Файл қосу


Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

                  Семей мемлекеттік педагогикалық институты

                         Тарих филология факультеті

                               Тарих кафедрасы










                       Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы
                        пәнінен оқу-әдістемелік кешен
                           050114 Тарих мамандығы













































                                 Семей, 2013

Құрастырушы: Мұхамеджанова Р.Ж. , тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан
тарихы кафедрасының доцент қызметін атқарушы





№___хаттама «____»_____2013 ж. кафедра отырысында бекітілген

Кафедра меңгерушісі, доцент _____Мухаметжанова Н.А.



Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде «__»__ 2013 ж. бекітілген.

№__хаттама

ОӘК төрайымы ______________ Ш.Кеңесбаева







Гуманитарлық-заң факультетінің ғылыми кеңесінде « __» ___2013 ж. бекітілген


  №____хаттама



 Гуманитарлық-заң факультетінің деканы _____________ А.Мамырбеков

























                                   Мазмұны
1.Пән бойынша
глоссарий...........................................................
2.Жұмыс
бағдарламасы...............................................................
5.Дәріс сабақтарының
тезистері.................................................
6.Іс-тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұскаулар....
7.ОСӨЖ орындауға әдістемелік нұскау.....................................
8.СӨЖ орындауға әдістемелік нұскау......................................
9.Бақылау
құралдары.................................................................
10. Әдебиеттер
тізімі.............................................................































Анархия (гр. anarchic) – басшысыздық, өкіметсіздік.
Аристократия – билеушісі социумның жоғарғы,  артықшылыққа  ие  болған  тобы,
бай немесе ақсүйектер.  2)  билік  ақсүйектер  қолында  болатын  мемлекеттік
басқару формасы.

Ассимиляция – саны аз, саяси-әлеуметтік ахуалы төмен  халықтың  өзінен  саны
да,  қуаты  да  көп  халықтың  басыңқы  ықпалы  нәтижесінде  оның   құрамына
біртіндеп сіңіп, жқтылып кету құбылысы.

Ассимиляциялық  саясат  –  мемлекеттердің   шовинистік   саясаты,   қаналған
халықтың  ұлттық  тілін,  мәдениетін,  дінін,  күштеп  тану  арқылы   жүзеге
асырылады.

Әлеуметтік әділеттілік – қоғамдағы барлық  тқлғаларға  әлеуметтік  топтардың
саяси және экономикалық құқықтарының тең болуы, оларға  бірдей  мүмкіндіктер
беру.

Әлеуметтік мүдде – жеке адамның немесе әлеуметтік топтың саяси, рухани  және
экономикалық қажеттіліктерінің жиынтығы.

Басқару әдісі – үкіметтік органдардың  ұйымдық  тәртібі,  сондай-ақ  өлкенің
құрылуы, ерекшеліктері және мемлекеттің халықпен өзара қатынасы.

Бодандық – монархиялық елдің басқа елді өзіне бағынуға мәжбүр етуі.

Большевизм – саяси ой ағымы және Ленин бастаған  саяси  қозғалыс.  РСДРП-ның
(1930) II съезінде басшы  органдар  сайлауы  кезінде  Ленин  жақтастары  көп
дауысқа  ие болып, большевиктер деп атала бастады.

Билік  –  бедел,  құқық,  қанау   арқылы   адамдар   өызметіне   ықпал   ету
мүмкіндігі.1)беделді, күш, құқықты, жігерді қолдана   отырып  біреуге  ықпал
ету қабілеттілігі.
2)саяси үстемдік, саяси органдар жүйесі саясатты іске асыру құралы.

Бодандық – еркі жоқтық, тәуелділік.

Буржуазия - әлеуметтік топ, қоғам табы, кейінгі орта ғасыр  кезеңінде  пайда
болды, буржуазиялық төңкерістер нәтижесінде үстемдікке ие болған.

Буржуазиялық  төңкерістер  -  әлеуметтік  төңкеріс,  оның  негізгі   мақсаты
феодалдық  құрылысты  немесе  оның  қалдықтарын   жою,   буржуазия   билігін
орнату,буржуазиялық мемлекет құру.

Бюрократия – шенеуніктер билігі, билік жүйесі, ал  қоғам  алдындағы  белгілі
бір функциялар мен артықшылартарға ие  билік  аппараттардың  көмегімен  іске
асырылады.

Демократия – халық билігі, саяси құрылыс,  онда  халық  билігінің  тәсілдері
мен түрлері бекітіліп, тәжірибе жүзінде іске асырылады.

Национализация  –  жеке  кәсіпорындардың  мемлекет  меншігіне   өтуі,   яғни
мемлекеттің тұтастай немесе жекелеп сатып алуы.

Отаршылдық – күшті державаның өзінің аумақтық бақылауын неғұрлым әлсіз  елге
немесе халыққа тарататын саясаты мен тәжірибесі.

Өкіметтің бөлінісі – ешқандай  мемлекеттік  орган,  жеке  тұлға  мемлекеттің
тұтастығына кепілдік бере алмайды. Сондықтан  үкімет  үш  бұтаққа  бөлінген.
Олар заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі.

Өркениет – материалдық және рухани мәдениеттің, қоғамдық дамуының деңгейі.

Пакт – келісім, халықаралық келісім-шарт.

Партия – ойлау жүйелері бір мақсатқа біріккен қоғамның өкілдік тобы.

Партиялық жүйе – елдегі барлық  елеулі  партиялар,  олардың  өзара  қатынасы
және (кейде) сайлау жүйесі.

Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, әр адамның өз Отанын  қорғауы,  сол
үшін жанын да, қанын да береді.

Саяси тәртіп  –  мемлекет  және  қоғамда  басқарудың  әдісі,  әрине,  үкімет
тарапынан.  Саяси  тәртіптің   демократиялық,   авторитарлық,   тоталитарлық
жүйелері болады.

Саясат – қоғамда, әлеуметтік топтар арасында,  ұлттар  арасында  маңызы  зор
сөз жүйесі және оны іспен қабыстыру.

Федерация – жаңа біріккен мемлекет  құру  мақсатындағы  бірнеше  мемлекеттер
одағы.  Оның  құрамына  енген  мемлекеттер  федерация   субъектісі   ретінде
құқықтарының бір бөлігін сақтап қалады.

Ұлт – тарих қалыптастырған әлеуметтік жағдайы, тілі, діні, бір  белгілі  бір
жерді мекен еткен мәдениеті, тілі бір елдің тобы.

Ұлттық мүдде – үкімет белгілейтін мемлекет мүддесі.
Ұлтсыздық  –  ассимиляция  салдары,  ұлт  болмысындағы  ауыр   дерт,   басқа
ұлттармен аралас-құраластық, жақындасудың шегінен аттап, оларға сіңіп кету.

Эволюция - өрлеу, өркендеу.

Революция – 1) түпкілікті төңкеріс, бір сапалы жағдайда  екіншісіне  ауысуы.
Ойдың, қоғамның және табиғаттың диалектикалық даму заңдылықтарының  көрінуі;
2)  мәдениеттегі  ғылымдағы,  дүниеге  деген  көзқарастағы,  экономика   мен
қоғамдағы түбегейлі сапалы өзгеріс.

Репрессия – қатаң жазалау шаралары,  мемлекеттің  оқшау  ойлаушыларға  қарсы
әрекеті.

Реформа – қайта құру, өзара, қоғамдық өмірдің  бір  қырын  қайта  құру.Мұнда
өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылыстың негізі жойылмайды.

Тарихнама – (гр. Тарихи баяндау) – арнайы тарихи ғылым. Тарихи білімін  және
тарих ғылымының дамуын зерттейді.

Тарих – (өткен туралы әңгіме) – табиғат пен қоғам дамуының үдерісі.

Толеранттылық – шыдамдылық.

Тоталитаризм  –  қоғамдық   өмірдің   барлық   саласына   бақылау   орнатқан
мемлекеттік билік.

Саяси элита – саяси жетекшілер тобы. Үкімет,  мемлекет  ісіне  ықпал  ететін
саяси күш.




















                         Курстың қысқаша сипаттамасы

      Жоғарғы оқу орыңдары  үшін  бүгінгі  таңда  Қазакстандағы  ұлт-азаттық
қозғалыстар тарихын  жаңаша көзкарастағы ғылыми ой-пікірлер негізінде  оқыту
студенттер үшін аса қажет. Тәуелсіздік  жолыңда  ұзак  күрескен  халқымыздың
«Қазакстандағы  ұлт-азаттық  қозғалыстар  тарихын»  пәнінің   оқытылуы   да,
оқытушыларға жүктелген міңдеттің де женіл еместігі белгілі.
       Қазақстан Республикасында білім берудегі түбегейлі өзгеріс  те  осыны
қажет етеді. Қазақстанның халықаралық катынастар жүйесінде алар орны,  Ресей
империясының  отарына  айналу  кезендері,  Ресейлік  метрополияның   отарлық
саясатының  мәнін  ашу  арылы  қазақ  даласында  капиталистік  қатынастардың
қалыптасып,  дамуы  сияқты  елеулі  тарихи  процестердің  негізгі   мазмүнын
саралап түйіндеу - Қазақстан тарихы курсын  өз  кезеңдерімен  оқытудағы  күн
талабындағы даекті мәселе.
      Бағдарламаның    негізгі    мақсаты-     Қазақстандағы     ұлт-азаттық
қозғалыстардың  тарихи   кезеңінің   методологиясынан,   деректемелері   мен
тарихнамасынан кең түрде таныса отырып,  мол  мағлұмат  алуымен  бірге,  оны
талдау, оны тұжырымдау мәселелері курсты  окудағы  басты  міндеттер  болмақ.
Және де айтылғаңдарды белсенділікпен шешуде маңыздырақ көмегі болары айтпай-
ақ түсінікті.
      Пәнді оқытудын мақсаты мен міндеттері:
      Студенттер  Қазақстандағы  ұлт-азаттық  қозғалыстардың  тарихы  курсын
тыңдай отырып, дәрістік, практикалык сабақтарда, СӨЖ (окытушымен  бірлескен)
сабақтар барысында белгілі деректерді конспектілейді.
       Сондай-ақ курс бойынша алып отырған білім негіздерін өздерінін ғылыми
ізденістерінің нәтижесінде шыңдай түседі  және  де  мектептерде  сабак  беру
кезінде жан-жакты қолдануға мүмкіндік алады. Соның барысыңда студенттер:
- Қазақстандағы  ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихы   курсы   бойынша  тарихи
деректер, тарихнамалық мағлұматтар алады.
-Тарихи  танымдылықпен  тарихи  сананы  қалыптастыру  мен   бірге     тарихи
тұжырымдарды жасауды үйренеді.
 Тарихи деректер мен тарихи тарихнамалық аспектілерді нақтылауды үйренеді.
т.б.



      Пререквизиттер: курсындағы Қазақстан тарихы, Әлем тарих, коғамтану
      Кореквизиттер:Қазақстан тарихы, Әлем тарихы
      Постреквизиты: Қазақстан тарихы, Әлем тарихы








      «Қазақстандағы ұлт-азаттық  қозғалыстар»  тарихы  пәні  бойынша  жұмыс
бағдарламасы
      XVIII-XIX   ғасырлардағы   ұлт-азаттық   қозғалыстары   және   олардың
ерекшеліктері. Ұлт-азаттық қозғалысы  қашанда  және  қандай  жерде  болмасын
отарлаушы  елдің  саяси,  экономикалық,  идеологиялық,  мәдени-рухани,  т.б.
өктемдігіне,  әділетсіздігіне,  зорлығына  қарсы   бағытталады.   Қозғалысқа
қатысушылардың саны, ол  шарпыған  аумақтың  үлкен-кіші  болуы  көп  нәрсені
анықтайтыны рас,  бірақ  бұлар  мәселенің  өзегін  құрай  бермейді.  Өйткені
отарлаудың классикалық «бөліп  ал  да,  билей  бер»  формуласы  жұмыс  істеп
тұрған өлкеде  байырғы  халық  саяси,  экономикалық,  аумақтық  тұтастығынан
айырылатыны былай тұрсын,  олардың  бірегей  ақпараттық  кеңістігі  де  бола
бермейді. Мұның сыртында табиғи-ырғақты даму мүмкіндігіне жоғалтып,  шикізат
көзіне айналған отар ел көбінесе дамудың мешеу  күйінде  қалатындығына  қоса
қолда  бар  байланыс  құралдарының  қатаң  бақылауда  жұмыс  істеуі  себепті
«ұзынқұлақтың» айтқанын ғана пайдалана алады екен.
      Сонымен, ұлт-азаттық қозғалысы,  ұлт-азаттық  көтерілісі,  ұлт-азаттық
соғысы  –  осынау  ұғым-түсініктер  тілімізде,  ділімізде,  Отан   тарихынан
жазылған зерттеулерде берік орын тепкені ақиқат. Мұның себебі де  түсінікті.
Үш ғасырға жуық Ресей империясы мен кеңестік  тоталитарлық  жүйе  қыспағында
зорлықтан, күшпен модернизациялаудан мың өліп, мың  тірілген  халқымыз  азат
өмірге құштарлығын бір сәтке жоғалпастан, үздіксіз күреспен,  кейде  бейбіт,
кейде  қарулы  қарсылықпен  1991  жылдың  16   желтоқсанын   –   мемлекеттік
тәуелсіздік  күнін  қарсы  алуға  асықты.  Мамандардың  есептеуінше,   XVIII
ғасырдағы Сырым Датұлы көтерілісінен XX  ғасыр  басындағы  Амангелді  Иманов
бастаған қарулы күреске дейін  300-ден  астам  бас  көтеру  қазақ  даласында
дүркіреп өтсе, осыншама рет наразылық  білдіру  кеңестік  жылдарда  да  орын
алыпты. Басқаша айтсақ, 1731 жылы Ресей  бодандығын  мойындағаннан  260  жыл
бойына,  орта  есеппен,  қазақтар  әр   жылда  2-3  мәрте   отарлық   немесе
тоталитарлық жүйеге қарсы шығып отырған. Әрине, бұлардың  бәрін  ұлт-азаттық
қозғалысына, көтеріліске, соғысқа  жатқызуға  болмас.  Діни  сипатта,  қысқа
мерзімдік,  ресми  биліктің  арандатуымен,  тіпті  қарақан   басының   қамын
күйттеген себептерден бұрқ еткен оқиғалардың да тізімге  еніп  кетуі  мүмкін
ғой.  Сондықтан  да  ұлт-азаттық  қозғалысы,  ұлт-азаттық  көтерілісі,  ұлт-
азаттық соғысы мәртебесіне лайық құбылыс қандай  өлшемдерге,  көрсеткіштерге
сай болуы керектігін анықтап алудың теориялық, әдістемелік, танымдық  маңызы
зор.
      Ұлт-азаттық қозғалысының үш мәнді белгісі бар: біріншісі –  қозғалысқа
жалпы ұлттық идеяның тән болуы:  екіншісі  –  қозғалыс  алға  қойған  негізі
мақсаттың анық та ашық түрде мемлекеттік  билік  мәселесіне  келіп  тірелуі;
үшіншісі  –  қозғалыстың  басында  ұлт   зиялыларының   саяси   көтергендік,
қолбасшылық кемелдік, дипломатиялық  әбжілдік,  харизмасы  өткір  қасиеттері
бойында бар көрнекті өкілдерінің тұруы.






                             Дәріс тақырыптары.
   Кіріспе
   1.Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы
   2. Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері
   3.Тарихнамасы мен деректері.
   1-тақырып. Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы
   (1773-1775жж)
   Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуының
   алғышарттары.
   2.Шаруалар көтерілісінің барысы және бағыттары.
   Шаруалар көтерілісінің аяқталуы және жеңілу себептері.
   2-тақырып.Сырым Датұлы бастаған көтеріліс.
   1.Нұралы ханмен қақтығыстары.
   2.С.Датұлы алғашқы кезеңі басталу себебі.
   С.Датұлы 2-ші кезеңі: барысы, аяқталуы.
   3.Хиуаға ығысуы.
   3-тақырып. Қасым төре,Саржан сұлтан, Сыздық сұлтан бастаған көтеріліс.
   Қасым төре,Саржан сұлтан, Сыздық сұлтан бастаған көтерілістердің
   алғышарттарына сипаттама жасау.
   Қасым төре,Саржан сұлтан, Сыздық сұлтан бастаған көтерілістердің барысы.
   Қасым төре,Саржан сұлтан, Сыздық сұлтан бастаған көтерілістердің
   ерекшелігі және аяқталуы


   4-тақырып: Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.
   1.ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстандағы әкімшілік-саяси
   өзгертулер.
   2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басталу себептері
   және барысы.
   3.Қарулы күрестің күшейген кезеңі және оның жеңілуі.
   4.Қазақтардың 18-19 ғасырларда болған барлық басқа көтерілістерінен
   Кенесары көтерілісінің ерекшелігі.


   5-тақырып.Есет Көтібаров пен Жанқожа Нұрмұханбетұлы бастаған көтеріліс.
   Есет Көтібаров бастаған қазақтардың көтерілісі: алғышарттары, себептері.
   Көтерілістің басталуы және барысы.
   Жанқожа Нұрмұханбетұлы бастаған Сырдария қазақтардың көтерілісі:
   алғышарттары, себептері. Көтерілістің басталуы және барысы.

   6-тақырып.Орал,Торғай, Маңғыстаудағы көтерілістер (1867-1868жж.)
   1.1867-1868 жылдардағы Орал және Торғай облыстарындағы көтерілістер:
   алғышарттары, себептері. Көтерілістің басталуы және барысы.
   2.1870 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс: алғышарттары, себептері.
   Көтерілістің басталуы және барысы.

   7-тақырып. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
   1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің алғышарттары, себептері.
   2.Көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, басталуының сылтауы.
   3.Көтерілістің басталуы, оның көрнекті басшылары мен батырлары.
   Жанбосынов Әбдіғафар, Амангелді Иманов, Мәмбетов Жәмеңке, Саурықов Ұзақ,
   Әшекеев Бекболат, Көкімбайұлы Кейкі т.б.
   Көтерілістің барысы, оның негізгі ошақтары.
   Көтерілістің жеңілу себептері, жеңілістің зардаптары.

   8-тақырып.1917 ж. Қазан төңкерісі және Ақпан төңкеріс кезіндегі Қазақстан
   1.Қазан төңкерісінің қозғаушы күштері, сипаты, басталуының сылтауы.
   2.Ақпан төңкерісінің қозғаушы күштері, сипаты, басталуының сылтауы.
        ж. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
   4.Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласындағы алғашқы
   өзгерістер.


   9-тақырып. 1918-1920 жж. Азамат соғысы жылындағы Қазақстан.
   1.Өлкеде азамат соғысының басталуы және оның барысы.
   2.Қазақ кеңес республикасының құрылуы.

   10-тақырып. 1931-1933жж. Абралы, Шыңғыстау, Шұбартаудағы көтерілістер.
   1.1931-1932жылдардағы қуаңшылық және ашаршылық.
   2.Жергілікті тұрғын халықтың мыңдаған отбасыларының республикадан тыс
   жерлерге қоныс аударуы.
   3.Ауылдық жерлерде жасалған зорлық-зомбылықтарға қарсы наразылықтар.

   11-тақырып. 1941-1945 жж. Ұлы отан соғыс жылдарындағы Қазақстан.
   1.Соғыстың басталуы мен сипаты.
   2.Қазақстандағы соғыс жағдайына байланысты қайта құру.
   3.Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтар.
   4.Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда. (1946-1953жж).


   12-тақырып.Жаңа Өзен, Теміртаудағы көтерілістер.
   1.Теміртаудағы 1959 жылғы жұмысшылар көтерілісі.
   2.Жаңа өзен оқиғасы.

   13-тақырып. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
      1.Желтоқсан оқиғасының себебі және сылтауы.
  2.Оқиға барысы. Қатысқан қайраткерлер
3.Тарихи маңызы.


















































































                        Дәріс сабақтарының тезистері.

1-дәріс. Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы (1773-
1775жж)
1. Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуының
алғышарттары.
2.Шаруалар көтерілісінің барысы және бағыттары.
3. Шаруалар көтерілісінің аяқталуы және жеңілу себептері.
18 ғасырдың  1-жартысында  империясының  Қазақстанда,  әсіресе,  Кіші  жүзде
отарлық саясаты үдей түсті. Осы тұста  Орал  мен  Сібір  бекіністерін  салу,
көшіп-қонудың дәстүрлі жүйесіне нұқсан келтірді. Ресей үкіметінің Жайық  пен
Еділаралығында,  Ертістің  арғы  бетінде  көшіп-қонуға  тыйым  салуы   қазақ
шаруашылығына кері әсер  етті.  Оған  қоса  Батыс  Қазақстанда  тұз  иелігін
жасап, оның өнімін Жайық казак-орыс әскеріне сатып алуға міндеттеуі  –  Кіші
жүздің батыс аймағындағы малшылардың жағдайын  ауырлатты.  Ресей  үкіметінің
заңсыз  әрекетіне  наразылық  білдірген  қазақтардың  шағымына  ешкім  құлақ
аспады. Осындай жағдай қазақтардың 1773 –  75  жылы  Е.И.  Пугачев  бастаған
шаруалар соғысына қатысуына себепші болды. Көтеріліс жайындағы  хабар  қазақ
ауылына тез тарады. Нұралы хан хатшысын Пугачевке астыртын жөнелтті.  Нұралы
Пугачевпен  байланыс  жасай  отырып,  бір  жағынан   Орынбор   губернаторына
көтерілісшілер  отрядының  орналасқан  жерін,  бет  алысын   мәлімдеп,   әрі
Пугачевке  қарсы  әскери  көмек  те  ұсынып,  екі  жақты   саясат   ұстанды.
Қазақтарды көтеріліске қатыстыруға Пугачев үлкен  мән  бергенімен,  Нұралыны
түпкілікті өз жағына қарата алмады.  Сондықтан  ол  қазақтарға  тікелей  тіл
қатуға  ұйғарды.  Орынборды  қоршап  тұрған  кезінде  оның  адамдары  шақыру
“қағаздарын” алып, Кіші жүздің ауылдарын аралап жар  салды.  Пугачев  оларға
жер-су сыйлап, дін бостандығын беруге уәде етіп, Екатерина ІІ-нің  үкіметіне
қарсы бірігіп күресуге шақырды. Орынбор әкімш-нің  мәлімдеуі  бойынша  тама,
табын, жағалбайлы руларының кейбір  бөліктері  бірінші  күннен-ақ  Пугачевке
қосылып, орыс бекіністеріне шабуыл жасады. 1773  жылы  7  қазанда  Орынборға
жасалған шабуылға 2 мың қазақ қатысып, үкімет әскеріне көп  зиян  шектірген.
Беріш  пен  шеркеш   руларының   жасақтары   Орал   шебінің   бекіністерінің
гарнизондарына шабуыл жасаған. 1774  жылы  қаңтарда  А.Овчинников  отрядының
көтерілісшілері  Гурьевті  (қазіргі  Атырау  қаласы)  алғаннан  кейін,  Кіші
жүздің батыс жағының тұрғындарына шаруалар соғысының  ықпалы  күшейе  түсті.
Ресей  әкімш.  мен  хандарға  қарсы  кейбір  сұлтандар  да  көтерілісшілерге
қосылды.  Досалы  сұлтан  200  адамдық  қолмен  баласы  Сейдалыны  Пугачевке
аманатқа жіберді. Ол Орынбор  түбіндегі  соғысқа  белсене  қатысты.  Сонымен
қатар Орынбор қоршауына және Елек (Илецк) қорғанысына  шабуыл  жасауға  Орта
жүз  қазақтары  да  араласты,  Кіші  жүз  бен  Орта  жүз  қазақтары  Пугачев
армиясына материалдық жағынан да  жәрдем  көрсетті.  1774  жылы  10  сәуірде
Сакмара  ауд-ндағы   ұрыста   Пугачевтің   негізгі   күші   жеңіліс   тапты.
Көтерілісшілер армиясының қалған топтары таулы башқұрт жеріне  ығысты.  Олар
Оңтүстік  Оралға  келісімен  көтеріліске   қайта   қуат   бітті.   Көтеріліс
орталығының  Оңтүстік   Оралға   ығысуына   байланысты   қазақтардың   Сібір
қорғандарына шабуылы жиілей түсті. Пугачев Орта  жүз  қазақтарын  өз  жағына
тартып, әскер әрі ат алу ниетімен оларға  үндеу  жазып,  өкілдерін  жіберді.
1774 жылы маусымның басында Сарыторғай  маңында  Орта  жүз  старшындары  бас
қосып, Пугачев үндеуіне келісетіндіктері туралы ұйғарымға  келді.  Сол  жылы
Кіші  жүз  қазақтары  Жайық  бекінісіне  жиі-жиі  шабуыл  жасады.  Жекелеген
жасақтар Жаңаөзен уезі менЕділ  жағалауына  дейін  барды.  Қазақтар  Пугачев
армиясының әскери қимылдарымен  ұйымдасқан  түрде  байланыста  болмағанымен,
олардың шабуылы Ресей үкіметі әскерінің күшіне қарсы тұра білді.  Бұл  соғыс
қазақ халқының өміріне айтарлықтай әсер етіп, Ресей  үкіметінің  болашақтағы
отаршылдық саясатына қарсы күресіне негіз қалады

2-дәріс.Сырым Датұлы бастаған көтеріліс.
1.Нұралы ханмен қақтығыстары.
2.С.Датұлы алғашқы кезеңі басталу себебі.
3. С.Датұлы 2-ші кезеңі: алғышарттары, барысы, аяқталуы.
3.Хиуаға ығысуы.
1783-1797 жылдары Кіші  жүз  Сырым  Датұлының  басшылығымен  халық  –азаттық
көтерілісі болды. Бұл  көтеріліс  феодалдық  және  отаршылдық  езгіге  қарсы
бағытталған   қозғалыс.  Кіші  жүздің  Ресейге   қосылуы   қазақ   қоғамының
шаруашылық және мәдени дамуында  елеулі тежеуші  рөл атқарды. Сонымен  қатар
Кіші жүз патша үкіметінің  отаршылдық езгісінің  күшеюіне де себепші  болды.
 Феодалдық қатынастардың  одан әрі дамуы тап  қайшылықтарының   шиеленісуіне
әкеп соқты.  Осының  бәрі   еңбекші  бұқараның   наразылығын  туғызды.   Бұл
әсіресе, көшпелі мал  шаруашылығымен   айналысқан   қазақ  қауымдарына   аса
қажетті  қоныстық  жерлерді   пайдалану   мәселелерінде   байқалды.    Патша
үкіметінің   1756ж  указы  бойынша  қазақ   қауымдарына   Жайықтың  оң   жақ
жағалауындағы жерлерді  («ішкері  жақ»)  пайдалануға   тйым  салынған.  Еділ
(Волга) мен Жайық  аралығындағы  едәуір   жерді  1771жылға  дейін  қалмақтар
мекендеді олардың  Жоңғарияға үдере көшуіне  байланысты (1771ж)  бұл  жерлер
босап қалды.  Қазақ шонжарларының  осы жерлердегі қысқы  жайылымға   сұраған
өтініштері  патша үкіметі  тарапынан  аяқсыз  қалды.   Қазақтардың   «ішкері
жаққа»  өтуіне патша үкіметі  1782жылы ғана  рұқсат берді.   Кіші  жүз  ханы
Нұралы және  оның туыстары  қоныстарды иемдену  правосын  пайдаланып,  халық
бұқарасына   барынша  қиянат   жасады.  Олар  «ішкері  жаққа»  өтетін  әрбір
түтіннен  1  жылқы  мен  1  қой  алып  отырды.   Ал,   Орал   казак-орыстары
старшиндармен ауыз жаласқан хан   мен сұлтандар  мұндай ақы төлемейтін,  әрі
 «ішкері  жаққа»  өткен  ауылдарды   тонайтын.  Мұның  өзі   хан  тұқымының,
шекаралық  әкімшілік-  орындарының   және  Орал   казак-орыстары     билеуші
тобының  пайда  түсіретін  табыс  көзіне  айналды.  Бұл  отырықшылдық   және
феодалдық  езгінің  ұштасқан  анық  аңғартады.   Мұның  бәрі    көтерілістің
шығуына себепші  болды. Кіші жүздерде жер  мәселесінің   шиеленісумен  қатар
феодал, шонжарлардың  өз ішінде өкімет  билігі үшін тартысы да  өрши  түсті.
Төре тұқымынан  шыққан  ақсүйектер   билер  мен  батырлардың  ел  арасындағы
ықпалының  артуына қарсы  болды. Патша  үкіметінің   қолшоқпарына   айналған
Кіші жүз  ханы  Нұралы   билер  мен  батырлардың  саяси  өмірінде   атқарған
жұмыстарын  жоққа   шығаруға  тырысты.   Сол  мақсатпен  ол  билер   кеңесін
шақырғысы, олармен санасқысы келмеді. Өз кезегінде билер  мен  батырлар  хан
мен   сұлтандардың   правосы  мен   билігіне  шек    қоюға   ұмтылды.    Бұл
көтерілістің  қозғаушы  күші   феодалдық  және   отаршылдық   езгіге   қарсы
күрескен  шаруалар   табы  болды.   Көтеріліске   патриархалдық-   феодалдық
шонжарлар - билер мен батырлар да қатысты. Бірақ олар халық  наразылығын  өз
мақсаттарына, дәлірек айтқанда , хан  мен   сұлтандардың   билігін  шектеуге
пайдаланды. Сондықтан да көтерілістің  негізгі қозғаушы күші   шаруалар  мен
патриархалдық  –  феодалдық  топтардың  мүдделері  бір-біріне  қайшы  келді.
Олардың арасындағы  тап қайшылығы  жойылады.  Көтеріліс  кең  көлемде   өріс
алғанмен, шаруалар соғысының дәрежесіне көтере алмады.  Ол  халық  қозғалысы
сипатында   болды.   Көтерілістің   негізгі    себептері   мен   мәселесінің
шиеленісуі, патша үкіметінің «ішкері  жаққа»,  Жайық  сыртына   өтуге   тиым
салуы, ру басшыларының  праволарына қысым жасауы,  хандардың,  сұлтандардың,
Жайықтың казак әскерінің  және  патша  әкімшілігінің   халықты  ашықтан-ашық
тонап, озбырлық жасауы болды.  Көтерілістің тікелей  басталуына   1783жылдың
көктемінде Орал казак-орыс  әскері  старшиналарының  Кіші  жүз  қауымдарының
«ішкері жаққа» өткізген  4 мыңнан аса жылқысын айдап  әкетуі  сылтау  болды.
Көтеріліс алғаш ында Кіші жүз  жерінің  Батыс  аймақтарын  мекендеген   Тама
руын қамтып, көп ұзамай  Жайық пен  Жем   өзендерінің   аралығындағы   басқа
руларға  да тарай бастады.  Көтерілісшілер  жасақтары   құрылып,  оларға  ру
старшындары  басшылық  етті.  Бұлардың  ішінде,  әсіресе   Байбақты   руының
старшины Сырым Датовтың  ықпалы зор  еді.  Көтеріліс  1784жылға  дейін  Орал
әскерлеріне   қарсы  бағытталды.мысалы,  көтеріліс  басшысы    Сырым   Датов
1783жылы  Нұралы  ханның    ауылдарын   талаған   Чаганов    басқарған   шеп
әскерлерімен соғысты.  Чаганов тұтқынға алынып, Сырым  оны  Хиуаға  құлдыққа
сатып жіберді. Бірақ  сол  жылдың   өзінде  жазалаушы  отряд  Сырымның  өзін
тұтқындады. Оны Нұралы  хан мал  беріп   құтқарып  алды.  Тұтқыннан  босаған
соң Сырым Табын руының   старшины  Тіленші  Бөкенбайұлының  қолдауымен  Орал
казак-орыс  әскерімен  күресін  қайта  жалғастырды.   Бірақ  Сырым  Нуралыны
енді қолдамады. Қайта оған қарсы шығып, шекаралық  әкімшіліктен  көтерілісті
басу үшін  әскер беруін  өтінді. Өйткені    Сырым Датов  бастаған  көтеріліс
халық қозғалысы  1784жылдан  бастап   Әбілқайыр  әулетінен  шыққан  хан  мен
сұлтандарға қарсы бағытталды. 1785жылдың басында  Сырымның отряды 2700  адам
болса, жалпы көтеріліске  қатысқандардың  саны  6мыңнан  асты.  Көтерілістің
бұлайша кең жайылуынан қауіптенген патша әкімшілігі енді оны  қарулы  күшпен
басуға кірісті. Осы мақсатпен  Орынборға генерал  Смирнов   бастаған  әскери
отряд құрылып, ол 1785жылғы ақпанның   орташа  шеніне   Елек  өзеніне  қарай
беттеді. Ал әскери  старшиналар Калпаков  пен  Пономарев  бастаған  отрядтар
Оралдан  Жем өзеніне бет алды.  Алайда, бұл отрядтар  халық қозғалысын  баса
алмады.  Бұл кезде көтеріліске  қатысқан ауылдар  Жем бойынан  көшіп  кетті.
1785жылдың наурыз  айында  Сырым бастаған шағын отряд   Антоновск   форпосты
мен  Сахарная  қамалына   шабуыл  жасады.   Дегенмен,  сол  кездегі    соғыс
өнеріне  сай қаруланған гарнизондарға Сырым  жасақтары  төтеп  бере  алмады.
Осы кезде Назаров  бастаған жазалаушы отряд  Каршинск форпосты мен  Сахарная
қамалына жақын  жерлерде   көшіп  жүрген   Табын  руының  бірнеше  ауылдарын
тонады.  Бұл  халық  наразылығын   күшейтіп,  көтеріліске  бұрын   одан  тыс
қауымдардың  қосылуына  мүмкіндік жасады.  Осы  жылдың  орта  шенінде   Кіші
жүздің көптеген рулары  Нұралыға бағынбай  ,  көтерілісшілер  жағына  шықты.
Соның  салдарынан   Нұраы  ханның  өкіметі   едәуір   дағдарысқа    ұшырады.
Көтерілісшілердің  хан мен сұлтандарға, патша әкімшілдігіне қарсы  жүргізген
күресі қалың бұқара   тарапынан   қолдау  алып  отырды.   Хандық  өкіметінің
дәрменсіздігін жақсы түсінген  жергілікті патша әкімшілдігі  енді  көтеріліс
 бастаған старшиндармен тікелей байланыс жасауға   кірісті.   Осы  мақсатпен
генерал-губернатор О. А. Игельстром  көтерілісшілерге  Ахун Құсайновты  елші
етіп жіберді.  1785ж азында   көтерілісшілер  қатысуымен   өткен  старшиндар
жиналысында  патша әкімшілдігінің көтерілісті тоқтату жөніндегі   талаптарды
  талқыланды.  Олар  сонымен  қатар   генерал-губернаторға   өз   талаптарын
білдірді.   Көтеріліс  басшылары   қазақ   қауымдарына    Жайық   пен   Еділ
аралығындағы  қоныстарды   беруді  және   Орал   казак-орыс     әскерлерінің
жазалаушы   отрядтарын    жіберуді   тоқтатуын   талап   етті.   Көтеріліске
қатысқандардың  басты талаптарының бірі Нұралы ханды  тақтан  түсіру  болды.
Ал сол жылдың күзінде  болған  старшиндар   жиналысы  Нұралыны  бұдан  былай
хан деп танудан бас тартқандықтарын  білдірді.  1786ж апрелінде  көтеріліске
қатысушылардың  қысымымен  Нұралы шекаралық  шептегі қамалға  қашуға  мәжбүр
болды.  Сол жылдың  маусым айында  Екатерина ІІ Нұралыны   хандықтан  түсіру
жөніндегі  жарлыққа қол қойды.  Осы жағдайды пайдаланған патша үкіметі  енді
 Кіші жүзде  хандық үкіметін  бір жолата  жоймақшы  болды.  Мұны  Игельстром
реформасы жүзеге асыруға тиісті болды.  Алайда, бұдан  еш  нәрсеге  шықпады.
Оның үстіне  көтеріліске  қатысқан  старшиндардың   барлығы  бірдей   хандық
үкіметті жоюды қолдамады. Олардың бір бөлігі   Нұралыға  ғана  қарсы  шығып,
Жәдік әулетінен шыққан  Қайыпты хан етіп   сайлауды  ұсынды.   Сондықтан  да
Игельстром  реформасына сәйкес құрылған  шекаралық сот   пен  сот  келісімін
орындау  ешқандай   нәтиже  жаңа  басқару  системасын    орнатуға   тырысқан
әрекеттері сәтсіз  болғаннан кейін  патша  үкіметі   хандық  билікті   қайта
қалпына   келтіру,  қазақ  қоғамының  жоғарғы  сұлтандар  тобымен    арадағы
одақты нығайту   бағытын  ұстады.  Игельстромның  орнына   жаңадан  генерал-
губернатор болып сайланған  А.  А.  Пеутлинг   енді  Нұралының  інісі  Ералы
сұлтанмен  байланыс жасады.   Осы  кезден  бастап  (1790ж)  Орал  казак-орыс
әскерлері старшиндарының  қазақ ауылдарына   шабуыл  үдей  түсті.  Жазалаушы
отрядтардың іс-әрекетін  сұлтандар қолдады.  Мұның  өзі   халық  наразылығын
күшейтті.  Осыған  байланысты  Кіші  жүз  ауылдарында   стихиялық  толқулары
күшейіп, көтерілісшілер  жасақтары Ойыл және Шыңғырлау  өзендерінің  бойында
 шоғырланды. Көтеріліс барысында  таптық  күштердің  күштері   барған  сайын
айқындала   түсті.   Билер   мен   старшиндардың   кейбір   топтары    халық
наразылығының  одан әрі өріс  алуынан   қорқып,  сұлтандармен  ауыз  жаласып
кетті.  Сөйтіп, көтерілістің  негізгі қозғаушы  күші  болған  шаруалар   мен
патриархалдық-феодалдық   шонжарлардың   мүдделері  іс  жүзінде   қайшылыққа
ұшырады.

