Файл қосу
Еңбек психологиясы еңбек әрекеттерінін
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | |СМЖ 3 дәрежелі құжаты |ПОӘК |ПОӘК 042-18-31.1.14/03-2014 | |ПОӘК | | | |Оқу-әдістемелік материалдар|№2 баспа | | |«Психология және адам |11.09.2014 ж., | | |дамуы» пәнінен |№1 баспа орнына | | | |5.09.013ж. | | «ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Психология және адам дамуы» 5В010900 «Математика», 5В011100 «Информатика» мамандықтарына арналған ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ Семей 2014 Мазмұны |1 |Глоссарий |4 | |2 |Дәріс |9 | |3 |Тәжірибелік және зертханалық сабақтар |48 | |4 |Курс жұмысы (жоба) |- | |4 |Білімалушылардың өздік жұмыстары |58 | 1 ГЛОССАРИЙ Акцептор әрекеті -- «акцептор»—«қабылдаушы» деген латын сөзі. Бұл — зат. Ол атомдарға, электрондарға және өзге де заттарға қосылып, орталық жүйке жүйесінің қызметін жандандырады. Нейродинамикалық сипаттағы әрекеттер. Акцепторлық әрекеттер жүйке жүйесінің қызметінде реттеледі. Анимизм — латынның «жан» деген сөзі. Алғашқы қоғамда адамның, жан- жануарлардың, өсімдіктердің және басқа нәрселердің бәрінде жан болады дейтін қияли түсінік. Алғашқы қоғам мен діни «нанымдардың барлық түрлеріне тән ерекшелік. Антропоморфизм — «антропос»— грекше «адам» және морфе—«түр», «форма» деген екі сөзден құралған. Табиғат құбылыстары мен жануарларды, құдайларды адам сипатында елестететін түсініктер. Апперцепция — латынша an — префикс, сөз алды қосымша, перцепция — қабылдау. Психологияда қабылдау процесінің адамның бұрынғы өмір тәжірибесіне, білім қорына, рухани тіршілігі мен жан дүниесінің жай-күйіне тәуелді болды. Анализатор (грек) – түйсік тудыратын анатомиялық физиологиялық аппарат. Аксон (грек) – жүйке клеткаларының ұзын талшығы. Амнезия (грек) – естің бұзылуы. Ассоциация—1. Белгілі заңдылықтарға сәйкес психикалық, құбылыстардың байланысты болуы. 2. Адамдардың өзара бірлесіп, әр түрлі іс-әрекеттері арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын тобы. Ассоциациялық психология — психологияның мән-жайын философиялық тұрғыдан іздестіріп, оны ассоциациялық принциптерге негіздейтін бағыттардың жиынтығы. Бұл бағыт XVII—XIX ғасырларда пайда болып, негізінен, Англияда өрістеп дамыды. Сөйтіп өз алдыиа дербес бағыт ретінде қалыптасты. Бұл бағыттың материалистік те, идеалистік те ағымдары болды. Материалистік ағым психологиялық құбылыстарды зерттеуге детерминизм принципін ендіруді көздеді. Ал XX ғасырда А. п. механикалық бағытты ұстанған бихевиоризммен ұштасты. Ассоциация — латын сөзі. Психологиялық мағынасы белгілі жағдайда екі не бірнеше психикалық құрылымдардың өзара байланыстылығын білдіреді. Аффект—«жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл күйінің айқын көрінісі (сезімі мен эмоциясы). Мәселен, қайғырып жылау немесе шаттық сезімі билеген адамның қарқылдап ішегі түйілгенше күлуі сияқты әралуан аффекттік жағдайлар. Әрекет — белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл- қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-оймен орьшдалатын ішкі әрекет болуы мүмкін. Бағдарлау реакциясы —жағдайдың өзгеруіне орай организмнің өте күрделі әрі арнайы тітіркендіргіштерге әсерленуі. Мұндай жағдайда организмнің бойындағы күш-қуаты мен сезімталдығы күшейіп, жүйке талдағыштарының жұмысы арта түседі. Бағдарлау организмдерде (адам мен жоғары сатыдағы хайуанаттарда) таңданудан басталады. Бихевиоризм — психология ғылымында XX ғасырдың басында АҚШ-та қалыптаса бастаған механикалық теориялық және тәжірибелік бағыт. Бұл бағыт психикалық құбылыстардың бәрі организмнің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге әсерленуіне орай дамиды, белгілі себепке, ынталандыру мен жағдайға байланысты болады деп санайды. Генетикалық әдіс — генетика — шығу тегі «төркіні» дегенді білдіреді. Бұл — психикалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін, қазіргі кезде психологияда кең түрде қолданылатын зерттеу әдісі. Гештальтпсихология —Германияда XX ғасырдың басында дүниеге келген идеалистік психологиялық бағыт. Ассоциациялык психологияға қарсы пікірлерді қолдай отырып, сананың алғашқы бөлшектері түйсінуі де, елес те емес, кейбір тұтас түрдегі «психологиялық құрылымдар» (гештальттар) деп санайды. Міне сондай құрылымдар сананың жемісі деген пікірді қолдайды. Дағды — сансыз қайталау нәтижесінде қалыптасатьн іс-әрекет түрі. Соның нәтижесінде ол автоматталған әрекетке айналып, оңай, шапшаң әрі дәл орындалып отырады. Дағдының физиологиялық негізі — динамикалық стереотип. Дедукция, Индукция, Аналогия. Дедукция — жалпыдан жекеге қарай дамитын ой қорытындысы, логикалық ойлау формасы. Дедукциялық ойдың кең тараған түрі — силлогизм. Екі не бірнеше пікірлердің байланысы нәтижесінде жаңадан бір пікір шығару. Индукция—1. Жекеден жалпыға қарай дамитын логикалық ой қорытьндысы. 2. Нейрофизиологияда тітіркендіру нәтижесінде пайда болған алғашқы қозу ошағынын, маңындағы аймақтарға тарауы. Аналогия — жекеден жекеге қарай дамитын продуктивті ой қорытындысы. Аналогия — ұқсастық. Ұқсас нәрселерді салыстыра отырып зерттейді, аналогия арқылы жасалған қорытынды мәліметтер болжамды сипатта болады. Детерменизм принципі —философиялық және методологиялық ұстаным бойынша табиғат пен психологиялық құбылыстардың бәрі материалдық себептер мен заңдардың әсер етуінен пайда болады. Детерминизм адамның тіршілігі мен іс- әрекетінің бәрі қоғамның тарихи дамуының нақты жағдайларымен байланысты, әрбір құбылыс белгілі себептен туындайды деп қарайды. Динамикалық стереотип—шартты рефлекторлық байланыстардың жасалуы және оның тұтастық жүйесінің, құрылуы. Мұндай жүйе организм тіршілігі үшін өте маңызды және ол дағдыны қалыптастырудың физиологиялық негізі. Жоғары жүйке қызметінің типі —жүйке жүйесінің комплекті түрдегі тұрақты қызметі. Мұндай қызмет жоғары жүйке қызметінің сипаттары мен қасиеттерін білдіреді. Ондай қасиеттер адамның әлеуметтік ортада атқаратын жұмысы мен іс-әрекетіне байланысты жаңа сапаларға ие болады. Жоғары жүйке қызметінің типтері мен сипаттары адам мінезінің физиологиялық негізі болы табылады. Инстинкт (соқыр сезім) — 1. Организмде туа берілетін шартсыз рефлекстер негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы. 2. Туа пайда болатын импульстардың әсерлерге жауабы, қимыл-қозғалыс арқылы әр түрлі тітіркендіргіштерге бейімделуі. Интериоризация, Экстериоризация — сыртқы болмыс әрекеттерінің ішкі идеалдық факторларға, ал адамның ішкі ақыл-ой әрекетінің сыртқы іс-әрекеттерге айналуы. Интроверт пен экстраверт —Кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып, өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері — интроверттер делінеді. Ал өзге бір адамдар ішкі дүние сырымен тұйықталып калмай, жан дүние сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отырады. Бұлар — экстраверттер. Қажеттілік — адам мен хайуанаттардың өмір сүруі мен тіршілік етуі қажеттілік қанағаттандырудағы белсеңді іс-әрекеті мен қимыл-қозғалыс жасауына байланысты. Бұл — организмнің ішкі жағдайы мен күйін сақтауы. Қозғыштық— әсерленгіштік. Сезімнің тез қозьш, тез әсерленуі. Қоғамдық тәжірибе — адам баласының тарихи дамуында материалдық заттар мен мәдени мұраларды жасап шығаруда қалыптасқан біліктері мен әдет-дағдылары жайындағы білім жүйесі. Ниет — қажеттілікті қанағаттандыру үшін әрекеттену және оған іштей ұмтылу. Ниеттің жүзеге асуы материалданған сипатта болады. Психика дамуының қозғаушы күші - психиканың мән-жайы мен деңгейін, бағытын дамытуға ықпал етіп отыратын сыртқы және ішкі факторлар мен жағдайлардың жиынтығы. Мұндай_ жағдай адамның жеке басының дамып жетілуінде қажеттіліктерін қанағаттандыру мен нақты болмыстар арасындағы қайшылықтарды peттеу мәселесі болып табылады. Проблемді ситуация - күнделікті өмірде және арнайы тәжірибелік зерттеуде белгілі бір түйінді мәселені шешуде адамның ақыл-ой белсенділігі талап етілетін жағдай. Ал тәжірибе арқылы сыналған жәндіктер мен хайуанаттар белгілі бір жәйтке бейімделіп, оның «шешімін» табуға әрекеттенеді. Мысалы, маймыл іліп қойған алманы «құрал» қолданып алып жейді. Перцептивті әсер — қабылдау процесіне қатысты әсер түрлері (перцепция — қабылдау). П. ә. психологиялық тұрғыдан анықтағанда — объективтік шындықтың сезім мүшелері арқылы тікелей бейнеленуі. Ретикулярлық формация - мұның өрлеуші және төмендеуші ретикулярлық формация дейтін екі түрі бар. Ми алаптарындағы бірінің жұмысын бірі реттеп (қоздырып, тежеп) отыруы нәтижесінде әрқилы психикалық әрекет жүзеге асады. Түрлі импульстар жоғарыдан (ми қабығынан) төменгі ми бағаиасына т. б. келіп, оларды өзіне бағындырады. Мұны төмендеуші ретикулярлық формация деп атайды. АҚШ ғалымы Г. Мэгун, Италия оқымыстысы Моруци импульстар төменнен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алатынын дәлелдеп берді. Мұны өрлеуші ретикулярлық формация дейді. Рефлекторлық теория — адамның мінез-құлқы мен психикасы оның белсенді қызметі мен іс-әрекеті нәтижесінде реттеліп отыратын материалистік көзқарас. «Рефлекс» сөзінің мәні — бейнелеу. Рефлекстік теорияның негізін салған орыс ғалымы И. М. Сеченев өзінің «Бас миының рефлексі» деген еңбегінде психикалық қүбылыстардың шығуы мен дамуын материалистік тұрғыдан түсіндіріп, оның жоғары жүйке (мидың) қызметі екендігін ғылыми-табиғи тұрғыдан дәйектеді. Рефлексия — латынша «бейнелеу» деген сөз. Адам. санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы. Рефлексология —орыс ғалымы В. М. Бехтеров (1857— 1927) негіздеген механикалық бағыт. Рефлексология адам психикасының әрекетін сыртқы ортаның жүйке жүйесіне әсер етіп, оған тітіркенуі деп санады да, психика мен сананы зерттеуден бас тартты. Сана — психиканың тек адамға ғана тән ең, жоғары сатысы, объективтік болмыстың адам миындағы бейнесі. Болмыс пен шындықтың, бейнесін адам тіл арқылы, сөйлеуі арқылы бейнелеп, оның мән-жайын танып біледі. Сана мен іс-әрекеттің бірлігі. Сананьң генетикалық және функционалдық байланыс бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми психологияның философиялық және методологиялық іргетасын қалайды. Семантика — сөздер мен сөйлеудегі айтылған атаулардың мағынасын білдіретін термин. Ғылымда бұл атау семантика, семасиология деп те атала береді. Синтагма — лингвистикалық термин. Ол сөз тіркестері мен олардың бөлшектерін жіктеп қарастырып, анықтаушы және анықталушы бөліктерінің құрамын анықтай отырып белгілі жүйемен іздестіреді. Сөздік – мағыналық ойлау — ойлау әрекетінің ерекше бір түрі. Сөздік — мағыналық ойлауда белгілі ұғым-түсініктер түрлі ой әрекеттері арқылы анықталып, жүйеге түседі. Мұндай _ой әрекеті заттар мен тікелей сезімдік таным тәжірибелеріне негізделмейді. Ойдың шындығы мен ақиқаттығы ақыл-ой талқысы аркылы анықталады. Стимул— қозғаушы, жандандырушы әсер. Тітіркендіргіштердің тікелей таным мүшелеріне (рецепторларға) әсер етуі нәтижесінде сыртқы және ішкі органдарда қыздыру тудыратын әсер. Оңың қуаты әр алуан тітіркенулер тудырады. Темперамент - жоғары жүйке қызметінің типтік ерекшеліктеріне сәйкес адамның даралық сипатын білдіретін психологиялық ерекшелік. Темперамент адам мінезінің табиғи негізін анықтайды. Жоғары жүйке қызмет типтерінің күшіне, теңдігіне (қозу мен тежелу) және ауысу ерекшеліктеріне сәйкес темпераменттің төрт түрі сипатталады. Олар: холерик, флегматик, сангвиник, меланхолик. Темпераменттердің түрлері жоғары жүйке қызметінің типтеріне негізделгенімен, олар адамның тіршілік бейнесі мен әлеуметтік жағдайына орай өзгеріп, жаңа қасиет-сипаттарға ие болады. Темпераменттік ерекшеліктер адамда туа пайда болатын қасиет, ал мінез-құлық сипаттары өмірде жүре-тұра қалыптасады. Психологиядағы темперамент жайлы ғылыми көзқарастар әр түрлі. Дегенмен, темпе-раменттердің табиғи-ғылыми негізі жоғары жүйке қызметінің типтері екенін ғылыми тұрғыдан ашып көрсеткен физиолог ғалым И. П. Павлов, Тест — сынақ. Психологияда адаммың дара басындағы психологиялық ерекшеліктері меи қабілетін, ақыл-ой деңгейін белгілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. Тест (сынақ) әдісі аркылы адамның меңгерген білім деңгейі мен ықылас-ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы түрде қорытылады. Қазіргі кезде тест әдісі кеңінен қолданылып отыр. «Тест»— ағылшын сөзі. Мағынасы «сынақ» дегенді білдіреді. Топ—қоғамдағы адамдардың, белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай және бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі. Топ жетекшісі — жора-жолдастары мен қатар құрбыларына «өзінің беделімен, іс-әрекетімен, мінез-құлқымен ықпал етіп отыратын адам. Тітіркенгіштік — әсерленушілік, қозғыштық. Жүйке жүйесінің әр алуан сыртқы және ішкі әсерлерге тітіркенуі. Төменгі сатыдағы микроорганизмдердегі психиканың көрінісі — тітіркенгіштік. Тітіркенудің өте қарапайым түрі — тропизмдер. Тропизм—«бұрылу» деген сөз. Ұғым — заттар мен құбылыстардың мәнді белгілері мен ерекшеліктерін бейнелейтін жалпылаушы ойлау формасы. Ғылыми пәндердің бәрі ұғымдар жүйесінен құралады. Кез келген ұғымның мазмұны мен көлемі болады және ол қолдану ретіне қарай өзге ұғымдармен түрліше байланыста болады. Ұғым дерексіз ойлау нәтнжесі арқылы жасальіп, оның мазмұны мен көлемі анықталады. Ұғымталдық — сезімталдық, әсер етуші нәрселер мен құбылыстарды сезім мүшелері мен ақыл-ой арқылы тез қабылдап, олардың мән-мағынасьн жете түсіну қабілеті. Ұжым — қоғамдық пайдалы іспен шұғылданатын, жоғары деңгейде дамыған адамдардың ұйымдасқан тобы. Ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың бірлесіп атқаратын қоғамдық істері мен мақсат-мүддесінің бірыңғай болуында. Үйлесім, сыйымдылық. Бұл — әлеуметтік психологиядағы түсініктер, яғни сырт қарағанда дара адамның өзінің ішкі қарсылығына қарамастан топтың ырқына саналы түрде бейімделіп, көнбістік көрсетуі. Үнсіз сөйлеу — сөйлеу әрекетінің ерекше түрі. Үнсіз сөйлеуді кейде іштей сөйлеу дейді. Үнсіз сөйлеуде адамның ойы мен білдірмек, болған пікірі дыбыссыз айтылады.. Іштей сөйлеуде сөйлемнің баяндауышы не бастауышы айтылады да, ой жүйесі үзінді-кесінді сипатта болады. Қарым-қатынас жасауда дауыстап сөйлеу тәсілі қолданылса, ал үнсіз, іштей сөйлеуде адамның ойлауы құрал қызметін атқарады да, ол өзінің іс-әрекетін реттейді. Фрейдизм — бұл ұғым Австрия ғалымы 3. Фрейдтің, атымен байланысты. Фрейдизм XX ғасырда психологияда кең таралған ағым. Фрейдтің зерттеуі бойынша адам мінез-құлқының козғаушы күші мен шешуші факторы жыныстық еліктеу болып табылады. Мұндай еліктеу мен сезім әрекеті санадан тыс табиғи қажеттілік деп саналады. Бұл адам тіршілігіндегі биологиялық процесс болса, ал психиканың дамуы мен оны басқару әлеуметтік фактормен де айқындалатыны ескерілмейді. Эгоцентрлік сөйлеу —сөйлеудің бұл түрін психологияда баланың автономды (өзіндік) сөйлеуі деп те атайды. Эгоцентрлік сөйлеуді дауыстап сөйлеу әрекетінің, үнсіз (іштей) сөйлеуге ауысу жолындағы өтпелі көпірі (өткел) деп санауға болады. Электроэнцефалограмма (ЭЭГ)— мидағы биоэлектрлік белсенділік әрекетін осы аспаппен жазып алады да, оның мәнін анықтайды. Эмпатия—өзге адамдардың жан дүниесінің, сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатияның айқын көрінісі — идентификация. . Бұл – адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халде болуы. 2 ДӘРІСТЕР Модуль 1. Психологияға кіріспе. Тақырып. Психология ғылым. Психология әдістері. Дәріс жоспары: 1. Психология пәні туралы түсінік. 2. Психология – психика және психикалық құбылыстар жайлы ғылым. 3. Психология ғылымының салалары. 