunctio — бөлу),  ал  операцияның  нәтижесі  —
логикалык қосынды деп аталады.
       НЕМЕСЕ  логикалық  операциясы  белгісімен   (кейде   +   белгісімен)
белгіленеді.
       НЕМЕСЕ  логикалық  операциясының  акикаттық   кестесі   төмендегідей
болады:
|А          |В         | А және В |
|Иә         |Иә        |Иә        |
|Иә         |Жоқ       |Иә        |
|Жоқ        |Иә        |Иә        |
|жоқ        |жоқ       |Жоқ       |


       Бұл операцияның ақиқаттық кестесінен, егер А да, В да иә  мәніне  ие
болса, не тек қана А, не тек қана В иә мәніне ие болса, онда  "А  немесе  В"
пайымдауы иә мәніне ие болатындығы көрінеді. Және керісінше, егер  А  да,  В
да жоқ мәніне ие болса, онда "А немесе В" пайымдауы жоқ мәніне ие болады.
 - А немесе В пікірлерінің ең болмағанда біреуі акиқат болғанда, А немесе  В
   дизъюнкциясы ақиқат.
 - А және В пікірлерінің екеуі де жалған болғанда, А және В
   дизъюнкциясы жалған.
                             Логикалық терістеу
       Қарапайым  А  айтылымына  ЕМЕС  шылауын  қосу   логикалық   терістеу
операциясы деп аталады, операцияны орындау нәтижесінде  жаңа  айтылым  пайда
болады.
       ЕМЕС операциясы айтылымның үстіне сызықша салумен белгіленеді.
       ЕМЕС (терістеу) операциясының ақиқаттық кестесі:
|А          |А емес    |
|Иә         |Жоқ       |
|Жоқ        |Иә        |


       Мұндағы А қандай да бір кез келген айтылым.
       Мысалы, "Бүгін күн ыстық"  айтылымы  үшін  "Бүгін  күн  ыстык  емес"
айтылымы терістеу болады.
       Кейбір кездерде барлық айтылым "... жалған" сөзін колдануға  болады.
Сонда "Сен жақсы баға алдың" айтылымын терістеу "Сенің  жақсы  баға  алғаның
жалған" айтылымы болады.
       Бұл операцияның  ақиқаттык  кестесінен,  егер  бастапқы  А  айтылымы
жалған болса, онда А емес (А ақиқагп емес), теріске  шығаруы  иә  мәніне  ие
болатынын көреміз. Және, керісінше, егер бастапқы А айтылымы  ақиқат  болса,
А емес, жоқ мәніне ие болады.
        - Бастапқы пікір жалған болғанда, терістеу- ақиқат.
        - Бастапқы пікір ақиқат болғанда, терістеу- жалған.

Тапсырма:
Есепті шешіңіз:
       Өзеннің жағасында тұрған кайығы бар  шаруаның  касқыры,  ешкісі  және
кырыққабаты бар. Шаруа  өзеннің  екінші  жағалауына  қасқырды,  ешкіні  және
қырыкқабатты өткізуі керек. Қайыққа шаруаның өзінен басқа,  не  тек  қаскыр,
не тек ешкі, не тек қырыққабат қана сыяды. Қаскырды  ешкімен  немесе  ешкіні
қырықкабатпен қараусыз калдыруға болмайды, өйткені қасқыр  ешкіні,  ал  ешкі
қырыққабатты жеп коюы мүмкін. Мұндай жағдайда шаруа не істеуі керек?
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
Бұл есепте арифметика емес, пайымдау үстемдік етеді.
   1. Егер касқырды алып кетсе, онда ешкі кырыққабатты жеп қояды.
   2. Егер қырыққабатты алып кетсе, онда касқыр ешкіні жеп қояды.
   3. Ендеше, ең алдымен ешкіні алып өту керек, өйткені қасқыр  қырықкабатты
      жемейді, ал сонан кейін қайтып келіп...
   4. Енді өздеріңіз логикалық ойды аяғына дейін жеткізіңдер.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1-8, 10,12]/[1,2,3,4]

Бекіту сұрақтары:
      1. Буль алгебрасының негізін қалаушы кім?
      2. Қандайй еңбектері жарық көрген?
      3. Бульдік айнымалы деген не?
      4. Бульдік функцияның қандай түрлері бар?
      5. Пікір дегеніміз не? Мысал келтіріңіз


                        Практикалық жұмыс №4 (1 сағ)

Тақырыбы: Джон-фон-Нейман принципі. Компьютердің архитектурасы

Мақсаты:  Компьютер архитектурасымен танысу.  Джон  фон  Нейман  принципімен
           танысу

Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:
Информатикадан оқулық

Теориялық түсініктеме:
      Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде  есептеу  жұмыстарын
жүргізіп отыруға әрқашанда мүқтаж болды. Алғашқы  кезеңдерде  оған,  аяқ-кол
саусақтары секілді қарапайым қүралдар жеткілікті болды.  Рылым  мен  техника
дамуына байланысты есептеу жүмыстарының  қажеттілігі  артып,  оны  жеңілдету
үшін арнайы құралдар -  абак,  есепшот,  арифмометр,  арнаулы  математикалык
кестелер  шығарыла  бастады.  Бірақ  үстіміздегі  ғасырдың  40   жылдарында,
ядролық физиканьщ даму ерекшеліктеріне  байланысты,  қолмеи  есептеу  істері
көптеген материалдық ресурстарды жәнг адамның тікелей  араласуын  талап  ете
бастады. Мысалы, "Манхеттен жобасын" (АҚШ-тағы  атом  бомбасын  жасау)  іске
асыру кезінде есептеу жүмыстарына  600  адам  қатысты,  олардың  бірсыпырасы
тікелей есептеумен айналысып, қалғандары сол  жұмыстың  дұрыстығын  тексеріп
отырды.
      Электроника  табыстары  нәтижесінде  жасалынған  техникалық   аспаптар
электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ) деп атала бастады.
      Компьютер ақпаратты арнайы құрылған  программалар  арқылы  ғана  өңдей
алады. Жалпы, оның оның орындайтын негізгі  жұмысы:  ақпаратты  енгізу,  оны
өңдеу, өңделген ақпаратты  сыртқа  шы,ару,  сақтау.  Программаны  пайдаланып
жұмыс  істейтін  ЭЕМдердің  көпшілігінің  құрылымы  Американың   кибернетика
ғалымы Дж. Фон Нейманның еңбектерінде 1945 жылы жарық көрді.
      Біз үлкен ЭЕМ-ді нзмесе дербес компьютерді алсақ та,  олар  бір-біріне
үқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады:
1 орталық процессор;
2 енгізу құрылғысы;
3 есте сақтау құрылғысы;
4 шығару құрылғысы.


      Орталық  процессор  барлық,  есептеу  және   информация   өңдірістерін
орындайды. Бір интегралдық схемадан  тұратын  процессор  микропроцессор  деп
аталады. Күрделі машиналарда процессор бір-бірімен өзара байланысты  бірнеше
интегралдық
схемалар жиынынан тұрады.
      Енгізу қүрылғысы информацияны компьютерге енгізу қызметін атқарады.
      Есте  сақтау  құрылғысы  программаларды,   мәліметтерді   және   жұмыс
нәтижелерін компыбтер жадына сақтауға арналған
      Шығару құрылғысы компьютердің жүмыс нәтижесін адамдарға  жеткізу  үшін
қолданылады.


