Файл қосу

Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік процестің элементтері



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ                                                      |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                                |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК                                   |
|УНИВЕРСИТЕТІ                                                                |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты    |ПОӘК                |                             |
|                         |                    |УМКД 042–18-1.1.23/01–2013   |
|«Ауыл шаруашылығы        |«__» ______ 20__ жыл|                             |
|экономикасы» пәні бойынша|№__ басылым         |                             |
|оқытушыға арналған пәннің|                    |                             |
|оқу жұмыс бағдарламасы   |                    |                             |


















                 «Ауыл шаруашылығы экономикасы» пәні бойынша
                    5В050600 – «Экономика» мамандығы үшін

                            ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР





















                                 Семей 2013


    1. ҚҰРАСТЫРҒАН
    Қуантқан Б. Семей қаласы Шәкәрім атындағы  мемлекеттік  университетінің
«Экономика және бизнес» кафедрасының доцент м.а., э.ғ.к.
    Турусбекова   А.С.   Семей   қаласы   Шәкәрім   атындағы    мемлекеттік
университетінің «Экономика және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы






    2. ТАЛҚЫЛАНДЫ
    2.1.  Семей  қаласы  Шәкәрім   атындағы   мемлекеттік   университетінің
«Экономика және бизнес» кафедрасының мәжілісінде
    Хаттама №1, « 29 » тамыз 2013 жыл


    Кафедра меңгерушісі  ____________  Ш.Д.Жайлаубаева


    2.2.Қаржы-экономикалық    факультетінің    оқу-әдістемелік      бюроның
мәжілісінде
    Хаттама № 1, « 5 » қыркүйек 2013 жыл


    Төраға                            ____________  С.Х.Тойкин




    3. БЕКІТІЛДІ
    Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып  және  баспаға
ұсынылды
    Хаттама № 1, « 18 » қыркүйек 2013 жыл


    ОӘК төрайымы           ____________ Г.К.Искакова


    4. ЕНГІЗІЛДІ
    №4 басылым 26.09.2012 №3 басылым орнына



















                                   Мазмұны


   1. Глоссарий
   2. Дәрістер
   3. Практикалық сабақтар
   4. Студенттердің өздік жұмысы
































































































          1. ГЛОССАРИЙ

            Жерге арендалық төлем – жерді уақытша пайдалану  үшін  берілетін
ақы;
      Аффилиированды тұлға – мемлекеттік емес заңды тұлғаның немесе  тәуелді
акционерлік қоғам деп танылған ұйымның жалғасы;
      Төлемнің базалық  ставкасы  –  жерге  жекеменшіктік  құқық  бергендегі
немесе  жерді  уақытша  пайдалануға   сатқандағы   мемлекеттің   кадастралық
(бағалау) құнын анықтаудың нормативті шектелген бағасы;
      Жерді  қайталай  пайдаланушы  –  келісім   негізінде   жерді   алғашқы
пайдаланушыдан алғандағы құқығын сақтай отырып қайталай пайдаланатын тұлға;
      Жерді  мемлекеттік  пайдаланушы  –  республикалық   мемлекеттік   және
коммунальдық заңды тұлға;
      Мемлекеттік кепілдікпен пайдаланушы – жер  кодексімен  және  Қазақстан
Республикасының    инвестициялар     туралы     заңдылықтарымен     төлемсіз
пайдаланылатын жер учаскесінің иесі;
      Тыңайған жер – ұзақ уақытқа өңделусіз қалған жер;
      Кепілді жер учаскесі немесе жер пайдалану құқығы – кепілді келісімнің,
Қазақстан  Республикасының  заңдылық  актілерінің  негізінде  кредиторлардың
басқа кредиторлардан артықшылықпен  пайдалану  құқығы.  Ол  жерін  Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексіне орай пайдаланады;
      Жер үлесі – басқа да тұлғалармен қатар өзіне тиесілі  жер  учаскесінің
аумағы. Ол жер кодексіне немесе  Қазақстан  Республикасының  басқадай  заңды
өкілдері арқылы беріледі;
      Құқықтық жер қатынасы – жеке субъектлерге  жер  ресурстарын  қадағалау
басқармасы берген құқыққа орай пайдалануды айқындайды;
      Жер кадастры – мемлекеттік кадастрдің құрамдас бөлегі болып  табылатын
жер туралы мағлұматтың жүйесі;
      Жер участкесі – жер  кодексімен  субъектіге  бекітілген  шектеулі  жер
аймағы;
      Жер  –  Қазақстан  Республикасының  суверенитеті  бекітілген  аймақтық
кеңістік. Оған табиғи ресурстар, жалпы  өндірістік  құралдар  және  еңбектің
кез келген аумақтық негізі кіреді;
      Жер  қоры  –  мақсаттарына  қарай  тиісінше  мынандай   категорияларға
бөлінеді:
      1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;
      2) елді мекендер (қалалар, поселкелер және ауылдық елді мекендер);
      3) өнеркәсіпке, көлік қатынасына, байланысқа, қорғанысқа және ауыл
шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер;
      4) ерекше қорғауға алынған территориялар, сауықтыру, рекреациондық
және тарихи – мәдени мақсаттағы жерлер;
      5) орман қорына арналған жерлер;
      6) су қорына арналған жерлер;
      7) запастағы жерлер.
      Тұрақты мәдениетке бөлінген – көпжылдық өсімдіктерге, сондай-ақ жеміс-
жидекке арналған жерлер;
      Иммиграциондық жер қоры – репатрианттарға (оралмандарға) беретін  және
арнаулы жер қорының құрамына кіретін резервке алынған жер учаскелері;
      Шетелдік  жер  пайдаланушылар   –   шет   мемлекеттердің   азаматтары,
азаматтығы  жоқ  тұлғалар,  құқықтық  тұлғалар.  Олар  шет   мемлекеттердің,
халықаралық бірлестіктердің, ұйымдардың заңдылықтарына сәйкес ие болғандар.
      Жер учаскелерін мақсатты пайдаланатын  классификатор  –  территорияның
учаскесін және оған орналасқан үйлер мен ғимараттарды пайдаланатындар;
      Кондоминимум – қозғалмайтын мүлік иелігінің  түрі.  Мұнда  жылжымайтын
мүліктің бір бөлегі, оның  ішінде  жер  учаскесі  де  қатысушылардың  тиісті
үлестеріне қарай пайдаланылады.
      Шаруа (фермерлік) қожалығы – бұл жанұялық  еңбеккерлердің  бірлестігі.
Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру,  өндеу  және  өткізумен  айналысады.
Шаруа  фермерлік  шаруашылықтың  субъектілері   өз   қарекеттерін   құқықтық
тұлғалар құрмай-ақ және құқықтық тұлғалардың белгілері жоқ болса да  жүргізе
береді.
      Жеке қосалқы шаруашылық - өз қажеттерін  өтеу  үшін  ауылдық  жерлерде
және қала маңынан алған жер учаскесінде қарекет жасау;
      Ұлттық жер пайдаланушылар – Қазақстан  Республикасының  заңдылықтарына
сәйкес, оның ішінде шетелдіктердің  қатысуымен  қарекет  жасайтын  Қазақстан
Республикасының азаматтары, заңды тұлғалары;
      Мемлекеттік  емес  жер  пайдаланушылар  –  азаматтар   және   (немесе)
мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
      Жер  қатынастары  объектісі  –  Қазақстан  Республикасы   территориясы
аумағындағы  барлық  жер,   не   орналасқандығына   қарамастан   және   жеке
субъектлерге  бекітілуіне   және   құқықтық   негіздеріне,   сондай-ақ   жер
учаскесіне және жерге үлесіне құқығы барлығына қарамастан осыған жатады;
      Меншікті құқық объектісі – мемлекеттік және  жеке  меншік  иелігіндегі
жерлер;
      Жыртатын  жерлер  –  бұл  жүйелі  өңдеуден  өткізіліп,  көпжылдық  шөп
өсірілетін және таза парды  қоса  алғандағы  ауыл  шаруашылығы  дақылдарының
егістігі үшін пайдаланылады;
      Жайылымдық – бұл мал жаю үшін  жүйелі  пайдаланатын  ауыл  шаруашылығы
алқабы;
      Жерді алдымен пайдаланушылар – Жер  Кодексінің  32  бабында  көзделген
тәртіпке орай мемлекеттен алған немесе алғашқы  пайдаланушыдан  алған  жерге
иеліктік құқығы барлар;
      Жер  учаскесін  арендаға  беруге  сатқаны  үшін   төлем   –   мемлекет
меншігіндегі жер  учаскесін  ақы  төлеу  арқылы  уақытша  пайдалануға  құқық
алатын бірмезгілдік төлем;
      Жерді тұрақты пайдаланушылар  –  бұлар  жерді  түбегейлі  пайдаланатын
тұлғалар;
      Топырақ қабаты – жердің үстіңгі құрғақ қабаты,  оның  өзіне  ғана  тән
құрылысы, құрамы және қасиеті бар ерекше табиғи құрылымы;
      Жерге иелік ету құқығы – жерге нақты  иелік  етуге  мүмкіндік  беретін
заңдылық;
      Жеке меншіктегі жер учаскесін уақытша пайдалануға берілген құқық – жер
учаскесінің  иесі  мен  оны  уақытша  пайдаланушының  (арендатормен   немесе
төлемсіз  пайдаланушының)  арасында  жасалған  келісім  бойынша   субъектіге
берілетін құқық;
      Жер пайдалану құқығы – мемлекет меншігіндегі жер учаскесін қанша уақыт
болса да (тұрақты пайдалануға немесе белгілі  бір  мерзімге  дейін  (уақытша
пайдалануға) пайдалануға берілетін құқық;
      Жерді реттеу құқығы – Қазақстан республикасының территориясындағы  жер
тағдырын  шешуді   (Қазақстан   Республикасының   заңды   актілерімен   тиым
салынбаған жерлерді пайдалануға беретін құқықты) заңды түрде бекіту;
      Жер  учаскесіне  жеке  меншіктік  құқық  беру   –   азаматтарға   және
мемлекеттік  емес  заңды  тұлғаларға  Жер  Кодексінде  бекітілген  аумақтағы
шектегі жер учаскесін беру құқығы;
      Жер учаскесіне берілетін құжаттарға иелік ету құқығы – жер  учаскесіне
азаматтар мен заңды тұлғалардың  иелік  етуін  берілетін  құжаттар  (бұларға
жердің  жеке  меншікте  болуы,  жерді  пайдалану  құқығы,  сервитуттар  және
басқадай  жер  учаскесіне  берілетін  құжаттар  жатады).  Құқықты  бекітетін
құжаттарға жер учаскесіне меншіктікті, үнемі пайдалануға құқық  беретін  акт
және уақытша пайдалануға (төлемді, төлемсіз) құқық беретін актлер жатады;
      Атқарушы органдардың шешімі  –  атқарушы  органдардың  жер  учаскесіне
құқық беретін құқықтық актілер;
      Ауыл шаруашылығы кәсіпорыны – бұл негізінен ауыл  шаруашылығы  аясында
қызмет ететін заңды тұлға.  Жергілікті  бірліктер  –  бұлар  негізінен  ауыл
шаруашылығы өнімдерін өндіретін көмекші шаруашылық түріндегі  заңды  тұлғалы
бөлімшелер.
      Ауылшаруашылығындық алқаптар – бұлар ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  алу
үшін пайдаланылатын жер учаскелері (орман, көл, егістік, батпақтар);
      Ауылшаруашылығындық жерлер – бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін  алу  үшін
пайдаланылатын жер учаскелері. Олардың құрамына  жыртылатын  жерлер,  мәдени
дақылдар, шыбындықтар мен жайылымдық жатады;
      Шыбындықтар – бұл шөп шабу үшін жүйелі пайдаланылатын жерлер;
      Сервитут – басқа біреулердің учаскелерін  шектеулі  мақсаттарға  (өту,
өткел ретінде, жету және қажетті коммуникациялар,  аңшылық  шаруашылық  және
басқадай қажеттіліктер үшін) пайдалануға;
      Арнаулы жер қоры – ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптардан,  сондай-
ақ  Қазақстан  Республикасының  заңдылықтарын  бұза  отырып  өз   мақсатында
пайдаланылмаған жерлерден және  шартты  үлестерінен  бас  тартқан  және  жер
пайдаланушылардан алынған жерлер жатады;
      Жер құқыққатынастары субъектілеріне жай және заңды тұлғалар, сондай-ақ
жер   қатынастарына   қатысушылар   болып   табылатындар    және    берілген
құқыққатынастарына міндеттемелер алушылар жатады;
      Шартты жер үлесі – таратылған  немесе  қатты  құрылған  ұжымшарлардың,
мемлекеттік  емес  болып  құрылған  бұрынғы  мемлекеттік  ауыл   шаруашылығы
кәсіпорындары  қызметкерлерінің,  сондай-ақ   Жер   Кодексінде   көрсетілген
бұрынғы  жер  пайдаланушы  ұйымдардың  есебінде  болып   жер   алып   келген
тұлғалардың, немесе Жер Кодексінде  көзделген  адамдардың  жер  алуға  деген
құқықтары бойынша беріледі;
      Жұртшылықтың шаруашылығы – бұл адамдардың  жеке  қосалқы  шаруашылығы,
ұжымдық бау бақшалар, саяжай учаскелері; жеке  қосалқы  шаруашылықтарға  жер
иелік ету үшін және өздеріне  ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  өндірулері  үшін
берілді; ұжымдық бау бақшалар – бұл жерді пайдаланудың бір түрі, ол  бойынша
ұжымның азаматтарына жер жеміс жидек және бақша салу үшін беріледі.