4. Психологияның зерттеу әдістері. Дәрістің қысқаша мазмұны Әрбір ғылымның өзіне тән зерттеу объектісі болады. Психология ғылымы зерттейтін объектіні (пәнді) бірден түсіну қиын, әрі ол — күрделі мәселе. Психология, психика деген түсініктер гректің «псюхэ»-жан деген сөзінен шығады. «логос»-ілім. Сонымен, психология - жан туралы ілім. Ол құбылыстарды жүйелі түрде топтастырып, болмыс пен фактілерді салыстыра отырып зерттейді. Қабылдау, ес, ойлау, ерік, сезім деп аталатын тағы басқа психикалық процестер адамның ішкі дүниесі мен бейнелеу қасиетінің, күллі жан дүниесінің тіршілігі немесе оның сыры деп аталады. Психология - психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, теориялық приициптерін және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді. Басқаша айтқанда, бұл ғылым — теориялық және эксперименттік психология деп те аталады. Психология - адамның танымы мен практикалық іс-әрекеттерін, түйсіну мен қабылдауын, ес пен қиялын, ойлау мен сөйлеуін, ерік-жігері мен сезім күйлерін, адамның өзін-өзі меңгеруінің жалпы заңдылыктарын қарастырады. Психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бұл пәнді оқып меңгеруде мынадай негізгі үш мәселені бөліп қарастырамыз: а) психикалық процестер, ә) психикалық кейіп, б) психикалық қасиеттер немесе адамның дара психологиялық ерекшеліктері. Психикалық процестер дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. Психикалық ерекшеліктер дегеніміз – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Психикалық күй дегеніміз – адамның түрлі көңіл күйінің тұрақты компоненттері. Психология ғылымының салалары. Дамудың қазіргі кезеңіндегі психологиялық ғылым — ғылыми пәндердін күрделі де тармақталған жүйесі болып табылады. Жалпы психология қалыпты ересек адамның психикалық қызметінің неғұрлым жалпы заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы адамның психикалық даму заңдылықтарын, әр түрлі психикалық процестердің (естің, ойлаудың, қиялдың, сезімнің) қалыптасу процесін және жеке адамның психикалық қасиеттерін зерттейді. Еңбек психологиясы еңбек әрекеттерінін. психологиялық негізін зерттейді, жеке адамнын белгілі бір мамандыкқа сәйкес кәсіптік маңызды қасиеттерін, еңбекті ғылыми ұйымдастыру мәселелерін зерттейді, еңбек өнімділігін арттырудың және енбек коллективіндегі қарым- қатыстардың психологиялық негіздерін зерттейді. Инженерлік психология — еңбек психологиясы бөлімдерінің бірі. Әскери психология міндеті - әскери оқу мен тәрбиенің психологиялық мәселелерін талдау болып табылады. Заң психологиясы тергеудің психологиялық аспектілерімен, куәлар жауаптарының талдауы, куәгерлік керсетулерді, жауап алуға қойылатын талаптарды талдаумен байланысты проблемаларды зерттейді. Медициналық психология психотерапия, психогигиена мәселелері, дәрігерлер мен аурулылардың карым-қатысы мәселелерімен айналысады. Патологиялық психология адамдардың нормальды психикалық қызметінің бұзылуының әр түрлі формаларын, нормальды психикалық дамудың әр түрлі ауытқуларын зерттейді. Салыстырмалы психология (бұрын бұл зоопсихология деп аталатын) психологияның салалары ішінен ерекше орын алады, өйткені ол жануарлардың психикасын зерттейді. Психологияның басқа ғылымдар сияқты өз әдістері бар. Ғылыми зерттеулердің әдістері – практикалық ұсыныстарды шығару ж/е ғылыми теория құру үшін керекті мәліметтер алынатын тәсілдер мен құралдар. Психологиядағы субъективті ж/е объективті әдістер. Бақылау әдісі психологиядағы есуі ж/е бір қарағанда өте қарапайым әдіс секілді. Бақылау – ол барлық адамдардың пайдаланатын әдісі. Эксперимент. Сауалнама – зерттелетіндерден сұрақ-жауап қою арқылы ақпарат алуға негізделген. Сауалнама-тест. Тапсырма-тест. Бүгінде тестер-психологиялық зерттеуде кеңінен пайдаланылатын әдіс. Негізгі ұғымдар: психология, псиикалық құбылыстар, психикалық процестер, психикалық кейіп, психикалық қасиеттер, патологиялық психология, салятырмалы психология, әдіс, бақылау, эксперимент, тест. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Психология ғылымы нені зертейді? 2. Психикалық күймен психикалық процестердің негізгі айырмашылықтары. 3. Ғылыми зерттеу әдістері дегеніміз не? 4. Табиғи эксперименттің бақылаудан айырмашылығы қандай? 5. Психологиялық тестердің қандай түрлері бар. Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993 2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995 3. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993 4. Немов Р.С. Психология. М., 1998 5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000 Тақырып. Адамды психологиялық жағынан талдау-таным, еңбек және қарым- қатынас субъектісі ретінде тану. Дәріс жоспары: 1. Жеке адам туралы түсінік. 2. Адамның дамуындағы еңбектің алатын орны. 3. Жеке адамның қалыптасуындағы қарым-қатынастың рөлі. Дәрістің қысқаша мазмұны. Жеке адам дегеніміз — қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Жеке адам қоғамдық қатынастардың әрі объектісі, әрі субъектісі. Жеке адам — саналы тіршілік иесі, ол өзінің өмір жолын тандай алады. Жеке адамның қоғам өміріндегі ролі мен мәні қоғамдық қатынастардын, дамуына қарай арта түсіп отырады. «Адам», «Жеке адам», «Даралық» түсініктерінің арақатынасы. Қоғамдық ғылымдарда да, сондай-ақ күнделікті тұрмыста да, «адам» «жеке адам», «даралық» түсініктері кеңінен қолданылады. Адам туралы түсінік. Түпкі және тектік, бастапқы түсінік «адам» болуға тиіс. Адам — бұл, ең алдымен, Homo Sapiens түріндегі сүт қоректілер класына жататын биологиялық тіршілік иесі. Басқа жануарлардан айырмашылығы адамда санасы бар. Адамның биологиялық тек ретінде негізгі ерекшеліктері: - денесін тік ұстап жүру; - еңбекке бейімделген екі қолының болуы; - жоғары дәрежеде дамыған миының болуы. Жеке адам - қоғамдық-тарихи категория. Роль дегеніміз - жеке адамның атқаратын әлеуметтік қызметі. Даралық туралы түсінік. Даралық дегеніміз — өзіндік өзгешелігі бар жеке адам. Даралық жеке адамды басқалардан ерекшелендіріп тұратын қандай да бір басты қасиет. Жеке адамның психологиялық құрылымы. Жеке адам құрылымының негізгі компоненттері. Бірінші компоненті жеке адамның бағыттылығы, адамның болмысқа қатынасы. Бағыттылық әр алуан қасиеттерден, өзара байланысты қажеттіліктер мен мүдделер, идеялық және практикалық әрекеттер жүйесінен құралады. Екінші жеке адамның мүмкіншілігі және іс-әрекеттің табысты болуын қамтамасыз ететін қабілеттік жүйесін қамтиды. Қабілеттіліктер өзара байланысты және бір-бірімен өзара әрекеттес болады. Үшінші мінез - адамның әлеуметтік ортадағы мінез-құлқына сипаты болып табылады. Мінез дегеніміз — күрделі синтетикалық құрылым, онда адамның рухани өмірінің мазмұны мен формасы. Төртінші басқару жүйесі болып табылатын «мен» сөзі. «Мен» өзін-өзі реттеу қызметін атқарады. Жеке адамның бағыттылығы дегеніміз - сол адамнық талғамы мен белсенділігін көрсететін ниеттер жүйесі. Жеке адамның қажеттілігі дегеніміз - өмір мен дамудың белгілі бір жағдайларында адамның міндетті түрде керек ететін қажетсінулері. Қажеттілік адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі күш болып табылады. Қажеттіліктердің түрлері. Олар: материалдық, рухани, коғамдық қажеттіліктер. Адамның дамуында еңбекке деген қажеттілік барған сайын адамдардың негізгі қажеттілігіне айналып отыр. Еңбекке деген қажеттілік өмірге керекті іс-әрекетпен айналысуға құлшыныс түрінде көрініс табуда. Қоғамда еңбек адамның арының ісіне, адамгершілік мәртебесінің өлшеміне айналады. Ол жеке адам дамуының қайнар көзі болып табылады. Адамдар қабілеттеріне қарай өз еңбегін өмірінің мәнін еңбектен іздейтін болады. Қарым-қатынас жасауды қажетсіну адамнық әлеуметтік табиғатын танытады. Бұл қажеттілік Ф.Энгельс атап көрсеткеніндей, еңбекте қалыптасты, өйткені қарым-қатынас - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың қажетті шарты. Қарым- қатынас жасауды қажетсіну жеке адам дамуына игі әсерін тигізеді. Қарым- қатынас нәтижесінде адам басқаларды ғана емес, сонымен бірге өзін де танып біледі, әлеуметтік өмірдің тәжірибесін жинақтайды. Адамдармен карым-қатынас жасау жеке адамды интеллектуалдық және эмоциялық жағынан байыта түседі; білім, тәжірибе және пікір алмасуына өз ықпалын тигізеді. Қарым – қатынастың құрылымы: коммуникативті жағы – қарым-қатынастың адамдармен информация алудан тұрады. Интерактивті жағы – қарым-қатынастың бұл өзара әрекеті білімі, идеясы, әрекеті. Перцептивті жағы – адамдардың бір-бірін қабылдауы, өзара түсінушілік. Қарым-қатынастың 2 түрі бар: вербальды және вербальды емес. Қарым- қатынастың сөз арқылы болуы вербальды деп аталады (грек тіл аудр. сөздік). Вербальды емес қарым-қатынастың құралы информация беру болып табылады. Вербальды емес белгілермен (поза, жест, мимика, интонация, көзқарас, т.б.). Қарым-қатынас нәтижесінде жеке адамның қалыптасуы іске асады Қарым-қатыңас процесінде адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан-жақты тани түседі. Демек, еңбекпен қатар сөйлесу де сапа мен адам- дардың өзіндік сана-сезімінің дамуының маңызды факторы болып табылады. Қарым-қатынас жасау — қоғамдық өмір факторы. Қарым-қатынас процесінде психологиялық қауымдастықтар қалыптасады, яғни өз заңдары бар қоғамдық психология пайда болады. Негізгі ұғымдар: «адам» «жеке адам», «даралық», бағыттылық, мінез, қарым-қатынас, вербальды, вербальды емес, коммуникативті, интерактивті, перцептивті. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.«Адам», «жеке адам», «жеке тұлға», «даралық» түсініктеріне анықтама беріңіз. 2.Жеке адамның психологиялық құрылымын ашыңыз. 3.Адамның өмірінде орын алатын еңбек пен қарым-қатынастың мазмұнын ашыңыз. Әдебиеттер: 1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995 2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995., 95-106 беттер. 3. Немов Р.С. Психология. М., 1998.- 335-374 беттер. 4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000.- 511-535 беттер. 5. Столяренко Л.Д. Основы психологии.- М., 1997 86-154 беттер. Тақырып. Психика табиғаты туралы түсініктің дамуы. Психика мен сананың дамуы. Дәріс жоспары: 1. Психика жоғары ұйымдастырылған тірі материяның қасиеті ретінде. 2. Адамда жоғары психикалық функциялардың дамуы. 3. Орталық жүйке жүйесінің құрылысы және қасиеттері. 4. Адам психикасы және ми. Дәрістің қысқаша мазмұны Психика - психологияда көптеген түсініктерді біріктіретін субъективті құбылыс. Психика табиғатын түсіндіретін философиялық екі көзқарас бар: материалистік және идеалистік. Бірінші түсінік бойынша, психикалық құбылыс өзін-өзі басқару мен өзін-өзі танып білудегі (рефлексия) жоғарғы дамудағы тірі материяның ерекшелігі. Идеалистік көзқарас бойынша, психиканың түсіндірілуінде бір емес екі бастама: материалдық және идеалдық. Олар бір- біріне тәуелсіз, бір-біріне тең келмейтін, бір-бірінен шықпайтын жеке бастамалар. Материалистік түсінік бойынша психикалық құбылыстар ұзақ биологиялық даму негізінде пайда болды. Қазіргі уақыт тірі материаның жоғары дамуын көрсетеді. Психикалық бейнелердің даму деңгейі мен стадиясына байланысты болжамды А.Н.Леонтьев өзінің «Психиканың даму проблемасы» еңбегінде ұсынады. Кейін оны толықтырып, нақтылаған К.Э.Фабри болды. Ол жануарлар психолгиясының соңғы жетістіктерін пайдалана отырып дәледемелер келтіреді. Сондықтан оны Леонтьев-Фабри концепциясы дейді. Бұл концепцияда екі стадия. Бірінші - элементарлы сенсорлы психика стадиясы – ол екі деңгейлі: жоғарғы және төменгі. Екінші-перцептивті психика стадиясы. 3 деңгейден тұрады: төменгі, жоғарғы, ең жоғарғы. Адамдар мен жануарлар психикасының айырмашылыгы: Біріншіден, адамдар жануарларға қарағанда танымдық процестері ерекше сапаларға ие: қабылдау - заттылық сақтау, қайта жаңғырту т.б. Міне осы сапалар адамның өмір сүру барысында оқытуға байланысты дамытылады. Екіншіден, жануарлар есі адамға қарағанда оқшау, тар. Олар өмірде өздері пайдаланған информацияны ғана пайдалана алады. Келесі ұрпаққа олар генотипті бейнеленген тұқым қуалаушылық арқылы ғана бере алады. Келесі айырмашылық ойлау. Айтылған екі тіршілік иелері де туа сала қарапайым элементарлы мысалдарды көрнекі-әрекетті бағдарламада шешу алдында потенциалды қабілеттілікке ие. Психика дамуы туралы көптеген көзқарастар бар. Антропопсихизм - Декарт есімімен байланысты. Психиканың пайда болуын адаммен байланыстырады. Психика тек адамға тән. Келесі қарама-қарсы көзқарас - панпсихизм. Яғни табиғаттың бәрі жанды. Бұлардың арасында аралық көзқарас биопсихизм. Психика барлық материяға тән емес, тек тірі материяға тән. Нейропсихизм - психика барлық тірі материяға тән емес, ол кейбір организмдерге, соның ішінде нерв жүйесі барларға тән. Психика – ерекше ұйымдасқан материя – мидың қасиеті есебінде психика пайда болады. Айрықша ұйымдастырылған жоғарғы сатыда тұрған материяда ғана психикасы болады. Жоғарғы материя дегеніміз – ми, жүйке саласы. Жүйке саласы психиканың негізі болғандықтан оның құрылысын, әрекеттерін, өсіп- дамуын білмейінше, психиканың қалай дамып отыратынын біле алмаймыз. Жүйке саласы психикалық әрекеттердің негізі. Жүйке сала адамның денесіндегі түрлі химиялық заттарды шығатын бездермен бірге адамның жан қуаттарын меңгеріп, басқарып отырады. Жүйке саланың құрылысы өте күрделі. Жүйкені зерттеу үшін ғылыми сан алуан әдістер қолданылады. Салыстырмалы физиология ғылымының фактілерін зерттеу. Эксперименттік физиологияның фактілерін зерттеу. Нерв жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Рефлекс сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге организмнің қайтаратын жауап реакциясы. Адам табиғатының санасы. Сана - адам шындығының бейнесі. Сананың басты белгілері. Адам санасының психологиялык мінездемесі. Сана мазмұны және мағынасы. Адам санасын реттеудегі сөз қызметі. Сана жалпылаған адам шындығының бейнесі. Сана дамуы және пайда болуы. Сана пайда болуының шарты және жай-күйі. Бірлескен адам шындығының өнімділігі, еңбекті орналастыру, бағытгаушы дифференциация және қарым-қатынас белсенділігі, тілді қолдану және қайта құру, басқа таңбалы жүйе, адамның материалды және рухани мәдениет құрылуы. Сананың фило- және онтогенездік дамуының басты бағыттары. Адамда рефлекстік бейімдеушілік дамуы және пайда болуы. Түсінік жүйесінің құрылуы. Адамдардың психологиясы және әрекетінің тарихи жағдайларға байланысты өзгеруі. Сана және санасыз. Санасыз түсінігі санасыздық психологиялық процестегі қолданылуы, адам жағдайы мен әрекеті. Адам тұлғасындағы санасыздық Түс көру санасыздардың көрсеткіші сияқты. Сана және санасыз арасындағы айырмашылық. Адамның жануарлардан айырмашылығы ойлау қабілетімен және өзінің өткені туралы ойлану, оны бағалау және келешек туралы ойлау оған жоспар жасау және бағдарлай алуынан тұрады. Бұлардың барлығы адам санасының кеңістігімен байланысты. Сана - адам шындығының ең жоғарғы бейнелеу дәрежесі болып табылады. Сана сөзбен байланысты. Сезіну және қабылдау елестету және жадыда сақтау саналы бейнелердің айырмашылығы спецификасының тұрақты қатарында мінезделеді. Сана сипаты құрылысы санада барлық жағдай бейнеленбейді, ал оны басты, нақты, нәрсені мінездемесінен тұрады. Сана үнемі сөз түсінік қолдануымен үнемі байланыста, олар өзінде ортақ және ерекшеленген сананың бейнеленген сипатынан тұрады. Негізгі ұғымдар: психика, психикалық бейнелеу, жүйке жүйесі, нерв жүйесі, антропопсихизм, биопсихизм, нейропсихизм, филогенез, онтогенез, сана, рефлекс. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Психика дегеніміз не? 2. Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері қандай? 3. Жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады? 4. Адамның орталық жүйке жүйесінің құрылымы. 5. Жүйке жүйесінің қызметі не арқылы жүзеге асады? 6. Рефлекс дегеніміз не? 7. Рефлекс терминін ғылымға кім енгізді? 8. Сана дегеніміз не? 9. Адам санасына психологиялық сипаттама беріңіз. Әдебиеттер: 1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. –А., 1995. 2. Рубинштейн Л.С. Основы общей психологии. М., 2000.-91-133 беттер. 3. Немов Р.С. Психология.1 том. 2000. 109-132 беттер. 4. Тәжібаев Т. Жалпы психология. –А., 1993.-60-94 беттер. 5. Жарықбаев Қ. Психология. –А., 1993.-28-47 беттер. Модуль 2. Іс-әрекет және психикалық процестер психологиясы. Тақырып. Әрекетке психологиялық талдау. Дәріс жоспары: 1. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. 2. Іс-әрекеттің құрылымы. 3. Адам іс-әрекетінің түрлері және ерекшелігі. 4. Тұлға іс-әрекетте және қарым-қатынаста. Дәрістің қысқаша мазмұны Адам қоғамындағы белсенділік көрінісі іс-әрекет деп аталады. Адам іс- әрекеті күрделі құбылыс. Оның қыртараптарын әртүрлі ғылым салалары зерттейді. Ортақ мақсат үшін біріккен және белгілі бір қоғамдық қызмет атқаратын әрекеттер жиынтығын іс-әрекет деп атаймыз. Адам іс-әрекетінің нәтижесі нақты бір өнім. Ал осы өнімді әрбір жеке адам адам көбіне өзі үшін емес, қоғам игілігі үшін өндіреді, жаратады. Және өз кезегінде осы қоғамның басқа мүшелерінің өнімі әр бір жеке адамның мүддесін қамтамасыз етуге жұмсалады. Іс-әрекет үстінде сана қалыптасады, яғни адам өзін табиғаттан саналы түрде бөліп көрсетеді. Адам өз алдына мақсат қояды, белсенді қызмет істеуге итермелейтін себептерді түсінеді. Адамның іс-әрекеті саналы, болжамды, бағыт-бағдарлы, мақсатты, жоспарлы, есепті, себепті және өзгерісті сипатта болады. Адамның жеке басы іс-әрекет үстінде қалыптасады. Алдына қойған мақсат-міндеттерін орындай отырып, адам өзінің іс-әрекет белсенділігін көрсетеді. Адамның іс-әрекеті алдына қойған мақсаттарымен, міндеттерімен және оны іс-әрекет итермелеген мотивтермен анықталады. Адам іс-әрекетсіз және әлеуметтік қарым-қатынассыз өмір сүре алмайды. Іс-әрекет әрдайым міндетті түрде психика қатысуымен түзілетін субьектін объектпен байланысады. Іс - әрекеттің құрылымы: мақсат, себеп, түрткі , әрекет. Іс-әрекеттің қандай түрі болсада қозғалыста өтеді. Іс-әрекеттің мақсаты дегеніміз – сол іс - әрекеттің болашақ нәтижесін күні бұрын санада болжау. Мақсат заң ретінде адам әрекетінің сипаты мен әдісін анықтап береді, алдын- ала бейнелеудің құралы. Іс-әрекет дегеніміз – адамның қоршаған дүниемен өзара ықпалды байланысының қозғалысты жүйесі. Әрекет- заттық (сыртқы) зат арқылы жасайды, ақыл-ой (ішкі психикалық)- жаттау. Сыртқы әрекет ішкі әрекеттің бақылауымен жүргізіледі. Адам іс-әрекеттінің барысын күні бұрын жоспарланған бейнелер мен ой түрінде баста жүрген қаракетпен салыстырып отырады. Нақты әрекетті бұлайша топшалау және оны реттеп отыру мүмкіндігі әрекет акцепторы деп аталады. Әрекет акцепторы - әрекет нәтижелерін бақылау және оларды алға қойылған мақсатпен салыстыру. Білім дегеніміз – адамның іс-әрекетке тұрақты араласа отырып іс- әрекетті ақылға салудың жоғары сатысына көтеретін көрсеткіш. Білімсіз іс- әрекет мүмкін емес. Дағды - әрекеттің қайталау нәтижесінде автоматталуы. Іс- әрекеттің негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекеті. Ойын баланың үлкен адам дүниесін бейнелеу айналадағы дүние тану жолы. Оқу - еңбек әрекеттерін орындауға қажетті білімді, дағдыны, іскерлікті жүйелі игеру процесі. Еңбек – адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет. Негізгі ұғымдар: іс-әрекет, ойын, оқу, еңбек, дағды, іскерлік, білім, қозғалыс, мақсат, себеп, түрткі , әрекет. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Іс-әрекеттің құрылымын сипаттаңыз. 