      Алайда, патриархалдық-феодалдық  дәстүрлерге шырмалған, езілген  халық
бұқарасы  «өз»   феодалдарына   қарсы  батыл  күрес  жүргізе  алмады.  1790ж
тамызда  Нұралы  хан  Уфа  қаласында  қайтыс  болды.  Ералы  патша   үкіметі
әскерінің қолдауымен хан болып жарияланады  (1791ж  тамыз).  Сұлтан  тобының
басшысы  Ералының хан болуын  халық наразылығын   күшейтті.  Сырым  бастаған
топ  енді патша әскерлерімен  кішігірім қақтығысулармен  бас  тартып,  1792ж
ашық соғыс  қимылдарына көшті.  Патша  қамалдарына   шабуыл  жасай  бастады.
Бірақ олар  айтарлықтай нәтижеге жете алмады.  Өйткені  сол  кездегі   соғыс
тактикасын   бұрынша   меңгерген    қамал   гарнизондарының    күші    қазақ
жасақтарынан  әлде-қайда  басым  болатын.  Сондықтан  да   көтерілісшілердің
1792ж күзінде Елек қамалына жасаған  шабуылы  сәтсіз  аяқталды.   Бұдан  соң
көтеріліс басшылары күрес  әдісін  өзгертіп,  партизандық  соғыс  тәсілдерін
қолдады. Олар шекаралық  бекіністерге , сұлтандар мен оларды  қолдаушылардың
ауылдарына тұтқиылдан  шабуыл жасап, адамдарын тұтқынға  алды.  1794ж  Ералы
қайтыс болғаннан  кейін, патша үкіметі Кіші жүз ханы етіп  Нұралының  баласы
Есімді сайлады (1796ж). ол көтерілісті басуға  бар  күшін  салды.  Көтеріліс
басшыларын  патша  үкіметіне  ұстап   берді.   Сол   жылдың    желтоқсанында
Орынбордың  әскери  губернаторы   болып  тағайындалған   барон  Игельстромға
көтерілісті  біржолата    басуға    бағытталға   шараларды    жүзеге   асыру
жүктелді. 1797ж наурыз айында көтерілісшілердің бір тобы хан ауылына  шабуыл
 жасап, Есімді өлтірді.  Ханның өлтірілуі  феодал топтардың  Сырымға   қарсы
шығуына  себепші  болды.   Мәселен,   Сырымға  қарсы  жіберілген   жазалаушы
отрядтың құрамына Кіші жүздің  Байбақты, Алаша, Беріш,  Тама,  Адай,  Шеркеш
т.б. руларының билері  мен старшиндары  да кірді.   Есім  хан  өлтірілгеннен
кейін, Кіші жүзде хан   кеңесі құрылды.   Оған  Айшуақ  сұлтаннан  басқа   6
старшин және  патша  әкімшілігінің   өкілі  муфти    Құсайынов   кірді.  Бұл
кеңестің  құрылуы  сұлтандар мен  ірі патриархалдық-феодалдық   шонжарлардың
мүдделеріне толық  сай келіп,  халық   көтерілісін  басып-жаныштауға  жағдай
жасады. Хан кеңесінің   1797ж  тамызда  болған   мәжілісінде   Сырым   мыңға
тарта  адаммен  келіп күресті  тоқтататынын мәлімдеді. Сырым хан   кеңесінің
құрамына  енгізілді. Осыдан кейін көп ұзамай –ақ 14жылға созылған  Кіші  жүз
шаруаларп  көтерілісі  тоқталды.

      Сонымен, халқымыздың  тарихындағы  ашылмай жатқан ақтандықтардың  бірі
–ұлт-азаттық көтерілістері. Бұл тұрғыдан  көпшілік  қауымға   Сырым  Датұлы,
Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы  бастаған халық  қозғалыстары,  1916ж
ұлт-азаттық   көтерілістері   кеңірек   таныстырылған.   Алайда    еш   шүбә
келтіруге болмайтын  осы  қозғалыстардың    өзі  де  советтік   дәуіріміздің
белгілі бір  кезеңдерінде тарих сахнасынан  орынсыз   ысырылды,  ол  жайында
айтылған   шындық   сөз   буржуазиялық-ұлтшылдықтың   көрінісі  ретінде   ай
ыпталды.  Соның да салдары болуы керек, бұл аталған  халық   қозғалыстарының
назардан қалған тұстары  әлі де   баршылық. Әрі  Қазан  төңкерісіне  дейінгі
бостандық, теңдік  аңсаған  қазақ  елінің  ұлт-азаттық   көтерілісі,  әділет
жолындағы  күресі осы айтылған үш кезеңмен   ғана  шектеліп   қоймады.  Оған
төменгі хронологиялық   тәсілмен  беріліп  отырған  архив  деректері   айқын
мысал.

Алдымен ауызға ілігетіні , әрине, Әлкей Марғұлан: «Әбілқайыр тұқымы  патшаға
қарсы  күресте қазақ тарихынан  ең қадірлі орын  алатын  көрнектісі  »   деп
бағалаған  ХҮІІІғ аяғындағы Сырым  Датов  бастаған  айбынды  қозғалыс.  Оның
1780ж басталып, жиырма жылға жуық   уақытты  қамтығаны   жұртшылыққа  мәлім.
Көтерілістің   туу  себебін  Әлкей  Марғұлан  ертеректе   жазылып,   архивке
тапсырылған  қолжазбасында : «Бұл кезде хан мен патша   халықты  екі  жақтап
сорып, оларға жыл сайын төлейтін рамат, жасқ, салық деген  нәрселер  халықты
мүлде бас көтертпеді. Отаршылдық  талаудың  өзге  түрі  халықты   мүлде  бас
көтертпеді. Отаршылдық талаудың өзге  түрі халық  бұқарасын  әбден  көк  иық
қылып, кіші жүз  қазақтары енді құлдық бұғауының   астында  шіруге  айналды.
Бұлардың  ішінде   халықтың  еңсесіне  батқаны  әсіресе   олардың   атамекен
қонысын тартып алып, өздерінің бас еркіндігіне нұқсан келтіргендік еді»  деп
көрсетеді.

       Хан  тұқымының   озбырлығы   күресті  бейбіт  түрде   бастаған  Сырым
батырдың   патшаға  жөнелткен   шағым   хаттарына   ашық   айтылған.   Саяси
бостандықты көксеп , бір  хатында:  «Ханды  орнынан    түсіріп,  әкімшілікті
халықтың өз қолына  беруді» талап еткен.  Сонымен  қатар  патша   үкіметінің
отаршылдық іс-әрекетіне де  наразылық білдіріп: «Бұл  Мәзқұр  Досқанов  Орал
қаласынан   мың  жарым  әскермен   шығып,  бейбіт  жатқан    кінәсіз   қазақ
халықының екі жүз жиырма үйін  шауып,  оларды  талан-таражға   ұшыратып,  57
кісін ұстап әкетті. Алған жылқы, ту сиыр дегеннің  есебі жоқ»   деп  жазғаны
ерекше назар айдартады.

       1783ж  жазда  көтерілісшілер   Ойыл  мен  Жем   бойын  жайлап,  патша
ұлықтарына, өткінші саудагерлерге,  хан-сұлтандарға   шабуыл  жасады.  Сырым
батыр  патша әскерімен  қалай  қақтығысуды  ақылдасу   ниетімен  атасына  ас
беруді сылтауратып, өзіне жақтас би,  батырларды,  халық  өкілдерін  жинады.
Мұны алдын-ала сезген Нұралы ханның тыңшылары  қарулы  қолмен  келіп,  Сырым
батырды бірнеше серігімен алдап  оңаша    шығарып,  тұтқындап  әкетеді.   Ол
Орынбор  түрмесінде  бір  жыл  жатып,  халықтың   талап  етуімен   бостандық
алғаннан   кейін    күрес    қайта    жанданды.    «Лябежный»,    «Руежный»,
«Сахарный»,т.б.қамалдарға шабуыл жасалып, өрт қойылады.  Бұдан  сәл  ертерек
Кульнев  бастаған 3462 адамдық  жазалаушы   отряд  көтерілісшілерді  таппай,
бейбіт ауылдарды қан қақсатып оралса, енді Орынбор  мен  Оралдан  екі  әскер
шығады.   Бетпе-бет қақтығыста  екі жақтан да біраз  шығын  болып,  патшаның
үш офицері  оққа ұшады. Осы ұрыстан  соң көтерілісшілер  шегініп,  жазалаушы
отряд қорғансыз ауылға шауып, екі жүздей ауыл  мен  жүзден  аса  кемпір-шал,
бала-шағаны   тұтқынға   алған.   Оған   кектенген    Сырым   батыр   ізінше
сарбаздарын  аттандырып,   Орынбор  мен  Жайық   төңірегіндегі    қамалдарға
шабуыл жасатқан.  Осылай жалғасқан көтерілістің  бірде басылып, бірде  қайта
өрлеп, 1798ж дейін  созылғанын, олардың қолынан Нұралының  баласы  есім  хан
өлтіргені , патша  үкіметінің  Сырым  Датовтың   басына  үш  мың  сом  алтын
тіккенін айғақтайтын деректер жетерлік.

Біздің Сырым батыр  бастаған көтеріліске   көбірек   тоқталуымыздың  өзіндік
себебі бар.  Хан-сұлтандардың шексіз билігіне, сатқындығына   және  патшалық
Ресейдің  отарлау   саясатына   қарсылық-бұдан  соңғы  көтерілістердің   бір
қатарына ортақ сипат. Мәселен, Сырым  батыр  бекініс-қамалдарға   шабуылдап,
өрт  қойдыртса,  кейінгілері  де  шекаралық  аймақтарда  қарулы  отрядтармен
қақтығысып, жалаңаш қолмен  от  көсегендей  болды.  Рас,  хандыққа  таласып,
халық толқынысып,  көтеріліс  мақсатын   жеке  бас  пайдасына  бұрып  әрекет
етушілер  де жоқ емес.

      Міне, сондай қозғалыстардың біріне ХІХғ   алғашқы   ширегінде   Қартай
Нуралиев басшылық етті.  Есім хан  өлген  соң,  ел   жақсылықтарының  қалауы
соған түсті. Ол жөнінде  тарихшы А. Ф. Рязанов «Қазақ халқының қырық  жылдық
ұлт-азаттық күресі» (1926ж Қызылорда)  атты кітабында : «Бұл өктем  әрі  өте
қатал  адам  еді,  оны  россияның  «қолжаулығы»етіп,   басшылықтың   талабын
бұлжытпай орындату қиын болды. Игельстром   Қаратай  сұлтан   таққа  отырса,
олардың тәуелсіз, күшті  басқарушысына айналып ,  Россиядан   бөлініп  кетуі
мүмкін  екендігінен   қауіптенді»  деп  жазды.  Сөйтіп,  патша  үкіметі   ел
жақсылықтарының тілегін  ескермей, ант аманаты  ретінде  Орынборда  көп  жыл
тұрған, кейінгі қызметінде де сенімдерін  ақтаған Айшуақты  хан көтереді.

      1806ж Қартай  Нуралиев бірнеше мың  қол жинап, патша үкіметіне   қарсы
көтеріліске  дайындалды.   Оны   ұстауға    Орынбордан    таможнялық    әкім
Бекчуриннің   басқаруымен   Беляковтың   жүздігі  жіберілді  олар   күтпеген
қарсылыққа  ұшырап, құр қол қайтқан   соң,  Қаратайды  Орынборға   шақыртып,
алдап қолға  түсіру әрекетінен  де жасап көрді.  Оған  да көнбеген  сұлтанды
  ұстауға  1807ж   3артиллерия    құруы,   1500   адам   бар   генерал-майор
Герцебергтің, келер жылы  400 атты казактан жасақталған  атаман  Бородиннің,
полковник   Донсковтың,    штаб-капитан    Ешпанешниковтың     т.б.жазалаушы
отрядтары аттандырылды. Көтеріліс әр кезде  әр  келкі  болып,  1820ж  басына
дейін созылды.

      Іле қазақ даласында 1826-1838ж аралығында Қайып-Ғали Есімов   бастаған
тағы бір көтеріліс шықты. Архив  деректеріне  оның  да  ел  ішінде   ықпалды
сұлтан болғаны   айтылады.  Қайып-Ғали  екі  рет  тұтқындалып,  алғашқысында
сегіз айдан соң босатылған,  ал  екінші  жолы  өз  жақтастарының   көмегімен
түрмеден қашып шығады. Оны  ұстап,  көтерілісті  басуға  1828ж  подполковник
Биязновтың , бір жылдан соң 520 адамдық  әскері бар атаман Бородиннің   т.б.
 жазалаушы отрядтарын  жұмсады. Қайып-Ғалиды у беріп  өлтіру,   алдап  қолға
түсіру, жанындағы  серіктерін ақшаға сатып алу әрекеттері  де  ойластырылды.
Алайда бұл әрекеттердің бәрі нәтижесіз  аяқталып,жазалаушы  отряд   көбінесе
бейбіт ауылдарды шауып , тонап қайтып  жүрді.   Есесіне  көтерілісшілер   де
хан-сұлтандар   ауылына,  бекініс-қамалдарға  шабуыл   ұйымдастырды.   Арада
тілегін  орындамаған   Хиуа  хандығымен   де  араздасып,   Исатай   Тайманов
бастаған көтерілісшілерге  көмекке  ұмтылды.  1838ж  Исатай  мен  Махамбетке
қосылып, құрамында  бірнеше жүздігі, Орал казк полкі, 50 жаяу  солдаты,  екі
зеңбірегі және хан жасағы бір патша әскерімен қақтығыста жеңіліс тапты.

      ХІХғ  басында патшалық Россиямен  қатар, қазақ жерін   жаулаған  Хиуа,
Қоқан хандығына  қарсы да ұлт-азаттық көтерілістері  өріс  алды.  Оның  бірі
1820жылдары   Омар   ханның    салық   жинаушыларына   наразылық   көрсеткен
Түркістан, Шымкент, Сайрам, Әулиеата өңірінде басталды. Ұзын  саны 12  мыңға
жеткен көтерілісшілерге  Тентек төре (Мәлік төре) басшылық етті. Оны  басуға
 Омар хан мен үлкен жасақ жөнелткен. Екіге бөлініп , Сайрам  мен   Шымкентке
бекінген  көтерілісшілер   табан  тірескен  ұрыстан  соң    күші   сарқылып,
амалсыз тізе бүкті.

      Дәл  осы кезде  Жаңа  Елек  ауданы   маңындағы  шүйгінді  жайылымдарын
патша отаршылдары  тартып алаған, табын руы қару асынып, атқа  мінді.  Батыр
Жоламан  Тіленшиевтің   соңынан   ерген  бұл  көтерілісшілер  де   шекаралық
аймақтарға, хан-сұлтандар ауылына қатты шүйлікті. Көтеріліс,  әсіресе  1835ж
кең  қанат  жайды.  Жазалаушы  отрядтармен  сан   мәрте   бетпе-бет    келіп
қақтығысқан Жоламан батыр өз  жерінен  ығыстырылып,  ақыры  үш  жүзді  түгел
қамтыған Кенесары  қозғалысына аттанды.

3-дәріс. Қасым төре,Саржан сұлтан, Сыздық сұлтан бастаған көтеріліс.
1. Қасым төре,Саржан сұлтан, Сыздық сұлтан бастаған көтерілістердің
алғышарттарына сипаттама жасау.
2. Қасым төре,Саржан сұлтан, Сыздық сұлтан бастаған көтерілістердің барысы.
3. Қасым төре,Саржан сұлтан, Сыздық сұлтан бастаған көтерілістердің
ерекшелігі және аяқталуы.

   Саржан сұлтанның көтерілісі (1825 — 36) — Ресей империясының  Қазақстанда
жүргізген  отаршылдық  саясатына  қарсы  бағытталған  ұлт-азаттық  қозғалыс.
Хандық биліктің жойылуына байланысты окр. және  шекаралық  ресейлік  басқару
мекемелері ашылып, әскери бекіністер салына  бастады.  Көтерілістің  шығуына
Солт. Қазақстандағы суы мен жайылымы мол  Есіл  өз-нің  бойындағы  жерлердің
орыс-казак шаруаларына берілуі және алым-салықтың өсуі де қатты  әсер  етті.
Саржанның   Қытайдағы   Цинь   үкіметімен   қарым-қатынас   орнату   әрекеті
сәтсіздікке ұшырады. Ол інісі Есенгелдімен бірге қазақ  ауылдарында  халықты
ашық  бас  көтеруге  үгіттеп,  1825  ж.  Қарқаралы  окр-не  қарасты   Қарпық
болыстығы қазақтарының көтеріліске шығуына  ұйытқы  болды.  Қарулы  жасақтар
Саржан сұлтанның басшылығымен окр. приказдарға, керуен жолдарына  тұтқиылдан
шабуыл  жасап,  жергілікті  билік  орындарын  әбігерге   түсірді.   Жасақтар
қатарында Саржанның інісі Кенесары да болды. 1826 ж. 31 қаңтарда Бат.  Сібір
ген.-губернаторы П.М. Капцевичтің бұйрығына сәйкес жіберілген  200  казактан
жасақталған  жазалаушы  жасақпен  Саржан  бастаған  көтерілісшілер  арасында
шайқас  болып,  көтерілісшілер  жеңіліс   тапты.   Бірқатар   көтерілісшілер
тұтқынға түсті. Қудалаудан құтылу үшін  Саржан  өз  қол  астындағы  көптеген
ауылдармен Орынбор шебіне қарай көшіп, Кіші жүз қазақтарын өз  жағына  тарту
бағытында жұмыстар жүргізді.  Соған  орай  Орынбор  ген.-губернаторы  Саржан
сұлтанды Кіші жүздегі “барлық мазасыздыққа басты кінәлі” деп  бағалап,  оның
мұндай   әрекетіне   тосқауыл   қоюға    әрекеттенді.    Бұған    қарамастан
көтерілісшілер қатарына Кіші  жүз  қазақтарымен  қоса  қашқын  орыс,  татар,
башқұрттар  да  қосылды.  Саржан  Қоқан,  Хиуа  хандықтарымен   және   Бұхар
әмірлігімен  байланыс  орнатты.   Саржан   жасақтары   барған   сайын   жаңа
көтерілісшілермен толығып отырды. Оның жасақтарының бірін  басқарған  сұлтан
Абылай Ғаббасов Қарқаралы окр-не  жорықтар  ұйымдастырды.  Көкшетау  окр-нде
сұлтан Сартай  Шыңғысов  Саржанға  қолдау  білдіретіндігін  танытып,  ондағы
халық көтерілісіне басшылық  жасады.  Отаршылдық  әкімш-ке  жағымпаздануымен
ерекшеленген Қарқаралы окр-нің аға сұлтаны Тұрсын Шыңғысов  Саржан  бастаған
көтерілісшілердің   талқандалуына   ынталылық   танытып,   патша    әскеріне
көмектесті.  Саржан  1832  ж.  Қоқан  хандығының  Ташкент  құсбегімен  патша
өкіметіне қарсы бірлесе күресу жөнінде келісім жасап, Ұлытауға,  Сарысу  өз.
бойына келіп қоныстанды. Қоқандықтардың  қолдауымен  бірнеше  рет  Орта  жүз
жеріне жорық жасады. Ол Ташкент құсбегіне бағынышты Ұлы  жүз  қазақтарын  да
өз  жағына  тартуға  тырысты.  Бұл  өз  кезегінде  Саржанның  қоқандықтармен
жанжалына негіз болды. Ташкент құсбегі 1836  ж.  жазда  Саржанды  және  оның
інілері Ержан мен  Есенгелдіні,  сондай-ақ  оны  қолдаған  бірқатар  белгілі
батырларды Ташкентке алдап шақырып зұлымдықпен өлтіртті. Саржанның  өлімінен
кейін Ресейдің отарлық саясатына қарсы күрес оның  інісі  Кенесары  Қасымұлы
бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына ұласты.
      XIX ғасырдың  20-жылдарында Елек өзенінің бойына 29 бекіністен тұратын
Жаңа-Елек әскер желісі салынды. Жайық пен Елек бойындағы Кіші  жүздің  табын
руының ең шұрайлы 7 мың десятина  жері  тартып  алынды.  Бұл  жерлерге  орыс
шаруалары мен  казак  әскері  орналаса  бастады.  Бұл  табын  руының  батыры
Жоламан Тіленшіұлы бастаған  Кіші  жүз  қазақтарының  көтерілісінің  негізгі
себебіне айналған еді. 20-жылдардың басында  Жоламан  батыр  қазақтардың  өз
жеріне иелік ету  жөніндегі  құқықтарын  патша  әкімшілігімен  бейбіт  түрде
шешуге әрекет  жасаған  болатын.  Орынбор  губернаторына  Эссенмен  жазысқан
хаттары да нәтижесіз қалды. Сөйтіп, 1823 жылы Жоламан  батыр  Ресейге  қарсы
күреске шығатынын жариялайды. Оның себебін  Елек  өзені  бойына  тұрғызылған
әскери мекемелер үшін,  «бұрын  ол  қазақтардың  мал  өсіруге  ыңғайлы  жері
болды,    ал   енді   оларға   тақыр   далаға   көшуге   тура   келді»   деп
түсіндіреді[11,199-б].
      1835 жылы Жоламан Тіленшіұлының көтерілісі кең құлаш жая  бастады.  Ол
отаршылыққа қарсы сипат алды. Өйткені, 10мың  км2  құрайтын  Ор  мен  Троицк
бекіністері  арасындағы  жерлердің   тартып   алуына   байланысты   қазақтың
жағалбайлы, жаппас, алшын, арғын, қыпшақ, рулары көтеріліп, Жоламан  батырға
қолдау білдіре бастаған еді. Бұл аймақтағы рулардың жағдайы  киындап  кетті.
Олар еріксіз шекаралық жерлерге жақын көшуге мәжбүр болды. Ал ол үшін  үлкен
көлемде ақы төлеп  отырды.  Қазақтар  мұндай  әділетсіздікке  наразылықтарын
білдіріп, желілер бойындағы бекіністерге, сауда  керуендеріне  шабуыл  жасай
бастады.
      1837  жылы  Ора  жүзде  Кенесары  Қасымұлының  басшылығымен  көтеріліс
басталған кезде, Жоламан Тіленшіұлы  оған бірден қолдау  көрсетті.  Ол  Кіші
жүз  ру  басыларын  ың  біразын  біріктіріп,  оларды  Кенесары  көтерілісіне
қосылуға шақырды. 1838 жылы  Бөкей Ордасында   И.Тайманұлы мен М.  Өтемісұлы
бастаған көтеріліс жүріп жатқан. Сөйтіп, қазақ  жеріндегі  көтерілістер  кең
құлаш жая бастады. Жоламан  батыр  жасағы  3000  адамға  жетті.  Көтерілісті
басуға патша үкіметі үш жазалаушы отрядын  жіберді.  Ор  бекінісінен  шыққан
полковник Мансуров,  Орынбордан  полковник  Подуров  және  Елек  бекінісінен
полковник Гекке бастаған отрядтар өз міндеттерін орындай алмады.
      Қазақ халқының ұлт-азаттық  қозғалыстарында  Абылай  хан  ұрпақтарының
алатын орны ерекше. Абылай ұқрпақтары  отарлық  саясатқа  қарсы  шығып  қана
қойған  жоқ,   олар  Қазақ  хандығын  қалпына  келтіру   бағытындағы   Ресей
патшалығымен  бітіспес  саяси күрес жүргізді.
      Саржан Қасымұлы  бастаған  көтерілістің  шығуына  түрткі  болған  1822
жылғы «Сібір қырғыздары туралы Жарғының»  енгізілуі  еді.  1824  жылы  Қазақ
даласында  алғашқы    округтық   приказдарды   ашу   үшін   екі   экспедиция
ұйымдастырылған  болатын:  біріншісі  полковнк   Броневскийдің   басқаруымен
Қарқаралыға, екіншісі полковник  Григоровскийдің  жетекшілігімен  Көкшетауға
жіберілді.  Броневский   экспедицясы   Қарқаралы   аймағына   жеткен   бойда
жергілікті қазақтар оған қарсы бірден күреске шықты. Бірақ  та,  қазақтардың
қарсылықтарына  қарамастан,  приказдар  ашыла  бастады.   1824-1836   жылдар
аралығында патша  үкіметінің  отарлық  саясатына  қарсы  көтеріліске  сұлтан
Саржан  Қасымұлы жетекшілік жасады.  Саржан  Қасымұлы  округтық  приказдарды
жоюды, Қазақ даласынан  орыс  әскерлерін  шығаруды  және   бұрынғы  қазақтың
дәстүрлі   заңдарын   қайта   орнатуды   талап   етті.   1825-1826   жылдары
көтерілісшілердің саны мың адамға жетті. Саржан сұлтан және ағасы  Есенгелді
екеуі ауыл- ауылды аралап, қазақтарды  патша  үкіметіне  және  оның  сойылын
соғушы сұлтандарға қарсы күрес жургізуге  шақырады.  Өзінің  ордасын  Саржан
Бұғалы және Тағалы сайына көшірді. 1826 жылы тамызда ол  Қарқаралы  округтық
приказына шабуыл жасады. Саржан Қасымұлы жасағына қарсы  жүзбасы  Карбышетің
жазалаушы  отряды  жіберілмеді.   Бұл   отряд   көтерілісшілердің   приказды
талқандауына мүмкіндік бермеді. Карбышетің экспедициясы  кезінде  жергілікті
қазақтардың 100 қой, 36 жылқы, 10 сиыр тартып алынды.
      1832 жылдың басында Саржан Қасымұлы тағы да  белсенді  күреске  шығып,
Қарқаралы  округіндегі  патша  әкімшілігін  қолдап  отырған  би-сұлтандардың
ауылдарын шабады. Көтерілісшілерді басу үшін енді  артиллериямен  қаруланған
жүзбасы Потаниннің отряды  атанды.  Бұл  отрядтың  Саржан  сұлтан  жасағымен
Сұлукөл сайына  тақау  жерде  шайқасы  болады.  Кескілескен  шайқас  кезінде
көтерілісшілердің көпшілігі осы жерде қаза болады.
      Бұл сәтсіздік Саржан Қасымұлын Ташкент әмірімен Ресейге  қарсы  күресу
үшін  одақ  жасауға  мәжбүр  етеді.  Ташкент  билеушілері  тарапынан  ұсыныс
қабылданып, Саржан сұлтан мен Ташкент әмірі едәуір әскери  қолмен  Орта  жүз
аумағына келеді. Бұл жағдай патша үкіметін қатты алаңдата бастады.
      Батыс Сібір генерал-губернаторы Вельямино жедел түрде бірнеше  отрядты
көтерілісшілерді басуға аттандырды.Көтерілісшілер бұл жолы  да  көп  шығынға
ұшырайды. Жазалаушы отрядтар Сарысу сұлтан мұндай сәтсіздіктерге  қарамастан
күресін  жалғастыры  береді.  Ол   аздаған   жасағымен   Ресей   әкімшілігін
қолдаушылардың ауылдарына, жолдарға, сауда керуендеріне  шабуыл жасайды.
      Вельяминов жазалаушы отрядтарға Саржан  сұлтанды  ұстап  алуға  бұйрық
береді, бірақ олардың  бұл  әрекеттері  нәтижесіз  аяқталды.  Алайда  Саржан
Қасымұлы Ташкент әміршілерінің опасыздығынан қаза тапқан  еді.  Бұл  қайғылы
оқиға 1836 жылы болды. Патша әскерінің  қыспаққа  алуына  байланысты  Саржан
сұлтан Ұлы жүз жеріне өтіп кеткен болатын. Ондағы  мақсаты  Ұлы  жүзбен  Сыр
бойы Қазақтарымен біріге отырып (Сыр  бойында  үш  жүздің  қазақтары  көшіп-
қонатын),  отаршыларға  қарсы   күресті   жалғастыру   еді.   Бұдан   Ташент
билеушілеріне  де  қауіп  төнуі  мүмкін  деп  ұққан  олар  Саржан   сұлтанды
балаларымен бірге жауыздықпен өлтірген болатын.
4-дәріс. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.
1.ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстандағы әкімшілік-саяси өзгертулер.
2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басталу себептері
және барысы.
3.Қарулы күрестің күшейген кезеңі және оның жеңілуі.
4.Қазақтардың 18-19 ғасырларда болған барлық басқа көтерілістерінен
Кенесары көтерілісінің ерекшелігі.