            2. ДӘРІСТЕР

      Тақырып 1. Ауыл шаруашылығында  кәсіпкерлікті  (бизнесті)  жасау  үшін
қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық шарттар

      Ауыл  шаруашылығында  кәсіпкерлікті  қалыптастыру  үшін  белгілі   бір
экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және т.б. шарттар керек.
      Экономикалық шарттар – бұл дегеніміз ең алдымен тауарларды ұсыну  және
оған сұранымның болуы, яғни:
    - тұтынушылар ала алатын тауарлардың болуы;
    - олардың сатып алатындай ақша қаражаттарының болуы;
    - қызметкерлердің еңбек ақылары тауарларды алуларына әсер
ететін жұмыс орындарының, жұмысшы күштерінің артық немесе кемшін болуы;
    - экономикалық жағдайларға мыналар елеулі әсер етеді;
    - ақша ресурстарының болуы және алу мүмкіндігі;
    - инвестицияланған капиталдағы табыс деңгейі;
    - өздерінің іскерлік операцияларын жүргізуді қаржыландыру үшін
ауылдағы тауар өндірушілерге қарыз  бере  алатын  мекемелердің  және  оларда
заемдік қаржыларының болуы.
      Осылардың бәрімен нарықтың  инфрақұрылымын  құрайтын  әртүрлі  ұйымдар
шұғылданады:
    - бірінші кезекте - қаржы беру қызметін көрсететін банктер;
    - екінші кезекте - шикізаттармен, материалдармен, жартылай
фабрикаттармен,  комплектілейтін   бұйымдармен,   жанармаймен,   энергиямен,
машиналар   және   қондырғыламен,   аспаптармен   және   т.б    жабдықтайтын
жеткізушілер;
    - үшінші кезекте – тұтынушыларға тауарларды жеткізу қызметін
көрсететін толайым және бөлшек сауданың сатушылары;
    - төртінші кезекте – бұл кәсіптік және заңгерлік, бухгалтерлік,
делдалдық қызмет көрсететін мамандандырылған фирмалар мен мекемелер;
    - бесінші кезекте – жұмысшы күштерін іріктеп алуға көмек
көрсететін еңбекке орналастыру жөніндегі агенттік;
    - алтыншы кезекте – бұл жұмысшылар мен мамандарды,
қызметшілерді оқытып үйрететін оқу орны;
    - ақырысында, жарнамалаушы, көлік қатынасы, қамсыздандыру,
байланыс және ақпарат беретін агенттіктер.
      Әлеуметтік шарттаркәсіпкерліктің экономикалық жағдайларға қалыптасуына
әсер етеді. Бұл ең алдымен  тұтынушылардың  талғамға  сай  тауарларды  алуға
ұмтылыстары. Әртүрлі кезеңдерде осы ұмтылыстардың  өзгеруі  де  мүмкін.  Бұл
орайда ортаның әлеуметтік – мәдени жағдайына  байланысты  адамгершілік  және
діни нанымдардың да елеулі  рөль  атқаратынын  ескерген  жөн.  Бұл  нормалар
тұтынушылардың  өмір   салттарына   және   осы   арқылы   тауарларға   деген
сұранымдарына да әсер етеді. әлеуметтік  жәйіттер  әркімнің  жұмысқа  деген,
еңбек ақыға, жұмыс жағдайына деген талаптарына ықпал жасайды.
      Ауылдағы кәсіпкер кәсіпшілік қызметінен қанағат тауып жүруі  тиіс.  Ол
қызметкерлерінің деңсаулықтарын қорғау, жұмыс  орындарын  сақтау  және  т.б.
мәселелерді шешуге тырысып отырады.
      Кәсіпкерлікті қалыптастыруда кадрларды  даярлау,  қайта  даярлау  және
мамандықтарын көтеру маңызды рөль атқарады:
    - кәсіпкерлік қызметті жүргізудің қазіргі тәсілдеріне оқытып, үйрету;
    - кадрларды оқыту және қайта оқыту, оларды дамыған  елдерде  дайындықтан
      өткізу;
    -  кәсіпкерлерді  оқытатын  оқытушы  кадрларды  даярлауды   және   қайта
      даярлауды шектеу;
    - ауыл шаруашылығы бойынша кеңес беретін жүйе құру және т.б;

            Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік  процестің  негізгі  элементтері
біздің пікірімізше мыналар болып табылады:
    - бизнестің мүмкіндігін айқындау және бағалау;
    - бизнес – жоспарды жасау;
    - ресурстарға қажеттілікті анықтау;
    - кәсіпорынды басқару.


Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік процестің элементтері

|Бизнестің          |Бизнес – жоспарды|Ресурстарға          |Кәсіпорынды       |
|мүмкіндігін анықтау|жасау            |қажеттілікті анықтау |басқару           |
|және бағалау       |                 |                     |                  |
|Бизнес             |Тарау.           |Қажетті ресурстарды  |Басқару стилін    |
|мүмкіндіктерінің   |Бизнеске қадам   |анықтау              |қалыптастыру      |
|ұзақтылығы         |басқан кез       |                     |                  |
|Бизнес             |Жоспардың мән –  |Қолда бар ресурстарды|Бақылау жүйесін   |
|мүмкіндіктерін     |мағынасы         |анықтау              |енгізу            |
|жүзеге асырудың    |                 |                     |                  |
|рыногы             |                 |                     |                  |
|Бәсекелестікті     |Тарау.           |Ресурстарға          |Ұйымдастырушылық  |
|зерттеу            |Кәсіпорынның     |қажеттілікті         |процестерді жасау |
|                   |резюмі (жазылуы) |идентификациялау     |                  |
|Рынок және         |Саланы талдау:   |Қажетті ресурстарды  |SWOT талдауын     |
|кәсіпорын үшін     |Өндірістік       |жеткізушілерді       |(күшті, әлсіз     |
|бизнестің          |жоспар; Маркетинг|анықтау              |жақтары,          |
|мүмкіндіктерін     |жоспары; Қаржы   |                     |мүмкіндіктері,    |
|бағалау            |жоспары; ұйымдық |                     |қауіпсіздігі,     |
|                   |жоспар.          |                     |оларды бағалау)   |
|Тәуекелділік және  |Операциялық      |Жеткізушілермен тіл  |Табысқа жетудің   |
|бизнес мүмкіндігі  |жоспар;          |табысудың жолдары    |факторларын       |
|әкелетін пайда     |Қорытынды:       |                     |анықтау           |
|                   |Тиімділікті      |                     |                  |
|                   |есептеу.         |                     |                  |
|Кәсіпкерліктік     |                 |                     |                  |
|біліммен,          |                 |                     |                  |
|біліктілікпен,     |                 |                     |                  |
|ұмтылыспен қабысу  |                 |                     |                  |
|жағы               |                 |                     |                  |



      Агроөнеркәсіп кешені салаларының  соңғы  15  жылда  дамуының  құқықтық
жағынан даму кезеңдерін былайша бөлуге болады:
      Жер реформасының бірінші кезеңінде (1990 – 1994 ж.ж.)  «Жер  реформасы
туралы», «Шаруа қожалығы туралы», «Жер салығы туралы» Заңдардың  қабылдануы.
Осы құжаттарға сәйкес ұжымшарлар мен кеңшарлардың жерлері мен өндіріс  құрал
жабдықтары ұжымдардың мүшелеріне берілді. Экономикалық  аграрлық  секторында
экономикалық қатынастарды түбірінен  өзгертуге  алғаш  рет  мүмкіндік  туды.
Алайда  бұл  кезеңде  жаңа  заңдылықтар  негізгісі  болып   табылатын   ауыл
шаруашылығының жеке  меншіктік  секторын  құруға  қол  жеткізе  қойған  жоқ.
Көптеген  экономистер  мен  саясат  танушылардын  пікірлері  бойынша   бұның
негізгі себептері мыналар болды:
      - ауылшаруашылығындық алқаптар мен құрал жабдықтардың  негізгі  бөлегі
ұжымшарлар мен кеңшарларда болғанымен  жеке  меншіктік  түрге  көшудің  және
шаруашылықты жүргізудің нақты жолдары белгіленбеді;
      - жер қатынастарын жаңаша дамытудың құқықтық негіздері жасалмады.
      Жер қатынастарының екінші кезеңінің  дамуы  (1994  –  2001  ж.)  жерге
байланысты заңдылықтардың нарық жағдайына қарай бейімделу кезеңі болды.  Осы
мақсатқа орай Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер қатынастарын  реттеу
туралы», «Жер қатынастарын одан ары жетілдіру туралы» жарлықтары шықты,  әрі
бұлар нарықтық қатынастарды қалыптастыруға (жерге  иелік  ету  арқылы)  әсер
етті.
      ҚР – сы  Президентінің  Заңдық  күші  бар  «Жер  туралы»  (22.12.1995)
Жарлығы жарияланып берудің шарттары мен сол жерлердің аумақтары  белгіленді,
жер рыногы нарығында,  оның  ішінде  жерді  пайдалану  құқығы  нарығына  жол
ашылды. Жарлықпен әрі жеке участок меншік немесе пайдалану  учаскесі  болады
да оның құны бағаланады.
      Жер участкесі шаруаларға (фермерлерге)  тұрақты  пайдалауға  беріледі,
оны олар басқаға сыйлай алады, жалға  береді,  ауыстыра  алады,  кепілге  де
салады,  ауыл  шаруашылығы  серіктестіктеріне  және  кооперативтерге   жарна
ретінде де бере алады.
      1998 жылы 31 наурызда Қазақстан  Республикасындағы  шаруа  (фермерлік)
шаруашылықтардың құқықтық,  ұйымдық,  және  экономикалық  негізін  реттейтін
«Шаруа  қожалықтары  туралы»  Заң  жарияланды.  1995  жылы  24   сәуірде   (
өзгерістер және қосымшаларымен 1998 ж. 01.07 де).
      Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Заңдық күші бар «Шаруа
(фермерлік  шаруашылықтарға)  қожалықтарына  салық  салу   тәртібі   туралы»
жарлығы шықты, ол бойынша шаруа қожалықтарына  мемлекеттік  және  жергілікті
салық салынады.
      ҚР – ның «Жер туралы» (24.01. 2001 жылы) және ҚР  –  нің  Жер  Кодексі
қабылданған  күннен  ауылда  реформаны   жүзеге   асырудың   үшінші   кезеңі
басталады.
      ҚР – ның «Жер туралы» Заңын жетілдіру үшін ҚР – ның  Үкіметінің  алған
қаулыларындағы қағидалар мыналар:
    - жер участкелеріне құқықтықты бекітудің тәртібі;
    - жер кадастры мен жер рыногын жүргізудің негіздері;
    - өнімдерді өткерудің негіздері және ауыл шаруашылығын
қаржыландырудың мемлекеттік қорын құру.

      Өзін өзі бақылау сұрақтары:
   1.  Ауыл  шаруашылығындағы  бизнесті  құру   үшін   қажет   экономикалық,
      әлеуметтік және құқықтық шарттар
   2. ҚР ауыл шаруашылығына байланысты заңдар мен заңнамалар


      Тақырып 2. Нарықтық экономика және бизнес
   1. Бизнес ұғымы, мәні және экономикалық мазмұны
   2. Іскерлікті ұйымдастыру формалары

      Нарықтық экономика – бұл ең алдымен еркін  іскерлік  экономикасы  және
бизнестің оның барлық салаларында жұмыс істеуі. Нарықтық  қатынастарға  көшу
тұрғындарды бизнеске кеңінен тарту арқылы ғана мүмкін болады.
      Бизнес – бір жақты анықтауға бағынбайтын,  барынша  ауқымды  және  сан
қырлы ұғым. Бизнес дегеніміз ол белгілі бір істі жүргізу.
      Бизнестің өзіне тән бір белгісі – ол жеке меншікке, өндіріс  факторына
негізделеді.  Себебі,  жеке   меншік   өзіндік,   отбасылық,   топтық   және
акционерлік,  яғни  ұжымдық  сияқты  әр  түрлі   болып   келеді.   Бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық  бағдарламаларды  іске
асыруды  бұл  жағдайда  мемлекеттік  тапсырыс  ретінде  мемлекет   қаржысына
бизнесмендер орындай  алады.  Экономикасы  дамыған  көптеген  мемлекеттерде,
мысалы мұндай мемлекеттік қолдауды,  бизнесті  жүзеге  асыру  үшін  жеңілдік
жасауды  ұсақ  іскерлер,  шаруа  (фермерлік)  қожалықтары  немесе   тұтастай
агробизнес пайдаланады.
      Бизнес экономикалық қызметтің басқа тұрақты  түрлерімен  салыстырғанда
өзінің жандылығымен және инициативалылығымен ерекшеленеді.  Бизнесмен  үнемі
жаңа   өнімді,   технологияны,   сапаны,    нарықты,    бағаны,    сондай-ақ
тұтынушыларды, материалдарды, құрал-жабдықтарды, транспортты,  ғимараттарды,
ақпараттарды, байланысты және т.б. іздестіру үстінде болады.
      Бизнес жоғары деңгейдегі өзінше іс-қимыл  танытуды  және  экономикалық
таңдау  бостандығын,  сондай-ақ  жауапкершілікті  қажет   етеді.   Бизнестің
қасиеттері   шығармашылыққа,  жетілдірілуге,   жұмыстың   тиімді   әдістерін
іздестіруге итермелейді, ал мұның  өзі  өз  кезегінде  қоғамды  экономикалық
және әлеуметтік өркениетке алып келеді.
       Бизнес  –  бұл  өзіндік  инициативалық,  өз  мүлкінің  жауапкершілігі
аясында жүзеге  асатын,  жекелеген  азамттардың  немесе  олардың  топтарының
пайда немесе басқалай түрінде  экономикалық  олжа  табуға   бағытталған  кез
келген қызметі.
      2. Бизнес адамзаттың кез келген ойластырылған қызметі ретінде  сендіру
негізінде  болсын  тиісті  мағынасындла  және   заңдық   негіздегі   жасалуы
жағдайында   болсын,   мемлекетпен   арадағы    іскерлікке    қатысушылардың
экономикалық  қарым-қатынастары  нақты  ұйымдастыруды  қажет  етеді.  Заңмен
бекітілген  іскелік  қызметті  ұйымдастырудың  әдістері  бизнестің  ұйымдық-
құқықтық формасы деп аталады.
      Бизнесті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – бұл жеке іскерлік.  Бұл
жағдайда бизнесмен жеке  тұлға  ретінде  кәсіпорынның,  фирманың  мәртебесін
иеленбей-ақ, өздігінен, жалғызбасты болып іс-қимыл  танытады.  Алайда,  егер
бұл  қызмет  бір  рет  қана  немесе  кездейсоқ  жүргізілмей,  жүйелі   түрде
жүргізілетін болса, онда міндетті түрде мемлекеттік  тіркеуден  өтеді.  Жеке
іскерлік белгіленген минимумнан асатын  пайда  әкелсе,  іскер  осы  пайдадан
салық төлеуі тиіс.
      Бірқатар жағдайларда белгілі бір жеке тұлға бизнеспен  айналысуы  үшін
іскерліктің бірнеше түрімен айналысуға  құқық  беретін  ақылы  лицензия  алу
қажеттілігі қарастырылған. Мысалы, дәрігерлік қызмет,  білім  беру  қызметін
көрсету, нотариалдық қызмет және т.б.
      Егер жеке іскерлік  қызмет  белгілі  бір  салады  жүйелі  жүргізілетін
болса, онда белгілі бір мерзім мен қызмет көлеміне  берілетін  ақылы  патент
алу қажеттілігі туады.
      Жеке басты іскер өз шығынын өзі  толық  көтереді  және  өз  қызметінің
нәтижелері үшін өзі жауап беріп, бастаған ісін кезе келген  уақытта  тоқтата
алады.
      Жеке іскерлік қызметтің тағы бір түрі  жеке  кәсіпорын,  фирма,  шаруа
(фермерлік) қожалығы болып табылады. Бизнестің  мұндай  формасындағы  мекеме
құру құқы кез келген азаматта  бар.  Бұл  үшін  ол  өзінің  жеке  кәсіпорнын
тіркеуден  өткізіп,  заңды  тұлға  мәртебесін  алуы  шарт.  Мұндай  жағдайда
кәсіпорын тек жалғыз адамнан ғана тұрмауы мүмкін.  Бұл  кәсіпорынның  меншік
иесі іскерлік қызметтің субъектісі ретінде танылады, ол кез келген  мөлшерде
қызметкерлер жалдауы мүмкін, бірақ олар  іскерлер  ретінде  емес,  жалдамалы
қызметкерлер қатарында саналады.
      Жеке  іскерлік  кейде  отбасылы  кәсіпорын  түрінде  көрінеді.  Мұндай
жағдайда  жеке  іскерліктен  топтық,  яғни  ұжымдық  іскерлікке  өту   әдісі
байқалады.
       Халық  шаруашылығында  жұмыс  істейтін   кәсіпорын   ұйымдық-құқықтық
құрылымы,  масштабы,  қызмет  ауқымы  тұрғысынан  әр  түрлі  болып   келеді.
Құқықтық  және  өндірістік  тұрғыдан  алғанда  олар  жекелеген  топтар   мен
түрлерге бөлінеді.
      Кәсіпкерліктің түрлері:
1.  Атқаратын  міндетіне  қарай  кәсіпкерліктің  мынадай   түрлері   болады:
өндірістік, коммерциялық қаржылық және кеңестік.
2. Меншік түрлері бойынша жеке  меншік,  мемлекеттік,  муниципалды,  сонымен
бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
3. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе ұжымның  құрамы
болуы керек.
4. Кәсіпкерлік формасы  бойынша  екіге  бөлінеді:  1)  ұжымдық-құқықтық;  2)
ұжымдық экономикалық.
      Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер.
   1. Серіктестіктер – адамдардың бірлестігі, онда  екі  және  одан  да  көп
      серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің
      капиталымен жеке жауап береді.  Олар:  1)  жауапкершілігі  шектелмеген
      серіктестік,  2)  командитті  (сенімге   негізделген)   жауапкершілігі
      шектелген  серіктестік.  Ұжымдар  өздерінің  қаражаттарымен  бірігеді.
      Шектелген  жауапкершілікті  қоғам  мүшелері  ұжымның  міндеттемелеріне
      жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің  қосқан  пайдаларының
      мөлшерінде болады. Ал қосымша  жауапкершілігі  бар  ұжымдар  өздерінің
      барлық дүние-мүлкімен жауапты.
   2. Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады.
      Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары:
   1. Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әртүрлі  компаниялардың бақылау
      пакеттерін сатып алды.
   2. Ассоциация – экономикалық дербес  кәсіпорындардың  ерікті  бірлестігі.
      Маманданған   кәсіпорынның    негізгі    мақсаты    ғылыми-техникалық,
      өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
   3. Консорциум – бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін (мысалы,  өте  ірі
      жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
   4. Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
   5. Картель -   тауар,  қызмет  көрсету  бағасы,  нарық  аудандарын  бөлу,
      өндіріс мөлшері жөнінде келісім.
   6.  Қаржы-өнеркәсіп  тобы  –  банк,  сақтандыру  және  сауда  капиталының
      бірлестігі.
        Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық  формалы  кәсіпкерліктер
      бар.
   1. Шаруашылық серіктестік – толық  серіктестік.  Олардың  мүшелері  өзара
      кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды.  Құруға  керекті  серіктес
      мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға
      қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып  сонан  салық
      төлейді.
   2. Коммандиттік  серіктестік.  Барлық  серіктестік  мүшелері  серіктестік
      атанған іс жүргізушілер ішінен бір  немесе  бірнеше  мүшелері  зиянның
      тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
   3.  Шектеулі  жауапкершілікті   серіктестік.   Оның   мүшелері   қоғамның
      міндеттемелеріне  жауап  бермейді,   ал   зиян   тәуекелін   өздерінің
      үлестерімен жауап береді.
   4. Қосымша жауапкершілігі бар  қоғам.  Қоғам  міндеттемелеріне  өздерінің
      заттарымен жауап береді.
   5. Акционерлік қоғам – жарғылық капиталы акцияларға аударылған шаруашылық
      бірлестігі.
   6. Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
   7. Унитарлы  кәсіпорын  –  коммерциялық  мекеме,  меншіктік  құқығы  жоқ.
      Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық  кәсіпорын  тек
      мемлекеттік немесе муниципалдық болады.
   8. Шағын кәсіпорындар – бұл өзінің көлемі жағынан шағын шаруашылық ұйымы.
      Мұнда жұмыс істеушіліердің саны мен шаруашылық айналымының көлемі  заі
      актілерімен және үкіметтің қаулыларымен белгіленеді.
      Жоғарыда келтірілген ұйымдастыру формалары негізінен  ұсақ  және  орта
бизнеске тән. Дамыған елдерде ірі бизнес көптен бері  мемлекеттік  шекарадан
шығып,   экспорт-импорт   операцияларымен   және   басқа   елдерде   капитал
орналастырумен  айналысатын  халықаралық  компаниялар  тәсіліне  ие   болды.
Осындай   компаниялар,   бірақ   филиалдары   бар    және    бірнеше    елде
тіркелгендіктен,  дүние  жүзіндегі  көптеген  елдерде  бизнес  операцяиларын
жүзеге асыратындықтан, трансұлттық компаниялар деп аталады.