2. Іс-әрекет, әрекет және қозғалыс анықтама беріңіз? 3. Дағды, іскерлік және әдетке анықтама беріңіз. 4. «Мотив» және «мақсат» түсініктерін талдаңыз. 5. Адам іс-әрекетінің түрлеріне психологиялық сипаттама беріңіз. 6. Оқу іс-әрекеті дегеніз не? Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-57-84 беттер. 2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.-106-114 беттер. 3. Немов Р.С. Психология. М., 1998.-145-165 беттер. 4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000.-443-511 беттер. 5. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1977. Тақырып. Топтарға психологиялық сипаттама.Ұжымдағы тұлғааралық қарым- қатынас. Дәріс жоспары: 1. Топ және ұжым туралы түсінік. 2. Топ түрлері, сипаты. 3. Ұжым және оның негізгі белгілері. 4. Топтағы және ұжымдағы өзара қатынастар. Дәрістің қысқаша мазмұны. Белгілі бір мақсатпен біріккен адамдар қауымдастығы топ деп аталады. Бұл қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты. Топтар әртүрлі себеппен негізделіп жіктеледі. Қалыптаса бастаған өзара қатынастардың ықтиярлығымен. Құрылу принципімен жолдары. Жеке адамның топтық нормаларына көз қарасы. Қалыптаса бастаған өзара қатынастар ырықтылығы мен тереңдігіне байланысты шағын және бастауыш топтар айқындалады. Шағын және бастапқы топтар. Біршама тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір – бірімен тікелей қатынас жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі шағын топ деп аталады. Құрылу приципі мен әдісіне қарай шартты және нақты формалды және формалды емес топтар болады. Шартты және нақты топтар. Адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар қауымдастығы шартты топ деп аталады. Нақты топ адамдардың бір – бірімен өзара қарым – қатынас және байланыс жасай отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттеріне орындауға жұмсалған өмір сүріп тұрған бірлестігі. Формалды және формалды емес топтар. Формалды (ресми) топ штат кестесі, устав және басқа да ресми документтер негізінде құралады. Формаларды топтардағы өзара қарым-қатынас нұсқаулары бірдей болған жағдайдың өзінде бір-біріне ұқсас келуі мүмкін емес, өйткені ондағы адамдардың мінезі, темпераменті, икемділігі, қатынас жасау істилі бірдей болмайды. Жеке адамның топтың нормасына қатынасы белгілеріне сәйкес референт тобы пайда болады. Референт тобы. Референт (эталон) тобы деп көз қарас топтары үлгі болып саналатын ақиқат өмір сүруші немесе қиялдағы топ айтылады. Топтардың даму деңгейі. Әрбір әлеуметтік қауымдастықтың өз тарихы болады. Ұжым адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғарғы формасы. Ұжым ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Топқа әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады. Әлеуметтік психологиялық мұндай адамды «лидер» деп атайды. Қарым – қатынасты екі негізгі аспект ретінде қарастыруға болады, біріншісі, адамдармен қарым – қатынасқа түсе отырып, түрлі қасиеттерге ие болу, екіншісі, өзін тыңдау. Қарым – қатынастың түрлері көп. Жеке қатынастар. Дара қатынастар. Топтық қатынастар. Қарама -қарсылықты қатынастар Дау-дамайлы. Үйлесімді. Үйлесімсіз қатынастар. Амбиваленттік қатынастар. Альтруистік. Негізгі ұғымдар: топ, ұжым, шағын топ, бастапқы топ, шартты топ, нақты топ, лидер, тұлғааралық қарым-қатынас, жеке қатынас, дара қатынас, формалды топ, формалды емес топ, референт топ. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Топ дегеніміз не? 2. Ұжым дегеніміз не? 3. Ұжымның негізгі белгілері қандай? 4. Лидер деп кімді айтамыз? 5. Топ түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз. 6. Топтағы және ұжымдағы тұлғағаралық қарым-қатынастарға сипаттама беріңіз. Әдебиеттер. 1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993 2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.-А., 1995. 2. Немов Р.С. Психология. М., 1998.-511-601 беттер. 3. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997.-247-293 беттер. 4. А.В.Петровский, В.В.Шпалинский. Социальная психология коллектива. М., 1998. 5. Бороздина Г.В. Психология делового общения. М.,-2001.-9-49 беттер. 6.Андреева Г.М. Социальная психология.-М., 1996. Тақырып. Түйсік. Дәріс жоспары: 1. Түйсік туралы жалпы түсінік. 2. Түйсіктің физиологиялық механизмі. 3. Түйсіктің түрлері. 4. Түйсіктің қасиеттері. Дәрістің қысқаша мазмұны. Түйсік сезгіштіктің ең маңызды көрінісі. Түйсік организмнің ортамен психикалық байланысы орнығатын бастапқы форма болып табылады. Түйсік – біздің айналамызда, ішкі жан (психикалық) дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс. Осы процестің арқасында біз ортаны бағдарлай, соның жағдайына қарай қимыл жасауға тырысамыз. Түйсіктегі, негізгі дүние танудың алғашқы табалдырығы – осы түйсік. Объективтік реальдық материалдық дүниенің мәліметі адамға ең алдымен осы қақпа – түйсік – арқылы жетіп отырады. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. Түйсіктің физиологиялық негіздері. Түйсік заттың сезім мүшелеріне әсер еткен кезінде ғана пайда болады. Түйсік туғызатын бүкіл физиологиялық аппаратты анализатор деп атайды. Дәм түйсіктері – түйіспелі контакты түйсік, ол сезім мүшесі заттың өзімен жанасқанда ғана пайда болады. Дәм білетін мүше – тіл. Дәмдік тітіркендіргіштердің дәмдік сапалары: қышқыл, тәтті, ащы, тұзды. Тері түйсіктері – тері қабаттарында тактиль (жанасқанда түйсіну), температура (суық, ыстық) тері сезгіштігінің барлық түріде – түйісу сезгіштігіне жатады. Статикалық түйсіктер – статикалық немесе гравитациялық сезгіштік денеміздің кеңістікте орналасу қалпын бейнелендіреді. Кинестезиялық түйсіктер деп дененің деке бөлімдерінің қимылы мен қалпын түйсіну айтылады. Органикалық түйсіктер – рецептор ұштарының көбі ішкі мүшелерде орналасқан. Түйсіктің қасиеттері. Түйсік заңдылықтары туралы айтқанда екі түрде айырып қарау керек. – түйсіктермен тітіркендіргіштердің арасындағы сандық қатынасқа байланысты психофизиологиялық заңдылықтар; – түйсіктердің сезім мүшелерінің қалпына тәуелді психофизиологиялық заңдылықтар. Адаптация – (лат. аударғанда – үйлесу, икемделу, бейімделу) - түйсіну процесінің психофизиологиялық заңдылықтарының ерекше байқалатын түрі. Адаптация – сезім органдарының қоршаған ортаға бейімделуі. Контраст – ілгергі және қосарланған тітіркендіргіш әсеріне қарай түйсіктердің қарқыны мен сапасының өзгеруі. Синестезия – (грек сөзі қосарласқан түйсік деген мағынаны білдіреді)- тітіркендіргіш сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына, сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына жағдай жасауы. Сенсибилизация – (лат. сөзі сезгіш деген мағына) сезгіштіктің артуын көрсетеді. Сонымен бүгін біз таным процесі түйсікті қарастырдық. Түйсік дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді айтамыз. Түйсік сезгіштіктің ең маңызды формасы. Негізгі ұғымдар: сезгіштік, түйсік, дәм түйсіктері, тері түйсіктері, статикалық түйсіктер, кинестезиялық түйсіктер, органикалық түйсіктер, адаптация, синестезия, сенсибилизация. Өзін -өзі бақылау сұрақтары: 1. Түйсік дегеніміз не? 2. Түйсіктің физиологиялық механизмін түсіндіріңіз. 3. Түйсіктің түрлерін атаңыз. 4. Сезгіштік табалдырықтары дегеніміз не? 5. Адаптация дегеніміз не? 6. Сенсибилизация және синестезия заңдылықтарына анықтама беріңіз. 7. Түйсіктің қасиеттерін атаңыз. Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-97-115 беттер. 2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.-120-144 беттер. 3. Алдамұратов Ә.Жалпы психология.-А., 1995.-31-37 беттер. 4. Немов Р.С. Психология. М., 1998.-165-180 беттер. 5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000-177-220 беттер. 6. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-М., 1995.-167-172 беттер. Тақырып. Қабылдау. Дәріс жоспары: 1. Қабылдау туралы түсінік. 2. Қабылдаудың физиологиялық негіздері. 3. Қабылдаудың түрлері және қасиеттері. Дәрістің қысқаша мазмұны. Қабылдау дегеніміз — заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде бейнеленуі. Қабылдаудың алғы шарты әр түрлі түйсіктер және түйсіктермен бірге жүзеге асады, бірақ оны солардың қосындысы деуге болмайды. Қабылдау түйсіктер арасыңдағы белгілі қатынастарға тәуелді, ал енді олардың өзара байланысы зат немесе құбылыс құрамына енетін сапа, қасиет, түрлі бөлшектер байланысы мен қатынастарына тәуелді. Айнала қоршаған дүниедегі белгілі заттар мен құбылыстардың біздегі сезім мүшелеріне әсері нәтижесінде қабылдаудың заттылығы қалыптасады. Қабылдаудың айырмашылығы сан жағында емес, сапалық жағынанда болады, мәселен, алманы қабылдағанда дөңгелек, қызыл, тәтті, т.б. сипаттарын санау арқылы емес, оны белгілі заттың бейнесі деп танып қабылдауымызда. Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңызды орын алады. Қабылдаудың заттылығы – бізді қоршаған дүниедегі белгілі заттар мен құбылыстардың біздегі сезім мүшелеріне әсер нәтижесінде қалыптасады. Онымен бірге қабылдаудың көрнекі бейнесі сыртқы дүниенің белгілі затына қатысты болады. Осы арақатынас біздің іс-әрекетіміздің бағдарлау қызметінің негізі болып есептеледі. Қабылдаудың физиологиялық негіздері. Қабылдаудың физиологиялық негізі – талдағыштар (анализаторлар) жүйесінің комплекстік қызметі болып табылады. Қабылдау ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың қасиеттері. Қабылдаудың таңдамалылығы. Апперцепция. Қабылдаудың константтылығы – тұрақтылығы. Қабылдаудағы иллюзиялар. Қабылдаудағы фигура (зат) және фон. Қабылдау дегеніміз — заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде бейнеленуі. Түйсіксіз қабылдау болмайды, қабылдаусыз түйсік болмайды. Олар бір-бірімен өзара байланысты. Негізгі ұғымдар: қабылдау, талдағыштар, апперцепция, тұрақтылқ, иллюзия, фигура және фон, уақытты қабылдау, кеңістікті қабылдау, затты қабылдау, аккомадация, конгервенция, дивергенция. Өзін -өзі бақылау сұрақтары: 1. Қабылдау дегеніміз не? 2. Қабылдаудың түйсінуден айырмашылығы қандай? 3. Қабылдаудың физиологиялық негізін сипаттаңыз. 4. Апперцепция дегеніміз не? 5. Қабылдаудың қасиеттерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз. Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-115-129 беттер. 2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995.-33-41 беттер. 3. Тәжібаев Т. Жалпы психология.-А., 1995.-144-159 беттер. 4. Немов Р.С. Психология. М., 1998.-181-201 беттер. 5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., -225-256 беттер. 6. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-М., 1997-25-30 беттер. Тақырып. Ес. Елестету. Дәріс жоспары: 1. Ес туралы жалпы түсінік. 2. Естің процестері. 3. Ассоциациялар туралы түсінік. 4. Естің түрлері. 5. Елес, елестің типтері. 6. Естің даралық ерекшеліктері. Дәрістің қысқаша мазмұны. Адам өзінің өмірде көріп- естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс- әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады. Сонымен, адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен бейнелерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі деп аталады. Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйі қайта жаңғырту делінеді. Қайта жаңғырту тану мен еске түсіру қызметі бірін- бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естің материалы делінсе, ал есте сақталып, қайта жаңғырғаны естің мазмұны болып саналады. Адам өзінің, басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс- әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады. Психологиялық тұрғыдағы көзқарастар тобы- ассоциациялық (байланысты) бағыт делінсе де, оның негізгі мәселесі мен өзекті ұғымы- ассоциациялық байланыстар. Осы байланыстар психикалық міндетті түрде жасалу принципі болып саналады. Сөйтіп, екі түрлі елес пен әсерлену санада бір мезгілде бой көрсетеді. Осыған орай есте әр түрлі сыртқы жағдайларға байланыстыпайда болып отыратын әсерлер мынадай үш типке бөлінеді: а) әсерленген объектінің кеңістік пен уақытқа орай араласып келуі; б) өзара ұқсастығы; в) бір- бірінен айырмашылығы мен қарама- қарсылығы. Сыртқы дүние құбылыстарының өзара қатынасынан ассоциациялардың мыныдай үш түрі жасалады: 1.Аралас не іргелес ассоциациялар (мысалы: түс (реңк)- сары). 2.Ұқсастық ассоциациялар (қарындаш, дәптер). 3.Қарама- қарсылық ассоциациялар (ақ- қара; ұзын- қысқа т.б.). Мұндай ассоциациялық принциптерді тұнғыш рет зерттеп, оларды тұжырымдаған- ертедегі грек философы Аристотель (б.з.д. 384- 322 жж.). Атақты физиолог ғалым И.П.Павлов ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп анықтады. Аталмыш теорияға естің физикалық теориясы да жатады. Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес процестері болып саналады. Ес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің ес процесінсіз болуы мүмкін емес. Ес осы замаңғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналуымен қатар,техникалық ғылымдар саласында да ерекше маңызды. Есті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған- есте қалдырудың механизмі туралы мәселелер. Естің түрлері. Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл- қозғалыс, эмоциялық- сезімдік, бейнелі- көрнекілік және сөздік- мағыналық (логикалық); Іс- әрекеттің мақсат сипатына қарай: ерікті, еріксіз ес. Адамның материалдарды қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай: қысқа және ұзақ мерзімді сақтай алатындығына қарай: қысқа және ұзақ мерзімді (түпкілікті), сондай- ақ оперативтік ес. Естің кейбір түрлері арнайы аспап- мнемометр арқылы өлшенеді. Ес түрлерінің өзара байланысы. Ес түрлерінің бөліну принципі адамдардың іс - әрекет сипатына орай жүргізіледі де, олар өзара тығыз ұштасып, бірін – бірі толықтырып отырады..Ес – күрделі психикалық процесс, ол бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жанғырту, ұмыту. Есте қалдыру дегеніміз – жанадаң қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Елес қазіргі жағдайдағы қалыптаспаған затты немесе құбылысты бейнелейтін үрдіс ретінде. Елестің типтері: естің елестері және қиял елестері. Елестің негізгі сипаттары: көрнекілік, фрагменттік, тұрақсыздық және қысқа мерзімдік. Естің даралық ерекшеліктері. Адам өміріндегі аса манызды психикалық процесс – ес – ақыл – ой кені. Ақыл – ойды тарих жасаған білім қорымен үнемі байытып, өрістетіп отыруға ұмтылу естің мән- мазмұнын терендете түспек. Негізгі ұғымдар: ес, есте сақтау, ерікті есте сақтау, еріксіз есте сақтау, ассоциация, аралас не іргелес ассоциациялар, ұқсастық ассоциациялар, қарама- қарсылық ассоциациялар, есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, қимыл- қозғалыс есі, эмоциялық-сезімдік есі, бейнелі- көрнекілік есі, сөздік- мағыналық ес, елес, ұмыту. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Ес дегеніміз не? 2. Ассоциация дегеніміз не? 3. Есте сақтаудың негізгі түрлерін атаңыз? 4. Естің жеке ерекшеліктері қандай? 5. Елес дегеніміз не? 6. Елестің типтерін атаңыз. Әдебиеттер: 1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.-167-182 беттер. 2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995.-41-46 беттер. 3. Жарықбаев Қ. Жалпы психология.-А., 1993.-129-146 беттер. 4. Немов Р.С. Психология. М., 1998.-217-260 беттер. 5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., -256-295 беттер. 6. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-М., 1997.-35-43 беттер. Тақырып. Ойлау. Дәріс жоспары: 1. Ойлаудың жалпы сипаты.. 2. Ойлаудың физиологиялық негіздері. 3. Ойлау түрлері. 4. Ойлау формалары. 5. Ойлау тәсілдері. 5. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар. Дәрістің қысқаша мазмұны. Ойлау дегеніміз–сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс– қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Сонымен, жекеден жалпыға және жалпыдан қайта жекеге көпсатылы ауысу ерекше психикалық процесс ойлау негізінде жүзеге асады. Ойлау процесі елестермен де тығыз байланысты.Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы болса, ал сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін құрыл болып табылады. Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П.Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау –ми қыртысының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда үлкен ми сыңарлары қыртысында құралатын уақытша жүйке байланыстары жетекші роль атқарады Ойлаудың психологиялық теориялары. Ойлау–аса күрделі психикалық процесс. Осы зерттеумен бірнеше ғылымдар айналысады. Солардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Бірақ екі осы ғылымның ойды зертеудегі әдіс–тәсілдерінде өзіндік айырмашылықтары бар. Ойлау психологиясы арнайы түрде XX-шы ғасырда ғана жасала бастады. Осы уақытқа дейін үстемдік еткен ассоциативтік психология барлық психикалық процестер ассоциациялар заңы бойынша өтетін және сананың құрылуы аз не көп күрделі комплекстердің ассоциациялары арқылы біріктірілген қарапайым сезімдік түсініктерден тұратын ережеден бастау алады. Ойлаудың ассоциативтік теориялары. - Құрылымдық психологияға сәйкес жеке сезімдік елестер психологиялық тәжірибенің бастапқы элементтері болып табылады. Осындай жеке сезімдер елестер арасында ерекше байланыстар немесе ұқсастық, контрастылық, уақыт пен кеңістікте сәйкес келу сияқты аасоциациялар орнайды. Осылайша, ассоциативтік психологияда ойлау сезімдік елестердің ассоциациясы ретінде түсініледі. - Кеңестік психологияның ойлау теориясы мен зерттеу әдіснамасына қосқан маңызды үлесі адамның сыртқы, практикалық, ішкі, ақыл–ой іс-әрекетінің байланыстарын бөліп көрсету мен құрылымдық ұқсастығын анықтау болды. Ойлаудың негізгі түрлері. Шығу тегі мен пайда болуы (генезі) бойынша ойлау келесі түрлерге жіктеледі: - Көрнекі-әрекеттік ойлау–мәселені шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын ойлау түрі. - Көрнекі–бейнелік ойлау–жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі. - Сөздік–логикалық (пайымдаушы) ойлау–тілдің және тілдік құралдардың көмегімен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайданумен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі. Ойлаудың негізгі формалары. Ойлау ой операцияларымен қоса, ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз–заттар мен құбдылыстар туралы ой. Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір бұл бір зат туралы мақұлдау не оны жоққа шығаруда көрінетін ойлаудың формасы. Ойлаудың ең күрделі және жоғарғы формаларының бірі–ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегеніміз–бірнеше пікірлерден жаңа пікірлер шығару тәсілі. Ой қорытындысының негізгі үш түрі бар: 1) дедукциялық, 2) индукциялық, 3) аналогиялық ой қорытындысы. Дедукция дегеніміз–жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Индукция–жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Аналогия дегеніміз–ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Ойлау тәсілдері. Ойлау күнделікті өмірде кездесетін міндеттерді шешуден басталатын болғандықтан, адамда ойлаудың тәсілдері болады. Мұндай тәсілдерге талдау мен біріктіру, салыстыру, абстракциялау мен нақтылау, қорыту жатады. Талдау деп белгілі бір затты, құбылысты, процесті оның құрамды элементтеріне, бөліктеріне, сипаттарына ажыратуды айтады. Жеке элементтерді немесе бөліктерді бір бүтін етіп біріктіру әдісін біріктіру деп айтады. Абстракциялау - ойлау әдістерінің ең күрделі түрі. Заттардың бірқатар қасиеттерін ойша дерексіздендіріп, қандай да болса, бізге керек қасиетін бөліп алып қарауды абстракциялау деп атайды. Абстракцияға қарама-қарсы процесс-нақтылау. Егер, біз белгілі бір затты айтсақ немесе ол заттың нақты белгісін атап көрсетсек, мұнда нақтылау деп аталатын процесс болады. Теориялық материалды дәлелдеуде нақтылаудың мәні күшті. Жалпылау дегенміз- бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар. Кез келген психикалық процесс тәрізді ойлаудың да өзіндік параметрлері қасиеттері болады. Осындай ойлаудағы жеке дара ерекшеліктерді білдіретін ойлаудың қасиеттері сан алуан болады. Солардың ішінде негізгілері мыналар: Ойдың сыңшыдлыгы - адамның өз және өзге адамның ойларын объективті бағалай алу, барлық жасалатын қағидалар мен тұжырымдарды түпкілікті және жан-жақты тексере алу қабілеті. Ойлаудың асығыстығы — адам сұрақты, мөселені ж.ан-жақты ойластырып алмай, оның бір жағын бөліп алып, асығыс шешім қабылдауға тырысуы, белгілі бір дәрежеде ойластырылмаған жауаптар мен пікірлерді беруі. Ойлаудың тездігі — адамның жаңа жағдаятты тез түсіне алып, тез ойлау негізінде дүрыс шешім қабылдай алуы. Ойлаудың дербестігі - адамның жаңа міндеттерді, мәселелерді шығара алумен және басқа адамдардың көмегінсіз өзі мәселенін дүрыс шешілу жолын табумен сипатталады. Ойлаудың икемділігі — ойлаудың оны шектейтін жатталып қалған, таптаурын шешу тәсілдерінен тәуелсіздік дәрежесін білдіреді. Ойлаудың тереңдігі — күрделі сұрақтардың мәніне терең шоғырланып, зерттей алуы. Ойлаудың кеңдігі — адамның, зерттелетін мәселенің маңызды жақтарын түсірмей, түтас қамтып, талдай алу қабілеті. Негізгі ұғымдар: ойлау, көрнекі-әрекеттік ойлау, көрнекі–бейнелік ойлау, сөздік–логикалық ойлау, ұғым, пікір, ой қорытындысы, дедукциялық, индукциялық, аналогиялық, абстракция, анализ, синтез, салыстыру, нақтылау, жалпылау. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Ойлау дегеніміз не? 2. Ойлау әрекетінің кезеңдеріне тоқталыңыз. 3. Ойлау түрлерін атаңыз. 4. Ойлау формаларына (ұғым, пікір, ой қорытындылары) анықтама беріңіз. 5. Абстракция дегеніміз не? Мысал келтіріңіз. 6. Нақтылау деген не? Мысал келтіріңіз. 7. Жалпылау деген не? Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-146-162 беттер. 2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.-182-192 беттер. 3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995.-47-51 беттер. 4. Немов Р.С. Психология. М., 1998.-273-311 беттер. 5. Рубинштейн Л.С. Основы общей психологии.-М.,-309-349 беттер. 6. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-М., 1997.-45-57 беттер. Тақырып. Сөйлеу. Дәріс жоспары: 1.Сөйлеу және тіл. 2.Сөйлеудің физиологияық механизмі. 3. Сөйлеудің түрлері. Дәрістің қысқаша мазмұны Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болады. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалады. Осының арасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән- мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болады. Тіл, сөйлеу - ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой санасын дамытып жетілдіруге аса маңызды роль атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. Адамдардың арасында қатынас құрамы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл сондай-ақ адам сана-сезімінің, оның психологиясының көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл- әрекетке де итермелейді. Бұл – оның атқаратын екінші қызметі. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу –пікір алмасу процесінде жеке адамның белгілі тілдің пайдалануы. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі сөздерді сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланыста. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сөйлеу өзінің қызметін дұрыстап атұқара алмайды. Мұның біріншісі- сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі, оның мәнерлігі. Сөздің мазмұндылығы дегеніміз- екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы. Сөздің мәнерлігі дегеніміз- адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сөзімен айта алуы. Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. Бұл біріншіден, сөйлеу органдарындағы қозғалыстарды, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі дыбыстарды нәзік таңдаудан; екіншіден, сөздік сигналдарының бөлшектенген элементтерін байланыстырудан көрінеді. Француз ғылымы Брокка «адамдардың ми сыңарларының сол жақ бөлігінде (маңдай қыртысының төменгі жағында) адамның дыбыстап сөйлей алуын басқарып тұратын нерв орталығы бар, ал сөзді қабылдау көптеген анализаторлардың (көру, есту, қозғалыс т.б. ) бірлескен қызметін қажет етеді» дейді. Сөзді қабылдау, оның мәнісіне түснуде мидың есту, көру, сипау, сипай-сезу, қозғалыс зоналарының бірлескен қызметін реттеп отыратын сол жақ ми сыңарының төбе, самай, желке бөліктерінің қызметі де ерекше. Сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топқа бөлінеді. Сыртқы сөйлеу ауызша (бұл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог болып екіге бөлінеді. Диалог және монолог сөздері көбінесе беттің мимикасының өзгеруімен, ымдау сипатындағы түрлі қозғалыстармен қосарласып отырады. Адам мұны көмекші құрал ретінде ғана пайдаланады. Сөйлеудің ерекше бір түрі - жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Жазбаша сөйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде, ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды. Негізгі ұғымдар: сөйлеу, ішкі сөйлеу, сыртқы сөйлеу, жазбаша сөйлеу, ауызша сөйлеу, диалогты, монологты. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Сөйлеу дегеніміз не? 2. Сөйлесу дегеніміз не? 3. Ішкі сөйлеу дегеніміз не? 4. Диалогты сөйлеу дегеніміз не? 5. Тілдің атқаратын қызметтерін атаңыз. Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-162-178 беттер. 2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.-192-206 беттер. 3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995 4. Немов Р.С. Психология. М., 1998.-311-335 беттер. 5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М.,-381-417 беттер. Модуль 3. Жеке адамның психологиялық ерекшеліктері. Тақырып. Психикалық жағдайлар (зейін, тұлғаның эмоциялық-еріктік жақтары). Дәріс жоспары: 1. Зейін туралы жалпы түсінік. 2. Ерік туралы түсінік және оның тұлғаның іс-әрекетінде алатын орны. 3. Эмоция және сезім. 4. Адамдағы жоғары сезімдер. Дәрістің қысқаша мазмұны. Зейін деп – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және толығырақ бейнелеу үшін, психикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақталуы үшін керек. Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ сәулелендіруге болмас еді. Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді. Зейіннің қасиеттері: зейіннің тұрақтылығы, аударылуы, бөлінуі, көлемі және алаң болушылық деп бөлінеді. Ерік адамның практикалық және танымдық әрекетін ретке келтіруден көрініп, соларды жүзеге асырудан тұрады. Ерік табиғатын материалистік түсіну әрекеттер мен қылықтардың қозғаушы күштері адамның өзіде емес, сыртқы ортада жатады деген жайтты сөзсіз мойындаудан көрінеді. Адамның ерік- жігерін белсенді түрде өзінің әрекеті ретінде қарастырмайды, өздігінен ассоциация заңдары бойынша пайда болатын әрекеттер деп түсінеді.Ерік туралы эмоциялық теорияны ұсынушы неміс психологы В.Вундт. Оның көзқарасы бойынша, ерік эмоциялық сезімдердің тек бір түрі ғана болып табылады. Ерік ең күшті сезімдердің, аффектердің ерекше варианты. Жағымды сезімдер ерікке негіз болып, оларды тудырып отырады. Әрине ерікті эмоцияның бір түрі деп айтуға болмайды. Өйткені ерік пайда болу үшін, оған адамның түрлі жағымды сезімдері түрткі болмайды, керісінше адамның мұқтаждықтары себеп болады. Америка психологы Джемс ерік адамда пайда болған ойдың еріксіз қимылға айналуы дейді. З.Фрейд пен Э.Фроммның психоаналитикалық зерттеулерінің нәтижесінде «ерік адам қылықтарына дем беруші» ерекше қуат деген түсінік ғылымға енді. Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі - инстинкт әрекеті ырықсыз орындалады. Ерік құрылымы: ниеттің туындауы мен мақсат белгілеу; талдау талқылау кезеңі мен сеп-түрткілер (мотив) таласы; шешім қабылдау; орындау. Сезімдер- адамның өзіне, өзге адамдарға, айналадағы заттар мен құбылыстарға көңіл – күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс. Сезім - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи әлеуметтік сипатта болады. Демек, Адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Эмоция - адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру мен қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер. Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Оардың бір тобы – жағымды, не ұнамды эмоциялар деп аталады. Адамның шамадан тыс зорлануын психологияда стресс – ( «стресс» - ағылшын сөзі, шамадан тыс зорлану деген мағына береді) деген терминімен белгілейді. Күрделі эмоциялардың бірі – көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ызалы, түсі суық деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Көңіл – күй деп – біршама бәсең, бірақ әжептәуір ұзағырақ, психикалық процестер мен адамның барлық мінез – құлқында көрінетін жалпы эмоциялық жағдайларды айтады. Аффектер дегеніміз – қысқа уақытқа созылса да бұрқ етіп, қатты көрінетін эмоцияның бір түрі. Аффектілік жағдайдың тууы ми қыртысында күшті қозу бөлігінің болуымен байланысты. Адамгершілік сезімдер: достық, жолдастық, адалдық, ар – намыс, борыш, жауапкершілік, т. б. Интеллектік сезімдер: тану процестерімен, ақыл – ой әрекетімен байланысты білуге құмарлық, күдіктену, сенімділік, жаңашылдық, болжау. Эстетикалық сезімдер: адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі. Негізгі ұғымдар: зейін, ырықты зейін, ырықсыз зейін, үйреншікті зейін, зейіннің тұрақтылығы, аударылуы, бөлінуі, көлемі, алаң болушылық, ерік, мақсат, талдау талқылау, түрткілер (мотив), шешім қабылдау; орындау, эмоция, сезім, адамгершілік сезім, интеллектуалды сезім, эстетикалық сезім, аффект, көңіл-күй, стресс, фрустрация. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Зейін дегеніміз не? 2. Зейіннің түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз. 3. Зейіннің қасиеттерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз 4. Ерік дегеніміз не? 5. Еріктік әркетті сипаттаңыз. 6. Эмоция дегеніміз не? 7. Сезім дегеніміз не? 8. Адамдағы жоғары сезімдерді атаңыз. 9. Аффект дегеніміз не? 10. Стресс дегеніміз не? Әдебиеттер: 1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.-114-119, 212-223 беттер. 2. Жарықбаева Қ. Психология.А., 1993.-84-97, 194-221 беттер. 3. Немов Р.С. Психология. Т-1.М., 1998.-201-2017, 435-511 беттер. 4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000 5. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997.-67-71 беттер. Тақырып. Темперамент. Дәріс жоспары: 1. Темперамент жеке адамның қасиеті ретінде.. 2. Темпераменттің физиологиялық негізі. 3. Темперамент туралы теориялар. 4. Темпераменттің негізгі типтері. Дәрістің қысқаша мазмұны. Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген И.П.Павловтың ілімі темпераментті ғылыми сара жолға түсірді. Соңғы жылдары көрнекті орыс психологы Б.М.Тепловтың лабораториясында жүйке жүйесінің типтері одан әрі зерттеле түсті. Бұл зерттеулерде И.П.Павловтың жүйке жүйесінің төрт түрлі типі туралы ұғымы адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңызды ғылыми теория екені дәлелденді. Темперамент жайлы ғалымдардың пікіріне тоқталсақ: темперамент - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл- қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әртүрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесіндегі төрт түрлі сұйық затқа байланысты деген. Олар: денені жылытып тұратын - қан, салқындататын - сөл, құрғататын - баурдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт. Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше «красис», латынша бұл терминді темпераментум деп атап кеткен. Сөйтіп, Гиппократ адамдағы темпераменттердің әртүрлілігі ағзадағы осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз- көптілігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, қанның пропорциясы көп болса - сангвинник (латынша «сангиус»), ал сөл көп болса – флегматик (грекше «флегма»), ал ағзада қара өт көп болса – меланхолик (грекше «мелай-нехоле»), сары өт көп болса – холерик (грекше «холеот») темпераменті деп аталған. Ал Рим дәрігері Гален темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален ағзада жылылық басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтқан. Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті ағзадағы химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент ағзаның түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне, т.б. көрсеткіштерге байланысты деген пікірлер таратады. Темперамент туралы теориялар XIX ғасырдың аяқ кезінде кең өріс алады. Неміс анатомы Гейне темпераменттің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс астрологы Н.Л.Зеланд ми қабықшаларындағы молекулярлық қозғалыстың жылдымдығы мен біркелкілігіне байланысты деген. Ал орыс педагогы П.Ф. Лесгафт темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деді. Темпераменттің типтері. И.П.Павлов жүйке жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әртүрлі темперамент өкілдерін былайша сипаттады: Сангвинник – эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз. Оның көңіл- күйі әп-сәтте өзгереді. Ол - әсершіл адам, ұнатқан, сүйген нәрсесіне елігіп, әуестенуі де оңай. Ақкөңіл, көпшіл, сөзшең, қайырымды. Холерик – эмоцияға берілуі шапшаң, сезім күйлері оқыс ауытқып, құмарта көтеріп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Ол әп-сәтте күйіп-піседі. Ашуланса, бұрқ-сарқ етіп, қызу екпіні сарқылып барып басылады. Іске шапшаң кіріседі, бастаған ісін аяқтап шығады. Қимыл әрекетті сүйеді, тез қозғалады. Сезімтал болғандықтан, түрлі әсерге тез беріліп, ызақор, ашуланшақ болады. Флегматик – эмоциялық қозуы әлсіз, көңіл-күйі байсалды, желікпейді, ашуланбайды, орнықты қалпында ұзақ сақталады. Оның жадырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын. Аз қозғалады, сылбыр не баяу қимылдайды. Іс- әрекеті тиянақты, бастаған ісін аяқтайды. Байсалды, орнықты келеді. Өте сақ, сенімі тұрақты, бір қалыпты, салқынқанды, жай темппен сөйлейді. Меланхолик – эмоциялық көтерілуі табанды, күшті, тұрақты болады. Сыртқы көрінісі әлсіз келеді. Әр нәрседен ауыр әсер алады. Көңіл-күйі баяу, жабырқау, сыртқы жағдайдан сескеніп, үрейленіп тұрады. Кедергі кездессе уайымдайды. Өкпелегіш, сөзге сараң, жайбасар келеді. Адамдармен қарым- қатынасы жоқ, ұялшақ, тұйық. Зерттеуші Б.М.Теплов былай дейді: «Темперамент ерекшеліктеріне тәуелді адамдар іс-әрекеттің соңғы қорытындысымен ажыратылмайды, олардың қорытындыға жету қабілетімен ажыратылады». Осы ойды дамыту барысында психологтар зерттеу жүргізді және іс-әрекетті орындау амалымен, темперамент ерекшелігінің арасындағы байланысты анықтайды. Әрбір адамда қандай да бір қызметті орындауда қызметтің жеке даралық стилі өндіріледі. Қызметтің жеке даралық стилі адамда өздігінен пайда болмайды, ол оқу, тәрбие процесінде қалыптасады. Негізгі ұғымдар: темперамент, меланхолик, сангвигик, флегматик, холерик. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Темперамент дегеніміз не? 2.Темперамент типтерін атаңыз. 3.Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама беріңіз. Әдебиеттер: 1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.-223-229 беттер. 