      Дербес  ЭЕМ-нің   (ДЭЕМ)   элементтік   базасы   болатын   электрондық
компоншттері информация өңдеудің белгілі  бір  қызметін  немесе  оны  сақтау
ісін  аткарады.  Мұндай  компоненттер  интегралдык  схемалар  деп   аталады.
Интегралдық  схема  металдан  не  пластмассадан  жасалған  қорапқа  салынған
жартылай өткізгішті кристалдардан түрады. Жіңішке жіп секілді арнайы  сымдар
осы кристалды қораптың шеткі тақшаларымен жалғастырады. Жартылай  өткізгішті
кристалл көбівесе  өте  таза  кремнийден  жасалады,  оны  жасауда  вакуумдық
бүрку, тырналау, қоспаларды иондық түрде  енгізу,  дәлме-дәл  фотолитография
тәрізді және де  басқа  жоғары  сапалы  технологиялар  қолданылады.  Осындай
күрделі  технология  нәтижесінде  кристалда  электр  схемасына  біріктірілгш
"электрондық молекулалар" жасалады. Олар бір  кристалл  көлемінде  (5x5  мм)
жүз  мыңнан  аса   бір-бірімен   байланысқан   "электрондық   молекулаларды"
қүрастырып, өте күрделі информацияны түрлендіру  жүмыстарын  орындай  алады.
Мүмкін  болашақта  осындай  схемалар  элементтері  рөлін  тікелей   ұғымдағы
заттардың  молекулалары  атқаратын  шығар.  Интегралдық  схемаларды   жасау,
тексеру, олардың сапаларын Бекіту  -  барлығы  да  автоматтандырылған,  оның
үстіне оларды сериялық түрде шығару да меңгерілген.  Интегралдық  схемаларды
шығаруды баспаханалардағы кітапты  көбейтіп  шығарумен  салыстыруға  болады.
Олар өздерінің атқаратын функцияларына қарай  ЭЕМ-нің  әртүрлі  тетіктерінің
шифраторлардың, сумматорлардың, күшейткіштердің түрлеріне байланысты  бөлек-
бөлек топтарға жіктеліп,  серияларға  бөлініп  шығарылады.  Бұл  схемалардың
интегралдық (біріктірілген) деп аталу себебі олардың  бір  кристалы  күрделі
логикалық  функциялардың  белгілі  біреуін  орындай  алады,  сосын   олардан
транзисторлар м е н д и о д т а р д а н к ү р а с т ы р ы л а т ы н с и я  қ
т ы м а ш и н а қондырғылары оңай жасалады. ДЭЕМ бірыңғай аппараттық  жүйеге
біріктірілген  техникалық  электрондық  қүрылғылар  жиынынан  түрады.   ДЭЕМ
қүрамына  кіретін  барлық  қүрылғыларды  олардың  функционалдық  белгілеріне
қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік блок және сыртқы қүрылғылар.
      Жүйелік блок мыналардан тұрады:
- микропроцессор;
- оперативті есте сақтаушы қүрылғы немесе жедел жады;
- тұрақты есте сақтаушы қүрылғы;
- қоректену блогы мен мәлімет енгізу-шығару порттары.
      Ал, сыртқы құрылғылар былайша бөлінеді:
- информация енгізу құрылғылары;
информация шығару құрылғылары;
- информация жинақтауыштар.
      ДЭЕМ-нің құрамында ең  аз  дегшде  жүйелік  блок,  бір-бірден  енгізу,
шығару қүрылғылары және ең аз  дегенде  бір  информация  жинақтауыш  құрылғы
кіреді.  ДЭЕМ-де  шешілетін  мәселеге  байланысты  пайдаланушы   адам   оның
минималды  конфигурациясына  қосымша  шеткері   құрылғыларды   қосу   арқылы
кеңейтуіне болады. Информация мен  басқару  командаларын  енгізетін  негізгі
құрылғыларға пернетақта (клавиатура), "тышқан"  тәрізді  тетік  және  сканер
(із кескіш) жатады. Осындай функцияларды бұлардан  өзге  жарық  қаламұштары,
жарық сезгіш планшеттер, джойстиктер (ұршық тәріздес тетік)  және  басқа  да
мәселелерді  шешуге  қолданылатын  қүралдар  орындайды.  Мысалы,   осылардың
кейбіреуін жобалау жұмыстарын автоматтандыруда қолдануға болады.

Тапсырма:
Төмендегі тақырыптар бойынша семинарлық сұрақтарға жауап жазыңыз:
   1. Дж. Фон Нейманның принципі
   2. ЭЕМнің буындары
   3. Компьютердің архитектурасы
   4. Қазіргі кездегі ЭЕМнің негізгі блоктары

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
      Семинар  сұрақтарына  жауаптарды  ұсынылатын  әдібиеттерді  пайдаланып
жазыңыз

Ұсынылатын әдебиеттер: [1-9]/[1,2,3]

Бекіту сұрақтары:
   1. Компьютер ұғымына анықтама беріңіз
   2. Джон фон Нейман принципі қай жылдары жарық көрді?
   3. Компьютердің функционалдық классификациясын атаңыз?
   4. Джон фон Нейманның программаны сақтау принципін атаңыз?
   5. Джон фон Нейманның жедел жады ұяшықтарына қатынасу принципіне анықтама
      беріңіз?
   1. Компьютер ұғымына анықтама беріңіз?
   2. Дербес компьютердің негізгі компоненттерін атаңыз?
   3. Дербес компьютердің қосымша құрылғыларын атаңыз?
   4. Жады түрлерін атаңыз?
   5. Микропроцессордың қызметі қандай?


                        Практикалық жұмыс №5 (1 сағ)
Тақырыбы: Енгізу-шығару құрылғысы, пернетақта, ДК видеожүйесі
Мақсаты:  Компьютердің енгізу-шығару құрылғыларымен танысу
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:
Информатикадан оқулық

Теориялық түсініктеме:
Тапсырма:
Төмендегі тақырыптар бойынша семинарлық сұрақтарға жауап жазыңыз:
   1. Пернетақта
   2. Принтер, сканер, модем
   3. Монитор
   4. Жады. Түрлері

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
      Семинар  сұрақтарына  жауаптарды  ұсынылатын  әдібиеттерді  пайдаланып
жазыңыз
Ұсынылатын әдебиеттер: [1-6, 9, 11]/[1,2,3]
Бекіту сұрақтары:
   1. Компьютердің сыртқы құрылғыларын атаңыз?
   2. Енгізу құрылғыларына сипаттама беріңіз?
   3. Компьютердің видео жүйесін сипаттаңыз?
   4. Шығру құрылғырын атаңыз?
   5. Клавиатура жұмысын сипаттаңыз?






                         Практикалық жұмыс №6 (1сағ)
Тақырыбы: Алгоритм түрлері. Алгоритмді сипаттау әдістері.
Мақсаты: Алгоритм ұғымымен танысу. Алгоритм құруды үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:
Теориялық түсініктеме:
      ЭЕМ машиналық команда түрінде жазылған тек бір қарапайым арифметикалық
не бір логикалық амалды  ғана  орындай  алатын  етіп  құрылған.  ЭЕМ  арқылы
ақпаратты  өңдеу  нәтижесін  табу  үшін   біртіндеп   орындалатын   амалдар,
нұсқаулар тізбегін алдын ала дайындап алу  керек.  Нәтиже  алу  үшін  арнайы
ереже бойынша жинақты түрде дайындалған  нұсқаулар  тізбегі–  алгоритм   деп
аталады. Яғни, алгоритм – белгілі бір нәтижеге жету үшін ретпен  орындалатын
әрекеттер жиынтығы.
Алгоритм қасиеттері:
     1. Жалпылылық - әрбір алгоритмнің барлық деректер иыны  үшін  анықталуы
        керек.
     2. Анықтылық – алгоритмнің  әрбір  қадамы  нақты  бір  амалды  анықтауы
        немесе орындауы керек.
     3. Нәтижелілік – алгоритмнің ь орындалуы, нақты нәтиже беруі.
      Алгоритмді әр түрлі тәсілдерді пайдаланып дайындау мүмкін.
      Берілгендер  –  информатикадағы   негізгі   ұғымдардың   бірі   ЭЕМ-ге
ендірілетін, шығарылатын және  ішкі кодталған түрде өңделетін  информация  -
берілгендер деп аталады.
      Алгоритмнің қарапайым операцияны орындауы үшін  машинаға  берілген  әр
нұсқауы машиналық команда деп, ал  командада  көрсетілген  сан  және  символ
-аргумент деп аталады.
      Машинаға  түсінікті  командалар  тізбегі   арқылы   жазылған   есептің
алгоритмі  осы  есептің  программасы   деп,   программа   құру   процесі   –
программалау деп аталады.
ақпаратты өңдеудің алгоритмін 3 түрлі жолмен құруға болады.
Алгоритмнің берілу формалары:
1) ауызша алгоритм
2) блок-схема түрінде
3) алгоритмдік тілде
      Ауызша алгоритм – күнделікті пайдаланылатын сөздер  мен  математикалық
символдарды қолданып жазылған жеке-жеке нұсаулар жиынтығынан тұрады.
      Блок-схема – түрлі  арнайы  фигуралар,  нұсқаулар  арқылы  программада
орындалатын  әрекеттер  мен  олардың  орындалу  ретін  көрсететін  графиктік
схема. Мұнда алгоритмде орындалатын әрекеттер геометриялық фигуралар  арқылы
сызылып, олардың байланыс жолдары нұсқама арқылы көрсетіледі.