      Тақырып 3. Ауыл шаруашылығы – Қазақстан Республикасының  агроөнеркәсіп
кешенінің басты саласы

      Қазақстан Республикасының халық шаруашылығы кешені  ашық  та  біртұтас
жүйе болып табылады, ол  өзара  байланыстағы  құрылым  құрушы  элементтерден
тұрады, олардың әрқайсысы  өзінің  ғана  емес  тұтас  жүйенің  дамуына  әсер
етеді. Жүйенің мұндай ашықтығы осы ортаға қатынастың іштей де (микро),  және
сырттай да болуына  елеулі  ықпал  етеді.  Алайда  экономикалық  дамудың  әр
кезеңінде ортаның әсері әрқилы болуы  мүмкін.  Сондықтан  халық  шаруашылығы
кешенін алға бастыру  ең  алдымен  оның  өзін  өзі  реттеуі  мен  басқарудың
механизмі қаншалықты дұрыс болатындығына байланысты.
      Нарықтық экономиканың өзіне тән сипаты мынада: етер әсері жағынан ішкі
ортаға  қарағанда  сыртқы  ортаның   әсері   артық   болады,   бұл   қазіргі
қазақстандық жағдайда тіпті ерекше.
      Бұрын жабық болып келген  экономиканың  енді  бүкіләлемдік  шаруашылық
қатынастар  жүйесіне  ене  бастауы,  оның  кеңейіп  тереңдей  түсуі,  сыртқы
ортаның әсері мен маңыздылығы факторларының ұлғаюы әрине бәрін  жете  білуді
қиындатады және әртүрлі тәуекелге баруға алып келеді.
      Осындай жағдайда  оның  тұтастығын  сақтай  отырып  халық  шаруашылығы
кешенінің барлық элементтерінің өзара  қатынаста  қалыпты  жұмыс  істеулерін
қамтамасыз ету  олардың  құрылым  түзеуші  әр  элементінің  орны  мен  рөлін
анықтаудың жаңаша, сапалық тұрғыдан келуді қажет  етеді.  Халық  шаруашылығы
кешенінің  барлық  құрылым  түзеуші  элементтерінің  арасындағы   объективті
өзара байланыс пен  өзара  тәуелділікті  ескермеу  және  есептемеу  кешеннің
ретті  дамуына,  өзін  өзі  қалыптастыру  циклінің   бұзылуына,   құрылымдық
ілгерілеудің бәсендеуіне әкеліп соғады.
      Еліміздің халық  шаруашылығы  кешенінің  құрылым  түзеуші  кез  келген
элементіне түсетін  жүктің  мөлшері  қоғамдық  өндіріс  пен  қоғамдық  еңбек
бөлінісіне қарай анықталады.
      Көптеген ірі мемлекеттердің экономикасында бірнеше салааралық кешендер
бар, олардың негізгілері мыналар:
    - отын – энергетикалық кешен (бұған қуат беретін және оны
пайдаланатын генераторлар, энергетикалық ресурстарды алу және  өңдеу,  соңғы
тұтынушыларға электр қуатын және жылуды диспетчерлік жолмен жеткізу);
    - орман өндірісі кешені (ағаштарды өсіру, дайындау, алғашқы
өңдеуден өткізу және өткізу);
    - агро өнеркәсіп кешені (АӨК).
      Аграрлық сектор (ауыл шаруашылығы)  кез  келген  елдің  экономикасында
ерекше орын алады. Ауыл шаруашылығына айрықша орын берілетіндігі  адамдардың
өмір  сүрулеріне  қажетті  азық  –  түліктерді  өндіретіндігі  және  жұмысшы
күштерін толықтыратындығы,  өндірістік  емес  тұтынатын  тауарлар  мен  азық
түліктерді және өндірістік мақсаттағы өнімдерді өндіретіндігі.  Шын  мәнінде
ауыл шаруашылығының даму  деңгейі  көп  ретте  елдің  экономикалық  деңгейін
анықтайды.
      Қазақстан Республикасы ежелден аграрлы ел  болып  есептеледі.  Әртүрлі
себептерге байланысты еңбек етуге қабілетті жұрттың,  ауыл  шаруашылығындағы
үлесі ХХІ ғасырдың басында 10% - ке дейін кеміп  кетті.  Бұл  жерде  негізгі
рөлді    мемлекеттің     саясаты     ретінде     жарияланған     өнеркәсіпті
индустриализациялау факторы атқарды, сөйтіп еңбекке жарамды ауыл  тұрғындары
жоғары ақы төленетін және келешегі үлкен салаларға ағылды.
      Аграрлық экономиканың екі мағынада ұғымы бар. Тар ауқымда алғанда  бұл
кәдімгі ауыл шаруашылығы, яғни азық – түлік өнімдері мен  өңдеуші  салаларға
шикізаттардың  кейбір  түрін  береді.   Осы   секторда   жүзеге   асырылатын
технологиялық процестер егіншілік пен  малшаруашылығы  өнімдерін  өткізгенге
дейін өндірумен шектеледі.
      Елуінші жылдардың басында ғылыми және  өндірістік  түсінігімізге  ауыл
шаруашылығы өнімдерін өндірумен, оны сақтаумен, өңдеумен және  тұтынушыларға
жеткізумен шұғылданатын халық шаруашылығы салаларының  жиынтығы  деген  ұғым
беретін агроөнеркәсіп кешені (АӨК) деген атау енді.
      Қазіргі кезде А.И. Алтухованың,  В.А.  Кундиустың  пікірлерінше  (2004
жылы) негізінен төрт түрлі сфераны бөліп көрсеткен оңтайлы:
    - біріншісі – ауыл шаруашылығына өндіріс құрал жабдықтарын
жеткізумен   және   қызмет   көрсетумен   шұғылданатын   кәсіпорындар    мен
бірлестіктер;
    - екіншісі – ауыл шаруашылығының өзі;
    - үшіншісі - өнімдерді сақтаумен, өңдеумен және оны өткізумен
шұғылданатын кәсіпорындар;
    - төртіншісі – ғылми танымдық мекемелердің, мамандандырылған
кеңес  беретін,  ғылми  –  зерттеулер  жүргізетін,  жаңалықтарды   енгізетін
орталықтар, ақпараттық және мониторингтік қызметтер, мәдени ұйымдар.
      АӨК – нің әр сферасындағы салалар мен кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы
өнімдерін жеткізудегі үлестері мен оның  көлемін  жуықтатып  қана  анықтауға
болады. Бұл мәселен ауыл шаруашылығына қызмет ететін  кәсіпорындар  (бірінші
сфера)  көпжақты  болып  келеді,  олар  ауыл  шаруашылығына   қатысты   емес
салаларға да өнімдер дайындайды.  Ал  сауда  ұйымдары  (үшінші  сфера)  ауыл
шаруашылығы өндірісінен  басқалардың  да  өнімдерін  саудалайды.  Ал  екінші
сфераны алатын болсақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің едәуір  көп  бөлегі  жеке
меншіктегі қосалқы шаруашылықтарда өндіріліп жүр. өз  қажеттерін  өтеу  үшін
жұртшылықтың өндірген өнімдері мен оның құнын дәлдікпен айту мүмкін  емес  –
бұл үшін бағалаудың жанама әдістері қолданылады,  ол  тұтыну  қажеттілігінің
шамасы және т.б.
      АӨК – нің барлық салаларының өнімдерінің көлемін  тек  біржақты  ғана,
осы кешенде ғана дайындалған және пайдаланылғанын анықтауға  болады.  Мысалы
бірінші сфера үшін бұл арнаулы техникаларды,  айталық  астық  жинайтын  және
жемшөп жинайтын комбаиндер, үшінші сфера үшін – элеваторлар және сол  тектес
құрылыстар, бұларда ауыл шаруашылығындық емес өнімдерді сақтауға болмайды.
      Агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасына өнеркәсіп  өндірісінің  мына
салалары жатады:
    - тракторлар мен ауылшаруашылығы машиналарын шығару;
    - мал шаруашылығы үшін машиналар шығару;
    - тамақ өнеркәсібі үшін машиналар шығару;
    - минералды тынайтқыштар өндіру;
    - микробиология өнеркәсібі;
    - химиялық тынайтқыштар мен өсімдікті қорғайтын басқа да
нәрселерді өндіру;
    - селолық құрылыстар;
    - ауыл шаруашылығы мақсатындағы негізгі құрал жабдықтарды
және т.б. жөндеу және техникалық күтім жасау.
      Екінші сфераның ауыл шаруашылығының жалпы өнімдеріндегі  үлес  салмағы
меншіктің  барлық  түріндегі   ауыл   шаруашылығы   кәсіпорындарының   алған
инвестицияларына  және  амортизациялық   есептеулеріне   қарай   анықталады.
Мамандардың бағалаулары бойынша бірінші сфераның ауыл  шаруашылығының  жалпы
өнімдерінің алтыдан бірден бестен біріне дейін алады. Бұл сферада  айналымға
түспейтін активтердің 15 тен 20 пайызына дейінгісі бар.
      Агроөнеркәсіп кешенінің екінші сферасы сол  өзінің  ауыл  шаруашылығы.
Бұл сферада кешеннің өндірістік потенциалы  мен  еңбек  ресурстарының  басым
бөлегі пайдаланылады. АӨК – нің екінші сферасындағы  салалар  өндірген  ауыл
шаруашылығы  өнімдерінің  бағаларының  диспоритеті,   сондай   –   ақ   ауыл
шаруашылығы кәсіпорындарының сауда және  қоғамдық  тамақтандыру  орындарымен
қатынастарының реттелмеуі бірінші сферада түпкілікті өнім құнын  төмендетуге
әкеліп соқтыруда – қазір бұл пайыз жартысынан аспайды.
      АӨК – нің екінші  сферасы  екі  саладан  тұрады:  егіншілік  және  мал
шаруашылығы; бұлардың әрқайсысында бірнеше сала бар:
      Өсімдік шаруашылығында мынандай салалар бар:
    - астық шаруашылығы;
    - көкөніс шаруашылығы;
    - жемшөп өндірісі;
    - қант қызылшасын өсіру;
    - картоп өсіру;
    - кендір өсіру;
    - жүзім шаруашылығы;
    - бақша шаруашылығы және т.б.
      Мал шаруашылығының салалары:
    - етті ірі қара шаруашылығы;
    - қой шаруашылығы мен ешкі өсіру;
    - жылқы шаруашылығы;
    - құс шаруашылығы;
    - шошқа өсіру шаруашылығы;
    - түйе шаруашылығы;
    - үй қоянын өсіру;
    - балық шаруашылығы және т.б. Игеру әдістемелеріне қарай АӨК
– нің бірінші сферасында 80 – ге дейін қосымша салалар бар.
      Агроөнеркәсіп кешенінің үшінші сферасына  ауыл  шаруашылығы  өнімдерін
сақтаумен, өңдеумен, тасымалдаумен және өткерумен шұғылданатын  кәсіпорындар
мен ұйымдар кіреді:
      Оларға мына салалар кіреді:
    - сүт өндейтін;
    - ет өндейтін;
    - дәмдендіруші шығаратын;
    - тоқыма;
    - аяқ киім;
    - көлік қызметі;
    - сауда қызметі және т.б.
      Көріп отырғанымыздай үшінші сферадағы салалардың көп бөлегі сан қырлы.
Мысалы жүк таситын көлік ауыл  шаруашылығындық  жүктер  жоқ  болса  басқадай
жүктерді   тасуға   арналып   жабдықталады;   тоқыма   өнеркәсібі   импортты
шикізатпен, ол аяқкиім синтетикалық заттармен де шығарыла береді.  Сондықтан
аталған  салаларды  АӨК  –  нің  құрамына  жеткілікті  дәрежеде  рентабельді
болғанда енгізуге болады. Басқа жағынан алғанда ауыл шаруашылығы  кәсіпорыны
үшінші сфераның өзіне сай болатынын таңдай алатындығы  шектеулі.  Бұл  сатып
алу бағасын негізсіз төмендетуге және келісім – шарттың текстісіне  өндіруші
–  кәсіпорнынан  гөрі  қызмет  көрсететін  кәсіпорынға   тиімдірек   болатын
анықтамалар енгізуге алып келеді.
      Агроөнеркәсіп кешенінің төртінші  сферасына  аграрлық  колледждер  мен
университеттердің  ғылми  –  танымдық  кешендері,   мамандандырылған   кеңес
беруші, ғылми – зерттеулер мен оқу ақпараттық орталықтар және  мониторингтік
қызмет, мәдениетті ұйымдастыратын ұйымдар жатады.