2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995 3. Жарықбаев Қ.Психология.-А., 1993.-226-236 беттер. 4. Немов Р.С. Психология. Т-1.М., 1998.-394-405 беттер. 5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М.,-613-620 беттер. 6. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997 Тақырып. Мінез. Дәріс жоспары: 1. Мінез туралы түсінік. 2. Мінездің психикалық құбылыс ретіндегі ерекшеліктері. 3. Мінез бітістері. 4. Мінездің қалыптасу заңдылықтары. Дәрістің қысқаша мазмұны. Мінез – жеке адамның өзіне тән қылық әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы. И.Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ, ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен тығыз байланысты. Осылар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен (мектеп, балар мекемелері, оқу, өндіріс коллективі, қоғамдық ұйымдар т.б.) тығыз байланысты. Осылар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мысалы, ешбір бала туысынан еңбек сүйгіш, не жалқау, тәртіпті, не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі ұзақ жылға өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады. Мінездің қалыптасуындағы басты шарт - өмірлік мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың болмауы не оның шашыраңқылығы – мінезсіздіктің белгісі. Мінез ерекшеліктері адам қызығушылығымен тығыз байланысты, бірақ оның бұл қызығулары мәнді әрі тұрақты болуы шарт. Адам мінезі сан алуан. Бұл іс- әрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы – шапшаң, екіншісі – асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты, үшіншісі – іске ойланбастан асым салады, кейін барып ойланады да, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер – мінез бітістері деп аталады. Қандай да бітіс әрекет – қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі. Мінез бен темперамент ұқсастығы адамың физиологиялық ерекшеліктеріне, яғни жүйке жүйесінде болған тәуелділіктен. Мінездегі ұстамдылық – ұстамсыздық – ұстамдылық, қозғалғыштық – салғырттық т.б. тікелей темпераментке байланысты. Бірақ мінез темпераментке түгелдей тәуелді емес. Адамның өмір жолы мен әрекетінің сипаты түрліше болатындықтан, оның мінез бітістерінде басқа біреуде қайталанбайтын жеке ерекшеліктер көптеп кездесіп отырады. Адамның сансыз мінез бітістерінің кейбірін белгілі топтарға жинақтауға болады. Олар мына төмендегідей: адамның өзіне - өзі қатынасын білдіретін мінез сипаттары да осы топтың негізгі бір жағы. Бұларға кішіпейілділік, қарапайымдылық, өзін-өзі сынай алу, талап қоя білушілік және бұларға қарама-қарсы өр-көкіректік, мақтаншақтық, жасқаншақтық т.б. жатады. Мінез бітістерінің келесі тобын адамның өзіне - өзі меңгере алу қабілетіне орай қалыптасқан өзгешеліктері құрайды. Бұл топты мінездің еріктік сапалары. Бұларды да адамның жалпы бағыты мен дүниетанымына, жоғарыда көрсетілген мінез бітістерінің мазмұнынан тыс қарауға болмайды. Мінезде жеке бітістер және сапалармен қатар тұлғаның қоршаған ортаға икемдесуін қамтамасыз етуші жалпы қылық тәсілі – мінез типтернін ажыратуға болады. Мінез типін анықтауда нақты адамдар мінезінің жалпы да мәнді, өмірлік қажетті тараптары ескеріледі. Мұндай адамдардың ішкі жан дүниесі дөрекі қарапайымдылыққа негізделген: тіршілік үшін болған әрекет-қимылы тіке, бірбеткей. Күнделікті күйбең мүдделеріне жетуде ойланып-толғануды білмейді, өз мүдделерін шектей алмайды. Олар үшін кедергі біреу-ақ – сыртқы; ішкі сапалық, жандүниелік қиыншылықтарды өлшестіруге ақылы жетпейді, бар көздегені – мол, оңай олжа, бір мезеттік игілік. Бұл адамдардың барша ынта – ықыласы, нақты, қалыпты жағдайды пайдаланумен қажеттерін мейлінше толық қамтамасыз ету. Ыңғайласу, жағымпаздықпен ішкі дүниесін тысқы жағдайларға бағындыру – мұндайлардың негізгі мінездік болмысы. Негізгі ұғымдар: мінез, мінез бітістері, жағымды, жағымсыз, кішіпейілділік, қарапайымдылық, өзін-өзі сынай алу, талап қоя білушілік, өр- көкіректік, мақтаншақтық, жасқаншақтық. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Мінез дегеніміз не? 2.Мінез бітістері дегеніміз не? 3.Мінездің құрылымын ашыңыз. 4.мінез және темпераменттің байланысын ашыңыз. 5.Мінездің қалыптасу механизмін анықтаңыз Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-236-254 беттер. 2. Тәжібаева Т. Жалпы психология.-А., 1995.-229-232 беттер. 3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.-А., 1995. 4. Немов Р.С. Психология. Т-1.М., 1998.-405-427 беттер. 5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., -620-634 беттер. 6. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997.-174-222 беттер. Тақырып. Қабілет. Дәріс жоспары: 1. Қабілет туралы түсінік. 2. Жалпы және арнайы қабілет. 3. Нышан және қабілет. Дәрістің қысқаша мазмұны. Қабілет қоғамдық және жеке адамдық зор мәнге ие. Экономика мен ғылымның, өнердің дамуында әлеуметтік объективтік жағдайлармен қатар адамдардың қабілеттері де маңызды орын алады Қабілетті адамның жетістігі — оның нервтік психикалық қасиеттері комплексінің іс-әрекет талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып табылады. Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса, онда іс-әрекетті табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса, онда индивидте қабілет болмағаны. Қабілет әр кезде де жеке адам қасиеттерінің синтезі. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды. Қабілеттіліктің өлшемі- белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады. Қабілеттің дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Қабілеттердің құрылымы жеке адамның дамуына тәуелді. Қабілеттердің дамуын репродуктивтік және творчестволық деп аталатын екі деңгейге бөледі. Қабілет дамуының бірінші деңгейіндегі адам білім игеруде, іс-әрекетті меңгеруде, оны белгілі үлгіде жүзеге асыруда жоғары іскерлік көрсетеді. Қабілеттің дамуының екінші деңгейінде адам жаңа, соны туынды жасай алады. Қабілеттің дамуы мен көрінісінің ең жоғары деңгейі «талант», «дана» деген терминдермен аталады. Талантты және дана адамдар практикада, өнерде, ғылымда зор қоғамдық мәні бар нәтижелерге жетеді. Қабілетті осындай деңгейлермен қоса оның бағыт-бағдарына, мамандық ерекшеліктеріне қарай түрлерге бөлу қажет. Әдетте, психологияда осы бағытта жалпы және арнаулы қабілеттерді зерттейді. Жүйке жүйесінің кейбір анализаторларының ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан деп аталады. Физиологиялық нышан қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық деп атаймыз. Қабілет адамнан әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Себебі адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады. Бейімділік- адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңіл аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Нағыз бейімділік адамның әрекетке тек құшарлығы ғана емес, оны нәтижелі етіп орындауында. Негізгі ұғымдар: қабілет, икемділік, нышан, талант, дарындылық. данышпандық, арнайы қабылет, жалпы қабілет. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Қабілет дегеніміз не? 2. Нышан дегеніміз не? 3. Қабілеттің түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз. 4. Дарындылық түсінігін ашыңыз. 5. Талант, данышпандылыққа анықтама беріңіз Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-254-266 беттер. 2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.-232-235 беттер. 3. Алдамұратов Ә. Жалпы психологи. –А., 1995. 4. Немов Р.С. Психология.Т-1. М., 1998.-373-394 беттер. 5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., -535-551 беттер. 6. Столяренко Л.Д. Основы психологии. –М., -154-156 беттер. Модуль 4. Даму психологиясы және психикалық жас дамуының кезеңдері. Тақырып. Даму психологиясы пәні. Дәріс жоспары: 1. Даму психологиясының пәні туралы түсінік. 2. Даму психологиясы пәнінің міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы. 3. Даму психологиясының зерттеу әдістері. Дәрістің қысқаша мазмұны. Даму психологиясы – психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні – адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жасөспірімдер психологиясы, геронтопсихология даму психологиясының тармақтары болып табылады. Даму психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын, т.б. зерттейді. Даму психологиясының салалары. Жасына, жас шамасына қарай даму барысы деген не? Бұл сұраққа жауап адамның психикалық даму табиғатын түсінудегі жалпы қарым-қатынасқа байланысты болады. Айтылып жүрген көзқарастардың біреуі даму сатыларының өзгермейтіндігін, абсолютті болатындығын дәлелдеуге келіп саяды. Жас жөніндегі мұндай ұғым психологиялық дамуды табиғи биологиялық процесс деп түсінумен байланысты. Қарама-қарсы көзқарас жас даму білім мен дағдылардың жәй жинақталуы ретінде ғана қарастырылады. Кеңес психологиясы жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп, П. П. Блонский мен Л. С. Выготский бұл тұжырымдамаларды одан әрі қарай дамытты. Тарихи даму процесінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды. Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л. С. Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады. Даму ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсы бір элементтерінің қандай да бір бұрын дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым- қатынас өзгерісі келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді. Сонымен, жас шағы оның дамуының сол кезде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айна- ласындағылармен қарым- қатынас ерекшелігімен, балаланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім мен ойлануының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады. Адамның дамуын айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды. Адамның өмір сүру ерекшелігіне байланысты, психикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдерін былай топтастыруға болады: 1) нәрестелік кезең (туғаннан 1 жасқа дейін); 2) бөбек кезең (1 жастан 3 жасқа дейін); 3) мектепке дейінгі кезең (3 жастан 7 жасқа дейін); 4) бастауыш мектеп кезеңі (7 жастан 11 жасқа дейін); 5) жеткіншек кезеңі (11 жастан 15 жасқа дейін); 6) жоғары сырып кезеңі (16 жастан 17 жасқа дейін); 7) жасөспірімдік кезең (17 жастан 20 – 23 жасқа дейін); 8) жастық шақ (20 жастан 30 жасқа дейін); 9) кемелдік кезең (30 жастан 55 – 60 жасқа дейін); 10) қартаю кезеңі (60 – 70 жас аралығы); 11) кәрілік кезең (70 – тен жоғары). Даму психологиясы педагогикалық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психологияның пәні оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылар психологиясы, жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы даму психологиясының бөлімдері, ал оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалімдер психологиясы – педагогикалық психологиясының бөлімдері болып табылады. Даму психологиясы психологияның басқа да салаларымен жас ерекшелік физиологиясымен, гигиенасымен, анатомиямен және т. б. байланысты. Даму психологиясының зерттеу әдістері. Бақылау - бала психикасының дамуын дәлелдейтін фактілерді тіркеуі сипатына күнделік жазу болады. Лабораториялық эксперимент – табиғи экспериментке ғана жол береді. Оқу- тәрбие процесі жағдайында жүргізілген табиғи эксперимент – оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жеке адамның қалыптасыу ерекшеліктері мен жеке адамдар арасындағы қатынастарды тәжірибешінің табиғи жағдайға жақын әлеуметтік ұйымдастырған зерттеуге мүмкіндік береді. Егіздер әдісі – оның мәні – бір жұмыртқадан өрбіген егіздердің психикалық дамуын бақылаулар мен эксперимент жағдайларында салыстырып көру. Зерттеуші психиканың қалыптасуының нақ сол сәттегі психологиялық ерекшеліктерін білуге тырысқан кезде бала психикасының дамуын көлденең кесу әдісі арқылы зерттей алады. Бірнеше қайталанатын мұндай кесулер бірқатар сыналушылар жөнінде мағлұмат алуға көмектеседі. Кейде психологтар бір сыналушының өзін, оның психологиясындағы, елеулі өзгерістерді жүйелі тіркей отырып, ұзақ уақыт (кейде бірнеше жылдар бойы) зерттейді. Мұндай зерттеу бойлай зерттеу деп аталынады. Әңгімелесу, іс-әрекет нәтижелерін талдау, тест және т.б. түрлерін қамтитын сан алуан нақтылы зерттеу методикаларын кең қолданады. Нақтылы психологиялық методикалардың молдығы мен сан алуандылығы қазіргі жас ерекшелігі психологиясының күрделі теориялық әрі практикалық мәнді проблемаларын шешуді қамттамасыз етеді. Негізгі ұғымдар: жас ұғымы, жас кезеңдері нәрестелік кезең, бөбек кезең, мектепке дейінгі кезең, бастауыш мектеп кезеңі, жеткіншек кезеңі, жоғары сырып кезеңі, жасөспірімдік кезең, жастық шақ, кемелдік кезең, қартаю кезеңі, кәрілік кезең, әдіс, әңгімелесу, бақылау, лабораториялық эксперимент, егіздер әдісі, лонгитюд әдісі, тест. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Даму психологиясы нені қарастырады. 2. Даму психологиясының әдістеріне анықтама беріңіз. 3. Даму психологиясының басқа ғылымдармен байланысын ашып көрсетіңіз Әдебиеттер: 1. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровский редакциясымен. А,1997. 2. Солодилова О.П. Возрастная психология – в вопросах и ответах. М, 2005.-3- 9 беттер 3. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М, 2001.-32-43 беттер. 4. Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии. Под.ред. И.И.Ильясова, В.Ляудис. М, 1995. Тақырып. Психиканың дамуының жас заңдылықтары мен мәселелері. Дәріс жоспары: 1. Баланың психикалық дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролі. 2. Психикалық дамыту және үйрету. 3. Жас шағы кезеңдері және психикалық дамуды кезеңге бөлу. Дәрістің қысқаша мазмұны. Балалардың дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Бала психологиясы психикалық дамуға әсер ететін барлық жағдайларды тауып, санап шығаруға ұмтылып қана қоймай, сонымен бірге олардың әсері неде екенін, осы жағдайлардың әрекетімен бала дамудың бір кезеңінен екіншісіне қалай өтетінін анықтайды. Демек, баланың табиғи қасиеті, психикалық қасиеттер тудырмай-ақ оның жасалуына қажетті шарттар құрайды. Бұл қасиеттер өздері әлеуметтік мұраның арқасында пайда болады Бала өзіне жаңа бағыттаушы іс-әрекетті игере бастағанда, ол ішкі емес, сыртқы формамен орындалады – байқау қимылдары, затты бір-бірімен салыстыру, олардың орнын ауыстыру т.б. арқылы нәтижеге қол жеткізеді. Сөйтіп сыртқы іс-әрекет іштей іс-әрекетпен ауысады. Мұндай іс-әрекеттердің қайнар көзі сыртқы бағыттаушы іс-әрекеттер болып табылады. Сыртқы іс- әрекеттің осылайша ішке ауысу процесін психологияда интериоризация деп атайды. Үйрету дамудың жеткен дәрежесін есепке алады. Мұндағы мақсат – сол жерде тоқтап қалу емес, онан ары дамуды қалай жүргізу керектігін, келесі қадам жасалуы қажеттігін білу. Үйрету психикалық дамудан озық жүреді, оны өзінің соңынан ерітеді. Баланың үлкендермен бірлесе орындайтыны мен оның өзінің жеке атқаратын қызметінің арасында айырмашылық баланың таяудағы даму аймағы деп аталады. Таяудағы даму аймағының көлемі – баланың үйренгіштігінің, оның бойында осы қазір бар даму қорының маңызды көрсеткіші. Үйретудегі әрбір жаңа қадам баланың таяудағы даму аймағын пайдаланады және сонымен бір мезгілде онан әрі үйретудің алғы шарты болып табылатын жаңа аймақ жасайды. Әрбір шақ оқытудың әр түріне зеректігімен ерекшелінеді. Белгілі бір оқыту әсері психикалық даму барысына неғұрлым зор ықпал ететін жас шағы кезеңдері болады. Осындай кезеңдерді дамудың сензитивтік кезеңдері деп атайды. Психикалық даму барысында пайда болған және жаңа қажеттер мен қызығушылыққа итермелейтін, сондай-ақ іс-әрекеттің жаңа түрін игеруге бастайтын қайшылықтар психикалық дамудың қозғаушы күштері болып табылады. Психикалық даму кезеңдеріне бөлу осы дамудың өзінің ішкі заңдылықтарына негізделеді және психологиялық жас шағы кезеңдерін бөлуді құрайды. Кеңестік психологияда жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп П.П.Блонский мен Л.С.Выготский тұжырымдаған қағидаларды әрі қарай дамытады. Тарихи даму процесінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды. Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Жас шағы ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсыбір элементтерінің қандай да бірі бұрын дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгеріс келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді. Сонымен, жас шағы балаға оның дамуының сол кезеңде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айналасындағылармен қарым- қатынас ерекшеліктерімен, баланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім мен ойлауының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ереккшеліктерінің жиынтығымен сипатталады. Жас кезеңін айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды. Негізгі ұғымдар: психикалық даму, биологиялық факторлар, әлеуметтік фактор, үйрету, оқыту, психикалық дамудың қозғаушы күштері, интериоризация, ішкі әрекет, сыртқы әрекет. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Баланың психикалық дамуның негізгі шарттары неде? 2. Баланың психикалық дамуының қайнар көзі не? 3. Психикалық дамудың жас шағы кезеңдері неге байланысты? Әдебиеттер: 1. Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. А, 1986.-23-41 беттер. 2. педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровский редакциясымен. А, 1987. 3. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М, 1995.-25-31 беттер. 4. Солодилова О.П. Возрастная психология. М, 2005.-65-70 беттер. 5. Немов Р.