  ХIX ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда  отарлау  саясатын
онан  әрі  өрістетіп,  қазақ  халқының  саяси  дербестігін   біржола   жоюға
бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр,  Абылай  хандармен
жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық  төлеу
жөніндегі міндеттемелер  аяқ  асты  етілді.  Қазақ  жерінде  әскери  шептер,
бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге  патша  өкіметінің  қол  шоқпары  болып
келген казак-орыстарды  қоныстандыру  шаралары  жүргізілді.  Ресейдің  қазақ
жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы  жерлерді,  орман-тоғайларды  өз
қармағына  алды,  ал  оны  пайдаланған  қазақтарға  салық  салынатын  болды.
Әкімшілік басқару жүйесін қайта құру  барысында  қазақ  жерлері  кокругтерге
бөлінді. Бұл  округтер  Батыс-Сібір  және  Орынбор  генерал-губернаторлығына
қарады.Олар қазақ жерінде "бөліп ал да билей бер”  деген  отаршылдық  ұранды
бұлжытпай іске асырды.  Алдымен  қазақ  жерін  сыртынан  құрсаулап  көптеген
бекіністер салынды. Іргелеп ішке кіріп айнала қоршау-құрсау  орнатқан  Ресей
отаршылдары  Абылай  көз  жұмғаннан  кейін  Қазақстанның  ең   бір   шұрайлы
жерлеріне  бекіністер  салуға  кірісті.  Сөйтіп,  Ырғыз,   Торғай,   Ақмола,
Көкшетау, Ортау, Қарқаралы бекіністері  бой  көтерді.  Қазақ  жеріне  кеулеп
еніп келе жатқан патша өкіметінің отаршылдық  саясатына  ашық  қарсы  шыққан
Абылай ханның баласы Қасым болды. Ол  патша  әкімшілігіне  хат  жазып,  кісі
жіберіп, оларды түсінісуге, пәтуаға  шақырды.  Қазақтың  ежелгі  қоныстарына
бекіністер салуды, қазақ  жерлеріне  казак-орыстарды  әкелуді,  олар  арқылы
халыққа қысым көрсетуді тоқтатуын  талап  етті.  Оның  бұл  хаттарына  жауап
болмады, жіберген адамдары қайтарылмады. Сонда барып, Қасым патша  өкіметіне
ашық қарсы шығуды ойлады. Ол бұл күресте Қоқан хандығына  сүйенбекші  болды.
Патша  өкіметі  тарапынан  қысым  көре  бастаған  ол  40  мың  үймен   Қоқан
хандығының қол астына көшіп барды. Оның діні бір,  тілі  бір  қоқандықтардан
күткен үміті ақталмады. Олар оның  қайсар  ұлдары  Саржан  мен  Есенгелдіні,
кейінірек өзін өлтірді. Медреседе оқып  жүрген  ұлы  Кенесарыны  (1802  жылы
туған) Ташкент түрменсіне қаматты.
   Қайырымды адамдардың көмегімен абақтыдан аман шыққан Кенесары ата  мекені
Ұлытауға келіп  қоныстанды.  Осы  Ұлытауда  жүріп,  ол  өз  өмірін  қазақтың
тәуелсіз ел, дербес мемлекет  болуы  жолындағы,  күреске  арнады.  Ол  Ресей
сияқты аса қуатты ірі  мемлекетпен  күресу-  қазақтың  үш  жүзінің  күштерін
біріктіруді, едәуір құрбандықтарды, тек  әскери  ғана  емес,  сонымен  бірге
дипломатиялық күш жігерді де талап ететін ой таразысынан өткерді.
   Кенесары  Қазақстан  патшалық  Ресейге  де,  Орта  Азия  хандықтарына  да
тәуелді емес, олармен тең қарым-қатынаста болу керек деп есептеді. Ол  патша
әкімдеріне  жазған  бір  хатында:  Есіл,  Нұра,  Ақтау,  Ортау,   Қарқаралы,
Қазылық,  Жарқайың,  Обаған,  Тобыл,  Құсмұры,  Ақият,  Тоқзақ  сияқты  ата-
бабаларымыз мұра еткен жерлер қазіргі патша тұсында  бізден  тартып  алынып,
бекіністер  салынды.  Күн  сайын  біздің  жерлерімізді  басып  алып,  әскери
қамалдар салу арқылы халықты  ашындыруға  жол  берілуде.  Мұның  өзі  біздің
келешегіміз үшін ғана емес, бүгінгі тіршілігіміз үшін де қауіпті болып  отыр
деп көрсетті.
    Патшаның  жазалаушы  отрядтары  мен  жергілікті  сұлтандардың  озбырлығы
туралы айта келіп тағы бір хатында ол былай  деп  жазды:  "1825-1840  жылдар
аралығында олар біздің ауылымызды 15  рет  тонауға,  талауға  салды.  Мұндай
қысым  мен  тонауға,  талауға,  кісілерімізді  өлтіруге  шыдай  алмаған  біз
бетіміз ауған жаққа  көшуге  мәжбүр  болдық.  Бірақ,  олар  бізге  мұнда  да
тыныштық бермеді. Сондықтан мен, Қасымұлы қолыма  қару  алып  халқымның  ұлы
күресін басқаруға шықтым”.  Бұл  хаттан  Кенесарының  патша  үкіметіне  ашық
қарсы шыққанын көреміз.
   Кенесары көтерілісінің басты мақсаты- патшалық Ресейдің құрамына  қосылып
үлгермеген аймақтардың дербестігін сақтау,  қазақ  жерлерін  бекіністер  мен
жаңа округтік  билеу  арқылы  жан-жақты  отарлауды  тоқтату  еді.  Сондай-ақ
Кенесарының  тағы  бір  көздеген   мақсаты-   қоқандықтардың   тепкісіндегңі
Оңтүстік өңірдегі қазақтарды босатып, оларды Қазақ хандығына қосу еді.
   Кенесары  Қасымұлының  қозғалысы  бүкіл  Қазақстанды  қамтыды.  Он  жылға
созылған көтерілістің басты қозғаушы күші- бұқара халық болды.  Олар  күшейе
бастаған отарлық езгіден, феодалдық топтардың  қысымынан  құтылуға  тырысты.
Көтеріліске сонымен қатар ақсүйек өкілдері  де  қатысты.  Олар  көтерілісті,
бір жағынан, өз мүдделеріне пайдалану, бұрынғы  артықшылықтарын  қайта  алу,
екінші жағынан, көшпенді дербес феодалдық мемлекет құруды көздеді.
   1838 жылы Кенесары туының астына мыңдаған сарбаз  жиналған  еді.  Олардың
арасында үш  жүздің  қазақтары  болды.  Кенесарыны  белсенді  қолдағандардың
арасында  Орта  жүз  бен  Кіші  жүздің  белгілі  рулары-  Қыпшақ,  Төртқара,
Жағалбайлы, Шекті, Алшын, Керей, Жаппас, Бағаналы, Тама, Табын,  Арғын  т.б.
ру тайпаларының жігіттері аз емес-ті. Олардың көпшілігі  мал  өсірген,  егін
еккен. Осыған орай жер  шаруашылығынан  зардап  шеккендер  кедей  және  орта
шаруалар болды. Кенесарының қол басқарған  батырлары  да  халық  ішінде  аты
кеңінен мәлім адамдар еді. Олардың қатарында  Шұбыртпалы  Ағыбай,  Қыпшақтың
батыры-  Иман,  Табынның  батыры-  Бұхарбай,  Тіленшіұлы  Жоламан,  Дулаттың
батыры- Бұғыбай, Шапырашты руының батыры- Сұраншы т.б., Кенесарының інілері-
 Наурызбай, Әбілғазы, әпкесі- Бопай көтеріліске белсене қатысты.
   Кенесары жасақтарында қазақтармен бірге қарақалпақтар, түрікмен,  қарғыз,
өзбек, өкілдері де аз болған жоқ. Дегенмен  Кенесары  барлық  әдіс-амалдарын
қолданып тырысып басқа да, кейбір феодалдық топтарды, үш жүздің  ру-тайпалық
бөлімдерін  біріктіре  алмады.  Көтерілістің   бастапқы   кезінен-ақ   қазақ
ақсүйектері бір-біріне қарсы  күресуші  екі  жаққа  бөлінді:  патша  өкіметі
әлпештеген бөлігі отарлаушы әкімшіліктің қолдауына сүйеніп, өздерінің  саяси
қарсыластарын   күйретуге   күш   салды.   Кенесарының   ымыраға   келмейтін
қарсыластары Ақмола  округінің  аға  сұлтаны  Қоңырқұлжа  Құдаймендин,  Кіші
жүздің  басқарушы  сұлтандары  Ахмет  пен   Мұхаммед   Жаңтөриндер,   сұлтан
Баймағамбет  Айшуақов  т.б.  болды.   Кенесары   Жетісуға   өткеннен   кейін
көтеріліске  қарсы  ымырасыздық  позицияны  Абылай  ханның  тұқымдары,  яғни
өзінің туысқандары-  Әли  мен  Сыйықта  ұстанды.  Бірақ  осыған  қарамастан,
Кенесары Қасымов өзінің  туы  астында  үш  жүздегі  қазақ  руларының  едәуір
бөлігін топтастыра алды.  Омбы  облыстық  басқармасына  қарасты  сот-жазалау
мекемелері жинастырған мәліметтер бойынша тек  Құсмұрын,  Көкшетау,  Ақмола,
Қарқаралы және Баянауыл  округтерінде  ғана  көтерілісшілерді  80-нен  астам
сұлтандар мен билер, ағамандар қолдаған.
   1838 жылы көктемінен бастап Кенесары жасақтары  патша  әскерлеріне  қарсы
алдын ала жасалған жоспар бойынша дәйекті күрес жүргізді.  Олармен  шайқаста
Ақмола қаласын қиратып, Ақмола округіндегі патша  әкімдерімен  ауыз  жаласып
жүрген Қоңырқұлжа сұлтанның ауылын шапты.  1840  жылы  күзде  көтерілісшілер
Ырғыз  бен  Торғай  маңында  патша  әскеріне,  орыс   әкімшілігін   қолдаушы
жергілікті бай-шонжарларға қарсы күресті  күшейтті.  Бұл  тұста  Кенесарының
аты  қазақ  арасында  кеңінен  тарап,  оның  беделі  бүкіл  қазақ  даласында
дүрілдеп тұрды. 1841 жылы қыркүйекте Кенесары үш жүзден  адам  жинап,  әкесі
Қасым ханның өлгеніне бір жыл толуына байланысты ас берді. Осы  астан  кейін
үш жүзден жиналған жамағат Кенесарыны ақ киізге салып, бүкіл қазақ  халқының
ханы етіп сайлады.
   Кенесары хан болып сайланғаннан кейін ел  билеу  тәртібі  өзгеріп,  алым-
салық реформасы іске асырылды. Егіншілікті дамытуға, көрші  елдермен  сауда-
саттық байланысын орнатуға көңіл бөлінді.  Керуеншілерді  тоқтатып,  олардан
салық алынатын болды.
   Мемлекеттік құрылыс  қайта  өзгертілді.  Хандық  кеңес  құрылды.  Кеңесіп
шешетін  жоғарғы  органдарға  ханға  берілген  батырлар,  билер,  сұлтандар,
ханның туысқандары кірді. Басқарудың негізгі тұтқасы Кенесарыны  өз  қолында
қалды. Хандық кеңеске негізінен азаттық қозғалысының мүдделеріне адал,  жеке
басының  батылдығымен,  дипломатиялық  қабілетімен  көрінген  адамдар  енді.
Басқарудың арнайы қызметі хандық кеңес шешімдерінің, үндеулерінің  ауылдарда
таратылуын, түсіндіруін және орындалуын қадағалап отырды.
   Әскери істе де Кенесары және оның көмекшілері бірқатар өзгерістерді  іске
асырды. Батырлар мен төлеңгіттердің басқаруындағы  көтерілісшілердің  әскери
күші негізінен өз  еркімен  құралған  жасақтар  еді.  Жасақтар  жүздіктерге,
мыңдықтарға бөлінді.  Әскер  қатарында  қатаң  тәртіп  орнатылды.  Опасыздық
жасағандар тек өлім жазасына кесілді.
   Кенесары Ресеймен тату көршілік  қатынас  орнатуға  ұмтылды.  Бірақ  Орта
жүзге билігін жүргізіп отырған Батыс  Сібір  губернаторы  Горчаков,  Орынбор
губернаторы  Перовский   Кенесарымен   қарым-қатынаста   екеуі   екі   түрлі
көзқараста болып, оның Ресей  өкіметімен  мәмлеге  келуіне  кедергі  жасады.
Әсіресе, өркөкірек Горчаков Кенесарыны  менсінбей,  оның  орыс  әкімшілігіне
деген өшпенділігін қоздырды.
    1841-1842  жылдары  Кенесары  жасақтары  Қоқан  хандығына  қарсы   соғыс
жүргізді. Созақты, Сауранды алып, Қоқан хандығының елірме  әуселесін  басты.
Қоқандықтар келіссөз жүргізуге мәжбүр  болды.  Осыдан  кейін  барып  соғысты
тоқтатқан Кенесары  Торғай  маңындағы  ордасына  қайтып  оралды.  Бір  айтып
кететін  жәйт,  Кенесары  Бұхара  әмірімен  және  Хиуа   хандығымен   қарым-
қатынасындағы саясаты біршама өзгешелеу еді. Кенесары олармен  өзара   толық
сеніділік  қатынас  орнатты.  Кейде  Хиуа   басқарушысы   қазақ   жасақтарын
зеңбіректерімен, оқ- дәрімен жабдықтап отырды.
   1843  жылы  Орынбор  генерал-губернаторы  Перовский  кетіп,  оның  орнына
Обручев келді. Кенесары мен  Персовский  бір-біріне  сыйластықпен  қарайтын.
Сондықтан көп мәселелер  әділдікпен  шешілетін.  Енді  Орынбор  әкімшілігіне
орыс патшасының Кенесарыға қаны қас тағы бір ұлығының келуі оны  Горчаковпен
бірігіп, Кенесарыны құғындауына кең мүмкіндік  жасады.  Сөйтіп,  Горчаковпен
бірігіп,   Кенесары   бастаған   ұлт-азаттық    көтерілісін    тұншықтыруға,
Кенесарының көзін жоюға 1843 жылы   23  маусымда  патша  Николай  Біріншіден
рұқсат алды. Соғыс шығынын өтеу үшін 14 мың  сом,  Кенесарының  басын  кесіп
әкелген адамға сыйға беру үшін  түтін  салығы  есебінен  үш  мың  сом  қаржы
бөлінді. Әскерлер соғысқа әзірлік жағдайына келтірілді.
     Кенесарыға  қарсы  орыс  әскерлерінің  жорығы  1843  жылы  27  маусымда
басталды. Ырғыз өзенінің  бойында  патша  әскерінің  бір  тобымен  кездескен
Кенесары өзінің патша өкіметімен келіссөз жүргізіп жатқанын  айтып  шайқасты
болдырмады. Бұл тұста екі жақта әскери  дайындығын  мұқияттап  жатты.  Тамыз
айында Кенесарыға қарсы сұлтандар Жантөрин, Айшуақов, полковник  Гекке  және
Бизянков бастаған бес мың әскер жіберілді.  Омбы,  Петропавл,  Қарқаралыдағы
әскер күштері де Кенесарыға қарсы  жорыққа  аттанды.  1  және  7  қыркүйекте
Кенесары жасақтары мен патша әскерлерінің арасында  күшті  шайқастар  жүрді.
Көп адам шығынға  ұшырады.  Бірақ  екі  жақта  жеңіске  жете  алмай,  майдан
шебінен кері шегінді. Кенесары жасақтары енді ашық  соғысқа  бармай,  байтақ
даланың  әр  тұсынан  көрініп,  тұтқиылдан  тиісіп,  жау   әскерін   мазалап
берекесін кетірді. Тынымсыз жорықтан шаршаған, үнемі  қауіп-қатердің  өтінде
жүрген патша әскерлері  түні  салқын,  жауын-шашынды  күз  түсе  бере  ешбір
нәтиже шығара алмай бұрынғы тұрақтары Ор бекінісіне қайта оралды.
    1844-1845 жылы жылдар қазақ даласындағы Кенесары  бастаған  ұлт-азаттық 
қозғалысы өрлеудің ең жоғарғы шегіне жеткен  кезі  еді.  Оғап  Сыр  бойының,
оңтүстіктің қазақтары қосылды. Кенесары өз әскерінің  санын  20  мың  адамға
жеткізді. Жасақтардың жауынгерлік дайындығын  жетілдіруге,  оларды  дұрыстап
қаруландыруға көңіл бөлінді. Зеңбірек, мылтық, оқ-дәрі жасау,  оларды  сатып
алу, азық-түлік дайындау жұмысы жолға қойылды. Патша әкімшілігі  әскерлеріне
тыңшы жіберуі, барлау жұмысы ұйымдастырылды.
   1844 жылдың жазында Кенесары жасақтарын құртуға,  халық  қозғалысын  басу
үшін Ор бекінісінен, Ұлытаудан, Тобыл өзенінен патша әскерлерінің  үш  үлкен
тобы шықты. Олардың алдына Кенесары жасақтарын  қоршап,  шешуші  соққы  беру
міндеті қойылды. Осы міндетті  ойдағыдай  іске  асыру  үшін,  олар  Сібірден
Кенесарымен шайқас жүріп жатқан жерлерге бет  алған  генерал  Жемчужниковтың
әскерімен күшейтілді. Кенесары бұл  күштердің  басын  біріктірмеуге,  сөйтіп
өзінің жасақтарын қоршап алуына мүмкіндік бермей,  оларды  бір-бірлеп  құрту
тактикасын қолдануды жөн көрді. Сібір әскерінің алдынан  шыққан  оның  шағын
тобы Ақмолаға қарай қаша соғыс салып,  Кенесары  күші  Ұлытауға  бет  алыпты
деген лақап таратып, жау күшін  осы  жаққа  тартты.  Негізгі  күшпен  Ақмола
бекінісіне шауып, Жантөрин  шоғырын  қоршап,  ондағы  44  сұлтанды  өлтірген
Кенесары мен оның батырлары 1844жылы 14 тамызда  Атбасар  бекінісін  тікелей
шабуылмен  басып  алды.  Бұл  оқиға  патша   әкімшілігін   қатты   састырды.
Дуниковский,   Жантөрин,   Жемчужников   әскерлеріне    көмекке    полковник
Ковалевскийдің отряды  жіберілді.  Жоғарыдағы  айтылған  шайқастардан  кейін
Кенесары жасақтары Мұғалжар тауларына барып бекінген еді.
    Кенесарының  1844  жылғы  шайқастарындағы  табысы  оның  даңқын   барлық
жерлерге жайды. Бұхара әмірі мен Хиуа хандығы онымен тығыз байланыс  жасауға
ұмтылып, оған сыйлықтар жолдады.  Кенесары  патша  өкіметінен  бітім  сұрап,
даулы мәселелердің барлығын келіссөз арқылы  шешейік  деді.  Патша  әкімдері
оған онша көп сене қойған жоқ. Дегенмен келіссөз  жөніндегі  ұсынысты  қабыл
алып,  Кенесарының  кепілдікке  алып  кеткен  туыстарын,  әйелін   тұтқыннан
босатты.
   Кенесарымен келіссөз жүргізу үшін патша өкіметі Долгов бастаған  бір  топ
адам жіберді. Олар Кенесары патша әкімшілігіне  сөзсіз,  ешбір  шарт  қоймай
бағынатын болса, оған кешірім жасалады деп мәлімдеді. Кенесары бұл  мәселені
ойланып  көремін  деп  елшілерді  екі  ай   бойы   ұстады.   Елшілер   бітім
болмайтынына  көз  жеткізіп,  "кетеміз”  дегеннен  кейін  Кенесары   Орынбор
генерал-губернаторына хат жазып,  оларды  аттандырып,  жіберді.  Ол  хатында
патша  өкіметі  өзінің  қазақ  жеріндегі  бекініс-қамалдарын  бұзып,   қазақ
халқына  істеп  отырған  зорлық-зомбылығын  тоқтатқанда,  ғана  Ресей  бодан
болуға дайын екенін мәлімдеді.
   1845 жылы Кенесары Ұлы  жүзге  қоныс  аударып,  Жетісуға  келіп  тоқтады.
Ақши, Күрті, Жиренайғыр деп аталатын жерлерді мекен етіп, осы арада  ол  Ұлы
жүздің халқын біріктіруді, қырғыздармен одақ құрып, Қоқан  хандығына  шабуыл
жасауды, сөйтіп оның қол астындағы  қазақтарды  босатуды  көздеді.  Кенесары
Қытаймен мәмлеге келіп, онымен келіссөз жүргізу үшін Құлжаға елші  жібереді.

1845 жылы қазан-қараша айларында Кенесары жасақтары қоқан хандығына  жорыққа
аттанады. Қорған, Жаңа Жүлек, Созақ бекіністерін  алып,  Ақмешітті  /қазіргі
Қызылорда/ қоршауға алды.  Бірақ  жорықты  жалғастыруға  осы  жақта  жұқпалы
індеттің  күшеюі  бөгет  жасады.  Ол  кері  оралып,  Жетісу  жерінде  өзінің
келешегіне байланысты жоспарларын ойластырды.
   Бұл тұста патша әкімшілігі  Кенесарының  төңірегіне  тор  құрып  үлгерген
еді. Ол қырғыз манаптарының және патшаға  адал  болып  жүрген  қазақтың  бай
шонжарларының басын қосып, Кенесарыға еңсесін көтертпейтін  ең  соңғы  соққы
беруге әзірленді. 1846 жылғы жазғы айлардың  бірінде  мың  қаралы  жасағымен
Кенесары  қырғызға  бет  алды.  Хан  солтүстік  қырғыз  манаптарынан   өзіне
бағынуын талап етті. Қырғыз манаптары Орман, Жантай және  Жанғараш  тайпалар
өкілдерінің құрылтайын шақырды. Сарыбағаш, Бұғы,  Саяқ,  Солто,  Шерік  және
басқа тайпалардың өкілдері қазақ ханының талаптарын орындаудан  бас  тартты.
1847  жылы  сәуірде  Кенесары  жасақтарымен  қырғыз  жеріне   басып   кірді.
Қырғыздармен  қақтығысу  Ыстық  көлінің  тау  шатқалы  қойнауында  және   Шу
өзенінің бас жағында өтті. Кенесары Тоқмақтың маңында Кеклік  сеңгірі  деген
жерінде үш жақтан қоршалған қайырымсыз  қатал  қамауға  түсті.  Оны  қамаған
қырғыз  манаптарының  жасағы,  генерал   Вишневскийдің   ақ   қалпақ   киіп,
пулеметтен оқ жаудырып, зеңбірегінен от шашып  келе  жатқан  офицерлері  мен
солдаттары, Қоқан хандығының мыңнан  астам  сарбаздары  еді.  Кенесары  қолы
өзінен күші он есе басым жаумен үш  күн  бойы  соғысты.  Жасақтағы  жігіттер
арыстанша алысып,  соңғы  демі  біткенше  қарсыласты.  Талай  боздақтар  осы
шайқаста жан тәсілім қылды. Үлкен ерлікпен жау тобын бұзып шыққан  Наурызбай
тобы болды. Бірақ аз ғана адамымен Кенесарының жау қолына  түскенін  естіген
ол ағасын қимай, жау әскеріне өз еркімен келіп  берілді.  Патша  әкімдерінің
кеңесі мен қырғыз манаптары екі батырдың да басын шапты. Сөйтіп бәрі  бітті.

   Кенесары  Қасымұлының  көтерілісінде  бірсыпыра  қайшылықтар  орын  алды.
Олар: бір жағынан қазақтарды Қоқан хандығынан  азат  ету  мақсатымен  соғыс,
екінші  жағынан,  туыстас,  қандас  қырғыздармен  ескі   кек   алу   соғысы,
үшіншіден, өзіне қолдау көрсетуден бас тартқан қазақ руларынан қарсы  басып-
шаншу саясаты. Кенесары тұсында қарт бурадай жарадық, жауды жасқап  жапырып,
жауған қардай боладық, дұшпанның алдын орадық,  Кене  ханнан  айырылып,  шіл
боғындай тарадық, көрінгеннен қорғалап, кісі аузына қарадық –  деп  Нысанбай
жырау  айтқандай,  Кенесары  мен  Наурызбай   өлгеннен   кейін   ұлт-азаттық
қозғылысы басылып, бостандыққа деген үміт үзіліп, қазақ жерін қайтадан  қара
түнек қаптады.
    Кенесары  Қасымұлы  бастаған  ұлт-азаттық  қозғалысы  патшаның   отарлау
саясатына қарсы жүргізілген ең ұзақ соғыс еді. Қазақ халқының феодалдық  хан
мемлекеттігін қалпына келтіру бұл жолы да жеңіліспен аяқталды.  Оның  жеңілу
себебі, дамудың феодалдық саясатында тұрған  қазақ  халқының  бытыраңқылығы.
Байтақ даланы жайлаған қазақ халқы үш жүзге  және  Бөкей  ордасына  бөлінді.
Осы  елдің  басын  қосу  оңай  болмады.  Жүздерге  жіктенген  қазақ   рулары
көтерілісті негізінен өз жерлерінде  қолдап,  Қоқан  және  Қырғыз  жерлеріне
басып кіруден өздерін алшақ ұстады. Кенесарының  өзін  қолдамаған  ауылдарға
озбырлығы, ауыр жазаға тартуы да  көтеріліс  қатарын  әлсіретті.  Екіншіден,
ұлт-азаттық  қозғалысын қазақтың бай-шонжарлары, ауқаттылары  қолдаған  жоқ,
қайта   оны   басуға   патша   әскерлеріне   көмек   көрсетті.    Үшіншіден,
көтерілісшілердің  жетілдірілген  қару-жарағы  болмады.  Төртіншіден,   ұлт-
азаттық қозғалысын басуға, Қазақстанның отар ел болып қала беруіне  көршілес
Қоқан, Хиуа, Бұқара хандықтары да, қырғыз манаптары да мүдделі болды.
   Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс қазақ жерінде  үш  жүздің
халқын түгелге жуық қамтыған және  ұзақ  уақыт  бойы  жүргізілген  көтеріліс
еді. Оның патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы бұқаралық сипатымен  және
қазақ халқының тарихында ірі прогресшіл  бағытымен  айқындалды.  Біріншіден,
бұл қозғалыс бұқараның азаттық үшін  белгілі  саяси  мектебі  ретінде  көзге
түсті.  Патшаның  отарлау  саясатына  қазақ  халқының   кейінгі   жылдардағы
қарсылығы осы көтерілістің  негізінде өсіп дамыды.  Оның  сабақтары  отарлау
саясатының қаншалықты озбыр, қанішерлік,  халықтың  тәуелсіздігін  аяқ  асты
етіп отырған саясат екенін түсінуге, оған  қарсы  күресте  өзінің  еркі  мен
жігерін ұштауға көмектесті. Екіншіден, патша өкіметіне  тегеурінді  қарсылық
көрсетіп,  оның  отаршыл  аппаратына  ірі-ірі  соққы  берген  бұл  көтеріліс
халықтың күш-жігерін дұрыс ұйымдастыра  білгенде  жеңіске  жетуге  болатынын
көрсетіп берді. Сонымен бірге ол қазақ халқының өсіп-өркендеуіне,  ұйымдасып
дамудың  даңғыл  жолына  шығуына  феодалдық  бытыраңқылықтың   тұсау   болып
отырғанын да  көрсетті.  Үшіншіден,  Кенесары  көтерілісі  патша  өкіметінің
қазақ халқына  құлдық  қамытын  кигізіп,  біржола  езгіге  салатын,  отарлау
саясатын  ширықтыра   жүргізетін   сәтін   біраз   кешеуілдетті.   Көтеріліс
отаршылдық саясатты қазақ даласына енгізудегі соңғы тосқауыл,  ақырғы  қамал
іспетті.
    Одан  кейінгі  он  жылдық  ішінде  болған  1853-1858   жылдардағы   Есет
Көтібарұлының да, 1856-1857 жылдардағы Жанқожа батырдың да патша  өкіметіне,
қоқандықтарға қарсы азаттық күресі  Кенесары  бастаған  қозғалыстай  ауқымды
бола алған жоқ.