      Тақырып 4. Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігі


      Аграрлы экономиканың негізгі мақсаттарының бірі  өндірістің  жеке  бір
саласының, сондай  тұтас  саланың  экономикалық  тиімділігін  анықтау  болып
табылады.
      Агроөнеркәсіп кешенінің  экономикалық  тиімділігін  бағалауда  «ақырғы
өнім» деген ұғымды түсіну керек, ол  тұтас  алғанда  анықтаушы  маңызға  ие.
Оның өнеркәсіптік өндірістің барлық салаларына қатысты  мәні  бар,  ол  ішкі
тұтыну жағын шегеріп тастағандағы жалпы кешеннің өндірген өнімдерінің  құнын
көрсетеді. АӨК – тің өңдеуші салаларындағы  ақырғы өнімнің  құнын  есептеген
кезде  өңдеуге  жіберілетін  ауыл  шаруашылығы  шикізаттарының  құны  есепке
алынбайды, тек қана қайта өндейтін сала шығарған дайын өнімдердің құны  ғана
есепке алынады.
      АӨК –  нің  өнімдері  іс  жүзінде  технологиялық  циклдің  кез  келген
стадиясында өткерілуі мүмкін. Мәселен, егіншілік саласының өнімдері  алынған
күйінде (астық, жеміс – жидек және т.б.) өткізілуі мүмкін, алғашқы  өңдеуден
өткізгеннен кейін (мысалы құрама жем) малды бордақылауға, одан кейін ол  мал
союға және  қайта  өңдеуге  және  т.б.  жіберіледі.  Сөйтіп  ақырғы  өнімнің
құрамына мыналар кіреді:
    - АӨК – нің бірінші сферасындағы салалардың және қосымша
салалардың өнімдері;
    - АӨК – нің үшінші сферасындағы қайта өндейтін салалардың
өнімдері;
    - өндірілген мүліктердің өнімдері немесе АӨК – нің бірінші
сферасындағы кәсіпорындар орындаған  жұмыстар  немесе  көрсеткен  қызметтер.
Бұл АӨК – нің бірінші сферасында әдетте  ұзақ  уақыт  пайдаланылатын  заттар
өндірілетінін  көрсетеді,  ондағы  ауыл  шаруашылығы   өнімдерінің   өзіндік
құндарына (өткеру құндарын  анықтауға)  амортизациялық  аударулардың  көлемі
кіреді. Сөйтіп мұндай мүліктерге ішкі  тұтынудың  сапасы  жағынан  қарағанда
негізгі қорлардың амортизациясын және басқадай  айналымнан  тыс  активтердің
амортизациясын кіргізеді;
    - саудалық үстеме баға қою, делдалдарды марапаттау, көлік
ұйымдарының  қызметтерінің  және  басқадай  өндіріс   пен   шаруашылықтардың
істеріне қарай жүргізіледі.
      Салалардың   пропорцияны   анықтау   және   басқарушылық    шешімдерді
мемлекеттік,  сондай  –  ақ  салалық  деңгейде  шешу  үшін  «ақырғы  өнімнің
құрылымы» деген ұғым пайдаланылады. Бұл ұғым ақырғы өнімнің  құрылымында  әр
саланың өнімдерінің үлес салмақтары қандай екенін көрсетеді.
      Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігі мына  қатынас  бойынша
бағаланады:
    - ақырғы өнімнің құны – ақырғы өнімді өндіруге жұмсалған
шығын (ішкі тұтынуға пайдаланылған өнімге жұмсалған  шығынды  есептемегенде)
яғни, ақырғы өнімнің құны – негізгі өндірістік қорлардың құны.
      Экономикалық тиімділігімен қатар  агроөнеркәсіп  кешенінің  әлеуметтік
тиімділігін де анықтау қажеттілігі  туды.  АӨК  –  нің  барлық  сферасындағы
кәсіпорындар мен  ұйымдар  негізінен  ауылдық  жерлерде  графикалық  шектері
нақты айқындалған аудандарда  болғандықтан  ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындары
орналасқан  жерлерде  жұмыспен  қамтылу   жағы   да   артатынын   әлеуметтік
тиімділікті анықтайтын  көрсеткіш  деп  қарау  керек.  Қосымша  көрсеткіштер
ретінде еңбек  ресурстары  бойынша  (жұмысшылар,  басқарудағы  адамдар  және
т.б.) және мамандық бойынша  жұмыссыздықты  азайту  жағы  да  еске  алынады.
Бұған керекті деректер жергілікті әкімшіліктерден алынады.
      Бұдан басқа әлеуметтік тиімділіктің  көрсеткіштері  болып  мыналар  да
табылады:
    - қызметкерлердің сырқаттануларын азайту – бұл
кәсіпорындардың бухгалтерлік  есептерінен  немесе  әлеуметтік  қамсыздандыру
органдарынан алынады;
    - өндірісте жарақат алуды және кәсіптік ауруларды азайту – бұл
ақпараттар да содан алынады;
    -  автоматтандыру деңгейін көтеру және жұмыстың кейбір
түрлерін кешенді механикаландыру;
    - әйелдер және т.б. шұғылданатын жұмыс орындарында қол
еңбегін қысқарту.
      Тиімділік көрсеткіштерінің толық тізбесі әлеуметтік экономика курсында
оқытылады.

                             Бақылау сұрақтары:
   1. Агроөнеркәсіп кешенінің құрамына қандай сфералар кіреді?
   2. АӨК – нің бірінші сферасына тиянақты сипаттама берініз.
   3. АӨК – нің үшінші сферасының негізгі функциялары қандай?
   4. Ғылыми зерттеулердің үшінші сферасының функциялары зерттеуде қай  әдіс
      негізгі болып табылады?


      Тақырып 5. Салалардың ұғымы және оның ауылшаруашылығындағы орны
      Халық шаруашылығының саласы деп сапалық жағынан бірегей болып  келетін
кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығын атайды, олар қоғамдық  еңбек  бөлінісі
жүйесінде, өнімдерді  өндіруде,  жұмыс  атқаруда  немесе  қызмет  көрсетуде,
өндірісті  дамыту  процесінде  атқаратын   функцияларының   бірегейлілігімен
сипатталады. Жекеленген кәсіпорындарды немесе  ұйымдарды  нақты  бір  салаға
жатқызу үшін өнімдердің  экономикалық  жағынан  бағытталуы,  шикізаттар  мен
материалдардың  біртектілігі,  сол   саладағы   технологиялық   процестердің
сипаттарының жалғасушылығы, кадрлар құрамының кәсіптік  және  маманданушылық
жағынан ұқсастығы есепке алынуы қажет.
      Халық  шаруашылығын  салалар  бойынша  дифференциялау  қоғамдық  еңбек
бөлінісіне қарай негізделген. Саяси экономика курсы бойынша  қоғамдық  еңбек
бөлінісі негізгі үш түрінде көрінеді:
    - жалпы еңбек бөлінісі – еңбек бөлінісін ірі сфераларға –
өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік қатынасы және т.б. жатқызуды айтады;
    - еңбек бөлінісін даралау - өндірістің жеке салаларының
көрсетілген   ірі   сфераларының   ішінде   айрықшаланып   көрінеді.    Ауыл
шаруашылығында еңбек бөлінісін даралау мәселен өсімдік шаруашылығы және  мал
шаруашылығы болып нақтыланған.
    - еңбек бөлінісін бірегейлеу – жеке кәсіпорындар мен ұйымдарда
еңбекті бөлісу мен ұйымдастырудан көрінеді.
      Әрине ауыл шаруашылығын осы көрсетілгендей  тұрғыда  бөлу  жеткіліксіз
екендігі түсінікті, өйткені бір саланың ішінде  қосымша  салалар  да  болады
ғой (мәселен өсімдік шаруашылығы, астық өндірісі, жемшөп  өндірісі,  көкөніс
өндіру және т.б. болып).
      Жеке  салалар  мен  қосымша  салалар  әртүрлі  ерекшеліктері   бойынша
топтастырылады, мәселен:
    - ақырғы өнімді нақты пайдалану принципі бойынша өндіріс
екі қосалқы саладан тұрады - өндіріс құрал жабдықтарын  өндіру  және  тұтыну
заттарын  өндіру.   Бұлайша   топтауға   шығарылған   өнімдердің   өнеркәсіп
өндірісінің басқа сфераларында  немесе  саудада  немесе  тұтынушылар  бірден
пайдаланатындығы ескеріледі. Осы жағынан алғанда  ауыл  шаруашылығын  тұтыну
заттарын өндіретін категорияға  жатқызылады  (өндірістік  құрал  жабдықтарды
өндіретін АӨК – нің екінші сферасынан өзгешелігімен);
    - барлық өндірісті өндіруші және өңдеуші деп бөлуге болады.
Бұның біріншісіне жататындар табиғи ресурстарды пайдаланудың  нәтижесінде  –
пайдалы қазбаларды  өндіру,  ағаш  дайындау,  егіншілік  өнімдерін  өсірумен
жинау.  Кәсіпорындардың  басқа  түрі  өндірілген  (дайындалған,   өсірілген)
өнімдерді қоғамдық өндірістің неғұрлым алғашқы стадияларында қайта  өңдейді.
Осы белгілеріне  қарай  ауыл  шаруашылығын  өндіруші  (өсімдік  шаруашылығы,
сондай ақ өңдеуші (мал шаруашылығы) салаларға жатқызуға болады;
    - шығарған өнімдерінің белгілі бір мақсатқа сәйкес келуіне қарай
өндірісті кешенді салаларға бөледі. Бұлайша айқындау салаларды анықтау  үшін
емес, салааралық кешендерді анықтау үшін керек. Ауыл  шаруашылығы  өнімдерін
өндіруде АӨК – і осындай кешен болып табылады.
Технологиялық  процестер,  өндірістік  техникалық  базалардың  ортақтастығы,
кадрлар құрамының кәсіптік  және  мамандықтары  ,  өндіруді  және  басқаруды
ұйымдастырудың жүйелері ескеріледі.
      Сандық көрсеткіштері принципі бойынша халық шаруашылығы экономикасында
саланың алатын орнын анықтауда мыналар пайдаланылады:
    - мемлекеттің ішкі жалпы өніміндегі саланың ақырғы өнімінің үлес
салмағы;
    - еңбекке қабілетті барлық жұртшылықтың әлгі салада істейтін
қызметкерлер санының үлес салмағы;
    - салаға қосылған (негізгі объектілердің құны, айналымдағы
активтер және т.б.) материалдық - өндірістік ресурстардың үлес салмағы.
      Кей жағдайда сандық көрсеткіштер  мен  қатар  логикалық  немесе  мәнін
анықтау  әдісі  де  қолданылады.  Мысалы,  зерттеулер   негізінде   қоғамдық
өндірістін құрылымындағы саланың рөлі мен орнын  елдің  экономикалық  немесе
әскери  қауіпсіздігі  тұрғысынан,  саланың   даму   деңгейіне,   шығарылатын
өнімдердің  саны  мен  сапасы  жұртшылықтың  тұрмысына  етер  әсеріне  қарай
анықтайды.
      Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы  негізгі  салаларының  бірі
болып табылады. Сала ретінде ауыл  шаруашылығының  негізгі  мақсаты  халықты
азық – түлік өнімдерімен және ақырғы пайдаланылатын тауарлармен (мата,  жүн,
осыдан жасалған бұйымдар) қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Басқаша  сөзбен
айтқанда ауыл шаруашылығы жұмысшы күшін  (еңбек  ресурстарын)  толықтыратын,
қосымша құн  жасайтын  сала.  Ауыл  шаруашылығы  еліміздің  өмірлік  маңызды
саласы болып табылады.