а)
      алгоритмнің басы мен соңы




б)     - берілгендерді ендіру және нәтижені шығару

в)
      - шартты тексеру


г)
      - информацияны өңдеу

д)    - байланыс бағыттары

      Алгоритмдік тіл – құрылымы нақтыланған  бірыңғай  және  дәл  жазылатын
арнайы символдар мен ережелер жүйесінен тұрады. Пайдаланылатын  символдар  –
тілдің алфавитін, ережелер жүйесі-оның синтаксисін құрайды.
Алгоритмнің құрылымдық жағынан бөлінуі:
   1.  Сызықтық  -  әрекеттер  ретімен  бірінен  кейін  бірі    тізбектеліп
      орындалады.
   2. Тармақталған – алгоритм қандай да бір шартқа  байланысты  тармақталып
      кетеді.
   3. Циклдік – белгілі бір қадамдар қайталана беретін алгоритм.
   4. Көмекші алгоритм – программа ішіне алдын –ала дайындалған алгоритм.

Тапсырма:
   1. Екі жай бөлшек берілген. Олардың бөліндісін есептейтің алгоритмін және
      блок- схемасын құрыңыз
   2. а,b,c 3 нақты сан берілген. Ең үлкенің табатын есептің алгоритмін және
      блок- схемасын құрыңыз.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

1-тапсырма:
Екі жай бөлшекті бөлу амалы келесі түрде орындалады. [pic] Сондықтан бізге
n,m сандарын табу керек.






      Есептің алгоритмі келесі түрде болады:


      алг         Бөлшектерді бөлу(нақ a, b, c, d, m, n) {Қолданушы
енгізетін
                                                  және алгоритм есептеп
                                                  шығаратын айнымалылар типі
                                                  көрсетіледі}
      арг         a, b, c, d {Қолданушы енгізетін айнымалылар }
      нәт         m, n {Шығатын  айнымалылар }
      басы
                  енгізу   a, b, c, d
                       m=a*d
                       n=b*c
                  шығару     алымы=m
                  шығару     бөлімі=n
      cоңы



Есептің блок- схемасы:



























2-тапсырма:
      Есептің алгоритмі келесі түрде болады:


      алг   Үш санның үлкенің табу (нақ a, b, c, mах) {Қолданушы енгізетін
                                                  және алгоритм есептеп
                                                  шығаратын айнымалылар типі
                                                  көрсетіледі}
      арг         a, b, c {Қолданушы енгізетін айнымалылар }
      нәт         mах {Шығатын  айнымалылар }
      басы
                  енгізу   a, b, c
                       егер    a>b
                      онда   max:=a
                      әйтпесе     max:=b
                 тармақ соңы
                      егер   с>max
                      онда   max:=c
                 тармақ соңы
                  шығару     Ең үлкені=mах
      cоңы
























      Есептің блок- схемасы:
































Ұсынылатын әдебиеттер: [1-10]/[1-4]

Бекіту сұрақтары:
      1. Алгоритм терминіне анықтама беріңіз
      2. Алгоритмнің қандай түрлерін білесіз?
      3. Алгоритмнің қасиеттерін атаңыз
      4. «Алгоритм» терминінің шығу тарихын айтыңыз
      5. Алгоритм қандай элементтерден тұрады?


                         Практикалық жұмыс№7 (1 сағ)
Тақырыбы: Программалық жабдық топтамасы
Мақсаты:  Компьютердің программалық жабдықтарымен танысу

Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:
Информатикадан оқулық

      Теориялық түсініктеме:
      Программа - магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде  сақталып,
әрбір  адамның  командасы  бойынша  компьютер  жадына  жүктеліп,   орындауға
арналған  машина  тіліндегі  нұсқаулар  жиыны.  Көптеген   мәселелер   өзара
байланыстағы  бір-бірімен  бірігіп  отырып   жүмыс   істейтін   программалар
кешендерінің көмегімен шешіледі.
      Алдын ала келісім  (соглашение)  нақты  программа  арқылы  орындалатын
әрекеттер  (функциялар)  жиынының  және  әр  функцияның  орындалу  вариантын
анықтайды.
      Үнсіз келісім (по умолчанию) егер жүмыс істеп отырған адам айқын түрде
нұсқамаса,  көрсетілген  немесе  басқа  әрекеттің,  яғни  функцияның   нақты
атқарылу  параметрлерін  (басқа   да   варианттары   болғанда)   алдын   ала
тағайындайды.
      Интерфейс - программалық жабдық пен  жұмыс  істейтін  адам  арасындағы
сүқбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны.
      Программалық жабдықтама – информациялық  технологиялардың  елеулі  бір
бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементтер жиыны  болады  да,
ол ешнәрсе істей алмайды.
      ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді, олар:
   1) жүйелі программалық жабдықтама;
   2) колданбалы (кәделі) программалық жабдықтама.
   Жүйелі программалар ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып,  жұмыс
істеп отырған адамды қолданбалы программалармен байланыстырады.
   Жүйелі программалық жасақтаманы бірнеше топқа жіктеуге болады:
1 операциялық жүйелер;
2 утилиттер;
3 сервистік программалар.
      Операциялың жүйелер - компьютерді басқаруға арналған  және  қолданбалы
программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшін  кең
тараған операциялык жүйелерге MS  (PC)  -  DOS,WINDOWS  98  (WINDOWS  2000),
WINDOWS NT, OS/2, UNIX, MacOS жатады

Тапсырма:
Төмендегі тақырыптар бойынша семинарлық сұрақтарға жауап жазыңыз:
   1. Программалық жабдықтама
   2. Операциялық жүйелер
   3. Сервистік программалар
   4. Ойын программалары

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
      Семинар сұрақтарына  жауаптарды  ұсынылатын  әдібиеттерді  бпайдаланып
жазыңыз

Ұсынылатын әдебиеттер: [1-7, 11, 12]/[1,2,3]


Бекіту сұрақтары:
      1. Қандай ойын программаларын білесіздер?
      2. Оқу орындарыңызда қандай операциялық жүйелерді пайдаланылады?
      3. Мәтін редакторлары мен графикалық редакторлар не үшін қажет?
      4. Электрондық кестелер қандай қызмет атқарады?
      5. Жаңа ақпараттық технологиялар ұғымын қалай түсінесіз?