5-дәріс.Есет Көтібаров пен Жанқожа Нұрмұханбетұлы бастаған көтеріліс.
1. Есет Көтібаров бастаған қазақтардың көтерілісі: алғышарттары, себептері.
Көтерілістің басталуы және барысы.
2. Жанқожа Нұрмұханбетұлы бастаған Сырдария қазақтардың көтерілісі:
алғышарттары, себептері. Көтерілістің басталуы және барысы.
   ХIХ ғасырдағы орыс және орта  Азия  хандарының  саясатына  келсек  Абылай
ханнан кейін қазақ жеріне аш бөрідей  анталаған  Қоқан  Хиуа  хандығы  Ресей
империясы қазақ жерін басып алып жатты.
  ХIХ ғасырдың ортасында Орта Азия үш ірі мемлекет: Қоқан, Бұхар  және  Хиуа
хандары болды.
   Қазақ еліне Қоқан Хиуа  хандықтары  және  Ресей  империясы,  жан  жағынан
бірігіп шабуылға шыққан кезде қазақтар күш біріктіре алмады.
   ХIХ ғасырдың аяғында Орта Азиядағы Бұхар, Хиуа және  Қоқан  хандықтарының
құрылу  процессі  аяқталып,  олар  өздерінің  жерлерін  көшпелі  аймақтардың
есебіне кеңейтуге бой  ұрды.  Өзбектердің,  қазақтардың  саяси  экономикалық
орталығы болған Ташкентті   жаулап  алуы  Қоқан  хандығының  күшейе  түсуіне
ықпал етті.Омар ханның (1809-1822)тұсында Қоқан  үстемдігі  Әулие  атаны  да
құамтыды. Осы кезенде  Қоқан  хандығының  Жетісудың  билеушісі  Әмір  сұлтан
мойндады. Омар хан  Түркістан  қаласы,  Сырдарияның  орта  ағысын  да  өзіне
қаратты. Қоқандықтар Қазақстанның онтүстік,  онтүстік  шығыс  бөлігін  түгел
қамтып  бейбіт  халықты  тонап,  қырды.  ХIХ  ғаысрдың  20жылдарында   Қоқан
хандығының қол астында  150  мың  қазақ  семьясы  болды.  Қоқан  билеушілері
қазақтарды зекет төлеуге күштеп көндіріп, діни фанатизмді қоздырды,  руларды
бір біріне айдап  салды,  сауда  керуендерімен  Ресей  бекіністеріне  шабуыл
жасады.
  Қоқан хандығы. Сырдария аймағанда орналасқан Қоқан  хандығы  ХIХ  ғсаырдың
басында құрылып, толығымен нығайды. Қоқанның атақты хандарының бірі  Әлімбек
осы хандықты құрушы болды. Ол өзіне Ташкент,  оджент  қалаларын  қосып  алды
және Бұхараға біршнеше шабуыл жасай  отырып,  оның  біраз  аудандарын  басып
алып, хандықты күшейтті. Осылайша оған үлкен мемлекетті құрудың сәті  түсті.
Әлімбек Қоқанд қаласын өз хандығының  астанасы  етті.  Сол  уақыттан  бастап
хандық  Қоқан хандығы деп атала бастады. Әлімбектің  өлімінен  кейін  хандық
билікті иемденген Омар хан (1816 1821)  Әлімбектін  інісі  Қоқан  хандығының
жерін бұрынғыданда кеңейтті.  Ол  хандыққа  Түркістан  қаласын  қосып  алды.
Омархан өзін әміршімін деп жариялап, айналасына әдебиетшілер  мен  ақындарды
жинап,  сәнді  сарай  жасады.  Ол  ескі  шығыс   мемлекетінің   монархтарына
еліктеуге тырысты.
  Бұхар тарапынан болып тұратын шапқыншылықтан және ішкі  өзара  қақтығыстан
ХIХ ғасырдың 30-шы жылдары Қоқан хандығы ыдырай бастады.  Тек  ХIХ  ғасырдың
ортасында ғана нығайтыла бастады. Қоқан хандығында барлық феодалдық  құрылыс
сияқты  ішкі  қырқыстар  шықты  жеке  феодалдар  арасында  әрқашанда   өзара
қақтығыстар орын алды, бұл хандықты әлсіретті.
   Қоқан  хандығында  егін  және  бақша   шаруашылығы,тұрғындардың   негізгі
шаруашылығы болды. Орталықтағы  Қоқан  қаласында  хандықтың  териториясында,
өзінің жеміс бағымен бірге аты шықан құнарлы Ферғана  алқабы  орналасты.  Ел
өмірінде қалалар басты роль атқарды. Олардың ішінде ең  ірілері  болып:  сол
кездің өзінде 100 мың адамы бар, ірі сауда және қолөнер  орталығы  -Ташкент,
40  мың  тұрғыны  бар,  қазаз  материалдың  ерекше  сорттарымен  аты  шыққан
Ходжент, және жібек мата шығарумен айналысатын Әндіжан болып табылады.  Бәрі
де қолөнер түрінде өндірілді.
    ХIХ  ғасырдың  бірінші  жартысында  Қазақстан  мен  Солтүстік  Қырғыстан
еңбекші бұқарасының Қоқан феодалдарының езгісіне қарсы біріккен күрес  едәур
күшейді. Күрес Түркістан, Шымкент, Сайрам, Әулиеата және  Пішпек  аудандарын
қамтыды. Бұл кезендегі ірі көтеріліс  -12  мыңға  жуық  адам  қатысқан  1821
жылғы көтеріліс болды. Оның барысында  көтерісшілер  Сайрам  қорғанын  басып
алды. Дегенмен де көтерісшілер Қоқан әскерлеріне  төтеп  бере  алмай,  жеңіп
алған жерлерінен шегінуіне мәжбүр болды.  1858  жылы  Қазақстанның  онтүстік
бөлігіндегі  еңбекші  бұқарасының   Қоқан   билеушілеріне   қарсы   стихиялы
қозғалысы қуатты көтеріліске ұласты. Бұл  көтеріліс  жөнінде  Ш.Уалихановтың
еңбектеріндеде айтылды. Ғалым қазақ, қырғыз  шаруаларының  өз  феодалдарымен
қоқан бектерінің екі жақты қанауында езіліп жаншылғаны, көтеріліске  Ташкент
билеушісі Мырза  Ахмедтің  қазақтардың  құрметті  бірнеше  биін  жауыздықпен
дарға  асып  өлтірткені  болғаны  жөнінде  баяндайды.   Әулиеата,   Шымкент,
Түркістан және Жетісудың  кейбір  аудандары  көтерілістің  басты  ошақтарына
айналды.  Орыс  жазбаларының  мәліметтері  бойынша  20   мыңға   жуық   адам
көтеріліске   қатысты.   Қоқан   феодалдары   өз   хандарының   басшылығымен
көтерісшілердің арасында ұлт араздығын туғызып,  олардың  күшін  бөлшектеуге
тырысты.  Алайда  Ұлы  жүз  қазақтары  мен   қырғыздардың   саяси   биліктін
болмауы,басшыларының  жоқтығы  көтерілістің  нәтижесінде  кері  әсер   етті.
Ш.Уалиханов өз еңбектерінде көтерілістің жеңілу себептеріне  тоқтала  келіп,
қазақ, қырғыз  еңбекшілеріне  қолдарына  қару  алып,  бостандық  үшін  Қоқан
феодалдарының  езгісіне  қарсы  батыл  түрде   күреске   шыққанымен,   Қоқан
билеушілері ұзамай қазақтың  старшин,  билер  мен  батырларын  қз  жақтарына
шығарып  алды  қазақ  феодалдарының  ішінен  құрметтілерімен  ханмен   оңаша
сөйлесу үшін  Қоқанға  жөнелтілді  деп  жазды.  1858  жылдың  аяғында  Қоқан
әскерлері  көтерілісті  бастады.  Көтерілістің   жеңілуінің   басты   себебі
стихиялық пен жергілікті сипатта болған еді.
  Қоқан билеушілері Жітісудаға позицияларынан айырылғасы келмеді. 1859  жылы
шілденің  аяғында  Батыс  Сібір  генерал  губернаторы  Г.Х.Гасфорт  Верныйға
келіп, қоқандықтарды ығыстыру жоспарын жасады. Полковник Циммерман  бастаған
отряд Құдияр ханның әскерлері қоршауға алған Қастек және  Іле  бекіністеріне
көмек шықты. 1860 жылы 28 августа ол  отряд  қазақ  сарбаздарының  көмегімен
Пішпекті,  одан  соң  қоқандықтардың  Тоқмақ  бекінісін  алды.  Қоқан   ханы
Қастекке 22 мың адамнан құрылған 2 отряд жіберді. Ол  Верный  мен  Жетісудың
басқа да  мекендерінде  қауіп  төндірді.1860  жылы  19-21  қазанда  Ұзынағаш
маңында ұрыс боды, Алатау округінің бастығы  Г.А  Колпаковскийдің  әскерлері
Құдияр хан әскерлерін талқандады. Бұл шайқасқа қатысқан қазақ сарбаздары  да
ержүректілігімен де көзге  түсті.  1867  жылы  11  сәуірде  Верный  бекінісі
қалаға айналып, Верный  уезінің  және  Түркістан  генерал  губернаторлығының
құрамына  енген  бүкіл  Жетісу  облысының  әкімшілік  орталығы   болды.Қоқан
хандығымен сыбайлас Бұхар және Хиуа хандығы болды.
  Бұхар хандығы. Қоқан хандығының Онтүстігінде  орналасты.  Ол  неше  жылдар
бойы парсылар тарапынан күшті шапқыншылыққа ұшырады  және  олардың  малдарын
айдап әкетіп, адамдарын тұтқынға алатын  еді.  Бірақ  ХIХ  ғасырдың  бірінші
жартысында Бұхар  хандығы  нығайды  және  күшейіп,  өзін  мықты  мемлекеттік
құрылыс ретінде  көрсете  білді.Тұрғындарын  негізінде  өзбектер,  тәжіктер,
қазақтар,  түркмендер  құрады.  Барлық  хандықтада   тұрғындарының   негізгі
көпшілігі өзбектер болды.Халықтың осы  топтарынан  барлық  хандық  басшылары
шықты.Бқхар  хандығының  тұрғындары  бақша  шаруашылығымен,  егін  және  мал
шаруашылығмен айналысты.
  Бұхар хандығындағы басты қалалар: 60 мың тұрғыны  бар  Самарқанд  және  үш
хандықтың  діни  мұсылмандар  орталығы,  хандықтың  астанасы  Бұхара.  Бұхар
әміршісінің  басқа  хандардан  айырмашылыға  ол  мұсылмандар   басшысы   дін
қызметкерлері болып табылады.Бұхара Хиуамен жиі жиі соғысатын еді.
  Бұхараның Солтүстік  батысында  Хиуа  хандығы  орналасты.  ХVIII  ғасырдың
соңында ол  жеке  феодалдық  топтардың  өзара  күресінен  әлсіреді,  ал  ХIХ
ғасырдың басында тез нығая бастады. 1804 жылы  Эльтузер  хан  бастаған  Жаңа
Хиуа династиясы пайда болды, барлық феодалдардың  орталық  билікке  бағынуын
көздеген  шешуші  күресін  бастады.Бұл  істе  оның  даңқын  шығарған  өзінің
мұрагері 20 жыл патшалық құрған (1806-1825) Мұхаммед-Рахим, Хиуа  хандығының
мықты  орталықтануына  жетуіне  күш  салды.Ол  күшті  феодалдар  қақтығысына
тойтарыс берді,  қарақалпақтарды  өзіне  бағындырды,онтүстікке  түркменияның
көп  бөлігін  қосып  алуымен  өз  хандығын  кеңейтті.  Мұхаммет  Рахим  жаңа
феодалдық  ақсүйектерді  қалыптастырды.  Түркмен  территориясын  жаулап  ала
отырып, ол тұрғылықты феодалдардан жерді тартып алып, оны ескі  феодалдармен
күресте өзіне тірек болатын жаңа тұлғаларға таратты.
  Хиуа хандығының тұрғындарының  басты  шаруашылығы  егін,  мал  шаруашылығы
болды. Бақша шаруашылығына  арналған  жерлері  де  болды.  Халықтың  негізгі
тұрғындарын   өзбектер,қарақалпақтар,қазақтар   және   түркмендер    құрады.
Мұхаммет-Рахим түркмендерден күшті атты  әскер  құрды,  салт  аттыларға  жер
үлестіріп берді. Түркмендер өздерінің  атты  әскерлерін  дәріптеп,  оны  хан
өзінің жаулап алу жорықтарына пайдаланады. Осы  хандықтардың  барлығында  да
феодалдық құрылыс болды. Бұл сондағы  жерге  қатысты  жағдайлардан  көрінді.
Жердің құныдылығы жер суаруға керекті мұндағы ерекше  роль  атқаратын  судың
болуына байланысты болды. Шағын жақсы  суарылған  жер  бөлігі  көп  мөлшерде
кіріс кіргізді. Хан иелерінде жерлер үш топқа бөлінді: 1 ші  топқа  мемлекет
жерәі кірді, бұл жер шын мәнінде ханның жеке  меншігі  болып  саналды.  Онда
шаруалар мәнгі арендаторлар жұмыс істеді. Салғырт  түрінде  салық  төлейтін.
Ақшалай салықтан басқа шаруалар табиғи салық та төледі.  2  ші  топқа  мүлік
мюльковый  жерлер немесе жеке  иеліктегі  жерлер  кірді.  Бұл  жерлер  ханға
қызметіне сыйға тарту еткен немесе қандайда  бір  ерекше  еңбегіне  берілді.
Хиуада  жер  мен  суға  халық  әдетте  көп  шағымданды.  Бұхараға  бұл  сиға
берілетін жер танха деп аталады, ал иесі  танхадар  әміршіге  әскери  қызмет
атқаруы тиіс еді. Хиуа және Бұхара хандыға тіпті ертеде  Петр  мен  келіссөз
жүргізді. Бұл жағдай Шығыс елдерімен қатынас орнатуға  бұрыннан  да  мүдделі
орыс патшасының назарын  Орта  Азияға  аударды.  1714-1717  жылдары  Петр  I
Хиуаға А.Бекович Черкаский басқарған экспедиция аттандырды,  оны  хиуалықтар
жолай құртып жіберді. Орта Азия рыноктары  үшін  Англиямен  бәсекеге  түскен
Россия 1839-1840 жылдары  генерал  адьютант  В.А  Перовскийдің  басшылығымен
Хиуа хандығына қарсы шабуыл ұйымдастырды. Патша үкіметінің  бұл  әрекеті  да
сәтсіз  аяқталды.  1873  жылы  генерал  К.П  Кауфманның  басшылығымен   орыс
әскерлері  Хиуаны  басып  алды.  1873  жылы  келісім  бойынша  Хиуа  хандығы
Амударияның оң жағалауындағы жерлерден бас тартты,  дербестігінен  айырылып,
ішкі автономиясын ғана сақтап қалды. Ол Россия протеторатына  айналды.  Хиуа
хандығының  құрамындағы  өзбек,  түркмен,  қарақалпақ,   қазақтар   суармалы
егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысты.  Хандықта  феодалдық  тәртіп
патриархалдық рулық және құл  иеленушілік  қатынастармен  астарласып  жатты.
Өндіріс  саласынан  тек  қана  бірнеше  мақта  тазалау   заводттары   болды.
Экспортқа мақта, кептірілген жеміс, мал терілері мен жүн шығарылды.
  Хан шексіз билікке ие болды.
  ХIХ ғасырдың екінші жартысында Хиуа хандығының басқыншыларына қарсы  қазақ
шаруаларының Нұрмұхамедов Жанқожа бастаған үлкен көтеріліс болды.
  Нұрмұхамедов Жанқожа (1780-1860)- Хиуа хандығының езгісіне  қарсы  күресте
аты  шыққан   батыр,   Сырдария   диқаншыларының   патша   үкіметіне   қарсы
көтерілісінің  басшысы.  Шекті  руының  старшины.  Хиуа  хандығының   зорлық
зомбылығынан   Нұрмұхамедов   қоныс   аударып,   Хиуа    хандығына,    Қоқан
билеушілеріне қарсы күрес  жүргізді.  1835  жылы  Сырдария  бойына  салынған
Бабажан қамалын  қиратып,  1845  жылы  Қуандариядағы  бекінісі  және1845жылы
көктемде  2  мындық  Хиуа  отрядын  талқандады.  Патша  үкіметінің  сырдария
бойындағы  суармалы  егіңстік  жерлері   тұрғын   харықтан   тартып   алуына
байланысты  1856  жылы  желтоқсанда   Сырдария   диқаншыларының   көтерілісі
басталды. Көтерісшілердің саны 3 мың адамға жетті.  Оның  орталығы  Жанақала
бекінісі  болды.  Нұрмұхамедов  бастаған  көтерісшілер  қазалының  1  фортын
қоршады. Көтерісшілерді басуға  1857  жылы  9  қаңтарда  Фитингофтын  отряды
жіберілді, оның құрамында 300 қазақ 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек  болды.  Ұрыс
Арықбалық  маңында  өтті,  Нұрмұхамедов  қолы  жеңіліске   ұшырады.   Ұрысқа
жазалаушылармен бірге  Сырдария  қазақтарын  басқару  жөніндегі  консультант
сұлтан  Ермұхамедов  Қасымовтың  отряды  да  қатысты.  Отряд  Нұрмұхамедовты
өлтіріп, ауылын қырғынға ұшыратты.
  Сонымен ХIХ ғасырдың 60-70 жылдары онтүстік аудандардың халқы  Қоқан  және
Хиуа хандардың езгісінде  болды.  Олар  қазақ  ауылдарын  шамадан  тыс  алым
салықпен әр түрлі  борыш,  міндеткерлікпен  діңкелетті.  Сырдария  мен  Арал
бойының қазақтары хандықтың жазалаушы  отряттарына  талй  рет  қарсы  шықты,
жылы Райм жылы қазалы  бекіністер  салынды.  Ресей  Қоқан  хандығы  арасында
қазақ жеріне талас басталды. Патша әкімшілігі  1853  жылы  қоқан  хандығының
бекінісі болған Ақмешітті алды, Сырдария әскери шебі  құрылды.  Бірақ  патша
әкімшілігінің отаршылдық саясаты еңбекші бұқараға ауыр тиді.  Түтін  салығы,
үкімет  және  қазақ  феодалдарының  пайдасына   жиналатын   алым   салықтар,
бекіністер  салуға  еріксіз  жұмыс  істетті,  жүк   тасу   жұмыстары   қазақ
еңбекшілерінің наразылыған тудырды.  Қазақ  еңбекшілерінің  патша  үкіметіне
қарсы жылдары Онтүстік, жылдары батыс  Қазақстанда  стихиялық  көтерілістері
жеңіліс тауып, оны басуға қазақ феодалдары да қатысты.  Феодал  шонжарлардың
сатқындық  әрекеттері  Онтүстік  Қазақстан  қазақтарының  1858  жылы   Қоқан
хандығының феодалдық езгісі  мен  қанауына  қарсы  халық  азаттық  көтеріліс
кезіндеде  көрінді.  Әулиеатада  басталған  көтеріліс  өзге  аудандарға  тез
тарады. Көтерісшілер  Мерке,  Созақ,  Шолаққорғанды  алып,  Жаңақорған   мен
Түркістанды қоршады, Оларға қырғыздарда қосылды.  Қазақстан  мен  Орта  Азия
еңбекші бұқарасының  жергілікті  және  қоқан  феодалдарының  езгісіне  қарсы
азаттық күресі олардың орыс мемлекетінің отарлау кезеніне дәл келді.
  ХIХ ғасырдың 50 жылдары Ұлы жүз қазақтары Россия  қарудың  күшімен   өзіне
қосты. Ұлы жүз қазақтары негізгі көпшілігімен бірігуге  тырысты.  1854  жылы
Верный бекінісінің негізі қаланды. 1863-1864 жылдары Онтүстік  Қазақстандағы
Қоқан хандығының қолында болған Әулиеата, Созақ, Тараз,  Шымкент,  Түркістан
қамалдары алынды. Қазақ жерінің Россияға қосылуы осылай аяқталды.

6-дәріс.Орал,Торғай, Маңғыстаудағы көтерілістер (1867-1868жж.)
1.1867-1868 жылдардағы Орал және Торғай облыстарындағы көтерілістер:
алғышарттары, себептері. Көтерілістің басталуы және барысы.
2.1870 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс: алғышарттары, себептері. Көтерілістің
басталуы және барысы.
      1868  жылы  желтоқсан  айында  Орал  және  Торғай  облыстарында  патша
өкіметінің отарлық саясатына қарсы көтеріліс басталды. Ол 1869 жылдың  қазан
айына дейін созылды. Қазақтар көтерілісінің  басты  себебі  1867-1868  жылғы
уақытша ережелер болатын.

      1869 жылы көктемде көтерілісшілердің  қарулы  жасақтары  казак  әскери
бөлімдеріне қарулы қарсылық көрсетіп, реформаны  жүзеге  асыру  үшін  келген
үкімет комиссиясына ашық наразылығын білдірді. Бұл  көтерілісті  Ембі  өзені
бойындағы  аймақты  мекендейтін  қазақ  руларының  ықпалды  көсемдері  Сейіл
Түркебайұлы мен Беркін  Оспанұлы  басқарды.  Қазақтардың  қарулы  қарсылығын
басу үшін Мәскеу, Петербор, Харьков, қазан әскери  округтері  мен  жазалаушы
әскери бөлімдері жіберілді. Жазалаушы әскер  бөлімдерінің  құрамында    5300
солдат  пен  офицер  және  20  шақты  зеңбірек  болды.  Жазалаушы   әскердің
шабуылынан соң көтерілісшілер Енбі, Сағыз,  Ойыл  өзендері  бойына  шегінді.
Көтерілісшілер 1868 жылы 6 мамырда  Ойыл  өзенінің  жанында  Жамансай  деген
жерде фон Штемпельдің  200  атты  әскері  мен  жаяу  әскер  ротасына  шабуыл
жасайды. Патша әскеріне қазақ жасақтары күшті қарсылық көрсетіп, 7 күн  бойы
оларды қоршауда ұстады. Соңында  жазалаушылар  Калмыков  бекінісіне  қайтуға
мәжбүр болды. Мұндай шайқас Ащыбұлақ өзені бойында  майор  Пироготың  әскери
бөлімімен де болды.  1869  жылдың  наурыз-маусым  аралығында  көтерілісшілер
билер мен болыстардың және старшындарының ауылдарына үш мыңға  жуық  адамның
қатысуымен 41 рет шабуыл жасалады.

      Көтерілістің кең етек алып кетуінен сескенген патша  үкімет  оны  басу
үшін нақты іс-әрекеттерді талап етті. Жазалаушы экспедицияны Орал  облысының
губернаторы Н.А. Веребкиннің өзі басқарды. Ол  басқарған  әскери  бөлімдерде
1700 астам адам  болды.   Осы  әскери  экспедицияның  нәтижесінде  көтеріліс
жаншылды.

      Көтерілістің негізгі  күші  қазақ  шаруалары  болды.  Олардың  мойнына
отаршылдықтың барлық ауыртпашылығы түскен еді.  Көтеріліске  қоғамның  басқа
өкілдері де қатысты, оның ішінде рубасылары мен сұлтандар да болды.  Мысалы,
сұлтан Ханғали Арсланұлы көтерілісшілердің жасағының бір  бөлімін  басқарды.
Бірақ  сұлтандар,  болыстар   мен   старшындар   тұрақсыздық   жасады   және
көтерілісшілердің  үмітін  ақтамады.  Көтеріліс  басталғаннан  кейін   патша
әкімшілігі оған қатысқандарды аяусыз жазалады.

       1870  жылы  наурызда  Маңғыстау   түбегіндегі   көтеріліс   басталды.
Көтерілістің негізгі себебі патша үкіметінің әкімшілік-аумақтық  реформалары
болды.   Ал  көтерілістің   шығуына   түрткі   болған   Маңғыстау   приставы
подполковник Рукиннің «Уақытша  ережеге»  сәйкес  бекінсітер  салынған  Ембі
өзені бойындағы жайылымдарды адай руларының пайдалануына тыйым салу  әрекеті
еді. Бозашы  түбегіндегі  көтерілісті  Досан  Тәжіұлы  мен  Иса  Тіленбайұлы
басқарды. 1870 жылы 15  наурызда  пристав  Рукин  4  зеңбірекпен  қаруланған
казак әскерімен Күріп аймағында адай  руларының  жайлауға  көшуін  тоқтатуға
әрекет жасады. 22 наурызда оған жауап ретінде қазақ жасақтары казак  әскерін
қоршап алып, талқанжап жіберді. Бұл шайқаста жарақат  алған  полковнк  Рукин
өзін-өзі атып өлтірді.  Казак  әскери  бөлімінің  талқандалуы  туралы  хабар
азаттық қозғалыстың белгісі болды. Көтерілісшілерді  Каспийдегі  балық  және
тұз  кәсібіндегі  жұмысшыларда  қолдады.  Көтерілісшілердің  саны  10  мыңға
жетті. 5  сәуірде  олар  Николаев  станциясы  мен  Александровск  форпостына
шабуыл  жасап,   Нижнее   бекінісіндегі   әскери   горнизонының   қоймаларын
талқандады. Сонымен бірге, форпостын шамшырағын жағып жіберді. Қолға  түскен
қайықтардан  кішігірім  флотилия  жасап,  Александровск  форпостын  қоршауға
қатысты. 9 сәуірде Кавказ әскери округінен  Алекксандровск  форпостына  граф
Кутаисовтың  басшылығымен  әскери  күш  келді.Сәуірдің  соңына  таман   граф
Кутаисовтың  зеңбірекпен қаруланған үш жаяу  ротасы  және  жүзге  жуық  атты
әскері Үстіртке  шегініп  бара  жатқан  ауылдардың  жолдарын  кесуге  әрекет
жасады. Мамыр айында Кавказдан Маңғыстауға Апшерон  полкінің батальоны,  екі
атқыштар ротасы, желілік батальонының екі  ротасы,  Дағыстан  полкінің  төрт
ротасы, Терск казактарының екі жүздігі төрт зеңбірекпен  жеткізілді.  Мұндай
әскери күшке қару-жарағы нашар қазақ  жасақтары  төтеп  бере  алмайтын  еді.
Қазақ жасақтарының жанқиярлық  қарсылығына  қарамастан,  көтеріліс  басылды.
Маңғыстауды патша әскері  басып  алды.  Көтеріліс  басшылары   М.Тіленбайұлы
Д.Тәжіұлы  өздерін  жақтаушы  ауылдарымен   1870   жылы   желтоқсанда   Хиуа
хандығының аумағына өтіп кетті. Көтеріліс басылганнан кейін  адай  руына  90
мың қой көлемінде соғыс  шығынын  өтеу  үшін  салық  (контрибуция)  салынды.
Ресей үкіметі  бұл  «жағдайды  Маңғыстау  түбегіндегі  тыныштық  орнату  мен
жазалау емес, керісінше қайтадан басып алу» жорығы болғанын мойындады.  1873
жылы Маңғыстау қазақтары қайтадан көтеріліс жасады. Бұл жолы  ресей  үкіметі
оларды Хиуа жорығына арналған түйелерін тартып ала бастаған еді.




7-дәріс. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
1. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің алғышарттары, себептері.
2.Көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, басталуының сылтауы.
3.Көтерілістің басталуы, оның көрнекті басшылары мен батырлары. Жанбосынов
Әбдіғафар, Амангелді Иманов, Мәмбетов Жәмеңке, Саурықов Ұзақ, Әшекеев
Бекболат, Көкімбайұлы Кейкі т.б.
4. Көтерілістің барысы, оның негізгі ошақтары.
5. Көтерілістің жеңілу себептері, жеңілістің зардаптары.
   ХХ ғасыр басында отырықшыл саясатқа ашық қарсы шыққан Ығыз  үезі  азаматы
Мырзағұл Шыманов )1850ж.т.-1906ж.қ.б.)  бастаған  шаоуалар  көтерілісі  еді.
1903 жылы Арал теңізі мен  Мұғалжар  тауы  аймағындағы  алдымен  бір  шоғыр,
Шалқар станциясында басталған бұл көтеріліске 800 адам қатысты және  ол  екі
жылға созылды. Күрес 1905 жылғы революцияға жалғасып барып,  жеңіліс  тапты.
Қолға түскен Мырзағұл 1906 жылы Илецк түрмесінде қайтыс болды.
   Бірінші орыс революциясы шеткері  ұлт  аймақтарының  еңбекші  бұқарасының
ғасырлар  бойығы  ұйқысынан  оятты,  Революциялық  қозғалыстардың  барысында
қазақ   еңбекшілерінің   орыс   жұмысшылары   және    қоныстанушы-шарулармен
интернационалдық  ынтымағы  нығайды.  Террорға,  тұтқындау   мен   жазалауға
қарамастан ереуілдер мен стаякалар  жалғаса  берді.  Бұл  революцияның  жаңа
өрлеу кезінде оған серпін  берді.Ленадағы  уақиғаға  үн  қосу  ретінде  1912
жылдың  көктемінде  Қазақстанда жұмысшылардың революциялық  орнының,  Спасск
мыс қорыту заводының, Торғай уезінің көмір кендерінің  жұмысшылары  ереуілге
шықты. 1914 жылы Ембі мұнайшыларының  ереуілі болды. Ереуілшілердің  негізгі
талаптары экономикалық (жылықыны көбейту, салық төлеуді  азайту  және  т.б.)
талаптар болды.