С. Психология. В 3-х кн. Кн.2. М, 1998 Тақырып. Психикалық дамудың түрлі теориялық көзқарастар негізіндегі жас кезеңдері. Дәріс жоспары: 1. Психикалық дамудың жас кезеңдері мәселесі. 2. Сыртқы критериі бойынша бала дамуының кезеңдері. 3. Ішкі критериі бойынша бала дамуының кезеңдері. 4. Ішкі критериі бойынша бала дамуының кезеңдерінің ықпалы. Дәрістің қысқаша мазмұны: Баланың толықтай даму процесінде әр түрлі көзқарастар кездеседі. Кейбір ғалымдардың ойлауынша, бұл процесс үзіліссіз, басқалардың ойлауынша оны дискретті деп есептейді. Үзіліссіз дамудың жақтаушылары есептейді, процесс үзіліссіз жүреді, ол ақырындамайды, жылдамдатылмайды және тоқтамайды; басқалардың ойыша дискретті даму ретсіз жүреді. Дамудың негізгі факторы біресе ақырындатылады, біресе жылдам жүреді. Сондықтан дамудың кезеңдері мен этаптарын ерекшелеп көрсетеді, сонда ғана олар бір-бірінен сапалы ажыратылады. Зерттеушілер айтқандай, бірқалыпты даму кезеңдерінен өтеді. Қазіргі таңда бала дамуының дискретті позициясына көп көңіл бөлінеді.Сондықтан оны толығымен қарастырамыз. Даму кезеңдерінің екі тәсілі белгілі: нормативті және стихиялық. Стихиялық тәсілді жақтаушылардың айтуынша, процесс стихиялы түрде өтеді, көптеген жағдай мен ықпалдың әсерінен, бала өміріндегі жайттар кездеседі. Нормативті процесс барлық әсер ету факторларын алып қарасақ, дұрыс ұйымдасатырылған оқыту мен тәрбиелеу ерекше процесс болып табылады. Л.С.Выготскийдің айтуынша, барлық кезеңдерді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топ даму процесімен байланысты сыртқы критерии негізіне құрылған кезеңдер кіреді. Мұнда биогенетикалық принципке негізделген кезеңді алуға болады, К.Бюлер кезеңі – үш деңгейлі даму теориясының авторы (инстинкт, дрессура, интеллект) оның айтуынша бала мектеп жасынан кейін ғана бәрін ұғына бастайды деп айтқан. Француз психологы Р.Заззо тәрбиелеу және оқыту жүйесі балалық шағының кезеңдеріне сәйкестендіріп құрылған: 0-3 жас – ерте сәбилік шақ, 3- 5 жас- мектеп жасына дейінгі шақ; 6-12 жас- бастауыш мектеп жасы, 12-16 жас – орта буын білім беру, 17 жас және оданда жоғары – жоғары және университеттік білім беру. Көптеген ғалымдар кезеңдер құру барысында қандай да бір ерекшелікті алып көрсетеді, П.П.Блонский жас кезеңдерін тістерді ауыстыру бойынша құруды ұсынды: тіссіз балалық шақ, сүттістілер, күнделікті тістер кезеңі деп бөлген. Екінші топқа ішкі критерийлерге негізделген кезеңдер. З.Фрейд кезеңдерді жыныстық мүшелердің дамуына байланысты ұсынған: оралдық, аналдық, фалистикалық, латенттік, гениталды сәйкесінше жыныссыз, бейжынысты, қосжынысты жынысты деп бөлді. Американдық психолог Л. Колберг (1927-1987) адамгершілік дамуын қарап 3 деңгейге бөлді. 1. Жазалау қорқынышы (7 жасқа дейін): күштің алдындағы қорқыныш, алданылып қалу және алалмай қалу қорқынышы. 2. Қоршаған ортадағы адамдардан ұялу (13 жас): құрбыларының алдында, жанындағы қоршаған ортамен, әлеуметтік топ алдында жаман баға алу. 3. Ар-ұждан (16 жастан кейін): өзінің адамгершілік принципіне сәйкестендіру. Э. Эриксонның 8 деңгейлі кезеңдері: 1. Сенім – сенбеу (1 жас); 2. Теңділік – жетістік: өзбеттілік және өз-өзіне сенбеушілік (2-4 жас); 3. Өз-өзін кінәлау (4-6 жас); 4. Білгішсіну және толыққанды сезінбеу (6-11 жас); 5. Тұлға идентификациясы және рөлдердің ауысуы (12-15 жас – қыздар және 13-16 жас ұлдар); 6. Жақындық және жалғыздық (ересектік кездің бас кезі және отбасылық өмір); 7. Жалпы адамгершілік және өзін- өзі қажыту (ересек жас); 8. Толыққандылық және бейшарасыздық. Әрбір кезеңде әлеуметтік өмірдің сапалары және өмірлі кезеңге дайындық қалыптасады. Ж. Пиаже ақыл-ой дамуының 4 кезеңін алды: 1. Сенсомоторлық кезең (туғаннан 18-24 ай); 2. Операциялық кезең (1,5 – 2ден 7 жасқа дейін); 3. Нақты операцияларлық кезең (7 жастан- 12 жасқа дейін); 4. Формальды операциялық кезең (12 жастан-17 жасқа дейін). Үшінші топ критерийлер кезеңдерін қарастырады. Л.С.Слободчикова кезеңдері: 1-деңгей- тірілу (туғаннан 1 жасқа дейінгі); 2-деңгей – жандану (1 жастан 5-6 жасқа дейін); 3-деңгей – персоналдылық (6 жастан 18 жасқа дейін); 4- деңгей – жекешелендіру (17 жастан – 42 жасқа дейін); А. Дистерверг жасерекшелік деңгейінің 3 кезеңін көрсетеді: 1 деңгей – сезімге бағыну; 2 деңгей – ойлауға бағыну; 3 деңгей - ақыл-ойына бағыну. Л.С.Выготскийдің және А.Н.Леонтьеваның негізгі идеялары Д.Б. Эльконинмен баланың жасерекшелік кезеңдерін бөлу. Жас ерекшелік даму – тұлғаның жалпы өзгеруі, жаңа жоспар бейнесінің қалыптасуы, іс-әрекетінің өзгеруі, қоршаған ортамен қарым-қатынастарын орнату. Даму – бұл диалектикалық процесс, бағытталған, біркелкі емес, критикалық кезеңдері бар процесс. Адамның барлық психикалық процестері іс- әрекеттің үзіліссіз процесі болып табылады. Негізгі ұғымдар: даму, жас кезендері, үздіксіз даму, операция, ойлау, идентификация. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Кезеңдер мәселесінің жалпы тәсілдері? 2. Сыртқы критерийлері бойынша баланың даму кезеңдері? 3. Ішкі критерийлері бойынша баланың даму кезеңдері? 4. Бала дамуының ішкі критерийлерінің ықпалы? Әдебиеттер: 1. Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. А, 1986.-23-41 беттер. 2. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровский редакциясымен. А, 1987. 3. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М, 1995.-25-31 беттер. 4. Солодилова О.П. Возрастная психология. М, 2005.-65-70 беттер. 5. Немов Р.С. Психология. В 3-х кн. Кн.2. М, 1998 Тақырып. Әртүрлі жас кезеңдеріндегі психологиялық дамудың ерешеліктері. Дәріс жоспары: 1. Эриксон бойынша тұлға дамуының кезеңдері 2. Н.И.Козлов бойынша тұлға дамуының кезеңдері 3. Ересектің тұлғалық даму кезеңдері және тұлға дамуының деңгейі Дәрістің қысқаша мазмұны: Эрик Эриксон бойынша тұлға дамуының кезеңдері теориясына сәйкес, тұлғаның дамуы өмір бойына дейін жүретін процесс, кейде ішкі қайшылықтар бір бірін алмастырады. Балалық шақ 1. Сенім және сенімсіздік Тұлға дамуының бірінші даму сатысы классикалық психоанализ кезеңімен сәйкес келеді және өмірінің алғашқы кезеңін қамтиды. Эриксон бұл кезеңді әлеуметтік өзара қатынастың өлшеміне сәйкес келеді деп санайды, сенімділікке әрқашан қалыпты жағдайлар әсер етеді, ал сенімсіздікке қалыпсыз жағдайлар өз әсерін тигізеді. Тепе-теңдік жетістігі 2. Дербестік және жігерсіздік (автономия және күмәнділік) Екінші кезең екі және үш жас шамасын қамтиды, фрейдизмнің анальдік сатысымен сәйкес келеді. Эриксон бұл кезеңді былай сипаттайды, яғни балада психскалық қабілеттерінде және моторлық даму ерекшеліктерніде дербестік қалыптаса бастайды. Сәби тым жас кезінде-ақ жүре алады, бірақ ол әлі нәзік қозғалып, кеңісікте өз бойын билей алмайды. Сәбидың бойындары мұндай қасиет оның алғашқы дағдарысының мәнін анық байқатады.Бала жасының дамуын теориялық жағынан пайымдау сәбидің жеке басының тұтас өзгеруі деп саналуға тиіс, яғни ондай өзгерістердің бір себеп болса, басқалары белгілі жағдайлардың әсерінен даму ерекшеліктері деп қарауға тиіс. Бұл кезеңнің ерекшелігі - еркіндіктің пайда болуы. 3. Жігерлілік және кінәлілк сезімі (басқаша аудармада- жігерлілік және барабар емес). Үшінші кезең 4-5 жас аралағын қамтиды. Мектеп жасына дейінгі бала бұл кезеңде физикалық дағдыларды меңгереді, яғни үш дөңгелекті велосипедте жүре алады, жүгіреді және пышақпен кесе алады, тастарды лақтыра алады. Бұл жаста ол сәбилікте болмаған сеп түрткілерді өз басшылығына алады.Бұл сеп- түрткілердің арасында ересектер дүниесіне қызығу,соларға ұқсап – бағу- балалар үшін өте маңызды келеді.Ата-аналары мен тәрбиешілердің мадағын алуға ұмтылу,өз қатарларының сый құрметіне бөлену сияқты ұмтылыстар да бала үшін мәнді.Көп балалардың әрекеттерінің негізінде жеке табыстар,ар- намыс,өзін таныту ниеттері билік етеді.Бұлардың көбі ойындарда басшы рөлге таласу,сайыстарда жеңіске жету ұмтылыстарынан айқын көрінеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың тән-дене дамуының негізгі міндеті әрі бұл жас кезеңінің барша мәні – ойын, ойын ұймдастыру. 5-6 жасар бала сотқар да қызбалы келеді. Баланың төбелескіштігін қолдамаңыз, бірақ оны шектемеңіз де. Бұл жастағы баланың көңі-күйі басқарымды келеді – қаласа жылайды не асыр салып секіреді, көңілі келген кезде ыңырсып отырып алады, не рахатқа балқып, жатып алады, ал осының бәрін ол шын көңілмен істейді. Мектеп жасына дейінгі аралық бала дамуының қарқынды кезеңіне тұспа-тұс келеді. Бұл жастағы бала сезімтал, адамгершілік және әлеуметтік қылық ережелерін, жаңа іс-әрекет түрлерін қабылдауға жоғары қабілетті. Бұл жастағы балалардың көпшілігі жүйелі оқу мақсаттары мен тәсілдерін игеруге дайын. Әрекеттің басты түрі – ойын, ол арқылы бала өзінің танымдық және әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отырады. 4. Іскерлік және олқылық Төртінші кезең – алты жастан он бірінші жас арлықты қамтиды, бастапқы мектеп жылы. Классикалық психоанализ бойынша латенттік кезең деп айтылады. Бұл кезеңде ұл балалардың анасына, қыз баланың әкесіне деген қызғаныш сезімдерін білдірмеуі мүмкін, және осы кезден бастап балаларда ұйымдасқан ойын мен білімге құштарлық сезімдері оянады. Бұндай кикілжіндерді шешу барысында сенімділік орын алады. Жеткіншек жас кезеңінің дағдарысы 5. Өзіндік мені мен рөлдік шатасу Бесінші кезеңге өту барысында (12-18 жас) балада классикалық психоанализ қалыптасады, мұнда ата- аналарына деген «махаббат мен қызғаныш» басым болып келеді. Эриксонның пікірі бойынша бұндай мәселелер әрине болатыны айтылады және оданда басқа көптеген қиын мәселелер орын алуы мүмкін. Жеткіншек жастағы балалар физиологиялық тұрғыдан ғана емес психикалық тұрғыдан да қалыптасады, сол қалыптасу барысында өзіндік ой көзқарастары мен дүниенің басқаша ой қырларын тануы мүмкін. Жеткіншек жас балалардың басты назарында басқа адамдардың оған деген ой көзқарастарына көп мән береді. Нақты түрде айтқанда жеткіншек ол шыдамсыз идеалист, олар көбінесе идеалды практикалық тұрғыда қалыптастыру қиын емес деп тұжырымдайды. Бұндай кикілжіндерді шешу барысында адалдық орын алады. Орта жас кикілжіні 6. Жақындық және жалғыздық Алтыншы жас кезең бұл бастапқы кәмелеттік, бұл кезеңде отау құру және де бастапқы орта жас кезеңі. Эриксон бойынша бұл кезеңде өзіндік «менің» қалыптастыратын, және де бұл кезеңде еңбекке деген көзқарасы мен спецификалық параметрлердің арқасында қосынды жағы жақындық пен жағымысздық жағы жалғыздық болып табылады. Бұндай кикілжіндерді шешу барысында махаббат орын алады. 7. Жалпыадамдық пен өзіндік жегу. Жетінші кезең толық жас, бұл кезеңде балалар жасөспірім болып, ал ата аналар болса өзіндік жұмыс иелері. Эриксонның ойынща жалпыадамдық деп, адамдардың яғни өзінің отбасынан басқа тұлғалардың өмірлерін сұрап, алдағы өміріне болжау мен мақсат жасап, болашақ ұрпаққа басқаша көз қараспен қарауы. Бұндай қызығушылық өзінің баласының болуы міндетті емес, яғни бұл қызығушылық әрбір адамда болады, осының арқасында болашақта адамдар қиыншылықсыз өмір сүріп қана қоймай жеңіл еңбек етуі. Бұндай кикілжіндерді шешу барысында қамқорлық орын алады. Тұтастық және үмітсіздік Эриксонның классификациясының соңғы сегізінші сатысына адам баласының негізі өмірлік жұмыстары бітіп желгелері туралы ойлап солар үшін өмір сүруі басталады.Әлбетте немерелері бар болса егерде. Психоәлеуметтік бұл сатылар өзара тұтастық және үмітсіздік деп аталады.Тұтастық сезімі өмірдегі өткендерге өкінбей, қанағаттанған адамдарда туындайды.Ал кейбіреулері өткен өмірлері жіберіп алған мүмкіндіктер тізбегінен құралып оны енді қайта бастау келе уақытты қайтаруға болмайтынын түсінеді. Ондай адамдарда мүмкіндіктері болып бірақ сол мүмкіндіктерді дер кезінде қолдана алмағандаы үшін өмірден үміттері үзіледі. Бұл жағдайда қолайлы шешімге келу даналық. Адам бірден және толыққандыжеке тұлға бола алмайды, егерде тұлға ұғымын жауапты субьект ретінде көңіл аударса. Барлығында және бірден өзіндік мені пайда болмайды бәрі бірден еркін өмірі қалап, сүре алмайды, бірден бір және барлығында да бірдей жауапкершілік сезімі қалыптаспайды. Нәрестеден біз тұлға ретінде көп үміт күтпейміз, ол ересек адамнан көп нәртеге үміттенеміз. Әр жас сатысында және әртүрлі өмірлік жағдайларға біздің өзіндің өкелеріміз бар. Нәресте және сәбилік кезең 1. Биологиялық индивид ретінде дүниеге келуі. Өзіндік біреуге ұқсас және басқаларға ұқсамайтын әлпеті,денесі, өзіндік генетикалық программасы. 2. Мені қалыптасқан Нәресте- жеке тұлға егерде онда өзіндік мені қалыптасса бірақ өкінішке орай барлығында да бола бермиді. 3. Өзіндік мені бар вербальсіз, жете танылмаса да нәресте өзінің анасының жатырында жатып және өзінің бірінші өмірінің алдарында өзне әртүрлі көзқараста қарауы мүмкін. Ол өзіне деген қатынасына байланысты яғни ол мен бармын және болғым келеді немесе болғым келмейді немесе мен өзімнің барымды әлі білмеймін. 4. Сәби өзін жеке дара екенін анасынан жеке қоршаған ортадан бөлек жеке өзінің қайталанбас мені барын сезінеді. 5. Қоршаған ортаға сенім келесі дамуға деген жақсы көзқарас Мен –жақсы , сен-жақсы , әлем-ұнайды. Сенімділік сатысы Эрик Эриксон бойынша. 6. Сәби өзінің қалауынша айтып солардан орындауға талап ете бастаса ол жеке тұлға. Жеке тұлғалық қасиеттер сәбидің өзіндік қалауларын пайда болғанда туындай бастайды. Ол өз қалауларын айтып, соларды талап ете алады. Үш жас дағдарысы қалаймын және керек. Дербестік сатысы эрик Эриксон бойынша. 7. сәбидің қоршаған ортада әлеуметтенуі сәби өзінің табаға әуестігіне тәуелді емес, табиғи әуестіктерін әлеуметтік нормаларға сәйкес өзгерте алады. 8. Бостандық және тапқырлық. Сәби өз өзіне жұмыстар табады. Эрик Эриксон бойынша тапқырлық сатысы. Бұл сатының соңы-Адам-сәби. Жасөспірім және жас адам. Жасөспірімдік және жас адамның жеке тұлғасының дамуы талаптардың өсуіне байланысты: 1. Шеберлік, ұйымшылдық. Ұйымдастырылған ойындар, кезектілік пен жүйелілікпен танысу. Эрик Эриксон бойынша Шығармашылық сатысы. 2. Өзін-өзі сезіну, өзін-өзі тану, өзін түсіну, өзінің ойлары мен іс- әрекетіне жауап бере алу. Өзінің ішкі дүниесіне қызығушылық туындау, өзіне және өзі туралы сұрақтар қою. 3. Өзіндік көзқарасының, өзіндік стилінің болуы. Өз басынмен ойлап, өзі шешім қабылдай алу. 4. Шешімді өз бетінше қабылдай алу, кедергілерді жеңе білу және өз қалауына қол жеткізе алу. Жеке тұлғалық қасиеттердің дамуы-өз еркінің болуы. 5. Шыншылдық, батылдық, тартымдылық. Бұл өмірде: Жақсы мен жамандықтың барын айыра білу, ара жігін ажырата алу, шыншылдық жағында болып, ешқашан өтірік айтпауға тырысу. 6. Өз көзқарасы, ойын, адамгершілік қасиеттерін қорғай алу. Өзінің айтқанын басқаларға сыйлата білу. Мен-адаммын, ал адамды сыйлау қажет! 7. Өмір бейнесі. Достық, махаббат, отбасы, қоғам туралы ойлар. Эрик Эриксон бойынша теңестіру сатысы. Ересек адам. Ересек жас талаптарына сәйкес даму кезеңдері. Кемелденген қарым-қатынас. Махаббат және жақын танысу сияқты әрекеттер көрініс береді. Кемелденген қамқорлық, өзіне және өзгеге деген қызығушылықтар. Өмірлік тәжірибесінің кемелденуі. Өзінің өмір жолын түсіну. Ақылдылық. Кемелденген белсенділік. Белсенділікке, лидерлікке, дамуға деген ұмтылыс.Кемелденген әлеуметтік белсенділік.Таңдау. Жеке тұлғалық мәселені шешу және өзбеттілік. Өсудің биіктігі: тұтынушы, Негізгі ұғымдар: тұлға дамуының кезеңдері, балалық шақ, тепе- теңдік, дербестік, жігерсіздік, жеткіншек жас дағдарысы, іскерлік, орта жас, жалғыздық. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Эриксон бойынша тұлғаның даму кезеңдері 2. Н.И.Козлов бойынша тұлғаның даму кезеңдері 3. Тұлғаның даму деңгейі және тұлға дамуының жас ерекшелік Әдебиеттер: 1. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровский редакциясымен. А,1997 ж. 2. Солодилова О.П. Возрастная психология – в вопросах и ответах. М, 2005 ж. 3. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М, 1977ж. 4. Обухова Л.Ф. Детская психология: теории, факты. Проблемы. М,1995ж. Тақырып. Жасқа байланысты дағдарыстардың пайда болуының және оны жеңудің механизмдері мен шығу жолдары. Дәріс жоспары: 1. Жас дамуындағы дағдарыстарға психологиялық түсініктеме. 2. Жас дамуындағы дағдарыстары ұғымы мен мәні. Дәрістің қысқаша мазмүны Жас кезеңдері деп өсуі мен дамуы ұқсас физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Әр жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Мұнда бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын, өзгеру мезгілі немесе ауысу мерзімін зерттеушілер ммшел жас деп атады. Өзгеру əр кезеңде де ауыр, организм кңп күш жұмсайтын кез, ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты болып табылады. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама əлсіреп, сыртқы орта жағдайында өзгерістерін қиналып өткізеді. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның жасы ұлғайған сайын қиын болады. Жас кезеңдерінің ортақ ерекшеліктеріне қоса, əр адамның өзінің жеке басының ерекшеліктері болады. Олар адам денсаулығына, тұрмыс жағдайына жəне жүйке жүйесінің даму дəрежесіне, т.б əр түрлі болады. Дағдарыс екі жас кезеңінің қосылуы деп те қарастырылады, оның сипаты біріншіден даму кезеңі бойынша анықтау процесі болса, екінші кезеңінің басталу белгісі болып табылады. Жас ерекшелік дағдарыс кезеңінің айырмашылығы: адамдың темпераментіне қатысты, мінез-құлғына, биологиялық жолмен əлеуметтік қатынасына байланысты өзгерістердің көрінуі. Л.С. Выготский, П.П.