      Тақырып  6. Қазақстанның ауылшаруашылығы экономикасының ерекшелігі


      Қазақстан  Республикасының  ауыл  шаруашылығы  экономикасының   саласы
ретінде кез келген экономикалық жүйеге және  кез  келген  өндірістік  күштер
мен өндірістік қатынастарға  тән  негізгі  экономикалық  заңдарға  бағынады.
Сонымен қатар ауыл  шаруашылығында  экономикалық  және  шаруашылық  қызметті
жүзеге   асыру   үшін    ауыл    шаруашылығы    өндірісінің    технологиялық
өзгешеліктерін,  еңбек,  өндірістік  және  жер  ресурстарын   орналастырудың
ерекшеліктерін ескеру керек.
      Бұл   ерекшеліктер   туралы   неғұрлым    анық    түсінікті    негізгі
макроэкономикалық  ұғымдарды  және  олардың  ауыл  шаруашылығында  көрінуіне
қарай отырып алуға болады.
      Өндірісті жандандыру (воспроизводства) – бұл жұмысшы күші мен  өндіріс
жабдықтарын, сондай – ақ табиғи ресурстарды  үнемі  жаңартып  отыру.  Онымен
бір мезгілде адамдар  арасындағы  қатынастар  да  жаңарып  отырады,  өйткені
бұлар өндірістің экономикалық формалары.
      Бұлайша айқындау өндірістің кез келген салаға және кез келген қоғамдық
– экономикалық  кезеңге  (формацияға)  тән.  Ауыл  шаруашылығында  өндірісті
жандандыруды   жүзеге   асырудың   ерекшелігі   мынада:   басқа   салалармен
салыстырғанда мұнда табиғи – биологиялық  жүйені  –  жерлерді,  өсімдіктерді
және малды яғни бәрін де жандандыру керек.  Сөйтіп,  қоғамдық  -  өндірістік
қатынастардың   бұл   сферасында   неғұрлым   маңызды   болып    техниканың,
биологияның, экономиканың және экологияның тұтастығы болып табылады.
      Қайта жандандырудың екі түрі бар – жай және кеңейтілген.
      Жай қайта жандандыруда өндірілген  өнімнің  мөлшері  мен  оның  сапасы
кейін келетін әр циклда сол өзгермеген  күйінде  қалады.  Бұл  өз  кезегінде
өндіріс факторларын өзгеріссіз  қалдырады.  Барлық  қосымша  өнім,  егер  ол
өндірілсе,  сол  өндірушінің  тұтынуы  мақсатында  жұмсалады.  Таза  тұрғыда
алғанда жай қайта жандандыру,  әсіресе  ауыл  шаруашылығында  тек  теориялық
сипатқа ие. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жердің құнарлылығын  арттыруға
байланысты және климат жағдайына елеулі тәуелді. Осындай жағдайда алдын  ала
жасалған  болжамдардың  әр  жолы  да  өндірістік  қайта  жандандыру   кезеңі
(маусымы) аяқталған кездегі нәтижеге сай келуі  мүмкін  емес.  Мұндай  қайта
жандандыруды,  яғни  қосымша  алынған  барлық   азық   –   түлік   өздерінің
тұтынуларына  жұмсалса  да  жай  қайта  жандандыруға   жатқызуға   болмайды.
Аграрлық экономика үшін алынған қосымша  өнім  өз  өндірісінің  тиімділігіне
ғана емес, бірқатар сыртқы факторларға байланысты.
      Кеңейтіп қайта жарақтандыруды жүзеге  асырудың  екі  әдісі  бар,  олар
экстенсифті және интенсифті.
      Экстенсифті әдіс еңбек құрал жабдықтарын  сан  жағынан  ұлғайту.  Ауыл
шаруашылығына қатысты бұл  –  егіс  алқаптарын  кеңейту;  мал  санын  өсіру;
өңдеуші өнеркісіп үшін - өндірістік  қуаттарды  күшейту;  өткеруді  жақсарту
үшін  –  сауда  алаңдарын  кеңейту,  жаңа  тұтынушылар  табу  және   олармен
шаруашылық қатынастарын ұйымдастыру.
      Ауыл шаруашылығында қайта жаңартудың экстенсифті әдісінің  жарқын  бір
мысалы  болып  50  –  жылдардың  ортасында  жүргізілген  тың  және  тыңайған
жерлерді  игеру  болып   табылады.   Салыстырмалы   түрде   жаңа   игерілген
алқаптардың түсімділігі төмен болғанымен  ССРО  сол  тұстағы  азық  –  түлік
проблемаларын  шешу  мүмкін  болды.  Ауыл  шаруашылығы  өнімдерін   өндіруге
қатысқан, соған жақын болған ауылдың әр еңбеккері жыл аяғында  бұрын  түсіне
де кірмеген мөлшерде астық және басқадай өнімдер алды.
      Аграрлық секторда (әсіресе егіншілікте) экстенсифті әдістің резервтері
елеулі шектеулі. Алайда осы кезде  оның  резервтері  бар.  Елде  жүргізілген
аграрлық  реформаның  кейбір  ағаттықтарының  салдарынан  жердің   көпшілігі
(бірінші кезекте  колхоздар  мен  софхоздар  таратылған  кезде  паи  ретінде
алынған жерлер) пайдаланылмайды немесе  мақсатында  пайдаланылмайды.  Оларды
ауыл шаруашылығы айналымына қосу белгілі бір шығын, оның ішінде қаржылай  да
жұмсауды қажет  етеді.  Мал  шаруашылығында  экстенсифті  әдісті  қолданудың
жақсы  мүмкіндіктері  бар  болғанымен  мемлекеттің  саясаты   бір   бағытпен
жалғаспай,  тауар  өндірушілер  аумалы  төкпелі  жайыттарға  тап  болып  мал
шаруашылығы өнімдерінің кейбір түрлерін  өндіру  төмен  рентабельді   немесе
мүлде зиянды болды. Бұл мал  басының  барлық  түліктен  күрт  көбеюіне  алып
келді. өңдірістік алаңдар да (комплекстер, қора жайлар және  т.б.)  толықтай
немесе ішінара жойылды. Осындай жәйіттер жергілікті жерлердегі  қайтаөңдеуші
өнеркәсіп орындарында да орын алды.
      Интенсифті әдіс үшін  ақырғы  өнімдердің  саны  мен  сапасын  көтеруге
көмектесетін өндірістік  процестің  сапалық  сипаттарын  арттыру  жағы  тән.
өнімдердің  сапасын  жақсарту  сондай  –  ақ  өндірісті  кеңейту  де   болып
табылады, өйткені  сандық  көлемдері  жағынан  бірдей  болғанымен  сапалырақ
өнімдердің құндылық бағалары жоғары болады. Бұл  әдістің  бағдарлану  сапасы
жайына  келсек  ол  еңбек  өнімділігін  арттырушы  да   бола   алады.   Ауыл
шаруашылығында еңбек өнімділігінің деңгейі тек объективті емес, сондай –  ақ
субъективті   факторларға   да   байланысты.    Сондықтан    қызметкерлердің
мамандықтарын  көтеруге,  механикаландыру  және  кешенді  механикаландыруға,
өсімдік шаруашылығында қолайсыз  климат  жағдайларында,  мал  шаруашылығында
эпизоотия болғанда жұмсалған  шығындар  қайтарымын  береді.  Көп  қаражаттық
шығындарды  талап  ететін  әлгіндей  шараларды  жүргізу  қажет   те   екенін
ұмытпаған абзал.
      Кеңейтілген  қайта  жандандырудың  ауыл  шаруашылығында   қолданылатын
интенсифті  әдісінің   басқа   бағыттарына   өсімдік   шаруашылығында   ауыл
шаруашылығы дақылдарының түсімділігін  арттыру,  мал  шаруашылығында  малдың
өнімділігін арттыру болып табылады. Қазіргі жағдайда  бұл  мақсаттарға  жету
оңай емес, өйткені дақылдардың  түсімділігін  көтеру  өндірілген  минеральды
тыңайтқыштардың  мөлшері  мен  сапасына,  ал  малдың   өнімділігін   арттыру
жемшөптің  мөлшері  мен  сапасына,  малдың   қажеттіліктері   теңдестірілген
(балансиндарылған) азық түрлерімен азықтандырылуына  және  т.б.  байланысты,
өкінішке орай соңғы кезде бұларға  назар  аз  аударылуда.  Әлгілерден  басқа
интенсификацияға элитті тұқым  шаруашылығы  мен  мал  тұқымын  асылдандыруды
жатқызуға болады. Алайда бұл шаралар түбегейлі зерттеулерді жүргізуді  қажет
етеді, оған көп қаржы керек.  Зерттеулерді  жеке  шаруашылықтың  немесе  бір
өңірдегі ауылшаруашылығы  басқармасының  аясында  жүргізу  нәтиже  бермейді.
Бұл шаралар мезо және микродеңгейде  жүргізіліп  ғылыми  жағынан  қамтамасыз
етіліп, ғылми жағынан жетекшілік жасалып отырылуы тиіс.
      Жұмыс күшін толықтырудың  келесі  ерекшелігі  әлеуметтік  –  тұрмыстық
сфераны   жоғары   деңгейде   ұстаудың   керектілігінен   туындайды.    Ауыл
шаруашылығындағы  өндіріс  жағдайы  өнеркәсіп  өндіріс   жағдайынан   елеулі
өзгеше, ауылдық жерлерде тұрудың жайы  көптеген  элементтер  бойынша  қалада
тұрудың жайымен салыстыруға  келмейді.  Осының  бәрі  қызметкерледі  қосымша
ынталандыру және әлеуметтік сфераға қосымша шығын жұмсауды қажет етеді.
      Бухгалтерлік есеп деңгейіндегі ерекшелік және мүлікті бағалау нәтижесі
өндірілген өнімнің бір бөлегі ақша түріне айналмайтынын, сол  тауар  -  өнім
түрінде  (мысалы  тұқымдық  материал)  қайта  жандандыру  үшін  қалатындығын
көрсетеді. Солай бола тұрса да бухгалтерлік есеп, салық беру және  басқаруға
қатысты шешімдер қабылдау үшін ондай қорлардың ақшалай бағалануы керек.
      Сөйтіп, ауыл шаруашылығы өндірісі басқа  өндірістік  салалардан  тұтас
элементтері бойынша  ерекшеленеді.  Бұл  өзгешеліктерді  қайта  жарақтандыру
процесін  ұйымдастырған  кезде  және  түрлерді  таңдағанда  және   капиталды
аграрлық секторда пайдаланудың бағыттарын таңдағанда ескеру керек.
      Ауыл шаруашылығы өндірісінің бұлардан басқа да ерекшеліктері бар, олар
жайында алдағы тақырыптарда айтылатын болады.


                             Бақылау сұрақтары:
   1. Халық шаруашылығы саласы деген не?
   2. Халық шаруашылығын салалық дифференциялау неден
туындады?
   3. Бір саланы екіншісінен қандай сандық көрсеткіштер бөледі?
   4. Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі ерекшеліктері қандай?
   5. Елдің азық түлік қауіпсіздігіне қандай шараларды жүзеге
асырумен жетісуге болады?
   6. Дифференциальды рента деген не?
   7. Ауыл шаруашылығы өндірісінің маусымдық факторлары қалай
көрінеді?

      Тақырып 7. Ауыл шаруашылығын орналастыруды экономикалық бағалау
      Экономикалық  тиімділікпен  және  шаруақорлықпен,  ең  алдымен   жерді
пайдалануға  жетісу  ұтымды  ұйымдастырудың   есебінен   және   территорияны
меншіктің әртүрлі  формаларындағы  шаруашылықтардың  пайдалануларымен,  ауыл
шаруашылығы өндірісін орналастырумен, жер және  мал  шаруашылығын  табиғи  –
шаруашылық зоналары және микрозоналары бойынша  орналастырудың  дұрыстығымен
айқындалады, бұл  қазіргі  кезде  рыноктың  қалыптасу  және  даму  кезеңінде
бұрынғыдан де көкейкесті болуда.
      Ауыл  шаруашылығы  өндірісін  орналастырудың  экономикалық  тиімділігі
өзіне  сол  күйіндегі  жүйе  мен   құндылық   көрсеткіштерді   қоса   алады.
Экономикалық  тиімділікті  анықтау  қабылданған   басқарушылық   шешімдердің
дұрыстығын бағалау үшін (республикалық және салалық деңгейде), сондай  –  ақ
ауыл шаруашылығы өндірісін  онан  әрі  рационализациялау  үшін  керек.  Ауыл
шаруашылығы қызметінің  қаржылық  көрсеткіштерін  және  табыстылығын  көтеру
үшін қажет.
      Орналастырудың тиімділігін анықтауда қолданылатын  нақты  көрсеткіштер
жүйесіне мыналар жатады:
      өсімдік шаруашылығында:
    - экономикалық аудандар мен аймақтар бойынша кейбір өндірілген
ауыл шаруашылығы дақылдарының нақты көлемдерінің үлес салмағы;
    - негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі; егіс
алқаптарының пайдалану дәрежесі;
    - ауыл шаруашылығындық алқаптардың ел аумағының жалпы
ауданына қатынасындағы үлес салмағы;
    - дақылдардың бір түрі бойынша егіс алқабының бір өлшем
ауданына енгізілетін минералды тыңайтқыштардың мөлшері;
    - рентабельді ауылшаруашылығындық кәсіпорындардың саны
және   олардың   санының   рентабельділігі   аз,   рентабельді   емес   және
зияндыларының сандарына қатынасы;
    - суландыру (мелиорация) шараларының көлемі – нақты
көрсеткіштер (құрғатылған жерлердің ауданы, суландыру каналдарының  ұзындығы
және т.б.);
    - негізгі ауылшаруашылығындық дақылдарды өндірудің
динамикасы;
    -  өздерінде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдермен аймақтың
өздерін қамтудың дәрежесі.
      мал шаруашылығында:
    - бір сиырдан сауылған сүт мөлшері;
    - бір мекиеннен алынған жұмыртқа саны;
    - сойылған әр малдан (тұқымына қарай) алынған ет;
    - өндірілген мал шаруашылығы өнімдерінің бір түрінің ел
бойынша жалпы өндірілгеннің ішіндегі үлес салмағы;
    - осы экономикалық ауданда немесе аймақта жемшөппен қамту
жағы және т.б.
      Тиімділіктің нақты көрсеткіштерімен  қатар  құндылық  көрсетіштері  де
кеңінен қолданылады. Бұлар:
    - жекеленген артық – адыс өнімдердің мөлшері (өсімдік
шаруашылығында да, мал шаруашылығында да);
    - аймақтың немесе экономикалық ауданның ауыл шаруашылығы
ұйымдарының алған жалпы пайдалары;
    - жекеленген өнімдердің орташа рентабельділігі;
    - ауыл шаруашылығында шұғылданатын әр еңбеккердің орташа
табысы;
    - күрделі қаржылардың мөлшері мен тиімділігі;
    - ауыл шаруашылығы өндірісін қолдау үшін территорияның
орталығынан бағытталған субсидиялардың және трансферттердің динамикасы  және
т.б.
      Қазіргі жағдайда ауыл шаруашылығын  ұтымды  орналастырудың  әлеуметтік
маңызын мына көрсеткіштердің:
    - жұмыссыздықты қысқарту және ауылдық жерлерде тұратын
жұрттың еңбекпен шұғылдануларын көбейтуге;
    - ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен жабдықталған
жаңа жұмыс орындарын құруға;
    - мамандықтары, шеберліктері және жас ерекшеліктері бойынша
бөлінетін еңбекке қабілетті тұрғындарды барынша пайдаланудың  мүмкіндіктерін
қолдануға;
    - еңбек етуге қабілетті жұрттың көшіп қонуын азайтуға;
    - әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың нәтижесінде ауыл
тұрғындарының жалпы өмір сүру деңгейін жақсартуға;
    - өндірістік және сауда қызметтеріне қарай салаларды
орналастырудың  әсер   етуіне   (кейбір   бағалау   бойынша   жаңадан   ауыл
шаруашылығында жаңадан ашылған әр жұмыс орнын ашуды қамтамасыз етеді)  қарай
бағалайды.