                        Практикалық жұмыс №8 (1 сағ)
Тақырыбы: Windows ОЖ.
Мақсаты:  Файлдармен,  каталогтармен,   дискілермен   жұмыс.   Мәліметтермен
           алмасуды ұйымдастыру.  Проводник  программасы.  Қолданбалы  және
           қызметтік бағыттағы стандартты қосымшалармен жұмыс жасау
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:
      Компьютер, Windows операциялық жүйесі, Проводник программасы,
стандартты қосымшалары
Теориялық түсініктеме:
      Операциялың жүйелер - компьютерді басқаруға арналған  және  қолданбалы
программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшін  кең
гараған операциялык жүйелерге MS  (PC)  -  DOS,WINDOWS  98  (WINDOWS  2000),
WINDOWS NT, OS/2, UNIX,  MacOS  жатады.  Дербес  компьютерлерлерге  арналған
операциялык жүйежрдің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында  да
екі адамның бір мезетте бір компьютерде жүмыс істеуін елестету қиын ғой.
      Microsoft фирмасы IBM тәрізді  компьютерлерге  арналған  көп  мақсатты
операциялық жүйелер  даярлау  жүмысын  қолға  алды,  солардың  бірі  WINDOWS
жүйесіболатын. Алайда, осы уақытқа дейін олардың онша көп таралмауын  дербес
компьютерлердің есептеу мүмкіндіктерінің төменділігімен түсіндіруге болады.
      WINDOWS жүйесінің негізгі функциялары
      Кез  келген  операциялық  жүйе  сияқты  WINDOWS  мынадай  мәселелердің
орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
- компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;
- файлдық жүйемея жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
- колданбалы программаларды іске қосу. Бұған қоса WIN
DOWS жүйесі:
- бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;
- әртүрлі программалар арасында мәліметтермен алмасуды;
- масштабталатын қаріптерді қолдауды;
- мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;
- бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз ете алады.
      WINDOWS жүйесінің негізгі ұғымдары
      Терезе - WINDOWS жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып  саналады,  WINDOWS
сөзінің нақты аудармасы "терезелер" екені осыны білдіреді.
      Терезе  -  экранның  төртбұрышты   қоршаулы   аумағы,   онда   әртүрлі
программалар орындалады,  кез  келген  мәліметтер  өңделіп  түзетіледі  және
басқару  әрекеттері  жүргізіледі.  WINDOWS  терезесінің  экранды  толығымен,
жартылай немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін.  Экран  бетінде  бір
мезетте бірнеше терезе орналаса береді.
      Терезе шекаралары - бұл терезенің периметрі бойынша  өтетін  тік  және
көлденен  сызықтар.  Терезенің  жоғарғы  жағында  тақырып  жолы  орналасқан.
Тақырып жолының  сол  жағында  жүйелік  меню  батырмасы  орналасқан,  ал  оң
жағында  терезенің  аймағын  өзгертуге  арналған  батырмалар  бар.   Тақырып
жолынан төменірек меню жолы бар. Ал меню жолынан төменгі  төртбүрышты  аудан
-  терезенің  жұмыс  аумағы  деп  аталады.  Осы  жұмыс  аумағында  әр  түрлі
информация болады:  орындалатын  программа,  өңделуге  арналған  мәліметгер,
басқа кішігірім терезелер және т. б.
      Жұмыс столы - екінші негізгі үғым.
      Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер  (WINDOWS,  OS/2,
Macintosh  компьютерлеріндегі  OS,  SUN  компьютерлеріндегі   OS,   т.   б.)
интерфейсінің элементі болып саналады. Әдеттегі өзіміздің  жұмыс  столымызды
алайық.  Жұмыс  столында  кітаптар,  мәліметтер  салынған  бумалар,   құрал-
жабдықтар (қалам, қарындаш, өшіргіш, т.б.) орналасуы  мүмкін.  Олар,  сіздің
қалауыңызша,  столда  әр  Түрлі  күйде  орналаса  алады.  Стол  беті   әдемі
дастарқанмен жабылуы мүмкін немесе ештеңе төселмей таза  болуы  да  ықтимал.
Сіздің стол бетіндегі  заттарды  алма-кезек  қолдануға  және  олардың  орнын
ауыстыруыңызға болады. Дәл осы  стол  бейнесі  экранда  да  жүзеге  асырылып
отыр.
      Белгіше/(Ісоп) - бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы  бар  кішірейтілген
графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны,  терезені,  функцияны,
файлды, т.б. бейнелеп тұруы мүмкін. Әр белгіше белгілі бір  терезеге  сәйкес
келеді және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы  арқылы  терезеге  айналады.
Экранда мынадай белгішелер кездеседі:
- қосымша (қолданбалы) программалар белгішесі;
- белгілі бір топтар белгішесі;
- функциялар белгішесі.
      Жарлық (shortcut) - бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды
іске асыратын командалык файл. Мысалы, жарлық  арқылы  каталогтың,  желідегі
дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта  орналасқан
программаларды іске қосуға, файлды да жылдам ашуға болады.
      Бума (folder) экранда  каталогтарды  (Windows  98)  және  программалық
топтарды (Windows 3.1) белгілеу үшін  қолданылады.  Мұның  мағынасы  мынада:
каталог  пен  программалар  тобы  белгілі  бір  объектілерді   орналастыруда
қолданылатын контейнер болып табылады. Бума - каталог,  директорий  ұғымының
баламасы  болып  табылады.   Каталог   -   файлдарға   арналған   контейнер,
программалық топ – жеке программаларға  арналған  контейнер,  т.с.с.  Әрине,
мүндай контейнерлер әр объект үшін әр  түрлі  болуы  мүмкін.  Бірақ  олармен
атқарылатын амалдар біртектес бола береді  (мысалға,  жою,  кошіру  және  т.
б.).



Тапсырма: Ұсынылған тақырыптар бойынша (Өз нұсқаңыз бойынша) жауаптар жазу
1-нұсқа  Операциялық жүйе
2-нұсқа  Дербес компьютерлердегі операциялық жүйелердің дамуы
3-нұсқа  Windows операциялық жүйесінің даму тарихы
4-нұсқа Дербес компьютерлерге арналған алғашқы операциялық жүйелердің  дамуы
және мүмкіндіктері
5-нұсқа  Компьютер тарихындағы санау жүйесінің орыны
6-нұсқа Linux операциялық жүйесі
7-нұсқа  Unix операциялық жүйесінің мүмкіндіктері
8-нұсқа  Windows-тың графикалық интерфейсі
9-нұсқа    Dos,   Unix,   Winows   және    OS/2   операциялық    жүйелерінің
айырмашылықтары
10-нұсқа Желілік операциялық жүйелер
11-нұсқа  WINDOWS-тағы электронды кестелер
12-нұсқа  MSDos-та мәтіндерді өңдеуге арналған программалық жүйелер
13-нұсқа  Windows-та мәтіндерді өңдеуге арналған программалық жүйелер
14-нұсқа  MSDos-та  графикалық  ақпаратты  өңдеуге   арналған   программалық
жүйелер
15-нұсқа   WINDOS-та  графикалық  ақпаратты  өңдеуге  арналған  программалық
жүйелер
16-нұсқа MsDos және Windos-та мәліметтер қорын басқаруға арналған жүйелер
17-нұсқа  MsDos -тағы электронды кестелер
18-нұсқа Дербес компьютерге арналған  қолданбалы  программалық  жабдықтардың
даму тарихы
19-нұсқа Экономикаға бағытталған программалық жабдықтар
20-нұсқа Банктік қызметтегі программалық жабдықтар


      Тапсыру формасы: Дәптерге  өз  нұсқаңыз  бойынша  берілген  сұрақтарға
жауаптар жазу, ауызша  қорғау.

      Тапсырманы орындауға нұсқаулық: Міндетті түрде жоспардан,  кіріспеден,
негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұру керек, дәрісте қамтылмаған  тақырыптарды
қамту керек, мысалдар келтіру.


Ұсынылатын әдебиеттер: [1-6, 10, 12]/[1,2,3]

Бекіту сұрақтары:
       1. Операциялық жүйеге анықтама беріңіз
       2. Қазіргі заманда қолданылатын операциялық жүйе түрлерін атаңыз
       3. Көпмәнді операциялық жүйелерді атаңыз
       4. Бірмәнді операциялық жүйелерді атаңыз
       5. Операциялық жүйелердің негізгі қызметтерін атаңыз
       6. Жаңа буманы қалай құрамыз?
       7. Объектінің атын өзгертудің қандай әдістерін білесіз?
       8. Объектінің дискідегі орнын қалай ауыстыруға болады?
       9. Объектілер тобын ерекшелеудің қандай әдістерін білесіз?
      10. Объектілерді жоюдың қандай әдістерін білесіз?


                        Практикалық жұмыс №9 (1 сағ)
Тақырыбы: MS DOS ОЖ. Командалармен жұмыс

Мақсаты: Файлдық  жүйе  құрылымымен  танысу.  Операциялық  жүйенің  құрамдас
           бөліктері. Файлдар және каталогтармен жұмыс. Файлдарды құру және
           редактрлеу Файлдармен, каталогтармен, дискілермен жұмыс.

Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:
Компьютер, MS DOS операциялық жүйесі

Теориялық түсініктеме:
       MS  DOS  1981  жылы  Microsoft  фирмасы  IBM-нің  тапсырысы  бойынша
құрылған.
       MS DOS  - MicroSoft Disk Operating System сөздерінің бас әріптерінен
шыққан,  ол  Microsoft  фирмасының  дискілік  операциялық   жүйесі   дегенді
білдіреді.
       MS DOS операциялық жүйесін жүктеу
       Жүктеу жолы: «Пуск» - «Выполнить» - Command – OK.
       А немесе D дисклерін қарау
       Командалық жолға келесі сөзді теру керек:
       Cd (бос орын) А:  (дискетті қарау үшін)
       Cd (бос орын) D: (D-дисклерді қарау)





                         DOS-та каталогтармен  жұмыс


       Ағымдағы дискіні ауыстыру

       Ағымдағы дискіні ауыстыру үшін диск атауын теріп,  содан  кейін  қос
нүктені теру керек, мысалы:
       А: - А: дискісіне көшу
       В: - В: дискісіне көшу
       С: - С: дискісіне көшу
       Команданы енгізгеннен кейін ENTER пернесін басу керек.

          Ағымдағы каталогты өзгерту

       Каталогты өзгерту үшін Cd (Change Directory) командасы  қолданылады.
Команда форматы:
                              Cd (дисковод:)жол
1. Каталогты қарау
       Каталог мазмұнын көру үшін Dir командасы қолданылады.
       Параметрлері:
       /P – Мазмұнды толық экранда көру.
       /W –кең форматта мәліметтерді шығару: файлдар  мен  каталогтар  атын
көрсетеді(каталог атаулары квадрат жақшаның ішіне жазылады)
       /О – сұрыпталған түрде экранға шығару: ең алдымен  каталог  атаулары
алфавиттік ретпен  шығады,  содан  кейін  файл  атаулары  алфавиттік  ретпен
шығады.
2. Каталог құру
       Жаңа каталог құру үшін Md (Make  Directory)  командасы  қолданылады.
Команда форматы:
                              Md (дисковод:)жол
3. Каталогты жою
       Каталогты жою үшін  Rd  (Remove  Directory)  командасы  қолданылады.
Команда форматы:
                             Rd (дисковод:) жол
4. Бос емес каталогты жою
       Ол үшін DelTree командасы қолданылады. Команд форматы:
                 Deltree файл-аты -немесе-каталог /YМысалы:
       Deltree temp – ағымдағы каталогтағы  temp  каталогын  немесе  файлын
жою;
       Deltree \y temp – жою кезінде растауды талап етпейді
5. Каталог атын өзгерту
       Move командасы қолданылады. Команда форматы:
                      Move каталог-аты жаңа-каталог-аты
6. Уақыт және күнді орнату
       Күнді орнату үшін, Date командасы қолданылады
       Уақытты орнату үшін время, Time командасы қолданылады
       DOS-та файлдармен жұмыс
       1. Файлдарды көшіру
       COPY командасы арқылы жүзеге асады.  Мұнда  бар  файлды  өзге  атпен
көшіру немесе файлды есімін  өзгертпей  басқа  каталогқа  көшіру  мүмкіндігі
бар.
       COPY [бастапқы мекен-жай мен файл аты] [жаңа мекен-жай мен файл аты]
       Егер файлдың жаңа аты немесе жаңа адресі көрсетілмесе, онда  олардың
орнына ағымдағы (бастапқы) аттар мен  адрес  қолданылады.  Файлдың  бастапқы
адресі ретінде ағымдағы дискінің ағымдағы каталогы үнсіз қабылданады.
        2. Файлдарды біріктіру
       COPY командасы сондай-ақ бірнеше файлдарды  бір  файлға  біріктіруге
мүмкіндік береді. Біріктірілуі тиіс файлдардың аттары COPY командасында  «+»
белгісі арқылы берілуі тиіс.
       3. Мәтіндік файлдарды құрау
       Мысалға, пернетақтадан мәтін  теру  арқылы  notes.txt  файлын  құрау
керек болсын делік. Ол үшін:
       COPY CON notes.txt
       Командасын еңгізу керек. Бұдан кейін керекті мәтін  теріледі.  Мәтін
терілеген  соң  Ғ6  функционалдық  батырмасын  немесе  Ctrl-Z  комбинациясын
тереміз де, Enter-ді басамыз.Осы кезде экранға келесі хабарлама шығу  керек:
1file(s)  copied.  Құралған  файл  ағымдағы  дискінің  ағымдағы  каталогында
орналасады.
         • RENAME- файлдар атын өзгертуге арналған ішкі команда.
       Мысалдар:
       REN D:\TEST\test.doc rez.doc  (D: дискісіндегі  TEST  подкаталогында
орналасқан  test.doc  бастапқы  файлын  rez.doc    файлына   атын   өзгерту.
Нәтижесінде  rez.doc    алынған  файлы  сол   дискінің   сол   подкаталогына
орналастырылады)
       REN *.doc *.txt  (doc кеңейтілуі бар ағымдағы каталогтың сол  аттары
бар, бірақ txt кеңейтілулерге өзгертеді)
         • MOVE- файлдарды  тасымалдау  қызметін  атқарады.  Сондай-ақ  бұл
           команда файлдардың аттарын өзгертуге де арналған.

MS DOS операциялық жүйесінен шығу
       Exit командасы msdos –тан шығу үшін пайдаланылады.

Тапсырма:
1 тапсырма
А: дискісіне  (немесе кез келген басқа дискіге келесі каталогтар құрылымын
құрыңыз:
















    - DOCS каталогына info1.txt файлын құрыңыз және оған өз аты- жөніңізді
      жазыңыз;
    - Осы каталог ішінде info2.txt файлын құрыңыз және оған факультет атын,
      топ атауын, курсты жазыңыз;
    - info1.txt және info2.txt файлдарын бір info.txt атауы бар файлға
      біріктіріңіз;
    - құрылған файлды қараңыз;
    - DOCS каталогындағы барлық файлдарды INFO каталогына көшіріңіз;
    - info1.txt файлының көшірмесін  PHOTOS каталогына орналастырыңыз;
    - info2.txt файлының көшірмесін LETTERS каталогына орналастырыңыз;
    - Нәтижені көріңіз.
2 тапсырма

А: дискісіне  (немесе кез келген басқа дискіге келесі каталогтар құрылымын
құрыңыз:
       [pic]
       SCIENCE каталогына info1.txt файлын құрыңыз және оған өз аты-
жөніңізді жазыңыз;
    - info1.txt файлының көшірмесін POEMS каталогына орналастырыңыз;
    - NOVELS каталогына info2.txt файлын құрыңыз және оған факультет атын,
      топ атауын, курсты жазыңыз;
    - info2.txt файлының көшірмесін POEMS каталогына орналастырыңыз;
    - POEMS каталогына көшіңіз және info1.txt және info2.txt файлдарын бір
      info.txt файлына біріктіріңіз;
    - POEMS каталогындағы барлық файлдарды RESULT каталогына орналастырыңыз;
    - Жұмыс нәтижесін көріңіз.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
      Тапсырмаларды қысқаша теориялық түсініктемеде көрсетілген командаларды
пайдалана отырып, орындаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер: [4-9]/[1,4]

Бекіту сұрақтары:
          1. Экранды командалық тазалау;
          2. DOS-ғы стандартты құрылғылар атауы.
          3. Жүйелік уақыт пен күнді командалық орнату;
          4. Файлдар мен каталогтарды жою командалары;
          5. DOS командаларында қолданылатын файл атауларының шаблондары.

                        Практикалық жұмыс №10 (1 сағ)
Тақырыбы: Сервистік программалар түрлері және олардың мүмкіндіктері.
Антивирустық программалар. Архивтеу программалары

Мақсаты: MS Windows ОЖ қысылған бумалармен  жұмыс  істеп,  WinRar  көмегімен
           архивтеуді  меңгеру.   Антивирустық   программалық   құралдармен
           танысып, түрлерін,  қызметін,  қалай  жұмыс  жасайтынын  түсіну.
           Файлдарды  архивтеу,  архивтен  шығаруды,   өздіігнен   ашылатын
           архивтерді құруды үйрену, көптомды архивтер

Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:
Компьютер, WinRar архиваторы

Теориялық түсініктеме:
      «Қысылған бумалармен» аз орын алады  және  басқа  компьютерлерге  орын
ауыстырғанда тез көшеді. Бұл бумалармен жұмыс  істегеу  қолданушы  қарапайым
бумалармен бірдей. Қысылғкан бумадан керек файлды ашуға, оны  қысуыға,  орын
ауыстыруға болады. Оларды кез келген бумаларға көшіре беруге болады.
Тапсырма:
   1. zip-бума құру. Екі құжат құрыңыз. Оларды  қысылған  бумаға  көшіріңіз.
      Ашып қараңыз.
   2. zip-бумаға құрылған, тағы да екі файлды көшіріңіз.  Пароль  орнатыңыз.
      Осы бумадан барлық файлдарды шығарыңыз. Барлығын жойыңыз.
   3. Екі файлды rar-архивпен архивтеңіз. Ашып қараңыз. Осы қысылған  бумаға
      тағы да файлдар қосыңыз. Архивтен шығарыңыз.
   4. Өзі ашылатын rar-архив құрыңыз. Барлық архивтеген,  архивтен  шығарған
      файлдарды жойыңыз.
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
Тапсырма 1 және Тапсырма 2
zip-бума құру үшін:
    • Менің компьютерімді ашыңыз.
    • Бума немесе дискіні ашыңыз.
    • Файл менюінен Құу (Создать) – Қысылған бума (Сжатай папка) командасын
      орындаңыз.
    • Жаңа буманың атын беріңіз. ENTER батырмасын басыңыз.
    • Қысылған бумаға файлдар қосу үшін файлды тышқан көмегімен қысылған
      бумаға тартып әкелесіз.
    • Ашқан кезде екі рет шерту арқылы ашылады.
    • Бір файлды архивтен шығару үшін, қысылған буманы ашып, ішіндегі керек
      файлды басқа жерге тартып алады.
    • Ал барлық буманы архивтен шығару үшін, жанама менюден барлығын шығару
      (извлечь все) командасын орындайсыз.
    • Пароль қою үшін қысылған буманы ашып, файл менюінен Шифрлеу
      (Зашифровать) коимандасын орындайсыз.
    • Пароль өрісіне парольді енгізесіз.
Тапсырма 3
   rar- архив жасау үшін:
      • Керек файлдарды ерекшелеңіз.
      • Файл менюінен Архивке қосу (добавить в архив) командасын орындаңыз.


      • «Аты және архив параметры (Имя  и  параметры  архива)»  терезесінде
        керек параметрлерді орнатыңыз
      • Архивті қарау үшін екі рет шертесіз.
      • Файлдарды архивтелген бумаға қосу жоғарыдаңы жолмен орындалады.
Тапсырма 4
   Өзі ашылатын архив (саморасраспаковывающиеся архивы) құру:
      • Керек файлды таңдаңыз
      • Файл менюінен Архивке қосу (добавить в архив) командасын орындаңыз.


      • «Аты және архив параметры (Имя и параметры архива)» терезесінде
        «SFX-архив құру» (Создать SFX-архив) параметрін орнатыңыз
      • Бір файлды архивтен шығару үшін,  қысылған  буманы  ашып,  ішіндегі
        керек файлды басқа жерге тартып алады.
      • Ал барлық буманы архивтен  шығару  үшін,  жанама  менюден  барлығын
        шығару (извлечь все) командасын орындайсыз.


Тапсыру   формасы:Тапсырманы   орындап,    мұғалімге    көрсетіңіз,    қалай
орындалғанын түсіндіріңіз. Бақылау сұрақтарына жауап беріңіз.

Компьютер, антивирусытқ программа
Теориялық түсініктеме:
1. Жұмысы файлдағы деректерге арналған әр түрлі бақылаулы қосындыларды  есте
   сақтауға негізделген программалар;
2. Резиденттік программалар, олар  вирусты  программаны  немесе  операциялық
   жүйені (ОЖ) зақымдау кезінде табады;
3.  Файлдарда  вирустардың  барын  олар   зақымдағаннан   кейін   анықтайтын
   программалар.
      Антивирустық программалардың келесі типтері бар:
      • Детектор - программалар;
      • Доктор - программалар;
      • Ревизор - программалар;
      • Фильтр - программалар;
      • Вакцина - программалар немесе иммунизаторлар.
     Вирустермен күресуге арналған көп  антивирустық  программалар  белгілі.
Олардың ішіндегі ең кең тарағандары Aidstest, Doctor Web, Касперскийдің АVR-
і. Бұл программалардың антивирустық  базаларын  жаңарту  Internet  желісінің
көмегімен жүзеге асырылады.
Тапсырма:
   1. Өз компьютеріңізде орнатылып  тұрған  анитвирустық  программаға  толық
      сипаттама беріңіз.
   2. А  дискісін  және  Менің  құжаттарым  бумасын  антивирустық  программа
      көмегімен тексеріп нәтижесін талдаңыз. Табылған вирус болса, ол қандай
      вирус түріне жататынын анықтаңыз.
   3. Компьютерді аптасына бір  рет  автоматты  түрде  тексерілетіндей  етіп
      баптаңыз.
      Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
      Орнатылған антивирустық прогармманың  анықтама  бөлімін  шақырып,  сол
программа бойынша мағлұмат алыңыз. Дәріске сүйене орындаңыз. Келесі  суретте
NOD32 антивирустық программасының негізгі терезесі (Сурет 1)
      [pic]
      Сурет 1 . NOD32 антивирустық программасының негізгі терезесі

Тапсыру   формасы:Тапсырманы   орындап,    мұғалімге    көрсетіңіз,    қалай
                    орындалғанын  түсіндіріңіз.  Бақылау  сұрақтарына  жауап
                    беріңіз.

Тапсырма:
 1. Уақытша (А:) дискісіне Архив папкасын құрып,  оған  мәтіннен,  суреттен
    және орындалатын программалардан  тұратын  файлдардың  көшірмесін  алып
    орналастырыңыз
 2.  RAR  архиваторын  қолданып,  таратылған(распределенный),  өз  ашылатын
    (самораспаковывающийся) және қарапайым архивтер құрыңыз
 3.  Құрылған  архивтің  біреуінің  мазмұнын  көріңіз.  Архивке  орналасқан
    файлдарды архивтен шығарыңыз. Архивтеу нәтижелерін кестеге енгізіңіз
 4. Өздігінен ашылатын архивті дискеттке орналастырыңыз және оны шығарыңыз.
    Уақытша  папканы  және  құрылған  архивті,  архивтен  шыққан  файлдарды
    жойыңыз


Тапсыру формасы: Студент  дәптеріне  конспекті  жасап,  берілген  сұрақтарға
                    жауаптар   дайындау.   Ауызша    қорғау.   Тапсырмаларды
                    орындап, орындау жолын оқытушыға түсіндіру.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
       Тапсырма 1
 1. (С:) дискісіне Архив уақытша папкасын құрыңыз.
 2. Кез келген файлдарды осы бумаға көшіріңіз.
 3. Уақытша папкаға орындалатын кез келген файлды көшіріп әкеліңіз (мысалы:
    far.exe, vc.com, rar.exe және  т.б.).  Іздеу  үшін  Пуск|Найти|Файлы  и
    папки командасын қолданыңыз.
Тапсырма 2
 1. RAR архиваторын жүктеңіз.
 2. С:  дискісін таңдаңыз (ALT+D).
 3. Уақытша папкаға өтіңіз.
 4. Мәтіні бар, суреті бар, орындалатын файлдарды ерекшелеңіз.
 5. Ерекшеленген файлдардың таратылған архивін құрыңыз (F5).
 6. Көрсетілген файлдардың өздігінен ашылатын архивін құрыңыз (ALT-F5).
 7.  Көрсетілген  файлдарды  қарапайым  архивке  көшіріңіз   (F6).   Сұхбат
    терезесінде архивтің жаңа атын көрсетіңіз.
Тапсырма 3
 1. Құрылған архивтің біреуінің мазмұнын көріңіз (керек архивті  ерекшелеп,
    ENTER пернесін басыңыз).
 2. Суреті бар файлды архивтен шығарыңыз (F4).
 3.  Архив  мазмұнын  көру  режимінен  шығыңыз  (RETURN  ерекшелеп,   ENTER
    басыңыз). Суреті бар файлдың жоқтығына көз жеткізіңіз.
 4. Осыған ұқсас орындалатын және мәтіндік файлдарды да архивтен шығарыңыз.
 5. RAR архивінен шығыңыз (ESC).
 6. Архивтеу нәтижесін кестеге енгізіңіз:

|Файл типі    |Бастапқы өлшемі,  |Нәтижелік өлшем,  |Сығу дәрежесі,     |
|             |SI                |SR                |SR/SI*100%         |
|             |                  |                  |                   |



       |Архив типі   |Бастапқы өлшемі,  |Нәтижелік өлшем,  |Сығу дәрежесі,    |
|             |SI                |SR                |SR/SI*100%        |
|             |                  |                  |                  |


7.    Қысу    дәрежесін    анықтау    үшін    Калькуляторді     пайдаланыңыз
  (Пуск|Программы|Стандартные|Калькулятор).
       Тапсырма 4
       1. Мой компьютер терезесін ашыңыз. Өз папкаңызды ашыңыз.
       2. Дискетті дискдеттекке салыңыз.  Жанама  менюді  пайдалана  отырып,
          өздігінен  ашылатын  архивті  дискетке  көшіріңіз  (Отправить|Диск
          3,5(А)).
       3. Өздігінен ашылатын архивті жазыңыз.
       4. Архивтен шыққан құжаттардың мазмұнын көріңіз.
       5. Уақытша папканы жойыңыз.
       6. Дискеттегі архивтен шыққан файлдарды жойыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:
[4,5,6,9]/[1,2,3]


Бақылау сұрақтары:
1. RAR архиваторы
2. Өздігінен ашылатын архивті құру
3. Қарапайым архивті құру жолы
4. Өздігінен ашылатын, қарапайым, таратылған архивтердің айырмашылықтары
   қандай?
5. RAR архиваторының терезесін сипаттаңыз.
6. ZIP архиваторының ерекшелігі қандай?
7. Вирус ұғымы
8. Вирустардың классификациясы
9. Вирустардың кіруі
10. Резиденттік және резиденттік емес вирустар айырмашылығы
11. Вирусқа қарсы құралдар


                        Практикалық жұмыс №11 (1 сағ)
Тақырыбы: Компьютерлік графика түсінігі
Мақсаты:   Растрлық   және   векторлық    графика    ұғымдарын    тереңдету,
           айырмашылықтарын,     ерекшеліктерін     анықтау,      түстердің
           ерекшеліктерін танып білу
Тапсырма:
Келесі сұрақтарға жазбаша жауап дайындаңыз:
   1. Графикалық редактор ұғымы
   2. Текстік және графикалық режимдердің ерекшеліктері
   3. Компьютерлік графиканың пайда болған жылдары, олардың даму тарихы
   4. Растрлық және векторлық графиканың айырмашылықтары
   5. Растрлық графиканың артықшылықтары мен ерекшеліктері
   6. Векторлық графиканың артықшылықтары мен ерекшеліктері.


Тапсыру  формасы:  Студент  дәптеріне  берілген  сұрақтарға  жауаптар  жазу.
Тапсырмадағы берілген сұрақтарға жазбаша жауап жазып, оны ауызша  қорғау.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
Дәріске сүйене отырып, тапсырманы орындаңыз. Мысалы, келесі түрде жазыңыз:

              Векторлық файлдардың артықшылығы мен кемшіліктері

Артықшылығы:
 1.  Векторлық  файлдар  қарапайым  геометриялық  объектілерге   жіктелетін
    бейнелерді сақтауға қолайлы.
 2.  Векторлық  мәліметтер  жеңіл   масштабталады   және   әртүрлі   шығару
    құрылғыларына    адаптациялауға    мүмкіндік     беретін     кез-келген
    манипуляциялауға келеді.
3. ...
Кемшіліктері:
1.  векторлық  файлдарды   фотография  сияқты  күрделі  бейнелерді  сақтауға
   қолайсыз.
2. векторлық бейнелерді сыртқы түрі оны бейнелейтін  программаға  байланысты
   өзгеруі мүмкін.
3. ...

Ұсынылатын әдебиеттер:
[1-9]/[1,2,3]

                        Практикалық жұмыс №12 (1 сағ)
Тақырыбы: Компьютерлік желі топологиясы
Мақсаты: Компьютерлік желінің топологиясымен танысу, түрлеріне тоқталу
Тапсырма: Желілердің топологиясы бойынша конспекті жасау, ауызша қорғау
Сұрақтар:
   1. Келесі ұғымдарға түсініктеме беріңіз:: а) сервер; в) клиент; г)
      компьютерлік желі торабы; д)шлюз.
   2. Желіні байланыстыруда қолданылатын байланыс линиялары
   3. Жергілікті және ауқымды желілерді ажырататын белгісі
   4. Интернеттің даму тарихы
   5. TCP анықтамасы
      Тапсыру формасы: Студент дәптеріне берілген сұрақтарға жауаптар  жазу.
Жауаптарыңызды түсіндіріңіз  Тапсырманы  төмендегі  әдістемелік  нұсқауларға
сүйене  отырып  орындаңыз.  А4  форматты  қағазға  конспектіні  теріп  жазу,
баспадан шыққан нұсқасын өткізу.

      Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
      Төменде Жұлдыз типіндегі топологияға сипаттама берілген, сондай түрде
басқа топология түрлеріне сипаттама жазыңыз.


                         Жұлдыз типіндегі топология
      Жұлдыздқы топологияда (Сурет 10) басты  машина  қосымша  құрылғылардан
мәліметтерді алады  және  өңдейді.  Мәліметтерді  өңдеудің  белсенді  торабы
болып табылады. Ол мысалы, электронды почта RELCOМ   да  қолданылады.  Яғни,
мәліметтердің алмасуы болады, ол орталық тораптан өтеді.


                                    [pic]
                     Сурет 10. Желілік типтегі топология


      Кабельдік жалғауы өте жеңіл, әр жұмыс станциясы тораппен  байланысқан.
Шығын көп кетеді, егер торап  ортада  орналаспаса.  Жұлдыздық  топология  ең
жылдам жұмыс істейтін топология болып табылады.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1-9]/[1,2,3]
                        Практикалық жұмыс №13 (1 сағ)
Тақырыбы: Жергілікті  желі кабельдерінің түрлері.
Мақсаты:  Желі тақырыбын  одан  ары  тереңдетіп,  жергілікті  желінің  жұмыс
           істеу принципімен танысу, ондағы қолданылатын  кабель  түрлеріне
           сипаттама беру
Тапсырма: MS Power Point прогарммасында «Жергілікті желі және желіні
           қосатын кабель түрлері» тақырыбына презентация жасау
Сұрақтар:
   1. Жергілікті желілердің конфигурациялары
   2. Жергілікті желілердің жұмыс істеу принциптері
   3. Основные конфигурации локальных компьютерных сетей.
   4. Ethernet технологиясы
   5. Желілік этикет ережесі


   Тапсыру формасы: Дәптеріңізге берілген сұрақтарға жауаптар  жазу.  Ауызша
қорғау. Құрған презентацияны оқытушыға көрсету, электронды нұсқасын өткізу



      Тапсырманы  орындауға әдістемелік нұсқаулар:
      Презентацияда тақырып толық ашылуы керек және келесі сұрақтарға
міндетті түрде жауап болу керек:
         • Компьютерлік желілер иерархиясы
         • Ақпаратты жіберу құралдары
         • Кабель түрлері: иілгіш қос, коаксильді кабель, оптоволоконды
           кабель

Ұсынылатын әдебиеттер:
[1-9]/[1,2,3]


                        Практикалық жұмыс №14 (1 сағ)

Тақырыбы: Модельдерді тұрғызудың негізгі этаптары
Мақсаты:  Модель түрлерімен танысу, математикалық модельді құрып үйрену
Тапсырма:
   1. Өз компьютеріңіздің файлдық жүйесінің иерархиялық моделін құрыңыз.
   2. Өзіңіздің жеті  атадан  тараған  ұрпақты  ағаш  тәрізді  етіп  моделін
      құрыңыз?  Ол қандай модель түріне жатады?
   3. Сіздің жақсы көретін спроттық командаңыздың допты лақтыруының  желілік
      динамикалық моделін құрыңыз.
   4. «Математикалық модельдеу» тақырыбына реферат жазу
Сұрақтар:
   1. Модель түрлері
   2. Статикалық және динамикалық модельдер арасындағы айырмашылықтар
   3. Ақпараттық процесті басқару модельдерінің қолданылу жағдайлары
   4. Кестелік ақпараттық модельде мәліметердің орналасуы
   5. Желілік ақпараттық модельдердің қолданылуы

Тапсыру формасы: Дәптеріңізге берілген сұрақтарға жауаптар жазу.  Тапсырманы
                    орындап, құрған  модельді  дәптеріңізге  сызып  келіңіз.
                    Рефератты талапты  қанағаттандыратын  және   әдістемелік
                    нұсқауда ұсынылған жоспарға сай жазыңыз. Ауызша  қорғау.


Тапсырманы  орындауға әдістемелік нұсқаулар:
Дәріске сүйене отырып, тапсырманы орындаңыз.
                                   Жоспар
    • Модель түсінігі
    • Математикалық модель ұғымы
    • Математикалық модель қадамдары (жеке-жеке тоқталу)
    • Дескриптивті, оптимизациялық, прогностикалық  модельдер

Ұсынылатын әдебиеттер:
[1-9]/[1,2,3]


      ӘДЕБИЕТтер тізімі

Негізгі әдебиеттер
|      |Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ               |
|      |информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999                               |
|      |Ефимова О., Морозова В., Угринович Н. Курс компьютерной технологии с |
|      |основами информатики. Учебное пособие. М., 1999                      |
|      |Камардинов О. Информатика: жоғары және орта оқу орындарына арналған  |
|      |оқу құралы.-Алматы:Қарасай, 2006.                                    |
|      |Ляхович В. Ф. Основы информатики. Изд. Феникс, Ростов-на-Дону, 1996  |
|      |г.                                                                   |
|      |Макаров Н.В., Информатика: Практикум по технологии работы на         |
|      |компьютере. 3-е изд./ под ред.  Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и      |
|      |статистика, 2002                                                     |
|      |Макаров Н.В., Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред.            |
|      |Н.В.Макаровой.– СПб, Питер, 2001г.                                   |
|      |Могилев А.В., Пак Н.И., Хеннер Е.К.; Информатика:Учеб. Пособие для   |
|      |стед. Пед. Вузов/ - М.: Изд.центр «Академия»,2000г.                  |
|      |Острейковский В.А. Информатика. Учебное пособие М, Высшая школа, 1999|
|      |г.                                                                   |
|      |Семакин И., Залогова Л., Русаков С., Шестакова Л. Информатика.       |
|      |Базовый курс. Учебник. М., 1998 г.                                   |
|      |Симонович С.В., Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб,|
|      |Питер, 2000 г.                                                       |
|      |Фигурнов В. Э., IBM PC для пользователя., изд. М, 1998 г.            |
|      |Шафрин Ю.А. Современные информационные технологии. Москва, «АСТ»,    |
|      |1998 г.                                                              |
|      |Қосымша әдебиеттер                                                   |
|      |Основы работы с компьютером. руководство пользователя. корпорация    |
|      |Microsoft, 2004                                                      |
|      |Основы работы с Microsoft Office и Internet. руководство             |
|      |пользователя. корпорация Microsoft, 2004                             |
|      |Безручко В. Т., Практикум по курсу «Информатика» М. 2002, «Финансы и |
|      |статистика»                                                          |
|      |Острейковский В.А., Лабораторный практикум по информатике. Под ред.  |
|      |Острейковского В. А., М., ВШ, 2003                                   |





      -----------------------
                                  Процессор

                                     Жад

                       Ақпараттық кеңарна (магистраль)

                             Шығару құрылғылары

                             Енгізу құрылғылары

                         Компьютердің жүйелік блогы

                                  Процессор

                          Ақпараттық кеңарна (шина)

                              Жедел жады (ішкі)

                          Пернетақтаның контроллері

                             Дисплей контроллері

                             Порттар контроллері

                            Дискілер контроллері

                        Қосымша құралдар контроллері

                               ИМДЖ (дискета)

                              ҚМДЖ (винчестер)

                                   CD-ROM

                                 Пернетақта

                                   Монитор

                           Принтер, маус, джойстик

                             Сканер, модем т.б.

Енгізу-шығару құрылғысы

                                    Жады

ОЗУ

ПЗУ ысы

                              Орталық процессор

АЛУ

УУ

                                 Сыртқы жад

ҚМД

ЖМДЖ

CD-RW

 - басы (соңы)

 - енгізу (шығару)

 - есептеу (процесс)

 - шарт

 - көмекші алгоритм

 - циклдық блок

                                     S1

                                     S2

                                      …

Сызықтық композиция

шарт

                                     S1

                                     S2

Жоқ

Иә

Тармақталған құрылым

шарт

                                      S

Жоқ

Иә

Шарт дұрыс болған сайын цикл орындалады, шарттың  ең  алғаш  дұрыс  болмаған
жағдайында цикл тоқтайды.

шарт

                                      S

Жоқ

Иә

Шарт дұрыс болмаған жағдайда цикл айналады, ал дұрыс болған  жағдайда   цикл
тоқтайды. Ерекшелігі: амал кем дегенде 1 рет орындалады.

Параметр: бастапқы,  соңғы мәндер, қадам

                                      S

Параметрдің соңғы мәніне жеткенге дейін

                                 Пайдаланушы

                                Қолданбалы ПҚ

                                Қызметтік  ПҚ

                                 Жүйелік  ПҚ

                                 Базалық  ПҚ

                                 Құрылғылар

Пайдаланушы қажетіне қарай орнатады


           Операциялық жүйе деп аталатын  жалпы пакетке орнатылған

                            Компьютерге қойылған

(

(

(

(

(

(

Локальді желі

Шлюз-
маршрутизатор

Алыс сервер

( маршрутизатор

( маршрутизатор

( маршрутизатор



(

                                  Internet

                                   Модель

                                     Оқу

                                 Тәжірибелік

                              Ғылыми-техникалық

                                    Ойын

                                 Имитациялық

                                   Модель

                                 Материалдық

                                 Ақпараттық

                                  Таңбалық

                                 Вербальдық

                                Компьютерлік

                              Компьютерлік емес

                                  1-кезең.
                               Есептің қойылуы
                              Есептің берілгені
                              Модельдеу мақсаты
                              Объектіні талдау

                                  3-кезең.
                          Компьютерлік эксперимент
                              Модельдеу жоспары
Модельдеу технологиясы

                                  2-кезең.
                                Модельді құру
                              Ақпараттық модель
                     Таңбалық модель Компьютерлік модель


                     4-кезең. Модельдеу нәтижесін талдау


                               Нәтиже мақсатқа
                                 сай келеді


                               Нәтиже мақсатқа
                                сай келемейді


басы

соңы

Басы

a, b, c, d

                                    m=a*d
                                    n=b*c


                                     m,n

соңы

Басы

a, b, c

                                     max

соңы

                                     a>b

                                   max:=a

                                   max:=b

                                    с>max

                                   max:=c

                                     Иә

                                     жоқ

                                     Иә

     PHOTOS

  LETTERS

DOCS

INFO

А:\

PAPERS

     SCIENCE

  NOVELS

POEMS

RESULT

А:\

BOOKS


Пәндер