                        Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы
           Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс (1914-1918жж)
Патшалық Россияның 1914-1918 жылдары бірінші  дүние  жүзілік  империялисттік
соғысқа қатысуына байланысты  еңбекші  халықтың  басына  жаңа  ауыртпалықтар
түсті. Соғыс экономикалық жағдайды  күрт нашарлатып,  елдегі  елдегі  таптық
қайшылықты шиеленістіріп  жіберді.  Қазақстанда  ауыл  шаруашылығы  құлдырап
кетті,  егіс  көлемі  кеміді,   әсіресе   Жетісу,   Сырдария   обылыстарында
жергілікті халықтан  жерді  тартып  алу  әрекеті  толастамады.  Малды,  ауыл
шаруашылық өнімдерін, жем-шөпті  жаппай  реквициялау,  күш-көлік,  транспорт
құралдарын мобилизациялау жүргізілді. Еңбекшілердің  материялдық  жағдайлары
қатты нашарлап, жұмысшылардың жалақысытөмендеді. Азық-түлік екі  есе,  тіпті
оданда көп қымбаттады. Салықтар мен  алымдар  (жерге  жолға  т.б.)  3-4  есе
көбейді. Полициялық бақылаулар,  патша  чиновниктерінің,  байлардың  зорлық-
зомбылығы күшейді. Ауылда таптык  күштер  жіктелді.Ереуілдер  мен  стачкалық
қозғалыстар үдеп, экономикалық тараптермен қатар саяси  талаптарда  қойылды.
1914-1915 жылдары Қарағанда мен Екібастұз  шахтерлеріің,  теміржолшыларының,
Спасск  және  Қарсақбай  заводтары  мыс  қорытушыларының,  Ридерр,Жезқазған,
Успен рудниктері жұмысшыларының ереуілдері болды. Аграрлық толқулар да  етек
алды.  Соғыс  жылдырының  ауыр  жағдайларында   большевиктер   революцияслық
жұмыстарын өрістете  түсті.  Петропавлда,  Оралда,  Семейде  т.б.  қалаларда
астыртын социал-демократтық топтар жұмыс істеді. Олар белсенді үгіт  насихат
жұмыстарын жүргізіп,соғыстың империялистік сипатын, патша үіметі  саясатының
реакцияшыл мәнін түсіндірді.  Халық  бұқарасы  қарсылығының  өршуі,  әсіресе
1916 жылғы ұлт-азаттық, отаршылдыққа қарсы көтерілісте айқын байқалды.
   Он алтыншы жылғы ұлт-азаттық  көтеріліс-1916  жылғы  Орта  Азиядағы  ұлт-
азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі. Қазақстан халықтарының  империялизмге,
соғысқа, езгі,  қанауға  қарсы  бұқаралық  ұлт-азаттық   көтерілісі.  Терек,
Кубань  обылыстары  мен  Закавказье  ,  Орта   Азия,   Қазақстан,   Сібірдің
«бұратана» халықтарынан майданға қара жұмысқа адам алу жөніндегі  1916  жылы
25 маусымдаға патша жарлығынан соң  басталды.  Көтерілістің  негізгі  себебі
отарлық езгінің күшеюі, жердің тартып алынуы, алым-салықтың  көбеюі,  бұқара
жағдайының күрт нашарлауы еді. Оның  негізгіқозғаушы  күші,  жергілікті  ұлт
шаруаларынан тұратын халық бұқарасы болды.Қозғалыс көпшілік аудандарда  ұлт-
азаттық сипатта блды.  Осыған  орай  езіліп,  жаншылған  орыс  тұрғындарының
арасынанда   көтерілісшілерді   қолдағандар   табылды.    «Қазан-богородский
селосында,-деп мәләмдемені Верныйдың полицмейстері Жетісу обылысының  әскери
губенаторы М.А. Фольмбаумға,-шаруалар Иван Долматов  пен  Дормидон  Федосов…
қырғыздарды алынатын жергілікті тұрғындардың тізімін жасатпауға шақырады.»
   Орыс кедейлерінің патша  үкіметінің  билеп-төстеуіне  қарсылық  білдіріп,
көтерілісшілер жағына шығып, көмек көрсеткендері жайлы  фкатілерде  белгілі.
Жетісу, Семей; Ақмола мен  Торғай  обылыстарында  қаруланған  көтерілісшілер
отрядтары жергілікті әкімшілік өкілдерін  жазалап,  бай-феодалдардың,  болыс
басшылырының мүліктерін қиратты, полиция және патша әскерлерімен  қақтығысқа
түсіп, әскер  жасындағы  жастарға  толықтырылған  тізімдерді,  тартып  алып,
жойып  отырды.  Кейбір  жерлерде  көтерілісшілер  болыс   басшыларын,   ауыл
старшындарын,  құрметті  ақсақалдарды  және  басқа  да  лауазымды   жандарды
өлтіріп,  қарыз  бен  несие  жөніндегі  шарттарды,  жер  сатуға   байланысты
документтерді, салық салу қағаздарын жойып отырды.
     Көтерілісшілердің    қатарын  Риддер  тау-кен  өнеркәсіптік   қоғамның,
Қарсақпай,  Спасск  заводтарының,  Успен  мен  Жезқазған  кен   орындарының,
Қарағанды көмір кенінің қазақ жұмысшылары толықтырды.  Қозғалысты  бәсеңдету
үшін 1916 жылдың 20 шілдеде патша  мүсіркеушілік  біліріп,  жігіттерді  егін
орағы біткенге дейін әскер қатарына шақырудан қалдырды. Кейін оны 1916  жылы
15 қыркүйекке дейін ұзартты. Әйтседе барған сайын күшейе түскен  ұлт-азаттық
қозғаысын келіссөз  жүргізу  жолымен  тоқтату  мүмкін  емес  еді.  Көтеріліс
елеулі саяси және революциялық факторға айнала бастады.
Қазақтың демократ интеллигенциясы халық жағына шықты.  Олар  бай-манаптардың
сатқындық әркеттерін әшкерелеп, Орыс халқымен бірге  орыс  патшасына  қарсы!
Деген ұранмен халықты  бостандық  жолындағы  күреске  жігерлендірді.  Торғай
даласында-большевик Әліби Жангелдин мен Аманкелді  Иманов,  Орал  обылысында
Сейітқали Мендешев,  Ақтөбе  даласында-  Бәмән  Алманов,  Ақмола  даласында-
Әділбек Майкөтов пен Сәкен  Сейфуллин,  Жетісуда-Тоқаш  Бокин  мен  Бекболат
Әшекеев,  Сәт Ниязбеков, Сырдария  обылысында  Тұрар  Рысқұлов  т.б.  болды.
Орта Азия мен Қазақстан халықтары бостандық үшін патшаға тонаушылық  соғысқа
қарсы, Россия халоықтарымен тең дәрежедегі правосы үшін күреске көтерілді.
  Россия жұмысшы табы отарланған бұратана халықтар тарыпатынан  шын  одақтас
тапты. Қозғалыс стихиялы, әр түрлі аймақтарда  әр  түрлі  мезгілде  басталды
да,  онда  жұмысшы  табының  және  бір  орталыққа  бағындырылған   басшылығы
болмады. Осыған  қарамастан  қозғалыс  еңбекші  халыққа  революциялық  сабақ
беруде айтарлықтай роль артқарды. Көтеріліс бүкіл Қазақстан теориясын  тегіс
қамтыды, жазалаушы отрядтармен қараулы шайқастар  бірнеше  айларға  созылды;
Торғай обылысындағы көтеріліс ең ұзаққа созылған,  ең  ұйымдасқан  көтеріліс
болды. Көтерілісшілерге халық батыры Аманкелді Иманов  пен  большевик  Әліби
Жанкелдин басшылық  етт.  Патша  әскерлері  көтірілісті  қаталдықпен  басып-
жаншыды, көптеген көтерілісшілер мен  бейбіт  халық  қырғынға  ұшырады.  300
мыңдай  адам  басқа  жаққа  көшті.Ұлт-азаттық  көтерілісі  жұмысшы   табының
революциялық күресімен үдесіп жатты. Қазақ  халқы  бостандық  жолында  патша
үкіметіне, тонаушылық соғысқа  қарсы,  жер  үшін,   ұлтық  тәуелсіздік  үшін
күресті.  Ол   Россиядағы   өрлей   түскен   революциялық   жұмысшы-шаруалар
қозғалысының  құрамдас  бөлігі  болды.   Ел   ішінде   революциялық   жағдай
қалыптасты.
  Қорыты келгенде, отаршылдар  тілімен  ацтқанда,  бұтана  халықтардан  қара
жұмысқа 18  бен  43  жас  аралығындағы  адамдарды  мобилизациялау  жайлы  52
маусымдағы  патша  жарлығы  бүкіл  қазақ  даласын  дүрсілкіндірді.   Торғай,
Ақмола, Семей, Жетісу,Сырдария,Орал обылыстарының Бөкей ордасының  қазақтары
бас көтерді. Халықтың ғасырлар бойғы ашу-ызасы бір-ақ  сәтте  тасыған  судай
ақтарылды.  Қарапайым  қару-жарақпен   қаруланған   ауыл   қазақтары   патша
шненеуіктеріне,  олардың  сөзін  сөйлеген  болыс-билеріне  де  қарсы  шығып,
көптеген жерлерде оларды аяусыз жазалады.
    Сөйтіп, бүкіл қазақ даласы  көтеріліске  шықты.  Көтерілістің  Торғайда-
Ә.Жанкелдин,     Оралда-С.Мендешев,     Маңғыстауда-Ж.Мыңбаев,     Ақмолада-
С.Сейфуллин, Сырдарияда-Қ.Рұсқылов, Жетісуда-Т.Бокин саяси басшылары  болды.
Алайда  патшаның  жазалаушы  отрядтары  көтерілісшілерге   құрсанған   темір
жасаулы қолмен келіп,  оларды  аяусыз  тұншықтырды.  Дегенмен  оларға  қатты
қарсылық көрсетіп,  бетін  қайтарған  ержүрек  сарбаздар  қатары  күн  сайын
көбейе түскен еді.
   1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ең  ұйымдасқан  және  қатты  қарсылық
көрсетіп, орыс патшасының  үрейін  ұшырған  соғыс  Торғай  даласында  болды.
Торғай уезі ғана емес,  сол  кездегі  ұланғайыр  Торғай  обылысының  Торғай,
Ырғыз,Ақтөбе,Қостанай  уездерін   және   оған   көршілес   Атбасар,   Ұлытау
жерлерінде қамтыды.
   Көтеріліс басшысы, яғни хан болып елдің белгілі  азаматы  Қыпшақтың  Нияз
атасынан   Әбдіғапар   Жанбосынұлы   сайланды.   Сарбаздар   сардары   болып
Кенесарының батыры Иманның  немересі   Аманкелді  бас  мергені  болып  есімі
халықарасында аңыз болып тараған Кейкі Көкенбайұлы сайланды.
   Көтерілісшілер қатары қазан айында  50  мыңға  жетті.  Сарбаздардың  ішкі
тәртібін   нығайтып,    оларға    онбасы,    жүзбасы,мыңбасылар    сайланды.
Көтерілісшілер санының тез  арада  мұндай  дәрежеге  өсуі  Торғайдың  әскери
губенаторы  М.Эверсманды  қатты  алаңдатты.  Торғай,Ырғыздың  кең  даласында
бөлінген 20 көтерілісшілер отряды басқа обылыстардағы қазақ  рухын  көтеріп,
Қарсақбай,Ақмола,Семей обылыстарынан да қарулы тотар қосылды. 22 қазан  күні
олар Торғай қаласын қоршауға алды.
   Бұл кезде генерал  А.  Лавреньев  бастаған  мұздай  қаруланған  жазушылар
корпусы  үш  бағытта:   Шалқар-Торғай,   Қарабұтақ-Торғай,   Қостанай-Торғай
бағыттарымен   жолға   шыққан   еді.   Қару-жарақтарының    жетіспеушілігіне
қарамастан, халық көзсіз ерлікпен соғыса берді. 1916 жылдың  күзі  мен  1917
жылдың қысында көтерілісшілер Доғал,Үрпек,Шошқалы  қопа,  Бетбаққара,  Татыр
далаларында  ұрыс  салып,   жазушылардың   бетін   қайтарды.   Осы   соғыста
қаһармандықпен  қол  бастап,  ерлігімен  үлгі  болған  Аманкелді  батыр  мен
құралайды көзге атқан әйгілі қол мерген  Кейкі  батырдың  жауынгерлік  даңқы
бүкіл  қазақ  даласына  аңыз  болып  тарады.  Көтеріліс  1917  жылғы   ақпан
революциясына жалғасты.
   Тарихымыздағы ерекше орын алатын  көтерілістің  бірі-Жетісу  обылысындағы
қарулы  көтеріліс  еді.  Әсіресе  Жайылмыш  болысындағы   Бекболат   Әшекеев
бастаған  бірнеше  мыңдаған  көтерілісшілер  тобы  Үшқоңыр,   Ошақты   деген
жерлерде  бас  қосып,  қара  жұмысқа  адам  бермеуге   пәтуаласты.   Үшқоңыр
көтерілісшілер орталығы болып,  ұсталар  қару-жарақ  соқты,  жігіттер  соғыс
өнеріне жаттықты.  Патша  әскері  жолдарына  қарауылдар  қойылып,тосқауылдар
жасалды.  Сарбаздар   Верный   қаласына   шабуыл   жасамақ   ниетпен   көрші
аудандардағы көтерілісшілермен  байланыс  жасады.  Патша  үкіметі  Түркістан
өлкесін соғыс жағдайында деп жариялады.  Верный,Жаркент,  уездерінде  қарулы
қақтығыстар болды. Түркістанның генграл-губенаторы Куропаткин мен  Жетісудың
соғыс губенаторы Фольбаум қарулы отрядтар құруға м әжбүр болды.
   Жазлаушы әскерлер көтерілісшілер ғана  емес,  бейбіт  халыққа  да  аяусыз
зәбір жасады. Оларды атты, асты, дүние-мүлкін талауға салды. Қарулы  әскерге
қарсы тұра алмаған көтерілісшілер Қытай мен  Қаш  ғар  жеріне  қашты.  Қолға
түскен көтеріліс басшысы  Бекболатты  дарға  асты.  Жүздеген  көтерілісшілер
өлім жазасына кесілді.
    Осы  өлкенің  Ұзақ   Саурықов,   Жәмеңке   Мәмбетов   бастаған   қарқара
көтерілісшілері де тізе бүгіп, оның  басшыларын  патша  жендеттері  у  беріп
өлтірді. Ұзақ Жәрмеңке  сарбаздарының алғашқы  бас  қосқан  халық  осы  күні
Ереуілтөбе деп атайды.
Самодержавие құлатылғаннан  кейін  де  патшаның  жазалаушы  отрядтары  қазақ
даласында ойран салуын, ал әскери-дала соттары  көтерілісшілерге қатаң  үкім
шығаруын тоқтатпады.  Патша  үкіметі  майданға  шақырылған  жігіттерді  кері
қайтаруды  кешеуілдетті.  Уақытша  үкімет  әуелі   жергілікті   тұрғындардан
майданға жаңа адамдар алуға әркет жасады.Уақытша үкімет  комиссиларының  іс-
әркеттері феодалдар мен байлар тарапынан үнемі қолдау тауып отырды.  Уақытша
үкіметтің жергілікті органдары феодалдар  мен  ру  ақсүйектерінің  көмегімен
Торғай мен Атбасар далаларында, Ұлытау өңірінде, Жетісу мен Балқаш  өңірінде
көтерілісшілерді  ауыздықтауға бағытталған әрекетітері  іске  аспады.  Патша
тақтан құлатылғаннан кейін, қазақ  еңбекшілерінің  күресі  ұлттық,  аграрлық
мәселелерді шешуде  дәрменсіздік  көрсеткен  Уақытша  буржуазиялық  үкіметке
қарсы бағытталды.

8- дәріс. 1917ж. Қазан төңкерісі және Ақпан төңкеріс кезіндегі Қазақстан.
1.Қазан төңкерісінің қозғаушы күштері,сипаты, басталуы.
2. Ақпан төңкерісінің қозғаушы күштері,сипаты, басталуы.
3.1917ж Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
           Ресейдегі буржуазиялық демократиялық революциясы және Қазақстан
                                    (1917ж ақпаннан 25 қазанға дейін)
      1917  ақпанда  буржуазиялық  демократиялық  революцияның  жеңіп  шығуы
елдегі тап  күшінің  арасалмағын  күрт  өзгертті.  Социалистік  революцияның
жолындағы  басты  кедергі-  самодержевание  жойылды.  Революцияның   негізгі
мәселесі-өкімет туралы мәселе-өзінше шешім тапты.
       Еңбекшілердің  инициативасытивасымен  пролетариат   пен   шаруалардың
революциялық демократиялық диктатурасының органы жұмысшы, солдат,  кейінірек
оған    қоса    шаруалар    депудпттарының    Советтері     пайда     болды.
Советтердіңбасшылығына   еніп   кеткен    меньшеквиктер    мен    эсерлердің
келісіспаздық саясаты буржуазиялық жағдайын білдіретін  қос  үкімет  дүниеге
келді. Уақытша үкімет, сөз жүзінде өзгерістер енгізуге  ұмтыламыз  дегенмен,
іс жүзінде буржуазияның мүддесін көздеп, негізінен бұрынғы ішкі және  сыртқы
саясатты  жалғастырды.1917  жылғы  23-27  ақпанда(8-12мамыр)  болған   Ақпан
буржуазиялық   демократиялық   революцияның    нәтижесінде    самодержавание
құлалылып, қос үкімет:  буржуазиялық  диктарурасының  органы-Уақытша  үкімет
пен жұмысшы-шаруалар диктатурасының   революциялық-демократиялық  органдары-
жұмысшы  солдат  және  шаруалар  депутаттарының  советтері  құрылды.   Бүкіл
елдегідей Қазақстанда буржуакзиялық деморатиялық  революция  барысында  1917
жыодың наурыз-сәуірде Уақытша үкімет органдарымен бірге Семейде  Әулиеатада,
Петропавлда,Көкшетауда,Павлодарда,Өскеменде  т.б.  қалаларда  жұмысшы   және
солдатдепутаттарының  советтері   және   қырғыз   депутаттарының   Советтері
құрылды.  Буржуазиялық  үкімет  самодержеванияның   отырықшылық   және   ұлт
саясатын жалғастыра берді. Қазақстанда Жерді күшпен тартып алу,  1916  жылғы
көтеріліске қатысушыларды қуғындау жүргізілді.
   Соғыс алдында экономикалық жағынан  нығайтып  үлгермеген  қоныс  аударған
деревнялардың  шаруашылықтары  соғыс  жылдарында  қатал   дағдарыс   басынан
кешірді.  Ол,  ең  алдымен,   кедейлер   мен   орташаларды   немесе   барлық
шаруашылықтың 4/5 бөлігін қамтыды. Дағдарыс көптеген  қазақ  шаруаларына  да
соққы болып тиді. 1,6 млн адам  тұратын  селолар  мен  станциялардан  250мың
адам армия қатарына алынды. Бұл-еңбекке жарамды ерлердің  тең  жартысы  еді.
Бірсыпыра жерлерде  егістік  жерлердің  көлемі  күрт  азайдй,  сөйтіп  астық
тапшылығы (әсіресе қалаларда  және  өлкенің  Оңтүстік-Батысаймағында).  Мұны
село буржуазиясы астықтың бағасын көтеруге шебер пайдаланды.  Соғыс  жайында
самодержавиенің  бұрыннан  да  оңып  тұрмаған  салық  саясаты  көшпелі  және
жартылай қазақ шаруаларына өте ауыр соқты. Малды,жемді,киізді жаппай  ортаға
салу ақша салығының артуы әртүрлі алым-жиымының көбеюі  көптеген  шаруаларға
жұтау қауіпін туғызды.
   1917 жылы күзде Қазақстандағы  револютциялық  процестің  дамуында  елеулі
өзгеріс болды. Петропавлскіде,Семейде,Ақтөбеде,Перовскіде, Қазалыда  алғашқы
 Қызыл гвардия меньшевиктер  Советтердің  көпшілігіндегі  басшылық  жұмыстан
аластатылады, дербес большевиктік  ұйымдар  құру  басталды.  Қазақ  халқының
Ә.Асылбеков,С.Сейфуллин,Т.Бокин,Т.Рұсқылов, т.б. сияқты адал ұлдары,  партия
қатарына     өтті.     Жұмысшыларға,әсіресе     теміржолшыларға,шахтерлерге,
кеншілерге,майдан шебіндегі қара жұмыстан оралған қазақ  жұмысшыларына,ауыл-
село кедейлеріне,гарнизондардағы  революциялық  пиғылдағы  солдаттарға  арқа
сүйген қазақстандық большевиктер  жергілікті  елдің  орталық  аудандарындағы
еңбекшілердіңазаттық күресін басу үшін казак әскерлері мен  өлкедегі  әскери
бөлімдер негізінде де контрреволюциялық күш құрауына кедергі келтірді.
   1917 жыл қыркүйекте-бүкіл Россияда революциялық  дағдарыстың  шұғыл-пысып
жетілген кезі еді. Жұмысшы қозғалысы өкімет билігін пролетраиат қолына  алар
кезеңге  таялды:  бүкіл  елде  ереуіл  тоқтамады,  көптеген  фабрикалар  мен
заводтарда жұмысшы бақылауы орнатылды, Қызыл гардия айбынды  күшке  айналды.
Петроград пен Москва Советтеріне іле-шала Урал,Донбасс,Сібір,Орта Азия  т.б.
Советтері де большевиктер жағына шықты.
1917 жылдың күзінде  майдан  мен  тылдағы  солдаттар,  матростардың  негізгі
бөлігі  пролетариат  жағына  өтті.  Солтүстік-Батыс,  Батыс   майдандарының,
Солтүстік Балтық флотының,  Қазан,Сібір,  және  Түркістан  әскери  округының
әскерлері   революцияның   сенімді   қарулы    күшін    құрады.    Қазақстан
территориясында                        Олар,                        Черняев,
Әулиеата,Петропавл,Семей,Павлодар,Қазалы,Түркістан    т.б.    гарнизондардың
солдаттары Совет өкіметі үшін күресті.  Олар  Керенскийдің  Уақытша  үкіметі
басшысы бұйрығын орындаудан бас тартқан еді. Елдегі жаңа саяси  жағдай  жаңа
дағдарыстыңтаялғанын көрсетті.
1917 жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін орнаған
Уақытша буржуазиялық үкімет елдегі әлеуметтік және ұлттық езгіні жою, жер
мәселесін, империалистік соғыстан шығу және т. б. мәселелерді шешпеді.
Қазақстандағы жергілікті халықтарды саяси құқықтарынан айырған бұрынғы
патша үкіметінің заңдары өз күшінде қалды. Өлкедегі казак-орыс әскерлерінің
ұлан-байтақ жер иеліктері мен барлық әлеуметтік артықшылықтары толығымен
сақталды. Қазақстанның ең жақсы шұрайлы жерлерін отаршыл кулактар тартып
алып берген Қоныс аудару басқармасының жергілікті аппараты өз жұмысын одан
әрі жалғастырды. Өнеркәсіп орындарында 8 сағаттық жұмыс күні енгізілмеді.
Мемлекеттік мекемелер мен мектептерде қазақ тіліне көшуге бұрынғысынша
тыйым салынды. Ресей мемлекетіндегі бұл жағдайларды В. И. Ленин бастаған
большевиктер партиясы «Бүкіл өкімет кеңестерге берілсін» — деген ұранды
пайдалана отырып, Уақытша үкіметті құлату үшін оны басты құралға
айналдырды. Сөйтіп, 1917 жылғы 25 қазанда (7 қарашада) Петроградта қарулы
көтеріліс басталып, Уақытша буржуазиялық үкімет құлатылды.
Революция бүкіл билікті жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары кеңесінің қолына
беру арқылы халықтың әр түрлі топтары мен түрлі ұлттардың, халықтардың
келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің
қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан
революциясынан кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге
отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді.
Ал Ленин бастаған большевиктер зауыт, фабрикалар жұмысшыға, жер шаруаға,
бейбітшілік – бүкіл халыққа деген ұран көтере отырып, Ресейге тәуелді болып
келген халықтар жөнінде өз бағыттарын белгіледі. Олар барлық ұлттар мен
ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып,
оларды революция туының астынан кетпеуге шақырды.
Петроградтағы Қазан төңкерісі
1917 жылы 25 қазанда Ресей империясының астанасы Петроград қаласында Қазан
төңкерісінің нәтижесінде мемлекет билігі Кеңестердің қолына көшті. Қазан
төңкерісінің идеологы, яғни басшысы В. И. Ульянов (Ленин) болды.
Қазан төңкерісінен кейін билікті қолына алған Кеңестер «Ресей халықтары
құқықтарының декларациясын» қабылдады. Осыдан кейін Кеңестердің «Ресей мен
Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» үндеуі жарияланды. Аталған үндеуде
халықтардың діни сенімдері мен ұлттық мүдделеріне ешкім тиіспейтіні, барлық
халықтардың құқықтары бірдей болатыны туралы айтылған.
1917–1918 жылдары Қазақстанда Кеңестер өкіметі кейбір өңірлерде күрес
нәтижесінде, ал енді бір жерлерде бейбіт түрде орнады.
Қазан төңкерісінен кейінгі Қазақстандағы ұлттық үкіметтер
1917 жылы қарашада Орынбор контрреволюциялық төңкеріс нәтижесінде Дутов
басқарған «Әскери үкімет» билікті қолына алды.
1917 жылы 15 қарашада Ташкентте болған мұсылман депутаттары Кеңестерінің
өлкелік съезінде жаңа үкімет «Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі» орнады.
Бұл үкіметтің Кеңесі құрамында мұсылмандар болған жоқ. 1917 жылы
22 қарашада Қоқанд қаласында болған бүкіл түркістандық IV съезде Түркістан
автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны туралы жарияланды. Бұл үкімет
кейбір деректерде «Қоқанд автономиясы» деп аталды. Алғашқы басшысы М.
Тынышбаев, одан кейін басшы қызметін Мұстафа Шоқай атқарды.
1917 жылы 5–13 желтоқсанда Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі болды.
Съезді М. Шоқай басқарды.
Съезде Алаш автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.
Алашлорданың 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрылды.
Автономия орталығы Семей қаласында орналасатын болды.
Алашорда үкіметінің төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды. «Қазақ»
газетінде «Алаш» партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды.
«Алаш» партиясының бағдарламасы:
   1. басқару түрі;
   2. автономия;
   3. азаматтық негізгі құқықтары;
   4. дін ұстану туралы мәселе;
   5. соттар туралы;
   6. қорғаныс;
   7. салық;
   8. жұмысшы мәселесі;
   9. халық ағарту;
  10. жер мәселесі.
Кеңестер билігі Сырдарияда
1917 жылы 30 қазанда Перовскіде билік бейбіт жағдайда жұмысшы солдат
депутаттарының қолына көшті. 1917 жылы 1 қарашада 4 күнге созылған шайқас
негізінде Ташкентте Кеңес өкіметі орнады.
Кеңестер билігі 1917 жылы қарашада Шымкентте (бейбіт түрде), 1917 жылы
7 қарашада Түркістанда орнады.
Кеңестер билігі Торғай облысында
Торғай облысында атаман Дутов бастаған қазақтар мен Ә. Бөкейханов бастаған
Алашорда және эсерлер Кеңес өкіметіне қарсы күресті. Бірақ олар жеңіліске
ұшырады. 1917 жылы 25 желтоқсанда Қостанайда күрес нәтижесінде кеңестер
билігі орнады. (басшысы В. М. Чекшаров).
1918 жылы 8 қаңтарда Кеңестер Ақтөбеде билікке келді (басшысы В. Ф.
Зинченко).
1918 жылы қаңтарда Торғай, Ырғыз уездерінде Кеңес өкіметі орнады.
1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда Кеңес өкіметі орнады.
Кеңестер билігі Солтүстік және Шығыс Қазақстанда
Бұл өңірлерде Кеңес өкіметі күрес нәтижесінде орнады.
1917 жылы 22 қарашада Петропавлда Кеңестер билігін қолына алған Уақытша
Революциялық Комитет билікке келді (басшысы И. Д. Дубинин).
1917 жылы 25 желтоқсанда Ақмолада Кеңес өкіметі орнады.
1917 жылы желтоқсанда Кеңес өкіметі Көкшетауда орнады.
1918 жылы 2 қаңтарда Атбасарда Кеңес өкіметі орнады.
1918 жылы 18 қаңтарда Өскеменде билік Кеңестердің қолына көшті.
1918 жылы 19 қаңтарда Павлодарда күрес нәтижесінде билік Кеңестердің қолына
көшті.
1918 жылы 17 ақпанда Семейде Кеңестер билігі үкімет басына келді.
Кеңестер билігі Батыс Қазақстанда
1918 жылы 15 қаңтарда Оралда Кеңес өкіметі орнады. Бірақ осы жылдың
наурызында ақ гвардияшылар контрреволюциялық төңкеріс жасап, Кеңестерді
биліктен тайдырды. Оралда Кеңес өкіметі азамат соғысы жылдарында ғана
орнады.
1917 жылы 2 желтоқсанда Бөкей ордасында Кеңес өкіметі орнады.
Кеңестер билігі Жетісуда
1918 жылы 3 наурызда Верныйда Кеңес өкіметі қарулы көтеріліс нәтижесінде
орнады.
1918 жылы наурыз айында Жетісу облысының барлық өлкесінде Кеңестер билігі
орнады. Жетісу өңірінде Кеңес өкіметін орнату жолында Ж. Бабаев, А.
Розыбакиев, Т. Боткин, Т. Өтепов т. б. революционерлер аянбай күресті.
Социалистік экономика және мәдениет
Кеңестер билігінің орнауына байланысты Қазақстанда жаңа үкіметтің басқару
жүйелері құрыла бастады. Барлық кеңестер іске кірісті. Кеңестер жанынан
қаржы, өнеркәсіп, жер, ағарту, әділет, денсаулық сақтау басқармалары жұмыс
істеді.
1918 жылы 21 наурызда Орынборда кеңестердің I Торғай облыстық съезі
басталды. Съезде жергілікті басқару жүйесі, әлеуметтік мәселелер жайында
қаулы қабылданды. Бұл съездің қаулысы бойынша Алаш қозғалысының үнқағазы
«Қазақ» газеті жабылды.
1918 жылы 20 сәуірде Ташкентте Түркістан Кеңестерінің V съезі болды. Бұл
съездің құрамында Жетісу облысы бар Түркістан автономиялы Кеңестік
социалистік республикасы құрылды. 1918 жылы Кеңес өкіметі көптеген
өнеркәсіп орындары мен банкілерді мемлекет қарамағына алды.
Халықты азақ-түлікпен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданылды.
1918 жылы Ақмола мен Семейде сауда ісін жүргізу азық-түлік комитетіне
жүктелді.
Кеңес өкіметі ағарту мәселесі бойынша нақты шараларды жүзеге асыра бастады.
С. Сейфуллин Ақмола облысындағы, С. Меңдешев Бөкей ордасындағы білім беру
бөлімдерін басқарды.
Кеңес өкіметі Қазақ АКСР-ын құру мақсатында қазақ бөлімін құрды. Бұл істер
азамат соғысының басталуына байланысты тоқтап қалды.
Қазақстанда кеңестік мемлекеттік аппарат құру және экономика саласындағы
алғашқы өзгерістер
Кеңес өкіметі жеңгеннен кейін Қазақстанда да ескі мекемелер, оның ішінде,
Уақытша үкіметтің комиссарлары, отарлау-шенеуніктік әкімшілік қоныстандыру
басқармасы, бұрынғы сот жүйесі жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат
депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады. Мұндай өзгерістердің іске
асуына Қазақстан қалаларында құрылған революциялық комитеттердің рөлі зор
болды. Олар қызыл ұландар бөлімдерін, жұмысшы жасақтарын құрды, кедейлерге
арқа сүйеп, қанаушы таптардың қарсылығына тойтарыс берді, өкімет билігінің
кеңестердің қолына өткенін жариялап, олардың нығаюы үшін ат салысты.
Өкімет билігінің ескі құрылымы Қазақстанда бірден жойылған жоқ. Олар әуелі
кеңестердің қарамағына өтіп, сосын аттарын өзгертіп, бірте-бірте кеңес
қарауына алынды. Мәселен, 1918 жылы ақпанда жұмысшы, шаруа, солдат,
мұсылман депутаттары Ақтөбе кеңесі қалалық басқарманы кеңес басқару орны
етіп қайта құрып, қалалық думаны таратты. Семей облыстық кеңесі 1918 жылы
9 наурызда дума мен басқармаларды таратып, уақытшы үкіметтің уездік
комиссарларының міндетін жаңа құрылған кеңестерге жүктеді. Сол жылы
12 сәуірде Түркістан өлкесінің Халық Комиссарлар Кеңесі азық-түлік
басқармаларына тиісті Кеңестердің азық-түлік бөлімі етіп қайта құру жөнінде
жарлық шығарды. Қостанай уезіндегі шаруашылық иелігі Кеңестің қарамағына
алынды.
Шіркеудің мемлекеттен, мектептің шіркеуден ажыратылуы, ерлер мен әйелдер
теңдігі іске асырылды. Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің 1917 жылғы
10 қарашадағы Жарлығымен адамдардың сословиеге бөлінуі, олардың құқықтық
артықшылығы мен шектеушілігі, сондай-ақ сословиелік мекемелер, ұйымдар
жалпы сословие атауы жойылды.
Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінде басқарудың бірыңғай құрылымы болған жоқ.
Кейбір жерлерде Орталықтағы сияқты Халық Комиссарлар Кеңесі, екінші бір
жерлерде облыстық мекемелер мен басқармалардың Комиссариаттары құрылды.
1918 жылдың күзінен бастап, басқарудағы алақұлалық жойылып, Кеңес атқару
комитеттері билікті өз қолына топтастыра бастады. Маңызды мәселелер салалық
басқармалардың коллегия мәжілісінде қаралып отырды.
РКФСР Халком Кеңесінің 1917 жылғы 22 қарашадағы «Сот туралы» жарлығымен
соттың ескі құрылымы түгелдей қысқартылып, жергілікті жерлерде соттың жаңа
жүйесі пайда болды. Сонымен бірге ескі прокурорлық бақылау мен қылмысты іс
тергеушілер институттары, қорғаушы және жеке адвокатуралар жойылды.
1918 жылы облыстардағы Кеңес Атқару Комитеттері жанынан сот бөлімдері, ал
өлке орталығында Қазақ өлкелік соты ұйымдасты.
1918 жылғы көктемде Түркістан автономиялық Кеңестік Социалистік
Республикасы құрылды. Оның құрылуы 1918 жылғы сәуірдің 20-нан 1 мамырға
дейін Ташкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің бесінші
съезінде іске асты. Оның құрамына Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу,
Сырдария облыстары кірді. Орта Азия республикалары мен Қазақстан жерін
межелеу жүргізілгенге дейін Ақмола, Семей облыстарының орталығы Омбы қаласы
болған, ол Батыс Сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор
губерниясына, Бөкей ордасы Астрахань губерниясының қарамағына кірді.
1918 жылғы 15 қаңтардағы жұмысшы, шаруа қызыл әскерін құру жөніндегі
үкіметтің нұсқауына сәйкес елде әскери бөлімдер құрыла бастады. Олар
еріктілерден тұрды.
Кеңес өкіметінің декреттері негізінде фабрика, зауыт, банктерді
национализациялау іске асырылды. Қазақстанда алдымен ұсақ, орта
кәсіпорындары мемлекет меншігіне көшті.
Кеңестердің екінші съезінің шешімдеріне сәйкес жерге жеке иелік ету
жойылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастрлердің, помещиктердің, бай казак-
орыстардың, патша шенеуніктерінің иелігінде болып келген, сондай-ақ қоныс
аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.
Жер мәселесін шешудегі жергілікті кеңес орындарының қызметі бірнеше
кезеңнен тұрды.
   1. 1917 жылғы қарашадан – 1918 жылғы жазға дейінгі кезеңінде жергілікті
      Кеңестер, жер комитеттері мен комиссиялары бос жерлерді, тәркіленген
      помещиктік имениелерді есепке алып, шаруалардың жағдайын анықтап,
      жерсіз, жері аз шаруаларды жермен қамтамасыз ету мәселесімен
      шұғылданды.
   2. 1918 жылдың жазынан – 1920 жылдың аяғына дейінгі уақытты қамтыды. Бұл
      тұста жерді социализациялау жөніндегі шараларды іске асыруға әзірлік
      жұмыстары жүргізілді.
   3. 1921–1922 жылдары жер-су реформасы іске асырылды.
   4. 1924–1927 жылдары жерге орналастыру, шабындық, егістік жерлерді қайта
      бөлу жұмыстары жүргізілді.
Кеңес өкіметі алға қойған маңызды міндеттерді іске асыруда тәжірибенің
жоқтығы, жергілікті кадрлардың түсінігінің кемдігі, сауатының аздығы, т. б.
себептер негізінде бұл революциялық шараларды іске асыру барысында асыра
сілтеушіліктің, солақайлықтың, теріс әрекеттердің орын алғаны, Кеңес
өкіметіне сенімді азайтатын жағдайлар болды.
Халықтың өкіметі жеке адамның дара басшылығымен ауыстырылып, басқарудың
командалық-бюрократтық тәсілі іске аса бастады. Мұның барлығы Қазақ Өлкелік
комитетінің бірінші хатшылығына 1925 жылы қыркүйекте Ф. И. Голощекиннің
келуімен байланысты болды. Ол келісімен республикада халыққа қысым жасау
саясаты күшейіп, бұл ерекше қатаң сипат алды. Осы кезде – Қазақстанның
қоғамдық саяси өмірінде күрт өзгерістер енгізілді. 1925 жылы желтоқсанында
өткен өлкелік партия комитетінің бесінші конференциясында «Ауылды
кеңестендіру туралы» шешім қабылданды. Республикада «Кіші қазан»
революциясын өткізу үшін идеологиялық негіз жасалды, сөйтіп жаппай жазалау
дәуірі басталып, ол қазақ халқын қайғы қасіретке ұшыратты.
Қазақстанда голощекиндік-сталиндік үлгі бойынша «қайта құрумен» келіспеген
көрнекті жауапты қызметкерлердің қарсылығы жанышталды. 1927–1929 жж.
әртүрлі сылтаулармен белгілі мемлекет қайраткерлері Т. Рысқұлов, Н.
Нұрмақов, С. Қожанов, М. Мырзағалиев Республикадан аластатылды. Қазақстан
Атқару Комитетінің Төрағасы Ж. Мыңбаев, Халық ағарту комиссары С.
Сәдуақасов, Жер халық комиссары Ж. Сұлтанбеков және басқалар қызметінен
алынды. Қазақ қызметкерлерінің көпшілік бөлігі топқа бөлініп, жікшілдік
күреске қатынасқан деп кіналанды.
1928 жылдың аяғында «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деп аталғандардың ішінде
бұрынғы Алашорда қайраткерлерінің ішінен 44 адамға жалған айып тағылып,
қамауға алынды. Олардың қатарында А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев,
Ж. Аймауытов, Х. Ғаббасов және басқалар бар еді. Құрамында М. Тынышбаев, Х.
Досмұхамедов, Ж. Ақпаев, К. Кемеңгеров және басқалары бар ұлттық
интеллигенцияның (40 адамдай) басқа тобы 1930 жылы қыркүйек-қазанда
ұсталды. Олардың ішінен 15 адам Ресейдің Орталық қара топырақты облыстарына
жер аударылды. Бұлардың барлығы дерлік 1937–1938 жж. атылды. Жалпы
1929–1931 жылдары қазақ интеллигенция өкілдерінің он мыңынан астамы жаппай
жазалауға ұшырады.