      Тақырып 8. Ауылшаруашылығын мамандандыру және шоғырландыру


      Ауыл шаруашылығының өндірісін мамандандыру деп қай сала  артық  дамып,
сала аралық байланысты жақсартуға  әсер  етсе,  тауарлы  салаға  айналдырса,
ауыл шаруашылығы кәсіпорынның немесе оның бөлімшелерінің,  микрозоналарының,
аудан, облыс, аймақтың өндірістік бағытын айқындауды айтады.
          Өндірістің  мамандануын  айқындайтын  саланың  дамуына  қолда  бар
барлық жер, материалды – техникалық және еңбек ресурстары бағындырылған.
          Мамандандыру қоғамдық еңбек бөлінісінің түрі  болып  табылады.  Ол
ауыл  шаруашылығын  орналастырумен  органикалық  байланыста,  әртүрлі   ауыл
шаруашылығы  өнімдерін  өндіруді  микрозоналар,   зоналар,   аудандар   және
шаруашылықтар, ал шаруашылықтың  ішінде  бөлімшелер,  фермалар,  бригадалар,
участкелер  бойынша  ұйымдастыру  керек.  Мамандандыру  біртекті   өнімдерді
өндіруді шоғырландыруға әсер етеді. Шоғырландырудың деңгейі  мамандандырудың
дәрежесіне байланысты.
          Мамандандыруды тереңдетуге әсер  ететін  факторларға  техника  мен
технологияны жетілдіру,  көліктік  комуникацияны  дамыту,  табиғи  жағдайлар
және жерге орналастыру жатады.  Екінші  жағынан  мамандандыруды  тереңдетуге
мына факторлар да әсер етеді:
        – жерді ұтымды пайдалану қажеттілігі;
        – салаларды үйлестіру және ауыспалы егісті қолдану;
        – техникалар мен еңбек ресурстарын жыл бойы тиімді пайдалану;
        – ауыл жұртшылығын тағам өнімдерімен және қызмет көрсетумен
өзін - өзі қамтамасыз ететін дәстүрге жету;
        – қосымша өнімдерді (сабан, көң т.б.) пайдалану;
        – шаруашылықтың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз
         етуге  ұмтылу.  Қазіргі  кезде  ұсақ  көп  салалы   шаруашылықтарды
мамандандыру процесін қажетті техникалық базалардың  және  қамту  қызметінің
болмауы да тежеуде.
      Ауыл шаруашылығын мамандандыру барлық  экономикамен  тығыз  байланысты
және  ғылыми  –  техникалық  прогреспен  өзара  ұштасып  жатады.  Ғылыми   –
техникалық революция жағдайында мамандандыру тереңдей түседі және оның  жеке
түрлері дамиды, ауыл шаруашылығын шоғырландыру мен  мамандандыру  тереңдейді
және жеке түрлері дамиды, ауыл шаруашылығын шоғырландырудың факторы  ретінде
маңызы өсіп жоғары тиімділікке жеткізеді. Бұл  процестер  ауыл  шаруашылығын
интеграциялаумен  қоса   жүргізіледі.   Экономиканың   басқа   салалары   да
(өнеркәсіп,  сауда,  қызмет  көрсету  сферасы,  көлік  қатынасы  т.б.)  және
агроөнеркәсіптік бірлестіктер құруға  көмектеседі.  Әртүрлі  салалардың  өзі
экстенсивті әдістер емес  интенсифті  әдістер  қолданудың  нәтижесінде  алға
басады.
      Кәсіпорындардың әдістемелік тәсілдері болып мыналар табылады:
         – жай және топтастырылған топтардың тәжірибелерін зерттеу мен
байытудың  тәжірибелеріне,  динамикалық  қатарлар  мен  индекстердің   жайын
дисперсиялық тексеру;
         – монографиялық тәсілдерді қолдану арқылы өндірістік жүйелері
бойынша  мамандандырылған  шаруашылықтардың  өзін  өрістерін   зерттеу   мен
байыту.
      Ауыл шаруашылығы  өндірісін  мамандандыру  шаруашылығының  өз  ішінде,
шаруашылықтар, аудандар, табиғи –  экономикалық  зоналар  және  микрозоналар
бойынша жүзеге асырылатындықтан мынандай формаларды бөліп көрсетеді:
       – ішкі шаруашылықтық;
       – жалпы шаруашылықтық;
       – территориалдық (аудандық, зоналық, микрозоналық);
       – ішкі салалық (технологиялық) мамандандыру.
         Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мамандандырылуын соңғы  үш  жылда
тауарлы өнімдердің ішінде негізгі (жетекші, басты)  өнімнің  үлес  салмағына
қарай  анықтайды.  Бұл  шаруашылықтың  мамандану  бағытын  анықтауға   негіз
болады.  Шаруашылық  мамандандырылған  деп  тауарлы   өнімдердің   құрамында
негізгі өнімнің 50% болғанда айтады.
          Қосымша салалардың үлес салмақтары аз және ақшаны да аз  түсіреді,
алайда  табиғи  экономикалық  потенциалды  барынша   пайдалануға   мүмкіндік
береді, негізгі салаларды дамытуға неғұрлым қолайлы жағдай туғызады.
             Ауыл    шаруашылығы    кәсіпорындарының     салаларын     толық
классификациялау былайша жүзеге асырылады:
       – өндірістік салалар (ауыл шаруашылығындық, ауыл
шаруашылығындық еместер);
       – өндірістік еместер (тұрғын үй коммунальдық шаруашылықты және
мәдени – ағарту және тұрмыстық мекемелер);
       – негізгі өндірістік ауыл шаруашылығы салалары өсімдік
шаруашылығында – егіншілік, көкөніс өсіру, бау өсіру, жем шөп  өндіріс  және
басқалар: мал шаруашылығында  –  ірі  қара  өсіру,  қой  шаруашылығы,  шошқа
шаруашылығы, құс шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, балық шаруашылығы т.б.
          Ауыл шаруашылығындық емес салалардан былайша бөледі:
       – қосымша салалар – жөндеу – механикалық шеберхана, машина,
трактор паркі электро энергиясымен, жылумен, сумен және т.б. жабдықтау.
       – қосалқы салалар - өнімдерді өңдейтін, құрама жем шығаратын
ыдыстар,  құрылыс  материалдарын  т.б.  шығаратындар.   Бұл   салалар   ішкі
шаруашылықтық қажеттіліктерді  қанағаттандыру  үшін  (негізгі  және  қосымша
салаларды  күту),  еңбек  және  өндірістік   ресурстарды   неғұрлым   тиімді
пайдалану үшін қажет.
           Салалардың  ғылыми  негізделген  арақатынастарын  бекіту  өсімдік
шаруашылығы мен мал шаруашылығының қалыпты қатынастарын табуға,  ал  олардың
іштерінен   дараланған   пропорцияларды   шаруашылығының   табуға,    табиғи
экономикалық   жағдайларды,   орналасқан   орнын,    ауыл    шаруашылығындық
алқаптардың құрылымдарын ескеруге байланысты.
          Мамандандыру өндірісті  ұтымды  ұйымдастырудың  бір  түрі  ретінде
экономикалық жағынан шаруашылылықтың көлемі  жеткілікті  ірі  болғанда  ғана
ақталады. Бұл арада өндірісті шоғырландыру осы саладағы  ірі  және  аса  ірі
шаруашылылықтардың       маңызы        артатындықтарымен        сипатталады.
Шоғырландыру кәсіпорындарда конструктивті – технологиялық белгілері  бойынша
бір текті бұйымдар жасауды немесе жартылай фабрикаттарды, немесе  шикізаттың
бір түрінен  әр  түрлі  жартылай  фабрикаттармен  бұйымдар  жасауды  айтады.
Шоғырландыру неғұрлым және жоғары тиімді қондырғыларды  барынша  пайдалануға
мүмкіндік береді. Алайда объективті  себептердің  салдарынан  шоғырландыруды
өзінің ауыл шаруашылығында пайдалану өте шектеулі.

      Тақырып 9. Нарық және ауылшаруашылығындағы нарықтың механизмі
      Нарық айырбастау сферасындағы әлеуметтік – экономикалық  қатынастардың
жиынтығы ретінде айқындалады, ол арқылы  тауарлық  өнімдерді  өткеру  жүзеге
асырылады  және  оған  жұмсалған   еңбектің   қоғамдық   сипаты   түпкілікті
мойындалады.  Сөйтіп   нарықтық   (капиталистік)   экономика,   жоспарлармен
социалистік  экономика  жағдайларында  да  қанат  жаяды.  Ал  айырмашылығына
келетін   болсақ   нарықтық   экономика   жағдайында    айырбастау   тікелей
өндірушілер  мен  тұтынушылардың  арасында,  ал  жоспарлы  экономикада   бұл
процеске мемлекет қатысады.
           Дамыған елдердің ауыл шаруашылығына  мемлекеттің  қатысы  белгілі
бір деңгейде ғана болады, ол  мемлекеттің  өнеркәсіп  пен  сауда  салаларына
қатысындай   болмайды.   Алайда   нарықтық   жағдайда    алмасу    процесіне
қатысушылардың  экономикалық  еркіндіктері  елеулі  түрде  кең  -   өндіруші
шығаратын ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің   құрамдары  мен  құрылымдарын  өзі
таңдап алады, жеткізушілер материалдық  техникалық  ресурстары  және  өткеру
бағаларын, ал сатып алушылар  жеткізушілерін өздері таңдайды.
      Қазақстан  Республикасының  ауыл  шаруашылығын  нарықтық  қатынастарға
көшіру қажеттілігі қазірігі жағдайда негізгі үш  фактормен анықталады:
       – біріншіден барлық экономиканың нарықтық қатынастарға
көшірілуімен. Мұндай жағдайда бұрынғы шаруашылықарлық байланыстар  бұзылады,
ал жаңаларын құру тауар – ақша қатынастарына негізделеді және тұтастай  ауыл
 шаруашылығы кәсіпорнына жүктеледі.
       – екіншіден, ауыл шаруашылығын бұрынғы жүйе бойынша
басқарудың   тиімді   болмауынан,   яғни   өндірістің    ауыл    шаруашылығы
өндірістерінің  көлемі  мен  құрылымдарын  таңдауда  экономикалық   еркіндік
шектеулі болды;
       – үшіншіден, ауыл шаруашылығын толықтай қолдау үшін
мемлекеттің мүмкіндігі жоқтығы (бюджеттік  қаражат),  сөйтіп  сала  жоспарлы
рентабелділікке жету үшін өнімдерді жұмсалған  шығындардан  аса  көп  өндіре
алмайды.
      Әлемдік тәжірбие мынаны көрсетеді, шаруашылықты жаңа формамен  жүргізу
үлкен ұйымдық өзгерістерді  жүзеге  асыруды  қажет  етеді.  Нарыққа  көшудің
негізгі екі бағыты бар: Эволюциялық және Революциялық.
       – Эволюциялық жол құқықтық базаларды жасау арқылы өндірістік
қатынастардың   біртіндеп   өзгеруі,   өндіргіш   күштер   мен    өндірістік
қатынастардың өзара байланыстарының жүйесін жасау  және  қадырларды  даярлау
мен қайта даярлаудың жүйелерін ұйымдастыру арқылы өтеді.
       – Революциялық жол нарыққа көшуде «талмалы терапия»
(шаралардың негізгісі  бағаларды  босату)  деп  аталатын  кешенді  шараларды
жүзеге  асыру  және  өндіргіш  күштер  мен  өндірістің  қатынастардың  өзара
байланыстарын заңды және нормативті базаға  келтіру.  Кейнсианстік  теорияда
(біздің елімізде нарықтық қатынастарға көшуде сол негізге  алынған  болатын)
өндірістік қатынастар мен рыноктың  қалыптасуы  неғұрлым  тиімді  әрі  қысқа
жолмен өтеді делінген.
       – Нарықтық қатынасқа көшу ең алдымен институционалдық
өзгерістерге (істеп тұрған кәсіпорындарды реттеуге) алып  келеді,  оны  ауыл
шаруашылығындық  кәсіпорындардың  ұйымдық  –  құқықтық  формаларының  өзгеру
мысалынан неғұрлым айқын көруге болады.
                  Ауыл   шаруашылығы   өндірісін    ұйымдастырудың    барлық
формаларын көптен бері ауыл шаруашылығының  өндірістік  кооперативтері  және
мемлекеттік  аграрлық   кәсіпорын   деп   бөліп   келген.   Кейбір   елдерде
кооперативтің  аналогы – фермерлік шаруашылық кең дамыған. Ауыл  шаруашылығы
өнімдерінің  аздаған  проценті  ғана  қосалқы  шаруашылықтарда   өндіріледі.
Қазақстан   Республикасының   жағдайында    ауыл    шаруашылығы    өндірісін
ұйымдастырудың мынандай формалары кең дамыған, олар:
       – ауыл шаруашылығы кәсіпорыны;
       – шаруа қожалығы;
       – жұртшылықтың шаруашылығы.
      Аграрлық реформалар басталғаннан бері 15 жылдың ішінде Қазақстан
Республикасының мемлекеттік саясатында мына  кезеңдерді  (этаптарды)  шартты
түрде бөліп көрсетуге болады:
       – бірінше кезең (1991 – 1993 ж.ж.) – бұрын болып келген ауыл
шаруашылығы  кәсіпорындарының  бөлшектеп,  ұйымдық  –  құқықтық   формаларын
өзгерту және өндірісті нарықтық принципке көшіру,  шаруашылық  байланыстарын
және өткеру бағаларын реттеу;
       – екінші кезең (1994 – 1995 ж.ж.) – аграрлық реформаны әуелде
көзделген кездегіден ары қарай дамытып  еліміздің  ауыл  шаруашылығын  қайта
ұйымдастыруды одан әрі жалғастыру. Бұл кезең аграрлық  секторды  мемлекеттік
реттеудің әлсіздене түсуімен сипатталады.  Бұл  кезеңде  шаруа  қожалықтарын
ұйымдастыру  процессі  неғұрлым  белсенді  жүргізілгендігімен   сипатталады.
Мұндай  ұйымдастырудың  тиімділігін  бағалау  үшін  уақыт   керек,   әртүрлі
кәсіпорындар  мен   фермерлік   шаруашылықтардың   территориальдық   жағынан
бөлінулерін мұқият зерттеу керек.
       – үшінші кезең (1996 жылдан бастап) аграрлық сектордағы және
жалпы агроэкономикадағы процестерді ішінара мемлекеттік реттеумен.
       – рыноктық нарықтық конъюнктура – нақты рыноктарға сұраным
мен  ұсынымның  арақатынасы.   Рыноктық   конъюнктура   тауарлардың    жалпы
мөлшерімен, жеке тауарлардың бағаларымен, сатушылар  мен  сатып  алушылардың
сандарымен және аз да болса әсер ететін басқа да факторлармен анықталады:
       – рыноктық (базарлық) бәсекелестік – тәуелсіз тауар
өндірушілердің өздерінің өнімдерін барынша көп, әрі мүмкіндігінше  қымбаттау
бағамен сатуларына ұмтылыс жасаулары;
       – нарықтық қатынастардың субъектілері – сатушы және сатып
алушы.
       – нарық аумағы – бұл берілген өнімдерді барынша мол өткізуді
көрсетеді.  Рынок   аумағы  жыл  ішінде  сатылатын   тауарлардың   көлемімен
анықталады  (физикалық  бірлікте  немесе  құндылықтарына  қатысты)   көлемді
анықтауды бағалауда ұлттық  өндіріс  назарға  алынады,  оған  осы  өнімдерді
импорттаудың көлемі және экспорттаудың көлемін игеру жағы:
       – нарық механизмі – сұраным мен ұсынымның арасында нарықтық
тепе – теңдікке  қалыптасу процессі;
      Өзін - өзі реттеу механизмі мыналардан тұрады:
       – рынокқа жоғары сапалы жаңа тауар түскенде немесе бағасы төмен
болғанда оған сұраным өсе түседі;
       – тауарларға сұранымның өсуі, сұранымның
қанағаттандырылмауына, осы тауарға  бағаның  өсуіне,  оны  сатудан  табыстын
молаюына, тауар өндірушінің пайдасының көбеюіне және кәсіпкерлер үшін  рынок
сегментінің тартымдылығының артуына алып келеді;
       – рынок секторының тартымдылығының өсуі осы сектор қосымша
инвестициялар тартуға және өндірілетін тауардың саны көбейтуге алып келеді;
       – тауар мөлшерінің көбеюі сатып алушылардың сұранымдарын
толық өтеуге, осы тауарға бағаның құлдырап  және  рыноктың  осы  сегментінің
тартымдылығының төмендеуіне алып келді;
       – сатып алу сұранымның құлдырауымен және сегмент рыногының
тартымдылығының  төмендеуімен  бетпе  –  бет  келген  кәсіпкерлер  капиталын
салатын жаңа сфераларды іздеуге мәжбүр болады;
       – берілген сектордан капиталдың кетуі басталады, бұл сұранымның
қанағаттандырылмауына және тауарларға бағаның  көтерілуіне  және  т.б.  алып
келеді;
      Сөйтіп әр этап (кезең) сайын сұраным мен ұсынымның арасында
нарықтық тепе – теңдікке қол жетеді де  сатып  алушы  белгілі  бір  мөлшерін
сатып алады, ал сатушы тауарлардың сондай мөлшерін сондай бағамен  өткізеді.


      Тақырып 10. Саладағы нарықтардың классификациясы мен түрлері
      Өткеретін өнімдері, істейтін жұмыстары немесе көрсететін
қызметтеріне қарай ауыл шаруашылығындағы рыноктарды төрт  топқа  біріктіруге
болады:
       – ауыл шаруашылығы рыноктары (ауыл шаруашылығы өнімдері
өзерінікі);
       – ауыл шаруашылығы үшін материалды – техникалық ресурстар
рыногы;
       – қызмет көрсету рыногы;
       – сауда сферасы рыногы (маркетингтік қызмет).
      Материалды – техникалық ресурстар рыногы ауыл шаруашылығы
кәсіпорындардың ауыл  шаруашылығы  өндірісі  үшін  қажетті  техникамен  және
материалды – өндірістік қорлармен қамтиды. Бұл жерде негізгі төрт  сегментті
бөліп көрсетуге болады:
       – ауыл шаруашылығында машиналар мен механизімдер рыногы;
       – материалды – өндірістік қорлар рыногы (жанар май, энергия,
өндірістік шикізаттар мен материалдар);
       – миниралдық тыңайтқыштар рыногы;
       – мал шаруашылығы үшін жем – шөп рыногы.
      Сегменттің алдыңғы үшеуі сыртқы болып табылады, бұлардың
өнімдері ауыл шаруашылығы салаларынан тыс жерлерде  өндіріледі.  Жем  –  шөп
рыногы бір саланың өз ішінде – сатып алушы мал шаруашылығы,  сатушы  өсімдік
шаруашылығы болады.
          Ауыл шаруашылығы  өнімдерін  мамандандырылған  ірі  кәсіпорындарда
(мәселен комбинаттарда) кешенді түрде өндіргенде бұл рыногтың мүлде  болмауы
да мүмкін.
              Қызмет көрсету сферасы нарығында  ауыл  шаруашылығы  кәсіпорны
өндірістік процесті жүзеге асыруға  қажетті  қызметпен  қамтамасыз  етіледі.
Бұдар:
       – ақпараттық (байланыс қызметін қоса алғанда);
       – консалтинг;
       – ғылми – зерттеушілік (элитті тұқым шаруашылығын қоса алғанда);
       – техникалық (кәсіпорын мамандырылған кәсіпорындардың
 техникалық қуаттарын пайдаланады);
       – малдәрігерлік;
       – мелиоративтік;
       – іздеушілік және жерге орналастырушылық т.б.
      Сауда сфералары нарығы бұл ауыл шаруашылығы кәсіпорыны
өнімдерін өздігінен өткізе алмай мамандырылған сауда  ұйымдарының  қызметіне
жүгінеді. Бұл рынок мынандай қызметтер көрсетеді:
 – дилерлік және дистибюторлық ұйымдардың қызметтері;
 – көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарының қызметтері;
 – қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызметтері;
 – өңдеуші кәсіпорындарының қызметтері.
      Аграрлық сектордың кәсіпорны аталған рыноктардың көпшілігінің
қызметтеріне  еріксіз  қатысуға  тәуелді   болады,   бұл   қосымша   ұйымдық
өзгерістер мен материалдық шығындарды қажет етеді.
        Бәсекелестің шектелу дәрежесіне қарай нарықтардың төрт түрі  болады,
олар:
        – таза бәсекелестік нарығы;
        – монополистік бәсекелестік нарығы;
        – олигополиялық нарық;
        – таза монополия нарығы.
       Таза бәсекелестік нарығы бір – біріне ұқсас тауарлы өнімдерді
сататын көптеген сатушылардан және сатып  алушылардан  тұрады.  Алайда  жеке
бір сатып алушы немесе  сатушы  тауарлардың  рыногтық  бағаларының  ағымдағы
деңгейлерін өзгертуге үлкен ықпал жасай алмайды.
       Монополистік бәсекелестік нарығы көптеген сатып алушылар
мен сатушылардан тұрады, олар сауданы бірыңғай рыноктың бағалары  мен  емес,
бағалардың диапазондары кең  тұрғыда  жасайды.  Бағалар  диапазонының  болуы
сатушылардың  сатып  алушыларға  бір  –  бірінен  сапасы,  қасиеті,   сыртқы
қатталуы   түрліше   болатын   тауарлардың   әртүрлі   варианттарын    ұсына
алатындықтарымен түсіндіріледі.
            Олигополиялық нарық әдетте бағаның  пайда  болу  саясатына  және
бір  –   бірінің   маркетингтік   стратегияларына   өте   сезімтал   аздаған
сатушылардан   тұрады.   Сатушылардың   аз   болуы    бұл    рынокқа    жаңа
претенденттердің кірулері қиын  болатындығымен  түсіндіріледі.  Егер  қандай
бір кәсіпорын өзінің бағаларын 10% -  ға  төмендетсе  сатып  алушылар  соған
қарай ойысады да,  басқа  өндірушілер  не  бағаны  төмендеуілерімен,  немесе
көптеп  әкеліп,  қызмет  көрсету  аяларын  кеңейтумен  жауап  береді.   Егер
кәсіпорын бағаларды көтерсе, басқа өндірушілер  олай  етпеулері  де  мүмкін.
Онда ол бұрынғы бағаға  қайта  оралуы,  немесе  бәсекелесіне  мойынсұнып  өз
істегенінен жалтаруы мүмкін.
           Таза  монополия  кезенде  рынокта  бір  ғана  сатушы  болады.  Ол
мемлекеттік ұйым да, реттелетін  жеке  монополия  немесе  реттелмейтін  жеке
монополия болуы да мүмкін.
           Жоспарлы  экономика  жағдайында  ауыл   шаруашылығының   өнімдері
анықтау жағынан монопольды болады. Алайда баға деңгейі тауар  өндірушілердің
қалыпты пайда табуларын қамтамасыз  етіп  негізгі  сатып  алушыларды  жоғары
бағалармен аластатпағандары жөн.
            Нарықтық экономика  жағдайында  сол  баяғы  бір  рынокты  немесе
рынок  сегментін  игеру  жолында  ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындары  арасында
бәсекелестіктің   болуы   заңды.   Сондықтан    кәсіпорындарды    ірілендіру
тенденциясы көзделеді немесе келісімді бағаларды қою қолға алынады  (пулдер,
картелдер және т.б.). Бұл монополиялардың әртүрлілігі болып табылады.
         Нарықтар аумақтарына қарай  классификацияланады.  Рыноктың  размері
(немесе айырбастау сферасы) бұл өнімдерді  ауыстыруды  өткізетін  жер.  Егер
айырбастау сферасы бүкіл ұлттық территорияны қамтыса, онда бұл «ел  рыногы».
Әлемдік рынок – бұл мемлекеттердің  ұлттық  рыноктарының  жиынтығы,  олардың
өзара байланыстары халықаралық  сауда  арқылы  жүргізіледі,  олардың  ішінде
лицензиялармен және т.б. жатады.
            Жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдері үшін сол  жердегі  рыноктың
ғана маңызы бар. Жергілікті  рыноктың  сиымдылығын  анықтаған  кезде  елеулі
проблемалар туады, олар мыналарға  байланысты:  рынокты  отандық  өндірістің
тауарларымен толтырған кезде  оны  бағалау  тектес  кәсіпорындардың  санымен
және өнімдердің кейбір түрлеріне әсер ететін  табиғи  климаттық  жағдайларға
да  байланысты  болады.  Импорттық  тауарларға  келгенде  бақылаудың   мүлде
қиындығынан  және  жеткізу  көлемін  реттеудін  мүмкін  еместігінен   жағдай
төзгісіз болып кетеді. Маркетингтік қызметті жүргізу мүмкін болмайды.
      Істеп  тұрған  рыноктарда  өнімдердің  бағалары  мен  қызмет  ақыларын
белгілеу үлкен маңызға ие.
           Тауарлардың  бағалары  сатудың  көлеміне  және   сатудан   түскен
табыстың мөлшеріне әсер етеді. Сату көлемі  өскен  сайын  бағаның  төмендеуі
орын  алады.  Алар  пайданы  нақты  болжау  мүмкін   емес.   Жалпы   алғанда
өндірушілер мен дайындаушылар үшін  барынша  мол  табыс  түсіретін  тауарлар
ғана пайдалы болмақ.

      Тақырып 11. Нарықтың функциялары және нарықтық инфрақұрылым
      Нарық мынандай функцияларды жүзеге асырады:
       – ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алушыларды тиісті сапа
мен  көлемдегі  өнімдермен  қамтамасыз  ету.   Алайда,   аграрлық   секторда
экономикалық қатынастарды  реттеуде  мемлекеттің  саясаты  босаңсудан  барып
отандық өндірушілер өздерінің өндірістік және еңбек  ресурстарымен  шығарған
барлық өнімдерін өткізе  алмайтын  жағдай  тууда.  Нарықтың  үлкен  сегменті
шығарған бағасы мен  сапасы  төмен  импорттық  өндірістің  тауарларға  толып
кетуде.
       – ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру.
Қалыпты материалдық техникалық жағдайлармен қамтамссыз етілу жағдайында  (ең
алдымен энергоресурстармен және көлікпен) берілген функция ауыл  шаруашылығы
өнімдерінің рыногында өнімдердің рентабелділілігі   мен  жұртшылықтың  төлем
қабілеті сұранымын қамтамасыз ететін дұрыс бағаларды қою болып табылады;
       – ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін көтеруді қамтамасыз
ету. Бұл функция ресурстарды үнемдеу заңының  жалғасы  болып  табылады  және
заңдылық базаларының жағдайына,  ресурстармен  қамтамасыз  етілу  дәрежесіне
және басқадай сыртқы жағдайларға байланысты  емес.  Бұл  функциялардың  жеке
жағдайларынан мыналар туындайды:
       – өндірістік шығындарды төмендету;
       – өнімдердің сапасын көтеру;
       – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің пайда табуларына
жетісу;
       – ғылыми – техникалық прогресті дамыту.
       – шаруашылық аралық байланыстарды дамытуды және жетілдіруді
қамтамасыз ету. Берілген функцияның  әрекеті  ауыл  шаруашылығы  өндірісінің
тиімділігін   көтеруге   бағытталған.   Бұл   функцияның    сферасы    тұтас
агроөнеркәсіп кешенін қамтыйды (ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  өндіру,  қайта
өңдеу және өткеру) сондай – ақ қоғамдық тамақтандыру,  машина  жасау,  көлік
қатынасы, байланыс ж.т.б.
       – ауылдың әлеуметтік инфрақұрлымын дамытуды қамтамсыз
ету  және  әлеуметтік  проблемаларды  шешу.  Бұл  функция  ауыл  шаруашылығы
өнімдерінің  пайдалылығын қамтамасыз ету функциясы арқылы жүзеге  асырылады.
Әлеуметтік проблемаларды шешу өздерін өздері жараққатандыру  процесінің  бір
жағы «жұмысшы күшінде» қалыптастыру.
                Қазақстанда нарық функцияларының еркін көрінуі шектеулі,  ол
мына факторларға да байланысты:
       – ауыл шаруашылығы өнімдерін негізгі тұтынушылар –
жұртшылықтың көпшілік бөлігінің  табыстарының  төмен  болуы.  Бұл  фактордың
әсері қалыпты нарықтық жағдайдағыдан өнімдерді неғұрлым
төмен бағамен босатуды қажет етеді.
       – қуатты инвесторлар үшін ауыл шаруашылығы өндірісінің
тартымдылығы жоғары емес. Бұл фактор ауыл  шаруашылығының  негізгі  қорларын
жаңартуды елеулі түрде бәсеңдетуде  және  ауыл  шаруашылығындық  дақылдарды,
жоғары өнімді мал  тұқымдарын  өсіруді  және  өсімдік  шаруашылығы  мен  мал
шаруашылығы өнімдерін өңдеуді де тежеуде.
       – ауыл шаруашылығы рыноктарын мемлекеттік реттеу. Ауыл
шаруашылығы  өнімдерінің  бағаларын  мемлекеттік  реттеу  мен  белгілі   бір
өнімдерді  шығару  мөлшерін  ынталандыру   әр   аймақта   ауыл   шаруашылығы
өндірісінің әртүрлі болуы табыстың да әртүрлі болуына  себепші  болуда,  бұл
ауылдағы   кәсікерлердің   жаңа   жолдарды,    табыс    табудың    әдістерін
іздестірулерін тежейді.
       – шетелдік өндірушілердің экспансиясы. Шетелдік тауар
өндірушілер ауыл шаруашылығы өнімдерінің  кейбір  түрлерін  артық  шығарудан
проблемалар  туындатып,  жаңа  өткізу  рыноктарын  басқыншылықпен   іздеуде,
бұрынғыларын кеңейтуде.
                  Республика   жағдайында   мұндай   тауар   өндірушілерімен
бәсекеге түсу мүмкін болмай барады.
                 Сөйтіп  осы  айтылғандардың  негізінде  мынандай  қорытынды
жасауға  болады  Қазақстан  Республикасының  ауыл  шаруашылығында   нарықтық
реформа елеулі қиындықпен өтеді.
           Нарықтық  инфрақұрылым  деп  рынокта  тауарлардың  қозғалысы  мен
қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелердің жүйесін  айтады.