Блонскийден кейін, белгілі бір дəуірлерді, сатыларды, фазалардың даму өзгерістері немесе дағдарыстарының жалпы схемасында қарастырады. Бұл жерде оларды шектеу өлшемдері ретінде, біріншіден, əр жастың мəнін сипаттайтын жаңа құрылымдар болады. «Жас ерекшелік жаңа құрылымдар» - деп берілген жас сатысында алғаш рет пайда болатын жəне негізінен баланың санасын, оның ортаға деген қатынасын, оның ішкі жəне сыртқы өмірін, берілген кезеңдегі оның бүкіл даму барысын анықтайтын, тұлға құрылуын жəне оның іс-əрекетінің жаңа типі, психикалық жəне əлеуметтік өзгерістерді түсінген жөн. Бұл дағдарыс екі жас кезеңінің қосылуы деп те қарастырылады, оның сипатына бірінде даму кезеңі бойынша аяқталу процесі болса, екінші кезеңнің басталу белгісі болып табылады. Жас ерекшелік дағдарыс кезеңінің айырмашылығы: адамның темпераментіне қатысты, мінез-құлқына, биологиялық жəне əлеуметтік қатынасына байланысты өзгерістердің көрінуі. Дағдарыстық күй – бұл сонымен сыртқы ортаның құлдырауы, ол адамның ішінде болады. Сонымен ол өзіндік ішкі көрініс. Сыртқының құлдырауы, ішкінің көрініс беруі ол адамнан тұлға қалыптасуын басы. Бұның барлығы кризис кезінде сыртқа шығады, адам оның келбетін мойындай бастайды. Отандық психологияның сөздігінде «жас ерекшелік дағдарысы» сөзі Л.С.Выготский анықтауы бойынша бала тұлғасының түбегейлі өзгерісі, жиі қалыптасқан ортаның ауысуынан болады деген. Л.С.Выготский бойынша жас ерекшелік дағдарысының қалыптасуы қалыптасқан ортаның жаңа көрінісімен өзгеруінің салдарынан ол бір әлеуметтік жағдайдың құлдырауына және басқасының қалыптасуына, адекватты жаңа психологиялық бала бейнесіне әсер етеді. Әлеуметтік жағдайдың ауысу механизмі жас ерекшелік дағларысының психологиялық мазмұнын құрайды. Жас ерекшелік дағдарысы дәрежесі психологиялық теорияда көптеген мәтіндерде қолданылады, мазмұнымен ерекшеленіп және адам мінездемесінің әртүрлі психикалық дамуымен байланысады. Әртүрлі принциптеріне байланысты дағдарысты классификациялауға болады, оның бұл негізіне болжалғандықты немесе шетінді, туу себебін олар ұзақ мерзімді және интенсивті түрлерімен ажыратылады. Мазмұнна байланысты дағдарыстың үш негізгі көрінісі: дағдарыс невротикалық, дамудың дағдарыстары және травматиялық дағдарыстар. Сонымен қатар психологияда жас ерекшелік дағдарысты және ситуациялық болып бөлінеді. Ситуациялы дағдарыстар – дағдарыс аяқ асты нмесе күтпеген жағдайда пайда болады.Өмірлік циклді кезеңдерге бөлген алғашқы психолог ол Эльза Френкель Брунсвик болды. 1930 жылы адамның рухани байлығын бейнелеген, кейіннен өз көзқарасын теорияға айналдырған. Ол ең алғаш психологияны әлеуметтану мен байланыстыруға тырысқан. «Балалық шақ және қоғам» кітабінде 1950 жылы жарық көрген, Эриксон онда өмірлік циклді нақты көрсеткен. Өмірдік жүру кезеңіне кесте түрінде сызып көрсетті. Негізгі ұғымдар: дағдарыс, жас дағдарыстары, невротикалық дағдарыстар, травматикалық дағдарыс. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Жас ерекшелік дағдарыстың психикалық ерекшліктеріне сипаттама беріңіз 2. Жас ерекшелік дағдарыс түсінігі және табиғаты анықтама. Әдебиеттер: 1. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровский редакциясымен. А,1997 ж. 2. Солодилова О.П. Возрастная психология – в вопросах и ответах. М, 2005.- 121,131,259, 279 б. 3. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М,2001.-270, 312,341б. 4. Обухова Л.Ф. Детская психология: теории, факты. Проблемы. М,1995ж. 3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРЫ Модуль 1. Психологияға кіріспе. Тақырып -1. Психология ғылым. Психология әдістері. Мақсаты: тақырып бойынша білімдерін толықтыру, психологиялық зерттеудің әдістерімен таныстыру және оларды практикада қолдана білу іскерліктерін қалыптастыру. Психология пәні туралы түсінік. Психология – психика және психикалық құбылыстар жайлы ғылым. Психология ғылымының салалары. Психологияның зерттеу әдістері. Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында психологияны ғылым ретінде ашып көрсету. Психикалық құбылыстар классификациясына (психикалық процестер, психикалық калып, психикалық қасиеттер) тоқталу. Психология ғылымының салаларын анықтамасын бере отырып ашып көрсету. Зерттеу әдістеріне анықтама бере отырып пәннің мазмұнын байытып және оларды психологияда қолданудың кейбір өзгешеліктері бар екенін ашып көрсету. Бақылау сұрақтары: 1.Психология ғылымы нені зертейді? 2.Психикалық күймен психикалық процестердің негізгі айырмашылықтары. 3.Ғылыми зерттеу әдістері дегеніміз не? 4.Табиғи эксперименттің бақылаудан айырмашылығы қандай? 5.Психологиялық тестердің қандай түрлері бар. Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-3-10 б. 2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995.-7-10 б. 3. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993.-34-37 б. 4. Немов Р.С. Психология. М., 1998.-5-16 беттер. 5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М.,2000.-28-37 б. Тақырып -2. Психика табиғаты туралы түсініктің дамуы. Психика мен сананың дамуы. Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру. Психика жоғары ұйымдастырылған тірі материяның қасиеті ретінде. Адамда жоғары психикалық функциялардың дамуы. Орталық жүйке жүйесінің құрылысы және қасиеттері. Адам психикасы және ми. Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында психиканы жоғары ұйымдастырылған тірі матенияның қасиеті ретінде ашып көрсету. Ми және психиканың арақатынасын ашып көрсету. Адам санасының пайда болу мәселесіне тоқталу. Сананың пайда болуының алғы шарттарын ашып көрсету. Бақылау сұрақтары: 1.Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері қандай? 2.Дағды мен инстинктің айырмашылығы қандай? 3.Сананың пайда болуының алғы шарттарын атаңыз. 4.Адам психикасы мен миы: олардың байланысының жалпы механизмі қандай? 5. Мидың негізгі бөлімдерінің психикалық үрдістермен байланысын және олардың мінед-құлықты басқарудағы рөлін анықтаңыз. 6. Шартты рефлекстердің жасалу жолын түсіндіріңіз. Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ. Психология.А.,1993.-42-47 б. 2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А.,1995.-16-21 б. 3. Рубинштейн Л.С. Основы общей психологии. М.,2000.134-160 б. 4. Немов Р.С. Психология. Т1.-М.,1998.-132-145 б. 5. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. В 2-хт .Т1.- Москва,1980 Тақырып -3. Топтарға психологиялық сипаттама. Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру. Топ және ұжым туралы түсінік. Топ түрлері, сипаты. Ұжым және оның негізгі белгілері. Топтағы және ұжымдағы өзара қатынастар. Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында топ және ұжымға анықтама беріңіз, топтың түрлерін сипаттау керек. Ұжым мен топтың айырмашылығына тоқталу қажет. Ұжымның негізгі белгілеріне сипаттама теру керек. Бақылау сұрақтары: 1.Топ және ұжымның айырмашылығы қандай? 2.Референт топ деген қандай? 3. Формалды және формалды емес топтардағы қарым-қатынас ерекшеліктері қандай? 4. Ұжымның даму кезеңдеріне сипаттама беріңіз. Әдебиеттер: 1.Столяренко Л. Д. Основы психологии. М., 1997. 71-73 беттер. 2.Немов Р.С. Психология. Т.1. М., 1998. 424-432 беттер. 3.Бороздина Г.В. Психология делового общения. М., 2001. 9-49 беттер 4.Кричевский Р.Л. Психология малой группы. М., 1992. Модуль 2. Іс-әрекет және психикалық процестер психологиясы. Тақырып -4. Түйсік. Мақсаты: дәрісте алған білімдерін тереңдету. Түйсік туралы жалпы түсінік. Түйсіктің физиологиялық механизмі. Түйсіктің түрлері. Түйсіктің қасиеттері. Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында түйсікке анықтама бере отырып, оның физиологиялық механизмін ашып көрсету керек. Түйсік түрлерін (теру, иіс, дәм, көру, есту, органикалық, дене проприоцептор) пайда болуына, түйсіктің қасиеттеріне жан-жақты смпаттама беру. Бақылау сұрақтары: 1. Сезімдік танудағы түйсіктің рөлі қандай? 2. Адам түйсінуі мен жануарлар түйсінуінің айырмашылығы қандай? 3. Абсолюттік сезгіштік деген не? 4. Адаптация деген не? 5. Сенсибилизация деген не? 6. Синестезия деген не? Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-97-115 б. 2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.-120-144 б. 3. Алдамұратов Ә.Жалпы психология.-А., 1995.-31-37 б. 4. Немов Р.С. Психология. М., 1998.-165-180 беттер. 5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000-177-220 б. 6. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-М., 1995.-167-172 б. Тақырып -5. Қабылдау. Мақсаты: дәрісте меңгерген білімдерін тереңдету. Қабылдау туралы түсінік. Қабылдаудың физиологиялық негіздері. Қабылдаудың түрлері және қасиеттері. Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында қабылдауға анықтама беру және оның физиологиялық механизмін және қабылдаудың қасиеттерінің ерекшеліктеріне тоқталу. Бақылау сұрақтары: 1. Конвергенция және дивергенция деген не? 2. Кеңістікті қабылдаудың өзіндік ерекшеліктерін көрсетіңіз 3. Уақытты қабылдаудың өзіндік ерекшеліктерін көрсетіңід 4. Адамның заттың формасын, көлемін, түсін қабылдауының ерекшеліктері қандай? Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-115-129 б. 2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995.-33-41 б. 3. Тәжібаев Т. Жалпы психология.-А., 1995.-144-159 б. 4. Немов Р.С. Психология. М., 1998.-181-201 беттер. 5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., -225-256 б. 6. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-М., 1997-25-30 б. Тақырып -6. Ес.Елестету. Мақсаты: теориялық білімдерін тереңдету және қорыту. Ес туралы жалпы түсінік. Естің процестері. Ассоциациялар туралы түсінік. Естің түрлері. Елес, елестің типтері. Естің даралық ерекшеліктері. Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында еске, елеске анықтама бере отырып, оны психикалық процесс ретінде сипаттама беру. Ассоциацияға, ес процестеріне тоқталу керек. Реминисценция, амнезия құбылыстары туралы түсінік беру. Естің жекелік ерекщеліктерін және оны дамыту жолдарын ашып көрсету керек. Бақылау сұрақтары: 1. Адамның ақыл-ой және практикалық іс-әрекетіндегі естің рөлі қандай? 2. Естің физиологиялық механизмін түсіндіріңіз 3. Ес түрлеріне сипаттама беріңіз 4. Еріксіз есте сақтауға не тән? 5. Естің негізгі үрдістері және олардың өзара байланысы қандай? 6. Есте сақтаудың қандай тиімді жолдары бар? 7. Ұмыту үрдісін сипаттаңыз. 8. Елес дегеніміз не? 9. Елестің естен айырмашылығы қандай? Әдебиеттер: 1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.-167-182 б. 2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995.-41-46 б. 3. Жарықбаев Қ. Жалпы психология.-А., 1993.-129-146 б. 4. Немов Р.С. Психология. М., 1998.-217-260 б. 5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., -256-295 б. 6. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-М., 1997.-35-43 б. Тақырып -7. Ойлау. Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру. Ойлаудың жалпы сипаты. Ойлаудың физиологиялық негіздері. Ойлау түрлері. Ойлау формалары. Ойлау тәсілдері. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар. Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында ойлауға анықтама беру керек. Ойлау теорияларына тоқталу. Ойлау түрлеріне тоқталу. Ойлау операциялары (синтез, анализ, салыстыру, жалпылау, абстракция, нақтылау) және формаларын (ұғым, пікір, ой қорытындылары) жеке тоқталу, мысал келтіру. Бақылау сұрақтары: 1. Ойлауға анықтама бере отырып, оның негізгі белгіоерін атаңыз. 2. Ойлау формаларын атаңыз. 3. Қандай ойлау тәсілдерін білесіз? 4. Танымдық іс-әрекеттің жоғары формасы ретінде ойлаудың өзіндік ерекшеліктерін көрсетіңіз 5. Бейнелі ойлау дегеніміз не? 6. Көрнекі-бейнелі және логикалық ойлауға анықтама беріңіз 7. Көрнекі-әрекеттік ойлау дегеніміз не? 8. Ойлауды дамыту жолдарын көрсетіңіз Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-146-162 б. 2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.-182-192 б. 3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995.-47-51 б. 4. Немов Р.С. Психология. М., 1998.-273-311 б. 5. Рубинштейн Л.С. Основы общей психологии.-М.,-309-349 б. 6. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-М., 1997.-45-57 б. Тақырып -8. Сөйлеу. Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру. Сөйлеу және тіл. Сөйлеудің физиологияық механизмі. Сөйлеудің түрлері Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында сөйлеу және қарым- қатынас, сөйлеу және ойлаудың байланысын ашып көрсету. Сөйлеу түрлеріне (ауызша, жазбаша, диалогты, пассивті, активті) тоқталу керек. Бақылау сұрақтары: 1. Сөйлеу түрлеріне әр қайсысына анықтама беріңіз 2. Жазбаша сөйлеумен ауызша сөйлеудің айырмашылығы қандай? 3. Сөйлеудің бұзылуы неден байқалады? Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-162-178 б. 2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.-192-206 б. 3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995 4. Немов Р.С. Психология. М., 1998.-311-335 б. 5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М.,-381-417 б. Модуль 3. Жеке адамның психологиялық ерекшеліктері. Тақырып -9. Психикалық жағдайлар (зейін, тұлғаның эмоциялық-еріктік жақтары). Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру. Зейін туралы жалпы түсінік. Зейіннің физиологиялық механизмі. Зейіннің түрлері, қасиеттері. Ерік туралы түсінік. Ерік туралы теориялар. Ерік сапалары. Эмоция және сезім. Адамдағы жоғары сезімдер. Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында зейінге, ерікке анықтама бере отырып, оның физиологиялық механизмдерін ашып көрсету керек. Зейін түрлерінің ерекшеліктеріне тоқталу. Адам өміріндегі эмоцияның рөлін ашып көрсету. Эмоция мен сезімге анықтама бере отырып, олардың арасындағы айырмашылықты анықтау қажет. Бақылау сұрақтары: 1. Оқу іс-әрекетіндегі зейіннің маңызы қандай? 2. Зейіннің түрлерін қысқаша сипаттаңыз. 3. Танымдық үрдістердің дамуындағы зейіннің рөлі қандай? 4. Еңбектің еріктік әрекеттердің пайда болуы мен дамуына негіз болғанын дәлелдеңіз. 5. Оқушының білімін бағалау оның ерік қасиеттерінің дамуына әсер ете ме? Әдебиеттер: 1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.-114-119, 212-223 б. 2. Жарықбаева Қ. Психология.А., 1993.-84-97, 194-221 б. 3. Немов Р.С. Психология. Т-1.М., 1998.-201-2017, 435-511 б. 4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000 5. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997.-67-71 б. Тақырып -10. Темперамент. Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру. Темперамент жеке адамның қасиеті ретінде. Темпераменттің физиологиялық негізі.Темперамент туралы теориялар.Темпераменттің негізгі типтері. Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында темпераментті жеке адамның қасиеті ретінде анықтай отырып, физиологиялық механизмін ашыр көрсету керек. Темперамент типтеріне (холерик, флегматик, сангвинвик, меланхолик) психологиялық сипаттама беру керек. Бақылау сұрақтары: 1.Темперамент дегеніміз не? 2.Темперамент типтерін атаңыз. 3.Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама беріңіз. Әдебиеттер: 7. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.-223-229 б. 8. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995 9. Жарықбаев Қ.Психология.-А., 1993.-226-236 б. 10. Немов Р.С. Психология. Т-1.М., 1998.-394-405 б. 11. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М.,-613-620 б. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997 Тақырып -11. Мінез. Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру. Мінез туралы түсінік. Мінездің психикалық құбылыс ретіндегі ерекшеліктері. Мінез бітістері. Мінездің қалыптасу заңдылықтары.Темперамент және мінез. Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыпу барысында мінезге анықтама беру керек. Мінездің қалыптасу жолдарын көрсету керек. Темперамент және мінездің байланысын ашып көрсету қажет. Бақылау сұрақтары: 1.Мінез дегеніміз не? 2.Мінез бітістері дегеніміз не? 3.Мінездің құрылымын ашыңыз. 4.мінез және темпераменттің байланысын ашыңыз. 5.Мінездің қалыптасу механизмін анықтаңыз Әдебиеттер: 7. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-236-254 б. 8. Тәжібаева Т. Жалпы психология.-А., 1995.-229-232 б. 9. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.-А., 1995. 10. Немов Р.С. Психология. Т-1.М., 1998.-405-427 б. 11. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., -620-634 б. 12. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997.-174-222 б. Тақырып -12. Қабілет. Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру. Қабілет туралы түсінік. Жалпы және арнайы қабілет. Нышан және қабілет. Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыруда қабілетке анықтама беру керек. Қабілеттілік түрлеріне (жалпы, арнайы, теориялық, практикалық, оқу т.б.) тоқталу керек. Іс-әрекеттің орындалуындағы қабілеттілік рөлін ашып көрсету. Дарындылық, нышан, талант түсініктеріне анықтама беру керек. Бақылау сұрақтары: 1. Қабілет, іскерлік және білім арасында қандай байланыс бар? 2. Нақты істегі жетістікті қабілеттілік деп айтуға бола ма? 3. Қабілеттің дамуы қандай фактоларға байланысты? 4. Талант, данышпандылыққа анықтама беріңіз. Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-254-266 б. 2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.-232-235 б. 3. Алдамұратов Ә. Жалпы психологи. –А., 1995. 4. Немов Р.С. Психология.Т-1. М., 1998.-373-394 б. 5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., -535-551 б. 6. Столяренко Л.