9-дәріс. 1918-1920 жж. Азамат соғысы жылындағы Қазақстан.
1.Өлкеде азамат соғысының басталуы және оның барысы.
2.Қазақ кеңес республикасының құрылуы.

10-дәріс. 1931-1933жж. Абралы, Шыңғыстау, Шұбартаудағы көтерілістер.
1.1931-1932жылдардағы қуаңшылық және ашаршылық.
2.Жергілікті тұрғын халықтың мыңдаған отбасыларының республикадан тыс
жерлерге қоныс аударуы.
3.Ауылдық жерлерде жасалған зорлық-зомбылықтарға қарсы наразылықтар.


11 -дәріс . 1941-1945жж. Ұлы отан соғыс жылдарындағы Қазақстан.
1. Соғыстың басталуы, оның сипаты.
Соғыстың басталуы.
Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет  Одағымен  жасаған  келісімді
бұзып, фашистік Германия 1941 жылы  22  маусымда  соғыс  жарияламастан  КСРО
аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.
Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс  агрессиялық,  жаулап  алушы,
әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін  қорғаған,
азаттық Отан соғысы болды.
1940 жылдың орта кезеңінде – ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР  –
ге басып кірудің «Барборосса жоспары»  деп  аталатын  стратегиялық  жоспарын
жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның  қол
шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі  және  соғыс  теңіз  күштері  КСРО-ға  бір
мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты  (идеясы)  қысқа
мерзім ішінде (3–4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша  соғысты  1941  жылдың
күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді.
«Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның  басшылары  КСРО  –
ны «сансыз» көп ұлттың жасанды және «тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір  «ішкі
бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп  қарастырды.  «Россияның  кең  –
байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді  Гитлер
өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне  қолдау
көрсету болуға тиіс.
Фашистік Германияның  негізгі  мақсатының  саяси  және  экономикалық  астары
болды. Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде  қуыршақ
мемлекет құруды көздеді.
Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап «Барбаросса»  жоспарында  көрсетілді.
Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде  Остланд,  Украина,  Московия,  Еділ  –
Орал,  Түркістан  сияқты  рейх  комиссарияттарын  құруды  көздеді.  Жоспарда
көрсетілген  «Үлкен  Түркістан»  отарының  құрамына  Қазақстан,   Татарстан,
Башқұртстан,  Орта  Азия,  Әзірбайжан,  Кавказ,  Қырым,  Ауғанстан,   Шыңжан
кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып – жою жолына осылай түсті.
Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы  тұра  білді.
Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла  бастады.
Мысалы,   Алматы   медицина   институтының   студенті    Маншүк    Мәметова:
«Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ,  сондықтан
өзімді  жіберуді  өтінемін»,  -   деп   әскери   комитетке   өтініш   берді.
Республикада 2 млн. – нан астам адам әскери даярлықтан өтті.
Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6  бригада
құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар бригадасы 30  –
дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан,  Қырғызстаннан
шақырылған жігіттерден 316 –  атқыштар  дивизиясы  құрылып,  оның  командирі
генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн. 196164 (1  млн.  196300)
қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.
Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР – нен  700  мыңнан  астам  адам
шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер  даярлап  шығарды.
1941 – 1945 жылдары әскери  оқу  орындарына  42  мыңнан  астам  қазақстандық
жіберілді. Соғыс  жылдарында  Шымкентте  орналасқан  Чугуев  әскери  авиация
училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәртебе Кеңес  Одағының  Батыры
атағын алды.
2. Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру.
Соғыстың басталуына байланысты  ел  экономикасын  соғыс  жағдайына  бейімдеу
басталды.    Республика     экономикасы     әскери     бағытқа     көшірілді
(милитарландырылды).
Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.
Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.
Өскемен  қорғасын  –  мырыш  комбинаты,  Қарағанды  көмір  шахталары  сияқты
соғысқа қажетті өнімдер  шығаратын  өнеркісіп  құрылыстарын  салып  аяқтады.
Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220  завод  пен
фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді.
Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді:
1. 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы;
2. 1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен,  Москва,
Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді.
Көшіріліп  әкелінген  54  завод   пен   фабрика   тамақ   өнеркәсібі   халық
комиссариатының  қарамағында  болды.  Жеңіл  және  тоқыма  өнеркәсібінің  53
кәсіпорны көшіріліп әкелінді. Республикада аяқ киім саласының қуаты 12  есе,
былғары саласының қуаты 10 есе өсті.
Москва  қаласы  және  Москва  облысынан  көшірілген   кәсіпорындар:   Москва
авициация  жасау  заводы,  Урюпа  етконсерв  заводы,  Дзержинский   атындағы
электротехника заводы, Москва рентген заводы, № 3  Александр  радио  заводы,
С. Орджоникидзе атындағы механика заводы  т.  б.  Жалпы  Қазақстанда  Москва
қаласы мен облысынан көшірілген 40 завод орналастырылды.
Украинадан   Қазақстанға   көшіріліп   әкелінген    кәсіпорындар:    Харьков
электротехника заводы,  Подольск  механика  заводы,  Запорожье  ферроқорытпа
заводы,  Днепропетровск  вагон  жасау  заводы  т.  б.  Украина  ККС  –  інен
Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді.
Қазақ КСР – не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар,  Алматы,
Қарағанды,   Шымкент,   Петропавл,   Семей,   Ақтөбе,    Орал    қалаларында
орналастырылды.
Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын  жағдайда  жұмыс  істеді.
Өнеркісіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан  өңірінен  көптеген  мамандар
да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200– ге жуық  шахтер,  2000–  дай
құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер–  техниктер  саны  700  –
дай болды.
Қазақстан КСРО – ның негізгі әскери - өнеркәсіп базасына айналды. 1942  жылы
Одақта өндірілген қорғасынның 85 % - ын, көмірден 18 % -ын,  молибденнің  60
% - ын, оқтанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді.
1942 жылы 21 тамызда кеншілер еңбегіне үдемі –  кесімді  ақы  төлеудің  жаңа
жүйесі енгізілді.
1942 жылы 24  тамызда  Мемлекеттік  Қорғаныс  Комитетінің  «Қарағанды  көмір
алабында көмір өндіруді арттыру  жөніндегі  шұғыл  шаралар  туралы»  қаулысы
шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын  қамқорлыққа
алу  жөнінде  патриоттық  қозғалыс  бастады.  Шахтерлерді  азық  –  түлікпен
қамтамасыз  ету,  шахталарда  тұрақты  жұмыс  істеу  үшін  адамдар   жіберу,
Қарағанды облысындағы 30 желісі 3 есе, оқушылар саны  5  есе  көбейді.  1943
жылы забойлар желісі көбейіп, жер  астында  екінші  Қарағанды  пайда  болды.
Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді. Атырау мұнай өңдеу  заводын,  Каспий  –
Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты  құрылыс  ұжымы  ұйымдастырылды.  Ембіге
Әзірбайжаннан 400 маман мен жұмысшылар келді.
Соғыс жылдыры салынған құрылыстар:
Мақат – Қосшағыл  темір  жолы,  Петровский  машина  жасау  заводының  екінші
кезегі, Пешной аралы – Шарин құбыр жолы,  Атырауда  теңіз  порты  мен  мұнай
өңдеу заводы, «Комсомол» кәсіпшілігі т. б.
1944 – 1945 жылдары салынған жаңа өнеркәсіп обьектілері:
Текелі  қорғасын  –  мырыш  комбинатының  алғашқы  кезегі.  Белоусов  байыту
фабрикасы. Ақмола ауылшаруашылық машина заводы. Алматы вагон  жасау  заводы,
Атырау мұнай өңдеу заводы. 1941 – 1945 жылдары барлығы 460  завод,  фабрика,
шахта салынды. Өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 % - ке өсті.
Ауыл шаруашылығындағы жағдай төмендеді.
Ауылшаруашылық еңбеккерлерінің саны 1939 жылмен салыстырғанда 1942 жылы  600
мыңға кеміді. Колхоз өндірісінде әйелдер еңбегінің үлесі артып,  1940  жылғы
48%-ң орнына 1942 жылы 75% -ға жетті. 76  мың  механизаторлардың  55  мыңнан
астамы әйелдер болды.  Бүкілодақтық  социалистік  жарысқа  10  мыңнан  астам
тракторшы қыз – келіншек қатысты.
1942 жылы егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842  мың  гектарға  көбейді.
1943 жылы 775 мың га жаңа жер алқаптары егістікке арналды.
Сөйтіп, республика экономикасын  соғыс  жағдайына  көшіру  жүзеге  асырылды.
Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып, майдан  мен
тылды қару – жарақпен, оқ – дәрімен, азық – түлікпен қамтамасыз етуші  аймақ
болды.
Соғыс  жылдарында  тылда  еңбек  еткен  жұмысшылар  ерлігі  аңызға  айналды.
Георгий Хайдин мыңдықщылар қозғалысының  жетекшілері  А.  Семиволос  мен  И.
Янкиннің әдісін  қолданған  республикадағы  үздік  бұрғылаушы  болды.  Соғыс
жылдарында Ы. Жақаев, Ш.  Берсиев,  Б.  Самжүрекова,  Ким  Ман  Сам,  В.  П.
Кривич, И. Я. Кудлай есімдері бүкіл елге әйгілі болды.
3. Майдандағы қазақстандықтар.
Соғыстың  алғашқы  күндерінен   бастап   қазақстандықтар   барлық   майданда
шайқасты.  Олар  Отан  үшін  фашистерге  қарсы  бағытталған  ұрысқа   аянбай
кірісті.  Қазақстанда  ұйымдастырылған  көптеген  әскери  бөлімдер  майданға
жіберілді.  Даңқты   Брест   қамалын   қорғаушылардың   қатарында   мыңдаған
қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов,  К.  Тұрдиев,
Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б.  жаумен  жан  аямай  шайқасып,
ерліктің  үлгісін  көрсетті.  1941  жылы  24  маусымда  219  атқыштар  полкі
Литваның Шяуляй қаласында алғаш  рет  ұрысқа  кірісті.  Қазақстандықтар  жау
әскерлерімен   Перемышев,   Мурманск,   Одесса,   Севостополь,    Сталинград
түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық  қарсылығына  қарамастан
немістер  соғыстың  бастапқы  кезінде  үлкен  басымдылыққа  ие  болды.  Оның
бірнеше себебі бар еді. Біріншіден, басынан  бақайшағына  дейін  қаруланған,
Европаның  көптеген  елдерін  бағындырған  жау   әскерінің   соғыс   жүргізу
тәжірибесі  мол  болды.  Екіншіден,  тұтқиылдан  жасалған   шабуылға   Кеңес
әскерлері әзір емес еді. Үшіншіден, Кеңес әскерін  қайта  құру,  қаруландыру
тиісті дәрежеде болмады. Төртіншіден, 1939 – 1940 жылдардағы  Қызыл  Армияны
тазалау  кезінде  әскердің  көптеген  қолбасшылары,  жоғары,  орта  буындағы
офицерлері ұсталып  атылып  кетті.  Осының  бәрі  Қызыл  Армия  бөлімдерінің
соғыстың бастапқы кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған  жауынгерлерден
айырылуына соқтырды.
Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан).
Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы,  әсіресе,  Москва  түбіндегі  шайқаста
шықты.  Республикада  жасақталған  316  –  атқыштар   дивизиясына   Маскваға
апаратын  негізгі  өзекті  жолдың  бірі  –  Волокаламск  тас  жолын   қорғау
тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар  полкі  жау
шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар («28  панфиловшы»)  тобы
Дубосеково разъезінде  жаудың  18  танкісін  жойып  жіберді.  Ротаның  саяси
жетекшісі В. Г. Клочков «Россия кең  –  байтақ,  бірақ  шегінерге  жер  жоқ,
артымызда Москва» ұранын көтерді.  Оның  бұл  сөзі  бүкіл  майданға  тарады.
Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды.  Олар  қасық  қаны  қалғанша
шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай – ақ  Москва
қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің  саяси  жетекшілері  П.
В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар  Т.  Тоқтаров,  Р.  Амангелдиев  мәңгі
өшпес із қалдырды.
316 – дивизия жауынгерлерінің  ерлігі  мен  қаһармандығы  жоғары  бағаланды.
1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы беріліп,  Қызыл  Ту
орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино  селосының  түбінде  неміс
штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған  Төлеген  Тоқтаровқа  Кеңестер
Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар  тобы  да
ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің  бірнешеуін  жойды.  М.  Ғабдуллинге
Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.
1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар  дивизиясы  ұйымшылдығы  және  ерлігі  үшін
Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия  30  –  гвардиялық
дивизия болып қайта құрылды.
Москва шайқасының тарихи маңызы:
- Гитлершіл  басқыншылардың  Москва  түбінде  талқандалуы  жау  әскерлерінің
рухын түсірді,
- Гитлердің қауырт соғыс жоспары «Блицкриг» біржола күйреді,
- Қенес армиясы  стратегиялық  бастаманы  қолға  алып,  түбейгейлі  бетбұрыс
басталды.
-
Ленинград шайқасы (1941ж.-1943 ж.-қантар).
Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты.  316-
атқыштар  дивизиясы  (1941  ж.  9  қыркүйек)  және   314-дивизия   Ленинград
облысының 22 елді мекенін азат етуге, «өмір жолын» салуға қатысты.
Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тұлы крейсерінде 156 қазақстандық  шайқасып,
ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды.
Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар:
1.  Партия  ұйымдастырушысы  Султан  Баймағанбетов  А.  Матросовтың  ерлігін
қайталап жау дзотын кеудесімен жауып, Батыр атанды.
2.  372-атқыштар  дивизиясының  1236-атқыштар  полкі  5-атқыштар   ротосының
бөлімше  командирі  Қойбағаров  ұрыста  неміс  траншеяларына  бірінші  болып
кіріп, ержүректілік көрсетті.
3. 48-атқыштар дивизиясының атақты  мергені  Дүйсенбай  Шыныбеков  шайқасты.
Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде шайқасты. 314-
дивизияның  мергендер  қозғалысын  Солтүстік  Қазақстан  облысындағы  Степан
Разин  атындағы  ауылшаруашылық  артелінің  бұрынғы   колхошысы,   қатардағы
жауынгер Г.П. Зубков бастады.
4.   Ленин   қаласы   үшін   болған   шайқастарда   артеллериялық    бақылау
аэростаттарының дивизион командирі С. Жылқышев та ерекше көзге түсті.
Ленинград  қоршауының  аса  қиын  кездерінде  оны  қорғаушылар  бүкіл  Кеңес
мемлекеті халықтары тарапынан қолдау жасалғанын үнемі сезеніп отырды.
1941  жылғы  қыркүйектің  ауыр  күндерінда  қазақтың  халық   ақыны   Жамбыл
ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім» деген жырын арнап, онда  көп  үлттық
еліміздің  бүкіл  енбекшілірінің  ойпікірін,  сезімі   мен   аландатушылығын
білдірді. Ақын жыры достықтың шынайы ән ұранына айналды.  Қоршау  жылдарында
850 мыңға жуық бейбіт тұрғын  қаза  тапты.  1943  жылы  қаңтарда  900  күнге
созылған Ленинград қоршауы бұзылды, ал 1944  жылы  Ленинград  басқыншылардан
толық азат етілді.
Ленинград шайқасының тарихы маңызы
- Гитлершіл Германияның ірі жеңілісі болды,
- Халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі болды.
Сталинград шайқасы (1942 ж. шілде- 1943 ж. ақпан).
1942 жылы 17 шілде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар  басталды.  1942
жылы күзде Сталинград шайқасының  жалыны  Батыс  Қазақстан  даласына  жетті.
1942 жылы күзде КСРО жоғарғы Кенесі Төралқасының жарлығымен Каспий  алабында
соғыс жағдайы енгізілді, ал 1942 жылғы қыркүйектің  1-інде  Атырау  қорғаныс
комитеті  құрылды.  1942  жылғы  қыркүйектың  15-інде  облыстық  мемлекеттік
қорғаныс комитеті соғыс жағдайын енгізді,  ал  1942  жылы  26  қазанда  Орал
аймағы әуе шабуылынан қорғану бөлімдерінің қатарына енгізілді.
1943 жылғы  желтоқсанда  белгіленген  шекара  бойынша  Қазақстан  Сталинград
облысымен шектесті (Каспий теңізінен Александров – Гайға дейнгі 500 км.)
1942 жылы 9 қазанда Қазақ КСР үкіметі Сталинград майданының  ең  жақын  тылы
Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық  шегінетін  жер  жоқ  екенін  айтып,
Сталинградты қорғаушы жерлестеріне үндеу тастады.
Батыс Қазақстан жерінде алты қорғаныс шебі,  Сайхан,  Орда,  Чапаев,  Тайнақ
аудандарында  арнайы  аэродромдар  салынды.  Ақтөбе  облысында  да  қорғаныс
қүрылыстары салынды.
Сталинград майданының көптеген  әскери  бөлімдері,  материалдық,  техникалық
базалары Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал  қаласында  әскери  байланыс
торабы орналасты Батыс Қазақстан жерінде 70-ға жуық әскери  госпиталь  жұмыс
істеді. Гитлерлік  ұшақтар  Сайхан,  Жәнібек,  Шұңғай  станцияларына  шабуыл
жасап, 7 млн. сом шығын келтірілді.
Сталинград  майданың  барлық  жағынан  Қазақстан  қамтамасыз  еткен.  Осында
көптеген әскери техника жөндеуден өтті. Мысалы, бір ғана Ақтөбеде  ай  сайын
30 ұшақ  құрастырылды.  Каспий  бассейнде  орналасқан  Гурьев  майданы  Орта
Азиямен,  Кавказбен  байланыстыратын  негізгі  көпірге  айналды.   Қазақстан
жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер  дивизиясы  т.б.
Сталинградты  қорғауға  тікелей  қатысты.  Сталинградтың  түбінде   көптеген
Қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті.
Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен  қаза  тапты.  Г.Сафиулин,
М.Баскаков сияқты азаматтардың басқарған әскери  бөлімдері  жауды  талқандау
барысында көп үлес  қосты.  Мысалы,  М.А.Баскаков  басқарған  батареяның  43
зенитшісі трактор заводын қорғап,  жаудың  11  танкісін  жойып  жеберді.  36
зенитші қаза тапты, бірақ бір адам да шагінбеді. 1942  жылы  19  желтоқсанда
қарағандылық ұшқыш  Нуркен  Әбдіров  Боховская-Пономаревка  ауданындағы  әуе
шайқасында ұшағын жау танкілері шоғырына қүлатып, ерлікпен  қаза  тапты.  29
және  38-атқыштар  дивизиясының  жауынгерлері  жауды   Сталинградтың   Киров
ауданына енгізбей,  танкі  мен  зеңбіректер  жөндейтін  заводттың  тоқтаусыз
жұмыс істеуін  қамтамасыз  етті.  1943  жылы  бұл  дивизиялар  72  және  73-
гвардиялық дивизияларға айналып, «Сталинград дивизиясы» құрметті атағына  ие
болды.  Оңтүстік  Қазақстандық  жауынгері  Толыбай  Мырзаев  «Павлов   үшін»
қорғауға ерлік көрсетті.
Сталинград  түбінде  қазақстандықтар  К.Сатпаев  пен  А.А.Бельгин  өздерінің
ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағынын батыры атағына ие болды.
116-атқыштар  дивизиясы,  565-атқыштар  полкінің   7-ротасының   жаунгерлері
Сталинград  көшелерінде  ерлікпен   шайқасты.   Олардың   ерлігі   құрметіне
Сталинградта  «Қазақ»  көшесі  ашылды.  11  жауынгер  300   фашистке   қарсы
шайқасып, түгел қаза тапты (араларында Лениногорскілік комсомол Кәміл  Хузин
болды). Ержүрек жауынгерлер қорғаған төбе  «Шығыстың  11  батырының  төбесі»
деп аталады. Қазақстандық Т.С.Позолотин басқарған 17-гвардиялық  танк  полкі
Еділ жағасындағы ірі операцияларда шешуші роль атқарды. Сөйтіп,  1943  жылғы
қыста Сталинград түбінен жау 600-700 км. жерге қуылды.
Сталинград шайқасының жарығы маңызы.
Сталинград шайқасы соғыс тарихында ерекше орын алды.
-Екінші дуниежүзілік соғыстағы түбегейлі бет бұрысқа шешуші үлес қосты.
-Қызыл Армия стратегиялық инициативаны берік қолға алды.
-Гитлерлік Германияның тағдырының шешілу ұақытын жақындата түсті.
-Еділдегі (Волгадағы) шайқас бүкіл дүниежүзілік тарих  шежіресіне  ұмытылмас
ерлік беттерін қосты.
4. Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде (1944-1945 жж.)
Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық  бойын,  Молдовияны
азат етуге қатысты.  Мыңдаған  қазақ  жігіттері  Кеңес  әскерінің  құрамында
Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты.
1-Украин  майданы  учаскелерінің  бірінде  біздің  жауынгерлік   қатарымызға
фашистік танкілер лап қойды. Жаудың біраз танкісі қиратылды, бірақ  фашистік
танкілер ілгері ұмтылуын тоқтатпады.  «Жолбарыс»  танкісінің  қарсы  алдынан
сапер Абдолла Усенов қарсы  жүріп,  кеудесіне  танкіге  қолданылатын  минаны
қысып,  қаймықпай  шынжыр  табан   астына   құлады,   сұмдық   жарылыс   жер
сілкіндірді.
Әрқайсысы  200-ден  астам  жауынгерлік  ұшу  сапарын  жасап,   бірнеше   жүз
фашистерді  жоқ  қылған  шабуылшы  ұшқыштар:  Талғат  Бигельдиновке,  Леонид
Бедаға  және  Павловқа,  соңдай-ақ  37  ұшақты  және  топтасып   жүргізілген
ұрыстарда жаудың тағы 6 ұшағын (самолет) атып  түсірген  Сергей  Луганскийге
екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин  орденімен  және  Алтын
жұлдыз медалімен марапатталғандар-қазақ қыздары: пулеметші  Мәншук  Маметова
мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды.
1945  жылдың  қысқы  операцияларда  кеңес  әскерлері   жаудың   «Солтүстік»,
«Орталық», «Висла», «Оңтүстік» армиларының ірі  топтарын  талқандады.  Қызыл
Армия Польшаны азат етуді  аяқтап,  Венгрияны  және  Чехословакияның  едәуір
бөлігін азат етті, Венаны алып,  Шығыс  Пруссияға  кірді,  Одер  және  Нейсе
өзендеріне шығып, Померанияға, Брандербург пен Силезияға тереңдеп енді.
1945 жылғы сәуірдің 16-ында Берлин операциясы  басталды.  Оған  3,5  млн.-ға
жуық адам, 52 мың зеңбірек  пен  миномет,  7750  танкпен  өздігінен  жүретін
зенбірек,  10800  ұрыс  ұшағы  қатысты.  Балтық  теңізінен  Судет  тауларына
дейінгі 700 км-лік өңірде ұрыс қимылдары жүргізілді. Батыл  қимылдар  жасап,
Кеңес  әскерлері  мамырдың  2-інде  Германияның  астанасы   Берлинді   толық
бақылауына   алды.   Берлин   операциясы   барысында   Кеңес    жауынгерлері
ержүректілік, ерлік және жоғары шеберлік көрсетті.
Кеңес Одағының батыры, Қазақстан республикасының қорғаныс  министрі  Сағадат
Нұрмағамбетов те  Берлин  үшін  ұрыстарға  өз  жауынгерлерін  бастап  кірді.
Берлинге шабуыл жасауға жерлестеріміз Есжанов,  И.Я.Сянов,  Х.Қайдаусов,  З.
Тұрарбеков, Х.  Көбеков,  Т.  Бигелдинов,  А.Еремеев,  Н.Шелихов  және  т.б.
көптеген адамдар қатысты. Жас офицер Р.Қанқарбаев өзінің досы Г.Булатов  пен
бірге рейстаг терезелерінің біріне алғашқыларының бірі болып  алқызыл  Жеңіс
туын желбіретті, ал Орал өңірінің жас офицерлері Қ.Меденов  пен  Р.Қараманов
Берлин ратушасының төбесіне тікті.
Қазақстандықтар  партизандық  қозғылысқа   белсене   қатысты.   Толық   емес
мәліметтерге қарағанда Украинаның партизандық  құрамалары  мен  отрядтарында
1500,  Ленинград  облысында  220-дан   астам   қазақ   жігіттері   соғысқан.
Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65  партизандық  бригадалар
мен шоғырларда 1500-ден аса  қазақстандықтар  болған.  Партизан  қозғалысына
қатысқан  даңқты  қазақ  жігіттері:   Ғ.Ахмедьяров,   Ғ.Омаров,   В.Шарудов,
Қ.Қайсенов,  Ә.Шәріпов,  Ә.Жангелдин,  Ж.Саин,  Н.Көшекпаев  т.б.   есімдері
бүгінде зор қүрметке ие болды.
-1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды.
-1945 жылғы 8 мамыр-фашистік Германияның тізе бүккендігі туралы  шартқа  қол
қойылды.
-1945 жылғы 9 мамыр-Қызыл Армия жеңіске жетіп, Ұлы Отан соғыс аяқталды.
1945 жылғы 9 тамыз-одақтастық міндеттемелерге  сәйкес  КСРО  соғыстың  соңғы
ошағы Жапонияға  қарсы  соғыс  басталды.  Қиыр  шығыста  Жапониянияға  қарсы
соғысқа аттанған әскери бөлімдер арасында қазақстандық құрамалары да  болды.
Тынық мұхит флоты әскери-әуе күштерінің 12-шабылдаушы  авиация  дивизиясының
звено  командирі,көкшетаулық  Михаил  Янко  1945  жылғы   тамыздың   10-ында
Гастэллоның ерлігін қайталады.
Жапонияға  қарсы  шайқастарға  Ақтөбеде  құрылған  74-жеке  теңіз   атқыштар
бригадасының негізінде ұйымдастырылған 292-атқыштар дивизияның  жауынгерлері
Кеңес Қарулы Күштері дәстүрінің даңқын шығарды. Забайкалье сонан соң  1-Қиыр
Шығыс  майдандары  әскерлерінің  құрамында  қазақстандық  129-миномет  полкі
шайқас жүргізді. Қазақстан  минометшілері  батылдық  және  ерлік  көрсеткені
үшін  2027-жауынгерлік  ордендер  мен  медальдарға,  соның  ішінде  14  адам
«Кореяны азат еткені үшін», 234 адам «Жапонияны жеңгені  үшін»  медальдарына
ие болды.
Қызыл Армияның Қиыр Шығыстағы соғысы 24 күнге созылды.
1945 жылғы 2  қыркүйекте  Жапония  жеңілгендігі  туралы  шартқа  қол  қойды.
Сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.
Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар:
1.Барлығы-11600 адам;
2.Қазақстандықтар-497, оның ішінде қазақтар-97;
3.Қазақ қыздары-2.
Екі мәртебе  Кеңес  Одағының  Батыры  атағын  алғандар:  Талғат  Бигелдинов,
Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский.
Үш мәртебе  Кеңес  Одағының  Батыры  атағын  алған:  И.Н.Кожедуб-  Шымкентте
орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлегі.
Солдат  ерлігі  орденінің  толық  иегері-142  қазақстандық.  Кеңес  Одағының
орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар-96638.
Жалпы екінші дүниежүзілік соғыстағы  жеңіс  Кеңес  Одағына  қымбатқа  түсті.
Елдің 27 млн астам адамдары соғыста қаза болды.  Оның  603  мыңы  (400  мың)
қазақстандықтар.
Тарихи маңызы. 1) Гитлерлік  Германия  мен  империяліктік  Жапонияны  жеңуде
негізгі еңбек сіңірген Кеңес халқы. 2) Кеңес халқы  өз  Отанының  бастандығы
мен тәуелсіздігін сақтап  қалды.  3)  Кеңес  халқы  өзінің  ерлік  күресімен
Европаның халықтарын фашистік езгіден құтқарып қалды.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1.Герман  фашизмнің  үстемдігін  орнату  жоспарлы  туралы  айтып   беріндер.
Гитлеризмнің агрессиялық пиғылдарында Қазақстан қандай орын алды?
2.Қазақстандық тылда әскери-жұмылдыру жұмысы қалай жүргізілді?
3.Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына көшіру барысын қалай  түсінесіңдер?

4. Сталинград шайқасы кезеңінде қазақ КСР-і қандай роль атқарды?
5. Сталинградтық батырлар жайында  айтып  беріңдер.  Олар  жасаған  ерліктің
адамгершілік мән-мағнасы неде деп білесіңдер?
6. Соғыс жылдары ауыл шаруашылығының төмендеу себептерін ата
    Қазақстан біртұтас соғыс лагерінің құрамдас бөлігі (маусым 1941-1942)
      Қазақстан еңбекшілері де, көп ұлтты совет халқымен бірге «Бәрі  майдан
үшін! Бәрі де жеңісүшін!» дейтін ұранмен  майданға  аттанды.  Сөйтіп,  совет
халқы агрессормен соғысушы халыққа айналды. Сын сағаты  соққан  сәтте  Совет
Қарулы Күштерінің қатарына 20  млн-нан  астам  адам  алынды.  Совет  Армиясы
жауынгерлерінің негізін орыс халқының өкілдері қалады.  Олармен  жауынгерлік
бір сапта 4,5 млн украиндер, 1 млн белорустар, 3 млнға  жуық  Қазақстан  мен
Одақтас  Орта  Азия  республикаларының  ұл-қыздары  болды.   Совет   Армиясы
қатарына тек Қазақстаннан ғана 1  млн  200  мың  адам  шақырылды.  1941-1942
жылдары 80-нен астам дивизия  мен  бригада  Азербайжан,  Грузия,  Қазақстан,
Қырғызстан,  Латвия,  Эстония,  Тәжікстан,  Түрікменстан  және  Өзбекстаннан
шақырылған адамдардан  жасақталды.  Қазақстандықтар  құрамының  үштен  екісі
және республикалық комсомол ұйымының 250 мың ВЛКСМ мүшесі  Ұлы  Отан  соғысы
майдандарындағы ұрысқа қатысты.
      1942 жыл – Ұлы Отан соғысы шежіресінде алар  орны  ерекше  жыл.  Халық
шаруашылығы  Отан  соғысының  талабына  сай   құрылып,   қалыптасқан   соғыс
экономикасы  майдан  мұқтажын  өтеуге  жұмылдырылды.  Күш-қуаты  еселеп  өсе
түскен  совет  тылының  құрамды  бөлігі  Қазақстан  да  сан  алуан  таибиғат
байлығын, халқының патриоттық жігерін майданға, жеңіс жолына сарп етті.  Бұл
жылы  республикаға  еліміздің   Батыс   облыстарынан   көшіріліп   әкелінген
кәсіпорындар қалпына келтірілді. Жаңадан салынған 25 рудник  пен  шахта,  11
кен байыту фабрикасы, 430 мұнай  құбыры  іске  қосылды.  Ақтөбе  ферросплав,
Қарағанды  металлургия  заводы,  Үлкен  Пешной  –Ширина  –Гурьев-Орск  мұнай
құбыры құрылысы жедел жүргізілді. Ақмола – Қарталы темір жол  іске  қосылды.
Қарағанды  көміршілері,  Ембі  мұнайшылары,  Балқаштың,  Лениногордың   және
Шымкенттің  металлургтары,  Қоңырат  пен  Ащысайдың   кеншілері,   Қазақстан
еңбекшілері  сталинградтықтарға  қолдарынан  келген  көмектерін  аяған  жоқ.
Республикада  жасақталған  әрбір  үшінші  әскери  құрама   қаһарман   қаланы
қорғады.  Еңбекшілердің  қатысуымен  6  қорғаныс   шебі,   көптеген   әскери
аэродромдар салынды, Батыс облыстарда 20-дан  астам  эвакогоспитальдар,  120
әскери  құрама,  оларды  жабдықтайтын  көмекші  бөлімдер  орналасты.   Танк,
самолет, зеңбірек сияқты соғыс техникаларын жөндейтін базалар іске  қосылды.
Ембі мұнайынан алынған жанар май  толтырылған  самолеттер  жауды  бомбалады.
Каспий мен Аралдан  балықшылары  еңбек  өнімділігін  арттыра  түсті.  Өнімді
арттыру   мақсатында   Мемлекеттік   Қорғаныс   Комитеті   Қарағанды   көмір
бассейніне, Ембіге, Балқаш мыс заводына  үлкен  көмек  көрсетті.  1942  жылы
Қазақстанның Батыс аудандарының өміріндегі  ерекше  жыл  еді.  Сталинградтан
басталған  соғыс  өрті  онымен  500  шақырымдай  шекаралас   Гурьев,   Батыс
Қазақстан облыстарын шарпыды. Рязань- Урал темір  жолының  Жәнібек,  Сайқын-
Шонай станцияларына да соғыс қаупі төнді. 1942 жылы  1  қыркүйекте  Гурьевте
облыстық Соғыс Қорғаныс Комитеті  құрылды.  Осы  жылы  15  қыркүйекте  облыс
соғыс жағдайында деп жарияланды. 1942 жылы  16  қарашада  Сталинград   соғыс
Советі Орал қаласын майдан аймағына  кіргізді.  Ол  әуе  қорғанысы  пунктіне
айналды. Міне, осылай республиканың батысы Сталинград  майданының  ең  жақын
ьылы  болды,  ал  кейбір  аудандары  соғыс  шебіне  айналды.   Соғыс   темір
жолшыларға  ауыр  салмақ  түсірді.   Батыстан   лек-легімен   көшкен   совет
семьяларын, өнеркәсіп жабдықтарын толассыз тасу керек болды.  Сонымен  қатар
майдандағы  әскери   эшелондарды,   қару-жарақ,   азық-түлік,   шикізаттарды
өнеркәсіп орталықтарына кідіріссіз жеткізу міндеті  алға  қойылды.  Көптеген
маман паровоз  машинистері  майданға  кетті.  Тылда  қалған  темір  жолшылар
еліміздің атақты машинисі Николай Луниннің  жұмыс  әдісіне  көшті.  Мыңдаған
машинистер  мен  олардың  көмекшілері,  кочегарлар   паравоздарды   жөндеуге
тұрғызбастан 100 мың шақырым жол жүруді міндеттеріне алды.
      Жамбыл депосының машинисі  Сыздық  Өтеповтың  бастамасы  бойынша  ауыр
составтарды  бір  паравозбен  жүргізу  әдетке   айналды.   Қазақстан   темір
жолшылары соғыс қажетіне сай жұмысты қайта құрып, ерлік  еңбектің  үлгілерін
көрсетті. Түрксіб темір жол  бойынша  шаруашылық  жүктерін  тасу  1942  жылы
өткен жылмен салыстырғанда 1,4 млн тонна көп жеткізді.  Орал  теміржолшылары
Сталинград түбіндегі шайқас  кезінде  тәулігіне  18-19  жұп  поезд  өткізді.
Республикада ет, сүт, май, жүн т.б да  өнімдер  өндіру  молайтылды.Тек  1942
жылды 1941 жылмен салыстырғанда ет және сүт өнімдері 4 млн пұтқа артты.  Мал
санын көбейтіп, одан алынатын өнімдерді арттырудағы еңбек жоғары  бағаланып,
республика Мемлекет Қорғаныс Комитетінің  Ауыспалы  Қызыл  туына  ие  болды.
«Жауды қиратып, жеңіске жетеміз!» - деген бүкіл халықтық ұран  еңбекшілердің
күнделікті қайтпас жігерінен, қаһармандық ерлігінен  көрініп  отырды.  Халық
жанын да,  малын  да,  жүрегінен  шыққан  жалын  патриоттық  сөзін  де  Отан
қорғауға бағыштады. Байтақ еліміз осылай соғыс лагеріне  айналды.  Қазақстан
да берік қамалдың бірі болды. Жауға аттанған халық қаһары мен тылдағы  еңбек
серпіні міне осылайша ұштасып жатты. Отан әмірі, партия ұраны, халықтың  игі
тілегі мен қажырлы еңбегі жеңіс арнасына құйылып  жатты.  Қысылтаяң  кезеңде
майдан мен тыл берік қамалға айналды. Экономика саласында Жеңіс  программасы
совет қоғамының жоспарлы артықшылығына, саяси моральдық  бірлігіне  сүйеніп,
барлық материалдық, адам ресурстары соғысқа байланысты  қайта  құрылып,  бір
жүйеге түскен соғыс экономикасы жасалынды. Шығыс аудандардың,  соның  ішінде
Қазақстанның дамуы тездетілді, экономикалық күш-қуаты  арттырылды.  ҚазССР-і
өнеркәсібінің дамуына 1941-1945 жылы 3,6  млрд  сом  қаражат  жұмсалды,  бұл
соғысқа дейінгі деңгеймен салыстырғанда өндірістік қор  2  есеге  жуық  өсті
деген сөз. Отан қорғау  мақсатындағы  көптеген  өнеркәсіп  орындары  екпінді
қарқынмен  салынды.  Соғыс  жылдары  көмір  қазу  көлемі  1,7  есе,   электр
энергиясын өндіру 2 есе артты. Одақ бойынша  қорытылған  мыс,  марганец  т.б
түсті металдар өндірудің едәуір бөлігі Қазақстан еншісіне тиді. «Кез  келген
қаруда, кез келген жауынгерлік машинада – танк пен сүңгуір қайықта,  самолет
пен эсимецте Қазақстан металы болды. Майданды біздің мұнайымыз да  жабдықтап
тұрды. Қазақстандық конвейерден жауынгерлік техниканың, қару-жарақ  пен  оқ-
дәрінің алуан түрлері шығарылды. Біздің қуатты тылымыздың  дәл  соққыларының
күшін жау бірден –ақ сезді».
      Соғыс жылында ҚазССР-і еліміздің  шикізат  және  азық-түлік  базасының
бірі болды. Мысалы, малшылар соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда  етті  4
есе көп тапсырды. Республикада соғыс  барысында  мемлекетке  360  млн  пұтқа
жуық астық, 175 мың тонна көкөніс, 240 мың тоннадан астам картоп, 1 млн  142
мың тонна сүт тапсырды. Мақташылар мен тоқымашылар 7  млн  жауынгерді  толық
киіндіруге жететін  мөлшерде  мақта  өсіріп,  мата  тоқыды.  Совет  халқының
сарқылмас күш-жігерінен творчестволық нәр алған коммунистер  «Екі,  үш  адам
үшін де еңбек етейік!» дейтін ұран  тастады.  Шымкент  қорғасын  заводындағы
200  жұмысшының  майдандық  бригада,  смена  атағын  жеңіп   алу   жолындағы
инициативалары игі бастамаға негіз болды. Еңбекшілердің  социалистік  жарысы
жаңа сипат алды. Мұндай серпілісті еңбекшілер «Майдан  вахтасы»  деп  атады.
1942 жылдың көктемінде тыл қаһармандарының қажырлы еңбектері  Бүкіл  одақтық
социалистік жарысқа ұласты. Мысалы, Лениногор  кеншісі,  коммунист  Г.Хайдан
1 сменада революциядан  бұрынғы  Риддердің  барлық  рудниктері  беретін  кен
өндірді.Жезқазғандық  атақты  кенші,  ҚазССР  Жоғарғы   Советінің   депутаты
Ахметқали Сафин 1,5 айдың нормасын орындады. 1941 жылдың  аяғында  тек  қана
Петропавл қаласында 2 норма орындаушы  жастар  саны  5000-нан  асты.Соғыстың
алғашқы  жылында  букіл  одақтық  социалистік   жарысқа   қосылған   Құлсары
мұңайшылары,   Балқаштың   мыс   қортушылары   Жезқазған   мен   Успен   мыс
рудниктері,Петропавл  ет  комбинаты,Алматы  темекі  фабрикасы  Отан   қорғау
Комитетінің ауыспалы Қызыл Туын жеңіп алды.  Кең  байтақ  Отанымыз  құрыштай
берік соғыс лагеріне  осылайша  айналды.  Көлемі  мен  алатын  орны  жағынан
Қазақстан осы лагерьдің маңызы күшті арсеналының бірі  болды.  Ол  көмірдің,
мұнайдың, түсті  және  сирек  кездесетін  металдардың  қоймасына,  маржандай
астықтың, күріштің, алтын мақтаның, биязы жүн мен семіз еттің,  сары  майдың
сарқылмас қазынасына айналды. Сын сағаты  соққан  кездегі  еңбек  вахтасының
көш бастаушылары, социалистік  құрылыстың  ардагерлері  –  Шығанақ  Берсиев,
Ыбырай Жақаев, Зағи Абақова, Прасковья Ангелина,  Салиха  Оңғарбаева,  Түсіп
Күзембаев,  Рамазан  Есқараев,  Александр  Орлов  болды.   Еліміздің   соғыс
барысындағы күш-қуатын арттыруға Қазақстан жұмысшы табының  жас  толқыны  да
білек сыбана араласты.
      Қонаев Д.А Таңдамалы сөздер мен мақалалар. Алма-Ата, 1978, 318-бет.
Бұл  жылдарда  Қазақстан   фашистік   жауыздар   баспанасын   өртеген   және
талқандаған миллиондаған  совет  адамдарының  туған  үйіне  айналды.  «Бізді
бейне бір аға-інісі және апа-қарындастарындай қабылдады»,- деп сол бір қиын-
қыстау кезді есіне  алды  П.Н.  Ангелина.  «Тың»  кітабында  Л.И.Брежнев  өз
семьясына қамқоршы болып, баспанасын бөліскен  «мейірбанды  қазақ  семьясына
рахмет айтып», алғысқа толы көңіл қошын  білдірді.  Украинаның,  Москва  мен
Ленинрадтың т.б  қалалардың  өндіріс  орындарынан  келген  50  мыңнан  астам
жұмысшы Қазақстан өндірісін тыл қамалына айналдыруға  ат  салысты.  Уралдың,
сібірдің, Орталық Россияның қорғаныс кәсіпорындарында қазақстандық  200  мың
жұмысшы  кәсіби  шеберліктерін  ұштап,  интернацинализм   мектебінен   өтті.
Қазақстан Орел, Калининград, Москва облыстарына,  Ленинград  пен  Донбасстың
көптеген аудандарына, қалаларына қамқорлық көмек  көрсетті.  1943  жылдың  6
ақпандағы «Правда» газеті бас мақаласында  атап  көрсетілгендей:  «Қазақстан
өз жерінің барлық байлығымен,  өз  тауларының  асыл  қазыналарымен  майданды
қуатты діңгектей тіреп  тұрды».  Совет  халқы  Ұлы  Отан  соғысында  жеңіске
жетіп, Октябрьдің жемістерін қорғап қалды. Ленин партиясы  ғажайып  жеңістің
стратегі болды. Осы кезеңде Қазақстан  Коммунистік  партиясы  өсіп,  идеялық
жағынан шыңдалды, ұйымдық жағынан нығайып, партиямыздың Орталық  Комитетінің
төңірегіне бұрынғыдан да топтаса түсті.
Соғыс жылдарында оның қатары 130  мың  адаммен  толықты.  СССР-дің  фашизмді
талқандауы  совет  халқының  моральдық  –  саяси   бірлігінің,   социалистік
интернационализм  принциптерінің  жеңісі.   Бұл   адамзат   алдынан   тарихи
процестің тағы бір көкжиегін ашты.

12-дәріс.Жаңа Өзен, Теміртаудағы көтерілістер.
1.Теміртаудағы 1959 жылғы жұмысшылар көтерілісі.
2.Жаңа өзен оқиғасы.

13-дәріс. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
      Қазақстанның   Ресейге   қосылуы   қарсаңында   басталған   республика
тұрғындары  құрамын  интернационализациялау   Қазан   төңкерісінен   кейінгі
уақытта тіптен күшейе түсті. Қазір мұнда 100-ден аса ұлттар  мен  ұлыстардың
өкілдері тұрады. 1939 жылы  қазақтардың  пайдасына  қалыптаспаған  тұрғындар
саны мен олардың меншікті салмағы елу жылдан кейін ғана өзгерді. 1989  жылғы
санақ бойынша Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамы мынандай  еді:  қазақтар
– 39,7, орыстар – 37,8, немістер  –  5,8,  украиндер  –  5,4,  өзбектер  мен
татарлар – 2, ұйғырлар мен беларустар – 1,1, кәрістер –  0,6,  әзірбайжандар
– 0,5, процент тағы сол сияқты. Сонымен, қазақтар 1926 жылдан кейін  бірінші
рет өзінің этникалық территориясында саны жағынан  басқалардан  озды.  Міне,
біз  мұнан  Қазақстан  тұрғындары  ұлттық  құрамының  соңғы  жарты   ғасырда
этнодемографиялық дамуының және бір ерекшелігін көреміз.
      Еліміздегі ұлтаралық қатынастардың күллі күрделілігін ұғыну үшін қоныс
аударулардың тарихына қысқаша тоқталайық. XIX ғасырда Ресейден,  Украинадан,
басқа да аймақтардан Қазақстанға көптеген  қоныс  аударушылар  ағылып  келіп
жатты. Бұл  лек  1991  жылдың  16  желтоқсанына  дейін  тоқтаған  емес:  ХIX
ғасырдың алғашқы он жылында,  столыпиндік  реформаны  іске  асыру  барысында
шырқау шегіне жетті.Жыл сайынға көшіп келушілер саны 140  мың  адамнан  асып
жағылып отырды. Қоныс аударушылардың бестен  бір  бөлігі  шет  елде  сіңісіп
кете алмай кейін қайтып, қалғандары жайғасып,  иеліктеріне  шаруашылық  алып
осында мәңгіге қоныстанып жатты.  Тарихшылар  берген  бағаға  сайсақ  ,  сол
кездерде Қазақстанға келгендердің ұзын-ырғасы бір миллион 200 мыңнан асады.
      Бұл   қоныстандырулардың   жергілікті   халықты   орыстандыру   барлық
өлшемдеріне  сәйкес  олардың  иелігіндегі  жерді  Ресей  тәжіне   түпкілікті
бекітіп алу мақсатын көздегені түсінікті.
      Шындығында дәл сол саясатты кеңес өкіметі одан әрі жалғастырады.
      Сөйтіп, ұжымдастыру кезінде Қазақстанға 250 мың мал-мүлкі алынған бай-
құлақ жер аударылған еді. Соғыстың алдындағы жылдары түрлі  республикалардан
өнеркәсіп құрылысын жүргізу сылтауымен тағы да  бір  миллион  200  мың  адам
қоныстандырылды.
      Нақ сол жылдары республиканың күллі аумағы  көбінесе  Кеңестік  жүйеге
қас деген жалған желеумен жіберілетін  адамдарды,  сондай-ақ  қылмыскерлерді
айдайтын  орынға  айналады.  Мұнда  түрмелердің,  лагерлердің  және   күштеп
қоныстандыруға   арналған    орындардың    тарам-тарам    жүйесі    жасалды.
Қазақстандағы қаншы қамалғандардың,  айдауымен  әкеп  қоныстандырылғандардың
болғанында қисап жоқ. Олардың талай мыңы өмір сүрудің  қиыншылығына  шыдамай
дүниеден өтті немесе көпшілігінің көзін жазалау-қудалау аппараты құртты.
      Соғыс қарсаңында және соғыс кезінде  «сатқындық  пиғылда»  деген  жөн-
жосықсыз айып тағылған тұтас халықтарға қарсы қатаң қуғындау шаралары  қолға
алынды. Бейбіт жатқан,бейкүнә жандаржы жүк вагондарына тиеп,  біздің  далаға
жөнелтіп  жатты.Ондағы  мыңдаған  қоныс  аударған  адамдар  осындай  тағылық
айдаудың  салдарынан  аштықтан,  суықтан  және  дерттен  дүние  салды.  Тірі
қалғандарының санасында қатыгез,  қасақой  жендеттердің  қарекетіне  адамның
иманын қасым ететін үрей мәңгілік сақталып қалды.
      Сол кезде Қазақстанға 100 мыңға жуық Қйыр Шығыс корейлері, 800  мыңдай
Еділ бойының немістері, КСРО-ның Батыс аймақтарынан 100  мыңнан  аса  поляк,
Терістік  Кавказдың  500  мыңнан  астам  тұрғыны   күштеп   қоныстандырылды.
Қазақстанға күштеп көшірудің қара дауылын  Қырым  татарларының,  гректердің,
қалмақтардың ондаған мың отбасылары, басқа  да  еңес  халықтарының  өкілдері
бастан кешті.
      Ресми деректер бойынша сол кезде Қазақстан жұрты бір жарым  миллионнан
астам адамға көбейген екен.  Алайда,  бұл  сан  тым  кемітіліп  отыр.  Соғыс
кезінде  әртүрлі  өндірістермен  бірге  мұнда  350  мыңнан   астам   адамның
әкелінгені  де  анық.  Сол  жылдарда  республикамызда   кеңес   ғылымы   мен
мәдениеттің бетке шығар қаймағы –  көптеген  көрнекті  ғалымдар,  жазушылар,
артистер аен сазгерлер жиналғанын еске түсірудің де артықтығы жоқ.
      Амалсыздан  қоныс  аударушыларды  қазақтардың  қаншама  қонақжайлықпен
қарсы алғаны баршаға мәлім. Ұжымдастыру  мен  ұлт  жұт  діңкелеткен,  өздері
асқа жарымай жүрген халық  қу  дала,  қу  мекенде  қалған  жандарға  баспана
беріп,  бауырына  тартып,  соңғы  тілім  нанмен  бөлісті.   Мұны   дархандық
көрсетіп, ақ, адал  көңілімен  жасағанына  да  дау  жоқ.  Аман  қалып,  адам
қатарына қосылуына жәрдемдескен жандар оларға күні бүгінге  дейін  көрсеткен
көмегі үшін дән риза.
      «Ұлы қоныстандыру»  мұнымен  де  тоқталған  жоқ.60-шы  жылдарға  дейін
Солтүстік және Орталық Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін  игеруге  екі
жарым миллиондай адам келді. Олардың бір бөлігі  көп  ұзамай  мұнда  жердегі
жұмақ орнайды деген ресми насихатқа сенгендер еді. Өкімет орындары   «қызыл»
көрсетіп,  алдарқатумен   қатар   «қамшы»   сілтеп   те   жіберді,   алғашқы
тыңгерлердің арасында  Қазақстанға  күштеп  әкелінгендердің  ішінде  тікелей
қамту орындарынан жеткізілгендердің болғаны да жасырын емес. Нақ  сол  30-шы
жылдардағы сияқты бұл жолы да  қаптатып  қоныстанушыларды  жіберген  орталық
өкімет жергілікті басшылықпен де, республиканың қарапайым  тұрғындарымен  де
ақыл қосып әуреге түскен жоқ.
      Өлкенің мүмкіндігін мұқият зерделеп, іс-қимылдың айқын, ғылыми негізгі
бағдарламасын әзірлеп барып жасаса, Қазақстанда астық өндірісін  өркендетуге
кім қарсы болсын! Соңынан адам күлерліктей аз түсім – гектарынан баржоғы  3-
5 центнер астық алу үшін  жер  өңдеуге  орасан  зор  ақша  шашатын  үкіметті
ақылды  қожайын  деп  айтуға  ауыз  барама?  Ал  солай   болғанына   куәміз.
Қазақстанның  құшақ  толар  «күлшелерінің»  шамамен  40  миллион   гектардан
тұратын  байтақ  алқаптың  есебінен   «пісірілгені  де»  барщаға  аян.  Мұны
мемлекет қазынасынан өлшеусіз жәрдем  көрсетуді  талап  еткен  аса  қымбатқа
түскен астық әрі үстірт экономикалық  және  демогрфиялық  стратегия  демеске
лаж жоқ.
      Соғыстан кейінгі жылдары тағы  да  150  мың  қоныстанушы  республикада
салынып жатқан әскери объектілерге, соның ішінде Семей ядролық полигоны  мен
Байқоңыр ғарыш айлағына келіп табан  тіреді.  Содан  кейін  де  жұмыс  күшін
басқа  құрылыстарға  ұйымдасқан  түрде  іріктеу  жөніндегі  бітіп  болмайтын
шаралардың жүргізілгеніне куәміз. Сонымен бір мезгілде  табиғи  көші-қон  да
жүріп жатты: Қазақстанға басқа халықтардың  өкілдері,  негізінен  алғанда  ,
батыл да алғыр, көкірегінің оты бар, өлкенің келешегіне де,  өзінің  қайраты
мен қарымына д сенетін адамдар ағылып келе  бастады.  Шындығын  айту  керек,
тұрмыс қамын күйттеп келгендердің үміті де ақталмай қалған жоқ.
      Қазақстанға күштеп  көшіріліп  әкелінген  жандардың  қаншама  тақсырет
шеккенімен, алайда, соның ішінде  бәрінен  бұрын  қазақтардың  өздері  айтып
жеткізгісіз  ауыр  жағдайда  қалды   десем   шындыққа   қиянат   жасамаспын.
Орталықтың  ырқымен  республика  қатаң  экономикалық  және  саяси   тәжірибе
жүргізетін бүкілодақтық сынақ алаңына айналды. Солардың қай-қайсысы,  мейлі,
«индустрияландыру» және «ұжымдастыру» үлгісін  үйлестіру,  немесе  «сенімнен
кеткен» халықтарды қоныстандыруды, тың игеруді немесе «ұлттық  мәдениеттерді
жақындастыруды» алыңыз, сайып келгенде қазақтардың тұрмысын қаңсыратқаны  өз
алдына, әсіресе, демографиялық ахуалға ауыр соққы болып тиді.
      Ресей империясында 1897 жылы жүргізілген  санақ  сол  кезде  Қазақстан
аумағында тұрған барлық жұрттың 90 пайызын қазақтар құрағанына айғақ.  Жарты
ғасыр өтер-өтпесте бұл көрсеткіш  29  пайыздың  деңгейіне  дейін  төмендеді.
Бұрынғы одақтың бір де бір республикасында жергілікті жұрттың  үлес  салмағы
жалпы халықтың құрамында дәл біздің  республикадағыдай  төмен  болып  көрген
емес.  Елге  есімін  берегн  қазақтар  туған  топырағында  ұлттық  азшылыққа
айналды.
      Мұндайда  тоталитарлық   мемлекеттің   көсемдері   жүргізген   ұлттық-
демографиялық  саясаттың  жазалаушылық  сипатта   болғаны   туралы   тұжырым
жасамасқа амал  жоқ.  Большевиктік  іс-әрекет  қандай  даңзаға  идеологиялық
ұрандарды желдеу еткенімен , олар патша заманында басталған  істі  одан  әрі
және көбінесе  барынша  қатал  әрі  сұрқия  нысанда  жалғастыра  берді.  Екі
жүйенің екеуі де өз мүдделерін көздеп «ұлттық шет аймақтарға» қатысты  қатаң
бағыт ұстады. Екеуі  де  ешқашан  және  ешбір  жағдайда  жергілікті  жұрттың
мүддесін ескерген емес, олардың кез келген қарсылығы қашан  да  қатаң  басып
тасталып отырды.
      Ұлттық  дәстүрлер  мен  салт-сананы  нысаналы  түрде   құрту,   ұлттық
төлтұмалықты тұншықтыру қайда әкеліп тірер еді? Сөз  жоқ  ұлттық  мәдениттің
құлдырауы мен қоғамдық кері кетушілікке апарар еді. Орыс тілінің мысы  тіпті
қазақтар жұрттың 90-95 пайызын құрайтын жерлердің өзінде  де  басым  тұрады.
Қазақ зиялылапы , әсіресе,  жазушылар,  ақындар,  драмашылар  өздерін  табан
тірер тұғырсыз қалғандай сезінді. Шығармаларын тұщына, түсіне  және  бағалай
білетін оқушылар мен көрермендер  күннен-күнге  азайып  бара  жатқан  кезде,
қазақ тілінде кітаптар жариялаудың ,қойылымдар жасаудың мән-мағынасы  жоқтай
көрінген.  Туған  тілін,  мәдениеті  мен   дәстүрлерін   қорғауға   тырысқан
зиялыларды жүйе ұлтшылдық пиғылы үшін қаралады.
      Мұның бәрі, сайып келгенде, қазақ халқының ашық  наразылығын  туғызбай
қоймаса  керек-ті.  Шырқау  шегіне  жеткен  наразылық  бәріміздің  жадымызда
жатталып қалған  1986  жылғы  желтоқсанда  арнасынан  асып  төгіледі.  Ызалы
жастар  Алматының  көшесіне  шығып,  өз  халқының  абыройын  бұлайша  жаппай
қорлауға ендігі жерде   төзбейтінін  ,  ұлттық  төрлеуге  қол  жеткізу  және
өздерінің заңды құқықтарын қорғау үшін  барлық  оңтайлы  әдіс  –  тәсілдерді
қолдануға баратынын бүкпесіз жария етті.
      Өкінішке қарай, өкімет орындары, ең  алдымен  партия  орындары  болған
оқиғадан дұрыс қорытынды шығарып,  ахуалды  өзгертуге  ықылас  білдірді  деп
айту қиын. Есесіне , бүкіл қазақ халқы на ұлтшылдық күйесі жағылып,  қудалау
шаралары  қолданылды,  былайша  айтқанда,  «бұранданы   қатайту»   басталды.
Милиция органдары сегіз жарым  мыңдай  манифестацияға  қатысушыларды  немесе
өкімет «құқыққа қарсы әрекет жасажы» деп күмән  туғызған  адамдарды  ұстады.
Олардың көпшілігін тергеу барысында аяусыз ұрып-соқты.кейбіреулерін жалаңаш-
жалпы қалпында желтоқсан  аязында қаланың сыртына, айдалаға апарып  тастады.
Тергеу барысында да заң бұзушылық тоқталмай, прокурорлар  «құлшына  »  жұмыс
істеп, істің мән-жайына зерлеп қанығуға да құлық таныта қойған жоқ.  Сөйтіп,
«тәртіпсіздікке қатысқан» жүзге жуық адам сотқа тартылды, алайды көп  ұзамай
сот солардың 46-сын ақтап шығаруға мәжбүр  болды.  Әділетсіздік  етек  алды,
сенімсіздер  тізіміне   іліккен800   бозбала   мен   бойжеткен   комсомолдан
шығарылып, 270 студент жоғарғы оқу орныдарынан  қуылды,  ондаған  жұмысшылар
мен қызметшілер жұмысынан шығарылды.
      Қорыта айтсақ Социализмнің  «гүлденуі»  мен  лениндік  ұлт  саясатының
«салтанатының»  мысалдары  Қазақстан  тұрғындарының  көп  ұлттары  болуынан,
түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы аралас некенің көбеюінен, қазақ  жастарының
орыс тіліне, өзге мәдениетке көбірек  ден  қоюынан  ізделініп,  насихатталып
жатты.  Қоғамдық  ой   тұтасымен   әміршіл   әкімшіліктің   көздеген   саяси
мақсаттарын  діттеу  жолына  түсті.  Үстемдік   етіп   отырған   коммунистік
идеологияның  талаптарына  қарай  бейімделу,  қоғамдық  ғылымдарды  сңаржақ,
насихаттың  құралына  айналдырып  жіберді.  Әсіресе,  қазақ   тарихы   қатты
бұрмаланды. Әміршіл әкімшілікке Қазан төңкерісіне  дейінгінің  бар  жақсысын
жоққа  шығарып,  қазақ  халқының  жетістігінің  бәрін  Компартия  мен  Кеңес
өкіметінің арқасында болды, делінді. Олар ондай  «зерттеулерді  »  алды  да.






























5-БӨЛІМ ОҚЫТУШЫ МЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

1-тақырып  Қазақтардың  Е.Пугачев  бастаған  шаруалар  көтерілісіне  қатысуы
(1773-1775жж)
МАҚСАТ-   Е.Пугачев   бастаған   шаруалар   көтерілісіне   қатысты    өзекті
мәселелеріне сипаттама жасау, талқылау.
БАҚЫЛАУ ТҮРІ- Конспект. Карта-схема.Кесте құрастыру.

2-тақырып Сырым Датұлы бастаған көтеріліс.
МАҚСАТ- Сырым Датұлы бастаған көтерілісі туралы жан-жақты түсінік беру
БАҚЫЛАУ ТҮРІ- Талдау, конспект

3-тақырып Қасым төре,Саржан сұлтан, Сыздық сұлтан бастаған көтеріліс.
МАҚСАТ- Қасым төре,Саржан сұлтан, Сыздық  сұлтан  бастаған  көтеріліс  жайлы
түсініктерін толықтыру
БАҚЫЛАУ ТҮРІ- Салыстырмалы кесте

4-тақырып  Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.
МАҚСАТ- Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы түсініктерін толықтыру
БАҚЫЛАУ ТҮРІ- Сараптама, сөзжұмбақ жасау.

5-тақырып Есет Көтібаров пен Жанқожа Нұрмұханбетұлы бастаған көтеріліс.
МАҚСАТ- Есет Көтібаров пен Жанқожа Нұрмұханбетұлы бастаған көтеріліс
кезеңдерін саралап көрсету
БАҚЫЛАУ ТҮРІ- Конспект  Карта-схема.

6-тақырып Орал,Торғай, Маңғыстаудағы көтерілістер (1867-1868жж.)
МАҚСАТ- Орал,Торғай, Маңғыстаудағы көтерілістеріне сипаттама
БАҚЫЛАУ ТҮРІ- Тезис. Карта-схема.

7-тақырып  1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
МАҚСАТ-  1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс барысын сипаттау
БАҚЫЛАУ ТҮРІ- Баяндама, мақала дайындау

8-тақырып 1917 ж. Қазан төңкерісі және Ақпан төңкеріс кезіндегі Қазақстан
МАҚСАТ- 1917 ж. Қазан төңкерісі  және  Ақпан  төңкеріс  кезіндегі  Қазақстан
жайлы жан-жақты түсінік алу.
БАҚЫЛАУ ТҮРІ-  Конспект

9-тақырып 1918-1920 жж. Азамат соғысы жылындағы Қазақстан.


МАҚСАТ - 1918-1920 жж. Азамат соғысы жылындағы Қазақстан жайлы түсінік
БАҚЫЛАУ ТҮРІ – Кесте жасау

10-тақырып 1931-1933жж. Абралы, Шыңғыстау, Шұбартаудағы көтерілістер.
МАҚСАТ - 1931-1933жж. Абралы, Шыңғыстау, Шұбартаудағы көтерілістер жайлы
салыстырып айту, түсінік беру.
БАҚЫЛАУ ТҮРІ – Материал жинау

11-тақырып 1941-1945 жж. Ұлы отан соғыс жылдарындағы Қазақстан.
МАҚСАТ - 1941-1945 жж. Ұлы отан соғыс жылдарындағы Қазақстан жайлы жан-
жақты сипаттау.
БАҚЫЛАУ ТҮРІ – Баяндама

12-тақырып Жаңа Өзен, Теміртаудағы көтерілістер.
МАҚСАТ - Жаңа Өзен, Теміртаудағы көтерілістер жайлы түсінік.
БАҚЫЛАУ ТҮРІ – Баяндама

13-тақырып 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.
МАҚСАТ - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы жан-жақты сипаттау.
БАҚЫЛАУ ТҮРІ –Эссе жазу



6-БӨЛІМ                          СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

1-СӨЖ
МАҚСАТ- аталмыш  курс  бойынша  қалалық  және  университет  кітапханаларының
қорымен танысып, семинар  мен  ОЖСӨЖ   тақырыптары  бойынша  библиографиялық
көрсеткіш құрастыру.
Тапсыру түрі – жазбаша жұмыс
Әдістемелік нұсқау   - кітапхана каталогтерімен  жұмыс  істеу  үшін  қажетті
біліктілікті   қалыптсатыру,   алфавиттік   каталогтер    мен    электрондық
каталогтермен жұмыстар жүргізу.
      Дәптерге арнайы берілген тақырыптар бойынша  әдебиеттерді  топтастыруы
қажет, мерзімді баспасөз  материалдарын  да  осындай  реттілікпен  құрастыру
керек.

2-СӨЖ
МАҚСАТ – курс бойынша жарияланған монографиялық еңбектерме жұмыс   істеу
          дағдысын қалыптастыру
Тапсыру түрі – реферат рецензия
Әдістемелік  нұсқау    -  Реферат  –рецензия  жазу  үшін  төмендегі   үлгіні
          ұстаныңыз: мұнда ғылыми, мемуарлық және  библиографиялық  жұмыстың
          мағынасы бойынша:
 - автор туралы мәлімет дайындау;
 - кітаптың шығуы туралы мәлімет: қашан, қайда, қандай баспаханадан
шығарылған, тиражы туралы мәлімет.
 - рецензияланып отырған кітаптың құрамы: бөлімдері мен тарауларының атауы.
- автордың сипаттап отырған оқиғаға, тарихи тұлғаға көзқарасы.

3-СӨЖ   Қазақ  мемлекетін   нығайтудағы   Абылай   ханның   қызметі.   Ресей
          патшалығының Қазақстан жерін отарлау шаралары.
МАҚСАТ  -   Абылай   ханның  Қазақ  хандығының  халықаралық  беделін  көтеру
жолындағы қызметі. Қазақ-орыс байланыстары бағытындағы Абылай хан саясаты.
Тапсыру түрі –  Реферат
Әдістемелік нұсқау   Абылай ханның өскен ортасы, өмірдеректері мен  атқарған
қызметіндегі  қол   жеткізген   табыстарын   саралап,сырын   ашу.   Тұлғаның
әрекетінің қоршаған ортасына немесе саяси оқиғаларға ықпалын  анықтау  басты
назарда  болу  керек.  Біржақты  пікір  болып  кетпес  үшін,осы  қайраткерге
берілген замандастарының,  кейінгі  зерттеушілердің  көзқарастарын  жүйелеп,
зерделеу нәтижесінде  талдау жасаңыз.

4-СӨЖ    Ресей  патшалығының  қазақ     даласыңдағы   отарлық      әкімшілік
саясатының    алғашқы     кезеңі.      Орта  жүздегі  саяси  басқару  жұйесі
және Кіші жүз  жеріндегі жана отарлық әкімшілік басқару жүйесі
МАҚСАТ  –  Ресей    позициясынын  Кіші  және  Орта  жүзде   нығаюы:     алғы
        шарттары мен нәтижелері. «Сібір қырғыздарын (қазақтарды)    басқару
        туралы устав» 1844, 1854 жж. ережелер. «Орынбор қазақтарын  басқару
        туралы 1824 жылғы ереже». 1831-1838 жж.ереже мазмұны және   олардың
        салдарлары туралы түсініктерін тексеру
Тапсыру түрі – Хабарлама жасау,  талдамалы  анықтама  жасау.  Ауызша    және
        жазбаша
Әдістемелік  нұсқау    «Сібір  қырғыздарын  (қазақтарды)    басқару   туралы
        устав» 1844, 1854 жж. ережелер. «Орынбор қазақтарын басқару  туралы
        1824 жылғы ереже». 1831-1838 жж. ережелер мазмұнын  салыстыру  және
        ерекшеліктерін айқындау

5-СӨЖ   ХҮШ ғ. мен ХІХғ. I жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстары,  наразылық
толқулары, халық  көтерілістері
МАҚСАТ  1773-1775жж.  Е.Пугачев  бастаған  шаруалар  соғысына  казактар  дың
қатысуы. Арынғазы, Қаратай сұлтандар, Жоламан  Тіленшіұлы     бастаған  Кіші
жүз    қазақтарының   азаттық    күресі.   1824-1836   ж.ж.   Орта   жүздегі
Ғұбайдолла, Саржан,  Есенкелді  Қасымұлы  бастаған  қозғалыстарды  пысықтап,
салыстырмалық дағдысын қалыптастыру
Тапсыру  түрі  –  Ұлт-азаттық  көтеріліске   хронологиялық   кесте,   өзекті
терминдер  мен хабарламалар жасау. Ауызша және жазбаша.
Әдістемелік нұсқау  Ұлт-азаттық көтерілістерге тән   ортақ  сипатын  анықтап
алып, өзіндік ерекшеліктерін айқындаңыз

6-СӨЖ   ХІХ ғ. II- жартысы мен  XX  ғ.  басында  капиталистік  қатынастардың
қалыптасуы. Қазақстан Ресей экономикасының жүйесінде. Қазақстан мәдениеті
МАҚСАТ – Өнеркәсіптік өндірістер, өнеркәсіп  салалары.  Кәсіпшілік,  қатынас
жолдары.  Темір  жол  құрылысы.  Сауда  қатынасы,  сауда    түрлері.  Керуен
саудасы Жәрмеңкелер. Банк-кредит  ісі.  Халық  ағарту,  Әдебиет,  баспа  ісі
бойынша алған білімдерін пысықтап, толықтыру.
Тапсыру  түрі  –  Тарихи  оқиғалардың  жүйелілігі   мен   өзара   байланысын
дәлелдеу. Жазбаша және ауызша.
Әдістемелік   нұсқау     Жазбаша   жұмысты   жазу    барысында     ұсынылған
тақырыптарына  сәйкес  кейінгі   зертреушілердің   көзқарастарын    жүйелеп,
зерделеу
































                                                       Әдебиеттер:
     I. Деректер
   1. Материалы по истории политического строя Казахстана. Т.1 Алма – Ата
      1960.
   2. Казахско – русские отношения. Сборник документов. Алма- Ата. 1991
   3. Народно – освободительное движение казахов в 1836-1838г.г Документы,
      материалы, статьи. Алма –Ата . 1992.
   4. Нациально – освободительная борьба казахского народа под
      предводительством Кенесары Касымова. Сборник документов. Алматы. 1996.


    II. Зерттемелер.


   1. Алексеенко Н.В Население дореволюционного Казахстана. Алма –Ата  1981.
   2. Аничко И.В Қазақ батыры Жанкожа Нұрмұхамбетұлы. Алматы. 1991.
   3. Баландина Г. Пламия над степью. – Местное времия. – 1992. – 22. 23. 25
      декабря.
   4. Бекмаханов Е.Б Казахстан в 20-40-е годы XIX в .Алма- Ата . 1947.
   5. Бекмаханов Е.Б Присоединение Казахстана к России. М ., 1957.
   6. Бекмаханов Е.Б Восстание хана Кенесары (1837-1847). Алма- Ата . 1992.
   7. Бекмаханова Н.Е Формирование многонационального населения Казахстана и
      Северной Киргизи . Последняя четверть XVIII – 60-е годы XIX в М.,
      1980.
   8. Бекмаханова Н.Е.  Многонациональное население Казахстана и Киргизии в
      эпоху капитализма (60-е гг7 XIX в.-1917 г ). М., 1986.
   9. Бижанова Р. Предшествовало восстанию. – Степной маяк. – 1992. – 12
      июня.
  10. Воин степей: о полководческом искусстве Кенесары. – Простор. -1993.
      -№7.-с 253-273.
  11. Вопросы истографии Казахстана. Алма- Ата . 1983.
  12. Вопросы истографии и источниковедения Казахстана (доревалюционный
      период ) Алма- Ата . 1988.
  13. Вяткин М.П Батыр Сырым .М., 1947
  14. Дулатова Д.И Историография доревалюционного Казахстана (1861-1917 г г)
         Алма- Ата . 1984.
  15. Зернов А. Жизнь. ставшая легондой (о герое нацианально-
      освободительного движения XIX в Жанкоже батыре ). –Кызыл-Ординские
      вести.- 1992-15 октября.
  16. Зиманов С.З Полтический строй Казахстана конца XVIII и первой половины
      XIX в Алма- Ата .1960.
  17. Зиманов Россия и Букеевское ханство. Алма- Ата .19607
  18. История и историография национально – освободительных  движений второй
      половины XIX – начала XXвв. А Средней Азии И Казахстане : итоги ,
      пойски, перспективы  изучения (сб. статей). Ташкент. 1989.
  19. История Казахстана: белые пятна. Сборник статей. Алма- Ата .1991.
  20. Қазақ халқы тарихындағы көтерілістер. Қазақ әдебиеті . – 1990- 9
      ақпан.
  21. Қасымбаев Ж. Халық тағдырының теңізі. – Қазақ батырлары.- 1991-10
      мамыр.
  22. Қасымбаев Ж. Казахский хан – предводитель восстания. – Советы
      Казахстана . -1992- 1 декабря.
  23. Касымбаев Ж Кенесары хан . Алма- Ата . 1993.
  24. Казахстан в начале XX века: методология, историография,
      источниковедение. Сборник статей Алматы . 1993.
  25. Кенжалин И. Восстание Истая Тайманова . – Заря . -1991- № 9.с 22-23.
  26. Кенжегалиев И . Исатай, Махамбет . Алматы 1991.
  27. Козыбаев М.К Сулейменов Р.Б Касымбаев Ж.К Митридат киргизкой степи.
      Казахстанская правда . 1992.13 марта .
  28. Мамбетжанов К. Жанкожа- народный герой (о народном герое Ж.
      Нурмухамедове ихз Казалинского района Кызыл – Ординской области).
      –Путь Ленина . – 1990-9августа.
  29. Намазгалиев М.  Так это начиналось (о восстании казахского народа в
      Букеевском ханстве в 30-х гг.XIX в ) –Прикаспийская коммуна.19917-20
      сентября .
  30. Ружье Есета Котибарова .Актюбенский вестник.-1993-16февраля.
  31. РязановА.Ф Восстание Исатая Тайманова (1836-1838гг)-Алма-Ата 1991.
  32. Серикбаев Ш. Отважен, как лев, горд, как орел,( к 200-летию со дня
      рождения героя национально –освободительного движения XIX в Жанкоже –
      батыре). – Кзыл-Ординские вести-1992.- 15 октября.
  33. Степняк К. Смерть Кенесары. – Простор. -1993.-№ 10- с 213-2177
  34. Сулейменов Б.С Аграрный вопрос в Казахстане в последней трети XIX –
      начале XX вв. (1867-1907гг.) Алма – Ата.1963.
  35. Сулейменов Б.С. Басин В.Я Казахстан в составе России в XVIII – начале
      XXвв Алма – Ата. 1981.
  36. Султангалиева Г. Народный батыр( о жизни видного представителя
      казахского народа Есет –батыре) . Актюбенскии вестник. 91. – 12 июля .
  37. Турсунова М.С Казахи Мангышлака  во второй  половине XIX в Алма – Ата.
      1977.
  38. Шакматов В.Ф Внутренняя орда и востание  Исатая Тайманова . Алма –
      Ата. 1946.
  39. Шоинбаева Т.Ж Восстание сыр-дарьинских казахов под руководством батыра
      Жанкажи Нурмухамедова (1856-1857) Алма – Ата. 1949.

III               Оқулықтар және оқу әдістемелер:
   1. Асфендияров С . История Казахстана ( с древнейших времен) . Учебное
      пособие. 2-ое издание .Алматы. 1993.
   2. История Казахской ССР. В 2-томах . Т.1 Алма – Ата. 1957.
   3. История Казахской ССР ( с древнейших времен до наших времен до наших
      дней ). В 5-ти томах .Т .3 Алма – Ата. 1979.
   4. История Казахстана . Очерк .Алматы 1993.
   5. Кайназарова Е.К Кайназарова А.Е История Казахстана с древнейших времен
      до наших дней.(Учебное пособие) Алма – Ата. 1992.
   6. Кляшторный С.Г.№ Султанов Т.И. Казахстан Летопись трех тысячелетий .
      Алма – Ата.1992.
   7. Тынышпаев М. История казахского народа. Учебное пособие. Алма – Ата.
      1993.




















                           Білімді бақылау жүйесі

1.Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің себептері (1773-1775ж)
2.Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтары көтерілісінің басталуы және  18ғ.
80-ші жылдарындағы барысы
3. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің  алғышарттары  және  оның  1773
жылы Кіші жүзде орын алуы. Қазақтардың Орынбор қоршауында қатысуы.
4.Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтары көтерілісінің себептері,  сипаты,
қозғаушы күштері (1783-1797ж)
5.Орта жүз қазақтарының Е.Пугачев бастған шаруалар көтерілісіне қатысуы.
6. «Игельстром реформасы» негізінде Кіші жүзді басқару жоюасының мазмұны.
7.1774 жылғы Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің барысы.
8. Сырым  Датұлы  бастаған  Кіші  жүз  қазақтары  көтерілісінің  18ғ.  90-шы
жылдарындағы жаңа кезеңі.
9. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің  1775  жылғы  қазақ  жүздерінің
жаңа кезеңі.
10.Қазақтар Ташкент иелігінің құрамында (18ғ. 80-ші жж. -19ғ. басы)
11.Қоқан және Хиуа хандықтарының Қазақстанға әскери экспансиясы.
12.Исатай  Тайманұлы  мен  Махамбет  Өтемісұлы  бастаған  Бөкей  ордасындағы
шаруалар көтерілісінің себептері,қозғаушы күштері (1836-1838)
13.Оңтүстік Қазақстанда  қазақтардың  басқыншыларға  қарсы  азаттық  күресі.
(ХІХғ. 10-20 жж)
14.   Бөкей   хандығының   құрылу   себептері.   Ішкі   Орданың   әлеуметтік
–экономикалық дамуындағы өзгерістер. Бөкей Ордасының саяси құрылымы.
15. Исатай Тайманұлы  мен  Махамбет  Өтемісұлы  бастаған  Бөкей  ордасындағы
шаруалар көтерілісінің басталуы және даму барысы.
16. Кенесары ханның мемлекеті.
17. Исатай Тайманұлы  мен  Махамбет  Өтемісұлы  бастаған  Бөкей  ордасындағы
шаруалар көтерілісінің жеңілу себептері және салдары
18. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың себептері (1837-1847)
19. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз  қазақтары  көтерілісінің  басталуы  және
18ғ. 80-ші жылдарындағы барысы
20.Қазақтар Ташкент иелігінің құрамында (18ғ. 80-ші жж. -19ғ. басы)
21. Сырым Датұлы  бастаған  Кіші  жүз  қазақтары  көтерілісінің  18ғ.  90-шы
жылдарындағы жаңа кезеңі.
22. Қоқан және Хиуа хандықтарының Қазақстанға әскери экспансиясы.
23. Оңтүстік Қазақстанда қазақтардың  басқыншыларға  қарсы  азаттық  күресі.
(ХІХғ. 10-20 жж)
24.   Бөкей   хандығының   құрылу   себептері.   Ішкі   Орданың   әлеуметтік
–экономикалық дамуындағы өзгерістер. Бөкей Ордасының саяси құрылымы.
25. Исатай Тайманұлы  мен  Махамбет  Өтемісұлы  бастаған  Бөкей  ордасындағы
шаруалар көтерілісінің себептері,қозғаушы күштері (1836-1838)
26.  Патша  өкіметінің  Оңтүстік  Қазақстандағы  әскери  экспансиясы.  Ресей
империясы ықпалының барлық өлкеге таралуы.
27. Исатай Тайманұлы  мен  Махамбет  Өтемісұлы  бастаған  Бөкей  ордасындағы
шаруалар көтерілісінің басталуы және даму барысы.
28.ХІХ ғ. арал қазақтарының  Хиуа  хандығы  мен  Ресейге  қарсы  ұлт-азаттық
күресі.
29. Исатай Тайманұлы  мен  Махамбет  Өтемісұлы  бастаған  Бөкей  ордасындағы
шаруалар көтерілісінің жеңілу себептері және салдары.
30.19ғ. 50-ші жж. Есет батыр басқарған орыс отаршылдығына қарсы күрес.
31.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың себептері. (1837-1847)
32.Жанқожа Нұрмұхамедов бастаған Сыр бойындағы қазақтардың  орыс  және  Хиуа
отаршылығына қарсы күресі.
33.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың қозғаушы күштері.
34.1868-1869 жж. Орал және Торғай облыстарындағы қазақтар көтерілісі.
35. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың жеңілу себептері.
36.1870 ж. Маңғыстаудағы көтеріліс.
37.Сұлтан Саржан Қасымұлы бастған көтеріліс (1825-1836)
38.1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің себептері.
39. 19ғ. 50-ші жж. Есет батыр басқарған орыс отаршылдығына қарсы күрес.
40. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің Жетісудағы ошағы.
41.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің алғышарттары және оның 1773 жылы
Кіші жүзде орын алуы. Қазақтардың Орынбор қоршауында қатысуы.
42. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің Торғайдағы ошағы.
43.18ғ.соңы – 19ғ. басындағы Ресей империясының Орта жүздегі саясаты
44. Жанқожа Нұрмұхамедов бастаған Сыр бойындағы қазақтардың орыс және Хиуа
отаршылығына қарсы күресі.
45.Орта жүз қазақтарының Е.Пугачев бастған шаруалар көтерілісіне қатысуы.
46.Орта жүздегі патша реформаларына оппозиция (ХІХғ. 20-шы жылдары)
47. Орыс отаршылдығы және отаршылыққа қарсы күрестің басталуы.
48.1774 жылғы Е.Пугачев бастған шаруалар көтерілісінің барысы.
49. Қазақстандағы ұлт-азаттық күрестің қазіргі тарихтағы бағасы.
50.Е.Пугачев бастған шаруалар көтерілісінің 1775 жылғы қазақ жүздеріндегі
жаңа кезеңі.










          ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ТАРИХЫ ПӘНІНЕН ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ

1.Ұлт-  азаттық  қозғалыстар  тарихын  зерттеудегі  теориялық-методологиялық
проблемалар. Қозғалыс, көтеріліс, наразылық- толқу, т.б ұғым-түсініктер.
2.ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ ұлт-азаттық қозғалыстар туралы Қазақстандық тарихнама.
3.ХVІІІ  ғ.  ІІ-жартысы  мен  ХХғ.  басындағы  қазақ  халқының   ұлт-азаттық
күресінің кейбір мәселелері ресейлік және кеңестік тарихнамада.
4. ХVІІІ ғасырдағы азаттық күрес идеясы. Жаңа аспектіде қарау.
5.ХХ ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихнамасы.
6.Кіші жүз және Орта жүздегі Ресей отарлаушылдығына қарсы  азаттық  қозғалыс
(18ғ. 30-70 ж.ж)
7.Қазақ халқының 18ғ. 30-70 ж.ж сыртқы басқыншыларға қарсы азаттық күресі.
8.Қазақстанды Ресейге қосып алудың басталуы және Ресей  патшалығы  билігінің
күшеюіне қарсы азаттық қозғалыстар.
9.Е.Пугачев бастаған көтеріліске Кіші және Орта жүз қазақтарының қатысуы.
10.Шаруалар соғысының жаңғырығы – Көктемір, «көзге көрінбес» қозғалысы.
11.С.Датұлы бастаған Кіші  жүздегі  1783-1797  ж.ж  ұлт-азаттық  қозғалыстың
басталу себептері. 80-жылдардағы қозғалыс барысы.
12.Сырым Датов көтерілісі тұсындағы патша әкімшілігінің ұстанған саясаты.
13. Сырым Датов көтерілісі тұсындағы Игельстром реформасы.
14. Сырым Датов бастаған қозғалыстың 90-жылдардағы барысы, аяқталуы.
15.Кіші жүздегі азаттық күрес басшылары. Сырым-батыр, шешен.
16.18ғ.соңы- 19ғ.  басындағы  Кіші  жүздегі  азаттық  күрес  тұсындағы  Хиуа
хандығымен байланыс мәселесі.
17.Кіші жүздегі 18ғ.соңы- 19ғ. басындағы халық азаттық қозғалыс, билік  үшін
саяси күрес мәселесіне жаңа көзқарас.
18.Шерғазы  Айшуақұлы,  Жантөре  Айшуақұлы  және  көтерілісшілер  арасындағы
саяси билік үшін тартыс.
19.Арынғазы Әбілғазыұлы,  Қаратай Нұралыұлы қозғалыстары (1816-1821 жж.)
20.Старшын Жоламан Тіленшіұлы бастаған 1822-1836 жылдардағы азаттық күресі.
21.Оңтүстік қазақтарының ХІХғ. 10-20 ж.ж  жаулап  алушыларға  қарсы  азаттық
күресі.
22.Патшалықтың қазақ даласында хандық билікті жоюға бағытталған ХІХғ.  20-40
ж.ж ережелері және оған қарсы оппозиция.
23.Орта  жүз  жеріндегі  Ғұбайдолла,  Қасым,  Есенгелді,  Саржан   сұлтандар
көтерілісі.
24.Исатай Тайманұлы бастаған 1836-1838 жылдардағы  көтерілістің  сипаты  мен
маңызы.
25.Бөкей хандығындағы отарлық және  әлеуметтік-экономикалық  саясатқа  қарсы
халық наразылығы. Күрестің бірінші кезеңі (1833-1836 ж.ж)
26.  18ғ.соңы-  19ғ.  басындағы  азаттық  күрес  басшыларының   қызметіндегі
Хиуамен байланыс және ислам мәселесі.
27.1837-1838  ж.ж  көктемдегі,  жазғы  көтерілістер.   Көтеріліс   басшылары
тағдыры.
28.Исатай Тайманұлы: қоғамдағы әлеуметтік теңдік мәселесінің қойылуы.
29.Кенесары  Қасымұлы  бастаған  ұлт-азаттық  қозғалысы   (1837-1838   ж.ж):
себептері мен алдыға қойған мақсаты.
30. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің  басталуы.1838-1841  ж.ж
қозғалыстар.
31.Жанқожа батырдың Хиуа хандығына қарсы күресң.
32.Жанқожа батыр жасақтарының Қоқан хандығы  қысымына  қарсы  күресі,  Қоқан
бекіністерін қоршау.
33.Ж.Нұрмұхамедұлының Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы  күресінің  сипаты
мен мотивтері.
34.Жанқожа батыр бастаған 1855-1857 жылдардағы  көтеріліс.  Күрестің  шешуші
кезеңі.
35.Есет батыр бастаған көтеріліс: себептері, сипаты, маңызы.
36.Сыр, Арал қазақтарының көтерілісіне қарсы жазалаушы отряд әрекеттері.
37. Кенесары Қасымұлы: жалпыұлттық майдан құру әрекеті.
38.Кенесарының соңғы жорығы және өлімі. Жаңа көзқарастар.
39.Кенесары хандығы. Күрестің шешуші кезеңі.
40.Кенесары ханның жеке тұлғасы. Кенесары Қасымұлы туралы әдеби деректер.
41.Кенесары көтерілісі тұсындағы діни фактор. Хиуа және Бұхар  хандықтарымен
байланыс.
42.Ресейдің Оңтүстік  Қазақстан  мен  Орта  Азиядағы  экспанциялық  саясаты.
Патшалық Ресейдің Қазақстанды отарлауының аяқталуы.
43.Ресей қысымына қарсы оңтүстік қазақтарының күресі (1860-1873 жж)
44.Патша әскерінің Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азиядағы әскери  әрекеттеріне
қарсылықтың ұйымдасуы.
45.Сыздық сұлтан Орта Азиядағы көтерілістің басында.Сыздық сұлтан тағдыры.
46.Патшалық  Ресейдің  Қазақстандағы  ХІХғ.  60-90  жж.  Саяси   реформасына
оппозиция
47.1867-1868 ж.ж реформалар және олардың отарлық сипаты.
48.Отарлық басқару жүйесін нығайту және патшалық езгінің күшеюі.
49.ХІХғ. 60-90 жж.  реформалардағы  жер  мәселесі.  Салық  салу  жүйесіндегі
өзгеріс.
50.1867-1869 ж.ж Торғай, Орал облыстарындағы және  1870  жылы  Маңғыстаудағы
қазақтардың көтерілісі. Себептері мен сипаты.
51.ХІХғ.   соңы   мен   ХХғ   басындағы   Қазақстанда   ұлт-азаттық    күрес
идеологиясының қалыптасуы.
52.Ресей империясына қарсылықтың күшеюі. Азаттық сананың оянуы.
53.Қазақ қоғамындағы отарлық езгіге қарсы қоғамдық ой-пікір.
54.ХХғ. басында ұлттық азаттық қозғалысы идеясының қалыптасуы.
55.ХХғ басындағы Қазақстанда  әртүрлі  саяси  ағымдардың  қалыптасуы.  Қазақ
зиялыларының түрлі саяси ұйым, партиялардағы қызметі.
56.1905-1907  ж.ж   Бүкілресейлік  революциялық  қозғалыс  тұсындағы   қазақ
зиялыларының саяси қызметі.
57.ХХғ басында  Қазақстандағы  ұлттық-демократиялық  қозғалыстың  өсуі  және
әлеуметтік қарсылықтың шиеленісуі.
58.Мемлекеттік Дума депутаттары – қазақ зиялыларының ұлттық  мүддені  қорғау
жолындағы қызметі.
59.1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс:себептері, барысы.
60. 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс ошақтары, көтеріліс басшылары тұлғасы.
61.Қазақстандағы 1916 ж. көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы.
62.Қазақ сьездері және онда көтерілген ұлт мүддесі мәселелері.
63. «Алаш» партиясының құрылуы, оның бағдарламасының негізгі бағыттары.
64. «Үш жүз» партиясы және оның саяси бағыты.
65.1916-1918 жж. Қазақстанда түрлі саяси қоғамдар мен ұйымдардың  қалыптасуы
және олардың қызметі.
66.Ұлт зиялыларының ұлттық қайта жаңғыру бағдарламасы.
67.Мұстафа Шоқай және тұтас Түркістан идеясы.
68.Өлкедегі 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейінгі әлеуметтік-саяси ахуал.
69.Азаматтық қарама-қарсы тұрудың басталуы. Ұлттық азаттық күрес.
70.Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы.
71.Алаш қайраткерлерінің саяси-құқықтық көзқарастарының даму эволюциясы.
72.Қазақ   зиялыларының   болашақ   тәуелсіз   мемлекет   құрылымы    туралы
көзқарастар.
73.КСРО-да орныққан тоталитарлық суперэтникалық держава қысымына қарсылық.
74.Ауылдағы кеңестік «таптық» реформалар және оған қарсылық.
75.Қазақтардың   мал-мүлікті   тәркілеу,   ауыл   шаруашылығын   ұжымдастыру
саясатындағы бұрмалаушылықтарға қарсы халықтың наразылығы.
76.1929-1932 ж.ж көтерілістер:негізгі ошақтары, басшылары.
77.Кеңестік билік: «ұлтшылдықпен» күрес науқаны.
78.ХХғ. 40-50 жж.  ұлттық  сананың  өсуі:  еркіндік,  тәуелсіздік  жолындағы
күрес.
79.ХХғ. ІІ-жартысында қайта өрлеген ұлттық сананың елдік санаға ұласуы.
80.Қайта құру саясаты және тәуелсіздік жолындағы Қазақстан.
81.1986  ж.  желтоқсан  қозғалысы  –  қоғамдағы   демократиялық   өзгерістер
бастауы.
82.Желтоқсан қозғалысы:тарихтағы орны мен сабақтары.
83.Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа берілген баға.
84.Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар ерекшелігі.
85.ХІХғ І-жартысындағы азаттық идеясы.
86. ХVІІІғ. саяси элита және ұлттық бірігу идеясы.
87.  «Зар  заман»  ақындарының  қоғамдағы  қайшылықтар  мен   әділетсіздікті
сынауы.
88.ХІХғ. соңы- ХХғ. басындағы мұсылмандық –демократиялық қозғалыс.
89.Ұлттық езгіге қарсы наразылықтың күшеюі. «Қарқаралы петициясы».
90.ХІХғ. ІІ-жарт. қазақ қоғамында патшалық әкімшілік  пен  төземдік  басқару
аппаратты сынға алу, қоғамдық ой-сананың дамуы.
Пәндер