              Нарықтық  инфрақұрылымның  құрамынан  мына   буындарды   бөліп
көрсету ұйғарылған:
       – ұйымдық база - дайындаушы -  қоймалаушы, жабдықтаушы –
өткеруші, комиссиондық және басқадай делдал ұйымдар, тауар  биржалары.  Ауыл
шаруашылығында нарықтық инфрақұрылымның  осы  буынына  кіретін  кәсіпорындар
мен ұйымдардың бір бөлігі агрроөнеркәсіп  кешенінің  құрамында  болады.  Бұл
буынның ұтымды  дамығаны  –  капиталдың  дивесификациясы,  ауыл  шаруашылығы
кәсіпорындарының осы буынның құрамына кіретін кәсіпорындармен  горизонтальді
интеграциясы:
       – материалдық қамтуға тасымал құралдары, қоймалық және
 ыдыстар  шаруашылығы, ақпараттық жүйе жатады. Ауыл шаруашылығында  қамтудың
бұл түрлері агрөнеркәсіп кешенінің құрамына кіреді және АӨК  –  нің  аясында
жақсы дамыды.
       – Несие – есептеулерді қамтамасыз ету – несиеге қаржы беретін
ұйымдар, олар қарыз береді, есептеу – касса  қызметін  көрсетеді  және  ақша
қаражатының қозғалысы мен тиімді  жұмсалуын  қадағалайды.  Есептеу  –  касса
қызметін көрсету кәсіпкерлі қызметіндегі баяғыдан келе жатқан  консервативті
тәсіл.
           Мұндағы  өзара  қатынастың  жүйесі   ежелден   қалыптасқан   және
келешекте  елеулі  өзгерістер  еңгізу  болжаусыз.   Қарызгерлік   қатынастар
банктердің жоғарғы ставкаларын ұстайды,  ауыл  шаруашылығына  қарыз  берудің
жолдарын  реттеу  өз  дәрежесінде  болмады,  ауыл  шаруашылығы  ұйымдары  өз
өндірістерін ұлғайтуға дәрменсіз болды.
                              Бақылау сұрақтар:
   1. Рынокқа анықтама беріңіз
   2. Нарықтық механизм деген не?
   3. Рыноктар қандай белгілер бойынша классификацияланады?
   4. Агроөнеркәсіп кешенінде рыноктың қандай түрлері бар?
   5. Нарықтық инфрақұрылым деген не?
      Тақырып 12. Саладағы нарықтық саясат
      Шаруашылығы салаларында нарықтық саясат мемлекет пен айқындалады  және
бұл  агроөнеркәсіп  кешенін  ұйымдастырудың  кейбір  мәсерлерін  мемлекеттік
реттеуді қажет етеді .
      Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің қызметін мемлекеттік
реттеуде  көптеген  мәселелер   иерархияның   барлық   деңгейіндегі   үкімет
органдарының назарында қашанда болып келді және бола береді де.
      Қазіргі кезде бұл процесс Қазақстан Республикасының 1998 жылы
31.03 – тегі «Шаруа (фермерлік) қожалығы туралы», Қазақстан  Республикасының
1.07.2003 жылғы азаматтық кодексімен, 21.01.1997  жыл  «Банкроттық  туралы»,
Қазақстан  Республикасының  13.05.2003  жыл  «Акционерлік  қоғамдар  туралы»
Заңымен, Қазақстан  Республикасының  24.06.2002  жыл.  «Кешенді  кәсіпкерлік
лицензиялар (фрайгайзингер) туралы»,  Қазақстан  Республикасының  03.07.2002
жыл. «Иновациондық қызметі туралы», Қазақстан Республикасының  8.01.2003  ж.
«Инвестициялар туралы»   Заңымен,  Қазақстан  Республикасының  1.04.2003  ж.
жағдай бойынша «Жер туралы»  Заңымен,  Қазақстан  Республикасының  5.07.2000
жылғы. «Қаржылық лизинг  туралы»,  Қазақстан  Республикасының  1.06.2002  ж.
жағдай  бойынша,  «Мемлекеттік  кәсіпорындар  туралы»   Заңымен,   Қазақстан
Республикасы  Президентінің  «2003  –  2005  жылдарға   арналған   Қазақстан
Республикасының мемлекеттік агроөнеркәсіп бағдарламасы  туралы»  жарлығымен,
Қазақстан Республикасы Президентінің  27.04.1998  ж.  «Азаматтар  мен  заңды
тұлғалардың  еркін  кәсіпкерлік  қызметімен  жөніндегі   құқықтары   туралы»
жарлығымен,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  7.05.2001ж.  «Қазақстан
Республикасында 2001 –  2002  жылдары  шағын  кәсіпкерлікті  дамытудың  және
қолдаудың   Мемлекеттік   бағдарламасы   туралы»    Жарлығымен,    Қазақстан
Республикасының  20.06.2003  ж.  Жер  кодекстерімен  және  т.б.  құжаттармен
реттеледі.
      Бұл заңдылық құжаттарда, актілерде мемлекетердің  Қазақстанның
агроөнеркәсіп  өндірісіне  мемлекеттің  экономикалық  жағынан  әсер,   ықпал
етуінің  құқықтық  негіздері  көрсетілген.  Негізгі  мәселелер  болып   мына
мәселелер көзделген:
        – агроөнеркәсіп өндірісін тұрақтандыру мен дамыту;
        – Қазақстан Республикасының азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз
ету;
       – жұртшылықты азық – түлікпен қамтуды жақсарту;
       – ауыл шаруашылығы мен экономиканың басқа салалары
арасындағы экономикалық паритетті қолдау;
       – ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп қызметкерлерінің табыс
деңгейлерін жақындату;
       – агроөнеркәсіп өндірісі сферасындағы отандық тауар
өндірушілерді қорғау.
      Алайда күні бүгінге дейін республикада «Агроөнеркәсіп өндірісін
мемлекеттік реттеу туралы» арнайы заң жоқ.  Мұндай  заңды  дайындаудың  кезі
келді, онда агроөнеркәсіп өндірісін мемлекеттік реттеудің негізгі  бағыттары
көрсетілуі керек, ол бағыттар мыналар:
       – ауыл шаруашылығы өндірісінің, шикізат пен азық – түлік  рыногын
құрып, қалыптастыру және жұмыс істеу;
       – қаржыландыру, несие беру, қауіпсіздендіру, салықты жеңілдетіп
салу;
       – агроөнеркәсіп өндірісі сферасында ғылымды дамыту және
ғылыми қызметті жүзеге асыру;
       – ауылдың әлеуметтік сферасын дамыту.
       – Агроөнеркәсіп өндірісіті мемлекеттік қолдау жөніндегі
шараларды қаржыландыру үшін барлық деңгейді және  бюджеттен  тыс  көздер  де
пайдаланылуы мүмкін.
                Заңда   әртүрлі   бюджеттердің   қаражаттарын   пайдаланудың
бағыттары айқындалған, атап айтқанда.
       – мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жаңа техникалар мен
қондырғыларды, сортты тұқымдар мен асыл тұқымды  мал  алуды  қоса  алғандағы
инвестиционалдық қызметті қолдау;
       – топырақтың құнарлылығын арттыру, мемлюративтік шараларды
жүзеге асыру, мемлекеттік меморативтік жүйені аяқтап, ұстау,  зиянкестермен,
аурулармен және  арамшөптермен  күрес  жұмыстарын  жүргізу,  малдың  қауіпті
жұқпалы ауруларын жою;
       – агроөнеркәсіп  өңдірісі сферасына несие беру және оны
қауіпсіздендіру;
       – материалдық ресурстар мен энергия жеткізуге кеткен
шығындардың  бір  бөлігін  жабу  (компенсация  төлеу),  асыл   тұқымды   мал
шаруашылығын, элитті тұқым  шаруашылығын және ауыл шаруашылығы  дақылдарының
гибридті тұқымдарын өндіруде қолдауға дотация беру;
       – ауыл шаруашылығы өнімдерінің, шикізаттар мен азық – түліктер
рыноктарын дамыту мен қолдау;
       – агроөнеркәсіп өндірісі салаларында мамандар даярлауды
ұйымдастыру;
       – нақты бағыттары мен қаржыландырудың Қазақстан
Республикасының  үкіметі  бекіте  алатын  дотациялар  мен  компенсациялардың
басқа да түрлерін ойластыру.
      Ауыл шаруашылығы өнімдерінің, шикізаттар мен азық – түліктердің
рыноктарын  тұрақтандыру  үшін  мемлекет  сатып   алудың   және   тауарларды
реттеудің интервенциясын жүзеге асырады.
      Сатып алу интервенциялары ауыл шаруашылығы өнімдеріне,
шикізатқа және азық – түлікке нарықтық бағалар  ең  аз  деңгейден  де  төмен
түскенде,  немесе  агроөнеркәсіп  өндірісіндегі   тауар   өндірушілер   ауыл
шаруашылығы өнімдерін, шикізат пен азық  –  түліктерін  сұранымның  азаюынан
өткізе алмауларынан барып жүзеге асырылады.  Тауар  интервенциялары  рынокта
ауыл шаруашылығы өнімдеріне,  шикізат  пен  азық  –  түлікке,  сондай  –  ақ
бағалардың рыноктағы ең жоғары деңгейлерінен  асып  кеткен  жағдайда  жүзеге
асырылады.




      Тақырып 13. Қазіргі  заман  экономикасында  ауыл  шаруашылығының  сала
ретіндегі ерекшеліктері
      Аграрлық сектордың жеке – жеке қарауды қажет ететін бірқатар  өздеріне
тән ерекшеліктері бар.
      Біріншіден,   ауыл   шаруашылығы   нарықтық   экономикадағы    елдерде
артықшылықтары бар фермерлік шаруашылықтарды жүргізілетіндігіне,  жеткілікті
ірі кәсіпорын бола  алатындықтарына  қарамастан  бұл  секторды  монополиялап
алуға қабілетті емес. Басқаша сөзбен  айтқанда,  салыстырып  қарағанда  ұсақ
ауылшаруашылықтық  өндірушілер  нарықтық  бағаларға  әсер  ете  алатын   ірі
фермерлерге қарағанда нарыққа әсер ететін нендей бір  топты  да  ұйымдастыра
алмайды. Ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің  рыногында  сатушылар  қашанда  көп,
олардың бірде біреуі бағаға әсер ететіндей өнім мөлшерін жеткізе алмайды.
      Алайда, мемелекеттің қанша  араласқанына  қарамастан  дамыған  елдерде
ауыл шаруашылығы рыноктарына кіру мен одан шығу жеткілікті еркін. Бұл  жерде
жақсы реттелген жер нарығы, оның кең таралған арендасы,  ипотекалық  несиесі
бар. Осының  бәрі  ауыл  шаруашылығын  өндірісін  бастамақ  болған  әркімнің
негізгі  ресурсы  бар  екенін  көрсетеді.  Және  керісінше  әр   фермер   өз
шаруашылығының пайдасыздығына немесе жеткілікті пайда  алмайтындығына  көзін
жеткізсе ешқандай заң  жүзінде  де,  институциональдық  немесе  экономикалық
шектеулерсіз ақ басқа сата алады.
      Сөйтіп аграрлық секторда бәсекелестіктің негізгі екі шарты сақталады:
    - базарда сатушылардың көп мөлшерде болуы;
    - сатушылардың базарға кіру және оны тастау еркіндігі.
      Осыдан мынандай қорытынды шығаруға  болады,  ауыл  шаруашылығы  –  бұл
бәсекелестік өрістейтін сала.
      Екіншіден  ауыл  шаруашылығы   емес   салаларда   жер   кәсіпорындарын
орналастыратын  базис  ретінде  пайдаланылады.  Жердің   пайдалы   қасиетіне
ешқандай маңыз берілмейді.
      Егіншілікте жердің жоғарғы қыртысы  –  құнарлы  деп  аталатын  топырақ
қабаты пайдаланылады.
      Үшіншіден, ауыл шаруашылығы өндірісі табиғи жағдайларға  өте  тәуелді.
Ауыл  шаруашылығында  тиімді  технология  қолданатын,   аграрлық   мәдениеті
дамыған елдердің өзінде аграрлық өндірістің нәтижесі  бұрынғысынша  болжауға
болмайтын күйінше қалып келеді. Құрғақшылық, топан су  қаптауы,  зиянкестер,
мал мен  өсімдіктің  аурулары  аграрлық  сектор  сферасына  капитал  салудың
тәуекелділігін азайтады.
      Төртіншіден,    ауыл    шаруашылығы    өнімдерін     диверсификациялау
(модификациялау  санын  кеңейту)  өте  шектеулі.  Осы  саладағы   техникалық
прогресс  мәденилендірілетін  өсімдіктер  мен  мал   тұқымдарының   неғұрлым
жетілдірілген сорттарын  енгізумен  қатар  жүргізіледі.  Алайда  селекциялық
қызмет негізінен дақылдар мен  малдың  өндірістік  қасиеттерін  жетілдіруге;
ауыруларға, зиянкестерге шалдығуды  төмендетуге  және  қолайсыз  ауа  райына
төзімді   болуға,   өнімділіктері   мен   технологияларға,    оның    ішінде
механикаландырылған немесе тіпті автоматтандырылған технологияға  және  тағы
басқаларға бейімділігіштігін арттыруға бағытталуы тиіс.
      Бесіншіден, ауыл шаруашылығы өндірісінің және  азық  түлік  секторының
ақырғы  өнімдері  –  азық  түлік  болды.  Алайда  тағам  өнімдеріне  бағалық
эластикалық  сұраным  төмен  екендігі  белгілі.  Тұтынушылар  азық  түліктің
негізгі  түрлерін  олардың  бағаларының  өсуіне  немесе  азаюына  қарамастан
өзгермейтін мөлшерде  ала  береді.  Индустриальды  елдерде  ауыл  шаруашылық
өнімдердің  эластикалық  орташа  коэффициенті  0,20  -  0,25   болды,   яғни
фермерлер өнімдерін өткізуді 10% арттыру үшін бағаларын 40 - 50%  төмендетуі
қажет.
      Алтыншыдан  ауыл  шаруашылығындық  және  азық  –  түліктік  тауарларға
сұраным табыс табу  жағынан  да  эластильді  емес.  Тұрмыстық  жағдай  төмен
болғанда, жанұя табысының негізгі бөлегі тамақ алуға  кетіп  жатқанда  жанұя
қосымша тапқан әр теңгесін ең алдымен ішіп жемге жұмсайды.  Тамақ  алу  жағы
бірінші кезектегі проблема болып  қалмағаннан  кейін  барып  қосымша  тапқан
табыстарын басқа тауарлар мен қызметке жұмсайды. Сондықтан  табыстың  өсуіне
қарай азық түлік өнімдеріне, соған орай ауыл шаруашылығы өнімдеріне  сұраным
пропорционалды емес тұрғыдан өседі.
      Жетіншіден, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымның  эластиктігі  төмен
болғандықтан  ұзақ   мерзімді   фермерлік   проблеманы   туғызады.   Сұраным
эластикасының  төмен  болуы  егер  ұсыным  жағы  өспесе,  немесе  баяу  өссе
экономика секторына (өз өзінен) проблема бола алмайды.  Айта  кетелік  соңғы
ғасырда аграрлық секторда елеулі ғылми – техникалық прогресс болды:
    - атпен тасу механикаландырылумен ауыстырылды;
    - фермалар электрлендірілді;
    - өсімдіктерді минеральды және химиялық заттармен қорғау
егіннің түсімділігін едәуір арттырды;
    - мал және өсімдік шаруашылығындағы селекциялық жұмыста
алға басу болды;
    - аграрлық еңбектің өнімділігі күрт көтерілді – егер өткен ғасырда
американ фермері 4 адамды асыраса,  ал  қазір  100  адамға  дейін  асырайтын
болды.
      Сегізінші  ерекшелігі  ауыл  шаруашылығы  бәсекелестік  жоғары   сала.
Сондықтан  да    нарықтың   заңдарына   орай   табыстарының   құлдырауларына
байланысты осы саладан фермерлердің неғұрлым пайдалы салаға  кетулері  керек
қой. Алайда іс жүзінде бұлай болмауда. Неліктен?
    - экономиканың көптеген басқа салаларынан айырмашылығы ауыл
шаруашылығы өндіріс сферасы ғана емес өмір сүру де сферасы. әлемде  аграрлық
еңбекпен  табыс  табатын  өндіріс  сферасы  яғни  бизнеспен  емес,   өмірлік
қалыптасудың  нәтижесінде  шұғылданатын  адамдар  көп.   Осының   салдарынан
еңбекпен шұғылдану басқа салаларға қарағанда экономикалық  конъюктураға  көп
ықпал ете қоймайды, яғни аграрлық еңбектің  мобилділігі  едәуір  төмен.  Бұл
ауыл тұрғындары мен ауыл  қызметкерлерінің   ол  жерлердегі  өмір  сүру  мен
еңбек етуге аса құмарлық танытпайтындықтарының, жұртшылықтың  бұл  бөлегінде
ерекше консерватизм бар екенін көрсетеді.
    - Тіпті фермерлер өздерінің фермаларын тастаған кезде де олардың
жерлері  ауыл  шаруашылығы  айналымынан  шығарылмайды,  басқа   фермерлердің
қолдарына түседі.
      Тоғызыншыдан,   аграрлық   өндірістің    табиғи    факторларға    және
бәсекелестікке  өте  тәуелді  болатындығынан  ауыл  шаруашылығы   өнімдеріне
сұранымның  бағалық  эластикті  еместігі  қысқамерзімді  фермерлік  проблема
туғызады.
      Расында да ауыл  шаруашылығы  ауа  райына,  малдар  мен  өсімдіктердің
ауруларының кенеттен таралуына және тағы басқаға өте тәуелді.
      Өндірілердің   нақты   көлемі   ауыл   шаруашылығы    өндірісшілерінің
болжауларына мүлде  келмейді.  Ел  территориясында  орналасқан  миллиондаған
ұсақ өндірушілер нарықтық конъюктураны реттеу мақсатында өндіріске  бірлесіп
бақылау жасауға  келісе  алмайды.  Нәтижесінде  аграрлық  өндірістің  жылдық
ауытқулары  болып  тұрады.  Алайда  ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің   бағалық
эластиктері төмен. Бұл дегеніміз сұранымды аз өлшеудің арты  бағаның  едәуір
өзгеруіне алып келеді.
      Егер  базарда  ауыл  шаруашылығы  өнімдеріне  сұраным  тұрақты  болса,
бағалары  тіпті  де  тұрақты  болмайды.   Ұсыным   көлемінің   сәл   өзгеруі
бақыланылмайтын   фермерлердің   бағаны   төмендететін   немесе   шарықтатып
жіберулеріне алып келеді.



Пәндер