Д. Основы психологии. –М., -154-156 б. Модуль 4. Даму психологиясы және психикалық жас дамуының кезеңдері. Тақырып -13. Даму психологиясы пәні. Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру. Даму психологиясының пәні туралы түсінік. Даму психологиясы пәнінің міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы. Даму психологиясының зерттеу әдістері. Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында, даму психологиясының ғылым ретінде дамуына анықтама беру. Әдістер (бақылау, эксперимент, егіздер әдісі, логитюд әдісі) анықтама беру. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Даму психологиясы нені қарастырады. 2. Даму психологиясының әдістеріне анықтама беріңіз.мысал келтіріңіз. 3. Даму психологиясының басқа ғылымдармен байланысын ашып көрсетіңіз Әдебиеттер: 5. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровский редакциясымен. А,1997. 6. Солодилова О.П. Возрастная психология – в вопросах и ответах. М, 2005.-3- 9 беттер 7. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М, 2001.-32-43 беттер. Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии. Под.ред. И.И.Ильясова, В.Ляудис. М, 1995 Тақырып -14. Әртүрлі жас кезеңдеріндегі психологиялық дамудың ерешеліктері. Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру. Эриксон бойынша тұлға дамуының кезеңдері. Н.И.Козлов бойынша тұлға дамуының кезеңдері. Ересектің тұлғалық даму кезеңдері және тұлға дамуының деңгейі. Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында Эриксон, Козлов бойынша тұлға дамуының кезеңдерін ашып көрсету. Бақылау сұрақтары: 1. Ересек адам психологиясының ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз. 2. Адамның өзін-өзі жетілдіру дегеніміз не? 3. Ересек адамның тұлғалық даму кезеңдеріне тоқталыңыз. 4. Орта жас кезеңінде ересек адам психологиясында қандай өзгерістер болады? Әдебиеттер: 1. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровский редакциясымен. А,1997 ж. 49-54 беттер. 2. Солодилова О.П. Возрастная психология – в вопросах и ответах. М, 2005ж. 247-279 беттер. 3. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М, 1977ж. 4. Обухова Л.Ф. Детская психология: теории, факты. Проблемы. М,1995ж. Тақырып -15. Жасқа байланысты дағдарыстардың пайда болуының және оны жеңудің механизмдері мен шығу жолдары. Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру. Жас дамуындағы дағдарыстарға психологиялық түсініктеме. Жас дамуындағы дағдарыстары ұғымы мен мәні. Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында дағдарыстан шығу жолдарын ашып көрсету. Бақылау сұрақтары: 1. Жас дағдарысына анықтама беріңіз. 2. Орта жас кезеңіндегі дағдарысқа сипаттама беріңіз. Әдебиеттер: 1. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровский редакциясымен. А,1997 ж. 2. Солодилова О.П. Возрастная психология – в вопросах и ответах. М, 2005.- 121,131,259, 279 б. 3. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М,2001.-270, 312,341б. 4 КУРС ЖҰМЫСЫ (ЖОБА) --- (оқу жұмыс жоспарында қарастырылмаған) 5 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ БӨЖ. №1 Тақырып. Психологияның методологиялық принциптері. Мақсаты: психология пәні және зерттеу әдістерінің ерекшелігі, психология ғылымы туралы түсінігін кеңейтіп, білімдерін бекіту. Ғылыми әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істей білуге, негізгі ойларын көрсете білуге, конспектілеу іскерліктерін дамыту. Талқылау сұрақтары: 1. Психология ғылым ретінде. 2. Психологиялық зерттеудің әдістері. 3. Қазақстанда психология ғылымының дамуы.- слайд Әдістемелік нұсқау: Конспектілеу тірек-сызбамен, Қазақстанда психология ғылымының дамуына көп зейін бөлу. Әдебиеттер. 1. Тәжібаев Г. Жалпы психология. 120-144 б. 2. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. 97-115 б. 3. Алдамуратов Ә. Жалпы психология. А., 1995.- 31-37 б. 4. Немов Р. С. Психология.Т-1.М.,1998.- 165-180 беттер. БӨЖ. №2 Тақырып. Қарым – қатынас туралы жалпы түсінік. Мақсаты: қарым – қатынас туралы білімдерін бекіту. Ғылыми әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын бекіту. Талқылау сұрақтары: 1. Адамның психикалық дамуындағы қарым – қатынастың рөлі. 2. Қарым-қатынастағы вербальды емес құралдар. Әдістемелік нұсқау: Конспектілеу тірек-сызбамен, негізгі ойларын көрсету, сұрақтың мағынасын ашу. Әдебиеттер: 1.Бороздина Г.В. Психология делового общения. М., 2001; 2. Федосихина А.А., Кашник О.И., Звягиндцев В.В. Психотехнология и этика делового общения. М., 1998; 3. Кузин Ф.А. Культура делового общения. М., 2000 БӨЖ. №3 Тақырып. Түйсік және қабылдау. Мақсаты: дүниені танып білудегі бейнелеу процесінің негіздері түйсік пен қабылдау туралы түсінік қалыптастыру. Түйсік пен қабылдаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылыми теориялық ұғымдардың өмірлік тәжірибесімен байланысын анықтау. Талқылау сұрақтары: 1.Түйсіктер туралы жалпы түсінік және олармен байланысты жалпы психологиялық проблемалар. 2.Түйсік заңдылықтары. Түйсіктер қалыптасуының психофизиологиялық механизмдері. 3.Қабылдау оның түрлері мен қасиеттері, физиологиялық негізі. Әдістемелік нұсқау: Конспектілеу тірек-сызбамен, түйсік пен қабылдаудың түрлерімен қасиеттеріне көп зейін бөлу. Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993 2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993 3. Немов Р.С. Психология. М., 1998 4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000 БӨЖ. №4 Тақырып. Психологиядағы тұлға туралы түсінік. Мақсаты: тұлға теорияларын салыстырмалы талдау. Талқылау сұрақтары: 1. Тұлға туралы психологиялық түсінік. 2. Отандық психологтар зерттеулеріндегі жеке тұлға мәселелері. 3. Жеке тұлғаның шетелдік теориясы. Әдістемелік нұсқау: Конспектілеу тірек-сызбамен, негізгі ойларын көрсету, сұрақтың мағынасын ашу. Әдебиеттер : 1.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность М., 1997 2.Немов Р.С. Общая психология. Кн.1. Спб: питер1990 3.Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997 БӨЖ. №5 Тақырып. Мінез және темперамент. Мақсаты: мінез және темперамент туралы тұжырымдарды талдау. Талқылау сұрақтары: 1. Жеке адам және темперамент. 2. Мінез және темперамент. Әдістемелік нұсқау: Конспектілеу тірек-сызбамен, негізгі ойларын көрсету, сұрақтың мағынасын ашу. Әдебиеттер: 1.Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993 2.Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000 3.Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997 БӨЖ. №6 Тақырып. Жеткіншектердің психикалық дамуы. Мақсаты: Талқылау сұрақтары: 1. Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы. 2. Жеткіншектердің психикалық дамуы. 3. Жасөспірімдер психологиясы. Әдістемелік нұсқау: Конспектілеу тірек-сызбамен, негізгі ойларын көрсету, сұрақтың мағынасын ашу. Әдебиеттер: 1. Особенности обучения и психического развития школьников 13-17 лет. Под.ред. И.Дубровиной. 2. Солодилова О.П. Возрастная психология. М., 2005 3. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровскиий редакциясымен, А., 1987ж. 67б. БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ. Модуль 1. Психологияға кіріспе. Психология ғылым. Психология әдістері. Адамды психологиялық жағынан талдау- таным, еңбек және қарым-қатынас субъектісі ретінде тану. Психика табиғаты туралы түсініктің дамуы. Психика мен сананың дамуы. 1. Психология ғылымы нені зертейді? 2. Психикалық күймен психикалық процестердің негізгі айырмашылықтары. 3. Ғылыми зерттеу әдістері дегеніміз не? 4. Табиғи эксперименттің бақылаудан айырмашылығы қандай? 5. Психологиялық тестердің қандай түрлері бар. 6. «Адам», «жеке адам», «жеке тұлға», «даралық» түсініктеріне анықтама беріңіз. 7. Жеке адамның психологиялық құрылымын ашыңыз. 8. Адамның өмірінде орын алатын еңбек пен қарым-қатынастың мазмұнын ашыңыз. 9. Психика дегеніміз не? 10. Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері қандай? 11. Жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады? 12. Адамның орталық жүйке жүйесінің құрылымы. 13. Жүйке жүйесінің қызметі не арқылы жүзеге асады? 14. Рефлекс дегеніміз не? 15. Рефлекс терминін ғылымға кім енгізді? 16. Сана дегеніміз не? 17. Адам санасына психологиялық сипаттама беріңіз. Модуль 2. Іс-әрекет және психикалық процестер психологиясы. Әрекетке психологиялық талдау. Топтарға психологиялық сипаттама. Ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынас. 1. Іс-әрекеттің құрылымын сипаттаңыз. 2. Іс-әрекет, әрекет және қозғалыс анықтама беріңіз? 3. Дағды, іскерлік және әдетке анықтама беріңіз. 4. «Мотив» және «мақсат» түсініктерін талдаңыз. 5. Адам іс-әрекетінің түрлеріне психологиялық сипаттама беріңіз. 6. Оқу іс-әрекеті дегеніз не? 7. Топ дегеніміз не? 8. Ұжым дегеніміз не? 9. Ұжымның негізгі белгілері қандай? 10. Лидер деп кімді айтамыз? 11. Топ түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз. 12. Топтағы және ұжымдағы тұлғағаралық қарым-қатынастарға сипаттама беріңіз. Түйсік. Қабылдау. Ес. Елестету. Ойлау. Сөйлеу. 1. Түйсік дегеніміз не? 2. Түйсіктің физиологиялық механизмін түсіндіріңіз. 3. Түйсіктің түрлерін атаңыз. 4. Сезгіштік табалдырықтары дегеніміз не? 5. Адаптация дегеніміз не? 6. Сенсибилизация және синестезия заңдылықтарына анықтама беріңіз. 7. Түйсіктің қасиеттерін атаңыз. 8. Қабылдау дегеніміз не? 9. Қабылдаудың түйсінуден айырмашылығы қандай? 10. Қабылдаудың физиологиялық негізін сипаттаңыз. 11. Апперцепция дегеніміз не? 12. Қабылдаудың қасиеттерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз. 13. Ес дегеніміз не? 14. Ассоциация дегеніміз не? 15. Есте сақтаудың негізгі түрлерін атаңыз? 16. Естің жеке ерекшеліктері қандай? 17. Елес дегеніміз не? 18. Елестің типтерін атаңыз. 19. Ойлау дегеніміз не? 20. Ойлау әрекетінің кезеңдеріне тоқталыңыз. 21. Ойлау түрлерін атаңыз. 22. Ойлау формаларына (ұғым, пікір, ой қорытындылары) анықтама беріңіз. 23. Абстракция дегеніміз не? 24. Нақтылау деген не? 25. Жалпылау деген не? 26. Сөйлеу дегеніміз не? 27. Сөйлесу дегеніміз не? 28. Ішкі сөйлеу дегеніміз не? 29. Диалогты сөйлеу дегеніміз не? 30. Тілдің атқаратын қызметтерін атаңыз. Модуль 3. Жеке адамның психологиялық ерекшеліктері. Психикалық жағдайлар. (зейін, тұлғаның эмоциялық-еріктік жағы) 1. Зейін дегеніміз не? 2. Зейіннің түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз. 3. Зейіннің қасиеттерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз 4. Ерік дегеніміз не? 5. Еріктік әркетті сипаттаңыз. 6. Эмоция дегеніміз не? 7. Сезім дегеніміз не? 8. Адамдағы жоғары сезімдерді атаңыз. 9. Аффект дегеніміз не? 10. Стресс дегеніміз не? Темперамент. Мінез. Қабілет. 1.Темперамент дегеніміз не? 2.Темперамент типтерін атаңыз. 3.Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама беріңіз. 4. Мінез дегеніміз не? 5. Мінез бітістері дегеніміз не? 6. Мінездің құрылымын ашыңыз. 7. Мінез және темпераменттің байланысын ашыңыз. 8. Мінездің қалыптасу механизмін анықтаңыз 9. Қабілет дегеніміз не? 10. Нышан дегеніміз не? 11. Қабілеттің түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз. 12. Дарындылық түсінігін ашыңыз. 13. Талант, данышпандылыққа анықтама беріңіз Модуль 4. Даму психологиясы және психикалық жас дамуының кезеңдері. Даму психологиясы пәні. Психика дамуының жас заңдылықтары мен мәселелері. Психикалық дамудың түрлі теориялық көзқарастар негізіндегі жас кезеңдері. Әртүрлі жас кезеңдеріндегі психологиялық дамудың ерекшеліктері. Жасқа байланысты дағдарыстардың пайда болуының және оны жеңудің механизмдері мен шығу жолдары. 1. Даму психологиясы нені қарастырады. 2. Даму психологиясының әдістеріне анықтама беріңіз. 3. Даму психологиясының басқа ғылымдармен байланысын ашып көрсетіңіз 5. Кезеңдер мәселесінің жалпы тәсілдері? 6. Сыртқы критерийлері бойынша баланың даму кезеңдері? 7. Ішкі критерийлері бойынша баланың даму кезеңдері? 8. Бала дамуының ішкі критерийлерінің ықпалы? 9. Эриксон бойынша тұлғаның даму кезеңдері 10. Н.И.Козлов бойынша тұлғаның даму кезеңдері 11. Тұлғаның даму деңгейі және тұлға дамуының жас ерекшелік 12. Жас ерекшелік дағдарыстың психикалық ерекшліктеріне сипаттама беріңіз 13. Жас ерекшелік дағдарыс түсінігі және табиғаты анықтама. КУРС БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 1- нұсқа 1.Тұңғыш психологиялық лабораторияның негізін қалаған : а) Бехтерев. б) Фрейд. в) Вундт. г) Выготский. д) Ушинский. 2. Қазіргі психологиялық, зерттеулерде қай әдіс негізгі және маңыздырақ деп саналады: а) генетикалық. б) референтометрия . в) эксперимент . г) тест . д) әңгіме. 3.Табиғаттың барлық объектілерін жанды дейтін қияли түсінік: а) анимизм. б) монизм. в) идеализм. г) дуализм. д) панпсихизм. 4.Темпераментті алғаш рет сипаттаған: а) Аристотель. б) Платон. в) Гиппократ. г) Кречмер. д) Павлов. 5.Төл тіліміздегі психология оқулығының авторы кім: а) Мұқанов. б) Алтынсарин. в) Аймауытов. г) Абай. д) Жарықбаев. 6.Түс көру деген не: а) шындыктың санадан тыс бейнеленуі . б) қиялдың пассивті түрі . в) гипнозға берілушіліктің жоғары нәтижесі . г) галлюцинацияның ерекше түрі . д) қиялдың активті түрі. 7.Сана айқындалады: а) адамзат дамуының қоғамдық-тарихи сипатымен . б) таптық бағыттылықтың өзгеруімен . в) формациялардың ауысуымен . г) табиғатпен. д)мәдениетпен. 8.Зейіннің бір сәтте бірнеше объектілерді қамтып алу қасиеті: а) концентрация . б) көлемі . в) тұрақтылығы. г) ауысуы . д) бөлінуі. 9.Мінездің көріністері көбінесе шарттыланады : а) дамудағы акселерация . б) госпитализм құбылысымен . в) қоршаған ортаның әсері . г) сензитивтілікпен . д) сенсибилизациямен. 10.Психика дегеніміз : а) қоршаған ортадан шындьқтың мида бейнеленуі іс-әрекеті. б) жүйке жүйесінің физиологиялық қызметі. в) мидың рефлекторлық, іс-әрекеті. г) бас ми материясының субстраты. д) бақылаудың, жанның көрінісі. 11.Бір объектіні екіншісінен гөрі ерекше бөліп алу қабылдаудың кандай қасиетімен байланысты: а) заттылығы. б) құрылымы. в) тұтастығы. г) тұрақтылығы . д) таңдамалығы. 12.Қандайда бір әрекетті орындаудағы табиғи алғы шарттар: а) ерікгі мінез. б) талант. в) дарындылық. г) нышандар. д) қабілеттер. 13.Тұлға аралық қарым - қатынас кезінде жетекшіге (лидерге) сөзсіз бағыну стилі: а) либеральды . б) авторитарлы . в) демократиялық. г) қол астына алу. д) конфронтация. 14.Әрекетті игеру максатында оны саналы түрде қайталау: а) әдет: б) жаттығу. в) іскерлік. г) дағды. д) бағдарлаушылық әрекет. 15.Жеке тұлғаның туа біткен ерекшеліктеріне не жатады: а) темперамент. б) қабілеттер. в) мінез. г) ec. д) зейінділік. 2- нұсқа 1.Қоршаған ортадағы құбылыстар мен затгар жайындағы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ететін психикалық процесі: а) түйсіктер. б) қабылдау. в) ойлау. г) қиял. д) ес 2.Бұрын қабылдау негізінде жаңа бейнелер жасауды қамтамасыз ететін психикалық процесі: а) түйсіктер. б) қабылдау. в) ойлау. г) қиял. д) ес. 3.Кейбір адамдарда музыка дыбыстарының әсері белгілі бір түйсіктерді (ақ, қызыл) елестетін процесі : а) сенсибилизация. б) синестезия. в) бейімделу. г) интериоризация. д) экстериоризация. 4.Дыбысты ести отырыл музыканттың айыру кабілеттілігі камтамасыз етіледі (мысалы "до" жөне "до - диез"): а) синестезия кұбылысымен.. б) сенсибилизациямен. в) жүйкенің қозғыштығымен. г) адаптация арқылы. д) сезгіштіктің абсолютті табалдырығы. 5.Үміт пен идеалға көңіл қалу қалай аталады: а) конформизм. б) фрустрация. в) депрессия. г) апатия. д) агнозия. 6.Жоғарғы нерв іс - әрекеттері теориясының негізін салушы: а) И.П. Павлов. б) В. Д. Теплов. в) С.В. Небылицын. г) И.М.Сеченов. д) В.М.Бехтерев. 7.Б.Г.Ананьев бойынша әдістер классификациясы : 1) Эмпирикалық берілулер әдісі 2) Негізгі әдістер, 3) Ұйымдастырушылық әдістер, 4) Берілулерді сандық және сапалық талдау әдістері, 5) Интерпретациялық әдістер, 6) Интраспективті әдістер. Дұрысын белгіле. а) 1,2,5,6. б)1,3,4. в)2,3,4,6. г) 1,3,4,5. д)1,2,4,6. 8.Зерттелген объектіге зейінін шоғырландыра алмау кабілеті шартталынады: а) стреспен б) алаңғасарлықен в) ырықсыз зейінмен г) үйреншікті зейінмен д) қабылдаудың тандамалылығымен 9.Әсершілдік пен тез ренжігіштікпен сипатталатын темперамент типі : а) меланхолик. б) холерик. в) сангвиник. г) флегматик. д) флегмахолик. 10.Басқалардың қолынан келмейтін деңгейде творчестволық іс - әрекетті орындауға мүмкіндік беретін жеке тұлғалық сапа? а) қабілеттілік. б) дарындылық. в) данышпандық г) сензитивтілік. д) сенсибилизация. 11.Жауап беру реакциясы баяу жүретін темперамент типі : а) меланхолик. б) холерик. в) сангвиник. г) флегматик. д) флегмахолик. 12.Жеке тұлганы калыптастыратын процесс: а) іс - әрекет. б) тәрбие. в) окыту. г) ерік сапаларының дамуы. д)сенсибилизация. 13.Өзгерген қоршаған орта жағдайына тез бейімделуімен сипатталатын темперамент типі: а) меланхолик. б) холерик. в) сангвиник. г) флегматик. д) флегмахолик. 14.Сана дегеніміз: а) Рефлексияға қабілеттілік. б) болмысты психикалық бейнелеудің жоғарғы деңгейі, қоғамдық тарихи дамудың жемісі. в) субъектінің сезімдік және ақыл-ойлық бейнелерінің жиынтығы. г) қоршаған ортадағы өзгерістерге пара-пар жауап беру қабілеттілігі. д) психиканың көп функционалды жүйесі. 15.Балалық шақта қоршаған орта шындығын игеру процесі жүретін іс - әрекет түрі: а) оқу. б) еңбек. в) ойын. г) өнімділік. д) қарым – қатынас. Тест тапсырмаларының кілті |Сұрақтардың нөмірі 1 нұсқа | |1 | 123456789101112131415ДГБББАГБАВГАВБВ
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz